Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Хазрет Айша

Хазрет Айша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-07-28 08:03:26

Description: Хазрет Айша

Search

Read the Text Version

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Айша анамыздың назарын аударды. Себебі бұл дауыс өз әкесінің дауысы еді! Мешіттегілер аңтарыла қарады. Өйткені, хазірет Әбу Бәкір (р.а.) бұл таңдау еркі кімге берілгенін, алда не күтіп тұрғанын ә дегеннен түсініп, досын ажалға қимай аһ ұрған болатын. Бірақ мұны түсінбегендер де кездесті. Тіпті оның жылағанын оғашсынды. Дегенмен жамағаттың ішінде түсінгені түсінді. Екінші жағынан Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адал досы хазірет Әбу Бәкірге назар ау- дартып сахабалардың арасындағы орнын тағы да көрсеткісі келді. Сондықтан да досының қолынан ұстап, былай деді: – Мен үшін Әбу Бәкір мәрттігі жағынан адамдардың ең абзалы. Егер мен Раббымнан басқа доспен достасатын болсам, міндетті түрде Әбу Бәкірді дос етер едім! Алайда, бұдан былай тек Ислам бауырластығы және осы бауырластыққа негізделген махаббат бар. Мешітке ашылған барлық есіктер жа- былсын, тек Әбу Бәкірдің есігі ашық қалсын!397 Бейсенбі күні де ауырғанына қарамастан жамағатқа барып, өзінен кейінгілерге өсиеттеп әлдене жаздыруға ниеттенді. Шақырған адамдарына: – Қане! Қасыма жақындаңдар, сендерге өсиет жаздырайын, менен кейін адасып жүрмеңдер, – деді. Науқасты артық мазаламауды жөн көргендер: – Көрмейсіңдер ме? Алла елшісі қатты ауырып, қиналып тұр. Неде болса Құран бар, сол жеткілікті! – деді. 397 Бұхари, Фадаилус сахаба 3 (3454); Мәсажид 46 (454); Дарими, Сүнән 1\\51 (81) 251

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Сахабалар екіге бөлініп, бір бөлігі осылай десе, екінші бөлігі пайғамбарымыздың бұл талабын орын- дап, қиналса да айтқандарын жазып алу керектігін алға тартты. Араларындағы сөз ұзап кеткен соң науқас мазасызданып, қасымнан кетіңдер деді. Сөйтіп пайғамбарымыз қайтадан анамыздың қасына келді. Ауруының асқынып, ыстығының қатты көтерілгеніне қарамастан сахабаларының арасына барып, намаз оқыды. Намазшам намазына да шығып, намазда «Мүрсалат» сүресін оқыды398. Сосын қайтадан үйіне келді. Ол келгенде, анамыз қатты алаңдап отыр еді. Себебі жарының жағдайы тым ауырлап, орнынан тұратын да шамасы қалмаған еді. Бір кезде Айша анамызға қарап: – Намаз оқылды ма? – деп сұрады. Оқылған жоқ болатын. Қалай оқиды, бүгінге дейін мешітте оқитын намаздарын әрдайым Алла елшісінің артында сап түзеп тұрып оқитын. Алланың елшісі жоқ жерде сахабалар оның келгенін күтетін. Сол себепті анамыз: – Жоқ, бәрі сізді күтіп отыр – деді. Өзін қинап орынан тұрмақ болды да, анамызға: – Дәрет алатын су дайындашы, – деді. Қиналып тұрып дәрет алды. Намазға енді шыға бергенде, есінен танып, ендігі жерде күнде барып жүрген мешітіне енді бара алмайтын болды. Үйінде бәрі әбігерге салынып, анамыз шарасыздан ары-бері жүгіре бастады. Бір кезде есін жинағанда да әуелгі сұрағаны сол сұрақ еді: – Жамағат намаз оқыды ма? Анамыз: 398 Бұхари, Сыфатус салат 16 (729); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\140 252

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Жоқ, сізді күтуде, – деді. Имамды күткен жақсы, дегенмен пайғамбарымыз бүгін оларға имамдық жасай алмайтынын түсінді. Сондықтан: – Әбу Бәкірге айтыңдар, намазды сол оқытсын, – деді. Сонымен қатар, бұл өзінен кейін үмбеттің істерімен айналысатын адамды тағайындау деген мағынаны да білдіргендей. Алайда, Айша анамыздың көзқарасы басқаша еді: – Уа, расулалла, Әбу Бәкірдің жүрегі нәзік, Құран оқи бастағанда көз жасын тия алмайды. Сол себепті басқа кісіге тапсырсаңыз, – деді. Бұл ұсынысының астарында Алла елшісінің имамдық орнын басқа ешкімнің толтыра алмайтыны- на алаңдаушылық та жатыр еді. Жұрттың имамға сын көзбен қарайтынын білетін, сондықтан да ол жерде әкесінің болғанын қаламап еді. Алайда, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Әбу Бәкірге айтыңдар, намазды сол оқытсын! – деді. Анамыз тағы да қарсылық танытқысы келді. Бірақ нәтиже өзгермеді. Тіпті, Алла елшісі қабағын шытып: – Сендер тура Жүсіпті айтып бір-бірімен ұрысқан әйелдер сияқтысыңдар! Әбу Бәкірге айтыңдар, имам болып, намазды сол оқытсын!399 – деді. Айша анамыз енді анық түсінді. Расулалладан кейін бұл михрабта тұру ісі өте қиын мәселе болатын. Бірақ ол іс жалғасуы тиіс. Сол кісіні тағайындау ісін де пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі жасаған еді. Демек, бұл істі енді әкесі Әбу Бәкір 399 Бұхари, Жамаға 11 (633) 18 (646, 647); Мүслим, Салат 94 (418) 253

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша (р.а.) жүргізбек. Сондықтан әкесіне хабар жібертіп, құптан намазын оқытқызды. Бірақ әкесі Әбу Бәкірдің имамдығы тек осы намазбен шектеліп қалмады. Себебі Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол күннен кейін мешітке қайтып шықпады. Бұл кездері намаздарды хазірет Әбу Бәкір (р.а.) оқытып жүрді400. Сенбі күні жағдайы біраз дұрысталғандай кейіпте орнынан тұрып: – Назар аударыңдар, сендерден біреу өлім белгілерін сезіп, өлетінін сезсе, Алланың өзін кешіретінін ойлап өлсін!401 – деді. Екі сахабаның көмегімен мешітке барғанда тағайындаған имамы Әбу Бәкір (р.а.) жамағатқа бесін намазын оқытып жатқан еді. Пайғамбарымыздың келгенін сезгенде имамдығынан кері шегінгісі келді. Алайда, пайғамбарымыз ишара жасап жалғастыруын бұйырды. Сосын өзін сүйегендерге пайғамбар мешітінің жаңа имамы хазірет Әбу Бәкірді көрсетіп: – Мені қасына апарып отырғызыңдар, – деді. Іле Әбу Бәкірдің сол жағына отырып, намазға ниет етті. Жексенбі күні қызметшісі мен құлдарын азат етті, сосын алты-жеті динар садақа берді. Барлық нәрсесін таратып жатқандай болды. Жорықтарда ұстаған қаруларын мүминдерге үлестірді. Қолындағысын тегіс таратып, мәңгілік өмірге аттануды көздеген еді. Тіпті, сол күні кешке Айша анамыз әйелдердің біріне 400 Бейсенбі күні құптан намазынан бастап пайғамбарымыз қайтқан дүйсенбі күнінің таң намазына дейін хазірет Әбу Бәкір (р.а.) пайғамбар мешітінде барлығы он жеті рет намаз оқытқан еді. 401 Ибн Сағд, Табақат, 2\\255; Таялиси, Мүснәд 246 (1779), Әбу Яла, Мүснәд 4\\193 (2290); Сонымен қатар қараңыз: Мүслим, Жәннәт 81 (2877); Әбу Дәуіт, Жәнәиз 17 (3113). 254

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша шам беріп жіберіп, Алла елшісінің жарық бөлмеде жатқанын қалап, май сұратқан402. Үйде жейтін де ештеңе қалмағандықтан, Алла елшісінің киген сауытын арпа алу үшін бір яхуди көршісіне кепілдікке берді403. Дүйсенбі күні жамағат таң намазына мешітке жи- налып, хазірет Біләлдің оқыған азанынан кейін намазға тұрды. Намазды Алланың елшісі тағайындаған имам хазірет Әбу Бәкір (р.а.) оқытты. Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орнынан тұрып, мешітке баруды қалады. Айша анамыздың мешітке қарай ашылатын есігіндегі пердені түріп, жамағатқа көз салды. Қаздай тізілген жамағат имамға ұйып намаз оқып тұр. Мүбәрак жүзінен қуанғаны байқалды. Бұл бірақ оның сахаба- ларын соңғы көруі еді. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) тағы да оның келгенін сезіп, намаз оқытсын деп кері шегінгісі келді. Сахаба- лар да қуанып, намаздарын бұзуға шақ қалды. Қалай қуанбасын, бірнеше күннен бері енді ғана мүбәрак жүзін көрген еді. Бірақ, Расулалла қолымен белгі жасап: – Орындарыңнан қозғалмай, намаздарыңды бітіріңдер, – деді. Көңілі жай тапты. Себебі жамағатының имам тапқанын көрді, өзінен кейін кімге бағынатынын да байқады. Сөйтті де сенімді түрде қайтадан Айша анамыздың бөлмесіне бас сұқты404. 402 Ибн Сағд, Табақат,2\\239. 403 Бұхари, Жиһад 88(2759); Мағази 80 (4197); Тирмизи, Буюғ 7 (1214). 404 Бұхари, Сыфатус салат 12 (721); Мағази 78 (4183) 255

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Қызы Фатиманы қасына шақырып құлағына әлдене деп сыбырлауы да осы кезде орын алды. Сосын немерелері Хасан мен Хусейнді қасына шақырып, маңдайынан сүйіп, иіскеді. Осы кезде аналарымыз да Айшаның бөлмесіне жиналып, Алла елшісінің соңғы деміне куә болды. Пайғамбарымыздың қасына алып, насихат айтқан адамдарының ішінде әйелдері де болған еді. Бір кезде Айша анамызға қарап: – Алтындарды не істедің? – деп сұрады. Анамыз алтындарды әкеліп берді. Алтындарды қолына алып санай бастады. Бір жағынан: – Шаңырағында алтын тұрғанда Мұхаммед Раббының құзырына қалай бара алады? Мыналарды дереу тарат405, – деді. Бір кезде қайтадан қысылып: – Айша, күмәнің болмасын, мен әлі Хайбарда жеген баяғы тамағымның ауырлығын сезінемін. Дәл сол удың әсерінен бүгін тамырларым үзіліп жатқан секілді406, – деді. Әрбір іс-қимылынан қоштасудың белгісі байқалғандай. Сосын үстіндегі қара шапанымен бетін жапты. Қиналып, ауыр сезінген соң бетін қайта ашты. Осы кезде тағы да намаз туралы сөз қозғады. Тіпті: – Намаз, намаз! – деп бірнеше рет қайталады. Үмбеті немқұрайлы қарамасын деген алаңдау- 405 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\49 (24268), 6\\182 (25531); Ибн Хиббан, Сахих 8\\8 (3212); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 7\\83 (34371) 406 Бұхари, Мағази 78, (4165); Хаким, Мүстадрак 3\\60 (4393). Хайбар жеңісі кезінде яһудилерден бір әйел пайғамбарымызды уламақ болған, Жәбірейіл періштенің берген хабарымен аман қалған. Қараңыз: Салихи, Субулул Һуда уәр-рашәд 5\\134-135 256

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша шылықпен оған қазірден баршаның назарын аударғысы келгендей. Сол күндегі назар аудартатын тағы бір мәселе құлдар мен қызметшілерге қатысты еді. Оларға жақсы қарауды талап етіп, құл да болса адамдарға адамша қарау керек екенін өсиеттеді407. Осы кезде анамыз пайғамбарымыздан үйрен- геніндей жарының бас жағында тұрып Құранның соңғы екі сүресін оқыды. Оқығандарын науқастың бетіне үрлеп, шипа тіледі408. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соңғы демдерін алып жатты. Басын Айша анамыздың кеудесіне сүйеп, көзін төбеге тікті. Осы кезде қолына мисуак ұстаған хазірет Әбу Бәкірдің баласы Аб- дуррахман кіріп келді. Алла елшісінің көзі оның қолындағы мисуакқа түсті. Мұны сезе қойған анамыз мисуакты соңғы демінде де қалағанын түсініп, Алла елшісіне: – Сізге әперейін бе? – деді. – Иә, – дегендей басын изеді. Дереу бауырынан оны алып бермек болды. Бірақ, мисуак қатты бола- тын, анамыз: – Жұмсартайын ба? – деп сұрады. Басын изегенін көріп, мисуакты аузына салып, жақсылап жұмсартып ұсынды. Пайғамбарымыз мисуакты алып тістерін мұқият ысқылады. Тіпті дәл осылай мұқият мисуак қолданғанына анамыз алғаш рет куә болған еді409. 407 Хаким, Мүстадрак 3\\59 (4388); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\311 (26699) 408 Бұхари, Мағази 78 (4175), Тыб 31 (5403), Мүслим, Сәләм 50 (2192); Әбу Дәуіт, Тыйбб 19 (3902), Ибн Мажә, Тыйбб 38 (3529) 409 Бұл күн туралы айтқанда анамыз «Елшінің дүниедегі соңғы күнінде сілекейіне сілекейімді қосқан Аллаға шүкіршілік» дейді. Қараңыз: 257

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бұл Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұқыптылығы болатын әрі мәңгілік әлемге кетерде де тістің тазалануы керектігін іс жүзінде көрсеткісі кел- гендей. Бір кезде: – Лә иләһә илләллаһ, (Алладан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ), расында өлімнің ащы дәмі бар екен, – деді410. Тістерін тазалап, саусағын жоғары көтерді. Көзін көкке қадап, еріндерін қимылдатып жатты. Не дегенін тыңдау үшін анамыз құлағын тосқанда мына сөздерді естіді: – Пайғамбарлар, шейіттер және салихтар- дан нығметке бөлегендеріңмен бірге маған да кешірім етіп, мейірім құшағыңды аш. Енді мені ұлы достығыңа қабылда. Алла тағалам, мені Сенің ұлы достығыңды қалаймын! Алла тағалам, мен Сенің ұлы достығыңды қалаймын!411 Анамыз тағы да алаңдай бастады. Өйткені сау күндерінің бірінде оның: «Жұмақтағы орнын көрмейінше еш нәби қайтыс болмайды. Содан кейін не өмір сүруді жалғастырады немесе ақыретке таңдау жасауы керек болады» дегенін естіген-ді. Соңғы сөздерін естігенде осы есіне түсіп, іштей «Енді бізбен бірге болмас» деді412. Міне, бұл жер сөздің түгесілген жері еді. Сөз біткен жерде Ұлы Жаратушыға шын көңілден жал- барыну мүмин үшін ең маңызды мәселе. Анамыз да Бұхари, Хумус 4 (2933), Мағази 78 (4186), Никах 103 (4919) 410 Бұхари, Риқақ 42 (6145); Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\31 (78) 411 Ибн Сағд, Табақат 2\\229, Бұхари, Тәфсир 69 (4310), Ибн Мажә, Жәнәиз 64 (1620); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\74 (24498) 412 Бұхари, Мағази 79 (4194); Мүслим, Фадаилус сахаба 13 (2444); Ибн Мажә, Жәнәиз, 64 (1620) 258

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша соған жүгінді. Пайғамбардың қолынан ұстаған қалпы жалбарынып, Аллаға дұға етті. Осы сәт оқыс жағдай болды, қолын Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тартып алды. Бұл айрылысудың уақыты жеткенін білдірді. Осы бір сәттен соң дүниеде қалуды қаламасы белгілі еді. Пайғамбарымыздың қолы анамыздың қолынан сырғып барып, жанында тұрған су толы кесеге тиді. Бұл кезде мүбәрак басы анамыздың кеудесіне сүйеулі еді413. Анамыз үшін сол күн өмірінің ең қайғылы күні ретінде есінде қалды. Қолымен бетін жауып, өксіп- өксіп жылады414. Сонда да мықты болуға тырысып, әуелі мәйіттің басын жастық жастап, сосын барып жұртқа қайғылы хабарды естіртті. Арамызға қашан оралар екен деп күткен сахабаларға да бұл өте ауыр соқты. Мәдинаның аспанын демде қара бұлт торлағандай. Хазірет Омар секілді не істерін білмей қалғандар және ол жоқ дүниеде өмір сүруді керексіз санағандар да бар еді. Алайда, өлім де Алланың бір бұйрығы екені шындық. Ендігі кезек соңғы міндетке келді. Абдыраған сахабалар мәйітті қайда жерлеуді білмеді. Бір кезде хазірет Әбу Бәкір: – Бір естігенімді ұмытқан екенмін, сол есіме түсті. Көзі тірісінде былай дегені бар: «Алла тағала пайғамбарының жанын өзі жерленетін жерде алады». 413 Қараңыз: Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); Мағази 78 (4185), Никах 103 (4919), Мүслим, Фадаилус сахаба 84 (2443) 414 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\274 (26391) 259

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Ендеше, мәйітті төсегі тұрған жерге жерлейік415, – деп ақыл айтты. Иә, пайғамбарлар өзі көз жұмған жерге жерленетін. Осы негізбен Айшаның (р.а.) бөлмесіне жерленді. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) қызына: – Міне, сенің айларыңның ең қайырлысы осы! Бұл – біріншісі, – деді. Бәлкім, мұны тек Айша анамыз ғана түсінген шығар. Өйткені, бірнеше жыл бұрын бір түс көріп, үш айдың қатарынан өзінің бөлмесінде туғанын көрген болатын. Мұны айтқан күні әкесі оған: – Егер бұл түсің рас болса, жер бетіндегі ең қайырлы үш кісі сенің бөлмеңе жерленеді, – деген еді416. Алланың елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлі де өзінің жанында сезінгендей. Бұл орын оған өте ыстық болатын. Бұл жерден тек қажылық пен ұмра және өзге де маңызды істерде ғана кететін. Қалған уақыттарында бұл жерден бір елі ажырамады әрі бұл өмірінің соңына дейін жалғасты. 415 Тирмизи, Жәнәиз 33 (1018); Исхақ ибн Руқия, Мүснәд 3\\738 (1347); Харис ибн Әби Үсама, Мүснәдул Харис 2\\885 (955) 416 Хаким, Мүстадрак 3\\62 (4400), 3\\63 (4401), 4\\437 (8192) Мәлік, Му- атта Жәнәиз (1\\232) (548), Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\47, 48 (126, 127) 260

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Бір жақта осындай қайғылы жағдайлар орын алып жатса, келесі жақта өмір жалғасып жатты. Енді араларында бір мәселе туындаса, барып сұрайтын пайғамбарымыз жоқ. Алайда ең көп уақытын соны- мен бірге өткізген Айша анамыз бар еді. Енді жұрт мәселелерін Айша анамыздан сұрады. Қандай да бір түсініспеушілік орын алғанда, ол іске Айша анамыз барып араласатын. Қысқасы, уағыз жұмыстары тоқтаған жоқ. Бір айырмашылығы, бұл жолғы уағыз жүргізуші Айша анамыз болатын. Ол жинақтаған ілімін басқалармен бөлісіп, кейінгілердің дін турасында дұрыс мағлұмат алуын қамтамасыз етті. Анамыз бұл қызметті мейлінше аянбай атқарды. Сондай табанды әрекеттерінің бірнеше мысалын төменнен көруге болады: Бір күні сахабалардан Әбу Сәләмә мен біраз кісінің арасында дау туындап, жер мәселесін шеше алмады. Соңында Әбу Сәләмә мәселені Айша анамызға білдірді. Сірә, қолдауын аламын деп ойласа керек. Алайда, Айша анамыз оны тыңдағаннан кейін: 261

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Әй, Әбу Сәләма! Сен бұл жер ісінен аулақ тұр. Өйткені, мен расулалланың «Жер мәселесінде кім бір қиянат жасаса, мойнына ертең жеті қат топырақ салыну арқылы азапталады» дегенін естідім!417 – деді. Бір күні бір кісі келіп, кейбіреулердің бір түнде, бір-екі отырыста Құран оқитынын әңгімеледі. Мақсаты мұның қаншалықты дұрыс екенін білу еді. Анамыз оған қарап: – Олар оқуын оқиды, бірақ түп негізіне сай етіп оқымайды. Расулалла екеуміз түнде тұрып намаз оқитынбыз. Ол «Бақара», «Әли Имран», «Ниса» сүрелерін оқитын. Ішінде үрей туғызатын аяттар кез- дессе, дереу дұға етіп, ондай жағдайға тап келтірме деп сиынатын. Ал, ішінде сүйінші хабарлары бар аятты оқығанда, тағы да дұға етіп, Алладан соны қалап сұрайтын418, – деді. Бұрынғы әдетпен жұрт тәбәрік ниетімен дүниеге келген сәбилерін пайғамбарымыздың үйіне апа- ратын. Айша анамыз сәбилерге дұға етіп, береке тілейтін. Осындай бір күні құшағына алған баланы жатқызып жатқанда, жастығының астынан пал ашу ісінде қолданылатын тұмар сияқты бір нәрсе шықты. Сол-ақ екен баланың шешесінен: – Бұл не? – деп сұрады. – Жын-шайтандардан қорғасын деп қойған едік, – дегенді естігенде, қабағын шытты. Мұндай әрекеттер ертең көптеген қателіктерге жол ашатындықтан, оны 417 Бұхари, Мазалим 14 (2321); Бәдул Халқ 2 (3023); Мүслим, Мұсақат 142 (1612) 418 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\92 (24653); Хайсами, Мәжмәуз зәуәид 2\\282 262

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі дереу алды да, бір шетке тастады. Сөйтті де былай деді: – Расулалла бал ашуға тыйым салды және ол мұны жасағандарға қатты ашуланатын419. Әсіресе, жаңа жерлер бағындырылғанда кез- дескен жаңа ішімдік түрлеріне қатысты сұрақтар туындады. Мәселе Айша анамызға жеткенде, ол мәселелерді мұқият қарады. Алла расулының осы жөнінде айтқандарын еске салып, өздері білмейтін мұндай ішімдіктерден аулақ тұруды, ұнап тұрса да ішпеуді ұсынды420. Қажылық маусымы келіп, Меккеге қарай жолға шыққанда әйелдер де оған неше түрлі сұрақтар қоятын. Жолда бара жатқанда анамыз әйелдерді бастап келе жатқан имам сияқты болып көрінетін421. Минадағы кезінде бір топ жастардың өзара күлісіп жатқанын көріп, қасындағылардан сұрайды: – Олар неге күліп жатыр? – Пәлен деген адам шатырдың жібіне шалынып құлап, мойны үзіліп, көзі шыға жаздапты, – дейді. – Күлмеңдер, мен расулалланың «Мұсылманның аяғына батқан тікен немесе осы сияқты ауруына бай- ланысты оған бір дәреже беріледі және сол арқылы бір қатесі кешіріледі» дегенін естіген едім422, – деп ескертті. 419 Бұхари, әл-Әдәбул Муфрад 1\\314 (912); Исхақ ибн Рахуа, Мүснад 3\\1001 (1735) 420 Бұхари, Әшрибә 7 (5273); Мүслим, Әшрибә 35 (1995); Нәсәи, Әшрибә 48 (5681) 421 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\225 (25923), 140 (25134) 422 Мүслим, Бирр 46 (2572), Тирмизи, Жәнәиз 1 (965) 263

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Басы ашық түрде намаз оқыған қыздың отбасына ескерту жасап, расулалла кезеңінде басынан өткен бір оқиғаны айтып берген423. Қызын тұрмысқа бермекші болған бір әйел барып жолығып, бір қиындықтан қалай өтуге ақыл сұрады. Өйткені той күні жақындағанына қарамастан қызының шашы түсіп, қандай шара қолданса да жазылмаған екен. Шешім ретінде оның есіне шаш жалғау түсіп, анамыздан мұның үкімін сұрайды. Сонда анамыз оған: – Расулалла шашына шаш жалғатқан адамға да, осы істі кәсіп етушіге де лағынет айтқан!424 – деп ескертті. Алдындағы адамның кім екеніне қарамастан ақиқатты тайсалмай айтатын. Осы қасиетін білетіндер оны іздеп барып ілім сұрауын тоқтатпаған. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін халифа- лыққа хазірет Әбу Бәкір өтті. Жұмсақ жүректі жан болғанына қарамастан, біраз істер атқарды. Халифалыққа алғаш өткен күндерінде жанына хазірет Осман келіп, оған пайғамбарымыздың әйелдерінің біразының мұрагерлік талабын жеткізді. Негізінде пайғамбар артына дүние-мүлік қалдырмаған. Алайда олар бұл мәселедегі нәби сөзінен хабарсыз болуы 423 Тақырып егжей-тегжейлі түрде кітаптың соңғы бөлімінде «Айша анамыздың тұрмыс құрғандағы жасы» тақырыбында қарастырылған. 424 Бұхари, Либаис 81 (5589, 5590, 5593), Әбу Дәуіт, Тәражжул 5 (4186), Тирмизи, Либас 25 (1759); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\111 (24847) 264

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі мүмкін және олжаның бестен бірін өздеріне береді деп ойлаған болса керек. Алайда, олжаның бестен бірін алу пайғамбарға ғана рұқсат етілген. Расулалла оны қажет деп тапқан жерлерге жұмсаған. Қысқасы, ол халифалыққа қатысты мәселе еді. Хазірет Османды тыңдаған халифа пайғам- барымыздың әйелдерінің бірі Айшаға өтініш жасап, бұл мәселе туралы не білетінін сұрады. Өйткені бұл талап етушілердің арасында өз қызы Айшаның жоқ екенін білетін. Мұны естігенде іркіліп қалған анамыз: – Субханалла! Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Біз, пайғамбарлар мұра қалдырмаймыз, біздің қалдырғанымыз садақа» дегендіктен, мұндай мұрагерлік туралы мәселенің болуы мүмкін емес, – деді. Аналарымыз да, халифа да мәселенің шынайы жағын енді түсінді. Құран мен хадис бар жерде жаңа үкім шығарылмайды. Пайғамбарымыздың әйелдері де енді бұл талаптарынан бас тартып, бұрынғы қарапайым өмірлеріне оралды425. Енді халифа хазірет Әбу Бәкір үшін де өзі шеше алмаған мәселелерде жүгінетін кісі Айша болды. Әсіресе, расулалланың жоқтығын пайдаланған кейбір санасыз адамдардың жағдайды ушықтырғысы келген сәттерінде дұрыс қадам жасай білу үшін көбінесе қызы Айшамен ақылдасып, пікірімен санасып қана шешім қабылдайтын. Өйткені, ол кездерде хазірет Әбу Бәкірдің басынан өте ауыр қиындықтар өткен еді. 425 Бұхари, Хумус 1 (2926, 2927); Фадаилус сахаба 12 (3508); Мағази 11 (3810) Фараиз 2 (6346), Мүслим, Жихад 51 (1758), Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\262 265

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Екі жылдан астам уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Бір тарапта мұсылмандықтың діннен шығу оқиғалары, келесі жақта жалған пайғамбарлар шықты деп жүргенде бірнеше жыл өтіп, хазірет Әбу Бәкір де қартая бастады. Алайда ештеңеге қарамастан өзіне аманат ретінде табысталған істі орындағанына деген қуанышы басым еді. Бірақ көп ұзамай науқасқа шалдықты. Бұл жерде де қызы Айша анамызды қасынан тастамай, барлық ойын бөлісетін. Өзінің де өмірлік дәм-тұзы таусылуға таяғанын сезінетіндей. Расын- да, қоштасудың уақыты жақындап, расулалладан айрылу қайғысына небәрі тек екі жыл, үш ай, он күн ғана шыдай алды. Айша анамыз халифа хазірет Әбу Бәкірді күтуді де өз мойнына алып, әкесіне өзі қарады. Достың досқа қауышатын күніне аз қалғанда айрықша әбігерге түсіп, тез жасалуы керек нәрселерді жасап жеңілдегісі келгендей. Әуелі хазірет Осман- ды шақыртып бір келісімшарт жаздырды. Сосын қасындағы Айшаға қарап, өзі қайтыс бола сала жалақысының қалған бөлігін бәйтулмалға (мемлекет қазынасы) апарып тапсыруды өсиет етті: – Омар қоймады, Бәйтулмалдан 6 мың дирһам алуға мәжбүр болдым. Бұлардың барлығы пәлен жердегі қабырғада сақтаулы тұр, оларды алып, Омарға қайтарыңдар!426 426 Ибн Сағд, Табақат 3\\193 266

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Бұл не деген мұқияттылық десеңші! Бұл бір жағы парасат пен саналылықтың көрінісі еді. Өйткені, осы- лайша ол өзінен кейінгі адамды да көрсетіп берген еді. Анамызға да айтатын нәрселері бар болатын. Қасына шақырып, қинала мынаны ескертті: – Мұсылмандардың ісін мойныма алғаннан осы кезге дейін оларға тән бір дирһам да, бір динар да жемедім. Керісінше, олардың ең кедейі секілді көбіне аш жүрдім, үстіме ең ескі киім кидім. Қазір менде қазынаға тән мына қара құл, мына бір мата және мына кәрі түйеден басқа ештеңе жоқ. Оларды да алып, дереу Омарға апар. Мен бұл жүктен де құтылайын!427 Айтатындары мұнымен шектелмеді. Әр өткен минут сайын уайымы артып, үстіндегі жүктен тезірек арылғысы келгендей. Қызына мейірлене қарады. Расулалламен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) не- келескеннен осы кезге дейін қызын анам деп біліп, құрметтеген болатын. Көзқарасындағы жылылық оны қаншалықты жақсы көретінін де көрсететін еді. Әлден уақытта: – Қызым, өзің де білесің, сені жақсы көріп, ерекше құрметтеймін, саған пәлен жердегі бір жерді арнаған едім ғой, соны маған кері қайтар. Өйткені, ол маған онша ұнамады. Мен балаларым арасындағы бөлістің Алланың кітабына сай болғанын қалаймын. Ертең Алланың құзырына барғанымда, оларды алалағандай болмайын, – деді. Қызы іркілместен: 427 Ибн Сағд, Табақат 3\\193; Сондай-ақ, қараңыз: Қандахлауи, Хаятус сахаба 2\\460 267

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Қалауыңыз білсін, – деді428. Мұны естіген хазірет Әбу Бәкірдің үстінен ауыр жүк түскендей болды. Ауруы барған сайын асқына түсті. Он бес күннен бері осылай жатыр. Расулалла секілді ол да анда-сан- да есінен танып қалатын. Мұны көрген Айша анамыз мұңын жеткізбекке әрі жұбату мақсатында әкесіне Хатәми Таидің өлеңдерін оқыды. Бір жолы: – Кеудені өлім келіп қысқанда аза тұтудың ешқандай пайдасы жоқ, – деді. Мұны естіген халифа көзін ашып: – Олай деме, қызым! Айтатын болсаң «Өлімнің мастығы денеңді басқанда, «Ей, пенде! Міне, бұл сенің бұрыннан қашқан нәрсең» деген мағынадағы аятты оқы!» – деді. Дүниемен қоштасып жатып та шындықты жақтауға осыншалықты мұқият қараған әкесінің кіршіксіз өмірін назарға ала отырып анамыздың оқыған тағы бір өлеңі бар еді: Ей, өзі үшін жаңбыр төккен адамдардың ізгісі, Жетімдердің қорғаушысы, жесірлердің қамқоршысы! Мұны естігенде тағы да қызына: – Бұл жерде айтылып тұрған адам – Расулал- ла, – дейді429. Өйткені бұл өлеңді жиені Мұхаммәдул әминге тағзым үшін бірнеше жыл бұрын көкесі Әбу Тәліп айтқаны есте430. 428 Ибн Сағд, Табақат 3\\195; Сондай-ақ, қараңыз: Қандахлауи, Хаятус сахаба 2\\460 429 Ибн Мажә, Иқаматус салат 154 (1272); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 2\\93 (5673); Бәйхақи, Сүнән 3\\352 (6219) 430 Қараңыз: Бәйхақи, Сүнән 3\\352 (6219); Ибн Кәсир, әл-Бидая 3\\55, 6\\88, 6\\186, Рамахурмузи әмсал 1\\19 268

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Сосын тағы да қызына қарап: – Расулалла қай күні қайтыс болды? – деп сұрады. – Дүйсенбі күні, – деді анамыз. Алған жауабынан бір мән шығарғысы келгендей. Сосын: – Бүгін қай күн? – деп сұрады. – Дүйсенбі. Терең дем алды да, ерні жыбырлап былай деп тіледі: – Алладан бүгінгі түн мен арамызға басқа түнді кіргізбесін деп тілеймін. Сосын қызына қарап: – Расулалла қанша кебінге оралып еді? – деп сұрады. – Оны ақ және үш жаңа «сәхулие» киімімен кебіндедік. Арасында бас жабуы мен көйлек болған жоқ, – деді анамыз. Хазірет Әбу Бәкір ескі киімін көрсетіп: – Мына киімімді жуыңдар. Өйткені онда зағфаранның дағы бар. Сосын қасына екі киім қосып, мені солармен кебіндеңдер! – деп ескертті. Жағдайы ауырлай бастады. Әкесі әрі расулалланың халифасы мәңгілік әлемге аттанардың алдында тұр еді. Анамыз не істерін білмей, абдырап, әкесінің сөзін жерге тастамауға күш салды. Алайда, соңғы талабы оған ұнамады. Әкеге қарсы келуге болмас, бірақ ол жай адам емес расулалланың халифасы әрі мүминдердің басшысы болатын. Сондықтан: – Бірақ, ол ескі ғой, – деп қарсылық танытты. Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) шешімі нық болатын: 269

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Мейлі. Жаңа киімге өлгендерден гөрі тірілер мұқтаж. Өлген адамның кебіні шіріп кетеді ғой431, – деді. Тағы бір қалауы бар еді. Уаһи басталғаннан бері Пайғамбарымыздың атқарған жиырма үш жылдық қызметінің сол қалпында жалғасқанын қалады. Соңғы сапарға аттанғанда да расулалланың жанын- да болғысы келді. Өзін әйелі Әсма бинти Үмәйстің жуып және баласы Абдуррахманның оған көмектесуін өсиет етті. Өзі қалағандай сол күні кешке хазрет Әбу Бәкір (р.а.) де бақиға аттанды. Өсиет еткеніндей расулалланың жанына жерленді. Анамыз түсінде көрген және хазірет Әбу Бәкірдің сол кезде жорыған түсіндегі екінші ай бүгін өзінің бөлмесіне туған еді. Осыдан бастап анамыздың бақытты шаңырағы пайғамбарлықпен бірге енді халифалықтың айын қонақ еткен еді432. Хазірет Омар (р.а.) Әкесі қайтыс болғаннан кейін тіке хазірет Омарға барған Айша анамыз әкесінің өсиеті ретінде қара құл, мата және кәрі түйені жаңа халифаға тапсырды. Омар көз жасын сүртіп: 431 Бұхари, Жәнәиз 92 (1321); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\132 (25049), Әбу Яғлә, Мүснад 7\\469 (4495); Абдурраззақ Мұсаннаф 3\\423 (6176) 432 Әрі әкесі, әрі адамдар арасында Алла расулына ең жақын жан болғанына қарамастан, Әбу Бәкір (р.а.) қызы Айшадан тек екі хадис риуаят еткен. Анасы Үммү Руманның одан риуаят еткен хадисі біреу ғана. 270

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі – Алла Әбу Бәкірге рақым етсін! Өзінен кейінгілер үшін керемет ғибрат қалдырды. Алла оны кешіріміне бөлесін! Шынында да ол кейінгілер үшін өнегелі өмір сүрді433, – деді. Айша анамыз жаңа халифа болған хазірет Омар үшін де ең жанашыр ақылшы еді. Негізінде ол пайғамбарымыздың әйелдерінің бәрін де құрметтейтін. Алайда, арасында Айша анамыздың орны айрықша болатын. Анамыз туралы: – Расулалланың сүйіктісі, – деп оған ерекше қарайтын. Тіпті, олжа ретінде түскен жерді үлестіргенде құрмет ретінде ең әуелі аналарымызға көңіл бөліп, әрқайсысына жылына он немесе он екі мың динардан бөлетін. Бір айырмашылығы, Айша анамыздың үлесіне тағы екі мың қосатын434. Хазірет Омар өте сезімтал жан болған, дінге қайшы іс орын алса, дереу ол іске араласып, қателікке жол бермейтін. Бұл мұқияттылығы Құран мен сүннеттің тазалығын сақтап қалуға деген әрекеті еді. Сол кездің шарттарын назарға алсақ, бұл өте дұрыс шешім еді. Бұл кезеңде Мәдинада пәтуа айтатын белгілі ғалымдардың арасында Айша анамыз да бар болатын. Анамызға көп барушылардың бірі халифа хазірет Омардың өзі болатын. Білмейтін мәселесін сұрап, анамыздың кеңесімен шешім қабылдайтын. Негізінде ол барлық аналарымыздан да кеңес алып, ерекше сыйлап тұратын. Олардың мұқтаждығы бар-жоғын сұрап, көмекті ең әуелі сол кісілерге жасағанды 433 Ибн Сағд, Табақат, 3\\193 434 Хаким, Мүстадрак 4\\9 (6723); Әбу Юсуф, Китабул хараж 51 271

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жөн көретін. Сол үшін жанына тоғыз себет қойып, жеміс келсе, дереу осы себеттерге бөліп салып, аналарымызға жіберетін435. Қолына бір нәрсе түссе немесе құрбан шалғанда ең алдымен аналарымызды ойлап, етін соларға жіберетін. Хазірет Омардың бұл қасиеті туралы Айша анамыз: – Омар бәрін мұқият ойлайтын, бас-сирақ демей сойылған малдан бізге тиетін үлесімізді жіберуді ешқашан ұмытпайтын, – дейді. Ирак жері бағындырылғанда, кезек қолға түскен олжаны бөлісуге келеді. Сахабалармен ақылдасып, біраз пікір алысқаннан кейін оларға: – Меніңше, бұл олжалар осы жорықта тер төккендерге тән, соларға бөлістіріп беру керек, – деді. – Иә, біз де солай ойлаймыз, ей, мүминдердің басшысы! – Жарайды, бөлісті кімнен бастаймыз? – Бұған сенен лайық кім бар? Әрине, өзіңнен баста! Өзі халифа болатын. Бәлкім, басшылықтағы орнына қарай олжаның көбірегін сарбаздар оған лайық көрген шығар. Бірақ ол расулалладан мұндайды көрген жоқ. Сондықтан қызметте ең алдыңғы орында тұрса да жалақы бөлісуге келгенде ең артта тұруды таңдайтын. Сондықтан бұл ұсынысқа: – Жоқ. Бұл істі мен расулалланың отбасы мүшелерінен бастаймын, – деді436. 435 Қараңыз: Мәлик, Муатта 1\\279 (618); Бәйһақи, Сүнән 7\\35 (13037), Ибн Әби Асым, Зүхд 1\\116, Кандахлауи, Хаятус сахаба 2\\369 436 Мүснади Шафиғи, 1\\326 (1519); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 6\\457 (32895, 32898, 32899); Бәйһақи, Сүнән 6\\364 (12849); Сондай-ақ, хазірет Омардың пайғамбарымыздың әйелдерін су мен жер арасын- 272

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Осы жеңістен кейін халифаға бағалы әшекей бұйымдары салынған ыдыс әкелінді. Ырысқа қарап қасындағылардан: – Мұның бағасын білесіңдер ме? – деп сұрады. Ешкім оның бағасын айта алмады. Сонда хазірет Омар (р.а.) айналасындағыларға қарап: – Рұқсат берсеңдер, мен басы бүтін күйде мұны расулалланың сүйіктісіне берейін? – деді. Бұл ұсынысты бәрі бірауыздан мақұлдады. Сосын елші арқылы іші әшекей бұйымға тола ыдысты Айша анамызға сыйға тартты. Айша анамыз ыдысты мұқият ашып, ішінен бағалы әшекейлер шыққанын көргенде шошынғандай терең ойға батты. Алла расулының өте қарапайым сүрген өмірі есіне түскен шығар, іштей таңырқады. Сосын хазірет Омарды меңзеп қолын көтеріп: – Алла тағалам, ендігәрі мені Омардың жақсылықтарына кезіктірме, одан да жанымды ал!437 – деп дұға етті. Хайбар жеңісінен кейін қолға түскен олжалар- ды үлестірген кезде де аналарымыз ұмыт қалмай, таңдауды өздеріне қалдырып жер немесе айлық жалақы ұсынылатын438. да таңдау жасатқаны және Айша анамыздың жерді таңдап, кейіннен бұл жерді қорға қалдырғаны айтылады. Қараңыз: Бұхари, Мүзараа 14 (2213); Мүслим, Мұсақат, 2 (1551) Сондай-ақ, қараңыз: Нәдәуи, Сирату Сәйидәти Айша 75 437 Хаким, Мүстадрак 4\\9 (6725); Ахмад ибн Ханбал, Фадаилус сахаба 2\\875 (1642) 438 Бұхари, Мүзараа 7 (2203); Мүслим, Мұсақат 2,3 (1551); Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 2\\22 (4732) 273

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Ғылым мәселесінде де хазірет Омардың ақылшысы Айша анамыз болды. Бір қиындыққа кезіккенде не өзі келіп, не жақындарының бірін жіберіп анамыздан жөн сұрайтын. Бұл тек халифа- мен шектелмеді, сахабалар мен табиғиндер де Айша анамыздың біліміне жиі жүгінді. Әсіресе, хадис ғылымына қатысты мәселе туындағанда бәрінің жүгінетіні Айша анамыз еді439. Пайғамбарымыздың айтуынша, өзі өмір сүрген кезең ең қайырлы кезең болатын. Қазір енді екінші кезеңге ойысты. Бұл ненің дұрыс екенін ашық білдіретін кезең еді. Халифаның осыншалықты көңіл ауларлық әрекеттері анамыздың туралықты айтуына кедергі келтірген емес. Ешкімнің бет-жүзіне қарамай қатені қате деп, адамдарға істің дұрысын көрсететін. Бір күні хазірет Омар Амр ибн Үмәямен кездесті. Сатып алған бір құшақ матасын халық жақтырмайтын жаман әйелдерге садақа етіп бергенін естігенде қатты ашуланды. Жасаған ісін айыптап, оларға берген садақаның қабыл болмайтынын айтты. Алайда, хазірет Амр да айтысып, дұрыстығына өзі білетін хадисті көлденең тартты. Бұл сөзге хазірет Омар одан сайын ашула- нып, Амрдың айтқанын өтірік деп қабылдады. Араларындағы дау ұлғайған соң екеуі Айша анамызға барып жүгінді. Сөзді хазірет Амр бастады: – Ақиқатын айтыңызшы, расулалланың «Оларға берген нәрселерің де сендер үшін садақа» дегенін естіп пе едіңіз? 439 Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 2\\375 274

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Анамыздың жауабы нақты болатын: – Алла куә, иә, естідім! Бұл жауап хазірет Омардың кешірім сұрауына себеп болды. Мұны естігенде өзін жазғырды. Алла расулынан естімегені әлі көп екенін біліп, өз-өзін кінәлады440. Хазірет Омар (р.а.) бір күні Әбу Хұрайраның «Кімде-кім мәйіттің артынан жүрсе, сауабы бар» деген хадисті риуаят еткенін естіп, растығын анықтау үшін Айша анамызға жолықты. Анамыз: – Расулалладан мұны мен де естігенмін, – деп Әбу Хұрайраны растады. Тіпті, осыны естіп Аб- дулла ибн Омар секілді ғалымдар көбірек сауап алу үшін мәйіттің артынан көбірек адымдап жүруге тырысқан441. Сахабалар үшін істің ақиқаты маңызды еді. Кейде ұятты тақырыптардың өзінде ақиқатты білу үшін тартынбағанды жөн санайтын. Бір күні араларында Зәйд ибн Сабит сияқты сахабалар бар ансарлар мен мұхажирлардың алдыңғы қатарлылары жиналып, шахуат шықпаған жақындасуда ғұсыл мәселесін сөйлеседі. Хазірет Зәйд мұндай жағдайда ғұсыл керек еместігін, әурет жерін жуғаннан кейін намаз дәретін алудың жеткілікті болатынын айтады. Алайда, бұл пікірге өзгелері қосылмайды. Мәселе халифа хазірет Омарға жеткенде, қасында хазірет Әли және Муаз ибн Жәбәл сияқты сахабалар бар еді. Хазреті Омар Зәйд ибн Сәбитті де шақыртып: 440 Қараңыз: Зәркәши, әл-Ижәбә 20 441 Бұхари, Жәнәиз 56 (1260); Мүслим, Жәнәиз 56 (945) 275

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Мұндай пәтуәні қайдан шығардың? – деп сұрады. Хазірет Зәйд: – Мұны мен ойлап шығарған жоқпын, көкем Рифаға ибн Рафи мен Әбу Әюб әл-Ансариден естідім, – деді. Хазірет Омар жанындағыларға қарап: – Ал, бұл іске сендер не дейсіңдер? – деді. Олар да әртүрлі бір-біріне қайшылықты пікір айта баста- ды. Біразы ғұсыл үшін бірге болуды жеткілікті деп санады. Халифа оларға: – Сендер Бәдірге қатысқандардың ең қайырлысы бола тұра, қалай бір-біріңе қарама-қайшы пікір айтасыңдар? – деді. Осы кезде хазірет Әли сөзге араласып, мәселені аналарымыздан сұрайық деді. Осы шешімді жөн санап әуелі қызы Хафсадан сұратқанда, ол ештеңе білмейтінін айтты. Бір кезде Әбу Мұса әл-Әшғари: – Бұны қазір тағы бір кісіден білуге болады, – деп Айша анамызға барды. Рұқсат сұрап қасына жақындап: – Шешей, сізден бір нәрсе сұрауға ұялып-ақ тұрмын, – деді. Ілім үйренуде ұялудың қажет еместігін жақсы білетін Айша анамыз Әбу Мұсаға былай дейді: – Өз анаңмен қалай еркін сөйлесетін болсаң, менен сұрағанда да солай ұялма, Өйткені, мен де бір анаңмын! Әбу Мұса енді өзін еркін сезініп, көкейіндегі сау- алын ірікпеді: – Ғұсыл алу қай кезде міндеттеледі? 276

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі – Дәл тиісті адамынан сұрадың. Расулалланың «Еркектің жыныс мүшесі әйелдің жыныс мүшесіне тигенде ғұсыл уәжіп» дегенін естігенмін. Рахмет айтып ол жерден кеткен Әбу Мұса естігендерін келіп жиналғандарға айтқанда, хазірет Омар: – Бұл істі жасап, ғұсыл дәретін алмағандарға енді тиіс жаза қолданамын, – деді. Сондағы сүйенгені анамыздан өзіне жеткен сөз болғаны күмәнсіз442. Халифа Омар аналарымыздың көңілін табу үшін барын салатын. Бір күні олар халифа Омарға қажылыққа барғысы келетіндігін айтады. Дереу хазірет Осман мен Абдуррахман ибн Ауфты шақырып, бірің арттарынан, екіншің алдында жүріп қағбаны тауап етулеріне көмектесіңдер деп тапсыра- ды. Ешкім ол кісілерді мазаламасын деп тапсыруды да ұмытпады. Күн артынан күн өтіп, он жыл да артта қалды. Енді хазірет Омардың да бұл өмірдегі дәм-тұзы тау- сылды. Әлдекім қастандық жасап, улы қанжар сұғып денесін қан-жоса етті. Хазірет Омар (р.а.) бұл өмірдегі соңғы сәттерін бастан өткеріп жатты. Бірақ әлденеге алаңдаулы еді. Себебі сол күнге дейін батылы барып, анамызға айта алмаған бір тілегі бар болатын. Расулалланың аяқ жағына жерленгенін қалайтын. Бірақ, бұл үшін Айша анамыздың рұқсаты керек-ақ. 442 Қараңыз: Муатта Таһара 104; Мүслим, Хайз 88; (349), Тирми- зи, Таһара 80 (109). Анамызға барып, бұл сұрақты қойған халифа хазірет Омар екені туралы да айтылады. Басқа кезде осы сұрақты Әбу Сәләманың де сұрағаны байқалады. Қараңыз: Муатта, Таһара 103. Оқиға әртүрлі риуаяттарды біріктіру арқылы берілген. 277

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Енді соза берсе, ол тілегіне жете алмасын сезіп, баласы Абдулланы шақырып: – Мүминдердің анасы – Айшаға жолық. Бірақ, оған «Мені мүминдердің басшысы жіберді деме!» Өйткені, мен енді мүминдердің басшысы емеспін, «Хаттабұлы Омар жіберді» де. Сосын «Екі жолдасының қасына жерлену үшін сізден рұқсат сұрайды» деп айт! – деді. Хазірет Омар тілегін жеткізгенде, Айша анамызға қысым жасамаған. Лауазымын қолданбай, қатардағы қарапайым адам ретінде тілегін жеткізген. Хазірет Абдулла дереу Айша анамызға барды. Анамыз ауыр хабарды естіп, көзіне жас алды. Абдул- ла: – Әкемнің сізге сәлемі бар. Екі жолдасының қасынан жер тисе дейді, – деді. Расулалла мен адал дос Әбу Бәкірдің жанына жерленуді кім қаламайды?! Бұл Айша анамыздың да ішкі қалауы еді. Бірақ олар мүмин бауырларының қалауын артық көретін. Сондықтан Ибн Омарға қарап былай деді: – Ол жерде өзіме арнап жүр едім. Бірақ Омардың айтқаны болсын! Өзінің де соны қалағанына қарамастан, хазірет Омарға рұқсат берді. Қуанышты хабарды алған Аб- дулла шапшаң басып шығып кетті. Мына жақта оның келе жатқанын көргендер хазірет Омарға: – Әне, ұлың келе жатыр! – деді. Омар қатты алаңдаулы еді. Тіпті қандай хабар әкелетінін уайымдағаны шығар орнынан түрегелгісі 278

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі келіп, бірақ дәрмені жетпеді. Қасындағылар демеп жатты. Осы кезде Абдулла да келді. Одан: – Қандай хабар әкелдің? – деп сұрағанда: – Қалауыңыз орындалды, әй, мүминдердің бас- шысы! Анамыз рұқсат берді, – деді ол. Хазірет Омар: – Әлхәмдулиллә, енді маған сол жерде жатқаннан маңызды нәрсе жоқ, – деп қуанғанын білдірді. Қансырағанын енді елемеді. Соңғы тілегі орын- далып Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен оның алғашқы халифасы хазірет Әбу Бәкірдің қасына жерленетін болды. Терең дем алды. Уайымы- нан арылды. Әне-міне дегенше қоштасатын да уақыт жетті. Алайда, көңілінде бір алаң бар еді. Рұқсат алуын алды, бірақ бұл рұқсатты халифалық лауазымының ықпалымен алынған болуы мүмкін екенін ойлады. Сондықтан да мұны тағы бір рет анықтағысы келді. Тағы да ұлын шақырып: – Абдулла, мен өлген соң төсегіме жатқызыңдар. Сосын есіктің тұсына дейін мені апарып сол жерге тоқта да «Хаттабұлы Омар сізден рұқсат сұрайды» деп тағы да дауыста. Айша рұқсат берсе ғана мені сол жерге көм. Егер алдыңғы ойынан бас тартқан болса, мені де қатардағы халықтың мазаратына көмерсің. Өйткені, маған рұқсат бергенде халифалық лауазымның мысы басқан болуы мүмкін, – деп тап- сырды. Өліммен арпалысып жатса да осыны ойлаған еді. 279

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Сөйтіп, хазірет Омар да мәңгілік сапарға аттан- ды. Мәдина үлкен қайғыға батты. Ендігі кезекте оның өсиетін орындау тұрды. Әкесі айтқандай ұлы есіктің тұсына келіп, Айша анамызға дауыстап әкесінің тілегін ескертті. Анамыз таң қалды. Хазірет Омар өмірден өтіп бара жатып та әдептілікті үлгі етті. Хазірет Омар өзіне жарасымды сыпайы мінез та- нытты. Айша анамыз да екі сөйлемейтінін білдіріп, рұқсат бергенін екінші рет қайталап жатуды артық деп санады. Дегенмен жұртты алаңдатпау үшін рұқсат бергенін тағы да қайталап айтты. Сөйтіп хазірет Омар Айша анамыздың жол берумен өзіне ет- жақын достарының жанына жерленді443. Сөйтіп, Айша анамыздың бірнеше жыл бұрын көрген түсі толығымен орындалып, үйіне үш ай да туған еді. Хазірет Омардың осы жерге жерленуі анамыз үшін жаңа бір кезеңнің басталғанын білдірді. Өйткені, сол кезге дейін пайғамбарымыз бен әкесі хазірет Әбу Бәкірдің жанына келіп, оларды зиярат еткендегі еркіндік енді жасалмайтын болды. Қастарына хазірет Омар жерленген күннен бастап енді ол жерге үсті- басын қымтанып кіретін болды. Ол тұсқа төртінші кісі сыймайтын. Сол күннен бастап Айша анамыз осы бөлменің қасындағы бір орынға көшуге мәжбүр болды444. 443 Бұхари, Фадаилус сахаба 8 (3497); Бәйһақи, Сүнән 4\\58 (6874); Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 3\\34 (11858), 7\\436 (37059) 444 Қараңыз: Нәдәуи, Сирату Сәидәти Айша 154, 155 280

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Хазірет Осман (р.а.) Айша анамыздың іліміне жүгіну хазірет Османның тұсында да жалғасын тапты. Ислам жағрапиясы кеңейе түскен сайын сұрақ сұрап келушілер де толастамады. Хазірет Осман да солардың бірі еді. Пайғамбарымыздың әйелдеріне хазірет Осман да айтарлықтай көңіл бөлді. Аналарымыздың бір айтқанын екі еткізбеуге күш салды. Халифалық ауыр міндетті мойнына алғандықтан, хазірет Омар кезеңінде бірге баратын қажылыққа енді қосылып шыға алмайтын болды. Дегенмен, өз орнына хазірет Абдуррахман инб Ауфты жіберді. Қасына хазірет Омардың жездесі Саид ибни Зәйд секілді беделді кісілерді қоса (ашараи мубашшараның бірі) тағайындады445. Расулалланың өзі ұялған хазірет Османнан Айша анамыз да қысылатын. Өйткені, ол туралы пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Періштелер ұялған адамнан мен қалай ұялмаймын446, – дегенін естіген. Бұған қоса, пайғамбарымыз екі қызын хазірет Османмен некелеп, қаншама рет оған дұға еткені бар447. Он екі жылдық халифалық кезеңнің алғашқы алты жылында тыныштық басым болды. Алайда, екінші алты жылдыққа аяқ басқанда, алдағы қиын жылдардың белгісі байқалып, бірқатар адамдардың 445 Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 96 446 Мүслим, Фадаилус сахаба 36 (2401); Бұхари, Әдәбул муфрад 1\\211 (603) 447 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\261 (26290), Сондай-ақ, қараңыз: Тах- маз, әс-Сәйидәту Айша 97 281

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша бас көтеруі белең ала бастады. Өйткені, халифа туралы өзгеше ойлайтындар кезікті. Тіпті, халифаға қарсылықтарын ашық білдірді. Олардың арасында халифаны бетке алып исламға күйе жағуды қалаған Ибн Сәбә сияқты шектен шыққандар да жоқ емес еді. Хазірет Айша бұларды естігенде ренжіп, бүлік тудырғандарға: – Османды тілдегендер қандай лағынетке ұшырайтынын білмейді. Алла да оларға лағынет айтады. Өйткені, бір күні мен расулалланың тізесін Османның тізесіне тигізіп отырғанын көрдім. Осы кезде уахи келіп, мен расулалланың маңдайындағы терді сүрттім. Оның үстіне расулалла қатарынан екі қызын соған некеледі. Сондай-ақ, оған «Жаз, Осман- жан!» деп ілтипат көрсететін. Ұмытпаңдар, нәбиінің алдында осындай құрметті жан Алла тағаланың құзырында да қадірлі екені сөзсіз!448 – деді. Бұған қоса, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үш рет: – Осман, бір күн келеді, Алла тағаланың бұйрығымен жұрт саған маңызды бір көйлек кигізеді, мұнафықтар Алланың кидірген осы көйлегін сенен шешіп алғысы келсе, өз еркіңмен шешуші болма!449 – дегенін айтады. Әрине, айтпағы мұнымен шектелмеді. Ауырып жатқанда пайғамбарымыз: 448 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\250 (26173), Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\209. Сондай-ақ, қараңыз: Бути, Айша 107, 108 449 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\149 (25203), Хаким, Мүстадрак 3\\106 (4544), Ибн Хиббан, Сахих 15\\346 (6915) 282

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі – Қасымда біраз сахабаларымның болғанын қалаймын, – деді. Мұны естіген анамыз: – Сізге Әбу Бәкірді шақырайын ба? – деп сұрайды. Үндемегенін байқап: – Омарды шақырайын ба? – деді. Тағы да үн қатпады. Бірақ әлдекімді көргісі келгені анық еді. Бірақ өздігінен тіс жармады. Анамыз: – Қаласаңыз, Османды шақырайын? – дегенінде, Пайғамбарымыз күлімсіреп: – Иә, – деді. Сөйтіп, хазірет Османды шақырып, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екеуі ұзақ әңгімелесті. Бұл кезде хазірет Османның реңі құбылып отырды. Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүлік шыққан кездердегі арқалаған жүгінің ауырлығын ескертіп, ғайыптың пердесін түргендей сол күндері шыдамдылық танытуы керектігін ескертті. Арадан бірнеше жыл өтіп, өзін қоршап алып, қастандық жасамақ болғандарға былай деді: – Расулалла маған осы күнді айтқан еді. Дәл бүгін сабыр сақтауым керек!450 Хазірет Османның Алла мен пайғамбар орнын жақсы ұғынғандардың бірі Айша анамыз екені белгілі. Соған қарамастан кеткен қателік болса, тар- тынбай айтатын. Әсіресе, саяси шешімдерде кеткен қателіктерді ескертіп, Алла мен пайғамбардың досы болған адамға ескерту жасаудан бас тартпаған. Ол кезең бір жағынан мұсылман аумағы кеңейіп, бір жағынан ішкі кикілжіңдер бой көтере бастаған 450 Тирмизи, Мәнәқиб 19 (3711); Ибн Мажә, Иман 11 (113), Тахмаз, әс- Сәйидәту Айша 98 283

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша кезең. Аумақтың кеңейгеніне қарамастан белгілі бір тайпа-рулардың алға шығуы басқалардың қызғанышын тудырып, қарсы әрекеттеріне түрткі болды. Абдуллаһ ибн Сәбә сияқты арандатушылар бұл жағдайды үлкен мүмкіндік деп білді. Халифалық хазірет Әлиге тән екенін айтып, пайғамбарымыздың билікті хазірет Әлиге қалдырғаны туралы сөз тарат- ты. Ислам әскерінің грек жерінен Африкаға дейінгі кең аймаққа тарағанын да мүмкіндік деп санап, халықты жинап, бір-біріне арандатып, ашық түрде бас көтеруге шақырды. Орталық ретінде өздеріне Мысырды таңдады. Осындай шиеленіс басқа өлкелерде де орын алып, қарапайым халықтың ішінде алаңдаушылық тудыр- ды. Басраның сыйлы адамдарының бірі Мухарик ибн Сүмама түрлі дақпырт естігенде қандай әрекет жаса- рын білмей, алаңдап: – Айша анамызға бар, одан Осман ибн Аффан туралы пікірін сұра, өйткені біздің бұл жердегілер ол кісі туралы әрнені айтып жүр, – деп қарындасы Үммү Гүлсім бинти Сүмаманы қолына хат ұстатып жолға салды. Үммү Гүлсім қолындағы хатын апарып: – Шешей, мені жіберген кісі сәлемі мен құрметін жолдады және Осман ибн Аффан туралы пікіріңізді сұрады, – деді. – Османға лағынет айтқандарға Алла да лағынет айтады, – деп бастады сөзін хазірет Айша (р.а.). Жарасының аузын Үммү Гүлсім келіп тырнағандай еді. Оған хазірет Османға Алла расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қалай қарағанын біртіндеп түсіндірді. Сосын хазірет Осман туралы 284

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі алып-қашпа сөз таратқандардың түбі оңбайтынын ескертті451. Бір күні әртүрлі аймақтардан «Қажылыққа ба- рамыз» деп мыңдаған кісінің Хижазға бет алғанын естіді. Сырттай қарағандай жақсы әрекет болып көрінгенмен халифалыққа талас тудыруға келе жатқаны белгілі еді. Мәселені дұрыс түсінген хазірет Осман келе жатқандарды райынан қайтару үшін әуелі хазірет Әлиді тағайындады. Хазірет Әли барып олар- мен ұзақ сөйлесті. Бұлар бұзықтықта шектен шығып, хазірет Әлиді көкке көтеретіндер еді. Бұл істерінің дұрыс еместігін байыппен түсіндірді. Алғашқыда тынышталғандай болған топ кейіннен қайтадан кері қайтып келіп, халифаны қоршауға алды. Бауыры Мұхаммед ибн Әби Бәкір де соларға қосылғандықтан, Айша анамыз ренжулі еді. Қате жолда екенін қанша айтса да бауырына сөзін тыңдата алмады. Тіпті, бас көтерушілердің арасынан шығарып алу үшін бірге қажылыққа баруды да ұсынды. Бірақ оң жауап болмады. Алла расулының халифасы қоршауға алынып, мәселе әбден ушықты. Тіпті, Үммү Хабиба анамыз халифаға су апарғаны үшін топтың арасынан зорға құтылып шықты452. Бұл жағдай дәл үш аптаға созыл- ды. 451 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\261 (26290), Бұхари, әл-Әдәбул муф- рад 1\\288 (828), Табарани, әл-Мұғғжамул әбсад 4\\117 (3758). Екі жақты риуаят біріктіріліп берілген. Бұл риуаяттардың бірінде «Алла расулы біреуі қайтыс болғаннан кейін екінші қызына үйлендірген» деген сөз бар. 452 Табари, Тарих 2\\672 285

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Мәдинаның аспанын осылай қара бұлт басқан кезеңде қажылық маусымы келіп, Айша анамыз Мек- кеге жолға шықты. Бұл күндері Мәдинадан шықпауы келісім үшін маңызды екенін айтқандарға Үммү Хабиба анамыз тап болған жайтты ескертіп: – Мен Мәдинада қалсам, олармен айтысып қаламын. Сосын Үммү Хабибаның басына туған жағдай менің де басыма туады453, – деп жауап берген. Сөйтіп қажылық парызын атқарып, Мәдинаға қайтқанда ащы хабарды естіді. Үшінші халифа хазірет Осман шейіт етілген еді. Ең әуелі хазірет Османды сынап-мінегендерді: – Бұл оқиғалардың себебі – ақ-қарасын тара- зыламастан халифаның жасаған барлық ісіне қарсы шығуларың, – деп кінәлады. Өйткені, олар хазірет Османды сынаймыз деп біраз артық сөз айтқан еді. Хазірет Осман ол кезде бүлікшілердің басшыларының біразын қасына алуға тырысқан. Негізінде бұл қоғамды басуға бағытталған әрекет болатын, белгілі міндеттер тапсырып теріс ойлағандарды қасына тартқысы келген. Сол күні мұны түсіне алмағандар халифаны қателік жіберді деп кінәлады. Айша анамыз Талха, Зүбәйрмен кездескен кезде олардың да Мәдинадағы жағдайдан қашып, Мекке- ге келгенін білді. Өйткені, көше толы адамдардың не істейтіні белгісіз болатын. Олардың ақиқат пен әділдіктен алыстағанын естіді. «Хужурат» сүресіндегі «Егер мүминдерден екі топ бір-бірімен 453 Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\187 286

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі қақтығысса, жарастырыңдар. Осыған қарамастан бірі екіншісіне шабуылдаса, осы шабуылдаған тараппен Алланың бұйрығына қайтқанға дейін сендер де соғысыңдар. Қайтқан жағдайда арала- рын түзетіңдер, әрдайым әділ болыңдар. Өйткені, Алла әділ әрекет жасағандарды жақсы көреді. мүминдер бір-бірімен бауыр. Ендеше, қақтығысқан бауырларыңның арасын жарастырыңдар! Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар, сонда мейіріміне бөленесіңдер» (Хужурат, 49\\9, 10) деген аятты оқып: – Қазір адамдар осы аятты ұстануға өте мұқтаж, – деген сөздеріне қанықты454. Ардақты анамыз терең ойланып, қақтығыстың арасына барғанша Меккеге қайтқанды жөн санады. Қағбаға бет алды. Ешкімге ештеңе дегісі де, ешкімнен ештеңе естігісі де келмеді. Әуелі Қағбаның есігіне, сосын тікелей Һижры Исмаилге келіп, сол жерде отырып, мұсылман үмбеті тап болған жағдайларды ойлап қамықты, жылады. Айша анамыздың осы жерде екенін естіген бір кісі қасына келіп, енді не істейміз деп ақыл сұрады. Әне- міне дегенше айналасына көп адам жиналып қалды. Бәрі аузына қарап не айтатынын күтіп тұр. Айша: – Уа, халайық! Халифа Осман қатты қысым көрді. Кінәлаушылардың айтқаны рас болса да ол шаң-топырақтан арылған алтын немесе суы жақсылап сығылған киім секілді тап-таза күйге келіп, бақиға таза күйінде аттанды, – деді455. 454 Мәлик, Муатта Сияр 1002; Хаким, Мүстадрак 2\\168 (2664); Бәйһақи, Сүнән 8\\172 (16484) 455 Табари, Тарих 3\\6 287

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Кешегі қателіктерді тізбелеудің енді пайдасы жоқ шығар, дегенмен болашақта сол қателіктерге жол бермеу үшін өткеннен сабақ алу керек. Көңілі қатты жабырқады. Болған істі қабылдауға қиналды. Әлі осы күйден арыла алмай жүрген күндерінде: – Халифаның шейіт етілуі туралы не ойлайсың? – деп сұраған Әштәр ән-Нәхаиге: – Алла сақтасын! Басшымыздың қаны төгілгенін қалай жеңіл қабылдамақпын? Бұған қалай қайғырмаймын? – деп жауап берген456. Күндер зулап өтіп жатты. Енді алға қадам басып, көшедегі тәртіпсіздіктерді басу үшін жаңа халифаны тезірек тағайындау керек. Анамыздың халифа болар деген кісісі хазірет Әли еді. Өзіне келгендерге де соны айтатын457. Хазірет Османнан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіру оңайға соқпады. Қайткенде де дұрыс шешім қабылдау керек. Алайда, ол кездегі орта бұған жол берді ме? Расулалла кезеңіндегі тазалық күн өткен сайын жоғалып бара жатты. Оның орнын басқан қою қара түтін үлкен қиындықтардың хабаршысы екені күмәнсіз еді. Өмірдің астаң-кестеңін шығарған бүлік туындап, қоғамды жайлады. Бұл бүліктің қай жерде тоқтайтыны, кімдерді жалмайтыны белгісіз болатын. Өйткені, мұндай аласапыран шақта әлдекімдер жасы- рын араға кіріп, ең адал сахабалардың өзін қателікке 456 Ибн Сағд, Табақат 8\\485 457 Хазірет Әли мен анамыздың арасында болғандар және олардың басқалар туралы пайымы еңбектің соңғы бөлімінде «Хазірет Әли және Айша анамыз» деген тақырыпта беріледі. 288

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі бағыттағысы келері анық. Бірнеше жыл бұрын пайғамбарымыздың айтқаны секілді жаңа кезеңге қадам басқалы тұр. Сондықтан анамыз да бүлік басылғанға дейін келмей қоя тұруды ойлады. Ақылын тыңдамай бауырының да бүлікшілерге барып қосылуы Айша анамыз үшін жығылғанға жұдырық болып тиді. Сондықтан қателігіне ашынып, бүлікті қоздырғандармен бірге оны да Аллаға тапсыр- ды. Қасиетті кісінің қаны қасиетті аймақта төгілді. Өздеріне тыйым салынған істі харам айларда жасады. Анамыз осыншама жамандық жасаған бүлікшілердің хазірет Османның бір саусағына да татымайтынын ашық айтты458. Хазірет Әли (р.а.) Нәтиже Айша анамыздың күткеніндей болды. Басын алып қашса да халифалық міндет хазірет Әлиге тапсырылды. Жұрт келіп, оған қол бере баста- ды. Иләһи тағдыр жүзеге асқаны күмәнсіз. Өйткені, осыншама шиеленіскен кезеңде Хақтың туын көтеріп, тыныштықты қамтамасыз ету үшін тек хазірет Әли сияқты жігерлі кісі керек еді. Әрине, бұл тағдырдың жазуы. Жаратушы ие пайғамбардың тәрбиесінде өскен жігітке осы күндердің халифасы болуды жа- зыпты. Мына жақта өзіне дейінгі үш халифаға үлкен сүйеніш әрі адал дос болған хазірет Әли терең уайымға 458 Табарани, Мүснадуш-шамиғин, 2\\75 289

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша салынды, себебі жағдай бара-бара ауырлаған мынадай кезеңде халифалық сияқты ауыр жүкті арқалаудың оңай еместігін жақсы білетін. Жағдай шиеленіскен осындай кезеңде оның өміріне қандай қауіп төнетінін кім білен? Халифалыққа басқа адам да іздестірілді. Алайда сол кезгі қақтығысты шешетіндей өзге ешкім табыл- мады. Хазірет Талха да, хазірет Зүбәйр де, хазірет Сағыд ибн Әби Уаққас та, хазірет Абдуллаһ ибн Омар да бұл істен басын алып-қашып, барлығы хазірет Әлиді жөн санады. Бір жұма күні хазірет Әли де намаз оқу үшін мешітке кірді. Бұл баршаның күткен сәті болса керек. Өйткені, осыған дейін барлығы соны іздеп, мәселелерді шешуге қадам жасалуын күткен. Хазірет Әли үшін енді қашатын мүмкіндік табылмады. Ел- жұрт ағылып келіп оған қол берді. Бұдан былай халифа хазірет Әли болып сайланды. Ол ел үмітін ақтау үшін қолынан келгенін аянбай, исламның туын әрдайым жоғары ұстауға күш салды. Сол үшін орын алған келеңсіздікті тоқтатып, қауіпсіздік пен сенімді қайтадан қалыптастыру үшін хазірет Әли істі ең әуелі әкімдерден бастады. Бүлікке қатысы барларын орнынан алып, мәселені түбегейлі шешу үшін жаңа адамдарды әкім етіп тағайындады. Алайда, бұл оңайға соқпады. Хазірет Әли де бітпес дау-дамайға кезікті. Ал, мына жақта Айша анамыз Мәдинадан жағымсыз хабарлар толастамағанына қатты алаңдады. Бұл жайсыз хабарды естігендер келіп ай- наласына жиналып жатты. Хазірет Осман кезеңіндегі 290

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі әкімдердің біразы да келіп қосылды. Қаншалықты хазірет Әлидің халифалығын қабылдап, оған серт берсе де, әсіресе соңғы оқиғаны ауыр қабылдаған хазірет Талха459 және хазірет Зүбәйр460 сияқты белді кісілер де Меккеге барып Айша анамыздың жанынан орын алды. Мекке болып жатқан оқиғаларға наразылардың орталығына айналып бара жатқандай болатын. Бәрінің басы осында бірігіп, хазірет Османның кегін қайтаруды қалады. Өйткені, сол күнге дейін қаншама шейіттердің қаны төгілген жерде енді олардың жан- дарын жаралайтын істер жасалған еді. Осындай жағдайға жетуде еш еңбек сіңірмегендердің осын- шама жылдық еңбекке даярға маяр болуы әрбіріне ауыр тиіп, қайтадан бейбіт өмірге оралу үшін ауызбіршілікпен жолға шыққан еді. Негізінде қажылық маусымы әлдеқашан өтіп, бәрі де адамдардың Меккеден кетуін күткен. Алайда, олай болмады. Олар: Османды өлтіргендерді тауып, жазаға тартпай- ынша бұл жерден кетпейміз, – деді. 459 Талха ибн Убайдуллаһ – жұмақпен сүйіншіленген он сахабаның бірі. Алғашқы мұсылмандардан сегізінші кісі. Бірінші халифа Әбу Бәкірдің туысқаны. Алла расулына да құдалық туыстығы болатын. Пайғамбарымыз оған «Ухудтың батыры» деген. 460 Зүбәйір ибн Аууам Хадиша анамыздың туысқан інісі. Алла расулының әпкесі хазірет Сафияның баласы. Пайғамбарымыз ол туралы «Әр пайғамбардың көмекшісі болады, менің көмекшім Зүбәйір ибн Аууам» деген. Бәни Құрайза күні пайғамбарымыз оған «Жаным саған құрбан болсын!» деген. Өте жас кезінде әрі хазірет Әбу Бәкірден кейін мұсылман болған. Хазірет Талха да, Зүбәйір де хазірет Омардың өзінен кейінгі халифалыққа лайықты көрген тұлғалардың қатарында болатын. 291

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Сөйтіп, бір жерге жиналып, ақылдаса бастады. Біразы Меккеде қалуды ұсынса, біразы Мәдинаға қайтып, оқиғаға араласу керектігін жақтады. Басым көпшілік хазірет Османның шейіт етілуіне қатысы барлардың Басра орталығынан екенін айтып, нысаналарының сол жер екенін білдірді. Шешім де осы бағытта қабылданды. Саны минут сайын арта түскен көпшіліктің көздегені Басра болады. Мақсат хазірет Османның кегін қайтару. Бұған қайтадан тәртіп орнату үшін қажеттілік туды. Абтахта орда құрып, Ибн Сәбә және оның жақтастарының сазайын беретін әскер әзірленді. Әскерге көмек берушілер біртіндеп келіп қолдау көрсетіп жатты. Жүздеген ат, түйені садақаға бер- гендер, қолында еш нәрсесі жоқтарға қару-сайман ұстатқан, тіпті алтын, күмістерін әкеліп жатқандар кездесті. Пайғамбарымыздың әйелдері де хазірет Айшаның жанынан табылды. Алайда, олар көпшіліктің бағыты шұғыл Басраға бұрылғанда, тоқтап, оларды Зату Ирқ деген жерге шығарып салып кері қайтты. Бұл кездерде хазірет Әли жоғала бастаған беделді қайтару үшін әскерімен бірге Ирак бағытына жорық ұйымдастырды. Алайда, Айша анамызбен бірге қалың топтың келе жатқан хабарын естіп кері қайтуға мәжбүр болды. Анамыздан бастап сахабалардың алдыңғы қатарлылары да қатысқан бұл топты көндіріп, ортаны тынышталдырғысы келді. Бір кезде анамыздың қасына сахаба Имран Хусайн және табиғин Әбул Әсуәд әд-Дуәли жақындады. Оларды өздеріне қарай келе жатқан топтың мақсатын 292

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі білу үшін Басра әкімі Осман ибни Хунәйф жіберген екен. – Бізді келу себептеріңізді біліп келу үшін әкім жіберді, – деп, анамыздың жауабын күтті. – Дәл мендей адамның жасырын іс жасап, ба- лаларына шындықты айтпай қоюы мүмкін емес, – деп сөзін бастаған анамыз орын алған жағдайларға күйінгенін, ендігі қателіктерге жол бермей жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыю міндетін атқару үшін жолға шыққанын білдірді461. Хазірет Талха мен хазірет Зүбәйр де осы жауапты айтты. Байқағандары бәрінің ортақ ниеті хазірет Ос- манды өлтіргендерді тауып, қақтығысты аяқтау еді. Осы бітімге келу үшін шешендігіне салып, жұртты шектен шықпауға шақырды. Шешен тілмен айтқан құтбалары462 тыңдағандарға терең әсер етті. Нәтижесінде Басра халқы екіге бөлініп, маңызды бөлігі анамызға қарсы шығудан бас тартты463. 461 Табари, Тарих 3\\14 462 Қараңыз: «Шиир уә хитабет» тақырыбы 463 Қараңыз: Табари, Тарих 3\\15, Нәдәуи, Сирәтус Сәидә Айша 178, 179. Алайда, ештеңеге қарамастан екінші күні саптар қарсы тұрып, қылыштарын қынынан шығарады. Бірақ, Айша анамызға қарсы қылыш асынған саптардың арасында да оны қорғағандар кездесті. Екі жақ та Айшаны жамандауға жол бермеді. Мысалы, сол күні Абди Қастан бір кісі «Сен кімді жамандап тұрсың?» деп сұрағанда, жанындағы әлдекім «Айшаны» деген. Әлгі кісі ашула- нып, «Оңбаған, мұны қалай мүминдердің анасына айтып тұрсың?» деп тұра ұмтылады. Тоқтамағанын көргенде, қолындағы найзасын қадап, өз сапында болса да анамызды жамандаған кісінің сазайын берген. Әйелдер арасында да осы сияқты оқиға болып, анамыз туралы өсек айтқан бір әйелдің жағдайы да осылайша шешіліп, өз сапындағы адамдар тарапынан өлтіріледі. Қараңыз: Нәдәуи, Сирәтус Сәидә Айша 180 293

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Сол күні анамыз өзімен бірге жол алып келе жатқандарға мәжбүрлік тумаса қылыштарын қыннан шығармауды ескертті. Тек қорғану үшін ғана қылыш қолдануға болатынын айтып, соғыс ниетінде ешкімнің ешкімге зарар бермеуі керектігін ескертті. Қақтығыста тұтқынға түскен Осман ибни Хүнәйфті босатып, еркіне жіберу керектігін де айтуды ұмытпады464. Басра халқынан кейін куфалықтарға да хат жолдаған анамыз шыққан қорытындыны айтып, олар- дан да осы келісімге үлес қосуды талап етті. Тіпті, сол күні хат жіберген кісілердің арасында маңызды тұлғалар да болған. Сөйтіп олардан бұл мәселеде мұқияттылықты талап етті465. Сол күні өзіне келіп, бауыр мен бауырдың бетпе- бет келген осындай кезеңінде қалай әрекет жасау керектігін сұраған Мұхаммед ибн Әби Бәкір немесе Мұхаммед ибн Талхаға анамыз хазірет Адамның екі баласының арасында болған қайғылы оқиғаны айтып жауап берген. Өзін өлтірмек болып келген Қабылға қарсы қол көтермейтініне уәде берген Абылды еске түсіріп, былай насихат айтады: – Балам, егер Адамның екі баласынан ең ізгісінің жасағанын жасауға күшің жетсе соны жаса!466 Өзара бауырларды сынаған Жәмәл оқиғасы Мәдинадан шыққанда хазірет Әлидің жанына жеті жүз сарбаз ерсе, Куфаға келгенде бұл жеті мыңға 464 Қараңыз: Табари, Тарих 3\\15 465 Қараңыз: Табари, Тарих 3\\20, 21 466 Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф 7\\544 (37823) 294

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі жетті. Айша анамызбен бірге шыққандардың саны отыз мыңды шамалады. Өйткені олар шегінуге бол- майтын жолға түскендей еді. Осыған дейін кәпірлерге қарсы көтерілген қылыштар енді бірге намаз оқыған мұсылман бауырлар үшін қынынан шыққалы тұр еді. Бұл өзі екі тарап үшін де жүректі қан жылатқандай ауыр жағдай. Өйткені, Жәмәл оқиғасы – бауырдың бауырымен сыналған ең ауыр сынақ болды. Екі үлкен топ Закар деген жерде кездесті. Қастарына алғаш болып хазірет Әлидің (р.а.) елшісі Қағқағ ибни Амр келді. Айша анамыздан: – Шешей, бұл жерге не себепті қол бастап келдіңіз? – деп сұрады. – Ел ішінде келісім орнату үшін! Ниеттері бір, ендеше мәселе жоқ. Өйткені халифаның мақсаты да осы. Екі жақты да тыңдап төрелік жасау үшін хазірет Талха мен Зүбәйрдің келгенін талап етті. Екеуі келгенде осы сұрақты оларға да қойды. Олардың да жауабы осы екен. Оқиға өзі ойлағаннан да ерте шешілгелі тұрғандай. Соңғы рет бәріне жал- пылама түрде: – Жарайды, мұның қалай жүзеге асатынын маған айтасыңдар ма? – деді. – Османның кегін қайтарып, кінәлілерді жаза- лау арқылы. Өйткені, мұны жасамау – Құранның бұйрығын орындамау деген сөз. Олар дұрыс айтқан еді. Бірақ ескеруге тиісті басқа да шындықтар жоқ емес. Сол себепті елші Қағқағ былай деді: 295

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Сендер Османды шейіт еткен басралық қанішерлерді өлтірдіңдер дейік. Бірақ өлтірмей тұрғандағы жағдайларың оларды өлтіргеннен кейінгі жағдайдан жақсырақ емес пе? Өйткені, сендер алты жүз адамды өлтіресіңдер. Онда алты мың адам өретүрегеліп, өздеріңе қарсы әрекетке көшеді. Сендер Османды шейіт еткен Хуркус ибн Зүхәйрді қалайсыңдар, ал алты мың адам оны сендерге бермейді. Барлығын өлтірдіңдер делік, бұл жағдайда одан да жаман нәтижемен бетпе-бет келмейсіңдер ме? Сендер Хуркус ибн Зүхәйрді жазалаймыз дейсіңдер, алдарыңнан оны сендерге бергісі келмеген алты мың адам шығады. Демек, мәселе оңай шешіле салмайды. Ендеше, сендер Әлиге кешіріммен қарауларың керек емес пе? Әрине, ол да Османды өлтірген адамды тауып, жазалағысы келеді. Бірақ орта тынышталып, көп қан төгілмеуі үшін бұған ыңғайлы уақытты күтеді. Осы жерде Айша анамыз сөзге араласты: – Ал, өзің қалай ойлайсың, ей, Қағқағ? – Иә, ортақ мәселе бар, алайда мұны шешу үшін әзірге үнсіздік керек. Әуелі тыныштыққа келіп барып, мәселені шешеміз. Ендеше, асығыс әрекет жасама- стан Әлиге қайтадан қол беріп, жақсылыққа ұйысып, бәленің жақтаушыларына мүмкіндік бермеуді ұсынамын. – Дұрыс. Шынында да дұрыс айтып тұрсың! Ендеше, қане кері қайт! Егер Әли де осылай ойлайтын болса, мәселе шешілді деп біле бер, бұдан былай тек бітімді негізге аламыз, – деді анамыз. 296

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Мәселенің шешілгенін көрген Қағқағ енді кері қайтып хазірет Әлиге болған жағдайларды айтты. Бұған халифа хазірет Әли қуанып, түсініспеушіліктің тоқтайтынына деген үміті арта түсті. Арада мұсылманның қаны төгілмейтінін қуанған хазірет Әли бұл қуанышты әскерімен де бөлісті467. Мәселе айқындалды. Енді тыныштықты күзетіп, хазірет Әли мен қасындағылар да, Айша анамыз бен жанындағылар да бұл мәселенің шешімін уақытқа қалдырды. Негізінде осы жерге дейін болған әрекеттердің астарында жатқан себеп те жаңа халифа хазірет Әлиге қарсылық емес, хазірет Османды өлтіргендерді жазалауды талап ету бола- тын. Халифа да солар секілді ойлағандықтан, енді мәселені соған тапсыру керек еді. Тіпті, Айша анамыз бен жанындағылар кері қайтуға дайындала бастады. Өйткені, хазірет Талха, Зүбәйрмен сөйлескен хазірет Әли оларға: – Әй, бауырларым! Сендердің білетіндеріңді мен білмейді емеспін. Бірақ, көшенің билігін қолдарында ұстаған топқа қарсы бір сәтте мұны қалай жасайын? Оларға бір қараңдаршы, өз құлдарыңыз солармен жүр, еш ойламаған арабтарың да солардың жағында. Араларыңда емін-еркін жүргенін көріп тұрсыңдар. Бұл талаптарыңды осындай жағдайда дереу жүзеге асыруға мүмкіндік бар ма? Ендігі кезек кері қайтуға келді. Қайтуға дайындық жалғасып жатқанда, Айша анамыз өкінгендей сыңай байқатты. Қасындағылардан: 467 Табари, Тарих 3\\29, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\238 297

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Бұл қай жер? – деп сұрады. – Хауаб. – Хауаб па? – деп таңырқады. «Иннә лилләһ уә иннә иләйхи ражиун!» Бұны естіп одан сайын қынжылды. Уайымы қорқынышқа айналып, қолдарын ұрып тұрды. Айналасындағылар ештеңе түсінбей, тезірек себебін білгісі келді. Бір кезде қамығып: – Уаллаһи, Хауаб иттерінің иесі мен екенмін ғой. Дереу қайтуымыз керек, – деді. Жұрт тағы да ештеңе түсінбеді. Бұл сөзге олар одан сайын таңданып, себебін білмей, орнымыздан тапжылмаймыз дегендей қарап тұрды. Хазірет Айша амалсыз: – Мен расулалладан естідім. Үйдегілерді меңзеп бір күні «Қап, араларыңдағы біреудің жағдайын- ай! Хауаб иттерінің үрген дауыстары күшейген кезде барып есін жияды»468 деген болатын. Тіпті, сол күні мен сәл күлген едім, сонда маған «Абай бол, ей, Хумәйра! Сол айтқаным сен болып жүрме!» деп ескерткені бар, – деді469. Жұрт мәселені енді түсінді. Анамыз Хауаб иттерінің абалаған дауысын көңіліне алыпты. Өңі демде қуарып кетті. Абдырап ештеңе ойлайтындай шамасы қалмады. Хауаб иттерінің абалаған дауысы: – Расулалла дұрыс айтты – дегенді білдіргісі кел- гендей470. 468 Хаким, Мүстадрак, 3\\129 (4613) 469 Хаким, Мүстадрак 3\\129 (4610). Осыны айтқаннан кейін Алла расу- лы сол күні хазірет Әлиге қайтып барып, Айша анамызды меңзеп, «Егер оған қатысты бір істі қолға алсаң, қаттылыққа барма» деген. 470 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\52 (24299), 6\\97 (24698), 298

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі Тіпті, сол күні хазірет Зүбәйр анамызға: – Алла енді келісімге жеткізген кезде кері қайтасыз ба?471 – деді. Көпшіліктің біразы осы ойда екенін білдіріп: – Жолды жалғастырайық. Алла адамдар ара- сында келісімді нәсіп етсін472, – деді. Негізінде бұлар келісімнің жасалуына деген қажеттіліктің бір көрінісі болатын әрі анамызбен бірге әрекет еткендердің ортақ пікірі еді. Кері қайтқан жөн екеніне көзі анық жетті. Түнді осы жерде өткізіп, таң ата Мәдинаға қарай жолға шықты. Бірақ бұл жерде басқалардың да жоспары килікті. Абдулла ибн Сәбә мен жолдастары олардың кеткенін қаламай, екі жамағатты соғыстыру үшін түнде қитұрқы жоспар құрды. Ортаның тыншуы олар үшін пайдасыз еді. Өйткені, келісім олардың зия- нына шешіліп, осы жағдайға жеткізу үшін жылдар бойы төккен терлері босқа кеткелі тұр. Сондықтан міндетті түрде бір шараға жүгіну керек еді. Әйтпесе, енді олардың алдында төтеп бере алмай, өздерін көп жасыра алмас еді. Сөйтіп, бір шешім қабылдады. Топтар бірігіп өздеріне қарсы жүрмей тұрғанда бір жолын тауып оларды бір-біріне қарсы қоймақ болды. Ибн Хиббан, Сахих 15\\126 (6732), Хәйсәми, Мәуаридиз заман 1\\453 (1831), Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, 7\\536 (37771) Табарани, әл- Мұғжамул әбсад 6\\234 (2676) 471 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\97 (24698), Хаким, Мүстадрак 3\\129 (4613), Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 7\\234 472 Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 6\\92 (24299), Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 8\\346 299

Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Солай болды да. Түннің қараңғысында екі жаққа бірден шабуыл жасады. Айша анамыз жаққа шабуылдағандар өздерін хазірет Әлидің әскері деп танытып, ал, хазірет Әлиге шабуылдағандар Айша анамыздың атын ұрандады. Үлкен әбігер басталды. Екі жақтың сарбаздары да кенеттен шабуылдағандардан қорғану үшін ұйқыдан тұра сала қаруға жармасты. Осы кезде жоспар бой- ынша өздеріне қиянат жасалғанын айтып, көмек сұраушылар да кездеспей қалмады473. Мүмін берген уәдесінде тұрып, ешқашан сатқындық жасамауы тиіс. Бірнеше сағат бұрын ғана өзара келісім жасалмады ма? Мұндай жайт орын алмауы тиіс еді. Аласапыранда тоқтаңдар дегенге ешкімнің тоқтайтыны байқалмады. Өйткені, екітарап та ша- буылды бір-бірінен көрді. Ол жерде келіп өздерінен көмек сұрағандардың да, көпшілікке шабуыл жасағандардың да кім екенін білген жоқ. Негізінде сәл аңдап қараса, «Османды біз өлтірдік» дегендерді байқар еді. Алайда, оны байқамады. Кімнің кімді түреп жатқаны белгісіз. Өкінішке орай, бір-біріне бауыр, Раббысы бір, кітабы бір, пайғамбары бір, сенімі бір, құбыласы бір жамағат бір- біріне қылыш сілтеп, шайқасқасып жатты. Енді халифа хазірет Әлидің насихаттарынан да, Айша анамыз Талха мен Зүбәйрдің әрекеттерінен де нәтиже шықпады. Бәрі не істерін білмей дал болды. Қызу соғыс жүріп жатты. Бұл өзі ауыр сынақ еді. 473 Табари, Тарих 3\\39, 40; Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\\240 300


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook