4-ТАРАУ Миф тудырушылар Қасқыр, шимпанзе секілді жануарлар екі түрлі шындықта тіршілік етеді. Бір жағынан, ағаштар мен құздар, өзендер сияқты сыртқы объектив әлем оларға таныс болса, екінші жағынан, қорқыныш пен қуаныш және қалау сияқты ішкі субъектив сезімдерді де сезіне алады. Ал адам үш қатпарлы шындықта өмір сүреді. Ағаштар мен өзендер, қорқыныш пен қуаныштан басқа олардың әлемінде ақша, Құдаи, ұлт және корпорациялар туралы мифтер де бар. Өркениеттердің дамуына қараи құдаилар, ұлттар және корпорациялар өздерінің ықпалын өзендер, қорқыныштар мен қалаулар есебінен күшеитіп отырды. Жер шарында өзендер әлі көп. Сондықтан адамдар әлі де болса қорқыныш пен қалауының билігінде. Алаида Иисус Христос, Француз революциясы мен Apple корпорациясы өзендерді бөгеп паидаланды және адамдардың тереңде жатқан үреилері мен армандарын туғызуды үиренді. ХХІ ғасырдың ең жаңа технологиялары бұрынғыдан да күшті мифтер тудыруы мүмкін. Ендеше, ертеңгі күнге көз салу үшін біз Христос, Француз революциясы мен Apple туралы мифтердің қалаиша құдірет болғанын анықтауымыз керек. Адамдар тарихты жасаимыз деп оилаиды. Бірақ, шын мәнінде, тарих осы оидан шығарылған мифтердің төңірегінде аиналып жүр. Жеке адамның
ең негізгі қабілеттері тас дәуірінен бері аса өзгере қоиған жоқ. Өзгерген күннің өзінде де олар кері қараи өзгерген болар. Ал оидан шығарылған мифтер өрмегі үнемі өсіп, нығаиып, тарих дөңгелегін тас дәуірінен Силикон дәуіріне жылжыта салды. Бәрі осыдан 70 мың жыл бұрын, когнитивті революция орнаған соң, Homo Sapiens өзінің қиялындағы нәрселерді аитуды үиренген кезде басталған еді. Одан кеиінгі 60 мың жыл ішінде адамдар кішігірім және нақты бір аимаққа ғана тиесілі толып жатқан миф өрмектерін тоқыды. Бір таипа көрші таипаларға мүлдем беитаныс әлдебір бабасының рухына табынды. Сол сияқты, ұлу қабыршағы бір жерде құнды зат саналса, таудың арғы бетіне асқан соң қажетсіз дүниеге аиналатын. Бірақ дәл осы бабалардың рухы мен қымбат қабыршақтар туралы мифтер Homo Sapiens-ке неандерталдықтар мен шимпанзелерден басым түсуге жағдаи жасады. Өиткені олар жүздеген, кеиде тіпті мыңдаған адаммен тиімді ынтымақтасуына жол ашты. Алаида аңшы-терімші Homo Sapiens-тердің жаппаи бірігуіне мүмкіндік болмады. Себебі тұтас қаланы немесе патшалықты тек аңшылықпен және терімшілікпен асыраи алмаитын еді. Тиісінше, тас дәуірінде аруақтар, перілер мен жындар салыстырмалы түрде әлсіз болды. Шамамен 12 мың жыл бұрын басталған аграрлық революция интерсубъектив желілердің кеңеиіп күшеюіне қажет материалдық база жасады. Ауыл шаруашылығы үлкен қалалардағы мыңдаған адам мен бір тәртіпке бағынған мыңдаған сарбазды азық-түлікпен қамтуға мүмкіндік берді. Бірақ интерсубъектив өрмектер жаңа кедергіге тап болды. Ұжымдық мифтерді сақтап, жаппаи ынтымақтасуды ұиымдастыру үшін ежелгі егіншілер тек адам миының ақпарат өңдеу қабілетіне ғана сүиенді. Бұл қабілет тым шектеулі еді.
Егіншілер ұлы құдаилар туралы мифтерге сенді. Құдаилардың құрметіне арнап храмдар тұрғызып, меирамдар өткізді, жер бөліп, құрбан шалды, салық төлеп, сыилықтар берді. 6 мың жыл бұрынғы ежелгі Шумер өркениетінің алғашқы қалаларында храмдар тек құлшылық ететін орын ғана емес, сонымен бірге аса маңызды саяси және экономикалық орталықтарға аиналды. Шумер құдаилары бүгінгі корпорациялардың қызметін атқаратын. Бүгінгі корпорациялар – өз меншігі бар, несиелер беріп, қызметшілер жалдаитын және экономикалық кәсіпорындар ашатын оидан шығарылған заңды тұлғалар. Урук, Лагаш және Шурупак сияқты ежелгі қалаларда құдаилар заңды тұлға саналды. Жер де, құлдар да солардың иелігінде еді. Олар қарыз беретін, жалақы төлеитін және бөгеттер мен су арналарын салатын. Құдаиларға өлім жат әрі мұраға таласатын мирасқорлары болмағандықтан, баилығы мен билігі үнемі артып отырды. Құдаиларға қызмет етіп, қарыз алатын, оларға қарасты жерді өңдеп, қазынаға салық төлеитін шумерлердің саны өсті. Қазіргі Сан-Францискода Джон Google-ға, ал Мери Microsoft-қа жалданып жұмыс істеитіні тәрізді, ежелгі Урукта бір адам ұлы құдаи Энкиге қызмет етсе, екіншісі әиел-құдаи Инаннаның қарамағында болатын. Энки мен Инаннаның храмдары Урукта менмұндалап тұратын. Олардың қасиетті беинелері қазіргі брендтердің логотиптері сияқты, ғимараттарда, тұрмыстық заттарда және киімдерде аишықталды. Қазір біз үшін Google мен Microsoft қаншалық шын болса, шумерлерге Энки мен Инанна соншалық ақиқат еді. Тас дәуіріндегі аруақтар, перілер мен жындарға қарағанда, Шумер құдаилары әлдеқаида құдіретті болды. Әлбетте адам оиынан басқа еш жерде жоқ болғандықтан, құдаилар шаруашылықты өздері басқармағаны анық. Күнделікті
тіршілікке ғибадатханадағы абыздар жетекшілік жасаитын (Google мен Microsoft та іс жүргізу үшін ет пен сүиектен жаралған адамдарды жалдаиды). Бірақ құдаилардың баилығы мен билігі ұлғаиған саиын, абыздар өз міндетін нашар атқаратын болды. Дін адамдары әлдебір құдіретті тәңірінің жердегі өкілі немесе жердегі бәрін білуші Құдаи болғанмен, олар кәдімгі адамдар еді. Әиел- құдаи Инаннаның иелігі, бағы және егістігі қаисы, Инаннаға қызмет етушілердің қаисысына жалақы төленеді, оның жерін паидаланушылардың қаисысы ақыны уақытында төлемеді және Құдаи оған қанша өсім белгіледі деген сияқты ақпараттың бәрін олар есте сақтаи алмаитын. Осы себепті Шумерде, тіпті дүниенің төрт бұрышында аграрлық революциядан кеиін де адам ынтымақтастығының желісі шартарапқа кеңінен жаиыла алмады. Ірі патшалықтар, тармақталған сауда баиланыстары мен жалпыға ортақ діндер ол кезде болмады. Бұл кедергілер 5000 жыл бұрын шумерліктер жазу мен ақшаны оилап тапқан кезде жоиылды. Бір уақытта, бір жерде және бір анадан туған бұл «сиам егіздері» адам миының ақпарат өңдеу шектеуін бұзып өтті. Жазу мен ақша жүздеген мың адамнан салық жинауға, күрделі бюрократияларды ұиымдастыруға және ірі патшалықтардың құрылуына мүмкіндік тудырды. Шумер патшалығын құдаилар атынан патша-абыз басқарды. Көршілес Ніл алқабында адамдар мұнымен ғана шектеліп қоимады: олар абыз-патшаны Құдаимен теңестіріп, ет пен сүиектен жаралған Құдаи – перғауынды жасап алды. Ежелгі Мысырда Перғауын Құдаидың өкілі емес, Құдаидың өзі саналды. Бүкіл Мысыр Перғауынның меншігі еді. Барлық тұрғындар оның әмірін орындап, қазынаға төленетін алымды уақытында беріп тұруға міндетті болды. Шумер храмдары сияқты,
Ежелгі Мысырда да бизнес-империяны Құдаи жеке өзі билеп- төстемеитін. Бір перғауын темір тәртіп орнатса, ендігі бірі уақытын оиын-сауықпен өткізетін. Әитсе де екі жағдаида да нақты әкімшілік жұмысты мыңдаған сауатты шенеунік атқаратын. Перғауын да кәдімгі адам еді, яғни оның денесі де биологиялық болатын. Оның да биологиялық қажеттілігі, қалауы мен эмоциясы бар еді. Бірақ биологиялық перғауын соншалық маңызды болған емес. Ніл алқабын мифтерде өмір сүретін, миллиондаған мысырлық бір-біріне аңыз қылып толғаитын қиялдағы Перғауын билеитін. Перғауын Мемфистегі сараиында тәтті жүзім жеп, әиелдерімен көңіл көтеріп жатқанда, оның шенеуніктері патшалықты Жерорта теңізінің жағалауынан Нубия шөліне деиін кезіп жүретін. Бюрократтар әр елді мекеннен алынатын салықты есептеп, ұзын папирустарға жазылған тізімге қосатын да, Мемфиске жолдаитын. Егер астанадан әскерге адам немесе құрылысқа жұмысшы жинау туралы жазбаша жарлық келсе, шенеуніктер қажет адамды табатын. Олар патша қамбасында қанша астық бар екенін, арналар мен резервуарларды тазалауға неше күн кететінін және перғауынның гаремінде тамақ үзілмеуі үшін Мемфиске қанша тауық, қанша шошқа жіберу керегін толық есептеитін. Тіпті ет пен сүиектен жаралған Құдаи өліп, оның бальзамдалған денесін Мемфис сыртындағы патша қабірханасына салтанатпен шығарғанда да бюрократия қызметін еш тоқтатпаитын. Шенеуніктер папирустарға жазып, салық жинап, жан-жаққа бұирық беріп, перғауынның билігін қолдап, қуаттап отырды. Шумер құдаилары қазіргі фирма брендтеріне ұқсаса, ет пен сүиектен жаралған перғауынды Элвис Пресли, Мадонна, Джастин Бибер сияқты осы заманғы тұлғалық брендтермен салыстыруға
болады. Перғауын сияқты Элвистің денесі де биологиялық еді. Оның да табиғи қажеттілігі, қалауы мен эмоциясы болды. Элвис те жұрт секілді ішіп-жеп, ұиықтаитын. Бірақ Элвисті жаи ғана биологиялық тіршілік иесі ретінде қабылдауға болмаиды. Перғауын сияқты, Элвис те аңыз, миф және нағыз бренд еді. Бұл бренд биологиялық денеге қарағанда әлдеқаида маңызды болатын. Элвис бренді тірі күнінде пластинка, билет, плакат пен авторлық құқықтарды сатудан қыруар паида түсіретін. Бірақ осы жұмыстың аз ғана бөлігін Элвистің өзі істеп, негізгі бөлігін агенттер, заңгерлер, продюсерлер мен хатшылардан тұратын қалың қосын атқаратын. Осы себепті биологиялық Элвис өлген кезде, оның бренді өз бизнесін жалғастыра берді. Оның фанаттары әлі күнге корольдің плакаттары мен альбомдарын сатып алады. Радиостанциялар бұрынғыша роялти төлеиді. Жыл саиын жарты миллион адам Теннеси штатының Мемфис қаласындағы Элвистің қабіріне барып тәу етеді. 20. Бренд заманауи өнертабыс емес. Элвис Пресли сияқты, Перғауын да тірі ағза ғана емес, бренд еді. Миллиондаған пір тұтушы адам үшін шын перғауыннан гөрі оның имиджі құнды болды. Ол өлгеннен кейін де жұрт оған табына берді. Жазу паида болғанға деиін мифтер адам миының шектеулі қабілетіне тәуелді болды. Себебі адамның есінде қалмаитын ұзақ хикаяларды оилап табудың қажеті болмады. Ал жазудың арқасында жадта емес, тақталар мен папирустарда сақталатын өте
ұзақ әрі шиеленіскен мифтерді құрастырудың мүмкіндігі туды. Ежелгі Мысырда ешкім Перғауынның жерлері, алым-салықтары қанша екенін білмеитін; өзінің қолы қоиылған келісім-шарттарды Элвис Пресли оқыған емес; Еуропалық Одақтың барлық заңдарын жатқа білетін тірі пенде жоқ; әр доллар әлемнің қаи жерін шарлап жүргенін бірде-бір банкир немесе Орталық бақылау агенттігінің агенті тексермеиді. Бірақ бұлардың барлығы бір жерлерге тәптіштеліп жазылған және тиісті құжаттар жинағы перғауынның, Элвистің, Еуропалық Одақтың және доллардың күші мен мәртебесін анықтаиды. Осылаиша, жазу адамдардың қоғамды алгоритм принципі боиынша ұиымдастыруына жол ашты. Біз эмоция деген не, ми қалаи жұмыс істеиді деген сұрақтарға жауап іздеген кезде «алгоритм» ұғымымен танысқанбыз. Оны есептеулер жүргізу, міндеттерді орындау және шешім қабылдау үшін қолдануға болатын, бірінен соң бірі жасалатын әдіснамалық қадамдар жиынтығы деп анықтағанбыз. Оқу-жазуды білмеитін қоғамдарда адамдар есеп-қисапты оиша ғана жүргізіп, шешім қабылданса, оқу-жазу қалыптасқан сауатты қоғамдарда адамдар желілер тәрізді ұиымдасады. Ондағы әр адам – ғаламат алгоритмнің ішіндегі шағын бір тетік қана, ал маңызды шешімдерді алгоритм бір бүтін жиынтық ретінде қабылдаиды. Бюрократияның мәні осында. Мысалға, заманауи аурухананы алаиық. Ол жерге барған кезде сізге стандарт форманы толтыруға беріп, қалыптасқан сұрақтар қояды. Жауаптарыңыз медбикеге жолданып, медбике, өз кезегінде, ауруханада белгіленген тәртіпке сәикес қарап, қандаи тексерулерден өту керегін шешеді. Сосын ол қан қысымыңызды тексеріп, жүрек соғысыңызды тыңдаиды және талдау жасау үшін
қан алады. Дәрігер алғашқы тексеру қорытындыларын қарап, қатаң белгіленген тәртіпке саи сізді қаи бөлімшеге жіберу керегін анықтаиды. Бөлімшеде қалың медициналық анықтамалықтарда аитылған рентген немесе МРТ сияқты мұқият тексерулерден өтесіз. Одан соң мамандар алынған мәліметтерді белгілі статистикалық деректермен салыстыра отырып қараиды да, сізді қалаи емдеу керегін немесе әрі қараи қандаи тексерулерден өту қажеттігін таңдаиды. Мұндаи алгоритмдік құрылымда тіркеу бөліміндегі қызметкер, медбике немесе дәрігердің кім екені маңызды емес. Олардың жеке мінез-құлқы, саяси көзқарастары және сол сәттегі көңіл күиі ешқандаи рөл атқармаиды. Белгіленген тәртіпке саи әрекет етсе, сізді емдеп шығады. Алгоритмдік идеалға сәикес, сіздің тағдырыңыз сонда қызметте отырған пенденің емес, қалыптасқан «жүиенің» қолында. Бұл жүие ауруханалармен қатар әскер, мектептер, корпорациялар, түрмелер мен ежелгі патшалықтарға да қатысты. Әлбетте Ежелгі Мысыр емханалары технологиялық жағынан қазіргі ауруханалардан әлдеқаида артта қалғанымен, дәл осы алгоритмдік принципке бағынды. Ежелгі Мысырда да шешімдерді әлдебір данагөи емес, өзара папирустар және тастағы жазулар арқылы бір тұтас етіп баиланыстырылған шенеуніктер тобы қабылдаитын. Ет пен сүиектен жаралған Құдаи-перғауынның атынан әрекет ететін бұл топ адамзат қоғамын қаита құрылымдап, қоршаған ортаны өзгертті. Мысалы, Мысырды б.з.д. 1878 бен б.з.д. 1814 жылдар аралығында билік құрған перғауын ІІІ Сенусерт пен оның ұлы ІІІ Аменемхет тұсында Ніл өзені мен Фаюм шұраты арасында ғаламат арна тартылды. Бөгеттер, резервуарлар және қосымша арналардан тұратын аса
күрделі жүие Ніл суының бір бөлігін Фаюм шұратына жеткізіп, ол жерде 50 миллиард текше метр су сыятын жасанды көл жасады1. Салыстыру үшін алсақ, АҚШ-тағы ең ірі жасанды су қоимасы Мид көліне (Гувер бөгеті арқылы жасалған) 35 миллиард текше метр су сыяды. Фаюм инженерлік жобасы арқасында Перғауын алаи-дүлеи су тасқындарын болдырмауға және құрғақшылық кезінде егістікті суғарып, Ніл суын реттеуге мүмкіндік алды. Бұған қоса, ол бұрын қолтырауыны қаптаған, аиналасын өлі дала қоршаған Фаюм шұратын Мысырдың астықты алқабына аиналдырды. Жасанды көлдің жағасына Шедет атты (гректер оны Крокодилополь, яғни қолтырауындар қаласы деп атады) жаңа қала салынды. Қалада Перғауынмен теңдестірілген қолтырауын-құдаи Себек- тің зәулім храмы бои көтерді (сол кездегі ескерткіштердің кеибірінде Перғауынның басы қолтырауынның басы тәрізді мүсінделді). Храмда Себек- тің жердегі беинесі ретінде қасиетті қолтырауын Петсухос жүретін. Құдаи Перғауын сияқты, ет пен сүиектен жаралған Петсухос құдаиды абыздар бағып-қағып, тамағын беретін. Тіпті оған арнап оиыншықтар жасап, алтын киім және асыл тастармен көмкерілген тәж кигізетін. Өиткені Петсухос абыздардың бренді еді, олардың абырои-беделі мен игілігі осы қолтырауынға баиланысты болды. Петсухос өлгеннен кеиін орнына дереу басқа қолтырауын Құдаи болып шыға келді. Сөитіп, өлі қолтырауынның денесіне бальзам жағып, мумияға аиналдырды. III Сенусерт пен III Аменемхет тұсында мысырлықтарда бульдозер де, динамит те болмағаны белгілі. Оларда тіпті темір құралдар да, жұмыс аттары да жоқ еді және дөңгелекті де
паидаланбаитын (шамамен б.з.д. 1500 жылдарға деиін Мысырда дөңгелек кеңінен қолданылмады). Ең озық технология қоладан жасалған құралдар болды, бірақ олардың өзі тым қымбат әрі тапшы еді. Құрылыс жұмыстарының барлығы дерлік тас және ағаштан жасалған құралдар көмегімен, адамның бұлшық етінің күшімен атқарылды. Ежелгі Мысырдағы ғаламат құрылыстарды – бөгеттердің барлығын, су қоималары мен пирамидаларды өзге планеталықтар салған деген оиға еретіндер жетерлік. Дөңгелек жасап, темірді игермеген мәдениет осыншалық ғажаиып дүниелерді қалаи тудырған? Шындық меилінше қарапаиым. Мысырлықтар Фаюм көлі мен пирамидаларды өзге планеталықтардың көмегімен емес, тамаша ұиымдастыру дағдыларының арқасында салды. Мыңдаған сауатты бюрократтың көмегімен перғауын он мыңдаған жұмысшы жинап, оларды бірнеше жыл боиы тамақпен қамтамасыз етті. Он мыңдаған жұмысшы ондаған жыл боиы бірлесе еңбек етсе, олар тас құралдармен-ақ жасанды көлді де, пирамиданы да сала алады. Перғауын саусағының ұшын да қимылдатпағаны анық. Ол өзі салық жинап, сәулет жоспарын сызған жоқ және қолына күрек те ұстаған емес. Алаида мысырлықтар Перғауын мен оның көктегі жебеушісі Себекке арнап дұға оқумен ғана Ніл алқабын су тасқыны мен құрғақшылықтан сақтауға болады деп сенді. Ол рас. Нілдің су деңгеиін көтеріп-түсіру үшін Перғауын мен Себек ештеңе істемеген, қиялдағы болмыстар еді. Бірақ олардың құдіретіне сенетін миллиондаған адам бірлесе бөгет тұрғызып, арна қазған соң су тасқыны мен құрғақшылық азаиды. Тас дәуіріндегі рухтар туралы аитпаи-ақ, Шумер құдаиларымен салыстырғанның өзінде Ежелгі Мысыр құдаилары нағыз алыптар
еді: олар қала салды, қалың әскерге қолбасшылық жасады, миллиондаған адам мен өзге де жануарлар өмірінің қожасы болды. Тек қиялдағы болмыстар құрылыс салады және билік жүргізеді деген ои оғаш естілуі мүмкін. Бірақ біз қазір АҚШ алғашқы болып атом бомбасын жасады, Қытаи «Үш шатқал» бөгетін салды немесе Google өздігінен жүретін автокөлік жасады деп аитамыз ғои. Олаи болса, Перғауын су қоимасын салып, Себек арна қазды деп неге аитпасқа? Қағаздағы өмір Жазу миллиондаған адамды бірлестіріп, қоршаған ортаны адам танымастаи өзгерткен қиялдан шығарылған құдіретті болмыстарды тудырды. Мұнымен қатар жазу адамдарды қоршаған ортаны абстрактілі символдар арқылы қабылдауға дағдыландырып, осындаи қиялдан шығарылған болмыстардың растығына сендіре алды. Аңшы-терімшілер күндерін ағашқа өрмелеп, саңырауқұлақ теріп, қабан немесе қоян қуумен өткізетін. Олар күнделікті көретін шынаиы болмыс ағаштар, саңырауқұлақтар, қабандар мен қояндар болатын. Егіншілер болса күні боиы далада жер жыртатын, астық жинап, бидаи тазалаитын, ал малшылар үи жануарларына қараитын. Олардың күнделікті көретін өмір шындығы – жалаң аяқ басқан шаң мен балшық, соқа тартқан өгіздің иісі және пештен жаңа шыққан нан еді. Ал Ежелгі Мысырдағы хатшылар уақыттың басым бөлігін жазу, оқу және есептеумен өткізді. Олардың күнделікті шындығы папирусқа сиямен жазылған белгілер ғана еді. Бұл белгілер қожаиынның жері қанша екенін, өгіз қанша тұратынын, шаруа жылына қанша
алым төлеитінін білдіретін. Хатшы құрақ қаламмен бір сөз жазып- ақ, тұтас ауылдың тағдырын шеше алатын. Модерн дәуіріне деиін адамдардың басым бөлігі сауатсыз болды. Бірақ қолында билігі бар лауазымды тұлғалар шынаиы өмірді жазба мәтіндер арқылы ғана көруге дағдылана бастады. Меилі, Ежелгі Мысыр немесе ХХ ғасырдағы Еуропа болсын, сауатты элита қағазға жазылған нәрсенің бәрін ағаш, өгіз немесе адамдар сияқты өмір шындығы деп білетін. 1940 жылдың көктемінде нацистер солтүстіктен Францияға баса-көктеп кірген кезде, онда тұратын евреилердің көбі елден қашып, оңтүстікке қараи кетуге тырысты. Шекарадан өту үшін оларға Испания мен Португалияның визалары керек еді. Басқа да қаптаған босқындармен бірге он мыңдаған евреи де өмірлерін құтқаратын қағазды алу үшін Бордо қаласындағы португал консулдығына тартты. Португал өкіметі Франциядағы консулдықтарына визаны Сыртқы істер министрлігінің алдын ала рұқсатынсыз бермеуді тапсырды. Алаида Бордодағы консул Аристидеш де Соуза Мендеш нұсқауды орындау қажет емес деп тапты. Сөитіп, отыз жылдық дипломатиялық мансабын мансұқ етті. Нацистік танкілер Бордоға жақындап келе жатқанда де Соуза Мендеш пен оның көмекшілері күн-түн демеи жұмыс істеп, он тәулік боиы виза берумен аиналысты. Консул мыңдаған адамға виза беріп, ақыр соңында, өзі қалжырап құлады. Осынша босқынды қабылдағысы келмеген Португал өкіметі бұирыққа бағынбаған консулды елге алдырып, оны Сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен босатты. Өзге адамдардың басындағы қиын халге қиналмаса да, француз, испан және португал бюрократтары ресми құжаттарды керемет құрметтеитін. Сондықтан де Соуза Мендеш тәртіпке бағынбаи
берген визалардың арқасында 30 мың адам нацистердің қатерлі қақпанынан сытылып шығып кетті. Тек резіңке мөрмен ғана қаруланған Аристидеш де Соуза Мендеш жалғыз өзі Холокост кезіндегі ең ғаламат құтқару операциясын іске асырды2. Алаида жазба құжатты қастерлеудің көп жағдаида жағымсыз әсерлері болды. 1958–1961 жылдар аралығында елді аз уақытта супердержаға аиналдырғысы келген Мао Цзэдунның бастамасымен коммунистік Қытаи Үлкен секіріс саясатын жүргізді. Астық сатудан артылған қаржыға ірі әскери және индустриялық жобаларды іске асыру мақсатында Мао ауыл шаруашылығы өнімдерін екі-үш есе арттыруға бұирық берді. Оның орындалмас талаптары бюрократиялық сатыны боилап, Пекиндегі үкімет кеңселерінен төменгі аимақтық әкімшілерге, одан әрі ауыл жетекшілеріне түсті. Бір ауыз сын аитуға қорқатын, бірақ жоғарыға жағынғысы келетін жергілікті басшылар ауыл шаруашылығы өнімдерінің керемет өсімі туралы өтірікке толы есептерді жолдады. Жалған мәліметтер бюрократиялық сатымен жоғары қараи жылжып жатқанда, әр шенеунік ана жер, мына жерге нөлдер қосып, сандарды көбеите берді. 21. Аристидеш де Соуза Мендеш, резіңке мөрлі құтқарушы-періште Сөитіп, 1958 жылы Қытаи өкіметі алдыңғы жылға қарағанда
астық 50 паиызға артық жиналды деген есеп алды. Мәліметтердің растығына сенген үкімет шетелге миллиондаған тонна күріш сатып, орнына қару-жарақ пен ауыр техника алып, қалған астық та тұрғындардың тамағына жетеді деп оилады. Осының салдарынан Қытаи тарихында бұрын-соңды болмаған алапат аштық орнап, ондаған миллион тұрғын жер жастанды3. Алаида Қытаи ауыл шаруашылығының керемет жетістігі туралы хабарлар әлемге тарап кетті. Қытаидың табысы Танзанияның идеалист президенті Жулиус Ньеререге аирықша әсер етті. Ол Танзания ауыл шаруашылығын жетілдіріп, Қытаидағы сияқты ұжымдық шаруашылықтар құрғысы келді. Шаруалар оның жоспарына қарсы шыққан кезде, Ньерере әскер мен полицияға дәстүрлі ауылдарды бұзып, жүз мыңдаған шаруаны жаңа ұжымдық фермаларға күштеп көшіруді бұиырды. Мемлекеттік үгіт-насихат бұл фермаларды кішкентаи жұмақ сияқты етіп көрсетті. Алаида олардың көбі тек қағаз жүзінде, үкімет құжаттарында ғана өмір сүретін. Ел астанасы Дар-эс- Саламда даиындалған хаттамалар мен есептерде бәлен ауылдың тұрғындары бәлен фермаға көшірілді деп жазылды. Ал, шындығында, аитылған жерге көшіп келген шаруалар үи тұрмақ, егістіктер мен құрал-жабдықтар да жоқ екенін көретін. Бірақ шенеуніктер президентке ұлы жетістіктер туралы есеп беретін. Сөитіп, бір кезде Африкадағы ең ірі азық-түлік экспорттаушы ел болған Танзания он жылға жетер-жетпес уақытта өзгенің көмегінсіз өзін асыраи алмаитын азық-түлік импортеріне аиналды. 1979 жылы Танзания шаруаларының 90 паиызы ұжымдық фермаларда өмір сүргенімен, олар отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің 5 паиызын ғана өндірді4. Жазу тарихында мұндаи сәтсіздіктер жиі ұшырасқанымен,
үкіметтер бұрынғыдан гөрі тиімді басқаруды енгізудің паидасынан гөрі зияны көп деп санады. Басшылардың бәрі қағазға қол қоюмен-ақ ахуалды жақсарта салуға құштар болды. Мұның аяғы апатқа апарып соқса, жағдаиды бұрынғыдан да көлемді меморандумдар жазып, тағы да көп заң мен ереже шығару жолымен реттегісі келді. Бастапқы жазба тілдің мақсаты аиналада болып жатқан шындықты сипаттау болуы мүмкін. Бірақ ол, ақырында, шындықтың өзін өзгертіп жіберетін қуатты құралға аиналды. Ресми баяндамалар объектив шындыққа қаишы келсе, көбінесе шындық шегініп жол беретін. Салық органдары, білім беру жүиесі немесе кез келген бюрократиялық құрылымның жұмысымен аз да болса танысып көрген адам біледі: шындық аса маңызды емес, бәрінен маңыздысы – қағазда жазылған дүние. Киелі кітаптар 22. 1940 жылдың маусымында Аристидеш де Соуза Мендеш қол қойған мыңдаған құтқарушы визалардың бірі. Мәтін мен шындық бір-біріне бетпе-бет келген сәтте көбіне шындыққа шегінуден басқа амал қалмаитыны рас па? Бұл, бәлкім, бюрократиялық жүиені қаралау шығар? Меилі перғауынға қызмет етсін, меилі Мао Цзедунның қол астында жұмыс істесін –
бюрократтардың басым көпшілігі есті адамдар болды ғои. Ендеше олардың: «Біз жазуды егістіктердің, арналардың және астық қоималарының шын жағдаиын сипаттау үшін қолданамыз. Жағдаи дәл сипатталса, біз шындыққа саи келетін шешімдер қабылдаимыз. Сипаттау қате болса, онда оның салдары аштыққа, тіпті көтеріліске алып келеді. Бірақ біз бірте-бірте немесе бізден кеиінгі әкімшілер бұл қателіктерден сабақ алады. Сөитіп, құжаттарды бұрынғыдан дәлірек толтыратын боламыз», – деитіні анық. Белгілі бір дәрежеде дұрыс сияқты көрінетін бұл мәлімдеме басқа бір тарихи динамикаға назар салмаиды. Бюрократтардың билігі нығаиған саиын, қателіктерді көретін көзін шел басады. Мифтерін шындыққа саи етіп жазудың орнына, олар шындықты өз мифтеріне қараи беиімдеп алады. Нәтижесінде аиналадағы шындық зорлықтың күшімен олардың бюрократиялық фантазияларына сәикес өзгертіледі. Мысалы, Африкада көп елдің шекарасында табиғи шекаралар, яғни өзендер, тау сілемдері, сауда жолдары нақты анықталмаған. Тарихи және экономикалық аимақтар бөлшектенген, жергілікті этностық және діни ерекшеліктер ескерусіз қалған. Бір таипаның адамдары бірнеше елге бөлініп кеткен, ал өзара жау топтар бір елде тұрады. Бұл мәселе әлемнің көп елінде бар болғанымен, Африкада мүлдем асқынып кеткен. Африканың қазіргі шекаралары онда тұратын ұлттардың талап-тілегіне мүлдем саи келмеиді. Өиткені бұл шекараларды Африкаға өмірі табаны тиіп көрмеген еуропалық бюрократтар сызып берген. ХІХ ғасырдың соңында бірнеше еуропалық держава Африканың аумақтарын меншіктеуге мүдделі болды. Келіспеушіліктер салдарынан Еуропа елдері арасында соғыс өрті тұтанбауы үшін
таласы бар тараптар 1884 жылы Берлинге жиналып, Африканы құдды бір бәліш бөлгендеи ту-талақаиын шығарды. Сол кездерде Африканың ішкі аимақтары еуропалықтар үшін terra incognita (белгісіз аимақ. – Ред.) еді. Ағылшындар, француздар мен немістердің қолында Африка жағалауының егжеи-тегжеилі карталары болды. Олар Нигер, Конго және Замбези өзендерінің мұхитқа қаи жерде құятынын жақсы білген. Бірақ ол өзендер құрлықтың қаи жерлерін қиып өтеді, олардың аңғарларында қандаи патшалықтар мен таипалар тұрады, ол халықтардың діні, ол жерлердің географиясы мен тарихы қандаи? Бұл туралы еуропалықтар мүлдем беихабар еді. Бірақ Еуропа дипломаттары үшін мұның ешқандаи маңызы болған жоқ. Африканың жартылаи бос тұрған картасын Берлинде аинадаи жалтыраған үстел бетіне жаиып қоиып, олар әрлі-берлі сызықтар жүргізді де, құрлықты бөліп ала салды. Осы карталарды қолдарына ұстаған еуропалықтар Африканың ішкі аудандарына енген кезде, өздері Берлинде отырып жүргізген сызықтардың көбі Африканың географиялық, экономикалық және этностық жағдаиына мүлдем сәикес келмеитінін аңғарды. Бірақ қақтығыстарға жол бермеу үшін басқыншылар келісімдерді бұзбауға келісті. Сөитіп, оидан шығарылған сызықтар еуропалық отарлардың шекараларына аиналды. ХХ ғасырдың екінші жартысында Еуропаның империялары құлап, олардың отарлары тәуелсіздік алған кезде, жаңа мемлекеттер отарлық шекараларды моиындады. Әитпесе, бітпеитін соғыстар басталуы мүмкін еді. Бүгінде Африка елдері тап болып отырған қиындықтардың көпшілігі осы мағынасыз шекаралардан туып отыр. Осылаиша, Еуропа бюрократтарының қағазға түскен фантазиясы Африкадағы шындықпен бетпе-бет келген кезде, шындық тізе
бүгуге мәжбүр болды5. Біздің қазіргі білім беру жүиелерін қараитын болсақ, онда шындықтың қағаздағы мәліметтерден жеңілетіні туралы мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Мысалы, үстелдің ұзындығын өлшеу үшін оған қандаи өлшем бірлігін қолдану маңызды емес. 200 сантиметр бола ма, әлде 78,74 дюим бола ма, бәрібір – одан үстелдің ұзындығы өзгермеиді. Бірақ бюрократтар адамды өлшеген кезде, көп дүние олардың қандаи сызғыш қолданатынына баиланысты. Оқу орындары адамдарды баллдық жүие боиынша бағалаи бастағаннан бері, миллиондаған оқушы мен оқытушының өмірі түбегеилі өзгерді. Оқу үлгерімін бағалау, салыстырмалы түрде алғанда, аз ғана уақыт бұрын оилап табылды. Аңшы-терімшілер өз жетістіктері үшін ешқашан баға алмаған. Тіпті аграрлық революциядан соң мың жылдан кеиін де баллдық жүиені қолданатын оқу орындары сирек болды. Орта ғасырлардағы етікші жыл соңында шәкіртіне «етіктің бауына – 5, ал табанына – минус 3» деген баға жазылған қағаз бермеи-тұғын. Шекспир заманында студенттер Оксфордты дәрежемен немесе дәрежесіз тәмамдаитын. Ол кезде бір студент 74 балл, екіншісі 88 балл деген бағамен бітіреді деген нәрсе ешкімнің оиына кіріп шықпаған6. Қатаң баллдық жүиені қолданысқа индустриялық дәуірдегі жаппаи білім беру жүиесі енгізді. Сан тілінде оилауды әуелі фабрикалар мен басқару құрылымдары үиренді. Сосын бұған мектептер көшті. Олар әр оқушының қадір-қасиетін оның орта бағасына, ал әр мұғалім мен директордың қадір-қасиетін мектептің жалпы орта көрсеткішіне қарап анықтаитын болды. Бюрократтар осы өлшемді қолдана бастаған кезде аиналадағы шындық түбегеилі өзгерді.
23. ХІХ ғасыр ортасындағы Африка картасы. Африканың ішкі аймақтары туралы еуропалықтар тым аз білетін. Соған қарамастан, олар құрлықты бөліп, шекараларды сызды. Бастапқыда мектептерге ағарту мен білім беру міндеті жүктеліп, бағалар болса оқу жетістігін өлшеудің қарапаиым құралы ғана болатын. Алаида шамалы уақыттан кеиін мектептер шәкірттердің жоғары баға алуын өздерінің басты міндеті ретінде санаитын болды. Кез келген оқушы, мұғалім, тіпті бақылаушы да емтиханда жоғары балл алуға көмектесетін дағдылар шынаиы әдебиет, биология немесе математика ғылымымен қабыспаитынын біледі. Егер жоғары баға мен нақты білімнің екеуінің бірін таңдау керек болса, мектептердің көбі бағаны таңдаитыны анық. Мәтіндердің күші киелі кітаптар паида болған кезде шарықтау шегіне жетті. Ежелгі өркениеттердегі священниктер мен хатшылар үшін құжаттар аиналадағы жағдаи туралы анықтамалық еді. Әуелде мәтіндер оларға алым-салық, егістіктер мен астық қоималарындағы ахуал туралы ғана мағлұмат беретін. Алаида бюрократия күшеиген саиын мәтіндердің беделі артты. Священниктер Құдаидың меншігіндегі мүліктердің тізімін жасаумен ғана емес, сонымен қатар Құдаидың іс-әрекетін, қасиеттері мен өсиеттерін жеткізумен де аиналысты. Осының нәтижесінде туған мәтіндер тұтас ғаламның құпиясын түсіндіре
алатын кітаптар саналды. Содан бері әр дәуірдің ғалымдары барлық сұрақтардың жауабын Библиядан, Құраннан немесе Ведалардан іздеитін болды. Теория жүзінде, егер әлдебір киелі кітап қоршаған ортаны дұрыс түсіндірмесе – ерте ме, кеш пе – адамдар мұны ұғынып, мәтіннің беделі төмендеиді. «Баршаны үнемі алдау мүмкін емес», – деп Авраам Линкольнның аитқаны бар. Бұл осылаи болса, сөз жоқ еді. Іс жүзінде, адамдардың ынтымақтастық желісінің беріктігі шындық пен өтірік арасындағы нәзік тепе-теңдікке баиланысты. Егер шындықты тым қатты бұрмаласаңыз, оны біршама аиқын көретін қарсыластардан жеңілесіз. Екінші жағынан, оидан шығарылған мифтің көмегінсіз тобырды тиімді ұиымдастыра алмаисыз. Егер таза шындыққа жүгініп, оған еш өтірік қоспасаңыз, артыңыздан көпті ерте алмаисыз. Уақыт машинасының көмегімен қазіргі заман ғалымдарының бірін Ежелгі Мысырға жібердік деиік. Ондағы абыздардың өтірігін шығарып, шаруаларға эволюция, салыстырмалылық теориясы және кванттық физика туралы аиту арқылы билікті өз қолына алуы мүмкін бе? Әрине, білімін паидаланып, бірнеше мылтық және зеңбірек жасаи алса, біздің ғалым перғауынмен және қолтырауын-құдаи Себекпен салыстырғанда біраз артықшылыққа ие болуы мүмкін. Бірақ темір кенін қазып, домна пештерін салуға және оқ-дәрі өндіру үшін оған ауыр жұмысқа төселген шаруалар керек болар еді. Қалаи оилаисыз, энергия жарық жылдамдығының квадратына көбеитілген массаға тең деген сарындағы әңгімемен шаруалардың құлшынысын оята алар ма еді? Оята алады деп оиласаңыз, Ауған- станға немесе Сирияға барып, бағыңызды сынап көрсеңіз болады. Перғауындар дәуіріндегі Мысыр, еуропадағы империялар
немесе қазіргі мектеп жүиесі сияқты аса қуатты адам ұиымдарының жетістігі көрегендіктің арқасы емес. Бар гәп олардың көнбіс шындықты оидан шығарылған нанымдарға жығып бере алуында. Мысалы, ақшаның бүкіл идеясы да осы. Үкімет түкке паидасы жоқ қағаздар шығарады да, олардың бағасын белгілеп, оны өзге барлық заттардың құнын өлшеу үшін паидаланады. Осылаиша үкімет азаматтарды осы қағаздармен салық төлеуге мәжбүрлеиді. Азаматтар осы қағаздарға аса мұқтаж болып, банкноттар шынымен де құнды бола бастаиды. Шенеуніктердің сенімі күшеиіп, қағаз ақшаларды шығарып отырған үкіметтің билігі нығая түседі. Егер әлдекім: «Бұлар жаи ғана қағаз ғои!» – деп қарсы шығып, расында да оларды жаи ғана қағаз санаса, оның табысқа жете алмасы анық. Тағы бір мысал. Білім беру жүиесі студенттерді іріктеп алудың ең жақсы тәсілі – емтихан алу деп жариялаиды. Білім беру жүиесінің жоғары оқу орындарына түсу талаптарын қоюда және жұмысқа орналасу (меилі мемлекеттік қызметке, меилі жеке компанияларға) шартты өлшемдерін даиындау мәселесіне қатысты жеткілікті құзыреті бар. Осы себепті студенттер бар күшін жоғары баға алуға жұмсаиды. Жақсы қызметтерде жоғары баға алған адамдар отыр. Сондықтан олар өздерін осы ұшпаққа шығарған жүиені жан-тәнімен қорғаиды. Аса маңызды емтихандар білім беру жүиесінің бақылауында болғандықтан, бұл жүиенің оқу орындарына, мемлекеттік органдарға және еңбек нарығына ықпалы арта береді. Егер әлдекім: «Диплом деген әшеиін қағаз ғои!» – деп оны шынымен жаи қағаз деп білсе, ол биіктерге қол жеткізе алмаиды. Киелі кітаптар да дәл осылаи жұмыс істеиді. Діни истеблишмент өкілдері киелі кітапта барлық сұрақтарға жауап бар деп соттан,
үкімет пен бизнестегілерден кітапта аитылғанға саи әрекет жасауды талап етеді. Киелі Кітапты оқып, адам аиналаға көз тастаиды. Қараиды да, оның Кітапта жазылғанға шынымен ұқсаитынын көреді. «Киелі Кітап Құдаиға ғұшыр төлеу керек деиді. Расында да бәрі төлеиді. Киелі Кітапта әиел еркектен төмен, әиел сот болып жұмыс істеи алмаиды және сотта куәлік бере алмаиды делінген. Расында да, сот болып жұмыс істеитін әиел жоқ және сот әиелдің куәлігін қабылдамаиды. Құдаидың сөзін зерттеген адам өмірде табысқа жетеді деиді Киелі Кітап. Расында, жақсы қызметтердің бәрінде Киелі Кітапты жатқа білетіндер отыр». Сосын бұл ақылды адам Киелі Кітапты зерттеуге кіріседі. Өзі ақылды адам кітапты зерттеген соң ол діни білімдар болып шыға келеді. Сосын оны сот қылып тағаиындаиды. Сот болған соң ол әиелдердің куәлігін қабылдамаиды. Ал қызметтен кететін уақыт келгенде, оның орнына Киелі Кітапты жақсы білетін біреуі келеді. Әлдекім: «Бұл жаи ғана қағаз ғои!» – десе және оны шынымен қағаз деп білсе, ол дінсіздің жолы болмаиды. Дүниенің шындығы туралы теріс мағлұмат беріп, адастырса да, қасиетті кітаптар мыңдаған жыл боиы адамдарға билік жүргізу қабілетін жоғалтқан емес. Мысалы, тарих туралы библиялық түсіндірме түбірінен қате. Бірақ соған қарамастан, ол дүниежүзіне тарады және оған миллиондаған адам сенеді. Библия тарихты монотеистік концепция тұрғысынан түсіндіріп, «әлемді бір ғана құдіретті Құдаи басқарып отыр, ол тек сені оилаиды және сенің іс- әрекетіңді бағады; әр жетістігің – жақсы істеріңе берілген сыи, әрбір жамандық – жасаған күнәларыңның жазасы» деиді. Ежелгі евреилер құрғақшылықтан жапа шексе немесе Иудеяға Вавилон патшасы Навуходоносор басып кірсе, бұл, сірә, жасаған
күнәларымыз үшін Құдаидың жіберген жазасы деп сенді. Ал парсы патшасы Кир Вавилонды жеңсе, соның арқасында босып кеткен евреилер еліне қаита оралып, Иерусалимді қалпына келтіруге мүмкіндік алса, қаиырымды Құдаи бұлардың дұғасын қабыл етті деген сөз. Құрғақшылыққа Филиппиндегі жанартаулардың атқылауы себеп болуы мүмкін, Навуходоносор Вавилонның сауда мүддесін көздегендіктен Иудеяға басып кірді, ал Кир патша саяси себептерге баиланысты евреилерге көмектесті деген ықтималдықтарды Библия еш қарастырмаиды. Тиісінше, әлемдік экология, Вавилон экономикасы немесе Парсы патшалығының саяси жүиесі сияқты мәселелерді түсінуге Библия еш қызығушылық танытпаиды. Мұндаи эгоцентризм балалық шақта адамдардың бәрінде де болады. Қандаи дін, қандаи мәдениетте болмасын, әрбір бала өзін ғаламның кіндігі санаиды және басқа адамдардың жаи-күиі мен сезімдеріне назар аудармаиды. Ата-ананың ажырасуы осы себепті балаларға аса ауыр тиеді. Бес жасар бала өзіне қатысы жоқ себептерден бір үлкен мәселе туып жатқанын түсінбеиді. Біз ересек адамдармыз, әрқаисымыздың өз проблемамыз, өз қалауымыз бар деп түсіндіруге әкесі мен шешесі қанша тырысса да, бала мұны қабылдаи алмаиды. Ол бәрі менің кесірімнен болып жатыр деп оилаиды. Адамдардың басым көпшілігі кеиін бұл балалық адасудан арылады. Монотеистер болса қара жерге кіргенше осы көзқарастан танбаиды. Әке-шешем маған бола ұрсысты деп оилаитын бала сияқты, монотеистер де парсылар вавилондықтармен тек біз үшін соғысып жатыр дегенге имандаи сенеді. Библия заманының өзінде-ақ кеи мәдениеттер тарихты әлдеқаида дұрыс түсінген. Анимистік және политеистік діндер
әлемді бір Құдаи ғана үстемдік құрып тұрған деп емес, толып жатқан түрлі күштердің оиын алаңы сияқты қабылдады. Осы себепті маған немесе менің Құдаиыма қатыссыз көп оқиға бар және олар күнәларымның жазасы немесе жақсы істерімнің қаитарымы емес дегенге сену анимистер мен политеистерге жеңіл еді. Грек тарихшылары Геродот пен Фукидид және қытаи тарихшысы Сима Цян қазіргі біздің көзқарастарымызға келетін күрделі тарихи теориялар жасады. Олар соғыстар мен көтерілістер көптеген саяси, әлеуметтік және экономикалық факторлардан туады деп түсіндірді. Тіпті өзі ештеңеге кінәлі болмаса да, халық соғыстан зардап шегуі мүмкін. Осы себепті Геродот Персияның саясатын терең түсінуге тырысса, Сима Цян дала көшпенділерінің діні мен мәдениетіне қызығушылық танытты7. Бүгінгінің ғалымдары Библияға емес, Геродот және Сима Цянның оиларына келіседі. Сондықтан да қазіргі мемлекеттер өзге елдер туралы ақпарат жинауға және экологиялық, саяси һәм экономикалық үрдістерді сараптауға көп күш жұмсаиды. АҚШ экономикасы ақсаи бастаса, евангелист республикашылардың өздері «бар бәле Құдаи алдында күнәһар болған өзімізден» демеи, Қытаидан көретіні анық. Геродот пен Фукидид шындықты Библия авторларына қарағанда жақсы түсінгенімен, бұл екі әлем қақтығысқа түскен кезде Библия таза жеңіске жетті. Евреилер гректердің тарих туралы көзқарасын өздеріне алған жоқ, керісінше, гректер евреилердікін алды. Фукидидтен кеиін мың жылдан соң варварлардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, гректер «бұл жасаған күнәларымыз үшін Құдаидың жіберген қарғысы» деп шүбәсіз сенетін болды. Шүбәлі екеніне қарамастан, әлем туралы
библиялық көзқарас адамдардың ауқымды түрде ынтымақтасуына негіз болды. Тіпті қазірдің өзінде АҚШ президенті қызметіне кірісер алдында Библия- ны ұстап тұрып ант береді. Көп елде, оның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда, сотта куәлік беретін адамдар «шындықты, тек қана шындықты және шындықтан басқа ештеңені аитпауға ант етемін» дегенде қолдарын Библияға қояды. Оидан шығарылған аңыздар мен мифтерге толы әрі сенімсіздік тудыратын кітаптың атымен шындықты аитуға ант беру – біртүрлі қызық-ақ. Бірақ паидасы бар ғои! Оидан шығарылған нәрселердің арқасында біз жақсы ынтымақтасып, мақсаттарымызды аиқындаимыз. Бұл – оидан шығарылған дүниелер үшін төлеитін ақы. Сөитіп, бізде оидан шығарылған мақсаттар мен мүдделерге жұмыс істеитін аса күрделі жүиелер паида болды. Біз бұл жүиелердің шартты өлшемдерін қабылдаған кезде ғана олар тиімді қызмет атқарып жатқандаи көрінеді. Мысалы, молда: «Біздің жүие жақсы жұмыс істеиді. Қазір әлемде бір жарым миллиард мұсылман бар. Құранды оқып, Аллаға сыиынатын мұсылмандар саны бұрын-соңды осыншалық көп болған емес», – деуі мүмкін. Бірақ жетістіктің осы шартты өлшемі қаншалықты дұрыс? Негізгі мәселе осында. Мектеп директоры: «Біздің жүие жақсы жұмыс істеиді. Соңғы бес жылда үлгерім деңгеиі 7,3% өсті», – деуі мүмкін. Бірақ мектепті бағалаудың бұл әдісі дұрыс па? Ежелгі Мысырдағы шенеунік: «Біздің жүие жақсы жұмыс істеиді. Салық жинау, арна қазу және пирамида салудан әлемде бізге тең келер ешкім жоқ», – деуі мүмкін. Перғауындар дәуіріндегі Мысыр әлемге салық жинауды,
суғару жүиесін және пирамидаларды сыилағаны рас. Бірақ бұл шынымен де маңызды ма? Адамның көптеген материалдық, әлеуметтік және психологиялық қажеттіліктері бар. Ежелгі Мысырдағы шаруалар аңшы-терімші бабаларымен салыстырғанда сүиіспеншілік немесе әлеуметтік баиланыстар қызығын көбірек көре алды ма? Мүлдем белгісіз. Ал тамақ, денсаулық және бала өлімі жөнінен алсақ, бұлардың өмірі шынымен де қиын болған. Б.з.д. 1850 жылдар, яғни Фаюм көлін жасатқан ІІІ Аменемхет заманынан қалған құжатта Дуа-Хети есімді ауқатты адам туралы аитылады. Ол баласы Пепиді хатшы болуды үиренуі үшін мектепке апараиын деп жолға шығады. Сапар барысында оқуға қызықсын, әитпесе көптеген бақытсыз адамның кебін киюі мүмкін екенін білсін деп шаруа, жұмысшы, сарбаз және қолөнершілердің аянышты тұрмысы туралы әңгімелеиді. Дуа-Хетидің сөзіне қарағанда, өз жері жоқ егіншінің өмірі ит қорлықпен өтеді. Алба-жұлба киінген ол күні боиы қолы оиылып, жұмыс істеиді. Сосын перғауынның шенеуніктері келіп, оны басқа жұмысқа жегеді. Осынша ауыр жұмыстың ақысына аурудан басқа алар дәнемесі де жоқ. Үиге әрең жеткен ол табалдырықтан аттаи сала жығылады. Жері бар шаруаның да жағдаиы жетісіп тұрған жоқ. Ол таң атқаннан кеш батқанша өзеннен егістікке су тасиды. Күні боиы ауыр көтергеннен қабырғасы қаиысып, арқасы жауыр болады. Ол таңертең жалпақ қияқ пиязды, түсте финик пальмасын, кеште кориандр егістігін суарады. Ақыр соңында, өлімші халде жығылады8. Бәлкім, мұнда жағдаиды әсірелеу бар шығар, бірақ ол шындықтан аса алыс емес. Перғауындар дәуіріндегі Мысыр өз заманындағы ең қуатты патшалық болғаны рас. Бірақ бұл қарапаиым шаруа үшін емханалары мен әлеуметтік
қамсыздандыру қызметтері жоқ, тек салық төлеп, мәжбүрлі еңбек ететін жаисыз орта еді. Бұл жалғыз Мысырға қатысты жағдаи емес. Қытаи династияларының, мұсылман империялары мен Еуропа корольдіктерінің зор жетістіктеріне қарамастан, 1850 жылдың өзінде қарапаиым адамның өмірі ежелгі аңшы-терімші өмірінен артық болмады. Керісінше, 1850 жылы қытаи шаруасы немесе Манчестердегі зауыт жұмысшысы аңшы-терімшілерге қарағанда көп уақыт еңбек ететін; олардың жұмысы физикалық тұрғыдан ауыр болды, адам ақылын қажет етпеитін, тамақтары нәрсіз, гигиеналық жағдаилары салыстыруға келмеитін дәрежеде нашар, инфекциялық аурулары әлдеқаида көп еді. Аиталық, сізге екі демалыс бағдарламасын ұсынды деиік. «Тас дәуірі» бағдарламасы. Бірінші күні ну орманда он сағат серуендеп, кешке қараи өзен алқабына келіп шатыр тігесіз. Екінші күні қаиықпен өзенді боилаи төмендеп, кішкентаи көлдің жағасына орналасасыз. Үшінші күні жергілікті адамдарға жолығып, көлден балық аулауды және маңаидан саңырауқұлақ теруді үиренесіз. «Модерн пролетариат» бағдарламасы. Бірінші күні он сағат тоқыма фабрикасының лас ауасына тұншығып жұмыс істеисіз, одан кеиін тар пәтерде түнеп шығасыз. Екінші күні жергілікті әмбебап дүкеннің кассасында он сағат еңбек етіп, кешкісін жаңағы пәтерге келесіз. Үшінші күні жергілікті тұрғындардан банкте есепшот ашуды және ипотекаға өтініш беру формасын толтыруды үиренесіз. Қаи бағдарламаны таңдар едіңіз? Демек, біздің адамдар арасындағы ынтымақтастық желілерін бағалауымыз өзіміз таңдаған өлшемшарттар мен көзқарастарға
баиланысты. Перғауындар дәуіріндегі Мысырды өндіріс, азық- түлікпен қамту немесе әлеуметтік үилесім тұрғысынан бағалаимыз ба? Кімге назар аударамыз – ақсүиектерге ме, қарапаиым шаруаларға ма, әлде қолтырауындар мен шошқаларға ма? Тарихта бір ғана хикая емес, мыңдаған балама хикая бар. Олардың біреуін әңгімелеген кезде, біз басқаларының үнін өшіріп қоямыз. Адамдар құрған ынтымақтастық желілері өздерін бағалаған кезде өздері оилап тапқан өлшемшарттарды қолданады және таңғалатын ештеңесі жоқ – өздеріне жоғары баға қояды. Атап аитсақ, Құдаи, ұлт және корпорация сияқты оидан шығарылған болмыстарға қызмет ету үшін құрылған желілер өз жетістіктерін сол оидан шығарылған болмыстардың көзқарасы тұрғысынан бағалаиды. Құдаидың аитқандарын бұлжытпаи орындаса – дін жетістікке жетеді; ұлттық мүдделерді қорғаса – ұлт үстемдікке жетеді; көп ақша тапқан саиын, корпорация гүлденеді. Олаи болса, кез келген ынтымақтастық желісін зерттеген кезде, ара-тұра тоқтап, әлемге әлдебір шын болмыс тұрғысынан қараған жөн. Ол болмыстың шын екенін қаидан білуге болады? Өте оңаи. «Ол азап шеге ала ма?» деген сұрақты қоисаңыз болды. Адамдар Зевс храмын өртесе, Зевс азап шекпеиді. Бағамы төмендеген кезде еуро қиналмаиды. Банкрот болған банктің жаны ауырмаиды. Соғыста жеңілген мемлекет азап шеге ме? Мұның бәрі – әшеиін метафора. Керісінше, соғыста жарақат алған сарбаз шынымен азап шегеді. Ашыққан шаруа азапты сезінеді. Бұзауынан аиырылған сиыр азап шегеді. Мұның барлығы – шындық. Әлбетте оидан шығарылған нәрселерге қатысты сенім де азаптың себебіне аиналуы мүмкін. Мысалы, ұлттық және діни
мифтерге деген сенімнен соғыс тұтанып, соның салдарынан миллиондаған адам баспанасыз қалуы, мүгедек болуы, тіпті өлуі мүмкін. Соғыстың себебі оидан шығарылған, ал оның азабы – бұлтартпас ақиқат. Дәл осы себепті біз оидан шығарылған мен шындықты аиыруға ден қоюымыз керек. Оидан шығару жаман емес. Ол өте маңызды. Ақша, мемлекеттер мен корпорациялар туралы ортақ қабылданған мифтер болмаса, ешбір күрделі адамдар қоғамдастығы қызмет атқара алмаиды. Футболға арнап шығарылған ережелерді ешкім ұстанбаса, біз ол оиынды оинаи алмаимыз. Сол сияқты, өзіне лаиық мифтері болмаса, нарық пен соттардың паидасын көрмес едік. Бірақ мифтер – әшеиін құралдар. Олар біздің мақсатымыз немесе өлшемшарттарымыз болмауға тиіс. Олардың оидан шығарылғандығын ұмытқан сәтте, шындықтан қол үземіз. Сөитіп, «корпорациялардың мүддесі үшін» немесе ұлттық мүдделерді қорғау жолында» соғыстар басталады. Корпорация, ақша және ұлт дегендер біздің оиымызда ғана өмір сүреді. Біз оларды өзімізге қызмет етуі үшін оилап таптық. Ендеше оларға қызмет ету үшін неге өзімізді құрбан етуіміз керек? ХХІ ғасырда адамзат бұрын-соңды болмаған құдіретті мифтер мен тоталитарлық діндерді оилап тауып, биотехнологиялар мен алгоритмдердің арқасында ол діндер бізді толықтаи бақылауға алады. Мұнымен ғана шектелмеи, олар адамдардың денесін, миын, оиларын қалыптастырады және тұтас виртуал әлемдерді жасап шығарады. Бұл әлемдердің әрқаисысының өз тозағы мен жұмағы болады. Оидан шығарылғанды шындықтан, дінді ғылымнан аиыру әлдеқаида қиын болғанымен, бәрібір ол маңызды болмақ.
5-ТАРАУ Оғаш жұп Мифтер – кез келген адамзат қоғамының іргетасы әрі тірегі. Уақыт өткен саиын құдаилар, ұлттар мен корпорациялар туралы мифтердің күшеигені соншалық – олар объективті шындыққа үстемдік ете бастады. Себек құдаиға, Көктің мандатына немесе Библияға деген сенімнің арқасында адамдар Фаюм көлін, Ұлы Қытаи қорғанын және Шартр соборын тұрғызды. Өкінішке қараи, осы мифтерге деген соқыр сенім салдарынан көп жағдаида адамдардың күш-жігері шын тіршілік иелерінің өмірін жақсартудан гөрі Құдаи және ұлт сияқты оидан шығарылған болмыстарды ұлықтауға жұмсалды. Бұл талдау бүгін әлі де өзекті ме? Былаи қарағанда, қазіргі қоғам Ежелгі Мысыр мен орта ғасырлардағы Қытаидан мүлдем бөлек. Оны өзгерткен не нәрсе? Заманауи ғылымның дамуы ма? Дәстүрлі мифтердің өміршеңдігіне қарамастан, қазіргі әлеуметтік жүиелер, Ежелгі Мысыр мен орта ғасырдағы Қытаида ешкім білмеген эволюция теориясы сияқты, объективті ғылыми теорияларға арқа сүиеиді деи аламыз ба? Әрине, бұл сұраққа ғылыми теориялар – мифтің жаңа түрі ғана, ал қазіргі адамдардың ғылымға деген сенімі мен ежелгі мысырлықтардың Себек Құдаиға деген сенімінің арасында еш аиырма жоқ деп жауап беруге болар. Алаида бұлаи салыстыру
қисынсыз. Себек құдаи оған сыиынған адамдардың ұжымдық қиялында ғана өмір сүрді. Рас, Себекке сыиыну Мысырдың әлеуметтік жүиесін орнықтырды. Соның арқасында адамдар су тасқыны мен құрғақшылықтың алдын алатын арналар қазып, бөгеттер салды. Бірақ Құдаиға дұға ету Ніл суының деңгеиін өздігінен көтеріп-түсірмегені рас қои. Ал ғылыми теориялар ше? Олар адамдарды бірлестіру жолы ғана емес. Кім өзіне-өзі көмек қылса, Құдаи соған көмектеседі дегенді көп естиміз. Саиып келгенде, бұл «Құдаи жоқ, бірақ Оған деген сенім өзіміз үшін бір нәрсе істеуге түрткі болса, онда сенім көмектеседі» дегенді астарлап жеткізу болса керек. Ал антибиотиктердің Құдаидан аиырмашылығы – ол өзіне көмек қолын созбаған адамға да көмектеседі. Адам антибиотикке сенсін-сенбесін – антибиотик инфекциялармен күреседі. Яғни қазіргі әлем бұрынғы әлемнен мүлдем бөлек. Мыңдаған жыл боиы күш салғанмен, Мысыр перғауындары мен Қытаи императорлары аштықты, індет пен соғысты ауыздықтаи алмады. Жаңа замандағы қоғамдар оларды бірнеше ғасыр ішінде еңсерді. Объектив ғылыми білімді таңдап, интерсубъективті мифтерден бас тартудың дәлелі осы емес пе? Алдағы он жылдықтарда бұл процесс қарқын ала түседі деуге бола ма? Технологиялар адамды жетілдіруге, кәрілікті жеңіп, бақытқа жетудің кілтін табуға мүмкіндік беріп отыр дедік. Олаи болса, адамдар Құдаи, ұлт, корпорациялар сияқты оидан шығарылған нәрселерден бас тартып, бар күшін физикалық және биологиялық әлемнің құпиясын ашуға жұмсауы мүмкін бе? Шынтуаитында, жағдаи әлдеқаида күрделі. Заманауи ғылым оиын ережесін өзгерткені рас. Бірақ ол мифтерді аластап, орнына фактілерді қоиған жоқ. Мифтер адамзатқа әлі билік жүргізіп
келеді және ғылым оның билігін нығаита түсті. Интерсубъектив әлемді құртудың орнына, ғылым оның объектив және субъектив шындықтарға бақылауын арттыруына жағдаи жасауда. Компьютер мен биоинженерия арқасында оидан шығарылған өтірік пен шындық арасындағы аиырмашылық бұлыңғырлана түседі. Өиткені өздерінің сүиікті мифтеріне сәикес келтіру үшін адамдар әлемді жаңадан қалыптастырады. Себек құдаидың абыздары қолтырауынды Құдаиға балады, перғауындар мәңгі өмір сүруді армандады. Шынында, қасиетті қолтырауындар батпақта өмір сүретін кәдімгі қолтырауын, Перғауын өз үмбетінің ішіндегі ет пен сүиектен жаралған ең кедеи пенде еді. Өлген соң денесіне бальзам мен хош иісті заттарды әбден жағып, мүмияға аиналдырып қоиғанымен де, Перғауын сол өлі күиі қалатын. Ал ХХІ ғасырда ғалымдар шын суперқолтырауындарды жаратып, бұл дүниенің мықтыларын мәңгі жас қалпында қалдыра алатындаи қауқары бар. Ғылымның әрі қараи өрлеуі бәрін болмаса да, кеи мифтер мен діндерді одан бетер күшеите түсті. Оның қалаи екенін және осы ғасырда алдымыздан шығатын мәселелерді түсіну үшін біз «қазіргі ғылым мен діннің арақатынасы қандаи болмақ?» деген аса бір жағымсыз сұраққа қаита оралуымыз керек. Жұрт бұл мәселеге қатысты аитуға болатын дүниенің бәрін аитқан сияқты. Алаида ғылым мен дін отбасылық мәселе туралы психологтың кеңесін бес жүз жыл тыңдаса да, бір-бірін түсінбеитін ерлі- заиыптыларға ұқсаиды. «Бұл жолы қоқысты шығаратын сенің кезегің келді» деп дауласып жүріп, бірі әлі күнге Күлбикешті армандаса, екіншісі Ақ тұлпар мінген ханзаданы келер деп күтіп жүр. Микробтар мен жындар
Ғылым мен дінге баиланысты түсінбестіктің көбі дінге қатысты қате түсініктерден туындап отыр. Дінді көбіне ырымшылдық, руханият, тылсым күштерге және құдаиларға деген сеніммен шатастырады. Дін бұлардың ешқаисысы да емес. Дінді ырымшылдықпен қатар қоюға болмаиды, өиткені адам өзінің қасиетті сенімдерін «ырым» деп атауға еш келіспеиді. Олардың: «Біз қашанда «ақиқатқа» сенгенбіз, ырымға сенетін басқалар», – деуі анық. Тылсым күштерге сенетіндер де аз. Жын, рух пен перілер бар деп оилаитындар оларды тылсым күштер ретінде емес, кірпі, шаян мен микробтар сияқты табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде санаиды. Бүгінде дәрігерлер түрлі аурулардың туындауына микробтар кінәлі десе, вуду абыздары бәрін көрінбеитін рухтардан көреді. Бұл жерде тылсым ештеңе жоқ; әлдебір рухты ашуландырсаңыз, ол сіздің денеңізге кіріп алып, тәніңізді қинаиды. Бұл табиғи нәрсе емес пе? Рухтарға сенбеитіндер ғана оларды қалыптан тыс құбылыс ретінде санаиды. Дінді тылсым күштермен теңдестіру – белгілі табиғи құбылыстардың бәрін діннің көмегінсіз түсіндіру деген сөз. Табиғи әлемді тұтас түсінген соң, оған табиғаттан жоғары діни догманы қосу керек пе, жоқ па дегенді өзіңіз шешетін боласыз. Алаида барлық дін «дүниенің сырын бізсіз түсіне алмаисыз» деиді, яғни олардың догмасын есепке алмасаңыз, аурудың, құрғақшылық немесе жер сілкінісінің шын себебін түсіну мүмкін емес. Дінді «құдаиларға сенім» деп сипаттаудың да шетін тұстары бар. Нағыз христиан діндар, өиткені ол Құдаиға сенеді, ал жалынды коммунист діндар емес, өиткені коммунизмде Құдаи жоқ деиміз. Бірақ дінді құдаилар емес, адамдар жасаиды және дін
құдаилардың бар екендігімен емес, өзінің әлеуметтік қызметі арқылы анықталады. Дін дегеніміз – барлық саланы қамтып, адам заңдары, нормалары мен құндылықтарына адамзаттан жоғары легитимділік беретін мифтер жиынтығы ғана. Ол адамның әлеуметтік құрылымдарын адамзаттан жоғары заңдардың көрінісі ретінде қарастырып заңдастырады. «Біз оилап таппаған және өзгерту қолымыздан келмеитін моральдық нормалар жүиесі бар, біз соған бағынамыз», – деиді кез келген дін. Діндар иудеиге сенсек, бұл моральдық заңдар жүиесін Құдаи жасап, ол бізге Библия арқылы берілген. Ал үнді бұл заңдарды Брахма, Вишну және Шива жасаған, ол адамдарға Ведалар арқылы келді деиді. Буддизм мен даосизмнен коммунизм, либерализм және нацизмге деиінгі өзге діндердің аитуынша, адамнан жоғары заңдар деп жүргеніміз – табиғи заңдар, оларды құдаилар жасамаған. Әлбетте әр дін адамзатқа Будда мен Лао-Цзыдан Маркс пен Гитлерге деиінгі түрлі көрікпел сәуегеилер мен паиғамбарлар жеткізген өз заңдар жинағына сенеді. Евреи бала әкесінен: «Әке, бізге шошқаның етін жеуге неге болмаиды?» – деп сұраса, әкесі ұзын сақалын тарамдап біраз оиланып: «Әлем осылаи жаратылған ғои, Янкеле. Сен әлі кішкентаисың, сондықтан мұны түсіне қоимаисың. Бірақ шошқаның етін жеп, Құдаи қаһарланса оңбаимыз. Бұл менің оиым емес. Бұл раввиннің де оиы емес. Әлемді раввин жаратқан болса, онда ол шошқаның етін жеуге болатындаи етіп жаратар ма еді. Бірақ әлемді раввин емес, Құдаи жаратты. Неге екенін білмеимін, Құдаи шошқаның етін жеуге болмаиды деді. Ендеше болмаиды. Ұқтың ба?» – деп жауап береді. 1943 жыл. Немістің баласы СС офицері болып қызмет атқаратын
әкесінен: «Әке, біз неге евреилерді өлтіреміз?» – деп сұраса, жалтыраған етігін киіп жатып әкесі: «Фриц балам, дүние осылаи жаратылған. Сен әлі кішкентаисың, сондықтан мұны түсіне қоимаисың. Бірақ біз евреилердің өмір сүруіне мүмкіндік берсек, олар адамзаттың тоз-тозын шығарып құртады. Мұны мен оилап тапқаным жоқ. Фюрердің оидан шығарған дүниесі емес. Егер әлемді Гитлер жаратса, ол табиғи сұрыпталу заңы жүрмеитіндеи, ал евреилер мен ариилер тату-тәтті өмір сүретіндеи етіп жаратар еді. Бірақ әлемді фюрер жаратқан жоқ. Ол тек табиғаттың заңдарын түсініп, бізге сол заңдарды сақтап, өмір сүруді үиретті. Егер ол заңдарға бағынбасақ, ақыры жаман болады. Түсіндің бе?!» – деп жауап қатар еді. 2016 жыл. Ағылшынның баласы либералдар атынан парламент депутаты болып саиланған әкесінен: «Неге біз қаидағы бір Таяу Шығыста тұратын мұсылмандардың құқығын аитып, дауласамыз?» – деп сұраса, әкесі шаи ішіп отырған кесесін үстелдің үстіне қоиып, сәл-пәл оиланып: «Дүние солаи жаратылған ғои, Уильям. Сен әлі кішкентаисың, сондықтан мұны түсінбеисің. Бірақ барлық адамдар бірдеи, тіпті Таяу Шығыстағы мұсылмандар да біз сияқты адам. Сондықтан адамдардың табиғи құқықтары бірдеи. Мұны мен оилап тапқаным жоқ. Парламент те оилап тапқан жоқ. Егер әлемді парламент жаратса, жалпыға бірдеи адам құқықтары да, кванттық физика да, басқасы да біздегі бір комитеттің қарауында болар еді. Бірақ әлемді парламент жаратпағандықтан, біз барлық адамның, тіпті Таяу Шығыстағы мұсылмандардың да құқығын құрметтеуіміз керек. Әитпесе біреулер біздің құқықтарымызға қол сұғып, арты жаман болуы мүмкін. Енді бар да оина, Уильям», – деп жауап береді. Либералдар, коммунистер мен басқа да заманауи наным-
сенімдер өздерінің жүиесін «дін» деп атамаиды. Өиткені олар дінді ырымшылдық пен тылсым күштерге деген сеніммен қатар қояды. Либералдар мен коммунистерге «сіздердікі де дін десеңіз», олар «діндарлар орындалмас армандарға көзсіз сенеді, біз ондаи емеспіз» дер еді. Ал, шын мәнінде, бұл адам оилап таппаған, бірақ адам бағынуға тиіс моральдық заңдар жүиесіне сенеміз дегенді білдіреді. Шынтуаитында, адамзат қоғамының барлығы осыған сенеді. Әр қоғам өз мүшелеріне «адамнан жоғары тұрған моральдық заңға бағынуымыз керек, оны бұзсақ тоз-тозымыз шығады» деиді. Әлбетте мифтері, нақты бұирықтары, сыилары мен жазалары жөнінен діндер аздап өзгеше болады. Мысалы, орта ғасырдағы Еуропада католик шіркеуі Құдаи баиларды жақсы көрмеиді деитін. «Баидың жұмақ қақпасына кіруінен, түиенің ине көзінен өтуі оңаи» деген Иисус. Баилардың жұмаққа баруына көмектесу үшін шіркеу оларды қаиырымдылық жасауға шақырды. Сараңдар тозақтың отына күиеді деп қорқытты. Коммунизм де баиларды аса ұната бермеиді. Бірақ оларды өлімнен кеиінгі отпен емес, таптық қақтығыстарды аитып қорқытты. Тарихтың коммунистік заңдары мен христиан Құдаиының өсиеттері арасындағы ұқсастық мынадаи – екеуі де ол заңдарды адамнан жоғары тұрған, адам жеңе алмаитын күштер деп қарастырады. Біз футболдағы офсаид тәртібін өзіміз оилап тапқандықтан, қазір-ақ алып тастаи аламыз. Сондықтан оны өзгерту өз еркімізде. «Ал тарих заңдарын ешкім өзгерте алмаиды», – деиді Маркс. Капиталистер баиыған үстіне баииды. Сөитіп, өздері таптық қақтығыстарды туғызып, көтеріліске шыққан пролетариаттан жеңіледі. Егер әлдеқалаи сіз коммунист болсаңыз, онда коммунизм мен
христиан діні – мүлдем екі бөлек нәрселер, себебі коммунизм – дұрыс, христандық – бұрыс деуіңіз мүмкін. Таптық қақтығыстар – капиталистік жүиенің ажырамас бөлігі, ал, шындығында, капиталистер өлгеннен кеиін тозақ отына мәңгі күимеиді ғои. Солаиы солаи, бірақ бұдан коммунизм дін емес дегеннен гөрі, коммунизм – нағыз дін деген қорытынды шығуы мүмкін. Әр діннің өкілі өз дінін ғана ақиқат деп біледі. Бәлкім, олардың біреуінікі дұрыс болар. Егер алдыңыздан Будда шықса… Дін – әлеуметтік тәртіпті сақтаудың және кең ауқымды ынтымақтастық орнатудың құралы деген паиым дінді рухани жол деп санаитындарға ауыр тиюі мүмкін. Алаида дін мен ғылымның арасы біз оилағаннан әлдеқаида жақын болып шыққаны тәрізді, дін мен руханилықтың арасы әлдеқаида қашық. Дін – мәміле, келісім, ал руханилық – саяхат. Дін әлемнің толық сипаттамасын береді және алдын ала белгіленген мақсаттармен арадағы нақты шарттарды ұсынады. «Құдаи бар. Ол бізге былаи жүріп-тұруды бұиырды: егер Құдаидың аитқанымен жүрсеңіз – жұмаққа барасыз. Оған бағынбасаңыз – тозақта күиесіз». Бұл мәміленің аиқындығы қоғамға адамдардың мінез-құлқын реттеитін ортақ нормалар мен құндылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Рухани саяхат – мүлдем басқа нәрсе. Ол әдетте адамдарды құпия жолдар мен беимәлім мақсаттарға жетелеиді. Ізденіс әдетте «Мен кіммін? Өмірдің мәні неде? Игілік дегеніміз не?» деген сияқты маңызды сұрақтардан басталады. Адамдардың көбі билік ұсынған даиын жауаптарды қабылдаса, рухани ізденіс жолындағылар оған қанағаттана қоимаиды. Олар өздері білетін немесе жанына
жаққан жерлерге барып қана қоимаиды. Мазасын алған сұрақтар қаида жетелесе, солаи қараи бағыт түзеиді. Ендеше адамдардың көбі үшін академиялық білім алу – рухани ізденіс емес, жаи келісім ғана. Өиткені бұл бізді бұрынғылар – өкіметтер мен банктер мақұлдаған алдын ала белгіленген мақсаттарға ғана жеткізеді. «Үш-төрт жыл оқимын, емтихан тапсырамын, бакалавр дәрежесін алып шығамын, сосын жалақысы жақсы жұмысқа орналасамын». Егер маңызды сұрақтар сізді бұрын оилап көрмеген беимәлім жолдарға бұрса, академиялық білім алу рухани ізденіске аиналуы мүмкін. Мысалы, Уолл-Стритке жұмысқа кірсем деген мақсатпен бір студент экономиканы оқи бастаиды. Бірақ оқып білгені әлдебір жолмен оны үнділік ашрамнан бір-ақ шығарса немесе Зимбабведе ЖИТС науқастарын қарап жатқан еріктілерге қосылуға түрткі болса, онда мұны рухани саяхат деуге де болады. Мұндаи саяхатты неге «рухани» деп атаиды? Бұл Жақсылық пен Жамандық атты екі құдаиға сенген ежелгі дуалистік діндерден қалған. Дуализмге сәикес, Жақсы құдаи бақытты рухани әлемде жасаитын өлмеитін таза жандарды жаратты. Кеиде Ібіліс деп аталатын Жаман құдаи екінші әлемді – материалдық әлемді жаратты. Өзі жаратқанды баянды етудің жолын Ібіліс білмеді, сондықтан материалдық әлемдегі заттардың бәрі шіріп, жоқ болады. Ақаулы жаратылысына өмір беру үшін Ібіліс рухани әлемдегі жандарды алдап шығарып алып, оларды материалдық денелердің ішіне қамап қоиды. Адам дегеніміз – осы жаман денеге қамаулы жақсы жан. Жанның түрмесі – дене біртіндеп солып, ақыры өлетіндіктен, Ібіліс жанды ылғи дененің ләззаттарына – тамақ, секс және билікке қызықтырып, аздырады. Дене тозған кезде жан рухани әлемге оралуға мүмкіндік алады, бірақ пәни дүние қызықтары оны қаита арбап, басқа бір материалдық денеге
кіргізеді. Тамақ, секс және билік қуған жан бір денеден екінші денеге осылаиша көшумен болады. Дуализм адамдарға материалдық бұғауды бұзып, бізге мүлдем беимәлім, бірақ ақиқат үиіміз – рухани әлемге оралуды үиретеді. Бұл ізденіс кезінде материалдық қызықтар мен келісімдердің бәрінен бас тартуымыз керек. Пенделік ғұрыптар мен мәмілелерге күмән келтіріп, беимәлім әлемге апаратын жолға түсуді «рухани» ізденіс деп атау, міне, осыдан бастау алады. Мұндаи ізденістер діннен түбегеилі ерекшеленеді. Өиткені дін әлемдік тәртіптің іргесін бекітуге тырысса, руханилық одан босап шығуға ұмтылады. Рухани ізденіс жолындағылар көбіне басты міндетіміздің бірі – үстем діндердің наным-сенімдері мен шарттарына күмән келтіру деп біледі. Дзен-буддизмде «егер алдыңыздан Будда шықса, оны өлтіріңіз» деген сөз бар. Бұл «рухани ізденіс жолында ресмиленген буддизмнің қатып қалған идеялары мен өзгермеитін заңдарына тап болсаңыз, олардан құтылып шығуыңыз керек» дегенді білдіреді. Діндер руханилықты қатер санаиды. Діндердің жамағаттың рухани ізденістерін тізгіндеп отыруға ұмтылатыны белгілі нәрсе. Діни жүиелердің көбіне тамақ, секс және баилықты аңсаитын заиырлы адам емес, қарабаиыр идеялардан гөрі жоғары нәрсені іздеитіндер күмән келтіреді. Мысалы, католик шіркеуіне қарсы протестанттық көтерілісті гедонист-атеистер емес, діндар және аскет монах Мартин Лютер бастады. Лютер шіркеудің ғұрыптары, салттары мен шарттарына илігуден бас тартты. Ол өмірдің аса көкеикесті сұрақтарына жауап іздеді. Лютердің заманында шіркеу өз жамағатын өте тартымды шарттармен қызықтырды. Егер күнә жасаған болсаңыз, сөитіп, о дүниеде мәңгі қарғысқа ұшыраудан қорықсаңыз, сізден талап
етілетін жалғыз нәрсе – әмияныңызды ашып, индульгенция сатып алу. ХVI ғасырдың басында шіркеу «Құдаидың рақымын» сататын арнаиы мамандар жалдады. Олар Еуропаның қалалары мен елді мекендерін аралап, индульгенцияларды белгіленген бағаларға саудалаитын. Жұмаққа кіретін билет керек пе? Он алтын ділдә төлеңіз. Марқұм атаңыз Хеинц және әжеңіз Гертрудамен бірге жүргіңіз келе ме? Түк қиындығы жоқ. Бірақ ол отыз алтын ділдә тұрады. Сатушылардың ең атақтысы, Доминикан орденінің тақуасы Иоганн Тецель «алтын ділдә сандыққа сыңғыр етіп түскен сәтте, жан маһшардан жұмаққа ұшады» деген көрінеді1. 24. Индульгенцияларды ақшаға сатып жатқан Рим Папасы (протестанттық памфлеттен). Лютер неғұрлым оиға берілген саиын, соғұрлым бұл шартқа және оны ұсынған шіркеуге күмән келтіретін болды. Құдаидың рақымы сатылмаиды. Папада адамдардың күнәсін кешіріп, жұмақтың есігін ашатын құзіреттің болуы мүмкін емес. Протестантизм тарихында аитылғандаи, 1517 жылдың 31 қазанында Лютер сала құлаш қағаз бен балға-шеге алып, Виттенбергтегі Бүкіл әулиелер шіркеуіне келді. Қағазда сол замандағы діни салттарға, оның ішінде индульгенция сатуға
қарсы 95 тезис жазылған еді. Лютер оны шіркеудің есігіне шегеледі. Құдаидың рақымын тілеитін әр христианды Папаның билігіне қарсы шығуға және жұмаққа апаратын басқа жол іздеуге шақырған протестанттық реформация осылаи басталды. Тарихи тұрғыдан алсақ, рухани ізденіс қашанда қаиғылы аяқталған. Өиткені ол – тұтас қоғамға емес, жеке адамға арналған жол. Адамдар арасындағы ынтымақтастық сұрақтардан гөрі нақты жауаптарды күтеді. Ал сірескен діни құрылымдарға қарсы шығушылардың ісі солардың орнына жаңа құрылым құрумен тынады. Дуалистер де сөитті: олардың рухани ізденісі діни институтқа аиналды. Мартин Кинг те сөитті: католик шіркеуінің заңдарына, институттары мен салттарына қарсы шыққан соң, ол жаңа заңдар жазып, жаңа институттардың негізін салып, жаңа салттар оилап тапты. Тіпті Будда мен Иисус та сөитті: шындық жолындағы ымырасыз ізденіске түскен олар дәстүрлі индуизм мен иудаизмнің заңдарын, салттары мен құрылымдарын құлатты. Бірақ, саиып келгенде, бұл екеуінің атымен жасалған заңдар, салттар және құрылымдардың көптігі соншалық – тарихта олардың алдына ешкім түсе алмаиды. Құдаиды қолдан жасау Дін туралы түсінікті ретке келтіріп болсақ, дін мен ғылымның ара қатынасын талдауға оралаиық. Бұл қатынас жөнінде екі ұшқары көзқарас бар. Бір көзқарас дін мен ғылым өзара өлердеи жау, ал жаңа тарих ғылыми білім мен діни ырымшылдықтың бітіспес күресі негізінде қалыптасты деиді. Уақыты келген кезде ғылым нұрын шашып, дін түнегін сеиілтті, соның арқасында әлем бұрынғыдан гөрі заиырлы, рационал болып гүлденді. Кеиде ғылыми жаңалықтар діни догмаларды теріске шығарып
тоитаратыны рас. Бірақ бұл бірыңғаи үрдіс емес. Мысалы, мұсылман догмасы ислам дінінің негізін VII ғасырда Арабияда Мұхаммед паиғамбар қалады деиді. Мұның ғылыми дәлелдері жеткілікті. Одан да маңызды нәрсе – ғылым тұрлаулы институттар құру үшін әрдаиым діннің көмегін қажетсінеді. Ғалымдар табиғаттың қандаи заңдарға бағынатынын зерттеиді, бірақ адамдардың өздерін қалаи ұстау керегін көрсететін ғылыми әдіс жоқ. Адам оттегінсіз өмір сүре алмаиды деиді ғылым. Алаида қылмыскерді асып өлтіруге бола ма? Ғылым бұл сұраққа қалаи жауап беру керегін білмеиді. Бұл мәселеде бағыт сілтеи алатын – тек дін ғана. Осы себепті ғылым қолға алған әрбір практикалық жоба діни түисікке сүиенеді. Мысалға Янцзы өзеніне салынған «Үш шатқал» бөгетін алаиық. 1992 жылы Қытаи үкіметі бұл бөгетті саламыз деп шешкен кезде, физиктер оның қысымға қаншалықты шыдаи алатынын есептеп берді; экономистер оны салуға қанша ақша кететінін болжады; ал электрик-инженерлер оның қанша электр қуатын өндіретінін алдын ала аитты. Алаида үкімет қосымша факторларды ескеруге мәжбүр болды. Бөгетті салу кезінде қалалар мен елді мекендер, мыңдаған археологиялық нысан орналасқан, өзіндік экологиялық жүиесі және ерекше табиғаты бар 600 шаршы километрден аса жерді су алып кетті. Бір миллионнан аса адам қонысынан көшірілді, жануарлардың жүздеген түріне қатер төнді. Бөгеттің кесірінен қытаилық су дельфині құрып кетті деуге негіз бар. «Үш шатқал» бөгеті туралы сіздің жеке пікіріңіз қандаи болса да, оның құрылысы таза ғылыми емес, этикалық проблема екені аиқын. Қаисысы маңыздырақ: мыңдаған мегаватт электр қуатын өндіріп, миллиардтаған юань паида табу ма, әлде ежелгі буддистік
ғибадатхана мен қытаилық су дельфинін сақтап қалу ма? Ешқандаи физикалық, ешқандаи экономикалық модель және ешқандаи математикалық теңдеу мұны анықтаи алмаиды. Яғни Қытаи тек ғылыми теориялар негізінде өмір сүре алмаиды. Оған нақты бір дін немесе идеология қажет. Ал кеибіреулер қарама-қарсы ұшқарылыққа ұрынып, ғылым мен діннің бір-біріне еш қатысы жоқ деиді. Ғылым фактілерді зерттеиді, дін құндылықтар туралы аитады, сондықтан екеуі бір- бірімен еш жерде түиіспеиді. Діннің ғылыми фактілер туралы аитар ештеңесі жоқ, ал ғылымның діни нанымдар туралы үндемегені дұрыс. Рим Папасы «адам өмірі қасиетті, сондықтан түсік жасату – күнә» деп сенетін шығар, бірақ биологтар мұны дәлелдеи де, терістеи де алмаиды. Жеке тұлға ретінде биолог Папамен пікір таластыра берсін. Бірақ ғалым ретінде ол бұл дауға араласпауға тиіс. Мұндаи ұстаным ақылға қонымды көрінуі мүмкін, бірақ ол дін туралы жалған паиымға негізделген. Ғылымның тек фактілермен жұмыс істеитіні рас болғанмен, дін ешқашан этикалық мәселемен шектелмеиді. Дін фактологиялық паиымдарға сүиенбеи, адамдарға қалаи өмір сүру керегі туралы нұсқаулық бере алмаиды. Осы тұста ол ғылыммен бетпе-бет келуі мүмкін. Діни догмалардың ең маңызды бөліктері этикалық принциптер емес, «Құдаи бар», «Күнәлары үшін жан о дүниеде жазаға тартылады», «Библияны адамдар емес, Құдаи жазған», «Папа ешқашан қателеспеиді» деген мәлімдемелерден тұрады. Мұның бәрі – фактологиялық паиымдар. Ең қызу пікірталастар және ғылым мен дін арасындағы қақтығыстардың көпшілігі этикалық мәселелерге емес, жаңағыдаи мәлімдемелерге баиланысты. Мысалға түсік жасату мәселесін алаиық. Дінге берілген
христиандар оған қарсы шықса, көп либерал қолдаиды. Бұл – этикалық емес, фактологиялық тұрғыдағы талас. Христиандар да, либералдар да адам өмірі қасиетті, ал адам өлтіру – жан түршігерлік қылмыс деп біледі. Бірақ олар нақты биологиялық факт жөнінде келісе алмаиды: адам өмірі жатырға бала біткен сәтте бастала ма, туған кезде бастала ма, әлде осы екеуінің ортасында ма? Адам өмірі ол туған кезде басталмаиды деп сенетін мәдениеттер де бар. Калахари шөлін мекендеитін кунг таипасының және Арктикадағы түрлі иннуит топтарының нанымы боиынша, адам өмірі балаға ат берілген кезде ғана басталады. Бала дүниеге келген соң, біразға деиін оған есім қоиылмаиды. Егер отбасы баланы керек қылмаса (әлдебір кемістігіне бола немесе тұрмыстың қиындығына баиланысты), оны өлтіреді. Ат қою рәсімінен бұрын болғандықтан, бұл адам өлтіру ретінде саналмаиды2. Бұл мәдениеттердің өкілі либералдармен және христиандармен «адам өмірі қасиетті, ал өмірге қол сұғу – ауыр қылмыс» деп келісуі мүмкін. Бірақ бала өлтіруді ақтап шығары анық. Өздерін насихаттаған кезде діндер өздерінің тамаша құндылықтарына назар аударады. Әитсе де олар Құдаиды ұсақ әріптермен жазылған фактологиялық мәлімдемелерге жасырып қояды. Мәселен, католицизм өзін жалпыға бірдеи сүиіспеншілік пен жанашырлық діні ретінде сипаттаиды. Тамаша! Бұған кім қарсы шығады? Бірақ онда неге адамдардың бәрі католик емес? Өиткені сіз ұсақ әріптермен жазылған мәтінді оқи отырып, католицизм «ешқашан қателеспеитін» Рим Папасына сөзсіз бағынуды, ол тіпті өз жамағатына крест жорығына аттануын және еретиктерді отқа өртеуді бұиырған кезде де оған қарсы келмеуді талап ететінін көресіз. Мұндаи практикалық нұсқаулар тек
этикалық мәлімдемелерден туып отырған жоқ. Олар этикалық паиымдардың фактологиялық мәлімдемелермен араласып кетуінен шыққан. Философияның көгінен төмен түсіп, тарихи шындықтарға көз жіберсек, біз діни мифтердің бәрі мынандаи үш бөлімнен тұратынын көреміз: 1. «Адам өмірі қасиетті» деген сарындағы этикалық паиымдар. 2. «Адам өмірі бала біткен кезде басталады» деген сипаттағы фактологиялық мәлімдемелер. 3. Этикалық паиымдардың фактологиялық мәлімдемелерге қосылып, «Ешқашан, тіпті бала біткен күннің ертеңінде де түсік жасатуға болмаиды» деитін практикалық нұсқауларға ұласуы. Діннің этикалық паиымдарын ғылым терістеи де, растаи да алмаиды. Алаида діннің фактологиялық мәлімдемелеріне қатысты ғалымдардың аитары көп. «Әиел жатырына бір апта бұрын біткен адам эмбриондарында нерв жүиесі бола ма? Олар азапты сезіне ме?» деген сияқты сұрақтарға священниктерден гөрі биологтар дұрыс жауап бере алары анық. Түсініктірек болуы үшін бір тарихи мысалды тереңірек қарастырып көреиік. Бұл оқиға туралы діни жарнамаларда көп аитылмаиды, алаида бір кездерде ол ғаламат әлеуметтік және саяси рөл атқарған. Орта ғасырдағы Еуропада Рим Папасының билігі орасан зор болды. Еуропаның қаи жерінде қақтығыс шықпасын, папалар бұл мәселені шешуге құзыретті екенін мәлімдеитін. Бұл құзыреттің негізділігіне нандыру үшін олар еуропалықтарға ылғи «Константин сыиы» туралы баяндаитын.
Аңыз боиынша, 315 жылы 30 наурызда Рим императоры Константин Рим империясының батыс бөлігін Папа І Сильвестр мен оның мұрагерлеріне мәңгілікке беру туралы жарлыққа қол қоиған. Папалар бұл асыл құжатты архивінде сақтады. Даңққұмар ханзадалардың, басбұзар қалалардың немесе бүлікші шаруалардың қарсылығына тап болған саиын оны мықты насихат құралы ретінде паидаланатын. Орта ғасырлардағы Еуропа тұрғындары көне империялық жарлықтарды аирықша құрметтеитін және құжат неғұрлым көне болса, соғұрлым қастерлі деп оилаитын. Бұған қоса, король мен император Құдаидың өкілі екеніне кәміл сенетін. Олардың ішінде Константин аирықша құрметке ие еді. Өиткені Рим империясына христиан дінін қабылдатқан осы император болатын. Сол замандағы қала кеңесінің жоспарлары ұлы Константиннің өзі қол қоиған әлдебір жарлыққа қаишы келе қалса, орта ғасырлардағы Еуропа тұрғындары сөзсіз көне құжатқа бағынатын. Осы себепті саяси қарсылыққа тап болғанда Папа «Константин сыиын» көрсетіп, бағынуды талап ететін. Рас, ол ылғи көмектесе бермеитін. Бірақ «Константин сыиы» жарлығы Папа насихаты мен ортағасырлық саяси тәртіптің арқау-өзегі еді. «Константин сыиына» тереңірек үңілсек, оның үш бөліктен тұратынын көреміз: Этикалық пайым: Адамдар Фактологиялық мәлімдеме: Практикалық қазіргі уақыттағы танымал 315 жылы 30 наурызда нұсқаулық: 1315 пікір мен көзқарастан гөрі император Константин жылы еуропалықтар көне империялық жарлықты Еуропаның жоғары билігін Папаның құрметтеуге тиіс. папаларға сыиға тартты. бұирықтарына бағынуға тиіс. Көне империялық жарлықтардың этикалық беделінің кереметтігі күмән тудырады. ХХІ ғасырда еуропалықтардың
барлығы дерлік қазіргі азаматтардың тілегі баяғыда өлген монархтардың әмірінен жоғары деген оида. Бұл этикалық пікірталасқа ғылым араласа алмаиды, өиткені бұл мәселені шешетін ешқандаи эксперимент не теңдеу жоқ. Егер қазіргі заманның ғалымы уақыт машинасымен 700 жыл бұрынғы кезге барса, ол көне императорлық жарлықтардың қазіргі саяси дауларға еш қатысы жоғына орта ғасырдағы еуропалықтарды сендіре алмас еді. Алаида «Константин сыиы» туралы аңыз тек этикалық паиымға негізделмеген. Онда сонымен қатар ғылым растаитын немесе терістеитін бірнеше нақты мәлімдеме бар болатын. 1441 жылы католик священнигі және алғашқы лингвистердің бірі Лоренцо Валла «Константин сыиы» жарлығының жалған екенін дәлелдеитін ғылыми зерттеу жариялады. Валла құжаттың стилі мен грамматикасына және ондағы сөздер мен терминдерге талдау жасады. Ол құжатта IV ғасырдағы латын тілінде болмаған сөздер бар екенін көрсетті. Жарлық Константин өлген соң, шамамен 400 жылдан соң өтірік құрастырылған деген жорамал аитты. Сонымен қатар құжаттағы күн «30 наурыз, Константин төртінші рет, ал Галликан алғашқы рет консул болған жыл» деп көрсетілген. Рим империясында әр жыл саиын екі консул саиланатын және құжаттарға консулдар билікте болған жылдың күні көрсетілетін. Шын мәнісінде, Константин 315 жылы төртінші рет консул болғанымен, Галликан алғаш рет 317 жылы консул болып саиланған еді. Аирықша маңызды осы құжат Константиннің тұсында жазылған болса, онда мұндаи өрескел қателік болмас еді. Бұл Томас Джефферсон мен оның әріптестерінің АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясына «1776 жыл, 34 шілде» деп жазуымен бірдеи.
Бүгінде тарихшылардың барлығы «Константин сыиы» шамамен ХІІІ ғасырдың ортасында Папа сараиында қолдан құрастырылған жалған құжат екеніне келіседі. Валла өзі көне империялық құжаттардың моральдық беделіне ешқашан күмән келтірмеген адам еді. Алаида оның ғылыми талдауы еуропалықтарды Папаға бағынуға міндеттеитін практикалық нұсқаулыққа үлкен нұқсан келтірді3. 2013 жылы 20 желтоқсанда Уганда парламенті гомосексуализмге қарсы заң қабылдады. Соған сәикес, гомосексуалдық қатынасқа түсу қылмыс саналып, қылмыскер әртүрлі мерзіммен өмір боиы бас бостандығынан аиыруға деиін жазаланатын болды. Бұл заңды Құдаи гомосексуализмге тыиым салған деитін евангелиялық христиандар ұсынып қолдады. Дәлел ретінде олар сілтеме («Әиелмен жасаитын жыныстық қатынасты еркекпен жасама; ол – жиіркенішті нәрсе»; Левит 18:22. «Егер әлдекім әиелмен жасаитын жыныстық қатынасты еркекпен жасаса, онда екеуінің ісі де жиіркенішті. Оларды өлімге кесу керек; олардың бастары қанына батады»; Левит 20:13) жасаиды. Бұл діни миф өткен ғасырларда дүниежүзі боиынша миллиондаған жанға азап тарттырды. Бұл мифті қысқаша былаи тұжыруға болады: Этикалық Фактологиялық мәлімдеме: Практикалық нұсқаулық: Адамдар пайымдама: Шамамен 3000 жылдаи бұрын Құдаи гомосексуалдық қатынастарға түспеуге Адамдар Құдаидың адамдарға гомосексуалдық тиіс. әміріне бағынуға қатынастарға түспеуді бұиырды. тиіс. Бұл миф рас па? Адам Құдаидың әміріне бағынуға тиіс деген паиым жөнінде ғалымдар пікір таластыра алмаиды. Жеке тұлға
ретінде дауласа аласыз. Адам құқықтары Құдаидың құзыретінен жоғары, сондықтан Құдаи бізге ол құқықтарды бұзыңдар десе, оны тыңдамауға қақылымыз деп сенуіңізге болады. Бірақ бұл дауды шешіп беретін ғылыми эксперимент жоқ. Әитсе де 3000 жыл бұрын Ғаламның Жаратушысы Homo Sapiens өкілдеріне бір жынысты қарым-қатынас жасамауды бұиырған деитін фактологиялық мәлімдемеге қатысты ғылымның аитары көп. Бұл мәлімдеменің рас екенін қаидан білеміз? Тиісті әдебиетті зерттеп көрсеңіз, мынаған көз жеткізесіз: миллиондаған кітапта, мақала мен интернет-саиттарда қаиталанатын ол мәлімдеменің бір ғана дереккөзі бар. Ол – Библия. «Онда Библияны кім және қашан жазды?» – деп сұрар еді ғалым. Осы арада мұның құндылықтар туралы сұрақ емес, фактологиялық сұрақ екенін естен шығармаиық. Иудеилер мен христиандар «Левит кітабын Құдаи Мұсаға Синаи тауында аитқан, содан бері оған бір әріп қосылған да, алынған да жоқ» деиді. «Алаида мұның растығына қалаи сене аламыз? Рим Папасы да «Константин сыиын» IV ғасырда Константин өз қолымен жазды деп еді. Расында, оны 400 жылдан кеиін Папаның клерктері оидан құрастырғаны анықталды», – деиді ғалымдар. Егер Библияны кім және қашан жазғанын білгіміз келсе, ол үшін ғылыми әдістердің тұтас арсеналын қолдана алатын мүмкіндігіміз бар. Ғалымдар дәл осы мәселемен ғасырдан аса уақыт аиналысты және олардың ашқан жаңалықтары туралы том-том кітаптар жарыққа шықты. Тоқетерін аитсақ, сенімді ғылыми зерттеулердің басым көпшілігі мына пікірге тоқаиласады: Библия – әртүрлі авторлар жазған көп мәтіннің жинағы, кітап онда аитылған оқиғалардан кеиін жүздеген жыл өткен соң жазылып, тағы біршама уақыттан кеиін ғана бір кітапқа
біріктірілген. Мысалы, Дәуіт патша б.з.б. 1000 жылдары өмір сүрген болуы ықтимал. Ал Екінші заң кітабы шамамен б.з.б. 620 жылы Иудеи патшасы Иосияның сараиында оның билігін күшеиту мақсатындағы насихат науқанының бір бөлігі ретінде жазылды деген пікірге қазір бәрі келіседі. Ал Левит кітабы одан да кеиін жазылды. Оның б.з.б. 500 жылдан бұрын жазылуы мүмкін емес. Ежелгі иудеилер Библия мәтінін бір әріп қоспаи, не алмаи мұқият сақтап келіпті дегенге келсек, ғалымдар библиялық иудаизмнің Киелі кітапқа негізделген дін еместігін аитады. Керісінше, бұл дін Таяу Шығыстағы өзге көршілерінікі сияқты, темір дәуіріне тән діни сенім еді. Ол кездегі иудаизмде синагога да, иешива да, раввиндер де, тіпті Библия да болмаған. Бірақ күрделі храмдық салттары болды. Бұл салттардың көбі маусымдық жаңбырды жаудырсын және әскер жеңіске жетіп, халқын бақытты етсін деген тілекпен көктегі шамшыл Құдаиға жануарларды құрбан етуден тұратын. Діни элитаға ата-бабасынан бері абыз болып келе жатқандар кірді. Дінбасы отбасында дүниеге келгені болмаса, олардың ешқандаи интеллектуалдық қабілеті жоқ еді. Сауатсыз абыздар, негізінен, рәсімдер мен салттарды атқарумен аиналысып, ал киелі кітаптар жазуға немесе зерттеуге уақыты болмаитын. Екінші храм дәуірінде біртіндеп бәсекелес діни элита қалыптаса бастады. Парсылар мен гректердің ықпалы арқасында мәтінді жазып, түсіндіретін евреи оқымыстыларының салмағы артты. Ақыр соңында, бұл оқымыстылар раввин деген атпен танылып, олар құрастырған мәтіндер «Библия» атауын еншіледі. Раввиндер шыққан тегіне емес, жеке интеллектуалдық қабілетіне қараи бедел жинады. Сауатты жаңа элита мен ескіден келе жатқан абыз
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 562
Pages: