Көп ұзамай куəлiк берiлдi. Онда былай деп көрсетiлген: “Бұл куəлiктi көрсетушi, “Бикчентаев жəне Абылханов” сауда үйiнiң өкiлi, зайсандық көпес Сағидулла Абылханов саяси ниетi түзу, сотта жəне тергеуде болмаған. Осы куəлiк Зайсан қаласында мұсылман тiлiндегi кiтаптармен сауда жасауға құқық беретiн куəлiктi иеленуге Семей облысының əскери губернаторы мырзаның рұқсат еткенiн растайтын құжат ретiнде берiлдi. 1904 ж. 15 қараша, Зайсан қ., уезд бастығы Бирюков”. Сөйтiп, Зайсанда кiтап сатушылар, жергiлiктi зиялылар — мұғалiмдер, дəрiгерлер, мейiрбикелер, кəсiпкерлер, қызметкерлер, қаланың мəдени өмiрiмен байланысы бар адамдардың бəрi де болды. Сырттай мүлгiген қала шындығында өзiнiң күйбең тiршiлiгiмен күн кешiп жатты. Бұлар тек сырт көзге байқала бермейтiн едi. Қала старостасы Ф.П. Казаринов жылпос та арсыз көпес болды. Қалалық мердiгерлер бəрiн — үш сыныпты қалалық ерлер училищесiнiң құрылысын жəне су құбырын жүргiзудi де өз мойындарына алды. Жилин, В.М. Мичуриндер бұған қарсылықтарын жиi бiлдiрiп тұрды. Қаланың шетiндегi жаңа базардың жоғарғы жағынан жеке иелiктерге жер телiмдерi үлестiрiлiп берiлдi. Ескi базар секiлдi жаңа базар да 50 шаршы сажын жерге орналасты. Ол əскери ғимараттардың батыс жағында болды. Қала жоспары бойынша ол №71—73, 84—86-бау- бақшалық орынды алып жатты, барлығы алты орын. 1905—1907 жылдары базарда көпестер В.Т. Анваров, И.И. Манафов жəне басқалар өз лəпкелерiн орналастырды. Валиулла Тухфатуллович Анваров 1860 жылы туған. Медресе бiтiрген, 1876 жылдан Зайсанда тұрған. 1900 жылдан қалалық басқарманың мүшесi болды. Құны 500 р үйде тұрды. Жаңа базардың шетiнде Ерзин, Урманов, С. Насыровтардың таборлары (қоймалары) болды. Осы жерде жылқы соятын орын да бар болатын. Сегiзiншi көшеде 1907 жылдың көктемiнен бастап, Бобкин, Жұматаев, Манғожин Қыстаубай Жиенбаевич өз үйлерiн салуға кiрiстi. Манғожиннiң əйелiнiң есiмi Шамсура едi. Манғожиндер отбасымен Дулатұлы жақсы таныс болатын. Азамат соғысы жылдары Дулатұлылар Семейде, Манғожиндердің үйiнде тұрды.
80-жылдары Зайсан пошта-телеграф кеңсесiнде К.Я. Бават, Г.И. Попов, М.Л. Зенюков жұмыс iстедi. Ал 1904 жылы мұнда екi адам: М.А. Тычинский мен В.Н. Марков қызмет етті. Пошта Көкпектiден дүйсенбi, жұма күндерi келiп, керi қарай жексенбi жəне сəрсенбi күндерi жөнелтiлiп тұрды. Мiржақып одан əр жердiң пошталық мекенжайын бiлiп отырды. Уақыт өте келе Мiржақып оның қызметiн де пайдалана бастады. Өзiнiң хаттарын тiкелей Зайсаннан жөнелтiп тұруға тырысты. Торғайға, Омбыға, Қарқаралыға хат жазып тұрды. Қалада кеден де болды. Зайсан кеденi арқылы 1900 жылы 416 863 рубльдiң тауары сыртқа шығарылып, 322 750 рубльдiң тауары əкелiндi. Уезде Алқабек өткiзу пунктi жұмыс iстедi. Ал Қатонқарағай өткiзу пунктiнде шығарылған тауар құны 35 768 р., əкелiнгенi 45 377 р. болды. 1902 жылы Зайсан кеден бөлiмiнде Н.К. Давыдов, Т.Л. Москалев, В.А. Устюжанин, И.П. Николаев, Г.М. Залейщиковтер қызмет еттi. Ал екi жылдан кейiн бəрi де ауысты: бөлiмнiң инспекторы — И.С. Левицкий, басқарушы — В.Н.Коленецкий, оның көмекшiсi — В.Н. Григорьев, күзет қызметкерлерi — А.Г. Алексеев, Н.В. Федотов болды. 1904 жылы мұсылмандардың намаз оқитын үйiнде Мұхаммед Заки Ахтямов қызмет еттi. Зайсанның өзiнде 80-жылдардан бастап ауылшаруашылық мектебi жұмыс iстедi. Онда оқу мерзiмi алты жыл болды. Оқуға 13—14 жастағы қазақ жəне орыс балалары қабылданды. Үш дайындық сыныптар болды, ал ресми түрде ауылшаруашылық өндiрiсiне — агроном, егiншiлiк, бағбандық, малшылық, малдəрiгерлiк мамандықтарға оқытты. 1900 жылы К.П. Ернулев меңгерушi болған кезде етiкшiлiк жəне ағашшылық шеберханалары ашылды. Жаз айларында оқушылар Үйдене өзенiнiң оң жағалауында, ферма мен бақта жұмыс iстедi. Бұл өндiрiстiк тəжiрибеден өту кезеңi болды. Ферма жанында бақша, бидай мен арпа-сұлы егiстiгi болды жəне сиыр, жылқы, қой өсiрiлдi. Мектеп жыл сайын мал сатып отырды. Мысалы, 1904 жылдың басында 47 жылқы, 59 сиыр, 35 қой, 50 тауық болды. Малшылар, бақташылар, кiр
жуушылар, егiншiлер жұмыс iстедi. 1904 жылдан бастап жаңа жылдық шырша мерекесi өткiзiлiп, оған қонақтар шақырылатын болды. 1906 жылдан мектеп басшылығына Мəскеу ауылшаруашылық академиясының түлегi А. Купласт келдi. Оның қызмет еткен кезеңiнде Зайсан ауылшаруашылық мектебi Дала өлкесiндегi ауылшаруашылық оқу орындарының iшiндегi ең тəуiрi саналды. А.Купласт академиядан кейiн бiрқатар жыл Дала генерал-губернаторлығы кеңсесiнiң агрономиялық бөлiмiнде жұмыс iстеп, өлкедегi ауыл шаруашылығының жай-күйiмен жақсы таныс болған едi. Ф.А. Щербин экспедициясына қатысқан агрономдар К.А. Вернер, В.В.Барышевцев, Н. Кудиновтар оның əрiптестерi болатын. 1908 жылдарға қарай А.Купласт Верный қаласына ауысып, қоныс аудару басқармасында жұмыс iстедi, бiрқатар жарияланымдардың авторы болды. А.Купластың Зайсандағы жұмысы уақыт жағынан алғанда Мiржақып Дулатұлының уезде жұмыс iстеген кезеңiне тура келедi. Зайсан ауылшаруашылық мектебiнде Владимир Бутин, Николай Гладышевтер мұғалiм болып iстедi. Мектеп жанында арнайы кiтапхана бөлмесi болды. Оның кiтап қоры 80-жылдардан бастап үзбей толықтырылып отырды. Қажет кiтаптарға бiрнеше данадан тапсырыс берiлетiн. Мысалы, 1904 жылы Томскiдегi Макушиннiң дүкенiнен 5 дана — зоология, 3 дана — мал шаруашылығын жүргiзу, 20 дана — ауыл шаруашылығы бойынша бастапқы тəлiм-тəрбие, т.б. кiтаптар алынды. “Семипалатинские областные ведомости”, “Семипалатинский листок” газеттерiн жаздырып алды. Соңғы газет Семейдешығыптұрды. Оныңредакторы Н.Я. Коншин Абай Құнанбаевты, Е.П.Михаэлистi жəне көптеген зайсандықтарды, бұл қаланың iшкi өмiрiн жақсы бiлдi. Зайсан əйелдер приход училищесi өз жұмысын 1883 жылы бастады. 1904 жылы мұнда Зинаида Яковлевна Жилина жəне Анна Ивановна Елина мұғалiм болып жұмыс iстедi. 1904 жылдан училище үй жалдап тұрды, 35 қыз оқыды. Аға мұғалiм К.И. Суковаторинаның жалақысы жылына 500 рубль, З.Я. Жилинаныкi 360 р болды. Құдай заңын священник Г.С. Киченин жүргiздi. С.И. Голеницкая құрметтi заң сақтаушы болды.
Бастауыш казак училищелерiнде мұғалiм болып жұмыс iстегендер: Бөкенде — Юдин, Кендерлiк кентiнде (Пржевальск, Көктерек) — Шевелева, Көкпектi станицасында қызмет орны бос болды. Демек, Шевелевтер отбасысы бұрын Пржевальскiде тұрған. Бiрақ 1904 жылы Шевелеваның күйеуi Зайсан қалалық үш сыныптық училищеге орналасты. Халық ағарту ведмоствосы бойынша, бұл училищелердiң əрқайсысына жыл сайын 900 рубль жұмсалды. Ал Зайсанда қала қазынасынан тағы да 210 р бөлiндi. Бұл айтарлықтай көмек едi. Əйтсе де 1904 жылы əйелдер училищесiне байланысты қала басқармасында даулы мəселе туындады. Жаңа ғимараттың құрылымына бөлiнген 3000 рубль қаржы игерiлмей қалды. Қала старостасы С. Титовтың кiнəсiнен бiр жылдан кейiн смета да, ғимараттың жоспары да жасалынбады. Қалада ерлер приход училищесi де жұмыс iстедi, меңгерушiсi — А.А. Мелентьев, священник — В.Дуплев. Ал Мiржақып Зайсанның өзiнде емес, уезде ондағы бiр болыс мектебiнде жұмыс iстедi. Бiрақ қай жерде? Жұмыс күнiнiң соңына қарай өлкетану мұражайына бас сұқтым, ал онда жұмыс iстейтiн бiр ғана қызметкер — Ербол Шəкiржанұлы Əлмұхамбетов. Заттарымды қонақүйге қойып кеткенмiн, мұражай оған тиiп тұр. Қолсозым жерде. Неге екенi белгiсiз, Ербол əңгiменi өзi бастады. Мен мұнда келуiмнiң мақсатын түсiндiрдiм. Мен əлдебiр ауылда орналасқан Жарма мектебiн iздеп жүргенiмдi айттым. Əңгiме мұражайға, оның залдарына, ғимараттың өз тарихына ауысты. Жұмыс уақыты аяқталды, бiрақ Ербол залдардың шамын жағып, бөлмелердi көрсете жүрiп əңгiмесiн жалғастырды: қамыс бұталары, фазандар, қарсақтар, қасқырлар, тышқандар, борсықтар, т.б. аңдардың барлық түрлерi, тiптi аюлар да бар. Одан соң фотосуреттерге көз жүгiрттiк. Олардың ешқайсысын М.Дулатұлы бiлген жоқ жəне бiлуi де мүмкiн емес. Маған бұл қызықсыз болып көрiндi. Мiне, революцияға дейiнгi Зайсан туралы фотосуреттер: көшелер, үйлер, əр жерде түсiрiлгенi көңiл аударарлық. Зайсанның байырғы тұрғыны Андрей Степанович Хохловтың фотосуретi. Оның үстiне, Хохловтар туралы
тұтас стенд бар болып шықты. Хохловтың ұлдары белгiлi адамдар болған: бiрi — суретшi, екiншiсi — биолог. Н.М. Пржевальский Зайсанда А.С. Хохловтың үйiнде аялдаған. Бұл үйдiң қожайынын М.Дулатұлы да бiлген. Стендте Н.М. Пржевальскийдiң фотосуретi жəне оның еңбектерi қойылған. Бұл жерден мен Васильевтiң əлде гимназистiң əлде студенттiң киiмiмен түскен фотосуретiн де көрдiм. Бұл фамилия маған ой түсiрдi. Бұдан бұрынырақта мен Зайсанда, Павлодарда, Атбасарда жұмыс iстеген əлдебiр мұғалiмдердiң тiзiмiн көрсетiп жазған болатынмын. Сол кезде менiң көңiлiмде: “Өзiм көрсеткен тiзiм мен мына фотосуреттердiң бiр нəрсе болғаны ма?” — деген сұрақ туды. Ал кеңестiк ақын Павел Васильевичтiң əкесiнiң бұған қандай қатысы бар? Бiрақ ең басты нəрсенi Ербол түсiндiрдi. Фотосуреттегi адам революцияға дейiн қалалық приход училищенiң меңгерушiсi болып iстеген жəне шынында да ақын Павел Васильевичтiң əкесi болған екен. Бұл хабар менi бiраз тыныштандырды. Ауыл мектептерiнiң мұғалiмдерi ереже бойынша жақын маңайдағы екi немесе үш сыныптық училищенiң мұғалiм-инспекторына бағынатынын мен бiлетiн едiм. Демек, Мiржақып Дулатұлы мектеп ведомствосы бойынша Васильевке бағынған, бiрақ осы арада тағы бiр сұрақ туды: бұл жерде Васильев қашан жұмыс iстеген жəне ол мұғалiм-инспектор болып iстедi ме? Ербол Зайсан қалалық үш сыныптық училищенiң ғимараты сақталғанын айтты. Ол Ломоносов мектебiнiң жанында. Бұл маңызды жаңалық болды. Демек, Мiржақып Дулатұлы бас сұққан, əрiптестермен кездескен ғимараттың бар болғаны ғой. Бəлкiм, осы жерге жұмысқа келудi де армандаған шығар! Ол Зайсанда жұмыс iстеген үш жылдың iшiнде оның басына мұндай ойдың келмеуi қисынсыз болып көрiндi. Менi мына бiр жайсыз хабар мазалады: Жарма ауданында мектеп те, осылай аталатын кент те жоқ болып шықты. Бiрақ ол Жарма өзенiнiң барын айтты.
Ербол менi ауданның картасы алдына алып келiп, Жарлы деп аталатын тағы бiр өзендi көрсеттi. Мазасыз ой үстiндегi түндер мен жүгiрiске толы күндерден кейiн менiң құлағымда барлық дыбыстар араласып кеттi: Жарны, Жарма, Жарлы. Қалалық үш сыныпты училищенiң сақталып қалған ғимараты туралы Ерболдың хабарынан кейiн менiң мұражайдан Мiржақып Дулатұлына қатысты бiр мағлұматтар табуға деген ықыласым арта түстi. Ербол экспозициялар залының шамын жақты да, бiз бөлмелердi аралап көре бастадық. Табиғат бөлiмi тартымды екен — құстар мен аңдардың қаңқалары тұр. Үлкен қасқырдың да қаңқасы бар. Əрi қарай кеттiк. Ертеңiнде таңертең мен Ломоносов атындағы мектептiң жанына келдiм. Мiнеки, Шаймардан мен Ибрай көшелерiнiң қиылысқан бұрышында Зайсан қалалық үш сыныптық училищенiң бос қалған ғимараты тұр. Осы жерге қалалық саябақтың бұрышы тiреледi. Бұл менiң Зайсандағы М.Дулатұлы жүрген жерлермен алғашқы кездесуiм едi: көшенiң екi жағына дейiн созылған ғимарат, күйдiрiлген кiрпiштен қаланған қабырғалар, үйдiң сəндi кiреберiс есiгi көз тартады. Көше бойымен созылып, Мiржақып Дулатұлының кезiнде отырғызылған теректердiң орны — жуан да жалпақ түбiрлерi жатыр. Мiне, осы үй — Мiржақып кiрген үй. Мектептiң ескiрген биiк есiгiнен iшке аттап кiргiм келдi. Шатыры, əрине, əлденеше рет қайта жабылғаны көрiнiп тұр жəне шатырдың күнқағары да. Бiрақ ғимараттың өзi толығымен сақталған. Мектептiң алдыңғы жағындағы арықта бұлақтың мөлдiр суы сылдырап ағып жатыр. Менi бұл арық Мiржақыптың кезiнде де осылай сылдырап аққан шығар-ау деген ой баурап алды. Арық суының сол сылдыры қазiр де менiң құлағымда тұрғандай. Кешкiсiн тағы да мұражайдағы Ерболға кiрiп шықтым. Ол ертең ертемен Кеңсай ауылына жүретiнiн айтты. Бұл ауыл картада Мичуринское деп аталады. Менi бұл ауылдың нелiктен осылай аталғаны қызықтырды. Əрине, революцияға дейiн уезде Зайсан ауылшаруашылық мектебi болғанын мен бiлемiн. Ол мектеп дəл осы жерде болуы əбден мүмкiн.
Мiржақып Дулатұлы Зайсаннан Жарма ауылдық мектебiне келген. Мұны Батыс Сiбiр округi қамқоршысының өкiмiнен жəне Семей облысы мектептер инспекторының iсқағаздарындағы мұрағаттық деректерден көруге болады. Онда: “Жарлы ауылдық мектебi, мұғалiм — Мiржақып Дулатович Дулатов” деп тайға таңба басқандай етiп жазылған. Мен күтпеген жəне тiптi қазiр де түсiнiп кете алмаған тағы бiр жай бар. Үш ағашты шатыстыруға болады, ал менi “л” жəне “м” деген екi əрiп жаңылдыра бередi. Зайсаннан қай бағытта шыққан жөн? Өйткенi одан берi жүз жылдан астам уақыт өттi ғой. Келесi күнi таңертең базарға қарай тарттым. Ол қоршалған. Қоршаудың сыртында өнеркəсiп тауарларын, киiмдер, самса, жүк көлiктерiнен қарбыз, картоп сатады. Бұл жерде бiрнеше кафе бар. Екiншi жағында — автостансы. Ол жерден Өскеменге, Семейге жəне тiптi Алматыға автобустар қатынайды, бiрақ ауданның өз iшiндегi ауылдарға жүрмейдi. Зайсан базарының маңы əдеттегiдей адамға толы. Ендi бұл жерден ХХ ғасырдың басында болғандай атағаштарды таппайсыз. Оның есесiне, жеңiл машиналар қаптап тұр. Олардың жанында машинасына жолаушы iздеген жүргiзушiлер топталып тұр. Солардың бiр тобына жақындап келiп, Жарлы мен Жарманың атын қатарынан айтып, аңтарыла сауал тастаймын. Тұрған адамдар бiр ауыздан жауап берiп, мұндай ауылдың тiптi бүкiл ауданда жоқ екенiн айтады. Орта жастардағы бiр ер адам маған таяп келдi. Қайта құруға дейiн инженер-құрылысшы болып iстеген көрiнедi. Ол менi мұқият тыңдағаннан кейiн өзiне сенiмдi түрде: — Жарманы Көкпектiнiң арғы жағынан iздеу керек, — дедi. Оның нық сенiммен айтқанына қарап, мен де соған илан- ғандай болдым. Расында, оның айтқаны дұрыс шығар? Əдетте, сөз таластырған адамдардың айғайлап көп сөйлегенi емес, ақырын сөйлеп, анық айтқаны дұрыс болуы мүмкiн.
Ал мен уезде Жарма, Жарлы, бəлкiм, тiптi Жарна өзенi де бар дегенге əбден сенiмдi едiм. Ұзақ ойланып, сатушылардың қатарын тағы да бiр шолып өттiм. Ешкiм ештеңе бiлмейдi. Əйел машинадан қарбыз сатып жатыр. Сатып алушылар аз, қарбыз саудасы нашар жүруде. Сатушы мен жүргiзушiнiң iшi пысып, есiнеп отыр. Олардың жанына келiп: — Жарма мектебi қайда екенiн айтпас па екенсiздер? — деймiн. Əйел адам əңгiмеге көңiлсiздеу араласты: — Мұның сiзге керегi не? Менiң жауабымнан кейiн ол маған мынаны айтты: — Бұрын Жарлы ауылдық кеңесi болған. Менiң ата-анамның туу туралы куəлiктерiнде солай жазылған. Əрi қарай ол да ештеңе айта алмады: əлде Кеңсайда ма, болмаса Жамбылда ма дегендi меңзедi. Менiң iздегенiмнiң бiр ұшығы жылт етiп көрiнгендей болды, бiрақ одан əрi əңгiме өрбiмедi. Əйел адам басқа ештеңе айта алмады. Бiр ғана нəрсе белгiлi болды: ол əйелдiң өзi Даирово мен Жамбылдың ортасындағы подхоздан екен. Сөйтiп, базардағы талпыныстарымнан ештеңе шықпады. Автобустағы айналма жол үстiнде қаланы: оның көшелерiн, көне жəне жаңа үйлердi, Жеменей өзенiне салынған үш көпiрдi қарап келемiн. Қаланың көптеген жерлерiнен революцияға дейiн салынған, айқара ашылатын қақпасы бар ескi үйлердi көремiн. Қақпаның бiр шетiнде кiретiн есiгi бар. Кейбiр үйлердiң қабырғасына қаланған күйдiрiлген кiрпiштер көрiнiп тұр. Ағаш көп. Осылардың бəрi де — Мiржақып Дулатұлы көрген революцияға дейiнгi құрылыстар. Жарлы ауылын iздеу Мiржақып Дулатұлының кезiнде қазақ сөздерiнiң бiрқатары “дж” əрпiмен жазылды. Қосақталып тұрған “д” əрпiнiң алынып тасталғанына көп болған жоқ. Орысша жазылуында “Джарлинская”
болған. Ендi бұл сөз “Жарлы” болып жазылады. Қазақ тiлiнде бұл сөз ұран (жар салу), жар (сай-жыра), жаға (өзеннiң), кедей (жарлы) дегендi бiлдiредi. Қазақ халқының жағдайы Мiржақып Дулатұлын қатты алаңдататын. Ол былай деп жазды: “Сол жылдарда қазақ халқының қараңғылығы мен надандығы жанға батарлықтай ауыр жағдайда едi; губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанның өзiнде, бұқара халықтың тiзесi шенеунiктердiң ең сорлысы урядниктердiң алдында да дiрiлдеп, олардың барлық жəбiр-жапасына төзiп бағады. Оларды мұндай жағдайға жеткiзген дөрекi шенеунiктер, тiлмаштар, болыстар жəне салықтар, зорлық-зомбылықтар, парақорлық, жалған жала жабушылық осының бəрi əдеттегi құбылысқа айналды; қазақ əйелi күңнiң орнында болды, ең жақсы жерлер ешқандай есеп жүргiзбестен қоныс аударушыларға берiлдi, ал қазақтардың өздерi шөл далаларға ығыстырылды; патша үкiметi мектеп ашуға қамқорлық еткеннiң есесiне, керiсiнше қазақтардың өз қаржысына мектеп ашуына тыйым салды; мектеп ашқысы келгендер (мəселен, Қосшығұлов, Науан- Хазiрет жəне басқалар) “итжеккенге” (Якут облысы) айдалды; тұрғындарға медициналық көмек көрсету туралы ой түгілі түстерiне де кiрiп шыққан жоқ; қазақтар орыстарға, ол кiм болса да жек көре қарады, сондықтан да “Сары орыстың бəрi орыс” немесе “орыстан досың болса, жаныңда қара балтаң болсын” деген мақалдар туды. Ұлтаралық өшпендiлiк пен араздық қолдан жасалып, барынша қолдау тапты; егер қоныс аударушы орыс шаруасының жылқысы жоғалатын болса, онда ол мiндеттi түрде көршi қазақ ауылынан өндiрiп алынды. Патшаның сотынан қазақтар өрттен қорыққандай қорықты, сондықтан да “Оттан, судан сақта Құдай, орыстың сотынан сақта Құдай” дейтін. Сотта шындық пен əдiлет болған жоқ, көбiнше көлгiр сөз бен жалған жалаға сендi, мiне, осыдан қазақтарда “Орыс шынға нанбайды, өтiрiкке нанады” деген түсiнiк қалыптасты. Алымсалықтардың ауыртпалығы кедейлерге түстi: жүздеген бас малы барлар 5—10 бас малы бар адамдармен бiрдей мөлшерде төледi. Патша үкiметiнiң отаршылдық саясаты шегiне жеттi. Осының бəрiн көргеннен кейiн өзiмнiң бiлетiнiмнiң аздығына қарамастан, күйзелген, жəбiрленген халқыма өзiмде бармен көмектесудi парызым деп бiлдiм”.
Ертеңiне таңертең Кеңсай кентiне келдiк. Ол қаланың тура түбiнде. Оның бастапқы атауы Жарлы екенiн бiлудiң өзi — мен үшiн бiр ғанибет. Мұнда қалаға жақын жерде Мiржақыпқа қолайлы болар едi. Төменнен күре жолдан қарағанда, кент əсем де көркем бейнесiмен көз тартады. Күзгi күннiң таза ауасы астында, тау көрiнiсiмен үйлесiм тапқан. Қала сипаты театр декорациясына ұқсайды: күзгi күннiң жылы шуағы оның шырайын аша түскен, жақыннан төнген аласа тау жоталары жарты сақинадан аумайды, жоғарыдан алыстағы биiк белестердiң айбынымен асқақтағандай. Үйлер жарым-жартылай ағаш жапырақтарына оранған. Жоғарыдан биiк тау шатқалдары төнiп тұр. Үйдене өзенi сол жақтан ағып келедi. Төбеде — алып көгiлдiр аспан, одан төменiрек — тау аңғарлары, етектегi дөңесте — ауыл. Бiрнеше минуттан кейiн ауылға енемiз. Ол өз атауын өзгерткен. Картада — Мичуринское, ал нақты өмiрде — Кеңсай. Бұрынғы ауыл, кiрген бетте — орта мектеп. Жаңа, көңiлдi. Тау көрiнiсiмен ажары ашыла түскен. Бүгiн бiрiншi қыркүйек, сондықтан мектептiң маңы мерекелiк көңiл күйге бөленген. Оқушылар топ-топқа бөлiнiп, əңгiмелесiп тұр. Балалардың өз қызықтары өздерiнде, ал қыздар болса бiрiнiң-бiрi киiмдерiне қарасады. Сəл нəрсеге сəндене түсетiндей. Көпшiлiгiнiң қолдарында портфель, кейбiреулерi дəптерлерi мен кiтаптарын қолдарына ұстап алған. Күн таудан асып, ауылдың үстiне көтерiлдi. Күн ыси түстi. Көне деректердi бiлетiн адамды табу оңай емес секiлдi. Бiрден тарих мұғалiмiн көрсеттi. Бұл мұғалiм-зейнеткерлердiң отбасы болып шықты. Отағасы таяуда қайтыс болыпты. Ал əйелiнiң əңгiмелесетiн халi болмады. Қағаздарды iздеу керек дегендi ғана айтты. Онда күйеуiнен қалған нəрселер болуы мүмкiн. Бiрақ өзi ештеңе айта алмады да, бiздi таныс мұғалiмге жөнелтiп салды. Ол да тарихшы. Бiрақ онда да əңгiме өрбiмедi. Жас мұғалiм беделдi ақсақалды атап, оның қайда тұратынын айтты. Мектептi айналып, кенттiң басқа жағына баруға тура келдi. Жолда кетiп бара жатқанда алдымыздан жеңiл машина шықты. Жүргiзушi тоқтап, менiң кiмге бара жатқанымды сұрады. Жəне менiң iздегенiм өзiнiң əкесi екенiн айтты. Сөйтiп, үйдi көрсеттi де, өзi кетiп қалды. Мен үйге келiп жеткенде таныс жүргiзушi де осында келдi.
Бəлкiм, бұл Зайсан ауылшаруашылық мектебi болған ауыл шығар? Менiң iздеп келген адамым шымыр денелi ақсақал екен. Көргенi де, бiлетiнi де көп секiлдi. Бiрақ Жарлы немесе Жарма мектебi дегендi естiмептi. Үйдене өзенi басталған тар шатқалға келе жатырмын. Мұнда темiр- бетоннан құйылған коллектор тұр. Осы жерден төмен қарай екi бiрдей еңкiш жазық алқап құлайды. Бiреуiне кент орналасқан. Мiржақыптың кезiнде одан əрi қарай шекарашылардың əскери лагерi тұрған. Екiншi алқап Зайсан қаласы жаққа қарай қырындап жатыр. Бұрын онда бау- бақша болыпты. Бұл Зайсан ауылшаруашылық мектебiнiң тəжiрибе алаңы немесе бақша өсiрген фермасы болса керек. Ертеректе кенттiң өзi Мичурин деп аталған. Бұл — атақты агрономның құрметiне аталған ба, əлде жергiлiктi көпес В.М. Мичуриннiң есiмi ме, ол жағы белгiсiз. Қалай болған күнде де бұл кентте Мiржақып Дулатұлы əлденеше рет болғаны анық. Жазда мұнда ауылшаруашылық мектебiнiң барлық оқушылары келiп тұрған. Бiр кезде бұл ферма Жеменей өзенiнiң төменгi сағасына орналасыпты. Бəрi дұрыс, бiрақ Жарма мектебi мұнда емес. Жеменей өзенiнiң аяқ жағындағы Жарсу кентiндегiлер де бұл туралы ештеңе естiмеген. Сөйтiп, жағрафиялық карталарға қайтадан үңiлуге тура келдi. 1986 жылы басылып шыққан екi километрлiк масштабтағы “Зайсан” картасынан Жарлы өзенi анық көрiнедi. Таяу жердегi елдi мекендерден Жарлы мектебi табылмағаннан кейiн басқа жолмен жүруге тура келдi. Жарлы өзенiнiң атауы көңiл аудартады. Оның бойында Даирово, Қуаныш, Рожково ауылдары орналасқан. Жарлы өзенi Қара Ертiстiң төменгi сағасы Кендерлiкке де жетпейдi. Онда шағын Ақарал ауылы бар. Бiрақ Жарлы өзенi Рожковоның солтүстiгiндегi құмға сiңiп жоғалатындықтан, бұл ауыл есепке кiрмейдi. Сөйтiп, жергiлiктi жағдай картадағыдан өзгеше болып шықты. Қара Ертiс өзенiне қарай кетiп барамын. Зайсаннан Қара Ертiс өзенiне кең де жақсы салынған асфальтты жол апарады. Жолайрығынан кейiн асфальт Май-Қапшағай кеден пунктiне қарай кетедi. Бұл жолмен
жазда Қытайдан автобустар жиi жүредi. Бұл — Зайсан—Омбы күре жолының шағын бiр бөлiгi. Осы айрықтың ту сыртындағы Айнабұлақ кентiнен өткеннен кейiн жол Даирово, Қуаныш, Рожково арқылы солтүстiкке бет алады. Шығыстан батысқа қарай бiртiндеп жатықтана түсетiн құмды жазық-бұйраттар. Ең биiк жерi — Қоңырбай шоқысы, ауданның шығыс шекарасына орналасқан. Құмайтты жазық солтүстiгiнде Ақжон үстiртiмен, оңтүстiгiнде шалғынды Қаратал ойысымен, ал батысында Кендерлiк өзенiнiң аңғарымен шектеседi. Ағаш көп емес. Шалғынды алқаптың шет жағында тал-терек, құмды бұйраттардың арасы мен шет-шетiнде қараағаш, қайың бұталары өскен. Бұл — күре жолдың шығыс жағы. Құм жағында — Айғырқұм. Күре жолдың батыс жағынан қырық шақырымдай қашықтыққа Жеменей, Тоқай, Батпақсу, Кендерлiк, Жарлы өзендерiнiң жайылмалары созылады. ХХ ғасырдың басында бұл жерде құстары шулап, аңдары жыртылып-айырылған тоғайлы орман болған ба деп қаласыз. Осының бəрiн мұражайдан көргенмiн. Ал басты өзендер — Жарма мен Кендерлiк. Өзеннiң маңайындағы топырақ қоңырқай да сазды келген. Топырақтың асты — балшықты құм. Маңайында қияқ, ши, құмжусан, кетебас өседi; құм үстiнде əредiк жусан, кетебас, құмжусан мен қияқ, шалғынды ақөлең, қараөлең жəне қамыс. Тұздысортаңды жерлерде ши бұталары кездеседi. Ауданның солтүстiк-батыс бөлiгi Қара Ертiстiң, Кендерлiк, Серғазы (Кендерлiктiң саласы), Қорғантөбе жəне Алпар өзендерiнiң ағын суымен суарылады. Кендерлiктiң кейбiр жерлерi күзде тартылып, Алпар қыстыгүнi қатады; өзенде — Қарасу мен Аққұм-Қарасуда су тек күзге дейiн ғана болады. Қара Ертiс көктемде 1 шақырым жерге жайылады. Ауданның оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде негiзгi су қоры құдық сулары болып табылады. Көктемде құдық сулары жоғары көтерiледi. Барлық жерде де тұщы су. Округтегi 27 ауылдың 15-i құдық суын, 7-еуi Қара Ертiстiң суын, ал қалғандары Серғазы, Көкжыра, Жарма жəне Қорғантөбе өзендерiнiң
суын пайдаланады. Өзен жағалауларында шiлiк бұталары көп, аудан шабындыққа бай. Негiзгi өсiмдiктерi: қараөлең, қамыс, кейбiр жерлерде сары жəне ақөлең кездеседi. Батыста ойпаңдау жерде жазық дала, онда Орта Кендерлiк пен Жарма өзенiнiң жоғарғы саласының су алабы бар. Кең жазық көптеген өзен арналарымен айшықталған; солтүстiкте Кендерлiкке құятын жылғалар көп. Алқап Кендерлiк өзенiнiң жəне оның Алпар, Можық, Бейсен, Батпақсу салаларымен суландырылады. Ауданның оңтүстiкшығыс бөлiгiнен Жарысу саласымен қоса Жарма өзенi өтедi. Батпақсудан басқа өзендердiң бəрiнiң де ағыны қатты, суы тұщы келедi, тартылмайды, қатпайды, көктемде суы да көп жайылмайды. Құдықтар жеткiлiктi, олардың суының деңгейi жер бетiнен 1 1/2-ден 21/2 аршынға дейiн ауытқып тұрады. Көктемде суы жердiң бетiне дейiн көтерiледi. Қазақтар жайылымдық жер үшiн жақсы суланатын жердi таңдай отырып, бiрақ бұл ретте топырақтың сапасына көп көңiл бөле бермейдi, сондықтан бидайды сортаңды жерге де себе бередi. Можық өзенi жағалауында жатқан бiр алқапқа көптеген жылдар бойы ешқандай өңдеулер жүргiзбестен, арпа мен сұлы еккен. Өзендердiң (мысалы, Можық пен Алпар) жағалауы мен ауданның оңтүстiк бөлiгiнде жиi кездесетiн сортаң жерлерден басқа тұстарда шөп қалың өседi. Шалғынды алаңқай мен өзен жағаларында қараөлең, ақөлең, қамыс пен қияқ; құмдақта — ши мен қияқ, биiк жерлерде жусан, көкпек жəне сарбарақ өскен. Сортаң жердегi өсiмдiктер шоғыр-шоғыр бұта түрiнде, көбiнесе ши, жалмаңқұлақ пен сарбарақ жиi кездеседi. Бiрнеше елдi мекендер мен Жарлы өзенi Қара Ертiс болысына қараған. Мұрағаттық материалдарда болыстың иелiгiне қандай аумақтың қарағандығы жөнiнде мəлiметтер сақталған. 1872 жылдың 17 ақпанында пристав Тихонов қол қойған мəжiлiсхатта былай деп жазылыпты: “Бұрынғы Төртуыл болысына қарасты қыстаулардың орналасқан жағдайларына қарай, 50 үйден құрылған тұрғындардың тiлегi бойынша, Қара Ертiс болысын құру үшiн мен болыстық сайлау съезiн жəне ауыл жиынын шақырдым. 25 ақпанда Зайсан бекетi бойынша бұрынғы Төртуыл болысының басқарушысы Меяз Бикатиев болыс басқарушысы, Бекбай Жолдасбаев
басқарушылыққа кандидат қызметтерiне сайланды. Үш жылға болыстың мүшелерi құрметiне Шөкен Сегiзбаев, Татырбас Бiрақбаев, Манекей Қамбаев, Хамит Қампыров, Еспол Көбегенов, Тұқы Ноғаев, ауыл старшындары қызметiне Қасым Өтепов, Құлбай Төлендин, Босқымбай Едiгин, Бикен Қашқынбаев, Көпен Жанақов, ауыл старшындығына кандидаттар болып Құлбай Байтақов, Қайшыбай Жанықұлов, Мейiрман Еркiнов, Байжирен Баскенев, Қижан Самсатаев сайланды. Болыс 1001 үйден тұрады. Бұл болыстың шекаралары төмендегi межеде анықталды: Бейсен өзенi жағасындағы Тыныбек зиратынан Жайдық шатқалы арқылы, одан соң Кендерлiк өзенiн жағалай Қара Ертiс жолымен орыс шекарасына дейiн, одан əрi орыс шекарасы бойынша шығысқа қарай Ақтөбеге дейiн, одан соң оңтүстiкке Қаратаев шатқалынан оның солтүстiк жағымен Тəттiғодым талы шатқалына дейiнгi, əрi қарай Тасөткел, Долана зираты, Мырқатай арқылы Толыбек зираты жанындағы Бейсен өзенiне дейiн”. Қара Ертiс болысының тұрғындары оңтүстiктен солтүстiкке қарай шоғырлана жайлаған, олардың бəрi төртуыл руынан. Мысалы, ақнайман руы да Зайсан уезiндегi бiр ғана Майтерек болысына орналасқан. Ал Байжiгiт руы Зайсан уезiнiң бүкiл оңтүстiк-шығыс бөлiгiн жайлап жатыр. Олар Шiлiктi, Маңырақ, Хабарасу, Терiсайрық жəне Шорға болыстарына таралған. Олар iшiнара Лепсi, Қапал уездерiнде де тұрады. Мiржақып Дулатұлының кезiнде Қара Ертiс болысы сегiз əкiмшiлiк ауылға бөлiндi: бiрiншi ауыл Ертiс өзенiнiң жағасындағы Алқабек, Байкөбек, құдықтар, Кiшi ЕртiсҚарасуды мекендейдi, 218 шаруашылық. Бұл 42 шаруашылық ауылдан тұрады. Екiншi əкiмшiлiк ауыл суы мол жерлердi, атап айтқанда, Ескi Ертiс, құдық, Ертiс өзенi, Қарасу-Ертiстi мекендейдi. Барлығы — 241 шаруашылық. Шаруашылық ауыл саны — 18. Ауыл ақсақалдарының фамилиялары мен қоныстары: Еламан Жетпiсбай — Базарбай мола, Инсахан Нар — Жоғашы, Жүсiп Қитан — Тiкенектi өткел, Салқамбай Байболар — Көпiрлi, Қалдыбай Ишан — Кiшi Ертiс,
Жылқышымбай Құлбай — Баракелдi, Серiкбай Дүйсембi — Биiкқұм, Қасамбай Қамдар — Итұрынды-орал, Науқан Жұрқа — Ардаөткел- Қарасу, Тайматай Бөжеп — Жайық-Орал, Қоқымбай Боқу — Көктерек, Қайшыбай Байсем — Баке, Силыбай Косаутан — Бөрен-арал, Тұрғамбай Төкен — Жалаңаш, Бадыған Садық — Жайнақкөл, Мантей Оқыншық — Қожабай аралы, Мұстафа Құдабай — Ұла-саран, Сəрсембi Барлыбай — Жоқа Көктерек. Бiрiншi жəне екiншi əкiмшiлiк ауылдағы қоныстар мен жерсу атаулары бұл ауылдардың Қара Ертiстiң төменгi сағасында отырғанынан хабар бердi. Үшiншi əкiмшiлiк ауылдық жер атаулары да Ертiс, Ақарал, Қарақұм, Алғыр, Ян, басқасы құдықтар деп аталған. Үшiншi ауыл: 141 шаруашылық, шаруашылық ауылдар саны — 9, су қоры — Ертiс, сайлар, құдық. Қыстаулар қоныстары мен ауыл ақсақалдары: Қати Манат — Ақарал, Тiлеубай Қалубай — Тiлеубердi, Тоғысжiгiт — Қисамбы, Ертiсбай Кiсебай — Алпар, Арғымбек Шали — Ақарал, Қарсыбай Бөжей — Қарақұм, Жанысбай Бөжей — Байгөбек, Батыр Тайтық — Тұқбыр, Мырзақан Доғужи. Төртiншi ауыл: тұрғын саны 1033 адам, 655-i ер адам, қазақша сауаттысы 34, орысша сөйлейтiнi 5 адам, орысша сауаттысы 4 адам, тұрғын үй — киiз үй —182, қыстаулар — 164, басқасы — 367, жер жыртатын соқа — 50, арба — 22, шана — 233, жылқы — 1403, сиыр — 1438, түйе — 86, егiстiк алқабы — 59, 97 десятина. Қыстау тұрған қоныстар мен ауыл ақсақалдары: Қарабек Малқыбай — Мұжықсу, Ерболат Қоблан — Сарыөзен, Юсумбай Қабанбай —Ақдоңғұл, Егiнбай Ұлдықбай — Дүйсағаш, Тұрдаулет Жылбай — Шұбарағаш, Армадий Ұрқымбай — Мұжықсу, Амантай Керейбай — Мұжықсу — Жағазы, Қасен Жанжұм — Семiзши, Нүсiп Қарымсақ — Мұжықсу, Жылқыбай Рыстай — Көкжыра, Күшiк Арақ — Қабырғатас. Су қоры ретiнде Ертiс өзенi, шаруашылық ауылдары үшiн Мұжықсу, Қарасу, құдық, қазынды сулар пайдаланылды. Бесiншi ауылдың ақсақалдары мен су көздерi: Үмiтбай Байел — Қырлықұм, Бораншы Мұса—Сарыкөл, Жетпiс Шотай — Абдрас-арал,
Жақсыбай Майкөт — Дайыр, Жұбайқан Бақай — Жиет, Тiлеуке Татей — Сарықұл, Сарсенбай Қаракөл — Майтүбек. Бесiншi əкiмшiлiк ауылдық жер атауларында Ертiс екi рет айтылады, одан əрi — Кендерлiк, Абдрас-арал, Дайыр, Жиет. Ал алтыншы əкiмшiлiк ауылдың тұрған орны, жер атаулары, қыстаулар мен елдi мекендерiнiң арақашықтығы менiң ерекше қызығушылығымды тудырды. Менiң iздегенiм, бəлкiм, осы ауыл шығар? Алтыншы əкiмшiлiк ауылдың ақсақалдары мен қыстаулары: Бекмұхамед Сатыбалды — Серғазы, Бiтебай Байбосын — Өлгентерек, Бекбосын Сүгiр — Байкөбек, Аламбай Шаптын — Байкөбек, Шiдере Оспан — Жарлы, Бейсек Тоқымбет — Еккентерек, Мареу Боранбай — Батпақсу, Аққубай Молдаш — Қарашiлiк, Құрашбай Өткелбай — Қоз- Орал, Үрпек Тойғұлы — Қасқыртүбек. Бұлардың бəрi Тұзаншы жəне Есембек тармақтарына жатады. Кейбiр ауылдар бұл жерде жетiншi атасына дейiн тұрып жатыр. Алтыншы əкiмшiлiк ауылдың қыстаулары тұрған жерлер: Мұжықөзен, Сарыөзен, Ақдомшыл, Дүйсағаш (Жүзағаш), Шұбарағаш, Мұжықсу, Мұжықсу-Жанғазы, Семiзши, Көкжыра, Қабырғатас. Əкiмшiлiк ауылдағы он бiр қоныстың бесеуi Мұжықсу атауымен байланысты. Сарыөзен қонысы да Мұжықсуда. Мұжықсу атауы картаға да енген. Ол Жарлы өзенiнiң сол жағалауында орналасқан. Бұл — Жарлы өзенiнiң басқа сол жақ жағалауына орналасқан Қуаныш ауылынан бiр жарым шақырымдай қашықтықтағы үлкен ауылдың атауы. Осы заманғы автокөлiктерге арналған күре жолдың үстiнде. Алтыншы əкiмшiлiк ауылға қарасты Серғазы қонысы Батпақсуда, Өлгентерек, Байкөбек, Жарлы — Жарлы өзенi бойында, Еккентерек те Жарлыда, Батпақсу, Қарашiлiк қоныстары Бейсен өзенi бойында, Қоз-Орал мекенi құдықта, соңғы Қасқыртүбек қонысы Ертiс өзенiнiң жағасында орналасқан. Алтыншы əкiмшiлiк ауылдағы Жарлы қонысында 20 шаруашылық болды. Оның алтауы отырықшы. Екi шаруашылық жалдамалы еңбектi пайдаланған. Бұл — 1911 жылдың мəлiметтерi. Ауылда үш ұрпақ өсiп-өнген. Жарлы өзенi бойындағы шаруашылық ауылы Жарлы Зайсаннан 25 шақырым жерде. Жарлы қонысына параллель жарты шақырым жерде
орыс поселкесi бар. Мұжықсу дегенiмiз — осы. Жарлының өзiне келетiн болсақ, мұнда да айта кететiн жай бар — сауда пунктiнен қашықтығы жиырма бес шақырым. Зайсан қаласының өзiнен жиырма бес шақырым. Бəрi сəйкес келiп тұр. Ал қазiргi Қуаныш кентi — бұл Жарлының XX ғасыр басындағы қыстауы. Өлкетанушының айтқанындай, бұл жерде 20-жылдары “Жарлы” серiктестiгi, одан соң осы аттас ұжымшар құрылған. Бəрi түсiнiктi. 1913 жылы алтыншы əкiмшiлiк ауылдың ақсақалы Шiдере Оспан болды. Ол 1908—1911 жылдарға сайланған. Ал маған керегi — 1904—1907 жылдары болған ақсақал. Ендi “Семипалатинские областные ведомости” басылымынан қарау керек. Тегiнде, мен одан болыс басқарушылары мен ақсақал-билердiң тiзiмiн көрген болуым керек. Жарлы ауылы мен Жарлы ауылдық мектебiнiң тұрған жерi туралы менде басқадай дəйек жоқ. Бұл — Қара Ертiс болысы алтыншы əкiмшiлiк ауылы, Жарлының тұрған мекенi. Қалай болған күнде де бұл неғұрлым сенiмдi болжам. Мүмкiн мұны басқа бiреу нақтылап айтатын шығар. Жетiншi əкiмшiлiк ауылдың ақсақалдары мен қоныстары: Ыбырай Қарбай — Сарыманақ, Омар Сатпай — Қартерек, Шəку Байту — Шұбарағаш, Бақтыбай Өткелбай — Қызылағаш, Қоқан Ботыбай — Дайыр, Биғазин Мырзатай — Ертiс, Баймолда Бəкен — Дайыр-Бейiт, Жұрқабай Смайыл — Ақарал, Олшал Тоқал — Сарықұл құм, Сүлеймен Шөкен — Ұялағаш, Мұхамед Тоғуабай — Қусақ, Едiлбай — Орда, Едiлбай — құдықтар, бұлақтар, Меңдiбай — қар суы, Жарлы өзенi. Жетiншi əкiмшiлiк ауылдың көптеген тұрғындары өз жерлерiнде төртiншi — алтыншы ұрпақ болып тұрып жатыр. Бұл ауыл ақсақалдары Едiлбай, Меңдiбайларға қатысты. XX ғасырдың басындағы сегiзiншi əкiмшiлiк ауылдың ақсақалдары мен қоныс-мекендерi: Шарғайбай Қиянбай — Алпар өзен, Əубəкiр Мейiрман — Жарлы өзен, Бəки Омар — Алпар өзен, Ахмаби Ашантай — Алпар өзен, Медеубай Бортқай — Түйетас, Шегетай Қасабай — Қорған, Садық-Жасырық— Сарыманыш, Саби Жангүдей — Жүзағаш, Нұрке Мирашбай — Жарлы өзен, Қаби Бытыш — Бытыш арал.
Бұл қыстаулар Кендерлiк, Жарлы, Қара Ертiс өзендерiнiң бойына, ал көпшiлiгi батпақты, құдықты, тұма-бұлақты жерлерде орналасқан. Бұлардың бəрi төртуыл тегiнде Жылқыайдарға тиiстi болады. Ертiсте жəне құмда төртiншi ұрпағы тұрады. Ал Жарлыға отыз жыл бұрын ғана қыстау сала бастады. Көпшiлiгi Айғырқұм құмды өңiрiн жайлады. Асфальтталған жолмен Қара Ертiске дейiн барып, өзенге салынған темiр-бетон көпiрдi айнала маңайды қарап өттiм. Бiрақ əрi қарай бармадым. Мұжықсу, Жарма, Батпақсу, Кендерлiк өзендерiнiң бойындағы қазақтар жаздыгүнi жайлауға, Қара Ертiс өзенiнiң оң жағына көшiп баратыны маған мəлiм. Жарлы өзенiн жағалай отырған ел басқа ауылдармен бiрге, Қара Ертiстiң арғы жағалауына барып қонады. Көпшiлiгi малын айдап, Қалжыр өзенi бойымен солтүстiкке беттесе, басқалары Батпақбұлақ, Шындыбұлақ, Чеш-терек, Бағақалжыр тау өзендерiне қарай көтерiледi жəне Марқакөл көлiнiң тау бөктерiндегi жайылымдарына шашырай қоныс тебедi. Уақыт өте келе Мұжықсу, Жарма, Даировоға Тополевый мыстан адамдар келе бастады. Зайсан көлiнiң жағасына дейiн 50 шақырым. 1901 жылдан Семей — Тополевый мыс желiсi бойынша тұрақты кеме жүре бастады. Су жолымен Өскеменге Боран арқылы да жетуге болды. Қара Ертiстiң төменгi ағысындағы пристань мен кенттi осылай атайды. Мұнда керосин сақтайтын үлкен бактар жəне пристань жұмысшылары мен балықшылардың шағын тұрақжайы бар. Бұл көлiк компаниясының қожайыны А.С.Буран Семейде тұрады. Бұл компания Зайсан өлкесi мен Қытайдың Алтай округiне тауар тасымалдаудан басқа, Михельсонмен бiрге, Жайра тауында көмiр қазумен жəне көмiр жағатын пештер құрастырумен шұғылданды. Əрине, мұнда пароход сирек жүредi. Көне жазбаларда осылай жазылған. Бiрақ Жарлы ауылының өзiн iздеп табу керек. Сондықтан бiз Қара Ертiстiң жағалауынан керi қайтып, жарты жолды күре жолмен жүрiп өттiк. Рожково кентiне келiп түстiк. Алғашқы келген адам Рожково—хутор, орыс елдi мекенi екенiн айтты. Зайсанда Рожков дейтiн көпес болған. Ол қазақ ауылдарының қыстаулары арасынан осы хутордың iргетасын қалаған. Рожковоның айналасында 8—15 шақырым жерде Бұрта, Бақатай, Төбетал, Шеген, Қызыл қыстаулары қоныстанған. Алайда ол жерлерден Жарлы ауылдық
мектебiн iздеуден пайда жоқ едi, өйткенi əр жерде шашыраған екi-үш киiз үй мен қыстауда мектеп болды деп ойлаудың қисыны жоқ. Ер адам: — Бiзде ондай мектеп болған емес. Мұны Қуанышқа немесе Даировоға барып сұрастырыңыздар, — дедi. Қуаныш ауылына келе жатырмыз. Бұл алыс жер емес, автокөлiкпен бiрнеше минут қана жүрдiк. Үлкен кентте екi қабатты типтiк мектеп 1989 жылы жер сiлкiнiсiнен кейiн салынған. Дəлiзде сабақтан шыққан оқушылар толып жүр. Балалардың дауысы мектеп iшiн жаңғырықтырады. Арасында мұғалiмдер де жүр. Мұғалiмдердiң бiреуiне бұйымтайымды айтып едiм, ол: — Сiзге бəрiн Тохтабайұлы айтып бере алады, ол қазiр ғана кетiп қалды, — деп жауап бердi. Оны қуып жетiп, мектепке қайтадан келдiк. Бiз директордың бөлмесiнде əңгiмелесiп отырмыз. Таласбек Тохтабайұлы — осы жердiң адамы. Түрiне қарағанда алпыстан асқан секiлдi. Өзi туралы қысқаша айтып өттi. Сарыжыра, Рожковода туып-өскен. 1968 жылы Қуаныш мектебiнiң директоры болып тағайындалған. Тарихтан сабақ бердi. Ол Зайсан өлкесiне Маңырақ, Сауыр, Кендерлiк таулары, Көкпектi, Күршiм, Қатонқарағай, Ақсуат елдi мекендерi кiредi дедi. XX ғасырдың 30-жылдары осы аймаққа жол тартылған — шығыс айналым: Өскемен — Күршiм, Көкпектi, Зайсан, Боран, Черняевка жəне Күршiмге өтетiн жол салынды. Ал Кеңес дəуiрiнде Зайсанда Қытай консулы, бiрнеше қытайлық ұйымдар: кеңес-шыңжаң сауда, кеңес-сыртқы сауда жұмыс iстедi. Осы жерде Қызыл тулы шекара округi болды. Əңгiме көршi кенттерге жеттi. Таласбек: — Көкжырада орыстар көп тұрды. Рожковода Ресейдiң бiр жерлерiнен келген қоныс аударушы шаруалар тұрды, — дедi.
Жарлы өзенiнiң ту сыртында Мұжықсу кентi тұр. Мұжықсуда да орыстар көп тұрады. Даирово да қоныс ауда- рушылардың мекенi. Зайсан қаласы мен қоныс аударушылар орналасқан елдi мекендер пайда болғаннан кейiн бау-бақша өсiрiп, еңбек қарқынды сипат ала түстi. Алайда қазақтар бұл жерден ығыстырылды — шалғайға, ал тоғайлы жайылымдық жерлер қоныс аударушыларға берiлдi. Жыл өткен сайын олардың жерi кеңейе бердi. Сөйтiп, қоныс аударушылар иемденген төрт-бес елдi мекен жайылымдық жердi мейлiнше тарылтып жiбердi. Қуаныштағы қазақтар Қара Ертiстiң жартылай шөлейттi-сортаң жерлеріне немесе жақын маңайдағы Айғырқұмның құмайтты алқаптарына қоныс аударуға мəжбүр болды. Сөйтiп, Қуаныш кентi қазақтардың бүкiл округтегi ең ерте қоныстанған тұрақты мекенi болды деуге болады, əрине, ауылда да тұрғындардың көпшiлiгi жаз кезiнде жайлауға көшiп кететiн едi. ХIХ ғасырдың 90-жылдары ғалым-агроном К.А.Вернер қазақ шаруашылықтары туралы былай деп жазды: “Аталған шөл далада мал бағатын көшпелi жұрт қана тұрады. Ойда олардың тiршiлiгiнiң қалып- күйi, дəстүрлерi, мiнез-құлқы қалыптасқан жəне шөл даланың сараң қолынан өздерiне керектiнi ала бiлу жағынан олармен ешкiм де бəсекеге түсе алмайды. Тек жылжымалы киiз үйдiң көмегiмен ғана Балқаштың жағалауын қысқы қоныс етуге жəне қысы-жазы мəңгi қар мен мұз басып жататын тау жайылымдарын мал азығына пайдалануға, сондай-ақ тек көшiп-қонудың арқасында ғана шөл далада қысқы мерзiм iшiнде мал өсiрiп, одан ет, сүт, терi, май жəне жүн алуға болады. Көшпелi шаруашылық шөлге шыдамды түйесiнің жəне жүнi қалың, ыстық пен суыққа бiрдей төзiмдi қойлардың арқасында жергiлiктi жағдаймен тамаша үйлесiм тапқан. Ортаазиялық құмды аймақтардың үстiн жауып жатқан ғажайып өсiмдіктер секiлдi, көшпелi шаруашылық шөл даланың құнарсыз топырағынан барынша мол пайда табуға бейiмделген. Егер тиiмдi шаруашылық дегендi жергiлiктi жағдаймен толық сəйкестiкте құрылып, мейлiнше мол пайда табуға негiзделген деп түсiнетiн болсақ, онда қырғыз көшпелi шаруашылығы
бұл жағдайда толығымен ұтымды шаруашылық деп тануға лайық”. К.А.Вернер Зайсан уезiнде де болған. Қазақ халқының сол кездегi жағдайы мен болашағы туралы Мiржақып Дулатұлы былай деп жазды: “Қазақ халқының тағдырын ойласақ, кеудемiзден лықсып жалын шығады. Қаналған халықты езгi құрсағынан кiм құтқарады? Бiздiң қазақтар далада көшiп жүрiп мал бағып, өзiнiң күш-жiгерi мен малын пайдасыз iске есепсiз шашып жүретiн халық. Əлде ол болашағын болжай бiлмегендiктен алданып, өзiнiң құқықтарынан айырылған жоқ па едi?! Өзiн алда не күтiп тұрғанын жəне алдында құрылған қақпан барын көре алды ма ол? Бəлкiм, ХХ ғасырда халық iшiнен бiр-екiлеген жас қайрат иелерi де шығар. Жастар, бiлiм мен ғылымды меңгерудi қолға алыңдар, надандықтың қара бұлтын серпiп тастаңдар. Егер жастар еуропалық бiлiм алар болса, бiздiң қуанышымызда шек болмас едi. Тиiстi деңгейде бiлiм алған жастар бiлiмнiң жарық сəулесiн шашып, халықты дұрыс жолға түсiрiп, оларды қараңғылықтың қапасынан құтқарар едi. Қазақ бiлiмге қатыстының бəрiне керең, қазақ аңғал, өзiнiң аман-есен жүргенiн ғана мiсе тұтады. Əлде алаш атаулының бəрiнiң көзiнен қанды жасы сорғалап аққан жоқ па едi?!” Осы жəне басқа үзiндiлер оның “Оян, қазақ!” атты кiтабынан алынды. Қара Ертiстiң оң жақ жəне сол жақ жағалауының бəрiнде найман тайпасы төртуыл руының қазақтары тұрады. Қуаныш кентi тұрғындарының өзi де негiзiнен төртуыл, оның ұзақшы тармағы. — Мен найман тайпасының 24-ұрпағымын, — дейдi Таласбек. — Жүз жылда үш ұрпақ жаңарады. Бiздiң руымыз төртуыл. Ол Ертiстiң төменгi сағасының екi жағын тұтас жайлайды. Ал Зайсанда бұл — меркiттер мен керейлердiң жерi. Таласбек Қуаныштағы мектептiң iргесi қалай қаланғаны туралы айтты. Кейбiреулердiң айтқанына қарағанда, бұл ХХ ғасырдың түу басында болса керек. Мұғалiмдiк жұмысты заңмен тағайындалған молда Сатыбалды Бекмұхаметов атқарған. Ол бiрнеше жыл Түркияда оқып, Меккеде қажылық парызын өтеген.
Мiржақып Дулатұлы мен Сатыбалды Бекмұхаметов (дұрысы — Бекмұхамед Сатыбалдин) бiр кезде көршi ауылдарда жұмыс iстедi, бiреуi министрлiктiң ауыл мектебiнде, екiншiсi мешiттiң жанындағы мектепте. Таласбектiң айтуынша, ауылда бау-бақша мен мектептiң пайда болуы бұл өлкеге ресейлiк қоныс аударушылардың келуiмен байланысты болған. Бұл, əрине, түсiнiктi де. Педагогикалық жұмыстарын атқару барысында Мiржақып Дулатұлының мешiт пен медресе туралы да пiкiрi қалыптасты. Ол былай деп жазды: “Қазақ мұсылмандықты сырттай ғана ұстайды. Өйткенi күнкөрiстiң соңында күнi-түнi бiр тыным алмастан кең даланың төсiнде емiн-еркiн көше жүрiп, Құдайға сиынуға да мұршасы бола бермейдi. Мəселе тек мұсылмандықтың атын алып жүруде ғана емес, өйткенi қазiргi кезде көптеген адамдар дiн қағидаларын қадағаламайды. Ал қазақша сөйлеп, киiнумен ғана Құдай өсиеттерiн орындай алмайсың. Егер мешiт салып, тиiстi мерзiмiн өткiзбей оған барып намаз, дұға оқып отырар болса, имамға жұмыс iстеу үшiн жағдай жасап, байларды имандылыққа мəжбүрлер болса, жақсы болған болар едi. Тiршiлiктiң ауыр азабын аяусыз тартып жүрген қазақ, оның санасына, егер мешiт сөзiнен сəл-пəл жалғандықты аңғарсақ, бетiме түкiр деп айта алатындай сенiм ұрығын ұялатсақ, Құдайдан тайсалған болар едi. Көп жағдайда қазақтарда мешiт жоқ, бұған себепшi — миссионер-поп, екiншiден, халықтың өзi де əлi шынайы сенiмге жеткен жоқ, сондықтан да исламға қалай жол ашатынын бiлмейдi. Егер бiреу мектеп ашқысы келсе, басқа бiреулер оны бастықтарға өшiге жамандайды, көптеген адамдардың түсiнiгi шатасқан, бiр Құдай өзi жар болсын. Көздi кеңiрек ашатын мезгiл жеттi; байлар кедейлерге көмектессiн. Жастық шақтың қызығына ғана алданып қалмай, бiлiмге ұмтылып, надандықтың құрсауынан құтыл. Онсыз жақсылыққа қолың жетпейдi. Менiң саған берер кеңесiм осы. Жəне “бəрiбiр əкелерiмiз бен аталарымыз оқымай-ақ мұсылман болған” деген жаңсақ пiкiрден арылу керек.
Қазақтарға дұрыс жұмыс iстейтiн медресе жоқ, балалар содан көп қиындық тартуда. Молда жүрелеп отырған күйi оқушыларды қас қарайғанға дейiн қорқытып ұстайды. Егер олардың бiрi күлiп жiберсе, оны қытайлықтарға ұқсап жазалайды. Осылай үш-төрт жыл оқыса да, оқушы жаза бiлмейдi” (Мешiт пен медресеге қатысты). Мiржақып Дулатұлы қазақ қоғамындағы əлеуметтiк теңсiздiктi жаны ауыра сезiндi. — Бiзде адамдар зираттың үстiне егiн салады, — деп түсiндiрдi Таласбек Тохтабайұлы. Кентке кiреберiстегi жолдың екi жағында да зираттар болған. Оң қапталдың Жарлы өзенi жағында екi зират болды. Зират үстiне салынған кесенеге қарағанда бұлар осы күнгi, тiптi таяу уақыттағы зиратқа ұқсайды. Ескi зираттар Қонақай мен Жарлы өзендерiнiң қосылған тұсына жақын жерге орналасқан. Жолға жақын жердегiлерi кейiнгi, ал алысырақтары бұрынғы уақыттағыға жатады. Бұл жерде Мiржақып жұмыс iстеген жылдары қайтыс болған адамдарды жолдан алысқа жерлеген. Оның шетi құм мен қалың шөпке барып тiреледi. Таласбек Тохтабайұлы: — Қонақай өзенiнiң оң жағалауында бұрын жатақ қазақтардың егiстiк жерi болған, — дедi. — Олар жайлауға көшпейтiн. Басқалар Қара Ертiстен өтiп, Марқакөлдегi жайлауға шыққанда жатақтар ауылда қалып, жаз бойы егiстiкте жұмыс iстедi. Бидай ектi. Ол көбiнесе күздiк болатын. Бұл жерде бидай нашар өскендiктен, көбiнесе арпа ектi. Оған диiрменнiң керегi болмайтын. Арпаның қара арпа, сары арпа деген екi сорты бар. Ол көп еңбектенудi қажет етпейдi. Көктемде егiп тастайды. Жаз бастала ол көктеп шығады. Өнiмдi орақпен орып алады. Қырманда бастырып, одан соң сатады. Алғашқы мектептi осыдан түскен ақшаға салды. Бұрынғы уақытта шаруашылықтың негiзi мал болды. Оны Семейдiң, Қарқаралының жəрмеңкелерiнде сататын. Мамыр туа Қоянды, Семей жəрмеңкелерiне мал айдайды. Қазiр бiзде жаңа ауылдың құрылысы салынды. Ал ескiсi автокөлiк жолының астында қалды.
Қажет деректер бұл жерден де көп табылмады. Жə, онда Жарлы ауылының мектебi қай жерде? Мiржақып Дулатұлы қай жерде жұмыс iстедi? Үлкен Даирово ауылы мен кiшкентай Бiржан (Рожково) да күн тəртiбiнен түсiп қалды. Дерлiктей Мұжықсу да. Мəселе мынада: революцияға дейiнгi уақытта қазақтар мен орыстар немесе казак қоныс аударушылары қатар тұрды, бiрақ бiрге емес. Қазақтың байырғы қыстаулары қай жерде болса, əдетте, соның қатарынан қоныс аударушы орыстардың зəйiмкелерi немесе елдi мекендерi орын тептi. Өйткенi қазақтар қыстауларын жайылымға қолайлы, сулынулы жерге салды. Мұжықсу ежелгi қазақ ауылының қатарына салынған орыс зəйiмкесi болып орын тептi де, бiрте-бiрте қанатын кеңге жайып, үлкейе бердi. Сөйтiп, орыс селосына айналды. Сондықтан ХIХ ғасырдың соңында бұл жерде қазақтың ауылдық мектебiн ашудың ешқандай қажеттiлiгi туған жоқ. Сонымен мен қандай тұжырымға келдiм? Зайсан ауданында Жарма жəне Жарлы деген екi өзен бар. Жарма өзенiнiң Аягөз өзенiне жақын орналасқан Жармаға ешқандай қатысы жоқ. Зайсан қазаншұңқырындағы Жарма өзенi Зайсан көлiнiң оңтүстiк шегiне барып құяды, оған жолшыбай Мұқаш, Жайдақ, Қараөткел, Шарын, Бақасу, Қоқымолды өзекшелерi қосылады. Бұлардың бəрi Жармаға суы орталанып, жіңішкеріп жетедi. Кендерлiк өзенiнiң бойында Сарытерек (бұрынғы Пржевальское) ауылы орналасқан. Солтүстiкке таман барғанда ол көптеген салаларға бөлiнiп кетедi. Одан да төменiректе бұлақ суларынан Жарлы өзенi пайда болады. Оның бойында төрт үлкен ауыл: Жамбыл, Даирово, Мұжықсу, Қуаныш, Бiржан (бұрынғы Рожково) орналасқан. Осы ауылдардың бiреуi бұрын Жарлы деп аталған. Бiрақ қайсысы? Мiне, бұл — сұрақтардың сұрағы. Қазақ тұрғындар Зайсан уезiнде бiрнеше: Шiлiктi, Маңырақ, Хабар- Асу, Терiсайрық жəне Шарын болыстарын құрады. Демек, Мiржақып Дулатұлы төртуылдардың ортасында тұрғаны түсiнiктi. Жəне Торғай өңiрiндегi өзiнiң рулық бiрлестiгiнiң өмiр- тiршiлiгiн төртуыл руының өмiрiмен салыстыра қарауы əбден мүмкiн.
Болыстар iшiнде шаруашылық жəне əкiмшiлiк ауылдар болды. Шаруашылық ауылдағы қыстаулар саны айқын емес — екi-үш киiз үй немесе жеркепеден бiрнеше ондаған үйге дейiн болды. Əкiмшiлiк ауыл дегенiмiз — бұл нақты жер аумағы, ауыл старшинасы мен би. Қара Ертiс болысында сегiз əкiмшiлiк ауыл болған. Жарлы ауылының орнын анықтау үшiн Зайсан уезiнің басқа жерлерiне де баруға тура келедi. Шiлiктi алқабын Ербол Əзмұхамедовпен бiрге аралап шықтық. Бiз асфальт жолмен жүрiп келемiз. Кеңсай кентiнен кейiн жол бiздi шатқалды асуға алып келдi. Тар, қысаң жолдың бiреуiнен екiншiсiне өтiп келемiз. Ағашсыз, сусыз тар аңғарлар. Жаздың соңына қарай барлық бұлақтар тартылып қалған. Жолшыбай бiрде-бiр малшы үйi кездескен жоқ. Бiр мойнақта бiр қора қой жайылып жүр. Тау жотасына көтерiлген кезде кең жазықта тарам- тарам жолдары андыздаған кенттердiң төбесi жамырай көзге шалынды. Шiлiктi жазығының енi жиырма бес, ұзындығы жүз шақырымға жетедi. Аңғардың жоғарғы жағы орманға ұласады. Төменгi бөлiгi солтүстiкке қарай еңкiштене созылған. Бiрiншi кездескен кент — Тасбастау. Шiлiктiге дейiн бардық. Барсақ, бiз Зайсаннан жетi шақырым ұзап кетiппiз, ал картадан қарағанда əлдеқайда шағын болып көрiнедi. Шiлiктi кентiнен солтүстiкке беттеген ылдида жазық алқаптың бүкiл орта тұсы бұлақтар айқыштап жатқан батпақты-сазды жер болып шықты. Су төмен қарай ағады. Аңғар оңтүстiгiнен Сауыр, Саңырақ, ал солтүстiгiнен Тарбағатайдың биiк жоталарының ортасында көзден таса жатыр. Тарбағатай жоталары арқылы Қытаймен шекара сызығы өтедi. Жергiлiктi мектептiң директорына құжат көрсетуге тура келдi — шекара тəртiбi осындай. Шiлiктi мектебiнде тарих пəнiнiң мұғалiмi Бақытбек Қазиев бiраз жайды бiледi екен. Əңгiменi Жарлы мектебiнен бастадық. Ол қайда орналасқан, онда кiмдер жұмыс iстедi немесе оқыды? Бақытбек бiрден жауап бердi: — Бiзде, Шiлiктi алқабында жəне бұрынғы Шiлiктi болысында немесе ауданда ондай мектеп жоқ. Болған да емес деп ойлаймын. Егер болған болса, оны бiз бiлмей қалмас едiк.
Үнсiздiк туды. Мен ойланып қалдым — айтылғанды тыңдауым керек екенiн түсiндiм. Таңғаларлығы сол — Мiржақып Дулатұлы үш жыл бойы осы жерлерде тұрып, мектепте мұғалiм болып жұмыс iстедi. Əрине, оның көзiн көрген шəкiрттер қазiр жоқ, бiрақ мектеп пен ауылдың атауы ел жадында қалуы керек емес пе? Ауыл мектебiн қыстаулары көп елдi мекендерде ғана ашуға болады. Бұл кездейсоқтық па, əлде қандай да бiр сақтық па — “халық жауының” есiмiне байланыстының бəрi əдейi өшiрiлген жоқ па екен? Əдеттегiдей, бiр жағдайды сұрасаң, əңгiме басқа арнаға бұрылады. Не iстерсiң — бiр нəрсенi iздейсiң де, басқаны табасың. Ерболмен əңгiмелесiп отырмын. Ол 1971 жылы туған. Шiлiктi өңiрiнен. Оның айтуынша, бұл жерде қажы (қоңыр қажы) жəне жалшы рулары тұрады. Бұл жерде Шiлiктiден жоғарырақ Шағыноба, Керегетас, Қарағайлы өзендерi бар. Шығысында Қарасай аңғары Сауыртау жоталарымен иiндеседi. Ол жерден солтүстiкке қарай Үйдене жəне Жеменей өзендерi шығады. Айтушылардың əңгiмесiне қарағанда, осы жерлерде жоңғарлармен ұрыста Қарасай батыр ерекше көзге түскен. Сарытау жотасы жаудан қорғану үшiн қолайлы қалқан болған. Керегетасқа жасырынған жоңғарлар ойсырай жеңiлген. Шiлiктiнiң төменгi жағындағы батпақты сулардан Қандысу өзекшесi құралады. Шiлiктi кентiнен Сеңгiр мен Тарбағатай тауларының қырқаларына дейiн елу шақырымға жуық. Мұнда тар мойнақ бар. Қандысу мен Терiсайрық өзендерi осы жерге келiп құяды. Шелектi аңғарындағы мойнақтың екi жағында да ауылдар орналасқан: жоғарыда — Сарыөлең, төменде — Бозша. Алты-сегiз шақырым қашықтықта тау етегi жайдақтала келiп, Шiлiктi аңғарынан солтүстiкке қарай иек артады. Одан əрi аңғарды бойлап ағатын өзен Қандысу деп аталады. Қырық шақырымнан кейiн, Ақжар кентiне кiреберiс тұста ол Шорға деген атауға ие болады. Бұл аралықта өзенге өзге де бұлақтар келiп қосылады. Қазiргi газеттердегi деректерге қарағанда, Шорға өзенiнiң бойында қазақ жасақтарының жоңғарлармен iрi шайқасы болған. Алайда тактикалық тұрғыдан алғанда, мұндай шайқас Сарыөлең тауы мен Бозшаның ортасындағы тар алаңқайда болуы мүмкiн.
Қазақтардың жоңғарларға қарсы ұрыс əрекеттерiнде Ақбарақ, Атабарақ есiмдерi де аталады. Бұл ұрыстарға Бозаш батыр да қатысқан. Ербол Əзмұхамедов бұл оқиғалармен Ақтамбердi жыраудың есiмiн де байланыстырады. Кезiнде Жамбыл жоғары баға берген Ноғайбай ақынды да еске алады. Сол оқиғалардың тұсында өмiр сүрген Бұқар жырау да бұл жерлер туралы айтқан екен. Ал бұлар — көзкөргендердiң аузымен айтылған дəлелдi сөздер. Ал бұл деректер кейiнгi ұрпақтарға Зайсанда болып өткен керуен жолдары арқылы жетiп отырған. Сонда оқиғаның болған орны Шорға өзенiнiң төменгi сағасы болып айтылған. Барлық уақыттарда мұнда Зайсанның оңтүстiк жағасының ұзына бойымен Қара Ертiстiң жағасы мен Алтайға баратын күре жол өткен. Тарбағатайдың биiк жоталары мен қырқалары оңтүстiкте қалады. Қандысу өзенi бойындағы оқиғалар туралы ғана емес, сонымен бiрге осындай ұрыс-шайқастар өткен уақыт кезеңi туралы да тұжырым жасауға болар едi. Шамамен бұл кезеңдi қазақтардың қарсыластарын өз жерiнен түбегейлi қуып шыққан уақытымен, яғни Жоңғар хандығының соңғы 10— 15 жылымен тұстастыруға болады. Бұл оқиғалар тек Қарасай батырдың ғана емес, көпке белгiлi Қабанбай батырдың да есiмiмен тығыз байланысты. Мiржақып Абылай хан туралы бiлдi, Қандысудағы ұрыс туралы да бiлмеуi мүмкiн емес. Бiр күнi кешкiсiн Зайсан қалалық үш сыныпты ерлер училищесiнiң бос тұрған ғимаратына тағы да келдiм. Мiржақып Дулатұлының да осы жерде болғаны анық. Дəл осы көшемен қалалық бақтың қоршауын жағалап жүрмедi дейсiз бе? Қала саябағын революцияға дейiн осылай қала бағы деп атаған. Кешкi iңiр. Мен Зайсанның екiншi көшесiмен қалалық саябақтың қоршауын жағалап келе жатырмын. Мiржақып Дулатұлының кезiнде көшелер Жеменей өзенiне параллель созылып, нөмiр бойынша аталған. Екiншi көшенiң жоғарғы жағынан солға қарата К. Н. Собачкиннiң үйi, ал осы көшенiң төменгi жағында А. С. Хохловтың үйi болған. Қалалық саябақ қоршауының шетiнде, қарсы бетте қалалық училищенiң жартылай иесiз қалған құрылысы қазiр де тұр. Мен Зайсан қалалық үш сыныптық училищесiнiң кең қақпасы алдына тағы да келiп тұрмын.
Кiрпiштердiң қалануына көз саламын. Шатырдың астына фронтон арқылы кiрпiштен қарапайым пiшiндер жасалған. Олардың əрбiр екiншiсiнiң бүйiрi сыртқа қарай шығыңқы қаланған. Бұл революцияға дейiнгi ескi сəулет өнерiнiң өрнегi. Қалалық училищенiң бос қалған ғимараты — мен үшiн Мiржақып Дулатұлы мен оның Зайсандағы замандастарының болған жерi туралы бiрден-бiр сенiмдi бағдар. Жəне осы жерде көшелердiң қиылысында орналасқан қалалық бақтың да Мiржақыпқа тiкелей қатысы бар. Рас, жиырмаотыз жылдай бұрын Мiржақыптың кезiнде отырғызылған ескi ағаштардың орнына жаңалары отырғызылды. Олар да бүгiн өсiп тұр. Қалалық училищенiң терезесiнiң алдында екi көгершiн қонып отыр. Оларды ештеңе алаңдатпайды. Сiрə, iштегi бөлмелердiң бiреуiнде олардың ұялары болса керек. Кешке қарай бұл жерде тып-тыныш, күзгi кештiң күңгiрт жарығы бозамықтанып тұр. Ғимараттың шет жағындағы арық суының сылдыраған дауысы ғана естiледi. Мiржақып Дулатұлының кезiнен берi тұрған теректерге ұзақ қарап тұрып, судың сылдырына құлақ тосамын. Қараңғы түсе қонақүйге қайтамын. Кешкiсiн қонақүйде өзiммен бiрге алып жүрген Зайсан қазаншұңқырының картасына тағы да үңiлiп қараймын. Менде екi шақырымдық жəне бес шақырымдық кеңестiк картаның көшiрмелерi болды. Кузнецов экспедициясы 1913 жылы жасаған революцияға дейiнгi картаның да көшiрмесi бар едi. Жарма ауылдық мектебiн көз алдыға елестетуге болатындай қандай да бiр iлiк iздеймiн. Картада Жарлы өзенi жəне атауы жазылмаған тағы бiр өзен бар. Бiрақ мен мұның Жарма екенiн кешегi Ерболдың айтқан əңгiмесiнен бiлемiн. “Дж” деп басталатын қазақ атаулары мен фамилияларынан “Д” əрпi отыз жыл бұрын алынып тасталған. Бұл жер- су атауларына да қатысты. Ендi картадан, ең алдымен, Зайсан қаласына қосылған ауылдарды табу қалады. Картадағы барлық атаулар қазiргiсiне сəйкес келмейдi. Карта отыз жыл бұрын жасалынған. Қазiр бəрi басқаша. Атауы өзгерген елдi мекендердiң тұтас бiр тiзiмiн жасауға тура келдi, олар: Кеңсай (бұрынғы Мичурин), Сарытерек (бұрынғы Пржевальское), Қоғадай (бұрынғы Жамбыл), Бiржан (Рожковоның бұрынғы атауы). Ал
Пржевальское елдi мекенi Зайсанға тиiп тұр. Өзiнiң Гималайға, Кун- Луньге, Алашаньға, Такла-Маканға жасаған ұзақ экспедициясынан кейiн белгiлi географ əрi саяхатшы ғалым серiктерiмен бiрге осы жерде түнеп шыққан. Картада Айнабұлақ кентi бар. Бұл кент те Қызыл Талап, Красный Жеменей деген əртүрлi атауға ие болған. Бiрақ ешқандай Жарлы ауылдық кеңесi де, Жарлы мектебi де бұл жерде болған жоқ. Мұны Семей облысындағы Көкпектiнiң арғы жағынан iздеу керек дегендi маған тағы да ескерттi. Керек болар деген оймен, Айнабұлақтан Зайсанға дейiнгi қашықтық он екi шақырым екенiн есiмде сақтауға тырыстым. Бұл жетi-сегiз верст. Мұндай мəлiметтердiң керегi болуы мүмкiн. Алайда өзендер өз атауларын сақтап қалған. Олардың атаулары бойынша бағдарды анықтап, Жарлы ауылын iздеуге болады. Жарма жəне Жарлы өзендерiнiң бойында орналасқан кент туралы сұрап бiлу керек болды. Жарма өзенiнiң бойында Жарсу, Сарыжыра, Бонасу ауылдары мен көптеген қыстаулар жатыр. Бiрақ маған мұның қажетi жоқ. Бұл атаулардың Жарлы ауылдық мектебi дегенмен ешқандай байланысы жоқ екенiн iштей түйсiнгендеймiн. Қарабұлақ, Жарсу, Сарыжыра екiншi орынға қалды. Жарлы өзенiнiң ағысы бойындағы ауылдарда тағы да болуым қажет. Бiрақ картада Жарлы өзенi бар. Маған керегiнiң өзi де осы. Одан кейiн Жарлы мектебiн iздеп табу керек. Жарлы өзенiне көптеген арналар қосылады, ал солтүстiгiнде тағы да бiрсыпыра арнаға бөлiнiп кетедi, бiрақ Қара Ертiске жетпейдi, өйткенi оның екi жағын да құм басып жатыр. Қуаныш кентiне қайтадан барып, көне қыстауларды, олардың орналасуын мұқият қарап шығу қажет. Егер Мiржақып Қуанышта (дəл айтқанда, Жарлыда) тұрған болса, ол, əрине, негiзгi кенттердi жарты доға түрiнде жалғастырып жатқан осы заманғы асфальт жолмен жүрмегенi белгiлi. Қуаныштан Зайсанға дейiн салт аттыға, арбалыға, тарантасқа арналған төте дала жолы болуға тиiс. Сөйтiп, мен тағы да
Қуаныштамын. Жарлының тура жағасында тұрып алып, мектеп iргетасының қалдықтарына, елсiз бос қалған қазақ қонысының топографиясына жəне Жарлы кооперативiн құру кезеңiнде салынған қазiргi Қуаныш ауылының қалпына қарап тұрмын. Бұл мектептiң iргесi күйдiрiлген кiрпiш пен тастан қаланған. Жəне ол белгiлi бiр дəрежеде сақталып қалған. Рас, құрылыс қалдықтарының үйiндiсiне ұқсайды. Бұл ендi мектепке арналған екiншi үй-жай. Ол биiктеу жерде, қазiргi кенттiң ең солтүстiк-батыс жақ шетiнде тұр. Төменде су диiрменi тұрған кең ойпаң бар. Кезiнде мұнда əкелi-балалы Пащенко дейтiн шеберлер бiрiнен кейiн бiрi жұмыс iстеген. Менiң əңгiмелес танысым Петр Кривологов диiрменшi Пащенколардың алыс туысы екен. Айтпақшы, жергiлiктi мектепке байланысты Таласбек Тохтабайұлы мынаны айтты: — ХХ ғасырдың басында ауылда болыс басқарушысы Бекмұхамед болды. Ол мешiт пен мектеп салдырды. Бiтебай старшина да осындай құрметтi адам болды. Ол кеңестiк кезеңде де белсендi қайраткер болды. 1926 жылға дейiн бiздiң жерiмiзде революцияға дейiнгi əкiмшiлiк бөлiнiстер — уезд, болыс атаулары сақталды. Бекмұхамед жөнiнде кейбiр деректер белгiлi болды. Бұл — Бекмұхамед Сатыбалдин Мiржақып Дулатұлының кезiнде болыс басқарушысы емес, Қара Ертiс болысының заңмен бекiтiлген молдасы болды. Алайда басқаша болуы да — Бекмұхамед Сатыбалдин 1904 жылға дейiн немесе 1907 жылдан кейiн болыс басқарушы болуы да мүмкiн. Бұл да ойда болуы керек. Басқа да жайттар анықталды: Қуаныштан Зайсанға дейiнгi арба жолының ұзындығы 25-26 шақырым. Қуаныштан Даировоға салт атпен жəне тарантаспен немесе арбамен баруға тура келедi. Бұл — бес-алты шақырым. Онда Жарма өзенiне салынған көпiрден өтiп, одан соң жол Батпақсу, Жiңiшкесу арқылы Қарашiлiктiң тұсынан өтедi, ал арғы жағында — Зайсан. Бұл жол арқылы жыл мезгiлiнiң əртүрлi кезiнде, ыстықта, суықта, көктем мен күздiң аумалы-төкпелi күндерiнде Мiржақып Зайсанға барып-қайтып отырды. Бұл жолды ол жақсы бiлдi.
Осы жолмен кетiп бара жатып, Мiржақып өлеңдерiн жазды. Мұнда ол табиғат көрiнiсiн қызықтап, құстар əнiне құлақ түрдi, жабайы қабандар мен дала түлкiлерi де кездестi. Жол жиде, жыңғыл бұталарының арасымен, тоғайлы ормандардың ортасынан өтедi. Осы жерге, жиырмасыншы шақырымға оның романының кейiпкерi Жамал Жарлы ауылынан атпен келген. Ақ құйынды боранда ат жолдан шығып кетiп, Жамал қаза тапты. Əйел теңсiздiгi осындай трагедияға алып келдi. Өлкетанушы Таласбек Тохтабайұлымен бiрге көне Қуаныш ауылының орталығына келдiк. Ол автокөлiк жолы арқылы бiрдей емес екi бөлiкке бөлiнген. Қыстаулар орналасқан орын бiраз жоғарырақта. Қыстаулардың бiр шетi Қонақай өзенiне тiреледi. Карталардың бiрiнде ол Ақсу деп белгiленген. Үйлердiң орнында құрылыс материалдарының үйiндiлерi жатыр. Мұндай құрылыстарды салу дағдылары жөнiнде Таласбек: — Мұндай құрылыстарды домала деп атайды, — дейдi. — Құрылыс материалдарына шым, топырақ немесе қамыс пайдаланылды. Солардан үйдiң қабырғасын көтердi. Содан соң оны батпақпен сылады. Бiрде əңгiме арасында Таласбек, кенеттен, бiр кезде олардың ауылында Жарлы ауылдық кеңесi болғанын айтып қалды. Сөйтiп, дəл осы жерде Жарлы ауылы болғаны белгiлi болды. Бұл менi ерекше күйге бөледi, бiрақ мен бұл хабардың өзiм үшiн үлкен олжа болғанын түрiмнен бiлдiрмеуге тырыстым. Үйлердiң қираған қабырғалары мен үйiндiлерiнен көрiнiп тұрғанындай, ескi елдi мекен Қонақай өзенiнiң жағалауын бойлап, бiр шақырымға созылып жатыр. Елдi мекен көлденеңiнен жарты шақырымдай болады. Бұл жерде көптеген қыстау үйлерi болғаны байқалады. Қираған үйлердiң орындарына қарағанда қыстаудағы үйлер тығыз орналасқан тəрiздi. Бұл жағдай қыстау тұрғындарының қыстыгүнi малдарын қасқырдан қорғауына қолайлы едi. Бiрнеше жерде өзенге апаратын қия бет жол бар. Ауылдың орта тұсындағы осындай жол қазiр де сақталған, тұрғындар оны жиi пайдаланады. Бұл жолмен ат суаруға Мiржақыптың да келгенi анық. Мектеп пен мешiт бiр-бiрiне қарама-қарсы, Қонақайға апаратын негiзгi жолдың қарсы бетiне орналасқан. Бұл жерде мешiт пен мектеп салуға орын болған жоқ.
Мұнда 30—50 жыл бұрын салынған қыстаулар тұрды. XX ғасырдың басында бұл жерге Мiржақып Дулатұлы келердiң қарсаңындағы жағдай осылай болған. Сондықтан мектеп пен мешiттi кенттiң басқа жағына, жақын маңайда диiрмен жəне Жарлы өзенiнен тартылған тоған бар тұсқа салған. Ұзыннан-ұзақ созылған тұрғынжайға көз салып қарап тұрмыз. Сiрə, ол да шым топырақтан соғылса керек. Оның ұзындығы қырық метрдей. Онда ауыл мектебi болған. Таласбек: — Мұнда мектеп болған, — деп түсiндiредi. — Оқытушы болып Нығматулла молда жұмыс iстеген. Ол жəдит жүйесiмен оқытқан. Ендi ескi мешiттiң қалған орнын қарап тұрмыз. Оның қатарында осы заманғы жаңа мешiт тұр. Одан Жарлы өзенiнiң жайылмасына дейiнгi аралықта бiрнеше көшесi бар, үлкен де кең, жаңа кент орналасқан. Қай жағынан алып қарағанда да бұл кент ұжымдастыруға байланысты Қуаныш деп аталған. Сол кезде Жарлы өзенiнiң дəл жағасындағы көрiктi жерге мектептiң үй-жайы салынған. Өзен жағалауына қалың тоғай, жыңғылдың биiк бұталары өскен. Мұнда өзен бойында қырғауылдар, жабайы үйректер мен қабандар, түлкiлер өрiп жүрген кең алқап бар. Өзен негiзгi жəне айналма болып екi арнаға бөлiнедi. Бұл жерде екi диiрмен болған. Ал оның бiрiншiсi қашан болып едi? Қоныс аударушылар Пащенко Даниил мен оның ұлы Алексей диiрмен ұстаған. Содан соң бəрiн қайта жасады. Екi тоспаны ондаған, тiптi жүздеген адам қолмен толтырды. Кейiнiрек бiр жерде ұжымшараралық диiрмен болды. Демек, ұжымдастыру кезiнде жеке мектеп, су диiрменiн қайта жасады, үлкен топырақ үйiндiлерi үш есе артты, бiр жерден екi диiрмен орнатты. Жер қазу жұмыстарының орны жақсы сақталған. Өзеннен су шығарудың құрылғысы да көзге шалынады. Ендi бұл жер — биiк шөптер жапқан терең шұңқыр. Мұны Пащенко отбасының Зайсанда тұратын, алыстан қосылатын туысы айтқан едi. Қазақтардағы жер мəселесi жөнiнде Мiржақып Дулатұлы былай деп жазды: “1731 жылы бiз Ресейдiң қол астына кiргенiмiздi мойындадық, ал бiздiң надандығымыз бен əлсiздiгiмiз белгiлi болған кезде Ресейдiң қазақ жерiне деген тəбетi артып, 1868 жылы барлық қазақ жерi Ресейдiң мемлекеттiк билiгiне өттi. Жыл сайын бiздiң жерiмiз бен су байлығымыз азайып, шаруа қоныстары дегеннiң қарамағына өтiп
келедi. Халықты басқаратын қадiрлi ақсақалдар, сiздер бұл туралы ойланып отырсыздар ма? Темiрдi қызған кезiнде соқпаудың салдарынан сiздер болашақ ұрпақтың көз жасына қаласыздар. Кiндiгiмiздi кесiп, кiрiмiздi жуған туған жер, қош бол ендi, қызығыңды мұжықтар көрер, ал ата-бабамыздың қасиеттi молалары көшелер мен қоныстардың астында қалды. Атамекен жерiне бiр келгенiмде сол молалардың iзiн де таппай, көзiмнен қанды жасым ақты. Бəрi кеттi: айдынды шалқар көлдер де, арқырап аққан тау өзендерi де, құтты мекен қоныстарымыз да, ну тоғайлы ормандарымыз да, түгiн тартсаң майы шыққан ойпаңды жазық даламыз да бəрi кеттi. Осының бəрiн ойласам, ақылымнан адасып, iшiмдi ыстық жалын жайлайды. Алғашында əдiлдiкпен өмiр сүрермiз деген үмiтпен жерiмiзден айырылдық, жерден айырылған соң, ендi, қазақ, малыңды шөлге жаймағанда нең қалды? Қарапайым халық не iстерiн бiлмей, дал ұруда, тек оқыған бiлiмдi адамдар, сiздер ғана қандай да бiр айла (дұрысын айтқанда, осы бiр қиын жағдайдан шығар жолды) ойлап таба аласыздар. Қайда, қазақ, сенiң жерiң, сенiң ата-бабаң мен “қазақ” аталған халқың қайда? Ендi, мiне, сендердiң бəрiңдi де құтты қоныстарыңнан қуып шығып, босаған орындарыңа өздерiнiң селоларын салып алды, сөйтiп сiздердi хохолдар титықтатты. Сайын даламызға сан тараптан жер өлшеушiлер келiп, селолар салу үшiн ең жақсы жерлерiмiздi, шөбi құнарлы, суы бал татыған кең даламызды тартып алып жатыр, қайда сол қиыннан ақыл, қиядан жол табатын ойлы азаматтар? Биiк таулар мен қырқа-қырлардан құлап аққан өзендерден, толқыны жар соққан көлдер мен бетегесi белден келген жазира даламыздан айырылдық. Жер кеткен соң көшiмiз де тұралап, жатаққа айналдық. Бiзге қалғаны — сор татыған су мен иесiз шөлдер ғана, жайқалтып астық өсiретiн жақсы жерлер ендi жоқ, ендi осыдан кейiн байлар қора толы қойлары мен үйiрүйiр жылқыларын тақыр дала мен тасты тауларға қалай жайсын?!” Зайсан уезiнде үш ауылдық мектеп болды: бiреуi Қалжыр болысына қарасты Қалжыр өзенi бойында. Бiр мың да тоғыз жүз үшiншi жылдың
оныншы мамырында ашылған. Мұғалiмдердi ата-аналардың қаржысы есебiнен ұстады. 1905 жылдың 1 қаңтарында бұл мектепте жетi оқушы оқыды. Екiншi ауыл мектебi Нарын болысындағы Ақсуат қонысында болды. Ол да ата-аналар қаржысына жұмыс iстедi. 1902 жылдың 1 қыркүйегiнде ашылған. Мұғалiмi — Биахмет Шегеден Сəрсенов. Ол Омбыдағы бес жылдық қалалық училищенi бiтiрген. Жылына 360 рубль жалақы алды. Мектепте сегiз оқушы болды. Ең үлкен ауыл мектебi Қара Ертiс болысындағы Жарма мектебi болды. 1902 жылдың 1 қазанында ашылған. Сол жылы Семей облысында 22 ауыл мектебi ашылды. Мiржақып Дулатұлы Жарлы ауылдық мектебiнде мұғалiм болып жұмыс iстедi. Ол ата-аналар қаржысына арқа сүйедi, мұғалiм Иван Губкин жылына 360 рубль алды. 1905 жылдың 1 қаңтарында онда отыз оқушы бiлiм алды. Алайда жоғарыда айтқанымыздай, Мiржақып Дулатұлы 1904 жылдың 1 маусымынан бастап осы мектепте жұмыс iстеуге тиiс болды. Демек, Мiржақып Дулатұлының кезiнде оқушылар саны үш-төрт есе көбейдi. Жарлы ауылында қызық жағдай қалыптасты. Ресми əкiмшiлiк ашқан ауыл мектебiмен бiрге мұсылман мектебi де жұмыс iстедi. Дiни мектепте “Сенiм шарттары”, “Əптиек” кiтапшалары бойынша оқытты, оқуға, жазуға жəне санап есептей бiлуге үйреттi. Мұнда мұсылмандық iлiм негiздерiн меңгерту мақсаты көзделдi. Ауылдық мектепте типтiк бағдарлама бойынша оқытты. Олар қалалық училищелердiң мұғалiм- инспекторлары мен облыстық инспекторлары көмекшiлерiнiң бақылауында болды. Мектеп инспекторларының көмекшiсi инспектордың басшылығымен жəне толықтай оның нұсқауларына сəйкес жұмыс iстеп, облыстағы мұсылман мектептерi мен медреселерге жетекшiлiк етуге баса көңiл бөлдi. 1900 жыл туды, сол кезде Дала генерал-губернаторы Таубе өзiнiң адамын Торғай облысына жiберiп, жергiлiктi жердегi жағдайды анығырақ бiлуге тапсырма бередi. Сол 1900 жылдың 11 ақпанында ол егжей-тегжейлi есеп алды, оның негiзгi мəселелерi төмендегiдей болды: 1. Қырғыздар арасында орысша бiлiм беру айтарлықтай кең таралып, берiк орныққан.
2. Ауыл мектептерi мен орыс-қырғыз училищелерi даладағы құпия мұсылман мектептерiнiң өмiр сүру мүмкiндiгiн дерлiктей түбегейлi түрде жойған, сондықтан бұл бағыттағы қандай да бiр əрекеттер жария мектептер санының жеткiлiктi болуына байланысты қырғыздардың өздерi тарапынан қолдау таппайды немесе мұғалiмдердiң көрсетуiне сүйенiп, Оқу-ағарту басшылығы құпия дiни мектептердiң жұмыс iстеуiне тыйым салып отырған. Молда немесе Бұхарадан келген қандай да бiр жалған ғалым мен үкiметтiк мұғалiмнiң арасында тiптi соңғысы мұсылман болса да, бəрiбiр келiсiм мен тiлтабысушылық болуы мүмкiн емес. 3. Орыс мектептерi, егер түгелдей болмаса да, айтарлықтай деңгейде қырғыз даласына ел аралаған молдалар мен татарлар арқылы келген мұсылмандық фанатизмдi жойды, қазақ мектептерiне орыс мерекелерiнiң тереңдеп енуi жəне керiсiнше одан мұсылмандар мерекелерiн ығыстырып шығаруы — осының дəлелi болып табылады. 4. Орыс транскрипциясы қырғыздар өмiрiнен араб жазуын ығыстырып шығара отырып, сонымен қатар Дала өлкесiнде мұсылман тiлiндегi ұнамсыз жəне зиянды басылымдардың таралу жолдарына тосқауыл қояды, орыс кiтаптарының үстемдiк алуына кең жол ашады, сондай-ақ қырғыз даласына бiртiндеп енiп келе жатқан жазу-баспа материалдарының рухы мен бағытына жалпы цензуралық жəне жергiлiктi əкiмшiлiк бақылаудың ықпалы барынша артып, орнығып келедi. 5. Орыс-қырғыз мектептерi орыс рухындағы жалпыазаматтық ұғымдардың ұрығын егiп, белгiлi бiр мəдени даму мен құрылысты жүзеге асыра отырып, мектептер арқылы орыс тiлiнiң бiржақты үстемдiгiн орнықтырудың бiрiншi кезектегi кепiлi болары сөзсiз. Жарлыдағы ауыл мектебi iргетасы аласа, пешпен жылытылатын, шикi кiрпiш пен батпақтан тұрғызылған үй. Оның дəлiзi, сынып бөлмелерi жəне қосымша үй-жайлары болды. Нұсқауда былай делiнген: “Жабдықтар арзан жиһаздардан құралады: оқушыүстелдерi, мұғалiмнiңүстелiжəне орындықтар (екi оқушыға арналған) болады. Оқушылар үстелдерi азиялық халықтарда қолданылатындай етiп жасалуы тиiс. Бұл — енi əдеттегiден екi есе артық, биiктiгi 7-8 вершок
ұзын табуреткалар, үстелдiң ұзындығы шамамен еденге жайғасқан 6 оқушы əр үстелдiң екi жағына үш-үштен сыйып отыратындай болуы тиiс. Əрбiр мектепте киiз немесе екi сандық, аласа шкаф, қоңыраулы сағат, əдеттегiмен салыстырғанда өлшемдерi кiшiлеу сынып тақтасы, сынып журналы болуы қажет. Ұлы мəртебелi император мен императрицаның портреттерiн 7х8 шаршы вершок көлемiнде қаңылтыр рама iшiне қою ұсынылады”. Жабдықтар оларды жөндеуге немесе патшалардың портреттерiн сатып алуға ақша шығындамау үшiн ұзақ мерзiмге есептелдi. Керосин шамдар да мектеп мүлкiне жатты. Мектеп үйiнiң iшi-сыртына қарайтын күтушiлер де болады. Өзiнiң оқушыларына Дулатұлы былай дейтiн: “Жастар, шеберлiктi үйренбей, ғылыммен шұғылданбай, құр босқа уақыт өткiзбеңдер, егер сендердiң əрқайсыларың лайықты iстермен шұғылданған болсаңдар, онда бiзге басқалар əлiмжеттiк көрсете алар ма едi? Сендер əкелерiңнiң барлығына мəз болып, өздерiң бос сөзге əуес болып, “мырза” деген жеңiл атаққа қызығып, ауылдан-ауылға қыдырумен жүре бермексiңдер ме? Сырттарыңнан қарағанда бəрiң де жақсысыңдар, мұрттарың жылтырап тұр, ал өздерiңмен əңгiмелесе қалсақ, iштерiң бос, қалайша сендердi ақымақ деп атамайды? Кедейлiктi түзетуге, оңалтуға болады, ал бiлiм алатын уақытты қолдан шығарып алсаңдар — өкiнесiңдер жəне кейiн қол созған кездерiңде кеш болады”. Төрт жылдық бағдарламаға орыс тiлi ендi. Оқу ведомствосы бұған ерекше көңiл бөлдi. Сонымен қатар қазақ тiлi мен арифметиканы үйрендi. Оқыту қазақ тiлiнде, сыныптық жүйеде жүргiзiлдi. Бiрақ сынып бөлмелерiнде төрт бөлiмнiң оқушылары бiрге отырды. Мұғалiм кезекпе-кезек алдымен бiреуiмен, одан соң басқаларымен жұмыс iстеуге мəжбүр болды: өйткенi мектеп бағдарламасы төрт жылдық оқытуға арналды. Үкiмет пен жергiлiктi басқару құрылымдары — уезд бастықтары, мектеп инспекторлары қазақтарға арналған бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi орыс тiлiне үйрету болуға тиiс деп есептедi. Ауылдың, болыстың, орыс-қазақ мектептерi қазақ балаларын, ең алдымен, орыс тiлiне үйретуге тиiс болды жəне солай оқытты да. Ана тiлiнде оқу мен жазу, арифметика, география, тарих екiншi кезекке
ығыстырылды, əсiресе қазақ тiлi. Ауылдық, болыстық, орыс-қазақ мектептерiнде сабақты қазақ тiлiнде жүргiзу талабы қойылды. Алайда көп реттерде билiк көзжұмбайлыққа салынды. Мiржақып Дулатұлына дейiн Қайдауыл жəне Қара Ертiс болыстарында мұғалiмдер орыстар болды. М.Дулатұлы өз шəкiрттерiне былай дейтiн: “Оқушылар, кез келген ғылымды, əсiресе пайдаланып бiлуге тырысыңдар. Өздерiңмен үлкенiрек (iрiрек) оқулықтарды көтерiп жүрiп, оларда не жазылғанын, ондағы сөздердi қалай түсiну қажет екенiн бiлмей ұятқа қалмаңдар. Бiр мұғалiмдi мақтап, екiншiсiн жамандамаңдар, бостан-босқа көшенi таптап жүрмеңдер. Сенiң табыстарың мен пайдалы iстерiңе ата- аналарың ғана емес, тiптi туыстарың мен таныстарың да зор үмiт артып отыр. Сенiң уайым-қайғың, алаңдайтын жағдайың жоқ болса да, бəрiбiр шыда, бiлiм ал, оқы. Жақсылықсыз жамандық жоқ, түптiң түбiнде еңбегiңнiң пайдасын көресiң, қарағым. Бiз Ресей қарамағында тұратындықтан, бiздер үшiн орыс тiлiн бiлу — мiндет. Ғылым — əркiм де барып, дəмiн татуға тиiс болатын бiлiмнiң қайнар көзi. Журналдар мен газеттердi оқуға дағдылан жəне онда айтылғандарды түсiнуге тырыс, ал ненi бiлмесең немесе түсiнбесең, сұрап ал, оқтау жұтқандай сiресiп, қақайып тұрма. Бiздiң көз жасымызды құрғататын жiгiттер қайда? Өйткенi, бiздер, қазақтар тар жерде қысылыпқымтырылып тұрып, жылаумен күнiмiздi өткiземiз. Егер бiз шiрiген ағашқа ұқсап, өзiмiздi кемiрiп жеген құрт-құмырсқаға қарсы тұра алмайтын болсақ, онда не болмақ. Егер бiз өзiмiздiөзiмiз бiреулерге жем етiп қояр болсақ, кiмнiң тəбетi тартпайды дейсiз?” Қазақтарда бастауыш бiлiм берудiң дəстүрлi түрi мұсылман мектептерi болды. Сабақты молдалар өткiздi. Бұлар жекеменшiк оқу орындары едi — оларда Құранның жетiден бiр бөлiгiн оқытты, оқу мен жазуға үйреттi. Мұндай мектептер оқыту ырғағының қалыптасқан ережелерi мен шектеулi мүмкiндiктерге ие едi. Қазақстанға Ресей ықпалының дендеп енуi барысында мұндай мектептер қазақ қоғамын қанағаттандырмайтыны айқындалды. Қазақ зиялылары мен оқығандары арасында дəстүрлi мұсылмандық мектептердi немесе
орысша-қазақша, ауылдық жəне болыстық мектептердiң түрлерiн таңдауда баламалы көзқарастар туындады. Алекторов, балаларды орысшаға оқытуды “Даналық баспалдақтары”, ал одан соң Граменицкийдiң оқу кiтаптары деген атпен белгiлi “орыс- қырғыз” əлiппесi бойынша бастау қажет деп көрсеттi. Педагог И.Я. Гармстың тұжырымдағанындай: “Граменицкийдiң, орыс тiлiн оқытуда аты шулы “натуралды əдiстi” негiзге алған оқу кiтаптарын басты құралға айналдыра отырып, халық ағарту министрлiгi ауылдық мектептердiң бiлiм беру мүмкiндiгiн барынша шектедi”. Алайда мектеп инспекторы А.Алекторов басқа пiкiрде болды. 1902 жылдың өзiнде ол мұғалiмдердiң басшылыққа алуы үшiн “Ақмола жəне Семей облыстарының ауылдық мектептерiнде пайдаланылатын оқулықтар жəне оқыту тəсiлдерi” жəне “Орыс ауызекi сөздерi мен орфографиясының үлгi сабақтары жəне грамматикалық мəлiметтер жөнiндегi хабарлама” дейтiн өзi құрастырған маңызды екi құжатты ұсынды. Өзiнiң “Даналық баспалдақтары” деген орыс-қырғыз əлiппесi туралы айта келiп, Алекторов алғашқы құжатында былай деп атап көрсеттi: “Сауат ашуға оқыту оқушылардың табиғи тiлiнде (ана тiлiнде. — ауд.) басталуы тиiс. Сонда ғана оқыту саналы түрде жүзеге асырылады жəне “белгiлiден (қазақ тiлiнен) белгiсiзге (орыс тiлiне), жеңiлден қиынға өту керек деген басты педагогикалық қағидаға қайшы келмейтiн болады. Табиғи тiлде оқыту балаларды бiрден қызықтырады — олар бəрiн түсiнедi, бəрiнiң iшiне кiрiп, үлкен талаппен жəне зор ықыласпен жұмыс iстейтiн болады”, “... əр оқушының сөзi нəрсе жəне оның сапасы мен əрекетi жөнiндегi айқын да дəл түсiнiктен тууы шарт. Сауаттылыққа оқыту əдiсi — мiндеттi түрде дауыстап оқыту болмақ жəне ең тəуiрi — талдап оқыту”, “оқыту көрнекi болуы тиiс”. Қазақ тiлiнен орыс тiлiне бiртiндеп өту барысында, Алекторов балалар өздерi үйренгеннiң бəрiн түсiнгендiгiн жалықпай қадағалап отыру қажеттiгiн талап еттi. Əлiппенi өтуге оқытудың алғашқы жылын пайдалану көзделдi. ХIХ ғасырдың соңында педагогтер қауымын толғандырған ең өткiр теориялық мəселе оқыту тiлiне қатысты болды, бұл ретте Алекторов
оқытуды оқушылардың ана тiлiнде жүзеге асыру қажет деген бiрмəндi пiкiрдi ұстанды. Оқыту əдiстерiне келетiн болсақ, бұл кезде жаңа типтi мектептерде əлi бiрыңғай оқыту əдiстерi болған жоқ болатын. “Оқыту əдiстерi” терминiне көптеген адамдар оқыту курсын құру тəртiбiн қамтитын белгiлi бiр əдiстемелiк жүйе ұғымын енгiздi. “Оқыту əдiстерi”, “оқыту тəсiлдерi” ұғымы ол кезде қазiргi педагогикалық ғылымдағыдан бiраз өзгеше мағына беретiн. Бұл жөнiндегi көзқарас бойынша екi түрлi бағыт қалыптасты: көрнекi- аудармалы əдiсiнiң жəне орыс тiлiн оқытуда ана тiлiне (қазақ тiлiне) сүйену бағытының жақтаушылары К. Ушинский, И. Ильминский, А. Алекторов, Ы. Алтынсарин болды. Орыс тiлiн оқыту барысында ана тiлiн пайдалануға қарсы тұрған натуралды, тiкелей оқыту əдiсiн К. Шельцель, Г. Граменицкий жақтады. Бұл бағыттардың өкілдері арасында өткiр пiкiрталастар болды. Орыс тiлiн оқыту барысында салыстырмалы психолингвистика мен лингвистикалық дидактика фактiлерiне негiзделген, ана тiлiне сүйену ұстанымы қазiргi əдiснамада да басты бағыт болып табылады. Ы. Алтынсарин, А. Алекторов жəне басқа да жаңашыл педагогтер өздерiнiң (көрнекiаудармалы) əдiснамасында балаларға грамматика үйретудi, тiлдi практикалық тұрғыдан меңгертудi мiндет етiп қойды. Тiкелей, натуралды оқыту əдiсiнiң жақтастары оларды осы үшiн кiнəлаған едi. Орыс тiлiн көрнекi-аудармалы əдiстi қолданып оқыту үрдiсiнiң мəнi мынада: мұғалiм нəрсенiң өзiн немесе оның суретiн көрсете отырып, сөздi орфоэпиялық тұрғыдан дұрыс əрi дауыстап оқиды. Дəл осы əдiс Мiржақып Дулатұлының жанына жақын болды. Ол оқушылар үшiн ана тiлiнiң абызындай болып көрiндi. Болыстық жəне ауылдық мектептерде шектеулi көлемде ислам қағидалары да үйретiлдi. Бұл туралы Дала генералгубернаторы кеңсесiнiң шенеунiгi Селицкий мынадай түсiнiктеме бердi: “Болыстық жəне екi сыныпты орыс-қырғыз училищелерiнде мұсылмандық дiн iлiмiн оқытуға рұқсат беру шарасы бiр қарағанда солай болып көрiнетiндей, исламның пайдасы үшiн жасалған қандай да бiр əрекет емес екенi былай тұрсын, оның үстiне ол қырғыздардың дiни тəрбиесiн фанатикалық жəне зиянды елiктеушiлiк дағдылардан тазартудың
құралы болып табылады, сондықтан мектептерде қазiр дiн оқуын аптасына 2-3 сабақтан артық емес, — сенiмi күмəндi молдалар да, Бұхарадан келген кезбелер де емес, қырғыздардан шыққан, орыстық рухта азды-көптi бiлiм алған мұғалiмдер жүргiзедi... Мұсылмандық дiн оқуының курсы мұсылмандық катехизистi (иманшарт) оқытумен шектеледi, ал ислам тарихының орнына əптиек (Құранның жетiден бiр бөлiгi) оқытылады. Мұсылман оқушылардың шариғаттың (мұсылман құқығының) iшкi мəн-мағынасын терең түсiнiп кетпеуiне ерекше көңiл бөлiнiп, қатаң бақыланады”. Ендi Жарлы атауына қайта оралайын. Ауыл жан-жағынан қоныс аударушылардың ортасында қалған, кедей, жарлы. Мұны елдi мекеннiң атауы да айғайлап айтып тұр. Тура жанында Жарлы өзенi, оның жағалауы да ұзыннан-ұзақ биiк жарға тiрелген. Мұндайға сенбеуге болмайды — Жарлы елдi мекенi дегенiмiз осы.
Мектепте жəне кiтапханада Мiржақып əрбiр сəттi кезеңдi пайдаланып, Зайсанға баруға, кiтапханадан немесе таныс адамдардан жаңа кiтаптар алып оқуға, жаңа газеттердi үзбей қадағалап қарап шығуға ықыласты болды. И. Куминов оған жаңа училище ғимаратының құрылысына қатысты алаңдаушылығы мен əуре-сарсаңдары туралы жиi əңгiмелейтiн. Күзде- ақ жағдайды егжей-тегжейiне дейiн түсiндiрiп айтып, Мiржақыптан құрылыстағы мұқтаждықтар жөнiнде “Семипалатинский листок” газетiне мақала жазуды өтiндi. Мiржақып та солай ететiндiгiн айтып, уəде бердi. Ол өзiнiң материалын редакцияға поштамен жiбердi, ал И. Куминов Семейдегi танысы арқылы жарияланымды тездетуге тырысты. А. А. Шевелев жұмыс iстеген Қалалық қоғамдық кiтапхана Мiржақыптың жиi баратын сүйiктi орнына айналды. Кiтапхана 1894 жылы ашылған едi. Бұл жөнiнде Зайсанның байырғы тұрғыны А. С. Хохлов былай дейдi: “1894 жылы Зайсанда Қалалық қоғамдық кiтапхана ашылды. Бекiтiлген жарғының 6-параграфына сəйкес, Қалалық қоғамдық басқарма кiтапхананы басқару жөнiндегi жауапты қожайын болып саналды. Жарғыдағы §8-бойынша күтпеген қажеттiлiктерге арналған қор капиталын құру үшiн жыл сайын тағайындалатын көмек пұлдан басқа, кiтапханаға түсетiн барлық ақшаның 30 %мөлшерi жыл сайын мiндеттi түрде аударылуы тиiс болды”. Зайсан қаласында кiтапхананың ашылуы Николай Эрастович Ватсонның есiмiмен байланысты. Оның əкесi петербургтiк “Современник” журналының жiгерлi қызметкерi едi. Н.Э.Ватсон гимназияны Петербургте аяқтап, орман шаруашылығы институтында оқыды. Осы кездерi қазақ Мəмбетəлi Сердалинмен бiрге, Александр Ульяновтың “Халық еркi” үйiрмесiне кiрдi. Баршаға белгiлi ұйым жетекшiсi өлiм жазасына кесiлдi, ал Н.Э.Ватсон Зайсанға жер аударылды, Мəмбетəлi Сердалин Көкшетау маңына əкелiндi. Екеуi де полицияның бақылауында болды. 1889 жылы Ватсон Зайсанға жер аударылып келдi. Бұл жерде азаматтық жəне əскери адамдардан саяси тұрғыдан жер аударылғандардың шағын тобы бар болып шықты. Солардың ынта бiлдiруiмен кiтапхана құру iсi басталған болатын.
Мұнда, Зайсанда Н. Э. Ватсон үйлендi, бiрнеше шкафтық кiтапхана жинады, əңгiмелер мен өлеңдер жазды. 1895 жылы ол қайтыс болып, Зайсанда жерлендi, ал оның алдында жеке кiтапханасын шкафтарымен жəне жиһаздарымен қоса қалаға сыйға тартты. Жеке кiтапханасында 2300 том болды. Қалалық кiтапхананы кеңейту үшiн Н. Э. Ватсон алдын ала смета ұсынды, алайда қала старостасы А. Хохлов оны керi қайтарды. Уездiң болыстық хатшылары арасында “жедел” кiтапхана пайда болды, алынған кiтаптар болыстан болысқа таралды. Кiтапхана қызметiнiң мұндай түрiн ойлап табушылар пржевальскiлiк А. А. Шевелев пен басқа болыстардың хатшылары А.П.Барсуков, А.Власенко едi. Олардың бəрi де Николай Эрастович Ватсонмен жақсы қарым-қатынаста болды. Осылардың бəрi қала старостасы А. С. Хохловтың басқаруына көштi, бiрақ ол бұл iске атүстi қарады. Кiтапхана жөнiнде смета құрып, облыстық басқармаға жөнелтумен тынды. Көп уақыт өткеннен кейiн сметаны керi қайырып, кiтапханаға қаржы жұмсаудан бас тартты. Жергiлiктi зиялылар тобы мəселеге атүстi қарағаны үшiн Хохловты сотқа бердi. Шамамен екi жылдан соң, сот болар кезде кiтаптардың елеулi бөлiгi жоғалып кеттi. Билiктегiлер кiтапхана ашу мəселесiн шешудi ұзаққа созды. Осыған байланысты “Сибирский вестник” газетiнде хабарлама шықты, онда былай делiнген: “1895 жылдың шiлде айында бiр қайырымды адам қалаға жақсы кiтапханасын сыйға тартты, кiтапхана əртүрлi 2300 том кiтаптан тұрады, кiтапханалық жабдықтары толық: шкафтары, жиһаздары, тағы басқалары бар. Қалалық өзiн-өзi басқару органы кiтапхананы қабылдап, субсидия беруге мiндеттендi. Бұл туралы қаулы қабылданып, бекiтiлген. Алайда облыстық басшылықтың қалауымен кiтапхана ашылған жоқ деген сылтаумен қалалық кiтапханаға тиiстi субсидия сметадан шығарылып тасталды. Бiрақ кеңседегi қағазбастылық аяқталып бiткенше, кiтапхана да ашылды, ал жоғарыдағылар мұны бiлген жоқ ... Мiне, осылайша əсiресе Зайсан секiлдi түкпiрдегi елдi мекенде осындай iзгiлiктi де пайдалы iстер, ақсүйектер билiгiнiң сорына қарай, кейбiр мырзалардың көзқарастарының ақылға сыйымсыз өрескелдiгi салдарынан тұйыққа тiрелiп жатады”.
Ал кiтапхана ресми түрде 1896 жылдың 2 наурызында өзiнiң жұмысын бастады. Істi алдыға жылжытатын абзал адам табылды. Ол қалалық екі сыныптық училищеге Пржевальскiден, Зайсанның түбiнен келiп, жұмыс iстеп жүрген мұғалiм А.А.Шевелев едi. Сөйтiп, қоғамдық кiтапхана А.Хохлов мұны облыстық əкiмшiлiкпен келiскеннен бұрын ашылды. Рас, iске немқұрайды қарағаны үшiн Хохлов екi жылдан кейiн сотқа берiлдi. Кiтапханада қосымша жұмыс iстегенi үшiн Артемий Шевелев жылына 60 рубль жалақы алды. Қалалық қоғамдық кiтапхана, сонымен бiрге қалалық училищенiң де кiтапханасы болды. Зайсанға Мiржақып мектеп жөнiнде ай сайынғы есеп беру үшiн жəне таныстарымен кездесiп, адамдармен араласу мақсатында келiп тұрды. Мұндай кездесу органдары базар, училище, кiтапхана, басқа да көпшілік жерлер едi. 1897 жылы Зайсан қаласының кiрiсi 6000 рубльдi құрады. Староста Хохлов қоғамдық басқару кеңесi үшiн полковник Вологодскийдiң үйiн сатып алды. Алайда ол бұған үшiн жұмсалған шығынды басқалардан жинап, орнын толтырғысы келдi. Оның бұл айлакерлiгi “Сибирский вестник” газетiнде сынға ұшырады. Хохлов Зайсан қаласының старостасы, ал полковник Вологодский 3-Батыс Сiбiр полкiнiң командирi болатын. Айырбас екi жаққа да тиiмдi болды. Алайда жанжал да тумай қалған жоқ. Сату-сатып алу iсiнде қаржылық ереже қадағаланбады. Мұндай iскерлiк келiсiм жалпы жылдық немесе қосымша сметаға тиiстi несие түскеннен кейiн ғана күшiне ене алатын. Одан соң дəл осы ережелердiң негiзiнде сметаны губернаторға жiбередi, ал ол өз кезегiнде не сметаның iске қосылуына рұқсат бередi немесе керi қайтарып, оның заңдылығы мен дұрыстығын тексеру үшiн қала iстерi бойынша кеңестiң қарауына жiбередi. Бұл жолы да дəл осылай болды, атап айтқанда, Зайсан қаласы бойынша смета губернатордың қарауына келiп түскен кезде ол бекiтiлмей, қала iстерi жөнiндегi кеңестiң қарауына жiберiлдi, ал ол сатып алу əрекетiн заңсыз деп тапты. Қалалық училищенiң жаңа ғимаратының құрылысына қатысты iс те өте баяу жылжыды. Ескi үй тар, сынып бөлмелерi бiрiне-бiрi жалғасып жататын.
1899 жылы қалалық училище үш сыныптық қалалық училище болып қайта құрылған кезде жаңа ғимарат салу үшiн 600 рубль бөлiндi. Мұғалiм-инспектор қызметiне жақсы дайындығы бар адам, Омбы мен Семейдiң газеттерiнде жарық көрген бiрқатар материалдардың авторы П.Домоховский тағайындалды. Алайда бөлiнген ақша мүлде аз екенi анықталды. 1899 жылы Зайсанда қалалық үш сыныптық училище ашылды. Оған екі сыныптық училищенiң ескi үйi жəне қосымша үй- жай берiлдi. Зайсан үш сыныптық қалалық училищесiнiң мұғалiм-инспекторы Платон Домоховскийдiң ұзаққа созылған жүгiрiсiнен кейiн, 1900 жылы староста Плотников бастаған Қаланың өкiлеттiк кеңесi училищенiң мұқтажы үшiн 600 рубль бөлдi. 200 рубль училищенi жөндеуге кеттi, ал қалған ақша мұғалiмдердiң жалақысы мен шаруашылық қажеттерiне жұмсалды. Алайда қайта қарағаннан кейiн ақшаға байланысты мəселеден бас тартты. Мұны училищенiң тастан қалаған жаңа үйiнiң құрылысы басталады дегенмен түсiндiрдi. Құрылыстың басталуына қатысты iстер тиiстi мекемелер арқылы, белгiлi тəртiп ретiмен жүрдi. 1901 жылы Петербургтегi Мемлекеттiк кеңес осы мақсатта он мың рубль бөлдi. Училищенiң жоба-жоспарын инженер Булашевич жасады. Əйтсе де сметаға қатысты iс бөгеле бердi. Құрылысқа қажет шығынды есептегенде 22666 рубльге жеттi. Ал Петербургтен бөлiнген ақша 1903 жылы ғана түсуге тиiс едi жəне мұның өзi де əлдебiр себеппен iске аспай қалды. Келесi жылы да сең орнынан қозғалған жоқ — орысжапон соғысы басталды. Сөйтiп, қалалық басқарманың жаңа старостасы С.Титов та, оның өкiлеттi адамдары М.Фалилеев, М.Мухин, Л.Зенюков, И.Катков, К.Собачкин, М.Хорошев, В.Анваровтар да ештеңе iстей алмады. Мұғалiм-инспектор П.Домоховскийдiң əртүрлi өтiнiштерi де түкке тұрған жоқ. Бұдан басқа приход училищесi де болған едi. Онда 100-ге тарта шəкiрт оқыды. Жеменей өзенiнiң сырт жағындағы солдат слободасында өздерiнiң мектебi болған жоқ, барлық балалар қалалық училищеге қатынап оқыды. Ендi И.И.Куминов ең болмаса қырық адамдық жаңа сынып бөлмелерiн ашуға əрекеттендi. Қосымша екi бөлме салу керек болды. Инспектор И.И.Куминов осы əуре-сарсаңның бəрiн Мiржақып Дулатұлына əңгiмелей отырып, Жарма мектебi туралы сұрап бiлдi.
Мiржақып мұғалiм Артемий Шевелевпен де жақын танысты. Ол қалалық кiтапханаға, Шевелевке бiрнеше рет барды. Өзiне, ауылына бiрнеше кiтап ала кетуге келiстi. Алайда Мiржақыптың өтiнiшiне ықылассыз келiскенiне қарамастан, бұл жағдай Шевелевке ұнаған жоқ. Уездiк қала Зайсанда қалалық Дума болған жоқ, маңызды мəселелердi шешу үшiн Өкiлеттi уəкiлдер кеңесi сайланды. Қалалық басқарма дағдылы ережемен жұмыс iстедi. Қалада қалалық қоғамдық басқарма болды. 1897 жылы оның құрамына староста С.Н.Титов, көмекшi М.П.Фалилеев, пристав Л.Ф.Шардин кiрдi. 1904 жылы уəкiлдер кеңесiнiң құрамы өзгерiп, кеңейдi. Зайсан қалалық уəкiлдер кеңесi мен оған кандидаттардың 1904 жылдан бастап төрт жылға сайланған құрамының тiзiмi төмендегiдей болды: Ф.П.Казаринов, С.Абылханов, С.Н.Титов, А.Н.Мальцев, С.С.Насыров, А.С.Хохлов, К.Н.Собачкин, И.В.Катков, А.Ф.Смирнов, П.Н.Волков, И.К.Жилин, В.П.Дьяков; кандидаттар: А.Ф.Долженков, А.Н.Носов, М.П.Фалилеев, М.И.Фатеев, Х.И.Иштереков. Уəкiлдер жиналысының төрағасы — Шыңжаңды зерттеушi ресейлiктер үйiне тоқтаған, Зайсанның байырғы тұрғыны А.С.Хохлов болды. Уəкiлдер кеңесi уезд бастығының басшылығымен жұмыс iстедi. Уезд басқармасында сөзбе-сөз аудармашы болып Соколов жұмыс iстедi, ал 1904 жылдың қазан айынан Д.Н.Қонаев тағайындалды. Желтоқсан Мiржақып үшiн қуанышты ай болды. Жаңабай Ботыбаев болыс басқарушы болып бекiтiлiп, оған төсбелгi мен мөр табыс етiлдi. Осы жағдайға байланысты болыс басқарушысы Мiржақыпқа сыйға ат мінгізді. Жас мұғалiм үшiн бұл жақсы сый едi. Ендi ол Зайсанға өз атымен баратын болды. Ақпанның басында ауа райы бұзылып, қалаға жету қиындады. Бейсенбi күнi түс ауа күн райы қалыпты болып тұрды. Мiржақып жолға шықты, бiрақ күн күрт бұзылып, жолдың екiншi жартысында дала төсi ұйтқып соққан бораннан көрiнбедi. Жол да көрiнбей қалды. Мiржақып бағытынан адасты. Бiр тəуiрi, оны аттың өзi қалаға жеткiздi. Зайсан кiтапханасында Мiржақыпты тосын сый күтiп тұр едi. Кiтапханада ол өзiнiң жазған материалы жарық көрген газеттi көрдi.
Онда былай деп жазған едi: “Зайсан қаласы. Халық ағарту iсiне салдыр-салақ қарайтын сирек жағдайды Зайсаннан басқа қай қаладан көруге болады? 4-5 мың тұрғынға қалалық үш сыныптық училище мен əйелдер приход училищесi ғана бар. Осы бiрлi-жарым оқу орнының өзi де мектеп үшiн мүлде лайықсыз үйлердiң iшiнде сығылысып отыр, осыған байланысты жыл сайын əлденеше ондаған бала бастауыш бiлiм алу мүмкiндiгiнен сырт қалған. Қалалық үш сыныпты училище, мысалы мұғалiмдер бөлмесiн қоса есептегенде 4 бөлмеде орналасқан. Барлық бөлмелер бiрiнебiрi жалғастырыла салынған, олар тар, сондықтан əрқайсысына 10—15 адамнан артық сыймайды, алайда гигиена ережелерiнiң бəрiн де аттап өтiп, бұл бөлмелерде 30—40 адамнан отыр. Барлық оқушы саны 90 адамға жетедi. Жарық пен ауа жетiспейдi. Əрине, мұны қалыпты жағдай деуге келмейдi, əйтсе де оқушылар мен мұғалiмдер бұл сынып бөлмелерiнде өз денсаулықтарын жоғалтуда. Тұрғындар тiлегiне орай, оқу орнының басшылығының қазынадан қаржы бөлу туралы өтiнiшi бойынша, Халық ағарту министрлiгi Зайсан қалалық үш сыныптық училищесiнiң ғимаратын салу үшiн 1903 жылдың сметасы негiзiнде 8190 рубль бөлген едi. Қала үшiн дайын ақшаны алып, материалдар дайындау жəне Құдайдың көмегiмен училищенiң құрылысын бастаудан оңай нəрсе жоқ сияқты болып көрiнедi. Айтпақшы, материалдың бiр бөлiгiн С.Н.Титов мырза қала старостасы болып тұрған кезiнде дайындаған да болатын, бiрақ оның жартысы ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында дерлiк жағдайда жоғалды, ал қалған жартысы осы уақытқа дейiн шашылып жатыр. Ғимараттың жоспары дайын болды, смета да, ақша да бар, бiрақ “əкелер” ұйықтап қалды жəне олардың ұзақ та қатты ұйықтағаны соншалық, ақшаның iзi де қалған жоқ. 1904 жылғы наурыз айының басында 8190 рубль өз уақытында алынбаған қаржы ретiнде сметадан шығарып тасталды, сөйтiп, қалалық училище бұрынғы үйiнде қалды, ал
“ұйқышыл əкелердiң” байғұс балалары училищенiң тар бөлмелерiнде шаң жұтып, бөшкеде сүрленген шабақ балықтарға ұқсап отыра беруге мəжбүр. “Əкелердiң” ұйқысының қаттылығы сондай, тiптi оларды Халық ағарту министрлігінің жергiлiктi өкiлі жасаған əлденеше реткi ескерту де оята алмады. Кiм кiнəлi екенiн бiлмеймiн, бiрақ факт — қашанда факт. Халық ағарту iсiне, осындай қарым-қатынас фактiсiне сүйене отырып, оқу-ағарту басшылары Зайсанда қалалық училищеге мүлдем орын жоқ, өйткенi балалары училищеде оқитын “əкелер” оқу орнының жағдайын тiптi қазына ақшасына да жақсартуды қаламайды деген ойға келуi əбден мүмкiн əрi олардың бұлай ойлауы заңды да. Қаланың өзiнiң көмегi туралы ойлаудың да қажетi жоқ, ал бұл кезде басқа қалаларда мектептер салып, жұмсалған қаржының үлкен бөлiгiн қаланың өзi берiп отырғанын айтсақ та жеткiлiктi. Училищелердi Зайсан секiлдi ұйықтап жатқан қалалардан ағартудың пайдасын əлдеқайда жақсы сезiнетiн қалаларға көшiру фактiлерiнiң де бар екенi маған белгiлi. Өз балаларыңызды аяңыздар, мырзалар! Əлi де кеш болмай тұрғанда ояныңыздар, “əкелер!” (Зайсан// Семипалатинский листок, №18, 1905. 23 қаңтар). Газеттегi материал “Бөгде” деген лақап атпен жарияланған. Кейбiр жағдайлардың куəлiк етуiне қарағанда, бұл сыни газет материалының авторы Мiржақып Дулатұлы болған. Бұған, ең алдымен, лақап есiмiнiң де қатысы бар. Бұл өлкеде, негiзiнен, наймандар тұрды. Осы тұрғыдан алғанда М.Дулатұлы шынында да “бөгде” болды. Екiншiден, автор қалалық училищедегi жəне училище үйi құрылысының басталуына байланысты жағдайды өте жақсы бiлген. Қала старостасы С.Н.Титовқа келсек, ол өзiнiң қызметiнен босатылды. Əдетте, мұндай материалдар қызметкерлер арқылы губернаторға тiкелей жеткiзiлетiн. Ал ол газеттi не авторды сотқа беру немесе бермеу туралы шешiм шығарады. Бұл жағдайда да материал талқыланды, бiрақ сот iсiн көтеруге негiз болған жоқ. Тек жарияланымға жанама түрде И.Куминовтың қатысы болғанын анықтау қиынға түскен жоқ. Оған ыңғайсыз тидi.
Жəне газеттің өзiне де оңай тимеді, 1905 жылдың қаңтарында жарияланған материалдардың бiреуi үшiн ол жабылды. Демек, Зайсан қоғамдық кiтапханасының қабырғасында Мiржақып Дулатұлының алғашқы авторлық аты шықты деуге болады. Ал Мiржақып өз ойларын қағаз бетіне былайша түсiрдi: “Қазақтың өз ана тiлiнде баспа органы жоқ, жалқаулығы мен надандығы көп те, талабы жоқ. Аурудан кiм емдейдi? Күн өткен сайын өмiр сүру қиындап барады. Мақсатың қандай, қайда барып жан сауғаларсың, алашым менiң? Бiздiң мүшкiл халiмiз туралы оқыған, бiлiмдi азаматтар не ойлайды? Қазақта сүйек жоқ, ет бар, сондықтан əркiм-ақ оны жеп, семiргiсi келдi. Бiз аз емеспiз, Құдайға шүкiр, алты миллион халықпыз. Бiрақ надандық батпағына батып барамыз, далада жүрген жабайылығымыздан басқа бiздiң мақтанатын да ештеңемiз қалған жоқ. Басқа жұрт бiрiмен-бiрi жарыса ғылым қуып жүрген заманда, өркениеттi халықтар мен бiздiң арамызда көз жетпес кеңiстiк бар екенiне бiз титтей де арланбаймыз. Бiз надандықтан масайрадық, жақсыны жау санап, жаманға шыбынша үймелеймiз. Ескiнiң бəрiнен айырылмай жабысып, жаңалыққа жатсына қараймыз, бұдан келер халыққа пайда жоқ. Өзiңе-өзiң жау болған кезде басқалардың жемiне қалай айналмассың? Кiмде-кiм халыққа пайдалы iс туралы айта бастаса, оны қазақ тыңдамайды, сөзiңе сенбей, өз жөнiне кетедi. Бiз кiнəнi басқаларға артудың шеберiмiз, ауызбiршiлiгiмiз жоқ, əлде осылай емес пе, ойлаңыздар.” (“Тар жерге таласқан жағдайымыз туралы талас пiкiр”). 1896 жылы 2 наурызда ашылған Зайсан қоғамдық кiтапханасының iшi ыңғайлы да қызықты екен. Мұнда оның мерейтойына дайындалып жатты. Оның үстiне, 1901 жылы Қалалық қоғамдық кiтапхананың бөлiмшесi ретiнде халықтық тегiн кiтапхана жасау жəне оны ашу туралы ұсыныстар айтылды. 1901 жылы 20 қаңтарда Зайсанның қалалық старостасы Семей облыстық басқармасының ерекше тапсырмалар жөнiндегi шенеунiгi Г.Запаловскийге былай деп жазды: “1899 жылдың 18 қыркүйегiндегi №483-ұсынысхат арқылы Қалалық қоғамдық кiтапхана жанынан халықтың тегiн кiтапхана бөлiмшесiн жəне оқу
залын ашуға рұқсат сұралған едi, сонымен бiрге осы кiтапхана жарғысының жобасы бекiту үшiн қоса жолданған болатын. 1900 жылдың 22—25 қаңтардағы №30 жəне 31-қосымшада көрiнiс тапқанындай, кiтапхана мен оқу залын қадағалау мiндетi жергiлiктi священник пен қалалық училищенiң мұғалiм-инспекторына жүктелген болатын, бiрақ кiтапхана жарғысын бекiту туралы қосымша да, сондай-ақ жарғының өзi де iсқағазында жоқ болып шықты. Кiтапхананы ашу жөнiндегi рұқсат пен бекiтiлген жарғы қашан жəне қандай № бойынша жiберiлгенiн хабарлауыңызды Сiздiң Жоғары мəртебелi құзырыңыздан өтiнiп сұраймыз. Егер бұлар қайтарылмаған болса, онда жiберсеңiз екен. Қалалық староста, Плотников”. Əрине, бұл бөлiмшенi Зайсан қалалық қоғамдық кiтапхананың өзiмен салыстыруға келмейдi. Оның меңгерушiсi Артемий Анисимович Шевелев кiтаптарға ұқыпты жəне жауапты қарады. Оның кiтапханасы үнемi реттi болды. Қарыздар оқырмандардан кiтапты жыртқаны немесе жоғалтқаны үшiн қатаң сұралды. Жоғалған кiтап үшiн белгiленген тəртiп бойынша бес немесе он еселiк көлемде айып салынды. Мысалы, ветеринарлық дəрiгер Степанович кiтапты қайтару тəртiбiн бұзды. Кiтапханашы оны кiтапты пайдалану құқығынан айырды. 1905 жылдың наурызында ветеринар қаланың уəкiлдiк кеңесiне шағым түсiрдi. Ол “өзiне Зайсан Қалалық қоғамдық кiтапханасындағы кiтаптарды пайдалану құқығын берудi жəне оны кiтапханашы Шевелевтiң кiтапхана оқырманы қатарынан шығарып тастағанын қате iс деп тануды” сұрап, өтiнiш бердi. Ал қалалық староста Ф.Казаринов кiтапхана берген төмендегi анықтаманы қуаттады, онда: “Зайсан қалалық кiтапханасы Жарғысының 13-ережесi негiзiнде, дəрiгер Степанович 12 рубль мөлшерiнде салынған айыпты мерзiмiнде өтемегенi үшiн оқырмандар қатарынан шығарылды” делiнген. Кiтапхананың жұмыс iстегенiне он жылға таяды, жыл сайын қала, мысалы, кiтапханаға 100 рубль жəне кейде одан көбiрек жəрдем ақша берiп отырды, соның арқасында осы уақыт iшiнде кiтапханада қор капиталы жинақталды, сондай-ақ мүкəммал мүлiгi де айтарлықтай көбейдi. Қалалық кiтапхананың қандай жағдайда екенiн бiлу үшiн
уəкiлдiк кеңесiнде кiтапхана жөнiнде есеп тыңдауға шешiм қабылданды. Осы мəселе бойынша шығарылған шешiм сақталған, оны былай дəлелдейдi: “Зайсан қалалық уəкiлдiгi, кiтапхана Мүкəммалық тексеруге жауапты болған уəкiл А.С.Хохловтың құжаттарын тыңдай келiп жəне бұл кезде мұндайдың жоқ екенiн ескере отырып қаулы еттi: Хохлов мырзаның баяндамасын күн тəртiбiнен шығарып, Зайсан қалалық старостасына, уəкiл С.Н.Титовпен бiрге Зайсан қалалық қоғамдық кiтапханасына егжей-тегжейлi толық түгендеу жүргiзу тапсырылсын жəне бұл соңғы құжат, Хохлов мырзаның баяндамасымен бiрге, осы жылдың 15 маусымында өтетiн алтыншы кезектi отырыста уəкiлдiктiң қарауына енгiзiлсiн. Уəкiлдер: А.Хохлов, К.Собачкин, П.Волков, С.Титов, С.Насыров, Абылханов, И.Жилин, В.Денякин, И.Жилин. Қалалық староста, Ф.Казаринов”. Осы жағдайдың барлық егжей-тегжейiн Мiржақып Дулатұлы Шевелевтен естiп бiлдi. 1905 жылдың ақпанында газеттерде Семей облыстық губернаторының Өскемен, Павлодар, Қарқаралы қалаларында бiр-бірден аға стражник жəне жетi кiшi стражник қызметiн енгiзу туралы бұйрығы жарияланды. Бұл тiзiмге Зайсан мен Көкпектi де кiрдi. Стражниктерге 150—180 рубль мөлшерiнде жалақы тағайындалды жəне бiрқатар жеңiлдiктер көзделдi. Бұлар жергiлiктi əскери командамен бiрге болды. 1905 жылдың 9 қаңтарындағы оқиғаның жаңғырығы қиырдағы Зайсанға да жеттi. Зайсандағы стражниктер командасында сегiз адам болды. Рас, олардың үшеуi саудадағы тəртiптiлiктi қадағалауға тиiс едi. Революциялық оқиғалар 1905 жылы басталды. Ол алыстағы Зайсанда да дүмпу туғызды. Қоғамда да маза болмады, табиғаттан да тыныштық кеттi. 1905 жылдың көктемi де келiп жеттi. Жұттың болары сезілгендей. Түнде қар жауды. Наурыздың екiншi күнi туса да, қыстың соңы көрiнер емес. Күртiк қар адымыңды аштырмайды. Жарлы өзенi бойындағы жəне Зайсан көлiне дейiнгi қысқы қоныстар əлi қар астында. Қазақтар малдарымен шоқыдағы ықтасыннан шыққан жоқ. Кейде ауа райы күндiз жылығандай болғанымен, түнде ызғарлы суық жел тынбай соғады, мал жүдей бастады, соған қарамастан олардың
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 617
Pages: