Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-11-24 12:22:30

Description: Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Search

Read the Text Version

(Марсель Дюшанның «Фонтаны» Шотландия Ұлттық галереясындағы заманауи өнер көрмесінде). 31. Гуманистік этика: ұнай ма – солай істе! 32. Гуманистік білім: өз бетіңше ойла! Сары кірпіш жол Биліктің басқа да кез келген бастауы сияқты, сезімдердің де кемшіліктері бар. Гуманизм әр адамның жалғыз және шынаиы ішкі «мені» бар екеніне сенеді. Бірақ бар назарымды соған аударғым келгенде, мен не тыныштыққа, не бір-бірімен таласқан мағынасыз дауыстарға кезігемін. Бұл проблеманы еңсеру үшін гуманизм биліктің жаңа бастауын ғана емес, сонымен қатар сол билікті және шынаиы білімді иеленудің жаңа әдісін жария етті. Орта ғасырлық Еуропада білім алудың басты формуласы мынандаи еді: Білім = Киелі кітаптар х Қисын. Маңызды сұраққа жауап алғысы келсе, адам Киелі кітапты оқитын және онда жазылғанның дәл мағынасын түсіну үшін қисынға сүиенетін. Мысалы, жердің пішіні туралы мәлімет іздеген схоласт ғалымдар тиісті нұсқауларды табу үшін Библияны зерттеитін. Иов кітабында Құдаидың таң араиына «жерді шетінен ұстап тұрып, күнәһарларды сілкіп таста» деп бұиыратыны аитылған (38:13). Мұны көрген бір схоласт жердің шеті бар екен, одан ұстауға болады екен, ендеше Жер шаршы жазық деп түиеді. Енді бірі бұл

түсіндірмені теріске шығарып, Исаия кітабындағы мына дерекке назар аударуға шақырады. Онда Құдаи «Жер шеңбері үстінде тақта отыр» делінген (40:22). «Бұл жердің дөңгелек екенінің дәлелі емес пе?» – деиді әлгі. Шынтуаитында, бұл білім іздеген схоласт ғалымдардың өмірлерін мектептер мен кітапханаларда өткізіп, киелі мәтіндерді көп оқығанын және оны дұрыс түсіну үшін логикалық оилауды шыңдап отырғанын білдіреді. Ғылыми революция білім алудың мүлдем жаңа формуласын жария етті: Білім = Эмпирикалық деректер х Математика. Егер әлдебір сұраққа жауап тапқымыз келсе, біз тиісті эмпирикалық деректі жинақтап, оларды талдау үшін математикалық құралдарды қолданамыз. Мысалы, жердің формасын есептеп шығару үшін күнді, аиды және ғаламшарларды әлемнің түрлі нүктелерінен бақылаимыз. Жеткілікті дерек жинаған соң, тригонометрияның көмегімен жердің пішінін ғана емес, бүкіл Күн жүиесінің құрылымын да есептеи аламыз. Шынтуаитында, бұл білім іздеген ғалымдардың өмірлерін расытхана, зертхана мен зерттеу экспедицияларында өткізіп, барынша көп эмпирикалық дерек жинаитынын және ол деректерді дұрыс түсіну үшін математикалық құралдарын шыңдап отыратынын білдіреді. Білімнің ғылыми формуласы астрономия, физика, медицина және басқа да көптеген салаларда ғаламат жетістіктерге жеткізді. Бірақ оның бір үлкен кемшілігі – құндылықтар мен мағына туралы мәселелерде дәрменсіз еді. Орта ғасырлардағы даналар өлтіруге, ұрлауға болмаиды, адам өмірінің мақсаты – Құдаиға табыну деп толық сеніммен аитатын, өиткені Киелі кітапта солаи жазылған. Ғалымдар этикалық паиым жасамаиды. Қаншама мол дерек жинаса да, математикада небір кереметтер ашылса да, олар өлтіруге болмаитынын дәлелдеи алмаиды. Алаида мұндаи баға

беруші паиымдамалар болмаса, адамзат қоғамдары тіршілік ете алмаиды. Бұл қиындықты еңсерудің бір жолы орта ғасырлық ескі формуланы жаңа ғылыми әдіспен бірге қолдана беру еді. Алдымыздан жердің пішінін анықтау, көпір салу немесе ауруды емдеу сияқты практикалық проблема шыққан кезде, біз эмпирикалық деректерді жинап, оларды математикалық жолмен талдаимыз. Ажырасуға, түсік жасатуға немесе гомосексуализмге рұқсат етуге бола ма деген сияқты этикалық проблемаларға келгенде киелі кітаптарға жүгінеміз. Бұрын паидаланылған бұл шешімді Виктория дәуіріндегі Британиядан бастап, ХХІ ғасырдағы Иранға деиінгі заманауи қоғамдардың көбі қолданып келеді. Алаида гуманизм өз баламасын ұсынды. Адамдар өзіне сенуді үиренген кезде этикалық білім алудың жаңа формуласы паида болды: Білім = Тәжірибе х Сезімталдық. Егер әлдебір этикалық сұраққа жауап алғымыз келсе, біз ішкі күиіміз бен тәжірибелерімізге жүгініп, оларды барынша сезімталдықпен қадағалауымыз керек. Іс жүзінде, бұл мынаны білдіреді: білімге жету үшін біз жылдар боиы тәжірибе жинақтап, оларды дұрыс түсіну үшін сезімталдықты ылғи қаирап отырамыз. Ал «тәжірибе» деп отырғанымыз не? Олар эмпирикалық деректер емес. Тәжірибе атомдар, электромагниттік толқындар, протеиндер я болмаса сандардан тұрмаиды. Тәжірибе – сезінуден, эмоция мен оидан құралған субъектив феномен. Кез келген сәттегі тәжірибем мен сезінгеннің барлығын (дененің қызуы, рақаттану, мазасыздық т.б.), әр эмоцияны (сүиіспеншілік, қорқыныш, ыза т.б.) және ақылымда паида болған барлық оиларды қамтиды. Ал «сезімталдық» деген не? Бұл екі нәрсені білдіреді. Біріншіден,

өзім сезінген нәрселерге, эмоция мен оиыма көңіл бөлу. Екіншіден, осы сезінудің, эмоция мен оидың маған әсер етуіне мүмкіндік беру. Әрине, әр үп еткен самалға қаңбақтаи ұша жөнелмеимін. Әитсе де мен жаңа тәжірибелерге, олардың көзқарасымды, іс-әрекетімді және тіпті тұлғалық ерекшелігімді өзгертуіне ерік беруім керек. Тәжірибе мен сезімталдық бір-бірін ылғи толықтырып отырады. Сезімталдық болмаса, мен ештеңені өз тәжірибемнен өткізе алмаимын және әртүрлі тәжірибелерді басымнан өткермеи сезімталдықты дамыта алмаимын. Сезімталдық кітап оқып немесе дәріс тыңдау арқылы дарытуға болатын абстракт қабілет емес. Ол – тек іс-тәжірибеде қолдану арқылы пісіп-жетілетін практикалық дағды. Мысалы, шаиды алаиық. Күнде таңертең өте тәтті кәдімгі шаи ішіп отырып, газет оқимын. Шаиды қант жеу үшін ғана ішпеимін. Бір күні қарасам, тәттіге сүисініп, газеттің қызығына түскенмен, шаидың дәмін сезбеиді екем. Сосын қантты азырақ салып, газетті шетке ысырып, көзімді жұмып, тек шаиға көңіл бөлемін. Оның ерекше иісі мен дәмін сезіне бастаимын. Келесіде мен шаидың басқа түрлеріне эксперимент жасаимын, қара шаи мен көк шаидың иісі мен дәмін салыстырамын. Бірнеше аидан соң шаиды супермаркеттерден емес, Harrods универмагынан алатын болдым. Енді маған Қытаидың Сычуань провинциясындағы Яань тауларында өсетін «Панда Дунг» шаиы аирықша ұнаиды. Оны панда тезегімен тыңаитылған шаи бұтасының жапырақтарынан даиындаиды. Сөитіп, әр шәшке саиын менің шаиға сезімталдығым ұшталып, шаидың нағыз білгірі болып шықтым. Егер алғаш шаи ішіп жүрген кездері «Панда Дунг» шаиын Мин династиясынан қалған фарфор ыдыспен берсе, мен оның қағаз стакандағы кәдімгі

шаидан аиырмасын сезіне алмас едім. Лаиық сезімталдық болмаса, сіз бір нәрсені сезіне алмаисыз және ол сезімталдық ұзақ уақыт тәжірибе жинақтаған жағдаида ғана ұшталады. Бұл тек шаиға емес, эстетикалық және этикалық білімнің бәріне қатысты. Біз дүниеге даиын ар-намыспен келмеиміз. Өмір сүре жүріп, адамдарды ренжітеміз, басқалар бізді ренжітеді, жанашырлық танытамыз, өзгелер де бізге жанашырлық танытады. Егер көңіл бөле білсек, моральдық сезімталдығымыз ұшталады, ал осы алған тәжірибелеріміз не жақсы, не дұрыс және мен шынында кіммін деген сұрақтар туралы құнды білімнің бастауына аиналады. Яғни гуманизмге сәикес, өмір – біртіндеп жүретін ішкі өзгеріс процесі, бұл процесс кезінде біз тәжірибелер арқылы надандықтан арыламыз. Гуманистік өмірдің ең маңызды мақсаты – толып жатқан интеллектуалдық, эмоциялық және физикалық тәжірибелер арқылы білімді барынша толықтыру. Қазіргі білім беру жүиесінің негізін қалаушылардың бірі Вильгельм фон Гумбольт ХІХ ғасырдың басында былаи деген болатын: «Тіршіліктің мақсаты – өмірден мүмкіндігінше мол тәжірибе алып, оны даналыққа аиналдыру. Өмірде жалғыз асқақтық бар: ол – адамға тән нәрсенің бәрін сезіммен өлшеу»4. Гуманизмнің ұраны осы деуге болады. Қытаи философиясына сәикес, әлемді тіреп тұрған нәрсе – «инь» және «ян» деп аталатын бір-біріне қарсы, әрі бірін-бірі толықтырушы екі күштің өзара әрекеттестігі. Физикалық әлем туралы бұлаи деу дұрыс емес шығар, бірақ ғылым мен гуманизмнің келісімі негізінде туған қазіргі әлем тура осыған саяды. Кез келген ғылыми «ян-ның» ішінде гуманистік «инь» бар немесе керісінше. «Ян» бізге күш береді, ал «инь» мағына мен

этикалық паиым ұсынады. Қазіргі замандағы «ян» мен «инь» – ақыл және эмоция, зертхана мен музеи, өндіріс желісі мен супермаркет. Көбіне адам тек «ян-ді» көреді, ал қазіргі әлемді зертхана немесе зауыт сияқты қасаң, ғылыми, қисынды және паида көздеитін құбылыс ретінде қабылдаиды. Алаида қазіргі әлем сонымен қатар таң-тамаша супермаркет. Бұрынғы мәдениеттердің ешқаисысы сезім, қалау мен тәжірибеге осынша маңыз бермеген. Әлем – тәжірибелер тізбегі деитін гуманистік көзқарас туризмнен өнерге деиінгі толып жатқан заманауи индустриялардың негізгі мифіне аиналды. Туристік агенттіктер мен меирамханалар бізге ұшақ билеттері, қонақүи бөлмелері немесе таңсық тағамдардың орнына жаңа тәжірибелер сатады. Сол сияқты, бұрынғы замандағы нарративтер оқиғаларды басты назарда ұстаса, қазіргі заманғы романдар, фильмдер мен поэмалар, негізінен, сезімдерге мән береді. Грек-рим эпопеялары мен орта ғасырлардағы рыцарлық романдар сезімдерді емес, қаһармандық істерді баяндаитын. Бір тарауда ержүрек рыцардың құбыжық дәумен шаиқасып, ақыры өлтіргені туралы аитылады. Келесі тарау оның сұлу ханшаиымды аузынан от шашқан аидаһардан құтқарып алғанын суреттеиді. Үшінші тарауда мыстан кемпір ханшаиымды ұрлаиды, ал рыцарь оның соңына түсіп, зұлымды өлтіреді. Бас қаһармен қашанда ұста немесе шаруа емес, ылғи рыцарь екені таңданарлық нәрсе емес, өиткені шаруалар ерлік жасамаитын. Қаһармандардың ішкі өзгеріс процесін бастан өткізбеитіні – аса маңызды жаит. Ахиллес, Артур, Роланд пен Ланселот қатерлі жорықтарға аттанарда рыцарлық көзқарастағы жүрек жұтқан батырлар болса, аяғына деиін осындаи болып қалатын. Құбыжықтарды өлтіріп, сұлуларды құтқаруы олардың батырлығы

мен табандылығын аиғақтаитын, бірақ осы ерлік істері өздерін ештеңеге үиретпеитін. Гуманизмнің іс-әрекеттерге емес, сезімдер мен тәжірибелерге мән беруі өнерді түбегеилі өзгертті. Вордсворт, Достоевскии, Золя және Диккенстерді ержүрек рыцарлар мен көзсіз ерліктер қызықтырмады; жазушыларды қарапаиым жұмысшы мен үи шаруасындағы әиелдің сезімдері толғандырды. Сыртқы әрекет емес, ішкі өмірге үңілудің үздік мысалы Джоистың «Улисс» романы деген пікір бар. Джоис 260 мың сөзбен Стивен Дедал және Леопольд Блум есімді екі дублиндіктің бір күнгі өмірін суреттеиді. Осы бір күнде олар есте қаларлық еш іс-әрекет жасамаиды. «Улиссті» бастан-аяқ бір сөзін қалдырмаи оқыған адам көп емес, бірақ басымдықтың іс-әрекеттен сезімге ауысуы – қазіргі бұқаралық мәдениеттің негізгі бөлігіне тән сипат. АҚШ-та «Survivor» телесериалын реалити-шоуды әуестікке аиналдырғаны үшін мақтаиды (немесе даттаиды). «Survivor» реалити-шоуы Нильсен реитингінің басына шыққан алғашқы реалити-шоу болды. Ал Time журналы 2007 жылы оны бүкіл тарихтағы ең үздік 100 шоудың қатарына қосты5. Сериалдың әр маусымында үстіне лыпа ғана ілген 20 қатысушыны бір тропикалық аралға апарып тастаиды. Мұнда олар әртүрлі қиындықтарға кезігеді. Әр маусымда олар дауыс беру арқылы бір қатысушыны шығарып тастап отырады. Ең соңғы адам үиіне бір миллион доллар алып кетеді. Гомер заманындағы Грекия, Рим империясы және орта ғасырдағы Еуропа қауымы үшін бұл идея таныс әрі сондаи қызық көрінер еді. Жиырма адам саиысқа түседі, соңында бір қаһарман қалады. «Ғажап!» дер еді гомерлік патша, римдік патриции және крестші рыцарь жаилана жаиғасып жатып. «Қауіп-қатерге толы

сапар, кескілескен шаиқастар, батырлық пен сатқындық көрініс табатын оқиғаларды көреміз. Қазір батырлар жан алысып, жан беріседі, көз алдымызда ішек-қарындары ақтарылады». Қандаи өкінішті! Қанжар салу, ішек-қарын ақтару дегеннің бәрі әшеиін метафора екен. Әр эпизод бір сағатқа созылады. Оның төрттен бірін тіс пастасының, шампунь мен автокөліктердің жарнамасы алады. Себетке кім көп кокос лақтырады немесе кім бір минутта көбірек қоңыз жеиді деген сияқты күлкілі сынақтарға бес минут уақыт арналған. Қалған уақытта «қаһармандар» бастан кешкен сезімдері туралы аитады! Ол аитты, сен аиттың, мен мынаны сезіндім, ананы сезіндім. Крестші рыцарь «Survivor» реалити-шоуын шынымен көрсе, ол зерігіп, сосын қаны қараиғаннан аибалтасымен теледидардың күл-талқанын шығарып тастар еді. Бүгінде бізге орта ғасырлық рыцарлар сезімсіз тұрпаиылар болып көрінуі мүмкін. Осы заманда өмір сүретін болса, біз оларды өз сезімдерімен баиланыс орнатуына көмектессін деп психотерапевке апарар едік. «Оз елінің сиқыршысы» атты әигілі ертегідегі Қалаиы адам дәл осы кепті киеді. Дороти және оның достарына қосылып, Қалаиы адам сары кірпіштен жасалған жолмен Оз еліне сапарға шығады. Ол жерге барған соң ұлы сиқыршы маған жүрек сыилаиды деп үміттенеді. Сол сияқты, Бақша қарақшысы өзіне ми, ал Арыстан батылдық алғысы келеді. Сапар соңында олар ұлы сиқыршының алаяқ дүмше екенін және өздері армандаған нәрсенің ешқаисысын бере алмаитынын біледі. Әитсе де олар әлдеқаида маңызды нәрсеге көз жеткізеді: қалаған нәрсенің бәрі бұлардың өздерінде бар екен. Сезімтал, ақылды және батыл болу үшін сиқыршының көмегі керек емес. Ол үшін әншеиін сары кірпіш төселген жолмен жүріп, бастан өткізген

тәжірибелердің ыңғаиына жығылсаң болғаны. Жиһанкездер туралы фильмдердің талаи кеиіпкері жол-жөнекеи осы сабақты үиренеді. Мысалы, ғаламшараралық «Энтерпраиз» кемесімен галактиканы аралаған капитан Кирк пен капитан Жан- Люк Пикар, Миссисипи өзенімен төмен құлдилаған Гекльберри Финн мен Джим, «Алаңсыз мотошабандоз» фильмінде Harley- Davidson мотоциклімен ел кезген Уаиатт пен Билли және басқалар. Олар Пенсильваниядағы (немесе Жаңа Оңтүстік Уэльстегі) үилерінен ескі автокөлікпен (немесе автобуспен) жолға шығады. Жолда санасын дүр сілкіндірген сан алуан әсерлерге бөленеді, өздерінің ішкі әлемімен баиланыс орнатады, сезімдері туралы аитады. Сөитіп, ақыр соңында, Сан- Францискоға (немесе Алис-Спрингске) бұрынғыдан меиірімді әрі ақылды адамдар болып жетеді. Соғыс туралы шындық Білім = Тәжірибе х Сезімталдық деген формула бұқаралық мәдениетпен қатар, соғыс сияқты үлкен мәселелерге қатысты көзқарасымызды да өзгертті. Ғасырлар боиы қаисыбір соғыс әділ ме деген сұрақтың жауабын алу үшін адамдар Құдаиға, киелі кітаптарға немесе дерге, ақсүиектер мен священниктерге жүгінетін. Қатардағы сарбаз немесе қарапаиым азаматтың пікірі мен тәжірибелері ешкімді қызықтырмаитын. Гомер, Вергилии мен Шекспир сияқты соғыс туралы жазған авторлар император, қолбасшы, жүрек жұтқан батырлардың не істеп, не қоиғанын суреттеитін. Рас, олар соғыстың сұмдықтарын да жасырмаитын. Дегенмен солар керемет қаһармандық пен даңқтың қалқасында қалатын. Қарапаиым сарбаздар әлдебір Голиафтың қылышынан қырылып, тау-тау боп үиілген өлі денелер, не болмаса жеңімпаз

Давидті иығына көтеріп, шулап келе жатқан тобыр кеипінде ғана көрінетін. 33. Иоганн Якоб Вальтер. Швед королі Густав Адольф Брейтенфельд шайқасында. Мысалы, 1631 жылы 17 қыркүиекте болған Бреитенфельд шаиқасын кескіндеген картинаға қараңыз. Суретші Иоганн Якоб Вальтер өз әскерін шешуші шаиқаста жеңіске жеткізген Швеция королі Густав Адольфті мадақтаиды. Густав Адольф шаиқас алаңының үстінде Соғыс құдаиындаи шарықтаиды. Король мұнда әскерін пешкаларды қозғаған шахматшы сияқты басқаратындаи әсер туады. Пешкалар болса жансыз фигуралар немесе артқы жақтағы титімдеи ноқаттар сияқты. Шабуылға шыққанда, шегінгенде, өлтіргенде немесе өздері өлгенде бұлардың қандаи сезімде болғаны Вальтерді қызықтырмаған. Олар сұрқаи тобыр. Тіпті қолбасшыны емес, шаиқастың өзін беинелемекші болғанның өзінде де, суретшілер жеке сезімдерден гөрі ұжымдық маневрларға көбірек көңіл бөлуге тырысады. Мысалы, Питер Снаиерстің «Ақ таудағы шаиқас» картинасын алаиық.

34. Питер Снайерс. «Ақ таудағы шайқас». Мұнда отыз жылдық соғыс кезінде католиктердің протестант бүлікшілерді жеңумен аяқталған атақты шаиқас көрсетілген. Снаиерс әскердің орналасуын, маневрларды және әскердің қозғалысын қаз-қалпында беру арқылы бұл жеңісті мәңгі есте қалдырғысы келді. Картинадан түрлі әскер бөлімдерін, олардың қару-жарағын, шаиқас алдындағы шебін жақсы ажырата аласыз. Алаида Снаиерс қарапаиым сарбаздың әсері мен сезімін назардан тыс қалдырған. Иоганн Якоб Вальтер сияқты, ол да шаиқасты құдаилар мен билеушілердің биігінен көрсетеді. Осылаиша, соғыс ғаламат зор шахмат оиыны сияқты әсер тудырады. Ал егер картинаға жіті, әсіресе лупамен қарасаңыз, «Ақ таудағы шаиқас», қалаи болғанда да, шахмат партиясынан күрделірек екеніне көз жеткізесіз. Бір қарағанда, геометриялық абстракциялар сияқты көрінген нәрселер жақын үңілгенде қанды қырқыс маиданына аиналады. Әр жерден шабуылға шыққан немесе кеиін қашқан, мылтықпен атқан немесе дұшпанды наизамен шаншыған жеке сарбаздың бет-әлпетін көруге болады. Алаида бұл көріністердің мағынасы олардың тұтас картинадағы орнына баиланысты. Зеңбірек ядросының сарбазды жаиратып салғаны беинеленсе, онда бұл католиктердің ғаламат жеңісіне

қатысты екенін түсінеміз. Егер сарбаз протестанттар жағында шаиқасқан болса, оның өлімі – бүлікшілдік пен дінбұзарлық үшін берілген жаза. Ал егер сарбаз католиктер жағында шаиқасып өлсе, ол – әділ іс жолындағы құрбан. Картинаның жоғарғы жағында шаиқас алаңы үстінде қалықтап жүрген періштелер беинеленген. Олар ұстаған ақ жалауда мұның қандаи шаиқас екені және неліктен маңызды екені латынша жазылған. Онда «1620 жылы 8 қарашада император ІІ Фердинант Құдаидың қолдауымен дұшпандарын күиретті» делінген. Мыңдаған жыл боиы адамзат соғыстан ең әуелі Құдаи, император, қолбасшы және ұлы қаһарманды ғана көріп келді. Тек соңғы екі ғасырда корольдер мен қолбасшылар біртіндеп шетке ысырылып, алдыңғы орынға қатардағы сарбаз бен оның ішкі жан дүниесі шықты. «Батыс маиданда өзгеріс жоқ» сияқты әскери романдарда немесе «Взвод» сияқты фильмдерде өзі һәм әлем жаиында білетіні аз, үміт пен елестің ауыр 35. Отто Дикс. «Соғыс» (1929–1932). жүгін көтерген өрімдеи жас сарбаз паида болады. Ол соғыстың ұлы іс екеніне, мақсаттың әділдігіне, ал командирдің данышпандығына сенеді. Бірнеше күн батпақ пен қанға батып, соғыстың иісін жұтқан соң, яғни нағыз соғыстың қандаи екенін көргеннен кеиін оның үміті желге ұшады. Тірі қалса, ол соғыстан

мұғалім, киногер мен сөзуар саясаткер аитудан жалықпаитын клишелер мен идеалдарға сенбеитін дана адам болып оралады. Мұндағы парадокс: осы сияқты хикаялардың ықпалы күшеигені сонша – оларды енді мұғалім, киногер және сөзуар саясаткер аузынан тастамаитын болды. «Бүгінгі апокалипсис», «Тұтастаи металл қабық» және «Қара қаршығаның құлауы» сияқты голливудтық блокбастерлер «Соғыс сендер кинодан көріп жүргендеи емес!» деп ескертеді. Таспадағы прозамен немесе поэзиямен берілген қатардағы солдаттың сезімдері соғыстағы ең жоғары беделге аиналып, оны құрметтеуді бәрі үиренді. Мына бір анекдоттағы сияқты: «Лампаны ауыстыру үшін қанша вьетнам ардагері керек? Оны түсінбеисің. Сен онда болған жоқсың»6. Арғымақ мінген қолбасшы мен тактикалық шептерге суретшілер де қызықпаитын болды. Олар да қарапаиым сарбаздың сезімін бергісі келеді. «Бреитенфельд шаиқасы» мен «Ақ таудағы шаиқас» картиналарына тағы бір көз жүгіртіңіз. Енді ХХ ғасырдағы соғыс тақырыбына арналған көркемсуреттің моиындалған екі жауһары – Отто Дикстің «Соғыс» және Томас Лидің «Екі мың ярдқа көз жіберу» картиналарын қараңыз. 36. Томас Ли. ««Екі мың ярдқа көз жіберу» (1944). Дикс Бірінші дүниежүзілік соғыста неміс армиясында сержант

болып қызмет етті. Ли болса Life журналына Пелелау шаиқасынан хабар беріп отырды. Вальтер мен Снаиерс соғысты әскери һәм саяси феномен деп түсініп, бізге шаиқастардың қалаи жүргенін көрсеткісі келсе, Дикс пен Ли шаиқасты эмоциялық феномен ретінде қабылдап, оны сезіну қандаи болатынын паш етуді қалады. Әлдебір шаиқастағы қолбасшының таланты немесе тактикалық әдіс сияқты нәрселерде бұлардың шаруасы болмады. Дикс беинелеген сарбаз Верден жанында немесе Ипр түбінде, я болмаса Соммеде шаиқасуы мүмкін еді. Қаи жерде болса да бәрібір, өиткені соғыс – барлық жерде тозақ. Ли беинелеген кеиіпкер – Пелелиудағы америкалық сарбаз. Бірақ дәл осы сезімді Иводзимедегі жапон, Сталинградтағы неміс және Дюнкерктегі британ сарбазының көзінен көруге болады. Дикс пен Лидің картиналарында соғыстың мағынасы тактикалық маневрден немесе жоғарыдан түскен жарлықтардан туындамаиды. Соғысты түсінгіңіз келе ме? Онда төбе үстінде тұрған қолбасшыға да, көктегі періштелерге де қарамаңыз. Қатардағы қарапаиым сарбаздың көзіне қараңыз. Лидің картинасындағы жаралы сарбаздың бадыраиған көзінен сіз соғыстың бар сұмдығын оқисыз. Ал Дикстің картинасындағы бұл шындыққа тіпті төзу мүмкін емес: шаиқас алаңы үстінде ұшып жүрген ешқандаи періште жоқ, тек ағашқа ілініп, саусағын аиыптап тұрғандаи шошаитқан өлі дене ғана бар. Дикс пен Ли сияқты суретшілер осылаиша соғыстың дәстүрлі иерархиясын бұзуға көмектесті. Ерте замандардағы сансыз соғыстардың сұмдығы ХХ ғасырдағы соғыстардан кем болған жоқ. Алаида бертінге деиін адамдардың соғыста көрген жантүршігерлік тәжірибелері оларға позитив мағына берген неғұрлым кеңірек контекске сыиғызылды. Адамзат соғыстың

тозақ екені рас, бірақ ол сонымен қатар жұмақтың қақпасы деп сенді. Ақ таудағы шаиқаста қан төккен сарбаз: «Азап шегіп жүргенім рас. Бірақ Папа мен император игі мақсат үшін соғысып жатқанымызды аитты. Ендеше бекерге азап шегіп жатқаным жоқ», – деи алатын. Отто Дикс бұған қарама-қарсы қисынды қолданды. Оның оиынша, барлық мағынаның жалғыз бастауы – адамның тәжірибесі, сондықтан ол беинелеген сарбаз: «Мен азап шегіп жүрмін, бұл өте жаман, ендеше барлық соғыс жаман. Каизер мен дінбасылар бұл соғысты қолдаса, олардікі дұрыс емес», – деп паиымдады7. Гуманизмнің бөлінуі Осыған деиін гуманизмді талқылағанда, оны біртұтас үилесімді дүниетаным ретінде қарастырдық. Шынтуаитында, гуманизмнің тағдыры христиандық немесе буддизм сияқты кез келген әлемдік діннің тағдырына ұқсас болды. Таралып әрі дами отырып, ол өзара қақтығысушы әртүрлі ағымдарға бөлінді. Гуманистік ағымдардың барлығы адам тәжірибесі мағына мен биліктің ең жоғарғы бастауы деиді, бірақ адам тәжірибелерін әртүрлі түсіндіреді. Гуманизм негізгі үш тармаққа бөлінді. Ортодокс ағым «әр адам – ерекше ішкі дауыс және қаиталанбас тәжірибелерге ие аирықша тұлға» деп түсінеді. Кез келген адам – жарықтың жеке сәулесі, бұл сәуле әлемге өзгеше қырынан жарық шашып, ғаламға өзінше түс, тереңдік пен мағына дарытады. Сондықтан әр жеке адамға тәжірибе жинақтап, ішкі үніне ілесіп және ішкі шындығын жеткізуі үшін барынша көп еркіндік беруіміз керек. Саясатта, экономикада немесе өнерде болсын, жеке адамның еркіндігі мемлекет мүддесі немесе діни доктриналардан жоғары тұруға тиіс. Индивид неғұрлым еркін болса, біздің әлем соғұрлым сұлу,

баи және мағыналы болмақ. Еркіндікке осылаи ерекше мән беретіндіктен гуманизмнің ортодокс тармағы «либерал гуманизм» немесе жаи ғана «либерализм» деп аталады. «Саилаушы өзі біледі» деп санаитын – дәл осы либерал саясат. «Сұлулық – сұқтанғанның жанарында» деитін – либерал өнер. «Қашанда тұтынушынікі дұрыс» деитін – либерал экономика. «Ұнаи ма – солаи істе!» деп кеңес беретін – либерал этика. «Өз бетіңше оилан, өиткені бар жауапты өз ішімізден табамыз» деп үирететін – либерал білім. ХІХ және ХХ ғасырларда гуманизмнің қоғамдық маңызы мен саяси салмағы артуына ораи, одан бір-бірінен мүлдем бөлек екі тармақ өркен жаиды: социалистік гуманизм (бұған көптеген социалистік және коммунистік қозғалыс қосылды) және эволюциялық гуманизм (бұл бағытты жақтаушылардың ең атақтылары нацистер болды). Бұл екеуі де либерализм сияқты, мағына мен биліктің ең жоғары бастауы – адами тәжірибелер деп білді. Екеуі де ешқандаи тылсым құдіретке немесе Құдаидың заңдарына сенбеитін. Мысалы, Карл Маркстен он жастағы балаларды түтін зауыттарда он екі сағат жұмыс істетуге неге болмаиды деп сұрасаңыз, ол балалардың өздерін нашар сезінетінін аитар еді. Біз Құдаи солаи бұиырғандықтан емес, ондаи іс адамдарды беишара халге түсіретіні себепті қанауға, қысым мен теңсіздікке жол бермеуіміз керек. Алаида социалистер де, эволюциялық гуманистер де адам тәжірибелерін либералдық тұрғыда түсінудің кемшіліктерін нұсқады. Мысалы, либералдар адам тәжірибелерін жеке феномен деп түсінеді. Алаида әлемде жеке адам өте көп, олар әртүрлі дүниелерді сезінеді және әр нәрсені қалаиды. Билік пен мағына жеке тәжірибеден туындаса, бір-біріне мүлдем керағар

тәжірибелердің қаишылығын қалаи шешеміз? 2015 жылы 15 шілдеде Германия канцлері Ангела Меркельге Ливаннан қашып келген палестиналық қыз өтініш аитты. Оның отбасы Германиядан баспана сұраған еді, бірақ елден шығарылатыны анық болды. Реем атты жаңағы қыз шала-шарпы немісшесімен Меркельге: «Өзге адам бақытты өмір сүріп жатқанын, ал өзіңде ондаи мүмкіндік жоқ екенін көру өте ауыр. Ертеңгі күнім не боларын білмеимін», – деді. Меркель «саясат кеиде қатал» болатынын аитып, Ливанда жүздеген мың палестиналық босқын бар екенін, олардың бәрін Германия қабылдаи алмаитынын түсіндірді. Мұндаи қатаң жауапты көңіліне қатты алған Реем жылап жіберді. Меркель қапаланған қызды иығынан қағып жұбатқан болды, бірақ дегенінен қаитпады. Бұл жағдаи қоғамда үлкен сілкініс туғызып, көпшілік Меркельді тым қаталдығы мен тасбауырлығы үшін аиыптады. Сынның бетін қаитару үшін Меркель раиынан қаитты, сөитіп, Реем мен оның отбасы баспана алды. Одан кеиінгі аиларда Меркель есікті аиқара ашып, Германияға жүздеген мың босқынды кіргізді. Бірақ бәріне ұнау мүмкін емес. Көп ұзамаи ол сентиментализмге ерік бергені, табанды бола алмағаны үшін төпелеген сынның астында қалды. Неміс ата-аналары Меркельдің ұстанымының кілт бұрылуы салдарынан балаларымыздың тұрмыс сапасы төмендеиді, бұдан да сорақысы, оларды алаи-түлеи исламдану толқыны шарпиды деп қорықты. Тіпті либерализм құндылықтарын қолдамауы да мүмкін мүлдем бөтен адамдар үшін олар неліктен өздерінің беибіт өмірі мен жаилы тұрмысын қатерге тігуі керек? Бұл – баршаға ауыр тиіп отырған мәселе. Беишара босқындар мен мазасызданған немістер арасындағы қарама-қаишы сезімдерді

қалаи реттеуге болады?8 Либералдар көп уақыттан бері осындаи қарама- қаишылықтармен күресіп келеді. Локк, Джефферсон, Милль және олардың әріптестері – ешкім де мұндаи бас қатыратын қиын түиіндерді тез әрі оңаи шешудің жолын бізге нұсқап кетпепті. Демократиялық саилау өткізу көмектесе алмаиды, өиткені онда мынандаи мәселе шығады: саилауда кім дауыс беруі керек – тек неміс азаматтары ма, әлде бұл елге қоныс аударғысы келетін миллиондаған африкалық пен азиялық та дауыс бере ме? Неге бір топтың сезімі басқа топтың сезімінен жоғары қоиылуы керек? Сол сияқты, араб-израиль қақтығысын 8 миллион Израиль азаматы мен 350 миллион Араб елдері лигасы азаматтарының дауыс беруі арқылы шеше алмаисыз. Израильдіктердің мұндаи плебисциттің қорытындысын моиындамаитыны бесенеден белгілі. Адам қаи кезде демократиялық саилауға сенеді? Саилаушылардың басым көпшілігімен ортақ нәрселеріміз бар деп оилағанда ғана. Егер өзге саилаушылардың ішкі тәжірибесі маған жат болса, олардың менің сезімдерімді түсінбеитініне және менің өмірлік маңызы бар мүдделеріме пысқырып та қарамаитынына сенімді болсам – меилі, менің даусыма жүз дауыс қарсы болсын – мұндаи нәтижені қабылдамаимын. Демократиялық саилаулар бұрыннан діни наным немесе ұлттық миф сияқты ортақ нәрсе біріктірген қоғамдарда пәрменді жұмыс істеиді. Өиткені бұлар – көп мәселе боиынша ортақ көзқарастағы адамдар арасында туындаитын келіспеушіліктерді реттеудің әдісі. Сондықтан либерализм адамдардың бір таипаға жатамыз деген көнеден келе жатқан ұжымдық бірегеиліктері мен сезімдерін біріктіріп, модерн ұлтшылдықты туғызды. Бүгінде ұлтшылдықты көбі антилиберал күш ретінде санаиды. Бірақ ХІХ ғасырда

ұлтшылдық либерализммен тығыз баиланыста болды. Либералдар жеке адамның аирықша тәжірибелерін мадақтаиды. Әр адамда өзіндік ерекше талғам, сезім және қызық мінездер болады. Адам бұларды өзгелерге зияны тимеитіндеи сыртқа шығаруға және сынап тексеруге ерікті. Дәл осылаи, Джузеппе Мадзини сияқты ХІХ ғасыр ұлтшылдары әр жеке ұлттың аирықшылығын мадақтады. Олар көптеген адами тәжірибенің ортақ болатынына баса назар аударды. Сіз полька биін жалғыз билеи алмаисыз немесе неміс тілін жалғыз оилап тауып, сақтаи алмаисыз. Сөзді, биді және тағамды паидалана отырып, әр ұлт өз өкілдерін ерекше тәжірибелермен тәрбиелеп, оларға ұлттың өзіне ғана тән сезімталдықты сіңіреді. Мадзини сияқты либерал ұлтшылдар осындаи ерекше ұлттық тәжірибелерді империялардың басып-жаншуына жол бермеуге шақырды және өздерінің ұлттық сезімдерін көршілерге залал тигізбеи танытып, талқыға салуға ерікті ұлттардың беибіт қоғамдастығын құруды армандады. Бұл Еуропалық Одақтың ресми идеологиясына аиналды; оның 2004 жылғы конституциясында Еуропаны «саналуандық біріктіргені» және Еуропаның түрлі халықтары әлі де «өздерінің ұлттық бірегеилігін мақтан ететіні» жазылған. Неміс ұлтына ортақ өзгеше тәжірибелерді сақтаудың маңыздылығы сонша – тіпті неміс либералдары иммиграцияны тежеитін бөгеттерді ашуға қарсы. Әрине, либерализм мен ұлтшылдықтың одағы түиінді мәселелердің бәрін бірдеи шеше алған жоқ, керісінше, жаңа қиындықтар туғызды. Ортақ, ұжымдық тәжірибелердің құндылығын жеке тәжірибенің құндылығымен қалаи салыстырамыз? Польканы, братвурсты (неміс шұжығы. – Ред.) және неміс тілін сақтау үшін миллиондаған босқынды беишара

күиге түсіру немесе тіпті өлім халіне жеткізу дұрыс па? Ұлттың бірегеи болмысын анықтауда туған елеулі келіспеушіліктер 1933 жылы Германиядағы, 1861 жылы АҚШ-тағы, 1936 жылы Испаниядағы және 2011 жылы Мысырдағы сияқты ұлттың өзін екіге жарса ше? Мұндаи жағдаиларда демократиялық саилаулар көмектеспеиді, өиткені қарсы тараптарда оның нәтижесін моиындауға еш себеп жоқ. Ақыр соңында, ұлттық полька биін билеи жүріп, сіз менің ұлтым басқалардың бәрінен ерекше деген сенімнен менің ұлтым басқалардың бәрінен артық деген сенімге келуіңіз мүмкін. ХІХ ғасырдағы либерал ұлтшылдық Габсбург және Ресеи империясынан немістердің, итальяндардың, поляктардың және словендердің ерекше тәжірибелерін құрметтеуді талап етті. ХХ ғасырдағы әсіре ұлтшылдық басқыншылық соғыстар жүргізіп, басқаша билеитін адамдарға арнап концентрациялық лагерьлер салды. Социалистік гуманизм мүлдем басқа жолмен кетті. Социалистер либералдарды басқалардың тәжірибелеріне мән бермеи, тек өз сезімдерімізге назар аударуымыз керек деп кеңес бергені үшін аиыптаиды. Адам тәжірибелері мағына атаулының негізі екені рас, бірақ әлемде миллиардтаған адам бар және олардың әрқаисысының құндылығы менен кем емес. Либерализм бар көңілімді ішке бұрып, өзімнің және ұлтымның ешкімге ұқсамаитын өзгешелігіне назар аударады. Ал социализм өз сезімдеріммен аиналысуды тоқтатып, өзгелердің сезіміне және менің тәжірибелерім өзгелерге қалаи әсер ететініне мән беруді талап етеді. Жаһандық беибітшілікке әр ұлттың дара қасиетін ұлықтаумен емес, дүниежүзіндегі жұмысшыларды біріктіру арқылы қол жеткіземіз; әркім өзінің ішкі әлемін құмарлана

зерттегенде емес, әркім басқалардың қажеттіліктері мен тәжірибелерін өзінің жеке талап-тілегінен жоғары қоиғанда ғана социалистік үилесім орнаиды деген көзқарасты ұстанады. Либерал өзінің ішкі әлемін зерттеу арқылы жеке адам жанашыр болуды және өзгелерді түсінуді үиренеді деп қарсы шығуы мүмкін. Алаида мұндаи дәиек Ленин мен Маоны иландыра алмас еді. Өзіңе үңілу – өз көңілін өзі табуды оилаитын буржуазиялық кесел; ішкі «меніммен» баиланыс орнатамын деп әлдебір капиталистік қақпанға түсуім әбден мүмкін. Саяси көзқарастарым, маған ұнаитын және ұнамаитын нәрселер, қызығушылықтарым мен мақсаттарым нағыз «мен» емес. Олар менің тәрбиемді және әлеуметтік ортамды көрсетеді. Олар менің шыққан тегіме тәуелді, оларды менің ортам мен мектебім қалыптастырған. Баидың да, кедеидің де миын туған сәттен бастап аиналдырады. Баиларға кедеилерді жек көруді, ал кедеилерге баиларға деген өшпенділікті үиретеді. Бұл жерде өзіңді зерттеу де, психотерапия да көмектесе алмаиды. Өиткені психотерапевтер капиталистік жүиеге қызмет етеді. Өзіме үңілем деп мен өзім туралы шындықты түсінуден мүлдем алыстап кетемін, өиткені өзіңе үңілу жеке шешімнің рөлін асыра бағалап, әлеуметтік жағдаиларға жеткілікті мән бермеиді. Баи болсам – бұл ақылды шешімдерімнің арқасы. Кедеилікке шырмалып жатсам – қателіктерімнің кесірі. Күизеліске түссем, либерал психотерапевт бұл үшін ата-анамды кінәлап, мені өмірден жаңа мақсат табуға ынталандырады. Күизелісте жүруіме мені капиталистердің қанауы және қазір қалыптасқан әлеуметтік ортада мақсаттарыма жетуге мүмкіндігім жоқтығы себепші шығар деген болжамыма психотерапевт, сірә, былаи жауап береді: «Ішкі дүниеңіздегі қаишылықтарды «әлеуметтік жүиеге»,

анаңызбен арадағы шешілмеген түиіндерді «капиталистерге» бұрып отырсыз». Социализм боиынша, үнемі анам жаилы, эмоцияларым және комплекстерім туралы аита бергенше, өзімнен: «Біздің елде өндіріс құралдары кімнің меншігінде? Біздің ел нені сыртқа сатады және нені сырттан сатып алады? Биліктегі саясаткерлер мен бизнестің арасында қандаи баиланыс бар?» – деп сұрауым керек. Үстемдік етіп отырған әлеуметтік-экономикалық жүиені түсініп, басқа барлық адамның тәжірибелерін есепке алғанда ғана мен өзімді шын мәнінде түсіне аламын. Біз бірлесе күш жұмсағанда ғана жүиені өзгерте аламыз. Бірақ бүкіл адамзат атаулының тәжірибелерін «таразылап» есепке алып, әділ салыстыратын кім бар? Сондаи тұлғаны көрсетіңізші? Сондықтан да социалистер өзіңе үңілуді тоқтатып, бізді әлемді түсіндіретін социалистік партиялар, кәсіподақтар сияқты мықты ұжымдық институттарды құруға шақырады. Либерал саясатта «саилаушы өзі білсе» және либерал экономикада «қашанда тұтынушынікі дұрыс» болса, социалистік саясатта – «партия біледі», ал социалистік экономикада – «қашанда кәсіподақтікі дұрыс». Мағына мен құқық адами тәжірибелерден туындаи береді, өиткені партиялар мен кәсіподақ адамдардан құралады және олардың тұрмысын жақсарту жолында жұмыс істеиді. Әитсе де социализмде жеке адам жеке сезімі мен алған тәжірибелеріне емес, партия мен кәсіподаққа бағынуға міндетті. Эволюциялық гуманизм шиеленіскен адам тәжірибелерінің мәселесін басқаша шешуді ұсынады. Дарвиннің эволюция теориясына сүиенетін гуманизмнің бұл түрі «конфликтіден қорықпау керек, қаита оған қуану керек» деиді. Конфликт – эволюцияны алға жылжытушы табиғи сұрыпталудың шикізат

көзі. Кеиде бір адам екіншісіне қарағанда мықты, ақылды болады, сондықтан адами тәжірибелер конфликтіге келген кезде, біршама мықты немесе ақылдылар басқаларды артта қалдыруға тиіс. Адамзатты жабаиы қасқырларды құртып, үи жануарларын аяусыз паидалануға итермелеитін қисын бар емес пе? Неғұрлым қабілетті адамдардың қабілеті төмендерді қанауын ақтаитын – дәл осы қисын. Еуропалықтардың Африка халықтарын бағындыруы, ақылды кәсіпкерлердің топастарды тақырға отыруға жеткізетіні – дұрыс нәрсе. Осы эволюциялық қисынмен жүре берсек, адамзат күшеиген үстіне күшеие, жетілген үстіне жетіле береді. Сөитіп, ақыр соңында, суперадамдарды дүниеге әкеледі. Эволюция Homo Sapiens-пен тоқтап қалмаиды, алдымызда ұзақ жол бар. Алаида адам құқықтары мен жалпыға бірдеи теңдікті желеу етіп, үздіктерді ылғи басып отырсақ, суперадамның өмірге келуіне бөгет жасаимыз. Онда біз тіпті Homo Sapiens-тің азып-тозып, жоиылуына себеп болуымыз мүмкін. Суперадамның келуіне жол ашатын үздік адам деген кімдер өзі? Олар тұтас нәсіл де, жеке таипа да және сирек кездесетін данышпан да болуы ықтимал. Кім болса да, оларды үздік қылатын нәрсе – өзгелерден мықты қабілеттері. Олар жаңа білім, озық технология, қазіргіден де анағұрлым гүлденген қоғам мен керемет өнер туғыза алады. Эинштеин мен Бетховен- нің ішкі дүниесі қаңғыбас маскүнемдігіне қарағанда әлдеқаида маңызды, сондықтан екеуін тең көру – күлкілі нәрсе. Сол сияқты, бір ұлт адам прогресіне жетекшілік жасаса, ол ұлт адамзаттың дамуына қосқан үлесі мардымсыз өзге ұлттардан жоғары екенін моиындауымыз керек. Сондықтан эволюциялық гуманизм Отто Дикс сияқты либерал суретшілерге қарсы шығып, адамның соғыста алған тәжірибесі

аирықша паидалы және өте-мөте қажет деп санаиды. «Үшінші адам» фильмінде оқиға Екінші дүниежүзілік соғыстан кеиінгі Венада өтеді. Жақында аяқталған оиран-қақтығысты еске алып отырған бас кеиіпкер Гарри Лаим: «Саиып келгенде, соншалық күиінетін ештеңе жоқ … Борджия билеген отыз жылда Италия соғыс, террор, қастандық, қантөгіс – бәрін көрді. Бірақ дүниеге Микеланджелоны, Леонардо да Винчиді және Қаита өрлеуді берді. Швеицария бес жүз жылдан бері беибітшілік пен демократияда өмір сүріп келеді. Олар адамзатқа не сыилады? Көкекті сағат па?». Лаим бүкіл деректердің өңін аиналдырып жіберген. Жаңа дәуір басталған тұста Швеицария сол замандағы Еуропаның ең қанқұмар аимағы болатын (ол экспорттаитын басты тауар жалдамалы солдаттар еді), ал көкегі бар сағатты немістер оилап тапқан. Алаида бұлардан гөрі Лаимның идеясы маңызды: соғыс тәжірибесі адамзатты жаңа жетістіктерге ұмтылдырады. Соғыс табиғи іріктелуге еркіндік береді. Ол әлсіздерді құртып, қатыгездер мен мақсаты биіктерді үстемдікке жеткізеді. Соғыс өмір шындығын көрсетеді. Ол билікке, даңққа және жаугершілікке құмарлықты оятады. Ницшенің қысқа да нұсқа аиқындағанындаи, соғыс – «өмір мектебі», «мені өлтіре алмаған нәрсе мені күшеите түседі». Британ армиясының леитенанты Генри Джонс та осыған ұқсас ои аитқан болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Батыс маиданда соғысқан 21 жасар Джонс өлерінен үш күн бұрын ағасына хат жазып, соғыстан алған тәжірибелерін аиқын жеткізеді: «Қанша сұмдық болғанмен, соғыстың бәрібір ұлы нәрсе екені туралы оиланып көрдің бе? Менің аитпағым – соғыста адам шындықпен бетпе-бет келеді. Ақымақтық, эгоизм, баилық және сұмыраи саудагер, тірліктің жалпы беишаралығы – беибіт

замандағы он адамның тоғызының өмірі осындаи болса, соғыста бұлардың бірі де жоқ, олардың орнын қатыгездік басады; бірақ ол – адал әрі ашық қатыгездік. Бұған былаи қараиық: беибіт кезде адам өзінің тышқаншылаған күикі тірлігін істеиді, қаитсем қиналмаимын, ақшаны қалаи көбірек табамын деген сияқты түкке тұрмаитын нәрселерді оилаиды, яғни қара басы үшін өмір сүреді. Неткен сорлы тірлік десеңші! Ал соғыста сені өлтірсе де, яғни бірнеше жыл бұрын өлгенде тұрған не бар, есесіне, өз еліңе көмектесе жүріп, жан бергеніңді білесің. Ал, шын мәнісінде, сен идеалыңды іске асырдың. Меніңше, кәдімгі өмірде бұған жету сирек кездеседі. Оның себебі – кәдімгі өмір саудагерлік пен эгоизмге құрылған, табысқа қолыңды былғамаи жету мүмкін емес. Өз басым, соғысқа тап болғаныма разымын. Ол маған өмірдің қаншалықты беишара нәрсе екенін түсінуге көмектесті. Меніңше, соғыс әрқаисымызға «өзіңнен босап шығуға» мүмкіндік беріп отыр … Өзіме келсем, мысалы, сәуірдегі операция басталар кезде қаным ерекше оинағанын сездім. Бұрын мұндаи нәрсені бастан кешіріп көрмеген екем. Шаиқас алдында қаның қозатын күиді жер бетінде ештеңемен салыстыра алмаисың»9. «Қара қаршығаның құлауы» атты бестселлерде журналист Марк Боуден де америкалық сарбаз Шон Нельсонның 1993 жылы Могадишода алған соғыс тәжірибесін осыған ұқсас сипаттаған: «Оның не сезгенін сөзбен жеткізу қиын еді … бұл оның көкірек көзі ашылған сәт еді. Ол өлім аузында жатты, бірақ бұрын ешқашан дәл осы сияқты тірі болмаған… Өлімнің зу етіп жанаи өткенін сезген сәттер бұрын болған еді. Мысалы, бір машина қатты жылдамдықпен бұрылыстан шыға келіп, бетпе-бет соғыла жаздаған кез … Қазір ол өлімнің демі бетіне тиіп жатқандаи сезімде жатты … бір сәттен келесі сәтке, үш сағат боиы, әлде одан да көп … шаиқас … ақыл мен дене түп-түгел орнында сияқты күи. Көшеде шаиқас жүріп жатқан кезде ол Шон Нельсон емес-ті, оның сыртқы әлеммен еш баиланысы болмады, ешқандаи қарыз, ешқандаи эмоциялық баиланыс, ештеңе. Ол әшеиін бір титімдеи сәттен келесіге деиін тірі жатқан, бір демнен соң келесісін

жұтқан, оның кез келгені соңғы дем болуы мүмкін екенін аиқын түсінген тіршілік иесі еді. Ол енді өзінің басқа адамға аиналғанын сезді10. Соғыста алған тәжірибелері Адольф Гитлерді де өзгертіп, санасын сергітті. Mein Kampf кітабында ол әскери бөлімдер маидан шебіне жеткен кезде, сарбаздардың құлшынысы жоғалып, боиларын қорқыныш билегенін, олардың мұнымен іштеи қатал соғыс жүргізгенін, үреиге бои алдырмау үшін әр жүикеге күш салғанын әңгімелеиді. Өзінің аитуынша, Гитлер бұл ішкі шаиқасты 1915–1916 жылдың қысына қараи жеңіп шыққан. «Ақыры, – деиді ол, – менің еркім толық жеңді … Мен енді жаибарақат, сабырлы және бәріне тас-түиін даиынмын және бір сәтке емес, үнемі осылаи болды. Енді Тағдыр қандаи ауыр сынақ жіберсе де, қыңбаимын – оған менің жүикем сыр бермеиді және ақылым адаспаиды11. Соғыс тәжірибесі Гитлерге әлемнің шындығын ашты: бұл – аяушылықты білмеитін табиғи сұрыпталу заңына бағынған джунгли. Бұл шындықты моиындағысы келмегендер құриды. Табысқа жеткің келе ме? Онда джунгли заңын түсін, түсініп қана қоимаи қуана қабылда. Ескеретін нәрсе – соғысқа қарсы либерал суретшілер сияқты, Гитлер де қатардағы сарбаздардың соғыста алған тәжірибелерін қасиетті деп санады. Гитлердің саяси мансабы ХХ ғасырда қарапаиым адамның жеке тәжірибесі қаншалық жоғары бағаланғанына тамаша мысал бола алады. Гитлер жоғары шенді офицер болмады – төрт жыл соғыста ол капрал дәрежесінен көтерілмеді. Оның ресми білімі де, игерген кәсібі де, саяси тәжірибесі де жоқ еді. Ол шаруасы дүрілдеген кәсіпкер немесе кәсіподақ белсендісі де емес-ті. Гитлердің жоғарыда таныстары да, ал бастапқыда тіпті Германияның азаматтығы да жоқ еді. Ол көк тиынсыз иммигрант болатын.

Гитлер неміс саилаушыларына үндеу тастап, сенім білдіруді сұраған кезде, ол өз паидасы үшін жалғыз дәиек келтірді: «Окопта алған тәжірибем маған университетте, Бас штабта немесе министрлікте ешқашан үирене алмаитын нәрселерді үиретті», – деді ол. Адамдар оның соңына еріп, дауыс берді. Өиткені олар Гитлерді өздеріне ұқсатты және олар да «өмір деген джунгли, бізді өлтіре алмаған нәрсе бізді күшеите түседі» деп сенді. Либерализм әрбір адамзат қоғамдастығының ерекше тәжірибесін қорғау мақсатында ұлтшылдықтың «жұмсақ» формаларымен біріксе, Гитлер сияқты эволюциялық гуманистер белгілі бір ұлттарды прогрестің қозғаушы күші деп санады және ұлттар өз жолында тұрғанның бәрін тоқпақпен үиретуі, тіпті қажет болса құртып отыруға тиіс деп білді. Әитсе де Гитлер мен нацизм – эволюциялық гуманизмнің бір ғана ұшқары формасы. Бұны ұмытпау керек. Сталиннің гулагтарына қарап, бүкіл социалистік идеялар мен аргументтерді жоққа шығаруға болмаитыны белгілі. Сол сияқты, нацизм жасаған сұмдықтар да бізді эволюциялық гуманизм ұсынған нәрсенің бәрін мансұқтауға үиретпеуге тиіс. Нацизм эволюциялық гуманизмнің өзгеше нәсілдік теориялармен және ультраұлттық эмоциялармен бірігуден туды. Эволюциялық гуманистердің бәрі нәсілшілдер емес және адамзаттың эволюциялық әлеуетіне деген сенім міндетті түрде полицеилік мемлекеттер мен концентрациялық лагерьлердің құрылуына әкелмеиді. Аушвиц (Бірінші дүниежүзілік соғыста нацистер салған өлім лагерлері. – Ред.) бізге қанқызыл ескерту болуы керек, бірақ адамзат көкжиегінің тұтас бөліктерін бүркеитін қара перде болмауға тиіс. Эволюциялық гуманизм модерндік мәдениеттің қалыптасуына маңызды үлес қосты. Оның ХХІ ғасырдағы ықпалы

бұдан да елеулі болары анық. Бетховен Чак Берриден артық па? Гуманизмнің үш тармағы арасындағы аиырмашылықты түсінгенімізге көз жеткізу үшін бірнеше адами тәжірибені салыстыраиық. №1 тәжірибе. Вена филармониясының залында музыкатанушы профессор Бетховеннің «Бесінші симфониясының» кіріспе аккордтарын тыңдап отыр. «Па-па-па-ПАМ!» Дыбыс толқындары профессордың құлақ жарғағын ұрады да, одан шыққан сигналдар есту жүикесі арқылы миға барады, одан кеиін бүирек безі қанға адреналин аидаиды. Профессордың жүрек қағысы жиілеп, терең тыныс ала бастаиды, желке шашы тікіреиіп, арқасы жыбырлаиды. «Па-па-па-ПАМ!» № 2 тәжірибе. 1965 жыл. Төбесі ашық «Мустанг» жеңіл автокөлігі Тынық мұхит жағалауы тас жолымен Сан- Францискодан Лос-Анджелеске құиғытып келе жатыр. Рөлде отырған сымбатты жас жігіт Чак Берридің әнін бар даусына қоиып тыңдап келеді: «Go! Go Johnny go!» Дыбыс толқындары жігіттің құлақ жарғағын ұрады да, одан шыққан сигналдар есту жүикесі арқылы миға барады, бүирек безі қанға адреналин аидаиды. Жүрек қағысы жиілеп, терең тыныс ала бастаиды, желке шашы тікіреиіп, арқасы жыбырлаиды. «Go! Go Johnny go!» № 3 тәжірибе. Конгодағы тропикалық ормандардың ішінде пигмеи аңшы сілеиіп тұр. Жақын маңдағы қыстақтан қыздардың балиғатқа толу рәсімінде аитылған ән естіліп тұр: «Ие-ох-ох. Ие- ох-ех». Дыбыс толқындары аңшының құлақ жарғағын ұрады да, одан шыққан сигналдар есту жүикесі арқылы миға барады, бүирек безі қанға адреналин аидаиды. Жүрек қағысы жиілеп, терең

тыныс ала бастаиды, желке шашы тікіреиіп, арқасы жыбырлаиды. «Ие-ох-ох. Ие-ох-ех». №4 тәжірибе. Канаданың құзды тауларында аи толған түн. Төбе үстіндегі қасқырдың құлағына күилеген қаншықтың ұлыған үні келді: «А-у-у-у-у-у-у! А-у-у-у-у-у-у!» Дыбыс толқындары қасқырдың құлақ жарғағын ұрады да, одан шыққан сигналдар есту жүикесі арқылы миға барады, бүирек безі қанға адреналин аидаиды. Жүрек қағысы жиілеп, терең тыныс ала бастаиды, желке шашы тікіреиіп, арқасы жыбырлаиды. «А-у-у-у-у-у-у! А-у-у-у-у-у- у!» Бұл тәжірибелердің ішіндегі ең құндысы қаисы? Либералдар музыкатанушы профессордың, машина аидаған жас жігіттің және конголық аңшының әсерлері бірдеи құнды, сондықтан олардың бәрін теңдеи құрметтеу керек дер еді. Әр жеке адамның тәжірибесі әлемге ерекше үлес қосып, оны жаңа мағынамен баиытады. Бір адамдар классикалық музыканы жақсы көреді, біреулер рок-н-ролды, енді біреулер африкалық дәстүрлі әуендерді ұнатады. Музыканы оқитын студенттерді музыкада бар жанрлардың бәрімен таныстыру керек. Сосын олар iTunes Store-ге кіріп, кредиттік карталарының нөмірін енгізеді де, өздеріне ұнаған музыка түрін сатып алады. Сұлулық – тыңдаушының құлағында және қашанда тұтынушынікі дұрыс. Ал қасқыр адам болмағандықтан, оның тәжірибелері құндылық жөнінен әлдеқаида төмен. Сондықтан қасқырдың өмірі адам өмірінен арзан. Адамды құтқару үшін қасқырды өлтірудің еш сөкеттігі жоқ. Бәрін былаи қоиғанда, қасқырлар сұлулық баиқауына дауыс бере алмаиды, кредиттік карта ұстаи алмаиды. Бұл либерал көзқарас «Вояжер» алтын күитабағынан жақсы көрінеді. 1977 жылы америкалықтар ғарышқа «Вояджер-1» атты

зонд ұшырды. Ол қазір Күн жүиесінен тысқарыға шығып кетті, сөитіп, жұлдыздар арасындағы кеңістікте ұшып жүрген алғашқы жасанды объект болды. Ең жаңа ғылыми құрылғылармен қатар, НАСА оның бортына алтын күитабақты бекітті. Мұндағы мақсат – зондқа әлдебір өзге ғаламшарлықтар кез болып жатса, олардың жер туралы мағлұмат алуына мүмкіндік беру. Күитабақта жер мен оның тұрғындары туралы сан алуан ғылыми және мәдени мәліметтер; арнаиы таңдалған көріністер мен дауыстар; бүкіл әлемнен ондаған музыка үлгілері, яғни жер тұрғындарының шығармашылық жетістіктерін танытады деитін нәрселер бар. Музыкалық қатарда Бетховеннің «Бесінші симфониясының» кіріспе бөлімі сияқты классикалық шығармалар үзінділері, Чак Берридің «Джонни Б. Гуд» әні тәрізді заманауи танымал музыка, конголық пигмеи қыздардың балиғатқа толу әні сияқты әртүрлі халықтардың фольклоры ию-қию ретсіз араласып кеткен. Күитабақта қасқырдың ұлыған даусы да бар, бірақ ол музыка бөлімінде емес, жел гуілі, жаңбыр дыбысы, толқын шуы сияқтылармен бірге бөлек сақталған. Күитабақты, мысалы, Центавр альфасының тұрғындары тауып алып, тыңдаи қалса, олар біздіңше Бетховен, Чак Берри және пигмеилердің музыкасы теңдеи құнды, ал қасқырдың ұлығаны мүлдем басқа санатқа жататынын білетін болады. Социалистер, сірә, либералдардың қасқырдың ішкі дүниесінен келетін бәлендеи паида жоқ дегенімен келіседі. Бірақ олардың үш адами тәжірибеге қатынасы мүлдем басқа болар еді. Нағыз социалист «музыканың шын құндылығын анықтаитын нәрсе – оның жеке тыңдаушыда туғызатын әсері емес, көп адамның және бүкіл қоғамның тәжірибесінде мәнді болуы» деп түсіндіреді. Мао аитпақшы, «Өнер үшін жасалған өнер; таптардан жоғары тұрған

өнер; саясаттан бөлек немесе одан тәуелсіз өнер болмаиды»12. Ендеше, музыкалық тәжірибелерге баға беруде социалистер, мысалы, Еуропа Африканы жаулап алуға даиындалып жатқан уақытта Бетховен «Бесінші симфонияны» ақнәсілді еуропалықтардың жоғары табына арнап жазғанына назар аударады. Оның симфонияларынан жоғары тапқа кіретін ақ адамдарды дәріптеитін, Африканы басып алуды ақтаитын Ағартушылық мұраттары көрініс тапты. Бұл «ақ адамның моинына түскен ауыртпалық» жаилы романтикалық мифпен өрнектелген. Социалистер былаи аитар еді: рок-н-ролды езілген қаранәсілді ортадағы афро-америкалық музыканттар дүниеге әкелді; олар блюз, джаз және госпел сияқты жанрлардан шабыт алды. Алаида 1950–1960 жылдары рок-н-ролды ақнәсілді үстем Америка иеленді де, ол тұтынушылық мәдениетке, америкалық империализм мен кока-колониализмге қызмет етті. Рок-н-ролл коммерцияланды, ал баидың балалары оны өздерінің ұсақ буржуазиялық бүлік туралы қияли идеялары үшін паидаланды. Капитализмнің дүлеи күші Чак Берриді де «сындырып» жіберді. Басында оның әні «қара бала Джонни Б. Гуд» туралы болса, кеиін ақ адамдардың меншігіндегі радиолардың қысымымен әннің сөзін «шаруа бала Джонни Б. Гуд» деп өзгертті. Конголық пигмеи қыздардың хорына келсек, олардың салтанат әні – еркектің де, әиелдің де санасын улап, оларды қатал гендерлік тәртіпке бағындыратын патриархалдық билік құрылымының бір бөлігі. Мұндаи әндер таспаға жазылып, әлемдік нарыққа кіріп жатыр ма? Онда ол жалпы Африка және жекелеи алғанда африкалық әиелдер туралы батыстық отаршыл қиялдарды күшеитуге паидаланылып отыр деген сөз.

Ендеше, ең жақсысы қаи музыка – Бетховеннің «Бесінші симфониясы» ма, «Джонни Б. Гуд» пе, әлде пигмеилердің салтанат әні ме? Өкімет опера театрларын салуға, рок-н-ролл концерттерін өткізуге және африкалықтардың мәдени мұрасының көрмесін ұиымдастыруға қаржы жұмсауы керек пе? Сосын мектептер мен колледждерде оқушыларға қандаи музыканы оқытуымыз керек? Мұны менен сұрамаңыз. Бұл сұрақты партияның мәдениет үшін жауапты лауазымды қызметкеріне қоиыңыз. Либералдар саяси тұрғыдан қате қадамға барудан қатты қорқады. Сондықтан мәдениеттерді салыстыру дегенді олар мина жасырылған аимақ сияқты көрсе, социалистер бұл аимақтан дұрыс жол табуды партияға сеніп тапсырады. Ал эволюциялық гуманистер болса жүгіріп шығып, миналардың бәрін жарады да, қираған дүниеге сүисіне қарап отырады. Олар талқыны мынадан бастауы мүмкін: либерал да, социалист те өзге жануарларды шетке ысырып, «адам қасқырдан жоғары, сондықтан адами музыка қасқырдың ұлуынан әлдеқаида құнды» деиді. Бірақ адамзат та эволюция заңдарына бағынады ғои. Адамның қасқырдан жоғары екені сияқты, адами мәдениеттердің кеибірі басқаларына қарағанда жоғары дамыған. Адами тәжірибелердің талас тудырмас иерархиясы бар, ол үшін кешірім сұрау қажет емес. Тәж-Махал сабан күркеден гөрі әдемі, Микеланджелоның «Давидін» менің бес жасар жиен қызым пластилиннен жасаған мүсінмен салыстыруға келмеиді, ал Бетховен Чак Берри мен конголық пигмеилерге қарағанда талантты. Аитпасыма қоимадыңыз-ау! Эволюциялық гуманистердің пікірінше, адам тәжірибелерінің бәрі теңдеи құнды деитіндер не есуас, не қорқақ. Мұндаи ақымақ және жасқаншақ дағды адамзаттың азып-тозып, құрып кетуіне

әкеледі. Өиткені олар мәдени релятивизм және әлеуметтік теңдік жолында прогресті құрбан етеді. Либералдар мен социалистер тас дәуірінде өмір сүргенде ғои, олар Ласко және Альтамира үңгірлеріндегі фрескалардың неандерталдықтар қалдырған мағынасыз суреттерден еш артықшылығы жоқ деп дәлелдеуге тырысар еді. Гуманизмнің діни соғыстары Либерал гуманизм, социалистік гуманизм және эволюциялық гуманизм арасындағы аиырмашылық бастапқыда азғантаи болып көрінуі мүмкін. Гуманистік ағымдар мен христиандық, ислам және индуизм арасындағы жер мен көктеи аиырмашылықпен салыстырғанда, гуманизмнің түрлері арасындағы қарама- қаишылықтар түкке тұрғысыз еді. Құдаи өлді, ғаламға мағына дарытатын тек адамның тәжірибесі дегенге келісетініміз рас болса, онда адами тәжірибелерді тең көреміз бе, әлде өзгелерден жоғары қоямыз ба деген мәселе соншалық маңызды ма? Гуманизм әлемді жаулап болған соң, бұл ішкі кикілжің шиеленісіп кетті. Сөитіп, ақырында адамзат тарихындағы ең аласапыран діни соғысқа ұласты. ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында либерал ортодокстар өздерінің күшіне әлі де сенімді еді. Жеке адам ішкі дүниесін сыртқа көрсетіп, жүрек қалауымен жүруге барынша мүмкіндік алса, әлем бұрын болмаған беибіт өмірге жетіп, гүлденеді. Дәстүрлі иерархиялардың, ғылым мен прогреске қарсы діндер мен жауыз империялардың бұғауынан босау үшін әлі біраз уақыт керек болар. Бірақ әрбір жаңа онжылдық жаңа еркіндік пен жетістіктер әкеліп отырады. Ақыр соңында, біз жер бетінде жұмақ орнатамыз. Либералдар бұған күмәнсіз сенетін. 1914 жылы

маусымның алаңсыз күндері өтіп жатқанда, олар тарих біздің жағымызда деп оилаған еді. 1914 жылдың Рождествосына қараи либералдардың мүлдем есі ауып қалды. Одан кеиінгі онжылдықтарда олардың идеялары оңнан да, солдан да шабуылға ұшырады. Либерализм қаныпезер, қанаушы, нәсілшіл жүиені бүркемелеу үшін оилап табылған деиді социалистер. Ауыздарының суы құри аитып жүрген «бостандықты» «меншік» деп түсіну керек. Жеке адамның жүрек қалауымен жүру құқын қорғау деген нәрсе көп жағдаида жоғары және орта таптың дүние-мүлкі мен артықшылықтарын сақтау болып шығады. Пәтерақыны төлеитін жағдаиың жоқ болса, қалаған жеріңде тұру құқығынан не паида; оқудың ақысын төлеи алмасаң, өзің қызыққан ғылымды қалаи үиренесің; машина сатып алатын ақшаң болмаса, көңілің қалаған жерге қалаи сапар шегесің? Либерализм тұсында әркімнің аш жату құқы бар деген ащы әзіл тараған. Бұдан да жаманы, өзіне-өзі басқалардан бөлек тұрған индивид деп қарауды үирету салдарынан адамдар өзі сияқты бір таптағылармен бірігіп, қанаушы жүиеге қарсы шыға алмаиды. Яғни либерализм теңсіздікті одан бетер тереңдетеді, өиткені бұқараны қаиыршылыққа, ал элитаны қоғамнан алшақтауға итермелеиді. Либерализм сол жақтан тиген жұдырықтан тәлтіректеген кезде, эволюциялық гуманизм оған оң тараптан соққы жұмсады. Нәсілшілдер мен фашистер бірігіп, либерализм мен социализмнің табиғи сұрыпталуына нұқсан келтіруде, сөитіп, адамзатты азып-тозуға апара жатыр деп аиыптады. Егер бәрін тең көріп, көбеюіне бірдеи мүмкіндік берсек, табиғи сұрыпталу пәрменін тоқтатады. Ең қабілетті, ең үздіктер сұрқаи ортақолдық мұхитында малтығады, сөитіп, адамзат эволюция жолымен суперадам деңгеиіне жету орнына,

тоз-тозы шығып, жоиылады деп ескертті олар. 1914–1989 жылдар аралығында гуманизмнің үш ағымы арасында қырғын діни соғыс жүрді. Қақтығыстың бас кезінде либерализм жеңілістен көз ашпады. Көп елде коммунистік және фашистік режимдер үстем түсіп қана қоиған жоқ, либерализмнің өзегі болған идеялар үстірт, аңғал тіпті өте қауіпті деп жарияланды. Жеке адамға еркіндік бере қоиыңыз, әлемде беибітшілік орнап, гүлденіп сала береді деисіз бе? Пах, шіркін. Екінші дүниежүзілік соғысты біз қазір либерализмнің ұлы жеңісі деп еске аламыз. Бірақ заманында оны бұлаи қабылдамаған. Соғыс 1939 жылы қыркүиекте аса қуатты либералдық одақтың оқшауланған нацистік Германиямен қақтығысынан басталды. Тіпті фашистік Италияның өзі келесі жылдың маусымына деиін аңысын аңдып қана отырды. Либералдық альянс сан жағынан да, экономикалық әлеует жөнінен де анағұрлым күшті еді. 1940 жылы Германияның ЖІӨ-сі 387 миллион доллар болса, оның еуропалық қарсыластарының ЖІӨ-сі 631 миллионға жететін (Британия, Франция, Голландия және Бельгияның мұхиттың арғы бетіндегі аумақтарының ЖІӨ-сін есептемегенде). Әитсе де 1940 жылдың көктемінде Германия небәрі үш аидың ішінде Франция, Бельгия, Голландия, Люксембург, Норвегия және Данияны басып алып, либералдық одаққа шешуші соққы берді. Біріккен корольдікті бұл кептен Ла-Манш бұғазы сақтап қалды13. Либерал мемлекеттер Кеңес Одағымен күш біріктірген соң ғана Германия талқандалды. Қақтығыстың негізгі ауыртпалығын көтерген Кеңес Одағына бұл соғыс әлдеқаида ауыр соқты. Соғыста 25 миллион Кеңес азаматы опат болды. Бұл Британия мен АҚШ- тың әрқаисысы аиырылған жарты миллион азаматпен, әрине, салыстыруға келмеиді. Нацизмді жеңуге негізгі үлесті коммунизм

қосқанын аиту керек. Содан да болар, бастапқыда біраз уақыт соғыстың ең көп паидасын коммунизм көрді. Кеңес Одағы соғысқа оқшау қалған коммунистік ел болып кірген. Соғыстан әлемдік екі супердержаваның бірі және күшеиіп келе жатқан интернационалдық блоктың көшбасшысы болып шықты. 1949 жылға қараи Шығыс Еуропа Кеңес Одағының сателлитіне аиналды, Қытаи Коммунистік партиясы азамат соғысында жеңіске жетті, ал Америка Құрама Штаттарында антикоммунистік дүлеи есірік белең алды. Бүкіл әлемдегі революциялық және азаттық қозғалыстары Мәскеу мен Пекиннен үміт күтті. Либерализм Еуропаның нәсілшіл империяларымен теңдестіріле бастады. Империялар құлаған кезде, әдетте бұрынғы отар елдердің орнында либерал демократия емес, я әскери диктатура, я социалистік режим паида болатын. 1956 жылы Кеңес Одағының басшысы Никита Хрущев либералдық Батысқа былаи деп сенімді түрде мәлімдеді: «Сендерге ұнасын-ұнамасын – тарих біздің жағымызда. Біз сендерді жермен-жексен етеміз!» Хрущев бұған кәміл сенген еді. Сонымен бірге қатары көбеиіп келе жатқан Үшінші әлем көшбасшылары мен Батыс интеллектуалдары да осылаи оилаитын. 1960–1970 жылдары Батыстың көптеген университетінде «либерал» деген сөз намысқа тиетін терминге аиналды. Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада әлеуметтік толқулар күшеиіп, солшыл радикалдар әлемдегі либерал тәртіптің іргесін шаиқалтуға тырысты. Кембридж, Сорбонна және Беркли Халық Республикасы (Берклидегі Калифорния университеті. 1960 жылдардың екінші жартысында көп университет маолық Қытаи Халық Республикасының құрметіне өздерін осылаи атаған.) студенттері Мао басшының Кішкентаи қызыл кітабын парақтаитын,

төсектерінің бас жағында Че Гевараның қаһармандық портреті ілулі тұратын. 1968 жылы бүкіл Батыс әлемінде наразылық пен жаппаи бүлік толқыны жүріп өтті. Мексиканың қауіпсіздік күштері Тлателолько қырғыны деген жаман аты қалған оқиға кезінде бірнеше ондаған студентті атып өлтірді, Рим студенттері Валле Джулия шаиқасында полициямен аиқасты, Мартин Лютер Кингтің қастандықпен өлтірілуі АҚШ-тың жүзден аса қаласында бірнеше күнге созылған толқуларға ұласты. Мамыр аиында студенттер Париж көшелерін басып алды да, президент де Голль Германиядағы француз әскери базасына қашып барды. Ал француз дәулеттілері түстеріне гильотина кіріп, төсектерінде үреиден қалшылдап жатты. 1970 жылы әлемде 130 тәуелсіз ел болды. Олардың тек 30-ы ғана, негізінен, Еуропаның солтүстік-батыс бұрышында сығылысқан либерал демократиялар еді. Үндістанды азаттық алған соң либерал жолға түскен Үшінші әлемдегі жалғыз үлкен ел десек, оның өзі де либерал блоктан іргесін аулақ салып, Кеңес Одағына қараи беиімделді. 1975 жылы либерал лагерь өз тарихындағы ең масқара жеңіліске ұшырады: Вьетнам соғысы солтүстік вьетнамдық Давидтің америкалық Голиаф- ты тізе бүктірумен аяқталды. Соның артынша коммунизм Оңтүстік Вьетнамға, Лаос пен Камбоджаға тарады. 1975 жылы 17 сәуірде Қызыл кхмерлер Камбоджаның астанасы Пномпеньді басып алды. Екі аптадан кеиін тікұшақтардың соңғы янкилерді Саигондағы Америка елшілігінен әкетіп бара жатқанын бүкіл әлем теледидардан көрді. Америка империясының күиреитініне көп адам сенімді болды. Маусымда Индира Ганди Үндістанда төтенше жағдаи жариялады. Сөитіп, әлемдегі ең ірі

демократиялық ел социалистік диктатура жолына түскелі тұрғандаи болып көрінді. 37. Сайгондағы АҚШ елшілігін эвакуациялау. Либерал демократия өзге әлемге, ол тұрмақ өзінің жас ұрпағына ұсынар түгі жоқ, қартаиған ақ империалистердің жабық клубына ұқсап бара жатты. Вашингтон өзін еркін әлемнің көшбасшысы деп атады, бірақ оның одақтастары, негізінен, авторитаршыл корольдер (Сауд Арабиясының королі, Марокко королі, Иран шахы) немесе әскери диктатуралар (Грек полковниктері, Чилиде – генерал Пиночет, Испанияда – генерал Франко, Оңтүстік Кореяда – генерал Пак, Бразилияда – генерал Геизель, Таиваньда – генералиссимус Чан Каиши) болатын. Осынша корольдер мен генералдардың қолдауына қарамастан, НАТО сан жағынан Варшава Шарты әскери одағынан әлдеқаида төмен болды. Кәдімгі қару-жарақ боиынша теңесу үшін, сірә, Батыс елдері либерал демократия мен еркін нарықтан аинып, әскери негіздегі тоталитарлық елдерге аиналуы керек еді. Либерал демократияны ядролық қару құтқарып қалды. НАТО «Өзара кепілді жою» доктринасын қабылдады. Оған сәикес, Кеңес Одағының кез келген, тіпті ядролық емес шабуылына жаппаи ядролық соққымен жауап берілетін болды. «Шабуылдасаңдар, – деп қорқытты либералдар, – біз ешкім тірі қалмаитындаи

істеиміз». Осынау құбыжық қалқанның артына тығылған либерал демократия мен еркін нарық өзінің соңғы бекіністерін сақтап қалды. Сөитіп, Батыс тұрғындары секс, есірткі, рок-н-ролл және де кір жуғыш машина, тоңазытқыш, теледидар – бәрінің рақатын көруге мүмкіндік алды. Ядролық қару болмаса, Beatles да, Вудсток та, аузы-мұрнына деиін сықиып толған супермаркеттер де болмас еді. Алаида сол кезде, 1970 жылдардың ортасында, ядролық қаруға қарамастан, болашақ социализмде сияқты болып көрінетін. Сосын бәрі кенеттен өзгеріп кетті. Либерал демократия тарихтың қоқыс шелегінен шығып, үсті-басын қақты, сөитті де әлемді жаулап алды. Супермаркеттер гулагтардан әлдеқаида күшті болып шықты. Блицкирг Оңтүстік Еуропадан басталды. Грекияда, Испания мен Португалияда авторитарлық режимдер құлап, орнына демократиялық өкіметтер келді. 1977 жылы Индира Ганди төтенше жағдаиды тоқтатып, Үндістанда демократияны қалпына келтірді. 1980 жылдары Оңтүстік Корея, Таивань, Бразилия және Аргентина сияқты, Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка елдерінде де әскери диктатуралардың орнына демократиялық өкіметтер келді. Либерал толқын 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында жоиқын цунамиге аиналып, құдіретті Кеңес империясын талқандап кетті. Осы кезде тарих өз шегіне жетті деген болжам паида болды. Ондаған жыл боиғы жеңілістер мен сәтсіздіктерден кеиін, либерализм қырғиқабақ соғыста шешуші жеңіске жетті. Гуманистік діни соғыстардан ол қатты қақыраса да, жеңімпаз боп шықты. Кеңес Одағы құлаған кезде, либерал демократия Шығыс Еуропада ғана емес, Балтық елдері, Украина, Грузия және Армения

сияқты көптеген бұрынғы кеңестік республикалардағы коммунистік режимдердің орнына келді. Қазір тіпті Ресеидің өзі демократиялық ел болып көрінуге тырысады. Қырғиқабақ соғыстағы жеңіс, әсіресе Латын Америкасы, Оңтүстік Азия және Африкада либерал модельдің таралуына жаңа серпін берді. Кеибір либералдық эксперименттердің масқара сәтсіздікке ұшырағаны рас, әитсе де сәтті тәжірибелердің саны әлдеқаида көп. Мысалы, ондаған жыл боиы әскерилер басқарған Индонезия, Нигерия және Чили қазір демократиялық елге аиналды. 1914 жылдың маусымында ұиқыға кеткен либерал 2014 жылдың маусымында оянғанда, ол өз үиінде жатқандаи өте жаилы сезімде болар еді. Жеке адамға көбірек еркіндік берсек, әлемде беибітшілік орнап, гүлденеді деген сенім қаитадан паида болды. Бүкіл ХХ ғасыр бір үлкен қателік сияқты. Сонау 1914 жылдың көктемінде либерал даңғылға түсіп, қарқын ала бастаған адамзат кенет жолдан жалт бұрылып, тұиыққа тіреліп қалды. Сол даңғыл жолды қаита табу үшін сексен жыл және үш бірдеи апатты әлемдік соғыс қажет болды. Әрине, бұл сексен жыл текке кетпеді; бұл кезең бізге антибиотиктерді, атом қуатын, компьютерлерді, сонымен бірге коммунизмді, отарсыздану мен еркін сексті сыилады. Сосын либерализмнің өзі де басынан кешкен жаиттардан сабақ алды. Енді ол жүз жыл бұрынғы сияқты тоқмеиіл емес. Либерализм социалистік және ұлтшыл қарсыластарынан кеибір идеялар мен институттарды өзіне алды. Мысалы, бұқараны білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтермен қамту сияқты міндеттемелерді аитуға болады. Алаида либералдық бағдарламаның өзегі сол күиінде қалды. Либерализм бұрынғыша жеке бастың еркіндігін бәрінен жоғары қоиып, саилаушы мен тұтынушыға кәміл сенеді. XXI ғасырдың

басындағы біздің барымыз да, нарымыз да осы. Электр қуаты, генетика және радикал ислам Бүгінде индивидуализм, адам құқықтары, демократия және еркін нарық – төртеуінің либерал одағын алмастыра алатын елеулі балама жоқ. 2011 жылы Батыс әлемін наразылық толқыны шарпып өтті (мысалы, АҚШ-тағы «Оккупаи Уолл-Стрит және Испаниядағы 15-М қозғалысы). Бірақ олар демократияға да, индивидуализм мен адам құқықтарына да, нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне де қарсы бағытталмаған еді. Наразылар, керісінше, үкіметтерді осы либерал мұраттарға адал болмағаны үшін аиыптады. Олар аса ірі корпорациялар мен банктер бақылауындағы емес, шын мәнісіндегі еркін нарық болуын талап етті. Олар баи лоббистер мен қуатты мүдделі топтар емес, қарапаиым адамдардың мүддесіне қызмет ететін, нағыз уәкілетті демократиялық институттар құруға шақырды. Алаида сол сенімсіз қор биржалары мен аяусыз сынға ұшыраитын парламенттерге балама бола алатын әлемді басқару үлгісі бүгінде жоқ. Батыс академиктері мен белсенділерінің сүиікті ермегі либерал бағдарламаның ақауларын табу болғанмен, олар бұдан жақсырақ ештеңе ұсына алмаи отыр. Батыстағы наразылық акцияларына қарағанда, зор қауіп бүгін Қытаидан төніп отырған сияқты. Саясат пен экономикасын либерал жолға салды дегенмен, Қытаи демократиялық және шын мәніндегі нарықтық ел емес. Сөите тұра, ол ХХІ ғасырдың экономикалық алпауытына аиналды. Алаида бұл экономикалық алпауыттың идеологиялық көлеңкесі титімдеи ғана. Қытаилардың қазір не нәрсеге сенетінін ешкім, солармен қоса, қытаилардың өзі де білмеитін тәрізді. Теория жүзінде Қытаи әлі

де коммунистік ел, бірақ іс жүзінде мүлдем олаи емес. Қытаидың кеибір оишылдары мен көшбасшылары Конфуции іліміне қаита оралатын кеиіп танытады, бірақ, шынтуаитында, бұл әшеиін қолаилы қалқа ғана. Идеологиялық вакуумға баиланысты, Қытаи силикон алқабынан шығатын жаңа технологиялық діндердің (бұлар туралы алдағы тарауларда аитамыз) өсуі үшін құнарлы ортаға аиналды. Мәңгі өлмеу мен виртуалдық жұмақты мақсат ететін бұл технодіндердің толық орнығуы үшін кемінде бір-екі ғасыр керек. Осы себепті Қытаи қазір либерализмге шын балама ұсынбаи отыр. Банкрот болып, либерал үлгіден көңілі әбден қалған, енді басқа идеология іздеу үстіндегі Грекия үшін қытаиларға еліктеу өміршең жол емес. Радикал ислам ше? Немесе фундаменталдық христиан діні, мессиялық иудаизм немесе қаита өрлеген индуизм қалаи болар еді? Қытаилар неге сеніп отырғанын өздері білмеуі мүмкін, ал діни фундаменталистер тым жақсы біледі. Ницше «Құдаи өлді» деп жариялағаннан бері ғасырдан аса уақыт өткен соң, Ол қаитып келе жатқан сияқты. Шынында, бұл – сағым. Құдаи өлген, тек оның денесінен құтылу үшін біраз уақыт керек. Радикал ислам либерал бағдарламаға аитарлықтаи қатер төндіре алмаиды. Өиткені қанша жалындап тұрғанмен, табынушылар ХХІ ғасырдың әлемін түсінбеиді, сондықтан заманауи технологиялардан келетін жаңа қауіптер мен мүмкіндіктер жөнінде ақылға қонарлық ештеңе аитатын жағдаи жоқ. Дін мен технологияның қарым-қатынасына қарасаңыз, екеуі танго билеп жүргендеи. Бірін-бірі итереді, бір-біріне сүиенеді және бір-бірінен алысқа кете алмаиды. Технологияның дінге сүиенетін себебі – жаңа оилап табылған әрбір құрылғы сан түрлі мақсатқа қолданылуы ықтимал, мұндаида инженерлерге

принципті таңдау жасап, қажетті бағытқа жол көрсететін бір паиғамбар керек. Мысалы, ХІХ ғасырда инженерлер локомотив, радио және іштен жану двигателін оилап тапты. Ал ХХ ғасыр сол жаңалықтарды фашистік қоғамдар да, коммунистік диктатуралар да және либерал демократиялар да паидалана беретінін көрсетті. Діни иланым болмаса, локомотивтер қаи жаққа жүру керегін білмеиді. Екінші жағынан, технологиялар көбінесе біздің діни көзқарастарымызға шек қоиып отырады; бұл жөнінен ол қолымызға ас мәзірін ұстатып, тәбетімізді шектеитін даяшыға ұқсаиды. Жаңа технологиялар ескі құдаиларды өлтіріп, жаңа құдаиларды дүниеге әкеледі. Аграрлық құдаилардың аңшы- терімшілер дәуіріндегі елестерден, ал зауыт жұмысшыларының жұмақ туралы қиялы шаруалардікінен басқаша болатын себебі осы. Олаи болса, ХХІ ғасыр технологиялары да орта ғасырлардың нанымдарын қаита жандандырғанша, жаңа діни ағымдарды дүниеге әкелетін шығар. Ислам фундаменталистері «Барлық жауап – исламда» деп қанша қаиталаса да өздері білер, бірақ қазіргі заманның технологиялық ақиқаттарымен баиланысы үзілген діндер қоиылып отырған сұрақты түсінуден қалады. Когнитивті міндеттердің көпшілігін шешуде жасанды интеллект адамнан озып кетсе, еңбек нарығы қандаи өзгеріске ұшыраиды? Экономикалық тұрғыдан паидасыз болып қалған адамдардың қалың нөпірі саясатқа қалаи ықпал етпек? Нанотехнологиялар мен регенеративті медицина арқасында 80 жастағылар 50-дегі адам сияқты болған кезде, адами қарым-қатынастар, отбасы институты және зеинетақы қорлары қаитпек? Биотехнологиялар қалағаныңдаи бала туғызуға жол ашып, кедеилер мен баилардың арасын бұрын болмаған дәрежеде алшақтатып жібергенде қоғам

қандаи күиге түседі? Бұл сауалдардың ешқаисысына жауапты Құраннан немесе шариғаттан, я болмаса Библия мен Конфуции шығармаларынан таба алмаисыз. Өиткені орта ғасырлық Таяу Шығыс немесе ежелгі Қытаи тұрғындары компьютер, генетика немесе нанотехнологиялар туралы білмеген. Радикалды ислам технологиялық және экономикалық дауылдар кезінде кемені тұрақтылықта ұстап тұратын зәкір болғысы келеді. Бірақ дауылда кемені дұрыс жүргізу үшін зәкір ғана емес, карта мен рөл де керек. Ендеше радикалды ислам өз ортасында туып-өскендерді қызықтыруы мүмкін, бірақ жұмыссыз испандар мен беимаза қытаи миллиардерлеріне ол ештеңе ұсына алмаиды. Иә, исламды, христиандық пен индуизмді жүздеген миллион адам ұстанады. Алаида тарихты цифр өздігінен өзгертпеиді. Тарихты өткенге үңілгіш қалың нөпір емес, алдағыны алыстан болжап көре білетін азғантаи жаңашылдар жасаиды. Он мың жыл бұрын адамдар түгелге жуық аңшы-терімші болды да, Таяу Шығыстағы ат төбеліндеи азшылық қана алғашқы болып егіншілікпен аиналысты. Алаида болашақ нақ осы ауыл шаруашылығында еді. 1850 жылы жер тұрғындарының 90 паиызын шаруалар құраитын; Ганг, Ніл және Янцзы өзендері жағасындағы шағын ауылдарда ешкім бу қазандары, теміржол және телеграф туралы естімеген-ді. Бірақ бұл шаруалардың тағдырын өнеркәсіп революциясына жол ашқан Манчестер мен Бирмингемдегі аз ғана инженер, саясаткер және қаржыгерлер тобы шешіп қоиған болатын. Бу қазандарының, теміржолдар мен телеграфтың арқасында азық-түлік, тоқыма, көлік және қару- жарақ өндірісі өрлеп өркендеді. Сөитіп, аграрлық қоғамдарға қарағанда, индустриалдық елдердің үстем түсуін қамтамасыз етті.

Өнеркәсіп ревоюциясы әлемге тарап, Ганг, Ніл және Янцзы жағалауларына жеткен кезде де, адамзат әлі де болса бу двигателдерінен гөрі Ведаларға, Библияға, Құранға және Конфуцииге көбірек сенумен болды. Адамзаттың басына түскен жамандық атаулыны, оның ішінде өнеркәсіп революциясы әкелген бәлекеттерді жеңудің жолын біз ғана білеміз деитін священник, мистик және гурулар ХІХ ғасырда да жеткілікті еді. Мысалы, 1820–1880 жылдар аралығында Мысыр Британияның қолдауымен Суданды басып алды да, оны модернизациялап, жаңа халықаралық сауда желісіне қоспақшы болды. Бұл дәстүрлі Судан қоғамының тұрақтылығын бұзып, жаппаи наразылық пен көтерілістерге әкелді. 1881 жылы судандық діни көшбасшы Мұхаммед Ахмад ибн Абдуллах өзін жерге Құдаи заңын орнатуға жіберілген Мәдімін деп жариялады. Оны қолдаушылар ағылшын- мысыр әскерін талқандап, оның қолбасшысы генерал Чарльз Гордонның басын алды. Бұл викториялық Британияға сең соққандаи әсер етті. Ал көтерілісшілер Суданда шариғатқа бағынатын ислам теократиясын орнатты. Бұл 1898 жылға деиін жалғасты. Осы уақытта Үндістанда Даянанда Сарасвати индуизмді қаита жаңғыртып, өрлету қозғалысын бастады. Қозғалыс Веда кітаптарында мін жоқ, түп-түгел шындық деген принципке негізделді. 1875 жылы ол адамдарға Веда ілімін таратуды мақсат ететін «Ария Самаж» (Бекзаттар қоғамы) ұиымын құрды. Шынына келгенде, Даянанда көбіне Ведаларды либералдық тұрғыда талдаитыны – таңданарлық жаит. Мысалы, ол әлі Батыста кең таралмаи тұрған идеяны – еркек пен әиелдің тең екенін аитатын. Даянанданың замандасы ІХ Пии Папа әиелдерге қатысты әлдеқаида консерватив көзқарас ұстанды, бірақ Даянанда сияқты,

ол да адамнан жоғары күшке табынатын. Пии католик догмасына бірқатар түзетулер енгізіп, Папаның ешқашан қателеспеитіні туралы жаңа принцип енгізді. Бұған сәикес, сенім мәселесіне келгенде Папа қателесуді білмеитін болып жарияланды (ортағасырлық деуге болатын бұл идея 1870 жылы, яғни Чарльз Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» еңбегі жарияланғаннан кеиін 11 жыл өткен соң біріктіруші католик догмасына аиналды). Рим Папасы өзінің қателесу қабілеті жоқ екенін білерден 30 жыл бұрын Хун Сюцюань атты бір бола алмаи қалған қытаи оқымыстыға бірнеше аян келді. Құдаи оған: «Сен Иисус Христостың інісі боласың», – депті. Сосын Құдаи Хунға миссия жүктеп, Қытаиды ХVІІ ғасырдан бері билеп келе жатқан маньчжур «жындарын» қуып, жерде Ұлы жұмақ патшалығын («Таипинг Тяньго») орнатуды тапсырады. Хунның үндеуі Қытаидың апиын соғысында жеңіліп, модерндік өнеркәсіп пен еуропалық империализмнің келуі нәтижесінде қаиыршы күиге түсіп, түңіліп отырған миллиондаған қытаилық тарапынан қолдау тапты. Әитсе де Хун оларды жұмақ патшалығына бастамады. Керісінше, Хун оларды маньчжурлардың Цин династиясына қарсы Таипин көтерілісіне бастады. 1850 жылдан 1864-ке деиін созылған бұл көтеріліс ХІХ ғасырдағы ең қанды соғыс болды. Соның салдарынан кемінде 20 миллион адам қаза тапты. Бұл Наполеон соғыстары немесе АҚШ-тағы Азамат соғысы құрбандарынан әлдеқаида көп еді. Әлемде зауыттар, теміржолдар мен пароходтар көбеиіп жатқанда жүздеген миллион адам әлі де Хун, Даянанда, Пии және Мәдінің діни догмаларына сеніп жүрді. Дегенмен көбіміз ХІХ ғасырды дін ғасыры деп санамаимыз. ХІХ ғасырдың көріпкелдері дегенде Мәді, ІХ Пии немесе Сюцюань сияқтыларды емес, Маркс,

Энгельс және Лениндерді аитар едік. Бұл тегін емес. 1850 жылы социализм шеткері жүрген ои ағымдары болғанмен, аз уақыт ішінде ол күрт күшеиіп, әлемге Қытаи мен Суданның өзіне-өзі жариялаған мессияларынан әлдеқаида терең өзгерістерді тудырды. Сіз ұлттық денсаулық сақтау қызметін, зеинетақы қорларын және тегін мектептерді құнды жетістік санаисыз ба? Онда олар үшін Сюцюань немесе Мәдіге емес, Маркс пен Ленинге (және Отто фон Бисмаркке) алғыс аитуыңыз керек. Мәді мен Сюцюань сәтсіздікке ұшыраған жерде, Маркс пен Ленин қалаиша жеңіске жетті? Оған себепші социалистік гуманизмнің философиялық тұрғыдан ислам және христиан теологиясынан оңтаилы болуы емес. Себеп – Маркс пен Лениннің уақытты көне мәтіндер мен паиғамбарлық түстерді зерттеуге емес, сол заманның технологиялық және экономикалық ақиқаттарын түсінуге арнауында. Бу машиналары, теміржолдар, телеграф пен электр қуаты бұрын болмаған мүмкіндіктер ашумен қатар, бұрын кезікпеген проблемаларды өршітті. Қала пролетариаты атты жаңа таптың күиініш-сүиініштері, мұң- мұқтаждары мен арман-үміттері библиялық шаруалардың уаиым- қаиғысы мен талап-тілектерінен мүлдем өзгеше болды. Бұл талап-тілектерге жауап іздеген Маркс пен Энгельс бу двигателі қалаи жасалған, көмір кені қалаи жұмыс істеиді, теміржолдардың экономикаға ықпалы қандаи және электр қуаты саясатқа қалаи әсер етеді деген мәселелерді зерттеді. Бірде Лениннен коммунизмге бір сөилеммен анықтама беруді сұраиды. «Коммунизм дегеніміз – Кеңес өкіметі, – деп жауап береді Ленин, – бұған қоса, бүкіл елді электрлендіру». Электрсіз, теміржолсыз, радиосыз коммунизм болмаиды. ХVІ ғасырда Ресеиде коммунистік режим орната алмас едіңіз. Өиткені

коммунизм үшін ақпарат пен ресурстар бір орталыққа шоғырлануы керек. «Әркімнен қабілетіне қараи, әркімге қажеттілігіне қараи» деитін белгілі социалистік принцип бар. Бірақ ол жұмыс істеуі үшін өндірілген өнім ұлан-ғаиыр аумақтан оңаи жиналуы және бөлінуі, еңбек қызметін бүкіл ел көлемінде бақылап, үилестіру мүмкіндігі жасалуға тиіс. Маркс пен оның жолын қуушылар жаңа технологиялық ақиқаттар мен жаңа адами тәжірибелерді жақсы түсінді. Сондықтан да индустриялық қоғамның жаңа проблемаларына лаиық жауаптар таба білді әрі бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерді паидалану жөнінде соны идеялар ұсынды. Социалистер ғажаиып жаңа дүниеге арнап, жаңадан ғажап дін жасады. Олар технология мен экономиканы дамыту арқылы құтқаруға уәде етті. Осылаиша, тарихтағы тұңғыш техно-діннің негізін салды және идеологиялық әлеуеттің негізін ауыстырды. Маркске деиін адамдар өздерінің кім екенін және өзгелерден аиырмашылығы қандаи екенін өндіріс әдістері арқылы емес, Құдаи туралы көзқарастары боиынша анықтаитын. Маркстен кеиін рух пен о дүние жөніндегі пікірталастардан гөрі технологиялық және экономикалық жүие туралы көзқарастардағы келіспеушіліктер неғұрлым маңыздырақ болды. ХХ ғасырдың екінші жартысында өндіріс әдістері жөніндегі дау- дамаи адамзаттың түбіне жете жаздады. Тіпті Маркс пен Ленинді аяусыз сынаушылардың өзі ол екеуінің тарих пен қоғам туралы негізгі көзқарастарын қабылдап, Құдаи мен жұмақтан гөрі технологиялар мен өндіріс туралы анағұрлым көбірек оиланып- толғана бастады. ХІХ ғасырдың орта шенінде Маркс сияқты сұңғыла адамдар аз болды. Сондықтан қарқынды индустрияландыруды санаулы ел

ғана жүргізді. Саиып келгенде, осы бірнеше ел әлемді жаулап алды. Өзге қоғамдардың басым көпшілігі не болып жатқанын түсініп те үлгермеді, сөитіп, прогресс поиызынан қалып қоиды. Даянанданың Үндістаны мен Мәдінің Суданы бу двигательдерін жасаудың орнына, тек Құдаи туралы оиланумен болды. Соның салдарынан өнеркәсібі дамыған Британия тарапынан басқыншылыққа ұшырап, әбден қаналды. Тек соңғы жылдары ғана Үндістан Британиямен арадағы экономикалық және геосаяси алшақтықты әжептәуір еңсере алды. Судан әлі артта қалып келеді. ХХІ ғасырдың басында прогресс поиызы тағы да жолға шыққалы тұр және бұл Homo Sapiens деп аталатын бекеттен жүретін ең соңғы поиыз болуы ықтимал. Кешігіп қалғандарға басқа мүмкіндік берілмеиді. Бұл поиыздан орын алу үшін ХХІ ғасырдың технологиясын, оның ішінде компьютерлік алгоритмдер мен биотехнологияларды түсінуіңіз керек. Бұлардың қуаты бу мен телеграфтікінен әлдеқаида қуатты және олар тек тамақ, мата, автокөлік және қару-жарақ өндіру үшін ғана қолданылмаиды. ХХІ ғасырдың басты өнімі дене, ми һәм интеллект болмақ, ал дене, ми және интеллектіні жаратуды үиренгендер мен үиренбегендер арасындағы алшақтық Диккенстің Британиясы мен Мәдінің Суданы арасындағы алшақтық сияқты болады. Бұл алшақтық sapiens пен неандерталдық арасындағы алшақтықтан да болады. ХХІ ғасырда прогресс поиызына мінгендер жарату мен құртуда құдаилық құдірет иеленеді, ал үлгермеи қалғандарға жоиылу қаупі төнеді. Жүз жыл бұрын өз заманына өте лаиық келген социализм жаңа технологияларға ілесе алмады. Леонид Брежнев пен Фидель Кастро бу двигательдері дәуірінде Маркс пен Ленин қалыптаған идеяларға жабысып қалды. Компьютер мен биотехнологиялардың

әлеуетін жете бағаламады. Либералдар, керісінше, ақпарат дәуіріне ілкімді беиімделді. Хрущевтің 1956 жылы аитқан болжамы неге расталмағанын, неге марксистер либерал-капиталистерді емес, керісінше, бұлар марксистерді жермен-жексен еткенін нақ осы жаит түсіндіре алады. Қазір тіріліп келсе, Маркс өзінің жолын табанды түрде ұстанып келе жатқандарға «Капиталды» оқудан гөрі интернет пен адам геномын зерттеуге көбірек уақыт бөліңдер деп кеңес берер еді. Социализммен салыстырғанда, радикалды ислам жағдаиы әлдеқаида қиын. Басқаны былаи қоиғанда, ол индустриялық революцияны әлі күнге моиындаи қоиған жоқ. Ендеше, ген инженериясы мен жасанды интеллектіге оның қатысы шамалы екені таңданарлық жаит емес. Ислам, христиандық және басқа дәстүрлі діндер қоғамда әлі де ықпалды. Алаида қазір олардың рөлі көбінесе жауап қатумен ғана шектеліп отыр. Бір кезде олар жаратушы, жасаушы күштер еді. Мысалы, христиандық Құдаи алдында бәрі тең деп, ол уақыт үшін нағыз басбұзар идея аитты. Осылаиша, ол саяси жүиелерге, әлеуметтік иерархияларға, тіпті гендерлік қатынастарға өзгеріс орнатты. Таудағы уағызында Иисус одан да радикал ои аитты. «Құдаи бәрінен бұрын момын мен мүсәпірді көреді», – деді ол. Сөитіп, билік пирамидасының басын аяғына келтіріп, революционерлердің бірнеше буынына дем берді. Әлеуметтік және этикалық реформалармен қатар, христиан діні маңызды экономикалық және технологиялық жаңалықтарды дүниеге әкелді. Католик шіркеуі ортағасырлық Еуропадағы ең күрделі басқару жүиесін жасады, бірінші болып архивтерді, каталогтарды, күн кестесін және мәлімет өңдеудің басқа да


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook