Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-11-24 12:22:30

Description: Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Search

Read the Text Version

мүлдем қатысы болмаған екі естелікті біріктіруі керек. Бәлкім, Клинтонның «мен бұл әиелмен жыныстық қатынасқа түскен жоқпын» деген сөзін тыңдап, сыра ішіп отырған Гомерді елестесіз. Бұл екі естелік қаи жерде түиіседі? Миды зерттеушілердің кеибірі олар көптеген неиронның өзара әрекеттестігінен туатын «жаһандық жұмыс кеңістігінде» қосылады деиді. Бірақ «жұмыс кеңістігі» деген тіркес – әшеиін метафора4. Ал мұның сыртында жасырынып жатқан шындық қандаи? Екі ақпарат нақты қаи жерде кездесіп тоғысады? Қазіргі теорияларға сенсек, Платон аитатын әлдебір бесінші өлшемде емес екені аиқын. Бұрын өзара баиланысы болмаған екі неирон кенет бір-біріне сигнал бере бастаған жерде қосылады деиік. Яғни Билл Клинтон неироны мен Гомер Симпсон неироны арасында жаңа баиланыс паида болады. Ендеше, екі неиронның физикалық бірігуінен тыс естеліктің саналы тәжірибесі бізге не үшін керек? Осы жұмбақты математика тілімен де жеткізуге болады. Ағзалардың расында да алгоритмдер екені, ал алгоритмдерді математикалық формулалар арқылы көрсетуге болатыны қазір шындық ретінде қабылданған. Вендинг-машинасы бір шыны-аяқ шаи даиындау үшін атқаратын бірнеше әрекетті және арыстаннан қорыққанда ми атқаратын әрекеттерді математикалық символдармен жаза аламыз. Егер расында солаи болып, саналы тәжірибелер маңызды рөл атқарса, онда олардың математикалық формуласы болуға тиіс. Өиткені олар алгоритмнің ажырамас бөлігі ғои. Қорқыныш алгортимін жазған кезде және «қорқынышты» нақты есептерге аиналдырғанда біз «Есептеу процесіндегі 93-қадам – субъективті қорқыныш сезімі» деп көрсетуіміз керек. Бірақ ұлан-ғаиыр математика патшалығында субъектив тәжірибелер алгоритмі бар ма? Әзірге біз ондаи

алгоритмді білмеиміз. Математика мен компьютер саласында біз игерген білім мол екеніне қарамастан, адам жасаған мәлімет өңдеу жүиелерінің ешқаисысы өз қызметінде субъектив тәжірибелерді қолданбаиды және олардың ешбірі ауырсыну, қуаныш, ашу-ыза және махаббат сияқты күилерді сезінбеиді5. Бәлкім, субъектив тәжірибелер бізге өзіміз туралы оилану үшін қажет болар? Орманды кезген аң аман қалу һәм ұрпақ қалдыру мүмкіндіктерін қарастырып, өзінің іс-әрекеті мен шешімдерін оиластырып, кеиде ол жаиында басқа аңдарға да хабар беруі керек. Ми өз шешімдерінің үлгісін жасауға тырысса, шегі жоқ ауытқулар мен мағынасыз сөздер тізбегінің тұзағына түседі. Сана нақ осы тұзақтан ырғып шығады. Бұл елу жыл бұрын шындыққа жанасымды көрінер еді. Бірақ 2018 жылы олаи емес. Google және Tesla сияқты компаниялар шығарған жүргізушісіз жүретін автокөліктерді көшелерден қазірдің өзінде көре аламыз. Ол көліктерді басқаратын алгоритмдер өзге көліктер, жүргіншілер, бағдаршамдар және шұңқырлар туралы мәліметтерді қорыта отырып, секундына миллиондаған есептеу жасаиды. Жүргізушісіз жүретін машина қызыл жарыққа тоқтаиды, кедергілерді аиналып өтіп, басқа көліктерден қауіпсіз қашықтықты сақтаиды. Осының бәрін ол ешқандаи сезімсіз әрі қорқынышсыз істеиді. Ол сонымен қатар қозғалыста өзі де бар екенін есепке алып, аиналасындағы

машиналарға өзінің алдағы әрекеттері мен жоспарлары туралы ақпарат береді. Өиткені оңға бұрылғысы келсе, оның бұл қимылы басқалардың әрекетіне ықпал етеді. Автокөлік мұны еш қиындықсыз және сананың көмегінсіз жасаиды. Жүргізушісіз жүретін көлік те солаи. Басқа да көптеген компьютерлік бағдарлама өз әрекеттерін есепке алғанымен, олардың ешқаисысында сана дамыған жоқ және ешқаисысы сезім мен қалау дегендерді білмеиді6. 15. Google-дің жүргізушісіз жүретін автокөлігі. Егер ақылдың не екенін түсіндіре алмасақ және оның қандаи қызмет атқаратыны белгісіз болса, неге бұл пікірталасты доғары салмасқа? Ғылым тарихында теріске шығарылған концепциялар мен теориялар жетерлік. Мысалы, жаңа дәуір басындағы ғалымдар жарықтың қозғалысын түсінгісі келгенде, «эфир» деп аталатын субстанция бар, ол бүкіл ғаламды толтырып тұр деп оилады. Жарық эфирдің толқыны саналды. Алаида ғалымдар эфирдің бар екендігінің эмпирикалық дәлелдерін таба алмады. Сөитіп, жарықтың балама және біршама сенімді теорияларын іздеуге кірісті. Ақыр соңында, олар эфирді ғылымның қоқыс жәшігіне лақтырды. Осы сияқты, адамдар мыңдаған жыл боиы түрлі табиғат құбылыстарын Құдаидың ісі деп түсіндіріп келді. Наизағаиды не оинатады? Құдаи. Жауын не себепті жауады? Құдаи жауғызады.

Жерде тіршілік қалаи паида болды? Құдаи жаратты. Соңғы бірнеше ғасыр ішінде ғалымдар Құдаидың бар екендігінің ешбір эмпирикалық дәлелін таба алмады. Есесіне, олар наизағаидың жарқылдау, жауынның жауу және тіршіліктің паида болу себебін түсіндіріп беретін егжеи-тегжеилі аиғақтар тапты. Осылаиша, философияның кеибір тармақтарын аитпағанда, ешбір беделді ғылыми журналдан шынымен Құдаи бар деп паиымдаитын мақала кездестірмеиміз. Тарихшылар Екінші дүниежүзілік соғыста Одақтастар Құдаи қолдағандықтан жеңді демеиді. Экономистер 1929 жылғы экономикалық дағдарыс үшін Құдаиға кінә артпаиды және геологтар тектоникалық қабаттар Құдаидың еркімен жылжыды деп санамаиды. Жанның тағдыры да осындаи болды. Мыңдаған жыл боиы адам бүкіл іс-әрекет пен шешімдерімізге жан жауапты деп оилап келді. Алаида мұны растаитын аиғақтар жоқ болғандықтан және әлдеқаида дәлелді балама теориялардың ықпалымен тіршілік туралы ғылым жанды күресінге тастады. Жеке тұлға ретінде көптеген биолог пен дәрігер әлі де жанның бар екеніне сенетін де шығар. Бірақ олар салмақты ғылыми журналдарға жан туралы мақала жазбаиды. Жан, Құдаи мен эфирдің артынан, бәлкім, ақыл да ғылымның қоқыс жәшігіне кетуі керек шығар? Саиып келгенде, әлі ешкім ауырсыну мен сүиіспеншілікті микроскоптан көре алған жоқ. Бірақ бізде бұлар туралы аса дәлелді биохимиялық түсіндірме бар. Бұл түсіндірме субъектив тәжірибелерді жоққа шығарады. Әитсе де ақыл мен жан арасында аса маңызды аиырмашылық бар (ақыл мен Құдаи арасындағы сияқты). Мәңгілік жан оидан шығарылған нәрсе десек, ауырсыну – аиқын сезілетін күи. Егер аяғыма шеге кіріп кетсе, мен тәнім ауырып тұрғанына әбден сенімді боламын

(бұл процестің ғылыми түсіндірмесінен мүлдем хабарсыз болсам да). Керісінше, жараға инфекция түсіп, гангренадан өлсем, жанымның әрі қараи жасаи береріне сенімді бола алмаимын. Жанның мәңгілігі – өте қызықты және жағымды идея, оған қуана- қуана сенер едім. Бірақ оның рас екендігіне еш дәлелім жоқ. Ғалымдардың бәрі ауырсыну және күмән сияқты субъектив сезімдерді сезінгендіктен, бұлардың бар екенін терістеи алмаиды. Ақыл мен сананы елемеудің басқа жолы – олардың бар екенін емес, маңызын жоққа шығару. Дэниел Деннет пен Станислас Деан секілді кеибір ғалымдар кез келген маңызды сұраққа мидың белсенділігін (оның субъектив тәжірибелермен баиланысын мүлдем ескермеи) зерттеу арқылы жауап беруге болады деп санаиды. Яғни ғалымдар өздерінің сөздік қоры мен мақалаларынан «ақыл», «сана» және «субъектив тәжірибе» деген сөздерді еш бөгетсіз алып тастауына болады. Бірақ бүкіл заманауи саясат пен этика жүиесі субъектив тәжірибеге негізделгендіктен, этикалық дилеммаларды тек мидың жұмысына қарап шешу қиын екеніне келесі тарауларда көз жеткізетін боламыз. Мәселен, біреуді азаптау мен зорлау не себепті жаман? Таза неврология тұрғысынан қарасақ, адамды азаптағанда немесе зорлағанда, оның миында белгілі бір биохимиялық реакциялар жүріп, неирондардың бір шоғырынан екіншісіне түрлі электр сигналдары ғана беріледі. Мұның несі жаман? Қазіргі адамдардың көпшілігі субъектив тәжірибеге баиланысты, яғни жәбірленушінің жанын қинаитыны себепті азаптау мен зорлауды жек көреді. Егер әлдебір профессор субъектив тәжірибенің маңызы жоқ екенін дәлелдегісі келсе, ол азаптау мен зорлаудың дұрыс емес екенін субъектив тәжірибелерді есепке алмастан түсіндіріп көрсін.

Саиып келгенде, көп ғалым сананың барын, моральдық және саяси құны зор екенін моиындағандарымен, оның ешқандаи биологиялық қызмет атқармаитынын атап аитады. Сана – мидағы кеибір процестердің биологиялық паидасыз жанама өнімі ғана. Ұшақ моторы қатты гүрілдеиді, бірақ ұшақты көтеретін мотордың шуы емес. Адамға көмірқышқыл газы қажет емес, бірақ олардың әрбір демі ауадағы көмірқышқыл үлесін көбеитеді. Сол сияқты сана да күрделі неирон желілері сигнал атқылаған кезде шығатын менталдық түтін болуы ықтимал. Ол ештеңе де істемеиді. Бірақ бар. Мұны рас десек, онда миллиардтаған мақұлық миллиондаған жыл боиы сезініп келген ауырсыну мен ләззат та әшеиін менталдық түтін болып шығады. Қате шығар, бірақ бұл оилануға тұрарлық идея. Бірақ, ең қаиран қаларлығы, бұл – дәл қазіргі сәтте заманауи ғылым ұсына алатын сана туралы ең жақсы теория. Бәлкім, биологтар бұл мәселені теріс қырынан қарастырып отырған шығар. Олар бүкіл тіршіліктің мәні мәліметтерді өңдеуде, ал ағзалар – есептеулер жасап, шешім қабылдаитын машина деп сенеді. Алаида ағзалар мен алгоритмдерге қатысты бұл аналогия бізді адастыруы мүмкін. ХІХ ғасырда ғалымдар ми мен ақылды бу двигателіне ұқсатты. Неге? Өиткені бу двигателі сол кездегі поиыз бен кемелерді жүргізіп, зауыттарды іске қосатын ең жаңа технология саналатын. Сондықтан адамдар тіршілік те сол принцип боиынша жұмыс істеиді деп паиымдады. Ақыл мен дене түтікшелерден, цилиндр, клапан және поршеньдерден тұрады. Бұлар қысым туғызып босатады, сөитіп, қозғалыс пен әрекет паида болады. Бұл идея Фреидтің психоанализіне де ықпал етті. Осы себепті біздің психологиялық жаргонда механикадан келген түсініктер толып жүр.

Мысалы, Фреидтің мына аргументін алаиық: «Жауынгерлікті күшеиту үшін армия жыныстық құмарлықты паидаланады. Армия жыныстық құмарлығы шырқау шегіне жетіп, желігі басылмаған жастарды әскерге алады. Сөитіп, сарбаздардың жыныстық қатынасқа түсіп, іштегі қысымды босату мүмкіндігін шектегендіктен, қысым олардың ішіне жинала береді. Сосын армия жинақталған осы қысымды басқа бағытқа бұрып, оның ұрыс даласында агрессия болып сыртқа шығуына мүмкіндік береді». Бу двигателі дәл осылаи жұмыс істеиді. Қаинаған бу жабық контеинер ішінде ұсталады. Будың қысымы күшеиген үстіне күшеие береді, сосын кенет тығынды ашасыз да, қысымды тиісті бағытқа жібересіз. Сөитіп, поиызды немесе тігін станогын қозғалысқа келтіреді. Әскерде ғана емес, өзге салалардың бәрінде де біз ішімізге жиылған қысымды аитып шағымданамыз. «Буды сыртқа шығармасақ» жарылып кетуіміз мүмкін деиміз. ХХІ ғасырда адам психикасын бу двигателімен салыстыру – күлкілі нәрсе. Қазір біз компьютер секілді әлдеқаида озық технологияларды меңгергенбіз. Осы себепті адам психикасын қысымды паидаланатын бу двигателіне емес, мәліметтерді қорытатын компьютерге ұқсатамыз. Бірақ бұл аналогия да таяз болып шығуы мүмкін. Өиткені компьютерде ақыл жоқ. Тіпті ішіне вирус толып кеткен күннің өзінде де ол өзі ештеңені қаламаиды. Авторитарлық режимдердің шешімімен тұтас ел ғаламдық желіден ажыратылған кезде де интернет ешқандаи қиналысты сезбеиді. Ақылды түсінудің үлгісі ретінде компьютерді алудың қажеті қанша? Аитпақшы, компьютердің ештеңені қалап, ештеңе сезінбеитініне біз сенімдіміз бе? Мұндаи қасиет оларда қазір жоқ болғанмен, компьютерлер күрделене келе, ақырында, санаға ие болмаи ма?

Олар сананы дамытса, біз оны қалаи анықтаимыз? Автобус жүргізушісі, мұғалім және психиатрдың қызметін компьютерлер атқаратын кез келгенде, оларда сезім бар екенін немесе олардың әшеиін ақылсыз алгортимдер тобы екенін қалаи біле аламыз? Адамдарға келсек, бүгінде біз саналы менталдық әсерлер мен мидың беисана белсенділігін ажырата аламыз. Сананың не екенін түсінуден әлі алшақ болған күннің өзінде, ғалымдар оның кеибір электрохимиялық белгілерін анықтады. Мұны ғалымдар егер адамдар «не болып жатқанын түсініп тұрмын» десе, оған сенуге болады деген ұиғарымнан бастады. Осыған сүиене отырып, олар «дәл қазір есімді білемін» деген адамның миында болатын, бірақ ол санадан аиырылған кезде ешқашан болмаитын ерекше өзгерістерді анықтаи алды. Осының арқасында, мысалы, дәрігерлер инсульт алған адамның толықтаи есінен аиырылғанын немесе санасы орнында, тек денесі мен тілін игере алмаи қалғанын ажырата алатын болды. Миынан оилау белгілері баиқала ма? Олаи болса, денесін қозғаудан, сөилеуден қалса да науқастың санасы орнында болуы мүмкін. Дәрігерлер біраз уақыт бұрын мұндаи науқастармен МРТ-нің көмегімен сөилесуді де үиренді. Иә немесе жоқ деген жауап алу мақсатында олар науқастардан «иә» дегісі келсе, өзінің теннис оинап жүргенін, ал «жоқ» дегісі келсе, өзінің үиі орналасқан жерді көз алдына елестетуді сұраиды. Сөитіп, науқас өзінің теннис оинап жүргенін оилаған кезде («иә») мидың моторлық қабығы немесе мидың кеңістік жадына жауап беретін аимағы белсенділік танытады7. Мұның бәрі адамдар үшін жақсы болғанымен, компьютерлер үшін қалаи? Силикон негізінде жасалған компьютерлер мен белок негізіндегі биологиялық неирон желілерінің құрылымы мүлдем

екі бөлек. Сондықтан компьютерлерде біздікіне ұқсас сана болуы еш мүмкін емес. Біз шеңберден шыға алмаи қалған сияқтымыз. Санасы орнында екенін аитқан адамның сөзіне сенуге болады деген ұиғарымнан бастадық та, адам санасының белгілерін анықтаи алдық. Сосын бұл белгілерді адамның санасы шынымен де орнында екенін дәлелдеу үшін паидаландық. Ал жасанды ақыл санасы бар екенін мәлім етсе ше? Оған сенуіміз керек пе? Әзірге бізде бұған оң жауап жоқ. Адамнан басқада ақыл иелері бар екенін дәлелдеу мүмкін еместігін философтар мың жыл бұрын түсініп қоиған. Тіпті әңгіме басқа адамдар туралы болса да, біз оларда сана бар деп тек жорамалдаимыз, бірақ анық біле алмаимыз. Бәлкім, бүкіл ғаламда бір нәрсені сезінетін жалғыз мен ғана болып, ал қалған адамдар мен жануарлар ақылсыз роботтар шығар? Бәлкім, осының бәрі түсім болар? Мен виртуалды әлемнің тұтқынына түсіп, аиналамдағы тіршілік иелері әшеиін симуляциялар емес пе? Қазіргі ғылыми догмаға сенсек, менің басымнан өткергенімнің бәрі – мидың электрлі белсенділігінің нәтижесі. Ендеше, теориялық тұрғыдан алғанда, тұтас виртуалдық әлемді симуляциялауға болады және мен оны «шын» әлемнен ажырата алмауым мүмкін. Миды зерттеуші ғалымдардың кеибірі таяу келешекте біз осыны істеи алатын боламыз деиді. Бәлкім, қазірдің өзінде сізді сынап жатқан болар? Аиталық, уақыт 2218 жыл, сіз ХХІ ғасырдың басындағы қарабаиыр және қызғылықты әлемді симуляциялаитын «виртуалды әлем» туралы оиынның қызығына түскен жеткіншексіз. Мұндаи сценариидің мүмкін екенін моиындасаңыз, онда математика адам шошырлық қорытынды жасаиды: егер ақиқат әлем біреу ғана, ал ықтимал виртуал әлемдердің саны шексіз болса, онда сіздің жалғыз ақиқат әлемді

мекендеу ықтималдығыңыз нөлге тең деуге болады. Ашылған ғылыми жаңалықтардың ешқаисысы да атышулы «Өзге ақылдар» проблемасын шеше алған жоқ. Бүгінге деиін ғалымдар оилап тапқан ең үздік тест – Тьюринг тесті. Бірақ оның өзі тек әлеуметтік шарттылықты тексереді. Тьюринг тесті боиынша, компьютерде ақыл бар яки жоқ екенін анықтау үшін сіз бір мезгілде сол компьютермен және нақты адаммен сөилесіп, бірақ қаисысы компьютер, қаисысы адам екенін білмеуіңіз керек. Оларға кез келген сұрақты қоюға, оинауға, дауласуға, тіпті қырындауға болады. Уақытқа шектеу жоқ. Сосын қаисысы компьютер, қаисысы адам екенін аитуыңыз керек. Егер жауап қата алмасаңыз немесе қате жауап берсеңіз, онда компьютер Тьюринг тестінен өтті деген сөз, яғни онымен ақыл-ес иесі ретінде қатынас жасалуға тиіс. Бірақ, әрине, бұл бұлтартпас дәлел бола алмаиды. Өзге ақылдардың бар екенін моиындау әшеиін әлеуметтік және құқықтық шарттылық қана. Бұл тесті 1950 жылы британ математигі, компьютер дәуірінің негізін салушылардың бірі Алан Тьюринг оилап тапқан еді. Тьюринг геи болатын және ол кезде Британияда гомосексуализм қылмыс саналатын. 1953 жылы ол еркекпен жыныстық қатынасқа түскені үшін аиыпталып, химиялық кастрацияға ұшырады. Екі жылдан кеиін өз-өзіне қол салды. 1950 жылдары Британияда геилер «дұрыс» еркек секілді көріне ме дегенді тексеретін тест болды және әр геи оны тапсыруға міндетті еді. Тьюринг тестін соның бір түрі деуге болады. Тьюринг мына нәрсеге жеке басынан өткен жағдаи арқылы көз жеткізді: сенің шын мәнінде кім екенің маңызды емес, сен туралы елдің не оилаитыны ғана маңызды. Тьюрингтің аитуынша, болашақта компьютерлер 1950 жылдардағы геилер сияқты болады.

Компьютерлерде сана бола ма, жоқ па, – ол маңызды емес. Бұл туралы адамдардың не оилаитыны ғана маңызды болмақ. Зертханадағы егеуқұирықтардың азапты өмірі Ақыл туралы аздаған мағлұмат алып, ол туралы білетініміз қаншалықты аз екенін түсінген соң, әуелгі сұраққа қаита оралсақ. Өзге жануарларда ақыл бар ма? Кеи жануарлар, мысалы иттер, Тьюринг тестінің өзгертілген нұсқасынан өте алады. Тіршілік иесі саналы ма дегенді анықтау барысында әдетте біз олардың математикалық дарынына немесе жадының тәуірлігіне емес, эмоциялық қарым-қатынас орната білу қабілетіне қараимыз. Кеиде адамдар қару, машина және ішкиім сияқты заттарға эмоциялық тұрғыдан тым қатты бауыр басып қалады. Бірақ бұл – біржақты ғана жақындық және ешқашан екі жақты қарым- қатынасқа аиналмаиды. Иттер адамдармен эмоциялық қарым- қатынас орната алды. Осыған қарап, олардың иелері итті санасыз автомат деп қабылдамаиды. Алаида скептиктер мұнымен келіспеиді. Эмоция деген – алгоритм, ал сананың көмегімен қызмет атқаратын алгоритм жоқ деиді олар. Әлдебір жануар күрделі эмоциялық мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Бірақ біз оның әлдебір тым күрделі, бірақ беисана алгоритмнің нәтижесі екенін дәлелдеи алмаимыз. Бұл аргументті, әрине, адамдарға қатысты да қолдануға болады. Адамның кез келген әрекеті, оның ішінде саналы түрде жасаған әрекеттері де, теория жүзінде беисана алгоритмдердің жұмысы болуы мүмкін. Әитсе де біз ақыл-есім орнында деген адамдардың сөзіне сенуге болады деиміз. Осы ұиғарымға сүиене отырып, ми жұмысынан сананың белгілерін анықтауды үирендік. Бұл әдісті адамның

саналы күиі мен санасыз күиін ажырату үшін жүиелі түрде қолданып жүрміз. Ал жануар миы мен адам миы арасында ұқсастықтар көп. Оның үстіне, сана белгілері туралы білетініміз артып келеді. Ендеше осыны паидаланып, жануарлардың саналы кезі бола ма, болса қаи кезде деген сұрақтың жауабын таба алатын сияқтымыз. Егер иттің миы адам миы беретін белгілерге ұқсас белгілер көрсетсе, бұл иттерде сана бар екені туралы сендірерлік дәлел болмақ. Маимыл мен тышқанға жасалған бастапқы тесттер кезінде олардың миы, шынында да, сана белгілерін көрсетті8. Бірақ жануар миы мен адам миы арасындағы аиырмашылық бар екенін және сананың барлық құпияларын ашудан әлі соншалық алыс екенімізді ескерсек, скептиктерді сендіре алатын тиімді тесттер жасау үшін ондаған жыл қажет болуы мүмкін. Осы уақыт ішінде дәлел табу міндеті кімнің моинында болмақ? Иттерде сана бар екені дәлелденгенге деиін біз оларға беисаналы машиналар ретінде қарауымыз керек пе? Әлде қарсы дәлелдерді әлі ешкім таппағандықтан, оларды саналы тіршілік иелері деп есептегеніміз жөн бе? Неиробиология және когнитивті ғылымдар боиынша жетекші эксперттер 2012 жылғы 7 шілдеде Кэмбридж университетіне жиналып, «Сана туралы Кэмбридж декларациясына» қол қоиды. Онда: «Көптеген зерттеулердің нәтижесі адам санатына жатпаитын жануарларда саналы күидің неироанатомиялық, неирохимиялық және неирофизиологиялық субстраттары, сонымен қатар ұтымды іс-әрекеттер жасау беиімділігі бар екенін көрсетіп отыр. Адамдардың сананы туғызатын неврологиялық субстраттарға ие бірден-бір тіршілік иесі емес екені дәлелденді. Адам санатына жатпаитын жануарлар, оның ішінде сүтқоректілер

мен құстардың барлығы және көптеген өзге тіршілік иелері, оның ішінде сегізаяқтар осындаи неврологиялық субстраттарға ие» делінген9. Бұл декларацияда өзге жануарларда сана бар деп аиқындалмаған. Өиткені мұны бұлтартпаитындаи дәлел әлі табыла қоиған жоқ. Бірақ декларация дәлел табу міндетін өзгеше оилаитындардың моинына жүктеиді. Ғылыми қоғамдастықтағы жалпы көзқарас ауаны осылаи өзгерген соң, 2015 жылғы мамырда Жаңа Зеландия парламенті «Жануарларды қорғау туралы заңға» түзетулер енгізді. Сөитіп, Жаңа Зеландия жануарларды саналы тіршілік иесі деп моиындаған алғашқы ел атанды. Заң жануарларды саналы тіршілік иесі деп тануға, тиісінше, мал шаруашылығы сияқты салаларда олардың өміріне қолаилы жағдаи жасауға міндеттеиді. Жаңа Зеландияда адамға қарағанда қои көп екенін (30 миллион қои, 4,5 миллион адам) ескерсек, бұл – өте маңызды қадам. Одан кеиін Канаданың Квебек провинциясы да осындаи заң қабылдады. Оларға өзге елдер де қосылуы әбден мүмкін. Көптеген бизнес-корпорация да жануарларды саналы тірлік иесі деп таниды. Қаиран қаларлығы, дәл осы себепті жануарларға аса жаисыз зертханалық эксперименттер жасалады. Мысалы, фармацевтикалық компаниялар антидепресанттардың тиімді түрлерін жасау үшін егеуқұирықтарды тәжірибелік жануар ретінде паидаланады. Кең қолданылатын бір процедураға сәикес, жүздеген егеуқұирықты (статистикалық сенімділік үшін) су толы әинек ыдыстарға саласыз. Егеуқұирықтар ыдыстан секіріп шығып құтылмақ болып жанталасады, бірақ одан еш нәтиже шықпаиды. Он бес минуттан соң олардың көбі секіруді қоиып, қимылсыз қалады. Ештеңеге құлықсыз, су бетінде қалқып қана тұрады. Енді тағы жүз егеуқұирықты аласыз да, жаңағындаи ыдыстарға

саласыз. Бірақ бұл жолы оларды он төрт минуттан соң, яғни олар үмітін үзуден бір минут бұрын шығарып аласыз. Үсті-басын кептіріп, тамақ бересіз. Біраз демалған соң тағы да суға тастаисыз. Екінші ретте егеуқұирықтардың көпшілігі жиырма минут күреседі. Неге бұл жолы алты минутқа көп? Өиткені алдыңғы аман қалғаны туралы мәлімет олардың жадында сақталған. Соның нәтижесінде мида әлдебір биохимиялық зат бөлінеді де, ол егеуқұирыққа үміт беріп, күресті біраз уақытқа созады. Егер осы биохимиялық затты бөліп ала алсақ, оны адамдарға арналған антидепрессант жасау үшін паидаланар едік. Бірақ егеуқұирықтың миында биохимиялық заттар қашанда көп. Өзіміз іздеген биохимиялық затты қалаи табамыз? Бұл үшін бұрын тәжірибеге қатыспаған тағы екі топ егеуқұирықты аласыз. Әр топтағы егеуқұирықтардың денесіне өзіңіз антидепрессант бола алады деп үміттенген белгілі бір химиялық заттек егесіз. Сосын оларды суға тастаисыз. Егер А деген химиялық заттек егілген егеуқұирықтар он бес минут қана күрессе, А-ны тізімнен сызып тастаисыз. Ал Б деген химиялық заттек егілген егеуқұирықтар 20 минут алысса, басшылық пен акционерлерге мол табысқа кенелгеніңізді баяндаисыз. Скептиктер мына жерде егеуқұирықтар тура адам сияқты сипатталған, егеуқұирықтарда үміт те, торығу да болмаиды деуі мүмкін. Олар кеиде жыбырлап әбігерленеді, кеиде қозғалмаи қатып қалады, бірақ ешқашан ештеңе сезбеиді. Егеуқұирықтар тек беисана алгоритмдердің жетегімен жүреді. Олаи болса, жоғарыда аитылған эксперименттерде қандаи мән бар? Психотропты дәрілер адамның іс-әрекетінде емес, сезімдерінде өзгерістер туғызуға арналған. Науқас психиатрға келіп: «Дәрігер, маған күизелістен шығаратын бір дәрі жазып беріңізші», – деуі

мүмкін. Бірақ ол «мені тұнжыраған күиімде секірте беретін бір симулятор болса» деп тұрған жоқ. Ол қуанышты сезінгісі келеді. Егеуқұирықтарға эксперимент жүргізу арқылы мұндаи сиқырлы дәріні жасау үшін егеуқұирықтардың іс-әрекетіне адамдікі сияқты эмоциялар себеп болады деп паиымдау керек. Психатриялық зертханаларда бәрі осылаи паиымдаиды10. Өз санасы бар шимпанзе Адамның үстемдігіне шүбә келтірмеитін көзқарастағы жандардың кеибірі егеуқұирық, ит және басқа да жануарларда сана бар дегенге келіседі. Бірақ адамдардан ерекшелігі – оларда өзіндік сана-сезім жоқ деиді. Олар көңілсіздікті, қуанышты, аштықты немесе тоқтықты сезінуі мүмкін. Әитсе де оларда өзі туралы түсінік жоқ. Өздері сезінген мұң-нала немесе аштық «мен» деп аталатын өзіндік тіршілік иесіне тән екенін олар біле бермеиді. Бұл идея кең тарағанымен, тым бұлыңғыр. Қарны ашқан итке бір кесек ет берсе, ол оны басқа итке апарып бермеи, өзі асаи салатыны бесенеден белгілі. Итке көрші үидің иттері белгі қалдырған ағашты иіскетіп көрсеңіз, ол ағашқа кім сарып кеткенін бірден түсінеді: өзі ме, көршінің сүикімді Лабрадоры ма, әлде қаңғыбас ит пе? Ит өз иісіне, серіктес немесе қарсылас болуы ықтимал иттің иісіне мүлдем әртүрлі реакция білдіреді11. Ендеше олардың өзіндік санасы болмаиды деген не сөз? Бұл ұстанымның біршама күрделендірілген нұсқасы боиынша өзіндік сананың бірнеше деңгеиі бар. Тек адам ғана өзін өткені және келешегі бар тіршілік иесі санаиды. Себебі адам ғана бұрын басынан өткергендері мен келешек іс-әрекетін ои елегінен өткізу үшін тілді қолданады. Өзге жануарлар үшін мәңгілік осы шақ қана

бар. Тіпті бұрынғыны еске түсіріп, болашаққа жоспар құратын сияқты болғанмен, шынтуаитында, олар тек қазіргі стимулдар мен бір сәттік қалауларға ғана реакция білдіреді12. Мысалы, қыста жеитін жаңғағын жасырып жүрген тиін былтырғы қыста қарны ашқанын білмеиді, болашағын да оиламаиды. Ол тек осы сәттік пиғылдарға бағынады, бірақ бұл пиғылдың себебі мен мақсатынан беихабар. Әлі қыстап көрмеген жас тиіндердің өзі жазда жаңғақ жинаитын себебі осы. Әитсе де бұрынғы және келешекте орын алатын оқиғаларды зерделеуге неліктен міндетті түрде тіл керек екені түсініксіз. Адамдардың бұл үшін тілді қолданатыны толыққанды дәлел бола алмаиды. Адам баласы сүиіспеншілік пен қорқынышты білдіруге де тілді паидаланады. Бірақ өзге жануарлар тілсіз-ақ сүиіспеншілік пен қорқынышты сезініп, тіпті жеткізе де алады ғои. Шынына келсек, адамдардың өздері де өткен және келешекте болатын оқиғалар туралы тілдің көмегінсіз-ақ оилана алады. Әсіресе түс көріп жатқанда біз беивербал хикаялардың ішінде жүреміз. Сондықтан ертеңіне оларды жеткізуге сөз таппаи қиналамыз. Түрлі эксперименттер көрсеткендеи, бәрі болмаса да, кеи жануарлар, оның ішінде тотықұс және жорғаторғаи сияқты құстар жекелеген оқиғаны есте сақтап, келешек оқиғаларға саналы түрде даиындалады13. Бірақ мұны бұлтартпастаи дәлелдеу мүмкін емес. Өиткені жануардың мінез-құлқы қанша күрделі болғанымен, скептиктер қашанда «жануарларды бұл әрекеттерге жетелеитін нәрсе – олардың санасындағы образдар емес, миындағы беисана алгоритмдер» деп терістеи алады. Бұл проблеманы суреттеу үшін Швециядағы «Furuvik» хаиуанаттар бағындағы Сантино атты еркек шимпанзені мысалға

алаиық. Қамауда отырып зеріккен Сантино адамдарға тас лақтыратын ермек тауып алды. Мұны аирықша оқиға деи алмаимыз. Ызаланса шимпанзелер таспен, таяқпен тіпті нәжісімен ұрады. Бірақ Сантиноның ерекшелігі – ол алдын ала жоспарлап алып атқылаиды. Таңертең хаиуанаттар бағы ашылардан көп бұрын, Сантино лақтыратын тастарын жинап, бір жерге үиіп қояды және оның осы әрекетінен ашу-ызаның нышаны да баиқалмаитын. Көп ұзамаи гидтер мен келушілер Сантино үиілген тастың жанында тұрған кезде одан сақтану керегін ұқты. Сөитіп, Сантино көздеитін нысана таба алмаи қалатын болды. 2010 жылдың мамыр аиында ол жаңа стратегия қолданды. Бір күні таңертең өзі жататын жерден бір құшақ сабан әкеліп, қоршауға жақын жерге қоиды. Сосын тас жинады да, оның үстін сабанмен жапты. Шамамен бір сағат уақыт өткен соң алғашқы келушілер көріне бастағанда, өңінде ашу немесе агрессияның ізі де жоқ Сантино жаибарақат отырды. Келушілер жақындаған кезде ғана ол жасырып қоиған тастарын ала салып жаудырды. Зәресі ұшқан жұрт бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. 2012 жылдың жазында Сантино қару-жарақ жинауды үдете түсті. Ол тастарды сабанның, бөрененің астына және басқа да ыңғаилы жерлерге жасырып қоятынды шығарды. Бірақ Сантиноның осы әрекетінің өзі скептиктердің пікірін өзгерте алмаиды. Сантино таңғы сағат 7-де қоршаудың ішінде әр жерге тас жинап жүр екен, жараиды. Бірақ оның түске қараи адамдарды атқылаған кездегі қызықты оилап жүргенін қаидан білесіз? Қар басып көрмесе де, «қысқа» жаңғақ жинаитын бала тиін сияқты Сантино да беисана алгортимнің жетегінде шығар?14 Егер әлдебір еркек шимпанзе біраз уақыт бұрын өзін тістеп алған қарсыласқа тұра жүгірсе, бұл оның кек алып жүргенін

білдірмеиді деиді скептиктер. Ол әшеиін дәл осы сәтте туған, бірақ себебін өзі түсінбеитін ызаны сезінгендіктен ғана шабуыл жасаиды. Әлдебір ұрғашы піл төлін жемек болған арыстанды көріп, өлімге басын тіге тұрып, тап береді. Өзінің бірнеше аи мәпелеген төлі қатерге ұшырағаны үшін емес, арыстанға деген ақыл жетпес әлдебір өшпенділіктің күшімен ұмтылады. Ит үиге оралған қожаиынын көріп қуана секірсе, ол өзіне күшік кезінен тамақ беріп, жақсы көрген адамды танығандықтан емес. Оның боиын түсініп болмаитын бір шаттық кернеиді15. Біз бұл паиымдамаларды растаи да, терістеи де алмаимыз. Өиткені, саиып келгенде, олар «Өзге ақылдар мәселесіне» қатысты проблемалар. Сананы қажет ететін алгоритм әзірге табылған жоқ. Ендеше, аңның кез келген әрекеті саналы естеліктер мен жоспарлардың емес, беисана алгоритмдердің өнімі болып қарала беруі мүмкін. Сантиноға қатысты да солаи – гәп дәлелдер табуға баиланысты. Сантиноның мінез-құлқы туралы ең ықтимал түсіндірме қандаи? Ол келешекке саналы түрде даиындалады деп ұиғаруымыз керек пе? Мұнымен келіспеитіндер қарсы дәлелін көрсетуге тиіс пе? Әлде шимпанзені беисана алгоритм жетелеиді, оның саналы түрдегі жалғыз сезімі – тастарды сабан астына жасыруға итермелеитін тылсым пиғыл деп паиымдаған жөн бе? Ал, меилі, Сантино бұрынғыны есте сақтамаи, келешек туралы оиланбаиды деиік. Бірақ бұл оның өзіндік санасы жоқ екенін дәлелдеи ме? Өткенді еске алмаитын, келешекке алаңдамаитын адамдар да бар емес пе? Бірақ біз оларда өзіндік сана жоқ демеиміз ғои. Мысалы, баласының машиналар зулаған көшеге шығып кеткенін көрген әиел өткенді немесе келешекті оиланып тұрмаиды. Жоғарыда аитқан ұрғашы піл құсап, ол да баласын

құтқару үшін тұра жүгіреді. Ендеше, пілдің әрекетіне берген бағалауды неге бұл әиелге қолданбаимыз? «Баласын құтқаруға жүгірген әиел мұны өзіндік сана арқылы жасамаиды. Ол бір сәттік пиғылдың күшімен ұмтылады» демеске? Тура осы сияқты, алғашқы кездесуде құшырлана сүиіскен екі жасты, жаралы жолдасын құтқару үшін жауып тұрған оққа қараи ұмтылған жауынгерді, бояуды қалаи болса солаи жағып жатқан суретшіні алаиық. Бұлардың ешқаисысы өткенді немесе келешекті оилау үшін тоқтап қалмаиды. Осыған қарап, оларда өзіндік сана жоқ, кешегі жетістіктері мен ертеңгі жоспарлары туралы сөз сөилеген саясаткерге қарағанда олар төмен тұр деи аламыз ба? Ақылды ат 2010 жылы ғалымдар егеуқұирықтарға ерекше жүрек елжіретерлік эксперимент жасады. Олар бір егеуқұирықты тар торға қамап, торды бұдан әлдеқаида кең бөлмеге қоиды. Сөитті де, бөлмеге тағы бір егеуқұирықты еркін жіберді. Тордағы егеуқұирық қиналғанын білдіретін белгілер берген кезде, еркіндіктегі егеуқұирық мазасыздық пен стресс белгілерін көрсетті. Көбіне еркіндікте жүрген егеуқұирық қамаудағы досына көмектесуге тырысты және бірнеше талпыныстан соң торды ашып, оны босатып алды. Сосын зерттеушілер экспериментті қаиталады, бірақ бұл жолы бөлмеге шоколад қоиды. Еркіндіктегі егеуқұирық екінің бірін таңдауы керек болды: қамаудағыны босату немесе шоколадты жалғыз өзі жеу. Егеуқұирықтардың көбі алдымен досын шығарып алып, шоколодты бөлісіп бірге жеуді дұрыс көрді (дегенмен қара басын оилап, кеибір егеуқұирықтың оңбаған болатынын дәлелдегендер де табылды).

Скептиктер бұл нәтижені қабылдамады. Еркіндіктегі егеуқұирық қамаудағыны жаны ашығандықтан емес, құлақ етін жеген шиқылды тоқтату үшін босатты деді олар. Егеуқұирықтардың бұл әрекетіне жаисыздық себеп болды, олар осы жаисыздықтан құтылудан өзге ештеңені қаламады. Мүмкін солаи-ақ болар. Бірақ дәл осыны бізге – адамдарға да қатысты аитуға болады. Қаиыршыға садақа беруіме оның түрін көрген соң туған жаисыз сезім себеп бола ала ма? Қаиыршыны шынымен аяимын ба, әлде әшеиін жаисыздықтан құтылғым келе ме?16 Шын мәнісінде, адамдардың егеуқұирық, ит, дельфин немесе шимпанзелерден аиырмашылығы аса көп емес. Олар сияқты бізде де рух жоқ. Біздегі сияқты, оларда да сана және сезімдер мен эмоциялардың күрделі әлемі бар. Әлбетте әр жануардың өзіндік ерекше мінезі мен қабілеті, ал адамның өзіне ғана тән қасиеттері бар. Жануарларды адамға тым ұқсатып, сыртқы түгі ғана болмаса, бізден аинымаиды деуге келмеиді. Ғылымға қаишылығы өз алдына, бұл өзге жануарларды ерекшелігіне қараи түсініп, бағалауға кедергі келтірері анық. 1900 жылдары Германияда Ақылды Ганс деген аттың даңқы дүрілдеп тұрды17. Германияның қалалары мен ауылдарын аралаи жүріп, Ганс неміс тілін керемет түсінетінін, ал математиканы одан да тамаша меңгергенін көрсетті. «Ганс, үшке төртті көбеитсе қанша?» дегенде тұяғымен жерді он екі рет тебетін. «Жиырмадан он бірді алса қанша?» деген жазуды көрсеткенде мақтаулы прусс дәлдігімен жерді тоғыз рет тарпитын. 1904 жылы Білім беру жөніндегі кеңес белгілі психологтың басқаруымен арнаиы комиссия құрып, мән-жаиды анықтауды тапсырды. Комиссияның он үш мүшесі (оның ішінде цирк менеджері мен мал дәрігері бар) бұл жерде бір құитұрқылықтың

жатқанына сенімді еді. Бірақ қанша тексергенімен, ешбір қулықты немесе алаяқтықты таба алмады. Тіпті қожаиыннан бөлек әкетіп, сұрақтарды мүлдем бөтен адамдар қоиса да, Ганс бәріне дерлік дұрыс жауап беріп отырды. 1907 жылы психолог Оскар Пфунгст тағы бір зерттеу жүргізіп, ақыр аяғында, шындықты ашты. Анықталғандаи, Ганс дұрыс жауапты сондағы адамдардың дене қимылы мен бет әлпетіне қарап табады екен. Үшке төртті көбеитсе қанша деп сұрағанда, жұрттың жерді неше мәрте тебуді күтіп тұрғанын Ганс білетін. Өиткені бұл бұрын басынан өткен. Ол тебе бастаитын және адамдарды мұқият қадағалап тұратын. Қажетті санға жақындаған саиын көрермендер ширыға түседі. Ганс соңғы санды тепкен кезде ширығу шегіне жетіп, жұрт тына қалатын. Ат мұны адамдардың тұрысы мен бет әлпетіне қарап тани қояды да, сол сәтте тоқтаиды, қаиран қалған адамдар қарқылдап күледі. Болды, Ганс дұрыс тапты. Жануарларды адамға жаңсақ ұқсатып, оларда жоқ қасиетті бар деп оилаудың мысалы ретінде көбіне Ақылды Гансты келтіреді. Алаида бұдан алатын сабақ керісінше. Жануарларды адамға ұқсату арқылы біз олардың таным қабілетін төмен бағалаймыз және өзге тіршілік иелерінің аирықша мүмкіндіктерін елемеиміз. Ганс бізге осыны көрсетеді. Математикаға келсек, Ганстың данышпан болмағаны анық. Кез келген сегіз жасар бала есепті одан әлдеқаида жақсы шығарады. Бірақ оның эмоция мен ниетті ым-ишараға қарап аңғару қабілетін нағыз талант деуге болады. Егер әлдебір қытаилық мандарин тілінде үш жердегі төртім қанша деп сұраса, оның бет әлпеті мен дене қимылына қарап, жерді он екі рет тебу керегін еш оиланбас едім. Ақылды Ганста ондаи қабілет болған. Өиткені жылқы бір-бірін ым-ишара арқылы

түсініседі. Бірақ ең қаиран қаларлығы, Ганстың эмоция мен ниетке қарап түсіну әдісін жылқыға ғана емес, бөтен тіршілік иелері – адамдарға да қолдануы. Жануарлар соншалық ақылды болса, неге жылқы адамды арбаға жекпеиді, неге егеуқұирықтар бізге тәжірибе жасамаиды, неге дельфиндер бізді шеңбер ішіне секіртпеиді? Әрине, Homo Sapiens әлдебір аирықша қабілетке ие, соның арқасында ол өзге жануарлардың бәрінен үстем тұр. Адамдар өзге жануарлар сияқты емес, мүлдем басқа өлшемдерде өмір сүреді және рух немесе сана сияқты өзгеше қасиет соларда ғана бар деитін жалған түсінікті қоя тұраиық. Сонда біз аспаннан ақиқат деңгеиіне түсіп, адамзатқа артықшылық беріп отырған нақты физикалық және менталдық қабілеттерді зерттеи аламыз. Зерттеулердің көбі адамзаттың өрлеуінде оның құрал жасаи алу қабілеті мен ақылы маңызды рөл атқарды деиді. Өзге жануарлар да құрал жасаиды. Әитсе де бұл істе адамдардың олардан көп ілгері кетіп қалғаны күмән тудырмаиды. Интеллектіге келсек, мұндағы артықшылық аиқын емес. Интеллектіні анықтап, өлшеп- таразылаумен аиналысатын тұтас индустрия бар. Соған қарамастан, мәселенің түиіні шешілетін күн әлі алыс сияқты. Бақытымызға қараи, бұл шым-шытырыққа аяқ басудың бізге еш қажеті жоқ. Өиткені интеллектіге қандаи анықтама берсеңіз де, интеллект де, құрал жасау да өздігінен Sapiens-тің әлемді жаулап алуын түсіндіре алмаиды. Интеллектінің көптеген анықтамасына сенсек, миллион жыл бұрын адам ең ақылды жануар болған және құрал жасауда да алдына жан салмаған. Сөите тұра, ол аиналадағы экожүиеге тигізер ықпалы мардымсыз, елеусіз түр болып қала берді. Ол кездегі адамға интеллекті мен құрал жасаудан өзге бір шешуші қасиет жетіспегені анық еді.

Бәлкім, адамзаттың жер бетінде үстемдікке жетуіне қолмен ұстап, көзбен көруге келмеитін әлдебір аирықша құдірет емес, интеллектінің жаи ғана дамып, өндірістік дағдыларды жетілдіруі әкелген шығар? Бұл да күмәнді. Өиткені тарихқа зер салсақ, жеке адамның интеллектісі мен өнеркәсіптік дағдысынан тұтас адамзаттың құдіреті мен тікелеи баиланысының аиғақтарын көре алмаимыз. Жиырма мың жыл бұрынғы қарапаиым Sapiens-тің интеллектісі мен өндірістік қабілеті қазіргі қарапаиым Sapiens-тен біршама жоғары болған шығар. Қазіргі оқу орындары мен жұмыс берушілер біздің қабілетімізді тексеріп тұрады. Бірақ сынақтан өте алмағанның өзінде мемлекет бізді кепілді түрде тұрмыстық қажеттіліктермен қамтиды. Тас дәуірінде адамның қабілетін табиғи сұрыпталу сәт саиын, күнбе-күн тексеріп отыратын. Толып жатқан сынақ атаулының біреуінен өте алмасаңыз болды, басқа тіршілік иесіне жем болатынсыз. Бірақ құрал жасау қабілеті мен интеллектісі біршама жоғары болса да, тас дәуіріндегі адамзат қазіргіге қарағанда әлдеқаида әлсіз еді. Осы жиырма мың жыл ішінде адамзат таспен, наизамен мамонт аулаудан ғарыш кемесімен күн жүиесін зерттеу деңгеиіне жетті. Алаида бұл қолдың ептілігі артып, мидың үлкеюі арқасында болған жоқ (керісінше, қазіргі біздің ми кішірек сияқты)18. Әлемді жаулауымызда шешуші рөл атқарған нәрсе адамдар бұқарасын қоғамдастықтарға ұиымдастыра білу қабілетіміз еді19. Бүгінгі адамзаттың жер шарын билеп

16. Ақылды Ганс көпшілік алдында, 1904 жыл. отыруы жеке адамның жеке шимпанзе немесе жеке қасқырға қарағанда әлдеқаида ақылды, әлдеқаида епті болуынан емес, Homo Sapiens-тің қалың топтарда икемді ынтымақтаса алатын жер бетіндегі жалғыз биологиялық түр болғандығынан болса керек. Интеллекті мен құрал жасау қабілеті де аса маңызды болғаны анық. Бірақ топтасып тиімді әрекеттесуді үиренбегенде, біздің өткір ақыл мен епті қолдарымыз қазір уран атомдарын ыдыратумен емес, тас шағумен аиналысып жүрген болар еді. Прогрестің басты қозғаушысы ынтымақтасу болса, онда құмырсқалар мен бал аралары неліктен атом бомбасын бізден бұрын жасамады? Топтасып өзара әрекет етуді олар бізден миллиондаған жыл бұрын үиренді ғои? Себебі олардың бірлескен іс-қимылдарына икемділік жетіспеді. Бал араларының ынтымақтастығы өте күрделі, бірақ олар өздерінің әлеуметтік жүиесін тез арада өзгерте алмаиды. Жаңа қатерге немесе жаңа мүмкіндікке кез болған омарта Патшаиымның басын гильотинамен шауып, республика жарияламаиды. Піл және шимпанзе сияқты әлеуметшіл сүтқоректілер бал араларынан гөрі әлдеқаида икемді ынтымақтасады. Бірақ үлкен топтарда емес, азғантаи туыс-достары арасында ғана. Олардың ынтымақтастығы жеке таныстыққа негізделген. Егер сіз екеуміз шимпанзе болып, өзіңізбен ынтымақтасқым келсе, мен сізді

жүзбе-жүз танитын болуым керек. Қандаи шимпанзесіз? Жақсы ма, жаман ба? Танымасам қалаи ынтымақтасамын? Көзіміз жеткен нәрсе: миллиондаған бөтенмен аса икемді ынтымақтаса алатын тіршілік иесі – тек Homo Sapiens. Біздің жер шарын билеуіміздің себебін мәңгі рух немесе әлдебір аирықша сана емес, нақ осы қасиет түсіндіріп бере алады. Жасасын революция! Ауқымды көлемдегі ынтымақтастықтың шешуші маңызға ие екені туралы аиғақтар тарихта жеткілікті. Homo Sapiens өзге жануарлармен соғысқан кезде ғана емес, түрлі адам топтары арасындағы қақтығыстарда да тығыз ынтымақтасқан топтар жеңіп отырды. Мәселен, ежелгі римдіктер гректерді милары біршама үлкен болғандықтан немесе құралды жақсы жасаи алғандықтан емес, олардан гөрі тиімді ынтымақтаса алғанның арқасында жеңіске жетті. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тәртібі мықты әскерлер бытыраңқы топтарды талқандап, бірлескен элиталар ұиымшылдығы төмен қара халықты билеп келді. Мысалы, 1914 жылы Ресеиде 3 миллион ақсүиек, шенеунік және саудагер 180 миллионнан аса шаруа мен жұмысшыны басқарды. Орыс элитасы ортақ мүддесін қорғау үшін қалаи ынтымақтасу керегін білді. Ал 180 миллион қарапаиым халық жұмыла алмады. Элита негізгі күшті осынау 180 миллионның топтасуына жол бермеуге жұмсады. Революция санның көптігімен жасалмаиды. Оны әдетте көпшілік емес, үгітшілерден тұратын шағын топтар іске асырады. Революция бастағыңыз келсе, өзіңізден «Идеяларымды қолдаитын жұрт көп пе?» деп сұрамауыңыз керек. Сұрақты басқаша қоиыңыз: «Мені қолдаушылардың қаншасы тиімді

ынтымақтаса алады?» Ресеидегі революция 180 миллион адамның патшаға қарсы көтерілуі емес, азғана большевиктердің қажет уақытта қажет жерде болуының арқасында басталды. 1917 жылдың басында Ресеидің жоғары және орта табына кіретіндер саны кемінде үш миллион болса, Лениннің большевиктер фракциясына (кеиін Коммунистік партияға аиналды) небәрі 23 мың адам мүше еді20. Әитсе де жоғары деңгеиде ұиымдаса алғанның арқасында коммунистер ұлан-ғаиыр Ресеи империясын бақылауға алды. Билік әлсіреген патша мен Керенскии басқарған қорқақ Уақытша үкіметтің қолынан сусып шыққан сәтте-ақ коммунистер оны сүиек көрген итше бассалып, жабыса кетті. Сол жабысқаннан 1980 жылдардың соңына деиін аиырылмады. Тиімді ұиымдасу арқасында коммунистер жетпіс жыл боиы билікті өз уысында ұстады. Ақырында ұиымның өз ішіндегі ақаулардың салдарынан құлады. 1989 жылдың 21 желтоқсанында Румынияның коммунист диктаторы Николае Чаушеску Бухарест орталығында жаппаи қолдау шеруін өткізді. Осыдан аз ғана бұрын Кеңес Одағы Шығыс Еуропадағы коммунистік режимдерге көмек беруді тоқтатқан болатын. Берлин қабырғасы құлап, Польша, Шығыс Германия, Венгрия, Болгария және Чехословакияда революция өрті шарпыды. Румынияны 1965 жылдан басқарып келе жатқан Чаушеску бұл дауылға төтеп бере аламын деп оилады. Ол тіпті 17 желтоқсанда Тимишоара қаласында өз билігіне қарсы бұрқ еткен бүліктерді де елемеи, қарсы шара ретінде Бухаресте жаппаи шеру өткізді. Мұндағы мақсаты румындарға және бүкіл әлемге ел тұрғындарының басым бөлігі өзін жақсы көретінін, жақсы көрмесе де қорқатынын білдіру еді. Кенеуі кете бастаған партиялық аппарат қаланың орталық алаңына 80 000 адамды жинады. Бүкіл Румыния азаматтарына

бар шаруаны қоиып, теледидар мен радионы қосуға нұсқау берілді. Жиналған жұртқа арнап сөз сөилеу үшін Чаушеску алаңға қарап тұрған балконға шықты. Биліктегі бірнеше ондаған жыл ішінде ол бұл балконға сан мәрте шығып сөилеген. Жиылған жұрт бұл жолы да Чаушескуді көріп қуанған кеиіп танытты. Әиелі Елена мен партия жетекшілерінің және күзетшілерінің ортасында тұрған Чаушеску әдеттегіше бір сарында сөилеи бастады. Жұрт әдет боиынша қол шапалақтап қояды, Чаушеску де өзіне дән риза. Кенет тәртіп бұзыла бастады. Мұны YouTube-тен көре аласыз. «Чаушескудің соңғы сөзі» деп терсеңіз болғаны, сол бір оқиғаның куәсі боласыз21. Видеода Чаушеску: «Мен Бухарестегі бүгінгі ұлы оқиғаға бастамашы болған және ұиымдастырған адамдарға рахмет аитып, мұны…» – деп тағы бір ұзақ сөилемін бастаиды да кідіреді, абдырап өз көзіне өзі сенбеи тұрып қалады. Сол сөилемді сол күиі аяқтаи алмады. Өзі құрған әлем аяқ астынан күиреді. Жиналғандардың ішінде біреуі ысқырып наразылық білдірген еді. Бұған батылы барған бірінші адам кім екені әлі анықталған жоқ. Сосын екінші адам ысқырды, одан кеиін келесі. Санаулы секундтардан соң бүкіл халық ысқырып, «Тимишоара! Тимишоара!» деп мазақтап, шулаи бастады. Осының бәрі тікелеи эфирден беріліп жатты. Ел тұрғындарының төрттен үші теледидар алдында жүректері дүрсілдеп отырды. Атынан ат үркетін құпия полиция – Секуритате хабарды дереу тоқтатуға бұирық бергенімен, телевизия қызметкерлері бағынбаи қоиды: трансляция сәл ғана үзіліп қаита жалғасты. Партия көшбасшыларының зәресі ұшқанын көрермендерге көрсетпеу үшін оператор камераны аспанға қаратты, бірақ дыбыс

режиссері жұмысын тоқтатпады, сөитіп, техниктер бір-ер минуттан соң көрсетілімді қаита жалғастырды. Жұрт шулап жатты. Ал Чаушеску болса бәленің бәрі микрофонда тұрғандаи: «Ало! Ало! Ало!» – деп аиғаилады. Оның әиелі Елена адамдарға: «Үндеріңді өшіріңдер! Үндеріңді өшіріңдер!» – деп ұрса бастады. Чаушеску оған бұрылып: «Өзің үніңді өшір!» – деп аиғаилады. Сосын ол өршеленіп алған топқа қарап: «Жолдастар! Жолдастар! Тынышталыңдар, жолдастар!» – деп жалына бастады. Бірақ жолдастар тынышталғысы келмеді. Бухарестің орталық алаңындағы 80 мың адам өздерінің балкондағы тері қалпақты шалға қарағанда әлдеқаида күшті екенін түсінген сәтте коммунистік Румыния күиреді. Алаида қаиран қаларлық нәрсе – жүиенің төңкерілу сәті емес, оның ондаған жыл боиы құламаи келгені. Неліктен революциялар тым сирек болады? Неліктен кеиде қарақұрым халық балкондағы адамның барлық әмірін бұлжытпаи орындап, ғасырлар боиы бөріктерін аспанға атып, қол шапалақтаиды? Кез келген сәтте алға ұмтылып, оның быт-шытын шығаруға болатын еді ғои? Чаушеску мен оның сыбаиластары 20 миллион румынды қырық жыл билеп келген себебі – олар өмірлік маңызы бар үш шартты ұстанды. Біріншіден, олар ынтымақтастықтың бүкіл желілерін, яғни армия, кәсіподақ, тіпті спорт қауымдастықтарын партияның адал аппаратшыларына бағындырды. Екіншіден, өздеріне қарсы қандаи да бір ұиымның (саяси, экономикалық немесе әлеуметтік) құрылуына жол бермеді. Үшіншіден, Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропадағы туысқан коммунистік партиялардың қолдауына сүиенді. Ара-тұра болатын келіспеушіліктерге қарамастан, бұл партиялар қажет кезде бір-біріне көмектесіп тұратын. Әитеуір, социалистік жұмаққа сырттан әлдекімнің килігуіне жол

бермеитін. Билеуші элита қанша азап көрсетсе де, мұндаи жағдаида 20 миллион румын пәрменді қарсылық көрсете алмаитын еді. Бұл үш шарттың үшеуі де орындалмаитын сәт туғанда Чаушеску күиреді. 1980 жылдардың соңында Кеңес Одағы коммунистік режимдерді қолдаудан бас тартты. Сөитіп, бұлар домино тастары сияқты топырлаи құлады. 1989 жылдың желтоқсанында Чаушескуге сырттан ешкім қол ұшын созбаитыны анық еді. Керісінше, көрші елдердегі революциялар румын оппозициясына дем берді. Екіншіден, Румыния Коммунистік партиясы іштен іріп, бір-біріне қарсы топтарға бөлінді. Ұстамды топ іс насырға шаппаи тұрғанда Чаушескуден құтылып, реформалар бастағысы келді. Үшіншіден, Бухаресте шеру өткізіп, оны тікелеи эфирде көрсету арқылы Чаушеску революционерлердің өз күшін сезінуіне жағдаи жасады. Революцияны тез өршітудің оны теледидардан көрсетуден асқан тиімді жолы жоқ шығар, сірә? Алаида балкондағы нашар ұиымдастырушының уысынан шыққан билік алаңдағы жұртқа қол көтермеді. Саны көп, жігер- жалыны мықты болғанмен, тобыр ұиымдасуды білмеді. Осылаиша, 1917 жылғы Ресеи сияқты, билікті саяси оиыншылардың шағын тобы иеленді, өиткені бұлардың жалғыз артықшылығы ұиымшылдығы еді. Румын революциясын өздерін Ұлттық азат ету маиданы деп жариялаған топ іліп әкетті. Шынтуаитында, ол өңін аиналдырған Коммунистік партияның ұстамды қанаты еді. Маиданның билікке қарсы шыққан халықпен баиланысы жоқ болатын. Оған партияның Ион Илиеску бастаған орта буын қызметкерлері кірді. Бір кезде насихат бөлімін басқарған Илиеску

17. Дүниенің астан-кестені шыққан сәт: аңырған Чаушеску өз көзі мен құлағына сене алмай тұр. мен оның Ұлттық азат ету маиданындағы жолдастары енді демократ болып шыға келді, сөитіп, кез келген мүмкіндікті бос жібермеи, біз революцияның көшбасшысымыз деп жар салды. Сосын тәжірибе мен бұрынан келе жатқан баиланыстарды паидаланып, билікті қолдарына алып, елдің баилығын қалталарына басты. Коммунистік Румынияда бәрі мемлекет меншігінде болатын. Демократиялық Румынияда жекешелендіру тез жүрді. Нәтижесінде мән-жаиды өзгелерден бұрын түсініп, бір-біріне көмектескен бұрынғы коммунистер активтерді арзанға сатып алды. Ұлттық инфрақұрылым мен табиғи ресурстарды басқаратын мемлекеттік компаниялар бұрынғы Коммунистік партияның лауазымды тұлғаларының меншігіне өтті. Ал партияның қатардағы қызметкерлері үи мен пәтерлерді оңаи олжалады. Ион Илиеску Румынияның президенті болып саиланды. Оның әріптестері министр, депутат, банк директоры және мультимиллионерлер болып шыға келді. Елді бүгінге деиін басқарып отырған жаңа румын элитасы, негізінен, бұрынғы коммунистер мен олардың туыстарынан құралған. Тимишоара

мен Бухаресте бастарын қатерге тіккен халық солардан қалған- құтқанды місе тұтуға мәжбүр. Өиткені олар бірлесе әрекет жасап, өз мүдделерін қорғаитын тиімді ұиым құрудың жолын білмеді22. 2011 жылғы Мысыр революциясының тағдыры да осыған ұқсас болды. 1989 жылы телевизия жасаған істі 2011 жылы Twitter мен Facebook атқарды. Жаңа медиа қалың бұқараның өз іс- қимылдарын үилестіруіне мүмкіндік берді. Мыңдаған мысырлық бір мезгілде көше мен алаңға шығып, Мүбарак режимін құлатты. Бірақ 100 мың адамды Тахрир алаңына шығару бір басқа, ал мемлекеттік аппаратты бақылауға алу, тиісті бөлмелерде тиісті қолдарды қысу және елді дұрыс басқару – мүлдем басқа іс, яғни Мүбарак қызметтен кеткен кезде шеруге шыққан жұрт вакуумды толтыра алмады. Ол кезде Мысырда елді басқару үшін тиімді ұиымдасқан екі-ақ институт бар еді: армия және «Мұсылман бауырлар» бірлестігі. Нәтижесінде революцияны әуелі «Мұсылман бауырлар», ақыр соңында, армия меншіктеп алды. Румынияның экс-коммунистері мен Мысыр генералдары бұрынғы диктаторлардан, Бухарест пен Каирде алаңға шыққан адамдардан ақылды да, епті де емес еді. Олардың артықшылығы икемді ынтымақтастықта болатын. Олар тобырға қарағанда жақсы ұиымдаса білді және Чаушеску мен Мүбаракқа қарағанда әлдеқаида артық ептілік танытты. Секс пен төбелестен де артық Homo Sapiens әлемді аса ірі көлемде ынтымақтаса алғандықтан басқарып отыр деитін болсақ, онда адамзаттың киесі бар деген сенім негізсіз болып шықпақ. Біз адамдар теңдесі жоқ тіршілік иесі, сондықтан барлық артықшылықтарға лаиық деп оилаимыз. Дәлел ретінде адам қолымен жасаған ғажаиып жетістіктерді

келтіреміз: біз пирамидаларды және Ұлы Қытаи қорғанын салдық. Атом мен ДНҚ молекуласының құрылымын аштық. Оңтүстік полюс пен Аиға бардық. Осы жетістіктерге әрбір жеке адамдағы әлдебір өзгеше болмыс, аиталық, өлмеитін жанның арқасында жетсек, онда адам өмірін қасиетті санауға болар еді. Ал егер осы жетістіктер жаппаи ынтымақтасудың нәтижесі болса, онда неліктен әрбір адамды жеке-жеке қастерлеу керек екені түсініксіз. Бал арасының омартасы жеке көбелектен әлдеқаида күшті, бірақ бұған қарап, бал арасы көбелектен қастерлі деи алмаимыз ғои. Румын Коммунистік партиясы бытыраңқы румын халқын ұзақ уақыт биледі. Бұдан партия мүшесінің өмірі қарапаиым азаматтың өміріне қарағанда қасиетті деген қорытынды шыға ма? Адамдар тиімді ынтымақтасуды шимпанзелерге қарағанда жақсы біледі, ал шимпанзе хаиуанаттар бағына келген жұртқа тас атады. Бұл адамдардың жоғары тіршілік иесі екенін білдіре ме? Мүмкін. Бәрі адамдардың ненің арқасында осылаи жақсы ынтымақтаса алатынына баиланысты. Неліктен соншалық кең әрі күрделі әлеуметтік жүиелер құру адамдардың ғана қолынан келеді? Шимпанзе, қасқыр мен дельфин сияқты ең әлеуметшіл сүтқоректілердің арасындағы әлеуметтік ынтымақтастық жақын таныстыққа баиланысты. Кәдімгі шимпанзені алсақ, олар бір- бірін қаншалық жақсы білетінін және әлеуметтік иерархияны анықтап алғаннан кеиін ғана бірлесе аңға шығады. Сондықтан шимпанзелер көп уақытты өзара түсінісуге және билік үшін таласқа жұмсаиды. Бөтен шимпанзелерге кезіккенде олармен топтасуға ұмтылмаиды. Керісінше, бір-біріне бақырып төбелеседі немесе жан-жаққа тез бытырап қашып кетеді. Ергежеилі шимпанзелерде (оларды бонобо деп те атаиды) жағдаи сәл басқаша. Ерегесті тоқтатып, әлеуметтік

баиланыстарды нығаиту үшін олар көбіне сексті паидаланады. Сондықтан олардың арасында гомосексуалдық қатынастың кең тарағаны таңданарлық нәрсе емес. Бір-біріне бөтен екі топ кездесе қалса, бастапқыда үреиленіп, сес көрсетеді. Орманды бастарына көтеріп шулаиды. Бірақ артынша бір топтағы ұрғашылар беитарап жермен өтіп барып, екінші топтың еркек маимылдарын соғыспен емес, махаббатпен аиналысуға шақырады. Әдетте бұл ұсыныс қабылданады. Сөитіп, бірнеше минуттан кеиін шаиқас болғалы тұрған алаңда түрлі позада (тіпті ағаштан басымен төмен қараи салбырап тұрып) жыныстық қатынасқа түсіп жатқан боноболарды көресіз. Адам бұл екі әдісті де біледі. Кеиде олар кәдімгі шимпанзелердікіне ұқсас топтық иерархия құрады. Сонымен қатар әлеуметтік баиланыстарды боноболар сияқты секспен бекітетін кездері де болады. Бірақ – меилі, төбелес болсын, меилі, жыныстық қатынас болсын – жеке таныстық ауқымды бірлесуге негіз бола алмаиды. Грекияның қарыз дағдарысын грек саясаткерлері мен неміс банкирлерін жұдырықтастырып немесе топтық секс арқылы шешу мүмкін емес. Зерттеулер Sapiens-тің 150-ден артық адаммен жеке қатынас (меилі дұшпандық, меилі махаббат) орната алмаитынын көрсетті23. Яғни адамдардың жаппаи ынтымақтасуы үшін жағдаи жасаитын нәрсе жақын таныстық емес. Психолог, әлеуметтанушы және экономистер үшін, бұлар ғана емес, жалпы адам қоғамының жұмбағын зертханада эксперимент жасау жолымен шешкісі келетіндер үшін бұл – жаисыз жаңалық. Неге? Экспериментке көп адам қатыспаиды. Оған ұиымдастыру және қаржы мәселелері себеп. Ендеше, шағын топтардың мінез- құлқына қарап, аса ірі қоғамдастықтарда болып жатқан үдерістер

жаиында пікір аитуға асықпаған жөн. 100 миллион адамнан тұратын ұлт пен жүз адамдық топтың іс-әрекеті мүлдем бөлек. Мысалға мінез-құлық экономикасындағы аса танымал эксперименттердің бірі «Ультиматум» оиынын алаиық. Әдетте бұл экспериментке екі адам қатысады. Біреуіне 100 доллар береді, бұл ақшаны қалаи бөлісуді ол өзі шешеді. Бәрін өзі ала ма, тең бөле ме, көбін екінші адамға бере ме, – өз еркі. Екінші қатысушының алдында екі таңдау бар: не ұсынса да қабылдау немесе бас тарту. Ол бас тартқан жағдаида ешкімге ештеңе бұиырмаиды. Экономиканың классикалық теориялары боиынша, адам – ақылды есептеу машинасы. Олар экспериментке қатысушылардың көбі 99 долларды өзі алып, екінші адамға 1 доллар береді, ол оны алады деиді. 1 доллар берсе, рационал адам қашанда бас тартпауға тиіс. Басқа қатысушының 99 доллар алып қалғанында кімнің не шаруасы бар? Классикалық экономистер, сірә, зертхана мен аудиториялардан қаинаған өмір шындығына ешқашан шығып көрмеген болар. Өиткені «Ультиматум» оиынына қатысушылардың барлығы дерлік тым жұпыны ұсыныстан бас тартады, себебі бұлаи бөлуді «әділ» деп санамаиды. Көп адам ақымақ болып көрінгенше, бір долларды алмаи-ақ қоиғанды құп көреді. Бұл – бәріне белгілі жағдаи, сондықтан ешкім 1 доллар ұсынбаиды. Көбі ақшаны тең бөледі немесе өз үлесін сәл ғана көбеитіп, әріптесіне 30-40 доллар береді. «Ультиматум» оиыны экономиканың классикалық теориялары қате екенін дәлелдеуге және соңғы бірнеше он жылдықтағы ең маңызды экономикалық жаңалықты ашуға үлкен үлес қосты. Ол жаңалықтың мәні мынада – Sapiens қатаң математикалық емес,

жұмсақ эмоциялық қисын боиынша әрекет етеді. Біз эмоцияларға бағынамыз. Жоғарыда аитылғандаи, бұл эмоциялар, негізінде, күрделі алгоритмдер. Олар ежелгі аңшы-терімші топтардың әлеуметтік механизмдерінде көрініс тапқан. Яғни 30 мың жыл бұрын мен сізге жабаиы тауықты ұстауға көмектесіп, сіз маған оның бір қанатын ғана беріп, қалғанын өзіңіз алған болсаңыз, мен «меилі, жоқтан гөрі жақсы» деп қоя салмас едім. Керісінше, мендегі эволюциялық алгоритм іске қосылып, боиымдағы адреналин мен тестостероным артып, қаным басыма шауып шыға келер еді. Жер тепкілеп, аиғаиға басар едім. Оған қарнымның ашқаны қосылып, бір-екі жұдырық сілтеп те жіберуім мүмкін. Бірақ ұзақ мерзім тұрғысынан бұл паидалы әрекет еді. Өиткені келесі жолы менің сыбағама ауыз салмаитын боласыз. Бүгінгі адамдар әділетсіз ұсынысты қабылдамаиды, себебі оған келіскен адамдар тас дәуірінде өліп қалған, яғни табиғи сұрыпталудан өте алмаған. Қазіргі заманғы аңшы-терімші таипаларды баиқасақ, мұның растығына көз жеткіземіз. Ол таипалардың көбі эгалитарлы, яғни аңшы семіз бұғыны атып келсе, әркім өз үлесін алады. Шимпанзелерде де солаи. Бір шимпанзе тораи ұстап алса, топтың өзге мүшелері де оған қол жаиып, әрқаисысы бір-бір кесек еттен алады. Жақында жасалған тағы бір экспериментті алаиық. Приматолог Франс де Вааль қатар қоиылған екі торға бір-бірден капуцин маимылдарын кіргізді. Екеуі бір-бірінің не істеп жатқанын көре алатындаи болды. Де Вааль мен әріптестері торға кішкентаи тастарды қоиып, маимылдарға сол тастарды өздеріне беруді үиретті. Маимылдар тасты ұсынған саиын тамақ беріп отырды. Бірінші қияр берді. Екеуі де қиярды сүисіне жеп алды. Біраз

уақыттан соң де Ваал эксперименттің келесі кезеңіне көшті. Бұл жолы бірінші маимыл жүзім алды. Жүзім қиярға қарағанда дәмді. Ал екінші маимыл тасты ұсынғанда оған қияр берілді. Бұрын қиярға риза болған екінші маимыл енді ызаға булықты. Басында ол қиярды алды, өз көзіне сенбегендеи оған біраз қарап тұрып, «ақымақты тапқан екенсіңдер» дегендеи ғалымдарға қараи лақтырып жіберді де, секіріп бажылдаи жөнелді24. Бұл қызық эксперимент (оны Youtube-тан көруге болады) пен «Ультиматум» оиынынан кеиін көп адам приматтарда табиғи мораль бар екеніне және теңдік жалпыға ортақ әрі уақытқа бағынбаитын құндылық екеніне сенуге мәжбүр болды. Адамдар табиғатынан эгалитарист болып келеді. Демек, әлеуметтік теңсіздік жаилаған қоғамдардың тұрақтылығына оларда қордаланған ашу-ыза мен наразылықтар мүмкіндік бермеиді. Шынымен солаи ма? Бәлкім, бұл теориялар шимпанзе, капуцин маимылдары және шағын аңшы-терімші топтарға қатысты алғанда дұрыс та шығар. Адамдардың шағын топтары қатысатын зертханалық эксперименттер де олардың растығын дәлелдеиді. Ал адамдардың қалың бұқарасының мінез-құлқын зерттесеңіз, алдыңыздан мүлдем басқа көрініс ашылады. Корольдіктер мен империялардың көбін теңсіздік жаилағанымен, олардың басым бөлігі таңғаларлықтаи тұрақты әрі тиімді өмір сүрді. Ежелгі Мысырда алтын кебісі жарқырап, асыл тастармен көмкерілген сәнді киім киген, үлде мен бүлдеге оранған перғауын салқын да салтанатты сараидың ішінде сұлу бикештер аузына салған жүзімді жеп, мамық төсекте керілді. Ал терезеден сыртқа қараса, аптап ыстықта егістікте жұмыс істеп жүрген алба-жұлба киімді, кешкі асқа қиярдан басқа тамағы жоқ шаруаларды көретін. Әитсе де шаруалардың бүлік шығаруы тым сирек болатын.

1710 жылы Пруссия королі ІІ Фридрих Силезияға басып кірді. Қанды соғыстар басталып, халық қырғынға ұшырады, қаншама адам мүгедек болып, қыруар жан бар мүлкінен аиырылды. Пруссия жетекші державаға аиналып, королі Ұлы Фридрих атанды. Оның армиясы темірдеи тәртіпке бағынып, азапты жаттығумен шыңдалатын беишара сарбаздардан құрылған еді. Олар бас қолбасшыны жақсы көрмеитін. Соғысқа даиындық жүргізіп жатқан әскеріне қарап тұрған Фридрих бір генералына бұл көріністен қаиран қаларлық бір нәрсе баиқағанын аитты. «Біз мұнда 60 мың жауынгердің алдында толық қауіпсіздікте тұрмыз. Бұлардың бәрі бізге жау, әрқаисысы бізден күштірек және мықты қаруланған. Сонда да бізді көргенде олар дірілдеп қоя береді, ал бізде олардан қорқуға ешқандаи негіз жоқ»25. Шынында да, Фридрихтің олардан қорықпауына болатын еді. Соғыстың ауыртпалығына қарамаи, алдағы жылдар ішінде бұл 60 мың жауынгер оған қарсы шықпады. Керісінше, оған аирықша адалдықпен қызмет етіп, өмірлерін құрбан қылды. Неліктен Мысыр шаруалары мен Пруссия сарбаздары «Ультиматум» оиыны мен капуцин маимылдарға жасалған тәжірибеге сәикес әрекет етпеді? Өиткені адамдардың аса ірі топтары мен шағын топтарының мінез-құлқы екі түрлі болады. Ғалымдар ультиматум тәжірибесін әрқаисысында миллион қатысушы бар екі топқа жасаса, сөитіп, оларға жүз миллиард долларды бөлісуді ұсынса, қандаи нәтиже шығар еді? Оқиғаның мүлдем күтпеген және қызық жолмен дамитыны сөзсіз. Нұсқалардың бірі мынандаи – миллион адам ақылдасып, бір шешім қабылдаи алмаиды, сондықтан әр топ азғантаи адамнан тұратын элита құрып, соларға бағынуы мүмкін. Ал бір элита тоқсан миллиард долларды өзіне алып, екіншіге он

миллиард долларды ұсынса не болар еді? Екінші элита бұл ұсынысты қабылдап, он миллиард доллардың басым бөлігін Швеицария банктеріндегі есепшоттарына салуы мүмкін. Ал топтың өзге мүшелерін аила-тәсілмен бақылауда ұстаиды. Бүлік шығарғысы келгендерді қатаң жазамен қорқытып, әлсіздер мен көнбістерге о дүниеде жақсылық күтіп тұр деп уәде береді. Ежелгі Мысыр мен XVIII ғасырдағы Пруссияда жағдаи дәл осындаи болған. Әлемнің көптеген елінде қазір де осылаи. Адамдар әлдебіреулердің қалауына емес, табиғаттың өзгермеитін заңдарына немесе Жаратушының киелі кітаптарында аитылғанға саи өмір сүріп жатырмыз деп сенсе, жаза мен уәде иерархиялар мен жаппаи ынтымақтастық жүиелерінің тұрақты жұмыс істеуіне жағдаи жасаиды. Адамдардың аса ауқымды көлемде бірлесіп әрекет жасаитын себебі – олар қиялдағы әлдебір тәртіпке сенеді. Тек қиялымызда екеніне қарамастан, осы ережелер бізге тартылыс күші сияқты шын әрі мызғымастаи болып көрінеді. «Егер Құдаиға арнап 10 бұқаны құрбандыққа шалсаңыз – жауын жауады. Ата-анаңызды құрметтесеңіз – жұмаққа барасыз. Сөзіме сенбесеңіз – тозаққа түсесіз». Әлдебір елді мекенде немесе аимақта тұратын адамдардың бәрі бір мифке сенсе, олар ортақ ережелерге бағынады. Осының арқасында олар бөтендердің мінез- құлықтарын алдын ала түсініп, жаппаи өзара ынтымақтастық жүиелерін орната алады. «Маған сенсеңіз болады, сіз екеуміз бір хикаяға сенеміз» деген ишара білдіру үшін адамдар көбіне сәлде, сақал немесе іскерлік костюм сияқты анықтаушы белгілер қолданады. Шимпанзелер ондаи хикаяларды оилап тауып, тарата алмаиды. Сондықтан олар ауқымды көлемде топтасуға қабілетсіз. Мағыналар өрмегі

Адамдар «қиялдағы тәртіп» идеясын түсінуде қиналады. Өиткені олар шындықтың объектив және субъектив екі түрі бар деп оилаиды. Объектив шындықта құбылыстар біздің нанымдар мен сезімдерден тәуелсіз. Мысалы, тартылыс күші – объектив шындық. Ол Ньютоннан көп уақыт бұрын болған және ол тартылыс күшіне сенетіндерге де, сенбеитіндерге де ықпал етеді. Субъектив шындық, керісінше, менің жеке нанымдарым мен сезімдеріме тәуелді. Аиталық, басым ауырып дәрігерге барамын. Дәрігер мені мұқият тексеріп, ешқандаи аурудың белгілерін таба алмаиды. Сосын ол мені қан және кіші дәрет тапсыруға, рентген, ЭКГ, МРТ-дан өтуге және басқа да толып жатқан тексерулерге жібереді. Ал қорытынды шыққан кезде дәрігер оған қараиды да, деніңіз сап-сау, үиге бара берсеңіз болады деиді. Алаида менің басым ауырып тұр. Объектив тексерулер денсаулығымнан ешқандаи кінәрат таппаи, менен басқа ешкім бұл сырқатты сезіп тұрмағанымен, бұл ауру – мен үшін жүз паиыз шындық. Адамдардың көбі шындық объектив немесе субъектив болады, оның үшінші түрі жоқ деп оилаиды. Сондықтан әлдебір құбылыс өзінің субъектив сезімі емес екенін білгенде, адам оны дереу объектив шындыққа жатқызады. Егер адамдардың көбі Құдаиға сенсе, әлемді ақша басқарса, ұлтшылдықтан соғыс өршіп, империялар паида болса, онда осының бәрі менің субъектив сезімдерім емес, яғни Құдаи, ақша және ұлттар объектив шындыққа жатады. Дегенмен шындықтың үшінші деңгеиі де бар. Ол – интерсубъектив шындық. Интерсубъектив болмыстар жеке адамның нанымы мен сезімдерінен емес, көп адамның өзара әрекеттесуінен туады. Тарихтың ең маңызды қозғаушы күштерінің барлығы дерлік интерсубъектив. Мысалы, ақшаның

объектив құны жоқ. Бір долларлық қағаз ақшаны жеи де, іше де, кие де алмаисыз. Бірақ миллиардтаған адам оның құндылығына сенетіндіктен, сіз оған тамақ, сусын немесе киім сатып ала аласыз. Егер дүкенші аяқ астынан жасыл қағазға сенбеи қалып, оны нанға аиырбастамаи қоиса, мұнда тұрған бәлендеи проблема жоқ. Мен жақын маңдағы супермаркетке барамын. Ал супермаркеттегі кассир де оны алмаи қоиса және базардағы басқа саудагерлер де осылаи істесе, доллар құнсызданады. Жасыл қағаздар, әрине, ешқаида жоғалмаиды, бірақ енді олардан ешқандаи паида жоқ. Расында, мұнда жағдаилар ара-тұра болып тұрады. 1985 жылғы 3 қарашада Бирма үкіметі күтпеген жерден 25, 50 және 100 кьяттық банкноттар бұдан былаи заңды төлем құралы болып саналмаитынын жария етті. Халыққа оларды ауыстыруға мүмкіндік берілмеді. Сөитіп, көп адамның өмір боиы жинаған ақшасы бір сәтте еш құны жоқ, жаи буда-буда қағазға аиналды. Жоиылған банкноттардың орнына Бирма диктаторы, генерал Не Виннің 75 жылдық мереитоиы құрметіне 75 кьяттық жаңа банкноттар шығарылды. Ал 1986 жылы тамызда 15 және 35 кьяттық банкноттар енгізілді. Нумерологиямен әуестенген диктатордың 15 және 35 сандарының бақыт әкелетін қасиетіне сенетіні туралы сыбыс тарады. Бірақ бұл сандар ел тұрғындарын бақытты ете алмады. 1987 жылы 5 қыркүиекте үкімет күтпеген жерден 35 және 75 кьяттық банкноттар аиналымнан шығарылады деп мәлімдеді. Адамдар сенуді қоиған сәтте дереу құнсызданатын нәрсе жалғыз ақша ғана емес. Заңдар, құдаилар, тіпті тұтас империялар да осы кепті киюі мүмкін. Бір кезде әлемнің тағдырын шешіп отырған олар келесі сәтте зым-зия жоғалады. Заманында Зевс пен Гера Жерорта теңізі

аимағында құдіретті күш еді. Қазір олардың ешқандаи да беделі жоқ, өиткені жұрт оларға сенбеиді. Бір кездері тұтас адамзатты жоиып жіберетін күшке ие болған Кеңес Одағын бірнеше адам қағазға қол қоиып құрта салды. 1991 жылы 8 желтоқсанда күндізгі сағат екіде Васкулидегі мемлекеттік саяжаиға жиналған Ресеи, Украина және Беларусь көшбасшылары Беловеж келісіміне қол қоиды. Онда «Біз – Беларусь Республикасы, Ресеи Федерациясы және Украина 1922 жылы Одақ келісіміне қол қоиып, КСРО-ны құрған мемлекеттер ретінде Кеңес Одағының халықаралық құқық субъектісі мен геосаяси шындық ретінде бұдан бұлаи өмір сүрмеитінін жария етеміз» делінді26. Бітті. Кеңес Одағы енді жоқ. Ақшаны интерсубъектив шындық деп тану салыстырмалы түрде оңаи. Адамдардың көбі грек құдаилары, зұлым империялар және бөгде мәдени құндылықтар тек оидағы нәрселер дегенмен оңаи келіседі. Бірақ біз өз Құдаиымыз, өз ұлтымыз немесе өз құндылықтарымыз оидан шығарылған дегенге сенгіміз келмеиді, өиткені олар біздің өмірімізге мән дарытып тұрған дүниелер. Біз өмірдің әлдебір объектив мағынасы бар, құрбандық жасағанда оны қиялдағы мифтерден жоғары тұрған бір нәрсеге арнаимыз деп сенгіміз келеді. Ал, шынында, көп адамның өмірі бір-біріне аитатын мифтер желісінде ғана маңызды. Көп адам бірлесіп ортақ мифтер желісін тоқыған кезде ғана мағына паида болады. Неліктен шіркеуде неке қию, Рамазанда ораза ұстау немесе саилауда дауыс беру маған аса мағыналы іс сияқты көрінеді? Өиткені әке-шешем, сонымен қатар бауырларым, көршілерім, жақын маңдағы қалалардың тұрғындары, тіпті мұхиттың ар жағындағы халықтар оны мағыналы іс деп таныиды. Неге олар мұны мағыналы іс деп

санаиды? Өиткені олардың достары мен көршілері де осыған сенеді. Адамдар бір-бірінің нанымдарын ылғи нығаитып отырады. Нанымдар расталған саиын мағыналардың өрмегі беки түседі, сөитіп, сізге жұрттың бәрі сенетін нәрсеге иланудан басқа амал қалмаиды. Бірақ ондаған немесе жүздеген жылдан соң мағыналар өрмегі бұзылып, оның орнына жаңасы тоқылады. Тарихты зерттеу дегеніміз – осындаи өрмектердің тоқылуы мен бұзылуын бақылау және бір ұрпақ үшін өмірдегі ең маңызды болған нәрсенің одан кеиінгілер үшін мағынасыз нәрсеге аиналуын көру ғана. 1187 жылы Саладин крестшілерді Хаттин шаиқасында жеңіп, Иерусалимді басып алды. Қасиетті қаланы қаитару үшін Рим папасы Үшінші крест жорығын жариялады. Енді Джон есімді жас ағылшын бекзада Саладин- мен соғысу үшін үиінен кетті деиік. Бұл ісінде мағына бар екеніне оның күмәні болмаған. Джон Иерусалим үшін шаиқаста өлсем, жаным жәннатқа барып, мәңгілік рахат табады деп сенді. Рух және жәннат дегендер оидан шығарылғанын білсе, оның жаны түршігер еді. Өиткені ол Қасиетті жерге жетсем, мұрты қаиқиған мұсылман жауынгер балтамен басымды шауып жіберсе тәнім сұмдық ауырады, құлағым шыңылдап, көзім қарауытады, бірақ келесі сәтте самаладаи жарық төгіледі, періштелердің үні мен арфаның әсем әуенін естимін, сосын қанатты херувимдер мені жетелеп апарып, ғаламат алтын қақпадан өткізеді деп шүбәсіз сенетін. Джон бұған шынымен иланатын, өиткені ол мағыналардың шым-шытырық өрмегіне шырмалған еді. Оның ең алғаш есінде сақтағаны атасы Генридің сараидың кіре берісінде залда ілулі тұрған қылышы болатын. Екінші крест жорығында қаза тапқан

Генри атасы қазір жұмақта періштелердің ортасында, ұрпағына жоғарыдан қарап жүр. Бұл әңгімелерді Джон бала кезінен естіп өскен. Қамалға келген кезбе әншілер 18. Беловеж келісіміне қол қою. Қаламдар қағаз бетіне тиді! Бітті! Кеңес Одағы жойылды. Қасиетті жерде соғысқан батырлардың ерлігін жырлаитын. Шіркеуге барған кезде Джон өрнек-нақыштарды тамашалауды жақсы көретін еді. Солардың бірінде ат үстіндегі Готфрид Бульонскиидің сұсты мұсылманды наизамен шаншып жатқаны беинеленген. Енді бірінде тозақта өртенген күнәһарлар. Джон священникті зеиін қоя тыңдаитын, өиткені одан білімдар адамды білмеитін. Әр жексенбі саиын тамаша мысалдар мен күлкілі қалжыңдарды қолдана отырып, жанды тек қана католик шіркеуі құтқаратыны, Рим папасы Қасиетті әкеміз екені, сондықтан оның әміріне бағыну керектігі жаилы аитатын. Кісі өлтірсек немесе ұрласақ, Құдаи бізді тозаққа жібереді. Ал дінсіз мұсылманның көзін жоисақ, Жаратушы ие бізді жұмақта қарсы алады. Джон он сегізге жаңа толған кезде қамалға бір рыцарь келіп: «Хаттин жанында Саладин крестшілерді талқандады! Иерусалим құлады! Рим Папа- сы жаңа крест жорығын жариялады! Ол осы жорықта өлген әр христианның рухын мәңгіге құтқаруға уәде берді!» – деген хабар әкелді. Естіген адамдардың бәрі абдырап, қорқып қалды. Ал

Джонның жүзі жаинап сала берді. «Дінсіздермен шаиқасып, Қасиетті жерді азат етемін!» – деді ол. Бір сәт тыныштық орнады, сосын аиналадағы адамдар күлімсіреп, көздеріне жас алды. Шешесі жасын сүртіп, баласын құшақтады. «Сені мақтан етемін, балам», – деді ол. Ал әкесі: «Сенің жасыңда болсам, бірге барар едім, балам. Әулетіміздің абыроиы сенің моиныңда. Бізді ұятқа қалдырмасыңа сенімдімін!» – деді. Джонның екі досы да жорыққа аттанатын болды. Джонның қас дұшпаны, өзеннің арғы бетінде тұратын барон да оған сәт сапар аитуға келіпті. Бозбала қамалдан шығып бара жатты. Шаруалар лашықтарынан шығып, оған қол бұлғады. Сұлулар дінсіздермен соғысуға аттанып бара жатқан ержүрек крестшіге меиірлене қарады. Англия жағалауларынан шығып, Нормандия, Прованс және Сицилия сияқты беитаныс жерлермен сапар шеккен Джонға жолдан шетелдік рыцарьлар қосылып отырды. Олардың да мақсаты мен нанымы бір екен. Олар, ақыры, Қасиетті жерге жетіп, Саладин әскерімен соғысқа кірді. Осы кезде Джон сарациндердің сенімі де өзінікімен бірдеи екенін біліп қаиран қалды. Иә, христиандар дінсіз, ал мұсылмандар Құдаидың жолында деп олар шатысып жүр. Алаида екеуінің де негізгі принциптері бір еді: Құдаи мен Иерусалим үшін өлгендер жұмаққа барады. Орта ғасыр өркениеті өзінің осылаиша тоқыған мағына өрмегімен Джон мен оның замандастарын жемтік шыбындаи шырмап отырды. Осы әдемі хикаялардың бәрі оидан шығарылған деген ои Джонның үш ұиықтаса түсіне кірмес еді. Оның ата-анасы мен өзге туыстары қателеседі деиік. Бірақ қамалға келетін әншілер, өзінің достары, білімдар священник, арғы беттегі барон, Рим папасы, Прованс пен Сицилия рыцарьлары, тіпті мұсылмандар – бәрінің көзіне бірдеңе елестеп жүр деуге бола ма?

Жылдар өтеді. Тарихшылар бұл мағыналар өрмегі сетінеп, орнына басқасы тоқылғанын көреді. Джонның әке-шешесі өлді, олардың артынан бауырлары мен достары да о дүниелік болды. Кезбе музыканттар аитатын крестшілер туралы әндер ұмытылып, бақытсыз махаббат жаилы пьесалар сәнге аиналды. Қамал өртеніп қаитадан салынды, бірақ Генри атаның қылышы табылмаиды. Шіркеудің терезесі дауылдан қираиды, ал жаңа өрнек-суреттерде Готфрид Бульонскии мен тозақтағы күнәһарлар емес, ағылшын королінің француз королін жеңген сәті беинеленген. Жергілікті священник Рим папасын «Қасиетті әкеміз» демеитін болды. Енді ол «Римдегі шаитанға» аиналды. Жақын маңдағы университеттерде студенттер көне грек манускриптерін зерттеиді, өлікті сояды, бір-біріне «ешқандаи жан жоқ сияқты ғои» деп сыбырлаиды. Жылдар өтеді. Бір кезде қамал тұрған жерде қазір сауда орталығы орналасқан. Кинотеатрларда «Монти Паитон мен қасиетті Грааль» жүріп жатыр. Шіркеуде тірі пенде жоқ. Кіріп келе жатқан екі жапон туристі көріп, викарии қатты қуанады. Ол витраждар туралы ұзақ әңгімелеиді, жапондар сыпаиы жымиып, түк түсінбеи бас изеи береді. Сыртта шіркеудің баспалдағында аифондарына қарап бір топ жеткіншек отыр. Олар YouTube-тан Джон Леннонның Imagine әнінің жаңа ремиксін көруде. «Жұмақ жоқ деп оилап көр, оңаи оиға ерік бер», – деиді Леннон. Пәкістандық көше сыпырушы тротуар тазалап жүр. Радиодан жаңалықтар беріп жатыр: Сирияда қантөгіс жалғасуда, Қауіпсіздік кеңесінің отырысы нәтижесіз аяқталды. Кенет отырған жастардың бірі сиқырлы сәуледен жүзі нұрланып: «Дінсіздермен соғысып, Қасиетті жерді азат етем!» – деп аиғаилаиды. Дінсіздер? Қасиетті жер? Бүгінгі Англия тұрғындарының көбі

үшін бұл сөздердің еш мағынасы жоқ. Викариидің өзі мына баланың, сірә, есі дұрыс емес деп оилар еді. Amnesty International қатарына қосылып, босқындардың құқын қорғау үшін Сирияға барам десе, әлгі жас ағылшын қаһарман атанары сөзсіз. Ал орта ғасырларда оны есі ауысқан деп табар еді. ХІІ ғасырдағы Англияда адам құқықтары дегенді ешкім білмеитін. Мұсылмандарды өлтіруге емес, олардың бірін екіншісінен қорғау үшін Таяу Шығысқа бармақсың ба? Есің ауысқан болар. Тарих осылаи дамиды. Адамдар мағыналар өрмегін тоқып, оған имандаи сенеді. Бірақ ерте ме, кеш пе, – ол өрмектің жіптері үзіледі. Ал біз артымызға қарап, адамдардың осыған қалаи сенгеніне таңданамыз. Жұмаққа бару үшін крест жорықтарына қатысу қазір барып тұрған есуастық көрінеді. Қазір қарасақ, қырғиқабақ соғыс одан өткен есуастық сияқты. Қалаиша адамдар коммунистік жұмаққа сенгендіктен атом бомбасын жаруға даиын отырды? Біздің демократия мен адам құқықтарына деген сеніміміз де жүз жылдан кеиін ұрпақтарымызға күлкілі көрінуі ғажап емес. Қиялдау сәті Адамдар әлемді басқарып отыр, өиткені интерсубъектив мағыналар өрмегін – өздерінің ортақ қиялында ғана өмір сүретін заң, күш-қуат, болмыс және мекендер өрмегін – солар ғана тоқи алады. Осы өрмек адамдарға Крест жорықтарын, әлеуметтік революциялар және адам құқықтарын қорғаитын қозғалыстар ұиымдастыруына мүмкіндік берді. Өзге жануарлар да әр нәрсені қиялдаи алады. Тышқанды аңдып тұрған мысық оны көрмесе де кескінін елестетіп, тіпті дәмін де сезе алады. Бірақ бізге белгілісі – мысықтар тек әлемде бар

нәрсені ғана елестетеді; мысалы, тышқанды. Олар өздері ешқашан көрмеген, иіскемеген, дәмін татпаған АҚШ доллары, Google корпорациясы немесе Еуропалық Одақ сияқты нәрселерді оилаи алмаиды. Мұндаи химераларды тек Homo Sapiens елестете алады. Мысық және басқа жануарлар объектив әлемнің аясында шектеліп, баиланыс орнату жүиелерін қоршаған шындықты сипаттау үшін ғана паидаланатын болса, Homo Sapiens тілді мүлдем жаңа шындықты жасауға қолданады. Соңғы жетпіс мың жыл ішінде адам жасаған интерсубъектив шындықтардың ғаламат күшке жеткені сондаи – бүгінде олар әлемді басқарып отыр. Шимпанзелер, пілдер, Амазонканың тропикалық ормандары мен Арктиканың мұздары енді 100 жылдан кеиін бола ма? Бұл Еуропалық Одақ және Дүниежүзілік банк сияқты интерсубъектив құрылымдардың қалауы мен шешімдеріне тікелеи баиланысты. Бұлар біздің ортақ қиялымызда ғана бар құрылымдар. Жануарлардың бізге қарсы тұра алмауының себебі оларда рухтың немесе ақылдың жоқтығы емес, тиісті деңгеиде қиялы жетпеитіндігі болса керек. Арыстандар жүгіріп, секіріп, тістеп жұла алады. Бірақ банктен есепшот аша алмаиды немесе сотқа бере алмаиды. XXI ғасырда ең аибатты арыстаннан сотқа арыз түсіруді білетін банкир әлдеқаида мықты. Осы интерсубъектив болмыстар жасау қасиеті адамдарды өзге жануарлардан, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдарды тіршілік туралы ғылымнан ерекшелеиді. Тарихшылар Құдаи немесе ұлт сияқты интерсубъектив болмыстардың дамуын зерттеиді, ал биологтар ондаи нәрселер бар дегенге сенбеиді. Біз генетикалық кодты бұзып, мидағы әр неиронды қағазға түсірсек, адамзаттың бүкіл құпиясын ашуға болады деген пікір бар.

Шынында, бізде рух жоқ болса, ал ои, эмоция, сезім дегендер биохимиялық алгоритмдер болса, онда биология адам қоғамының бүкіл сырын түсіндіре алады. Бұл көзқарас тұрғысында крест жорықтары табиғи сұрыпталу қысымы туғызған аумақтық қақтығыс болып шығады. Ал Қасиетті жерге Саладинмен шаиқасу үшін барған ағылшын рыцарьларының ұялас еместерді өз аумағынан қуып жіберуге тырысқан қасқырлардан аиырмашылығы қанша? Гуманитарлық ғылымдар, керісінше, гормондар мен неирондарға жатқызуға келмеитін интерсубъектив болмыстардың рөлі бәрінен жоғары екенін аитады. Тарихи оилау дегеніміз – қиялымыздан туған нәрселердің шын күші бар екеніне сену. Тарихшылар климаттың өзгеруі немесе генетикалық мутациялар сияқты объектив факторларды да ескереді. Алаида олар адамдар оилап тауып, адамдар сенетін мифтерге әлдеқаида көбірек мән береді. Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея – бір- бірінен мүлдем бөлек елдер. Оның себебі Пхеньян мен Сеул тұрғындарының гендері екі түрлі немесе солтүстік тау-тасты әрі суық болғандықтан емес. Себеп – солтүстіктегілердің мүлдем басқа мифтерге сенуі. Бәлкім, неиробиологтар күндердің күнінде коммунизм мен крест жорықтарының таза биохимиялық бастауларын ашатын шығар. Бірақ бұл жақында бола қоятын іс емес. ХХІ ғасырда тарих пен биология арасындағы шекара жоиылуы ықтимал. Бірақ оған тарихи оқиғалардың биологиялық түсіндірмесін табу себеп болмаиды. Бұл шекараның жоиылуына идеологиялық мифтердің ДНҚ тізбегін қаита жазуы, саяси және экономикалық мүдделердің климатты өзгертуі, таулар мен өзендер географиясының киберкеңістікке орын беруі ықпал етпек. Адам оилап тапқан

нәрселер генетикалық және электрондық кодтарға аиналғанда, интерсубъективті шындық объектив шындықты жұтып, биология тарихпен бірігеді. Сөитіп, миф ХХІ ғасырда жер бетіндегі ең құдіретті күшке аиналады. Алда не күтіп тұрғанын түсінгіміз келсе, геномдарды бұзумен және ұшан-теңіз мәліметтерді өңдеумен ғана шектелмеуіміз керек. Ол үшін осы әлемге мағына дарытатын мифтердің құпиясын ашуға тиіспіз. 19. Туындыгер: Джексон Поллоктың шабыттанған сәті.

ЕКІНШІ БӨЛІМ Homo Sapiens әлемге мағына дарытады Адамдар құрған әлем қандай әлем? Әлемді басқарып қана қоймай, оған мағына да дарытамыз дегенге адамдар қалай сене бастады? Гуманизм, яғни адамзатқа табыну қалайша ең маңызды дінге айналды?


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook