Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Василий Радлов "Алтын сандық"

Василий Радлов "Алтын сандық"

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-11-23 18:06:39

Description: Василий Радлов "Алтын сандық"

Search

Read the Text Version

Қылған ісін қайтейін? Өлген жарым көрмесем Тірі жүріп қайтейін. Ханның қызына берген жауабы Жылама, қызым, жылама! Ел ішінде жақсы көп, Елден елге жүрейін, Сені таңдап берейін. Тілім, балам, қайырма! Сүйгеніңше қылармын. Алтынды отау тіктіріп, Қызыметшілер қоярмын. Басымдағы тəжімді Астымдағы тағымды Қызым, саған берермін Арғымаққа мінгізіп Мың құл, балам, берермін. Мың түйеге жүк артып Мың күң, балам, берермін. Дүние жүзі кең, балам, Тауып алып бір жақсы, Сүйгеніңе берермін. Мал жақсысын аларсың, Сүйгеніңе жетерсің, Бұзба, балам, ойыңды Күн түзерсің бойыңды. Хандардан хат келеді, Бəрі сені сүйеді, Тоты құстай жігіттер, Бəрі сені тілейді. Сені алсам деп жылайды. Шақырып алып, тұрғызып, Жүзін, балам, көргізіп, Көп қайғырма, жан балам Сүйгеніңе берермін. Қарашаш сұлудың сөзі Балаң көңілі қалған-ды

Арбасаң да болмас ол. Нұр жігітті келтірсең Оны да қабыл көрмес-ті. Сүйектерім сынған соң Сыласаң да болмас ол. Жүрегім жанып күл болды. Су құйсаң да сөнбес ол. Басым жерге тиген соң Көтерсең де болмас ол. Қарақаттай көздерің, Қызыл гүлдей жүздерің, Балдан тəтті сөздерің, Бір көруге зар болдым. Айтпасам сөзім тимес-ті Қайғың естен кетпес-ті. Алыс жолға кетіпсің Шақырсам да келмессің. Өзің жолға кетіпсің, Зар қылсам да білмессің. Сізден дүние өтіпті Мен де артыңнан өтермін. Сен алдымда болмасаң Бұл дүниені не етермін? Күнде жылап жүргенше, Қайғың кетпес өлгенше, Бұл қайғыны көргенше, Бірге болсам керек-ті. Бейшара қыз дүниеден көңілі қалды Торқаға қанды басын орап салды. Үйінен алтын, күміс қолына алып Жарына там тұрғызуды ойына алды. Қасына жүз жиырма құлын алды, Алтын менен күмістен мола салды, Барғанын хан қызының білгеннен соң Жұртына жиылың деп хабар салды. Көңіл құстай ұшқан соң, Қайтып қолға қонбас ол.

Сүйген жарым кеткен соң, Неғылсаң да болмас ол. Ішім мұзға толған соң, Жүрегім тас болған соң, Іштеңені білмес ол. Арғымаққа мінгізген, Мың құлыңды нетейін? Құл қызыметі күн өткен соң, Күңге қызмет қылдырмай Өзім ісімді қылармын. Алтынды отау қылғанша Жерден мола қылармын. Басыңдағы тəжіңді, Астыңдағы тағыңды, Қолыма ұстап нетейін? Таққа отырар кісім жоқ. Мал жақсысын нетейін? Малды алар кісім жоқ. Елден елді аралап Тапқан жақсыны нетейін? Өз тапқаным кеткен соң, Өзге жарды нетейін. Бізден соңғы қызыңды Қысыр қалған биедей Елден елді аралап Елден жақсы көрінсе Оған оны берерсің. Бейшара қыз жылай, еңірей сөзі бітті Əкесінің қасынан зарлап кетті. Өлсем жарым жолында өлейін деп Бір заманда шəрге жақын жетті. Бір заманда дарға асқан көрді басты Көргенде есі ауып құлап түсті. Есін жиып, қанды басын қолға алып Қан аралас ағызды көзден жасты. Қайран басың, хан басың! Кесілгенге ұқсайды.

Басы жоқ, кеудеден Үзілгенге ұқсайды. Кеудең қанға былғанып, Аяқ қолың шылғанып, Кебінің жоқ, көрің жоқ, Жерде жатар ер ме едің? Қанға басың былғанып, Бүйтіп жатар ер ме едің? Құмға былғап басыңды, Көзден аққан жасыңды, Жерге ағызар ер ме едің? Кəуһар басың, хан басың, Алтын жүзің былғанып, Дарға асылар ер ме едің? Жұртыңда сен хан едің, Əрбір іске дəн едің, Дұшпандардың қолында, Мұндай болар ер ме едің? Жұртына, қыз қасына барың деді Нағып жүр қызым менің білің деді. Қызымның бір күндері көңілі сүйер Қызымның қыл дегенін бəрің деді. Көп əскер қыз қасына келді дейді Болғанын там тұрғызып көрді дейді. Қыз бұлардың келгенін жақтырмады Əскердің бəрі қайтып жүрді дейді. Қызыңыз там тұрғызып болған екен Шəрден зергер жиып алған екен. Бұл жерде, ондай əсем үй табылмас Алтын менен күмістен салған екен. Хан қызын көруге енді ұялады Шешесі жалғызым деп зарланады. Қасына бір екі адам қошшыға алып Шыдай алмас шешесі бір барады. Қызына жақын келіп, белін буды Ойбай, балам, бұл күн саған қайдан туды? Құдай қосқан жарыңнан зар еңіретіп

Ақылы жоқ əкеңе не қан жауды? Ақылы жоқ əкеңе айтсам тіл алмады Дұшпандардың сөзінен шыға алмады. Қызыңды жылатпа деп айтып едім Қанша айтсам да тілімді құп алмады. Ұялғаннан қасыңа келе алмадым, Əкеңнің еш ақылын біле алмадым. Обалың əкеңе деп зар еңірейді Бізді үйде, сені мұнда ойламады. Обалың əкеңе деп зар еңірейді, Бізді үйде, сені мұнда ойламады. Қыздың қасында жасын төгіп Көкірегінде ойлаған арызын айтты. Қызына жылап ханым мұңын айтты Қылыпты атаң саған құрбан айтты. Баласы шешесіне қарамайды Ұялып сорлы шеше үйге қайтты. Қыз енді там тұрғызып болды дейді Ішінен бекіткендей қылды дейді Қасында қырық қызымен амандасып Дала, жер көз жасына толды дейді. Қарашаш сұлудың қыздарға жылағаны Жар-жар айтқан жар-жарым, Аман болың, қош болың! Бізге өтер күн болды Сырдан кетер күн болды Аман енді, қош болың Бізге өтер күн болды. Жар үшін өлер күн болды Сізге қалар күн болды Бізге ренжіп алғандар Бізден көңілі қалғандар, Ойыңызға алмаңыз, Риза болың, достарым! Бұрынғыдай боларсыз, Ойнап күліп жүрерсіз, Аман болың, достарым!

Торғайға жем табылар, Аруға ем табылар, Басыңыз жас, достарым, Сізге де тең табылар. Бізден дүние өтеді Тірлік енді болмас-ты, Бұл жалғанның ішінде Ешкім өлмей қалмас-ты. Менің үшін жыламан Мендей бір қыз табылар. Тіріге жар табылар, Менің жарым өтіпті, Бұл жалғаннан кетіпті. Кел десем де келмес ол. Шын жарымнан қалған жоқ, Жалған жарға барғам жок, Бұл дүниеде қалғам жоқ, Аман болың достарым! Қыздардың Қарашаш сұлуға жырлап айтқаны Əуелі құдайдан тілейміз, Екінші сізден тілейміз, Біраз сабыр қылыңыз. Арызымыз бар сұраймыз Біраз тірі тұрыңыз. Біраз дəурен сүріңіз Жетім болмаса шешеңіз! Бір қат жүзін көріңіз Жолдастарың артыңда Қойдай шулап қалмасын. Əке-шешең артыңда Үн-түн еңіреп қалмасын! Алтын дуал кең сарай Жерге құлап қалмасын. Қырық қыздың қанаты, Сіз боларсыз санаты, Қанатымызды қайырма. Өзіңнен бізді айырма.

Сіздің үшің ел жұртын Ботадай боздап қалмасын! Дүниеден үміт үзбесін, Түгеліңді бұзбасын Алтынды отау гауһарың Жат қолында қалмасын! Меруерт пенен маржаның Əркімге олжа болмасын. Қайт, жанымыз қайтсана, Біз пақырды зар қылмай Қайт, жанымыз қайтсана. Қарашаш сұлудың сөзі Біреуге ажал кез келсе Не қылсаң да болмас ол Жан алушы келгенде Айтсаң тілің алмас ол. Қанша жасқа келсең де, Көр ішіне барар ол. Дүниенің дəулеті Дүние ішінде қалар ол. Артындағы дəулетің Əркімге олжа болар ол. Əке-шешең қасыңда Зар еңіреп қалар ол. Жан алушы келгенде Кімнің тілін алар ол? Əкеден де кетерміз, Шешеден де кетерміз, Ажал келсе амал жоқ Бұл жалғаннан өтерміз. Қатты дертке жолықтым, Дəрі ішсем де тірілмен. Енді айтар сөзім жоқ, Сөзім қалар, өзім жоқ, Ажал жетсе тұру жоқ, Аман болың, достарым! Бейшара қыз жылай, жылай тамға кірді,

Тіріліктен өлгенін жақсы көрді. Там есігін ішінен бекіткен соң Өз ішіне өзі бұл пышақ ұрды. Төсегінде хан басын құшақтайды Өзін-өзі пышақпен пышақтайды Хан басын төсегінде құшақтайды, Аямай өзін-өзі пышақтайды. Қырық қыз сыртта қалған күте берсін, Ханшасы тысқа шықпай ұзақтайды. Хан есітіп жұртынан жылап келді, Шешесі көздің жасын бұлап келді. Тамам жұрт бұл хабарды есіткен соң Басына қос ғашықтың шұбап келді. Жыласа да іс өтіп қалған екен Екі жалғыз дүниеден барған екен Ханым мұндай боларын білмедім деп Өз бетін өзі тырнап жыртқан екен. Тыста тұрып хан қызын шақырады Жұртына есік аш деп ақырады. Ханымы ашуланып патшасына Іс өткен соң бұл енді не қылады? Көп əскер там есігін бұзды деді Бетін ашып көрділер қызды деді. Құшақтасып жатыр екі ғашық Көрген соң үміттерін үзді деді. Хан қызының қасында зар еңіреді Өз қолын өзі тістеп жұлқылайды. Ханым патшасына ашуланып Бəр сұмдық өзіңнен деп жылайды. Сөйтіп хан жылап, еңіреп үйге қайтты, Сыртынан там тұрғыз деп жарлық айтты Сықылын бұл баланың білмедім деп Жұртынын бəрі жылап көңіл айтты. Ханым ханға: \"Мақрұм болдың\", — дейді, \"Жалғызыңды өлтіріп тындың\", — дейді. \"Енді өлгенде артында кім қалады? Өле-өлгенше аманат алдың\", — дейді.

\"Жалғыз қызың өлтіріп тындың\", — дейді \"Молаға жанын алып қойдың\", — дейді. \"Алдыңда қуанышың кім болады? Тірлікте тұқымыңды жойдың\", — дейді. Бейшара хан айтты: \"Білмедім\", — деп \"Өлтіруге мазарға кірмедім\" деп Сақалын жұлып жатып көп жылайды Бейшараның сымбатын көрмедім деп. Моласына хан келіп, жұрт жүргізді Алтын мола сыртынан там тұрғызды. Бейшара жалғызым деп хан жылайды Жылағанмен өлгенін кім тұрғызды. Ол арманда өтіпті, бұл арманда Білмедім деп жылайды хандар мұнда Алладан тағдыр келсе шара болмас Дүниеден өтіп кетті бəрі армаңда. Солайша екі ғашық өліп қалды Əкесі жұртын жиып мола салды. Бозжігіттің бетін құшып жан досы Досы үшін жан досы талып қалды… Жігіттің жырлағаны Мен қайтуға ой қылдым, Кімменен жүремін Кімді досым дегеймін Сен есіме түскенде Кеткен келмес қасыңнан Жыласам да пайда жоқ Көзден аққан жасымнан. Сенсіз маған ішкен ас Қызыл қанға ұқсайды. Қайтайын десем жұртыма Қайғың аяқ тұсайды Көлден енді айрылған, Қаздай болып қалдым мен. Көп елінен айрылған Аздай болып қалдым мен. Ботасы өлген түйедей

Енді боздай қалдым мен. Құлыны өлген биедей Енді кісіней қалдым мен. Жаның хаққа тапсырдым, Жарың барда қасыңда Жалғыздыққа жылаймын, Көп қайғы бар басымда. Өлейін деп ойласам Аманатың бар қойнымда. Жүрейін деп ойласам Жалғыздық бар мойнымда Аманатың тапсырып Тірі болсам келермін. Жаннан тəтті, жан досым Жолыңда мен өлермін. Құтылдыңыз дүниеден Екеу болып бірленіп. Жолдасынан айрылып Досың қалды зарланып. Досының үйіне барған жері Бейшараның сөзі енді бітті дейді Жұртының жөнін сұрай кетті дейді Құдай сақтаса бендеге пəле болмас Аман-есен жұртына барды дейді. Алдында бір екі адам көрді дейді, Жеткен соң жақын сəлем берді дейді, Екі адам өз елінің патшасы екен Амандасып бірге енді жүрді дейді. Жалғыз жігіт, атыңды бермен айда Сенің бізге келгенің болды пайда. Сіздерді іздеп шыққан көп кісі едік Жалғыз жүрсің, қасыңдағы досың қайда? Жігіттің жауабы Құдайым жалғыздыққа салды дейді Жан жолдасым жат жерде қалды дейді Құдайым тағдыр жетіп алғаннан соң Жан жарымнан айрылып қалдым дейді.

Екеуі бұл хабарды білді дейді Шəрге алып мұны жүрді дейді Шəрге алып мұны кіргеннен сон Жұрт бəрі келіп мұны көрді дейді. Бастады жігіт көпке сөзін дейді Ағызып екі көзден жасын дейді Жалғыздығын хан естісе өлер дейді Ханға барып айтуға састы дейді. Жиылып көп билері кеңеседі Жалғызы патшаның деп мұңдасады Бір ақын бар екен жұрт ішінде Жырменен білдіруге оңдасады. Ақын мен жан досын алып жүрді Көп билер сəлем беріп ханға келді. Жалғызының жан досын көріп еді Хан ханымымен орнынан жылап тұрды. \"Жан жолдасың, жалғызым, қайда?\" дейді \"Күйіп, ішіміз жалын болды\", — дейді \"Балаңыз жарыменен кейін қалды Той болар, үйдің ішін сайла\", — дейді. Балаңыз сүйгенімен кейін қалды Жалғызыңыз бізден хабар салды Əкеміз біз барғанша жұртын жиып Аямай сойсын дейді тойға малды. Бейшара хан мен ханым уанады Мал сойып, жиылғанға той қылады. Кəрі ақынды билер ортаға алып Жырлауға жырын енді ой қылады. Билер: \"Ақын жырың жырла\", — деді \"Жалғызы ханның келер қайда?\" деді \"Бүгіндей той болмас хан естісін Жалғыздың тойын жырлап, тойла\", — деді. \"Хан, ханыммен жыр жырла\", — дейді \"Осындай мұнан соң қайда?\" деді Қолдарына əпкеліп ат пен шапан, \"Ақынға сыйлап оны байла\", — деді. Хан алдында кəрі ақын жыр жырлайды

Айтқанын құлақ салып көп тыңдайды. Жыршының сұрасаңыз есімін енді Ақылы бар адамдар мұны аңдайды. Жыршының жыр бастаған жері Көпті көрген кəрі мен Біраз жырды жырлайық. Аспандағы торғайдай Алдыңызда сайралық Үй ішінде отырған Құлдақ салып, жақсылар Бұл жалғаннан пайда жоқ Тақта болың, жақсылар! Кəріңіздің сөзінен Ыбрат алың, жақсылар! Кəрілердің ескі сөз Еске алмай жүрмеңіз! Əлімдердің көзді сөз, Көңілге алмай жүрмеңіз. Кəрілердің қайыр сөз, Бұрынғыдан қалған сөз, Əлімдерден алған сөз, Пайғамбардан қалған сөз, Құдайдың досылар Көңіліне алған сөз. Дертімізге дəрмен жоқ, Қайғысызға арман жоқ, Дертке пайда болмаса Жаратқаннан пəрмен жоқ. Мінген аттан ер қалар, Тапқан ерден мал қалар, Ер басына күн туса Сүйген жардан ол қалар, Патшалардан тақ қалар, Мергендерден жақ қалар. Ер басына күн туса Дүниенің бəрі жоқ болар. Ғалымдардан хат қалар,

Ұсталардан шот қалар, Ойлап тұрсаң, жақсылар, Бұл жалғаннан кім қалар? Теміршіден тат қалар, Жүрген жерде жол қалар, Көрген жерде сол қалар, Байларыңнан пұл қалар, Қатын болса тұл қалар. Тапқан ерден мал қалар Алтын, күміс пұл қалар, Иттей шулап тілесіп, Кім көрінген сол алар. Үйің болса бос қалар, Ойнап жүрген дос қалар. Туғанмын деп қуанба, Туған өлер күн болар. Өлген жанның барынан Сұрау сұрар күн болар. Малым көп деп қуанба, Малды көрмес күн болар. Алтынменен жер толса Көзін салар күн болар. Бір өзіңнен басқаны Көңілге алмас күн болар. Тілдімін деп қуанба Тіл байланар күн болар. Күшім бар деп ойлама, Күшің кетер күн болар. Дүниедегі құлдарың Көзің салмас күн болар. Балам бар деп қуанба Бала да қалар күн болар. Əліммін деп қуанба Сұрау алар күн болар. Қызыл жүзге қуанба, Сойылып қалар күн болар. Құрт-құмырсқа жиылып

Тойын қылар күн болар. Патша едім деп ойласаң Ескендір мен Сүлеймен Олар да өткен дүниеден Балам көп деп ойласаң, Жүз қырық баланың əкесі Адам өткен дүниеден. Малым бар деп ойласаң, Малыңыздан көп шығар. Көріп өткен дүниеден Күшім бар деп ойласаң Қаһарман батыр ер Əли Олар да өткен дүниеден. Шешенмін деп ойласаң, Неше, неше шешендер Сөйлеп өткен дүниеден. Неше, неше төрелер, Неше, неше жақсылар, Жылап өткен дүниеден. Ақыным, жақсы-ақ екен жырың сенің, Өлімді айтатындай түрің сенің, Деді де хан бір тұрып, бір отырды, Сөзіңе түсінбедік бүгін, сенің? Жыршының жауабы Тақсыр хан, өлімді айтпай не айтайын Бұл жерде, ажал жетсе, мен қайтайын? Адамның ақыр соңы өлім деген Шын айтсам, оны айтпай не айтайын? Жаралған соң кетерміз Бұл жалғаннан өтерміз Басқа өзге өлім жоқ Жылай еңірей кетерміз. Тағдыр таусылар болған соң Шарамыз жоқ, нетерміз? Əмір келсе алладан Мойын ұсынып жатармыз. Дүние шіріп, күл болып

Қара жер боп бітерміз Елден бұрын туған ол Əуел келіп, жол ашқан Тəңірменен сөйлескен Адам еді əкеміз Хауана еді шешеміз, Бұл дүниеде пайда жоқ Олар да өткен дүниеден. Топан суы тасқанда, Таудан, тастан асқанда, Əр жануардан алып ол, Кеме ішіне қалып ол, Нұх пайғамбар өткен дүниеден Жердің жүзін алған ол Түрлі шəр салған ол, Күн шығысқа барған ол, Күн батысты көрген ол, Əділ туған хан еді Жан өлуге жеткенде, Жердің жүзі бұзылып, Күннің көзі тұтылып, Мəңгі суын таба алмай, Жиырма тоғыз жасында Ескендір өткен дүниеден. Дəуіт ұлы Сүлеймен, Дүниеде хан болған ол, Жердің жүзін алған ол Алтын таққа мініп ол Аспанменен ұшып ол, Мың қатынды құшып ол, Құдай тағала жол берген, Аяғы жоқ, қолы жок, Жалғыз оған ұл берген Бала үшін арманда, Жер жүзіне хан болып Сүлеймен өткен дүниеден Неше, неше жер алған

Хандар өткен дүниеден. Ыбрай мен Ысмағұл Зекіріпаман мен Зулғұпыл Қабыл мен ол Абыл Олар да өткен дүниеден. Көзсіздерін көргізген Аяқсызды жүргізген Жығылғанды тұрғызған Əулие өткен дүниеден. Құдай əмірімен аспанға ұшқан Алла тағала ашықта Аузынан от шығарып, Жалаң аяқ, жалаң бас, Екі көзден ағып жасы Диуаналар өткен дүниеден. Мың түйеге жүк артқан, Жүз атқа пұл артқан, Алтын тақта отырған, Алтын менен күмісті, Жердің жүзін толтырып, Малдан зекет бермеді. Құдай əмірін қылмады. Мұндай байлық Əлі мен Иман ислам табылмай Карун өткен дүниеден. Əуеліде Мұхамбет, Ақырында Мұхамбет, Он сегіз мың əлемнің Пақырдай Мұхамбет Үмбетіне зар жылап, Жарлылық деп көп тілеп, Үмбеті үшін атасын, Тілемейді шешесін, Құдайдан жарлық келгенде Құрбан етіп баласын, Он сегіз мың əлемді, Оның үшін жаратқан,

Пайғамбарымыз Мұхамбет О да өткен дүниеден. Жүз жиырма төрт мың пайғамбар Мұхамбетке шарпарлар Отыз үш мың сақабалар Олар да өткен дүниеден Жер жүзіне келгенде Мен, мен деп жүргендер, Мың жас өмір сүргендер, Бəрі де өткен дүниеден. Хан да өткен дүниеден. Қара да өткен дүниеден. Бай да өткен дүниеден. Жарлы да өткен дүниеден. Күн де өткен дүниеден. Ай да өткен дүниеден. Жаман жақсы айырмай Бəрі де өткен дүниеден. Əкең сенің қара жер, Шешең сенің қара жер, Барар жерің қара жер, Тұрар жерің қара жер. Кəрі ақын бұл жерге келді дейді Хан сұмдық болғанын білді дей; Тірліктен соң бəрі өлім деген Алла əміріне хан мойнын ұсынды дейді Айтып жырын бұл ақын түрегелді Сөзінің түбін ханға бұра келді Шығандатып жырын бұрып еді Бір сөз енді айтуға түрекелді. Жаратқанның бəріндей Хан кеткенге ұқсайды. Бүгін көрген түсімде Сарайдағы балаңыз О да өткенге ұқсайды. Онан соңғы біздерге Кезек жеткенге ұқсайды.

Балаңа, хан, жылама! Бізден бұрын өтті деп. Бұл дүниеден кетті деп. Олар кетті əкеге, Ата менен шешеге Сіз де бір күн барарсыз Бұрын өткен балаға. Ажал жетпей өлмек жоқ, Алла əмірінен қалмақ жоқ, Ажал жетіп өлген соң, Ешкім қайтып келмек жоқ. Тағдыр жетсе қалмақ жоқ, Ажал жетіп өлген соң, Ешкім барып алмақ жоқ. Байдан арыз алмақ жоқ, Ұрыс-талас қылмақ жоқ, Жарлыққа күш қылмақ жоқ, Шешеден бір туған соң, Ешкім өлмей қалмақ жоқ. Хан пақыр жыласа да сабыр қылды, Жалғызының өлгенін енді білді. Ханым ұлының өлгенін естіген соң Бетін жыртып зарланып шашын жұлды. Көңіліне кəрі ақын жыр айтады: \"Бет жырттың, тақсыр ханым, не пайда\", — дейді, \"Бұл өлім бұрынғыдан қалған өлім Өлмесе бəрі жандар ол қайда\", — дейді. Ажал жетсе амал жоқ, Құтылуға дəрмен жоқ, Алладан келген жарлыққа Сабырсыздан жаман жоқ. Алла əмірі жеткен соң, Бұл жалғаннан кеткен соң, Сөйлесең де пайда жоқ. Беттеріңді қан қылып, Жыласаң да пайда жоқ. Ойқай өлім, сұм өлім.

Əке менен шешеден, Қарындас пенен баладан, Кімді айырмас бұл өлім. Жұртындағы бұйымнан, Үйіңдегі бұйымнан Кімді айырмас бұл өлім. Түйе қалар боздасып, Жылқы қалар кісінесіп. Жан айрылып шығады Денеменен қоштасып. Ажал бір күн келмей ме? Əзіз жанды алмай ма? Не қылса да еркі бар Қожаға қол бермей ме? Жаның сонда аманат Жанды денеге тапсырып, Тергеу қылып керек-ті Малға өксі қылмаңыз! Мал жиярмыз бергенше Əзіз басың кеткен соң Қалған малың жатқа, өлмесе Көп малыңыздан пайда жоқ Жанға пайда болмаса. Жан өлімге жеткенде Ешбір себеп қылмаса. Дүние бейіске аманат Алданбаңыз жақсылар. Тергеу күні болғанда Зарланбаңыз жақсылар! Бір сағатта боларсыз, Бір сағатта білерсіз, Алла əміріне көнерсіз, Қанша жасқа келсең де Ақыр бір күн өлерсіз. Мал қайғысын жимаңыз, Жалғанды көп жимаңыз, Балам өлер демеңіз

Баладан, малдан пайда жоқ. Ақыл болдым демеңіз, Қатын қалса ер табар, Ұлың қалса мал табар, Қызың қалса бай табар, Жан өлімге жеткенде Кəріп басың не табар? Мінген атың бос қалар. Киген тоның қос қалар. Ойнап жүрген дос қалар. Мінген атың бос қалар. Мінуге ер табылар Киген тоның қос қалар. Мінуге ер табылар Бүгін тірі кісіңіз Ертең жерге көмілер Алдыңызда қара жер Нені алмас деп білесіз. Алдыңызда кəріңіз Не көрмеген, білесіз. Мен өлсем халайык, Ажал өлім қайда жоқ. Жалғаннан пайда жоқ. Бес намазды күтіңіз. Бір ой ораза тұтыңыз. Өлім ақ деп біліңіз Малдан зекет беріңіз. Кедейге қайыр беріңіз, Бай болсаңыз жақсылар, Мекеге барып тұрыңыз. Нені айтайын жақсылар? Айтқан сөзім алғайсыз! Жылаушы кім болса да Жақсы бата қылғайсыз. Ханым, сөзім алыңыз Аман есен болғайсыз Алладан келген жарлыққа

Қатты сабыр қылсаңыз. Бір екі күн қонақсыз Өздеріңіз болғайсыз. Қияметте күн болғанда, Жерге халық толғанда, Сонда сен де барғайсыз, Ұлың онда көргейсіз. Иманды құл ұжмақта, Имансыз құл тамықта, От ішінде зарланып Азап көрер күн болар. Иманды құл ұжбақта Сегіз қабат ұжбақта. Ол əке мен шешені Көріп қосылар күн болар. Балаңды сонда көргейсің. Иманды болсаң ұжбақта Балаңменен жүргейсің. Түрлі-түрлі ниматта Өлмей дəурен сүргейсің. Құдай кешсе қаныңды Кең сарайда тұрарсың Кəрі енді айтып жырын болды, Үй ішіне жиылып қатын толды Ханымның көңілін аулай келіп еді Баласын жоқтап ханым дауыс қылды. Белін буып жалғызын жоқтап еді Жүрегі есіткеннен талып қалды. Жалғызын жоқтап ханым зар еңіреді Бейшара ханым бала үшін көп жылады. Ханымның баласын жоқтап жылағаны Бауырымның баласы, Екі көзім қарасы, Ханым сүйген хан балам Сені қалай көргеймін Кімді балам дегеймін. Сен есіме түсіпсің,

Қалай шыдап жүргеймін. Алыс жолға кетіпсің, Айтпай кеттің сырыңды, Көрмей қалдым жүзіңді, Бұл не болды, жан балам Сүймей қалдым жүзіңді. Алыс жолға кетіпсің Айтсам сəлем жетпес-ті Жаннан тəтті, жан балам Қайғылы ісің кетпес-ті Қарап үйден таппасам. Қайдан сені табармын Сені қайдан іздейін? Кімді сен деп иіскейін? Сенен басқа жалғызым Көз көрерім жоқ еді, Сенен басқа біздерге Еркелерім жоқ еді Жалғыз едің, бір едің Мың қайғыға жыр едің Енді қайтып жүрейін? Енді кіммен тұрайын? Сен есіме түскенде Қайтып өмір сүрейін? Ашыққанға ас берген, Кəріптерге ас берген, Досы үшін бас берген, Жақсы менен жаманды Тегіс білген жалғызым Сені қайдан табайын? Мұңды болган əкеңнің, Зарлы болған шешеңнің, Бұзық болған көңілін Кім аулайды, шырағым? Даладағы малдарын, Үйіндегі құлдарың, Алтын, күміс, пұлдарың,

Кім қорғайды, шырағым? Арғымақ пенен тұлпарың, Лашын менен сұңқарың, Қаршыға мен тұйғының, Иесі жоқ болғанда, Кім ұстайды шырағым? Малың келіп шуласа, Жұртың таппай жыласа, Əке-шешең келіп еңіресе, Іздеп қайдан табайын? Бота қалды түйесіз, Əке-шешең баласыз Іздеп қайдан табайын? Əуелгіде кеткенде Сырыңды бізге айтпадың. Жолда керуен көргенде Қайт десе де қайтпадың. Іздегенің алдыңда, Жүргізбедім, жалғызым, Мың кісі барып жіберіп Тілеп едім, жалғызым, Перзент үшін тəңірге Жылап едім, жалғызым. Беріп еді тілекті Мұңды құлым көрсін деп, Зарлап енді өлсін деп, Кəрілікте əкеңнің, Еңірер күні болды енді. Жалғыз қалып шешеңнің Зарлар күні болды енді. Екеу болсаң шырағым, Өлмес еді біреуің. Кім қолында өлсең де Қылмас еді сұрауың. Құдай несіп салмады, Тұқым бізден қалмады. Кəрі күнде қор болдық,

Дертке дəрмен болмады, Енді қайтып жүрейін? Жүзін қайда көрейін, Жалғыз ұлдан айрылып, Кіммен өмір сүрейін? Көз алдымда бар болсаң, Көрмес пе едім ұлымды Өлген жерде бар болсам Өлмес пе едім құлыным. Жат жұрттардың ішінде Қайтып жүрдің, шырағым? Дұшпандардың қолында Қайтып жүрдің, шырағым? Жұртыңды алмай қасыңа Пəле келді басыңа. Құрбандығың болмас па ем, Көзден аққан жасыңа. Шырағымды сөндірдің Дұшпаныңды тындырдың, Шешеңді жалғыз қалдырдың. Бұл не əзерет, жараңдар? Бұл не қайғы, жараңдар? Көкіректегі жанған дерт, Күннен күнге терең дерт, Көңілім енді тынбас-ты, Сөнген шырақ жанбас-ты Жалғызымның хабары Көңілім енді тынбас-ты Жұртым енді аттаның, Жалғызыма барайын Жетім болмаса, жалғызым Моласын барып көрейін! Көрсем көңілім тынар ма? Қасында аз күн тұрайын! Жетім болмаса, жараңдар Жырлап көңілім ашайын. Үш төрт кітап шығарып

Мұңдыларға шашайын. Мұңды адам естісе, Біраз көңілін басайын… Ханымның баласын іздеп барғаны Ханымның жарлығын жұрт білді дейді, Жиылып əскер он мың болды дейді. Хан, ханым жалғызымды көремін деп Жасанып аттарына мінді дейді. Көп əскер күн-түн тынбай жүрді дейді, Қырық күнде шəрге келді дейді. Бұларды көріп хан қорқады Бұл əскер қайдан пайда болды дейді. Бұларға елші қылып кісі салды, Елші келіп бұлардан хабар алды. Баяғы жалғыз жігіт əкесі екен, Көрген елдің бəрі де аң-таң қалды. Хан көріп жұртыменен атқа мінді, Келген хан алдына қарсы келді. Ажал — құдайдан, себебі — бізден болды, Айыбын мойнына алып, арыз қылды. Тақсыр хан ажалы оның бізден болды Не қылса да пендесіне алла салды. Ақылсыздықпен бұл істі қылып едік Өкініп жұрттың бəрі жылап қалды. \"Алдында айыбымыз бар, арыз қылдық, Атқа мініп, алдыңызға қарсы келдік. Қолыңызға қылышыңыз ұстап тұрсыз Не қылсаңыз да, айыбымыз бар, мойын ұсындық' \"Балама тəңірім тағдыр қылған шығар Себебі оның сізден болған шығар. Тергеуін ақиретте болсын сенің Аллаға қылған ісің аян шығар. Қаныңыз кештім хан\" деп атқа мінді Бұл хан кешкен соң көңілі тынды. Көп əскер шəрге кіріп барды Бозжігіт моласына келді дейді. Хан, ханым моласына жақын келді,

Үйге енбей ханым сыртта дауыс қылды. Есігін ашайын деп қадам қылды, Ашалмай жұрттың бəрі əзіз болды. Жалғызын жоқтап ханым зар жылады Жалғызын есік ашып зар еңіреді Моласында зар еңіреп тұрды дейді Бала үшін қайғырып көп жылады. Ханымның жылаған жері Он ай сені көтеріп, Емшегімді емізіп, Тəтті тағам жегізіп Асыраған шешең мен. Шешең тұр қасыңда Зар жылайды басыңда. Көрмес жерге кетіпсің Тұр, кел, балам тұрсана! Мұңды шешең, көрсана Қалымды бір сұрасана! Саған келдім көргелі. Бет аузыңнан сүйгелі. Артымда кім қалады? Құлыным кім болады? Сені ойлап, зар қылсам Көзім қанға толады. Айхай, балам, ой балам, Кімді балам дегеймін! Кімменен жүргеймін? Жүзің қайда көргеймін? Ұқсам еді сөзіңді, Көрсем еді жүзіңді, Жылап шешең келгенде Бір көрмейсің, жан балам. Ботасы өлген түйедей Боздай келдім, жан балам, Қырық күншілік кең жолда Іздей келдім, жан балам. Алла өзі берген-ді,

Ажал жетіп алған-ды, Шешең жылап қалған-ды. Жыласа да не қылсын? Алла əміріне көнгенде, Зарлап шешең қалғанда, Көрер күні болғанда Бір көрермін, жан балам! *** Баласын жоқтап, ханым талып қалды. Жылап-жылап ақыры Бозжігіттен үміт үзіп, көз жасы көл болып, бейбақ болған ата-ана туған ел, өскен жеріне оралды.

АЛТЫНБАС, КҮМІСАЯҚ АШЫҚ БОЛҒАН Айтамын тыңдасыңыз жақсы кепті, Көп адам бізден бұрын өтіп кетті. Жамағат ықыласпен құлақ қойса, Малға бай, басқа кемтар адам өтті. Аспаннан қалың жауған қар болыпты, Қисса айтсам көңілініз жай болыпты, Бітіпті жеті ру мал патшаға Сүйтсе де бір перзентке зар болыпты. Он сегіз ол патша жасында еді, Əлемнің көп қайғысын оған берді. Жылады қырыққа шейін бала тілеп, Сүйтсе дағы тілеуін еш бермеді. Қылыпты кей адамды малды дейді, Қылыпты кей адамды зарлы дейді, Жетіпті ол патша алпыс жасқа, Алпыста жетпіс қатын алды дейді. Құдайының көрсеткенін көрді дейді, Көңіліне жақсы ниет кірді дейді. Көрмеді жетпіс қатыннан жалғыз перзент Бəрі де, жетпіс қатыны, өлді дейді. Құдайдың жақсылығын білмеген соң, Тағат қып дүниеге жүрмеген соң Мұнша малды көп жиып неғыламын, Əр нəрсе сеніменен бермеген соң. Ісіне алла салған көнбеген соң, Ойбайым неге керек өнбеген соң, Өлейін қаңғып жүріп, құла дүзде Бір перзент қуанышқа бермеген соң. Көңілім жамандыққа бола берді, Алланың ақ ісіне көне берді. Бір күні жеті руға малын беріп, Қаңғырып жапан түзге жүре берді.

Көңілмен бір ниетке басты қадам, Тыңдамас насихатты білмес надан. Қаңғырып айдалада келе жатса, Алдынан кез келеді бір жалғыз адам. Жаратқан жермен көкке алла ма екен? Əр істі өзі жөндеп қылар ма екен? Баланың күйігінен шығып жүрген О да бір сексен жасты кемпір екен. Мінгені ер жігіттің қара кер-ді, Атты емес ол патша жаяу еді. Көз жасын көрер ме екен бір алла деп, Жыласып біріне бірі қолын берді. Кемпір айтты: \"Аллаға сыйындым\", — деді, \"Зарланып неше күндіз жүрдім\", — деді. Кемпір айтты: \"Мен келдім сексен жасқа Сексен жасымда жетпіс байға тидім\", — деді \"Үйімде бала зары болды\", — дейді, \"Бауырым қайғы отқа күйді\", — дейді. \"Көрмедім жетпіс байдан жалғыз перзент Бəрі де жетпістің өлді\", — дейді. Құдайдың рахметін білді дейді, Əр жолды өзің жөнде енді дейді. Жамағат қалай екен құдай ісі? Кемпір шал бірігіп дəурен сүріп жүрді дейді Əуелі зарлы боп жүрді дейді, Көңіліне иман нұры кірді дейді. Жамағат ықыласымен мұны тыңда? Көз жасын екі мүсəпірдің көрді дейді. \"Құдайға мен жылайын көңілім күпті, Кешірсең күнəмді осы\", — депті. Дегені бейшараның сол емес пе, Сол кемпір сексен бесте болды жүкті. Пенделер алла деген иман тапты, Иманның өтірік сөз бетін жапты. Тоғыз ай, тоғыз сағат болғанда Сол кемпір алтын басты бір ұл тапты. Азапты өлгенінше көрмеді енді,

Көңілінде жамандығы болмады енді. Алтынбас туған күні той қылып, Елге, жұртқа келсін деп хабар берді. Құдайдың көрсеткенін білді дейді, Бауыры ашық отқа күйді дейді. Алтынбас бір күн түнде ұйықтап жатса, Түсінде Күмісаяқ келді дейді. \"Алтынбас сай кез оған атамысың? Күнаға жас басыңнан батамысың? Құдайым ол, басында қосты бізді Үйіңде маған келмей жатамысың. Берер ме тілегімді, бір сағымды, Ойнаймын ғашығыммен бұл шағымда. Құдайым екеумізді қосып еді. Ананың іште жатқан құрсағында\". Алтынбас оянып енді түрегелді, Түсте көрген ғашығы көрінбеді. \"Əкеке, ескен желге ғашық болдым, Құдайым кетпес қайғы маған берді. Айтамын тыңдасаңыз жақсы кеп, Жаның иман күтсең болады сеп. Е, əке, рұқсат бер енді маған\" Айтып зар еңірепті мыхнат жеп. \"Пайғамбар бұрынғы өткен Мұса деді, Басқа іс түссе кім сарғаймас күн туса деді. Əкеке жұмысыңды бітір деп, Ісіне қатты қайырым жұмса\", — деді. Жарасар алмас пышақ қынға деді, Құдаң енді қылдым саған деді, Көрінген таудай болып қара тасты Əпкелші көз қуанышым мұнда деді. Айтайын жаңа бір сөз енді деді, Тілегін бейшараның берді деді. Көрінген таудай болып қара тасты Қысты да қолтығына жүре берді. Құдайға тəубе қылып қидым депті, Күшіңді маған бала жидың депті

Бара көрдім тасты, ей, қарағым Күшіңе, көз қуанышым, тойдым депті. Қарағым, сен кеткен соң не болармыз? Дұшпанмен, сен болғанда, тең болармыз? Есіңе ал, тірі болсам, ей, қарағым, Біз кімге қартайған соң жем болармыз. Алланың тағдырына көне берді, Ғашыққа біткен ойын бөле берді. Арызын əкесіне айтсын деді, Салып ұрып, сарыала атқа мініп жүре берді. \"Ашығым мен айтайын, сөзім тыңда! Құдайдың бұйрығымен келдім мұнда. Мекенім сұрасаңыз менің алыс, Жетерсің күйіп жаның, бес мың жылда\". Алтынбас ұйқысынан түрегелді, Ғашығы түсте көрген көрінбеді. Не болсам да болайын осылай деп, Күн батысына қарап жүре берді. Жақсыдан өзіміздей көп естемін, Жақсы маған айтпаса не істеймін. Арада бірнеше күн өткеннен соң, Келіпті бір шəрге деп есіткенмін. Шəрден қыздың жұртын сұрайды енді, Шəрден оның жолын біле алмайды. Болған бір кəрісі үш жүз жасты, Алтынбас оған келіп сəлем берді. Алтынбас сəлем берді кəріге, Сұрады халін, жұртын тағы жəне. \"Е, жігіт, сабырлық қыл бір аллаға, Жетерсің шапшаң жүрсең бір жылда\". Рұқсатты жігітке кəрі берді, Онан соң Алтынбас жүре берді. Бір аллаға тəуекел қылып жүргенінде, Көп мехнат жол үстінде жігіт көрді. Арада бірнеше күн өтті деді, Құдайым сарыала атқа тіл берді. \"Көп күн жолдас болғаннан соң,

Келдік бір мұндай жерге аман\", — дейді. \"Алтынбас бірнеше күн болдық жолда, Ойыңды неге айтпайсың маған сірə, Алтынбас мен айтайын өзіңізге Құдайдың құдыретімен келдім мұнда. Осы жерден сенің қайның бір жылдық жер, Жетерміз тірі болсақ намаздігер. Сол қал бітірер теруердігер Көп михнат көрдік жол үстіңде.\" Ер тоқымды сары ала атқа салады екен, Бес намаз құдайымнан келеді екен. Түн болды, күндіз болмай жүрді налып, Сары ала ат күнде аралап жүреді екен. Сары ала ат астындағы арық екен, Ай жүзі арығынан сарық екен. Құлынды бермесең де үйден шыққан, Бейшара Күмісаяқ арық екен. Сол үйге сəлем беріп кіріп келді, Жалт қарап Күмісаяқ енді көрді. Құдайым көрсеткенің рас па екен? Секіріп Алтынбас қолын берді. Қосылды бірігіп енді екі зарлы, Бұрын жалғыз болса да болды барды. \"Бір адам қызыңызбен бір жатыр\", — деп, Бір адам ханға келіп хабар берді. Хан енді есіткен соң ашуланды, Еліне жиылсын деп хабар салды. Бір түнде он мың лешкер келді дағы, Бейшара Алтынбасты қамап алды. Зарлықты бір аллаға қылды дейді, Мойынын Мəдинеге бұрды дейді. Ашумен қыз ағасы келді дағы, Қылышпен Алтынбасты ұрды дейді. Тілеген иманды құл тапты дейді, Бəрін де дүниенің сатты дейді. Күйеуін қайын ағасы ұрмай ма деп, Бейшара сабыр қылып жатты дейді.

Құдайым Алтыбасты қылған зарлы, Құдайдың бұйрығына амал бар ма? Алтынбасты қырайын деп ұмтылғанда, Қолынан Күмісаяқ ұстап алды. Хан өзі Алтынбасқа келді дейді, Алтынбас бүрегеліп сəлем берді. Келбетін бейшараның көргеннен соң, Сол жерде хан қызын бермек болды. Күйеужан саған көңілім толған деді. Дəуренім күйікпенен солған деді. Баяғы Қазақ-Қалмақ жау шағында Бір қатты Қалмақ деген болған деді. Жатамын мен үйімде ішім пысып, Жүремін шариғатпен жолға түсіп, Қатты жау Қалмақпенен болғанымда Жау қолына қайнағаң кеткен түсіп, Салса енді алмас пышақ қынға дейді, Құдай өзім қылдым мұнда дейді. Қайын ағаң жау қолына кеткен түсіп, Соны əкпел күшің болса мұнда дейді. Көңіліне алла салды, кіре берді, Аяймын айтпаймысың құдай білді. Айтқан соң намысына шыдай алмай, Салып ұрып сары ала атпен жүре берді. Заманнан көп заман өтті дейді, Алтынбас айтқан сөзге енді дейді. Жау қалмақ он айшылық жерде екен, Он күнде ел шетіне жетті дейді. Жау қалмақ Алтынбасты білген екен, Күтіп біткен Қалмақ жүрген екен. Жайсаңы үшпу мұны түсте көріп, Желіп қарсы алдынан келген екен. Құдайға Алтынбас жүр көңілі толып, Шығамын бір кісі зарлы болып, Қара құстай жиылып Қалмақ шықты, Жердегі топырақтай бірдей болып. Қосылды іздеп жүріп екі зарлы,

Есіңе ал өлгеніңше бір құдайды. Қалмақтың көптігіне шыдай алмай, Аттың басын тартып тұра қалды. \"Жүремін өлгенімше құдайым деп, Жанына иман күтсең болады сеп. Бермесең өзің құрмет құдайым-ай, Болады жалғыз менен қалмақ көп. Өзіңнің рахметіңе мен жылаймын, Құдайым-ай, жарым деп мен сұраймын. Жасымнан жолдас болған сары ала атым Қалмақ көп, айт маған не қылайын\". \"Ішіне көп санаған ештеме алмас, Көп кеңесіп тұрған кісі алыс бармас, Кірелік бұл қалмаққа не де болса, Қатындай қарап тұру ол жарамас\". Қалмақтың бір шетінен кірді дейді, Қойдай қалмақ басын қырды дейді. Сол күні күн батқанша ұрыс қылды, Қалмақтан он мың кісі өлді дейді. Əуелі сөз бастаймын ыллайы деп, Кешірсең күнəмды құдайым деп. Алтынбас бір уақта көзін ашса Жайсаңнан басқа тірі жан жоқ \"Құдай жан жаратқан пыры\", — дейді, \"Байлау жатып Жайсаң шірі\", — дейді. \"Е, Алтынбас, бір қасық қанымды бер! Қайын ағаң əлі өлген жоқ тірі\", — дейді. Үйіне Жайсаң енді ертіп барды, Құдайым бір мыхнат жолға салды. Қырық құлаш шыңырауға салған екен, Жау шіркін қорыққаннан алып берді. Қосылса екі ғашық зарлы дейді, Көңіліне, көріп, ашу алды дейді. Айтсаң шіркін, мұнша неге жүдеттің деп, Жайсаңның басын кесіп алды дейді. Тілегін ақыры тапты дейді, Бəрін де бұ дүниенің сатты дейді,

Қасына қайын ағасын жолдас қылып, Жеріне есен-аман қайтты дейді. Жеріне есен-аман енді келді, Ата енесі алдынан қарсы жүрді, Өлді деген ұлы тірі келді, Қырық күн жұртын жиып, қылды тойды. Ықлас ата-ене жаңа берді, Құдайым көңіліне сана берді. Кемпір шал көрмеген соң бағынышты \"Қайтсаң, балам, ұлықсат бердім\", — дейді. Ақылды Күмісаяқ тапты дейді, Бəрін де бір ғашыққа сатты дейді, Қасына Күмісаяқ жолдас қылып, Қырық нарға казына артып қайтты дейді. Жеріне есен-аман жүрді дейді, Жолда неше мыхнат көрді дейді. Түсте көрген қызды алып қайтты, Шəріне есен-аман келді дейді. Құдайым тілегімді берді дейді, Ішіме тағы дəурен кірер дейді, Мұрныма қарағымның исі келді, Үш күнде көз қуанышым келер дейді. Кемпір шал шыдай алмай қарсы жүрді, Үш күнде жеріне екеу кірді Жалғыз жеткен қуанышын тірі көрді Сол жерде құшақтасып көңіл тұрды. \"Шұбарым, арғымағым, бозтарланым, Түскенде сен есіме көп зарландым. Сен шырағым үйімнен жалғыз кетіп, Екеу келдің құдайға өлсем дағы жоқ-ты арманым. Шұбарым, арғымағым, бозтарланым, Түскенде сен есіме көп зарландым. Балам өлді десем де тірі көрдім, Құдайға өлсем дағы, жоқ-ты арманым\". Құрметтеп шəріне алып келді, Құдайының бергеніне тəубе қылды. Патша енді жүз алпыс жасқа келді,

Енді қаза жетіп өліп қалды. Дүние мына жалған қалғаныңыз, Көп өтті мұңдықпенен арманымыз. Кемпір шал жетісіпті мұрадына, Жамағат сондай болсын заманыңыз.

АҚСАҚ ТЕМІР ХАН Бісмылла сен тілесең иман берер, Айтпасаң бісмылланы жаның жібер, Құдайдың ойлап тұрсаң құдыреті көп, Хан өткен бізден бұрын Ақсақ Темір. Айтпады жақсы қисса өзім сынды, Мекені сіз ойына алмай өткен күнді, Хан өткен Ақсақ Темір, ей, жараңдар, Сол күнде алған екен қырық қатынды. Көрмеді қырық қатыннан жалғыз бала, Ісіне құдайымның бар ма шара, Қырық бір қылып алмасам болмайды екен, Деп айтып, ой ойлайды сол бейшара. Сонан соң бір мүсəпірдің қызын алды, Айтайын кеңес қылып Темір ханды, Төрт патша сол күнде тілесіпті, Болмай-ақ Ақсақ Темір тартып алды. Қызы бар мүсəпірдің туған айдай, Өзінің мінезінің бəрі де жай. Ұжмақтағы қор қызын сипаттаған, Патша оны қосып көрді жандай. Қызығын көріп жүрді сол патша, Айтайын насихат қып сөзіме ұқсаң, Ол қыздан бір ұл туды келер жылы, Құдайым кім кем болар ізі жақсы. Бір күні Ақсақ Темір сейіл құрды Сейіл қып жүрді дейді айлық жерде Бір күні кіші қатын қамила боп Мышан басы күміс, көті алтын бір ұл туды. Құдайым ақыр қосқан екен екі пірді, Бұрынғы қырық бəйбіше көре алмады. Бұлар енді біздерден өтеді деп Кеңес қылып бəрі бірдей құсаланды. Қырық қатын патшаға хат жіберді,

Біреуге аманат қып ақы берді. \"Қатыны таңдап алған жылан тапты, Қайтеміз енді мұны\", — депті дейді. Қастығы имансыздың қалмас, сірə, Қағазды алып жолға кірді бұл бейшара. Арада бірнеше күн өткеннен соң, Бір кемпірге жолықты қонақ бала. Жігітті кемпір көріп танып білді. Жатты жігіт көңіліне ұйқы кірді. Жігіттің қалтасында хат жазулы Кемпір оқыған соң оны білді. Сұм кемпір оны алып, жолдан азды, Құдайым сол сөзіне неден жазды, Жылан екен деп жазыпты қырық бəйбіше Қу кемпір айдаһар деп қайта жазды. Оянып жатқан байғұс түрегелді, Кемпірдің не қылғанын еш білмеді. Арада үш күн, үш түн өткеннен соң, Қағазын алып келіп, ханға берді. Темір хан қатты алып оқып көрді, Қайтеміз жылан туды деген еді. Жазыпты тағы біреу айдаһар деп, Ішінен қастық бар деп пікір қылды. \"Қойса екен имансызды жаратқанша, Таратып дүниені қаратқанша. Мен келгенше баланы өлтірмесін, Жылан іштен шықса амал қанша? Өлтірмен аю, жолбарыс болса дағы Қолыма қаблан болып қонса дағы. Қатын тапқан екен жақсы перзент Шын болса, құдайымның бергендағы\". Сол жігіт кірді жолға хатты алып, Кемпірге қонақ болды жаңа барып, Кемпірдің үйіне келіп ұйықтап жатса, Жəне кемпір оқиды хатты алып. Таңғалды кемпір хатты көріп, Көңілі жаман болды оқып көріп.

\"Құдайдан тілегенім осы ма еді, Жоғалтсын мен барғанша оны өлтіріп\". Оянып жігіт жəне жүрді дейді, Хатты қырық қатынға берді дейді. Шешесімен екеуін бір сандыққа салды, Ағызып дарияға қоя берді. Темір хан қайтты бір күн сейіл құрып, Үйіне келді дейді бір күн жүріп, Қызығын баласының көремін деп, Шақырды қатындарын ойнап күліп. \"Қатындар кеше туған балам қайда? Салайын көзім қырын қуанышыма\" \"Өзің жарлық қылыпсың өлтірсін деп, Ағызып қоя бердік дарияға\". Жығылды хан естіп алтын тақтан, Алмадың неге хабар біз бейбақтан, Қай күнде келер ме екен ұшқан гүлім Бұлай емес еді көрген түсім. Қырық пара қырық қатынды қылды енді, Қанжармен жүректерін тілді енді. Бəрін бірдей өлтіріп, сол патша Дариямен сапар қып жүрді енді. Қырық күн жүрді дариямен сергелдең боп, Сөзімнің менің айтқан асылы көп. Бір күні дариядан шығып еді, Дамыл қылды бір қауым елге келіп. Сол елге келіп патша қонақ болды, Онан соң оған шатыр тігіп берді, Шатыр тігіп берді құрмет қылып, Тұрыпты бəрі бірдей қызмет қылып. Атағын Темір ханның есіткен, Бəрі бірдей жиылды, ойын қылған. Темір хан өлеңші екен, оны білді. Бір қатын айтысуға бұған келген. Өзінің суға кеткен қатыны екен, Патша оны көніп білген екен. Ол қатын өлең айтты таққа келіп,

Темір хан мұны көріп зар еңіреген. Көзінің жасы төгілді оны көріп, Бəрі құдайымның болады жөн. Патша мұны көріп сұрайды енді, \"Неғылған мұндай көркем қатынсың?\", — деп? Бұ қатын жылайды сөзін естіп, Қарашы, тілегіне берген кезін, Ішінде бейшараның қайғысы бар, Еңіреді бұлақтай ғып екі көзін. \"Құдайым қайғы берген маған\", — деді, \"Білмеген насихатты — надан\", — деді, \"Айрылдым сүйген жардан құдай берді, Құдай қайғы берді маған\", — деді. \"Мен патша Темір ханның қатыны едім, Сиынған құдай жанымның панасы еді. Бар еді менен басқа қырық қатыны, Маған ұл берген соң мені көре алмады. Темір хан, менің ерім, бір күн сейіл құрды, Жүр еді сейіл қылып айлық жерде, Қырық қатын көре алмады енді мені, Дарияға мені ағызып қоя берді. Балам қасымдағы жеті жаста, Құдайым оны жаратты əуел баста. Мен мында, ерім қалды өз шəрінде Құдайым қайғы берді маған жаста\". Темір хан түрегеліп қайран қалды, Мұның айтқан сөзіне іші жанды. Көзіне бір-бірінің түскен жары, Бейшара түрегеліп бек жылады. \"Қарағым, сені көрмей келіп едім, Азапты əр уақытта көріп едім. Құдайым көрсетіпті сені бізге, Қайғырып кеше күндіз зар еңіредім\". Қатынын тауып алды іздеп жүріп, Ісіне шариғаттың мойын бұрып, Екеуі қосылыпты армансыз боп Алланың бергеніне шүкір қылып.

\"Мен жүрдім кеше күндіз кəріп болып Қолда, дəулет қосты қонып жүріп, Айрылдым кеше күндіз мыхнат жеп, Қайғымен жүруші едім күн-түн етіп\". Со жерде көрінер ме маған енді, Қайғыны аямай-ақ жолға жүрді, Бейшара мұңлық сөзін айтқаннан соң, Орнынан Ақсақ Темір түрегелді. Орнынан Ақсақ Темір түрегелді, Қасына жақынырақ жата берді, \"Сарғайды жылауменен көзім\", — деді, \"Бал шекерден тəтті еді сөзің\", — деді. Орнынан Ақсақ Темір түрегелді, Қасына жақынырақ жата берді. Адамға адам ұлы өш екен деп, Болмасаң менің жарым өзің енді. Жеткізді бір-біріне есен-аман, Қуанышым тірі кеткен, қайда балам? Баласын əпкем көрсе бейшараның, Дəулет қайта келді мына жалған. Қуанды бірін-бірі тірі көріп, Дариямен қайта жүрді сапар қылып, Жеткізсе құдайымның рахметі бар, Үйіне дəурен сүрді жаңа іздеп. Екеуі дəурен сүріп жүрді дейді, Жақсылық бір құдайдан болды дейді. Онан соң жүз сексен жыл өмір сүріп, Алладан қаза жетіп өлді дейді. Бұл баланың аты екен Кəриман Хан келсе шариғатқа мойнын бұрман, Құдайының ойлап тұрсам құдыреті көп, Ол бала жұртын билеп патша болған. Билепті Кəриман үш жүз шəр, Бізге қас қылғанға құдай табар, Билепті қырық патшаны Кəриман, Құдайым имандыға болады жар. Жүз елу жасқа келіп дəурен сүрді,

Тілегін ақ пенденің құдай берді, Бұл Темір хан патша өзі əділ екен, Армансыз дүниеде жүреді екен.

САҚЫПЖАМАЛ Айтамын бісмылла деп сөздің басын, Бісмылла айтса көздің кетер жасы. Балық деген шəрінің тыңдасаңыз Бар екен жұрт билеген бір патшасы. Құлақ сал, бұл сөзіме е, жараңдар! Естіп осы сөзден ыбырат ал! Жоқ екен сол патшаның ұл перзенті, Көрікті бір қызы бар Сақыпжамал. Тұрмаңыз бұ дүниеден үміт қылып, Барарсың бұ дүниеден бір күн кетіп, Сол қызы патшаның өлді дейді Бір күні құдайымнан қаза жетіп. Шырағы патшаның сөнді дейді, Қайласы жоқ, бұл іске көнді дейді, Сол қызын патшаның таза жуып, Жеріне ақиреттеп көмді дейді. Құлақ сал сөзіме, е, жараңдар! Сол шəрдің Адам атты дəруіші бар, Халықтар мұны көр-бене дер Əр түнде көрді қыдырушы əдеті бар. Көмген соң өлген жанды кім көреді? Тіріліп бұл дүниеге кім келеді? Бейшара көр аралап жүргенінде Бір көрден құлағына үн келеді. Адам енді тамаша қылайын дер, Мұның өзі, кел хабар, көрейін дер, Азап тартқан жан екен мұның өзі Көріп, ашып, азабын сұрайын дер. Көр басына жетіп келді Адам батыр, Көрін ашқалы болды əзір, Көрін ашып қараса түн ішінде, Туған айдай толықсып бір қыз жатыр. Көзін ашты, Адамның түсті көзі,

Тірі адам сықылды жақсы сөзі. Сол жерде бірін-бірі ол танысты, Түнеугі патшаның өлген қызы. \"Болыпсың көрде жатып ізгі\", — деді, \"Бүгінде душар болдым сізге\", — деді. \"Көр ішінде не түрлі азап көрдің, Көрген азабыңды айт бізге\", — деді. Қыз айтты: \"Ешбір азап көргенім жоқ, Бар жоғын күнамның білгенім жоқ, Құдайдың рахыметі бүгін, кеше Денемде жаным жатыр, өлгенім жоқ. Мен енді əкем шешемнен қалдым жырақ, Қараңғы көр ішінде болдым шырақ. Бағайын өзім тұрып Адамеке, Тұрсаңшы біразырақ арырақ\". Ол Адам көр басынан кейін тұрды, Қыз енді тұрайын деп көп ұмтылды, Тар көрден еш ұмтылып тұрмаған соң, \"Келші, Адам\", — деп қыз енді айғай салды. \"Келші, Адам\", — деп қыз енді айғай салды, Адам көр басына жетіп келді. Тар көрден еш ұмтылып тұрмаған соң, Лақаттан қолын ұстап тартып алды. Адам айтты: \"Əке-шешеңе барайын\", — деп \"Көп азған шүйіншіге алайын\", — деп \"Əкең, шешең аясын несін сенен, Берген малын аз қорек қылайын\", — деп. Қыз айтты: \"Е, Адам, əкем де, шешем де сен, Əуелгі əке шешемнен не көрдім мен? Енді мені білдірмей еш адамға Өлсем сенің шығайын есігіңнен\". Адам бұ сезін қабыл көрді. Кебінге орап үйіне алып келді. Еш адам көрген де жоқ, білген де жоқ, Бір-ақ Адамменен қыздың өзі білді. Кебінін көйлек қылып киді дейді, Екеуі бірін-бірі сүйді дейді,

Адам барып шəрден молда əпкеліп, Некесін жақсы қылып қиды дейді. Адамға құдай тағаладан рахымет келді, Нəрсені есітпеген көзі көрді, Патшаның қызын алғаннан соң, Екеуіне бір ұл перзент берді. Ұлының атын қойды Ыбырайым, Ақылын артық қылды бір құдайым, Оқуға жеті жаста берген екен. Айтайын насихат қып мұның жайын. Білген жоқ енді мұны ешбір кісі, Оқуда ойнап жүрер ерте кеші. Жасынан бері асырап тəрбие қылған, Бар екен қыздың үйде бір енесі. Қайғымен ол енесі өлген екен, Қайласы жоқ бұ іске көнген екен Балалар жұма күні ойнап жүрсе, Енесі Ыбырайымды көрген екен. Баланың таң қалады келбетіне, Ұқсатты өлген қыздың суретіне, Баланы құшып сүйіп мейірі қанып, Құдайдың дəн қояды құдыретіне. Баланы құшып сүйіп шақ көреді, Үйіне əкпеп ас су нан береді, Əр күнде бір нан беріп жүреді екен Бірнеше қатындар көріп шам көреді. \"Енесі Адаммен ойнас екен, Ойнасын өлгенінше қоймас екен\". Қатыны келіп патшасының ханымға айтты, \"Сол жас бала алдыңызда сөйлесе екен\". Ол ханым сол сөзбенен нандырады, Шақырып ол енесін алдырады. \"Адамның баласына ас бересің, Не үшін ас бересің?\" — деп хан сұрады. \"Рас мен сол балаға нан беремін, Жүзін көрсем азырақ таң көремін, Өлген қыздың суреті ол балада,

Жүзін көріп, таң қалып, жан беремін. Е, ханым, біздің халды білсеңіз, Дұшпанның айбатына ерсеңіз, Нанбасаң сол баланы алдырайын, Көрген жерден құшақтап, таң қаларсыз\". Бұл сөзін енекенің рас білді, Көрген жерден бір өліп, бір тірілді, Баланы құшып сүйіп алдына алып, Қызын тірі көргендей мейірі қанды. Баланы құшып, сүйіп жолдас алды, Қызын тірі көргендей мейірі қанды, Менің өлген қызымнан бір өзге емес, Енді шешесін көрсем деп көңіліне алды. Жіберді бір топ қызды арасына, Келіп айтты олар анасына: \"Сізді ханым шақыртты патшаның Айтар сізге сөзі бар, барасың ба?\" Сөзіне намақрам қарамаймын, Бұ халмен елді қайтып аралаймын, Ол бай, біз кедей бейшарамыз, Киімім жоқ, мен онда бара алмаймын. Қыздар өз жайына қайтты дейді, Ханымға қыздар келіп айтты дейді, \"Адамның қатыны келмейді\", — деп, Ханымға қыздар келіп айтты дейді. \"Ол айтқаны өтірік емес, рас\", — дейді, \"Ондай кісі бөтен жаққа жүрмес\", — дейді, \"Киімдері жоқ шығар киім апар, Жалаңаш, қорланады, келмес\", — дейді. Ат, киім қыздарға алып берді, Қыздар Адам үйіне жетіп келді. \"Ат мініп, киім киіп еш адамға Көрінбей, ханым, келсін\", — дейді. Қатын айтты: \"Мен онда бара алмаймын, Сендердін əміріңше бола алмаймын, Ұрғашы қолымыздан нəрсе келмес Ерімнен ұрықсатсыз бара алмаймын\".

Қыздар айтты: \"Сөзіме қарашы дер, Сөзімнің енді айтайын расын дер, Зорлықпен енді сені апарамыз Барсаң да, бармасаң да, барасың дер\". Қатын бір зорлықты көрді дейді, Бейшара лажы жоқ көнді дейді, Ат мініп, киім киіп, қыздарға еріп, Патшаның сарайына келді дейді. Патшаның сарайына келіп кірді, Алдынан ханым көріп, қарсы жүрді, Өлген қызының келбетін көргеннен соң, Іші бауыр елжіреп парият қылды. Ханым айтты: \"Сен өлген қызымбысың? Нұры кеткен кездегі көзімбісің? Е, жұртым, өнім бе, түсім бе бұл? Əр күнде сөйлер менің сөзімбісің?\" Қыз айтты: \"Мен балаңмын дүние салған, Шеше менен əкемнен мақұрым қалған. Құдайдан қаза жетсе еш қайла жоқ, Алланың бұйрығымен кете барған\". Қыз айтты: \"Дүние салған мен балаңмын, Бұ жалғанда əуре болған бейшараңмын, Құдайдан қаза жетсе еш қайла жоқ, Алланың жетпеген мұрадына сұм балаңмын\". Ол ханым қызыменен көріс қылды, Көрген жерден бір өліп, бір тірілді, Өлген қызың тіріліп келіп тұр деп Бір адам ханға келіп хабар берді. Ол хан қызыменен көріс қылды, Патша есі кетіп, ол жығылды. Өлген қызының келбетін көргеннен соң Патша неше құлын азат қылды. Патша Адамды шақырды, қасына алып, алтыннан үй салдырдып берді. Адамды өзіне уəзір қылды, баласына өзінің жарты шəрін билетті.

АЙТЫСТАР ЖАНАҚ ПЕН ТҮБЕКТІҢ АЙТЫСЫ Жанақ: Мен үйімнен шығып ем Ертісті өрлеп, Үш жүздің үш ұлын жеңемін деп. Хан ием, шақыртқаныңа келіп едім, Екі неме қоймады көлденеңдеп. Түбек: Шығып едің үйіңнен Ертісті өрлеп, Үш жүздің үш ұлын да жеңемін деп. Жанақ, жамбы түгіл боқты алмассың, Өлең айтып нетесің бекер терлеп. Жанақ: Біздерді \"шəу!\" дегенде өлең басты. Өлең айтсақ, аруағың сенен қашты. Сеніменен он сегіз күн тарпысармын Он тоғыз күн дегенде шыдамас-ты. Түбек: Кəрі құл мен шыдармын, сен шыдамассың Шыдамаған жігітті тəңрі алсын, Ұстай алмай қаларсың етегімнен Жамбыны алып, алдыңнан тұра қашсам. Жанақ: Құдай-ау, қайдан қалдым сөз ұғарға Ноғай кедей болмайды бөзі барда. Мен неге олжа алудан құр қалайын Атамның мұнда отырған көзі барда. Түбек: Мына орыс салыпты қырға бекет, Еліңіз бермейді екен қайыр, зекет. Жас төлің сүтін емген біз алғамыз. Тұғырдан түсіп қалған атанды əкпет. Жанақ: Ауылы Оспан ханның Бөрікағашта, Атым Жанақ белгілі алты алашқа. Мен кімнің шақыртқанына келіп едім, Сен бала менімен көп таласпа. Түбек: Ауылы Оспан ханның Бөрікағашта, Атың Жанақ белгілі алты алашқа. Оспан ханның ақыны қалай екен Тайында-ай атпенен айқайласты.

Жанақ: Ауылың сасық судан көшкен екен, Ырысың балам Найман, өскен екен. Төре, қараң жиылып, кеңес қылып, Жанақты бір жеңейік дескен екен. Түбек: Ауылым сасық судан көшіп жүрген, Ырысым жылдан жылға өсіп жүрген. Қамбардың кедей шалы кедей қалса, Бозбалалар дым бермеңіз десіп жүрген. Жанақ: Ау балам, сенің өзің бай Наймансың Қонақасы беруге жай Наймансың. Арғынның айналасы алты айлық, Кемтігіңді, балам Найман, ойлағайсың. Түбек: Ау, Жəке, біздің Найман-бай Найман ба? Мейман қонақасы жай Найман ба? Жаман, жаман дейсің де, еш қоймайсың, Жаман бала еркіңе қойған бар ма? Жанақ: А, балам, Арғын қайда, Найман қайда? Арғындығымды көрсетейін осындайда. Тарбағатай талқан боп кетер еді Төрт ұлы бəйбішенің қосылмайды. Түбек: А, Жəке, Арғын қайда, Найман қайда? Арғын болсаң Қарқаралы дуан қайда? Бас қылып жаман тайын ұстап алып, Жақсыңды тізіп салған жалғыз сайға. Жанақ: Деген соң менің атым Жанақ, Шалбарым бер теріден сексен балақ. Ашуыма көп тиме, балам Найман, Ашулансам, кетермін иттей талап. Түбек: Деген соң сенің атың Жанақ, Қылғындырып қойыпты мешкей тамақ. Ініңді қойдай ұстап сатып едің. Құлағымды кессең де айтқаным-ақ. Жанақ: Ұранымды сұрасаң Арғын, Найман, Кедей Жанақ десең де ар қылмаймын. Ашуыма көп тиме, Найман балам Аузыңды қобызбенен қан қылғаймын. Түбек: Арғын болсаң қайтейін Наймандаймын,

Куəм бар, қай сертіңнен тайғандаймын. Ұрының өзіне лайық сойыла бар, Қолдағы домбырамен ұрғандаймын. Жанақ: Оспанның асынғаны алтыннан қын, А, балам, жеңе алмасаң, саған бір сын. Алтай Қарпық байым бар, Алдажұман Тап өзінің жылқысы жиырма үш мың. Түбек: Найманда бұрымынан талған қатын. Тоқсан санды айдаған Қамбар жатыр. Жүз сандық Бексұлтанда жамбы жатыр, Сексен атан түйеге əрең артар. Жанақ: Біздерді \"шау!\" дегенде өлең басты, Өлең айтсақ, аруақ сенен қашты. Кесер бас, жүрер аяқ жылқыны айтшы Ұрыдай неғылайын жатқан тасты. Түбек: Еліңіз бермейді екен қайыр, зекет, Мүлік орыс салыпты қырға бекет. Алтын менен күмісті кемітесің, Еліңде жамбы түгіл қаям да жоқ. Жанақ: Елімде бір байы бар Азынабайды, Тап бір күнде қырық арба қазына алды. Тоқсан сан осы күнде қой айдайды, Ызалансам айтамын Ордабайды. Түбек: Біз келдік өңкей төре асқа саулап, Иса бар, Əлі, Омар омыраулап, Қу далада қутыңдап айтқаныңша, Сəдəт ханыма айтсаңшы көңілім аулап. Жанақ: Адырайып не дейсің Омарбай сарт, Найманшаның баласы тізгінің тарт. Қалай айтсам еркім бар, мен — Арғынмын, Қалмағыңның қатынына өзің бар, айт. Түбек жылдам жауап таппағанда оған жақын отырған Садырбай деген кісі айтты: Садырбай: А, Түбек, сөйлемесең сөйлемейін, Кедейді өзіме көріп елденейін. Үш күнде ұшып шыққан жалғыз қақпай Неге қойдың кедейді əлгідейін.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook