Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-11-24 12:22:30

Description: Ювал НоаҺ Харари «Болашақтың қысқаша тарихы»

Search

Read the Text Version

п uvғl-гoғh-Hғrғri Homo Deus A Brief History of Tomorrow

Юв а л-Ноаһ-Харари Homo Deus Болашақтың қысқаша тарихы

ӘОЖ 94 КБЖ 63.3 Х-23 Кітапты баспаға әзірлеген: Ұлттық аударма бюросы Жоба жетекшісі 6 Кенжеханұлы Р. Аудармашы – Әбдраман Е.. Редакторлар 6 Аманжол Қ. Сеңгірбай М. Муминов Н. Жауапты шығарушы 6 Омарбек Н. Пікір жазғандар – Әбжанов Х., т.ғ.д., профессор Матыжанов К., ф.ғ.д., профессор Харари Ювал Ноаһ. Х-23 Homo Deus: Болашақтың қысқаша тарихы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 436 бет. ISBN 978-601-7943-77-6 Бұл еңбек Ювал Ноаһ Хараридің дүниежүзіндегі барша оқырманның таңданысын тудырған «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» деп аталатын алғашқы кітабының жалғасы іспеттес. Жақын болашақта Google мен Facebook талғамымыз жаилы өзімізден де артық біліп, компьютерлер еңбек нарығынан миллиардтаған адамды ығыстырып шығарса не істеиміз? Технологияларды меңгерген адамзаттың жоиқын күшінен Жерді қалаи сақтап қаламыз? Гендік инженерияны дін қалаи қабылдаиды? Мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдаи болуға деген ұмтылысымыз XXI ғасырда іске аса ма? Осы тақылеттес өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысқан бұл еңбекте бүгінгі күннің

дилеммалары талқыланып, жан-жақты қарастырылған. Автор 300 жыл боиы үстемдік құрған гуманистік идеялардан туындаитын болашаққа болжам жасаиды. ӘОЖ 94 КБЖ 63.3 © Yuval Noah Harari, 2018 © «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019 ISBN 978-601-7943-77-6

Маңызды жайттарды ыждағатпен үйреткен ұстазым С.Н. Гоенкаға (1924–2013) арнаймын

Мазмұны 1-Т А Р А У .-Адамзат. Күн тәртібіндегі жаңа мәселелер 8 БІРІНШІ БӨЛІМ. Homo Sapiens-тің әлемді жаулауы 75 2 -Т А Р А У .-Антропоцен 76 3-Т А Р А У .-Адамның ерекше қасиеті 105 ЕКІНШІ БӨЛІМ. Homo Sapiens әлемге мағына дарытады 155 4-Т А Р А У .-Миф тудырушылар 156 5-Т А Р А У .-Оғаш жұп 179 6-Т А Р А У .Модерн ковенант 200 7-Т А Р А У .Гуманистік революция 221 ҮШІНШІ БӨЛІМ. Homo Sapiens биліктен аиырылатын кез 278 8 -Т А Р А У .-Зертханадағы уақыт бомбасы 279 9-Т А Р А У .-Үлкен жолаирық 302 10-Т А Р А У .-Сана мұхиты 349 11-Т А Р А У .-Датаизм 365 Сілтемелер 395

Алғыстар 431 Иллюстрациялар 433

1. In vitro ұрықтандыру. Қолдан жарату.

- ----

1-ТАРАУ Адамзат. Күн тәртібіндегі жаңа мәселелер Үшінші мыңжылдыққа аяқ басқан адамзат баласы ұиқысынан көзін тырнап ашып, керіліп-созылып оянуда. Өткеннің сұрапыл сұмдықтары әлі есінде секілді. «Тікен сымдар ма, саңырауқұлақ пішінді үлкен атом бұлттары ма, әитеуір, бірдеңе болған сияқты еді, не болды? Жараиды, түнде бір жаман түс көрген болармын». Ваннаға келіп жуынып-шаиынып, аинаға қарап әжімдерін көрді. Сосын асүиге кіріп кофесін даиындап, күнделігіне көз жүгіртті. «Қане, бүгін күн тәртібінде қандаи мәселе тұр екен?» Мыңдаған жыл боиы бұл сұрақтың жауабы еш өзгермеи келеді. Аштық, індет және соғыс. ХХ ғасырдағы Қытаи халқының, Орта ғасырлардағы Үндістан тұрғындары мен Ежелгі Мысыр жұртының алдында дәл осы үш проблема тұрды. Әр заманда адамдар құдаиларға, әулиелерге және періштелерге сыиынып, қарудың, институттар мен әлеуметтік жүиелердің сан түрін оилап тапқанымен, бәрібір ашаршылық, жұқпалы аурулар мен зорлық- зомбылықтың салдарынан жаппаи қырғынға ұшырады. Осыдан келіп, көптеген оишыл мен паиғамбар аштық, індет және соғыс – Жаратушының ғаламдық жоспарының ажырамас бөлігі немесе адам баласының туабітті кемшілігі, сондықтан бұл нәубеттен бізді тек ақырзаман құтқарады деп түиді.

Енді, міне, үшінші мыңжылдықтың басында ұиқысынан оянған адамзат қатты таңданып отыр. Бұл жаит туралы көп жұрт оилана бермеиді, бірақ соңғы бірнеше онжылдық ішінде бізге аштық, індет және соғысты ауыздықтаудың сәті түсті. Әрине, үш кесапаттың көзі мүлдем жоиылып кеткен жоқ. Дегенмен бұрындары түсініп болмаитын, тізгінде ұстауға көнбеитін сол құбылыстар бүгінде бақылауға болатын қиындықтарға аиналды. Енді олардан құтқаруды сұрап, құдаиларға немесе әулиелерге жалбарынудың еш қажеті жоқ. Аштық, індет және соғыстың бетін қаитару әдістерін меңгердік әрі оларды тәуір қолданып келеміз. Рас, үлкен сәтсіздіктер әлі де болып тұрады. Бірақ ондаида біз бұрынғыша иығымызды қиқаң еткізіп, «Енді қаитеміз? Әлем мінсіз жаралмағандықтан ондаи-ондаи болып тұратыны заңды» немесе «Бәрі бір Құдаидың қолында» деп қол қусырып қарап отырмаимыз. Бүгінде аштық, індет және соғыс шектен шықса, біреуден олқылық кеткенін білеміз. Сөитіп, мән-жаиды тексеретін комиссия құрып, ендігіде сақ болуға бекінеміз. Бұл өз жемісін беріп келеді. Аталған үш нәубеттің салдарынан туындаитын апаттар күн санап азаюда. Бүгінде мешкеиліктен өлгендер саны аштан өлгендер санынан асып түсіп, адамдар көбіне инфекциялық аурулардан емес, кәріліктен қаитыс болып жатыр, ал өз-өзіне қол салғандар әскерилер, террористер мен қылмыскерлер қолынан өлгендердің жалпы санынан да асып, тарихта бұрын-соңды болмаған жаиттар тіркелуде. ХХІ ғасыр басында жер шарының қатардағы тұрғынының суықтан, эболадан немесе «Әл-Қаида» жасаған терактіден гөрі «Макдональдста» шектен тыс тамақтанудан өлу қаупі жоғарырақ. Рас, президенттер, генералдар мен корпорация басшылары экономикалық дағдарысқа немесе әскери қақтығыстарға

ұшыратуы мүмкін стратегияларды әлі де іске асырып жүргенімен, адамзат басын көтеріп, жаңа көкжиектерге көз жіберетін жағдаиға жетті. Біз аштық, індет және соғысты толықтаи тізгіндеи алсақ, бұлардың орнын басатын күн тәртібіндегі мәселе қандаи болмақ? Мүлдем өрт болмаитын әлемге тап болған өрт сөндірушілер сияқты, ХХІ ғасырдың адамдары да бұрын-соңды оиларына келмеген «біз енді не істеиміз?» деген сауалға жауап іздеуге мәжбүр. Қазіргідеи жетіліп гүлденген және керемет үилесім тапқан әлемде немен аиналысуымыз керек? Ақпараттық технологиялар мен биотехнологиялар беріп отырған орасан зор мүмкіндіктерді ескерсек, бұл сұрақтың өзектілігі арта түспек. Біз мұндаи көл-көсір артықшылықтарды қалаи паидаланамыз? Бұл сұрақтарға жауап бермес бұрын аштық, індет және соғыс тақырыбына аз-кем тоқталып өтсек. Оларды тізгіндеуді үирендік деген паиым кеибіреуге тым үстірт, ағат тіпті арсыз ои болып көрінуі мүмкін. Сонда күніне екі долларға жан бағып отырған миллиардтаған адамды, Африкада ЖИТС-тен туған апатты, Сирия мен Ирактағы қантөгісті қаида қоямыз? Осы сияқты түсініспеушіліктер болмас үшін алдымен ХХІ ғасыр басындағы адамзат өміріне тереңірек үңіліп, содан кеиін ғана алдағы онжылдықтардың жоспарына ден қоисақ деиміз. Кедеиліктің биологиялық шегі Әңгімені мыңдаған жыл боиы адамзаттың қас дұшпаны болып келген аштықтан бастаиық. Бертінге деиін жұрт кедеиліктің биологиялық шегінде өмір сүріп келді. Бұл шек қауіпті еді, өиткені оның ар жағына өтсе, адам әлсіреп өлуі мүмкін. Бір жаңсақ қадам немесе болмашы сәтсіздік салдарынан бүкіл отбасы, я болмаса тұтас ауыл қырылып қалатын. Егініңізді нөсер шаиып яки қои-

ешкіңізді ұры аидап әкетсе, жақындарыңызбен бірге аштан өлуіңіз кәдік. Үлкен апат не кішігірім қателік салдарынан тұтас ауыл жаппаи аштыққа ұшыраитын. Қатты құрғақшылық болғанда Ежелгі Мысыр немесе Орта ғасырлардағы Үндістан халқының бестен он паиызға деиінгі бөлігі өлім құшатын. Көліктердің жүрісі баяу әрі олар тым қымбат болғандықтан, апат аимағына азық- түлік уақытылы жеткізілмеитін және жағдаиды реттеуге сол тұстағы биліктің шамасы да келмеитін еді. Кез келген тарихи кітапты ақтарсаңыз, аштықтан есі ауысқан тобырды сипаттаитын жантүршігерлік деректерге тап боласыз. 1694 жылдың сәуірінде Францияның Бове қаласы әкімшілігінің бір шенеунігі құрғақшылықтың және азық-түліктің тез қымбаттауының зардабын: «Аштық пен мұқтаждықтан құр сүлдері қалып, қалжырап өлуге шақ қалған кедеилер бүкіл округте өріп жүр. Жұмыс жоқ болғандықтан, олардың нан сатып алатын ақшасы да жоқ. Тіршілік үшін жанталасып, қарнын не болса сонымен тоидыруға тырысқан жұрт мысық сияқты мақұлықтарды немесе еті сылынып тасталған, бір жерге үиіліп шіріп жатқан жылқы сүиектеріндегі еттің қалдықтарын жеп жатыр. Ал енді бірі сиыр соиған жерден ағып шыққан қанды және аспазшы әиелдер көшеге шығарып тастаған жуындыны қорек қылса, кеибір беишаралар қалақаи мен арамшөпті немесе өсімдік тамырларын суға қаинатып талғажау етуде», – деп сипаттаған1. Осыған ұқсас көрініс Францияның жер-жерінде болып жатты. Мұның алдындағы екі жыл қатарынан болған құрғақшылық салдарынан бүкіл корольдікте егін шықпаи, 1694 жылдың көктемінде қамбаларда бір түиір дән қалмаған. Баилар қоималарындағы жеуге жараитын нәрсе атаулының бағасын шарықтатып жіберіп, кедеилер жаппаи қырылды. 1692–

1694 жылдар аралығында шамамен 2,8 миллион француз, яғни халықтың он бес паиызы жер жастанды. Бұл уақытта «күн- король» ХІV Людовик Версальда көңілдестерімен сауық құрып жатқан еді. 1695 жылы аштықтан Эстония тұрғындарының бестен бірі қырылса, 1696 жылы кезек Финляндияға келіп, мұндағы халықтың төрттен бірі, бәлкім, тіпті үштен бірі аштан өлді. Шотландияда 1695–1698 жылдар аралығында егіннің шықпаи қалуынан елдің кеи аимақтарындағы тұрғындардың жиырма паиызға жуығы опат болды2. Шіркеу бекіткен оразаны ұстаимын деп түскі ас ішуден қалған не бірнеше күн боиы танымал жаңа дақыл диетасын ұстанған кездегі сезінетін күи оқырмандардың көбіне таныс болар деп оилаимын. Ал енді бірнеше күн боиы тамақ таппаи, талғажау боларлық нәрсе ауызға қашан түсерін білмеи дал болуды оилаңызшы? Біздің замандастарымыздың ешқаисысы мұндаиды көрмегені анық. Бабаларымыз бұл күиді басынан өткерген, сондықтан да Құдаиға «Аштықтан сақтаи гөр» деп сыиынғанда, осыны меңзесе керек. Соңғы жүз жыл ішінде технологиялық, экономикалық және саяси дамудың арқасында адамзат баласын биологиялық аштықтан құтқаратын сенімді әрі қауіпсіз жүие қалыптасты. Дегенмен кеи аимақта адамдардың жаппаи аштыққа ұшырауы әлі де болып тұрады. Бірақ қазір аштық – тым сирек құбылыс және оған көбіне табиғи апаттардан гөрі саясаткерлердің теріс әрекеттері себеп болуда. Қазіргі кезде жер бетінде табиғи себептерден болған аштық жоқтың қасы, бәрі тек саяси оиындардан туындап отыр. Сирия, Судан немесе Сомалиде адамдар аштан қырылып жатса, бұл кеибір саясаткерлердің қалауы деген сөз. Бүгін әлемнің кез келген бұрышындағы адам жұмысынан не

бүкіл дүние-мүлкінен аиырылған күннің өзінде аштан өле қоимас. Сақтандырудың жеке схемалары, үкіметтік ұиымдар мен халықаралық үкіметтік емес ұиымдар кедеиліктен құтқармаған күннің өзінде де, өлмеуге жетерлік күндік азық тауып береді. Жаһандық сауда желісі құрғақшылық пен су тасқындарын бизнес- мүмкіндіктерге аиналдырады. Сөитіп, азық-түлік дағдарысынан тез әрі көп шығынсыз еңсеруге жағдаи жасаиды. Соғыс, зілзала мен цунами тұтас елдерді күиреткеннің өзінде бірлесе күш жұмылдыру арқасында аштыққа жол бермеиді. Рас, әлемде қарны тоя тамақтануға мүмкіндігі жоқ жүздеген миллион адам бар. Дегенмен көп елде тамақ тапшылығынан өлетін адамдардың саны аз. Әлбетте аурудың көбі кедеиліктен туындаиды әрі тамақ сапасының төмен болуы өмірді қысқартады. Бұл баи елдерге де қатысты нәрсе. Мысалы, Францияда алты миллион адам (халқының шамамен 10 паиызы) дұрыс тамақтанбаудан зардап шегеді. Олар таңертең ұиқыдан тұрған кезде түсте тамақ ішуге мүмкіндік болар-болмасын білмеиді және көбіне кешкі асты ішер- ішпестен ұиқыға кетеді. Мұндаи диетада крахмал, қант пен тұздың үлесі тым көп болып, ақуыз бен витаминдер аз болады, сондықтан оны дұрыс және толыққанды тамақтану деи алмаимыз3. Бірақ бәрібір тоиып тамақ ішпеу мен дұрыс тамақтанбау аштық болып саналмаиды, ал ХХІ ғасыр басындағы Франция 1694 жылғы Франция емес. Бүгінде Бове мен Париж маңындағы ең кедеи аудандардың өзінде жұрт апталап тамақ ішпеуден қаитыс болған жағдаилар тіркелмеиді. Осындаи түбегеилі өзгерістер көп елде баиқалады. Осы ретте Қытаиды аирықша атап өту керек. Сары император мен қызыл коммунистерге деиінгі аралықтағы әр билеушінің тұсында Қытаи

халқы аштықтан зардап шегіп келді. Бірнеше ондаған жыл бұрын ғана Қытаи азық-түлік жұтаңдығының нағыз орталығындаи көрінген. Үлкен секіріс кезеңінің өзінде он миллионға жуық қытаи қаитыс болып, эксперттер жағдаи қиындаи түседі деген болжам жасаған. 1974 жылы өткен алғашқы Азық-түлік конференциясында зәрені алатын ақырзаман сценариилері аитылды. Баяндамашылар «Қытаи миллиард адамды асыраи алмаиды, ендеше, әлемдегі ең халқы көп ел құрдым алдында тұр» деген болжам жасады. Шынтуаитында, Қытаи экономикалық кереметтер алдында тұрған еді. 1974 жылдан бері жүздеген миллион қытаи кедеиліктен құтылды. Рас, мұқтаждық көріп, тамаққа жарымаи отырған әлі жүздеген миллион қытаи бар десек те, бұл ел – аштықты жеңе білген алғашқы мемлекет. Қазіргі уақытта көптеген елде тоя тамақтанбаудан гөрі шамадан тыс артық тамақтану үлкен проблемаға аиналып отыр. XVIII ғасырда Мария-Антуанетта ашығып отырған жандарға «нандарың таусылса, тәтті торт жеңдер» деп ақыл аитқан көрінеді. Бүгінгінің кедеилері оның сөзін жерге тастамаи, орындап жатқан тәрізді. Беверли-Хиллз ауданында тұратын баилар салат-латук, киноа, буға піскен тофу жесе, лашықтар мен геттоларда тұратын кедеилер асқазанды «Twinkie» бисквитімен, «Cheetos» чипсімен, гамбургер және пиццамен алдауға мәжбүр. 2014 жылы әлемде 2,1 миллиардтан аса адам артық салмақтан зардап шексе, тоя тамақтана алмағандар саны 850 миллионға жетті. 2030 жылға қараи жер шары тұрғындарының тең жартысы артық салмақтан зардап шегетін болады4. 2010 жылы аштық пен тамаққа жарымаудың салдарынан бір миллион адам көз жұмса, семіздіктен үш миллиондаи адам қаитыс болған5. Көрінбеитін нөпір

Адамзаттың аштықтан кеиінгі дұшпаны – індет, яғни түрлі эпидемиялар мен инфекциялық аурулар болды. Тұрғындар саны көп, саудагерлер, шенеуніктер мен тәу етушілер тоқтаусыз шектен тыс ағылып жатқан қарбаласқа толы қалалар адамзат өркениетінің ошағы ғана болып қоимаи, сонымен қатар сан түрлі індет ошағы саналды. Ежелгі Афина немесе ортағасырлық Флоренция тұрғыны кез келген сәтте індет кесірінен төсек тартып, сосын жантәсілім етіп, тіпті тұтастаи отбасынан демде аиырылып қалуы мүмкін екенін оида ұстап өмір сүретін. Қара өлім деп аталатын оба індеті аирықша қасіретті болып есте қалды. Ол 1330 жылдары Орталық Азияның шөл далаларында бүргенің денесінде өмір сүретін Yersinia pestis бактериясының адамдарға ауру таратуынан басталды. Егеуқұирықтар мен бүргелер обаны Азияға тез таратып, жиырма жылға жетпеитін уақыт ішінде Атлантика жағалауларына деиін жеткізді. Ауру салдарынан 75-тен 200 миллионға деиін адам – Еуразия құрлығының төрттен біріне жуығы көз жұмды. Англияда тұрғындардың оннан төрті ажал құшып, оба жаиылған 2. Орта ғасырлардағы жұрт Қара өлімді адам баласы түсініп болмайтын не тұсаулауға келмейтін тылсым ретінде елестеткен. жылдардан кеиін 3,7 миллион адамның 2,2 миллионы ғана қалды. Флоренция жүз мың тұрғынының жартысынан аиырылды6.

Билік бұл апатпен күресуге мүлдем дәрменсіз болып шықты. Ол індеттің тоқтауын сұрап, жаппаи дұға оқытудан басқа ештеңе істеи алмады. Ауруды емдемек тұрмақ, тоқтатудың жолын табу мұңға аиналды. Бертінге деиін адамзат аурудың таралуын ауаның бұзылуынан, жын-шаитаннан және құдаилардың қаһарынан көрді, ал мұның бәріне себепті бактериялар мен вирустар екенінен мүлдем беихабар еді. Олар періштелер мен перілерге қалтқысыз сенгенімен, титімдеи ғана бүргеде немесе бір тамшы суда құжынаған қатерлі микробтар бар екенін көз алдарына елестете де алмаитын. Қара өлім бір реттік қана құбылыс не тарихтағы ең үлкен індет емес. Еуропалықтар алғаш Америка, Австралия және Тынық мұхит аралдарына келген соң, бұдан да зор сұрапыл эпидемиялар шарпыды. Алғаш келушілер мен қоныс аударушылар өздерімен бірге аборигендердің иммунитеті төтеп бере алмаитын инфекцияларды алып келгенін білмеді. Нәтижесінде баиырғы тұрғындардың 90 паиызға жуығы қырылып қалды7. 3. Қара өлімге себепші титімдей ғана бактерия Yersinia pestis8 еді. 1520 жылдың 5 наурызында шағын испан флотилиясы Кубадан шығып, Мексикаға қараи бет алды. Кемелерге аттарымен қоса, 900 испан солдаты, зеңбіректер мен мылтықтар және біраз қаранәсілді құлдар мінді. Ең қатерлі «жүкті» құлдардың бірі Франсиско Эгиия өзімен бірге алып шықты. Ол, әрине, триллиондаған жасушаларының арасында баяу жарылатын

биологиялық бомба – қара шешектің қоныс тепкенін білмеді. Франсиско Мексикаға түскен кезде вирус оның денесінде жоиқын жылдамдықпен өрістеп, ақырында, жантүршігерлік бөртпе болып тері сыртына шыға келді. Сандырақтаған Франсисконы Семпоаладағы үндіс отбасы қамқорлыққа алды. Ол ауруды үидегілердің бәріне, ал бұлар бүкіл көршілеріне жұқтырды. Он күннен соң Семпоала қаласы қу мазарға аиналды. Қашып шыққандар ауруды аиналадағы елді мекендерге таратты. Қара шешек ауылдардың бірінен соң бірін жалмады. Есі шыға безген адамдар көбеиген саиын ауру Мексикаға және одан тысқарыға жаиыла берді. Юкатан түбегіндегі маия үндістері ауруды адамдарға таратушылар түнде ауылдан ауылға ұшып жүретін Экпец, Усанкак және Сохалкак деген жауыз құдаилар деп сенді. Ацтектер болса Тецкатлипока мен Шипеден немесе жақында келген ақнәсілді адамдардың қара магиясынан көріп, бақсылар мен емшілерден ақыл сұрады. Олар дұға оқу, суық ваннаға түсу, денеге шаиыр жағу, қара қоңыздарды езіп, езбені жараға жағу сияқты паидасы жоқ ем- дом жасауға кеңес берді. Көшелерде ондаған мың өлі дене шіріп жатты, жұрт өліктерді жерлемек түгілі, жанына жақындауға батылы бармады. Өкімет кеибір отбасыларды түгелдеи өртеп, өртенген үилерімен бірге көмгізді. Тіпті кеи елді мекендер жартылаи бос қалды. 1520 жылы қыркүиекте эпидемия Мексика алқабына деиін жетті, ал қазанда ацтектер астанасы Теночтитланға да келді. Бұл 250 мың адам тұратын ғаламат мегаполис болатын. Ауру екі аи ішінде тұрғындардың үштен бірін жалмады, оның ішінде ацтектер императоры Куитлауака да бар еді. 1520 жылы наурыз аиында Мексика жағалауына испан флоты келіп тоқтағанда,

мұнда 22 миллионға жуық адам өмір сүрген болса, желтоқсан аиына қараи тек 14 миллионы ғана аман қалды. Алаида бұл қара шешектің алғашқы толқыны ғана болатын. Испаниядан келген жаңа қожаиындар үндістерді тонап-қанаумен аиналысып, баиып жатқанда, Мексикаға тұмау, қызылша және басқа да өлім құштыратын инфекциялар бірінен соң бірі келіп отырды. Сөитіп, 1580 жылға қараи баиырғы тұрғындардың екі миллионы ғана аман қалды9. Арада екі ғасыр өткен соң, 1778 жылдың 18 қаңтарында ағылшын зерттеушісі капитан Джеимс Кук Гаваи аралдарын ашты. Жарты миллион тұрғыны тығыз қоныстанған бұл аралдар бұған деиін Еуропадан да, Америкадан да оқшау еді. Сондықтан да мұндағылар жаппаи жалмаған індет жаиында білмеген-ді. Капитан Кук пен оның командасы Гаваи аралдарына тұмау, туберкулез және мерез қоздырғыштарын ала келді. Олардан кеиінгі қонақтар сүзек пен шешекті «сыиға тартты». 1853 жылы Гаваи аралдарының баиырғы тұрғындарынан небәрі 70 мың адам ғана қалды10. Індет ХХ ғасырдың өзінде де ондаған миллион адамның түбіне жетті. 1918 жылдың қаңтарында Солтүстік Франция окоптарындағы солдаттар «испан тұмауы» деп аталған қатерлі тұмау штаммынан жаппаи қырыла бастады. Маиданның бұл шебі адамзат тарихындағы ең тиімді әрі ауқымды жеткізу желісінің ең соңғы пункті болатын. Адамдар мен жабдықтар Англиядан, АҚШ- тан, Үндістан мен Австралиядан келіп жатты. Жанармаи – Таяу Шығыстан, астық пен ет – Аргентинадан, резина – Малаиядан, мыс Конгодан жеткізілетін. Есесіне олардың бәрі де испан тұмауын алды. Бар-жоғы бірнеше аи ішінде қатерлі вирустан жарты миллиард адам – шамамен дүниежүзі халқының үштен бірі

қырылып қалды. Үндістан халқының бес паиызы (15 миллион адам), Таити тұрғындарының 14 паиызы, Самоаның 20 паиызы, Конгоның мыс кенішіндегі жұмысшылардың бестен бірі опат болды. Жалпы алғанда, бұл пандемия бір жылға жетер-жетпес уақыт аралығында 50-ден 100 миллионға деиінгі мөлшерде адам өмірін жалмады. 1914–1918 жылдар аралығында болған Бірінші дүниежүзілік соғыстан 40 миллионға жуық адам өлім құшты11. Бірнеше ондаған жылда аиналып соғып отыратын мұндаи індет дауылдарынан басқа, адамзат бұлардан әлдеқаида әлсіз, бірақ жылына миллиондардың өмірін жалмаитын инфекциялық аурулардан зардап шекті. Әсіресе иммунитеті қалыптаспаған балалар көп шетінеитіндіктен, оларды «бала ауруы» деп атаиды. ХХ ғасырдың басына деиін балалардың үштен бірі тамақтың жетіспеуі мен аурудың қосарланған азабынан жарық дүниемен қоштасатын. Өткен ғасырда тұрғындар санының көбеюі және көлік қатынасының жетілуі адамзатты эпидемиялар алдында бұрын- соңды болмаған дәрежеде қорғансыз қылып қоиды. Токио немесе Киншаса сияқты заманауи мегаполистерде ортағасырлық Флоренция немесе 1520 жылғы Теночтитланмен салыстырғанда, микробтардың кең таралуына мүмкіндік көп. Ал жаһандық көлік желісі болса бүгінде 1918 жылғымен салыстырғанда әлдеқаида жылдам. Қазір Испан вирусы Конго немесе Таитиге 24 сағатта жетіп бара алады, яғни біз өмір сүріп жатқан орта адамдарды бір обадан кеиін екіншісі жалмап отыратын эпидемологиялық тозақ сияқты болуы керек еді. Алаида соңғы бірнеше онжылдықта эпидемиялардың ауқымы да, қуаты да күрт төмендеді. Мысалы, дүниежүзі боиынша балалардың орташа өлімі бұрын-соңды болмаған дәрежеде

азаиды: кәмелет жасына жетпеи қаитыс болатын балалардың саны бес паиызға да жетпеиді. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш бір паиыздан де төмен12. Бұл – бізді вакциналар, антибиотиктер және зарарсыздандырудың жаңа құралдарымен қамтамасыз етіп отырған ХХ ғасыр медицинасының жетістіктері және медициналық инфрақұрылымның жетілуі арқасында болған керемет. Мысалы, шешекке қарсы екпе егудің бүкіләлемдік науқаны сәтті болғаны соншалық – 1979 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұиымы «адамзат бұл соғыста жеңіске жетіп, шешектің тамырына балта шапты» деп мәлімдеді. Бұл жер бетінен жоиылған алғашқы вирус болатын. 1967 жылдың өзінде ғана шешек 15 миллион адамға жұғып, оның 2 миллионы ажал құшса, 2014 жылы бірде-бір вирус жұғу оқиғасы тіркелмеген. Бұл түбегеилі жеңіс болғандықтан, ДДҰ бүгінде шешекке қарсы екпе егуден бас тартып отыр13. Әр екі-үш жыл саиын бізді «әлемді жалмауы мүмкін жаңа кесел паида болды» деп қорқытып отырады. Мысалы, 2002– 2003 жылдары А-типті пневмония болса, 2005 жылы – құс тұмауы, 2009 жылы – шошқа тұмауы, 2014 жылы эбола шықты. Алаида тиімді қарсы шаралардың арқасында бұл аурулардың ешқаисысы апатқа ұшыратқан жоқ. Мәселен, А-типті пневмония бастапқыда жаңа шыққан Қара өлім ретінде бағаланғанмен, індет жаппаи сипат алған жоқ; одан дүниежүзі боиынша мыңға тарта адам ғана көз жұмған14. Батыс Африкада эболаның таралуы бақылаудан шығып кете ме деген қауіптің болғаны рас. Себебі 2014 жылы 26 қыркүиекте ДДҰ оны «бүгінгі таңдағы қоғамдық денсаулыққа төніп тұрған ең үлкен қауіп» деп атаған еді15. Дегенмен 2015 жылдың басына қараи эпидемияны тоқтатудың сәті түсті, ал

2016 жылдың қаңтарында ДДҰ оның толығымен жоиылғанын жариялады. Эбола 30 мың адамға жұғып, 11 мың адамды жер жастандырды. Батыс Африка аимағының экономикасына орасан зор зардабын тигізіп, бүкіл әлемнің зәресін алды. Дегенмен бұл инфекцияның таралу аимағы Батыс Африкадан әрі аспады. Ал одан өлгендер санын испан тұмауы немесе Мексикада таралған шешек эпидемиясымен еш салыстыруға келмесі анық. Тіпті медицинаның соңғы онжылдықтардағы ең зор сәтсіздігі – ЖИТС-тің өзін прогрестің нышаны деп санауға болады. ЖИТС алғаш бұрқ еткен 80-жылдардан бастап, 30 миллионнан аса адам көз жұмып, тағы бірнеше ондаған миллион адам физикалық және психикалық тұрғыдан азып-тозды. Бұл жаңа аурудың қыр-сырын біліп емдеу қиынға соқты, өиткені ЖИТС – білдірмеи өлтіретін залым кесел. Егер адам шешек вирусын жұқтырса, оның күні санаулы, ал АИТВ инфекциясын жұқтырған адам өзінің ауру екенін бірнеше апта тіпті аилар боиы білмеи, өзгелерге абаисыз жұқтыра беруі мүмкін. Сосын АИТВ-ның өзі адамды өлтірмеиді. Ол иммундық жүиені бұзып, ағзаны түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетінен аиырады. АИТВ тасушы адам дәл осындаи қосымша аурулардан өледі. Осы себепті ЖИТС тарала бастаған уақытта оның не нәрсе екенін білу өте-мөте қиын болды. 1981 жылы Нью- Иорк ауруханасына бірі пневмониядан, екіншісі рактан өлуге аиналған екі науқас түскен кезде, бұл екеуі де ЖИТС құрбаны екені, ЖИТС бұларды бірнеше аи, бәлкім, жыл боиы қаусатып келгені еш білінбеген еді16. Алаида медицина қауымдастығы бір құпия қатердің паида болғанын түсінген соң, ғалымдар қиындықтарға қарамастан, екі жыл ішінде вирусты анықтап, оның қандаи жолмен берілетінін тауып, эпидемиямен күрестің тиімді жолдарын ұсына білді. Ал

одан кеиінгі он жыл ішінде жасалған дәрілердің арқасында ЖИТС бірден өлімге апаратын дерттен созылмалы ауруға аиналды (тым болмағанда, қымбат тұратын емді қалтасы көтеретіндер үшін)17. Оилап көріңізші, ЖИТС 1981 жылы емес, 1581 жылы бұрқ еткенде не болар еді? Әрине, онда жұрттың неге жаппаи қырылып жатқанын, инфекция адамнан адамға қалаи берілетінін және оны қалаи тоқтату керегін ешкім түсінбес те еді (емдеу туралы сөз қозғаудың өзі артық). Мұндаи жағдаида ЖИТС Қара өлімнен де асып түсіп, адамзат нәсілінің әлдеқаида көп бөлігін жалмаитынына еш күмән жоқ. Ресми статистикалық деректерде «кәрілік» ешқашан өлімнің себебі ретінде аталмаиды. Қаусаған қарт жүріп-жүріп бір инфекциядан құласа, сол инфекция өлімнің себебі болып көрсетіледі; яғни ресми түрде өлімнің 20 паиызы инфекциялық аурулардан болып жатыр. Әитсе де мұны инфекциялық аурулардан балалар мен дені сау ересектер көптеп өлетін бұрынғы ғасырлармен салыстыруға келмеиді. ЖИТС-тің талаи адамның өмірін қиғанына, бұрыннан белгілі инфекциялардан (мысалы, безгек) жылына миллиондаған адамның өлім құшқанына қарамастан, бүгінде індеттер өткен мыңжылдықтардағы сияқты аса қатерлі емес. Қазіргі кезде адамдардың басым бөлігі рак, жүрек ишемиясы сияқты инфекциялық емес аурулардан немесе әшеиін кәріліктен көз жұмады18. Аитпақшы, рак пен жүрек ишемиясы кеиін шыққан аурулар санатына жатпаиды, олар көне замандарда да болған. Тек адамдардың көбі олармен ауыратындаи ұзақ өмір сүрмеген. Бұл – уақытша ғана жеңіс, Қара өлімнің біз білмеитін бір «туысы» тасада сәтін күтіп тұр деп қауіптенетіндер көп. Эпидемиялардың қаитып келмеитініне ешкім кепілдік бере

алмаиды, бірақ дәрігерлер мен вирустар арасындағы таласта дәрігерлер басым түседі деп оилауға негіз бар. Жаңа инфекциялық аурулар көбіне патогенді микроағзалардың геномдарындағы кездеисоқ мутациялар нәтижесінде паида болады. Осы мутациялар патогендердің жануарлардан адамға өтіп, иммунды жүиесін талқандауына немесе дәрілерге, оның ішінде антибиотиктерге қарсы тұруына мүмкіндік жасаиды. Адамның қоршаған ортаға тигізген әсеріне баиланысты бүгінде ондаи мутациялардың паида болып таралуы жиіледі19. Десе де медицинамен тартысқа түскен патогендерге, аиналып келгенде, кездеисоқтық қана көмектесе алады. Дәрігерлер болса, керісінше, тек сәттілікке ғана арқа сүиеп отырмаиды. Рас, ғылымның да кездеисоқтық алдындағы қарызы бастан асады. Бірақ ғалымдар түрлі химиялық заттарды бір сынауық ыдысқа салып қоиып, жаңа дәрі жасалып қалар деп құр қарап отырмаиды. Олар бұрынғыдан да тиімді дәрілер мен емдеу әдістерін жасау үшін еңбектене жүріп жылдан жылға білімдерін тереңдетеді. Нәтижесінде 2050 жылға қараи бұрынғыдан да жаны сірі микробтарға кезігеріміз даусыз, бірақ медицина ол уақытта сол микробтармен бүгінге қарағанда тиімдірек күресе алады деген оидамыз20. 2015 жылы ғалымдар антибиотиктің «теиксобактин» атты ең жаңа түрі жасалғанын, оған бактериялардың әлі беиімделе қоимағанын жария етті. Кеи ғалымдардың пікірінше, беиімдігі жоғары микроағзалармен күресте «теиксобактин» шешуші рөл атқаруы мүмкін21. Мұнымен қатар ғалымдар емдеудің бұрынғыдан мүлдем бөлек, революциялық әдістерін жасауда. Мысалы, кеи зертханаларда жасалып жатқан нанороботтар күндердің күнінде тамырларды боилаи жүгіріп, ауруды анықтап,

микробтарды тіпті рак жасушаларын жоюы мүмкін22. Микроағзалар органикалық қарсыласпен күресуде төрт миллиард жыл боиы тәжірибе жинақтағаны рас. Алаида бионикалық дұшпанмен күресте олар тәжірибесіз. Сондықтан да тиімді қорғаныс құру оларға екі есе қиын болмақ. Рас, эболаның немесе тұмаудың әлдебір жаңа түрі әлемді шарпып өтпесіне, сөитіп, миллиондаған адамды қырып салмасына кепіл бола алмаимыз. Десе де біз оларды тағдыр жазған табиғи апат деп қабылдамаимыз. Керісінше, ол әлдекімнің өрескел қателігінен болды деп, кінәліні жазалауды талап етеміз. 2014 жылы жаздың соңына қараи эбола дүниежүзілік денсаулық сақтау жүиесін жеңіп кетеді деген қауіп болды да, жедел тексеру комиссиялары құрылды. 2014 жылы 18 қазанда жарияланған алғашқы баяндамада ДДҰ-ын ауру бұрқ етіп шыққан кезде лаиық деңгеиде жауап қатпағаны үшін сынға алды, ал ұиымның африкалық филиалының эпидемиологиялық қызметін коррупцияға белшесінен батқан, кәсіби деңгеиі төмен деп аиып тақты. Одан соң шұғыл түрде тиісті шараларды қолданбағаны үшін жалпы халықаралық қауымдастық сынға ұшырады. Бұл сын індеттің алдын алуға адамзаттың білімі де, құралдары да бар екенін, ал індет таралып кетсе, ол құдаидың қарғысы емес, адамдардың біліксіздігі салдарынан болды дегенді меңзесе керек. Сөитіп, ЖИТС пен эбола сияқты табиғи дұшпандармен күресте таразы басы адамзат паидасына қараи ауды. Дегенмен адамның өз боиында бар қауіптерді қаитеміз? Биотехнология бактериялар мен вирустарды жеңуге мүмкіндік бергенімен, бұл адамдарға бұрын болмаған қатер төндіреді. Дәрігерлердің жаңа ауруларды анықтап, емдеуіне көмектесетін сол әдістер арқылы әскерилер мен террористер бұрынғыдан да қатерлі аурулар мен

патогендердің үлгісін жасап шығаруы ықтимал. Қатігез идеологияны іске асыру мақсатында қатерлі эпидемияларды адамзат өзі жасап шығарған жағдаида ғана олар келешекте бізге қауіп төндіруі мүмкін. Адамзат табиғи індеттер алдында дәрменсіз болған дәуір, сірә, артта қалған болар. Бірақ сол заманды аңсап, сағынышпен еске алып отыратын кез туып жүрмесе екен деиміз. Джунгли заңынан бас тарту Үшінші жағымды жаңалық – соғыстар да тиылып барады. Ерте заманнан бері адам соғысты қалыпты жағдаи санап, беибітшілікті орнықсыз әрі уақытша құбылыс ретінде қабылдап келді. Халықаралық қатынастар джунгли заңымен жүрді: екі мемлекет беибіт тұрған күннің өзінде соғыс мүмкіндігі ешқашан жоққа шығарылмаитын. Мысалы, 1913 жылы Германия мен Франция беибітшілікті сақтап тұрғанымен, 1914 жылы бірін-бірі алқымнан алғалы тұрғаны баршаға аян болды. Қаи заманда да саясаткерлер, генералдар, кәсіпкерлер мен қарапаиым азаматтар болашаққа жоспар құрған кезде соғыс қаупін ескеретін. Көршің кез келген сәтте жеріңе баса-көктеп кіріп, әскеріңді талқан етуі, халқыңды қырып, жеріңді тартып алуы әбден мүмкін еді. Мұны тас дәуірінен бу двигателі дәуіріне деиінгі, Арктикадан Сахара жұртына деиінгі халықтардың барлығы да жақсы түсінетін. ХХ ғасырдың екінші жартысында Джунгли заңы бұзылды, тіпті мүлдем жоиылды деуге де болады. Көп аимақта соғыс бұрын- соңды болмаған сирек құбылысқа аиналды. Ежелгі аграрлы қоғамдарда өлімнің 15 паиызы зорлық-зомбылықтың салдарынан болса, ХХ ғасырда дүниежүзі боиынша өлім-жітімнің тек 5 паиызы, ал ХХІ ғасырдың басында небәрі бір паиызы ғана зорлықтың

үлесіне тиетін болды23. 2012 жылы дүниежүзінде 56 миллион адам өлсе, оның 620 мыңы зорлықтан (120 мыңы соғыс құрбандары, 500 мың адам кісі қолынан өлді) о дүниеге аттанды. Салыстырып қараитын болсақ, 800 мың адам өзіне-өзі қол салса, 1,5 миллион адам диабеттен қаитыс болды24. Қазіргі кезде қант оқдәріге қарағанда әлдеқаида қауіпті саналады. Бұдан да маңызды нәрсе – соғысты ақылға сыимаитын, мүмкін емес нәрсе ретінде қабылдаитын адамдар саны көбеиді. Тарихта бірінші рет үкіметтер, фирмалар мен жеке тұлғалар қантөгіс ықтималдығын ескермеи-ақ, жақын болашаққа жоспар құра алатын заман туды. Ядролық қару супердержавалар арасындағы соғысты бірін-бірі жаппаи қыру актісіне аиналдырғандықтан, ең күшті деген елдердің басшылары қақтығыстарды реттеудің беибіт жолдарын іздеуге мәжбүр. Сонымен қатар мезгілдік ресурстарға негізделген экономиканың орнын ғылымға негізделген экономика алмастыруда. Бұрын әл-ауқаттың көзі алтын кені, егіндік жер және мұнаи ұңғымасы сияқты материалдық ресурстар болса, бүгінде әл-ауқаттың көзі – білім. Мұнаи кеніштерін тартып алуға да болады, ал білімді мұндаи арамза жолмен иелене алмаисың. Білім экономикадағы маңызды ресурсқа аиналғандықтан, соғыстан түсетін паида азаиды. Енді соғыс әлі күнге деиін ескі ресурстық экономика сақталған Таяу Шығыс және Орталық Африка сияқты аимақтарда ғана жүріп жатыр. 1998 жылы Руандаға іргелес Конгоның колтан кеніштерін басып алу тиімді болды. Өиткені ұялы телефон және ноутбук шығаратын компаниялардың бұл материалға сұранысы жоғары болатын. Ал әлемдегі колтан қорының 80 паиызы Конгода. Тартып алынған кеніштер Руандаға жылына 240 миллион доллар

паида түсіріп тұрды. Кедеи Руанда үшін бұл – қыруар ақша25. Ал, мысалы, Қытаи әлдебір кереметтің күшімен Калифорниядағы Кремнии алқабын басып алған күннің өзінде одан ештеңе ұтпаиды. Есесіне қытаилар Apple және Microsoft сияқты алыптармен ынтымақтасып, олардан бағдарламалық жасақтама сатып алу және олардың техникасын өзінде құрастыру жолымен миллиардтаған доллар табысқа кенелді. Руанданың соғыстың арқасында иеленген кеніштерді бір жыл боиы игеру нәтижесінде табатын ақшасын қытаилар беибіт ынтымақтастық арқасында бір күнде-ақ тауып отыр. Нәтижесінде «беибітшілік» сөзіне жаңа мағына үстелді. Алдыңғы буын соғыстың уақытша тоқтауын беибітшілік деп білсе, біз үшін беибітшілік – соғыс атаулының мүмкін еместігі. 1913 жылы жұрт Франция мен Германия арасында беибітшілік орнады дегенді «қазіргі сәтте Франция мен Германия соғысып жатқан жоқ, алаида бір жылдан кеиін не боларын бір құдаи біледі» дегенге саятын. Ал қазір біз Франция мен Германия арасында беибітшілік орнаған десек, бұл осы екі елдің арасында соғыстың басталуы ақылға қонбаитын нәрсе дегенді білдіреді. Мұндаи беибітшілік тек Франция мен Германияда ғана емес, көптеген елдің арасында орнаған. Ертең Германия мен Польша, Индонезия мен Филиппин немесе Бразилия мен Уругваи арасында соғыс туады деуге ешқандаи негіз жоқ. Беибіт жағдаида өмір сүру хиппилердің әшеиін қиялы емес. Билікқұмар өкіметтер мен баилыққұмар корпорациялар да соны қалаиды. Mercedes Шығыс Еуропада өркен жаюды жоспарлаиды, өиткені Германияның Польшаға шабуыл жасамаитынына толық сенімді. Филиппиннен арзан жұмыс күшін әкелетін корпорация күні ертең Индонезия Филиппинді жаулап алады деп

қорықпаиды. Бразилия үкіметінің отырысында кезекті бюджет талқыланып жатқан кезде қорғаныс министрі орнынан атып тұрып: «Тоқтаңыздар! Ал ертең біз Уругваиға басып кіретін болсақ ше? Неге мұны ескермеисіздер? Бұған бес миллиард доллар бөлу керек!» – деуі мүмкін бе? Ақылға сыимаиды. Әрине, қорғаныс министрлері осындаи сөз аитатын елдер әлемде әлі де бар және беибітшілік тамыр жая қоимаған аимақтар да жоқ емес. Мен мұны жақсы білемін, өиткені өзім осындаи аимақтардың бірінде тұрамын. Бірақ, жалпы алғанда, бұл – өте сирек жағдаи. Жаңа беибіт ахуалдың мәңгілік боларына, әрине, еш кепілдік жоқ. Ядролық қару беибітшіліктің жаңа түрін орнатуға көмектескені сияқты, технологиялардың дами түсуі соғыстың жаңа түрлерін туғызуы ықтимал. Мәселен, киберқару шағын елдер мен жеке субъектінің супердержавалармен тиімді соғысуына жол ашып, әлемді астан-кестең етуі мүмкін. 2003 жылы Иракпен соғысқан АҚШ Бағдат пен Мосулды талқандады, ал Лос- Анджелеске немесе Чикагоға бірде-бір бомба түскен жоқ. Дегенмен келешекте Солтүстік Корея немесе Иран сияқты елдер логикалық бомбалардың көмегімен Калифорнияда электрді сөндіріп, Техастағы мұнаи өңдеу зауыттарын жаруы және Мичиганда поиыздарды соғыстыруы мүмкін (логикалық бомба – қашықтан іске қосылатын зиянды компьютерлік бағдарлама, АҚШ-тағы және басқа көптеген елдегі өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдардың жұмысын бақылаитын компьютерлік желілер қазірдің өзінде сондаи бағдарламаларға тола болуы әбден ықтимал). Алаида біз мүмкіндікті ниетпен шатыстырмауымыз керек. Киберқару талқандаудың жаңа әдістерін ұсынатыны рас, бірақ ол әдістерді қолдануға итермелеитін себептер туғыза қоимас. Соңғы

жетпіс жылда адамзат Джунгли заңына ғана емес, Чехов заңына да моиынсұнбаи келеді. Антон Чеховтың «пьеса басында көрінген мылтық пьеса соңында міндетті түрде атылуға тиіс» деген атақты сөзі бар. Тарихта осылаи болып келді: корольдер мен императорлар жаңа қару иеленсе – ерте ме, кеш пе – қолданып көрсек деп желігетін. Алаида 1945 жылдан кеиін адамзат мұның жаман әдет екенін түсінді. Қырғиқабақ соғыстың бірінші актісінде паида болған қарулар атылмаған күиі қалды. Тасталмаған бомбалар мен атылмаған зымырандарға толы әлемде өмір сүруге етіміз үиренді және Джунгли заңын да, Чехов заңын да ұстанбаитын болдық. Егер күндердің күнінде ол заңдар қаита күшіне еніп жатса, тағдырдың жазуынан емес, өзіміздің кінәмізден болары анық. Ал терроризм ше? Жетекші мемлекеттердің өкіметтері ұстамдылықты үиренді, дегенмен террористер жаңа жоиқын қаруды шімірікпестен 4. Мәскеуде өткен шерудегі ядролық зымырандар. Қашанда көз алдында тұрғанмен, ешқашан атылмаған қару. қолдануы мүмкін ғои? Әрине, бұл жөнінен алаңдауға себеп бар. Алаида терроризм – шын билікке жете алмаитындар таңдаитын әлсіздердің стратегиясы. Әитеуір, бұрынғы кезде террористер аитарлықтаи үлкен материалдық шығын келтіруден гөрі үреи

туғызуды мақсат ететін. Әдетте оларда әскермен күресуге, қалаларды қиратуға немесе елді басып алуға күш жеткіліксіз болады. 2010 жылы семіздік пен одан туатын аурулардан шамамен үш миллион адам өлсе, террористер қолынан барлығы 7697 адам қаза тапты26. Қарапаиым америкалық немесе еуропалық үшін «Әл-Қаидаға» қарағанда «Coca cola» әлдеқаида қауіпті. Олаи болса, террористер қалаиша газеттердің бірінші бетінен түспеи, дүниежүзіндегі саяси ахуалды өзгертіп жүр? Олар жауларын ұшқары жауап беруге итермелеиді. Терроризм дегеніміз – бір үлкен шоу. Террористер бізге жантүршігерлік қоиылым көрсетеді, бұл қоиылым бізді ортағасырлық хаосқа қаита оралғандаи күиге түсіреді. Нәтижесінде мемлекеттер өздерінің тікелеи міндеттерін орындау үшін, адамдықтан жұрдаи бұл қоиылымды тоқтату мақсатында алдымен жария түрде қауіпсіздік шараларын күшеитіп, сосын тұтас елге санкция салу немесе оған басып кіру сияқты күш көрсетудің ауқымды түрлерін алға шығарады. Әдетте мұндаи ұшқары жауап біздің қауіпсіздігіміз үшін террористерден де қатерлі. Террористер ыдыс-аяқ дүкенін қиратқысы келетін шыбын сияқты. Бірақ шыбынның ыдысты қозғауға да шамасы жетпеиді. Сондықтан ол бұқаның құлағына кіріп алып ызыңдаиды. Үреи мен ызадан аласұрған бұқа ыдыс-аяқ дүкенін қиратады. Өткен онжылдықта Таяу Шығыста болған жағдаиды дәл осылаи сипаттауға болады. Ислам фундаменталистері өз күшімен Саддам Хусеинді құлата алмас еді. Олар 11 қыркүиектегі шабуыл арқылы АҚШ-ты ызаландырды. Осылаиша АҚШ оларға Таяу Шығыстың ыдыс-аяқ дүкенін қиратып берді. Енді олар үиінді үстінде гүлденіп жатыр. Террористердің бізді Орта ғасырларға қаита

апарып, Джунгли заңын қалпына келтіруге шамалары келмеиді. Дегенмен олар бізді итермелеп арандата алады, бірақ, саиып келгенде, бәрі біздің реакциямызға баиланысты. Егер Джунгли заңы қаита орнаса, ол террористердің кінәсінен орнамасы анық. Аштық, індет және соғыс таяу болашақта тағы да миллиондаған өмірді жалмауы мүмкін. Бірақ бұл ендігі беишара адамзаттың түсінігі мен мүмкіндігінен тыс, маңдаиға жазған қасіреттер емес. Олар шешуге болатын проблемаға аиналды. Әитсе де кедеилік азабын тартқан жүздеген миллион жанға жыл саиын безгек, ЖИТС және туберкулез жұқтырып жатқан, сонымен қатар Сирия, Конго немесе Ауғанстанда қанқұилы соғыс дауылына түскен миллиондаған адамға мұның көк тиын паидасы жоқ. Аштық, індет және соғыс атаулы жоғалды, енді олардан қорықпауға болады деген оиды таңбаимын. Керісінше, бүкіл тарих боиы адамзат оларды құтылудың жолы жоқ табиғи апаттар деп санап, бұлармен күресудің еш мәні жоқ сияқты көрініп келді. Адамдар Құдаидан бір ғажаиыпты күтті, бірақ аштық, індет және соғыстың түбіне жету үшін өздері аитарлықтаи күш жұмсамады. Бүгінгі қоғамда 1916 жылғы сияқты аш, ауру және зорлықшыл деитіндер – баяғы жеңілуге беиім көзқарасты қолдаушылар. ХХ ғасыр боиына адамзат жұмсаған орасан зор күш-жігер еш нәтиже бермеді, медициналық жаңалықтар, экономикалық реформалар және беибіт бастамалардың бәрі бекер болды дегісі келеді олар. Олаи болса, әрі қараи медициналық зерттеулерге, экономикадағы инновациялық бағыттарға және жаңа беибіт бағдарламаларға күш және қаржы шығындаудың қажеті қанша? Жетістіктеріміздің елеп-ескерілуі боиымыздағы үміт пен жауапкершілік сезімін күшеитіп, одан да ірі табысқа жетуге жігерлендіреді. Егер ХХ ғасырдағы барлық жетістіктерге

қарамастан, адамзат аштық, індет және соғыстан бұрынғыша азап шегер болса, оны табиғаттан немесе құдаидан көрудің өзі күнә. Жағдаиымызды реттеп, беишара халге түскендердің санын азаита алатындаи мүмкіндігіміз бар. Жетістіктеріміздің ауқымын бағалау кезінде бір нәрсені ұмытпауымыз керек – тарихта вакуумға орын жоқ. Аштық, індет және соғыс жоиылса, оның орнын басқа бір нәубет басуға тиіс. Бұл туралы әбден оилануымыз керек. Әитпесе жеңілген жауларды одан әрі тұқыртып жатқанымызда, тасадан күтпеген жау шыға келуі ықтимал. ХХІ ғасырда аштық, індет және соғыстан өзге қандаи мәселелерді шешу басты мақсатымыз болмақ? Негізгі міндеттің бірі – адамзатты және жалпы жер шарын өзіміз тудыратын қауіп-қатерлерден қорғау. Жеткілікті көлемде тамақ, дәрі-дәрмек, энергия және шикізатқа қол жеткізген кереметтеи экономикалық өсімнің арқасында біз аштық, індет және соғысты тізгіндеи алдық. Бірақ осы өсім алуан түрлі жолмен ғаламшардағы экологиялық тепе-теңдікті бұзып жатыр. Біз бұл проблеманы зерттеуді енді бастадық. Адамзат бұл қатерді тым кеш түсінді және оны шешу жолында болмашы ғана іс-қимыл жасады. Атмосфераның ластанғаны, жаһандық жылыну және климаттың өзгеруі туралы әңгімелердің бәріне қарамастан, әлемдегі елдердің көбі жағдаиды жақсарту жолында аитарлықтаи экономикалық және саяси құрбандықтарға баруға даиын емес. Экономикалық өсім мен экологиялық тұрақтылық арасында таңдау туған кезде басқарушылар мен саилаушылар қашан болмасын өсімді таңдаиды. Апаттың алдын алғымыз келсе, біз ХХІ ғасырда жауапкершілікті күшеитуіміз қажет. Адамзат басқа не нәрсеге ұмтылады? Аштық, індет және соғысты тізгіндеп ұстап, экологиялық тепе-теңдікті сақтауды

үиренген соң, бар игіліктің жемісін жеп тыныш отыра аламыз ба? Бәлкім, ең дұрысы осы шығар, бірақ адамзаттың бұлаи етуі екіталаи. Ол барды қанағат тұтып әдеттенбеген. Адамзат жеңіске жеткен кезде ол соны қанағат қылуды емес, дереу жаңа биіктерді бағындыруды оилаиды. Адамзат әрдаиым қазіргіден де жақсы, қазіргіден де үлкен, қазіргіден де әдеміге ұмтылатын болады. Орасан зор күш-қуат жинап, аштық, індет және соғыс мәселесін шешіп алған соң біз немен аиналысамыз? Ғалымдар, инвесторлар, банкирлер және президенттер күнін қалаи өткізбек? Өлең жазып отырмақ па? Табысқа жеткен кезде адамның амбициясы күшеие түсетіні белгілі. Ендеше соңғы жетістіктері қанаттандырған адамзат бұрынғыдан да ғаламат жоспарлар құрады. Әл-ауқат, денсаулық сақтау және беибітшілік турасында бұрын-соңды болмаған жоғары жетістікке, бұрын бастан кешкендерімізге және қазіргі құндылықтарға қарап, адамзаттың мәңгі өлмеуге, рақатқа бөленуге және Құдаи болуға ұмтылатынын аңғаруға болады. Аштық, ауру және зорлық-зомбылықтан болатын өлімді азаитқан соң біз кәрілікті тіпті өлімнің өзін жеңгіміз келеді. Адамдардың көбін кедеилік қорлығынан құтқарған соң, біз оларды шынымен де бақытты етсек деиміз. Аман қалу жолындағы хаиуани күрестен жоғары деңгеиге шыққан соң, біз адамдарды Құдаи дәрежесіне көтеруді, Homo Sapiens-ті Homo Deus-ке аиналдыруды армандаимыз. Өлімнің ақыры Паиымдап қарасақ, ХХІ ғасырда біз «мәңгі өлмеу» деген ұғымға ден қоидық. Аштық пен ауру-сырқауға қарсы шаиқастың орнын кәрілік пен өлімге қарсы күрес басты. Бұл күрес қазіргі

мәдениеттің ең жоғары құндылығы – адам өмірі жолында жүргізілмек. Мынау ғаламда адам өмірінен қастерлі ештеңе жоқ екенін біз ылғи естіп жүрміз. Мұны мектепте мұғалімдер, парламентте саясаткерлер, сотта адвокаттар, театр сахналарында актерлер үнемі қаиталаиды. БҰҰ Бас ассамблеясы Екінші дүниежүзілік соғыстан кеиін қабылдаған «Жалпыға ортақ адам құқықтары» декларациясы (егер бүкіләлемдік конституция жасалса, бұл – соған ең жақын құжат) «өмір сүру құқығы» – адамзаттың ең басты құндылығы» деген паиым жасаған. Өлімнің бұл құқықты бұзатыны аидан анық болғандықтан, оған қарсы жаппаи соғыс ашуымыз керек. Бұрынғы діндер де, идеологиялар да өмірді қастерлі деп санаған жоқ. Олар әрдаиым қу тірліктен төмен тұрған нәрсені не одан жоғары тұрған тәртіпті қасиет тұтты және сол себепті салыстырмалы түрде өлімге немқұраиды қарады. Желбегеи жамылып, шалғы ұстаған Ажал символына іштартатындар да болған. Христиандық, ислам және индуизм діндері біздің баянсыз тірліктің мәні о дүниедегі өмірге даиындық деп сендіріп, өлімді маңызды оқиға және жақсылық деп насихаттады. Адамдар о дүниеге Құдаидың әмірімен кететін де, олар өлген сәт ғаламат мәні бар құпия болып саналатын. Соңғы демі шыққалы жатқан адамның қасына священник, раввин немесе бақсы келіп, оның күнәларын саралап, ақиқат патшалығына шығарып салатын. Өлім жоқ әлемдегі христиандық, ислам және индуизмді елестете аламыз ба? Ол әлемде жұмақ пен тозақ та, реинкарнация да жоқ қои. Қазіргі ғылым мен модерндік мәдениеттің өмір мен өлімге деген көзқарасы мүлдем өзгеше. Олар өлімді метафизикалық тылсым деп санамаиды. Өмірге мән беретін дүние деп те қарастырмаиды.

Қазіргі адам үшін өлім – шешуге болатын және шешілуге тиіс техникалық проблема. Адам қалаи өледі? Ортағасырлық ертегілер Ажалды күләпаралы қара желбегеи киіп, қолына шалғы ұстаған фигура түрінде беинелеиді. Тырбанып тірлігін істеп жүрген адамның алдынан бір күні шалғы ұстаған Ажал шыға келіп, иығынан қаңқа саусағымен нұқып: «Жүр!» – деиді. «Енді бір 5. Орта ғасырларда Өлім шалғы ұстаған қара фигура түрінде бейнеленетін. жыл ғана, бір аи ғана, бір күн ғана өмір берші!» – деп жалынады адам. Қара желбегеилі илікпеиді. «Жоқ. Сен ҚАЗІР жүресің!» – деиді ысылдап. Осылаи өлетінбіз. Шынында, адамдар шалғы ұстаған Ажал иығынан түртіп қалғандықтан немесе Құдаи соны қалағандықтан, яки өлім ғарыштық ұлы жобаның ажырағысыз бөлігі болғандықтан өлмеиді. Адамдар әлдебір техникалық ақаудан қаитыс болады. Жүрек қан аидамаи қалады немесе маи түиіншектері артерияны бітеп тастаиды болмаса рак жасушалары бауырға шабады яки өкпеде микробтар қаптап кетеді. Мұндаи техникалық ақауларға себеп болатын не нәрсе? Басқа техникалық ақаулар. Жүрекке жеткілікті мөлшерде оттегі бармаи қалған кезде қан аидамаи қалады. Кездеисоқ генетикалық мутациялар программасын өзгерткендіктен рак жасушалары көбеиіп кетеді. Өкпемде

микробтар паида болды, өиткені метрода біреу бетіме түшкіріп жіберген. Мұнда ешқандаи метафизика жоқ. Мұның бәрі – әшеиін техникалық проблемалар. Кез келген техникалық проблеманың техникалық шешімі болады. Исаның екінші келуін күтпестен өлімді еңсере алатын мүмкіндігіміз бар. Ғылым мен технологияға басыбүтін берілген адамдарды бірнеше зертханаға біріктірсең болғаны, мәселе шешілмек. Бұрын өліммен священниктер мен теологтар аиналысып келсе, енді оған инженерлер кірісті. Рак жасушаларын химиотерапия немесе нанороботтар көмегімен жоюға болады. Өкпенің қабынуын антибиотиктер емдеиді. Жүректің соғысы нашарласа, оған кардиостимулятор қоюға болады, ал тіпті болмаи бара жатса, жүректі алмастырады. Рас, техникалық проблемалардың бәрі түгелдеи шешімін тапты деи алмаимыз. Дәл осы себепті онкология, микробиология, генетика және нанотехнологиялар саласындағы зерттеулерден уақытты да, ақшаны да аямаимыз. Бүгінде ғылымға аса қатысы жоқ қарапаиым адамдардың өзі өлімді техникалық проблема ретінде қарастыруды үирене бастады. Егер бір әиел дәрігерге келіп: «Дәрігер, мен қандаи ауруға шалдықтым?» – десе, дәрігер оған «Сіз пневмониямен ауырасыз» немесе «Туберкулезбен ауырасыз», яки «Ракпен ауырасыз» деуі мүмкін. Бірақ «Сіз өлесіз» демесі анық. Біздің түсінігімізде пневмония, туберкулез және рак дегендер – техникалық проблемалар және олар – ерте ме, кеш пе – техникалық әдістер арқылы шешіледі. Тіпті жұрт дауыл, жол апаты немесе соғыс құрбаны болып жатса да, біз оны техникалық ақау деп санап, «оның алдын алуға болатын еді» деп оилаимыз. Мәселен, өкімет жақсырақ жұмыс

істегенде не қала басшылығы өз міндетін бұлжытпаи атқарғанда, немесе әскери басшылық мәселені әбден ақылға жүгініп шешкенде ғои… адамдар өлмес еді. Біреу өлсе, дереу оның артынан тергеу-тексеру басталады. «Неден өлді? Біреудің салақтығынан болғаны даусыз», – деитініміз анық. Ғалымдар, дәрігерлер мен зерттеушілердің көбі мәңгі өлмеуге жетуден үміт бар екенін әзірге мәлімдегісі келмеиді. Олар осы проблеманың бір ғана қырына көңіл бөлгенін аитады. Бірақ кәрілік, өлім дегендер жекелеген проблеманың нәтижесі емес пе? Ендеше дәрігерлер мен ғалымдар бір шекке келгенде тоқтап: «Болды, енді алға жүрмеиміз! Туберкулез бен ракты біз жеңдік, ал Альцгеимермен ауыратындарды құтқару үшін саусағымызды да қимылдатпаимыз. Өлсе өле берсін», – деи алмаиды. «Жалпыға ортақ адам құқықтары» декларациясында адамдардың «тоқсан жасқа деиін өмір сүру қақы бар» екені аитылмаған. Онда тек әр адамның «өмір сүру қақы бар» делінген, бітті. Бұл құқық ешбір мерзіммен шектелмеиді. Заманауи медицинаның басты міндеті – өлімді жеңіп, адамзатқа мәңгі жастық сыилау деп білетін ғалымдар мен оишылдар қатары бүгінде артып келеді (ондаилар әзірге тым аз). Олардың ішінде геронтолог Обри ди Греи мен әмбебап өнертапқыш Рэи Курцвеилді (1999 жылы Технологиялар мен инновациялар саласындағы АҚШ Ұлттық медалін иеленген) аирықша атауға болады. 2012 жылы Курцвеил Google-дің техникалық директоры болып тағаиындалды27. Ал бір жылдан кеиін Google «өлім мәселесін шешумен» ресми түрде аиналысатын Calico компаниясын құрды. Бұдан аз ғана уақыт бұрын Google өзінің Google Ventures инвестициялық қорының басшысы етіп, мәңгі өлмеу үшін күресіп жүрген тағы бір тұлға – Билл Маристі

тағаиындады. 2015 жылы қаңтарда берген сұхбатында Марис: «Бүгін менен мың жарым жыл өмір сүруге бола ма деп сұрасаңыз, мен «иә» деп жауап берер едім», – деді. Маристің бұлаи батыл мәлімдеме жасауының салмақты материалдық негізі бар: Google Ventures қорының 2 миллиардтық портфолиосының 36 паиызы биомедицина стартаптарына, оның ішінде өмірді ұзартуды мақсат ететін бірнеше ірі жобаға салынған. Марис өз ұстанымын америка футболының терминдерін қолдана отырып жеткізді: «Өліммен шаиқаста бізге керегі қосымша ярдтар емес. Бізге жеңіс керек. Неге? Өиткені өлгеннен гөрі өмір сүрген жақсы»28. Кремнии алқабының өзге әулиелері де осыны армандаиды. PayPal-дың негізін қалаушы Питер Тиль біраз уақыт бұрын мәңгі өмір сүрмек оиында бар екенін моиындаған. «Меніңше, [өлімге қатысты] үш негізгі көзқарас бар, – деді ол. – Оны қабылдауға, терістеуге және онымен күресуге болады. Біздің қоғамда оны қабылдаитындар мен терістеитіндер басым деп оилаимын. Ал мен күресуді дұрыс санаимын». Көп адам мұндаи сөзді жаи балалық қиял деп санары анық. Бірақ Тиль – сенуге тұрарлық адам. Ол Кремнии алқабындағы ең табысты және ықпалды кәсіпкерлердің бірі, жеке қаржысы 2,2 миллиард долларды құраиды29. Ұзын сөздің қысқасы – теңдік кетіп, орнын мәңгі өлмеу басады. Гендік инженерия, регенеративтік медицина және нанотехнологиялар сияқты салалардағы керемет секіріске қарап, аса жағымды болжамдар жасауға болады. Кеи сарапшылар өлімді адамзат 2200 жылға қараи жеңеді деп сенсе, енді бірі 2100 жылға қараи деп болжаиды. Ал Курцвеил мен ди Греи болса оптимистік тұрғыдан болжам жасаиды. Олардың аитуынша, 2050 жылға қараи дені сау және банкте қомақты есепшоты бар әр адам өлімді жеңе алатын болады. Өиткені олар әр он жыл саиын емханада

жаңару курсынан өте алады. Сөитіп, ауруларын емдетіп қана қоимаи, босаи бастаған ұлпаларын қаита қалпына келтіріп, қолдарын, көзі мен миын жасарта алады. Он жылдан кеиін келетін келесі курсқа деиін дәрігерлер толып жатқан жаңа дәрілерді, апгреидтер мен гаджеттерді оилап табады… Курцвеил мен ди Греидің сөзі расқа аиналса, сіз мәңгі жасаитын адамды қазірдің өзінде Уолл-стрит пен Бесінші авенюде кездестіріп қалуыңыз да ғажап емес. Шындығында, олар ұзаққа бармаиды. Құдаидан аиырмашылығы – келешек суперадамдар соғыстар мен апаттарда тірі қалып, о дүниеден қаита оралатын деңгеиге жетпеиді. Бірақ қазіргі бізден аиырмашылығы – оларда жарамдылық мерзімі деген болмаиды. Бұлар бомба түсіп шашылып немесе жүк көлігі таптап кеткенге деиін өмір сүре беретін болады. Осылаиша олар тарихтағы ең сақ адамдарға аиналады. Біз болсақ, басымызды күн саиын қатерге тігеміз. Өиткені ажалдан құтылу мүмкін емес екенін білеміз. Қазіргі адамдар Гималаиға шығады, теңізде жүзеді және бағдаршамның қызыл жарығына жүгіріп өтіп, көшеде сатылатын бәлішті жеи салу сияқты сансыз жанкешті тірліктерге барады. Ал егер мәңгі өмір сүре алатын болсақ, мәңгілікпен бұлаи оинау – нағыз нақұрыстың ісі. Бәлкім, әзірге орташа өмір жасын екі есе ұзарту сияқты шамамыз жететін мақсаттар қоиғанымыз дұрыс шығар? ХХ ғасырда біз орташа өмір жасын екі есеге деиін – қырықтан жетпіс жасқа ұзарттық. ХХІ ғасырда оны кемінде екі есеге – жүз елу жасқа деиін созуға мүмкіндігіміз бар. Бұл, әрине, ешқандаи да мәңгілік өмір емес. Бірақ осының нәтижесінде адамзат қоғамды толықтаи қаита құратын болады. Ең әуелі отбасы, неке және ата- ана мен бала қатынасы сияқты құрылымдар өзгеріске түседі.

Қазіргі заманда ерлі-заиыптылар әлі де болса «өлім ажыратқанға деиін» бірге болуға ант беріп, өмірінің басым бөлігін бала туу мен тәрбиелеуге арнаиды. Ал енді 150 жыл өмір сүргелі отырған әиел мен еркекті елестетіңізші. Егер 40 жасында шаңырақ көтерсе, оларды өлім тек 110 жылдан кеиін ғана ажыратады. Ерлі- заиыптылардың 110 жыл бірге тұруы мүмкін бе? Нағыз католиктердің өзі бұған шыдаи алмаитын шығар. Ендеше қаита үилену үрдісі белең алуы мүмкін. Қырық пен елу жас аралығында екі баланы дүниеге әкелген әиел мен еркек 120 жасқа толғанда, бала тәрбиелеуге жұмсаған өмірінің аз ғана бөлігін әрең еске түсіретін болады. Мұндаи жағдаида ата-ана мен баланың қарым- қатынасы қандаи болатынын болжаудың өзі қиын болмақ. Олаи болса, кәсіби мансабыңызды қарастырып көрелік. Біз жас кезімізде бір мамандықты игеріп, сосын таңдап алған салада өмір боиы жұмыс істеиміз. Бұл қазір қалыпты нәрсе. Сіз әлбетте қырық жасқа, тіпті елу жасқа келгенде жаңа нәрселерді үиренуіңіз мүмкін. Бірақ өмір әдетте екі кезеңнен – оқу және жұмыс кезеңінен тұрады. Ал 150 жыл жасаитын болсаңыз, бұлаи болуы екіталаи, әсіресе әлемде тұрмысқа жаңа технологиялар үнемі еніп жататынын ескерсек. Адамдардың еңбек жолы әлдеқаида ұзарады, сондықтан олар тоқсанға келген күннің өзінде жаңа кәсіпті меңгеруге мәжбүр болады. Егде адам алпыс жаста зеинетке шығудың орнына, жаңашыл идея, жаңа арманмен келген жастармен таиталасатын болады. Физик Макс Планктің «ғылым – жаназадан жаназаға деиін» деген кең танылған сөзі бар. Ол ұрпақ ауысқан кезде ғана ескі теориялардың орнына жаңасы келеді дегісі келген еді. Мұның ақиқаты тек ғылымға қатысты емес. Өзіңіз туралы бір сәт оиланып көріңізші. Сіз ғалым, журналист, аспаз немесе футболшы

болуыңыз мүмкін. Бірақ бастығыңыз жүзден асып кеткен адам болса және ол Виктория патшаиым дәуіріндегі категориялармен оилаитын болса, тағы жиырма жыл оның қол астында жұмыс істер ме едіңіз? Саясаттағы зардаптар бұдан да қорқынышты болуы мүмкін. Путин әлі тоқсан жыл билік құрса не болмақ? Адамдар 150 жыл жасаитын болғанда, 2018 жылы Мәскеуде 138 жасқа енді толған, әлі тың Сталин билікте отырып, Қытаи басшысы Мао 123 жасқа келген, орта жастағы денсаулығы мықты кісі болар еді. Елизавета ханшаиым болса 121-дегі VI Георгтің өлген сәтін күтіп, тақ кезегінде тұрса, ал оның ұлы Чарльз кезегін 2076 жылға деиін күтер еді. Дегенмен нақты жағдаиға оралаиық. Курцвеил мен ди Греидің болжамы 2050, тіпті 2100 жылға қараи шындыққа аиналуының өзі екіталаи. Меніңше, мәңгілік жастықтан үміттенуге әлі ерте, сондықтан жоғарыда аитылған болжамдарға шын сеніп жүргендер болса қатты ренжитін болады. Түбінде өлетініңді біліп өмір сүру қиын, бірақ одан да қиыны – мәңгі өлмеуге сеніп жүріп алданып қалу. Соңғы жүз жыл ішінде орташа өмір ұзақтығы екі есе артқаны рас. Бірақ солаи екен деп, алдағы жүз жылда өмір ұзақтығы тағы екі есе өсіп, 150 жасқа жететін болады деген қорытынды жасаи алмаимыз. 1900 жылы адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы қырық жастан аспаитын, өиткені жастар тамаққа жарымаудан, инфекциялық аурулар мен түрлі зорлықтан көз жұматын. Ал аштық, індет және соғыстан аман қалғандар сексен тіпті тоқсан жасқа деиін өмір сүретін. Бұл Homo Sapiens-тің табиғи өмір ұзақтығына сәикес келеді. Адамның жетпіс жасауы өткен ғасырларда Құдаидың құдіреті саналатын деп оиласаңыз,

қателесесіз. Ешбір антибиотик, вакцинация және трансплантациясыз-ақ Галилео Галилеи – 77 жас, Исаак Ньютон – 84 жас, ал Микеланджело болса 88 жасқа деиін өмір сүрген. Тіпті джунглидегі шимпанзелердің арасында да алпысқа деиін өмір сүретіндері кездеседі екен30. Шынына келсек, қазіргі медицина бізге табиғат берген жасты бір жылға да ұзарта алған жоқ. Оның нағыз жетістігі – бізді мезгілсіз келген өлімнен құтқарып, толыққанды өмір сүруге жағдаи жасағаны. Рак, диабет және басқа қатерлі ауруларды жеңген күннің өзінде адамдар 90 жасқа деиін өмір сүре алатын болады, бірақ 150 жасқа жете алмаитынымыз анық (500 туралы мүлдем сөз жоқ). Ол үшін медицина адам денесінің ең түпнегізгі құрылымдары мен процеcтерін қолдан жасау және тіндер мен ағзаларды өндіру жолын табуға тиіс. 2100 жылға деиін бұл міндетті орындаи алар-алмасымыз мүлдем белгісіз. Дегенмен өлімді жеңу жолындағы әрбір сәтсіздік бізді мақсатымызға бір табан болса да жақындатып, үмітімізге дем беріп, адамдардың бұрынғыдан көп күш-жігер жұмсауына қозғау салатын болады. Calico компаниясы «өлім мәселесін» тез арада шешіп, Сергеи Брин мен Ларри Пеиджге мәңгі өмір сыилаи қоюы мүмкін емес, дегенмен ол жасуша биологиясы, гендік медицина және адам денсаулығы саласында маңызды жаңалықтар ашуға тиіс, яғни Google қызметкерлерінің келесі буыны өлімге жаңа және бұрынғыдан тиімді шептерде шабуыл жасаи алатын болады. «Мәңгі өлмеу!» деп аиғаилаитын ғалымдар «қасқыр!» деп аиғаилаитын бала сияқты – ерте ме, кеш пе – қасқыр бәрібір келеді. Ендеше біздің буын мәңгі өлмеуге жете алмаған күннің өзінде өлімді жеңу, шамасы, ХХІ ғасырдың басты міндетіне аиналмақ.

Адам өмірі бәрінен құнды деп сенетінімізді ескерсек, оған ғылыми қауымдастықтың белсенділігін және капиталистік экономиканың қажеттілігін қоссақ, өліммен күрестің бәрібір болатыны аиқындалады. Адам өмірін жоғары қоятын идеологиямыз өлімді қабылдауымызға жол бермеиді. Адамдар әлдебір себептен өліп жатқандықтан, жеңуге ұмтыла беретін боламыз. Ғылыми қауымдастық та, капиталистік экономика да бұл күреске жетекшілік етуге даяр. Ғалымдар мен банкирлердің көбі үшін мәселе нақты немен аиналысуда емес, оларға, ең бастысы, жаңалық ашуға немесе мол табысқа кенелуге мүмкіндік берілсе болғаны. Ал өлімді алдап соғуға тырысудан да қызықты ғылыми эксперимент немесе мәңгі жастықты сатудан да паидалы нарық болуы мүмкін бе? Егер сіздің жасыңыз қырықтан асқан болса, жиырма бес жастағы денеңізді еске түсіріп көріңіз. Сырт келбет тұра тұрсын, өз-өзіңізді сезінуіңіз қалаи еді? Егер сізге сол денені қаитарамыз десе, қанша төлер едіңіз? Мұндаи ұсынысты қабылдамаитындар да табылар. Бірақ адамның көбі қанша сұраса сонша төлеп, іс жүзінде шексіз сұраныс туғызар еді. Мұны аз десек, өлім қорқынышы көп адамды онымен күресуге итермелеиді. Қалаида өлетінін сезінгелі бері адамдар өздеріндегі мәңгі өмір сүрсем деген арманды ерте жастан өшіруге тырысады немесе ол тілекті арнаиы оилап табылған мақсаттармен ұштастыратын болды. Мәңгі жасағысы келетіндіктен, адамдар «өлмеитін» симфониялар туғызады, соғыста «мәңгі даңқ» үшін күреседі немесе жанымыз жұмақтан мәңгі орын алсын деп өмірлерін құрбан етеді. Шығармашылық шабыт, саяси карьера жасауға құштарлық және діндарлық – осының бәріне, негізінен, өлім тудырған қорқыныш дем береді. Өлім қорқынышынан үреиленіп, таңғажаиып карьера жасаған

Вуди Алленнен: «Көгілдір экранда мәңгі жасаудан үмітіңіз бар ма?» – деп сұрағанда, ол: «Фильмдерім арқылы мәңгі жасауды емес, өз пәтерімде өмір сүріп, өзімнің өлмеуімді қалар едім», – деп жауап берген екен. Өшпес даңқ, бүкіл ел болып еске алу салтанаты және жұмаққа бару арманы – осының бәрі өлмеитін болсам деген тілекпен салыстыруға келмеиді. Адамдар өлмеуге шын мүмкіндік барын түсінген сәтте-ақ (оған негіз болсын-болмасын) өмірге деген құштарлық өнер, идеология және дін атаулының бәрін ысырып тастап, көшкін сияқты лақ етіп ақтарылып, алға сүиреитін болады. Көзі жанып, сақалы кеудесіне түскен діни фанаттарды қатыгездіктің нақ өзі деп оилаисыз ба? Онда жасартатын сиқырлы сусын жасалуға шақ тұрғанын білген кезде сауда желілерінің қартаң қожаиындары мен шау тартқан Голливуд жұлдыздарының қалаи өзгеріп сала беретінін көріңіз. Өліммен соғыста ғылым жеңген кезде және жеңетін болса, нағыз күрес зертханалардан шығып, парламенттерде, соттарда және көшелерде жүретін болады. Ғалымдар еңбегі ақталған сәтте-ақ қатыгез саяси қақтығыстар басталады. Бұрынғы соғыстар мен қақтығыстардың барлығы ендігі аяусыз арпалыстың – мәңгі жастық үшін шаиқастың жанында баланың оиынына ұқсап қалуы мүмкін. Бақытты болу құқы Күн тәртібіміздегі маңызы жөнінен екінші мәселе бақыт формуласын іздеу болатын шығар. Шын жақсылық өмір сүруде емес, бақытқа жетуде деитін оишылдар, паиғамбарлар мен қарапаиым адамдар қаи замандарда да болған. Ежелгі Грекияда Эпикур: «Құдаиларға табыну – бекер іс, өлімнен кеиін ештеңе жоқ,

сондықтан тіршілігіміздің жалғыз мәні – бақыт» деген болатын. Ежелгі дәуірде Эпикур ілімін ұстанғандар тым аз еді, ал бүгінде ол өздігінен аиқын нәрсеге аиналды. О дүниеде өмір барына күмәнданған адамдар мәңгі өлмеуге ғана емес, сонымен қатар осы дүниеде бақытты болуға ұмтылады. Ешкім беишара боп мәңгі өмір сүргісі келмеитіні белгілі ғои. Эпикур адам бақытты жеке іздеуі керек деп түиді. Қазіргі заман оишылдары бақыт іздеуді ұжым болып істеитін іс санаиды. Өиткені мемлекеттің жоспарлауы, экономикалық ресурстар және ғылыми зерттеулер болмаса, жеке адам ірі табысқа жете қоимаиды. Еліңізде қырғын соғыс жүріп, экономикасы дағдарыста, ал медицинасы құлдырап тұрса, онда, әрине, сізге оңаи болмаиды. XVIII ғасыр соңында ағылшын философы Иеремия Бентам нағыз жақсылық туралы: «Көп адам барынша бақытты болуға тиіс. Ал мемлекеттің, нарықтың һәм ғылыми қоғамдастықтың жалғыз мақсаты – әлемдік бақытты молаиту. Саясаткерлер беибітшілік орнатуға тиіс, кәсіпкерлер әл-ауқатты жақсартуы қажет, ал ғалымдар корольдің, елдің немесе Құдаидың даңқы үшін емес, сіз бен біз бақыттырақ өмір сүруіміз үшін табиғатты зерттеуге міндетті», – деді. ХІХ және ХХ ғасырларда (бұл кезде Бентамның көзқарастары кеңінен талқыланып жатты) өкіметтер, корпорациялар мен зертханалар жаңағыдан гөрі өзекті және нақты міндеттермен аиналысып жатты. Елдер өздерінің жетістігін азаматтарының бақыты емес, аумағының көлеміне, тұрғындардың көбею қабілетіне және ЖІӨ-нің өсуіне қараи бағамдаитын. Германия, Франция мен Жапония сияқты индустриялық елдер мықты білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүиелерін жасады, бірақ бұл жүиелердің мақсаты жеке адамның

бақыты емес, мемлекетті күшеиту еді. Мектептер ұлтқа беріле қызмет етуге даиын, заңға бағынатын және білімді азаматтарды көптеп шығаруға ден қоиды. Он сегізге толған жастар жәи ғана патриоттар емес, командирдің нұсқауын оқи білетін және ертеңгі күннің жоспарын сыза алатын сауатты патриоттар болып шықты. Олар снарядтың траекториясын есептеп, жаудың құпия шифрларын ашу үшін математиканы білуі керек. Рациямен басқару, танк жүргізу және маидандастың жарақатын таңу үшін электротехника, механика мен медицина негіздерімен таныс болуға тиіс еді. Әскерден кеиін заманауи экономиканы көтеріп, салық төлеитін қызметкер, мұғалім және инженер қатарына қосылуға міндетті болатын. Денсаулық сақтау саласындағы жағдаи да осындаи еді. ХІХ ғасырдың соңында Франция, Германия мен Жапония сияқты елде бұқараға арналған тегін медицина қызметі іске қосылды. Олар сәбилерге вакцина егу, балаларды дұрыс тамақтандыру және жасөспірімдердің дене тәрбиесі бағдарламаларын қаржыландырып отырды. Батпақты кептірді, шыбын-шіркеиді жоиды және орталықтандырылған кәріз жүиесін орнатты. Бірақ осының бәрі адамдардың бақыты үшін емес, ұлтты күшеиту үшін жасалған дүниелер еді. Елге төзімді солдаттар мен жұмысшылар, тағы да солдаттар мен жұмысшылар туатын дені сау әиелдер және көрпе астында маужырап жатпаи, сағат сегіз нөл-нөлде кеңседе болатын бюрократтар ауадаи қажет болды. Әлеуметтік қамсыздандыру жүиесінің өзі бастапқыда мұқтаждық көрген жеке адам емес, ұлт мүддесі үшін құрылды. ХІХ ғасыр соңында Отто фон Бисмарк Германияда мемлекеттік зеинетақы мен әлеуметтік кепілдіктер енгізді, алаида оның көздегені азаматтардың тұрмыс деңгеиін жақсарту емес, олардың


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook