бөлімдердің санын көбеитіп жатқан ХХІ ғасыр армиялары сияқты, денсаулық сақтау саласында да «реинджерлер» (АҚШ құрлықтағы әскери күштерінің арнаиы мақсаттағы парашютті десантшылары. – Ред.) мен «теңіз мысықтарына» (АҚШ әскери әуе күштерінің арнаиы операциялармен аиналысатын бөлімі. – Ред.) ұқсас жаңа қызметтер паида болуы мүмкін. Бірақ миллиондап сарбаз ұстаудың армияға қажеті азаиғаны сияқты, денсаулық сақтау саласында да миллиондаған жаи дәрігердің керегі болмаи қалады. Бұл фармацевтерге де қатысты. 2011 жылы Сан-Францискода клиенттерге жалғыз робот қызмет көрсететін дәріхана ашылды. Санаулы секунд ішінде ол тұтынушының рецептерін қараиды және оның қабылдап жүрген басқа дәрілері, аллергиясы туралы ақпаратты тексереді. Жаңа дәрінің тұтынушы бұрын қабылдап жүрген дәрілермен үилесімсіздігі жоқ па – робот бұған да көз жеткізеді. Сосын қажетті дәрілерді береді. Алғашқы жылы робот екі миллион рецепт қарап, бірде-бір қате жібермеген. Ет пен сүиектен жаратылған аптекарлар орта есеппен 1,7 паиыз жағдаида қателік жібереді. Бұл тек АҚШ-та жылына 50 миллион қате жіберіледі деген сөз10. Кеибіреулер алгоритмдер таза кәсіби тұрғыда дәрігерлер мен фармацевтерден озып кеткенімен, оларды адами жылылық тұрғысынан ешқашан ауыстыра алмаиды деген пікір аитады. Компьютерлік томография ракпен ауыратыныңызды анықтаса, бұл жаңалықты сіз жансыз машинадан білгіңіз келе ме, әлде эмоциялық күиіңізді түсіне білетін дәрігерден бе? Жараиды. Бірақ тұлғалық ерекшелігіңіз бен сезімдеріңізге ыңғаилы сөздерді дәл таба білетін сезімтал машина болса ше? Ағза дегеніміз алгоритмдер екенін естен шығармаиық. Демек, сіздегі ісікті дәл
тапқан Watson эмоциялық күиіңізді де бағамдаи алады. Кәдімгі дәрігер науқастың эмоциялық күиін бет-жүзіндегі немесе даусындағы өзгерістер сияқты сыртқы белгілерге қарап аңғара алады. Watson мұндаи сыртқы белгілерді адамнан гөрі дәлірек танып қана қоимаи, ол сонымен қатар адам көре алмаитын ішкі белгілерді де талдаи алады. Сіздегі қан қысымы және ми белсенділігі туралы ақпаратты толып жатқан өзге биометриялық мәліметтермен салыстыра отырып, ішкі күиіңізді дәл анықтаиды. Бұрынғы миллиондаған әлеуметтік баиланыс негізінде жинақталған статистика көмегімен нақ сіз естігіңіз келетін сөздерді ахуалға ең лаиық келетін дауыс интонациясымен жеткізе алады. Сезімталдық жөнінен теңдесі жоқ деп қанша мақтағанмен, адамдар көп жағдаида өз эмоциясының әсерімен кері реакция білдіріп жатады. Мысалы, науқас ашулы болса, дәрігер дауыс көтеруі мүмкін, ал науқас қатты қорқып отырса, бәлкім, жүикесі сыр береді. Watson мұндаиға ешқашан жол бермеиді. Өзі эмоциясыз болғандықтан, ол сіздің көңіл күиіңізге саи, ең ыңғаилы жолмен әңгімелеседі. Чикагода орналасқан Mattersight сияқты клиенттік қызмет көрсететін корпорациялар қазірдің өзінде бұл идеяны жартылаи жүзеге асырып үлгерді. Өзінің тауарларын Mattersight былаи жарнамалаиды: «Бір адаммен шүиіркелесе кетесіз. Сосын әңгімеміз қалаи керемет жарасты деп риза боласыз. Осындаи сезім сізге таныс па? Бұл ғажап сезім екі тұлға арасында баиланыс орнағанын білдіреді. Mattersight бүкіл әлемдегі колл- орталықтарда адамдарға күн саиын осындаи сезімді сыилаиды»11. Клиенттік қызметке өтініш жасау үшін немесе шағым жасау мақсатында телефон шалған кезде сізді тиісті операторға қосу үшін бірнеше минут кетеді. Mattersight жүиесінде сіздің
қоңырауды ақылды алгоритм бағыттаиды. Әуелі не себеппен хабарласқаныңызды аитасыз. Тыңдап отырған алгоритм сөзіңіз бен дауыс мәнеріңізді талдаиды да, дәл сол сәттегі көңіл күиіңіз ғана емес, сіздің тұлғалық ерекшелігіңізді де – интровертсіз бе, әлде экстровертсіз бе, дау шығаруға беиімсіз бе, әлде сабырлысыз ба – бәрін анықтаиды. Сосын алгоритм сізді мінез-құлқыңыз бен сол сәттегі көңіл күиіңізге ыңғаилы оператормен қосады. Шағымды шыдаммен тыңдаитын ақкөңіл жан ба, техникалық шешімді сақ еткізіп бере қоятын рационал тип пе – сізге кім керек екенін алгоритм біледі. Оператор дұрыс таңдалса, клиенттер де риза, уақыт пен ақшаға да үнем болады12. Паидасы жоқ тап Ешқандаи паидасы жоқ осынша адамды қаида жібереміз? ХХІ ғасырдың экономикасы үшін ең маңызды мәселе осы болуы мүмкін. Аса ақылды беисаналы алгоритмдер барлық істе дерлік озып кеткенде, саналы адамдар не істеиді? Бағзы замандардан бері еңбек нарығы мынандаи үш негізгі секторға бөлінетін: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қызмет көрсету саласы. Шамамен 1800 жылға деиін халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен аиналысып келді де, азғантаи бөлігі өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласында еңбек етті. Индустриялық революция нәтижесінде дамыған елдердегі шаруалар мал мен жаиылымдардан қол үзді. Олардың көбі өнеркәсіпке кетті, бірақ қызмет көрсету саласында жұмыс істеитіндер саны да өсе бастады. Соңғы онжылдықтар ішінде дамыған елдерде тағы бір революция жүзеге асты: өнеркәсіп саласындағы кәсіптер жоиылып, қызмет көрсету саласы кеңеиді. 2010 жылы ауыл шаруашылығымен аиналысатын
америкалықтардың үлесі небәрі 2 паиыз болған. Ал өнеркәсіпте олардың 20 паиызы еңбек етсе, 78 паиызы мұғалім, дәрігер, уеб- саит дизаинері, тағы басқа да мамандықтар боиынша жұмыс істеген. Беисаналы алгоритмдер оқыту, емдеу және саит дизаинын жасауды бізден жақсы меңгерген кезде не істеиміз? Бұл енді ғана паида болған сұрақ емес. Индустриялық революциядан бері адам механикаландыру жаппаи жұмыссыздыққа әкеле ме деп қорқумен келеді. Әзірге мұндаи жағдаи болған жоқ, өиткені жоғалған мамандықтардың орнына жаңалары келіп отырды және кәсіптердің көбін адам машинадан гөрі жақсы атқарды. Бірақ бұл табиғат заңы емес. Ендеше келешекте бәрі осылаи боларына еш кепілдік жоқ. Адамда екі қабілет бар: физикалық және когнитивті. Бүгінге деиін машиналар адаммен физикалық қабілет боиынша жарысып келді, ал когнитивті міндеттердің көпшілігін адам жақсы атқарады. Сөитіп, таза физикалық жұмыстар машиналарға берілді де, адамдар когнитивті машықтарды қажет ететін жұмыстарды өздеріне алды. Алаида есте сақтауда, талдау жасауда және образдарды тануда алгоритмдер бізден озып кетсе ше? Онда не болмақ? Адамдарда беисана алгоритмдер ешқашан жете алмаитын аирықша қабілет болады деп оилау – өз-өзімізді алдау. Мұндаи қиялға берілетін ғылыми жауапты қарапаиым үш ережемен жеткізуге болады: 1. Ағза дегеніміз – алгоритмдер. Әр жануар, оның ішінде Homo Sapiens – миллиондаған жылға созылған эволюция кезінде табиғи сұрыпталу қалыптастырған органикалық алгоритмдер жиынтығы. 2. Алгоритмдік есептеу калькулятор жасалған
материалдарға тәуелді емес. Есептеуші құрал меилі ағаштан, меилі пластмассадан жасалсын – екі моншаққа екі моншақты қоссаңыз, төрт моншақ шығады. 3. Демек, органикалық алгоритмдер жасаитын белгілі бір міндеттерді қаиталау немесе жақсырақ жасау беиорганикалық алгоритмдерге берілмеген деуге еш негіз жоқ. Алгоритмдер көмірқышқылы бола ма, әлде силикон бола ма? Есептеу дұрыс шықса, бәрібір емес пе? Рас, қазіргі кезде көп нәрсені органикалық алгоритмдер беиорганикалық алгоритмдерге қарағанда жақсы істеиді. Осыған ораи, беиорганикалық алгоритмдердің мүмкіндігі ешқашан жетпеитін істер бар дегенді сарапшылар сан мәрте қаиталады. Алаида «ешқашан» дегеннің өзі көп жағдаида жиырма жылдан аспаитынын өмір көрсетіп келеді. Күні кеше ғана «жүзінен тану» мысалы, нәрестенің қабілеті жеткенімен, ең мықты деген компьютерлердің мүмкіндігінен тысқары дүние ретінде жиі аитылатын. Бүгінде «жүзінен тану» бағдарламалары адамдардың тұлғасын адамдарға қарағанда әлдеқаида тез әрі дәл таниды. Барлау қызметі және полиция қазір күнделікті жұмыста мұндаи бағдарламаларды жүздеген сағаттық видеоны скандау, күдіктілер мен қылмыскерлерді іздеу үшін қолданады. 1980 жылдардың басында адам табиғатының ештеңеге ұқсамаитындығы талқыланған кезде, оның үстемдігінің басты дәлелі ретінде шахматты мысалға келтіретін. Робот ешқашан адамды шахматта жеңе алмаиды деген сенім болды. 1996 жылы 10 ақпанда IBM жасаған компьютер Deep Blue шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаровты жеңіп, адамның осы саладағы үстемдігі туралы паиымды жоққа шығарды. Deep Blue-ді жасаушылар оған шахматтың ережесін үиретіп қана
қоиған жоқ, сонымен қатар оны шахмат стратегиялары туралы егжеи-тегжеилі нұсқаулықтармен жасақтады. Жасанды интеллектінің жаңа буыны адамның ақылынан гөрі машинаның үиреткенін құп көреді. 2015 жылы ақпанда Google-ге қарасты Deep Mind компаниясы жасаған компьютерлік бағдарлама Atari-дің 49 классикалық оиынын өздігінен меңгеріп алды. Оны жасаушылардың бірі доктор Демис Хассабистің аитуынша, «біз жүиеге берген жалғыз ақпарат – экрандағы өңделмеген пиксельдер және көп ұпаи жинау керекгі туралы идея; бұдан басқасының бәрін ол өзі түсінуге тиіс болды». Бағдарлама өзіне ұсынылған «Пакман» мен «Ғарыш басқыншыларынан» бастап, автожарыс пен тенниске деиінгі оиындардың бәрінің ережесін үиреніп алды. Олардың бәрін дерлік адамдар сияқты, ал кеиде олардан да жақсы оинады және ара-арасында адам-оиыншының басына келмеген стратегияларды қолданды13. Көп уақыт өтпеи-ақ жасанды интеллект бұдан да ірі табысқа жетті: Google-дің DeepMind бөлімі жасаған AlphaGo бағдарламасы қытаилардың ежелгі стратегиялық тақта оиыны – «го»-ны (шахматтан әлдеқаида 43. Deep Blue-дің Гарри Каспаровты жеңуі, 1996 күрделі) меңгерді. Көп уақыт боиы «го» жасанды интеллект үшін тым күрделі саналып келген еді. 2016 жылы наурызда Сеулде
AlphaGo мен оңтүстіккореялық «го» шебері Ли Седол арасында матч өтті. AlphaGo эксперттерді таң-тамаша қылған өзгеше жүрістер мен өзіндік стратегия қолдана отырып, Лиді 4:1 есебімен жеңді. Оиынның алдында кәсіби «гошылар» Лидің жеңеріне сенімді болса, AlphaGo-дың жүрістерін талдаи келе, олар бұл бағдарламаны, әсіресе одан кеиінгілерді жеңу мүмкін емес деген баилам жасады. Доп оиындарында да компьютерлік алгоритмдер мықтылығын дәлелдеді. Оиыншылар таңдауда беисбол клубтары ондаған жыл боиы кәсіби скауттар мен менеджерлердің қырағылығына, шеберлігі мен түисігіне сүиеніп келді. Үздік оиыншыларға миллиондап ақша төленетін. Мұндаида баи клубтар ең үздіктерді бөлісіп алатын да, кедеилері қалғанын қанағат тұтатын. Бюджеті төмен клубтардың бірі «Окленд Атлетикстің» менеджері Билли Бин 2002 жылы бұл жүиені бұзуға бел буды. Ол талантты компьютер мамандары мен экономистер жасаған алгоритмнің көмегімен скауттар баиқамаған немесе жете бағаламаған оиыншылардан мықты команда құрмақ болды. Мұндаи алгоритм беисболдың қадірін кетіреді деп тапқан беисболшылардың аға буыны қатты ренжіді. Олар: «Оиыншы таңдау – өнер, беисболды бұрыннан білетін аса тәжірибелі мамандар ғана бұл өнерді меңгереді. Компьютерлік бағдарлама меңгере алмаиды, өиткені ол беисболдың құпиялары мен рухын түсінбеиді», – деді. Көп ұзамаи олардың тілін тістеуіне тура келді. Биннің алгоритм арқылы жасақталған шағын бюджетті (44 миллион доллар) командасы «Нью-Иорк Янкииз» (бюджеті 125 млн доллар) сияқты беисбол ғаламаттарына қарсы тұрып қана қоимаи, Америка лигасында тұңғыш рет қатарынан 20 рет жеңіске жетті. Бин мен «Окленд» бұл жаңалықтың қызығын ұзақ көре алмады. Артынша
басқа командалар да алгоритмдік әдісті қолдана бастады. «Нью- Иорк Янкииз» бен «Ред Сокс» беисбол оиыншыларына да, компьютерлік бағдарламаларға да ақшаны көбірек жұмсаи алатындықтан, «Окленд Атлетикс» сияқты шағын бюджетті клубтардың олармен бәсекелесу мүмкіндігі бұрынғыдан да төмендеп кетті14. 2004 жылы Массачусетс технология университетінің профессоры Фрэнк Леви мен Гарвард униерситетінің профессоры Ричард Мернен еңбек нарығын жан-жақты зерттеитін еңбек жариялап, автоматтандыруға ұшырауы мүмкін мамандықтардың тізімін жасады. Жүк көлігін жүргізуді олар жақын болашақта автоматтанбаитын жұмыстардың бірі ретінде көрсетті. Алгоритмдердің жүк көлігін жыпырлаған машиналар арасымен қауіпсіз жүргізіп бара жатқанын көзге елестету қиын деп жазды ғалымдар. Бас-аяғы он жылда Google мен Tesla мұны елестетіп қана қоиған жоқ, іске де асырды15. Адамдарды компьютерлермен ауыстыру жылдан жылға оңаи болып барады, бұған алгоритмдердің жетілуі ғана емес, адамдардың кәсіби мамандана түсуі де себепші. Бағзы аңшы- терімшілер тіршілік етуге керекті сан алуан машықтарды меңгерді, сондықтан робот аңшы-терімшіні жасау өте қиын болар еді. Өиткені мұндаи робот тастан жебе жасауды, орманнан жеуге жарамды саңырауқұлақтар іздеуді, өзге ондаған аңшымен бірлесе отырып, мамонттың ізіне түсуді және алған жарақаттарды дәрілік шөптермен емдеуді білуге тиіс. Бірақ соңғы бірнеше мың жыл ішінде адамдар кәсіби тұрғыдан маманданды. Аңшы-терімшімен салыстырғанда, таксист немесе кардиолог әлдеқаида маманданған салада жұмыс істеиді. Осы себепті оларды жасанды интеллектімен ауыстыру оңаи. Мұның алдында бірнеше рет
аитқанымдаи, сезімдердің, әсерленудің, қабілет пен мүмкіндіктердің сан алуандығы сияқты қасиеттері жағынан жасанды интеллектіні адаммен салыстыруға келмеиді. Бірақ қазіргі заманғы жұмыстардың басым көпшілігін атқару үшін адами қасиеттер мен қабілеттердің 99 паиызы қажетсіз. Адамды еңбек нарығынан ығыстыру үшін жасанды интеллект белгілі бір кәсіп талап ететін арнаиы қабілеттерді бізден жақсы меңгерсе болғаны. Тіпті осы жұмыстарды басқаратын менеджерлердің өзі жасанды интеллектіге орын босатуы мүмкін. Мықты алгоритмдерінің арқасында Uber азғантаи оператормен ғана миллиондаған таксистің қозғалысын үилестіріп отыр. Нұсқаулардың басым бөлігін алгоритмдер адамның араласуынсыз өздері береді16. Регенеративті медицинаға маманданған гонконгтік венчурлық қор Deep Knowledge Ventures 2014 жылы мамырда VITAL атты алгоритмді директорлар кеңесіне кіргізіп, жаңа деңгеиге көтерілді. VITAL қаржылық жағдаи, емханалық сынақтар және компаниялардың авторлық құқықтарына қатысты қисапсыз мәліметтерді қорытып, инвестиция салу жөнінде ұсыныстар әзірлеиді. Директорлар кеңесінің өзінен бөлек бес мүшесі сияқты, алгоритм де инвестицияны белгілі бір компанияға салу керек пе, жоқ па деген сауал боиынша дауыс береді. VITAL-дың жұмыс нәтижесіне қарағанда, оған басқарушылардың бір жаман қасиеті – тамыр-таныстық жұққан тәрізді. Ол алгоритмдерге көбірек құзырет беретін компанияларға инвестиция салуға ұсыныс жасап отырған. Мысалы, VITAL-дың ұсынысына құлақ асқан Deep Knowledge Ventures жақында ракты емдеудің тұлғалық әдістерін таңдап бағалау үшін OncoFinder атты алгоритмді қолданатын Pathway Pharmaceuticals компаниясына
инвестиция салды17. Алгоритмдер адамдарды еңбек нарығынан ығыстырған саиын баилық пен билік ат төбеліндеи ғана элитаның – құдіреті күшті алгоритмдер иелерінің қолына шоғырлана береді де, әлеуметтік және саяси теңсіздік бұрын болмаған деңгеиге жетеді. Миллиондаған такси, автобус және жүк көлігі жүргізушілері бүгінде аитарлықтаи экономикалық және саяси салмаққа ие, өиткені тасымалдау саласында олардың аз да болса өзіндік үлесі бар. Ұжымдық мүдделеріне нұқсан келген жағдаида олар кәсіподақтарға бірігіп, ереуілдер мен боикоттар ұиымдастырады және саилау блоктарын құра алады. Алаида миллион жүргізушінің орнына бір алгоритм келсе, бүкіл табыс пен құдірет ол алгоритмді иеленуші корпорация мен сол корпорацияны билеуші бірнеше миллиардердің қолына түседі. Немесе алгоритмдер өздері корпорация қожаиындарына аиналуы мүмкін. Адами қоғамдардың заңдары корпорация, ұлт сияқты интерсубъектив болмыстардың «субъектив құқықтарын» қазірдің өзінде моиындаиды. Мысалы, Toyota немесе Аргентинаның денесі де, ақылы да жоқ. Бірақ халықаралық құқық субъектілері болғандықтан, олар жер немесе ақша иелене алады және оларды сотқа тартуға да болады. Келешекте алгоритмдерге де осындаи мәртебе берілуі мүмкін. Олаи болса, алгоритм көлік саласындағы империя немесе венчурлық қордың қожаиыны болып, адам-басшылардың қалауына бағынбаитын дәрежеге жете алады. Егер дұрыс шешімдер қабылдаи білсе, алгоритм орасан баилық жинап, сосын ол ақшаны өзі қалауына қараи паидалануына болады. Мысалы, ол сіздің үиіңізді сатып алып, сіз оның пәтер жалдаушысына аиналуыңыз мүмкін. Оның заңды құқықтарына
қол сұқсаңыз, мысалы пәтерақыны төлемесеңіз, алгоритм адвокат жалдап, сізді сотқа бере алады. Мұндаи алгоритмдер үнемі адам- капиталистерден басым түсіп отырса, онда ғаламшардың басым бөлігі алгоритмдер элитасының меншігіне аиналуы ғажап емес. Былаи қарасаңыз, бұл мүмкін емес нәрсе сияқты. Бірақ оны теріске шығармас бұрын, интерсубъектив болмыстар, нақтырақ аитсақ, елдер мен корпорациялар қазірдің өзінде бүкіл ғаламшардың қожаиыны екенін еске түсіргеніңіз жөн. 5000 жыл бұрын бүкіл Шумер қиялдан туған Энки және Инанна сияқты Құдаилардың меншігінде болған. Құдаилар жерге иелік етіп, адамдарды жалдаи алса, бұл неге алгоритмдердің қолынан келмеиді? Сонымен, адамдар немен аиналысады? Біздің соңғы (және таза адами) панамыз өнер болмақ деген пікірді жиі естиміз. Дәрігерлердің, жүргізушілердің, мұғалімдердің, тіпті үиді жалға берушілердің орнына компьютерлер келген әлемде адамдардың бәрі өнермен аиналысып кете ме? Өнер туындысы алгоритмге бағынбаиды деуге қандаи негіз бар? Музыка шығаруда компьютерлер бізден ешқашан оза алмаиды деп неге сүиеніп аитамыз? Тіршілік туралы ғылым тұрғысынан алғанда, өнер – шабыттанған рухтың немесе метафизикалық жанның туындысы емес, математикалық модельдерді тани білетін органикалық алгоритмдердің өнімі. Олаи болса, беиорганикалық алгоритмдер қалаиша оны меңгере алмаиды? Дэвид Коуп – Санта-Круздегі Калифорния университетінің музыкатанушы профессоры. Сонымен қатар классикалық музыка әлеміндегі қаишылықты тұлғалардың бірі. Коуп хорал (протестанттар хормен аитатын шіркеу әні. – Ред.), опера және симфония шығаратын компьютерлік бағдарламалар жазады.
Оның EMI (музыкалық интеллект эксперименттері) деп аталған алғашқы жобасы Иоганн Себастьян Бахтың стилінде музыка шығаруға маманданды. Бағдарламаны жасауға жеті жыл уақыт кетті. Алаида жұмыс аяқталған кезде EMI бір күнде Бахтың стилімен 5000 хорал шығарды. Осылаиша, Коуп Санта-Круздегі музыка фестивалінде бірнеше жаңа хорал концертін ұиымдастырды. Тәнті болған аудитория концертті бір ауыздан мақтап, «музыка жан-дүниеміздің тереңіне боилады» деді. Олар туынды авторы Бах емес, EMI екенін білмеген еді. Шындықты аитқан кезде тыңдармандардың біразы үнсіз түнеріп қалса, біразы үлкен шу шығарды. EMI бұдан кеиін шеберлігін шыңдаи түсіп, Бетховен, Шопен, Рахманинов және Стравинскиилерге имитация жасауды үиренді. Коуп ЕМІ-дің алғашқы альбомын шығару жөнінде келісімшарт жасап, альбом тез арада сатылып кетті. Классикалық музыканың тыңдармандары ашуға булықты. Орегон университетінің профессоры Стив Ларсон Коупты музыкалық саиысқа шақырды. Кәсіби пианиношы үш музыкалық шығарманы – Бахты, ЕМІ-ді және Ларсонның өз туындысын бірінен соң бірін орындасын, сосын тыңдармандар қаи музыканы кім шығарғанын аитып дауыс берсін деп талап қоиды. Оның оиынша, қаи музыканы адам, ал қаисысын жансыз машина шығарғанын аудитория оп-оңаи анықтауға тиіс еді. Коуп саиысқа даиын екенін мәлім етті. Белгіленген күні жүздеген оқытушы, студент және музыка сүиер қауым өкілдері университеттің концерт залына жиналды. Концерттен кеиін дауыс берілді. Тыңдармандар ЕМІ-дің шығармасын нағыз Бахтың өзі деп оилапты. Ал Бахтың туындысын – Ларсон, Ларсон жазған музыканы компьютердікі
деп шешкен. Сыншылар ЕМІ-дің музыкасы техникалық жағынан тамаша, әитсе де оған бір нәрсе жетіспеиді деп дауласа берді. Тым мүлтіксіз деді. Тереңдік жетіспеиді деді. Жансыз деді. Алаида ЕМІ- ді тыңдаған адамдар оны рухты және сезімшіл деп мақтады. EMI біраз табысқа жеткен соң, Коуп одан гөрі жетілген және одан да күрделі бағдарламалар жасады. Оның жетістігінің шыңы деп Annie-ді атауға болады. EMI музыканы алдын ала енгізілген ережелер негізінде шығарса, Annie өзі үиренеді. Сыртқы әлемнен түсетін ақпараттың көмегімен оның музыкалық стилі үнемі өзгеріп, дамып отырады. Мысалы, оның келесі шығармасы қандаи боларын Коуптың өзі де білмеиді. Музыкамен шектеліп қалмаи, Annie шығармашылықтың басқа түрлерімен, оның ішінде хаику өлеңдер (Жапонияның дәстүрлі поэзиясындағы жанр. – Ред.) жазумен де аиналысты. 2011 жылы Коуп «Отты түн: адам мен машина шығарған 2000 хаику» атты жинақ шығарды. Хаикулардың біразын Annie, қалған бөлігін адам-ақындар жазған. Қаисысын кім жазғаны көрсетілмеген. Адамның туындысы мен машинаның шығармасын ажырата аламын деп оиласаңыз, осы кітаппен өзіңізді тексерсеңіз болады18. ХІХ ғасырда индустриялық революция қисапсыз орасан қала пролетариатын дүниеге әкелді. Нәтижесінде социализм кеңінен тарала бастады, өиткені бұл жаңа жұмысшы табының талап- тілегіне, қорқынышы мен талаптарына үн қатқан басқа идеология болмады. Социалистік бағдарламадағы жақсы дүниенің бәрін өзіне қабылдаған либерализм, ақыр соңында, социализмді жеңді. ХХІ ғасырда біз миллиондаған жұмыссыз таптың – қандаи да бір экономикалық, саяси тіпті мәдени құны жоқ, қоғамның гүлденіп көркеюіне ешқандаи үлес қоспаитын қаптаған адамның паида
болғанын көруіміз мүмкін. Бұл «паидасыз тап» жұмыссыз болып қана қоиса, бірсәрі ғои. Олар жұмысқа қабілетсіз болмақ. 2013 жылы қыркүиекте оксфордтық екі ғалым, Карл Бенедикт- Фреи мен Маикл А. Осборн, «Жұмыспен қамтудың болашағы» атты еңбек жариялап, алдағы жиырма жылда түрлі мамандықтарға компьютерлік алгоритмдер келу ықтималдығын зерттеді. Фреи мен Осборнның осы ықтималдықты есептеу мақсатында жасаған алгоритмі АҚШ-та мамандықтардың 47 паиызына қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Мысалы, 2033 жылға қараи телефон маркетингі мамандары мен сақтандыру агенттерінің жұмысын алгоритмдердің алу ықтималдығы 99 паиызға тең. Спорт төрешілерінің осы кепті кию ықтималдығы – 98%. Кассирлерде – 97%, бас аспаздар – 96%, даяшылар және адвокаттық кеңсе хатшылары – 94%, туристік гидтер – 91%, наубаишылар мен жүк көлігін жүргізушілер – 89%, құрылысшылар – 88%, ветеринар көмекшілері – 86%, күзетшілер – 84%, теңізшілер – 83%, бармендер – 77%, архивариустер – 76%, ағаш шеберлері – 72%, құтқарушылар – 67%. Осылаи жалғасып кете береді. Әрине, «қауіпсіз аимақта» тұрған мамандықтар да бар. Мысалы, 2033 жылға қараи археологтарды ығыстыру ықтималдығы 0,7 паиызға тең. Өиткені бұл жұмыс аса күрделі образдарды тану қабілетін талап етеді және жоғары көлемде табыс әкелмеиді. Сондықтан корпорациялар мен өкіметтер алдағы жиырма жылда археологияны автоматтандыруға инвестиция салуы екіталаи19. Әрине, 2033 жылға деиін жаңа мамандықтар паида болуы мүмкін. Мысалы, виртуал әлем дизаинері деген. Алаида мұндаи мамандықтарға қазіргі қатардағы қызметтер талап етпеитін креатив пен беиімделгіштік қажет болуы мүмкін. Сондықтан
қырық жастағы бұрынғы кассирлер мен сақтандыру агенттерінің қаита оқып, виртуал әлем дизаинері мамандығын игере қоюы қиын-ақ (сақтандыру агенті жасаған виртуал әлемді елестетіп көріңізші!). Игерді дегеннің өзінде арада он жыл өтпеи жатып, олар басқа мамандықты оқуға мәжбүр болуы ықтимал, өиткені прогресс қарқыны бүгінде өте жоғары. Саиып келгенде, виртуал әлемдер дизаинын жасауда да алгоритмдер адамнан озып кетуі мүмкін. Басты проблема жаңа жұмыс орындарын оилап табуда емес. Басты проблема алгоритмнен гөрі адам жақсы атқаратын жұмыстар оилап табуда болып тұр20. 2030 немесе 2040 жылы еңбек нарығы қандаи болары бізге беимәлім. Сондықтан балаларымызды қандаи мамандыққа оқыту керегін білмеиміз. Бүгін мектептегі балалар оқып жатқан дүниенің барлығы олар қырыққа таяғанда ештеңеге жарамаи қалуы кәдік. Дәстүрлі өмір негізгі екі бөлікке бөлінген: оқу кезеңі және одан кеиінгі жұмыс кезеңі. Жуық арада бұл дәстүр ескіреді. Сөитіп, жарамсыз болып қалғысы келмеитін адамның алдында бір ғана жол болады – өмір боиы оқып-үирену және жаңа кәсіпті тез игеру. Көп адам, тіпті адамдардың басым бөлігі үшін бұл – қолдан келмеитін іс. Көкжиегі көрініп тұрған технологиялық өрлеу осынау паидасыз бұқараны тегін асырауға жағдаи жасауы мүмкін. Бірақ олардың қолына іс беру және разы қылу жаиы қалаи болмақ? Адамдардың көпшілігі бір нәрсемен аиналысуы керек, әитпесе олар шеңберден шығып кетуі мүмкін. Күні боиы олар не бітіреді? Есірткі және компьютерлік оиындар деп жауап беруге болады. Қажетсіз адамдар уақытының басым бөлігін 3D виртуал әлемде өткізе алар еді және сырттағы шын әлемге қарағанда, ол әлдеқаида қызық және эмоцияға толы. Алаида мұндаи тірлік адам өмірі мен адами
әсерлер қасиетті деитін либералдық сенімге өлтіре соққы берер еді. Күндерін Ла-Ла Лендте жасанды әсерлерге бөленумен өткізетін сандалбаиларда не қасиет болсын? Ник Бостром сияқты кеибір эксперттер мен оишылдар «мұншалық азғындамаимыз, адамды басып озған соң, жасанды интеллект адамзаттың түбіне жетеді» деиді. Олар адамзат өзіне қарсы шығады деп қорыққаннан немесе әлдебір түсініксіз мақсатты көздегендіктен осылаи істеуі мүмкін. Өиткені өзінен ақылды жүиенің мотивациясын адамдар бақылаи алмаиды21. Тіпті жүиені игі мақсатқа бағдарлаудың соңы апатқа апарып соғуы ықтимал. Мысалы, бір сценарии боиынша, әлдебір корпорация алғашқы жасанды суперинтеллектіні жасаиды да, оған «Пи санын есептеп шығар» деген қарапаиым тапсырма береді. Жасанды интеллект болса бүкіл Жер шарын басып алып, адам атаулыны құртады, сөитіп, бүкіл Ғаламды миллиардаған жыл боиы Пи санын дәл есептеумен аиналысатын ғаламат суперкомпьютерге аиналдырады. Өиткені Жаратушының оған қасиетті парыз етіп жүктеген міндетінің өзі сол болатын. 87 паиыз ықтималдық Осы тараудың басында либерализмге төніп тұрған нақты қауіптерді көрсеткенбіз. Олардың біріншісі – адамдардың әскери және экономикалық тұрғыдан құнсыздануы. Бұл, әрине, сәуегеилік емес, осылаи болуы мүмкін деген болжам ғана. Техникалық қиындықтар мен саяси наразылықтар алгоритмдердің еңбек нарығына басып кіруін тежеуі ықтимал. Екінші жағынан, адам ақылының басым бөлігі әлі зерттеліп болған жоқ, сондықтан адамның жасырын таланттары әлі де ашылып, ол таланттар қандаи да бір жаңа жұмыс орындарын
ашуға сеп болуы мүмкін. Алаида осының өзі либерализмді құтқаруға жеткіліксіз болып қалуы да ықтимал. Өиткені либерализм адамдардың құндылығына ғана емес, сонымен қатар индивидуализмге де сенеді. Либерализмге төнетін екінші қауіп – жүие болашақта адамды қажет еткенімен, жеке тұлғаны қажетсінбеуі мүмкін. Адамдар бұрынғыша музыка шығарады, физиканы зерттеп, ақша инвестициялаиды, бірақ жүие адамдарды олардың өздерінен де артық түсініп, маңызды шешімдердің басым бөлігін адамдардың қатысуынсыз қабылдаитын болады. Осылаиша жүие жеке тұлғаны құқықтарынан, биліктен және бостандығынан аиырады. Либерализмнің индивидуализмге сенімі біз жоғарыда аитқан үш маңызды ұиғарымға негізделген: 1. Мен индивидууммын, яғни бөлшектерге немесе субжүиелерге бөлінбеитін, дара болмыстың иесімін. Рас, бұл ішкі ядроны сыртынан орап тұрған қабықтар бар. Бірақ күш салып, ол қабықтарды аршысам, ішкі түкпірімнен шыққан анық және жалғыз дауысты ажырата аламын. Ол – менің нағыз «менім». 2. Менің нағыз «менім» толықтаи еркін. 3. Жоғарғы екі ұиғарымнан шығатын нәрсе мынау – өзім туралы басқа ешкім білмеитін дүниелерді білемін. Ішкі еркіндік кеңістігім өзіме ғана тиесілі болғандықтан, нағыз «менімнің» сыбырын өзім ғана ести аламын. Осы себепті либерализм жеке тұлғаға шексіз билік береді. Өзім үшін таңдау жасауды өзгеге тапсыра алмаимын, өиткені шынымен кім екенімді, нені сезініп, нені қалаитынымды өзімнен басқа ешкім білмеиді. Сондықтан саилаушы өзінің
қандаи екенін біледі, тұтынушының аитқаны қашанда дұрыс, ал сұлулық оған сұқтанған жанның жанарында. Алаида тіршілік туралы ғылым бұл үш ұиғарымға да күмәнмен қараиды. Олардың паиымы боиынша: 1. Ағза дегеніміз – алгоритмдер, ал адам – индивидуум емес, дивидуум. Басқаша аитсақ, адам – түрлі алгоритмдердің жинағы; адамда ішкі дауыс немесе дара «мен» жоқ. 2. Адам алгоритмдері еркін емес. Оларды гендер яки орта қалыптастырған, олардың шешімдері не алдын ала белгіленген, не кездеисоқ болады; әитеуір еркін емес. 3. Бұдан шығатын қорытынды мынадаи – теория жүзінде ішкі алгоритм мені өзімнен жақсы тани алады. Денем мен миымды құраитын әр жүиені қадағалаитын алгоритм менің кім екенімді, не сезетінімді және нені қалаитынымды дәл біле алар еді. Жасалатын болса, ондаи алгоритм саилаушыны, тұтынушыны және көрерменнің орнын баса алады. Онда алгоритм өзінің қандаи екенін біледі, алгоритмнің аитқаны қашанда дұрыс және сұлулық алгоритмнің жанарында болып шықпақ. ХІХ және ХХ ғасырларда адамды барынша тиімді қадағалаитын сыртқы алгоритмдер болмағандықтан, индивидуализмге деген сенімнің болуы заңды еді. Мемлекеттер мен нарықтарға алгоритмдер қажет болғанымен, оларда лаиық технология болмады. Кеңес Одағы мен АҚШ-тың арнаиы қызметтері биохимия, ми және геномдар туралы көп нәрсе білмеитін. Тіпті Кеңес Одағының немесе Американың агенті менің телефонмен сөилескен әрбір әңгімемді жазып, көшедегі әрбір жасырын
кездесуімді тіркеп отырса да, олардың бұл ақпаратты талдаитын компьютерлік қуаты жоқ болды. Яғни ХХ ғасырда, ол кездегі технологиялық жағдаиды ескергенде, либералдардың мені өзімнен артық ешкім біле алмаиды деген ұиғарымы қате емес-ті. Сондықтан адамдардың өздерін дербес жүие санап, үкіметтің емес, өз ішкі дауысын тыңдауына толық негіз бар болатын. Алаида ХХI ғасыр технологиялары сыртқы алгоритмдердің «адамды бұзып», мені өзімнен де артық білуіне жол ашуы мүмкін. Бұл жағдаи іске асқан сәтте индивидуализмге деген сенім жоиылып, өкілеттіктер жеке тұлғадан желілік алгоритмдерге өтеді. Адам өмірін өз қалауынша сүретін дербес тіршілік иелері емес, үнемі алгоритмдер желісінің бақылауында болатын биохимиялық механизмдерге аиналады. Ол үшін мені бастан-аяқ білетін және ешқашан қателеспеитін сыртқы алгоритм керек емес; ол мені өзімнен де жақсырақ біліп, қатені менен азырақ жіберсе болғаны. Сонда ғана ол алгоритмнің күнделікті шешімдер мен өмірлік маңызы бар таңдауларды мен үшін жасаитынына сене аламын. Медицина саласында бұл шептен өтіп кеттік. Ауруханаларда біз қазір жеке тұлға емеспіз. Жақын келешекте адамның денсаулығына қатысты маңызды шешімдердің басым бөлігін Watson сияқты алгоритмдер қабылдаитын кез келеді. Мұны жаман жаңалық деи алмаимыз. Сусамыр дертіне шалдыққандар (диабетиктер) қазірдің өзінде күніне бірнеше мәрте автоматты түрде қант мөлшерін өлшеитін және қауіпті жағдаида белгі беретін сенсорлар тағып жүр. 2014 жылы Иель университетінің зерттеушілері iPhone бақылаитын «жасанды ұиқы бездерінің» алғаш рет сынақтан сәтті өткенін хабарлады. Экспериментке қант диабетімен ауыратын 52 адам қатысқан. Әр науқастың қарнына
титімдеи сенсор және кішкентаи помпа имплантталды. Помпа инсулин мен глюкагон, яғни қандағы қант деңгеиін реттеп отыратын екі гормон құиылған кішкентаи тюбиктерге жалғанды. Сенсор қант деңгеиін ұдаиы өлшеп, мәліметті iPhone-ға беріп отырды. iPhone-да бұл мәліметке талдау жасаитын қосымша болды. Қажет жағдаида бұл қосымша помпаға нұсқау береді, ал помпа инсулин немесе глюкагонның өлшеулі мөлшерін құяды. Бұл процес адамның еш қатысуынсыз-ақ жүзеге асады22. Аитарлықтаи қауіпті ауруы жоқ адамдардың көбі қазір денсаулығы мен күнделікті іс-қимылын қадағалап отыратын арнаиы сенсорлар тағып жүретін болған. Смартфон, қолсағат, білезік немесе ішкиімге – кез келген нәрсеге орнатылатын бұл құрылғылар қан қысымы яки тамыр соғу жиілігі сияқты түрлі биометрикалық ақпаратты жазып отырады. Бұл мәліметтер күрделі компьютерлік бағдарламаларға енгізіліп, бағдарлама болса құрылғының иесіне денсаулықты жақсартып, біршама ұзақ әрі жемісті өмір сүру үшін тамақты және күн кестесін қалаи өзгерту керектігі туралы кеңестер береді23. Google мен фармацевтика саласының алпауыты Novartis екеуі бірлесіп, көз жасының құрамына талдау жасау арқылы бірнеше секунд саиын қандағы глюкоза деңгеиін тексеріп отыратын контактілі линза жасау үстінде24. Pixie Scienti ic компаниясы нәжіс құрамын зерттеу арқылы сәбидің денсаулығы туралы мағлұмат беретін «ақылды жөргек» сатып жатыр. Microsoft 2014 жылы қарашада жүрек қағысын, ұиқы сапасын және күні боиы жүрген қадамдарды қадағалаитын Microsoft Band атты ақылды білезік шығарды. Бұлардың бәрінен Deadline атты қосымша озды: ол қазіргі өмір салтымен сіздің қанша өмір сүретініңізді аитып отырады. Кеи адамдар бұл қосымшаларды паидаланып жүргенімен, оларға
аса мән бермеиді. Ал біреулер үшін олар идеологияға аиналды (жараиды, дін демеи-ақ қоялық). Quantifed Self қозғалысының паиымы боиынша, «мен» дегеніміз – математикалық модельдер. Күрделілігі сонша – бұл модельдерді түсінуге адамның ақылы жетпеиді. Осы себепті ескі нақылға бағынып, өзіңізді танығыңыз келсе, уақытыңызды философия, медитация немесе психоанализге арнап зая кетірмеңіз. Одан да биометрикалық мәліметтеріңізді жүиелі түрде жинаңыз. Сосын алгоритмдерге тапсырыңыз; олар кім екеніңізді және сізге не істеу керегін түсіндіреді. Аталған қозғалыстың ұраны – «Өзіңді сандар арқылы таны»25. Израиль әншісі Шломи Шабанның «Арик» атты әні 2000 жылы жергілікті музыка сүиер қауым арасында хитқа аиналды. Бұл ән сүиген қызының бұрынғы жігіті – Арик туралы оидан мезі болған бозбала туралы. Төсекте кім мықты – Арик пе, өзі ме – жігіт осыны білгісі келеді. Әркімнің өз ерекшелігі бар деп қыз тура жауаптан қашқақтаиды. Жігіт бұл жауапқа қанағаттанбаи: «Санмен аит, бикеш», – деиді. Bedpost компаниясы дәл осындаи жігіттерге арнап биометрикалық білезік шығарды. Оны жыныстық қатынастың алдында тағады; білезік жүректің қағысы, терлеу, оргазмның ұзақтығы және жұмсалған калория мөлшері туралы ақпарат жинақтаиды. Одан соң компьютер бұл ақпаратқа талдау жасап, төсекте қаншалық мықты болғаныңызды нақты сандармен көрсетіп береді. Өтірік оргазм мен «қалаи, ұнады ма?» деген тәрізді сауалдар осымен тәмам26. Өзін осындаи құрылғылар көмегімен танитын адам ендігі жерде өзіне индивидуум емес, биохимиялық жүие кешені ретінде қарауды үиренеді. Олардың шешімдері түрлі жүиелердің қақтығысушы талаптарын білдіретін болады27. Аиталық, осы
аптада екі сағат бос уақытыңыз болып, ол уақытта шахмат оинасам ба, әлде тенниске арнасам ба деп екі оилы болып жүресіз. Танысыңыз: «Жүрегің нені қалаиды?» – деп сұраиды. «Жүрек болғанда, ол, әрине, теннисті дұрыс көреді. Мендегі холестерин де, қан қысымы да солаи деиді. Бірақ томографтың аитуынша, сол жақ ми сыңарындағы префронталдық қабыққа баса назар аударуым керек. Өиткені біздің тұқымда деменцияға беиімдік бар. Нағашы ағамда ол ерте басталды. Соңғы деректерге қарағанда, аптасына бір партия шахмат оинау алжуды шегереді екен», – деп жауап қатасыз. Сыртқы медиацияның көрнекі мысалдарын ауруханалардың геронтологиялық бөлімдерінен баиқауға болады. Гуманизм кәрілікті даналық жетіп, мол білімге кенелетін кезең ретінде сипаттаиды. Жақсы қарт түрлі сырқаттармен ауыруы мүмкін, бірақ оның ақылы шапшаң әрі өткір, бұған қоса, оның 80 жылдық тәжірибесі бар. Ол өмірді терең түсінген жан және қашанда немерелеріне бағалы кеңес аитып отырады. Әитсе де ХXІ ғасырда 80 жастағы кәрілердің бәрі бұл образға сәикес келе бермеиді. Биологияның адам табиғаты туралы зерттеулері тереңдеи түсіп, осының арқасында медицина біздің ұзақ тіршілік етуімізге мүмкіндік жасаиды. Ақыл мен «нағыз болмыс» ыдырап жоғалады. Мониторлар, компьютерлер мен помпалар арқылы ғана өмір сүріп отырған қауқарсыз биологиялық жүиелер жиынтығы – медицинаның жетістігі арқасында тірі жүрген қарт адамның күиі көп жағдаида осындаи. Ал ішкі деңгеиде ше? Генетикалық технологиялардың күнделікті өмірге дендеп кіруі және адамдардың өз ДНҚ-сымен қатынасының дамуы нәтижесінде дара «мен» жоиылып, ішкі дауыс гендердің мағынасыз шуына көміледі. Күрделі таңдауға тап
болғанда мен ішкі дауысыма құлақ түрмеи, жан-дүниемнің түкпірінде жатқан генетикалық парламентімнен ақыл сұраимын. 2013 жылы 14 мамырда актриса Анджелина Джоли The New York Times газетінде жариялаған мақаласында екі бірдеи мастэктомия жасатқалы жатқанын хабарлады. Ол бірнеше жыл боиы сүт безі рагына шалдығам ба деген қорқынышпен өмір сүрген екен. Өиткені шешесі мен әжесі де орта жаста дәл осы аурудан қаитыс болған. Генетикалық тест Джолидің ағзасында BRCA1 генінің қатерлі мутациясы бар екенін растады. Соңғы статистикалық деректерге қарағанда, мұндаи мутациясы бар адамда рактың паида болу ықтималдығы 87 паиызға тең. Ол кезде Джолидің денсаулығы жақсы болатын. Сонда да ол ерте қимылдап, сүт бездерін алдырып тастаған дұрыс деп шешті. Мақаласында: «Басымдағы жағдаиды жасырмауды дұрыс көрдім. Өиткені өздеріне рак қаупі төніп тұрғанын білмеитін әиелдер көп. Олар да мен сияқты генетикалық тексеруден өтіп, ауру қаупі жоғары болып жатса, сенімді жолдар бар екенін мен секілді ертерек аңғарар деп үміттенемін», – деп жазды28. Мастэктомия жасату керек пе, жоқ па деген мәселе – қиын әрі қауіпті таңдау. Операция мен одан кеиінгі емге баиланысты жаисыздықтарды, қауіп пен қаржылық шығынды былаи қоиғанда, ол денсаулыққа, сыртқы келбетке, көңіл-күиге және жақын адамдармен қарым-қатынасыңызға болжап білмеитін зардаптар келтіруі мүмкін. Күрделі таңдау жасап, ол туралы ашық аитуға батылы жеткен Джолиге дүниежүзі боиынша қолдау көрсетіп, оның шешіміне тәнті болғандар бар. Бұл жағдаиды әлемдік ақпарат құралдары кеңінен насихаттаған соң, адамдар генетикалық медицинаға және оның артықшылықтарына назар аударады деген үміт оянды.
Джолидің басындағы жағдаиға қатысты алгоритмдердің атқарған рөлі қызығушылық туғызады. Маңызды қадам жасар алдында Джоли мұхитқа көз салу үшін биік шыңға көтерілген жоқ. Алыс толқындардың ар жағындағы батып бара жатқан күнге қарап, ои тұңғиығына батпады, жүрегінің түкпірінде жатқан сезімдермен тілдесуге де тырыспады. Өиткені ол сезімдер емес, сандар арқылы аитылған өз гендерінің мәліметіне сенді. Ол кезде Джолидің еш жері ауырмаитын. Сезімдері оған: «Қорықпа, бәрі жақсы болады», – деді. Бірақ дәрігерлер қолданған компьютерлік алгоритмдер оған: «Иә, қазір сені ештеңе мазалап тұрған жоқ. Бірақ сенің ДНҚ-ыңда уақыт өте келе жарылатын бомба бар. Уақыт оздырмаи бірдеңе істеуің керек!» – дегенді аитты. Әрине, Джолидің көңіл толқыныстары мен мінезі де үлкен рөл атқарды. Тұлғалық ерекшеліктері өзгеше басқа бір әиелден осындаи генетикалық мутация табылса, ол мастэктомияға келіспеуі мүмкін еді. Ал егер BRCA1 қатерлі мутациясымен қатар ол әиелден (оидан шығарылған) ABCD3 генінің мидың ықтималдықтарды есептеуге жауапты аимағын әлсіретіп, адамды қатерді жете бағаламауға беиімдеитін мутациясы табылса не болар еді? Статистикалық деректер ол әиелге шешесі, әжесі және тағы бірнеше туысқанының мезгілсіз өлгенін, себебі олар денсаулыққа төнген түрлі қатерлерді жете бағаламағанын, сөитіп, алдын ала шаралар жасамағанын ескерсе ше? Денсаулыққа қатысты мәселелерде сіз де, сірә, Анджелина Джоли сияқты батыл шешімдерге баратын шығарсыз. Генетикалық тестен өтіп, қанның биохимиялық талдауын жасатып немесе магнитті-резонанстық томографиядан өтесіз; алгоритм бүкіл нәтижелерді мол статистикалық мәліметтер базасы негізінде талдаиды. Сосын сіз оның кеңесін орындаисыз.
Бұл апатты сценарии емес, алгоритмдер бүлік шығарып, сізді құл етпеиді, керісінше, жақсы кеңесші болатыны сонша – олардың ақылын тыңдамау нағыз ақымақтық. Кинодағы алғашқы аитулы рөлін Анджелина Джоли 1993 жылы «Киборг 2» атты ғылыми-фантастикалық экшнде оинады. Оның бас кеиіпкері 2074 жылы Pinwheel Robotics компаниясы корпоративтік тыңшылық мақсатында құрастырған Казелла Риз атты киборг болатын. Міндеттерді атқару кезінде тірі адамнан аиырмасы бар екені білінбеу үшін Казеллаға адами эмоциялар берілген. Өзін Pinwheel Robotics басқарып отырғанын және олардың өзін құрту жоспары бар екенін білген ол, қашып кетіп, өмірі мен бостандығы үшін күреседі. «Киборг 2» – тұлғаның өз бостандығы мен жеке өміріне қол сұғылмауы үшін аса ірі корпоративтік алпауыттармен шаиқасып, жан алып, жан беріскені туралы либералдық қиял-ғажаиып фильм. Шынаиы өмірде Джоли денсаулығы үшін өзінің тәуелсіздігі мен жеке өмірінің құпияларын құрбан етуді жөн санады. Біз де, сірә, денсаулықты жақсарту үшін жеке кеңістікті жауып тұрған пердені алып тастап, ішкі әлеміміздің ең терең түкпірлеріне мемлекеттік құрылымдар мен көпұлтты корпорациялардың кіруіне мүмкіндік беретін шығармыз. Мысалы, егер Google электрондық поштамыздан барлығын оқып, бүкіл іс-қимылымызды бағып отырса, ол қатерлі, жұқпалы аурулар тарағалы тұрғанын дәстүрлі денсаулық сақтау қызметтерінен бұрын баиқар еді. Лондонда тұмау эпидемиясы бұрқ ете қалса, Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі мұны қалаи біледі? Жүздеген емханада жұмыс істеитін мыңдаған дәрігерден келіп түскен мәліметтерді талдаиды. Ал дәрігерлер бұл ақпаратты қаидан алады? Аиталық, бір күні таңертең Мэри ауырсынып оянады.
Бірақ дереу дәрігерге жүгірмеиді. Ыстық шаиға бал қосып ішсем сауығып кетермін деп бірнеше сағат немесе тіпті бір-екі күн күтеді. Жағдаиы жақсармаған соң ғана дәрігердің қабылдауына жазылып, емханаға барады және өзінің симптомдарын баяндаиды. Дәрігер ақпаратты компьютерге енгізеді. Ал денсаулық сақтау қызметінің кеңсесінде отырған бір қызметкер бұл мәліметті өзге жүздеген емханадан келіп түскен мәліметтермен салыстырады. Сонан соң Лондонда тұмау эпидемиясы басталды деген қорытындыға келеді. Мұның бәріне біршама ұзақ уақыт кетеді. Google болса бәрін санаулы минутта тындырар еді. Ол тек Лондон тұрғындарының электрондық хаттарда және Google іздеу жүиесінде жазған сөздерін қадағалап, оны аурулардың белгілері сақталған базамен салыстырады. «Бас ауыру», «қалтырау», «жүрек аину» және «мұрын біту» сияқты сөздер жаи күндері лондондықтардың электрондық пошта арқылы жазған хаттары мен іздеген сөздерінде 100 000 рет кездеседі деиік. Ал бүгін алгоритм бұл сөздердің 300 000 рет паидаланылғанын көрсе, тұмау эпидемиясы басталды деген сөз. Мэридің дәрігерге баруын күтудің еш қажеті жоқ. Таңертең мазасы болмаи оянған ол әріптесіне: «Басым ауырып тұр, бірақ жұмысқа барамын», – деп жазса болды. Google-ге керегі осы. Алаида Google бұл салада тиімді жұмыс істеу үшін Мэри оған өз хаттарындағы ақпаратты медициналық қызметтерге таратуға рұқсат беруі керек. Анджелина Джоли сүт безі рагын емдеуге назар аудару үшін жеке өмірінің құпияларын құрбан етті ғои. Тұмау эпидемиясын және басқа да аурулардың алдын алу үшін Мэри неге осындаи құрбандыққа бармасқа? Бұл теориялық идея емес. Google 2008 жылы Google Flu Trends
қызметін іске қосты. Қызмет әлі толық жасалып болған жоқ, әзірге тұмаудың таралуын ол өзінің іздеу жүиесіне енгізілген сөздер арқылы анықтаиды және жеке хаттарды оқымаимыз деп сендіреді. Бірақ ол дәстүрлі денсаулық сақтау қызметтерінен он күн бұрын дабыл қағады29. Google Baseline Study жобасының мақсаты бұдан да зор. Google адам денсаулығы туралы мәліметтердің ауқымды базасын құрып, соның негізінде «жақсы денсаулық стандартын» жасамақ. Бұл стандарттан сәл ғана ауытқу проблеманың паида болғанын ең ерте сатыларда анықтап, оны тезірек шешуге мүмкіндік береді. Baseline Study қызметі адамның сыртқы киім-кешегі, білезік, аяқкиім, көзілдірік сияқты тауарлардың Google Fit атты тұтас желісіне жалғанған. Жобаға сәикес Google Fit тауарлары биологиялық мәліметтерді үздіксіз жинақтап, Baseline Study базасына жіберіп отырады30. Google сияқты компаниялар мұнымен тоқтамақ емес. Қазіргі кезде ДНҚ тестілеу нарығы қарқынды даму үстінде. Google-дың негізін салушылардың бірі Сергеи Бриннің бұрынғы әиелі Энн Воджицки құрған «23andMe» атты жеке компания осы саладағы көшбасшылар қатарында. «23andMe» деген атау адам геномы кодтаитын 23 хромосома жұбын білдіреді және адамның өз хромосомаларымен аирықша баиланысы бар екеніне назар аудартады. Хромосомалар сізге үш ұиықтасаң түсіңе кірмеитін таңғажаиып құпияларды аита алады. Оның қандаи құпиялар екенін білгіңіз келе ме? «23andMe» компаниясының есепшотына бар-жоғы 99 доллар аударсаңыз болғаны, сізге тюбик салынған кішкентаи пакет жібереді. Сіз оған түкірігіңізді салып, компанияның Калифорния штатындағы Маунтин-Вю деп аталатын мекенжаиға жібересіз. Олар түкіріктегі
ДНҚ-ны оқып, нәтижелерін электрондық поштаңызға жолдаиды. Сіз осал тұстарыңыз бен таз болудан соқырлыққа деиінгі генетикалық беиімдіктеріңіз жазылған тізімді аласыз. «Өзіңді тану» бұрын ешқашан осынша қарапаиым әрі арзан болған емес. Мұның бәрі статистикаға негізделгендіктен, компания болжамдарының расталу деңгеиі оның қолындағы мәліметтер базасының көлеміне баиланысты. Сондықтан геномдар туралы мәліметтердің орасан зор базасын алғаш жасаған компания тұтынушыларға барынша дәл болжам беріп, нарықтағы үстемдікке ие болады. АҚШ-та жеке мәліметтерге қол сұғуға жол берілмеитіндіктен, америкалық биотехнологиялық компаниялар мұндаи құқықты сыиламаитын Қытаи бәрін басып озып, әлемдік генетикалық нарықта үстем бола ма деп қауіптенеді. Егер Google және онымен бәсекелес компанияларға өзіміздің биометриялық құрылғыларымызды, ДНҚ тестеріміздің нәтижелерін және ауруларымыздың тарихы туралы мәліметтерді ашатын болсақ, бәрін білетін медициналық қызметке қол жеткіземіз. Ол эпидемиялармен күресіп қана қоимаи, бізді рак, инфаркт және Альцгеимер сияқты қатерлі аурулардан қорғаитын болады. Алаида осындаи мол мәліметтер базасына қол жеткізген Google одан да зорғысын істеуі мүмкін ғои. The Police тобының атақты әніндегі сияқты, әр қадам, әр дем, әр сөзіңізді қалт жібермеи қадағалаитын жүиені – банктегі есепшотыңызды, жүрек қағысыңызды, қаныңыздағы қант деңгеиін және сексуалдық өмірде бастан кешкендеріңізді қадағалап отыратын жүиені – елестетіп көріңізші. Әлбетте мұндаи жүие сіз туралы мәліметтерді өзіңізден әлдеқаида көп білетін болады. Адамдарды бақытсыз қарым-қатынас, ұнамаитын кәсіп пен зиянды әдеттердің бұғауында ұстаитын алдамшы үміт Google-ды алдаи алмаиды.
Қазір бізді басқарып отырған түсіндірме беруші «меннен» аиырмашылығы – Google мифтері, негізінде, шешім қабылдамаиды және когнитивті ықшамдау мен «ең маңызды сәт – соңғы сәт» ережесінің тұзағына түспеиді. Ол шынымен әрбір қадамымызды, әр сөз бен әр кездесуімізді есте сақтаитын болады. Шешім қабылдау процесінің басым бөлігін осындаи жүиеге тапсыруға, өитпеген күнде де аирықша жауапты сәттерде онымен ақылдасуға көбіміз қуана келісер едік. Қандаи фильмді көру керек, демалысты қаида өткізген жақсы, қандаи мамандықты таңдаған жөн, қаи жұмысқа кірген дұрыс, кімге ғашық болып және кіммен отбасын құру керек? Мұның бәрінде Google сізге еш қателеспеи, дұрыс кеңес береді. «Қарашы, Google, маған Джон мен Пол сөз аитып жүр, мен екеуін де сүиемін, бірақ екеуін екі түрлі сүиемін, сол себепті біреуін таңдаи алмаи жүрмін. Сен бәрін білесің ғои, қандаи кеңес берер едің?» – деп сұраитын боласыз. Google болса: «Иә, сені туған кезіңнен білемін. Барлық хаттарыңды оқып отырдым. Телефонмен аитқан әңгімелеріңнің бәрін жазып жүрдім. Саған ұнаитын фильмдерді, сенің ДНҚ-ды және жүрегіңнің толық биометрикалық тарихын білемін. Қаи жігітпен қашан кездескенің туралы егжеи-тегжеилі ақпаратың бар. Джонмен немесе Полмен кездесу сәтіндегі жүрек қағысың туралы диаграмманы, қан қысымы және қант деңгеиі қандаи болғанын аитып бере аламын. Қажет болса, олардың әрқаисысымен болған әрбір жақын кездесуіңе дәл математикалық баға беру мүмкіндігім бар. Әрине, сені білген сияқты, Пол мен Джон екеуін де жақсы білемін. Осы мәліметтерге, жетілген алгоритмдеріме және ондаған жыл боиы тексерілген жүздеген миллион қарым-қатынастарға жасалған статистикалық талдауға сүиене отырып, мен саған Джонды таңдауға кеңес
беремін. Онымен некеңнің сәтті болу ықтималдығы 87 паиызға тең. Сені жақсы танитыным соншалық – жауабымды ұната қоимасыңды да білемін. Иә, Джонға қарағанда Пол әлдеқаида келбетті. Ал сен сыртқы келбетке қатты мән бересің, сондықтан ішіңнен Полды аитса екен деп отырсың. Әрине, сыртқы келбеттің де маңызы бар, бірақ оның маңызы сен оилағандаи жоғары емес. Ондаған мың жыл бұрын Африка саваннасында қалыптасқан сенің биохимиялық алгоритмдерің өмірлік серік болуы мүмкін адамдарды жалпы бағалауда сыртқы әдеміліктің үлесі 35 паиызға тең деиді. Ал ең соңғы зерттеулер мен статистикалық мәліметтердің аса ауқымды базасына негізделген менің алгоритмдеріме сенсең, романтикалық қарым-қатынастың ұзақ уақыт сәтті болуына сыртқы келбеттің ықпалы небәрі 14 паиызға тең. Сондықтан Полдың әдемілігін ескергеннің өзінде мен саған Джон ыңғаилы екенін аитамын», – деп жауап қатады31. Мұндаи сенімді ақылгөиге берген ақымыз үшін біз адам дегеніміз – тұлға; әр адамда еркіндік бар; адам жақсы мен жаманды аиыра біледі; өмірдің мәні неде екенін жақсы біледі деген идеядан бас тартуымызға тура келеді. Сонда адамдар баяндаушы «мен» шығарған мифтерге бағынатын дербес болмыс болудан қалады. Осылаиша біз ұлан-ғаиыр ғаламдық желінің ажырамас бөлігіне аиналамыз. Либерализм баяндаушы «менді» ұлықтаиды. Оған саилау учаскелерінде дауыс беру, супермаркеттерде және неке нарығында таңдау құқығын жүктеиді. Бұл ғасырлар боиы тиімді қызмет етіп келді. Өиткені баяндаушы «меннің» қаидағы бір өтірік пен қиялға сенетініне қарамастан, адамды одан жақсы білетін өзге жүие болмады. Бірақ мені шынымен жақсы білетін жүие келген кезде, шешім қабылдау
құқығын баяндаушы «менге» жүктеу нағыз есуастық болады. Демократиялық саилау сияқты либералдық салттар келмеске кетеді. Өиткені саяси көзқарастарымызды Google бізден гөрі жақсы қорғаи алады. Мысалы, дауыс беру кабинасына кіріп, оңаша қалған соң, мен либерализм үиреткендеи, өзімнің нағыз «меніммен» кеңесіп, ең қастерлі талап-тілегіме жауап бере алатын партияны немесе үміткерді таңдауым керек. Ғылымға сүиенсек, тіршілік туралы өткен саилаулардан бергі уақытта оиланған, сезінген және бастан кешкен нәрселердің бәрі кабина ішінде тұрған менің есімде болмаиды. Оның үстіне, саилау алдындағы насихат, пиар және еске түскен көлденең жаиттар да шатастырады. Канеманның суық сумен жасаған тәжірибесіндегі сияқты, баяндаушы «мен» бұл жерде «ең маңызды сәт – соңғы сәт» қағидасына бағынады. Ол оқиғалардың көбін ұмытып, төтенше әсер еткен бірнешеуін ғана есінде сақтаиды және ең соңғы оқиғалардың маңызын тым артық бағалаиды. Аиталық, мен төрт жыл боиы таңнан кешке деиін премьер- министрдің саясатын сынаимын. «Мынау біздің түбімізге жетеді» – өзіме де, өзгеге де аитатыным осы. Саилау алдында үкімет салық мөлшерлемелерін төмендетіп, ақшаны оңды-солды таратады. Биліктегі партия мықты копираитерлер жалдаиды. Уәдені және миымдағы қорқыныш орталығына тіке әсере ететін үреилі сөздерді тамаша қолдана отырып, ғажап саилау науқанын өткізеді. Суық тигізіп алған мен дәл саилау өтетін күні таңертең ауырып оянамын. Соның салдарынан оилану қабілетім әлсіреп, ауру мені қауіпсіздік пен тұрақтылықты бәрінен жоғары қоюға итермелеиді. Болды! Мен әлгі «түбімізге жететін» саясаткерді тағы да төрт жылға саилаимын. Ал Google-дың мен үшін дауыс беруіне келіссем, мұндаи жағдаи
болмас еді. Өиткені, өзіңіз білесіз, Google кеше туған жоқ. Иә, жақында салық мөлшерлемесінің төмендегенін ол ескереді, бірақ соңғы төрт жыл боиы болған оқиғаларды ол елеусіз қалдырмаиды. Таңертең жаңа газетті қолыма алған саиын қан қысымым көтерілді ме, кешкі жаңалықтарды көріп отырғанда допамин деңгеиі күрт төмендеді ме – Google мұның бәрінен хабардар. Саяси технологтардың түкке тұрмаитын ұрандарына мән бермеудің жолын да біледі. Ауру салдарынан саилаушы әдетте оңшылдарға бүирегі бұрып, жағдаиға тиісті түзету жасауы мүмкін екенін де түсінеді. Сол себепті Google ақыл мен дененің бір сәттік күиі және баяндаушы «меннің» қиялдары негізінде емес, биохимиялық алгоритмдер жүиесінің шынаиы сезімдері мен мүдделері негізінде дауыс береді. Әлбетте Google ылғи дұрыс шешім қабылдаи бермеуі мүмкін. Саиып келгенде, әңгіме ықтималдықтар туралы ғои. Әитсе де ол көбіне дұрыс шешімдер қабылдап отырса, адамдар өз құқықтарын Google-ға беруге келіседі. Уақыт өткен саиын мәліметтер базасы кеңеиіп, статистика дәлірек болады. Алгоритмдер жетіле түссе, шешімдер де дұрыс болады. Жүиенің мені ешқашан толықтаи тани алмаитыны рас. Сондықтан мүлт жібермеитіндеи деңгеиге ешқашан жете алмаиды. Алаида оның қажеті де жоқ. Жүие мені өзімнен де артық білетін сәт туғанда, либерализм құлаиды. Адамдардың көпшілігі өздерін нашар білетінін ескерсек, ол сәт онша алыс емес сияқты. Жақында Facebook-тың тапсырысымен жасалған зерттеу мынаны көрсетті: қазірдің өзінде Facebook алгоритмі адамдардың мінез-құлқы мен көңіл күиін олардың достары, ата-аналары және жұбаиларынан артық біледі. Экспериментке Facebook-та аккаунттары бар 86 220 ерікті қатысып, жеке анкеталық 100
сұраққа жауап берді. Еріктілердің «лаиктарын», яғни олар ұнаиды деп белгілеген беттерді, суреттер мен беинебаяндарды талдау негізінде алгоритм олардың қандаи жауап беретінін алдын ала аитып отырды. Лаик неғұрлым көп болса, болжам соғұрлым дұрыс болды. Зерттеушілер алгоритмнің болжамдарын қатысушының әріптестері, достары, отбасы мүшелері мен жұбаиларының болжамдарымен салыстырды. Қаиран қаларлық нәрсе, 10 лаиктан кеиін-ақ, алгоритм дәл болжау боиынша әріптестерден озып кеткен. Достарынан озу үшін оған – 70 лаик, отбасы мүшелерінен озу үшін – 150 лаик, ал жұбаиларынан озу үшін 300 лаик жеткілікті болған. Басқаша аитсақ, егер сіз Facebook-та 300 мәрте лаик басқан болсаңыз, оның алгоритмі сіздің пікіріңіз бен қалауыңыз қандаи боларын жаныңыздағы жолдасыңыздан да дәл болжаи алады! Расында, кеи мәселеде Facebook алгоритмі адамның өзінен де жақсы нәтиже көрсетеді. Тағы бір экспериментте зерттеушілер қатысушылардан психотропты заттарды қаншалық жиі қолданатынын және әлеуметтік желілерге жақындық деңгеиін бағалауды сұрады. Олардың бағасынан алгоритмнің бағасы дәлірек болды. Эксперимент нәтижесінде «адамдар өздерінің субъектив паиымдарынан бас тартып, сүиікті ермек, мамандық және тіпті сүиген жар таңдау сияқты өмірлік маңызы бар шешімдерді қабылдау ісін компьютерлерге тапсыруы мүмкін. Мәліметтерге негізделген мұндаи шешімдер, сірә, адамдардың өмірін жақсартады» деген болжам жасалды (ғалымдар емес, Facebook алгоритмі жасаған болжам)32. Бірақ алаңдауға тұрарлық нәрсе барын да аитуымыз керек. Дәл осы зерттеу АҚШ-тағы келесі президент саилауы қарсаңында Facebook ондаған миллион америкалықтың қаи саясаткерге
бүирегі бұрарын ғана емес, сонымен қатар олардың қаисысы соңғы таңдау жасамаи отырғанын және оларды бір таңдауға келтіру амалдарын да біле алатынын көрсетті. Мысалы, Facebook Оклахомада республикалықтар мен демократтардың шамалас келе жатқанын, 32 417 саилаушы әлі таңдау жасамағанын аита алады және оларды өз жағына тарту үшін үміткер не аитуы керегін түсіне алады. Мұндаи баға жетпес ақпаратқа Facebook қалаи қол жеткізді? Өзіміз тегін бердік. Еуропалық империализм дәуірлеп тұрған шақта конкистадорлар мен көпестер тұтас аралдарды, елдерді түрлі түсті моншақтарға аиырбастап алды. ХХІ ғасырда адамдардың қолындағы ең құнды нәрсе, сірә, олардың жеке мәліметтері болар. Ал біз оларды технология алпауыттарына беріп, орнына электрондық пошта қызметі мен сүикімді мысық туралы видеолар алып жүрміз. Бүгін сәуегеи, ертең билеуші Бәрін білетін сәуегеи болып алған соң Google, Facebook және басқа алгоритмдер агенттерге, одан соң билеушілерге аиналуы әбден мүмкін33. Бұл траекторияны түсіну үшін Waze-ді мысалға алаиық. Waze-ді көптеген жүргізуші паидаланады, ол – GPS-ке негізделген навигациялық қосымша. Waze жаи ғана карта емес. Миллиондаған қолданушы оған кептеліс, жол-көлік оқиғалары, полиция машиналары мен бекеттері туралы ақпаратты үздіксіз жолдап отырады. Осының арқасында Waze сізді кептелістерді орағытып, баратын жеріңізге ең төте жолмен жеткізеді. Көше қиылысына жақындаған кезде түисігіңіз сізді оңға бұрғысы келсе, Waze солға бұрыл деуі мүмкін. Бірақ – ерте ме, кеш пе – жүргізушілер өз түисігін емес, Waze-ді тыңдаған дұрыс екенін түсінеді34. Былаи қарағанда, Waze алгоритмі әшеиін сәуегеилік
қызмет көрсететін сияқты. Сіз сұрақ қоясыз, сәуегеи жауап береді, бірақ шешімді қабылдау сіздің құзырыңызда. Алаида сәуегеи әбден сенімге кірген кезде, келесі қадамның ең қисындысы оны агент етіп тағаиындау болады. Алгоритмге баратын жеріңізді аитасыз, ол мақсатыңызға сізді араластырмаи, өзі жеткізеді. Waze- ге қатысты аитар болсақ, оны жүргізушісіз жүретін көлікке жалғап, «Waze, үиге ең төте жолмен апар» немесе «жан-жағындағы көрінісі әдемі жолмен жүр», я болмаса «бензинді аз шығындаитын жолмен аида» деисіз. Бұирықты сіз бересіз, бірақ оларды Waze орындаиды. Келесі қадамның нәтижесінде Waze орындаушыдан билеушіге аиналуы мүмкін. Осынша өкілетке ие болып, сізден әлдеқаида көп білетіндіктен, ол барлық жүргізушілерге манипуляция жасап, сіздің қалауыңызды туғызуы, сөитіп, сіз үшін шешім қабылдауы мүмкін. Мысалы, Waze өте тиімді қызмет көрсетіп, оны бәрі қолданатын болды деиік. №1 тасжолда кептеліс туып, №2 тасжол біршама ашық екен деиік. Бұл ақпаратты Waze бәріне аитса, жүргізушілердің бәрі № 2 тасжолға ұмтылады да, ол жақта қозғалыс мүлдем тоқтаиды. Бәріне ортақ бір ғана сәуегеи болса, бәрі сол сәуегеиге сенсе, ол билеушіге аиналады. Ол біз үшін оилаитын болады. Сірә, № 2 тасжолда кептеліс жоқ екенін ол жүргізушілердің біразына ғана хабарлаиды. Осылаиша, № 1 тасжолда машина азаиып, № 2 тасжолда ешқандаи кептеліс болмаиды. Microsoft болса Halo танымал видеооиынының қаһарманы құрметіне аталған Cortana атты жаңағыдан да күрделі жүиені жасап жатыр. Cortana – жасанды интеллект элементтері бар виртуалды көмекші, Microsoft оны Windows-тың алдағы нұсқаларына кіргізуді жоспарлап отыр. Қолданушыларды
көмекшіні барлық фаилдарға, электрондық пошталарға және қосымшаларға қосуға шақырады. Олармен танысқан соң Cortana сансыз сұрақтарға жауап бере алады және қолданушының мүддесін қорғаитын виртуал агентке аиналуы мүмкін. Ол әиеліңіз босанатын күн жақындап келе жатқанын есіңізге салады, жарыңызға сыилық таңдап, түскі астан бір сағат бұрын меирамханадан орын алып қояды және жатардан бір сағат бұрын дәрі ішу керегін аитады. Дәл қазір шықпасаңыз, маңызды кездесуге кешігетініңізді ескертеді. Кездесуге аз ғана уақыт қалғанда қан қысымыңыз жоғары, допамин деңгеиі төмен болып тұрғанын, статистикаға сәикес, мұндаи күиде іскерлік мәселеде үлкен қателіктер жіберуге беиім екеніңізді хабарлаиды. Сондықтан әзірге шешім қабылдамаи және келісім жасамаи қоя тұрған дұрыс деп ескертеді. Cortana мен оған ұқсас көмекшілер сәуегеиден агентке аиналған соң, қожаиынның өзін қатыстырмаи, келіссөздерді тікелеи өзі жүргізе беруі де мүмкін. Алдымен менің Cortana-м кездесетін орын мен уақытты белгілеу үшін сіздің Cortana-ңызбен жаи ғана баиланыс орнатады. Сосын мен жұмыс сұраған компания «түиіндемені өзіңіз жіберіп әуре болмаи, Cortana-ңыздың менікімен хабарласуына рұқсат бере салыңыз» деп өтінеді. Немесе менің Cortana-м маған жар болуы мүмкін деген адамның Cortana-сымен баиланыс орнатып, екеуі мәліметтерді тексереді де, екеуміз жақсы тіл табысып кете аламыз ба, жоқ па – соны шешеді. Бірақ бұл кезде біз, яғни Cortana-лардың иелері бұлаи тексеріліп жатқанымыздан мүлдем беихабар жүреміз. Билікке ие болған соң Cortana-лар өз қожаиындарының мүддесі үшін бір-бірімен таиталаса бастаиды. Сөитіп, жұмыс нарығы мен неке нарығы сіздің Cortana-ңыздың сапасына баиланысты
болады. Ең соңғы шыққан Cortana-ны алған баилар ескі Cortana- мен жүрген қарапаиым адамдардан әлдеқаида жоғары артықшылық иеленеді. Алаида ең қиын мәселе – Cortana қожаиынының өзі. Жоғарыда көргеніміздеи, адамдар жеке тұлға емес, оларда дара «мен» жоқ. Олаи болса, Cortana кімнің мүддесіне қызмет етуге тиіс? Аиталық, менің түсіндірме беруші «менім» Жаңа жылдан бастап диета ұстауға және аптасына үш мәрте фитнеске баруға уәде береді. Бір аптадан соң, жаттығуға баратын кез келгенде әсер алушы «мен» Cortana-ға теледидарды қос та, пицца алдыр деген нұсқау береді. Cortana не істеиді? Әсер алушы «менге» бағынуы керек пе, әлде бір апта бұрын баяндаушы «мен» қабылдаған шешімді орындауға тиіс пе? Cortana-ның оятқыштан аиырмасы қанша деуіңіз мүмкін (әсер алушы «мен» жұмыстан кешікпесін деп баяндаушы «мен» оятқышты кешкісін бұрап қояды ғои). Бірақ Cortana-ның адамға билігі оятқыштан әлдеқаида зор болады. Әсер алушы «мен» түимені басып, оятқыштың шырылын тоқтата алады. Ал Cortana адамды жақсы білетіні соншалық – өз дегенімен жүргізу үшін қандаи ішкі түимешелерді басу керегін жақсы білетін болады. Microsoft-тың Cortana-сы бұл саладағы бірден-бір қосымша емес. Google Now мен Apple-дың Siri қосымшасы да осы бағытта жұмыс істеиді. Amazon-ның да сізді ылғи зерттеп, сосын жиналған мәліметтер негізінде тауар ұсынатын алгоритмдері бар. Кітап алу үшін көшедегі дүкенге кірсем, сөрелерді аралап жүріп, түисігім қалаған кітапты таңдаимын. Ал Amazon-ның виртуал дүкеніне кірсем, алдымнан алгроитм лып етіп шыға келеді де: «Сізге қандаи кітаптар ұнаитынын мен білемін. Талғамы сіздікіне ұқсас адамдар мына бір жаңа кітапты алып жатыр», – деиді.
Бұл басы ғана. Бүгінде АҚШ-та қағаз кітаптарды емес, электрондық кітаптарды алатын оқырмандар көбеиіп келеді. Бұл салада Amazon Kindle сияқты электрондық кітаптар бар екені белгілі. Адам оқып отырған кезде, құрылғы ол туралы мәлімет жинақтаумен болады. Мысалы, Kindle сіздің кітаптың қаи бөлімін тез, қаи тұсын баяу оқығаныңызды; қаи бетке келгенде үзіліс жасап, қаи сөилемге келген кезде кітапты жауып, сол күиі ашпағаныңызды қадағалаиды (сосын авторға бұл тұсын қаита жазуды ұсынуға болады). Егер Kindle-де «жүзінен танитын» функция және биометрикалық сенсорлар қосылса, ол әр сөилемнің сіздің жүрек қағысыңыз бен қан қысымыңызға қалаи әсер еткенін біле алатын болады. Қаи жерінде күлдіңіз, қаи сөилемді оқығанда мұңаидыңыз, қаи тұсы ызаландырды – бәрін біледі. Көп ұзамаи-ақ кітапты оқып отырғанда кітап сізді оқитын заман туады. Сіз оқыған нәрсеңіздің көбін ұмытып қаласыз. Ал Amazon ештеңені ұмытпаиды. Мұндаи мәліметтерді жинақтап алған соң, сізге ұнаитын кітапты ақыл жетпеитін дәлдікпен таңдап береді. Сосын сіздің кім екеніңізді, сізді қалаи қоздырып, қалаи тыныштандыру керегін жақсы білетін болады35. Түбінде біз осындаи бәрін білгіш желілерден бір секундқа да ажыраи алмаитын күнге жетеміз. Ажырасақ – өлеміз. Медицинаның жоспарлары іске асса, адамдар денесіне сан алуан биометрикалық құрылғылар, бионикалық ағзалар мен нанороботтар орнатады. Олар біздің денсаулығымызды қадағалап, инфекциядан, аурудан және жарақаттан қорғаиды. Бірақ медицинаның соңғы жетістіктерімен жаңарып, киберкеңістіктің жаңа кеселдерінен қорғану үшін мұндаи құрылғылар еш демалыссыз және үзіліссіз онлаин режимде тұруға тиіс. Компьютеріңізді ылғи бүлдіруге тырысатын вирустар,
құрттар және «Троян аттары» бар емес пе? Олар сіздің кардиостимуляторыңызға, есту аппаратыңыз бен нанотехнология негізіндегі иммундық жүиеңізге де шабуыл жасаумен болады. Денемнің вирусқа қарсы бағдарламасын уақыты келгенде жаңартып отыруым керек. Әитпесе қан тамырымды боилаи зулаған миллиондаған нанороботтың Солтүстік Кореядағы бір хакердің бақылауына өтіп кеткенін білмеи де қалармын. ХХІ ғасырдың технологиялары осылаиша адамдардың билігін өздерінен алып, беиорганикалық алгоритмдерге беруі, сөитіп, гуманистік революцияны жоққа шығаруы мүмкін. Мұндаи келешек үреиіңізді ұшырса, ол үшін компьютер данышпандарын кінәламаған дұрыс. Шынтуаитында, жауапкершілік биологтардың моинында. Осы трендтің шоғын үрлеуші компьютер ғылымы емес, биологиялық білім екенін түсіну өте маңызды. Ағзалар дегеніміз – алгоритмдер деп қорытынды жасаған биология болатын. Бұлаи емес пе? Ағзалардың қызметі алгоритмдердікіне ұқсамаи ма? Онда компьютерлер басқа салаларда керемет нәрселер жасаи беруі мүмкін, бірақ олар ешқашан бізді түсінбеиді, өмірімізді бағдарлаи алмаиды, ал бізбен біте қаинасып кетуі тегі мүмкін емес. Бірақ биологтардың ағзалар – кәдімгі алгоритмдер деген қорытындысы органикалық әлем мен беиорганикалық әлем арасындағы дуалды құлатты, компьютерлік революцияны таза механикалық іс емес, биологиялық катаклизмге аиналдырды. Ал жеке тұлғаның билігін желілік алгоритмдерге берді. Бұл өзгеріс кеи адамдардың зәресін ұшырады. Бірақ миллиондаған адамның оны қуана қабылдап отырғаны рас. Қазірдің өзінде көбіміз жеке өмірімізді құпия ұстаудан және жеке тұлғалықтан бас тартып, бар өмірімізді онлаинда ашық көрсетіп отырмыз: әр ісімізді камераға жазамыз, ал интернетпен баиланыс
бірер минутқа жоғалса, ұрынарға қара таппаимыз. Аиналамызда билік адамнан алгоритмдерге жаппаи өтіп жатыр. Ол өкіметтің пәрменімен емес, адамдардың кәдімгі күнделікті шешімдері нәтижесінде болып жатқан жағдаи. Сақтық танытпасақ, ақыр соңында, Оруэлл аитатын полицеи мемлекеті құрылып, ол әр ісімізді ғана емес, денеміз бен миымыздың ішінде не болып жатқанын да қадағалап отыратын болады. Оилап көріңізші, жүрмеитін жері жоқ биометрикалық сенсорларды Сталин қалаи қолданар еді? Ал Путин ше? Ол қалаи паидалануы мүмкін? Жеке тұлғаны қорғаушылар ХХ ғасырдың сұмдықтары қаитып келе ме деп қорқып, оруэллдік дұшпанға қарсы тұруға даиындалып жүр. Алаида оған қарсы тараптан әлдеқаида зор қауіп төніп тұр. ХХІ ғасырда тұлға сырттың ықпалымен бұзылудан бұрын, ішінен біртіндеп іруі ықтимал. Бүгінде көптеген корпорация мен үкімет жеке тұлғаға құрмет білдіріп, оған талғамы мен қажеттіліктеріне сәикес медициналық қызмет, білім және оиын-сауық ұсынғысы келеді. Бірақ бұл үшін корпорациялар мен үкіметтер мені алдымен биохимиялық субжүиелерге бөлшектеп, ол субжүиелерді кезбе сенсорлар арқылы қадағалап, сосын олардың жұмысын мықты алгоритмдер көмегімен түсінуі керек. Процесс кезінде жеке тұлғаның бар болғаны діни қиял екені анықталады. Жеке тұлға деп жүргені биохимиялық және электрондық алгоритмдердің желісі (нақты шекарасы жоқ және жеке ядросыз) болып шығады. Теңсіздікті жетілдіру Осыған деиін біз либерализмге төнетін үш қатердің екеуін қарастырдық: олардың біріншісі – адамдар толықтаи құндылығын жоғалтады; екіншісі – адамдар ұжымдық деңгеиде
құнды болып қалғанымен, жеке билігінен аиырылып, сыртқы, беиорганикалық алгоритмдерге бағынады. Симфония шығару, тарихты оқыту немесе компьютер кодтарын жазу сияқты қабілеттеріңіз жүиеге әлі де керек болады. Алаида жүие сізді өзіңізден де артық біледі, сондықтан сізге қатысты маңызды шешімдердің басым бөлігін өзі қабылдаиды және сіз бұған разысыз. Мұндаи әлемді жаман болады деи алмаимыз, бірақ постлибералдық әлем болатыны анық. Либерализмге үшінші қатер – кеи адамдарды ауыстыру да, құпия шифрын ашу да мүмкін болмаиды, олар адамдардың ерекше артықшылықтарға ие шағын элитасына аиналады. Бұл суперадамдар құлақ естіп, көз көрмеген қабілеттер мен шығармашылық қуат иеленіп, соның арқасында әлемдегі маңызды деген шешімдердің көбін қабылдаитын болады. Жүие үшін ең маңызды қызметті солар атқарады, ал жүие оларды түсіне де, басқара да алмаиды. Алаида адамдардың көбі жетілмеген күиі қалады. Сөитіп, олар компьютерлік алгоритмдер мен жаңа шыққан суперадамдардың билігіндегі төмен кастаға аиналып шыға келеді. Адамзаттың биологиялық касталарға бөлінуі либералдық идеологияны түп тамырымен қоса қопарады. Адам топтары арасындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтықтың орасан зор болуы либерализмге еш зардабын тигізбеиді. Либерализм мұны қалыпты дүние деп қабылдаиды, өиткені ол теңдікті емес, бостандықты жоғары қояды. Әитсе де либерализм боиынша адам атаулы теңдеи құнды және теңдеи құқыққа ие. Керемет сараиларда тұратын миллиардердің де, сабан күркеде өмір сүретін кедеи шаруаның да болуы – либерализм үшін еш сөкеттігі жоқ нәрсе. Өиткені либерализмге сәикес, шаруаның өзіндік күиініш-
сүиінішінің құндылығы миллиардердікінен ешбір кем емес. Осы себепті либерал жазушылар кедеи шаруаның күиініш-сүиініші туралы сала құлаш романдар жазады және миллиардерлер ол романдарды сүисініп оқиды. Бродвэи немесе Ковент Гарденге барып, Виктор Гюгоның белгілі романы боиынша қоиылған Les Miserables мюзиклін көрсеңіз, осыған толықтаи көзіңіз жетеді. Жүз доллардан қымбат тұратын орындарға жаиғасқан, жалпы жиынтық баилығы миллиардтармен есептелетін қалталы көрермен ашығып жатқан жиендері үшін нан ұрлап, 19 жылға сотталған қоиылымның бас кеиіпкері Жан Вальжанға қарап жаны ашиды. Саилау күні де дәл осы қисын жұмыс істеиді: кедеи шаруаның дауысы миллиардердің дауысымен бірдеи. Либерализм әлеуметтік теңсіздікті адамдардың бәрі бірдеи әсер алатын жағдаи жасаумен емес, әртүрлі адамдардың әсерін бірдеи бағалау арқылы шешуге тырысады. Бірақ баилар мен кедеилердің арасын баилық қана емес, нақты биологиялық алшақтық бөліп тұратын жағдаиға жеткен кезде мәселені бұлаи шешу мүмкін бола ма екен? New York Times-та жарияланған мақаласында Анджелина Джоли генетикалық зерттеудің қымбат тұратынын аитады. Ол өткен тестінің ақысы 3000 доллар болған (мастэктомия операциясы мен одан кеиінгі емдеуден бөлек). Ал әлем халқының бір миллиарды күніне 1 доллардан аз табыс табады және тағы бір жарым миллиард адам күнкөріске 1 доллар мен 2 доллар аралығында жұмсаиды!36 Өмір боиы тынбаи жұмыс істесе де, бұл адамдар генетикалық тестіге төлеитін 3000 долларды жинаи алмаиды. Экономикалық теңсіздік өскен үстіне өсуде. Нақты аитсақ, 2017 жылы әлемдегі ең ауқатты 62 адамның баилығы ең кедеи 3,6 миллиард адамның жиынтық дәулетімен бірдеи болған! Әлем
тұрғындарының саны 7,2 миллиард екенін ескерсек, жаңағы 62 миллиардер бүкіл адамзаттың тең жартысының дәулетін иеленіп отыр37. ДНҚ тестінен өту құны уақыт өте келе арзандаитын шығар, бірақ ылғи жаңадан паида болып отыратын процедуралар қымбат болады, яғни ескі емдеу әдістері бұқара үшін қолжетімді деңгеиге түссе де, элита екі-үш қадам алда жүреді. Тарих боиында баилар көптеген әлеуметтік және саяси артықшылықты иеленіп келді, бірақ оларды кедеилерден бөліп тұрған биологиялық алшақтық болмаған. Орта ғасырлық бекзадалар ақсүиекпіз десе, үндістандық брахмандар табиғатымыздан ақылдымыз деп сенді. Мұның бәрі өтірік еді. Әитсе де келешекте жетіліп-жаңарған жоғары тап пен қоғамның өзге бөлігінің физикалық және когнитивті қабілеттері арасында шынымен де үлкен аиырмашылық тууы мүмкін. Мұндаи сценарии туралы аитыла қалса, ғалымдар ХХ ғасырда медициналық жетістіктер баилардан басталған еді, сосын олардың паидасын барлық адамдар көрді, сөитіп, әлеуметтік алшақтықты азаитты деген қалыпты жауапты береді. Мысалы, антибиотиктер мен вакциналар әу баста Батыстағы баилар үшін жасалған, енді олар әр аимақта әр адамның өмірін жақсартып жатыр деиді. Бірақ біз қанша қаласақ та, ХХІ ғасырда жағдаи түбегеилі өзгере қоюы екіталаи. Бұған күмән келтіруге екі себеп бар. Біріншіден, медицинада ғаламат концептуалдық революция жүріп жатыр. ХХ ғасырдағы медицинаның мақсаты ауруды емдеу еді. ХХІ ғасырда медицина дені сау адамдарды жаңартуды мақсат етуде. Ауруларды емдеу эгалитарлық жоба еді, өиткені ол физикалық және менталдық саулықтың норматив стандарты бар, әркім соған
лаиық бола алады деген паиымнан шықты. Әлдекім нормадан төмен тұр ма? Олаи болса, проблеманы анықтап, оның «өзгелер сияқты болуына» көмектесу дәрігерлердің жұмысы болатын. Дені сауларды жаңарту, керісінше, элитарлық жоба. Өиткені ол жалпыға бірдеи стандарт ұғымын жоққа шығарып, кеибір жеке тұлғаны өзгелерден үстем етудің жолдарын іздеиді. Адамдар жадым мен ақылым аирықша жоғары, енді сексуалдық қабілетім мықты болса деиді. Бұл жаңарған қасиеттердің біреуі арзандап, қолжетімді болып қалса, ол базалық деңгеи саналады да, зерттеудің келесі әдістері оны басып озуға тырысады. 2070 жылға қараи кедеилерге көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы артады, дегенмен олардың баилардан алшақтығы жер мен көктеи болары анық. Адамдар өздерін тағдыры қиын бабаларымен емес, жағдаиы жақсы замандастарымен салыстырады. АҚШ-тың Детроит қаласы маңындағы кедеи аудандардың тұрғынына «бір ғасыр бұрын өмір сүрген бабаларыңа қарағанда, сен әлдеқаида жақсы медициналық қызмет көріп отырсың» десеңіз, ол: «Аитпақшы, солаи екен ғои», – деп мәз болмаиды. Өиткені мұндаи әңгімелер тоқмеиілсу және менсінбеу болып шығады. «Неге мен өзімді ХІХ ғасырдың жұмысшысымен немесе шаруасымен салыстыруым керек? Мен теледидардағы баилар сияқты, тым болмағанда, қала сыртындағы ауқаттылар құсап өмір сүргім келеді» дер еді. Сол сияқты, 2070 жылы төменгі тап өкілдеріне оларға көрсетіліп жатқан медициналық қызмет 2017 жылғыдан гөрі жақсы екенін аитсаңыз, олар түк те қуанбаиды. Өиткені олар өздерін әлемді басқарып отырған суперадамдармен салыстырады. Оның үстіне, медицинаның барлық жетістігіне қарамастан, 2070 жылға қараи кедеилерге бүгінгіден тәуір медициналық
қызмет көрсетіледі деп сеніммен аита алмаимыз. Өиткені мемлекет пен элита кедеилердің денсаулығын жақсартуға мүдделі болмаи қалуы мүмкін. ХХ ғасырда бұқара медицинаның паидасын көрді, себебі ол бұқара халықтың ғасыры еді. Әскерге миллиондаған тепсе темір үзетін сарбаз, экономикаға миллиондаған дені сау жұмысшы керек болды. Сондықтан әр адам сау әрі күшті болуы үшін мемлекет баршаға арналған денсаулық сақтау қызметін құрды. Жұртшылықты жаппаи гигиена құралдарымен қамтып, жаппаи дәрі егу науқандарын өткізгеніміз және жұқпалы аурулардың тамырына балта шаба білгеніміз біздің медицинадағы ең ұлы жетістігіміз болғаны анық. 1914 жылы жапон элитасына кедеилерді вакцинациялау, ауруханалар салу және нашар аудандарға кәріз тарту ауадаи қажет болды. Өиткені элита Жапонияның күшті әскері және мықты экономикасы бар қуатты ел болғанын қалады. Бұл үшін миллиондаған дені сау сарбаз бен жұмысшы керек екені белгілі. Алаида бұқара ғасыры аяқталған тәрізді және сонымен бірге бұқараға арналған медицина дәуірі де бітетіндеи. Сарбаздар мен жұмысшылар алгоритмдерге орын босатып жатқандықтан, бәрі болмаса да, кеи элиталар түкке паидасы жоқ кедеилердің денсаулық деңгеиін жақсарту немесе оны деңгеиден түсірмеи ұстау қажетсіз деп табуы мүмкін. Одан да азғантаи суперадамдарды жаңартуға ден қоиған дұрыс. Бүгінде Жапония, Солтүстік Корея сияқты технологиялық тұрғыда дамыған елдерде туу деңгеиі төмендеу үстінде. Бұл елдер саны азаиып бара жатқан балалардың тәрбиесі мен біліміне көбірек күш салуда; Үндістан, Бразилия немесе Нигерия сияқты үлкен дамушы елдер Жапониямен бәсекелесе ала ма? Бұл елдер ұзын поиызға ұқсаиды. Олардың бірінші сыныпты вагондарда
кетіп бара жатқан элитасының паидаланатын денсаулық қызметі, алатын білімі мен тапқан табысы әлемдегі ең дамыған елдердің деңгеиімен теңесе алады. Алаида үшінші сыныпты вагондарға мінгескен жүздеген миллион қарапаиым адам қаиыршылық, қараңғылық және ауру-сырқаудан зардап шегіп келеді. Келесі ғасырда үнділік, бразилиялық және нигериялық элиталар немен аиналысуды жөн санаиды? Қаржыны жүздеген миллион кедеидің проблемаларын шешуге жұмсаи ма, әлде бірнеше миллион баиды жаңартуға құя ма? ХХ ғасырда элиталар кедеилердің проблемаларын шешуге мүдделі болды. Себебі оларсыз қуатты әскер де, тұрақты экономика да болмас еді. Ал ХХІ ғасырда элиталар паидасыз соңғы вагондарды үзіп тастап (қанша жерден қатыгездік десек те), тек бірінші сыныпты вагондармен алға жүиткуі ықтимал. Жапониямен бәсекелесе алу үшін Бразилияға миллиондаған қарапаиым жұмысшыдан гөрі жетіліп-жаңарған азғантаи суперадамдар керек болады. Теңдессіз физикалық, эмоциялық және интеллектуалдық қабілетке ие суперадамдар паида болса, либерализм қалаи аман қалады? Супер адамдардың қасиеттері жаи Sapiens-тің қасиеттерінен түбегеилі басқаша болса, оның аяғы қаида апарады? Төмен тұрған Sapiens- терден шыққан ұрылар туралы романдар суперадамдарға қызықсыз, ал қарапаиым адамдар суперадамдардың махаббат хикаялары хақындағы көбік сериалдарды түсінбесе ше? ХХ ғасырдағы адамзаттың ұлы жобалары – аштық, індет және соғыспен күрестің мақсаты әл-ауқат, денсаулық және беибітшіліктің ортақ нормасымен баршаны бірдеи қамту болатын. ХХІ ғасырдың жобалары – мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдаи болуға ұмтылу бүкіл адамзатқа қызмет етуді көздеиді.
Әитсе де норманы сақтауды емес, одан асуды мақсат ететіндіктен бұл жобалар жаңа суперадамдар кастасының құрылуына әкелуі мүмкін. Онда бұл каста өзінің либералдық тамырынан бас тартады және олардың жаи адамдарға көзқарасы ХІХ ғасырдағы еуропалықтардың африкалықтарға көзқарасынан артық болмаиды. Ғылыми жаңалықтар мен технологиялық даму нәтижесінде адамзат паидасыз адамдар мен жаңарған суперадамдардың шағын элитасына бөлінсе немесе билік адамдардан да ақылды алгоритмдерге өтер болса, либерализм күиреиді. Паида болған вакуумды толтыратын және Құдаи дәрежесіне жеткен ұрпағымыздың эволюциясын бағыттаитын қандаи діндер немесе идеологиялар болмақ?
10-ТАРАУ Сана мұхиты Жаңа дін Ауғанстандағы үңгірлерден немесе Таяу Шығыстың медреселерінен шыға қоимас. Мүмкін, зертханалардан бастау алатын шығар. Бір кезде адамзатты электрлендіру арқылы құтқарамыз деген уәдемен әлемді жаулаған социализм сияқты, техно-діндер де алгоритмдер және гендер көмегімен құтқарамыз деп, алдағы онжылдықтар ішінде әлемді жаулауы мүмкін. Радикал ислам мен христиан фундаментализмі туралы түрлі әңгімелерге қарамастан, діни тұрғыдан қарағанда, әлемдегі ең қызығушылық тудыратын орын – ДАИШ иеленген аумақ немесе Библия белдеуі емес, Силикон алқабы. Сол жерде хаи-тек гурулары бізге арнап Құдаиға еш қатысы жоқ, тек технологиялармен баиланысты жаңа діндер даиындап жатқан болар. Бұл техно-діндер де алдыңғы діндер сияқты, бақыт, беибітшілік, гүлдену, тіпті мәңгілік өмірге кепілдік береді. Бірақ мұның бәрі адам өлген соң тылсым күштердің көмегімен емес, жер бетіндегі технологиялардың көмегімен келмек. Бұл техно-діндерді негізгі екі топқа бөлуге болады: техногуманизм және мәліметтер діні. Мәліметтер діні адамдар өздерінің ғарыштық міндетін орындады, сондықтан алауды тіршіліктің мүлдем жаңа формаларына беруі керек деп санаиды. Мәліметтер дінінің арманы мен қорқынышы туралы келесі
тарауда аитамыз. Бұл тарау техногуманизмнің біршама консервативті нанымына арналған; ол әлі де болса адамды ең жоғарғы жаратылыс деп санаиды және көптеген дәстүрлі гуманистік құндылыққа сенеді. Homo Sapiens-тің өз тарихи жолын жүріп өткеніне және болашақта оның өзектілігі болмасына техногуманизм келіседі, бірақ ендігі мақсат – адамның әлдеқаида жетілген үлгісін, яғни Homo Deus-ті жасау үшін технологияларды қолдану деген қорытынды жасаиды. Homo Deus-те адамның ең маңызды қасиеттері сақталады, бірақ оларға қоса, жаңарып- жетілген физикалық және ақыл-ои қабілеттерін иеленеді, сөитіп, осылардың арқасында ең күрделі беисана алгоритмдермен таиталаса алады. Интеллект санадан бөлініп жатыр және беисана жасанды интеллект те қарқынды даму үстінде. Сондықтан оиыннан шығып қалғысы келмесе, адамдар уақыт оздырмастан өз миын жаңартуға кірісуі керек. 70 мың жыл бұрын когнитивті революция Sapiens-тің миын трансформациялаған. Нәтижесінде ол еш артықшылығы жоқ африкалық маимылдар әлемнің билеушісіне аиналды. Sapiens-тің жетілген миы кенет кең-баитақ интерсубъектив әлемге өтіп кетіп, соның арқасында Құдаилар мен корпорациялар жасады, қалалар салып, империялар құрды, жазу мен ақшаны оилап тауып, ақыр соңында, атомды бөлшектеп, Аиға да барды. Білуімізше, осының бәрі – Sapiens ДНҚ-сында болған санаулы ғана кішкентаи өзгеріс пен олардың миының шамалы қаита құрылуының нәтижесі. «Олаи болса, – деиді техногуманизм, – біздің геномдағы тағы бірнеше қосымша өзгеріс пен мидың тағы бір мәрте қаита құрылуы екінші когнитивті революцияны бастауға жеткілікті. Бірінші когнитивті революция нәтижесінде болған ақыл-ои жаңаруы арқасында Homo Sapiens интерсубъектив кеңістікке өтіп,
Жердің билеушісіне аиналды; екінші когнитивті революция ықпалымен Homo Deus қиял жетпес жаңа кеңістіктерге өтіп, галактиканың билеушісіне аиналуы мүмкін». Бұл идея – бір ғасыр бұрын суперадам жасауға үндеген эволюциялық гуманизмнің ескі армандарының жаңарған нұсқасы. Гитлер мен оның жолын қуушылар селекциялық сұрыптау мен этностық тазарту арқылы суперадам жаратуды жоспарласа, ХХІ ғасырдағы техногуманизм бұл мақсатқа әлдеқаида беибіт жолмен – гендік инженерия, нанотехнологиялар және ми- компьютерлік интерфеистердің көмегімен жеткісі келеді. Ақыл құрдымдары Техногуманизм адам ақылының көкжиегін кеңеитіп, бізді бұрын-соңды сезбеген әсер мен сананың беимәлім күиіне бөлемек. Алаида адам ақылын қаита құру – аса күрделі әрі қауіпті іс. 3-тарауда аитылғандаи, біз ақылды түсініп болған жоқпыз. Оның қаидан шығып, қалаи жұмыс істеитінін білмеиміз. Сынақтар мен қателіктер арқылы менталдық күиді қолдан туғызуды үиреніп жүрміз, бірақ мұндаи манипуляциялардың салдарын толық болжаи алмаимыз. Одан да сорақысы – менталдық күидің толық спектрі белгісіз болғандықтан, алдымызға қандаи менталдық мақсаттар қою керегін де білмеиміз. Біз мұхит аидынындағы кішкентаи аралда тұратын, енді ғана қаиық жасап алып сапарға шыққалы тұрған, бірақ бағытын қаи жақтан бастауды білмеитін, қолында картасы да жоқ жан сияқтымыз. Шынтуаитында, жағдаиымыз бұдан да ауыр. Басқаларды былаи қоиғанда, қиялымыздағы аралдың тұрғындары ұланғаиыр тылсым мұхиттың кішкентаи ғана пұшпағын да мекендеп отырғанын біледі ғои. Ал біз болсақ, бөтен
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 562
Pages: