Екiншi, халықтың өзi ықылассыз, Не ғылып исламға ашылсын ход? Бiр адам хуфияттан50 ашса мектеп, Хакiмге көрсетедi бiреу қастап. Көбiнiң ниет-фиғылы жаман едi, Əйтеуiр, келе жатыр Құдай сақтап. Күн болды ендi көзiң ашарыңа, Байларың жəрдем берiп нашарыңа. Жасыңда жиһан кезiп, ғылым iздеп, Надандық қармағынан қашарыңа. Оңбассың бойда жүрсе бұл мiнезiң, Терiс пе насихатым бұл, бiл өзiң. “Əйтеуiр, ата-бабам мұсылман”, — деп, Дүрмектi қоятұғын келдi кезiң. *** Тəртiптi медресе жоқ бұл қазақта, Салады сəбилердi тек ғазапқа. Молдекем шарт жүгiнiп, қаһар етiп, Босатар күн батқанда əрең шаққа. Бiр бала езу тартып күлер болса, Қытайша дүре салар сол сағатта.
Үш-төрт жыл оқып шыққан болса мəгəр, Сонда да ұстармайды жазар хатқа. Бiлмейдi уазифасын51 кейбiр молда, Елiрiп “тақсыр” деген құр атаққа. Кiм өледi, кiм қояды — тiлегi сол Көбiнiң байқасаңыз бұл уақытта. Тəқдим52, тəфһин53, тəхрисдə54 жұмысы жоқ, Күштейдi əлiф-би мен əбжəдқа55. Халыққа қайтiп үлгi шаша алсын, Мiнезi хилаф56 болса шариғатқа? Сыйныфтап57 жылға бөлген нəмунə58 жоқ, Һүнерлi болсын қайдан бiздiң халық. Бұ айтқан барлық ғəйiп59 моллаларда Халi емес iстеушi де хақиқатта. “Жылына пəлен сомға жалдадым”, — деп, Күнi-түнi балаларын оқытмақта. Отырса молда сордың қолы босап, Бiр iске ептеп қана жұмсамақта. Ғылымды ғалымменен құрметтемей, Əлбетте, мұның бəрi надандықта.
Орыны бала оқытқан таза емес: Дəрiс тыңдар қотыр бұзау, ешкi, лақ та. Келер ме өздiгiнен бiздi iздеп, Қол созып ұмтылмаймыз мағрифатқа60. Һүнерлi халықтардан өрнек алып, Кел, ендi бұл ғадеттi тасталық та! Қазақ халқына діни бір уағыз Қазаққа дiн хақында осы керек, Мүбəда61 бұл секiлдi болса өрнек. Духовный собраниеге бiз қарасақ, Дiнiмiз қуат табар һəм бегiрек. Əр волоста бiр указной болсын молла, Кандидат һəм муəзiн тұрсын жəне. Сайланып үшбу заттар халық тарафынан, Емтиханды мүфти алсын пəруа62. Русша бiлмек бұларға шарт болмаса, Iс етсе шариғаттың фəрмəнiнше. Никах, талақ, мирас, жаназа оқып, Указной балаларға есiм қойса. Мəгəрде уақыты бола алмаса,
Указной бiр молланы уəкил қылса. Лəкин63 никах, талақ, мирас iсiн, Лайық өзi бiтiру дауы болса. Указной молланың хилаф iсiн, Əлбетте, оязной ахунд тексерсiн. Ахундтан оязной болса хата, Областной ахунд тексерiп мұны көрсiн. Областной ахундпенен iс бiтпесе, Духовный собраниеге барып кiрсiн. Ең шетi ғадiлдiктiң осы болып, Һəммə iсi мұсылманның сонда тынсын. Бiр мешiт болсын нешiк əр болыста, Жамағат, расходын өзiң ұста. Жəне болсын медресе бала оқытуға, Берсiн бұған расходын земство. Медресеге сайлансын екi молла, Бiрi оқытсын мұсылманша, бiрi орысша. Педагогия тəртiбiмен оқытсаңдар, Қазағым, кетер едiң сонда алға. Айтылмыш екi учитель уазифасын, Һəр дайым земство берiп тұрсын.
Указной һəм кандидат һəм муəзин, Екi учитель бес жылда бiр сайлансын. Кiмде-кiм уақыф қылмақ болса мəгəр, Мəсжiд пен мəдресеге деп файдасын. Лазим64 мұндайларға рұқсат ету, Указной молла алсын һəм метрикасын. Бiр адам я бiр қауым етсе жəһид, Шығарып мешiт, медресеге пұл-қаражат. Тыймасын бұрынғыдай “болмайды” деп, Хүкiмет бұларға да берсiн рұқсат. Һəммəсi осы тiлек келсе орынға, Қанун65 боп бекiтiлсе бiр форымға. Риза қазақ халқы болар едi, Хүкiмi шариғаттың тұрса қолда. Жазылып тəуарихта қалсын аты, Бұл iстiң жүрген болса кiм жолында. Дiн үшiн һəм халық үшiн бейнет көрген Қор болмас жүрсе дағы қай орында. Болғандай халықтың өзi бейне қасты, Қылып жүр шариғатты аяқасты.
Мəселен, бiреу сүйiп шариғатты, Зарарына хүкiм етсе қайта қашты. Заманға қарай моллалар наданырақ, Көбi қара қазақтан жаманырақ. Бiлер-бiлмес оқумен молла болып, Орынсыз сөзге ұмтылып көбi ұрыншақ. “Бiлмеймiн”, — деп, сiрə, бiр мойнына алмас, Халiн бiлмес кейбiрi бейшарарақ. “Шала молла дiнбұзар” деген мысал, Тек мұнан тəңiрi өзi сақтағай-ақ. Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарға... Жау жүрек, қыран көздi арыстаным, Жан қиып халық үшiн қарысқаның. Қатардан қазақ сорды қалдырмасқа, Бəйгеде ұлы дүбiр жарысқаның. Шешен тiл, фарасаттың саясында, Ететiн талмай қызмет, данышпаным. Атқан оқ, сермеген қол хата кетпей, Түскей-дi табаныңа бар дұшманың. Не қылса дертке шифа табылад деп,
Еуропа саяхларымен танысқаның. Бiр iске ғақылдаспақ болсаңыздар, Уəғдаға хилаф қылмай табысқаның. Əуелi Алла, екiншi бiлер халқың Риясыз көңiлiңiздiң халыстарын. Азуы алты қарыс айдаһармен Кезектi сөз жiбермей салысқаның. Кезiнде ғазиз жанды еттiң фида, Халқыңның жiбермеске намыстарын. Көздеген мəселлекке66 тез ерiшiп67, Хайырлы болғай едi шабыстарың. Бiр залым хиянатпен тоқтатпаса, Қатардан өздiгiңнен қалыспадың. Фасықтар бой көрсетпей үйде жатыр, Һүнерге құлаш сермеп алыстадың. Қамалға қарсы шапқан қаһарманым, Жəһəлəт68 микробларын тауыс бəрiн. Иншалла, халыққа берер үлкен тəһсир69, Жерлерде екiталай дауыстарың. Өлсең шаһид, ғазысың тiрi болсаң,
Қызметке берер ажар құдiрет кəрiм. Қазақты төрге сүйреп бiр жеткiзшi, Дiн, дүние жемiсi боп табыстарың. Таршылық халіміз хақында аз мінажат70 I Жас орнына көзiмiзден қан кетiп, Қолымыздан ата мирас заң кетiп. Хүкiмi шариғаттың емес қолда, Ғадiлдiкпен халық билеген хан кетiп. Аяқасты болып қазақ қалды ғой, Құр əншейiн рухы қалып, жан кетiп. Шаһбазлар71 басшы болған миллəтке Аяғына қан түстi ғой, мəн кетiп. Кiм жазалы өзiмiзден көрмесек, Төбемiзге шығардық қой дəндетiп. Сүлiк болып қазақ қанын шаққан соң, Ауызына салмай қайтсiн аңдатып. Əлi де болса ояналық “Аллалап”, Жалыналық жаратқан хаққа пəнде72 етiп. Мезгiлiнде қару қылмай қимылдап, Бұл уақытта тұрмыз ендi хал кетiп.
II Ұйқыда жатыр қазақ көзiн ашпай, Кеттiк қой отқа күйiп, өрттен қашпай. Һəр халық алға кетiп жатса дағы, Бiздiң жұрт шегiнедi қадам баспай. Сахара, сахара деп қалдық надан, Һүнерлi халықтармен араласпай. Басқа жұрт алтын, күмiс мысалында, Простой бiздiң қазақ қаратастай. Барына һəркiм сараң болып кеттi — Бай малын, һүнерпаздар ғылым шашпай. Қазағым қырық ауызды бола қалар, Шықса егер файдалы iске бiреу бастай. Иттифақ73 жүзден бiрi етер болса, Бытырап тоқсан тоғыз кетер тастай. Хүррият74 инсаният75, хаққа ниет76 Тұрмайды осы үшiн сөздi мəхкəм ұстай. Бай, мырза, халық билеген ұлығымыз Файдасыз жемiсi жоқ қу ағаштай. III
“Аһ” десе, iштен қайнап шығар жалын, Халықтың кiм түзетер мүшкiл халiн? Далада көшiп-қонған сахарауи Халық едi бiздiң қазақ баққан малын. Файдасыз зарарына жұмсаушы едi, Сарф етiп мал мен мүлiк, хəйлə, амалын. Алданып көзi жетпей қалған жоқ па? Махұрым сыбағадан жай қаларын. Бейхабар алдағы iстен ғафил болып, Қақпанның бiлмеушi едi құрылғанын. Жиырмасыншы ғасырға қарсы тұрған Шықпаса шаһбазлар бiрлi-жарым. Талапты һүнер iздеп жастар шығып, Көңiлдiң шығармаса хəстəлəрiн77. Еуропа ғылымынан өрнек алып, Қазақтың қуанамыз жанасқанын. Мақсұтқа муафиқлы78 ғылым тауып, Тұқымын миллəтке əкеп шашқай оның. Тұманда мұнар һауа жол таппаған, Халықтың жолға салса адасқанын.
Бейхабар мағрифаттан саңырау қазақ, Мəз болып жүргенiне сақтап жанын. Көзiнен қан ағызып қойған жоқ па, Қазақ ұғлы ұраны — “Алаш” барын! IV Қазақтың өз тiлiнде жоқ матбұғат79, Жаһиллiк80 пен жалқаулық көп, жоқ əһмият81 Дəртке дəрмəн табиб82 қайдан табылар Күннен-күнге ауырлады мағишат. Күн көремiз қайда барып, Алашым? Бiлгiштерiң хəл мүшкiлiн қарасын. Сүйегi жоқ, тiске жұмсақ болған соң, Һəркiм жейдi бiздiң қазақ баласын. Аз емеспiз, алты миллион халықпыз, Əлхəмдулиллаһ надандыққа ғарықпыз83. Жайымыз жоқ онан басқа мақтанар, Сахарада дикарь болып қалыппыз. Бiздiң жұрттың зəррəдей жоқ намысы. Ғайрылардың84 һүнерменен жарысы. Мағарифлi озып кетiл миллəтлəр, Көз жетпейтiн арамыздың алысы.
Надандықтың шəрбатына мас болдық, Зарарға дос, файдамызға қас болдық. Үлкенiмiз қадимлəкқа85 жазылып, Жəдид86 деген партияда жас болдық. Мұнымыз да дұрыс емес ойласақ, Файдасы жоқ халқымызға қоймасақ. Өздi-өзiмiз дұшман болып жүргенде, Жарар едi басқаға жем болмасақ. Айтқан сөздi алмайды қазақ тыңдап, Тұрмас едi бiлгiштер сөзiн бұлдап. Халық файдасы деп бiреу сөйлесе егер, Ант етсең де нанбастан тарқар шулап. Кiнəнi жұртқа аударып ақсынамыз, Һеш нəрсе көрмегенсiп тапсынамыз. Ғадетте iсiмiзде иттифақ жоқ, Жiберiп ғақыл, назар, халық сынаңыз. V Бiрлiк жоқ, алты ауызды халықпыз ғой, Қатардан сол себептi қалыппыз ғой. Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,
Надандық шəрбатына қаныппыз ғой. Көп əлi көргенiңнен көрмегенiң, Алынбас илтифатқа көнбегенiң. У берiп бал орнына қамқорыңыз, Жау болып шыққан жоқ па ел дегенiң? Көрерсiң не болғанын сене берсең, Һəр түрлi айтқанына көне берсең. Соқырдай етегiнен мықтап ұстап, Соңынан: “Лəббай!” — деп ере берсең. Молла болсаң, өсек көп ерген артқа, Хакiм болсаң, күңкiл көп жəне халықта. Һүнерлiнiң дұшпаны көп болады, Сол себептi шықпайды iсi жарыққа. Ғылым үйрен, ашылсын көзiң, жастар, Тəрбиеле өзiңдi-өзiң, жастар. Өзiң бiлiп, һешкiмге айтпай қойма, Бiлгенiңдi тезiрек халыққа шаш, бар. Сонда тиер файдаңыз аймағыңа, Кiм оқымас рақмет файдалыға. Һəр нəрсенiң фарқына көзiң жетсе, Алдаушының түспессiң қармағына.
Бiлмегеннiң зарарын көп көрдiң ғой, Аз беретiн орынға көп бердiң ғой. Өз малыңды дей алмай өзiмдiкi, Қорыққан күнi бiреуге тек бердiң ғой. Сөз асылын таниды фəһимлiлар87, Ақымаққа айтқаның жайға қалар. Жұрттың бəрi бiрдей деп ойламаймын, Түсiнгендер бұл сөзден файдаланар. VI Жұмыс көп бiздiң жұртта ұнамаған, Нашар жоқ қорлық көрiп жыламаған. Шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар Тексерiп өз ғайыбын сынамаған. Аяғын файдалы iске бiр баспаған, Ұмтылған өлiмтiкке бiр аш таған. Түйенi түгiменен жұтса дағы, Харамнан нəфсi тыйып бiр қашпаған. Һəр iстi деп бiлемiз Құдай қылған, Жап-жақсы адамдарды бұлай қылған. Лəкин һəркiмге Алла бердi ықтияр, Пəнде өзi тапса керек фиғылынан.
Шықса мəгəр мыңнан бiреу бiлген болып, Халықтың файдасына жүрген болып. Қазақтың һиммəт88 еткен жан болмады, Бұларға жəрдем, көмек берген болып. Миллəтке қызмет етер һүнерпаздар, Фида етер шыбын жанды шаһбаздар. “Жүр ғой, — деп, — бiз үшiн мұндай болып”, — Қадiрiн бiле алмады ғақлы аздар. Мысалы, қара халық үрiккен қойдай, Бақпаса, кетушi ме едi қасқыр тоймай? Дəрмен жоқ қолдан келер талпынғанмен, Хафа боп қайғырады бұларды ойлай. Тəнiң бар, мысалында жаның жоқ боп, Сырт бүтiн, жанып тұрған iшiң шоқ боп. Алмайтын айтқан тiлдi, сорлы қазақ, Өз обалың өзiңе болсын, шоқ, шоқ! VII Бозбала, һүнер-ғылым үйренбедiң, Ел кезiп, өсек айтып сүйреңдедiң. Һəрқайсың хал қадарше талаптансаң, Сендерге мен нахақтан бүйдер ме едiм?
Атаңа дəулет бiтсе, бұлғақтадың, Хисапсыз сөздер сөйлеп, ыржақтадың. Мəз болып “мырза” деген қошеметке, Буынып мықыныңнан ырғақтадың. Бояумен сырладыңыз сырттарыңды, Керiлiп сипадыңыз мұрттарыңды. Қарасам iшiңдi ашып — дəнеме жоқ, Не дейiн надан демей, жұрт, бəрiңдi? Малға кедей болғаның — жетiлерсiң, Ғылымға кедей болғаның — өкiнерсiң. Хазiрде құлағыңа кiрмесе де, Файдасын ахырында бiр бiлерсiң. Тағы бар кедей болса бiр мiнезi Бұ дағы өз қырсығын бiлгiзедi. “Қылды, — деп, — кедей қылса — менi Құдай”, — Фəтуа мойындамай жүргiзедi. Ерте жатып, кеш тұрып керiледi, Кəсiп қып, мал табуға ерiнедi. Ертеңгiсiн ойламай, Құдай ұрған, Қайғы жоқ, iшпей-жемей семiредi.
Жер жыртып, онан дағы егiн салса, Өзiне аз олжа ма жерi қалса? Артығын сатып, қант, шай мен киiмiне Қатын-бала асырарлық жемiн алса. Жəне қыс мал жейтұғын шөбiн шапса, Онан соң басқа ретпен файда тапса. Хəрəкəттəн бəрəкəт көрiнген соң, Болмай ма антұрғанға бəрi де ақша. Ене ме бұл айтқаным құлағыңа? Бiзге айтқан ғақыл ғой деп ұнады ма? Хор болып, желге кетсең хайран сөзiм, Өкiнбе жетпедiм деп мұрадыңа. VIII Дариға, жiгiт қайда һүнер тапқан, Жан қиып, қызмет етiп халыққа жаққан! Ғайратпен қырық кез жерден су шығарып, Рақмет, iзгi дұға алса халықтан. Һүнерiн халыққа сатып бұлданбаса, Бiлгенсiп аз нəрсенi сұмданбаса. Халыққа хақ көңiлден айт насихат, Не хайлə қала берсiн тыңдалмаса.
Жiгiттi топқа салсаң əбден баптап, Бойында һүнер болса, тұрмас тоқтап. Жабыдан туған болса мəстек болып, Жерiнде бас көтермей қалар оттап. Үйренсiн балаларың һүнер, ғылым, Өткiзбей ойын ойнап, бекер күнiн. Жатқанға жан жоламас дегендейiн. Көрдiң ғой замананың, мiне, түрiн. Жыламай жас балаға емшек бермес, Һəр хəжəт iзденбесең, өзi келмес. “Алма пiс, аузыма түс!” — дегенге, Халқым-ау, илансаңыз ешкiм көнбес. Патшаға көпдiр айтар рижамиміз89 — Берiлсе бəрi тегiс бiз ризамыз. Ғадiлдiк назаратын90 жiбермесе, Жұтаған хайуан кiбiк91 қырыламыз. Күн бар ма хиянаттан құтыларға? Тең ұстап, бiздi ұлық тұтынар ма? Қой үстiне бозторғай жұмыртқалап, Зорлықты бұрын көрген ұмытарға.
Мүдəррис92 З... Əфəндіге жазған бір мəктүбім93 З... Əфəндия, жолдадым хат, Көре алмай дидарыңыз бiз бұл сағат. Мақсұдым — жатырқамай жанасуда, Жанқұмар жақсыларға бiздiң ғадəт. Iштегi көп хəстəнi шығаруға, Етпекте болған едiк машауарат94. Сiз болып Исламның хадимiнен95, Сахаби96 болып тұрсыз, зор мұхаббат. Ғаламда афзал нəрсе болмас мұнан, Бiр қолда болса мəгəр дəулет, һиммəт. Ошақтың үш бұтынан тiлеуменен Не уафа97 дүниеде еткен хəят98. Заманның баһадыры сiздер болып, Орнына келгей едi еткен хəйрият99. “Таңдағы — Тəңiрiден” деп бiздiң қазақ, Жеттi ғой түбiмiзге сол ғəфилəт.100 Қараңғы бiр сарайда қамаулымыз, Есiгiн кiм ашады бұл жəһалат? Əлбетте, өңгелерi сiздiң қолда, Тəуекел, не тоқтау бар? Бар да қират.
Мен дағы тiлек шарын салдым сiзге, Һəр iске болғай едi салəхият101, Құтқарсақ жаһиллiктен қамын ойлап, Нəсiлiмiз оқыр бiзге рақмет. Мұбада ешбiр файда ете алмасақ, Айтпай ма сол уақытта бiзге лағынет. Олай болса, əфəндiм, ұйықтамалық, Ендi оянбай жатуымыз болар ұят. Хайыр хош, сəлəмəт тұр ғазизiмiз, Хат жазушы — Мир Яғкуб ибн Дулат. Жесір дағуалары102 хақында Дау-жанжал көп қазақтың жұрттарында, Себеп бар фiтнəнiң шыққанында. Əуелден əдеттенiп келе жатқан Рəсiм болған мынау бiр ғұрыфларында. Бiздiң қазақ халқының бiр ғадетi — Шариғат низамда103 жоқ бұл ғадетi. Фiтнəнi көбейтуге себеп болып, Рəсiм болып бұзылмай тұр ғадетi.
Келе жатыр əуелден ғұрыфтай болып, Мұнысы ұнамаған хұлықтай болып, Дау-жанжал арасынан арылмайды, Берекесiз бұзылған жұрттай болып. Қатын алу хақында жанжалдары, Бұл ғадет əуелгiден қалған бəрi. Көрсеңiз бұл күндегi жанның көбi Болмайды даусыз қатын алғандары. “Нешiк?” десең, себеп бар бұған жəне — Бесiкте жатар жаңа туған бала. Бесiкте жатқан ұл мен қыз балаға Ата-анасы болады құда жəне. Бала өскенше өтедi қанша заман, Уақыт қандай болады, барса да аман? Ақсақ, соқыр, саңырау, таз, сақау, мəжнүн — Сондай бiр зағифлықта қалса тамам. Жаман мен жақсы қалайша тең болады? Зағиф адам һəрқашан кем болады. Өскен соң бiрiн-бiрi сүймей тұрса, Оны нешiк қосуға жөн болады? Бiр адамда бес жасар бала болса,
Бiреуде бойжеткен қыз жəне болса. Осы екi бала қалай лайықты, Атасы ойламай ма, дана болса? Балаға бойжеткен қыз тең бола ма? Айттыру осы қызды жөн бола ма? Қыз — жиырма жасында, бала — бесте, Атасының бергенi ем бола ма? Бiр адамның қатыны өлген болса, Өзi алпыс, жетпiс жасқа келген болса. Айттырып он бес жасар қыз алады, Атасына малды көп берген болса. Кетедi осындайлар жөнiменен, Малының жұмысы жоқ көбiменен. Ұлыққа ғарыз берiп дау қылады, Өзiнiң қашып барып теңiменен. Мұнан кейiн жанжалға кiрiседi, Арасында барымта жүрiседi. Мұның көбiн халық қосса ықтиярсыз, Өз iсiн тағы артынан бiлiседi. Хəлəл104 қатын болады осы қалай, Келедi көңiлiнiң хошы қалай?
Ол қатынның табылар досы талай, Осыдан хəлəл бала тусын қалай? “Қуаныш, — ойлар қазақ, — көрейiн, — деп, — Балама жаста қалың берейiн”, — деп. Осылай ойлап қызды айттырады, Мерекелi қызыққа енейiн деп. Ренiш — қуаныштың ақыр соңы, Һəр адам аңғармайды ғафыл соны. Бiр қатынның байы өлiп тұл қалады, Көредi ағайыны жақын соны. Əмеңгер деп ерiксiз оны алады, Оның iсi қалайша оңалады? Шариғатта жоқ жұмыс қайдан шықты? Тұл қатынды алуға жол табады. Жəне бiреу бес-алты қатын алар, Тең ұстамай мойнында хақы қалар. Бұл жұмыс пайғамбардың сүннəтi105 деп, Дəлел айтып, оның бiр шартын табар. Алса алсын — көп қатын тең ұстаса, Əрбiрiн риза қылып жөн ұстаса. Гүнаһкəр болмағанда не болады,
Бiреуiнен бiреуiн кем ұстаса? Пайғамбар көп қатынды алуы рас, Бəрiнiң ризалығын табуы рас. Пайғамбардың фиғылы һүммəтiне,106 Əлбетте, сүннəт болып қалуы рас. Қатынның бəрiн бiрдей көредi екен, Һəммəсi риза болып сенедi екен. Һəрбiрiне: “Сенi артық көремiн”, — деп. Бiр алтын бiлезiктi бередi екен. “Сен мұны аналардан жасыр, — дейдi, — Мен сенi артық көремiн жақсы, — дейдi. — Бiлезiктi көрсетпе өзгесiне, Сенiң көңiлiң ризалық тапсын”, — дейдi. Бұл сөзге һəрқайсысы нанушы едi, Соныменен алданып қалушы едi. “Пайғамбар менi жақсы көредi”, — деп, Көңiлдерi ризалық табушы едi. Бай қазақтар қатынды көп алады, “Сүннəтi пайғамбардың”, — деп алады. Осындай ғадiлдiкпен ұстамаса, Гүнаһкəр боп бекерге неге алады?
Бiреуiн бəйбiше деп дəрежелер, Екiншiнi бала үшiн жəне де алар. Үшiншiнi алады қызмет үшiн, Хисабы күң орнына бағаланар. Төртiншi жəне алады тұл қатынды, Əмеңгер деп байы өлген бiр қатынды. Пайғамбардың сүннəтi осылай ма? Ықтиярсыз алады бұл қатынды. “Əмеңгер” деген сөз жоқ шариғатта, Қазақ өзi тауып жүр оны жатқа. “Зəру болсаң, ал деген бiрден артық” “Сүннəтiм” деп айтқан жоқ тағы халыққа. Пайғамбардың сүннəтi осылар ма? Сүннəт деп мұны бiзге борыш қылар ма? Байлар тоқал алады қызмет үшiн, Осы да зəрулiкке қосылар ма? Екi адамның көңiлi жақын болса, Көңiлi жақындықпен тату болса. Бұлар құда болады жақын жүрiп, Соңынан өкiнер, iс ғафыл болса.
Бұлар болса өз көңiлiн шамалайды, Жөнiне жас баланың қарамайды. Қыз жаман боп, ұл бала жақсы болса, Əлбетте, оны теңдiкке жəне алмайды. Жаман қыз жақсы қатын бола алмайды, Ғұмыры таусылғанша оңалмайды. Ғадiлдiкпен ұстамай, қорлайды ерi, Өле-өлгенше теңдiкке оны алмайды. Əуелде никахланған107 жар едi ғой, О да Құдай жаратқан жан едi ғой. Қалады бейшараның обалына, Оның дағы өз теңi бар едi ғой. Адамның қызығады малына адам, Адамдығын санайды тағы да адам. Баланың қор болуын ойламайды, Қылады өз басының қамын адам. Бiреуге бiреу жақын жүрейiн деп, Құда болар сыр жайын бiлейiн деп. Бiр-бiрiн сүймесе де құда болар, Сонымен “партияға” кiрейiн деп. Бiрiн-бiрi тең көрмей қомсынған жан,
Дұрыс жүрмес қомсынып қосылған жөн. Махаббаты басқаға аударылып, Харам бала туады осылардан. Бiр ғұрфымыз тағы бар бiздiң жəне Жөнi осылай бұрынғы iздiң жəне. Кейiнгi жас балаға қаратады, Күйеуi өлсе, бойжеткен қызды жəне. Бiреу байдың малына қызығады, “Құда боп қызымды ал”, — деп қыздырады. Ақырында бұл адам кедей болса, “Қызымды бермеймiн”, — деп бұзылады. Бiр кедей қызын жəне малға берер, Қыз риза болмаса, оған не дер? Қызы жылар көзiнiң жасын артып, Алғанын шамасы жоқ қайта төлер. Асығар ұлға қалың беру үшiн, Құда болар мереке көру үшiн. Бiреу мал берейiн деп келiп тұрса, Қыз атасы бөгелсiн ненiң үшiн? Қуаныш сол — жас баласы мал болады, Бiлмейдi соңыра қандай хал болады?
Ұл мен қыз бiрiн-бiрi сүймегенде, Мал берген ұл атасы дал болады. Онан да қуанышты бұлай көрсе, Фəтуəлi болып халық бұзбай көнсе. Оқытса жас баланы ержеткенше, Дəреже болар едi Құдай берсе. Татарлар дiн қарындас өзiмiзбен, Оның iсiн көремiз көзiмiзбен. Оларда бiз секiлдi дау-жанжал жоқ, Фəтуəлi болады сөзi бiзден. Ноғай қыз айттыруға асықпайды, Жас балаға құда боп мал шықпайды. Кəмелетке жеткенше оқу оқып, Дəрежесi қазақтан аз шықпайды. Жас қызға хұтба оқиды молла тағы, Ризалығын бiлмейдi сонда дағы, Жанжал болса, “мен никах оқығам” деп, Куəлiгiн бередi соңыра тағы. Моллалар олжа алады, аямайды, Жылаған көз жасына қарамайды. Олжа алған соң жұмысын бiтiредi,
Обал, сауап болғанын санамайды. Осылары дұрыс па моллалардың? Жүзiнiң ыстықтығы олжа малдың. Дау-жанжал болмағаннан болғаны көп, Балаға жаста құда болғандардың. Қалдырса осы айтқанның һəммəларын, Азайтар едi қазақ бұл жанжалдарын. Он жетi, он сегiзге бала келмей, Тоқтатса қыз берiп, мал алғандарын. Он жетi, он сегiзге жасы келсе, Ұл мен қыз бiрiн-бiрi жақсы көрсе. Өзiнiң сүйгенiне бармақ болып, Атасына сонан мал алсын десе. Жанжалсыз сонда жұмыс тынар едi, Шариғат пен низамға ұнар едi. Мүсəфiрдiң тыйылып көз жастары, Халық арасы тыныштықта тұрар едi. Жігіттер I Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай, Жiгiтi душар келсе, жар болғандай.
Теңi емес бiр фасыйққа берiлсе егер, Көңiлi көтерiлмей зар болғандай. Ғұмыры қызғылықты зайғы болып, Мысалы, кең дүние тар болғандай. Жетпейтiн төсегiне көп жамандар, Ол күнде əлдеқандай таң болғандай. Сатылып кейбiр қыздар кете барар, Бағасы ғəзизəнiң108 мал болғандай. Қожасып “мал бердiм” деп жаман шiркiн, Жайы бар, байқап тұрсаң, паң болғандай. Бейшара өздiгiнен жол таба алмай, Ғазиз бас əуреленiп даң болғандай. Көрiнiп ғəриб халi тұр емес пе, Бiр мiскiн халық iшiнде жан болғандай? Бұзылды фəленшенiң қызы десе, Өзiне көрiнедi ар болғандай. Көлденең ағайындар ұнатпайды, Халыққа соның үшiн лаң болғандай. Жұрт қалып осылардың обалына, Секiлдi алушыға хəл болғандай. Жиһаннан қорлықпенен өттiм ғой деп,
Көзiнен аққан жасы қан болғандай. Келе ме осы iсiмiз дұрыстыққа? Көбiне көрiнсе де сəн болғандай. Адамды мал орнына жұмсауымыз, Бiр емес, бар қазаққа тəн болғандай. Сөндiрiп ғадiлдiктi жүр ғой қазақ, Көңiлдi жарық етер шам болғандай. Қай күнi бұл хиянат тоқталады? Бiр емес, халық iшiнде сан болғандай. Я шəрғi, я низамға дұрыс емес, Қазақтың қағидасы заң болғандай. Бұл сөзiм бiреуге емес, көпке бiрдей, Қажетi кiмге болса сол алғандай. Мəселен, кiсi болса аңғартқаным, Осы хал өз басында бар болғандай. Тең болып екi зайып қосылса егер, Арман не ол уақытта, аһ, дариға-ай! II Болсын да ғақылыңа малың серiк, Һүнерлi сегiз қырлы сырың берiк. Дүние аз күн қонақ мысалында,
Болған жақсы емес пе өзiнде ерiк. Қадiрiңдi бiлмейтiн жаман қызға, Сөз жасытып құр бекер өтiнбелiк. Жiгiтлiкке муафық болса егер, Бой тартып ол уақытта бекiнбелiк. Ғұмырында рақатпен өтер жiгiт, Ұнатып бiр сұлуды алса көрiп. Жарасып бiр-бiрiңе əзiл сөздер, Отырса мəхбүбəңiз109 қасын керiп. Хайырлы хəлəл зайып болып шығып, Шүбһəсiз көз алартпай жүрсең сенiп. Жүредi осылайша қосылғандар, Тəн басқа, жаны бiрге секiлденiп. Жəне де құр сұлу деп қарамалық, Сыр-сыйфатын көрелiк көз жiберiп. Сырты алтын, iшi фальшi болып шығып, Сан соғып, құрбыларым, өкiнбелiк! III “Ойын-күлкi жастықта — гүл, — деймiз ғой, — Сауық-сайран етелiк, жүр”, — деймiз ғой, Сыпайы сөз, сынық тiл мүлəйiмсiп,
Əдеппенен қатты айтпай “сiз” деймiз ғой. Сұхбат еткен сағатың жылға хисап, Дүниенiң қызығы қыз деймiз ғой. Сахипжамал болсын деп құрбы iшiнде, Жан фида мал тəрiк қып iздеймiз ғой. Мəселен, анау артық тауып кетсе, Бiрiмiздi-бiрiмiз күндеймiз ғой. Көре алмаслық мүбтəлə110 көп хафаға Сүйгеннен айырылып жүрмеймiз ғой. Риядан болса да көзге алдап, Мысалы, басқаменен күлмеймiз ғой. Алуан-алуан шарты бар жiгiттiктiң, Хата қылмай ешбiрiн күйлеймiз ғой. Тоқта, бiрақ осыдан файда бар ма? Хатамызды өзiмiз көрмеймiз ғой. Ұзын сөздiң қысқасы, құрбыларым, Һүнер афзал бəрiнен, бiлмеймiз ғой. Жұмбақ Һəр түрлi бiр түбектi аң жайлаған, Арыстанды бастық қып хан сайлаған.
Айдаһар, жолбарыстан уəзiрi бар, Батырдың қайратына жан таңғалған. Дос болған пiл мен қасқыр жəне барып, Һəр түрлi сый, зияфат ала барып. Күштi аңның бəрi өзiне қараған соң, Аузына түскен басқа аң домаланып. Бұл арыстан мəнзилiнде111 мекен еткен, Қанша аңның қаһар етiп қанын төккен. Болса да қанша ғайып бетке айта алмай, Күңкiлдеп ұсақ аңдар жүрген шеттен. Арыстаннан ұсақ аңдар не көрмеген — Терiсiн төсек қылып, етiн жеген. Бетiне қарсы келiп шақылдаса, Не қалды ол байғұста ендi өлмеген? Осылай қанша заман өткен екен, Арыстекең ойға алғанын еткен екен. Бiр зауал һəр қамалға деген мысал, Батырға бiр күн зауал жеткен екен. Азырақ басқа жерде аң бар екен, Оларда ғадiлшiлiк заң бар екен. Арыстанның қол астынан аз болса да,
Иттифақлы аңдары, һүнерлi бiр хан бар екен. Бiр һүнер бұл ойлаған етейiн деп, Мықты аңның бастығына жетейiн деп, Ғаламға мəшһүр аңның ханы атанып, Дүниеден сол есiммен өтейiн деп. Арыстан сол ниетпен соғысты бұл, Шығарды қарап ұрып жоқ iстi бұл. Аз аңдар көп аңдарды жеңiп кетiп, Жерiнен алды арыстанның қонысты бұл. Бұл аңдар сұрша ғана мақар екен, Ғайратлы һəм хəйлəлi шақар екен. Арыстанды қарап тұрып масқаралап, Бұл күнде жазирада жатыр екен. Көрдiң бе арыстекемнiң мерт болғанын, Жеңiлiп дұшпанынан дерт болғанын? “Iсiмнен күнə сұмдық болды ма?” — деп, Зұлымдық қылмасқа ендi серт қылғанын. Отырып бiр күн арыстан ой қылыпты, Халқын жинап: “Тəубе”, — деп той қылыпты. “Қиянат күштi əлсiзге етпесiн” деп,
Аңдарға əмiр шашып, қойдырыпты. Тойына шақырмаған жан қалмаған, Түлкi, қарсақ, құлан, киiк, суыр, қоян. Қасқыр, аю, бұғы, марал, борсық, тышқан — Хайуанның жыбырлаған бəрi барған. Арыстанға бұлар айтқан ғариза хал: “Мекеннен бiздiң еткен қасқырларды ал, Жерлерде бұлар жүрген бiз жүрмеймiз, Бiздерге күн көрсетпес осылар дəл”. Дұшманы жуас аңның — қасқыр, қабан, Жолбарыс, айдаһар да фиғылы жаман. “Тiл тигiзiп достарымды сөктiңiз”, — деп, Арыстан той тарқатып ашуланған. Жанжалмен тарқаған той болды тағы, Тағы да жиналысты аң баяғы. “Қорлыққа өлтiрсең де көнбеймiз”, — деп, Үн қосып нашар аңдар ал шулады. Той тарқатып арыстан шатырлаған, Көбiне жанжал үшiн қаһар қылған. Үшiншi рет жұрттың бəрiн қайта жиып, Бағзы нашар аңдарды шақырмаған.
Арыстанға бұл байғұстар өкпелеген, “Ұстайсың бiздi қорлап шетке”, — деген. Арыстан айтқан: “Сiздердiң керегiң жоқ, Мəжiлiстi бұзасыңыз текке”, — деген. Бұлардың қалды сөйтiп көз жасына, Кiм бiлер қорлық келмей өз басына? Арыстанның бұл хақында ниетi сол — Iлгерi қадам басып озбасына. Қылмады арыстан уафа тəубесiне, Аңдардың тоқтау салмай ғауғасына112. Өзi еткен əмiрiне хилаф келiп, Сақина тiлеп алды сау басына. Сол аңдар емес дейдi əлi тыныш, Топтанып ақылдасқан күнде жиылыс. Бұларды өзiм барып көрмесем де, Наныңыз, оқушылар, бекер емес. Ойыңа қалай келсе, солай түсiн, Сыртын көрiп құр қойма, аңғар iшiн. “Өңдегiм” деп айтуға қаймығамын, Секiлдi едi осылай көрген түсiм.
Насихат ғумумия I Бұл жазған, замандастар, насихатым, Емес дүр риядан113, хақ ниетiм. Көңiлi ашық, көзi өткiр, iнiлерiм, Һəр түрлi мүһим114 iстен файда алатын. Базары һүнер-ғылым ашылғанда, Лайық емес сiздерге құр қалатын. Жан фида ғылым үшiн мал тəрк ет, Артылсын күн-күн сайын мағрифатың. Файда жоқ iс өткен соң бармақ шайнап, Алып қал осындайда бар хəжəтiң. Алмасаң айтқан тiлдi, ғазизлерiм, Күн болар өкiнiшпен зарланатын. Нанбасаң, өздерiңiз ойлап қара, Бұл айтқан болмас терiс дəлəлəтiм. Əлбетте, кеше болсаң қала бердiң, Барларың ұғарсыздар фарасатын. Бiреуден екеу афзал, екеуден үш, Қосылсын һəммəңiздiң иттифақың. Жүргенмен жеке-жеке iс бiтпейдi,
Байқасаң, фiкiр етiп мұның фарқын. Iшiнде темiр тордың шынжырлаулы, Жатқанын көрмеймiсiң қайран халқың? Көп қуып, қорқақ едiк, батыр қылды, Бiздерге ендi не бар аянатын? Бiз сонша сатып алған құл емеспiз, Һəркiмдi төбемiзге шығаратын. Болады əбiгер заман деген осы, Байқасаң, Алаш ұғлы азаматым. II Шығады асыл — тастан, һүнер — жастан, Тəрбие тəуiр болса əуел бастан. Мысалы, ғылым таппақ сол секiлдi Бұлақтың бiтiп жатқан көзiн ашқан. Жiгiтке талаптанған мың рақмет, Файдасын ғылымының халыққа шашқан. Жаны ашып нашарларға қызмет етiп, Салса егер түзу жолға болса адасқан. Халық үшiн жанын қиып шыққан болса, Хайырлы һəр қадамы болсын басқан. Көрсетiп тар орында таудай ғайрат,
Құтқарса мұхтаждықтан болса сасқан. Қазақ қор болар ма едi көп болса егер, Шаһбазлар осы айтқандай һүнерi асқан. Немене бұл күнгi хал ойлап тұрсақ, Жақсымыз өз файдасын құр қарасқан. Азырақ дəулет бiткен кiсi болса, “Мен баймын, сен кедей”, — деп мал санасқан. Болмаса бiрлi-жарым талапкерлер, Бозбала һүнерпазбен жоқ жанасқан. Һиммəтсiз байларымыз бəрi надан, Хайыр, ихсан115, иғанаттан116 аулақ қашқан. “Анау артық, мен кейiн қалам ба?” — деп, Өздi-өзi хəсəдлiкпен117 құр таласқан. Молдалар файдалы iске уағыздамай, Керексiз ұсақ сөзбен бəхəсласқан118. Құзғындай қызыл көрген барар жетiп, Кiсiнi көрсе билер бiр дауласқан. Үйiнде ғадiлдiгi ұмыт қалып, Биекем келушi ме едi пара алмастан? Уаллаһи, көзiм көрдi мұның бəрiн, Наныңыз, жалған демей, шын растан.
III Һүнерпаз қара жерге салар қайық, Жиһаннан алар тағлым қанат жайып, Һəр жердiң тамашасын көзбен көрiп, Жастықта етер сайран болып ғайып. Тұрғанда бойда қуат жүрген жақсы, Аяғың бiр күн қылдан кетер тайып. Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ, Отырма бiр орында құр мұңайып. Жүргеннен тiптi қарап файдалырақ — Күнiнде үйренсең де жалғыз хəрiф119. Тамшыдан тама берсе, — болар дария, Кетпей ме ахырында бiр молайып. Қылжақтап екi ауылдың арасында, Не файда жүргенiңнен құр сорайып? Бай болып һүнер бiлсең тiптi жақсы, Зор қару дəулетiңдi бұл сақтарлық. Тым артық кедей болсаң оқығаның, Бiлгенге қиын емес кету байып. Мағлұмсыз мал дəулетi уақытша Бүгiн — бай, ғажап емес, ертең — ғəриб.
Дүниеде кедейлiк жоқ һүнерпазға, Түседi лəхытқа бiрге барып. Мысалы, надандықтың қараңғы түн, Бiлгеннiң жүрген жерi — бəрi жарық. Бұларды айту — бiзден, iстеу — сiзден, Мұбəда iнi болса үлгi аларлық. Ғибрат дүниеден алар болса, Көрiнеу тұр кiсiге сөз ұғарлық. Қызына айтып, келiнге байқатқандай, Мағынасы көпке бiрдей сөз шығардық. Түсiнер ишараға фəһiмлiлер, Түс ашып “сол солай” деп не қылалық? IV Майда бол жiгiт болсаң, тал жiбектей, Жақсы емес қатты болу тiкенектей. Ғылымың болса дағы ұшан-теңiз, Файда жоқ өз халқыңа қызмет етпей. Көрген мен көрмегенде көп фарық бар: Ашылмас жiгiт адам сыннан өтпей. Лайықсыз ерсiлiкке арандама — Һəр iстiң мазмұнына көзiң жетпей.
Ғибрат ал, жақсыларға жақын жүрiп, Қаша гөр жамандықтан аулақ шеттей. Не нəрсе талаптансаң, табылады, Офа жоқ ер жiгiтке жафа120 шекпей. Мысалы, хəрəкетiң сол секiлдi, Алмассың егiн орып, тұқым сеппей. Файдаңды жақсы болсаң, тигiз көпке, Жатырқап һеш адамды сыртқа теппей. Кезiнде кезең жерден қосылып қал, Бəйгеге ұлы дүбiр өткен көктей. Мақсұты хасыл болып ойындағы, Илаһим121 ер тiлегiн мақбұл еткей. Тəуекел кемесiне мiнiп шыққан, Ғылымның талиблары122 нұрын төккей. Аз бiлiп, көпке ғашық болғандардың, Лəззаты таңдайынан жүрген кетпей. Қанағат, көп бiлдiм деп етпе һүнерге, Көре бер басқалардың азын көптей. Жасыңда қалсаң махрұм сан соғарсың, Болмайды жаман нəрсе өкiнiштей.
Шалқайып үйде жатсаң дəнеме жоқ, Сарф етiп ижтиһатпен123 малын төкпей. Таппасаң дертке дауа, ғазизлерiм, Хафасы жұрттың қалың ауыр дерттей. V Шəкiрттердi өтейiншi бiр жанап, Шетке ұстамай сiздердi де бiр санап. Неше түрлi бұл заманда ғылым бар, Үйренуге файдалысын қыл талап. Өзiңнен зор кiтаптарды көтерiп, Мағынасын бiлмей жүрме құр қарап. Бiрiн сөгiп, бiр хəлфенi мəдахлап, Көше таптап қыдырып, жүрме тарап. Ата-анаң, ел-жұртың көп үмiткер: “Фəленше жан келедi, — деп, — iске жарап”. Сол үмiткер шырағы сiз болсаңыз, Үмiт босқа шықпасын, ұмтыл бiрақ. Хəрəжəт кем көбiңде болса дағы, Мұхтаждыққа не түрлi оқы шыдап. Мехнəттан рақат болмай қалмас, Бiр көрерсiң файдасын ақыр, шырақ.
Орысша бiлмек қазаққа бек лазым, Руссияда болған соң бiздiң тұрақ. Сусыныңды бар дағы қандырып қал, Мысалы, ғылым жатқан ағып бұлақ. Газет-журнал оқы да, мағлұмат ал, Көз жiберiп һəр iске салып құлақ. Аршын жұтқан кiсiдей қақырайма, Намыстанбай, бiлгеннен үйрен сұрап. Көздiң жасын құрғатар жiгiт қайда? Таршылықта қазақ тұр бiздiң жылап. Жүрiп, жастар, араға жақындастыр: Бiздiң халық һүнерден жатыр жырақ. Құрт жайлаған тамырын қу ағаштай, Бiр күн сынып не болдық кетсек құлап? Кiм қызықпас жүрегiн бiр жалғауға: “Менi же!” — деп алдында жатсақ сұлап? VI Əуелi үйренетiн бiр ғылымың, Өзiңнiң мұсылманша дiн ғылымың. Шарттарын исламның кəмiл бiлсең, Ахиреттiк азық берер шын ғылымың.
Бұйырған, тыйған iсiн шариғаттың: Секiлдi фарыз, уəжiп мұны ұғуың. Хат жазып, түркi танып, құран оқып, Қираəт124, қағидамен жүргiзуiң. Мұғалiм аз оқумен бола қалсаң, Мəзкүрлердi сəбилерге бiлгiзуiң. Мүдəррис үлкен ғалым болғың келсе, Шаһардағы ғали125 медресеге тұр кiруiң. Екiншi хажет ғылымың орысша дүр, Өзiңе бек файдалы тiл бiлуiң. Қараған мемлекеттiң лисаны126 не? Мұны бiлсең, сақталар дүниелiгiң. Руссияның закондары өз тiлiнде, Көрдiң бе бiлмегенге зор қиынын? Əлбетте, һəм русша шығарады, Һəммə кiтап, рисəлə, газеттерiн. Һəр түрлi халыққа деген бұйрықтарын, Жазбайды бiздiң тiлде бiрде-бiрiн. Көзiңнiң шарасы бар, көңiлiң соқыр, Немене бiлмеген соң көрген күнiң?
Əуелде бiздiң қазақ қорқып едi, Баланың ыхтимал деп бұзылуын. Шоқынып солдат болып кетедi деп, Қайтерсiң бiлмеген соң iс мазмұнын. Кеш бiлiп, кенже қалып көп файдадан, Жiбергенi сол емес пе жер мен суын. Жол тауып əлде болса данышпандар, Дұшманның құлатқай-ды тiккен туын. VII Кiм жақсы халық iшiнде — байлар жақсы, “Кедей жақсы” дегендi iздеп тапшы. Рас қой — байлық артық екендiгi, Орныменен дəулеттi, байлар, шашшы. “Мал бiтсе, соған бiтсiн!” — деп айталық, Халыққа жомарттықпен болса басшы. Не файда бəхил127 болып құр жинаса, Ондай пасық сараңнан алыс қашшы. Мəз болмай мыңдап жиған малыңызға, Ұмтылып ғылымға да көзiңдi ашшы. Көре алмай бiреуiңнен бiрiң ассаң, Өздi-өзiң күншiлдiкпен болма ащы.
Бiрiнен-бiрi тəғлим алмақ үшiн, Бұл күнде жердiң жүзi араласты. Бiлуге бiлмегенiн құмар болып, Һəрқайсы өрге ұмтылып жағаласты. Азы көптен қорқып та қарап тұрмай, Һүнер, ғайрат, бiлiмiн шамаласты. Бойға сенген биiктер жайға қалып, Талаптанған нашардың амалы асты. Ұл, қыз демей баланы оқыт, қазақ, “Пəлi, — делiк, сонда бiз, — мынау асты”. Қазақ ойлар: “Балама қалың берсем, Оң жағымда отауым сонда ұнасты”. Мұны файда деп бiлме балаңызға, Тұсау салып аяққа байлар басты. Үш бұтынан ошақтың шетке шықпай, Үйде отырып жасытар гауһар тасты. Ата малы сенгенi болып кетiп, Жалқаулыққа салыну жарамас-ты. Тəрбиесiз, тоңмойын бай баласы, Қайтарып жүр əр жерде ыхыласты. VII
Бiр айтпадым, көп айттым керек һүнер, Бұл айтқанға халықта көп пе көнер? Бұл заманда көз салсаң, бiр мiнез бар: Дұрыс сөзге табылмас кiсi сенер. Сонда дағы сөйлемей тұра алмас тiл, Жалғандықты хақиқат ақыр жеңер. Жатқан зарды iшiңнен шығармасаң: Ойда нең бар? Жұрт сенi қайдан бiлер? “Жуан қоныш, кең қолтық қазақтар”, — деп, Құлағынан тұмақтың тартып күлер. “Өтiрiк” деп айтуға тағы орын жоқ, Намыстанып, көргенде көңiлiм жүдер. Азын-аулақ болмаса саналылар, Бозбалалар, көбiңнен үздiм күдер. Мыңнан бiреу шыққанда басшы болып, Жүзден бiреу шықса екен соңына ерер. Һəр тайфадан бiр бiлген болып тұрса, Сонда жұртқа шүбһəсiз үлгi берер. Халық файдасын күзетсе осылайша, Iсiмiзге, əлбетте, береке енер. Бұл айтқанның махрұм һəммесiнен,
Қалсақ бiздi халыққа кiм теңгерер? Қайтiп тұрсын үндемей бiлген адам — Ғақылы — дария, көзi — өткiр, көңiл — шебер? Алла жаққан кеудеде оты болса, Су бүрiккенге бəнденiң қайтiп сөнер? Тамшы қаны, қалғанша шыбын жаны, Шаһбазлар бiлгенiн жұмсап көрер. Жетi өлiм жоқ, бiреуден — құтылу жоқ, Ахыры тəқдир жеткенде бiр-ақ өлер. “Топырақты үйден жаз” деп сұрайтын Жаны тəттi жақсылар бұған не дер? IX Ағайын барды күндеп көре алмайды, Жоқ болса жомарттық қып бере алмайды. Кеткенi берекенiң сол болмаса, Бiлмеген бiлген тiлiн неге алмайды? Екi көз бiр-бiрiне дұшман болып, Болса да қандай жақын сене алмайды. Ұрысса қатын-бала əлдеқандай, Үйiне бiр-бiрiнiң ене алмайды. Ғұмыры итжығыспен бара жатыр,
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 617
Pages: