Қобыланды, Сайын келді деп, Берік жерге қамал тартады. Келе жатыр қырық жігіт, Қарағайды қақ жарып. Қалай жүрген батыр деп, Жолдастары таң қалды. Ақ төбенің басына, Шыға келсе Ер Сайын, Қалмақтың көрді сансызын, Қаланы көріп таң қалды. Қасындағы қырық жігіт, Жанынан қорқып сандалды. Төмен қарап жыласты. — А, қырық жігіт, жылама, Сіздер кейін қалыңыз, Таза жерге барыңыз! Есен болса жаныңыз, Жақсылығым бар болса, Бұл заманда ұрыспа, Өзің теңдес жау болса, Маңайына жуытпа! Бұл кеткеннен келмесем, Қазам жетсе өлермін. Егер қазам жетпесе, Басыма аман күн туса, Бір уақытта келермін. Қош, аман болыңыз! Мұсылманның ұлымын. Бір шіріген жұмыртқамын. Жөнелді боз атпен аңқылдап, Айғай салған даусына, Қарағай жарылып барады. Қалмақтың жатқан жерінде, Екі батыр бар екен Бірінің аты Жоламан, Бірінің аты Ыламан. Ер Сайын мен Қобыланды.
Тоғыз сан басын жоямын. Бір мезгілде Ер Сайын, Көрінген жылқыны алады. Қуалап кетіп барады. Жылқыны қуып келгенше, Ақ төбенің қасына, Қырық жігіттің орнына, Қуып келсе Ер Сайын, Қырық жігіттің бірі жоқ, Тұр деген жерде тұра алмай, Айтқанын ердің қыла алмай, Кеткен екен қашысып, Кейін қарай асысып. Қалмақ жатыр тұлдап, Атын жиды шуылдап. Тұсаулы атқа жармасып, Мəстегіне жармасып, Қашан қалған шілдеде, Ер тоқымнан адасып. Келе жатыр ит қалмақ, Жаман даусын салысып, Жердің жүзі қайысып, Кəдедей шықты майысып. Мəстектің шаңы бұрқылдап, Қылыштары келеді, Өкпесіне сартылдап, Ақ төбенің басында, Жалғыз Сайын қарап тұр, Келгенменен бұл қалмақ, Не қылады маған деп. Мазақ қылып жырқылдап, Жау əбден келген соң, Боз аттың басын бұрмалап, Тоғасты қасқа алдалап, Бөлек-бөлек қылып жүр, Бөлінген қойдай қырып жүр Қалмаққа мүскіл туып жүр,
Ыламан мен Жоламан, Тау тасалап қашып жүр. Алады деп жұртымды, Осы қалмақ сасып жүр Ыламан мен Жоламан Көрінер күнің бар ма деп, Азуын қатты басып жүр. Көбін қырып болғанда, Со сықылды Ер Сайын, Алланы еске алмады, Қайратына мас болып, Бабай Омар бабасы, Жалбарына жүрмеді, Пірі үстіне қонбады, Баяғы қайрат болмады, Оймақ құрам сау жер жоқ, Тұл бойында қалмады. Жарадан қасқа жауырда, Əр жарадан аққан қан, Су сықылды саулады. Ерден медеу кеткен соң, Жығыларға жеткен соң, Аттың басын бұрмалап, Жөнелді қасқа аллалап. Егесіп тұрған ит қалмақ, Соңына түсті атойлап. Тоғысқан кісі қосады, Жеткізбей кетті құтылып, Ерте кеткен қырық жігіт, Артынан жетті ұмтылып. — Бəрекелді қырық жігіт. Түбі қасқа ерлігің. Атыңның басын бұрылтып, Қырық жігіт қашпай тұра тұр! Тоқпақ жалды тоқ боз ат, Тоқтата алмай келемін. Қалмақ тоғыз сан, мен жалғыз.
Тонау бермей келемін. Кезек беріп қалыңыз! Жарам нешеу санаңыз. Омыртқада он жара, Қабырғада қырық жара. Көк жамбаста бір жара, Жалаңаяқ жүрмеген, Біссіміллəні білмеген Салып еді бір қалмақ Сырылдаған сары қайың оқпенен. Қабырғаның түбінен, Омыртқаның жігінен, Қан сарқырап тиылмас, Қырық жігіт сізден болмаса, Ноғайлының жұртынан. Топырақ маған бұйырмас. Ай, қырық жігіт, қырық жігіт, Қарағай түбі қара өлең, Бəрін жақсы санадым, Шақпақ шақсам от түспес. Қарағайдың бүрінен Сілбі болған күнінен Шықпаған-ақ екенмін, Жұлдызымның оңынан. Мен дұшпанға мерт болдым, Қара Қыпшақ Қобыланды, Ердің жоғынан. Мен шыққанда жаз еді, Алла бізге жар еді, Жауырынменен сөйлескен, Қара Қоныс бар еді. Жан тіле деп, нанбадық, Қайт дегенге бармадық. Қас ауылға сол екен, Тілін алмай жауладық. Аттанған жерім сұрасаң, Жылқы алған бұ жерім.
Бүгінде менен шырқырады-ау, Бейнетіме бұ қалмақ, Хабар тауып, желді, Қырық жігіт сен болмаса, Жұрт көрерім қиын да. Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер күн қайда? Күйіне қызып, қыз алып, Қамалды бұзып, жылқы алып, Қара арғымақ қатырып, Қарсыласқан дұшпанға, Жүрегінен найза батырып, Мына жатқан қалмаққа, Ат жүгіртер күн қайда? А, қырық жігіт, азамат, Маған бола өлмеңіз, Сендер бейнет көрмеңіз. Менің үшін өлмеңіз, Қарағайдан табытым, Бекем қылып салыңыз! Таңдап мінген көк атты, Басыма мықтап байлаңыз. Шүберек киім кигізбе, Қанды етіме тигізбе, Жібекке орап қойыңыз! Ел шетіне барғанда, Атам шығар елпілдеп. Шешем шығар еңкілдеп. Сайыным қайда дегенде, Не деп жауап берерсіз. Ел шетіне жау келді. Кірерге болды дегейсіз. Қара арғымақ арыды, Оттата қалды дегейсіз. Бір күн де болса қуансын. Ақырында бейшара, Есіткен күні суалсын,
Түптен таңдап алғаным, Ауыл үстінде жоқ еді, Найзакерден арманым, Дүниенің көрдім жалғанын, Айбике сұлуға, Дұғай сəлем дегейсіз! Таң сəріден тұрарсың, Беті қолын жуарсың, Қынай белін буынсын, Бүрілген бас бармақ, Бетіне жара салмасын! Егіз екі со сұлу, Дұшпанның тілін алмасын! Өзімнен қалған жақсыны, Жат көрмесін, өз көрсін! Құдай қосқан қосағым, Дұғай сəлем дегейсіз! Ақиретте тез көрсін! Қара қыпшақ Қобыланды, Батыр елге сəлем айт. Мен кеткенде тумаған, Оғы жасын қылмаған. Күйікбай менен Бөкенбай, Айырылып сонан қалмасын. Енді жауға бармасын! Атам өліп қалды деп, Айырылып сонан қалмасын! Өздері адам болғанша, Қара қыпшақ Қобыланды, Көзінен таса қылмасын… А, қырық жігіт, азамат, Ашып кетші бетімді. Салқын соқсын етімді, Сіздер бұлай кеткен соң, Мұсылманнан көре алман, Қыдырып жүрген жетімд-ай! Қырық жігіт кетті қыр асып,
Қимай кетті жыласып. Олар елге жетпестен, Елі қабар білместен, Айбике со сұлу Түнде жатып түс көрді, Түсінде талай іс көрді. Өз басына күш көрді. Таң сəріден тұрыпты, Екі етегін түрініпті, Енесіне келіпті: — Мен бүгін бір түс көрдім Жауырыным тола қара шаш, Жайылыңқы көрінді. Бедерленген бес тырнақ, Қанға малыныңқы көрінді. Шешем берген бокшасы, Шашылыңқы көрінді. Жауда жүрген балаңның, Астында жүрген ақ боз ат, Құйрығы келте көрінді. Қолына алған ақ сүңгі, Ортасынан, ай, ене, Үзіліңкі көрінді. Сонда енесі жориды: — Жаурының толған қара шаш, Жайылыңқы көрінсе, Ертемен қол қыдырған Енеңнің сөзіне нан, балам! О да соған көрінсін! Бедерленген бес тырнақ Қызыл қанға, а, балам, Малыныңқы көрінсе, Таңда тал түс болғанда, Қызылменен боятсаң, О да соған көрінсін! Жауда жүрген баламның Астындағы ақ боз ат,
Құйрығы келте көрінсе, Жау қарасын көргенде, Ақ құйрығын сүзгенде, Қасындағы жолдасы, Жау көрмеген жамандар, Жаннан күдер үзгенде, Қолына алған ақ сүңгі, Ортасынан, а, балам, Үзіліңкі көрінсе, Жүрген шығар жалғызым, Қалмақтың белін сындырып, Келеді екен жалғызым, Барған ісін тындырып. Жаманына қойғызып. Келе жатыр қырық жігіт, Аяғынан су өтіп, Маңдайынан күн өтіп. Қарағай найза сүйретіп, Жылауменен күн өтіп. Азар жетті шəріне. Қырық жігіт келді деген соң, Бозмонай келді алдынан: — Қырық жігіт келдің бе? Есендік пен саулық па? Азамат түгел барлық па? Кəрілік мұңдар ұрмаса, Көзім жасқа толмаса, Сайын сынды жалғызым, Көрінбейді көзіме. Қырық жігіт сонда айтады: — Бара сала Ер Сайын, Қалмақтан ойып жылқы алды, Күнде тиіп қалмаққа, Сарайынан ұйқы алды Жау жерінен өткенде, Мұсылманның жерінің, Шетіне жетіп келеді.
Аттан медеу кеткенде, Қалмақтар жеті салысып, Ат бұрауға көнбеді, Жалғыздың əлі келмеді, Алған жылқы айрылдық, Ел шетіне жау келді. Кідіріп бала келеді, Қара арғымақ арыды. Жетектей соны келеді, Ақ кіреуке сөгілді, Сия алмай келеді. — Маған десе со балам, Тағы талай жол жүрсін. Есендікпен сау болса, Дұшпаннан аман бар болса, Соны айтып бай кетті. Сау дегенге қуанып Өтірік сөзге жұбанып. Қайдан білсін Сайынның, Қалғанын оның суалып. Үйде сұлу білген соң, Сұлу шықты жүгіріп Қырық жігіт келді деген соң, Алдынан келді жүгіріп. — А, қырық жігіт, азамат, Неге бұлай жаурайсың? Ақ сақалды атамды, Өтірік айтып алдайсың. Айлалы айтқан сөзіңе, Егіз екі нанбаймын, Сайын өлді десең де, Біріңді ұстап алмаймын. Сонда қырық жігіт сасады, Жылап тұрып айтады. — Сайын сынды со қасқа, Сан қалмақпенен тоғысты, Ерікпей қылды соғысты,
Қалмаққа құдай болысты. Оймаққа құрам сау жері Тал бойында қалмады. Жарадан қасқа жауыр-ды, Қарағайдай табытын, Бекем қылып сайлатты. Қалап мінген боз атты, Көз алдына байлатты. — Бас көтерер күн болса, Еріктіріп мінермін. Мінбестей бұған күн болса, Күнінде бір көрермін. Сайын сүйтіп қалған соң, Оны сұлу білген соң, Екі бетін алады, Қара шашын жаяды. Үйге кетті жұлқынып, Жын қаққандай құтырып. Сарын салды отырып, Батырды сұлу жоқтады: — Беліндегі бес қару, Тал бойына жарасқан Сондай теңім табылмас, Жеті алашты қыдырсам. Сондай теңім еш болмас Алашта мұңдық мен болдым, Ханышадай күнімде Ер қасқамен адасқан. Қарайғай найза өңгерген, Өзінің жұртын меңгерген, Азды-көпке теңгерген, Аттанған жаудан келмеген, Алты қанат ақ орда, Қасқам ішіне келмеген, Мендей мұңдық бар ма екен? Ойнар-күлер шағында, Еркін ойнап күлмеген.
Өзім тірі жүргенде, Кеудеме еркек мінгізбен, Алмадай болған қызыл бет, Қиғаш ерінге сүйгізбен. Берен төсек, құс жастық, Маңайынан бойдақ жүргізбен. Маңдайың құлаш Ер Сайын, Қылығың еске түскенде, Жанымды неғып күйгізбен? Аузым тола қан болса, Дұшпаныма білгізбен. Сен кеткелі он бес жыл, Бөтен үйге бармадым Езу тартып күлмедім Мен сарғайып жатқанда, Неден көңілім қалдырдым? Бұ заманда жоқпын деп, Түсіме нешік кірмедің? Ертең қылған даусымды Түске келіп қоярмын. Кешке қылған даусымды, Түн батқанда қоярмын. Алмадай болған қызыл бет Тырнақпенен соярмын. Мөлдіреген екі көз Жылауменен оярмын. Ел шетіне жау келсе, Қара қабан сықылды, Кімді алдына қоярмын? Жылап-жылап уанды, Беті қолын жуынды. Күйікбай менен Бөкенбай, Оқ атысып жүр екен, Екеуі келді жүгіріп, Анасы отыр бүлініп. Екеуі есінен адасты, Адаса тұрды екеуі.
Бұ жүгенге таласты: — Үйде жатқан əкем де Неге кеткен алысқа? Сонша жерге бастасып Жау жеріне тастасып, Бұл барғаннан бармасам, Екі бірдей көк ала, Арғымаққа мінбесем, Өңшең темір кимесем, Қобыланды саған қылмасам, Біткеніңді қырмасам. Ер Сайыннан тумайын Жылқыға кетті жүгіріп Тұрмады үйде кідіріп. Сұлу үйден барады Енесінің қасына. Енесі бейбақ жылайды Жат айтады құдайды. — Құдайдың берген жаңғызы Таласып емшек еміскен, Құнан тайдай тебіскен, Беліндегі бес қару Тал бойына келіскен. Атаң қалды кеңестен, Шешең қалды ұрыстан, Жауға айғайлап кеткенде Оң иініне қонбады. Төрт мүкрер періштең. — Ай, сорлы болған енем-ай! Жылағанмен өнбейді-ай! Дауыстағанмен келмейді-ай Сайын сынды балаңды Маңдайы құлаш ер деді, Мен тұл үйінде тұра алман, Күнде дауыс қыла алман, Жүр жүзінде бар болса, Өзім іздеп табармын,
Жаралы болса бағармын. Дүниенің төрт бұрышын Тексерермін кезермін. Со сықылды батырды Іздемей неғып тынармын. Сайын сынды со батыр, Бірде бірі ем бе екен? Шешем берген үйімде Аюдың бар ақ дəрісі Жарасына ем бе екен? Шешем берген үйімде Сол дəрісі бар ма екен? Іздеместей ер ме екен? Жылқыдағы қос күрең Жылқышыға алдыршы! Жыламай тоқым салдыршы. Бұрын дүзге жүрмеген, Түстік жерге бармаған, Қырға шыға алмаған Жөнелді бейбақ жыласып, Кетіп барад қарасып, Бет алдына жарасып, Қос күреңнің басымен Күні түні барады. Жылауменен күн өтіп, Жол білмеген əйелді Алланың өзі түзетіп, Əр төбенің басына Сұлу шығып қарайды, Көрінер заман болмайды. Бір күндері болғанда Ай мен күнге таласқан Қара төбе көрінді Сол төбені көргенде Сұлудың көңілі бөлінді, — Ай, мүскін болған енем-ай Қара төбе қасында,
Бəйтерек тұр басында, Ала құла сауысқан Қан көргендей болады. Балаңның қалған жерлері Сонау бір жер болады, Мен тұсынан озамын, Неге қарап тұрамын? Енесінен сұлу оздырды, Күренше аттың мойнын, Жездей қылып создырды Оңды солды қамшылап, Бұлттай ұшты жамшылап Кекілден тері тамшылап Сұлу озып келген соң, Аттан түсе қалады. Түсе сала жылайды, Бұрылып көрер күні жоқ, Сөйлейтұғын \"тілі жоқ, Тостағандай тола көз Төңкере келіп салады. Сұлу басын құса құлады, Көтеріп келіп алады, Суға арқалап барады, Қанын жуып алады. Аюдың келіп ақ дəрі Аударып сұлу жағады, Тез тірілтіп алады. Су басында екеуі Ойнап ойыны қанады Ақ жарылған қалады. Келе жатыр кемпір сұм Бауырына қамшы таянып, Өлді деген баласы, Аңсап келген анасы Алдынан шықты алшаңдап, Өлген жерге тіріліп, Елден тиген панасы,
Құшақтасып көрісті, Бетінен сүйіп өбісті. Қайтасынан жасады Алласы көзін ашады, Аттың ерін алысты Үшеуі ұйықтай қалысты. Ұйқыда бейбақ білмеді, Үстіне келіп орнады. Жолдасы елге барды деп, Жаралы Сайын қалды деп, Қалмақ естіп біледі, Ыламан мен Жоламан Сансыз қалмақ қолға алып, Сайынды іздеп жүреді, Жатқан жерін көреді, Үстіне келіп орнады, Бірде бірі тұрмады. Бір мезгілде Ер Сайын Көтеріп алса, басына Жеткен екен Жоламан Сайын тұра сасады. — Е, құдайым, құдайым, Өлемін деп қылмаймын Бұйрық жетпей ұдайым Тарқамаған бола ма? Жалбыранған күнайым, Баба Омар, бабам-ай! Жаңылдым ба тобам-ай, Ақыр жаудан бола-май Туғаннан менің қазам-ай? Алпыстағы анам-ай О да жауға бара ма? Құдай қосқан қосағым Оны бір дұшпан ала ма? Ноғайлының кең шəрге Сайын есен бара ма? Жар бола көр аллам-ай!
Ер тоқымын арқалап, Боз атқа келді аллалап, Ер тоқымын салғанда, Айылын тартып алғанда, Ауыздығын боз ат шайнады, Адамдай тұрып сайрады: — Батыр Сайын саспашы! Көп екен деп қашпашы! Құдайдың берген қуатын Осы жолы басташы! Қатарланған қамалды Қақ жармасаң саған серт! Оқ жеткізсем маған серт! Жалаңдайын жеберлеп, Қыздардайын сабырлап! Ақ сауыт сонда сөйледі. — Батыр Сайын қорықпашы! Бөтен сөзді айтпашы! Қатарланған қамалды Бұзалмасаң саған серт! Тоқсан қабат оқ жетсе, Оқ өткізсем маған серт! Сақтасын мықтап құдірет. Атыменен сөйлесіп, Ақ сауытымен кеңесіп Кемпір менен сұлуға Артымнан қалмай жүр десіп, Қамалап тұрған қалмақты Қабандай қақ жарып, Сайын шықты құтылып. Ыламан мен Жоламан Кемпір менен сұлуды Ұстай алды ұмтылып. Қалмақтар тұрып кеңесті: — Қаптай қусақ боз аттың Қарасын жылқы көрмес-ті, Сайынды қолға бермес-ті,
Алғаны мен анасын Қолаң шашын қойдық деп Ат үстіне салыңыз! Қамап тарта қалыңыз! Төбе шашы жұлынса, Даусы шығар шырқырап. Анасына шыдамай. Сайын шабар бұрқырап Қашпаңыз сонда тырқырап. Ат үстіне салғанда Анасы сондай жылайды Ұлынан өтініп сұрайды: — Маған бола келмеші Шырағым, жанымды көрмеші! Мен жанымнан нетейін Сенің үшін шырағым Құрбандық болып кетейін! Алғаны сонда жылайды: — Е, Сайын атты ерім-ай! Алланың қосқан теңім-ай! Сенен ары айшылық Менің шыққан жерім-ай! Шыбықтай бойы ұзын деп, Алмадай беті қызыл деп, Əйелдің түбі дұшпан-ды Қызық көрме, Ер Сайын Біз кетті деп ұрысқанда. Мен кетсем де аларсың. Тірі болсаң кегімді, Екі ұлыңды қасыңа ал. Шаппасыңа болмады, Бір еркіңе қоймады, Алпыс екі періште Үстіңе келіп орнады. Боз аттың басын бұрмалап Ұмтылды қалмаққа таман туралап. Арықтың тасқыны
Қалмақтың қалай сасқаны, Кемпір мен сұлуды Қалай тастай қашқаны? Қуа барып Ер Сайын Қалмақпенен соғысты, Ерінбей қылды соғысты. Он үш күн ұрыссып тауысты. Үстіне келген қалмақтың Жанды адам қоймайды Атын, тонын алды да, Еліне таман айдайды. Батыр Сайын келгенше, Ел хабарын білгенше, Бөкенбай менен Күйікбай Қобыландыға барыпты, Аттанып еліне келіпті, Жасанғанда қайтпаған, Сансыз дұшпан батпаған, Сол сықылды Қобыланды Екеуінен қорқыпты. — Ай, Қобыланды батыр сен болсаң, Топ бетін көрмеген, Көрген кісі əкемді Маңдайы құлаш ер деген. Қас ермен тең деген. Қалған жерден алып кел Өлтірген жауын тауып бер! Үйде жатқан əкемді Жау жеріне бастадың Қандай шөлде тастадың? Бармасаң да барарсың Бармай нағып қаларсың? Қобыланды сонда айтады. — Алдыңа түсіп барайын, Неге іздемей қалайын, Қалмаққа бүлік салайын, Сайынның кегін алайын.
Мың кісіні алады, Аттанып кетіп барады. Айшылық жатқан қалмаққа Барып бір соғыс салады. Қалмаққа барса ор екен Оры терең зор екен. Күйікбай сонда айтады: — Е, Қобыланды, Қобыланды, Бүйтіп бұған тұрмалық! Қорыққан кісі сықылды Тұрып кеңес қылмалық! Ордан арман өтейік Қалмаққа тегіс тиелік. Бөкенбай мен Қобыланды Күйікбаймен үшеуі Ордан арман өтеді. Қалмаққа кіріп кетеді. Бөкенбай мен Қобыланды Екі батыр қашады, Ордан бермен асады. Қобыландының мінген ат Ордан өтті кідірмей Бөкенбайдың көкала ат Артқы аяғы ілінді, Ер тоқымын құшақтап Орға түсіп жүгірді. Күйікбай шапты қамалға Көкала атты борбайлап, Бауырым деп ойбайлап. Қалмақтың қорған қамалдың Бұл жағынан шапқаннан О жағына бір өтті. Ар жағынан шапқаннан Бер жағына бір өтті. Батырлары ақырды, Палуандары шақырды, Тұс тұсына барыңыз,
Бірер арқан алыңыз, Шабатұғын жағына Керме ұстай қалыңыз. Кермелеп ұстап алыңыз. Көздеп тұрып Күйікбай Аласа қылған арқанның Үстіменен кетеді. Биік қылған арқаның Астыменен кетеді. Тап сегіз күн болғанда Бəрін қырып кетеді. Ордан бір хан асады, Дария судай тасады Орда жатқан Бөкенбай Қанмен ағып барады. Қобыландай сол батыр Сонда сүйреп алады, Қалмақтың ерін ортқылап, Топырақтай көшіріп, Барлық малын көшіріп, Жалғыз сол Күйікбай Айдап шықты шəріден. Қалмақтың даң қарасын қоймай-ақ, Қызығына тоймай-ақ, Қасқаның көңілі тынған соң, Қалмаққа қалағанын қылған соң, Жылқыны түске салған соң, Қалмақтан кегін алған соң, Қол түстеніп жатқанда, Келе жатыр бір адам. Туырлықтай туы бар, Мың кісінің шаңы бар, Артында қанша жаны бар, Қобыланды батыр айтады: — Күйікбай батыр барыңыз! Қандай дұшпан болады Алды артын шалыңыз!
Соныменен Күйікбай Тұрымтайдай түйіліп, Қылармын деп кіжініп, Қарсы шығып келеді, Келе жатыр Ер Сайын Өлген жерден тіріліп, Жиылып жатқан қалмақтың Тоғысы бар деп кіжініп Күйікбай оны танымай Əкесі деп ойламай Əкесін күтті жас бала, Ет жүректің басы деп, Өлер жерің осы деп, Табандап найза салады, Сайын сынды əкесін Танымады со бала. Сайын сонда айтады: — Сайын əкең мен деді, Көрісейік кел деді, Есенбісің сен деді, Аттан түсе қалады Суырып найза алады. — Жазалы болды қолым-ай, Ерлік қылған құрысын Мұнан былай жоламай — Құрымасын жолың деп, Жазалы болмас қолың деп, Əкең мұнан неғылсын? Неше ердің көрмедім Бұл сықылды найзасын. Көріп жүрмін жасаған Бір алланың пайдасын. Əкең мұнан өлмейді, Тек жүрегің қорықпасын. Бар, Күйікбай бар, деді Қобыландыдай атаңнан Барып сүйінші ал деді.
Тастап кеткен Ер Сайын Жазылып келді сау деді. Күйікбай қолға шабады, Ат аямай барады. Тіке салып сонымен Қобыландыға келеді. — Болып тұрған бұл шақта Қобыланды батыр күніңіз Жазалы болған келіпті Сайын атты ініңіз. Озып келдім мен сізге Не бересіз, е, батыр? Қуантқан үшін сүйіншіге. Тартып піскен торсықтай Өзі сұлу Тайбурыл Рас болса келгені Ал, сыйладым, мен сізге! Сайын сонда келеді, Келгенін қарап Қобыланды Танып, көрісіп, біледі. Атқа мініп желеді Көп шүкірлік қылады Атқа мініп қайтысты, Шəріне тамам тартысты, Шəрге есен келген соң Ноғайлының көп жұрты Көрісіп сəлем берген соң, Бозмонай тұрып той қылды. Аттанған жауын алысып Көңілдері тынысып Аман-есен қайтқанға Аллаға шүкір көп қылды. Той тарқап кеткен соң Батыр Сайын сөйледі: — Енді дүзге жүрмейік, Қолға найза алмайық Қалмаққа енді бармайық.
Күйікбай мен Бөкенбай Қобыландыдай батыр-ай Екі ұлыңа бата бер! Жолымызды берелік Үйіңе бар да жата бер! Айтқанынша Сайынның Қобыланды батыр береді. — Алла ашсын жолыңды Танып жүргей, е, балам! Оңың менен солыңды! Сөйтіп бата берген соң Қобыланды батыр қайтады. Еліне барып сол батыр Батырлық құрмай жатады Екі ұлының тұсында Сайындайын батырдың Іргесін дұшпан баспады Қолынан дəулет қашпады. Ел шетіне жау келсе, Сайын сынды батырдан Күйікбайдың ерлігі Анағұрлым асады. Екі ұлының тұсында Бəрінің дайын болды тірлігі. Үш алашқа жайылды Екі ұлының ерлігі Өлген жерден тірілткен, Қалмаққа атын жүгірткен, (бір құдайдың кеңдігі) Сайын сынды батырдың Сондай екен кеңесі Адамнан артық денесі.
АҢЫЗДАР, ТАРИХИ ЖЫРЛАР ҚАЗАҚТЫҢ ТҮБІ Бір Алтынбел деген хан болған, ханның жалғыз ұлы бар еді, аты — Қайшылыхан, сонан басқа баласы жоқ еді. Бір күндерде ханның қатыны құрсақты болды, бір уақытта бір қыз бала келтірді, ай десе аузы жоқ, күн десе көзі бар. Тапқан шешесі қызын көріп көп күнге дейін талып қалды. Сондай бір қыз келтірді деп ханға айтады. Хан айтты: \"Адамға көрсетпе! Кісі көрмесін, бір жерге жасырып асырат!\", — деді. Сонан соң ханның қатыны бір кемпірді шақырды, кемпірге жылына бір жүз ділдə берді. Кемпір бұл баланы алып, қараңғы темір үйге салып асырады. Сол қыз бір күндерде ер жетіп өсті. Өскеннен соң бұ қыз бір күнде кемпірден сұрайды: \"Сен қайда барып жүресің?\" Кемпір айтады: \"Е, балам, бір жарық дүние бар, бұ жарық дүниеде əкең бар, шешең бар, талай жандар бар, сонда барамын\". Қыз айтты: \"Е, енеке! Ешкімге айтпаймын, маған со жарық дүниені көрсетші\". Кемпір айтты: \"Жарайды, ешкімге айтпасаң көрсетейін\". Кемпір бұ қызды тысқа шығарады, шығарғаннан соң, қыз бұ жарық дүниені көріп, бойы балқып есі ауып қалады. Сол тысқа шыққан күндерінде оған аллатағаланың көзі түседі. Алланың əміріменен со қыз құрсақты болды. Бір күндерде іші өсті. О қыз екіқабат болғанын кемпір білді, енді мені өлтіреді деп қайғы жеді. \"Енді мені өлтірсе де, қаным ақ! Ханның қатынына айтамын!\", — деді. Кемпір келіп ханның қатынына айтты: \"Қызыңыз құрсақты болды, іш адамға мен оны көрсеткенім жоқ, өлтірсеңіз, қаным — ақ! Тірі қалсам, жолым — ақ!\" Ханның қатыны айтты: \"Сен онан басқа не қылдың?\". Кемпір айтты: \"Қылғанымды жасырмаймын, менің қылған жазығым бір-ақ рет тысқа шығарған едім. Шыққан күннен құрсақты болды\". Ханның қатыны айтты: \"Сен жамандық қылмаған болсаң, ханға жауабын мен өзім берейін\". Солай айтып ханға барды. Ханға келіп айтады: \"Алланың əміріменен қызыңыз құрсақты болды. Оны еш адам көрген жоқ еді\". Хан айтты: \"Олай болса, өлтір оны!\", — деді. Ханның қатыны айтты ханға: \"Ханға қызын өлтіріпті
деген атақ жаман болар\". Хан айтты: \"Енді не қылсаңдағы, көзімнен жоғалт!\" — деді. Қатын өлтіруге қызын қимайды, бір алтынды абдыраға салып, ішіне азық салып, аузын жауып, кілтін сыртына байлап, ағып жатқан дарияға салып қоя берді. Сол бір жерде Домдағұл Соқыр, Тоқтағұл Мерген аң аулап жатушы еді. Сол дарияның ортасында ағып келе жатқан абдыраны көрді. Тоқтағұл мерген көргенде: \"Ай, жолдасым, — деді.— Судың ортасында жарқырап бір нəрсе ағып келеді, құдай берсе оны біз алармыз, ала қалсақ сен ішін аламысың, тысын аламысың? Со жерде үлеселік, қолымызға келген соң, бір-біріміз таласып араз болармыз\". Домдағұл соқыр: \"Мен тысын аламын\" деді. Тоқтагұл мерген айтты: \"Мен ішін аламын, не шықса да, шықпаса да менің бағымнан болсын!\" Сонан соң жібектен жіп есіп, оққа байлап, Тоқтағұл мерген атады, ол оқ борап абдыраға қадалады, абдыраны тартып судан шығарып алады. Абдыраның аузын ашады. Ашса, ішінде он төртінен туған айдай боп бір қыз жатады. Екеуі көргеннен соң, көркінен есі ауып қалады. \"Не қызсың? Не еткен жансың?\" — деді. Қыз айтты: \"Мен Алтынбел ханның қызы едім\", — деді. Мені бір қараңғы жерде асыраған екен, мен алланың əмірімен құрсақты болыппын. Мені сонан соң əкем өлтірсін деді. Шешем өлтіруге қимай, қайда кетсе де тірі кетсін деп осы абдыраға салып қоя берді\". Тоқтағұл мерген айтты: \"Сені біз алармыз, бізге тиемісің?\" Қыз айтты: \"Тиейін, мен осы ішімдегі баламды дүниеге келтіргеннен соң мен сонда тиейін саған!\" — деді. Тоқтағұл мерген: \"Олай болса, жарайды\", — деді. Сонан уақыт жеткен соң, бір ер бала келтірді, өзінен көркем болды. Сонан соң некесін қиып алды. Далада жүрмейік деп, еліне келді. Еліне келген соң, со бала ер жетіп өсті. Өзі жақсы, əділ болды. Со баланың атын Шыңғыс қойды. Ол уақытта олардың тұрған жерінің патшасы өлген екен, бала қалмаған екен, елі патша қылуға жақсы кісіні таба алмайды. \"Сол Шыңғыс деген баланы патша қылалық\", — деседі. Баланы патша қылады, \"өл десең өлерміз\", — деп ант береді. Сол Шыңғыс патша болып, əділ болды, кісіге зұлма қылмады, зорлық қылмады, жұрты тыныш болды, елде ұрлық, өтірік жоқ болды. Шыңғыстан кейін Тоқтағұл мергеннің сол қатыны үш ұл бала туды. Ол үш ұл бала ер жетті, ер жеткеннен соң, сол Шыңғыс деген патшаға зорлық қылды. \"Бұ атасы жоқ бала еді, мұны патша
қылмаймыз, біздің атамыз бар, біздің бірімізді патша қыл!\" Сол патша сол үш баламен егес болды. Сонан соң патша: \"Мен жалғыз едім, мені бұлар өлтірер\", — деп қашпақшы болды. Шешесінің қасына келді, айтты: \"Е, шеше, мен кетемін қашып, мына үш жаман балаң мені өлтіретұғын болды\", — деді. Шешесі сұрады: \"Енді, балам сен қайда барасың, барған жеріңді маған айтып кет! Мен сенің өлі-тірі хабарыңды білемін\", — деді. Шыңғыс айтты: \"Қайда барайын? Өзің ағып келген судың басына барып, сол атамның тұсына барып, сонда жатармын! Атам судың ар жағында, со жерде жатармын. Е, шешекем, менің өлі-тірі хабарымды білдірермін саған, осы өзің ағып келген суға құстың жүнін салып тұрармын. Құстың жүні өтіп тұрар, өтіп тұрса, менің тірілігім, құстың жүні өтпесе ағып, менің өлгенім\", — деп уəде қылды да: \"Аман бол шеше!\", — деп кетіп қалды. Шыңғыс қашып барып суды өрлеп кетті, атасының тұсына келіп, судан өте алмай, бұ жақта жатып қалды. Жатып аң атарға шықты, аң атып, құс атып, аңның терісінен үй тұрғызды. Құстың жүнін суға салып тұрды. Құстың жүні аққан суменен өтті, шешесі тірі екенін біліп тұрды. Шыңғыс құстың жүнін таудай қылып үйіп қойды. Шыңғыс кеткеннен соң ел патшасыз болып қалды, кімді патша қылармыз деп састы. Онан соң \"осы қатынның баласы жақсы болушы еді\" деп бір Бергелтай деген баласын хан қойды. Бергелтай жұртты бүтін тұтып, жақсы қылып тұра алмады. Жұртында ұры көп болды, тентек көп болды, өтірік көп болды, оның тілін адам алмады, өзі əділ болмады, парақор болды. Сонан соң сол жұрты азып тозды. Жұрты бір жерге жиылып кеңес құрды. \"Біздің патшамыз əділ болмады, жаман болды, ол жұртты тұтып тұра алмады. Шыңғыс патшамыз тұрған уақытта жұртымызда ұрлық, өтірік, зорлық жоқ еді, жұртымыз көп еді, енді аз болып қалды, жұртымыз таусылатұғын болды. Бергелтай патша бола алмас, со Шыңғысты іздеп табайық! Мұны қайдан табамыз? Қайда кеткенін құдай біледі, өзге жан біліп болмас, бір білсе шешесі білер, онан сұралық!\" Жұрты жиылып сол шешесінікіне келді, айтты: \"Сол Шыңғыстың қайда кеткенін білемісің?\" деді. \"Мына жаман балаң патша бола алмады, жұртты бүтін тұтып тұра алмады, Шыңғыстың заманында жұртымыз жақсы еді, со Шыңғысты іздейік!\" — деді. \"Біз қайда кеткенін білмейміз, сіз соны білерсіз, сіз айтыңыз, білсеңіз!\" Шешесі
айтты: \"Мен айтайын! Барсаңдағы, тауып алсаңдағы мында келмес! Келсе түзу жолын айтайын! Осы суды өрелеп жұрт отыр, осы судың бойына Шыңғыс барды, табарсыңдар барып, жалынсаңдар Шыңғыс келер, жаман сөз айтпаңдар. Көптен кісі көрген жоқ, шошып кетпесін!\" \"Жарайды\", — деп жиырма бес кісі Шыңғысты іздеп кетті. Бір күндерде Шыңғыстың жеріне келіп жетті. Шыңғыстың аң терісінен қылған үйін көрді, таудай қылып үйіп тастаған құстың жүнін көрді, орнатып қойған ат байлайтұғын діңгегін көрді. \"Е, Шыңғыс осында екен\",»- деді. Шыңғыстың өзі жоқ екен аң аулауға кеткенін білді. \"Біз бұған көрінбейік, бізді көрсе, қашып кетер, атымызды жасырып, өзіміз құстың жүніне еніп жаталық, келіп ұйықтап жатқан жерінде ұстап алалық\". Жасырынып жатады. Бір күндерде Шыңғыс келеді, діңгекке Шыңғыс келді өзі. \"Ханның атын ұстаңыз!\" — деді. Аттан түседі жəне өзі: \"Ханның атын байлаңыз!\" — деді. Хан үйге кірді, өзі: \"Ханға есік ашыңыз!\" деді. Үйге кіргенде: \"Ханның астына құс салыңыз!\" — деді. Өзі отырады: \"Ханның алдына ас əкеп қойыңыз!\" деді. Асты өзі алып ішеді. Асын ішкен соң ұйқысы келді. \"Ханға төсек салыңыз!\" — деп, өзі салып жатты. Жатып қалған жерінде жиырма төрт кісі бас салып ұстап алды, жиырма төрт кісіні бірін бұлай, бірін бұлай лақтырады. Кісілер айтты: \"Е, тақсыр хан! Құлдық қыламыз деп жалынып келдік, сіз кеткен соң еліміз азып тозып кетті, қайтып жүріңіз! Патша болып орныңызға тұрыңыз!\" Сонан соң қайтып алып жүрді, еліне алып келді. Бұрынғы орнына хан қыламыз дегенде, соңғы байдан туған үш інісі: \"Мұны хан қылмаймыз, бұл кетсін, кетпесе мұны өлтіреміз!\" деді. Сонан соң жұрт жиылып кеңес құрды: \"Мұны қайтеміз? Мұны хан қылсақ өлтіреміз, өздерін хан қойсақ жұртты тұтып тұра алмайды, мұның қайсысын хан қылса да шешесі білсін!\" деді. Шешесіне үшеуін жіберді. Төрт баласы шешесіне келді. Бірі: \"Мен боламын хан\" жəне бірі: \"Мен боламын!\" — деді. Төртеуі таласып келді. Төрт баласына шешесі айтады: \"Бəрің де менің баламсың,— деді.— Сендер таласпаңдар! Мен төртеуіңді əділ шариғат қылайын. Мына сағымға садақтарыңды іл, сағым садақтарынды көтерсе, соның патша бол!\" Төртеуі апарып сағымға садақтарын ілді. Үшеуінің садақтары жерге түсіп кетті, манағы Шыңғыстың садағын көтеріп тұрды сағым, астында тіреу жоқ, үстінде байлау жоқ. Сол жерде сол қатын жұрттың бəрін жиып алып: \"Мынаны көріңдер!\" деді. \"Бұл алланың əмірімен бала болған, мұның
садағын алланың əмірімен сағым көтеріп тұр, мұны патша қылыңыз! Анау үшеуі бұған зорлық қылса сол үшеуін өлтіріңдер!\" — деді. \"Сендер көпсіңдер, зорлық қылдыртпаңдар!\" — деді. Сол Шыңғыс хан болып тұрып қалды, тозған жұртын жиып алды, өзі сондай əділ хан болды. Өзі бір жақсы қатын алды. Қатыны үш ұл тапты, бір қыз тапты. Сол хан болып тұрған заманында əр ханнан артық болды, ешбір жауға алдырмады, жұртына қайғы салдырмады. Сонан соң сол жақсы хан бар деп Үрім шəһардың кісісі келіп, бір баласын бізге бер деп сұрап келді. \"Оны хан қыламыз\", — деді. Үрім шəһаріне берді бір баласын. Қырым шəһарінің кісісі келді, Шыңғыс ханның баласын хан қылғалы аламыз деп сұрап келді, ол бір баласын алды хандыққа. Қалипа жұрты келді: \"Бір баласын біз де хан қыламыз\" деп оған бір баласын берді. Онан соң сол Шыңғыстың бір баласын біз де аламыз деп орыстан келді. Оған ұл баласы қалмаған Ақбибі деген қызын берді. \"Оны патша қыламыз\" деп орыс алып кетті. Шыңғыстың өзі өлгеннен соң əділ, жақсы хан болмады, сол Шыңғыстың үш баласы хандықта болып, үш жерде тұрды. Енді бізде қазақта қалмады. Əз Жəнібек, Пепегетей, Бергелтай шешесінің үш баласы осы тұрған жаман төрелердің аталары. Əз Жəнібек ханның баласы Досан хан ұлы жүзде болған, оның баласы Əли хан болған, оның баласы Бөпехан болған, оның балалары көп болып кетті. Шешесінің атасы Алтынбей хан, оның баласы Қайшылы хан, оның баласы Темір хан, оның баласы Досым хан, оның баласы Есім хан, оның үш баласы болған. Еңсегей бойлы Ер Есім, Есімнің баласы Абылай хан болған.
АБЫЛАЙ ХАН Бұхар хан Абылай ханға айтты: \"Маған қызын жіберсін\". Қырық бименен, алты қанат ақ үйменен қызын жіберді, он нарға жүк артты. Бұхар хан қырық биден сұрады: \"Абылай тегі асыл ма, менің тегім асыл ма?\" Қырық би айтты: \"Сіздің тегіңіз асыл, сіздің жеріңіз асыл, өзіңіз асыл, сіздің жеріңізде етікпенен намаз оқуға болады\". Бұхардың ханы сұрады: \"Жолдасыңыз бар ма қасыңызда?\" \"Бір бала бар, он үште\", — деді. Хан: \"Оны шақыр!\" — деді. Баланы шақырып келді. Бұхар хан айтты: \"Е, балам! — деді,— менің тегім асыл ма, Абылайдың тегі асыл ма?\" Бала айтты: \"Абылай тегі асыл\". Хан: \"О, неге\", — деп сұрады. Бала айтты: \"Абылай атасы нұрдан пайда болған, садағын күнге асқан, сіздің атаңыз қоқандық қара сарт еді\". Бұхардың ханының қырық биге силап бергені, жаңғыз балаға бергеніне тең болды.
АБЫЛАЙ ХАН Абылай хан қазақтың ханы болған. Керей Ботаханды тірілей көрге салды, қайтып үйіне келді. Қатынына айтты: \"Ботаханды көрге салып келдім\", — деді.—\"Бұл жүзден бізге дəм бұйырмаған екен\" Қатыны айтты: \"Шығарыңыз көрден\". Абылай бір кісіні жіберді. \"Көрден шықсын\" — деді бұл кісі. Ботахан айтты: \"Шықпаймын!\" — деді. Жіберген кісі Абылайға барды \"Шықпайды көрден\", — деді. Абылайдың өзі келді інінен тартып шығарамын деп. Көрден бері шығып келе жатыр еді, жүрегінің басы тарс етіп айрылып кетті. Орта жүз намыстанды. Орта жүз намыстанған соң, Абылай қашып кетті. Арғын, Найман Абылайды қуды, басы Қазыбек боп қуды, үш көшкенше қуды. Абылайдың қатыны айтты: \"Абылай хан, дəнеме білдіңіз бе?\" \"Не білейін? Бізді қуды Қазыбек\". \"Қазыбектің үш ойы бар, — деді қатыны. — Қазыбек менің, əйтпесе сенің басыңды алса қайтар еді, əйтпесе қара қазанды алса қайтер еді!\" Қара қазанды асулы тастап кетеді. Артынан Қазыбек кепті, қазанның қасына кеп тұрыпты, найзаны шанышты. \"Е, жұрт, — деді.— Абылай тек жаратқан кісі емес, үйден шыққанда үш ойым бар еді. Абылайдың басын кессем, қайтамын деген ойым бар еді. Болмаса, Абылайдың қатынын алып қайтамын дедім, болмаса қазанын алып қайтамын дедім\". Қазанды алды да қайтты. Сол қазанды Қазыбек өзі асты, онан соң ұлы Бекболат асты, онан соң Тіленші асты, сонан соң Шама төре, Абылайдың қалмақ қатынының баласы, қара нарға қара кілем жауып, бабамның қазанын мен аламын деп, Тіленшіге келіп түсті. Қазанын Шама асты.
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ЖЫРЫНЫҢ БАСЫ Е жараңдар, жараңдар! Маған да таман қараңдар. Бір сөзім бар айтамын, Айтамын да, қайтамын. Бұл сөзімді аңдасаң, Құлақ қойып тыңдасаң, Əуелі өткен Абылай хан, Заманында хан болды, Жұрт үстінде паң болды, Жүрген жері шаң болды. Қазақ пенен орысты, Қалмақ пенен шүршітті, Бір өзіне қаратып, Əлемге даңқын таратып, Абылай хан сөйтті деп Соңғыларға заң болған. Бұрынғыдай болмайды Мұсылманның баласы, Алды артымда қамады, Кəпірдің салған қаласы. Кəпірге қарап оқ атқан, Мұсылманға жан тартқан, Күнінде Кенесары болмаса, Кəпірдің жұма күні тойы бар Шақыртам деген ойы бар. Өз жұртымның қызығы Қызылжар мен Қоқандай, Қайын жұрттың қызығы Шəуешек пен Бұхардай. ***
Абылай сен жас ұл едің, Тұрымтай төре едің, Түркістанда жүр едің. Ақ сұңқар құстай түледің; Тоятың сенің қанған соң, Алыстан тоят тіледің. Сүмбіле туар жылтиып Ат семірер кентиып. Абылай сарттың найзасы Қайыңды болды, берік болды Атаекемнің найзасы Қарағай болды, морт болды.
КЕНЕСАРЫНЫҢ ӨЛЕҢІ Айтамын айт дегенге, ау жараңдар! Кейін сал кеңесіңді бозбалалар. Бұрдағы мойыныңды құлағың, сал! Айтамын Кенесары, Наурызбайды! Жел болса қамыс басы айда-сайда, Жігітке бір өткен соң дəурен қайда? Бұрдағы құрдай мойның құлағың сал! Айтамын Кенесары, Наурызбайды. Баласы Абылайдың Қасымым-ай, Сүйегі өңге жұрттан асылым-ай. Үш төре Абылайдың сарттан өлді Орысқа қазақ басымым-ай. Бауыры Алатаудың тал мен терек, Мінгені Жеке батыр Көкше серек. Аттанды он төрт мың қол жер қайысып Бас екен Кенесары, бір зеңбірек. Кене ағам қосын тартып қырғызға барды, Аз ауыл Қошшы деген қырғызды алды. Бəлемді аңдып тұрып қырайық деп, Қырғызға жиылсын деп хабар салды. Ілінер қара балық жібек ауға, Бір тілек болса екен мұсылманға. Болғанда бесінші күн қырғыз толды, Қыбырлап қара құрттай Алатауға. Кене ағам қосын тартып қырғызға барды, Аз ауыл Қошшы деген қырғызды алды. Кененің ішіп жатқан суын бұрып, Қаңғырып Кене қолы шөлде қалды. Кене ағам атысады жалғыз жатып, Атының шаба алмайды мойны қатып, Астында ер Науанның Қызылауыз, Оқ үзді артқы аяғын бұлғақтатып. Оқиды молда жайып ала хатты
Кете ме қырғыз қырып азаматты. Астында Қызылауыз ат оққа ұшты. Бересің, тақсыр, бізге қандай атты. Беріпті сөйлесін деп тіл менен жақ Наурызбай осындайда қимылдап бақ Өркеші жоқ түйедей мойны құлаш Əкелді Кертайлақты үйсін Байзақ. Кертайлақты əкелді судан сүйрік деп, Топтан да озған жүйрік деп. Аяқты малға жеткізбес. Мұндағы жауға килік деп. Кенеге тілеу болмайды, Қырғызды құдай оңдайды. Жамандатқыр Кертайлақ Қызылауыз аттай болмайды. Наурызбай соғысуға ерінбеді Қазаққа мына келген керім деді Əлінің Сейтбаттал соғысындай Найзадан күннің көзі көрінбеді. Қол оқпен қозы жауырын Бопа атады, Мылтықпен Ержан төре қиратады, Наурызбай соғыс қылып жүргенінде Шатырда Көмек жаман тек жатады. Не күшті, бұ дүниеде құдай күшті, Əуелі Ержан төре мылтыққа ұшты. Өлгенін Ержан төре білгеннен соң, Шатырға: \"Ой, бауырым\", — деп Науан түсті. Кигенім көк сауыр етік, қызыл ұлтан, Əуелі мылтыққа ұшты Ержан сұлтан. Өлгенін Ержан сұлтан білгеннен соң, Жайдақтап жауға шапты Қарақұлпан, Кигенім көксауыр етік қызыл ұлтан, Əуелі мылтыққа ұшты Ержан сұлтан. Қырғызды екі барып бөгеп тастап, Сүйегін алып шықты Қарақұлпан. Кенені осы жолы қара басты, Кенемен қырғыз қолы араласты.
Жеңерін жау қырғыздың білгеннен соң, Наурызбай, Кенесары ақылдасты. Наурызбай: \"Кене аға, осы соғыс болды қалай? Жеңері қазақ қырғыз екі талай Сен өлсең, екі күшік балаң барда, Кене аға, осы жолдан қайтсаң қалай?\" Кене: Науанжан, осы соғыс болды қалай? Жеңері қазақ қырғыз екі талай. Мен өлсем екі күшік балам барда, Науанжан, осы жолдан қайтсаң қалай?\" Наурызбай: Төгіліп өлсем жерге қара қаным, Бұл сөзді не деп айттың данышпаным. Жерінде сенің өлген мен де өлейін, Сенен артық болып па менің жаным. Кене ағам, сенен қалып не боламын, Қырғызды айқай салып үш бөлемін Кегімді жалғыз қалып мен ала алман, Жерінде сенің өлген мен де өлемін. Кене: \"Науанжан, осы сөзің тиексіз ғой, Қырғызға айғай салып тиесіз ғой. Екеуміз осы жолда бірдей өлсек, Артымызда боқташақ иесіз ғой\". Наурызбай жүруші еді жаумен ойнап, Кене жүрді он кісімен Абылайлап, Астында ер Науанның Кертайлақ ат Алдынан қуғыншының қашты жайдақ. Кенеке тіге алмады торғын шатыр, Топалаң тиген қойдай қазақ жатыр, Бас екен Шұбыртпалы ер Ағыбай, Құтылды бұзып жарып Сексен батыр. Қазақ бір қашты дабырлап, Қырғыз бір қуды жабырлап. Адыра қалған Қараөткел
Қазақтар қалды сабырлап. Бауыры Алатаудың терек-тал-ды, Көкүйдің бойын өрлей қырғыз салды, Ер Науан аты жүрмей отыр еді, Келді де жау қырғыз ұстап алды. Ұстаған ер Науанды Үйсін деді, Дүбірі жау қырғыздың дүрсілдеді, Қасына Жаман Тағай келді жетіп \"Ит қазақ шыныңды айтшы, кімсің?\", — деді. Наурызбай: \"Сұрасаң арғы атамды хан Абылай, Атқаны Кене ағамның Күлдір Мамай, Ит қырғыз, танымасаң танытайын! Қызыңды қатын қылған мен Наурызбай\". Тағай: \"Наурызбай ойың болса ойла!\", — деді, \"Дəуренің бұрынғыдай қайда?\" — деді \"Елшіге былтырғыдай жіберіп ем, Батырым Жаманқара қайда\", — деді Наурызбай: \"Батырың біздің елге келді дағы, Азырақ біздің елде жүрдідағы. Жаманқара итіңнің тілі ащы, Тілі ащысынан Жаманың өлдідағы\". Тағай: \"Құдайым айналайын, пірім\", — деді. \"Байлауда енді Науан шірі\", — деді, \"Айтасың өтірікті жаның шыққыр, Сұрадым ер жаныңнан тірі\", — деді. Наурызбай: \"Жігітке қару болмас садақтайын, Бергенін Абылайдың адақтайын. Бүйрегін наркескенмен ойып алып, Итіңді бақыртып ед лақтайын. Тағай: \"Батырым — Жаманқара, ерім — Құтпан Өлтірдің оны неге, жұртты құртқан.
Кескенше басын қылыш тілін тартпай, Ит едің бұ қайдағы жүрек жұтқан\". Наурызбай: \"Жау қырғыз меніменен ел емессің Күнəмді тірілікте құдай кешсін. Қалайын сөйлеп, сөйлеп осындайда Ит қырғыз əке десем жібермессің. Жүруші ем өз елімде өз жайыма Шіркінің, өлім деген, уайым ба Ит қырғыз əке десем қоямысың? Болармын өлсем жақын құдайыма\". Тағай: \"Жігіттер өлең баста, өнер баста! Мереке күнде мұндай табылмас та. Басыңды кескенімше тілің тартпай, Кескілеп Наурызбайды итке таста!\" Наурызбай: \"Жағалай Көкүй бойы терек пен тал, Құйғаным тегешке сол бір аяқ бал. Ит қырғыз əке десем қоямысың? Итіңе маған десең кескілеп сал\". Тағай: \"Үйінен тамам қырғыз жылап шықты, Ішінде бір сұрқылтай сынап шықты, Өзің де елде жалғыз ер екенсің Керек деп өтің неге сұрап шықты. Құлағы арғымақтың ерке-серек Жапанға жалғыз біткен бір бəйтерек Өзің де елде жалғыз ер екенсіз Наурызбай өтің сенің неге керек?\" Наурызбай: \"Бір салсам наркескенмен шығады ми, Ит қырғыз, менің айтқан сөзімді біл! Керек-ау өнбойымда өтім болса Қызыңның, өтімді ал да, көтіне құй!\" ***
Жағалай Көкүй бойы терек, тал-ды Шақырып Құсбек итін қасына алды. Қырғыздың өз қылышы өтпеген соң, Науанның наркескенімен басын алды. Ертістің арғы жағы Тарбағатай, Сөзімнің менің айтқан бəрі қата-ай, Ерлерді бұрынғы өткен біз қозғадық Жамағат мына отырған қылсын бата. Сұрасақ арғы атамды аты қайда? Кене мен өлең қылдым Наурызбайды. Тілеген — менің атым, ақын Молда Науанды сөз болсын деп жайдым жұртқа. Абылай, Қасым, Саржан, Кене бəрі де өлген Сол өлген соң, дұшпандар жаман күлген. Абылайдың баласы өлгеннен соң, Діні мұсылман біздің жаман бүлген.
КЕНЕСАРЫ ЖЫРЫНЫҢ БІРНЕШЕ АУЫЗЫ Қыстың бір алты айы өткен соң, Жаздың бір алты айы өткен соң, Аспара деген етектен Елім бір көшіп өткен соң, Ілгелесіп отырып, Елу саба толтырып, Əуелгі жұрттың жақсысын Шақырып үйге келтіріп. Астау-астау ас тартып, Ақ сақалға бас тартып, Жартыбай батыр жалғыз кеп, Отыр екен қырық мың кісі алғаш кеп. Жындыбайдан Бүгеу кеп, Өңкей батыр екеу кеп, Сыйқымнан Əжібай келді түмен, Батырбектің буымен, Құрман келді Қожадан, Мың кісі келді Тамадан, Өңкей батыр ағадан, Мың кісі келді Сімбеттен, Байзақ келді Мəмбеттен, Бестеректен келді бес Қожа, Кене хан мен Сəлмен бай, Аты жұрттың бəрін тамам қылған соң Шабуылшы шапты қыр жақпен, Шапқыншы шапты ой жақпен, Түн ортасы болғанда Хабар берді Рақпан.
ТƏТІНІҢ ӨЛЕРІНДЕ ЕЛІНЕ АЙТҚАН АРЫЗЫ Тəті Қара тауға ауып барған екен, барған соң Құсбекке қараған екен. Құсбек бұрын қонаққа шақырды. Құсбек айтты: \"Е, жұрт, не білдің?\" Бір қазақ айтты: \"Қоқаннан шыққан бір керуенді Кенесары алыпты\". Құсбек айтты: \"Кенесары мұсылман емес, мұсылманды мұсылман өлтірер ме екен?\" Тəті айтты: \"Мұсылманды мұсылман өлтіргенде кəпір болса Саржан менен Əлжанды өлтіргенді біз кім дейміз?\" Құсбек жауап айтпады. \"Құдай қаласын!\" деп сақалын сипады. Сонан соң Тəті аттанып кетті. Сарттың ішінде бір қазақ жігіт бар екен, Тəтіге келді де: \"Дəнеме білдіңіз бе, мырза? — деді. \"Құдай қаласын\", — деп сақалын сипағаны, басыңды алармын деген сөзі\". \"Сөзге сөз келгенде онан қорқайын ба?\" деп, Тəті үйіне кетіп қалды. Құсбектің қасындағы кісілер айтты: \"Сізге қарсы айтты\" — деді. \"Келтіріңіз оны\", — деді. \"Қайтіп өлтіреміз оны?\". \"Қонаққа шақырыңыз\". Құсбек Тəтіні бес алты күннен соң қонаққа шақырды. Тəті он жігітпен келді, амандасып отырды. \"Бұл кісілерге палау басыңыз\" — деді Құсбек. Тəті айтты: \"Палауға қарамаспын, бір жерге барайын деп шығып едім\". Құсбек айтты: \"Бұл кісілерге сарпай шекпен жабыңыз!\" Сарпай шекпен жапты үстіне, амандасып шығып кетті Тəті. Тəті былай шыққаннан жүре алмады атқа, шапанға у жаққан екен. Ауырып үйіне келді, үш күн жатты ауырып, ауырып жатқанда Арқадағы еліне сəлем айтты: — Атпенен желі тарттырдым Кереге бояу шалғынға, Сəлем бір айтып жібердім, Алаштың ұлы Арғынға. Есіл менен Нұраны Еңкейе барып жайласам Орта жүздің ішіне Атымды тұлдан байласын! Бес балаға сəлем деп, Ішіп, бір киіп буласын Өте шықты сұм дүние,
Мендей ақты ойласын! Қосубайға сəлем де! Нашардың ісін созбасын! Мен бұрыннан-ақ білуші ем, Бұ жалғанның тұрмасын. Аманатым ол алда Алмай сірə қоймасын. Тағы дұғай сəлем дегейсің Кереке мен Мойынға, Əлібек пен Қалыбек Қонушы еді Қиырға. Аралбай мен Сармантай Өз тентегін тияр ма? Кеудедегі шыбын жан Еліме арыз айтқанша Əзірейіл алмай қояр ма? Тағы дұғай сəлем дегейсің, Алшағырұлы Бижанға. Аса бір сөйлеп қызбасын! Бəрі де жетпейді екен иманға. Енді құлдық деп айт Қорамға. Құдайына жазбасын! Мал азайып кетті деп Қоңсыны кеулеп қазбасын! Мың миллионы кетсе де Төре алдына бармасын! Өлінің тілін тірі алмас Мұның артын ойласын! Тетелес туған Сəтібай Ойнаушы едің аға деп Менен жақын бар ма? — деп Мен тірлікте айтушы ем Мың миллионың кетсе де Төре алдына барма! — деп. Тағы дұғай сəлем дегейсің. Алаштың ұлы Арғынға Мен өлді деп естісе
Сарғайып жұртым санаға, Кез болсын деп нетейін? Иесі көп қараға Ер жеткенше қорғаңдар! Болсын қатын менен балаға Кəпір дінін көрсетпей, Мұсылман қауымында алған Мың қатта шүкір аллаға! Арғымақтан басқаны Ат екен деп мінбеген Жорғадан басқа жүйрікті Зор екен деп мінбеген Мандықтан басқа сарпайды Тон екен деп кимеген. Алдында ат басындай алтын жатса, Адамзаттың қақы деп Құдайын бір ойлап тимеген. Ол жігіттің асқаны Алты атанның ұлы Алтайды Бір ауылдай билеген.
ШОҢ БИГЕ КЕЛІП ҚОЖА АЙТТЫ О, Шоң биім-ау, Шоң биім, Тұғырға қонған сұңқарсың, Күтіп мінген тұлпарсың, Судан шыққан сүйріксің, Топтан озған жүйріксің, Би Фатимадай бақытың бар, Сүлеймендей тақтың бар, Дін мұсылман қазаққа Жұрттан озған даңқың бар, Бəйтеректей бүрлеткен, Пайғамбардай нұрлы өткен.
ҚОЖАМБЕРДІ Қожамберді, қазақ жігіті — Өскембайдың ұлы барымта барды, барғанда қолға түсті, қолға түсіп өлең айтты: Үйімнен шығып едім бойлай, бойлай, Ақбоз ат, қызыл найза күліп ойнай. Ақтылы қой, алалы жылқы бар үйімде, Сондадағы оған да көзім тоймай. Астыма мінген атым құла жорға, Өзім болмай шығып едім осы жолға. Қырық бес жігіт ішінде қолға түстім, Амал қайда болар ма қалың сорға? Тарлан боз тайып кетті тағасынан, Серікбай тастап кетті жаманынан. Қаныма бірер қасық ара тұрсаң, Құнанбай айналайын заманыңнан. Құнанбай сен де сылқым, мен де сылқым, Мені қолға түсірген сенің жылқың. Байлауда жеті жылдай жатып едім, Болмады бұрынғыдай ойын күлкім. Жылқысын бай Өскенбай баға берді, Мойныма қыл шылбырды таға берді. Төкең қыз ақ қылышпен салып еді, Жар болып алла тағала қала берді. Құнанбай заманында өзің батыр. Жолаушы жол үстінде тіктің шатыр. Жылайды бай Өскенбай Досамбек деп Жапалақ менің əкем неғып жатыр? Санындай шағаланың менің саным Қиналды қолда жатып кəріп жаным, Қолында осы кəуір өліп кетсем, Кімге талау болады жиған малым. Санындай шағаланың менің саным, Қиналды қолда жатып менің жаным, Менің жаным қолында осы кəуір,
Өлім кетсем, кімге көзін сүзеді кемпір, шалым? Санындай шағаланың менің саным, Қиналды қолда жатып менің жаным, Қолында осы кəуір өліп кетсем, Кімге көзін сүзеді екі жарым? Орыстың бір байлауы кісен дейді, Кісендеулі жатса да кісі өлмейді. Қара тілмаш айтады шығасың деп, Оғандағы көңілім бір сенбейді. Барсаң, сəлем дегейсің атамызға, Қолы тиді кəуірдің жотамызға. Сыймаған ақ кіреуке қайран жотам, Қара жердің астына енеміз бе? Барсаң сəлем дегейсің ене-атама, Тоңып міне алмадым мен атыма. Еліктей е дегенде ұшқан басым, Қалыпты құм құйылып қанатыма. Түлкіні жия берсең мыңды мыңнан. Өтерміз əлде болса талай сұмнан. Бар еді бір өзімде елу жорға ат. Қара көз қарындасым жетсін жылдам! Шығып ем мен үйімнен түніменен, Бесінде Ағадырға жеттім күніменен. Ішпейтін қойдың сүтін байғұс басым, Өскенбай күндес болды күніменен. Қонғаны еліміздің табылды ма, Науқасты, дөңгелек көз, сағындың ба. Байлауда жеті жылдай жатып едім, Күнжанға, бір келместей, неғылдым-ай? Қояды орыс кəуір көтін таққа, Сабайды жəне бізді жаққа, жаққа Ай, аға туар айдың аяғында бізді айдайды, Сəлем де қарындасым, бауырласқа. Бөлкебай бұл қылығың жарамайды, Арбаңды жүйрік қылған қарамай-ды. Қазақтың қазмойынын мінуші едің, Мінерсің енді ат қылып қарағайды.
Руы қысырақтың ақтанкерше Құдайым, енді маған иман берші. Тобықты, мені де алған сені де алар. Қарайламай Серікбай жүре берші. Келді де қу Серікбай жылқыңды алды. Теп-тек жатқан еліме бүлік салды. Үстінде құс төсектің жатқан басы, Шегелеп аяқ қолын бекітіп салды. Айтамын айт дегенін Бөлкебай хан, Хан болғанда жегенің қап-қара нан Мал менен азар болса басты аларсың, Ұрайын, шын енеңді, шықты ғой жан. Бөлебай айналайын шын берейін, Жоқ еді əзір сомым соң берейін! Аузымнан бір несиет сөз шығыпты, Ат пенен айыбына тон берейін.
ҚОЙГЕЛДІ Керейдің Лекер деген ерінің атының сирағын қалмақтың оғы үзіп кетті. Сонан кегін аламын деп Қойгелді інісі аттанды. Аттанғанда жырлайды: Мен аттанып шықтым қалмаққа, Қалмақтан жылқы алмаққа, Батыр да туған Лекер, Сирағын үзіп оқ тиді, Тоғыз да тарау бармаққа. Алып міндің аласын, Қамшыдай қылдың қарасын. Жіптей қылдың жиренін Жылаттың байдың баласын. Силасы құлдың болды ма? Қай атаңнан бері тұрыстық? Қарағай сеңгірмен атып ұрыстық? Санадым таудың бұлағын. Түстікке жедік лағын, Жапанға атты ойнатып, Шұңқырға бақыр қазан қайнатып, Сондайда кегімді алмасам, Құдайға тəубе демесем, Сүйтіп кегімді алмасам. Қара үңгірдің қара жон Саулата жылқы қумасам. Сары үңгірдің сары жон Саулата жылқы қумасам Қара үңгірдің қара жон Қара да бір Ноғай бір жүрдік, Сары үңгірдің сары жон Сары да бір Ноғай бір жүрдік. Қыздарға құлын саулаттық, Ұлы да, қызын жылаттық, Құдайға тəуба дедің бе?
Бұ барғаным бармасам, Байқатынның қара атын Сұратып алып мінбесем. Байқатынның қара атының Арқасы жауыр деді ғой Байы өлген мұңдар тұл қатын Ол бермесе бермесін. Тоқта! Қалай бермейді? Бөкен қабақ тор атын О да бермес тор атын. Баласындай бір атын, Ол бермесе бермесін. Бұ барғаным барарым. Батыр да туған бай жаның Мен тартынбай алып мінермін. Бұқа да санды сары атын Мен сары атқа мінген соң, Түнде жүрер жігітті Түнде ертіп алармын. Күндіз жүрер жігітті Күндіз ертіп алармын. Сары атқа міндім сайланып, Жаныма торсық байланып. Ұлы үңгірдің ұлы жон Сеңгірінен айналып, Суатынан су ішіп, Атырға құлын саулатып, Мылтықпенен бір атып, Көрімге құлын саулатып, Балаларын апарып, Ашықтарын жылатып, Мен бұ барғаным бармасам, Басы да жұмыр қалмақты, Ақылмен ойлап таппасам, Мен Ертістен екі өтіп, Жолдасым жоқ жеке өтіп. Жылқысын оның алмасам,
Шөлден де шөлге сала қумасам! Сүйтіп кегімді алмасам?! Жылқысын шөлге сала қумасам. Құдай-ай өзің кешір деп, Қолымды қанмен жумасам?! Əуелі құдай оңдар ма? Тартынбай, оңдап төбелес Мен алғанымның назы үшін Теңдер сабам жоқ үшін, Тең құрбымнан кемі үшін, Айыр өркешті түйе үшін, Бауыры сүтті бие үшін, Мен жортып едім мал үшін. Тең құрбымнан тең үшін, Қара бір жермен тең үшін. Түлкі жортпас түменнен Түнде жорттым мал үшін, Қасқыр жортпас қалыңнан Қасқая шаптым мал үшін. Көп көгершін көк үшін Ерлер жортар мал үшін. Бөктершегін бөктеріп, Ерлер де жортар мал үшін. Көк жамылшын жамылып, Ерлер де жортар мал үшін. Төменгі ерні салпиған, Жоғарғы ерні қалқиған, Еті де шекер сүті бал, Осы жүргенім жылқы үшін… Мен жатып едім мияда Жасырынып қияда Жарты айда құлын саулатып, Қақ жүректен бір атып, Атын да, міне, шапқаным, Сүйтіп бір ақыл тапқаным. Менің қос атым жоқ, сары атым, Сары атым жоқ дара атым,
Ақсақ торы бестіні Кедейліктің зарпынан Он бес күні қаққанмын. Кісісін қойдай баққанмын. Масасы келді ызылдап, Сонасы келді құжылдап, Сонан жаман қатты іс жоқ екен. Тақырға қонған байларың Таң аттырмай көшеді, Малымда ақсақ болады деп, Тақырға қонған таз тырна Таң аттырмай ұшады. Тақырға қонған байларын Күн шығармай көшеді. Қойгелді қалмаққа барды, бардыдағы жылқыны алды, бағанағы қалмақтың елінің кісісі жиылып қуды. Артынан жеткен соң, Қойгелді атын жолдасына беріп қоя берді. Өзі жаяу түсіп, інге кіріп жатып алды. Қалмақтың қуғыншылары артынан қуып жетті. Көп қол кейін тұрды, қалмақтың жалғыз батыры келді. Қойгелді мылтықпенен атып салды, қалмақ батырының жүрегіне тиді. Қойгелді атына мініп алды, қалмақтың көп кісісі қорыққанынан кейін қашып кетті. Қойгелді сонан соң жылқысын үйіне айдап, есен сау еліне жетті.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406