мойнын бұрмастай сырт айналмайды, енді жан арпалысына түседі. Өзімен-өзі күреседі. Өз отына өзі өртенеді. Бірақ, жанып кетпейді. Бір махаббат драмасынан құтылар құтылмастан тағы бір махаббат драмасының ішіне кіреді. Яғни, тағы да ғашық болады. Құдай-ау, бірде-бір беті қайтпайтын, бұл неткен өжет, бұл неткен қажымас- қайратты махаббат! Басына қаншама соққы тиіп, қаншама таяқ жесе де қайтпайды-ау, қайтпайды! Күйеуден бозым үстем ет Жігітке сын ба, қалған сын, Ерніңнен үнсіз тістелеп Үстіңнен төніп сүйгенде Жағымнан тартып қалғансың. Ал сонда кімді қаусаттың, Қаусырды қазір жыр мені. Жағыма тиген саусақтың Жүзіме емес, жаным-ау, Жүректе қалды іздері. Бірақ, ақын шапалақ жесе де, не қызды, не өзін айыптап, кінəлап жатпайды. Өйткені, «Жыласа былай шыға өзі жылар, Ақындар сүйген қызын жылатпайды». Бұл оның өмірлік кредосы. Сондықтан болса керек оның махаббаты – қаншама сəтсіздіктер мен өкініштерге толы бола тұра сүртілген шыныдай тап-таза, таңғы шықтай мөп-мөлдір. Жастық шағында өткен, тіпті олар сəтсіздіктер мен өкініштерге толы бола тұра, тамсанған сайын тамсандыра беретін, жан лəззаты мен жүрек құштарлығына шүпілдеп тұрған махаббат пен ғашықтық сəттерді еміне, егіле, кейде сөгіле жырлаған Қасымхан Бегманов заман мен уақыт алдындағы міндеті мен борышын, парызы мен қарызын бір сəт те есінен шығарған емес.
Тура жолда сүріндім де, құладым, Көкке қарап, бойға қуат сұрадым. Көңілімнің ағыта алмай бұлағын, Ақ қағазда... өксіп-өксіп жыладым. Кеше ғана атушы едік сақаны, Қайда дейтін... Қырығың да тақады. Ақ кемпірдің жүзіндегі əжім мен Ақсақалдың ойландырды сақалы. Ақын толысты. Ақын кемеліне келді. Уақыттың қабағына, заманның ажарына зер салды. Алыс-жұлысы да, тартыс-таласы да көп мына өмірдің алағай да бұлағай кезеңдерін де, ыстық-суығын да, ащысы мен тұщысын да көрді. Өрге ұмтылсаң етегіңнен тартып, еңіске түссең одан сайын еңсеңді езіп жіберуге даяр не деген қатыгез қатал заман бұл?! Адам біткен бір-бірінің абыройын айрандай төккеніне, бір-бірін жерден ап, жерге сап аяусыз жəбірлеп жатқанына мəз. Бір-бірін қабірге тықпай, бір-бірінің қадіріне жетер емес. Таң атады, күн батады, Қара жер де айналар. Қатал тағдыр тіл қатады, Көкіректі қайғы алар. Бақыт сенің қолдарыңда, Күндер келер арайлы. Жүріп өткен жолдарыңда, Өсек қардай борайды. Қанаттылар барады ұшып, Уақыт шіркін зырлайды. Қара түнде қара мысық,
Көкіректі тырнайды. Іштен тынды-ау талай дана, Қос ішектей септесер. Жер басарсың қалай ғана, Қадіріңе жетпесе ел. Бұл өлеңнен бұрынырақ жазылған басқа бір өлеңінде айтқандай, «алты қапты жарып шығар кездікпін» десе де, өмірдің өсегі мен жаласына, əділетсіздігі мен аярлығына адам жаны шыдас берер ме?! Ең сұмдығы, ақ тер, көк тер боп адал еңбек етіп, оған барыңды да, базарыңды да қиып бергенде, артыңнан айтақтап ит қосып, алдыңнан қақпан құрып, үстіңнен қиқулатып құс ұшырып жататыны қалай?! Мұндайға жан да, тəн де төзер ме?! Олай болса, ақын байғұс жоғарыдағыдай қамыға, жабыға өлең жазбай қайтеді?! Бүкіл ғұмыры алыс пен жұлыстан, тартыс пен таластан, шаппа-шұп айқастан тұратын бұл пенде ғұмыры тек қана пəнилік өмірден бақилыққа кеткенде ғана байыз табатын болса керек. Өз өмірінде көп нəрсені көріп, көргенін көкейіне əбден түйіп алған Қасымхан да мұны бір кісідей біледі. Біледі де, туған жердің төсінде төмпешік-төмпешік боп баракат тауып жатқан аруақтардан ғана рухани демеу тапқандай болады. Өйткені, мақаламыздың басында қайта-қайта тəптіштеп айтқанымыздай, өткенсіз бүгін де, ертең де жоқ. Болмақ та емес. Олай болса, біз де мақаламызды Қасымханның бəйіттей естілетін бейіттер туралы өлеңімен аяқтағанды жөн көрдік. Бейіттерге қонды тағы кептерлер, Кептерлерім, алысқа ұшып кетпеңдер. Төмпешіктер деп қарама жай ғана, Бұның бəрі кеше өмірден өткендер, Айналайын кептерлер. Мəңгілікке осында орын тепкендер, Тылсым сырды сезгендей ме кептерлер.
Кептерлерге мұң шаққандай көрінді, Алуан адам талай келіп кеткен жер. Бейіттерді аяқ асты етпеңдер, Моншақ көзді үрікпейді кептерлер, Дəм-тұз бітсе біз де барар орын ғой, Бал өмірді қимай-қимай өткендер. Сан айналар шыр көбелек көк пен жер, Біздер əлі кездесеміз, кетпеңдер. Бұл бейітте жатыр жақсы адамдар, Қоштасайық, қош болыңдар, кептерлер. Қоштастым мен жанарымнан жас парлап, Дүние-дəурен, басымыздан қашқан бақ. Бейіт қорып жүрген нəзік құстарым Бірте-бірте бара жатты аспандап. Бұл жолдардағы кептерлер пəни мен бақилықты жалғастырып жүрген рухтар ғой. Рух өлмесін! “КӨҢІЛІМДЕ МЫҢ ƏБІГЕР, МЫҢ СҰРАҚ” Қазір не көп? Баспа көп. Қазір не көп? Сол баспалардан шығып жатқан кітап көп. Қазір не көп? Өлең көп... Бүгінде олардың бəрін қадағалап, бəріне баға беру мүмкін емес... Сонымен бірге ол кітаптарды, мемлекеттік тапсырыстан тыс, өз ақшаларымен шығарып жатқандары қаншама?! Олардың көптігіне қуана отырып... кейде қатты торығып, күйінесің. Сол топан кітаптарды қарасаң, əдебиетке деген талаптың төмен түсіп кеткенін, талғам-таразының бүлінгенін көре тұрып қалай
күйінбессің. Өлең деген қасиетті ұғым еріккендердің ермегіне айналып бара жатқандай. Ғұмыры өлең жазып көрмеген, оның табиғатынан мүлде мақұрым адамдар зейнеткерлікке шығып алып, балалары немесе жақын-жуықтарының демеуімен, том-том өлең кітаптарын шығаратын болып алды. Содан бүгінде қасиетті өлең қадірі де, ақын қадірі де қашып барады. Тағы бір өкініштісі, сондай талаптың кеміп, талғамның бүлінуінің кесірінен, өлеңді өмірім деп білетін ақындар да рухани қатты зардап шегуде. Айтылмайды. Аталмайды. Көңілден де, көзден де таса қала береді... Сондай ақындардың бірі, өлеңге де, өмірге де шын пейіл адал қызмет етіп келе жатқан Болат Шарахымбай. Бір байқағаным оның көзі көреген. Құлағы сақ. Жаны сергек. Сон-о-у аспан астында... Қазығұрттай тектілімнің күрсінгенін естідім, Кеудесінің түбінде дүрсілдерін естідім, Бозатаны боз жусан боздағанын естідім, Жүрегінің түкпірін қозғағанын естідім, Қарғыбаусыз қара бұлт ашынғанын естідім, Найзағайы нарттай боп шошынғанын естідім, Безіп жүрген... дауасыз безгелдегін естідім, Бос шелектей дүниенің безбендерін естідім. Кəрі Қазығұрттың күрсінгені мен оның кеудесіндегі дүрсілдерді, найзағайлардың шошынғаны мен дүние безбендерінің бос шелектей даңғырап кеткендерін ести алатын ақынды қалай сен сергек дей алмайсың?! Заман лебін, уақытдемінтылсымтүсініктерарқылысезінебілу, сол арқылы сенің жаныңда да құпия бір құбылыстардың шоғын үрлеп, отын тұтатып жіберу ақынның ақынының ғана қолынан келсе керек. Шын өлең– қашанда құпия. Онда тіпті арбап алатын сиқырлық, бір сəтке болсын есіңді алып дуалап тастайтындай магиялық қуат болуы əбден мүмкін. Өйткені, ол жансызға жан, тілсізге тіл бітіре алады. Шырпысыз от
жағып, қашаусыз тас жара алады. Ең бастысы, ақын соған сендіре білуі керек. Мəселен, Cіз ақынның “Қазығұрттың күрсінгенін естідім” деген сөзіне, сөз жоқ, бірден сенесіз. Ешқандай күдік, күмəнсіз бірден қабылдайсыз. Оны cезгенде де, санаңыздың арғы түкпірінде жасырын жатқан түйсік арқылы сезесіз. Өйткені, Қазығұрт – азап пен мехнаттан тұратын ғасырлар куəсі. Оған уақыт пен заманның қайғысы мен қасіретінің табы сіңген. Олай болса, Қазығұрт қалай күрсінбесін. Ол күрсіністі Болат Шарахымбай қалай естімесін?! Ақын айнала тіршіліктің тұла бойында болып жатқан сан қилы құбылыстарға үңілу үшін, ең алдымен, өзіне үңіле білу керек. Өйткені, өзіңді танымай, өзгені тану қиын. Солай бола тұра, өзіңді тану оңай шаруа емес. Себебі, өзіңді тану үшін, өзіңді отқа да, суға да салуға тура келеді. Қолыңнан ол келе ме?! Əй, қайдам... Бұл көп ақынның қолынан келе бермейді. Олардың көбі күпсіп, күмпілдеп сөйлеуге құмар. Дағарасын қағып, даңғазаланып кетеді. Мен ондаймын, мен мұндаймын дегенде Алатауды айырып, Қаратауды қайырып жібереді. Орнымен болса екен-ау. Орынсыз. Ал, Болат Шарахымбай өз өкініштерін ешқандай бүгіп-жасырмастан жұрт алдында ақтарып жайып салады. Сезімім бар еді Буынсыз тілге былғатып алдым. Төзімім бар еді, Қай жерде, білмеймін, ұрлатып алдым. Шүкірім бар еді Тіршілік итке талатып алдым. Үкімім бар еді, Үзіліп-талып құрғатып алдым. Тəңірім бар еді, Табансыз тұста тонатып алдым. Жарығым бар еді, Жол айрықтарда жоғалтып алдым. Сабырым бар еді,
Сайқал тағдырға сабатып алдым. Анығым бар еді, Оны да, құрғыр, сорлатып алдым. Бұл өлең – өзіңе үңілдіретін өлең. Ойландыратын, толғандыратын өлең. Құрықсыз, жүген-ауыздықсыз кеткен қым-қуыт мына заман, ең алдымен, адамды аямайды. Жаныштап езіп жібереді. Табанға салып таптайды. Таптап-таптап бар асыл қасиеттеріңді тонап алады. Сенбесеңіз, айнала қараңызшы. Сезімі былғанбаған, төзімі ұрланбаған адам бар ма? Шүкірінен, үкімінен айырылып қалғандар қаншама. Тəңірі мен жарығын жоғалтып алғандарда есеп жоқ. Сабырын сабатып, анығын сорлатып алғандар ше? Мұның бəрін күнделікті көріп, біліп отырмыз. Ақын өз бойындағы өкініштердіжалпыадам, қоғамбойындағыөкініштермен жалғастырып, салаластырып, сабақтастырып жіберген. Мұндай кезде дəрменсіз күйге түскен ақын байғұс не істеу керек? Дəтке қуат таба алмаған ол, сөз жоқ, күйінеді. Күйініп қана қоймай, безінеді. Сондықтан да ол: Заманауи запыран, Сенен қашып барамын. Тасұр-тұсыр тапыраң, Сенен қашып барамын. Өгейленген өлеңім, Сенен қашып барамын. Керегі жоқ керегім, Сенен қашып барамын,– деп бəрінен сырт беріп, бəрін де көрместей боп беті ауған жаққа лағып кеткендей болады да: Қайда барам қашқанда?! –
деп амалсыз күй кешіп, тұйыққа тірелгендей хал кешеді. Бірақ, ақынның не болғанда да, салы суға кетіп, үміті мүлде үзіліп қалмайды.Рухани таяныш, рухани ұстын іздейді. Олай етпесе, ақын ақын болар ма? Енді ол өзегін өртеген өкініштерін ысырып тастап, тіреліп қалған тұйықтан шығып, дүр сілкінеді. Кер маралдай келісті Еңселігі еңісті, Сүйегі асыл сүлей-дүр, Дүрегейдей дүлей-дүр, Қандай еді тұрысы Айбаты жауын жасытқан, Айбыны қанды тасытқан, Қайқайып тұрған қылыш-ты. Алшайып жүрген ырыс-ты. Тұлғасына тамсанып, Елесіне арбалып, Келбетіне қарасаң, Шімірікпес шегір көз Өңменіңнен өтердей Көкжал жұмыр қылыш-ты. Уа, Махамбет! Сол екен оның əп-сəтте тұла бойын керемет бір күш-қуат кернеп бара жатты. “Айбаты жауын жасытқан, Айбыны қанды тасытқан” баба Махамбет осындай болғанда, мен кім болмақпын? Махамбеттей ұлы рух бар кезде, мойныма су кетіп, бозымбай, болбыр тіршілік кешуім қалай? Ақын енді лап етіп жанып, жарқ етіп, жалт ойнатып шыға келеді. Енді оның екпіні селдей дүлей, жөңкілісі сеңдей қуатты.
Сен – тасқайрақ, мен – кекпін, Сен – адырна, мен – оқпын, Сен – шақпақ та, мен – отпын, Сен – бозқоза, мен – шоқпын, Сен – Салпыншақ Мен – дойырмын алтын сап. Сен – көк сүңгі бойлаттың, Мен – көк байрақ байлаттым. Байлатқанның белгісі: Махамбет атты батырдың, Махамбет атты ақынның Сарқытын ішкен Тфə! Тфə! Қайраулы Қазығұрттағы қайрақпын! Өткен заманның өлмес рухын бойына құйып алған ақынның көзі енді бұрынғыдан да жіті, бұрынғыдан да өткір. Енді ол мына заманның жерінің шетінде, желінің өтінде. Оның көзінен ештеңе де қалыс қалмақ емес. Енді ол бəрін-бəрін де жаны мен жүрегінен бұрынғыдан да гөрі молынан өткізіп, молынан қорытуы керек. Мұндайда туған жердің əрбір ағашынан да құтырып тұрған уақыттың мінезін тани алатын қасиетке ие бола білген жөн. Қайраты қайтқан, қажыған Жел тұрды. Ауыл. Кешқұрым. Қамыстың шерлі даусынан Сыбызғы үнін естідім. Диірмен–жел жетті еңкілдеп,
Ауызды салды алқымдап. Қара тал тұрды селкілдеп, Кер емен кетті қалшылдап. Бəрін асап, бəрін ұн қылып тартып жатқан уақыттың диірмен–желінің екпінінен сен де селкілдеп, сен де қалшылдап бара жатасың. Болат Шарахымбай, негізінен, өзі көрген құбылыстар мен əрекеттерін дəл осылай бейнелеп бергенді қалайды. Тағы да ол бейне суреттері жасандылықтан ада, соншалықты жанға жақын, соншалықты табиғи. Мұны айыру үшін мынандай мысал келтіре кетейін. Мəселен, үйіңдегі темір шүмектен тырс-тырс етіп тамшы тамып тұрғанын тыңдап көріңізші. Сəлден кейін-ақ ол сіздің миыңызды шағып, жүйкеңізге тие бастайды. Əрі-беріден кейін қажытып, шаршатады. Енді жаңбырлы күнгі терезеңізді тырс-тырс етіп қағып тұрған тамшының үніне құлақ түріңіз. Əсер мүлде басқа. Жаныңыз да, жүйкеңіз де демалады. Айырмасы жер мен көктей. Сондықтан да мен аузын ашса көмейі көрінетін Болаттың табиғи болмыс-бітіміне де, сол болмыс-бітімнен туған өлең-жырларға да қызығып қараймын. Шын ақын– өзі өмір сүріп жүрген қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Тіпті онымен біте қайнасып біртұтас болып кетеді. Яғни, қоғам дерті – оның өз дерті. Мұндайда ол дүниені қараң қалдырып, мүлде түңіліп сөйлеуге хақылы. Осы шақпен сөйленетін ол өлеңдерден Сіз өткен шақтың тағдыр-талайын да көре аласыз. Яғни осы шақ пен өткен шақ бірге құйылған. Ажыратып, айыра алмайсыз. Өткеннен осы күнді, осы күннен өткенді танып-білесіз. Оқиық. Уытым у болды. Рухым күл болды. Кең дүнием тар болды. Көрген күнім қор болды. Миымды су алды. Жүрегім тоналды.
Екі көз төрт болды. Өзегім өрт болды. Аспан да адасты. Жұлдызым жоғалды. Намысым нас болды. Бүйрегім тас болды. Шындығым шейіт болды. Елдігім ғайып болды. Ырысым кетті. Өрісім өтті. Талқаным шықты. Бітерім бітті... Бұл – ескерту-өлең. Өйткені, не болғанда да, бүгінгі күніміз дəл осындай күйреп, құрдымға кеткен жоқ қой. Дегенмен, ақын деген кейде жұртты осылай шошытып та сөйлеу керек. Шошытып, үркіте сөйлеудің ықпалы кей-кей кезде қайрат беретін сөздерден де зор болады. Далақтап кеткен етек-жеңіңді тез жиып, құз басындағы қырандай тас- түйін боп отыру үшін керек. Бұл өлеңді ескерту-өлең дейтініміз содан. Қарап отырсақ, Болат Шарахымбай махаббат тақырыбына да аз өлең жазбапты. Ол өлеңдерді оқып отырсақ, махаббатының ерен қуатқа, тасқынды екпінге ие екендігіне куə боласыз. Өн бойынан үлкен сілкініс, ірі бұлқыныс лақ етіп ақтарылып төгіледі. Алағай да бұлағай аласапыран күй кешеді. Өзіме-өзім жасай алмай айла түк, Жарықтарды жарып келем жайратып. Бір құдірет жүрегімде жатқандай Асыр-тасыр қара қазан қайнатып. Бітті бəрі,
Отқа түспей, өртенбей! Бұл дүниенің рахаты бекердей. Мың ышқынып, орыныма мың қонам, Өз денемнен өзім шығып кетердей. Осындай үдірісті, осындай атқақтаған сезім сілкінісінен кейін, ғашығымен кездескен ақынның көңіл-күйі қалай болды дейсіз ғой. Кеудең келіп кеудеме тұншыға ма-ай, Одан əлсіз... Əдемі үн шыға ма-ай: Көлге тамған тамшының шолпылы сияқты; Менің сорлы сезімтал солқылым сияқты. Аққудың сұңқылдағаны сияқты, Бұлақтың сылқылдағаны сияқты. Үн мен ымның сезімтал пернелері бірінен соң бірі жымдаса өріліп, бірінен соң бірі жамырап төгіліп жатқандай неткен жарасымды əуен мен əуездер! Қылымсыған қылықты ноталардың қыл ішектегі нəп- нəзік, жіп-жіңішке дыбыстарындай. Осы бір шүпілдеген мөп-мөлдір сезім тұнығынан мейірі қанғанша сіміріп алған ол Хан тəңірі тауына көз салып, басқаша толқыныс пен тебіреніске түседі. Беу, тарпаң мінез тарлан тау, Маңғаз-маңғаз нар шөккен. Бізден де ол бір қалған тау, Өткен күндей жалт еткен. Өмір, бақсам, жол екен Жалғыз аяқ, жол соқпақ. Шындық деген сол екен: Айырық жолдың бойында,
Көне шаһар Алмалықтың ойында Бар мен жоқты баяғы Жүретұғын салмақтап. Кеңсай жаққа қарасам, Тізбек-тізбек шұбатылған қалың ел Бір жүреді, бір тоқтап. Аспан жаққа қарасам, Құс ұшады бұлғақтап. Заман, сені қайтейін?! Қырық бұрау қобызымның зарынан Қырық жамау жасқа толды етегім. Тауға дауыс шығарсам, Өз дауысым Өзімді Қайталайды. ... Не етемін?! Ау–у–у, Хантəңірі– і–і... Ақын жанын жарып шыққан заман мен уақыттың бүгінгі монологі ғой бұл. Бəріміз құлақ түріп тыңдап тұрмыз... II. «АЛТЫНКӨПІРЛІКТЕР» (Қазіргі жастар поэзиясы хақында) БАСТАУ СӨЗ Елiмiз тəуелсiздiк алар тұста да, алғаннан кейiн де бiраз уақытқа дейiн мына заман аласапыран күйге түсiп, түрлi саяси, əлеуметтiк
сапырылыстарды басынан өткердi. Талай-талай күрмеуi тас түйiн дағдарыстар мен ауыр да азапты күйзелiстердi көрiп үлгердiк. Мiне, сол кезеңдерде көбiмiз, соның iшiнде, өзiмiз де бармыз, əдебиетiмiз тоқырауға ұшырап тұр деп алқынып айтып та жаттық, жарыса жазып та жаттық. Бұл сөздiң шындығы да бар едi. Əдебиеттiң ауыр артиллериясы болып саналатын проза жанры, əсiресе, жаңа заманды бейнелейтiн роман, хикаяттар дүниеге келе қоймады. Аспан жерге түсiп, жер аспанға шығып кеткендей аласапыран заманның түр-түсiн, мiнез-құлқын танып-бiлу, оны көркем қорытудан өткiзiп, сомдап, мүсiндеу үшiн ол кезеңдерден берiрек алып кететiн уақыт алшақтығы қажет болатын. Солай болып шықты да. Қазiр ел үшiн талмауыр тұс болған сол бiр қиын кезеңдердi сипаттап, суреттей алатын роман, хикаяттар жазылып, жариялана да бастады. Мен өзiм өлең жазатын адам болғандықтан, əрине, алдымен бақылайтыным да, бiрден көз салатыным да поэзия жанры ғой. Мен, сөз жоқ, күнделiктi баспасөз арқылы поэзияның сол жылдары да, онан кейiн де бiрде-бiр үзiлiп қалмай үздiксiз жұмыс iстеп жатқанын көрiп те, бiлiп те отырдым. Бiрақ, несiн жасырып, жаба тоқимын, əдебиетке тоқырау келдi деп толассыз айтылып жатқан көпшiлiк хорға қосылып кеткен өзiм де бiраз уақыт сол ойдың шырмауында қалған болатынмын. Поэзия тiнiнiң үзiлмегенiн бiле тұра дүдəмал күй кешкенiмдi бүгiн ендi жасыра алмаймын. Дүдəмалдың аты – дүдəмал. Онда күдiк те, үмiт те болады. Əрi тарт та берi тарт сол бiр күйде бiршама уақыт жүрдiм де, ақыры не күдiгiмдi, не үмiтiмдi бекiтейiн деген ниетпен, алдымен тəуелсiздiктiң алғашқы жылдарында, сонан кейiн жаңа ғасырдың о жақ, бұ жағында əдебиетке келген жастардың шығармаларын мұқият оқып-бiлуге кiрiстiм. Сөйтсем, бiрден айтайын, поэзияда түк те тоқырау болмаған екен. Өскен, өркенiн жайған. Жаңа өрiске шыққан. Яғни, басты айып өзiмiзде жатқан болып шықты. Жастар поэзиясын өз кезеңiнде оқып жарытпағанбыз, дер кезiнде бағасын бермегенбiз. Менiң бұл көлемдi мақалам «Алтынкөпiрлiктер» деп аталады. Неге «Алтынкөпiрлiктер?» Ендi соған келейiк. Бiрден айтайын, «Алтынкөпiрлiктер» атауын мен ойлап тапқам жоқ. Бұл сөз – Маралтайдың сөзi. Ол өз толқынының əдебиетке келу кезеңiн осылай атаған. Яғни, ол толқын сол бiр сапырылысы да, алыс-жұлысы да көп,
бүкiл ел тауқыметтi, таршылық заманды басынан өткерiп жатқан тұста, көп ақын-жазушыларымыз не iстерiн бiлмей абдырап, дағдарып, қаламы мен қағазынан көз жазып қалғандай болған кезеңде ұлы Мəртебелi поэзияның кешегi жағалауын ертеңге, яғни бүгiнгi жағалауға қосқан көпiр мiндетiн атқарды. Шын мəнiнде алтын көпiр бола бiлдi. Мен алтынкөпiрлiктер поэзиясын Маралтай Райымбекұлы, Əмiрхан Балқыбек, Жарас Сəрсек, Бауыржан Бабажанұлы, Нұржан Қуантайұлы, Батырболат Айболатұлы, Əлiбек Шегебай, Бақыт Беделханұлы, Дəурен Берiкқожаұлы, Бақытжан Алдияр, Алмас Темiрбай, Танакөз Толқынқызы, Айнұр Əбдiрасылқызы жəне сырттан өз елiне ендi оралып жатқан Ұларбек Дəлей, Тоқтарəлi Таңжарық, Нұрбəтима Байтұрсын, Отар Шауқан шығармалары арқылы танып-бiлгiм келдi. Əрине, жастар поэзиясы осы аты аталған жастармен ғана шектелiп қалмайтынын, Құдайға шүкiр, мен жақсы бiлем. Олар əлдеқайда көп. Тағы да олардың iшiнде мен əңгiме еткелi отырған жастардан қарым- қуаты да, талант-дарыны да бiр де кем соқпайтын ақындардың бар екенiне, тiптi де, шүбə келтiрмеймiн. Бiрақ, бəрiн қамтуға бiр адамның мүмкiндiгi жетпейдi ғой. Оның үстiне, өзiм сырттай қадiрлейтiн кейбiр жастардың жыр жинақтары қолыма түсе қоймады. Сондықтан мен ағамыздың қаламына бiз неге iлiкпедiк деп өкпе-наз айтатын iнi, қарындастарым табылып жатса, олардан алдын-ала ғафу өтiнем. Бұл жерде оқырман қауымның есiне сала кетер бiр нəрсе, алтынкөпiрлiктер өздерiн жастармыз деп санамайды. Олардың олай деуi дұрыс та. Өйткенi, олардың алды бүгiн-ертең қырық жасқа кiргелi отыр. Бiрақ, мен үшiн олар – жастар. Ол үшiн менiң қадiрлi iнiлерiм мен қарындастарым сөге қоймас. Сонымен... «РУХЫМДЫ ҚАН МЕН СҮТКЕ ИЛЕП ЕМ» «Бастау сөзiмiзде» айтқанымыздай, «Алтын-көпiрлiктер» атауының авторы – Маралтай Райымбекұлы. Сөз жоқ, осы алтынкөпiрлiктер
iшiнде жұрттың көзiне жай оғындай жарқ етiп алғаш түскен де осы Маралтай. Мен Маралтай өлеңдерiмен тоқсаныншы жылдардың басында Маңғыстауда жүрген кезiмде таныса бастағам-ды. Оның сол өлеңдерiнен-ақ мен ə дегенге мə дегелi тұрған шəлкес шамшылдық, иiлiп-бүгiлудi бiлмейтiн, ненi ойлап тұрса соны ақтара салатын еркебұландық, шүрiппесi қайырулы тұрған мылтықтай кiм-кiмдi де сескентiп тастайтын сес байқағандай едiм. Сөзiнетəнтiбопжүрген Маралтайдыңөзiн 1996 жылы Жазушылар одағының екiншi хатшысы қызметiне келген кезiмде бiр-ақ көрдiм. Ол кез – «Абайдан Маралтайға дейiн» деген тiркестiң де шыға бастаған кезi. Айналайын Маралтайдың да аспан асты, жер үстiне сыймай дүрiлдеп-ақ тұрған шағы екен. Артындағысын бiр теуiп сеспей қатырып, алдындағысын бiр қағып жапырып жiберетiндей тарпаң. Яғни, бiр өлеңiнде өзi айтқандай, ол кез – Маралтайдың «бөтелкенiң қасында» жүрген кезi екен. Ал «бөтелкенiң қасында» жүрген адам ағаны неғылсын, жағаны неғылсын, қызметiңдi неғылсын, құзыретiңдi неғылсын. Ондай адамға аттың үстi түгiлi, танктiң үстiнде отырған кiсiң де, пiшту. Шынын айту керек, сол бiр тұста, жастардың iшiнде менiң əбден «нервiме» тиiп, жүйкемдi тоздырған да осы Маралтай болды. Мен де қайбiр жiбектей есiлiп, түбiттей түтiлiп, бiр лып етiп, бiр жылп етiп тұрған жұмсақ адаммын, Маралтайдың «қой» деген сөзге тоқтамай, «мен қой емеспiн, мен арыстанмын» деп шатынаған кезiнде, менiң де қай-қайдағы жыным қозып, тұла бойымнан тiкiрейген тiкендер мен сойдиған шөңгелер өсiп шыға келедi. Бiрақ, құдай қалап, нешеме рет шекiссек те кетiскен тұсымыз болмапты. Маралтай ертеңiне-ақ тап бiр нағашысының үйiне келгендей кабинеттiң есiгiн шалқасынан ашып жайраңдап жетiп келедi. Мен де жайылып сала берем. Артынша-ақ əлгi шəлкестiгi қайтадан басталады... Əйтеуiр, абырой болғанда, күндердiң-күнiнде Маралтай да «бөтелкенiң қасынан» босанып шықты-ау. Оның «бөтелкенiң қасынан» босанып шығуы да бiр хикая. Ол бiр күнi, шақырмаса да, бүкiл республика жұртшылығына белгiлi, қадiрлi ағайының тойына барған ғой. Цистерна болмаса да, бөшке-бөшке сыра, өзен боп ағып жатпаса да, қалаулы тұрған десте-десте арақ пен шарап.
Маралтайжан сол бөшке-бөшке сыраға қайта-қайта сүңгiп, қалаулы тұрған десте-десте арақ пен шарапқа қайта-қайта аунап-қунап құмардан бiр шығып, ақырында құлап тынбай ма?! Ертеңiне көзiн ашса – айдала... Кешегi бөшке-бөшке сырасын да, десте-десте арақ-шарабын да, солармен бiрге жүретiн қызық-шыжығын да iлестiрiп, киiз үй бiткеннiң бəрi көтерiлiп көшiп кетiптi. Бiр сөзбен айтқанда, Маралтай жұртта қалған. Содан шекесi балғамен соғып жатқандай солқылдап, тiлi аузына сыймай салақтап, iлбiп отырып бiр қараға iлiгедi де, əупiрiммен аман қалады. Сонда ғана Маралтай мына бөтелке деген «доспен» дəл қазiрден бастап ат құйрығын кесiспесе, күнi ертең керексiз жыртық шүберектей немесе түбi түскен шелектей бiржола жұртта қалатынын сезедi. Сезедi де «ақаңмен» ант берiп қоштасады. Содан берi Маралтай арақты аузына алған емес. Бұл ендi туа бiттi тұла бойына бiткен мiнез берiктiгi. Мiнез дегеннен шығады, бiр адамдар болады, iшкен кезiнде дүниенi түтiп жiберетiндей бетпақ болады да, ал ертеңiне жынынан айрылған бақсыдай жуас, бетiңе қарап сөйлей алмайтындай монтаны кейiпке түседi. Ал, Маралтай олай емес. Ол қашан көрсең де тарпаң, қашан көрсең де дарқан. Əрине, қазiр оның бойында жынды су ұрттап алған кездегiдей есiрiк мiнездiң жұқанасы да жоқ. Ол – естi ерке, бұла мiнездiң ақыны. Яғни, ол туралы Мейiрхан Ақдəулет айтқандай: «Бұл – əбден қанау мен қақпай көрiп, қамытқа жегiлiңкiреп келген қазақы өлеңнiң еркiндiкке шыққан кезiндегi «тентек баласы»». Бүкiл əлемнiң шəуiм басты ғұламаларынан бастап бiздiң Аманхан Əлiмұлына дейiнгiлердiң бəрi айтып келе жатқандай, ақынды ақын ететiн мiнез, табиғи талант мiнезi. Қай талант та өз мiнезiмен туады. Менiң жаным аппақ емес, қап-қара. Қапияда от тигендей мақтаға. Қарап қоям айнасынан уақыттың, Маңдайдағы тағдыр дейтiн тақтаға. Тəнiне орап тəлiмiнiң кебiнiн, Жалпылдайды көптiң жықпай көңiлiн.
Жатырында қулық пенен сұмдықтың Ессiз өскен бала-сынды өмiрiм. Жүрек содан жетiм жандай ашынар, Ашынар да шаншып, қайта басылар. Жалғыз Жерде жалғыз ғұмыр кештiм мен, Көзiм, сiрə, көрге кiрiп ашылар. Бала арманым өлдi екен деп тереңде, Болмас iске қабағымды керем бе?! Жерге сыйлап жансыз қалған тəнiмдi Көкке кетем көресiмдi көрем де! Мiне, мiнездi өлең! Əйтпесе, «менiң жаным аппақ емес, қап-қара» деп қайсымыз айтыппыз. Айтсақ, бəрiмiз де мақтадай аппақпыз. Жанымызға шаң да қонбаған, тозаң да түспеген. Титiмдей кiнəмiз де, тырнақтай күнəмiз де жоқ сияқты. Осылай деу адам алдында да, ар- ұждан алдында да, Алла тағала алдында да барып тұрған күпiршiлiк екенiмен жұмысымыз жоқ. Шын адам, шын ақын ғана өз бойындағы мiн мен өз басындағы күнəнi жасырып қала алмақ емес. Абайдың өзi «ат көтере алмас мiнiмдi» демеушi ме едi. Жұрт бойындағы мiндi əркiм-ақ көре алады. Мықты болсаң, өз бойыңдағы мiндi көре бiл! Пендешiлiк жасап отырып, перiштенiң аузынан түскендей аппақпын деп кеудеңдi керiп, көкiрегiңдi ұрма! Бұл опасыз жалғанда, Құдай-ау, бейшара пендешiлiктiң қармағына кiм түспедi дейсiң, оның күл- қоқысына кiм былғанбады дейсiң! Бұл өмiрде қулықтың құйтырқы, сұмдықтың сұрқия жолы кiмдi адастырмапты. Өзiң адаспасаң, өзгелер алдап-арбап жүрiп адастырады. Ол да мiн, ол да күнə. Ондайда шын адам ғана өзiн-өзi ақтайтын дəлел мен дəйек iздеп кетпей, өзiн-өзi жерден алып, жерге салып даттай алмақ. Сондай жан ғана өзiн-өзi ұяттың уысына салып үгiтiп, өзiн-өзi ардың дарына асып қоя алмақ. Сондай адам ғана күйреп, күйiнiп сөйлеп, сондай адам ғана ашынып тұрып ашығын айтпақ. Сондай адам ғана «көзiм, сiрə, көрге кiрiп
ашылар» деп өзiнен-өзi безiнiп, өзiнен-өзi түңiлiп сөз айтпақ. Сонда ғана адам жаны лас былғаныш пен күл-қоқыстан аршылмақ. Маралтайдың өзiн-өзi бiр отқа, бiр суға салып сөйлеуi, өзiн-өзi кiнəлап, өзiн-өзi айыптап сөйлеуi осы өлеңмен ғана аяқталмайды. Ол арқасын қайта-қайта дойырдың астына төсеп, маңдайын қайта-қайта сойылдың соққысына тосады. Бүгiнгi түн – мен үшiн ақырғы түн, Өмiрiмнiң ажалға атын бұрдым. Мың ұмтылып Аллаға дiлiм жетпей Аян боп тұр сайтанмен жақындығым. Əрине, ақынның өзiн-өзi кiлең осылай жерлеп, өзiн-өзi осылай қаралай беруi, түптiң-түбiнде, оны iштей күйзелiске түсiрiп қана қоймай, ақырында рухани күйреуге алып келерi кəдiк. Бұл жердегi ақынның «менi» жалқылық мəннен жалпы ұғымға ұласып кететiнiн бiле тұра осындай ойға келмеуiмiз мүмкiн емес. Өйткенi, жалпы ұғым да жалқы көңiл-күйден шығады. Бiр-бiрiмен жалғас, бiр-бiрiмен мұңдас. Ал ол жалғас, мұңдас ұғымдарды байланыстырып тұрған нəзiк тiнге соншалықты ауыр салмақ түсiре бермеу керек. Əйтпесе, соншалықты ауыр салмақтан нəзiк тiн бырт етiп үзiлiп кетуi кəдiк. Ондай кезде ақынның жалқы көңiл-күйi жалпылық мəн болудан қалады да, оны оқырман қауымның қабылдауы қиынға соғады. Дəл осыны өзiнiң iшкi инстинктi арқылы, өз бойындағы сезiм талшықтары арқылы жақсы түсiне бiлген Маралтай ақын тез серпiлiп, тез түлейдi. Бəрi менi алдайды, алданам мен, Алла, өзiңе аманат қалған өлең, – деп алады да: Жүрегiмнен жүз бұтақ өрiп шығып Айналып кетсе, шiркiн, талға денем, – дейдi. Бұл ендi ақынның жанын жеп жатқан күмəн мен күдiктiң темiр торларын тас-талқан етiп дүр сiлкiнiп, қарға аунаған түлкiдей түлеп
шыға келуi. Мейiрiм мен қайырымға, iзгiлiк пен жақсылыққа ұмтылуы. Бұл жолдар – Маралтай шығармашылығындағы күре тамыр, басты кредо. Ендi ол қашанғы «көлеңкелермен сүйiсiп» өмiр сүрмек. Ендi ол, бiр сəтке болса да, «қобыз тартып қаңқылдап» өмiр сүргiсi келедi. Əсiлi, мiнез ғана адамды өзгелерден дараландырып, мiнез ғана ақынды өзгелерден тосын сөйлетпек. Ондай мiнездi ақынның қуанышы да өзгеше образды тiлмен жауап қатпақ. Сенбесеңiз, оның нəрестелi болған кездегi сəтiне көз салыңыз. Өмiрге мұрсат берiлдi... Жарық дүние дидарын – Екеумiзге бiрге жазды көрудi. Менде дос көп, сенде жау жоқ (əдемi!) Дұрысталды дүниенiң сəлемi. Ластауға лайықсыз – Лə ил Аллам, Сүйiншiге жанымды алсаң, ал ендi! Бес күн ойдым бесiгiңнiң бедерiн. (О, кiшкентай, – қайталанбас өлеңiм). Шүмегiңнен шүметейiң шықса аман Көрiмдi де өзiң қазсаң деп едiм. Тұңғыш рет перзенттi болып, көкiрегi қарс айырылып тұрған əкенiң жан-жүрегiн қақ тiлiп тұрған осы өлеңнен бəрiмiзге етене таныс қазақы қуаныштың иiсi бұрқырап тұрған жоқ па?! Бiрде өзiне-өзi күмəн мен күдiкпен қарап, ендi бiрде, нəрестелi болғанда, жер мен көкке сыймай қуанатын ақынның, кейде бəрiмiз сияқты, мына қым-қуыт, қырық құбылып тұрған дүниенiң қыры мен сырын да, қатпар-қатпар боп жатқан қыртысын да, тылсым-тұңғиығын да түптеп тани алмай əрi-сəрi күй кешiп дал боп тұратыны бар. Өйткенi, ол əлi де өзiн-өзi толық танып болған емес. (Жалпы, адам баласының өзiн-өзi танып, бiлуi мүмкiн бе?!) Егер ол өзiн-өзi танып
болса, бiрде «құран сүйiп», ендi бiрде «шарап iшiп қарқылдап» жүрмес едi ғой. Ақын жаны тұнып тұрған қарама-қарсылық, бiр-бiрiмен кетiсiп, бiр-бiрiне керi келiп тұрған қайшылық. Сондықтан да ол кейде: Айт дедiң-ау, не айтам, жаным, саған. Елдi айтам ба етегiн жаңа жапқан. Жердi айтам ба денесiн жара жапқан. Көлдi айтам ба шөл болып бара жатқан, – деп жол айырығында тұрған жандай аңырап мұңын шағады. Қай жағынан қараса да көңiл жұбатарлық, көз сүйсiнтерлiк ештеңе таба алмай қабаржып қамыққан ақын: Жазылмаған жырымды оқып тұрамын Қазылмаған қабiрiмнiң қасында, – деп бiр-ақ қайырады. Қазiр Маралтай шығармашылығы бабына келген дер шағы. Жiлiк майы толық, сiңiрi болат сымдай берiк, ең бастысы – рухы қайратты. Өйткенi, ол рухын халқының «қаны мен сүтiне» илеп алған. Ондай таланттың бiздi əлi де талай-талай тамсандыра берерi сөзсiз.
«КӨҢIЛIМЕ ТАУДЫ АЛЫП, СЕНIМIМЕ АСПАНДЫ АП» Кейде көзге көрiнбейтiн тозаңдардан қаптаған гүлдер немесе тырнақтай ғана дəндерден ағаштар өсiп шығатыны сияқты, кiшкентай ғана елеусiз бiр детальдан да қайратты өлең дүниеге келедi. Оған көптеген мысалдар келтiруге болады... Алтынкөпiрлiктердiң тағы бiр талантты өкiлi болып саналатын Əмiрхан Балқыбекте де сондай бiр тамырын тереңнен тартқан қайратты өлең бар. Өлең – «Бабаырым» деп аталады. Тақырыбының атына мынадай түсiнiк берiлiптi: «Бабалар ырымы бойынша тiлi шығуы кешеуiлдей бастаған сəбиге итаяқтан су iшкiзедi екен. Сондай жағдай менiң басымда да қайталаныпты». Ендi сол өлеңдi оқып керейiк. Жұтаңдаумын, демен бiрақ жарлымын. Баба ырымы, əлегi емес жарғының. Қызыл тiлдi сөзге иiлту үшiн де Итаяқтан суды да iшкен бар күнiм. Итаяқтан суды да iшкем, сөкпегiн. Айыптарға өзге күнəм көп менiң. Ырзығымды табам қазiр еңбекпен, Тiлдi бiрақ иемдендiм теп-тегiн. Итаяқтан суды да iшкен бар шағым Кез емес-тi ол көңiл күптi, арса мұң. Сен шаршадың сəндi қуып, мен байғұс Баба-ырымға баға таппай шаршадым. Итаяқтан суды да iшкем. Бабаның Ырымына мiнезi жат қаланың Көшесiнде көп-көрiктi қызбен де
Қызып кетсем ырылдасып қаламын. Осы болды-ау замананың өлеңi. Көп болған соң көр сезiмi, көбеңi. Исi тiлге илiкпеген жандарға Итаяқпен тамақ бергiм келедi. Құдай сақтасын. Бiр ырым – бiр деталь. Ал, одан өнiп шыққан өлең қандай! Сол өлең көтерiп тұрған жүк қандай! Шоқ жұтқандай көкiрегiңдi күйдiрiп жiберетiн ашыну мен ыза қандай! Əрине, Əмiрхан ол ашу мен ызасын ала көзденiп айқайлап, жер тоқпақтап байбалам салып айтпайды. Исi тiлге тiлдерi сынбай жүргендерге «итаяқтан тамақ бергiсi келетiнiн» айтып салады да, сол бiр ашынуға толы ызалы ойынан шошып кеткендей «Құдай сақтасын» деп жағасын ұстап, тəубеге келгендей болады. Бiрақ, айтылуға тиiс сөз, не болғанда да, айтылып кеттi. Шын ақын – ұлттың үнi, рухы. Ұлттың үнi бола алмаған ақын, бар болғаны өлең құрастырушы ғана. Əрине, əр ақынның табиғаты да, болмыс-бiтiмi де, дүние танымы да əр қилы. Ақын бiткеннiң бəрi ұлттың ұранды сөзi мен үнi бола бермейдi. Бiреулерi – табиғат құбылыстарын, екiншiлерi – махаббатты, үшiншiлерi – адам жанының иiрiмдi қатпарларын, тағы бiреулерi – сұлулық пен əсемдiктi жырлауға бейiм тұрады. Бiрақ, шын мəнiндегi ақын болатын болса, сол табиғат құбылыстарынан да, махаббат тақырыптарынан да, адам жанындағы иiрiмдi қатпарлардан да, сұлулық пен əсемдiктен де қазақы əуен, қазақы мiнез, қазақы көзқарас табуы керек. Сөз жоқ, жоғарыда бiз келтiрген Əмiрхан өлеңi бүкiл қазақ халқының мұңы мен зары боп келген бүгiнi көмескi, ертеңi бұлдыр тiл тағдырын көрсете бiлген. Иə, бəрiмiз көрiп отырмыз, дəл қазiр елдiң екi тiзгiн, бiр шылбырын қолдарына ұстап отырған азаматтар тiл тағдырын əрi тарт та берi тарт етiп, қақпақыл етiп ойыншыққа айналдыра бастады. Əмiрханның осы өлеңiн оқыған кезде солардың бəрiне, өз қолыңмен итаяқтан тамақ бергiң кеп кетедi. Жақсы өлеңге тəнтi болу деген, оған тамсанып, таңдай қағып, көзiңдi жұмып бас шайқау емес. Жақсы
өлеңге тəнтi болу деген сенiң де тұтас бойыңда жатқан ой мен сойды, əрекет пен «бəлекеттi» қозғап, орнынан көтеру. Тебiренту, толқыту. Жалпы, Əмiрхан Балқыбек уақыт пен кеңiстiкте өзiн еркiн сезiнедi. Содан болса керек ол бүгiннен ертеңге, ертеңнен өткенге емiн-еркiн өтiп кете бередi. Ол, тiптi, кешенi жырлап отырып бүгiннiң гəбiн, бүгiннiң мұңын айтып отырып кешенiң мұңын ешқандай кедiр- бұдырсыз үйлестiрiп жiбере алады. Бұл – Əмiрханның əдебиетке мол дайындықпен келгенiн көрсетсе керек. Шынында да, Əмiрханмен əдебиет туралы əңгiмелесiп пiкiр жарыстыра қалсаң, айтысқан адамын бiлiмпаз Асқар Сүлейменов секiлдi алып та, шалып та жығып кетпесе де, бiрқатар мəселеде көп адамға алдырмайды да, шалдырмайды да. Бойында интеллектуалдық қуат жеткiлiктi. Оның уақыт пен кеңiстiк iшiнде өзiн «еркiн жел» сезiнетiнi содан болса керек. Сондықтан да ол: Жанды тербеп мəңгiлiктiң ағыны Тəн арыды. Арман бiрге арыды. Жанарымды қытықтайды нұрымен Мың жыл бұрын сөнген жұлдыз жарығы, – дей алады. Əдетте, уақыт пен кеңiстiкте өзiн еркiн сезiнетiн ақын, ең алдымен, өзiнiң өткенiн, яғни, рухани тамырын iздесе керек. Ондай ақын сол рухани тамырдан қоректенiп, рухани тамырдан көктеп-өнерi сөзсiз. Əмiрхан – дəл сондай ақын. Тiптi, оның ғасырлар ар жағында қалған өткенiңiзбен күнделiктi қатысып, хабарласып, солармен аралас-құралас қатар қонғандай болып отыратыны бар. Аптап. Ыстық Ақыл-естен тандырған, Дұрыс болар кең далада қаңғырған. Қонатұғын жер жоқ деме,
Қыр асты Балбал қала қарсы алады алдыңнан, – деп ғасырлар қойнауына кiрiп бара жатады. Əрине, сол балбал қаланы қызықтап, оған тамсанып, таңғалу үшiн емес. Ең алдымен, өзiн көру үшiн, өзiн тану үшiн. Бəрi осында, Қас батыр да, қаған да. Бəрi осында Арғы атаң да, анаң да. Айтшы, досым, Өзiңдi емес, Өзiңнiң Өзегiңдi көре бiлсең жаман ба?! Ендi ол бiздiң болжамымыздан да əрiрек кеттi. Өйткенi, ақын ол балбал тастардан өзiн ғана емес, өзiнiң өзегiн, яғни түп-тамырын танып- бiлмек. Тiптi ол балбал тастарға жан кiргiзiп, оларды əрекет пен қарекетке түсiрiп қояды. Оның балбал тастармен «достасып» алғаны сонша, «қала жақта жанжал болса жан-жағың, балбал жiгiт сыйлар саған қанжарын» деп олардан қолма-қол көмек алатын дəрежеге жеткен. Əрi қарай оқиық. Ер мұратын қолдағандай дауыс көп. Тостағанды түк қалдырмай тауыс тек. Бала болып аттанасың далаға, Дана болып ораласың қалаға... Сосын сенi ойлайды жұрт ауыш деп. Қала өмiрi, Ит тiршiлiк тағы да. Асау мезгiл маза бермей қаныңа
Шөлдегенде... Тостағанын ұсынған Балбал тастар оралады жадыңа. Бəрiн былай қойғанда, ақын ендi ғасырлар қойнауында қалған балбал тастардың қолындағы сусынға шүпiлдеп тұрған тостағанынан шөлiн басыпты, мейiрiн қандырыпты. Ендi ол шақпақ тасқа қайралған шарболат қанжардай əрi қайратты, əрi өткiр. Дей тұрғанмен, ол – қаншама өткен тарихпен көршi-қолаң қонып, онымен ауыз жаласқан дос-жарандай араласқанмен, ол бəрiбiр осы уақыт пен заманның ақыны. Өйткенi, ол: «Он ғасыр бұрын туғанда, Бабамның жолын қуғанда, Тоғысқан тоғыз тараптың Таңдау боп бiрi тұрғанда, Бойыңды, ойым, жасырма. Кiм болар едiм расында?» – деп, өткен заманнан өз орнын iздеп алағай да бұлағай күйге түсiп, бүгiнгi күннiң көкейiңдi бiрде кесiп, бiрде тесiп жатқан сан қилы, сан сырлы тiршiлiгiне қайта оралады. Оралады да уақыттың дауылды өтiнде қалтырап, қамығып тұрған халқын, тығырыққа кептелiп қамалып тұрған сол халықтың көздерi жəутеңдеген арманы мен үмiтiн көредi. Жанарында – жас, жүзiнде – нала. Уақытымды күте-күте бiттi əлiм. Маңай тұман, жұлдыз бiткен адасты. Кiм бiледi, кiмдер не iстеп жатқанын, Кiмдер қалай жұбатарын алашты? – дей келiп, Қасiретiмдi түсiн мейлi, түсiнбе, Өз талайын əркiм өзi тапқандай. Жонарқамда, жұлынымның iшiнде Жауынқұрты қабiр қазып жатқандай.
Бұл – тек қана ақынның жеке қара басының ғана азабы емес, əрине. Бұл – халқының бүгiнi мен ертеңiн ойлап қамығып-жабығатын бар қазақтың қазiргi халi. Шынында да, халқының келешегiн ойлап қабырғасы қақырап сөгiлiп бара жататын, өзiн-өзi қадiрлейтiн қай қазақтың да санасын жебiр құрт кемiрiп, жұлынын жауынқұрт жалмап жатқан жоқ па?! Тағы да Əмiрхан жұлыныңды жауынқұрт жалмап жатыр демейдi. «Жұлынымның iшiнде жауынқұрт қабiр қазып жатқандай», – дейдi. Бейне бiр мына қатыгез тағдыр, зұлым уақыт тəнiңдi жерге бермей-ақ өзiңе-өзiңдi көметiндей. Неткен қатал үкiм! Мына дүние ту-талақай боп тозып, ойың онға, санаң санға бөлiнiп, тұла бойыңнан қан сорғалап қансырап, жан-жағыңнан андыздаған сан сұраққа жауап таба алмай, сансырап қалған ақын не iстеу керек. Иа, Аруаһ! Қалмасам да тұралап, Бiздiң бастан ұшады ендi, сiрə, бақ. Ақының боп аңырайын соңғы рет, Соңғы сөздi Тəңiрiмнен Сұрап ап! Əмiрханның өзi айтқандай, «Құдай сақтасын» дейсiң мұндайда. Ондай халдi басымызға бере көрмесiн. Бiрақ жаман айтпай жақсы жоқ демеп пе едi дана халқымыз! Бұл сөздер тiптi де күйректiк емес. Қайрау. Сенi, менi ойландыру. Ояту. Сiлкiнiп, серпiлмесең түп-тұқияныңмен құрдымға жұтылып құрып кетесiң дегенi. Əйтпесе, Əмiрхан Балқыбек – «көңiлiне тауды алып, сенiмiне аспанды ап» жүре алатын ақын. Тек менiң бiр байқағаным, байқағаным емес-ау, байқап жүргенiм Əмiрхан Балқыбек тым сараң жазады. Əрине, сараң жазу кемшiлiк емес. Оны өзiне-өзi қатал қараудепақтапалуғаболады. Бiрақоныңдашетiменшегi болса керек. Не болғанда да, менiң ойымша, Əмiрхан өз мүмкiншiлiгiн тұсап, өз қарым-қабiлетiн арқандап ұстап отырғандай көрiнедi де тұрады. Арқырап-сарқырап келiп тұрған шабыт
арынын тiзгiндеп, екпiнiн тежеп, өзi айтқандай «шабытты құлыптап өмiр сүру күнə». Бұл жерде мен оның өз «Ескертуiн» өзiне қаратып айтқым кеп тұр. Бiр ғасырдың аяғы, бiр ғасырдың басында, Шабыттары құлыпта, шашы ағарған отызда. Қырығында қарт болған ақындардың да Болғанын Ей, Уақыт, ұмытпа! Ұмыттырмау үшiн не iстеу керек екенiн басқа-басқа Əмiрхан жақсы бiледi. «АҚЫН БОЛУ АЗАП ҚАНДАЙ, ТƏҢIРIМ» Жарас Сəрсек – кiсiлiгi де, кiшiлiгi де бiр басына молынан жететiн, жұртты да сыйлай алатын, өзiн де сыйлата алатын жайсаң азамат. Аспайды да саспайды. Биязы сөйлейдi, бипаз жүредi. Тiптi үлкенге сəлем берер кезiнде де алдымен жаға, омырауын жөндеп, шашын тарап алып барып сəлем бередi. Жүрiсi де ерек. Денесi қаршығадай шағын бола тұра, қашан көрсең де, салмағы тонна тартатындай асықпай баппен басып бара жатқаны. Ол осынысымен, өлеңiнен де, өзiнен де, сөзiнен де Жетiсудың бүкiл өсiмдiгiнiң иiсi бұрқырап тұратын құрдас замандасым, марқұм Жұматай Жақыпбаевты еске түсiредi. Ол да осы Жарас сияқты жартас көтерiп келе жатқандай асықпай баппен басатын. Жүрiс-тұрыстары ұқсас болғанмен, екеуi бiр-бiрiне мүлдем ұқсамайтын бөлек ақындар. Арналары да бөлек, өрiстерi де бөлек. Жарас та алтынкөпiрлiктердiң iшiнде алғаш көрiнген, жұрт аузына ертерек iлiнген, көзге бiрден түскен ақындардың бiрi. Халқы еркелеу, Сүмбе дейтiн ауылдан
Алматыға өзiмдi iздеп келiп ем, – дейдi ол алғашқы өлеңдерiнiң бiрiнде. Басқа жұрт Алматыға iлiм-бiлiм, орта iздеп келушi едi, ал бiздiң Жарас Алматыға өзiн iздеп келген. Ə дегенде тосаңдау естiлгенмен, аңдап қараған жан бұл жолдардың астарынан үлкен мəн мен мағына көрген болар едi. Шындығында да, қай-қайсымыз Алматыға өзiмiздi тану үшiн, яғни өзiмiздi табу үшiн келдiк қой. Өзiңдi тани алмасаң, өзiңдi таба алмайсың. Яғни өзiңдi таба алмасаң, өзiңдi тани алмайсың. Жұрт та сенi тани алмайды. Бұл – бесенеден белгiлi жайт. Жарас осыны дəл тапқан. Өзiмдi iздеп таба алдым ба бұл маңнан Ол жайында жар салғам жоқ ертерек. Мойнын қысып мұңданады бiр арман, Қойнын ашып бiр үмiт жүр еркелеп. Əрине, мен өзiмдi-өзiм таныдым, өзiмдi-өзiм таптым деп ешкiм де айта алмайды. Тiптi, өзiн-өзi тапқанына көзi жеткен адам да. Айтса, ол адам даңғой немесе өзiн-өзi əлi таппаған адам. Сенiң өзiңдi-өзiң тапқаныңды былайғы жұрт айтуы керек. Бiздiң сырт көз ретiнде бiрден айтарымыз, Жарас Сəрсек – өзiн-өзi тапқан ақын. Оның қазiр əдебиетте өз орны, өз дауысы бар. Ол, тауда өссе де, тау өзендерiндей бұрқан-талқан боп, тасып-төгiлiп астан-кестенi шығып, аптығып, асығып сөйлейтiн ақындардың сойынан емес. Өзiнiң жүрiс-тұрысы сияқты баппен сөйлейтiн, баппен сөйлеп отырып, қатпарлы қыртысқа, астарлы астарға үңiлетiн ақын. Сондықтан да ол жұрттың бəрi көре алатын жайттарды емес, «тiгiстердiң қыртысын қалқан еткен биттердi, асаяқтың ернеуiн талқан еткен иттердi» көргендi жақсы көредi. Сондықтан да ол: Топырағын тамырдың же-рiн-бей-тiн-дiгiне, таңқаламын Содан соң көрiн-бей-тiн-дiгiне, –
дейдi. Атам қазақта «айтпасаң, сөздiң атасы өледi» деген аса қадiрлi, аса қасиеттi сөз бар. Бұл сөз, ең алдымен, алдына ақ қағазды ақ жайнамаздай жайып, қолына тектi құстың қауырсынындай қалам ұстаған ақынды үлкен мүдделерге мiндеттеп тұрған сөз. Егер сен табиғат берген талантыңды сол мiндеттiң үдесiнен шығаруға жұмсай алмай, анадан бiр үркiп, мынадан бiр шошып, анаған бiр жалтақтап, мынаған бiр жалбақтап, өзiңдi-өзiң рəсуа етiп айта алмадың ба, онда сен сөздi ғана емес, өзiңдi де өлтiрiп тынғаның. Сөз қашанда киелi. Сөз өлсе де, оның киесi өлмейдi. Оның киесi дүниенi кезiп жүретiн болса керек. Ертеде-ерте, тұншығып өлген сөздер мың, Түрегеп келiп түсiмде менi қарғады. Тəңiрiм, Маған көрсiн деп тағы көз бердiң, Көрсоқыр екем, Ақталар амал қалмады. Сөзiм мен көзiм кебiнсiз өлiк секiлдi – Жалаңаштанды, Барады бастан күз өтiп. Халқыма қайтіп көрсетем қансыз бетiмдi. Өлiктерiмдi отырар болсам күзетiп. Сiз ендi, бiр пəске, сөздердiң өлiктерiн күзетiп отырған ақынды көз алдыңызға елестетiңiзшi. Тұла бойыңыз дiр ете түсерi сөзсiз! Сонан кейiн ақын: Келiстi ұл деуге кейпiмде кескiн кем менiң Бесiктен босап, Есiкке жетпей көнергем, –
деп жабығып, күйзеледi. Жабығып, күйзелмей қайтсiн, «ермiн деп елге семсердi сүйiп серт етсе де», «қара орман ойды қашқақтап жүрiп мерт етiп, оның да бейiтiн кеудесiне салып» көтерiп жүрсе. Бұл өлең, сөз жоқ, өзiн елдiң перзентiмiн, халықтың азаматымын деп жүрген кiм-кiмдi де қатты ойға қалдыратын, осы мен өзi не iстеп жүрмiн, не iстеуiм керек едi деген мəңгiлiк сұрақтар астына байлап қоятын өлең. Шынында, бiз неге осыншама күйгелек, неге осыншама жалтақпыз? Апыр-ау, бiз мына өмiрге «ұрпақ үнiн ұран етсем деп едiм, мұң- зарыңды бiр əн етсем деп едiм» деп келмеп пе едiк?! Сол анттай уəденiң үдесiнен, көзiн алмай қадалып қарап отырған қалың қауымның сенiмiнен неге шыға алмаймыз?! Жанды жаралайтын, ой-сананы сарсылтатын сұрақ көп. Сұрақ, сұрақ, сұрақ! Жарас та сол сұрақтарға жауап iздейдi. Əрине, оның əлеңкедей жалаңдап тұрған бұл сұрақтарға нақты жауабы жоқ. Бұл сұрақтарға ешкiм де нақты жауап бере алмақ емес. Оның тек нақ бiлерi, сол елiң мен жерiң үшiн əрекет ет, қолыңдағыны үлестiр, аузыңдағыны жырып бер. Сондай əрекетке дайын екенiне ол ғашық жанның алдында тұрып серт бергендей болады. Сезiм дейтiн жанымды өртеп жасынды от, Сен шөл болсаң жаумақ болғам жауын боп. Асқақ басын табанында таптаған Əттең, менiң бабам-сынды жауым жоқ! Сенiң ғана үстем болып жарлығың, Менiң тiптен шықпай сөнiп қалды үнiм. Мен денемдi төртке бөлiп жоқ болам Үлестiрiп кемтарларға барлығын. Көңiлiмнен көрiп соңғы жолымды, Көзсiз тауып барам сонсоң қорымды. Əлi ешкiмнiң жағасынан алмаған Сыйға тартам қолсыздарға қолымды.
Шатастырған жасық пенен жасынды Қаншаңызды бассыз иық басынды. Сыйға тартқан қолымменен кесiп ал Азығы көп, жазығы жоқ басымды. Ендi ақын өзiнiң қолымен өзiнiң басын кесiп алсын мейлi, бəрiбiр ол, не нəрсеге де бейiл. Иығына үлкен жүк арқалатып, алдына iрi мақсат қойған ондай ақын мына дүниенiң жалт-жұлт еткен қызығы мен дуылдаған той-думанына қарамақ емес. «Көңiлдi жыр жазуға келмей қойды ыңғай бiр» деп ондай жалтылдақ, жыртақай өмiрден өзiн сырт ұстап қана қоймай, құлқының да, ниетiнiң де мүлде жоқ екенiн бiлдiредi. Ал ондай ақын сонда не iстемек, ненi бақпақ? Өзiме-өзiм ақын болдым, лəйлiдiм, Жырға қосып Мəжнүнiн Лəйлiнiң. Қара түнде бiлте шамның түбiнен Ауылын шолып отырамын қайғының. Ендi ақынның мұңдасы да, сырласы да елiнiң қайғысы. Мұндай сəтте оның көзiне «қардың өзi аппақ қайғы» боп көрiнедi. Дегенмен, егер ақын тек халқының қайғысын бақылап-шолушы деңгейiнде қалса, онда ондай ақыннан не үмiт, не қайыр. Онда ол өзiн ғана емес, оқырманын күйретуге, оның сағын сындыруға қызмет етсе керек. Шын ақын, əдетте, халқының қайғысын көре отырып, оған қанжылап ортақтаса отырып, одан рухани қайрат алуға тиiс. Иə, иə, қайғының өзiнен рухани қайрат алуы тиiс. Осыны жақсы түсiне бiлген Жарас Сəрсек ауылына хат жазған бiр сəтiнде «дайын бол, таңданбастан, мен бiр күнi наладан найзағайға айналғанда» деп өзiнiң басты мақсатын жайып салады. Халқының бүкiл мұң-зары мен уайым-қайғысын жан-жүрегiне құйып алған ақын қалайда наладан найзағайға айналуға мiндеттi. Онсыз бəрi
бекер, бəрi бос сөз. Əрине, қайғыға ортақтаса бiлу де үлкен азаматтық болмыс. Бiрақ, ол ақын үшiн аздық етедi. Өйткенi, ақын парызы қайғыға ортақтаса отырып, сол қайғыны сейiлтуге ұмтылса керек. Осындай мақсат-тiлекке бiлегiн сыбанып, белiн буып шыққан ақын «аттап өтiп өзiнiң қабiрiнен» жолға шығады. Тосын мiнез. Тосын əрекет. Басқа-басқа өз қабiрiн аттап өтiп жолға шығу – тiптi «қайда барарын» анық бiлмей тұрса да, осындай тосын мiнездi қажет етсе керек. Сөз жоқ, ол жолдың кедiр-бұдыры, ирелең-бұралаңы көп. Ол ендi талай-талай қиямет-қайым қиындыққа, талай-талай сарсаңға түсiрiп сабылтып қоятын кедергiлерге кездесерi хақ. Өмiр деген де қызық қой. Жүрген сайын, оны көрген сайын, оған үңiлген сайын дал боласың, тiптi бəрiнен көңiлiң суып, айдалада қалғандай бүкiл iшкi дүниең аңылжып, не iстерiңдi бiлмей дел-сал боп, дағдарысқа түсерiң хақ. Ондайда ақынның: Қыр басынан төменге сенбей қарар, Қайыңдар-ай, бұл күнде жайым басқа. Шариғат пен табиғат ұқсас деушi ем Адам басқа екен ғой, қайың басқа... – деп мұң шағатын тұстары аз болмайды, əрине. Бiрақ, бəрiбiр, дүниенiң əрбiр үнi мен дыбысына құлағы түрiк, оның əрбiр қимыл-қарекетiне көзi ашық, бəрiн былай қойғанда «Тəңiрiнiң кереуетiнiң сықырлағанына» дейiн естiп, бiлiп отырған Жарас Сəрсектiң «ақын болу азап қандай, Тəңiрiм» деп айтуының өзi-ақ оның зор мiндет, үлкен мақсат жолына түскенiн көрсетсе керек. Бiздiң Жарастың сол азапты жолда арымасына сенiмiмiз мол. «КIРПIГIНЕ ҚАН ҚАТЫП, ҚОҒАМЫҢ ТҰР» Бауыржан Бабажанұлы – барынша қарапайым жазады, шешен жазады, бiр сөзбен айтқанда, қазақы ақын. Табиғаты қазақы. Бiзде қазақы
жазуды, қазiргi заман құбылысынан кеш қалып қойғандай, уақыт көшiне iлесе алмай қалғандай, көне стиль, ескi сүрлеудi шиырлап жүрген сияқты көретiндер бар. Бауыржан туралы олай ойлау – күнə. Ол тiптi де заман құбылыстарынан да, уақыт көшiнен де сырт қалған ақын емес. Қазақы көрiнейiн деп өлең жолдарына қаптаған архаизмдердi арқалатып та қоймайды. Оның ерекшелiгi сонда – қандай бiр күрделi ұғымды да қазақ жанына жақын етiп қорыта бiлетiндiгiнде. Ол сөз iздеп, оны жамап-жасқап жатпайды, сөздiң өзi табиғи түрде құйылып жазады. Яғни, қазақы ситихиялық мiнез. Қай өлеңiн оқысаңыз да, одан көкiрек сарайыңды ашып жiберетiн даланың аңқылдаған желi есiп, нөсерден кейiнгi жусанның кермек иiсi бұрқырап қоя бередi. Оның өлеңдерiндегi мұндай қазақи жайдары мiнез ұлттық тақырыптарды жазғанда ғана емес, мүлде басқа тақырыптарды жырлағанда да, атап айтқанда, «Ескендiрдiң мүйiзi», «Сүлейменнiң жүзiгiнде» де анық көзге ұрып тұрады. Мəселен, сол «Сүлейменнiң жүзiгiн» алайықшы. Бұл өлеңде Бауыржан жұрттың бəрiне белгiлi оқиғаны хабарлы сөйлемдермен баяндап жатпайды. Одан осы заманға сай философиялық мəн-мағына iздейдi. Iздегенде де нақты əрекет арқылы, яғни Сүлейменнiң жүзiгiн қолына киiп алып сөйлейдi. Қайран басым болған кезде бiр əлек Жалғай алмай бiр ойлардың үзiгiн, Пайғамбардан қалған маған мұра деп Тақтым қолға Сүлейменнiң жүзiгiн. Содан кейiн күндер кештiм қызықты ең, Құшағы ыстық Бақтың ауылын мекендеп. Сəуле түсiп, жазу шықты жүзiктен «Байқа, бала, бұл күндер де өтер» деп. Тақырыпты қазақша қорыту, яғни қазақ ұғымына жақын, қазақ ұғымына сiңiмдi етiп беру деген осы. Əйтпесе, Сүлейменнiң
жүзiгiндегi мəтiнде «байқа, бала,» деген тiркес жоқ қой. «Байқа, бала, бұл күндер де өтер» деген тiркес қазақ үшiн əлдеқайда салмақты, əлдеқайда ұғынықты. Əрине, Бақыт дегенiңiз де баянсыз. Ол да тас төбеңде бұлбұлдай тамылжытып сайрап, тотықұстай мың құбылып тұрады да, күндердiң күнiнде басыңа бiр саңғып ұшып кетедi. Аттан түстiм, түстiм дұшпан торына, Азап шектiм, ит өмiрден жерiндiм. Далбасалап қарап едiм қолыма Бұл күннiң де өтетiнiн ұғындым. Əлбетте, Бауыржанды қинайтыны өз басының халi емес. Оны қинайтын жайт, көкiректерi аяққаптай-аяққаптай боп, кеуделерiне нан пiсiп, ысқырықтарымен жер жарып, жетi қабат таралғыны қатар үзiп жiберердей боп шiренiп, көздерiн шел басқан асып-тасқандар. Соларды көрiп тұрған Бауыржан: Соңына ерген көп итiне үргiзiп Ендi тiзе батырмас деп мына елге. Тым болмаса түссе көктен бiр жүзiк Кигiзер ем, шiркiн, ана бiреуге... – дейдi. Өлең бiттi. Бiрақ, оқырманды толғандыратын, толқытатын толғақты ой қалды. Жалғанды жалпағынан басып жүрген сол шiренген шiркiндердiң қолдарына сенiң де Сүлейменнiң жүзiгiн кигiзгiң келiп кетедi. Жалпы, Бауыржан сөздi аса қасиеттi ұғым, яғни, дүниенiң алтын дiңгегi, асыл қағидасы деп бiледi. Оның ертеректе жазылған «Сөз» деген өлеңiне киелi кiтаптағы «əуелi сөз болған» деген тiркестi эпиграф етiп алуының өзi содан болса керек.
Мақсат басқа, өзге арман, Болмысым да... көнердi. ...Атамыздан сөз қалған, Не қалдырам мен ендi? Сап, сап, көңiлiм – бозжорғам, Жоқ нəрсеге налыма. «Ең əуелi сөз болған», Сөз болады соңы да! Рас қой. Адамды шыр етiп жерге түскеннен əуелi сөз күтiп алады, соңғы сапарға аттанарда сөз шығарып салады. Сондықтан да, сөз қадiрiн бiлу деген сөз – өз қадiрiңдi бiлу деген сөз. Өз қадiрiңдi асқақтатам десең, онда сен сөз қадiрiн асқақтат. Өйткенi, мына дүние сөзбен ғана өлшенедi, сөзбен ғана бағасын алады. Өмiрдiң алағай да бұлағай аласапыран тiршiлiгiне де, адам жанының жықпыл-жықпыл түкпiрлерiне де қоғамда болып жатқан ақ түтек, қара құйынды құбылыстары мен сапырылыстарына да тек сөз арқылы үңiле аласың. Несiн айтасың, қазiр бiздiң күнiмiз, қашанғыдай, «қасқыр байлап ұстағандай қорада» болып тұр ғой. Ылғи бiр бiтпейтiн де қоймайтын арбасумен, аңдысумен күн кешiп келемiз. Содан барып сан соғып опынасың, тiптi омақаса құлап, бiр жақ қабырғаң опырылып құлағандай боласың. Олай болмаса, ақын: Мен, мен едiм, мен едiм, Тауға айналдым, төбе едiм. Егемендi ел болдым, Ендi мəңгi жайқалады желегiм ... деп едiм. Бiрақ, бiрақ азат, дарқан елiме Тiлiм керек болмады. Дiлiм керек болмады.
Дəл осылай кете берсе егерде Менiң дағы болар ма екен керегiм?! – демес едi ғой. Дəл қазiр бəрiмiздiң жанымызды жеп, етiмiздi езiп, сүйегiмiздi кемiрiп жатқан сұрақ осы ғой, «Мен, мен едiм, мен едiм» деп жүрген мына елдiң керегi бар ма өзi?! Əй, қайдам... Өйткенi ««Қазақты алдау» дейтұғын бiр ойын бар, Қазақстан дейтiн мемлекетiмде»... сол ойыннан «ойынымыз осылып» кетпесе игi едi... Ел мен жер тағдырын ойлаумен қабаржып жүретiндiктен бе, жоқ, əлде о бастағы табиғи болмыс-бiтiмiнен бе, Бауыржанның ең бiр жақсы көретiн мезгiлi – Күз. Күздi мол жырлапты. Тiптi ол күздi адам кейпiне енгiзiп, оны шəлкес мiнездi, долы, дүлей қимылды Құдағай ретiнде қабылдайды. Сəлем бердiк, төрге шық, Күз-құдағай, Құрметiмiз қалған ба, сiзге ұнамай? Қабағыңнан қаймығып, кеттi шығып Қыз мiнездi жаз дейтiн бiздiң ағай. Даңғыратып бұлт-нөкер шелектерiн Желiктiрер анау жел желөкпенi. Əжемiздiң өрмегiн күрт үзiпсiз, Сəл сабыр ет, құдағай, о неткенiң? Бiздiң əрбiр iсiмiз күнə сынды, Өршелене жаясың құлашыңды. Жекжат жөнiн бiлмейтiн ел емеспiз, Ақылға кеп, бер ендi бiр ашуды. Қайың шашын жұлыпсыз, обалдағы-ай, ...Бұрын қалай келгенбiз абайламай. Бiз еңкейген сайын сiз шалқаясыз
Мiнезiңiз, апыр-ай, қалай-қалай? Бұл өлеңге түсiнiк берiп жатудың өзi артық. Сурет – өлең. Образ – өлең. Ешқандай талқылап, таратып жатпай-ақ бəрi ап-айқын. Бұл өлеңнiң тағы бiр көзге ұрып тұрған ерекшелiгi – барынша қазақы мiнезiнде, яғни қазақы орындалуында. Сол үшiн де əдейi келтiрдiм, Бауыржанның сөзден өзiмiзге етене таныс сурет сала бiлетiн шеберлiгiне тəнтi болғандықтан. Əйтпесе, Абайдың «Қыс» өлеңiнен бастап жыл мезгiлдерiн адам кейпiне келтiрiп суреттейтiн өлеңдер, Құдайға шүкiр, жетiп артылады. Негiзiнен, Бауыржан күздi өзiмнiң көңiл-күйiмнiң ауа райы, жан құбылыстарымның климаты деп бiледi. Мөлдiр бұлттан пəренжi жамылды Ай да, Шаршады ғой... аспан сəл дамылдай ма? «Жылама ендi, сүрткiн, – деп – көз жасыңды» Ақыл айтар күзге ешкiм табылмай ма? Мен-ақ ақыл айтар ем, түсiн, бiрақ... Бiреу алып кеткендей күшiмдi нақ. Айқайлаймын, дауысым шығар емес, Тұр өйткенi, менiң де iшiм жылап. Көңiлдiң көп бояуы оңар шерден, Бiзге дағы көп адам болар сенген. Сол сенiмнен шығайық, жылама, күз, ... Алдыменен сен тоқта, содан соң Мен. «Көңiлiнiң көп бояуы шерден оңып» кеткен Бауыржанның iшiн қанжылататын жағдаяттар көп болып тұр. Тым көп. Өйткенi, «шындығыңыз бүгiнде тұлдыры жоқ тұл жетiм». Өйткенi, ол «мыстан- өмiр қолынан көземенен қайғы iшкен». Өйткенi, ол:
Данғазаның буына маң дала мас, Жапырақсыз қурады орман-ағаш. Кiрпiгiне қан қатып қоғамың тұр. Үмiт күткен ұрпағың ол жалаңаш. Арманымен қондырған айға өлеңiн Адалдықтың əр кезде байрағы едiң. Етiк сатып ертеңiң базарда жүр, Ендi күнiң не болар, қайран елiм? – деген етiн езiп, сүйегiн үгiтiп жiберетiн ауыр сұрақтың астында жүр. Қай жағына қараса да еңсесiн басып, жан-жүрегiн талап, сезiм талшықтарын отап жiберетiн көрiнiстердi көре-көре көңiлi əбден қайтқан ақын «бақытсыздық пен ақында бар ма екен əлде үндестiк» деген зiл батпан тұжырымға келедi. Мен бұл мақаламды Бауыржанның өз өлеңiмен аяқтағым келiп тұр. Өйткенi, ол өлең көбiмiздiң қазiргi көңiл-күйiмiздiң ең керектi пернесiн дəл басып, шер-мұңымыздың шегiн дер кезiнде қағып жiберетiн жұп-жұмыр қалпында, аяқ-қолы балғадай боп туа салған өлең екен. Жүрегiмдi билегенде нала-мұң, Хал-жайымды сұрай берме, қарағым, Құлай-құлай таусылған бар амалым, Күрсiнуден күлге айналған жанарым. Лаулай алмай, бықсып жанған шаламын. Қарашаның бұлты-сынды түнерген Қара көзден қан ағызып күлем мен. Жанарында қайғы жусап, мұң өрген Қара түннiң үрпiнен мен жыр емгем.
Содан болар көңiлдiң көп кетеуi, Менiң жаным – көңiлсiздiк мекенi. Қиялымның қанжылаған жанары, Арманымның жасқа толған етегi. Көкiрегiмде күрсiнгенде шерлi өлең, Сəби-мұңды бесiгiмде тербеп ем... Өз сезiмiн өзi өлтiрiп жерлеген Қанды қолды қатыгезбiн мен деген. Хал-жайымды сұрай берме сен менен. «ОРМАНДЫ СӨЗДIҢ АЙМАҒЫН ОМБЫЛАҒАН ОЙ БҰЗАР» Осы топтама мақалаларымның бас жағында Əмiрхан Балқыбек туралы жазған пiкiрiмде мен оның тым сараң жазатынын ескерткендей сөз айтып, бiрақ сараң жазудың тiптi де айып емес екенiн, солай бола тұра, қолына қаламды жиiрек қолға алғанын қалайтынымды бiлдiргендей болып ем. Бұл толқынды оқи келе, сараң жазу «ауруы» олардың бəрiне де тəн екенiн ұқтым. Алды қырыққа кеп қалған, баяғы бiздер секiлдi қыспақ пен құрсауда, яғни қатып-семiп қалған, сықиған стандартта емес, аласапыраны да, алыс-жұлысы да көп қым-қуат, алақұйын дүниенiң iшiнде жүрсе де неге соншалықты сараң жазатындарына түсiнбей-ақ қойдым. Құдай-ау, өлең дейтiн бiрде жамыраса табысып, бiрде жағаласа тебiсiп жатқан мына қатал да қазымыр уақытпен шаппа- шап ұстасып, қоян-қолтық тартысқа түсетiн соншалықты ұшқыр жанр емес пе?! Əрине, не болса соны жаза бермеу керек, не болса соның жетегiнде кете бермеу керек, не болса соны ешқандай електен өткiзбей, iшкi қуат-қарымыңда қорытып алмай, дүмбiлез қалпында өлең ете бермеу керек. Мұның бəрi түсiнiктi. Дей тұрғанмен... Дей тұрғанмен... Бiрақ, солай бола тұра, бұл толқынға сүйсiнгенiм, олардың əрқайсысының өз жолы, өз дауысы бар. Бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды.
Шығармашылық ара-жiктерi бiр-бiрiнен алшақ-алшақ жатыр. Бiрi мен бiрiн тiптi де шатастырып алмайсың. Осы «сараңдардың» қатарындағы Нұржан Қуантайұлы да өлең деген күретамырдай даңғыл жолға өз соқпағымен келiп қосылыпты. Бұл жерде бiз жол мен соқпақ метафорасын тектен-тек айтып отырған жоқпыз. Өйткенi, оның «Күмбiр» кiтабының алғашқы бетiндегi өлең «Жолда» деп аталыпты. Бұл өлең – ақынның өзiн қанағаттандырған, көңiлiнен шыққан алғашқы өлеңдерiнiң бiрi болса керек. Өлеңдегi «сүреңсiз күннiң сүт қосқан шайға бiр қанған Анама ұқсап ашылып қапты қабағы», «қоға мен қамыс үңiлiп тұрды жапырлап, етектi кесiп есiле аққан өзенге» деген жолдар, сөз жоқ, жас ақынның əрi сергек, əрi байқағыштығын көрсетсе керек. Нұржан қиядағыны қапы жiбермейтiн байқағыш қана емес, сол көргенiн қаршығадай қағып түсетiн алғыр. Тағы да ол көргендерiнiң бəрi қазақ жанына жақын. Ұлттық колоритке бай. Сары шалдың тарамдалған сақалындай Ошақта от көлбеңдейдi жел лебiмен. Кiм-кiмдi де қызықтыратын жанды сурет. Жалпы, Нұржан сөзбен сурет салуға шебер-ақ. Тағы да ол суреттердiң бəрi сондай нақты, бояуы сондай қанық. Сонымен бiрге, ол суреттердiң бəрi де уақыт табымен көмескi тартып көнермейтiндей. Бейне бiр олардың бəрi жаңа ғана, сенiң көз алдыңда салынғандай. Тiптi ұстасаң қолыңа бояуы жұғып қалардай немесе нақты бiр заттың табы алақаныңа сезiлетiндей. Оқып көрейiк. Аңдаусызда аспанға нұрын шашып Нəлiсiндей етiктiң... Ай қағылды. Немесе: Бұлақтың суы бүйiрi қызып биледi
Қақпақыл қылып қайраңда малта тастарды. Немесе: Жаңа сытылған терiсi құсап соғымның Көкжиек сонау көлбең де көлбең бу болып. Немесе: Ақша бұлттар түтiнiндей мүштiктiң. Немесе: Жайып қойған өреге ақ малтадай Ауыл үйi көрiнген ағараңдап. Немесе: Салы суға кеткен көктiң Еңсесi Ескi тонның етегiндей салбырап. Мiне, осылай жалғаса бередi, жалғаса бередi. Əрине, бұл суреттердiң бəрi дерлiк ғылыми-техникалық төңкерiс заманының шынжыр табаны жерiн таптамаған, сорайып-сорайып тұрған тұрба өңештерi көгiне көкала түтiн құспаған туған жердiң тұнып тұрған келiстi келбеттерi. Бiрақ, сол айшықты суреттер мен əдемi көрiнiстердi көтерiп тұрған ол сұлу аймақтың да сұңғыла тарихы болмас па? Əрине, көрген көздi сұқтандырып, айтқан ауызды тамсандырып жiберетiн сол ғажап көрiнiстерге толы бұл аймақ ғасырлар бойы осындай тамылжыған қалпында тұрмаған екен, ол жер де талай-талай қанды оқиғалардың куəсi болып, басынан талай-талай тартысты оқиғаларды өткерген екен... Ендi ақын да өзiнiң қылқаламын көз бен көңiлдi қатар арбайтын сары ала, жасыл бояулардан арылтып, қара ала, қанқызыл бояуларға малып
алады. Торғайы ұшқан сор далам, Толғамалы найза толғатар ердей қомданам. Тұтам емшектей ту бие үшiн нар бабам, Тұттай баланың тұрмысы үшiн нар бабам Басы қайда қалмаған? Салқар тарихты сайына тығып сар далам: «Қараша жұрттың қай сөздерiн қарманам», Қадiрi қашқан, қаһары асқан заманда Қазағым қайда аумаған. Ендi ақын бойында не нəрсеге де, қандай құбылысқа да тарихи көзқарас қалыптаса бастады. Ақын бойындағы тарихи көзқарас деген категорияны нақты бiр тарихи аяда ғана қарастыруға болмайды. Бұл жерде ол ұғымды қай тақырыптың да арғы астарына үңiлiп, тамырына бойлап, қыртысын аршып, тегiн тануға ұмтылу деп қараған жөн. Яғни, Нұржанның көру аясы ауқымдалып, дүние танымы мен көңiл көкжиегi кеңи түстi деген сөз. Яғни, ендi ол қылт етiп көрiнгендi кəнiгi фотографтай сырт еткiзiп түсiре қоятын немесе көздi арбап тұрған көрiнiстi шұғыл түрде көшiре қоятын пейзажистен гөрi, тақырыпқа айналған материалдың арғы жағына, iшкi əлемiне зер сала бастады. Сол əрекет, сол жолға түскеннен-ақ мына жарық дүниенiң шетi де, шегi де жоқ екенiне көзi жетiп, оның драмасы мен трагедиясы андыздап шыға келдi. Ақын ендi қияметтен де қиын сол дүниенiң iшiне кiрдi. Көкжиектiң кемерi, Көзiмдi менiң алдама. Шегi бар жердiң деп едi, Шексiз екен-ау жалған, ə?
Көкжиектiң кемерi Көзiме қарар сұғына. Жалықпай-ақ ел сенедi Жалғанның жалғандығына. Көкжал тағы қайда бар? Көзiме айтшы, сыр бүкпе. Диiрмен құсап айналар Дүниесi де, тiрлiк те. Дүние шыркөбелек айналуда. Тағы да диiрмен құсап. Алапат айналыс. Дəндей басыңды ұндай үгiтiп тартып жiбермек. Көкжиектi, көкжиектiң кемерiн ол бұрын да көрген болатын. Ол кезде көкжиектiң кемерiнде бұлың-бұлың етiп жататын «сағымды малтып барсам ба» деп əдемi бiр ойнақы қылық көрсетiп, туған жерге деген аңсар сезiмiн ғана бiлдiрiп қойған-ды. Сөйтсе, табиғат көкжиегiнiң кемерiнен гөрi, өмiр көкжиегiнiң кемерi əлдеқайда ауыр да қиын болып шықты. Нұржан ақын ендi көмейiне түскеннiң бəрiн ұн етiп тартып жiберетiн диiрмендей айналып тұрған дүние мен тiршiлiк түгiлi, күнi кеше ғана моп-момақан боп монтиып, жұп-жұмсақ боп жұтынып, өзiнiң бүкiл сұлулығы мен сымбатын сыртына шығарып жататын табиғаттың өзiнен де драма, табиғаттың өзiнен де тартыс көретiн болды. Өзiнiң көңiл-күйi мен көзқарасын сол табиғат құбылыстарымен астастыра қарастырып, өлеңiн сол құбылыстармен үйлестiре, үндестiре өретiн болды. Сiре, сiре, сiре қар, Сiре қарда кiм оңар. Сiрi қалған мына бiз, Сiз табыңыз бiр амал. Қара түннiң қаймағын Айқай бұзбас, ой бұзар.
Орманды сөздiң аймағын Омбылаған ой бұзар. Айтылар ойдың, iшкi психологиялық арпалыстың балқыған қорғасындай боп құйыла қалғанын былай қойғанда, орындалуының өзi қандай əдемi. Құлағын келтiрiп, бұрауын қалай дəл түсiрген. Сыңғыр- сыңғыр, сыңғыр-сыңғыр. Бейне бiр əр буын, əрбiр сөзге көзге көрiнбейтiн құйтақандай-құйтақандай күмiс қоңыраулар iлiп қойғандай. Ақын мына тiршiлiкке бұрынғыдан да жiтi, бұрынғыдан да сергек қарайтын болды. Көру де, сонымен қоса көзқарас та өзгердi. Бiр кезде қағылған нəл сияқты көрiнетiн Айыңыз ендi «бұлтқа сiңген қауғаның шелегiндей суға батып бара жататын» болды. Алдынан «ошаққа ұқсап жұртында қалған моладай суық қыстақтар» шығып, соларды көрген өзiнiң де көңiлi «қабырғасы құлаған ескi жұрттай қақырап» қалатын болды. Махамбет ақынның: «Ежелгi дұшпан ел болмас, етектен кесiп жең болмас» деп қылыштай тiлiп сөйлегенiн оқып, оны көңiлiне мықтап тоқып өскен ақын, ендi мына аяр заманның сол бiр серттей берiк сөзден сырт айналып кеткенiн көрiп: «Ежелгi дұшпан ел болды, етектен кесiп жең болды, тең-тең болды, тең болды, тең-тең жүгiң жем болды», – деп қамықты. Нұржан Қуантайұлының тағы бiр менi сүйсiнткенi – өзiнiң бiр шыққан биiгiнде қалып қоймай, өзiне де, өзгеге де тосын, өзiне де, өзгеге де белгiсiз тың өрiстерге шығуға құмарлығы. Бұл ретте ол оқыған көзге де, естiген құлаққа да оқшау көрiнiп, тiптi оғаштау естiлетiн образдар мен сөз тiркестерiнен де қашпайды. Абай «қиыннан қиыстырар ер данасы» дегендей, Нұржан да қиыннан қиыстырады. Қиыстырады деген сөзден (тiптi Абайдың өзi солай деп тұрса да) бiреулер шошып кетуi кəдiк. Өйткенi, көп жұрт үшiн өлең деген құйыла салу керек. Олар өлең дегенiң де өмiр екенiне мəн бере бермейдi. Олай болса, өмiр сияқты өлең де кейде мозайика сияқты құрастырылады. Тек сол құрастыруда үндестiк болсын, сендiре алатын қуат болсын деңiз. Мəселен ол: «Менiң жырым – сонау ерте көктемде қасат қарды теуiп шыққан бəйшешек», – дейдi. «Қасат қарды теуiп шыққан бəйшешектi сiздiң, əрине, қабылдамауға толық хақыңыз бар. Ал мен осы образды
қабылдадым. Көрiнбейтiн процесс болса да, көрiп тұрғандаймын. Тағы да Нұржан «Алматының бетiне ала плакат жабысып» тұрғанын көрiптi. Мұны ендi қабылдамасаңыз да қабылдайсыз! Нұржан шығармашылығы туралы пiкiр жазған Бекжан Əшiрбаев: «Жаңа, тың теңеулер, үйреншiктi емес лексикаға ұмтылу, оқыс метафоралар жасау, шарттылықтан жалт бұрылып кету Нұржан поэзиясында аз кездеспейдi», – дептi. Мен бұл пiкiрге əбден қосылам. «СОРДАН БАҚЫТ ТАРТЫП АЛДЫМ БIР СƏТТIК» Менiң алдымда шығармашылығын өзiм қадағалап жүретiн ақындардың бiрi Батырболат Айболатұлының «Мен ғашық қыз» атты бiр жапырақ қана жыр кiтабы жатыр. Əдебиетке ол ертерек келсе де, кiтабы тек 1996 жылы ғана жарық көрiптi. Содан берi он бiр – он екi жыл өткен. Өздерiңiз байқап отырғандай, бұл топтама мақалаларымда алтынкөпiрлiктердiң тым сараң жазатындарын айтып өткем. Бiрақ, бұл сөздi тек бiржақты түсiнуге болмайды. Сараң жазады дегенде олар қаламдарын мүлде суытып қойған деген ұғым тумау керек. Сөз жоқ, олардың қай-қайсысында дəл қазiр ең құрығанда бiр-бiр жыр жинақтары дайын екендiктерi сөзсiз. Алайда оларға деген министрлiк тарапынан да, баспалар тарапынан да тиiстi ықылас пен қамқорлық жетпей жатыр ғой деп ойлаймын. Пышақтың қырындай ғана сол жинақтағы алғашқы өлеңдердiң бiрi «Өз əлемiм бар менiң» деп аталады. Сол өлеңiнде ол: «Жаңа жырды шырақ етiп кiремiн пенделiктi босағада қалдырып», – дейдi. Ал ақынның iшкi əлемi деген мына қапылысы да, қақтығысы да жетерлiк, мұңы мен қуанышы салаласып-сабақтасып, бiрде қатар өрiлiп, ендi бiрде тарқатылып жатқан, дүркiреген дүрмегi де көп, шешiмi табылмай жатқан күрмеуi де көп дүние ғой. Ондай əлемге ендеп кiрiп, ондағы болып жатқан қым-қуыт оқиғалар мен алыс-жұлыс арпалыстарға кесiм айтып, шешiм шығару үшiн сен, ең алдымен, өз басыңдағы күнкөрiс қамын ғана ойлайтын күйбең-күйбең мiнезден, бейшара пендешiлiктен арылып алуың керек. Тек сонда ғана сен өзiңнiң ең бiр жауапты
аймағыңа кiре аласың... Ақын, мiне ендi, өзiнiң iшкi əлемiн қарастырып отыр. Күз сыпырып кеттi iшiмдi Үздiм ойдан жапырақ-мұң. Тоғышарлау, тоқ пiшiндi Ақымаққа – ақымақпын. Көңiл қалды пенделiктен Əлiм бiттi – зая күндер. Таппай келем сенделiп мен Сезiмiмдi қоятын жер. Ақын жаны да мына өмiрдiң өзi сияқты алай-дүлей, ығы-жығы, сапырылыс. Тiптi онда сезiмiңе де орын жоқ. Өмiрдiң өзiндей алай- дүлей болып жатқан өз əлемiне үңiлген ақын, əдетте, сол алай-дүлей дүниенi реттеп немесе «жуасытып» тастау үшiн үңiлмейдi, соның iшiнен керегiн тауып, қажетiн «өндiрiп» алу үшiн, оны рухани игiлiкке айналдыру үшiн үңiледi. Өкiнбеймiн! – Жанды жырмен жұмсарттым, Аш көңiлдi абаданға құрсақ қып: Көкке қарап ұлып тұрып қасқайып Сордан бақыт тартып алдым бiр сəттiк. Кейде ақын дəл осындай өжет, долы болуға тиiс. Жақсылықтан əркiм- ақ бақыт таба алады. Мықты болсаң, тiптi бiр сəттiк болса да, сордан бақыт тартып ал! Мiне, қайрат! Мiне, рухани қуат. Адамның намысын жанып, жiгерiн қайрайтын жолдар осындай болса керек едi. Əрине, «сордан бақыт тартып алатын» ақынның өзi де кiлең маңдайы жарқырап, жалы күдiрейiп, мерейi өсiп, мəртебесi биiктеп жеңiске жете
бермейдi. Оның да жабығып жасып қалатын, соққыға жығылып, тауаны қайтатын тұстары аз болмаса керек. Ал ондай кезде ақын күйi қандай болмақ? Рухымды дертке шалдырдым Кəсiпкерлiкке обалы. Тəнiмдi жерге қалдырдым... ...Жұлдызым жоғары. «Рухы дертке шалдығып», ақыры тəнiн жерге қалдырып, бақилыққа кетсе де, бəрiбiр өршелене өжеттiк танытып, «жұлдызым жоғары» деп тұр. Бiрақ оның қаншама өршеленiп, қаншама өжеттiк керсетсе де айналада болып жатқан алақұйын, аласапыран тiршiлiктен қажып шаршамауы мүмкiн емес. Бұл – бəрiмiздiң басымыздан өтетiн жайт. Ондай сəттерде тұмандай тұнжырап, итсiлiкпең шығып, қалжырап қалатының хақ. Сондай бiр сəттi Батырболат əдемi-ақ айтқан. Бiр түнiмнен ұйқым қашты, Бiр түнiмнен күлкiм қашты... Баянсыздау сезiмдердiң Байсал ойым жұртын басты. Бетке жамап жасаң əрдi, Көңiлiмнiң шашы ағарды... Көзден қызық бұл-бұл ұшты, Көрген қызық тасаланды. Жеңдi бiлем тұрмыс менi Жұрттың, қырттың түрлi iстерi... Жерiп, тойып, ойдан мүлгiп
Қартқа айналдым жиырма үштегi... Бiр түнiмнен ұйқым қашты... Бiр күнiмнен күлкiм қашты... Небiр кiсəпiрлiктер мен мүсəпiрлiктердi көре-көре жиырма үш жасында-ақ қартқа айналған Батырболатты ғана емес, сондай сəттердiң талайын басынан өткiзген көзi ашық, көңiлi ояу барша естi қауымды аяйсың! Өзiнiңiшкiəлемiндеболыпжатқансансапырылыстар мен сан қапылыстарды, берiш боп қатқан мұңы мен шемен боп жатқан шерiн ақтарып сөйлей алатын Батырболат, бəрiбiр, ең алдымен лирик. Лирик болғанда да, төгiлiп тұрған лирик. Махаббат лиригi. Оны «Жұматайдың iнiсiмiн өлеңде сiңiлiсiне өле ғашық Лəйлiнiң» деп өзi де мойындайды. Ол əрине: Қылығы бала сықылдым, Қытығым жеңiп ұтылдым: Жанарымды ұрлап жұтындық, Тамағым құрғап, жұтындым, Қылығы бала сықылдым... – деп таңдайына кəмпит салып тамсанып тұрған бұл өлең, одан гөрi тереңiрек, одан гөрi əлдеқайда қуатты естiлетiн «Махаббатын мəшһүрлейтiн мұнара бiткен күнi басы алынар шебердей» деген басқа бiр өлең жолдарына ауысады. Бəрiмiз де махаббат туралы жазғанбыз, бiрақ көбiмiз барша əлемге паш ету үшiн махаббат мұнарасын салып ап, басын семсер астына тосатын шебердей хал кештiк деп айта қоюымыз екiталай-ау, екiталай. Сонда ақын ғашық болған қыз, Құдай- ау, қандай болғаны?! Ай десе аузы, күн десе көзi бар, көркiмен көңiлiңдi де, көзiңдi де арбап тұратын сиқыр перiнiң қызы ма, жоқ, əлде, көктен ғана көлбеңдеп көрiнетiн перiште ме?! Ендi жүзiмiздi соған бұрайықшы.
Мына жалған – жалған екен, тым жалған!.. Бейбақ басқа берген болды- ау мұңды арман. Мен сүйген қыз сыймайды екен жалғанға, Немесе оған лайық емес бұл жалған! – деп бiз күткендегiден де асыра мақтап, марапаттап алады да: Осы болса өмiрiңнiң сияғы, «Өлең емес, өксiк» десем сыяды. Түкiрдiм мен сол бейнеден басқаға Жетпейтiндей еш пенденiң қиялы!.. Ал, əйтпесе! Сүйсе, Мəжнүн ғана осылай сүйген шығар-ау! Бiрақ, ақын өзегiн суырып берердей боп өлiп-өшiп сүйген сол жанның қасына баруға жасқанады, батылы жетпейдi. Тағы да ақынның оқырманды əрi- сəрi ғып, не айтарыңды бiлмей ал-дал етiп қоятын бiр қызық тұсы – ол өзiнiң ғашық қызын өзiне де қимайды! Түсiнiп отырсыз ба, өзiне де қимайды! Құдай куə, қол созуға жасқанам... Сен өйткенi ерекшесiң басқадан! Өзiме де қимаған соң, қорқамын Қадiрiңе жетпей ме деп басқа адам. Сүттен де аппақ, ауадан да жеңiлсiң... Сұқтанғандар бағаңды ұқпас сенiң шын. Нəзiктен де, нəзiгiм-ау, менiң сол Олар сенiң қадiрiңдi не бiлсiн?! Талшыбығым, таң шығындай тұнығым, Сəби сынды сүп-сүйкiмдi қылығың. Өмiрiне жүрегiмнiң жүгiнiп, Тəңiрiме айналдырды ұғымым.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 489
Pages: