Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Лемалар

Лемалар

Published by risalekz, 2022-10-04 08:53:50

Description: LEMALAR

Keywords: Лемалар Lemalar

Search

Read the Text Version

“Рисалей-Нұр жинағынан”ЛемаларБәдиүззаманСаид Нұрси

Қасиетті Құранның құнды тәпсірі, мағынасы өте терең, көлемі үлкен бұл кітаптың мағынасын аз да болса қазақшаға аударуға, басылып жарыққа шығуына, жан-жақты көмектесіп, демеу болған бауырларымызға ризашылығымызды білдіре отырып, Аллаһ тағала оларға екі жаһанда бақыт сыйласын, амал дәптерлеріне кітаптың әріптері қанша болса сонша сауап жазсын демекпіз. Әрине бұл бір адамның қолынан келер іс емес, әу баста Раббымыздың жарылқауы, һәм осы иман ақиқаттарына мұқтаж күллі мүминдердің дұға-тілектерінің қабыл болуы деп білеміз. Түп нұсқадан оқимын деушілер болса құба-құп, һәм амалдар ниеттерге байланысты демекші, Рахымы мол Аллаһ шағын еңбегімізді қабыл еткей! Аудармашылар алқасы: Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек, Абай Хамза, Дәкібай АйдарбекұлыӘОЖ 28КБЖ 86.38Б 14ӘОЖ 28КБЖ 86.38© ТОО Нур Фейз, 2015Б 14 Лемалар (Нұр сәулелері) / Бәдиуззаман Саид Нұрси. – Алматы, 2015. – 378 бет.ISBN 978-601-80491-1-8ISBN 978-601-80491-1-8Бұл кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі, Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан өткен. 19.08.2015 ж, № 15-04-1711962 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.

Отыз Бірінші Мектубтың бірінші бөлімі. Әрқашан, әсіресе ақшам мен құптан арасында отыз үш рет оқылуы өте маңызды осы қасиетті сөздердің әрқайсысындағы жарқын нұрлардың бірнешеуін көрсететін алты Лема.Бірінші ЛемаХазіреті Юнус ибн Метта пайғамбардың (а.с.) және Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мінәжаты ең ұлы мінәжат және дұғаның қабыл болуына бірден-бір себеп. Хазіреті Юнустың (а.с.) әйгілі қиссасының мазмұны: \"Теңізге лақтырылған Юнусты (а.с.) үлкен бір балық жұтып қойған. Аласұрған теңіз астында, түннің қою қараңғылығында бар үміті үзілген кезде жасаған:мінәжат-дұғасы осындай қиын жағдайдан тез арада құтылуына себеп болыпты.

4ЛЕМАЛАРБұл мінәжаттың маңызды сыры мынада: Дәл сол жағдайда себептердің ешқандай әсері жоқ еді. Өйткені оны құтқаратын Құдреттің үкімі балыққа да, теңізге де, түнге де, жер мен көкке де жүретін болуы керек-ті. Өйткені, теңіз де, түн де, балық та оған қарсы бірігіп алған болатын. Осы үшеуін бірдей бағындыра алатын біреу ғана оны құтқарып, аман-есен жағаға шығара алатын. Тіпті бүкіл халық оның көмекші, қызметкерлері болса да түк пайдасы болмас еді. Демек, себептерден қайыр жоқ еді. Бүкіл себептерді жаратушы бір Аллаhтан басқа құтқарушы жоқ екеніне көзі әбден жеткендіктен Тәухид нұрынан Әхадиеттің сыры ашылып, осы бір мінәжат түнді де, теңізді де, балықты да оған қызметші қылды. Тәухидтің нұрымен балықтың қарны теңіз асты кемесіне айналды, толқыны таудай асау теңіз қауіпсіз сайрандайтын кең далаға айналды. Әлгі нұр, көктегі бұлттарды сейілтіп, Айды шамшырақ қылып қойды. Оны қаумалай қоршаған, қауіпті себептер енді оған барлық жағынан достық шырай танытты. Сау-сәлемет жағаға шықты. \"Яктин\" ағашының көлеңкесінде Раббани жарылқауларға куә болды. Біз, Хазіреті Юнустың (а.с.) алғашқы күйінен жүз есе қауіпті жағдайдамыз. Қиссадағы түн біз үшін болашақ. Бейқам назармен болашағымызды ойласақ, Хазіреті Юнустың (а.с.) түнінен жүз есе қараңғы да қауіпті. Біздің теңізіміз, мына сергелдең жер шары. Бұл теңіздің әрбір толқынынан мыңдаған адам опат болып жаназасы шығып жатыр. Демек, Хазіреті Юнустың (а.с.) теңізінен мың есе қорқынышты. Демек, біздің балығымыз – нәпсіміз. Бұл балық, мәңгі өмірімізге қауіп төндіріп, құрдымға тартуда. Біздің балығымыз оның балығынан мың есе қауіпті. Өйткені, оның балығы көп болса жүз жылдық өміріне зиян тигізер еді, ал біздің балығымыз, миллиондаған жылдық өмірімізді тас-талқан еткісі келеді. Жағдайымыздың ақиқаты осы. Олай болса, біз де себептерге сеніп, шырмалып қалған ой-пікірімізді түзетіп, бүкіл себептерді жаратушы Раббымызға бет бұрып, Хазіреті Юнус (а.с.) сияқтыдеп, тікелей соған ғана сыйынуымыз керек. Бейқамдық пен адасудың кесірінен бізге қарсы бірігіп алған кездейсоқ келешек пен дүние және нәпсінің зияндарынан қандай Құдірет құтқарады. Ол Құдірет, болашақты әміріне толық бағындыра алатын, дүниеге үкімі жүретін, нәпсімізді құрықтап басқара алатын болуы керек. Жер мен Көкті Жаратушы, Уажибул-Ужуд бір Аллаһтан басқа, жүрегіміздің түбіндегі ең нәзік, ең жасырын сырымызды білетін; Ақыретті жарату арқылы болашағымызды жарық қылатын, дүниенің тұңғиыққа батырар жүз мың асау толқынынан құтқаратын қандай себеп бар? Бір Аллаһтан басқа ешкім де, ешқашан Оның рұқсаты мен қалауынсыз әсте көмектесе алмайды.

5бІРІІНШІ ЛЕМАЖағдай осылай. Қалайша әлгі мінәжаттың нәтижесінде балық Хазіреті Юнус (а.с.) үшін су асты көлігіне, теңіз кең жазира далаға айналып, түн айлы жарық бейне алды. Олай болса, біз де осы мінәжаттың сырымендеуіміз керек. сөйлемімен болашағымызға, сөзімен дүниямызға, сөйлемі арқылы нәпсімізге Аллаhтың мейірім назарын аударуымыз керек. Сонда, Иманның нұрымен, Құранның шарапатымен болашағымыз жарқын болып, әлгі қараңғы түннің үрейі кетіп, орнына рахат пен қуаныш келеді. Әрдайым өлім мен өмір алмасып, ғасырлар мен жылдардың толқынына сансыз жаназаларды мінгізіп алып, ақырдың құрдымына кетіп бара жатқан жер бетінде Құран Хакимнің ұстаханасында жасалған рухани кеме тәріздес Ислам ақиқаттарының ішіне кіріп, әлгі теңізде серуен құрып, сау-сәлемет жағаға шығып, өмірдегі міндетті адал атқарған боламыз. Сол теңіздің толқындарының шайқалысы мен тербелістері бөтенсіп, үрей туғызбай, керісінше бейне кадрлар тәрізді тамаша көріністерді жаңартып ғибратқа толы оқиғалар ұсынып, қызық ой жүгіртуге себеп болады. Көңілді көтеріп шаттық сыйлайды. Хикметке толы Құранның сырлары мен тәрбиесі арқылы нәпсімізді құрықтап,оны мойнымызға мінгізбей, керісінше ол біз мінетін көлікке айналады. Сөйтіп мәңгі бақытқа жетуімізге себепші болады. Қорытынды. Адам баласы жан-жақты, сезімтал, жаратылысы тым нәзік. Безгек ауруынан жаны қиналатыны секілді, дүнияның зілзала секілді апаттарынан да, қиямет қайым алдындағы үлкен зілзаладан да жаны қиналады. Көзге көрінбейтін микробтан қорқып, қауіптенетіні секілді, алып құйрықты жұлдыздан да қорқады. Үй ішін, от басын жақсы көргеніндей, бүкіл дүниені де жақсы көреді. Ауласындағы кішкентай бақшасын жақсы көргеніндей мәңгі жұмақты құштарлана аңсап жақсы көреді. Олай болса, бүкіл жаратылысты бағындырып тұрған, кішкентай молекуладан бастап, сонау алып ғаламшарларға дейін басқарып, үкімі толық жүретін біреу ғана адам баласының Раббысы, Қожайын Иесі, құлшылық етуіне лайық табындырушысы, құтқарушысы бола алады. Ендеше адам әрқашан Хазіреті Юнус (а.с.) секілдідеуге мұқтаж.

Екінші ЛемаСабырлығымен әйгілі Хазіреті Әюб Алейһиссаламның сынақтан өткен осы мінәжатының әсері зор. Алайда біз Аллаһқа мінәжат қылғанымызда осы аятты пайдалана отырып: деуіміз керек. Хазіреті Әюб Алейһиссаламның мәшһүр қиссасының қысқаша мазмұны мынадай: Тұла-бойын жара басып кеткеніне біраз уақыт өтсе де сол аурудың орасан зор қайыр-сауабын ойлап, сабыр сақтаған екен. Содан, жарасындағы құрттар жүрегіне, һәм тіліне шапқан кезде: \"Қап, мына құрттар зікір ететін, Аллаһты танытатын жүрегім мен тіліме жетті-ау. Апыр-ай, құлшылық ете алмай қалатын болдым-ау!\"- деген оймен: \"О, Аллаһ! Құрттар тілмен айтатын зікіріме, жүрекпен жасайтын құлшылығыма кедергі туғызуда. Мен зиянға ұшырадым!\" – деп, жанының рахаты үшін емес, құлшылықты уайымдап жалбарына мінәжат қылған екен. Аллаһ Тағала сол риясыз да адал әрі шынайы мінәжатын таңғажайып түрде қабыл алыпты. Кінәратсыз денсаулық беріп, мол мейіріміне бөлепті. Осыған қатысты бұл Лемада бес тұжырым баяндалмақ.БіРіНші тұжыРыМ.Хазіреті Әюб Алейһиссаламның сыртқы тән жарасы болса, біздің ішкі рухани жараларымыз бар. Егер, сыртымызды ішке, ішімізді сыртқа айналдырса, Хазіреті Әюбтен әлдеқайда ауыр жаралы әрі жағдайы нашар науқас болып шығарымыз анық. Өйткені, жасаған әрбір күнә, ойға келген шүбә жүрек пен рухты жаралайды. Хазіреті Әюб Ғалейһиссаламның жарасы дүниелік фәни өміріне қауіп төндірсе, біздің рухани жараларымыз бақи өмірімізге қатер тудыруда. Демек, Хазіреті Әюб Алейһиссаламға қарағанда біздің әлгі мінәжатқа мұқтаждығымыз мың есе артық. Хазіреті Әюб алейһиссаламның жарасына үймелеген құрттар жүрегі мен тілін зақымдаса, біз жасаған күнә-жарадан пайда болған уәсуәса, күмән мен шүбәлар (Құдай сақтасын) жүрегіміздің ішіне еніп иманды қашырады. Иманның тілмәші болған тілдің рухани ләззатын жойып, зікірден аластатады.

7ЕКІНШІ ЛЕМАРас, күнә істеген сайын жүрек қарайып, иман нұры сөнгенге дейін қатайтып жібереді. Әрбір күнә күпірлікке апаратын жол ашады. Мұндайда дереу тәубә-истиғфар етіп, жараланған жерді дереу тазарту қажет. Әйтпесе, ол күнә құрт емес, рухани жыланға айналып жүректі шағады.Мысалы, ұятқа қалдыратын бір күнәні жасырын жасаған адам басқалар біліп қояр деп ұялған кезде періштелер мен руханилердің бар болуы оған ауыр тиеді. Олардың болмысын жоққа шығарғысы келіп, сылтау іздеп тұрады. Сондай-ақ, Жәһаннам азабына лайық ауыр күнә жасаған адам Жәһаннам қаупін естігенде тәубә-истиғфар етпесе, кішкене бір сылтау, жәй бір шүбәға бола Жәһаннамды жоққа шығарғысы келіп, Жәһаннамның болмағанын қалайды. Сондай-ақ, кішігірім бастығының болмашы бір нәрсеге бола айтқан ескертуіне өкпелеп қалатын адам, парыз намазын оқымай, құлдық міндетін атқармаған кезде Әзәл мен Әбәд, (мәңгілік) Сұлтанының құдіретті әмірін орындамауы да күйзеліске салып мазасын алады. Күйзелген соң \"құлшылық болмағанда ғой!\" деп тілейді. Сосын Аллаһқа сенбеу, оны жоққа шығару деген жаман ой, Құдайға қарсы мағынауи дұшпандық пайда болады. Біреу Аллаһтың бар екені туралы шүбә, шек келтірсе болды, соған елең етіп, ол бұған дәлел сияқты көрінеді. Енді оның алдында зор қауіп, терең құрдым пайда болады. Құлшылық міндет атқарғанда азғана қиындық болатыны рас, алайда әлгі бейбақ Аллаһты жоққа шығарамын деп әлгі қиындықтан миллион есе ауыр рухани күйзеліске душар болатынын аңғармайды. Шыбынның шағуынан қашып, жыланның апанына тап болады. Тағысын тағы... Осы үш мысалмен: сыры ашыла түседі.ЕкіНші тұжыРыМ. Тағдыр туралы баяндайтын \"Жиырма алтыншы Сөзде\" адам баласы ауруға шалдыққанда немесе қандай да бір қиын жағдайға душар болғанда шағымдануға хақысы жоқ екендігі үш жақты түсіндірілген.БіРіНшіДЕН. Аллаһ Тағала адам баласына кигізген дене көйлегін өзінің өнерімен сан құбылтады. Шебер жасалған болмыс көйлегін ұзартады, қысқартады, орнын ауыстырады, өзгертеді. Сөйтіп, сан-алуан есімдерін шағылыстырып көрсетеді. Мәселен, Аллаһтың «Шәфи» есімі ауру-сырқау арқылы көрінгені секілді, «Рәззақ» есімі аштықпен анықталады, көрінеді. Тағысын тағы.ЕкіНшіДЕН.Өмір дегеніміз қиыншылықтармен, аурулармен шыңдалып, тазарады, кемелденіп күшейеді, дамып жеміс береді. Осылайша өз міндетін атқарады. Бірқалыпты, мамық төсектегідей рахат өмір бар болуға, болмысқа емес, жоққа тән. Бар-жоғы білінбей, мән-мағынасын жояды.

8ЛЕМАЛАРҮшіНшіДЕН. Бұл дүние сынақ алаңы, қызмет ететін жер. Ләззатқа бататын, ақы мен сый алатын жер емес. Бұл дүние құлшылық ететін орын. Олай болса, ауру-сырқат, кесел, бәле, қиыншылықтар – діни болмаса, әрі сабыр сақтаса – қызмет етуге, құлшылыққа еш кедергісі жоқ, қайта мағынасын қуаттап, кемелдікке жетелейді. Бір сағатты бір күндік ғибадатқа айналдыруға себеп болады. Сондықтан, ондайда шағымданбай, қайта шүкір ету керек. Рас, ғибадат екі түрлі болады. Бірі нақты белгілі, анық, ал екіншісі белгісіз, көмескілеу. Біріншісі намаз, ораза секілді белгілі құлшылық. Белгісіз, көмескісі мынау: Ауруға шалдығып, қиын жағдайға тап болған адам өзінің әлсіз, бейшара екенін аңғарып Раббы-Рахимына риясыз жалбарынып, шынайы құлшылық етеді. Мұндай құлшылық пен ғибадатта екіжүзділік болмайды. Егер сабыр сақтаса, қиындықтың сауабын ойласа, әрі шүкір етсе, онда әрбір сағаты бір күн ғибадат болып сауап жазылады. Қып-қысқа өмірі берекеттеніп ұзара түседі. Тіпті, кейде қиыншылықтың ауырлығына қарай бір минөті бір күндік ғибадат саналады.Бірде, Мухажир Хафыз Ахмед дейтін ақыреттік бауырымның ауыр науқас екенін ойлап, уайымдағаным бар. Бірақ кейін, \"Оның әрбір минөті бір күндік ғибадат болып саналуда\" деген ой келгенде уайымым сейіліп сала берді. Шынымен де ол сабыр сақтап, шүкіршілік қылатын жан еді.ҮшіНші тұжыРыМ. Өткен өмірін саралаған әрбір адам \"аһ!\" ұрып, ауыр күрсінеді не болмаса \"Әлхамдулиллаһ, шүкір\" деп риза болар. Оны күрсіндірген ләззаты мол күндердің аяқталуы, қоштасудан пайда болған жүректегі өкініш пен қайғы. Өйткені ләззаттың соңы өкініш. Кейде өткінші бір ләззат шексіз өкінішке салады. Еске алу сол өкінішті ұлғайтып, адамды қайғы-мұңға салып қояды. Ал, бастан кешірген уақытша қайғылардың аяқталуына байланысты рухани әрі шексіз ләззат болса \"Әлхамдулиллаһ\" дегізіп шүкір еткізеді. Бұл адам табиғатында бар нәрсе. Сонымен қатар, қиыншылықтардың соңы сауап болатынын, сол үшін ақыретте сый-сыяпат берілетінін, әрі өмір сол қиын соқпақтар саясында маңызданып, ұзара түсетінін ойласа, сабыр сақтап қана қоймай, тіпті шүкіршілік ететін жағдай болады. деуіне тура келеді. Халық арасында мәшһүр болған \"Қайғылы күндер ұзаққа созылады\" деген сөз бар. Иә, қиыншылық пен қайғылы сәттер бітпей, ұзақ болатыны рас. Алайда көпшіліктің ойлағанындай жанды күйзелтетіндіктен емес, ұзақ өмір сүргендей нәтиже беретіндіктен ұзақ болады.төРтіНші тұжыРыМ. Жиырма бірінші Сөздің бірінші мақамында баяндалғанындай, адам баласы Аллаһ берген сабыр қуатын уайымға

9ЕКІНШІ ЛЕМАсалынып, анда-мұнда жұмсап тауысып алмаса кез-келген қиыншылық пен қайғыға мойымай төтеп бере алады. Өкінішке орай адамдар ананы-мынаны уайымдап не болмаса ғапылдықтың кесірінен немесе фәни дүниені мәңгі деп ойлап сабыр дейтін зор қуатты сарқып таусып алады. Сөйтіп, басына түскен ауыртпалыққа шыдамы жетпей, бейне бір Аллаһ Тағаланың үстінен адамдарға шағым айтқандай ақымақтық жасап (Құдай сақтасын!) орынсыз арызданып, сабырсыздық етеді. Негізінде, қандай да бір қиындықтың күйзелісі әйтеуір түбі бір бітетінін, рахаты мен сауабы қалатынын ойласа шағымданбай, керісінше шын жүректен шүкіршілік етер еді. Оған абыржымай, қайта сүйсінер еді. Оның өткен фәни өмірі қиыншылықты жеңе білсе бақи да бақытты өмірге айналады. Бір кездегі қайғыларды уайымдап, сабырсыздану ақымақтық. Ал, ертеңгі күн әлі келген жоқ. Ол кездегі ауру мен қиыншылықтарды қазір уайымдап, сабырсыздық таныту, шағымдану ақылдының ісі емес. \"Ертең, арғы күні аш қаламын-ау немесе шөлдеймін-ау\" деп бірер күннің тамағын ашқарақтанып бүгін жеу, мөлшерден тыс су ішу қаншалықты ақымақтық болса, болашақта болуы ықтимал қиыншылықтар мен ауруды дәл қазір уайымдап тағатсыздану, шыдамсыздық көрсету, өзіне-өзі нақақтан-нақақ зұлымдық жасау секілді, есі дұрыс адамның ісі емес. Ондай адам өзінің жанашырлық пен қамқорлыққа лайық еместігін көрсетеді. Сонымен, қорыта айтқанда шүкір ету нығметті арттырады, ал шағымдану уайым-қайғыны көбейтеді. Әрі Иләһи мейірімнен құр қалдырады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдарында Эрзурум қаласында бір досым ауыр науқастанып көңілін сұрай бардым. Мені көріп: \"Басымды жастыққа қойып ұйықтай алмағалы үш айдан асты\" деп аянышты жағдайын айтып шағымданды. Сөзі жаныма қатты батты. Сосын маған мынадай ой келді де оған: \"Бауырым, өткен жүз күнің қазір қуанышты күндерге айналды. Ол күндерді ойлап шағымданба, қайта шүкір ет! Болашақ әлі алда. Сені жаратқан Рахман-ур Рахимның мейіріміне сен, жұдырық тимей жылама, жоқты бар санап қорықпа! Осы сәтті ойла! Сендегі сабырлылық бүгініңе толық жетеді. Есалаң қолбасшы сияқты болма! Ол не істеді дейсің ғой? Дұшпан әскерінің сол қанаты қаруын тастап беріліп, оның оң қанатына жаңа күш болып қосыла тұра, сол қанаттағы дұшпан әскерінің оң қанаты әзірге шабуыл жасамаған болса да әлгі қолбасшы орталық негізгі күшті оңға, солға аттандырып, орталық күшті әбден әлсіретіп жібереді. Сол кезде жау әскері азғана күшпен орталыққа лап қойып, тас-талқан еткен. Достым, сол сияқты болма! Бар күшіңді осы сәтке жина! Аллаһтың мейірімін, ақыреттегі сыйын ойла! Фәни қысқа өмірің баянды, бақиға айналып жатқанын біл! Шағымданудың орнына шынайы шүкір ет!\" дедім. Сонда, ол терең тыныс алып: \"Әлхамдулиллаһ! Апырым-ай, ауруым жеңілдеп қалды ғой!\" деген-ді.

10ЛЕМАЛАРБЕСіНші тұжыРыМ. Бұл тұжырым үш мәселеден тұрады.Бірінші мәселе. Қайғының да, апаттың да ең ауыры дінге қауіптісі. Діни апаттан әрдайым Құдайға сыйынып уайымдап, қайғыру керек. Ал, діни емес қайғылар мен қиыншылықтар негізінде қайғы емес. Олардың кейбірі Рахманның ескертулері ғана.Мәселен, қойшы біреудің қорасына яки егінге түскен қойларын қайтару үшін тас лақтырса, қойлар оның зиянды істен сақтандыру үшін жасалған ескерту екенін сезіп, ризашылықпен кері қайтады. Сол сияқты өмірде адам баласына сырттай қарағанда жағымсыз көрінетін көптеген оқиғалар бар. Олар Иләһи ескертулер, нұсқаулар немесе күнәнің жазасы я болмаса бейқамдықтан сақтап, адами әлсіздік пен бейшаралықты және кімнің алдында тұрғанын сездіреді. Ауру қайғыратын нәрсе емес. Керісінше ол Раббани ілтипат немесе күнәдан тазару. Хадисте баяндалғанындай, \"жеміс ағашын сілкігенде піскен жемісі қалай төгілсе, безгек ауруынан дірілдеп қалтыраған кезде де күнәлар солай төгіледі\"- дейді.Хазіреті Әюб Алейһиссалам мінәжат еткенде жанының рахатын ойлап дұға етпеген. Ол тілімен айтатын зікіріне, жүрекпен атқаратын құлшылығына кедергі болған соң, құлшылық ету мақстаында өтініп шипа сұраған. Біз, Аллаһқа мінәжат еткенде бірінші кезекте күнәлардан пайда болған рухани жараларымыздың шипасын тілеуіміз керек. Құлшылық ету қиындап кеткенде ғана денсаулық тілеп, жалбарынуға болады. Бірақ наразылық білдіргендей немесе шағымданғандай түрде емес, Аллаһтан кешірім сұрап шынайы түрде көмек тілеп жалбарынуымыз қажет. Әу баста Аллаһтың Рубубиетін, билігін мойындап разы болған екенбіз, олай болса сол Иләһи билік тарапынан келген жарлықтарға ризашылық таныту керек. Қаза мен тағдырдың ауырлығына шағымдану - Аллаһтың билігі мен жарлығына наразылық білдіру, рақымына шәк келтіру. Аллаһтың Рубубиетіне разы болмаған адам маңдайын тасқа ұрады, басы жарылады. Иләһи рақымшылықтан күмәнданған пенде рақымнан мақұрым қалады. Кеткен есемді қайтарамын деп сынған қолды сілтеу, сынықты асқындырып жіберетіні сияқты, қайғыға душар болған адам тағдырға наразы болып шағымданса қайғысы да еселене түспек.Екінші мәселе. Дүниелік қиыншылықтарды айтып, шағымданған сайын ол асқынып үдей түседі. Ал, сабыр сақтаса қалыпқа түседі. Мысалы, түнде бір ой мазаласа, оны уайымдаған сайын әлгі ой сені жетектеп сонау алысқа алып кетеді. Егер мән бермесең ұмытылып, ұйықтап кетесің. Үдеріп, саған шабуыл жасаған аралардан сақтанамын деп қарсылассаң одан бетер құжынап, шабуылдай түседі. Ал, қозғалмай тыныш тұрсаң жөніне кетеді. Дәл сол сияқты уайымдаған сайын дүнияуи қиыншылықтар ұлғая түседі. Уайымның кесірінен дүнияуи қиыншылық жүрекке салмақ салып рухани

11ЕКІНШІ ЛЕМАауруға шалдықтырады. Тәуекел ету арқылы уайымды жеңсең, әлгі дүнияуи қиыншылық та, қайғы да жеңілдеп, тамыры шабылған ағаштай қурап, жоғалып кетеді. Бұл ақиқатты бұрын былай суреттеген едім: Қайдағы бір қайғыны айтып, ей бейшара, жылама,Ащы жасың азайғанмен, мұң азаймас сірә да.Қайдан келді мына қайғы күңіренген бар ғалам,түсіндің бе, ей ақымақ, иманы бүр жармаған?Бұл дүние қараң қалар түсінбесең бұл сырдыСені сыйсыз қалдырмайды, тапсаң егер ол тылсымды.жасыңды тый, «тәуекел» - де, сенікі бір жай күмән,Ал, әлемнің белі үзіліп кететіндей қайғыдан.\"Сәл шарпыған ызғарыма селт ете ме бұл адам?\"деп сынаған Құдіретті таныдың ба ей,жылаған.тани түссең, қасірет пен азаяды қайғың да,Ал, ендеше құлшылық қып беліңді бу, қайғырма! (өлеңді аударған: Нұрлыбек Саматұлы)Біреумен ерегісіп, ашуланып тұрғанда оған күлімсіреп, жылы шырай таныту кейде ашу-ызаны жойып, татулыққа бастайды. Сол секілді өмірде қиыншылықтарға қарсы тәуекел деп көніп, мойынсұну осыған ұқсайды.Үшінші мәселе. Әр заманның өзіндік үкімі бар. Мына бейқамдық жайлаған заманда қайғының да өңі өзгерген. Кейде, бәзбір жандардың қайғы деп жүргендері, шындығында қайғы емес, керісінше Аллаһтың жарылқауы. Ауруға шалдыққан кейбір жандарды шартты түрде бақытты деуге болады. Егер ауруы дініне зиян тигізбесе. Сондықтан да менде ауру-сырқау, қиыншылықтар туралы теріс пікір жоқ. Науқас жандарға соншалықты аянышпен қарамаймын. Неге десеңіз, науқас жастардың көпшілігі, байқап отырсам, құрдастарына қарағанда діни міндетіне жауапкершілікпен қарап, ақыретін ойлайтын болған. Демек, оларға жабысқан дерт қайғы емес, қайта Иләһи нығмет, Аллаһтың сыйы. Ауруы бәлкім фәни, дүниелік қысқа өмірде жанын қинап жүрген шығар, алайда оған мәңгі өмірі үшін пайдасы тиюде, тіпті оның ғибадаты болар. Егер денсаулығы түзелсе жастықтың мастығымен заманның азғын ағымына ілесіп, науқас кезіндегі момын күйін сақтай алмас па еді?! Азғындық жолға түсуі де мүмкін ғой.

12ЛЕМАЛАРСОҢы Аллаһ Тағала өзінің шексіз құдіреті мен мейірімін таныту үшін адам бойына шексіз әлсіздік пен пақырлық еккен. Әрі есімдерінің сансыз нақыштарын көрсету үшін, адам баласын жан-жақты сезетін және жан-жақтан ләззат алатын мәшине тәрізді жаратқан. Осы дене-мәшинеде әрқайсысының қайғысы мен ләззаты басқа, атқарар міндеті мен ақы-сыйы басқа жүздеген сезім-мүшелер, құрал-жабдықтары бар. Алып адам тәріздес әлемде шағылысқан Иләһи есімдердің барлығы және олардың жаппай шағылысы шағын әлем болып табылатын адам бойында да кездеседі. Денсаулық, амандық, ләззат сияқты нығметтер әлгі адам-мәшиненің көптеген тетіктерін іске қосып, міндетін атқаруға итермелейді де адам бейне бір шүкір өндіретін \"фабрикаға\" айналады. Сол сияқты, қайғы мен қиыншылықтар, дерт пен күйзелістер сынды басқа да қоздырғыш күштер арқылы, әлгі мәшиненің басқа да тетіктері іске қосылады. Адам бойындағы әлсіздік, бейшаралық және пақырлық сияқты сезімдер оянады. Жалғыз тілімен ғана емес, науқас жанның әрбір мүшесіне тіл біткендей жан-жақтан жалбарынып, жәрдем сұраған нағыз құл күйіне енеді. Адам баласы әлгі «ақаулардың» саясында мыңдаған түрлі-түсті қаламнан құралған жылжымалы жазу қаламына ұқсап, өмір атты ақ параққа немесе «Ләух-и мисалға» өзінің тағдырын жазады. Аллаһтың есімдерінің жаршысы, Субхани керемет «қасида» яғни Аллаһты дәріптеп жазылған жыр-дастан болып, өзінің жаратылу міндетін атқарады.* * *

Үшінші ЛемаБұл Лема көңіл толқып отырып, біршама сезімге беріліп жазылған. Сезім мен көңіл бойды билегенде ақыл мен ойдың еркіне бағынбайтындықтан және оларға жүгінбейтіндіктен бұл Лема, ақылдың қағидаларымен өлшенбегені жөн.аятының мағынасын жеткізетінБұл екі сөйлем, маңызды екі ақиқатты түсіндіреді. Сондықтан, Нақшибенді тариқатының көсемдерінің бір бөлігі осы екі сөйлем арқылы өздеріне арнайы дұғалар жинағын жасап, қысқаша хатым ретінде ұстануда. Жоғарыдағы ұлы аяттың мағынасын осы екі сөйлем жеткізетіндіктен, біз осы екі сөйлемдегі аса маңызды екі ақиқаттың бірнеше тұжырымын баяндаймыз.БіРіНші тұжыРыМ. Алдымен: хирургиялық операция секілді жүректің Аллаhтан басқа нәрселермен байланысын үзіп тастайды.Рас, адам баласы күрделі жаратылысы арқылы маңайындағылардың басым бөлігімен байланыста. Адамның өн бойына шексіз бір сүйіспеншілік қабілеті дарытылған. Сондықтан, адам бойында болмыс атаулыға деген махаббат бар. Күллі әлемді өз үйіндей, мәңгілік Жәннатты өз бақшасындай сүйеді. Бірақ, соншама махаббатын оятқан маңайындағы нәрселердің бәрі баянсыз болып, аралары ашылып барады. Қоштасудан әрдайым азап шегеді. Оның шексіз махаббаты, шексіз рухани азапқа себеп болады. Бұл азапты тартуға оның өзі себепкер, яғни өзі кінәлі. Өйткені, жүрегіндегі шексіз махаббат сезімі шексіз Жамал-ы Бақиды жақсы көру үшін берілген-ді. Адам махаббатын теріс пайдаланып, фәни дүниеге сарп етіп, қателеседі. Қателігінің жазасын қоштасудың азабымен тартады. Міне, осы қателігін мойындап, фәни сүйіктілерінен бас тартып, фәни нәрселер оны тастап кетпестен бұрын өзі оларды тастау арқылы Махбуб-и Бақиға деген махаббатты білдіретін бірінші сөйлем:

14ЛЕМАЛАР\"Бақи-ы Хақиқи жалғыз сенсің. Басқаның бәрі фәни. Әлбетте фәни нәрселер мәңгі, бақи махаббатқа, шексіз ғашық болуға және мәңгілік үшін жаратылған жүректен орын алуға лайық емес, арзымайды\" деген мағынаны білдіреді. Демек, айналамыздағының бәрі фәни, өткінші, мені тастап кетеді екен, олар мені тастамас бұрын деп мен олардан бас тартайын. Жалғыз Сен ғана бақисың және Сен мәңгі болғандықтан жаратылыс бар болып тұрғанына сенемін. Олай болса, оларды Сен үшін, Сенің махаббатыңмен сүюге болады. Әйтпесе, жүректің қалауына лайық емес\".Міне, осы кезде жүрек сансыз сүйіктілерінен бас тартады. Олардың сыртқы сұлулықтары уақытша, жалған екенін көреді. Жүрек байланысын үзеді. Егер үзбесе, жақсы көргендері қанша болса сонша рухани жаралар пайда болады. дейтін екінші сөйлем, әлгі сансыз жараларға дәрі һәм ем болады. Яғни, \"Сен бақисың, олай болса барлық нәрсенің орнын жабасың. Сен – барсың, олай болса барлық нәрсе түгел.Иә, жаратылысты сүюге себеп болған әдеміліктер, жақсылықтар мен кемелдіктер Бақи-ы-Хақиқидың әсемдігі мен жақсылығының және кемелдігінің көптеген перделерден өтіп келген белгі-нышандары, көмескі көлеңкелері, тіпті Әсма-и Хүснаның шағылыстарының азғана ұшқынының бір бөлшегі ғана. ЕкіНші тұжыРыМ. Адам баласының жаратылысында мәңгілікке деген аса ғаламат құштарлық бар. Тіпті, әрбір сүйген нәрсесін мәңгі деп ойлайды, өз қиялында солай шарықтайды. Сосын жақсы көреді. Ал, онымен қоштасар сәтті ойлағанда немесе соған көзі жеткенде жаны күйзеліп зар илейді. Қоштасулардан туындайтын барлық жылап-сықтау, сол мәңгілікке деген құштарлықтан туындайтын күйзелістің белгісі. Егер адам баласының ойында мәңгілік қиялы болмаса, сүйе де алмайды. Тіпті былай деуге болады: \"Бақи әлемнің, мәңгі жұмақтың жаратылуының бір себебі – осы адам бойындағы бақилыққа деген ғаламат ынтызарлықтан пайда болған аса күшті мәңгілікке құштарлық пен бақилықты тілейтін жаратылысы мен жалпыға ортақ дұғасы, сұранысы болса керек. Бақи-ы Зүлджелал сол күшті де ынталы қалауды, осы бір әсері күшті жалпыға ортақ дұға-тілекті қабыл алып, фәни адамдар үшін бақи бір әлемді жаратқан\". Фатыр-ы Кәрім, Халиқ-ы Рахим кішкене асқазанның қалауы мен қажеттілігін және уақытша тіршілігі үшін хал тілімен жасаған дұғасын қабыл алып, дүниеде көптеген дәмді тағамдарды жаратты. Оны қамтамасыз етті. Солай бола тұра, адам баласының жаратылысына тән қажеттіліктерінен

15ҮШІНШІ ЛЕМАтуындайтын мұқтаждығын, үнемі жалғаса беретін қалау-сұранысын, шынайы хал тілімен жасаған бақилыққа деген өте әсерлі дұғасын қабыл алмауы әсте мүмкін бе? Жоқ! Қабыл алмауы әсте мүмкін емес. Ол хикметі мен әділдігіне және мейірімі мен құдіретіне мүлдем кереғар құбылыс. Қалай болғанда да адам мәңгілікке ғашық, әлбетте, бүкіл кемелдігі, ләззаты мәңгілікке байланысты. Ал, мәңгілік Бақи-ы Зүлджелалға ғана тән әрі Бақидың есімдері де мәңгі әрі бақи және Бақидың айналары да мәңгілікке бөленеді. Мәңгіліктен өз үлесін алады. Әлбетте, адам жанына ең керекті іс, ең маңызды міндет; сол Бақимен байланыс құру және оның есімдеріне жабысу. Өйткені Бақи жолына жұмсалған әрбір нәрсе мәңгілікке бөленеді. Міне, әлгі екінші сөйлемі осы ақиқатты түсіндіреді. Адам баласының рухани сансыз жараларын емдеуімен бірге бойындағы мәңгілікке деген жойқын құштарлықты қанағаттандырады.ҮшіНші тұжыРыМ. Бұл дүниеде болмыс атаулының жойылуы мен аяқталуына уақыттың әсері әртүрлі. Жаратылыс бірін-бірі қоршаған қабат-қабат шеңберлер сияқты бірінің ішінде бірі бола тұра, аяқталуы жағынан әртүрлі деңгейде. Сырттай қарағанда сағаттың секөндін санайтын шеңбері, минөт пен сағатты және күндерді санайтын шеңберлеріне ұқсайды, жылдамдықтары әртүрлі. Сол сияқты адамның денесі, жаны, жүрек пен рух шеңберлері бір-бірінен өзгеше. Мысалы, дененің тұрақтылығы, оның тірлігі, болмысы – бір күн, тіпті сағат. Оның өткен шағы, болашағы жоқ немесе өлі. Ал, жүректің осы күннен бірнеше күн бұрынғы бірнеше күн кейінгі уақытқа дейінгі болмыс шеңбері мен тірлік тынысы бар. Ал, рухтың осы күннен бастап жылдар бұрынғы және жылдар кейінгіні қамтитын шеңбері, яғни, тірлігі мен болмысы бар. Міне, осы қабілетке байланысты жүрек пен рухтың тірлігіне ұйытқы болған Марифет-і Илаhие (Аллаhты тану) және Мухаббет-і Раббание және Убудиет-і Субхание (Аллаhқа құлшылық ету), Марзиат-ы Рахмание (Аллаhты риза қылу) жағымен бұл дүниедегі жалған тіршілік мәңгі өмірді қамтиды және нәтижесінде мәңгі өмірге айналады. Иә, Бақи-ы Хақиқиды сүю, Оны тану, Оның ризашылығы жолында өткен бір секөнд бір жылмен пара-пар. Егер Оның жолына жұмсалмаса, бір жыл бір секөндтей-ақ. Тіпті, оның жолында өткен бір секөнд, өшпес көп жылдар боп есептеледі. Ал, бейқамдардың дүниелік жүз жылы бір секундтай аз, өте шығады. Халық аузында мынадай сөз бар:яғни: \"Қоштасудың бір секөнды бір жылдай ұзақ және қауышудың бір жылы бір секөндтай қысқа\". Мен бұл нақылға мүлдем қарсы былай деймін: \"Қауышу, яғни Бақи-ы Зүлджәлалдың ризалығы аясында, Аллаh үшін бір секөнд қауышу – бір жылдық емес, тіпті, мәңгі қауышуға жол ашады.

16ЛЕМАЛАРБейқамдық пен азғындық жолында қоштасудың бір жылы емес, тіпті мың жылы бір секөнд секілді. Ол сөзден де әйгілі:сөзі осы айтқанымызды растай түседі. Әуелгі сөздің мағынасы мынау: \"Фәни жаратылыстың қауышуы қалай да фәни, қаншалықты ұзақ болса да бәрібір қысқа болып табылады. Бір жылы бір секөнд секілді өтеді, қасіретті бір қиял мен өкінішті бір түс сияқты. Мәңгілікті қалаған адам жүрегі бір жыл қауышудан бір секөндтей ғана рахат зауық, ләззат ала алады. Ал, қоштасудың бір секөнді бір жыл емес, көптеген жылдарға пара-пар. Өйткені, қоштасудың алаңы кең.Шындығында бір секунд қоштасудың өзі, мәңгілікті қалаған бір жүрекке көп жылдардай қаяу түсіреді. Өйткені, шексіз қоштасуларды еске түсіреді. Материямен шектелетін және баянсыз дүнияуи махаббат қылатындар үшін бүкіл өткен шақ пен болашақ қоштасуға толы. Бұл мәселеге байланысты айтарымыз:\"Уа, адамдар! Жалған, қысқа, пайдасыз өмірлеріңді бақи, ұзақ, жемісті еткілерің келе ме? Әрине келеді. Адамшылықтың талабы сол. Олай болса, Бақи-ы Хақиқидің жолына жұмсаңдар. Өйткені, Бақиға бағышталған нәрсе мәңгіліктің берекетіне бөленеді. Қалай болғанда да, әр адам ұзақ өмір сүруді армандайды. Рас, адам мәңгілікке құштар. Ал, жалған өмірді мәңгілік өмірге айналдырудың амалы бар. Мағыналы да ұзақ өмірге айналдыруға болады. Әлбетте, адамгершіліктен айрылмаған адам амалын іздестіріп, оны іске асыруға тырысады әрі солай әрекет етеді. Міне, ол шара мынау: Аллаh үшін істеңдер, Аллаh үшін кездесіңдер, Аллаh үшін еңбек етіңдер. \"Лиллаh, Ливежhиллаh, Лиеджлиллаh\" ризалығы аясында әрекет етіңдер! Сол кезде өмірдің әрбір минөты бір жылға пара-пар болады. Бұл ақиқатты қуаттайтын Ләйле-и Қадір, яғни Қадір түні. Оның сексен жылдан да қымбат әрі қадірлі болып мың айға татитынын Құран аяты айтады. Сондай-ақ, бұл ақиқатты растайтын әулиелер мен ақиқат жолындағылардың арасында кең тараған аз уақытқа көп уақыт сиятын \"Баст-ы заман сыры\". Көп жылдарды керек қылатын бірақ, бірнеше минөтта орындалған Миғраж уақиғасы да бұл шындықты дәлелдейді әрі анық ақиқат екендігіне кепілдік береді. Миғраждың бірнеше сағатының мыңдаған жылдардың шамасындай ұзақтығы бар. Өйткені, Ол Миғраж жолымен мәңгілік әлеміне аяқ басты. Мәңгілік әлемінің бірнеше минөты жалғанның мыңдаған жылын қамтиды. Әулиелер арасында көптеп кездесетін \"Баст-ы заман\" уақиғалары осы ақиқатқа негізделген. Кейбір әулиелер бір минөтта бір күндік іс атқарған. Кейбіреулері бір сағатта бір жылдық жұмыс жасаған. Кейбірі бір минөтта Құранды толық оқып шыққандығын риуаят етіп, хабарлайды. Мұндай ақиқатшыл, шыншыл

17ҮШІНШІ ЛЕМАкісілер біле тұра өтірік айтуы мүмкін емес. Хабарлардың соншалықты көптігі «Баст-ы заман»* ақиқатына күмән тудырмайды. Осы \"Баст-ы заман\" мәселесін әркім өзі байқауына болады. Кейде адам бір минөтта көрген түсінде басынан кешкендерін, сөйлеген сөздерін, алған ләззатын немесе шеккен азабын көруі үшін өңінде бір күн, тіпті, бірнеше күн керек болар еді.ҚОРытыНДы. Адам расында фәни, бірақ мәңгілік үшін жаратылған және мәңгі Аллаhтың айнасы. Оған мәңгі жеміс беретін іс атқару міндеті жүктелген. Мәңгілік Аллаhтың мәңгі есімдерінің шағылыстарына, мағына-нақыштарына себеп болар түрде жаратылған. Олай болса, адамның ең басты міндеті мен бақыты – бүкіл жан тәнімен, қабілетімен сол Бақи-ы Сермадидің ризалығы аясында оның есімдерінің мән-мағынасына сай, мәңгілік жолында сол Бақиға бет бұру. деп тек тілімен ғана емес жүрегі, рухы, ақылы, бүкіл сезімдері арқылы былай деуі керек:* * ** аяты менаяты “Тайи-ы заманды” білдіреді. Сол сияқты аяты да “Баст-ы заманды” білдіреді.

төртінші Лема\"Минхаж-ус Сунна\" осы рисалеге лайық көрінді.Имамдық мәселесі негізгі мәселе болмаса да көп мән берілгендіктен Имани мәселелердің қатарына кіріп, Кәлам және Дін ілімінде өзекті мәселеге айналып, біздің Құранға және Иманға байланысты қызметімізге қатысты болғандықтан біршама баяндауға тура келді.Осы ұлы аяттың көптеген терең ақиқаттарының бір-екеуі \"Екі бөліммен\" баяндалмақ.БіРіНші БөЛіМ\"төрт тұжырымнан тұрады.\"БіРіНші тұжыРыМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссаламның үмметіне деген қамқорлығы мен жанашырлығын баяндайды.Иә, сахих риуаят бойынша, Махшар күні барша адамзат, тіпті, пайғамбарлар да үрейленіп, өздерін ойлап \"нәпсім, нәпсім\" деген уақытта Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уассалам \"үмметім, үмметім\"деп жанашырлықпен қамқорлық етеді. Тіпті дүниеге келген кезінде де анасы оның мінәжатынан \"үмметім, үмметім\" сөзін естіген екен. Мұны әһли-кәшф әулиелер растап отыр.Пайғамбарымыздың өмір тарихы және баршаға үлгі болған қамқор да көркем мінезі аса мейірімді де жанашыр екенін көрсетеді. Сонымен қатар үмметінен шексіз салауат сұрауы арқылы үмметінің жан-жақты бақытты

19ТӨРТІНШІ ЛЕМАболуын ойлап, өзінің асқан мейірімділігін көрсетеді. Міне, мұншалықты мейірімді де жанашыр көсемнің сүннеті-сәниесіне яғни керемет үлгі боларлық амалдарына мойынсұнбау қаншалықты қайырымсыздық және арсыздық екендігін таразыла!ЕкіНші тұжыРыМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссалам жалпыға ортақ, ауқымы кең пайғамбарлық міндетін атқару кезінде кейбір жеке, кішкене нәрселерге де аса мән беріп мейірімділік жасаған. Сырттай қарағанда әлгі зор мейірімді ондай жеке, кішкене нәрселерге арнауы пайғамбарлық міндеттің аса маңыздылығына үйлеспейді. Алайда, әлгі кішкене нәрсе, жалпыға ортақ әрі ұлы пайғамбарлық міндеттің ұйытқысы боларлық бір мәселенің бастамасы, дәнегі болғандықтан ол үлкен мәселенің жан-жаққа таралуына дәнекерлерге аса мән берген.Мысалы, Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссаламның Хазіреті Хасан мен Хүсейін кішкентай кездерінде оларға жасаған асқан қамқорлығы, үлкен мән беруі тек қана немересі болғандықтан аталық, туыстық сезімінен туған махаббат емес. Олар пайғамбарлық міндеттің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын нұрлы жолының бастамасы болғандықтан сол бір ұлы шежіренің атынан олардың уәкілдеріне аса мән берілген. Пайғамбарымыздан мирас болып қалған маңызы зор жамағаттың қайнар көзі, мазмұны, уәкілдері болғандықтан солай жасаған.Иә, Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссалам Хазіреті Хасанды (р.а.) аса мейірімділігімен құшағына алып маңдайынан сүю арқылы Хазіреті Хасаннан (р.а.) тарайтын нұрлы да қасиетті ұрпағы Ғаус Ағзам Шах-ы Гейлани сияқты көптеген Мәһди тәрізді тура жолға шақырушы Пайғамбарымыздың мұрагерлеріне, Шариғатты жеткізушілерге деген ілтипатын білдірген. Олардың келешекте атқарар маңызды қызметтерін пайғамбарлық назарымен көріп, бағалап риза болған. Оларды ынталандыру, қолпаштау ретінде Хазіреті Хасанның (р.а.) маңдайынан сүйген. Хазіреті Хусейінге аса мән беруі мен мейірімі де солай. Хазіреті Хусейіннің (р.а.) нұрлы ұрпағынан тарайтын Зейнел Абидин, Жағфар Садық сияқты өте жоғары мәртебелі имамдар мен пайғамбарымыздың нағыз мұрагерлері саналатын Мәһди сияқты нұрлы жандар үшін Ислам діні мен пайғамбарлық міндеті атынан Хазіреті Хусейннің (р.а.) мойнынан сүйген, аса мейірімділік танытып мән берген. Иә, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзі өмір сүрген бақыт ғасырында тұрып ғайыпты көрер көкірек көзімен сонау мәңгілік өмірдегі махшарды тамашалаған және жерде тұрып Жаннатты, сонау көктегі періштелерді көрген және Адам заманынан бері өткен шақ қараңғылығының пердесінде жасырынған уақиғаларды көрген. Тіпті Зат-ы Зүлджалалдың өзін көру нәсіп болған нұрлы назары, болашаққа қанық парасаты, әлбетте, Хазіреті Хасан мен Хусейіннен (Р.А.) тарап жалғасатын ұлы мұрагер құтұбтарды, мирасқор имамдарды, Мәһдилерді

20ЛЕМАЛАРкөре алған және солар үшін немерелерінің маңдайынан сүйген. Иә, Хазіреті Хасанның маңдайынан сүюінде Шах-ы Гейланидің де алар үлкен үлесі бар.ҮшіНші тұжыРыМ. аятының көптеген мағыналарының бір мағынасы: \"Расул-ы Әкрәм Ғалейһиссалату Уәссалам пайғамбарлық міндетін атқарғанына ақы сұрамайды. Тек Әһл-и бейтін (Пайғамбарымыздың өз ұрпағы) жақсы көруді сұрайды.\"– Бұл мағынаға қарағанда, туыстық жағынан бір пайда көзделген сияқты көрінеді. Алайда, дегендей маңыздылық ұрпақ пен текте емес, Аллаhқа жақындық жағында. Пайғамбарлық міндеті соған қарай жалғаспай ма? – деген сұрақ қойылса, оның жауабы мынау:– Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссалам ғайып аян, парасатты назарымен Ислам әлемінде бейне бір нұрлы ағаш тәрізді мұсылмандардың барлық сыныбына кемелдік дәрісін беріп жол көрсететін, ұстаздық міндетін атқаратын жандардың басым көпшілігі Әһли-бейттен яғни қызы Фатима анамыздың ұрпағынан тарайтынын көрген. Үмметінің ташахудтте:дұғасы, яғни, намазда отырғанда айтылатын \"Әл\" (отбасы) туралы дұғасы қабыл болатынын білген. Яғни, Ибраһим әулетінен тараған көптеген нұрлы көсемдер Хазіреті Ибраһимнің (а.с.) ұрпағынан шығып, пайғамбар болғаны сияқты, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметінде де Исламның ұлы міндетін мойнына алып, Пайғамбарымыздың жолы мен сүннетін қаз қалпында сақтаушы топтың қозғаушы күші Мұхаммедтің де (с.а.у.) өз ұрпағынан шығатын тұлғалар екенін көрген. Сол себепті: деуі арқылы үмметінен Әһл-и бейтіне деген сүйіспеншілік сұраған. Бұл ақиқатты қуаттайтын бір риуаятта былай делінген: \"Сендерге екі нәрсе қалдырамын, солардан айырылмасаңдар адаспайсыңдар. Біріншісі – Китабуллаh (Құран), екіншісі – Әһли-бейтім\". Өйткені Сүннет-і сәниенің қайнар көзі, сақтаушысы және қай жағынан болса да жақтаушысы болуға міндетті – Әһл-и бейт яғни өз ұрпағы.Міне, осы сырға сүйене отырып, кітап пен сүннетке мойынсұну керек деген сөз арқылы хадистің мәнісі анықталғандай. Демек, Пайғамбарымыз Әһли-бейтім деп ұрпағын мегзеген кезде, өзінің көркем сүннетін айтып отыр. Көркем сүннетін ұстамайтындар нағыз Әһл-и бейт бола алмайды.

21ТӨРТІНШІ ЛЕМАТіпті, Әһл-и бейтке дос та бола алмас. Сондай-ақ, Әһл-и бейттің айналасына үмметін жинағысы келген. Ондағы мақсаты, уақыт өткен сайын Әһл-и бейттің саны көбейетінін Аллаhтың рұқсатымен білген және Исламияттың әлсірейтінін аңғарған. Олай болса, Ислам әлемінің рухани дамуына ұйытқы әрі темірқазық болатын өте қуатты, сан жағынан көп, бір-біріне иық тірейтін жамағат керек. Аллаhтың рұқсатымен осыны ойлаған, сөйтіп, Әһл-и бейтінің айналасына үмметінің топтасуын қалаған.Иә, Әһл-и бейт, сенім мен иман тұрғысында басқалардан тым асып кетпесе де тәсілім болып, жақтасуға келгенде алдына жан салмайды. Өйткені олардың табиғатында Ислам дініне деген құштарлық бар. Мұны олар, нәсілдік жағымен, туыстық тұрғысынан істейді. Ата жолын нәсіл жағынан ұстану болса, ол жол қарапайым, аты шықпаған, тіпті бұрыс болса да жалғаса бермек. Ал, өте атақты да әйгілі, тым адал, мерейі үстем, бүкіл ата-бабасы сол жолда жүрген және абыройға бөленіп, жандарын пида еткен ақиқатқа жақтасу, оны құптау қаншалықты мықты да берік әрі табиғи екенін сезген адам құптап, жанталаса жақтасуды қоя ма?Әһли-бейт яғни Пайғамбарымыздың ұрпағы туа бітті болмысымен Ислам дінін қолдап, қызу қуаттаушылар, әрі әр тұрғыдан жақтасушылар. Сондықтан Ислам дінін қуаттайтын жәй, қарапайым нәрсенің өзін олар күшті дәлел ретінде қабылдайды. Өйткені табиғатынан дін Исламға жақ. Басқалар болса, нақты дәлелдерден кейін барып жақтасады.төРтіНші тұжыРыМ. Үшінші тұжырымға байланысты Шиалар (шийттер) мен Әhли-сүннет уәл жамағат (сунниттер) арасында алауыздыққа себеп, тіпті, иман шарттарына, имани мәселелеріне әсер ететіндей дәрежеде кең өріс алып кеткен араздыққа қысқаша тоқталып өтеміз.Әhл-и сүннет уәл жамағаттың айтуы бойынша: Хазреті Али (р.а.) Ұлы төрт халифаның төртіншісі. Хазіреті Сыддық (р.а.) бірінші халифа болуға әбден лайық болғандықтан ең әуелгі халифа сол болды.Ал, Шиалардың ойынша: \"Ең бірінші Халифа Хазіреті Али (р.а.) болуы керек еді. Оған әділетсіздік жасалды. Бәрінен бұрын Хазіреті Али (р.а.) лайық еді\". Келтіретін дәлелдерінің қысқаша түйіні:Хазіреті Али (р.а.) жайындағы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінің көптігі. Хазіреті Али (р.а.) \"Әулиелердің пірі\" лақабымен танылды. Көпшілік әулиелер мен тариқаттар содан бастау алады және ілімі жағынан, батырлық пен құлшылық жағынан теңдессіз, асыл қасиеттерге ие. Хазіреті Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссәләмнің оған және одан тараған Әли-бейтке баса назар аударды. Бұл дәлелдер оның бірінші халифа болуы керек екенін көрсетеді. Қай жағынан болсын, бірінші халифа болу соның реті еді, одан тартып алынды\" дейді.жАуАп: Хазіреті Алидің (р.а.) үш халифаның үшеуін де өз қалауымен мойындауы және жиырма жылдан астам оларға мойынсұнуы,

22ЛЕМАЛАРсондай-ақ, олардың Шейх-ул Исламы, яғни, діни мәселелерді шешетін ғұлама қызметін атқаруы, шиалардың айтқандарын жоққа шығарады. Сондай-ақ, үш халифаның дәуіріндегі дін Исламның жеткен жеңістері, дұшпандарын күйретуі және Хазіреті Алидің (р.а.) халифа кезіндегі оқиғалар, шиалардың «халифат» туралы көзқарасын теріске шығарады. Демек, әhли-сүннет уәл жамағаттың көзқарасы дұрыс. Егер біреу былай десе: Шиалар екі түрлі. БіРіНшіСі. Шиа-и уәлайет (әулиелікке көбірек мән беретіндер)ЕкіНшіСі. Шиа-и хилафет (Халифалық мәселесіне көбірек мән беретіндер). Жарайды, екінші топтың пікіріне кек пен саясат араласқандықтан жөнсіз дейік. Ал, бірақ бірінші топта кек пен саясат жоқ қой. Дегенмен, Шиа-и уәлайет Шиа-и хилафетпен қосылып кеткен яғни, тариқаттағы әулиелердің бір тобы Хазіреті Алиді (р.а) абзал көріп отыр. Саясат жағындағы Шиа-и хилафеттің айтқандарын растап отыр. жАуАп: Хазіреті Алиға (р.а.) екі жақты қарау керек.БіРіНшіСі. Жеке тұлғалық кемелдігі мен өзіндік мәртебесі жағынан.ЕкіНшіСі. Ал-и бейттің рухани тұлғасының уәкілі ретінде.Ал-и Бейттің рухани тұлғасы болса, Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәламның мән-мағынасын көрсетеді. Міне, бірінші жағынан алғанда ақиқатқа көзі жеткендер бір ауыздан, Хазіреті Алидің өзі (р.а.) бас болып, Хазіреті Әбубәкір мен Хазіреті Омарды (р.а.) жөн санап, ең алдымен оларды ұсынады. Олардың дін Исламға жасаған қызметі және Аллаhқа жақындығы жағынан мәртебелері әлдеқайда жоғары деп бағалайды. Екінші жағынан Хазіреті Али (р.а.) Әһл-и бейттің рухани тұлғасының уәкілі. Али-бейттің рухани тұлғасы болса, Мұхаммедтің (с.а.у.) мән-мағынасының, оның ақиқатының уәкілі болуы жағынан ешкіммен салыстыруға келмейді.Міне, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Хазіреті Али (р.а.) жайында көп мадақтаған хадистері осы екінші жағына қатысты. Бұл ақиқатты дәлелдейтін нақты риуаят бар. Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм: \"Әр пайғамбардың ұрпағы өзінен тараған. Менің ұрпағым, Алидің (р.а.) ұрпағы\" деп бұйырған. Хазіреті Алиді (р.а.) басқа Халифаларға қарағанда әлдеқайда жоғары бағалап, мақтайтын хадистердің кеңінен жайылуының себебі, Әмауилер мен Хариджилердің оған жазықсыз тиісіп, кемсітулеріне қарсы әhл-и сүннет уәл жамағат ол кісі туралы риуаятты көп таратты. Басқа халифалар ондай мінеуге, кемсітуге көп ұшырамағандықтан, оларды мақтайтын хадистердің жайылуына аса мұқтаждық болмады.Сондай-ақ, болашақта Хазіреті Алидің (р.а.) қайғылы оқиғаларға, өзара ішкі бүліктерге ұшырайтынын пайғамбарлық назармен көріп, Хазіреті Алиді (р.а.) үмітсіздіктен, ал үмметті ол туралы жаман ойдан құтқару үшін

23ТӨРТІНШІ ЛЕМА сияқты маңызды хадистермен Алиді (р.а.) жұбатып, үмметіне тура жолды көрсеткен.Хазіреті Алиге (р.а.) Шиа-и уәлайеттің шектен тыс сүйіспеншілігі және тариқат жағынан айтылған аса жоғары бағалауы, әрине оларды Шиа-и хилафет сияқты жауапты ете қоймас. Себебі, әулиелер өз жолдарының талабына сай жол көрсетушілеріне, пірлеріне махаббатпен қарайды. Асыра сілтеу – сүйіспеншіліктің әдеті. Сүйіктісін өз мәртебесінен жоғары көргісі келеді және көреді де. Махаббатын асыра сілтеу Әhл-и хал үшін кешірімді болуы мүмкін. Бірақ, олар басқа халифалар туралы жаман ойламай, дұшпандық сезімнен аулақ болуы керек. Ислам қағидаларына қайшы келмеу шартымен кешірілуі мүмкін.Ал, шиа-и хилафеттің саяси мақсаты болғандықтан кек пен дұшпандықтан арыла алмай отыр. Кемшіліктерін мойындамағандықтан кешірілу мүмкіншіліктерінен де айырылуда. Тіпті Иран ұлтшылдары Хазіреті Омардың (р.а.) семсерінен соққы жегендіктен деп, Хазіреті Омардан (р.а.) өш алу саясатын Хазіреті Алиге деген сүйіспеншілікпен бүркемелейді. Сонымен қатар, Амр Ибн-ул Астың Хазіреті Алиге (р.а.) қарсы шығуы және Омар Ибн Садтың Хазіреті Хусейінге (р.а.) қарсы бас көтеріп, соғыс ашуы шиалардың Омар есіміне қарсы ашу-ызасын оятқан. Шиа-и уәлаиеттің Әhл-и сүннет уәл жамағатқа ренжитін реті жоқ. Өйткені, әhл-и сүннет Хазіреті Алиді (р.а.) кемсітпейді, керісінше өте жақсы көреді. Бірақ хадис бойынша қауіпті саналатын шектен тыс махаббаттан сақтанып, асыра сілтеуден аулақ тұрады. Пайғамбарымыздың Хазіреті Алидің (р.а.) жақтастарын мақтаулары Әhл-и сүннетке қатысты. Өйткені, Хазіреті Алиді (р.а.) шын сүйетіндер - Әhл-и hақ, яғни Әhл-и сүннет уәл жамағат.Иә, Хазіреті Иса Алейhиссаламға деген шектен тыс махаббаттың христиандар үшін қауіпті болғаны белгілі. Сол сияқты Хазіреті Алиге (р.а.) деген шектен тыс махаббаттың қауіпті екендігі сахих хадисте анық түсіндірілген.Егер Шиа-и велаиет: \"Хазіреті Алидің (р.а.) жоғары кемелдігін қабылдағаннан кейін, Хазіреті Сыддықты (р.а.) одан артық көру ақылға сыйымсыз\" – десе, жауабы: Хазіреті Сыддық-ы Әкбар мен Фаруқ-ы Ағзамның (р.а.), яғни Хазіреті Әбубәкір мен Омардың (р.а.) жеке тұлғалық кемелдіктерін, пайғамбарлық міндетті жалғастыру жағымен халифалық кезеңдеріндегі кемелдіктерін таразының бір жағына ал, Хазіреті Алидің (р.а.) жеке тұлғалық таңғажайып кемелдігі мен халифалық дәуіріндегі мәжбүр болған ішкі, өзара қайғылы қақтығыстар мен сынға ұшыраған өзара соғыстарын таразының екінші жағына қойылса, әлбетте, Хазірет Сыддықттың (р.а.) немесе Фаруқтың (р.а.) немесе Зиннурейннің (р.а.) жағы

24ЛЕМАЛАРауыр басатынын Әhл-и сүннет уәл жамағат көрген, сондықтан жоғары бағалаған.\"Он Екінші\" және \"Жиырма Төртінші\" сөздерде дәлелденгеніндей: Пайғамбарлықтың дәрежесі әулиелікке қарағанда өте жоғары. Сондықтан Пайғамбарлықтың кішкентай бір ұшқыны әулиеліктің үлкен сәулесінен әлдеқайда абзал. Бұл тұрғыдан алып қарасақ, Хазіреті Сыддық-ы Әкбар (р.а.) мен Фаруқ-ы Ағзамға (р.а.) пайғамбарымыздың міндетін жалғастыру, оның үкімдерін орнықтыру жолында Аллаh тарапынан мол табыс, үлкен үлес берілгендігі, халифа кезіндегі жетістіктері Әhл-и сүннет уәл жамағат үшін дәлел болып отыр. Хазіреті Алидің (р.а.) жеке тұлғалық кемелдігі, оларға Пайғамбарлықтан қалған мол үлестен асып кете алмаған. Әрі Хазіреті Али (р.а.) Хазіреті Әбубәкір мен Омар (р.а.) халифа кезеңінде оларға Шейхул-Ислам қызметін атқарған және оларды құрметтеген.Апырым-ай, Хазіреті Алиді (р.а.) жақсы көріп құрметтеген Әhл-и сүннет уәл жамағат, Хазіреті Алидің (р.а.) жақсы көріп, аса құрметтеген халифаларын қалайша жақсы көріп, құрметтемесін?Бұл ақиқатты бір мысалмен түсіндірейік. Мысалы, өте бай бір адамнан мұра болып балаларының біреуіне жиырма батпан күміс пен төрт батпан алтын беріледі. Екіншісіне бес батпан күміс пен бес батпан алтын беріледі. Үшінші баласына үш батпан күміс пен бес батпан алтын беріледі. Соңғы екеуі саны жағынан аз алғанымен, құн-сапа жағынан артық алады.Міне, осы мысал сияқты Хазіреті Әбубәкір мен Омардың (р.а.) Пайғамбарлықтан мұрагерлігі, Исламның үкімдерінің негізін орнатудан, яғни Аллаhқа жақындық дейтін алтыннан алған үлесінің аз ғана артықшылығы – жеке тұлғалық кемелдік пен әулиелік гауhарларынан шыққан және әулиелік кемелдікпен Аллаhқа жақындау дейтін күмістен басым түседі. Салыстырған кезде осы екі жақты ескере отырып қарау керек. Әйтпесе жеке батырлығы мен ілімі және әулиелігі жағынан бір-бірімен салыстырылса, ақиқаттың бейнесі өзгереді.Әрі Хазіреті Алидің (р.а.) бойынан көрінетін Әл-и бейттің рухани тұлғасы мен сол рухани тұлғада толық мұра түрінде қалдырылған Мұхаммедтің (с.а.у.) ақиқаты жағынан салыстыруға болмайды. Өйткені ол жерде Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссаламның терең сыры жатыр.Бірақ, шиа-и хилафет, Әhл-и сүннет уәл жамағаттың алдында ұялудан басқа шарасы жоқ. Өйткені, бұлар Хазіреті Алиді (р.а.) қатты жақсы көреміз дей тұра оны кемсітуде. Олар Хазіреті Алиді (р.а.) жаман мінезді етіп көрсетеді. Өйткені, олар былай дейді: \"Хазіреті Сыддық пен Хазіреті Омар (р.а.) жөнсіз болса да, Хазіреті Али (р.а.) олармен бірге жүрген. Олардың тілімен айтқанда \"тақие\" қылған, яғни, олардан қорқып амалсыздан қызмет еткен. Апырым-ай, осындай Ислам қаhарманы әрі \"Аллаhтың арыстаны\" атағына ие болған және шыншылдардың үлгісі, жетекшісі болған жанды екіжүзді, қорқақ және ұнатпаған адамдарына жағымпазданып, жиырма

25ТӨРТІНШІ ЛЕМАжылдан астам шарасыз бірге жүріп әділетсіздікке көне берген деп айту, оған деген сүйіспеншілік емес. Ондай махаббатты Хазіреті Али (р.а.) қабылдамайды.Ал, сүнниттердің түсінігі ешбір жақтан Хазіреті Алиді (р.а.) кемсітпейді. Жаман мінезді деп кінәламайды. Осындай ғажайып бір батырға қорқақ деп жала жаппайды. Әрі былай дейді: \"Егер Хазіреті Али (р.а.) Хазіреті Әбубәкір мен Омарды (р.а.) мойындамаса, оларға бір минөт та мойынсұнбас еді. Демек, оларды дұрыс деп тапқан және жоғары санағандықтан, күш-қайраты мен батырлығын әділдік жолына арнаған\".ҚОРытыНДы. Әр нәрсенің шамадан тыс асыра сілтенуі немесе жетпей нұқсан қалуы жақсы емес. Ең дұрысы - ортасын ұстану. Әhл-и сүннет уәл жамағат соны таңдаған. Бірақ, өкінішке орай, Әhл-и сүннет уәл жамағат атын жамылған ваххабилік және хариджилік пікірді жақтап, саясатпен сырқаттанған топтар Хазіреті Алиді (р.а.) сынап, \"саясатты білмегендіктен басқара алмады\" дейді.Міне, осы орынсыз мін таққандарға Шииттер ренжиді. Алайда, Әhл-и сүннеттің қағидалары мен ұстанымы бұл пікірге мүлдем қайшы. Хариджилер мен дінсіздер айтатын мұндай пікірге ерегісіп Әhл-и сүннетті кіналауға болмайды. Керісінше Әhл-и сүннет Хазіреті Алиді (р.а.) Шииттерден де артық жақсы көріп жақтайды. Бүкіл хұтбаларында, дұғаларында Хазіреті Алиді (р.а.) мадақтап, лайық түрде дәріптейді.Әсіресе, әhл-и сүннет уәл жамағат жолындағы әулиелер мен асфиялар Оны жол көрсетуші, әулиеліктің бастауы деп біледі.Шиалар, өздерінің және әhл-и сүннеттің дұшпаны болған хариджилер мен дінсіздерді ажыратып Әhл-и хақ сүнниттермен араздаспауы керек. Тіпті шиалардың бір тобы Әhл-и сүннетке қырсығып сүннетті тастап отыр.Жарайды бұл мәселе туралы көп айттық. Өйткені ғалымдар арасында көп тартыс туғызған-ды.Уа, тура жолдағы Әhл-и сүннет уәл жамағат! Уа, Әл-и бейтке (Пайғамбарымыздың ұрпағына) сүйіспеншілікті өздеріне жол қылып ұстанған Шииттер! Тездетіп осы бір мағынасыз да ақиқатсыз, орынсыз, зиянды тартысты доғарыңдар. Әйтпесе, қазірде қызу жұмыс істеп жатқан азулы дінсіздік ағымы біріңе-біріңді қарсы қолданады да, біреуінді құртқан соң, қолданған құралдың да көзін жоқ қылады. Сендер әhл-и тәухид яғни бір Аллаhқа сенетіндіктен араларыңда бауырмалдық пен бірігуді бұйыратын жүздеген қуатты да киелі байланыстар бар екенін ұмытпаңдар. Араңызға іріткі салар болмашы мәселелерді тастаған жөн.

Екінші бөлімаятының екінші ақиқатына байланысты болмақ *.* * *Бесінші Лема(1) бұл аяттың өте маңызды бір ақиқатын он бес мәртебе арқылы баяндайтын бір рисале болуы тиіс еді. Алайда, ақиқат пен ілімнен гөрі зікірге, ой-толғамға қатысы көп болғандықтан әзірге кейінге қалды. Расында, Он бірінші Лема дейтін «Сүннет баспалдақтары және Бидғат дертінің емі» атты өте маңызды рисале Бесінші Лема болып шыққан-ды. Алайда, ол он бір тұжырымға бөлінгендіктен Он бірінші Леманың ішіне енгізілді. Бесінші Леманың орны осылайша бос қалды.* * *Алтыншы Лема(2) сөйлемінің мағынасы көптеген аяттардың маңызды да терең ақиқаттарын түсіндіреді. Осы ақиқаттардың он бес - жиырма мәртебесін баяндайтын рисале болар еді. Бірақ бұл Лема да Бесінші Лема секілді өзім сезінген, көңілге түйген, рухани саяхат кезінде зікір мен пікір арқылы көрген мәртебелер жазылғандықтан ақиқат пен ілімнен гөрі сезімге тікелей байланысты. Сондықтан іліми ақиқаттарға негізделген Лемаларға кірмей, соңғы жақтарына жазуды жөн көрдім. * Бұл екінші бөлім Он Бірінші Лема болып жарыққа шықты.(1, 2) Хазіреті Ұстазымыз, Жиырма Тоғызыншы арабша Леманың Алтыншы бабының түсіндірмесінде осы екі сөйлем туралы былай дейді: «Бұл екі сөйлемнің мәртебелері ілімге қарағанда пікір әрі зікір болғандықтан арабша жазылды» Бәдиүззаманның қызметшілері

жетінші Лема\"Фәтх\" сүресінің соңындағы аяттың жеті түрлі ғайби хабары жайлы.«Фәтх» сүресінің осы үш аятының көптеген мұғжизалық қырлары бар. Баяны Мұғжиза болған Құранның он түрлі мұжизалық қыры болса, соның ғайыптан хабар беретін түрі осы үш аятта жеті-сегіз жағымен көрініп тұр. БіРіНшіСі: (аяттың жалғасы бар) Бұл аят Мекке қаласы азат етілмей тұрып алдын-ала нақты хабар береді. Екі жылдан соң дәл хабарлағанындай азат етілді.

28ЛЕМАЛАРЕкіНшіСі:аяты былай дейді: Худайбия келісім шарты, сырттай қарағанда Исламға зиянды секілді әрі Құрайыштардың біршама жеңісі тәрізді көрінгенімен негізінде Худайбия келісім-шарты іштей үлкен жеңіс және басқа да жеңістердің бастамасы болады. Шынымен, Худайбия келісімінен кейін темір қылыштар уақытша қынабына салынды. Алайда, Құран Кәрімнің найзағайдай алмас қылышы шықты да, жүректер мен ақылдарды жаулап алды. Сөйтіп, екі жақ бейбіт келісім шарттың аясында бір-бірімен араласуға, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туды. Ислам құндылықтары мен Құранның нұры бірбеткей, өз дегенінен қайтпайтын, басқаны қабылдамайтын қауымның қырсықтық дейтін кедергі-қамалдарын бұзып өз үкімін жүргізе бастады. Мысалы, соғыс өнерінің шебері Халид Бин Уалид және саясаттың кемеңгер ұстазы, ірі тұлға Амр Бин Ас сынды жеңілуді әсте мойындамайтын жандар Худайбия келісім-шартынан кейін Құрани құдреттің алдында бас иіп, нұрлы қала Мәдинаға қарусыз өз еркімен кіріп, дін Исламды қабылдады. Кейін Хазіреті Халид «Сәйфуллаһ» атанып яғни Аллаһтың қылышы болып Исламға адал да зор қызмет етті.МАҢыЗДы БіР СұРАҚ: Әлемдердің Раббысы Аллаһтың ең сүйіктісі және әлемнің мақтанышы Расулуллаһтың (с.а.у) сахабалары мүшриктерге қарсы Ухуд соғысының соңында және Хунейн ұрысының басында жеңіліс табуының хикмет-сыры не?жАуАп: Ол соғыста мүшриктердің ішінде кейін сахабалардың қатарына кіретін ең атақты сахаба Хазіреті Халид сынды адамдар бар болатын. Аллаһ Тағала олардың келешекте атқаратын киелі қызметтері үшін ар-намысын, беделін түсірмей, сақтап Иләһи хикметпен болашақта атқаратын еңбегі үшін сыйлық ретінде сондай мүмкіндік берілді. Яғни, алдыңғы сахабалар өзінен кейінгі сахабалардан жеңіліп қалды. Сөйтіп, келешектің сахабалары қылыштан қорыққанынан емес, ақиқатқа деген құмарлықтан Исламды қабылдап, осылайша болмыстарындағы батырлық сезімі қаз-қалпында сақталып қалды. ҮшіНші:«Сендер сенімді түрде, еш қауіпсіз Қағбаны тауап етесіңдер!» дейді. Алайда, сол кезде араб сахарасындағы бәдәуи қауымдардың басым көпшілігі дұшпан әрі Мекке қаласының маңы мен құрайыш тайпасының көпшілігі қаскөй, жат пиғылда болатын. Солай бола тұра, жақында ешбір қауіп қатерсіз, «Қағбаны тауап етесіңдер!» деу арқылы бүкіл араб сахарасын бағындырып, құрайыштарды жаппай Исламға кіргізіп, жалпы бейбіт заман орнайтынын нақты хабар беруде. Иә, хабарлағанындай дәл солай болды.

29ЖЕТІНШІ ЛЕМАтөРтіНші:аяты былай нақты хабар беруде: «Расуллуллаһтың (с.а.у.) әкелген діні барлық діндерден үстем болады». Алайда, дәл сол кездері Рим, Қытай, Иран секілді ірі елдердің ресми діндері әрі миллиондаған өкілдері бар христиандық, яһудилік, буддизм секілді ескі діндері шарықтап үстемдік еткен заман еді. Әлі өзінің азғантай руына толық мойындата алмаған Мұхаммедтің (алейһиссалату уассалам) әкелген діні бүкіл діндерден басым түсіп, барлық мемлекеттерді тізе бүктіретінінен хабар беруде. Бұл хабарды анық және нақтылап жеткізуде. Иә, бұл ғайби хабардың растығын Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін Ислам ақиқатының таралуымен уақыт дәлелдеп берді. БЕСіНші:(жалғасы бар)Бұл аяттың басында сахабалардың пайғамбарлардан кейінгі ерекше әдемі мінез бен ізгі қасиеттері баяндалып, ең таңдаулы, жоғарғы мәртебелі кісілер солар болатындығын хабар берумен қатар, аяттың ашық мағынасы болашақта әрқайсысы өзіне тән хас сипатқа ие сахабалардың шығатынын хабарлайды. Ишари мағынасы арқылы пайғамбарымыз (с.а.у) дүниеден озғаннан кейінгі Хуләфа-и Рашидиннің халифалық дәуіріне ишара ете отырып, әрқайсысының ерекше қасиеттері жайлы сипаттап өтеді. Мәселен, деу арқылы пайғамбарға ең жақын дос, жанашыр, сырлас, қасиетті және бәрінен бұрын қайтыс болып, тағы да Пайғамбарымыздың жанына бірінші боп баратын Хазіреті Сыддық Әбу Бәкірге ишара етеді. деу арқылы болашақта алпауыт мемлекеттерді бағындырып, айбарымен, әділдігімен залымдарды жай отындай күйдірген, қаһарлы Хазіреті Омарға ишара етеді. Және, деу арқылы болашақта үлкен бүлікке дайындық жүріп жатқанда мұсылмандар арасында қан төгілмеуі үшін өз жанын пида етіп Құран оқу үстінде шәйіт болған асқан мейірімді, жанашыр Хазіреті Османға ишара етеді. деу арқылы билік пен

30ЛЕМАЛАРхалифалыққа әбден лайық әрі қаһармандықпен кіріскен және дүниеге әсте қызықпай тек құлшылыққа берілген, өзі пақырлық пен үнемшілікті мықты ұстанған, әрдайым рукуғ пен сәждеде болатыны әркімге аян Хазіреті Алиге (р.а.) ишара қылады және оның болашақтағы іс-әрекетін, қаптаған бүлік-фитне кезінде соғыс жүргізгеніне жауапты еместігін және талап-тілегі Аллаһтың ризашылығын табу екенін хабар береді. АЛтыНшы: аяты екі жақты ғайби хабар беруде. БіРіНшіСі: Хазіреті Пайғамбар алейһисалату уассалам сынды жазу-сызу білмейтін адамға ғайып саналатын яғни беймәлім кітап Тауратта сахабалардың сипаттары баяндалатыны жайлы хабар береді. Иә, Он Тоғызыншы Мектубта баяндалғанындай ақырзаманда келуге тиіс пайғамбардың сахабалары жайлы Тауратта мынадай сөздер бар: «Киелілердің байрақтары өздерімен бірге». Яғни, Оның сахабалары құлшылықтағы тақуалығымен, діндарлығымен, салих, жан тазалығымен ерекше мұқаддес яғни «киелі» деп сипатталды. Таураттың қаншама тілге аударылып өзгергеніне қарамастан мына «Фәтх» сүресіндегі тұжырымын көптеген аяттарымен бекітіп анықтай түсуде. ЕкіНшіСі: сөзі былай дейді: «Сахабалар мен табиғиндер құлшылықта өте биік дәрежеге жететіні сонша, рухтарындағы нұр жүздерінен байқалып, сәждеге көп жығылудан пайда болған әулиелік таңба ретіндегі мөр маңдайынан көрінеді». Иә, болашақ бұл жағдайды анық әрі дәлме-дәл дәлелдеп берген-ді. Қаншама бүліктер мен аласапыран заман болса да күні-түні мың ракағат намаз оқыған Зейн-ел Абидин сынды тақуалар, Таус-у Иемени тәрізді құптан намазының дәретімен таң намазын қырық жыл бойы оқыған көптеген салих жандар, әрине осы деген хабарды растады.жЕтіНші:сөзінде екі жақты ғайби хабар бар.Біріншісі: Үмми яғни жазу-сызу білмейтін Пайғамбарға беймәлім кітап саналатын Інжілдің сахабалар туралы хабар беретінін хабарлайды.

31ЖЕТІНШІ ЛЕМАИә, Інжілде ақырзаман пайғамбарының ерекшелігі жайлы: مсынды аяттар бар. Яғни, былай дейді: «Хазіреті Иса (а.с.) секілді қылышсыз емес, қолына қылыш ұстаған бір пайғамбар келеді, жиһад етуге міндетті болады және оның сахабалары да қылышты әрі жиһад қылуға жауапты болады. Ол Иесі, әлемнің Патшасы болады». Өйткені Інжілдің бір жерінде былай дейді: «Бүкіл әлемнің жетекшісі келетіндіктен мен кетіп барамын». Яғни, әлемге жетекшілік ететін кісі келеді», дейді. Олай болса, Инжілдің бұл екі хабарынан мынаны түсінуге болады: Сахабалар алғашында саны аз әрі қауқарсыз көрінеді. Алайда, егілген дән секілді өсіп өніп, биіктеп, күш-қуатқа ие болған кезде кәпірлер ашу-ызадан жарылып кете жаздайды. Сол сәтте сахабалар қауымдарды қылыштарымен өздеріне бағындырып, қолбасшысы Расулуллаһ (с.а.у.) әлемге жетекші екенін, үлгі болар көсем екенін дәлелдейді. Иә, бұдан тұп тура «Фәтх» сүресінің мағынасын баяндап тұрғанын көруге болады. ЕкіНшіСі: Бұл сөз мынандай хабар беруде: Шынында сахабалар алғашында аз және қауқарсыз болуына байланысты Худейбия келісім шартын қабылдауға мәжбүр болатын. Бірақ, аз уақытта аса таңғаларлық жағдайға жетіп әлгі нәрлі дәнектер өсіп-өніп, жайқала жайылып, ерекше күшке ие болады. Былай айтқанда, жер жүзі алқабында Құдайдың құдіретімен егілген адамзаттың сол кездегі ғапылдықтың кесірінен әлсіз де нәрсіз, берекесі жоқ сабақтарының орнына өте мықты да жап-жасыл боп жайқала қаптап өседі. Уақыт өте қуаттанып үстем де алпауыт ірі мемлекеттерді басып озады. Сонда кәпірлер қызғаныш пен ашу ызадан басқа қолдарынан дәнеңе келмей жарылып кете жаздайды. Иә, бұл ғайып хабарды болашақ дәлме-дәл көрсетті. Бұл хабарда тағы бір астарлы да жасырын ишара мағына бар; Сахабалардың қасиеті жайлы сипаттаған кезде өте үлкен тағы бір сый берілетінін айтудың орнына деуі, болашақта сахабалардың арасында бүлік шығып, соның кесірінен ағаттықтар орын алатындығын білдіреді. Өйткені, «мағфират» сөзі яғни Аллаһтың кешірімі осындай ағаттықтың болатынын мегзейді. Міне сол кезде сахабалар үшін ең маңызды сыйлық Аллаһтың кешірімін алу мен жазадан құтылудан артық сый болмайды. сөзі де осы мағынаны білдіреді. Олай болса, сүренің басындағы сөйлемімен тығыз байланысты. Сүренің басындағы «лияғфира» сөзі

32ЛЕМАЛАРкәдімгі біз білетін күнәлардің кешірімі емес. Өйткені, пайғамбарлардың исмәт сипаты бар яғни олар күнә істемейді, бейкүнә. Бұл пайғамбарға жарасатын мағына арқылы пайғамбарымызға «мағфират» сүйіншілеуі және соңында да сахабаларды да «мағфират» яғни кешіріммен сүйіншілеуі әлгі нәзік мағынаны одан әрі қуаттай түседі. Міне, «Фәтх» сүресінің соңғы үш аятындағы он түрлі мұғжизалы жақтарының тек ғайып түрінің жеті жағын баяндадық. Адамның қалау-еркі мен тағдырға қатысты жазылған Жиырма Алтыншы Сөздің соңында осы ақырғы аяттың әріптеріндегі ғажайып мағынаға ишара етілген еді. Осы ақырғы аят сөйлемдері арқылы сахабаларға қалай назар аудартса, олардың кезеңдерінің ретін көрсетіп назар аудартады. Сөйтіп, әріптердегі сандық ерекшеліктер арқылы Бәдір, Ұхуд, Хунейн, Сүффе, Ридванда болған сахабалардың сипаттарына да ишара етіп, абжад есебі бойынша тағы да көп жағдайларды баяндайды. Фәтх сүресінің соңғы үш аятындағы ишари мағынасы арқылы берілген ғайби хабарларға қатысты келесі аятта да дәл сол хабар, ишари мағыналар арқылы берілетіні жайлы баяндауды жөн көрдік. ҚОСыМшАБұл аяттың мағынасындағы мыңдаған тылсымдардың екеуіне ғана ишара қыламыз.БіРіНші тұжыРыМ: Баяны мұғжиза болған Құран мағынасы ашық аяттарымен, сонымен қатар өзінің ерекше үлгісімен, көптеген терең мағыналарды баяндайды. Олай болса, әрбір аяттың көптеген мағыналары бар. Кұран Кәрім Жаратушының шексіз ілімінен келетіндіктен оның мағыналары таусылмайтын мол қазына. Адамдардың жеке ой-пікірлері секілді азғана мағынамен шектелмейді. Осыған байланысты Құран аяттарын тәпсірлеушілер қаншама мағыналарды баяндаса да әлі де ашылмаған талай сырлары, терең мағыналары бар. Әріптерінің өзінде ашық мағынасынан басқа астарлы тек ишари қаншама сырлар мен маңызды ілімдер жатыр десеңші!

33ЖЕТІНШІ ЛЕМАЕкіНші тұжыРыМ: Бұл аяттың ишарасы бойынша адамзат әлеміндегі тура жолдағылар мен Аллаһтың нығметіне бөленгендердің қатарына пайғамбарлар тобы, сыддықтар, шәйіттер, салих құлдар, табиғиндер кіреді. Аятта Ислам әлеміндегі бес топтың ішіндегі ең маңыздысын сипаттаумен қатар, осы бес топтың имамдарының ерекшеліктерінен хабар береді. Және ғайып хабарлар арқылы сол топтардың басшылары туралы хабар береді. Міне, َ деу арқылы ап-анық Хазіреті Пайғамбарды (с.а.у.) мегзеп отыр. деу арқылы Әбу Бәкір Сыддықты көрсетіп тұр. Әрі, оның Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін екінші және Оның орнына бірінші болып келетіндігін және «Сыддық» есімі бүкіл үмметтің оған берген ерекше атағы екендігін және сыддықтарға көшбасшы болатынын баяндауда сөзі бойынша, Хазіреті Омар, Хазіреті Осман, Хазіреті Али (р.а.) үшеуін қатар айтуда. Бұл үшеуі Сыддықтан кейін халифалықты қолға алатындығын және үшеуі де шәйіт болатынын ғайби түрде ишарамен белгі беруде. сөзі арқылы, Суффә тобы, Бәдір тобы, Ридван тобы секілді ерекше топтарға ишара етіп, сөзімен ашық түрде олардың ізінен еруге құлшындырады, табиғиндердің соларға еруін абыройлы да әдемі етіп көрсетеді. Сондай-ақ ишари мағынасы арқылы деген хадистің үкімін растаған және алдыңғы төрт халифадан кейінгі бесінші халифа болған және халифалық мерзімі қысқа да болса өте маңызды болған Хазіреті Хасанды (р.а.) көрсетеді.

34ЛЕМАЛАРҚОРытыНДы«Фәтх» сүресінің соңғы аяттары төрт шадияр халифаны атап қана қоймай, сонымен қатар ғайби ишараларымен олардың болашақтағы жағдайына да назар аудартады. Міне, Құранның мұғжизаларының бірі ғайыптан хабар беру және бұл түрдің де сәуле-шуақтары Құран аяттарында көп кездесетіні сонша санап шығу мүмкін емес. Кейбір ғалымдардың қырық-елу аятпен шектеуі тек бергі жағымен, ал шындығында мыңнан асады. Кейде бір аяттың өзінде төрт-бес жақты ғайып хабар табылады.*Қосымшаға екінші бір түсініктемеОсы «Фәтх» сүресінің соңында ғайби ишараны қуаттайтын һәм, «Фатиха» сүресіндегі «сырат-ы мустақим өкілдері яғни тура жолдағылар кімдер екенін һәм, аятында кімдерді мегзеген, міне, осы мәселені баяндаған бұл аят, сонымен қатар мәңгі әлемге бастайтын ұзақ сапарда өте нұрлы, әсем де жарқын әрі ауқымы кең көпшілікті қамтитын тартымды топты көрсеткен және имандылар мен саналы жандарды әлгі топқа еруді, оларға серік болуды керемет әрі нақты түрде бұйырған осы аят: Тағы да «Фәтх» сүресінің соңғы аяты тәрізді шешендік ілімінде «маариз-ул кәлам», мүстетбеаат-үт тәракиб» деп аталатын мақсұт мағынасынан басқа ишари, рәмзи мағынасына үңілер болсақ төрт халифаға және бесінші халифа Хазіреті Хасанға (радиаллаһ анһу) ишара етіп тұр. Ғайби оқиғаларды бірнеше жақтан мегзеп отыр.* Бауырларым екі түсініктеме де пайдалы деп екеуін де жазыпты. Біреуі де жеткілікті болар еді.

35ЖЕТІНШІ ЛЕМАМына аят ашық мағынасымен адамзат ішінде Аллаһтың ең үлкен нығметі болып табылатын сырат-ал мустақим яғни тура жол нәсіп болған әнбияларды, сосын сыддық яғни адал жандарды, сосын шәһидтер мен салих құлдарды, табиғин және мухсин пенделерді жеке-жеке атап көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар Ислам әлемінде де сол топтардың бетке тұтар алды, ең озығы, ең абзалы кімдер екеніне ишара бар. Және ақырзаман пайғамбарының ізбасарлары, күллі пайғамбарлар мен сыддықтардың жолын жалғастырушы сыддықтар тобына да, және үш шәһид халифаның шәһадат мәртебесімен байланысы бар шәһидтер тобына сондай-ақ, аятының мәнісін көрсеткен салихин тобына және аятының мәнісін үлгі еткен сахабалардың және төрт халифаның салған жолымен жүрген табиғиндердің болмысына ишари түрде ғайбихабар бергеніндей сөзі арқылы да Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін оның орнына отыратын, халифасы болып, үмметі «Сыддық» деп атаған Хазіреті Әбу Бәкірдің көшбасшыболатындығынан хабар береді. сөзі арқылы төрт халифаныңүшеуі шәһид болатынын хабарлап, Сыддықтан кейін үш шәһид халифа болатындығын айтады. Өйткені, шәһидтер деген сөз. Ал көпшетүрдің ең азы үшеу. Демек, Хазіреті Омар, Хазіреті Осман, Хазіреті Али (р.а.) үшеуі де Сыддықтан соң Исламияттың басшылығын қолға алады және шәһид болады, дейді. Бұл оқиға дәл хабардағыдай болды. Сондай-ақ, сөзінің білдіруі бойынша Әһл-і Сүффа деп аталғанмешіт маңында құлшылық үшін өмірін арнаған Таураттың мақтауына лайық болғандардың болашақта тамыр жайып көп әрі басым болатындығынанхабар береді. сөйлемі бойынша, сахабаларғаілім мен амал жағынан ең жақын болатын табиғиндердің ахуалынан хабар береді. Мәңгілік жолындағы төрт сапарластың бір-бірімен достық,

36ЛЕМАЛАРжақындығы жайлы тамаша баяндап көрсетуімен қатар Хазіреті Хасанның (р.а.) халифалық кезеңі бірнеша ай ғана болғанымен өте маңызды еді. Яғни, Пайғамбарымыздың және хадистеріндегі мұғжизалы ғайби хабарларды расқа шығарған. Яғни, мұсылмандардың екі үлкен әскері мен екі ауқымды жамағаттың арасын жарастырған, ірі жанжалды басқан Хазіреті Хасанның (р.а.) аз мерзімдік билігін соншама маңызды етіп көрсетіп, халифалықта оны бесінші халифа ретінде айқындау мақсатында сөйлемі арқылыоның есіміне шешендік ілімімен сөз арасындағы терең мағынамен ишара еткен.Міне, осындай белгілі хабарлардан басқа да көптеген сырлар бар. Тақырыпқа қатысы болмағандықтан әзірге олардың сыры ашылмады. Құран Хакимнің көптеген аяттары ғайыптан хабар береді. Мұндай ғайып хабарлар Құранда мыңдап кездеседі.* * ** Соңы* Мүфәссир бұл жерде терең тақырыпты қозғап, тәвафук яғни Құран әріптерінің өзара сәйкестігіне тоқталып, әбжәд есебімен күрделі мағына шығарғандықтан өреміз жетпей аттап өтуді жөн көрдік. Қызығушылық танытқандар түп нұсқасынан оқиды деп ұйғардық. * * *

Сегізінші ЛемаОсманлыша нұсқада басылғандықтан бұл жерге жазылмады.* * *тоғызыншы ЛемаОсманлыша нұсқада басылғандықтан бұл жерге жазылмады.* * *Оныншы Лема«Мейірім шапалақтары» рисалесіаятының бір сырын Құранға қызмет етіп жүрген достарымның пендешілікпен жаңылып, қателесуінің нәтижесінде ескертпелі мейірім шапалақтарын баяндау арқылы тәпсірлейміз. Құран қызметіндегі кәраматтардың бір тізбегі және осы киелі қызметті Аллаһтың рұқсатымен бақылап, дұғасымен желеп-жебеп жүрген Ғаус-Ағзамның өзіндік бір кәраматы баяндалады. Мұны осы киелі қызметте жүргендер ықыластарын сақтап одан әрі табандылық танытсын деп жазып отырмыз.Бұл киелі қызметтің кәраматы үш түрлі. Біріншісі: Осы қызметке жағдай жасау, ұйымдастыру және қызметшілерін осы қызметке әкелу жағы.Екіншісі: Кедергілерді жою және зиян берушілердің жамандықтарын тойтарып, ондай пиғылды адамдардың жазасын беру. Бұл екеуінің оқиғалары өте көп, егер жазар болсақ ұзаққа созылады . ** Мысалға, Халық Партиясы Нұр шәкірттеріне көп қиянат жасап, азапқа салғандықтан бұл дүнияда оңбай, жасаған зұлымдығынан бетер өздері қатты қиналып, сазайын тартты.

38ЛЕМАЛАРОны кейінге қалдырып ең жеңіл түрі үшіншісінен бастаймыз. Үшіншісі: Бұл былай; Қызметті ықыласпен атқаратындар тоқтаңқырап қалғанда мейірім шапалағын жеп есін жинайды да қызметін одан әрі жалғастыра береді. Мұндай оқиғалар жүзден асып жығылады. Дегенмен ондай жиырма оқиға болса соның он үш-он төрті мейірім шапалағы, қалған алтау-жетеуі жәбір шапалағы. БіРіНшіСі: Мына бейшара Саид. Қызметте жалқаулығым ұстап «қажеті не!» деп, жеке өзіме қатысты іспен шұғылдана бастасам шапалақ жейтінмін. Сонда өз-өзіме келіп, селқостығымның сазайын тартқандығыма көзім жететін. Өйткені, қандай мақсат мені селқостыққа итерген болса, сол ісім керісінше боп шапалақ келіп тиетін-ді. Басқа достарымның да жеген мейірім шапалақтарының себебін байқап отырсам дәл мен секілді қандай іске көңіл бұрған болса, сол жақтан шапалақ жейтін. Ал, бұл оқиғаның бәрі Құран қызметінің кәраматы екендігіне шүбә жоқ. Мысалы, мен Ван қаласында Құран дәрістерін беріп жүрген кезімде «Шейх Саид» оқиғасы дейтін саяси дүмпу болып, қатаң да күмәншіл үкімет күдіктілерді бақылауға алып жатса дағы маған ешқашан тиіскен емес. Содан «қажеті не!» деп жеке басымның қамын ойлап, ақыретім үшін Ерек тауындағы ескі бір үңгірді паналап күн кештім. Сол кезде еш себепсіз мені тұтқындап жер аударып жіберді. Бурдур қаласына әкеліп орналастырды. Ол жерде де Құран қызметімен шұғылданған едім. Ол кездері жер аударылғандарды жіті бақылауға алатын. Күнде ақшам уақыты әрқайсымызды жекелеп түгендейтін, бірақ мен, адал шәкірттеріммен бірге одан тыс қалып жүрдім. Мен, бірде-бір рет ол түгендеуге қатысып көрмедім, бақылаушылардың назарынан тыс болдым. Ол жердің әкімі Февзи Паша келген кезде бұл туралы шағымданса керек. Февзи Паша: «Ол кісіге тиіспеңдер! Құрмет көрсетіңдер!» депті. Әрине, оған бұл сөзді айтқызған Құран қызметінің киелілігі еді. Тағы бірде ақыретімнің қамын жасайын деп Құран қызметінде бір жалқаулық белең алып еді, тағы да шапалақ жедім. Яғни, ол жерден тағы бір жерге (Спартаға) жер аударылдым. Ол жақта да қызметімді қайта жалғастырдым. Содан жиырма-шақты күн өткен соң көлеңкесінен қорқатын кейбіреулер: «Бұл әрекетіңді өкімет жақтырмауы мүмкін. Біраз уақыт сақтық жасап, қоя тұрғаның жөн болар» деп кеңес берді. Осы сөзден кейін тағы да жеке басымды ойлап: «Жұрт келуді доғарсын!» дедім. Міне, содан үшінші рет жер аударылып Барлаға әкеліндім. Барлада жалқаулық немесе жеке басымды күйттесем болды дереу айналамдағы дүнияуи жылан сияқты қара ниетті, екіжүзді біреулер тиісе кетеді. Соңғы сегіз жылда осындай сексен оқиғаны айта берер едім, жалықтырмау үшін қысқа қайыралық.Уа, бауырларым! Мен өзім жеген мейірім шапалақтарды айттым. Ал сендердің бастарыңа келген сондай мейірім шапалақ жайлы рұқсат

39оНЫНШЫ ЛЕМАберсеңдер айтайын. Тек ренжімеңдер! Ренжитіндер болса, атын айтпай жалпылап айтайын.ЕкіНшіСі: Менің өз інім әрі ең алғашқы ынталы шәкірттерімнің бірі Абдулмәжид. Оның Ван қаласында бір тәуір үйі бар еді. Әрі өзіне ұнайтын мұғалімдік қызмет атқаратын. Құран қызметі үшін маңызды болған менің шекара жаққа кетуім туралы ойыма ол қосыла қоймады. Оның ойынша мен шекара жаққа кетіп қалсам Құран қызметіне саясат араласып, тоқырап қалатындай еді әрі өзін де Ван қаласынан көшіріп жібереді деп қорықты. Осы ойы үшін мейірім шапалағын жеді. Ван қаласынан көшірілді және әлгі әдемі үйінен де айырылды. Сөйтіп елден жырақ Ерғани қаласына көшуге мәжбүр болды. ҮшіНшіСі: Құранның озат қызметшісі Хулуси Бей, Әғридир қаласынан туған еліне қайтқан кезде дүнияуи өмірді қызықты қылатын себептер көбейіп кетіп, таза ақыреттік Құран қызметіне селқостық танытты. Атап айтсақ, көптен бері көрмеген әке-шешесіне қауышты, сағынған елін-жерін көрді әрі сонша сағынып барғандықтан дүния оған ыстық болып күлімдей қарсы алды. Алайда, Құран қызметінде жүргендерге дүния ыстық көрінбеуі керек, я ол дүнияға қызықпауы қажет-ті. Осылай, ықыласпен Құран қызметінде болуы шарт болатын. Шыны керек, Хулуси бейдің жүрегі анау-мынауға беріле қоймайтын-ды. Бірақ бұл жағдай оған біраз ықпал етсе керек, дереу соның шапалағын жеп жазасын тартты. Сөйтіп мұнапықтар бірнеше жыл оның мазасын алды. Дүниясының шырқы бұзылды. Дүния оған суық, ол да дүнияға суық қарады. Сөйтіп рухани міндетіне қайта кірісті.төРтіНші: Мухажир Хафиз Ахмед. Ол өзі айтады: Иә, мен кінәмді мойындаймын. Құран қызметіндегі ақырет жайлы көзқарасымда қателестім. Менің қызметке кедергі боларлық бір пікірім болатын. Осыдан кейін, өте тәтті алайда қатты бір шапалақ жедім. Былай болды: Ұстазымыз жаңа тәртіпке, биғдаттарға қарсы болатын. Ал менің мешітім болса ол кісінің *отырған жеріне жақын, көрші еді. Қасиетті үш айлар таяп қалған кез. Мешітімді тастап кетсем сауаптан құр қаламын әрі маңайдағылар намазын тастап кетуі ықтимал. Жаңа тәртіпті қабылдамасам мені жұмыстан шығарып имамдықтан айырыларым сөзсіз. Міне, осы себептен жанымдай жақсы көретін ұстазымның басқа бір жерге көшіп кетуін қаладым. Ол кісі басқа бір жерге кетіп қалса Құран қызметіне уақытша болса да кедергі келетінін мен бейбақ ойламаппын. Міне, дәл осы уақытта мен шапалақ жедім. Оның ауыр болғаны сондай тіпті үш ай бойы өзіме өзім келе алмай жүрдім. Алайда, Аллаһқа шүкір, ұстазымның көңіліне мынандай бір ой, мағынауи ескерту келіпті: «Сол бір әурешіліктің әрбір минуті бір күндік құлшылыққа * Яғни азанды түрікшеге аударып шақыру секілді Ислам шариғатына қайшы әрекеттер.

40ЛЕМАЛАРтатитынын Аллаһтың Рахымынан күтуге болады екен». Өйткені, ол қателік дұшпандықтан емес, тек ақыретімді ойлағандықтан болған-ды. БЕСіНші: Хаққы Әфенді. Қазір мұнда болмағандықтан Хулусиге өкілдік еткенімдей оған да өкілдік етіп басынан өткенін айтайын. Хаққы Әфенді шәкірттік міндетін шынайы атқарып жүрген кезде ауылына мінезі қырсық бір әкім келеді. Ол ұстазына да, өзіне де бір кесір тимесін деп Рисалей-Нұрдан жазғандарын үйіне жасырып қойды, нұр қызметін уақытша тоқтатады. Дәл сол кезде мейірім шапалағын жейді. Мың лира айыппұл төлейтіндей істі болады. Бір жылдай соның әлегімен жүреді. Ақырында қайтып келіп, Құран қызметін әрмен қарай жалғастырады. Сол кезде мейірім шапалағының үкімі де тоқтап, ақталады. Бірде, шәкірттерге Құранды жаңа бір үлгіде* жазу жұмысы шықты. Хаққы Әфендіге де ұсынылды. Құранның бір парасын өте әдемі түрде жазып шықты. Алайда күнкөріс мәселесіне байланысты өзін мәжбүр санап, қосымша шағым арыз жазып беру жұмысына келісіпті. Сол кезде тағы бір мейірім шапалақ жеуіне тура келді. Қалам ұстайтын саусағы сынып қалды. Яғни, бұл саусақтарды һәм Құран жазу һәм арыз жазу жұмысына қатар қолдануға болмайды дегендей ескерту жасалды. Бөгде жұмыс істеп жүргенінен хабарымыз болмағандықтан бұл оқиғаға таңғалғанымыз бар. Сөйтсек, өте пәк Құран қызметін атқарып жүрген мұндай саусақ өзін басқа жұмысқа пайдалануды қаламаған екен. Хулуси бейді өзімдей көргендіктен өзім Оның атынан жазғаным секілді, Хаққы Әфенді де маған сондай жақын. Егер менің айтқаныма көңілі толмаса өз шапалағы туралы өзі айта жатар.АЛтыНшы: Бәкір Әфенді. Қазір ол да жанымызда болмағандықтан Абдулмәжид бауырыма өкілдік еткенім секілді оған да сеніп әрі Шамлы Хафиз бен Сүлеймен Әфенді екеуінің білетіндеріне сүйене отырып айтарым: Бәкір Әфенді Оныншы Сөзді баспаға беріп бастырып шығарған еді. Құранның ғажайыптығын баяндайтын Жиырма Бесінші Сөзді де жаңа әріп шықпай тұрып бастырылуы үшін оған және жібердік. Оныншы Сөздің баспа ақысын кейін жібергеніміздей оны да соңынан береміз деп айттық. Бәкір мырза менің ақшамның аз екенін ойлап, баспа құнының да төрт жүз банкнот мөлшерінде болатынын есептеп әрі өз қалтасынан төлесе ұстазым ренжитін шығар деп, осылайша өзін-өзі алдап нәтижесінде кітап бастырылмай қалды. Бұл деген Құран қызметіне үлкен зиян еді. Содан екі ай өткенде тоғыз жүз лирасы ұрылардың қолында кетті. Сөйтіп, мейірімді әрі қаттылау бір шапалақ жеді. Иншаллаһ, зая кеткен ол тоғыз жүз лира садақа болар.жЕтіНші: Шамлы Хафиз Тәуфиқ. Оның өзі айтады: Иә, мұны мойындаймын. Мен білместіктен, қателесіп Құран қызметіне кедергі болдым. Соның кесірінен екі мейірім шапалағын жедім. * Құранды әріптік жағынан да ғажайып сәйкестігін көрсететіндей етіп жазу.

41оНЫНШЫ ЛЕМАБұл екі жағдай дәл соған байланысты екеніне шүбә жоқ. Біріншісі, Әлхамдулиллаһ, Аллаһ маған Құранды жазуға ыңғайлы арабша жазу қабілетін сыйлаған еді. Ұстазым ең алдымен маған үш параны жаздыруға басқа достарыммен бірге бөліп берді. Бұл Құран жазу қызметі менің Рисалелерді көшіру жұмысыма кедергі болды. Әрі, арабша жазуы нашар басқа достарымнан асып түсетін шығармын деген мақтаныш сезімі де жоқ емес. Тіпті, Ұстазым маған жазуға қатысты кеңес берген кезде, «бұл жұмыс маған белгілі ғой, ол туралы кеңес алудың маған онша қажеті жоқ» деп, өркөкіректендім. Міне, осындай көкіректігім үшін күтпеген бір шапалақ жедім. Арабша жазуы ең нашар бір досыма (Хусрев) жете алмай қалдым. Барымды салып бақсам да болмады. Енді, ойласақ бұл бір нақты ескерту шапалағы екен.Екіншісі; Мұны өзім де мойындаймын. Құран қызметінде болуы тиіс қасиет, ықылас пен адал ниетті менің екі жағдайым бұзатын. Содан қатты шапалақ жедім. Атап айтсам, мен бұл жерге бөтен жақтан келген адаммын. Шағымданды демеңіздер, Ұстазымның маңызды ұстанымы болған үнемшілдік пен қанағатшылдық ережесін сақтай алмағаным үшін пақыр халге жиі ұшырайтынмын. Мақтаншақ, тәкаппар адамдармен аралас-құралас болуға мәжбүр болғандығымнан, Аллаһ кешірсін, оларға жағымпаздану секілді жаман әдетке де бой алдырғаным бар. Ұстазым да талай рет ескертіп, сөгіс берген-ді. Бірақ, өзім ол әдетті қоя алмай жүретінмін. Алайда, Құран Хакимнің қызметіне жат болған мұндай әдетімді адам және жын шайтандары пайдаланып, біздің ісімізге бөгет болатын. Сөйтіп, осы кемшілігім үшін өте қатты, иншаллаһ мейірім шапалағын жедім. Расында, бұл шапалақ дәл осы кемшілігім үшін келгеніне шүбә жоқ. Ол шапалақ мынау: Мен сегіз жыл бойы Ұстазымның хатшысы, қызметшісі бола тұра сегіз ай бойы Нұрлардан пайдалана алмадым. Бұл жағдайға таңғалатынмын. Ұстазым екеуіміз «Не болды екен?» деп, бұл жағдайдың себебін іздейтінбіз. Енді ғана түсінгендеймін: Ол – Құран ақиқаты дегеніміз нұр, кәдімгі жарық. Ол әсте жағымпаздық, надандық дейтін қараңғы нәрселермен жанаспайды. Мен надандармен араластым. Міне, сол себептен бұл нұрлардың ақиқаттары менен алыстап, мені бөтенсінген екен. Енді, Жаратқан Хақтан тілейтінім: Бұдан кейін Жаратушы Хақ маған осы қызметке лайық ықылас сыйласын, дүниеқұмар адамдарға жалбақтаудан сақтасын! Ұстазымнан бастап басқа достарымнан маған дұға жасауын тілеймін! кемшілігі көп шамлы Хафиз тәуфиқСЕГіЗіНші: Сейрани дейтін кісі. Бұл да Хусрев секілді Нұрға құштар шәкіртім болатын. Құран сырларын ашатын және «джифр» ілімінің кілті саналатын әріптердің өзара сәйкестігі жайлы Спартадағы шәкірттерімнің

42ЛЕМАЛАРойын қостап, бәріміз жөн көрдік. Одан басқалар жаппай ынта танытты. Ал, ол болса жалғыз өзі басқа пікір мен бөтен ойда болып менің бұл ақиқаттан бас тартуымды қалады. Сөйтіп маған наразылық білдіріп хат жазды. Мен: «Ойпырай, бұл шәкіртімнен айырылып қалмасам жарар еді...» деп уайымдадым. Пікірін өзгертуге тырыстым, бірақ ортаға басқа мағына килікті. Сол кезде ол мейірім шапалағын жеді. Бір жылға тарта оқшау жерге яғни қапасқа қамалып сотталып кетті.тОҒыЗыНшы: Үлкен Хафиз Зүхдү еді. Бұл Ағрус қаласындағы Нұр шәкірттеріне жетекші болып жүрген кезде Пайғамбарымыздың көркем сүннетін мықтап ұстанып, бидғаттардан сақтануды өздеріне ереже-заң қылған шәкірттердің жолын менсінбей дүниелік пиғылдағы адамдардың арасында беделді боламын деп, шатасты. Біздің жолымызға мүлдем қайшы келер қателік жасады. Ақырында қатты шапалақ жеді. Әулетінің абыройын түсіретін бір оқиғаға душар болды. Алайда, кіші Хафиз Зүхдүнің шапалақ жеуінің еш реті жоқ болса да қайғылы жағдай оны да шарпып өтті. Бәлкім, бұл оқиға оның жүрегін дүнияуи дерттен сауықтырып, Құранға толықтай бет бұруына дәрмен болар.ОНыНшы: Хафиз Ахмед (рахметуллаһ) есімді адам. Бұл кісі екі үш жылдан бері Рисалелердің жазылуына өте ынталы атсалысып жүретін-ді. Содан бір күні ынтасы азайды да көңілі дүнияға ауа бастады. Ниеті дүниеқұмарлардан зиян көрмеу, мақамын жоғарлату, сөзін тыңдату, тұрмыс жағдайын жақсарту болатын. Бірақ, соның кесірінен Құрани қызметке зиян келіп, ақырында екі шапалақ жеді. Біреуі; тұрмысы ауыр бола тұра үстіне тағы да бес адам қосылды да жағдайы одан бетер қиындап кетті. Екіншісі; абыройы асқақ, тіпті, бір де бір адамның сөзін басынан асырмайтын бұл кісі, енді азғын алаяқтардың нысанасы болып, абыройдан айырылып, достарының жүзде тоқсанын жоғалтып, жүзде тоқсан адам оған қарсы болып шыға келді. Аллаһ кешірсін, иншаллаһ бұдан бас тартып бұрыңғыша міндетіне оралатын болар.ОН БіРіНші: Бәлкім ризасы болмас деп жазылмады.ОН ЕкіНші: Мұғалім Ғалип. Иә, бұл адам Рисалелердің көшіріліп жайылуына көп қызмет етіп, қандай да бір қиыншылық кездессе мойымайтын. Жиі-жиі келіп, ден қоя тыңдап, бар ынтасымен жазатын-ды. Кейін біреуге отыз лира төлеп, өзіне бүкіл Сөздер мен Мектубатты жаздырып алды. Ондағы мақсаты өз жерлестеріне жеткізіп олардың көзін ашпақ еді. Кейін бір ойға беріліп Нұр рисалелерін таратуды қойып, сандыққа салып қойыпты. Аяқастынан қиын бір жағдайға душар болды, бір жылдай қамығып қатты қиналды. Рисалелерге қызмет етсе оған қастық қылатын бірнеше үкімет адамының орнына, көптеген залым әрі ынсапсыз жау тауып алды. Кейбір достарынан да айырылып қалды.

43оНЫНШЫ ЛЕМАОН ҮшіНші: Хафиз Халид. Өзі былай дейді: Иә, бұл жағдай шынымен болған-ды. Ұстазымның Құран қызметіндегі жазып-жайып жүрген кітаптарды көшіріп, көбейту ісімен шұғылданып жүрген кезімде, сол жердің мешітінің имамы едім. Бұрынғыша сәлде-шапан киіп жүруіме кедергі болар деген ниетпен Нұр қызметінен уақытша бас тарттым. Осы пиғылымнан дереу бір мейірім шапалағын жедім. Имам бола тұра әрі мүфти қанша уәде берсе де сегіз-тоғыз ай сәлде орап жүруге рұқсат ала алмадым. Бұл соның кесірінен тиген шапалақ екеніне титтей де шүбәм қалмады. Мен, ұстаздың әрі хатшысы әрі көмекшісі едім ғой. Мен кетіп қалған соң қысылтаяң жағдайға түсіпті. Алайда, Құдайға шүкір дейміз, қателігімді түсіндім әрі бұл қызметтің қаншалықты қасиетті екенін ұқтым. Үстімізде бір қорғаушы періштедей Шахы Гейлани сынды Ұстаз тұрғанына көзім әбден жетті. ізгі тілекпен: Хафиз ХалидОН төРтіНші: Үш Мұстафаға тиген жұмсақ «үш шапалақ». Біріншісі: Мұстафа Чавуш. Сегіз жылдан бері шағын мешітіміздің бүкіл қызметін атқарып келді. Тіпті, пеш, шам, басқа да шығындарды сегіз жыл бойы өз қалтасынан өтеп жүргенін кейін білдік. Жамағат жиындары мен жұмаға өте тығыз шаруасы болмаса кешігу дегенді білмейтін-ді. Бір күні оған әһли дүние былай депті: «Рисалей-Нұрдың хатшысы Хафиз сәлдесін шешсін, әйтпесе оған тиісуі мүмкін. Әрі жасырын азан айтуды да қоя тұрыңдар. Осыны сен хатшыға айтарсың, зәбір көрмей тұрғанда қойсын» Ол мұндай хабардың астарында не жатқанын аңғармапты. Құран қызметінде жүрген азаматтың, біреудің сәлдесін шешкізу туралы сөзді айтуы Мұстафа Чауыш сынды рухы асқақ адамдарға жараспайтын іс еді. Сол күні түнде түсімде Мұстафа Чауыш қолы кір-кір болып, ауыл әкімінің артынан еріп бөлмеме кірді. Ертеңіне мен оған: «Мұстафа Чауыш, сен кіммен жолықтың, мен сені қолың кір-кір, әкіммен бірге жүргеніңді көрдім» дедім. Ол: «Ойпырм-ай! Маған әлгі сөзді ауыл әкімі айт деп еді. Мен оның астарында не жатқанын білмедім» деді. Әрі сол күні мешітке бір литр жанар май алып келіпті. Мешіттің есігі ашық қалып, бір лақ ішке кіріп кеткен. Артынан келген адам лақтың жайнамаздың маңын былғағанын көріп құмырадағы жанар майды су екен деп, әлгі жерді сол маймен жуады. Бір ғажабы оның иісін сезбейді. Міне, бұл ғажап оқиғадан мынаны түсіндік: Мешіт хал тілімен Мұстафаға былай деген: «Сенің әкелген жанар майың бізге керек емес. Сенің жасаған қателігің үшін жанар майыңды қабылдамаймын». Сондықтан әлгі адам иісін сезбесе керек. Тіпті, сол апта жұма күні де басқа да намаздарға қанша тырысса да жамағатқа үлгере алмады. Тек, кейін шынайы тәуба жасаған соң бұрынғы таза қалпына түсті. Екінші және үшінші Мұстафа: Бұл, Кулеөніндегі ықыласпен қызмет ететін шәкіртім Мұстафа мен оның жан досы Хафиз Мұстафа еді. Мен

44ЛЕМАЛАРайттан кейін әһли дүние бізге қысым жасап Құран қызметіне бөгет болмасын деген оймен, оларға келмей тұра тұрсын деп бір хат жолдаған едім. Тіпті, келгісі келген жағдайда бір-бірлеп қана келсін дегем-ді. Бірақ, бұлар үшеуі қатар бір күні кешке жетіп келді. Егер таң намазынан кейін ауа райы дұрыс болса қайтып кетуге ниет етті. Ешқандай қауіп жоқтай Мұстафа Чавуш та, Сүлеймен Әфенді де, мен де, оларды сақтандыру ойымызға келмепті, бәріміздің есімізден шығып кетті. Бір-бірімізге сеніп жайбарақат отыра беріппіз. Олар таң намазынан бұрын жолға шығып кетті. Жолда екі сағат бойы қатты боранның астында қалыпты. Тіпті бұдан аман қалмайтын шығар деп уайымдадық. Бұл күнге дейін осы қыстағыдай боранды көрмеппін әрі ешкімге де осынша жаным ашымапты. Содан Сүлейменнің жайбарақаттығының жазасы ретінде, олардың артынан жіберіп аман саулығын білмек болдым. Сонда Мұстафа Чавуш былай деді: «Ол шықса ол да сондай жағдайға ұшырайды. Маған да оның артынан іздеп шығуға тура келеді. Ал, менің артымнан Абдуллаһ Чавуш келетін болады!» Бұндай жағдайда, «тәуекел» деуден басқа шара жоқ деп артын күттік. САуАЛ: Сіз, достарыңыздың басына келген қиыншылықтарды Құран қызметіндегі салғырттығы үшін берілген жаза, мейірім шапалағы деп айтасыз. Ал, Құран қызметіне тікелей тосқауыл болған қаскөй дұшпандар сап-сау жүр ғой. Неліктен достарға шапалақ тиіп, дұшпандарға түк болмайды?жАуАп: сыры бойынша достардың қателігі Құран қызметіне белгілі бір мағынада зұлымдық саналатындықтан дереу жазасын тартуда. Яғни, мейірім шапалағын жейді де есін жияды. Ал, қаскөй дұшпандардың Құран қызметіне қарсы келіп, кедергі болулары адасушылық болып саналады. Құран қызметіне қастандық жасап жүргендерін білсе де, білмесе де дінсіздік болып саналады. Дінсіздіктері жалғасып жатқандықтан олардың көбі бірден таяқ жемейді. Кішігірім қылмыс жасағандар сол сәтте жазаланады да, үлкен де ауыр қылмыс жасағандар кейінге, үлкен сотқа жіберіледі. Сол сияқты Имандылар мен Құран қызметіндегі достарымның кішкене қателері өте тез арада дүнияуи жазамен өтеледі. Ал, адасқан кәпірлердің қылмыс-күнәсы өте ауыр болғандықтан дүнияуи жағдайға олардың жазасы сай келмейтіндіктен Иләһи әділет оларды ақыретте Үлкен Сотқа тапсырып, бұл пәни өмірде оларға жаза берілмеуде. Міне Хадис Шәрифте деп осыақиқатты мегзеген. Яғни, мұсылман қателерінің біршама жазасын бұл

45оНЫНШЫ ЛЕМАдүниеде тартатындықтан дүние оған бір жазалау орны. Дүние, олардың болашақтағы ақыреттік өмірімен салыстырғанда зындан, жәһаннам секілді. Ал кәпірлер болса ақырында Жәһаннамда мәңгі қалатындықтан жақсылықтарының қайырымын бұл дүниеде көріп, қызыққа батады. Үлкен күнәларының жазасы кейінге қалдырылғандықтан, ақыретпен салыстырғанда олардың Жәннаты осы дүние. Әйтседе, ақиқатында мүмин адам бұ дүниеде де кәпірден әлдеқайда бақытты ғой. Өйткені, мүминнің иманы оның рухында Жәннатқа айналады. Ал, кәпірдің күпірлігі, оның жан дүниесінде Жәһаннамның отын лаулатады. * * *

Он Бірінші ЛемаСүннет баспалдағы және Бидғат дертінің еміБұл аяттың бірінші бөлімі сүннетті ұстану жайлы, екінші бөлімі сүннеттің дәрежелері мен баспалдақтары туралы баяндайды.Бұл екі ұлы аяттың жүздеген тұжырымдарының қысқаша \"Он бір тұжырымы\" баяндалмақ.БіРіНші тұжыРыМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссәлам: яғни, \"Үмметім бүлінген кезде кімде-кім менің сүннетімді ұстанса, жүз шейіттің сауабын алады\" деген екен.Иә, пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте манызды. Әсіресе, бидғаттар көбейіп, келеңсіздік өрши түскен кезде маңыздылығы арта түседі. Әсіресе, үммет бүлінген кезде сүннет амалдарының азғантайын орындау адамның тақуалығын, иманының беріктілігін көрсетеді. Сүннетті толық ұғынып, мойынсұну, ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) еске түсіреді. Оны еске алғанда Илаhи сенім пайда болады. Яғни, пенде өзін Аллаhтың алдында екенін сезінеді. Тіпті, ішіп жеу, жүріс-тұрыс сияқты күнделікті амалыңның өзін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сәйкес орындағанда әлгі жәй амал, күнделікті іс, сауапты ғибадатқа айналып, шариғат амалы

47ОН БІРІНШІ ЛЕМАболып есептеледі. Өйткені, ол әдеттегі әрекеті арқылы Пайғамбарымызға мойынсұнғандығын ойлап, бұл іс шариғаттың әдебі екенін біледі. Шариғат иесі – Сол екендігін тағы да еске алады. Осыдан барып нағыз шариғат иесі – Аллаh Тағалаға көнілі ауады. Бұдан Аллаhтың құзырына шығады, амалдары құлшылық болып саналады. Міне, сондықтан сүннетке сәйкес өмір сүруді әдетке айналдырған кісі, тұрмысын, күнделікті әдетін ғибадатқа айналдырады. Бүкіл өмірі жемісті әрі сауапты болады.ЕкіНші тұжыРыМ. Имам Раббани Ахмед Фаруқи (р.а.) былай деген екен: \"Әулиелердің рухани дамуы кезінде ең жарқын, аса айбынды да қауіпсіз жолдағылар, сүннетке мойынсұнуды басты негіз етіп ұстанғандар екенін көрдім. тіпті, ол жолдың қарапайым әулиесі басқа жолдың тандаулы әулиелерінен әлдеқайда ұлық көрінетін\".Иә, Мүжеддид-і Әлф-і Сани Имам Раббани (р.а.) дұрыс айтады. Сүннетті басты мақсат деп ұстанған адам Хабибуллаhтың саясында Аллаhтың сүйікті құлдарының қатарына қосылады.ҮшіНші тұжыРыМ. Мына пақыр Саид бұрынғы Саидты тәрк еткісі келгенде, яғни өмірін өзгерткісі келгенде жетекші таба алмағандықтан және нәпсінің тәкәппарлығынан рухани күйзеліс кешіп ақылы мен жүрегі (қалб) қатты қиналып аласұрды. Біресе былай, біресе олай, біресе жоғары өрмелеп, біресе төмен құлдилап қатты мазасызданды. Сол кезде Сүннет амалдардың ең қарапайымының өзі кемедегі бағыт көрсететін құбыланама сияқты зиянды да қараңғы жолдарда тура бағытты көрсететініне көзім жетті. Әлгіндей рухани сапарда көптеген қыспақ кезінде тым ауыр жүктердін астында қалған кезде көркем сүннеттің сол мәселеге қатысты жақтарын өзіме үлгі тұтсам, жеңілдеп қалатынмын. Соған мойынсұнған кезімде күмәндар мен күдіктер сейіліп, қоя беретін. Яғни, \"бұл әрекетім дұрыс па, бұрыс па?\" деген уайымдардан құтылатынмын. Ал, өз бетімше әрекет ете бастасам болды қыспақ күшейіп, қайда апаратыны белгісіз жолдар көбейіп кететін. Жүк ауыр, мен де шарасыз, ойым таяз, жол қараңғы. Ал, сүннетке сүйенсем болды жол айқындалып, сау-саламатты жол көріне бастайтын. Жүк жеңіл, қыспақ жоқ, жан рахат.Міне, сол кезде Имам-ы Раббанидың айтқанын өз басымнан өткеріп, көзім жеткен-ді.төРтіНші тұжыРыМ. Бірде рабыта-и мәуттен (өлімді ойлау) және \"өлім хақ\" ақиқатын мойындаудан, дүнияның фәни екендігін қабылдаудан туындаған сөзі мені таңғажайып бір күйге салды.Қарасам, мен жаназа екенмін. Үш үлкен де манызды жаназаның басында тұр екенмін.

48ЛЕМАЛАРБіріншісі; Өміріммен қатысты және \"өткен шақ\" атты мазарға көмілген тіршілік иелерінің тобы, яғни олардың рухани жаназасының басында бейне бір құлпытас екенмін деймін. Екіншісі; Жер шары бір мазар болса, ондағы адамзатпен байланысы бар күллі тіршілік иелерінің жиынтығы \"өткен шақ\" атты мазарға көмілген де, сол үлкен жаназаның басында тұрған құлпытас іспетті, осы ғасырдың бетінде тез өшіріліп қалатын бір нүкте, тез өліп қалатын құмырсқа секілдімін.Үшіншісі; Мына әлем, қиямет қайымда анық қирап, өлетіндіктен менің назарымда қиямет болғандай. Ондай үлкен жаназаның жан тәсілімінен үрейленіп, таңқалып тұрғанымда, келешекте анық келетін ажалым осы қазір келгендей көрінді. Әрі дегендей мен ұнатқан нәрсенің бәрі, бүкіл болмыс атаулы менің қайтыс болуыма байланысты менен сырт айналып, мені тәрк етті, жалғыз қалдым. Ұшы қиыры жоқ теңіз тәріздес мәнгілікке ұласатын болашаққа рухымды айдап бара жатқандай. Сол тенізге еріксіз түсуге тура келіп тұр еді.Міне, осындай танғажайып әрі өте қиын жағдайда тұрғанымда Иман мен Құраннан келген медет болыпаяты көмекке келді. Сенімді де қауіпсіз кеме тәрізді еді. Рухым сенімді түрде, қуанышпен сол аяттың ішіне кірді. Иә, шынымен де осы аяттың тура мағынасынан басқа астарлы бір мағынасы мені жұбатты. Жаным тынышталып, көңілім жай тапты.Рас, осы аяттың тура мағынасы ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.): \"Егер адасқан кәпірлер сырт айналып сенің шариғат пен сүннетіңнен бас тартып теріс айналып Құранды тыңдамаса, уайымдама! Айт: Аллаh тағала маған жетеді. Оған тәуекел еттім. Сендердің орындарыңа мені тыңдайтындарды жеткізер. Оның билік алаңы өте кең, ауқымды. Қарсы шыққандардың ешбірі қаша алмайды және көмек сұрағандардың ешқайсысы қараусыз қалмайды.\" Енді аяттың астарлы мағынасы былай дейді:Уа, адам! Уа, адамзаттың мүршиді, тәрбиешісі! Егер болмыс атаулы сені тастап фәнилікке бет бұрып, жоқ болуға кетіп жатса, егер жан-жануарлар сенен қол үзіп өлім жолына жүгірсе, егер адамдар сені тәрк етіп қабірге кіріп жатса, егер әhл-и далалет пен бейқамдар сені тыңдамай қараң қалып жатса, уайымдама! Былай де: \"Аллаh Тағала маған жетеді. Аллаh бар. Ендеше, бәрі де болады. Олай болса, әлгі кетіп қалғандар жоқ болған жоқ. Аллаh оларды басқа бір әлемге жіберді. Олардың орнына өзінің сансыз

49ОН БІРІНШІ ЛЕМАәскерінен басқаларды жібереді. Қабірге кіргендер жоғалған жоқ, олар басқа әлемге кетіп жатыр. Олардың орнына міндетіне адал басқаларды жібереді. Адасушылардың орнына тура жолды ұстанатын тіл алғыш құлдарын жібере алады. Олай болса, Ол шынымен бәріне тұрарлық әрі үстем біреу. Бүкіл зат, барлық нәрсе Оның бір ғана ілтипатына тұрмайды.\"Міне, осы ишари мағына саясында әлгі үрейлі көрінген қорқынышты үш жаназа басқа түрге енді. Хаким, Рахим, Адил, құдіреті күшті Қадир Зат-ы Зүлжелалдың басқаруымен, онын Рубубиетінде, онын билігі мен мейрімі арқылы болып жатқан ғибадатқа толы қозғалыс, хикметке бай құбылыс, міндеті бар саяхат тәрізді сапар, демалысқа шығару (босату) әрі міндет жүктеу екенін түсіндім. Осылайша әлем сан құбылып өзгереді, бірі кетеді, бірі келеді.БЕСіНші тұжыРыМ.Осы бір ұлы аят, сүннетке мойынсұну қаншалықты манызды әрі қажет екенін анық түрде білдіріп тұр. Иә, киелі аят қисынды түрде салыстырма жасаған. Қисынға салар болсақ (ғылымда мұны \"қияс-ы истиснаи мысалы\" дейді), былай: Егер Күн шықса, күндіз болады. Болымды нәтиже үшін: Күн шықты, олай болса қазір күндіз. Ал болымсыз нәтиже үшін, қазір күндіз емес, олай болса Күн шықпаған. Логика бойынша осы болымды, болымсыз нәтижелер күмән туғызбайды. Дәл сол сияқты, мына аят былай дейді: \"Егер жүректе Аллаhқа деген махаббат болса, Хабибуллаhқа (с.а.у.) мойынсұну керек. Ал оған мойынсұнбаса онда Аллаhқа деген махаббаттың болмағаны\". Аллаhты сүю Хабибуллаhтың сүннетін орындауға итереді. Иә, Аллаh Тағалаға иман еткен адам, міндетті түрде оның айтқанын орындайды. Айтқанын орындау, бағыну жолдарының ең қабыл болғышы, ең турасы, ең қысқасы шүбәсіз Пайғамбарымыздың көрсеткен және жүрген жолы.Рас, бұл әлемді осыншама нығметтермен толтырған Зат-ы Кәрім Зүлджәлал, саналы да ақылды жандардан, өзі берген нығметтеріне шүкір талап етуі шарт әрі шүбәсіз. Бұл әлемді мұнша өнер, мұғжизалармен безендірген Зат-ы Хаким Зүлджәлал, әлбетте саналы жандардың ішінен ерекше біреуін өзіне тыңдаушы, тілмәш, құлдарына имам және өнеге, сондай-ақ, әмірлерін жеткізуші етіп тағайындайтыны анық. Бұл әлемді сансыз Жамал мен Кәмал сәулелеріне айна тәрізді жаратқан Зат-ы Жәмил-і Зүлкәмал, әлбетте өзінің тым жақсы көрген және көрсеткісі келген Жамал, Кәмал және әсем есімдеріне айна болған кісіге міндетті түрде керемет бір бейне, сұлу да әсем бір тұлға береді, құлшылық үйретеді. Кемелдіктің толық түріне ие сол бір тұлғаның әсем бейне мен керемет көрінісі, асыл қасиеті басқа жандарға да даруы үшін оны үлгі-өнеге етіп оған мойынсұнуды

50ЛЕМАЛАРбұйырады. Сонымен, Аллаhқа деген махаббат Пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұнуды талап етеді және соған апарады. Сүннет амалдарды көп орындап жүрген жандар қандай бақытты. Ал сүннетті бағаламай бидғаттарға бой ұрып жүргендердің жағдайы қандай аянышты.АЛтыНшы тұжыРыМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату уассалам былай деген: яғнисырымен шариғаттың кереметқағидалары және сүннеттің ереже зандары толықтырылып өз кемеліне жеткеннен кейін, жаңадан қосымша жасап әлгі ережелерге көңілі толмағандай немесе \"Құдай сақтасын\" толықтырғандай бидғаттар шығару, яғни Исламға жаңадан қосымша ендіру - адасу. Ал бұл тозақ.Сүннеттің түрлері, дәрежелері бар. Кейбірі уәжіп, орындау шарт. Ол туралы шариғат кітаптарында егжей-тегжейлі баяндалған. Ол анық бекітілген. Өзгертілуі әсте мүмкін емес. Кейбірі нәпіл (неуафил). Нәпіл – парыз да уәжіп те емес, бұның екі түрі бар. Біріншісі, ғибадатқа қатысты сүннеттер. Олар да шариғат кітаптарында баяндалған, оларды өзгерту бидғат болып есептеледі. Екіншісі, \"адаб\" деп аталады. Сиер кітаптарда яғни Пайғамбарымыздың өмірбаяны туралы кітаптарда баяндалған. Оларды ұстанбау \"бидғат\" саналмайды. Дегенмен, Пайғамбарымыздың әдеп-қағидаларына қайшы келгендіктен, нұрынан және нағыз әдептіліктен пайдалана алмау болып табылады. «Адаб» дегеніміз күнделікті жүріс-тұрысты Пайғамбарымыздың іс-әрекетіне сәйкестендіру. Мысалға, сөйлеу, тамақ ішу, жату сияқты әдеп қағидаларын баяндайтын және қарым-қатынас туралы көптеген сүннеттер бар. Мұндай сүннеттерді \"адаб\" яғни әдеп, ережелер деп атайды. Бұл адабтарды ұстанған адам өзінің күнделікті әдетін ғибадатқа айналдыратыны сөзсіз. Ол адабтан күшті нұр алады. Жай бір \"адабты\" орындаған кезде Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уассалам еске түседі, жүрекке нұр шашады. Сүннеттің ішінде ең маңыздысы Ислам дінінің белгілері мен шариғаттың нышаны ретіндегі сүннеттер. Олар бейне бір жалпыға ортақ құқық тәрізді қоғамға қатысты құлшылық болып табылады. Қоғамда бір кісі оны ұстанса сол қоғам мүшелерінің бәріне сауап жазылады. Сол сияқты керісінше оны ешкім орындамаса бүкіл қоғам жауапкер болады. Мұндай құлшылықта рия (жасандылық) болмайды, ол жария қылынады. Нәпіл болғанымен жеке бастың парыз құлшылықтарынан әлдеқайда маңызды.жЕтіНші тұжыРыМ. Сүннет дегеніміз әдептілік. Cүннеттің әрбір мәселесінің орындалуы әдептілік пен нұрға толы. Ардақты Пайғамбарымыз


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook