Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-11-24 12:22:30

Description: Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Search

Read the Text Version

отбасылардың арасында қақтығыс туары аиқын еді. Раввиндердің бақытына қараи, б.з. 70 жылы Ұлы евреи көтерілісін басып-жаншу кезінде римдіктер Иерусалимді және ондағы храмды өртеді. Храмның жоиылуымен бірге абыз отбасылар да діни билігінен, экономикалық қуатынан және raison d’être-нің (фр. тіршіліктің мәні. – Ред.) өзінен аиырылды. Осылаиша дәстүрлі иудаизмнің – храмдық, абыздық және жауынгерлік иудаизмнің күні батты. Оның орнына жаңа иудаизм – кітаптардың, раввиндер мен оқымыстылардың иудаизмі келді. Бұл оқымыстылардың басты қабілеті түсіндірме беру еді. Бұл қабілетті олар құдіретті Құдаи өзінің храмын жоюға қалаиша жол бергенін түсіндіруге ғана емес, сонымен қатар библиялық хикаяларда аитылатын иудаизм мен өздері оилап тапқан мүлдем өзгеше иудаизм арасында дәнекер көпір тартуға жұмсады4. Осылаиша, бізге белгілі ғылыми мәліметтерге сүиенсек, Левит кітабындағы гомосексуализмге тыиым ежелгі Иерусалимдегі священниктер мен оқымыстылардың соқыр нанымын ғана көрсетеді. Құдаидың әмірін орындауға адамдар міндетті ме, жоқ па дегенді ғылым шеше алмағанымен, оның қолында Библияның шығу тегіне қатысты көптеген маңызды аиғақ бар. Уганда саясаткерлері ғарышты, галактиканы және қара құрдымды жаратқан күш Homo Sapiens-тің екі еркегі көңіл көтеріп жатқанын көріп, қатты қапа болады деп оилаи ма? Олаи болса, ғылым оларды бұл әбес түсініктен арылта алады. Қасиетті догма Шынына келсек, этикалық паиымды фактологиялық мәлімдемеден ажырату оңаи емес. Дінде фактологиялық мәлімдемені этикалық паиымға аиналдыратын бірбеткеи үрдіс

бар. Осылаиша, қарапаиым пікірталас болатын мәселе бытысып, шатасқан шым-шытырыққа аиналады. Мысалы, «Библияны Құдаи жазған» деитін фактологиялық мәлімдеме өте көп жағдаида «Библияны Құдаи жазғанына сенуің керек» деитін этикалық паиымға ұласады. Сөитіп, бұл паиымға сену – жақсы іс, ал оған күмәндану сұмдық күнә болып шығады. Керісінше, осындаи этикалық паиымдарда көбіне фактологиялық мәлімдемелер жасырын тұрады. Діндарлар бұлар дәлелдеуді қажет етпеиді деп санағандықтан, олар туралы үндемеуге тырысады. Мысалы, «адам өмірі қасиетті» (мұны ғылым тексере алмаиды) деитін этикалық паиымда «адамға мәңгі өлмеитін жан берілген» (мұнымен ғылым пікір таластыра алады) деитін фактологиялық мәлімдеме жасырын болуы мүмкін. Сол сияқты, Америка ұлтшылдары «Америка мемлекеті бәрінен жоғары» десе, ол этикалық паиым сияқты көрінеді. Ал, шынтуаитында, ол «соңғы бірнеше ғасырдағы моральдық, ғылыми және экономикалық жетістіктерге АҚШ-тың арқасында жеттік» деген сарындағы фактологиялық мәлімдемеге негізделген. Америка мемлекетінің үстемдікке деген ұмтылысына ғылыми тәжірибе жасау мүмкін емес. Бірақ оған жасырын мәлімдемені ашсақ ше? Онда моральдық, ғылыми және экономикалық жетістіктер үшін АҚШ-қа қаншалық қарыздар екенімізді тексере алар едік. Осыдан келіп, Сэм Харрис сияқты философтар «ғылым кез келген этикалық дилемманы шеше алады, өиткені адами құндылықтардың терең түкпірінде қашанда фактологиялық мәлімдемелер жасырулы тұрады» деген оиға келді. Харристің пікірінше, барлық адамдарға ортақ бір ғана жоғары құндылық бар, ол қаиғы барынша аз, бақыт барынша көп болса деген

тілектен шығады. Ендеше этикалық пікірталастардың бәрін барынша бақытты болудың ең тиімді жолына фактологиялық тұрғыда негіздеме беру деи аламыз5. Ислам фундаменталистері бақытты болу үшін жұмаққа барғысы келеді, либералдар адам неғұрлым еркін болса, соғұрлым бақытты деиді, ал неміс нацистері бүкіл әлемді Берлиннің билігіне берсе, ең игі іс осы болар еді деп оилаиды. Харристің пікірінше, исламшы, либерал мен нацистің арасында этикалық дау жоқ; оларда осы ортақ мақсатқа жету жолына қатысты фактологиялық келіспеушіліктер ғана бар. Меилі, Харристің пікірі дұрыс болсын, адам атаулы бақытты болуды ғана армандасын, бірақ тәжірибеде бұл түсінік этикалық дауларды шешуге көмектесе алмаиды. Өиткені бізде бақыттың ғылыми анықтамасы немесе ғылыми өлшемі жоқ. «Үш шатқал» бөгетін тағы қарастыраиық. Бұл жобаның түпкі мақсаты – адамдарды бұрынғыдан бақытты ету дегенге келістік деиік. Бірақ оларды бақытты ететін нақты не нәрсе? Арзан электр қуатын өндіру ме, дәстүрлі өмір салтын сақтау ма, әлде қытаилық өзен дельфинін құтқару ма? Сананың құпиясын ашпаиынша, біз бақыт пен қаиғының жалпыға ортақ өлшемін таппаимыз және түрлі индивидтердің (әртүрлі биологиялық түрлерді былаи қоиғанда) бақыты мен қаиғысын салыстыруды үирене алмаимыз. Миллиард қытаи арзан электр қуатының қызығын көрген кезде, қанша дана бақыт өндіріледі? Қытаилық өзен дельфині тұтас түр ретінде жоиылған кезде, қанша дана қаиғы өндіріледі? Сонда бақыт және қаиғы дегендер қосып немесе азаитуға келетін математикалық категориялар ма? Балмұздақ жеу – жағымды нәрсе; сүиген адамды табу әлдеқаида жағымды. Олаи болса, махаббаттан алатын ләззатқа тең болу үшін қанша балмұздақ жеу керек?

Яғни ғылымның этикалық дауларға қоса алатын үлесі біз оилағаннан көп болғанмен, қазір өте алмаи отырған, тіпті өте алмаитын шекара бар. Бағыт сілтеитін әлдебір дін болмаиынша, ауқымды қоғамдық тәртіпті сақтау мүмкін емес. Тіпті университеттер мен зертханалардың өзіне діннің қолдауы қажет. Дін арқылы ғылыми эксперименттерді этикалық тұрғыдан ақтауға болады, есесіне, ол ғылыми жоспарларға ықпал етіп, ғылыми жаңалықтарды паидаланады. Олаи болса, діни наным- сенімдерді ескермеи, ғылымның тарихын түсіне алмаисыз. Ғалымдар бұл фактіге аса мән бермеиді, бірақ ғылыми революция тарихтағы ең қатты догмаға ұрынған, ең төзімсіз және ең діндар қоғамдардың бірінде басталған еді. Мыстандарды аулау Ғылымды біз көбіне заиырлылықпен және толеранттылықпен баиланыстырамыз. Рас шығар. Бірақ Модерн дәуірінің басындағы Еуропа ғылыми революция орнаитын жерге мүлдем ұқсамаитын. Колумб, Коперник және Ньютондардың заманында Еуропа діни фанаттардың шоғырлануы мен төзімсіздік деңгеиі жөнінен әлемде бірінші орында тұрды. Ғылыми революцияның шамшырақтары мұсылман мен евреиді қуғындаған, еретиктерді тірідеи өртеген, мысықты жақсы көретін әр кемпірді мыстан санаитын және әрбір аи туған саиын жаңа діни соғыс бастап кеп жіберетін қоғамда өмір сүрді. Егер 1600 жылдар шамасында Каир немесе Стамбулға сапар шексеңіз, олардың сүннит, шиит, православ христиан, католик, армян, копт, евреи, тіпті азғантаи үнді кәдімгідеи тату тұратын көпмәдениетті және толерантты астана екенін көрер едіңіз. Ара- тұра келіспеушілік пен бассыздық болып тұрғанымен де, әрі

Осман империясы адамды дініне қараи кемсітсе де, Еуропамен салыстырғанда ол нағыз либерал жұмақ болатын. Егер сол кездегі Париж немесе Лондонға барсаңыз, діни экстремизм белең алған, тек үстем дінді ұстанушылар ғана тұруына болатын қалаларды көрер едіңіз. Лондонда католиктерді, Парижде гугеноттарды өлтіретін. Евреилер болса баяғыда-ақ қуылған. Мұсылмандарды кіргізу деген ешкімнің үш ұиықтаса түсіне кірмеитін. Әитсе де ғылыми революция Каир мен Стамбулда емес, Лондон мен Парижде басталды. Модерн дәуірінің тарихын ғылым мен діннің күресі ретінде беинелеу дәстүрге аиналған. Теория жүзінде ғылым мен дін екеуі де ақиқатты бәрінен жоғары қояды. Бірақ екеуінің ақиқаты екі түрлі болғандықтан, бұлардың арасында қақтығыс туатыны заңды. Іс жүзінде, ғылым мен дін екеуін де ақиқат аса қызықтырмаиды. Ендеше олардың ымыраға келуі, қатар өмір сүруі, тіпті ынтымақтасуы да оңаи. Дін бәрінен бұрын тәртіпке мән береді. Оның міндеті – әлеуметтік құрылымды құрып, оны сақтау. Ғылым билікті бәрінен жоғары қояды. Ол ауруды емдеп, соғыста жеңіп шығып, азық- түлік ісінде үстем болу үшін зерттеу жүргізеді. Жеке тұлға ретінде ғалым мен священник бәрінен де ақиқат маңызды дегенге сенуі мүмкін. Бірақ институттар ретінде ғылым мен дін тәртіп пен билікті ақиқаттан жоғары қояды. Осы себепті бұл екеуі жақсы әріптес. Ал ақиқат жолындағы ымырасыз ізденіс – діни немесе ғылыми институттар шеңберінде қалуы сирек рухани саяхат. Олаи болса, модерн дәуірінің тарихын ғылым мен белгілі бір дін, нақты аитсақ, гуманизм арасындағы келісімді қалыптастыру процесі деп қарастырған жөн. Қазіргі қоғам гуманистік догмаларға сенеді және ғылымды сол догмаларға күмән келтіру

үшін емес, оларды жүзеге асыру үшін паидаланады. ХХІ ғасырда гуманистік догмалардың орнына таза ғылыми теориялар келуі екіталаи. Алаида ғылым мен гуманизмнің арасын жалғаушы ковенант (келісім; көбіне діни мағынада қолданылады. – Ред.) жоиылып, оның орнын мүлде басқа келісім – ғылым мен әлдебір жаңа постгуманистік дін арасындағы келісім басуы ықтимал. Алдағы екі тарауды біз ғылым мен гуманизм арасындағы модерн ковенантты талдауға арнаимыз. Кітаптың үшінші бөлімінде бұл келісімнің бұзылу себептері және оның орнына келетін жаңа келісім туралы аитылады.

6-ТАРАУ Модерн ковенант Модернити – бір келісім. Біз оған өмірге келген бетте қол қоямыз, сосын ақтық сәтімізге деиін ол біздің тіршілігімізді реттеп отырады. Оның күшін жою немесе одан аттап өту санаулы адамның ғана қолынан келеді. Жеитін тамағымыз, істеитін жұмысымыз бен армандарымыз осы келісім арқылы анықталады. Қаи жерде тұрамыз, кімді сүиеміз және қалаи өлеміз – мұны да сол шешеді. Бір қарағанда, модернити аса күрделі келісім сияқты көрінеді. Сондықтан өзінің не нәрсеге қол қоиғанын түсінуге талпыныс жасаитындар некен-саяқ. Өзіңізге жақсы таныс жаит: әлдебір компьютерлік бағдарламаны жүктеитін кезде алдыңыздан оншақты бет заңдық мәтіннен тұратын келісімнің шарттарын қабылдау туралы ұсыныс шығады; сіз оған бір көз жүгіртесіз, сосын соңғы бетке бір-ақ түсіп, «келісемін» дегенді басып, одан кеиін бұны мүлдем есіңізге алмаисыз. Шынтуаитында, қазіргі заман – таңғаларлық қарапаиым келісім ғана. Бүкіл шартты мынадаи бір ғана сөилеммен түиіндеуге болады: адамдар билік үшін мағынадан бас тартуға даиын. Модернге деиін көптеген мәдениет әлдебір ғаламат ғарыштық жоспарда адамзаттың өз орны бар дегенге сеніп келді. Ол жоспарды құдіретті Құдаи немесе табиғаттың мәңгі заңы жасаған,

адамзат оны өзгерте алмады. Бұл ғарыштық жоспар адам өміріне мағына дарытқанымен, билігін шектеді. Адам театр актеріне ұқсаитын. Сценарии боиынша әр сөзде, әр тамшы жаста, әр ишаратта мағына бар, бірақ сценарии шеңберінен шығуға болмаиды. Гамлет бірінші актіде Клавдииді өлтіре алмаиды немесе Даниядан Үндістандағы бір ашрамға кетіп қалуына болмаиды. Себебі Шекспир рұқсат етпеиді. Адам сол сияқты – мәңгі өмір сүріп, барлық аурулардан сауыға алмаиды және қалағанын істеуге болмаиды. Себебі бұл сценарииде жоқ. Премодерн дәуіріндегі адамдар билікті өмірдің мағынасы бар деген сенімге аиырбастады. Шаиқас маиданында қалаи ерлік көрсеткені, заңды патшаны қалаи қолдағаны, таңғы аста тыиым салынған тағамды жеді ме жоқ па, көршінің әиелімен көңілдес болды ма, жоқ па – осының бәрі олар үшін маңызды еді. Әрине, мұның ыңғаисыз жақтары да болды. Бірақ қасіретті жағдаиларда ол адамдарға психологиялық қалқан қызметін атқаратын. Соғыс, індет немесе құрғақшылық сияқты апат келгенде адам өзін «Құдаи немесе табиғат заңы басқаратын әлдебір ғаламдық ұлы туындыда бәріміздің өз рөліміз бар. Бізге сценарииді көрсеткен жоқ, бірақ әр істің бір мақсатпен жүріп жатқанына сенуге болады. Тіпті жоғарыда жасалған жоспарда осы алапат соғыс, оба немесе құрғақшылықтың өз орны бар. Драматургке де сенеміз. Оның драмасы міндетті түрде мағыналы болып, жақсылықпен аяқталады. Яғни соғыс, оба, құрғақшылық – бәрі біздің паидамыз үшін. Осы жерде және қазір болмаса да, о дүниеде біз оның жақсылығын көреміз» деп жұбатты. Модерн дәуіріндегі мәдениет әлдебір ұлы ғаламдық жоспар бар дегенді қабылдамаиды. Біз өмірден әлдеқаида үлкен драманың актерлері емеспіз. Өмірдің сценарииі де, драматургі де, режиссері

де, продюсері де жоқ. Тіптен мағынасы да жоқ. Ғылымға сәикес, ғалам дегеніміз – шулы және долы, бірақ мәнсіз де мақсатсыз соқыр процесс. Құитақандаи Жерге бір сәтке ғана келіп, әбігерге түсіп, әрі-бері жүгіреміз – болды. Ешқандаи сценарии жоқ болғандықтан, адам ешқандаи да ұлы туындыда рөл оинап жүрмегендіктен, апатты жағдаида келіп құтқаратын немесе азабымызды мағынаға толтыратын күш те жоқ. Жақсылықпен де, жамандықпен де аяқталмаиды, жалпы, ешбір нәрсенің соңы деген болмаиды. Оқиғалар жаи ғана бірінен соң бірі өрби береді. Модерн мақсатқа сенбеиді, тек дәлелге сенеді. Модернитидің ұраны «Өмірде бәрі де болуы мүмкін» дегенге саяды. Бәрі сценариисіз және мақсатыз болады десек, онда адамның да алдын ала белгіленген рөлі жоқ, яғни ол да шектелмеген. Жолын тапсақ, біз қалағанымызды істеи аламыз. Бізді шектеп тұрған жалғыз нәрсе – өз білместігіміз ғана. Жұқпалы ауру мен құрғақшылық – жоғарыдан келмеген нәубет, яғни біз оларды еңсере аламыз. Соғыс жарқын болашаққа барар жолда кездесетін жамандық емес, демек, беибітшілік орнату өз қолымызда. Өлімнен кеиін күтіп тұрған жұмақ жоқ, бірақ біз жұмақты осында – жерде орната аламыз. Сөитіп, кеибір техникалық қиындықтарды шеше алсақ, жұмақта мәңгі жасаи аламыз. Зерттеулерге ақша салсақ, ғылыми жаңалықтардың арқасында технологиялық прогресті үдетуге болады. Жаңа технологиялар экономикалық өсімге серпін береді. Өсу үстіндегі экономика зерттеулерге бұрынғыдан да көп ақша салады. Әр он жылда азық- түлік молая түседі, көлік жылдамдығы артып, бұрынғыдан да жақсы дәрілер шығады. Білім-танымымыз тереңдеп, технологиялардың дамитыны соншалық – бір күні біз мәңгі

жастық эликсирін, нағыз бақыт эликсирін және армандауға болатын басқа да дәрі-дәрмекті жасаимыз. Бізді ешқандаи құдаи тоқтата алмаиды. Осылаиша, модерн ковенант адамдарға шексіз рақат және сонымен бірге алапат қатер әкелуі мүмкін. Құдірет қол созым жерде тұр, бірақ астымыз – үңіреиген мағынасыз бостық. Іс жүзінде, қазіргі өмірді мәнсіз ғаламдағы билік үшін тынымсыз күрес деуге болады. Модерндік мәдениет – тарихтағы ең қуатты мәдениет. Ол үнемі зерттеиді, бір нәрсе оилап табады, жаңа нәрсе ашады, дамиды және өседі. Алаида ол экзистенциалдық қорқыныштардан бұрынғы мәдениеттердің бәрінен де көп зардап шекті. Бұл тарауда модерн дәуіріндегі билікке деген талпыныс туралы сөз қозғаимыз. Келесі тарауда ғарыштың шексіз бостығына мағынаны қаита дарыту үшін адамзат артып келе жатқан қуатын қалаи қолданғаны туралы аитылады. Иә, біз билік үшін мағынадан бас тартуға уәде бердік; бірақ жоғарыда уәдемізді орындауға мәжбүрлеитін ешкім жоқ. Біз өзімізді модерн ковенантының барлық қызығын көріп, қарымтасына ештеңе бермеитін ақылды адам санаимыз. Банкирдің вампирден аиырмашылығы неде? Билікке деген модерндік талпынысты ғылыми прогресс пен экономикалық өсімнің одағы қолдап отыр. Тарихтың басым бөлігінде ғылым алға қараи ұлуша баяу жылжып, экономика болса бір орында тоқырап тұрды. Адам санының біртіндеп көбеюіне қараи өндіріс те өсті, ал жекелеген жаңалық кеиде тіпті жан басына шаққандағы табысты ұлғаитты. Бірақ бұл өте баяу прогресс болатын.

1000 жылы 100 диқан 100 тонна астық өндірсе, 1100 жылы 105 диқан 107 тонна астық алса, бұл өсім өмір динамикасын да, әлеуметтік-саяси тәртіпті де өзгерте алмаитын. Бүгінде бәрінің оилаитыны өсім болса, премодерн кезеңінде оған аса мән берілмеді. Патша, священник пен диқан «адам өндіріс қабілетін мүмкіндігінше паидаланып отыр, сондықтан баюдың жалғыз жолы – басқадан тартып алу; ал немерелердің бізден жақсы өмір сүре қоюы екіталаи» деген оида еді. Бұл тоқыраудың негізгі себебі жаңа жобаларды қаржыландырудың қиындығында еді. Жеткілікті дәрежеде қаржы бөлінбесе, батпақты жерлерді құрғату, көпірлер салу және жаңа теңіз порттарын тұрғызу қиын. Астықтың жаңа сортын шығару, жаңа қуат көздерін табу және жаңа сауда жолдарын салу деген сияқтылар туралы әлбетте сөз қозғаудың өзі артық. Қаржы жетіспеу себебінен несие де жоқтың қасы еді. Өиткені адам өсімді оиламады. Экономика тоқырап тұрғандықтан, ол өсімге сенбеитін, яғни тоқырау туындаған үстіне туындаи берді. Аиталық, сіз жыл саиын дизентериядан зардап шегетін орта ғасырдағы қалада тұрасыз делік. Бұл ауруды емдеитін дәрі жасағыңыз келді. Шеберхана ашып, дәрілік шөптер және сирек химиялық заттар сатып алуға, көмекшілерге жалақы төлеуге және атақты дәрігерлермен кеңесу үшін жолсапарға шығатын ақша керек. Сонымен қатар зерттеумен аиналысатын уақытта өзіңізді және отбасыңызды асыраитын қаржы тағы бар. Бірақ сізде оған жеткілікті ақша жоқ. Сол маңаида тұратын диірменшіге, наубаишыға және ұстаға барып, біраз жыл қажетті нәрселерді беріп тұрыңыз, дәріні жасап, баиыған кезде қарызды қаитарамын деуіңізге болады. Өкінішке қараи, наубаишы да, диірменші де, ұста да келісе

қоимаиды. Олардың бала-шағасына тамақ бүгін керек, сиқырлы дәрілерге олар сенетін кеше туған адам емес. Әлдекім жаман аурудан жазатын дәрі оилап тауыпты дегенді бұрын-соңды естіп көрмепті. Тамақ керек пе? Ақшаңды әкел. Бірақ дәріні әлі жасамасаңыз және бар уақытыңыз соны табуға кетіп жатса, сізде ақша қаидан болсын? Амалсыздын жеріңізді жыртасыз. Ал дизентерия қала тұрғындарын әрі қараи азаптаи береді. Жаңа дәрі жасауға ешкім талпынып талаптанбаиды және алтын ақша қолдан-қолға өтпеиді. Экономика осылаи тұралап қалды, ғылым тапжылмаи бір орында тұрды. Бұл тас құрсауды модерн дәуірінде адамдардың болашаққа деген сенімі мен одан туған несие атты керемет бұзды. Несие – сенімнің экономикалық көрінісі. Бүгінде жаңа дәрі жасағым келіп, жеткілікті ақшам болмаса, мен банктен несие аламын немесе жеке инвестор мен венчурлық қорға өтініш беремін. 2014 жылдың жазында Батыс Африкада «Эбола» індеті бұрқ ете қалды. Сол кезде «Эболаға» қарсы дәрі мен вакцина жасаумен аиналысып жатқан фармацевтикалық компаниялардың акциясына не болды деп оилаисыз? Олар шарықтап кетті. Tekmira компаниясының акциясы 50 паиызға, BioCryst компаниясының акциясы 90 паиызға көтерілді. Орта ғасырларда оба бұрқ етсе, жұрт аспанға қарап, Құдаидан жасаған күнәлары үшін кешірім сұраитын. Бүгінгі таңда жаңа қатерлі ауру тарағанын естісе, жұрт ұялы телефондарын алып, брокерлеріне хабарласады. Қор биржасы үшін індеттің өзі – ақша табу мүмкіндігін тудырады. Көп жаңа венчурлық қор сәтті жұмыс істесе, адамның болашаққа деген сенімі нығаяды, несие беру дамиды, паиыздық мөлшерлеме төмендеиді, кәсіпкерлердің ақша алуы жеңілдеп, экономика өседі. Экономика өскен соң жұрттың болашаққа сенімі артып, нығая

түседі, экономика одан әрі көтеріледі, мұнымен бірге ғылым да дамиды. Қағаз жүзінде бәрі оңаи. Онда неге адамзат экономикалық өсімнің басталуын модерн дәуіріне деиін күтті? Мыңдаған жыл боиы адамның болашаққа деген сенімінің аиқын болмауы олардың ақымақ болғандығынан емес. Өиткені экономикалық өсім біздің ішкі сезімдерімізге, эволюциялық мұрамызға және әлем жаиындағы түсініктерімізге керағар. Табиғи жүиелердің басым көпшілігі тепе-теңдік сақтаиды, тіршілік үшін күрестің нәтижесі нөлге тең, себебі біреу біреудің есебінен өмір сүреді. Мысалы, белгілі бір алқапта жыл саиын белгілі бір көлемде шөп шығады деиік. Ол шөпті шамамен он мың қоян қорек етеді. Олардың ішінде өздері баяу, аңқау және бақытсыз болғандықтан, жүз шақтысы түлкіге жем болады. Егер түлкілердің біразы басқаларына қарағанда ерекше ақылды және табанды болып, көбірек қоян ұстап жесе, басқа түлкілер ашығуы мүмкін. Түлкілердің бәрі бір мезгілде қоянды көбірек ұстаитын болса, онда қояндардың саны азаяды да, келесі жылы жеитін қоян қалмаиды. Қоян нарығында тауар біресе көбеиіп, біресе азаиып отыруы мүмкін, бірақ соның өзінде түлкілер жыл саиын қоян саны, аиталық, 3 паиызға ұлғаяды деп үміттене алмаиды. Әрине, экологиялық жағдаилардың кеибірі бұдан әлдеқаида күрделі болады, яғни біреу өмір сүру үшін басқасының өлуі міндетті емес. Көп жануар ынтымақтаса тіршілік етеді, тіпті бір- біріне қарыз беретіндер де бар. Олардың ең белгілісі – қансорғыш жарқанат. Мыңдаған жарқанат топтасып бір үңгірде өмір сүріп, ал тамақ іздеуге түнде шығады. Ұиқыдағы құс немесе алаңсыз жатқан сүтқоректі жануарды тапса, олар оның терісін тесіп, қанын сорады. Бірақ кеибір жарқанат қан соратын аң таба алмаиды.

Ондаилар аш қалмау үшін басқалардан қарызға қан алады. Қалаи? Жолы болмаған жарқанат үңгірге келген соң, қанжығасы маиланған жолдасынан қанның біразын құсып беруін сұраиды. Жарқанаттар кімге не бергенін есте жақсы сақтаиды. Келесі жолы ол өзі аш келсе, алдында қарыз алған жарқанатқа барып, қарызын қаитарып алады. Банкир-адамдардан аиырмашылығы – қансорғыш-жарқанаттар ешқашан қарыздың өсімін сұрамаиды. Егер бір жарқанат екіншіге жүз миллилитр қан берсе, бұл оған тура осынша қаитарады және олар қарызды қан нарығын кеңеиту немесе жаңа кәсіпорындар ашу үшін паидаланбаиды. Қанды басқа жануарлар өндіргендіктен, жарқанат қан өндірісін еш көбеите алмаиды. Қан нарығында тауар бірде көбеиіп, бірде азаюы мүмкін, бірақ жарқанат өткен жылға қарағанда биыл қан 3% көп болады, келесі жылы тағы осынша өседі деп үміттенбеиді. Олаи болса, қансорғыш-жарқанаттар өсімге сенбеиді1. Адам миллиондаған жыл боиы қансорғыш-жарқанат, түлкі және қояндікіне ұқсас ортада өмір сүрді. Осы себепті адам өсімге қатты сене бермеиді. Ғажаиып бәліш Эволюциялық іріктеу қысымына баиланысты адам дүниені көлемі еш өзгермеитін бәліш сияқты елестетін болды. Біреуге үлкенірек тілімі тисе, онда келесі біреудің тілімі міндетті түрде кішірек болады. Белгілі бір таипа немесе қала ерекше дамып кетуі мүмкін, бірақ тұтас алғанда адамзат қазіргісінен көп өндірмеиді. Осыған ораи, христиан және ислам сияқты дәстүрлі діндер адамзаттың проблемасын қолда бар мүмкіндіктермен шешуге – бәлішті қаита бөлу немесе көктен бәліш жаудыруға уәде ету

жолымен шешуге ұмтылды. Модернити, керісінше, экономикалық өсім мүмкін әрі қажет деген нық сенімге негізделген. Дұға, жақсы істер және медитация жағымды әрі жаилы болуы мүмкін, бірақ аштық, індет пен соғыс сияқты проблемаларды өсім ғана шеше алады. Бұл негізгі догманы қарапаиым түрде: «Қиын жағдаида отырсыз ба? Онда, бәлкім, сізге бір нәрсе жетіспеиді. Ол жеткілікті болуы үшін оны көбірек өндіру керек», – деп жеткізуге болады. Қазіргі саясаткерлер мен экономистер үш себепке баиланысты экономикалық өсім ауадаи қажет деиді. Біріншіден, көбірек өндірсек, көбірек тұтынамыз; сөитіп, тұрмыс деңгеиі жақсарады, соның нәтижесінде бұрынғыдан гөрі бақытты болады екенбіз. Екіншіден, Жер шары тұрғындарының саны үнемі өсу үстінде, сондықтан тұрмыс деңгеиі осыдан төмендемеуі үшін экономикалық өсім керек. Мысалы, Үндістан тұрғындарының саны жылына 1,2 паиызға өсіп келеді. Ендеше үнді экономикасы жылына кемінде 1,2 паиызға өсуге тиіс, әитпесе жұмыссыздық артады, жалақы азаиып, жалпы тұрмыс деңгеиі төмендеиді. Үшіншіден, Үндістанда туу азаиып, орта тап қазіргі тұрмыс деңгеиіне разы болып отыр дегеннің өзінде, бұл ел қаиыршының күиін кешіп отырған жүздеген миллион азаматының мәселесін шешуі керек қои. Экономика өспесе, бәліштің көлемі өзгермеиді. Онда кедеиге көбірек беру үшін баидан тартып алуға тура келеді. Бұл сізді өте қиын шешім қабылдауға мәжбүрлеиді. Соның салдарынан наразылық, тіпті зорлықшыл бүлік шығуы ықтимал. Наразылық пен зорлықты болдырмау үшін сізге үлкенірек бәліш керек. Модернити «бұдан да көбірек» деген формуланы діни фундаментализмнен үшінші әлемдегі авторитаризмге, одан әрі

некенің бұзылуына деиін, яғни кез келген қоғамдық және жеке проблеманы шешудің дәруменіне аиналдырып алды. Пәкістан және Мысыр сияқты елдердің экономикасы тұрақты өсіп отырса, олардың азаматтары жеке автокөлік пен азық-түлік тола тоңазытқыштың қызығын көріп, діни фундаментализмнен бас тартып, бұ дүниеде бақытты болуды таңдар еді. Конго және Мьянма сияқты елде экономикалық өсімнің арқасында гүлденген орта тап қалыптасып, либерал демократияның өзегі болар еді. Ажырасуға келсек, бұрынғыдан гөрі үлкенірек үи (жұмыс бөлмесіне таласпас үшін), ыдыс жуатын машина (ыдыс жуу кімнің кезегі деп ұрсыспас үшін) сатып алуға және қызметі қымбат психотерапевке аптасына екі рет баруға жағдаиы жеткенде, ерлі- заиыптылар некені сақтап қалады-мыс. Яғни экономикалық өсім модерн діндердің, идеологиялар мен қозғалыстардың барлығы дерлік түиісетін нүктеге аиналды. Бес жылдық жоспарды орындау үшін басқаның бәрін ұмытуға даиын Кеңес Одағы да АҚШ-тың тонаушы барондары сияқты, күні-түні экономикалық өсімді оилаитын. Жұмаққа сенетін, бірақ оған барудың жолы туралы келісе алмаитын христиандар мен мұсылмандар тәрізді, қырғиқабақ соғыс кезінде капиталистер мен коммунистер де экономикалық өсімнің көмегімен жерде жұмақ орнатуға болады дегенге сенді; олар тек орнату әдісі жөнінде ғана қызылкеңірдек болып аитысты. Индуизмді қаита өрлетуді жақтаитындар, әсіре діншіл мұсылмандар, жапон ұлтшылдары мен қытаи коммунистері бір- бірінен мүлдем бөлек құндылық пен мақсат жолында күреседі. Бірақ әртүрлі мақсатқа жетудің бірден-бір жолы экономикалық өсім екеніне олардың бәрі кәміл сенімді. Мысалы, діндар индуист Нарендра Моди, негізінен, өзі туып-өскен Гуджарат штатындағы

экономикалық дамудағы табыстарының және тоқыраған ұлттық экономиканы жандандыруға тек Моди ғана қабілетті деген кең таралған пікірдің арқасында 2014 жылы Үндістанның премьер- министрі болып саиланды. Осыған ұқсас көзқарас Түркияда исламшыл Режеп Таиып Ердоғанның 2003 жылдан бері билікте отыруына септесуде. Оның партиясының «Әділет және даму партиясы» деген аты экономикалық дамуды жоғары қоятынын мәлімдеді. Шынында, Ердоған өкіметі он жылдан аса уақыттан бері ел экономикасын тамаша өсіммен дамытып келеді. Жапонияда ұлтшыл Синдзо Абэ жапон экономикасын жиырма жылға созылған тоқыраудан шығарамын деген уәдемен билікке келді. Оның табысқа жету жолында қолданатын өктем әрі кеи реттердегі оғаш шаралары «абэномика» деген атқа ие болды. Ал көрші Қытаида маркстік-лениндік мұраттарға сөз жүзінде әлі адал Коммунистік партия іс жүзінде Дэн Сяопиннің әигілі «Жалғыз шындық – даму» және «Мысық қара ма, ақ па, бәрібір – ол тышқан ұстаса болды» деген қағидаларын ұстанады. Түсінікті тілмен мұны былаи жеткізуге болады: Маркс пен Ленин бұған қуанбаса да, экономикалық өсуді ынталандыру үшін істеу керек болса – істеңіз. Ал Сингапур бұдан да әрі кетті. Онда министрлердің жалақысы ЖІӨ-ге баиланысты. Сингапур экономикасы өскен кезде үкімет мүшелері көбірек жалақы алады, құдды, олардың міндеті осыған тіреліп тұрғандаи2. Экономикалық өсімнен басқаны оиламау қалыпты нәрсе сияқты көрінуі мүмкін. Өиткені біз модерндік әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұрын бұлаи болмаған. Үнді махараджасы, Осман сұлтаны, Камакура сегуны және Хань императоры саяси мақсатқа жету үшін экономиканы дамыту керек деп оиламаитын. Моди,

Ердоған, Абэ және Қытаи басшысы Си Цзиньпин – бәрінің мансабы экономикалық өсімге баиланысты екені бұл жаиттың бүкіл әлемде діни мәртебеге дерлік жеткенін аиғақтаиды. Шынында, экономикалық өсімге деген сенімді дін деп атасақ қателеспеиміз. Өиткені біздің этикалық дилеммаларды – бәрін болмаса да, көбін – қазір осы сенім шешіп жатыр. Экономикалық өсім барлық жақсылықтың бастауы екен, демек, адамдар этикалық келіспеушіліктерді қоя тұрып, ұзақ мерзімді өсімге жағдаи жасаитын іс-қимыл бағытын таңдауға мәжбүр болады. Моди басқаратын Үндістанда мыңдаған секта, партия, қозғалыс және гурулар бар. Түпкі мақсаты әртүрлі болғанмен, олардың бәрі сол экономикалық өсімге тәуелді. Ендеше осы уақытта неге бірге топтасып жұмылмасқа? Демек, «одан да көбірек» деген кредо жеке адамды, фирманы және өкіметті экономикалық өсімге кедергі келтіруі мүмкін әлеуметтік әділдік, экологиялық тепе-теңдік, ата-ананы құрметтеу сияқты нәрселерді елемеуге итермелеиді. Кеңес Одағының басшылары өсімге жетудің төте жолы – мемлекет бақылаитын коммунизм деп сенді. Сөитіп, ұжымдастырудың алдында тұрған кедергілердің бәрі, соның ішінде, миллиондаған шаруа, сөз бостандығы және Арал теңізі жоиылды. Еркін нарықтық капитализмнің сан алуан түрлері – ұзақ мерзімді дамуға қол жеткізудің әлдеқаида тиімді жолы деген пікір қазір кең тараған. Осы себепті тоиымсыз олигархтар, баи фермерлер мен сөз бостандығы қорғалған, ал нарықтық капитализмге бөгет жасаитын экология, әлеуметтік құрылымдар мен дәстүрлі құндылықтар бұзылып, жоиылып жатыр. Мысалға жоғары технология жобасында жұмыс істеп, сағатына 100 доллар табатын инженер-бағдарламашы қызды алаиық. Бір

күні оның қарт әкесі инсульт алады. Инженер енді оған көмектесіп, қажет заттарын сатып әперуі, тамағын даиындап беруі тіпті жуындыруы керек. Әкесін қолына алып, өзі қарауына да болады: онда таңертең кешірек шығып, кешкісін ертерек келуіне тура келеді. Бұл жағдаида жалақысы да, еңбек өнімділігі де төмендеиді, бірақ әкесі өзін жақсы көріп, сыилаитын қызының күтімінде болады. Немесе инженер бір мексикалық әиелді күтуші етіп жалдаи алады. Әиел қыздың әкесінің үиінде тұрып, оған қызмет етеді және сағатына 12 доллар жалақы алады. Онда инженердің жалақысы азаиып, жұмысы тоқтамаиды, қызметі өсуі мүмкін, тіпті мексикалық әиел де паида табады. Инженер қаисысын таңдаиды? Нарықтық капитализм бұған өте аиқын жауап береді. Экономикалық өсім отбасылық баиланыстардың үзілуін, балалардың ата-анадан бөлек тұруын және күтушілерді өзге елдерден әкелуді талап етсе – солаи болуға тиіс. Алаида бұл жауапта фактологиялық мәлімдеме емес, этикалық паиым бар. Біреулер компьютерлік бағдарламалар жасауға маманданып, енді біреулер уақытын қарттарды күтуге арнаса, бағдарламаны да көбірек өндіріп, қарттарға да біршама кәсіби күтім жасалар еді. Бірақ экономикалық өсім отбасылық баиланыстардан гөрі маңызды ма? Мұндаи этикалық паиымдармен аиналысса, нарықтық капитализм шекараны кесіп, ғылымнан дін аумағына өтеді. Капитализмге дін деген аидар тағу капиталистердің көбіне ұнамауы мүмкін. Алаида ол осы діни сипатының арқасында мақтана алады. Көктегі бәлішпен қызықтыратын өзге діндер сияқты емес, капитализм осы дүниенің кереметтерін уәде етеді. Кеиде уәделерін толық орындаиды. Экономикалық өсімге деген

капиталистік сенім аштық пен індетті жеңуде аирықша орны болды. Адами зорлық-зомбылықтың азаиып, толеранттылық пен ынтымақтастықтың артуына қосқан үлесі үшін де оны дәріптеуге болады. Бұл мәселеде қосымша факторлар да рөл оинады (ол жөнінде келесі тарауда кеңірек аитылады). Әитсе де капитализмнің әлемдік тұрақтылыққа аитарлықтаи үлес қосқаны рас. Өиткені соның арқасында адамдар экономикаға «мен паида тапсам, сен зиян шегесің» деитін, нәтижесі нөлге тең – оиын емес, «менің паидам – сенің де паидаң» деитін, екі тарап та ұтылмаитын ахуал ретінде қарауды үиренді. Әлемде біршама үилесімділіктің орнауына осы бір өзара тиімді ұстаным, ғасырлар боиы «жақыныңды сүи, бір бетіңнен ұрса, екінші бетіңді тос» деп үиреткен христиандық уағыздардан гөрі әлдеқаида көбірек көмектесті. Өсім бәрінен де жоғары деитін сенімнен капитализм өзінің бірінші өсиетін шығарады: табысың өсімді ұлғаитуға жұмсалсын. Тарихтың басым бөлігінде патшалар мен священниктер өз табыстарын жарқ-жұрқ карнавалдарға, ғаламат сараиларға және қажетсіз соғыстарға жұмсап келді. Немесе алтын ақшаларын темір сандыққа салып, аузын тарс бекітіп, зынданға тығып тастаитын. Бүгінде нағыз капиталистер паиданы жұмысшылар жалдауға, өндірісті кеңеитіп, жаңа тауар өндіруге жұмсаиды. Бұл іс қолынан келмеитін адам жұмысты осы саланың маманына сеніп тапсырады (мысалы, банкирлерге яки венчурлық капиталиске). Бұлар ақшаны түрлі кәсіпкерлерге қарызға береді. Фермерлер жаңа жерлерге астық егуге, құрылыс компаниялары жаңа үилер салуға, энергия корпорациялары жаңа мұнаи кендерін табуға, әскери зауыттар жаңа қару-жарақ жасауға ақша алады. Бұл істерден түскен табыстың арқасында кәсіпкерлер қарызды

өсіммен қаитарады. Соның нәтижесінде астық, үи, мұнаи және қару-жарақ көбеиіп қана қоимаи, банктер мен қорлардың қарызға беретін ақшасы да молая түседі. Бұл дөңгелек тоқтаусыз аинала береді (әитеуір, капитализм осыған сенеді). Капитализм: «Болды. Осы өсім жетеді. Енді біраз дамылдасақ болады», – деитін сәтке ешқашан жетпеиміз. Капиталистік дөңгелектің не себепті тоқтамаитынын білгіңіз келе ме? Онда 100 000 доллар ақша жинаған, енді оны қаида салу керегін оиланып отырған адаммен бір сағаттаи әңгімелесіп көріңіз. «Банктерге салсаң, олардың беретін өсімі түкке тұрмаиды, – деп шағынар еді ол. – Жылына қосатын жарты паиыз үшін ақшамды депозитке салмаимын. Өкіметтің құнды қағаздарына салсам, жылына 2 паиыз табатын шығармын. Немере бауырым Ричи өткен жылы Испаниядан пәтер сатып алған. Қазір ол осыдан 20 паиыз паида тапты! Мен де ақшаны үиге салсам деимін. Бірақ жылжымаитын мүлік нарығы қампиып кеткен деп жатыр. Қор биржасы туралы оиың қандаи? Бір досым: «Бразилия немесе Қытаи сияқты дамушы экономикаларға бағытталған ETF акциясын сатып алсаң, қазір ең тиімді нәрсе сол», – деиді. Тыныс алу үшін сәл ғана кідірген сәтін паидаланып: «Неге осы 100 000 долларды қанағат етіп отырмасқа?» – деп сұраңыз. Сол кезде капитализмнің не себепті ешқашан тоқтамаитынын ол менен жақсы түсіндіріп береді. Осындаи идеялар барлық жерде қанат жаиған капиталистік оиын арқылы балалар мен жастардың санасына да сіңіп жатыр. Шахмат сияқты бұрынғы заманның оиындары тоқыраған экономиканы білдіретін. Шахматты 16 фигурамен бастаисыз және оиын біткенде олардың саны көбеимеиді. Кеи-кеиде пешка уәзірге аиналуы мүмкін, бірақ жаңадан пешка жасау немесе атты танк

деңгеиіне жетілдіру мүмкін емес. Яғни шахмат оиыншылары инвестиция туралы оиламаиды. Керісінше, қазіргі заманғы көптеген үстел оиыны мен компьютерлік оиын инвестиция мен өсімге негізделген. Олардың ішінде «Маинкрафт», «Отаршылар» немесе «Цивилизация» сияқты өркениет стиліндегі стратегиялық оиындарды аирықша атауға болады. Оқиға Орта ғасырларда өте ме, Тас дәуірінде ме, әлде оидан шығарылған ертегі әлемінде ме, бәрібір – оиын принциптері бірдеи және бәрінде де капиталистер бар. Сіздің міндетіңіз – қала, патшалық немесе тұтас өркениеттің негізін салу. Бәрін кішкентаидан бастаисыз; мысалы, қыстақ пен оның маңаиындағы жер болуы ықтимал. Бұл активтер сізге астық, ағаш, темір немесе алтын түріндегі бастапқы паиданы береді. Енді тапқан паиданы ақылмен инвестициялау керек. Сіз әскер сияқты, зат өндірмеитін және қажетті құралдар мен жаңа қыстақтар, егістіктер мен кен орындары сияқты өндіруші активтердің арасынан таңдау жасаисыз. Әдетте ұтымды стратегия – өндірмеитін активтерге барынша аз, өндіретін активтерге барынша көбірек салу. Жаңа қыстақтар қосылса, келесі аиналымда табыс біршама молаяды да, тағы біраз сарбаз алуға (егер қажет болса), мұнымен қатар өндіріске салатын инвестицияны көбеитуге мүмкіндік туады. Аз уақыттан соң қыстақтарды қалаларға аиналдырасыз; университет, порт және зауыт саласыз; теңіз бен мұхитты зерттеисіз; өз өркениетіңіздің негізін қалап, жеңіп шығасыз. Нұх кемесі синдромы Бірақ шынымен де экономика шексіз өсе бере ме? Ресурстар біткен кезде өсім тоқтамаи ма? Мұндаи жағдаида ұдаиы өсімді

қамтамасыз ету үшін сарқылмаитын ресурс көзін табуымыз керек. Бір шешім – жаңа жерлерді табу және басып алу. Мұхиттың ар жағындағы аумақтарды жаулап алу есебінен ғасырлар боиы Еуропаның экономикасы дамып, капиталистік жүие кеңеиіп отырды. Алаида жер бетінде құрлықтар мен аралдардың саны шектеулі. Кеи кәсіпкерлер түбінде жаңа ғаламшарлықтарды, тіпті галактикаларды тауып, басып аламыз деп үміттенеді. Бірақ оған деиін заманауи экономика экспансияның мүмкіндікке саи әдістерін табуға тиіс. Шешімді ғылым тапты. Түлкі экономикасы өспеиді, өиткені түлкілер қоян санын көбеитудің жолын білмеиді. Қоян экономикасы тоқыраиды, өиткені қоян шөпті тез өсіре алмаиды. Бірақ адам экономикасы өседі, өиткені адам жаңа материалдар мен қуат көздерін таба алады. Әлемді көлемі өзгермеитін бәліш деп білетін дәстүрлі көзқарасқа сәикес, дүниежүзінде ресурстардың екі-ақ түрі бар: шикізат және энергия. Шынтуаитында, ресурс түрлерінің саны үшеу: шикізат, энергия және білім. Шикізат пен энергияның орны толмаиды – оларды неғұрлым көп жұмсасаң, өзіңізде соғұрлым аз қалады. Білім саласында, керісінше, көбеиетін ресурсты неғұрлым көп паидалансаңыз, ол соғұрлым көбеиеді. Оның үстіне, білімнің көбеюі шикізат пен энергия көлемін де арттыруы мүмкін. Егер Аляскадан мұнаи іздеуге 100 миллион доллар инвестиция салсам және мұнаиды тапсам, мендегі мұнаи көлемі артқанымен, немерелерімде азаяды. Ал егер осы 100 миллион долларды күн энергиясын зерттеуге жұмсап, оны алудың жаңа және қазіргіден тиімді әдісін тапсам, онда энергия менде де, немерелерімде де жетіп артылатын болады.

Ғылым арқылы өсімнің орнауына мыңдаған жыл боиы мүмкіндік тумады, себебі адам әлем ұсына алатын маңызды білімнің бәрі киелі кітаптар мен көне дәстүрлерде деп сенді. Жердегі мұнаи кеніштерінің бәрі ашылып болды деп білетін корпорация мұнаи іздеуге уақыт та, ақша да жұмсамаиды. Сол сияқты, білуге тұратын нәрсенің бәрін біліп болдық деп оилаитын адам мәдениеті де жаңа білім іздеп әуреге түспеиді. Модерн дәуіріне деиінгі адамзат өркениеттерінің көбінің ұстанымы осындаи болды. Алаида ғылыми революция адамзатты бұл аңғал түсініктен арылтты. Ең ұлы ғылыми жаңалық надандық деген нәрсенің бар екенін ашу болды. Әлем туралы білетіні тым аз екенін түсінген кезде, адамда білімге деген ынтасы оянды. Сөитіп, жаңа білім прогреске апаратын ғылыми жолды ашты. Әрбір жаңа буын ғылымның көмегімен бұрын белгісіз болып келген қуат көзін, шикізаттың жаңа түрін, озық механизмді және өндірістің неғұрлым тиімді әдістерін ашты. Соның нәтижесінде 2018 жылы адамзат бұрын-соңды болмаған дәрежеде зор көлемдегі энергия мен шикізатты игеріп, өндіріс шарықтау шегіне жетті. Бу двигателін, іштен жану двигателін және компьютерді оилап табу арқасында жаңа өнеркәсіптер ашылды. Алдағы 20 жылға болжам жасағымыз келсе, 2038 жылы біз қазіргіден әлдеқаида көп өндіріп, көп тұтынатын боламыз деп сенімді түрде аита аламыз. Нанотехнологиялар, гендік инженерия мен жасанды интеллект тағы бір индустриялық революцияны тудырды, ал үнемі кеңеиіп отыратын супермаркеттерде тұтас жаңа секциялар ашылатын болады. Жалпы, ресурс тапшылығы проблемасын шешетін мүмкіндіктер бізде бар. Қазіргі заман экономикасының ең үлкен проблемасы – экологиялық коллапс. Ғылыми прогресс те, экономикалық өсім де

нәзік биосфера ішінде жүріп жатыр. Бұл екеуінің даму жылдамдығынан туатын толқын экологияның тұрақтылығын бұзады. Жер шарының әр тұрғынын америкалық тұрғынның тұрмыс деңгеиіне жеткізу үшін тағы бірнеше ғаламшар керек. Ал біздің ғаламшарымыз біреу-ақ. Егер прогресс пен өсім экожүиені күиретсе, қансорғыш жарқанаттың, түлкі мен қоянның ғана емес, Sapiens-тің басына да зобалаң туады. Экологиялық апат экономиканың күиреуіне алып келеді, саяси толқулардың жиілеуі, тұрмыстың нашарлауы салдарынан адамзат өркениетіне жоиылу қаупі төнеді. Прогресс пен өсім қарқынын баяулату арқылы бұл қауіпті сеиілтуге болады. Инвесторлар биылғы табыс 6 паиызға артады деп күтсе, он жылдан кеиін олар 3% өсімді қанағат тұтуға үиренер еді, ал жиырма жылдан кеиін ол 1 паиызға төмендеиді. Сөитіп, отыз жылдан соң экономиканың өсімі тоқтаиды да, барға қанағат етіп отырамыз. Бірақ өсімге деген нық сенім мұндаи басбұзар идеяларға үзілді-кесілді қарсы. Ол, керісінше, қазіргіден де жылдам өсуіміз керек деиді. Ашқан жаңалықтарымыз экожүиенің тұрақтылығын бұзып, адамзатқа қауіп төндіріп отыр ма? Онда өзімізді қорғаитын нәрсе ашуымыз қажет. Озон қабаты жұқарып, бізді тері рагінен қорғаи алмаи жатыр ма? Онда күн сәулесінен қорғаитын сапалы кремдер және рак ауруына қарсы жақсы дәрілер жасаиық. Сосын күн сәулесіне қарсы крем шығаратын зауыттар мен ракты емдеитін орталықтардың санын көбеитеиік. Жаңа өнеркәсіп орталықтары атмосфера мен мұхиттарды ластап, жаһандық жылынуға және жануарлардың жаппаи қырылуына әкеліп отыр ма? Онда бұл ғаламшар тура тозақтың өзі сияқты қара түтінге көміліп, күиіп тұрса да, алаңсыз өмір сүре алатындаи виртуал әлем орнатып, жоғары технологиялық үи-жаилар

салуымыз керек. Пекинде ауаның ластанғаны сонша – жұрт көшеге көп шықпауға тырысады, ал ауқатты қытаилар мыңдаған доллар төлеп, үи ішіндегі ауаны тазартатын құрылғы қоиғызған. Ал өте баи адамдар үиінің бүкіл аумағын лас ауадан қорғаитын шатырмен жапқызады. 2013 жылы шетелдік дипломаттар мен жоғары лауазымды қытаилардың балалары оқитын Пекин халықаралық мектебі 5 миллион доллар жұмсап, алты теннис корты мен оиын алаңдарының үстін жауып тұратын орасан зор күмбез салғызды. Басқа мектептер де қалыс қалып жатқан жоқ. Ал Қытаидың ауа тазартқыш жүиелер жасау өнеркәсібі өркендеп жатыр. Әлбетте мұндаи қымбат құрылғылар орнатуға және балаларын Пекин халықаралық мектебінде оқытуға ел тұрғындарының басым көпшілігінің шамасы жетпеитіні белгілі3. Адамзат екі бірдеи бәсекенің тұтқынында қалды. Бір жағынан, ғылыми прогресс пен экономикалық өсімді тездетуіміз керек. Миллиард қытаи және миллиард үнді-америкалықтардың орта табына жататын адамдар сияқты өмір сүргісі келеді. Америкалықтар өз джиптері мен сауда орталықтарынан бас тартқысы келмеиді, онда қытаилар мен үнділер неге армандарынан бас тартуы тиіс? Екінші жағынан, адамзат экологиялық Армагеддоннан, тым құрығанда, бір қадам алда жүруге тиіс. Бұл қос жарысқа шыдас беру жылдан жылға қиындап барады, өиткені Дели сыртындағы лашық тұрғындарын Америка арманына жақындатқан әр қадам ғаламшарды да бір қадам құрдымға итеріп жатыр. Бір жақсысы, адамзат жүздеген жыл боиы дамушы экономиканың игілігін көріп келсе де, экологиялық апатқа ұшыраған жоқ. Бұл процесте көптеген өзге түр жоиылып кетті.

Адамзат та бірнеше мәрте экономикалық дағдарыс және экологиялық апаттармен бетпе-бет келгенімен де, ылғи аман құтылып отырды. Алаида болашақта да солаи боларына кепілдік беретін табиғат заңы жоқ. Ғылым үнемі экономиканы тұралап қалудан, экологияны күиіп кетуден бір мезгілде сақтаи ала ма? Бұрын бір ғасырда бір ірі жаңалық ашу жеткілікті болса, қазір екі жыл саиын бір ғажаиып оилап табуымыз керек. Экологиялық ақырзаманның адамның түрлі топтарына тигізетін салдары әртүрлі болатынын да ескеруіміз қажет. Тарихта әділдік жоқ. Меилі, апат қалталылардың кесірінен орнаса да, баиларға қарағанда, кедеилер апаттан көбірек зардап шегеді. Жаһандық жылыну қазірдің өзінде Батыстың ауқаттыларына емес, Африканың суы аз елдерінде тұратын кедеилерге кесірін тигізіп отыр. Қатерді ғылымның нақ өзі күшеитеді, өиткені ол баилардың тоқмеиілсуіне жол ашады. Жылыжаи газдары эмиссиясы мәселесін алаиық. Ғалымдардың басым көпшілігі жаһандық жылынудың рас екенін және үлкен қауіптің төніп тұрғанын моиындаиды. Мұны моиындаитын саясаткерлердің де саны артып келеді. Алаида бұдан біздің мінез- құлқымыз аитарлықтаи өзгерген жоқ. Жаһандық жылыну туралы көп аитамыз, бірақ адамзат іс жүзінде апаттың алдын алу үшін мардымды экономикалық, әлеуметтік және саяси шегіністерге барғысы келмеиді. 2000–2010 жылдар аралығында жылыжаи газдары эмиссиясы еш азаиған жоқ. Керісінше, 1970–2000 жылдар аралығында ол жылына 1,3% өсіп отырса, 2000–2010 жылдар аралығында жылына 2,2% өсті4. Жылыжаи газдары эмиссиясын азаиту жөніндегі 1997 жылғы Киото хаттамасының мақсаты жаһандық жылынуды тоқтату емес, тежеу болды. Алаида ауаны нөмір бірінші ластаушы АҚШ ол құжатты ратификациялаудан бас

тартты және өзінің газ эмиссиясын азаиту экономикалық өсімге зиян келтіреді деп қауіптеніп, саусағының ұшын қимылдатқан жоқ5. 25. Жаһандық жылыну туралы әңгімелер, конференциялар мен хаттамалардың ешқайсысы жылыжай газдары эмиссиясын азайтуға септігін тигізе алмай келеді. Мына кестені мұқият қарасаңыз, жылыжай газдары эмиссиясының тек экономикалық дағдарыстар мен тоқыраулар кезінде ғана төмендегенін көресіз. Мысалы, жылыжай газдары эмиссиясының 2008–2009 жылдары біраз азаюына сол кездегі жаһандық қаржы дағдарысы себеп болды, ал 2009 жылы қол қойылған Копенгаген келісімінің айтарлықтай әсері болмады. Жаһандық жылынуды тоқтатудың сенімді жалғыз жолы экономикалық өсімді тоқтату болса керек. Бірақ ешбір үкіметтің бұған бара қоюы екіталай. 2015 жылдың желтоқсан аиында Париж келісімі біршама жоғары мақсаттар қоиып, орташа жаһандық температураның өсімін бұрынғы индустриялық кезеңмен салыстырғанда, 1,5 градустан асырмауға шақырды. Алаида бұл мақсатқа жету үшін қажетті қиын қадамдардың көбі 2030 жылдан кеиінге, тіпті ХХІ ғасырдың екінші жартысына жылжытылды. Яғни күиіп тұрған мәселені келесі ұрпаққа сырғыта салдық. Қазіргі үкіметтер экология жанашыры кеипіне еніп алып, саяси ұпаи жинауды жақсы меңгерген. Бірақ жылыжаи газдары эмиссиясын азаитудың (және өсімді баяулатудың) зілдеи саяси ауыртпалығын олар келешек үкіметтерге тапсырады. Тіпті осы мәтінді жазып отырған кезімде (қаңтар, 2016 жыл), АҚШ және басқа да негізгі

ластағыштардың Париж келісімін ратификациялап, іске асыруға кірісері күмәнді көрінеді. Экономика өсіп жатқанда ғалымдар мен инженерлер бізді ақырзаманнан аман алып қалады деп сенетін саясаткерлер мен саилаушылар тым көп. Климаттың өзгеруіне келсек, экономикалық өсімге кәміл сенетіндер бір ғажаиып болады деп үміттеніп қана қоимаи, ғажаиыптар боларына еш күмән келтірмеиді. Алдағы уақытта ғалымдар ғаламшарды құтқарудың әзірге ешкім білмеитін бір жолын табады деген жорамалға сүиеніп, адамзаттың келешегін қатерге тігу ақылға қонымды іс пе? Әлемді басқарып отырған президенттер, министрлер мен корпорация басшыларының көбі – өте ақылды адамдар. Неге олар осынша қатерлі оиын оинап отыр? Әлде бәске тігілген өздерінің болашағы болмағандықтан ба екен? Ал жамандық бәрібір орын алып, ғылым топан суды тоқтата алмаса, инженерлердің жоғары кастаға арнап, сондаи бір озық технологиялы Нұх кемесін соғып беруге мүмкіндігі бар. Қалған миллиардтаған адам суға батып өле берсін. Осындаи жоғары технологиялы кемеге сену – адамзаттың болашағы мен бүкіл экожүиеге төніп тұрған қазіргі ең зор қауіп. О дүниеге сенетіндерге ядролық қаруды беруге болмаитыны сияқты, озық технологиялы киелі кемеге сенетін адамдардың басқаруына жаһандық экологияны сеніп тапсыруға болмаиды. Кедеилер ше? Олар неге қарсылық танытпаиды? Топан су қаптаса, бүкіл ауыртпалық солардың моинына түседі ғои. Экономикалық тоқыраудың да зардабын солар бірінші шегеді. Капиталистік әлемде экономика өскен жағдаида ғана кедеилердің жағдаиы жақсармақ. Сондықтан да экономикалық өсімді тежеу жолымен келешек экологиялық қауіптерді азаитуды көздеитін шараларды олар қолдаи қоимаиды. Қоршаған ортаны қорғау – өте

тамаша идея, бірақ пәтерақыны төлеи алмаи отырғандарды мұздықтардың еруінен гөрі қарызы көбірек алаңдатады. Алашапқын Тіпті жанталаса қапылып, экономикалық күизеліс пен экологиялық апаттан аман қалып жатсақ та, осы сабылыстың өзі үлкен проблемалар туғызады. Жеке адамның жүикесіне салмақ салып, шаршатады. Бірнеше ғасырлық экономикалық өсім мен ғылыми прогрестен соң, тым болмаса, дамыған елдерде тіршілік тыншып, жаимашуақ қалыпқа түсуі керек-тұғын. Қолымызда қандаи құралдар мен ресурстар бар екенін білсе, бабаларымыз бұлар уаиым-қаиғы атаулыдан құтылып, нағыз жұмақтағыдаи өмір сүретін шығар деп оилар еді. Алаида шындық мүлдем басқа. Осыншама жетістіктерге қарамастан, біз ылғи бұрынғыдан да көп еңбектеніп, көп өндіруге мәжбүрміз. Біз өзімізді, бастықтарды, ипотеканы, үкіметті, білім беру жүиесін кінәлаимыз. Бірақ бұған олар кінәлі емес. Бәрі модерн ковенантқа – біз туа салып қол қоиған келісімге баиланысты. Премодерн дәуірінде жұрт социалистік қоғамның ұсақ клерктері сияқты еді. Олар жұмысқа келіп, бар екенін білдіретін де, басқалардың бірдеңе істеуін күтетін. Бүгінде адам бәрін өздері істеиді, сондықтан күні-түні дамыл таппаимыз. Ұжымдық деңгеиде алсақ, бұл жаппаи жарыс бітіп болмаитын сілкіністер түрінде көрінеді. Бұрынғы әлеуметтік және саяси жүиелер ғасырлар боиы тұрса, бүгін әр ұрпақ ескі әлемді қиратып, орнына жаңасын орнатады. Жаңа дәуір дүдәмалдық пен беимазалықты қажет етеді деп «Коммунистік манифесте» дәл аитылған. Қалыптасқан қарым-қатынастар мен ежелден санаға сіңген көзқарастар тып-типыл жоқ болады, ал жаңа құрылымдар

түзіліп болмаи жатып ескіреді. Салиқалы һәм іргелі нәрселердің бәрі жоиылады. Мұндаи беиберекет әлемде өмір сүру оңаи емес, оны басқару одан да қиын. Олаи болса, модернити жеке адамның да, адам қоғамдастықтарының да тынбаи жұмыс істеуін, сөитіп, олардың беиберекетке себепші жаппаи жарыстан шығып қалмауын қамтамасыз етуге тиіс. Осы мақсатқа баиланысты модернити өсімді ең жоғары құндылық деп таниды, ол үшін біз кез келген құрбандыққа даиын болып, кез келген сын-қатерге бас тігуіміз керек. Ұжымдық деңгеиде үкіметтерге, фирмаларға және ұиымдарға өз табыстарын өсім тұрғысынан өлшеп, тепе- теңдіктен өлердеи қорқу керек деген кеңес беріледі. Жеке деңгеиде бізді үнемі кірісті өсіріп, әл-ауқатты жақсартуға итермелеиді. Қазіргі жағдаиыңыз қанағаттанарлық дегеннің өзінде, сіз бұдан жоғарыға ұмтылуыңыз керек. Кеше баилықтың белгісі болған нәрселер бүгін қажеттілікке аиналды. Бұрын өмір сүруге үш бөлмелі пәтер, бір автокөлік және бір үстел компьютері әбден жеткілікті болса, қазір сізге бес бөлмелі үи, екі машина, толып жатқан аипод, планшет пен смартфондар керек. Жеке адамды көп дүниені қалауына үирету аса қиын болған жоқ. Адамның ашкөздікпен ауыруы тез. Проблеманың үлкені мемлекет және шіркеу сияқты институттарға жаңа идеалды қабылдатуда туындады. Мыңдаған жыл боиы қоғам жеке адамның қалауын тежеп ұстап, оларды тепе-тең қылуға тырысты. Адам қашанда көбірек алсам деп тұратыны белгілі, алаида бәліштің көлемі өспегендіктен, әлеуметтік үилесім ұстамдылыққа тәуелді болды. Ашкөздік жаман әдет еді. Модернити әлемнің астан-кестенін шығарды. Ол «тепе-теңдік беиберекеттен жаман, ал ашкөздік жақсы, өиткені ол өсімге әкеледі» дегенге жұрттың көзін жеткізді.

Осылаиша, модернити адамды көбірек қалауға итермелеп, ашкөздікті тежеп келген ескі тәртіптерді қиратты. Бұдан туындаған уаиым-қаиғыны, негізінен, еркін нарық капитализмі сеиілтті. Осының арқасында бұл идеология кең танымалдыққа жетті. Капиталистік тұрғыда оилаитындар бізді ылғи: «Қорықпаңыздар, бәрі жақсы болады. Экономика өсіп отырса, нарықтың көрінбеитін қолы бәрін өзі реттеиді», – деп жұбатып отырады. Осылаиша, капитализм тек өсіп отыратын, бірақ қаида жүиткіп бара жатқаны белгісіз қомағаи да беиберекет жүиені қастерледі. (Коммунизм де экономикалық өсімге сенетін. Ол беиберекетке жол бермеимін, өсімді мемлекеттік жоспарлау арқылы басқарамын деп оилады. Бірақ бастапқы жетістіктерден соң, еркін нарықтан көп артта қалып қоиды). Еркін нарық капитализмін тоқпақтау бүгінде интеллектуалдардың негізгі шаруасына аиналды. Біздің әлемді капитализм билеп отырғандықтан, жаһандық апатқа әкелмеи тұрғанда, оның кемшіліктерін мұқият зерттеуіміз керек. Алаида сынаи отырып, капитализмнің артықшылықтары мен жетістіктерін де көре білуге тиіспіз. Алдағы экологиялық апат қаупін ескермесек және кірісті өндіріс көлемі мен өсім арқылы өлшеитін болсақ, бүгінге деиін капитализмнің тасы өрге домалап келгенін қабылдауымыз керек. Дәл қазір жүикені шаршататын беиберекет әлемде өмір сүріп жатырмыз десек те, зорлық- зомбылық белең алып, адамзат толықтаи күиреиді деген сәуегеиліктер расталмады. Ал тоқтаусыз өсім мен жаһандық ынтымақтастық туралы өрескел уәделер орындалды. Экономикалық дағдарыстар мен әскери қақтығыстар оқта-текте болып тұратыны рас. Алаида, жалпы алғанда, капитализм дүниежүзілік үстемдікке жетіп қана қоиған жоқ, сонымен қатар

аштық, індет пен соғысты да еңсерді. Мыңдаған жыл боиы священник, раввин мен мүфтии «адам өз күшімен аштықты, індет пен соғысты тізгіндеи алмаиды» деп келді. Сосын тарих сахнасына банкирлер, кәсіпкерлер мен инвесторлар шығып, бас- аяғы 200 жылдың ішінде үшеуін де жеңді. Сөитіп, модерн ковенант бізге бұрын-соңды болмаған билікті уәде етіп, уәдесін орындады. Оның ақысы қандаи болмақ? Келісім боиынша, біз биліктің бодауы үшін мағынадан бас тартуымыз керек. Бұл масқара талапты адам қалаи орындаиды? Оған көну – этикадан, эстетика мен адамгершіліктен жұрдаи қараңғылық шыңырауына оп-оңаи құлау деген сөз емес пе? Алаида ақиқат мынандаи – адамзат қазір өз тарихында қол жеткізбеген құдіретке ие; сонымен қатар ол бұрынғыдан әлдеқаида беибітшіл және ынтымақшыл. Адамзат бұған қалаи жетті? Құдаисыз, жұмақсыз һәм тозақсыз әлемде мораль, сұлулық пен адамгершілік сияқты қасиеттер қалаиша аман қалды? Бұл жерде де капиталистер барлығы да нарықтың көрінбеитін қолы арқасында болды деиді. Бірақ нарықта көрінбеитін қол ғана емес, соқыр көз де бар. Ол өздігінен ешбір адамзат қоғамын құтқара алмас еді. Расында, Құдаидың, корольдің немесе шіркеудің көмегінсіз тіпті қыстақ жәрмеңкесі де жұмыс істемеиді. Бәрі сатылатын болса (оның ішінде сот пен полиция), сенім жоғалады, несие жоиылады, ал бизнес құриды6. Онда қазіргі қоғамды күиреуден не аман алып қалды? Адамзатты сұраныс пен ұсыныс заңы емес, жаңа революциялық дін – гуманизм құтқарды.

7-ТАРАУ Гуманистік революция Модерн ковенант бізге өмірді мағынаға толтыратын ғарыштық жоспарға деген сенімнен бас тартқанда ғана билік береді. Бірақ бұл келісімге тереңірек үңіліп қарасаңыз, бізді құтқаратын тармақ бар екенін баиқаисыз. Егер адам мағынаны әлдебір ғарыштық жоспардың көмегінсіз таба алса, онда ол келісімді бұзу деп қарастырылмаиды. Бұл қазіргі қоғамды құтқарушы тармақ болды. Өиткені мағына болмаиынша тәртіпті сақтау мүмкін емес. Модернитидің аса ірі саяси, көркем және діни жобасының мақсаты әлдебір ғарыштық жоспарға сүиенбеитін өмірдің мағынасын табу болды. Біз Құдаидың құдіретті драмасындағы актерлер емеспіз, бізде немесе біздің іс-әрекетімізде ешкімнің шаруасы жоқ, ендеше ешкім күш- құдіретімізге шектеу қоя алмаиды. Деи тұрғанмен әлі де болса өмірдің мағынасы бар дегенге сенеміз. 2016 жылдан бастап адам баласы шиеленіскен бұл екі жағдаиды бір уақытта өз бақылауына алды. Біздің қолымызда қазір бұрын- соңды болмаған зор күш-құдірет бар. Сонымен қатар Құдаидың өлуі әлеуметтік тұрғыда күиреткен. Бүкіл тарихымызда паиғамбарлар мен философтар «егер адам ұлы ғарыштық жоспарға сенуді қоиса, заңдылық пен тәртіп атаулы жоиылады» деп келді. Алаида қазір жаһандық заң мен тәртіпке ең зор қауіп

Құдаи мен бәрін тұтас қамтитын Оның жоспарына сенетіндер тарапынан төніп тұр. Құдаидан қорқатын Сирия заиырлы Нидерландыға қарағанда әлдеқаида қауіпті жер. Ешқандаи ғарыштық жоспар болмаса және біз ешбір құдаи немесе табиғат заңдарына бағынбасақ, онда не нәрсе әлеуметтік күиреудің алдын алады? Ненің арқасында біз Амстердамнан Бухарестке немесе Жаңа Орлеаннан Монреальға деиінгі мыңдаған километр жолда құл сатушылардың қақпанына түсіп, я болмаса жауласушы таипалардың оғына ұшамыз деген қорқынышсыз, емін-еркін жүре аламыз? Жақыннан үңілу Мағынасыз және заңсыз өмір сүруден бізді соңғы бірнеше ғасырда әлемді жаулаған жаңа революциялық дін – гуманизм сақтап қалды. Гуманистік дін адамзатқа табынып, христиандық пен исламдағы құдаидың, буддизм мен даосизмдегі табиғаттың рөлін адамға берді. Дәстүрлі діндерде ұлы ғарыштық жоспар адам өмірін мағынаға толтырса, гуманизм рөлдерді ауыстырып, адамдардың тәжірибесі ғарышқа мағына дарытады деиді. Гуманистік идеяға сәикес, адам ішкі тәжірибесінен өз өмірлерінің ғана емес, тұтас ғаламның мағынасын табуға тиіс. Бұл гуманизмнің бізге ұсынатын ең үлкен өсиеті – мағынасыз әлемге мағына дарыту. Модернитидің негізгі діни революциясы Құдаиға деген сенімді жою емес, адамға деген сенімді туғызу болды. Бұл жолда ғасырлар боиы тер төгілді. Оишылдар памфлеттер жазды, шығармашылық адамдары поэмалар мен симфониялар шығарды, саясаткерлер келісімдер жасады, сөитіп, бәрі бірлесіп ғаламға мағына дарыта аларына адамзаттың көзін жеткізді. Гуманистік революцияның

тереңдігі мен маңызын ұғыну үшін Еуропаның модерндік мәдениеті мен орта ғасырлық мәдениеті арасындағы аиырмашылықты қарастыру қажет. 1300 жылғы Лондон, Париж және Толедо тұрғындары адамның жақсылықтан жамандықты, сұлулықтан ұсқынсыздықты, дұрыстан бұрысты аиыра алатынына сенбеитін. Құдаи ғана жақсылықты, ақиқат пен сұлулықты жаратып, анықтаитын. Адамда ерекше қабілет пен мүмкіндік болатыны моиындалса да, олар надандыққа және бұрыс істерге беиім деп саналды. Сыртқы күштің қадағалауы мен басқаруынсыз олар мәңгі ақиқатты ешқашан түсіне алмаи, баянсыз тән рақаты мен пенделік адасулардың жетегінде кетер еді. Бұған қоса, орта ғасырлық оишылдар адам өлу үшін жаралған, сондықтан пікірлері мен сезімдері жел сияқты құбылмалы деитін. Бүгін бір нәрсені жан- тәніммен сүисем, ертең одан жиіркенемін, ал келесі аптада өлем де, жер астына аттанамын. Яғни адамның пікіріне тәуелді кез келген мағына осал әрі өткінші болды. Олаи болса, абсолютті ақиқаттың, өмір мен ғаламның мағынасы адамнан жоғары тұрған күштен бастау алатын әлдебір мәңгілік заңға сүиенуге тиіс. Бұл көзқарас Құдаиды мағынаның ғана емес, биліктің де бастауына аиналдырды. Мағына мен билік қашанда қатар жүреді. Жақсы немесе жаман, дұрыс немесе бұрыс, сұлу немесе ұсқынсыз дегендерді анықтаушы әлдекім бізге қалаи оилау және не істеу керегін үирету құзыретіне ие болды. Құдаи мағына мен биліктің бастауы деген сенім жаи ғана философиялық теория емес еді. Ол күнделікті өмірдің барлық қалтарыстарына ықпал ететін. Мысалы, 1300 жылы бір ағылшын қалашығында тұратын күиеуі бар әиелге көрші еркек қатты ұнап қалып, онымен жыныстық қатынасқа түсті деиік. Ол жұрт көзіне

көрінбеуге, жүзіндегі күлкісін жасыруға тырысып, көилегін жөндеп үиіне қаитып келе жатқан. Бір кезде оның басына: «Бұл не? Неге бұлаи еттім? Мұным дұрыс болды ма, жоқ па? Осыдан соң мен кіммін? Тағы осылаи істеуім керек пе?» – деген сан-сапалақ оилар келе бастады. Мұндаи сұрақтарға жауап алу үшін әиел священникке барып, жасаған күнәсін аитып, әулие әкеидің ақыл- кеңесін алуы керек еді. Священник Киелі кітапты әбден меңгерген, бұл мәтінде Құдаидың зинақорлық туралы не оилаитыны аитылған. Құдаи сөзіне сүиене отырып священник: «Бұл әиел пенделік күнә жасаған, сондықтан күнәсін жумаса, тозаққа түседі. Ендеше ол дереу тәубесіне келуі керек, бұған қоса, алдағы крест жорығына он алтын ділда қосып, жарты жыл ет жемеи және Кентерберидегі әулие Томас Бекеттің басына барып, тәу етуге тиіс. Сосын, әрине, мұндаи пенделік күнәні енді қаиталамауы керек», – деитін еді. Бүгінгі жағдаи мүлдем өзгеше. Ғасырлар боиы гуманизм мағынаның түпкі бастауы – өзіміз, сондықтан адам еркі – бәрінен жоғары тұратын күш-құдірет деп миымызға құиып келді. Ненің не екенін әлдебір жоғары күш өзі түсіндіреді деп қол қусырып отырмаи, өз сезімдеріміз бен қалауымызды тыңдауымыз керек. Бала кезден бізді «өзіңді тыңда, өзіңе сенімді бол, өзіңе сен, сезіміңе ерік бер, жүрек қалауымен жүр» деген тәрізді гуманистік ұрандармен тәрбиеледі. Мұның барлығын Жан-Жак Руссо XVIII ғасырдағы сезімдер Библиясы деп атауға болатын өзінің «Эмиль» атты кітабында жеткізген. Өмірлік принциптерін іздеген Руссо оларды «жүрегімнің түбінен, табиғат өзі ештеңе өшіре алмаитындаи етіп жазған әріптерден таптым. Не істеуім керек дегенде мен тек өзімнен ақыл сұрауым қажет; нені жақсы деп білсем – сол жақсы, нені жаман деп білсем – сол жаман» деиді1.

Қазіргі заманғы әиел де солаи. Жасап жүрген зинасының мәнін түсінгісі келсе, ол священникке немесе көне кітаптарға жүгінбеи, өз сезімдерін түсінуге тырысады. Сезімдері түсініксіз болса, ол ең жақсы досына хабарласып, кафеге шақырады да, сырын аитады. Бұл да көмектеспесе, психотерапевке барып, оған бәрін жаиып салады. Теория жүзінде, қазіргі психотерапевтер орта ғасырлардағы священниктің қызметін атқарады, сондықтан бұл екі мамандықты салыстыру – жауыр болған тақырып. Алаида іс жүзінде екеуінің арасы жер мен көктеи. Психотерапевтің не жақсы, не жаман екенін анықтаитын киелі кітабы жоқ. Әиелдің әңгімесін тыңдап болған ол: «Арсыз! Сұмдық күнә жасағансың!» – демеиді. Сол сияқты, «Керемет! Сіз үшін қуаныштымын!» деуі де ақылға қонымды. Әиел не істесе де және не аитса да ол қамқор үнмен: «Осы нәрсе туралы өзіңіз не оилаисыз?» – деп сұраиды. Психотерапевтің кітап сөресі әлбетте Фреид пен Юнгтің еңбектерінен және 1000 беттік «Психикалық аурулар туралы диагностикалық және статистикалық нұсқаулықтан» (ДСН) қаиысып тұр. Бірақ бұлар киелі кітаптар емес. ДСН өмірдің мағынасын емес, өмірдегі ауруларды табады. Психологтардың көбі іс-әрекеттің түпкі мәнін адамның сезімдері ғана анықтаи алады деп сенеді. Сондықтан әиелдің істеп жүрген зинақорлығы туралы не оиласа да және Фреид, Юнг және ДСН жалпы зинақорлық жаиында қандаи пікірде болса да, психотерапевт жеке көзқарасын таңбауға тиіс. Керісінше, ол жүректің ең құпия түкпірлеріне зер сала отырып, көмектесуі керек. Әиел жауапты сол жерден ғана табады. Орта ғасырлық священниктер Құдаимен тікелеи баиланысып отыратын. Сөитіп, жақсылық пен жамандықты біз үшін ажыратып беретін. Қазіргі заманғы психотерапевтер өз ішкі сезімдерімізбен баиланыс орнату арқылы

ғана көмектеседі. Бұл неке институты бастан кешірген маңызды өзгерістерді біршама түсіндіреді. Орта ғасырларда неке Құдаи өсиет еткен қасиетті іс саналды, сондаи-ақ Құдаи әкеге балаларын өз қалауы мен мүддесіне қараи үилендіру құзыретін берген еді. Олаи болса, неке сыртындағы қатынас Құдаидың да, әкенің де билігіне арсыздықпен қарсы шығу ретінде саналатын. Көңілдестердің бір- біріне деген сезімдері бар ма, олар бұл жаиында не оилаитыны қызық емес, бастысы – бұл үлкен күнә. Бүгінгі ерлі-заиыптылар сүиіп қосылады және олардың бұл одағын құнды етіп, мағына дарытатын дүние – екі адамның жеке сезімдері. Бір еркектің құшағына кіруге түрткі болған сол сезімдер енді басқа бір еркектің құшағына кіруге түрткі болса, мұның несі жаман? Некеден тыс қатынас күиеуіңіз жиырма жыл боиы қанағаттандыра алмаған эмоциялық және сексуалдық қалауларыңызды сыртқа лақ еткізсе, ал жаңадан тапқан сүиіктіңіз меиірбан, ынтық әрі сезімтал болса, бұдан неге ләззат алмасқа? «Тоқтаи тұрыңыз. Өзге тараптың сезімдері ше? Оларды ұмытуға болмаиды ғои?» деріңіз анық. Иә, бірге болу әиел мен оның көңілдесіне керемет шығар, бірақ олардың жұбаилары біліп қоиса, бір мезгілде бәріне де жаман болады. Мұның аяғы ажырасуға апарса, онда балалары ондаған жыл боиы эмоциялық жарақаттың зардабын шегеді. Тіпті некесіз қатынас жария болмаиды дегеннің өзінде оны жасырын ұстау жүикені жұқартып, оқшаулануға тіпті ашушаңдыққа соқтыруы мүмкін. Гуманистік этика саласындағы ең қызықты пікірталастар осындаи некеден тыс қатынас сияқты адам сезімдері соқтығысатын жағдаилар төңірегінде өрбиді. Осы бір әрекеттің нәтижесінде бір адам жақсы, екінші адам жаисыз сезімде болса,

мұны қалаи түсіндіреміз? Бұл сезімдерді бір-біріне қатысты қалаи өлшеиміз? Екі көңілдестің жақсы сезімдері олардың жұбаилары мен балалары кешкен жаисыз сезімдерден артық па? Бұл нақты сұрақтар туралы сіз не оиласаңыз да бәрібір. Екі тарап келтірген дәиектерді түсіну әлдеқаида маңызды. Некеден тыс қатынас туралы замандастарымыз әртүрлі пікірде. Заманауи адамдардың некеден тыс қатынастарға қатысты пікірлері сан алуан, бірақ пікірлері қандаи болмасын, олар бұл мәселені киелі кітаптар мен Құдаидың өсиеттері тұрғысынан емес, адами сезімдер тұрғысынан ақтауға тырысады. Гуманизм бізге біреуді жаман сезінуге себеп болған нәрсе ғана жаман деп үиреткен. Адам өлтіру – жаман іс; тек бір заманда Құдаи «өлтірме» деп әмір еткендіктен емес, өлген адам, оның туыстары, достары және таныстары азап шегетіндіктен жаман. Ұрлық жасау – жаман іс, бірақ көне мәтінде «ұрлама» деп жазылғандықтан емес, мүлкінен аиырылған адам жаисыз сезімде болатындықтан. Ал егер әлдебір әрекет ешкімді жаисыз сезіндірмесе, оның еш сөкеттігі жоқ. Сол көне мәтіндерде аитылғандаи, Құдаи адамның да, жануардың да беинесін салмаңдар деп бұиырған екен (Мысырдан шығу, 20:4), бірақ мен әртүрлі мүсіндер жасасам, ал оның ешкімге зияны тимесе, мұнда тұрған қандаи жамандық болуы мүмкін? Гомосексуализм туралы қазіргі пікірталастардан да осы қисынның үстемдігі баиқалады. Егер ересек екі еркек жыныстық қатынасқа түссе және бұл істің ешкімге зияны тимесе, онда неге ол теріс қылық саналып, заңға қаишы болуға тиіс? Бұл – сол екі еркектің жеке ісі, сондықтан олар өздерінің ішкі қалауы боиынша мұнымен аиналысуға ерікті. Егер орта ғасырларда екі еркек священникке келіп, «біз жыныстық қатынасқа түстік, бұрын мұндаи бақытты білмеп едік» десе, олардың жаилы сезімдері

священниктің үкімін өзгерте алмас еді. Керісінше, тәубеге келмеуі, күнәні моиындамауы жағдаиды ушықтырғаны анық. Ал бүгін екі еркек бір-бірін сүисе, оларға: «Өздеріңе қалаи ұнаса, солаи істеңдер! Ешқандаи священник бастарыңды қатырмасын. Жүректеріңді тыңдаңдар. Сендерге ненің жақсы екенін өздеріңнен артық ешкім білмеиді», – деиді. Бір қызығы, бүгінде тіпті ең діндар адам да қоғамдық пікірге ықпал еткісі келсе, осындаи гуманистік қисынға жүгінеді. Мысалы, Израильдің ЛГБТ қауымдастығы соңғы он жыл боиы Иерусалим көшелерінде жыл саиын геи-парад өткізіп жүр. Қақтығыстан көз ашпаитын осы қала үшін шеру теңдесі жоқ үилесім күніне аиналады. Өиткені діндар евреилер, мұсылмандар мен христиандарда кенет ортақ мүдде паида болады – олардың бәрі геи-парадқа қарсы шығады. Бірақ ең қызық нәрсе олар қолданатын аргументте. Олар «бұл күнәһарлар геи-парад өткізбесін, өиткені Құдаи гомосексуализмге тыиым салған» демеиді. Қолжетімді әр микрофон, әрбір камераға барып олар: «Қасиетті Иерусалим қаласында геи-парад өткізу біздің сезімдерімізді аяққа таптаиды. Геилер бізден өз сезімдерін құрметтеуді сұраиды, ендеше олар біздің де сезімдерімізді құрметтеуі керек», – деп аиқаилаиды. 2015 жылы 7 қаңтарда Мұхаммед паиғамбардың карикатурасын жариялағаны үшін мұсылман табынушылары Франциядағы «Шарли Эбдо» журналының бірнеше қызметкерін атып өлтірді. Келесі күндері мұсылман ұиымдарының көбі бұл шабуылды аиыптады, бірақ олардың кеибірі «бірақ» демеи тұра алмады. Мысалы, Мысыр журналистер синдикаты қантөгіс жасаған террористерді аиыптады, сонымен қатар журналды да «бүкіл әлемдегі миллиондаған мұсылманның сезімдерін аяққа таптады»

деп аиыптады2. Ескеретін нәрсе – синдикат журналды Құдаидың еркіне бағынбады деп кінәлаған жоқ. Міне, осыны біз прогресс деп атаимыз. Сезімдеріміз жеке өмірімізге ғана емес, әлеуметтік және саяси процестерге де мағына дарытады. Елді кім басқаруы керек, сыртқы саясатты қалаи жүргізу қажет және экономикада қандаи шешімдер қабылдау керек дегенде біз жауапты киелі кітаптардан іздемеиміз. Сол сияқты, Рим Папасының немесе Нобель лауреаттары кеңесінің бұирықтарын күтпеиміз. Көп елде демократиялық саилау өткізіп, маңызды мәселелер туралы адамдардың пікірін сұраимыз. Біз саилаушы өзі біледі, жеке адамның еркін таңдауы– ең жоғарғы саяси билік деп сенеміз. Бірақ не үшін дауыс беру керегін саилаушы қалаи шешеді? Теория жүзінде, ол өзінің ішкі сезімдерін тыңдап, солардың аитқанындаи істеуге тиіс. Бұл оңаи бола бермеиді. Ішкі сезімдерімді түсіну үшін мен көзбояушы саяси ұрандарды, принципсіз саясатшылардың бітпеитін өтірігін, саяси технологтардың алдарқату мақсатындағы даңғои дақпырттарын және жалдамалы сарапшының жалған пікірін електен өткізуім керек. Осылардың бәрін шетке ысырып тастаған соң ғана риясыз ішкі даусымды ести аламын. Ол маған «Кэмеронға дауыс бер», «Модиге дауыс бер», «Клинтонға дауыс бер» деп құлағыма сыбырлаиды, ал мен саилау бюллетеніндегі тиісті есімнің жанына белгі қоямын. Елді кім басқару керегін біз осылаи шешеміз. Орта ғасырларда мұны барып тұрған бассыздық деп табар еді. Өзі надан қара халықтың құбылмалы сезімдері маңызды саяси шешімдерге негіз болуы тым күмәнді нәрсе. Англияны «Раушан гүлдер» соғысы екіге жарған кезде де, қақтығысты ұлттық референдум жолымен шешу, сөитіп,

26. Көгершін кейпіндегі Әулие рух қасиетті май толы ыдысты Франктер корольдігінің негізін салушы король Хлодвигті шоқындыру үшін әкеліп тұр (1380 жыл шамасындағы «Ұлы француз хроникасынан» иллюстрация). Франция мемлекетінің пайда болуы туралы аңызға сәйкес, бұл ыдыс сол кезден бері Реймс кафедралдық соборында сақтаулы тұр. Хлодвигтен кейінгі Франция корольдерінің барлығына таққа отырар алдында осы қасиетті май жаққан. Әрбір жаңа король таққа отырарда бір ғажайып құбылыс орын алып, бос ыдыс өз-өзінен майға толып отырған. Бұл корольді Құдай өзі таңдағанын және Өзінің батасын бергенін білдіретін. Егер Құдай ІХ Людовик немесе ХІV Людовик, я болмаса ХVІ Людовик сияқты корольдердің таққа отыруын қаламаса, ыдыс майға өздігінен толмас еді. Ланкастерге, әлде Иоркке дауыс беруді әркімнің өз еркіне салу ешкімнің оиына келмеген. Папа ІІ Урбан да 1095 жылы Бірінші крест жорығын жариялаған кезде, «бұл – халықтың ықтияры» деген жоқ. Бұл Құдаидың ықтияры болатын. Саяси билік көктен түсті, ол қарапаиым пенделердің жүрегі мен ақылынан туған жоқ. Бұл ережелер этика мен саясатта ғана емес, эстетикада да солаи болды. Орта ғасырларда өнер объектив шартты өлшемдерге бағынатын. Сұлулық стандарттары адамдардың қиялындағымен сәикес келмеитін. Адам талғамы адамнан жоғары стандарттарға саи келуге тиіс болатын. Өиткені ол кезде өнер адам сезімдерінен емес, жоғарғы күштерден шабыт алатын. Суретші, ақын, композитор мен сәулетшінің қолын музалар, періштелер мен Әулие рух жүргізеді деп сенетін. Керемет поэма дүниеге келген кезде қаламға құрмет көрсетілмеитіні сияқты, ақынға да алғыс аитылмаитын. Өиткені қаламды адамның саусақтары ұстап

жазғызғанымен, саусақтарды ұстап, жүргізіп отырған – Құдаидың қолы. Орта ғасырлардағы ғалымдар жұлдыздардың аспандағы қозғалысы ғажаиып музыка туғызып, ол бүкіл ғаламға таралады деитін классикалық грек теориясын ұстанды. Адам денесі мен жанының ішкі қозғалыстары жұлдыздар туғызған осы ғажаиып музыкамен үндескен кезде, адамның тәні де, жаны да сау- саламаттықта болады. Демек, біздің музыка ет пен сүиектен жаралған композитордың идеялары мен сезімдерінің көрінісі емес, Құдаидың ғарыштық музыкасының жаңғырығы екен-мыс. Ең әдемі гимн, ән мен әуен әдетте кеибір адам суретшісінің талантына емес, Құдаидың шабытына баиланысты деп саналатын. 27. Рим Папасы Ұлы Григорий өз атымен аталған григориан әндерін шығаруда. Сүйікті кептер кейпіне енген Әулие рух Папаның оң иығында отырып, құлағына әуенді айтып жатыр. Әндердің нағыз авторы Әулие рух, ал Григорий – жеткізуші. Өнер мен сұлулықтың түп бастауы – Құдай. Мұндаи көзқарастың заманы баяғыда өткен. Қазір гуманистер «көркем шығармашылық пен эстетикалық құндылықтың бастауы – адам сезімдері» деп санаиды. Музыканы адамның ішкі үні шығарып, бағалаиды; оған жұлдыздардың ырғағына ерудің де, музалар мен періштелердің нұсқауын тыңдаудың да қажеті жоқ.

Өиткені жұлдыздар тілсіз, ал музалар мен періштелер оидан шығарылған. Заманауи өнер адамдары Құдаиды емес, өздерін және өз сезімдерін тыңдауға тырысады. Ендеше өнерді бағалауда біз қазір ешқандаи объектив шартты өлшемдерге сүиенбеитініміз таңғаларлық нәрсе емес. Керісінше, біз тағы да субъективті сезімдерге жүгінеміз. Гуманизмнің этикадағы ұраны – «Ұнаи ма – солаи істе». Саясатта – «Саилаушы өзі біледі». Эстетикада – «Сұлулық – сұқтанғанның жанарында». Олаи болса, нені өнер деп атау жөніндегі пікірлер саналуан. 1917 жылы Марсель Дюшан кәдімгі писсуарды сатып алып, оны өнер туындысы деп жариялады, «Фонтан» деген ат беріп, қолын қоиып, Нью-Иорк көрмесіне жіберді. Ортағасырлық адам мұны талқылап та әуре болмас еді. Мұндаи ессіздікке сөзді қор қылудың қажеті не? Алаида қазіргі гуманистік әлемде Дюшанның жұмысы өнер саласында бетбұрыс жасаған туынды саналады. Бүкіл әлемде көркемөнер колледждерінің дәрісханаларында бірінші курс студенттеріне Дюшанның «Фонтан» деп аталатын суретін көрсетеді. Сосын оқытушы белгі бере салысымен, аиғаи-шу басталады. «Бұл – өнер! Өнер емес! Иә! Мүмкін емес!» Студенттер іштегі буын біраз шығарып болған соң, оқытушы мәселені нақты тақырыпқа бұрады: «Өнер деген не өзі? Бір нәрсенің өнер немесе өнер емес екенін біз қалаи анықтаимыз?» Тағы бірнеше минут дауласқан соң, оқытушы аудиторияны дұрыс арнаға бұрады: «Адамдар нені өнер деп санаса, сол – өнер, өиткені сұлулық – сұқтанғанның жанарында». Егер адам писсуарды керемет өнер туындысы деп санаса, онда ол солаи. Бұларың қате деи алатын қандаи жоғары құзырет бар? Дюшан «жасаған» жауһардың көшірмелері бүгінде әлемдегі ең ірі музеилерде, оның ішінде Сан-

Францискодағы Заманауи өнер музеиіне, Канада Ұлттық галереясына, Лондондағы Теит галереясы мен Париждегі Помпиду орталығына қоиылған (көшірмелері дәретханаларда емес, музеи залдарында тұр). Бұл гуманистік көзқарас экономика саласына да қатты ықпал етті. Орта ғасырларда өндіріс процесін гильдиялар бақылады. Жекелеген қолөнершінің, тұтынушының бастамасы мен талғамы олар үшін ештеңе шешпеитін. Дұрыс креслоның қандаи болуы керегін ағаш шеберлері гильдиясы, жақсы нан қандаи болатынын наубаишылар гильдиясы, ал қаи ән керемет, қаи ән нашар екенін меистерзингерлер гильдиясы шешетін. Корольдер мен қала кеңестері жалақы мен бағаны реттеді. Олар кеиде адамды белгілі бір мөлшердегі тауарды тек белгіленген бағамен алуға мәжбүрлеитін. Қазіргі еркін нарықта жаңағы гильдиялардың, кеңестер мен корольдердің орнына жаңа жоғары құзырет, яғни тұтынушының азат еркі келді. Мысалы, Toyota ең жақсы автокөлікті жасағысы келді деиік. Ол сарапшылар комиссиясын әртүрлі саланың мамандарынан құрады: үздік инженерлер мен дизаинерлер жалдаиды, ең талантты деген физиктер мен экономистерді шақырады, тіпті әлеуметтанушы, психологтармен де кеңеседі. Қауіпсіздік шарасы ретінде бір-екі Нобель сыилығы лауреатын, Оскар жүлдесін алған актрисаны және әлемге танымал суретшілерді де тартады. Бес жылдық зерттеу мен құрастыру жұмыстарынан соң, компания ең жақсы машинаны көрсетеді. Көліктің миллиондаған данасы шығарылады, дүниежүзі боиынша дилерлік орталықтарға жеткізіледі. Бірақ автокөлікті ешкім алмаиды. Бұған қарап, тұтынушылар қателесіп отыр, олар өздеріне не жақсы екенін түсінбеиді деу дұрыс па? Жоқ. Еркін нарықта қашанда

тұтынушынікі дұрыс. Егер тұтынушы автокөлікті сатып алмаса, онда автокөлік жақсы емес. Бүкіл университет профессорлары, священник пен молда атаулы әр мінберден «бұл – ғажап автокөлік» деп өзеуресе де сатылмаиды. Тұтынушы алмады ма? Онда ол – нашар автокөлік. Тұтынушыға сенікі дұрыс емес деуге ешкімнің құзыреті жоқ. Әлдебір үкімет өз азаматтарының еркіне қарсы әлгі автокөлікті алуға мәжбүрлесе, өз обалы өзіне. Бұл тек машинаға ғана емес, барлық тауарларға қатысты дүние. Мысалы, Упсала университетінің профессоры Леиф Андерссонның пікіріне құлақ қоиып көреиік. Ол – тез өсетін шошқа, көбірек сүт беретін сиыр және еті молырақ тауықтар алу мақсатындағы ауыл шаруашылығы жануарларын генетикалық тұрғыдан дамыту саласының маманы. «Хаарец» газетінің тілшісі Наоми Дэром мұндаи генетикалық манипуляциялар жануарларды қатты азаптауы мүмкін деген көзқарас туралы профессордың не оилаитынын білгісі келді. «Жақсартылған» сиырлардың емшегінің ауырлығы сонша – олар әрең жүреді, ал «жетілдірілген» тауықтар түрегеп тұра алмаитын жағдаида. Профессор Андерссонның жауабы аиқын екен: «Бәрі тұтынушыға және тұтынушының етке қанша төлеи алатындығына баиланысты … заманауи (жетілдірілген) тауықтар болмаса, әлемдегі етке сұраныстың қазіргі деңгеиіне жауап беру мүмкін емес екенін естен шығармауымыз керек … тұтынушы ең арзан етті алғысы келсе, оның дегені болады … Өзі үшін не маңызды? Баға ма, әлде тағы басқа нәрсе ме? Бұны тұтынушының өзі шешуі керек»3. Профессор Андерссонды ар азабы мазаламаиды, оның алаңсыз ұиықтауына болады. Тұтынушылар оның арзан өнімдерін алып жатыр. Демек, ет олардың қажетін өтеп, көңілдерінен шығуда, яғни оның ісі ізгілікті. Осы қисынға сәикес, егер әлдебір

халықаралық корпорация өзінің «Жамандық жасама» деген ұранына қаншалық саи екенін білгісі келсе, оған жыл соңындағы есепті қарау жеткілікті. Ол қыруар ақша тауып отыр ма? Онда миллиондаған адамға корпорацияның өнімдері ұнаиды, яғни ол жақсылық жолында жұмыс істеп жатыр деген сөз. Егер әлдекім қарсы шығып, бәлкім, жұрт дұрыс таңдамаи жүрген шығар десе, қашанда тұтынушынікі дұрыс, ал адам сезімдері мағына мен билік атаулының бастауы екенін дереу оның есіне салады. Миллиондаған адам өз еркімен осы компанияның тауарларын таңдаса, олардікі дұрыс емес деитіндеи сіз кімсіз? Гуманистік идеялар білім беру жүиелерінде де төңкеріс жасады. Орта ғасырларда бүкіл мағына мен биліктің бастауы жоғарыда тұрды. Сондықтан білім берудің мақсаты моиынсұнуға, киелі кітаптарды жаттап, көне дәстүрлерді зерттеуге үирету болды. Ұстаз бір сұрақты алға тартады. Шәкірттер бұған Аристотель, Сүлеимен патша немесе әулие Фома Аквинскии қалаи жауап бергенін есте сақтауға тиіс болатын. Керісінше, қазіргі заманғы гуманистік білім студенттерге өзінше оилауды үиретеді. Саясат, өнер және экономика туралы Аристотель, Сүлеимен және Фома Аквинскиидің не аитқанын білген, әрине, паидалы. Бірақ мағына мен биліктің бастауы өз ішімізде болғандықтан, жаңағы сұрақтар туралы сіздің не оилаитыныңыз әлдеқаида маңызды. Балабақша, мектеп немесе университет болсын, оқытушыдан нені үиретуге тырысасыз деп сұраңызшы. «Ең алдымен тарихты, кванттық физиканы немесе кескіндемені оқытамын, – дер еді ол, – бірақ бәрінен бұрын оларға өзінше оилауды үиретуге тырысамын». Бұл үнемі қолынан келе бермеуі мүмкін, бірақ гуманистік білім осыған ұмтылады. Мағына мен биліктің бастауы көктен төмен – адам сезімдеріне

түскен соң, бүкіл ғарыштың табиғаты өзгерді. Бұрын құдаилар, музалар, қансорғыштар мен перілер сеңдеи соғылысып жүретін сыртқы кеңістік енді босап қалды. Бұған деиін тұрпаиы құмарлықтың орны болып келген ішкі әлем енді шексіз терең әрі баи болып шықты. Періштелер мен жындар енді ормандар мен шөлеиттерді кезіп жүретін шын тіршілік иелерінен біздің ішкі психикамызды мекендеуші күштерге аиналды. Жұмақ пен тозақ та бұлттардың үстінде және жанартаулардың астында расымен де бар мекен еді, енді олар да ішкі жан күиіміз болып шықты. Жүректің ішінде ыза мен дұшпандық отын жаққан кездері сіз тозаққа түскендеи боласыз, ал жауларыңызды кешіріп, жаман істеріңізді моиындап, тәубеге келгенде және баилығыңызды кедеилермен бөліскенде жұмақтың рақатын сезінесіз. Құдаи өлді дегенде, Ницшенің аитпағы дәл осы болатын. Басқаны аитпағанда, Батыс қоғамында Құдаи біреу қабылдап, біреу терістеитін, бірақ бұдан ештеңе өзгермеитін абстрактілі идеяға аиналды. Орта ғасырларда құдаисыз ешқандаи саяси, моральдық және эстетикалық құзырет болмас еді. Онда мен ненің жақсы, ненің дұрыс немесе ненің сұлу екенін аита алмас едім. Кім бұлаи өмір сүргісі келеді? Бүгін, керісінше, Құдаиға сенбеу оңаи, өиткені одан менің қылым қисаимаиды. Мен нағыз атеист бола аламын. Ал саяси, моральдық және эстетикалық құндылықтардың қоспасын өзімнің ішкі жан-дүниемнің тәжірибесінен шығара беремін. Егер шынымен де Құдаиға сенсем, бұл менің таңдауым. Ішкі «менім» Құдаиға сен десе, мен сенемін. Сенемін, өиткені Құдаи бар екенін сеземін, жүрегім маған Ол осында деиді. Бірақ Құдаидың бар екенін сезінуді қоисам және жүрегім маған кенет Құдаи жоқ десе, мен сенбеитін боламын. Енді мен үшін ең бастысы

сезімдерім болады. Тіпті Құдаиға сенемін дегеннің өзінде, шыны сол, мен бәрібір ішкі даусыма басымдық беремін. Гуманизмнің бес беинесі 28. Гуманистік саясат: сайлаушы өзі біледі. 29. Гуманистік экономика: қашанда тұтынушынікі дұрыс. 30. Гуманистік эстетика: сұлулық – сұқтанғанның жанарында


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook