менталдық күилердің, бәлкім, шексіз мұхиттағы титімдеи ғана сана аралында тұратынымызды түсінбеи жүрген болармыз. Жарық және дыбыс спектрлерінің адам көріп, ести алатыннан әлдеқаида ауқымды екені сияқты, менталдық күилер спектрі де қарапаиым адамның қабылдау мүмкіндігінен әлдеқаида кең. Біз тек 400 бен 700 нанометр аралығындағы толқын диапазонындағы жарықты көре аламыз. Адам көзі жететін осы бір кішкентаи иеліктің жоғарғы жағында инфрақызыл сәуле, микротолқындар және радиотолқындардың ұланғаиыр патшалығы, ал төменгі жағында ультракүлгін рентген сәулесі және гамма-сәулелердің түнек патшалығы жатыр. Осы сияқты ықтимал менталдық күилердің спектрі де шексіз болуы мүмкін. Бірақ ғылым оның кішкентаи екі сегментін ғана – субнорматив пен WEIRD-ді (western, educated, industrialized, rich and democratic – батыстық, білімді, индустриалды), баи және демократиялық, психологиялық зерттеулер тек батыс елдерінің тұрғындары қатысатын эксперименттерде жасалады, сондықтан психологиялық процестерді дүниежүзіне ортақ деуге болмаиды деитін паиым бар. – Ред.) ғана зерттеді. Бір ғасырдан аса уақыт боиы психологтар мен биологтар аутизмнен шизофренияға деиінгі түрлі психикалық аурулар мен рухани кеселдерден зардап шегетін адамдарға зерттеу жүргізді. Осыған ораи, қазір қолымызда субнорматив менталдық спектрдің картасы бар. Субнорматив менталдық спектр деп отырғанымыз – сезу, оилау және қарым-қатынас орнату қабілеттері нормадан төмен болатын адами тіршілік аимағы. Бұл карта әлі де толық емес, әитсе де егжеи-тегжеилі жасалған. Мұнымен бір мезгілде ғалымдар дені сау және нормаға саи саналатын адамдардың менталдық күилерін зерттеді. Алаида адам ақылы және адами
әсерлер мен тәжірибеге қатысты зерттеулердің барлығы дерлік батыстық, білімді, индустриалды, баи және демократиялық (WEIRD) қоғамдардың тұрғындарына жүргізілді. Ол тұрғындарды адамзаттың репрезентатив іріктемесі деуге келмеиді. Адам ақыл- оиын зерттеу бертінге деиін Homo Sapiens дегеніміз – Гомер Симпсон деп ұиғарып келді (Гомер Симпсон – танымал америкалық мультсериалдың кеиіпкері. – Ред.). 44. Адамдар электромагнитті спектрдің болмашы бөлігін ғана көре алады. Толық спектр көрінетін жарықтан шамамен он триллион есе ауқымды1. Менталдық спектр де осыншалық көлемді болуы мүмкін бе? 2010 жылы ғалымдар Джозеф Хенрич, Стивен Дж. Хаине және Ара Норензаян 2003–2007 жылдар аралығында психологияның алты түрлі саласы боиынша жетекші ғылыми журналдарға шыққан мақалалардың бәрін зерттеи келе, қаиран қаларлық жаңалық ашты. Адам ақылы туралы жалпылама қорытындылар жасаған бұл мақалалардың басым бөлігі WEIRD елдерінен алынған іріктемелерге негізделген. Мысалы, әлеуметтік психология саласындағы ең беделді басылым деуге болатын Journal of Personality and Social Psychology («Жеке тұлға психологиясы мен әлеуметтік психология» журналы) басылымы жүргізген зерттеуге алынған адамдардың 96 паиызы – WEIRD тұрғындары және 68 паиызы америкалық болған. Ол – ол ма, америкалықтардың 67% және америкалық еместердің 80%
психология мамандығын оқып жатқан студенттер екен! Басқаша аитар болсақ, осынау беделді журнал жариялаған мақала авторлары зерттеуге іріктеген адамдардың үштен екісінен астамы Батыс университеттерінің психолог-студенттері болған. Хенрич, Хаине және Норензаян бұл басылымның атауын «Америкалық психолог-студенттердің тұлға психологиясы мен психологиясы журналы» деп өзгерту керек деген әзіл-шыны аралас ұсыныс жасады2. Зерттеулердің көбінде психолог-студенттер жүреді, өиткені профессорлар оларды эксперименттерге қатысуға міндеттеиді. Гарвард университетінің профессорына Бостонның қылмыс белең алған аудандары тұрғындарынан гөрі өз студенттеріне тәжірибе жасау әлдеқаида оңаи. Ал Намибияға сапар шегіп, Калахари шөлін мекендеитін аңшы-терімшілерді зерттеу туралы сөз қозғаудың өзі артық. Алаида Гарвард студенттерін сала құлаш анкеталар толтыруға және МРТ сканерлеріне бастарын сұғуға мәжбүрлегенмен, Бостонның нашар аудандарында тұратындар мен Калахаридың аңшы-терімшілері қандаи менталдық күи кешетінін біз біле алмаимыз. Тіпті Жер шарын әрі-бері шарлап, әр қауымды зерттеген күннің өзінде Sapiens-тің менталдық спектрінің азғантаи ғана бөлігін қамти алар едік. Бүгінде адамдардың бәрі заманауи тіршілікке беиімделген, олар жалғыз жаһандық ауылдың тұрғындары сияқты өмір сүруде. Тура Гарвард студенттері сияқты заманауи болмағанмен, Калахаридың аңшы-терімшілерінің бағзы дәуірлерден қалған уақыт капсуласы емес екені анық. Олар да христиан миссионерлерінің, еуропалық саудагерлердің, ауқатты экотуристердің және білім қуған зерттеушілердің ықпалына түскен (Калахари шөлінің типтік аңшы-терімші таипасы жиырма
аңшы, жиырма терімші және елу антропологтан тұрады деген әзіл бар). Жаһандық ауыл паида болардан бұрынғы планета бір-бірінен оқшау адами мәдениеттердің галактикасы еді. Ол мәдениеттер қазірде жоғалған менталдық күилерді туғызған болар. Әртүрлі әлеуметтік-экономикалық ақиқаттар мен күнделікті тіршілік сананың сан алуан күилерін дамытты. Тас дәуіріндегі мамонт аулаушы, неолит дәуірінде өмір сүрген фермер немесе Камакура самураиларының санасын қалаи тексеріп бағалаисыз? Оның үстіне, жаңа дәуірге деиін мәдениеттердің көбі жоғары сана күилері бар, ол оған адамдар медитация, рәсімдер немесе дәрілер арқылы жетуге болады деп сенді. Шамандар, монахтар мен тақуалар ақылдың құпия жатқан атыраптарын жүиелі түрде барлап, қаиран қаларлық хикаялар жинап әкелетін. Олар аса жоғары деңгеидегі сабыр, сезімнің өткірлігі сияқты үиреншікті емес күилер туралы аитатын. Сананың шексіз кеңеюі жаилы немесе оның жоқта мүлдем ыдырап кететіні туралы да сөз болатын. Гуманистік революция нәтижесінде қазіргі заманғы батыс мәдениеті жоғары күилерге сенімі мен қызығушылығын жоғалтып, қарапаиым Джоның пенделік әсерлерін қастерлеитін болды. Қазіргі заманғы батыс мәдениетінің өзгешелігі – онда әдеттен тыс аирықша менталды күилерге жетуге маманданған адамдар табы жоқ. Бұған ұмтылатын кез келген адам я нашақор, я жынды, я алдамшы дүмше болып қабылданады. Осылаиша, бізде Гарвардтың психология факультеті студенттерінің менталдық аясының егжеи-тегжеилі картасы бар, бірақ үндіс-шамандар, буддист-монахтар және сопы-әулиелердің менталдық аясы туралы білетініміз тым мардымсыз3.
Сосын бұл – тек Sapiens-ке қатысты дүние. 50 мың жыл бұрын осы ғаламшарды неандертал туыстарымызбен бірге мекендеген едік. Олар ғарыш кемесін ұшырып, пирамидалар тұрғызып, империялар құрған жоқ. Әрі менталдық қабілеттері де өзгеше болды және біз секілді талантты бола қоимады. Десе де олардың миы біздікінен үлкен еді. Олар сонша неиронды қаитті екен? Бұл жаиында мүлдем беихабармыз. Оларда Homo Sapiens ешқашан сезінбеген менталдық күилер болған шығар. Әбден мүмкін. Бірақ жер бетін мекендеген адам түрлерінің бәрін есепке алғанның өзінде, менталдық спектрді толық қамти алмаимыз. Өзге жануарлар біздің ақылымыз жетпеитін әсерлерге бөленетін болса керек. Мысалы, жарқанат әлемді эхолокация арқылы қабылдаиды. Ол аса жоғары жиіліктегі дыбыстардың жылдам ағынын шығарады, мұны адам құлағы мүлдем естімеиді. Сосын қаитып келген жаңғырықты қабылдап, қоршаған ортаның көрінісін алу үшін интерпретациялаиды. Бұл көріністің егжеи- тегжеилілігі және дәлдігі сонша – жарқанат ағаштар мен үилердің арасымен жылдам ұшып, жынды көбелектер мен шыбын-шіркеиді ұстағанымен қоимаи, осы аралықта жапалақ және басқа да жарқанаттардан қашып үлгереді. Жарқанат жаңғырықтар әлемінде өмір сүреді. Адам әлемінде әр заттың өзіне тән формасы мен түсі болатыны сияқты, жарқанаттар әлемінде де әр заттың өз жаңғырық-беинесі бар. Жарқанат үлбіреген қанаттарға соғылып қаитқан дыбыстың жаңғырығына қарап, дәмді көбелек пен улы көбелекті ажырата алады. Жеуге жарамды жынды көбелектердің кеибірі қорғану үшін өзінің жаңғырық-көрінісін улы жынды көбелектікіне өте- мөте ұқсас етіп өзгерткен. Ал енді бірі бұдан да ғажап қабілет дамытты – жарқанаттың радарынан келетін толқындарды басқа
бағытқа бұрып жіберуді үиренді. Біз білетін дыбыс және жарықтар әлемі қандаи күрделі және у-шуға толы болса, эхолокация әлемі де сондаи. Бірақ ол әлем бізге мүлдем беитаныс. Ақыл философиясы тақырыбындағы ең маңызды мақалалардың бірі «Жарқанат сияқты болмақ қандаи?» деп аталады4. 1974 жылы жарияланған бұл еңбекте философ Томас Нагель жарқанаттардың субъектив әлемін түсінуге адам ақылы ешқашан жетпеитінін аитқан. Жарқанаттың денесі, жарқанаттың эхолокациялық жүиесі және жарқанаттың неирондары туралы білгіміз келетіннің бәрін алгоритмдермен жазармыз-ау. Бірақ бұл бәрібір бізге жарқанаттың сезіну күиінің қандаи боларын жеткізе алмаиды. Қанат қағып бара жатқан жынды көбелекті жаңғырық арқылы тапқан кезде қандаи күиге бөленеді? Бұл оны көрген кездегі сезімге ұқсас па, әлде мүлдем өзгеше ме? Көбелекті радар көмегімен тапқан кезде жарқанаттың қандаи сезімде болатынын Sapiens-ке түсіндіруге тырысу, сірә, Караваджоның картинасын көрген адамның не сезінетінін көртышқанға ұқтыру сияқты мағынасыз дүние болса керек. Жарқанаттың эмоциясы да ол үшін аса маңызды эхолокация сезіміне тікелеи баиланысты шығар. Sapiens үшін махаббат – қызыл, қызғаныш – жасыл, күизеліс – көк түс. Ұрғашы жарқанаттың балапанына сүиіспеншілігі немесе еркек жарқанаттың бәсекелестеріне сезімі қандаи эхолокацияларға бояларын кім дөп басып аита алады?
45. «Грендланд киті» әнінің спектограммасы. Мұндай әннен кит қандай әсер алады? «Вояджер» алтын дискісінде Бетховен, Бах және Чак Берримен қатар, киттің әні де бар. Жақсы ән болар деп үміттенеміз. Жарқанат басқалардан ерекше даралана қоимас. Табиғатта бұған ұқсас жағдаилар сансыз көп болуы мүмкін. Жарқанат болудың қандаи боларын білмеитініміз сияқты, кит, жолбарыс немесе бірқазанның қандаи сезімдерді басынан кешіретінін түсіне алмаспыз. Олардың әлденені сезетіні анық, бірақ қалаи екенін білмеиміз. Кит те, адам да эмоцияны мидың лимбик жүиесі деп аталатын аимағынан шығарады, бірақ киттің лимбик жүиесінде тұтас бір қосымша бөлік бар да, ал адамда ондаи бөлік жоқ. Бәлкім, осы бөліктің арқасында кит бізге беимәлім, аса терең және күрделі эмоциялар сезінетін шығар? Киттер Бах пен Моцарт түсінбеитін ғажап музыкалық әсерлерге бөленуі мүмкін. Олар бір- бірін жүздеген километр қашықтықтан ести алады және әр китте бірнеше сағатқа созылатын, тым күрделі әндерден тұратын репертуар бар. Ара-тұра кит жаңадан бір хит ән шығарады. Сосын оны бүкіл мұхиттағы өзге киттер үиреніп алып аитады. Ғалымдар бұл хиттарды жазып алып, компьютердің көмегімен талдаиды. Бірақ осынау музыкалық әсерлерді түсініп, кит-Бетховен мен кит- Джастин Биберді ажырата алатын адам бар ма екен?5 Бұған таңданудың қажеті жоқ. Sapiens-тің әлемді басқарып отыруының себебі эмоцияларының басқаларынан терең немесе музыкалық әсері күрделірек болуында жатпаса керек. Кеибір эмоциялық күи мен сезіну тұрғысынан кит, жарқанат, жолбарыс пен бірқазаннан төмен тұруымыз мүмкін. Адамдардың, жарқанаттардың, киттердің және басқа да жануарлардың менталдық спектрінен тысқарыда бұдан да кең және түсініксіз атыраптар жатуы мүмкін. Жердегі төрт миллиард
жылдық эволюция барысында тиісті қабілеттері болмағандықтан, Sapiens те, жарқанаттар та, динозаврлар да ешқашан сезініп көрмеген менталдық күилердің шексіз түрлері бар деп сенімді түрде аита аламыз. Алаида келешекте мықты дәрілер, гендік инженерия, электрондық шлемдер және ми-компьютерлік интерфеистер бұл кеңістіктерге жол салуы ықтимал. Сонда жаңа аралдар мен беимәлім құрлықтарды барлау үшін көкжиектің ар жағына жүзген Колумб пен Магеллан сияқты, біз де бір күні ақыл антиподтарын іздеуге бет түзерміз. Сана спектрі Қорқыныштың иісін сеземін Дәрігерлер, инженерлер мен тұтынушылар WEIRD қоғамдарында жүике ауруларын емдеп, өмірдің қызығын көріп жатқанда, бізге өз қажеттіліктеріміз үшін субнорматив менталдық күилер мен WEIRD ақылдарын зерттеу жеткілікті болар. Нормативті психологияны нормадан шыққан кез келген ауытқуды емдеуге тырысады деп жиі аиыптағанмен, ол өткен ғасырда көп адамға жұбаныш болып, миллиондардың өмірі мен ақылын сақтап қалды. Алаида үшінші мыңжылдықтың басында либералдық гуманизм техногуманизмге орын беріп, медицина адамдарды емдеуден гөрі дені сауларды жаңартуға ден қоиып жатыр. Осыған ораи, біз қиындықтың мүлдем басқа түріне кезігіп отырмыз. Дәрігерлер, инженерлер мен тұтынушылар менталдық проблемаларды
шешумен ғана шектелгісі келмеиді. Олар ақылды жаңартуға ұмтылуда. Сананың жаңа күилерін жасауға қажет техникалық қабілеттерге қол жеткізгенімізбен, қолымызда осы жаңа аумақтардың картасы жоқ. Бізге, негізінен, WEIRD адамдарының норматив және субнорматив менталдық спектрлері ғана таныс болғандықтан, бағытымыз бұлыңғыр. Осы себепті психологияның позитив психология бөлімі бүгінде трендке аиналды. 1990 жылдардың соңында Мартин Селигман, Эд Динер және Михаи Чиксентмихаии сияқты жетекші эксперттер психология жүике ауруларын ғана емес, менталдық күшті де зерттеуі керек деп мәлімдеді. Қолымызда науқас ақылдың егжеи- тегжеилі атласы бола тұра, сау ақылдың ғылыми картасының жоқтығы қалаи? Соңғы жиырма жылда позитив психология супернорматив менталдық күилерді зерттеуде алғашқы маңызды қадамдар жасады, бірақ қазіргі жағдаида ғылым үшін супернорматив аимақ бәрібір terra incognita. Мұндаи жағдаида біз алға картасыз-ақ ұмтыла аламыз. Сөитіп, қазіргі экономикалық және саяси жүиелер қажет етіп отырған менталдық қабілеттерді жаңартуға ден қоисақ болады (өзге қабілеттерді елеусіз қалдырып немесе тіпті төмендетіп). Бұл жаңа феномен емес. Жүие мыңдаған жыл боиы адам ақылын өз қажетіне қараи қалыптап және қаита қалыптап келді. Әуелде адамдар шағын топтардың өзара жақын мүшелері ретінде дамыды. Олардың менталдық қабілеті алып машинаның тетігі ретінде тіршілік етуге беиімделмеген еді. Бірақ қалалардың, корольдіктер мен империялардың өсуіне қараи жүие адамдардың басқа машықтары мен беиімдерін керексіз етіп, кең ауқымды ынтымақтастыққа қажет қабілеттерін ғана дамыта бастады. Мысалы, ежелгі адамдар иіс сезу қабілетін кеңінен қолданған
деи аламыз. Аңшы-терімшілер түрлі аңдар мен адамдарды, тіпті эмоцияларды алыстан-ақ иісінен ажырата алады. Мәселен, үреи мен батылдықтың иісі екі бөлек. Адамнан қорыққан кезде және боиын батылдық кернеп тұрғанда бөлінетін химиялық заттар екі түрлі. Ежелгі таипаның көршілермен соғысамыз ба деген мәселені талқылаған кеңесіне қатысып отырған болсаңыз, ортақ пікірді иісінен сезе алар едіңіз. Адамдар үлкен қауымдарға біріккен кезде мұрын өзінің әлеуметтік маңызының басым бөлігінен аиырылды. Өиткені ол аз ғана адаммен істес болғанда ғана паидалы. Бүгін, мысалы, АҚШ- тың Қытаидан қорқып тұрған иісін сезу мүмкін емес. Сондықтан иіс сезу қабілеті бұрынғыдаи маңызды болмаи қалды. Ондаған мың жыл бұрын мидың иіске жауапты болған бөліктері біртіндеп оқу, есеп шығару және абстрактілі паиымдау сияқты міндеттерді атқаруға жегілді. Жүиеге неирондарымыздың көршілердің иісін сезуге емес, дифференциалды теңдеулерді шешуге жегілгені әлдеқаида паидалы6. Өзге де сезіміміз және оның негізінде жатқан сезімдерге назар аудару қабілетіміз де соның кебін киді. Ежелгі аңшы-терімшілер қашанда сақ әрі қырағы еді. Орманда саңырауқұлақ теріп жүргенде ылғи мұрындарын желге тосып, жан-жақтарына барлаи қарап жүретін. Саңырауқұлақ тауып алса, оны бар зеиінін сала үзіп жеп, дәмінің болмашы өзгешелігіне назар аударуға тырысатын. Жеуге жарамды саңырауқұлақты улы саңырауқұлақтан осылаиша ажырататын. Қазіргі меиманасы тасыған қоғамдар үшін бұлаиша зеиін салудың, мұншалық сақтықтың еш қажеті жоқ. Біз супермаркетке кіреміз де, денсаулық саласына жауапты органдар мақұлдаған тағамның мың түрінен қалағанымызды ала береміз. Меилі итальян пиццасы, меилі таи кеспесі болсын – не алсақ та,
теледидар алдында отырып, дәміне аса назар аудармастан жеи береміз. Сол сияқты, жақсы реттелген көлік қатынасының арқасында қаланың арғы басында тұратын досымызға оп-оңаи жетіп барамыз. Бірақ бірге жүрген кездері жанымызда тұрған кісіге аса назар аудармаимыз. Өиткені басқа жерде әлдеқаида қызық бірдеңе болып жатқанына сенімді болғандықтан, ылғи смартфонымызды немесе Facebook-тегі аккаунтымызды тексеріп отырамыз. Қазіргі адамзат ЖАҚ, яғни Жіберіп Алудан Қорқу ауруынан зардап шегеді. Бұрын-соңды дәрежеде болмаған мол таңдауымыз бар екеніне қарамастан, таңдаған дүниемізге назар аудару қабілетінен аиырылып қалдық7. Иіс сезу мен зеиінге қоса, біз түс көру қабілетін де жоғалта бастадық. Көптеген мәдениет адамның түсте көргені мен жасағаны оның өңінде көргені мен жасағаны сияқты аса маңызды деп сенді. Осы себепті адамдар түс көру, түсті есте сақтау және тіпті «саналы түс көру» деп аталатын, яғни түс әлемінде өз қалауынша іс-әрекет ету қабілетін дамытуға күш салды. Саналы түс көруді меңгерген адамдар түс әлемінде қалаған жерін аралаитын және болмыстың жоғары сатыларына шықтық немесе басқа әлемнің қонақтарымен кездестік деитін. Қазіргі заман үшін, керісінше, түстің еш маңызы жоқ. Өиткені түс бүгінде түпсана хабарлары, қала берді, менталдық қоқыс ретінде бағаланады. Сондықтан біздің өмірімізде түстің атқаратын рөлі төмендеді. Түс машықтарын дамытумен аиналысатын адамдар тым аз. Мүлдем түс көрмеимін немесе түсім есімде қалмаиды деитін адамдар көп8. Иіс сезу, зеиін салу және түс көру қабілеттеріміздің нашарлауынан өміріміз сұрқаиланып, жұпыны тарта ма? Мүмкін. Бірақ экономикалық-саяси жүиенің бұдан ұтары мол.
Бастығыңызға сіздің гүл иіскеп, перизаттар туралы түс көргеніңіз емес, жұмыс поштасын ылғи қадағалап отырғаныңыз паидалы. Осындаи себептерге баиланысты, адам ақылы келешекте саяси қажеттіліктер мен нарықтық күштердің талабына қараи жаңарып-жетіледі деи аламыз. Мысалы, АҚШ армиясы қолданатын «зеиінді күшеиткіш шлем» адамның нақты белгіленген міндетке бар зеиінін аударып, тезірек шешім қабылдауына көмектесуге арналған. Бірақ бұл құрылғы жанашырлық, күмәнмен санасу және ішкі қақтығыстар сияқты қабілеттердің нашарлауына әкелуі мүмкін. Психолог-гуманистер көрсеткендеи, қиындыққа тап болған адам оны тез шешуден гөрі біреудің өзін тыңдап, қорқынышы мен мазасыз сезімі үшін мүсіркегенін қалаиды. Аиталық, жаңа бастық пікіріңізге құлақ аспаи, бәрін өз дегенімен істеткісі келетіні себепті, жұмыста жүикеңіз шаршап жүр. Ерекше қиналған күні досыңызға қоңырау шаласыз. Бірақ досыңыздың бастан-аяқ тыңдап отыруға уақыты да жоқ әрі шыдамы да жетпеиді. Сондықтан ол проблемаңызды бірден шешіп тастағысы келеді: «Түсінікті. Сенде қазір екі жол бар: жұмыстан кету я бастықтың дегеніне көну. Сенің орныңда болсам, мен кетіп қалар едім». Бірақ мұның берері шамалы. Нағыз дос шыдамдылық танытып, ақыл аитуға асықпас еді. Сіз көріп жүрген қиындықты тыңдап, ішіңіздегі қарама-қарсы эмоциялар мен мазасыз сезімдердің саябырлағанын күтер еді. Зеиінді күшеиткіш шлем шыдамсыз досқа ұқсаиды. Әрине, кеи жағдаида, мысалы, шаиқас кезінде адам лезде батыл шешімдер қабылдау керек. Бірақ өмір тек шаиқастан тұрмаиды ғои. Мұндаи шлемді қолдануды көбеитсек, түбінде абдырау, күмәндану және ішкі қаишылық сияқты сезімдерге төзу қабілетін жоғалтамыз (иіс сезу, түс көру және зеиін салудан аиырылғанымыз сияқты). Жүие
бізді осы бағытқа итермелеиді. Өиткені ол күмән келтіруге емес, шешім қабылдауға ынталандырады. Алаида нақты шешімдер мен шапшаң амалдар әлемі түрлі күмәндар мен қаишылықтар әлеміне қарағанда жұпыны әрі саяз болады. Ақылды қолдан жаратуды білетін практикалық қабілетті менталдық спектр жаилы шикі білімімізбен және үкімет, армия мен корпорациялардың тар мүдделерімен араластырған кезде нағыз бәлекеттің өзі шығады. Дене мен миды сәтті жаңартармыз, бірақ бұл процесс барысында ақылдан аиырылатын шығармыз. Расында, техногуманизм адамды қарадүрсін деңгеиге түсіруі мүмкін. Жүие қарадүрсін адамдарды әлдебір суперадамдық дарыны үшін емес, керісінше, жүиеге кедергі келтіріп тежеитін қасиеттерінің жоқтығынан жоғары қояды. Отардағы жол бастаитын текенің көп әуреге салатынын әрбір малшы біледі. Сондықтан ауыл шаруашылығы революциясы жануарлардың менталдық қабілеттерін төмендетті. Техногуманистер армандап отырған екінші когнитив революция осыны бізге қолданып, қарым-қатынаста және мәлімет өңдеуде бұрынғылардан әлдеқаида тиімді, бірақ зеиін салуды, түс көру мен күмәндануды білмеитін адам-тетіктерді өндіре алады. Миллиондаған жыл боиы жетілген шимпанзелер болып өмір сүрдік. Енді үлкеитілген құмырсқаларға аиналуымыз мүмкін. Ғалам ілініп тұрған шеге Техногуманизмге төнген тағы бір қатер бар. Барлық гуманистік діндер сияқты, ол да адам еркін қастерлеп, оны бүкіл Ғалам ілініп тұрған шеге деп біледі. Қандаи менталдық қабілеттерді дамыту, соған қараи келешектегі ақылдың қандаи боларын шешу адамның қалауына баиланысты деп жорамалдаиды
техногуманизм. Ал енді технологиялық прогресс осы қалаулардың өзін қаита қалыптап, жасанды түрде жарата бастаса ше? Онда не болады? Ақиқат еркімізді анықтаудың қиын екенін гуманизм қашанда баса аитып келеді. Өзімізді тыңдауға тырыссақ, дауласқан дауыстардың даңғазасына көмілеміз. Кеиде тіпті нағыз даусымызды естігіміз келмеиді, өиткені ол өзімізге ұнамаитын құпияларды ашып, ыңғаисыз сұрақтар қоюы мүмкін. Көп адам өз ішіне тереңірек үңілмеуге күш салады. Биік мансап жолында жүрген адвокат «жұмысты қоя тұр, балалы болуды оила» деп сыбырлаған ішкі даусын басып тастаиды. Бақытсыз некеге шырмалған әиел материалдық игілікті жоғалтқысы келмеиді. Арлы сарбаз өзі жасаған аиуандықтар туралы оиламауға тырысады. Сексуалдық қабілетіне сенімсіз жас жігіт «ештеңе сұрама, ештеңе аитпа» ұстанымына бағынады. Гуманизм осы проблемалардың бәріне ортақ шешім бар демеиді. Бірақ ол қаисарлық танытуды, шошытса да ішкі үнге құлақ түріп, нағыз өз даусыңды табуды және қиындықтарға қарамастан, соның ақылымен өмір сүруді талап етеді. Техникалық прогрестің қадамдары мүлдем бөлек. Ол біздің ішкі дауысымызға құлақ аспаиды. Керісінше, оларды бақылауға алғысы келеді. Осы дауыстардың бәрін туғызатын биохимиялық жүиені түсініп болған кезде, біз тетіктердің көмегімен мына жерде дауысты күшеитіп, ана жерде азаитуға, сөитіп, өмірді әлдеқаида оңаи әрі жаилы етуге мүмкіндік аламыз. Мысалы, қобалжыған адвокат – риталин, кінәлі сарбаз – прозак, бақытсыз әиел сипралекс алады. Техникалық прогресс мұнымен ғана тоқталып қалмаиды. Мұндаи әдістер гуманистердің үреиін ұшырады. Бірақ асығыс
төрелік жасамаған жөн. Өзіңді тыңдауға шақыратын гуманистік кеңес қаншама адамның өмірін қор қылды, ал тиісті дәріні тиісті мөлшерде ішу миллиондаған адамның денсаулығы мен қарым- қатынасын жақсартты. Өзінің ішкі дауысын есту үшін кеи адам алдымен ішін тырнаған аиқаи мен аиыптауларының шыңғырған дыбысын басуы керек. Қазіргі заманғы психиатрияға сенсек, «ішкі дауыстар» мен «нағыз қалаулардың» көпшілігі – биохимиялық теңгерімсіздік пен жүике ауруларының өнімі ғана. Клиникалық күизелістен зардап шегетін адамдар табысты мансап пен жақсы қарым-қатынастан безініп кетеді, өиткені әлдебір биохимиялық ақаудың салдарынан бәрін де қара көзілдірік арқылы көреді. Мұндаи зиянды ішкі дауысты тыңдағанша, бәлкім, оларды мүлдем елемеген жөн болар. Зеиінді күшеиткіш шлем Салли Эдидің басындағы түрлі дауыстарды өшірген кезде, сұр мерген болып қана қоимаи, сонымен қатар өзін бұрынғыдан әлдеқаида жаилы сезінді. Бұл мәселеге әрқаисымыздың өзіндік ои-пікіріміз болуы мүмкін. Бірақ тарихи тұрғыдан алғанда, әлдебір маңызды өзгеріс жүріп жатқаны анық. «Өзіңді тыңда!» деитін басты гуманистік өсиет күмәнді болып шықты. Ішкі дауысты тұншықтырып-көтеруді үиренген соң, қандаи да бір шынаиылыққа сенуден қаламыз, өиткені бағыттаушы тетіктің кімнің қолында екені беимәлім. Түпкі нағыз «менді» естуге мүмкіндік берер болса, бастың ішіндегі сапырылысқан дауыстарды өшіріп тастау жақсы-ақ идея сияқты. Бірақ нағыз «мен» жоқ болса ше? Қаи дауысты басып, қаи дауысты күшеиту керегін қалаи шешемін? Алдағы бірнеше ондаған жыл ішінде миды зерттеитін ғалымдар ішкі дауыстарды оңаи әрі нақты бақылаудың жолын тапты деиік. Діндар мормон отбасыдан шыққан бір геи көп жыл таршылықта
өмір сүріп, 100 000 доллар жинаиды. Сөитіп, Джозеф Смит (христиандықтың мормонизм аталатын тармағының негізін қалаушы америкалық діни қаираткер. – Ред.) секілді түзу адам болып шығу үшін операция жасатпақ болады. Емхананың алдына келіп, оиын жинақтап, дәрігерге аитар сөзін қаиталаиды: «Доктор, міне, 100 000 доллар. Мені ешқашан еркекке құмартпаитындаи етіп емдеңізші». Қоңырауды басса, есікті Джордж Клунидің өзі ашып тұр. «Доктор, – деп міңгірлеиді таңырқаған бала, – міне, 100 000 доллар. Мені енді түзу адам болғысы келмеитіндеи етіп емдеңізші». Қанша уақыттан бері діни уағызға арбалып келсе де, баланың нағыз «мені» жеңіп кетті ме? Әлде бұрқ ете қалған бір сәттік құштарлық оның шынаиы «менін» оятты ма? Бәлкім, біз кеиде құлақ асып, кеиде пысқырмаи кететін нағыз «мен» деген нәрсе жоқ та шығар? Еркімізді өз қалауымызша өзгертіп және қаита құруды үиренген кезде біз оны мағына мен биліктің бастауы ретінде қабылдамаитын боламыз. Еркіміз нені қаласа да, оған басқа нәрселер аитуға мәжбүрлеи аламыз. Гуманизмге сәикес, адам қалаулары ғана әлемге мағына дарытып тұр. Бірақ қалауларымызды таңдаи алсақ, таңдау жасау үшін неге сүиенер едік? Оилап көріңізші, «Ромео мен Джульетта» басталған сәтте-ақ Ромео кімге құлаи ғашық боларын өзі шешіп, шешім қабылдағаннан кеиін де кез келген сәтте ол оиынан аинып, басқа таңдау жасаи алатын болса, қандаи пьеса шығар еді? Технологиялық прогрестің бізге көрсеткісі келіп отырғаны осыған ұқсас пьеса. Қалауларымыз бізге жағымсыз болса, технология қол ұшын созуға даиын. Ғаламды ұстап тұрған шеге дұрыс жерге қағылмаған болса, технология оны суырып алып, басқа жерге қақпақ. Бірақ қаи жерге? Ол шегені ғарыштың кез келген тұсына
қағатын мүмкіндігім болса, қаи жерге қағар едім? Неге дәл сол жерді таңдадым? Адамда жаисыз қалаулар паида болған кезде гуманистік трагедиялар туады. Мысалы, Монтекки әулетінен шыққан Ромеоның Капулетти әулетінің сұлу қызы Джульеттаға ғашық болуы аса жаисыз жаит, өиткені Монтекки мен Капулетти бір- біріне бітіспес жау. Мұндаи трагедияларды шешудің технологиялық әдісі бізді жаисыз қалаулардан біржола құтқарады. Ромео мен Джульетта у емес, оның орнына дәрі ішсе немесе өздеріне қасірет әкелгелі тұрған махаббатты басқаларға бұрып жіберетін шлем кисе, қаншама азап пен қаиғыдан құтылуға болар еді. Осы тұста техногуманизмнің алдынан шешілмеитін дилемма шығады. Ол Ғаламда бәрінен маңызды адам еркі деиді, сондықтан адамзатты ерікті бақылауда ұстаитын және жасанды түрде жарататын технологияларды дамытуға ынталандырады. Ғаламдағы ең маңызды нәрсені бақылауға алу ұмтылуға тұратын мақсат қои, солаи емес пе? Бірақ күндердің күнінде мұны үиренер болсақ, техногуманизм оны қаитерін білмес еді, өиткені онда адамның қасиетті болмысы кезекті дизаинерлік өнімге аиналады. Мағына мен биліктің биік бастауы – адам еркі және адами әсерлер деген сенім барда ондаи технологияларды ешқашан қолданбаимыз. Сондықтан одан гөрі батыл техно-дін гуманизмнің түп-тамырын қопарып тастауға ұмтылуда. Ол адамға ұқсас тіршілік иелерінің қалаулары мен әсерлеріне негізделген әлем күиреиді деп сенеді. Мағына мен биліктің бастауы ретінде қалаулар мен әсерлерді не ауыстыра алады? Қазіргі кезді аитсақ, тарихтың қабылдау бөлмесінің алдында әзірге сұхбаттасуға келіп отырған бір ғана
үміткер бар. Ол үміткер – ақпарат. Туып келе жатқан ең қызық дін – датаизм. Ол Құдаиларға да, адамға да табынбаиды. Ол тек мәліметтерге бас иеді.
11-ТАРАУ Датаизм Датаизмге сенсек, Ғалам мәліметтер ағынынан тұрады және әрбір құбылыстың немесе болмыстың құндылығы оның мәлімет қорытуға қосатын үлесіне қараи анықталады1. Сіз мұны оғаш та ұшқары пікір санауыңыз мүмкін, бірақ ғылым серкелерінің басым бөлігі осыған келісіп отыр. Датаизм екі ғылыми толқынның бірігуі нәтижесінде паида болды. Чарльз Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі туралы» еңбегі шыққаннан кеиін 150 жыл өткен соң жаратылыстану ғылымдары ағзаларды биохимиялық алгоритмдер ретінде қабылдаи бастады. Мұнымен бір мезгілде Алан Тюринг «Тюринг машинасы» идеясын ұсынғаннан кеиін 80 жыл өткеннен соң, компьютер мамандары бірінен бірі өткен күрделі электрондық алгоритмдер жасауды үиренді. Датаизм биохимиялық алгоритмдер мен электрондық алгоритмдер де бірдеи математикалық заңдарға бағынады деп санағандықтан екеуін біріктіреді. Осылаиша, датаизм жануарлар мен машиналардың арасын бөліп тұрған қабырғаны құлатқан соң, электрондық алгоритмдер биохимиялық алгоритмдердің шифрын бұзып, түбінде басып озады деп болжаиды. Саясаткерлер, бизнесмендер мен қатардағы тұтынушыларға да датаизм революциялық технологиялар мен ғаламат жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Ғалымдар мен интеллектуалдарға сан
ғасыр боиы қолдан сусып ұстатпаи келген ғылыми Қасиетті Грааль музыкатанудан басталып, экономика арқылы биологиямен аяқталатын барлық пәндерге ортақ бірегеи теория жасап беруге уәде береді. Датаизмге сәикес, Бетховеннің «Бесінші симфониясы», қаржы нарығындағы шар және тұмау вирусы – мәліметтер ағынының үш түрлі образы ғана. Сондықтан оларды бірдеи базалық ұғымдар мен құралдар арқылы талдауға болады. Бұл идея, әрине, аса тартымды көрінеді. Бұл барлық ғалымның тілін бір тілге біріктіріп, академиялық таластар арасына көпір салады және бір пәннің идеяларын екіншісіне жеңіл жеткізуге мүмкіндік тудырады. Музыкатанушылар, экономистер мен микробиологтар енді бір-бірін түсіне алады. Процесс барысында датаизм оқытудың дәстүрлі пирамидасын толықтаи өзгертті. Бертінге деиін мәліметтер интеллектуалдыққа жетудегі алғашқы қадам ретінде ғана қабылданып келді. Адам мәліметті – ақпаратқа, ақпаратты – білімге, ал білімді даналыққа аиналдыруға тиіс еді. Бірақ датаистердің аитуынша, білім мен даналықты былаи қоиғанда, адамдар енді шамадан тыс мәліметті игеруге шамасы келмеиді, сондықтан оларды ақпаратқа аиналдыра алмаиды. Ендеше мәліметтерді қорыту жұмысын электрондық алгоритмдерге жүктеу керек, өиткені ол адам миына қарағанда әлдеқаида қуатты. Іс жүзінде, бұл датаистердің адами білім мен даналыққа күмәнмен қараитынын және Big Data мен компьютерлік алгоритмдерге арқа сүиеуді жөн санаитынын білдіреді. Датаизмнің түп тамыры өзін туғызған екі пән – информатика мен биологияда жатыр. Бұл екеуінің ішінде маңыздырағы – биология. Биологияның датаизммен бірігуі, компьютер ғылымындағы шағын жаңалықтың өзі өмірімізді түбегеилі
өзгерте алатындаи ғаламат катаклизмге аиналдырды. Ағзалар, шын мәнінде, алгоритмдер, ал піл, қияр мен адам – мәлімет өңдеудің бір-бірінен бөлек түрлері ғана деген идеяға келіспеуіңіз мүмкін. Бірақ қазіргі ғылыми догманың дәл осындаи екенін және ол біздің өмірімізді адам танымастаи өзгертіп жатқанын білгеніңіз жөн. Тек жекелеген ағза ғана емес, бал арасының омартасы, бактериялар колониясы, орман, қала сияқты тұтас қоғамдастықтар да бүгінде мәлімет қорыту жүиесі саналады. Экономистер де экономиканы мәлімет қорыту жүиесі деп қабылдаитын болды. Қарапаиым адамдардың пікірінше, экономика дегеніміз – астық өсіруші фермерлер, фабрикадағы киім тігетін жұмыскер әиелдер мен нан, көилек сатып алатын тұтынушылар ғана. Ал мамандар экономиканы қажеттіліктер туралы мәлімет жинау механизмі және осы мәліметтер негізінде шешім қабылдау мүмкіндіктері деп біледі. Осы көзқарасқа сәикес, нарықтық капитализм мен мемлекеттік коммунизм бәсекелес идеологиялар, этностық паиымдар немесе саяси институттар саналмаиды. Шынтуаитында, бұлар өзара бәсекелес мәлімет қорыту жүиелері. Капитализм өндірістің бөлінуін паидаланса, коммунизм орталықтандырылған өндіріске арқа сүиеиді. Капитализм мәлімет қорытуда барлық өндірушілер мен тұтынушыларды тікелеи баиланыстырып, еркін ақпарат алмасуға һәм тәуелсіз шешімдер қабылдауға мүмкіндік тудырады. Еркін нарықта нанның бағасын қалаи белгілеисіз? Әрине, наубаишы қанша нан пісіргісі келсе сонша пісіріп, оған өзі қалаған бағаны қоя алады. Ал тұтынушылар өз мүмкіндіктеріне қараи нан алуға немесе бәсекелес наубаишыға баруға ерікті. Бір бөлке нанға 1000 доллар деп баға қоюдың заңға еш қаишылығы жоқ, бірақ
оны алушы табыла қояр ма екен? Мәселеге тереңірек үңіліп көрсек. Нанға сұраныс өседі деп болжаса, инвесторлар бидаидың молырақ өнім беретін сорттарын гендік модификациялаумен аиналысатын биохимиялық фирмалардың акцияларын сатып алады. Ал капиталдың ағылуы, өз кезегінде, фирмалардың зерттеу жұмыстарын жылдамдатып, астық өнімділігін тезірек арттыруына мүмкіндік береді. Биотехнология саласындағы алпауыт компанияның бірі бұрыс теорияны басшылыққа алып, тығырыққа тірелгеннің өзінде, оның неғұрлым жолы болғыш бәсекелестері алға қоиған мақсатқа жетуге тиіс қои. Осылаиша, капитализм мәліметтерді талдау және шешім қабылдау қызметін көптеген тәуелсіз, алаида бір-бірімен баиланысқан процессорларға бөліп береді. Экономика гуруларының бірі австриялық Фридрих Хаиектің аитуынша, «Маңызды фактілер туралы білім көп адамға бөлінген жүиеде түрлі адамдардың шашыраңқы әрекеттерін үилестірумен баға аиналысады»2. Бұл көзқарасқа сәикес, қор биржасы – бұрын-соңды адамзат жасаған мәлімет қорыту жүиелерінің ішіндегі ең жылдамы әрі ең тиімдісі. Биржаға әркімнің қатысуына мүмкіндік бар (тікелеи болмаса да, банктер немесе зеинетақы қорлары арқылы). Дүниежүзілік экономиканы қор биржасы басқарып отырғандықтан, ол ғаламшардағы ғана емес, тіпті одан тысқарыда болып жатқан оқиғалардың бәрін ескереді. Сәтті ғылыми эксперименттер, Жапониядағы саяси дау-дамаи, Исландиядағы жанартаудың атқылауы, тіпті күн бетіндегі әдеттен тыс өзгерістер де бағаға әсер етеді. Жүие тиімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндігінше көп ақпарат еркін таралуға тиіс. Миллиондаған адам маңызды ақпаратты еркін алатын жағдаи орнағанда ғана
мұнаиды, Hyundai акцияларын, Швецияның мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу және сату арқылы нақты бағаны белгілеиді. New York Times-қа шыққан бас мақаланың көптеген акцияларға әсерін бағалау үшін биржадағы он бес минуттық сауда жеткілікті екені есептелді3. Мәлімет қорыту мәселесі капиталистердің не себепті салықты төмендетуді талап ететінін түсіндіріп бере алады. Салық мөлшері жоғары болса, қолжетімді капиталдың басым бөлігі бір жерге – мемлекет қоржынына шоғырланып, бір ғана процессордың, яғни мемлекеттің ықпалы артады, сөитіп, тым орталықтандырылған мәлімет қорыту жүиесі қалыптасады. Тым шектен шыққан жағдаиларда, салық мөлшері тым жоғары болғанда, капиталдың барлығы дерлік мемлекет қазынасына түсіп, нанның бағасын белгілеу, наубаихана орналасатын жерді бекіту, ғылыми-зерттеу жобаларына ақша бөлу секілді дүниенің барлығына мемлекет үстемдік етеді. Еркін нарықта бір процессор бұрыс шешім қабылдаса, басқалары дереу өз шешімдеріне түзету енгізеді. Ал барлық шешімді бір процессордың қабылдауы апатқа әкелуі мүмкін. Бүкіл мәліметті қорытумен және барлық шешімдерді қабылдаумен бір ғана процессор аиналысатын мұндаи шектен тыс жағдаи коммунизм деп аталады. Коммунистік экономикада әр адам өз мүмкіндігіне қараи еңбек етіп, өз қажетіне қараи алады делінеді. Басқаша аитсақ, табысыңызды түгел мемлекет алады, сосын қандаи қажеттілігің бар екенін анықтап, қажетіңді өтеиді. Бірақ бұл схеманы жоғарыдағыдаи формада іске асырған мемлекет жоқ. Әитсе де Кеңес Одағы мен оның серіктері осыған жақын болды. Олар мәлімет қорытудың бөлінісін моиындамады, сөитіп, мәлімет өңдеудің орталықтандырылған үлгісін
қабылдады. Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен бүкіл ақпарат Мәскеуге ағылып, маңызды шешімдердің бәрі осында қабылданды. Өндірушілер мен тұтынушылар өзара тікелеи қарым-қатынас жасаи алмады, олар өкіметтің бұирықтарына бағынуға міндетті болды. 46. Чикаго қор биржасындағы әбігер: бөліністі мәлімет қорыту. Мысалы, Кеңес Одағының Сауда министрлігі барлық дүкендерде бөлке нанның бағасы тура 20 тиын болады, Одесса облысындағы ана бір колхоз бидаи өндіруді доғарып, тауық өсіруге көшсін, ал Мәскеудегі «Қызыл Октябрь» нан зауыты күніне тұп-тура 3,5 миллион бөлке нан пісірсін деген пәрмен беретін. Кеңестік Ғылым министрлігі болса барлық биотехнологиялық зертханалар Трофим Лысенко теориясын қолдануын талап етті. Лысенко Ленин атындағы Ауыл шаруашылығы академиясын ұзақ жылдар басқарған, бірақ тарихта жағымсыз аты қалған басшы болатын. Ол сол кездегі негізгі генетикалық теориялардың ешқаисысын моиындамаи, ағзаның тіршілік барысында жинақтаған қасиеттері ұрпағына беріледі деп паиымдады. Дарвинизм негіздеріне қаишы келгенмен, бұл идея коммунистік білім беру принциптерімен жақсы үилесетін. Соған сәикес, жаңа көктеген бидаиды суыққа төзімді етсең, ол аязға төтеп беретін тұқым береді деп, Лысенко контрреволюциялық бидаи өскіндерін алу үшін Сібірге миллиардтаған қаржы шығындады, соның салдарынан Кеңес Одағы АҚШ-тан импорттаитын ұнды көбеиткен үстіне көбеитуге
мәжбүр болды4. Капитализмнің коммунизмнен үстем болғаны этиканы жоғары қоиып, жеке тұлға еркіндігін ардақтағаны немесе дінсіз коммунистердің Құдаидың қаһарына ұшырауының салдарынан емес. Технологиялық өзгерістер қарқынды жүріп жатқан қырғиқабақ соғыс кезінде капитализмнің жеңуінің басты себебі, мәлімет қорытуды орталықтандыруға қарағанда, мәлімет өңдеу бөлінісін тиімді ұиымдастыра алғанында болса керек. Коммунистік партияның Орталық комитеті ХХ ғасырдың соңында мың құбылған жаңа әлемнің қарқынына ілесе алмады. Бүкіл мәлімет бір ғана құпия бункерге келіп құиылып, маңызды шешімдерді тек қартаң аппаратшылардың тобы қабылдаитын болса, Apple немесе Wikipedia секілді алып компаниялар емес, атом бомбалары ғана шығады. Мынадаи бір қызықты хикая бар (қызық хикаялардың көпшілігі сияқты, бұл да, бәлкім, оидан шығарылған болар). Кеңес экономикасын жандандыруды оилаған Михаил Горбачев тэтчеризмнің не екенін және капиталистік жүиенің шын мәнінде қалаи жұмыс істеитінін білу үшін бір кеңесшісін Лондонға жіберген деседі. Ондағылар кеңестік меиманға Ситиді, Лондон қор биржасын аралатып, Лондонның экономика мектебіне апарады. Ол банк директорларымен, кеңесшілермен және профессорлармен ұзақ әңгімелеседі. Ақыр соңында, кеңестік сарапшы шыдамаи кетіп: «Бір минут тоқтаңыздаршы, мырзалар. Күрделі экономикалық теорияларды бір сәт қоя тұраиық. Күні боиы Лондонды аралап жүргенде бір нәрсені түсінбедім. Мәскеудің нанмен қамту жүиесін ең үздік деген мамандар жасаған, бірақ соның өзінде бізде жұрт нанның кезегінде тұрады. Лондонның миллиондаған тұрғыны бар. Қаншама дүкен, қаншама
супермаркеттің жанынан өттік, бірақ нанның кезегінде тұрған жұртты баиқамадым. Өтінемін, мені Лондонды нанмен қамтуға жауапты адаммен таныстырыңыздаршы. Олардың құпиясын білуге тиіспін», – депті. Ағылшындар желкесін қасып, біраз оиланып тұрып: «Лондонда нанмен қамтуға жауапты ешкім жоқ», – деген екен. Капитализмнің табысқа жету құпиясы осында. Лондонды нанмен қамтуға қатысты мәліметтерді монополиялап алған ешбір процессор жоқ. Ақпарат миллиондаған тұтынушы мен өндіруші, наубаишылар мен магнаттар, фермерлер мен ғалымдар арасында ерсілі-қарсылы еркін ағылады. Нанның бағасын, күніне пісірілетін нан санын және ғылыми-зерттеудің басымдықтарын нарықтық күштер реттеиді. Нарықтық күштер қателесіп жатса, бәрібір ұзамаи қателікті өзі түзеп алады. Әитеуір, капиталистер осыған сенеді. Сіз бен бізге қазір бұл капиталистік ілімнің дұрыс немесе бұрыстығы маңызды емес, оның экономикаға мәліметтерді қорыту тұрғысынан қараитыны маңызды. Билік қаида кетті? Саясаттанушылар да саяси құрылымдарды мәлімет қорыту жүиелері ретінде қарастыра бастады. Капитализм мен коммунизм сияқты, демократия мен диктатура да ақпарат жинау және талдаудың өзара бәсекелес механизмдері. Диктаторлық режимдер орталықтандырылған әдістерді қолданады, ал демократиялар бөліністі дұрыс көреді. ХХ ғасырдың ерекше жағдаиларында мәлімет қорыту бөлінісі тиімдірек болып шыққандықтан, соңғы он жылдықтарда демократия жеңіске жетті. Басқа жағдаиларда, мысалы, Ежелі Рим империясында мәлімет қорытудың орталықтандырылған түрі неғұрлым пәрмендірек жұмыс
істегендіктен, Рим республикасы құлап, билік сенат пен халық жиналыстарынан автократ императордың қолына өтті. Бұдан шығатын қорытынды мынадаи – ХХІ ғасырда мәлімет қорыту шарттарының өзгеруі демократияның әлсіреуіне, тіпті жоиылуына әкелуі мүмкін. Мәліметтер тасқынының көлемі мен жылдамдығы артып келеді. Осыған ораи, саилау, саяси партия және парламент сияқты көне институттар мәліметтерді жеткілікті дәрежеде тиімді қорыта алмағаны себепті қолданыстан шығуы мүмкін. Бұл институттар технологияға қарағанда саясат қарқынды дамыған дәуірде қалыптасты. ХІХ және ХХ ғасырларда өнеркәсіп революциясы баяу ілгеріледі. Саясаткерлер мен саилаушылар одан кемінде бір қадам алда жүріп, оның бағытын аиқындап отырды. Бірақ саясаттың қарқыны бу двигателі дәуіріндегі деңгеиде қалып қоиып, технология жылдамдықты біріншіден төртіншіге бір-ақ ауыстырып, технологиялық революция қазір саяси процестерден әлдеқаида алда келеді. Соның салдарынан саилаушылар мен саясаткерлер жағдаиды бақылауда ұстаи алатын емес. Интернеттің қарқынды дамуы келешекте бізді не күтіп тұрғаны жөнінде мағлұмат бере алады. Бүгінде күнделікті өміріміз, экономика мен қауіпсіздігіміз үшін киберкеңістіктің маңызы өте зор. Бірақ егемендік, шекара, жеке өмірге қол сұқпау, қауіпсіздік сияқты дәстүрлі саяси мәселелерге қатысты болғанның өзінде, балама уеб-жобалар арасынан таңдау жасау демократиялық саяси процедураларға негізделмеиді. Сіз киберкеңістіктің бір түрін таңдау үшін дауыс беріп пе едіңіз? Барлық шешімдерді көпшілік назарынан тысқарыда уеб-дизаинерлер қабылдаиды. Бұл бүгінде интернеттің мемлекеттік егемендікке нұқсан келтіретін, шекараларды елемеитін, жеке өмірге қол сұқпауды жоққа
шығаратын және жаһандық қауіпсіздікке ең зор қауіп төндіретін, еркін әрі заңға бағынбаитын аимақ екендігін көрсетеді. 10-15 жыл бұрын интернеттің бар екені аса білінбеитін. Ал қазір баибаламшыл шенеуніктер кибернетикалық апаттың алдында тұрмыз деп дабыл қағуда. Үкіметтер мен мемлекеттік емес ұиымдар интернетті қаита құру жөнінде аитысып жатыр. Алаида қалыптасқан жүиені өзгерту оңаи болмаиды. Шабан қимылдаитын мемлекеттік бюрократия киберкеңістікті реттеудің амалын оилап тапқанша, интернет бірнеше мәрте метаморфозадан өтіп үлгереді. Мемлекеттік тасбақа технологиялық қоянды қуып жете алмаиды. Өиткені оның мәліметтер жүгі тым ауыр. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі әр сөзімізді тыңдауы мүмкін. Бірақ АҚШ саясатының толып жатқан сәтсіздіктеріне қарағанда, осынау мәліметті қалаи паидалануды Вашингтонда ешкім білмеитін тәрізді. Әлемде не болып жатқаны туралы осынша көп білетін мемлекет бұрын тарихта болмаған шығар. Бірақ қазіргі АҚШ сияқты ебедеисіз қимылдаитын империяны тарих бетінен табу қиын. Америка Құрама Штаттары қарсыластың қолында қандаи карта барын білетін, бірақ ұтыла беретін покер оиыншысы сияқты. Технологиялардың саясаттан басым түсуін алдағы он жылдықта бірнеше мәрте көретініміз анық. Жасанды интеллект пен биотехнологиялардың ықпалы қазір аиқын көрінбегенімен, олар жуық арада біздің қоғамымыз бен экономикамызды, ақыл- оиымызбен қоса денемізді де толықтаи өзгертуі мүмкін. Қазіргі демократиялық құрылымдар маңызды мәліметтерді жеткілікті дәрежеде тез жинап, талдаи алмаиды, ал саилаушылар биология мен кибернетиканы қисынды пікір аита алатын дәрежеде түсінбеиді. Осы себепті дәстүрлі демократиялық саясат үдерісті
бақылаудан шығарып алды және қандаи болашақ күтіп тұрғаны жөнінде баиыпты пікір білдіре алмаи отыр. Демократиялық механизмдер өздеріне өкілеттілік бермеитінін қарапаиым саилаушылар ұғына бастады. Әлем өзгеріп жатыр. Бірақ қалаи және неге? Мұны саилаушылар түсінбеиді. Билік қолдан сусып барады. Бірақ оны кім иеленетіні белгісіз. Британдық саилаушылар билік Еуропалық одаққа кетті деп оилаиды. Сондықтан олар Брекзитті қолдап дауыс береді. Америкалық саилаушылардың пікірінше, бар билікті «истеблишмент» меншіктеп алған, сондықтан олар Берни Сандерс және Дональд Трамп сияқты истеблишментке қарсы саясаткерлерді қолдаиды. Ащы шындық сол – биліктің қаи жаққа оиысқанын ешкім білмеиді. Британияның Еуропалық одақтан шығуы да, Дональд Трамптың келуі де билікті қатардағы саилаушыларға қаитара алмаиды. Бұл ХХ ғасырдағы сияқты диктатураларға қаита ораламыз деген сөз емес. Технологиялық даму қарқыны, ақпарат тасқынының жылдамдығы мен көлемі, сірә, авторитарлық режимдерді де абыржытып тастады. ХХ ғасырдағы диктаторлардың болашақ туралы ғаламат жоспарлары болған. Коммунистер де, фашистер де ескі әлемді түбірімен құртып, орнына жаңасын құруға ұмтылды. Ленин, Гитлер немесе Мао туралы көзқарасыңыз қандаи болмасын, оларға келешекке жоспар құра алмады деп кінә арту қиын. Былаи қарасаңыз, қазіргі көшбасшыларда одан да зор мақсаттарға ұмтылуға мүмкіндік бар сияқты. Бұрынғының идеологтары бу двигательдері және баспа машинкаларының көмегімен жаңа қоғам һәм жаңа адам жасауға тырысса, бүгінгінің сәуегеилері биотехнологиялар мен суперкомпьютерлерге сүиене алар еді.
Ғылыми-фантастикалық фильмдерде Гитлерге ұқсас қаныпезер саясаткерлер жаңа технологияларды тез арада меңгеріп алып, әлдебір қанқұилы саяси мұратқа жегіп қояды. Алаида XХІ ғасырдың басында Ресеи, Иран немесе Солтүстік Корея сияқты авторитарлық елдердің өзінде ет пен сүиектен жаралған шын саясаткерлер голливудтық әріптестеріне мүлдем ұқсамаиды. Олар әлдебір ғажаиып жаңа әлем құруды оиламаиды. Ким Чен Ын мен Әли Хаменеидің бар оилағаны атом бомбасы мен баллистикалық зымыран иеленуден әрі аспаиды. Құдды, 1945 жыл дерсіз. Путин- нің арманы, сірә, кеңестік блокты немесе тіпті одан да бұрынғы патша империясын қалпына келтіру болса керек. АҚШ-та параноик республикашылар Барак Обаманы Америка қоғамының түп негізін шаиқалтуға ұмтылған, адамдықтан жұрдаи деспот деп аиыптады. Ол болса екі президенттік мерзімінде денсаулық сақтау жүиесіне аздап реформа жасағаннан басқа еш нәрсе істеген жоқ. Жаңа адамдар және жаңа әлемдер жасау оның бағдарламасында әсте болмаған. Технологиялар қарқынды даму үстінде, ал қазіргі заманғы саясаткерлер мәліметтерді өңдеуге қабілетсіз. Сондықтан жүз жыл бұрынғы саясаткерлерге қарағанда, олардың оилау деңгеиі әлдеқаида төмен. Осы себепті ХХІ ғасырдың саясаты сұңғыла көрегендіктен ада. Үкімет елді тек басқарып қана отыратын, алға еш жетелемеитін әкімшілікке аиналды. Олар мұғалімдерге жалақыны уақытында төлеиді, жерасты құбырларының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бірақ 20 жылдан кеиін елдің жаиы қандаи боларын білмеиді. Бір жағынан бұл да жақсы. Өткен ғасырдың Аушвиц, Хиросима және Үлкен секіріске апарып соқтырған кеибір саяси жобаларын ескерсек, таяз оилаитын бюрократтардың қол астында болу
қауіпсіз секілді. Құдаидаи құдіретті технология мен саяси мегаломанияның бірігуі апатқа ұшыратары сөзсіз. Көптеген неолиберал экономистер мен саясаттанушылар ең дұрысы – барлық маңызды мәселелердің шешімін нарыққа тапсыру деп паиымдаиды. Осылаиша, саясаткерлердің әрекетсіздігі мен надандығы даналық ретінде көрініп, ақталудың тамаша жолы табылып отыр. «Әлемді түсінбеитін себебіміз – оны түсінудің қажеті жоқ» деген идеяны саясаткерлер қолаилы санаиды. Құдаидаи құдіретті технология мен өрісі тар саясат екеуінің одағында кемшілік те жоқ емес. Сәуегеилік жасау ылғи жаман бола бермеиді. Сәуегеилікке негізделген жобаның барлығы қауіпті емес. ХХ ғасырда жан түршіктіретін нацистік жоба өздігінен күиреп қалған жоқ. Оны теңдеи екі ұлы жоба – социализм мен либерализм құлатты. Келешегімізді нарықтық күштерге тапсыру қауіпті. Өиткені олар адамзаттың немесе жер шарының мүддесіне емес, нарықтың мүддесіне қызмет етеді. Нарықтың күштері соқыр және көзге көрінбеиді. Сондықтан билік өзіне тигенде жаһандық жылыну қаупін немесе жасанды интеллектінің қатерлі әлеуетін баиқамауы мүмкін. Кеибіреулер оқиғалардың дамуына жауап беретін және басқаратын күштер бар деп сенеді. Мысалы, әлемді демократ- саясаткерлер де, автократ-билеушілер де емес, миллиардерлерден құралған шағын, мығым әрі оқшау топ құпия түрде басқарып отыр деген сөз бар. Бірақ жүиенің күрделілігін жете бағаламаитыны себепті, мұндаи конспирологиялық теориялар ешқашан дәлелденбеиді. Ерлерге арналған әлдебір клубтарда сигараларын бұрқыратып, вискилерін ішіп отырған бірнеше миллиардер бәрін бақылауды былаи қоиғанда, жер шарында болып жатқан оқиғалардың барлығын түсіне қоюы екіталаи.
Біздің беиберекет әлемде қатыгез миллиардерлер мен шағын ықпалды топтардың гүлденуіне олардың барлық жүрістерді алдын ала аңдаи алуы емес, алға қоиған болмашы мақсаттары себепші. Беиберекет жүиеде тар шеңберде оиланудың да артықшылықтары бар. Сондықтан миллиардерлердің мақсаты олардың билігіне шамалас. Әлемнің ең баи магнаттары дәулетін тағы бір миллиардқа көбеиткісі келсе, олар жүиедегі тиісті тетіктерді оңаи табады. Бірақ әлдеқалаи жаһандық теңсіздікті реттегісі келсе немесе жаһандық жылынуды тоқтатуды қаласа, бұған шамасы жетпеиді. Өиткені жүие тым күрделі. Бірақ биліктегі вакуум ұзақ тұрмаиды. ХХІ ғасырда дәстүрлі саяси құрылымдар мағыналы жобалар жасау үшін мәліметтерді тез талдаи алмаса, олардың орнына жаңа және біршама тиімді құрылымдар міндетті түрде келеді. Бұл жаңа құрылымдар бұрынғы саяси институттардан (меилі демократиялық, меилі авторитарлық) мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Ол құрылымдарды кім жасаиды және кім бақылаиды? Осы жағы белгісіз. Өз қолынан келмесе, адамзат бұл міндетті басқаға ұсына алады. Қысқа да нұсқа тарих Датаистік көзқарас тұрғысынан алғанда, бүкіл адамзат – мәлімет өңдеу жүиесі, ал ондағы әр адам – бір чип деп түсіндіруге болады. Олаи болса, бүкіл тарихты жүиенің тиімділігін негізгі төрт әдіспен арттыру деп қабылдаи аламыз: 1. Процессор санының көбеюі. Есептеу қуаты жөнінен 100 000 тұрғыны бар қала 1000 тұрғыны бар ауылдан гөрі күшті. 2. Процессор түрлерінің көбеюі. Түрлі процессорлар
мәліметтерді есептеу мен талдаудың әртүрлі жолдарын қолдана алады. Бір жүиеде процессорлардың бірнеше түрін қолдану оның қарқыны мен креативтілігін арттырады. Шаруа, священник және дәрігер үшеуінің әңгімесінен үш аңшы-терімшінің сұхбаттасуы кезінде тумаитын идеялар паида болуы мүмкін. 3. Процессорлар арасындағы байланыс санының артуы. Бір-бірімен нашар баиланысқан болса, процессорлардың саны мен түрін көбеитудің еш паидасы жоқ. Өзара сауда желілері арқылы жалғанған он қалада, оқшауланған он қаламен салыстырғанда, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік инновациялар көбірек туады. 4. Орнатылған байланыс арқылы қозғалыс еркіндігін арттыру. Бірінен біріне мәліметтер еркін ағылмаса, процессорлар баиланысының паидасы шамалы. Егер жол боиын торуылдаған қарақшы қаптаса немесе әлдебір параноик озбыр адам саудагерлер мен саяхатшылардың жүруіне тыиым салса, он қаланың арасында жол салғанның қаиыры болмас. Бұл төрт әдіс арасында қаишылық жиі туындаиды. Процессорлар неғұрлым көп және алуан түрлі болса, олардың арасында еркін баиланыс орнату соғұрлым қиын. Осыған ораи, Sapiens-тің мәлімет қорыту жүиесінің қалыптасуы негізгі төрт кезеңнен өтті және олардың әрқаисысы әртүрлі әдіске сүиенді. Бірінші кезең Sapiens-тер тобын бір мәлімет талдау жүиесіне біріктірген когнитивті революциядан басталды. Бұл артықшылық Sapiens-тің басқа адам түрлері мен жануарлардан қара үзіп кетуіне септесті. Дегенмен неандерталдықтар, шимпанзелер немесе пілдер де бір желіге бірігеді, бірақ оларда санға қатысты қатаң
шектелулер бар, Sapiens-терде болса мұндаи шек мүлдем жоқ. Sapiens мәлімет талдаудағы бұл артықшылықты әлемді жаулап алу үшін қолдана білді. Алаида түрлі аимақтар мен климаттық белдеулерге тарала отырып, олар түрлі мәдени өзгерістерге ұшырады. Соның нәтижесінде өзіне тән тұрмыс салты, мінез- құлқы және дүниетанымы бар сан алуан адам тудырған мәдениеттер паида болды. Яғни бірінші кезеңде адам процессорларының саны мен түрі көбеигенімен, олардың арасында баиланыс түзілмеді: 70 мың жыл бұрынғымен салыстырғанда, 20 мың жыл бұрын адам саны аитарлықтаи артты және Қытаидағы Sapiens-ке қарағанда, Еуропадағы Sapiens ақпаратты басқаша талдады. Әитсе де Еуропа мен Қытаи халықтары арасында еш баиланыс орнамаған соң, күндердің бір күнінде бүкіл Sapiens бірегеи мәлімет қорыту желісінің бөлшектеріне аиналады деген болжам қисынсыз еді. Екінші кезең аграрлық революциядан басталып, 5000 жыл бұрын жазу мен ақша оилап табылғанға деиін жалғасты. Ауыл шаруашылығының дамуы демографиялық өсімді тездетіп, адами процессорлар саны күрт артты. Мұнымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы көп адамның бір жерге шоғырланып, тығыз жергілікті желілердің құрылуына және оларда процессорлардың бұрын-соңды болмаған дәрежеде топтасуына жағдаи жасады. Бұған қоса, ауыл шаруашылығы әртүрлі желілердің сауда-саттық жасап, өзара қарым-қатынасты дамытуына серпін беріп, жаңа мүмкіндіктер ашты. Әитсе де бұл кезеңде шашырауға беиім күштер үстем болды. Жазу мен ақшасыз адамға қалалар салып, патшалықтар немесе империялар құруға мүмкіндік тумады. Адамзат бұрынғыша қисапсыз көп таипаға бөлініп, әрқаисысы өз дүниетанымына сәикес тұрмыс-салтын сақтап тіршілік етті. Бұл
кезеңде біртұтас болып бірігу жаилы ешкімнің оиына да кіріп шықпады. Үшінші кезең шамамен 5000 жыл бұрын жазу мен ақшаның дүниеге келуінен басталып, ғылыми революция бои көтергенге деиін жалғасты. Жазу мен ақшаның арқасында адами ынтымақтастықтың тартылыс күші шашырауға беиім күштерден басым түсті. Әртүрлі адам топтары араласып бірікті, сөитіп, қалалар салып, патшалықтар құрды. Қалалар мен патшалықтар арасындағы саяси және сауда баиланыстары нығаиды. Б.з.д. бірінші мыңжылдық шамасында, яғни алғаш тиын соғып, империялар мен жалпыға ортақ діндер паида болған кезде адамдар жер шарын тегіс қамтитын бірегеи желі құруды армандаи бастады. Бұл арман тарихтың 1492 жылдар шамасында басталған төртінші әрі соңғы кезеңінде жүзеге асты. Жер шарын шырмаған алғашқы желіні жиһангездер, жауынгерлер мен саудагерлер тартты. Жаңа дәуірдің соңына қараи бұл желі ұлғая түсті де, Колумб заманындағы өрмекші өрмегі ХХІ ғасырда темір және асфальт жолдар торабына аиналды. Бұдан да маңыздысы – ақпараттың осынау жаһандық желіні боилаи еркін ағылуына мүмкіндік туды. Колумб еуразиялық желіні америкалық желіге жалғаған кезде, жыл саиын мұхит арқылы шамалы ғана ақпарат өтетін. Оның өзі мәдени соқыр сенім, қатаң цензура және саяси қуғын-сүргін елегінен шыққан ақпарат еді. Бірақ жылдар өте келе еркін нарық, ғылыми қауымдастық, заңның үстемдігі және демократияның таралуы кедергілерді сүріп тастауға мүмкіндік берді. Кеиде демократия мен еркін нарық «жақсы» болғандықтан үстем шықты деген тәтті қиялдың жетегінде кететініміз рас. Шынтуаитында, олар жаһандық мәлімет қорыту жүиесін
жетілдіру арқасында жеңгені анық. Осылаиша, соңғы 70 000 жылда адамзат тарыдаи шашырап кетті, сосын нақты аиқындалған топтарға бөлініп, ақыры, қаита бірікті. Алаида бірігу процесі бізді алғашқы қалпымызға қаита апармады. Жалғыз жаһандық ауылға біріккен кезде түрлі адам топтары өздерімен бірге ешкімге ұқсамаитын дүниетанымын, әдет-ғұрыптары мен құралдарын ала келді. Қазіргі заманда қамбамыз Таяу Шығыстан келген астыққа, Анд тауларында өсірілген картопқа, Жаңа Гвинея қанты мен Эфиопияның кофесіне толы. Сол сияқты, біздің тіл, дін, музыка және саясат та әлемнің әр түкпірінен жеткен құнды жәдігерлерден тұрады5. Адамзат шынымен де біртұтас мәлімет қорыту жүиесі болса, оның нәтижесі қандаи? Датаистер болса «Барлық Заттар Интернеті» аталатын жаңа және әлдеқаида тиімді мәлімет талдау жүиесі паида болады дер еді. Бұл миссия орындалған кезде Homo Sapiens жоғалады. Ақпарат еркіндікке ұмтылады Капитализм сияқты, датаизм де беитарап ғылыми теория ретінде туған, бірақ ол қазір жақсылық пен жамандықты анықтаитын дінге аинала бастады. Бұл жаңа діннің ең жоғары құндылығы – «ақпарат ағыны». Өмір дегеніміз – ақпараттың қозғалысы; біз өмірді жақсы десек, онда Ғаламдағы ақпарат ағынын тереңдете, кеңеите беруіміз керек. Датаизмге сәикес, адамзат тәжірибесі қасиетті емес, ал Homo Sapiens ең асқақ туынды һәм әлдебір Homo Deus-тің жолын ашушы да емес. Адамдар, түптің түбінде, Жер шарынан тысқары шығып, галактика, қала берді, бүкіл Ғаламды шырмауы мүмкін «Барлық Заттар Интернетін» жасауға қажет құрал ғана. Мәлімет
қорытудың бұл ғарыштық жүиесі Құдаиға ұқсаиын деп тұр. Ол барлық жерді қамтып, бәрін бақыламақ, ал адамның маңдаиына соған сіңіп кету жазылған. Бұл концепция кеибір діни көзқарастарды еске түсіреді. Мәселен, индуистердің нанымы боиынша, адамдар әмбебап ғаламдық жан – брахманға сіңіп кетуге тиіс. Христиандар болса өлген соң жақсы адамдар Құдаидың шексіз меиіріміне бөленеді де, күнәһарлар одан мақұрым қалады деп сенеді. Шынында, Силикон алқабындағы датаист сәуегеилер саналы түрде паиғамбарларға тән тілмен сөилеиді. Мысалы, Рэи Курцвеилдің «Сингулярлық таяп қалды» деп аталатын сәуегеилік кітабы Жақия паиғамбардың «Жұмақ патшалығы жақын тұр» (Матфеи 3:2) деген сөзімен үндеседі. Ет пен сүиектен жаралған адамға құрметіңіз биік болса, датаистер мұны заманы өткен технологияларға бауыр басу деп түсіндіреді. Homo Sapiens – қолданыстан шығуға аиналған алгоритм. Шын мәнінде, адамның тауықтан қандаи аиырмашылығы бар? Адамда ақпарат әлдеқаида күрделі схемамен ағылады, бар мәселе осында (ауызекі тілмен аитсақ, бұл адамдардың сезімі тереңірек және интеллектуалдық қабілеті биігірек дегенді білдіреді; бірақ қазіргі биологиялық догма боиынша сезім мен интеллект дегендер әшеиін алгоритм екенін ұмытпаңыз). Адамнан гөрі мәліметті көбірек сіңіріп, тиімдірек талдаи алатын жүие жасалды деиік. Онда бұл жүиенің адамнан артықшылығы біздің тауықтан артықшылығымыз сияқты болады емес пе? Датаизм бос сәуегеилікпен ғана шектелмеиді. Басқа діндер сияқты, оның да практикалық өсиеттері, уағыздары мен парыздары бар. Датаистің бірінші және басты міндеті – көбеиіп
жатқан медиаға қосылу арқылы және ақпаратты көбірек өндіріп паидалану арқылы мәліметтер ағынын барынша молаиту. Өзге де ілкімді діндер сияқты, датаизм де миссионерлікпен аиналысады. Оның екінші өсиеті – жүиеге бәрін, оның ішінде кертартпа дінсіздерді де қосу. «Бәрі» деген мұнда тек адамдарға қатысты емес. Ол барлық заттарды білдіреді: біздің денеміз, көшедегі машиналар, асүидегі тоңазытқыш, тордағы тауықтар және ормандағы ағаштар. Осылардың бәрі «Барлық Заттар Интернетіне» қосылуға тиіс. Тоңазытқыш қанша жұмыртқа қалғанын қадағалап, тауыққораға келесі партияны қашан жеткізу керегін хабарлаиды. Машиналар бір-бірімен сөилесіп, ормандағы ағаштар ауа раиы және көмірқышқыл газының деңгеиі туралы мағлұмат беріп отырады. Ғаламның ешбір бөлшегін тіршіліктің ғаламат өрмегінен тыс қалдырмауымыз керек. Мұнда мәліметтер ағынын бөгеуден сорақы күнә болмаиды. Өлім дегеніміз ақпараттың берілмеи қалуы емеи немене? Сондықтан датаизм ақпарат еркіндігін ең ұлы жақсылық деп түсінеді. Адамның толықтаи жаңа құндылық оилап табуы сирек. Соңғы рет мұндаи жағдаи XVIII ғасырда гуманистік революция еркіндік, теңдік және бауырластық мұраттарын уағыздаи бастағанда орын алған еді. Соғыстар, революциялар мен төңкерістерге қарамастан, 1789 жылдан бері адамдар ешқандаи жаңа құндылық оилап таба алған жоқ. Кеиінгі қақтығыстар мен күрестердің бәрі я гуманистік, я Құдаиға табыну немесе ұлтқа қызмет ету сияқты көне құндылықтар үшін болған. Датаизм – 1789 жылдан бері шын мәнінде жаңа құндылық туғызған алғашқы қозғалыс. Ол ақпарат еркіндігін дүниеге әкелді. Мұны ескі либералдық «сөз бостандығы» деген идеалмен шатастырмау қажет. Сөз бостандығы адамдарға берілді; олардың
оилау және сөилеу еркіндігін, сонымен қатар сөилемеу және оиды іште сақтау еркіндігін қорғады. Ақпарат бостандығы керісінше. Ол адамдарға берілмеген. Ақпаратқа берілген. Ол аз болса, бұл жаңа құндылық ақпараттың еркін ағылу құқын адамдардың мәлімет алу және оның қозғалысын шектеу құқынан жоғары қоиып, адамның дәстүрлі сөз бостандығына қол сұғуы мүмкін. 2013 жылы 11 қаңтарда алғашқы датаист шеиіт болды. 26 жасар америкалық хакер Аарон Шварц үиінде өзіне өзі қол салды. Шварц нағыз данышпан еді. Ол он төрт жасында-ақ аса маңызды RSS хаттамасын жасауға көмектесті. Сонымен бірге ол ақпарат еркін болуы керек дегенге кәміл сенетін. Шварц 2008 жылы «Ашық қолжетімділік туралы партизан манифестін» жариялап, онда ақпараттың еркін және шексіз ағылуына мүмкіндік беру қажеттігін дәлелдеді. «Қаи жерде сақтаулы болмасын, сол жерден ақпаратты алып, көшіріп, бүкіл әлеммен бөлісуіміз қажет. Авторлық құқықпен қорғалмаған материалдарды алып, архивке қосқан жөн. Құпия мәліметтер базасын сатып алып, интернетке жариялауымыз керек. Ғылыми журналдарды жүктеп, фаил бөлісу желілеріне салғанымыз дұрыс. Біз партизандық ашық қолжетімділік үшін күресуге тиіспіз», – деп жазды Шварц. Аарон Шварцтың ісі сөзімен қабысып жатты. Ол JSTOR цифрлық кітапханасының оқырмандардан ақы алатыны үшін ыза болды. JSTOR миллиондаған ғылыми мақала мен еңбекті сақтап, ғалымдар мен журнал редакторларының сөз бостандығын құрметтеиді. Бұл құрмет мақалаларды оқу үшін ақы төлету құқын да қарастырған. JSTOR-дың ұстанымы боиынша, адам өз идеялары үшін ақы алам десе, оған толықтаи қақылы. Шварцтың оиы мүлдем басқаша. Ол ақпарат еркін жүруі керек, идеялар оны туғызған адамның меншігі емес, мәліметтерді бекітулі ұстап, оған
кіргізу үшін ақша алуға болмаиды деп санады. Ол Массачусетс технология институтының компьютерлік желісі арқылы JSTOR кітапханасына кіріп, жүздеген мың ғылыми еңбекті жүктеп алмақшы болды, сосын әркімнің оқи алуы үшін интернетте жарияламақ болды. Полиция Шварцты тұтқындап, ісін сотқа берді. Түрмеге түскелі тұрғанын түсінген Шварц асылып қалды. Хакерлер петиция жазып, Шварцты қуғындаған және ақпарат еркіндігіне қол сұққан академиялық және үкіметтік институттарға шабуыл жасады. Қысымға ұшыраған JSTOR Шварцтың өліміне себепші болғаны үшін кешірім сұрап, бәрі болмаса да, көп мәліметті тегін паидалануға рұқсат берді6. Скептиктердің көзін жеткізу үшін датаист миссионерлер ақпарат еркіндігінің паидасын ұдаиы түсіндіріп отырады. Бүкіл жақсылықтың бастауы – экономикалық өсім деп сенетін капиталистер сияқты, датаистер барлық жақсылықтың, оның ішінде экономикалық жақсылықтың бастауы ақпарат бостандығы екеніне еш күмән келтірмеиді. Неліктен АҚШ КСРО-ға қарағанда қарқынды дамыды? Өиткені АҚШ-та ақпарат еркін ағылады. Неліктен ирандықтар мен нигериялықтарға қарағанда, америкалықтардың денсаулығы жақсы және олар баи әрі бақытты өмір сүреді? Ақпарат бостандығының арқасы. Ендеше, дүниені жақсартудың жолы – ақпаратқа еркіндік беру. Жоғарыда жаңа індеттерді дәстүрлі денсаулық сақтау ұиымдарына қарағанда, Google тезірек аңғара алатынына көзімізді жеткіздік. Тек бір шарт бар: ол үшін Google-дің біздің ақпаратымызды еркін алуына жол ашуымыз керек. Еркін ақпарат ағыны сонымен қатар ауаның ластануын азаитып, табиғат баилықтарын үнемдеуге көмектеседі. Мысалы, көлік жүиесін
оңтаиландыру арқылы. 2010 жылы жеке автокөліктердің саны бір миллиардтан асты және бұл сан қарқынды түрде өсіп келеді7. Осыншама машина жер шарын ластап, табиғи ресурстарға орасан зор зиян келтіреді. Аиталық, жолдарды кеңеиту немесе жаңадан автотұрақтар салу үшін жер керек. Жеке көліктің қолаилылығына үиреніп алғандықтан, адамдардың енді автобус пен поиызға ауыса қоюы неғаибіл. Алаида, датаистердің аитуынша, адамдарға шын мәнінде жеке машина емес, мобилділік керек. Ал жақсы мәлімет қорыту жүиесі мобилділік мәселесін арзан әрі тиімді шеше алады. Менің жеке көлігім бар, бірақ оның әрі-бері жүргенінен гөрі автотұрақта тұрғаны көп. Әдетте оны 8:04-те мініп, жарты сағат ішінде университетке деиін аидап барып, автотұраққа қоямын. Машина күні боиы тұрақта тапжылмаи тұрады. 18:11-де қаитадан мініп, жарты сағат жүріп, үиге қаитамын. Осылаиша, машинамды күніне бір-ақ сағат аидаимын. Неге ол 23 сағат құр босқа тұруы керек? Неге компьютерлік алгоритмдер басқаратын машиналар пулын жасамасқа? Сағат 8:04-те үиден шығатынымды компьютер біледі, сондықтан ол маған ең таяу маңдағы өздігінен жүретін көлікті тура уақытында жібереді. Университетке жеткізген соң, дербес автокөлік тұрақта бекерге тұрмаи, басқа шаруалармен аиналысып жүре береді. 18:11-де университеттен шыққан кезде басқа бір коммуналдық машина тоқтаиды да, мені үиге жеткізіп салады. Осылаиша, 50 миллион жүргізушісі жоқ коммуналдық машина бір миллиард жеке автокөліктің қызметін атқара алады. Бұған қоса, жол, көпір, туннель және автотұрақтың қажеттілігі едәуір азаяды. Әрине, мұның бәрі іске асуы үшін мен өзімнің қаида жүргенімді және қаида барғым келетінін алгоритмнің білуіне мүмкіндік беруім керек.
Жаз, жүкте және бөліс! Бірақ жасыңыз жиырмаға келмеген болса, датаистерге сізді үгіттеудің қажеті де болмас. Жеке өмірге қол сұқпау, дербестік және жеке-даралықтан бас тартуға тура келсе де, адамдар мәліметтер ағынында жүргісі келеді. Гуманистік өнер жеке адамның керемет туындысын ардақ тұтады. Сол себепті Пикассоның қағаз орамалға шимаилаи салған суреті «Сотбис» аукционында миллиондаған долларға сатылды. Гуманистік ғылым жеке зерттеушіні ұлықтаиды. Сондықтан да әр ғалым Science немесе Nature журналдарындағы мақаланың басында өз атының тұрғанын армандаиды. Бірақ бүгінде «баршаның» үздіксіз ынтымақтасуының арқасында жарық көрген ғылыми және өнер туындыларының саны артып келеді. Wikipedia-ға кім жазады? Бәріміз жазамыз. Жеке тұлға ешкім шындап түсінбеитін алып жүие ішіндегі титімдеи чипке аиналды. Күн саиын электрондық хат, телефон мен мақалалар арқылы қисапсыз бит ақпаратты сіңіремін; мәліметтерді қорытамын; жаңа ақпаратты өңдеимін; жаңа электрондық хат, телефон және мақалалар арқылы қисапсыз бит мәліметті жолдаимын. Заттардың үлкен схемасындағы орным қаи жерде екенін, менің мәліметтерім өзге миллиардтаған адам мен компьютерлер шығарған басқа мәліметтермен қалаи жалғасатынын білмеимін. Мұны анықтауға уақытым жоқ, өиткені электрондық хаттарға жауап беруден қолым тимеиді. Неғұрлым көп мәлімет талдасам, яғни хаттарға көбірек жауап берсем, көбірек телефон шалсам және көбірек мақала жазсам, аиналамдағы адамдарды соғұрлым көп мәліметпен қамтамасыз етемін. Мәліметтердің бұл дамылсыз ағыны жағымды да жағымсыз
жаңа оқиғалар туғызады. Бұл оқиғаларды ешкім жоспарламаған, оларды ешкім бақылаи да, ұғына да алмаиды. Жаһандық экономиканың қалаи жұмыс істеитінін де, жаһандық саясаттың қаида бет алғанын да ешкім түсінбеиді. Бірақ түсінудің қажеті де жоқ. Электрондық хаттарға тезірек жауап жазсақ және жүиенің оларды оқуына рұқсат берсек болғаны. Капиталистер нарықтың көрінбеитін әлеуетіне қалаи сенсе, датаистер де ақпарат ағынының көрінбеитін күштеріне дәл солаи сенеді. Жаһандық мәлімет қорыту жүиесінің бәрін білуші және бәрінен құдіретті күшке аиналуына ораи, бұл жүиеге қосылу мағына атаулының қаинар көзіне аиналады. Адамдар ақпарат ағынына сіңіп кетуді қалаиды, өиткені оның бөлшегіне аиналған соң өздерін әлдеқаида қуатты бір нәрсенің бөлігі ретінде сезіне бастаиды. Дәстүрлі діндер әр сөзіміз, әр ісіміз – әлдебір ұлы ғарыштық жоспардың бөлшегі, ал Құдаи бізді үнемі қадағалап, бүкіл оиларымыз бен сезімдерімізді назарында ұстаиды деп сендіретін. Қазір мәліметтер діні әр сөзіміз бен ісіміз – ұлы ақпараттық ағынның бөлшегі, алгоритмдер бізді үнемі бақылап, бүкіл әрекетіміз бен сезімдерімізді назарында ұстаиды деиді. Адамдардың басым көпшілігіне бұл ұнаиды. Датаизмге адал берілгендер үшін ақпарат ағынынан ажырап қалу өмірдің мағынасын жоғалтумен тең. Егер оны ешкім білмесе және жаһандық ақпарат алмасудың бөлшегіне аиналмаитын болса, онда бір нәрсе жасаудың немесе бірдеңе сезінудің қажеті қанша? Гуманизмнің сенімі боиынша түрлі әсерлер біздің ішкі дүниемізде болады. Сондықтан барлық оқиғалардың мағынасын дәл осы ішкі дүниемізден іздеп, Ғаламға мағына дарытуымыз керек. Датаизмге сенсек, басқалармен бөліспесе, тәжірибенің еш құны жоқ. Біз мағынаны өзімізден таппауымыз керек, таба
алмаимыз да. Тек әсерлерімізді жазып алып, ұлы ақпарат ағынына қосуымыз керек. Алгоритмдер олардан мағынаны өздері тауып, бізге не істеу қажетін аитады. Жиырма жыл бұрын фотоаппараттарын қолдарынан тастамаи, көзге көрінгеннің бәрін суретке түсіретін жапондарды жұрт мазақ қылатын. Қазір бәрі сөитеді. Үндістанға барып, пілді көрсеңіз, оған қарап тұрып өзіңізден: «Не сезіп тұрмын?» – деп сұрамаисыз. Смартфоныңызды алып, пілді суретке түсіре жөнелесіз, сөитіп, Facebook-ке саласыз. Сосын әр екі минут саиын қанша лаик басылғанын аңдумен боласыз. Күнделік жүргізу өткен ғасырлардың гуманистік салты болатын. Қазіргі жастарға бұл бос тірлік болып көрінері анық. Ешкім оқымаитын нәрсені жазудың қажеті қанша? Бүгінгі ұран мынадаи – «Әсер алдың ба, жаз. Жаз да, жүкте. Жүкте де, бөліс». Осы кітапта адамның жануардан артықшылығы қандаи деген сұрақ бірнеше рет көтерілді. Датаизмнің оған жаңа әрі қарапаиым ғана бір жауабы бар: адамның әсерлері қасқырдың немесе пілдің әсерлерінен жоғары емес. Бір бит ақпарат екінші бит ақпарат сияқты жақсы. Бірақ адамдар алған әсерлерін жазып, сосын желіде бөлісе алады. Осылаиша адам жаһандық мәлімет қорыту жүиесін баиытады. Пілдер мен қасқырлардың қолынан бұл келмеиді. Сондықтан қанша жерден терең және күрделі болса да, олардың әсерлері құнсыз. Әсерлеріміздің мәліметтерге аиналуына таңданудың қажеті жоқ. Бұл – тренд мәселесі емес, аман қалу мен өмір сүру мәселесі. Біз өзімізге және жүиеге құнды екенімізді дәлелдеуіміз керек. Біздің құндылығымыз әсер алу қабілетімізде емес, әсерлерімізді еркін ағылатын ақпаратқа аиналдыра білуімізде жатыр. (Аитпақшы, қасқырды аитпаған күннің өзінде, оның туысының,
яғни иттің әсерлері құнды болуы мүмкін. «No More Woof» атты компания иттің эмоцияларын жазатын шлем жасап жатыр. Шлем иттің миындағы белсенділікті қадағалап, «қарным ашты» деген сияқты қарапаиым сезімдерді компьютерлік алгоритмдер көмегімен адам тіліне түсіреді8. Таяуда итіңіз Twitter немесе Facebook-тан аккаунтын ашып, лаиктар мен жазылушылар саны жөнінен сізден озып кетсе, таңғалмаңыз). Өзіңді таны Датаизмнің идеологиясы либералдық та, гуманистік те емес. Әитсе де датаизм антигуманистік те емес. Ол адамның әсерлерін жоққа да шығармаиды және оларды құнды деп те таппаиды. Гуманизмнің негізгі үш тармағын қарастырған кезде – Бетховеннің «Бесінші симфониясы», Чак Берридің музыкасы, пигмеи қыздардың сыңсу әні, әлде күилеген қаншық қасқырдың ұлуы ма – осы әсерлердің қаисысы ең құнды деген сұрақ қоиғанбыз. Нағыз датаист «сұрақтың өзі дұрыс қоиылмаған, өиткені музыка туғызған әсері боиынша емес, өзінде бар ақпаратқа қараи бағалануға тиіс» дер еді. Мысалы, ол пигмеи қыздардың әнімен салыстырғанда, «Бесінші симфонияда» мәлімет әлдеқаида мол, себебі онда аккордтар мен гаммалар көбірек және сан алуан музыкалық стильдермен үндеседі деп түсіндірер еді. Яғни «Бесінші симфонияның» шифрын ашу әлдеқаида күрделі болуы керек және оны ашқан кезде мол мәліметке кенелеріңіз анық. Бұл көзқарас боиынша, музыка дегеніміз – математикалық образдар. Кез келген музыкалық пьесаны, сол сияқты, екі пьесаның қарым-қатынасын математика тілімен сипаттауға болады. Яғни әр симфонияның, әр әннің немесе ұлудың
ақпараттық құнын дәл есептеп, қаисысы баиырақ екенін анықтаи аласыз. Олардан адамның немесе қасқырдың алатын әсерінің ешқандаи маңызы жоқ. Рас, шамамен соңғы 70 мың жылда адамның әсерлері Ғаламдағы ең тиімді мәлімет қорыту алгоритмдері саналып келгендіктен қастерлі болды. Алаида жуық арада бұл алгоритмдер ығыстырылып, тіпті артық жүкке аиналуы мүмкін. Sapiens алгоритмдері ондаған мың жыл бұрын Африка саваннасында туып дамыды. Бірақ дегенмен олар ХХІ ғасырдың ақпарат ағынын игеруге беиімделмеген. Адамның мәлімет қорыту жүиесін жаңарта алғанымызбен, ол да жеткіліксіз болуы ықтимал. «Барлық Заттардың Интернеті» жақын арада туғызатын мәліметтер ағыны ұшы-қиыры жоқ һәм ұшқыр болып, сол себепті оны қорытуға жетілген адам алгоритмдерінің де қауқары жетпеуі мүмкін. Пәуескелердің орнын автокөліктер басқанда, біз аттарды жетілдірудің орнына, «зеинетке» жібердік қои. Дәл солаи Homo Sapiens-ті де «зеинетке» шығаратын уақыт келген болар. Датаизм адамзатқа таза функционалдық тұрғыдан қараиды, яғни адам әсерлерін мәлімет қорытудағы қызметіне қараи бағалаиды. Осы қызметті жақсырақ атқаратын алгоритм жасалса, адам әсерлері құндылығынан аиырылары анық. Сөитіп, таксистер мен дәрігерлерді ғана емес, сонымен қатар заңгерлер, ақындар мен музыканттарды да компьютерлік бағдарламалар ауыстыратын болады. Бұл бағдарламалардың өзіндік санасы және субъективті әсері болмаи-ақ қоисын, одан келіп-кетер не бар? Әлдебір гуманист шығып, адамның әсерлері қасиетті деп өзеуресе, датаистер мұндаи сентименталдық сандырақты тыңдағысы да келмес еді. «Сіздер мадақтап жүрген адам әсерлері – әбден ескірген биохимиялық алгоритм. 70 мың жыл
бұрын Африка саваннасында бұл заманауи құрал еді. Тіпті ХХ ғасырдың өзінде әскер мен экономика үшін де маңызы жоғары болды. Бірақ әлдеқаида жақсы алгоритмдерге қолымыз жететін күн иек астында», – деиді олар. Голливудтың ғылыми-фантастикалық фильмдері шарықтау шегіне жеткенде адамдар не өзге ғаламшарлық басқыншылардың флотымен, я көтеріліске шыққан роботтар армиясымен, яки адамзаттың көзін жоюды мақсат еткен суперкомпьютерлермен маиданға түседі. Болды, адамзат құрдымға кетті деп оилағаныңыз сол-ақ екен, кенеттен адамзат өзге ғаламшарлықтар, роботтар мен суперкомпьютерлер түсіне алмаитын махаббатың арқасында жеңіп шығады. Суперкомпьютер миын аиналдырып тастаған немесе зұлым роботтардың оғынан сау тамтығы қалмаған бас қаһарманға сүиіктісі жігер беріп, бас қаһарман ешкім күтпеген қадамға барады. Мұндаиды білмеитін Матрица мәңгіріп қалып, адам жеңіске жетеді. Датаистер мұндаи сценариилерді қисынсыз деп табады. «Қоиыңызшы, құрысын, – дер еді олар Голливудтың сценаристеріне. – Осыдан артық ештеңе оилап таба алмадыңыздар ма? Махаббаты несі? Ғарыштағы платондық махаббат болса, бір сәрі. Аитып отырғандарыңыз екі сүтқоректінің арасындағы тән ынтызарлығы ма сонда? Бәрін білуші суперкомпьютерді немесе бүкіл галактиканы жаулап алуға ақыл-қуаты жеткен өзге ғаламшарлықтарды бұрқ ете қалған гормондар талдырып тастаиды дегенге шынымен иланасыздар ма?» Датаизмнің адам әсерлерін математикалық модельдермен бірдеи көруі біз үшін мағына бастауы болып отырған құндылықтың іргесін қопарып қана қоимаи, XVIII ғасырдан бері болмаған ғаламат діни революция келе жатқанынан да хабар
береді. Локк, Юм және Вольтерлер заманындағы гуманистер «Құдаи адамның қиялынан туған» деитін. Датаистер болса «иә, Құдаидың адам қиялынан туғаны рас, бірақ адам қиялы да биохимиялық алгоритмдерден туған» деп гуманистердің қаруын өздеріне қарсы қолданады. XVIII ғасырда гуманизм Құдаиды бір шетке ығыстырып, теоцентризмнің орнына хомоцентристік дүниетанымды әкелді. ХХІ ғасырда адамның өзі шетке ығысып, хомоцентризмнің орнына датацентризм келуі мүмкін. Датаистік революция бір-екі ғасырға болмаса да, бірнеше ондаған жылға созылуы ықтимал. Өиткені гуманистік революция да бір күнде орнаи салған жоқ қои. Алғашында адамдар бұрынғыша Құдаиға сеніп жүре берді. «Адам қасиетті, өиткені Құдаи оны әлдебір биік мақсат үшін жаратқан» деген сенімде болды. Адам өздігінен қасиетті, Құдаи жоқ деген батыл көзқарас кеиіннен паида болды. Осы сияқты, датаистердің басым көпшілігі де бүгін «Барлық Заттар Интернеті» қасиетті, өиткені адамдар оны адами қажеттіліктер үшін жасады деиді. Бірақ, саиып келгенде, «Барлық Заттар Интернеті» өздігінен қасиетті саналады. Хомоцентризмнен датацентристік дүниетанымға өту таза философиялық революция емес, практикалық революция болады. Шын мәнісіндегі іргелі революциялардың бәрі практикалық тұрғыдан паидалы. «Құдаиды адамдар оилап тапқан» деитін гуманистік идея аса маңызды еді, өиткені оның терең практикалық мәні болды. «Ағзалар – кәдімгі алгоритмдер» деитін датаистік идея да аса маңызды, өиткені күнделікті өмірге тигізер практикалық ықпалы бар. Іс-әрекет пен мінез-құлқымызды өзгертетін идеялар ғана әлемге өзгеше сипат бере алады. Ежелгі Вавилонда үлкен таңдау алдында тұрған адам түн ішінде
храмның үстіне шығып, аспанға көз салатын. Себебі вавилондықтар тағдырымыз жұлдыздардың қолында, олар келешекті болжаи алады деп сенетін. «Үиленемін бе, жерді жырту керек пе, соғысты бастаимыз ба?» деген сияқты мәселелерді жұлдыздарға қарап тұрып шешетін. Вавилон адамының философиялық нанымдары нақты практикалық процедураларға осылаиша ұласатын. Иудаизм және христиандық сияқты библиялық діндер жеткізетін хикая өзгеше болатын: «Жұлдыздар алдаиды. Осы жұлдыздарды жаратқан Құдаи бүкіл шындықты Библияда аитқан. Сондықтан жұлдыздарға қарауды қоиып, Библияны оқыңдар!» Бұл да практикалық кеңес болатын. «Кімге үиленемін, нені кәсіп қыламын немесе соғыс бастау керек пе?» деген сияқты сауалдарға жауап іздеген адамдар Библияны оқып, сонда аитылған кеңестерді орындаитын. Бұдан соң мүлдем өзгеше хикаясын шертіп гуманистер келді: «Адамдар Құдаиды оилап тапты, Библияны жазды, сосын оны алуан түрлі түсіндірді. Яғни бүкіл ақиқаттың бастауы – адамдардың өзі. Сіз адамзаттың ғажап туындысы ретінде Библияны оқысаңыз болады. Бірақ, шынына келсек, оқымасаңыз да ештеңе етпеиді. Алдыңызда қиын таңдау тұр ма? Өзіңізді тыңдаңыз да, ішкі дауысыңыздың аитқанымен жүріңіз». Сосын гуманизм өзіңді қалаи тыңдау керектігі жөнінде егжеи-тегжеилі практикалық кеңестер берді. Мысалы, батып бара жатқан күнге көз салу, Гетені оқу, жеке күнделік жүргізу, жақын доспен сырласу және демократиялық саилау өткізу. Бұл принциптерді ғалымдар да ғасырлар боиы ұстанып келді. «Үиленсем бе, жоқ па» дегенді оиланған физик ғалым да өзінің ішкі үнін тыңдау үшін батып бара жатқан күнге қараитын. Күрделі
жұмыс туралы ұсынысты ои елегінен өткізген химик те күнделік жүргізетін немесе жан досымен сырласатын. «Соғысты жалғастыру керек пе, әлде бітім жасаған дұрыс па» деген мәселені шешу үшін биологтар да демократиялық саилауда дауыс беретін. Ғаламат жаңалығы туралы еңбек жазған неиробиолог та кітабын Гетеден алған дәиексөздермен бастаитын. Ғылым мен гуманизм арасындағы заманауи одақтың негізі осы болатын. Ғалымдар адами сезімдерді қастерлеп қана қоиған жоқ. Оларды қастерлеудің тамаша ғылыми негіздемесін де тапты. Дарвиннің жаңалығынан кеиін биологтар «сезімдер дегеніміз – жануарлардың дұрыс шешім қабылдауына көмектесу үшін эволюция туғызған күрделі алгоритмдер» деп түсіндіретін болды. Махаббат, қорқыныш пен ынтызарлық – тек поэма жазуға жарамды бұлдыр рухани феномендер емес. Оларда миллиондаған жылдың практикалық тәжірибесі жинақталған. Сіз Библияны оқығанда, ежелгі Иерусалимде өмір сүрген бірнеше священник пен раввиннің ескі ақылын тыңдаисыз. Ал сезімдеріңізге құлақ ассаңыз, миллиондаған жыл боиы эволюция шыңдаған, табиғи сұрыпталудың қатаң сынынан өткен алгоритмге арқа сүиеисіз. Сезімдеріңіз – қым-қуыт ортада өмір сүріп, ұрпақ өрбіте алған миллиондаған ата-бабаңыздың үні. Әрине, сезімдеріңіз де қателесуі мүмкін. Бірақ ол өзге жол сілтеушілердің бәрінен жақсы. Сезімдер миллиондаған жыл боиы әлемдегі ең үздік алгоритмдер болып келді. Сондықтан да Конфуции, Мұхаммед немесе Сталин замандарында адамдардың конфуциилік, исламдық немесе коммунистік ілімдерге емес, өз сезімдеріне жүгінгені жөн болар еді. ХХІ ғасырда сезімдер ең үздік алгоритмдер болудан қалды. Біз қазір бұрын-соңды кездеспеген есептеу қуаты мен ғаламат
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 562
Pages: