Тергеу анықтағанындай, Семейде Сман Бегембетов пен Белгібай Алдабергенов М.Дулатұлымен достық қарым-қатынаста болған. 1912 жылдың 19 қаңтарында Семей округтік сотының прокуроры Семей губернаторына былай деп жазды: “Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңызға мынаны хабарлаймын: Қылмыстық заңдар жинағының 103-бабының 2-пункті жəне 129-бабының 6-пункті бойынша айыпталған қырғыз Мир Якуб Дулатұлының ісі бойынша Семей округтік сотының айыпталушыға қарсы қабылданған оны күзетте ұстау шарасын 2000 сом көлеміндегі ақшалай кепілдікпен күзеттен босату шарасына өзгерту туралы 18 қаңтардағы анықтамасына сəйкес, ол үшін аталған кепілдікті Бұғылы болысының қырғызы Сман Бегембетов пен Абыралы болысының қырғызы Белгібай Алдабергенов өтегендіктен, мен Семей полицмейстерімен келісе отырып, оларға аталған Дулатұлын күзеттен босату туралы өкім бердім”. 1912 жылдың 25 қаңтарында М.Дулатұлы кепілдікпен Семей түрмесінен босап шықты. Бостандыққа шыққаннан кейінгі алғашқы түнді ол түрме орналасқан Заречный слободкадағы Алдабергеновте өткізді. Ертеңіне Семейдегі, қаланың 1-бөлігінде орналасқан Коротковтың үйіндегі өзінің пəтеріне көшті. Ақпанның басында Семей полицмейстері М.Дулатұлын қайтадан іздей бастады. Семей губернаторына берген рапортында ол былай деп хабарлады: “Жеке бұйрығыңызға орай, Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңызға мынаны хабарлаймын: Семей округтік сотының өкімі бойынша, 2000 сом ақшалай кепілдікпен 19 қаңтарда мен Семей түрмесінен босатқан қырғыз Мир Якуб Дулатұлы тұтқынға алынған кезінде Коротковтың үйінде қалған заттарын алып, Заречный слободкаға кеткен, Семей уездік бастығының хабарлауына қарағанда, ол жасырынып, сол жерден Петропавлға кетіпті деген өсек шыққан”. 12 ақпанда Семей полицмейстері Семей губернаторына: “Петропавл полицмейстері 12 ақпанда маған жеделхатпен хабарлағанындай, Семей қаласынан жасырынып шыққан Мир Якуб Дулатұлы Петропавл қаласында ұсталып, Семейге этаппен жөнелтілген”, — деп хабарлады. Жандармдар тек “Оян, қазақ!” кітабының авторын ғана емес, ол кітаптың сатып алынған əрбір данасын, сондай-ақ оны
таратушылардың барлығын іздеді. Полиция мұндай адамдар қатарына Мұқаш Атажанов пен Мұқан Бекметевті жатқызды. 1912 жылдың 13 ақпанында Омбы жандарм басқармасы бастығының көмекшісі: “М.Бекметев пен М.Атажановтың істері бойынша тергеу жүргізілуіне байланысты, Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңыздан Қарқаралы уездік бастығының аталған Бекметев пен Атажановтардың Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітапшасын, егер оны Сізге Қарқаралы уездік бастығы жіберген болса, тура сондай кітапшаны таратқаны туралы хабарламасының көшірмесін жіберіп беру туралы өкім беруіңізді сұраймын”, — деп жазды. Семейге көпес арқылы “Оян, қазақ!” кітабының 50 данасы əкелінгені белгілі. Сірə, бұл кітаптың Уфадан шығуына жəрдемдескен петропавлдық көпес Каримовтің өзі болуы тиіс. Полиция: “Каримов — панисламистік қозғалыстың көрнекті қайраткерлерінің бірі жəне империяның мемлекеттік құрылысының ымыраға келмес қарсыласы”, — деп атап өтті. Кітаптың басылуы оған 300 сом айыппұлға түсті. Бұл үлкен айыппұл еді. Бұл ретте М. Дулатұлы жұмысының қайта басылуы коммерциялық емес, ең алдымен, саяси сипат алғаны айқын еді. М.Дулатұлының кітабы кең тарала бастады. Кітаптың үлкен бөлігі Петропавлға əкелініп, одан Семей мен Қарқаралыға жеткізілді. 1911 жылдың 22 мамырында Қарқаралы уезінің бастығы Омбының жандарм басқармасына көпес Мұқан Бекметев пен оның піркəзшігі Мұқаш Атажанов Петропавлдағы Мир Якуб Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітапшасының 50 данасын əкеліп, қырғыздар арасында таратқаны туралы хабарлады. Оның бір данасын 20—25 тиыннан сатқан. Оның үстіне, аталған бастық оның өзі осыған байланысты жасырын тергеу жүргізіп жатқанын жəне кітапшаның бір данасын Омбының жандарм басқармасына жібергенін хабарлады. Қазақтар арасында қазақ тілінде жазылған үкіметке қарсы басылымның пайда болғаны Петербургтегі Полиция департаментінде үлкен алаңдаушылық туғызды. Ерекше бөлімде кітап Омбы аймағына жеткізілді; үкіметке қарсы басылымдар туралы іс жүргізілетін Жетінші бөлімшеде де іс қозғалды. Оның үстіне, сол Жетінші іс өндірісі
бойынша тағы да екі іс — 1911 жəне 1912 жылдары жүргізілді. Тергеу барысына бақылауды əртүрлі бағытта жүргізу ұйғарылды. 1911 жылдың 14 шілдесінде-ақ Омбы жандарм басқармасының көмекшісі былай деп хабарлады: “3 шілдеде, мен Слободаға Петропавлдан Дулатұлы келді жəне өзімен бірге біршама көп мөлшерде кітапша əкеліп, оларды сатумен айналысып жүр деген агентуралық хабарлама алдым, осыған байланысты мен 7 шілдеге қараған түнде күзет тəртібімен Дулатұлына тінту жүргізгенімде, одан “Оян, қазақ!” (“Пробуждайся, киргиз!”) кітапшасының тоғыз данасы жəне қырғыз тіліндегі басқа да кітаптар мен кітапшалар табылды жəне Дулатұлының өзі тұтқынға алынды. Бұдан арғы тергеу көрсеткеніндей, Дулатұлы Петропавл уезі 2- телімінің бітімгер сотының аудармашысы болып істеген, 1 қыркүйекке дейін демалыс алып, бұл кезде Семей қаласындағы қоныс аударушылар басқармасы Статистикалық партиясының аудармашысы болып келген жəне жоғарыда аталған кітапшалар сату үшін əкелінген”. М.Дулатұлының артынан түскен аңдудың мұқият істелгені соншалық, оның Омбыдан шығып кеткені туралы тек Томскінің күзет бөліміне ғана емес, Петербург полиция департаментіне де хабарланды. Өскемен жəне Зайсан уездеріне келер болсақ, М.Дулатұлы өзінің кітаптарын ол жаққа өзі жеткізгісі келген еді, бірақ бұған арест бөгет болды. М.Дулатұлының кітабы Петропавлда да таралды. 1911 жылдың 3 шілдесінде жандарм басқармасы тыныштандыру мəнерінде: “Петропавл қаласында қырғыздар арасында 1910 жылы Уфада басылған “Оян, қазақ!” деп аталатын кітап таралды. Бұл үкіметке қарсы бағыттағы кітап; оны Петропавл қаласы 2-телімдегі жергілікті сот жанындағы аудармашы Мир Якуб Дулатұлы бастырған. Бұл кітапта оның суреті бар. Аталған кітап табысқа ие емес жəне таралымда өте сирек кездеседі”, — деп хабарлады. Түсінікті — шу көтерудің керегі не? Барлық шенеуніктер жан тыныштығын жақсы көреді. Əсіресе өзінің кеңсесінде тыныштық болуын тілейді. Алайда шара да қолданылды! “Дулатұлының
аудармасының белсенді қызметін бақылау үшін агентура жіберілді. Полицмейстерлер мен уезд бастықтарынан қырғыз сөзінің барлық аудармашыларының тізімі талап етілді. Осы кітаптың мəн-мағынасын тексеріп, айқындау үшін Уфа губерниялық жандарм басқармасына хабарланды. Осы құжаттың көшірмесі Томск күзет бөлімінің бастығына жіберілді. 4/VІІІ, №2013”. Омбының жандарм басқармасы қырағылық танытты. М. Дулатұлының аудармашыларының қызметін бақылау үшін арнаулы агентура жіберілді. Петропавл уезі бойынша əртүрлі мекемелерде, сауда фирмаларында, уездік басқармаларда, сотта, қоныс аударушылар басқармаларында жұмыс істейтін қазақ елінің барлық аудармашылары есепке алынды. Петропавлдық аудармашылар Дүйсенбай Тұранов пен Салмақбай Күсемісов те полицияның назарына ілікті. Тінту барысында М.Дулатұлынан оның кітабының тоғыз емес, он данасы табылды. Бұл кітаптың негізгі бөлігі таралып кеткен деген ойға əкеледі, өйткені кітап мың данамен шыққан болатын. Семейдегі тұтқындалуы туралы М.Дулатұлы: “Мен 1911 жылдың жазында тұтқындалдым, Семей округтік сотының үкіметке қарсы идеялар таратқаны жəне баспасөзде патшаны масқаралағаны үшін деген үкіммен бір жылға сотталдым, алдын ала тұтқында болған мерзімді қосқанда мен түрмеде барлығы екі жылға жуық отырдым. Осыдан кейін менің атым шынында да қазақ халқына танымал болды, ал одан басқа менің ешқандай еңбегім болған жоқ”, — деп жазды. Билік М.Дулатұлын Семейдегі қоныс аударушылар ауданының статистикалық партиясындағы жұмысынан бірден босатты. 1911 жылдың 10 тамызында Омбының жандарм басқармасы бастығының көмекшісі Міржақып Дулатұлының тұтқындалу жағдайы туралы Семейден былай деп мəлім етті: “Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңызға Мир Якуб Дулатұлын тінту жəне тұтқындау төмендегідей жағдаятпен болғанын хабар етемін: үстіміздегі мамыр айында мен Қарқаралының уезд бастығынан қолға тапсырылатын хатпен “Оян, қазақ!” кітапшасын алдым, бұл кітапша көпес Бекметевтің Мир Якуб Дулатұлынан алып, Петропавл қаласынан əкелген 50 дананың ішінде келген.
Маусымның алғашқы күндері Дулатұлының Семейге келгендігі жəне сату үшін өзімен бірге əртүрлі кітапшалар, соның ішінде “Оян, қазақ!” кітапшасын да əкелгені туралы мəлімет алып жəне аталған кітапшаның алдын ала белгілі болған мазмұнын ескеріп, күзет ретімен Дулатұлына тінту жүргізілді, сонымен бірге Дулатұлының пəтеріне келіп, өзінің заттарын көрсету сұралды. Маған жеткізілген кітаптардың ішінде “Оян, қазақ!” кітапшасы болмағандықтан, ротмистр Леваневский Қарқаралының уездік бастығынан өзі алған “Оян, қазақ!” кітапшасын портфелінен немесе қалтасынан шығарып, Дулатұлынан: “Мұндай кітапша Сізде бар ма?” — деп сұрады. Дулатұлы “бар” деп жауап берді. “Көрсетіңізші”, — деді ротмистр Леваневский. Дулатұлы аталған кітапшаның тоғыз данасын шабаданнан алып көрсетті, “Вакыт” жəне “Айқап” жазғандай қалтасынан суырып көрсеткен жоқ. Дулатұлында болған осы кітапшалардан басқа қырғыз тіліндегі кітаптар мен кітапшалар қарап көру үшін одан алынды, бірақ Дулатұлының тұтқындалуына олардың еш қатысы болған жоқ. “Вакыт” газетінің баспаханасында қалған “Оян, қазақ!” кітапшасы өзінің мазмұны жағынан панисламизм идеясын насихаттайды. Қырғыздар ортасында орыс үкіметінің қазіргі саясатына наразылық тудыруға бағытталған жəне “Жұмбақ” (“Загадка”) мақаласында жоғары мəртебелі Императордың қасиетті құзырын жəне барша орыс халқын дөрекі түрде қорлаған. Осы айтылғандарға орай, мен Семей округтік сотының ұсынысы бойынша, үстіміздегі жылдың 14 маусымында Дулатұлына Қылмыстық заңның 129-бабының 2жəне 6-пункттері бойынша айып тағылуы негізінде, сот тергеушісіне мəлімет жолдадым. Байтұрсыновқа келсем, оның үкіметке қарсы үгіттік қызметінің тиісті бағасын алғаны соншалық, ол туралы айту да қажет емес, өйткені Ішкі істер министрінің қаулысымен Байтұрсынов 1909 жылы екі жылға жер аударылды”. Тек М.Дулатұлы ғана емес, сонымен қатар “Вакыт” газетінің редакторы Г.Каримов пен “Айқап” журналының редакторы М.Сералин де тергеуге алынды. Осыған байланысты Орынбор губерниясының вице-губернаторы Семей губернаторына былай деп хабарлады: “Осымен бірге Семейден жолданып, Орынбор губерниясында татар
тілінде шығатын “Вакыт” газетінде жəне “Айқап” журналында басылған корреспонденцияның аудармасын жібере отырып, Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңыздан корреспонденцияға айтылған мəліметтердің шындықпен қаншалықты қатысы бар екенін хабарлауыңызды жəне аударманы өзімізге қайтаруыңызды сұраймын. Бұл мəліметтер маған Орынбор губерниясында қабылданған қаулының талаптарын іске асыру реті бойынша, аталған мерзімдік басылымдар редакторларын жауапқа тарту мəселесін талқылау үшін қажет екенін назарыңызға ұсынамын”. Олар сотқа берілді. М.Сералин сот бойынша 100 сом, ал Каримов 300 сом айып тартты. Алайда іс мұнымен шектелген жоқ. 1912 жылдың 13 ақпанында, Қылмыстық заңның 103-бабының 2-бөлімі жəне 129-бап 1-бөлімінің 6- пункті бойынша, көпес ұлы Мұқан Бекметевке жəне қазақ Мұқаш Атажановқа арналып жеке іс ашылды. Істің ашылу жəне жүргізілу орны Семей жəне Қарқаралы қалалары болды. Жаңа тергеу ісі Міржақып Дулатұлының сот тергеуі мəліметтері бойынша, Семей округтік сотының 8 ақпанындағы №14-ұсынысына негізделді. Іс бойынша бақылауды Семей қаласындағы Омбы жандарм басқармасы бастығының көмекшісі Леваневский жəне прокурордың серіктесі И.М.Козак жүргізді. Мұқан Халиулиевич Бекметев 1884 жылы туған. Туған жері — Қарқаралы қаласы. Діни сенімі — Мұхаммед үмбеті, көпестің ұлы, татар, 27 жаста, Қарқаралы мещаны. Тұрақты тұратын жері — Қарқаралы. Саудамен айланысқан. Полиция департаментінде отбасы жағдайы жəне туыстық байланыстары жөнінде мыналар белгілі болды: “Үйленген. Əйелі Шамсул Бонат 24 жаста, Қарқаралыда тұрады, үй шаруашылығымен айналысады, ұлдары: Ханавил (4 жаста) жəне Ганпас (2 жаста) — Қарқаралы қаласында. Əкесі қайтыс болған, шешесі Айнике Бекмұханова 65 жаста, Қарқаралы қаласында тұрады, үй шаруашылығымен айналысады, бауырлары — Махмұд (33 жаста), Махсұд (28 жаста), Мəжит (24 жаста), Мұқсим (22 жаста). Бекметевтер саудамен шұғылданады, қарындастары — Гули Нагар 24 жаста жəне Гуль-Богир 21 жаста, Қарқаралы қаласында тұрады, үй
шаруашылығымен айналысады”. Мұқан Бекметевтің əкесі Қарқаралыдағы қазақ мектебіне 1869 жылы түсіп оқып, 1872 жылы бітірген. Өз есебінен білім алған. Бұрын тергеуге алынбаған. Осы тергеуге алынуының негізі: мазмұны жағынан қылмыстық “Оян, қазақ!” кітапшасын қазақтарға сатқандығы. Тергеуге алынған мерзімі: 1912 жылдың 13 наурызы. Тергеу жүргізілген орын: Семей қаласы жəне Қарқаралы қаласы. Тінту ештеңе берген жоқ. Алғашқы жауап алу уақыты — 1912 жылдың 13 наурызы. Абдул-Карим Атажановқа 500 сом ақшалай жауапкершілікпен кепілдікке берілген. Шешесінің капиталы жəне Қарқаралы қаласында үйі бар. Мұқан Бекметев Қарқаралы қаласындағы үш сыныпты қалалық училищеге 1899 жылы түсіп оқып, 1902 жылы курсын бітірген, өз есебінен оқыған. Осы тергеуге алынуының негізі: қазақтарға қылмыстық мазмұндағы “Оян, қазақ!” кітапшасын сатқандығы. Бекметев пен Атажанов Қылмыстық заңдар жинағының 103-бабының 2-бөлімі жəне 129-бабы 1-бөлімінің 6-пункті бойынша айыпталды. Іс Семей округтік сотында 1912 жылдың 22 маусымында шешілді. Заттық айғақ ретінде “Оян, қазақ!” кітабының үш данасы қаралды. Ал мынау айыпталушы ретiнде тергеуге алынған Мұқаш Атажанов туралы мəлiметтер: “Туған уақыты — 1870 жыл, туған жерi — Қарқаралы қаласы, дiни сенiмi бойынша — Мұхаммед үмбетi, Ақмола облысы, Петропавл уезi, Полудинский болысының қырғызы. Тұрақты тұратын жерi — Қарқаралы қаласы, жұмысы — приказчик, тiршiлiк көзi — приказчик қызметінен алатын жалақысы. Отбасы жағдайы — үйленген; əйелі Рахими Махмуд Хожи 40 жаста, Қарқаралы қаласында үй шаруашылығымен айналысады, ұлдары — Абдул (16 жаста) жəне Мұхаммед Ферит (3 жаста). Туыстық байланыстары туралы Полиция департаменті мынадай мəліметтер жинады: Ата-анасы қайтыс болған. Ағалары — Юлда Атажанов 71 жаста, Қарқаралы қаласында саудасы бар, Абдул-Карим Атажанов 60 жаста, Қарқаралы қаласында лəпкесі бар жəне Əлімбай Атажанов Əулиеата қаласында приказчик болып
қызмет етеді; қарындасы — Шамси Жаған 38 жаста, Қарқаралы қаласындағы Ғалымжан Бекметевке күйеуге шыққан, үй шаруасымен шұғылданады”. Мұрағат құжаттары көрсеткендей, М. Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабы Торғай, Семей облыстарында, Жетісуда — Верный қаласында, Пішпек, Верный, Қапал уездерінде таралған. Облыс əкімшілігі жəне Верный жандармдық іздеу пункті қауырт жағдайда болды. “Қара”, “Əдемі” (“Красивый”), “Бала”, “Нияз”, “Сарт”, “Бүркіт” (“Беркут”) жəне басқа бүркеншік атпен жандарм тыңшылары (филерлер) қоғамдық орындарды аралап жүріп, адамдардың сеніміне ие болды жəне батыл көзқарастағы қазақ жəне орыс зиялыларының абыройын түсірерліктей материалдар іздеп алас ұрды. Кейбір агенттердің фамилияларын атауға болады, бұлар — М.Шоренов, Верный гимназиясының мұғалімі Лебедев. Жандарм тыңшыларының бірі көрсеткеніндей, М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабын Орынбордан Пішпек уездік басқармасының аудармашысы Мұртаза Төлебаев əкелген. Ол жүзге жуық данасын əкелген. Бір данасын Иса Тергеусізов алған. Бір қызығы, И.Тергеусізов белгілі Верный көпесі Мир-Қасым Сүлейменовтің досы болған. Ол “Сүлейменовтер, Тазетдиновтар жəне Ибрагимовтер” сауда үйінің пайщигі болды. 1911 жылдың 7 желтоқсанында төмендегідей агентуралық мəлімет алынды: “Бердібек Сыртановтың жақын танысы, Затыльниковтың үйінде тұратын, фамилиясы бойынша, бəлкім, сірə, Утенов деп аталатын, Ташен дейтін біреудің айтуына қарағанда, Бердібек Сыртанов облыстық басқарманың аудармашысы Жайнақовқа, би Мирқасымға бірнеше рет жазып жəне Сият Ниязбековке телеграмма салып, оған Қапалға 300 сом жіберуін жəне барлық болыстардан сенімхат дайындауын сұраған. Сонымен бірге оның одан əрі айтқанына қарағанда, Омбы генерал-губернаторының бұрынғы аудармашысы Абылайханов бұл жерге осы жердің қырғызының жəне Шабдан Жантаевтың шақыруымен келген, өйткені жергілікті бастықтар жерді пайдалануға қатысты қырғыздарды ренжітеді, губернатор жəне əкімшіліктің басқа шенділері жер сілкінісінен кейін берілген
жəрдемақыны өздері бөлісіп алып, қырғыздарды одан құр қалдырған. Жайнақов соңғы жағдайды комитеттің анықтамасымен растауға кіріскен, ал қоныс аударушылар басқармасынан мұндайды əлдебір Тоқаш Бокин дейтін жеткізетін көрінеді, осы реніштердің барлығы үшін Сыртанов, Шабдан Жантаев, Абылайхановтардың біреуі патша ағзамға шағым жасауға барады, ал одан кейін жергілікті бастықтардың біреуі де орнында қалмайды, алып қойылған жерлер қайтарылады, тыңшылық бөлім қырғыздардың өміріне араласпайды, өйткені оларда халық соты бар. Əке-Абылайханов осының бəрі орындалады деп сендірді деседі”. Верныйдағы жандарм тыңшысы “Қара” былай деп жеткізген: “Ұн саудасының қарсысындағы кіші базарда орналасқан Сүлейменов, Тазетдинов жəне Ибрагимовтердің лəпкесінде, приказчик Ахмед- Карим Зайнуллин қырғыздарға əртүрлі үкіметке қарсы кітап басылымдарын сатады. Бірнеше күн бұрын Шығыс Талғар болысынан əлдекім хатпен бірге фамилиясы белгісіз қырғызға Дулатұлының “Оян, қазақ!” шығармасын жіберген. Бұл кітапша Зайнуллин сауда жасайтын лəпкеден алынды”. Сонымен бірге М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабы Верныйда Ахметкарим Зайнулиннің лəпкесінде таратылады деген мəлімет басқа тыңшылардан да келіп түсті. Кітап Верный уездік басқармасының аудармашысы сол кезде Əндіжанда істеп жүрген, кейіннен “Алаш” партиясы қайраткерлерінің бірі болған Иса Тергеусізовте болғаны анықталды.
Верный уездік бастығы Əндіжан уездік бастығына былай деп жазды: “Маған сеніп тапсырылған ауданнан алынған агентуралық мəлімет бойынша, Сізге сеніп тапсырылған басқарманың Иса есімді
аудармашысы Жетісу облысының Верный қаласына келіп, онда өзінің ұлынан əлдебір Ибрагимге тарату үшін, шындығында, қолдан-қолға өтіп жүрген “Оян, қазақ!” деп аталатын қылмысты кітапшаның жеті данасын беріп жіберді. Исада сол кітапшаның тағы да бес данасы қалды, ол оларды өзімен бірге алып кетті. Биылғы жылы Жетісу облысында болыс басқарушылардың сайлауы өтеді. Аудармашы Иса үш айлық демалыс алып, съезд кезінде оған қатысушыларды қырғыздардың пайдасына жүргізіп жүрген өзінің құпия жұмысымен таныстыру үшін жəне бұл бағытта Жетісу облысында əлі де нелерді істеуге болатынын талқылау мақсатында, сайлау уақытында Верный қаласына келуді ойластыруда”. Күзетшіде И.Тергеусізов туралы мынадай мəліметтер болған: “Оның қызы 4 жаста, Күрті болысындағы əжесінің (Исаның шешесінің) қолында тұрады, ұлы 2 жаста жəне 4 айлық қызы бар, бұлар Əндіжандағы əке-шешесінің қолында, Əндіжанда қызмет еткен (4 ай) Тергеусізов, жалпы алғанда, ешқайда демалыс алып шыққан жоқ, дербес жағдайда Жетісуда да болған жоқ. Исаның Верныйда тұратын ұлы өте кішкентай болғандықтан, кітапшаны тарату ісімен шұғылдана алмайды. Иса менің назарымда болған уақыт бойында: Верныйда 1908 жылдан 1910 жылға дейін, Əндіжанда соңғы 4 ай ішінде, мен оның ешқандай да күдікті қылығын байқаған жоқпын. Ол білімге өте құштар, оқығанды ұнатады жəне өзіне тапсырылған істі аса бір ыждағаттылықпен орындайды. Осы жылы демалыс алуға кететін ойы бары туралы Иса маған ештеңе айтқан жоқ. Болыс басқарушылардың сайлауына қатысты Верныйда ешқандай да съездің өтуі мүмкін емес, өйткені сайлауларды уезд бастықтары болыстарда жеке-жеке, ауылдар мен болыстардың съездерінде (əдеттегі жағдай ретінде) өткізеді. Қырғыз қоғамы өзара жауласушы партияларға бөлінетін сайлау уақыты қандай да бір халықтық насихат жүргізу үшін ең қолайсыз кезең болып табылады. Исаның “қырғыз мəселесі” жоқ жəне тұрғындары сарттар мен аздаған қара қырғыздан құралған, отырықтанған жер иелерінің ¾ бөлігінің жекеменшік құқындағы Ферғанаға қызметке ауысуы, оның сарттарды жек көруі жəне дінге жеңіл қарауы мені ол қырғыздарды ояту идеясын насихаттаушы ма деп күдіктенуге мəжбүр етеді, өйткені бұл үшін ол Верный уезіндегі өз туыстарының арасында ғана қолайлы
жағдай тапқан болар еді. Алайда мен, Иса өз халқының ұлы ретінде, қырғыздар жердің алынып қоюы жөнінде не айтса, соның бəрін мылжыңдап айтуы, қолына түскен тиісті əдебиеттерді оқуы жəне оны оқу үшін өз ағайындарына беруі мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Осы айтылғандарды хабарлай отырып, Исаға тінту жүргізу қажет пе, жоқ па, соны айтуыңызды сұраймын. Оған бақылау қойылған”. Жетісу облысы əскери губернаторының Түркістан генералгубернаторына жолдаған циркулярлық хатындағы патша əкімшілігінің қазақ халқына қатысты саясаты туралы қарары көңіл қоярлық. Верный, 1911 жылдың 31 қазаны: “Өз тарапымнан, сондайақ барлық тұрғындарға қатысты ұлтының айырмашылығына қарамастан, заң негізінен шықпау керек екенін ұсынамын, əрқашан жəне барлық мəселеде орыс аты мен орыс мүддесі басты орында тұруы керек екенін есте ұстай отырып, түземдіктермен араласқанда ерекше қатаң болу қажет. Бізде, облыста, бірінші орында казактар жəне солармен бірге шаруалар мен мещандар, ал екінші орында түземдіктер тұруы тиіс, əрине, олар бір ұлы отбасының мүшелері ретінде бірдей болғанымен, бірақ отбасында аға мен іні де бар. Жалпы, біздің жұмысымыздың өзегіне қойылатын қарапайым көзқарас сол болуы керек: біз орыс элементі əлсіз жəне енді ғана аяқ басып кірген Азияда тұрмаймыз, ал ескі азиялық əдет-ғұрыптар мен мінез-құлықтар əлі уақытша сақталып тұрған орыс облыстарында олардың тағдыры біреу ғана: олар не жалпы империялық азаматтықты қабылдайды немесе жойылып бітеді. Түземдіктер бізді материал ретінде ғана қызықтырады: олардан біз жақын болашақта, мейлі, мұсылмандық діни сенімдегі болса да, əдеттегі орыс шаруасын жасап шығаруымыз керек. Сондықтан оларды барлық орыстарға деген қатаң құрметтеушілік рухына келтіру керек. Олардың ішінде бұған көнгісі келмейтіндерді қайғылы тағдыр күтіп тұрғаны сөзсіз: олар не жерсіз кедей болып қалады жəне құрып бітеді немесе Ресей олармен қош айтысады. Мұның бəрі тек ойда ғана болуы тиіс жəне бұл тақырыпта артық сөздер айтылмауы тиіс”. Верныйдағы қылмыстық іздеу пунктінің меңгерушісі Полиция департаментіне былай деп хабарлады: “Полиция департаментіне
мынаны хабар етемін: “№12”-мəлімдеушінің мəліметтерінде қырғыздар арасында “Оян, қазақ!” кітабын таратады делінген адам — мен аудармашы ретінде қызметке қабылдаған губерниялық хатшы Қайсерке Тоқсанбаев болып табылады. “№12”-мəлімдеушімен мен жеке танысып, ол əр алуан өсекаяң сөздерді жинап, қылмыс іздестіру бөлімінің меңгерушісіне хабарлайды, көбінше бұл қарсылас партиялардың біреуінің қырғызын қатардан шығару үшін пайдаланылады. Өткен жылдың 21 қазанында Ішкі істер министрінің серіктесіне, сенатор Белецкийге жолдаған №3993-баяндаманың 1-пунктінде мен қырғыздардың əдет-дəстүрі бойынша, кандидатты немесе оның партиясындағы адамды болыс басқарушысы етіп қоюға көмектесетін əдістердің бəрі де жақсы болып саналатын жағдайда, сайлаушылардың екі партиясының арасында қандай бақталастықтың болатыны туралы айтқанмын. Қырғыздардың мінез-құлқымен жəне тұрмысымен таныса келіп, мен олардың арасынан біз өзімізге қажет қызметкерді таба алмайтынымызды көрдім, өйткені оның қызметі туралы оның өзінен сол сəтінде-ақ бүкіл қырғыз бəрін бөліп алады. Бұлай болатын себебі: орыстардың қызметіне келген əрбір қырғыз, ол тіпті лакей, көшір немесе аспазшы болса да, өз ортасында құрметті адам болып саналады, ал құрметті адам ретінде олар өздерін қандай жолмен болса да, ауылда тұратын қырғыздардан ақша сығып алуға құқылымыз деп санайды. Менің тəжірибемде Верный қаласында мынадай бір қызықты жағдай болды: “Зингер” компаниясының ісі бойынша күзет тəртібінде хат алыса отырып, мен бір қырғызды агенттікке жалдадым жəне оған: 1) жеткізген мəліметтерінің құпиялылығы, 2) мəлімет жинау тəсілдерінің тазалығы, 3) өз ағайындарының алдындағы адалдығы туралы шарттарды əбден түсіндірдім. Оған айына 25 сом төлеуге келістім. Келесі күні агентура маған мен агент етіп жалдаған қырғыз үйіне барғаннан кейін маңайындағылардың бəріне өзінің үлкен адам болып кеткені, өйткені “жандармның тыңшысы болып кіргені” туралы қуана хабарлағанын жеткізді. Əрине, ол маған келісімен-ақ, мен оны қуып жібердім. “№12”-мəлім етуші, кейіннен “Нияз” — ол да дəл мен жоғарыда суреттегендей мінез-құлықтың адамы. Бұл мəлім етуші,
полицейлік тергеу көрсеткендей, “жандармда” қызмет етемін деп мақтанып қана қоймаған, адамдарды ұстап беремін деп қорқытып, одан ақша алуға əрекет еткен. Егер 1914 жылдың 30 қыркүйегіндегі №1805-агентуралық жазбадағыға ұқсас мəліметтер жиынтық ақпаратқа енген болса, менің ойымша, мұның себебі — Верный қылмыс іздестіру пунктінде Түркістан аудандық күзет бөлімінің бұрынғы бастығы подполковник Сизыхтың агентуралық мəліметтерді алысымен дереу, олардың тексерілуін күтпестен-ақ көрсету туралы қатаң өкімі болғандығынан. Қайсерке Тоқсанбаевтың ісін талдай келіп, мен “№12”-мəліметтері шындыққа сəйкес келмейді жəне Тоқсанбаев “Оян, қазақ!” кітабын ешқашан таратқан жоқ жəне өзінің мінезқұлқына қарағанда таратуы мүмкін емес деген қорытындыға келдім. “Оян, қазақ!” кітабы — əрине, біржақты шығарма, ол тұтқындалуына рұқсат сот қаулысы арқылы 1912 жылы (1912 ж. сəуір, мамыр, маусым айлары) бекітілген кітаптардың əліпбилік көрсеткішінде екінші орында тұр. Губерния хатшысы Тоқсанбаевтың жеке жауаптарынан оның кітапты дүкеннен сатып алып (ол кезде бұл кітапқа тыйым салынбаған) 1914 жылы оқығаны, одан соң оны жойып жібергені белгілі. Тоқсанбаевты қызметке қабылдамас бұрын мен оны өзімнің агентурам арқылы тексердім, агентура да, сондай-ақ оның басшылары да ол туралы ең жақсы мінездемелер берді”. Тоқсанбаев жеңілді: бір тыңшы екіншісін аяусыз сатып кетті, ал жандарм бастығына өз мекемесінің беделін сақтау керек болды. Міне, мынау Верный тыңшылық бөлімі бастығының Б. Сыртановты Санкт-Петербург қаласына сапарға жіберуге дайындау жөніндегі агентуралық мəліметтерінің хаттамалық жазбасы: “Верный, 1911 жылдың 28 қарашасы. Өте құпия. Верный тыңшылық бөлімшесінің бастығы губерниялық хатшы Склюев айдың осы күні төмендегідей агентуралы мəліметтер алды: губерниялық хатшы Ибраим Жайнақов Қапалдан демалыстағы кеңесші Барлыбек Сыртановтан хат алды, мұндай хат облыстық жəне уездік
əкімшіліктерге жəне қоныс аудару ұйымдары деп аталатындарға қатысты болады. Таяу күндері Қапалдан түземдік мектеп мұғалімі, Торғай облысының аты-жөні белгісіз қырғызы келді жəне түркістандық нөмірлерге тоқтады, ол жоғарыдағы хатты Жайнақовқа əкелді; хатты алғаннан кейін Жайнақов болыс басқарушылар мен қадірлі қырғыздарды өзіне жинады, бірақ, өкінішке қарай, не мəселе талқыланғаны нақты белгісіз. Дегенмен Сыртанов Жайнақовтан өзінің Верный қаласына келетіндігін болыс басқарушылар мен қадірлі адамдарға ескертуді жəне əрбір қырғыз болысынан Сыртановтың Санкт-Петербург қаласына баратын сапары үшін жүз сомнан жинауды сұраған деген сыбыс таралған”. Қазақ радикалдары батыл қимылдады. Верныйдан Түркістан аудандық күзет бөліміне агентуралық талдаудан мына жағдайлар белгілі болды деп хабарлады: “Осы жылдың 15 қазанындағы №2473-хабарламада баяндалған мəліметтер Жетісу облысының қырғыздары мен қара қырғыздары жиналып жатқан — Казанский-Богородский селосында өтетін (1910 жылдың желтоқсанындағы №1434-мəлімет) Ұзынағаш салтанатының уақытына қатысты. Бұл съезді Сыртанов облыстық съезд есебінде пайдаланып, жиналғандарды үкіметтің жер мəселесіне қатынасын талқылауға көндірді жəне Пішпек уезінде тұрушы Саурамбаевтың, подполковник Жантаевтың, сондай-ақ прапорщик Дəулетбековтің, Верный уезі, Шамалған болысында тұрушы Манке Исмаиловтың қызу қолдауына сүйеніп, Сыртанов Жетісу облысының мұсылман тұрғындарына бейне бір үкімет таңған əділетсіз реніштер туралы айтып, осы салтанатқа қатысқан қырғыз өкілдерін Семей облысының барлық болыстарынан жылу жинау туралы шешім (приговор) қабылдауға жəне бұл ақшаны оған, Сыртановқа, ол Петербургке барып, онда Мемлекеттік Думаның мұсылман мүшелерімен бірге, қырғыз жерінің жаттануы бойынша мəселені көтеру мақсатында қарым- қатынасқа түсуі үшін беруге көндірді. Мұнда облыс болыстары бойынша жалпы ақша жиымын күтпестен, салтанатқа қатысқандар тарапынан 5000 сом жиналып, Сыртановтың қолына тапсырылған. Болыстар бойынша ақша жинау жəне оның
себебін түсіндіруге қатысты формалды қабылданған шешімді дайындау болыс басқарушылар мен старшиналарға тапсырылған. Салтанаттың соңында Сыртанов Қапал, Лепсі жəне Пішпек уездерін аралап, одан кейін Петербург қаласына кеткен. Бұл уездерде оның қанша ақша жинап алғаны туралы білу əзірше мүмкін болмай отыр, сондай-ақ бұл уездерде ол кімдермен тікелей кездесіп сөйлескені де анықталған жоқ. Пішпек уезінен Сыртанов Петербург қаласына кетсе, бұл қалаға оған тағы да бөлшектеп 5000 сомнан аса ақша жіберілген; Сыртановтың Петербург қаласындағы қызметінің нəтижесіне риза болмады, Пішпек жəне Пржевальск уездерінің он болысы Сыртановқа сенімдерін жоғалтып, əр болыстан 200 сомнан жинап, бұл ақшаны сол бұрынғы мақсатта Дюра Саурамбаевқа беруге жаңа шешім шығарды. Ол пристав өзіне қызметімен көмек көрсеткен Кутуковпен бірге Петербургке баруға тиіс болды. Бұл шешімдердің шығарылған уақыты əлі анықталған жоқ. Сыртанов таяу уақытта Лепсі уезінен Верный қаласына келуге тиіс, мұнда ол Ұзынағаш салтанатында болған кейбір адамдардың алдында өзінің Петербург қаласындағы сəтсіздігі үшін ақталып, оны Петербург қаласына қайтадан жіберу қажеттігін дəлелдемекші”. Ұзынағаш оқиғасынан кейін қазақ радикалдарының кеңестері жиі өтетін болды, демократиялық бостандық талабы Жетісудің бүкіл қоғамдық өмірінде көрініс тапты. Бұған да белгілі бір дəрежеде Міржақып Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабы ықпал етті. 1912 жылдың желтоқсанында Верныйда жаңа кеңес өтті. Мұсылмандар арасындағы құпия кеңестер туралы жандармдарда төмендегідей агентуралық мəліметтер болды: “Мирқасым Сүлейманов дейтін біреу Верный қаласында мұсылмандар əлдебір құпия кеңес өтетінін айтты: бұл қозғалыстың басшылары Верный қаласына келген Куватов, бұрынғы аудармашы Ишмұхаммед Абылайханов, облыстық басқарманың аудармашысы Жайнақов, полковник Шабдан Жантаев жəне бірнеше көпестер болып табылады. Бұл жерге таяу күндері Сыртановтың келуі күтіледі, одан кейін Петербург қаласына делегаттар жіберу, Константинополь қаласындағы сұлтан арқылы
Түркістандағы мүфтиді өтініп сұрау үшін сұлтанға ақша жіберу туралы мəселе талқыланбақ. Сүлейманов пен Куватовтың жекебастары туралы қосымша мəліметтер түскеннен кейін айқындалады. Жандармдардың жеке корпусы ротмистр Астраханцев”. 1912 жылдың 18 сəуірінде Верныйдағы тыңшы былай деп хабарлайды: “Мұсылман тұрғындар арасында “Оян, қазақ!” кітапшасының авторы Мир Якуб Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” деп аталған біржақты мазмұнды шығармасы еркін таралуда; сондай-ақ сол автордың Ресей мен Жапония арасындағы күресті басқаша түсіндірілетін “Жолбарыс” (“Тигр”) кітапшасы жеткілікті таралған: Жолбарыстың (Ресейдің) құлағын, құйрығын (Жапония) жеп жатыр жəне олжаны алып қойған; күрес табысты болу үшін көлем мен күш емес, жеңуге деген ұмтылыс пен икемділік талап етіледі деген қорытынды жасалады. Бұл кітапша құпия түрде таралуда. Орынбордағы жандармдар да сасқан жоқ. 1912 жылдың 25 маусымында Орынбор губерниялық жандарм басқармасының бастығы Петербургке былай деп сұрау салды: “мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде маған мынаны хабарлаудан бас тартпауларыңызды өтінемін. Баспа істері жөніндегі уақытша комитетке 1911 жылы “Вакыт” газетінің баспаханасынан басылып шыққан Дулатұлының шығармасы “Оян, қазақ!” кітапшасы ұсынылды ма? Жəне ол өзінің мазмұны жағынан түземдік тұрғындар арасында таратылуға жата ма? Менің пікірімше, ол шектен тыс дəстүршіл жəне қырғыздарды үкіметке қарсы қоюға бағытталған”. Ал Верныйда тыңшылар жаңа хабарлама əкелді: “Казарменная көшесінде, Ташкент аллеясына бір квартал жетпей, сол жақ бұрыштағы екінші үйде тұрушы Ибрагимнің үйінде Əндіжан уезі бастығының аудармашысы Исаның ұлы пəтерде тұрады; аудармашы Иса өзінің ұлынан Ибрагимге “Оян, қазақ!” аталған кітапшаның жеті данасын беріп жіберген. Кітапшалар оқу үшін қолдан-қолға таралып кеткен; таяу күндері Ибрагимнің қолына бірнеше данасы түседі; бұл кітапшаның бірнеше данасының Ибрагимнің қолында болатын уақыты дəлме-дəл белгілі болады. Исада ол өзі алып жүрген тағы бес данасы қалды. Сол кітапшаның тағы бірнеше данасы Куватовта бар. Исаның кітапшаларды кімнен алғаны белгісіз”. Бұл тұжырым Куватов кітапты тек оқу үшін ғана емес, оны тарату үшін де алғанын дəлелдейді.
Тіпті Жетісудың ең түкпірдегі бұрыштардың өзінде жергілікті билік жергілікті тұрғындардың бейқамдығына арқа сүйей алмады. Мəселен, Лепсі уезі, Бахты бөлімшесінің бастығы кітап лəпкелерінің жоқ екеніне қарамастан, Захаровский жəне Ивановский селоларында адамдар татар тіліндегі газеттерді жаздырып алатынын жасырмады. Жəне, əрине, татар тұрғындар арқылы олар қазақтар ортасына да кіреді. Қазақ тұрғындар арасындағы кеңестер мен жиналыстарға келер болсақ, онда бөлім бастығының пікірі бойынша, бұрында болған осындайлардың əлі де болуы мүмкін”. Осы Жетісу облысының Пішпек уездік басқармасының аудармашылары Серікбаев пен Тулин жергілікті тұрғындар арасында Дулатұлының “Оян, қазақ!” шығармасын насихаттағаны мəлім. Бұл мəліметтер 1911 жылға қатысты. Жандарм басқармасының тыңшысы 1912 жылдың наурызында былай мəлім етті: “Қырғыздардың өткен 1911 жылғы съезінде Пішпек қаласында тұрушы Пішпек уездік басқармасының аудармашысы, губерниялық хатшы Тымбай Серікбаев Пішпек уезінің барлық болыс басқарушыларына көшпелі халық арасында тарату үшін əлдебір Дулатұлы дегеннің “Оян, қазақ!” аталатын шығармасын бір данадан үлестіріп берді. Кітапта империядағы көшпелі халықтың қазіргі жағдайы сипатталған жəне патша өкіметінен құтылудың жолы көрсетілген. Дулатұлы аталған шығармасы үшін бір жылдық қамауға алынған дейді, бірақ ол қай жерде сотталған жəне жазасын қай жерде өтеуде — бұл жағы белгісіз. “Оян, қазақ!” шығармасы бүкіл Жетісу облысы бойынша аудармашылар арқылы таратылған, Верный уезінде — аудармашы Ибрагим Жайнақов”. Бұл мəліметтер М. Дулатұлының “Оян, қазақ!” бағдарламалық кітабының нақты таратушыларының фамилияларын анықтауға көмектеседі. 1912 жылдың 20 қазанында Түркістан аудандық күзет бөлімінің бастығы Полиция департаменті директорының атына мынаны хабарлады: “Верный қылмыс іздестіру пункті меңгерушісінің 10 қазандағы №2099-мəлім етуі бойынша, осы жылдың желтоқсанында ротмистр Астраханцевке, Верный қаласының тұрғыны татар Құдыс Ғабдулвалиев Жетісу облысындағы басқа халықтардың
мұсылмандарымен құпия қарым-қатынас жасасады жəне бұл қарым- қатынасты жүргізуші облыстағы барлық халықтар мұсылмандарының бірлестігі панисламистік мақсаттарды көздейді деген мəлімет түсті. Өткен жылдың 7 желтоқсанында Ғабдулвалиевтің пəтері мен дүкеніне тінту жүргізіліп, одан ротмистр Астраханцевтің мен басқаратын бөлімге жіберген көптеген хаттары мен журналдары табылды, Ғавдулвалиев, сірə, өзіне қолайсыздық тудыратын ол хаттарды ақша беріп қолына түсірген болса керек. Дүкен приказчиктеріне жеке тінту ешқандай нəтиже берген жоқ. Тінту барысында табылған көшірме кітаптарға қарап, Ғабдулвалиев Тоқмақта, Пржевальскіде, Жаркентте, Лепсіде, Қапалда жəне Гавриловск селосында тұратын адамдармен байланыс жасасқан деген қорытынды шығарылды. Бұл адамдарды тінтуден де ештеңе өнбеді; көшірмесі Ғавдулвалиевтің көшірме кітабынан табылған — тінту жүргізілгендердің атына жазылған хаттар да табылмады. Ғавдулвалиевтегі хаттарда Қапалда тұратын Бердібек Сыртанов деген қырғызды Петербургке жіберу туралы айтылады, бұл сапардың мақсаты қырғыз жері туралы жоғарғы үкімет алдындағы əуре- сарсаңдарға қатысты айқын мəселеден жəне Сыртановтың Петербургте не істейтіндігін бірінші мақсатпен бүркемелеп, бірақ еш жерде ашып айтпайтын құпия жайлардан тұрады. Осы жағдай тергеу жүргізуге себеп болды. Сыртановтың сапары үшін Ғабдулвалиев ақша жинаған, бірақ Сыртановтың құпия сапарына кімдердің ақша бергенін анықтау мүмкін болмады. Сұралған куəлардың көрсетуіне қарағанда, бұл іс мүлде жария мəселелер жөнінде, атап айтқанда: облыста мүфтиат ашу, мектеп мəселесі жəне приказничый демалыс жайында болған көрінеді. Мұсылмандар арасындағы қалыптасқан дəстүрлік əдеттерге байланысты, мəселені куəлардың көрсетуі арқылы анықтау қиындық тудырады. Аталған іс бойынша шешуші нəтижеге, сірə, барлығының дем берушісі болып отырған Сыртановты тінту арқылы ғана жетуге болар еді, алайда бұл адамға тінту жүргізу туралы талап етілген Қапал уездік бастығы мұны тез жүргізбей, ротмистр Астраханцевпен хат- хабар алысты, ал тінтуді оның əскери губернаторға түсірген шағымынан кейін жүргізді, соның салдарынан Ғабдулвалиевтің ісі
бойынша жүргізілген тінту туралы өсек, əрине, Сыртановқа дейін жетті де, одан тіпті бір жапырақ та жазылған қағаз табылмады. Сыртанов жоғары білім алған, мұсылмандар арасындағы ықпалы зор, облыстан тысқары жерлерге де кеңінен белгілі, хат алысулар жауап беруге тиісті адамдардың тұрған жерінен алыс жақта сақталған. Уездерде тұратын адамдардан қазірдің өзінде жауап алынды жəне Верный қаласында тұратын, бірақ осы кезде онда жоқ адамдардан жауап алудың аяқталуына, сондай-ақ Орынбор, Семей жəне Петербургтегі анықтамаларға байланысты хат алысулар кешеуілдеуде”. Міржақып Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабы Верныйдың мұсылман кітапханасында болды. Ол кітап көпес Хамза Абдуллович Тюменевте де болды. Кітап көбінше қолдан-қолға оқу үшін таралды. М.Дулатұлының кітабын тасымалдаумен Мырзахан Төлебаев та шұғылданды. Ол туралы жандармдар: “Пішпек қаласында қоныс аударушылар басқармасының статистикалық отрядында шенеунік Мырзахан Төлебаев қызмет етеді. Ол Қазаннан немесе Орынбордан тыйым салынған 30 басылым əкелді. Бір-бір данасы Иса Тергеусізовте, қалғанын Төлебаев қырдағы Қапал уезінің қырғыздарына үлестіріп берді”, — деп хабарлады. Мырзахан Төлебаевтың Верный уезінде туып- өскендігі туралы мəліметтер сақталған. Оның бауыры Верный орман мектебінде оқыған. М. Төлебаев Орталық Ресейге шеккен сапарынан “Оян, қазақ!” кітабының жүздеген данасын əкеліп, өзінің уездерді аралаған кездерінде қазақтарға таратқаны белгілі. 1912 жылы М.Төлебаев Пішпектен кейін Верныйға келуі тиіс болды. Жандармдар, тіпті ол Верныйдағы Грязновтың қонақүйіне аялдайтынына дейін біліп алды. Тек қалаларда ғана емес, жекелеген ауылдық жерлерде де қазақтар М.Дулатұлы кітабының мазмұнымен таныс болды. Мəселен, Жетісу облысы, Сарқант станицасында М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітапшасы табылған. Станица атаманы бұл туралы жоғарғы билікке хабарлады. Верныйда: “Баспа ісі жөніндегі Қазан уақытша комитеті арест салды, Саратов сот палатасының прокурорына осы арестті бекіту жəне
авторды Қылмыстық заңдар жинағының 128 жəне 123-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жасалды”, — деген нұсқау шықты. Хат алысулар бірнеше айға жалғасып, масқара жағдаймен аяқталды — 1912 жылдың 3 тамызында Түркістан аудандық күзет бөлімінің бастығына: “Дулатұлының шығармасы “Оян, қазақ!” кітапшасына салынған арест Саратов сот палатасының 1911 жылдың 18 қарашасындағы анықтамасымен алынып тасталғандықтан, кеңсе, өлкенің жоғары басшысы ол кітапшаны айналымнан алып тастау туралы өкім берудің мүмкін еместігін мойындағанын растайды”, — деп хабарлады. 1912 жылдың қазанында Түркістан аудандық күзет бөлімі генерал- губернаторға былай деп хабарлады: “Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітапшасына салынған арест Саратов сот палатасының 1911 жылдың 18 қарашасындағы анықтамасымен алынып тасталуына байланысты, өлкенің жоғарғы басшысы бұл кітапшаны айналымнан шығарып тастаудың мүмкін еместігін мойындағаны жөнінде мен осы жылдың 3 тамызындағы қатынас арқылы растау хат алдым, алайда Верный қылмыс іздестіру бөлімі меңгерушісінің мəлім етуіне қарағанда, сот шешімімен бекітілген кітаптар мен кітапханалардың əліпбилік көрсеткішінде аталған кітапша тыйым салынғандардың қатарында тұр. Осыларды хабарлай келіп, мұндағы қайшылықты түсіндіруден бас тартпауыңызды өтінемін”. Алайда Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы сот палатасының шешiмiне қараған жоқ; 1912 жылдың 15 қарашасында ол өзiне бағынышты облыстардың əскери губернаторларына мынадай циркуляр (жарлық) жолдады: “Мир Якуб Дулатұлының қырғыз тіліндегі “Оян, қазақ!” деп аталатын кітапшасының түземдік тұрғындар арасында таралуының орын алуына байланысты жəне Баспа ісі жөніндегі Бас басқарманың үстіміздегі жылдың 19 мамырындағы №6668- циркулярлық өкіміне сəйкес айналымнан шығарылуға жатқызылған бұл кітапшаны, егер оның таралуы орын алған болса, жергілікті тұрғындар арасында айналымнан алып тастауды ұсынуыңызды сұраймын”.
1905 —1914 жылдар қазақтардың қоғамдық өмірінде ана тіліндегі кітап басылымдарының көбеюімен ерекшеленді. Бұған көз жеткізу үшін А.Каримуллиннің, Е.Қасымовтың жұмыстарына назар аудару жеткілікті. Билік: “Түркі əдебиетінің жаңа бағыты өзінің алғашқы қадамдарында көрініс тауып отырғанындай, Ресейдің мұсылман қауымына жалпы білім беру мен практикалық танымды қалыптастыруға жəне мұның өзі мəдени де бай болуына ұмтылыс жасаудан тұрады. Бұл ретте халық өзінің сенімін саралауға, оны молдалардың ырымшылдығы мен дүмшелігінен тазартуға жəне өзінің халықтығын нығайтуға, ана тілінің қолданыс аясын əдеби, ғылыми жəне діни салаларда кеңейтуге тиіс”, — деген қорытындыға келді. Сөйтіп, Семей облысы қазақтарының қоғамдық өмірінде М.Дулатұлының кітабы белгілі бір рөл атқарды. Бұл аймақтың тұрғындары қоғам қайраткері, ақын, философ, Міржақып Дулатұлы жұмысының көптеген тұжырымдарымен жақсы таныс болды. М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабы басқа облыстарда да таралды: Сырдария облысында бұл кітапты Ташкент-Верный күре жолы бойында таратты. Ол Орынбор-Ташкент теміржолы бойында орналасқан жекелеген уездерде де болды. М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабы Сырдария облысы, Перовский уезінің татар мұғалімдерінен табылды. Кітап саны көрсетілмейді. Қазалы уезінде жəне Сарысу жағалауындағы қазақ ауылдарына татар мұғалімдері М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабын тегін таратты. “Оян, қазақ!” кітабының жеткізілуі мүмкін болған тағы бір пункт Əулиеата қаласы болды. Мұнда əдебиеттерді Қазаннан, Ташкенттен, Петербургтен, Стамбұлдан алдырған он төрт мешіт, 22 мектебе, уезд бойынша барлығы 102 мектеп болды. Орыс жəне түрік тілдеріндегі əдебиеттер түсті. Оны Ташкенттің кітап базарынан да аз əкелген жоқ. М.Дулатұлының кітабы жарық көрісімен, оны алу үшін Əулиеатадан — кейіннен Алаш қозғалысына қатысқан Садық Абланов əуре-сарсаңға түсті. Жандармдардың мəліметі бойынша, “Түркістан өлкесінің Сырдария, Ферғана жəне басқа облыстарында соңғы бірнеше жыл бойы жазғы қол бос уақытта татар медресесі “Ғалиядан” Уфа қаласына жас татарлар —
“мударистер” барып, жергілікті қырғыз тұрғындар үшін көшпелі киіз үй-мектептер ашуда. Ешбір рұқсатсыз ашылған бұл мектептердегі оқыту натуралдық əдіспен, бірақ орыс мемлекеттілігінің мүддесінен шалғай жағдайда жүреді. Оқыту үшін өте жоғары ақы алынатынына қарамастан, мұнда келген мұғалім-татарлар өз мектептеріне жас қырғыздарды жəне тіпті орыс-түземдік училищелердің оқушыларын да көптеп тартуда. Келген мұғалімдердің жергілікті қырғыздарға ықпалының күштілігі сонша, қырғыздардың кейбіреулері қыстыгүні Уфаға келіп, татарлардың көмегімен сол “Ғалия” медресесіне оқуға қабылданады да, ол жақтан өз үйлеріне жеткілікті түрде үгіт-насихат алып қайтады. Суық түсісімен татар мұғалімдер Уфаға қайтып, келесі жылы тағы да қырғыз даласында болуға дайындалады. Жергілікті əкімшілік жүргізген тергеу, жалпы алғанда, жоғарыда көрсетілген мəліметтерді растады жəне дербес жағдайда Сырдария облысы, Перовский уезі, Жүлек телімінің қырғыздары жазғы кезде Сырдария жəне Сарысу жағалауына татар мұғалімдерін шақырушылар екенін көрсетті”. Зерттеуші Г.Сұлтанғалиева Қазалы жəне Перовский уездеріне 1913 жылы қырық шəкірт келгенін айқындады. Олардың ішінде уфалық “Ғалия” медресесінің студент-шəкірттері Баймұхамед Каренеев, Ерғали Салдыбаев, Ғали Баймұхамедов, Тынбай Қалышев, Ерлан Тұрсынов жəне басқалар болды. Мұндай студенттердің санын анықтау мүмкін емес еді. Орынбор губерниялық жандарм басқармасының бастығы: “Кеңбайтақ қырғыз даласына жазғы кезеңде əртүрлі медреселер оқушыларының бір бөлігі, көбінше жоғары сыныптағылар барады жəне бізге белгілі болғанындай, олар барынша шектеулі сыйақы ала отырып, қырғыздарды шынында да сауаттылыққа үйретеді; оқытуды жаңаша дыбыстық əдіспен жүргізеді” деп жазды. Полиция департаменті жағдайды былайша талдаған: “Қырғыз- қазақтар, жалпы, өздерімен туыстас басқа көшпелілердің арасында, барынша бай тілге ие, алғыр, өз əдебиеттері бар жəне жаңалықты басқаларынан тез қабылдайды деп саналады. Сауаттылық, мұсылмандық діни оқуы жəне жөн-жоралар қырғыздар арасында
негізінен жазда татар медреселерінің оқушылары арқылы таралады. Қазақтарға əсіресе Бүйін, Чистополь, Уфа, Симбирскінің жəне дер- Қашғар медреселерінің оқушылары келіп, үлкен рөл атқарады. Қазақтар жаңа əдісті ұнатады, сондықтан ескі бағыттағы мектептің оқушылары өздерін жаңа əдіскерлер ретінде көрсетеді. Бұл оқушылар қазақтарға жəрмеңкелер мен базарларда мұғалімдікке жалданады (Зариф Абдулкадиров Ташкентскийдің “Чупае-ата” кітабының алғы сөзіне қараңыз. Қазандағы ағайынды Каримовтер баспасы, 1909 ж.)”. Түркістан генерал-губернаторының жəне Полиция департаменті Түркістан бөлімшесінің кеңселерінде былай деп жазды: “Кітапшалардың ішінен “Оян, қазақ!” (“Проснись, казах!”), “Тұр, қазақ!” (“Вставай, казах!”) жəне мысалдар жинағы “Маса” (“Комар”) белгілі. Аталған басылымдарда хандар тұсында, бейне бір əлдеқайда жақсырақ та еркін өмір сүрген қырғыздардың ауыр да құқықсыз жағдайы туралы айтылады, қырғыздардың пайдалануындағы жер көлемінің кемуін көрсете отырып, аграрлық мəселе қозғалады. Сондай-ақ болыстық басқармаларды сайлау кезіндегі қиын жағдайларға назар аудартады, өйткені сайлау кезінде қатысып жүретін полиция шені жергілікті тілді білмеуіне байланысты қырғыздардың қолы жетпейтін жерде болады, ал аудармашыға пара беру керек. Мысалдарда біржақтылық жəне үкіметке қарсы бағыт орын алған, олардың бірінде Мемлекеттік Думада қырғыз халқынан депутаттың жоқтығына риза болмаушылық айтылады. Мұғалімдердің қырғыз бұқарасына тигізген ықпалы оларда бұрын байқалмаған, кейбіреулерінің орыстарды құрметтемеушілігі түрінде қазірдің өзінде көрініс табуда. Татар молдалары оқуының дəмін татқан ересек адамдар орыстарды ашықтанашық құрметтеушілігін көрсетуде жəне өз қызметінде зиянды бағыт ұстануда. Мəселен, Балқан түбегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты мəселені талқылау барысында қырғыздар Ресейді славяндарды қолдағаны үшін кінəлап, егер Ресей соғыс бастаған болса, онда бұл соғыс ол үшін Жапониямен соғыстан да көп бақытсыздық əкеледі деді. Балқан түбегіндегі оқиғалар туралы қырғыздардың бұдан хабардарлығы — сөз жоқ, татар молдалары ықпалының нəтижесі, олар қырғыздардың балаларын
оқытып, ересектеріне де кері бағытта тəрбие береді, оларды кейбір татар газеттерін жаздырып алып оқуға үгіттейді”. М.Дулатұлының кітабы қазақ қоғамының өміріне жаңа серпін берді. Бұл қозғалыстың формалары мен əдістері қазақ қоғамының нақты жағдайы мен ішкі жай-күйінен туындады. Ол қазақ халқы санасының көтерілуінің куəсі ғана емес, сонымен бірге Ресей самодержавиесі дағдарысының белгісі ретіндегі оқиға болды. Мұны мемлекеттік биліктің белгілі бір құрылымдарында айқын сезінді де. Алайда қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын ешкім де көз алдына елестеткен жоқ. Оқиғалардың бүкіл барысы көрсеткеніндей, Петербург Полиция департаментінің ерекше бөлімі ұлттық қозғалыстың ерекшелігі мен мəнін жəне туып келе жатқан “Алаш” партиясы қызметінің мəнін жақсы түсінген. Полиция департаментінің айрықша анықтамасында былай деп көрсетілді: “Əртүрлі кітапшаларды таратуға панисламистер артық күш жұмсауда; оларды тек қалаларда арнайы ашылған кітап лəпкелерінде, өлкедегі ірі сауда орындарында ғана емес, сонымен қатар мануфактуралық жəне тіпті саяси бақылауы жоқ қоныстардағы ұсақ лəпкелерде де сатуда. Дулатұлы “Оян, қазақта!” қырғыздарды орыстарды қуып шығуға жəне өздерінің қырғыз мемлекеттігін құруға шақырады”. Бұдан артық айта алмайсың. Мадияр ғалымы Бенке Михай: “Өлеңдер мен прозалық шығармалар жинағы “Оян, қазақ!” тек атауымен ғана емес, өзінің рухымен де Мадияр революционері Шандор Петефидің “Түрегел, Мадияр!” (“Встань, Мадияр!”) деген шығармасымен үндес”, — деген еді. Көп ұзамай қатал реакцияның уақыты туды, революциялық қозғалыс астыртын əрекетке көшті, Ахмет Байтұрсынов астыртын ұйымдарда жұмысын жалғастырды. Ал оның жолдастарының ішінен Байтұрсыновты жəне басқаларды сатып кеткен арандатушылар да табылды (Т. Шыңғысов). 1909 жылдың 1 шілдесінде жандармдар тінту жүргізіп, Байтұрсыновты тұтқынға алды. 1910 жылдың 21 ақпанына дейін Ахмет Байтұрсынов Семей түрмесінде отырды, одан соң оны
қазақ облыстарының шекарасынан екі жылға жер аудару туралы қаулы жарияланды. Ұлы революция қарсаңындағы соңғы екі жылда Байтұрсынов Орынборда тұрды. Өзінің кітабының таралу жағдайына қатысты М.Дулатұлы: “Бұл кітаптар бүкіл Қазақ өлкесі бойынша тез таралды, ал өлеңдерді жатқа айтты. Көп ұзамай қазақ елі арасында революциялық əдебиеттің пайда болғаны туралы жандарм басқармасына жеткізуге асыққан адамдар табылды”, — деп жазды. 1913 жылдың 21 ақпанындағы жоғары мəртебелі Жарлықтың 5- бабының жəне 1913 жылдың 19 наурызындағы басқарушы Сенаттың Питцер ісі бойынша үкімі негізінде, М. Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабы туралы істің одан əрі қарай жүргізілуі тоқтатылды. *** Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатының қызметкерлері қазір де: — Сенатқа кетті, — деп айтады. Немесе тағы да басқаша: — Жиналыс Синодта болады, — дейді. Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатының (РМТМ—РГИА) ғимараты Нева жағасында, І Петр ескерткішінің жанына орналасқан. Сенаттың да, Синодтың да негізін салған дəл соның өзі болатын. Мұнда Сенатқа Міржақып Дулатұлы “Оян, қазақ!” кітабынан арестті алып тастау жөніндегі кассациялық шағым түсірген. Мұнда мен де сонау жас кезімнен бері төңкеріске дейінгі қазақ тарихының беттерін тауып, аударыстырып қарау үшін келіп кетудемін. Бұл жолы жұмыс аяқталды. Ғимараттан шыққан бетте Васильевский аралының бағыт нұсқамасын, Исаакиевский соборын, Александр бағында Пржевальскийдің кеуде мүсінін көремін, төменде шойын тұғыр үстінде кішкентай бота орналасқан, бейне бір Торғайда, Зайсанда немесе Ыстықкөлдің жағасында тұрғандай. Невский даңғылымен бойлап келемін. Пойыз Мəскеуге кешке қарай жүреді. Пойыз бекетінде абыр-сабыр — жолаушылар мен шығарып салушылар теміржол платформаларының, вагондардың нөмірлерін іздестіруде. Мен Мəскеуге купемен Октябрь теміржолында кетіп барамын.
Кездескен жүк жəне жолаушы пойыздары жанымыздан зуылдап өтіп жатыр. Мен дəл осы жолмен, этаптық жолаушы пойызындағы терезелері торланған вагонда 1929 жылы тұтқын Міржақып Дулатұлын əкетіп бара жатқанын көз алдыма елестетуге тырысамын. Соловецкий аралына əкетіп бара жатты. Мерзімі үлкен — он жыл. Ал бұл этап Семей түрмесінен басталған тұтқын жолының жалғасы еді. Осылай болып шықты — Міржақып Дулатұлы туралы материалдарды мен Алматы, Зайсан, Петропавл, Қостанайдан іздедім, ал олар Мəскеу мен Санкт-Петербургтен бəрінен де көп табылды. Төңкеріске дейін ол туралы көптеген материалдар құпия болды, ал кеңестік кезеңде тіпті оларға қызығушылық танытудың өзі қауіпті болды. Ескі жəне жаңа мұрағаттағы көптеген істер алынып тасталды, лақтырылды, отқа жағылды. Тіпті жою туралы құжатнаманың өзі де өртеліп жіберілді. Тергеуші-тексерушілер төңкеріске дейін де, одан кейін де жұмыс істеді, алайда өздерінің іздерін дерліктей қалдырмай кетті. Полиция департаментінің қорынан Міржақып Дулатұлы туралы мұрағаттық материалдардың көшірмесін алу үшін Мəскеуде тағы бір күнімді өткіздім. “Оян, қазақ!” кітабының мүлде жаңа данасына қарап отырмын. Ол бейне бір баспахана станогынан енді ғана шыққан секілді. Бұл дананы көріп, қолына ұстағандар көп емес шығар. Бəлкім, баспаханадағы кітап түптеуші мен Полиция департаменті мұрағат бөлімінің қызметкері ғана шығар олар. Бұл кітапшаны қолына ұстаған үшінші адам, сірə, мен-ақ болармын. Кітапта автордың фотосуреті бар. Портреттегі Міржақып Дулатұлы 25 жаста. Ол — Қазаннан басылып шыққан романның жəне “Оян, қазақ!” жинағының екі басылымының авторы. Үстіне гимназиялық типті сюртук киген. Басындағы тақияның шет-шетінен ұқыпты алынған шашы көрінеді. Мұрны жалпақтау, беті сопақша келген, көз жанары байыпты. Бет- бейнесінен ішкі жинақылығы, өзіне жəне айналасына деген сенімді көзқарасы байқалады. Оған бүкіл өмір əлі алда секілді көрінеді, бірақ ол өмірінің жартысы өтіп кеткенін қайдан білсін...
Кешкісін тағы да абыр-сабыр басталды: ұшаққа отырғызуын күту, билетті тіркету, ұшаққа мінудің кезегіне тұру. Менің ұшақтағы орным иллюминатор жақта екен. Бұл арадан бəрі айқын көрінеді: жерүсті тіршілігі, əуежай ғимараты жəне жақын маңдағы орман да. Міне, ұштық. Ұшақ аспанға тез көтеріліп, қала шетінде доға тəрізді ақ жолақты із қалдырып барады. Маған иллюминатордан жер бетінде самсап қалған мыңдаған жарық жақсы көрінеді. Мұндай биіктіктен ғажайып көрініске тап боласыз, бұл жарықтарда адам жаны жəне оның өмірі бар. Осы оттардың əрқайсысы адам тағдырлары теңізінің кең айдынындағы айшықты суретін бейнелеп тұрғандай. Міне, солардың ортасында Міржақып Дулатұлының да өмірі бар. Ұшақ шығысқа бет алып барады. Ол Торғай, Қостанай, Зайсан, Қарқаралы, Петропавл, Қызылорда жатқан өңірлерге бағыт алған. Ол жақтан даланың шағын өзендері: Жарлы, Жыланды, Торғай, Қандысу жалтырап көрінеді. Ал төбежоталар арасында бейне бір қоқиқаздың қанаттары секілді, батып бара жатқан күннің қызғылт шұғыласына малына жалтжұлт етіп жыңғыл шоқтары қалып жатыр. Əне анау төменде, жер бетінде Міржақып Дулатұлы өмірінің айшықты кезеңдері бар. Менің суреттеп жазғандарым — тек тапқандарым мен түсінгендерім ғана. Бұлар — аса ірі қазақ ағартушысы əрі патриоты өмірінің бір бөлігі ғана.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ “ОЯН, ҚАЗАҚ!” Сөз басы Дүниеге қатынасып жүрген, оқыған заттарымыз болмаса, бiздiң ғүмуми5 қазақ халқы файдалы мəселелерден бихабар едi. Себебi: дария қасында тамшы секiлдi, оқығандарымыз аздықтан, халқымыз шəһəр ретiнше емес, көшпелi һəр жерде бытырап жүргендiктен, заман ахуалынан хабар бiлерлiк оқуға өз тiлiмiзде газет жоқтықтан, татар туғандарымыздың əдеби тiлменен жазылған газеттерi оқу оқымаған халыққа түсiнiксiздiгiнен, дүниеде болып жатқан ғəжəйiп6 уə7 ғəрəйiп8 файдалана алмай, бiздiң халық дүние сарайының бiр қараңғы түкпiрiнде ұйықтап, ұмыт қалған секiлдi болып тұр, чүнки9 заманымыз күн сайын түрленiп келедi, мұнан бұрын өткен он бес жыл менен бүгiнгi халiмiздi салыстырсаңыз да — аз уақытта көп таршылықта қалған секiлдiмiз. Əлi де болса бұрынғыдай қозғалмай ғафилдықта10 жата берсек, ендi аз заманда нешiк болашақпыз? Қой бүйтпелiк, һəр халықтың күшi һүнер болса, һүнерге Алла тағала қасында һүммəтiмiз11 саясында бiз қазақтар да ортақ болсақ керек, соның үшiн мұсылманша ғылымдар оқып, дiнiмiздi танып, надандардың көзiн қойып, көңiлiн ашып, мұнымен ахиреттiк файдамызды табалық. Екiншi, дүниемiзде қажеттi хақыларымызды алып, жерiмiздi, малымызды сақтау үшiн, басқалардан хорлық көрмес үшiн, орысша оқып һүнерлi болалық. Орысша бiлмегендiктiң зарарын12 бiлу фарыз дəрежесiнде қажет екендiгiн, мiне, мұнан байқаңыз: Руссия мемлекетiнде жүз қырық миллионнан артығырақ халық бар, һəммəсi жүз тоғыз тiлмен сөйлейдi, соның iшiнде үстiн13 тiл — орыс тiлi, күллi хүкiмет мекемелерiндегi жұмыстар орыс тiлiнде болады, закондар һəм солайша. Һəркiм өз қолында барына жомарт болғаны секiлдi, мен де өз мағлұматымша бейшара халқымызға файда келтiрмек əмлһилə14 үшбу15 рисəлəнi16 жаздым. Мiржақып Дулатұлы, 1909
Қазақ халқының бұрынғы һəм бүгінгі халі Мiржақып, неге отырсың қалам тартпай, Бəйге алмас болғанменен жүйрiк шаппай? Шамаңды қадари хал көрсетсеңшi, Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай. Не файда бiр орыннан қозғалмайтын, Тазармас қарасу да жатқан ақпай. Артықтан тағлым алып, кемге үйретпей, Жүруiң лайық па ғақыл таппай? Сен неге бой көрсетпей жасқанасың? Тастаса көзiң көрсiн халық ұнатпай. Бұл шақта сөз базары көтерiңкi, Сынаспай бақытыңды сен де баптай. Бiрде алып, бiрде қалып жүрмес пе едiң, Сөзiңдi бiреу сөгiп, бiреу мақтай. Бой тежеп, жүрексiну дұрыс емес, Шашылған ризықты жүрiп татпай. Һүммəт тау кеседi деп мысалда бар, Жiгiтке һүнер17 қайда зейiн артпай.
Талапты жаңа өспiрiм бағландар Жүруге лайықты ғой атын ақтай. Жiгiттiң несi жiгiт босқа жүрген, Қызметпен файда берiп, халыққа жақпай? Бəсең бол, əсем болсаң деген жөнмен, Һүнерiн мұхтаждарға жүрсе сатпай. Жан-фида18, малың тəрiк19 болсын, жiгiт, Дiн, миллəт20 деген сөздi тұр жəһидлай21. Мен кепiл сонда жаман болмасыңа, Тұрмасам қолыңды əкел, айтқан шартта-ай. Адасып қараңғыда сорлы қазақ, Ай тумай, күн һəм шықпай, тұр таң атпай. Сөндiрмей жанған өрттi көрген адам, Қалайша тұру мүмкiн жанға батпай. *** Бiр кеңес түстi хиял бастарыма, Дəфтер хат ғибрат үшiн тастарыма. Хсуса арнап жаздым халық үшiн, Жиырмасыншы ғасырдың жастарына. Аз жасап, өмiрiмде көрдiм көп iс,
Ретiн шамаладым халықтың тегiс. Қаралас һəр қайсысы көрiнедi, Бiрi артық, бiреуi кем дейтiн емес. Қазақтың қай нəсiлден тарағанын Бiлерсiң шежiреден қарағаның. Бұл жерге соның үшiн тоқтамаймын, Жазайын басқа сөздiң жарағанын. Адамзат неше түрлi жиһан22 толған, Һəр дiнде, һəр мəзһəпте23 жəне болған. Соның көбi шəһəрден орын алып, Сахарада бiздiң қазақ көшiп-қонған. Ол заман үш жүз бiрге араласқан, Бағынып еш падишаһқа қарамастан. Хан шығып өз iшiнен халықты билеп, Билерi хүкiм айтып, өрнек шашқан. Көшсе де мың шақырым жерi жайлы, Аққан бұлақ, шалғыны көкорайлы. Тоқты қоздап жүрiптi, тай құлындап, Жер тар болып көрмедi-ау уайымды. Сол кезде бiздiң қазақ ала болған,
Көлденең дұшпандары жəне болған. Күштiсi нашарларын шауып алып, Бұрынғыдай болмаған, пəле болған. Ел шауып, кiсi өлтiрсе, батыр деген, Батырлар фəқирлердiң24 хақын жеген. Бiз мұндай бұл уақытта болар ма едiк, Iстесе халық файдасын ғақылменен? Кетiптi фiтнəнiң25 жолы ашылып, Бiрiнен дұшмандығын бiрi асырып. Айырылып берекеден қарап жүрiп, Тұрыпты басқаларға құр бас ұрып. Кетiптi араздасып бiр туысқан, Барымта ұрлық қылып мал қуысқан. Сыя алмай кең дүниеге таласушы ед, Таршылық ендi көрiп сығылысқан. Мазасы кеткен бiрдей iштен, сырттан, Аз ата көрген қорлық күштi жұрттан. Екi сұңқар таласса, құзғынға жем, Берекесiн бұл қазақ сөйтiп құртқан. Сол күнде жауға қарсы қорған құрса,
Құтылып надандықтан ғылым тапса. Ғайратын бойындағы шетке жұмсап, Келтiрмей жəбiршiлiк қарындасқа. Өздi-өзi тату болып тұрған күнде, Қалар ма едi һəр нəрседен мұндай босқа. Мiнеки, бұл уақытта тұрмыз ендi, Дұшманға таба болып, күлкi досқа. Жүрмеген кең жайылып ол халiнде, Үнемi тұру қайда хан тағында? Руссия мемлекетiне бағыныпты, Əбiлхайыр төренiң хан шағында. Патша айтқан: “Ғадiлдiкпен билеймiн, — деп, — Дiнiңе һəм жерiңе тимеймiн, — деп, — Оқ атпай, қылыш тартпай бағынған соң, Қалайша қадiрiңдi бiлмеймiн”, — деп. Алмасқа уəғдə еткен бiзден солдат, Орнына түндiк басы салған рамат26. “Қазақ та Руссияның бiр ұғылы, Бар болса беремiн, — деп, — нендей хəжəт”. Қазақты ең əуелi билеген хан, Правитель, десятичный, аға сұлтан.
Қалдырып осылардың һəммəсiн де, Шығып тұр бiздiң тұста бүгiнгi заң. Қызығып қызарғанға кеткендер көп, Шен алып, дəрежеге жеткендей боп. Ойлады өз файдасын халықты сатып, Қазақты ең керексiз еткендей боп. Тұманға кiрдi қалың бiздiң қазақ, Арты жар, алды тұйық — бұл не ғажап?! Адасқан ағайынға басшы болып, Iшiнде жол көрсетер адам аз-ақ. Бас қосып киргизский интеллигент, Бiздерге халықтың қамын ойлау мiндет. “Культура” деген сөздi на практике, Етпеймiз не себептi осуществлять? Миллəтлар цивилизованный озып кеттi, Оянбай ендi жату не следует. Ұйқысы ғафилдiктiң басып кеттi, Қазақты ояталық етiп һүммəт.
Қазақ халқының бұрынғы мағишаты27 Қазақтың қандай едi мағишаты, Бiр күнде көшiп-қонған рақаты? Қайғы жоқ, хасiрет жоқ, қыз-бозбала Түзеген бəсекемен салтанаты. Кетушi ед көшбасшылар iлгерi озып, Жарасып өз форымынша саясаты. Жарысып жас балалар жүрушi едi, Жаратқан үкi тағып жүйрiк аты. Жайлауға шыға айғыр суытушы едi: “Ыстықтың қалмайды, — деп, — зарараты”28. Тiзiлiп көл жағалай қонушы едi, Жарасып ақ үйлердiң қияфаты. Көкорай шалғындарға бие байлап, Байлықтың көрiнушi едi ғаламаты. Жан-жануар рақатпен бiр жасаушы едi, Кiргендей бөлмесiне жер жаннаты. Iшкен мас, жеген тоқ боп жүрушi едi, Түзелiп бозбаланың саяхаты. Бүлдiрген, шие тере кетушi едi,
Қыз-келiншек, мырзалардың жамағаты. Кеңейiп жұрттың фиғылы ол уақытта, Нашарға тиюшi едi шарафаты. Ұл туып, келiн түссе, қыз ұзатып, Той болып, ат шабушы ед бiр ғəдəтi. Бек ғажап марқұмдарға ас берушi ед, Фаш29 болса халық iшiнде инафаты30. Бауыздатып бағланды, құлын сойып, Iшсе қымыз, келушi едi сөздiң шарты. Кəнеки, осы айтқанның бiрi бар ма, Айтылса сөздiң кəмiл хақиқаты. Бұл күнде бұларды ойлап қайғыда жүр, Бар болған данышпандар фарасаты. Оқыған пайда берер жастарымыз, Һəр iстен болса мəгəр мағлұматы. *** Үйренген халықпыз ғой кемшiлiкке, Талпынып ұмтылмайтын кеңшiлiкке. Осындай бiлiнген соң мiнезiмiз, Кiмде-кiм бiздiң жұртты елсiнiп пе?
Руссияда жиырма миллион бар мұсылман, Жерi жоқ осылардың бiр қосылған. Мəселен, бiздiң қазақ бұл уақытта Тысқары рухани идарадан. Бола алмай тiлек қабыл хафалықта31, Көруде жəбiршiлiк жүрмiз һаман. Қазағым, көрмегенiң əлi алдыңда, Боларсың көне берсең мұнан жаман. Босында аяқ-қолың қимылдап қал, Бiр күнде тыпырлауға келмес шамаң. Һүнерменен хасыл32 болған нəрселер Һүнердiң афзалдығын еттiм зiкiр33, Мұхтəрəм34 оқушылар, жiбер пiкiр. Ғылыммен хасыл болған нəрселердi Жазайын баян етiп, тыңдап отыр. Ат жетпес алты айшылық алыс жолға, Аз күнде жеткiзедi бұл отарба. Естiлмес хабарларды жер шетiнен Аламыз телеграммен я ғəжибə35. Жүргiздi автомобиль ат жекпестен,
Əмiрi қолда болып терiс кетпестен. Һүнермен от пен суды көлiк қылып, Алыстан телефонмен жұрт гəплəскен. Дариямен қара жердей файдаланды, Бұрынғы қиыншылық жайға қалды. Балықтай мұхиттарда жүзiп жүрiп, Ғамал ғып пароходпен қайда барды? Дəхидə36 хəйламенен аспанға ұшты, Кезiнде қажет болса жерге түстi. Есiмiн воздушный шар деп қойды, Халық бұрын көрiп пе едi мұндай iстi? Телеграф жəне шықты сым темiрсiз, Иланып болған iске жұрт сенерсiз. Үстiңнен жүргенменен көз көрмейдi, Əлбетте, қалайынша сiз бiлерсiз. Машина жер астынан жүрдi тағы, Ғажайып мұнысы да хиял дағы. Не нəрсе өздiгiнен жаралмайды, Һүнермен мұны тапқан пенде дағы. Бердеңке, бомба, мина, зеңбiректер, Пистолет, револьвер, браунингтер —
Һəммəсi бұл уақытта болды тамам, Қылатын жауға қару не керектер. Машина электрический жəне келдi, Жарық боп май мен отсыз жана бердi. Түн болса шаһар iшi күндiзгiдей, Əлбетте, бұл əсерi ғажап ендi. Сөз сөйлеп, граммофон əнге салар, Ғажайып аят оқып, дұға қылар. Бұл сөзге көрмеген жан нанбас едi, Не керек, халықтың көбi көрген шығар. Телескоп дейтiн нəрсе болды тағы, Нəрсенi көрсетедi алыстағы. Түйменi түйедей ғып зорайтады, Баяғы мұны тапқан һүнер дағы. Руссияның завод пен көп фабрикасы, Табылған соныменен халық файдасы. Қымбатты арзан қылған сол екеуi, Нашарға жеңiл келiп пұл бағасы. Машина жəне шықты шөп шабатын, Аз күнде жан қинамай көп шабатын. Соқа бар егiн салған һəм машина,
Секiлдi көп файданы тең табатын. Баспахана шықты кiтап басатұғын, Халыққа һүнер, мағариф37 шашатұғын. Арқылы газет-журнал һəр тарафтан, Хабармен халықтың көзiн ашатұғын. Һүнермен мəзкүрлердi38 адам тапқан, Жалғыз-ақ бiздiң қазақ қарап жатқан. Һеш бiрiн осы айтқанның iстей алмай, Қатардан кейiн қалдық надандықтан. Бiз дағы ғылым бiлсек етпес пе едiк, Iлгерi озғандарға жетпес пе едiк. Дiн, дүниемiз таршылықтан азат болып, Һүнерлi халық атанып кетпес пе едiк? Сайлаулар хақында Шыққалы волост сайлау қырық жыл өттi, Сол сайлау, байқасаңыз, түпке жеттi. Бай болып, мырза атанып, мал бiткендер Таласып волостыққа ақша төктi. Елiрiп бiреу шықты: “Би болам”, — деп, Кейбiрi: “Би түсетiн үй болам”, — деп.
Желiкпей үшiншiлер неге тұрсын: “Қалайша аналардан мен қалам?” — деп. Елiртер момындарды: “Сен де аттан, — деп, — Малыңның арқасында бiр шаттан”, — деп. Қарашы, бұл қырсыққа не қыларсың, Бейшара əуреленер құр жатқан тек. “Фəленше ауылнайлыққа ылайық, — деп, — Ынтымақ не қылса да қылайық”, — деп. Бiр сорды бəйге атындай алып келер, “Һəммəмiз сертте мəхкəм39 тұрайық”, — деп. “Бiр атадан қалдым, — деп шығар бiреу: — Сiздерменен бiрге, — деп, — бiздiң тiлеу”. Жолын алса, мəз болып ол кетедi, Бермесе, қамыққандай көңiлi жүдеу. Сайлау басы төреге мың-мың ақша, “Жанында орыс жоқ па екен онан басқа?” Стражник пен писiрлер сүйiншi алады, Бермей тағы болмайды һəм тiлмашқа. Волост болар мал шашып шығынданып, Сайлау өтер осылай тынымданып. Əбден болып алған соң расходын
Бiтiредi халықтан жылында алып. Кедей сорлы шолағын арықтатар, Түк файда жоқ, үйiне барып жатар. “Фəленшемен табақтас болдым мен”, — деп, Қатынына мақтанып осыны айтар. Мұнымен мал шашылып, ар кетедi, Күштi əлсiреп, нашардан хал кетедi. Өтiрiктi расқа шығарам деп, Жалған iске ант берiп, жан кетедi. Нахақтан бiрiне-бiрi бəле салып, Бiлмесе ұрлық, бiлсе егер барымта алып. Төбелес, жанжал, керiс əңгiмеге Құмар-ақ болып кеттi бiздiң халық. Тұрады төрелерi кекiрейiп, Переводчик онан жаман шекiрейiп. Көп зарар бiздiң қазақ көрсе дағы Демейдi: “Мұндай iстен бекiнейiк”. Мал шашып, əлектенiп таласады, “Мен көп, сен азсың”, — деп санасады. Ес кетiп, өлiп-талып волост болып, Сонан соң халқыменен жарасады.
Үйiне ат-тонымен барып түсiп, Ризалық айтысар, тағам жесiп. Мысалы, тоқылдақтың тəубесiндей, Кетедi бiр жылдан соң ұмытысып. Құл кеттi хан орнына таққа мiнiп, Жұрт кеттi жамандықты жатқа бiлiп. Һəкимлер40 харамидан41 болғаннан соң, Ұры-қары кетпей қайтсiн атқа мiнiп. Япырмау, дəл осы iстен не файда бар? Көбейер күн-күн сайын фiтiнəлар. Көз көрдi, бiр парасын құлақ естiп, Кiсi өлiп, сотты болып бiрi айдалар. Ағадан iнi айырылды, атадан ұл, Ағайын арзандады, қымбаттап пұл. Сатылды ғазиз ұждан аз ақшаға, Ғəлəмəтi надандықтың емес пе бұл? Өзiне-өзi халық жаны ашымай, Мал шашар: “Боламын, — деп, — волостной”. Жұмсаса қандай жақсы болар едi, На пользу образования народной.
Беруден көздей жерге көлдей ақша, Құмары келе жатыр бiр басылмай. Кiсiдей арақ iшкен əуреленiп, Япырмау, кеткенi ме халық осылай? Қазағым, бұл ғадеттi тасталық та, Халықты тура жолға басталық та. Волост, билiк, ауылнайлық, выборныйлық, Қимайтұғын соншама падишаһлық па? Қазақ жерлері Мың жетi жүз отыз бiр сəнасында42: Бiз кiрдiк Руссияның фанасына. Һүнерсiз бостығымыз көрiнген соң, Қызықпас кiм қазақтың баласына? Жылында мың сегiз жүз алпыс сегiз: “Қазыналық”, — дедi жердiң һəммəсiн да. Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз, Мұжықтың кеттi бəрi қаласына. Қадiрман халық билеген, ақсақалдар, Бұл iске фəһiм43 назар саласың ба? Темiрдi қызуында соқпай қалып, Нəсiлiңнiң көз жасына қаласың ба?
Кiр жуып, кiндiк кескен қайран жерлер, Мұжыққа, қош-аман бол, барасың ба? Қасиеттi бабамыздың зираты, Қалды ғой көшесiнiң арасында. Моншаға зияраттың тасын алып, Ағашын отқа, мұжық, жағасың да. Таба алмай бiр барғанда еш белгiсiн, Көзден жас көлдей болып ағасың да. Шалқар көл, аққан бұлақ, жайлы қоныс, Орман-тоғай кеттi ғой, ағашың да. Ойласам мұның бəрiн хияли боп, Хафадан iшiм оттай жанасың да. Əуелде жерiмiзбен кiрiп едiк, Тұрмақта ғадiлдiктiң саясында. Айырылсаң қалған жерден осы күнгi Топыраққа малды, қазақ, бағасың да. Адасты ғақылынан қара халық, Бiлгiштер, өзiң хайлə табасың да. Қазағым, жерiң қайда атамекен, Қазақ, қазақ болғалы мекен еткен?
Хазiрде бəрiңiздi қуып шығып, Орныңа қала салып “хохол” жеткен. Шығарған жер өлшеуге землемерлер, Қала үшiн кеткен бiзден жақсы жерлер. Тəттi шөп, тұщы судың бəрi сонда, Табатын бұған хайлə қайда ерлер? Зеңгiр тау, аққан бұлақ, шалқар көлдер, Кеттi ғой бетегелi биiк белдер. Қысқарып жер кеткен соң өрiсiмiз, Қалды ғой жатақ болып қайран елдер. Ащы су, бiзге қалды шөл далалар, Жақсы жер қалдырмады егiн салар. Қалайша тау мен тасқа баға алады — Қоралы қой, қосты жылқы байларда бар. Мiнеки, келдi мұжық көшкен бұлттай, Қазақтың қояр емес жерiн құртпай. Келдi де, егiн салып байып кеттi, Жалқау ма бұлар, тəңiрi-ай, бiздiң жұрттай. Көрдiң ғой бұл уақытта тарылғаның, Алынбас илтифатқа44 жалынғаның. Он бестен кiсi басы десятина
Жер берсе, сонда, қазақ, нешiк халiң? Мəсжід45 — медресе хақында Қазақ жүр мұсылмандық жаласында, Сайрандап сахараның даласында. Файда деп күндiз-түнi дамылы жоқ, Ғибадат46 қылмай хаққа шамасында. Дегенмен: “Мен — мұсылман”, iс бiтпейдi, Бұл күнде жұрттың көбi дiн күтпейдi. Қазақша киiм киiп сөйлегенмен, Мойныңнан фарыз, уəжiп47 бiр түспейдi. Ортаға жарар едi мешiт салсаң, Намазды қаза қылмай барып тұрсаң. Бiр ғалым фазыл48 заттан иман сайлап, Байларың жəрдем берiп, уақыф49 қылсаң. Дау десе ұмтылатын сорлы қазақ, Дiн десе шалқаятын болды қазақ. “Мынауың өтiрiк”, — деп бетке түкiр, Жоқ болса бұл сөзiмнiң орны, қазақ. Қазақтың көп жерiнде мешiтi жоқ, Жоғына себеп болған миссионер-поп.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 617
Pages: