ҚЫРҒЫЗҒА БАРҒАН БАТЫР Бір батыр Маңдық деген батырдан əкесінің кегін алуға қырғызға барыпты. Батырдың қатыны өлерін білді, \"Барма\" деп жылады. Батыр қатынының тілін алмады. Сонда қатыны айтты: Азаматтар шоралар! Ақ шалмалы қожалар! Тебе жатса теңдесім, Шыбышықтай сырласып, Боз торғайдай мұңдасып, Он бесің бірдей құрдасым. Бір сөзім бар айтамын, Айтамын да қайтамын. Мына да жалғыз тілді алмас Шарам бар ма қайтемін? Мен Шанышқылыдан келгелі Бір азғантай күн болды Жарық күнім түн болды, Мені тастап кеткенің, Өз бойына мін болды. Бұ барғаннан барарсың, Сары судан өтерсің, Көкше тауға жетерсің, Бəрінен өтіп кетерсің, Құла торы атқа мінерсің, Еліңе ойран саларсың. Өзің бір жеке батырсың, Айтқан тілді алмасаң, Əкем деп жоқтар қызың жоқ, Атам деп жоқтар ұлың жоқ, Айтқан тілді алмасаң, Жау қолында қаларсың. Қатынының тіліне болмады, он бес құрдас жігітпенен қырғыздың еліне жөнелді. Қырғыздың еліне келді. \"Мен барып жылқыны байқап келейін\", — деді батыр. Сексен күзетші жылқының қасында екен.
Күзетшіні көріп он бес жігітке қайтып келді. \"Жылқы иесіз екен\", — деді. \"Кісі жоқ\", — деді. Он бес жігітпен жүрді жылқыға. Батыр сексен кісіні жалғыз түсірді, он бес кісіні жылқыны қуғызып жіберді. Сексен кісіні түсіріп, шаршады. Күн шыққанда сауыттың мойнын ашып желпініп тұрды, сонан соң алыстан бес жолаушы кісі көрінді. Соған батыр омырауының түймесін салмай барды. Төртеуін өлтірді, бес кісінің біреуі қалды. Бес кісінің біреуі айтты: \"Е, жас! Сен де жас, мен де жас, сен де өлерсің, мен де өлермін. Қайт!\" Батыр оның сөзін тыңдамады. Барды, шанышты найзаны желкеден. Келген жігіт батырды өндіршектен шанышты. Шанышқан найзасын суыра алмады, темірге тақалған жерінен қарағайды омырды, темір ішінде қалды. Барды, əлгі кісіні тағы шаншып өлтірді. Найзаның темірін суыра алмаған күйі он бес жігітке қайтты. Он бес жігіт өндіршектегі найзадан қорқып қашты. Батыр олардың қашқанын көріп, артынан қуып келді. Қуып келді, бұл он бес жігітті шақырып айтты: Е жігіттер, майда! Майда! Біздерге бүтін тиді найза. Амалда да, айла қыл, он бес жігіт Біздерден суырылмайды бұл найза. Құла торы ат шапса жүйрік жетті дейді, Дүниеден біздей жалғыз өтті дейді. Он бесі ақ найзаны көргеннен соң, Жиылып қойдай қашып кетті дейді. Құла торы ат шапса жүйрік жетер ме едім Дүниеден біздей жалғыз өтер ме еді? Ол туған Мандықтан алтау босам, Басымнан ой бауырымдап кетер ме еді? Құла торы ат екіленіп желді дейді, Жалғызға тар жерде елін берді деді. Жалғыздың ащы даусы шыққаннан соң, Он бесі қол ұстаса келді дейді. Жиренше ат жас та ат емес, қартты дейді Он бес жігіт мұнда кеп тартты дейді, Он бесі ақ найзаны көргеннен соң Жиылып табан қойып тартты дейді. Көкше тау жолда тұрған үстіне кет, Жігітке салған жастай бұл да бір кеп.
Шыбын жан ақ найзамен шығып кетер, Тоқтай тұр суыра тартпай он бес жігіт. Жайлайды Шаған бойын біздің ауыл, Біздікі бергі шеткі қызғыл ауыл. Құдайым жау жолында өлім беріп, Қайтейін, еске түстің қайран бауыр. Құла торы ат шабарына кие болды, Беттері қатынымның шие болды. Өшіккен күшік секілді қу бас Мамай, Иесіз тұрған ауылға ие болды, Садағыма салғаным шəйгез бір оқ, Өте шықтың қайтейін дүние боқ. Жау жолында құдайым өлім бердің, Əкекем деп жоқтарға қызым да жоқ. Садағыма салғаным шəйгез оққа, Арқам күнге күйеді жейдем жоқта. Алдымда аға, артымда інісі жоқ, Қыз бермеңіз, ағалар, жалғыз боққа. Сонан соң батыр өлді, он бес жігіт қайтты жеріне, сонан соң үйге келгенде қатыны келді, он бес жігіттің келгенін көріп айтты: Бүрленіп бау, қарағай бітер тауға, Он бес жігіт аттандың қырғыз жауға. Былтыр кеткен жорықшы биыл келдің, Жандай құрдас бере гөр бізге сауға. Жігіт: Бау, қарағай бүрленіп бітер тауға, Он бес жігіт аттандық қырғыз жауға, Саған қарар жеңеше бетіміз жоқ Жаңғызыңды алдырып келдік жауға. Қатын: Бастап барған басшыңды жауға алдырып Бұ елге он бес қатын неме керек.
ДАСТАНДАР БОЗЖІГІТ Уфа шаһарына барғанда \"Бозжігіт\" кітабын бірқатар көріп едім. Бұл кітап жақсы жазылған еді, жыры көп екен, сөзі мұңды екен. Жігіттің аты Бозжігіт екен, қыздың аты Қарашаш екен. Жігіттің туысының аты белгісіз екен. Берікмен деп жазып едік. Жаңа шаһардың аты жоқ еді. Бұл кітапты жазарда бізге қиын болды. Өзіміздің көңіліміз қайғылы күнде \"Бозжігіт\" кітабын мың сегіз жүз қырық екінші жылда жазып едік. Əуелі жазғанда қысса деп жаздық. Сөзін жазып жырлап едік: \"Шəкірттеріміз \"Бозжігіт\" кітабы əнімен жазылсын\" деген себепте, барлық сөзін əнімен жаздық. Бізде мұңды адамдардың көңілі ашылсын деп кітапты əнімен жазбаққа рұқсат бар. Заманнан көп замандар өтті дейді, Бір ханға жалғыз ұл бітті дейді. Жақсыға ұзақ дəурен көрмек бар ма? Дүниеден арманменен өтті дейді. Бір ұл туды патшаға жұртқа лайық, Сауын айтып, той қылды, елге жайып. Жұртына көп жақсылық қылған екен, Той қылды əр жаннан малды сойып. Заманнан көп замандар өтті дейді, Тəңірден имандығы жетті дейді. Жеті жаста баласы оқу оқып, Он жасына бұл ұл енді жетті дейді. Жүріпті жаманды ойына алмай Жалғанның қызығына көңіл қоймай, Қолына құран менен кітап ұстап Барады молдасына бір күн қалмай. Көрмегенді көрейін деп жүреді екен Таңқалып жүзін көріп тұрады екен. Басында алтын айдар тұлымы бар, Айдай жақсы болып жүреді екен. Бір түнде ұйықтап бір түс көреді, Алдында сұлу жақсы қыз көреді
О дағы бір патшаның жалғызы екен, Бір жалғызға бір жалғыз дос болады. Арыз айтып алдында сөз сұрайды, Ашық жарың іздесең нең құрайды. Жаратқанның жарлығы солай екен, Біріне бірі мақұл ұшырайды. Қыздың айтқан сөзі Түнде жылап күндіз зар, Мен жүзіңе ынтызар. Не себептен болдың жар Ақылың айтсақ керек-ті. Бір жыл болды жанармын Өткен күнді санармын. Ес-ақылымнан танармын Сөзге не күн қанармын? Атың айтсаң керек-ті! Бозжігіттің түсінде сабыр қыл деп айтқан сөзі Жаныма түсті жайың, Тəңірден рахмет күтер, Мұратқа бір күн жетер, Сабыр қылсаң керек-ті. Ашықтар зарлап өтер, Тəңірден рахмет күтер, Мұратқа бір күн жетер, Сабыр қылсаң керек-ті. Сабыр қылмай іс бітпес, Мезгілсіз арызың жетпес, Зарлаумен қайғың кетпес, Сабыр қылсаң керек-ті. Ойын мен күлкің қалса, Бойыңа бір дерт қонса, Ішің қайғыға толса. Көрерсің мезгіл болса, Сабыр қылсаң керек-ті. Бұрынғы өткен ашықтай, Ақылың сенің керек-ті. Бөтен жарға қайрылмай,
Нəпсіңді тисаң керек-ті. Біздің үшін əр жерде, Жаныңды қисаң керек-ті. Қылма көңілің бұзықтай, Ағарып жүр жүзіктей, Злиқа мен Жүсіптей, Сабыр қылсаң керек-ті. Қыздың түсінде жігітке берген жауабы Ғапыл мысың ойбай жігіт? Жігіт бүйтіп жатар ма? Атқа мініп шықпайсың Ер олжаға батар ма? Мен жолыңа ынтызар Пейілің болса іздей бар Біз бір патша жалғызы Сіздің үшін болдым зар, Келер ме деп жоқтаймын, Үш жыл болды сақтаймын, Жүзіңді бір көрмесем Қайтып шыдап тоқтаймын? Жаның жанға қосылған Сен ақиқат жар болсаң Біздің үшін зар болсаң Шаһар Бостан Румден Бізді іздесең табарсың. Бостан шардың бұлбұлы Сарай жердің бір гүлі Дария көшіп, тауды өтсең Бізді іздесең табарсың. Біз дарияның гауһары Бір болармыз жауһары Алтын, күміс қолға алып Бізді іздесең табарсың Жолдастарың жанға алып Бізді іздесең табарсың. Нұрдан үлгі алғанмын Тоты құстай болғанмын,
Таяғыңды қолға алып, Бізді іздесең табарсың Ақиретті табарсың. Түсінде бұл қыз жырлап ғайып болды Жігіттің көкірегіне қайғы толды. Бақсы менен дəрігерден дəрмен таппай Жігіттің күннен күнге жүзі солды. Атасы менен шешесі хабар берді, Жалғызы үшін жандарын құрбан қылды. Дертіне жалғызының дəрмен таппай Ата мен шешесі зарлы болды. Бір жыл болды, бұл жігіт күлмей жүрді Дертінің еш лажын білмей жүрді. Қасында құрдасы бар, жолдасы бар Іш қайсысын көзіне ілмей жүрді. Екінші жыл түсінде тағы көрді Қыз келіп бұл жігітке сəлем берді Көзінен жасы ағып, қол қусырып Арызын айтып жігітке жауап берді. Қыздың түсінде айтқан жауабы Төрт жыл болды сақтаймын, Келер ме деп жоқтаймын, Хабарың жоқ, өзің жоқ Сəлем де бір сөзің жоқ Мен жүзіңе ынтызар Сақтай-сақтай болдым зар. Біз бір патша жалғызы Сіздің үшін болдық зар. Əке менен шешесі Рұқсат бермес болар ма? Түсінде көрген бұл жарын Келіп көрмес болар ма? Жігіттің қызға берген жауабы …………………………………….. Не аттысың, атыңды айт! Не жерлісің, жерінді айт! Туған, өскен еліңді айт!
Жəне мендей зар қылма Анық қылып жөніңді айт! Еліңді сенің білмесем, Саған түзу жүрмесем, Шəрің сенің білмесем, Сені қайдан табармын? Былтыр келдің қасыма Қайғы салдың басыма, Көрінбейсің көзіме Сені қайдан табармын? Жігітке қыздың берген жауабы Атқа мініп шықсаң сен Бізді қабыл көрсең сен Құбылаға қарай жүрсең сен Іздей бізді табарсың. Түсте қосқан алламыз, Өңде бізді қоспай ма? Дүние бізден өтпей ме? Жар іздесең табарсың. Түсінде бұл қыз жырлап ғайып болды Жігіттің көкірегіне қайғы толды. Бар еді бір досы жаннан артық Таң ертең барып оған арыз қылды. Бір көп сурет көрдім мен, Қайран болып жүрдім мен Маслихатты жан досым Ақыл таппай жүрдім мен. Қайғы түсті басыма Ақыл таппай болдым зар. Мақұл көрсең жан досым Оны іздер ойым бар. Кетпес қайғы түскенде Кеңес тапқан досым сен Алыстан ой түскенде Ақыл таппан жан досым Бір жыл толды танғанмын Бұл қайғыға қалғанмын.
Іздеуден бөлек ойым жоқ Көңілді оң салғанмын. Жолдасым жоқ кеткелі Дəрменім жоқ жеткелі Жан жолдасым сен едің Батпай жүрдім айтқалы Кетпес дертке жолықтым. Дəрменім жоқ жан досым Оны іздеп өлсем де. Арманым жоқ, жан досым. Досының жауабы Мақұл сөз-дүр, барармыз, Хақ жазғанын көрерміз. Бір жолыңда құрбандық Қызымет етіп барармын Тағдыр етсе алласы Шарасы жоқ пендесі Досқа бір ісіңіз келсе Құрбандығы жолдасы. Ажал жетсе өлерміз, Өлмесек, біз келерміз, Еш шарасы болмаса Хақ жүргенін көрерміз. Досым сізден қалмаспын Жарды іздеп бармаппын Мен жолында құрбандық Жалғаншы дос болмаспын. Досымен бұл екеуі мұңдасады Ой ойлап, ақыл тауып, жырласады Бұл екеуінің ақылын ешкім білмес Жолаушының жабдығын оңдасады. Екісі бір-біріне жандай дос-ты, Біріне бірі тауып ақыл қосты. Патшаның өзі ақылын таппай Уəзір мен билері қатты састы. Досына жан жолдасы сөз салады, Жалғаннан өлмей-өтпей кім қалады?
Өлсек жардың жолында өлейік деп Шəрден тауып бұлар қошшы алады. Досына жан жолдасы сөз салады Жалғаннан өлмей-өтпей кім қалады? Шəрден бұлар кетерін ешкім білмес Алтын менен күмістен мол алады. Досына жан жолдасы сөз салады Жалғаннан өлмей-өтпей кім қалады. Екі жарға азығын артып алып Екеуі бір жігіттен басшы алады. Арғымақ аттан салып, мініп алды, Əкесі мен шешесі білмей қалды. Жолдасын, құрдасын қасына алып Қыз іздеп Бозжігіт кете барды. Аттанып бара жатып айтқан сөзі Басты берген алламыз Ризық берсе керек-ті Дене жаратқан алламыз Денсаулық берсе керек-ті. Жан жаратқан алламыз Өзі сақтар бендесін Қайсы жерде болсақ та Аяқ берген алламыз Қуат берсе керек-ті. Ақыл берген алламыз Себеп қылса керек-ті. Біз жоқ едік, бар қылған Дене жаратып, жан берген Жан бергенде нан берген Аш қылмаса керек-ті. Жол бастаған өзіңсің, Жан сақтаған өзіңсің. Күн менен түн олар жүрді дейді Шəрден шəрге бұлар жүрді дейді. Əр жерде шəр көзге көрінсе Ат басын оған қарап бұрды дейді. Заманнан көп замандар өтті дейді.
Шəрден шəр сұрай кетті дейді. Қырдағы көп шəрден жарын таппай Дариямен кеме қылып, кетті дейді. Заманнан көп замандар өтті дейді Дариямен үш төрт айлық жол кетті дейді. Бар екен бір аралда Мимун шəрі Құдайым оған душар етті дейді. Мимунның батырлары айқай салды, Пəлеге бейшаралар енді қалды. Бəрін де бейшараның ұстап алды Жерден қазған зынданға енді салды. Бейшаралар зынданда тұтқын болды. Зарланып бір құдайға жүзі солды. Кəурлердің ешбірінен тыныштығы жоқ Бұлар жатқалы зынданда үш жыл болды. Бұлардың зынданда айтқан сөзі Биік тауға кез болдық Өту бізге қиын-ды Темір үйге қамалдық Шығу бізге қиын-ды. Жаман жолға кез болдық Кету бізге қиын-ды. Жындай елге кез болдық Адам жүзін көрместей. Жындай жерге кез болдық Мұңды адам жүрместей. Мойынға құрық түсіпті Қинасақ та шықпастай. Саңырау елге кез болдық Жалынсақ та ұқпастай. Рахымсыз елге кез болдық Жанған отқа кез болдық Жалынсақ та көнбестей. Бұл пəледен құтылып Жол жүрер күн болар ма? Əке менен шешені Көрер күндер болар ма?
Бұл не қасірет, жарандар? Бұл не мехнат жарандар?\" Патша басы құл болып Бұл не қайғы жарандар? Бұлардың зынданнан құтылған жері Бейшаралар мұңдасып, сырласады Қашуға жабдықтарын оңдасады. Бұл зынданның ішінде өлеміз деп Қашуға амал таппай жыласады. Шықтылар бұл зынданнан айла тауып, Қаштылар о шəріден аттай шауып Дұшпаннан құтылсақ деп қан жыласып Түстілер дарияға бір сал тауып. Салмененен бейшаралар жүрді дейді Қашар жаққа салдарын бұрды дейді Жолдасының бəрі де анда қалды Жан жолдасын бірге алып жүрді дейді. Салменен бейшаралар жүре берді Құдай аман қылсын деп тілей берді. Салменен бейшаралар шығып еді Алдынан көп керуен ұшырай келді. Екі адам көп керуеннен келді дейді Бірінен бірі сұрап білді дейді Қараса өз елінің патшасы екен Керуеннің бəрі келіп көрді дейді. Керуен бəрі келіп көріседі Бірінен бірі сұрап біліседі Ханымыздың жоғалған жалғызы деп Керуен бəрі енді жыласады. — Жалғызы патшамыздың неғып жүрсің? Сал байлап, дария ішінде ағып жүрсің. Ата шешең сіз кеткен соң зар еңіреді Не жұмысқа еліңнен шығып жүрсің? Кетіпсің ел жұртыңа сөзіңді айтпай Тағыңда патшалық орнын күтпей Ата шешең көре алмай төрт жыл болды Дарияда неғып жүрсің ісіңді айтпай?
Жігіттің жауабы Көп керуен, сөз тыңдаңыз, біз айталық, Түстегі уақытта қылған жарды айталық. Жар үшін ата-шеше үйінен кеттім Жаратқан жақтарыңа біз қайталық. Түсімде жарым зарлап ізде деді, Үмітіңді таппаспын деп үзбе деді. Жаратқан алла бізді не қылса да Уақытында өлсеңде не болар деді. Керуеннің жауабы Патшамыздың жалғызы, біз тілейміз Бас ұрып аяғыңа сөз сұраймыз. Жалғыз жүріп жарыңды таба алмайсың Қайтқаның мақұл екен, бір жүрерміз. Əкеңнің сіздің үшін жаны құрбан Əр тарапта шəр жұртың болды аман. Өзіңіз бір патшаның жалғызысыз Жалғыз жүріп жар іздеу заңға жаман. Мың, мың əскер сізге жолдас болар Шəріне əкеңіздің хабар салар. Құдайдың үні сізге бұйрық қылса, Жер жүзінде бар болса тауып алар. Жігіттің жауабы Е, керуен, бұл сөз мақұл болмас деймін Бұл сөзді ашық жігіт алмас деймін. Өлсем жардың жолында өлейін де Жалғанда ешкім өлмей қалмас деймін. Бұл сөзді дос сөзіне алман, керуен Өлсем дағы жолымнан қайтпан, керуен Жарыма уəдені қылғаннан соң; Жарымның жүзін көрмей қайтпан керуен. Керуеннің қайтқан жері Керуен көп сөзіне қайрылмайды Əуелгі өз сөзінен айрылмайды. Онан соң көп керуеннен бұл айырылды Деп енді бір-біріне бұрылмайды. — Бір іс басқа түсіпті,
Жүрмей көңілім тынбайды. Асық болған жарымды Көрмей көңілім тынбайды. Көп кəріптік көрсем де Зар зарланып жүрсем де, Жар жолында өлсем де, Жүрмей көңілім тынбайды. Қайғы жұтып қанбадым, Бұл жолымнан танбадым. Бұрынғыдай болмадым Жүрмей көңілім тынбайды. Жалғыздықта жолдасы Жар жолында жан жолдасы Дертіне дəрмен болмайды Жүрмей көңілім тынбайды. Жаным барда барармын, Тірі жүрсем қайтармын, Өлсем сəлем айтармын, Жүрмей көңілім тынбайды. Енді керуен жүрмесе Əке бізді көрмесе Дертіме дəрмен болмаса Арманымды айтарсыз Разы болсын əкеміз Сүтін кешсін шешеміз Артымызда атамыз Сəлемді сіз айтарсыз. Бұл жолдан мен келермін, Келмесем мен өлермін, Өлсем сонда өлгеймін, Сəлемді сіз айтарсыз Мұны ұғып көрсеңіз Шын жолына жүрсеңіз Құлақ салып тұрсаңыз Жақсы екен деп айтарсыз. Көп керуен бұл жүрмесін білді дейді Алтын, күміс керегін берді дейді.
Патшаның баласы енді кетті Таудан, тастан, дариядан өтті Қасындағы қызыметкері — жан жолдасы Бір заманда шəрге жақын жетті. Бір шетінен шəрінің кірді дейді Алдында бір үлкен үй көрді дейді Үй ішінде бір абыз отыр екен Кіріп үйге сəлемін берді дейді. Абыз тұрып сəлемін алды дейді Бұларды көріп таң қалды дейді. Алыстан келген бұлар бейшара екен \"Отырың\", — деп тағылым қылды дейді. Ойбай, жігіттер, жолдарыңыз болсын дейді Көп олжа алдыңызға толсын дейді. Бейшаралар жеріңіз алыс екен Іздегеніңізді тауып, жолыңыз болсын дейді. Бейшаралар жолыңыз алыс екен Мынау бір патшаның жалғызы екен Жеріңіз, құдай білдірсе, мен білермін, Іздегенің бақыры хан қызы екен. Таңқалып, бұларға сырын айтты дейді Кім келіп хабар беріп қайтты дейді. Жолымда ешбір адам көрінбеді Бұл хабарды кім сізге айтты дейді. \"Құдайым білдірген соң білдім сізді Үш күн бұрын түсімде көрдім сізді. Қарныңыз енді сіздің ашқан шығар Бойыңыз енді жатпақ қойса сөзді. Шəрден жарыңызды іздеп қарап, Қай жерде ғаріп болса сонан сұрай Жарыңыз бұл шəріден табылмаса Барыңыз біздің үйге қайтып орай\". Шəрге бұл бейшара кірді дейді, Алланың жарлығына көнді дейді. Сондағы бір көшені кезіп жүріп Қырық қызды бара жатқан көрді дейді. Жігітті қыздар бұрын көрген екен,
Көшемізде екі ғаріп жүрген екен. Патшаның қызының көзі түсіп, Артынан біраз қарап тұрған екен. \"Ойбай, қыздар, бұл жігіт кім болады? Қайдан кеп, аралап жүр\" бұл қаланы? Сүйінші, жарым болса берер едім, Білуге мəні-жайын кім барады?\" Хан қызының қыздарға жырлап айтқаны Батыр ердей жүруші Патша ұлындай тұрушы Көрген түстің дұрысы Бүгін келген болмасын?! Қылдан бірдей басында Жолдасы бар қасында Қайғы түсіп жасында Жар іздеуші болмасын?! Пайда қылып малдарын Құрбан қылып жандарын Барып сұрап елдерін Сөз сұраушы болмасын?! Түсте көрген жарымыз Оған құрбан бəріміз Күндіз-түнде зарымыз Жар іздеуші болмасын?! Барып жүзін көріңдер Оны сақтап тұрыңдар Бір-аз қарап тұрыңдар Ел іздеуші болмасын?! Барып хабар алыңдар Жүзін қарап көріңдер Қайғы мұңын сұраңдар Жар іздеуші болмасын?! Онан хабар алғанға Шүйінші хабар салғанға Алтын жүзік гауһар тас Шүйіншіге берермін. Хан қызы ғашық жарын білді дейді.
Қыздарға жарын айтып күлді дейді Қырық қыздан екі қыз жолдас алып Бұл жігітті көруге келді дейді Көшеден қыздар іздеп таппай қалды Бұл кəріп ол жерден кетіп қалды Қыздар келіп қараса дəнеме жоқ Əр жерден қарап жүріп айналады. Ханшаға қыздар келіп хабар айтты Жолаушы екен, оларың кейін қайтты Хан қызы көп қыздарға сөз айтады: \"Жарым болса ол неге кейін қайтты?\" Бозжігіт жолдасымен кеңеседі Əр жерден мойын созып қарасады Шəрден тоны жыртық кəріп көрсе Ел жұртының мəнісін сұрасады. Жарымыз бар ма, жоқ па, бір анықталық Əйнегін, қыздар білмес, бір тыңдалық Бұл шəрден жарымыз табылмаса Жолаушының жабдығын оңдасалық. Бұл ғаріп хан қызын көңіліне алды Иа, алла деп өздерін жолға салды. Бір сарайдың ішінде от жанады Əйнектен бұлар келіп құлақ салды. Көп қыздар үй ішінде сөйлеп жатыр Хан қызы жары ұйықтап жатыр, \"Ғашық жарым жүзін бір көрсем-ау\", — деп Құдайдан налыс қылып жылап жатыр. Ханшаның зары Ғашық жармен жолығып, Бір жүрер күн болар ма? Көкіректегі көп қайғы Құтылар күн болар ма? Келемін деп айтыпсың Уəделерің жалған ба, Мұнша сақтап келмедің Бөлек жарды алған ба, Алла қосқан жар едің
Жарым опа қылмадың Жеті жылдан үйіңнен. Еш орныңнан тұрмадың. Хан қызы жылап айтқан сыры болды Жігіттің көкірегіне қайғы толды. Асық жары екенін білгеннен соң Жырын жырлап əйнектен хабар салды. \"Ойбай жарым, біз шығармыз асық жарың Сақтаған жеті жылдан ынтызарын Іздегенің біз болсақ асық жарым Сөзімізге енді құлақ салың. Бəрі төрт жыл болды, Жолыңда жүрген жарың, Уəде қылып, түсінде көрген жарың, Іздеген асық жарын, Келіп тұрмын, жарым Шын болса ынтызарың. Сізді мұнда жаратты Бізді онда жаратты Бір аз зарлап жүрсін деп Арада дария жаратты. Шөлде жүрдім су таппай Көп ғаріптік көргенмін Жол бастаушы бір таппай Төрт жыл болды жолыңда Қайран болып жүріппін. Дария кешіп, тау өтіп Көрмегенді көрдім мен Табандарым ойылып, Алақаным сойылып, Дəулет бағым жойылып, Зар-сергелдең болдым мен. Əкемді мен көрмедім, Шешемді мен көрмедім, Үйде өмір сүрмедім Бір сен үшін жүрдім мен. Мен сені іздеп жүргенмін
Бойыңды түсте көргенмін Жаным құрбан қылғанмын Рахым етсең керек-ті. Запрандай солғанмын, Үш жыл тұтқын болғанмын Жүзің көрер күн болса Не болсам да болғанмын Мейман болып келіппін Қайран болып жүріппін Нұрың түсте көріппін Рахым етсең керек-ті. Атым менің Бозжігіт Қасымда бар дос жігіт Біз қайғылы қос жігіт Рахым етсең керек-ті. Шын ақиқат жар болсаң, Үйге кірсем керек-ті Жаным сүйген жан болсаң Жүзің көрсем керек-ті. Қыздың жауабы Шын ба екен, өтірік пе екен сөзің сені Таппаймын, қайғылысың өзің сенің Түсте алла қосқан жарым болсаң Көрейін кел əйнектен, жүзің сенің. Бозжігіт сонда əйнекке келді дейді Қыз қарап, жігіт жүзін көрді дейді Бетіндегі пердесін ашып еді Ханша асық жарын білді дейді. Тонын киіп хан қызы қадам басты. Жүгіріп қыздар тұрып есік ашты. Уыстап алтын, күміс қолына алып Меруерт пен маржаннан шашу шашты. Құшақтасып көрісті ашық жары Қасында қырық қыз бар қызметкері Қыздар тұрып алдында жар-жар айтып Хан қызының табылды ынтызары. Қыздардың айтқан жар-жары
Алһамду сүре құраның Басында тұр, жар-жар! Пайғамбарлар алланың Қасында тұр, жар-жар! Бірі-меруерт, бірі — маржан Тізіліп тұр, жар-жар! Бірі — хан-дүр, бірі — ханша Жар болыпсыз, жар-жар! Бірі — алтын, бірі — күміс Түс болыпсыз, жар-жар! Бірі — күйеу, бірі — жұпар Қош болыпсыз, жар-жар! Бірі — ай-дүр, бірі — күн-дүр, Қайғырмаңыз, жар-жар! Заман ақыр болғанша Айрылмаңыз, жар-жар! Бірі — гауһар, бірі — жақұт Жарасып тұр, жар-жар! Бірі — тоты, бірі — бұлбұл, Сыр ашып тұр, жар-жар! Заман ақыр болғанша Бір жүріңіз, жар-жар! Сіз — ханша, біз — қызметкер Алла болысар, жар-жар! Жалған дүние жарасар Көп малменен, жар-жар! Малды күнге жарасар Сүйген жармен, жар-жар! Малы жоқтың жаны жоқ Төсегі жоқ, жар-жар! Жары жоқтың жаны жоқ Меселі жоқ, жар-жар! Жар-жар айтпақ бұрынғы Үлгіміз бар, жар-жар! Тірлікте бір аз күн Күлкіміз бар, жар-жар! Жар-жар айтты қырық қыз ойнап-күліп
Құлақ салды хан күңі тыста тұрып. Қыздардың бұл ойынын естіген соң Жөнелді ханға тамам хабар біліп. Жар-жар айтып көп қыздар қызымет қылды, Бір күңі патшаның тыңдап білді. Қырық қыздың жар-жарын естіген соң Келді де патша алдында жауап берді. Тақсыр хан, қызыңызға барып келдім, Бір сұмдық бар екен тыңдап білдім. Қырық қыз жар-жар айтып жатыр екен Есіткен жамандықты айта келдім. Бұл жар-жарын есітіп үйге кірдім Тойларын, қылған ісін қарап тұрдым Көп қыздар бір той қылып жатыр екен. Екі жігіт ішінде оны көрдім. Қызыңызбен бір жігіт мойындасып, Отырды тақ үстінде қойындасып. Менің айтқан сөзіме нанбасаңыз Қараңыз, тақсыр ханым, есік ашып. Есітіп хан қылышын қолына алды, Еліне ашуланып хабар салды. Көшеде көп солдаттар жиылып Хан қызының тас үйін қамап алды. Хан тыста ашу қылып ақырады Үйде жатқан қызын шақырады Үйде жүрген дұшпанды өлтірсін деп Билері тыста тұрып ақырады. Солдаттар үй ішіне еніп келді Таппады бейшаралар қашар жолды. Кəріп жаннан түңіліп бейшаралар Алланың əміріне мойын ұсынады. Солдаттар мен екісі ұрыс болды Бермеді көп солдаттар қашар жолды. Бейшаралар есікке ұмтылғанда Аяғына таптады сегіз құлды. Иа, алла деп қылышын қолына алды Алдына кез келгенді қырып салды.
Бейшаралар тас үйден шығып еді Тыстағы көп солдаттар ортаға алды. Өлтірсін деп хан тұрып жарлық қылды Тыстағы солдаттар ортаға алды Бейшаралар атына мініп алып Жүз жиырма кісісін қырып салды. Бозжігіт жолдасымен қашып кетті, Шəрдің көшесімен шауып өтті. Сақтаса құдай тағала шара болмас Баяғы абызына аман жетті. Ұстай алмай хан енді əзіз болды Жүз жиырма кісісі өліп қалды. Аяғының астынан пəле шығып Құдайым бұл пəлені қайдан салды. Хан қызына айтқан сөзі Ойбай қызым бұл не деген сұмдық деді, Əкеңді енді қылдың мұңдық деді. Қайдан азып жүргенге жолдас болып Шəрде кісі жоқ па сондық деді. Ойбай балам, ер таппай сасқаның ба? Жер жүзінде хандардың ұлы жоқ па? Қайдан азып жүргенге жолдас болып Құлдармен шыныменен азғаның ба? Бұл не деген басыма пəле салдың? Мұндай үлкен ұятқа қайдан қалдың? Жұртында сондай хандар ұлы жоқ па? Жолдан азып жүргенге қайдан қалдың? Əкесіне қыздың берген жауабы Құлағым саңырау болғанда Айтсаң сөзің ұқпаймын. Қандай жақсы тапсаңда Ешбіріне шықпаймын, Ақылым бастан кеткен соң Ақылыңды алмаймын. Бұл бір келген жігіттің Еш жолынан қалмаймын. Əкем, басымды алсаң да
Зынданыңа салсаң да Бұл жарымнан кетпеймін. Жүзін көрмей қалсам да. Бізден мақұл қыз тауып Өз еркіңше қыларсың. Жұртыңнан жақсы таңдатып Сүйгеніне берерсің. Бұл жарымнан басқаның Өлсем жүзін көрмеймін. Бұл жігітті көрмесем Дертіме жоқ дəрменім Жүзін көріп өлсем мен Дүниеде жоқ арманым\". Ашуланып хан енді жұртын жиды, Қызына ашуланып іші күйді. Дұшпандар тағы мұнда келмесін деп Əр жерде күзетшіні əзір қойды. Ойбай, жұртым, ханыңыздың даты деймін, Шəрде дұшпанымыз жатыр деймін. Қайдан келіп қызымды азғырыпты? Тек емес бұл бір келген жатың деймін. Ақылдасып, билерім, жол табыңыз! Шəрден бұған жиып қол табыңыз! Кəрілікте басыма келген пəле Кешіктірмей дұшпаннан кек алыңыз. Дұшпанның алып кел кесіп басын, Көзінен ағызыңыз қанды жасын, Дұшпаннан кешіктірмей кек алыңыз Қоймаңыз қасындағы бар жолдасын. Ашуланып хан енді жарлық қылды, Көп əскер дұшпанына бармақ болды. Дұшпанымыз ұшыраса құтылмас деп Шəрге солдат мың əскер толды. Бейшаралар абыздан ақыл алды, Хат беріп жолдасынан хабар салды. Хат ішіне өзінің атын салды Жолдасы кетті, өзі үйде қалды.
Хат алып жан жолдасы жетіп келді Хат ұстап хан алдына келіп еді. Хан бұл хатты ұстап оқыған соң, Дұшпанның жолдасының барын білді. Қол қусырып ханға бұл сəлем берді Хатын беріп есікте қарап тұрды. Хат ішінде ханмын деп жазған екен Хатын оқып хан алып жерге ұрды. — Ойбай, жұртым, бұл жігіт сасқан екен Құл екен, патшамын деп жазған екен Жолдасын басшы қылып, басын алың Өзіне-өзі шұңқыр қазған екен. Бейшараны басшы қылып алып барды Қылыштарын қынына салып барды. Іздеген дұшпанымыз кез болды деп Қалдырмай батырларын алып барды. Үйден қарап ханзада білді дейді Өлтіруге дұшпандар келді дейді Көп əскердің дауысын естіген соң Ер ерттеп арғымағын мінді дейді. Иə, алла деп дұшпанға қарсы жүрді Жан жолдасын дұшпаннан жұлып алды Жолдасын көп əскерден алып еді, Көп əскер бəрі енді ортаға алды. Көп кісі күн батқанша ұрыс болды, Шұңқыр жердің бəрі де қанға толды. Құдай тағала сақтаса пəле болмас, Жықты дейді атынан үш жүз құлды. Бейшаралар өздерін жолға салды, Көп дұшпаннан екеуі аман қалды Алла тағала сақтаса пəле болмас Үш жүз кісі дұшпаннан қырып салды. Барған кісі бұларға қайтып келді Үш жүз кісі өлгенін айтып келді. Құдай тағала бұларға қуат беріп Жықты дейді атынан үш жүз құлды. Қалған əскер əзіз болып қайтып келді
Үш жүз кісі өлгенін айтып келді. Барған кісі дұшпанды ұстаған жоқ Хан бір сұмдықтың болғанын енді білді. Билері хан алдында сөз айтады: \"Ұрыссып бұл дұшпанды біз кайталық Шақырып күйеу, қылып той тойлатып Ол теріске амал қылып біз қайталық\". Билердің бұл сөзіне бəрі көнді, Көшеде сауын айтып, атқа мінді Жігіт, кəрін бұл тойдан қалмаңдар деп Ханшамыздың көңілі енді толды. Ханшаға сүйіншіге біреу барған, Бақытың ашылар деп сүйген жардан. Шақыртып жігітіңді жатырмыз деп Қуантып, сұрағанын қалап алған. \"Атқа мініп хан өзі бармақ болды Тойыңыздың қызығын көрмек болды Жарлық қылып, жұртына сауын айтып Сүйгеніңе ол сізді бермек болды\". Қыз бекер өтірік сөзге иланады Жарына сəлем айтып сөз салады. \"Тойымызға Бозжігіт келсін жылдам, Күйеу қылып, тойлатып, сені шақырады\". Жігіт шақырғанда тойға келді. Жігітке көп арақ беріп мас қылды. Оны өлтіруге ақыл қосқанда жолдасы қызға хабар берді. Көп дұшпанның ішінде Қайырып алар жары жоқ. Сүйемін деп талғанда Айырып алар жары жоқ. Шын жарым деп сіз үшін Басын бұлсыз қияр ол Тірліктің жолында Не қылсаң да даяр ол Сіздің үшін туған бір адам Өлтірсең де құлыңды Кəріп басы кесілсе, Сіздің үшін кесілер.
Кеудеден бас үзілсе, Сіздің үшін үзілер Айтса сөзі бұл еді Бір патшаның ұлы еді Мың-мың əскер аттанса Бəрі оның құлы еді. Дүние мүлкі бар еді, Бір өзіне зар еді. Сондай патша бітілмес Бір өзіңе жар еді. Қай ерлігін айтайын, Қанша айтсам да таусылмас. Жалғызы еді бір ханның Сүйегін жұртың танымас. Мас болғанда кəріптің Əлін ешкім сұрамас Көп ішінде не қылсын Аққа мойын ұсынды Мойын ұсынған жігіттің Өлер күні болыпты. Сізден себеп болмаса Өлер күні жуық-ты Өтірік жардың досы емен Мені тағы қостай бар! Бізді бірге өлтірсін Əкенің сөзін қостай бар. Адал сүйген жар болсаң Үмітіңді үзбей бар. Бұрынғы өткен достай бар! Достың сөзін қостай бар! Шын көңіліңмен жар болсаң, Жарыңды тез іздей бар, Қылыш басын кеспей бар, Жарда көңілің бар болса Үмітіңді үзбей бар. Құрбандығын жықпай бар Дұшпаныңнан ықпай бар,
Жар қайғысын ойлай бар, Іс өткен соң пайда жоқ Найзаларын сұқпай бар. Бүгін еске алмасаң Өткеннен соң тойлай бар. Дерт басқа түскен соң, Қылыш басын кескен соң, Сіз жарға мен не айтайын Кеудеден бас үзілген соң. Қыздың жұртына барғаны Қыз бақыр есіткен соң тұрды дейді Жүгіріп тойға таман жүрді дейді. Өлсем жардың жолында өлейін деп Сəлем беріп той үйге кірді дейді. Есіктен кіріп көпке сəлем берді Көп əскер түрегеліп орын берді. Бозжігіт мас болыпты есін білмей Өтірік той болғанын енді білді. Əкесі отыр екен төмен қарап, Мас жігіттің болмайды əлін сұрап. Екі көзі жігітте көп əскердің Пышақ пенен қолына қанжар алып. Бозжігіт жарым келді деп танымайды, Арақ пенен шарапқа қарны тойды. Есі өткенін бейшара біліп алып Айналып көп əскерге бір қарайды. Қыз бақыр бұл сұмдықты білді дейді Əкесіне зар еңіреп келді дейді. Жар үшін көп алдында тізе бүгіп Бастады атасына сөзді дейді. Жасын төгіп алдында қыз жылайды, Бір жар үшін жалынып зар еңірейді. Жарымның жалғыз жаны қала ма деп, Мұң айтып көп алдында жыр жырлайды. Қыздың жылап айтқаны Сəлем бердік, əкелер, Құтты болсын тойыңыз!
Көп халықты жиыпсыз Құтты болсын ойныңыз! Шын көңілмен той болса, Қой-қозыдан сойыңыз. Дұшпан болса арада. Азат айтып қойыңыз! Əділ патша той қылса Алла үшін деп ой қылса Бай ішінде зарлыны Азат қылса керек-ті. Бүгінгі күн жақсы күн Тұтқын адам бар болса, Құтыларға зар болса, Азат етің жақсылар Бұзық болса ойыңыз, Азат қылып жалғызды Біз пақырды сойыңыз! Бұрынғы өткен дүниеде Кісі сойып, той қылған Есітпедім, көрмедім, Мұндай жаман ой қылған. Өлім керек десеңіз, Адам етін жесеңіз, Бұл зарлыны құтқарып Біз пақырды сойыңыз! Көп ішінде бұл өзі, Аздай болған бір кəріп, Алып жүрген қасында, Жолдасы жоқ бір кəріп. Сырын айтып мұңдасар Жолдасы жоқ бір кəріп. Ел-жұртынан айрылған. Жарты жанды бір кəріп. Алла тағала жазған соң, Кімдер сорлы болмайды, Көп елінен айрылса Кімдер зарлы болмайды,
Мен жылаймын, тілеймін, Əкем менен шешемнен Хан қасында отырған Билер менен ағадан, Айтқан сөзге көнсеңіз, Сұрағаным берсеңіз, Кеңесі жақсы, əкеміз Сөзімді мақұл көрсеңіз. Ақылды туған, хан əкем, Сөзімді мақұл көрсеңіз Мейман болып келгенмін, Қалағаным берер ме Сүйгенді жардан айрылтпас Ұлды атадан айрылтпас. Е, жұртымның жақсылары Сізден сұрап жылаймын. Бұл бір келген жігітті Азат қыл деп тілеймін. Мұны азат қылсаңыз Бар малымды беремін Қолыңызға су құйып Күнде қызымет қылайын! Қыз бақыр жарынан айырылмайды Жарымды азат қыл деп көп жылайды. Хан өзі төмен қарап жерді шұқып Қыздың бұл сөзіне қайрылмайды. Ақылсыз бəрі бірдей саңырау болды Қыз сөзін есітпестей меңіреу болды. Əкесі мен жұртынан қыз түңіліп Көзінен аққан жасқа алды толды. Жылап, еңіреп, жарында екі көзі Үй ішінде айналып бір қарайды \"Қайда кеткен мұның бар жолдасы, Көп дұшпанның ішінде жан жолдасы\". Зар сергелдең бір кəріп Əлін білмес болар ма? Жылап қызы келгенде,
Көзін салмас болар ма? Жұрт ішінде жалғызды Есірік емес болар ма? Көп жасаған аталар Билер менен ағалар Кеңес жақсы сөзінен Айрылмастай болар ма? Ақылсызға сөз айтсаң Көкірегіне қонбас-ты Рақымсызға сөз айтсаң Не айтсаң да болмас-ты. Көзі жоқ хандардың Саңырау болар күні екен. Ақылы жоқ шалдардың, Соқыр болар күні екен. Заман ақыр болғанша Ашылмасын көзіңіз Дұшпаннан жау болғанда Шын болмасын сөзіңіз. Күніңіз мұңды болғанда Қайырсызға кез болыңыз. Зарлы күнге қалсаңыз Саңырау жұртқа кез болыңыз! Малыңызды алған жоқ, Көңіліңіз еш қалған жоқ, Əкемізді өлтіріп Мойнына қылыш салған жоқ. Найза қылыш жанға алып, Балта пышақ қолға алып, Əкемізді өлтірген Дұшпаныңыз бұл емес. Айыбы жоқ адамның Қанын төккен бұл емес, Қыз бейшара жұртынан түңіліпті Жарына жақынырақ үңіліпті. Атасы мен жұртынан дəрмен таппай Көзінен қанды жасы төгіліпті.
Қыздың жігітке берген жауабы Ойбай, жігіт, қуанба бұл ойынға Шайтан кірген қойынға. Ақылыңды жимасаң Қылыш жетер мойынға, Ойбай, жігіт, мас жігіт Ақылыңды жый жігіт. Жан шығуға жетіпті Көп ішінде аз жігіт. Бозжігітім, көзіңді аш Əуелден қосқан жар келді, Шыңғырып тұрып, ішің аш! Қылыш шаппай басыңды Зарланып жарың келгенде Жылап келген жарыңның Жұрты тілін алмайды Қатты екен əкекем Қызына көзін салмайды. Жан жолдасы есікте жылап отыр Құдайдан амал қыл деп тілеп отыр. Хан қызынан еш пайда болмайды-ау деп Қыздың сөзін есіктен тыңдап отыр. Бейшара білді енді болмағанын, Əкесі қыздың сөзін алмағанын, Досымның жүзін енді көрейін деп Үйге кірді құрбан қып шыбын жанын. Қасына досының жақын келді, Қыздан дəрмен болмасын енді білді. Өлсем бірге сол жерде өлейін деп, Шыбын жанын досы үшін құрбан қылды. Мас болып досына ол қарамайды, Ешқайсысы мұның қалін сұрамайды. Досымның құлағына жыр жырлайын Тек отырып шығуым жарамайды. Бозжігітке досының жырлап айтқаны Толқын-толқын су кешіп, Бір жүргенге ұқсайсың
Қай жерліксің, ей, жігіт Бір көргенге ұқсайсың Мен елімнен алыспын, Əке, шеше көрмеспін, Сен үйіңде хан едің, Əрбір іске дəн едің, Өзіңдей болған кəріпке Туған сен дара едің. Билеп едің жұртыңды, Шықпас жерге түсіпсің. Құс құтқармас қаршыға, Жаман жолға кетіпсің. Тілеп болмас дұшпаннан Бір қорлыққа түсіпсің. Маңдайыңнан тер ағып Қайғылы күйге түсіпсің Терең жарға барыпсың, Жанған отқа түсіпсің Егіз туған бала едің, Бір күндерде зор едің, Хош, аман бол, жан досым Енді қайда көрермін? Бұрынғыдай бірігіп Енді қайда тұрармын? Қиямет күн болғанда Көрсем сонда көрермін. Қасында жан жолдасы жыр жырлады, Төрде отырған хан қызы зар еңіреді. Жан жолдасы бұл жырды естіген соң Көзін ашып досына бір қарады. Көзін ашып бұл жігіт досын көрді Қашуға қыз бен жігіт мақұл көрді Дұшпанның қайла қыларын білгеннен соң Мас болған жігітке ақыл кірді. Иа, алла деп атына мініп алды Үйдегі көп дұшпаңдар білмей қалды. Досымен екеуі атқа мініп
Найза мен қылыштарын қолына алды. Хан қызы: \"Аман-есен барың\", — деді, \"Он күнде əзір болсын жарың\", — деді. Бұлардың қашқанын білгеннен соң \"Тез барып оның басын алың\", — деді. Көп əскер бір біріне тығылады, Біздерден қашса ол не қылады? Үзеңгінің оң жағын қыйған екен Мінемін деп атынан жығылады. Бозжігіт жолдасымен кетіп қалды Артынан көп əскер қумақ болды. Сансыз əскер атына мініп алып Артынан жете алмай тұрып қалды. Бір жадияр келді, хабар алды, Көп əскер жиып тұрған, алып барды. Мың кісі қасына жолдас қылып Келген, көрген адам таң қалды. Хан алдына келді де сəлем берді Хан келгенін жақсы көріп қабыл алды. Керек күнімізде болдың күйеуім деп Өзінің жанынан оған орын берді. Хан тұрып: \"Балам енді отыр\", — деді \"Қызымды уəде қылдым былтыр\", — деді. \"Арамызға бір дұшпан кірген екен Басын кесіп сен маған келтір\", — деді. \"Тақсыр хан, ұлықсат берсең мен барайын, Көп əскер өзімменен бірге алайын. Əкелем алдыңызға жаудың басын Мен кімнен тайсақтайын, кем қалайын\". Атына ұлықсат алып мінді дейді, Көп əскердің қырылғанын көрді дейді. Əскерден бес жүз кісі қайтқан екен, Алдында ашу қылып тұрды дейді. Көп əскер біз ұрысқа бардық дейді Мың кісі, ортамызға алдық дейді. Жартымызды Бозжігіт қырып салды Қорғалап, қорқып біздер қалдық дейді.
Хан баласының жауабы \"Хан қызын былтыр бізге уəде қылған Екі хан бір-біріне құда болған. Мұнша елін қырдырып ханның өзі Бізді əуелде шақырмай қате қылған. Көріңіз, сізге қызық көрсетейін Оқпенен басын оның үзе атайын Екінің бірдей басын кесіп алып Ханшамызға апарып көрсетейін\". Көп əскер бірге енді жүрді дейді Қарасын бейшараның көрді дейді. Бозжігіт тасқа бір оқ атқан екен Тасқа оқ кезінен батты дейді. Бұл да енді бір оқты атты дейді Тасқа оғы ортасынан батты дейді Өз күшінен кем екенін білгеннен соң Жұртына жарлық айтып қайтты дейді. Бізден қашты, енді ол келмес дейді Бұл шəрге енді ол енбес дейді. Ханшаңыз біздіңменен қосылған соң Келсе де ит құрлы көрмес дейді. Ханышаң жақсы көрсе көрген шығар Дуа оқып басын оның бұрған шығар. Ханша бізді көрсе құрбан болар Бізді келмес деп жүрген шығар. Көп əскер көрісіп қашты дейді, Өлтірдік деп ханшаға айтты дейді. Қыз бақыр тірліктен үміт үзбей Сүйтсе де күннен-күнге жүзі солды. Жігіттердің сөзі Бейшаралар жаралы болған екен Жан жолдасы қасынан қалған екен Көзін ашып қараса тауға келді Биік тау алдында болған екен. Көзін ашып қараса тауға келді Есі ауып қалғанын енді білді Биік таудың қасына келіп еді
Таудан асып түсуге көңіл қылды. Оң жақ қолы қарысып қалған екен Дұшпандар көп жараны салған екен. Қасында қарап тұрса жолдасы жоқ Бейшара бір жерде өліп қалған екен. Жан жолдасы бейшара өлген екен Көп дұшпанның ішінде қалған екен Тірі болса қасымда жүрмес пе еді? Көкірегіне көп қайғы салған екен. Əр жерде жарасы бар, қан ағады, Бұл жерде өлсем мені кім бағады. Көп жерден өлімді ойына алып Екі көзден қанды жасы енді ағады. Бір жерге атын байлап түсті дейді Əзіз жаннан үмітін үзді дейді Жалғандықта жанымда жолдасым жоқ Бастады досын жоқтап сөзін дейді. Бозжігіттің досын жоқтап жылағаны Тозаң басты көңілімді Көп əскер басты жолымды Қайғы басты көңілімді Ашылар күн болар ма? Кəріптікке түскенде Досым маған келер ме? Есіме алып жоқтасам Менің қалім білер ме? Жалғыздыққа қосқанда Бір көрер күн болар ма? Артымдағы дұшпаннан Құтылар күн болар ма? Бұл қайғылы күндерім Ұмытылар күн болар ма? Қарсы қарап дұшпанға Жүрсем жолым болар ма? Айрылыпсың жан досым Көрер күнім болар ма? Іздейін десем дəрмен жоқ
Сені қайдан табармын? Бірге өлсем арман жоқ Сені қайдан табармын? Досын жоқтап, зар қылып, еңірейді Көрмеймін досымды деп көп жылайды Биік таудың басында бір қарлығаш Баласына жем беріп асырайды. Қарлығаш қарлығашқа жем береді Қарындас қарындасқа дем береді Жалғыздыққа түсті кəріп басым Менің бүйтіп жүргенім кім біледі? Жылағанымды білмейді əкем менің Зарлығымды білмейді шешем менің. Кəріптікке түсті ғой кəріп басым Сұрарға ешкім жоқ менің. Күндер бізге бар екен бүйтіп жүрер Зарлансам да ешкім жоқ қалім сұрар Жалғызыңды асыраған əке шешем Болар ма тағы сізді бір күн көрер. Ағаштың басын кессе, түбі қалар, Екеуінің бірі өлсе бірі қалар, Жалғызыңның өзі өлсе несі қалар Мінген аты, киген тон жатқа қалар. Барайын десем болыпты жолым тұйық Айтайын десем жат елде сөзім сынық. Не қылса да ырыс бар, шарамыз жоқ Болмыс-ты пайда кəріптен көңілі сынық. Туған жер, əке-шеше ойға түсті, Жоқ болды қасындағы жан жолдасы. \"Жүрмес жерге ұшырады кəріп басым, Ағады қан аралас көзден жасым\". Бұл дүниенің ішінде өлмей қалған Болар ма ойлағанның бəрін алған? Біреуінің басында қайғысы бар Оның үшін бұл жырды тауып алған. Жаздым мен мұңлы көңілім ашылсын деп Əр жерде бұл бір сөзім шашылсын деп
Дүниеде түрлі-түрлі адам болар Қайғылы адам көңілі басылсын деп. Бозжігіттің құдайға налыс қылғаны Ұлылардың ұлысы, құдайым сен, Келіп тұрмын алдыңда, кедейің мен Өзің жəрдем қылмасаң біз құлыңа Жалғыздыққа түсіппін нетейін мен. Ойлаймын жаным мыңда қалар ма деп, Мұңды басым бұл жерде қалар ма деп. Кім өлмей қалар мұнда жаралған соң Қорқамын мен кебінсіз қалам ба деп. Құдай-ау, жарлығыңнан қаларым жоқ, Жарды іздеп ешқайда барарым жоқ, Көңіліме сол бір жері мұң болады Кебін тауып көр ішіне саларым жоқ. Он сегіз мың əлемді жаратыпсың Тау ішінде құрттарға жем беріпсің Тілермін жарлы құлың сұлтаным деп Жердегі адамдарға дем беріпсің. Сенен басқа ешкімге тілерім жоқ Əлімнің боларын білерім жоқ. Амалым жоқ ұшыраса өлім енді Сенен басқа ешкімнен тілерім жоқ. Əуелде біз құлыңды патша қылдың Құлыңның датын өзің білдің Не қылсаң да біз бенде шарамыз жоқ Азап қылсаң, құлыңа ашуландың. Бейшара еңіреп құдайға налыс қылды, Жаратқаннан басықты енді білді Бейшара налыс айтып отыр еді Қара тышқан алдынан қарсы келді. Тышқанды бұл бейшара ұстай алды Өзіңдей əр жеріне жара салды. Бұрынғыдан есіткен сөз бар екен \"Дертіне бұл тышқанды дəрі қылды\". Тышқанды жіпке байлап қоя берді Тышқан іздеп əр жерден шөпті жеді.
Əр жерден тышқан шөпті іздей, іздей Ақыры шипа болар шөпті көрді. Бұл тышқан сол бір шөпті жеп алады Шөпті жеп сол жерде үгіп салды. Шөптен сол жерде үгіп салып, Жарасы сау кісідей бола қалды. Тышқанның жеген шөбін тауып алды Біраз жеп, жараға үгіп салды Жарасының үстіне салып еді Жарасы сау кісідей бола қалды. Құдай тағала берекет беріп, дертін жазды Атына мініп жолға таман басты Бір күні қатты шауып жүрді дейді Шəрінің шетіне енді араласты. Қалған досының сөзі Бейшара мұның досы қалған екен Бұған да көп жараны салған екен. Көп əскердің ішінен досын таппай Баяғы өз ізіне барған екен. Жеті күн досын таппай іздеп жүрді Қызға жарын табалмай хабар берді. Хан қызымен екеуі ақылдасып Енді келсе қашуға мақұл көрді. Қыз сонда əпкел дейді оны тауып, Бір жер болмайтұғын өте қауіп, Бұл шəрдің ішінде бір кемпір бар Таба алсаң жасырарсың соған барып. Жолдасы патшаны іздей жүрді Көп көрінсе атының басын бұрды Бір төбенің басына келіп еді Жан жолдасы келеді, оны көрді. Атына мініп, досына қарсы жүрді Бір-біріне қолдасып қолын берді Бірін бірі көрісіп көңілі толды Атқа мініп, екеуі шəрге барды. Бірін-бірі көрісіп көңілі толды Шəрге кірейік деп атқа мінді
Жан досы қыз үйіне жаяу келіп Аман жарың келді деп хабар берді. Шүйіншіге тіледі, ал, кел, деді Қолыңа алтын жүзік сал, кел, деді. Кемпірге бес мың алтын ділдə бермек болды Жарымды барып маған алып кел деді. Кемпірге бес мың алтын ділдə бермек болды, Жарын еріп барып көрмек болды Енді мында келмесін дұшпан білер Түзетер енді кемпір біздің жолды. Шəрден біреу мұны көрді дейді, Баяғы қыздың жары келді дейді. Бейшаралар кемпірге келген екен Көргендер ханға айтам деп келді дейді. Сол жансыз хан алдына келді дейді Бір жұмысқа келгенін білді дейді. \"Баяғы дұшпаныңыз екі жігіт О кемпірдің үйіне келді\", — дейді. Билері хан алдына келді дейді Екі жігіт келгенін білді дейді Бұл дұшпаннан біз қайтып құтылалық Жұртын жиып, енді кеңес қылды дейді. Баяғы Зитун батыр бірге келді Күйеу болып шықпайды ханнан дейді Хан қызын аламын деп қуанады Сəлем беріп енді үйге кірді дейді. \"Тақсыр хан ұлықсат берсең мен барайын Амал қылып мен оны өлтірейін. Ол кемпірдің үйінен тірі ұстасам, Алдыңа, сүйреп мында келтірейін\". \"Ойбай, балам, оны өлтірсең, қыз сенікі Боламын дұшпан кетсе досың сенікі\" Ханнан ұлықсат алған соң жүрет дейді Кемпірдің үйіне келед дейді. Ханнан ұлықсат алған соң жүрді дейді Кемпірдің бұл үйіне келді дейді Бір қоржынға толтырып, алтын беріп
Кемпірді ақыры алдап, ұрды дейді. \"Ойбай, кемпір, саған алтын мол берейін Өлгенше қызыметке құл берейін Аналарды у беріп өлтір кемпір Өмірің өтпей тұрып жол берейін. Таң ертең тұрып кемпір ас қыларсың Ас ішіне у салып алдырарсың Хан саған мұны өлтірсең шен береді Бір қауым қатындарға бас боларсың\". Ақыры жолдан кемпір азды дейді, Бұларға енді шұңқыр қазды дейді, Базардан у сатып алып келіп Таң ертең асты кемпір қылды дейді. Бейшара бұл дəріден ішіп салды Жолдасы білмес мұны, тыста қалды. Жолдасы жоқ, дəрінің бəрін бердім Өлтірсін деп патшаға хабар салды. Баяғы Зитун өзі келді дейді, Кəріптен енді кегін алды дейді, Таңертең қан базарда өлтірем деп Зынданға темірлеген салды дейді. Солдаттар патшаға хабар салды Дұшпаннан ханның енді көңілі толды Қызымды мен Зитунға беремін деп Жұртына той қылың деп хабар салды. Хан қызын аламын деп қуанады, Бұл қызды менен басқа кім алады Бозжігітті зынданға салғаннан соң Көңіл сүйер ханша деп ой қылады. Хан ертең жарлық қылды келтірің деп Базарға алып келіп өлтірің деп Дұшпанымның өлгенін жұртым білсін, Дұшпан өліп қалғанда көңілі тынсын деп. Солдаттар Бозжігітті алып барды, Базарға ел жиылды, оңнан солдан Бейшара мас болып ақылы жоқ Ажал енді мұнда душар болды.
Жолдасы хан қызына қайтып келді Бір сұмдықтың болғанын енді білді Кемпірдің ашуланып жанын алды Қылыш алып кемпірдің басын кесті. Кемпірдің ашуланып жанын алды Кемпірден қылыш тұтып қанын алды, Досымның құнын сенен алайын деп Басын алып, кескілеп итке салды. Бейшара досын жоқтап, зар еңірейді Кез келіп көрінгеннен бір сұрайды Əр жерден сұрай-сұрай келіп еді Базарда көп ел жиылып шуылдайды. Бір жерде толы халық қарасып тұр Əр жерден асушыны сұрасып тұр Бозжігіт бір уəзірдің қолында тұр Асушы кесушімен тілесіп тұр. Біреуі асамын деп жіп алып тұр, Біреуі алмас қылыш қолға алып тұр, Уəзір менен билердің тұрды бəрі Өнер қылайық деп жарлықшы сайланып тұр. Досына жақын келіп қадам басты, Не қыларын білмеді қатты састы. Жылап, еңіреп, қасында тұрып еді Бір заманда бейшара көзін ашты. Аяғына кісенді байладылар Өлтіруге орынын сайладылар Төңірегіне қараса бəрі дұшпан, Кəріп жан шығуға қинадылар. Оң жағында жан досы жылап отыр, Жан-жағында жұрт бəрі шулап отыр, Ажал жетсе ешкімде дəрмен болмас, Иман айтып өлерін ойлап отыр. Бейшара шын өлерін енді білді Досына бері кел деп бір ым қылды. Досына құрбан енді жан жолдасы Қасына жақынырақ енді келді. Аузын ашып досына сəлем айтты
Тірлік те, енді досым, бізден қайтты. Ажал, жаннан бейшара түңілген соң Елі менен жұртына сəлем айтты. Бозжігіттің досына жырлағаны Ойбай, жан досым жақынырақ кел, Арызым саған айтайын, Сенен басқа досым жоқ, Сырым кімге айтайын. Қаршыға құстың қанаты Қайрылысар күн болады. Амандасып досымен Айрылысар күн болады. Бір күн қалмас досынан Қайрылысар күн болады Е, жан досым, жақын кел! Ажал бізге жетіпті Көп дұшпанның ішінде Дəрмен бізден кетіпті. Бүгіннен соң, жан досым, Енді сізді көрмек жоқ, Бұрынғыдай бірігіп Енді бірге тұрмақ жоқ. Бұл жерден сіз қайтыңыз Жұртқа сəлем айтыңыз! Жалғызыңның сөзі деп Бізден сəлем айтыңыз! Қаршыға құстай қондырған, Қасымда сүйеп отырған, Дидарыма тоймаған, Жалғызым деп ойлаған, Мұңды қалған əкеме, Зарлы болған шешеме, Сəлем айта көріңіз! Бала шешеден тумақ бар, Бұйрық болса тұрмақ бар. Ажал жетпесе адамға Артық өмір сүрмек бар.
Қанатынан қайрылған, Жалғызынан айрылған, Қайғысы көп шешеме Хабар қыл деп айта көр. Кімді балам дер ол? Кімді мендей сүйер ол? Біз есіне түскенде Жалған отқа күйер ол. Күйгеніне кез болсаң Хабар қыл деп айта көр! Басымдағы бөрігімді Мұңды қалған əкеме, Қолымдағы жүзікті Зарлы болған шешеме, Өз қолыңнан бергейсің. Басымдағы бөрікті Кисе де ол ұмытпас Жалғыз ұлым келер деп Ол біздерді күтпесін! Қолымдағы жүзікті Өз қолына салғайсың. Сəлем айтты деп жалғызың Шешеме сен бергейсің. Жалғызым деп жыласа Көңілін аулай жүргейсің. Біз екеуміз бір едік. Еш айрылмастай жар едік, Бір күн көрмесек көрейік деп зар едік. Алладан пəрмен жетті, Досыңнан қал кетті. Бұл дүниеде көрмесек Ақиретте көрерміз. Біздің үшін жан досым, Көп ренжіп не көрдің сен? Жан досыңнан айрылып, Еліңе сен барарсың, Əке, шешені көрерсің.
Бізден хабар сұраса, Арзың айтып жыларсың. Барсаң, сені көргейлер, Қасыңа келіп тұрғайлар, Бізден хабар сұраса, Көзі көрген жолдастар, Бірге жүрген мұңдастар, Бізді есіне алғандар, Бізден мақұрым қалғандар. Бізді көрмей қалғандар, Бізден хабар сұраса, Сəлемімді айтарсыз. Бізден ренжіп қалғандар, Бізден көңілі қалғандар, Көп ішінде бар болсаң, Разы болсын деп айтсаң. Жалғыз да өтер дүниеден, Жаман да өтер дүниеден, Қонақ болған дүниеге Кім өлмейді дүниеден? Сен де өтерсің дүниеден. Досының жауабы Айрыларың білгенмін Қорқа-қорқа жүргенмін, Алла əміріне дəрмен жоқ Мойынсынып тұрғанмын. Шеше сүтін ембеген Жаннан ақыр болғанша Айрылмайық десіскен Жаннан тəтті жан досым, Жаным құрбан қылсам да, Осы көптің алдында, Сіздің үшін өлсем де Көп дұшпанның ішінен Құтылмастай күн болды. Басқа түскен ісіміз Ұмытылмастай күн болды.
Жаннан тəтті жан досым, Көп күн бірге жүрмедім. Бүгіннен соң ақыры Енді сізді көрмедім. Сен өлсең мен қайтармын, Арызым қайтып айтармын Əкең шықса алдымнан Не деп жауап айтармын? Шешең шықса алдымнан Не деп жауап айтармын? Алдымда тұрып зарланса Не деп жауап айтармын? Əке менен шешеден Мал менен баладан Кімді айырмас бұл өлім?. Ойбай, бейшара досым, Медет тіле алладан Саған да келер бұл өлім. Бозжігіттің өлген жері Бейшаралар мұңдасып көп тұрыпты Арызын айтып екеуі мұңдасыпты. Қан базарда жиылған көп жамағат Бұлардың сөзін естіп жыласыпты. Бір заманда уəзірі келді дейді, Бейшаралар өлерін білді дейді. Солдаттар алдына əзір тұрып, Қылышпен шабайын деп жарлық қылды. Өлтіруге мұны байладылар, Қылышын өткір қылып қайрадылар, Солдаттар қылышымен шауып еді Өтпеді, қылыш жанды қинадылар. Уəзірі өткір қылыш келтір деді, Кешіктірмей мұны тез өлтір деді. Бетіндегі пердесін ашып шапшаң Патшаның көңлін шапшаң тындыр деді. Бетінде қыл пердесін жұлып алды Жалаңаш мойнына қылыш салды
Бетінде алтын айдар түймесі бар Көрген адам бұларға аң-таң қалды. Көп кісі ортаға алып сөйлеп едік, Тек кісі емес-ау деп ойлап едік. Қайтейік, залым патша тіл алмады Өлтірмей бейшараны қой деп едік. Ол жерде Зитун батыр ақырады Əр біріне өлтір деп шақырады. Хан жарлығын бұзуға əлің бар ма? Солдаттарға шабың деп ақырады. Солдаттар басын үзе шаба алмады Ылажын өлтіруге таба алмады. Өлтірем деп қинапты əзіз жанды Қатыгез сол патшаның адамдары. Бозжігіттің жауабы Уа, əскер, болмайды сіз ойлаған іс, Қылыш етім кесер деп ойламаңыз. Табанымның астында алмас қылыш Алып, шабыңдар, жанымды қинамаңыз. Кеудемнен басымды ешкім үзбес деймін, Өз қылышым болмаса кеспес деймін. Жанымды алсаңыз да, қинамай ал, Тағдыр қылса, тəңірім бұзбас деймін. Бейшараның етігін шешіп алды дейді, Кеудеден шауып басын үзді дейді. Алты бүктеп салған алмас қылыш Бір шапқанда мойнын үзді дейді. Əзіз жандар, кім көріпті мұндай істі, Ақ жүзі жарқырап жерге түсті. Қасында жан жолдасы жылап отыр Досымнан айрылдым деп үміт үзді. Зитун батыр: \"Ол оңбасын\", — дейді. \"Дарға байлап жоғары асың\", — дейді. \"Жұрт ішінде өлгені мəлім болсын Хан, ханшаның көңілін бассын\", — дейді. Кəріп басын дарға асты дейді Жұрт бəрі жылап онан қашты дейді
Ханға жұрт өлтірдік деп айтып келді Құтылдық деп хан көңілі тасты дейді. Бозжігіт — қас дұшпаным өлді дейді, Той қыл, деп хан жарлығын берді дейді. Қыз пақыр осы істен ес-ақылсыз Құшақтап жылай берді жерді дейді. Бейшара ол шəрде өліп қалды, Досы оның қиынын көріп қалды, Дарға басын асқанын көргеннен соң Жылай, жылай бейшара талып қалды. Айхай, дүние, ол дүние Кімге опа қылдың сен? Ескендірдей патшаны Өз қолыңа алдың сен! Неше, неше шəрдерді Еңіретіп алдың сен Пақыры атам Мұхамбет Оны тағы алдың сен. Алып, алып тойым жоқ Еште бірін қойың жоқ Қасымда жүрген жан досым Бүгін тағы алдың сен Ажал жетсе өлгеймін! Қарашаш сұлудың сөзі Қыз сақтайды жолдасы келе ме деп Келіп бізден бір хабар ала ма деп. Қыз үйіне жолдасы келмеген соң Қыз қорықты бір сұмдық бола ма деп. Кемпірге ханның қызы келді дейді Кемпір өліп жатыр, көрді дейді. Үйіне жылай, еңірей қайтып келді Бір сұмдықтың болғанын білді дейді. Бəрін де қырық қыздың қасына алды, Шəрден жарын іздей жүрмек болды. Түн ішінде бір жерден дауыс естіп Бəрі келіп əйнектен құлақ салды. Бір жерге келсе көп жұрт той тойлайды,
Осында болар ма деп қыз ойлайды. Əр əйнектің түбінде жыр жырлайды, Жарын жоқтап бейшара зар еңірейді. Қарашаш сұлудың əйнектен жырлағаны Түйе келіп боздайды Ботасы оның жоқ шығар? Бота көзді Бозжігіт Бұл үйде жоқ шығар? Сиыр келіп мөңірейді, Бұзауым деп жылайды. Бейшараның бұзауы Бұл үйде жоқ шығар? Қойлар келіп маңырайды Қозы үшін еңірейді Бейшараның қозысы Бұл үйде жоқ шығар? Жылқы келіп кісінейді Құлыным деп іздейді Бейшараның құлыны Бұл үйде жоқ па екен? Бұлбұл құстар сайрайды Қызыл гүлің жоқ па екен? Қызыл жүзді Бозжігіт Бұл үйде жоқ па екен? Əйнектен бейшара қыз жыр жырлайды, Үй ішінде жамағат жыр тыңдайды. Еш адам хан қызы деп ойламайды Бейшара əркімге бір еңірейді. Көп ішінде бір адам білді дейді Бейшара хан қызы екенін көрді дейді Бейшара жарын жоқтап жүрген екен Əйнектен жырлап жауап берді дейді. Түйелер келіп боздаса, Ботасы оның жоқ шығар. Бота көзді Бозжігіт, Бұл үйде жоқ шығар. Жылқы келіп кісінесе
Құлыны оның жоқ шығар. Құлын көзді Бозжігіт Бұл үйде жоқ шығар? Сиыр келіп мөңіресе, Бұзауы оның жоқ шығар. Бұзау көзді Бозжігіт Бұл үйде жоқ шығар. Қойлар келіп маңыраса, Қозысы оның жоқ шығар. Қозы көзді Бозжігіт Бұл үйде жоқ шығар. Бұлбұл құстар сайраса, Қызыл гүлі жоқ шығар Қызыл жүзді Бозжігіт Бұл үйде жоқ шығар. Бозжігіттің тұлғасы Жараланғанға ұқсайды. Дүниенің дəулеті Тұл қалғанға ұқсайды. Жарыңнан хабар сұрасаң Қайтпас жерге кеткен ол. Естіп бұл сөзді қыз жылап келді, Əкесінен қыз басын сұрап келді. Əкем менің аң аулай барған екен Сауға бер, əке деп еңіреп келді. Ойбай, əке есіттім, Аң аулай кетіпсің. Өлтіруге батыпсың Қалың шеңгел ішінен Бала сұңқар атыпсың. Жақсы көрген қызыңа Бір сауғаны қимай ма? Тұзақ құра жатыпсың, Бала киік атыпсың, Атып алған аңынан Бізге сауға бермей ме? Жақсы көрген қызына
Бір сауғаны қимай ма? Атқа мініп шығыпсың, Дұшпаныңды жығыпсың, Дүние енді кең қалды, Өлмес хабар ұғыпсың Бір күн, əке, жыларсың, Көппен дұшпан боларсың Іс өткен соң пайда жоқ Əкем дертті боларсың Ойлағаның білдім мен Сенің түрлі ойың бар Біреуге бізді ұзатар, Жұрт ішінде тойың бар. Темір алтын болмас-ты. Еркім бар деп іс қылма Қызың тілің алмас-ты. Күйеу қылған Зитуннің Сыртын алтын қылсаң да, Ішін күміс қылсаң да Өз жарымдай болмас ол. Алтынға жүнін боясаң, Қарға сұңқар болар ма? Қанатына қан жақсаң Сұңқар қарға болар ма? Жақсы көрген кісіңді, Қорға қосып келтірсең, Тамам жұртқа білдірсең, Өз жарымдай болар ма? Күйеу сүйіп, той қылдың Қызың тіліңді алар ма? Бозжігіттің сүйегін Мың Зитунға бермеспін. Өз жарымның моласын Алтынды үйге бермеспін. Сондай жарды тапсаң да Іштей қабыл көрмеспін. Ақылы жоқ əкемнің
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406