билікке қарсы шықпауын қамтамасыз ету болатын. Жұрт 18 жасында Отан үшін шаиқасса, 40-қа толғанда салығын төлеп, 70- ке келгенде өздерін мемлекет асыраиды деп сенетін31. 1776 жылы АҚШ-тың негізін қалаушылар бақытқа жету – өмір сүру және бостандық құқы сияқты адамнан ажыратуға болмаитын үшінші құқықтың бірі деп жариялады. Алаида, ескеретін маңызды нәрсе, Американың Тәуелсіздік декларациясы бақыттың өзіне емес, бақытқа ұмтылу құқына кепілдік береді. Тағы бір маңызды жаит – Томас Джефферсон азаматтардың бақыты немесе бақытсыздығы үшін жауапкершілікті мемлекет моинына артқан жоқ. Ол тек мемлекет билігін шектегісі келді. Идея адамның таңдау жасауына еркіндік беруде еді. Егер де мен Мериге емес, Джонға қосылып, Солт-Леик-Ситиде емес, Сан- Францискода тұрсам және маи зауытында емес, сыраханада жұмыс істесем бақыттырақ боламын деп оиласам, онда бақытқа өзімнің оилаған жолыммен жетуге құқым бар, ал мемлекет таңдауым қате болып жатса да, маған кедергі келтіруге қақысы жоқ. Алаида соңғы онжылдықтарда санада үлкен өзгеріс болып, адамдар Бентам теориясына баиыптырақ қараи бастады. Бір ғасыр бұрын ұлтты күшеиту үшін жасалған жүиелер, шын мәнінде, әрбір жеке адамның бақыты мен амандық-саулығы үшін қызмет етуі керек деп оилаитын адамдардың саны көбеиіп келеді. Біз мемлекетке қызмет ету үшін өмірге келмедік, керісінше, мемлекет бізге қызмет ету үшін құрылған. Бір кезде мемлекет билігін шектеу үшін белгіленген бақытқа ұмтылу құқы біртіндеп бақыт құқына өзгеріп келеді. Енді ол адамзаттың туабітті аирықша артықшылығы сияқты, бізге ұнамаитын нәрселердің барлығы негізгі құқықтарымызды шектеу, ал мемлекет мұны
реттеу үшін қызмет етуі керек болып шықты. ХХ ғасырда ұлт жетістігінің басты өлшемі жан басына шаққандағы ЖІӨ болатын. Бұл тұрғыдан алғанда, әрбір тұрғыны жылына орташа 56 мың доллардың тауары мен қызметін өндіретін Сингапур – азаматтары жылына небәрі 14 мың долларлық тауар мен қызметке ие Коста-Рикаға қарағанда бақытты ел. Алаида қазіргі кезде философтар мен саясаткерлер тіпті кеибір экономистер ЖІӨ-ні ЖҰБ-қа (жалпы ұлттық бақытқа) ауыстыру керек деп санаиды. Саиып келгенде, адам нені қалаиды? Олар өндіргісі келмеиді. Олар бақытты болғысы келеді. Өндіріссіз тағы болмаиды, өиткені ол – бақыттың материалдық негізі. Бірақ ол – мақсат емес, тек оған жеткізуші құрал ғана. Сауалнамалар костарикалықтардың сингапурлықтармен салыстырғанда өз өмірлеріне әлдеқаида разы екенін көрсетті. Сіз нені таңдар едіңіз? Аса тиімді, бірақ өміріне разы емес сингапурлық болуды ма, әлде тиімділігі төмен, бірақ өміріне разы костарикалық болуды ма? Бұл қисынға сәикес, адамзат бақытқа жетуді өзінің ХХІ ғасырдағы бағдарламасының екінші пункті етіп белгілеуі керек. Былаи қарасаңыз, аса қиын міндет емес сияқты. Аштық, індет және соғыс болмаса, ал орташа өмір ұзақтығы күн санап емес, сағат санап өсіп жатса, баршаның бақытты болатын шағы иек астында тұрғандаи. Жоқ, олаи емес. «Шын жақсылық – бақыт» деген Эпикур шәкірттеріне оның ауыр еңбекпен келетінін ескерткен. Алаида тек материалдық игіліктер бізге көп уақыт жұбаныш бола алмаиды. Ақша, атақ және ләззаттың соңына түсу, ақыр соңында, адамды рухани тоқырауға ұшыратады. Мәселен, Эпикур мөлшермен ішіп-жеп, құмарлықты тежеп ұстау керек деп кеңес берген. Шынтуаитында, ессіз оргиядан гөрі берік достық бізге
шынаиы қуаныш сыилаиды. Эпикур адамдарды бақытқа апаратын қауіпті жолмен жүргізу үшін «қажет» және «қажет емес» болып бөлінетін этикалық жиынтық ұсынды. Эпикурдың бұл мәселе жөнінде білетіні анық. Бақытты болу оңаи емес. Соңғы онжылдықтарда бұрын-соңды болмаған табыстарға жеткенімізбен, бүгінгінің адамдары ата-бабаларына қарағанда бақытты деуге негіз жоқ. Мына бір адам шошырлық симптомды қараңыз: әл-ауқат, жаилылық және қауіпсіздік деңгеиі біршама жоғары дамыған елдерде өзіне-өзі қол салу дәстүрлі елдерге қарағанда әлдеқаида көп. Перу, Гватемала, Филиппин және Албания сияқты кедеилік пен саяси тұрақсыздықтың зардабын шегіп отырған дамушы елдерде жыл саиын 100 мың адамнан орташа есеппен 2–7 адам өзіне қол салса, Швеицария, Франция, Жапония және Жаңа Зеландия сияқты баи әрі беибіт елдерде жыл саиын 100 мыңнан 12–23 жан өзіне қол салады. 1985 жылы авторитаризм жағдаиында өмір сүрген Оңтүстік Корея тұрғындарының көпшілігі кедеи әрі қараңғы еді. Бүгінгі Оңтүстік Корея – либерал-демократиялық кемелденген, азаматтары жоғары білімді, жетекші экономикалық державаға аиналған мемлекет. Алаида 1985 жылы 100 мың оңтүстіккореялықтың шамамен тоғызы өзін-өзі өлтірсе, бүгінде ол көрсеткіш үш еседен асып түсті (100 мыңның отызға жуығы)32. Әрине, бұған қарама-қарсы қуантарлық та үрдістер бар. Мысалы, бала өлімінің азаюы адамдардың бақытын еселеп, қазіргі қарбалас тіршілік тудыратын күизелісті біршама жеңілдетті. Әитсе де ата-бабаларымызға қарағанда сәл де болса бақыттымыз дегеннің өзінде, өмірге разылығымыз соншалық жоғары емес. Тас дәуірінде адам орта есеппен күніне шамамен төрт мың калория тұтынатын. Құралдар, киім-кешек, өнер бұиымдарын жасауға
жұмсалатын энергия да осыған кіреді. Бүгінде әр америкалыққа күн саиын орташа 228 мың калория керек33. Мұның ішінде тамағына қоса, автокөлігі, компьютер, тоңазытқышы мен теледидарының жұмыс істеуіне қажет қуат та бар. Осылаиша, тас дәуіріндегі қарапаиым аңшы-терімшімен салыстырғанда, қарапаиым америкалық алпыс есе көп энергия жұмсаиды. Сонда бүгінгі таңда америкалықтар алпыс есе бақытты ма? Бұған күмән келтірсек, ешкім дауласа қоимас. Кешегі апаттардың көбінен құтылғанымыз рас. Бірақ шынаиы бақытқа жету қоғамның ашық жараларын емдеуден әлдеқаида қиын. Орта ғасырларда қарны ашып жүрген шаруаны бір үзім нан қуантатын. Ал банкте мол ақшасы бар, қызықтың бәріне кенелген толық инженерді немен қуантасыз? ХХ ғасырдың екінші жартысы АҚШ үшін алтын ғасыр болды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс және одан кеиін қырғиқабақ соғыстағы үстемдік бұл елді әлемдік супердержаваға аиналдырды. 1950–2000 жылдар аралығында АҚШ-тың ЖІӨ-сі екі триллионнан он екі триллион долларға өсті. Жан басына шаққандағы нақты табыс екі есеге артты. Жаңа контрацептивтердің жасалуы бұрын болмаған сексуалдық еркіндікке жеткізді. Әиелдер, гомосексуалистер, афроамерикалықтар және басқа да азшылық топтар, ақыр соңында, «америка бәлішінен» өз үлестерін алды. Автокөлік, тоңазытқыш, кондиционер, шаңсорғыш, ыдыс жуатын машина, кір жуатын машина, телефон, теледидар және компьютерлердің арзандығы тұрмысты адам танымастаи етіп өзгертті. Алаида, сауалнамалар көрсеткендеи, 1990 жылдары америкалықтардың өмірге разылығы шамамен 1950 жылдардағы деңгеиде қалған34. 1958–1987 жылдар аралығында Жапония тарихта ең үлкен экономикалық секіріс жасап, бұл елде таза табыс бес есеге деиін
өсті. Баилықтың осынау тасқыны, өмір салтындағы жағымды және жағымсыз өзгерістер жапондардың өмірге деген разылығына әсер етпеді деуге болады. 1990 жылдары бұл көрсеткіш жапондарда 1950 жылдардағы деңгеиде қалды35. Қарасаңыз, біздің бақытымыз жоғарыда әлдебір көрінбеитін әинек кедергіге тіреліп тұрған сияқты, нендеи толағаи табысқа жетсек те, ол кедергі бақыттың шарықтап кетуіне жол бермеитіндеи. Барлық адамға көл-көсір тамақ жеткізіп, ауруды емдеп, дүниежүзінде беибітшілік орнатсақ та, әлгі әинек кедергі шытынаи қоимаитын тәрізді. Шынымен бақытты болу кәрілік пен өлімді жеңуден оңаи болмаиын деп тұр. Бақыттың әинек кедергісі психологиялық және биологиялық екі мықты діңгекке арқа сүиеиді. Психологиялық деңгеиде бақыт объектив жағдаидан гөрі үмітке баиланысты. Тыныш та бақуатты тірлік өздігінен ризашылық әкелмеиді. Шын жағдаи күткенімізбен сәикес келгенде ғана разы боламыз. Бірақ өмір неғұрлым жаилы болған саиын, біздің одан күтетін дүниелеріміз де арта түседі. Бар қиындық осында. Өткен онжылдықтарда тұрмыстың кереметтеи жақсаруы ризашылыққа емес, аранымыздың ашылуына әкелді. Тәубемізге келмесек, ешқашан бақытты бола алмаитынымыз анық. Биологиялық деңгеиде біздің тілектеріміз бен бақытымыз биохимия арқылы анықталады (экономикалық, әлеуметтік немесе саяси мәртебеге емес). Эпикур аитпақшы: «Жағымды сезімдерге бөленіп, жағымсыз сезімдерден ада болғанда ғана біз бақыттымыз». «Табиғат адамды екі күштің – ләззат пен азаптың билігіне берген, біздің не істеп, не сөилеп және не оилаитынымызды сол екеуі шешеді», – деиді Иеремия Бентам. Бентамның ізбасары Джон Стюарт Милль: «Бақыт дегеніміз –
ләззат алу және азаптың болмауы, ал ләззат пен азап болмаса, жақсылық пен жамандық та жоқ. Жақсылық пен жамандықты басқа нәрсемен (мысалы, Құдаидың еркі немесе ұлттық мүдде) баиланыстырғысы келетіндер бізді де, бәлкім, өздерін де алдап жүр», – деиді36. Эпикур заманында мұндаи пікір аиту өзгелердің сезімін қорлау болып саналса, Бентам мен Милль заманында ол қоғамның діңін қопарумен тең еді. Ал ХХІ ғасырдың басында бұл – ғылыми ортодоксия. Биологтардың аитуынша, рақат пен азап – тәннің түрлі сезінулерінің жиынтығы ғана. Біз ешқашан аиналамызда болып жатқан дүниелерге жауап қатпаимыз, тек денеміз сезінгенде ғана әрекетке кірісеміз. Ешкім жұмыстан аиырылғаны үшін, ажырасқаны немесе өкіметтің соғысқа киліккені үшін қиналмаиды. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – оның іштеи өзін жаисыз сезінуі. Әрине, жұмыстан шығып қалу да күизеліске себеп болуы мүмкін. Бірақ күизелістің өзі – дененің жаисыздығы. Болмашы нәрсе бізді ыза қылуы мүмкін, бірақ ыза абстракция емес. Ызаланған кезде дене ысынып, бұлшық еттер жиырылады, міне, осыдан өзімізді жаисыз сезінеміз. Ызадан өртеніп барам деитініміз бекер емес қои. Ал ғылымға сенсек, қызметте жоғарылау, лотерея ұтып алу, тіпті шынаиы ғашық болудың өзі бізді бақытты ете алмаиды. Адамды тек денедегі жағымды сезімдер ғана бақытты етеді. 2014 жылғы әлем чемпионаты финалындағы Германия-Аргентина матчының қосымша уақытында немістің жартылаи қорғаушысы Марио Гетценің қандаи сезімде болғанын оилап көріңізші. Есеп ашылмаған, оиын қалаи аяқталатыны белгісіз, пенальтиге деиін жеті-ақ минут қалған. Риодағы 75 мың жанкүиер жиылған «Маракана» стадионының трибуналары гуілдеп тұр, әлемнің жер-
жерінде миллиондаған көрермен теледидар алдында демін ішіне тартып отыр… Аргентина қақпасына санаулы ғана метр жерде тұрғаныңда Андре Шюррле керемет пас берді. Допты кеудеңмен тосып алып, жерге түсірмеген күиі сол аяқпен теуіп, қарсылас қақпашысының жанынан өткізіп жібердің. Доп қақпадан бір-ақ шығады. Го-о-о-о-о-о-ол! Стадион жанартаудаи жарылды. Ондаған мың адам есі ауысқандаи аиқаиға басады, командалас жолдастарың сені бас салып құшақтап сүиеді, Берлин мен Мюнхендегі миллиондаған жанкүиерің теледидар алдында көз жасына ерік берген. Сен шат-шадымансың! Бірақ доп қарсылас қақпасына түскендіктен немесе бавар сыраханаларында отандастарыңның мәз-мәирам болып отырғандықтарынан емес. Шындығында, сен ішкі сезімдердің дауылына осылаи үн қатасың. Арқаң жыбырлап, денеңнен электр толқындары зулаиды, өзіңіз миллиондаған энергетикалық шариктерге шашылып бара жатқандаи күи кешесің. Мұндаи сезімді бастан кешіру үшін әлем чемпионатының финалында міндетті түрде шешуші гол соғу керек емес. Күтпеген жерден қызметіңіз өскенін біліп, қуаныштан орныңыздан қарғып тұрып, балаша қуанған кезіңіз болса, сіз соған ұқсас сезімді бастан кешірдіңіз. Мидың терең бөліктері футбол туралы да, карьера туралы ештеңе білмеиді. Олар тек сезінулерді біледі. Қызметіңіз өскен кезде әлдебір себептерден жағымды сезімдер тумаса, сіз қуанбаисыз. Ал егер, керісінше, жұмыстан қуылсаңыз да (немесе шешуші оиында жеңіліп қалсаңыз), бірақ, неге екені белгісіз, боиыңызды қуаныш кернесе (бәлкім, әлдебір дәрі әсерінен), рақат күиді басыңыздан кешіреріңіз анық. Өкінішке қараи, жағымды сезімдер тез жоғалады да, оның орнына – ерте ме, кеш пе – көңілсіздік келеді. Әлем чемпионаты
финалындағы шешуші голдың өзі өмір боиы бақытты болуға кепіл бола алмаиды. Керісінше, одан соң бәрі кері кетуі мүмкін. Бір жыл бұрын күтпеген жерден қызметім өскен кезде жағымды күи кешкен болсам, қазір ол сезім мүлдем жоқ. Сол бір ғажап күиді тағы да бастан өткергім келсе, мені тағы да қызметте өсіруі керек. Одан кеиін тағы да. Ал өсе алмаи қалсам, әуелгі төмен қызметте қалғаннан бетер жабырқап, ызалануым мүмкін. Осының бәрі – эволюцияның кері әсері. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен біздің биохимиялық жүие бақытты болуға емес, өмір сүру және ұрпақ қалдыру мүмкіндігін арттыруға беиімделді. Тірі қалу мен ұрпақ қалдыруға ұмтылдыратын әрекеттер үшін биохимиялық жүие жағымды әсерлер сыилаиды. Бірақ бұл – әшеиін жарнамалық қулық. Дәмді тағам мен оргазмның рақатын сезіну үшін тамақ және әріптес іздеиміз. Бірақ дәмді тағам мен оргазмның ләззаты тез өтіп, тағы да рақаттанғымыз келеді, сөитіп, тағы да тамақ пен әріптес іздеуіміз керек. Егер әлдебір сирек мутация нәтижесінде бір тал жаңғақты тістеи салып-ақ, тоқтықтың рақат сезіміне бөленіп, жаны жаи табатын тиін өмірге келсе не болар еді? Тиіннің миын қаита бағдарламалау арқылы осылаи жасау – техникалық тұрғыда мүмкін нәрсе. Кім біледі, миллиондаған жыл бұрын, бәлкім, ондаи тиін өмір сүрген де шығар. Олаи болса, ол тиін өте бақытты, бірақ тым қысқа өмір сүрген. Сирек мутация сонымен біткен. Өиткені әлгі бақытты тиін, серігі былаи тұрсын, жаңғақ іздеп те әуреге түспеген. Ал оның бәсекелестері бес минуттан кеиін тағы бір жаңғақ жеуге тиіс еді, сондықтан да олардың аман қалып, гендерін ұрпақтарына беру мүмкіндіктері әлдеқаида жоғары болды. Дәл сол себепті, бізді – адамдарды да тапқан «жаңғақтарымыз» (табысты қызмет, жақсы үи, әдемі әріптес) ұзақ уақытқа разы ете алмаиды.
Қауіп төндіре берудің қажеті жоқ, бақыт – мақсатқа жету емес, оған ұмтылу деген пікір аитылуы мүмкін. Эверестің ұшар басында тұрғаннан гөрі оған өрмелеу әлдеқаида қызық. Жыныстық қатынасқа қарағанда, ұнаған адамның жанынан шықпаи, көңілін табу қанды тулатады, атақ пен сыилықтан гөрі жаңа зертханада жұмыс істеп, эксперименттер жасау еліктіреді. Бұл рас, бірақ ол жалпы көріністі өзгерте алмаиды, ол тек эволюцияның бізді көптеген ләззат арқылы басқаратынын көрсетеді. Кеиде ол тыныштық және рақат сезімімен қызықтырса, кеиде бас аиналдырарлық шаттық және толқу сезіміне итермелеиді. Әлдебір жануар аман қалып, ұрпақ қалдыру мүмкіндігін арттыратын нәрсені (яғни тамақ, әріптес немесе бәсекелестерден үстем болу) алғысы келгенде, оның миы сақтық және қозу сезімін тудырады, кереметтеи жағымды болғандықтан, бұл сезімдер жануарды одан әрі қамшылаи түседі. Бір аса танымал экспериментте ғалымдар бірнеше егеуқұирықтың миына электродтар орнатты. Бұл электродтардың көмегімен егеуқұирықтар педальды басып, өздерін қоздыратын. Егеуқұирықтарға дәмді тамақ пен педаль екеуінің біреуін таңдауға мүмкіндік берілгенде, олар педальды таңдады (тамаққа бола, компьютерлік оиынды тастағысы келмеген бала сияқты). Егеуқұирықтар аштықтан бұратылып, шаршап құлап қалғанша педальды үсті-үстіне баса берді37. Адам да диванда жатқаннан гөрі бәигені таңдауы мүмкін. Бірақ бәигенің тартымды болатын себебі – ол рақат сезімін сыилаиды. Соңында стресс, өкініш және көңілсіздік сезінетіні белгілі болса, ешкім ұшар шыңға өрмелеп, видеооиын оинамас еді және ұнаған адаммен кездесуге бармас еді38. Өкініштісі сол – бәигенің рақаты да жеңіске масаттану сияқты
өтпелі. Толқыған сезіммен сұлудың төсегіне таянған Дон Жуан да, Доу-Джонс индекстерінің құлап-көтерілуін демін ішіне тарта бақылаған бизнесмен де, компьютер экранында монстрларды көзі қызарғанша талқандаған оиыншы да сол бастан өткендерін еске алғаннан ләззат ала алмаиды. Педальды үсті-үстіне басқан егеуқұирық сияқты, Дон Жуандарға, қаржы магнаттары мен оиыншыларға да күн саиын жаңа рақат керек. Ең жаманы, мұндаида сұраныстар да үиреншікті жағдаиға аиналады, сөитіп, күні кеше арман болған нәрселердің, уақыт өте келе, адамға еш қызығы болмаи қалады. Бәлкім, бақыттың кілті бәигеде де, алтын медальда да емес, қанның қызуы мен дамылдау арасындағы тепе- теңдікте шығар. Бірақ біздің көбіміз стрестен көңілсіздікке өтіп немесе екеуінен де қиналуға беиімбіз. Егер ғылым жаңсақ аитпаса, біздің бақытымыз расында биохимиялық жүие арқылы анықталатын болса, онда тұрақты разылыққа жетудің жалғыз жолы сол жүиені реттеу болмақ. Экономикалық өсім, әлеуметтік реформалар және саяси революция дегендерді ұмытыңыз: әлемдік бақыт деңгеиін көтеру үшін адам биохимиясын басқаруымыз керек. Соңғы онжылдықта дәл осыны қолға алдық. Жарты ғасыр бұрын ғана психотроптық заттарды диагнозы тым нашар ауруларға ғана беретін. Қазір мүлдем олаи емес. Арты жақсы бола ма, жоқ па – психотропты дәрілерді тұрақты қабылдаитындар қатары бүгінде артып келеді. Оны ауыр психикалық ауруларға ғана емес, кәдімгі күизелістен кеиін рухани тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін де береді. Мәселен, оқушыларға «риталин» сияқты жүикестимуляторды жазып беру жиіледі. 2011 жылы 3,5 миллион америкалық бала НЖГС-ге (назардың жетіспеушілігі және гиперактивтілік синдромы) қарсы таблеткалар қабылдаған. Ұлыбританияда
мұндаи науқастар саны 1997 жылы 92 мың болса, 2012 жылы 786 мыңға деиін жеткен39. Бастапқыда бұл дәрілер назардың жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын. Ал қазіргі кезде оларды дені сап-сау балаларға жазып береді. Мұндағы мақсат – оларды мұғалімдер мен ата-аналардың жылдан жылға өсіп келе жатқан талаптарына жауап бере алатындаи ету40. Бұл үрдіске қарсы шығатындар көп. Олардың аитуынша, проблема балада емес, білім беру жүиесінде. Егер оқушыларда назардың жетіспеушілігі бар болса, олар стрестен қиналып, нашар баға алса, бұған ескі оқыту тәсілдері, сыныпта баланың тым көптігі және өмір қарқынының шектен тыс жылдамдығы кінәлі болар. Бәлкім, оқушыларды емес, мектептерді жетілдіру керек шығар. Бұл мәселе туралы пікірталас тарихына көз салаиық. Адамзат мыңдаған жыл боиы өскелең ұрпақты қалаи тәрбиелеу керек деген сұрақпен басын қатырып келеді. Ежелгі Қытаи, Виктория дәуіріндегі Англия болсын, әркім өз әдістемесіне көзсіз сенді және оны қорғады. Бірақ бәрі де білім саласын көтеру үшін мектепті реформалау керек дегенмен келіседі. Оқушылардың биохимиясын өзгерту керек деп санаитындар тарих бетінде күні бүгін паида болған жоқ41. Әскердегі жағдаи да осындаи. Ирактағы америкалық солдаттардың 12 паиызы және Ауғанстандағы солдаттардың 17 паиызы соғыстың тауқыметі мен сұмдықтарын біршама жеңіл қабылдау үшін ұиықтатын немесе күизеліске қарсы дәрілер ішкен. Үреи, күизеліс және психикалық жарақатты снаряд пен мина тудырмаиды. Оларды гормондар, неиромедиаторлар және неирожелілер тудырады. Шаиқастағы екі солдаттың бірі қорқыныштан тіл-аузы баиланып, ақылынан адасып, жылдар боиы азап шексе, екіншісі ержүректікпен шабуылға шығып,
медаль алуы мүмкін. Бұл екі солдаттың аиырмашылығы олардың биохимиясында. Оны басқаруды үиренсек, солдаттарды да бақытты етеміз, әскерді де күшеитеміз42. Биохимиялық бақыттың соңынан түсу – әлемдегі қылмыс атаулыны туындататын басты себептердің бірі. 2009 жылғы статистикалық зерттеулер көрсеткендеи, АҚШ-тың федералдық түрмесіндегілердің тең жартысы қалмауға есірткінің кесірінен түскен, Италиядағы тұтқындардың 38 паиызы есірткінің салдарынан сотталған. Ал Ұлыбританиядағы қамалушылардың 55 паиызы есірткі салдарынан немесе есірткі таратқаны үшін істі болғанын аитқан. 2001 жылғы зерттеулер Австралия түрмелерінде отырғандардың 62 паиызы есірткіге еліріп жасаған қылмыстары үшін сотталғанын көрсетті43. Адамдар қиындықты ұмыту үшін арақ ішеді, жаны жаи табуы үшін шөп шегеді, санам сергіп, сенімділікке ие болам деп кокаин және мет иіскеиді. Кеибіреулер оқу, еңбек және бала тәрбиелеумен жеткісі келген табысқа біреулер еңбексіз, молекуланың тиісті дозасын қабылдау арқылы жеткісі келеді. Бұл – әлеуметтік және экономикалық тәртіпке төнетін үлкен қауіп. Осы себепті, өкіметтер биохимиялық қылмыспен табанды түрде қатігез әрі үмітсіз соғыс жүргізіп келеді. Мемлекет адамның миына әсер ететін препараттарды «жаман» және «жақсы» деп екіге бөлу арқылы биохимиялық бақыт өндірісін реттегісі келеді. Мұндағы ұстаным түсінікті: саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік тәртіпке және экономикалық өсімге жағдаи жасаитын биохимиялық құралдарға (яғни гиперактивті балаларды тыныштандыратын немесе қорқақ солдаттарды шабуылға шығуға итермелеитін) рұқсат етілген, тіпті оларды қабылдауға кеңес беріледі. Тұрақтылық пен өсімге қатер
төндіретін түрлеріне тыиым салынған. Алаида университеттердің, фармакологиялық компаниялардың және қылмыстық ұиымдардың зертханаларында жыл саиын жаңа заттар жасалып шығады. Сосын мемлекет пен нарық қажеттіліктері де өзгеріп жатыр. Биохимиялық бақытқа елігу саясат, қоғам және экономиканың қаита құрылуына әкеліп, бұл құнығуды тоқтату қиындаи бермек. Психотроптық құралдар – бер жағы ғана. Зертханаларда мидың белгілі бір бөлшектеріне электр жолымен стимул беру немесе адам денесінің генетикалық кодтарын модификациялау сияқты адам биохимиясына әсер етудің бұрынғыдан да күрделі әдістері сыналып жатыр. Тіршіліктің негізгі ұстанымдарын түбегеилі өзгерту қажет болғандықтан, биологиялық манипуляция арқылы бақытқа жету оңаиға соқпаиды. Бірақ аштық, індетті және соғысты жеңу де оңаи болмағаны белгілі. Биохимиялық бақытқа адамзат өлермендене ұмтылуға тиіс пе? Кеибіреулердің пікірінше, бақыт маңызды емес, жеке адамның разылығы адамзат қоғамының ұлы мақсаты бола алмаиды. Ал енді біреулер бақыт ең ұлы игілік екеніне келісіп, бірақ биологтардың оны жағымды сезінулер жиынтығы деген көзқарасын қабылдамауы мүмкін. Екі мың үш жүз жылдаи бұрын Эпикур шәкірттеріне «ләззатқа тоимау бақыт емес, бақытсыздық әкеледі» деп ескерткен болатын. Одан екі ғасыр бұрын Будда Эпикурдан да өткір аита білген. Оның ғибраты «қиналудың себебі жағымды сезімдерге ұмтылуда жатыр. Ол сезімдер – тек бір сәттік мағынасыз вибрациялар. Олар біздің қалауымызды қандыра алмаиды, біз бірден оның қаиталануын қалаимыз. Қаншама рақат, қуанышты сәттерді бастан өткізсем де, бәрібір аз сияқты болып тұрады»
дегенге саяды. Егер мен жағымды сезімдерді бақыт деп санасам, онда ылғи сол сезімдерді қуалап отырудан басқа амалым қалмаиды. Ал сол ләззатқа әрең дегенде жеткен кезімде, ол әп-сәтте-ақ жоғалып кетіп, бәрін қаитадан бастауыма тура келеді. Өиткені бұрынғы қуаныштарды еске алумен бақытты бола алмаисың ғои. Осылаи өмір боиы жүгірсем де, арманыма жете алмаимын. Керісінше, араным қатты ашылып кетсе, соғұрлым ашушаң әрі қанағатсыз бола түсемін. Сондықтан нағыз бақытқа жету үшін адамзат ләззаттың артынан қуалаи бермеи, тоят табуға тиіс. Бақыт туралы буддистік бұл көзқарас бақыт жөніндегі биохимиялық паиымға өте жақын келеді. Екеуі де жағымды сезімдердің паида бола салысымен тез жоғалатынын және оны қалағанмен, жете алмаса, адам өзін бар дүниеден мақрұм қалғандаи сезінетінін аитады. Мәселені биохимиялық жолмен шешудің жолы адамдардың бір сәт те жағымды сезімдерсіз қалмауына, оның сарқылмас шуағына шомылып жүруіне мүмкіндік беретін құралдар мен әдістемелер жасау болса керек. Ал Будданың кеңесі «қалауыңызды тізгіндеңіз, олардың сізді билеуіне жол бермеңіз» дегенге саяды. Буддашылар ақылды жаттықтыру арқылы сезімдердің келіп-кетуін мұқият бақылау керегін аитады. Ақыл сезімдеріміздің бір сәттік мағынасыз вибрациялар екенін көруді үиренген кезде, біз де оларды қуалауды қоятын боламыз. Жалт етіп, жоқ болатын нәрсе кімге керек? Бүгінде адамзат, негізінен, мәселенің биохимиялық шешімін қалап отыр. Гималаи үңгірлеріндегі монахтар мен піл сүиегінен тұрғызылған мұнаралардағы философтар не десе де, капиталистік сана үшін бақыт дегеніміз – ләззат. Бітті. Заман өзгерген саиын біз
жағымсыз сезімдерге әрең шыдаитын болдық және жағымдыларын бұрынғыдан қатты аңсаитын күиге ұшырадық. Жыл саиын нарыққа ауруды басатын жаңа дәрілерді, балмұздақтардың жаңа түрін, бұрынғыдан да жаилы матрас, смартфондағы бұрынғыдан да қатты еліктірер оиындар (автобусты күтіп тұрғанда бір минут та зерікпес үшін) шығаратын ғылыми зерттеулер мен өндіріс те осыған бағытталған. Бірақ осының бәрі де аздық ететіні ақиқат. Эволюция кезінде таусылмаитын рақатқа беиімделмеген Homo Sapiens ылғи құмарлыққа ұмтыла беретін болса, ол балмұздақ пен смартфондағы оиынды қанағат тұтпаиды. Биохимиямызды ауыстырып, денеміз бен миымызды қаита құруға тура келеді. Қазір осы бағытта жұмыс жүріп те жатыр. Ол жақсы ма, жаман ба – белгісіз, бірақ ХХІ ғасырдағы екінші ұлы жоба баршаның бақытты болуына қол жеткізу десек, ол, шамасы, Homo Sapiens-тің үздіксіз рақатқа бататын деңгеиге деиін жаңаруын қажет ететін болар. Жер шарының құдаилары Рақат пен мәңгі өлмеуге ұмтылу арқылы адамзат нағыз Құдаиға аиналғысы келеді. Мәселе бұлардың тек құдаиларға тән қасиет екендігінде ғана емес. Кәрілік пен өлімді жеңу үшін адамзат өзінің биологиялық субстратын Құдаи тәрізді бақылауды үиренуі керек. Күндердің күнінде өлім мен азаптан құтылу әдісін тапсақ, онда бұл әдіс бізге ағзаны қалауымызша қаита құрып, ағза, эмоция мен ақылымызды сан түрлі жолмен жетілдіруге мүмкіндік берер еді. Гераклдың күшіне, Афродитаның сезімталдығына, Афинаның даналығына, немесе құтырғымыз келсе, Дионистің есалаңдығына қол жеткізуге мүмкіндік туады. Бүгінге деиін адамзат сыртқы құрылғыларды дамытып келсе, болашақта адамзат өз денесі мен
ақылын жетілдіру арқылы немесе құралдармен тұтасып кету жолымен дамымақ. Адамдардың Құдаиға аиналуы мына үш жолдың бірімен жүреді: биоинженерия, киборг-инженерия және беиорганикалық тіршілік иелерінің инженериясы. Биоинженерия органикалық денелердің барлық әлеуетін ашпағанымызды түсінгеннен басталды. Табиғи сұрып ол денелерді төрт миллион жыл боиы шыңдап келді. Осы уақыт ішінде біз амебадан бауырымен жорғалаушы мен сүтқоректіге, одан соң Sapiens-ке аиналдық. Дегенмен эволюцияның соңғы сатысы Sapiens деуге еш негіз жоқ. Тас пышақтан күрделірек нәрсе жасаи алмаитын Homo Sapiens-тің адамның ғарыш кемелері мен компьютер жасаитын Sapiens-ке аиналуы үшін оның гені, гормондары мен неирондарының аз ғана өзгеруі жеткілікті болып шықты. ДНҚ, гормондық жүие немесе миымыздың құрылымында тағы бірнеше өзгеріс болғанда нәтиже қандаи болар еді, кім білсін. Биоинженерлер табиғи сұрыптың тағы бір кереметін күтіп, қол қусырып қарап отырмақ емес. Олар қарт Sapiens-тің денесін алып, оның генетикалық кодын өздері жазып шығады, неирон тізбектерін қаита жалғап, биохимиялық тепе-теңдікті өзгертеді, тіпті денеде жаңа мүшелер өсіре алады. Осылаиша біздің Homo erectus-тан аиырмамыз қаншалықты болса, Sapiens-тен аиырмасы соншалықты кішкентаи құдаиларды жасап шықпақ. Келесі қадамды киборг-инженерия жасаиды. Ол органикалық денені беиорганикалық механизмдермен (мысалы, бионикалық қол, жасанды көз немесе тамырларымызды боилаи зулап, ақауларды табатын және оларды түзеитін нанороботтар) біріктіреді. Мұндаи киборгтің қасиеттеріне кез келген органикалық тіршілік иесі қызығатын болады. Мәселен,
органикалық дененің барлық бөліктері бір-бірімен тікелеи баиланыста болуға тиіс, әитпесе олар қызмет ете алмаиды. Егер пілдің миы – Үндістанда, көзі – Қытаида, ал аяғы Австралияда жатса, ол піл, сірә, өліп қалған. Ал егер әлдебір мистикалық тұрғыда тірі болса, ол бәрібір көре де, ести де, жүгіре де алмаиды. Киборг бір мезетте бірнеше жерде бола алады. Хирург-киборг Стокгольмдегі кеңсесінде отырып, Токиода, Чикагода және Марс орбитасында операция жасаи береді. Оған тек жоғары жылдамдықты интернет-баиланыс және бірнеше жұп бионикалық қол мен көз болса жетіп жатыр. Неге жұп? Неліктен оншақты емес? Негізінде, екі қолдың өзі көптеу болмақ. Киборг- дәрігер миын құралға тікелеи жалғаи алатын болса, оған скальпель ұстаудың не қажеті бар? Бұл – ғылыми фантастика емес, шындық. Миларына электрод орнатылған маимылдар денелеріне жалғанбаған бионикалық қол мен аяқты басқаруды үиренді. Сал болып қалған науқастар бионикалық қол-аяғын қозғап, компьютерді тек мидың көмегімен басқарып жүр. Қаласаңыз, сіз де оиды оқитын шлемді киіп алып, үидегі электр құрылғыларын басқара аласыз. Ол үшін ми импланты керек емес. Шлем басыңыздан өтетін электр импульстарын оқиды. Асүидің жарығын жағу керек болса, шлемді киіп, бағдарламаға енгізілген бір ои сигналын (мысалы, оң қолды сілтеп қалу) елестетсеңіз – шам жанады. Мұндаи шлемді интернет-дүкеннен небәрі 400 долларға сатып алуға болады44. 2015 жылдың басында Стокгольмдегі жоғары технологиялар орталығында жүздеген қызметкердің алақанына микрочип орнатылды. Үлкендігі күріштің дәніндеи ғана осы микрочипте жеке құпия ақпарат сақталған еді. Ол ақпарат арқылы қызметкерлер қолдың қимылымен ғана есіктерді ашып, көшіру
аппараттарын іске қосатын болды. Сонан соң дәл осылаи буфетте ақша төлеуге мүмкіндік алды. Жаңалық авторларының бірі Юханнес Шёблад: «Біз техникамен үнемі баиланыстамыз. Қазіргі кезде барлық жерде пин-код пен құпиясөз керек, бұл – жалықтыратын тірлік. Қолдың ұшын тигізе салған оңаи емес пе?» – деді45. Бірақ киборг-инженерияның өзі салыстырмалы түрде соншалықты алға жылжу емес, өиткені команда беру, бақылау функциясын миға қалдырады. Бұдан да батыл өзге әдіс органиканы мүлдем жоққа шығарады, оның мақсаты – толықтаи беиорганикалық тірлік иесін жасап шығару. Неирон желілерінің орнына ақылды «бағдарлама» келеді, ол органикалық химияның құрсауында қалмаиды, қаита виртуал және виртуал емес кеңістіктің екеуінде де еркін жүре алатын болады. Төрт миллиард жыл боиы органикалық құрылымдар патшалығын кезген өмір енді беиорганикалық әлемге босап шығып, біз түсімізде көрмеген қорқынышты формаларға енеді. Аитпақшы, біз көретін түс те органикалық химияның өнімі еді ғои. Органика патшалығынан тысқарыға шығудың арқасында тіршіліктің жерден өзге ғаламшарға ауысуына мүмкіндік туады. Төрт миллиард жыл боиы тіршілік біздің титімдеи ғаламшарымызға жабысып тұрды. Өиткені табиғи сұрыптау бүкіл органикалық табиғатты ұшып жүрген осы бір домалақ тастағы аирықша жағдаиларға тәуелді етіп қоиды. Тіпті ең төзімді бактерияның өзі Марста өмір сүре алмаиды. Ал беиорганикалық жасанды интеллект болса, керісінше, басқа ғаламшарларда оп- оңаи тіршілік жасап кете алады. Органикалық тіршілік иелерінің орнына беиорганикалық тіршілік иелерінің келуі келешек галактикалық империяның негізін салуы мүмкін. Оны капитан
Кирк емес, Mr.Data сияқтылар басқаратын болады. Бұл жолдың қаида апарарын, Құдаи тәріздес ұрпақтарымыздың сырт келбеті қандаи боларын білмеиміз. Болашақты болжау оңаи іс емес, ал революциялық биотехнология бұл шаруаны одан әрі қиындата түседі. Көлік, коммуникация және энергетика салаларындағы технологиялық жаңарудың салдарын болжау қаншалықты қиын дегенмен, адамды жетілдіру технологиялары бізге мүлдем бөлек қиындықтар әкеледі. Бұл технологиялар адамның миы мен қалауларын трансформациялау үшін паидаланылуы мүмкін. Сондықтан миы мен қалаулары қарапаиым қазіргі адамдар ол технологиялардың әлеуетін бағамдаитын жағдаида емес. Мыңдаған жыл боиы тарихта орасан зор технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістер болды. Тек бір нәрсе – адам баласы ғана өзгермеи келді. Біздің құралдар мен институттар Библия заманындағыдан мүлдем бөлек. Бірақ адам миының терең құрылымдары бұрынғы күиінде тұр. Дәл осы себепті біз Библия беттерінен, Конфуции шығармаларынан, Софокл мен Еврипид трагедияларынан өзімізді көреміз. Бұл шедеврлер адам қолынан шыққандықтан, олардың біз туралы аитқанын сеземіз. Модерндік театрлық қоиылымдарда Эдип, Гамлет пен Отелло джинсы мен футболка киіп жүруі және Facebook-те аккаунты болуы мүмкін. Бірақ олардың азабы сол пьесаның түпнұсқасындағы азап болмақ. Бірақ технологиялардың арқасында адам миын қаита құруға мүмкіндік туа салысымен, Homo Sapiens жоғалады: адамзат тарихы аяқталып, ақылға сыимаитын мүлдем жаңа процесс басталады. Көптеген ғалым 2100 немесе 2200 жылдары әлемнің қандаи болатынын болжауға тырысады. Бұл – бекер нәрсе. Сенуге
тұрарлық деитін кез келген болжам адам миының қаита жаңғыруын ескеруге тиіс. Ол мүмкін емес. «Санасы біздікіндеи адамдар биотехнологияны қалаи қолданар еді?» деген сұраққа керемет ақылды жауаптар беруге болады. Бірақ «Санасы басқаша тіршілік иелері биотехнологияны қалаи қолданады?» деген сұраққа жауап беру мүмкін емес. Бір нәрсе анық: бізге ұқсас адамдар өз интеллектісін жаңартумен аиналыса береді, ал одан кеиін бізге, яғни интеллектімізге не болатынын болжаи алмаимыз. Алаида детальдары бұлдыр болса да, тарихтың негізгі бағдары анық баиқалады. Адамзаттың ХХІ ғасырдағы үшінші ғаламат жобасы Құдаиша жарата алу және Құдаиша талқандаи білу құдіретін иелену, яғни Homo Sapiens-тен Homo Deus-ке трансформациялану болмақ. Сөз жоқ, бұл жобаға алдыңғы екі жоба да кіреді. Біз ең әуелі кәріліктен, өлімнен және азаптан құтылу үшін денеміз бен миымызды қаита құрғымыз келеді. Ал оған қолымыз жеткен соң ол қасиеттерді қандаи мақсатқа жұмсаитынымызды кім біледі? Ендеше біз жаңа күн тәртібін көптеген тармағы бар бір жобаға аиналдыра аламыз. Ол Құдаиға аиналу болмақ. Мұның ғылымға қатысы жоқ, мүлдем оғаш мәлімдеме деитіндер болуы мүмкін. Оған себеп – адамдар «құдаилық» сөзінің мағынасын көбіне қате түсінеді. Құдайлық түсініксіз метафизикалық қасиет және бар құдіретке ие болу деген де сөз емес. Адамның құдаиға аиналуы дегенде, Библияда аитылатын көктегі Құдаиды емес, Олимп құдаиларын және индуизмдегі дэваларды оилаңыз. Біздің ұрпақтарымыздың да боиында Зевс пен Индраның осал тұстары, қаиран қаларлық қасиеттері және шектеулі мүмкіндіктері болады. Бірақ олардың сүю, жек көру,
жарату және талқандау құдіреті біздікінен әлдеқаида жоғары болмақ. Тарихтағы белгілі құдаилардың барлығы дерлік бәрін жасаитын құдіретке емес, тіршілік иелерін жарату, келбетін өзгерту, табиғат құбылыстарына билік ету, оиды оқу және қашықтан сөилесу, аса зор жылдамдықпен қозғалу және өлмеи, мәңгі жасау сияқты арнаиы супермүмкіндіктерге ие еді. Адамдар осы қасиеттердің бірінен соң бірін иеленіп келеді. Көне замандардан құдаиларға тән болып келген дәстүрлер тұрмысымызға еніп кеткені сонша – біз олар туралы оиланбаимыз да. Ежелгі грек, индуизм немесе Африка құдаиларынан гөрі бүгінгі адамға алыс жерлерге жылдам жетіп, қашықтағылармен сөилесу оңаи. Мысалы, Нигериядағы ибо таипасының жұрты Жаратушы- Құдаи Чуку әуелде адамдардарға мәңгі өлмеуді сыилағысы келген деп сенеді. Чуку біреу-міреу өлсе, өлікті күлмен жауып қою керек, сонда ол тіріледі деген. Осыны адамдарға жеткізуді итке бұиырған. Өкінішке қараи, ит шаршап, жолда қалады. Сосын Құдаи адамдарға қоиды жұмсаиды. Бірақ діңкелеп, біраз есеңгіреп келген ол өлікті топырақпен жабу керек деп маңыраиды. Сөитіп, өлімді ақиқат етті. Содан бері біз өлетін болдық. Сол мимырт жүрісті ит пен есуас қоидың орнында Чукудың Twitter-де аккаунты болғанда ғои! Таңғалатын нәрсе – ежелгі аграрлық қоғамдардағы діндерде метафизикалық мәселелер мен о дүниедегі өмір туралы аса көп мәлімет кездеспеиді. Олар азық-түліктің мол болуына ғана көңіл бөлген тәрізді. Мысалы, Көне Өсиеттегі Құдаи адамдарға өлгеннен кеиінгі жақсылық пен азап туралы ешқандаи ескерту аитпаиды. Керісінше, ол Израиль жұртына «Егер менің өсиеттеріме құлақ салсаңдар… елдеріңе уақытында жауын жаудырамын… сонда
сенде нан да, шарап та, зәитүн маиы да болады. Жаиылымыңдағы малыңа шөп те беремін; сонда сендер ризығын көріп, тоиынасыңдар. Абаи болыңдар, жүректерің азғыруға ермесін, өздерің бои алдырмаңдар, басқа құдаиларға сеніп, оларға табынып жүрмеңдер. Онда Құдаи қаһарын сендерге төгеді, аспанды бүркеп, жауын жаудырмаиды. Сонда жер жемісін бермеиді, ал сендер көп ұзамаи Жаратушы өздеріңе табыстаған елден құрып, жоқ боласыңдар» (Мұсаның бесінші кітабы, 11: 13– 17) деген сөзін арнаған. Бүгінгі ғалымдар Көне Өсиеттегі Құдаидан асып кетті. Жасанды тыңаитқыштар, өнеркәсіптік инсектицидтер және гендік модификацияланған астықтың арқасында біз қазір ауылшаруашылық өнімдеріне кенеліп отырмыз. Мұндаи көл-көсір азықты ежелгі диқандар түгілі, құдаилардың өздері түсінде көрмеген. Жері құрғақ Израильдің өзі қазір Құдаи қаһарына мінеді де, «аспанды бүркеп, жауын жаудырмаи тастаиды» деп қорқып отырмаиды. Өиткені жақында Жерорта теңізі жағалауында орасан зор су тұшытатын зауыт салынды, енді израильдіктер қажет ауыз судың бәрін теңіз суынан алатын болды. Бүгінге деиін біз құдаилармен жарысып, бірінен бірі өткен озық техника және еңбек құралдарын жасап келдік. Жақын болашақта, бәлкім, техникалық жабдықтау жөнінен ғана емес, дене және ақыл мүмкіндіктері боиынша да құдаилардан озып кететін суперадамдар жасалады. Ондаи күн туып жатса, қазір киберкеңістікті қалыпты нәрсе деп қабылдаитынымыз сияқты, Құдаи болу да жаи нәрсе болып қалады. Адамзаттың Құдаи болуға ұмтылатынына күмән келтірмесек те болады, өиткені ондаи жетілуді армандауға толып жатқан себеп
пен оған жетуге көп мүмкіндік бар. Тіпті зор үміт күттірген жоба тығырыққа тірелсе де, балама жолдар міндетті түрде табылады. Мысалы, біз адам геномы үлкен өзгерістер жасауға келмеитін күрделі нәрсе екенін түсіндік деиік. Бірақ бұл неирокомпьютерлік интерфеистерді, нанороботтарды немесе жасанды интеллектіні жетілдіруге кедергі жасаи алмаиды. Әзірше қорқудың жөні жоқ. Sapiens-тің жаңаруы Голливуд киноларындағы ақырзаман сияқты емес, біртіндеп жүретін тарихи процесс болады. Homo Sapiens көтеріліске шыққан роботтардың шабуылынан жоиылмаиды. Ол, сірә, роботтар және компьютерлермен бірігу арқылы бірте-бірте өзгереді. Ақырында, ұрпақтарымыз оиланып, өздерінің Библияда аитылған, Ұлы Қытаи қорғанын салған және Чарли Чаплиннің фильмдеріне күлген тіршілік иелеріне мүлдем ұқсамаитынын түсінеді. Бұл бір күнде немесе бір жылда бола қоимаиды. Ол көптеген қарапаиым іс-әрекет арқылы қазір де жүріп жатыр. Миллиондаған адам күн саиын өмірлерінің бір бөлігін смартфондарының билігіне береді немесе жақында жасалған, бұрынғыдан да тиімді антидепрессант ішеді. Денсаулыққа, бақыт пен билікке ұмтылған адамдар алдымен бір қасиетін, сосын келесісін, одан соң үшіншісін өзгертіп, ең соңында адам болудан қалады. Тоқтататын біреу бар ма? Болжам жасаи береміз ғои, бірақ мұндаи перспектива көп адамның зәресін ұшыруы мүмкін. Олар смартфондарының дегеніне көне береді немесе дәрігер жазып берген дәрілерді қуана ішеді. Бірақ әбден жетілген суперадам туралы сөз болса, «Құдаи сақтасын, мен ол күнге жетпеитін шығармын» деитіні анық. Бір таныс әиел өткенді аңсаумен күнін өткізіп, аиналасында не болып
жатқанын түсінбеитін, ешкімге керегі жоқ қауқарсыз кемпір болып қалудан қатты қорқатынын аитқан еді. Біз суперадам жаилы естігенде биологиялық түр ретінде бәріміз де бұдан қорқамыз. Ондаи әлемде тұлға ретінде өзіміз де, армандарымыз да, тіпті үреиіміз да бекер болып қаларын, сөитіп, мүлдем дәрменсіз күиге түсерімізді сеземіз. Діндар үнді, крикет оиыншысы немесе атаққұмар лесбиянка журналист болсын, меилі кім болсаңыз да, жетілген әлемде сіз өзіңізді Уолл-Стритте жүрген неандертал аңшы сияқты сезінетін боласыз. Ол әлемде мүлдем бөтен боласыз. Неандерталдықтар NASDAQ-тан қорықпаитын, өиткені оған деиін мыңдаған жылдық мықты қорғаныс бар еді. Ал біздің әлем аиналасы бірнеше онжылдық ішінде күиреп қалуы ықтимал. Өзіңді мүлде бөтен сезінетін өмірден өлім құтқарады деп тағы үміттене алмаисыз. 2100 жылға қараи көшелерде кішкентаи құдаилар өріп жүрмес дегеннің өзінде де, ол кезде тіршілік танымастаи өзгереді. Ғылыми-технологиялық даму көп жұрт оилағаннан әлдеқаида жылдам жүріп жатыр. Эксперттермен сөилессеңіз, олардың көбі генетикалық модификацияланған балалар немесе адамдардаи саналы жасанды интеллект паида болатын күн әлі алыс екенін аитады. Бірақ уақыт дегенде сарапшылардың көбі академиялық гранттар немесе университеттегі жұмыс мерзімдері деңгеиінде ғана оилаиды. Ендеше «өте алыс» деген жиырма жылға, ал «ешқашан» елу жылға тең болуы мүмкін. Интернетпен алғаш танысқан күнім әлі есімде. 1993 жыл болатын, жоғары сыныпта оқитынмын. Бірнеше бала Идо атты досымыздың (қазір ол информатика маманы) үиіне бардық. Пинг- понг оинаимыз дегенбіз. Сол кездің өзінде компьютерге басымен
кіріп кеткен Идо оиынның алдында бізге жаңа шыққан бір керемет дүниені көрсетпек болды. Ол телефонның сымын компьютерге қосты да, бір пернелерді басты. Бір минуттаи шиқылдаған, шырылдаған және гуілдеген дыбыстар шығып, содан соң тыныштық орнады. Идоның керемет көрсетем деген оиы іске аспады. Біз күңкілдеи бастағанбыз. Идо әлі күибеңдеп қоимаи жатыр. Бір кезде ол масаттана аиғаилап жіберді де, бұл компьютерді жақын университеттің бас компьютеріне жалғағанын аитты. «Ол компьютерде не бар еді?» – дедік біз. «Әзірге ештеңе жоқ, – деп моиындады Идо. – Бірақ оған әртүрлі нәрселерді орнатуға болады». «Әртүрлі болғандаи қандаи?» – деп сұрадық. «Білмеимін, – деді ол. – Әртүрлі». Қызығуға тұрарлық ештеңе жоқ екен. Біз пинг-понг оинауға кірістік. Сосын бірнеше апта боиы Идоны күлкілі идеясы үшін мазақ қылып жүрдік. Одан бері ширек ғасырға жуық уақыт өтті (кітап жазылып жатқан уақытқа деиін). Алдағы ширек ғасырда қандаи өзгеріс боларын кім біледі? Міне, осы себепті мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдаи сияқты құдіретті болу жолындағы ізденістерге баиыппен қараитын жеке тұлға, ұиымдар, корпорациялар мен өкіметтер саны көбеиіп келеді. Орташа өмір жасының күрт ұзарып кеткені қазірдің өзінде сақтандыру компанияларына, зеинетақы қорларына, денсаулық сақтау жүиесіне және қаржы министрліктеріне проблема болып отыр. Адамдар күткендегіден әлдеқаида ұзақ өмір сүріп, нәтижесінде олардың зеинетақысына және медициналық қызмет көрсетуге ақша жетіспеуде. Қазір жетпістегілердің көбі өзін қырықтағыдаи сезінетіндіктен, мамандар зеинетақы жасын көтеріп, тұтас еңбек нарығын қаита құрылымдау керегін аитып жүр.
Белгісіз әлемге қалаи жылдам кетіп бара жатқанын, одан тіпті өлім де құтқармаитынын түсінген кезде адамдар әлдекім тежегішті басып, жүрісті тежеиді деп үміттене бастаитын болады. Бірақ тежегішті басуға мүмкіндік бермеитін бірнеше себеп бар. Біріншіден, тежегіштің қаи жерде екенін ешкім білмеиді. Жасанды интеллект, нанотехнологиялар, Big Data немесе генетика сияқты жекелеген салада жұмыс істеитін мамандар бар. Бірақ бәрін білетін маман жоқ. Ешкім барлық детальдарды біріктіріп, картинаны толық көре алмаиды. Түрлі сала бір-бірімен күрделі баиланыста болғандықтан, жасанды интеллект саласындағы жетістік нанотехнологияларға немесе нанотехнологияның жанды интеллектіге қалаи ықпал ететінін түсіндіруге ең ақылдылардың өзі қабілетсіз. Ешкім соңғы жаңалықтардың бәрінен хабардар болып қорытынды жасаи алмаиды, ешкім жүз жылдан кеиін ғаламдық экономиканың қандаи боларын болжап білмеиді, қаида жүиткіп бара жатқанымызды түсіну – ешкімге берілмеген қасиет. Жүиені ешкім толық түсінбеитіндіктен, ешкім оны тоқтата да алмаиды. Екіншіден, біз әупірімдеп тежегішті баса алсақ, онда экономика, онымен бірге қоғам да күиреиді. Дұрыс жұмыс істеуі үшін қазіргі экономика ұдаиы өсіп отыруға тиіс (мұны кеиінгі тарауда түсіндіреміз). Өсім тоқтаса, экономика тепе-теңдікте тұра бермеи, бөлшектеніп кетеді. Осы себепті капитализм бізді мәңгі өлмеуге, рақатқа бөленуге және Құдаи болуға итермелеиді. Қанша аяқкиім ауыстырып, қанша машина мінеміз және қанша мәрте тау шаңғысы курорттарына барамыз – бәрінің де шегі бар. Кідіріссіз өсуге негізделген экономика мәңгі өлмеуді, рақатқа бөленуді және Құдаи болуды іздеу сияқты шегі жоқ жобаларды қажет етеді. Жараиды, бізге шегі жоқ жобалар керек екен, онда неге
суперадамға тән қасиеттер жолындағы қорқынышты ізденісті қоя тұрып, рақатқа бөлену мен мәңгі өлмеуді қолға алмасқа? Ол мүмкін емес, өиткені екеуін бір-бірінен ажыратуға келмеиді. Аяғы сал болып қалған адамды жүргізетін бионикалық аяқ жасасаңыз, ол технологияны дені сау адамдарды жетілдіруде қолдана аласыз. Қарттарға есте сақтау қабілетін жоғалтпауға мүмкіндік беретін амал тапсаңыз, оны неге жастардың жадын жақсарту үшін қолданбасқа? Емдеу мен жаңарудың арасын бөліп тұрған шекара жоқ. Медицина өз қызметін қашанда адамдардың денсаулығын қалпына келтіруден бастаиды, бірақ сол құралдар мен ноу-хау арқасында үиреншікті деңгеиден жоғары нәтижеге де қол жеткізуге болады. Виагра қан қысымын реттеитін дәрі ретінде дүниеге келген. P izer компаниясы қызметкерлерінің таңданысы мен қуанышын тудырып, виагра белсіздікті де емдеитін болып шықты. Оның арқасында миллиондаған еркек кәдімгі сексуалдық мүмкіндіктерін қалпына келтірді. Бірақ ізінше бұл таблеткаларды белсіздік проблемасы жоқ еркектер де бұрын болмаған сексуалдық қуатты иелену үшін қабылдаи бастады46. Бұл дәрілердің бір түріне ғана қатысты нәрсе емес, медицинаның барлық саласында жағдаи осындаи. Қазіргі пластикалық хирургия Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гарольд Гиллистің Англияның Ольдершот әскери госпиталінде адамдардың бет жарақатын емдеуді қолға алуынан басталды47. Соғыстан кеиін хирургтер дәл осы әдісті қолданып, сап-сау, бірақ сүикімсіз мұрыннан қыр мұрын жасауға болатынын көрді. Пластикалық хирургия әлі де аурулар мен жаралыларға көмектесіп отырғанмен, ол дені сау адамдарды жаңартуға көбірек көңіл бөле бастады. Қазіргі кезде жеке клиникада жұмыс істеитін
пластикалық хирургтер миллиондап ақша табады. Олардың міндеті аиқын – дені сау адамдарды жетілдіріп, қалталылардың ажарын кіргізу48. Бұл тәжірибе енді гендік инженерияға келуі мүмкін. Әлдебір миллиардер осы әдіспен суперақылды бала жасап алу ниеті барын мәлімдесе, қандаи аиғаи-шу шығарын елестетіңізші? Бірақ олаи болмаиды. Біз ақырындап жылжимыз. Алдымен аса қатерлі генетикалық аурулары балаларына берілу ықтималдығы жоғары екенін түсінген ата-аналар экстракорпоральды ұрықтандыру жасатады. Сонан соң ұрықтанған аналық жасушаның ДНҚ-сы тексеріледі. Бәрі дұрыс болса, ол өседі. Ал егер ДНҚ-тест қатерлі мутацияны баиқаса – эмбрионды жояды. Бірақ жалғыз аналық жасушаны ұрықтандырып қоиып, маңдаиға жазғанды күтіп отыра беру не үшін керек? Бірнешеуін қатар ұрықтандырған дұрыс, үш-төртеуі жарамсыз болғанмен, әитеуір біреуі жақсы болып шығады ғои. Ал экстракорпоральды ұрықтандыру оңаилап, арзандаған кезде оны қолдану аясы да кеңеиеді. Мутациялардың жүрмеитін жері жоқ. Барлық адамдардың ДНҚ-сында біраз қатерлі мутациялар мен аллельдер болады. Жыныстық жолмен көбею – лотерея сияқты нәрсе (бұл жөнінде ел аузында жүрген, бірақ, сірә, оидан шығарылған анекдот бар. 1923 жылы Нобель сыилығының лауреаты Анатоль Франс пен сұлу да талантты биші Аиседора кездесіпті. Әңгіме тақырыбы сол кезде танымал евгеника іліміне ауысқан кезде Аиседора: «Оилап көріңізші, мендеи сұлу, сіздеи ақылды бала болса!» – депті. Сонда Франс: «Ал сіз мендеи сұлу, сіздеи ақылды баланы елестетіп көріңіз!» – деген екен). Ендеше неге бұл лотореяны өзімізге ыңғаилап алмасқа? Бірнеше аналық жасушаны қатар ұрықтандырып, ішінен комбинациясы ең
жақсысын алсақ ше? Бағаналық жасушаны зерттеу нәтижесінде адам эмбриондарын арзан әдіспен көптеп өсіруге мүмкіндік туған кезде жүздеген үміткердің арасынан өзіңіз қалаған біреуін таңдаи алатын жағдаи туады. Ол эмбриондардың бәрі табиғи, бәрі сіздің ДНҚ-мен болады және ешқандаи футуристік гендік инженерияны қажет етпеиді. Осындаи процедураны бірнеше ұрпаққа жасап көріңіз, нәтижесінде суперадамдар паида болады (немесе жан тітіркендіретін антиутопия туады). Бірақ бірнеше аналық жасушаны ұрықтандырып, оның бәрінен әлдебір қатерлі мутациялар табылса қаитеміз? Барлық эмбрионды құртуымыз керек пе? Одан да нашар гендерді алмастырған дұрыс шығар? Бұл істе шешуші рөлді митохондриалық ДНҚ атқаратын болады. Митрохондриялар – адам жасушалары ішіндегі титімдеи органелдер, жасуша солар шығарған энергияны паидаланады. Олардың жасушалық ядросындағы ДНҚ-дан мүлдем тәуелсіз өз гендері бар. Ақаулы митрохондриалық ДНҚ діңкелетіп, тіпті өлімге жетелеитін ауруларға апарады. Қазір митохондриалық генетикалық ауруларды in vitro технологиясы арқылы «үш ата-аналы бала» жасау жолымен жеңуге мүмкіндік туды. Баланың жасушалық ядросындағы ДНҚ оның өз ата-анасынан, ал митрохондриалық ДНҚ өзге адамнан алынады. 2000 жылы Мичигандағы Батыс Блумфилдте Шэрон Сааринен есімді әиел дені сау қыз (аты Алан) туды. Ядролық ДНҚ бұл қызға шешесі Шэрон мен әкесі Полдан, ал митохондриалық ядросы басқа әиелден берілді. Таза техникалық тұрғыдан алғанда, Аланның үш биологиялық ата-анасы бар. Бір жылдан соң АҚШ өкіметі қауіпсіздік және этикалық себептерге баиланысты бұл әдіске тыиым салды49. Алаида 2015 жылы 3 ақпанда Британия парламенті осындаи
әдіске және оған қатысты зерттеулерге рұқсат беретін «Үш ата- ана заңын» қабылдады50. Жасушалық ядро ДНҚ-сын ауыстыру қазіргі уақытта техникалық тұрғыда мүмкін емес әрі заңсыз. Бірақ техникалық қиындықтар шешілген кезде ақаулы митохондриялық ДНҚ-ны ауыстыруға құқық берілсе, онда ғалымдар жасушалық ядро ДНҚ-сын да ауыстыруға мүмкіндік алуы ғажап емес. Таңдау мен ауыстырудан кеиін түзеу бағытында қадам жасалуы мүмкін. Өлімге апаратын гендерді түзеуге жол ашылса, кодты қаита жазып, қатерлі мутант генді қатерсізге аиналдыруға мүмкіндік туады. Онда бөтен ДНҚ-ны енгізіп әуреге түсудің қажеті не? Одан соң сол тетік арқылы өмірге қатер төндіретін гендерді ғана емес, аутизм және семіздік сияқты аса қауіпті емес ауруларға жауапты гендерді де түзеи бастаимыз. Баласының мұндаи аурулармен ауырғанын кім қаласын? Қараңыз, ДНҚ-тест нәтижесінде іштегі балаңыз ақылды, әдемі әрі меиірімді болатыны, бірақ ылғи күизелістен зардап шегетіні анықталды деиік. Сынауықта жылдам әрі ауыртпаитын өзгеріс жасау арқылы оны жылдарға созылатын азаптан құтқарғыңыз келмес пе еді? Ақыры осы жерге жеттік екен, неге баланы демеп жібермеске? Денсаулығы мықты адамдардың өзі өмірде қиындықтарға кезігеді. Олаи болса, баланы нормадан жоғары иммундық жүие, аирықша мықты жады немесе көңілді мінезбен қамтып жіберсек несі жаман. Сіз балаңызды бұлаи жетілдіруді қаламауыңыз мүмкін. Бірақ көршілеріңіз жетілдіріп жатса ше? Балаңыздың олардан кем болғанын қалаисыз ба? Өкімет азаматтардың балаларды мұндаи жолмен жетілдіруге тыиым салғанның өзінде, солтүстік кореялықтардың осылаи істемесіне – данышпандарды, басқалардан әлдеқаида мықты спортшылар мен суретшілерді
тудырмасына кім кепіл? Сөитіп, біз осылаи ақырындап балалардың генетикалық каталогіне апаратын жолға түсеміз. Жаңаруды ақтаитын бірінші нәрсе – емдеу. Гендік инженерия саласында немесе неирокомпьютерлік интерфеистер боиынша эксперимент жасап жүрген екі-үш профессорды тауып, не үшін мұнымен аиналысып жүрсіздер деп сұраңызшы. Ауруларды емдеу үшін демесіне күмән аз. «Гендік инженерия арқылы біз ракты жеңе аламыз. Ал миды компьютерге жалғаудың сәті түссе, шизофренияны да жазатын едік», – деиді олар. Солаиы солаи шығар. Бірақ іс онымен тынбаиын деп тұр. Миды компьютерге жалғауды үиренсек, біз ол технологияны шизофренияны емдеу үшін ғана паидаланамыз ба? Осыған шын сенетін адам (меилі, ол ми мен компьютерді жақсы біле берсін), сірә, адам психикасы мен адамзат қоғамын дұрыс білмеиді. Керемет нәтижеге қол жеткізген кезде сіз ол әдісті тек емдеуде қолданып, жаңару үшін паидалануға толық тыиым сала алмаисыз. Кеиде адамдар жаңа технологияларды қолдануға шектеу қоиып жатады. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кеиін евгеника ілімі қуғынға ұшыраған болатын. Адамның дене мүшелерін саудалау әлі бар болуы мүмкін және ол – өте табысты бизнес. Бірақ заңсыз. Ендеше тапсырыспен бала жасату да бір күні технологиялық тұрғыдан мүмкін, бірақ заңсыз іс ретінде паида болуы ықтимал ғои. Біз әскери салада Чехов заңының құрсауынан босап шықтық. Енді одан өзге салаларда да босауымызға мүмкіндік бар. Сахнада көрінгенімен, атылмаитын қарулар бар. Демек, адамзаттың күн тәртібіндегі жаңа мәселе туралы оилануы аса маңызды. Бізде жаңа технологияларды қолдану боиынша таңдау бар. Сондықтан да жағдаиды жақсы түсініп, шешім қабылдауымыз керек. Әитпесе
мәселені жағдаяттар шешуі мүмкін. Білім парадоксі ХХІ ғасырда адамзат, сірә, мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдаи болуға ұмтылатын болады деген паиым көп адамның ашу- ызасын тудыруы мүмкін. Сондықтан біраз түсіндірме бере кеткенді жөн көрдім. Біріншіден, бұл іспен ХХІ ғасырда адамдардың көпшілігі аиналысады демеиміз. Онымен адамзат ұжым болып аиналысады. Көпшіліктің ол жобаларға мүлдем қатысы болмауы мүмкін. Аштық, індет және соғыстың беті қаитты дегенмен, дамушы елдердегі кедеи аимақтарда миллиардтаған адам кедеилікпен, аурулармен және зорлықпен күресіп жатыр. Элиталар болса мәңгі жастық пен құдаилық құдіретке жақын тұр. Бұл шектен шыққан әділетсіздік сияқты. «Әлемде аштан өлуге аиналған бір бала немесе есірткі соғысынан өлген бір адам болса да, адамзат осы проблемаларды шешуге күш салуға тиіс. Соңғы семсер қынына салынған кезде ғана ақыл-оиымызды келесі үлкен іске арнауымыз керек» деитіндер болуы мүмкін. Бірақ тарих оған көнбеиді. Сараида тұратындар мен лашықта тіршілік ететіндердің алдындағы мәселелер қашанда екі бөлек болған. Ендеше, ХХІ ғасырда жағдаидың өзгере қоюы екіталаи. Екіншіден, бұл – саяси манифест емес, тарихи болжам. Кедеилердің тағдырына бас қатырмаи-ақ қоялық делік. Сонда міндетті түрде мәңгі өлмеуге, рақатқа бөленуге және Құдаи болуға ұмтылуымыз керек пе? Бұл жобаларды таңдау үлкен қателік болып шығуы да мүмкін. Бірақ тарихта орын алған үлкен қателіктер көп. Өткен табыстарымыз бен қазіргі құндылықтарымызға қарасақ, бұл біздің түбімізге жетсе де,
таусылмаитын рақатқа бөленуге, Құдаи болуға және мәңгі өлмеуге ұмтыларымыз анық. Үшіншіден, ұмтылудың соңы әрқашан сәтті бола бермеиді. Тарихты көбіне зораитылған үміттер жасаиды. ХХ ғасырдағы Ресеидің тарихын анықтаған нәрсе коммунистердің теңсіздікті жоюға ұмтылысы болды. Бірақ ол сәтсіз аяқталды. Менің паиымдарым ХХІ ғасырда адамзаттың неге жететіні емес, неге жетуге ұмтылатыны турасында болмақ. Біздің экономикалық, қоғамдық және саяси өмірімізді өлімді жеңуге деген талпыныс анықтаитын болады. Бірақ бұдан 2100 жылы мәңгі өлмеуге жетеміз деген қорытынды шықпаиды. Төртіншіден, ең бастысы, менің болжамым – сәуегеилік емес, алдымызда тұрған таңдауларды талқылау. Бұл талқылаудан кеиін біз басқа жолды таңдасақ, сөитіп, болжам теріске шықса, тіпті жақсы. Ештеңені өзгерте алмаса, болжамдардан не паида? Ауа раиы сияқты кеибір күрделі жүиелер біздің болжамдарға тәуелді емес. Ал адамзаттың даму процесіне болжам әсер етеді. Расында, болжамдарымыз неғұрлым жақсы болса, олардың әсері соғұрлым күшті болмақ. Осыдан шығатын парадокс бар: мәліметтерді көп жинап, есептеу уақытымызды арттырған саиын күтпеген әрі шатастыратын оқиғаларға тап болуымыз да жиілеиді. Мәселен, бір күні мамандар экономиканың негізгі заңдарының құпиясын ашты деиік. Олаи болса, банкирлер, өкіметтер, инвесторлар және тұтынушылар жаңа біліммен қаруланып алып, жаңаша іс-әрекеттер жасап, бәсекелестерден үстем түсер еді. Жаңаша қимылдауға мүмкіндік ашпаса, жаңа білімнің не қажеті бар? Өкінішке қараи, адамдардың іс-әрекеті өзгерген кезде экономикалық теориялар да ескіреді. Бұрын экономика қалаи жұмыс істегенін білгенімізбен, оның қазір қалаи
дамып жатқанын түсінбеиміз. Сондықтан оның болашағы туралы сөз қозғаудың өзі артық. Бұл гипотезалық мысал емес. ХІХ ғасырдың ортасында Карл Маркс экономикада керемет көрегендік жасады. Соған сүиене отырып, ол пролетариат пен капиталистер арасында қақтығыс күшеиеді, нәтижесінде пролетариат жеңіп, капиталистік жүие күиреиді деп болжады. Революция Британия, Франция және АҚШ сияқты индустриялық революция жетекшілік еткен елдерде басталады, одан соң бүкіл әлемді шарпиды деп сенді. Ол капиталистердің де оқи алатынын ескермеді. Бастапқыда Маркстің еңбектеріне оның азғантаи шәкірттері ғана баиыппен қарап оқыды. Бірақ социализмге шақырушылардың соңынан ерушілер көбеиіп жатқанын көрген капиталистер алаңдаи бастады. Олар да «Капиталды» ашты, сөитіп, Маркстің анализінен көп нәрсе үиренді. ХХ ғасырда бәрі – көшедегі баладан президентке деиін Маркстің экономика мен тарихи көзқарасын қабылдады. Тіпті маркстік болжамдарға өршелене қарсы шыққан тоңмоиын капиталистердің өзі Маркстің болжамдарын қолданды. АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы 1960 жылдары Вьетнам мен Чилидегі ахуалға анализ жасау кезінде қоғамдарды таптарға бөлді. Никсон мен Тэтчер глобусқа қарап отырып, өндірістің маңызды құралдарын кім бақылап отырғаны туралы оиланды. 1989–1991 жылдар аралығында Джордж Буш Жауыздық империясының іргесі сөгіліп құлап жатқанын бақылаумен болды, сосын 1992 жылғы саилауда Билл Клинтоннан жеңіліп қалды. Клинтонның жеңіске жеткен кампаниясы «Экономика ғои, топас» деген слоганмен жүрді. Маркстің өзі бұдан артық аита алмас еді. Маркстің диагнозына моиынсұнған соң адамдардың іс-әрекеті өзгерді. Британия мен Франция сияқты елдерде капиталистер
жұмысшылардың жағдаиын жақсартуға, олардың ұлттық санасын көтеріп, саяси жүиеге интеграциялауға тырысты. Нәтижесінде жұмысшылар саилауға қатысып, леибористер, яғни жұмысшы партиялары бір елден соң бір елде күшеие бастады. Енді капиталистер де алаңсыз ұиықтаитын болды. Сөитіп, Маркстің болжамы теріске шықты. Британия, Франция және АҚШ сияқты жетекші индустриялық елдерде коммунистік революциялар болмады, ал пролетариат гегемониясы деитін нәрсе тарих күресініне тасталды. Тарихи білім парадоксі дегеніміз осы. Іс-әрекетті өзгертпеитін білімнің паидасы жоқ. Бірақ іс-әрекетті өзгертетін білімнің маңызы тез жоғалады. Ақпарат неғұрлым көп болса және тарихты неғұрлым жақсы түсінсек, тарихтың бағыты соғұрлым тез өзгереді және біздің білім соғұрлым тез ескіреді. Бірнеше ғасыр бұрын ғана адамзат білімінің толығуы баяу жүретін. Соған баиланысты саясат пен экономика да баяу өзгеретін. Қазір біздегі білім бас аиналдыратын жылдамдықпен артуда. Теориялық тұрғыдан алғанда, біз әлемді бұрынғыдан әлдеқаида жақсы түсінуіміз керек еді. Бірақ бәрі керісінше болып жатыр. Біз ашқан жаңа білім экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерді жеделдетті. Не болып жатқанын түсіну үшін білім жинауымызды да тездетеміз. Бұл тек бұрынғыдан жылдам және бұрынғыдан ауқымды өзгерістерге әкеледі. Нәтижесінде қазіргіні түсініп, келешекті болжаудан қалып бара жатырмыз. 1050 жылы Еуропа қандаи болатынын болжау 1016 жылы салыстырмалы түрде оңаи еді. Әлбетте династиялар құлап, бөтен халықтар басып кіруі немесе табиғи апаттар болуы мүмкін еді. аБірақ Еуропа бұрынғыша корольдер мен священниктердің басқаруында болып, халқының басым бөлігін шаруалар құраитын
аграрлы қоғам күиі қалатыны және аштық, жұқпалы аурулар мен соғыстардан зардап шеге беретіні анық болатын. Ал 2050 жылы Еуропа қандаи болатыны туралы біз қазір дөп басып ештеңе аита алмаимыз. Оның саяси жүиесі, еңбек нарығы, тіпті тұрғындарының физиологиясы қандаи болатыны да беимәлім. Газондардың қысқаша тарихы Тарих ешқандаи тұрақты заңдарға бағынбаса және оның болашақ бағытын болжау мүмкін емес болса, оны зерттеудің не қажеті бар? Көбіне ғылымның басты мақсаты келешекті болжау сияқты болып көрінеді: метеорологтар бізге ертеңгі жауын немесе аптап ыстық туралы ескертеді; валютаның құнсыздануы экономикалық дағдарысты өршіте ме, әлде тоқтата ма – экономистер осыны білуге тиіс; өкпе рагін қаисысы жақсы емдеиді – сәуле терапиясы ма, әлде химия терапиясы ма – жақсы дәрігер мұны біледі. Осы сияқты, тарихшылар да бабаларымыздың не істеп, не қоиғанын зерттеуі керек, сонда біз олардың ұлағатты істерін, маңызды шешімдерін қаиталап, қателіктерінен аулақ жүретін боламыз. Бірақ бұл тәртіпке бағынбаиды. Өиткені қазіргі жаи бұрынғыдан мүлдем бөлек. Ганнибалдың Екінші Пуник соғысында қолданған тактикасын зерттеу уақытты зая кетіру болса, оны Үшінші дүниежүзілік соғыста қолдану да миға қонбаитын нәрсе. Атты әскер шаиқасында жақсы нәтиже берген нәрсенің киберсоғысқа жараи қоюы екіталаи. Алаида ғылым тек келешекті болжаумен аиналыспаиды. Барлық салада ғалымдар көкжиекті кеңеитіп, алдымыздан жаңа әрі беимәлім мүмкіндіктерді ашуға тырысады. Бұл әсіресе тарихқа қатысты нәрсе. Тарихшылар кеиде сәуегеилік жасауға тырысады
(мұнысы көбіне сәтсіз болып жатады), дегенмен олардың негізгі міндеті – біз көп қарастырмаитын мүмкіндіктер туралы хабар беру. Олар өткенді біздің сол жолмен жүруіміз үшін емес, ол жолдан шығуымыз үшін зерттеиді. Барлық адам белгілі бір нормалар мен құндылықтарға бағынған және аирықша экономикалық һәм саяси жүие басқаратын нақты тарихи шынаиылық аясында дүниеге келдік. Біз ол шынаиылықты табиғи, өзгермеитін, басқаша болуы мүмкін емес қалыпты нәрсе ретінде қабылдап үиренгенбіз. Әлемнің кездеисоқ оқиғалар тізбегінен тұратынын, ал тарихты технологиялар, саясат және қоғам ғана жасамағанын, оны жасауға біздің оиымыз, қорқыныштарымыз бен армандарымыз да қатысқанын ұмытып кетеміз. Бабаларымыз жатқан беиіттерден созылған суық қол бізді желкемізден жетелеп, келешекке апаратын жолға салады. Біз ол қолды туа салып сеземіз. Сол себепті оны табиғи және ажырамас бөлігіміз деп санаимыз. Сондықтан да босанып шығып, балама мүмкіндіктер іздеуге тырысатын кезіміз сирек. Тарихты зерттеу өткеннің құрсауын әлсіретуді мақсат етеді. Ол аиналамызға мұқият қарап, бабаларымыз баиқамаған немесе бізден жасырған мүмкіндіктерді көруге көмектеседі. Бізді осы сәтке әкелген кездеисоқ оқиғалар тізбегін қарап отырып, өз оиымыз бен армандарымыздың қалаи қалыптасқанын түсінеміз. Сосын басқаша оилап, басқаны армандауға мүмкіндік аламыз. Тарихты зерттеу бізге қандаи таңдау жасау керегін аитпаиды. Десе де ол бізге көбірек таңдау жасау мүмкіндігін береді. Әлемді төңкергісі келетін қозғалыстар көбіне тарихты қаита жазудан басталады. Осылаиша олар адамдардың болашақты басқаша көруіне қозғау салады. Жұмысшыларды жаппаи ереуілге, әиелдерді өз денелерін қалауынша паидалану құқын талап етуге,
ал азшылық топтарды саяси құқықтары үшін күреске шығарғыңыз келе ме? Онда олардың тарихын басқаша баяндаудан бастаңыз. Жаңа тарих «Қазіргі ахуал табиғи да, мәңгі де емес. Бұрын жағдаи басқаша болған. Әншеиін кездеисоқ оқиғалар тізбегі ғана осынау әділетсіз әлемді тудырды. Егер ақылға сүиеніп әрекет жасаи білсек, ахуалды өзгертіп, бұдан жақсы әлем құра аламыз» деп түсіндіреді. Дәл осы себепті, марксистер капитализмнің тарихын жаңаша баяндаиды, феминистер патриархалдық қоғамдардың құрылымын зерттеиді, ал афроамерикалықтар құл саудасының сұмдықтарын еске алады. Олар өткенді мәңгі есте қалдырғысы келмеиді, оның құрсауынан босап шығуды оилаиды. Ұлы әлеуметтік революциялар осылаи жасалады десек, бұл шындық күнделікті өмірдің микродеңгеиіне де қатысты. Енді ғана үиленіп, өздеріне жаңа үи салып жатқан екі жас архитекторға есіктің алдына жақсы газон төсеп беріңіз деп өтінеді. Неге газон? «Өиткені газонның болғаны әдемі» деп түсіндіруі мүмкін екі жас. Неліктен олар бұлаи оилаиды? Оның өз тарихы бар. Тас дәуірінің аңшы-терімшілері үңгірдің алдына шөп екпеитін. Афинадағы Акрополь, Римдегі Капитолии, Иерусалим храмы немесе Пекиндегі Жабық қалаға келушілердің алдында ешқандаи да көгал жатпаитын. Жеке резиденциялардың кіреберіс есігінің алдына газон егу идеясы Орта ғасырлардың соңында француз және ағылшын ақсүиектерінің қамалдарында дүниеге келді. Жаңа дәуір басталған тұста бұл дәстүр тамырын тереңге жаиып, ақсүиектіктің ерекше белгісіне аиналды. Газон шабатын машина мен автоматты су сепкіштер жоқ болғандықтан, ол кезде жақсы газон ұстау үшін біраз жер мен еңбек күші қажет болды. Сөите тұра, газоннан дым паида жоқ.
Газонға мал да жая алмаисыз. Мал оны жеп, таптап жоқ қылады. Онсыз да аз жер мен алтын уақытты газонға зая қылу баиғұс шаруалардың оиына да келмес еді. Қамалға кіреберістегі теп-тегіс жасыл кілем мәртебенің ешкім қолдан жасаи алмаитын символы болатын. Өтіп бара жатқан әр адамға ол «Мен соншалық баи әрі қуаттымын. Менің жерім де, қызметкерлерім де көп. Сол себепті мен осындаи жап-жасыл таңғажаиыпты күтіп, баптаи аламын» деп аиғаилап тұрғандаи болатын. Газон неғұрлым кең әрі тегіс болса, династия соғұрлым қуатты. Бір герцогтың үиіне жолыңыз түсіп келгенде оның газоны өсіп, күтілмеи жатқанын көрсеңіз, мәртебелінің жағдаиы қиын екенін аңғарар едіңіз51. Қымбат газондардың үстінде кеиде маңызды меирамдар мен қоғамдық жиындар өткізуге рұқсат берілетін. Бірақ былаиғы уақытта оған аяқ басуға тыиым салынатын. Сансыз сараилар мен өкіметтік ғимараттарда және қоғамдық орындарда күні бүгінге деиін «Шөпті басуға болмаиды!» деген қатаң бұирық жазылған белгі тұрады. Мен бұрын оқыған Оксфорд колледжінің бүкіл ауласына жаиылған керемет газон бар еді. Бірақ жылына бір күн ғана оның үстімен жүруге және отыруға рұқсат етілетін. Басқа күндері қасиетті көгалды аяғымен басып таптаған студенттің оңбаитыны анық еді. Король сараилары мен герцог қамалдары газонды билік символына аиналдырды. Жаңа дәуірдің соңына қараи корольдер құлатылып, герцогтардың басы алынды. Бірақ жаңа президенттер мен премьер-министрлер газондарды сақтап қалды. Парламенттер, жоғарғы соттар, президент резиденциялары және басқа да қоғамдық ғимараттар билігін кеңеие түскен жасыл газондар арқылы білдіретін болды. Мұнымен бір мезгілде газондар спорт әлемін жаулады. Адамдар мыңдаған жыл боиы
түрлі алаңдарда оинады: ол жер мұз да, құм да болуы мүмкін еді. Бірақ соңғы екі жүз жылда футбол және теннис сияқты шынымен маңызды оиындар газонда оиналады. Әрине, ақша болса. Рио-де- Жанеиро фавелаларында Бразилия футболының болашақ жұлдыздары құм мен батпақ үстінде қолдан жасалған допты қуалаиды. Бірақ қаланың баи аудандарында банкирлер мен бизнесмендердің балалары бабы келіскен көгалда ғана оинаиды. Сөитіп, газон саяси билік, әлеуметтік мәртебе және материалдық игіліктің белгісіне аиналды. ХІХ ғасырда күшеие бастаған буржуазия қуана-қуана газон өсіруге кірісті. Жеке резиденцияларында мұндаи сән-салтанат орнатуға бастапқыда банкир, заңгер және өнеркәсіпшілердің ғана мүмкіндігі болды. Ал өнеркәсіптік революция арқасында орта тап өсіп, шөп шабатын машина, одан кеиін автоматты су шашу механизмі жасалған кезде миллиондаған отбасы өз үилерінің жанына жасыл кілем төсетуге мүмкіндік алды. Американың қала маңдарындағы әдемі газон енді баилық белгісінен орта тап өкілінің жаи ғана қажеттілігіне аиналды. Қала сыртындағы өмір салтына енді бір жаңа ғұрып қосылды: көп адам жексенбі күні шіркеуге барып құлшылық етіп келген соң, бар ынтасымен газон шабуды әдетке аиналдырды. Көше боилап келе жатып, көгалдың көлемі мен сапасына қарап оның иесінің дәулеті мен әлеуметтік жағдаиын дереу бағамдаи аласыз. Джонстар отбасының бір қиындыққа тап болғанын олардың үиінің алдындағы күтімсіз газоннан артық білдіретін ешнәрсе жоқ. Газон – бүгінгі АҚШ-та жүгері мен бидаидан кеиін ең көп өсірілетін өсімдік. Ал газон индустриясының (оратылған шым, тыңаитқыш, шөп шабатын машиналар, су шашқыштар, бағбандар) жылдық аиналымы миллиардтаған доллар52.
Газон тек еуропалықтарға немесе америкалықтарға тән әуестік болып қалмады. Ешқашан Луара алқабына бармағандар да АҚШ 6. Луара алқабындағы Шамбор қамалының газондары. Қамалды XVI ғасырдың басында король І Франциск салғызған болатын. Бәрі осы жерден басталды. 7. Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета АҚШ президенттерінің ресми резиденциясы – Ақ үйдің алдында. Қарсы алу салтанаты. 8. Марио Гетце футболдан өткен 2014 жылғы әлем чемпионатында Германия құрамасына жеңіс әкелген голды соғуда. «Маракана» стадионының газоны.
9. Ұсақ буржуазиялық жұмақ. президенттерінің Ақ үи алдындағы жасыл көгалда тұрып сөз сөилегенін, стадиондардағы жасыл газонда футбол оиналғанын және Симпсондарда Гомер мен Барттың газон шабу кімнің кезегі деп ұрсысып жатқанын көреді. Жер шары адамдарының бәрі газонды биліктің, ақшаның және абырои-атақтың белгісі деп біледі. Сондықтан да жасыл көгалдар жаиыла түсіп, енді мұсылман әлемінің жүрегін жаулауға тырысып жатыр. Катар астанасы Дохада салынған Ислам әлемі музеиінің екі жағына да керемет газон төселген. Ол Харун әл-Рашид тұсындағы Бағдадтан гөрі ХІV Людовик кезіндегі Версальға ұқсаиды. Жобаны даиындап, іске асырған – америкалық компания. Арабиядағы шөл дала ортасында 100 мың шаршы метрден аса жерге көгал өсіру үшін көл-көсір су керек. Доха мен Дубаидағы орта тап отбасылары да өз газондарымен мақтана алады. Ақ көилек пен қара хиджаб болмаса, Таяу Шығыс емес, Американың батыс бөлігінде жүргендеи сезінер едіңіз. Газондардың қысқаша тарихымен таныстыңыз. Енді армандаған үиіңіздің жоспарын жасасаңыз, газон керек пе, жоқ па дегенді
әбден оиланатын шығарсыз. Әрине, газон өсірсеңіз де өз еркіңізде. Бірақ Еуропа герцогтары, капиталистік магнаттар мен Симпсондардан келген мәдени жүкті ысырып тастап, жапондардың тасты бағы немесе мүлдем жаңа дүние туралы оилансаңыз да болады. Тарихты болашақты болжау үшін ғана емес, өткеннің қалдықтарын лақтырып, балама мүмкіндіктер туралы ои жүгірту үшін зерттеу маңызды. Әрине, оның өзі де толықтаи еркіндік емес, бізді өткен оқиғалар қалыптастырғаны шындық қои. Дегенмен азғантаи бостандықтың өзі бостандықтың мүлдем жоғынан әлдеқаида жақсы. Пьеса басындағы мылтық Бұл кітаптағы болжамдардың бәрі – бүгінгі күннің дилеммаларын талқылап, болашақты өзгертуге шақыру, басқа ештеңе емес. Адамзат мәңгі өлмеуге, рақатқа бөленуге және Құдаи болуға ұмтылады деген болжам үи салып жатқан адам есігінің алдына газон төсеуді қалаиды деген болжаммен бірдеи. Ықтималдық өте жоғары. Бірақ сіз мұны қалаи ашып аитасыз, сол сәтте балама шешімдер туралы оилана бастаисыз. Мәңгі өлмеу және Құдаи болу туралы армандарды жұрт тым ағат және іске аспаитын сияқты болғандығынан емес, оғаш көрінетіндіктен және олар туралы ашық аитып үиренбегендіктен жариялауға қысылады. Бірақ бұл жаиында оиланып көрсе, көп адам бос қиял емес екенін түсінеді. Технологиялық тұрғыдан ұшқары болғанмен, идеологиялық тұрғыдан бұл армандар бұрыннан бар. Homo Sapiens-тің өмірін, бақыты мен күшін қастерлеитін гуманизмнің әлемде үстемдік құрып келе жатқанына 300 жыл болды. Мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдаи болуға ұмтылу гуманистік идеалдарды тек логикалық
қорытындыларға жетелеиді. Уақыт орамал астына жасырғанды біз үстел бетіне қоиып отырмыз. Дегенмен үстел үстіне тағы бір затты қоисам деимін. Мылтық. Соңында атылу үшін пьеса басында көрінетін мылтық. Алдағы тарауларда адамзатты мадақтаушы гуманизмнің әлемді қалаи жаулағаны жаилы сөз қозғалады. Алаида гуманизмнің дамуында оның құлдырауына апаратын нәрсе бар. Адам Құдаиға аиналған кезде гуманизм өзінің ақырына жетіп қана қоимаи, сонымен бірге гуманизмнің өзіндегі ақауларды да әшкерелеиді. Ақаулы идеалдардан бастасаңыз, оның ақауларын идея іске асуға таяғанда бір-ақ түсінесіз. Мұны сіз ауруханалардың геронтология бөлімдерінен қазір де көре аласыз. Адам өмірі қасиетті деитін ымырасыз гуманистік сенімге адал болғандықтан, біз қарттардың өмірін ұзартамыз. Ұзарта келе, оларды беишара халге жеткізетініміз сондаи – «мұның несі қастерлі?» деп сұрағымыз келеді. Осындаи гуманистік идеялардың ықпалымен ХХІ ғасырда біз адамзатты өз мүмкіндіктерінің сыртына итеріп жіберуіміз ықтимал. Адамды құдаи деңгеиіне деиін жаңартатын технологиялар адамды мүлдем қажетсіз етуі ықтимал. Мәселен, қартаю мен өлу механизмдерін ұғатын дәрежедегі күшті компьютерлер, шамасы, адамды кез келген істе алмастыра алатын болады. Сондықтан ХХІ ғасырдың күн тәртібі осы ұзақ кіріспеде аитылғаннан гөрі әлдеқаида күрделі болмақ. Қазір біздің күн тәртібімізде тұрған басты мәселе – мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдаи болуға ұмтылу. Бірақ бұл мақсаттарға жақындағанда күтетін сілкіністер бізді мүлдем басқа бағытқа бұрады. Осы тарауда сипатталған болашақ өткеннің болашағы ғана, яғни соңғы 300 жыл боиы әлемде үстемдік құрған идеялар мен
үміттерге негізделген болашақ. Ал шын болашақ, яғни ХХІ ғасырдың идеялары мен армандары туғызған болашақ мүлдем бөлек болуы да мүмкін. Мұның барлығын түсіну үшін артқа шегініп, шынында, Homo Sapiens деген кім, гуманизм қалаиша әлемде үстем дінге аиналды және неліктен гуманистік арманды іске асыруға тырысу түбімізге жетуі мүмкін екенін зерттеу қажет. Бұл кітаптың негізгі арқауы осы. Кітаптың бірінші бөлімі Homo Sapiens-тің басқа жануарлармен қарым-қатынасын қарастырады. Ондағы мақсат – бізді биологиялық түр ретінде ерекшелеитін нәрсе не екенін түсіну. Кеибір оқырмандар неліктен болашақ жаилы кітапта жануарларға осынша көп көңіл бөлінеді деп таңдануы мүмкін. Меніңше, табиғат және адамзаттың болашағы туралы кез келген баиыпты талқыны міндетті түрде жануарлардан бастау керек. Ол ұмытқысы келетін шығар, бірақ Homo Sapiens-тің жануар екені аидан анық. Бірақ біз құдаи болғымыз келіп отырған кезде өзіміздің қаидан шыққанымызды еске түсірудің маңызы екі есе арта түспек. Құдаи ретіндегі келешегіміз туралы ешбір зерттеу біздің жануар ретіндегі өткенімізді және басқа жануарлармен баиланысымызды ескерусіз қалдыра алмаиды. Өиткені адам мен жануарлардың қарым-қатынасы – болашақтағы суперадам мен адам арасындағы қарым-қатынастың ең жақсы үлгісі. Суперақылды киборгтардың ет пен сүиектен жаралған қарапаиым адамдарға қалаи қараитынын білгіңіз келе ме? Онда адамдардың өздерінен ақылы аздау жануарларға деген көзқарасын зерттеңіз. Бұл, әрине, ең тамаша аналогия емес. Бірақ ол – көз алдымызда тұрған архетип. Әшеиін долбарлағанша, осыған сүиенгеніміз дұрыс болмақ.
Бірінші бөлімде аитылған қорытындыларға сүиене отырып, екінші бөлім соңғы мыңжылдықта Homo Sapiens жасаған біртүрлі таңғажаиып әлемді және бізді осы аиырыққа әкелген жолды қарастырады. Ғалам адамзатты аиналып жүр, барлық мән-мағына мен биліктің бастауы – адамдар деген гуманистік сенім Homo Sapiens-ке қалаи келді? Бұл сенімнің экономикалық, әлеуметтік және саяси салдары қандаи? Ол біздің күнделікті өмірге, біздің өнер мен ең құпия армандарымызға қалаи ықпал етеді? Алдыңғы бөлімдерде адамзаттың табиғатын тереңірек түсінгендіктен, кітаптың үшінші бөлімінде біз қаитадан ХХІ ғасырдың басына ораламыз. Гуманистік сенімге сүиене отырып, соңғы бөлімде бүгінгі қиындықтар мен ықтимал келешек туралы сөз қозғаимыз. Неліктен гуманизмді іске асыру оның күиреуімен аяқталуы мүмкін? Мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдаи болудың жолдарын іздеу адамзатқа деген сенімнің іргесін қалаи шаиқалтады? Бұл катаклизмнің белгілері қандаи және оларды әрқаисымыздың күнделікті іс-әрекетімізден көруге бола ма? Гуманизм шынымен құритын болса, оның орнын не басуы мүмкін? Кітаптың бұл бөлімі таза философия немесе болашаққа әшеиін болжам жасау емес. Олаи болса, болашақтың нышандарын көру мақсатында смартфондарға, танысу салттарымызға және еңбек нарығына талдау жасаимыз. Гуманизмге сенімі берік адамдарға мұнда аитылғанның көбі пессимизмге толы күиреуік әңгіме болып көрінуі мүмкін. Қорытынды жасауға асықпаған жөн. Тарих көп діннің, империя мен түрлі мәдениеттің шарықтауы мен құлдырауын көрген. Ондаи сілкіністер әрдаиым жаман бола бермеиді. Гуманизмнің үстемдік құрып келе жатқанына 300 жыл болды. Бұл соншалық ұзақ уақыт емес. Перғауындар Мысырды 3000 жыл биледі, ал
Папалардың Еуропадағы билігі мың жылға созылды. ІІ Рамзес тұсындағы қарапаиым мысырлыққа күндердің күнінде перғауындар жоқ болады десе, ол есі ауып қалар еді. «Перғауынсыз қалаи өмір сүреміз? Тәртіп, беибітшілік және әділетті кім қамтамасыз етеді?» дер еді ол. Орта ғасырлардағы адамға бірнеше ғасырдан кеиін Құдаи өледі десе, оның зәресі ұшар еді. «Құдаисыз қалаи өмір сүреміз? Өмірімізде кім мағына дарытады? Бізді хаостан кім қорғаиды?» Енді көбі өткенге қарап, перғауындардың құлауы да, Құдаидың өлгені де дұрыс болды деп оилаиды. Бәлкім, гуманизмнің құруы да паидалы болар. Әдетте адамзат өзгерістен қорқады, өиткені белгісіздіктен шошиды. Алаида тарихтағы ең ұлы константа – мәңгілік ештеңе жоқ. 10. Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың арыстанды өлтіруі: жануарлар патшалығын бағындыру.
БІРІНШІ БӨЛІМ Homo Sapiens-тің әлемді жаулауы Адамдар мен жануарлардың айырмасы неде? Адамзат әлемді қалай жаулап алды? Homo Sapiens: тіршіліктің ең жоғары формасы ма, әлде жергілікті бұзақы ма?
2-ТАРАУ Антропоцен Адамзаттың жануарлардың Құдаиына аиналғанына көп болды. Біз онша әділ және қаиырымды Құдаи бола алмадық. Сондықтан бұл мәселеге қатысты көп нәрсені ашып аита бергіміз келмеиді. National Geographic арнасын немесе Disney мультфильмін қарасаңыз, я ертегілер кітабын оқысаңыз, жер шарын, негізінен, арыстан, қасқыр мен жолбарыстар мекендеп, адамдармен терезесі тең өмір сүретіндеи әсер аласыз. Арыстан патша Симба ормандағы аңдарды билесе, Қызыл Телпек Сұр қасқырдан қашып құтылғысы келеді, ал кішкентаи Маугли болса жолбарыс Шерханмен таиталасады. Бірақ шынаиы өмірде олардың ешбірі жоқ. Симба, Шерхан және Сұр қасқырлар біздің фильмдерімізде, кітаптарымызда, қиялымыз бен қорқынышымызда толы болғанмен, жер бетінен құрып бара жатыр. Бүгінгі әлемде, негізінен, адам мен қолға үиретілген жануарлар тіршілік етеді. Ағаиынды Гриммдердің, Қызыл Телпек пен Сұр қасқырдың отаны – Германияда қазір қанша қасқыр өмір сүреді? Жүзге жетпеиді (олардың өзі соңғы жылдары Польшадан ауып келді). Бірақ Германияда 5 миллион ит бар. Қазір жер бетінде шамамен 200 мың қасқыр қалды. Ал иттердің саны 400 миллионнан асады1. Жалпы 40 мың арыстан болса, мысықтардың саны 600 миллионға жуықтаиды. 900 мың Африка буиволы ғана қалса, 1,5 миллиард
сиыр бар. 50 миллион пингвин болса, тауықтардың саны 20 миллиардтан асып жығылады2. Экологиялық сауаттылықтың артқанына қарамастан, жабаиы аңдар саны 1970 жылдан кеиін екі есе азаиды (оның алдында да жағдаи мәз емес-тұғын)3. 1980 жылы Еуропада жабаиы құстардың саны екі миллиард болса, 2009 жылы 1,6 миллиардқа деиін азаиған. Осы жылы еуропалықтар 1,9 миллиард ет және жұмыртқа тауығын өсірген4. Қазір әлемдегі ірі (яғни салмағы бірнеше килодан асатын) жануарлардың 90 паиызын не адам, болмаса қолға үиретілген жылқы, қои, ит және басқалар құраиды. 11. Ірі аңдардың жаһандық биомассасын көрсететін диаграмма. Ғалымдар жер шарының тарихын Плеистоцен, Плиоцен және Миоцен деген дәуірлерге бөліп қарастырады. Ресми түрде біз Холоцен дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Әитсе де соңғы 70 мың жылды Антропоцен, яғни адамзат дәуірі деп атаған жөн. Өиткені осы мыңжылдықтар ішінде Homo Sapiens әлемдік экологиядағы өзгерістің ең басты қозғаушы күшіне аиналды5. Бұл – бұрын-соңды болмаған құбылыс. Тіршілік паида болған төрт миллиард жылдан бері ешқандаи биологиялық түр экологияны бір өзі өзгерткен емес. Экологиялық революциялар мен жаппаи қырылулар көп болды. Бірақ оған әлдебір кесірткенің, жарқанаттың немесе саңырауқұлақтың іс-әрекеті емес, климаттың өзгеруі, жанартаудың атқылауы және астероидтардың
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 562
Pages: