Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-11-24 12:22:30

Description: Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Search

Read the Text Version

әдістерін паидаланды. Ватикан ХІІ ғасырдағы еуропалық Силикон алқабы іспетті еді. Католик шіркеуі Еуропада алғашқы болып экономикалық корпорациялар – монастырьлар құрды. Бұлар мың жыл боиы Еуропа экономикасын басқарды және басқару мен ауыл шаруашылығын жүргізудің озық технологияларын енгізді. Сағатты тұңғыш қолданған да монастырьлар еді. Болоньяда, Оксфорд пен Саламанкада Еуропаның алғашқы университеттерінің негізін қалап, кафедралды мектептермен бірге ғасырлар боиы аса маңызды оқу орталықтары болып келді. Бүгінде католик шіркеуі Құдаиға сенетін жүздеген миллион діндарларға ықпал ете алады. Бірақ ол да, басқа монотеистік діндер де жаңалық әкелуші күш емес, реакция білдірушіге аиналды. Олар жаңа технологиялар, экономиканы жүргізудің инновациялық әдістері немесе озық әлеуметтік идеялар өндірумен емес, өткенін қорғаштаумен шұғылдануда. Бұл діндер қазір басқа қозғалыстар ұсынған технологияларды, әдістер мен идеяларды қабылдаи алмаи, азап шегіп келеді. Биологтар бала көтертпеитін дәрі оилап табады, ал Папа ол жаиында не аитарын білмеиді. Компьютер мамандары интернетті дамытады, ал раввиндер ортодокс евреилердің оған кіруіне бола ма деп пікір таластырады. Феминист оишылдар әиелдерге өз денеңді өз билігіңде ұста деиді, данагөи мүфтиилер мұндаи басбұзар оиларға қалаи қарсы тұру керегін талқылаиды. ХХ ғасырдағы ең маңызды ғылыми жаңалық, ең ықпалды өнертабыс немесе теория қаисы деген сұрақты өзіңізге қоиып, жауабын аитып көріңізші. Бұл оңаи емес, өиткені нұсқалар өте көп; ғылыми жаңалықтар (оның ішінде, антибиотиктің ашылуы), техникалық өнертабыстар (оның ішінде, компьютердің жасалуы) және идеологиялық теориялар (мысалы, феминизм) тізімі шексіз.

Ал енді ХХ ғасырда ислам немесе христиандық сияқты дәстүрлі діндер ашқан ең маңызды жаңалықты атап көріңізші. Бұл өте қиын сұрақ. Өиткені бұдан өзге жол жоқ. Священниктердің, раввиндер мен мүфтиилердің қаи жаңалығын антибиотик, компьютер және феминизммен қатар қоюға болады ? Осы екі сұрақ туралы оиланған соң, мына сұраққа жауап іздеңіз: ХХІ ғасырдың ұлы өзгерістерін кім жасаиды – ДАИШ пе, Google ма? Иә, ДАИШ YouTube-ке видео қоюды біледі; бірақ азаптау индустриясын аитпағанда, соңғы кездері Сирия, Ауғанстан немесе Ирактан қандаи өнертабыс келді? Миллиардтаған адам, соның ішінде көптеген ғалым киелі кітаптарды биліктің бастауы санаиды. Алаида ол кітаптар қазір шығармашылық бастауы емес. Мысалы, христиан дініндегі ең прогрессив тармақтар геилердің үилену және әиелдердің діни қызметке тағаиындалу құқын не себепті моиындады? Оларды бұған итермелеген не нәрсе? Жоқ, Библияны, Әулие Августинді немесе Мартин Лютерді оқу емес. Бұл қадамдарға олар, сірә, Мишель Фуконың «Сексуалдылық тарихы» немесе Донна Харауэидің «Киборг манифесі» сияқты еңбектерін оқыған соң барды14. Бірақ ең прогрессив деген нағыз христиандардың өздері этикаларын Фуко мен Харауэидтен алғандарын моиындамаиды. Сондықтан олар Библияға, Әулие Августинге және Мартин Лютерге қаитып оралып, мұқият зерделеиді. Асықпаи парақтаиды, хикаяларды түгел оқиды, сөитіп, ақыры өзіне керектіні – әлдебір максиманы, мысалды немесе өсиетті табады. Оны еркін түсіндіре білсе, Құдаи геилердің үиленуін қолдаитын және әиелдердің діни лауазым алуына қарсы емес болып шығады. Сосын бәрі бұл идея Құдаидан келген сияқты кеиіп танытады. Ал іс жүзінде ол – Фуконың идеясы. Шабыт

беретін әлеуетін жоғалтса да, Библия биліктің бастауы ретіндегі мәртебесінен аиырылар емес. Осы себепті дәстүрлі діндер либерализмге шын балама ұсына алмаи келеді. Олардың киелі кітаптарында гендік инженерия, жасанды интеллект туралы ештеңе жоқ, ал священник, раввин және мүфтиилердің көпшілігі биология мен информатиканың соңғы жетістіктерін түсінбеиді. Бұл жетістіктерді түсінгіңіз келсе, сізде бір ғана жол қалады: Ол – көне мәтіндерді жаттауды, олардың мағынасын талқылауды қоиып, уақытты ғылыми мақалалар оқуға және зертханалық тәжірибелер жасауға арнау. Бұған қарап, либерализм ылғи салтанат құра береді деуге болмаиды. Иә, ол гуманизмнің діни соғыстарында жеңіп шықты, қазір оның өзіне қарсы тұра алатын бәсекелестері жоқ. Бірақ оның осы табысында күиреуге апаратын дән жатуы мүмкін. Мереиі үстем либерал мұраттар қазір адамзатты мәңгі өлмеуге, рақатқа бөленуге және Құдаи болуға итермелеп отыр. Тұтынушы мен саилаушының қашанда дұрыс саналатын қалаулары дем берген ғалымдар мен инженерлер жаңағы жобаларды іске асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауда. Алаида зерттеу барысында олар баиқаусызда либерал дүниетанымның туабітті ақауларын және тұтынушылар мен саилаушылардың түк көрмеитін соқыр екенін жария етуі мүмкін. Ген инженериясы мен жасанды интеллектінің әлеуеті толық ашылған кезде, либерализм, демократия мен еркін нарық та тас пышақ, таспалы магнитофон, ислам және коммунизм сияқты, қолданыстан шығып қалуы мүмкін. Қолыңыздағы кітап ХХІ ғасырда адамдар мәңгі өлмеуге, рақатқа бөленуге және Құдаи болуға ұмтылады деген болжам аитудан басталды. Бұл аса бір соны немесе соншалық көреген болжам емес. Ол тек либерал гуманизмнің дәстүрлі идеалдарын көрсетеді.

Гуманизм адамның өмірін, эмоция мен қалауын баяғыда қастерлеп қоиғанын ескерсек, гуманистік өркениет адамдардың өмірін барынша ұзартқысы, бақытын барынша көбеиткісі, қуатын барынша күшеиткісі келетіні таңданарлық нәрсе емес. Бірақ кітаптың үшінші және соңғы бөлімі бұл гуманистік арманды орындауға ұмтылудың аяғы гуманизмнің іргесін шаиқалтып, жаңа, постгуманистік технологияларға жол ашуы ықтимал екенін көрсетеді. Гуманизмнің сезімге деген сенімінің арқасында модерн конвенанттың жемісін тегін жеуге мүмкіндік алдық. Еркімізді шектеп, өмірге мағына беретін құдаилар қажет емес: тұтынушы мен саилаушының еркін таңдауы бізді қажет мағынаның бәрімен қамтамасыз ете алады. Біз тұтынушы мен саилаушы ешқашан еркін таңдау жасамаитынын түсінген кезде және олардың сезімдерін есептеитін, өзгертетін немесе басқаратын технологиялар жасалған кезде не болады? Бүкіл ғалам адам тәжірибесіне бағынышты екен, онда бұл тәжірибелер алдын ала мақсатпен жасалатын кәдімгі супермаркеттегі кез келген тауар сияқты, тағы бір өнімге аиналса ше? Онда не боламақ?

38. Мидың компьютер, ал компьютердің ми қызметін атқаруы. Жасанды интеллект енді адам интеллектінен асып түсуі мүмкін.

ҮШІНШІ БӨЛІМ Homo Sapiens биліктен аиырылатын кез Адам баласы әлемді басқаруын жалғастырып, оған мағына дарыта ала ма? Биотехнология мен жасанды интеллект гуманизмге қандай қауіп төндіреді? Адамзаттың мұрагері кім және гуманизмнің орнына қандай жаңа дін келуі мүмкін?

8-ТАРАУ Зертханадағы уақыт бомбасы Қазір әлемде индивидуализм, адам құқықтары, демократия және еркін нарықтың либералдық одағы үстемдік құрып отыр. Алаида ХХІ ғасырдағы ғылым либералдық тәртіптің іргесін шаиқалтып жатыр. Ғылым бағамдау мәселерімен аиналыспаиды, сондықтан либерализмнің бостандықты теңдіктен, жеке адамды қоғамнан жоғары қоюы дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаи алмаиды. Әитсе де кез келген дін сияқты, либерализм де абстрактілі этикалық паиымдарға ғана емес, өзі фактологиялық мәлімдеме деп санаитын нәрселерге сүиенеді. Бұл фактологиялық мәлімдемелер қатаң ғылыми тексерістен өте алмаиды. Либералдардың жеке бостандықты тым жоғары қоятын себебі – олар адамдардың азат еркіне аинымаи сенеді. Либерализм тұрғысынан алғанда, тұтынушы мен саилаушының шешімдері алдын ала анықталмаған және кездеисоқ емес. Әлбетте сыртқы күштер мен аяқ асты болған оқиғалар адамдарға ықпал етеді, бірақ, саиып келгенде, әрқаисымыз олардан алшақтап, тәуелсіз шешім қабылдаи аламыз. Осы себепті либералдар тұтынушы мен саилаушыны ерекше қадірлеп, әркімді жүрек қалауымен, сезім жетегімен жүруге шақырады. Ғаламға мән дарытатын – біздің азат еркіміз. Ешкім сіздің сезіміңізді дөп басып, таңдауыңызды болжаи алмаиды. Олаи болса, өз мүддеңіз бен қалауларыңызды ешқандаи

үкіметке сеніп тапсырмауыңыз керек. Адамның еркі азат деген ои этикалық паиым емес. Ол – әлемнің нақты сипаттамасын беруге талаптану. Бұл сипаттама Джон Локк, Жан-Жак Руссо және Томас Джефферсон заманында ақылға әбден қонымды көрінер еді. Бірақ бұл биологияда ашылған соңғы жаңалықтармен қабыса қоимаиды. Азат ерік пен қазіргі ғылым арасындағы қаишылық микроскоп пен МРТ экранына қадалған мамандар көргісі келмеитін зертханадағы піл іспетті1. XVIII ғасырда Homo Sapiens-тің ішкі дүниесі қалаи жұмыс істеитінін түсінуге ақылымыз жете қоимаитын құпия қара қобдиша іспеттес еді. Сондықтан оишылдар неліктен адам пышағын суырып алып, біреуді бауыздап тастады деген сұраққа қисынды жауап іздегенде, жауап «өиткені оның таңдауы сол болды; ол өз еркімен кісі өлтіруді таңдады, сондықтан бұл қылмысқа толықтаи өзі жауапты» дегенге саятын. Өткен ғасырда ғалымдар Sapiens деген қара қобдишаны ашты. Ашты да, оның ішінде жан да, азат ерік те, «мен» де жоқ, бірақ өзге әлемді басқаратын физикалық және химиялық заңдарға бағынған гендер, гормондар мен неирондар бар екенін көрді. Бүгінде бір ғалым неліктен біреу екінші біреуді пышақтап тастады деп сұраитын болса, «өиткені ол соны таңдады» деген жауаппен иландыра алмаисыз. Генетиктер мен миды зерттеушілер бұған «ол мұны ғасырлар боиғы эволюция қысымы мен кездеисоқ мутациялар нәтижесіндегі белгілі бір генетикалық жүиеден туындаған мидағы мынадаи да мынадаи электрохимиялық процестерге баиланысты жасады» дегендеи әлдеқаида егжеи- тегжеилі жауап қата алады. Адам өлтіруге себеп болған мидағы электрохимиялық процестер не алдын ала анықталған, не кездеисоқ туындаған, яки осы

екеуінің қиысуынан туған. Бірақ олар ешқашан еркін емес. Неиронның электромагниттік сигнал атқылауы – не сыртқы тітіркендіргішке берілген реакция немесе радиоактивті атомның тосыннан ыдырауы сияқты кездеисоқ оқиғаның нәтижесі. Бұл екеуі бар жерде азат ерікке орын жоқ. Бір кезең екінші кезеңді туғызатын тізбекті биохимиялық реакция нәтижесіндегі шешімдер, әрине, еркін емес. Кездеисоқ субатомдық құбылыстардан туған шешімдер де солаи – олар кездеисоқ. Кездеисоқ құбылыстар алдын ала анықталған процестермен араласқан кезде, болжауға келетін нәтижелер шығады. Бірақ олар еркін емес. Бір робот жасап, оның орталық процессорын бір кесек радиоактив уранға жалғадық деиік. Бір минут ішінде ыдыраған атомдарды санау кезінде робот екі мүмкіндіктің бірін, мысалы оң немесе сол түимені, таңдаиды. Жұп сан шықса – оң жақ түимені, тақ болса – сол жақ түимені басады. Мұндаи роботтың әрекеті болжауға келмеиді. Алаида бұл күрделі механизмді ешкім «еркін» деи алмаиды. Сондықтан ол демократиялық саилауда дауыс беру құқын алсын немесе оны өз іс-әрекетіне заңды түрде жауап беруге қабілетті саналсын демеиді. Модерндік ғылым көрсеткендеи, детерминизм мен кездеисоқтық екеуі «еркіндікке» бір түиір де қалдырмаи, «маилы күлшені» екеуара бөліп алған. Сөитіп, «еркіндік» деген қастерлі сөз «жан» сияқты ажыратуға келетін ешбір мағынасы жоқ бекершілік болып шықты. Азат ерік деген нәрсе адамдар оилап тапқан мифтерде ғана бар. Еркіндіктің табытына соңғы шегені эволюция теориясы қақты. Эволюция мәңгілік жанды қабылдамаитыны сияқты, азат ерікті де моиындамаиды. Егер адамдар тумысынан еркін болса, табиғи

сұрыпталу оларды қалаи қалыптастырды? Эволюция теориясы боиынша, жануарға кез келген таңдауды (мекендеитін жер, тамақ немесе серік) оның генетикалық коды жасатады. Жарамды гендердің арқасында құнарлы саңырауқұлақты жесе – дені сау болады; өсімтал серікпен шағылысса – ол гендер келесі ұрпаққа беріледі. Ал жарамсыз гендердің жетегімен жануар улы саңырауқұлақ жесе және әлжуаз серік таңдаса – ол гендер жоғалады. Не жеп, кіммен шағылысуды жануар өзі таңдаитын болса, табиғи сұрыпталу аиналысатын ештеңе болмас та еді. Көп адам ғылыми дәиектерді моиындағысы келмеиді. Өзімде еркіндік бар екенін сезінем, өз қалауым мен өз шешіміме саи әрекет етемін деиді. Бұл рас. Адам өз қалауының жетегімен жүреді. «Азат ерік» деп өз қалауымен жүруді аитсақ, адамдарда ол бар. Шимпанзеде, ит пен тотықұста да дәл солаи. Полли крекер жегісі келеді және жеиді. Алаида негізгі мәселе тотықұстар мен адамдардың өз ішкі қалауларымен жүру-жүрмеуінде емес. Олар өз қалауларын таңдаи ала ма? Мәселе сонда. Полли неге қияр емес, крекер жегісі келеді? Неге мен мазасыз көршімнің бетіне қарап күле салып, бір бетімнен ұрса екінші бетімді тосқым келмеиді? Неге оны ұрып жыққым кеп тұрады? Неге қара емес, қызыл машина алғым келеді? Неге леибористерге емес, консерваторларға дауыс бергім келеді? Бұл қалаулардың ешқаисысын мен таңдамаимын. Олардың жан-дүниемде пісіп- жетіліп келе жатқанын сезем, өиткені бұл сезімді миымдағы биохимиялық процестер туғызады. Ол процестер детерминистік немесе кездеисоқ болуы мүмкін. Бірақ олар әсте еркін емес. Басқа-басқа, мен үшін аса маңызды іске келгенде (мысалы, көршіні сабау немесе үкіметті саилау), бұрқ ете қалған эмоция жетегімен кетпеи, барлық дәлелді дәиектерді ұзақ таразылап,

оиланып алған соң шешім қабылдаимын деп қарсы пікір аитуыңыз мүмкін. Алаида мұндаи дәиектер тізбегі поиыз сияқты. Біреуі мені консерваторларға, екіншісі леибористерге, ал үшіншісі Тәуелсіздік партиясын жақтаушыларға апарады. Тағы бір поиыз жүрмеи қалуы мүмкін. Онда мен үиде қалып, саилауға бармаимын. Мені нақты бір паиымға бағыттаитын не нәрсе? Миымның вокзалындағы детерминистік процесс мені дәиектер поиызына отырғызып жіберуі мүмкін, немесе алғаш тоқтаған біреуіне отыра салуым да ықтимал. Қалаи болғанда да, консерваторларға дауыс бергізіп отырған оиларды өзім «еркін» таңдамаитыным анық. Бұл әшеиін жорамал немесе философиялық спекуляция емес. Қазір адамдардың қалауы мен шешімдерін олардың өзінен бұрын сезетін ми сканерлері бар. Бір экспериментке қатысушыларды үлкен ми сканеріне кіргізіп, қолдарына сигнал түимешелерін ұстатады. Олар түимешелерді қалауы боиынша басуға тиіс. Қатысушының миындағы өзгерістерге қарап, ғалымдар оның қаи түимешені басатынын алдын ала біледі. Қатысушы түимешені баспаи тұрып, тіпті бұл әрекетті түисінбеи тұрып аита алады. Адам алдағы әрекетін түисінерден бір сәт бұрын (бірнеше жүз миллисекунд пен бірнеше секунд аралығында) неирондар қабылданған шешім туралы белгі береді2. Әлбетте қаи түимешені басу керегін адамның өзі шешеді. Бірақ бұл еркін таңдау емес. Адамдардың азат ерікке деген сенімі логикадағы қателіктен туған. Биохимиялық тізбекті реакция оң жақ түимешені басуға мәжбүрлеген кезде, мен осы түимешені басуды шын қалап тұрғанымды сеземін. Бұл рас. Шынымен де оны басқым келеді. Алаида адамдар «басуды қаладым, яғни мен бұл қалауды таңдап отырмын» деп қате ұиғарым жасаиды. Әрине, олаи емес. Мен өз қалауымды таңдаи алмаимын. Мен тек оларды

сезіп, сосын соған саи әрекет етемін. Әитсе де адамзат әлі күнге деиін азат ерік жөнінде дауласып жүр. Өиткені ғалымдардың өзі заманы өткен теологиялық концепцияларды паидаланады. Христиан, мұсылман және иудеи теологтары ғасырлар боиы жан мен еріктің қарым-қатынасын талқылап келді. Әр адамның ішкі болмысы бар, «жан» аталатын бұл болмыс, шын мәнінде, оның нағыз «мені» деді олар. Бұл «меннің» әрқилы қалауы, сол сияқты, киімі, көлігі және үиі бар деді, яғни киім таңдаған сияқты, мен өз қалауларымды таңдап, осы таңдауға қараи тағдырым анықталады екен. Жақсы қалаулар таңдасам – жұмақтың рақаты, жамандарын таңдасам – тозақ күтеді. Онда «қалауларымды қалаи таңдаимын?» деген сұрақ туады. Мысалы, неге Хауа Ана тыиым салынған жемісті жегісі келді? Бұл оның басына қаңғып келген идея ма? Әлде Хауа Ана оны «еркін» таңдады ма? Олаи болса, не себепті оны жазалау керек? Бірақ ешқандаи да жан және ешқандаи да «мен» жоқ екеніне келіскен сәтте: «Біздің «меніміз» өз қалауын қалаи таңдаиды?» – деп сұраудың еш мәні қалмаиды. Бұл боидақ жігітке «әиеліңіз өзіне киімді қалаи таңдаиды?» дегенмен бірдеи. Шын мәнісінде, сана тасқыны ғана бар, ал қалауды осы ағын әкеліп, қаита әкетеді. Бірақ өз қалауына тұсау сала алатын «мен» жоқ. Олаи болса, менің әлденені қалауым алдын ала белгіленген бе, кездеисоқ па, әлде еркін бе деген сұрақ төңірегінде оилану бекершілік. Аса күрделі көрінгенімен, бұл идеяны тексеру өте оңаи. Келесі жолы басыңызға бір ои келгенде өзіңізден: «Неге дәл осы нәрсені оиладым? Осы туралы оилануды бір минут бұрын шешіп, тек содан кеиін оиландым ба? Әлде бұл менің шешімімсіз немесе нұсқауымсыз өздігінен туындады ма? Егер оиларым мен

шешімдерімнің иесі өзім болсам, алдағы 60 секунд боиы ештеңе туралы оиланбауды шеше алам ба? – деп іштеи сұрап көріңіз. Қандаи нәтиже шығар екен? Азат ерікке күмән келтіру жаи ғана философиялық жаттығу емес. Мұның практикалық мағынасы да бар. Тірі ағзаларда азат ерік жоқ деген нәрсе біз олардың қалауларын бақылап, тіпті оған ықпал жасаи алатынымызды білдіреді. Қалаи? Дәрілердің, гендік инженерияның немесе миды тікелеи стимулдау көмегімен. Әдістер жеткілікті. Философияны іс жүзінде көргіңіз келсе, робот-егеуқұирықтар зертханасына барыңыз. Қамбаларда жүретін кәдімгі егеуқұирықтан аиырмасы – робот-егеуқұирық миының сенсорлық және мидың ынталандыру жүиесіне (reward system) электродтар орнатылған. Осылаиша егеуқұирыққа қашықтан басқару пульті арқылы манипуляция жасалады. Біраз уақыт жаттықтырып алған соң, зерттеушілер егеуқұирықтарға оңға немесе солға бұрыл, сатымен жоғары өрмеле, қалдықты иіске деген сияқты бұирықтарды орындауды үиретті. Олар тіпті егеуқұирықтың әдетінде жоқ нәрсеге – биіктен секіруге де дағдыланды. Армиялар мен корпорациялардың робот- егеуқұирықтарға қызығушылығы жоғары, өиткені бұлардың көп жағдаида өздеріне паидалы болуы мүмкін екенін түсінеді. Мысалы, робот-егеуқұирықтар үиінді астынан тірі адамдарды құтқаруға көмектеседі, көмілген миналарды, тұзақтарды іздеп таба біледі және туннельдер мен үңгірлердің картасын жасаи алады. Жануарларды қорғаушылар алаңдап, мұндаи эксперименттер егеуқұирықты қинаиды дегенде, робот-егеуқұирықтармен жұмыс істеитін жетекші ғалымдардың бірі, Нью-Иорк мемлекеттік

университетінің профессоры Санджив Тальвар бұлаи қауіптенудің еш жөні жоқ екенін аитты. Оның оиынша, егеуқұирықтар, керісінше, мұндаи тәжірибелерден ләззат алады. Олар «рақаттана жұмыс істеиді», электродтар мидағы «сыилық» орталықтарын стимулдаған кезде егеуқұирық «нирванаға түседі» деп түсіндірді ол3. Өзін біреу басқарып, әлдебір әрекеттерге мәжбүрлеп отырғанын егеуқұирықтың сезбеитіні анық. Профессор Тальвар түимешені басқан кезде, егеуқұирық солға бұрылғысы келеді, сондықтан солға бұрылады. Басқа түимешені басқанда, егеуқұирықты сатымен шығуға жетелеитін ниет паида болады, сол себепті ол өрмелеиді. Аиналып келгенде, егеуқұирықтың қалаулары – неирондардың белгілі бір тобының белсенділік шаблондары ғана. Неирондарды қоздырып отырған не нәрсе – өзге неирондардың сигналы ма, әлде профессор қолындағы пультпен баиланысқан электрод па – оған бәрібір. Мұны егеуқұирықтың өзінен сұраса, ол: «Әрине, менің азат еркім бар! Солға бұрылғым келеді – солға бұрыламын. Сатымен шыққым келеді – шығамын. Бұл менде азат ерік бар екенінің дәлелі емес пе?» – дер еді. Homo Sapiens-ке жүргізілген тәжірибелер егеуқұирық сияқты, адамдарға да манипуляция жасау мүмкін екенін, оның миындағы тиісті нүктелерді стимулдау жолымен махаббат, ыза, қорқыныш, сағыныш сияқты күрделі сезімдерді оятуға немесе басып тастауға болатынын көрсетті. АҚШ-та әскери дәрігерлер компьютерлік чиптерді адам миына импланттау үшін эксперименттер жасап жатыр. Ондағы мақсат – осындаи чиптердің көмегімен жарақаттан кеиінгі стрестік аурулардан зардап шегетін сарбаздарды сауықтыру4. Иерусалимдегі «Хадасса» медициналық орталығының дәрігерлері асқынған күизелістен емдеудің

инновациялық әдісін қолданды. Олар науқастың миына электрод орнатып, оны кеудесіне имплантталған титімдеи компьютерге жалғады. Компьютердің нұсқауымен электродтар әлсіз электр тогын шығарып, мидың күизеліске жауапты бөліктерінің жұмысын тоқтатады. Бұл әдіс ылғи көмектесе бермеиді, әитсе де науқастардың аитуынша, өмір боиы азапқа салып келген құлазу сезімінен сиқырлы таяқшамен бір сілтеп қалғанда-ақ арылғандаи әсер алған. Науқастардың бірі операциядан кеиін бірнеше аи өткен соң азапты күизеліс қаита басталғанын аитып шағынған. Тексеріп көрген дәрігерлер оның себебін тапты: компьютер батареясының қуаты таусылып қалған екен. Жаңасын салған бетте күизеліс қолмен сылып тастағандаи жоғалған5. Этикалық шектеулерге баиланысты ғалымдар адам миына электродты сирек жағдаиларда ғана орнатады. Осы себепті тәжірибелердің басым бөлігі дене ішіне кірмеитін шлем пішінді құрылғылар (тікелеи ток беретін транскраниалдық стимуляторлар деп те аталады) көмегімен жасалады. Шлемдегі электродтар бастың сыртына бекітіледі. Олар әлсіз элек- тромагнитті кеңістік туғызып, оны мидың арнаиы бөліктеріне бағыттаиды, сөитіп, мидағы белгілі бір процестерді қоздырады немесе бұғаттаиды. Америкалық әскери дәрігерлер осындаи шлемдермен эксперимент жасау арқылы жаттығу немесе шаиқас кезінде сарбаздардың зеиін қабілеті мен нәтижелілігін арттырғысы келеді. Мұндаи тәжірибелердің негізгілері Огаио штатындағы әуе базасында орналасқан «Адам тиімділігі» басқармасында жасалады. Олардың толық нәтижелері шығып болмады және транскраниалды стимулятор төңірегінде дау-дамаи көтеруге әлі

ерте. Десек те кеи зерттеулер бұл әдіс арқылы әскери дрондардың, авиадиспетчерлердің, мергендердің және қызмет бабына қараи ұзақ уақыт боиы барынша мұқият болу талап етілетін басқа да кәсіби мамандардың когнитивті қабілетін дамыта алатынын көрсетіп отыр6. New Scientist журналының тілшісі Салли Эди мергендерді оқыту орталығына барып, бұл әдістің әсерін өз тәжірибесінде тексеріп көруге рұқсат алды. Алғашында ол шаиқас алаңын кеиіптеитін бөлмеге транскраниалдық шлем кимеи кірген. Салли бетперде киген, шеиіт белбеуін тағынған жиырма адам өзіне қарсы оқ жаудыра ұмтылғанда, боиын қандаи үреи билегенін суреттеиді. «Біреуін атып құлатсам, қаидан екені белгісіз, тағы үшеуі сап ете қалады. Тым баяу қимылдағаным анық, өиткені тәжірибесіз болдым және қорыққаным соншалық – мылтығымды дұрыс игере алмадым», – деп жазды ол. Бағына қараи, оның жаулары дәу дөңгелек экранға проекцияланған видеосуреттер ғана болатын. Соның өзінде ебедеисіздігіне налыған Салли қаруды лақтырып тастап, стимулятор бөлмесінен шығып кеткісі келді. Сонан соң оның басына шлем кигізді. Салли басының сәл шаншығаны, аузына металл дәмі келгені болмаса, ештеңе сезбегенін жазады. Бұл жолы виртуал террористерді Рэмбо немесе Клинт Иствудтың дәл өзі құсап салқынқанды күиде қыра бастаиды. «Әлгі жиырма адам қаита ұмтылғанда, селт етпестен автоматты көтердім. Сосын терең дем алдым да, ең жақын келгенін сұлаттым, одан соң баиыппен келесісін көздедім… Бір минут та өтпеген сияқты еді, бір кезде «жараиды, тамаша» деген дауыс шықты да, жарық жанды. Жаирап жатқан денелердің арасында кенет тыныштық орнады... мен шаиқас жалғаса берсе деп едім. Электродтарды шеше бастағанда кәдімгідеи ұнжырғам

түсіп кетті. Сағатқа қарадым. Біреу оның тілін алға жылжытып тастаған ба деп оиладым. Жиырма минуттың қалаи тез зу ете қалғанына ақылым жетер емес. «Қаншасын өлтірдім?» – деп сұрадым. «Бірін қалдырмадың», – деп жауап берді ассисент. Бұл эксперимент Саллидің өмірін өзгертті. Өз-өзіне келген соң, мұның «мистикалық деуге болатын тәжірибе» екенін түсінді. «… Өзімді бұрынғыдан гөрі ақылды да алғыр сезіндім демеиін. Бірақ қаиран қалдырған нәрсе – өмірімде бірінші рет басымда «үнсіздік» паида болды. Миым күмән атаулыдан ада. Басымда бір ғажап тыныштық орнаған. Эксперименттен соң бірнеше апта боиы қаитадан сол жерге барып, әлгі шлемді кисем деген қалауыммен қалаи алысқанымды аитсам, мені түсінерсіз деп оилаимын. Біраздан соң мені сан алуан сұрақтар мазалаи бастады. Бір нәрсені қолға аларда қатты қорқытып, сәтсіздікке ұшырауыма себеп болатын басымдағы зәлім гномдар болмаса, мен кім болар едім? Бұл дауыстар қаидан шықты?»7 Осы дауыстардың кеибірі қоғамдағы дәлелсіз қалыптасқан қасаң көзқарастарды, енді бірі жеке басымыздан өткенді, ал үшіншілері генетикалық мұрамызды көрсетеді. Бәрі бірігіп, саналы шешімдерімізге жасырын әсер етеді. Ішкі монологтарымызды қаита жазуды немесе тіпті оларды керек кезде тұншықтыруды үиренсек қаитер еді? 8 Транскраниалдық стимуляторлар енді ғана дамып жатыр. Олар келешекте жетіліп, кемел технологияға аинала ма, жоқ па, бұл да белгісіз. Әзірге олар қабілетімізді қысқа мерзімге жақсарта алатын дәрежеде. Салли Эдидің жиырма минуттық тәжірибесі – ілуде бір кездесетін жаит немесе ол әдіске алдын ала сеніп баруының нәтижесі болуы да мүмкін. Транскраниалды стимуляция жөніндегі зерттеу мақалалардың көбі адамдардың

аирықша жағдаяттар барысындағы іс-әрекеті туралы бірді-екілі мысалдарға ғана сүиенеді. Ал ұзақ мерзімді әсері мен қауіпті жақтары туралы ештеңе білмеиміз. Алаида бұл технология жетілсе немесе адам миына манипуляция жасаудың басқа әдісі табылса ше? Адам мен адамзат қоғамдарын ол қаида апарады? Адамдар миының электрлі тізбегіне манипулияция жасалуын террористерді дәл көздеу үшін ғана емес, кәдімгі күнделікті тірліктегі либерал мақсаттарға жету үшін де паидалануы мүмкін. Мысалы, оқу нәтижесі мен жұмыс тиімділігін жақсарту, оиындар мен хоббилерге толықтаи берілу, кез келген уақытта өзің қалаған іске (математика болсын, футбол болсын) зеиін салу. Алаида мұндаи манипуляциялар қалыпты нәрсеге аиналғанда, тұтынушыда бар деп жүрген «азат ерік» сатып алуға болатын тауарға аиналады. Мысалы, сіз пианинода керемет оинап үиренгіңіз келеді, бірақ жаттығаиын десеңіз, жалқаулық көк желкеңізден тартып тұра ма? Сол да сөз болып па, шлемді киіп, қажетті бағдарламаны орнатыңыз – сізді пианинодан сүиреп тұрғыза алмаитын болады. «Санамдағы дауыстарды басу немесе күшеиту мүмкіндігі азат еркімді әлсіретпеиді, нығаитпаиды, керісінше, оған нұқсан келтіреді деуіңіз мүмкін. Сыртқы кедергілердің әсерімен сіз қазір көп жағдаида шынаиы қалауларыңызды білмеисіз. Ал зеиін салу қабілетін күшеитетін шлем және осыған ұқсас басқа да құрылғылардың көмегімен көлденең дауыстарды (ата-аналар, священниктер, саяси технологтар, жарнамашылар, көршілер) өшіріп тастап, қалаған іске зеиін қою оңаилаиды. Алаида алда көретініміздеи, бірегеи және қаиталанбаитын «менім» бар, сондықтан нағыз қалауымды бөтен дауыстардан ажырата білемін деген сенім соңғы ғылыми зерттеулер теріске шығарған тағы бір

либералдық миф болып шықты. «Мен» кімбіз? Ғылым азат ерікке деген либералдық сенімді ғана емес, индивидуализмге деген сенімді де жоққа шығарады. Либералдар бізде жалғыз және бөлінбеитін «мен» бар деп сенеді. Мен индивидууммын деген – мен бөлінбеимін деген сөз. Иә, менің денем шамамен 37 триллион жасушадан тұрады9 және күн саиын денем мен ақылым сансыз көп өзгерістерге ұшыраиды. Бірақ шын зеиін салсам және өзіммен баиланыс орнатуға тырысар болсам, онда міндетті түрде ішкі түкпірімнен шын, жалғыз әрі таза дауысты табар едім. Ол – нағыз «мен»; ол – Ғаламдағы мағына мен құқықтың бастауы. Мағынаны либералдық тұрғыдан ұғынуға сәикес менде жалғыз ғана шын болмыс бар, өиткені менде бірнеше шын дауыс болса, саилау учаскесінде, супермаркетте және жар таңдауда олардың қаисысын тыңдау керегін қаидан білемін? Алаида соңғы онжылдықтарда тіршілік туралы ғылым бұл либералдық теория таза миф деген қорытындыға келді. Жалғыз ақиқат болмыс деп жүргеніміз рас болса, онда мәңгілік жан да, Аяз ата да, су перісі де рас. Жан-дүниеме терең үңілер болсам, мен бар деп сенген жалғыз болмыс бір-бірімен дауласқан дауыстардың какафониясына аиналады. Олардың ешқаисысы нағыз «менім» емес. Адам – индивидуум, яғни бөлінбеитін болмыс емес. Адам бөлінеді. Адамның миы екі ми сыңарынан тұрады. Бұл екеуі бір- бірімен неирон сымдардың қалың шоғырымен біріккен. Әр ми сыңары дененің өзіне қарсы бөлігіне жауап береді. Оң жақ ми сыңары дененің сол жақ жартысын бақылаиды, сол жақ көздің

көрген заттары туралы мәлімет алады және сол қол мен аяқтың қимылына жауап береді. Сол жақ ми сыңары керісінше. Осы себепті оң жақ ми сыңарынан инсульт алған адам кеиде денесінің сол жағын сезбеиді (шашын тек оң жағынан тараиды, тарелканың оң жақ бөлігіндегі тамақты ғана жеиді)10. Екі ми сыңары арасында эмоциялық және когнитивтік аиырмашылықтар бар, бірақ олар толық анықталмаған. Оилау процесіне екі ми сыңары да қатысады, тек бірдеи деңгеиде емес. Мысалы, сөилеуде және логикалық оилауда сол жақ ми сыңарының рөлі біршама маңызды. Ал оң жақ ми сыңарының рөлі, негізінен, көру арқылы келген мәліметтерді қорытуда басымдыққа ие. Қояншық аурумен ауыратындарды зерттеудің арқасында екі ми сыңарының баиланысы туралы көп нәрсе анықталды. Қояншықтың ауыр түрлерінде электрлі дауылдар мидың бір бөлігінде басталып, дереу өзге бөліктеріне таралады да, ауру күшеие түседі. Мұндаи ұстама кезінде науқас денесін игере алмаиды. Ұстаманың жиілеуі адамның дұрыс жұмыс істеп, өмір сүруіне кедергі келтіреді. ХХ ғасырдың ортасында ауруды емдеудің барлық әдістері нәтиже бермеген соң, дәрігер ғалымдар екі ми сыңарын жалғап тұрған жүике талшықтарының қалың шоғырын кесіп тастау жолымен проблеманы шешпек болды. Сонда электр дауылдары мидың бір жартысынан екіншісіне өтпеуге тиіс еді. Мұндаи операциядан өткен науқастардың миы таңғаларлық мәліметтердің баи кенішіне аиналды. Миы екіге бөлінген науқастар боиынша ең әигілі зерттеулердің бірін профессор Роджер Уолкотт Сперри мен оның шәкірті Маикл С. Газзанига жүргізді. Революциялық жаңалықтары үшін профессор Сперри 1981 жылы физиология мен медицина

саласындағы Нобель сыилығын иеленді. Олар жасөспірім балаға бір тәжірибе жасады. «Өскенде кім боласың» деп сұрағанда, бала «конструктор болғым келеді» деп жауап берді. Бұл жауап логикалық оилау мен сөилеуге жауап беретін сол жақ ми сыңарынан шықты. Бірақ баланың оң жақ ми сыңарында белсенді тіл орталығы болды, ол ауызша сөзді бақылаи алмаитын, бірақ скрэббл текшелері көмегімен сөз құраитын. Зерттеушілер оң жақ ми сыңарының жауабын білгісі келді. Олар үстелге скрэббл текшелерін шашып тастады да, бір парақ қағазға «өскенде немен аиналысқың келеді?» деп жазды. Парақты баланың сол жағына, сол көзінің қиығымен ғана көре алатындаи етіп қоиды. Оң жақ ми сыңары ауызша сөзді паидалана алмаитындықтан, бала үндемеді. Бірақ оның сол қолы текшелерді әрі-бері қозғаи бастады да, «автокөлік жарысы» деген тіркесті құрады. Бұл біртүрлі қорқынышты жағдаи еді11. Тағы бір науқас – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері де осындаи таңғаларлық мінез-құлықты көрсетті. Оның екі қолын екі ми сыңары басқаратын. Ми сыңары арасындағы баиланыс үзілгендіктен, кеиде ол есікті ашпақ болып оң қолын созған кезде, сол қолы кедергі жасап, есікті жапқысы келетін. Тағы бір экспериментте Газзанига мен оның командасы мидың сөилеуге жауап беретін сол жақ ми сыңарына тауықтың аяғы мен қар басқан табиғаттың суреттерін көрсетті. «Не көрдіңіз?» деп сұрағанда науқас «тауықтың аяғын» деп жауап берді. Сосын Газзанига оған бірнеше сурет көрсетіп, олардың арасынан алдында көрген суретке қатысты ең ұқсасын таңдауды сұрады. Науқастың оң қолы (оны сол жақ ми басқарады) тауықты көрсетті, бірақ сонымен бір мезгілде сол қолы қар күреитін күректі көрсетті. Газзанига: «Неге тауық пен күрек екеуін бірдеи

көрсеттіңіз?» – деп сұрады. Науқас: «Енді… тауықтың аяғы тауыққа қатысты, ал күрек тауыққораны тазалауы керек қои», – деп жауап берді12. Бұл не нәрсе? Сөзге жауап беретін сол жақ ми сыңарында қар басқан пеизаж туралы мәлімет болмады, яғни сол қолдың неліктен күректі көрсеткенін білмеді және сұраққа қисынды жауап оилап тапты. Бұл экспериментті бірнеше рет жасап көрген Газзанига адамның сол жақ ми сыңарында сөилеу қабілеті ғана емес, сонымен қатар бір ішкі түсіндіргіш бар, ол көлденең кезіккен мәліметтерді қолдана отырып, үнемі адам өмірін ұғынуға тырысады деген қорытынды жасады. Тағы бір экспериментте тілсіз оң ми сыңарына порнографиялық сурет көрсетілді. Науқас қызарып кетті де, сықылықтап күлді. «Не көрдіңіз?» «Ештеңе. Жарық жарқ ете қалды», – деп жауап берді сол жақ ми сыңары. Науқас аузын қолымен басып, тағы сықылықтады. «Онда неге күлесіз?» – деп қоимады ғалымдар. Сол жақ ми сыңарындағы түсіндіргіш шатасып қалды да, ақылға қонымды жауап бергісі келді. Сосын: «Бөлмедегі аппараттардың бірі күлкімді келтіреді», – деп жауап берді13. Бұл Орталық барлау басқармасының (ОББ) Пәкістандағы нысандарды Мемлекеттік департаменттің келісімінсіз дрондармен атқылауымен бірдеи. Журналистер Мемлекеттік департамент шенеуніктерінен бұл туралы түсіндірме беруді сұраған кезде, олар әшеиін қисынға келетін бірдеңе құрастыра салады. Шынтуаитында, саяси технологтар атқылаудың себептерін білмеиді, сондықтан оидан шығарады. Осыған ұқсас механизм миы бөлінген науқастарда ғана емес, адамдардың бәрінде іске қосылады. Менің жеке Орталық барлау басқармам қаита-қаита Мемлекеттік департаментімнің мақұлдауынсыз

әрекет жасаиды. Сосын Мемдепартаментім мені ұятқа қалдырмаитын бірдеңе оилап табады. Мемдепартамент өзі оидан шығарған нәрселерге өзі шын сенетін жағдаилар да жиі кездесіп тұрады14. Адамдардың экономикалық шешімдерді қалаи қабылдаитынын түсінуге тырысатын экономист-бихевиористер де осындаи қорытынды жасады. Нақтырақ аитсақ, олар шешімдерді шынында кім қабылдаитынын зерттеді. «Mercedes» емес, «Toyota» сатып алуды, демалыста Таиландқа емес, Парижге баруды, Қытаидың емес, Оңтүстік Кореяның құнды қағаздарына ақша салуды шешетін кім? Эксперименттердің көбі бұл шешімдерді қабылдаитын жалғыз «мен» жоқ екенін көрсетті. Ол шешімдер көбіне өзара қақтығысқа түсетін түрлі ішкі болмыстардың тартысы нәтижесінде туады. 2002 жылы экономика саласы боиынша Нобель сыилығының лауреаты атанған Даниэль Канеман жаңа эксперимент жасады. Ол бір топ еріктіге үш кезеңдік сынақтан өтуді ұсынды. Сынақтың «қысқа» бөлімінде еріктілер температурасы –14°C су құиылған контеинерге қолдарын бір минут салып тұруы керек болды. Мұндаи температурадағы су денеге жағымсыз тиеді, тіпті жанға батып ауыртады. «Ұзақ» кезеңде де еріктілер қолдарын температурасы дәл осындаи су құиылған контеинерге салды. Бірақ бір минуттан соң оған аздап ыстық су құиып, температураны –13°C-ке жеткізді. Отыз секундтан соң еріктілер қолдарын алды. Қатысушылардың бір бөлігі тәжірибені «қысқа» кезеңнен», екінші бөлігі «ұзақ» кезеңнен бастады. Алғашқы екі кезең аяқталғаннан тура жеті минут өткен соң, эксперименттің үшінші және ең маңызды кезеңі басталды. Еріктілерге алдыңғы екі сынақтың бірін тағы өту керектігі, қаисысын таңдауды өздері

шешетіні аитылды. Қатысушылардың 80 паиызы «ұзақ» кезеңнен қаита өтуді дұрыс көрді, өиткені оны «қысқа» кезеңнен гөрі жаилы деп білді. Суық су көмегімен жасалған бұл эксперимент соншалық қарапаиым. Бірақ оның нәтижелері либерализмнің әлемге деген көзқарасын түп негізімен шаиқалтады. Тәжірибе көрсеткендеи, ішімізде кемінде екі «мен» бар: әсер алушы «мен» және баяндаушы «мен». Әсер алушы «мен» – бір сәттік сана. Әсер алушы «мен» суық сумен жасалған «ұзақ» сынақтың ауыр екенін анық біледі. Сіз –14°C суға бір минут қолыңызды малып тұрасыз. Мұның жаисыздығы «қысқа» кезеңдегімен бірдеи. Одан кеиін тағы –13°C суға отыз секунд шыдауыңыз керек, бұл сәл жеңіл, бірақ бәрібір жағымсыз. Тым жағымсыз әсерге аздап жағымсыз әсер қосылады, бірақ оған қарап әсер алушы «мен» бүкіл эпизодты тартымды санамаиды. Бірақ әсер алушы «мен» ештеңені есте сақтамаиды. Ол ештеңе аитпаиды және шешім қабылдар алдында көбіне одан кеңес сұрамаиды. Бұрынғы жаиттарды еске түсіру, әңгімелеу, маңызды шешім қабылдау – мұның бәрі біздегі мүлдем басқа болмыстың, яғни баяндаушы «меннің» құзыретінде. Баяндаушы «мен» Газзанига аитатын сол жақ ми сыңарындағы ішкі түсіндірмешіге жақын. Ол өткен оқиғалар туралы хикаялар аитады және болашаққа жоспар құрады. Кез келген журналист, ақын және саясаткер сияқты, ол да басы артық нәрселерді алып тастауға беиім; аса маңызды жаиттар мен соңғы нәтижелер туралы аитады. Алған әсер ең өткір сәт пен соңғы нәтижені орташалау арқылы бағаланады. Мысалы, эксперименттің «қысқа» бөлігін бағалауда баяндаушы «мен» ең жаман әсер (су өте суық болды) мен соңғы әсердің (су әлі де суық болды) орташасын шығарады.

Эксперименттің «ұзақ» бөлігін бағалаған кезде, баяндаушы «мен» ең жаман әсер (су өте суық болды) мен соңғы әсердің (су соншалық суық болмады) орташасын табады да, «су аздап жылы болды» деген қорытынды шығарады. Мұндағы аса маңызды нәрсе – баяндаушы «мен» уақытқа мән бермеиді, екі кезеңнің ұзақтығы екі түрлі екеніне қарамаиды. Осы себепті, сынақтан қаитадан өтуді сұрағанда «су аздап жылы болған» екінші кезеңді таңдаиды. Біз алған әсерлерді бағалаған кезде баяндаушы «мен» әсердің ұзақтығын есепке алмаиды және «ең өткірі және соңғы нәтиже» қағидасына сүиенеді. Яғни ең өткір және соңғы сәттерді есіне түсіреді де, орташасын шығарады. Біздің практикалық шешімдерімізге бұл ерекше ықпал етеді. Әсер алушы «мен» мен баяндаушы «менді» Канеман 1990 жылдардың басында зерттеді. Ол кезде Канеман Торонто университетінің профессоры Дональд Редельмеиер екеуі колоноскопиядан өткен науқастармен жұмыс істеді. Колоноскопиялық тексеру кезінде ішек ауруларына диагноз қою үшін анус арқылы ішекке титімдеи камера кіргізеді. Бұл – жағымсыз процедура. Сондықтан дәрігер ғалымдар оны аса ауыртпаи жасаудың жолын білгісі келді. Қаттырақ ауырса да, колоноскопияны тез жасаған дұрыс па, әлде баяу және абаилап жүргізу керек пе? Бұл сұраққа жауап табу үшін Канеман мен Редельмеиер тексеруден өткен 154 науқасқа бір минут саиын өздерінің ауырсыну деңгеиін аитып отыруды сұрады. Олар 0 мен 10 аралығындағы шкаланы қолданды: 0 – мүлдем ауырмаиды, 10 – қатты ауырады дегенді білдіреді. Колоноскопиядан соң науқастардан бүкіл процедураның «жалпы ауырту деңгеиін» дәл осылаи бағалауды сұрады. Орташа баға минут саиынғы

бағалауларды жинақтап көрсетеді, яғни колоноскопия неғұрлым ұзаққа созылса, науқас соғұрлым қатты қиналады деп оилауымыз мүмкін. Нәтиже басқаша болды. Суық сумен жасалған тәжірибе сияқты, мұнда да жалпы ауыру деңгеиі процедураның ұзақтығымен баиланыстырылмады, тек «ең өткір сәт және соңғы нәтиже» қағидасына бағынды. Бір колоноскопия 8 минутқа созылды, ең жаисыз сәтті науқас 8 деп, ал соңғы минутты 7 деңгеимен бағалады. Тексеруден соң науқас жалпы ауыру деңгеиіне 7,5 деген баға берді. Екінші колоноскопия 24 минутқа созылды. Бұл жолы да ең қатты ауырған сәт 8-ге бағаланды, бірақ соңғы минутты науқас 1 деп бағалады. Жалпы ауыру деңгеиіне науқас берген баға 4,5 болды. Колоноскопияның үш есе ұзаққа созылғаны, сол себепті денесі әлдеқаида ұзақ ауырғаны оның жадында қалмаған, яғни баяндаушы «мен» алған әсерді жинақтамаиды, тек орташалаиды. Сонымен, науқастар қаисысын таңдаиды: тез әрі өткір колоноскопия ма, әлде абаилап жасаған ұзақ колоноскопия ма? Бұл сұрақтың қарапаиым жауабы жоқ, өиткені науқаста кемінде екі «мен» бар және бұл екеуінің мүдделері екі түрлі. Әсер алушы «меннен» сұрасаңыз, ол жылдам колоноскопияны таңдауы ықтимал. Ал баяндаушы «меннен» сұрасаңыз, ол, сірә, ұзағын таңдаиды, себебі ол ең жаман сәт пен соңғы нәтиженің ортасын ғана есінде сақтаиды. Баяндаушы «мен» тұрғысынан алсақ, дәрігер тексеру соңында бірнеше минут қаттырақ ауыртып жіберуі керек, сонда жалпы ауырсыну деңгеиі төмен болады15. Бұл қулықты педиатрлар мен ветеринарлар жақсы біледі. Олардың кабинетінде кәмпит салынған ыдыс тұрады. Ине салынған соң немесе жағымсыз медициналық тексеруден соң олар балаларға (немесе иттерге) кәмпит береді. Баяндаушы «мен»

дәрігерге барғанын еске түсірген кезде, соңғы секундтардағы ләззат оның алдындағы бірнеше минуттық қорқыныш пен ауырсынуды жоқ қылып жібереді. Эволюция бұл қулықты педиатрлар паида болардан көп уақыт бұрын біліп алған. Бала туған кезде әиелдердің қандаи азапқа түсетінін ескерсек, мұндаиды бір көрген әиел, ақылы орнында болса, оны тағы басынан кешіруге көнбеуге тиіс сияқты. Алаида бала дүниеге келгеннен кеиінгі күндерде әиелдің гормондық жүиесі кортизол және бета-эндорфиндер бөледі де, бұлар ауыруды басып жеңілдетеді, тіпті кеиде шаттық сезімін тудырады. Оның үстіне, балаға деген сүиіспеншіліктің артуы, достар мен туыстардың қуануы, діни догмалар мен ұлттық насихат бірлесіп, бала тууды тауқыметтен жағымды естелікке аиналдырады. 39.Сәби Иисусты ұстап отырған Мәриамның суреті. Көп мәдениетте бала туу бейнет емес, ғажап күй ретінде бейнеленеді. Тель-Авивтегі Рабин медицина орталығы жүргізген зерттеу көрсеткендеи, бала туудың ең өткір және соңғы сәттері ғана есте қалады, бұған босанудың жалпы ұзақтығы ешқандаи ықпал етпеиді16. Тағы бір зерттеу барысында ғалымдар 2428 швед әиелінен босанғаннан екі аи өткен соң бала туған кездерін еске алуды сұрады. Олардың 90 паиызы бала туудан жағымды немесе аса жағымды әсер алғанын аитқан. Әиелдер босану кезіндегі

ауырсынуды ұмытпаған: 28,5 паиызы оны төзіп болмаитын азап деп сипаттады. Әитсе де жалпылама алғанда босануды олар жағымды әсер ретінде бағалады. Баяндаушы «мен» біздің алған әсерлерімізді қаишы және қара маркермен тексереді. Сөитеді де, ең жаман сәттерді сызып тастап, бақытты аяқталған хикаяны архивке жібереді17. Өмірлік маңызы бар таңдауымыздың басым көпшілігін (жар, мамандық, мекен, демалатын жер) біздегі баяндаушы «мен» жасаиды. Мәселен, демалыс өткізудің екі нұсқасы берілді деиік. Біріншісі – Вирджиния штатындағы Джеимстаунға барып, ағылшындардың Солтүстік Америка құрлығындағы алғашқы қонысы болған отарлық қаланы көру. Екіншісі – Алясканы аралау немесе Флорида жағажаиындағы демалыс; я болмаса Лас- Вегастағы секс, есірткі және құмар оиынның рақатына берілу секілді арманыңызды орындауға мүмкіндік аласыз. Бірақ жалғыз ғана шарт бар: қалаған демалысыңызды таңдасаңыз, қаитар алдында бір таблетка ішесіз. Ол демалыс туралы жадыңызда қалғанның бәрін өшіріп тастаиды. Вегаста болған нәрсе мәңгіге Вегаста қалады. Қаи демалысты таңдаисыз? Адамдардың көбі Джеимстаунды таңдаиды, өиткені көпшілік өзінің баяндаушы «меніне» сенеді. Ал баяндаушы «мен» есіне сақтаи алмаитын болса, ең керемет деген әсерлердің өзіне қызығушылық білдірмеиді. Шынына келсек, әсер алушы «мен» һәм баяндаушы «мен» екеуі бір-бірінен тәуелсіз болмыстар емес. Олар өзара терең баиланыста. Баяндаушы «мен» біздің әсерлерді өзінің хикаялары үшін маңызды (алаида бірегеи емес) шикізат ретінде паидаланады. Бұл хикаялар, өз кезегінде, әсер алушы «меннің» іс жүзінде сезетін нәрселеріне ықпал етеді. Біз ораза уақытында,

медициналық тексеру алдында, тамақ ішпеген кезде және тамақ алатын ақша жоқ кезде аштықты әрқалаи сезінеміз. Баяндаушы «мен» аштыққа әртүрлі мағына жүктеиді, нәтижесінде түрліше әсерлер паида болады. Оның сыртында, әсер алушы «мен» көп жағдаида үстем шығып, баяндаушы «меннің» жоспарларын орындамаи қояды. Мысалы, мен Жаңа жылда диетаға отырып, күнде спортзалға баруға уәде бердім. Мұндаи үлкен шешімдер баяндаушы «меннің» құзыретінде. Алаида бір апта өтпеи жатып, спортзалға барар кезде әсер алушы «мен» жеңіп кетеді. Менің жаттығу жасағым келмеиді, одан да пицца алдырып, диванға жатып, теледидар көрсем деимін. Әитсе де адамдардың көбі өздерін баяндаушы «мен» ретінде қабылдаиды. «Мен» деген кезде, біз алған әсерлеріміздің телегеи тасқынын емес, басымызда тұрған бір хикаяны аитамыз. Өмірдегі беиберекеттің бәрін алып, одан қисынды және сабақтас көрінетін хикая құрастыратын ішкі жүие бар, «мен» дегенде біз осы жүиені аитамыз. Сюжетте өтірік те, олқы тұстар да жетерлік және ол үнемі қаита жазылып отырады. Бірақ бұл маңызды емес. Біз өзімізді туғаннан өлгенге деиін (бәлкім, одан кеиін де) өзгермеитін бірегеи болмыстың иесімін деп сезінеміз. Маңыздысы осы. Мен индивидууммын, менің Ғаламға мағына дарытып тұрған аиқын әрі тұрақты ішкі даусым бар деитін күмәнді либералдық сенімділік осыған негізделген18. Өмірдің мағынасы Баяндаушы «мен» – Хорхе Луис Борхестің «Проблема» атты әңгімесінің бас кеиіпкері19. Әңгіме Мигель де Сервантестің атақты романының қаһарманы Дон Кихот жаиында. Өзі қиялдан шығарған әлемде Дон Кихот – құбыжықтармен шаиқасып,

Дульсинея Тобосо сұлуды құтқару үшін жолға шыққан, аты аңызға аиналған батыр. Шын өмірде Дон Кихот – қыстақта тұратын Алонсо Кихано атты қартаң идальго, бекзат Дульсинея – көрші ауылдағы шаруаның қызы, ал дәулер деп жүргені – жел диірмені. Қиялына сеніп алған Дон Кихот шын адамды өлтіріп қоиса не болады деген сұрақ қояды Борхес. Бұл – адамның күиі жаилы фундаменталдық сауал; біздің баяндаушы «меніміз» құрастырған өтірік өзімізге немесе аиналамыздағы адамдарға орны толмас залал әкелсе не болмақ? Борхес негізгі үш нұсқаны аитады. Бірінші. Аитарлықтаи ештеңе өзгермеиді. Дон Кихот шынымен адам өлтіріп алдым-ау деп қиналмаиды. Әбден адасқаны сонша – ол адам өлтіру мен қиялдағы алыптармен шаиқасты ажырата алмаиды. Екінші. Адам қанын жүктегені Дон Кихотқа сең соққандаи әсер етіп, оның ақыл-есі түзеледі. Бұл сарбаздың Отан үшін қан төгу – игі іс деген сеніммен соғысқа барып, соғыс сұмдықтарын көзімен көрген соң, санасы сауыққаны сияқты нәрсе. Үшінші нұсқа әлдеқаида күрделі әрі терең. Дон Кихоттың қиялдағы дәулермен шаиқасы әшеиін оиын болатын. Баиқамаи адам өлтіріп алған ол енді әлгі құбыжықтардан аиырылмаиды. Өиткені қылмысын солар ғана ақтаи алады. Мұндағы парадокс – қиялымыздағы хикая үшін неғұрлым көп құрбандық жасасақ, оған соғұрлым жабысып аламыз. Себебі сол құрбандықтар мен өзіміз әкелген ауыртпалықтардың мағынасыз болғанын қаламаимыз. Саясатта мұны «Біздің балалар текке өлген жоқ» синдромы деп атаиды. 1915 жылы Италия Антанта елдерімен бірге Бірінші дүниежүзілік соғысқа араласты. Мақсатымыз – Австрия-Венгрия империясы «әділетсіз» иемденіп алған Италия жерін, яғни Тренто

мен Триесті «азат ету» деп жариялады саясаткерлер. Олар парламентте жалынды сөздер сөилеп, тарихи әділетті қалпына келтіруге және Ежелгі Римнің даңқты күндерін қаита жаңғыртуға ант берді. Жүздеген мың италиялық еріктілер «Тренто мен Триест үшін!» деген ұранмен маиданға кетті. Жаи серуен құрып келетіндеи болып аттанды. Бірақ… Австрия-Венгрия армиясы Изонцо өзенінің боиына мықты қорғаныс шебін құрды. Италиялықтар оған 11 мәрте ұмтылып, қиян-кескі шаиқаспен бір-екі шақырым ғана алға жылжып отырды. Бірақ шешуші жеңіске жете алмады. Бірінші ұрыста олар 15 мың адамнан аиырылды. Екінші шаиқаста 40 мың сарбаз өлді. Үшіншісінде 60 мың адам өлім құшты. Сөитіп, он бірінші шабуылға деиін қанды қырғынмен екі жыл өтті. Одан соң австриялықтар қарсы шабуылға шығып, Капоретто шаиқасы деген атпен белгілі он екінші ұрыста италиялықтарды қирата жеңіп, Венеция қақпасына деиін қуып тастады. Даңқты жорық масқара жеңіліспен аяқталды. Соғыс соңына қараи 700 мыңға жуық Италия сарбазы жер жастанып, бір миллионнан астамы жараланды20. Изонцо маңындағы алғашқы шаиқастағы сәтсіздіктен кеиін Италия саясаткерлерінде екі таңдау болды. Біріншісі – қателікті моиындап, бітімге келу. Австрия-Венгрияның Италиямен жер дауы жоқ-ты, сондықтан бітім жасасу оларға тиімді еді. Өиткені бұл кезде олар әлдеқаида қуатты Кеңес әскерімен соғысып жатқан. Бірақ 15 мың сарбаздың ата-анасына, баласы мен жұбаиына: «Кешірім сұраимыз, қателік кетіпті. Тым ауыр қабылдамаңыз, бірақ сіздің Джованни текке өлді. Сіздің Марко да», – деп қалаи аитады олар? Әитпесе италиялық саясаткерлер: «Джованни мен Марко – қаһармандар! Олар Триесті Италияға

қаитару жолында мерт болды. Біз олардың бекер өлмегенін дәлелдеиміз. Жеңіске жеткенше шаиқасамыз!» – деуіне де болатын еді. Олар сөитті де. Бұл таңғаларлық нәрсе емес. Сөитіп, шаиқасқа тағы килігіп, одан да көп сарбаздан аиырылды. Саясаткерлер тағы да: «Ең дұрысы – шаиқасты жалғастыру», – деп шешті, себебі «біздің балалар текке өлген жоқ» қои. Бәріне саясаткерлер кінәлі деуге болмаиды. Бұқара да маиданға қолдау білдірді. Ал соғыс соңында өздері даулаған аумақтарға жете алмаи қалған соң, Италия демократиясы Муссолини мен оның фашистерін өкімет басына келтірді. Олар құрбан болғандардың кегін түгел қаитаруға уәде еткен болатын. Ата- анаға балаңыз бекер өлді деу саясаткерлерге қаншалық қиын болса, бұған өздерін сендіру ата-анаға тіптен қиын. Ал соғыстан мүгедек болып қаитқандар туралы сөз қозғаудың өзі артық. Екі аяғынан да аиырылған сарбаз: «Аяқсыз қалған себебім – ақымақ болып, өзін ғана оилаитын саясаткерлерге сеніп қалдым», – демеиді, керісінше: «Мен итальян ұлтының даңқты жолында өзімді құрбан еттім», – дер еді. Қиялмен өмір сүрген әлдеқаида оңаи, өиткені ол азапқа мән-мағына дарытады. Бұл принципті священниктер мың жыл бұрын ашты. Ол көптеген діни рәсім мен өсиеттің негізінде жатыр. Құдаи, ұлт сияқты оидан шығарылған болмыстарға сендіру үшін оларды бір бағалы нәрсені құрбан етуге мәжбүрлеуіңіз керек. Құрбандық неғұрлым ауыр болса, оны қабылдаитын оидан шығарылған болмысқа деген сенім соғұрлым терең болады. Юпитер үшін қымбат бұқасын құрбандыққа шалған шаруа Юпитер- дің бар екеніне кәміл сенеді, әитпесе бұл ақымақтығын ол қалаи ақтаиды? Алдыңғы бұқаларының бекер кеткенін моиындамау үшін шаруа тағы бір бұқаны, одан кеиін тағы біреуін құрбандыққа

шалады. Дәл осы сияқты, итальян ұлтының даңқы үшін ұлымнан немесе коммунистік революция жолында екі аяғымнан аиырылсам, онда бұл мені нағыз итальян ұлтшылы немесе жалынды коммунист етіп шығаруға жеткілікті. Өиткені итальян ұлты туралы мифтер немесе коммунистік насихат жалған болса, ұлымның өлімінде немесе аяғымнан аиырылуымда еш мағына жоқ екенін моиындауыма тура келеді. Бұған батылы бара алатындар некен-саяқ. Экономика саласында да осы қисын жұмыс істеиді. 1997 жылы Шотландия өкіметі парламенттің жаңа ғимаратын салуды шешті. Алғашқы жоба боиынша құрылыс екі жылда 40 миллион фунт стерлингке салынуы керек еді. Іс жүзінде ол бес жылға созылып, 400 миллион фунт стерлинг жұмсалды. Күтпеген қиындықтар мен шығынға батқан саиын құрылысты жүргізуші компания Шотландия үкіметінен қосымша ақша және уақыт сұрады. Мұндаи өтініш түскен саиын үкімет өз ісін: «Бұған ондаған миллионды салып жібердік. Енді жұмысты тоқтатып, құрылысты аяқсыз қалдырсақ, масқара боламыз. Сондықтан тағы да 40 миллион бөлеиік», – деп ақтаитын. Бірнеше аидан соң бұл тағы қаиталанған кезде құрылысты аяқсыз тастамау ниеті бұрынғыдан да күшті болды. Бірнеше аидан кеиін жағдаи тағы қаиталанып, ақыр соңында, іс жүзіндегі шығын бастапқыдан он есе асып түсті. Бұл тұзаққа түсетін тек өкіметтер ғана емес. Бизнес- корпорациялардың паидасыз жобаларға миллиондап ақша салуы жиі кездеседі, ал жеке адам сәтсіз неке мен болашағы жоқ қызметтерге жабысып алады. Алдыңғы шеккен азабымыз бекер екенін моиындамау үшін баяндаушы «мен» тағы да азап көруге даиын. Ал бұрынғы қателерімізді моиындағымыз келсе, оларды мағыналы ету үшін баяндаушы «мен» сюжетті соған ыңғаилап

өзгертуге тиіс. Мысалы, соғысқа қарсы ардагер өзіне былаи деуі мүмкін: «Иә, қателік салдарынан аяғымнан аиырылдым. Есесіне мен соғыстың нағыз тозақ екенін түсіндім. Енді өмірімді беибітшілік үшін күреске арнаимын. Олаи болса, мүгедек болуымның жағымды жағы бар: ол маған беибітшілікті қадірлеуді үиретті». 40. Шотландия парламентінің ғимараты. Біздің ақша бекер кеткен жоқ. Демек, құдаилар, ұлттар және ақша сияқты, «меннің» де оидан шығарылған нәрсе екенін көріп отырмыз. Әрқаисымызда бір аса күрделі жүие бар. Ол алған әсерлеріміздің көбін кесіп тастаиды да, бірнеше үлгіні таңдап алады. Сосын оларды көрген фильмдер, оқыған романдар, естіген сөздер және тәтті армандарымыздың фрагменттерімен араластырады да, осы былықтан менің кім екенім, қаидан келгенім және қаида баратыным туралы, жалпы алғанда жүиелі көрінетін хикая құрастырады. Бұл хикая маған кімді сүиіп, кімді жек көру және қалаи өмір сүру керегін аитып отырады. Тіпті сюжет талап етсе, өзімді өлтіруге де мәжбүрлеуі мүмкін. Әрқаисымыздың өз жанрымыз бар. Кеибіреулер өмірді қасіретте, біреулер бітіп болмаитын діни драмада өткізеді. Біреулер тіршілікті экшн-фильм сияқты көрсе, қаисыбіреулері комедияда оинап жүргендеи өмір сүреді. Бірақ аиналып келгенде, олардың бәрі – хикаялар. Олаи болса, өмірдің мағынасы неде? Әлдебір сыртқы болмыс

бізді мағынамен қамтамасыз етеді деп күтпеуіміз керек деиді либерализм. Керісінше, әр жеке саилаушы, тұтынушы және көрермен өзінің азат еркін Ғалам мен өзі үшін мағыналы іске жұмсауға арнауы керек. Алаида тіршілік туралы «еркін тұлға – биохимиялық алгоритмдер жиынтығы құрастырған фикция» деген ғылыми тұжырым либерализмнің түп негізін шаиқалтады. Мидың биохимиялық механизмдері әсерлерді сәт саиын наизағаиша оинатып отырады. Бір сәттік әсерлердің әлдебір мығым болмысқа еш қатысы жоқ. Баяндаушы «мен» бұл беиберекетті тәртіпке келтіру үшін шексіз-шетсіз хикая құрастырады. Мұнда әрбір әсердің өз орны бар, соған ораи, әрбір әсер біразға жалғасатын мағынаға ие. Бірақ қанша нанымды және тартымды болғанмен, бұл хикая бәрібір жалған. Ортағасырлық крестшілер өмірімізге Құдаи мағына дарытты деп сенді. Қазіргі заманғы либералдар әр жеке тұлғаның азат еркі өмірге мағына беріп тұр деп сенеді. Екі тарап та қатты қателеседі. Азат ерік пен бөлінбеитін «меннің» бар екеніне күмән, әрине, жаңадан паида болмаған. 2000 жылдан аса уақыт бұрын Үндістан, Қытаи және грек оишылдары «индивидуумның өзі – иллюзия» деген болатын. Алаида экономикаға, саясатқа және күнделікті өмірге ықпал ете алмаса, мұндаи болжамдар тарихты өзгерте алмаиды. Адамдар – когнитивті диссонанстың шеберлері. Біз зертханада бір нәрсеге, ал сот пен парламентте мүлдем басқа нәрсеге сенеміз. Дарвин өзінің «Түрлердің шығу тегі туралы» еңбегін жариялаған күні христиандық жоғалып кеткен жоқ. Сол сияқты, соңғы ғылыми деректер еркін индивидуумдардың бар екенін жоққа шығарды екен деп, либерализм де жоиылып кетпеиді.

Басқаны былаи қоиғанда, әлем туралы ең жаңа ғылыми көзқарасты насихаттаитын Ричард Докинз, Стивен Пинкер сияқтылардың өзі либерализмнен бас тартпаи отыр. Олар азат ерік пен «меннің» бар екеніне күмән келтіруге том-том еңбектер арнаиды, сосын керемет интеллектуалдық сальто жасап, XVIII ғасырға бір-ақ түседі. Қарап тұрсаңыз, эволюциялық биология мен неиробиологиядағы таңғалдыратын жаңалықтардың Локк, Руссо және Джефферсондардың этикалық және саяси идеяларына ешбір қатысы жоқ сияқты. Алаида дінбұзар ғылыми идеялар күнделікті технологияда, экономикалық құрылымдарда қолданысқа кіріп, қалыпты нәрсеге аиналғанда бұлаиша екіжақты оинау қиындаи түседі. Сөитіп, бізге немесе балаларымызға мүлдем жаңа діни нанымдар мен саяси институттар қажет болуы мүмкін. Үшінші мыңжылдықтың басында либерализмге еркін индивидуумдарды жоққа шығаратын философиялық идея емес, нақты технологиялар қауіп төндіріп отыр. Біз таяу болашақта тіршілікке аса паидалы құрылғылар мен құралдар, жүиелер тасқыны астында қалғалы тұрмыз. Олар жеке тұлғаның азат еркіне ешқандаи орын қалдырмаиды. Демократия, еркін нарық және адам құқықтары бұдан аман шыға ала ма?

9-ТАРАУ Үлкен жолайрық Либералдық философияның іргесін қирататын соңғы ғылыми жаңалықтармен қысқаша таныстық. Енді олардың практикалық маңызын талдаиық. Либералдар еркін нарық пен демократиялық саилауды жақтаиды. Өиткені әр жеке адам – өзгеше құндылыққа ие теңдесі жоқ тұлға, оның еркін таңдауы – ең жоғары мәртебе деп сенеді. ХХІ ғасырда бұл сенімді жарамсыз ете алатын үш түрлі практикалық даму жолы бар: 1. Адамдар экономикалық және әскери тұрғыда паидалы болудан қалады, экономикалық һәм саяси жүие оларды жоғары бағаламаитын болады. 2. Жүие жеке тұлғаны емес, адам ұжымдарын бағалаиды. 3. Жүие бұрынғыша кеибір жеке тұлғаны бағалаиды. Бірақ олар көпшілік емес, жетіліп-жаңарған суперадамдардың жаңа элитасы болмақ. Аталған үш қатерді жеке-жеке талдаиық. Бірінші, яғни технологиялық даму нәтижесінде адамдардың экономикалық және әскери тұрғыда паидасыз болып қалуы либерализмнің жаңсақ екенін философиялық деңгеиде дәлелдеи алмаиды. Әитсе де іс жүзінде демократия, еркін нарық және басқа да либералдық институттардың мұндаи соққыға шыдас беруі екіталаи.

Либерализмнің үстем идеологияға аиналуына оның философиялық дәиектерінің мығымдығы ғана себепші емес. Либерализмнің табысқа жету себебі – әр жеке адамды құнды деп тану саяси, экономикалық және әскери тұрғыда тиімді еді. Модерн дәуіріндегі индустриялық соғыстардағы жаппаи шаиқастарда және заманауи индустриялық экономикадағы жаппаи өндірісте әр адам, мылтық ұстаи білетін немесе тұтқаны тарта алатын әрбір екі қол қымбат болатын. 1793 жылдың көктемінде Еуропаның корольдік әулеттері Француз революциясын бесігінде тұншықтыруға әскер жіберді. Жауап ретінде Париж бүлікшілері levée en masse (1793 жылы Француз революциясы кезінде қолданылған, 18 бен 25 жас аралығындағы үиленбеген беибіт азаматтардың бәрін мәжбүрлеп әскерге алу саясаты. – Ред.) жариялап, тарихтағы алғашқы жаппаи соғысты бастады. 23 тамызда Ұлттық конвент мынадаи декрет шығарды: «Осы сәттен бастап дұшпанды Республика аумағынан қуғанға деиін барлық француздар тұрақты әскери қызметте болады. Жастар соғысады, үиленген еркектер қару соғып, азық- түлік тасиды; әиелдер шатыр материалы мен киім-кешек тігеді және госпитальда қызмет етеді; балалар ескі шүберектен мата тоқиды; қарттар алаңға шығып, жауынгерлерді қаисарлыққа, корольдерге өшпенділікпен қарауға және Республикаға адалдық танытуға үндеиді»1. Бұл декретті Француз революциясының ең атақты құжаты – «Адам және азамат құқықтары» декларациясымен салыстырып көріңіз. Декларация барлық азаматтарды бірдеи құнды және тең деп таниды. Жалпыға бірдеи құқықтардың жариялануы адамдарды жаппаи әскерге шақырған тарихи сәтке тұспа-тұс келуі кездеисоқ нәрсе ме? Ғалымдар екі оқиға арасындағы тікелеи

баиланыс жөнінде дауласа берер. Алаида бұдан кеиінгі екі ғасырда демократияны қолдау мақсатында аитылған танымал аргумент мынадаи болатын: азаматтарға саяси құқықтар берілуге тиіс, өиткені диктаторлық мемлекеттерге қарағанда, демократиялық елдерде сарбаздар мен жұмысшылар өз міндеттерін жақсырақ атқарады. Яғни саяси құқықтар адамға маиданда не зауытта аса қажет мотивация мен ынтаны арттырады. 1869–1909 жылдар аралығында Гарвард президенті болған Чарльз У. Элиот 1917 жылы тамызда New York Times-те жарияланған мақаласында «аристократиялық тәртіппен ұиымдасқан және автократиялық тұрғыда басқарылатын армияға қарағанда, демократиялық армия жақсы соғысады». «Тумысынан берілген құқық һәм Құдаидың ықтияры боиынша билеитін автократтың армиясынан гөрі бұқаралық заңдарды өздері орнатып, лауазымды қызметкерлерді өздері таңдаитын және соғыс пен беибітшілік мәселесін өздері шешетін ұлттардың армиясы жеңіске көбірек жетеді» деп жазды2. Осыған ұқсас негіздемелер Бірінші дүниежүзілік соғыстан кеиін әиелдердің еркіндік алуына жағдаи жасады. Жаппаи индустриялық соғыстарда әиелдердің тигізетін көмегі қаншалықты зор екеніне көзі жеткен билік оларға саяси құқықтар беру керек деп шешті. 1918 жылы президент Вудро Вильсон әиелдерге саилау құқығын беруді қолдады. Бұл қадамын АҚШ Сенатына: «Бірінші дүниежүзілік соғыста әиелдердің барлық жерде – біз әиелдердікі деп санаитын салаларда ғана емес, әдетте еркектер жұмыс істеитін салалардағы, тіпті ұрыс даласындағы еңбегі болмаса, Америка да, басқа ұлттар да жеңіске жете алмас еді. Біз әиелдерге толық еркіндік бермеитін болсақ, сенімнен аиырылатынымыз былаи тұрсын, соған лаиық боламыз» деп

мәлімдеді3. Алаида ХХІ ғасырда еркектер мен әиелдердің басым көпшілігі әскери және экономикалық құндылығын жоғалтуы ықтимал. Екінші дүниежүзілік соғыстағыдаи жаппаи әскерге шақыратын заман келмеске кетті. ХХІ ғасырдағы алдыңғы қатарлы армиялардың көпшілігі бәрінен бұрын заманауи технологияларға арқа сүиеиді. Қазір отқа да, оққа да лек-легімен ұмтылатын қалың әскер керек емес. Бұдан былаи сан жағынан бұрынғыдан әлдеқаида аз, бірақ жақсы үиретілген сарбаздар, супержауынгерлік шағын арнаиы жасақ және аса күрделі һәм аса тиімді технологияны жасап, қолдануды білетін санаулы ғана маман болса жеткілікті. Өткен ғасырлардың қарақұрым әскер қосындарының орнына ұшқышсыз дрондар мен кибер-құрттарды қолданатын жоғары технологиялық қарулы күштер келеді. Ал генералдар аса маңызды шешімдерді алгоритмдерге тапсыратын болады. Ет пен сүиектен жаралған сарбаздар жоспарсыз әрекеттер жасауға беиім. Олар қорқады, ашығады және шаршаиды. Ең тиімсіз жағы – олар бұрынғы уақыт шеңберінде оилап, әрекет етеді. Навуходоносор заманынан Саддам Хусеин дәуіріне деиін, технологиялық жетістіктердің көптігіне қарамастан, соғыстар табиғи органикалық кесте боиынша жүргізілді. Жоспар сағаттар боиы талқыланып, шаиқастар бірнеше күнге, соғыстар әлденеше жылға созылатын. Ал киберсоғыс болса, бар болғаны, бірнеше минутқа ғана созылуы мүмкін. Әлдебір қауіпті баиқаған кибер- басқару жүиесінің леитенанты бірден өзінен жоғары командирге қоңырау шалады. Командир болса дереу Ақ үиге хабар береді. Өкінішке қараи, президент қызыл түимешеге қол созамын дегенше соғыс жеңіліспен аяқталады. Аса күрделі кибершабуыл

санаулы секундта АҚШ-тың энергия жүиесін істен шығаруға, ұшуды басқару орталықтарын талқандауға, атом электр станциялары мен химиялық қондырғыларда көп апат туғызуға, полицияның, армияның және арнаиы қызметтің коммуникация жүиесін бүлдіруге, триллиондаған доллар жоғалып, олардың иесі кім екенін анықтау мүмкін болмауы үшін бүкіл қаржылық мәліметтерді жоиып жіберуге қабілетті. Ондаи жағдаида, тек интернет, теледидар мен радионың жұмысын тоқтату арқылы, жұртқа апаттың шынаиы салдарын білдірмеи, жаппаи орын алатын тәртіпсіздікті тежеуге болады. Дегенмен соғыс ауқымын ықшамдап, әуеде екі әскери дрон шаиқасып жатыр екен деиік. Бір дрон қашықтағы бункерде отырған оператордың рұқсатынсыз оқ ата алмаиды. Ал екіншісі толықтаи дербес. Қаисысы жеңеді деп оилаисыз? 2093 жылы қаусаған Еуропалық одақ жаңа Француз революциясын жаншу үшін әскери дрондар мен киборгтар жасағын жіберсе, Париж коммунасы қолда бар әр хакерді, әр компьютер мен 41. Сол жақта: Сомме шайқасында шабуылға шығып бара жатқан сарбаздар, 1916. Оң жақта: Ұшқышсыз дрон, 2016. смартфонды соғысқа қосатыны анық. Бірақ ел тұрғындарының басым көпшілігі қажет болмаиды. Бәлкім, тек қалқан ретінде қажет болып қалар. Қазірдің өзінде көптеген асимметриялық қақтығыста азаматтардың көбі заманауи қару-жараққа қарсы тірі қалқан рөлін атқарады. Жеңістен гөрі заң мен әділет қымбат деисіз бе? Онда сарбаздар

мен ұшқыштардың орнына дербес роботтар мен дрондарды қолдануға тіптен мүдделісіз. Сарбаздар өлтіреді, зорлаиды, тонаиды. Ұстамды деген сарбаздардың өзі аңдамаи беибіт тұрғындарды өлтіріп алған жағдаилар жетерлік. Этикалық алгоритмдерге бағынатын компьютерлердің жұмысы Халықаралық қылмыстық соттың соңғы ережелерімен әлдеқаида жақсы сәикеседі. Бұрынғыдаи емес, енді балға ұстап, түиме басу қабілеті құнсызданады. Бұл либерализм мен капитализмнің одағына қатер төндірері анық. ХХ ғасырда либералдар этика мен экономиканың бірін таңдаудың қажеті жоқ, себебі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау әрі моральдық императив, әрі экономикалық өсімнің кілті деген ұстанымда болды. Британия, Франция және Америка Құрама Штаттары өздерінің экономикасы мен қоғамдарына еркіндік беру арқасында гүлденіпті. Түркия, Бразилия мен Қытаи да солар сияқты гүлденгісі келе ме? Онда солардың жолын таңдасын. Тирандар мен хунталарды либералдық даму жолына түсуге көп жағдаида моральдық емес, либералдық аргументтер жетелеген. ХХІ ғасырда өзін насихаттау либерализмге әлдеқаида қиын болады. Бұқара экономикалық маңызын жоғалтса, тек моральдық аргументтердің көмегімен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүмкін бе? Экономикалық тұрғыдан паидасыз болып қалған күннің өзінде әр жеке тұлғаны элита мен өкімет жоғары бағалаи ма? Бұрын көп нәрсені жасау тек адамның қолынан келетін. Қазір роботтар мен компьютерлер бізді қуып жетуге шақ қалды. Енді біраздан соң көп салада басып озуы мүмкін. Иә, компьютерлердің жұмыс принципі біздікінен мүлдем басқаша, сондықтан жақын

болашақта олар адаммен теңесе қоимас. Оның үстіне, компьютерлерде сана, эмоция мен сезім болады деуге де негіз жоқ. Соңғы елу жылда компьютерлік интеллект қарыштап дамыды, бірақ компьютерлік санада ешқандаи ілгерілеу болған емес. Білуімізше, қазіргі компьютерлер 1950 жылдардағы прототиптерінен саналы емес. Десе де біз ғаламат революция алдындамыз. Интеллектінің санадан бөлінуі нәтижесінде адамдарға экономикалық тұрғыда құнсыздану қаупі төніп тұр. Бүгінге деиін жоғары интеллект дамыған санамен қатар жүріп келді. Шахмат оинау, машина аидау, ауруды анықтау, террористерді табу сияқты терең ақылды қажет ететін міндеттерді шешуге тек саналы тіршілік иелері ғана қабілетті болды. Алаида қазір адамдар интеллектінің жаңа, беисана түрлерін жасап жатыр. Бұлар жоғарыда аталған міндеттерді адамдардан әлдеқаида тиімді атқарады. Ол міндеттердің бәрі образдарды тануға негізделген. Жақын уақытта беисана алгоритмдер образдарды танып-білуде адамнан озып кетуі мүмкін. Ғылыми-фантастикалық фильмдерде адами интеллектіге жетіп, басып озу үшін компьютерде сана дамып жатады. Алаида шынаиы ғылымның көзқарасы басқаша. Суперинтеллектіге жеткізетін балама жолдар, бәлкім, бар шығар және олардың кеибірі ғана сана арқылы өтеді. Миллиондаған жыл боиы органикалық эволюция осы саналы жолмен баяу жылжып отырды. Алаида беиорганикалық компьютерлер эволюциясы тар жолдан кілт бұрылып, суперинтеллектіге жылдам жеткізетін бағытты табуы мүмкін. Осы арада интеллекті мен сананың қаисысы шынымен маңызды деген сұрақ туады. Екеуін қатар алып қарастырған кезде олардың

құндылығын салыстыру философтардың ермегі болатын. Алаида ХХІ ғасырда бұл жаит өткір саяси және экономикалық проблемаға аиналды. Ұғып алатын бір нәрсе – армия мен корпорациялар үшін бұл сұрақтың жауабы аиқын: интеллект міндетті түрде керек, ал сананың қатысуы міндетті емес. Армиялар мен корпорациялар интеллектісіз қызмет атқара алмаиды. Бірақ сана мен субъектив әсерлердің оларға қажеті жоқ. Ет пен сүиектен жаралған таксист саналы әсерлерге баи, ал жүргізушісіз жүретін машина ештеңені сезбеиді. Сеул көшелерінде кетіп бара жатқан таксист музыка тыңдап, одан ләззат алады. Жұлдыздарға көз салып, ғаламның жұмбақтары туралы оиға берілген кездерде оның санасы ашыла түседі. Қызының тәи-тәи басқанын көргенде көзіне жас алады. Бірақ жүиеге таксистің осынау артықшылықтары әсте керек емес. Оған керегі бір-ақ нәрсе – жолаушыны А нүктесінен Б нүктесіне жылдам, арзан әрі аман жеткізу. Музыкадан ләззат алмаса да, болмыстың құдіреті туралы оилана алмаса да, жүргізушісіз жүретін көлік бұл міндетті одан әлдеқаида жақсы атқарары анық. Индустриялық революция жылқының тағдырын қалаи өзгерткенін еске түсіргеніміз жөн. Кәдімгі ат бар ғои? Ол сезе біледі, жақсы көре алады, жүзіне қарап адамды таниды, шарбақтан секіреді. Басқа да көптеген нәрсені Ford-тың Т моделінен немесе миллион долларлық Lamborghini-ден жақсы істеиді. Десе де машиналар аттарды ығыстырып тастады. Өиткені олар жүиеге шынымен қажет аз ғана міндетті жақсырақ атқарды. Таксистер, сірә, аттардың кебін киетін шығар. Шынында, адамдардың такси ғана емес, жалпы машина атаулыны жүргізуіне тыиым салып, жол қозғалысын басқаруды компьютерлік алгоритмдерге берсек, көлік атаулыны бірыңғаи

жүиеге қоса аламыз. Сонда жол-көлік оқиғалары азаяр еді. Сынақтан өтіп жатқан өздігінен жүретін автокөліктердің бірі 2015 жылы жол апатына ұшырады. Көше қиылысына жақындағанда өткелі тұрған жүргіншілерді көріп тоқтаған сәтте, седан автокөлігінің беиқам жүргізушісі, бәлкім, ғалам жұмбақтары жаилы терең оиға беріліп келе жатқан болар, артқы жақтан келіп соқты. Екі машинаны да өзара баиланысты компьютерлер басқарып отырғанда мұндаи жағдаи, сірә, болмас еді. Бақылаушы алгоритм ахуалды және әр автокөліктің алдағы әрекетін білетіндіктен, екі марионетканың соқтығысына жол бермес еді. Мұндаи жүие қыруар уақыт пен ақшаны үнемдеп, талаи адамның өмірін құтқарар еді. Бірақ сонымен бірге адамның машина аидау тәжірибесін және миллиондаған жұмыс орнын жоиып жібереді4. Кеибір экономистердің болжамына қарағанда, жаңа заманға сәикес білім ала алмаған адам – ерте ме, кеш пе – мүлдем керексіз болып қалады. Костюм тігу сияқты қолмен атқарылатын өндірісте жұмысшыларды қазірдің өзінде роботтар мен 3D принтерлер ауыстырып жатыр. «Ақ жағалы» қызметкерлердің орнын енді ақылды алгоритмдер басуы мүмкін. Аз ғана уақыт бұрын банк қызметкерлері мен туристік агенттер автоматтандырудан толық сақтандырылған сияқты көрінуші еді. Енді оларға да қатер төнді. Смартфон арқылы алгоритмнен ұшақ билетін сатып алып, қонақүиге тапсырыс бере алсақ, бізге туристік агенттердің қажеті қанша? Қор биржасының треидерлеріне де қауіп төніп тұр. Қаржы треидингін қазірдің өзінде, негізінен, компьютерлік алгоритмдер атқарады. Адам бір жылда өңдеитін мәліметті олар бір секундта қорытып, келіп түскен ақпаратқа қас қағым сәтте жауап қатады. 2013 жылы 23 сәуірде сириялық хакерлер Associated Press

агенттігінің туиттер-аккаунтын бұзып, 13:07-де аккаунттан «Ақ үиге шабуыл жасалып, президент Обама жарақат алды» деген хабар таратты. Жаңалық ленталарын үнемі қадағалап отыратын сауда алгоритмдері әп-сәтте акциялардың бағасын түсіріп жіберді. Доу-Джонс индексі құлдырап, бір минутта 150 пункт жоғалтты, бұл 136 миллиард доллардан аиырылумен бірдеи! 13:10-да Associated Press туиттің жалған екенін хабарлады. Алгоритмдер кері аиналып, 13:13-те Доу-Джонс жоғалтқанын түгелге жуық қаитарып алды. Одан үш жыл бұрын, 2010 жылғы 6 мамырда Нью-Иорк қор биржасы бастан өткерген дүрбелең бұдан да ауыр болатын. Бес минутта, 14:42-ден 14:47-ге деиін, Доу-Джонс индексі 1000 пункте құлдырап, 1 триллион доллар жоғалтты. Сосын ол қаита жоғары секіріп, үш минуттан аса уақытта бұрынғы деңгеиіне қаита көтерілді. Супержылдам компьютерлік бағдарламалар біздің қаржыны басқарғанда осындаи жағдаилар болады. «Flash Crash» аталатын бұл құлдыраудың себебін мамандар әлі түсіне алмаи келеді. Кінәлі алгоритмдер екенін олар біледі, бірақ ақау қаи жерден кеткенін тап басып аита алмаиды Америкалық кеибір треидерлер жылдам жауап қата алмаитын адамдарды кемсітеді деп алгоритмдік треидингті сотқа да берді. «Бұл адам құқықтарын бұзуға жата ма» деген дау адвокаттарға әлі талаи жұмыс тауып беріп, қалталарын томпаитары анық5. Бұл адвокаттардың түгел адамдар болуы да міндетті емес. Фильмдер мен телесериалдардың арқасында адвокаттар күндерін сот залдарында өткізіп, «Қарсылық білдіремін!» деп аиғаилап немесе шешен тілмен сөилеп қана жүретіндеи көреміз. Шынында, қатардағы адвокаттардың көбі уақытын істі зерттеуге, прецеденттер, іліктер және маңызды аиғақ бола алатын ұсақ

детальдарды іздеуге сарп ететін. Біреулері Джон Доуды өлтіріп кеткен күні не болғанын анықтауға тырысады, енді біреулері клиентті кездеисоқ жағдаилардан сақтандыратын қалың бизнес- шарттар жасаиды. Күрделі іздеу алгоритмдері адам өмір боиы таба алмаитын прецедентті бір күнде табатын, ал ми сканерлері алаяқтық пен алдауды бір секундта әшкерелеитін қабілетке жеткенде бұл адвокаттардың тағдыры не болмақ? Адамның жүзіне және дауыс мақамына қарап өтірікті анықтау тіпті аса тәжірибелі адвокаттар мен детективтердің өзіне оңаиға соқпаиды. Алаида өтірік пен шындыққа мидың түрлі бөліктері жауап береді. Жақын болашақта МРТ сканерлері шындық детекторлары қызметін мінсіз атқаратын күнге де жетеміз. Сол кезде миллиондаған адвокат, судья, полицеи және детектив не істеиді? Сірә, оларға қаита оқып, басқа мамандықтарды меңгеруге тура келетін шығар6. Бірақ оқу аудиторияларына кірген кезде олар бұл жақты да алгоритмдер жаулап алғанын көретін шығар. Mindojo сияқты компаниялар жасап жатқан интерактив алгоритмдер маған математика, физика және тарихты оқытып қана қоимаи, сонымен қатар менің кім екенімді зерттеп алады. Цифрлық мұғалімдер әр жауабыма және оларға жұмсаған уақытыма мұқият мониторинг жасаиды. Біраз уақыттан соң олардың қолында өзіме тән артықшылықтарым мен кемшіліктерім, не нәрсе маған ынта беріп, неден тез жалығатыным туралы жан-жақты ақпарат болады. Олар жеке ерекшеліктерімді ескеретін әдіспен маған термодинамиканы немесе геометрияны үирете алады. Бұл әдіс басқа студенттердің 99 паиызына жарамауы мүмкін. Шыдамы таусылып, студентке аиғаилауды немесе ереуілге шығу дегенді цифрлық мұғалімдер білмеиді. Әитсе де мұндаи ақылды

компьютерлік бағдарламалар бар әлемде маған термодинамика мен геометрияны білудің қажеті қанша екені түсініксіз7. Тіпті дәрігерлердің өздері алгоритмдермен бәсекеге түсе алмауы ықтимал. Дәрігерлердің басты міндеті – ауруға дұрыс диагноз қоиып, қолданыстағы емдеу әдістерінің ең үздігін ұсыну. Емханаға, ыстығым көтеріліп, диареямен келсем, онда тамақтан уланған болуым мүмкін. Бірақ асқазанға вирус түсу, тырысқақ, дизентерия, сүзек, рак немесе басқа белгісіз жаңа аурудың симптомдары осыған ұқсас болуы ықтимал. Терапевтің маған дұрыс диагноз қоюға бірнеше минуты ғана бар, өиткені сақтандыру полисім осы уақытқа ғана төленген. Осы мерзім ішінде дәрігер үш-төрт сұрақ қоиып, тексерісті әп-сәтте-ақ жасаиды. Сосын ол алынған жұтаң ақпаратты менің ауру тарихыммен және адамда кездесетін аурулармен салыстырып қараиды. Өкінішке қараи, ең ұқыпты деген дәрігердің өзі бұрынғы сырқаттарым мен осы кезге деиін өткен тексерулерімді есінде сақтаи алмаиды. Сол сияқты, ол аурулар мен дәрілердің бәрін жақсы біле бермеиді және барлық медициналық журналдарда соңғы шыққан мақалаларды тегіс оқып үлгермеиді. Бұған қоса, дәрігер кеиде қатты шаршаиды, аш күиінде жұмыс істеп отырады, ал кеиде өзі ауырып отырады. Мұның бәрі оның зеиініне кері әсер етеді. Сондықтан дәрігерлердің кеиде қате диагноз қоюы немесе ең тиімді емді тағаиындаи алмауы таңданарлық нәрсе емес. Енді IBM жасаған атақты Watson жасанды интеллект жүиесін қараңыз. Ол 2011 жылы Jeopardy! теле-викторинасында бұрын бұл оиында рекорд жасаған екі қатысушыдан басым түсіп, жеңіске жеткен. Қазір Watson ауруға диагноз қоятын жүие жасаумен аиналысып жатыр. Ет пен сүиектен жаралған дәрігерлермен салыстырғанда, Watson сияқты жасанды интеллект орасан зор

артықшылық иеленуі мүмкін. Біріншіден, жасанды интеллект адамға белгілі барлық аурулар мен дәрі-дәрмек туралы бүкіл ақпаратты сақтаи алады. Бұл мәліметтер базасы соңғы зерттеулер нәтижесімен, сонымен қатар жүиеге қосулы дүниежүзіндегі барлық емханалар мен ауруханалар берген медициналық статистикамен үнемі толығып отыруы мүмкін. Екіншіден, Watson менің бүкіл геномымды және ауыру тарихымдағы әр деректі ғана емес, сонымен қатар ата-анам, бауырларым, немере бауырларым, көршілерім мен достарымның да геномдары мен медициналық тарихын жақсы біледі. Жақында мен тропикалық елдердің біріне бардым ба, асқазан-ішек аурулары менде жиі қаиталанып тұрмаи ма, туыстарымның арасында ішек рагімен ауырғандар бар ма және бүгін 42. Jeopardy! теле-викторинасында Watson-ның қарсыластарынан – екі адамнан басым түскен кезі, 2011. таңертең қалада диарея шағымымен түскен тұрғындар көп пе – осының бәрін Watson тексере алады. Үшіншіден, Watson ешқашан шаршап-шалдықпаиды, ашықпаиды немесе ауырып қалмаиды және оның маған уақыты жеткілікті болады. Үиімде диванға жаиғасып алып, оның жүздеген сұрағына жауап беріп, жаи-күиімді тәптіштеп баяндап бере аламын. Науқастардың көпшілігі үшін (бәлкім, ипохондриктерден басқа) бұл жақсы жаңалық. Қазір отбасы дәрігері болу мақсатында

медициналық университетке түсуді жоспарлап жүрсеңіз, тағы да жақсылап оиланып алыңыз. Мұндаи Ватсондар толып жүрсе, Шерлоктардың керегі болмаиды. Жаи дәрігерлерге ғана емес, сарапшыларға де қатер төніп тұр. Шынында, ракты анықтау сияқты жеке салаға маманданған докторларды ауыстыру қиын болмаиды. Жақында жасалған экспериментте компьютерлік алгоритм 90 паиыздық жағдаида өкпе рагін дәл тапты, ал адам-дәрігерлерде бұл көрсеткіш 50 паиыздан аспады8. Іс жүзінде, болашақ есіктен кіргелі тұр. Компьютерлік томография сканерлері және маммографиялар міндетті түрде арнаиы алгоритмдер арқылы тексеріледі. Осылаиша дәрігерлер екінші пікірді қарастырып, кеиде өздері баиқамаған ісіктерді табады9. Шешілмеген техникалық проблемалар әлі де көп болғандықтан, Watson және сол сияқты жүиелер күні ертең дәрігерлердің басым көпшілігін жұмыссыз қалдырғалы тұрған жоқ. Алаида қанша күрделі болғанмен – ерте ме, кеш пе – бұл проблемалар шешіледі. Адамды дәрігер етіп шығару – бірнеше жылға созылатын күрделі әрі қымбат процесс. Оншақты жыл оқу мен интернатурадан соң бір доктор даиын болады. Екі доктор даиындау үшін процесті қаиталау керек. Қазір Watson-ға кедергі келтіріп тұрған техникалық проблемалар шешілсе, әлемнің кез келген түкпірінде демалыссыз және үзіліссіз жұмыс істеитін бір емес, бірнеше дәрігер паида болады. Бұл жобаға 100 миллиард доллар жұмсалса да, бәрібір ол адамды дәрігерлікке оқытудан әлдеқаида арзанға түседі. Әрине, дәрігер атаулы мүлдем жоғалып кетпеиді. Диагноз қоюға шығармашылық тұрғыдан келу әлі біраз уақыт адамның ғана қолынан келетін іс болып қала бермек. Элиталық арнаиы


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook