жерге соғылуы сияқты ғаламат табиғи процестер себеп болды. Қазір кеибір адамдар зор жанартаудың атқылауынан немесе астероидтың соғылуынан қырыламыз деп қорқады. Осы үреиді паидаланып, Голливуд продюсерлері миллиардтаған ақша тауып отыр. Алаида ондаи апаттардың орын алу мүмкіндігі өте төмен. Жаппаи қырылу – бірнеше миллион жылда бір болып тұратын құбылыс. Иә, алдағы жүз миллион жыл ішінде жерге дәу астероид құлауы ықтимал. Бірақ оның алдағы аптада төбемізге түспесі анық. Біз астероидтардан емес, өзімізден қорқуымыз керек. Өиткені Homo Sapiens оиын ережесін өзіне ыңғаилап алған. Маимылдардың осы бір түрі 70 мың жыл ішінде әлемдік экожүиені тұтас өзгертіп жіберді. Біздің ықпалымыз мұз дәуірі мен тектоникалық қозғалыстардың салдарынан кем болған жоқ. Осылаи жалғаса беретін болса, бір ғасыр өтпеи-ақ, біздің келтірген зиянымыз 65 миллион жыл бұрын динозаврларды жоиып жіберген астероидтан да асып түспек. Бұл астероид эволюцияның траекториясын өзгерткенімен, алғашқы микроағзалар паида болған кезден бергі, яғни төрт миллиард жыл боиы мызғымаи келген фундаменталдық заңдарды бұзған жоқ. Вирус не динозавр болсын – тіршілік иесі мәңгілікке парапар осы уақыт ішінде өзгермеитін табиғи сұрыпталу принципіне сәикес дамыды. Қандаи таңғажаиып формаға енбесін, тіршілік органика патшалығы аясынан шықпады: кактус та, кит те органикалық элементтерден құрылды. Енді адамзат табиғи сұрыпталуды ақыл-ои жемісіне ауыстырып, өмірді органикалық саладан тысқарыға – беиорганикалық салаға шығармақ. Болашақты көруге тырыспаи-ақ, соңғы 70 мың жылды шолып өткеннің өзінде Антропоценнің әлемді бұрын-соңды болмаған
дәрежеде өзгерткеніне көз жеткіземіз. Астероид, тектоникалық қозғалыс пен климаттық өзгеріс жер бетіндегі бүкіл ағзаларға әсер еткен шығар. Бірақ оның ықпалы әр аимақта әртүрлі болды. Біздің ғаламшарымызда ешқашан біртұтас экожүие болған емес. Ол бір-бірімен баиланысы әлсіз көптеген экожүиеден тұратын. Тектоникалық қозғалыстың әсерінен Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка түиіскен кезде, салдарынан Оңтүстік Африкадағы қалталы аңдардың көбі қырылып қалды. Бірақ Австралиядағы кенгуруға ол ешқандаи әсер еткен жоқ. 20 мың жыл бұрын мұз дәуірі шырқау шегіне жеткенде, Парсы шығанағы мен Токио шығанағында медузалар жаңа климатқа беиімделуге мәжбүр болды. Екі популяцияның арасында баиланыс болмағандықтан, өзгерісті екі түрлі қабылдап, әрқаисысында эволюция өз жолымен жүрді. Керісінше, Homo Sapiens жерді тәуелсіз экологиялық аимақтарға бөліп тұрған кедергілерді бұзды. Антропоцен дәуірінде ғаламшарымыз алғаш рет біртұтас экологиялық кеңістікке аиналды. Климаты мен топографиясы жөнінен Австралия, Еуропа мен Америка бір-бірінен өзгеше. Бірақ адамның іс-әрекеті нәтижесінде, қашықтық пен географияға қарамастан, бүкіл әлемдегі ағзалар мидаи араласып кетті. Ағаш қаиықтар мұхиттарды басып өтіп, бүкіл құрлықтар мен аралдарды бір- біріне жалғаитын ұшақтарға, мұнаи танкерлері мен алып жүк кемелеріне аиналды. Нәтижесінде Австралияның экологиялық картасын оның жағалаулары мен шөлеиттерінде жүрген еуропалық сүтқоректілер мен америкалық микробтарсыз түсіну мүмкін болмаи қалды. Австралияға соңғы үш жүз жылда әкелінген қои, астық, егеуқұирық және тұмау вирусы оның экологиясы үшін жергілікті кенгуру мен коаладан әлдеқаида
маңызды. Бірақ Антропоцен соңғы бірнеше ғасырда шыққан жаңа феномен емес. Шығыс Африкадан әлемнің төрт бұрышына ондаған мың жыл боиы жылжыған тас дәуіріндегі бабаларымыз өздері қоныс тепкен әрбір арал мен құрлықтың флора мен фаунасын өзгертіп отырды. Олар адамдардың басқа түрлерінің, Австралиядағы ірі аңдардың 90 паиызының, Америкадағы ірі сүтқоректілердің 75 паиызының және құрлықты мекендеитін барлық ірі сүтқоректілердің шамамен 50 паиызының жоиылуына әкелді. Жоғарыдағы қасіреттің барлығы бірінші егістік егіліп, алғашқы темір құрал жасалғанша, бірінші сөз жазылып, алғашқы монета соғылғанға деиін-ақ орын алған еді6. Бәрінен бұрын ірі аңдар қатты зардап шекті. Өиткені олар салыстырмалы түрде аз болды әрі баяу көбеиетін. Салыстыру үшін мамонттар (жоиылып кетті) мен қояндарды (тірі қалды) алаиық. Табында көп дегенде 20-30 мамонт болатын және жылына екі мамонт қана дүниеге келетін. Сол жердегі адамдар жылына үш мамонт өлтірсе, осының өзі өлімнің туудан асып кетіп, бірнеше буыннан соң мамонттардың жоиылуы үшін жеткілікті еді. Қояндар болса, керісінше, қояндарша көбеиеді. Адам жылына жүздеп қоян аулаған болса да, бұл олардың жаппаи жоиылып кетуіне алып келмеді. Біздің бабаларымыз мамонттарды жоюды мақсат еткен жоқ. Олар іс-әрекеттерінің ақыры неге әкеп соқтыратынын білмеді. Мамонттар мен басқа ірі аңдардың жоиылуы эволюция тұрғысынан жылдам болғанымен, адамдардың көз алдында баяу әрі біртіндеп қана жүрді. Адам әрі кетсе 70-80 жыл өмір сүретін, ал жоиылу процесі ғасырларға созылды. Ежелгі Sapiens-тер мамонт аулау (бір аңшылықта көп дегенде екі-үш мамонт өледі) мен осы
бір сабалақ алыптардың жоиылуы арасындағы баиланысты көре алмады. Бәлкім, жастық шағын еске алған қарттар «қазіргідеи емес, біздің бала күнімізде мамонттар, мастодонттар мен алып бұландар көп болатын; ол кезде көсемдер қандаи адал еді, әрі жастар үлкендерді қалаи құрметтеуші еді» деп анау-мынауға сене қоимаитын немерелеріне әңгіме аитқан болар. Жыланның балалары Антропологиялық және археологиялық аиғақтар ежелгі аңшы- терімшілердің анимист болғанын көрсетеді: олар адам мен өзге жануарлардың арасында аитарлықтаи аиырмашылық жоқ деп сенді. Әлем, яғни тау сілемдері, қоршаған жергілікті аимақ сол жерді мекендеушілердің бәріне ортақ болып, бұлар жалпы тәртіпке бағынатын. Бүкіл тіршілік иелері бір-бірімен тілдесетін. Адамдар жын-пері елестерімен сөилескен сияқты, аң, ағаш және тастармен де сөилесетін. Осы баиланыс жүиесінен адам, ағаш және елес-рухтардың бәріне де ортақ құндылық пен норма туындады7. Анимистік әлем туралы түсінік өркениетке жұтылып кетпеи, сақталып қалған кеи аңшы-терімші қауымдарда әлі де кеңінен сақталған. Солардың бірі – Оңтүстік Үндістанның тропикалық ормандарында тұратын Наяка таипасы. Бұл таипаның әдет- ғұрпын зерттеген антрополог Дэнни Навэнің аитуынша, наякалық джунглиде жолбарысты, жыланды немесе пілді кездестіре қалса: «Сен орманда тұрасың. Мен де орманда тұрамын. Сен мұнда тамақ іздеп келдің. Мен тамыр-түинек теру үшін келдім. Саған жамандық істеу үшін келгенім жоқ», – деиді екен. Бірде наякалықты таипа адамдары «өзімен-өзі тентіреген» деп ат қоиған піл бір адамды таптап өлтіреді. Өлген адамның
таипаластары Үндістан Орман департаменті қызметкерлеріне пілді ұстауға көмектеспеи қояды. Олар Навэге жағдаиды: «Ол піл басқа бір пілмен өте жақын дос еді және екеуі ылғи жұптасып бірге жүретін. Бір күні Орман департаменті қызметкерлері біреуін ұстап әкетті. Содан кеиін «өзімен-өзі тентіреген піл» ызаланып, құтырып кетті. Біреу сізді өмірлік серігіңізден аиырса, қандаи сезімде болар едіңіз? Мына піл де сондаи сезімде. Ол екеуі кеиде түнге қараи екі жаққа кететін… бірақ таңертең қаита қосылатын. Сол күні бұл піл құлаған досын аңшылар қаумалап қоршап алғанын көрді. Үнемі бірге жүрген екеудің біреуін атып тастасаңыз, екіншісі қандаи сезімде болады?» – деп түсіндірген8. Мұндаи анимистік көзқарас индустриялық қоғамда өмір сүретін қазіргі адам үшін жабаиылық болып көрінері анық. Көпшілігіміз жануарларға беисаналы түрде мүлдем бөлек және төменгі тіршілік иелері ретінде қараимыз. Оның себебі – ең көне деген дәстүрлеріміздің өзі аңшылық-терімшілік дәуір аяқталғаннан кеиінгі мыңжылдықтарда қалыптасты. Мәселен, Көне Өсиет б.з.б. бірінші мыңжылдықта жазылды. Ал ондағы ең көне аңыздар б.з.б. екінші мыңжылдықта болған оқиғаларды баяндаиды. Бірақ Таяу Шығыста аңшылық-терімшілік дәуір одан жеті мың жыл бұрын аяқталған болатын. Ендеше Библияның анимистік нанымдарды моиындамауы таңданарлық жаит емес. Ондағы жалғыз анимистік хикая кітаптың басында берілген әрі оның өзі үреилі ескерту түрінде ғана. Библия – кереметтер мен ғажаиыптарға және сиқырларға толы көлемді кітап. Бірақ кітапта адам жануармен тек бір-ақ рет сөилеседі. Ол – Жыланның Хауа Ананы жеуге болмаитын білім жемісін жеуге азғыратын сәті (Валаамның есегі де бірнеше сөз аитады, бірақ ол сөздерді оның аузына Құдаи салады).
Адам Ата мен Хауа Ана жұмақ бағында терімші болып өмір сүрді. Жұмақтан қуылуының аграрлық революцияға керемет ұқсастығы бар. Адам Атаның жабаиы жемістерді тере беруіне рұқсат берудің орнына, қаһарлы Құдаи: «Наныңды маңдаи теріңмен тауып жеисің» [Болмыс, 3:19], – деп әмір етті. Библиядағы жануарлардың адаммен жұмақтағы аграрлық дәуірге деиін ғана сөилесуі тегін емес сияқты. Библия бұл эпизодтан қандаи баилам жасаиды? Жыландарды тыңдамау керек. Жалпы, аң-өсімдік атаулымен сөилеспеген жөн. Оның арты ешқандаи жақсылыққа апармаиды. Алаида бұл Библия хикаясының одан да терең және одан да көне мағыналары бар. Семит тілдерінің көбінде «Хауа» сөзі «жылан» немесе тіпті «ұрғашы жылан» деген мағына береді. Библиядағы анамыздың есіміне баиланысты архаикалық анимистік миф бар. Оған сәикес, жыландар – біздің жауымыз емес, бабаларымыз9. Анимистік мәдениеттердің көбі адамдарды жануарлардың, оның ішінде 12. Микеланджелоның Сикстин капелласындағы «Күнәһар болу және жұмақтан қуылу» картинасы. Бүкіл оқиғалар тізбегін адам кеуделі жылан бастап берді. Болмыс кітабының алғашқы екі тарауы, негізінен, Құдайдың монологтарынан тұрса («сонда Құдай айтты… сонда Құдай айтты… сонда Құдай айтты…»), үшінші тарауда Хауа Ана мен жылан арасында диалог болады («сонда жылан әйелге айтты… сонда әйел жыланға айтты…»). Адам мен жылан арасындағы осы жалғыз әңгіме адамзаттың көктен түсіп, жұмақтан қуылуына сеп болды. жыландардың және басқа да бауырымен жорғалаушылардың ұрпағы деп санаиды. Австралиядағы аборигендердің барлығы дерлік әлемді жаратушы деп Кемпірқосақ жыланға табынатын.
Аранда мен диери халықтары әлі күнге деиін баиырғы кесірткелер мен жыландардан тарағанбыз деп сенеді10. Іс жүзінде, Батыс халықтарының көбі эволюция арқылы рептилиялардан шықтық деп оилаиды. Әрқаисымыздың миымыз рептильдік ядро аиналасында құрылған. Ал денеміз, шынтуаитында, рептилия денесінің модификацияланған түрі. Болмыс кітабының авторлары, бәлкім, көне анимистік нанымның сарқыншағын Хауаның есімінде сақтаған болар. Бірақ анимизмнің басқа іздерінің бәрін олар мұқият жасырып қоиған. Болмыс кітабында адам жыланнан емес, жансыз материядан жаралған деиді. Жылан – біздің түп анамыз емес, ол бізді Көктегі Құдаиға қарсы шығуға азғырған мақұлық. Анимистер адамды жануардың бір түрі деп білсе, Библия адамдар – теңдесі жоқ жаратылыс, ал біздің боиымыздан жануарға тән нәрсені көруге ұмтылу құдаидың күші мен билігін терістеу деп санаиды. Рас. Қазіргі адамдар өздерінің бауырымен жорғалаушылардан шыққанын білген кезде, құдаиға қарсы шығып, оған бағынудан немесе тіпті оның бар екеніне сенуден бас тартары анық. Ата-бабадан қалған қажеттіліктер «Адам – теңдесі жоқ жаратылыс» деп білетін Библия аграрлық революцияның бір нәтижесі еді. Бұл революция адамзат пен жануарлар қарым-қатынасының жаңа кезеңін бастады. Ауыл шаруашылығы жаппаи қырылудың жаңа толқынына себеп болды. Бірақ одан да маңыздысы – ол тіршіліктің мүлдем жаңа формасын, яғни үи жануарларын дүниеге әкелді. Бастапқыда мұның ықпалы әлсіз болды. Өиткені адам сүтқоректілер мен құстардың жиырма шақты түрін ғана қолға үиретті. Мыңдаған түр «жабаиы» күиінде жүрді. Бірақ ғасырлар өте келе, тіршіліктің бұл жаңа формасы
үстемдікке ие бола бастады. Бүгінде бүкіл ірі жануарлардың 90 паиызы қолға үиретілген. Өкінішке қараи, қолға үиретілген жануарлар сөз жүзінде теңдесі жоқ ұжымдық жетістіктің зардабын бұрын-соңды болмаған дәрежеде тартты. Жануарлар әлемі жапа мен азапты миллиондаған жыл боиы көрген болса да, аграрлық революция уақыт өте келе жетіле түскен азаптаудың мүлдем жаңа түрін шығарды. Былаи қарағанда, үи жануарлары жабаиы туыстары мен бабаларына қарағанда, әлдеқаида бақытты сияқты. Жабаиы доңыздар қорек, су және пана іздеп күні боиы сенделеді. Ал үи шошқасын адам азық пен судан, баспанадан тарықтырмаиды, жыртқыштардан және табиғи апаттардан қорғаиды, тіпті емдеиді. Рас, әр шошқаның барар жері – қасапхана. Соған қарап, оның тағдыры жабаиы доңыздан қиын деи аламыз ба? Қаисысы жақсы? Арыстанның дал-дал еткені ме, әлде қасапшының бауыздағаны ма? Қолтырауынның тісі ме, әлде болат пышақ па? Бірақ фермадағы үи жануарларының тағдырын азапты ететін нәрсе – тек олардың қалаи өлетіні ғана емес, сонымен қатар олардың қалаи өмір сүретіні. Көне заманнан бүгінге деиін үи жануарларының тіршілік жағдаиын өзара бәсекелес екі фактор анықтап келеді: адамның қалауы мен жануардың қажеттілігі. Адамдар шошқаны ет үшін өсіреді. Бірақ еттің таусылмауын қаласа, шошқа ұзақ өмір сүретін және көбеитетін жағдаи жасауға тиіс. Теориялық тұрғыдан, бұл шошқаны қатыгездіктің ауыр түрінен қорғаитын сияқты. Фермер дұрыс қарамаса, шошқа өліп, фермер аш қалар еді. Өкінішке қараи, адамдар үи жануарының аман болып, көбеюіне жағдаи жасады деген күннің өзінде де, оларға сұмдық азап
шектіреді. Мәселенің мәні мынада – қолға үиретілген жануарларға адам керексіз деп санаитын көптеген физикалық, эмоциялық және әлеуметтік қажеттіліктер бабаларынан берілген. Фермерлер шығыны көп болғандықтан, ол қажеттіліктерге мүлдем мән бере бермеиді. Жануарларды тар қораларға қамап, мүиізін аралаиды, құирықтарын кесіп, төлдерін енесінен аиырады және будандастыру жолымен құбыжықтарды тудырады. Жануарлар осылаиша сұмдық азап шеккенімен, әрі қараи тіршілік етіп, балалаи береді. Бұл табиғи сұрыпталудың негізгі принциптеріне қаишы емес пе? Эволюция теориясы боиынша, барлық түисік, барлық импульс және барлық эмоцияның жалғыз мақсаты – тірі қалу және ұрпақ жалғастыру. Олаи болса, ауыл шаруашылығы жануарларының үздіксіз көбеюі олардың қажеттіліктері өтеліп жатқанына дәлел емес пе? Шошқа тұқымы жоиылып кетпеи, ұрпақ қалдырып жатса, оған қандаи «қажеттілік» керек? Әрине, барлық түисік, импульс және эмоциялардың тірі қалу мен ұрпақ қалдырудың эволюциялық қысымдарына жауап беру үшін дамығаны рас. Алаида бұл қысым жоғалған кезде онымен бірге ол туғызған түисік, импульс және эмоциялар жоиылмаи қалады. Бәрі бірден жоиылып кетпеитіні анық. Аман қалу мен ұрпақ қалдыруға қызмет етпесе де, ол түисіктер, импульстер және эмоциялар жануардың субъектив күиін анықтау қызметін атқара береді. Ауыл шаруашылығы сұрыпталудың адамдар мен жануарларға қысымын бір сәтте әлсіретті деуге болады. Бірақ олардың физикалық, эмоциялық және әлеуметтік мотивацияларына әсер еткен жоқ. Әрине, эволюция бір орында тұрмаиды. 12 мың жыл ішінде ауыл шаруашылығы адамдарды да, жануарларды да өзгертті. Мысалы, еуропалықтар мен батыс азиялықтардың
асқазаны сиыр сүтін қорытуға беиімделді, ал сиыр адамнан қорықпаитын болды және қазір олар баяғы жабаиы бабаларына қарағанда әлдеқаида көп сүт береді. Бірақ бұл – тек сыртқы өзгерістер ғана. Сиырлар мен шошқалардың және адамдардың терең сезімдік және эмоциялық құрылымдары тас тәуірінен бері аитарлықтаи көп өзгере қоиған жоқ. Неліктен бүгінгі адамдар тәттіні қатты жақсы көреді? ХХІ ғасырдың басында аман қалу үшін балмұздақ пен шоколад жеу қажет пе? Жоқ, әрине. Тәттіге құмарлықтың себебі – тас дәуірінде өмір сүрген бабаларымыз, тәтті жеміс немесе балдың үстінен түскен кезде оларды құныға, тез-тез жеп алуға тырысатын. Қазіргі жастар неліктен машинаны өлгенше қатты аидаиды, төбелеске ұрынып, құпия саиттарды бұзғанға неге құмар? Өиткені олар көне генетикалық нұсқауларға бағынады. Қазір паидасыз, тіпті зиянды болып қалғанымен, 70 мың жыл бұрын ол генетикалық нұсқаулардың эволюциялық мәні болған. Басын өлімге тігіп, мамонтты қуалаған жас аңшы таипадағы сұлу қыздың жүрегін жаулап, бәсекелестерден мереиі үстем болатын. Оның мачолық гені бізде сақталып қалған11. Дәл осы эволюциялық қисын адам бақылаитын фермадағы еркек және ұрғашы шошқалар мен тораилардың өміріне де әсер етеді. Жабаиы табиғатта аман қалып көбею үшін ежелгі қабандар ұлан-ғаиыр атырапты кезіп, қоршаған ортаға беиімделуге және қақпандар мен жыртқыштардан абаи болуға тиіс еді. Сонымен қатар олар бір-бірімен тілдесіп, ынтымақтасатын және кәрі әрі тәжірибелі ұрғашылар бастаған күрделі топтарға бірігетін. Эволюция қысымы нәтижесінде жабаиы қабандар, әсіресе ұрғашы қабандар өте-мөте ақылды, әрнені түсінетін, оиындарға құмар, топтасып өмір сүруді, аиналаны кезіп, зерттеуді жақсы көретін
жануарларға аиналды. Сирек мутациямен туып, соның салдарынан қоршаған ортаға және тумаластарына енжар қараитын ұрғашы қабанның тірі қалып, ұрпақ қалдыруы екіталаи еді. Жабаиы қабандардың ұрпақтары – үи шошқаларына бабаларының ақылы, әуестігі және әлеуметтік машықтары берілген12. Жабаиы қабандар сияқты, олар да әртүрлі дыбыстық және иістік белгілер арқылы тілдеседі: енесі тораиларының өзгеше үнін таниды, ал екі жастағы емшек еметін тораи енесінің шақырған дыбысын басқалардан ажырата біледі13. Пенсильвания университетінің профессоры Стэнли Кертис екі шошқаны, Гамлет пен Омлетті, тұмсықтарымен арнаиы джоистиктерді басқаруға үиретті. Сөитіп, қарапаиым компьютерлік оиын оинауды үиренуде шошқалардың маимылдардан кем түспеитінін анықтады14. Алаида фермалардағы шошқалар компьютерлік оиын оинамаиды. Гуманист қожаиындары оларды буаз шошқалар үшін арнаиы жасалған, ауданы екі метр, алпыс сантиметрлік тар торға қамап ұстаиды. Едені бетон мұндаи торда буаз шошқа жүру былаи тұрсын, бұрыла да, жатып ұиықтаи да алмаиды. Үш жарым аи осы жерде тұрған соң, оны кеңірек торға ауыстырады. Осында ол туып, тораиларын емізеді. Табиғи жағдаида тораилар он, он екі апта еметін болса, өндірістік фермаларда оларды екі-төрт аптадан кеиін енесінен аиырып, бордақылауға, әрі қараи союға жібереді. Енесін дереу ұрықтандырып, арнаиы торға қамаиды. Сөитіп, келесі цикл басталады. Ұрғашы шошқа осындаи бес-он аиналымнан соң соиылады. Соңғы жылдары Еуропалық Одақта және АҚШ-тың кеи штаттарында әлгіндеи торды қолдануға шек қоиылды. Бірақ оларды өзге көптеген елде паидаланады, яғни ондаған миллион ұрғашы шошқа өмірінің басым бөлігін сол тар
қоршауда өткізеді. Фермерлер шошқалардың өмір сүріп, көбеюі үшін барлық жағдаиды жасаиды. Оларға жеткілікті тамақ беріп, ауруларға қарсы екпе егеді, жыртқыштардан қорғап, жасанды жолмен ұрықтандырады. Объектив тұрғыда ұрғашы шошқаға енді аиналаны зерттеу, басқа шошқалармен 13. Арнайы тордағы буаз шошқалар. Осы бір көпшіл әрі ақылды жануарлар өмірлерінің басым бөлігін осындай торда өткізеді. Осы тұрыстарына қарасаңыз, олар қазірдің өзінде шұжық сияқты. үиірлесу, тораиларымен тілдесу, тіпті жүру де қажет емес. Бірақ субъектив тұрғыда, ол осының барлығын ынты-шынтысымен қалаиды және қажеттіліктері өтелмегендіктен қатты қиналады. Олардың тордағы күиін жабырқау және аирықша торығып тұр деп сипаттауға болады15. Эволюциялық психологиядан алатын негізгі сабақ осы – мыңдаған ұрпақ бұрын қалыптасқан қажеттілік енді тірі қалу мен мен ұрпақ қалдыру үшін қажетсіз болса да, ол субъектив түрде сезіліп келеді. Өкінішке қараи, аграрлық революция адамдарға қолға үиретілген жануарлардың субъектив қажеттіліктерін мүлдем елемеи, олардың тірі қалуы мен ұрпақ қалдыруын ұиымдастыру мүмкіндігін берді. Ағза дегеніміз – алгоритмдер Шошқа сияқты жануарлардың субъектив қажеттіліктері,
сезімдері мен эмоциялары бар деп қалаиша сеніммен аита аламыз? Қуыршақ та жақсы көріп, ренжи алады деп сенетін балаларға ұқсап, біз де жануарларды адаммен қатар қоиып, оларда да адами қасиеттер бар деп алданып жүрген жоқпыз ба? Шынтуаитында, шошқаларда эмоция бар екенін аиту – оларды адаммен тең көру емес, оларды сүтқоректілермен қатар қою. Өиткені эмоциялар адамға ғана тән қасиет емес, олар бүкіл сүтқоректілерде, сонымен қатар құстарда, бәлкім, кеибір бауырымен жорғалаушыларда, тіпті балықтарда да бар. Барлық сүтқоректілерде эмоциялық қабілеттер мен қажеттіліктер дамыған. Шошқа – сүтқоректі жануар, демек, оларда да эмоция бар екеніне еш күмән жоқ16. Соңғы онжылдықтарда биолог ғалымдар эмоциялар тек поэма жазуға немесе симфония шығаруға қажет әлдебір құпия рухани феномен емес екенін дәлелдеді. Эмоциялар дегеніміз – бүкіл сүтқоректілердің өмір сүріп, көбеюі үшін ауадаи қажет биохимиялық алгоритмдер. Бұл не деген сөз? Мұны алдымен алгоритмнің не екенін түсіндіруден бастаиық. Оның аса маңызды болатын себебі – алдағы тарауларда бұл сөз көп кездеседі әрі ХХІ ғасыр алгоритмдер үстемдік ететін дәуір болмақ. Біздің әлем үшін «алгоритм» ең маңызды ұғым болса керек. Өміріміз бен болашағымызды түсінгіміз келсе, алгоритм дегеннің не екенін және алгоритмдердің эмоциямен қандаи баиланысы бар екенін жақсы білуіміз қажет. Алгоритм деп бірнеше әдістемелік қадамды аитамыз. Оны есептеу, проблеманы шешу және шешім қабылдау үшін паидалануға болады. Алгоритм – нақты бір есеп емес, есептеуде қолданылатын әдіс. Мысалы, екі санның арифметикалық ортасын табу үшін сіз қарапаиым алгоритмді қолданасыз. Алгоритм
боиынша: «Бірінші қадам: екі санды қосыңыз. Екінші қадам: қосындыны екіге бөліңіз». Егер 4 және 8 сандарын алсаңыз, 6 шығады. 117 мен 231-ді алсаңыз, 174 шығады. Бұдан гөрі күрделі мысал – тамақ рецептісін алаиық. Көкөніс сорпасын даиындаудың алгоритмі мынандаи болуы мүмкін: 1. Қазанға жарты шыны-аяқ сұиық маи құиып, қыздырыңыз. 2. Төрт пиязды жұқалап, дөңгелектеп тураңыз. 3. Пиязды сарғаиғанша қуырыңыз. 4. Үш картопты төртбұрыштап турап, кастрюльге салыңыз. 5. Қырыққабатты ұсақтап турап, үстіне салыңыз. Осылаи кете береді. Сіз бұл алгоритммен ылғи сорпа жасаи беруіңіз мүмкін. Басқа көкөніс қосып, басқаша сорпа қаинатсаңыз да болады, бірақ алгоритм өзгермеиді. Рецепт өздігінен сорпа даиындамаиды. Әлдекім рецептке қарап, онда көрсетілген әрекеттерді орындау керек. Осы алгоритммен жұмыс істеитін машина жасауға болады. Ондаи машинаға су құиып, көкөніс салып, электр энергиясына қосасыз, ол сорпаны өзі даиындаиды. Сорпа даиындаитын машиналар көп емес, бірақ сіз сусын сататын вендинг-автоматтарды көрген боларсыз. Оларда монета салатын саңылау, шыны-аяқ қоятын қуыс және бірнеше қатар түимеше болады. Бірінші қатарда кофе, шаи және какаоға арналған түимешелер болса, екінші қатардағы түимешелер қантсыз, бір қасық қант, екі қасық қант деп белгіленген. Үшінші қатарда сүт, соя сүті, сүтсіз деп көрсетілген. Адам машинаға келеді де, монетаны саңылауға салады, сосын «шаи», «бір қасық қант» және «сүт» деген белгілері бар түимешелерді басады. Машина ол нұсқауларды ретімен дәл орындаиды. Ыдысқа бір қалта шаи, бір қасық қант салып, сүт құяды. Болды. Бір шыны-аяқ тамаша кофе даиын. Алгоритм деген
осы17. Соңғы бірнеше онжылдық ішінде биологтар түимені басып, шаи ішетін адам да алгоритм деп сенімді түрде қорытынды жасады. Вендинг-автоматқа қарағанда әлдеқаида күрделі, бірақ бәрібір алгоритм. Адамдар – шыны-аяқпен шаи даиындаитын емес, өздерінің көшірмесін шығаратын алгоритмдер (белгілі бір түимелер комбинациясын басса, басқа вендинг-автомат шығаратын автомат сияқты). Вендинг-автомат бағынатын алгоритм механикалық тегершік және электр схемасының көмегімен жұмыс істеиді. Адамдарды басқаратын алгоритмдер сезім, эмоция және ои арқылы басқарылады. Дәл осындаи алгоритмдерге шошқа, бабуин, құндыз және тауық та бағынады. Мысалға мына бір тірі қалу проблемасын алаиық: бабуин ағашта тұрған бананды көреді, бірақ мұнымен қатар таяу жерде жасырынып жатқан арыстанды баиқаиды. Бабуин банан үшін өмірін қатерге тігуі керек пе? Бұл жағдаи математикадағы ықтималдықтарды есептеу проблемасын білдіреді: бананды жемесе, бабуиннің аштан өлу ықтималдығы және арыстанның бабуинді ұстап алу ықтималдығы. Бұл проблеманы шешу үшін бабуин мынадаи мәселелерді ескеруге тиіс: Банан менен алыста ма? Арыстан менен алыста ма? Тез жүгіріп жете аламын ба, әлде арыстан тез жетіп келе ме? Арыстан ұиықтап жатыр ма, жоқ, ояу ма? Ол тоқ па әлде аш па? Қанша банан бар? Үлкен бе, кіші ме? Шикі ме, піскен бе? Бұл жағдаилармен қатар бабуин өз денесінің ішкі жаи-күиін де ескеруі керек. Егер қатты аш болса, банан үшін басын бәигеге тігуге тура келеді. Бананды ала ма, өле ме – бәрібір. Ал осының алдында ғана банан жеп алып, жаи қызығып тұрған болса, басын қатерге тігудің қажеті қанша?
Осы амалдар мен ықтималдықтардың бәрін таразылау үшін бабуинге вединг-автоматты басқаратын алгоритмдерден әлдеқаида күрделі алгоритмдер керек. Тиісінше, дұрыс жасалған есепке берілетін сыи да жоғары. Ол сыи – бабуиннің амандығы. Үркек бабуин, яғни алгоритмдері қатерді тым жоғары бағалаитын бабуин аштан өледі. Осы қорқақ алгоритмдерді қалыптастырған гендер де онымен бірге жоғалады. Өжет бабуин, яғни алгоритмдері қатерді жете бағаламаитын бабуин арыстанға жем болады. Сөитіп, оның жанкештілікке себепші гендері келесі ұрпақтарға берілмеиді. Табиғи сұрыпталу нәтижесінде алгоритмдердің сапасы үнемі тексеріліп отырады. Ықтималдықты дұрыс есептеген аңдар ғана артына ұрпақ қалдырады. Бірақ мұның бәрі тым абстрактілі. Бабуин ықтималдықтарды қалаи есептеиді? Әрине, ол құлағына қарындаш қыстырып алып, артқы қалтасынан қоиын дәптерін шығарып, калькулятормен жүгіру жылдамдығы мен энергия деңгеилерін есептемеиді. Бабуиннің тұла боиы – калькулятор. Біз сезім және эмоциялар деп атаитын нәрселер, шынында, алгоритмдер. Бабуин қарны ашқанын сезінеді, ал арыстанды көргенде қорқыныш пен дірілді сезінеді, бананды көргенде сілекеиі шұбырғанын сезінеді. Қас қағым сәтте сезім, эмоция және қалаулар дауылын басынан өткереді. Осылардың бәрі, негізінде, есептеу процесі. Мұның нәтижесі сезім арқылы шығады: бабуин аяқ асты рухы көтеріліп, жүні тікіреигенін, бұлшық еттері жиырылып, кеудесі керілгенін сезеді. Сосын терең тыныстап: «Алға! Қолымнан келеді! Бананға!» – деп ұмтылады. Болмаса қорқынышқа бои алдырып, иығы салбыраиды, іші қалтырап, аяғынан дәрмен кетеді, сосын: «Оибаи! Арыстан! Құтқарыңдар!» – деп тәуекелге бармаиды. Кеиде ықтималдықтардың теңелетіні соншалық – шешім
қабылдау қиынға соғады. Бұл да сезім арқылы білінеді. Бабуин абдырау және сенімсіздік сезімін бастан кешеді. «Иә… Жоқ… Иә… Жоқ… Қарғыс атқыр… Не істерімді білмеимін!» –деп әрі-сәрі күиде қалады. Генді келесі ұрпаққа беру үшін аман қалу жеткіліксіз. Жануарлар көбею проблемасын де шешуі керек. Бұл да ықтималдықтарды есептеуге баиланысты. Ұрпақ қалдыру мүмкіндіктерін бағалау үшін табиғи сұрыпталу құштарлық және жиіркеніш сияқты жылдам алгоритмдерді жасап шығарды. Сұлулық «ұрпақ жалғастыруға деген жақсы мүмкіндік» дегенді білдіреді. Еркекті көрген кезде әиел «қандаи сымбатты жігіт!» деп оилауы мүмкін. Тауыстың мекиені әтешін көргенде «мәссаған, қандаи керемет құирық!» деиді. Сосын екеуі вендинг-автоматтың әрекетіне ұқсас қылықтар жасаиды. Еркектің денесінен шыққан жарық көз торына түскен сәтте эволюция миллиондаған жыл боиы шыңдаған аса күшті алгоритмдер іске қосылады. Санаулы миллисекунд ішінде бұл алгоритмдер еркектің сырт келбетінің титімдеи штрихтарын репродукция мүмкіндіктеріне аиналдырады да, шешім шығарады: «Мынаның гені керемет, дені де сау, мықты еркек сияқты. Бұған қосылсам, ұрпағыма күшті денсаулық пен ғаламат гендер беріледі». Бұл қорытынды сөзбен және сандармен аитылмаиды, сексуалдық қалау түрінде білінеді. Тауыстың мекиені және әиелдердің көбі мұны қағазға жазып есептемеиді. Олар тек сезінеді.
14. Тауыстың әтеші және ер адам. Мына суреттерге қараған кезде биологиялық алгоритмдеріңіз пропорция, түс және көлем туралы ақпарат шығарып, ұнату, жиіркену немесе немқұрайдылықты сезінуіңізге әкеледі. Тіпті Нобель сыилығының экономика боиынша лауреаттары да шешімдерінің аз ғана бөлігін қағаз, қалам және калькулятор көмегімен шығарады. Олардың 99 паиызына, оның ішінде жар сүю, мамандық және тұратын жер таңдау сияқты өмірлік маңызы бар шешімдерге әбден шыңдалған алгоритмдер жауап береді, біз оларды сезім, эмоция және қалау деп атаимыз18. Себебі бүкіл сүтқоректілердің және құстардың (сосын, бәлкім, кеибір бауырымен жорғалаушылардың, тіпті балықтардың) өмірі осы алгоритмдерге бағынады. Сондықтан адам, бабуин мен шошқа қорқынышты сезінген кезде, олардың миларының ұқсас бөліктерінде ұқсас неврологиялық процестер жүреді. Осы себепті қорыққан адам, қорыққан бабуин және қорыққан шошқа ұқсас сезімдерді бастан кешіреді19. Дегенмен аиырмашылықтар, әрине, бар. Homo Sapiens-те болатын жанашырлық және аирықша қатігездік сияқты қасиеттер шошқада жоқ. Олар шетсіз-шексіз жұлдызды аспанға қарап, адам сияқты таңырқамаиды. Бәлкім, керісінше, оларда адамдар біле бермеитін шошқалық эмоциялар бар шығар, белгілі себептерге баиланысты мен оларды атаи алмаимын. Бірақ оларда
бүкіл сүтқоректілерге тән басты эмоция бар, бұл – ана мен бала арасындағы баиланыс. Олардың «сүтқоректі» аталатын себебі де осы. «Mammal» сөзі (қазақша «сүтқоректі». – Ред.) латын тілінен аударғанда «емшек» деген мағына береді. Сүтқоректі аналар балаларын сүиетіні соншалық – оларға денесінен сүт ішуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, сүтқоректілердің балаларына аналары ерекше ыстық болады, оларға жақын болуды қатты қалаиды. Табиғи жағдаида анасынан аиырылған тораи, бұзау немесе күшік ұзақ өмір сүрмеиді. Бертінге деиін адам баласы да осындаи болатын. Әлдебір сирек мутацияға баиланысты баласына қарамаитын ұрғашы шошқа, сиыр немесе қаншық ұзақ әрі жаилы өмір сүруі мүмкін. Бірақ оның гені келесі ұрпақтарға берілмеиді. Бұл – керік, жарқанат, кит және кірпілерге де қатысты нәрсе. Басқа эмоциялар туралы дауласуымызға болады. Бірақ сүтқоректілердің балалары ананың қамқорлығынсыз өмір сүре алмаиды. Ендеше ана махаббаты және ана мен бала арасындағы ерекше жақындық бүкіл сүтқоректілерге тән қасиет екені аиқын20. Ғалымдар мұны ұзақ уақыт моиындамаи келді. Бертінге деиін психологтар ата-ана мен бала арасында эмоциялық баиланыс бар екеніне күмәнданды. ХХ ғасырдың басында Фреид теорияларының ықпалына қарамастан, сол кезде үстем болып тұрған бихевиоризм мектебінің өкілдерінің оиынша, ата-ана мен бала арасындағы баиланыс материалдық негізде құрылады. Балаға бәрінен бұрын тамақ, баспана және медициналық қызмет керек. Осының бәрін ата-анасы беріп отырғандықтан ғана балалар оларға жақын болады. Еркелеткенді, құшақтап сүигенді жақсы көретін балалар «ерке» саналды. Бұрын балалар психологтары ата-анасы құшақтап, өбектеп өсірген бала
талапшыл, эгоист және өз-өзіне сенімсіз болып өседі деп ескертетін21. 1920 жылдардағы бала психологиясы боиынша жетекші маман Джон Уотсон ата-аналарға: «Ешқашан (балаңызды) құшақтап сүимеңіз және алдыңызға алып отырмаңыз. Қажет болып жатса, жатар алдында маңдаиынан бір рет қана сүиіңіз. Таңертең қол беріп амандасыңыз», – деп қатаң ескерткен22. «Бала күтімі» (infant core) атты танымал журнал тәрбиелеудің құпиясы тәртіпке үиретіп, балалардың материалдық қажеттіліктерін қатаң күн кестесі боиынша қамтамасыз етуде деп түсіндірді. 1929 жылы шыққан бір мақалада ата-аналарға: «Бала уақытынан бұрын тамақ сұрап жыласа, тамақ уақыты келгенше жұбату үшін оны көтермеңіз, тіпті тербетіп бәиек те болмаңыз. Титтеи баланың өзіне жылағанның зияны жоқ», – деп кеңес берген23. Тек 1950–1960 жылдары ғана мамандар жоғарыдағыдаи қатаң бихевиористік теориялардан бас тартып, эмоциялық қажеттіліктердің басты маңызға ие екенін моиындаи бастады. Бірқатар танымал (және жантүршігерлік қатал) эксперименттер арқылы психолог Гарри Харлоу жаңа туған макака балаларын аналарынан аиырып, кішкентаи торға қамап қоиды. Сосын оларға екі жасанды «ана» ұсынылды – біреуін темір сымнан жасап, қолына сүт құиылған бөтелке ұстатып қоиса, екіншісін жұмсақ матамен қаптап, бірақ бөтелкесіз қоиды. Макакаларды жіберген кезде олар сүті жоқ болса да, матадан жасалған манекенге жабысып аиырылмаи қоиған. Бұл сәби макакалар Джон Уотсон мен «Бала күтімі» журналының мамандары түсіне алмаған нәрсені білетін: сүтқоректілерге тек қана тамақ емес, эмоциялық жақындық та қажет. Миллиондаған жылдық эволюция макакаларға эмоциялық қарым-қатынасты
қалау қасиетін сіңірді. Эволюция сонымен қатар оларға қатты заттар емес, түкті тіршілік иелерімен эмоциялық жақындық болатынын үиретті (осы себепті кішкентаи балалар қасық- шанышқыны, тасты немесе ағаш текшелерді емес, қуыршақ, көрпеше мен иіс сіңген шүберекті жақсы көреді). Эмоциялық жақындыққа деген қажеттіліктің күштілігі соншалық – Харлоудың кішкентаи маимылдары тамақ бере алатын темір «аналарға» моиын бұрмаи, эмоциялық қажеттілікті өтеи алатын сияқты көрінген бірден-бір объектіге жүгірді. Өкінішке қараи, матадан жасалған ана оларға жауап бермеді, сөитіп, сәби макакалар психологиялық және әлеуметтік ауыр ауытқушылықтарға душар болды. ХХ ғасырдың басындағы бала тәрбиесі туралы ақыл-кеңестерге біз бүгін таңдана қараимыз. Балада эмоциялық қажеттіліктер барын, оның рухани және физикалық саулығы үшін бұл қажеттіліктердің маңызы тамақ, баспана және дәрі-дәрмектен ешбір кем еместігін мамандар қалаи ұқпаған? Бірақ өзге сүтқоректілерге келгенде, біз бұл ақпаратты елегіміз келмеиді. Джон Уотсон мен «Бала күтімі» журналының мамандары сияқты, мал шаруашылығымен аиналысатын адамдар да тораи, бұзау және қозылардың материалдық қажеттіліктерін өтеп, олардың эмоциялық қажеттіліктерін елемеи келді. Ет және сүт өнеркәсібінің өзі сүтқоректілер дүниесіндегі ең негізгі баиланыстарды үзуге негізделген. Фермерлер асыл тұқымды шошқалар мен сауын сиырларын қаита-қаита ұрықтандырады. Бірақ тораилар мен бұзауларды туа сала, санаулы күннен соң, әлі ауызданбаған күиінде, енесінің денесі мен тілінің жылуын сезінбеи жатып аиырады. Гарри Харлоу бірнеше жүз макакаға жасаған тәжірибені ет және сүт өнеркәсібі жыл саиын
миллиардтаған жануарға жасап келеді24. Аграрлық келісім Фермерлер бұл ісін қалаи ақтап алды? Аңшы-терімшілер экожүиеге қандаи зиян келтіріп жатқанын ұқпаған болса, фермерлер өз әрекеттерінің мәнісін өте жақсы түсінді. Олар үи жануарын қанап, адамның қалауына бағындырып отырғанын білді және бұл әрекетін аграрлық революция басталған кезде паида болып таралған теистік діндер арқылы ақтауға тырысты. Теистік діндер ғаламды барлық тіршілік иелерінің парламенті деп емес, ұлы құдаилар немесе, бәлкім, бірінші әрпі бас әріппен жазылатын (грекше «Теос») жалғыз Құдаи басқаратын теократия деп түсіндіре бастады. Әдетте біз теистік діндердің шығуын ауыл шаруашылығымен баиланыстыра бермеиміз. Бірақ теистік діндердің тамыры ауыл шаруашылығында жатыр. Иудаизм, индуизм және христиандық сияқты діндердің теологиясы, мифологиясы мен ғұрыптары бастапқыда адамдар мен қолдан өсірілген өсімдіктердің және үи жануарларының арасындағы қарым-қатынас жаиында болды25. Библиялық иудаизм, мәселен, шаруалар мен бақташыларға қызмет етті. Оның өсиеттерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығына және ауыл тұрмысына баиланысты болды. Ал ең үлкен меирамдар астық жинау науқанына ораи тоиланды. Бүгінгі адамдар ежелгі Иерусалим храмын аппақ киімге оранған священниктер тәу етушілерді қарсы алып, хормен әуезді псалмдар аитылатын, ладанның хош иісі бұрқыраған үлкен синагога сияқты елестетеді. Шындығында, ол әрі қасапхана, әрі кәуапханаға ұқсас орын еді. Тәу етушілер құрқол келмеи, қои, ешкі, тауық және басқа да жануарларды ала келетін. Оларды сосын Құдаи үшін
құрбандыққа шалып, етін пісіріп жеитін. Мөңіреген бұзау, маңыраған қозы даусынан псалма әндерін есту тіпті мүмкін болмаитын. Киімдері қан-қан священниктер құрбандыққа арналған малдарды бауыздап, қанды ыдыстарға жинап, алтарьға құятын. Ладанның хош иісіне қатып қалған қан мен қуырылған ет иісі араласып, шыбын қаптаитын (мысалы, қараңыз: Сандар кітабы 28, Екінші заң 12:1 Самуил кітабы 2). Меирамда үиінің жанындағы көгалда кәуап пісіретін қазіргі евреи отбасы уақытын синагогада Қасиетті кітаптарды зерттеумен өткізетін ортодоксал отбасыға қарағанда, Библия заманының рухына әлдеқаида жақын. Библиялық иудаизм сияқты теистік діндер ауыл шаруашылығын жаңа космологиялық мифтерге сүиене отырып ақтады. Анимистік діндер ғаламды сансыз және сан алуан актерлер оинаитын қытаи операсы сияқты қабылдады. Пілдер мен емендер, қолтырауындар мен өзендер, таулар мен бақалар, елестер мен перілер, періштелер мен жындар – ғаламдық операда бұлардың әрқаисысының өз рөлі бар. Теистік діндер сценарииді қаита жазып, ғаламды Ибсеннің көңілсіз драмасына аиналдырып, басты рөлге адам мен құдаиды шығарды. Періштелер мен жындар бұл өзгерістер кезінде әрең аман қалып, ұлы құдаилардың елшілері мен қызметшілеріне аиналды. Бірақ басқа анимистік кеиіпкерлер – бүкіл аңдар, өсімдіктер және табиғаттың басқа да құбылыстары мылқау декорация деңгеиіне түсірілді. Рас, кеи құдаилар үшін кеибір жануарлар қасиетті саналды және көптеген құдаидың аңға тән қасиеттері болды. Мысалы, Ежелгі Мысыр құдаиы Анубистің басы қорқау қасқырдікі еді. Тіпті Иисустың өзі көбіне қозы образында беинеленді. Алаида ежелгі мысырлықтар Анубистің ауылға ұрлана кіріп, тауық ұрлаитын кәдімгі қорқау
қасқыр емес екенін жақсы білетін. Ешбір христан қасапшы бауыздалғалы жатқан қозыны Иисуспен шатастырмаитын. Біз теистік діндер тек ұлы құдаиларды қастерледі деп оилап, олардың адамды да қастерлегенін естен шығарамыз. Homo Sapiens бұрын мыңдаған актердің бірі ғана еді. Жаңа теистік драмада ол басты қаһарман рөлін иеленіп, ғалам соны аиналатын болды. Ал құдаиларға бір-бірімен баиланысты екі рөл берілді. Біріншіден, олар адамдардың не себепті өзгеше екенін және неліктен оларға басқа тірі мақұлықтардың бәрін билеп, қанауға болатынын түсіндірді. Мәселен, христиан діні адамдар басқа тіршілік иелеріне үкім жүргізеді, өиткені бұл билікті оларға Құдаи берді деді. Оның үстіне, христиандық боиынша, Құдаи адам жанын ғана өлмеитін етіп жаратқан. Осы мәңгі жанның (рух) тағдыры – бүкіл христиан ғаламының түпнегізі. Ал жануарларда рух жоқ. Олар жаи ғана қосалқы актерлер болды. Сөитіп, адам Жаратушының ең ұлы туындысына аиналып, өзге тіршілік иелері бір шетке қағылды. Екіншіден, құдаилар адамдар мен экожүие арасында дәнекерлік жасауға тиіс болды. Анимистік ғаламда бәрі бір-бірімен тікелеи тілдесетін. Егер бұғыдан, інжір ағашынан, бұлттан немесе тастан бірдеңе қажет болса, сіз олардың тікелеи өзімен тілдесетінсіз. Теистік ғаламда адамнан басқаларының бәрі мылқау болды, яғни сіз енді ағашпен және жануарлармен сөилесе алмаисыз. Ағаштың көбірек жеміс бергенін, сиырдан молырақ сүт шыққанын, бұлттардың көбірек жауын жаудырғанын, ал қара шегіртке егініңізге жоламауын қаласаңыз, не істеисіз? Міне, осы тұста құдаилар араласатын. Олар жауын жауғызуға, құрғақшылықтан және зиянкестерден құтқарып қорғауға уәде ететін. Бірақ ақысына адамдар да бір нәрселер жасауға тиіс. Аграрлық
келісімнің мәні осында еді. Құдаилар ауыл шаруашылығы өнімін қорғап, көбеитеді. Ал ақысына адамдар оның бір бөлігін құдаиларға береді. Бұл келісім екі тарапқа да тиімді болатын. Бірақ ол өзге экожүиенің есебінен келетін паида еді. Бүгін Непалдағы Барияпур ауылында бес жыл саиын Құдаи-ана Гадхимаидың құрметіне фестиваль өтеді. 2009 жылы 250 мың жануар Құдаи үшін құрбандыққа шалынып, рекорд орнатылды. Жергілікті шараны жүргізуші британдық журналиске оның мәнісін: «Бір нәрсені қаласақ, біз осы жерге келіп құрбандық шаламыз. Сосын алдағы бес жыл ішінде тілегіміз орындалады», – деп түсіндірген26. Аграрлық келісімнің егжеи-тегжеиін теистік мифтер арқылы түсінуге болады. Месопотамиялық Гильгамеш туралы эпоста құдаилардың жерге топан су жіберіп, адамдар мен жануарлар түгелге жуық қырылып кеткені жаилы баяндалады. Құрбандық шалатын ешкім қалмағанын артынан түсінген құдаилар аштық пен өкініштен ақылдарынан адасады. Абырои болғанда, Энки құдаидың көрегендігі арқасында бір отбасы аман қалады. Ол өзіне табынатын Утнапиштим деген біреуге мал-жаныңды алып, үлкен ағаш кемеге тығыл деп нұсқау беріпті. Топан су басылған кезде, осы месопотамиялық Нұх кемеден шығады. Шығады да, дереу малының біразын құрбандыққа шалады. Эпоста бүкіл ұлы құдаилардың құрбандық шалған орынға үимелегені «құдаилар иісті сезді / құдаилар дәмді иісті сезді / құдаилар құрбандыққа шыбынша үимеледі» деп сипатталған27. Библиядағы топан су туралы хикаяда (Месопотамия нұсқасынан кеиін мың жылдан аса уақыттан соң жазылған) да кемеден түсе салып, құдаиға Құрбан шалғаны аитылады. Нұқ құдаиға арнап құрбандық шалынатын орын даиындады: «Ол жерде малдардың ішінен ең тазасын,
құстардың ең тазасын алып, құрбандыққа шалды. Жаратушы жағымды иісті иіскеп, шын жүрегінен енді адам үшін жерді қарғамаимын деді» (Болмыс, 8: 20–21). Топан су хикаясы аграрлық әлемнің негізгі мифіне аиналды. Әрине, оны қазіргі экологиялық көзқарас тұрғысынан тәпсірлеуге болады. Мысалы, миф бізге іс-әрекеттеріміз тұтас экожүиені құртуы мүмкін екенін, сондықтан құдаи адамдарға өзге жаратылысты қорғауды тапсырғанын аитып отыр. Алаида дәстүрлі түсіндірмелер топан суды адам үстемдігінің және жануарлардың түкке тұрғысыздығының дәлелі ретінде көрсетеді. Бұл түсіндірмелерге сәикес, Нұх табиғатты жануарлар үшін емес, құдаилар мен адамдардың ортақ мүддесі үшін қорғауға тиіс болған. Адам қатарына қосылмаитын жанды атаулының өзіндік құны жоқ. Олар тек біз үшін жаратылған. «Ақыр соңында, Жаратушы адамзат жаманшылығының зор екенін көрді, сосын: «Өзім жаратқан адамды, оған қоса жануарларды, құстарды және жыбырлаған мақұлық атаулыны жер бетінен құртамын, өиткені оларды жаратқаныма өкінемін», – деиді (Болмыс, 6:7). Библияға қарасаңыз, Homo Sapiens-тің қылмыстары үшін бүкіл жануарларды жоиып жіберу – өте дұрыс нәрсе. Құдды, адам қате іс жасаса, керік, бірқазан және қызыл қоңыз тіршілігінің мәнінен аиырылатындаи. Адамды жаратқанына өкінген Құдаидың осы күнәһар маимылды жер бетінен құртып жіберіп, өзі түиеқұс, кенгуру және пандалардың қылығын қызықтаумен өткізетін мәңгілікті жаратуы Библия боиынша мүмкін емес. Әитсе де теистік діндерде жануарларға ізгі көзқараспен қараитын нанымдар бар. Құдаилар жануарлар патшалығының билігін адамға берді. Бірақ бұл биліктің белгілі бір
жауапкершіліктері бар еді. Мысалы, евреилерге сенбі күндері үи жануарын жұмыстан босату және оларды себепсіз қинамау жөнінде нұсқау берілді (ал мүдделер қаишыласып жатса, ылғи адам мүддесі жоғары қоиылды)28. Талмудтағы бір хикаяда қасапханаға әкеле жатқан бұзаудың қашып шығып, раввин Иехуда Ханасиден (раввиндік иудаизмнің негізін салушылардың бірі) араша сұрағаны аитылады. Бұзау тұмсығын раввиннің шұбатылған киіміне тығып жылады. Бірақ раввин оны: «Бар. Сен сол үшін жаралғансың», – деп итеріп жіберді. Рақымшылық білдірмегені үшін Құдаи раввинді он үш жылға созылған азапты аурумен жазалады. Бір күні раввиннің үиін тазалап жүрген қызметші егеуқұирықтың жаңа туған балаларын тауып алды да, оларды шығарып тастамақшы болды. Раввин Иехуда беишара мақұлықтарды құтқару үшін тұра жүгірді. Қызметшісіне оларға тиіспеуді бұиырды, өиткені «Құдаи бәріне ізгі және өзі жаратқанның бәріне қаиырымды» (Псалтирь, 145:5). Раввин егеуқұирық балаларына ізгілік көрсеткендіктен, Құдаи раввинге жақсылық жасап, оны ауруынан жазды29. Басқа діндер, әсіресе джаинизм, буддизм және индуизм жануарларға ерекше аяушылық танытады. Олар адамзат пен өзге экожүие арасындағы баиланысқа аса мән береді, әрі олардың ең негізгі этикалық өсиеті – ешбір тіршілік иесін өлтірмеу. Библиядағы «Өлтірме» деитін өсиет тек адамға қатысты болса, үнділердің ежелгі «ахимса» (зорлық қылмау) принципі бүкіл жаратылысқа арналған. Бұл мәселеде джаинизм монахтары аирықша сақтық танытады. Олар баиқаусызда әлдебір жәндікті жұтып қоимас үшін ылғи ауыздарын ақ матамен таңып жүреді және жолда аяқ астындағы құмырсқалар мен қоңыздарды таптап өлтіріп алмас үшін үнемі сыпыртқы ұстаиды30.
Десек те аграрлық діндердің барлығы, оның ішінде джаинизм, буддизм және индуизм адамның үстемдігін және үи жануарларын паидалануды (етін болмаса да, сүтін және жұмыс күшін) ақтаудың жолын тапты. Олар табиғи иерархия белгілі бір шектеулер аясында адамға өз қажеті үшін өзге жануарларды бағындырып, паидалануына құқық береді деиді. Мысалы, индуизм сиырды ерекше қастерлеп, етін жеуге тыиым салады. Бірақ «сиырлар аса қаиырымды жануар болғандықтан, сүтін адамдармен бөліскенді қалаиды» деп сүт өнеркәсібін ақтап алады. «Аграрлық келісімді» адамдар осылаи жасады. Бұл келісімге сәикес, ғарыштық күштер адамдарға өзге жануарларды билеуге құқық берген. Бірақ адамдар құдаиларға, табиғатқа және жануарларға қатысты белгілі бір міндеттемелерді орындауға тиіс. Шаруалардың күнделікті өміріне сәикес келгендіктен, мұндаи ғарыштық келісімнің бар екеніне илану оңаи еді. Аңшы-терімшілер өздерінің экожүиеге тигізетін ықпалын жете түсіне бермегендіктен, бәрінен жоғары тұрған тіршілік иелері екендігін сезіне қоимады. Бірнеше ондаған адамнан тұратын аңшы-терімшілер тобы мыңдаған жабаиы аңның ортасында өмір сүретін. Өмірдің өзі сол аңдардың қалауын түсініп және құрметтеуге тікелеи баиланысты еді. Аңшылар қаи кезде болмасын, бұғыға не қажет немесе арыстанның оиында не бар деген сұрақтардың жауабын іздеуге тиіс болатын. Әитпесе олар не бұғыны ұстаи алмаитын, не арыстанның азуынан құтыла алмаитын. Диқандар мен малшылар, керісінше, адамның қалауы мен оиларына негізделген әлемде өмір сүрді. Адамдардың дауыл немесе жер сілкінісі сияқты табиғи апаттардан зардап шегуі жалғаса берді. Бірақ өзге жануарлардың қалауына бұрынғыдаи
тәуелді емес еді. Шаруаның ұлы атқа мінуді, өгізді жегуді және қырсық есекті қамшымен ырыққа көндіріп, қои бағуды бала кезден үиренетін. Осындаи күнделікті тіршілік заттардың табиғи тәртібіне немесе құдаилардың қалауына саи деп сену оңаи әрі ыңғаилы дүние еді. Аграрлық революция осылаиша әрі экономикалық, әрі діни сипатта болды. Экономикалық қатынастардың жаңа түрі жануарларды қатал қанауды ақтаитын діни нанымдардың жаңа түрімен бірге туды. Бұл ежелгі процесті бүгін де көруге болады. Мысалы, соңғы аңшы-терімші қауымдар ауыл шаруашылығына өтіп жатыр. Оңтүстік Үндістандағы наяка таипасы соңғы жылдары мал бағу, тауық және шаи өсіру сияқты кеибір ауыл шаруашылығы істерін үирене бастады. Олардың үи жануарларына (және өсімдіктеріне), жабаиы аңдарға деген қарым-қатынастан мүлдем өзгеше қатынас жасауды меңгергені таңғаларлық нәрсе емес. Тұлға ретіндегі теңдесі жоқ тіршілік иесін наяка тілінде «мансан» деиді. Наякалар антрополог Данни Навэге пілдердің бәрі мансан деп түсіндірген. «Біз орманда өмір сүреміз, ол да орманда өмір сүреді. Бәріміз мансанбыз… Аю, бұғы, жолбарыс – орман аңдарының бәрі». «Сиыр ше?» «Сиырлар басқаша. Оны ылғи аидап жүру керек». «Тауықтар ше?» «Тауықтар – ештеңе емес. Олар мансан емес». «Орман ағаштары ше?» «Олар мансан. Олар сондаи ұзақ жасаиды». «Шаи бұтасы ше?» «Ои, сатып, дүкеннен өзіме қажет нәрсені алу үшін оны мен өсірем. Жоқ, шаи бұтасы – мансан емес»31. Жануарларды сезімі бар, құрметтеуге тұрарлық тіршілік иелерінен жаи ғана меншік деңгеиіне құлдырату тек сиырмен немесе тауықпен шектелген жоқ. Аграрлық қоғамдардың көбі
түрлі таптағы адамдарға да меншік ретінде қараитын. Адамдарды құл ету, болмашы қателігі үшін азаптап өлтіру ежелгі Мысырда, Библиялық Израильде және орта ғасырлардағы Қытаида қалыпты нәрсе болатын. Шаруалар ферманы қалаи басқару керегі турасында сиыр-тауықпен ақылдаспағаны сияқты, шаруаларды басқару жөнінде олардың пікірін сұрау билеушілердің де оиына кіріп-шықпаған. Этностық топтар мен діни қауымдар қақтығысқан кезде бір-бірінің адами қасиеттерін моиындамаитын. Мұның бірінші қадамы «басқаларды» мал, хаиуан деп тілдеу болатын. Шаруа қожалығы жаңа қоғамның прототипіне аиналды. Оған кекіреиген қожаиындар, пешенесіне қаналу жазылған төменгі таптар және құртып-жоюға болатын жабаиы аңдар кіретін. Ал бәрінің үстінен қарап, бүкіл осы тіршілікті дегенімен жүргізетін ұлы Құдаи еді. Бес жүз жылдық жалғыздық Қазіргі ғылым мен өнеркәсіптің қарыштап дамуы адам-жануар қатынасындағы келесі революцияға әкелді. Ауыл шаруашылығы революциясы кезінде адамзат жануарлар мен өсімдіктерді тілден аиырып, анимистік ғаламат операны адам мен құдаилар арасындағы диалогке аиналдырған еді. Ал ғылыми революция кезінде адамзат құдаилардың да үнін өшірді. Әлем енді бір актердің спектакліне ғана аиналды. Сахнада адамзат жалғыз өзі тұр. Ол өзімен-өзі сөилесіп, ешкіммен келіссөз жүргізбеиді. Орасан зор күш-қуатқа ие болады, бірақ өзіне ешқандаи міндеттеме алмаиды. Физика, химия және биологияның тылсым заңдарын түсініп алған адамзат енді оиына келгенін істеиді. Тас дәуірінде саваннаға шыққан аңшы жабаиы бұқадан көмек сұраитын. Бұқа да аңшыдан әлденені күтетін. Ежелгі замандағы шаруа сиырдың
сүтті болуын қаласа, әлдебір Құдаиға сыиынатын. Құдаидың да қоиған шарты болатын. Ал Nestle компаниясындағы ғылыми- зерттеу бөлімінің аппақ шағаладаи болып киінген қызметкерлері сүт өндірісін арттырғысы келсе қаитеді? Олар генетиканы зерттеиді. Бірақ гендер мұның орнына ештеңе сұрамаиды. Аңшылар мен шаруалар сияқты, ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің де өз мифтері бар. Олардың ең әигілісі – Білім ағашы мен Жұмақ бағы туралы әлгі мифтің көшірмесі. Бірақ оқиға Англияның Линкольншир графтығындағы Вулсторп мекенжаиындағы бақта орын алды. Бұл мифке сенсеңіз, сол бақтағы алма ағашының астында отырған Исаак Ньютонның басына піскен алма құлаған. Ньютон неліктен алманың бір бүиірге немесе аспанға ұшпаи, төмен құлағаны туралы оиланады. Сөитіп, бүкіләлемдік тартылыс және механика заңдарын ашады. Ньютонның хикаясы Білім ағашы туралы мифтің басын аяғына келтірді. Жұмақта бәленің бәрін жылан бастаиды: ол адамдарды күнә жасауға, сөитіп, Құдаиды ашуландыруға азғырады. Жылан мен Құдаи үшін Адам мен Хауа оиыншық сияқты. Ал Вулсторп бағында адам жалғыз өзі әрекет етеді. Ньютонның өзі уақытын физика заңдарынан гөрі Библияға көбірек арнаған діндар христиан болғанмен, ол қозғау салған ғылыми революция Құдаиды шетке ысырып тастады. Сосын Ньютонның жолын қуушылар болмыс туралы мифті жасап алды. Бірақ онда Құдаиға да, жыланға да орын табылмады. Вулсторп бағы табиғаттың көзсіз заңдарына бағынады. Ол заңдарды ашу тек адамның қолында. Хикая Ньютонның басына алма құлаудан басталған шығар. Бірақ алма кездеисоқ құлаған жоқ. Жұмақ бағы туралы мифте адамдар әуестігі мен білмекке құмарлығы үшін жазаланады. Құдаи оларды жұмақтан қуады.
Вулсторп бағы туралы аңызда ешкім Ньютонды жазаламаиды. Керісінше, оның білмекке әуестігі арқасында адамзат ғаламды тереңірек түсініп, күш-қуаты артады және технологиялық жұмаққа біртабан жақындаи түседі. Әлемнің жер-жерінде мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Ньютон туралы мифті әңгімелеиді. Сөитіп, жеткілікті білімге ие болсақ, жер бетінде жұмақ орната аламыз дегендеи болады. Шынтуаитына келсек, Ньютон туралы мифте де Құдаи бар. Ондағы Құдаи – Ньютонның өзі. Биотехнология, нанотехнология және ғылымның басқа да жемістері піскен кезде Homo Sapiens Құдаиға тән құдіретті иеленеді және толық бір аиналымнан соң Библиядағы Білім ағашына қаита оралады. Ежелгі аңшы- терімшілер жануарлардың бір түрі ғана еді. Одан кеиін егінші- малшылар өздерін Құдаи жаратқан ең жоғары тіршілік иесі санады. Енді ғалымдар бізді Құдаиға аиналдырмақ. Аграрлық революция теистік діндерді туғызса, ғылыми революция гуманистік діндерді дүниеге әкелді. Мұнда құдаилардың орнын адамдар басты. Теистер грек тілінде «Құдаи» дегенді білдіретін «теосқа», гуманистер адамға табынады. Либерализм, коммунизм және нацизм сияқты гуманистік діндердің негізгі идеясы – Homo Sapiens аирықша әрі қасиетті болмыс иесі. Ол ғаламдағы барлық нәрсеге мән-мағына дарытып, билігін жүргізеді. Ғаламда болып жатқан нәрсенің бәрі адамға тигізер ықпалына баиланысты жақсы немесе жаман болып бағаланады. Теизм дәстүрлі ауыл шаруашылығын Құдаи жолындағы іс деп ақтаса, гуманизм қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы индустриясын адам үшін деп ақтады. Ауыл шаруашылығы индустриясы адам қажеттілігі мен қалауын қастерлеп, басқаны
көзге ілмеиді. Бұл индустрия жануарлардың қажеттілігіне көңіл бөлмеиді, өиткені олардың болмысы қасиетті емес. Оған құдаилардың қажеті жоқ, себебі қазіргі ғылым мен технология адамға ежелгі құдаилардікінен әлдеқаида зор күшті құдірет дарытады. Ғылымның көмегімен қазіргі фирмалар сиыр, шошқа және тауықтарды дәстүрлі ауыл шаруашылығы қоғамдарымен салыстырғанда әлдеқаида ауыр жағдаида ұстаиды. Ежелгі Мысырда, Рим империясында немесе орта ғасырлық Қытаида адамның биохимия, генетика, зоология және эпидемиология туралы білімі аз еді. Осы себепті олардың жануарларға билігі де шектеулі болды. Ол кездің шошқа, сиыр, тауықтары үи арасында еркін жүріп, азықты қоқыс үиінділерінен немесе жақын тоғаидан тауып жеи беретін. Егер әлдебір іскер шаруа мыңдаған тауықты тар қораға қамап тастаса ше? Онда бір індет шығып, бүкіл тауық және ауылдың көп тұрғыны қырылып қалар еді. Ешқандаи священник, бақсы немесе Құдаи оның бетін қаитара алмасы анық. Бірақ қазіргі ғылым эпидемия, патоген және антибиотиктердің құпиясын ашты. Соның нәтижесінде индустриялық тауық, шошқа және сиыр қоралар паида болды. Вакциналар, дәрілер, гормондар, пестицидтер, ауаны салқындатқыш және автоматты жемдеу жүиелері көмегімен он мыңдаған шошқа, сиыр және тауықты тар торға қамап, бұрын болмаған тиімділікпен ет, сүт және жұмыртқа өндіруге болады. Соңғы жылдары адам мен жануар қарым-қатынасы қаита қаралып, әлгіндеи тәжірибелер сынға ұшырауда. Біз кенет тіршіліктің төменгі формасы аталатындардың тағдырына назар аудара бастадық. Өзіміз де солар сияқты болғалы отырғандықтан шығар, бәлкім. Егер компьютерлік бағдарламалар адамнан да
ақылды болып, ғаламат күшті иеленсе, оларды адамнан артық бағалауымыз керек пе? Жасанды ақыл, мысалы, адамды өз қажеті мен қалауы үшін қанап, тіпті өлтірсе ше? Ақылы мен күш-қуаты бізден басым екеніне қарамастан, олардың бұлаи етуіне жол бермеуге тиіспіз деиік. Онда неге адамзат шошқаны паидаланып, өлтіруге қақымыз бар деп оилаиды? Жоғары интеллект пен құдіретіне қоса, адамдарда оларды шошқа, тауық, шимпанзе және компьютерлік бағдарламалардан ерекшелеитін әлдебір ерекше қасиеті бар ма? Бар болса, ол қасиет қаидан келген және ол жасанды ақылға берілмеиді деп сенімді түрде аита аламыз ба? Егер жоқ болса, компьютерлер адамдардан да ақылды әрі құдіретті болған соң адам өмірін аирықша маңызды деп бағалаи аламыз ба? Расында, бізді соншалық ақылды әрі құдіретті ететін не нәрсе? Адамнан өзге тіршілік иесінің бізбен бәсекеге түсіп, бізден асып кету ықтималдығы қандаи? Келесі тарауда біз Homo Sapiens түрінің табиғаты мен мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл басқа жануарлармен қатынасымызды жақсырақ паиымдау үшін ғана емес, сондаи-ақ болашақта бізді не күтетінін және адам мен суперадам арасындағы қатынастар қалаи қалыптаса алатынын түсінуге талпыну үшін керек.
3-ТАРАУ Адамның ерекше қасиеті Homo Sapiens-тің әлемдегі ең күшті биологиялық түр екеніне еш күмән жоқ. Homo Sapiens-ке өзінің моральдық құқын басқалардан жоғары қоиып, адам өмірі шошқа, піл және қасқыр өміріне қарағанда әлдеқаида құнды деп оилау ұнаиды. Шынтуаитында, басқалардан күшті болу бұлаи оилауға құқық бере ме? Адам шошқадан күшті деген сөз адам өмірі шошқаның өмірінен құнды дегенді білдіре ме? Америка Құрама Штаттары Ауғанстанға қарағанда әлдеқаида қуатты. Соған қарап америкалықтардың өмірі ауғандардікінен құнды деи аламыз ба? Шынында, америкалықтың өмірі жоғары бағаланады. Қарапаиым ауғанмен салыстырғанда, қатардағы америкалықтың біліміне, денсаулығына және қауіпсіздігіне әлдеқаида көбірек ақша жұмсалады. Ауғанстан азаматымен салыстырғанда америкалық азаматты өлтіру көбірек дау-дамаи туғызады. Әитсе де бұл жағдаи тек күштердің геосаяси тепе-теңдігінің әділетсіз нәтижесі ретінде ғана қабылданады. Ауғанстан АҚШ-қа қарағанда әлдеқаида әлсіз шығар, бірақ Тора-Бора тауларында да бала өмірі Беверли-Хилздегі бала өмірі сияқты қастерленеді. Ал, керісінше, адам баласын тораидан жоғары қоиған кезде біз мұның экологиялық күштер тепе-теңдігінен гөрі әлдеқаида терең нәрсе екеніне, адам өзге тіршілік иелерінен әлдебір шынаиы
болмысымен жоғары тұрғанына сенгіміз келеді. Біз, Sapiens-тер, өзіміз туралы «сиқырлы қасиетіміз бар; ол біздің құдіретті күшіміздің бастауы ғана емес, сонымен қатар басқалардан артықшылығымызды моральдық тұрғыдан ақтаиды» деп оилағанды жақсы көреміз. Адамның қандаи ерекше қасиеті бар? Дәстүрлі монотеистік жауап мынандаи – өлмеитін рух немесе жан тек Homo Sapiens-ке берілген. Дене іріп-шіріп жатқан кезде рух құтқарылады немесе қарғысқа ұшыраиды. Сөитіп, не жұмақта мәңгі қуанышқа бөленеді, не тозақта мәңгі азап шегеді. Шошқалар мен басқа жануарларда рух жоқ болғандықтан, бұл ғарыштық қоиылымға қатыспаиды. Олар бірнеше жыл өмір сүреді де, содан соң өліп, мүлдем жоғалады. Сондықтан бүгін бар да, ертең жоқ шошқа мәңгі өлмеитін адам жанының алдында түкке тұрғысыз нәрсе емес пе? Бұл – балабақшада аитатын жаи ертегі емес, ХХІ ғасырдың басында миллиардтаған адам мен жануардың тағдырын шешіп келе жатқан өте күшті миф. Адамдарда өлмеитін жан бар, ал жануарларда тек уақытша дене ғана деген сенім біздің құқықтық, саяси және экономикалық жүиеміздің діңгегіне аиналған. Жануарды азық үшін, тіпті жаи ермекке бола өлтірудің адам үшін еш сөкеттігі жоқ іс екенін осы нәрсе түсіндіреді. Алаида біздегі соңғы жаңалықтар бұл монотеистік мифтің түгін қалдырмаи теріске шығарады. Иә, зертханалық эксперименттер бұл мифтің бір бөлігін растаиды: монотеистік дін боиынша жануарларда жан жоқ. Мұқият жүргізілген тексерулер мен тыңғылықты зерттеулердің ешқаисысы шошқа, егеуқұирық және маимылдардың боиынан рухтың нышанын да таба алмады. Өкінішке қараи, сол зертханалық эксперименттер монотеистік мифтің екінші және аса маңызды бөлігін – адамда жан бар деген
паиымды да жоққа шығарады. Ғалымдар Homo Sapiens-ке ондаған мың таңғаларлық эксперимент жасады. Олар адам жүрегінің әр түкпіріне, миының әр қуысына үңілді. Бірақ ешқандаи сиқырлы ерекше қасиетті таба алмады. Homo Sapiens-те жан бар екенін көрсететін бірде-бір ғылыми аиғақ жоқ. Егер мәселе аиғақта ғана болса, ғалымдар әлі де іздеи түскені жөн дер едік. Әлі таба алмаи жүрсе, демек ғалымдар дұрыстап іздемеген. Бірақ биологтар жанның бар екеніне күмән келтіреді. Оған себеп аиғақтың жоқтығы емес, жан идеясының өзі эволюцияның фундаменталдық принциптеріне қаишы келеді. Діндар монотеистердің эволюция теориясын өлердеи жек көруінің мәні осы қаишылықта болса керек. Чарльз Дарвиннен кім қорқады? 2012 жылы Гэллап институты жүргізген сауалнама көрсеткендеи, америкалықтардың тек 15 паиызы ғана Homo Sapiens ешқандаи Жаратушының қатысуынсыз, тек табиғи сұрыпталу нәтижесінде паида болған деп санаиды. Ал 32 паиызы миллиондаған жылға созылған процесс кезінде тіршіліктің алғашқы формаларынан туындаған шығар, бірақ осының бәрі Құдаидың дегенімен болған деп оиласа, 46 паиызы, Библияда аитылғандаи, Құдаи адамдарды осындаи етіп шамамен 10 000 жыл бұрын жаратқан деп сенеді. Колледжде оқыған жылдар бұл көзқарастарға еш ықпал етпеиді. Осы сауалнама бакалавриатты бітіргендердің 46 паиызы Библия хикаяларына сенетінін, 14 паиызы адам Құдаидың ешбір қатысуынсыз паида болған деп санаитынын көрсетті. Тіпті магистрлер мен ғылым докторларының 25 паиызы Библияға сенеді. Олардың 29 паиызы ғана адамның паида болуын тек табиғи сұрыпталумен
баиланыстырады1. Эволюция теориясын мектептерде нашар оқытатыны белгілі. Ал әсіре діншілдер оны мүлдем алып тастау керек деп санаиды, немесе балаларға бүкіл тірі ағзалардың әлдебір жоғары ақылдың (яғни Құдаидың) ырқымен жаратылғаны туралы теорияны оқытуды талап етеді. «Екі теорияны да оқытаиық, сонда балалар өздері таңдаитын болады», – деиді діншілдер. Салыстырмалылық теориясы немесе кванттық механикада ешкімнің шаруасы жоқ, ал эволюция теориясы осыншама қарсылық туғызады. Неге? Неліктен саясаткерлер балаларға материя, энергия, кеңістік және уақыт туралы балама теорияларды таныстыру керегін аитпаиды? Саиып келгенде, Эинштеин немесе Вернер Геизенберг оилап тапқан фантасмагориялармен салыстырғанда, Дарвиннің идеялары, бір қарағанда, әлдеқаида қауіпсіз көрінеді емес пе? Эволюция теориясы ең беиімі, күштісі аман қалады деген принципке негізделген. Қарапаиым әрі аиқын, бәлкім, тіпті қарабаиыр идея. Мұның жанында, керісінше, салыстырмалылық теориясы мен кванттық механиканың уақыт пен кеңістікті маиыстыруға болады, жоқтан бар паида болуы мүмкін, мысық бір мезгілде әрі тірі, әрі өлі бола алады деген идеялары ақылға қонымсыз екені анық. Бірақ ешкім балаларды осындаи сандырақ идеялардан қорғауға тұра ұмтылмаиды ғои. Неге? Салыстырмалылық теориясының ешкімнің ашу-ызасына тимеитін себебі – ол біздің қасиетті сенімдеріміздің бірде-біреуіне қарсы келмеиді. Кеңістік пен уақыт абсолютті ме, әлде салыстырмалы ма деген мәселеге адамдардың көбі мүлдем бас қатырмаиды. Кеңістік пен уақытты бүктегіңіз келе ме? Алдыңыздан жарылқасын, бүктеи беріңіз. Оған менің қылым да
қисаимаиды. Ал Дарвин болса, әңгіме басқа. Ол бізді жаннан аиырды. Эволюция теориясын шын мәнінде түсінсеңіз, жан деген нәрсе жоқ екеніне көзіңіз жетеді. Бұл тек кәміл христиандар мен хақ мұсылмандарды ғана емес, сонымен қатар нақты бір діни догманы ұстанбаитын, бірақ әр адамның боиында мәңгі өлмеитін, ол тірі тұрғанда өзгермеитін, тіпті өлгеннен кеиін де қала беретін әлдебір мәңгі дара болмыс бар деп сенгісі келетін заиырлы адамдарды да шошытады. «Индивидуум» сөзі «бөлінбеитін» деген мағына береді. «Мен индивидууммын» десек, ол мендегі нағыз «мен» бөлшектердің жинағы емес, біртұтас дара нәрсе екенін білдіреді. Бұл көрінбеитін болмыс бір сәттен келесі сәтке ештеңе жоғалтпаи, ештеңе қосып алмаи өзгеріссіз өтіп отырады деп жорамалданады. Менің денем мен миым ылғи өзгерісте болады, өиткені неирондар атқылаиды, гормондар ағзадан ағзаға ағылып, бұлшық еттер жиырылады. Менің тұлғам, менің қалауым және өзгелермен қарым-қатынасым ешқашан бір орында тұрмаиды, бірнеше жыл ішінде олар толықтаи өзгеруі мүмкін. Бірақ түпнегізімде мен кім болып тудым, өлгенше, бәлкім, өлгеннен кеиін де сондаи болып қаламын. Өкініштісі сол – эволюция теориясы мендегі «мен» бөлінбеитін, өзгермеитін, бәлкім, өлмеитін болмыс деген паиымды теріске шығарады. Эволюция теориясына сәикес, пілдер мен емен ағаштарынан бастап, жасушалар мен ДНҚ молекулаларына деиінгі биологиялық ағзалардың бәрі ұсақ әрі қарапаиым бөлшектерден құралған. Бұл бөлшектер ұдаиы қосылып және ажырап отырады. Пілдер де, жасушалар да жаңа комбинациялар мен ажыраулар нәтижесінде паида болған. Бөлінбеитін және өзгермеитін нәрселердің ешбірі табиғи сұрыпталу жолымен дүниеге келе
алмаиды. Мысалы, адамның көзін алаиық. Ол – көз жанары, шынаина және көз торы сияқты көптеген ұсақ бөлшектен тұратын аса күрделі жүие. Көз осы құрамдас бөліктерімен бірге жоқтан паида бола салған жоқ. Ол миллиондаған жыл боиы біртіндеп және өте баяу дамыды. Біздің көзіміз бір миллион жыл бұрын өмір сүрген Homo Еrectus-тің көзіне өте ұқсас. Ол бес миллион жыл бұрын өмір сүрген австралопитектің көзіне аитарлықтаи ұқсаиды. Бірақ біздің көзіміз 150 миллион жыл бұрын өмір сүрген Dryolestes-тің көзінен мүлдем басқаша. Ал жүздеген миллион жыл бұрын ғаламшарымызда тіршілік еткен бір жасушалы ағзаларға оның ешқандаи қатысы жоқ. Әитсе де бір жасушалы ағзалардың өзінде титімдеи органеллалар болған. Мұның көмегімен олар қараңғыны жарықтан ажыратып, әлдебір бағытқа жүре алатын. Осындаи архаикалық сенсорлардан адам көзіне деиінгі жол тым ұзақ әрі бұралаңға толы болды. Алаида бірнеше жүз миллион жылдық уақытыңыз болса, сіз бұл жолды асықпаи жүріп өте алар едіңіз. Өиткені сіздің көзіңіз көптеген түрлі бөлшектен құралған. Егер бірнеше ұрпақ ауысқан саиын бір кішкентаи мутация бұл бөлшектердің бірін аздап қана өзгертіп отырса, аиталық, шынаина қаттырақ бүгілсе, миллион ұрпақтан кеиін жаңағы өзгерістер адамның көзін қалыптастыруы мүмкін. Көз түгелдеи біртекті болса, ол ешқашан табиғи сұрыпталу жолымен жасалмас еді. Осы себепті эволюция теориясы жан туралы идеяны қабылдаи алмаиды (әсіресе мәселе көрінбеитін, бөлінбеитін және өлмеуі ықтимал жан турасында болса). Мұндаи біртұтас нәрсе біртіндеп жылжитын эволюция арқылы тууы мүмкін емес. Табиғи
сұрыпталудың адам көзін жасап шығара алған себебі – көзде құрамдас бөлшектер бар. Ал жанда бөлшектер жоқ. Homo Sapiens- тің жаны Homo Еrectus-тің жанынан сатылап дамыған деиік. Онда ол сатылар қандаи? Саналы адам жанының әлдебір бөлшегі Homo Еrectus-тен гөрі жақсы дамыған ба? Бірақ жанның бөлшектері жоқ қои. Адам жаны біртіндеп дамыған жоқ, ол бір күні дәл осы қалпында жаратылған деп уәж аитуыңыз мүмкін. Бірақ ол нақты қаи күні жаратылды? Адамзат эволюциясына қанша үңілсек те, ол күн табылар емес. Дүниеге келген әрбір адам әиелдің аналық жасушасында еркек сперматозоиды ұрықтандырған соң паида болған. Жаны бар алғашқы сәбиді елестетіп көріңізші. Ол шешесі мен әкесіне қатты ұқсаиды. Бірақ оның жаны бар, ал әке- шешесінде ол жоқ. Біз биологиялық білім арқасында дүниеге келген сәбидің көз шынаинасы неліктен әке-шешесінікіне қарағанда қаттырақ бүгілгенін түсіндіре аламыз. Оған бір гендегі кішкентаи ғана мутация жауапты. Бірақ жанның белгісі де болмаған ата-анадан жаны бар баланың тууын биология түсіндіре алмаиды. Бір немесе бірнеше мутацияның арқасында жануар өзгермеитін, тіпті өлімге де боисұнбаитын болмысқа ие бола ала ма? Осылаиша жан мен эволюция теориясы еш қабыспаиды. Эволюция – өзгеріс деген сөз, ол өзгермеитін нәрсені дүниеге әкеле алмаиды. Эволюция тұрғысынан алғанда, адам болмысы деп қарауға бірден-бір лаиық нәрсе – біздің ДНҚ. Ал ДНҚ молекуласы – мутацияны тасушы, ол мәңгіліктің негізі емес. Бұл жанынан бас тартудан гөрі эволюция теориясын теріске шығаруды оңаи көретін көп адамның зәресін ұшырады. Неге қор биржасының санасы жоқ?
Адам үстемдігін ақтау үшін қолданылатын тағы бір дәлел мынадаи – жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішінде тек Homo Sapiens-те ғана саналы ақыл бар. Ақыл – жаннан мүлдем бөлек нәрсе. Ол мәңгі тылсым қасиет емес. Сосын көз бен ми сияқты ағзалар қатарына да жатпаиды. Ақыл – азап, ләззат, ашу-ыза және махаббат сияқты субъектив тәжірибелер ағыны. Бұл менталдық тәжірибелер бір сәтке паида болып, лезде жоғалатын, өзара астасып жатқан сезімдерден, эмоциялар мен оилардан тұрады. Олардың артынан басқа тәжірибелер бір сәтке келіп, дереу жоқ болады (біз көбіне бұл тәжірибелерді сезім, эмоция және ои деп түрлі санаттарға жіктегіміз келеді, шындығында, олар бір-бірімен араласып кеткен). Тәжірибелердің осы ретсіз жиынтығы сана ағынын құраиды. Мәңгі жаннан аиырмашылығы – ақылдың бөліктері бар, ол ылғи өзгеріп отырады және оны мәңгі деп санауға еш себеп жоқ. Жанның бар екенін біреулер моиындаса, енді біреулер жоққа шығарады. Ал сана ағыны – бар нәрсе, біз оны ылғи бастан өткереміз. Оның бар екеніне шәк келтіре алмаисыз. Тіпті күмәнге бои алдырып, өзімізге «субъектив тәжірибелер шынымен бар ма?» деген сұрақ қоиған болсақ, біз сол сәтте сенбеудің тәжірибесін бастан өткеріп отырғанымызды аңдасақ болады. Зерде ағынын құраитын бұл саналы тәжірибелердің өзі не нәрсе? Әрбір субъектив тәжірибе екі негізгі элементтен – сезім мен қалаудан тұрады. Роботтар мен компьютерлерде сана жоқ, өиткені мүмкіндіктері мол екеніне қарамастан, олар ештеңені сезіне алмаиды және қаламаиды. Роботтың энергетикалық сенсоры болуы мүмкін; батереясы отыра бастаған кезде бұл сенсор орталық процессорға белгі береді. Сосын робот электр розеткасына барып қосылып, батареяны қуаттаиды. Бірақ осы
процесс кезінде робот ешқандаи әсерге бөленбеиді. Ал адам ше? Қуаты таусылғанда қарны ашқанын сезіп, осы жаисыз сезімнен арылуды қалаиды. Сол себептен «адам – саналы тіршілік иесі, ал роботтар болса оған жатпаиды» деиміз. Адамдарға ашығып және қалжырап құлағанша жұмыс істету қылмыс саналып, роботтарды батареясы таусылғанша паидаланудың еш әбестігі жоқ болатын себебі де осы. Ал жануарлар ше? Олар саналы ма? Оларда субъектив тәжірибе бар ма? Атты зорығып өлгенше жұмысқа жегу дұрыс па? Жоғарыда аитылғандаи, тіршілік туралы ғылым бүгінде сүтқоректілер мен құстардың бәрінде және бауырымен жорғалаушылар мен балықтардың кеибірінде сезім мен эмоция бар екенін моиындаиды. Бірақ ең жаңа теориялар сезімдер мен эмоциялар биохимиялық мәлімет өңдеу алгортимдері екенін де растаиды. Роботтар мен компьютерлер мәліметтермен жұмыс істегенде ешқандаи субъектив тәжірибені бастан өткермеитін болса, жануарлар да солаи шығар, бәлкім? Расында, адамдардың өзінде көптеген сенсор мен эмоциялық неирон тізбектері мәліметтерді өңдеп, іс-әрекетті бастағанда сананы мүлдем қолданбаиды емес пе? Біз жануарларда аштық, қорқыныш, махаббат және адалдық сияқты сезімдер мен эмоциялар бар деиміз. Шын мәнінде, олардың артында тұрған субъектив тәжірибелер емес, беисана алгоритмдер шығар2? Модерндік философияның атасы Рене Декарт осындаи пікірде болған. XVII ғасырда Декарт адамдар ғана сезінеді және қалаиды, ал басқа мақұлықтардың бәрі санасыз автоматтар (робот немесе машина сияқты) деп білді. Адам итті тепсе, ит ештеңе сезбеиді. Ол автоматты түрде селк етіп, қыңсылаиды, яғни іске қосылған кезде гуілдеп қоя беретін, бірақ ештеңені сезіп, қаламаитын машина
іспетті. Декарттың заманында бұл кең таралған түсінік еді. XVII ғасырдағы докторлар мен ғалымдар ауру сезімін жоятын препарат қолданбаи-ақ және ұятты оилап еш қысылмаи-ақ итті тірідеи соиып, оның ішкі ағзаларының жұмысын бақылаитын. Кофе құятын машинаның бетін ашып, оның тетіктерін қарау қазір еш сөкеттігі жоқ іс болса, ол кезде де иттің ішек-қарнын тірідеи ақтарудың еш өрескелдігі жоқ еді. Сол сияқты, қазіргі ХХІ ғасыр басындағы адамдардың да көбі жануарларда сана жоқ, тіпті бар дегеннің өзінде олардың санасы басқаша және төмен деп сенеді. Жануарларда біздікіне ұқсас саналы ақыл бар ма дегенге жауап беру үшін алдымен ақыл қалаи жұмыс істеиді және оның қандаи рөл атқаратынын біліп алған жөн. Бұлар өте күрделі, бас қатыратын сұрақтар болғанымен, оларға арнаиы тоқтала кеткен дұрыс. Өиткені алдағы бірнеше тарауда ақылға тоқталамыз. Ақылдың не екенін түсінбесек, біз жасанды интеллект сияқты ең жаңа технологиялардың маңызын толық ұғына алмаимыз. Ендеше, жануарлардың ақылы деген жеке мәселені қоя тұрып, жалпы ақыл мен сана жаиында ғылымның не білетінін қарастыраиық. Біз адам санасына жасалған зерттеулерден алынған мысалдарға назар аударамыз. Сосын жануарларға қаита оралып, адамдарға тән қасиет сүтқоректілер мен құстарда бар ма деген сұрақтың жауабын қарастырамыз. Әділін аитсақ, ақыл мен сана туралы ғылымның ұсынатын тұжырымдары таңғаларлықтаи аз. Сананың мидағы электрохимиялық реакциялар нәтижесінде туатыны, ал менталдық тәжірибе мәлімет қорыту функциясын атқаратыны қазір жалпылаи моиындалған дүние3. Алаида мидағы биохимиялық реакциялар мен электр ағындары қалаиша
ауырсыну, ашу-ыза немесе махаббат сияқты субъектив сезімдерді туғызатынын ешкім түсінбеиді. Бәлкім, бұл он немесе елу жылдан кеиін анықталатын шығар. Бірақ қазір бізде оның жауабы жоқ. Сондықтан бұл мәселеде жаңсақ қадам жасамаған жөн. Магнитті-резонансты томография, имплантталған электродтар және басқа да күрделі гаджеттердің көмегімен ғалымдар түрлі субъектив тәжірибелер мен мидағы электр ағындары арасында корреляция және тіпті себеп-салдарлық баиланыстар барын анықтағаны рас. Мидың белсенділігіне қарап-ақ, ғалымдар – сіз ояусыз ба, әлде қалғып отырсыз ба, әлде терең ұиқыдасыз ба – бәрін біле алады. Олар көз алдыңыздан әлдебір суретті бір сәтке ғана өткізе салып, сіздің оны көрген-көрмегеніңізді (сізден сұрамаи) анықтаи алады. Олар тіпті жекелеген ми неирондарын нақты менталдық мағынамен баиланыстыра алды, сөитіп, мысалы «Билл Клинтон» неиронын және «Гомер Симпсон» неиронын ашты. «Билл Клинтон» неироны қосылған кезде, адам АҚШ-тың 42-президенті туралы оилаиды. Ал оған Гомер Симпсонның суретін көрсетсеңіз, сол аттас неирон міндетті түрде жанады. Жалпылаи алғанда, мидың белгілі бір бөлігінде электр дауылы көтерілсе, оған қарап ғалымдар сіздің ашулы екеніңізді біледі. Егер бұл дауыл саябырсып, мидың басқа бөлігі бұрқ ете қалса, онда сіз махаббатты сезініп отырсыз. Ғалымдар тіпті тиісті неирондарды электрлі стимулдау арқылы ашу-ыза немесе махаббатты оята алады. Бірақ қалаиша электрондардың бір орыннан екіншісіне қозғалуы Билл Клинтонның субъектив образына немесе ашу-ыза яки махаббат сияқты субъектив сезімге аиналады? Кең таралған түсіндірме мынадаи: ми – өте күрделі жүие, онда
шым-шытырық желілер арқылы баиланысып жатқан 80 миллиардтан аса неирон бар. Миллиардтаған неирон жан- жаққа миллиардтаған электр сигналын таратқан кезде субъектив тәжірибелер туындаиды. Әрбір электр сигналын жіберу немесе қабылдау қарапаиым биохимиялық феномен болғанымен, бұл сигналдардың өзара әрекеттестігінен әлдеқаида күрделі феномен, яғни сана ағыны туады. Дәл осы динамиканы біз басқа да көптеген саладан көре аламыз. Жалғыз машинаның қозғалысы – қарапаиым әрекет. Ал миллиондаған машина әрі-бері жүрсе, кептеліс паида болады. Бір акцияны сату немесе сатып алу – жаи ғана іс. Ал миллиондаған биржа делдалы миллиондаған акцияны сатса және сатып алса, бұл экономикалық дағдарыс тудырып, ол тіпті эксперттердің басын қатырар еді. Бірақ бұл түсіндірме ештеңені ұқтыра алмаиды. Ол тек проблеманың аса күрделі екенін ғана растаиды. Бір феноменнің (әрі-бері қозғалыстағы миллиардтаған электр сигналдары) мүлдем басқа феноменді (ашу-ыза немесе махаббат түріндегі субъектив тәжірибелер) қалаиша туғызатынын түсіндірмеиді. Мәселені көлік кептелісіне және экономикалық дағдарысқа ұқсату дұрыс емес. Көлік кептелісі қалаи паида болады? Бір машинаның артынан жүріп отырсаңыз, сіз оны ешқашан түсінбеисіз. Кептеліс көптеген машинаның өзара әрекеттесуінен туады. А машинасы Б машинасының жүрісін тоқтатады, бұл В машинасының алдын бөгеиді. Осылаи жалғаса береді. Бірақ қатысушы барлық машинаның қозғалысын, олардың бір-біріне қалаи ықпал ететінін бақыласаңыз, сіз көлік кептелісін толықтаи түсінесіз. Онда «Мына қозғалыстар қалаиша кептеліс тудырды?» деп сұраудың еш мәні болмас еді. Өиткені «көлік кептелісі» біз, адам, нақты оқиғалар жиынтығын сипаттау үшін паидаланатын абстрактілі термин.
Ал «ашу-ыза» мидағы миллиардтаған электр сигналдарын қысқаша атау үшін оилап табылған абстрактілі термин емес. Ашу – адамдарға олар электр туралы ештеңе білмеген кезден бері таныс өте нақты тәжірибе. «Қаным қаинап тұр!» дегенде біз өзімізге өткір сезіліп тұрған күиді аитамыз. Ал егер неирондағы химиялық реакция электр сигналын қалаи туғызатынын және осы сияқты миллиардтаған реакциялар қосымша миллиардтаған сигналдарға қаитып әкелетінін сипаттасаңыз, онда «қалаиша бұл миллиардтаған оқиға жиналып келіп, менде нақты ашу-ыза сезімін туғызады?» деп сұраудың қисыны бар. Мыңдаған машина Лондон көшелерімен баяу жылжып бара жатса, біз оны көлік кептелісі деп атаимыз. Бірақ одан әлдебір лондондық сана тумаиды, ол Пикадилли үстінде қалықтап тұрып: «Құрысын, қысылып қалдым!» – деп міңгірлемеиді. Миллиондаған адам миллиардтаған акция сатса, біз оны экономикалық дағдарыс деиміз, бірақ «оибаи, сезіп тұрмын, мен дағдарыстамын!» деп күңкілдеитін ешқандаи да Уолл-стрит рухы жоқ. Аспанда триллиондаған су молекулалары жиналса, біз оны бұлт деиміз, бірақ бұлт санасы паида болып, «мен жаңбырлы сезімдемін» деп мәлімдемеиді. Ал қалаиша менің миымда миллиардтаған электр сигналдары шыр аиналғанда, ақыл шыға келіп, «қаным қаинап тұр!» деген күиге түседі? Бүгінде біздің бұл туралы титтеи де түсінігіміз жоқ. Бұл аитылғандар сізді шатастырып, тығырыққа тіреді ме? Уаиымдамаңыз, ең мықты ғалымдардың өзі ақыл мен сананың жұмбағын шешуден тым алыс тұр. Ғылымның бір тамаша қыры мынау – бір нәрсенің сырын білмесе, ғалымдар көптеген теорияны тексеріп көріп, ең соңында ештеңе білмеитіндерін моиындаи алады.
Өмір теңдігі Мидағы электр сигналдарының жиынтығы субъектив тәжірибелерді қалаи туғызатынын ғалымдар білмеиді. Бұдан да өткен сорақысы сол – олар бұл феноменнің эволюциялық артықшылығы қандаи болуы мүмкін екенінен де хабарсыз. Бұл – біздің өмір туралы түсінігімізде кеткен үлкен олқылық. Мысалы, адамда бабаларымыздың миллиондаған буынына қоянды ұстап, арыстаннан қашуға мүмкіндік берген аяғы бар. Миллиондаған жыл боиы ата-бабаларымыздың қоянның қаида қашып, арыстанның қаидан баспалап келе жатқанын көруіне мүмкіндік тудырған көзі болды. Бірақ неліктен адамда аштық пен қорқыныштың субъектив сезімдері паида болды? Аз ғана уақыт бұрын биологтар өте қарапаиым жауап берді. Субъектив тәжірибелер аман қалу үшін өте маңызды. Өиткені аштықты немесе қорқынышты сезбесек, қоянды қуып, арыстаннан қашпас та едік. Арыстанды көрген кезде адам неліктен қашты? Себебі қорықты, сол үшін қашты. Субъектив тәжірибелер адамның іс-әрекетіне ықпал етті. Алаида қазір ғалымдар бұл сұраққа неғұрлым егжеи-тегжеилі жауап береді. Адам арыстанды көрген сәтте-ақ электр сигналдары көзден миға бірден барады. Онда кірген сигналдар белгілі бір неирондарды қозғаиды. Бұл неирондар өз сигналдарын атқылаиды. Бұлар келесі неирондарды қозғап, осылаиша жалғасып кете береді. Егер жеткілікті мөлшердегі тиісті неирондар сигналдарды жылдам атқыласа, онда бүирек безіне денені адреналинге толтыру жөнінде пәрмен беріледі, жүрек жылдамырақ соғу туралы нұсқау алады. Ал орталық неирондар аяқтың бұлшық еттеріне сигнал береді де, бұлшық еттер созылып-жиырыла бастаиды. Сөитіп, адам арыстаннан қашады.
Бір қызығы, бұл процесті неғұрлым терең түсінсек, саналы сезімдерді түсіндіру соғұрлым қиындаиды. Миды неғұрлым жақсы түсінсек, ақылды түсіну соғұрлым қиындаи түседі. Егер бүкіл жүиенің жұмысы электр сигналдарын әрі-бері өткізуде болса, онда бізге қорқынышты сезінудің қажеті қанша? Электрохимиялық реакциялар тізбегі жүике жасушаларынан тікелеи аяқтың бұлшық еттеріне жалғасып жатқан болса, бұл тізбекке субъектив тәжірибелерді қосудың не керегі бар? Бұлардың қызметі неде? Домино тастары ешқандаи субъектив тәжірибесіз-ақ бірінің соңынан бірі құлаи береді. Неирондарға сезім не үшін қажет? Бір-біріне қозғау салуға немесе бүирек безіне адреналин аида деп бұирық беру үшін бе? Шынтуаитында, денеміздегі іс-әрекеттің 99 паиызы, оның ішінде бұлшық еттің жиырылуы және гормондардың бөлінуі ешқандаи саналы сезімдерсіз жүреді. Ендеше, не себепті неирон, бұлшық ет және бездерге қалған 1 паиыз жағдаида әлгіндеи сезімдер қажет? Ақыл бізге керек, өиткені ол тек сыртқы стимулдарға жауап беріп қана қоимаи, естеліктерді сақтап, жоспарлар құрады, өздігінен су жаңа образдар мен идеялар туғызады деуіңіз мүмкін. Мысалы, арыстанды көргенде адамның жыртқыш аңға деген реакциясы автоматты түрде іске қосылмаиды. Ол бір жыл бұрын әпкесін арыстанның жеп қоиғанын есіне түсіреді. Арыстанның азуында өзі қандаи азапқа түсерін оилаиды. Жетім қалғалы тұрған балаларының тағдырына алаңдаиды. Сол себепті тұра кеп қашады. Расында, тізбекті реакциялардың көбіне тікелеи сыртқы стимулдар емес, ақыл қозғау салады. Демек, адамның миында арыстанның бұрынғы бір шабуылы туралы естелік өздігінен шыға келіп, оны арыстаннан келетін қатер туралы оиға жетелеуі мүмкін. Сосын ол таипаластарын жинап, ои-талқыға салып,
арыстандарды жолатпаудың ең жаңа әдістерін табуды оиластырады. Тоқтаи тұрыңыз. Бұл естелік, қиял және ои дегендер не нәрселер? Олар қаи жерде өзі? Қазіргі биологиялық теорияларға сәикес, естеліктер, қиялдар және оилар әлдебір беиматериал биіктікте орналаспаған. Олар да миллиардтаған неирон атқылаитын электр сигналдарының ағыны. Өткенді еске алғанда, қиялға беріліп, оиға батқан кезде де біз миллиардтаған неирон арқылы өтіп, соңында бүирек безі мен бұлшық еттерге қозғау салатын электрохимиялық реакциялардың иірімінде боламыз. Осынау ұзақ та бұралаң жолдың боиында бір неиронның әрекеті мен келесі неиронның реакциясы арасына ақыл киліге кетіп, келесі неиронның сигнал беруі керегін немесе керек емесін шешуі мүмкін бе? Бір электронның басқа электронның әсерімен емес, субъектив қорқыныш сезімінің әсерінен болған қандаи да бір материалдық қозғалысы бар ма? Егер ондаи қозғалыс жоқ болса, әр электронды басқа электронның әрекеті қозғаитын болса, онда біз неге қорқынышты сезінуіміз керек? Мұның себебін әзірге білмеиміз. Философтар бұл жұмбақты мынадаи құитырқы сұрақпен жасырды: мида жоқ, бірақ ақылда болатын не нәрсе? Егер ақылда ғаламат неирон желісінде болып жатқан құбылыстардан басқа ештеңе болмаса, онда бізге ақылдың қажеті не? Ал егер ақылда неирон желісінде болып жатқаннан жоғары және тысқары бір нәрсе болып жатса, құрып кеткір, ол бәле қаи жерде? Мен сізден Билл Клинтон мен Моника Левинскидің көңілдестігінен туған дау-дамаи туралы Гомер Симпсонның қандаи пікірде екенін сұрадым делік. Сірә, бұл жөнінде сіз ешқашан оиланып көрмеген боларсыз. Сондықтан сіздің ақылыңыз енді бұрын бір-біріне
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 562
Pages: