жəне оның серіктестерінің өмірі туралы кітаптары басылды. Оқулықтар татар, башқұрт, қазақ тұрғындар арасында ерекше сұранысқа ие болды. Каримовтер адамгершілік-өнегелік жəне дидактикалық сипатта ондаған кітаптар шығарды, мысалы: “Қыз бала тəрбиесі”, “Яш егетлэр очен” (“Жас жігіттер үшін”), “Қыз ханымнарга хэдия” (“Əйелдерге жаднама”), “Эхлак рисалэме” (“Мінез-құлық ережесі”), “Тэрбияле ата” (“Тəрбиелі əке”) жəне тағы басқалар. Негізінен, бұл кітаптар үлгі-өнегелік əңгімелерден тұрды. Ағайынды Каримовтер баспаханасынан исламның діни шығармаларының, əртүрлі дұғалар мен намаздың көп мөлшері басылып шықты. Олардың атауларының саны онша көп болмағанымен, жалпы таралымы айтарлықтай болды. 1901 — 1917 жылдар аралығына дейін Каримовтер баспаханасында Құранның 17 толық жəне толық емес мəтіні жарық көрді (əдетте, Құран екі кітап болып басылды жəне олардың əрқайсысы жеке басылым болып саналды). Олардың жалпы таралымы 261 800 дана болды. Егер мұнда Құран онша жиі басылмаған болса, онда оның жетінші бөлімі Əптиек бұл кезеңде 25 рет жəне неғұрлым жоғары таралыммен — 11 046 100 дана болып шықты. Каримовтердегі 1905 жылдан кейінгі кітап басу ісі жаңа жағдайға бейімделді. Ол кезде ортағасырлық авторлардың шығармаларын, “қисса”, дəстүрлі шығармаларды көп шығарды, бұларға қаламақы төленбейтін, басылымға цензура да шүйлікпеді, мұның бəрі бұл кітаптарды аз шығынмен басып шығарып, неғұрлым өтімді бағамен сатуға мүмкіндік берді. Олар кітаптың өзіндік құнын төмендетудің басқа жолдарын да іздестірді: ұсақ қаріптермен басып, қағаз парағын барынша толық пайдаланды, сапасыздау қағаздармен жұмыс істеді, көркем безендіруге артық шығын жұмсаудан тартынды. Сонымен бірге Каримовтер кітап басу ісін жаңа суреттермен, араб қарпіндегі жаңа кегльдермен байытқан алғашқы баспагерлер болды. Ресейдің түркілік кітап басу ісінде жүз жылдан артық уақыт бойы қолданылған бар-жоғы екі кегль мен бір суреті ғана бар ескірген қаріптерді пайдалану тоқтатылды. Қаріп құю цехы ашылғаннан кейін Каримовтер əртүрлі өлшемді араб қаріптерінің суреттерін құюға кірісті жəне басқа баспаханаларға сату үшін алғаш рет 8-кегльді енгізді, оның үстіне, бұл
қаріптер тек Қазанда ғана емес, сонымен қатар Уфа, Орынбордың басқа баспаханаларында да қолданылды. Ағайынды Каримовтер баспаханасы өзі жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап орыс кітаптарын үлкен құлшыныспен басып шығаруға кірісті. 1905—1907 жылдардағы революция кезеңінде бірқатар саяси шығармалар, оның ішінде айқын революциялық мазмұнды “Қанлы вакыйга” (“Қанды уақиға”), “ Немец халкынын хоррият очен” (“Неміс халқының бостандық үшін күресі”) кітапшасы болды. Тұңғыш татар пролетариат жазушысы Гафур Кулахметовтың “Яш гомер” (“Жас өмір”) драмасы басылды. Тек Қазандағы ғана емес, сонымен бірге Орынбор өлкесіндегі түркілік кітап басу ісінің қалыптасуы, мұнда Халық ағарту ісін жолға қоюдың жігерлі жақтарының бірі Гильман Ибрагимович Каримовтың алғашқы татар баспаханасының пайда болуымен тікелей байланысты. Ол “... əрбір орыс мұсылманы орыс тілін білуі тиіс”, “орыс тілін білмей, білім алуы да, ғылым негіздерін меңгеруі де мүмкін емес” деп тұжырымдады. Г. Каримов халық ағарту ісіндегі жаңа əдістегі мектептің үлкен мəнін, арифметиканы, жағрафияны, тарихты, əдебиетті, ана тілі мен орыс тілін оқытудың маңызын мойындады, сондайақ мұндай мектептерді зайырлы оқулықтармен қамтамасыз етуді жəне халық арасына пайдалы шығармаларды таратуды жақтады. 1900 жылдан бастап, Г.Каримов Орынбордағы жекеменшік татар баспаханасының қожайыны болды. Келесі жылы Бреслин өз баспаханасын сатты, бұл туралы оның барлық араб қаріптерін Каримовке сатқаны жəне 1901 жылы татар кітаптарын басудың басталғаны туралы факті дəлел болады. Г.Каримов қайтыс болғаннан кейін баспахана оның ұлы — Мұхаммедфатих (Фатих) Гильманович Каримовке өтті. Фатих Каримов 1870 жылдың 30 наурызында Миннибаево селосында туған. Бастапқы білімді үйде, əкесінен алды. Кейін Чистопольскідегі медреседе оқып, он бір жылда толық курсын бітіріп шықты. Одан соң Халық ағарту министрлігінің екі сыныпты училищесін бітірді. Білім
алуын жалғастыру үшін əкесі оны 1892 жылы Түркияға жібереді, бұл жерде ол шығыстық жəне латын тілін қоса алғанда, еуропалық тілдерді оқып-үйренумен шұғылданады. Бұған қоса ол алгебра, тарих, жағрафия, химия, заңтануды оқиды. 1898 жылы Шакир Рамиевпен бірге, Фатих Каримов Германия, Бельгия, Франция, Италия, Австрия, Сербия, Болгарияға сапар шегеді. 1899 жылы Мəскеуде ол неміс тілінен сабақ алады жəне бухгалтерия негіздерін үйренеді. Алайда ахун Ф.Каримовтің баспаханашы болуы ұзаққа созылған жоқ. Өзінің баспаханасын өз ұсынысы бойынша құрылған “Каримов, Хұсаинов жəне К” серіктестігіне өткізе отырып, Ф. Каримов ақырына дейін бұл баспахананың іс жүзіндегі жетекшісі бола тұра, бірақ ресми түрде баспахана қожайыны болуын тоқтатады. “Каримов, Хұсаинов жəне К” серіктестігі баспаханасының қызметі ресми түрде 1905 жылдың 30 желтоқсанында шешілді, бірақ іс жүзінде осыдан кейін де, дерліктей бүкіл 1906 жыл бойы кітаптар М.Ф.Каримов баспаханасының шрифтімен басылды. 1906 жылы “Каримов, Хұсаинов жəне К” серіктестігі Уфада “Шэрык матбагасы”) (“Шығыс баспаханасы”) — өз баспаханаларының бөлімшесін ашады. Ф. Каримов 1914 жылы серіктестіктен кетеді де, баспахана Хұсаин Махмұдович Хұсаиновте қалады. Компанияның (серіктестіктің) құрамына Тимерша Соловьев те кіреді. Цензура ұлттық баспалардың кітаптарын өз назарынан тыс қалдырған жоқ. Аңдуға “Оян, қазақ!” кітабының авторы мен баспагерлері де түсті. 1905 жылдың 17 қазанындағы Манифестің аудармасы аудармашының түсініктемесімен бірге, 1906 жылы жарық көрген “Яна закон вэ голэмэлзребез” (“Жаңа заң жəне біздің іліміміз”) басылымын да 1912 жылы тергеуге ала бастады. Патша өкіметі əсіресе 1906 жылдың соңы мен 1907 жылдың басында жиі басылған əлеуметтік-демократиялық шығармаларды қатаң бақылауға алды. 1907 жылы “Каримов, Хұсаинов жəне К” баспаханасынан “Ресей социал-демократиялық партиясы шаруалар үшін не тындырады?”, “Ұлттық таршылыққа түсу кімге керек?” жəне “Біздің таяудағы міндеттеріміз бен түпкі мақсатымыз” деген лениндік ілімнің жекелеген тұжырымдарын татар елінде насихаттайтын тағы да үш
социал-демократиялық шығарма жарық көрді. Кітапшалар 400 данамен шықты. Олар “Урал” (“Орал”) баспасының атынан осы баспаханада 1907 жылдың 4 қаңтарынан бастап басылған аттас большевиктік татар газетінің қосымшасы ретінде басылды. Барлық кітапшалар елде ресми түрде емес, бірақ іс жүзінде баспасөз бостандығы болып тұрған кезеңде цензураның рұқсатынсыз басылып шықты. 1907 жылдан бастап патша үкіметі барынша қатаң цензуралық бақылауын бастады. “Урал” баспасының соңғы үш кітапшасы ГУП-тің тіркеу тізіміне енбей қалды. Олар өкіметке бұл шығармалардың “қылмыстылығы” туралы хабарлауға асыққан цензор В.Д. Смирновтың қолына түсті. Мəселен, “Ұлттық таршылыққа түсу кімге керек?” кітапшасының татар тіліндегі басылымы туралы ол: “... кітапшаның тақырыбы: “Жирли миллетлярын джеберлау кимга киряк” — орысшадан пролетарии аударған... Басылымдар сериясына осы №4- кітапша да енетін “Урал” кітап басылымына тəн ерекшелік — өзінің баспагерлік қызметін социал-демократиялық сыңайдағы шығармаларды басуға жəне таратуға арнау болып табылады”, — деп жазған. “Каримов, Хұсаинов жəне К” баспаханасы “Вакыт” (“Уақыт”) газетін басты. Осыдан былай серіктестер газеттердің атымен аталатын жеке баспаханалар аша бастады. Олар ашылған жылдарында-ақ саны жылдан-жылға өсе түскен, татар жəне қазақ тілдеріндегі кітаптарды басып шығаруды қолға алды. “Вакыт” баспаханасының 26-басылымы “Шура” журналының редакторы, белгілі татар ғалымы, жазушы Ризаэтдин Фахрутдиновтің қаламына тиісті. “Шығыстың ұлы адамдары” сериясымен ол “ибн Гараби”, “Мұхаммед” кітаптарын, ибн Батуттың жолсапар естеліктерінен таңдап алынған “Ибне Батутаның Дэшти Кыпчакка сэяхэте” топтамасын, дидактикалық əңгімелер жинақтарын, тағы басқаларды шығарды. Каримовтер баспаханасы қазақ ақыны Жаяу Мұсаның, Ш. Құдайбердиевтің, А. Сабаловтың, М.С. Тарабаевтың, А. Маштакаевтың тамаша шығармаларын жарыққа шығарды.
Ағайынды Каримовтер Ш. Хұсаиновпен бірге Орынборда “Хикмет” баспаханасын ұйымдастырып, негізінен, қазақ тіліндегі, оның үстіне, тек Орынборда ғана емес, Уфа мен Омбыда да кітаптар шығара бастады. Жоғарыда аталған кітаптардың тізімінен көрініп тұрғандай, ағайынды Каримовтер баспаханасында əртүрлі: зайырлы, діни, азаматтық, тарихи, т.б. тақырыптардағы кітаптар басылды. Жекеменшік баспахана үшін таралымы айтарлықтай жоғары болды. Жарияланған шығармалармен ондаған қазақ авторларының жұмыс істегені де шындық. Басылған əдебиеттер ішінде қазақ ауыз əдебиеті (фольклор), оның ішінде тарихи əңгіме-аңыздар үлкен орын алатыны белгілі. Фольклорлық шығармалардың жалпы саны 400-ге жетті. Тек 1913 жылы ғана қазақ тілінде 40 атаулы кітаптың жалпы таралымы 161 000 данамен басылғаны белгілі. Бұл қазақ қоғамындағы ағартушылық қозғалыстың жаңа кезеңінің басы еді. ХХ ғасырдың бас кезінде ағартушылық ұлттық идеяға жəне қазақтардың ұлттық санасын оятумен, ұлттық автономияны алудың жетекші əуеніне айналды. Орынборда жəне Орал қаласында жалпы таралымы 97 800 дана болатын 44 кітап басылды. Қазақ тіліндегі көптеген кітаптар Қазанда жарық көрді. Фатих Каримовтің “Əлем халықтары” сериясына оның өз қаламынан туған мектепке арналған оқулықтар, сондай-ақ Н. Думави, Г. Хасан, Ф.А. Амиров, И. Азизов, Г. Шанаси, З. Хамидовтің кітаптары; мектеп жағрафиялық карталары, жекелеген пəн курстарының бағдарламалары, т.б. кірді. Мұнда орыс жазушылары мен ғалымдары шығармаларының татар тіліндегі аудармалары да жарық көрді. “Вакыт” (“Уақыт”) газетінің тегін қосымшасы ретінде 20-ға жуық көркем шығармалар жинақтары, негізінен, өлеңдер шықты. Энциклопедиялық, философиялық, ғылыми-көпшілік мазмұнды анықтамалықтар басылды. Баспахана басылымдарының басым көпшілігі “Вакыт” газеті редакциясының өзінде, кейбір бөліктері “Хэзмэт”, “Хусаин Хұсаинов
жəне К” баспаларының, симбирлік, орынборлық земство басқармаларының жəне жекеленген баспагерлердің (Г. Габделманов, А. Хуснутдинов, Мұсабиев, Яушев) тапсырысы бойынша басылды. Цензура, жандармдық билік тек газетті ғана емес, оның баспаханасында басылған кітаптарды да қатаң қадағалайды. Арест салынды, мысалы, Р.Фахрутдиновтің “Ахмед Мидхет эфэнди” монографиясына сот тергеуі де жүргізілді. Авторға цензуралық заңды бұздың деген айып тағылып, ол өзінің кітабы үшін түрмеге отырды. Басқа да социал-демократиялық басылымдар тергеуге алынды: “Вакыт” газетінің 14-тегін қосымшасына шоқынған татар А.Лаврентьевтің қылмысты деп танылған өлеңдері үшін айып тағылды. Мұхамедрахим Таджиевтің “Вакыт” шығарған өзбек тіліндегі өлеңдер жинағы “Тикен” (“Тікен”) “осы заманғы Түркістан қоғамына сатира” ретінде тұтқындалды. Баспа басылымдарын астаналық цензура жəне Орынбордың губерниялық билігі, сондай-ақ жандармерия аңдыды. Басылымдарының тақырыбы, олардың идеялық мазмұны бойынша “Вакыт” баспаханасы да Ф.Каримов баспаханасының басылымдарымен бірдей кітаптар шығарды: екеуі де бірдей авторлардың шығармаларын басты. Серіктестік баспаханасының жақсы жабдықталған, білікті мамандарының болуы себепті, əрине, “Вакыт” газетін, “Шура” журналын жəне татарша кітаптарды шығаруды табысты түрде жалғастыруға жағдайы болды. Екінші татар баспаханасы Орынборда 1906 жылдың 5 желтоқсанында ашылды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап қазақ тіліндегі газет-журналдар ісінің дамуы басталды. Осындай алғашқы мерзімдік басылымдардың бірі Омбыда 1888—1902 жылдары шығып тұрған (“Киргизская степная газета”) (“Дала уалаятының газеті”) болды. Ол ықпалды рөлді татар көпестері ойнаған сауданың даму проблемаларын қозғады. “Дала уалаятының газеті” басқа да ресми ақпарат көздері секілді, қазақ жəне татар халықтарының өзара қарым-қатынасын бір-біріне ерекше қарсы қойды. Патша саясаты осындай болды. 1900 жылы газет бетінде татарлар туралы “Қырғыз даласындағы татарлардың рөлі” (“Роль татар в жизни киргизский степей”) деген
тақырыпта мақала басылды. Онда татарлар туралы: “... Қырғыздардың сенім, əдет-ғұрып жəне тіл бойынша жақын туысы, салыстырмалы түрде жоғары дамыған халық” делінген. Одан əрі былай суреттейді: “...Өз отаны Қазан немесе Симбир губернияларында қарапайым астық өсіруші немесе қолөнерші бола жүріп, татар ірі де бай көпес болып шығады. Алғашында татар бүкіл Ресей бойынша лимон, алма жəне басқа жеміс-жидектер сатады. Өз тіршілік əрекетінің бұл сатысында татар елді, оның базарлары мен талаптарын зерттейді жəне жағдайға қарай отырып, басым сұранысқа ие тауарларды жəне ұсыныстың қыр- сырын тез бағдарлайды. Базардағы сатып алу жəне сату жұмыстарын ол өзі жүргізбейді, оның “алый-арий” деп аталатын делдал алыпсатарлары (үстеме сатушылар) болады. Осылайша көпес-татар өмірінің соңына қарай бай адамға айналады. Татар көпесіне ықпал ететін не нəрсе дегенге келер болсақ, онда бұл — қырғыз тіліне ұқсас татар тілі, осының арқасында əрбір татар қырғыздармен ең жақын қарым-қатынасқа түсе алады, бұл ретте ол басқа ұлт адамдарына қарағанда қырғыздармен тонның ішкі бауындай араласып кетеді, сондай-ақ татардың ұйымшылдығы мен бауырмалдығы қазақтардан əлдеқайда асып түседі”. Автор өзінің əңгімесін осылай аяқтай отырып, қазақтарға сауданы қалай жасау керектігін жəне бұл үшін ненің қажет екенін үйретеді. Татар Мұхамедкамил Тухватуллин Орал қаласында татар тіліндегі “Əл-Гасрул-Джадит” (“Жаңа ғасыр”) журналын ашу үшін рұқсатты үлкен қиындықпен алады: “... Орал қаласында алдын ала цензураның рұқсатымен татар тілінде “Əл-ГасрулДжадит” деген атпен журнал ашуға... бұл журналды Қазан қаласында цензуралау шартымен рұқсат берілді. Баспа істері жөніндегі Бас басқарманың бастығы”. Жəне бұл журналды патша əкімшілігі бақылауға алды, ал оны “1905 жыл 1 маусым, цензуралау Қазан мұғалімдер семинариясының оқытушысы Ашмаринге жүктелді”. Бұл журналдың беттерінде Қазақстан туралы қазақ жəне татар авторлардың материалдары басылды. Əрине, қазақтардың өмірі мен тұрмысы, қазақтың əлеуметтік- экономикалық жəне мəдени шындығының проблемалары туралы əр
алуан материалдар жариялаған татар мерзімдік басылымдары қазақ оқырмандары арасында үлкен танымалдыққа ие болғаны жөніндегі фактіні жоққа шығаруға болмайды. Татар ақын-ағартушысы Ғ.Тоқайдың белсенді араласуымен 1905 жылдың қарашасында Орал қаласында “Пікір” (“Фикер”) газеті, кейінірек “Жаңа ғасыр” жəне “Оқтар” (“Уклар”) журналдары шыға бастады. Бұлар қазақ жəне татар ілгерішіл зиялы қауымының көзқарастарын бейнелеген, Қазақстандағы алғашқы революциялық- демократиялық басылымдар болды. Тоқай оларға арнап саяси мақалалар мен өлеңдер жазды, орыс социал-демократиялық əдебиетін аударды. “Пікір” газетінің жаздырып алушылар мен тілшілері тек Қазақстанның ғана көптеген қалалары мен елдi мекендерiнде болып қойған жоқ, сонымен қатар Татарияда да болды. Конспирациялық (құпия іс жүргізу) мақсатта газеттегі көптеген мақалалар автордың аты-жөнсіз немесе бүркеншік есіммен (“Қазақ ұлы”, “Татарин”, т.б.) басылды. “Пікір”, оны ұйымдастырушылардың ойы бойынша, Ресейдегі алғашқы еркін, прогрессивті қазақ-татар газеті болуға тиіс болды. Большевиктердің жете көңіл бөлуімен газет 1906 жылы революциялық демократияның органына айналып, 1905 жылғы революция “... мұсылмандардың көзін ашты, күрескерлерді ұлттық тегіне қарамай бір сапқа біріктірді. Қазақтар да, татарлар да орыс жұмысшыларымен бірге социализм туын жоғары көтеріп, сол жолда күресуде” деп ашық мəлімдеді. Қазақ жəне татар халықтарының саяси көзқарастарының қалыптасуына қазақ- татар газеті “Қаршыға” (Карчыга”) күшті ықпал етті. Ол Орынборда 1906 жылдың қыркүйегінен 1907 жылдың маусымына дейін шығып тұрды. Жоғарыда айтылып өтілгендей, татар жəне қазақ зиялы қауымы өкілдерінің күшімен “Вакыт” (“Уақыт”) газеті шығып тұрды. Ол Орынборда 1906 жылдан 1918 жылға дейін жұмыс істеді. Газет алтын өндіруші миллионерлер ағайынды Ш. жəне З. Рамеевтердің ақшасымен ашылып, жұмыс істеді. “Вакыттың” жауапты редакторы — баспахана қожайыны, белгілі жазушы жəне публицист Ф. Каримов болды. Газеттің берік материалдық жəне полиграфиялық негізі болды, соның
арқасында оны басуға рұқсат алғаннан кейінгі алтыншы күні газеттің бірінші саны жарық көрді. Бұл 1906 жылдың 21 ақпанында болды. “Вакыт” революция жылдары екінші тұрақты редакторы болған бірденбір мерзімдік басылым болды. Бұл қызметті 1906 жылдың мамырында Уфадан Орынборға көшіп келген белгілі ағартушы Р.Фахретдинов атқарды. Жеткілікті қаржыландырылуының арқасында газет 12 жыл бойы үздіксіз шығып тұрды. Оның осы кезеңдегі таралымы туралы нақты мəлімет жоқ, бірақ 1910 жылы 3600 данамен шыққаны белгілі. “Вакыт” газеті тегін сілтеме жасауға тыйым салынған мерзімдік басылымдардың тізіміне енгізілген. Белгілі публицист Фатих Каримов “Вакыттың” көптеген мақалаларының авторы болды. Орынборлық жандармерия өздерінің мəлімдеулерінде Ф.Каримов “Мұсылман тұрғындар арасында құрметті болды жəне ғалым адам ретінде саналды”, — деп жазды. Жандармдық құжаттарда бұл туралы былайша нақтырақ айтылады: “Каримов Мұхамедфатих Гильманов Самар губерниясы, Бугульминский уезі, Нижне-Чертановский болысының шаруасы, 37 жаста, Түркияда білім алған түрік панисламистерімен жəне революционерлермен үлкен байланысы бар, азаттық күресі дəуірінде Нижний Новгородта өткен мұсылман съездерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі болды. Мұсылмандар одағы Орталық комитетінің мүшесі болған, 1906 жылы депутат ретінде Санкт-Петербургте өткен мұсылмандардың ІІ құрылтайына Орынбордан қатысты. 7 жылға жуық уақыттан бері “Вакыт” газетінің редакторы болып келеді жəне қызметкер, əдебиетші ретінде үлкен танымалдыққа ие. 1912 жылдың 1 қарашасында өз газетінің атынан Константинопольге əскери тілші болып барды. Панисламизм бойынша қайраткерлердің ішінен Орынборда үш Фахретдиновтар белгілі, олардың бірі Абдурахман — “Вакыт” газетінің қызметкері, Мұхаммед-Зарив — 1906 жылғы мұсылмандар съезіне қатысушы жəне Ризаэтдин — “Шура” журналының редакторы”. Уфада ашылған “Əл-ғалам əл-ислами” газеті либералдық буржуазияның органы болды. Оның ресми шығарушысы əрі редакторы Г.Г.Мустафин болды. Газет уфалық татар жəне башқұрт буржуазиясы өкілдерінен құралған серіктестіктің қаржысымен шықты. Көпестер Г.Хакимов, С. Назиров, С. Жантөрин, С. Шамиғұлов, Н.Сəбитов жəне
басқалар кірген серістестік тек газетке ғана жəрдем көрсетіп қойған жоқ, сонымен қатар оның басылуына да белсенді ықпал етті, редакцияның жұмысына бақылау жасады, газеттің идеялық-саяси бағытын айқындады, редакторын тағайындады. Газетке З. Камали, Ш.Абызгильдин, Б.Максютов редактор болды. “Əл-ғалам əлислами” 1906 жылдың 1 мамырынан 1907 жылдың қаңтарына дейін шықты. “Вакыт”, “Əл-ғалам əл-ислами” газеттері татар жəне башқұрт либерал буржуазиясының органы жəне олардың буржуазиялық-ұлттық идеологиясын халық арасына жеткізуші болды. Міржақып Дулатұлы тек қазақша, татарша басылымдарды ғана емес, сонымен қатар орыс тіліндегі семейлік, омбылық газеттерді де оқыды. 1908—1909 жылдары Батыс Сібірде “Омский телеграф” (И.М. Познер) “Сибиряк” (Надежницкая), “Ранний курьер”, “Омское слово” (А.Г.Сунгуров), “Утро Сибири” (М.Г.Гаврилов, Максимов) шығып тұрды. Бұл басылымдар батыссібірлік зиялылар арасында танымал болды əрі Петропавлға оңай жеткізілетін. 1907 жылы татар тілінде Орынборда Х.Ямашевтың жетекшілігімен “Урал” газеті шығатын. Бұл большевиктік газет патша үкіметінің өтірігін, қаражүздіктер мен октябристердің халыққа қарсы контрреволюциялық мəнін əшкерелеуде көп іс тындырды, буржуазиялық-либералдық партиялар Кадеттер мен “Мұсылман одағының” екіжүзділігін ашты. “Уралдың” беттерінде аграрлық жəне жұмыс мəселелері бойынша олардың бағдарламалары, патша самодержавиесіне, Думаға, т.б. қатынасы егжей-тегжейлі сыни талдауға түсті. Үгіт-насихат жұмыстарымен бірге, “Урал” газеті үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Оның беттерінде мұсылман жұмысшыларға, шаруаларға, приказчиктерге жəне оқушы жастарға үндеу жарияланып, олардың ауыр жағдайын сипаттап жазумен бірге, күрес жүргізу жөнінде кеңес те берілді. “Урал” газеті татар тіліндегі тұңғыш марксистік газет болды. Аграрлық мəселені түсіндіруде жіберген жекелеген қателіктеріне қарамастан, ол Ресей мұсылман еңбекшілеріне идеялық-саяси тəрбие беруде, олардың арасында социалистік идеяларды таратуда, Ресей социал-
демократиялық жұмысшы партиясының бағдарламасын, стратегиясы мен тактикасын насихаттауда, еңбекшілерді — башқұрт, татар, қазақтарды жəне басқа түркітілдес халықтарды революциялық қозғалысқа тартуда үлкен жұмыс тындырды. 1907 жылы Петербургте татар тіліндегі “Ульфат” газеті шыға бастады. Оның ұйымдастырушысы татар Абдрашит Ибрагимов болды. Ол жас татарлар үгітінің жəне панисламистік қозғалыстың басшысы еді. Тобыл губерниясы Тара қаласында туып-өскен. Онда біраз уақыт молда болып жүріп, одан соң Түркияға қоныс аударды да, ол жақтан билік құрып тұрған Абдул-Гамидтің режіміне қарсы үгіт жүргізу үшін Ресейге жіберілді. Одессаға келісімен түрмеге түсті. Ибрагимов сонда Нижний Новгородтағы жəрмеңкеде жүрген бай мұсылмандарға өзіне ақшалай көмек көрсетуін сұрап, өтініш жасайды. Күзеттен босап шыққаннан кейін ол бар күш-жігерін жұмсап, Ресейде басталған революциялық қозғалыстардың дүмпуімен панисламизмді насихаттауға кірісті. Бұл кезде Петербургке қоныс аударған Ибрагимов мұнда əр алуан бағыттағы саяси үйірмелер өкілдерімен жақындасты жəне татар елінде газет ісін қолға алды. Оппозициялық сипатының өткір болуына орай, бұл газет үлкен табысқа жетті. Одан соң өзінің үгіт жұмыстарын қазақтар ортасында жүргізгісі келіп, А. Ибрагимов қазақ тілінде “Серке” деген атпен газет шығара бастайды. “Серке” газетінің дəл бірінші санында М. Дулатұлының “Жастарға” деген өлеңі жарияланды. Мұнда болашақ “Оян, қазақ!” кітабының кейбір жекелеген тұжырымдары баяндалды. Осы газеттің екінші санында М. Дулатұлының “Біздің міндеттеріміз” деген мақаласы жарық көрді, онда Қарқаралы петициясының жер мəселесі жəне білім беру мəселелері жөніндегі рухына сəйкес ойлар айтылды. Нижегород жəрмеңкесінде Ибрагимов мұсылман құрылтайын өткізгісі келіп, осы мақсатта депутаттарды жергілікті губернаторға жіберді. Ал губернатор құрылтайды өткізуден бас тартқаннан кейін, Ибрагимов бейне бір қыдыруға шыққандай болып екі кеме алды да, мұсылмандар жиналысын сонда өткізді. Осыдан кейін ол, өзінің насихаттық мақсаттарымен, Петербургте мұсылман діни приходын құрды.
1908 жылдың 10 қаңтарынан бастап Орынборда Р.Фахретдиновтің редакциясымен шыға бастаған қазақ-татар журналы “Шура” (“Кеңес”) оқырмандар арасында ерекше танымалдыққа ие болды. Бұл қазақ жəне татар демократиялық зиялы қауымының ілгерішіл көзқарастарын бейнелеген əдеби-публицистикалық басылым еді. Алғашқы кезеңде онда оқырманды “ислам ғылыммен жəне социализммен толық үйлесетініне” сендіруге тырысқан мұсылман идеологтері қызмет етті. “Шура” журналының бірінші санында мұсылмандар арасында ғылыми білім берудің маңыздылығына оқырмандар назары аударылды жəне жаңа əдістегі мектептер бағдарламасын түркі халықтарының дербес жағдайда татар, башқұрт, қазақ халықтарының тарихын енгізу қажеттілігі белгіленді. Р.Фахретдинов “тамаша адамдар жəне ұлы оқиғалар” айдарын ашып, онда ол биограф-энциклопедист ретінде оқырмандарды əлем тарихының аса көрнекті тұлғаларымен таныстырды. Мəселен, “Шура” журналының 1908 жылғы №4-санында қазақ ханы Жəңгірдің қызметі туралы мақала, 1912 жылғы №14санында қазақ, татар, башқұрт халықтарының ағартушысы Ақмолда туралы мақала жарияланды. Танымал адамдардың өмірі мен қызметін зерттеуші Р.Фахретдинов татардың бірінші тарихшысы əрі сыншысы Маржанидің мұрагері болып табылады. Орынбор татар жəне қазақ кітап баспасының жаңа орталықтарының біріне айналды. Татар зерттеушісі А. Каримуллиннің есебі бойынша, егер Қазан университеті баспасында 100 жыл ішінде 176 қазақ кітабы басылған болса, ал жұмысын 1900 жылы бастаған “Каримов, Хусаинов жəне К” баспаханасында ғана 15 жыл ішінде қазақ тілінде 117 кітап басылған. Орынбор баспаханасын Фатих Каримов пен Шарафутдин Шагидуллинов — Ырғыздағы белгілі татар көпесінің ұлы қаржыландырды. Ол білімді Ырғыздағы медреседе, одан əрі Орынбордағы медреседе алды. Ол 1900 жылы Санкт-Петербургте басылған “Мекенжай-Күнтізбенің” жəне сол жылы Орынборда шыққан “Заман” альманахының авторы болды. Орынбордағы Ф.Каримовтың баспаханасында 1909 жылы Ш. Құдайбердиевтің “Мұсылмандық шарты” (1 мың дана), А.
Байтұрсыновтың “Оқу туралы əліппе” оқулығы (5 мың дана), 1914 жылы М.Дулатұлының “Оқу құралы қирағат кітабы” (3 мың дана) жарық көрді. Ал 1910 жылы осы баспаханадан шыққан М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабына цензуралық арест салынды. Төңкеріске дейінгі белгілі исламтанушы Армик-Герман Вамбери өз кезінде: “... Мұхаммед үмбеттерінің ішінде осы заманғы білім мен ойлау тəсілдерін меңгеріп, батыс мəдениетінің жолымен бəрінен де озық кеткендер — татарлар деген жалпы атаумен белгілі болған орыс бағыныстылығындағы мұсылмандар”, олар “... этникалық тұрғыдан Еділ бойы татарлары, башқұрттар, қазақтар, кавказдық жəне Қырым татарлары болып бөлінеді”, — деген еді. Ғылыми білім алу мен оқытудың жаңа əдістерін меңгеру жолындағы күрес ұлттық зиялы қауымның қызметіне серпін берді. Г.Камал мен Б. Шараф “Магариф” кітап баспасын ашты. Татар зерттеушісі Р.И. Нафигов мұрағаттық құжаттар негізінде, дəл осы баспада 1907 жылы белгісіз автордың “Қазақтар өмірінен” деген кітабы шыққанын, онда “Қазақ қоғамындағы социализм” жəне “Қазақтардың келешегі” деген тараулардың бар екенін атап көрсетті. Аймақта жəдиттік идеологияның тез таралуы жəне мұсылман мектептерін реформалаудағы оң нəтижелер татар, қазақ жəне башқұрт халықтары зиялы қауымының əртүрлі өкілдерінің арасындағы байланыстың күшеюіне жағдай жасады. Олардың Ақтөбеде, Қостанайда, Ырғызда жаңа əдістегі медреселер мен мектептер ашу жөніндегі өтініштері осыған дəлел бола алады. Торғай облысы мектептерінің бір бөлігі татарлар есебінен жұмыс істеп тұрды. Қостанайда мектептер татар көпестері Г.Бекмухаметов, М.Яушев, молда С.Забировтің үйлерінде, Ақтөбеде молда А.Абдулбакиевтің, Ырғызда татар көпесі Н.Ғаббасовтың үйінде орналасты. Қазақ, татар жəне башқұрт халықтарының ұлттық санасындағы үлкен өрлеу, олардың Ресей қоғамының қоғамдықсаяси өміріне тереңдеп енуі ұлттық интеллигенцияның прогрессивтік қозғалысы мен мəдениетін жойып, жаныштап отыруды қалайтын үкіметтің ерекше назарына ілікті. 1900 жылдың 31 желтоқсанында Полиция департаменті губернаторларға жолдаған хатында жаңа мектептердің
жақтастары туралы егжей-тегжейлі мəліметтер жинауды тапсырып, əйтпесе үкімет дұрыс көрсеткеніндей, толастамаған педагогикалық қозғалыстар “тұтастай ақыл-ойлық жəне қоғамдық қозғалыстарға” айналып кетуі мүмкін екендігін ескертті. Бұл мəдени-ағарту үрдісіне қарсы тосқауыл қою мақсатында патша өкіметі Ресейге төніп тұрған “панисламизм жəне пантюркизм” деген терминдермен белгіленген қатер туралы тезисті ойлап тапты. Төңкеріс жылдары ұлттық мерзімдік баспасөз туу жəне қарқынды даму кезеңдерін бастан өткеріп үлгерді. 1906 жылдың 21 ақпанында Орынборда “Уақыт” газетінің бірінші саны жарық көрді. Одан кейін сəуірде “Шегіртке”, маусымда “Чукеч”, қыркүйекте “Қаршыға”, желтоқсанда “Дін жəне мағишат” журналдары негізделді. 1906 жылы мамырда Уфада “Əл-ғалам əл-ислами” газеті шыға бастады. 1907 жылдың қаңтарында Орынборда “Орал” газеті, наурызда “Жаз” журналы пайда болды. Əртүрлі толқулар мен үзілістерге қарамастан, революциялықдемократиялық баспасөз татар жəне қазақ еңбекшілері революциялық жəне азаттық қозғалысының дамуына, революциялық- демократиялық идеологияның, прогрессивті демократиялық ұлттық мəдениеттің қалыптасуына өз үлесін қосты. Алайда баспасөз бостандығын бəрінен бұрын ұлттық либералдық буржуазия пайдаланды. Татар жəне башқұрт еңбекшілер бұқарасының революциялық жəне ұлт-азаттық қозғалысына басшылық етуге, оны өздерінің жеке мақсаттарына пайдалануға ұмтылып, татар жəне башқұрт буржуазиясы Ресейдің басқа да түркітілдес халықтарының буржуазиясымен бірге “Мұсылмандар одағы” партиясын құрды. Еңбекшілер арасында үгіт пен насихат жұмыстарын жүргізу барысында ол Орынборда шығатын “Уақыт” (“Вакыт”) газеті мен Уфада шығып тұрған “Əл-ғалам əл-ислами” газетін кеңінен пайдаланды. Уфа татар-башқұрт газеттері мен кітаптары басылым орталықтарының бірі болды. Негізінен, мерзімдік басылымдарды шығарумен шұғылданатын алты баспахананың ішінде оқулықтар, көркем жəне арнаулы əдебиеттер шығару үшін жабдықталған бірде-біреуі болған
жоқ. Кітап өнімдерін басып шығарушылар негізінен губерниялық земство мен статистикалық комитет болды. Халық бұқарасының санасын улауға ұмтылған губерниялық земствоның баспагерлері діни-монархиялық мазмұнды кітаптарды, орыс емес халықтар арасында христиандықты енгізуші миссионерлерге арналған құралдарды басымдықпен шығарды. Тарих, география, медицина, математика кітаптары полиграфиялық мекемелер өкілдерінің болмашы бөлігін құрады. 1905—1907 жылдардағы революция Уфада татар тіліндегі кітаптардың басып шығарылуына мүмкіндік жасады. Араб қарпімен теретін алғашқы ұлттық баспахана “Шарық” (“Шарык”) 1908 жылы ашылды. Ол баспагерлік қызметі туралы жоғарыда егжей-тегжейлі айтылып кеткен орынборлық кітап баспасы “Каримов, Хусаинов жəне К”, ал 1914 жылдан ағайынды Каримовтерге тиісті болды. Баспахана көркем əдебиет, фольклор (ауыз əдебиеті) жəне жаңа əдістегі мектептер үшін оқулықтар басып шығаруға мамандандырылды. Мұнда ақындар мен жазушылар М.Ғафури, Г.Х. Алпаров, С.М.Рамиев, Ф.К. Туйкин, С.С. Яхшигулова жəне басқалардың шығармалары бірнеше реттен басылып шықты. Баспаханада, сондайақ қазақ жазушыларының кітаптары, қазақ мектептеріне арналған оқулықтар, тарихи зерттеулер (Г.Абызгелдиннің “Мохтасар тарих Кыргызия”, Г. Сиддиковтің “Тарих Кыргыз Шадмания”), т.б. басылды. Уфада 1906 жылы профессор Зиаэтдин Камалетдиновтің ұсыныстарымен “Ғалия” медресесі (арабшадан аударғанда гали — жоғары дегенді білдіреді) ашылды. Ол уфалық миллионерлер С.Янтурина, С.Назиров, Б. Назиров, С. Шамгуловтардың қаржысымен негізделді. 1908 жылы медресе Чернышевский жəне Нагорный (ол кезде Уфа жəне Вавилов) көшелерінің бұрышындағы арнайы жабдықталған ғимаратта орналасты. Сол кездің заңына сəйкес ғимарат жекеменшік болып есептелуге тиіс еді, сондықтан да медресе Бадрия Назировтың жекеменшігі ретінде салынды. Бірінші жылы 70 оқушы қабылданып, оның үстіне, жас айырмашылықтар өте үлкен, 15-тен 45 жасқа дейін болды. Алғашында бастапқы төрт жылда сабақ оқыту тегін болды. Одан кейін оқушылар сабақ оқығаны үшін тамаққа жəне
жатақханаға жылына 60 сом төлей бастады. “Ғалия” медресесінде демократизм рухы үстемдік етті. Оқушылар кітапханадан тек діни кітаптарды ғана емес, сонымен бірге зайырлы жəне ғылыми кітаптарды да алып оқи алатын болды. Медресе орыс, татар, араб жəне түрік тілдеріндегі газеттер мен журналдарды жаздырып алды. Жоспардан тыс пəндер бойынша дəрістер, түйткілді мəселелер бойынша пікірталастар жиі болып тұрды: татар, қазақ, орыс тілдерінде қолжазба кітаптар басылып шығатын. Музыка кештері жүйелі өтіп тұрды. Медреседе əдебиет курсын оқытатын жазушы Ғ.Ибрагимовтің ұсынысымен “Ұлттық əуендер, сахна жəне əдебиет” үйірмесі ашылды. Медресе оқушылары, шəкірттер туған жеріне каникулға кетерде халық əуендерін, аңыздар мен ертегі, əдет-ғұрыптарды жазып алып отырды. “Ғалия” медресесі өзінің атауын толығымен ақтады. Барлық оқытушылардың тамаша білімі болды: Ғабдулла Шанаси, Хабиб Зайни, Махмуд Сатаев Түркияда білім алды. Араб тілінің оқытушысы Закар Кадаири Египетте оқып келді. Татар тілін барлығына танымал ақын жəне жазушы Ғалымжан Ибрагимов оқытты. Мұнда Ф.К.Сайфи- Казанлы, Дж.Я.Абдюшев, З. Богданов, бірінші татар əйел-педагогі Ф.А. Дəулеткелдиева мұнда оқытушылар болып жұмыс істеді. Медресе кітапханасында орыс тіліндегі əдебиеттер айтарлықтай мөлшерде болды. Басқа медреселерден өзгеше, “Ғалияның” бағдарламасына психология, педагогика, логика жəне музыка, француз тілі жəне химия мен физика енді. Сондай-ақ түркі халықтарының тарихы, араб, татар тілдері мен əдебиеті оқытылды. Медресе ілгерішіл мекеме болды, одан Ш. Бабич, М. Ғафури, Т.Нигмати, С.Құдаш, З. Насыров жəне басқалар секілді тəрбиеленушілер шықты. 1912 жылы медресе шəкірттері тіпті ірі қарсылық акциясын өткізді — 65 оқушы медресені тастап кетті. 1913 жылы оқу орнына Петербург округінің мухтасибі М.Я. Бичеев келіп кетті. 1914 жылы демеушілер медресеге жəрдем көрсетуден бас тартты, бірақ прогрессивті зиялы қауым З.Д.Камалетдиновті қолдады, ал ол сый қаражаттарының қорын ұйымдастырды, ақша жинау үшін басқа қалаларға барыпкеліп тұрды. Сөйтіп, 1919 жылға дейін білімге құмартқан жастар “Ғалия” медресесіндегі оқуларын жалғастырды.
Өзбек халқының өкілі М. Шермұхаметов, Б. Салиев, қазақ Б.Майлин, Ж. Тілепбергенов, Н.Манаев, А. Мұстафин, адыгей Т. Керашев, А.Хатков жəне басқа халықтардан шыққан ғалым, жазушы, мəдениет қайраткерлерінің есімдері медресемен байланысты. 1906 жылдан 1920 жылға дейінгі кезең ішінде медресені бір жарым мың адам бітірді, олардың ішінде тек 35-і (басқа дерек бойынша 37) ғана дін қызметкері болды, ал басқалары мұғалім, ғалым, əдебиетші, музыкант, артист болып істеді. Бір кездері Уфадағы “Ғалия” медресесінде Міржақып Дулатұлының оқығандығы туралы ғылыми əдебиеттерде көрсетілген, бұлай болуы əбден мүмкін, əйтсе де бұл деректі тексеру керек. Тағы бір уфалық медресе “Усманияны” ахун Хайрулла Усманов 1887 жылы Бірінші соборлық мешіттің жанынан ашқан. Оқыту əдісі “жəдитшілдіктің” ағартушылық бағыты ретінде көбірек белгілі болған “усули жəдит” болды. Оның қабырғасында Ресейдегі алғашқы татар- башқұрт əліппесі (“Алифба”) бойынша оқыды. Медреседегі оқу он екі жылдық болды. Мұнда молдалардан басқа мектеп мұғалімдерін де даярлады. 1914 жылғы мəліметтер бойынша, сол кезде “Усмания” медресесінде 180 оқушы болған. Олар аздаған ақша төлеп жатақханада жатты, кейбір шəкірттер кедей мұсылмандарға арналған қамқоршылық есебінен қамтамасыз етілді. Медреседе дайындық, бірінші жəне екінші сыныптар болды. Блохиндер фирмасының қызметіне байланысты Уфада кітап басып шығару ісі қолға алынды. Кітап басу мəселелері бойынша Мəскеумен, Петербургпен жəне Ресейдің басқа да қалаларымен тығыз байланыс орнатылды. Блохиндер фирмасы қызметінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында оның басшысы — бай көпес, өзінің меценаттығымен жəне қайырымшылдығымен белгілі, қаладағы көпестер басқармасының старостасы Н.К. Блохиннің Центральная (Орталық) көшесінің 22- үйіндегі өз ауласында кітап баспаханасы мен түптеу цехы болды. Ол кезде Уфа қаласында жеті кітап дүкені мен лəпкесі, сегіз баспахана жəне типолитография жұмысты тез де сапалы орындайтын болды. Уфадағы алғашқы ұлттық баспахана “Шарық” 1908 жылы ашылды. Ол Александровская (кейіннен К.Маркс) жəне Пушкин көшелерінің
бұрышындағы үйде орналасты. Мəселе мынада: Каримовтердің аталған бұрышта үйі болды, бірақ олардың Мейман сарайда да лəпкесі бар болатын. “Шарық” баспаханасында көркем əдебиет шығармалары, жаңа əдіспен оқытатын мектептерге арналған оқулықтар, М. Ғафури, С.Яхшигулова, Г. Алпарова жəне басқа да ұлттық ақындар мен жазушылардың шығармалары басылды. Біраз уақыт мұнда М.Ғафуридің өзі корректор əрі редактор болып істеді. 1868 жылы кітап саудагері Н.К. Блохиннің кітап дүкенінің жанында қызмет еткен оның көпшілікке арналған жекеменшік кітапханасы жұмыс істей бастады. 1891 жылы Уфа қалалық Думасы ақылы қоғамдық кітапхана ашты. Онда 3500 том болды. Əйтсе де жекеменшік ақылы кітапханалар əлі де үлкен танымалдықпен жұмысын жалғастыра берді. 1907 жылы Уфада қоғамдық пайдалануда 10 кітапхана болды, көптеген газеттер шыға бастады. Монархиялық басылым “Уфа өлкесі” (“Уфимский край”), кадеттік “Уфа хабаршысы” (“Уфимский вестник”), “Уфа өмірі” (“Уфимская жизнь”) газеттері қалада үлкен танымалдыққа ие болды. Қазан мен Орынбордың ізінше, Уфада араб қаріпті жекеменшік баспаханалар ұйымдастырыла бастады. Алғашқы шығыс баспаханасы 1908 жылы ұйымдастырылды, кейіннен ол “Шэрык матбағасы” (“Шығыс баспасөзі”) деген атпен белгілі болды. Ол орынборлық “Каримов, Хусаинов жəне К серіктестігі” баспаханасының уфалық бөлімшесі болды. “Шығыс баспасөзі” (“Шэрык матбағасы”) баспаханасының бірінші басылымы оның негізделген жылында шықты. Егер оның ашылған жылында бір кітап шыққан болса, ал одан кейін жыл сайын 20—30 татар кітаптары басылып тұрды. 1909 жылы мұнда Х. Габяшидің “Тарих кауымы торки” (“Түркі тайпаларының тарихы”) шықты. “Шығыс баспасөзі” (“Шэрык матбағасы”) баспаханасында 1908 жылдан 1917 жылға дейін 200 кітап жарық көріп, оның 196-сының таралымы 577 910 дана болды. Баспахана басылымдарының ішінде көркем əдебиет пен ауыз əдебиеті шығармалары жетекші орын алды. М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабы да дəл осы баспадан жарық көрді.
1910 жылы жалпы түркі халықтары эпосының башқұрт нұсқасы “Зая Туляк вэ Сусылу” осы баспада басылды. Ауыз əдебиетінің (фольклор) басқа да шығармалары: М. Ғабділмановтың жазып алуында “Сугыш жырлары” (Соғыс жырлары”), екі басылымда “Байт сугыш хакында” (“Соғыс туралы бəйіт”), “Европа сугышы баете” (“Еуропа соғысы бəйіті”), т.б. басылды. Көркем əдебиет басылымдарының ішінде орыс əдебиеті шығармаларының аудармалары болды. Шетел əдебиетінен Кнут Гамсунның “Аштық” жəне Зия Халидтің “Моладан шыққан дауыс” повестерін атауға болады. “Каримов, Хусаинов жəне К серіктестігі”, сондай-ақ уфалық баспагерлер жаңа əдістегі мектептер үшін оқулықтар, хрестоматиялар басып шығаруға көп көңіл бөлді. Мұндай 30-дан астам басылым жарық көрді, олардың ішінде белгілі əдебиеттанушы Ғабдрахман Сағдидің “Эдэбият могалиме” (“Əдебиет оқулығы”) жəне “Мокталар кавагыйд эдэбия” (“Əдебиет теориясы”), С.Жантөриннің “Шығыстық кірме сөздер сөздігі”, Ғали Хасанның, М.Сағдиевтің, Х. Усмановтың, Х. Искандеровтің, Ф. Ахметовтің жəне басқалардың татар, араб тілдері оқулықтарын, əліппелері мен грамматикаларын атауға болады. Жаратылыстану оқулықтары: Х. Құрбанғалиевтің “Хикмат Табигат” (“Табиғат хикметтері”), Я. Аймановтың “Табиғат”, астрономиядан Д. Абызгелдиннің “Гилем элгалаик тарихчасы” басылды, Зия Камалидің, Дж. Тантавидың, түрік ғалымы М. Казимнің шығыс халықтарының философия тарихы бойынша шығармалары, жекеленген түркі халықтарының тарихы, этнографиясы жөнінде бірнеше жұмыстары, т.б. шықты. Баспахана басылымдары ішінде саны жағынан медицина, санитария, ветеринария шығармалары екінші орында болды. Аурудың алдын алу (профилактика) сипатындағы: басыр, бөртпе сүзек, ішек жолдары аурулары туралы шығармалар, емшектегі балаларды тамақтандыру жөнінде құралдар, маскүнемдіктің зияны, т.б. жайындағы кітаптар басылды. Мал шаруашылығы, шөп өсіру, бал арасын өсіру, техникалық жəне басқа да ауылшаруашылық дақылдарын зерттеу, айна шығару, теріні өңдеу, фото шығару жөніндегі шығармалар, мектеп ісі жəне тəрбие туралы, медреседегі есеп берулер, қайырымдылық қоғамдар, қабырғаға қойылатын күнтізбе, т.б. жайындағы кітаптар жарық көрді.
“Шэрык матбағасы” баспасы қазақ тілінде кітап басу ісін дамытуға үлкен үлес қосты. Қазақ ауыз əдебиеті мен жаңа əдебиетінің: “Бақтияр қиссасы”, Г. Маштактың “Тумач”, Қарабай Жапанованың “Қарлығаш”, Мұхаммед Инсеевтің “Қызметкер”, Сəбит Дөнентаевтың “Ұсақ-түйек”, Омар Сайфидің “Құрдастарының есіне” (“Яшташларима тазкира”) өлең жинақтары, əліппелер, Мұстақым Молдабаевтың қазақ тілі бойынша оқу кітабы, сондай-ақ “Ғалия” медресесінің қазақ шəкірттері құрастырған жинақтар шықты. Қазақ тілінде қазақ халқының тарихы туралы Усман Абызгелдиновтің “Қазақтардың қысқаша тарихы” (“Мохтасар тарих кыргизия”), Усман Сидиковтің “Қазақтар тарихы” (“Тарих кыргыз шадмания”) кітаптары жарық көрді. Г.Бəйімбетовтің аударуымен орыс авторларының энциклопедиялық сипаттағы “Білім жемістері”, “Бізге білінбеген əсерлер”, т.б. басылып шықты. 1910 жылы Қазандағы Каримовтың литотипографиясынан шыққан Абдулкарим Мəжитовтің “Қазақ жастарына тəлім” кітабын ерекше атау керек. Ол қазақ қоғамының көптеген проблемаларын көтерді жəне қазақтардың ауыр жағдайы туралы жанашырлықпен баяндады. Кітап “Зар заман” қазақ əдеби ағымының рухымен жазылған. Оның бостандық сүйгіш рухын патша цензурасы да атап өткен. 1907—1909 жылдары Міржақып Дулатұлы өлеңдер, проза жазып, өзінің “Оян, қазақ!” кітабын жазуға дайындалды. Татар тілінде араб қарпімен кітап басу тек 1905—1907 жылдардағы Бірінші орыс революциясынан кейін ғана мүмкін болды. 1906 жылдың 3 мамырында Уфада аз уақыт қана шығып тұрған татар тіліндегі “Əл-ғалам əл- ислами” (“Ислам дүниесі”) ұлттық газетінің бірінші саны шықты. Ол либералдық-ұлттық буржуазияның атынан сөйлей отырып, ұлттық езгіге, татар жəне башқұрт халықтарының құқықсыздығына, ана тілінің жойылып бара жатқанына қарсы тұрды. Іс жүзінде “Əлғалам əл- ислами” солшыл-революциялық газет болған жоқ, бірақ соған қарамастан полиция оны белсенді түрде қудалап, редактор Б.З. Мақсұтовқа айып салды, тұтқындады, сөйтіп, 1907 жылдың басында ұлттық газет жабылды. Мұсылмандардың бір бөлігі патшалық билікті (самодержавие) жақтады, көптеген фактілер мұны растайды. Бұл кезде Уфа
губерниясының аумағында мұсылмандар да қатысқан консервативтік- монархиялық қозғалыс əрекет етті. Олардың кейбіреулері оң қанаттың ықпалында болды, бұл жағдай, мысалы, 1907 жылғы ақпанда өткен ІІ Мемлекеттік Думаның сайлауындағы нəтижелерден көрініс тапты. Осындай жайсыз жағдайларға қарамастан, татар тіліндегі кітаптарды таратуда “Шарык” баспасы аз іс тындырған жоқ. Көркем əдебиет, ауыз əдебиеті, оқулықтар, М.Ғафури, Г.Х.Алпаров, С.Л. Рамилов, Ф.К. Туйкин, т.б. жазушылардың ертегілері Уфа тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болды. Баспахана қазақ жазушыларының да шығармаларын басты. 1908—1917 жылдары татар тілінде 200 атаулы кітап басылды, оның жалпы таралымы 620 мың дана болды. Башқұрттар мен татарлар ұлттық тілде шыққан кітаптарды сатып алуға, оларды оқуға, өздерінің балалары мен немерелеріне араб жазуын оқытуға мүмкіндік алды. 1905—1907 жылдардың төңкеріс кезеңіндегі ұлттық баспасөзде идеялық-саяси бағыттар дəуіріне тəн барлық негізгі сипаттар болды. Онда пролетарлық революциялық-демократиялық, буржуазиялық- либералдық жəне реакциялық (клерикалдық) бағыттардың органдары болды. Ресми баспасөз де, яғни қазынаның қаржысымен, жергілікті патша əкімшілігінің бақылауымен шығатын баспасөз де жұмыс істеді. Патшалық билік баспасөз бостандығын жариялауға мəжбүр болды жəне татар тіліндегі баспасөзге рұқсат етті. Алайда бұл үкімет пен жергілікті билік революциялық қозғалыстармен тек қуғын-сүргін əдісі арқылы ғана күресті жəне оқырмандарға идеялық ықпал етуге тырысқан жоқ дегенді білдірмейді. Түркі халықтарының ортасында əдебиетке қызығушылық аса зор болды. Бұл жағдай зиялы қауымының неғұрлым шыңдалған бөлігі əдеби шығармашылықпен шұғылданатын адамдардан шыққандығымен жəне олардың қоғамдық-саяси көзқарастары шығармашылықтарында барынша толық көрініс тапқандығымен түсіндіріледі. ХХ ғасырдың басында қазақ тілінде кітап басу ісі күрт өсті. Төңкеріске дейінгі кезеңде қазақ тілінде 1100 атаулы кітап шыққаны белгілі. Мұның ішінде тек Қазанда ғана төңкеріске дейін 509 кітап басылған.
Бұл басылымдардың ішінде басым орынды діни, фольклорлық тақырыптар алып, қоғамдық-саяси өмір мəселелерін қозғады. Міржақып Дулатұлы кейіннен бұл туралы былай деп жазды: “Ол жылдары жазба əдебиет дерліктей, ал мерзімдік баспасөз мүлде болған жоқ. Сондықтан мен баспасөз арқылы сөйлегенді дұрыс көрдім. 1910 жылы баспадан менің “Оян, қазақ!” деген өлеңмен жазылған кітапшам шығып, қысқа уақыт ішінде екі рет басылды. Сонымен бір уақытта менің “Бақытсыз Жамал” повесім баспасөзде жарияланды, бұл кітаптар татар баспаханаларынан басылып шықты, ол кезде өз баспаханамыз болған жоқ”. Қазақ қауымы қоғамдық өмірінің осы жағдайында ұлттық радикализм эволюциясы жүрді. Бір жағынан, бұл əлеуметтік-экономикалық жағдайдың ырқымен, екінші жағынан, ресейлік жəне татар-башқұрт қозғалысының ықпалымен болды. Билік мұны қадағалап отырды. 1909 жылдың 1 шілдесінде А. Байтұрсынов тұтқындалды. Бұл туралы хабарлама кейінірек Петербургтің “Речь” газетіне шықты, онда былай делінді: “Қырғыздың халық ақыны түрмеде. Семейден. Мұндағы түрмеде 5 айдан бері дарынды қырғыз ақыны Ахмет Байтұрсынов бұғауда отыр. 1909 жылы ол И.А. Крылов мысалдарының өлең түріндегі аудармасы “Қырық мысал” (“Сорок басен”) кітабын шығарды. Кітап Ғылым академиясының баспаханасында басылған. Ахмет Байтұрсынов Қарқаралыдағы орыс-қырғыз мектебінің меңгерушісі болған”. Семей губернаторы Тройницкийдің Батыс Сібір округінің қамқоршысының атына жолдаған қатынасында баяндалған Ахмет Байтұрсыновтың қылмысы мынадай: “Өткен қыста орысқырғыз мектебінің оқушылары бір сарт—қала тұрғынымен төбелесіпті; мектепте орыс оқушылар жоқ; 1905 жылы қырғыздар ұлы мəртебелінің атына петиция бергенде Байтұрсынов сол іске қатысты, І Мемлекеттік Думаның мүшесі Бөкейханов жəне сайлаушы (выборщик) Ақбаевпен таныс; орыс-жапон соғысы кезінде патриотизм көрсеткен жоқ”. Қызметінен босатылған Байтұрсынов қамқоршыға барады. Оның түсініктемесін тыңдағаннан кейін қамқоршы (попечитель) оған бұрынғы жұмысын қайтаруға уəде етеді. Бірақ бұл жағдай Семей губернаторына белгілі болған кезде Байтұрсынов тұтқындалады, оның
үстіне енді оған қырғыздар арасында сепаратизмді насихаттады жəне алым (подать) төлемеді деген айып тағылады. 1909 жылы саяси емес, əдеби мағынадағы болса да, басқа бір маңызды оқиға болды. Петербургтегі И. Бораганскийдің баспаханасынан Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы басылып шықты. 1909 жылдың 11 желтоқсанында Уфа губерниялық жандарм басқармасының бастығы былай деп жазды: “Маған сеніп тапсырылған басқарманың алған агентуралық мəліметтері бойынша, панисламистердің басты міндеті тек Ресейде ғана емес, барлық елдердегі мұсылмандарды саяси ғана емес экономикалық мүдде бойынша да біріктіру болып табылады: панисламистердің нақты айқындалған бағдарламасы мен тактикасы жоқ. Сондықтан мақсатқа жету тактикасын əркім өзінше түсінеді: Ресейдегі панисламистер екі санаттан құралған: бірінші жəне өте аз санды санаттағылар — татар жастары (жас татарлар), былайша мұғалімдер, кеңсе қызметкерлері мен приказчиктер. Панисламистердің бұл санаты біздің революционерлердің тактикасын қабылдаған; 1905 — 1907 жылдары оны: Вологодский губерниясына жер аударылған имам Абдулла Апанаевтың редакциясымен шығатын “Азад” (“Азат”), жас жазушы Ғали Камаловтың “Еркін халық” (“Свободный народ”) газеттері, Орынбордағы “Каримов, Хусаинов жəне К” баспаханасының меңгерушісі Темирши (Темірші) Соловьевтің “Чукеч” (“Молот”) журналы, Қазандағы Камаловтың “Яшин” (“Жасын”), баспагер имам Мутыгуллиннің Оралдағы екі журналы — “ХХ ғасыр” мен “Уклар” жəне “Жаңа өмір” (“Новая жизнь”) газеті, Астрахандағы “Барана таракки” (“Довод прогресса”) газеті басып шығарды, бірақ бір жылдан кейін, сірə, өзінің бағдарламасын өзгерткен секілді. Қазіргі уақытта барлық аталған газеттер, Орынборда Соловьев шығаратын “Чукеч” журналынан басқасы өз жұмысын тоқтатты. Пансиламистердің екінші санаттағылары мұғалім, молда, адвокат, көпес жəне басқа секілді неғұрлым көрнекті қоғамдық орындардағы адамдардан тұрады. Бұлар да конституциялық демократтар секілді. 1904 жылы олар “Иттифак” (мұсылмандар одағы бірлестігі) құрды. 1904 немесе 1905 жылы жəрмеңке кезінде Нижний Новгородтағы
волгалық кемелердің (пароход) бірінде өткен бірінші Бүкілресейлік құрылтайда (съезд) екінші санаттағы панисламистер кадеттіктермен мазмұны дерліктей бірдей бағдарлама жасап, оны тағы да сол Нижегород жəрмеңкесі кезінде қонақүйлердің бірінде өткен 2- құрылтайда бірнеше ескертулермен толықтырған; бұл құрылтайға мұсылман-революционерлер қатысты. Екінші сипатты панисламистердің қатарында көпестердің болуы жəне əдебиеттерді басып шығаруға жақсы материалдық жағдайдың бар екеніне байланысты, бірінші санатты панисламистерге қарағанда олардың жақтастары көп болды. Екінші санатты панисламистердің көрнекті өкілдері: Қырымда шығатын ең байырғы газеттердің бірі “Переводчиктің” (“Аудармашы”) редакторы; Петербургтегі “Ульфат” газетінің редакторы, көрнекті қайраткерлердің бірі жəне “Мират” (“Айна”) кітапшасының авторы, Орынбордағы исламдық (Мұхаммедтік) Діни жиналыстың бұрынғы мүшесі Рашид Ибрагимов; əдебиетші “Уақыт” (“Вакыт”) газетінің қызметкері Юсуф Акчурин; Баку қаласында тұратын заңгер, ең таңдаулы фракциялық қызметкерлердің бірі Топшибашев; Вологодский губерниясына жер аударылған, ақшасы, бір қауым табынушылары жəне діни тұлға ретінде көптеген кітаптары бар, Қазан қаласының бұрынғы ахуны Ғалым Жакуль-Баруди; “Юлдыз” газетінің редакторы жəне шариғат бойынша бірнеше кітаптың авторы Гадий Максутов, Қазан қаласындағы ант берген қорғаушы Алкин; Мемлекеттік Думаның мүшесі Ғайса Еникеев; панисламистердің дерліктей орталық органы, Орынбор қаласындағы “Уақыт” (“Вакыт”) газетінің редакторы Фатих Каримов; ең танымал қызметкерлер мен əдебиетшілердің бірі, “Шура” журналының редакторы; Орынбордағы Мұхаммедтік жиналыстың бұрынғы мүшесі, тарихшы жəне “Уақыттағы” мұсылман мəселесіне арналған көптеген мақалалар мен кітаптардың авторы Разетдин Фахретдинов; Орынбор қаласындағы Каримов пен Хусаинов баспаханасының меңгерушісі, бірнеше кітапшаның авторы Валий Яруллин болып табылады. 1908 жылы бүкілдүниежүзілік мұсылман құрылтайын шақыру туралы мəселені шешу үшін Гаспринский Ресейден Константинопольге, одан əрі Каирге аттанды. Аталған Гаспринский өз кезінде осындай газеттерде есеп берді.
Қазіргі кезде панисламистер арасында да үгіт немесе дұрысын айтқанда, осы құрылтайдың пайдасына келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оның үстіне, сол жылдың басында көрнекті панисламистер басқа елдердің мұсылман қайраткерлерімен жақындасу мақсатында шетелдерге шықты. Олардың қатарында Гаспринский, Акчурин жəне Искаков, түріктің қоғам қайраткері Ахмет Риза жəне басқалармен жақындасып, татардың түріктермен бір тұқымнан тарағанын тарихи деректермен дəлелдеуге тырысқан конференция өткізді. Жоғарыда аталған Рашид Ибрагимов Қиыр Шығысқа барып, буряттардың арасында бірнеше апта өткізгеннен кейін Жапонияға кетті. 1908 жылдың көктемінде Ибрагимов “Баянуль хаку” газетінде мақаласын шығарды, ал қазіргі кезде Үндістаннан “Дауре Галаль” фельетонын жазады. “Уфа” қаласында 1905—1906 жылдары панисламистер барлық жердегідей, мұсылман тұрғындар арасындағы танымалдығын пайдаланып, газеттер мен кітап шығарды, жиналыстар мен кештер өткізді. Қазіргі кезде бұл қызметтер мүлде тоқталды, тек өте сирек жағдайда, мəселен, жеке жиналыстар мен отбасылық əңгімелерде насихат сөздерді арагідік естуге болады. Уфадағы бірінші санаттағы панисламистерге жер иеленуші Жантөринді жатқызуға болады, оның рөлі — мұқтаждарға материалдық көмек көрсетуінде. Жантөрин “Ғалия” медресесінің директоры болып табылады. Оның пəтерінде панисламист қайраткерлер: Діни жиналыстың мүшесі жəне “Маглюмат” (“Мағлұмат”) журналының редакторы Мұхамедов, “Ғалия” медресесінің мұғалімдерінен — Зиятдин, Нижегородтың Уфа көшесінде орналасқан мешіттің имамы (аты-жөні анықталмаған), Уфаға Орынбордан келген ең солшыл панисламистердің бірі, бірнеше кітаптың авторы, сол айтылған “Ғалия” медресесінің философия мен əдебиеттен дəріс оқушысы (лектор) Закир Қадыров; жаратылыстану ғылымдарының мұғалімі Абдулла Шепасов қонақта болып, ұлттық мəселе жөнінде айтыс (полемика) жүргізді. Соңғы үшеуі шетелдерде: біріншісі Константинопольде, екіншісі Каирде, ал үшіншісі Константинополь мен Бейрутте оқып, білім алған. Орынбордағы, Қазандағы, Уфадағы оқиғалардың жаңғырығы Орал, Верный (Алматы. — ауд.), Ташкент, Петропавл, Семей қалаларындағы
қазақ радикалды интеллигенциясының көңіл күйінен орын алды. Полиция департаментінің “петропавлдық” деген лақап аты бар агенті былай деп хабарлады: “Уездік басқарманың хат жүргізуші қызметіндегі аудармашысы Дүйсенбай Тұранов өзіне жиі келіп тұратын түрік миссионеріне қызмет көрсетеді, айталық, мəселен, 10 қыркүйекте оған түрік молда Хуссин келді. Үш күн болып, Омбы уезі, Николаев болысының қажыға барушы-қырғыздарымен бірге Түркияға жүріп кетті. Қалалық қоғамдық банктің аудармашысы С. Күсемісов пен қырғыз пошта ұстаушы Есмұхамед Бибасов та осындай іске қатысады. Түрік миссионерлерінің қырғыздар арасына келуі мен тұруына қажет ақша жинауды Полуденский болысының басқарушысы Бекмұхамед Жұмабаев жүргізді. Мұның қажылық ұйымымен немесе панисламизм идеяларымен қатысы бар-жоғына көз жеткізу қажеттілігі бойынша, бұл миссионерлердің келу мақсатын жəне қызметтерінің сипатын анықтау үшін агентура жіберілді”. Осы адамдармен Міржақып Дулатұлы да тығыз байланыста болды. 1909 жылдың 27 шілдесінде Мəскеу қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен тəртіпті күзету бөлімінің бастығы былай деп хабарлады: “Полиция департаментіне мыналарды хабар етемін: Қазан губерниялық жандарм басқармасы бастығының Нижегород күзет бөлімінің бастығына берген мəліметі бойынша, Нижний Новгородта 25 шілде мен 5 тамыздың аралығындағы кезеңде социалист-революционерлер партиясы мұсылмандар одағының құпия құрылтайын (съезд) өткізуді жоспарлаған. Аталған басқарма бастығы агентурасының мəліметтері бойынша, құрылтайда Мемлекеттік Думаның мүшесі Янкеев (Еникеев) болады деп күтілуде”. Нижний Новгородтағы жандармдар мəселені анықтады жəне іздеді де. 1909 жылдың 22 тамызында Нижегород күзет бөлімінің бастығы былай деп мəлімдеді: “Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының кейбір мүшелері социалист-революционерлер партиясы мұсылман одағының құпия құрылтайына қатысу мақсатында Нижегород жəрмеңкесіне келетіні осы жылғы шілденің басында маған мəлім болды. Бұл құрылтай, сол дерек көзінің мəліметі бойынша, жəрмеңкенің ең қызған шағында өтуге тиіс болған. Маған келіп түскен осы мəліметтерді неғұрлым толық жəне жан-жақты тексеру
шараларын қабылдай отырып, мен тамыздың басында агентуралық дереккөздерінен шындығында да Н. Новгородта жəрмеңкенің ең қызған шағында, мұсылман империясы деп аталатынның осы заманғы ережесін талқылау үшін, сондай-ақ одақтың бағдарламасын жасап, бірқатар ұйымдық мəселелерді шешу үшін ерлердің мұсылмандық одағы мүшелерінің құрылтайын өткізудің белгіленгендігі туралы мағлұмат алдым. Бұл құрылтайға Топчибашев Али-Марда-бек, Максудов, Тукаев, Мемлекеттік Думаның мүшелері Еникеев пен Сыртланов жəне түрік азаматтығын алған Юсуф Акчурин қатысуы тиіс”. Бүкілресейлік реакция жағдайында жандармдар шешуші əрекетке көшуді ұйғарды. Бірқатар қалаларда жоспарлы акциямен күдікті адамдардың пəтерлеріне тінту жүргізілді. Алғашқы тінтулер сəтсіз өтті. 1909 жылдың 30 қыркүйегінде Нижегород күзет бөлімінің бастығы: “Ішкі істер министрі мырза Мемлекеттік Думаның мүшелері Камелетдинов пен Тевкелевтерге тінту жүргізген менің əрекетімді ойланбай жасалған іс деп тапты, сондықтан мен сол іске байланысты жағдайларды егжей-тегжейлі мəлімдеу қажет деп білдім”, — деп өтініш білдіре жазды. Міне, осы мəлімдемесінде де “Мемлекеттік Думаның мүшесі Еникеев Нижегород жəрмеңкесіндегі эсерлердің мұсылман одағының құпия құрылтайына жəрмеңкенің ең қызған шағы 25 шілде мен 5 тамыздың арасында келуді ойлайды” деп сеніммен хабарлады. Мəтін астарындағы ой түсінікті еді: оны тез арада дереу тінту керек пе, əлде күте тұрған жөн бе? Полиция департаментінің пікірі бойынша, құрылтайдың міндеті “империяның барлық мұсылмандарын алдағы уақытта панисламистік қозғалысқа Түркияның басшылығымен қосылатындай жағдайда біріктіру” болды. Одақ таяудағы міндет ретінде барлық саналы мұсылманды, одақ мүшелерін Мұхаммед үмбеттерінің ұлттық өзін-өзі басқаруына кедергі болып көрініп отырған империядағы мемлекеттік құрылыс пен саяси күрестің төңірегінде топтастыруды алға қойды. Бүгінгі таңда империяның əр тарабында 1905 жылы құрылған одақтың көптеген мүшелері бар; 1905—1906 жылдары одақ мұсылмандар арасында күшейтілген үгіт жүргізді жəне ол кезде мұндай үкіметке қарсы қызмет барынша ықпалды болды; 1907 жəне 1908 жылдары
одақтың партиялық жұмыстары босаңсыды, сондықтан алдағы құрылтайда, ең алдымен, қандай шаралардың көмегімен одақ қызметін жандандыруға болатындығы талқыланбақ”. Полиция департаменті осындай ұйғарымға келді. Одақтың Орталық комитетіне басқалармен бірге “Жоғарыда аты аталған Али-Марда-бек Топчибашев, Юсуф Акчурин жəне Садрутдин Низамутдинов Максудов кіреді деп саналды. Алда болатын құрылтайға, сондай-ақ Нижний Новгородқа келетін Мемлекеттік Думаның мүшесі, мұсылман фракциясы деп аталатынның төрағасы Кутлув Мұхаммед Батыргереевич Тевкелев жəне петербургтік молда Лутфулла Исханов қатысуға тиіс болды”. “Мəліметтердің негізінде мыналардың құрылтай делегаты болып табылатыны белгілі болды: Кутлув Мұхаммед Батыргереевич Тевкелев, Мемлекеттік Думаның мүшесі Мұхаметшакир Мухаммедхарисович Тукаев, Нижегород ахунының міндетін атқарушы Маузин-Мұхамет- Фатех Соколов, тюмендік бұхаралық Мир-Касым Миршанов, Жетісу облысынан верныйлық көпес Хама Абдулов Тюменев, уфалық көпес Сатретдин Назеров, Уфа губерниясы, Мензилинский уезінің типтяры Тамак Гариф Садикович Халфинов, Тобыл губерниясынан түмендік- бұхаралық Кабир Мавликеевич Муртузин, семейлік көпестің ұлы Фатех Мусеев, арғы аталарынан келе жатқан (потомственный) дворян Мұхамет-Мұстафа Дəулеткелдиев, қазандық көпес Мұхаметхан Каримов, Орынбор губерниясының троицкілік мещаны Ғабдірахман Мифтахетдинович Ахмаров, Томскілік мещан Насыр-Этдин Хаиров, тобылдық көпес Мұхаммед Сафаров Чабаев, семейлік көпес Исхак- Музафарович Ғабдул-Жапаров, тамбов губерниясы Темниковский уезі, Кушкинский болысы, Дасаева деревнясының шаруасы Хасан Невмятуливич Чанышев, Томскілік мещан Ваттях Мұхаметжанович Мұхтаров, орынборлық көпестің ұлы Шарафетдин Махмутович Хусяинов, Бакинский губерниясының шамахиндық көпесі Измаил Вейсов, шамахиндық көпес Хусяин Саламов, тағы басқалар. Өз тұжырымдарын негіздейтін материалды іздеу барысында жандармдар 1909 жылдың жазында төмендегі қалаларда: 30 маусымда Уфада, 7 шілдеде Троицкіде, 13 шілдеде Түменде, 15 шілде Екатеринбургте, 18 шілдеде Пермьде жəне 22 шілдеде Петропавлда тінту жүргізді.
Полиция департаментіне: “Тінтудің нəтижесіз болуынан жоғарыда аталғандардың бірде-біреуі тұтқындалған жоқ” деп хабарлады. Верный мен семейлік делегаттар тінтуге алынған жоқ. Бұл оларды алда күтіп тұрды. Сол кезде жандармдар Петропавлда кімдерде болғанын шамалау қиын емес. Оның үстіне, бұлар Полиция департаментінің назарына əлдеқашан іліккен адамдар — Салмақбай Күсемісов, Изъятдин Ақанов, Ысқақ Шолақов, Мұхаметжан Бегішев жəне басқалар еді. Тінту туралы хабар қаладағы қазақтардың жəне татарлардың бір бөлігінің ортасында дереу тарап кетті. Бұл жағдай Міржақып Дулатұлына да белгілі болды. Қазақтардың қоғамдық санасында 1905—1907 жылдардағы революциядан кейін шұғыл бетбұрыстар болды. Міржақып Дулатұлының Уфа мен Орынборда басылған “Оян, қазақ!” кітабы осы құбылыстың белгісіне айналды. Уфалық кітап басылымдары жөнінде санаулы ғана мəліметтер сақталған, бірақ Уфа қазақ-башқұрт байланысының орталықтарының бірі болды деп айтуға болады. Мұнда, “Ғалия” медресесінде, көптеген қазақ шəкірттері оқыды. Петропавлда болған М. Дулатұлы баспагерлермен, кітапханалық істермен тығыз байланыста болды. Бұл кезде Қазанда, Орынборда, Қостанайда, Семейде, Зайсанда, Петропавлда оның көп таныстары болды. Оның үстіне Петропавлда ол мұсылман кітапханасының құрылтайшыларының бірі еді. Дəл осы петропавлдық татар, башқұрттар арқылы М. Дулатұлы Уфадан баспагер тапты. Сол жерде 1910 жылы оның “Оян, қазақ!” кітабы шықты. М. Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабының басқа басылымы Орынборда жарық көрді. ХХ ғасырдың басында бұл қала татар жəне қазақ мəдениетінің маңызды орталығы боды. Бұл жерде Мұхаммед Рамеев, Реза Фахретдинов, Фатих Каримов жəне басқа да қазақ қайраткерлері белсенді жұмыс жүргізді. Ең алдымен, олар татар көпестерімен, журналистерімен, баспагерлерімен байланыс орнатты. Орынборда айтарлықтай уақыт А. Байтұрсынов болды, 1906 жылдан 1912 жылға дейін полицияның жасырын бақылауымен Максуд Бекметов тұрды. Агентуралық деректер бойынша, М. Бекметов анархисткоммунистер тобына “Христофорыч”, “Кавказдық” (“Кавказец”) деген лақап
аттармен өтті. “Максуд Бекметов ұйымда өзін “Христофорыч” деп атайды, — делінген хабарламада, — анархист-коммунист ол, бұрын айтылғанындай, “шығыстық клубтың” да дем берушісі болып табылады”. Көптеген қазақтар Орынбор қазақ мұғалімдер мектебімен байланыста болды. Мұнда, Орынборда, 1911 жылы М.Дулатұлының “Оян, қазақ!” кітабының жаңа басылымы шықты. Орынборлық баспагер Ф.Г. Каримов оны “Вакыт” (“Уақыт”) газетінің баспаханасында басып шығарды. Тыйым салынған кітаптың қайта басылымы заңмен қудаланды. Жандармдық тергеу басталды. Ең алдымен, белгілі баспагер-редактор, татар қоғам қайраткері Фатих Гильманович Каримов жауапкершілікке тартылды. Петропавл мұсылман кітапханасы Өте маңызды бір жағдай, ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық өмір мен революциялық қозғалыстың өрлеуі жағдайында, Қазақстанда түркілік кітапхана — Ақмолада Мұсылман кітапханасы-оқу залы, Верныйда түркілік кітапхана қызмет көрсете бастады. Олар басқа да қалаларда — Оралда, Семейде, Қостанайда, Троицкіде жұмыс істеді. Кітапхана ұйымдастыру секілді абзал іске Міржақып Дулатұлы да қатысты. Бұл қалаларда мұсылман тұрғындардың — татар, қазақ, башқұрт, өзбектердің саны айтарлықтай болды. Ақмола облысының қала тұрғындары ішінде татарлар 21,6% болды. Айта кету керек, Орталық Ресейдегі жерсіздік орыс, украин, татар, башқұрт шаруаларын қазақстандық дала мен қалаға қоныс аударуға итермеледі. Татар қоныстанушыларының айтарлықтай бөлігі Орал, Семей, Қазалы, Павлодар, Өскеменге орналасты. Жаңа орында олар орыс жəне қазақ тұрғындардың арасына салыстырмалы түрде тез сіңісіп кетті, кəсіпкерлік қызметті — сауда мен қолөнерін қолға алды. Мұндай мысалдар өте көп еді. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Петропавлда II гильдия көпесі Темірболат Мақсұтовтың аты белгілі болды. Оның сауда айналымы 30
000 сомнан асты. 60-жылдары қалада Мақсұтовтың жесірі Гүлзира Бектайырова жəне оның балалары Хамза, Аббас, Ханафий, Хамзаның ұлы Мұхаммед-Шариф тұрды. ХХ ғасырдың басына қарай қаладағы татар тұрғындарының саны өсті, олар енді тоғыз мың адамнан асты. Алайда олардың орыс мектептерін еуропалық ұйымдастыруға деген қарым-қатынасының ала-құлалығы таңғалдырады. 1910 жылдың 17 мамырында Ақмола губернаторы омбылық жəне петропавлдық полицмейстрлерге, омбылық жəне көкшетаулық уездік бастықтарға, Омбының жандарм басқармасының бастығына, Омбы жəне Петропавл теміржол жандарм басқармаларының бастықтарына: “Дала генералгубернаторының кеңсесі 13 мамырдағы №172 қатынасымен маған хабарлағанындай, өлкенің бас басшысының күзетті күшейту туралы ереженің 16-бабының 4-пункті негізіндегі өкімі бойынша, Омбы, Петропавл жəне Көкшетау уездеріндегі күшейтілген күзет ережесі күшінде тұрған уақытта, осы уездер жеріне Петропавл уезі Полуденный болысы, №2-ауылында тұратын Уфа губерниясының татары, молда Изъятдин Ақановтың келуіне, оның үкіметке қарсы қызметтері үшін тыйым салынды” деп хабарлады. И.Ақановтың байланыстары жөнінде тағы да айтуға болады. Ол Хаскей Утекинмен таныс болды. Олардың екеуі де Абдрахимовтар отбасын білді. Ахун Галим Абдрахимов отбасымен Омбының Степной көшесінде тұрды. Ол 1900 жылы қайтыс болды. Оның əйелі Урдафия үлкен отбасының анасы еді. Үлкен ұлы Сұлтан Уфадағы “Ғалия” медресесін бітірді. Осы отбасында бала кезінде Хаскей Утекин де тұрды. Хаскей Утекиннің əкесі 1905 жылы Петропавлдың базарында “Ғалия” медресесінің түлегі жəдитші Изъятдин Ақановпен танысады. И.Ақанов Омбыға шақырылғанда, Хаскей Утекин өзінің оқуын сонда жалғастырды. Міржақып Дулатұлының болашақ қалыңдығы Ғайнижамал да осы ортада болды. Кітапқа деген құштарлық, дүнияуи немесе діни білім алу — қазақтар арасында ХХ ғасырдың басында үлкен орын алды. Көптеген мектептер мен медреселердің ашылып, қызмет етуі, қазақтардың Қазақстанның əр тарабында кітапханалар ұйымдастыруға қатысуы осымен
түсіндіріледі. Петропавл уезінің бақылаушы жəне білім бастығы Михайловтың жазғанындай, “Орта жəне жоғары оқу орындарынан білім алған көптеген қырғыздар өздерінің туған халқының арасында білім деңгейін көтеруге жəне оны неғұрлым жетілген шаруашылық жолымен алып жүруге бар күшін салды”. Петропавлдың мəдени өмірінің дамуы кітапқа, журнал мен газетке деген қажеттілікті арттырды жəне оқулық, діни, беллетристік əдебиеттер ерекше сұранысқа ие болды. Қаладағы М. Бегишев, Н.Сүлейменов, Х. Акчурин, тағы басқа көптеген орыс, татар, қазақ зиялыларының жеке кітапханалары болды. Бүгінгі таңдағы Алматының орталық ғылыми кітапханасында тұрған Петропавлдың түркі кітапханасының жинақтары осыған дəлел болады. Мысалы, “Орынбор мұсылман əйелдер қоғамының жарғысы” (“Устав оренбургского мусульманского женского общества”, Орынбор, 1912, инв. №1714) кітабында “Акчурин, 1913, Петропавловск” деген қолтаңба (автограф) тұр. Басқа басылым “Отчет оренбургского общества попечения об учащихся мусульманах за 1912 г.” (Орынбор, 1913, инв. №1715) деген кітапта да осындай қолтаңба бар. Ал “Тоқай. Өлеңдер” (“Тукай. Стихи”, 1909, инв. №1657) кітабына “Мусульманское женское приходское училище г. Петропавловска Акмолинской области” деген мөртаңба (штамп) қойылған. Міне, Петропавлдан тағы да екі кітап жарыққа шықты. Біріншісі — “Устав Общества попечения об учащихся мусульманах в Омском первом мектебе” (Орынбор, 1907, инв. №1735) деп аталады. Мұқабасында: “НиязМухаммед Сулейманов в Петропавловске” деген мөртаңба бар. Титул бетінде басқа мөртаңба: “Имам Мухаметжан Бегишев 3-й мечети г. Петропавловска Акмолинской области”. Кітап татар жəне орыс тілдерінде басылған. Татарша мəтіннің соңғы бетінде тағы да мөртаңба қойылған. Демек, Петропавлдағы оқу орындарында, мешіттерде, жекелеген отбасыларында шағын кітапханалар болған. Петропавлдағы қоғамдық, ведомстволық, жеке кітапханалар мен кітаптар биліктің көзқарасы тұрғысынан, тек таратылуын шектеуді ғана емес, сонымен қатар тыйым салуды қажет етеді. Мəселен, 1911 жылдың наурызында Омбының жандарм басқармасы былай деп хабарлады: “Осы жылдың 26 наурызында Петропавл қаласында
“Панисламизм” партиясы бойынша құпия қызметкермен кездескенімде ол маған “Алаш”, “Мұхаммет Ханафия” жəне “Қисса Зарқұм” деген үш кітапшаны беріп тұрып, бірінші кітапша қырғыз тұрғындар арасында көп данамен таралған жəне өзінің мазмұны бойынша олардың арасында сенсация туғызуда деді. Аталған кітапшаларды Дала генералгубернаторының кеңсесінде есепте тұрған аудармашылар аударған жəне мазмұны жағынан күмəнді болып шықты. “Алаш” кітапшасының 1910 жылғы басылымы Қазан қаласындағы ағайынды Каримовтер баспаханасында басылған, оны Торғай облысы, Қостанай уезі, Арақарағай болысының қырғызы Нұржан Наушабаев жазған. 41-беттегі 8-пунктте автор жерден айырылғандық туралы өкініш білдіріп, қырғыздардан олардың оянуын жəне іске кірісуін өтінеді. “Қаншама жылдардан бері біздің ата-бабаларымыздың иелігінде болып келген жерлерді біз бүгінгі таңда қолдан шығарып алдық. Біз басқа халықтардан артта қалдық, сондықтан біздер, қырғыздар, өздерін дұрыс алып жүретін адамдармен, яғни мəдениетті мемлекеттердің халықтарымен тіл табысып кете алмаймыз”, — деп жазады ол. Одан əрі бұл кітапшаның авторы түземдік (түпнұсқада осылай жазылған. — ауд.) лауазымды адамдарды əділетсіздігі үшін сөгеді жəне ол адамдардың атқарып отырған қызметіне толық лайық емес екенін меңзейді. “Біздің үміт күтуімізге тиіс болған сол адамдардың барлығы тек өздерінің қара бастарын ғана ойлайды, ал жалпы халықтың игілігі туралы істермен олардың ешбір шаруасы жоқ. Олардың арасында түсіністік жоқ, ал түсіністік болмаған жерден ештеңе күтуге болмайды, демек, “Барар жер, басар тау қалған жоқ” деген мəтелде айтылған кезең келіп жетті”, — дейді ол тағы да. Екінші кітаптың тақырыбы — “Мұхаммет Ханафия”. Мұхаммет Ханафия — əйгілі əскербасы, Мұхаммед пайғамбардың күйеубаласы, Ғалидың ұлы. Онда Мұхаммет Ханафияның басқыншы-жаулармен қалай соғыс жүргізгені туралы суреттеледі. Полиция департаментіне жоғарыда айтылғандарды жеткізе отырып, Полиция департаментінің үстіміздегі жылдың 18 желтоқсанындағы №119 645-циркулярының 3-пунктіне сəйкес, үш кітапшаны бірге жіберіп отырмын”.
Осындай жағдайда тек жекеменшіктік қана емес, сонымен қатар қоғамдық ақылы кітапханалар да пайда болды. 1880 жылдың өзінде уездік басқарманың жанында шағын кітапхана жасалды. Алайда бұл кітапхананың ресімделуі 1886 жылға дейін созылды. Ол ХХ ғасырдың басында да жұмыс істеді. Жекелеген көпестердің немесе шаруа қоныстарындағы қоныс аударушылардың, діни қызметкерлердің, ауыл-село зиялыларының шағын жеке кітапханалары болды. Бұған дəлел ретінде мұрағаттық куəліктерді келтіруге болады. 1903 жылы Петропавл, Көкшетау жəне Семей уездері қазақтарының жеке кітапханалары тəркіленді. Мəселен, Көкшетау уезіндегі Наурызбай Таласов пен Шаймардан Қосшығұловтың жеке кітапханасы болды. Қазақтардың жеке иеліктегі кітаптарына байланысты Ə.Бөкейхановтың қызықты ескертуі бар. Ол мектебелер мен мешіттерге қатысты: “Əкімшілік қырғыз мектептерінде — ұлттық бастауыш мектептерде — мұғалімнің орыс тілін білуін талап етті. Мектеп ашу немесе мешіт салу үшін, əдетте беріле қоймайтын ерекше рұқсат талап етілді”, — деп жазды. Бұл жолдар 1910 жылы жазылған. Бұл ережені толықтай мұсылман кітапханаларына қатысты деуге болады, өйткені оларда Уфа мен Қазаннан, ал тіптен де Бұхарадан немесе Түркиядан келген кітаптардың болуы əбден мүмкін еді. Көптеген мұғалімдердің (түпнұсқада: мугалимов. — ауд.) түркілік кітаптары болды, ал орыс тіліндегі əдебиеттер бəрінде бірдей бола берген жоқ. Көкшетау уезінде үкіметке қарсы үндеулер қолға түсірілгеннен кейін мұғалімдер мен молдаларға тінту жүргізілді. Кітапханалар мен хат- хабарлар тұтқындалды. Тінтуге түскендердің ішінде Наурызбай Таласов та болды. Қырдағы қазақ тұрғындар арасында ол Наушан деген атпен белгілі еді. Бұл оқыған білімді адам, Көкшетау уезінің кедей қазағының баласы болатын. Наушан сауда керуеніне ілесіп, Бұхараға барды. Табандылығының арқасында онда жоғарғы мектепті бітіріп, тамаша жетістіктерге жетті жəне сонда оқытушы болып қалды. Оны Көкшетауға шақыру үшін оған арнайы делегаттар жіберілді. Ол еліне оралды, сірə, өзінің жеке кітапханасын ала келген болса керек. Алайда тінтуден кейін оны əкімшілік ретпен Көкшетаудан шығарып жіберді.
1880 жылдың өзінде-ақ Петропавлда қоғамдық кітапхана болды. 1902 жылы Халық сергектігі уездік комитеті (уездной Комитет народной трезвости) тағы бір кітапхана ашты. Ол Шөп базарында орналасты. Кітапханашы болып Г.И. Мазик таңдалды. Оқырман саны тез өсті. 1905 жылы онда 2859 оқырман болды, 26 320 рет қатысу (посещений) жасалды. Мұнда көркем оқулар мен қойылымдар өткізілді. Сол жылы 476 көркем оқу өтті. Кітаптармен бірге мұнда мерзімді баспасөз өнімдері: “Ремесленная газета” (“Кəсіптік газет”), “Вестник знаний” (“Білім хабаршысы”), “Деревня”, “Журнал для всех” (“Баршаға арналған журнал”), “Сибирская жизнь” (“Сібір өмірі”), “Природа и люди” (“Табиғат жəне адамдар”), “Нива”, “Русское слово” (“Орыс сөзі”), “Степной край” (“Дала өлкесі”), “Свет” (“Жарық”), “Уральская жизнь” (“Орал өмірі”), “Русское чтение” болды. 13 журнал жаздырылып алынды. Кітапханашы 1905 жылы былай деп жазды: “Есепті жылда кітапхана-оқу залы күшейтілген түрде қызмет көрсетті жəне сірə, өзінің қолжетімділігі жағынан да, кітап таңдау тұрғысынан да тұрғындардың ризашылығына бөленді. Петропавл қаласында бар- жоғы бір ғана кітапхана-оқу залы, атап айтқанда, қалалық кітапхана ғана бар, бірақ оның өзі қалтасы көтермейтін оқырман үшін жайлы емес. Айталық, əрбір жаздырып алушы салыстырмалы түрде жоғары жаздырып алу ақысын төлейтінін айтпағанның өзінде, одан басқа кемінде бір сом мөлшерінде ақшалай кепілдіктің міндетті жарнасы талап етіледі, ол жағдайы келмейтін жаздырып алушылар мен оқушылар үшін өте қолайсыз, — одан əрі ол былай деп жалғастырады: — Кітаптар мен мерзімдік басылымдар барлық оқырмандарға білім айырмашылықтарына қарамастан тегін жəне ешқандай кепілдіксіз беріледі, сонымен бірге оқушыларға өзінің жасына лайық кітаптар мен мерзімдік басылымдарды беру үшін олардың қай мектепте жəне қай сыныпта оқитыны жөнінде тиісті басшылықтарынан анықтама қағаз сұралды”. Əйтсе де оқу залындағы жұмыстың бəрі мінсіз емес-тін. Кітапхананың орналасқан орны көптеген қолайсыздықтар туғызды: “Түнгі қонақүй ғимаратының кітапхана-оқу залына жақын болуы ең жайсыз жағдайдың бірі болды, жұмысқа кері əсер етті, өйткені түнгі қонақүй өзінің еліктіргіш сырт көрінісімен жəне əдепке жат өмір салтымен
кітапхана-оқу залына қатысушылардың көңіл күйін жиі бұзатын...” Мұндай жағдайлар болды да. Оқырмандар кітаптарын таңдап, оны өз аттарына ресімдеу кезінде ұрлық болатын жағдайлар да аз кездеспейтін. Кіреберісте калош жоғалатын, өйткені соның алдында ғана түнейтін үйден адамдар келіп жүретін-ді. Кітапхана жұмысына бөгет жасаған тағы бір себеп болды. Билік кітапхананың өзіне де, оның оқырмандарына да саяси сенімділігі тұрғысынан күмəн келтірді. Губернатордың өзі кітапхана белсенділері туралы анықтама қағаз сұрады. Соған байланысты қалалық полицмейстер мынадай анықтама жазды: “Мұғалима Станованың, мұғалім А.Я. Яковлевтің, шаруалар бастықтары съезінің хатшысы И.П. Николаевтың, арғы аталарынан құрметті азамат (почетный потомственный гражданин) Ю.И. Усмановтың, коммерциялық банктің кассирі И.В. Лущихиннің адамгершілік жағдайы мен мінез-құлқы жақсы. Ал бұрынғы мұғалім С.Ч. Власовқа (қазіргі кезде С.- Петербургте), коммерциялық банктің директоры В.Т. Властовқа, сүт шаруашылығының үкіметтік инспекторы И.П. Синенкоға, қоныс аударушы дəрігер А.П. Ивановскийге келер болсақ, онда олар саяси тұрғыдан ерекше сенім тудырмайды”. Əрине, кітапхана белсенділерінің қатарында қазақтар, татарлар жəне басқа халықтардың өкілдері де болғаны сөзсіз. 1905—1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар кезеңі қарсаңында жəне сол қозғалыстар барысында Петропавл уезінде əртүрлі 47 кітапхана болған. Бұл уақыттары Халық сергектігі жөніндегі қамқорлықтың (Попечительство о народной трезвости) қалалық асхана-шайханада орналасқан Петропавл қалалық кітапханасы айтарлықтай жұмыстар жүргізді. Оған арналып жеке бөлме бөлінді, шкафтарда əдебиеттер орналыстырылды. Абонемент жұмыс істеді. Ал шайхананың үлкен залына оқуға арналған үстел қойылды. Келушілер осы жерде газет, журнал, кітаптар қарап оқыды. Абонемент күн сайын, ал оқу залы шайхананың барлық жұмыс сағаттарында жұмыс істеді. Барлық тілек білдірушілерге үйге кітаптар тегін берілді. Кітаптардың жалпы саны 2000 атауды құрады. Олардың жартысы — беллетристика. Сол жылы тек абонементте ғана 1156 оқырман тіркелген. Жарты жыл ішінде кітапханаға 3000-ға жуық адам келіп,
оларға 6000-дай кітап берілген. Көркем əдебиет үлкен сұранымға ие болды, алайда есепте айтылғандай, кітапханаға жақсы кітаптар жетіспейді. Л.Н. Толстой, В.И.Немирович-Данченко, А.М. Горький, В.Г. Короленко, С.Я. Надсон, И.Ф. Шеллер-Михайловскийлердің шығармаларына кезекпен жазылды. 1904—1905 жылдары Халық сергектігінің Петропавл уездік комитеті өз жұмысын жандандырды — кітапхананы ұстаумен бірге əртүрлі тақырыпта көпшілікке арналған лекция-дəрістер өткізді. Мəселен, 1904 жылы мұнда ауылшаруашылық мектебінің басқарушысы В.А. Саенко, осы мектептің мұғалімдері П. Нестеров, М. Саенко, Анна жəне Александр Великопольскийлер, Явленский мектебінің мұғалімі П.Свиридов, Покровка селосының мұғалимасы А.Новоселова жəне оның көмекшісі А.Василькова лекция-дəрістер оқыды. Алайда 1905 жылдың 23 желтоқсанында Петропавл уезінде əскери тəртіп енгізілуіне байланысты, Халық сергектігі комитеті өзінің жұмыстарын шектеді. Қаулыда айтылғанындай “ерекше өкім шыққанға дейін газетке жазылу тоқтатылды жəне барлық сметалық шығындар облыстық комитеттің келісімімен жүргізілетін” болды. Қалада тағы бір кітапхана болды. “Петропавл” стансысында 1903 жылы теміржол кітапханасы ашылған болатын. ХХ ғасырдың басында қалада татар зиялылары сан жағынан артты. Белгілі татарлар қатарында Галим Тюменев, Ғарифулла Тоймашев, Сəлімгерей Дəулеткелдиев, Латиф Баязитов, Шакир Мұхамедьяров, М.К. Шамсутдинов, Мұхаммедали Бирюшев, Саид Саифиуллин, Ахметжан, Хасан жəне Мұхамеджан Акчуриндер, Хусаин Тюменев, Ахмет Латипов, Мұхамеджан жəне Хамза Мақсұтовтар болды. Бұл адамдардың кейбіреулері орынборлық жəне уфалық медреселерден білім алды. Петропавлда мектеппен бірге алты мешіт болды. Олар баспаханалық жəне қолжазба кітаптардың тұрақты пайдаланушылары болды. Қалада татар тіліндегі əдебиеттер, Петербургтен, Қазан, Орынбор, Уфадан əкелінген газеттер таралды. Түркі қоғамдық кітапханасы осындай жағдайда құрыла бастады. 1908 жылдың 5 ақпанында Петропавл тұрғындарының бір тобы: “Петропавл
қаласында қаланың мұсылман тұрғындары үшін кітапхана-оқу залын ашуға тілек білдіре отырып, Петропавл қаласының мұсылмандарынан, жауапты адам Райымжан Марсекович Марсеков болатын кітапхана- оқу-залын ашуға рұқсат етілуін сұраймыз. Сонымен бірге Марсеков мырзаның қойылған қолы мен кітапхана-оқу залының жарғысын қоса жолдап отырмыз” деген өтініш берді. Өтінішке ІІ гильдия көпесі Галим Тюменев, ІІ гильдия көпесі Ғ.Тоймашев, əулетінен мұрагер-дворян Сəлімгерей Дəулеткелдиев, көпестер Латиф Баязитов, Сеит Мұхаметжанов, Даулетша Қуанышев, Мұхамеджан, Рахим жəне Хафиз Мақсұтовтар, петропавлдық мещан Хусаин Тюменев, қазақ Салмақбай Күсемісов, Сібір сауда биржасының аудармашысы В.Ахметов, Сабыр Латыпов, Саид Хамзин, Ахметжан, Хасан, Хусаин жəне Мұхаметжан Акчуриндер қол қойды. 1908 жылдың 28 сəуірінде Ақмола губернаторына Петропавл қаласында тұратын петропавлдық көпестер Хасан Акчурин, Хамза Тойматов, Галим Тюменев жəне Мұхамеджан Шамсутдиновтардан: “Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңыздың 29 наурыздағы №7944- хабарландыруыңызға сəйкес, осы хатпен, Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залын ұстау жөніндегі Қоғам жарғысының жобасын екі дана етіп ұсынып отырмыз жəне Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңыздан Қоғам жарғысын бекітуге қарсы болмауыңызды бас иіп өтінеміз. Сонымен бірге жарияланым үшін талап етілетін 6 сом облыстық басқарманың депозитіне аударылатынына сенім білдіреміз” деген өтініш түсті. Қоғам жарғысы өзгеріссіз сақталды, онда: “Петропавл қаласының жəне оған іргелес аудандардың мұсылман тұрғындарының кітап, журнал, газет жəне арнаулы басылымдармен пайдалануына мүмкіндік алуы үшін Қоғам Петропавл қаласында мұсылмандық кітапхана-оқу залын ашуды жəне оны қаржылай қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қоғам өз құқығы мен жағдайына қарай татар, орыс жəне басқа тілдерде кітаптар, журналдар жəне басқа басылымдарды жаздырып алады” деп жазылған. Бұл бастауыш білім беру жөніндегі қамқорлық қоғамының Омбы қаласындағы қызметінің жəне оның кітапханасы қызметінің белсенділігі артуымен сəйкес келді.
Мұнда қоғам мүшелері И.И.Попов, О.П.Тыжнова, Б. Новицкая болды. Оларда жасырын əдебиеттер сақталды. Қоғам қызметіне гимназия оқытушылары Я.В. Громов, В. Соколов, М. Климентьев, И.Узков қатысты. Бастауыштық білім беру қамқорлық қоғамына Омбы кадет корпусының оқытушылары А.И. Гусельников, Л.А. Щепотьев, П.К. Гинан, шенеуніктер А.Я. Симонов, И.И.Попов кірді. Соңғысы — тарих- филология факультетінің ертеректегі студенті, 1900 жылдан Петербургтегі астыртын үйірмеге кірген. И.И.Попов Омбы социал-демократиялық ұйымын ұйымдастырушылардың бірі болды. Ол В.Л. Куйбышевпен бірге Батыс Сібір социал-демократиялық ұйымының 1907 жылғы ІІ Конференциясының белсендісі болды. Петропавл мұсылман кітапханасының ұйымдық ресімделуі жүргізіліп жатқан кезде, Омбыда жəне Ақмола облысының басқа да қалаларында ағартушылық ұйымдарды жабу қозғалысы бой көрсетті. Омбыдағы Бастауыш білім беру жөніндегі қамқорлық қоғамы жандармдардың ерекше назарында тұрды. 1908 жылдың қарсаңында қоғамда қайта тіркеуден өткен жарғы болды. Қоғам құрамының елеулі бөлігін радикалды өзгерістер ықпалындағы интеллигенция құрады. Бұл ұйымның қатысушылары “Білім беру лигасымен”, “Мұғалімдер мен оқушылардың өзара көмегі қоғамымен” бірігуді қалады. Жандармдар И.И.Поповқа, О.П. Тыжноваға, Б. Новицкаяға тінту жүргізуге шешім қабылдады. Күтпеген нəтиже шықты — 1417 жасырын басылым қолға түсірілді. Жандармдар қоғам кітапханасында тыйым салынған əдебиеттер барын білгенімен, бірақ мұнда тұтас бір жасырын кітапхана сақталып тұр деп ойламаған еді. 1908 жылы Омбы Бастауыш білім беру жөніндегі қамқорлық қоғамы жабылды. Жандармдар қоғамның басқа қалалармен байланысын іздеді. Семей Бастауыш білім беру жөніндегі қамқорлық қоғамынан да айғақ табылды. Оның төрағасы Ф.М. Достоевский атындағы мектептің меңгерушісі педагог Ф.Р.Дульский еді. Н.В. Гоголь атындағы Семей кітапхана-оқу залы да күдік тудырды. Оның меңгерушісі — Д. К. Самохвалов. Жандармдар Семейдегі “Семей сауда өнеркəсіп кəсіпорындары қызметкерінің кəсіподақ қоғамы”, “Семей мұсылман
қайырымдылық қоғамы” секілді басқа да қоғамдық бірлестіктерді сенімді емес деп санады. Кейбір аңду фактілері Міржақып Дулатұлына белгілі болатын. Қалай болған күнде де, кітапхана ісінің ынталы адамдары бұл туралы естіді. Əйтсе де аздаған түсініктеме де керек. Құжаттар айғақтағанындай, Петропавл мұсылман кітапханасының жұмысына жауапты болып қазақ Райымжан Марсеков тағайындалған. Ол университеттік білімі бар алғашқы заңгер қазақтардың бірі болды. ХХ ғасырдың басында ол Семейде ант берген қорғаушының көмекшісі болды. 1902 жылы семейлік Бастауыш білім беру жөніндегі қамқорлық қоғамының белсенді қатысушылары қатарында болды. Бұған В. Брудневский, М. Бекметьев, А. Аяғанов, А. Злобин, В. Белослюдов, М. Культжанов, В. Войцеховский, О. Əлжанов, Н. Доброхотов, С.Новаковский, В. Мако, Т. Чингисов, Ш. Рафиков, А.Раимбеков жəне басқа да қоғам қайраткерлері мен революциялық қозғалыс өкілдері кірді. Мұнда Марсеков қоғамдық жұмыстың тəжірибесін жинақтады, демократиялық зиялылармен тығыз байланыс орнатты. 1903 жылы Географиялық қоғамның семейлік бөлімшесінде Р.М. Марсеков “Қырғыздардағы сайлау бастамалары туралы” реферат оқыды. 1905—1907 жылдардағы революциялық оқиғалар Р.Марсековті де айналып өткен жоқ, ол Петропавлға барып тұруға мəжбүр болды. Мұнда ол қоғамдық қозғалыстың қойнауына тез еніп кетті жəне оған кітапхананы тапсырды. Алайда оқиғалардың одан арғы барысы өз түзетуін енгізді. 1918—1920 жылдары Р.Марсеков Алашорданың қарулы күресінің белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды, Семейде “Сарыарқа” газетіне редакторлық етті. Ақ гвардияшы бөлімшелер күйрегеннен кейін, 1920 жылы Зайсанда оның астыртын жұмысқа өтуіне тура келді. Кітапхана ұйымдастыруы бойынша ынталы топ Р. Марсековке өтініш жасасымен-ақ, ол бірден келісіп, “Мен, төмендегі қол қоюшы жəне Императорлық университетте ғылым курсын бітіруші Райымжан Марсекұлы Марсеков петропавлдық мұсылмандарға ашылған кітапхана-оқу залы үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын жəне мазмұны бойынша кітапхана-оқу залына қатысты қазіргі кезде қолданыста бар жəне алдағы уақыттарда болуы мүмкін қаулылардың
барлығын орындауға міндеттенемін. Петропавл қаласы, 5 ақпан 1908 ж., Райымжан Марсеков”. Қоғам туралы іс бойынша Ақмола облыстық присутствия мүшелері отырысының хаттамасы сақталған. Онда былай жазылыпты: “1908 жылдың 12 мамырында Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залының Жарғысын қарау үшін Қоғам туралы істер бойынша Ақмола облыстық присутствиясының төменде аты атылған мүшелерінің 12 мамыр күні 12 сағатта: 1) Мұсылман-прогрессистердің Ақмола қоғамының жəне 2) Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залын ұстау қоғамының жарғыларын қарау үшін Ақмола облыстық басқармасында өтетін отырысына қатысуын сұраймын”. Облыстық басқарма мынадай қорытындыға келді: “Қоғам туралы істер бойынша Ақмола облыстық присутствиясының 1908 жылдың 12 мамырындағы қаулысына сəйкес, осы жарғы Ақмола облысының қоғамдар туралы кітабына 1908 жылдың 12 маусымындағы №12- нөмірмен тіркелсін. Ақмола губернаторы үшін Ницкевич”. Мұрағаттық істе мынадай да құжат бар: “Ақмола губернаторы мырзаға Петропавл қаласының Управская көшесіндегі өз үйінде тұратын петропавлдық мещан Галим Рахматтуллович Тюменевтен өтініш. Сіздің жоғары құзырыңызға осы хатпен бірге менің жəне басқалардың Петропавл қаласында мұсылман кітапхана-оқу залын ұстау үшін қоғам ашуға рұқсат сұралып, Ақмола облыстық басқармасының осы жылдың 12 мамырындағы журналдық қаулысына сəйкес бізге қайтарылған осы жылдың 29 сəуіріндегі өтінішімізді, сондай-ақ петропавлдық нотариус Люцедарскийдің 13 маусымдағы көрсетілген өтінішке қол қойған мен жəне басқалардың акт жасауға толық заңды қабілетіміздің бар екендігі туралы куəлігін ұсына отырып, жоғары мəртебелім, жоғарыдағы өтініште көрсетілген біздің жолдаухатымызды (ходатайство) қанағаттандыруыңызды сіздің құзырыңыздан үлкен құрметпен өтінеміз. Ал Семейде “Облыстық ведомствода” хабарландыру жариялауға талап етілетін алты санға келер болсақ, бұл соманы біз осы жылдың 9 мамырында пошта арқылы петропавлдық пошта кеңсесінің
1908 жылдың 14 маусымындағы №510-түбіртегі (квинтанция) бойынша аудардық. Петропавлдық мещан Мұхаммет Галим Рахматуллович Тюменев, көпес Хасан Абдуллович Акчурин, көпес Т.Тойматов, мещан Ахметжан Абдуллович Акчурин, петропавлдық көпес М.К. Шамсутдинов”. Құжат нотариалды куəландырылған. 1908 жылдың 5 мамырында Ақмола облыстық басқармасы петропавлдық полицмейстерге: “Осы қатынаспен жолданып отырған Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залын ұстау жөніндегі қоғам құрылтайшыларының өтінішін жəне қоғамдар туралы істер бойынша Ақмола облыстық присутствиясы журналының 12 мамырдағы көшірмесін көпес Хасан Абдуллович Акчуринге қолхат арқылы табыстап, қолхатты Ақмола облыстық басқармасына жіберіп беріңіз”. Қандай да бір түсініксіз себеппен кітапхананы құру жөніндегі өтініш беруді ұсынғандардың ішінде Райымжан Марсеков пен Міржақып Дулатұлының фамилиясы жоқ. Алайда олар барлық оқиғаның барысынан хабардар жəне олардың кітапхана жұмысындағы қызметтері белсенді болды. Мəселен, Міржақып Дулатұлы кітапхананың бекітілген жарғысын жасауға қатысты. Петропавлдық мұсылман жұртшылығының кітапхана ұйымдастыру жөніндегі əбігершілігі Томск күзет бөлімінің назарына да іліккенін айта кетуге болады. Ол жерден Петербургке хабарлады. Полиция департаментінде Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залы жөнінде ерекше іс қозғалды. Демек, кітапхана алғашқы күндерінен бастап-ақ полицияның бақылауына ілікті жəне оның қызметі жөніндегі материалдар Томск мұрағатында болуға тиіс. Сөйтіп, Міржақып Дулатұлының есімі 1908 жылы Полиция департаментіне белгілі болды. 1908 жылдың 25 маусымында Ақмола губернаторы петропавлдық полицмейстерге “осы қатынас хатпен бірге жіберіліп отырған Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залын ұстаудың бекітілген жарғысы қоғам үшін өкілетті Галим Тюменевке табыс етілсін жəне ол бұл жарғының мөр басылған жеті данасын губернаторға жеткізуге міндеттелсін”.
Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залын ұстауға арналған Қоғам жарғысының толық мəтінін келтірейік. Қоғам мақсаты: §1. Қоғам Петропавл қаласы мен оның айналасындағы аудандардың мұсылман тұрғындарына кітап, журнал, газет жəне арнаулы басылымдармен пайдалану мүмкіндігін беру үшін қалада мұсылман кітапхана-оқу залын ашып жəне оны ұстауды (қамтамасыз етуді) мақсат етеді. §2. Өзінің мақсатына орай, қоғам татар, орыс тілдеріндегі жəне басқа тілдердегі кітап, журнал, газет жəне басқа басылымдарды жаздырып алады. Қоғам құрамы: §3. Мыналар қоғам мүшелері бола алады: а) кəмелеттік жасқа толғандар жəне оқу орындарының оқушылары, төменгі шенді нақты қызметшілер жəне ұрлық немесе алаяқтық жасағаны үшін сот арқылы құқығы шектелмегендер. §4. Қоғам мүшелері нақты (действительных) жəне құрметті (почетных) жаздырып алушыларға бөлінеді. §5. Қоғам кассасына жыл сайын бес сомнан жарна төлеп тұратындар қоғамның нақты мүшелері болып табылады. §6. Қоғам үшін айтарлықтай көмек немесе ерекше қызмет көрсеткен жəне осы шенге қоғам мүшелерінің жалпы жиналысымен сайланған адамдар қоғамның құрметті мүшелері болып табылады. §7. Қоғам кассасына бір рет кемінде жүз (100) сом өткізген адам оның өмірлік мүшесі болып саналады. §8. Қоғамның бастапқы құрамы, жарғының бекітілуімен бірге, қоғамның мүшелерін жазу жəне басқармасын сайлау үшін тез арада жалпы жиналыс шақыратын құрылтайшылардан құралады. §9. Таяудағы жалпы жиналысқа дейін өзіне тиісті жылдық жарнасын төлемеген қоғам мүшесі ол жиналысқа қатысуға құқықты болмайды,
қоғам құрамынан рұқсатпен шығарылғандар, жалпы негізде оған қайтадан кіруге құқықты болып саналады. Қоғам қаржысы: §12. Қоғам қаржысы мыналардан құралады: а) ақшалай, кітаптай жəне заттай қайырымдылық көмектен; ə) оқырмандық жарналардан жəне кітап, журналдарды үйге алып оқығаны үшін төленетін ақыдан; б) тиісті рұқсат арқылы кітапхана-оқу залының пайдасына ұйымдастырылатын ашық (публичный) оқулардан жиналған кірісінен. §13. Кітапхана-оқу залының үйге кітап, газет, журнал жəне басқа басылымдар алғысы келетін адамдар жаздырып алу ақысын төлейді. §14. Жылдық жаздырып алушылар мыналарды төлейді: І санаттылар — бес (5) сом, ІІ — үш (3) сом, ІІІ — бір (1) сом; айлық: І — 50 тиын, ІІ — 30 тиын жəне ІІІ санаттылар — 10 тиын төлейді. §15. Қаржының жұмсалуы мүшелердің жалпы жиналысының рұқсатымен шешіледі, мұндай шешім қоғам сметасын əр жылға құрудың құралы ретінде жалғасын табуы да мүмкін, сондай-ақ сметалық болжамдарды құруды жиналыстың ерекше бекітуіне тəуелсіз де жүргізуге болады. Қоғам əкімшілігі: §16 Кітапхана-оқу залының істеріне мыналар жетекшілік етеді: 1) қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы; 2) басқарма жəне §24-тың негізінде басқарма сайлаған адам. Қоғам ережесі: §17. Басқарма Петропавл қаласында болады жəне кезекті жиналыс үш жылға сайлаған 12 мүшеден тұрады. §18. Басқарма мүшелері өз ортасынан төраға, оның жолдасын, қазынашы мен хатшыны сайлайды. Соңғы екі қызмет ерекше түрде, əр рет жалпы жиналыстың қаулысы бойынша бір адамға берілуі мүмкін. §19. Басқарманың барлық мүшесі қоғам үшін қалтқысыз (қайтарымсыз) қызмет етеді; кеңсе шығындарына қажет сома басқарманың ұсынуымен жалпы жиналыс арқылы анықталады.
§20. Басқарма төрағаның тақырып бойынша жиі немесе басқарма мүшелерінің үштен бірінен кем емес санының талап етуімен шақырылуы мүмкін. §21. Басқарма отырысы нақты өтті деп саналуы үшін оған төрағаны санамағандағы мүшелерінің кемінде ½ бөлігі қатысуы тиіс. §23. Кітапхана-оқу залын уақытша басқаруды басқарма өз мүшелерінің біреуіне, ерекше жалданған кітапханашыға тапсырады; меңгерушінің міндетіне: каталогтер жүргізу жəне кітапхана-оқу залындағы тəртіпті бақылау жатады. §24. Басқарманың міндеттеріне мыналар кіреді: кітап, журнал, газет жəне басқа басылымдарды жаздырып алдыру; ақша, шаруашылық жəне əкімшілік бөлімдерге басшылық ету, ақша жəне материалдық есеп берушілікті жүргізу, оқу залында да, сондай-ақ үйде де кітап, журнал, газет жəне басқа басылымдарды пайдалану тəртібі жөніндегі ережені дайындау жəне оны бекіту үшін жиналысқа ұсыну, қоғам мүлкін күзету; қоғам қаржысын жақсартуға бағытталған шараларды іздестіру; кітапхана-оқу залының пайдасына кітап, ақша, зат түрінде берілген қайырымдылық көмектерді қабылдау, кітапханаоқу залының жақсаруы туралы мəліметтерді жинау; кезекті жиналысқа өтіп бара жатқан жыл туралы жылдың есепті жəне алдағы жылға арналған смета жобасын ұсыну; бекітілген ережелер мен үкіметтік өкімдерді кітапхана-оқу залының орындауына жауапты адамдарды міндеттерімен хабардар ету. Ескерту: кітапхана-оқу залын басқаруға жауапты ретінде сайланған адам, бұл қызметке Ақмола губернаторы арқылы бекітіледі. Тексеру комиссиясы: §30. Тексеру комиссиясы жыл сайын мүшелердің жиналысымен сайланатын үш адамнан тұрады. Комиссия төрағасын ол өз мүшелерінің ішінен сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің бірі ауырған немесе мерзімінен бұрын мүшеліктен шыққан жағдайда, оған сол ретпен жəне сондай мерзімге үш кандидат сайланады. §31. Тексеру комиссиясы үш айда бір рет қоғамның қаржысын, мүлкін жəне кітаптарын тексеріп отыруға міндетті.
§32. Тексеру қорытындылары туралы комиссия мүшелері тексеру кітабына белгі соғады. Жалпы жиналыс: §33. Жалпы жиналыс əдеттегі жəне төтенше болады. Əдеттегі жиналыс жылына бір рет қарашаның соңында немесе желтоқсанның басында, төтенше кейiнгiге қалдыруға болмайтын мəселелердi шешу керек болғанда шақырылады. §34. Жалпы жиналысты басқарма төрағасы ашады. Жиналыс төрағасы болып əр рет жиналыстың өзінде ерекше адам сайланады. Жиналыста басқарманың есебі қаралатын немесе оның қызметіне байланысты шағым тыңдалатын жағдайда басқарма құрамына кіретін адам жиналыс төрағасы бола алмайды. §35. Жалпы жиналысқа, басқарма мүшелерін санамағанда, Петропавл қаласында тұратын қоғам мүшелері санының 1/ інен кем емес адам қатысқанда ғана жалпы жиналыс өтті деп есептеледі. §38. Жалпы жиналыстың қарауына мыналар жатады: 1) басқарма ұсынып, тексеру комиссиясында алдын ала тексерілген жылдық есепті қарау жəне бекіту; а) алдағы жылға арналған сметаны бекіту; ə) басқарманың жəне тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау; б) кітапхана-оқу залының жұмысын жақсарту шаралары жөніндегі өтініштерді қарау жəне бекіту; в) Жарғыны өзгерту, толықтыру мəселелерін шешу; г) жылжымайтын мүлікті алу, кепілдікке қою немесе есептен шығару туралы мəселелер; ғ) басқармаға, тексеру комиссиясына жəне жекелеген қосымша тұлғаларға арналған нұсқауларды бекіту; д) қоғамның жабылуы немесе оның мүлкінің жойылуы мəселелерді шешу; ж) қоғам құрамынан мүшелерін шығару; з) басқарманың жəне тексеру комиссиясының билігінен тысқары тұрған барлық мəселелерді шешу. §40. Төтенше жиналыстың бір аптадан кеш емес уақыт бұрын оның мүшелеріне хабарланатынын, ашылу күнін басқарма анықтайды. Жұмыс ережелері:
§41. Қоғамның татар жəне орыс тілдерінде атауы жазылған мөрі болады. §42. Қоғам, өзінің басқармасының атынан кез келген түрдегі, жылжымалы жəне жылжымайтын мүлікті алуға құқықты, келісімшарттар жасасып, міндеттемелер қабылдай алады, сотта іздейді, жауап береді, мүлік сала алады. §43. Қоғамды жабу немесе қажеттілігі мойындалған жағдайда, қызметін тоқтату керек болғанда, оның мүлкі қарыздарды өтеу үшін жалпы жиналыстың қарауына өтеді, ол қалған мүлікке тиісті қызмет белгілейді. §44. Осы жарғыға өзгертулер мен толықтырулар 1909 жылдың 4 наурызындағы Уақытша ережеге сəйкес жасалады. 1909 жылдың қазан айында Петропавл кітапхана-оқу залы мүшелерінің құрылтай жиналысы болды. Оған 28 адам қатысты, көптеген адамдар əртүрлі себеппен қатыспады. Басқарма сайланып, оған мыналар кірді: Саид Хамзинович Сутюшев — төраға, Галим Рахметуллович Тюменев — қазынашы, Рахметулла Матигуллович Нигматуллин — төраға серігі, Хафиз Гиреевич Максютов — хатшы, Зариф Абдуллович Ялымов — хатшының көмекшісі, Закир Галеев, Хасан Файзуллович Бичурин, Мир Якуб Дулатов (Міржақып Дулатұлы. — ауд.), Мұхамед Камал Шамсутдинов, Хафиз Фахшакутдинович Урманов, Ахметжан Абдуллович Акчурин, Закиржан Альханов — басқарма мүшелері, басқарма мүшелігіне кандидаттар: Ахмет Вали Мұхаметжанович Ибрагимов, Салмақбай Күсемісов, Галим Исаев. Сонымен бірге жиналыс жоғарыда аталған кітапхана-оқу залын ашуға арналған барлық қажетті қаржыны пайдалану жəне оны ашу үшін басқармаға өкілеттік беруге қаулы етті. Құжаттың соңына мыналар қол қойды: төраға С.Сутюшев, хатшы М.Дулатұлы, жиналыс мүшелері: А.Акчурин, А.Ибрагимов, З.Галиакберов, Х.Мухмедьяров, М.Рахматуллин, З.Ялымов, З. Тойматов, Ш.Ялымов, С.Загидуллин, Х.Максютов, Ш.Юнусов, А.Усманов, Х.Залялутдинов, Ф.Сабитов,
Г.Хуснутдинов, Р.Нигматуллин, М.Галимов, Х.Бичурин, Х.Урманов, Н.Хакимов, Г.Тюменев жəне Г. Нигматуллин. Бұл жерде мұсылман кітапхана қоғамы басқармасының құрамына жəне оның хатшысы болып Міржақып Дулатұлының сайланғанын атап өту маңызды. Оның кітапқа деген қарымқатынасы ерекше болды. Белгілі башқұрт журналисі əрі қоғам қайраткері Б.З.Максютовтың туысы Хафиз Гиреевич Максютов те көңіл аударуға тұрарлық. Максютовтердің біреуі Мемлекеттік Думаның мүшесі болды. Кітапхана ұйымдастырушылары мен белсенділерінің ішінде Дəулеткелдиевтердің бірінің фамилиясының болмауы түсініксіз. Петропавлдағы мұсылман кітапханасын ұйымдастыруға ынталы топты асықтырған алаңдаушылықтары да болды. Уақыт, Дала өлкесіндегі жалпы жағдай асығуға мəжбүр етті. Құрылтай жиналысынан кейін бірнеше күн өткенде қоғам басқармасының кезекті отырысы болды. Осы отырыстың хаттамасы сақталған, онда былай көрсетіліпті: 1909 жылдың 14 қазаны. Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залын ұстау қоғамы басқармасының мүшелері осы күні өткен жиналысында, мүшелер санының 1/ -інен кем емес құраммен төраға етіп Саид Хамзинович Сутюшевті, төрағаның серігі етіп Рахметулла Матигуллович Нигматуллинді, қазынашыға Галим Рахметуллович Тюменевті, қазынашының көмекшілігіне Хасан Файзуллаевич Бичуринді, хатшылыққа Хафиз Гиреевич Максютовті, хатшының көмекшілігіне Зариф Абдуллович Ялымовты жəне жауапты адам ретінде Мир Якуб (Міржақып. — ауд.) Дулатұлын сайлады жəне осы құрамды Ақмола губернаторы мырзаның бекітуіне ұсынуға қаулы етті. Сонымен бірге басқарма Петропавл қаласының полицмейстері мырзаға, қоғам қызметін ашуға байланысты кітапхана-оқу залы үшін ыңғайлы пəтер жалдау жөнінде өтініш беруге басқарма төрағасы С. Сутюшев пен басқарма мүшесі А.Акчуринді өкілетті етіп қаулы қабылдады; қазынашы Г.Тюменев мырзаға қазынашының көмекшісі Х.Бичурин мырзамен бірлікте қажетті кеңсе жабдықтарын алуға өкілеттік етті. Төраға С.Сутюшев, төраға серігі Р. Нигматуллин, қазынашы Г.Тюменов, хатшы Х. Максютов, басқарма мүшелері: М.Дулатұлы, З.
Ялымов, А. Акчурин, З.Алеев, З.Альханов, Х. Бичурин. Жазылғанға сену керектігі “қаулымен бекітілді”. Түпнұсқа дұрыс: Төраға С.Сутюшев, хатшы Х.Максютов”. Төраға С.Сутюшев қол қойған жиналыс хаттамасында: “Ақмола облысының қоғамдар туралы кітабында 1908 жылдың 25 шілдесі күні №12-нөмірмен тіркелген қоғам жарғысының §27-негізінде, 1909 жылдың 14 қазанындағы жиналыста белгіленген ережелер мен үкімет өкімдерінің кітапхана-оқу залының тарапынан орындалуына жауапты етіп, өз кезегінде келісімін білдірген Торғай уезі, Сарықопа болысының 25 жастағы қырғызы Мир Якуб (Міржақып. — ауд.) Дулатұлы бірауыздан сайланды”. Екі күннен кейін Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залын ұстау жөніндегі Қоғам басқармасы мүшелерінің губернаторға өтініші жіберілді, онда былай делінген: “Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залын ұстау жөніндегі Қоғам басқармасы 1909 жылдың 19 қазанындағы жиналысында, Ақмола облыстық қоғамдар туралы кітап бойынша 1908 жылдың 25 шілдесінде №12-нөмірмен тіркелген қоғам жарғысының §24-бабы негізінде, белгіленген ережелер мен үкімет өкімдерінің кітапханаоқу залының тарапынан орындалуына жауапты етіп, өз кезегінде келісімін білдірген, Торғай уезі Сарықопа болысының 25 жастағы қырғызы Мир Якуб (Міржақып. — ауд.) Дулатұлын бірауыздан сайлады. Жоғарыда айтылған мəліметтерді Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңызға жеткізе отырып, сонда айтылған Мир Якуб Дулатұлын Петропавл мұсылман кітапхана-оқу залының жауапты адамы етіп бекітуді Қоғам басқармасы, Сіздің жоғары құзырыңыздан өтінеді. Ақмола облысының Петропавл қаласы, 16 қазан, 1909 жыл. Басқарма төрағасы С.Сутюшев, хатшы Х. Максютов”. Петропавл қаласының полицмейстері 1909 жылдың қазанындағы Ақмола губернаторына берген баянатында (рапорт) былай деді: “Мұсылман кітапхана-оқу залын ұстау жөніндегі Қоғам басқармасының Мир Якуб Дулатұлын кітапхана-оқу залын басқару бойынша жауапты адам етіп сайлау туралы өтінішін бекіту үшін оны хаттамасымен қоса Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңызға осы баянатпен бірге ұсынамын. Сонымен бірге мынаны баяндаймын:
Дулатұлы 1884 жылдың қараша айында туған, Торғай уезі, Сарықопа болысы, №1-ауыл қырғызының ұлы, Торғай орыс-қырғыз екі сыныпты училищесінде тəрбие алған, бұл туралы 1901 жылдың 3 мамырындағы №61-куəлігі жəне қостанайлық инспектордың ауыл мектебінің мұғалімі шенін берген 1902 жылдың 1 маусымындағы №46-куəлігі бар. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Омбы уезі, Қорған болысы, Арқалық ауыл мектебінің мұғалімі болып қызмет еткен, Петропавлда тұрған уақыты ішінде Дулатұлы ешқандай заң ескертпесін алған жоқ. Полицмейстер А. Ганов”. Петропавлда М.Дулатұлы жеке сабақтар беріп, қосымша жұмыстармен де шұғылданды. 1910 жылы Қазандағы Каримов баспасынан оның “Бақытсыз Жамал” романы жарық көрді. Бұл қазақ əдебиетіндегі алғашқы роман еді. Əрине, роман петропавлдық кітапхана оқырмандарының біреулері арқылы басылғаны сөзсіз. Қазанда М.Дулатұлының таныстары ғана емес, дос-жолдастарының кейбіреуінің туыстары да болды. Міне, солар делдалдық рөл атқарды. 1909—1910 жылдар ХХ ғасырдың басындағы аса көрнекті қазақ қайраткерлерінің белсенді қызмет еткен кезеңі болды, сондықтан М.Дулатұлының Петропавл қаласында түркі əдебиеті кітапханасын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдіріп, бастама көтеруі əбден түсінікті. Петропавл мұсылман кітапханасының ашылғаннан кейінгі қызметі туралы үзік мəліметтер сақталған. Кітапхананың ашылуы 1909 жылдың 29 қарашасында болғаны белгілі. Оқиға салтанатты жəне мерекелік жағдайда өтті. Петропавл мұсылман кітапханасының қызметі туралы 1911 жылы татар газеті “Юлдыз” қызықты мəлімет берді. Сол жылы кітапхана татар тіліндегі “Бахыт”, “Юлдыз”, “Нур”, “Баян-улхак”, “Идел”, “Тэржиман голэвэсе илэ”, “Танин” газеттерін жəне “Сират эл-мустаким”, “Эл- мэнар”, “Рэсемле китап”, “Шура”, “Икътисад”, “Дин вэ магыйшэт”, “Ялт-йолт”, “Мулла Насретдин” секілді татар журналдарының тұтас бір қатарын жаздырып алған. Кітапхана орысша басылымдармен, сондай-ақ мерзімдік басылымдарымен де толықты. Сол 1911 жылы ол “Русское слово”,
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 617
Pages: