Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore В.З. Галиев Ұлтты оятқан кітап

В.З. Галиев Ұлтты оятқан кітап

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-06-25 01:48:48

Description: В.З. Галиев Ұлтты оятқан кітап

Search

Read the Text Version

пикетiнде Мемлекеттiк Дума мүшелiгiне сайлау үшiн сайлаушылар таңдалды, нəтижесiнде төмендегiлерi сайланды: Шорға болысынан; Көлбай мырза Тоғысович Төлеңгiтов жəне бұрынғы халық судьясы Ыдырыс Қыстаубаев; Терiсайрық болысынан — болыс басқарушы Қыдырмолла Конузов жəне Тақат қажы Кейқарин; Маңырақ болысынан; басқарушы Ахмеджан Шiдерин жəне Уанбекқожа Шойтабанов; Шiлiктi болысынан — басқарушы Зайнулла Бұтабаев жəне басқарушылыққа кандидат Қоңырмəжитов; Қара Ертiс болысынан — басқарушы Жаңабай Ботыбаев жəне сайланған молла Бекмұхамед Сатыбалдин, Кендерлiк болысынан — басқарушы Ақпай Аманшин жəне Қазақбай қажы Шұлғаубаев; Қалжыр болысынан — басқарушы Бұхат Сұлтан-Əбiлфеизов, Қисмет Қондыбаев жəне Майтерек болысынан халық соты Кенжалы Ашуов жəне молда Тоқабай Буратаев. Сайлау тыныш өттi жəне ешкiм де ренiш бiлдiрген жоқ”. Ендi Бекмұхамед Сатыбалдин Жарлы ауылында сайланған молда болғаны жəне жергiлiктi мектепте дəл соның өзi сабақ бергенi айқын болды. Жəне ол мұнда Мiржақып Дулатұлымен қатар жұмыс iстедi. Басқа жағдай да түсiнiктi — Зайсан уезiнiң болыстарынан сайлаушылардың сайлануы үкiмет орындарының қырағылығын арттыра түстi. Олар қоғамдық қозғалыстарды басып-жаншуға дайындалды. Өлкедегi жағдайды Мiржақып Артемий Шевелевтiң Зайсан кiтапханасындағы семейлiк газеттер арқылы қадағалады. “Семипалатинская жизнь” газетiнде А. Самойловтың қызықты мақаласы болды. Ол туралы жандарм басқармасында мынадай мəлiмет болды: “Ант берген адвокат Николай Андреевич Самойловтың үстiнен 1905 жылы қылмыстық мазмұны бар сөздер айтқаны үшiн тергеу жүргiзiлiп, бiрақ жиналған дəлелдердiң жеткiлiксiз болуы себептi тергеу тоқтатылған едi. Азаттық қозғалысы кезеңiнде, Семейде шығатын “Семипалатинская жизнь” газетiнiң бас мақалаларын жазған Самойловтың үкiметке жеккөрушiлiкпен қарағаны сонша, мақалалар өзiнiң баяндалу тəсiлi бойынша жəне онда айтылған ойларға қатысты алғанда да, үкiметтi сынайтын əдеттегi газет мақалаларынан гөрi үгiт- насихат парақшаларына көбiрек ұқсайды”.

Н.Я.Коншин редакторлық еткен “Семипалатинский листок” газетi де қаражүздiктер мен өкiметке қарсы зiл тастайды. Ал мұнда, 1905 жылғы желтоқсанның соңында “Осы өлкедегi жалғыз газет “Семипалатинский листокты” əлдебiр саяси қылмыскер Коншин мырза редакциялайды, бұл газеттiң алған бағыты патша мен өкiметтiң беделiн түсiредi” деген хабар түскен болатын. Келесi 1906 жылдың 7 қаңтарында газеттiң шығуына тыйым салынды. Алайда мамыр айында Н.Я.Коншин газеттi қайтадан ашуға қол жеткiздi. 17-сiнен бастап басылым жаңарды. Газетке екi адам — ант берген жекеменшiк иесi Н.Я.Коншин мен В.Д.Соколов редакторлық еттi, оның жер аударылу мерзiмi Қарқаралыда аяқталған. В.Д.Соколовтың Омбылық “Степной край” газетiнде iстеген кезiнен бұрынғы журналистiк тəжiрибесi бар болатын. Ол Қарқаралыда Ахмет Байтұрсыновпен жақсы таныс болды. Омбылық газеттердiң бiр бөлiгi өкiметке адалдығы жағынан бiр- бiрiнен айырғысыз едi. 1906 жылдың 18 қазанында Омбы жандарм басқармасының бастығы омбылық “Степной пионер” жəне “Иртыш” газеттерi социал-демократиялық бағытты көздейтiнiн былайша атап өттi: “Степной пионер” газетiнiң iс жүзiндегi редакторы, баспагер Корнееваның жəне оның серiктерiнiңмақсаты көзге ұрып тұр: атап айтқанда, олар қарулы көтерiлiс тудыруды, бүкiлхалықтық құрылтай шақыруды жəне демократиялық республика жариялауды көздейдi... “Степной пионер” газетiнiң баспаханасы революциялық көңiл күйдегi қызметкерлердiң оның редакциясында қылмысты үндеулердi басып шығаруы үшiн пайдаланылады, олар мұндай үндеулердi өз қалауынша түнгi мезгiлде, газетпен бiрге оның баспаханасында басып шығаруы да əбден мүмкiн, оның үстiне, “Степной пионерде” басылған үндеулердiң қарпі социалдемократиялық жұмысшы партиясының омбылық комитетi шығаратын үндеулердегiмен бiрдей екенi белгiлi болып отыр”. Бұл газеттердiң бiр бөлiгi Зайсанға да жетiп, оның кейбiр материалдары Мiржақып Дулатұлына да белгiлi болатын. Жаңа 1907 жылға Мiржақып Дулатұлы екiұшты көңiл күймен қадам басты. Ауылшаруашылық мектебiнде жаңа жылдық шырша болады: ол жерге көптеген ересек адамдар да келедi. Қалалық үш сыныпты

училищеде де шырша өтедi. Бiрақ бұл жолы онда үш сыныпты училищенiң мұғалiм-инспекторы болып жаңа адам Псарев жұмыс iстедi. Оған есеп беру жұмысын өткiзу керек едi. Қалаға келiсiмен, көлiк аялдамасынан Мiржақып бiрден училищеге тартты. Қалалық бақтың жанынан өтiп, училищенiң салынып жатқан жаңа ғимаратының құрылысын көрдi. Шатырын күзде-ақ жауып тастаған болатын. Алайда есiгi де, терезесi де жоқ едi. Айналасындағы ағаштар жапырақсыз сорайып тұр. Училищенiң қақпасы алдында толып аққан арық суы сылдырайды. Училищенiң жаңа ғимаратынан жоғарыда мектептiң кең ауласы бар едi, онда балалар жүгiрiп ойнап жүр. Ал Садовой көшесiмен қиылыста училищенiң өзi орналасқан. Бұл — көпес Собачкин үйiнiң қарсы бетi. Псарев қаладағы жаңа адам едi, Мiржақыпты салмақты түрмен қарсы алды. Жұмыс туралы, əртүрлi жағдайлар жөнiнде əңгiмелестi. Түстен кейiн Мiржақып кiтаптарды кiтапханаға, Шевелевке апарып өткiздi. Зайсанға талай рет барып, онда үш-төрт күндеп жатып, Мiржақыптың тұрмыс жағдайы туралы деректер iздеген кезде, оның өмiрiнiң материалдық жағдайы нақтылап анықтай түсудi қажет етедi. Оқу- ағарту министрлiгi тарапындағы деректерде көрсетiлгендей, Жарлы мектебiне жылына 518 сом 40 тиын жұмсалған. Бұған ғимаратты жылыту, күзет жəне техникалық қызмет енедi. Осы соманың iшiнде мұғалiмнiң жалақысы жылына 360 сомды құрайды. Ауыл мектептерi туралы ережеде осылай айтылған. Семей облысы оқу орындарының 1905 жылдың 1 қаңтарындағы ведомостарында да осылай көрсетiлген. Айта кету керек, 1897 жылғы ақша реформасынан кейiн Ресей рублiнiң бағамы берiк орнықты қалыпта тұрды. Оның кейбiр ауытқулары Ресейдiң бiрiншi революциядан кейiнгi бес миллиондық сыртқы қарызы əсерiнен ғана туды. Дала ережесi бойынша уезд басқармасындағы жазбаша аудармашының кесiмдi жалақысы 800 сом, ал ауызша тiлмаштiкi 400 сом болғаны белгiлi. Мiржақыптың айлық жалақысы 30 сом болғанын анықтау қиын емес. Бұл көп пе, аз ба деген сұрақ бiрден туады. Жоғарыда Мiржақыптың Зайсанға келген жағдайындағы мəлiметтер келтiрiлген едi, олар —

жатын орын, атты ұстау мен тамаққа жұмсалатын шығындар. Мiне, тұрмыс жағдайы туралы тағы бiр маңызды мəлiмет назар аудартады. Зайсан қаласында үшсыныпты қалалық училищенiң екi айға пəтерақы төлеуі үшiн 17 сом бөлiнетiн болған, демек, отбасылы адам үшiн пəтер жалдау сегiз сом мөлшерiнде болған. Егер Жарлы ауылы турасында айтар болсақ, онда балшықтан соғылған жартылай жер үйден жалданған пəтердiң айлық ақысы 4-5 сом ғана тұрады. Оның үстiне ауыл мектептерiнiң мұғалiмдерiне пəтер тегiн берiлдi деп ойлаймыз. Бұған Мiржақып Дулатұлының материалдық жағдайында өте маңызды орын алған тағы бiр жағдайды қосу керек. Жарлы ауылдық мектебiнде 1905 жылдың 1 қаңтарында 30 оқушы оқыды. Оқушылардың құрамын анықтауға мүмкiндiк жоқ. Əрине, көпшiлiгi ұлдар болды. Бiрақ оқушылар iшiнде қыздар да бар, тек олардың бəрi де Жарлыдан едi. Ал ұлдар арасында Сарыжар, Қоғадай, Қаратал, Боқансу, Жарсу, Ақаралдан, Кендерлiктегi қыстаулардан келгендерi де болды. Жəне бұлар — бəрi емес, өйткенi Ақсуат болысы, ал бұл Үлкен Ертiстiң түу басына дейiнгi Қара Ертiстiң төменгi саласының оң жағалауы, Қара Ертiс болысы секiлдi, негiзiнен, төртуылдардың мекендеген жерi. Демек, əкiмшiлiк ауылдардың ақсақалдары, билерi мен болыс басқарушылар жəне олардың орынбасарлары да өз балаларын Жарма мектебiне беруге тырысты. Жарма мектебiнде интернаттың болуы да мүмкiн, бiрақ оқу-ағарту министрлiгi тарапынан емес, болыс əкiмшiлiгiнiң есебiнен немесе ата- аналардың келiсiмi бойынша. Оқу-ағарту министрлiгiнiң iсқағаздарында мұндай интернат туралы мəлiметтердiң болмау себебiн де осы жағдаймен түсiндiруге болады. Ресей өкiмет орындары көп күш шығарғанына қарамастан, мектептер туралы азды-көптi статистикалық мəлiметтер жинай алмағаны белгiлi. Ал мұндай интернаттар туралы сөз де жоқ, өйткенi үлкен ауыл — Жарлы қыстауындағы тұрғындардың туған-туысқандары Қара Ертiс жəне Ақсуат болыстарының барлық ауылдарына шашырай орналасқан. Жарлы ауылдық мектебiндегi материалдық жағдайдың жайкүйiн анықтап түсiну үшiн Ақмола жəне Семей облыстарындағы ауыл мектептерiнiң ашылуы жөнiндегi материалдарға назар аудару керек.

Бұл училищелер инспекторларының хабарламаларында былай делiнген: “1902 жылы тағы да мынадай ауыл мектептерi ашылды: 20 тамызда Павлодар уезi, Маралды болысында 20 оқушысы бар Маралды мектебi, 15 қыркүйекте Зайсан уезi, Нарын болысындағы Ақсуат қонысында 15 оқушылық Нарын, 1 қазанда Зайсан уезiнде 11 оқушылық Жарлы, 2 қазанда Өскемен уезiнде 14 оқушылық Нарын, 4 қазанда Өскемен уезiнде 19 оқушылық Себинская, 5 қазанда Семей уезiнде 17 оқушылық Бегеневская, 1 қарашада Павлодар уезiнде 8 оқушы-қырғыз, одан соң тағы да 12 оқушы қосылған Қараоба, 8 қарашада Қарқаралы уезiнде 9 оқушылық жəне тағы да 6 оқушы-қырғыз қосылған Қаракемер, 18 қарашада 13 оқушылық Қалба, 1 желтоқсанда 9 оқушылық, одан соң тағы 24 оқушы-қырғыз түскен Қандығатай мектебi”. Осы деректердiң негiзiнде Жарлы ауылдық мектебiнiң ашылған күнi мен ондағы бiрiншi оқу жылында болған оқушылардың дəл саны белгiлi болады. Оқу жылы 1 қазанда басталған. Келесi 1903 жылы ауыл мектептерiн ашу iсi одан əрi жалғасты: 1903 жылдың 13 сəуiрiнде Көкшетау уезi, Жыланды болысында 11 оқушылық Тасөткел, 2 маусымда Қарқаралы уезiнде 24 оқушылық Шұбартау, 18 маусымда сол Қарқаралы уезiнiң Кувск болысында 10 оқушылық Егiндiбұлақ, 23 тамызда 10 оқушылық Шанқан, 5 қазанда Ақмола облысы, Петропавл уезiнде 11 оқушылық Нiлдi, 11 қазанда Ақмола уезiнде 11 оқушылық Қыналы, 3 қазанда Зайсан уезiнде 14 оқушылық Ертiс-Қалжыр, 28 қазанда Өскемен уезi, Шыңғыстау болысында 24 оқушылық Бекбайлы, 1904 жылғы 28 қарашада Павлодар уезiнде 22 оқушымен Ақкелiн, 29 қарашада 32 оқушылық Баянауыл жəне 13 желтоқсанда Павлодар уезiнде 11 оқушымен Тереңкөл мектебi. А. Алекторов ауыл мектептерi қызметiнiң басталуына былайша баға бередi: “Бұл үлкен жетiстiк болды. Қырғыздардың тұрмысымен таныс емес адамдарға ауыл мектептерi тым шағын көлемдi болып көрiнуi мүмкiн. Алайда ауыл мектептерiнде ешқашан да көпсанды оқушылар оқи алмайды. Қырғыздар өте шашыраңқы тұрады. Ауыл мектебiн орталық деп көзге елестетер болсақ, оның айналасында екi-үштен бастап он верстке дейiн бiрнеше жалғыз-жалғыз орналасқан қыстаулар

болады; кейде олар екiден, үштен топталып, сирек жағдайда бес- алтыға дейiн жетедi, не одан көбiрек болады, ал одан əрi кең дала төсiнде бiрде-бiр адам тұратын үй жоқ. Мектепке тартылған қырғыз отбасыларының тобынан оқушылардың белгiлi бiр контингентi құралады. Қырғыз-оқушылардың мектепке жақын тұратындарынан басқалары екi-үш, төрт верст қашықтықтан күн сайын аттылы-жаяулы қатынап оқиды, ал он-он бес верст қашықта тұратындары мектепке жақын қырғыздардың үйлерiнде тұрып оқып, жатын орын үшiн айына бiр рубль, екi, тiптi үш рубль төлейдi, ал азық-түлiктi оларға ауылдағы ата-аналары мезгiл-мезгiл жеткiзiп берiп тұрады. Мұндай жағдайда, əрине, ауыл мектептерiнiң оқушылар саны көп болуы мүмкiн емес. Сондықтан 15 оқушысы бар мектептi үлкен мектеп деп санауға əбден болады”. А.Е.Алекторовтың бұл хабарламасына сүйенiп, Жарлы мектебiндегi жағдайды бiрнеше маңызды детальдары бойынша көз алдыға елестетуге болады: “Өскемен уезi, Қалба болысындағы қырғыз қоғамы, өздерiнiң сайланған өкiлдерiнiң өкiмiмен, 1903 жылдың 30 маусымында арнайы жаңа мектеп ғимараты салынғанға дейiн, жалға алынған Қалба мектебiн жөндеуге жəне оны кеңейтуге 300 рубль бөлуге қаулы еттi. Осы уездiң Күршiм болысының қырғыздары 1903 жылдың 6 шiлдесiндегi өкiммен олардың болысында мектеп ашуға жəне ғимарат құрылысына 500 рубль бөлуге шешiм қабылдады. Нарын болысынан сайланған өкiлдер 1903 жылдың 30 маусымындағы өкiмiмен Нарын ауылдық мектебiнiң ғимаратын салуға 500 рубль бөлдi. Зайсан уезi Қара Ертiс болысының сайланған өкiлдерi Жарлы ауылдық мектебi орналасқан қырғыз Сатыбалдиннiң қыстауын оның өз есебiнен жөндеуiне, сондай-ақ мектептiң жылуы мен жарығын 1903 жылдың 1 мамырына дейiн қамтамасыз етуiне қаулы алды, оның үстiне 8 старшиналықтың əрқайсысы оқу кезiнде кедей отбасынан шыққан 2 оқушыны азық-түлiкпен қамтамасыз етуге мiндеттендi. Ертiс-Қалжыр ауыл мектебiн ашу барысында, жергiлiктi жұртшылық, мектептiң кейбiр оқушылары үйлерi көшкен кезде одан алыс жерде болатындықтан, мектепке 8 сиыр берiп, оның сүтiн оқушылардың тамағына пайдалануға келiстi. 1903 жылы Бегеневский болысының

басқарушысы Өзеханов пен қырғыз Норокопев ауыл мектебiне құны 800 жəне 300 рубль тұратын өз үйлерiн тегiн бердi”. Мектеп ашу iсiне молда Бекмұхамед Сатыбалдин белсене атсалысқаны, өзiнiң үй-жайын берiп, жөндеу жүргiзгенi ендi түсiнiктi. Сөйтiп, мектеп ендi школа болып құрылды. Бұл мектеп мешiтке жақын орналасты. Кейбiр тағам түрлерiнiң бағасын анықтауға болады. Сол жылдар оқиғаларының куəгерлерiн тыңдап көрейiк. Зайсан уезiнiң Тарбағатай жəне Қалба тауларының өңірінде, белгiлi тiлшi Отыншы Əлжановтың жазуы бойынша, қой 1 сомнан төрт сомға дейiн, бордақыланған сиыр он үш сом, өгiз 14-тен 16 сомға дейiн, жылқы 13—17 сом тұрған. Зайсан жəне Өскемен уездерi билер жиналысының сол 1899 жылғы ережесiнде айтылғанына қарағанда, түйе 30 сом, сиыр 12 сом, қой 2 сом, құнан жылқы 2 сом, құнажын сиыр 4 сом, желiстi жəне жорға ат 70-тен 100 сомға дейiн болған. Бұған Қоянды жəрмеңкесiнде 1905 жылы əдеттегi қазақы жылқының орташа бағасы 15 сом болғанын қосуға болады. Тағы бiр қызықты мəлiмет: уезд басқармасының ресми аудармашысының жылдық жалақысы төрт жүз сом болды, ал Мiржақыптiкi 300 сом. Ауыл мектептерi мұғалiмдерiнiң жалақысына қатысты Мiржақып Дулатұлының өзiнiң де қызықты пiкiрi бар. Егер мектепте 20 оқушы оқитын болса, бұл — айына бiр жарым сом, ал егер 15 оқушы болса — екi сомнан. Мұғалiмдердiң жалақысы айына 30 сом құрады. Алайда оқушы саны əртүрлi болғанда, мұғалiмдерге теңгермелi жалақы төлеу əдiлетсiздiк болар едi жəне бұл, əрине, Мiржақып Дулатұлының қарсылығын тудырады. Мұндай жағдай келiспеушiлiкке себеп болады. Мұндай дау-таластар болыс басқарушылар мен Зайсан мектептерiндегi мұғалiм-инспекторлар арасында туындауы мүмкiн. Алайда Мiржақып Дулатұлы мұнда өзiнiң туған жерiнен, туысқандарынан алыстағы ауылда үш жыл жұмыс iстедi. Он тоғыздан жиырмаға дейiнгi балаң жастық шағы Жарлы мен Зайсанда өттi. Осы жерде оның өмiрге көзқарасы, халық туралы ой-пiкiрлерi қалыптасты.

Демек, өмiрдi тануға деген талпынысы мен құштарлығы зор болды. Демек, ауыл мектебi мұғалімі Дулатұлының əлеуметтiк орны бiр қарағандағыдан əлдеқайда жоғары болды. Тағдыр да оған оң қабақпен қарады. Оның қорғаушысы, сүйенері төртуыл руындағы қызметтiк мiндеттерiне үлкен жауапкершiлiкпен қараған Жаңабай Ботыбаев едi. Тұтас бiр үлкен рудың қауымы түгелдей оны өздерiнiң басшысы санап, құрмет тұтты. Жаңабай Ботыбаев болыс басқарушысы қызметiн бiрнеше сайлау мерзiмi бойы атқарды деп топшылауға болады. Ал ХIХ ғасырдың орта тұсында оның аталары төртуыл ауылдарындағы сыйлы орынды иелендi. 1906 жылдың көктемiнде жəне жазында Мемлекеттiк Думаға сайлау өттi. Социалистер өз таңдауларын ұсынды. “Семипалатинские ведомости” газетi Өскеменнен былай деп хабарлады: “Бiздер, аңғал- аңқау өскемендiктер, “Свободаның” түкке алғысыз болса да, ескi достары екенiмiздi мойындай отырып, партияның қолбасшысы ретiндегi болашағына қатты алаңдаймыз. Семейлiк демократтар өздерiнiң семейлiк “органы” беттерiнде жауыздықпен жасаған шабуылдарымен анық көрсеткенiндей, “Думаға” сайлана отырып, онда “Халық бостандығының” тактикалары мен негiздерiн, сондай-ақ оның қайғы-мұңын түсiнбеген болар едi. Ендi, Құдайға шүкiр, қауiп-қатер өттi, түптiң түбiнде парасаттың мерейi үстем болатыны күмəнсiз. Сiздер сайлауалды жиналыстарыңызда жеңiске жеткендерiңiзбен, сiздердiң кандидаттарыңызды бiздiң сайлаушылардың бағалап, түсiне қоюы неғайбіл. Олар қай жағынан да басқа тұрғыдағы адамдар. Олар бағдарламасында немесе тактикасында өте ауыр сындар айтпағанымен, көбiнше жергiлiктi өмiрдiң деңгейiн көтерiп, жетiлдiрудi ойлайды. Олар балға, қайла, соқа, ұсақ сауданың адамдары, өнеркəсiпшiнiң, саудагердiң, жұмысшының, шаруаның жан күйзелiсi мен ой-ниетiн жақсы бiледi, сондықтан сайлауда бiздiң өмiрлiк саясатымыздың кандидатына дауыс бере ме, əлде сiздердiң “үлкен” адамдарыңыздың депутат болуын қалай ма, мiне, мəселе осында болса керек”. Көп ұзамай Зайсан қаласы бойынша сайлануға қатысу құқына ие болғандардың тiзiмi, Мемлекеттiк Думаны сайлау туралы жəне оған қосымшалар жөнiнде 1906 жылдың ақпанында бекiтiлген заң мен

ережелер жария етiлдi. Тiзiмде болғандар: Абылханов Абдрасул, Абдул Жапаров ташкенттiк сарт, саудагер; Абылханов Сағидулла, бұл да көпес; Абылханов Юсуп, бұл да көпес; Ахтанов Сафа Латифов, мещан бұл да; Ахтямов Ахмет-Заки, мещан, үй қожайыны; Ахтанов Абдулла Латифов, мещан; Əубəкiров Ғалымжан, мещан бұл да; Ахтямов Ғұмар мещан, саудагер; Əбдiрашитов Сетык Əбдiрахманов, мещан; Бикчентаев Токфатулла, көпес; Бобкин Фидо-Ахмет, мещан; Бекметов Мұхаммед Рахым Ғалиев; Волков Василий Владимирович, дəрiгер, қызметi үшiн мемлекеттен жалақы алады; Вахрушев Степан Матвеевич, кеңсе қызметшiсi; Ғайфутдинов Хайбулла (Шамсутдинов); Ғазатуллин Ғазиев, шаруа; Голевецкий Владимир Николаевич, кеден телiмiн басқарушы, қызметi үшiн мемлекеттен жалақы алады; Григорьев Иван Павлович, капельмейстер, жалақы алады; Долонков Алексей Сидорович, мещан; Жанболатов Хабибулла Хусамнев, мещан; Заяц Иван Игнатьевич, үй қожасы; Зайнуллин Сейфулла Мұхаметов, мещан бұл да; Латифов Абдулла Хусаинов, мещан бұл да; Левицкий Иван Семенович, кеден телiмiнiң инспекторы, қызметi бойынша мемлекеттен жалақы алады; Мичулин Василий Михайлович, мещан; Мусин Газитулла, мещан, үй қожасы; Мемлеев Камалатдин, шаруа, сауда мемлекет пiркəзшiгi; Мухаметшин Қанафим Мухаметжанов, мещан, үй қожасы; Осипов Николай Николаевич, Ресей қазыналығының қазынашысы, қызметi бойынша мемлекеттен жалақы алады; Пальшин Дмитрий Петрович, шаруа бастықтары съезiнiң хатшысы, қызметi бойынша мемлекеттен жалақы алады; Петркевич Иосиф Маврикеевич, шаруа бастығы; Плотников Михаил Павлович, азық-түлiк дүкенiнiң қараушысы; Пономарев Николай Михайлович, судья, қызметi бойынша мемлекеттен жалақы алады; Рожков Фадий Иванович, мещан, үй қожасы; Рожков Михаил Иванович, мещан; Собачкин Константин Никитич, мещан; Салтыков Сетдық, мещан; Сейфуллин Юсуп Калиевич, көпес; Сейфуллин Якуп Юсупович, мещан, сауда мекемесiнiң пiркəзшiгi; Сидоров Павел Алексеевич, пошта-телеграф шенеунiгi, қызметi бойынша мемлекеттен жалақы алады; Соколов Андрей Александрович, қазыналықтың ант берген есептеушiсi; Сəбитов Аюб Искиков, шаруа, сауда мекемесiнiң пiрказшiгi; Тоғысбаев Шəкiр, мещан, үй қожасы; Тычинский Михаил Александрович, пошта-телеграф кеңсесiнiң бастығы, қызметi бойынша

мемлекеттен жалақы алады; Теплов Виктор Николаевич, қазыналықтың есепшiсi; Урманов Исматулла Халитович, мещан, үй қожасы; Устюжанин Вячеслав Алексеевич, кеден шенеунiгi, қызметi бойынша мемлекеттен жалақы алады; Хохлов Андрей Степанович, отставкадағы шенеунiк, үй қожасы; Хайбуллин Зейнулла, мещан; Хуснутдинов Əбдiрахман Бариев, шаруа, сауда мекемесiнiң пiрказшiгi; Хуснутдинов Салих; Чичкин Михаил Аранов, үшiншi таңдаулы қазақ полкiнiң ветеринар-дəрiгерi, қызметi бойынша мемлекеттен жалақы алады; Шəрiпов Мұса, мещан, үй қожасы; Шəрiпов Мұхаммед Мұхамедович; Шарифутдинов Абдулгений, мещан, үй қожасы; Ягуфаров Сүлеймен Якупов, мещан. 1907 жылы қаңтарда Зайсанға кезектi бiр сапарында Дулатұлы кiтапханада Зайсан қалалық приход училищесiнiң (мұны үш сыныпты қалалық училищемен шатастырмау қажет) жаңа меңгерушiсiн кездестiрдi. Приход училищесiнiң өз ғимараты жоқ болғандықтан, үш үйдi жалға алып жұмыс iстедi. Онда 130-ға тарта бала оқыды. Жаңа меңгерушi Николай Корнилович Васильев Мiржақыпқа ұнады. Оның сырт пiшiнi тартымды, мұғалiмдiк формамен киiнген екен. Н.К.Васильев 1889 жылы туған, семейлiк. 1906 жылы Семейдегi мұғалiмдер семинариясын бiтiрген. Бiрнеше ай Семейдiң үш сыныпты училищесiнде мұғалiм болып iстейдi. 1906 жылдың 12 желтоқсанында Зайсан қалалық приход училищесiнiң меңгерушiсi болып бекiтiлдi. Мұнда үлкен ықыласпен келдi — жалақысы жоғары жəне материалдық жағынан өмiр сүру де жеңiл едi. Сөйтiп, мұғалiм-инспектор Григорий Псаревте жəне кiтапханада Александр Шевелевте екi мұғалiм Васильев пен Дулатұлы кездесiп, оқу ғимаратының құрылысы қалай жүрiп жатқанын, Семейдегi жаңалықтарды, “Семипалатинский листок” материалдарын талқылап, əңгiмелестi. Псарев мырза Куминовтың орнына 1906 жылдың соңында келген. Дулатұлы Псаревтiң пəтерiнде, нақты айтқанда, Псаревтiң 3- дəрежелi Қасиеттi Анна орденiн алған кезiнде болған. Николай Васильев Зайсанда толық үш жыл жұмыс iстейдi. Мұғалiмдiк қызметтен басқа, 1908 жылдан Зайсан кiтапханасының кiтапханашысы болды. Васильев Семейдегi гимназиялық жəне мұғалiмдiк жұмысқа

қатысты оқиғаларды егжей-тегжейлi əңгiмелеп бердi. 1906—1907 жылдың қысында Мiржақып Дулатұлы Базекент Өскембаевпен де танысты. Өз өмiрiнiң жəне мұғалiмдiк жұмысының үш жылын көп кейiн Мiржақып былайша бағалады: “Төменгi (бастауыш) бiлiм, жетiлмегендiк, осындай Торғай мен Қостанай секiлдi түкпiрдегi бұрыштарда өткiзген оқушылық жылдар, одан соң ауылда бес жыл болуым маған жалпы саяси мəселелермен танысуға жəне шұғылдануға мүмкiндiк бермедi, сондықтан мен осы уақыттар iшiнде саяси жақтан мүлде сауатсыз болдым, тек Байтұрсыновтан ғана саяси партиялардың патша өкiметiмен күресi туралы алғаш рет естiдiм. 1905 жылғы революциялық оқиғалардың жаңғырығы мен тұрған Зайсан уезiне жеткен кезде, аз да болса менiң патшалық құрылысқа деген жек көрушiлiгiм оянды, өйткенi өкiмет орындарының қазақ халқына қатысты əдiлетсiздiгi мен өрескел шектен шығушылығын күнделiктi өмiрден байқамау мүмкiн емес болатын”. Мұнда əңгiме тек саяси ояну жөнiнде ғана болған. Ал педагогикалық жəне əдеби жұмыстар өз алдына бiр төбе едi. Мiржақып Дулатұлы өзiнiң бойындағы күш- жiгерiн жұмсайтын орынды iздедi. Ол оқиғаға көрегендiкпен қарай бiлетiн, ал жан дүниесi iс-əрекетке көшудi тiледi. Сөйтiп, қазақ халқының қайғысы оның өмiрiндегi басты мəселеге айналды. Жарлыдан Тополев мыс елдi мекенiне дейiн елу верст. Жолға кешеден дайындалған. Бiр қап — киiм мен ыдыс-аяқ, азық-түлiкке толы едi. Екiншiсiнде қағаздар, кiтаптар, өзiнiң өлеңдерi мен прозалық шығармалары болды. Бұлар үлкен терi қаптар болатын. Тополев мыс мекенiнiң өзiне дейiн оны бiрнеше шəкiртi шығарып салды. Одан əрi Семейге дейiн “Жоғары Ертiс кеме жəне сауда серiктестiгiнiң” кемелерi жүредi. Бұлар шағын кемелер болатын. Осылайша, Семейден кемеге қайта отырып, Мiржақып Дулатұлы Омбыға жеттi. Транссібір магистралінің бойында 1907 жылы бір жағдаймен М.Дулатұлы Омбыдан шамамен жетпіс шақырым қашықтықта тұратын ауыл мектебіне жұмысқа ауысты. Бұл

мəселе оңай шешілді — Омбыдан Ақмола жəне Семей облыстарының мектеп инспекторы болып істейтін А.Е.Алекторовқа жеделхатпен өтініш берген болатын. Жауап тез келді. Өзін Алекторовтың Қостанайдан бері əлі ұмытпағанын Міржақып түсінді. Міржақыптың Омбы мен Петропавлға, Еуропа мен Азияны жалғастырып жатқан Транссібір магистралінің бойында орналасқан үлкен қалаларға жақын болғысы келді. Дулатұлының онда адамдар қалай тұратынын, үлкен қаланың қоғамдық өмірінің қандай екенін де білгісі келді. Бұл туралы М.Дулатұлы былай деп жазды: “1907 жылы Омбы уезіне ауыл мектебінің мұғалімі болып ауыстым. 1908 жылы жазда халық мұғалімдері үшін Омбыда ұйымдастырылған бір жарым айлық ауылшаруашылық курсына іліктім. Осы курста жүргенде ойламаған жерден пошта-телеграф шенеунігі Кухтеринмен таныстым, ол мені социал-демократиялық партияның үйірмесіне тартты; өкінішке қарай, мен бұл үйірмеге көп қатыса алмадым, тек қала сыртындағы тоғайда өткен құпия жиналысқа екі рет қана қатыстым жəне партияның бағдарламасымен танысып та үлгерместен, ауылға кетуге мəжбүр болдым, сөйтіп аталған үйірмемен байланысымды үзуге тура келді”. Қорған болысына қарасты Кеңащыдағы тұрмыстық мəселелерді шешкеннен кейін, Міржақып Дулатұлы земстволық күре жол мен Көкшетау, Атбасар арқылы Қызбелдегі ағасына барды. Пойызбен Петропавлға жетіп, атпен Көкшетауға, одан əрі Атбасарға (уездің шекарасына дейін) барды. Көкшетаудан кейін: Приреченский бекеті (Забировское селосы) — 24 шақырым, Зеренді станицасы — 20 шақырым, Викторовское селосы, Айдабол кенті — 18 шақырым, Сандықтау станицасы — 23 шақырым, Балкашинское, Петровское, Максимовское селолары — 16 шақырым, Владимировское селосы — 19 шақырым (Новгородское селосы), Михайловское селосы (Сарымсақты) — 19 шақырым (Атбасар уезі). Туған жерінде ағасы Асқармен кездесу нағыз мереке болды. Міржақыптың жетіліп өскені көрер көзге байқалып тұр, Асқардың да отбасы табыссыз емес еді, шаруашылығы да өскен.

Міржақып үшін қазақ қоғамының нелерді іске асыруы керек екенін пайымдап, ой түюдің маңызы зор болды. Ресейдегі революциялық қозғалыстар бұл кезде тоқтап қалған, бірақ жағдай күрделі де қауіпті қалпында болатын. Мұны билік басындағылар да, қарапайым халық та білді. Бұл қысымның салмағын жеңілдету үкіметтің қолынан келмеді. Орталық Ресейдегі столыпиндік аграрлық реформа жəне Қазақстанға қоныс аударған шаруалар қоғамдағы тұрақсыздықтың артуына қолдау білдірді. Жəне бұл жағдайда да қоныс аударушылардың шаруа дағдыларының жоғары болуы, олардың Қазақстанды ауылшаруашылық өндірісі саласында да, білім беру саласы бойынша да жаңартуға ықпал етуі маңызды болған жоқ. Осының бəрін қазақ қауымы ешбір ықылассыз, күштеп жаңартудың салдары ретінде қабылдады. М.Дулатұлы Омбы уезінде жұмыс істей бастады. Мұндағы белгілі адамдар бай жер иесі қазақтар Молдахан Байкин, Қасым Исабеков, Қадыр Тілеулиндер болды. Олар жерді жалға берді. Уездік басқармада əр жылдары қазақ қайраткерлері жұмыс істеді. Олардың ішінде Міржақып Дулатұлы көп жылдар байланыста болған Тұранов та болды. Дүйсембай Тұранұлы Тұранов 1875 жылы туған, 1892 жылы Омбы уездік училищесін бітіріп, бірден Омбы уездік басқармасына кеңес тыңдаушысы болып кірді. 1898 жылдың 20 желтоқсанында Омбы уездік басқармасына сөзбе-сөз аудармашы болып, ал 1902 жылы осы жерге жазбаша аудармашылық қызметке ауыстырылды. Қаңтардан желтоқсанға дейін Омбы уездік мекемесінде əскери борыштылық бойынша ісқағаздарын жүргізу бөлімінің меңгерушісі болды. 1904 жылдың 18 желтоқсанында Петропавл уездік басқармасының жазбаша аудармашысы болды. Əскери қызметі табысты болды. 1905 жəне 1906 жылы да сыйақы ретінде оған 25 сом берілді. 1905 жылы губерниялық хатшы болып орналасты. 1907 жылдың 18 ақпанында азаматтық ведомствоның бұйрығымен түрік сұлтанынан алған никель медалін тағып жүруге рұқсат етілді. 1907 жылдың 19 маусымында орыс-жапон соғысы туралы қола естелік медалімен марапатталды. 1908 жылдың 4 сəуірінде Петропавл уездік басқармасының хат жүргізушісі қызметіне, сол жылы коллегия хатшылығына, ал 1912 жылы титулдық

кеңесшілікке жəне сонымен бірге Омбы уездік басқармасының жазбаша аудармашылығына ауыстырылды. Омбы уезінде сауат ашу мектептері (ауыл мектептері) 1895 жылы ашылды. Омбы болысындағы алғашқы сауат ашу мектебі 1895 жылы №1-ауылдық Ағаш үй — Бұхар қонысындағы болыс басқарушы Хасен Көкеновтің қыстауында ашылды. Мұғалім Ташмахамет Құрмысов ауылшаруашылық мектебін бітірген. Қазақ ауылдық мектептері уездің басқа болыстарында да ашылды. Покровск болысының №3-ауылындағы Сатыбай қыстауында, Қорған болысының №5-ауылы Кеңащы қонысындағы Наурызбаевтар қыстауында, Николаевск болысының №4-ауылы Қараағаш қонысындағы Тіналин қыстауында, Черлаковск болысының №6-ауылы Алабота қонысы, Шұқыркөл көлінің жанындағы Ноғай Исин қыстауында; мұғалімдері: Омбы болысында — Ташмахамет Құрмысов, Покровскіде — Жаке Сағатаев, Қорғанда — Ишмұхамед Наурызбаев, Николаевскіде — Мұхамеджан Елеубаев, Черлаковскіде — Қанафи Əлімбаев болды. Əкімшілік ауыл билерінің еңбекақысы жылына 1000 сомды құрады. Ендігі маңызды нəрсе — Қорған болыстық мектебі орналасқан Кеңащы қонысының қай жерде болғанын анықтау. Орыс тұрғындары орналасқан кенттерде болуы мүмкін емес. Демек, ол болыстықтың оңтүстік бөлігінде орналасуы тиіс. Бірақ карта бойынша, болыстықтың оңтүстік бөлігінің аумағында бірде-бір елді мекен жоқ. “Ақмола облысының шолуы” жарияланымының бірінде Ақмола облысы болыстарының картасы масштабы көрсетілмей берілген. Онда Омбы қаласына иек арта, Петропавл бағытындағы теміржолдың солтүстігіне қарай тар жолақ болып созыла сұғылған Қорған қазақ болысының орны көрсетілген. Болыстықтың басқармасы Орловск кентінде болды. Одан Омбыға қарай Курганский, Мельничный, Степной, Захламенская станицасы деп аталатын орыс кенттері созыла жалғасып жатты. Орловский кентінен батысқа қарай, Қорған болысының шегінде Покровский жəне Волчий кенттері орналасты, одан əрі Николаевский болысы басталады. Əйтсе де Қорған болысының қазақ ауылдарының негізгі бөлігі теміржолдан танап болып оңтүстікке

қарай Николаевский қазақ болысымен шекара бойында орналасты. Танаптың шығыс жағында Омбы болысы, Қорған болысының оңтүстік мүйісінде Үлкен Қараой көлі жатты. Мəселе мынада: мұрағаттық деректер Міржақып Дулатұлының Омбы түбінде 1907—1908 жылдары істеген жұмыс орнының дəл мекенжайын Омбы уезі, Қорған болысы, №5-ауыл Кеңащы қонысы деп нақты көрсетеді. Қорған болысында алты ақсақалдық, əкімшілік ауыл болды. Олар туысқандық қатынастар бойынша бірігіп орналасты: №1 — 6- ауыл, №2 — 16-ауыл, №3 — 20-ауыл, №4 — 7-ауыл, №5 — 33-ауыл, №6 — 24-ауыл, тұрғындар саны — 1377 адам, киіз үй — 270, кірпіш үй — 241. Болыстағы осы ауылдардың аумағында Селеті, Мұқыр, Игілік, Құлжанбасы, Ащылысай, Жарлы, Ащылыкөл, Шилі өзендері, Сұлтанкөл, Күндікөл, Баянкөл, Бүкірбассу, Кіші Мұқыр жəне Үлкен Қараой, Теке, Қызылқақ көлдері, ең үлкен көл Селеті теңіз, Тулақ, Қожагелді, Дүкен, Екіқатын, Қарақұдық, Шүкірқұдық, Шүкіращы, Аққұдық құдықтары болды. Барлық көлдердің жан-жағында 20—30 шақырымға дейін сайлар созылып жатты. Солтүстікте — қаратопырақта, тікенді жəне жақсы шалғын өскен алқаптар, оңтүстікке қарай далалық сазды жазық жерлермен жалғасады. Мұнда шөпті көп шаппайды, өйткені оңтүстікте шөп аласа өсетін. Қазақтар бұл жерлерді ежелден мекендейді, бірақ олардың жерлерінің бір бөлігі Михайловск кентіне кесіліп берілгеннен кейін мұндағы жер тарлық етті де, олар Тулақ қонысына көшуге ұйғарды, өйткені орыс шаруаларымен арада жайылым үшін жиі дау-жанжалдар болып тұрды; оның үстіне қазақтардың казактардан жалға алуына тура келетін жазғы жайылымның ақысы қатты өсіп кетті, ал 1901 жылы қазақтарға олар (казактар) тіпті жазғы қоныстарды сатпай қойды, сондықтан жергілікті қазақтар Омбы болысы қазақтарының Жалтыр жайлауына баруға мəжбүр болды. Қазақтар бұл жерге əр кезде жəне əр жерлерден келді. Біреулерінің мұнда тұрғанына 50—70 жыл, енді біреулерге 2—3 жыл болды.

Ауылдар арасында шекара болған жоқ, тек қазықтармен межеленген шабындық жерлерді ғана күзетуге тырысты. Қазақ жайылымдары құдықтарға жақын орналасты. Судың тапшылығынан төрт түлік мал қатты зардап шекті: жылқы мен қойларды үш күнде бір, ал сиырды күніне бір рет суаруға тура келді. Соның салдарынан мал жөнді ет алмады. Михайловск кентінің иелігіне өтіп кеткен Жақсылық қонысындағы өзеннен су ішуге үйренген мал солай қарай жиі өріп барып, жолдағы егістікті құртты. Мұнда қазақ руларының біреуінің жетінші ұрпағы тұрып жатты; оларға тиісті жердің көршілермен шекарасы болды, мұны екі жақтың ортақ келісімімен ғана бұзуға болатын еді; мысалы, қыстауы Николаевский болысының шекарасына жақын орналасқан ауыл өзінің малын шекарадан екі шақырымдай ішкері айдап, бұл үшін ақы төлемей, тек жыл сайын рұқсат сұрап отырды. Ру ішіндегі əулеттер иеліктерінің айқын шекарасы болған жоқ, бірақ ауылдың өзінің қыстауы маңында шағын жер аумағы болды. Əр ауылдың жеке шабындық жері жəне бірнеше ауылдың ортақ жері де болды. Ол жерлердің арасы қазықтармен, томарлармен межеленді. Қыстау маңындағы жерлер əулеттердің ортақ пайдалануында болды, бірақ əр ауылдың қойларына арналған күзетілетін жер аумағы болды, дегенмен бұл жерлер ештеңемен белгіленген жоқ. Шабындықты былайша пайдаланды: жыл сайын шөп жинар алдында шабындық жерді үй иелерінің саны бойынша бірдей мөлшерде 18 телімге бөліп, оларды нөмірмен белгіледі; одан соң əрбір қожайын жеребе бойынша ауыл маңынан өзіне тиісті шабындық жерді алды. Құмдыкөл — бəріне ортақ жайлау болды; онда əр ауылдың өз қонысы болатын. №16-шаруашылық тобы (Ф.Щербин экспедициясының зерттеулері бойынша барлығы 24 шаруашылық тобы болған) Кенесары Қасымұлы көтерілісі тұсында атыс-шабыстан аулақ неғұрлым тыныш жер іздеу мақсатымен Ақмола уезінен келген-ді. Топ көршілерден оқшауланған аумақты ортақ иеленіп, пайдаланды; дерліктей əр ауылдың өзінің күзгі қоныстары болды. Шабындықты əрқалай пайдаланды: не шөпті

шаруашылық басына бір шалғышыдан бірлесіп шапқаннан кейін бөлісіп алды, не шабындық жерді көз мөлшермен бөліп, əр қожайын өз жерінің шөбін өзі шауып жинады. Қазбек — бəріне ортақ жайлау болды, тек екі шаруашылық тобы ғана Игілікті қоныс етті. Жайлауда əрқайсысының өзінің шегенді (қималы) құдығы болды. Жер жыртып, егін салуға тырысқанымен, өнім болмағандықтан, оны қараусыз қалдырды. Кеңащыға құлайтын сайда бөгесін (тоспа) жасап, малға жетерлік мөлшерде жаңбыр мен қар суын жинады. Ауылдардың біреуінің мұнда үшінші ұрпағы тұрды. Олардың көршілерден шартты шекарамен бөлінген ортақ қыстау маңындағы жайылымдары болды. Өз араларында жайылым шекарасы болған жоқ. Əр ауылдың шабындығын қыстаудан 15 шақырымға дейінгі қашықтықта қазықпен межелейді. Шөпті бүкіл ауыл болып бірігіп шауып, бөлісіп алды. Бұрын шөптің қажеттілігі аз болған кезде шабылған шөп бұл ауылдардың ортақ пайдалануында болды, бірақ кейіннен келіспеушіліктер туып, отағасылар арқылы шөпті бөліп алуға шешім қабылдады. Бетегелі даланы шалғымен шапты. Жазғы қоныс Төрекөлде жəне онда əр ауылдың өз құдығы болды. 18-19-топтарда бұл жерге Ақмола уезінен ХІХ ғасырдың 30—40- жылдары келді. Əр ауылдың қазықпен межеленген жəне көл жағасындағы шабындық жері жеке-жеке болды; оларды бірігіп шауып пайдаланды. Георгиевка кенті ірге көтергеннен кейін, жерсіз қалған 20-топ жаңа жерге қоныс аударды. Олардың жайылымдары ортақ, ал күзгі қоныстары жеке болды. Шабындықтары да жеке — өзен бойында, қазықпен межеленді; шөпті бірігіп шауып, бөлісіп алды. 90-жылдары жайлау Наурызбай қонысында болды, ал кейіннен оны Игілікке ауыстырды. Екі жыл қатарынан күзде суатты Георгиевка кентінен жалға алды: бірінші жылы — 15 сомға, екінші жылы — 16 сом жəне 2 шелек араққа. Жылқыларды жазғы қоныста қалдырып, басқа малмен қыстауға тура жазғы қоныстан көшіп келді. Кенесары Қасымұлы көтерілісінен кейін ауылдардың бір тобы жақсы жер іздеген Ақмола уезінің адамдарынан құралды. Жайылым да ортақ пайдаланылды; ойлы-қырлы жерлердегі, тоғай маңындағы шабындық

жерлерді бірігіп шауып, шөпті бөлісті. Игілік — ортақ жазғы қоныс болды. Басқа қыстауда жайылым жəне Кеңащыға құлайтын сайдың жотасына орнатылған бөгет болды. Бұл бөгеттің жанына керуендер мен барлық жолаушы-жүргіншілер, сондай-ақ Қоянды-Тайынша күре жолымен өтетін мал үйірлері мен табындары тоқтап, жайылымдар мен шабындықтарды таптап, қыстауларды қирату арқылы бұл ауылдарға үлкен зиян келтірді. Осы ауылдар, қыстаулар мен жазғы қоныстар, шабындықтар, көлдер, қыстау маңындағы құдықтардың бəрі туралы Міржақып Дулатұлы мұрағат материалдарынан да, кітаптағы жарияланымдардан да оқып білген жоқ, оларды өз көзімен көрді. Қазақ ауылдарының негізгі бөлігі Георгиевканың айналасында болды. Міржақыпты əсіресе қазақтардың казак қоныстарынан жерді жалға алуын заңдастырған шарт қатты ренжітті. Мұндай жалгерлік пен оның төлемақысы туралы егжей- тегжейлі мəліметтер сақталған. Қазақ қыстауларының жайғасқан орындарының сипаттамасы берілген. Бірінші шаруашылық ауылы, 1-қоныс офицер Алексеевтің жер телімі станицалық басқармада жасалып, жыл сайын жаңарып отыратын шарт бойынша жалға алады: 1901 жылы 200 сом төлеген. 11 жыл бойы жалға алып келеді; бірінші жылы 80 сомнан төледі. Шарт бойынша, бұл ақшаға телімде тек 20 қожайын ғана тұра алады; 20-дан асса, тек телім иесінің рұқсатымен, оның белгілеген ерекше төлемақысын төлеп қана тұра алады. Екінші шаруашылық ауылы, 1-қоныс. Жеке адамнан бір жылға жасалған ауызша келісімшарт бойынша жалға алған, жер телімі бұрын казак офицерінің иелігінде болған. Телімді жайылым ретінде пайдаланғаны үшін, сондай-ақ қыстауға шым мен отын алғаны үшін шөп шауып, шабылған шөптің 1 бөлігін қожайынға беруге (шөпті айтылған жерге жеткізіп беруге) міндетті болған. Жазда №14-əскери телімді № 1-дегідей шартпен жалға алып, ол үшін 12 сом төлеген. Телімде бұрын 40 жыл тұрған. Үшінші шаруашылық ауылы офицер Алексеевке тиісті телімді 40 жылдан бері жалға алған. Бұрын жылына 15 сомнан төлеген; үш жыл бұрын ақы 100 сомға дейін көтерілді, ал 1901 жылы 165 сом төлей

бастады. Келісімшарт бір жылдық станицалық басқармада куəландырылады. 19 шаруашылықтан асқаны қожайынның рұқсатымен жіберіледі. Жер қыртысы қыстау жəне шөпшек үшін ақы төлемейді. Жазғы қоныс — əскери телімде. Төртінші шаруашылық ауыл, 1-қоныс. Алексеев мұрагерлерінің телімі. Мұнда 30 жыл тұрады; бұрын Тобыл губерниясының шаруа (крестьян) кентінде тұрды. Онда тарлық еткен соң осында көшіп келді. Телімде — 1033 десятина; алғашқы жылдары 12 сом төледі, енді — 90 сом. Он төртінші шаруашылық ауыл, 3-қоныс. Қыстаулар 5 жылдан бері офицер Бабиковтың телімінде. Қыстау салу құқығы үшін, құрылысқа арналған шым топырақ пен ағаш, шөп-шөпшек жəне жайылым мен шабындықты пайдаланғаны үшін 5 сажын қайың ағашты кесіп, Омбыға (65 шақырымға) жеткізіп беруге міндетті болған. Жазғы қоныс — əскери бөлім жерінде, ақысы —17 сом 50 тиын. Он бесінші шаруашылық ауыл, 1900 жылы алым үшін жылына 150 сом төлеп, Тобыл губерниясының қазыналық-оброк (алым) төленетін телімінде тұрды. 1901 жылы телімді немістер тартып алып, 175 сомға дейін көтерді. Осы телімдерде жыл бойы тұрды. 1901 жылы офицерлік телімді қайтадан жалға берушілерден жазғы жайылым үшін жалға алды. 77 сом төледі жəне сонымен бірге казактардан суатты əр қожайын үшін 1 сом 25 тиыннан жалға алды. Он сегізінші шаруашылық ауыл, қыстаулар шаруа Федотовқа жалға берілген офицерлік телімде (Кононовтың) болды. Федотовқа шөпшек теру құқығымен, əр қыстау үшін 10 сомнан төлейді; 10 жыл бұрын 3 сомнан төлеген, ал 3 жыл бұрын қыстау басына 6 сомнан төледі. Он тоғызыншы шаруашылық ауыл соңғы 2 жылда шаруа Черданцевтің телімін жалға алды; ол одан бұрын 30 жыл бойы жылына 60 сомнан төлеп жəне Омбыға 50 сажын ағаш жеткізу шартымен офицерлік телімді жалға алды, соңғы жылдары баға 200 сомға дейін көтерілді, шаруаға шөпшек теру құқығымен 120 сом төледі. Шабындық үшін шаруадан қазыналық-алым төленетін “Романовский” телімін 90 сомға жалға алды, ал бұрын бұл телім үшін 46—50 сом төледі. Жайлауды

қазақ Коршубаевтан алды, ол бұларды 46 сом үшін жалға берілген қазыналық телімге жіберді. Онда қыстыгүні жылқыларды жайды. Жиырмасыншы шаруашылық ауыл төрт жыл бұрын Тюкалинский округінің шаруасының заимкесінде 30—40 киіз үйге бəрі үшін 200 сом төлеп тұрды; енді жерді шаруадан шабындығымен қоса 150 сомға (10 киіз үй) жалдайды. Жаздық жайылым үшін шаруашылық басына 5-тен 10 сомға дейін, суатқа 1 сом 25 тиыннан төлейді. Басқа аталас қауымдастық көршілес аумаққа орналасты. Бірінші шаруашылық ауыл Тюкалинский округі Кисляково деревнясы шаруасының жерінде тұрды, бұл теміржолда еді. Қыстау үшін (20 арба шөпшек теріп алу құқымен) 4 сомнан төлейді. Пішенді кім қаншаға шамасы жетсе, сонша 15—30 сомға алады. Жазғы қоныс үшін шаруашылық басына мал санына қарай 4-тен 10 сомға дейін төледі. Екінші шаруашылық ауыл офицер Добчинскийдің телімінде тұрды. Жазғы қоныс үшін 3-тен 5 сомға дейін, пішенге 20 сом жəне жайылымға əрбір сиыр үшін 20-дан 30 тиынға дейін, əрбір тайынша- торпаққа 3-тен 10 тиынға дейін төлейді. Бесінші шаруашылық ауыл, 4-қоныс. “Бұхар” телімінде тұрды, жылына 150 сомнан төледі; 15 шаруашылықтың сол жерде шабындығы болды. Жетінші шаруашылық ауыл, 4-қоныс. Соңғы қыста (1900—1901 жж.) шаруа Шараповтан жалға алынған “Қояндар” (“Зайцы”) қазыналық телімінде тұрды, ал одан бұрын киіз үйде тұрған болатын. “Арыстанбай” теліміне өтуді ойлаған. “Қояндар” теліміне орналасу əр шаңыраққа (шаруашылыққа) 5 сомнан түсті. Қазақтар шаруашылығы осындай жағдайда нарыққа бейімделді. Бұл Транссібір магистралімен, сол кездегі Омбы секілді үлкен қалалармен көршілестікке байланысты болды. Мұнда бүкіл Дала өлкесінің экономикалық өмірінің ғана емес, сонымен бірге оның мəдени өмірінің де орталығы болды. Бұл туралы тарихшы С.Ф. Мəжитов былай деп жазды: “Отаршылдықтың əсер-ықпалымен шығыстық социум, ең алдымен, Орталық Азия формасы тарихи-мəдени жəне діни- өркениеттілік факторлармен байланысты болған елеулі сілкіністер мен өзгерістерге ұшырады. Сонымен қатар орталық-азиялық дəстүрлі

қоғам өздеріне үйреншікті өмір сүру қалпын сақтауға мүмкіндігінше тырысып бақты жəне өзгерген жағдайға да икемделуге тырысты”. Қазақтардың жаңа өмірі Дулатұлының елестетуінде өткенге қарама- қарсы болып көрінді. Ол былай деп жазды: “Қазақтардың көшпенді өмір сүрген кездегі тұрмысы қандай еді! Жас бозбалалар мен бойжеткен қыздар уайым мен қайғыны білместен, бірімен-бірі сəн- салтанат жарастырар еді. Көш басшылары алдыға оза жүріп отыратын, ал жал-құйрығы үкі қауырсынымен əшекейленген жүйрік аттарға мінген жастар өзара жарысып келіп, жайлауға жетіп тоқтағанда еті қызған айғырларды су ішуден қорғап, қайтарып қоятын. Көл жағалай тізілген киіз үйлер көзді арбайды. Адамдар секілді жануарлар да жер бетінде жұмақ орнағандай рақаттанады. Көкіректеріне жел біткен жастар жұптаса ырғатылып, көк желектей жайқалады. Қыздар, мырзалардың қалыңдықтары мен келіншектері жеміс-жидек теру үшін топ-топ болып толықсып олар шықпақ. Ол кезде адамдар қарапайым əрі кедейлерден көмегін аямайтын. Қашанда үйде ұл туғанда, келін түскенде немесе қыз ұзатқанда бəйге жарыс өткізер еді. Бір ғажабы, егер қайтыс болған адам белгілі немесе құрметті болса, оған арнап ұлан-асыр ас береді. Қымыз ішіп отырып марқа қозыға немесе құлынға бата жасағанда жағалай отырған жұрт қауқылдасып-ақ қалар еді. Шынын айтқанда, қазір осы айтылғандардың ең болмаса біреуі бар ма?” (“Қазақ халқының бұрынғы есте қаларлық тұрмысы”)4. Қорған болыстық ауыл мектебінде істеген кезінде Міржақып көп нəрсені көріп, білді, ең бастысы — Қазақстанның басқа да мұсылман халықтары татар, башқұрт, өзбек, əзірбайжанның саяси өмірінің ішкі мəніне бойлауды үйренді. Алайда Жарлы, Кеңащы ауылдарындағы жағдайға қарап Міржақып Дулатұлы тек қазақ қоғамындағы ғана емес, Ресейдің бүкіл қоғамдық- саяси өмірін көз алдына елестеткендей болды. Ресейдің орталығындағы реакция жағдайында Поволжье, Орта Азияда жəне Қазақстанда мұсылмандық қозғалыстың өрлеуі байқалды. 1905— 1906 жылдары түркі халықтары радикалды өкілдерінің құрылтайлары өтті. 1906 жылдың қаңтарында Петербургте өткен ІІ құрылтайда “Иттифак эль муслими” партиясының жарғысы мен бағдарламасы

жəне тактикасы талқыланды. Құрылтай І Мемлекеттік Думаның сайлауы кезінде өтті. Тұтастай алғанда “Иттифак эль муслими” партиясының міндеттері конституциялық-демократиялық партияның міндеттерімен бірдей еді. Мұсылмандық партияның Қазанда, Мəскеуде, Петербургте өз бөлімшелері болды. Жекелеген топтар Оралда, Петропавлда, Орынборда, Ташкентте, Омбыда, Семейде, Верныйда болды. Міржақып құрылтай қаулысымен танысты. Онда мынадай сөздер жазылған: “Келтірілген негіздер бойынша құрылтай қазіргі, бейбіт азаматтардың өмірін дағдылы қалыбынан шығарып жіберген шектен тыс үрейлі де ауыр жағдайдан шығудың бірден-бір жолы, тез арада Мемлекеттік Думаны шақыру жəне 1905 жылдың 17 қазанындағы Манифест берген бостандықты іс жүзіне асыру болып табылады”. Бұл құрылтайдың негізгі талабы болды. Құрылтай делегаттарының құрамы оның өкілеттілігі туралы куəлік етті. Төралқа құрамына құрылтайдың жəне төралқаның төрағасы Али-Мардан бек Топшыбашев, төрағаның орынбасарлары: Исмаил бек Гаспринский, Рашид Ибрагимов, Ғалымжан Галиев, Шахайдар Сыртланов, Абдулла Апанаев, Сеит Гирей Алкин, Шахмардан Қосшығұлов, Эминджан Ильгамжанов, Али Искандер Ашуров; құрылтай хатшылары: Юсуф бей Акчурин, Салим Гирей Жантөрин, Мұса Бигиев, Мұстафа Измаилов Ширванский, Абдулла Исметов енді. Бұлар алуан түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да өкілдері еді. “Мұсылмандық халықтық партияның бағдарламасын” қарау үшін комиссия құрылды. Комиссия құрамына Шахимардан Топчибаев, Мұстафа Давидович, Хади Максютов, Садреддин Максютов, Шахмардан Қосшығұлов, Жəңгір Байбөрин, Мұса Бигиев, Жолбарыс Биікбеев, Али-Искендер Ашуров, Шахайдар Сыртланов, Лутфулла Искаков, Жамалетдин Хурамшин, Абдулла Апанаев, Абдулла Нигметуллин жəне Ғалымжан Галиев енді. Білім беру жөніндегі комиссия да құрылып, оған Абдулла Апанаев (төраға), Аллаяр Ахундов, Мұхамедғали Салихов, Мустафа Давидович, Насреддин Жапаров, Фатих Садыков, Ғазизулла Альбеков, Абдрахман Сағитов, Гади Максудов, Абдулла Нигметуллин, Ахметжан Мұстафин,

Карим Ханафиев, Ғариф Хайруллин, Искак Казаков, Ниязмухалит Сүлейменов кірді. Білім жөніндегі комиссия бағдарламаның екінші пунктіндегі мəселелерді: бастауыш мұсылман мектептері мен медреселерді толығымен қайта құру қажеттілігін жəне оларды мұсылман дінбасыларынан қоғамға беруді шешуі тиіс болды. Құрылтайда мұсылмандық мекемелерді басқару бойынша, барлық істерді қайта ұйымдастыру, мұсылман партиясын құру мəселелері қаралды. Міржақыптың саяси оқиғалар мен қоғамдық қозғалыстарға деген қызығушылығы əдеби жұмысымен ұштасты. Оның өзі жазған өлеңдері мен прозалық шығармаларының қолжазбалары қалыңдай түсті. Петербургтен келген бір адамнан ол “Серке” газетінде жарияланған өзінің “Біздің міндеттеріміз” (“Наши задачи”) деген мақаласын алды. Бұл оның жарық көрген екінші мақаласы еді. “Серке” газетінің жалғыз саны 1907 жылы Петербургтегі татар газеті “Ульфаттың” жанынан шыққан болатын. Оның негізін салған əрі редакторы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі түркі халықтары қоғамдық қозғалысының идеологтерінің жəне қайраткерлерінің бірі Əбдірашит Ибрагимов болатын. Бұхарада оқыған, 80—90-жылдары Түмен мен Орынбордағы медреселерде сабақ берді. Одан кейін Түркияда тұрды, түрік өкіметі тарапынан аңдуға түсті. 1904 жылы Ресейге қайта оралып, Қазан, Уфа, Троицк, Петропавлда жұмыс істеді. 1904 жылы Ресейдегі түркі халықтарының автономия алуы туралы үндеу (лозунг) көтерген “Автономия” кітабын шығарды. Міржақып өлеңдер мен прозалық шығармалар жазуды жалғастырды, өлеңдерінің əлеуметтік мəні өткір, ал прозасы эпикалық жанрда болды. Қазақ қызы туралы өзінің əңгімесін қайтадан жазды, бірнеше бөлігін қайта өңдеді, толықтырды. Əңгіме хикаятқа айналды. Міржақыптың табынушылары “Зар заман” əдеби ағымының өкілдері болып қала берді. Олардың шығармаларында өткір əлеуметтік мəселелер көтеріліп, өз халқының болашағына деген алаңдаушылық көрініс тапты. М.Дулатұлы ғылым мен техника жетістіктері туралы былай деп сүйсіне жазды: “Атпен 6 айда ала алмайтын қашықтықты теміржолмен қысқа уақыт ішінде жүріп өтуге болады. Телеграфпен Жердің екінші

шетінен көзді ашып-жұмғанша хабар ала аласыз. Автомобиль атсыз-ақ, өзі жүйтки жөнеледі, ал аударылып кетпес үшін оны қолмен басқарасыз. Ғылым адамға жəрдемдесіп, су мен отты берді жəне алыс қашықтықтан телефонмен сөйлесуге болады. Мұхитты жер секілді пайдаланды, жəне бұрынғы қолайсыздықтар келмеске кетті, мұхитта балық секілді жүзеді жəне қайда барғысы келсе де өзі біледі. Ауамен ұшатын жəне егер қажет болса, қайтадан жерге түсетін құрал табылды, оны “ауа шары” деп атайды. Əлде мұндайды бұрын адам баласы көріп пе еді? Сену қиын, бірақ шындық. Бір сағатта алыстан хабар алдыратын сымсыз телеграф ойлап табылды, Жер астымен машина жүретін болды, бұл да ғажайып өнертабыс; ғажайып өзіненөзі болмайды, оны ғылымның көмегімен адамдар жасайды. Бердеңке, бомба, мина, зеңбірек, тапанша, револьвер, браунинг, бір сөзбен айтқанда, қауіп- қатерге қарсы қойылатынның бəрі де ойлап табылды. Майсыз жарық беретін электр машиналар бар, түнгі жарық күндізгімен бірдей, əрине, осының бəрі керемет! Граммофон дыбысты қайтадан шығарады, сөйлейді, əн айтады, Құраннан өлең үзінділерін келтіреді. Мұны көзімен көрмеген адамдар оған сенбес еді, бірақ менің ойымша көп адамдар көріп те үлгерді. Аспан денелерін, өте алыстағы жарық көздерін көрсететін телескоп бар. Түймедейді түйедей етіп көрсете алады — бұл да ғылымның ісі. Ресейде фабрикалар мен зауыттар көп, олар затты арзандатып, кедейлерге қолжетерлік ете алатынымен пайдалы. Шөп шабатын машиналар шықты, олармен аз уақыт ішінде көп шөп шабуға болады; көп пайда келтіретін соқалар, дəн сепкіштер (сеялка) бар. Кітаптар, газеттер мен журналдар басып шығарып, халықты білімге жеткізетін баспахана машиналары пайда болды. Осының бəрін адам баласы ғылымның арқасында жасады; тек жалғыз біздің қазақтар ғана алаңсыз жатыр жəне өзінің надандығынан жоғарыда аталғандардың біреуін де жасай алмай отыр. Егер біз бостандық алып, білімге қол жеткізер болсақ, алдыңғы қатардан орын алмас па едік, өзімізден озып кеткендерді қуып жетпес пе едік?” (“Ғылымның қолынан не келеді?”)

“Біздің міндеттеріміз” деген мақаласында Дулатұлы Ресейде қазақ халқы құқықсыз деп жазды. Ол былай деді: “Жиналған салықтар халық мүддесі үшін жұмсалмайды. Министрлер, стражниктер мен урядниктер қазақ халқының үстінен жоғарыдан менсінбей қарайды. Осы шенеуніктердің, урядниктердің барлығы кедей қазақтарды қорлап, жəбірлейді, оларды тонайды, ойларына келгендерін істейді. Біздің дінімізді мазақ етеді, кітаптарымызды кəмпескелеп, оған тыйым салады. Бұл шенеуніктер мұжықтардың қазақ жеріне қоныс аударуын ойлап шығарды, су көздері мен құнарлы жерлерді “кесіп” алды. Олар құқықсыз қазақтардан бəрін де тартып алуға дайын. Ал шаруалардың қоныс аударуы не үшін ойлап табылды? Құнарлы жерлер аз емес, бірақ оның бəрі байлардың: дворяндар мен помещиктердің қолында. Ал кедейлердің бұл жерлерді сатып алуға шамасы жоқ. Жерсіз мұжықтардан құтылу үшін бəрі қолдарында тұрған министрлер, шіренген шенеуніктер, генералдар оларды қазақ даласына қоныс аудартуда. Енді бұл жерлер де бай қазақтар мен қоныс аударушылардың қолына көшуде. I Мемлекеттік Думаның шешімі осы үшін қабылданды. Ол жерсіздік пен кедейшіліктің келгенін жария етті, сондықтан оны таратты”. Осы мақалада басқалармен бірге, мұсылман кітаптарының қудалауға түскені туралы айтылады. Бұл фактілер қайдан алынған? Қарқаралы петициясынан. Онда арест салынған Ғабдолла Исабековтің кітабы туралы айтылған. Демек, бұл оқиғаның егжей-тегжейін Міржақып Дулатұлы Қарқаралыда болған кезінде-ақ білген. Ал бұл — оның 1905 жылдың жазында Қарқаралы жəрмеңкесінде болғанының тағы да бір жанама дəлелі. 1908 жылы Дулатұлы Есіл болысынан Омбы облысының Арқалық (Қосшығұл) ауылдық мектебіне (№4-ауыл) жұмысқа ауысты. Мектеп бұрынғы ауыл старшинасы Молдахмет Өтегеновтің Тарпақ қыстауында орналасты. Жазда мектеп Қараұшық қонысында жұмыс істеді. Енді Міржақыптың Омбыда, қоғамдық орындарда жиі болып, таныстарын көбейтуіне болады. 1905 жылдағы секілді, Омбы мен Петропавлда тырысқақ жұқпалы ауруының қаупі төнді. 1892 жəне 1897 жылдары тырысқақ, сүзек көптеген адамдардың өмірін алып кетті.

Мұның кесепаты жұттан кем болмады. Осындай жағдайдан қазақтар даланың адам аз қоныстанған терең түкпірлеріне жансауғалап бару арқылы құтылып жүрді. 1908 жылдың көктемінен бастап Омбыда, Петропавлда жəне болыстықтарда тырысқақ жұқпалы ауруына қарсы сақтық шараларын қадағалау туралы қаулы қабылданды. Сонымен бірге 1907—1908 жылдары Ақмола облысының əрбір уезі мен болыстығында жергілікті əкімшіліктің алдағы үш жылға сайлауы жүрді. Мұнда, Омбы уезінде де, Зайсан уезіндегідей, Міржақып Дулатұлы болыс басқарушының, билердің, ауыл старшиналарының сайлауына куə болды. Осыған байланысты Міржақып былай деп жазды: “Басқарушылар сайлауы басталғаннан бері 40 жыл өтті. Бұл сайлаулар, егер айтар болсақ, бізді əбден тойдырды. Мырза деп аталатын байлар партия құрып, басқарушының лауазымына қол жеткізу үшін ақша шашады. Екіншісі би болуға кандидатурасын ұсынады, ал үшіншісі “Менің олардан қай жерім кем?” деп ойлап, өздері кандидатурасын ұсынбаса да, басқаларды желіктіріп, шабына от қояды. Сайлау өткізетін бастықтарға мыңдап ақша береді, ал оның жанында тағы да басқа орыс жоқ дейсің бе? Стражниктер мен писарьлар сүйінші алады, əрине, тілмашқа да бермеуге болмайды. Басқарушының лауазымына көп шығынмен жетеді, сайлау да осымен бітеді. Лауазымына бекіп алған соң шығынды халықтан өндіріп алу басталады, мұндай алымдар жыл сайын болып тұрады. Өздеріне жақтастар іздеп таласады, мал шашады, кімнің дауысы көп, кімдікі аз деп санайды, ал көп күш жұмсап басқарушының лауазымына қолы жеткен соң халқын татулыққа шақырады. Басқарушының мыс белгісі үшін көп ақша жұмсайды, құмарлық ешқашан басылмайды; қалайша біздің халқымыз бейне бір маскүнемге ұқсап, барлық уақытын осылай өткізбек? Қазақтар, бұл əдетті тастаңыздар да, түзу жолға түсіңіздер, қалайша басқарушының, соттың жəне ауыл старшинасының орны патшалық секілді ұлы құрмет болмақ? Көптеген адамдар марапатқа мастанады: шен алса болды, құрметке ендік деп ойлайды, ал халқын сатып отырып, тек өзінің қара басын ғана ойлайды, қазақ халқының құны түкке де тұрған жоқ. Қазақтың басын қара тұман торлады: арты — ор да, алды — жар; міне, пəле қайда:

адасқан туыстарына жол көрсететін ешкім жоқ, көрсететін жол да жоқ”. (“Сайлауға қатысты”). Міржақып бұл ойларын одан əрі былай дамытады: “Сайлауға құр далбасамен қатысқан жарлы-кедей бұдан ешқандай пайда көрмей-ақ астындағы жалғыз атынан айырылады, ал үйіне келген кезде, əйелінің алдында кімдермен бірге тамақ ішкенін айтып мақтанады. Осыған бола ғана малы мен арынан айырылады, күшті əлсірейді, ал кедей біржола тұралайды. Көптеген адамдар өтірікті басқа түрде дəлелдеп, жалған ант береді, сөйтіп, антшыл қылмыскерге айналады. Бір-біріне бостан- босқа пəле жауып, мал ұрлайды, өнімсіз дау-таласқа түсіп, бірін-бірі қиындыққа итермелейді, ал бұл істерді тексеретін шенеунік тұмсығын көкке көтереді, тілмаш та басын биік ұстайды, қазақ болса бұдан қаншама зиян шеккеніне қарамастан өзін тоқтатқысы келмейді. Бұрынғы құл енді бейне бір хан секілді құрметке енді, халық жаман істерді жатқа біліп алды, ал егер адал емес, арсыз адамдар лауазымды тұлға атанатын болса, онда қалайша барлық ұрылар мен алаяқтар атқа мінбейді? О, құдайым, күн сайын зұлымдықтың асқанынан басқа, мұндай істен қандай пайда келмек?” (“Сайлауға қатысты”.) Міржақып, ақырында мынадай қорытындыға келеді: “Біздер, қазақ зиялылары, бəріміз жиналып халық туралы ойлануға тиіспіз, неліктен нақты өмірде “мəдениет” сөзі іске аспайды? Өркениетті халықтар озып кетті, сондықтан бізге енді қалың ұйқының құшағында жата беруге болмайды. Біздің бəрімізді ұйқы жеңді, кəнеки, қазақты, жабылып оятайық”. (“Сайлауға қатысты”). 1908 жылы Торғайда, қазақтар мен орыстар арасындағы қақтығыс кезінде, қазақ болыстық мектебінде жұмыс істейтін орыс мұғалімі өлді. Əрине, тек қазақтар ғана тұратын болыстықтың мектебінде қазақ тілін өте нашар түсінетін орыс мұғалім сабақ берген мұндай жағдай реніш қана емес, жергілікті халықтың қарсылығын да тудырды. Торғай ісі бойынша тергеуді Троицк округтік сотының мүшесі Ахмет Бірімжанов жүргізді. Бұл оқиғалар туралы Міржақып Дулатұлы да білді. Ауылдағы өмір, тұрмыстағы қолайсыздықтар Міржақып Дулатұлын қажыта бастады. Бұл туралы ол былай деп жазды: “Барлық уақытта ауылда тұрып, мəдениеттен алыс жүруім себепті, кітапхана

болмағандықтан, өз білімімді көтеруге мүмкіндік таппағандықтан, мен дерліктей өзім білген орысшамды да айта алмай қалдым, ал менің қала мектебіне ауысқым келген талаптарымнан нəтиже шықпады. Сондықтан мен 1909 жылы ауылдағы мұғалімдікті тастап, Петропавл қаласына бардым да, бітімгер сотқа іс жүргізуші жəне сонымен бір уақытта, қазақ балалары оқитын Хасан Пономаревтің жекеменшік мектебіне оқытушы болып орналастым”. Петропавлда М.Дулатұлы екінші телімнің бітімгер сотының хат жүргізушісі болып істеді. Петропавлдың қоғамдық жəне мəдени өмірінің бай тарихы болды. ХХ ғасырдың басында бастауыш жəне орта оқу орындарының тұтас торабы, қалалық кітапхана, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша көптеген кəсіпорындар жұмыс істеді, қала тез қанат жайды. Петропавл арқылы маңызды сауда жолдары өтті. Қыр жолымен қалаға мал табындары айдалды, арбаға жəне түйеге жүк тиеп əр алуан тауарлар əкелінді. ХІХ ғасырдың 70-жылдарында оңтүстік аймақта қазақтармен жəне Орта Азияның көпестерімен сауда жасау үшін айырбас сауда сарайы салынды. Шикізатпен жəне мал шаруашылығы өнімдерімен сауда жасауға қызмет ететін айырбас сауда сарайы бүкіл Дала өлкесі үшін қойма пункті ретіндегі мəнге ие болды. Ол бір шатырдың астына бірігіп, ұзындығы 245 жəне ені 50 сажын (сəйкесінше 522,8 м жəне 106,5 м) тік төртбұрыш түрінде орналасқан 137 тас лəпкеден тұрды. Транссібір теміржолы магистралінің құрылысы (1894 ж.) жүруімен бірге сауда бұрынғыдан да қыза түсті. Бұлай қарай орыс жəне шетелдік капитал бет бұрды. Петропавлда астаналық жəне шетелдік сауда-өнеркəсіп фирмалары, банктердің өкілдері мен бөлімшелері орнықты. Жергілікті көпестер тауар қорларын жəрмеңкелерден ғана емес, сонымен қатар тікелей зауыт пен фабрикалардан толықтыруға мүмкіндік алды. Екі ірі ресейлік “Ағайынды Овсянниковтар” жəне “А.Ганшин ұлдарымен” мануфактуралық фирмалары өздерінің капиталдарын біріктірді. Кəсіпкерлер Овсянниковтар мен Ганшиндердің фамилиялары Ресейде айтарлықтай белгілі еді. Василий Степанович Овсянниковтың бес баласы болды, Мəскеуде үйі, мұрагерлік атпен

имениесі (бұрынғы князь Черкасскийдің), жері, тағы басқалары бар болатын. Овсянниковтердің 1908 жылғы жалпы бақуаттылығы 1 005 000 сом болды. Мұндай капиталдың болуы оған Орталық Ресейде жəне Батыс Сібірде үлкен сауда жасауына мүмкіндік берді. Қалада теріні бастапқы өңдеуден өткізумен шұғылданды, жүн жуатын кəсіпорын, жел, бу жəне бір су диірмені жұмыс істеді. Олардың қожайындары көпестер И.В.Поляков, С.С.Мұратов, ағайынды Блюменталь, ағайынды Колмаковтар, К.Королев, Л.Ветров, Д.И.Смолин, ағайынды Сизовтар, С.П.Фризен, М.С.Бирюшев жəне басқалар болды. Осы жерден Орталық Ресейге ұн, бидай, жарма жөнелтті. Сонымен бір уақытта мəдени өмір де дамыды. 1872 жылы қалада жеті мектеп, оның ішінде төрт ерлер, үш əйелдер, екі еврей ерлер мектебі болды. Бұл мектептердің біразы приход комитеттерінің басқаруында, бір бөлігі Тюменев, Мұратов, Дəулеткелдиевтер секілді, т.б. қаланың бай тұрғындарының иелігінде болды. Медреседе, негізінен, ұл балалар оқып, араб тілі мен əдебиетін, логика, философия, грамматика, арифметика, геометрияны жəне басқаларын үйренді. Басты пəндері мұсылман құқығының тарихы, мұсылман заң ережелері, Құран болды. ХХ ғасырдың басында қалада белгілі Мұхамеджан Дəулеткелдиевтің қаржысымен қыздарға арналған медресе ашылды. 1876 жылы қалада қазақ балалары үшін, ал екі жылдан кейін қыздарға арналған интернат ашылды. Интернаттар кедей тұрғындардың балаларын оқытуды мақсат еттi. Интернат жанындағы шеберханаларда балалар етiкшiлiк, ұсталық, зергерлiк кəсiптi үйрендi, сондай-ақ тəрбиеленушілер көктемнен бастап тəжірибеден өтетін ауылшаруашылық фермалар болды. Оқыту бес жылға созылды. Реалды училищелер 1903 жылдың шілдесінде ашылды, директоры Санкт- Петербург университетінің тарих-филология факультетін бітірген П.Н. Бережков болды. Училище базарға жақын жердегі бір қабатты алма ағаш үйде орналасты. 1912 жылға қарай Петропавлда 30 оқу орны болды, оның екеуі орта деңгейлі — əйелдер гимназиясы мен реалды училище, қалғаны — төмен деңгейлілер.

1886 жылы Петропавлда орыс драма театры ашылды. 1906 жылы Театральная жəне Крупская (кейіннен Потанин) көшелерінің қиылысында қызыл кірпіштен театр ғимараты салынды. Көру залы биік, екі деңгейде жарықтандырылған. Кең екі металл қоршаулы баспалдақ мəнерлі өрнекпен əшекейленген. Көру залында балкон болды. Театр Міржақып Дулатұлының сүйікті орны болды. Солтүстік Қазақстан қалаларында мұсылман тұрғындары: татарлар, қазақтар, башқұрттар, өзбектер біршама көп мөлшерде тұрды. ХХ ғасырдың басында Петропавлда 10 000-ға жуық татарлар мен қазақтар тұрды. ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап-ақ Н.Бектеміров, Г.Бектеміров, И. Баязитов, М. Шагиахметов, Р.Тюменев, С.Мұратов, Х.Сутюшев, Я. Бекташев, Х. Тойматов, С.Акчурин, С.Хасаметдинов, М.Усманов, Р.Ялымов, Х. Файзуллин, Н.Уранкин, т.б. петропавлдық көпестер белгілі болды. Петропавл бойынша “Сауда фирмалары жəне сауда-өнеркəсіптік кəсіпорындар” тізіміне көпестер Ш.Исаев, М.Шарифбаев, А.Баязитов, Ф. Бичурин, А.Юсупбаевтардың есімдері енгенін айта кетуге болады, олар мал өнеркəсіпшілері болып саналды жəне азиялық тауарлармен шұғылданды. Тері илеу жəне өңдеу зауыттарының қожайыны Хафиз Акчурин, сонымен қатар бақалшы жəне жергілікті тауар сатумен де шұғылданды. Ағайынды Дəулеткелдиевтер — Мұхамеджан мен Мирктің сабын қайнататын зауыты болды, автоматты тазалау диірмені, керосин қоймасы болды. Шамсутдиновтар — Соборлық алаңдағы галантереялық дүкеннің қожайыны. Янгуразовтар — Валит пен Халит Ресейге тері шикізатын жеткізді, Ташкентпен, Қытаймен сауда жүргізді. Петропавлдың тізімінде көпестер А.Ваганова, И.Файзуллин, Ю. Усманов, Х.Яруллин, М.Мұхамедьяров, Г.Каримов, Х. Сефутдинов, К.Нигматуллин, И.Мұхаметов, т.б. секілді орыстармен, қазақтармен, еврейлермен, немістермен бірге қаланың саудасы мен көркін жақсартуға үлес қосқандар болды. Петропавлда Міржақып С. Күсемісов, Қошмұхамбет Кемеңгерұлы, Сабыр Шариповтармен тез тіл табысып кетті, Жұмағали Тілеулинмен кездесті, бұлардың бəрі — болашақ “Алаш” партиясының қайраткерлері. Қалада Міржақып Дулатұлы араласып, достасып, көрші

болып тұрған мұғалімдер, саудагерлер, қолөнершілер, дəрігерлер, құрылысшылар, кəсіпкерлер болды. Олардың арасында мыналарды атауға болады: Н. А. Арнаутова, М. М. Альбетков, Х. А. Акчурин, З. С. Асанов, А. А. Андреев, П. В. Александров, А. П. Андреев, А. Ф. Андреева, М. П. Анциферова, Хусни Джемаль Акчурина, Абдул Вали Абдрахманов, Ахмедияр Абдул-Залитов, Гүлсім Акчурина, Каюмбай Анабаев, Ахметжан Абдулсаттарович Абдул-Ваганов, В. Э. Аппельберг, Мухаметжан Абдуллович Акчурин, Агляметдин Абдульманов, Д. Л. Арнаутов, Е.С.Алексеенко, Д. Т. Авдеев, Баби-Зубейди Шариповна Бабишева, Ахметжан Хасанович Бикбов, Мухаммед-Али Селихович Бирюшев, Хусин Хасанович Бикбов, Ахмет-Гариф ИбрагимовичБикчентаев,В.А.Белоусов, Изатулла Абдрахимович Бобров, Тохватулла Бикулов, Габидулла Баязитов, Бибі-Айша Бектемирова, Фаткулла Бичурин, Рамазан Бакташев, Сəбит Бичурин, Иван Андреевич Буторин, Абдул-Азиз Бегишев, А.Ф. Буторина, В.Я. Бачанцев, Г. Н. Бабин, Ахметжан Назмутдинович Бегишев, Мухаметжан Баймухаметов, Мубаракша Бадретдинов, Мухаммед- Валий Назмутдинович Бегишев, Амин Муратович Бурнашев, М.Н. Бардыгин, К. Ф. Глазкова, М.И.Голубинцева, П. Ф. Грязнов, Сибгатулла Губидуллин, Файза Измаиловна Губайдуллина, Н.В. Гребнев, К. И. Геркулесов, И. А. Грушилин, Д. А. Герасимов, М.Н. Греховодин, П. М. Гашков, Шакирзан Галиев, М. Ф. Глазков, М. И. Горин, В. Д. Дмитриев, Сейфулла Рахматулич Дивеев, А. В. Дитятев, Бибі-Айша Максутовна Дəулеткелдиева, Хасан Малитович Досметов, Алиакбар Дəулеткелдиев, Мухаметжан Файзуллич Дəулеткелдиев, Бибі Рахиль Дəулеткелдиева, Бибі Қожа мен Бибігүл-Жамал Дəулеткелдиевтер, Ораз Жалтыров, Жамал Желдібаев, И. А. Дегтев, А. В. Додонов, Г. В. Дроздов, Иван Христианович Дитрих, Мұстафа Мұхаметжанович Дəулеткелдиев, С. Е. Елгаштин, З. А. Егоров, А. А. Елкин, И.Т.Жуков, В. С. Жилин, Зайлитдин Заллитдинов, Н.И.Зейков, В. П. Зенков, В. К. Захарин, И. И. Земченко, П. С. Зольников, Бибі-Қайша Шараповна Заитова, Н. И. Зуев, Бибі-Айша Усмановна Заитова, Нұрмұхамед Ахмедуллович Забиров, Мухаметжан Рафикович Забиров, Шарип Рафикович Забиров, Гизатулла Ишимбаев, Тохватулла Исеев, Галиакбар Исеев, Закир Искакович Искаков, Мухемет-Галий Исенгулов, Ильяс Исмаилов, Иноят Иногамходжаев, Л. П. Калисевич,

Негматулла Қонысбаев, Хайрула Қонысбаев, К. Г. Королев, И. М. Кругликов, Измаил Усербаевич Қуанышев, БибигульДжемиль Алиева, Хадиша жəне Мухамеджан Қуанышевтар, Хусаин Акчурин, Хасан Курманхожин, Бибі Кадырова, Г. И. Кузнецов, В. Е. Крохин, Л. Ф. Коваленко, И. П. Колпаков, Халима Меирмановна Қуанышева, К. Ф. Кондратьев, Яков Спиридонович Кошкин, Т. М. Королев, ағайынды Кондратовтар, Ахметжан Курмашев, Ахметжан Курбангалиев, Биби Гайша Қадырова, А.М. Кожевников, С. Логиновский, Н. И. Лапин, А. Н. Латынцева, ағайынды Лопахиндер, И. Е. Лазарев, А. К. Летунова, Е. Ф. Медведев, З. А. Матвеева, Биби-Гайша Текарбул Максютова, Сара Дженаль Маматова, Сагитулла Мухамедиев, Биби-Гайша Максютова, Хасан Максютов, Л. С. Муравцев, Г.В. Малахов, Август Иванович Мейер, П. Ф. Мокеев, Мухамет Мустаев, Алексей Николаевич Мухан, Гариф Максютов, Мага Латыпович Мухамедьяров, Мух-Сеит Муратов, Файза Бекчен Муслимова, Магитам Мустаева, Биби-Гайни Максютова, Искак Юнусович Мухаметов, Сафиулла Мансуров, У. Майсова, Газиза Халитовна Муитова, Мухаметдин Мухамет-Каримов, Галим Мухаметов, Химитша Мухамедьяров, Бигенбай Мусин, Биби- Айша Фахретдиновна Малушева, Зылиха Малушева, М. В. Малевский, Фахретдин Гасанович Мендибаев, Садык Летипович Маняпов, Н. В. Малахов, Т. С. Микрюков, Александр Семенович Малышев, Гордей Александрович Моисеев, Салех Хамзич Максютов, Ахметша Мустафин, Мухаммед-Юлдаш Мухаммед-Шарипов, Гарафутдин Мукминов, Петр Нельпин, В. А. Назаров, Гайпан Насыров, Багаман Насыров, В. О. Осипов, И. И. Отрадных, Д. К. Отрадных, Андрей Оболенский, А. А. Пахомова, Викентий Козель, С. А. Поклевский, В. А. Пантелеев, К. Д. Побелянский, В. В. Повышев, Н. И. Перфильев, И. В. Поляков, Г. И. Пирогов, Г. А. Андреевич Плинекер, Д. Потанин, Егор Иванович Полаумер, А. Ф. Пакутин, Н. А. Пырьева, Е. А. Протасов, М. Я. Побелевский, А. М. Перевыгин, Н. М. Попов, Бибі Фатима Сетлыкова, М. Г. Ситников, Шарифетдин Сабитов, И. А. Серев, В. Н. Савельев, И. И. Сизов, Д. К. Сайников, А. В. Сухарев, Усан Мухаметжанович Сутюшев, М. И. Тарасова, А. Н. Трусов, Хусаин Рахматуллович Тюменев, МухаммедРахим Ибрагимович Тюменев, Химаз Ибрагимович Тюменев, Галим Рахматуллович Тюменев, Хамза Фабдуллович Тюменев, Хамза Абдуллович Тюменев, Мухаммед Тойматов,

Порфирий Урович Танаевцев, Мухаммед Али Табеев, Мухаммед Касым Химевич Тойматов, Шакир Хамич Тойматов, Мухаммед Галим Темирбулатов, Давлетниса Тастемирова, Мирос Борисович Триванов, Н. Б. Трифонов, Миирман Тастемиров, Н. А. Трусов, Д. Я.Турлапов, В. Д. Тепигин, М. Н. Тимофеев, Хасан Талев, Михаил жəне Василий Трифоновы, А. А. Устюгов, И. П. Удодов, Т. И. Усова, Юсуп Искакович Усманов, Мухаметжан Искакович Усманов, Сарби-Джемаль Муратовна Урманова, Павел Уваров, Баймухамед Уразбаев, Шегимардин Усманов, Лога Фризен, Измиль Файзуллин, Н. Фураев, Глафира Максимовна Фыгина, А. М. Федоров, Л. Д. Шкребтиенко, И.А. Шулепов, А. Я. Шмарин, Шакирман Назмутлин Шафеев, Мух-Камаль Шамсутдинович Шамсутдинов, Шамсутдин Шафеев, Уммугульсум Шафеева, М. Б. Шафеев, Георгий Гаисович Штринбах, Н. П. Шабаев, Л. М. Шецелин, Шаахан жəне Шамахут Шаисаевтар, Сафа Шафеева, Хамид Алтынай Шакулов, Фатима Бичурина жəне Биби-Гайша Бичурина, Н. С. Щипанкова, Е. А. Щетинина, А. П. Эберт, Г. А. Юзефович, И. И. Юрганов, Мухзамжан Юсупов, Ачильда Юсупбаев, Т. Н. Юдипев, Абдул Вагап Бариевич Яушев, Осип Осипович Яроцкий, Уммугульсум Сулейменовна Ялымова, Хикматулла Яруллин, М. Г. Якушев, Хасан Салехович Янтурмов, Бибі-Залиха Бичурина, Бибі- Гайша Дəулекелдиева, Усинджамаль Салех Мухаметова, Бибі-Зура жəне Биби Мархуба Янгузаровтар. Петропавл қалалық Думасының гласныйына жəне оған кандидаттыққа 1909—1913 жылдары мыналар сайланды: шаруа П. В. Бажинов, мещан Я. И. Волков, мещан В. А. Кожевников, мұрагерлік бойынша құрметті азамат Г. И. Казанцев, мұрагерлік бойынша құрметті азамат В. П. Зенков, көрікші А.Н.Трусов, дəрігер К. Т. Каморзин, мещан В. Д. Телегин, мұрагерлік бойынша құрметті азамат К. И. Геркулесов, көрікші И. М. Коровин, мещан И. В. Неризов, мещан А. А. Андреев, шенеунік А. А. Шпрингбах, оның ұлы жеке құрметті азамат Порфирий Тапашеев, урядник Д. А. Герасимов, шаруа И.В.Паллеев, көпес В. И. Черемисов, мещан Г. А. Юсупов, мещан В. А. Белоусов, шенеунік И. И. Высоцкий, көпес И. И. Ютанов, мещан И. А. Шульнов, мещан О. О. Яроцкий, көпес А. И. Мейер, шенеунік Л. А. Кузнецов, шенеунік А. И. Мухин, шенеунік Д. В. Кудревецкий, мещан К. Г. Королев, мещан Т. Н.

Юдинцев, мещан И. И. Рылов; көпес Хасан Абдулович Акчурин, көпес Саит Сейфутдинович Муратов, мұрагерлік бойынша құрметті азамат Мирхайдар Файзуллин Дəулеткелдиев, көпес Гариф Хамзин Тойматов, көпес Мухаммед-Али Салехович Бирюшев, көпес Хамза Абдуллович Тюменев, мещан Саит Хамзич Сутюшев. Қалалық Думаның гласныйының кандидаттығына: казак Михаил Иванович Горин, мещан Василий Александрович Назаров, шенеунік Владимир Никандрович Савельев, мещан Дмитрий Яковлевич Турлапов, мещан Василий Дормидонтович Дмитриев, мещан Валий Назмутдинович Бегишев, мұрагерлік бойынша дворян Мұстафа Мұхаметжанович Дəулеткелдиев. Петропавлдың қазақ зиялылары арасында барынша белгілілері С. Күсемісов, В. Ахметов, Р.Марсеков, Дəулет Қуанышев, мұғалім Ахмет Баржақсин еді. А. Баржақсин Омбының мұғалімдер семинариясын бітіріп, Омбыда 1935 жылға, яғни қайтыс болғанына дейін жұмыс істеді деген дерек бар. Т.Арыстанбековтіңестелігібойынша, мүшелеріпетропавлдық қазақтар болған Омбыдағы “Бірлік” қазақ мəдени-ағарту қоғамы 1907 жылдан кейін құрылған. Оның белгілі ұйымдастырушылары студенттер Нығмет Нұрмақов, Сəкен Сейфуллин, Ахмет Баржақсин, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Саматов, ал қоғам төрағасы Шаймерден Əлжанов болған. Бұл “Бірлік” жастар бірлестігі де радикалдық (түбегейлі өзгерістерді жақтаған) бағыт ұстанды. Петропавлда Міржақып Дулатұлының болашақ татар қоғам қайраткерлері Г.Ялымовпен, А.Идрисимен кездесуі əбден мүмкін. Əрине, растайтын фактілер керек. Бірақ мұнда басқа да бір ескеретін маңызды жағдай бар — бұл кітаптың барлық кейіпкерлерінің тағдыры бір-бірімен тікелей немесе жанама түрде Қазан төңкерісі мен Азамат соғысының алапат толқынында тоғысты. 1909 жылы Дала генерал-губернаторы “Дала өлкесінің кейбір үкіметтік жəне қоғамдық ұйымдарындағы ерікті жалданған қызметкерлер қатарында ойдан шығарылған есімдермен қызмет еткен жəне тіпті өтірік құжаттармен тұрған немесе мүлде құжатсыз жүрген,

əртүрлі үкіметке қарсы ұйымдарға қатысы бар адамдар табылды”, — деп мəлімдеді. Петропавлда радикалдық көңіл күйдегі басқа да қазақ қайраткерлері болды. Омбы Жандарм басқармасының бастығы 1910 жылдың 1 мамырында өлкенің бас бастығына былай деп хабарлады: “Петропавлда тұратын ағайынды Бибасовтардың, Күсемісовтің жəне Тұрановтың үкіметке қарсы əрекеттері туралы домалақ (анонимдік) арыз бойынша, агентуралық жолмен төмендегілер анықталды: жоғарыда аталған қырғыздар Петропавл қаласындағы əдебиетке жəне саяси оқиғаларға қызығушылық танытатын мəдениетті де зиялы адамдардың үйірмесінде тұрады, бұл үйірмеге Полуденский болысының №2-ауылында тұратын Уфа губерниясының татары, қырғыз балаларын сауат ашуға үйрететін жəне Полуденский болысының қырғыздары арасында үлкен сенімге ие молда Изъятдин Хуснутдинович Ақанов та кіреді. Бұл Ақанов Петропавлдағы зиялылар үйірмесінен кітаптар мен газеттер алып, олардың мазмұнымен қырғыздарды таныстырады, оның үстіне, Францияны мысалға ала отырып, шетелдердегі өмірдің артықшылықтарын көрсетеді. Бұл əңгімелер үкіметке риза еместік көңіл күйде өтіп, онда үкімет қырғыздардың жерін тартып алып, оларды қоныс аударушыларға берді, ал олар үшін Ресей помещиктерінде жер жеткілікті, орыс шаруаларын Сібірге қоныс аудармай, осы жерлерді оларға беру керек еді дегенді айтады. Ақанов өз қолында І жəне ІІ Мемлекеттік Думаның мұсылман мүшелерінің суреттері бар кітапты сақтайды жəне олардың қызметін бостандық пен теңқұқықтылық күрескерлері ретінде мадақтайды, сондай-ақ олардың бірсыпырасы айдау мен бекіністерде жүр деп өкініш білдірді, ІІІ Мемлекеттік Думаны оның пайдасыздығы жəне жанжалдар шығарғаны үшін 10 сомнан тəулікақы алады деп сөгеді. Сол болыстың №9- ауылында жоғарыда келтірілгендерден басқа, жерге қоныс аударушылар орналасып алғандықтан, қырғыздардың бір жерден екіншісіне көшіп отыруына тура келетіндігіне, ал бұл жағдайдың олардың тұрмыстық халахуалына кері əсер ететіндігіне жəне көшкені үшін жəрдемпұл, ақша төленбейтіндігіне байланысты орыс үкіметіне наразылық орын алған. Таншы (Тангинский) болысының №5-

ауылында, онда да қырғыз балаларын сауаттылыққа үйрететін, қырғыздардың сеніміне ие молда Ысқақ Шолақов та қоныс аударушылар ісінің басқарушысы фон-Штейн мырзаның келуімен, 1909 жылдың күзінде істелінгеніндей 150 отбасы үшін 34 десятинадан жер бөлу туралы өтініш беруге үгіттеген. Бұл жағдай Ақанов пен оның жақтастарының наразылығын тудырып, олар бар күштерін салып Шолақовты сүріндіруге тырысуда жəне қырғыздардың отырықшылық өмір салтына қарсы əрекет етуде”. Билік бұған тез қызығушылық білдірді. Ақмола губернаторы Омбы жəне Петропавл полицмейстерлеріне, Омбы мен Көкшетау уездік бастықтарына, Омбы жəне Петропавл теміржол бөлімшелерінің жандарм басқармаларына: “Аталған уездердің күшейтілген күзет жағдайында болу уақыты кезінде Петропавл уезі, Полуденский болысы, №2-ауылында тұратын Уфа уезінің татары молда Изъятдин Хуснутдинович Ақановтың үкіметке қарсы əрекеттері үшін бұл уездерде тұруына тыйым салынады” деген нұсқау берді. Жандармдардың назарына петропавлдық радикалдармен тығыз байланыста болған Исмагомет Байбасов та ілікті. М. Дулатұлының онымен таныс болуы мүмкін-ді. 1911 жылы Полиция департаментінде былай деп жазылды: “Петропавл қаласының тұрғыны татар Исмагомет Байбасовқа Семей қаласынан 80 жастағы қарт адам, əлдебір Жоял Мұса келді. Өзін Байбасовтың туысымын дейді, іс жүзінде олай емес. Мұсаға барлық мұсылмандар үлкен көңіл бөледі. Оның келуінің себебі белгісіз, бірақ оның келуіне панисламизмге байланысты саяси мəн береді. Агентураға Мұсаның келу мақсатын жəне оның қызметінің түрін анықтау тапсырылды. Мұсаның жекебасы туралы Семей облысындағы көмекшіге сұрау жасалды”. Рас, жергілікті əкімшілікте қазақ қоғамындағы оқиғалар туралы бірауызды пікір болған жоқ. Мəселен, 1900 жылдың 31 желтоқсанында Петропавлдың уездік бастығы Ақмола облысының əскери губернаторына былай деп мəлімдеді: “Сонымен бірге Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңызға мынаны мəлімдегім келеді: көшпенді жұрттың арасына білімнің таралуымен бірге жаңа үрдістер сөзсіз Далаға енеді, мəселен, орта жəне жоғары оқу орындарында білім алған көптеген

қырғыздар өздерінің туған халқы арасындағы білімнің жалпы деңгейін көтеруге жəне оны барынша жетілген іскерлік жолмен алып жүруі үшін күшін салады... Білім беретін пəндерді татар тілінде оқыту — барлық қырғыз халықтардың арманы. Қырғыздар өміріндегі əрбір жаңа бағыт орыс татарлары да, сондай-ақ Персия мен Түркияға бағынышты болғандары да қуана келетін, ірі мұсылман орталығы болып табылатын Петропавл қаласы арқылы ғана енеді. Далалық қырғыздар, əсіресе жас адамдар Петропавлға татар мектептерінде жəне өзінің оқымыстылығымен белгілі жекеленген адамдардан білім алу үшін ұмтылады. Осыған байланысты қалалық мұсылмандарды қадағалау ерекше мəнге ие болады жəне осындай қадағалауды іске асырғаннан кейін ғана мұсылмандар арасындағы жаңа бағытты дер кезінде іске асыру мүмкін болады”. Міржақып Дулатұлы Петропавлдағы осындай ортада тұрып, жұмыс істеді. Омбының да, Петропавлдың да іргесіндегі мектебтер (мектеп емес. — ауд.) Міржақыптың ойынан шықпады. Ол былай деп жазды: “Қырғыздарда дұрыс жұмыс істейтін медреселер жоқ, олар тек балалардың басын қатырады; тізерлеп отырған молда шəкірттерге қаһарын төгіп, оларды күн ұясына батқанша ұстайды. Егер шəкірттердің біреуі күліп қалса, онда қытайға ұқсап, оны дүре соғумен жазалайды; үш-төрт жыл бойы оқыған бала жаза білмейді. Жаңа əдіс арқылы оқытумен шаруасы болмайды, əліпби мен абжадты ғана жаттап алады; егер бəрін шариғатқа қарсы істейтін болса, бұдан халыққа қандай пайда бар? Жөні түзу оқытушысы болмаса, халық қалай білімді болмақ? Жоғарыда айтылғанның бəрі молдаға қатысты, ал қожайындарға келер болсақ, олар мынадай: молданы жалдаушылар оларға төлейтін жалақыны есепке алып, молдадан балаларды күндіз де, түнде де оқытуды талап етеді, ал егер молданың жұмыссыз отырғанын байқап қалатын болса, онда оған тапсырма беріп, бір жаққа жұмсайды. Əрине, жоғарыда айтылғандар надандықтың салдары. Сабақ өтетін жер таза емес жəне ол көбінше лақ-қозы, бұзау қамайтын қораның жанында орналасады. Егер бір жақсы нəрсеге өзіміз ұмтылмайтын болсақ, ол бізге өздігінен келмейді, міне, сондықтан да өркениетті халықтардан үлгі алып, нашар əдеттерден арылуымыз қажет”.

Қазақ зиялы қауымы баспа өнімдеріне ерекше қызығушылық танытты жəне тек қазақ тіліндегілер ғана емес. Петропавлдағы кітап саудасы қызу жүрді. Қалада А.Д.Воробьев, Г. Бабажановалардың орыс, татар жəне қазақ басылымдарын сататын өз лəпкелері болды. 1894 жылы қалада Я.С. Малышевтің кітап дүкені ашылды, ол орыс тіліндегі кітаптарды сатты, əртүрлі баспалар мен кітаптардың каталогтері болды. 1899 жылы қалада оқулық жəне мектеп құрал-жабдықтарымен сауда жасайтын кітап қоймасы пайда болды. Уақыт өте келе бұл жеткіліксіз болып, кітап саудасы айналымы кейде үлкен көлем алды. Мəселен, 1911 жылы Г.Бабажанова Петропавл мен Ақмолада сату үшін мың сомның кітабын əкелді. Бұл кітаптардың ішінде Қазаннан, Орынбордан, Уфадан əкелінген түркі əдебиеттері басылымдарының айтарлықтай мөлшері болды, соның арқасында Петропавлдағы мұсылман əдебиеттері кітапханасы едəуір толықты. Осы əдебиеттердің ішінде М.Дулатұлының “Оян, қазақ! ” кітабының болуы əбден мүмкін. Петропавлдың кітап дүкендерінің бірінен Міржақып Тимофей Седельниковтің “Қырғыз даласындағы жер үшін күрес” (“Борьба за землю в Киргизской степи”) деп аталатын кітабын сатып алды, мұнда автор қазақ жерінің шекарасын қоныс аударушылардың пайдасына межелеп жатқаны туралы тікесінен айтады. Қазақтар өздерінің ежелден тұрып жатқан жерлерінен көшіп, жартылай шөл аймақтарға ығысуға мəжбүр болуда. Кітаптың көлемі шағын болғандықтан, Міржақып оны бір деммен оқып шықты. Ол көршілес халықтардың прогресі жағдайында қазақ қоғамының құқықсыздығы мен шарасыздығы туралы кітаптың қазаққа қажет екендігін түсінді. Мұндай кітаптың көлемі шағын, сыйымды, қазақ тілінде болуы тиіс. Жəне ол қазақ оқырмандарының жанына жақын, өлеңмен жазылса, тіптен жақсы. Кітап дүкендері мен лəпкелерде петербургтік жəне омбылық газеттер сатылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында жəне соғыс жылдары Петропавлда кітап саудасын Л.И.Блюментальдың дүкені, “Новая заря” фирмасы жүргізді. И.Н.Зайцевтің кітап дүкені Вознесенский даңғылында болды. Кітап саудасына татарлар, қазақтар қосылды. Жалпыға бірдей бірінші халық санағы бойынша, 1897 жылы Петропавлда 19 788 адам тұрды, оның ішінде татарлар 6129 адам болды.

Петропавлдағы №4-мешіттің молдасы Ходжа Абдрашитов 1908 жылдың 25 қазанында Ақмола губернаторына: “Петропавл қаласының бірінші бөлігіндегі өзімнің жекеменшік лəпкемде мұсылман кітаптары мен газеттерінің саудасын жүргізуді қалай отырып, маған осы туралы рұқсат куəлік берілуін Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңыздан басымды иіп өтінемін. Осы өтінішпен бірге №1204-куəлік жəне 1 сом 50 тиынның маркасын қоса жолдап отырмын. Бірінші бөлікте тұрамын, үйім жекеменшік” деген өтініш берді. Петропавл қаласының бірнеше баспаханасы: Ефим Никанорович Лишавцевтің “Геркулесов и Лишавцев” баспаханасы, “А. Меньщиков и Иваськов” серіктестігінің (қожайыны А.А.Меньщиков) жаңа баспаханасы, К.Ф. Яворовский мен Ильиннің баспаханасы, каучук мөрлер мен штемпельдер баспаханасы мен фабрикасы кітаптар, газеттер жəне басқа өнімдер шығарды. Қалада штемпель, бланкалар шығаратын Суслов пен А. С.Иваськовтің баспаханасы жəне Штринбахтың үйінде орналасқан “Прогресс” баспаханасы жұмыс істеді. Оның қожайындары К.Ф. Скорик пен Л.И. Рыдник болды. Мұнда “Приишимье” (“Есіл жағалауы”) газеті басылды, мөрлер дайындалды, бланкалық өнімдер шығарылды. Тұрғындардың рухани жəне діни қажеттіліктерін өтеу үшін алты мешіт қызмет етті. Сол кездің авторы: “Жергілікті татарлар (əсіресе қасымдықтар) кішіпейіл, ізетшіл, қонақжай, ізгі жанды. Отбасылық тəртібі өте қатаң əрі таза. Дерліктей əрбір татар сауатты”, — деп жазды. Əрбір мешіттің жанында мектебелер болды жəне əдеттегідей, мектебелерде молдалар исламды насихаттауға тырысты, оның үстіне, көптеген адамдар исламды дəстүрлі өмір қалпының мүдделерін қорғаушы деп білді. Шынында да, кез келген қоғам үшін пайдалы дəстүрлерді тиімді қорғау мен парасатты консерватизмнің маңызы зор. Алайда тек діни мұсылмандық білім беруді ғана қорғау Міржақып Дулатұлын қанағаттандырмады. Ақмола уезінің бастығы Михайлов 1901 жылы былай деп жазды: “Таяу уақыттарға дейін қырғыздар мұсылмандықты сырттай, əдет-ғұрыптық тұрғыдан ғана қабылдаған дейтін пікір болды. Алайда бұл мүлде қате пікір: қырғыз халқын жақыннан білген əрбір адам ол (қырғыз) мұсылмандыққа жан дүниесімен берілгендігін анық көреді. Бұл олардың мұсылман дінін

соқыр сеніммен жəне құлдық сезіммен ұстануынан емес, негізінен, халықтың дүниетаным ерекшеліктерінен — олардың түсініктері мен көзқарастарынан, ішкі қалаулары мен идеалдарынан айқын аңғарылады”. Өз тобының тұтынушылық мүдделерін қорғаған жəдитшілдік идеологияның өкілі Гаспринский “тозығы жеткен”, “күні өткен” мұсылман “фанатизмі” мұсылман ұлдарының орыс мектептерінде оқуына бөгет жасайды деп санады. Ол өзімен діндестерді орыс халқының өнерін, өмірдің əр алуан саласындағы оның жетістіктерін меңгеруге шақырды. Оның мұндай тұжырымдарының мəні ғылым мен техниканы пайдалану арқылы аса зор табыс табатын орыс жəне батыс еуропалық капиталистердің өмір салты Ресейдің шет аймақтарындағы ұлттық буржуазия үшін идеал болуы керек деген пікірге саяды. Сондықтан ол (ұлттық буржуазия. — ауд.) өзінің байлыққа ұмтылысында бір таптағы аға-бауырлары — орыс буржуазиясының соңынан еруге тырысты. Консерваторлық байшылдық идеологтері тарихи дамудың объективті беталысымен санаспай тұра алмады. Татар газеті “Таджриманның” бірқатар мақалаларында мектеп ісінің мəдени-ағартушылық жоспарлары, ұйымдық мəселелері баяндалды. Алайда ұлтшылдар көтерген мектептегі оқыту ұстанымдары қазақ ағартушыларының көзқарастарына қайшы келді. Егер Уəлиханов, Алтынсарин жəне Абай діннің мектеп ісіне араласуын теріске шығарып, ағартушылық ұғымын түгелімен зайырлы білім беру деп түсінген болса, ал қадімшілдер, олардың оқыту бағдарламаларынан көрініп тұрғанындай, зайырлы жəне діни білім беруді біріктіруді жақтады. Олар адам “өзінің денесінің қажеттіліктерін” ғана ойлаумен шектелмей, сонымен бірге “Алла алдындағы, өз ұлтының алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы” парыздарын да ұмытпай, есте сақтауы тиіс деп білді. Дін олардың осы міндеттердің бəрін түсінуіне көмектеседі. Демек, балаларға олар “Құдай мен сенімді танып-білуі үшін діни ғылымдарды үйрету” керек. Зайырлы ғылымдарды оқып-үйрену балалардың “Құдай жасаған нəрселерді танып-білуіне” жəне “шынайы

мұсылман”, “ілтипатты адам”, “ұлтының шынайы ұлы” болып шығуына көмектесуі тиіс. Айта кету керек, егер патша өкіметі Қазақстанда байырғы халықтың мəдени сұраныстары мен мүдделеріне сақтықпен қарап, ұлы державалық шовинизм саясатын жүргізген болса, ал қадімшілдер жергілікті ұлтшылдық тұрғысынан əрекет етіп, ұлттық оқшаулық саясатын жүргізді. Осы екі бағыттың да кейбір реалистік кезеңдері болғанына қарамастан, шын мəнінде, екеуі де реакциялық идеяларды ұсынды. Бұл саладағы патшалық шаралар, оның саясатының реакциялық сипатына қарамастан, ақыр соңында қазақ халқының орыс мəдениетіне кіруіне жағдай жасады. Ұлтшылдар ана тілін патшашылдықтың жұтып қоюынан қорғай отырып, оның орыстандыру саясатына қарсылық көрсетті. Бірақ олар панисламистермен бірге əрекет етті жəне солардың ыңғайымен араб жазуының қолданысын қолдады, қазақ ауылдарында діни фанатизм өсиеттерін дəріптеді. Петропавл тарихында татар қайраткерлері айтарлықтай рөл атқарды: Амантай Мұстаев Бірінші май көшесінің бойында мешіт, мектеп, тұрғын үйлер, қоймалар салдырды (1870 — 1880 жж.). Мектептегі жұмысқа Татариядан мұғалімдер: Шариф Мирсалимовты, Нағима Айдағұлованы, Ибрагим Ситдыковты, Хабибурахман Хасановты шақырды. Ерлер мектебінде Арслан Нұрғалиев, Исхак Мустаев жұмыс істеді. Ахун Яушев тау етегіндегі мешітті жəне мешіт маңына үйлер салдырды, зауытшылар Зенковтар мен Микрюковтердің (тері зауыты) сауда істеріне қатысты, оның ұлы Абдулвали молда болып қызмет етті, əйелі мұғалима болып жұмыс істеді. Валит Янгуразов ұлы Халитпен бірге тері-терсек жинап, оны өңдеу үшін Ресейге жөнелтті, ал ол жақтан былғары тондар, қалпақтар, түкті көйлектер, аяқкиімдер, мануфактура (қолөнері) өнімдерін алды. Мешіт, мектеп-медресе салдырды (1882 ж.). Май айыру зауыты болды. Янгуразовтар мектебінде Рамазан Тюменов, Абдрахман Саитбеков, Асма Валеева мұғалім болып істеді. Жергілікті көпестер Қуанышевтар,

Жолтыревтар, Мұратовтар Вознесенский даңғылында үлкен мешіт, мешіт ауласында екі мектеп, диірмен салды. Мұхамеджан қажы Дəулеткелдиев, ұлдары: Мирхайдар, (ол да қажы), Кутлумухаммат, Мұстафа, Галим, Гумарлармен бірге мешіт (Киров зауытының аумағында) жəне екі мектеп салды. Олар Қазаннан, Троицкіден, Уфадан мұғалімдер Зухра Рахимованы, Заки Максютовты, Бахруш Дəулеткелдиевті, тағы басқаларды шақырды. Саудамен (мал шаруашылығы тауарлары) айналысты, Қытай, Өзбекстан, Ресеймен жəне басқа мемлекеттермен байланыс жасады. Майайырғыш, сабынқайнатқыш зауыттары болды. Қазаннан келген Камал Шамсутдинов ірі сауда кəсіпкері болды. Оның дүкендері қаланың əртүрлі аудандарында орналасты. Ол мануфактуралық, бакалеялық (ұсақ-түйек), галантереялық тауарлармен, машина бөлшектерімен, дəрі-дəрмектермен сауда жасады. Көпес Дінмұхаммет Бичурин мешіт, медресе жəне татар клубының ғимаратын салдырды. Оның ұлдары Сабир, Фазыл, қала мұғалімдері Харис Курбангалиев, Фатима Тюменова, Надыр Абсалямов əр алуан ағартушылық бастамалардың — қоғамдық кештердің, спектакльдердің, мерекелік кездесулердің белсенділері болды. ХХ ғасырдың басында қаланың мəдени өмірінің дамуы сан алуан салада көрініс тапты: қазақ ақындарының айтыстары өтті, кітапханалар жұмыс істеді, сырттан келген артистер өнер көрсетті, əдеби кештер өткізілді, литография мен баспаханалар ашылды, газеттер шықты. Музыкалы-драмалық қоғамның мүшелер саны 80 адамға жетті. Оның жарғысында “Қоғам дирекция құрып, əр рет сайын рұқсат алу арқылы орындалатын бағдарламалар бойынша өзінің мүшелері үшін сый ретінде тегін жəне көпшілікке арналған ақылы көрсетілімдер: спектакльдер, концерттер, əдеби-музыкалық кештер жəне опералық қойылымдар ұйымдастырып, өткізуге құқылы” деп жазылған. Қоғам драмалық үйірмеден өсіп шықты.

Əнші-ақын Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы Есіл жағалауы өмірімен тығыз байланысты. Молдадан оқып, хат танығаннан кейін ол 13 жасында саудагерлерге ілесіп, Петропавлға келеді де, мұнда 2—3 жыл бойы Уəли-Ахун медресесінде оқып білім алады. Бала кезінен бастап ол əн айтумен жəне домбыра тартумен əуестенеді. Ақынның өмірі қайғылы жағдайда аяқталды. Алайда оның əндері, өлеңдері, қысқа айтыстары қыр елінде кеңінен танымал болды. Олардың ішінде “Сырымбет”, “Мақпал”, “Құлагер”, “Үш тоты”, “Қараторғай” жəне басқалары болды. Көптеген əнші-ақындар секілді Ақан да тек лирик-сазгер ғана емес, сонымен бірге өз шығармаларын шебер орындаушы да болды. Шоқан Уəлиханов пен Абай Құнанбаевтың замандасы Ақан сері өз шығармаларында дала табиғатын, тұрмыстық мəселелер көріністерін суреттеудің шебері болды. Оның жастарға арнаған өсиет сөздері шығармашылық мұрасының айтарлықтай бөлігін құрайды. Ақын патшаның Дала өлкесіндегі тонаушылық саясатына өз қарсылығын бейнелеген қоғамдық мəселелерді де көтерді. “Құлагер” əні əлеуметтік тақырыптағы ең мəнді шығарма болып қалды. Жылқы төресі Құлагердің дұшпандардың қолынан өлуі ақын үшін терең, ішкі күйзелістің желісіне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың да өмірі мен шығармашылығы Солтүстік Қазақстан аумағымен, Есіл жағалауымен байланысты болды. С.Торайғыров ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінің демократиялық қанатының жарқын өкілдерінің бірі болды. Ақынның қазақ əдебиетіне қосқан үлесі айтарлықтай маңызға ие. Бұл оның шағын да, көлемді əдеби шығармаларынан айқын аңғарылады. Жазушы С.Көбеевтің қызметі де Петропавлмен байланысты болды. Мұнда ол ХХ ғасырдың басында Нілді болыстық мектебінде жəне екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып істеді. С.Көбеев И.А. Крылов мысалдарының аудармашысы жəне “Қалыңмал” романының авторы ретінде белгілі. Бұл кітаптар 1910, 1913 жылдары Қазанда басылып шықты. Жазылу уақыты жағынан алғанда, “Қалыңмал” романы қазақ тіліндегі үлкен прозаның ең алғашқы шығармаларының бірі болды. Бұл шығарма қазақ əдебиетіндегі кезеңдік белгілердің бірінен саналады.

Осы адамдардың барлығы да Міржақып Дулатұлының таныстары, пікірлестері, туыстары мен достары болды. Осы адамдардың бəрі де “Оян, қазақ!” жинағының болашақ авторының көзқарастары қалыптасқан атмосфераны жасады.

Қазақ кітап басу ісі жəне мерзімді баспасөзі Міржақып Дулатұлының “Оян, қазақ!” жəне “Бақытсыз Жамал” кітаптарының жарыққа шығу жағдайын анықтау үшін сол кезеңнің полиграфиялық базасының мүмкіндіктерін, қазақ кітаптарының проблематикасын, авторлар ортасын, кітап таратылымын жалпы тұрғыда көз алдыға елестету керек. Онсыз М. Дулатұлы шығармаларының жаңашылдық сипатын түсіну мүмкін емес. ХХ ғасырдың басындағы қазақ кітап баспасы Қазан, Петербург, Уфа, Орынбор, Астрахан, Семей, Оралдағы əртүрлі баспаханалармен байланысты. Осы қалалардың бəрінде араб қаріпті баспаханалар болды. Ал бұл кітап басудағы маңызды фактор еді. Петербургте, Қазанда, Уфада, Орынборда, Оралда, Троицкі мен Ташкентте қазақ тілінде кітап басу ісі жолға қойылды. Жаңа қазақ авторлары мен кітап баспагерлері шықты. Солардың бірі — ішінде екі аударма кітабы бар тоғыз кітап шығарған Мақыш Қалтаев еді. Қалтаев, оның мақалаларына қарағанда, өз халқының ілгері дамуын армандаған ағартушы болған, əйелдердің теңқұқықтылығын қорғаған. Өз дəуірінің өткір мəселелерін қозғаған, шығармалар жазған авторлардың ішінде М.С. Кашимов, Ш.Шеленов, М.Қалтаев, А.Галимов, тағы басқалар болды. Мұхамед Салим Кашимов діни отбасында өсті, əкесімен бірге Меккеге барды, осыдан кейін Бадал қажы деген атқа ие болды. Ол ең белсенді авторлардың жəне баспагерлердің бірі болды, 10-ға тарта кітап шығарды. “Угит” (“Үгіт”), “Насихат казахи” (“Қазаққа насихат”), “Адеб” (“Əдеп”) кітаптарында М.С. Кашимов өзінің педагогикалық көзқарастарын, балаларды мектепте оқытуға дайындау əдістемесін баяндады, оқытудың схоластикалық əдістеріне, ортодоксалды мұсылман дінбасыларының надандығына қарсы шықты. Ы.Алтынсарин жəне А.Құнанбаевтардың iзiмен Бадал қажы мектептерде орыс тiлiн оқып-үйренуге шақырды. Баспагерлер арасында қазақтың қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері Шерияздан Шеленов, Қайырбай Мұратов, Тамырза Қозыбаев,

Ғайнутдин Пірəлиев, Жұма Арысланов, Рахат Телешов, Мұхамеджан Сералин болды. Əйелдер де: Сания Қасым, Хадеми Ертісбаева, Мадина Османқызы Абулғазизова жəне басқалар болды. Оқу əдебиеттері — Ы. Алтынсариннің, Е.А. Алекторовтың оқулықтары, В. Катаринскийдің 1893, 1894, 1898, 1904, 1906 жылдары басылған орыс тілінің қазақтарға арналған бастапқы оқулықтары неғұрлым көп таралыммен басылды. Христиандық бойынша діни əдебиеттер “Иова туралы”, “Авраам туралы”, “Иосиф туралы”, “Толық қасиетті тарих” қазақ тілінде басылды. Тіпті Қазанда христиандық əдебиеттерді қазақ тілінде басып шығару бойынша арнайы аударма комиссиясы жұмыс істеді. Қазақ кітаптары жеке адамдардың қайырымдылығы есебінен, мемлекеттік жəне миссионерлік қаржы есебінен басылды. 1892, 1895 жылдары шыққан “Қисса-и Осербай”; 1900 жылы шыққан “Қисса-и Ондербай хаж-ул-харамаен”; “Ибрагим бин Адхам Қиссасы”; “Қисса-и Шагаббас улы Ирангаиб” деген атпен 1907 жылы шыққан “Шахнама” аудармасының бөлімдері; 1877, 1879, 1881, 1883, 1888 жылдары шыққан “Қисса-и-Зарқұм”; 1878, 1879, 1883, 1888, 1907, 1908 жылдары “Қисса- и СеидБаттал” тəрізді əр алуан қиссалардың жарық көруіне дəл осы жекеменшік қаржыландырулар көмектесті. Қазақ тілінде кітап басу ісінде, сонымен қатар көркем əдебиет жəне тарихи тақырыптағы əдебиеттер, мысалы, “Алпамыс” жəне “Ер Тарғын” секілді хикаялар маңызды орын алды. 1907 жылы Қазанда қазақ тілінде 19 атаулы кітап, соның ішінде “Қисса-и Шагаббас улы Ирангаиб” басылды. Алғашында бұл кітаптың 2400 данасы шықты, одан соң оның кең танылғандығына орай, сол жылдың өзінде тағы да 6000 данасы қайта басылды. 6 мың дана мөлшерінде шыққан “Қисса-и Хазрет-и Ғали...” баспагер Хұсаиновтың “Сал-сал кітабы” (10 мың дана); “Қисса-и Серғазы” (4800 дана); “Қисса-и Алпамыс (6 мың дана) кітаптарына оқырмандар қызығушылығы аз болған жоқ. Сəл ертерек, 1906 жылы, М.Бекимовтің редакциясымен “Орал облысы қырғыздарының отау құру əдет-ғұрыптары” кітабы (50 дана) жарық көрді. Сауатты қазақтар Қазан университетінің баспасынан шыққан (баспагер-граф Н.К. Румянцев) Абылғазының “Шежіре-и түркия”

(Түркілер шежіресі”), белгілі қазақ тарихшысы Қадырғали Жалаиридың қазақтардың моңғол шапқыншылығына дейінгі жəне одан кейінгі тарихы мен этнографиясына қатысты мəліметтерден тұратын еңбегі “Жамиғат-таварих” (“Жылнамалар жинағы”) кітаптарын неғұрлым бағалы деп санады. 1880—1896 жылдар аралығында Қазан университеті баспасынан араб, татар жəне шағатай тілдеріндегі 600-ден астам атаулы кітап жарық көрді. Бұлар — Қазақстан, оның халқы мен мəдениеті, тарихы, т.б. туралы Қазан университетінде басылған кітаптардың біразы ғана. Кейбір кітаптардың атаулары түпнұсқасында араб, парсы, татар тілдерінде берілген, жекелеген авторлардың аты-жөні əдеби бүркеншік есіммен жасырылған, мəтіннің өзі аралас тілде жазылған. Кітап тілінде араб жəне парсы сөздері болды жəне ресми кітап стилі болып саналды. Мұндай кітаптарды оқу үшін қазақ, араб жəне татар тілдерін білу керек еді. Зерттеушілер: “Өткен ғасырда қазақ тілі, Орта Азияның басқа да түркітілдес халықтарындағы сияқты, жазбаша əдеби тіл болған жоқ, аралас тіл болды”, — деп көрсетті. Қазан университетінің баспагерлік қызметі үлкен мəнге ие болды. Көне мəдениет ескерткіштері өмірге қайтадан енді, қазақтар тілі, əдебиеті, тарихы мен мəдениетінің мəселелерін ғылыми тұрғыдан жүйелеу Қазақстанның əлеуметтік- экономикалық жəне қоғамдық-саяси дамуының толғағы жеткен талаптарына тікелей жауап берді, ағартушылық, надандыққа, рухани езгіге жəне əлеуметтік құқықсыздыққа қарсылық жолындағы кеңінен қанат жайған күрестің құрамдас бөлігі болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазанда университеттіктен басқа, шығыс тілдеріндегі кітаптарды басатын 13-ке жуық жеке баспахана жұмыс істеді. Бұлар — Л.Шевицаның, Ш. Хұсаиновтың, ағайынды Каримовтардың, Б. Л. Домбровскийдің, Ермолаевтың, Г.М. Вячеславтың, К.М. Чижеваның, И.Н. Харитоновтың, ағайынды Шарафтардың баспаханалары, “Мағариф”, “Өрмек”, т.б. баспаханалар. Міне, Ермолаевтың баспаханасында басылған əдебиеттер тізімінен мысалдар: “Қырғыз тіліндегі дінге еріктілік бастамалары” — 1907 ж., 2200 дана, “Қырғыз тарихы” — 1907 ж., 3 мың дана. Шараф баспаханасы: “Жас гумирим” (“Жас ғұмырым”) кітапшасы —1907 ж.,

4800 дана. Бірқатар кітаптар Домбровскийдің баспаханасынан шықты. Алайда араб жəне түркі тілдерінде басылған кітаптардың саны, баспа өнімдерінің таралу кеңдігі жағынан ағайынды Каримовтер мен Шамсиддин Хұсаиновтың баспаханасы жетекші орынды иеленді. Дəл осы екі баспахананың жұмысы арқасында көптеген қазақ авторларының кітаптары біздің кезімізге дейін жетті. Шамсиддин Хұсаинов өз өмірінде жүзден аса атаулы кітапты дайындап, басып шығарды. Ол Қазан уезінде дүниеге келген, бірақ ұзақ уақыт бойы қазақ ауылында тұрды, сондықтан қазақтардың тұрмысы мен тілін жақсы білді. Хұсаинов өз қаржысына Қазан университетінің баспаханасында кітап басуды ұйымдастырды. Ағайынды Каримовтармен бірге ол шығыс тілдерінде Уфада, Орынборда кітап басуды жүзеге асырды. Олар дайындаған дастандар, эпикалық шығармалар жəне əндер халық арасында танымал болды. Хұсаинов оларды басып шығару үшін кез келген мүмкіндіктерді пайдаланды, сондықтан көптеген шығармалар оның баспасынан басқа жерлерде басылды. Ш.Хұсаинов өз баспаханасынан 1890 жылы “Қисса-Қозы- Көрпеш”, 1901 жылы “Қисса-Алпамыс” (ол 1905, 1907, 1910, 1913, 1914, 1916 жылдары қайта басылды); 1904 жылы “Бар оқиға” (Мақыш Қалтаевтың өлеңдер жинағы); 1909 жылы “Қазақ ахуалынан, молда М. Қалтаевтың “Насихат казахия” кітаптарын шығарды. Қазақ кітап өнімдерін басып шығаруда ағайынды Каримовтардың еңбегі ерекше атауға тұрарлық. Олардың ынтаықылас танытуының арқасында көптеген қолжазбалар басылып шығып, халық ішіне таралды. Ағайындылардың Орынборда, Қазан мен Уфада өз кітап лəпкелері болды. Баспахананы негізінен ағайындылардың үлкені Мұхаметжан басқарды, оның екіжақты — мұсылманша жəне орысша білімі болды. Ол сондайақ іс жүргізді жəне сауда амалдарын жасады. Оның өзінен кейінгі інісі Шарипжан негізінен баспахананың күнделікті ағымдық жұмыстарымен айналысты. ХХ ғасырдың басында татар кітаптарын басып шығару ісінде таратылым жағынан дəл осы ағайынды Каримовтер баспаханасы бірінші орында болды. Мұхаметжан Каримовтың есебінен басылып шыққан бізге белгілі ең алғашқы кітап 1885 жылға тиісті. Бұл —

Шигабутдин Марджанидің “Вольга бұлғарлары мен Қазан хандығының тарихы” (Китаби муста-фадэль ахбар фи ахвал “Казан вэ Булгар”). Екі ағайындының атынан шыққан басқа басылым 1892 жылға жатады. Шарипжанның есімі 1890 жылы басылған “Игъланнамэ” (“Хабарландыру”) каталогінде алғаш рет аталады. Каримовтерден каталогте көрсетілген кітаптардың бəрі бірдей шыққан жоқ; олар бұл кезде негізінен кітап басып шығарушылар емес, кітап сатушылар ретінде əрекет етті. Каримовтардың Қазандағы Усманов корпусында, Шөп базары алаңында кітаппен сауда жасайтын екі орны бар жəне “...Макарьевский, Мензелинский, Симбирский жəрмеңкелерінде татар кітаптарын сатумен айналысады” деп көрсетілген каталогтегі сілтеме 90-жылдардың бас кезінде олардың (Каримовтердің. — ауд.) кітап саудасымен шындап айналысқанына дəлел болады. Ағайынды Каримовтер өз қызметінің соңына дейін Үндістаннан, Түркиядан, араб елдерінен əкелінген жекелеген басылымдарды таратумен де жүйелі түрде айналысты. Ұзақ жылдық кітап саудасы жəне баспагерлік қызметтерінен кейін Каримовтер Қазанда өздерінің жеке баспаханасын ашудың жолдарын таңдап, іздестіре бастады. 1898 жылдың 16 наурызында, баспахананың ашылуынан бір жыл бұрын олар таратушысы болып Каримовтердің үлкені, 2-гильдиялы Қазан көпесі, Мұхаметжан Каримов танылған “Ағайынды Каримовтер фирмасына бекітілген серіктестік түріндегі сауда үйін” құруға рұқсат алды. Серіктестікке əрқайсысы 7000 сомнан пай қосқан ағайынды Мұхаметжан, Шарипжан жəне Хасан Каримовтер енді. Серіктестік бірінші кезекте əртүрлі кітаптармен сауда жасау үшін ұйымдастырылды. Осындай ресми фирмаға қол жеткізген ағайындылар енді баспахана ашу үшін рұқсат сұрауға шешім қабылдады. Олар 1899 жылдың 8 қаңтарында өтініш берді, ал 27 қаңтарда оларға баспахана ашу үшін рұқсат берілді. Ағайынды Каримовтердің баспаханасы мен қаріп құю цехы 1900 жылдың 1 наурызында жұмысын бастады. Бірінші жылы, нақтысында 10 ай ішінде Каримовтер баспаханасының баспа станоктарынан жалпы таралымы 433 100 дана болатын 36 татар кітабы басылып шықты. Баспахана басылым саны жəне таралымы бойынша Қазан университеті баспаханасын қуып жетіп, Қазандағы барлық басқа баспалардан

əлдеқайда озып кетті. Келесі жылы ол Қазан университеті баспаханасын да басып озды. Сөйтіп, бұл кəсіпорын дерліктей ашылған уақытынан бастап, қуатты да əрекетшіл баспаға айналды. Онда тек кітап басып қана қойған жоқ, сонымен бірге қаріп құюды да жүзеге асырды, басылымдарды литография əдісімен шығарып, көптүсті баспа өнімдерін де өмірге əкелді. Ағайынды Каримовтердің типолитографиясымен қаріп құюды көпшілік “Матбаган Каримия” немесе жай ғана Каримовтер баспаханасы деп атап кетті. Баспахана қожайыны болып Мұхаметжан Каримов саналды, ол кітап өнімдерін басу жəне кітап саудасы істерін өз атынан жүргізді. Каримовтер баспаханасы ашылған кезде олар 2 адамды жұмысқа қабылдады. Кітаптанушы А.Г. Каримуллин атап өткеніндей, “Ағайынды Каримовтер оларға ағарту идеясы жат болмаса да, кітапқа бірінші кезекте тауар ретінде қарады. Каримовтердің кітап басу қызметі басқа тауарлармен де сауда жасауды қоса алғанда оларға айтарлықтай үлкен табыс кіргізді. Мəселен, 1907 жылы олар Шөп базары алаңындағы Усманов корпусында кітап саудасына арналған екі орын емес, енді бес орын иеленді жəне олар сатқан кітаптар саны 1500 атауға жетті”. Ағайынды Каримовтер тек баспахана қожайындары ғана емес, сонымен қатар баспагерлер де болды. Олар негізінен өздерінің кітап саудасы үшін кітаптар басып шығарды. Ондайлардың ішінде “Ақырзаман”, “Бақырған”, “Бадавам”, “Кисек баш”, “Насыпкател салихин”, “Элифба иман шарты белян” тəрізді кітап басушылардың құрметіне ие болған дəстүрлі ортағасырлық шығармалар елеулі орын алды. Ағайынды Каримовтер мектептер үшін оқулық жəне оқу құралдарын шығарумен кеңінен айналысты. Жаңа əдістегі мектептерге арналған əдебиеттер ішінен əліппе мен оқу кітабын көруге болады. Əлемнің жəне елдердің жекелеген бөліктерінің жағрапиялық карталары, мектеп атластары бірнеше түрлі бояумен басылды. Жаңа əдісті мектептерге арналған оқулықтармен бірге, мұнда оқытудың ескі əдісіндегі мектептерге арналған оқулықтар, “Хадистер”, Құранды, əптиекті оқу ережесі, əдет-ғұрып жəне ислам қағидалары жөніндегі, Мұхаммедтің


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook