Барша мұсылманНың аРДАҚТЫ анасы ХАЗІРЕТ АЙША (радиаллаһу анһа) Алматы 2015
УДК 28 ББК 86.38 Х 15 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген Аударғандар: Ғалымбек Тобашев, дінтанушы Жанар Теңлібаева Аударма мына түпнұсқадан жасалды: Р. Хайламаз «Мүминлерин ен мүмтаз аннеси хазрет Айше» Ышык йайынлары, 2009 - 472 бет. Хайламаз Р. Х 15 Барша мұсылманның ардақты анасы – хазірет Айша / Р. Хайламаз – Алматы: «Көкжиек» баспасы, 2015, – 464 бет ISBN 978-601-7495-39-8 Бұл еңбек соңғы елші Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйікті жары Айша анамыздың өмірі мен өнегесіне арналған. Айтулы сахабалардың бірі ретінде оның Ислам тарихында алар орны ерекше. Кітапта Әбу Бәкірқызы Айшаның тұлғалық қасиеттері жан-жақты суреттеледі. Еңбек барша оқырман қауымға арналған. УДК 297 ББК 86.36 ISBN 978-601-7495-39-8 © “Көкжиек” баспасы, 2015
Мазмұны АЛҒЫ СӨЗ..........................................................................................7 МҮМИНДЕРДІҢ АБЗАЛ АНАЛАРЫНЫҢ БІРІ − ХАЗІРЕТ АЙША............................................................................................... 11 Шыққан тегі................................................................................. 11 Мұсылман болуы......................................................................... 15 Меккедегі күндер......................................................................... 17 Атастыру....................................................................................... 25 Мекке естеліктері........................................................................27 Тағдыр........................................................................................... 29 Үйлену туралы ұсыныс.............................................................. 31 Алғашқы тоқтам..........................................................................32 Екінші тоқтам.............................................................................. 35 Әбу Бәкір және Мутғим ибн Адий............................................37 Атастыру....................................................................................... 39 Үммү Румәнға жасалған ескертулер.........................................40 Қасиетті көш................................................................................42 һижрет........................................................................................... 47 Оба................................................................................................. 50 Үйлену. ......................................................................................... 54 Үйленгеннен кейін......................................................................60 Тұрған үйі..................................................................................... 61 Жалғасын тапқан қарапайымдылық.........................................72 Әйелдердің өкілі.......................................................................... 74 Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігі..................................90 Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігі.........................................99 Шынайы сүйіспеншілік............................................................ 109 Анамыздың үйдегі жағдайы.................................................... 115 Әзілдесу...................................................................................... 122 Көңіл көтеру............................................................................... 130 Жарысу........................................................................................ 132 3
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Лақап ат ..................................................................................... 134 Сезімталдық............................................................................... 136 Құлшылығы............................................................................... 138 Тақуалығы мен кішіпейілдігі................................................... 146 Жомарттығы............................................................................... 156 Жабық киінудегі ұқыптылығы................................................ 159 Уағыз-насихаты......................................................................... 163 Соғыстарға қатысуы................................................................. 164 Тәйәммүм берекеті.................................................................... 170 Жала ........................................................................................... 173 Айша анамыздың науқастануы............................................... 179 Сахабалардың әрекеті және ойы.............................................. 183 Қуанышты хабар........................................................................ 188 Хазірет Әбу Бәкірдің мұқияттылығы..................................... 197 Сыддық (шыншылдық) ............................................................ 198 Пайғамбарымыздың әйелдері және Айша анамыз................202 Хадиша анамыз......................................................................204 Басқа аналарымыз.................................................................208 Айша анамыздың жағдайы.......................................................209 Қызғаныш па, қызығу ма?........................................................ 213 Сынақ күндері............................................................................225 Харам ету....................................................................................226 Қиындық көру............................................................................230 Таңдауды ұсыну ........................................................................236 Пайғамбарымыздың қыздары және Айша анамыз................239 Пайғамбарымызбен өткен соңғы күндер...............................245 Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі................. 261 Хазірет Әбу Бәкір (р.а.).............................................................264 Хазірет Омар (р.а.).....................................................................270 Хазірет Осман (р.а.)................................................................... 281 Хазірет Әли (р.а.).......................................................................289 Өзара бауырларды сынаған Жәмәл оқиғасы....................... 294 Хазірет Мұғауия (р.а.)...............................................................308 4
Мазмұны Айша – ғылымның қайнар бұлағы............................ 325 Айша анамыз және ғылым....................................................... 331 Тәпсір....................................................................................... 342 Хадис........................................................................................ 349 Фиқһ......................................................................................... 359 Кәлам....................................................................................... 369 Тіл, әдебиет, шешендік.......................................................... 373 Өлең және шешендік.............................................................. 381 Тарих........................................................................................ 392 Әлеуметтік ғылымдар.......................................................... 395 Медицина.................................................................................400 Шәкірттері..................................................................................402 Уруа ибн Зүбәйр......................................................................407 Қасым ибн Мұхаммед............................................................ 411 Амра бинти Абдуррахман..................................................... 413 Муаза әл-Адауия..................................................................... 416 Айша анамыздың некелескендегі жасы.............. 419 Хазірет Әли және Айша анамыз.................................. 441 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................. 451 5
АЛҒЫ СӨЗ Мұсылман үмбеті пайғамбарымыздың жұбай- ларын ана ретінде қабылдайды. Десек те, бұлардың арасында Хадиша мен Айшаның алар орны ерекше. Хадиша анамыз (р.а.) уаһиден он бес жыл бұрын Мек- кеде, ал Айша анамыз (р.а.) Мәдина кезеңінде, Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірінің соңына дейін үнемі жанынан табылды. Атқарған қызметтері тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл кісілер өз дәуірінің айрықша тұлғалары болып өмір сүрген. Өйткені иман, адалдық және батылдық сияқты қасиеттер ерекше бағаланған Меккеде Алла тағала Хадиша секілді дәулетті, абыройлы әрі ақылды жанмен пайғамбарымызды қолдаса, ақыл-ой, қисын және ғылымды қажет ететін Мәдинада Айша анамыз секілді зерек те алғыр жанды пайғамбарымызға жар еткен. Хадиша анамыз қатты қиналған ауыр күндерінде Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тірегі, сүйеніші болды. Әрдайым қасынан табылып, материалдық-рухани жағынан ең үлкен қолдаушы бола білді. Ал, Айша анамыздың жағдайы басқаша, өйткені ол дін үшін қызмет жасауды қажет еткен Мәдина 7
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жылдарында Алла елшісінің жанында болған жеке уәзірі іспетті еді. Осы жағынан ол кісі Мәдина кезеңін еске алған адамның ойына алғаш оралатын айрықша тұлға. Пайғамбар мектебінің ең алғыр шәкірті һәм Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құтты шаңырағының жауһары болған Айша (р.анһа) мүминдердің сүйікті анасы. Алла тағала ол кісіге дін жолындағы қызметін кемшіліксіз атқару үшін ерекше зейін берген. Басты ерекшелігі сол, естігенін сол қалпында қабылдамай, оны Құран мен сүннеттің өлшемдеріне қарай дұрыс түсінетін парасатқа ие еді. Пайғамбар кезеңі мен болашақты бір-бірімен тамаша түрде байланыстырған алтын көпір міндетін атқарды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғаннан кейінгі жарты ғасырды сол кездегі рухани сергектікпен жалғастырған ол, тәрбиелеген шәкірттері арқылы кейінгі кезеңдерді де пайғамбар жаққан шырақтың жарық сәулесіне бөледі. Халифалардан бастап жер-жерден ат арытып, жөн сұрай келген жандар үшін Айша анамыздың (р.анһа) білімі телегей теңіз еді. Ол пайғамбарымыз дүниеден озғаннан бастап, сол қоғамда туындаған даулы мәселелерде қара қылды қақ жарған төреші, дін істерінде кездесетін қателіктерді түзетуші қазы және исламды үстем етуде орта жолды ұстанымның уағыздаушысы болды. Ол бар жерде адамдардың бойында ерекше бір сергектік қалыптасумен бірге, ол кісінің атмосфера- сына енгендер өздерін уаһидің әсеріне бөленгендей сезініп, Алланың елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көргендей ғажайып күйге бөленетін. Оның 8
Алғы сөз алдына барып мәселесін шеше алмай қайтқан ешкім болған емес. Барлық түйінді мәселелерді жан-жақты қарастырып, шешімін Құран мен сүннеттен іздейтін. Егер осы екі қайнар көзден шешімін таба алмаса, діннің негізгі қағидаларының өлшемдеріне қарай оны реттеуге тырысып, ижтиһад, қияс сынды негіздер арқылы міндетті түрде жол табатын. Ол кісі мүминдердің анасы ретінде баршамыздың анамыз болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда ол кісіден бізге жеткен хадистердің арасында отбасыға ғана қатысты құпия мәліметтер де бар. Бұл мәліметтердің әрқайсысы тұрмыстағы ең ұсақ нәрсе болып саналатын істерді діннің қағидалары бойын- ша реттеуге жасаған талпыныстарының нәтижесінде пайда болған. Негізінде бұндай үй ішіндегі сырт көзден таса қалатын іс-әрекеттердің көпшілігі анамыз болмаса біз үшін белгісіз болып қалатын еді. Ол жабулы қалған мәселелерді сұрақ қою арқылы ашып, қарапайым жұрттың тікелей келіп сұрауға ұялатын кейбір жасырын мәселелердің шешімін Алла расу- лынан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сырлас жұбайы ретінде сұрап біліп отырған. Қысқаша айтқанда, ол кісі дін адамының нағыз өзі болатын. Дінге қатысты ең өзекті хабарлар бізге Айша анамыздан жеткен. Бәлкім содан да болса керек, дін дұшпандары оны барлық кезеңдерде өздерінің негізгі нысаналары деп санаған. Осы жағынан да ол кісі дін жолындағы адал адамдар мен арам ойлы дұшпандарды бір-бірінен оңай ажырата алатын ғажайып тұлға еді. Абдулла ибн Убәй ибн Сәлул және Абдулла ибн Сәбәлар тұрған меже мен Әбу Бәкір, 9
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Омар, Осман, Әли сынды хас мүминдердің тұрған орындарын ажыратуда мүлт кетпеген деуге болады. Жұрт жала жауып, қаралап жатқан кезде Құранның өзі ақтап алып, дәрежесінің биіктігін айқындап берген Айша анамыз секілді абзал тұлғаға тіл тигізген адамдардың ақырын Алла тағала өзі реттейді. Оның үстіне пайғамбарымыздың маңайында мейілінше қызмет жасаған сахабаларға ала көзбен қарап, ұнатпаған кейіп танытқандардың шынайы мүмин бола алмасы да белгілі. Өткен ғасырлардағыдай қазіргі кезеңде де, өкінішке орай, Айша анамыз арқылы дінге тіл тигізілуде. Ой-сана кірленіп, көзқарастар бұлыңғырланып қоғам сарсаңға түскен мұндай кезеңде Айша анамыз өзінің пәк өмірі арқылы ынсабы мен ожданы барларды тағы да тура жолға шақырып, ізгілікке үндейді. Қолыңыздағы бұл кітап аталмыш үндеуге қайырлы бір себепші болады деп үміттенемін... Рашит Хайламаз, PhD докторы Сәуір 2009, Стамбул. 10
МҮМИНДЕРДІҢ АБЗАЛ АНАЛАРЫНЫҢ БІРІ − ХАЗІРЕТ АЙША Шыққан тегі Айша анамыз (р.анһа) Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбарлық берілерден шама- мен төрт не бес жыл бұрын дүниеге келген1. Әкесі – кейіннен Әбу Бәкір болып жүректерден орын алатын Абдулла ибн Осман2, ал анасы – Үммү Румән деген атпен танылған Зейнеп бинт Амир еді. Әкесі құрайыштың Тәйм руынан, ал анасы сол қауымның Кинана руына жатады. Әкесі жағынан алтыншы ата- лары Мүрра ибн Қабта, анасы жағының он бірінші атасы болып келетін Кинанада бірігеді. Сол себептен Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі жақтан туыс болып келеді. 1 Бұл Айша анамыздың жасына қатысты дәлелдердің барлығын негізге ала отырып берілді. Оның туылған мерзімі және пайғамбарымызбен тұрмыс құрған кезінде қанша жасында болғаны туралы осы еңбектің соңында «Айша анамыздың үйленген кездегі жасы» деген тақырыпта кең мәлімет беріледі. Түбегейлі мәлімет үшін тиісті бөлімге қарауға болады. 2 Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) жаһилия кезеңіндегі аты Абдулқа′ба еді. Мұсылман болғаннан кейін Алла расулы оны Абдуллаһ деп өзгерткен. 11
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Мұндай шежіре саусақпен санарлықтай үлгілі отбасыларға ғана тән еді. Көпшілік тура жолдан тайып, адамдықтан адасқан кездерде де әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) надандық дәуірдің ластығына былғанбаған, аузына ішімдікті татып алмаған, нашар істерге аяқ баспаған ізгі адамдардың бірі бо- латын. Әрқашан ар-намысын ту етіп, табиғатындағы ер адамға тән мінезінен танбайтын. Исламды қабылдағаннан кейін де осындай ізгі қасиеттері арқылы жұрт қызығатын биік шыңға дейін көтерілді. Бәлкім, Алла тағала Ислам сынды ұлы аманатты болашаққа жеткізетіндердің ең алдыңғы қатарынан орын алатын хазірет Әбу Бәкірді алғашқы күндерінен бастап-ақ айрықша қорғауға алып, оның беделі мен абыройын сақтаған болар. Ол исламға дейін де ел ішінде құрметке ие еді. Әсіресе құн, қан даулары, қарыз, мұрагерлікке қатысты үкімдерді шешуде меккеліктер онымен ақылдаспай шешім қабылдамайтын. Әбу Бәкір шешім шығармайынша, өзгелер өз бетінше тырп етпейтін. Ол шежіре іліміне де жүйріктік танытты. Исламды қабылдағаннан кейін хазірет Әбу Бәкірді Меккеден тыс аймақтар да таныды. Енді ол адалдықтың үлгісіне, Алла елшісінің ең жақын жолда- сына айналып, ешкім түсіне алмаған құпия сырларға қанықты. Расулалла оған тозақтан құтылған адам деген мағынада «′әтиқ» деген лақап ат қойды. Үммү Румән лақабымен танылған анасы Зейнеп бинт Амир де Алла елшісіне алғаш болып серт бергендердің бірі. Тарих бетіне алғашқы мұсылмандар қатарында жазылды. Меккенің ең қиын күндерін 12
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша күйеуі хазірет Әбу Бәкірмен бірге өткізіп, түрлі қиындықтарға бірге қарсы тұрды. Һижретте Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қыздарымен бірге жолға шығып, Мәдинаға барды. Пайғамбарымыз «Кім жұмақтан жер бетіне түскен ханшайым әйелді көргісі келсе, Үммү Румәнға қарасын!»3 деп сипаттаған таңдаулы әйелдердің бірі болатын. Алғашқы күйеуі Абдулла ибн Харис әл-Әзди қайтыс болғаннан кейін хазірет Әбу Бәкірмен тұрмыс құрды. Абдуррахман атты ұл мен Айшаны дүниеге әкелді. Мәдина жылдарының соңғы күндеріне таяу қайтыс болған Үммү Румәнды (р.а.) қабірге Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі қойып, дұға оқыған4. Айша анамыздың ағасы Абдуррахманмен қатар бір шаңырақ астында тұратын Абдуллаһ және Әсмә деген тағы екі бауыры болды. Екеуі де надандық дәуірінде ажырасқан хазірет Әбу Бәкірдің алғашқы әйелі Кутайла бинт Сағдтан5 туған. 3 Хаким, Мүстадрак, 3\\538; Ибн Сағд, Табақат 8\\276; Ибн Хажар, Исаба 8\\207 4 Һижреттің алтыншы немесе сегізінші жылы қайтыс болғаны айтыл- са да, әсіресе «тахиер» оқиғасы орын алған кезде оның тірі болғаны аңғарылады. Тахиар аяты һижреттің тоғызыншы жылы түскен. Осыған орай, Үммү Румән Мәдина жылдарының соңғы күндеріне жақын қайтыс болса керек. Тіпті, Бұхари сияқты ғалымдар оның Алла расулынан кейін және хазірет Әбу Бәкірдің немесе хазірет Османның халифалығы жылдарында көз жұмғанын айтады. Қараңыз: Бұхари, Тарихи сағир 1\\38; Ибн Хажар Тәхзибут тәхзиб 12\\95; Нәдәуи, Сиратус сәидәти Айша Үммул муминин 38, 39, Тах- маз әс-Сәйидәту Айша 16. 5 Айша анамызбен бір үйде тұрмаған өгей анасы Құтайла Худайбия келісімінен кейін Мәдинаға келіп, өгей қызы Айшаны көргісі келеді. 13
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Өзінен он жас үлкен әпкесі Әсмәмен бірге өскен Айша үшін Әсмә (р.анһа) ана, әпке әрі өмірлік ұстаз бола білді. Айшаның (р.а.) ең үлкен бақыты надандық дәуіріндегі лас істерге жуымаған Әбу Бәкір (р.а.) сияқты әкенің қызы болуында еді. Тәрбиелі от- басыдан шығумен қатар, жаны жайсаң, сезімтал әкенің тәрбиесінде өсті. Балаларының тәрбиесін өзі бақылаған хазірет Әбу Бәкір (р.а.) ұнамсыз қылық көрсе, оларға басқан қадамдарының қателігін айтып, қайталамауды ескертетін. Егер қайталанса, қабақ шытып, балаларына сабақ боларлықтай шара қолданатын. Сондықтан да балалары тартынып, әкелерін ашуландырмауға тырысатын6. Айша да (р.а.) солардың арасында өсті. Тіпті анамыз Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйленгеннен кейін де әкесі хазірет Әбу Бәкірден ескертулер естіп қалатын7. Ол кезде әлі мүшрік екенін назарға алып, не істеу керек екенін білмеген Айша: – Өгей шешем мені іздеп келіпті, кездесейін бе? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз оған: – Иә, ол сенің шешең, – дейді. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 7\\233 Бұл оқиға Бұхариде хазірет Әсма бинт Әбу Бәкірмен қатыстырылады. Қараңыз: Бұхари, Әдәб, 7,8 6 Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) үйіне қонақ шақырған күндерінің бірінде Алла расулының қасына кетуге мәжбүр болады. Қонақ күтуді ба- ласы Абдуррахманға тапсырып, үйінен шығады. Әкесінен қатты қорқатын хазірет Абдуррахман қонақтарды қанша күткісі келсе де, олар үй иесі келгенге дейін асқа қол созбайды. Әкесі қонақтарды өзіне тапсырып кеткенін айтса, олар көнбейді. Бір кезде әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) келеді. Жағдайды көріп, баласы Абдуррахманды шақырады. Бұл кезде қорқып, бір бұрышта отырған Абдуррахман әкесінің алдына келуден тайсалады. Қараңыз: Бұхари, Мәнәқиб, 22 (3388), Әдәб 87, 88 (5789, 5790), Мүслим, Әшриба 176 (2057), Әбу Дәуіт, Әйман 14 (3270). 7 Қараңыз: Мүслим, Рада 46 (1462), Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 4\\275; Нәсаи, әс-Сунәнул кубра 5\\139 (8495), 5\\365 (9155). 14
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Сол уақыттағы арабтардың салты бойынша бала- лар сүт анаға берілетін. Айша анамыздың сүт анасы Уәйл Әбулқуайстың әйелі болды8. Мұсылман болуы Ес біле бастаған кезден бастап үйлерінде үнемі Ислам туралы сөз қозғалатын. Ата-анасының әрдайым намаз оқитынын көріп, өзара шүйіркелескенде Құран аяттарын әңгімелейтініне куә болатын. Көзінен жасы парлап, беріле оқыған әкесінің Құранына ол да таңырқай құлақ салып тыңдайтын. Әкесі үйден гөрі түзде көп болатындықтан, анасы екеуі сағына жолын тосып күтетін. Осыны білдіріп Айша анамыз (р.анһа) кейіннен былай деген: – Мен ес білгелі ата-анамның діндар екенін көріп өстім9. Пайғамбарлықтың алғашқы жылдары. Расул- алланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хирадан қабылдап алып, жұртқа жеткізуге тырысқан ақиқат нұры Меккені енді ғана сәулелендіре бастаған кез. Сол кездерде саудамен Йеменде жүрген әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сапардан оралып, Алла елшісіне барып мұсылмандықты қабылдады. Бұлайша мұсылмандықты тез қабылдау бас бостандығы бар ер адамдардың арасында алғаш орын алды. Сол күннен бастап әкесінің үйге келіп-кетуінде бір өзгешелік 8 Бұхари, Тәфсирул Кұран 272, Әдәб 93 (5804), Мүслим, Рада 2 (1445), Тирмизи, Рада 2 (1148), Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 6\\177 (25482), Мәлік, Рада 1 (1279), Дәрими, Никах 48 (2248), Нәсәи, Никах 49 (227). 9 Бұхари, Салат 52 (464), Кәфәлә 4 (2175), Фадаил 74 (3692), Әдеб 64 (5729), Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\198 (25667), Бәйһаки, Cүнән 6\\204. 15
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша байқалатын. Көп өтпей анасы Үммү Румән да ислам- ды қабылдап, кезек отбасының басқа мүшелеріне де жетті. Бұл кездерде Айша анамыз шамамен бес жаста еді. Меккеліктер Біләл Хабаши, Әбу Сәләма10, Әрқам ибн Әбил Әрқам және Убайда ибн Харис сияқты кісілердің де келіп мұсылман болғанын ести бастады. Бір күні жасының кішілігіне қарамастан әпкесі Әсмамен бірге әкесінің нұсқауымен мұсылман болғанын жарияла- ды. Ол кездерде әпкесі Әсма он бес жаста еді. Мұсылмандықты таңдау жағынан ол айтулы сахабалардың да алдына шықты. Мысалы, Хаббаб ибн Әррат, Умайр ибн Әби Уаққас, Мағсуд ибн Қари, Сәлид ибн Амр, Ағияш ибн Әби Рабиға және әйелі Әсма бинт Сәләма, Хүнәйс ибн Хұзафа, Амир ибн Рабиға, Абдулла ибн Жахш және оның бауыры Әбу Ахмад, Хатиб ибн Харис және әйелі Фатима бинт Мүжәлләл мен Хатыбтың бауыры Хаттаб және әйелі Фукайһа бинт Ясар, Мамар ибн Харис, Осман ибн Мазғунның баласы Саиб, Мұтталиб ибн Әзхар және әйелі Рамлә бинт Әбу Ауф, Нуайм ибн Абдуллаһ, Амир ибн Фухайра11 мен Халид ибн Саид ибн Ас және әйелі Үмәйнә бинт Халаф сияқты кісілер Айша анамыз бен әпкесі хазірет Әсма мұсылман болғаннан кейін келіп иман келтірді. 10 Шын аты Абдуллаһ ибн Абдуләсәд болған Әбу Сәләма пайғамбарымыздың әпкесі Бәрра бинт Абдулмутталибтің баласы. Сонымен қатар, хазірет Хамзамен бірге пайғамбарымыздың да сүт анасы болып келетін. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 2\\567 11 Амир ибн Фүхайра Айша анамызға ана жағынан бауыр болатын. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 2\\254 16
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Осыдан бастап Айша (р.а.) түскен әрбір аятпен ақыл толыстырып, бірге өсіп, өзіне ашылған осы бір рухани әлемде күн сайын жаңа хабармен оянатын болды. Жәбірейілдің әкелген әрбір аяты надандық дәуіріне тән көзқарастарды біртіндеп жойып, иман келтіргендердің пікірін бұзылмас қамалға, қуатты бекініске айналдырды. Ол болса зеректігімен, пара- сат-пайымымен пайғамбарылқ келген алғашқы жыл- дарда болып жатқан жағдайларды зерделеп, осы бір илаһи пәрменнің, адамзатты жарыққа жетелейтін Ислам атты нұрдың келесі ұрпаққа жеткізу керек міндет екенін санасына сіңіріп жатқандай болды. Меккедегі күндер Ол кезде мұндай таңдау жасау құрайыштардың өшпенділігін тудыруға жетерліктей себеп. Келген нұр арқылы қараңғы дүниелерін нұрландырудың орнына мүшріктер атқарылып жатқан істерді ұнатпай, иман келтіргендерге қарсы әрекет жасауға көшті. Айша анамыз сияқты текті отбасыдан шыққан жандарға мұндай қиындықтар ауыр соға қоймады. Алайда әлсіз, пақыр адамдардың жағдайы жүрек сыздататын. Исламды қабылдаған жарлы-жақыбайларға әңгір- таяқ орнатқан мүшріктер жамандық пен дөрекілікте алдыға жан салмады. Меккенің сол кездегі тағдыры азап пен қиындықтарға толы еді. Жағдай осы болғандықтан Айша анамыздың Меккедегі күндері уайымсыз өтпеді. Әсіресе, Хи- радан тараған нұрға әкесі хазірет Әбу Бәкірдің оң қабақ танытқанын байқағаннан кейін, әкесіне деген 17
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша адамдардың қарым-қатынасы да өзгерді. Сол кезге дейін есіктерін тоздырып әділдік іздегендердің өзі енді қарсылық білдіріп, өшігіп қарай бастады. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сезімтал, жұмсақ жүректі адам еді. Расулалла мен сахабалардың тап болған қиындықтарын көргенде не сырттай естігенде жүрегі қан жылайтын. Оларды мұндай қиындықтардан құтқару үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға ты- рысатын. Осы мақсатта құрайыштың қолында азап шеккен бірнеше құлды азат етіп, ақысын артығымен төлеу арқылы оларды меккеліктердің әңгір-таяғынан құтқарды. Хазірет Біләл да солардың бірі еді. Өмірінің кемелденген тұсында қол жеткізген осы байлығын басқаларға да хабарлау үшін дайындалып, ештеңеге қарамастан оны меккеліктермен бөлісуді ойлады. Барып осы бір асыл арманын Алла елшісіне айтқан кезде оң жауап ала алмады. Себебі, ол кезде иман келтіргендердің саны аз болғандықтан, бұлай жаһанға жар салып дінді уағыздауға рұқсат бермеді. Алайда, Әбу Бәкір ештеңеге қарамастан Қағбаға барып Құран оқығысы келді. Бәйтуллаһқа барып намаз оқып, Раббысының атын халыққа бар даусы- мен айтып жеткізуге оқталды. Өтініп сұраған соң пайғамбарымыз досының тілегін жерге тастамады. Екеуі бірге Қағбаға барып, намаз оқып болған соң, дауыстап Құран оқи бастады. Алайда, бұл меккелік мүшіріктердің ызасын келтірді. Барлығы аш қасқырша жабылып, хазірет Әбу Бәкірді тоқпақтай жөнелді. Мүшріктердің соққысы қатты тиді. Үсті-басы қанға боялып, жерде қимылсыз жатты. Бет-аузы да- ладай болғанын көргендер оны өлді деп тастап кетті. 18
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Туыстары келіп, үйіне апарған кезде де есін жия алмады. Сосын қауымының алдыңғы қатарлы адам- дары Қағбаға барып, «Егер бүгін Әбу Бәкір өліп кетсе, кек қайтармай қоймаймыз, тіпті Утбаны өлтіреміз» деп ант ішті. Бұл жағдайларды Айша анамыз да көрді. Нәзік жүрегі сыздады, бірақ шарасыз еді. Бір кезде әкесі бірте-бірте ес жинай бастады. Кірпігін зорға қимылдатып көзін ашқан сәтте: – Алланың елшісі қалай? Жағдайы нешік? – деп сұрады. Өзі мынандай халде жатып досының жағдайын сұрағанына анасы таң қалды. Жүрегі езілген әжесі Үммү Хайыр қиналып жатқан баласының жанынан кетпеді. Аузына бір нәрсе салып жегізбек болып, тезірек жазылып кетуін тағатсыз күтті. Алайда, қанша күштесе де Әбу Бәкірді райы- нан қайтара алмайтынына көзі жетті. Ол Алланың елшісінің жағдайын білмей ештеңе татып алмай- мын деп тұрып алды. Анасына жалынып, Алланың елшісінің жағдайын біліп келуін сұрады. Қалай таба- тынын да нұсқады. Үммү Хайыр аналық жүрегі езіліп, баласының сұрауын екі етпей айтылған жерге барды. Бірақ, мұсылман екендігін жұрттың айтуға қорқып қалғаны соншалық, өзі толық сенбеген адамға ешкім тіс жармай қойды. Алла елшісін табу оңай еместігін байқаған Үммү Хайыр баласының қиын жағдайын ретін тауып Үммү Жәмилге баяндады. Үммү Жәмил де тіс жармады. Артынан сәл жұмсарғандай кейіппен, Үммү Хайырға ілесіп, Әбу Бәкірдің үйіне бет алды. Әбу Бәкірдің соққыға жығылып, тұра алмай жатқан мынадай түрін көрген Үммү Жәмил шыдай 19
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша алмай, «Әбу Бәкірдей адамға осылай істеуге бола ма?...» – деп, оны осы жағдайға жеткізгендердің сыр- тынан ұрысты. Оның даусын естіп көзін ашқан хазірет Әбу Бәкір тағы да сол сөзін қайталап: – Алланың елшісіне не болды? Жағдайы қалай? – деді. Жаны ашыған Үммү Жәмил: – Уайымдама, Алла елшісінің жағдайы жақсы, – дегісі келгенімен Әбу Бәкірдің анасынан тартын- ды. Алайда, жаралы Әбу Бәкірдің күтетіндей тағаты жоқ болатын. Үммү Жәмилдің неден секем алып тұрғанын байқаған ол анасынан жасыратын еш нәрсе жоқ екенін білдірді. Ал, анасы Үммү Хайыр болса сөзге берік, аманатқа адал әйел болатын. Бұл жерде айтылған сөздерді мүшіріктер естіп қала ма деп алаңдаудың еш жөні жоқ еді. Осыны түсінген Үммү Жәмил пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дін-аман екенін жеткізді. Әбу Бәкірдің жаны енді ғана жай тауып, терең тыныстады. Сөйтті де Алла елшісінің қайда екенін сұрастыра бастады. Кеш түсіп, ел аяғы саябырсыған соң ол екі қолтығынан екі кісінің сүйемелдеуімен Ибн Әркамның үйіне барды. Осыншама азап пен қорлықтан кейін қос алыптың сағынышпен көрісуі аңыз етіп айтуға тұрарлықтай оқиға еді. Алла елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көре сала мойнына асыла кетіп бар қайғысын ұмытқандай болды. Ол да досын қапсыра құшақтап, жан-дүниесін астаң-кестең еткен қайғы бұлтын сейілтердей жақындық танытты. Осы бір 20
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша орайлы сәтті пайдаланғысы келгендей Әбу Бәкір (р.а.): – Уа, Алланың елшісі! Мына кісі менің анам, мені мәпелегендей, өз ата-анасына да жақсы қарайды. Сен Алланың таңдаулы құлысың ғой, анамды исламға өзің шақыршы. Ақыреттің азабынан сақтасын деп дұға жасашы? – деді. Осыншалықты қиылып сұраған тілекті Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жерге тастаған ба?! Қолын жайып досының анасы Үммү Хайырға дұға етті. Шынайы дұға жауапсыз қалған ба?! Сол күні хазірет Әбу Бәкірдің отбасы өткен қиындықтарды ұмытып ерекше қуанышқа бөленді. Басы ащы басталған күннің кеші қуанышқа ұласты. Өйткені, Үммү Хайыр да мұсылман болып, алғашқы иман келтірген бақытты жандардың қатарына қосылды.12 Әбу Бәкірдің отбасында енді мұсылмандық күш алғандай болды. Надандыққа құрылған қамалдар біртіндеп қирап, ақылмен ойлап, парасатпен пайымдаған әрбір отбасы мүшесі мұсылман болып жатты. Хазірет Айша анамыз да аталары Әбу Кухафа13 мен ағасы Абдуррахманның мұсылмандықты қабылдайтын күнін асыға күтіп жүрді. Бірақ, бұл уақыттың еншісіндегі іс еді. Бұдан былай сабырлық танытып, әрбір істің ақырын күту керек болатын. Ал, меккеліктердің өшпенділігі күн сайын асқына берді. Әкесі Әбу Бәкірдің көрген қорлығы тек бұнымен шектелмеді. Алла елшісін өздеріне жау 12 Ибн Хажар, Исаба 8\\200 (12006) 13 Әбу Куһафа Мекке жеңісінде, ал Абдуррахман Хұдайбиядан кейін мұсылман болады. 21
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жасап алған мүшріктердің әрекеттеріне қорланып, зығырданы қайнайтын. Бір күні Алла елшісін бу- ындырып өлтірмек болып жатқан сәтте үстілерінен түсіп: – «РаббымАлла»дегеніүшінадамөлтірмексіңдер ме? – деп, мүшріктермен алыса кеткені бар14. Мекке мүшріктерінің бұнысы Перғауынның әрекетіне қатты ұқсайтын. Тіпті хазірет Әли секілді баһадүрдің айтуынша, Әбу Бәкірдің мұндай ерліктері өзінің ерліктерінен әлдеқайда жоғары тұратын. Өйткені, алғашқы мұсылмандар мүшріктердің қорлығынан қорқып иманын жасырса, хазірет Әбу Бәкір (р.а.) ешкімнен тайсалмай, мұсылман болғанын ашықтан-ашық айтып жүре беретін15. Алайда, шыдамның шегі бар дегендей Әбу Бәкір де дін дұшпандарының осыншалықты құқайынан шаршап кететін. Өйткені, меккелік мүшіріктердің қоқан-лоққысында саябырсу деген болмады. Құран оқып, намаз өтеуге де қарсы болды. Әсіресе, хазіреті Әбу Бәкір секілді жүрек тебірентер дауыспен Құран оқитындардың үнін өшіру үшін бәріне барды. Мұндай қысымға шыдай алмаған хазірет Әбу Бәкір Хабашстанға кетуді ойлады. Тіпті, Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) рұқсат алып, жолға да шықты. Алайда, тағдырдың үкімі басқаша еді. Жолда кездескен ескі досы Ибн Дуғуннә бұған келіспей, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде беріп, оны райы- нан қайтарды16. 14 Ибн Хиббан, Сахих 14\\526 15 Қараңыз: Хәйсәми, Мәжмауз зәуәид 9\\47 16 Қараңыз: Бұхари, Кәфала 4 (2175); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\198 22
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Осындай қиын күндері көңілдерін серпілткен оқиға Алла елшісінің жиі-жиі үйлеріне келіп тұруы еді. Алла елшісі үшін адалдықтың жаршысы Әбу Бәкірдің алатын орны ерекше болатын. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жан жолдасына жиі барып, қиындығын бөлісетін. Уайым басып, көңілін мұң торлаған сәттерінде келіп демейтін. Өмірін меккеліктердің иман келтіруіне арнаған Алланың елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олар оң қабақ танытпады. Әсіресе, уахи келген алғашқы жылдардан кейін зор қысым жасалып, ерікті түрде сенімде таңдау жасауға жол бермеді. Меккеде мұсылмандар қатарына қосылғысы кел- гендерге қарсы қаталдық барған сайын арта түсті. Басты қауіп, араларынан исламды қабылдағандардың қайтып қатарға оралмауы еді. Сондықтан да, осын- дай қысым жасамасақ, мұсылмандар жақ молая түседі деп болжады. Әсіресе, Хабашстан һижреті оларды қатты толқытты. Ислам дінінің Меккенің сыртына тарайтынын ойлап, бір шара қолданбаса, жан-жақтан қыспаққа ұшыраймыз деп алаңдады. Хабашстанға жіберген елшілері түк бітірмей бос қайтқан кезде тіптен сарсаңға салынды. Барлық шараларға жүгініп көргеніменен ешқандай жақсы нәтижеге қол жеткізе алмаған соң, енді олар мұсылмандарды өлтіруге шешім қабылдады. Барлығын Меккенің сырты- на сүргінге айдап, қатынас жолдарын жауып, иман келтіргендерді шөлде өлтірмек болды. Сауда жасау- ларына тыйым салып, туыспен араластырмай таста- (25667); Ибн Хиббан, Сахих 14\\177 (6277); Ибн Һишам, Сира 2\\218 23
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша ды. Бейкүнә сәбилер мен жазықсыз жандардың Фаран тауларын жаңғыртып шырылдаған жалынышты үндеріне құлақ та аспады. Үш жылға созылған осы сүргін өмірді бастан өткергендердің бірі Айша анамыз болатын. Тіске басар ештеңе жоқ, паналайтын көлеңкенің өзін зорға табатын олар күн сайын түрлі аурудың меңдеп бара жатқанын байқады. Алайда, барынша шыдамдылық танытып, әрбір қараңғылықтың артынан келетін жарықтан үміт үзбеді. Сонша қиыншылықтан көз ашпаса да, Алланың өздеріне берген сабырына сүйенді. Алла тағала да олардың әрқайсысына ерекше бір төзімділік күшін берді. Сол күндері әкесі хазірет Әбу Бәкірдің жасаған әрекеттері ерлікке пара-пар саналды. Табылған тамақты өзі жемей басқаға жегізіп, өз қиындығын елемей, өзгелердің дертіне дауа болуға күш салды. Осындай ауыр күндерді өткеріп жатқан уақытта Әбу Тәліптің артынан хазірет Хадиша да қайтыс болды. Пайғамбарымызға отбасында енді сүйеніш қалмағандай. Хадиша анамыз қолындағы барын Алланың елшісіне тапсырып, бақиға аттанды. Бұл оқиға осыншама қиындықтарды көріп отырған пайғамбарымызға жығылған үстіне жұдырықтай ауыр соққы болды. Бұған Меккелік мүшіріктер қуанды. Енді мұсылмандарға қысымды арттыра түсуге бекінді. Бұл күндер шын көңілмен қолдау көрсетіп, қысылтаяң шақтарда демейтін досты қажет ететін күндер болатын. Әрине, бұл күндері хазірет Әбу Бәкір (р.а.) Алла елшісіне бұрынғыдан да жақындап, 24
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қайғысын бөліспек ниетімен қасынан бір елі ажыра- майтын. Негізінде, осы бір қиыншылыққа толы күндер иман жолына өзін арнаған әрбір мүминге таныс еді. Өйткені, өздерінің барын да, жанын да жолына құрбан ететін Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) енді қыздарымен бірге жалғыз қалған еді. Атастыру Осындай күндердің бірінде Әбу Бәкір үйінің есігін қағып, баласы Жубәйрге17 Айшаны атастыру ниетіменен Мутғим ибн Адий18 келді19. Мутғим ибн Адий да хазірет Әбу Бәкір (р.а.) секілді шежіре ілімін жақсы білетін. Сондықтан да, баласын хазірет Әбу 17 Хұдайбиядан кейін делінсе де ол Мекке жеңісінің ізін ала мұсылман болған. Пайғамбарымыз Жеңіс күні Меккеге жақындағанда, келіп мұсылман болған төрт кісінің бірі. 57,58 немесе 59 жылы көз жұмған. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 1\\171; Ибн Абдилбарр, Истиғаб 1\\69 18 Мүтғим ибн Адий Жаһилия кезеңінде Бәни Нәуфәлдің басшы- сы және еш бітпеген Фижар соғыстарында қолбасшы болатын. Пайғамбарымыздың Зәйд ибн Харисамен бірге барған Таифтен қайтқанда талап еткен «аманатты» оған берген. Кек пен өшпенділік басқан дәуірде басқаларға қарағанда ынсаптылығымен алға шыққан. Бәдірден алты ай бұрын және тоқсаннан асқан шағында мұсылман болмай қайтыс болса да Алла елшісі құрметпен қараған адамдардың бірі еді. Өйткені, Бәдір күні оның баласы Жүбәйрді де тұтқындардың арасынан көрген Алла расулы: – Егер бүгін әкең тірі болып, тұтқындарды талап етсе, бәрін босатар едім, - дейді. Қараңыз: Ибн Сағд, Табақат 1\\233; Ибн Абдилбәрр, Истиғаб 1\\69; Зирикли, Алам 7\\252. 19 Бұл оқиға не Ислам келмей тұрып, не Ислам енді уағыздала бастаған Мекке жылдарында жүзеге асқан. Өйткені, бұл атастырудың бұзылуының негізінде Ибн Адий әулетінің Ислам үшін алаңдаушылығы жатқан еді. 25
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бәкір сияқты текті тұқымның ұрпағына үйлендіргісі келді. Бұған қоса, ол кезде Мекке қаласы тұрғындары бір-бірін танитындай кішігірім ғана болатын. Мутғим ибн Адий өсіп келе жатқан Айшаның болашағына үмітпен қарап, ақылды, әдепті, таза жүректі текті қыздың өзіне келін болғанын армандады. Хазірет Әбу Бәкір бұған жоқ демеді. «Жоқ» деген жауап алмау ол кездің түсінігі бойынша келісім жа- салды дегенді білдіретін. Маңайды надандық жай- ласа да хазірет Әбу Бәкір (р.а.) үшін қызының кімге тұрмысқа шығуы маңызды мәселе болатын. Алайда, атастырайық деп келгендерден кейіннен аса құлық байқалмады. Тіпті олар хазірет Әбу Бәкірдің қызын келін ету-етпеу мәселесіне біртүрлі күмәнмен қарап, ат ізін салмай кетті. Мәселе кейіннен түсінікті болды. Ел ішіндегі жағдайдың өзгергені Ибн Адийдың отбасын да алаңдатқан көрінеді. Өйткені, Хирадан бір нұр пайда болып, хазірет Әбу Бәкірдің отбасы сол нұрға бөленген еді. Әсіресе хазірет Хамза мен хазірет Омардың да мұсылман болуымен басталған жаңа кезең Ибн Адий отбасын үрейлендіріпті. Шамамен бұл кезең мұсылмандардың Ибн Әрқамның үйінен шыққан уақытты көрсетеді. Енді Меккеде уағыз ашық түрде жасалып, ешкім ғибадатын бұрынғыдай жасырмайтын болды. Әрине, хазірет Әбу Бәкір мен оның мүбәрак жанұясы бұл істің ең алдында тұрды. Ибн Адийдің отбасы енді Әбу Бәкірдің отба- сын тек алыстан бақылаумен шектелді. Сірә, әліптің артын баққанды жөн көрген секілді. 26
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Мекке естеліктері Мұсылмандар жақта өмір-салт күннен-күнге түрленіп, қызып жатты. Күн сайын келіп жатқан иләһи хабарларменен Мекке түндерінің өзі жарық нұрға айналып, иман келтіргендер әрдайым жаңа бір жарықтың шуағына бөленді. Қуаныш, азап пен қиындықты бірге басы- нан кешірген Айша анамыз болып жатқан барлық жағдайды бақылауда ұстап, болашақ ұрпақ үшін естелік ретінде жадына тоқып жатты. Сондықтан да қай аяттың қай жерде түскенін, кімнің қашан келіп мұсылман болғанын және қандай шарттарда қандай оқиғалардың орын алғанын жақсы білетін. Бірнеше жылдан кейін бір күні Мәдинаға Ирактан бір кісі келіп, Меккедегі жылдар туралы сұрады. Қоғамның сол кезеңдегі рухани жағдайын көрсететіндей тал- даулар жасап, егжей-тегжейлі мәліметтер берген Айша анамыздан ол өзі оқитын Құранның реттік қатарын анықтау үшін Мусхафын сұрайды. Анамыз Ирактық жолаушыға өз Мусхафын беріп, Құранды сол мусхаф бойынша ретке келтіруіне жәрдемдесті20. Піл оқиғасына куә болған және де Меккенің алғашқы жылдардағы жағдайлардың бел ортасында жүрген екі кісінің кейінірек сол аймақта қайыр сұрап жүргенін көргенін айтқан Айша анамыз21 ол кез- 20 Қараңыз: Бұхари, Фадаилул Құран 6 (4707), Тәфсиру сура 54\\6 (4876); Нәсаи, Фадаилул Құран 1\\65; Абдурраззақ ибн Хаммам, Мұсаннаф 3\\352; Айни, Умдатул қари 20\\21; Ибн Хажар, Фат- хул бари 1\\319, 9\\39. Тақырыпқа қатысты «Айша анамыздың неке құрғандағы жасы» тақырыбына қараңыз. 21 Бұл мәліметті өзінен басқа тек әпкесі Әсма анамыз жеткізуде. Қараңыз: Ибн Һишам, Сира1\\176; Хәйсәми, Мажмауз зәуәид 3\\285; 27
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша дерде намаздың екі рәкат парыз етілгенін, кейіннен тұрғылықты адамдар үшін төрт рәкат боп бекітілгенін, тек сапар жағдайында ғана екі рәкат болғанын естелік етіп айтатын22. Меккенің алғашқы жылдарына қатысты естеліктері тек мұнымен ғана шектелмеді. – Исаф пен Наиланы біз Қағбада күнә жасап, сол себептен Алла оларды тасқа айналдырған журһумдық әлдекімдер деп еститінбіз23, – деп Ислам келгенге дейінгі Меккеде болған оқиғалардың тарихынан сыр шертіп отыратын. Айша анамыз үшін Меккедегі күндер артында өшпес із қалдырған ащы естеліктерге толы болатын. Ол он үш жылдық азапты жылдармен бірге өсіп, әрбір атырған таңдарында бір қиындыққа кезігетін. Осын- дай отты азапты су құйғандай етіп өшіретін жалғыз нәрсе Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардың үйіне жиі-жиі зиярат жасап тұратындығы еді. Ол кездегі қуанышын анамыз былай жеткізеді: Ибн Кәсир, Тәфсирул Құран 4\\553; Ибн Кәсир, әл-Бидая 2\\214; Құртуби, әл-Жами 20\\195 22 Қараңыз: Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 2\\285, 286; әл-Мұғжамул әбсат 12\\145; Ибн Һишам, Сира 1\\243. Бұл мәліметті одан басқа Ибни Аббас, Сәлман Фариси және Саиб ибн Язид те айтады. Сәлман Фари- си пайғамбарымызбен Мәдинада кездескен, Саиб ибн Язид һижреттен үш жылдан кейін Мәдинада дүниеге келген. Ибни Аббас болса пайғамбарлықтың оныншы жылы, һижреттен үш жыл бұрын және Шиби Әби Талиб сүргінінде дүниеге келген. Демек, үш сахабаның да Меккенің алғашқы жылдарында оқылған екі рәкат намазға куә болуы, миғраж түні арқылы келген бес уақыт намаз бұйрығын көруі де мүмкін емес. Ендеше, бұл жағдай пайғамбарымыздың өзінен естіп бізге айтқан мәселе болмаса, Айша анамыздың көрген ақиқаты болып табылады. Бұл оның алғашқы күндерді білетінін және жасының да ол кезде осылардың бәрін ұғынатындай дәрежеде екенін көрсетеді. 23 Ибн Һишам, Сира 1\\83 28
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша – Мен есімді білгелі ата-анамның діндар екенін көріп өстім. Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күн сайын бізге келіп тұратын24. Тағдыр Бұл кездері Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне өмірлік серік болатын жанның кім екенін білдіретін түстерді жиі көретін. Алайда, ешкімге тіс жармай, мұны сыр етіп сақтаған. Жол көрсетуші ретінде жіберілген пайғамбарлар үшін түс уаһидің бір бөлшегі болып саналады. Демек, көз жұмып дем алғанмен көңілі ояу таңдаулы құлдарда Алламен байланысын еш үзілмейді. Олар адамдардың көзін ақиқатқа ашу үшін Алладан ха- барлар алуын үнемі тоқтатпайды. Негізінде көрген түстерінің өңінде сол қалпында жүзеге аса бастауы- мен уаһи да түсе бастаған. Міне, алғашқыда түсіне қонақ болған Жәбірейіл періште енді басқаша хабарлар әкелетін болды. Бір хабар алдағы уақытта өмірі қосақталатын болашақ әйелі жайлы екен. Өйткені, бір түсінде уаһи періштесі Жәбірейіл жібек25 киген Айша анамызды меңзеп: – Мына кісі дүние мен ақыреттегі сенің әйелің, – деді26. 24 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\198 (25667); Байһақи, Сүнән 6\\204. Сонымен қатар, қараңыз: Бұхари, Салат 52 (464); Кәфалә 4 (2175), Фадаил 74 (3692), Әдәб 64 (5729). 25 Риуаяттарда түстерге қатысты кейде «сүттей ақ», кейде «зүмрүт жасыл» мағынасына келетін сөздер де кездеседі, үш рет болғаны аңғарылатын бұл түстердің кейбірінде Айша анамыздың ақ, басқаларында жасыл түсті жібек киіммен әкелінгені байқалады. 26 Тирмизи, Мәнақиб 63 (3880). Бұл некеден бірнеше жылдан кейін бір күні Алла расулы Айша анамызға былай дейді: 29
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Тағдырдың тағы бір мұраты айқындалды. Жиырма бес жыл бірге отасқан адал жары хазірет Хадишадан кейін Алла елшісіне әйел ретінде лайық болатын адаммен некелесетіні мәлім болды. Алла тағала діндегі отбасылық құпия жайттарға қатысты мәліметтердің үмбетке жеткізілуін қалап, пайғамбардың қасына адал жарды уахи арқылы өзі ұсынды27. Бұл кезең тағдырдың осы жазуы жүзеге асатын уақыт еді. Еш нәрседен хабарсыз Айша үшін алдағы күндерде өзін тосын сыйлар күтіп тұрды. Айша анамыздың алдынан үлкен сыйдың есігі ашылып, Алланың ең сүйікті құлының көңіліндегі ең айрықша орынды иеленді. – Түсімде үш рет көрсетілдің. Ақ жібек жамылғыда сені періште әкеліп, «Бұл сенің жарың» дегені есімде. Бетін ашсам, сен екенсің. Сол күні «Алла қалаған іс міндетті түрде жүзеге асады» деген едім. Қараңыз: Мүслим, Фадаилус сахаба 79 (2438) Басқа бір хадистерінде пайғамбарымыздың: – Неке қидырмай тұрып сен маған екі рет көрсетілдің, – дегені айтылған. Қараңыз: Бұхари, Табир 21 (6610), Никах 9 (4790), 36 (4832); Мүслим, Фадаилус сахаба 79 (2438); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\41 (24188), 6\\128 (25015) 27 Қараңыз:Фәузи, Жихан Рафат, Әс-Сәйидәту Айша уә тәфсикуха лис сунна 19. 30
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Үйлену туралы ұсыныс Хадиша анамыздың көз жұмғанына екі жыл өтті28. Үш қызымен29 қалған Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жалғыз тұрып жатты. Жағдайға қанық Осман ибн Мазунның әйелі Хаулә бинт Хаким30 бір күні іздеп келіп: – Үйленгіңіз келмей ме? – деп сұрады. Елу жастан асқан, хазірет Хадишадан айрылудың қайғысын әлі ұмыта қоймаған Алла елшісі оның бұл ұсынысына: – Кіммен? – деді. Хазірет Хаулә сөзді жалғап: – Бойдақ қызды қалайсыз ба, әлде жесір әйелді ме? – деп сұрады. 28 Пайғамбарымыздың Айша анамызбен некелескен уақыты туралы һижреттен бір жарым, екі немесе үш жыл бұрын, Хадиша анамыз қайтыс болғаннан кейін үш жылдан кейін (Бұхари, Фадаилус сахаба 50 (3606); Мүслим, Фадаилус сахаба 74 (2435), Хадиша анамыздың қайтыс болған жылы (Бұхари, Фадаилус сахаба 73 (3680)); Ибн Абдулбарр, Истиғаб 4\\1881) деген түрлі риуаяттар бар. Хадиша анамыздың қайтыс болған уақыты туралы деректерде үш, төрт не- месе бес жыл бұрын, пайғамбарлықтың оныншы жылы рамазан ай- ында және хижреттен екі жыл бұрын Шәууәл айында деген сияқты мәліметтер беріледі. Бұл риуаяттардың барлығы үшін қараңыз: Нәдәуи, Сиратус Сәйидәти Аиша 49. 29 Хазірет Османмен тұрмыс құрған Руқайя анамыз Хабашстанға һижрет еткендіктен сол күні расулалланың төрт қызы бір жерде емес болатын. 30 Ізгілігімен танылған және салиха әйел болған Хаулә бинт Хакимнің шыққан тегі пайғамбарымыздың аталарынан Құсай ибн Килабта бірігеді, осы жағынан Алла расулымен туысқан болып келетін. Лақап аты Үммү Шәрик болған хазірет Хаула Хуайла деп те аталған. Өзін Алла расулына арнағысы келгендердің бірі. Алайда, пайғамбарымыз мұны қабылдамаған соң Осман ибн Мазунға ерге шыққан. Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\409; Ибн Сағд, Табақат 3\\401; Ибн Хажар, Исаба 7\\621; Ибнул Әсир, Усудул ғаба 7\\93, 94; Миззи, Тәхзибул кәмәл 35\\164 31
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Әйелдің сөз саптауынан «Сіз қаласаңыз болды, қалғанын реттестіреміз» деген ой байқалғандай. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алды- мен бойдақтың кім екенін сұрады. – Жақсы көретін досыңыз Әбу Бәкірдің қызы Айша. Айшаны Жәбірейілдің көрсеткені есте. Бірақ нәби Алланың бір сыр ретінде өзіне білдірген аянын ешкімге айтпады. Екінші баламаны да білу үшін хазірет Хауләден сұрады: – Ал, жесір кім? – Мұсылман әйел Сәудә бинт Зәма. Шынында, айтқаны рас, хазірет Айша Алланың елшісін ең жақсы көретін шынайы жолдас, адалдықтың жаршысы болған хазірет Әбу Бәкірдің қызы еді. Ал, хазірет Сәуда болса Меккенің ең ауыр күндерінде иман келтіріп, дін еркіндігі үшін Хабашстанға һижрет жасаған әйел. Бірақ, өкініштісі сол, күйеуі Сәкран ибн Амр сол жерде көз жұмып, қайғы жұтқан хазірет Сәудә қайтадан Меккеге қайтуға мәжбүр болған. Екеуі де Хадиша анамыздың орнын жоқтатпайтын жақсы балама болатын, олардың ойын білу үшін пайғамбарымыз хазірет Хауләға қарап: – Ендеше, екеуімен де сөйлесіп көр, – деді. Алғашқы тоқтам Алдымен Сәуданың үйіне барған Хаулә бинт Хакимнің қуанышында шек жоқ. Пайғамбарымыздың қиындығын жеңілдететіндей жақсы іске себепші болғалы тұрғаны көңіліне қанат бітіргендей. Хазірет 32
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Сәудаға алып-ұшып жеткен ол Алла елшісімен тұрмыс құру жайында сыр ашты. Хазірет Сәуда салмақты, сенімді әрі байсал- ды әйел болатын. Азап пен қиындыққа толы өмір сүрсе де, Алла мен елшісіне деген шынайы сенімінен айнымаған әйел еді. Ақыретке тән нығметтерді бұл дүниеде тауысуға құмар болмай, басына келетін барлық қиындыққа қарсы сабырлылық танытуға белін бекем буған-ды. Еш күтпеген жерден келген мына бір ұсыныс Сәудаға «мүминдердің анасы» деген атқа иелік ету мүмкіндігін тудырған еді. Бұл ұсыныс күйеуінің қайғысынан әлі арыла қоймаған Сәуда сынды абы- ройлы әйелді қайғысынан арылтып, қиындықтарын ұмыттырғандай. Жолына барлық нәрсе құрбан болуға дайын тұрған Алла елшісімен бір жастыққа бас қою ұсынысы еді бұл! Мұндай ұсынысты қабыл алмау сірә мүмкін бе?! Алайда, қарт әкесінің қас-қабағына қарап отырған Сәуда бұл шешімді жалғыз өзі қабылдай алмай- тын. Әкесінің пікірін сұрауға өзінің батылы жетпей, хазірет Хауләні араға салды. Қарт кісіге барған Хаулә надандық дәуіріндегі кең тараған әдіспен сәлем беріп кіріп келді: – Бұл кім? – деп сұрады қарт. – Хаулә бинт Хаким, – деп жауап берді Хаулә. Таныды, бірақ көп келе бермейтін болғандықтан келген себебін сұрады: – Неге келдің? Бұйымтайыңды айт? Хазірет Хаулә тіке мәселеге көшіп: 33
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Мені Абдуллаһтың баласы Мұхаммед жіберді, Сәудәні өзіне сұрайды, – деді. «Абдуллаһтың баласы Мұхаммед!» деген есімді естіген кезде қария дереу бойын жиып: – Мінез-құлқы өте жақсы, кәміл әрі шыншыл адам ғой, – деді де артынан: – Ал, құрбың бұған не дейді? – деп сұрады. Бұл қарияның аталған мәселеге оң қабақ танытқанын білдіретін еді, Хаулә: – Ол да оң көзқараста, – деді. – Сәуданы бері шақыр. Хаулә дереу Сәуданы шақырды. Сәуда келген кезде әкесі хазірет Хауләні көрсетіп: – Мына әйел сені Абдуллаһтың баласы Мұхаммед сұрады деп отыр. Мұхаммедтің жақсы адам екенін білемін, сені соған берейік пе? – деп сұрады. Бұл жауабы бұрыннан белгілі сұрақ болатын. Басын изеген хазірет Сәуда ақырын ғана: – Иә, – деді. Хазірет Сәуда келісуін келіскеніменен жақындарынан бұған қарсылық танытқандар кездесті. Әкесімен сөйлескен күні Меккеде болмаған бауыры Абдулла ибн Зәма келіп, болған жағдайды ести сала қарсылық танытты. Өз еркімен қарындасын Мұхаммадул Әминге бермейтінін айтты31. Көкесі Сүхайл да оны қолдап, әдеттегідей шешен тілімен мұндай істің жүзеге аспайтынын баршаға жар салды. 31 Кейіннен Абдуллаһ ибн Зәма да мұсылман болады. Сол күнгі жасаған осы қылығына өкініш білдіретін. 34
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Екінші тоқтам Бұл жақта осындай жағдайлар болып жатқанда Осман ибн Мазунның әйелі хазірет Хаулә Әбу Бәкірдің үйіне де соқты. Үммү Румәнға қуанышпен былай дейді: – Әй, Үммү Румән! Алланың саған деген жақсылығын қарасаңшы, бұл не деген бақыт! Ештеңеден хабарсыз Үммү Румән таңданып: – Не үшін? – деп сұрады. Хазірет Хаулә да осы сұрақты күтіп тұрған еді: – Мені қыздарың Айшаны өзіне сұрау үшін Алла елшісі жіберді, – деді. Бұдан асқан бақыт болуы мүмкін бе? Жолына жанын құрбан етуге даяр Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызын сұрап отыр. Қуанғаннан не дерін білмей қалған Үммү Румән қанат бітіп ұшардай болды. Алайда, бұл қуанышына тосқауыл болатын бір жағдай есіне сап ете түсті. Бірнеше жыл бұрын хазірет Әбу Бәкір (р.а.) қыздары Айша туралы Мутғим ибн Адийге уәде бергені бар. Ол өкінген кейіп танытып: – Мен де осыны қалар едім, алайда Әбу Бәкірді күтуім керек, қазір келіп қалар, – деді. Үммү Румән күйеуінің мінезіне сыралғы әйелдердің бірі еді. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) уәде берсе болды, дүние аударылып кетсе де уәдесінен таймай- тын, сөзге тұрақты адам еді. Осы кезде Әбу Бәкір де үйге келеді. Өзін қуанышпен қарсы алған Үммү Румәнның жүзінен бір өзгерістің бар екенін байқады. Сол кезде Әбу Бәкірдің назарын өзіне аударған хазірет Хаулә: 35
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – «Әбу Бәкір, Алланың саған деген жақсылығы мен берекетіне қара!» – деп саңқ етті. Ол аң-таң болып, әлдебір тосын сый күтті. Хаулә Үммү Румәнға айтқандарын түгел хазірет Әбу Бәкірге де айтты. Бұдан асқан бақыт бар ма?! Алайда, Әбу Бәкір іштей қобалжыған сияқты. Өзін Алла елшісіне соншалықты жақын сезінгендіктен, екі жан жолдастың бір-бірімен осылайша туыстық қатынас құруына болып-болмайтыны туралы ойлады. Өйткені, надандық дәуірінде жақын жолдастардың бір-бірімен құда болуы мақұлданбайтын. Сондықтан да қызын меңзеп: – Айша өзі Алла елшісіне лайық па? Айша – оның бауырының қызы ғой, – деді. Бұл мәселені шешу де хазірет Хауләға жүктеліп, ол енді қайтадан Алланың елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) барды. Хабарды естігенде Әбу Бәкірдің үй іші қуанғанын да жеткізді. Жан жолда- сын алаңдатқан мәселені де білдірді. Негізінде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Иә» дегеннен кейін мұндай алаңдаушылыққа жол берудің де қажеті жоқ еді. Бірақ, сонда да пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хауләні қайтадан Әбу Бәкірдің от- басына жұмсап, оған былай деп ескертті: – Бар да оған: «Біз екеуміз бауырмыз, бірақ бұл дін бауырластығы және сенің қызың мен менің үйленуіме ешқандай кедергі жоқ, оған Ислам діні рұқсат етеді!» де32, – деді. 32 Қараңыз: Хаким, Мүстадрак 2\\181 (2704); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\210 (25810); Бәйһақи, Сүнән 7\\129 (13526) 36
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша Хазірет Хаулә бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын. Салып ұрып қайтадан Әбу Бәкірдің үйіне барып, Алла елшісінің хабарын жеткізді. Хазірет Әбу Бәкірдің жүзінен қуаныштың лебі байқалды. Ислам аясындағы осыншалықты жақындық енді туыстыққа ұласпақ. Дегенменен, тағы бір шешілуі тиіс мәселе кесе көлденеңдеді. Сәл ойланған Әбу Бәкір: – Біраз күте тұр, – деді де үйден шыға жөнелді. Оның Мутғим ибн Адиймен сөйлесуге кеткені белгілі еді. Негізінде Ибн Адий Әбу Бәкір исламды таңдағаннан кейін әуелгі ниетінен айнып, арадағы келісімнен бас тартқан болатын. Алайда, хазірет Әбу Бәкір (р.а.) оларға барып, соңғы сөзді өздерінің аузы- нан естіп, сенімді болғысы келді. Олар соңғы шешімді қабылдау үшін Әбу Бәкірдің келуін күткеннен басқа шара таппаған еді. Әбу Бәкір және Мутғим ибн Адий Әбу Бәкір қызы Айша туралы ойларын нақты сұрап, соңғы шешімді білу үшін Мутғим ибн Адийдың үйіне келді. Бірнеше жыл бұрын сөйлескен мәселелерін қайта қозғап, қызы Айшаның ұлдары Жүбәйрмен некелесуі туралы не ойлайтындарын сұрады. Соңғы уақыттағы діни жағдайларға байланысты көзқарасы өзгерген қарт Мутғим нақты бір нәрсе ай- тудан тартынғандай кейіп танытты. Алайда, хазірет Әбу Бәкір соңғы жауапты алмай кері қайтатын ниеті жоқ екенін білдіріп, тағы бір рет сұрады. 37
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Мәселенің маңызды екенін байқаған Мутғим ибн Адий әйеліне қарап: – Әбу Бәкірдің қызын аламыз ба, не дейсің? – деп соңғы сөзді соның айтқанын қалады. Бұл бәлкім өзі «жоқ» дей алмаған соң әйеліне айтқызғысы келгені шығар. Үйде айтқаны екі етілмейтін және баласын қатты жақсы көретін Мутғим ибн Адийдің әйелі де мәселені түсінді. Жаңа келген дін жайында көріп-естігендерін ұнатпағанын білдіріп хазірет Әбу Бәкірге жақындады да, бір қолымен баласын нұсқап: – Қызыңды әперсек, күйеубалаңды да өз сеніміңе тартарсың! – деді. Осы сөзден барлығы түсінікті болды. Хазірет Әбу Бәкірдің естігісі келгені де осы еді. Ибн Адийдың бұл шешіміне мұңаймақ түгілі қуанды. Алланың елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақындығын енді туыстыққа ұластыру үшін енді ешқандай кедергі қалмағанына анық көз жеткізді. Бір жағы келісімді өзі бұзбаған болды. Арада шешілмеген мәселе қалмағанын байқаған ол Мутғимге қарап, оның да пікірін алу үшін: – Ал өзің не дейсің? – деді. Ол әйелінің сөзіне ештеңе алып қоспайтынына ишаралап: – Айтқанын өзің де естідің ғой, – деді33. Бұл Ибн Адий отбасының соңғы сөзі болатын. Мутғим ибн Адийдың үйінен шыққан кезде хазірет Әбу Бәкір арқасынан ауыр жүк түскендей жеңілдеп қалды. Не де болса берген уәдесін өзі бұзбады. Бұл кездесу Айша анамыздың атастыру кезеңінің 33 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\210 (25810); Мүснәду Айша 312; Ибн Кәсир, Сира 2\\142 38
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша тәмамдалуымен бірге, жарқын бір болашаққа қарай жасалған қадамның бастамасын байқататын кездесу еді. Атастыру Өтіп жатқан әрбір минут тағатсыздана хабар күткен Үммү Румән мен хазірет Хауләнің уайымын арттыра түскендей. Екеуі бірдей жолға телміріп қараумен болды. Бір кезде отағасының келе жатқаны көрінді. Қуанып келе жатқанын жүрісінен-ақ байқауға бола- тындай. Тездетіп келген қалпы хазірет Хауләға: – Енді барып Алланың елшісін шақыра берсең болады, – деді. Осыншалықты шын ниетпен жасалған әрекеттен оң нәтиже шыққан еді. Енді Алла елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әбу Бәкірдің отбасына шақыру қалды. Хазірет Хаулә жүрегінің аптығын басып, байсалды қалыппен Алла елшісіне барды да болған жайттың барлығын баяндап, өзін күтіп отырғандар барын жеткізді. Бұл пайғамбарлықтың он екінші34 жылының Шәууәл айы болатын. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әбу Бәкірдің отбасына енді басқаша сезіммен келе жатты. Тіпті ұялғанынан борша-борша терге шомылды. Айша анамыз бен пайғамбарымыздың үйлене- тіндігі туралы келісім осылай жасалды. Мәһір ретінде 34 Бұл некенің хижреттен үш жыл бұрын жүзеге асқаны туралы риуа- яттар да бар. Қараңыз: Айни, Умдатул Қари 1\\45 39
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша жергілікті мәһрдің құнынан көп болып саналатын төрт жүз дирһам ұсынылды35. Осы күннен бастап хазірет Айша (р.а.) үшін жаңа бір кезең басталды. Бұл жалғанның ең бақытты адамы сол еді. Өйткені, Алланың ең сүйікті әрі таңдаулы құлының жары болу бақытын иеленді. Бұл өзіне жас шағында-ақ үлкен жауапкершіліктің артылғанын да білдіретін. Өйткені, ол нәбиге жар ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар барша мүминдердің анасы болу құрметін иеленді36. Аллаға ең жақын құлдың өмірлік серігі болып, қияметке дейін ешкімге нәсіп болмаған бақытқа бөленді. Айша анамыз бұл жауапкершілігін жақсы сезінді. Осы кезге дейін мұқият бақылаған уахидің келу жағдайларын, себептерін бұдан былай асқан қырағылықпен бақылап, болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларды мұқият есінде сақтайтын болды. Үммү Румәнға жасалған ескертулер Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әдеттегіше жан жолдасы хазірет Әбу Бәкірдің үйіне келіп-кетіп жүрді. Сол кезге дейін жалғасқан жолдастық енді неке арқылы нығая түсіп, екі отбасы 35 Қараңыз: Нәсаи, Никах 66 (3350); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\427 (27448) 36 Кейіннен келетін аятта бұл жағдай мынадай сөздермен түсіндіріледі: «Пайғамбардың мүминдердегі ақысы олардың өздеріндегі ақысынан көп. Әйелдері мүминдердің анасы болып табылады. Алланың кітабы бойынша туыстар мұрагерлік тұрғысынан бір-біріне басқа мүминдер мен мұхажирларға қарағанда жақынырақ. Тек достарыңа жақсылық жасаудан тыс, яғни достарыңа өсиетпен бір мұра қалдыра аласыз. Бұлар кітапта жазылған» (Ахзаб, 33\\6). 40
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша арасында мызғымас байланыс орнады. Бұл қарым- қатынастар Үммү Румән (р.а.) үшін де, қызы Айша анамыз үшін де ерекше қуаныш болатын. Айша анамыз осы некенің себебіменен Алла елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақыннан тану артықшылығын иеленді. Әсіресе, анасы Үммү Румән мойнына ауыр жүк артқанын сезінетін. Сондықтан қызының дұрыс тәрбие алуына бар күшін салды. Кейде өзіне ұнамайтын қылығын байқаса, Айшаға ұрысып та жіберетін. Отбасыларына жиі-жиі келіп тұратын аңғарымпаз әрі сезімтал Алла елшісінің назарынан бұл жағдайлардың ешбірі тыс қалмады. Тағы бір осындай оқиғаның үстінен түскен пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйдегі қарым-қатынастағы салқындықты сезіп, себебін сұрады. Үммү Румән қызы мен арасында өткен оқиғаны айтуға мәжбүр болды. Алла елшісі Үммү Румәнға қарап: – Айшаға жақсы қараңыз, мен үшін өкпелетпей- ақ қойыңызшы!37 – деді. Дәл осындай жағдайды тағы да бір күні байқаған Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айша анамыздың есіктің артына тығылып жылап тұрғанын көрді. Жүрегі езіліп, себебін сұрағанда, Айша анасы- мен арасында өткен жағдайларды айтты. Сонда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Үммү Румәнға қарап: 37 Хаким, Мүстадрак 4\\6 (6716) 41
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша – Сізге Айшаны ренжітпеңізші деп өтінбеп пе едім? – деді. Алланың елшісін ренжіткеніне Үммү Румән да қынжылды. Олардың ренішіне себеп отбасылық мәселе болатын. Айша анасы екеуінің арасында өрбіген бір мәселені Әбу Бәкірге айтқан еді. Бұндай жағдайларды естігенде әкесі ренжитін. Сол себепті хазірет Әбу Бәкір әйеліне ұрысты. Үммү Руман оқиғаның қалай болғанын нақты білдіргісі келіп: – Уа, расулалла, Айша арамыздағы бір сырды айтып қойды. Сол үшін отағасы бізге ашуланды, – деді. Жараның орнын тырнау кімге пайда берген?! Маңыздысы, ендігәрі оның қайталануына жол бермеу. Отағасы ретінде Әбу Бәкірдің өз үйіндегі жағдайдан хабардар болуы қалыпты. Дегенмен, ұнамсыз сөз бен дөрекі әрекеттерден аулақ тұру арадағы сырды ашып қоюдан да маңыздырақ. Осы себепті Алла елшісі өзін ақтап әлектенген Үммү Румәнға: – Мейлі, сонда да оны ренжітпеңізші38, – деді. Қасиетті көш Бұл неке туралы келісім жасалғанмен Айша анамыз әлі де әкесінің үйінде тұрып жатты. Бұл кездері Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айналадағы тайпаларды исламға шақыра бастады. Жәрмеңкелерді аралап жүріп, ақиқатты қабылдайтын көзі ашық адамдарды іздеді. Осы мақсатта Таифқа да 38 Хаким, Мүстадрак 4\\6 (6716) 42
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша барғаныменен көп кедергіге ұшырап, кері қайтуға мәжбүр болды. Алла елшісінің өмірінен орын алған, барлық қайғы-қасіретін ұмыттыратындай зор ілтипатқа жеткізген миғраж оқиғасы да осы кезде жүзеге асты. Қою түннің ортасында әл-Ақсаға барып, ол жерден жеті көктің арғы жағына сапар шегіп, сол түні қайтып оралды. Бұл оқиға Меккеліктердің дінге шабуыл жасаудағы жаңаша ұранына айналды. Өздерінің саяз саналарымен ойлап, терең иманның не екенінен мақұрым болған бұл бейбақтар мұны мүмкін емес деп біліп, адамдарды Алланың пайғамбарынан суыту үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлады. Бірақ, олар тағы да жаңылған еді. Иман мен күпірліктің арасындағы пердені алып тастап, мүминді одан да күшті иманға жеткізген, ал кәпірді күпірліктің тұңғиығына тарта түскен осы оқиғаның нәтижесінде хазірет Әбу Бәкір өзінің кіршіксіз адалдығын дәлелдеді. Болған жағдайларға осы отбасының бір мүшесі және болашақ пайғамбар жары ретінде Айша анамыз да куә болды. Меккелік мүшріктер бұған да мұрын тыжы- райтты. Соншама мұғжизаға куә болғандарына қарамастан тағы да қарсылық танытып, қысым жа- сауды доғармады. Бұл жағдайлар пайғамбарымыз бен жолдастары үшін Меккедегі күндердің аяқталғанын көрсетті. Расулалла түс көріп, Меккедегі мүшріктердің қоқан-лоққысынан құтылу үшін саха- баларына Мәдинаға көшуді бұйырды. Бірақ бұл көш соншалықты оңай жүзеге асатын нәрсе де емес еді. 43
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Алланың елші (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әбу Бәкірдің үйін өз үйіндей көретін. Бұл үйге бас сұқпай кеткен күні жоқ. Болып жатқан мәселелердің барлығында жан жолдасымен ақылдасып шешуге ты- рысатын. Бір күні әдеттегіден тыс түсте бас сұқты. Бәрі таңданып қалды, балалары жүгіріп барып әкелеріне хабар берді. Хазірет Әбу Бәкір досына сыралғы еді. Үйіне қай уақытта келіп, қай уақытта кететіні де өзіне бес саусақтай мәлім. Оның үстіне хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қылдай қиянатқа жол бермейтін жан. Сондықтан, дем алатын уақытта өзгелерді мазаламағанды жөн санайтын, адам құқын құрметтеу керектігін іспен көрсететін. Осылардың барлығына сақтықпен қарайтын Алланың елшісі тал түсте үйіне келіп тұрған болса, міндетті түрде маңызды мәселе бар деген сөз. Ішке кіре сала Алланың елшісі үйдегілерді меңзеп Әбу Бәкірге (р.а.): – Оңаша әңгімелессек деп едім, – деді. Дегенмен, Әбу Бәкірдің жанұясы сыр сақтауды жақсы білетін. Олар Расулалланың қасында жүрген аса сенімді жандар болатын. Сол себепті Әбу Бәкір (р.а.): – Жолыңа жаным құрбан, уа, Алланың елшісі! Олар өзіңе жақын адамдар, – деді. Расында, Әсма да, Айша да пайғамбарлықтың алғашқы жылдарынан бастап оларға ең жақын болып, ешкімге ләм-мим деп сыр ашқан емес. Өте маңызды мәселеге осылай екі қыз да куә болды. Алайда, хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) әлі де 44
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша досының келу себебін білмей, таңдана қарады. Сонда адамзаттың ардақтысы: – Меккеден шығып, һижрет жасауға маған да рұқсат берілді, – деді. Бұл хазірет Әбу Бәкірдің көптен бері күтіп, бірақ уақытын шамалай алмай жүрген нәрсесі еді. Меккенің ауыр күндері артта қалып, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сенімді бір жерге көшетінін естіген сәтте толқып кетті. Бірақ, бұл сапарда өзін Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) серік ете ме, жоқ па біле алмай алаңдады. Толқығанын жасыра алмай қобалжыған дауыспен: Мен сенімен біргемін бе? – дегенде, – Иә, екеуміз бірге көшеміз, – деген қуанышты хабарды естіді. Қуанғаннан көзінен жас сорғалап, іштейгі толқынысын көз жасымен шығарғандай болды. Төбесі көкке жеткендей, айрықша сезімді бастан кешті. Әкесінің бұл қуанғаны екеуін мұқият бақылап тұрған Айша анамыздың назарынан тыс қалмады. Әкесіне қарағанда, оның қуаныштан көзіне жас алғанын көрді39. Ендігі жағдай күрт өзгерді. Алланың елшісі де һижрет жасауға дайындалды. Осы сәттен бастап Әбу Бәкірдің жанұясында һижреттен басқа ештеңе айтыл- майтын болды. Айша анамыз әпкесі Әсма40 мен анасы Үммү Румәнмен бірге жол дайындығына кірісіп кетті. Хазірет Әсма мен одан он жас кіші сіңлісі хазірет Айша анамыз қасиетті көшке ең алғаш куә болған екі 39 Табари, Тарих 1\\569; Ибн Һишам, Сира 3\\11 40 Ол кезде жиырма жеті жастағы хазірет Әсма Зүбәйр ибн Аууаммен некеде болатын. Тіпті, һижрет кезінде Абдуллаһ ибн Зүбәйрге алты айлық жүкті еді. 45
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша кісі еді. Әкелері мен Алла елшісінің жол дайындығына қатысты, жол бойында тоқтайтын жерлері, ол жерден өздерін әкететін жол көрсетушіні сайлау, үш күн бойы жасырынып, қолайлы сәтті күтетін Сәуірдегі орында- рынан осы уақыт ішінде кімдердің келіп, қандай тап- сырма атқаратыны туралы мәселелерді жоспарлады. Ал мына жақта үш-төрт сахабаның Мәдинаға һижрет еткенін естіген меккеліктер де торуылдап, олардың жолға шығуына кедергі болды. Біреуінің малын тартып алса, біреуінің отбасын ыдыратып, біреуін жолдан кері қайтарды, бірақ қанша зорлық- зомбылық жасаса да ешкімді алған бетінен қайтара алмады. Ақырында, Дарун-нәдуа деген жиында соңғы шешім қабылдап, Мұхаммәдул- әминді өлтірмекке ұйғарды. Сол күні Мекке қаласы һижреттің екі жолаушы- сымен қоштасуға дайындалып жатты. Кететін уақыт таяғанда Әбу Бәкірдің жанұясы қатты қиналды. Ра- сулалламен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айрылысу кімге оңай?! Ал, Айша анамыздың қайғысы тіптен ауыр еді. Сол күннен бастап оның құлағы сырттан келетін хабарға түрік жүрді. Меккеліктердің айуандықтарына куә болған сайын үрейлері арта түсіп, ұшқан құстан да хабар күтетіндей дәрежеге жетті. Өйткені, дәл сол өлтіру жоспарын жасаған сәттерінде Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айрылып қалғанын түсінген меккеліктер ашуға мініп, оларды өлідей не тірідей әкелген адамға жүз түйе сыйақы тағайындады. Әбу Жәһіл дереу олардың үйіне барып, әкелерінің 46
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша қайда екенін сұрады. Білмейтінін айтқанда, Әбу Жәһіл аяғы ауыр Әсманың жағынан шапалақпен салып жіберді41. Олар шынымен де білген жоқ. Үйден шығып кетті, бірақ қайда кеткені туралы жақ ашпады. Қыздарының өзі бір хабар білгісі келді. Бірақ хабар алу мүмкін бол- мады. Бірде Қағбаға жиналған көпшілік Әсманың наза- рын аударды. Жақындап барып сөздеріне құлақ салса, бір кісі жол көрсетушісі бар екеудің Ясриб жақты бетке алып суыт кеткенін айтты. Әсма анамыз естігендерін үйдегілерге жеткізді. Екеуінің мүшіріктердің қолынан аман-есен сапарға аттанып кеткенін аңғарып, бәрі терең тыныстап, мүшріктердің бар айла-шарғысы мен қарсылығына қарамастан екеуін қорғаған Аллаға шүкіршілік етті. һижрет Арада үш ай өтсе де, Мәдинаға кеткен екеуден хабар болмады. Күткеннен басқа шара жоқ. Хабар күткендердің арасында пайғамбарымыздың қыздары да бар еді. Бұл күндер олар үшін жылға тең болды. Күндіз-түні сарғая хабар күтіп жүрді. Ақыры бір күні ағалары Абдуллаһтың өздеріне қарай қуана адымдап келе жатқанын көріп, жақсы бір хабар бар-ау деп топшылады. Әкелері Әбу Бәкір хат жіберіп, отбасы мүшелерін де Мәдинаға шақырыпты. Хатты Зәйд ибн Хариса мен Әбу Рафи әкелген екен. 41 Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиәтул әулия2\\56; Ибн Һишам, Сира 3\\14. 47
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бұл сапарда қастарында һижрет жолының жол көрсетушісі Абдулла ибн Урайқит та бар еді. Баласы Абдуллаһқа жазылған бұл хатта анасы Үммү Румән, қос қарлығашы Айша мен Әсманы ертіп, Мәдинаға һижрет жасау туралы жазылыпты. Бұған қоса, Аб- дулла ибн Урайқиттің жетегінде хазірет Абдуллаһқа жіберілген екі-үш түйе бар болып шықты. Әбу Рафи мен Зәйд ибн Харисаның міндеттері де анықталды. Алла елшісі ол екеуіне екі түйе мен бес жүз дирһам ақша ұстатып42, Меккеде қалған қыздары Үммү Гүлсім мен Фатима (р.анһумә)43 және Сәуда анамыз бен Үммү Әйманды алып, Әбу Бәкір отба- сымен бірге Мәдинаға әкелуді тапсырды. Кішкентай Усама да бұл сапарда анасы Үммү Әйманның қасында болады. Дайындық жасалып, Меккеліктердің көзіне түспейтін уақытта барлығы бірге жолға шықты. Расу- лалладан бір елі ажырамау үшін Мәдинаға қарай жол тартып бара жатты. Қиындықтардың барлығын артқа тастап, еркіндікке қарай адымдай басқан ауыр сапар басталып та кетті. Жол түрлі-түрлі тосын сыйларға толы еді. Мек- кеден енді шығып, Минаға келгенде Талха ибн Убайдуллаһқа кезікті. Һижрет жасауға шыққан беті 42 Сол күні пайғамбарымыздың Әбу Бәкірден бес жүз дирһам қарыз алғаны айтылады. Қадид деген жерге барғанда хазірет Зәйд осы ақшаға үш түйе сатып алады. Сапарға осы түйелермен шығады. Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 9\\227; Зәһәби, Сияр 2\\152. 43 Бұл кездерде Руқая анамыз хазірет Османның, ал Зейнеп анамыз Әбул Астың әйелі болатын. Жіберген хатында расулалла Зейнептің де келгенін қалапты. Алайда күйеуі Әбул Ас бұған рұқсат бермей, Зейнеп анамыз сол күні бауырларымен бірге хижрет жасай алмады. 48
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша екен. Алғашқы күндері Алла елшісінің қасынан табылған сенімді адаммен кездесуге бәрі қатты қуанды. Сөйтіп, барлығы бірге Мәдинаға қарай жол тартты. Бір кезде Айша анамыз мінген түйе құтырып, керуеннің қатарынан бөліне қашты. Анасы Үммү Румән бұған алаңдап, қорқып кетті. Мүминдердің анасы әрі Алла елшісінің болашақ жары Айша (р.анһа) асыл аманат болатын. Сондықтан ешқандай залал тигізбей, иесіне тапсыру керек еді. Қатты алаңдап: – Қызым бірдеңеге ұшырап қалмасын, – деп да- уыстады. Дауысынан қызына деген сүйіспеншілігі мен аналық мейірімін байқау қиын емес еді44. Алайда аласұрған түйе ешкімге жеткізбей шауып бара жатты. Артынан қуалағанменен жеткізбесі анық еді. Үммү Румән қызы көштен алыстап бара жатқан сайын жарұшыра дауыстап: – Бұйданы жерге таста! – деді. Жерге түскен бұйда бір нәрсеге ілініп қалса, түйе алысқа кете алмас деп ойлады. Айтқандай, жерге тасталған бұйда жолда бір бұтаға оралып қалды да, түйе алысқа ұзамай тоқтады45. Абыржып азан-қазан болған көштегілер құтырған түйені тізгіндеп, керуенге қайта қосып, сапарды қайта жалғастырды. 44 Қараңыз: Хаким, Мүстадрак 4\\5, 6 (6716); Ибн Сағд, Табақат 2\\63; Табарани, әл-Мұғжамул кәбир 23\\183 (296); Хәйсәми, Мәжмәуз зәуәид 9\\366; Зәһәби, Сияр 2\\152; Ибн Абдулбарр, Истиғаб 4\\1936. 45 Қараңыз: Табарани, әл-Мұжамул кәбир 23\\183 (296); Хәйсәми, Мәжмауз-зәуәид 9\\366; Тахмаз, әс-Сәйидәту Айша 27 49
Барша мұсылманның ардақты анасы − хазірет Айша Бұл сапар аяғы ауыр Әсма анамызға ауыр тиді. Кубаға келген кезде тіпті жүруге әл-дәрмені қалмады. Толғақ қысқан Әсманың жағдайын байқаған көштегілер Мәдинаға аз қалса да тоқтауға мәжбүр болды. Сөйтіп, осы сапар үстінде дүниеге Абдуллаһ деген ұл келді. Дүние есігін жаңа ашқан хазірет Абдуллаһ һижрет жолаушыларынан бұрын Мәдинаға жеткізіліп, бәрінен бұрын Алла елшісінің алдына әкелінді. Бұл нәресте хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пен Әбу Бәкір жанұясының Мәдинаға жеткенін білдіретін хабар еді. Жүзі жадырап, қолына баланы алған пайғамбарымыз нәрестенің атын Абдуллаһ деп қойды. Сосын бір құрма алдырып, шайнады да, баланың таңдайына дәм татқызды (тахниқ). Айша анамыздың жиені хазірет Абдуллаһтың алғаш татқан дәмі пайғамбарымыздың мүбәрак сілекейі араласқан құрманың осы суы болды. Осыдан кейін кішкентай Абдуллаһқа жақсылық тілеп, дұға етті46. Бұл сәби аты әйгілі сахаба Абдулла ибн Зүбәйр болатын. Оба Бұл мүбәрак көш үш айлық сағынышын арқалап, алып-ұшып Мәдинаға да жетті. Бұл кезде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешіт құрылысымен айналысып жатты. Меккедегі қиындықтар артта қалып, қыспақтан құтылған мұхажирлердің қуанышын төтеннен келген 46 Қараңыз: Бұхари, Мәнақибул ансар 45 (3909, 3910); Мүслим, Әдәб 25-26 (2146); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\\54, 206 50
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 464
Pages: