– Оқ тола белдемшені тауда қалдырып кеткен. – Сендердің ешқайсыңның сөздеріңе сенуге болмайды екен. Ант- су ішкен Құрбанды көрдің ғой. Демде-ақ ант ұрды. – Мен оған ұқсас алдамаймын сіздерді. Шынымен-ақ, Озғарда пүліметтің оғы азғантай-ақ болатын. – Анау төртеуден басқа Озғардың жанында кім бар? – Ауылда жылқыларды жинап жүргендер келіп қалмаса, үйде кəлхүз бастықтарынан басқа ешкім қалмады-ау. – Ей, сен, мұнымен не сөйлесіп жатырсың? – деген дауыс шықты осы кезде төбе жақтан. Сүлеймен басын көтерді. Сөйлеген Парманқұл екен. Дуалдың ар жағынан асылып, бұларға қарап тұр. – Бұл қай тұрысың-ей, сенің?! Озғар өзіңді бір оқпен жайрата салсын деп тұрсың ба? Түс, ары. Ой, тығыл деймін саған! – Келсейші, бері. Не істейтінімізді ақылдасайық та, – деп Парманқұл ары сырғып түсті. Сүлеймен орнынан көтерілді. Тік жүріп, бұрышқа жетті. Дуалдың арғы бетінде серіктері отыр. Сүлеймен оларға жаңағы басмашыдан есіткенін айтты. – Оған сенуге болатын сияқты. Расында, Озғарда оқ көп болса, тағы біраз атар еді. – Сендер, Парманқұл, Сүлеймен екеуің жүдə, сенгіш екенсіңдер. Озғарда оқ жоқ екен деп, енді үйге қарай ашық жүгірейік, – деп кейіді Мұрсат. – Қалай болғанда да, бір амалын жасауымыз керек. Парманқұл осылай дегесін, не істеу керектігін ақылдасып, біраз отырды. Ақыры бесеуі бес жақтан үйге жақындамақ болды. Осыған келісіп, орындарынан тұрғанда, үй жақтан айқайлаған дауыс естілді. – Бейісқожа, Мұрсат жандарындағы кімдер еді тағы... Мейлі, кім болса ол болсын. Атпаңдар. Менің сөзімді тыңдаңдар. Жоқ, алдымен көрiнiңдер маған. Айтатынымды содан кейін айтамын. – Кім айқайлап тұрған? – Бейісқожа дуалдан сығалап қарады. – Айқайлап тұрған – Пұштай. О, сорлы. Бұл бізбен атысқан жауға ұқсап, қолына ақ орамал көтеріп алыпты. Сірə, мұны Озғар жұмсап тұр-ау. – Білші, не айтар екен? – Ей, Пұштай! Сен де басмашы болып кеткенсің бе? Ақ орамал көтеріп, не көрінді саған? Кімнің жаушысысың?
Пұштай Бейісқожаның даусын таныған сияқты: – Ей, Бейісқожа! Мен ешқандай жауың емеспін. Мен ауылда ешқандай қан төгілмесе екен деймін. Атысты тоқтатып, мəмлеге келіңдер. – Мына сүмелек қашаннан бері ақжүрек болып қалған? Былай тұршы, Бейісқожа. Бір атып, көрге тыға салайын, – деп Мұрсат алға ұмтылды. Бейісқожа алдын кес-кестеді. – Тұра тұр, тұра тұр. Не айтар екен, соны тыңдайықшы... – Оны тыңдап керегі не? Сатқын сатқындық сөзден басқа не айтады дейсің. Озғарды қазақтарға басындырып жүрген сол емес пе? Енді келіп, кімді қорғағысы келеді. Озғарды қорғап тұр да. Былай тұршы, Бейісқожа. Қақпашы қолымды. – Оның сазайын беретін мезгіл келер. Бейісқожа дұрыс айтады. Пұштай не дейді екен, тыңдайық – деді Сүлеймен. – Ей, Пұштай айта бер. Құлағымыз сенде. – Көрінсейші көзіме, Бейісқожа! – Неге мен сенің алдында қасқиып тұруым керек? Арт жағындағы Озғарыңа мені оңай нысан болсын дейсің бе? – Озғар үйде отыр. Мен – жалғызбын. Сендерге Озғардың сөзін жеткізгелі тұрмын. – Айт. Ол не дейді? – Бағана Құрбан айтты: «Сендердің араларында аю секілді дəу біреу бар» деп. Озғар «сол дəумен жекпе-жекке шығамын» дейді. Дəуің кім қасыңдағы? Айт оған, Озғармен жекпе-жекке шығар ма екен? – Ол басмашың неғып жекпе-жекке шыққыш бола қалды? – Білмеймін. Мен тек оның сөзін жеткізуші ғанамын. Бұны есіткен Сүлеймен елең етті: – Не дейді? Озғар менімен жекпе-жекке шығуға сұранды дей ме? Қане, шақырсын онысын. – Қоя тұр, Сүлеймен. Мен білсем, бұлар бір қулықты ойлап тұр. Бірақ кім білген, Озғардың денесі де сенен кем емес. Соған қарағанда, айтуы да мүмкін. Дегенмен... – Ей, Бейісқожа. Келісіп болдыңдар ма? Болсаңдар, шығыңдар бері!
– Ой, мынау бізге бұйрық береді ғой. Қап... ой, жіберіңдерші мені. Тіліне топырақ сеуіп тастайын. Алға тағы ұмтылған Мұрсатты бұл жолы Сүлеймен ұстады. Сүлеймен мұндай сəттерде көп ойланбайтын. Яғни, айналадағы оқиға қалай өрбитініне көз жібере бермейтін. Өзімен біреу күш сынасам десе болды, ай-шай жоқ, сонымен алыса кетуге бейім тұратын. Осы жерде де сол мінезіне салды. – Шақыр Озғарды, Бейісқожа! Көптен бері ешкіммен жекпе- жекке шыққан жоқ едім. Қолдарым жұмсарып қалған жоқ па екен, сынап көрейін. – Жə, тоқташы, сен де, – деп кейіді Бейісқожа оған. – Алдымен аналардың қулығы бар ма, жоқ па, соны білейік. Мүмкін Озғар бізді алдап тасадан шығарып алып, пүліметімен қырып салатын шығар. Не болса соған сене беретініңе таңмын, осы. – Онда Озғардың өзі бізге көрінсін. – Ол көрінер-ау. Бірақ оның артында біреу тұрмағанына кім кепіл. Пүліметті одан басқа ата алатын басмашы жоқ дейсің бе? – Бейісқожа, мен жауап күтіп тұрмын, – деп айқайлады Пұштай тағы. – Жауапты естігің келсе, алдымен мынаны айт. Үйде Озғардан басқа кім бар? – Ерсін мен Ордаш бастықтардан басқа ешкім жоқ. Озғардың бар адамдарын өздерің атып тастадыңдар ғой. – Озғар шынымен біздің дəумен төбелескісі келсе, анау екеуін ертіп, бері шықсын. Қаруын тастап келсін. Біз оны қарауылға алып тұрамыз. Ешқандай айлакерлік ойламай-ақ қойсын. – Жоқ, пүліметін алып шықсын да, біздің көзiмiзше оны шетке лақтырсын де, – деді Мұрсат. Бейісқожа өз серіктерінің шартын Пұштайға жеткізді. Шартты жеткізгелі ол Озғарға кетті. Көп ұзамай, үйден үш адам шықты. Үшеуі де кəлхүз бастықтары. Орталарында Озғар жоқ. Үш бастық қолдарын көтеріп алыпты. Қазақ қарақшылары мына көрініске таң қалып, бір- біріне не айтарларын білмей тұр. Артынша, үй бұрышынан дəу көк атқа мінген Озғар көрінді. Қолында – тапанша. Анау үшеуін айдап келеді. – Ей, Бейісқожа! – деп айқайлады Озғар. – Егер айтқанымды істемесең, мына үш бауырыңды атып саламын. Бұлардан айрылғың
келмесе, көрсет қасындағы дəуді! – Атсаң, ата бер. Бұлар маған бауыр емес, сенің достарың ғой. Бірақ одан кейін «өзім құтылып кетемін» деп ойлама. Бір-біріне дауыс анық естілер тұсқа келгенде, аналар тоқтады. Үш бастық қолдарын түсірер емес. Озғар оларға тапаншасын кезеніп тұр. Сүлеймен оған қарап еді, ол шынында нəн адам екен. Аттың үстінде таудай боп, өңкиіп отыр. – Озғар, тұрған жеріңде жалп еткізейін бе? – Қалтарыста тұрып, ашық жерде тұрғанды атып жіберу оңай. Шын жаужүрек болсаңдар, бері шығыңдар! – Сен қашаннан бері ашық шайқасқа шығатын батыр болып қалдың?! Мейлі, шығайық. Кел, жақында бізге! Бейісқожа осыны айтты да, Мұрсатқа бұрылды: – Өңкиген немені қарауылға алып тұр. Арамдық қылатындай болса, басып қал. Сөйтіп өзі бірінші болып, бұрыштан шықты. Артынан серіктері ерді. Серіктері иығынан ғана келіп тұрған Сүлейменді көргенде, Озғар тапаншасын лақтырып жіберді. Сосын атынан секіріп түсті. – Мынау ма, дəуің? Шығар бері ортаға! – Озғар, қулық қылсаң, бірінші өзің ажал табасың. – Қойшы, Бейісқожа, соған əрдеңені айта бермей. Артында маған десе он адамы тұрсын. Шығамын мен ортаға. Əр нəрседен күдіктеніп тұратын мені қорқақ деймісің. Сүлеймен алға атып шықты. Аттан түскен Озғар бұл уақытта бұларға қарай жүрген. Сүлеймен де оған қарсы жүрді. Бейісқожалар соңынан ілесті. Əп-сəтте екі алып бір-біріне қарама-қарсы тұрды. Бірінші болып Озғар сөйледі: – Сен бе, менің адамдарымды қырып салған? – Мен. – Бəсе, мен келгенде алдымда тышқанша жорғалайтын мыналар бүгін неғып құтырды десем, сен екен ғой, бұларды əңгідей ақыртып жүрген. Қазір басыңды кесіп аламын. Содан соң беремін бұл екеуінің жазасын. – Тіліңді тарта сөйле, Озғар. Біз сенің алдында ешқашан тышқандай жорғалаған емеспіз. – Бейісқожа, қоя тұр. Бұл оттай берсін, – деді Сүлеймен. Сосын Озғарға қарады: – Қане, айт, қандай шартың бар?
– Ешқандай шартым жоқ. Арманым сені – өлтіру. Бұл өлкеде менің алдымда тұратын ешкім болмауы керек. Тұрған адам – азаппен өледі. – Басқа айтатын ештеңең жоқ қой. – Жоқ. – Қалай төбелесеміз? Жалаң қолмен бе, əлде пышақпен бе? – Менің қолдарымның өзі – пышақ. Қорықсаң, қолыңа қалағаныңды ал. Бет-əлпеті жаман екен найсаптың. Аузы-басын жатқан сақал- мұрты тікірейіп, көздері құтырған бұқаның көздеріндей қып-қызыл болып кетіпті. Бірде тістерін шықырлата тістеніп, бірде тілін жалақтатып, шығарып-шығарып қояды. Тайсақтайын демейді. Қайта мысымен басқысы келгендей, ұмтылып-ұмтылып тұр. Оның бұл қылығын Сүлеймен басынғандық деп ұқты. Ал біреудің мұндайын көрсе, Сүлейменнің шыдай алмай кететіні бар. – Жақында бері, ит басмашы! Кімнің-кім екенін көрейік қазір. Таясып қалған екеуі бір-бірін құлаштай соқты. Екеуінің де соққысы бастан тиді. Екеуі екі жаққа тəлтіректеді. Өз-өзіне тез келген Озғар айналып тұрып, бір ұрып үлгерді. Жұдырығы Сүлейменнің иығына тиді. Соққысы сойылмен соққандай екен. Сүлеймен тағы тəлтіректеп, құлауға шақ қалды. Озғар құлатам деп ойлады ма, ақырып тұрып жəне ұрды. Сүлеймен қолын тосып үлгерді. Екі жуан қол бір-біріне тигенде, тақ еткен дыбыс шықты. Озғар қолын ауырсынып қалды ма, дереу кейін шегінді. Сосын қолын сілкіп-сілкіп жіберіп, Сүлеймен шабуылдаса, қарсы алуға дайын болайын дегендей, екі қолын алға жіберіп, сəл еңкейді. Сүлеймен бірден шабуылға шықпады. Аңысын аңдып, сəл тұрды. Алайда Озғар шыдай алмай, тағы айқайлап ұмтылды. Сүлеймен періп жіберді. Жүгіріп келе жатқан Озғар, бір жағына жалп етті. Сүлеймен оны жатқан жерінде ұрмады. Тұруын күтті. Озғар сүйретіле əрең көтерілді. Осы кезде желкеден тиген соққыдан жер сүзе құлады. Бірақ жаны бекем екен. Қолымен жер тіреп зорға орнынан көтерілді. Қаны қарайған Сүлеймен тұмсықтан бір перді. Озғардың аяғы жерден көтеріліп барып, шалқасынан құлады. Дəу адамның құлағаны да жаман. Жер ойылып кеткендей гүрс етті. Озғар сонда да тыпырлап, тұрмаққа əрекеттенді. Алайда миы шайқалып кеткен бе, басын көтере алмады. Оң аяғын жиып, қолын
етегінің қонышына жүгіртті. Оның қонышынан бір қару шығаруға əрекеттенгенін сезген Сүлеймен жетіп барды да, қолының білек тұсын табанымен басты. Озғар айқайлап жіберді. Айқайлауын айқайлағанымен артынша үні өшіп, Сүлейменнің табанынан қолын тартып алмаққа əрекеттеніп, бұлқына бастады. Босқа бұлқынды. Қанша əрекеттенгенімен қолын шығара алмады. – Ей, дəу қазақ, мені бəрібір жеңе алмайсың. Айқас əлі біткен жоқ, – деп екі аяғын көтеріп алып, Сүлейменді бір тепті. Қарын тұсынан тиген тепкіден Сүлеймен артқа теңселді. Осыны пайдаланған Озғар атып тұрды. Атып тұрды да, бірден атылды. Екеуі тағы да ұстаса кетті. Бұл жолы екі дəу күреске түскен балуандардай бір-бірін ары-бері біраз ырғасты. Аздан соң Озғар Сүлейменді жамбасқа алып, атып ұруға ыңғайланды. Алайда тəсілі іске аспай, өзі етпеттей құлады. Бірге құлаған Сүлеймен дереу оның үстіне қонып, басынан аямай үш-төрт мəрте соқты. Алдымен жүдырықпен соққан- ды. Кейін шынтағымен екі рет ұрды. Бағаналы бері Сүлейменнің дүлей соққысына төтеп берген Озғар, осы жолы серейді де қалды. Мұны көрсе де əлі ашуы басылмаған Сүлеймен: – Ит басмашы. Піріңді танымай жүр екенсің, – деп жəне бір-екі рет сабалады. Сосын дереу көтеріліп, Пұштайдың жағасынан алды. – Сен, итаршы сүмелек! Мына басмашыны ат құйрығына алып, ауылдың арасымен сүйре! Қазір өлмесе, сонда өлсін. Əйдə, істе айтқанымды! Сүлеймен өлтіріп қоя ма деп қалтыраған Пұштай: – Мақұл, көке, мақұл, – деуден басқаға шамасы келмей, анадай жердегі Озғардың атына жүгірді. Ол атқа жеткенде, Сүлеймен не істерін білмей аңтарылған Ерсін мен Ордашқа жақындады. – Сендер неге өз жұрттарыңды жылатып, басмашыларға болысып жүрсіңдер?! Екеуіңді де қазір жер жастандыра салайын ба?! – деп қатар тұрған екеуін екі қолымен ұстап, бір-біріне соғып жіберді. Сүлеймен ұрмақ түгілі, айқайлап жіберсе де жүректері жарылуға шақ тұрған Ерсін мен Ордаш жерге жалп-жалп етті. Сүлеймен оларды тартып тұрғызды. Бұл кезде Пұштай Озғардың атын əкеп, ердің қасындағы ілулі арқанмен жердегі басмашыны байлауға кіріскен. Арқанды Озғардың мойнына байлай берген оған Сүлеймен ақырып берді:
– Ай, итаршы. Арқанды мойнына емес, қолына байла! Əлі жаны бар өзінің. Мойнына байласа, бірден өліп кетеді. Ал қолынан байлап сүйрелесең, шыбын жаны көзіне көрініп, жұртты қинаған қандай қиын болатынына көзі жетіп өлер. Қарсы бір сөз айтуға шамасы болмаған Пұштай дірілдеп тұрып, Озғардың қолдарын байлады. Сосын аттың тартпасын жақсылап тартты да ерге қонып, арқанның бір ұшын тақымына басты. – Тура осы бойда шауып, ауылды бір аралап өт те, осында қайта орал! Егер əудем жер ұзаған соң Озғарды тастай қашсаң, жердің астына кіріп кетсең де тауып аламыз. Əйда, шап! Пұштай атқа қамшы басты. Озғардың денесі ат соңынан сүйретіле кетті. Ол кеткесін, Сүлеймен Ордаш пен Ерсінге бұрылды: – Ал, сенген Озғарларың өлді. Енді кімнің артына кіріп өмір сүресіңдер? Жə, сендерге сұрақ беріп, нем бар. Өз қазақтарыңды басмашылармен бірге тонап жүрген екеуіңе зауал келетін күн туды бүгін. Бейісқожа, Мұрсат, айтыңдаршы, бұларға не істейміз? – Қатар қойып, екеуін де атып тастай салайық. – Жоқ, Мұрсат, қатын, бала-шағаларын жетімсіретіп не қыламыз. Одан да бұларды да ат көтіне байлап ауыл арасымен сүйрейік. Қаны қарайған ауыл жұрты екеуінің беттеріне түкірсін. Осыған келіскен қазақ қаһармандары Пұштайдың есік алдындағы байлаулы аттарды əкеліп, екеуінің қолдарын байлады. Мұрсат пен Бейісқожа атқа қонып, байлаулы екеуді ауылға жаяу сүйретіп əкетті. Содан Озғардың өлігін сүйреткен Пұштай, Ерсін мен Ордашты жаяу сүйрелеген Бейісқожа мен Мұрсат келгенше, Сүлеймендер аман қалған басмашыға əлгінде ғана өлген Озғардың адамдарын көмдiрдi. Пұштай үстiнiң бəрiн дал-далын шығарып сүйрелеп келген Озғарды да, солардың жанына көмдіріп тастады. Басмашы оны көміп болған кезде Сүлеймен сұрады: – Кəне, Бейісқожа, Мұрсат, айтыңдаршы. Жұрт екеуінің бетіне түкірді ме? – Қатындар беттерін жұлып, балалар арттарына теуіп, əбден мазақ қылды. Енді бұлардың бұл ауылда тұруға дəттері жетпейтін шығар. – Бейісқожа-ау, бұларда бет бар деймісің? Масқара болғандарына қарамай, көресің, екеуі де осында тұра береді. Тəшкен асып кетпесе, баратын жерлері жоқ, – деді Мұрсат.
Ат құйрығына байлаулы күйде сүйретіліп келу оңай ма? Өкпелері өшкен Ерсін мен Ордаш ентіге демалып, жерде етпеттей жатыр. Сөйлеуге шамалары жоқ. Осы кезде ауыл жақтан бері шұбырған адамдар көрінді. Еркектер бір топ, əйелдер бір топ. Оларға қосылмаған балалар бір бөлек. – Мына жұрт жүдə, жақсы келе жатыр, – деді Сүлеймен. – Қазір қорадағы жылқыларды бəріне бір-бірлеп таратамыз. Асыққан жұрт қора алдына тез жиылды. Сақалы беліне түскен бір қария алға шықты. Көзінен жас ағып тұр. – Осы ауыл жұрты талай уақыттан бері Құдайдан күндіз-түні «басмашылардан құтқара көр» деп жалынып жүруші еді. Сендердің арқаларыңда сол тілегіміз қабыл болды-ау деймін, қарақтарым. Сендерді осы ауылға тап қылған Құдайға мың алғыс... Қария сөзін ары қарай жалғастыра алмай, еңкілдеп кетті. Сүлеймен қасына барып, арқасынан қақты. Көз жасын тыйған қария тағы сөйледі: – Біз бұл Бестоғай жеріне менің жігіт кезімде келген едік. Ол кезде Сыр бойына келген орыстар қазақтарға қатты тізе батырған соң əкем рахметтік оларға қарсы қол жинап, шайқасқа түскен-ді. Бірақ от қаруы бар орыстар қазақтардың қолын быт-шыт қылған соң туған жерден бір ауыл боп үдере көшіп кеткенбіз. Осында келіп тұрақтағалы бері бұл ауыл жұрты тау паналаған қарақшылар мен жергілікті басбұзарлардан тыныштық көрген емес. Міне, он жылдай болды, сол қарақшылардан қалған сарқыншақтар басмашы болып, елді жүндей түтіп жүр еді. Озғарға күндіз-түні нəлеті айтушы едік. Сол қарғысымыз бүгін оған тап келдi. Сен қарағым, баяғының батырындай екенсің. Атаңа мың алғыс. Бірақ ертең сен кеткен соң бұл елдің күні не болмақ? Қалған басмашылар – келіп, тағы ту-талапайымызды шығармай ма?.. Сүлейменге қарап сөйлеген қарияның сөзін Бейісқожа бөлді: – Жоқ, Əнуар көке. Озғар өлді. Енді келіп, бізді басынатын басмашылар жоқ. Қазір мынау Ордаш пен Ерсін бастықтарға өздерінің басмашыларға болысып, елді қинайтын жүгенсіздіктері туралы өз қолдарымен хат жаздырып аламыз да, екеуiн мiлисаға өткізіп жібереміз. Бейісқожаның сөзін жұрт іліп əкетті. – Дұрыс, екеуін абақтыға жаптырып, тəубелеріне келтірейік.
– Өз жұртын сатқан мұндайларға аяушылық етпейік. – Жұртқа əкіреңдеп, құдайсынған екеуі сазайын əбден тартсын. – Абақтыға жіберерден бұрын қос сатқынды біраз төмпештеп алайық та, – Өздері абақтыға кеткен соң, үй-жайларын ауылдан көшіріп жіберейік. – Жə, тоқтаңдар! – деп қолын көтерді Бейісқожа. – Ордаш пен Ерсінді төмпештеп, болмаса бала-шағаларын елден көшіріп жібергенде ұтпағымыз не?! Онсыз да бұлар ендігі – қарабет. Ал қазіргі өздеріңізге болысқан мына Сүлеймен «қорадағы жылқыларды елге таратып жіберейік» дейді. Ендеше, жұртым, тараңдар да жылқыларды екі-үш үйден бірігіп, сойып алыңдар. Ал Ордаш пен Ерсінді қазірше қамай тұрамыз. Əрдеңені күбірлескен жұрт тарай бастады. Бəрі кетiп болған кезде Бейісқожа колхоз бастығына бұйырды: – Пұштай, баста, сенің үйіңе барайық. Білемін, үйіңде ауқат мол. Біздің қарнымыз ашты. Сыйла бізді. Мына екі сатқынды да бірге алып жүреміз. Үйіңде қағаз-қалам бар ғой. Үшеуің жасаған қылмыстарыңды баяндап, өкіметтің атына хат жазасыңдар. Ертең Мұрсат екеуміз үшеуіңді сол хаттарыңмен бірге Терексайға айдап барамыз. Одан соң Пұштай, үйіңе барғанда бізден құтылайын деп бір қулықты ойласаң, мына мұрсатты білесің ғой, бір атып жер жастандыра салады. Болды, кеттік жігіттер! Ой, айтпақшы, мына басмашыны да Ордаштарға қосып байлап алайық. Мілиса алдына барғанда, бұл тірі куə болады. VІ Сүлеймен, Парманқұл. Айдабол үшеуінің Қоқанда жүргеніне он айға жуықтады. Былтырғы Бестоғайдағы оқиғадан кейін бұлар сол ауылда үш-төрт күн болып, Қоқан асқан. Озғардың бандыларын күйреткен соң Бейісқожа мен Мұрсат Желтимес жүйрікті еш жаққа өткізе алмайтындықтарын айтқан-ды. Содан жүйрікті қоқанға өздерімен бірге ала келген. Ала келгендері тəуір болды. Сүлеймен мұнда баяғы досы Пұсырманқұлмен табысты. Пұсырманқұл Желтиместі бір тəжікке сатып берді. Тəжік ауған-тəжік шекарасынан ары-бері жасырын өте алатын саудагер екен. «Мұндай атты ауған асырып жібермесек болмас. Бұл жерде мұны мініп жүру қауіпті.
Өкіметтің көзіне түсіп қаламыз», – деген ол. Сөйтіп ол Желтимес үшін қомақты ақша берді. Сүлеймендер Желтиместі қимай біраз тұрған. Алайда, амал не, оны бағып-күтуге шамалары жоқ. Сүлеймен Қоқанға келе сала-ақ, жайсыз хабар естіген. Оны айтқан Пұсырманқұл. Алғашқы күні ол бұларға Қоқанның басқа жаңалықтарын айтып, Дилда жайына келгенде кібіртіктей берген. Сүлеймен осыдан-ақ бірдеңені сезгендей еді. Ертесіне Дилда жайында ашық сұраған. Пұсырманқұл күмілжіп біраз отырды да: «Е, Сүлеймен, өздерің кеткен соң Тұрдақтың артында қалған сарқыншақтары біраз лаң салды. Олар алдымен Дилданың көзін жойды. Содан соң мені өлтірмекке əрекеттенді. Екі-үш мəрте төнген қауіптен Құдайдың арқасы ма, əйтеуір аман шықтым. Олардың Дилданы өлтіргенін кейін білдім. Екі-үш күн сайын бір хабар алып тұратын Дилда бірде жеті-сегіз күн көрінбеді. «Неге бұлай көрінбей кетті? Əлде баласы ауырып, шыға алмады ма?» деп үйіне бардым. Есігінде қара құлып тұр екен. «Бір жаққа кеткен шығар» деген оймен қайтып кеттім. Ертесіне тағы бардым. Есігі əлі құлыптаулы. Ойым əрі-сəрі болып тұрғанда, жаныма қоңсысы келді. Мен одан Дилданы сұрадым. «Қайда кеткенін білмеймін. Бір жұмадан бері көзіме түспеді. Бір жұмадан бұрын үйіне пəренжі жамылған екі адам кіргенін көргем. «Таныс əйелдері шығар» деп, оларға мəн бермегем. Со күні кешке бір жұмысым болып, Дилдаға бардым. Есігінде құлып ілулі екен. Содан күнде қараймын, үйге ешкім кіріп, шықпайды. Сіз кім боласыз? Үй жағына кіріп көрейікші. Тегін емес-ау, осы. Дилда мұнша күн жоқ болып кетпеуші еді», – деді ол. Екеуміз есікке жақындап, құлыпқа назар аудардық. Қалыптың көптен бері ашылмағаны білініп тұр. Шаң басып қалыпты. Əлгі қоңсысы екеуміз тесіктен ішке сығаладық. Бірінші анау сығалаған еді. «Қараңызшы, пеш түбінде адамның аяғы көрініп жатыр», – деген оның сөзінен кейін тесіктен қарасам, шынында, адамның екі табаны мен башпайлары көрінді. Бір сұмдықтың болғанын бірден сездім. «Сен тағы екі-үш көршіңді шақыр. Құлыпты бұзып ішке кірейік», – дедім мен. Ол екі-үш емес, бес-алты адамды ертіп, тез келді. Құлыпты бұздық та, ішке кірдік. Ішке кіргенімізде, Құдай салмасын, қанның жаман исі мүңк ете қалды. Иістен ішке кіру мүмкін емес. Содан жаңағы көршi екеуміз мұрнымызға орамал байлап, арғы бөлмеге
кірдік. Қарасам, масқара, пеш түбінде тура тамағынан сойылған Дилда жатыр. Оң қолтығында баласы. Оны да пышақтап өлтіріпті. Киімінің қарын тұсына қан қатып қалыпты. Қойшы, қазір олардың өліктері со кезде қандай күйде болғанын айтқым келмейді. Əйтеуір əлiмiз келгенше, бар рəсімін жасап, екеуін «Құдияррабаттың» үстіндегі молаға бірге жерледік. Ал өлтіргендер туралы еш дерек таба алмадым. Расын айтқанда, табу қолымнан келмеді. Мілисалар да істі жаба салды. Дегенмен бір адамнан күдігім бар», – деген-ді. Дилда мен баласының өлiгiне қатты қайғырған Сүлеймен, ертесіне-ақ Пұсырманқұл күдіктенген адамды ұстауға кіріскен. Бірақ ол пəле еш ұстатпай-ақ қойды. Сүлеймендер ендігі одан күдер үзгендей болып, Тəшкенге қайтуға жиналған. Ертең атқа қонамыз деген күні азанымен үйге Пұсырманқұл келді. Амандық-саулықтан соң ол айтты: – Былтырдан бері ұстатпай жүрген кісіні кеше орталық көшеде көріп қалдым. Найсап, менен күдіктенді ме, қалың адамның арасынан адастырып кетті. Мен көргенде ол базар алдында отыратын етiкшімен сөйлесіп тұрған. Сол етікшіге біраз ақша беріп, оның тұрағын білдім. Шынымен сонда тұра ма екен деп, етікші айтқан мекен-жайға бардым да, əбден аңдыдым. Нəлеті қашқарлық, расында сонда тұратын болып шықты. – Үйі қай жерде екен? – деп орнынан атып тұрды Сүлеймен. – Хансарайының астындағы махаллада. Тура қазір барамыз ба? – Əлбетте. Он ай соны іздеп, уақытымыз бекерге өткен жоқ па? Tөpтеуі үйден асығыс шығып, хансарай тұрған төбе етегіндегі махаллаға келді. Пұсырманқұл көрсеткен үйге жеткенде, күн сəскеге көтерілген кез еді. – Үйіне баса-көктеп кіре береміз бе, əлде бері шақырасың ба? – деді Сүлеймен Пұсырманқұлға дарбаза жанында. – Шақырсам, шыға ма, шықпай ма, кім білсін. Оның үстіне ол найсап үйінде жалғыз ба, ол жағын да білмейміз. Бəлкім қарулы да шығар. Əй, не болса ол болсын, апыл-ғұпыл кіріп барайық. Сүлеймен дарбазаны бір теуіп ашты. Бəрі топырлап ішке енді. Ауладан өтіп, төр жақтағы үйге таяғандарында, есіктен ұзын сақалы беліне түскен орта бойлы бір кісі шықты. Ол дереу ішке еніп, есікті жауып қалмақ болды.
– Ұста, Сүлеймен. Аңдып жүрген кісіміз – осы. Сүлеймен ішке ене берген ананың иығынан ұстай алды. – Қайда қашпақсың, ит? – Анау Сүлейменнің қолынан босанбаққа ниеттеніп, бұлқына түсті. – Ой, мынау маған қарсылық көрсетпек пе? Сүлеймен оның желкесінен бір қойды. Сақалды кісі бетімен есікке соғылды да жерге сусыды. Сүлеймен желкесінен ұстап қап, бойын тіктеді. Осы кезде іш жақтан қолында ұзын қылышы бар біреу көрінді. – Əй, жібер оны. Əйтпесе шауып тастаймын сені. Сүлеймен ойланбады. Қолында ұстап тұрған кісісін көтеріп алып, соған қарай лақтырып жіберді. Сақалды анаған көлденеңінен соғылды да, екеуі де сұлап түсті. Жетіп барған Сүлеймен екеуін екі қолымен баса қойды: – Парманқұл, Айдабол, байлаңдар мыналарды! Парманқұлдар оларды байлап жатқанда Сүлеймен жердегі қылышты алып, арғы бөлмеге кірді. Там үш бөлмелі екен. Үшеуін де қарап шықты. Бөтен ешкім жоқ. – Парманқұл, əкеліңдер екеуін бері! Айдабол мен Парманқұл қосақталып байланған екі қашқарлықты Сүлейменнің алдына сүйреп əкеп, дуалға сүйеп отырғызды. Қосақталған екеу келген қазақтардың кім екендіктерін əлі білмегендей, таңырқаулы жүзбен қарап отыр. – Неге қалшылдайсың? Сүлеймен бұлай əдейі сөйледі. Себебі кінəсіз адам нағыз қорқақтың өзі болмаса бұлай қалшылдамай, сөзбен болса да қарсылық көрсетіп бағар еді. Ал мынау істеген ісіне зауал келгенін түсініп, енді құтылмасын білгендей күйге түсіп отыр. Сүлейменнің жəй сөйлегенінің бір мəнісі – оны сəл де болса қорқыныштан сейілту еді. Əрі сұрағына дұрыс жауап алайын деген ойы бар-ды. Алайда анау қалшылдауын қояр емес. – Əй қалшылдама деймін саған! Атың кім? Сүлеймен гүж еткенде дірілдеген қашқарлық жанындағысының кеудесіне басын тықты. Паналағаны ғой оны. – Не сұрап тұратын сенен?! Атыңды айт! – Жақар, – деді ананың тілі əзер сөзге келіп, – Сенің атың Жақар болды. Ал мынаның аты кім? – Қорасан.
– Жақар, біз саған тиіспейміз. Тек менің сұрақтарыма дұрыс жауап берсең болды. Ал егер өтірік айтсаң. Өздеріңнің мына қылыштарыңмен бастарыңды шауып кетеміз. Жақар осы сөзден кейін дірілін сəл басты. – Сіздердің кім екендеріңізді білмеймін. Ал мынау жəкемді танимын. Пұсырманқұл жəке, былтырғы татар қатынның өліміне менің қатысым жоқ. Сіздер осыны білмекке келіп тұрсыздар ғой-ə?. – Сол іспен келгенімізді қайдан білдің? – Білем. Сіздің мені іздеп жүргеніңізді есітіп, осылай ойлағам. – Дұрыс ойлапсың, хайуан. Содан бір жыл бойы қашып жүрдім де. Сүлеймен, мұның зарын тыңдап тұратын уақытымыз жоқ. Дилданы кім жəне не үшін өлтіргендері туралы тезірек айтып берсін. Оған мұның да қатысы бар. – Ə, Пұсырманқұл жəке. Айттым ғой, «оған қатысым жоқ» деп. Ал кімдер өлтіргенін айт десеңіздер, айтып берейін. – Айт. – Айтсам былай: Қайбір жылы осындағы Исламқұл құрбашы мен «Тұмарабаттағы»Тұрдақ бaйпатшаны Шыршық жақтан келген бір қазақтың дəуі өлтіріп кеткен еді. Ол дəуді мен көрген емеспін. Бəлкім ол мына кісі болар. Мейлі, сол дəу жаңағы кісілердің көзін жойған соң Қоқаннан кетіп қалыпты. Ол кеткенімен, осында екіқабат қатыны қалған екен. Тұрдақтың өліміне кектеніп жүрген оның туған інісі Жардақ бір күні маған келді. «Саған Тəшкендегі Бекаба дөкей сəлем айтып, мына кісіні жіберіпті, – деп өзімен ертіп келген қап-қара, үлкен денелі жігітті көрсетті. – Бекаба осы Қоқанға Исламқұл мен Шалпарды, Тұрдақ көкемді өлтірген бір қазақтың дəуін көзін жоюға Құрақ деген жансызын жіберген екен. Бірақ Құрақ əлгі қазаққа сатылып кетіп, Бекаба жəкемді жерге қаратыпты. Саған анау дəу қазақты табуға осы жігітке көмектессін депті», – деді. Сөйтіп біз сол дəу қазақты көп іздедік. Бірақ таппадық. Таппағанымызбен, оның мына Пұсырманқұлдың жақын досы болғанын білдік. Пұсырманқұлды жақсы білетін адамдардан сұрастыра жүріп, дəу қазақтың Қоқаннан кетіп қалғанын, осында əйелі мен туылған бір баласы бар екенін есіттік. Осыны естіген соң мен Тəшкендегі Бекабадан келген жігітке айттым: «Көрдiң ғой, дəу қазақ кетіп қалыпты. Енді Тəшкенге қайт», – деп. «Жоқ, бұл бекерге қайтпайды, – деп шап етті Жардақ. – Ағамды өлтірген дəу қазақтың
қатыны мен баласының көзін құртып қайтады бұл. Жақар, сен де бірге жүресің. Егер менімен бірге жүрмесеңдер, Бекабаға сəлем жіберемін екеуіңді айыптап». Мен оның айтқанына көнбедім. «Жас баламен жазығы жоқ əйелді өлтіруге қалай қолың барады? Құдайдан қорықсайшы» – дедім. «Ə, Құдайдан қорқасың ба?» – деп Жардақ мені бассалып, ұрып тастады. Анау жігіт те қарап қалмады. Екеулеп соқты мені. Олардың соққысынан есімнен танып қалыппын. Есімді жисам, бір аяқ пен бір қолымды сындырып кетіпті. Олардың кейін əйелдің үйін қалай тапқанын білмеймін. Қол-аяғым таңулы, үйде жүре алмай жатқанымда мына Қорасаннан болған сұмдықты есіттім. Ал өзім жақында қол-аяғым сауығып, көшеге шыққам. – Қол-аяғыңды емес, мойныңды бұрап кеткенде болар еді сенің. Егер Қоқаннан тапқандарыңда мені өлтіруге қатысар едің ғой-ə, – деп Сүлеймен оған шүйліккенде Жақар бүрісе түсті. – Жо-жоқ... Көке, менің еш кінəм жоқ қой. – Тура қазір маған Жардақты тауып бересің. Əйтпесе, екеуің де өмірмен қоштасасыңдар. – Жардақты табуын тауып беремін-ау. Бірақ ол сіздерді көргенде үйінен шықпай ма деп қорқам. – Ал сен үйінен шығатындай айла тап. Біз оған көрінбей тұрамыз. Егер жолай көшеде қашатын болсаң, мына Айдаболдың қойнында шолақ мылтық бар. Тура желкеңнен атып, топырақ құштыра салады. Ал, жүр енді! Жардақтың үйі қай жерде? – Қазір сəске мезгілі болып қалды. Ол қазір дүкеніне келген шығар. – Ол қай жердегі дүкенде істейді? – Құдиярсарайдағы дүкенде. Қант, май сатады. – Сол дүкенге күндіз адамдар көп баратын шығар-ə? – деп Сүлеймен Пұсырманқұлға бұрылды. – Əлбетте. Егер оның мынау айтқандай, дүкенші екені рас болса, оны сонда ұстау қиын. Басқалар байқап қойса, мілисаға айтып жүрер. Ең оңайы – кешке үйіне қайтып бара жатқанда ұстау. Сен Жардақтың үйін білесің бе? – деп Пұсырманқұл Жақарға қарады. – Білемін. Үйі шаһар шетіндегі тəжік қышлақта. Пұсырманқұл енді Сүлейменге бұрылды: – Мынаны ертіп, Жардақтікіне түнде барсақ қайтеді?
– Сонда түнге дейін осында отыра береміз бе? – Басқа амал жоқ. Жақар мен Қорасан да үйден шықпай, бізбен бірге отырады. Осылай етсек, секемсіз отырамыз. – Мейлі, айтқаның болсын. Ей, Жақар үйіңде ет-пет, нан-шай бар ма? – Бар, бəрі бар. Пұсырманқұл жəкем «кешке дейін осында боламыз» деді ме? Жарайды, болыңыздар. Түн түсе, Жардақтікіне ертіп барайын. Ал енді бізді босатыңыздаршы. Қорасан екеуміз сіздерге дастархан жасап, ауқат істейік. – Əй, сенің қатын, бала-шағаң жоқ па? Қайда олар? – Менің əйелім алдыңғы жылы бала туа алмай, қайтыс болған. Содан бері лайықты əйел іздеп таба алмай жүрмін. Парманқұл мен Айдабол екеуін байлаудан босатты. Жақар төргі тамға кіріп, дастархан жасаудың қамына кірісті. Қорасан дəу самауырынға су құйып, шəй қойды. – Мен сиырымды əлі сауған жоқ едім. Шəй қайнағанша соны сауып келейін, – деп Жақар шелегін алып, тысқа беттеді. – Ей, тоқтай тұр, – деді Сүлеймен даусын көтере. – Парманқұл, Айдабол! Анау Қорсанды, ə, кім еді, Қорасан ба, иə, соны далада шəй қойып жатыр деп беймарал отырмыз ғой. Қараңдаршы, қашып кеткен жоқ па, ит? Содан соң сиыр сауып болғанша, Жақардан да көз жазбаңдар. Біз үйде отырғанда кім біледі, бұлардың сыртта не істеп, не қоятындарын. – Əсілі, Сүлеймен дұрыс айтады. «Шəй қоям» деген қашқарлық үйге əлі кірмеді. Жақар, анауың қашып кеткен жоқ па? Осыдан қашып кетсін, көресіні көрсетеміз саған, – деді Айдабол. – Жоға, Қорасан ешқайда кетпейді. Мен де қашпаймын. Сенбесеңіздер. тұрыңыздар қасымызда. Сиырымды сауып келейінші енді. – Жүр. Біз де бірге барамыз. Үшеуі далаға шықты. Қорасан есік алдында самауырынның отын үрлеп отыр екен. Жақар қорасына кіріп, бұзауын байлаудан ағытты да, сиырға біраз емізді. Сосын оны сауды. Ұзақтау сауды. Сиыры сүтті екен. Сүтi дəу шелекке толды. Осы кезде Сүлеймен үйден шықты. – Көке, сіздерге сүт пісіріп берейін бе? – деді Жақар. – Сүттің керегі жоқ. Одан да тезірек шəйіңді қайнатшы.
– Ə, жарайды. Сүтті кейінірек пісірейін. Қорасан, шайың қайнайын деді ме? Оттыққа үстін-үстiн от салсайшы. Тезірек қайнасын. Мен жертөледен ет алып шығайын да қазанға салайын. Айтпақшы, қазанға су құйып, от жаға берші. Жақар сүт толған шелекті есік алдындағы ұстынның ілгiшіне іліп, жертөлеге кірді. Айдабол одан бір елі қалмайды. Парманқұл болса, Қорасанды аңдып тұр. Жертөледен біраз ет алып шыққан Жақар оны жуып, қазанға салды. Бұл кезде шəй де қайнап, бəрі дастархан басына жайғасты. Төрт қазақ анау екеуінен əрдеңе сұрай отырып, шайға əбден қанды. Ет піскенше, бірталай уақыт өтті. Ауыз тамдағы қазан басына барып, келіп жүрген Жақарға Сүлеймен бүй деді: – Ей, сен, бізге құры етті ғана пісіріп бермекшімісің? Oған бірдеңе қоспайсың ба? – Уа, көке-ау! Етке қосатын үйде ештеңе жоқ. Кеше қаптың түбін қағып, соңғы ұнмен көже істеген едім. «Бүгін базарға шығып, аз-маз азық тауып келем» деп ойлағам. Оған сіздер келіп қалдыңыздар да.... – Е, мейлі. Етті нанмен қосып жеп, сорпасын ішсек те болады. Ақыры қатының жоқ екен, саған не айып. Мезгіл шаңқай түс болды. Осы уақытта ет те пісті. Жақар мен Қорасан төрт табаққа ет салып, төртеуіне тартты. Сүлейменге еті майлы сүйек түсіпті. Нан қосып, оны соғып алды. Басқалар да несібелерін ашқарақтана жеді. Ет жеп болған соң бəрі кешке дейін ұйықтап алмақ болып келісті. – Біз ұйықтаймыз дейміз. Ал мына екеуін не істейміз? – Байлап тастаймыз, Айдабол. Байлап тастасақ та, сен екеуiн бiраз күзетіп отыр. Ұйқың келсе, мені оятарсың. Одан соң мен күзетемін, – деді Парманқұл. – Ə, көкелер, бізді байламай-ақ қойсаңыздаршы. Сіздермен бірге жата береміз. Уай, ештеңе істей алмаймыз ғой, сіздерге. Дау көке, айтыңызшы серіктеріңізге. Бізді байламай-ақ қойсыншы. Үйбай-ау, байлап қойсаңыздар, менің сынған аяқ-қолдарым ауырады. Қатты қиналамын сосын. Жалынамын, көкелер. Бос жата берейінші, – деп Жақардың Сүлейменге қарап шыж-быжы шықты. – Ақыры біреуің күзететін болсаңдар, екеуін байламай-ақ қойсаңдар қайтеді.
– Байламай болмайды, Сүлеймен. Кім біледі, екеуі не ойластыратынын. Ей, Жардақ, əкел қол-аяғыңды. Байлаудан сынған жерлерін ауыратын болса, аяқ-қолыңның сол тұстарын қыспай байлаймыз, – деп Парманқұл мен Айдабол оған қосып, Қорасанды да байлады. Сүлеймен отырған жеріне жата кетті. Айдаболдан басқалары да бастарын жастыққа қисайтты. Қанша уақыт өткені белгісіз, ұйықтап жатқан Сүлеймен өзін біреу қылғындырғандай сезініп, тұншыға демалып, көзін ашып жіберді. Көзін ашқанда сезінгені – тамағын ащы нəрсе қырнап, лоқсып жатыр екен. Басы да мең-зең. Құлағы шуылдап тұр. Парманқұл біреуге айқайлап жатқан сияқты. Ал Пұсырманқұл өзіне бірдеңе айтып, жағынан салып-салып жіберді. Осы кезде түк естімей тұрған құлағы «мыналар сендерге у берген» деген Парманқұлдың даусын шалды. Басын сілкіп-сілкіп жіберіп, алдына қараса, Айдабол шалқалай жатқан Қорасанның кеудесінде көлденең етпеттей жатыр. Жақардың бет-аузы қан дала. Осыны көргенде Сүлейменнің түйсігіне «уланған екенмін» деген ой келді. Бірақ артынша тамаусырап кеткендей болды да, ышқына демалып, қайта есін жиды. Басының мың-дыңы шығып, есі бір кіріп, бір шығасылы болып тұрса да, есіне есік алдындағы ұстынға Жақар ілген сүт түсті. Дереу соған жетпек болып, тұруға əрекеттенді. Тұра алмады. Парманқұлға сол жайында айтпақшы еді, тілі сөйлеуге келмеді. Сөйлемек тұрмақ, жүрегі қысылып, ауа жетпей, маңдайынан суық тер бұрқ етті. Басы қатты айналып, көзі жұмылды. Біреу қолтығынан демеп көтермек болып еді, көтере алмады. Дəл осылай қауқарсыз отыра берсе, міне, міне, ажал құшатынын санасының ең соңғы түйсігімен сезген ол, ышқына орнынан қозғалды. Тұрып кетті. Көзі түк көрмесе де теңселе басып, дуал жағалап, сыртқа шықты. Далаға шыққанда көзі сəл-пəл ашылды. Ұстында ілулі тұрған шелекті көзі шалды. Үш-ақ қадам аттаса, оған жетері хақ. Бірақ аяқтары құрғырлар қалтырап, бастырмады. Есік жақтауына сүйенгенде, құлай жаздады. Құламауға тырысты. Бар күшін сарқа, бойын тіктеді де ұстынға жақындады. Қолып созып еді, шелекке ілікті. Ала сап, шелектегі шикі сүтті қотара сімірді. Қанша ішті белгісіз, бір кезде лоқылдатып, құса жөнелді. Ұзақ құсты.
Əлден соң есі кірді. Аяқ астына қараса, құсқан сүті көкпеңбек. Шелекке көз салып еді, сүт əлі көп екен. Тағы ішті. Тағы құсты. – Тоқтамай іше бер, тоқтамай іше бер, – деген дауысты есітті осы кезде. Оның кімнің даусы екенінде шаруасы болмады. Жоқ, оған бұрылып қарауға шамасыз еді. Құсқан сайын аяқ-қолдары дірілдеп, өн-бойын тер басты. Сүтті бір-екі ұрттаса, төрт-бес мəрте құсып, əбден мазасы кетті. Алайда əр құсқан сайын, сүтті іше берді, іше берді. Сөйтіп бір шелек сүтті ішіп қойды. Құса-құса өкпесі суырылып, өңеші жарылардай болды. Біраз уақыт өткенде басының айналғаны қойып, құлағының шуылы басылды. Өз-өзіне келді. Ал лоқсуы тоқталады. Лоқсып тұрып байқаса, Парманқұл мен Пұсырманқұл мұны айнала жүгіріп жүр екен. – Ой, нəлеті, қашқарлықтар! Ой, нəлетi, қашқарлықтар! Бəсе, «бізді байламаңдаршы» деп, сонша жалынып еді. Ойпырмай. Сүлеймен, сүт қалай есіңе түсті? Біз абдырап ештеңе істей алмай қалыппыз ғой. Сендерге берген уды бізге қалай бермеген? Ай, осы, барып анау Жақардың басын кесіп тастай салайын ба? – деп Парманқұл кіжініп, тепсініп жүр. – Жақарды өлтіру қашпас. Мынау шарадағы айранға мұздай су қосып, шалап жасап қойдым. Сүлейменді етпетінен жатқызып, енді осыны іштірейік. Ішіндегі заһар əбден жуылсын, – деді Парманқұл. – Жүр. Сүлеймен. Анау нардың үстіне етпетіңнен жатып, шалапты ішші. Саған əлі де құсу керек. – Cүтті ішкен соң адам болып қалған сияқтымын. Шалапты тағы ішуім керек пе? – Керек, керек. Сен əзірше шалапты іше бер. Парманқұл, апаршы Сүлейменді нарға. Мен самауырынға от қойып, су жылытайын. – Əй бұл қалай болды өзі? – деді Сүлеймен нарға жата беріп. – Əзірше сөйлеме. Болған жəйтті кейін айтамыз. Мə, іш, мына кеседегі шалапты. Шалаптың бір кесесін емес, үш-төрт кесесін бір-ақ ішті. Ішкісі келмеп еді, Парманқұл қыстап қоймады. – Мұны неге ішіп жатырмын? Түк құстырған жоқ қой. – Қазір құсасың, Сүлеймен. Тағы да көбірек құсуың керек. Енді мынаны ішші, – деді Пұсырманқұл басқа кесе ұсынды. – Бұл не?
– Жылы су ғой. Мұның да үш-төрт кесесін бірден іш. Жылы суды ішкен соң ал құссын кеп тағы. Құсуын тоқтатса, анау екеуі шалап пен жылы суды тағы төрт-бес мəрте беріп, əбден құстыртты. Құса-құса сілесі қатты. – Болды, енді ішкізбей-ақ қойыңдаршы. Өмірімде ауру дегенді білмейтін мен ешуақытта бұлай қиналған емеспін. – Ішектерің, өкпелерің ашып жатқан жоқ па? – Қойған сияқты. Тек, көріп тұрсыңдар ғой, дірілім басылатын емес. – Діріл кетер. Сонда да мен барып, Жамал тəуіпті ертіп келмесем болмас, Ай, «оны ертіп келемін» деймін. Анау екі өлікті не істейміз, Парманқұл? Сүлеймен елең етіп басын көтерді. – Немене, екі қашқарлықты өлтіріп қойдыңдар ма? – Қашқарлықтар өлсе жақсы болар еді. Айдаболдан айрылып қалдық қой. Сүлейменнің өн-бойы шымырлап кетті. – Қалай? – Аналар уды екеуіңнің табақтарыңа салған екен. Бəрімізге бірдей салмағандарына шүкір де. Мен ұйықтап жатқанда біреу жұлқылап оятты. Көзімді ашсам, Айдабол дем ала алмай, бүкшиіп қиналып отыр екен. Аузы-басы қисайып, реңі қашып кетіпті. Бірдеңе айтайын деп еді, айта алмады. Сол қолымен жүрек тұсын ұстаған күйі, оң қолымен қонышындағы пышағын шығарды да, жанында жатқан Қорасанның кеуде тұсына кірш еткізіп қадап, өзі оның үстіне сұлады. Мен не болғанын түсінбей, дереу Пұсырманқұлды ояттым. Бұл да аң-таң отырғанда. Жақар шыңғырып қоя берді. Екеуіңнің табақтарындағы етке у салғанын айтты. Ашумен оны өлтіріп қояр ма едім, Пұсырманқұл ұстап қалды. Сөйтіп тұрғанымызда, сен теңселіп далаға шықтың. Сүт есімізге келмепті. Жақардан айран сұрап жүргенімізде сен сүтті ішіп, құсып жатырсың. Қасыңнан кете алмадық. Айдабол жазғанның жатысы анау. Енді оны қалай, қайда жерлейміз? Ал сен екі-үш күн жатып, өз-өзіңе келмесең болмайды. Ол үшін Пұсырманқұл тəуіп ертіп келмесе тағы болмайды. – Алда, жазған-ай! Бізге еремін деп, ажал тапты десейші. Əй, анау Жақар əлі тірі отыр ма? Мойнын неге үзіп алмайсыңдар оның?
– Оны өлтіру қашпac. Айдабол текке өлген жоқ. Бір жауын өзімен бірге ала кетті. Қой, бір жағына шығайық та. Не істейміз? Əлде үйге кетеміз бе? Тəуіпті сонда алдырамыз. – Айдаболды бір жақты етейік алдымен. Қазір екеуміз барып, анау өліктерді жертөлеге апара тұрайық. Содан соң Сүлейменді үйге кіргізіп жатқызайық. Қиналған Сүлейменге мына хабар оңай тимеді. Тəн ауруыңа жан ауруы қосылып, бей-жай күйге түсті. Парманқұлдар айтқандарын істеп, өзін үйге жатқызғанда да үн шығармады. Кешке дейін жақ ашпады. Айдаболдың өліміне қатты қайғырып, ойына қайдағы- жайдағы түсіп, аһ ұра күрсінді. Тек кеш бата Парманқұл шырақ жаққанда ғана сөйледі. – Парманқұл, жалғызбысың? Пұсырманқұл қайда? Қашқарлықтың бірі тірі деп едіңдер. Оны не істедіңдер? – Пұсырманқұл тəуіпке кеткен. Ал Жақарды қол-аяқтарымен қоса, аузын да байлап, жертөлесіне қамап қойдық. Өліктерді күзетіп отыр. – Айдаболды не істейтін болдыңдар? – Пұсырманқұл келсінші. Содан кейін ақылдасармыз. Көп ұзамай Пұсырманқұл келді. Қасында кішкене бойлы, арық кісі бар. – Жамал тəуіп деген осы. Менің бауырым. Руы – Қыпшақ. Сенімді адам. Екеуміз бағаналы бері құры жүрмей, көрқау іздедік. Екеуін таптық. Ақша беріп, шаһар шетіндегі молаға жұмсадық. Қазір олар Айдаболға арнап, мола қазып жатыр. Əзір Жамал Сүлейменді қарап болсын, Парманқұл екеуміз Айдаболды жерлеп келеміз. Күндіз жерлей алмаймыз. Бұл үйден қалай шығарамыз оны. Дұрыс па, ойым, Сүлеймен? – Өзің «басқа амал жоқ» деп тұрсың ғой. Қайтеміз енді. Айдаболды жерлеуге мен де барайын. – Саған əзірше жүруге болмайтын шығар. Жамал, көрші сырқатың, қатты уланған ба, өзі? Жамал Сүлейменнің тамырын ұстап, не күйде болғанын, қалай құсқанын сұрады. – Жүрегіңіз өте мықты екен. Денеңіз де шағындау болғанда аман қалуыңыз неғайбыл еді. Пұсырманқұл, сұрадыңдар ма? Қашқарлықтар бұларға қандай у берген екен? – Cұрауға да мұршамыз болмады.
– Мейлі, кейін сұрарсыңдар. Ал бұл кісі енді тырп етпей үш күн жатуы керек. Тек айран мен сүт, одан соң майлы сорпаны беріңдер. Ет дегенді қазір жемейтін болсын. Биенің саумал сүті болса, қатып кетер еді. Құса бергеннен тамағы ісіп қалған. Майлы сорпа мен жылы сүт сол үшін керек. Айранды, биенің сүтін көбірек ішсе, өтін, бауырын, ішектерін əбден тазалайды. Оларды қанша сұраса да, бере беріңдер. Тағы айтамын, үш күн тапжылмай жатсын. Осылайша, Жамал тəyiп Сүлейменге үш күнге дейін қозғалуға тиым салды. Сөйтіп, Айдаболды жерлеуге бара алмады. Оны қолдарынан келгенше рəсімін жасап, үшеуі жерлеп, таң атар кезде келді. Сол күні түнде үйінің артынан Жақарға көр қаздырып, Қорасанды көмдіріп тастады. Тек айран мен сүт, Парманқұл істеп берген майлы сорпаны үш күн бойы орнынан қозғалмай ішкен Сүлеймен, төртінші күні аттай боп тұрды. – Парманқұл, сендер жертөледегі қашқарлыққа нəр сыздырмай, аштан қатырып қойған жоқсыңдар ма? Тірі болса, сүйреп əкеліңдершi. Жауап алайық. – Е, үш күн бойы жуынды беріп, əйтеуір өлтірген жоқпыз. «Алып кел» десең, қазір алып келейін. Арада аз уақыт өткенде Жақарды желкелеп əкелді. Жақар келе сап, Сүлейменнің аяғына жығылды. – Еркек болсаң, өксімей, мынаған жауап бер. Көп нəрсе сұрамаймын. Уды неге тек Айдабол екеумізге ғана бердіңдер? – Уды етке сепкен – Қорасан. Оның неге тек екі табаққа ғана салғанын білмеймін. – Тағы бір сұрақ. Жардақтың Құдиярсарайдағы дүкенде істейтіні рас қой. – Рас, рас. Оллаһи, рас. Бүгін кешке оны сіздерге ұстап беремін. – Ұстап бермей-ақ қой. Сен ендігі сенімнен шыққан адамсың. Парманқұл, жертөлеге қайта апарып қама. Жата берсін сол жерде. Аяқтарын да байлап таста. Аузына мақта тығып қой. Жертөленің еciгін сыртынан мықтап бекіт. Жақар бұрынғыдан бетер өксiп берді. Оған назар аударған Парманқұл болмады. Сүйрей жөнелді. Олар кеткесін, Сүлеймен Пұсырманқұлға өтініш айтты:
– Пұсырманқұл, сен Құдиярсарайға барып, Жардақты жақсылап танып келші. Оны біреуден емес, сезік тудырмай, бірнешеуден сұра. Сөйтіп түнде көрсең де, жазбай танитын бол. Кейін басқа адамды ұстап жүрмейік. Біз сені осы жерде күтеміз. Пұсырманқұл сол кеткеннен бесін ауа бір-ақ оралды. Келе сала көрпешеге сұлай кетті. – Құрысын, ат, арба секілді көлігім болмағасын, сонау Құдярсарайға жаяу барып келдім. Жардақ деген анық сол жерде істейді екен. Əбден танып алдым. Енді оны түнде түгілі, тастай қараңғы көр ішінде көрсем де жазбай танимын. Парманқұл, даяр шəйің бар ма? Аңқам кеуіп, бір жағы қарным да ашты. – Қай жерде тұратынын біле алмадың-ау, ə, бірақ. Жұмыстан қай мезгілде қайтады екен? – Жақар дұрыс айтыпты. Жардақ тəжік қышлақта тұрады екен. Ал жұмыстан кешкі сағат жетіден асқанда қайтатынға ұқсайды. Жалпы, біздің оның үйіне баруымыздың қажеті жоқ. Сағат жетіге таман, ол дүкенді жабар кезде сонда барайық. Жардақты ұстасақ, оны қалай тергесек те, жан адам көрмейтін қуыс таптым сол маңнан. – Жетіде күн əлі жарық болып тұрмай ма? Жардақты ұстап алғанымызды біреу-міреу көріп қойса... – Ойыңды түсіндім, Парманқұл. Біз оны жан адам көрмейтіндей етіп, жаңағы қуысқа кіргізбейміз бе. Парманқұл əрі қарай дүкеннің есігі қай жаққа қарап тұрғанын, өзі айтқан қуыстың қай жерде екенін екеуіне түсіндіріп айтты. Оның айтуынша, егер Жардақ дүкенді жабар уақытта бір өзі болса, оны қуысқа апару оп-оңай екен. – Егер сол кезде қасында біреу болып қалса ше? – Онда, Сүлеймен, қуысқа екеуін де алып кетеміз. Басқадай амал жоқ. Қалай десек те, Жардақты үйінен ұстағаннан гөрі, дүкен маңында қолға түсірген əлдеқайда абзал. Осыдан кейін үшеуі алдағы істерін біраз пысықтап, орындарынан тұрды. – Айтпақшы, жертөледегі Жақарды солай қалдыра береміз бе? – Бар ойым Жардақта болып, ол жайын ұмытып бара жатқанымды қарашы. Иə, Парманқұл, екеуміз ісімізді бітірсек, Қоқаннан кетеміз. Ал мына Пұсырманқұл осында қалады. Əгəрки, Жақар тірі қалса,
кейін пəлесі осыған тиіп жүрер. Өзің қалай ойлайсың? Көзін жоя саламыз ба? – Солай ете салайын, – деп Парманқұл жертөле жаққа бұрылды. – Əй-əй, қоя тұр. Маған бір ой келді. Байлаулы адамды өлтіру – қатынның ісі. Оны түн жарымына дейін аман қалдыра тұрайық. – Немене, Сүлеймен, түннің жарымында осында қайта келеміз бе? – «Қоя тұршы» дедім ғой. Жүріңдерші, жолымыздан қалмайық. Үшеуі Қоқанның қуыс-қуыс көшелерін аралай өтіп, сағат жетiгe таяғанда, Құдиярсарайға келді. Сарай маңында адам қарасы аз. Бергі жақта екі-үш өгіз арба тұр. Олардың жанында дөңгелектері шарабасынан биік есек жегілген тағы бір арба тұр. – Анау есекті қоқанарба Жардақтікі, – деді Пұсырманқұл. – Бағана бұл арба анау бұрышта тұрған. Қазір есік алдына əкеп қойыпты. Сірə, Жардақ дүкенін жабуға дайындалып жатыр-ау. – Оның арба айдаушысы бар ма? Əлде өзі айдай ма? – Айдаушыны не қылсын. Жүріңдер, дүкенге барған адамдарға ұқсап, сарайға кірейік. Сарай бастырмасына жете бергендерінде, алдарынан қап көтерген үш-төрт кісі шықты. Қаптарын арбаларға салған олар, өгіздерін қамшылап, жүріп кетті. Пұсырманқұл қатар есіктердің үшіншісіне кірді. Артынан Сүлеймендер ілесті. Бұлар дүкен ішіне кіргенде қарасұр жүзді, үлкен кісі таразысын жиыстырып жатыр екен. – Дүкеннің жабылатын уақыты болды. Ертерек келмейсіңдер ме? Не алатын едіңдер? Тез-тез айтыңдаршы. Мен асығып тұрмын, – деді ол шақ-шақ етіп. – Сенің атың – Жардақ па? – деді Сүлеймен. – Не қылайын деп едің? Осы сөзді айтты да есіне бірдеңе түскендей, Сүлейменге қарап тұрып, шекесін сипады. – Қоқанда сен сияқты дəу қазақ жоқ сияқты еді. Өзің кімсің? Баяғыда Тұрдақ əкəмді... Сөзін аяқтатпаған күйі таразы тұрған тақтайдың астына қол жүгіртті. Оның қару іздеп жатқанын бірден түсінгендей, үшеуі оған жабыла кетті. Əлбетте, ол осы үшеуінің қайсысынан да мықты емес, сонда да болса, қолын қаруына жеткізбеуді ойлаған үшеуі оны
тақтайдан бері тартып алды. Үш қазақтың кім екеніне енді көзі жеткен Жардақ босанбақ ниетпен бұлқынып берді. Мұнысынан түк шықпады. Сүлеймен желкесінен бір қысқанда, тілі салақтап, көздері жұмылды. – Абайла, Сүлеймен. Өліп қалмасын. – Өлетіндей қысқан жоқпын. Пұсырманқұл, əлгіндегі қуысың қайда? – Мұны онда апарардан бұрын мен арбасын жасырайын. Сендер əзірше осында тұра тұрыңдар. Сырттарыңнан құлыптап қояйын. Əй, Жардақ, құлпың қайда? Ə, мынау жатыр екен ғой. Мен кеттім. Жауыздың дымын шығармай, ұстаңдар. Пұсырманқұл тез оралды. – Арбаны сарайдың артына апарып қойдым. Жардақты алып жүріңдер. Маңайда қазірше ешкім жоқ. Жардақ дүкен төрінде түнеріп отыр. Сүлеймен оған қарады. – Далаға шыққанда айқайлап, болмаса қаламын деп əрекет етсең, біттім дей бер. Өлгің келмесе, үндемей жүр. Сүлеймен Жардақтың қолтығынан алып, далаға сүйреді. Парманқұл да Жардақпен қатар жүрді. Бірақ Жардақ өлермен екен. Далаға шыққанда, сол жанындағы Парманқұлды оң қолымен періп жіберді. Күтпеген жерден тиген соққыдан Парманқұл бетін басып, бір сəт іркілді. Оны бір ұрған Жардақ заматта Сүлейменнен де құтылғысы келсе керек, тізесімен бұтының арасына бір тепті. Қанша дегенмен бойы биік Сүлейменнің жанды жеріне тепкі жөнді тимеді. – Ой, мынау мені теуіп кетем дей ме?! – деп Сүлеймен ақырып, Жардақтың құлақ шекесінен бір қойды. – Пұсырманқұл, апаратын жер əлі алыс па? Сол жерге дейін аяғынан сүйреп апарайын. – Сарайды айналсаң болды. Парманқұл құлаған Жардақтың басына бір тепті. – Қазiрше тимеші! Сорлы өліп қап жүрер, – деп Сүлеймен Жардақтың аяғынан сүйрей жөнелді. Пұсырманқұлдың қуыс дегені – сарайдың артқы жағындағы қаңырап тұрған бес-атты бөлме екен. Жардақты сүйреткен үшеу түпкі бөлмеге келіп тоқтады. Парманқұл кеуірт жақты. – Көрдіңдер ме? – деді сосын иегімен бөлме бұрышын нұсқап. – Анау қарайған тесік сарай астындағы жертөлеге түсетін есік. Жардақты сонда түсірейік.
– Жертөлеге түсіп не керек? Мұны осында тергей берсек, біреу көріп қояр деймісің? – Уай, Сүлеймен, «сақтықта қорлық жоқ» демейтін бе еді. Пұсырманқұл үңірейген тесікке жақындады. Бұл кезде Жардақ ыңырсып, көзін ашқан. Пұсырманқұлдың үңгірге кіріп жатқанын байқаған ол, бір нəрседен секемденгендей, қинала тіл қатты. – Ей, менің қазынамды бəрібір таппайсыңдар. Сол үшін келіп пс едіңдер? – Мынау не деп сандырақтап жатыр? – деді Парманқұл. – Сүмелек, қазынаң не сенің? Біз сенің жаныңды алуға келдік. Сүйреші, Сүлеймен! Жертөле онша терең емес екен, сірə, бұрыннан тұрса керек, қабырғада қадаулы балауыз шамды Пұсырманқұл жағып қойыпты. Сүлеймен Жардақты сол шамның тура түбіне жатқызды. Сосын қонышындағы қанжарын қолына алды да, Жардақтың алқымына тақады. – Сенімен көп сөйлесіп жататын уақыт жоқ. Мынаны айт: Тəшкеннен мені іздеп келген адамның аты кім? Ол екеуің Дилда мен баланы қалай өлтірдіңдер? Жардақ өзіне шын қауіптің төнгенін енді сезді білем, дірілдеп кетті. – Рақым етіңіз, рақым етіңіз! Оларды өлтірген мен емес. Жайран бауыздаған. – Ол кім? – Тəшкендегі Бекабадан келген жөйіт. Оған Бекаба айтыпты: «Сүлеймен Қоқанда бір татар қатынмен тұрады. Екеуін де өлтіріп кел» – деп. Сізді таппаған соң ол қатыныңыз бен балаңызды өтірді. – Ит, қашқарлықтар! Сен де, Жақар да істеген істеріңді еш мойындамайсыңдар-ə. Мен қандай қанішер болсам да, өз ісін мойындаған адамды сыйлаушы еді. Ал сендер сыйлауға да, сөйлесуге де тұрмайсыңдар. IIIын батыр болсаң, ақыры іздегендерің мен ғой, орнынан тұр да мына қанжарды алып, мені сойшы. Ə, көрдің бе? Орныңнан тұруға да, пышақты қолыңа алуға да батылың жетпейді. Парманқұл, қатыным мен баламды өлтіргені үшін мұны қалай азаптайын? Саусақтарын бір-бірлеп кесіп, терісін жайлап тіліп, əбден қинап, мерт етейін бе?
– Жанымды қиыңызшы, əкə, жанымды қиыңызшы. Жаңа айттым ғой, «қатын, балаңызды өлтірген – Жайран» деп. Осы жертөленің ана бұрышында бір келідей таза алтын мен бір қап ақша тығулы. Соларды айыбыма алып, мені тірі қалдырыңызшы? – Қатын мен баламды жазықсыз опат етіп, ал мені дүниеге жығыт алмақпысың?! Мен сен секілді дүниеқоңыз емеспін. Дүние үшін жақын достары мен туған-туыстарын да аямайтын мұндағы қарақшыларға теңеп тұрмысың мені, əлде. Ой, сен тағы бірдеңе демекпісің. Алдымен тіліңді кесіп алайыншы. Содан соң жан тəсілім қылғаныңша, текеше бақылдап жата бер. Сүлеймен Жардақтың екі жағын қысып, қанжарын аузына тақады. Осы кезде: – Сəл сабыр ет, Сүлеймен. Бұл бəрібір өледі. Өлмей тұрғанда, жаңағы алтын мен пұлдарын иеленіп алайық та, – деп сыбырлады Пұсырманқұл. Сосын даусын көтерді: – Ей, қашқарлық, алтының мен пұлдарыңның бары рас па? Рас болса, көрсет. Сонда өлмеуің мүмкін. – Рас, рас. Мына əкəмə айтыңызшы. Мені босатсын. Мен сіздерге алтынды, пұлды көрсетемін. – Босатшы, Сүлеймен. Сүлейменнен босанған Жардақ жертөле бұрышына жүгіріп барды. Қолымен топырақты аршып-аршып жіберіп, үлкендеу тақтайды суырып, шетке қойды да, еңкейіп қолын төмен созды. – Міне, əкəлəр, міне, алтын мен пұл, – деп бір қапшық пен түйіншекті сыртқа шығарды. Парманқұл ол шығарған заттарды шам түбіне сүйреп əкелді. Қапшық іші толған ақша. Ал түйіншекті жазып жіберіп еді, төрт-бес тұяқ алтындар шам жарығына шағылысып, жалтылдап кетті. Пұсырманқұл біреуін қолына алып, ары-бері төңкерді. – Мына тұяқтар таза алтындар екен. – Əлбетте, əлбетте, таза алтындар, – деп шап етті Жардақ. – Сіздерді алдап нем бар... – Өшір үніңді! Саған айтып тұрғаным жоқ. Бірақ маған салса, осыны берген сені өлтіргім келмей тұр. – Не айтып тұрсың, Пұсырманқұл? – деді Сүлеймен. – Осы бір боқ дүние үшін мұны жазасыз қалдырамыз ба? Жардақ Сүлейменнің аяғына жығылды. – Рақым етсейші, əкə! Рақым етсейші! Бар дүниемді бердім қой.
– Адамның өмірін ешқандай дүниемен сатып алуға болмайтынын сен, хайуан, білмейтін бе едің? – деп Сүлеймен Жардақты бір қойды. Жардақ тоңқалаң асты. – Енді шын өлген шығар. – Өлмейтіндей етіп ұрдым. Біраздан кейін есін жияды. Мен бағана «Жақарды қазірше тірі қалдыра тұрайық» деп едім ғой, Парманқұл. Оны мынадай оймен айтқам. Осында түн жарымына дейін отыра тұрайық. Одан соң мына сүмелекті Жақардың үйіне ертіп барамыз да екеуін жекпе-жекке шығарамыз. Төбелесіп бір-бірін өлтірсін. Содан түн ауа, Жардақты ерткен үшеуі Жақардың үйіне келді. Жақардың төргі бөлмесі кең. Жардақты сонда отырғызып, Парманқұл Жақарды сүйретіп əкелді. Екі қашқарлық бірін-бірі көргенде қатындарға ұқсап, шақылдасып, ұрсыса жөнелді. Сүлеймендердің алдында əрқайсысы өзін ақтап алуға тырысып-ақ жатыр. – Шуламаңдар! – деді Пұсырманқұл. – Қайсыңның – ақ, қайсының – қара екендіктеріңді қазір көреміз. Жардақ сен де, Жақар сен де білесіңдер. Ақ адамның ісі де ақ. Ал ақ адамды əркез Құдай да жақтайды. Қайсыңның ақ екеніңді көрейік. Екеуің жекпе-жекке шығып төбелесіңдер. Өзін ақпын деген адам, қара деп есептеген адамын өлтіріп тастасын. – Парманқұл екеуін де байлаудан босатты. Екі қашқарлық ортаға атып шықты. Тек жеңсе ғана тірі қалатындықтарын ойлаған екеуі құтырған қораздарша бір-біріне атылды. Неше күннен бері қалмауда байлаулы жатқан Жақардан əл кетіп қалса керек, Жардақ бір соққанда, тура Сүлейменнің алдына шалқасынан түсті. Сүлеймен қанжарын алдына қойып отырған. Шалқасынан түскен Жақар сол қанжарды ала салды да, өзіне тағы ұмтылған Жардақтың санына сұғып жіберді. Жардақ бақырып, кейін шегінді. Ал Жақар орнынан тез көтеріліп, ананы біржолата тындыра салайын дегендей, пышақ ұстаған қолын алға соза тұра ұмтылды. Жардақ əдісшіл екен. Ананың пышақ ұстаған қолын қағып жіберді де белінен ұстап, атып ұрды. Құласа да пышағынан айырылмаған Жақар, онысын үстінде жатқан Жардақтың кеуде тұсына кірш еткізді. Пышақ кеудесіне қатты кірмеді ме, Жардақ əлсірей қоймады. Қайта Жақардың қолына жармасып, пышағын тартып алып, тамағынан орып-орып тастады. Жақардың шамасы бітті. Жардақ пышақ кірген кеудесін ұстап тұрмақшы болып еді, тұра алмады. Жаңа жанкештілік
көрсеткен екен. Жауының жанына сұлай кетті. Сұлай кеткенімен жатып қалмады. Айқайлап, дөңбекши түсті. – Ойбай, əкəлəр? Өлдім, өлдім. Көмектесе көріңдер. Сүлеймен үн-түнсіз орнынан көтерілді. Екі серігі де тұрды. – Алтын мен ақшаны алыңдар! Кеттiк! Мына екеуі қалсын осылай. Екі харам бір-бірінің өліміне себепкер болды. Жазықсыз адамдарды өлтірген хайуандардың жазасын Құдай осылай берсе керек-ті. Ендігі кезек – Бекаба мен Жайрандікі. VII 1937 жылдың қараша айы. Сүлейменнің Қоқаннан кетіп, Тəшкен түбіндегі Шыршық қалашығына орналасқанына төртінші жыл. Парманқұл былтыр еліне кеткен. Ол содан əлі оралмады. Естуінше, ол Жетікөлден бір əйел алып, сол жерден там салып алғанға ұқсайды. Сүлеймен де Шыршықтан там алған. Баяғы Қоқанда Жардақ берген алтынның бір тұяғы мен пұлдың біразын Пұсырманқұлға қалдырып, екеуі Тəшкенге қарай сапар шеккен. Тəшкенге келген соң Мамажан дөкейге барып, «Осында тұра берсек, бола ма?» деп жөн сұраған-ды. «Тағы бір-екі жыл сыртта жүре тұрғандарыңда болатын еді. Мейлі, қайтып келген екенсіңдер, сендерге енді не дейін. Екеуің де туған ауылдарыңа əзірше бара алмайсыңдар. Ал Тəшкенде ашық сүре берулерің де қауіпті. Сол үшін де шаһар орталығынан сəл алыстау жерге кетіңдерші. Біраз уақыт амалдасаңдар, кейін Тəшкенде еркін жүре берулеріңе болады», – деген. Осыдан кейін Парманқұл екеуі Шыршықта тұрақтады. Қоқаннан олжалап келген ақшаның біразына там сатып алды. Үш жылдай екеуі бірге тұрды. Бір күні Парманқұл, «Елдің жағдайын біліп келейін», – деп атқа қонды. Содан бері Сүлеймен жалғыз тұрып жатыр. Дағарадай тамда жалғыз еркектің күйі келе ме? Сүлеймен Тəшкенге жиі қатынап, сондағы тамыр-таныстарының үйлерінде қонып жүрді. Осы жолы шаһардағы тамыры Тағайдың үйінде қонақтап жатқанына екі күн болған. Үшінші күні сəске мезгілінде Шыршыққа қайтуға жиналды. – Рахмет, саған, тамыр. Баяғыда Досалы би: «Бір күнгі қонақ – Құдайы қонақ, екінші күнгі қонақ – арнайы қонақ, үшінші күнгі қонақ – қылғытпа қонақ» деуші еді. Енді сол қылғытпа қонақ болмай тұрғанда қайтайын. Мен базарды бір аралап, Шыршықтағы үйге жеткенше кеш те батар.
– Ай, Сүлеймен, – деді Тағай. – Сен үйімде қанша күн жатсаң да қылғытпа қонақ болмайсың. Бүгін де қал. Ертең Тəшкенде үлкен мейрам өтетінін өзі де білесің. Солдаттар, жұмысшылар пəрəд қылып жүреді дейді. Орталықтағы достастық майданында түрлі жарыстар өткізіліп, қазақ-өзбектің əнші-бишілері консiрт береді дейді. Осындай думанды көрмей, Шыршықта жатқанда не қыласың? Тілімді алсаң, қал. Ертең көшеге бірге шығамыз. – Бұл өкіметтің осындай думаны жүдə көп қой. Ертеңгісі қай мейрамы? – Ертең жетінші қараша. Кеңес өкіметінің орнағанына жиырма жыл толыпты. Шаһардағы өкіметтің ұлықтары мен дөкейлері соған орай кəтта мейрам ұйымдастырып отыр. – Сол ұлықтар мұндай даңғаза думанды ұйымдастырғанша, шаһардағы адам жегіш жөйіттер мен қашқарлық ұры-қарыларды, сарттың қанішерлері мен қарақшыларын құртса қайтеді? Құрбашы- басмашылардан қалған залым сілімтіктер əлі шаһарды билеп-төстеп жүргендерін олар неге көрмейді? – Білмеймін ғой. Мен де осыған таңмын. Базар сайын үш-төрт əйел, болмаса үш-төрт бала жоғатады. Қайда кетті? Жан адам білмейді. Анада былтыр мілисаға нəшəндік болып келген орысты үйінде əйел, бала-шағасымен қоса бауыздап кетті. Оны кімдер істегенін де таба алмады бұл өкімет. Анау, Құдай секілді көрінбейтін, бірақ атынан жұрттың иманы ұшатын Бекаба деген жөйіт өлмей, тыныштық жоқ мұнда. Кейде ойлаймын, «сол Бекaбa деген бар адам ба, жоқ адам ба? Əлде қарақшылар оны ойларынан құрап, елді қорқытып жүр ме?» деп. Əйтпесе, өзің ойлашы, Бекаба бар болса, неге оны бір адам көрмейді? Ішінде жатып, қарақшы жұмсап, оларға барлық айтқанын істетіп отыратын ол қандай патша?! Əй, патша да ел көзіне көрінеді ғой. – Менің Бекабаның талай адамдарымен жұдырықтасуыма тура келді. Ал өзін еш кездестіре алмай жүрмін. – Ол жоқ адам болса, қалай кездеспексің? – Ол – бар адам. Көзін көргендер маған оның қандай екенін сипаттап та берген. Бірақ нақты қай жерде тұратынын білмей, дал болған жоқпын ба? Əрі оны іздейтін бір кеңірек уақыт та болмады. Енді ғой, Мамажанның айтуымен шаһарда қайта еркін жүре
бастағаным... Айтпақшы, бүгін қайтпасам, екеуміз кешке дейін бір жерге барып қайтайықшы. – Қай жерге? – Қарақамыс орамында Құрақ деген танысым бар еді. Осыдан бес- алты жыл бұрын оны Бекабаның адамдары əбден азаптап, төсектен тұра алмайтын етіп тастаған еді. Онымен қоймай, қатынын əкетіп қалыпты. Сол міскіннің жағдайы не болды екен? Тəшкенге келгелі бері үйіне барудың еш ретi түспеді. Жүрші, соған барып, қайтайық. Тағай арбасына қос өгіз жекті. Екеуі миырт жүрісті өгізарбамен Қарақамысқа жеткенше түс те қайтты. Сүлеймен қиқы-жиқы үйлердің арасынан Құрақтың мекенін жаңылмай, тез тапты. Дауыстап еді, үйден он алты-он жеті жастағы бір бозбала шықты. – Кімнің баласысың? Бұлармен амандасқан бозбала Сүлейменге қарап тұрды. – Сіз баяғыда біздің үйде болған едіңіз-ə? – Егер Құрақтың баласы болсаң, осы үйде болғанмын. Əкең қайда? Жағдайы қалай өзінің? Бозбала төмен қарады. Сəлден соң басын көтерді. Жүзі мұңды. – Көкемнің өлгеніне бір жыл болды. – Алда, жазған-ай! Ойбүй, шырағым-ау, оны естімеппіз. Иманды болсын. Жүр-ей, Тағай, үйге кіріп құран оқып шығайық. Сүлеймен үйге кіргенде жаман иісті сезді. Үй іші бұрынғыдан жүдеу. Тағай күбірлеп, құран оқыды. Ол болған кезде Сүлеймен бозбалаға бұрылды: – Ілгеріде бір келгенімде сендер екі-үшеу сияқты едіңдер. Іні- қарындастарың қайда? Далада ойнап жүр ме? – Ата-ау, бұл үйде мен жалғыз қалғам. Əкем төсекте көп жыл жатты. Денесі шіріп, иістеніп жатты. Сол иістен бе, жоқ əлде басқадан ба, інім мен қарындасым бірінен соң бірі қатты ауырып, өле берді. Көкем өлгенде жерлесуге келген көршілер денесін ұстай алмады. Қай жерін ұстаса да, үзіліп кете берді. Атаңа нəлет Бекаба, осының бəрі соның кесірі. Бозбала қыстығып жылап жіберді. Сүлеймен не дерін білмеді. Тағай тапқан сөзін айтып, оны жұбатты. Жүрегі шымырлап, ішіндегi Бекабаға деген кек одан бетер қатайған Сүлеймен терең бір күрсінді. – Айналайын-ау, жалғыз қалған екенсің-ау. Жə, тағдырға не амал бар. Өзің ендігі үлкен жігіт болып қалыпсың. Əкеңнің отын сен
жағарсың бұдан былай. Қамыға берме, шырағым. Мə, қарағым, мынаны ал. Күнкөрісіңе жаратарсың, – деп белбауына қыстырулы тұрған бір буда ақшаны бозбаланың алдына тастады. Қанша дегенмен жас жігіт емес пе, Ақшаны көргенде қамыққан жүзінде қуаныш табы байқалды. – Рахмет ата, рахмет! – Айтпақшы, шешелерің сол күйі оралмады ма? – Оралмады. Бекаба сұм оны да өлтіріп қойған шығар. Бекабаға деген ыза-кегі бойын тағы кернеген Сүлеймен үйде отыра алмады. Тысқа шығып кетті. Артынан Тағай ілесті. Екеуі арбаға отырып, Тағайдікіне жеткенше үн қатыспады. Үйге жетіп, арбадан түскенде ғана Сүлеймен сөйледі: – Осы жуық арада Бекабаны тауып басын алмасам, көр де тұр, Тағай. – Оны тапсаң, қанеки. – Ол мені аңдып жүреді. Осында келгенімді əлдеқашан-ақ есітіп қойған да шығар. – Қой, үйге кірейік, Бекабаны кейін іздерсің. Ертесіне Тағай екеуі орталық көшеге барды. Бұрындары Сүлеймен Тəшкенде осынша халық бар деп ешқашан ойлаған емес. Орталықта адамның қалыңдығы сонша, еркін қадам басу мүмкін емес. Бəрінің қолдарында бір-бір қызыл жалау. Біреулер жазу жазылған үлкен қағаздарды көтеріп алыпты. «Жасасын кеңес өкіметі» деп айқайлаған жастардың дауыстарынан құлақ тұнады. Бір шетте қатар тұрған өзбектің сырнайшы-кернейшілері дүниенің азан-қазанын шығарып, думандатып тұр. Сүлеймен мұндай мейрамды бұрын-соңды көрмеген. Əр жаққа бір қарап, алаңдап жүріп, Тағайдан көз жазып қалды. Сөйтіп бір өзі құжынаған халықтың арасында ары-бері ұзақ уақыт жүрді. Бір кезде азан-қазан шудан мезі болып, Көкiлташ сарайы жаққа бет түзеді. Сол маңда үлкен шайхана бар. Шайханада таныстары кездесіп қалар деген оймен сонда келді. Мұнда да адам көп. Адам көп болғасын, бос орын да жоқ. Аралап жүріп, шеткі нардың үстінен бір орын тапты. Нар үстінде айнала тəшкендiк кісілер отыр. Бос орынға жайғасқан Сүлейменге олар бірден назар аударды. Танымаса да, өзбеки ғұрыппен майда тілге салып, ұзақ уақыт хал- жағдай сұрасты.
– Сіздей кəтта адам Тəшкенде жоқ сияқты еді, – деді біреуі. – Қайдан келдіңіз? Бұл жөнін айтып үлгергенше бір кішкене бойлы қашқарлық қасына жетіп келді. – Уай, сіз Сүлеймен əкəм емессіз бе? – Иə. – Паһ, паh! Сізді осында көрем деп ойламаппын. Жақсылап жайғасып отырыңызшы өзіңіз. Мəңіз, мына жастықтарды алып, арқаңызға сүйеңіз. Мен тамақ алдырайын. Не жеуге тəбетіңіз бар? – Əкелдiре берсейші. Əп-сəтте Сүлейменнің алдына түрлі ауқаттар толды. Қашқарлық мұны айналадағыларға таныстырып жатыр. Жəй таныстырған жоқ. Əбден мақтап тастады. Нe керек, Сүлеймен отырғандармен тез тіл табысты. Əрдеңені бір əңгіме етісіп, ұзақ отырды. Бір кезде қасына ұзын шапан киген бір таулық келді. – Уа, Сүлеймен əка, Сізді көру бізге көптен бері арман болып жүр еді. Үйге жүріп, мейман болыңыз. Дəдəм сізді ылғи айтып отырады. Ол кісі де сізді көруге құрсан. Шақыруымызға қайыл қылыңыз. Атарба дайын. Отырғандар əлгіні қостап, гуілдеп кетті. Бəрінің айтқаны – «барыңыз» болды. Аңғал Сүлеймен таулықтың шақыруын қабыл алды. – Үйің қай жерде? – Бозсудың бойында. Көңілінде бөтен ой болмаған Сүлеймен оған ерді. Далада қос ат жегілген арба тұр екен. Ұзын шапанды таулық екеуі соған жайғасты. Сарайдан əудем жер ұзаған соң Сүлеймен арба айдаушы жігіттен сұрады: – Мені қонаққа шақырған дəдəң бұрын менімен кездескен бе екен? – Уа, Сүлеймен əкə! Əлбетте, ол сізді көрген. Сізді бұл шаһарда танымайтын адам бар ма? – Оның да, сенің де атыңды сұрамаппын... – Менің атым – Қосыл. Ал дəдəмнің атын атауға тілім бармай тұрғаны. Үлкен кісі ғой... Уа, қазір барған соң ол кісі өзін таныстырар. Сүлеймен таулықтың неге нақты жауап бермегеніне мəн бермеді. Өзін үнемі біреулердің сыйлап, күтіп жүретініне дағдыланған оған
мұндайда титтей де бөтен ой келмейтін. Содан да болар əңгіме əуенін басқа жаққа бұрды: – Қара күздің соңғы айы келсе де күн əлі жылып тұр. Бір күні қалың қар түсе салуы мүмкін. Үйлеріңдегі малдарыңа жем-шөп дайындап па едіңдер? – Арбаға жегетін екі-үш ат, бес-алты уақ мал болмаса, басқадай түлігіміз жоқ. Шаһарда көп мал ұстауға қайыл да жоқ қой. Осы, Сүлеймен əкə, сіздің ел Қазығұрт жақта ма? – Иə. – Ілкіде əкем айтып отырушы еді. «Қазығұрт жақта қонағына алтын табақпен ет тартатын Ордабек деген байбатша бар» деп. Сондай кісіні естуіңіз бар ма? – Есіткенің не? Ол кісіні көргенмін де. – Пай, пай, сол алтын табақтары қайда кетті екен-ə? Байбатша оны тығып кетті ме екен, əлде үкімет тартып алды ма екен? – «Ордабек алтын табақпен қонағына ет тартады екен» деген артықтау сөз-ау. Бірақ оның алтын құмандары көп болған. Ал оларды қайда жібергенінен бейхабармын. – ІІай, пай, бəрібір қыр қазағы аңқау. Дүние-мүліктің қадірін біле бермейді. Жылқы мен қойдың мəнісін жақсы біледі бірақ. Қанша дегенмен мал – мал ғой. Жұт келсе – қырылып қалады. Қонақ келсе – сойылып кетеді. Қартайса – адамға ұқсап өледі, болмаса базарға түседі. Ал алтын деген жасай береді. Пах, шіркін, менің қолыма бір құмыра алтын түсер ме еді. Сонда мені күнде жұмсайтын мынау Бек... əй, дəу дəдəмнің де, басқасының да түкке қажеті болмас еді. Сүлеймен оның Бек... деген сөзді аяқтатпай, күмілжіп барып, басқа нəрсені айтып кеткеніне елең етті. – Əй, сен, біреудің атын атай алмай қалдың-ау деймін. – Не дейсіз? Ешкімнің атын ауызға алған жоқпын. Мен өзі сөйлегенде қызбаланып кетіп, жаңылысып калам. Қызбаланып отырғанда тiлiм бір нəрсені айтып қалған шығар. Оған алаң болмаңыз. Əлгі алтын құрғыр туралы сөз қозғасам делебем қозып кетеді. Естуімше, сіздің елдегі ілкідегі байлар əр жерге алтын тығып кеткен дейді ғой. Сол рас па? Сүлеймен өзінің жаңағы ойы жайында ілезде ұмытып, Қосылдың сөзіне мырс етті: – Немене, сондай жерлерді қазып көрейін деп пе едің?
– Уай, əкə, көрсететін адам болса, ондай жерлерді қазар едім. Əттең-ай, əттең-ай, ондай адам жоқ қой. Жатыр ғой, көп алтын бекерге жер астында, Уһ... Өй, құрысыншы алтыны. Тұрағымызға да келіп қалыппыз. «Неғып кешіктің?» деп дəдəм ұрыспаса болғаны. Қазір анау есіктің алдына арбаны жеткізейік. Одан соң кіреміз үйге. Сүлеймен жан-жағына қараса, көзі бірінші биіктігі төрт-бес құлаш келетін құлама жардан құлай аққан сарқыраманы шалды. Сарқыраманың етегіндегі жазықта бес-алты ат байлаулы тұр. Арғы жағындағы жарқабақ астында үңгір аузы үңірейіп көрінеді. Ал маңайда там, болмаса бір тұрғын жай жоқ. «Мына таулықтың үйге келдік дегені несі?» – Үйің қайда, Қосыл? Мына жерден сарқырама мен аттардан басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ. – Е, Сүлейман əкə, біздің үйлер анау үңгірдің ішінде. – Сендер баяғы адамдардай əлі үңгірде тұрасыңдар ма? – Қайтесіз, атам заманнан бергі тұрағымыз осы болса. Осы кезде үңгір ішінен түрлері қорқынышты үш-төрт кісі шығып, бұларға қарай жүгірді. Келе салып, Сүлейменнің қолтығына жармасты. – Жүріңіз, сізді Бекаба жəкем бағаналы бері күтіп отыр, – деді олардың бірі. – Кім күтіп отырған?! – Бекаба жəкем. Ол кісі онша-мұнша кісіні алдына шақырмайды. Сіз құрметті кісісіз ғой. Сүлеймен аңтарылып қалды. Бекабаның Бозсу бойындағы сарқыраманың үңгірінде тұратыны жайында естігені енді есіне сап етті. Сап етті де дереу белін, қонышын сипалады. Əшейінде тастамай жүрегін қанжары белінде де, қонышында да жоқ. Өмірінде бірінші рет қатты састы. Əлбетте, Бекаба жəй шақырған жоқ. Мына жылмақай таулық арқылы алдап шақырып отыр. Қай жерге келгеніне енді шындап көзі жеткен Сүлеймен алдағаны үшін Қосылды бір-ақ мытып тастағысы келді. Алдында тұрғандарды да бір-бір періп, жер жастандыра салуды да ойлады. Бірақ ол ойынан тез қайтты. «Бұларды жайратып салса, Бекабаны көре алмай қалуым мүмкін. Оның үстіне, кім біледі, анау үңгірдің бір қалтарысында біреу-міреу өзіне мылтық кезеніп, қарауылдап тұрған да шығар. Қанша батыр болсаң да, ашық нысанада тұрып, оқтан қашып құтыла
алмайсың. Сондықтан, не болса да, Бекабаға жету керек. Апарсын, мыналар оған. Арғы жағын көреміз. Дегенмен ит жөйіттің алдап соққанын қарашы. Əй, мейлі, барайын. Ажалым содан болса, амал қайсы. Еш болмаса, жастығымды бірге ала кетуге əрекет етіп бағармын». Бұрындары қанша қауіп-қатерді көрсе де жүрегі селт етпейтін Сүлейменнің осы жолы бойы мұздағандай болды. Алайда кейін қайтуға намыстанып, жанындағыларға ілесті. Үңгір аузына кіре бергенде, үңірейген апанның тура алдында баяғыдан бері басына аса қауіп төніп, жаны қысылған кезде көрінетін ақбоз ат мінген қара киімді шал тұра қалды. Шал өзіне қарап жымиды. «Сескенуші болма. Шалт қимылдамасаң, ажал табасың» деді де ақбоз атымен көкке ұшып, ғайып болды. Əрине, ол шалды жанындағылар көрмеді. Даусын да естімеді. Өйткені ол Сүлейменнен басқа ешкімге көрінбейді. Көптен бері көрінбей кеткен жебеуші-əруағының ғайыптан пайда болғанын көңіліне медеу тұтқан Сүлеймен жөйіттермен бірге үңгірге енді. Үңгір іші жап-жарық. Дуалдарға самсаған майшамдар ілінген. Бір есіктен өткен соң алдарынан екінші есік шықты. Одан өткенде кең дəліз бар екен. Дəліздің жан-жағы қаптаған есік. Бастаушы жөйіт төргi есікке беттеді. Сүлейменнің екі қолтығынан ұстаған екі жөйіт мұны солай қарай жетеледі. Ең соңғы есікке келгенде бəрі тоқтады. Бір жөйiт: – Бір сəт тұра тұрыңыз. Мен сіздің келгеніңізді жəкеме айтып келейін, – деді де лып етіп, ішке енді. Артынша қайта шықты: – Сізге кірсін деп жатыр. Сүлеймен жөйіт шыққан бөлмеге кірді. Бұл бөлме іші де кең. Төрде қалың төселген көрпенің үстінде теңкиіп біреу жатыр. Оны көргенде Сүлеймен өз-өзіне сенбей, көзін уқалады. Сосын тағы қарады. Құдай-ау, мынау жатқан адам ба, əлде құбыжық па? Қазандай бас, кіші-гірім диірмен тасындай былшиған бет, бордақы өгіздің тұрпатындай дене, талға салатын белдемше ағаштай жуан аяқтар... Жүн басқан жуан қолдары ұзын екен. Тізелеріне жетіп жатыр. Салбыраған қарыны көрпеше үстіне жайылып кетіпті. Сол салбыраған қарнының астында ұзын қылыш жатыр. Оның түрін көзімен бір шалған Сүлеймен бұрындары Бекабаның тұрпатын сипаттап айтқан жөйіттердің сөздерінің рас екеніне шындап көзі жетті.
Алып Бекаба сəлден соң ыңыранып көзін ашты. Даусы қарғылыңқы, əрі сондай жағымсыз екен: – Ей, Сүлеймен деген сен бе? Неғып тұрсың босағада? Кел отыр мына жерге! Бекаба бас жағын иегімен нұсқады. Нұсқағаны болмаса, иегін əзер қимылдатты. Сүлеймен ол нұсқаған жерге келді. Оң жағында дуалды ойып жасаған кішкене дерше бар екен. Дершеде ұзын тас қайрақ жатыр. Сүлеймен отыра беріп, сол қайрақты жеңіне сұғып үлгерді. – Отырдың ба? – Иə. Сүлеймен байқамапты. Бекабаның қарнының астында қылышпен бірге ұзын таяқ та бар екен. Бекаба сол таяқты алды да, өз тұсындағы дуалды бір ұрды. Дуалға кенеп тартып қойылыпты. Дүңк еткен дыбыс бөлме ішін кернеді. – Лəббай тақсыр, – деп манағы малай жөйіттің бірі қолын қусырып, ішке кірді. – Сүлейменге ауқат əкеліңдер! Ажалының алдында тойып алсын. «Не дейді мына жөйіт? – деді Сүлеймен іштей ана малай басын иіп шығып кеткен соң, – О, Құдай, өзің жар бола көр. Өзіңмен қанша жылдан бері бетпе-бет келуді армандап жүр едім. Бекаба сұм енді сенің қолыңнан оп-оңай өле қоймаспын». Осы кезде Бекаба тағы ыңырана сөйледі. – Ə, Сүлеймен. Қанша іздетсем де, қанша аңдытсам да, менің жігіттерімнің уысынан құтылып кете бересің. Өзіңді жүдə мықты санайсың-ау деймін. Алдыма келіп, аяғыма жығылып, бағынышты болғаныңды айтсаң, сенде нем бар. Heгe өзіңше тірлік жасайсың? Неге маған бағынғың келмейді? Неге менің жігіттерімді таяқтайсың? Бекабаға ұсталмай кетемін деп ойладың ба? Бұл өлкеде Бекабаның аузынан ұшқан құс, тырнағынан жорғалаған тышқан құтыла алмайды. Жə, саған əңгіме айтып не керек. Одан да қандай арманың бар? Соны айтшы. Бəлкім мен сені кешіріп қалармын. Сүлейменнің қаны басына шауып шыға келді. – «Не арманың бар» деймісің? Əй, хайуан жөйіт, мендегі арман – сені өлтіру! – деп тістене сөйледі де, жеңіндегі тас қайрақты суырып алып, Бекабаның басынан қойып қалды. Соққының қатты болғаны соншалық, тас қайрақ Бекабаның басын қақ айырды. Миы шашылған
бастың қозғалуға да шамасы келмеді. Алып дене бір-екі рет дір-дір етті де тыншыды. Сүлеймен атып тұрып, Бекабаның қарнынын астындағы қылышты суырып алып, есікке ұмтылды. Есікке жете бергенде, арғы жақтан ілеген көтерген малай кіріп келе жатқан. Сүлеймен айқайлап тұрып, оны қылыштен бір шапты. Малай аһ деуден басқа дыбыс шығармады. Екі аттап екінші есікке жетті. Арғы бөлмеде басқа жөйіттер əңгімелесіп отыр екен. Сүлеймен көзді ашып- жұмғанша олардың быт-шытын шығарды. Ашудан өзін игеруден қалған Сүлеймен жөйіттердің өлі-тірі екендіктеріне қарамай, далаға атып шықты. Есік алдында Қосыл мен тағы бір малай аттарды жайғап жүр. Қолындағы қылышы қан-қан Сүлейменді көргенде екi жөйіт қорқыныштан орындарынан қозғалуға дəрмендері келмеді. Сүлеймен шап беріп Қосылды желкесінен бүрді. Анаусын бір теуіп, суға күмп еткізді. – Ал, айт сұм! Мені не үшін алдадың?! Қосыл сорлыда тіл жоқ. Сүлеймен оның басын суға батырып-батырып алды. – Тілін жұтқан хайуан неме, тілге келген шығарсың енді. Жауап бер сөзіме. – Не айт дейсіз маған? – Бекаба өзіңді маған қалай жұмсады? Сол хақында айт! – О, əкə, менiң түк кінəм жоқ. – Кінəң болмаса, бұл іске неге араласасың?! Мені ақымақ көріп тұрсың ба, хайуан?! Болды, айтпай-ақ қой ештеңе. Бəрібір сен де анау Бекабаға ұқсап өлетін адамсың. Сүлеймен қылышын көтере берді. Қосыл екі қолымен басын жауып, жерге жата кетті. – Өлтірмеңізші, əкə, өлтірмеңізші. Мен бəрібір Бекабаның өлетінін білгенмін. Сіз өлтірмесеңіз де, оны осындағы біреулер алтыны мен пұлдары үшін өлтіретін еді. Сүлейменнің есіне жөйіттер ортасында, сондай-ақ Бекаба мен оның мынадай жандайшаптары арасында достықтан гөрі үнемі сатқындық жүретіні түсті. Мұндай топтар арасында басшысы малайын, малайы басшысын кез келген уақытта сатып, болмаса дүние-мүлік үшін өлтіріп кететінін де жақсы білетін. Өлген басшы малайлар үшін, мейлі, ол бұрындары қандай мықты адам болса да, көзі кеткен соң абыройсыз адам. Оның қадір-қасиетін таптап, соңында калған дүниесін талап кетуге Қосыл сияқтылар құмбыл.
Соған қарамастан өздерінен мықты біреу шықса, оның артын жалап жүруге де бейіл. Бірақ мұны қорыққандарынан істейді. Ал өзіңе қорқып дос болғанның айбалтасы əркез бір қолында. Сондықтан ғой, Сүлейменнің мұндайлардың сөзіне сене бермейтіні. Сол үшін де, Сүлеймен осындай опасыз қаскөйлерді аяуды білмейді. – Бекаба бұрын не істеді, оның дүние мүліктері көп пе, ол жағы мені қызықтырмайды. Талай жазықсыз жанды жер қатырған, талай əйел мен жас баланы жазықсыз сойып, етін жеп, қанын ішкен ол хайуанның түбіне жету – баяғыдан бергі мақсатым еді. Бүгін ойламаған жерден соған қол жеткіздім. Бір Бекаба емес, оған қызмет еткен сен сияқтылар да, жер бетінде жүрмеуі лазым. – Сертіңіздені айналайын, əкə, сертіңізден айналайын. Бірақ мен қайбір өз дегеніммен жүрген адаммын. Мейлі, ол жағын айтпай-ақ қояйын. Бəрібір сенгіңіз де, тыңдағыңыз да келмейді. Дегенмен Бекаба жатқан жердің астындағы жертөледе мол қазына бар. Еш болмаса, соның біразына иелік етіп кетсеңіз, қане. Əйтпесе оларды бекерге басқалар тонап кетеді ғой. Сүлеймен ойланды. «Мына жөйіттің сөзінің жаны бар. Бекабаны өлтірген – өзім. Енді біраз қазынасына иелік етсем, кім айыптайды мені? Айналада ашқұрсақ халық көп. Соларға таратып берсем, мың сауап алам. Жақында елге барам. Ол жаққа да құр қол барғаным жараспас». – Қазына, қазына деп қоймайсың. Жүр, рас болса, көрсетші сол қазынаны. Сүлейменнің сəл де болса иі жібігенін көрген Қосыл елп етті. – Жүріңіз, əкə, жүріңіз, көрсетейін. Əй, айтпақшы, Бекаба əкəмді өлтіргеніңіз рас па? Кіріп барғанда ол бізді шауып тастамасын. – Сөйлей бермей, жүр! Қосыл Сүлейменнің қолындағы Бекабаның қылышын енді таныды-ау, оған тесіле қарады да, үні өшіп, алға түсті. Үңгірге кіре бергенде ауызғы бөлмеде жатқан екі қандасының ес-түссіз жатқанын көрген Қосыл бақырып, көзін басты. – Осылардың қатарында жатайын демесең, тезірек жүр! Арғы бөлмеде де үш жөйіт сұлап жатыр. Бірі əзер қимылдап, басын көтерді: – Қосыл, жаңағы дəу қазақ омыртқамды сындырып жіберді. Қимылдай алар емеспін. Тұруға көмектесші.
Қосылдың жанындағы Сүлейменді ол сөйлеп болғанда байқады. Байқады да, үні өшіп, бетін жерге беріп жата кетті. Қосыл оған бір, Сүлейменге бір қарады. – Не істейін, əкə? – Бұлар жатсын осылай! Жүр, тезірек! Екеуі Бекабаның бөлмесіне кірді. Төрде Бекаба сиырдай теңкиген қалпы. Астындағы көрпелердің, жастықтардың бəрі қан. Қақ айырылған басына адам қарап болмайды. – О, Құдай, өзің сақтай гөр, – деді Қосыл күрсініп, – өзімді аман қыла көр, өзімді аман қыла көр. – Құдайға сенесің-ə, тағы, сұм. Басқа адамдарды осылай өлтіргендеріңде жандарың ашымайтын еді ғой. Неғып тұрсың қалшиып? Қане, жаңа айтқан қазынаң?! Бекабаның өлігін көріп, есінен айрылардай болған Қосыл, Сүлеймен ақырып бергенде дір етіп, өзіне келді. – Ə, əкə, міне, міне қазына, – деп оң жақтағы бұрыштың кілемін көтерді. Кілем астында жертөлеге түсетін қақпа-есік бар екен. Қақпаны көтерген Қосыл қолымен төменді нұсқады. – Міне, əкə, мына жертөледе қадақ-қадақ алтын мен қап-қап ақша жатыр. Менімен бірге түсесіз бе? – Төменге өзiң түс те, қолыңа іліккеннің бəрін бері лақтыр. Қосыл қолына дуалға ілінген шамдардың бірін алды да, жөртөлеге түсті. Ұзамай кішкене-кішкене түйіншектерді жоғарыға лақтыра бастады. Оның лақтырған түйіншектерін Сүлеймен шетінен жазып көрді. Түйіншектерге буда-буда ақша салыныпты. Алтын оралған түйіншек көрінбейді. – Ей, жөйіт! Мыналардың бəрі ақша ғой. Алтындар қайда? – Соны іздеп жатырмын, əкə. О, міне, таптым. Бір сандықтың ішіне тығып қойыпты. Екі түйіншек Сүлейменнің аяқ астына дүңк-дүңк етіп түсті. – Тағы бар ма екен? – Осы-ақ. – Жарайды, бері шық! Қосыл сыртқа шықты. – Уһ! Бекаба дəдəм ақша, алтындармен қатар жертөлеге кез-кез маталар да жиып тастапты-ау. Бұларды не қылмақ екен?
– Өзімен бірге өлген жөйіттеріне кебін қылайын деген де. Сен, мына түйіншектерді жазшы. Қандай алтындар екенін көрейік. Қосыл бірінші түйіншекті шешкенде алтындар шам жарығымен жылтырай жөнелді. Екінші түйіншекте кілең сақина, білезік, сырға секілді əшекей бұйымдар екен. – Уа, саф алтындар ғой бұлар, саф алтындар! – деп Қосыл лепіре сөйледі. – Неменеге шаттанып тұрсың? Бұларды өзің иеленейін деп тұрғандайсың ғой, жүдə. Қане, түйіншектерді қайта байла да, дəу қап тап. Бəрін соған салып, сыртқа шығар. Қосыл қайтадан жертөлеге түсті де, бір дəу қап тауып шықты. Түйіншектердің бəрін қапқа салды. – Əкə, осының бəрін сізге тауып берген мен ғой. Маған да аздап үлес беретін шығарсыз. Оның бұл сөзіне Сүлейменнің қаны қайнап кетті. – Не дейсің, сүмелек? Сенің əлі үлесте үмітің бар ма?! Ай, сен, алдымен тірі қаламын деп ойладың ба?! Əйда, көтер қапты! Сыртқа шығамыз. Сүлеймен қолын көтере өзіне ұмтылғанда, Қосыл дір-дір етіп, қапқа жармасты. Оны «ауп» деп иығына салып, есікке беттеді. Сүлеймен оның артынан бір тепті. Қосыл жалп етті. Жан қалай-ə, жалма-жан орнынан тұра салды да, анадай жерге ұшып кеткен қапты қайта көтеріп, сыртқа безілдеді. Екеуі лезде үңгір алдына шықты. Қосыл «енді не істейін?» дегендей Сүлейменге жəутеңдей қарады. – Қапты осында қой да, анау аттарды арбаға жек. – Құп. Аздан соң қос ат жегілген арбаны Қосыл Сүлейменнің алдына тартты. – Божыға отыр, – деді Сүлеймен қапты арбаға салып жатып. Бұл кезде күн кешкіріп қалған-ды. Екеуі шаһарға жеткенде тас қараңғы болды. – Арбаны Салардың бас жағындағы махаллаға бұр, – деді Сүлеймен Тағайдың үйіне бармақ ниетпен. Қосыл арбаны Ойран мазарының шетіндегі тар көшеге бұрды. Сүлеймен Тəшкен көшелерін жақсы біле бермейтін. Жан-жағын жапсарлас тоқал тамдар қоршаған, əрі бір-біріне ұқсас, жылан
жолындай ирелеңдеген Тəшкен көшелерін ол түнде түгілі, күндіз де ажырата алмайтын. – Əй, сен, қайда бұрылдың? Əсті имам мешіті жанынан бұрылмайтын ба едік, ол жаққа? – Осы көшемен Салар махалласының төтесінен түсеміз. Əсті имам арқылы жүрсек, алыстап кетеміз. – Ə, онда өзің біл. Қосыл арбаны бұл көшеге бекер бұрмапты. Біраз жер жүрген соң аттардың шылбырын тартты: – Осы жерге тоқтап, дəрет сындырып алайыншы, – деді ол. – Мына бір дуал түбіне тұра салсайшы. Арба бір тамның дуалына тақала тоқтады. Көшенің тарлығы сондай, арба бір жақтағы дуалға ғана емес, екінші беттегі дуалға да тақaлып тұр. Қосыл секіріп жерге түсті. Аттардың қатарына тізерлеп отыра қап, əжетін өтеп болған соң орнына қайта келді. Сүлеймен жайбарақат отырған. – Болсаң, жүр енді. Қосыл еңкейіп, етігін сипалады. Сүлеймен оған мəн бермеді. Арба шетінде жатқан қапқа жантайды. Осы кезде Қосыл ерен қимыл көрсетіп, бұған атылды. Бұл оны қағып үлгерді. Арбаның екінші шетіне құлаған Қосыл тұра сап, ақыра тағы ұмтылды. Сүлеймен аяғымен бір тепті. Тепкі Қосылдың ішіне тиіп, кейін серпілді. Дегенмен анау əрі жылдам əрі жанкешті екен. Кейін қарай құлап бара жатып, қолын сермеп үлгерді. Сүлейменнің балтыр үсті дыз етті. Аяғына пышақ тигенін сол сəт аңғарған бұл атып тұрды. Бұл кезде Қосыл орнынан дереу көтеріліп, там төбесіне тырмысып шығып кетуге əрекет етті. Сүлеймен оң қолымен құлақ шекесінен бар күшімен қойып жіберді. Анау ес-түссіз күйі лақтырылған қаптай, арба үстінен ұшып барып, жерге құлады. – Жақсылық жақпайтын бұл не деген адамдар өзі, – деді Сүлеймен өзіне-өзі сөйлеп. Сосын балағын түре аяғының дызылдаған жерін қолымен сипады. Қан ағып тұр. Бірақ пышақ терең кірмеген сияқты. Жердегі Қосылдың шапанын түріп жіберіп, көйлегінің омырау тұсын дар еткізіп айырып, аяғын таңды. Одан соң осы көше Салар өзені жаққа бір апарар деген оймен арбаға отырып, аттарға қамшы басты.
Қос ат жегілген арбаның божысын өзі ұстаған Сүлеймен шығысқа қарай ұзақ жүрді. Бір уақытта екі қапталын бір-біріне жалғасқан тамдар орналасқан тар көшенің басына да шықты. Айсыз тас қараңғы түнде қай жерге келгенін аңлау əсте мүмкін емес. Бір байқағаны – алдыңғы жақ тегіс дала сияқты. Бағана осы көше Салар өзені жаққа бір апарар деген ойы ендi əдiрем қалғандай. Өйткені алдыңғы жақтан не судың сарылы, не үрген иттің дауысы естілмейді. Меңіреу тыныштық. Сүлеймен шаһардың бір шетіне шығып кеткенін енді аңлағандай болды. Сөйтті де, ат басын кері бұрып, келген ізіне түсті. Əлгі тар көшемен бір сағаттай жүрді. Əлден уақытта арбаға жегілген аттар қалт тоқтап, осқырынып аяқтарын алға баспай қойды. Олардың бұл қылығын түсінбеген Сүлеймен «шу-шулеп» аттарды қамшылады. Аттар сонда да жүрмеді. Аттарға жыны келген Сүлеймен өз-өзіне күбірлеп, арбадан түсті: – Маңқа келіп қырылғыр бұ хайуандарға не көрінді-ей, тегіс жерде кібіртіктеп... Аттардың алдына шығып төмен үңілсе, жерде көлденең сұлаған біреу теңкиіп жатыр. Аттар содан аттамай тұр екен. Оның мына жатысына таңқалып, иығынан түрткіледі: – Ей, не қылған адамсың? Өзің өлісің бе, тірісің бе? Əлде мас болып құлаған адамбысың? Анау қарғып тұрды. Қарғып тұрды да, мұның жағасынан ала кетті. – Ит қазақ! Мені өлтіріп кеттім деп ойладың ба?! Мені кезінде Бекаба да өлтіре алмаған. Сенің де өлтіру қолыңнан келмейді. Бағана мені қорқақ екен деп ойладың ғой. Жоқ, мен қорқақ емеспін... Бетпақтана ұмтылған ол, көкбет қатын тəрізденіп, Сүлейменді беталды сабалай жөнелді. Бұл оның кім екенін енді аңдады. Аңдады да, ашуы қайта қозды: – Ей, сен, опасыз Қосыл, мана тірі қалып па едің?! Енді осы жолы тірі қалмайсың! Тістеніп тұрып, басынан қойып калды. Заматта жерге бұрқ түскен Қосылдың үні өтті. Жерде жатқанды ұрмайтын əдетіне басқан Сүлеймен оны жағасынан тартып, тік көтерді: – Əлі тірімісің?! Қосыл былқ-сылқ етіп тұр. Демек, өлмеген, Сүлеймен тағы бір рет ұруға ұмтылды да, дереу өз-өзін тежеп, Қосылды арбаға сүйреп əкелді. Арбада жатқан мecтi алып, ішіндегі
суын оның басына сарқырата құйды. Анау қиқылдап-шиқылдап, əйтеуір тірі екенін білдірді. – Екіжүзді сұм, жаның сондай бекем екен-ау. Бағана сонша ұрғанымнан қалай аман қалдың?! Əлде талып қалып, осында жата бердің бе?! Қосыл қатты соққыдан əлі есін жинай алмағандай, сұлқ күйде. Аз ғана уақыттан соң тілге келіп, тағы мүлəйімси қалды. – Əлгінде ұрғаныңызда миымды шайқап жібергенсіз бе, тентек адамдай не істеп, не қойғанымды білмеймін. Жаңа тағы ұрдыңыз. Содан басым бұрынғыдан да қатты айналып, өлерге келдім. Енді ұрмаңызшы. – Сені сілейтіп кеткеніме талай уақыт болды ғой, сорлы. Мен мына көшенің сонау басына дейін барып қайттым. Қайтып келе жатсам, əлі жатырсың. Неге осы уақытқа дейін қараңды батырмағансың?! Жоқ, ажалыңды күтіп жатырсың ба?! Қосыл өзін əлдекімдер құтқарып қалатындай, жан-жағына алақ- жұлақ қарады. – Біреуден көмек күткендей, неге алақтайсың сонша? Тастай қараңғы түнде саған жəрдемге келер ешкім болмас. Одан да, тірі қалудың амалын жасап, маған жалынбайсың ба? Анау жауап берудің орнына айналаға жəне алақтап, естілер- естілмес күбір етті: – Жайрандар қайда кетті, өзі? Шетінен сужүрек екен ғой... – Не деп далбасалап тұрсың?.. Сүлеймен осылай дей бергенде, қақ желкесінен тиген ауыр соққыдан етпеттей құлады. Əлде темір заттар, əлде сойылдар, əйтеуір ауыр бірдеңелердің соққылары құлағанда да бар денесіне жауып жатты. Ұрып жатқандар біреу емес, екеу емес, бірнеше адам тəрізді. Құлағына олардың бір-бірін қайраған дауыстары естілді. Соққылар енді басына тиді. Осы сəт талмаусыраған күй кешіп, есін жоғалтты. Одан соңғы жерде өзіне не болғанын білмейді. Бір кезде көзін ашып, өзінің тірі екенін білді. Тура баяғы Өдімəт бастаған жөйіттер тамаққа ұйықтататын бірдеңе қосып сілесін қатырғандағыдай күйге түсіп, бір жерде байлаулы жатыр. Онда денесіне соққы тимегенді. Енді бар денесі соққылардан ауыр тартып, көзі іскен, бет-аузын қан басқан. Еріндері жыртылып, басы жарылған. Аяқ-қолдары зырқырап, тізе-сандары, шынтақ-білектері қақсап тұр. Екі қолы алдына
айқастырыла, аяқтарымен қоса шандып тасталынған. Іскен көздерін сығырайта ашып, жан-жағына қарады. Жатқан жері бір тамның орта тұсы. Там адам тұратын кəдімгі үйге ұқсамайды. Төбесі дөңгелектенген күмбезді. Қыштары сарғыш, араларына жапсарға құйылған лайлары үгітіліп, тым көне тартқан. Сірə, əлдебір мола үстіндегі ескі сағана болса керек. Там ішiнде жан жоқ, тып-тыныш. Сүлеймен аһ ұра күрсінді. Сосын осындай лажсыз жағдайға тап болғанда ие болғанын ойлайтыны сияқты, бұл күйге қалай тап түскені жайына ой жүгіртті. Қосылды сұраққа алып тұрған. Сосын қақ желкеден оңбай соққы тиді. Арғы жағы тұманды. Өзін кімдер ұрды, мұнда кімдер əкеп тастады, белгісіз. «Əй, бағана мен ұрғанда Қосыл сұм «Миым айналап кетті» деп еді. Ол тұрмақ мықтымын деген өзімнің басыма да қанша соққы тиді. Сірə, осы мен осындай қапыда тигені соққылардан ажал табатын шығармын...» Ойын там ішiне сөйлей кірген біреулер бұзды. Есік жаққа қарап еді, бес-алты адам кіріп келе жатыр екен. Алдыда – Қосыл. Оның артындағылардың арасында ұзын бойлы, кесек денелі біреуі ерек көрінді. Онысының қолында мылтық. Мылтық болғанда, Сүлеймен баяғыда таудағы басмашылырдың қолынан талай көрген ағылшынның он патронды венчестері. Басқаларының белдерінде бір-бір ұзын қанжар ілулі. Біреуінің екі қолында екі қап бар. Қосыл сөйлеп келеді: – Бекабаны өлтіргенмен, мені өлтіре алмаған дəу жатыр, міне, өлімші боп. Бірақ басынан қатты ұрғаны соншалық, миым əліне дейін шашылардай боп, мең-зеңмін. Жайран, енді бұған не істейміз? Анау төбедегі үлкен қазыққа асып кетемiз бе, жоқ, атып тастап, тырдай шешіндіріп тастап кетеміз бе? Қайсысы дұрыс? Жалаңаштап кетсек, өлiгi құрт-құмырсқаға оңай жем болады. – Өлтіру қашпас, – деді ұзын бойлысы. – Бұған қояр бірер сауалым бар. Бұл баяғыда біздің жігіттерді құртар кезде «алдымен бұлардан сауал алып алайын» деп, оларды хайуанша қинап, бар сырларын біліп алады екен. Сол тəсілін өзіне қолданайық та. Ей, өгіз тектес хайуан, сенің атың Сүлеймен ғой-ə? Баяғыда Қоқанға саған топырақ жалатайын деп барғанымда, сол жақтан кетіп қалғаның себепті аман қалып едің. Ақыры қолды қылдық-ау, өзіңді. – Сен кімсің өзің? – деді Сүлеймен.
– Ажалыңмын! Ертеректе Қоқанда сені таппаған соң қатының мен балаңды өлтіріп кеткем. Өзіңнің де бір кезегі келер деп ойлағап сонда. Сол сəт, міне, келді бүгін. Бірақ мен сені өлтіруге қимай тұрмын. Ол үшін бір сауалыма нақты жауап берсең болғаны. Осы сəтте Сүлейменнің есіне Қоқандағы баяғы Жардақтың «Сенің қатының мен балаңды бауыздаған Тəшкеннен келген – Жайран» дегені сап етті. Сап етті де, бар ашуы көтеріліп шыға келді: – Ей, сен, қорғансыз, кінəсіз қатыным мен баламды өлтірген Жайран залымбысың?! Oh, сұрқия, қайылсыз жерде кездескеніңді қарашы. Əйтпесе, Бекабадан бетер етер едім. – Енді өкінгеніңмен ештеңе тындырымассың. Одан да, айт! Тірі қалғың келе ме?! Жыны қатты қозғанда басына не түссе де, ештеңенің парқына бара бермейтін Сүлеймен осы сəт бойын сабырлыққа жеңдірді. Егер қырсыға берсе, мынадай күйде түк те тындыра алмайтынын, қайта əп-сəтте ажал құшатыны жайындағы қиял да бірдемде санасын шарпып өтті. – Сонда не қыл дейсің маған? – Маған Парманқұл мен Пархадты ұстап берсең, өзің амансың. Өліп кетсе де, досын сатпайтын Сүлейменге мына сауал ауыр тиді. – Өзімді қандай тəсілмен өлтірсең де, мұның іске аспайтын амал. – Қалауың сол болса, өз обалың өзіңе. Əлгі екеуді сенсіз-ақ тауып аламын. Айтпақшы, ана дүниеге аттанар алдыңда біздің қолға қалай түскеніңді білгің келмей ме? – Жайран жауап күтпей, сөзін жалғады: – Бақырайған көзіңнен көріп тұрмын, сол жайын білгің келіп тұрғанын. Екі күн бұрын Бекабаның үңгіріне барсам, сен оны өлтіріп, бар қазынасын алып кетіпсің. Мұны сондағы жаралы жөйіттен есіттім. Қосылды алып, арбамен кеткеніңді де содан білдім. Сөйтіп, мына жiгiтермен дереу соңыңнан түстік. Кеткен бағытыңды шамалап келе жатсақ, бір көшеде теңкиіп Қосыл жатыр. Əйтеуір өлтіріп кетпепсің. Су құйып есін жинатып алдық та, не болғанын сұрадық. Содан артыңнан қуайын деп оқталып тұрғанымызда жол таппаған сен қайтып келе жатыр екенсің. Дереу қулыққа басып, Қосылды жолға жатқызып қойдық та, өзіміз тамдардың панасына тығылып тұрдық. Ойыңда ештеңе жоқ сен ақымақ Қосылды тұрғызып, сөйлесіп тұрғаныңда ту сыртыңнан ұрып, сілейтіп түсірдік. Жалпы, мен жолым
болғыш адаммын. Біреуді іздесем, түбі таппай қоймаймын. Одан соң іздегенімді Құдай қолыма жүдə оңай түсіреді. – Тасадан бас салатын жаман əдетіңді жолы болғыштыққа санаймысың, кəззап. Əттең-ай, бір кегім сенде кетіп барады. Бірақ ақырың оңбас... Ол кекті мен алмасам да, сені қалай жазалауды Құдайдың өзі-ақ ретін келтірер. – Оттай бермеші-ей, əрдеңені! Тап қазір... Жайран тағы бірдеңе деп аузын аша бергенде гүрс еткен мылтық даусы шықты. Сүлейменнің қасында жүрелеп отырған Жайран жерге жабыса құлады. Мылтық екінші рет атылды. Бұ жолы Қосыл жер құшты. Не болғанын түсінбеген басқалары жан-жаққа алақтай бас бұрды. Сүлеймен де аң-таң боп, біресе құлағандарға, біресе дабырласып, шат-шəлекей болған жөйіттерге қарады. Сөйткенше болған жоқ, есіктен төрт-бес адам топырлай кірді. Топ алдында қолында мылтығы бар – Пархад, соңында – Парманқұл, Тағай жəне екі жігіт. Пархад кіре сала, мылтығының дүмімен сасып тұрған жөйіттерді пергілеп, теңкитіп тастады. Парманқұл мен Тағай Сүлейменге таяды: – Уа, батырым, əйтеуір ажалдан амансың ба? – Кешігіп қаламыз ба деп, жанұшырдық қой осы жаққа қарай. Қараймын, таяқ жегенің болмаса, оқ-шоқ ала қоймапты өзіңді, – десті екеуі. – Уай, сендер қайдан тап бола қалдыңдар?! – деді Сүлеймен таңданысын жасыра алмай. – Уай, Тағай, саған ылғи айтушы едім ғой, мені ажалдан əркез Құдайдың өзі қағады деп, ой, айналайындар, қалай іздеп таптыңдар мені?!. Сəл кешіккендеріңде менен айырылып қалар едіңдер. Уай, мына пəлекет жөйіттер мені қайда əкелген? Бұл қай жер өзі? – Бестамдағы мола ғой, – деді Тағай. – Ал өзіңді қалай тапты дерің барма. Сенен адасып қалған күні кешке үйге Парманқұл мен Пархад келген. Өзің бір күн келмеген соң іздеуге шықтық. Көшеге шықсақ, бүкіл Тəшкен сенің Бекабаны өлтіріп кеткеніңді жыр қып айтып жүр. Ал өзің ұшты-күйлі жоқсың. Бұдан қатты секемдендік те, іздеуге кірістік. Мына Парманқұл мен Пархад шындаса, таппайтын жоғы қала ма. Бір таныс жөйіттен сені Жайранның қолды қылғанын білдік. Сол арқылы ғой, екі күн салпаңдап, осында тап болғанымыз. Ай, құрысыншы бəрі. Ең тəуірі, аман екенсің. Одан да тəуірі, көксеп
жүрген арманың – Бекабаны жер жастандырыпсың. Енді шаһарда тыныштық орнайтын болар. – Бекабамен қоса, анау жатқан Жайранның да зауалы келді бүгін. Əй, Парманқұл, Пархад, енді бейбіт тұрмыс құрып, алаңсыз күн кешерміз бəлкім. Қуанған Сүлеймен риза кейіппен жiгiтерге карады. Олар да күлісіп, Сүлейменді құшақтады. Бұл – бір-бірлеріне үнемі демеу болып жүретін қаһарман жігіттердің өзара ризашылығы еді...
ЭПИЛОГ ОРНЫНА Кезең-кезеңге бөлініп, сынаптай сырғып өтетін адам ғұмыры бір орнында тұрмақ емес. Жастық қайрат та, жігіттiк бұла дəурен де жылдар өткен сайын кеміп, қарттыққа жеткенде семері ақиқат. Дегенмен жастығыңда кім болдың, не атқардың, жақсы болдың ба, жаман болдың ба, мейлі, кім болсаң да сол кезеңде сыншы елдің өзіңе берген атақ-бағасы қария жасқа жеткеніңде де қалмайды екен. Міне, бойына біткен тасқын күш пен арыстан жүректің, адуынды мінез бен беті қайтпайтын қайсарлықтың, өзгеге ұқсамайтын дара жаратылыстың арқасында жасында есіміне «қарақшы» деген қоспа атауды iлiктiрiп алған Сүлейменді жасы жетпіске таяса да, ел əлі күнге солай атайды. Біреулер ол атауды сүйінішпен айтса, біреулер күйінішпен айтады. Сүйініші – ел кейде өзі жақсы көрген қаһарманды қарақшы деп ныспылайтындығы, өйткені қазақ ұғымында қарақшы деген атау бір жағынан ел қараушысы, елдің бетке ұстар азаматы деген мағынаға да сайған. Осы тұрғыдан алғанда, Сүлеймен қарақшы – биік рухты адам. Бұл оны дəріптеу емес. Себебі Сүлеймен əр жер-əр жерде кездесетін, іс-əрекеті майда-шүйде ұрлық пен тасада оқ ататын, опасыз тірлік жасайтын ұсақ ұры-қары мен қанішердің қатарына жатпаған. Ол ылғи өзі секілді мықтылармен алысқан. Ал оның заманында ондай мықтылар, баскесерлер, момынға күн бермейтін залымдар, əлсізді мұқатқанына мəз жауыздар көп болған. Сүлеймен соларды тезге салып, орталарында əділдік орнатам деп, көп тəлкекті бастан кешкен адам. Ол ғұмыр бойы бір-ақ арманмен өткен – жуас жылап, кедей күңіренбесе, кембағал кемсеңдеп, жарлы зарламаса екен деген. Сондықтан да ол Тəшкен саудагерлері мен байбатшаларынан түсірген дүние мүліктердің барлығын кедей-жатақ пен кембағалдарға таратып беріп отырған. Ал өзіне өле-өлгенінше жалғыз аттан басқа мал жинамаған. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының аяғына таман өзі туылған ауылға келіп орныққанда жақын маңдағы бір де бір ауылға ұры түспейтін болған. Бұған себеп – түн кезгіш сұғанақ қолды, арам пиғылды ұры-қарылар одан үрейлері ұша қорыққан. Əрі пір тұтқан. Осыған байланысты олар харам ниеттерімен Сүлеймен маңайына жолай алмаған. Осы үшін де жəне мəрттігі мен азаматтығын бағалап,
жұрт оны «қарақшы» деп сүйіспеншілікпен атаған. Ал күйінішпен атайтындар... Əмбе ел бір адам туралы бір пікірде ешуақытта болмаған. Əсіресе «жақсының артынан сөз ереді» дегендей, атағы шыққан адам төңірегінде қаңқу сөздер көп болады. Адамның шын болмыс-бітіміне көздерін жеткізуге өрелері жетпейтін надандар біреудің бойынан кемшілік іздеуге құмар болатыны бар емес пе. Сүлейменнің даңқты істерінен гөрі пендешілігін теруге құмбыл сондай жетесіздер ғой, тап өздері одан зардап шеккендей, оны бір құбыжыққа теңеп «күйінетіндері». Бірақ осы еңбекте баян етілген Сүлейменнің қам- қарекеттері ондайлардың аузына құм құюға жетерлік болар деп есептейміз. ...Сонымен, біз осы кітабымызда Сүлеймен атты қаһарманымыздың қырық жасына дейінгі шым-шытырық оқиғалар мен сергелдең жүріске толы өмірін паш еттік. Енді оның қалған өмірі қалай өтті деңіз. Менің көп жылдар басшылық қызметке болған Үмбетəліұлы Дүйсенбек деген жақын туыс ағам болатын. Сүлеймен қайтыс болар алдында сол кісінің үйінде болыпты. Дүйсекең сонда Сүлейменмен не жайында əңгімелескенін маған ауызба-ауыз айтқан еді. Осы əңгімені толық жазып, хикаямызға нүкте қойсақ па деймін. Қайран, ешқашан қамығуды білмейтін құрыш жүректі ер Сүлеймен, сонда қатты жасыпты... – 1967 жылдың қазан айының басы болатын. Мен Ленин ауданындағы «Қызылтаң» қолхозында бастық едім. Бір күні жұмыстан кештетіп үйге келсем, жеңгең: – Сені бағаналы бері үйде бір дəу кісі күтіп отыр. Түрі де сұмдық қорқынышты. Ойпырмай, мұндай дəу, əрі сұсты кісіні ешқашан көрген емеспін. Өзің танымасаң, ол маған тіпті бейтаныс, – деді. Үйге кірсем, төрде теңкиіп Сүкең жамбастап жатыр. Мені көрген соң қорбаңдап, екі қолымен жер тірей орнынан тұрды. Оны көрмегеніме біраз болып еді. Қартайып қалыпты. Бірақ баяғы нəн денесі со күйі. Мен сəлемімді аяқтап үлгергеніше: – Амансың ба, бауырым? – деп құшақтай алды. Алпамсадай денесімен құшағына алып, жауырынынан қапсыра құшақтап қысып жібергенде, Құдай салмасын, сүйектерім қытыр-қытыр ете қалды-ау. Маған мейірімі түсіп, жай ықыласпен құшағына қысқанына жаным
шыға жаздаған мен, сол сəт «бұл кісіден əлі қайрат қайтпаған екен- ау» деп ойладым. Отырдық, Сүкең малдас құра, оң жағыма жайғасты. Ол кісінің отырысының өзі ерен еді-ау. Сипаттап жеткізе алмаймын. Күректей алақандары мен жас баланың білегіндей жуан, əрі ұзын саусақты қолдарын екі тізесіне қойып біраз уақыт хал-жағдай сұрасты. Мен де қалыспай одан жай-күй құрастырып жатырмын. Сүкең əдеттегідей асықпай сөйлейтін мақамымен жауап қайтарып отырды. Жеңгең дастарханды қайта жасады. Шай демдеді. Оны құя бергенде жеңгеңе: – Қазанға тамақ салып па едің? – дедім. Ол жауап бергенше, Сүкең сөзге араласты: – Қарағым, Дүйсенбек. «Жаман үйді қонағы билейді» деген болмасын. Оның үстіне «мейман ерте келмей ме, болмаса ертең келмей ме» деген сөз бар. Менің кештетіп келгенім былай тұрсын, сен өзің де жұмыстан кеш оралдың. Сол үшін де келінді əуре етіп, ет- петке əрекеттендірмей-ақ қой. Бағана келе сала, бұл жайында келіннің өзіне де ескерткем. Шынымды айтсам, баяғыда бір қойдың етін бір өзім жейтін маған осы күні жатар алдында жеген ет батпай жүр. Түнімен жүрегімді қыжылдатып, мазамды алады. Кəрілік таяйын деген шығар. Одан да келін жеңіл-желпі тамақ істей салсын. – Сүкең осыны айтып, сəл күлімсіреді: – Дастарханыңа араласты деп айып етпе, інім. Өмір бойы өз дегеніммен жүрген адаммын ғой. Соған сайып, кей-кейде ибалық дегенді де ұмытып кетем. Мен оған əзілмен жауаптадым: – Ойыңызды тура айтпасаңыз, дегеніңізді істетпесеңіз, сіз онда Сүлеймен қарақшы боласыз ба. Оған күле қарап едім, ол кісі тіпті еңкілдей күлді. – Ой, Дүйсенбек-ай, Сүлейменнің қарақшы деген ныспысы көрге кіргеніңде де қалмайтын шығар. Əй, осы, мен əлі ешкімнен ашып сұраған емен. Сенен сұрайыншы. Бұл жұрт, жоқ, мысалы, мына сен, мені неге, неліктен қарақшы атайсыңдар? Қапелімде күмілжіл кібіртіктедім де қалдым: – Кім біледі... Жұрт солай дегесін... біз де солай... – Соны айтқан жұртың бар болсын, – деп Сүкең дереу түнерген кейіпке енді.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 511
Pages: