Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Василий Радлов "Алтын сандық"

Василий Радлов "Алтын сандық"

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-11-23 18:06:39

Description: Василий Радлов "Алтын сандық"

Search

Read the Text Version

Жанақ: Қызыл тілім сөйлей бер безектеген, Күн де күнін көреді тезек терген. Кедейді іштен шалып қайқайтайық Садырбай жүндей саба кезекпенен. Аулым Бесқазылы, Ойтүндік-ті Тоқсан бие сойдырып, жүз үй тікті. Осы ақын сылқылдай бер, күн сенікі, Қайғылы көкірегім, көңілім күпті. Түбек маған қылады омырауын, Найман итке тағады қоңырауын. Көрмегендей мақтанба, балам Түбек, Үзігіңнің орайын төрт-ақ бауын. Түбек: Мен өлең айтамын жағым тынбай, Сірə, мені, жеңбейсің Жанақ сұмырай. Сені де қалашылар мақтамайды, Үйіңнің тесігі бар сексен мыңдай. Жанақ: Үйімнің сырты жаман, іші тəуір, Сен Түбек, ақсүйек емессің, қара бауыр. Үйімде тығып қойған жүз жамбым бар, Мал-жан қылсам, болады қанша ауыл? Ол сөзге Түбек жауап таппады.

ШОРТАНБАЙ МЕН ОРЫНБАЙДЫҢ АЙТЫСЫ Тұрдыбектің қасында бір Орынбай деген ақыны бар екен. Тұрдыбек қырға барыпты. Қырда Құсбек төренің қасында бір Шортанбай қожа деген бар екен. Құсбектің алдында Орынбай көп өлең айтты, Құсбек оған көп сый қылыпты. Онан соң Шортанбай қожаменен айтысыпты: Шортанбай: Жаратқан бəрімізді бір құдайым, Патша пендесіне қылар жəйін. Атыңа анық, түсіңе танық едім, Жолың болсын, жүріпсің, Орынбайым. Орынбай: Диуана қожа атасы барар ма екен? Мейрамға имам болған жаңғыз жеке. Жолың болсын дегенің жақсы лепес, Құдай берсе, мол болсын, е Қожеке! Шортанбай: Өлеңге бір кісідей туысың бар, Тіл мен жаққа бақ берген ырысың бар. Барымташы кісідей мол болсын деп Елде қандай, кісіде жұмысың бар. Орынбай: Былтыр бізді шақырды Құсбек батыр Хан шақырса, не тұрсын ақын бақыр. Ақ сұңқардың дидарын көремін деп, Орынбай сол жарлықпен келе жатыр. Шортанбай: Айтасың мақтаныш қылып батыр ханды, Ар көрерсің құр келіп қатылғанды. Ел бітімін билейтұғын би емессің, Құсбек сені неғылсын шақыртқанды. Орынбай: Қожаеке, ханға тағы сөйлеймісің? Ханыңды шақырды деп білмеймісің? Ішің тар бұ қайдағы жарықтықсың, Ханыңды шақыртса, кейін итеріп, қой деймісің. Шортанбай: Еліңе мен насихат сөз айтамын, Бар демей беті жүзің тік айтамын. Елімнен былтыр алып кетіп едің,

Ұялмай тағы келдің бе деп айтамын. Орынбай: Төреңнен алатұғын алымым бар, Жақсыдан алып өскен қалыбым бар. Төреңе əлің келсе, білдірмей бақ, Күндесең алғаныма ішіңді жар! Шортанбай: Орынбай Тұрдыбекпен келген екен, Жан қалмай төре қара берген екен. Елімді өзім жоқта қойдай жеңіп, Бұ мұңдар сонан дəндеп келген екен. Орынбай: Қожаеке соны сөз деп айтармысың, Қуанып, бердірмесең, қайтармысың, Майрамның қарлығаштай малын қорғап, Қызғанған тəңірі, малың шайтан болсын. Шортанбай: Білдің бе сөйткенменен берерімді, Бағана біліп едім келеріңді, Менен басқа жан жоқ деп мақтанасың, Асырмасаң түк бермен өнеріңді. Орынбай: Шығыпты орта жүзге атың Қожа, Айтасың əлімдікпен батыл, Қожа, Сендей сарттың көзіңді уқалаушы ем, Осы жолы бердірмесең, қатын Қожа. Шортанбай: Орынбай Тұрдыбекпен келдің, кеттің, Ау балам, түк бермен, тілің өтті. Жалынсаң Қожаеке деп, кешер едім, Ай, балам, осы сөзің түпке жетті. Орынбай: Қожаеке, сырттан сұрап сағынғаным, Құсбектен тəуір болды табылғаным. Бұ жерде Қожа билер қарату жоқ, Арғында сенен сұрап неғылғаным. Шортанбай: Қарауыл өрши берді, шындамасам, Айтпаймын халыққа кеңес тыңдамаса. Тіленші елге келген сен деймісің, Көрейін халқымнан — ақ бұлдамасаң. Орынбай: Қожасың, Қарақалпақ, атың басқа, Шығыпсың жақпай жалғыз қарындасқа, Баласын бір Арғынның екі айырып, Үйретті кеткен адам сен қубасқа.

Шортанбай: Болса да баяғыдай заманым жоқ. Бозбала бəрің бірдей жаманың жоқ. Пір болған жеті атаңа Қожа едім, Көрмесең бір заржақтай, амалым жоқ. Орынбай: Нəсілің төрт жардан тек дер, қожам, Алдымнан қыйсық жүрме жөн бер, Қожам. Еліңе теріс айтып, дін үйретпей, Қазақтың өлеңінде нең бар, Қожам. Шортанбай: Өлеңін мынау ақын бағады екен, Сөйлесе сөз мəнісін табады екен. Алдынан осындайда бір шықпасам, Жанына, қоя берсем, жағады екен. Орынбай: Айтасың жүйріктікпен, шешен Қожам, Күнəңді таубе қылсаң, кешер, Қожам. Алдыма шығарыңды қайдан білдің? Айтасың соны білмей, өсер Қожам. Шортанбай: Беріп пе жалғыз саған тіл мен жақты? Деймісің сөзден кедей біз бейбақты? Қожаңды жұрт пір қылған есер дейсің, Ай, болам, тапсырармын əруаққа. Орынбай: Деп едім тілім тиер мен бағана, Жаратты Қожаны есер аллатағала. Е, шал өлең айтқанын қашан көрдің? Өлеңді айт, бірліктен кет садаға. Шортанбай: Хан, қара шақырған соң келе қалдым, Ақынды іздеп келген көре қалдым. Қожаны бірлігінен айырып алған, Молдаға дəріс оқыған қайдан қалды. Орынбай: Қожаеке көп шайтанмен салыспаңыз, Қараға төре тұрып таныспаңыз. Айтамын жаным ашып ақ сүйекке, Жасыққа бола атыңды алыспаңыз. Шортанбай: Өтерін дүниенің ойламасам, Алдында хан, қараның сайрамасам, Орынбай елге келген бұл бір мейман, Жұртыма енді айтып майламасам.

ҰЛБИКЕ МЕН КҮДЕРІ ҚОЖАНЫҢ АЙТЫСЫ Қожа: Сексеуіл құмға бітер бас алмалы, Зинақор бір құдайды еске алмады. Өлеңнің бес алты ауыз арқасында Тұсыма қыздар толды қос алқалы. Бике: Сексеуіл құмға бітер бас алмалы, Зинақор бір құдайды еске алмады. Тұсына қыздар толса, қос алқалы, Қожа қайтып ұстайды ақ шалмалы. Қожа: Сексеуіл құмға бітер бас алмалы Зинақор бір құдайды еске алмады, Біреудің ақ некесін арам қылған Зəннемге қыздар кетер қос алқалы. Бике: Сексеуіл құмға бітер бас алмалы, Зинақор бір құдайды еске алмады, Қазақтың ақсақ тайын алдап алған Зəннемге қожа кетер ақ шалмалы. Қожа: Сексеуіл құмға біткен бас алмалы Зинақор бір құдайды еске алмады. О дүние бұ дүниеден жақсы дейді, Барайық бəріміз де, жан қалмалы. Бике: Өлең, өлең дегенге етерелі Өлең айтып көңілді көтерелі Бұ дүниеден о дүние жақсы болса, Адамға айтпай Қожаекем кетер еді. Қожа: Екі құзғын ұшқан жері Еділ, Жайық, Алашта ақын бізге болмады лайық. Бұ дүниеден сіз де өтер, біз де өтер, Екеуміз ебін тауып сөз қылайық. Бике: Екі құзғын ұшқан жері Еділ, Жайық, Алашта ақын бізге болмады лайық. Сөйлесерге жоқ еді көп өлеңім Қожам, өлең сұраймын қолым жайып.

Қожа: Екі құзғын ұшқан жері Еділ, Жайық, Алашта ақын болмады бізге лайық. Ұлбике өлең сұрайды қолын жайып, Алдағаның Ұлбике не қылайық? Бике: Екі құзғын ұшқан жері Еділ, Жайық, Алашта ақын болмады бізге лайық. Кішкентайдан қосылған, тақсыр қожа, Ары отырма, бері отыр, жақындайық! Қожа: Екі құзғын ұшқан жері Еділ, Жайық, Алашта ақын болмады бізге лайық, Кішкентайдан табысқан бір дертің бар, Жақындасаң кетеді сыпат ауып. Бике: Қожа залым алар ма қара тұрып? Қара залым алар ма бара тұрып? Қожаның арамзасын біле қойдық, Біз байғұсты алдайды бара тұр деп. Қожа: Төрт орамал шетіне түйдім анар, Жақпаған құл қылмысты, тозақ барар. Қожаңменен, Ұлбике, ойнап күлсең, Өне бойың шымырлап, мейірің қанар. Бике: Төментін жеті көшіп өрге келдік Жеті əулие тоғысқан жерге келдік. Келмегірдің жеріне қайдан келдік, Діннен шыққан қожасы, елге келдік. Қожа: Бір алуан бала едің, денем сүйді Жақпаған құл қылмысты, тозақ күйді. Бала едің өзің тəуір Ұлбике ақын, Көрмес, білмес кісідей тілің тиді. Бике: Қожеке, бас өлеңім осындай-ды, Асық жолың бейіске қосылмайды. Түбің қожа болғанмен дəретің жоқ, Дəретсіз жан иманға қосылмайды. Қожа: Бұқараның жолында түйе боздақ, Тəңріге ісің жақпаса бардың тозақ, Со тозақтың ішінен шықпа жаным, Қожекеңнің айтқанын қылсаң мазақ. Бике: Қудырып құс салдың құланыңнан,

Ер өлтіріп, кек алдың ба ұраныңнан. Қатынша, Қожа тақсыр, қарғай бердің, Сен де көрмей кеткенсің ұрыныңнан. Қожа: Менімен жау болмассың, елдесерсің, Бір-екі ауыз сөзбенен теңдесерсің. Арашалап қоймадың, Ұлбике ақын, Не малдан, не бастан кем өсерсің. Бике: Сенімен жау болмағам, елдескемін, Бір екі ауыз сөзбенен теңдескемін. Не малдан, не бір бастан кем болар деп Тəңірмен қашан, Қожам, сөйлескенсің? Қожа: Сенімен жау болмаған, елдескемін, Бір-екі ауыз сөзбенен теңдескемін. Бір табан сенен көрі жолым үлкен, Бабама Əзірет Əлі сөйлескемін. Бике: Өзің көңіл бермесең мен нетейін? Ажал жетсе бір сақа дендетейін. Қаратқан жұрт аузына ақын болсаң, Көңіліңді, саспай тұр, сап етейін. Қожа: Айтайын, айт дегенің білісімді, О, менің қызға түскен бір ісім-ді, Бабамыз Əзірет Əлі оқ атыпты. Қоймаймын қыз дұшпанға күлісімді. Бике: Жаратқанның бар ма екен көрген нұрын, Нұрын көрген бейістен алады орын. Қожеке, сенен мен бір сөз сұраймын, Не жаратқан болады ілкі бұрын. Қожа: Бар жаратқанның көрген нұрын, Нұрын көрген бейістен алады орын. Ұлбике, сен сұрасаң, мен айтайын Қап пенен Нұн жаратқан ілкі бұрын. Бике: Бар дейді жаратқанның көрген нұрын, Нұрын көрген бейістен алады орын. Қожаеке, сен ол сөзді білмей айттың, Жаратқаның бар дейді онан бұрын. Қожа: Əуелде Мұхамбеттің нұрын қылған, Он сегіз мың əлемнен бұрын қылған.

Бытыраш Əбділдаға нұрын төгіп, Сегіз бейіш ішінен орын қылған. Бике: Əуелде жаратқанда жан жаратқан, Дарияның түбінде мың жыл жатқан, Дарияның түбінен шығарған соң, Нұрдан алып, тауып берсең, не жаратқан? Қожа: Əуелде жаратқанда жан жаратқан, Дарияның түбінде мың жыл жатқан. Дарияның түбінен шығарған соң, Нұрдан алып, ай менен күн жаратқан. Бике: Айтамын айт дегенің, Қожам, дүрсің, Қожам, тоқсан түрлендің мені көрсең. Оны тапсаң, бір тыныс алар едің, Əзірет Əлінің атасын тауып берсең. Қожа: Əптиектің ішінде бар едің, əліп, Жетік молда оқиды хатты танып. Атасының аттары — Бытыраш-ты, Анасының аттары — Əбутəліп. Бике: Сабақтың басын сұраса, үн-ді дейді, Жаман сөз жақсы адамға мін-ді дейді. Пайғамбар ат сұрамақ сүндет екен, Əкең атын сұраймын, кім-ді дейді. Қожа: Құба жон арғы ауылдың жортар бəрі Бір жарымның жоғынан көңілім кері, Ұлбике, сен сұрасаң мен айтайын, Ер Көшік əкем аты, мен — Күдері. Бике: Ішінде осыншаның атым есен, Халқым қоймас өлеңді білмен десем. Қожеке, сен айтқанда, мен де айтамын, Жангелді əкем аты, Жаңыл — шешем. Қожа: Құба жон арғы ауылдан жортар бөрі, Жоғынан бір жарымның көңілім кері Ұлбике сен айтқанда, мен де айтайын, Ер Көшік əкем аты, мен — Күдері. Бике: Керегенің басында мақта шөкі Шөкіні жаман қылса, болады үкі, Қожаеке, сен айтқанда, мен де айтайын,

Жангелді əкем аты, атым — Ұлбике. Қожа сонда тұра қалды, Ұлбике айтты: Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар, Шудасы шөгіп жатса шаңға батар. Сыймаған тілі аузына ақын болсаң, Дария ағып жатқан қашан қатар? Қожа: Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар Шудасы шөгіп жатса, шаңға батар Қауыста қараша мен қаймақшиды, Желтоқсан айында дария қатар. Бике: Бұ қайдағы Қожа еді есі кеткен, Есі кеткен болмасаң, Ертіс өткен. Есі кеткен болмаса, есер Қожам, Жеті тоқсан айлары қашан өткен. Қожа: Жүк арттым жүк тайлаққа қатар-қатар Шудасы шөгіп жатса, шаңға батар Сендей мен күн есептеп жүруші емен, Қай күн суық болғанда дария қатар? Қыз жеңілді. Қожаға бір шапан берді.

АҚБАЛА МЕН БОЗДАҚТЫҢ АЙТЫСЫ Бір Боздақ деген жігіт Ақбала деген қызбенен ғашық болып қосылды. Екеуінің қосылғанын əкесі біліп: \"Осыған қызымды бермеймін\" деп айрыла көшті. Алысқа кеткен соң Боздақтың əкесі жігітті бұрынғы айттырған қайнына жіберді. Қайнынан қайтып, ғашық қызының жеріне келді. Келсе, ғашық қызы өліп қапты. Бейітінің басына жатып өлең айтты жігіт: Боздақ: Əуеде ызадайды жасыл сона, Қалыпты жаз жайлауда жалғыз мола. Тілеуің мен кеткенде таза-ақ еді. Болмасын Ақбала қыз, алдатағала? Саламын қоржыныма тарымды ақтап, Атымды қамшылаймын екі жақтап Жасырған алтын, күміс, тұл тақияң Қалыпты айдалада бейіт сақтап. Ақбала: Жайлауы еліміздің құм еді ғой, Базарға қой айдаса пұл еді ғой. Басыма келмей жатып өлең айтқан Қайғырған қайсы байдың ұлы еді ғой? Боздақ: Арқаның ақ қайыңынан ерімді тоздап келдім, Өлігін кімнің қойған деп ойлап келдім. Бір бата кім де болса қылайын деп, Жалғызы мен Бөртенің Боздақ, келдім. Ақбала: Айтамын айт дегенде, Ақбалашым, Немді айтып өлгеннен соң мақтанамын. Жалғызы сен Бөртенің Боздақ болсаң, Жалғызы мен Қырғидың Ақбаламын. Боздақ: Ақбала қыз екенін танып тұрмын, Лапылдап тал отындай жанып тұрмын, Тартысқан тар төсекте тату едім Ойыма \"тұра ма\" деп алып тұрмын. Ақбала: Айтамын айт дегенің қызыл тілім, Үй қылдым қазғаннан соң жердің түбін.

Қызыл тіл кейде келер, кейде келмес, Бейіттен мына тұрған шықпай денем. Боздақ: Қайда екен Ақбала қыз сенің мұрның? Мен едім тірлікте сенің құрбың Əлің келсе, басыңды көтер бүгін! Үйіңе апарайын мен сені бүгін. Ақбала: Мұрнымның құм құйылды тесігіне Алланың мен жолықтым кесіріне. Ал тұрайын десем де тұра алмаймын, Қойыпты аллам бөлеп бесігіне. Боздақ: Қайда екен Ақбала қыз қолаң шашың, Көрінген жабылыңқы қиғаш қасың. Ақбала əлің келсе, көтер басың. Тіріде еске түсті берген асың. Ақбала: Орнынан жи дегенде қолаң шашым, Көрінген жабылыңқы қиғаш қасым. Басымды əлім келіп көтере алман Теңгерген қаншаға қайран басым. Боздақ: Қайда екен Ақбала қыз ақ етіңіз? Ағармас баяғыдай тағы етіңіз, Болғанда астың көрден, үстің тастан Жатыр екен қайтіп шыдап жақ етіңіз? Ақбала: Айтамын айт дегенге ақ етіміз, Ағармас баяғыдай тағы етіміз. Болғанда астым көрден, үстім тастан, Шіріді жақ етіміз түгіл, сен етіміз. Боздақ: Қайда екен Ақбала қыз екі көзің? Аян-ды бір құдайға айтқан сөзім. Ақбала, əлің келсе, көтер басың, Үйіңе апарайын мен сені бүгін. Ақбала: Орнынан ағып түсті екі көзім, Аян-ды бір құдайға айтқан сөзім, Басымды əлім келіп көтере алман, Бейіттен мына тұрған шықпайды үнім. Боздақ: Қайда екен Ақбала қыз екі көзің? Аян-ды бір құдайға айтқан сөзім. Ақбала, əлің келсе, көтер басың!

Үйіңе апарайын күні бүгін. Ақбала: Боздеке, қайтып жатсын екі көзім, Аян-ды бір құдайға айтқан сөзім. Басымды əлім келіп көтере алман, Бейіттен осы тұрған шықпайды үнім. Боздақ: Жағың да, саусағың да, отыз тісің, Аян-ды бір құдайға қылған ісің. Ішінде туар айдың келемін деп, Үйіңде зар жылайды алған кісің. Ақбала: Жағым да, саусағым да отыз тісім, Аян-ды бір құдайға қылған ісім. Қайтейін зар жыласа алған кісім, Құдайдың мен қайтейін салған ісін. Боздақ: Қайда екен Ақбала қыз іші бауырың? Тіріде осылай ма еді айтқан көңілің. Бекітіп төңірегін тас қылыпты, Жүр екен қайтып шыдап сенің ауылың? Ақбала: Ішімде елжірегенде іші бауырым, Тіріде осылай еді айтқан көңілім. Бекітіп төңірегімді тас қылса да, Жүргенде қойдай шулап менің ауылым. Боздақ: Қайда екен Ақбала қыз екі қолың? Мен едім тірлікте сенің құрбың. Көріңнен қолым салып ала алмадым, Құдайдың мен қайтейін салған жолын. Ақбала: Саусағынан ілінгенде екі қолым, Сен едің тірлікте менің құрбым. Көрімнен қолың салып бір тартпадың, Немене, ойбай Боздақ, сенің ойың? Боздақ: Арқада атан түйе қымбат екен, Аллаға төрт періште тіл-хат екен. Расын екі дүние көрдің қабат, Ақбала бұл жалғанда не тəтті екен? Ақбала: Арқада атан түйе қымбат екен, Аллаға төрт періште тіл-хат екен. Расын екі дүние көрдім қабат, Тек құдай атам қосқан жар тəтті екен.

Боздақ: Біздер кетіп барамыз үйге қайтып, Дəтің қайтып шыдайды жалғыз жатып. Мені сен əлің келсе жебегейсің, Басыңа бата қылдым өлең айтып. Ақбала: Келдің жігіт, е Боздақ, кеттің тастап, Шыдайды дəтің қайтып жалғыз тастап Біздерді жалғыз тастап желе берсең, Тартарсың жол азабын атың ақсап. Боздақ: Олай деген алғысың ба? Қарғысың ба? Айтысқан тірідегі байғұсыңа. Бізді сен əлің келсе жебегейсің, Жөнелдім өлең айтып қақ тұсыңа. Ақбала: Ойнаушы ем ортекемді киік қылып, Шаныштым қарқарамды биік қылып. Артымда анам, алдымда сіңлім жоқта. Көзіме не қылады күйік қылып? Боздақ: Ойнаушы ең ортекеңді киік қылып, Шаныштың қарқараңды биік қылып Артыңда анаң, алдыңда сіңлің жоқта, Қарқараңды басыңа қойғызайын биік қылып. Атқа салып мінерге ер болса, Қожаға иман қайда құяр болса. Басыңа қарқараңды қойғызайын! Пайдасы қызметте тиер болса. Ақбала: Оралбек ортасын оймай кетті, Басыма қос қарқарам қоймай кетті. Əке шешем бұйырып қоям деді. Жиылып елі жұртым болмай кетті. Боздақ: Ортасын Оралбегің ойдырайын, Басыңа қос қарқараң қойдырайын! Пайдасы қияметте тиер болса, Басыңа қарқараңды қойғызайын. Ақбала: Сəлем шешекеме деп айтқайсың! Құлағы есітпейтұғын əкекеме бек айтқайсың! Ішінде туар айдың келсе жарым, Болдым ба жаңа керек деп айтқайсың. МӨНЕК ПЕН ОПАН ҚЫЗДЫҢ АЙТЫСЫ

Найманда Мөнек деген жігіт ұрлыққа барып, қолға түседі. Той болады, Опан деген қыз Мөнек деген жігітпен өлең айтысады. Тұтқын жігіттің аяғына кісен салған, кісенімен тойға келген. Қыз: Қарқарамның үші айда-сайда, Қолаң қара шашымның түбіл сайда. Теп-тек жатқан елімді тез бүлдірген Айтысамын, ағалар, жаяу қайда? Жігіт: Қарқараңның ол үші шайда болар, Іздегенге асылық пайда болар. Сонша жерден мен келдім жаяу іздеп, Айтысамын, қыз Опан қайда болар? Қыз: Жел мен көкке теңселіп желсең, жігіт, Жер мен көкке теңселіп жүрсің, жігіт. Егіншінің атындай кісенің бар, Руыңды сонда сұраймын не елсің, жігіт? Жігіт: Руымды сұрасаң — Бағаналы, Байлықпенен жылқымыз көк алалы. Аманжолдың Наурқұл жиып кейіп, Ат көтіне салмаймын ба, сен баланы? Қыз: Бармақ қайда базарға, келмек қайда? Өте шауып елімді алмақ қайда? Біздің елде жалаң бұт жаяу жүріп, Ат көтіне Опанды салмақ қайда? Жігіт: Өлеңді айтып, Опаным, жөнелерсің, Бұйрық келсе, алладан сен де өлерсің. Аманжолдың, Наурқұл жиып келсем, Алақандай сен, Найман, жерге енерсің. Қыз: Жөн сөйлес, кəрібім, жөндігіңді, Неге айтасың ау, сорлы, белдігіңді, Біздің елде жалаң бұт жаяу жүріп, Неге-ау, сорлы, айтасың белдігіңді. Жігіт: Өлең білсем, тамағым кеней айтамын, Сөз мəнісін білмесем, не айтамын? Бəйбішенің баласы болып өстім, Белдік айтпай е, балам, нені айтамын? Қыз: Сөйлер едің, жаяуым күйің болса, Шекең тола басыңда миың болса.

Қара өлеңнен екеуміз қажыспаспыз, Енді еліңде айта көр, ерің болса. Жігіт: Бір өлеңім бар еді кенде-кенде, Кім иманын күтеді осы күнде. Ойда орыс, қырда қазақ айдыннан тұрған, Құдайменде елімде — тақсыр төре. Қыз: Сөйлер едің жаяуым, күйің болса, Кіріп шығар кең сарай үйің болса. Қара өлеңнен екеуміз қажыспаспыз, Енді еліңде айта көр, биің болса! Жігіт: Қыз Опан ойда қала, қырда қала, Жалғыз жүрген жаяуға құдай пана. Он үшінен он төртте сейлей қалған Біздің елде бар еді Шорман бала. Қыз: Өлең айтып, жаяуым, қақсаймысың? Тері тон мен көшімді жақтаймысың? Тентегін тебізі мен тыймайтұғын, Ебелек со жасыңды мақтаймысың? Жігіт: Шоң биім сөйлер сөзден өтіп еді, Шорманым сөйлер сөзге жетіп еді. Жарықтық ерлікпенен қолға аттанып, Бошанға Майқы менен кетіп еді. Қыз жеңіліп, жауап таппай тұра қалды. Жігіт айтты: Жігіт: Сатқаны саудагердің бояқ тағы, Жүгірткен сұм жаяуды таяқ тағы. Бір тостаған осындайда саумал берсең, Сорлыға біздей болар сауап тағы. Қыз: Біз жаяу, өлең айтып аттай желді, Байғұстың көп жаңғалақ көңілін бөлді. Сусаған өлең айтып, сорлы жаяу, Ішің де, сырлы шелек саумал келді. Жігіт: Əуелде көкте қазы құдай болса, Айтқан сөзім құдайсыз күнə болса. Өлеңді қоя тұр, ойбай Опан, Саумалыңды ішейін, олай болса. Қыз: Қатты жұтып саумалды қандыңыз ба? Қайбана боп ақылдан тандыңыз ба?

Өлең айтып сусаған, сорлы жаяу, Қанып ішіп саумалды алдыңыз ба? Жігіт: Қатты жұтып саумал қанғым келді, Тағы бірге Опанмен жүргім келді. Елдегі есер қылық еске түсіп, Опанның ақ төсіне мінгім келді. Қыз: Бір қамшым бар қолымда сегіз өрме, Ал көзіңе тимесін, менен көрме! Екі аяқты кісіге мінемін деп Қыл құйрығы жылқыдан дəнгі көрме. Жігіт: Күз жаратып мінгенім қара көкше, Аяғыма кигенім кебіс өкше. Е, дегенде, мə деген, жарықтығым, Көтере көр қолтықтан, атам Бекше. Қыз: Қыпыра болып бір жұлдыз қайдан шыққан, Қысыр емген құр аты байдан шыққан. Е, дегенде атанды аузыңа алып, Бекше атаңның сүйегі қайдан шыққан? Жігіт: Ылаллаға мойынын бұрған дағы, Талай нөкер жолында тұрған дағы. Атамыз жауда жүріп жолда өліпті, Жарықтық анасынан туған дағы. Қыз: Мен өзім атты де емен, түйелімін. Қара өлеңге келгенде жөнелемін. Мені қайтып жеңесің, сорлы жаяу, Аты шыққан Бекше атаң жиенімін. Жігіт: Көкте қазы, əуеде құдай болса, Айтқан сөзім құдайсыз күнə болса, Сіздер жиен болғанда, біз — нағашы, Ат-тонымды алып бер, олай болса. Қыз: Балқын көл, салқын көл мен қызыл қурай Жас басыңнан көп жортып кез ортадай. Атың менен берейін тоныңды алып, Тамыршылай, келдің бе мені сұрай. Жігіт: Көп жорықты жортуға жүр деген соң, Көп жортушы тілеуі бір деген соң Қыз Опан, ұрыда көз жоқ, малда тіл жоқ,

Байғұс-ау, жылқыңды алдым білмеген соң. Қыз: Жаяуым, өлең айтып қақса сана, Көшімді тері тонмен жақта сана, Көтінен сандық байлап қуып жеттің, Ұры құл, білмей алсаң, таста сана! Жігіт: Найзамды жауға шаныштым сермейін деп, Тіріде жау қорлығын көрмейін деп. Жылқыңды шаршы түсте тиіп алдым, Опанға, жалғызым-ау, бермейін деп. Қыз: Еліміз Есіл барып өтпек пе екен? Айтқан сертке ұры құл жетпек пе екен? Құлағына ұрып, аяғын сыпырған мал Ұры алдына ол түсіп кетпек пе екен? Жігіт: Өлең айтып, Опаным, толған жоқсың, Баяғыдай əріптес болған жоқсың, Олай айтсаң, аллаға күпір болдың Ұрысайдың басына қонған жоқсың. Қыз: Олай айтқан о сөзің жөн дегенің Желіп жүрген жайсаңың мен дегенің Жылқымды шаршы тұста тиіп алып, Көсемсіп, көрген жерге дəндегенің. Жігіт: О сөзім олай айтқан жөн емес пе? Желіп жүрген жайсаңың мен емес пе? Жылқыңды шаршы түсте оттатпайтын Баласы бəйбішенің мен емес пе? Қыз: Біздің елдің жайлауы Қарататыр Біздің өлең ол айтса қайда жатыр? Өлеңді айта бер Мөнөк ақын Жарасынан жəкем жаман жатыр. Жігіт: Басын тартып күреңнің жорғалаттым, Күндіз қойдай Найманды қорғалаттым. Əлі өлсем де аллаға арманым жоқ Қара қанын ағаңның сорғалаттым. Со жерде қызды жеңді, қыз жылап отырып қалды. Ертең ел көшті, Мөнекті түйе үстіне мінгізді: еліңде тағы да бір ақын қыз болды. Со қыз көш жөнекей айтысамын деп келді жігітке. Бұ жігіттің қасында бір арбалы атқа мінген бала бар, со баладан сұрады жігіт: \"Бұ қыздың

неменесі бар?\" деді. Бала айтты: \"Бұ қыз өзі өлеңші деді, бірақ кешегі жұртта бала тапты\" деді. Қыз келді жігітке, өлең айтты: Қыз: Аяғы ұры құлдың қара қақпан, Бұ қақпаннан ұры құл пайда тапқан. Түйе үстіне байғұсты шоқайтыпты Опанжан о жетімді қайдан тапқан? Жігіт: Аяғы ұры құлдың қара қақпан, Ұры құл бұ қақпаннан пайда тапқан. Еліме ермек болсам мен барармын, Сенен құдай сақтасын бала тапқан. Қыз оны естіп, қашты.

ЖҰМБАҚ АЙТЫС Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ханның бір қызы болыпты. Қызы бек көркем болыпты. Айттыра келсе бермейді екен. Сөйтіп жүргенде бір жердің бір ханының баласы болыпты. Сол қызды аламын деп іздеп келіпті, əкесіне сөйлесіпті. Əкесі айтыпты: \"Қызымның өзі біледі. — депті.— Барамын десе, барады, бармаймын десе, жігітке бармайды\". Жігіт келді қызға, екеуі амандасты. \"Қайда бара жатқан жігітсің?\" — деді қыз. \"Іздеп келгенім сенсің, маған тисең сені аламын\";— деді жігіт. \"Мен бір жұмбақ айтайын, соны сен тапсаң мен саған тиейін!\" 'Жақсы, айт жұмбағыңды!\" деді жігіт. Қыз жұмбағын айтты: Оны көрген бар ма екен? Балқан тау да, Балқан тау Басына шыққан кім екен? Жолда тұрған жоңышқа, Ат семірткен кім екен? Жез бұйдалы нар тайлақ Оны көрген бар ма екен? Желдеп кеткен жеті атан Оны көрген бар ма екен? Қайтара шөккен қарт бура Оны көрген бар ма екен? Егіз қозы сүйексіз, Оны көрген бар ма екен? Ай далада жел арқан, Оны көрген бар ма екен? Ай далада қызыл ет, Оны көрген бар ма екен? Ай далада қу қазық, Оны көрген бар ма екен? Жай, жай кілем, жай кілем, Оны көрген бар ма екен? Түр-түр кілем, түр кілем,

Оны көрген бар ма екен? Жігіт айтты: \"Сенің жұмбағың оңай екен. А, қызым мен саған не екенін айтайын! Сен тыңда, айтсам сен маған тиемісің?\" Қыз айтты: \"Тапсаң, шын айтсаң, мен саған тиейін!\" — деді. 'Жарайды, деді жігіт, — айтайын, тыңда\". Балқан тау да, Балқан тау Басына шыққан базаршы, Жолда тұрған жоңышқа Ат семірткен жолаушы. Жез бұйдалы нар тайлақ, Бикешіңіз болмаса? Желдеп кеткен жеті атан, Жеті ағаңыз болмаса? Қайтара шөккен қарт бура, Қайын атаңыз болмаса? Егіз қозы сүйексіз, Екі емшегіңіз болмаса? Ай далада жел арқан, Жыланыңыз болмаса? Ай далада қызыл ит Түлкі бақыр болмаса? Ай далада қу қазық Қояныңыз болмаса? Жай, жай кілем, жай кілем, Жайылып шыққан қойыңыз болмаса? Түр-түр кілем, түр кілем, Түріліп шыққан күн болар. Таптым ба? Тəлім қыз, енді жаның қалар ма? Тамағымнан бір сүй!\" — деді. \"Таптың, жігітім, ақылың бар екен, енді тиемін саған\". Тамағынан бір сүйді. Ол күні жатты, ертеңінде қызды алып, еліне қайтты. Əкесіне көп мал берді. Ханның баласы Тəлім қызды қатын қылып тұрды, бай болды, əкесі өлген соң өзі оның орнына хан болды. Сөйтіп, олардың барша мұрат басына жетті.

АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫ Бұқар Қалқаманұлы ЖАЛ ҚҰЙРЫҒЫ ҚАБА ДЕП Жал құйрығы қаба деп, Жабыдан айғыр салмаңыз! Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз! Жабыдан айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат тумас. Жаман қатын алсаңыз, Төркініне бара алмай, Төсегіне жата алмай, Тең құрбысы келгенде Оңды жауап айта алмай, Жалғанда қор болады. ТАУДАН АҚҚАН ТАС БҰЛАҚ Таудан аққан тас бұлақ Тасыса құяр теңізге. Қанша малы көп болса, Бай қуанар егізге. Жаманнан жақсы туса, Жақсыдан жаман туса, Тартпай қалмас негізге. Шортанбай Қанайұлы ЗАР ЗАМАН Сөздің басы бісмылла, Мүсылманның тарығы, Төрт аяқты жануар Бұл дүниенің жарығы. Əдебі кеткен жігіттің Бетінен алар зайыбы, Кəпір ниет болған соң Тартпады діннен кеткен нəсібі.

Бір алладан өзгенің Көп-түр қылған айыбы, Сол себептен қорқамын. Əуелгі қорлар зор болды, Сондағы зорлар қор болды Əуелгі байлар жоқ болды, Сондағы жоқтар тоқ болды. Жан білмеген жамандар, Ел білмеген надандар. Ел билеген би болды. Көтере алмай билігін Ол асар үлкен көк болды. Ниетіне қазақтың Тым-ақ тəуір еп болды. О заман зар болар деп, Сол себептен қорқамын. Қыс көбейді, жаз аз боп, Бай таусылды мал аз боп, Ағайыны көре алмай, Ата мен бала араз боп, Кетер енді дініміз Сол себептен қорқамын. Əр нəрсенің болжалы Келе жатыр жақындап. Ағашты тауға үй салды. Елді еркіне қоймайды. Бура ішіндей тақымдап Дуан басы, болыстар, Орыстың сөзін мақұлдап. Айтқан сөздің бұлы жоқ Құр жылайды қақылдап. Жарысқа кірген жақсылар Балам қайда жылайд деп, Құр келеді сақылдап. Қорлықпен өткен күніміз, Ашылмас болды көзіміз, Сол себептен қорқамын.

Елге бірдеме жайылды, Байға қоңсы жоламас, Алдап арбап жұмсаймын, Өз тілеуін сұрамас. Арам сідік балаға Ата менен шешенің Айтқан сөзін ұнатпас, Адам азар болар деп, Сол себептен қорқамын. Мынау ақыр заманда Алуан-алуан жан шықты, Арам, араз хан шықты, Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты. Кедей қайтып күнін көрер деп. Сол себептен қорқамын. Келе жатыр жақындап Ай мен күннің арасы Таңда мақшар болғанда, Таразыны аударар. Зəлімнің қылған күнəсі, Əлімнің қылған зинасы, Қалиматын шəдат Тамам кісінің расы. Тауба, таупұқ келтірмес Азған елдің молдасы. Оның айтқан сөзінің Асылы болмас расы, Айта тұрар аузыңда Əр кімдерді алдаушы Жылдам келді дозағы, Шайтан болды жолдасы. Құбыласын білмеген адамның Кешпеді деді құдайым, Бес намазының қазасын,

Құрт-құмырсқа, жын-шайтан Кетірер оның мазасын. Дозақтың белгісі, Қалғанға бір арасын Мұстайап қылмас құдайым Ол зəлімнің дұғасын. Сақта құдай сонан деп, Сол себептен қорқамын. Бір пара жанды зорсынды, Бір пара жанды қорсынды, Осы күнгі адамның, Еш нəрсе жоқ қолында. Əдет қылып зорлығын, Қасиет қылмас бойында Арамға баулар баласын. Ит есебі көрмейді Əке менен шешесін. Сол шақтағы төреден, Үміті бар кəпірден, Олар қорықпас құдайдан. Əр нəрсе болса алладан, Нəпсі жақын баладан, Құда, тамыр дос кетер Іні жүрмес арадан. Бұл дүниенің қазабын, Ол дүниенің азабын, Көргенімді айтайын, Сондай нəрсе бар қиын. Бір пара жанды малды қып, Бір пара жанды зəлім қып, Бір пара жанды əлім қып, Бір пара жанды жынды қып, Бір пара жанды жінсіз қып, Шариғаттан жанды жаратты. Мұсылманды бір бөлек, Кəпірлерді бір бөлек, Өз дініне қаратты,

Жиырма тоғыз əліптен Арап, парсы кəріптен Шариатты шығарып, Шариатқа қаратты. Ал құранды алты мың. Алты жүз алпыс алты аяттан. Кітап пенен құраннан Мақұлдыққа жаратты. Сопы алдияр кітаптан Сұрап тұрсаң сұрауды, Тəңірдің ісі қымбат-ты. Айтқа берген мықынатты, Қарызға берген мекнетті Бас бермейін дегеннің Жалғызын жардан құлатты. Мал бермейін дегеннің Етіне шекпен кигізіп, Иініне қоржын ілдіріп, Ақ таяғын ат қылып, Ағайынын жат қылып, Елден тамақ сұратты. Жазды, күзді мінеді Бай баласы құр атты, Жарлы да өліп қалған жоқ Оны да бір нəрсеге жұбантты. Жалғанның беріп жарығын Бір пара жанды қуантты, Мінер атқа кем қылып, Қара жермен тең қылып, Азды-көпке жем қылып, Бір пара жанды жылатты. Ашты, тоқты болса да Иманын сақтар ұятты. Діннен кеткен əдепсіз, Əр адамды ұялтты. Қолында тұрып ұрлығы, Мойнында тұрып зорлығы,

Ойында тұрып жалғаны, Көңілінде тұрып арманы, Баласын беріп молдаға, Көксун беріп аллаға Дүниеге көңілін жұбатты Мүңкір менен Неңкірге Күнасын жазып сұратты, Күналы құлды шығарып Жеті тамұққа қаратты, Бейістен қорды шығарып, Иманды құлмен ойнатты, Əзірейіл жаннан жазғырып, Қолын қандай қайнатты. Бір пара жанды көрсеңіз, Тасбиық алғансып қолына, Бойтұмарын тағынып, Намазын оқыр дəретсіз, Əлім деп айтсын мені деп, Құдайын алдар əдепсіз. Таңда мақшар болғанда, Танып тұрар құдайым. Жазып тұрар кітабын, Жазып тұрар кəрімін, Со иман күнəм Қиямет қайым болғанда Сақтар бір соны ылайым. Араларың ашылды, Аталарың бөлектей Жалмап едің ініңді, Ертегі ер Көбектей, Үйде отырып көпкенде Алқымың болды көнектей, Тасып едің, төгілдің, Сүзгісі жоқ шүмектей. Тауасқандай үй тігіп, Түндіктерің үзіктей, Туырлығың тұтқыштай,

Үзіктерің терліктей, Жарды байың əдет қып, Жүріп едің ерікпей. Бола алмады бұл заман Жай отырсаң желікпей, Байлығыңды мақтанып Жал шайнадың білектей. Иманының парызы Іні қарыс жүректей Азан тегбір болмаса, Кетіп едің еліктей. Ораза мен намаз тұр, Дін бекіткен тілектей, Асылы асқан замандай, Шөп сұйылды жердегі. Құс таусылды көлдегі. Бай таусылды елдегі. Жалғыз шақпақ симады, Кисе қара белдегі. Байлық бастан асқан соң, Жанның бəрі мас болды, Бір-біріне қас болды. Үлпершігін май басып, Шай сары су ас болды. Жұрт білмеген хан есті, Ел ішінде бай есті, Сақтап ішті сандыққа, Көнбейсің бе жарлыққа? Ұстауға енді тақалдық Тобылдық пен Тарлыққа. Мынау адам өткелі Елде неше жыл болды? Дүниенің тозғаны Адамға қайғы бір болды, Бейшараның кеңесі Ойсыз ұлға тез болды, Жолаушы қызға қонақ,

Бір-біріне себеп болды, Жалшыны жалмыт қойдың, Мына заман қор болды. Дүниенің тозғаны, Ақыр біз артқы болды. Ер сасқанда сыйынған Керемет кетті пірінен, Жақсылықтан мінім жоқ, Жан қуанып сүйінген Есіткенің жамандық, Жұрт жиылып бүлінген. Бала қайтып жұрт болсын? Білген жақсы елінен, Əр заман айтып қорқамын Үшпу сөздің түбінен Ал мына указной шыққалы, Ұзатқан қызда неке жоқ. Өлгендерде ысқат пенен құран жоқ, Ел ішінде қожаның есебі жоқ, Жеті атасы пір болған, Балалары молда боп. Парыздан мағына айырған, Қияметте қожалар Дуана болып барады. Ақыр мынау елге тілмаш шықты, Шошқаның етін қақтаған Құбылаға бақпаған, Атасының жанындай Арақты ас қып сақтаған. Суалталда амалың болса қылшы енді. Кəлиматсыз кəпірге Кіріптар қылдың құдіретім, Ал бұ зар заманның аяғы! Заман кетті баяғы, Жаның жалғыз сүйінші Мал болыпты тамағы, Ықылас ниет қалмады,

Үлкенге билік салмады, Ұлықсыған ұл туып, Бұлықсыған қыз туып, Заман жаман болған, Сол жамандық мұнша таласты. Жарысқа кірген жақсылар Жақыным деп тартпай Жауменен бірге қинасты Аузына кəпір қаратты Дін мұсылман алашты Дүниенің тұтқасы, Ойлап тұрсам мал екен Кəпір мен қазақ таласты. Заман қайтып озалсын? Адам қайтып қуансын? Жандарал болды ұлығың, Майыр қалды силағың Айырылмастай дерт болды, Нашарға қылған зорлығың, Кінəзді көрдің жырындай, Талмашты көрдің биіңдей, Дуалды көрдің үйіңдей Абақты тұр көріңдей. Байлар ұрлық қылады, Көзіне малы көрінбей, Билер пара жейді екен. Сақтап қойған сүріңдей. Заманның түрі бұзылды, Текеметтің түріндей, Ойлағаның жамандық, Жарадан аққан іріңдей. Жеті ел кеткен бұл жерден, Сен тұрмайсың бүлінбей. Қазақтың ұлы жиылып, Құдайына сиынып, Қайлықарға хат жазып, Кешіктірмей бата жазып,

Өлмей сіздің қамын жеп, Ойлар бір басын сүтке ілінбей. Мынау заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман, Тарлығының белгісі Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген, Мұның өзі зар заман Жақсылар малдан түңілген, Жамандар жаннан түңілген. Мұның өзі зар заман. Зарлығының белгісі Ұл силамас атасын, Арам сідік болған соң, Атасы бермес батасын Қазы, болысын хан қойды Қайда бір некесіз туған шатасын Өзі қылған өкінбес, Күнінде сонан татасың, Сол заманның кезінде Қыз силамас шешесін Ер жеттім деп шатасып Салысар дүниесін. Старшина қойып пысықсыған немесін Көзін ойып барады, Күнде тесіп төбесін. Мұсылманнан əл кетті, Сол заманның күнінде Жасы кіші інісі Силамайды ағасын, Алысып жыртар жағасын. Əдет қылар баласын, Рас қойып айтсаң тіл алмас Ақ сақалдан ұялмас, Атасының хабарын алмайды, Бұл жалмауыз енді туған соң,

Қара жерді жалмайды. Көшеде жүрген көп солдат Көкірегін көргендей Соны мініп шығар жанға, Дұшпаның кім сұраса Көп алады аузына Қас қылғандай болады, Туған бауырына кем қылған соң, Кім аясын? Жығып салар дүреге. Қызықсаң барарға Кетіп жүрер жерің жоқ, Жаудан аяр малың жоқ, Сүйтіп қалмай неғылдың? Бейшара болған сұм қазақ, Құтылмастай пəлеге. Асың жұқпас бойыңа, Əр нəрсе түсер ойыңа, Жалмауыз болды ұлығың, Қазақ еш нанбас сөзіңе! ЗАМАН АҚЫР Абібі ақ серуердейін Абу Бакр. Омардайын Осман, Əлі Қайдардайын Əділ патша табылмас-ты. Жақсыны көзден салмаңыз, Жақсыдан қапыл қалмаңыз, Тəңірім қылған оларды Аяғынан алмаңыз. Əрбір жұртқа, əр топқа Алтын сақа табылмас-ты Бас ауырса тəуеттерге Алып келіп бақтырарсың Жиын бəлекет қашты деп Өкпеменен қақтырарсың Жақсыдан мұндай тұмар алып қақтырарсың, Тура құрық салған болса Дертке шипа табылмас

Қатының өлсе қайғырарсың, Кеміген болып қалсаң керек Онан-мұнан қарманып, Бас біреуін алсаң керек, Төсек қалың салсаң керек. Өзіңді бассаң керек Бір кеткен соң қамқорың Ата-ана табылмас-ты. Көрінгенге көз саларсың Ажал болса маңдайыңда Біткен болса не қыларсың? Бəріңізге жүзі қызыл, Қасы қара табылмас-ты. Балаларың мектеп көрсін Əркім мəселе сұраса Оған баға табылмас-ты. Көп мұсылмандар пақыр болар Тамам жерлер тақыр болар Бақырлардың халін сұрау Қайырлы байлар табылмас-ты. Бұл дүниеге көңіл қойма! Қонақ келсе арық сойма, Есің болса өзіңді ойла, Алты құлаш бөзден басқа Артық пайда табылмас-ты. Жарлы екен деп аямайды, Бай екен деп силамайды, Əлін адам ойламайды, Өлімге қайла табылмас-ты. Бір шыбындай жаннан кешіп, Ашық шайда болмасаң Қатын, бала малдан кешіп, Тəркі дүние болмасаң, Кеше, күндіз зар жылап, Тағат тақия қылмасаң, Рахатымен жатқанға Дидар құдай табылмас-ты

Қан қылып, сурет қылып Жан қылып, қып-қызыл қан ішіріп Шешесінің қарнында Тоғыз ай, он күн кешіріп Жылатып жерге түсіріп Əуелгідей мұныңды Пана қылса керек-ті. Ақыл беріп, ақ жүзге гүл беріп Қуат қылса керек-ті. Он екі жасқа кім келсе Құдайыны бір білсе, Өзін кісіден кем көрсе, Кісіні өзінен ұлық білсе, Мұндай кісіні əр топқа Аға қылса керек-ті. Тағат қылса аллаға, Күнде барса молдаға, Қағаз қалам алдаға, Рахмет жауар ол құлға. Мұның орны жендетте Мақұл болса керек-ті. Бір пара қылса да ұрлықта Ұрлықтың түбі қорлық-ты. Көрінген кісіге қылады зорлықты. Басы жерге жеткенше Қоя білмес қарлықты. Құлағына алмайды Құдайынан салған жарлықты. Мұның орны жаман Лепсе болса керек-ті Қапыл адам жетеді Бір күн тəубе қылайын Бір күн тəуба қылғанша Үзіп жұлып алайын Аузыма алып салайын Жас уақыт тауба қылғанша Қартайғанда құдайға

Мұқым жатып жылайын Өлшеп берген өмірін Зая қылса керек-ті. Бір параны, е, құдайым Алтын таққа міндіріп, Дəулет күшін басына қондырып, Пəрменіне жұртын көндіріп, Бағындырып, нандырып Ел басы қылса керек-ті. Жастыққа басың жеткенде Жалынарсың малыңа Кім сұрайды халіңді. Жан алқымға келгенде Кім сұрайды халіңді. Шашыратпай қаныңды Суырып алар жаныңды Əзиз жаныңды денеңнен Жақсылық қылса керек-ті Қасықтап жиған мал қалар. Сайманменен үй қалар, Ұлан ұсақ қыз қалар, Ағайынның басында Айғай салса керек-ті. Сені тез жоғалтар Жеңсіз көйлек кигізіп, Үш жеріңнен бүлдіріп, Қатты жерде ойдырып, Топырақпенен бастырып, Дұға қылса керек-ті. Бұл көзіңді оттай қайнатып Ауыр күрзі ойнатып Мүңкір, Нəңкір періште Сені көрден оятып Суал қылса керек-ті. Заманы ақырдың хандары Қасындағы сұлтандары, Тақ үстінде жұртына,

Тұтып тұрғандары, Жарлыдан алып байларға, Ақыл қылса керек-ті. Заман ақырдың қожасы, Қайрылып келер есікке, Бұл үйде кім бар екен деп, Көзін салар тесікке. Балашағасын бастырып, Төрге шығып өлтіріп, Дұға қылса керек-ті. Заман ақырдың молдасы. Бек үлкен келер сəлдесі Бауыр қыла көрмеңіз Рас емес оның дұғасы. Қолына пайда түскен соң, Жарым дейді оның бағасы. Көрмей, білмей біреуге Куə болса керек-ті. Заман ақырдың биіне Барар болсаң алдына, Құлағын салар жаныңа, Қашан қарайды қалыңа, Қарайды өзіңе, жүз малыңа Жүре берсе керек-ті. Заман ақырдың байлары Ұлық билер өз басыңы Қайда дəулетті кісі келсе Оған берер асыны. Телміріп келсе бір кедей Көзінен төгіп жасыны Бермек түгіл бейшараны Ажуа қылса керек-ті. Заман ақырдың қатыны Артына тастап ұятыны Қиямет күні ол қатын Жаза тартса керек-ті. Заман ақырдың жастары

Ата анасының көзінше Қол салысып, ойнасып Ойнағаны күлгені Зина болса керек — ті. Ұл əкеден ұялмас, Қызды ана тия алмас, Заман ақырдың қыздары Бір бірінің үйінен Өсек айтып қалмағай. Бір бірінің үйінен Аяқ табақ алмағай. Үй басына бір үй болса керек-ті. Енді Шүршіт шығып Ташканд алғай Қоқан биінен Қажалты алғай Мұсылмандар жылап қалғай. Ұлуғы айбат перизат болғай керек-ті. Енді Шүршіт жаңа қырыс қылғай Самарқанға қылыс қылғай Сайзылда шығын жайдан Шүршіттердің бəрін қырып Опат қылса керек-ті. Тажал шығып дінді бұзғай Қылышынан қан тамызған Мұсылмандар анда тұрғай. Сол малғұн тəңірмін деп Дау қылса керек-ті. Мəди шығып жолығысқай Мұсылманға басын қосқай Тажалменен ұрысқай. Тап тұтылмай Мəдит қашып Пайғамбардың көрін құшқай. Көрден Ғайса деп Əуес шықса керек-ті. Аспаннан Ғайса түскей, Мəдименен көріскей, Кəпірменен ұрысқай, Тажалды өлтіріп,

Ғайса үкімі онда болып, Мəдименен иман қылса керек-ті. Бір параны көрсеңіз Аузы тола иманды Қойны тола құранды Сақар тұрып тыңдасаң Сухан алла ұранды Қақтан қорқып жүрегін Пара қылса керек-ті. Бір параны көрсеңіз Беті қолын жуынып, Əмет белін буынып, Нəпсісін отқа өртеп, Өз көңілін бекітіп, Ол бендені құдайым Иманды қылса керек-ті. Бір параны көрсеңіз, Жанын отқа өртеп, Омырауын желге бұрып, Нəпсі үшін жүгіріп Жан жолдасы бес намаз Қаза қылса керек — ті. Бір параны көрсеңіз. Сұрау, сұрау малы бар, Бір параны көрсеңіз. Табақ, табақ асы бар, Бір параны көрсеңіз. Күн көретін халі бар, Бір параны көрсеңіз. Тек шықпаған жаны бар Бірі бай, бірі кедей қылса керек-ті. Қожа бұлға, молда бұлға, Жақсы бұлға, сұлтан бұлға, Бəріңізге ұлығы дағыба болса керек-ті. Разы алла мал берің, Қайыр үшін жан берің, Бір пара жанға бас берің,

Осы күнде басыңа, Сая болса керек-ті. Шапағатшы пайғамбар Үмбет үшін зар жылап Кешір, жалынар, Сажда қылса керек-ті. Аздар көпке теңелер, Бақыр биге теңелер, Қорлар зорға теңелер, Теңеліп ақын алса керек-ті. Ата ұлға бақпас, Қыз анаға бақпас, Əкім өзімен мүптеге болса керек-ті. Пайғамбарлар бір бөлек, Мұсылмандар бір бөлек, Кəпірлер бір бөлек, Жақсы, жаман бір бөлек, Əуес қылса керек-ті. Сұраушылар келерлер, Бөлек, бөлек қыларлар, Сират атты көпірге, Айдау салса керек-ті. Сират атты көпірдің Жуандығы бір қылдай, Ұзындығы үш мың жылдай, Иманды құл болмаса Өтпек түгіл мүскілді Имансыздар жыласып Пəле қылса керек-ті. Артына қараса ұрылар, Артына қараса қыл көпір, Адым қылса жығылар. Е, кісі, топырақ болсақ екен деп Зар еңірей керек-ті. Ол Мұхамбет пайғамбар Жалаң аяқ, жалаң бас Көздерінен төгіп жас,

Көзден аққан жастары, Қып-қызыл аққан жастары, Үмбет үшін жандарына Пида қылса керек-ті. Біреу тайып түсер, Еңбектесіп өтер, Əркім амалына лайық жаза тартса керек-ті. Бір параға бір демдік, Бір параға мың жылдық, Бір параға мың айлық, Бір параға бір жылдық, Əркім қызметіне лайық жаза тартса керек-ті. Ораза немес иманның, Қылған қайыр ықсаның, Шалған қойың құрбаның, Арқасына көтеріп, Алып ұшса керек-ті. Көрің расул үмбетің, Үмбетіне қылған шапағатың, Жиып тамам үмбетін, Абу Қаусар шербетін, Ішіп қанса керек-ті. Жат етіңіз жаппарды Жарылғаушы ғұбарды Абу Бакр, Омарды Осман Əлі Қайдарды Қаузы Қаусар суына Табақшы қылса керек-ті. Сүйген құлға оң қолдан Бат-бақтырар арқадан Ниғмет қылса керек-ті. Мыңда əлім айтқан сөзіне Əлім айтқан сөздерін Еш алмапсың көзіңе Құдайымның алдында Қол аяғың өзіңе Куа болса керек-ті.

Мизан таразы құрулар Əуел намаздан сұралар Дүниеде қылған істерін Мойныңа сенің қойылып Қалынша қылса керек-ті. Дүниеде көп күлгендер Дүниені өтпестей білгендер Күнасы ауыр келгендер Басын төмен салып Ұялып тұрса керек-ті. Пайғамбар ту жасылды, Əзəзіл ту қызылды, Қиямет жолы ұзынды, Бара, бара ұзын жол Екі айрылса керек-ті. Бір жол барар бейішке, Түрлі, түрлі жеміске, Белі қылдай жіңішке, Қорлар болса керек-ті. Қорлар он бес жасында, Таза гүлдер басында, Ер жиырма жасында, Қорларменен ойнасып Жақсылыққа жетсе керек-ті. Ден саулық бар, ауру жоқ, Тірлік бар, өлім жоқ, Қызығы бар, қайғы жоқ, Суық іске желі жоқ, Көктегі құл болса керек-ті Ғаишы ғишрет анда бар. Мазы нигмет анда бар Шырын шəрбəт анда бар, Жан парағат аңда бар, Құдайым сүйген құлына Несіп етсе керек-ті. Бір жол барар дұзаққа, Тəңрі алар азапқа,

Түрлі, түрлі азапқа, Душар етсе керек-ті Оттарға салып қайнатқай, Ботадай боздатқай, Іс өткен сол басына Пайда етпесе керек-ті. Періштелер жиылып Дүниенің суын жиып Алып келіп дұзаққа, Құйса да отқа жетпес, Ол сулар құрып қалса керек-ті. Дұзақшылар аш қалса Закон деген зəрі бар, Рахметі жоқ кəрі бар, Сусағанға зар ішіріп, Ішін қандай қайнатса керек-ті. Əркім қылмысына лайық Жаза тартса керек-ті. Заман ақырдың адамдары Өмірлері аз болғай, Бойлары екі кез болғай, Өздері құмарпаз болғай, Əр қайсының қолында Бір-бір домбырасы болғай Жиылып түрлі əлемет қылып Қол салысып ойнасып, Жер жүзіне түрлі пəле болса керек-ті. Дария тасып, су ақпай, Таулардан булар шықпағай, Малды сауса сүт шықпағай, Рас сөз қылмағай. Бір имандық қалмағай, Тəуба есігі байланып қалса керек-ті. Жастарды əдеп қылмағай, Біріне рас сөз қылмағай, Ақыреттің айбатынан Перизат етсе керек-ті.

Азанменен қаумет кетер, Мейірімнен шапағат кетер, Қалам молдадан хат кетер Мекке жерден кетерлік Аспанға ұшса керек-ті. Күн тұтылып, жел болғай, Топырақтан өзге шашылмас, Бұл жерде гүлдер ашылмас, Түрлі-түрлі жемістер Құрып қалса керек-ті. Асрапыл сырын ұрғандай, Тау қаңбақтай домалар, Тас бұршақтай жумалар, Жан дегеннің бəрі де Бақыр болса керек-ті. Тамам жерлердің жүздері Айнадай болса керек-ті. Төрт Мүккара періште, Əр қайсы бір істе, Үшеуін өлтіріп, Əзірейіл жалғыз қалса керек-ті. Құдайым айтар кім бар деп, Əзірейіл айтар мен бар деп, Өз жаныңды өзің ал десе керек-ті. Бір қанатын жамылып, Бір қанатын төсеніп, Өз жанын əзірейіл, Өзі алса керек-ті. Ақтан жарлық болып, Денеге жан кіріп, Өлген адам тіріліп, Қылған азаптары көрініп, Күн шыққандай көрініп керек-ті. Көрдің басында өзің мың жыл отырып, Көзден аққан жасына Ұлық дария болса керек-ті. Пайғамбар жатқан тарапқа

Тура қарап симеңіз. Үйіңізде біреуінің, Бұлы болса беріңіз. Аштан өле қалмассыз, Адал болсын дініңіз.

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР Кітапқа В. В. Радловтың \"Образцы народной литературы тюркских племен\" деп аталатын əйгілі он томдық еңбегінің қазақ фольклорына арналған үшінші томы негіз болған. Жинақтың хрестоматиялық мақсатына орай көлемі өлшеуші болғандықтан да аталмыш еңбектегі шығармаларды толық қамтудың мүмкіндігі болмады. Сондықтан да оқырман қауымға бұрынғы басылымдар арқылы таныс \"Қозы Көрпеш — Баян сұлу\" \"Сейфулмəлік\", \"Ер Тарғын\", \"Һамра\" тəрізді əйгілі шығармаларды іріктеп, жұртшылыққа бұрын жарық көрмеген, бейтаныстау шығармаларды ұсынуды жөн санадық. Сонымен қоса жинақтың арнайы ғылыми басылым емес екендігін де ескерткіміз келеді. Кітап студент жастар мсн қалың жұртшылыққа арналғандықтан да оқырманды мезі ететін ұзақ ғылыми түсініктемелерден бой тарттық. Сондай-ақ академик В. В. Радлов негізінен тіпші ғалым болғандықтан да халықтың ауыз екі сөйлеу тіліне аса мəн берген жəне оны сол қалпында қағазға түсіруге тырысқан. Осыған орай бүгінгі оқырман талғамынан шыға бермейтін шұбалаңқы сөйлемдерді ықшамдап, кейбір түсініксіз сөздердің орнын алмастырып жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін де айтуға тиістіміз. Əрине, ондай өзгерістер көп емес, негізінен шығармалардың əуелгі нұсқасын толық сақтауға тырыстық. Сондай-ақ, шығармаларды жанрлық тұрғыдан топтастыра беруде де В. В. Радлов жүйесіне қазіргі фольклортану ғылымындағы үрдіске орай біраз өзгертулер енгіздік. Мəселен В. Радлов \"Қара өлең\" деп топтаса, біз \"Халық өлеңдері\" деп бердік. Немесе Бұқар, Шортанбай өлеңдерін өз аттарымен бердік. Біраз ертегі, аңыздардың да сипатына қарай орындарын алмастырдық т. б. Халық өлеңдері Жеке шумақтар. В. В. Радлов \"Халық əдебиеті\" терминінің орнына \"қара сөз\" тіркесін қолданады. Шынында да тіркес халық арасында \"өлең сөз. қастерлі сөз\" деген мағынада \"халық əдебиеті\" деген тіркесті алмастырарлықтай мəнде қолданылған. Абайдың: \"Қазақта қара сөзге дес бермедім\", — деуі де сондықтан.

Бұдан əрі ғалым халық өлеңдерінің бір тобын \"Үлгілі сөз\" деп топтастырады, сірə, В. В. Радлов бұл жерде өлеңнің ғибраттық мазмұнына назар аударса керек. Біз оларды ғылыми терминге орайластырып \"халық өлеңдері\" деп бердік. Бұл өлеңдер көпшілігі авторы ұмытылған көне-жыр толғаулардың үзінділеріне, кейбіреулер көне эпостардан қалған жұрнақтарға ұқсайды. Біразы халық нақылына, қанатты сөзге айналып кеткен жолдар. Бұл топтағы өлеңдерден жыраулық поэзияның ерекшеліктері айқын аңғарылып тұр. Кейбір жолдар Шəлгез, Бұхар, Махамбет жырларына өте жақын келеді. Бұқ өлеңдер В. В. Радлов жазбасымен алғаш хатқа түскен жəне кейінгі жинақтарға енген емес, тек зерттеушілер Радлов кітабынан алып пайдаланып жүр. Бата сөз. В. В. Радлов жинағында алғаш жарияланған, одан кейін басылған емес. Тек жырдың \"Асың, асың, асыңа…\" деп басталатын жерінен бастап соңына дейінгі жолдар \"Жарапазанның батасы\" ретінде кейбір жинақтарда жарияланған, бірақ ол өлеңдер Радлов жинағынан алынбаған. Жалпы бата-тілек өлеңдер қазақ фольклортану ғылымында жете зерттелмей келе жатқан əдет-ғұрып жырларының бір саласы. Оның түп тамыры сөздің магиялық құдіретіне сенген сонау ерте замандағы анимистік ұғымға қарай кеткенмен, халық арасында бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Ұзатқан қыздың өлеңі. В. В. Радлов үйлену салтына байланысты топтастырып \"Жар-жардан\" басқасын тақырыппен бөлмей, сан ретімен ғана жіктеп береді. Олардың арасында сарын айтудың да, бет ашардың да үлгілері бар. Үйлену салтына байланысты жырлар халық арасына өте кең тараған тұрмыс-салт жырларының көркем де, көрікті саласы. Оның ішкі жанрлық түрлері де сан алуан. Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрліше айтылатын бұл жырлардың əрқилы нұсқаларын төңкерістен бұрын Радловтан басқа зерттеушілер де қағазға түсіргсн. Ол үлгілердің бір шамасы мерзімді баспасөз беттерінде, оқулық хрестоматияларда жарияланып та жүр, ал қағазға түспегені халық арасында əлі де мол. Жоқтаған жыр. Бүгінде \"жоқтау\" деп аталып жүрген салт жырларының бұл тобы В. В. Раллов кітабында алғаш жарық көрген жəне қайтадан арнайы жарияланған емес. кейбір зерттеу еңбектерде ғана, үзінді ретінде, алынып келеді.

Мəйітті о дүниеге қастерлеп аттандыру, оның тірі күніндегі жақсы қасиеттерін тілімен баяндап, орны толмас қазаға өкініш білдіру салты көп халықтарға тəн. Қазақ фольклорында жоқтау жырларының небір тамаша үлгілері бар. Халықтың ел қамын жеген азаматтарға шығарған жоқтаулары оларға арнап жырдан соққан ескерткіш тəрізді. Жоқтау жырлары қазақ əдебиетінің тарихында да берік орын тепкен. Мысалға, Махамбеттің Исатайға, Абайдың Əбдірахманға, Жамбылдың Алғадайға арнаған жоқтауларын атауға болады. Қараңыз: \"Боздағым\" Алматы, 1990. Қалмақтың жерін айтып жылағаны. В. Радлов кітабында алғаш жарияланған. Радлов қара өлең үлгісіне жатқызғанмен жырдың мазмұндық сипаты мен ұйқасы қара өлеңге келіңкіремейді, сондықтан да біз тарихи өлең ретінде топтадық. Жыр кейінгі жинақтарға енгізілген емес. Бақсының сөзі. В. В. Радлов кітабында алғаш жарық көрді, кейін қайтара жарияланған жоқ. Бұл сарын мерзімдік басылымдарда берілген бақсы сарындарының ішіндегі ең толық үлгілерінің бірі. Бақсы — шаман дінінің өкілі. Бұл тек қазақ халқында ғана емес, ертеректегі халықтардың барлығына ортақ көне дін. Бүгінгі Алтай, Сібірді мекендеген түркі тектес халықтарда көбірек сақталған. Оны арнайы зерттеген талай тамаша еңбектер де бар*. Қазақ арасындағы шамандықтың сарқыншағы жөнінде кезінде Ш. Уəлиханов тамаша жазған болатын (Ш. Уəлиханов \"Шамандықтың қазақтардағы қалдығы…\"). * Қараңыз М и х а и л о в с к и й В. М. Шаманство. М., 1892. М и х а й л о в Т. М. Бурятский шаманизм. Повосибирск, 1987. Т о к а р е в С. А. Ранние формы религии. М. 1964. и др. Бақсы (шаман) өзінің жаратушымен \"тілдесетін\", ауруды емдейтін, күн жайлататын т. б. құдіретті қасиеттерін көрсететін сəттерінде (бақсы ойыны (əн-күйді) олар көбінесе қобызда ойнаған), өлең-жырды молынан пайдаланған. Міне, осы кезеңде айтылатын жырларды \"бақсы сарыны\" деп атаған. Əр бақсының өзінің \"жын- перілерін\" шақыратын меншікті өлеңдері болған. Ол өлеңде əулие, аруақтың, жындардың жұмбақ аттары, түсініксіз сөздер мол болып келеді. Қаршығаны мақтағаны. В. В. Радлов кітабында алғаш жарияланған, кейін қайта басылған жоқ.

Ит жүгіртіп, құс салып, аң аулау басқа халықтар тəрізді қазақ халқының ертеден серік еткен өнері. Халық жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы жөнінде тамаша жырлар туғызған. Радлов нұсқасы да сол өлеңдердің бір үлгісі. Жоқтау үлгісімен жазылған бұл жырдың формасы да қызғылықты. Өтірік өлең. В. Радлов жинағында алғаш жарияланған. Соңғы кезде шыққан \"Өтірік өлең\" (1980. Құрастырған — Ш. Ахметов) атты жинаққа толық енгізілген. Өтірік өлең қазақ фольклорында ерекше дамыған ойын-сауық, той-думанның көркі болатын қызықты саланың бірі. Ол тыңдауға жеңіл, мағынасы шындыққа мүлде қарама-қарсы қиюластырылған қызық жыр болғанмен, ерекше тапқырлықты қажет ететін, өтірік айта отырып, шынға бергісіз сын айтатын күрделі жанр. Қазақ халық əдебиетінде өтірік өлең үлгілері өте көп. Ол \"Ел өтірігі\", \"Сексен өтірік\", \"Қырық өтірік\", \"Өтірік өлеңдер\" сияқты атпен бірнеше рет басылып шықты. Ертегілер Түлкінің алдағаны. В. Радловтың аталмыш кітабында алғаш жарияланды. \"Тургайская газетада\" (1903 ж. № 9) қысқарған нұсқасы, \"Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері\" атты жинақта (А„1979) Қазақ халық əдебиеті көп томдығыныц І томында (\"Ертегілер\", А., 1988) толық нұсқасы жарық көрді. Дудар қыз. В. Радлов жинағында алғаш жарияланған, кейін көп томдықтың 4-томына енгізілген (А., 1989) Қармақ салған жігіт. Қиял-ғажайып ертегісі. В. Радлов жинағында алғаш басылған. Басқа нұсқалары белгісіз. Қазақ халық əдебиеті көп томдығының екінші томына енгізілген (А., 1989) Қармақ салған жігіт. Қиял-ғажайып ертегісі. В. Радлов жинағында алғаш басылған. Басқа нұсқалары белгісіз. Қазақ халық əдебиеті көп томдығының екінші томына енгізілген (А., 1988). Қаракөз сұлу. В. Радлов кітабында алғаш жарияланып, кейін көп томдыққа енгізілген. Басқа нұсқалары белгісіз (А., 1988) Молданың үйінде оқыған бала. В. Радлов жинағында жарияланған. Басқа басылымдары белгісіз. Кейіннен көп томдықтың екінші томына (А., 1988) кейбір өзгерістермен енгізілген. Түс сатқан тазша. Қиял ғажайып ертегісі. В. Радлов кітабында алғаш жарияланған. Бұл ертегінің \"Тазша бала\", \"Көрген түстің өңде

орындалғаны\", т. б. нұсқалары көп томдықтың үшінші томында (А., 1988). Желкілдек. В. Радлов кітабында алғаш жарияланған, кейінгі ертегі жинақтарына енгізіліп жүр. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбасында Мəшһүр Жүсіп Көпеев жинап тапсырған бір нұсқасы сақтаулы (1170 бума). Көп томдықтың 4-томына енгізілген (А., 1989). Хан Шентей. В. Радлов жинағында алғаш басылған бұл ертегі көпке дейін жарияланбай келіп, халық əдебиеті көптомдығының төртінші томына енгізілген (Алматы, 1989). Ертегінің басқа нұсқалары туралы мағлұмат жоқ. Еркем Айдар. В. Радлов жинағында алғаш жарияланған. Кейінгі ертегі жинақтарында жарияланып жүр. Қазақ ертегілерінде бұған ұқсас сюжеттер баршылық. Қазақ халық əдебиеті көп томдығының төртінші томына енгізілген (А., 1989). Əжігелді. В. Радлов жинағында алғаш жарияланған бұл ертегінің бір нұсқасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. Кейінгі жинақтарға осы толығырақ қолжазба нұсқасы енгізіліп жүр (А., 1989). Ханның қызы. Қиял-ғажайып ертегісі. В. Радлов кітабында алғаш жарияланған. Бұл сюжет \"Жақсы əйел жаман еркекті түзейді\" деген атпен де жарық көрді (\"Қазақ ертегілері\". 3-т.) В. Радлов нұсқасы халық əдебиеті көп томдығының 2-томында жарияланған. (А., 1988.). Үш ұл. В. Радлов кітабында алғаш жарияланған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасы мен М. О. Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтында ертегінің бірнеше нұсқасы сақтаулы. Кейінгі басылымдарға енгізіліп жүр. Жақсылық пен жамандық жолдас болған. Радлов кітабында алғаш жарияланған. Бір нұсқасын А. Диваев жинап жариялаған. Кейінгі басылымдарға енгізіліп жүр. Батырлық жырлар Ер Көкше. Өлең мен қара сөз араласы жырдың бұл нұсқасын В. Радлов алғаш рет жариялаған. Жырдың кімнен жазылып алынғаны туралы мағлұмат жоқ. Жырдың дені қара сөз болғанмен, батырлар жырына тəн сипат басым. \"Ер Көкше жəне оның баласы Ер Қосай\" атты əңгімені Г. Н.

Потанин \"Қазақ — қырғыз жəне алтайдың ескі əңгімелері, аңыздары мен ертегілері\" (\"Живая старина\" вып. II–III, 1918 с. 53–57) деген еңбегінде жариялаған. Ш. Уəлиханов: \"Өлеңдері төтенше күшті жəне үнді де, барлық ропсодисы (өлең мотиві) үзілмейтін қызықты болып келеді\" (Ч. Ч. Валиханов. Сочинение, СПК, 1903. С. 225.) деп жоғары бағалай келіп, оны жазып ала алмағанына өкінген. Потанин алған жыр үлгісі сол Шоқан естіген нұсқа болу керек деген қисынды жорамал айтады зерттеушілер. (Қараңыз: Қазақ əдебиетінің тарихы. I т. I кітап. А., 1960, 442 б.) Жырдың бір нұсқасын Ертіс бойынан (Жыр кейінгі жинақтарға кіргізілмей келіп, 1987 жылы шыққан қазақ халық əдебиеті көп томдығының 3 томында жарияланды (Батырлар жыры. III том. \"Жазушы\". — 1987.). Мəшһүр — Жүсіп Көпеев те жазып алған. Сондай-ақ бұл жыр қазақ даласында өте кең тараған. Бүгінде ғылымға оның Каспий өңірінен (Мұрын жырау), Сырдария, Арал бойынан (Хангелді, Бисен Сарманов), Түркістан маңынан (К. Көшкіншіұлы) жазылып алынған нұсқалары да белгілі. Жалпы, халық Ер Көкшені тарихта болған адам деп қабылдайды. Шежіре бойынша қазақтың Уақ тайпасы өздерін сол Ер Көкшеден таратады. Халықтың айтуынша Ер Көкше мен Ер Қосайдың арғы аталары \"Манас\" жырында айтылатын Қамбар да, бергі атасы Айдархан. Тарихтағы Ер Көкше мен жырдың ара қатынасын анықтау түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Сайын батыр. Ауызша кең тарап келген көлемді де көркем жырлардың бірі. В. Радлов кітабында жыр алғаш тасқа басылған. Одан кейін 1870 жылы Орынбор архив комиссиясының ғылыми еңбектерінде \"Бозмонай\" деген атпен жарияланған. Кеңестік дəуірде 1922 жылы Ташкентте, 1926 жылы Мəскеуде Шығыс елдері баспасынан жеке кітап болып жарық көрді. 1933 жылы С. Сейфуллин құрастырған \"Батырлар жыры\" жинағында басылған. Жыр А. Пеньковскийдің аударуымен \"Литературный Казахстан\" (1935 № 2, 3, 4; 1938 № 8, 9, 11) журналында жарияланып, кейіннен М. Əуезов пен Л.Соболев құрастырған \"Песни степей\" атты кітапқа үзінділері енгізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхана қорында жырдың Мəшһүр Жүсіп Көпеев, тағы басқа жинаушылар жазып алған қолжазба нұсқалары сақтаулы.

Аңыздар, тарихи жырлар Қазақтың түбі. Шыңғыс ханның хан болуы жөніндегі бұл миф қазақ арасына əр түрлі нұсқада тараған. В. Радлов оны алғаш жариялаушылардың бірі. Оның бірер нұсқасын кейін Потанин да жариялаған (\"Живая старина\", 1916, 47–48, 50–51 стр; Потанин Г. П. Очерки Северо-Западной Монголии, вып. II, СПБ. 1881. 190 стр.). Миф кейіпкері қыздың зынданда сақталуы, ғажайып (күн шұғыласынан) жүкті болуы, сандыққа салып суға ағызылуы т. б. əлем ертегілеріне ортақ сюжет. Шыңғыс ханның қазақ хандарының тарихымен байланыстырылу сарынынан əр дəуірдің табы сезіледі, көне миф кейінгі кезең ыңғайына қарай көп өзгеріске ұшыраған. Кейінгі жинақтарға кірген жоқ, тек зерттеу еңбектерде қарастырылып жүр (С. Қасқабасов. \"Қазақ халық прозасы\". А., \"Ғылым\" 1984). Абылай хан. Абылай хан туралы жыр, аңыздар қазақ фольклорында салмақты орын алады. Абылай 1771–1781 жылдары Орта жүз бен Ұлы жүздің ханы болған қазақ тарихындағы үлкен тұлғалардың бірі екені белгілі. Ол қазақ фольклорында XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғарларға, Қытайға жəне Орта Азия хандықтарына қарсы күресіне қатысушы, оны ұйымдастырушы ретінде көрініс тауып отырады. Онда Абылай іс əрекеттері дəріптеліп те, сыналып та бейнеленеді. В. В. Радлов Абылай туралы көл-көсір материалдан екі əңгіме мен Абылай жырының басын жазып алған. Бірінші əңгімеде мифтік сипат басым болса, екінші əңгімеде Абылайдың Ботақанды өлтіруі жөніндегі тарихи негізі бар оқиға баяндалады. Бұл сюжет \"Абылай мен Олжабай\", \"Ботахан\" жырларында да бар. \"Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қоры\". 5 бума. 362-б. Кенесарының өлеңі. Кенесары, Наурызбай бастаған көтерілістің ізі суымай алғаш хатқа түскен жырлардың бір нұсқасы. Өкінішке орай В. Радлов бұл жырлардың үзіндісін ғана жариялаған. Бірінші үзіндіде қозғалыстың алғашқы кезеңі сипатталады, оның авторы, кімнен жазылып алынғаны жөнінде дерек жоқ. Екінші үзіндіде Кенесары мен Наурызбайдың қолға түсіп қаза болар алдындағы жауаптасуы айтылады. Бұл өлеңді В. Радлов Қазалы уезінде Ақмолда деген жыршының айтуынан жазып алған (Бекмаханов Б. \"Фольклорные источники о восстании Кенесары Касымова\". Вестник АН КазССР.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook