Белгiлеп бiрiн-бiрi жеңе алмайды. Көлденең ағайындар дəлəлəт128 қып, “Сiз бүйтiп бұзылмаңыз” дей алмайды. Бастаса файдалы iске бiреу шығып, Соңынан көмек берiп ере алмайды. Мал берiп жамандықты сатып алып, Берсең де жақсылықты тек алмайды. Арада фiтнаның өртi жанса, Құйса да туфан129 суын сөне алмайды. Əуре боп бiрiн-бiрi жоғалтам деп, Татулық иттифаққа келе алмайды. Дау десе жаны құмар бейшараның, Онымен һеш бiр нəрсе өне алмайды. Аударып хақ фиғылын бұзықтыққа, Жүре алмай түзулiкпен оңалмайды. Береке кəсiбiнде болмаған соң, Түзелiп һеш шаруасы оралмайды. Бiреуi бiреуiнен артық болса, Бiр-бiрiн илтифатпен тең алмайды. Дұшманы сырттан болған жесе дағы,
Онда да тiзе қосып кек алмайды. Жамандап бiрiн-бiрi мұқатса да, Ешкiмнен мұның жөн деп шен алмайды. Х “Құл” десең бидi — күледi, “Құл” десең құлды — өледi. Асыл дегдар130 заттарды Мақтанбай əркiм бiледi. Iшi алтын, сырты мыс Бiлмегенсiп жүредi. Сезiктi адам секiрiп, Мадақтап өзiн көредi. Тəңiрi жаққан шамшырақ, Су құйсаң қайтiп сөнедi? Намыстанып орынсыз, Абыройын пенде төгедi. Пенденiң тiлi сүйексiз, Жеңiлсе де жеңедi. Орынсыз iске матассаң, Жамандық сонан өредi. Ықылассыз кейбiр надандар,
Тасқа егiн себедi. Ақымаққа айтқан насихат Дəл осымен тең едi. Пендемiн деп жүр мəз болып, Дүниежүзi кең едi. Өскен жiгiт мұрат боп, Кiмге ғибрат бередi. Алтыныңды мыс етiп, Бос сөзден не өнедi. “Аздан тұтын асылды”, — Данышпандар деп едi. Жүгенсiз кеткен бас асау, Айтқанға қайтiп көнедi. Көңiл — батыр, тiл — қорқақ, Айтатын сөзiм көп едi. XI Қыздырмалы қызыл тiл Түбiңе жетер — соны бiл! Файдасы жоқ тиындай, Сөз байлығы — дария Нiл. Күле кiрiп, күңiрене
Үйiңнен шығар ол құрғыр. Көз алдыңда бiртүрлi Шыға берiп шашар сыр. Тiлiмдi алсаң, жiгiттер, Ондайлардан аулақ жүр! Жақтай жүр афзал заттарды, Бейне бiр сөзi — ол бұлбұл. Жарысқа салсаң жаратып, Озатын мыңнан бұл дүлдүл. Саяхатшы бiз пенде, Сайрандауға дүния гүл. Бейхабар жатпа, жас ұлан, Шығып тұр қазiр һəрбiр түр. Һүнерден алып үлестi, Халыққа шашсақ болар нұр. Қатын-бала асырап, Мал жиғаның былай тұр. Хайуаннан артық қай жерiң, Надан болып жүрсең құр. Жақсымен өткен мəжiлiс, Бiр сағаты — бейне жыл.
Жаманның сенбе сөзiне, Тайдырып кетер жiңiшке қыл. Дегенге “доспын” тез нанба: Сырын бiлiп, көңiл бұр. Аяғыңды байқап бас, Кез келмесiн қазулы ор. ХII Шiкiрейiп, я жiгiттер, кетпелiк, Инсанлыққа ерсi жұмыс етпелiк. Қарастырып халық файдасын жабылып, Көмек берiп мұхтаждарға көптелiк. Файдасы жоқ исрафтан131 бой тартып, Керексiзге бекер малды төкпелiк. Қадари хал бiреу шықса талапкер, Рəд132 қылып хəсəдлiкпен сөкпелiк. Қайда қалған өткен заман қызығар? Омыраулап күшке салмай, ептелiк. Əлдеқандай заман болар алдыңда, Ғафилдықта бекер шулап өтпелiк. “Мынау керек” деген iстен құр қалмай,
Нашар iстен шама келсе шеттелiк. Халыққа келсе мүбада бiр таршылық, Мұны, əлбетте, басқа демей, дерт делiк. Сүйекке сiңсе, файда бермес, жамағат, Жақындатып бойымызға ертпелiк. Тың кезiнде қалған жақсы қимылдап, Тұрса тəуiр үнемi бiзге ерiк берiп. Кiрiспекшi болсаңыздар бiр iске, Уəденi бұза бермей, ет берiк. “Мынау iсiң хата”, — деген кiсiнi “Сөктi менi”, — дей көрмеңiз жек көрiп. Басқаларды кемге тұтпа, мырзалар, Өзiңдi-өзiң əлдеқандай биiк көрiп. Екiжүздi бола көрме, асылым, Сырттан сөгiп, мəдах айтып бет көрiп. Ертеңiне қалма ұмытып, шыншылым, Достарыңа бүгiнгi күн серт берiп. Сырты дос боп жүрген болса, iшi жау — Ондай итке: “Маңайымнан кет”, — делiк. ХIII Ғибрат жаздым жасқа еткен талап,
Қасыңнан ұран салып өттiм жанап. Желiкпей, жүйрiк болсаң тұра алмассың, Кермеде арғымақтай тұрған жарап. Һəр баптан шешен болсаң сөйленерсiң, Бұлбұлдай бақшадағы бейне сайрап. Күнiнде қызғылықты қимылдап қал! Тiл мен жақ, байланарсың бiр күн əлi-ақ. Һүнерден, бозбалалар, үлес алмай, Махұрым үйде отырып қалма қарап. Сен өсiп кəмалатқа жеткенiңше, Базары бұл ғылымның кетер тарап. Тарылып дiн, дүниемiз бара жатыр, Япырмау, бiлген бар ма — мұны ғажап? Ойламас ертеңгiсiн не болар деп, Салынып жалқаулыққа бiздiң қазақ. Һəр түрлi кемшiлiктi ғибрат қып, Етедi басқа жұрттар бiздi мазақ. “Бекер” деп құр кеудеге сала бермей, Бiзге де лайық қой мойынға алмақ. Жарысып жұрттың бəрi һүнерменен, Болып тұр қалам, сия қару-жарақ.
Бiлiмдi — мыңды, бiлектi — бiрдi жығар, Халықтың артуына һүнер сəбəп. Тəуфиқлы133, инабатты болсаң, жiгiт, Құрметтер халық сенi дəрежелеп. Уəғдасыз өтiрiкшi болсаң мəгəр, Бəддұға134 оқыр саған һəркiм қарап. Афзалын мiнез-фиғыл, жүрiс-тұрыс, Лайық мұның бəрiн алсаң таңдап. Сырың бiр, қырың сегiз болсын, құрбым, Бұл өзi бозбалаға ауыр салмақ. XIV Басылсын халыққа тарап бұл книжке, Жазылған келгенiмде жиырма беске. Кəдiрлеп сөз асылын танығандар, Қолына ала отырсын мəжiлiсте. Өзiммен мəсiлəктес құрбыларым, Көтерiп лақабымды алсын еске. Мағыналы сөзiм терең болмаса да, Бiр əсер бермейдi деп үмiт кеспе. Мiржақып бар сөзiмен базар ашты,
Жиылып, һүнерпаздар, кел кеңеске. Сынына бiлгiштердiң сөздi салып, Болмайды “ғақыл, совет” бер демеске? Өзiңдi биiк ұстап менмен болып, Лайық па емтихан ғып тергемеске? Тал түсте қойға қасқыр шауып жатса, Дұрыс па көре тұрып үндемеске? Һəр iске өз формынша баға берiп, Хиянат — терiс, ғадiлдiк — шын демеске? Бiлiмсiз топас болсаң мойынға алып, Бола ма ғайрыларға “бiл” демеске? Iс iсте татулықпен басың қосып, Файда жоқ құр шулаған ерегiсте. Шамаңнан келмес жерге бой көрсетпей, Бұлданба өз қолыңнан келер iске. “Фəленше бiлсiн” деген сөзге мəз боп, Мырзалар, тiлiмдi алсаң елеуреспе! Жұмысқа абыройсыз қатынаспай, Бел байлап тəуекел қыл жеңер iске. Һəр iске һүнер, хəйлə керек болар, Тiл алсаң — омыраулап салма күшке.
Бұл сөзiм илтифатсыз босқа қалып, Түбiнде қалып жүрме өкiнiшке. XV Көңiлi бозбаланың ашылғандай, Құмары кəрiлердiң басылғандай. Лəззаты көпке бiрдей сөз шығардық, Халыққа файда берiп шашылғандай. Һəркiмнiң қышуына тие сөйлеп, Мəдахлап дəрежеңдi асырғандай. Сөзiңмен дұшманды азайт, досты көбейт, Тасалап ғайыбыңды жасырғандай. Һүнермен құрбы iшiнде көсемдiк қыл, Өзiңе мұхтаж келiп асылғандай. Артылып достарыңның махаббаты, Болмасын дұшпандарың басынғандай. Жақынсып жұртқа тегiс сене берме, Бiлдiң бе, досың қандай, қасың қандай? Болмаңыз көрсеқызар көрiнгенге, Байқаңыз: фасық қандай, асыл қандай? Енеңдi шыға берiп кетер боқтап, Көзiңше болса дағы бас ұрғандай.
Хафада жұрттың көбi жүр əуре боп, Мақсұды көңiлiндегi хасыл болмай. Арыстандар айға шауып мерт болып жүр, Ғайраты бойға сыймай ашынғандай. Бұл күнде көбi хор боп жүр емес пе, Шаһбазлар қалың жауды қашырғандай? Файда жоқ iрiлiкте, байқасаңыз, Көз жiбер: олақ қандай, тəсiл қандай? Фасықтар ер қадiрiн қайдан бiлсiн, Көрмейдi ой жiберiп нəсiл қандай? Файдасыз мылжың сөздi һəркiм айтар, Келмейдi сөздiң нəшi асылданбай. Һəммəсiн бұл айтқанның байқамайсың, Өзiңе-өзiң, жiгiт, қасың бардай. ХVI Əфəндiм, хата қандай, анық қандай? Бұл күнде көз жiберсең, халық қандай? Iлгерi басқан аяқ керi кетiп, Хафада жəрдем таппай тарыққандай. Арасы — аспан менен жер секiлдi, Мысалы, қараңғы мен жарық қандай?
Хиянат ғадiлдiкпен жанасар ма, Байқасаң, арасында фəрқ қандай? Бенденiң бiрi — күштi, бiрi — нашар, Өлшесең, жоқтық пенен барлық қандай? Берер ме қойшы болып қасқыр уафа, Iзгiлiк залымдықтан ғалəб135 болмай? Жақсы мен жаман кеттi араласып, Фиғылын һеш адамның танып болмай. Өкiнiш күн өткен соң бермес файда, Ғылымның шəрбəтынан қанып қалмай. Тұрғанда тəн сəламат неге отырсың, Жерiңе көңiлге алған барып қалмай? Жармасып жағаласпай дəнеме жоқ, Тиесiлi сыбағаңды алып қалмай. Жұмсайтын һүнер орны кез келгенде, Зəрəшə136 болса дағы салып алмай. Көз жiбер һəр нəрсенiң асылына, Сөзiне алдаушының нанып қалмай. Жастықта не қылсаң да жарасады, Қартайып күнiң болар жалыққандай.
Қан түссе аяғыңа озар мəстек, Осындай аманында шауып қалмай. Бел байлап тəуекелмен жұм көзiңдi, Ешкiмнен жүрексiнiп хауыфланбай. Ғазиллер хафалықта жүр əуре боп, Һеш нəрсе бұл уақытта анықталмай. XVII Болады Торғайский уəлаятым, Тайфам — арғын, Мадияр — асыл затым. Бұл сөздiң мұхаррирi һəм наширы, Дулат-оғлы Мир-Яғкуб — өзiм атым. Зəрəшə халыққа файда келе ме деп, Бұл еткен сол ниетпен қызметiм. Қиыстырып қадари хал айттым назым, Көтерiп оқушының көңiл шатын. Сөзiмдi жауып қоймай халыққа тарат, Тiлейтiн құрбылардан бiр хəжəтiм. Майданға сөздi салып құрдым дүкен, Һəр iстiң тəңiрiден деп қабулəтiн. Һүнерге жүрмiн сусап, құмарланып, Ғылымның аз татқанға лəззатын.
Тағлим, тəртiп үшiн жүргендеймiн, Iздеумен жерi болса табылатын. Школға берген едi атам марқұм, Заманның түрiн көрiп тарылатын. “Орыстың тiлiн бiлiп, хатын танып, Бiреуге болмасын, — деп, — жалынатын”. Болғай-ды жайы — жаннат, иман — кəмiл, Бихисаб еткей Алла рəхмəтiн. Аз бiлген ғылымымның саясында, Миллəтке қызмет ету ижтиһадым. Бiлдiру бiлмегенге бiлгенiмдi, Өзiмнiң деп бiлемiн зор мiндетiм. Мен жүрмiн жиһан кезiп, халық аралап, Жүруге күн болар деп жалығатын. Һəр елдi өз көзiммен көрейiн деп, Себеп боп мұталиғам137 ашылатын. Үлгiлi жақсылардан өрнек алып, Мақсұдпен арттыруда мағрифатым. Көп файда аз ғылыммен көрсетпесе, Көп бiлiп кiм болады Əфлатон? Файдасыз ғылымда жоқ ешбiр уафа,
Iшуге ащы судай жарамайтын. Болғайсың таудан аққан тəттi бұлақ, Ыстықта шөлдегендер жабылатын. Қысылған мұқтаждарға жəрдем берiп, Халықтың өзiңе аудар махаббатын. Қадiрiң дос-жарларға болсын сондай, Сыртыңнан көрмегенде сағынатын. Өскенде һүнер табам деп ойлама, Һəрнешiк күнiң осы талпынатын. Зиһiнiм138 хайыршының дорбасындай, Қайткенде артылады мағлұматым? Жастықтан қызғылықты болар заман Я өлiп, я қартайып айырылатын. Исмағил Гаспринскийдің айтқан сөзі “Тəржиман” газетiнiң мүхəррирi машһүр Исмағил Гаспринский жəнəблəрi бiздiң қазақ халқына жаны ашып, өзiнiң газетасының 1909 жылғы 46-нөмiрiнде төмендегi сөздердi жазған. Кейбiр түсiнуге ауыр лұғатларын139 қазақша етiп жаздым. Гаспринский жəнəблəрi жазады: “Келсе сабан — бiтер шобан, жетсе заман — үйiрiмiз аман”. “Аральскийден Ақмолаға шейiн һəм онан да əрi Ташкенттен Алматыға уə Семипалатқа кəдəр140, яғни Руссиядан қазақ iштерiне, Түркiстаннан Сiбiрге шейiн темiржолдар салынуы мiзакир141 етiлiп жатыр. Шəһəрде тұратұғын халықтар, хсусан
саудагерлер һəм үкiмет те осылайша болуын ұнатады. Олай болғанда, бес-он жылдың iшiнде темiржолдар тартылып, отарбалар, вагондар қазақ даласының басынан кiрiп, аяғына шығашықдыр. Мағлұмат ғой, темiржолдарымен көп сатушы, алушы, жер алу үшiн хохолдар селдей ағып келедi. Малдың, жердiң, судың бағасы бұл күнгiсiнен он есе көтерiлмек, сауда iстерi де үлкен өзгерер, iлгергi халдерiн ойламаушылар һəлəк142 болашақ. Не үшiн десеңiз, бұл күнге шейiн қазақ қала салып бiр жерде отырмай, һəман мал бағып көшпелiкте жүр. Руссиядан үстi-үстiне көшiп келген мұжықтар қазақтың жақсы жерлерiне орнығып, қазақтар шөл далаға шығып қалар. Жерi тарайса, малдың өрiсi қысқарар. Өрiс қысқарса, күннен-күнге аяқты мал азаяр. Бұлай болғанда — қазақтың əуелi малы кемiп, бастарына зарар болар. Құдай өзi сақтасын! Мұның һəммəсiн көре тұрып, ғафил жату адамшылыққа лайық емес; қазақтар атамекен жерлерiн, қыстау, егiндiктерiн жақсы сақтасын. Бұрынғы көп жерiнен айырылып қалғандары өздерiнiң қазiргi сыбағасына тиген жерлерiн тəрбиелеп, ноғай, сарт, орыстарша егiн салсын. Неге десеңiз, бұл заманда байлық аяқты малда емес, егiнде қалды. Бұл өткен қырық-елу жылды көзiнен кешiрген қазақ бауырларымыз аз фəһiм жiберсе, бұл сөздi аңғарар. Сөз басында “Келсе сабан — бiтер шобан” дегенiмiздiң мəнiсi: бұрынғы уақытта бiздiң Қырым халқының көбi дəл қазақ секiлдi мал асырап, көшiп жүредi екен. Араларына орыстар, немiстер келiп, қала болып, егiн сала бастаған соң, бұлардың малдарының өрiсi тарылып, бiздiң сол мал баққан халқымыз елу жылдың iшiнде тамам жойылды десек жарайды. Бұл күнде қабiрлерiнiң де қайда екенi мəлiмсiз. Бұл күнгi Ставрополь, Екатеринослав, Херсон, Бессарабия губерниялары түгел түрiк жерлерi едi. Қазiрде ол жерде һешбiр ауылымыз қалған жоқ. Олардың бастарына бiр қырғын келген жоқ, мағлұм мал бағатын жер- суынан айырылған соң азып-тозды. Бiзге анық мағлұм, бұл жазған сөзiмiздi мыңнан бiр қазақ оқымас, оқыған болса, бұл күнге шейiн мұндай қызғанышты халде қалмас едi. Бинай ғалия, бұл сөздi кiм үшiн жазамыз? Қазақтан болған молдалар, саудагерлер, мұғалiмдер, ғылым жолында жүрген жастарды көздеп һəм
көңiлде тұтып жазамыз. Құдайдың əмiрiмен қазiрде Қожа Ахмет Иасауи хазiретлерi қабiрiнен тiрiлiп шықса, қазақ халқына дiн үйретпес едi. “Өздерiң де мұсылман екенсiңдер”, — деп, дүлдүлiне мiнiп алып, Қара Едiлден Алатауға, Омбыдан Əмударияға шейiн қазақ бар жердi аралап: “Тез жұрт салып, шəһəр болыңдар, егiн саймандарын алып, жер жыртыңдар”, — деп жар салар едi. Басында ми, көңiлiнде сəулесi бар һəр кiсiге қадари хал жəһiд етiп қазақ халқын оятуға, қала болып, егiн салуға қызықтыруға мiндет. Қазақ iшiнде иман болушылар бес уақыт намазды оқытуға қандай қылса, бұл iске де сондай жəһiд қылсын. Егер қазақ халқы таршылықтан қырғындық тапса, қабiр басындағы тастарға молланың не қажетi бар, намаздың не қажетi бар? Жоғарыда моллалар, саудагерлер, мұғалiмдер деп едiк, сөз ақырында қазақтан болған социал-демократтарға бiрауыз сөз айтамын. Еуропаның пролетариясы үшiн қанды жастар төгуiңiз пайдалы, бiрақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқы мазлұм143, күнелтуi ауыр, сонда да — алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бiр ұлы бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жəрдемсiз азып-тозып кетер”. “Мəрхамат”144. Сөз ақыры Жақындап келдi сөзiм тамамына, Ұсындым сынаушының назарына. Орынсыз хатам болса көрсетiңiз, Ғибрат еске түсiп аларыма. Бұл сөздi жазғаным жоқ ақын болып, Халық тентек, жалғыз өзiм мақұл болып. Қайғы мен хал мүшкiлiн бiлдiргенiм,
Ұйқыда жұрт жатқан соң ғафыл болып. Қазақтың өзiм дағы баласымын, Бiлемiн сол себептi рəсiмiн. Хəйламен қақпан құрған жауды көрiп, Терiс пе сiзге келiп сыр ашуым? Мұсанниф145 һəр халықтан өткен сайрап, Заманның кемшiлiгiн айтқан зарлап. Үзiлмей данышпандар шығып жатыр, Миллəтке жаны ашып, ғамын ойлап. Орыста Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Крылов, Тургеневтер кеткен өтiп. Қартайып бұл уақытта Толстой тұр, Өзiне мəсiлəктес ерлердi ертiп. Қазақта бұлар теңдес бар ғой шешен, Халықтан мойны озып болған көсем. Семейден шықты Ыбырай Құнанбаев, Сөзiнде хата бар ма сынап көрсең? Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, Сөзi алтын, мағынасы меруерттей. Оқыған ғибрат алып жас жiгiттер — Һəммəсi өз халқына қызмет еткей.
Оралдан Əбубəкiр молла шықты, Омбыдан Қыпшақбайдай жорға шықты. Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр, Шөже, Орынбай, Мəшһүр Жүсiп о да шықты. Бұлардың һəрбiр сөзi файдаға асқан, Һүнерiн хатқа жазып халыққа шашқан. Мақтап өлең айтпаған нəрсе алуға Ғажайып хикмəттiң146 кiлтiн ашқан. Бұлардан басқа ақын көп, сөз бұлдаған, Бергендi мақтап, сараңды жамандаған. Есiмiн оның үшiн жазбаймын мен, Болған соң хадимлардан саналмаған. *** Һəр баптан бiлгенiмдi жаздым сорттап, Барыма қанағат ет деме жоқтап! Артуын абыройдың хақтан тiлеп, Етiлдi сөз мұхтасар,147 қалам тоқтап.
Notes [←1] “Қырғыз сөзі” бұл жерде және бұдан әрі қазақ деп оқылады. — ауд.
[←2] Жер атаулары мен адам есімдері түпнұсқаға сәйкес берілді. — ауд.
[←3] М. Дулатұлының шығармаларынан келтірілген үзінділер осы кітаптың орыс тіліндегі түпнұсқасынан аударылды. — ауд.
[←4] Міржақып Дулатұлы өлеңдерінің мазмұны цензорлық редакцияның орысша жолма-жол аудармасы негізінде қазақшаланды. — ауд.
[←5] ғүмуми — жалпы.
[←6] ғәжәйiп — таңырқарлық.
[←7] уә — және.
[←8] ғәрәйiп — керемет, таңсық.
[←9] чүнки — өйткенi.
[←10] ғафил — бiлмеу, бiлiмсiз.
[←11] һүммәт — ынта, талап.
[←12] зарар — зиян, залал.
[←13] үстiн — үстем.
[←14] әмлһилә — тiлегiмен.
[←15] үшбу — осы.
[←16] рисәлә — шығарма, кiтапша.
[←17] һүнер — өнер.
[←18] фида — құрбан.
[←19] тәрiк — безу.
[←20] милләт — ұлт.
[←21] жәһидлай — ынта.
[←22] жиһан — әлем, дүниежүзi.
[←23] мәзһәп — дiн тармағы.
[←24] фәқир — кедей.
[←25] фiтнә — сұмдық, қулық.
[←26] рамат — салық.
[←27] мағишат — тiршiлiк, тұрмыс.
[←28] зарарат — зиян.
[←29] фаш — белгілі болу.
[←30] инафат — инабаты, қадір-қасиеті.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 617
Pages: