(Башқұртстан) мұғалімдер семинариясын бітірген — Тимофеев; Арғынғазы мектебі — Ақтөбе болысының №2-ауылында, Бестамақ болысына көшірілген (1894 ж.), мұғалімі — Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген Байтұрсынов. Торғай уезінде: Екінші Сужорға мектебі — Шұбалаң болысының №1- ауылында (1893 ж.), мұғалімі — Орынбор Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген Бабин; Қазыбаев мектебі — Қарақоға болысының №4- ауылында (1893 ж.), мұғалімі — Қазақ мұғалімдер мектебінен келген Тобылбаев; Күздік мектебі— Сарықопа болысының №1-ауылында (1893 ж.), мұғалімі — Красно-уфа орыс-башқұрт мектебін бітірген Құлманов; Тосын мектебі — Тосын болысының №6-ауылында (1895 ж.), мұғалімі — Орынбор гимназиясынан келген Тоқтабаев. Ырғыз уезінде: Сасықкөл мектебі — Аманкөл болысының №6- ауылында (1893 ж.), мұғалімі — Қазақ мұғалімдер мектебінің 3- сыныбынан келген Қошақбаев; Қыналыкөл мектебі — Бақсай болысының №4-ауылында (1893 ж.), мұғалімдері — Қазан орталық мектебінен келген Парфенов, Қарабалық мектебінің курсын бітірген — Юсупов; Қызылжар мектебі — Қызылжар болысында, Ырғыздан 40 шақырымдай жерде (1893 ж.), мұғалімі — Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген Айымқұлов; Андықты мектебі — Ырғыздан 18 шақырымдай жерде (1893 ж.); Аралтоғай мектебі — Талдық болысының №2- ауылында (1893 ж.), мұғалімі — Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген Жабағин; Белқопа мектебі — Талдық болысының №1-ауылында (1895 ж.), мұғалімі Қазақ мұғалімдер мектебінің 3-сыныбынан Жəкенов; Соналыкөл мектебі — Бақсай болысының №4-ауылында (1895 ж.), мұғалімі — Қазақ мұғалімдер мектебінен келген, мұғалім шеніне құқығы жоқ Көмеков. Сөйтіп, қысқа мерзімдік уақыт ішінде Торғай облысының бүкіл аумағында, оның ішінде Торғай уезiнде ауыл мектептерiнiң торабы жасалды. Бұл жергiлiктi тұрғындар арасында жалпы бiлiм беру мен мəдениеттi дамытуда жасалған елеулi қадам болды. Өйткенi бұл мектептер, негiзiнен алғанда, алыс түкпірдегі ауылдарда ашылды. Бұл мектептер туралы губернатор Барабаш былай деді: “Менің кəміл сенімім бойынша, тұрғындардың көшпелілік тұрмыс жағдайларына
бейімделген əрі арзан осындай мектеп түрлері ғана қырғыздар арасында орыс білімін таратуға қызмет ете алады. Бұл жүйені енгізуде сəтсіздіктер мен қиындықтар болуы да мүмкін, алайда реформаны табанды түрде жүргізген жағдайда, бұл мектептердің іс жүзіндегі жарамдылығы мен өміршеңдігі фанатик мұсылмандар мен басқа да кедергілердің қарсылығына төтеп бере алады. Бұл тұжырымның бұлтарыссыз дəлелдерін, неғұрлым ұзақ уақыттық тəжірибелерін күтуге болатыны айтпаса да түсінікті...” Тек ауыл мектептерін ашу ғана емес, мұғалімдер құрамын таңдау мен мектепке арналған үй-жай мəселесін шешу де үлкен маңызға ие болды. Мектеп үйлерінің мəселесі əр жағдайда əртүрлі шешіліп отырды, бірақ көп жағдайда мүмкіндігі бар қазақтар өз үйлерін ұсынды, мектеп құрылысы үшін ақша берді. Əулиекөл болыстық мектебі де жаңадан салынды. 1891 жылдың қыркүйегіндегі өзінің ашылған уақытынан бастап мектеп Ұрыскөл көлінің дəл жағасындағы Аманқарағай орманына жақын жерге салынған өз ғимаратында орналасты. Ғимарат құрылысын ерекше комитет жүргізді. Құрылыстан үнемделген ақшаға (2 мың сомға жуық) комитет басшылықтың рұқсатымен, ағаштан аула ішінде Аманқарағай орманының қорықшыкүзетшілері мен жұмысшыларының мектепке қатынап оқитын орыс балалары үшін 40 қосалқы үй (түнде қонатын үй — флигель) салды. Мектеп ашылған уақыттан бастап оның меңгерушісі болып Орынбор мұғалімдер институтының курсын бітірген Гречкин жұмыс істеді. Оның мектеп ісіне деген берілгендігі мен қамқорлығы жергілікті қазақтардың мектепке деген сенімі мен үмітін оятты. Ондағы оқушылар саны əрқашан тұрақты — 25 адамнан болды. Торғай уезінің мектептері қатарында екі сыныпты орысқазақ училищесі, қолөнер кəсібі училищесі, əйелдер орысқазақ училищесі болды. Қарақоға болысында — Жыланшық, Қызылжыңғылды, Алақай; Сарықопа болысында — Бестерек, Екінші Наурызым болысында Айтын мектептерін ашу жоспарланды. Қарақоға мектебіне — сегіз ауыл мен бір мектеп, Сарықопаға бес ауыл мен бір мектеп тиісті болды. Облыстық басқарма Домбар, Бірінші Наурызым жəне Тосын болыстарында мектеп ашуды көздеді. Тосын болысында Бірімжанов
мектеп ғимараты үшін өзінің үйін ұсынды. 1890 жылдың өзінде-ақ шаңырақ басына 20 тиыннан ақша жинау тəртібі енгізілген болатын. Домбар болысының құрметті қазағы Яппасбаев мектеп үшін 1000 сом берді. Қостанайдан Қызбелге Міржақып қуанышты көңіл күймен аттанды. Оның жол қапшығында кітаптар, конспектілер, Педагогикалық сыныпты бітіргені жөніндегі куəлігі мен жұмысқа жіберілген жолдамасы болды. Асқардың үйінде Міржақыптың келуiне орай отбасылық мереке өтті. Туысқандар куəлікті, кітаптарды қарап, бауырлары үшін қуанышты болды. Əсіресе Асқардың қуанышында шек болмады. Əйтсе де байсалды қалпын өзгерткен жоқ. Сарықопа болысының басқарушысы Нақып Тілеулин, би Аққошқар Бисеев, көрші ауылдар билері: №2-ауылдан Батырболат Илегешев, №3-ауылдан Нарбай Қыдыралин, №4-ауылдан Сарбек Тұртығұлов, №6-ауылдан Битан Муйкин, №7-ауылдан Түркебай Қырджиндер Міржақыптың туған ауылына келуін жылы қабылдады. Тағы бір белгілі жай, 1905 жылы Торғай уезінде тек қана үш: Сарықопа, Жыланды жəне Қызылжыңғылды болыстық мектептері болды; 1904 жылы бұл уезде 16 ауылдық мектеп (бұларды болыстық мектептермен шатастырмау керек) болды. Болыстық мектептер неғұрлым қолайлы жағдайды иеленді. Жақсы ғимаратта орналасты, оқу əдебиеттерімен тəуірірек қамтамасыз етілді. Үйде біраз күн демалғаннан кейін Міржақып жолдамасы бойынша мектептегі жұмысына барды. Алайда осы жерде мынадай бір сұрақ туады: Міржақып Дулатұлы 1902—1904 жылдары уездің қай мектебінде мұғалім болып істеді? Бұл сұраққа М. Дулатұлының басылымдарда жарық көрген материалдары жауап бермейді. Жанама дереккөздеріне жүгінуге тура келді. Бұл кезеңдегі екі жыл Міржақыптың өмірі үшін үлкен мерзімге тең еді. Бұл есею жылдары ғана емес, оның дүниетаным негіздерінің қалыптасу кезеңі де болды. Төңкеріске дейінгі басылымдар арасынан Торғай облысының ауылдық орыс-қазақ мектептері туралы ережені таптық, онда былай делінген:
§1. Ауыл мектептері Торғай облысында білім беруді барынша кеңінен тарату жəне оның жылдық шығынын төмендету мақсатында ашылады. §2. Ауыл мектептері өздеріне жақын орналасқан болыстық немесе екі сыныптық орыс-қазақ мектептерінің бөлімшелері ретінде жұмыс істейді, сондықтан сол мектептердің басшылығы мен қамқорлығында болады, ол мектептер: а) өздеріне бағынышты ауыл мектептеріне бөлінген қаржыны жұмсайды, ауыл мектебі мұғалімі мен күзетшісіне айлық жалақысын береді, осы мектепке арналған пəтерақыны төлейді, оқу кітаптарымен, құрал-жабдықтармен, жазуға қажет заттармен, т.б. қамтамасыз етеді; ə) ауыл мектебіндегі оқу-тəрбие жұмысының барысына бақылау жүргізеді, қажет болған жағдайда мектеп инспекторының өкілеттігін пайдаланады; б) мектептер үшін жұмсалған қаржы шығыны жөнінде заңға сəйкес есеп беріп отырады. §3. Ауыл мектептері өзінің ішкі жағдайы бойынша, мүмкіндігіне қарай, қырғыздар тұрмысының жағдайына сəйкес келуі тиіс. Мектеп жабдықтарының көлемі қолапайсыз үлкен емес, көшіп-қонуға ыңғайлы: жиналмалы сынып тақтасы, 2 немесе 4 аласа (жазған кезде пайдаланатын) үстел, есепшоттар, киіз жəне оқу кітаптары мен жазу жабдықтары сақталатын сандық болуы тиіс. §4. Оқу жылы — екі каникул айы сəуір мен қыркүйектен басқа, бүкіл жыл бойына созылады. Сабақ қазан айынан сəуірге дейін (жалға алынған) жер үйде, мамырдан қыркүйекке дейін (бұл да жалға алынған) киіз үйде өтеді. §5. Ауыл мектептеріндегі оқу пəндерінің курсы мен бағдарламалары болыстық бір сыныпты мектептердің бірінші жəне екінші бөлімшелердікіне сəйкес келуі тиіс. §6. Ауыл мектебінің мұғалімі, мектеп инспекторының ұйғаруына қарай, жылына бір рет өзінің оқушыларын ауыл мектебі орналасқан ауданның мектеп жанындағы ерекше комиссияның сынағынан өткізуі тиіс, осы комиссияның ауыл мектебі оқушыларының үлгерім жетістігі жөнінде қанағаттанарлық пікірі болған жағдайда, оның мұғалімі мөлшерін əрқашан да оқу округі қамқоршылары анықтайтын, бір реткі ерекше сыйлық алуға қақысы бар.
§7. Ауыл мектептерін ұстау үшін мыналар қажет: А. Жыл сайын: 1) мұғалімнің жалақысына —180 сом. Емтиханды қанағаттанарлық бағаға тапсырған əр оқушы үшін 5-тен 10 сомға дейін алуға қақылы; 2) пəтер жалдауға (қыста — жер үй, жазда — киіз үй) айына 5 сомнан — 60 сом; 3) күзетшінің жалақысына — 24 сом; 4) оқу кітаптары мен жазу жабдықтарына — 20 сом; 5) мектепті жəне оның оқушыларын көшіруге арналған ұсақ-түйек шығындарға — 40 сом. Жиыны — 324 сом. Ə. Бір реттік: мектептің ең алғашқы керек-жарағын алу үшін, атап айтқанда: 1) жиналмалы тақтаға — 2 сом; 2) жиналмалы үстелге — 2 сом; 3) оқу кітаптары мен жазу құрал-жабдықтарын сақтайтын сандыққа — 7 сом; 4) есепшотқа — 50 тиын; 5) 10 аршын киізге — 10 сом жəне; 6) жазуға арналған 4 аласа үстелге — 4 сом. Жиыны —25 сом 50 тиын. Ауыл мектебі туралы ережеге кейін кірістірілген қосымша: 1) ауыл мектептеріндегі оқу ісін жақсы жолға қою үшін оны қандай да бір қадағалаушыға, екі сыныпты немесе болыстық мектептердің тəжірибелі мұғалімдерінің басшылығына бағынышты ету керек. Ол үшін ауыл мектептерінің мұғалімдерін белгілі бір мерзімге — қысқы жəне жазғы каникул кездерінде өздерінің болыстық немесе екі сыныпты мектептеріне шақыру ұсынылады; екі сыныпты жəне болыстық мектептердің меңгерушілеріне өздерінің аудандарындағы ауыл мектептерінде айына кемінде бір рет болу міндеттелсін (§2- ережесіне қосымша) жəне барып-келу жол шығындары үшін “Ауыл мектептеріне барып-келу” бабы бойынша сметаға сəйкес 40 сом төленсін (Орынбор оқу округі қамқоршысының Торғай облысы əскери губернаторына 1893 жылдың 29 желтоқсанында жолдаған №4606- қатынасы); 2) ауыл мектептері өздері орналасқан қыстаудың атымен аталуы тиіс; 3) Торғай облысының мектеп инспекторына өз қалауы бойынша ауыл мектебін ол тұрған болыстықтың ішіндегі бір орыннан екінші орынға ауыстыру құқығы берілсін;
4) ауыл мектептерінің апта ішіндегі демалыс күні болып мұғалімі қырғыз мектептерде жұма, ал мұғалімі орыс мектептерде жексенбі белгіленсін, сонымен қатар екі жағдайда да патшалық мереке күндері демалыс болып саналады; 5) ауыл мектептері мұғалімдерінің жалақысы 1896 жылдан бастап жылына 240 сомға дейін өсуі мүмкін деп танылады; 6) əрбір ауыл мектебі үшін жергілікті қырғыздардан құрметті бақылаушының болуы қарастырылған. Бұл адамдарды сайлау тəртібі жəне олардың құқықтары мен міндеттері осы “Ереженің” қосымшасымен анықталады. Əртүрлі деректердің арасынан мүлде күтпеген мəлімет табылды. Анықтамалықтардың бірінен Торғай уезі бойынша 1903 жылғы барлық ауыл мектептерінің тізімі шықты, олар мыналар: • Қарақоға мектебі (Қарақоға болысы, №5-ауылында), мұғалімі — Жақсылық Толыбаев. Орынбор Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген; • Қосағал (Шұбалаң болысы, №1-ауылында), мұғалімі — Мұхан Тохтабаев. Орынбор Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген; • Күздік (Шұбалаң болысының №3-ауылында), мұғалімі — Илларион Прохоров, қызметі мен лауазымында 1900 жылдан, Қостанай Педагогикалық сыныбын бітірген; • Наурызым (Наурызым болысының №1-ауылында), мұғалімі — Василий Токарев, қызметі мен лауазымында 1899 жылдан, Торғай орыс-қазақ екі сыныпты училищесін бітірген; • Сужорға (Шұбалаң болысының №1-ауылында), мұғалімі — Салих Бабин, қызметі мен лауазымында 1891 жылдан, Орынбор Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген; • Тосын (Тосын болысының №6-ауылынан), мұғалімі — Иосиф Горбачев, қызметі мен лауазымында 1901 жылдан, Қостанай Педагогикалық сыныбын бітірген; • Есенбаев мектебі (Тосын болысының №9-ауылында), мұғалімі — Арсений Жутов, қызметi мен лауазымында 1902 жылдан, Қостанай
Педагогикалық сыныбын бiтiрген; • Қайдауыл мектебi (Қайдауыл болысының №3-ауылында), мұғалiмi — Мiржақып Дулатұлы, қызметi мен лауазымында 1902 жылдан, Қостанай Педагогикалық сыныбын бітірген. Тоқта! Тоқта! Тоқта! Кідіріп, қайтадан оқу керек — Можакуп Дулатов. Дұрыс — 1902 жылы Қостанай Педагогикалық сыныбын бітірген. Есімдері бірдей, фамилиялас екі адамның екеуі де бір ғана Педагогикалық сыныпты бітіруі мүмкін емес. Ал Міржақыптың есіміндегі “о” əрпі — жазуда кеткен қате. Демек, бұл — сəттілік алдан шықты деген сөз. Торғай облысының 1904 жылғы мекенжай- күнтізбесінде бұл жоқ. Онда, тіпті, болыстық мектептер жөнінде мəлімет берілмеген. Жəне Торғай облысының 1905 жылғы мекенжай-күнтізбесінде де ауыл мектептері туралы ешбір дерек жоқ, тек 1910 жыл ғана бар, бірақ мұның маған керегі жоқ. Сонымен, міне, мəселе қайда — Міржақып Дулатұлы, Қайдауыл болысы. Бұл енді түсінікті. Одан əрі қарай Торғай уезі ауылдық мектептерінің 1903 жылғы тізімін оқимын: • Майқара мектебі (Майқара болысының №4-ауылында), мұғалімі — Сыздық Бабин, қызметі мен лауазымында 1898 жылдан, Орынбор Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген. Сірə да, бұл Торғай орыс-қазақ училищесінің бұрынғы мұғалімі Салих Бабиннің ұлы болу керек; • Сарыторғай (Сарыторғай болысының №8-ауылында), мұғалімі — Сали Сыздықов, қызметі мен лауазымында 1900 жылдан, Қостанай Педагогикалық сыныбын бiтiрген. • Тұрлыбаев мектебі (Тосын болысының №5-ауылында), мұғалімі — Ерназар Көбеков; • Есмырза мектебі (Майқара болысының №3-ауылында), мұғалімі — Өтеміс Оразбаев, қызметі мен лауазымында 1900 жылдан, Қостанай Педагогикалық сыныбын бітірген;
• Есмұратов мектебі (Майқара болысының №4-ауылында), мұғалімі — Хұсайын Əбенов; • Бектасов мектебі (Шұбалаң болысының №6-ауылында), мұғалімі — Хаббас Төлебаев, қызметі мен лауазымында 1901 жылдан, Қостанай Педагогикалық сыныбын бітірген; • Ағанасов мектебі (Шұбалаң болысының №2-ауылында), мұғалімі Байсумпал Валиев, қызметте 1900 жылдан, лауазымында 1901 жылдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген. Демек, Торғай уезінде облыстық оқу əкімшілігінің басшылығымен жұмыс істейтін он алты ауыл мектебі болған. Алайда бұлардан басқа тағы да Қараторғай болыстық мектебі болды, меңгерушісі — Əбен Тастеміров, қызметі мен лауазымында 1901 жылдан, Орынбор Қазақ мұғалімдер мектебін бітірген, мұғалімі — Ермолай Рожкин, қызметі мен лауазымында 1899 жылдан, Қостанай педагогикалық сыныбын бітірген. 1915 жылы Торғай уезінде 31 ауыл мектебі болды. Ақыр аяғында менің көңілім жай тапты: Міржақып Дулатұлы, Қайдауыл болысы, №3-ауыл — болыстық басқарма. Мектеп пен болыс басқармасы неліктен бір ауылда екені түсінікті. Əкімшілік жағынан мектепке болыс басқарушысы жауапты болды, көпшілігі бұл үшін сыйлық пен губернаторлардың жазбаша алғысын алды. Бұл туралы “Торғай облыстық ведомствосында” жазды. Қайдауыл болысының басқарушылары туралы деректерді табу басқаларына қарағанда онша қиынға түскен жоқ, бірақ Торғайдан емес, Санкт-Петербургтегі Ресей ұлттық кітапханасынан табылды. Онда төңкеріске дейінгі жалпы сипаттағы əрекеттер мен ведомстволық баспа өнімдері басқа қай жердегіден болса да тəуір сақталған. Қайдауыл болысының басқарушысы Досмұхамед Дəненов, кандидаты (орынбасары) — Тай Маймақов, ауылдардың би-халық судьялары: №1- ауылда — Жиембай Көшеков; №2-ауыл да — Үмбет Тоқсанбаев; №3- ауылда — Көшімбек Балықов;
№4-ауылда — Иса Көтібаров; №5-ауылда — Тілеубай Күнтуғанов, №6- ауылда — Оспан Жанкин; №7-ауылда — Ораз Сиырбаев, №8-ауылда — Нұрпейіс Өмірбаев болды. Мінеки, мəселе қайда. Осы үшінші ауылда Міржақып, Досмұхамед Дəненовпен бірге жаңа мұғалімнің тұрмыстық жағдайын жақсартумен шұғылданған Көшімбек Балықов ақсақалға барып жолықты. Бұл екі адамның да бозбала-мұғалімге бірден көңілдері толды. Бұған əрқайсысы өздерінше себеп тапты. №3-əкімшілік ауыл — Терісбұтақ өзенін жағалай қоныстанған көпүйлі қыстау. Бұл — Аққияқ, Итмұрынды, Қарашығырлы, Сарқамыс, Ашақон, Тобылғылысай, Бестамақ, Болат, Сарбет, Қызылжар қоныстарының ұзын-шұбақ қатары еді. Кейбір ауылдар: Тұяқбай, Көкпектісай, Бесқұдық — құдықтарға жақын орналасқан. Терісбұтақ өзенінің бойында көпшілігінің жайылымдары болды. Болыста 957 адам тұрды, олардың 34-і жалдамалы жұмыскерлер, 31 адам кəсіппен шұғылданды. 1806 жылқы, 120 сиыр, 1120 түйе, 4229 қой болды. Шаруашылық ауылдың ауыл ағалары — Қатымбек Балықов, Шүлен Сандыбаев, Жұмабек Құндызбаев, Былбыл Қожабаев, Нұрман Өзенов, Баймағамбет Қабылов, Өмірзақ Темірбеков болды. Бірінші ауылда шашыраңқы орналасқан 19 ауыл — Жоса, Жылыкөл, Қарақыр, Кішкенеқопа, Бұланты, Ащылы, Ақсай, Ұзынбидайық, Сүре, Торыкөлқопа, Қосбидайық жəне басқа қыстаулар болды. Олар су көздерінің — дала өзендері Жоса, Бұланты, Қурайлының маңайында орналасты. Екінші ауыл Шығырлы жəне Жыланшық өзендерінің ту сыртында орналасқан Қараадыр, Серік, Қара-Тунесук, Ақтөбе, Аққияқ, Қарашын, Жаманкөл, Зарадыр, Сарылық, Қызылжар, Жарсуат, Түйемойнақ, Сартүбек, Бала Құсмұрын, Жүндібай, Қаратас, Əулиетас, Құйған, Сарсап, Тентексай, Ақтам, Бестөбе, Желбидайық қоныстарынан құралды. Төртінші ауыл — бұл Дулығалы, Қойлыбай-Кеңқияқ, Қызылжар, Атакөл, Жиделі қыстаулары болды, мұның үстіне кейбір қыстаулар бірнеше киіз үй-қыстаулардан тұрды. Бұл қыстаулар Дулығалы,
Қойлыбай, Жиделісай өзендерінің жағасында орналасты. Ауыл ақсақалдары Есмасын Кендебаев, Байтемір Сармурзин, Əбурайым Бейсембаев, Құлан Оңғаров, Ташмағамбет Сүгірбаевтар болды. Оларда Қойлыбайда, Ащылыда, Дулығалы мен Қойлыбайдың ортасында қолдан суарылмайтын ескі аңыздар болды. Тұрғындары — 116 адам; 2895 жылқысы болды. Жұмысқа басқа жерлерден 59 адам батырақ жалдады, 130 шаруашылық шөп дайындады, өздері 11 803 шөмеле үйіп, 888 шөмелені сатып алды. Бесінші ауылда Жоса, Шолақ, Сүре, Қайдауыл, Қарғалы өзендері Сарыайғыр көлінің жағалауларына орналасқан Төбеқон, Бостан- Қарасу, Сарыайғыр-Қопа, Жоса, Қари-қон, Мұртты Шалақ, Тұмсық шың, Төс күйген, Көкпек-қон, Сүре, Қарғалы, Тоқболат қыстаулары болды. Тұрғындары — 861 адам, жалданғандар — 93 адам, жылқылары — 833, сиырлары — 391, түйелері — 890, қой — 6147. 10800 шөмеле шөп шабылып, 2625 шөмеле сатып алынған. Мұнда өңделген суармалы аңыздар болды. Ауыл ақсақалдары: Исмайыл Қожыров, Ақжігіт Бұхарбаев, Жамбылшы Миенбаев, Исхат Шакиров, Жанжігіт Байбеков, Амангелді Төлебаев, Байжан Жанқұлов. Алтыншы əкімшілік ауыл Қарғалы, Қайдауыл өзендері мен Қопа, Алакөл көлдерінің маңында орналасқан Қасқақопа, Белдеу, Шұңқырма, Телет, Қоға, Алакөл, Ақмамық, Кеңсуал, Кішкенеқопа, Сəтбек, Сарлық, Қайдауыл, Қарашағырлы, Алагер, Дəн-сары, Жарыс, Қамқасты, Терекеңсай, Қарсаққырған, Сарғорақ, Қосқопа, Екі-ата қыстауларының аумағын алып жатыр. Тұрғындары — 883 адам; жылқысы — 739. Ақсақалдары: Қуан Секебаев, Исмаил Байжанов, Мəмбет Байбатширов, Исабек Сəрсенбаев, Сарқыт Бөгенбаев, Қашақ Садықбаев, Əлижаппар Еслеухамедов, Ахмет Батырбеков. Жетінші əкімшілік ауыл Шұқыркөл көлі мен Бұланты, Ащысу, Талдысай өзендері жағасында орналасқан: Үлкенкиік, Бұланты, Əлібай, Өтебай-Тотай, Құлтасжар, Сұртас, Қоянқарт, Көктал қыстауларының аумағын қамтыды. Сегізінші əкімшілік ауыл — Дөңқұз, Текебай, Кежембай, Итақ-Жарық, Қоға, Сартөбе, Сарыбидайық, Бозшагүл, Дəн сары, Кемпірбидайық, Аманкөл, Қамысақ, Буылдықты қыстаулары. Тұрғын саны — 1034 адам,
жылқысы — 15999, сиыры — 1223, түйесі — 420, қойлары — 5595. Шабылған шөп — 55 285 кішкене шөмеле. Ауыл ақсақалдары: Нұрпейіс Өмірбеков, Сүлеймен Үкібаев, Башығұл Елтоқов, Жұғыныс Бөрібаев, Нұрғожа Қойшыбаев, Бірімжан Бектұров. Тоғызыншы ауыл Жоса, Сүре, Қияқты өзендерінің жағасына орналасты. Бұл — Асамбай-қон, Жералы-қон, Борлы-қон, Қараторғай, Көкүлен, Ырғамқопа қоныстары. Ақсақалдары: Мақаш Ерманбетов, Досан Шамбаев, Қазбек Бабасов, Жаппасбай Тынымбаев. Оныншы əкімшілік ауыл ақсақалдары: Жорға Бүргенов, Жанғабыл Жақсыбаев, Бисен Қанашев, Дабыл Құлыбеков, Құламбай Адыров. Бұл ауыл Жұмеке өзені бойында орналасты. Барлық ауылдар 15—50 шақырымдық жазғы қоныстарына көшіп барды. Тұрғындары —543 адам, жылқысы — 1880, сиыры — 930, түйесі — 339, қойы — 6583 бас. Он бірінші əкімшілік ауыл. Шаруашылық ауылдардың ақсақалдары: Құрымбет Ерубаев, Бозыбай Қоранбаев, Əбен Кешебаев, Ахмет Игісінов, Бекжан Жантасов, Көшек Тишимов, Исабай Өтесов. Қыстаулары Терісбұтақ, Ортажайлау өзендері мен Майдантал көлінің жағасында орналасты. Тұрғындары — 1066 адам, жылқысы — 577, сиыры — 1539, түйесі — 1407, қойы — 13 835 бас. Бүкіл Қайдауыл болысы бойынша жалпы статистикалық мəліметтер сақталған: тұрғын саны — 10606 адам, 5 қанаттан кемі — 1000 киіз үй, 5-6 қанатты — 803, 6 қанаттан жоғары — 12 киіз үй; жұмысшы жалдайтындар саны — 408 отбасы, жыл бойы жұмыскер жалдайтындар — 169 отбасы, кəсіппен шұғылданатындар — 410 отбасы, 544 адам. Барлық мал саны — 6498 бас, 181-182 десятина жерге егін егеді; жай темір соқа саны — 191; астық өсіретіндер — 202 адам. Шөп шабумен шұғылданатындар — 220 шаруашылық, шабылған шалғын шөп — 221 шөмеле, қыр шөбі — 223 шөмеле, 224 шаруашылық 225 шөмеле шөп сатып алған. Бұл цифрлар қазақ даласының түкпірінде жатқан, Торғай мен Атбасардан оңтүстікке қарай 350—550 шақырым қашықтықтағы қазақ қоғамының экономикалық жағдайын көз алдыға елестетеді. 2000 киіз үйлік тұрғындардың 224 шаруашылығы, тары егетін жерді өңдеуге
жарамды 190 ағаш соқасы жəне 191 темір соқасы болды. Осындай жағдайда қазақ қауымы табиғи жағдайларға тиімді түрде бейімделе білді. Кеңейтілген үдемелі өндіріс туралы айтудың өзi орынсыз. Қазақтар шаруашылығының мейлінше тиімді жолға қойылғандығы, жұттар мен басқа да табиғи апаттардан кейін шаруашылықты қалпына келтіру қабілетінің зорлығы туралы өз кезінде халықшыл-зерттеуші К.А.Вернер айтқан болатын. Алайда бұл қазақ шаруашылығының да, қазақ қоғамының да тоқырау шеңберінде қалып қоюына алып келді. Қоғам дамуы экономикамен тығыз байланысты. Ресей империясының құрамында бола отырып, Қазақстан Оралмен, Өзбекстанмен, Поволжьемен, Сібірмен аймақаралық тартысқа түсті. Бірақ қазақ шаруашылықтары бəсекеге қабілетсіз болып шықты. Сапаға емес, сан жағынан көбеюге негізделген қазақтың экстенсивті мал шаруашылығы таңғаларлық жағдайда өмір сүруге бейімделді. Тарихи дəстүр мен табиғигеографиялық жағдайдың күшімен осылай қалыптасты. Алайда қазақ халқының негізгі көршілері ХХ ғасырдың басында көшпелі емес халықтар болды. Жəне мұның өзіне ең болмағанда сол Қостанай уезімен бəсекеге қабілетті болуды талап етті. Міржақып мұны терең сезінді жəне ішінара талдау жасап та көрді. Осыған орай, Міржақып Дулатұлы былай деп жазды: “Біздің қазақтардың барлығы да, аздаған сауаттылары мен саналы тобынан басқалары халыққа пайдалы іспен шұғылдануды білмейді. Мұның себебі — біздің сауаттыларымыздың саны теңіздің бетіне тамған жаңбыр тамшыларындай ғана екендігінде. Біздің халқымыз отырықшы емес көшпенді, сондықтан да шашыраңқы өмір сүреді, дүниеде не болып жатқанын білерліктей біздің өз тілімізде газетіміз жоқ, ал біздің татар туысқандарымыз шығаратын газеттерді оқи алмаймыз, өйткені сауатсыздығымыздан олардың тілін нашар түсінеміз, міне, сондықтан да Жаратқанның жарық дүниесінде не болып жатқанынан бейхабар біздің қазақтар дүние сарайының қараңғы бір бұрышына лақтырылып тасталынған жəне барлық уақытын ұйқы құшағында өткізіп жатқан тірі жанның күйін кешуде” (“Оян, қазақ!” Алғы сөз)3. Осы жерде жəне бұдан былай да М.Дулатұлының сөздерінен келтірілген үзінділер оның “Оян, қазақ!” кітабының цензор тарапынан
жасалған орысша тəржімесінен алынды. Қазіргі оқырманды бұл сөздер өзінің стилімен, ой өрнегімен таңғалдыруы мүмкін. Бірақ бұл жерде бірден айту керек, автор орысқа да, қазаққа да қолпаш сөздер айтуды ойлап отырған жоқ. Оның берген бағасы қатаң, кейбір ретте қарама- қайшы да. Алайда бұл өз халқының тағдыры үшін алаңдаушылықтан, жанашырлықтан туған сөздер еді. Мəселе мынада, Қайдауыл мектебінің ашылған күнінен бастап 1902 жылға дейін онда Николай Подолинский мұғалім болып істеді. Болыстықтың үлкен аумағында орналасқан көптеген қыстаулардың ортасында мұғалім жəне болыстықтың хат жүргізушісі жалғыз орыс тұрғын еді. Мектептің өзі жəне мұғалім көп əурешілік тудырды. Мектепті кеңейту, тазалықты қадағалау, оқулықтармен қамтамасыз ету қажет болды. Николай Подолинскийдің өзінің жұмысында да көп нəрсе ойдағыдай болмады — қазақ тілін нашар білуі оқушыларға оқу материалын түсіндіруге мүмкіндік бермеді. Оқушылардың бір бөлігі мектепке дейін мектебеде оқыды. Өз кезегінде шеттегі мектебелердің молдалары ауыл мектептеріне сенбестікпен қарады. Болыстағы кейбір ауыл билері мұсылмандық білім беруді жақтады. Олардың қайсыбірі болыс басқарушысының орнын алуға ұмтылды. Осыған бола əрбір үш жыл сайын тартысталас жүріп жатты. Ауыл мектебінің беделін көтеру үшін терезесі мен пеші бар арнаулы үй салынды. Қыста онда от жағылды. Оқушылар ауыл старшындары мен билерінің балалары еді. Оқушылар саны жөнінен бұл шағын мектеп болды. Айталық, 1898 жылы Қайдауыл мектебінде он екі оқушы оқығаны белгілі. Бұл жерде оқушылар саны белгілі бір дəрежеде мұғалімнің беделіне байланысты екені де есте болуы керек. Би, старшина, молдалармен қатар Міржақып Дулатұлы болыстықтың беделді адамдарының санатына кірді. Ол тек мұғалім ғана емес, ауыл өмірін, қазақ халқының дəстүрін, əдетғұрып нормаларын білетін адам болды. Одан белгілі адамдардың да, кедейлердің де балалары оқыды. Осы тұрғыдан ол молдамен бірдей жеңілдікті пайдаланды — балаларды оқытқаны үшін заттай, көбінше қоймен төлейді, ал бұл мұғалімнің еңбекақысына айтарлықтай демеу еді. Əрине, мектептегі оқушылар
саны да Николай Подолинскийдің кезіндегіге қарағанда көбірек болды. Бұл туралы кейінірек айтамыз. Жергілікті тұрғындар мектепте ана тілі, Құран, тарих негіздері, ислам тарихы, география, математика, медицина негіздерінің оқытылуына қол жеткізді. Міржақып мектептен онша алыс емес үйде, мектепте күзетші мен от жағушының міндетін атқаратын қарттың отбасында тұрды. Бұлар ақкөңіл де қамқор адамдар еді. Олардың жиырма шақты қой, жылқысы болды. Мұғалім жатын бөлме жəне ішкен тамағы үшін төлеп тұрды. Сарықопадағы Асқарға бару үшін болыс басқарушы Досмұхамед Дəненов ат беретін. Күзде Міржақып үйіне екі рет барып қайтты, қыстыгүні жол жүру қауіпті еді. Жол бойы қасқырлар толып жүрді. Ауыл маңайын қар басып жатты. 1901 жылы Торғай облысында жиырма үш мың бас мал — жылқы, қой, түйе, сиыр қасқырға жем болған. Əрине, қасқырларды да қолдан келгенінше атып, қырды. Сол жылы облыста 841 жыртқыш жойылды. Тек Қайдауыл болысында ғана 133 қасқыр өлтірілді. Болыс басқарушы Досмұхамед Дəненов алғашында мұғаліммен сақтық тұрғыдан қарым-қатынас жасасты. Əйтсе де бірнеше ай бірге жұмыс істегеннен кейін, ол жаңа мұғалімнің келгеніне ризашылықпен қарай бастады. Қыркүйектің соңында Міржақып Сарықопадағы ағасының үйінен келіп, бірінші қазаннан оқу жылын бастап кетті. Бұл кезде барлық ауылдар қыстауларына оралған болатын. Оқушылар отбасы бойынша орналасып, сабақ басталды. Оқушыларға мұғалім барлық жағынан: қатаң талапшылдығы да, тарих, жануарлар, қасқырлар туралы айтқан əңгімелері де ұнады, Ұлытау жөнінде, қазақ ақыны Абай Құнанбаев туралы айтқандары өте қызықты болды. Əсіресе Қара теңіз, Арабия, Мекке мен Медине туралы əңгімелеріне балалар аузын ашып қалды. Көпшілігі осы жерлердің бəрінде Міржақып ағайдың өзі болды деп ойлағаны сөзсіз.
Қара теңіз, Арабия туралы Міржақып Меккеге қажылыққа барып келген адамдардан талай рет естіген. Мұндай адамдарды кездестіру қиын емес еді, тек 1902 жылы ғана Торғай облысынан 185 адам қажылыққа барып келді. Мектеп ісі бойынша Міржақып Дулатұлының Торғайдағы Төлеген Медетовте болуына тура келді, өйткені ол тек Торғайда ғана емес, бүкіл уездегі мұғалім-инспектор болатын. Міржақып басқа да мұғалімдермен, болыс басқарушылармен, билермен кездесіп тұрды, олар туралы төмендегідей деректер сақталған: • Болыс басқарушылары мен халық судьялары, Тосын болысы: басқарушы Дəуренбек Бірімжанов (1910 ж. қайтыс болған), кандидат Назарбек Бектемісов; халық судьялары: №1-ауыл — Қали Қайпенов; №2-ауыл — Сатай Тулақов, №3-ауыл— Ержан Қазыбеков, №4-ауыл — Жиембай Жанбатыров, №5-ауыл — Ташмұхамед Көбеков, №6-ауыл — Талқамбай Бекжанов, №7-ауыл — Нұрмағамбет Досанов, №8-ауыл — Асан Əжібаев, №9-ауыл — Ыдырыс Бейсенов, №10-ауыл — Ерден Төлегенов, №11-ауыл — Шалабай Тілегенов. • Қараторғай болысы — басқарушы Жұмабай Баймұратов, кандидат Смайыл Жамансарин; Қарақоға болысы — басқарушы Бекмұхамед Көтібаров, кандидат Мирғали Қазанов; Шұбалаң болысы — басқарушы Смағұл Төкин, кандидат Ишан Жанатаев; Сарыторғай болысы — басқарушы Юсуп Шоңов, кандидат Тамиғұл Байгелев. • Сарықопа болысы — басқарушылыққа кандидат Накин Тілеулин; халық судьялары: №1-ауыл — Аққошқар Бисеев, №2ауыл — Батырболат Илегенев, №3-ауыл — Нарбай Қыдырəлин, №4-ауыл — Сарбек Туртулов, №5-ауыл — Ыбырай Төребаев, №6-ауыл — Бижан Муйкин, №7-ауыл — Түркебай Қырджин. • Майқара болысы — басқарушы Əбдірахим Иманқұлов, кандидат Бермұхамед Қарымбаев; Бірінші Наурызым болысы — басқарушы Шəке Қазыбаев, кандидат Айружа Сандыбаев; Екінші Наурызым болысы — басқарушылыққа кандидат Баймұрат Ағанасов; халық судьялары: №1- ауыл — Ысқақ Боқаев, №92-ауыл — Жабағы Аманжолов, №3-ауыл — Құлмұхамед Тілеубаев, №4-ауыл — Ескелді Сығыров, №5-ауыл —
Баймұхаммед Қонақов, №6-ауыл — Байтұрсын Шүрегеев, №7-ауыл — Асан Айқадамов, №8-ауыл — Қалқай Жаманқұлов, №9-ауыл — Жаңбыршы Қосанов. Қайдауыл болысы Түркістаннан Троицкіге апаратын көне керуен жолында орналасқан. Оның үстіне, керуен жолы Қаратау жоталары арқылы екі асудан өтіп, содан кейін Сарысу өзенін бойлап, Жетісуға, Ертіске, одан Нұра өзенінің жоғарғы сағасына жетеді. Жол Сарысу арқылы Петропавлдан Ақмола, Қорғалжын арқылы Түркістанға апарады. Бұл арадан қыр өзендері — Қалмаққырған, Бұланты, Миюр өтеді. Міржақып қайдауылдық ақсақалдардан Бұланты өзенінде қазақтардың жоңғарлармен шайқасы болғанын естіген. Мұндай əңгімелер оның көне тарихқа, қазақтардың өткен өміріне деген қызығушылығын оятты. Көргендері мен естігендерінен түйген ойлары өлең жолдары болып, қағаз бетіне көшті. М. Дулатұлы 1913 жылы белгілі қазақ журналисі болған кезінде, өзінің əдеби қызметінің бастапқы кезеңі туралы: “1902 жылдан қазақ ауылында мұғалімдік қызмет атқара жүріп, мен бос уақыттарымды білімімді көтеруге арнадым. Кейде өлең жазатынмын, бірақ бұған ешқандай мəн берген жоқпын”, — деп жазды. Мектептегі жұмыс та Міржақыпты баурап алды. Негізінен, 15—18 жастардағы жасөспірімдер оқыды. Сабақты тез меңгеріп кетті. Олар үшін мұғалім ересек жолдас секілді болды. Қыста мектеп қысқы қоныста, жазда жайлауда жұмыс істеді. Каникулдар сəуір мен қыркүйекте болды. Бұл уақытта Міржақып Қызбелге, Торғайға, Қостанайға баратын. Қайтарында кітаптар, журналдар мен газеттер сатып алатын. Өзінің оқушыларына Міржақып: “Қозғалыссыз жатқаннан қандай пайда бар, ақпай жатқан сарқынды су да суалып кетпей ме. Ақыл жимай, құр жүргеннен де пайда жоқ”, — дейтін. Міржақып Дулатұлы оқушыларының білімін оқу бағдарламасы бойынша ғана көтеріп қоймай, олардың жалпы дүниетанымын кеңейтуге де үлкен мəн берді. Бұл тек оқу құралдарын күтіп ұстауға тəрбиелеу ғана емес, сонымен бірге жалпы кітапқа, журналдар мен газеттерге деген қызығушылығын ояту еді. Біртіндеп сыныпқа өзінің оқыған кiтаптарын, журналдарын əкеліп, үзінділерді дауыстап оқыды
немесе əр алуан ақындардың өлеңдері мен жазушылардың əңгімелерін тақпақтап, мəнерлеп жатқа айтты. Əсіресе Абайдың өлеңдерін есте қаларлықтай ерекше ырғақпен оқитын. 1903 жылы Міржақып Қостанайда, екі рет Торғайда, бірнеше мəрте Сарықопа ауылында болды. Біртіндеп қарым-қатынас шеңбері кеңейіп, таныстары мен пікірлес адамдары көбейді. Торғайда оның таныстары кездесіп, пікір алысқан адамдары көп болды. Торғай қаласында тұрған адамдар: Ақтамановтар — Шаян, Шаңгерей, Сафар, Қалялетдин, Абдулғани Абдуллатыпов, Ғизатулла Ғизатуллин, Зиғанша Ғұбайдуллин, Ибатулла Ғизатуллин, Ғалиасқар Ғафаров, Альшаф Ғұмаров, А.И.Добросмыслов — ветеринар, А.Г.Дьяконов — қызметші, В.Д.Домачев — қызметші, Денисовтер — саудагерлер Е.Е.Егоров, И.З. Жуков, И.В.Иванов — қызметші, Мұхаметжан Искандеров, В.И.Искаков — саудагер, П.А.Кавка, Ф.С.Костылев — қызметші, С.А. Костылев, И.И.Костылев, М.П.Костылева, Г.Л. Латыфов, Сабыржан Мүліков, Қайдар Шағиахметович Мүліков, Н.Ф.Новокшанов — көпес, Ф.М. Никитин, А.Е. Обухов — қызметші, Ф.П.Опарин — қызметші, Н.В.Прозоров — қызметші, Г.М.Суворов — қызметші, Н.В.Синягин, И.Т.Сметанин, И.М.Сирошенков, Фатих Садықович Садықов, Е.М.Трубчикова — қызметші, И.С.Тихонов, Е.Н.Ткачев, Фазылжан Хайретдинов, Хакімжан Хабибуллин, Николай Никифорович Шишков, Екатерина Карловна Шишкова, Ақтамасовтар — Ахметкерей жəне Сұлтанкерей, Аухадит Вахитов, Вахит Ғалиакперов, Максуштан Есмурзин, Фаизрахман Мүліков, Хабибулла Насабуллин, Магсумжан Назамутдинов, Фаляхутдин Сатрединов, Газазулла Сафиуллин, Мұхаметша Ибраимов, Ахметулла Ахтямов, Ғұбайдулла Галиуллин, Мүбаракша Зайнутдинов, В.А.Костылев, М.П.Кузьмин, В.А.Токарев, А.Л.Токарев, И.П. Кузьмин — торғайлық II гильдиялық көпес, мал дəрігері Николай Штанге, əскери лазарет дəрігері А.И. Диунович, Торғай уезі бірінші телімінің дəрігері Анесветор Георгиевич Дьяконов, К. Иванов, көпес Мұхаммед Каримов, қызметші Гаврил Суворов, Торғай уезі екінші телімінің мал дəрігері А.И. Добровольский, қазандық мещан З.Ғ. Ғубайдуллин, М.Лисин, Н.Иванов, А.Чернышев, Г. Суворов, Е.Егоров, Н.Шишков, Мұхаметжан Мұхаметжанович
Хабибуллин — жоғарғы-уралдық мещан жəне басқа да көптеген адамдар. Торғай тұрғындарының негізгі бөлігін Орталық Ресейден келгендер құрады. Татарлар мен башқұрттар мұнда Қазан, Орынбор жəне Урал губернияларынан көшіп келді. Олардың ішінде Фатых Садықович Садықовты, Сабыржан жəне Қайдар Мүліковтерді, Мұхаммед Каримовті айрықша атауға болады. Орынборда, Петропавлда, Уфада олардың туысқандары болды. Олар Орынбор, Қазан, Уфадағы баспаханалардың қожайындарымен туысқандық байланыста болды. Марқұм Əлмұхамед Сейдалиннің інісі Тілеумұхамед Сейдалин уақыт тауып немесе қызмет бабымен Торғайда туыстарында болып тұрды. Мемлекеттік Думаның депутатын сайлау науқанына қатысушылар арқылы жергілікті өкілдік пен болыстық өзін-өзі басқарудың, əкімшілік ауылдардың əртүрлі лауазымдарына сайланғандар Торғай уезіндегі белгілі адамдар болып саналды. Олар: • Шұбалаң болысынан — Бекболат Күшінеев, 64 жаста, бұрынғы би, старшина, сауатты мұсылман; Сары Кешубаев — 60 жаста, малшы; Мағауия Мышкалов — 30 жаста, малшы. • Қарақоға болысынан: № 1-ауыл — Оспан Табаев, 46 жаста; Ж.Жағабайлин 38 жаста; №3-ауыл — Сырым Өтебаев, 67 жаста; №6-ауыл — Ильган Жалтөбетов, 63 жаста; №2-ауыл — Смайыл Есембаев, 52 жаста. • Қараторғай болысының басқарушысы — И.Жамансарин, сайлаушылар: Құлық Басырғарин — би; Көтенбай Сандыбаев — би; Доспан Байғабылов. • Тосын болысы — басқарушы Ж. Дəуренбеков; сайлаушылар: Ахмет Бірімжанов, 36 жаста, Қазан университетін бітірген, Ақтөбе уезі екінші телімінің бұрынғы бітістіруші соты; Ишан Шукаманов 60 жаста, құрметті ақсақал. • Сарықопа болысы: болыс басқарушысы — Белгібаев, одан соң Алпысбай Жылқайдаров; сайланушылар: Смаил Ниязбеков қазақша
сауатты, Баймырза Бекбаев, Асқар Дулатұлы қазақша сауатты. • Сарықопа болысының болыстық сайлаушылары (1905— 1908 жж.): Бөжен Көбеталов, Алпысбай Жылқайдаров, Тоққожа Қошақов, Нұрмұхамед Сажынбаев, Блимұхаммед Качалинов, Өтен Бекбукин, Манкойке Ихласов, Оспан Тобылбаев, Аманқұл Қалдыбаев (сауатты), Бектен Бүркітов, Сүйінші Шанбаев, Ихубай Тайгин, Қайшыбай Түсіпшин, Райс Маматов, Есенғұл Барсанбаев, Доске Тобылдиев, Қадыр Ералиев, Құмалғы Сүйіндіков, Күшікбай Байрашев, Қуанышжан Шақшақбаев, Құлыбай Ақшақаров, Есенғазы Түсіпин, Есембек Кухранов, Досман Тоқтасов, Асан Дүйсенбаев, Бекжан Сабысбаев (сауатты); Райымбек Тоспаев (сауатты). • Сарықопа болыстық құрамынан 1907 жылдың 17 қаңтарындағы облыстық съезге сайлаушылар: №1-ауыл — Смайыл Ниязбеков қырғызша сауатты, 45 жас. 1-Наурызым болысы: Байтөре Кегин, Түпшин Булатов. 2- Наурызым болысы: Баймұрат Ағанасов (№1-ауыл), Жаманбай Бектұров (№8-ауыл). • Аққұм болысы: Рахмет Шағамбаев — №1-ауыл, қырғызша сауатты, 55 жас; Байділда Достанов — №4-ауыл, қырғызша сауатты, 38 жас; Айтуар Бұзаубаев, 37 жас, сауатсыз; Б. Көтібаров. • Қызылжыңғылды болысы — сайлаушылар: болыс К. Бекин, Бөлеген Айтбаев — №4-ауыл; Райымбек Жұбанышев, 39 жас — №2-ауыл. • Сарыторғай болысы — болыс Ю.Шоңов, сайлаушылар: Бірəлі Бектасов, Юсуп (Жүсіп) Шоңов. Сарықопа жəне Сарыторғай болысындағы бұл адамдардың көпшілігімен Міржақып Дулатұлы жақсы таныс болды, мұғалімдік жұмыстың екі жылында көп адаммен араласты, кейбіреулерімен туыстық қатынаста болды. М.Дулатұлы кейінірек ол да “Алаш” партиясының құрамына енген Сағындық Досжановпен де жақсы таныс болды. С.Досжановтың Абдулла есімді інісі болды, сірə, Міржақып оны да осы кездері білді.
Əрине, Міржақып үшін ең жақын адамдар Асқар Дулатұлы қарым- қатынас жасасқан жəне өзінің əкесі Дулат Сансызбайды білген адамдар еді. Олардың ішінде Ишан Тілеуғабылов, Оразғали Асауов, Байқадам Қаралдин болды. Осы уезде туып-өскен Ишан Тілеуғабылов 1878 жылы Орынбор бекінісінің (Торғай) жанындағы қазақ мектебін бітіріп, одан кейін Торғай уездік басқармасында еркін жалдану негізінде хат жүргізуші болды, 1879 жылы қызметі үшін мақтау қағаз алды, 1880 жылы күміс медальмен марапатталады. 1893 жылы Торғай уездік басқармасына ауызша тілмаш болып қызметке қабылданды, 1903 жылы сол басқарманың жазбаша аудармашысы болып тағайындалды. Бірнеше жылдан кейін Ишан Тілеуғабылов Торғай уездік басқармасында жұмыс істеуін жалғастырды. Мұнда оның көркем қолтаңбасы жақсы танымал болды. Мұны растайтын мынадай құжат сақталған: “1908 жылы. Торғай облысы халық училищесінің директорына. Сіздің жоғары мəртебелі құзырыңызға хабарлаймын, мен олармен бірге №5613-құжат арқылы Торғай губернаторына Торғай екі сыныптық училищесін қалалық төрт сыныптыға өзгертіп, қайта құру жөнінде өтініш берілген №42-қалалық присутствия журналын ұсынамын. Қала бір реткі бір мың сом жəне қазірдің өзінде бөлінген 360 сомнан басқа, жылына 400 сомнан босатуға келісіп отыр. Хаттамалық жазбаға сəйкес Торғайда бірінші сыныптық мектептердің жоқ болуына байланысты, қайта құрылған қалалық училище ауылдық мектептерге қатысты аудандық училищенің қызметін атқаруы үшін оның 1-бөлімшесі болуын сұраймыз. Сонда қайта құрудан туындайтын қиыншылықтар болмайды. Қалалықтар атынан Сіздің жоғары мəртебеңіздің алдында осы істі жүзеге асыруыңызды өтінемін. Хат жүргізушінің атынан Тілеуғабылов”. Бұл кезде уездік басқармада істейтін Байқадам Қаралдин де Торғай уезінен еді. 1891 жылы 14 жасында ол Торғай училищесін бітірді. Училищеде ол білімді жоғары бағалауды, мəдениетті құрметтеуді үйренді, онда білімге құштарлық пайда болды. 1892 жылдың 5 қаңтарынан Б.Қаралдин Торғай уездік басқармасында писарь болып
істей бастады, 1903 жылы мемлекеттік қызметке алынып, Торғай уездік басқармасында үшінші санатты кеңсе қызметшісі штатына қабылданды. Байқадам Қаралдин əкімшілік қызметтің шеңберінде қалып қойған жоқ. Сонымен бір қатарда ол мерзімдік басылым органдарымен қызметтес болды. Мəселен, 1902 жылдың 6 қаңтарында “Торғай газетінде” оның “Торғай уезіндегі егін шаруашылығы” деген мақаласы жарық көрді. Уездік басқармада М.Дулатұлы уезд бастығы Н.В.Одинцовпен жəне оның орынбасары М.Н.Аристовпен танысты. Ал Б.Қаралдинмен бірден тіл табысып кетті. 1905 жылдың мамырында Қаралдин 1901 жылы “Қыр-хан” мекенінде қар суын ұстауға арналған тоспа құрылысын ұйымдастырған еңбегі бағаланып, “Адалдығы үшін” (“За усердие”) медалімен марапатталды. Ол Торғай училищесін төрт сыныпты етіп құруға байланысты əурешіліктермен табанды түрде айналысқан адамдардың бірі болды. Торғай облысы, халық училищелері директорына 1907 жылы жазылған хат осыған дəлел болады. Онда былай делінген: “Осы жылдың 16 маусымындағы №1008-қатынасқа орай Сіздің Жоғары мəртебеңізге хабарлаймын, жергілікті қауым Торғай қаласында төрт сыныпты қалалық училище ашу мəселесіне үлкен ықылас білдіруде, сондықтан мен сізге пəтерге байланысты қиындық болмайды деп кепілдік ете аламын. Училище үшін оған ғимарат салынғанға дейін бір не екі жыл бойы жұртшылық Сізге барынша қолайлы тұрғынжайды тегін беруге дайын отыр. Бұл туралы қалалық депутаттардың қаулысы олардың Нижегород жəрмеңкесінен Торғайға қайтарылған сəтінде-ақ болады жəне көшірмесі дереу Сізге жіберіледі. Бастық Аржилов. Хат жүргізуші үшін Қаралдин”. 1913 жылдың 25 желтоқсанында Б.Қаралдин Торғай уездік басқармасының хат жүргізушісі болып тағайындалды. Қызметтік жұмыстар оны дəлдік пен тиянақтылыққа міндеттеді. Төңкеріске дейін Байқадам Қаралдин Торғай уездік басқармасында хат жүргізуші болып істеді.
Асауов Оразғали Мəмбетұлы 1871 жылы туды. Ол Ор қазақ мұғалімдер мектебін бітірді. 1887 жылдан — Бөрте болыстық мектебінің меңгерушісі, 1890 жылдан — сонда мұғалімнің көмекшісі, 1891 жылдан — Ақтөбе екі сыныпты училищесінің 1-сыныбының мұғалімі, 1892 жылдың мамырынан Торғай облыстық басқармасының штатында, 1893 жылдың қыркүйегінен Ырғыз уездік басқармасының ауызекі тілмашы, 1896 жылдан Ырғыз уездік бастығының жазбаша аудармашысы, 2-санақ телімінің меңгерушісі. 1987 жылы тұрғындар санағына қатысқаны үшін қола медальмен марапатталды, министрлік атынан алғыс алды. 1898 жылы Ырғыз уездік бастығы кеңсесінің хат жүргізушісі (меңгерушісі). Оның одан арғы қызметі Торғайда жалғасты: 2 наурыздан бастап Торғай уездік басқармасының жазбаша аудармашысы, 1902 жылдан — колледж тіркеу бөлімінің тіркеушісі, 1903 жылдан — шаруа бастықтары Торғай уездік съезінің хатшысы. Міржақып Дулатұлының оны білмеуі мүмкін емес-ті. Осы Торғай уездік басқармасында Ізтілеу Жақсыбаев жұмыс істеді. Ол 1854 жылы туған. 1864 жылы шекара комиссиясының жанындағы Орынбор Қазақ мектебін бітірді, 1869 жылдан — Орынбор бекінісі жанындағы қазақ мектебінің (Торғай қаласы) мұғалімі, 1874 жылы барқыт төбетеймен, 1875 жылы алтын жүзік, 1880 жылы алтын жалатылған сағатпен, 1882 жылы күміс кесемен, 1883 жылы күміс медальмен марапатталды. 1893 жылы Торғай уездік басқармасының жазбаша аудармашысы болып тағайындалды. Бұдан кейін тағы да ІІІ Александрдың құрметіне шығарылған Александр лентасындағы күміс медалін, 1897 жылғы санақ үшін қола медаль алды. Бір жыл Ізтілеу Ырғыз уездік басқармасының жазбаша аудармашысы болып істеді, 1900 жылдың тамызынан Торғай уездік басқармасының жазбаша аудармашысы болып істеді. 1900 жылы денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босады, бірақ 1909 жылдың желтоқсанынан қайтадан Торғай уездік басқармасының ауызша тілмашы болып істеді. Міржақып Торғай училищесін, Қостанай Педагогикалық сыныбын бітіргенге дейін жəне Қайдауыл мектебінде жұмыс істеген мерзімде өткен үш-төрт жылдың ішінде Сарықопада, Асқар Дулатұлының шаруашылығында аздаған өзгерістер болды. Оның шаруашылық ауылы Аралтөбе, Тікқамыс, Күздік қыстауларын қоныстанды — онда қар суы,
жайылым болмады. Шабындық пен қыстаулары — Сарықопа-Қарасу жəне Көбей; жазғы қонысы — Көкпек жота, Ипр-бүйір, Қазбек-Қарасу, Қазбек (қыстаудан 15—20 шақырым). Жыл сайын шабындық шөпті бөлісіп алды. Əулетте 15 еркек, жалданған2адам, 141 жылқы, 70 сиыр, 8 түйе, 629 қой, маусымдық жалдамалы жұмыскерлер — 5 адам болды. Шабылған шөп — 4500 шөмеле. Шабындық жерлер: Сарықопа-Қарасу, Көбей. Асқар бірінші ауылдың ақсақалы болды. Көрші ауылдарда Боғыт Айтбаев, Байтоқ Шименов, Аққошқар Елеусізов, Нұрғазы Құдабаев тұрды (Қоңыраулы өзені). Екінші ауыл Қисық Белгібаевтың, Досмырза Нүкербаевтың, Бердіқұл Дүйсеневтің, Қожахмет Қарашиннің, Қоғабай Тілеубердиннің шаруашылықтарынан құралды. Олар өз шаруашылықтарымен Өтеміс, Мұқыр, Сары, Жалдан өзендерін иеленді. Бəрінде жайылымдық аңыз жерлері болды (барлығы 15 аула). • Үшiншi ауыл — ақсақалы Қауей Боқанов (бəрiнде жайылым бар). Шаруашылық Жалдама, Қарынсалды, Ашудасты өзендерiн иелендi. • Төртінші ауыл — ақсақалы Жаңаберген Кəрменов. Шаруашылық Жалдама, Ашудасты, Өтеміс өзендеріне иелік етті. • Бесінші ауыл — ақсақалдары: Дайыр Құдабаев, Қожахмет Дербісалиев, Əлжан Итаяқов, Бекжан Сабденов, Сүлеймен Сарты, Жұмабай Жақсылықовтардың шаруашылықтары. Көпшілігінің Жалдама жəне Қарасу өзендерінің бойында жайылым жері болды. • Алтыншы ауыл — ақсақалдары: Құлыкен Жиенесов, Смайыл Бейсенов, Райымбек Тасбаев, Мұхаметжан Жамағов. Шаруашылық Қарынсалды, Жалдама өзендерінен қашық емес жердегі Дандыбай мешітінде орналасты, бірнешеуінде жайылым болды. • Жетінші ауыл — ақсақалдар Сейіл Қабақов, Нақып Тілеулин, Сағыр Сасынбаев, Біржан Салқынбаев. Су көзі ретінде көлді пайдаланды. Торғайда 1902 жылы медресе өз жұмысын бастады, алайда бұл сот ісіне килікті. Торғай облысының мектеп инспекторы Алекторов медресенің өкіметтің рұқсатынсыз ашылуына байланысты Байту Асанов пен Бейіс молданы сотқа берді. Бұл қоғамдық пікір туғызды.
1904 жылдың 18 маусымында Шұбалаң болысының Жалғызқұдық мекенінде болыс өкілдерінің съезі болды. Медресе мен оның жайылымдағы орыс сыныбы үшін жұмсалатын қаржы шығынының сметасын арттыруды қаулы етті. Кейінірек Торғайдың, Қайдауыл, Тосын, Сарықопа болыстарының осы адамдарының көбімен Міржақып Дулатұлының жолын 1916 жылғы көтеріліс, Азамат соғысы, Торғай даласындағы əскери қимылдар қайтадан түйістірді. 1904 жылдың ерте көктемінде Міржақып Қостанайда болды. Көшелерде құстар əн салып, ағаштар бүршік жара бастаған кез еді. Жұмыста Ахмет Байтұрсыновты жолықтырды. Бірденақ өткен үш-төрт жыл туралы əңгіме басталып кетті. Ахмет Міржақыптан Ишан Тілеуғабылов, Байқадам Қаралдин, Тілеу (Төлеген) Медетов, Ізтілеу Жақсыбаев туралы сұрады. Міржақып Ахмет Байтұрсыновтың Торғайға осындай қызығушылық танытқанына таңғалды. Міржақып Тілеу Медетов, Байқадам Қаралдин туралы тəптіштеп айтып берді, ал басқалар туралы көп білмейтін еді. Əңгіме үстінде Ахмет Байтұрсынов: — Троицкіден Ахмет Бірімжанов келді, ертең ол менің үйімде болады. Кешке қарай сен де кел, — деді. Сөйтіп, мүлде күтпеген жерден Міржақып тек Қорғанбек Бірімжановпен ғана емес, оның ағасы заңгер, Қазан университетінің түлегі Ахмет Бірімжановпен де танысуға мүмкіндік алды. Көп кейінірек Міржақып Дулатұлы бұл туралы жазды. Қостанайдың өзінде де əртүрлі жаңалықтар болды. Мəселен, жер аударылған бір ғана П.В.Добровольскийдің орнына енді қалада, сондай-ақ он бесі пайда болды. Тіпті Ырғызда сол жылы əкімшілік тұрғыдан жер аударылған он сегіз адам болды. Байтұрсынов Міржақыпқа Қазан университетіндегі қазақ студенттері туралы, “Ғалия” медресесінің студенттері жайында айтты. Қазан университетіне Міржақып түсе алмады.
Бұл үшін гимназияны бітіру керек еді, ал “Ғалия” медресесіне оқуға барып, өмір бойы діни қызметте болу оны онша қызықтырмады. Əрине, бұл мəселе бойынша басқа да пікірлер бар. Стерлитамак қаласындағы зерттеуші Л.С.Тұзбеков “Ғалия” медресесінің тарихын тыңғылықты зерттеді. Ол мұнда Міржақып Дулатұлы да оқыды дейді. Алайда бұл пікір нақты деректер арқылы дəлелденген жоқ. М.Дулатұлының өмірі мен қызметінің 1910 жылға дейінгі кезеңіне қатысты жарияланған материалдарда үстірт айтылған топшылаулар өте көп кездесті. Əйтсе де М.Дулатұлы Қайдауыл болысынан Қостанайға келгеннен кейін тағы бір таныстықтың орайы келді. Қазан университетінің медицина факультетін бітірісімен Қостанайға жұмысқа дəрігер қазақ А.Алдияров келді. Кейіннен өмір М. Дулатұлы мен А.Алдияровты бір жолға түсірді, екеуі де “Алаш” партиясының белсенді қайраткерлері болды. Ал ең бір күтпеген оқиға: 1903 жылдың наурызында А.Е.Алекторов қызмет бабында жаңа орынға көтерілді — Омбыдағы Ақмола жəне Семей облыстарының мектептер инспекторының лауазымын алды. Оқу жылы аяқталысымен, А.Е.Алекторовтың шақыруымен ол жерге А.Байтұрсынов отбасымен көшіп барды. Ол А.Е. Алекторов кеңсесінің іс жүргізушісі болып тағайындалды. Бірақ бұл жұмыста ұзақ болмады. Қалада пəтерақы өте қымбат еді. Оны Ахметтің қалтасы көтермеді. Қыркүйектің басында ол жаңа қызметке ауысты. Оқу округі қамқоршысының 1904 жылдың 9 қыркүйегіндегі №124-бұйрығында былай делінді: “Ақмола жəне Семей облыстарының халық училищелері директорының жанындағы іс жүргізуші, шені жоқ Ахмет Байтұрсынов қызметінен босатылып, осы жылдың қыркүйегінен бастап Қарқаралы екі сыныпты орыс-қырғыз училищесінің меңгерушісі болып тағайындалсын”. Дегенмен Қарқаралыға ауысқанға дейін Ахмет Байтұрсынов Міржақып Дулатұлы мен М.Н. Греховодовтың Семей облысына жұмысқа орналасуына жəрдем етті. Сол көктемде оқиғаның беталысы осылай күтпеген жерден өзгерді. Міржақып Дулатұлы өмірінің зайсандық кезеңі басталды. Қазақстанның шығысына баруға Максим Николаевич Греховодов та
мүдделі болды — оның өз себептері бар еді. Олар Семейге екеуі бірге бармақшы болып шешті.
Зайсан Мiржақып Дулатұлының революция мен Азамат соғысы жылдарындағы қоғамдық қызметiнiң белсендi кезеңi Шығыс Қазақстанда өткенi баршамызға белгiлi. Оның жастық шағы мен қайраткерлiгi осынау өлкемен байланысты болды. Мiржақып өмiрiнiң зайсандық кезеңiне кеңiрек тоқталу үшiн оның соңғы рет қамауға алынар алдындағы түсiнiктемесiне назар аударған жөн. Ол хаттамада былай деп жазды: “1904 жылы Семей облысының — Қытай шекарасына таяу дерлiк Зайсан уезiндегi ауылдық мектептердiң бiрiне ауыстырылдым, мұнда 1907 жылға дейiн қызмет еттiм”. Əйтсе де М.Дулатұлының өмiрi мен қызметiнiң бұл кезеңiн зерттеушiлер назардан тыс қалдырып келдi. Олардың бəрi революция жылдарына, Азамат соғысына жəне қуғын-сүргiн кезеңiне ғана баса назар аударумен шектелдi. Сонымен Мiржақып Дулатұлының Зайсан уезiне тап болуы былай болған едi. Сонау 1894 жылдың өзiнде Торғай облысында ауылдық мектептер ашылды. Осы жылдың 8 қазанында жазылған Дала генерал- губернаторы фон-Таубенiң аталған мектептердiң өз мақсатына қаншалықты қол жеткiзе алатыны жөнiнде егжей-тегжейлi хабардар етудi сұраған хаты бiздiң назарымызды аударды. Мұндай мектептер Ақмола жəне Семей облыстарында да ашылды. Бұл Абайдың қасында болып, онымен əңгiмелескiсi келген Мiржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсыновтың тiлекқалауымен сəйкес келдi. Семей Қостанай емес, онда қазақтың байырғы салт-дəстүрi сақталған, ол қазақтың қоғамдық өмiрiнiң қайнаған ортасы. Жəне бұл — арғындардың да орталығы. Мiржақып Дулатұлы өмiрiнiң зайсандық кезеңi анықтай түсудi қажет етедi. Оның сот iсiнде жұмысқа кiрiскен күнi мен айы жəне қашан жұмыстан босатылғаны көрсетiлмеген. Бұл түсiнiктi де: уақыт мұғалiмдердiң демалысына тұспа-тұс келедi. 1904 жылы жаз кезiнде ол Торғайдан аттанып кеткен жəне Зайсан уезiнiң ауылдық мектептерiнiң бiрiне жұмысқа орналасқан. Бұл тұста мынаған мəн беру керек: жаңа
орында жұмысқа орналасуы қызмет орнын ауыстыруға байланысты ресiмделiнген. Бұл Омбыда немесе Семейде ресiмделуi мүмкiн. Мəселе мынада: ол кезде Дала өлкесi бойынша мұғалiмдердiң құжатын ресiмдеу, қызметке тағайындау жəне жұмыстан босату кеңсесi Томскiде орналасқан Батыс Сiбiр оқу округi арқылы жүзеге асатын едi. Ол жаққа ешкiм ат арытып бармайтын, бəрi Омбыда рəсiмделетiн. Сол кезде М.Дулатұлына Торғай — Атбасар — Көкшетау жəне Петропавл бағыты бойынша жол жүруi керек. Дегенмен мұндай ұзақ əрi қымбатқа түсетiн сапардың қажетi болмады. 1904 жылы Семей облысы мектептерiнiң инспекторы лауазымы бекiтiлдi. Бұл қызметке Зобнин тағайындалды. Оқиға қисыны бойынша ол мұғалiмдердi жұмысқа ресiмдеумен айналысты. 1904 жылы маусымның соңына таман бəрi ойдағыдай шешiлiп, Семейден телеграф арқылы жауап алынды. Бұған қабат Семейден басқа бiр хабар жеттi — Абай дүниеден өтiптi. 23 мамыр күнi болған оқиға көпшiлiктi күйзелтiп кеттi. Əйтсе де жолсапар мəселесi шешiлдi. Мiржақып Абайдың асын Абай ауылында өткiзгiсi келген-дi. Ол үшiн бұл аса маңызды болды. Ендi Мiржақыптың жоспары бiраз өзгердi. Ас беру үшiншi тамызға белгiлендi. 1904 жылы шiлде-тамызда Қостанай Педагогика сыныбының бiр топ түлегi Ақмола жəне Семей облыстарының мектептерiнде жұмыс iстеуге жолдама алды. Солардың iшiнде Байтiлесов Көшiмбай Омбы уезiнiң Тiлепалған мектебiне, Нұрпейiсов Петропавл уезiнiң Көктерек мектебiне, Хасен Сəрсенов Көкшетау уезiнiң Қаратал мектебiне, Жұмақас Дүйсебаев Қарқаралы уезiнiң Дегелең мектебiне, Кəрмен Дəулетов Көкшетау уезiнiң Қаратал мектебiне, Ташмұхаммед Нысанбаев Тiлепалған мектебiне жұмысқа жiберiлдi. Бұл тiзiмде Семей гимназиясының алты сыныбын тамамдаған Уəлиханов та бар едi. Ол Семей уезiнiң Қазымбаев мектебiне тағайындалған болатын. 1904 жылы 1 шiлдеде Мiржақып Дулатұлы да Зайсан уезiнiң Жарлы ауылына жолдама алды. Мынау Батыс Сiбiр оқу округi басшысының ведомстволық басылымында жарық көрген бұйрығы: Ақмола облысы бойынша жұмыстан босатылғандар: Омбы жекеменшік еврей училищесінің мұғалімі Елена Кесслер 15 наурыздан бастап, өтініш
бойынша; Атбасар уезінің Самар ауылдық училищесінің заң мұғалімі Дмитриевский — 1 наурыздан, басқа жерге ауысуына байланысты; Тілепалған ауылдық мектебінің мұғалімі Ташмұхаммед Нысанбаев — 1 шілдеден; Ақмола уезі, Новочеркасск ауылдық училищесінің мұғалімі Николай Лиханов — 1 шілдеден; Ақмола уезі, Никольский ауылдық мектебінің мұғалімі Зинаида Лепехина — 1 шілдеден; Ақмола уезі Черниковский ауылдық училищесінің мұғалімі Антон Герасимов — 1 тамыздан, өтініш бойынша; Көкшетау уезі, Қаратал ауылдық мектебінің мұғалімі Кəрмен Дəулетеев — 1 тамыздан. Семей облысы бойынша: Семей бес сыныптық жəне үш сыныптық қалалық мектебінің гимнастика пəні мұғалімі поручик Рутилевский — 1 наурыздан бастап, Шығыс Сібірге ауысуына байланысты; Қазымбаев ауылдық мектебінің мұғалімі Павел Кривоногов — 1 мамырдан; Өскемен əйелдер приход училищесінің мұғалімі Вера Доброхотова — 18 мамырдан, денсаулығына байланысты; Зайсан уезі, Жарлы ауылдық мектебінің мұғалімі Иван Губкин 1 маусымнан бастап қызметтен босатылсын. Мұнда бiрнеше маңызды мəлiмет қылаң бередi: М.Дулатұлының Зайсан уезiнде жұмысқа кiрiсер алдындағы айы, күнi, жылы жəне оның мектебiнiң қалай аталатыны, жұмыс шенiнде өзiнен бұрынғы iзашарының ататегi. Бұның өзi аз емес. Мəселе мынада: Дулатұлының өзi тергеу кезiндегi жауабында адамдарды да, қай ауыл екенiн де көрсетпейдi: ол ОГПУ — отпен ойнағандық екенiн түсiндi. Өйткенi олардың əрбiр көрсетiлген жұмыс орнын тексеруi, аты аталған адамның əрқайсысын тергеуi мүмкiн едi. Мiржақып тұтқынға алынар алдында бүкiл газеттен Шахтинск iсi жөнiндегi хабарларды жəне тарихшы Платонов жөнiндегi мəлiметтердi оқыған едi. Сондықтан Дулатұлының куəлiк етуiнде ешқандай артық- ауыс мəлiметтер болған жоқ. Сақтық таныту қажет едi. Əсiресе тергеу жағдайлары мен үкiм шығаруда. Алайда үрейге бой алдырудың да жөнi жоқ едi. Кеңес өкiметi Алаш қозғалысына қатысушыларға 1919 жəне 1921 жылдары екi рет рақымшылық жасау жөнiнде жария еткен едi. Ақ- қарасын айырған болады, мəлiметтер жинайды, көзбе-көз беттестiредi, сонымен iс тамам.
Мiржақып Дулатұлының өзiнiң 1904 жылдан бастап Зайсан уезiнде жұмыс iстеген жерiн көрсетуi менi iзденiске бастады. Қазақстанның осы бiр түкпiрiн сырттай бiлушi едiм — мұнда жер аударылғандар болды, патша өкiметiнiң пiкiрi бойынша саяси сенiмсiз, құпия бақылаудағылар жұмыс iстедi. Зайсан деген жер атына байланысты 1859—1861 жылдары Ресейде болған революциялық оқиғаның қатысушысы Е.П.Михаэлистiң есiмi ерiксiз еске түседi. Ол Семейге жер аударылғаннан кейiн бiраз уақыт Зайсанда пристав жəне судья болып жұмыс iстедi. Мiржақып Дулатұлы Зайсанда үш рет болған кезiнде ол жөнiнде естiп-бiлiп, онымен кездеспеуi мүмкiн емес едi. Қазақстандағыорысқоғамдыққозғалысықатысушыларының қазақ ағартушысы əрi ақыны Абай Құнанбаевпен идеялық жəне жеке байланысының жарқын да сенiмдi факторы Е.П.Михаэлистiң қайраткерлiгi болып табылады. Ол революционерлер отбасынан шыққан. Ресейдiң революциялық қозғалысының тарихына Н.Г.Чернышевскийдi азаматтық жазалау кезiнде сот үкiмi шығарылған адамға гүл шоғын лақтырған Е.П.Михаэлистiң қарындасы Маша Михаэлистiң батыл əрекетi едi. Евгений Михаэлис алғашында гимназияда оқыды, кейiннен Петербург университетi физика-математика факультетiнiң жаратылыстану бөлiмiне қабылданды. 1861 жылы ол үшiншi курста болды. Евгений Н.Г.Чернышевскиймен жиi жолығысып жүрдi, ол студенттер үйiрмесiне қатысумен бiрге, өзгелер сияқты қозғалыс басшыларының бiрi болды. 1861 жылы күзде Петербургте студенттiк толқулар басталды. Студенттер бiрнеше жиын жəне шеру өткiздi. Шерулердiң бiрiнде Щелгуновтың “Жас ұрпаққа” үндеу қағазын таратушы Е.П.Михаэлис болды. 3-бөлiмде жауап алу кезiнде студенттер өздерiн лайықты ұстады, айыптауларға тойтарыс берiп отырды, барлығының дəлел-уəждерi бiр жерден шықты. Олар сотсыз-ақ əкiмшiлiк жер аударуға жiберiлдi. Е.Михаэлис Петрозаводскiге тап болды, кейiн Пудожа уездiк қаласына, ал 1863 жылы Тобыл губерниясының Тару қаласына ауыстырылды. Көп ұзамай 3-бөлiм беймаза студенттi Березовск округiнде жасырып
ұстайтын болды. 1867 жылы өзiн ығыр еткен аңдудан жасырыну үшiн Е.П.Михаэлис Iле Алатауы өлкесiне сұранады. Ол 1869 жылы Семейге келiп, қарашада облыстық басқармада iс жүргiзушiнiң көмекшiсi қызметiне қабылданады. Е.П.Михаэлистiң қызметтiк мəлiметтер құжатында былай делiнген: “1870 жылы билер съезiне қатысты жəне Семей — Қарқаралы пошта жолын тексердi. 1871 жылы 7 мамырда таскөмiрдi барлау үшiн Зайсан приставы мекемесiне iссапарға жiберiлдi... Досымбековтiң өлiмi жөнiнде бұрынғы уездiк судьяның iс-əрекетi мен қателiктерiн тексеру үшiн КүшiкТобықты болысына тергеу жұмыстарын жүргiзуге жiберiлдi. Осы жылы сауда-саттық пен кəсiпшiлiктi бақылау бойынша облыс қалаларын аралап шықты жəне айрықша тапсырмалар жөнiндегi аға шенеунiктiң мiндетiн атқарушы болып тағайындалды”. Зерттеушi Е.П.Михаэлис 70-жылдары Семей облысын табиғи- географиялық тұрғыдан зерттедi. Қазақ Д.Меңдiбаев оны Қара Ертiстiң режiмi жөнiнде хабардар еттi. Е.П.Михаэлис Зайсан пристав мекемесiнде əктас iздестiрудi қолға алды. Ол былай деп жазды: “Шүбəсiз кен орындарын ашқан адамға марапат тағайындап жəне бұған тiлек бiлдiргендердiң бəрiне тұз қышқылы бар құтыларды алдын ала таратып берiп, Зайсан маңайындағы əктасты iздестiре берген дұрыс болар едi; бұл жағдайда қырғыздар, жалпы, қара тау жыныстарын айыра бiлу iсiнде аса мұқият, не қажеттiнiң бəрiн табады.” Е.П.Михаэлис өз зерттеулерiнiң нəтижесi бойынша бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Ол 1879 жылы полицейлiк жария қадағалаудан босанып, статистикалық комитеттiң хатшысы болып тағайындалады, Ертiстiң ағысын зерттейдi. 1880 жылы Ертiстi зерттеудi қайта қолға алды. 1881—1882 жылдары уездiк судья жəне Зайсан приставының мiндеттерiн уақытша атқарды. 1882 жылдың 8 қарашасынан бастап облыстық басқармадағы қызметiнен мүлдем қол үзiп, акциздiк ведомствоға бiржола ауысады. Е.П.Михаэлистiң ғылыми мақалаларының тiзiмi оның Зайсан қазаншұңқыры мен төңiрегiнiң зерделi табиғат зерттеушiсi екенiн көрсетедi.
Е.Михаэлистiң өмiрiндегi жарқын да тамаша беттерiнiң бiрi — оның қазақтың ұлы ақын-ағартушысы Абай Құнанбаевпен достығы. 1893 жылы Абай Өскеменде Михаэлистiң үйiнде бiрер күн қонақта болды. Олардың достығы Абай қайтыс болғанға дейiн, 20 жылға созылды. Саяси жер аударылғандардың Қазақстанда өмiр сүруi өлкедегi қоғамдық өмiрдiң өркен жаюына ықпалын тигiздi. Саяси жер аударылғандардың айрықша көрнектi өкiлдерi: медицина немесе мұғалiмдiк жұмыс, қоғамдық өмiр секiлдi қайраткерлiктiң барлық түрiнде өздерiн көрсеттi. 80-жылдардың екiншi жартысында Зайсанда саяси жер аударылғандар жəне саяси сенiмсiз адамдар пайда болды. Бұлар халықшылдар жəне бiлiм алған қазақтар едi. 1887 жылы Зайсан приставы И.Нарбут губернатордан “қырғыздарға зиянды ықпал” етуi себептi телеграфист Досмұхамед Кемеңгеровтi қаладан аластауды сұрады. Осы жылдың ақпан айында Д.Кемеңгеров Барнаулға жұмысқа ауыстырылды. 1889 жылы 6 шiлдеде Семей облысының əскери губернаторы Дала генерал-губернаторының лауазымын атқарушыға былай деп жазды: “1887 ж. 24 желтоқсандағы өлкенiң бас бастығының №116- ұсынысымен Семейге саяси əкiмшiлiк-жер аударылушы Николай Коншин Зайсан постына орналастыруға апара жатқан жолда түрме полициясына бағынбағаны үшiн Павлодар түрмесiне қамауға алынды”. Коншин қамау мерзiмi бiткеннен кейiн Зайсанға жөнелтiлдi. 22 мамырда Семейге келген Коншин өзiнiң ауру екенiн мəлiмдеп, одан арғы жол жүру мүмкiндiгiн анықтау үшiн куəландыру жөнiнде сұрады. 2 маусымда ол Полиция басқармасының жанындағы медициналық куəландырудан өттi; қалалық дəрiгер Гизлердiң куəландыруы бойынша, Коншин тыныс жолдарының талаурап ауруынан азап шегедi жəне жүрек ақауы бар Коншин үшiн ұзақ жолмен қоныс аудару алдағы уақытта денсаулығын жеткiлiктi түзетуiне керi əсерiн тигiзуi мүмкiн. Алайда губернатор өз дегенiнен қайтпай, қасарысып тұрып алды: “Коншиннiң сырқаты созылмалы екенiн жəне жол қозғалыстарына толық тыйым салу дəрiгермен келiсiлмегенiн, яғни уақытша екенiн ескере келiп, мен Коншиндi Семей қаласында қалдырудан бас тартып, полицмейстерге оны дереу Зайсанға жөнелтуге ұсыныс жасадым.
Жергiлiктi емдеу мекемесiне жайғастырылған Коншин өзiнiң ауру екенiн, доңғалақты арбамен жол жүру денсаулығына қатер төндiретiнiн айтып, дəрiгерлер комиссиясының оны куəландырудан қайта өткiзуiн сұрады. Сол кезде мен Коншиндi куəландырудың мақсаты мен маңызын түсiндiре отырып, дəрiгерлер комиссиясына басшылық етудi облыс дəрiгерiнiң құзырына тапсырдым. Облыстық дəрiгер мен полицмейстер атаған, құрамында үш бiрдей дəрiгерi бар комиссия оларға Коншиннiң осы кездегi Зайсанға жол тартуға жарайтындығы жөнiнде мен қойған мəселенi ескере отырып, Коншиннiң алдағы Зайсан постындағы жайлы өмiрiне қатысты куəландыру жүргiзудi өз мойнына алды. Куəгерлiктiң толық еместiгiне байланысты мен облыс дəрiгерiне Коншиннің қай жерде өмiр сүруi қолайлы екенiне қатысты мəселенi орап өтiп, оны қазiр Зайсанға жөнелту жөнiндегi өз пiкiрiн бiлдiрудi ұсындым”. Əйтсе де 1889 жылы 9 шiлдеде Семей полицмейстерi əскери губернаторға былай деп хабарлады: “Саяси əкiмшiлiк-жер аударылушы Николай Коншин сол күнi этаптық тəртiппен Зайсан қаласына жөнелтiлдi, бұл жөнiнде Зайсан уезiнiң бастығына жəне Өскемен полицмейстерiне хабарланды.” 1889 жылы тамызда Зайсанның уезд бастығы мынадай құпия хабар жеткiздi: “Зайсан постындағы жария бақылауға алынған байырғы дворян, əкiмшiлiк-жер аударылушы Николай Яковлевич Коншин маған қандай да бiр қолөнер кəсiбiнен бейхабар жəне күнкөрiске қажеттi қаржы табу мүмкiндiгiнiң жоқ екенi жөнiнде ауызша өтiнiш айтып, өзiн-өзi асыраудың бiрден-бiр амалы ретiнде дəрiс берудi сұрады. Полковник Хотинский”. 90-жылдардың соңында Зайсан уезiнде Н.Щербин экспедициясының жеке партиясы ресейлiк қоныс аударушылар үшiн жердiң статистикалық сипаттамасын жасау жəне оларға берiлетiн жер телiмдерiн анықтау бағытында жұмыс iстедi. Бұл партияда полицияның құпия бақылауындағы Райымжан Марсеков жұмыс iстедi. 1899 жылы 2 қыркүйек. Өскеменнiң уезд бастығы Семей облысының əскери губернаторына: “Рапорт. 19 маусым №90бұйрықты орындауға
байланысты Сiздiң Жоғары мəртебеңiзге мына хабарды жеткiземiн. Полицияның құпия бақылауындағы бұрынғы С.-Петербург университетiнiң студентi Райымжан Марсеков осы жылғы мамырдың 14-i күнi Петербургтен Айыртау болысына келген, содан соң тамыздың 28-i күнi хат түрiнде хабардар етпестен Шарынға, Семей қаласына келген, ондағы ойы — сол жерден Санкт-Петербургке аттанып, өзiн қайтадан студенттiкке қабылдау жөнiнде өтiнiш жазғысы келген сыңайлы, маған бұл жөнiнде Айыртау болыстығының бастығы 28 тамыздағы №719-рапорты арқылы жеткiздi”. Уезде қазақ шаруашылығын тексеру жөнiндегi Щербиндер экспедициясының жұмысына адамдардың үлкен тобы көмектестi. Экспедицияға қатысушылар құрамында жасырын бақылаудағы немесе саяси жер аударылғандармен байланыстағы көптеген адамдар болғаны белгiлi. Солардың арасында үздiк мамандардың бiрi Т.Седельников те бар. Бiрақ ол қызметтестерiмен дөрекi сөйлесiп, өзiн көргенсiз адам ретiнде көрсеттi. Зайсан етегiндегi таулы жерде геодезиялық аспабы — теодолитiн жоғалтып алды. Оның құны 300 сом болатын. Жоғалған аспапты Петербургтiң рұқсатымен шығын есебiнде жазды. 1903 жылы қызметiнен босатылды. Тап осы жерде Жетiсуда болашақ зерттеушi С.Н.Велецкий жұмыс iстедi. Онымен Отыншы Əлжанов, Көлбай Тоғысов, Қыстаубай Манғожин, Өмiрбек Жамұнов, Əубəкiр Қарманов, Бəзiкент Өскенбаев, Баязит Сəтбаев, Ахмет Тышқанбаев, И.Тарабаев, Қара Ертiстiң арғы жағында дəрiгер болып iстеген Əмiре Айтбақин сынды қазақ зиялылары қарым-қатынас жасасып тұрды. Қалада полиция рұқсатынсыз алыс-жақын жерлерге баруға құқығы жоқ жер аударылғандардың тұтастай бiр колониясы орналасқан едi. Олар аптасына екi рет полицияда белгiленуге мiндеттi болатын. 1902 жылы Петербург университетiнiң студентi Сергей Алексеев Зайсанға үш жылға жер аударылды. Ол “Жұмысшыларды азат ету жолындағы Петербург одағы күресiнiң” қатысушысы болды. Жер аударылуының себебi — Петербургте шеру ұйымдастырғаны үшiн. Осы iс бойынша оның жолдастары — А.Ф.Александров, М.Т.Григорьев Өскеменге, А.Я.Ветров Қарқаралыға, Н.П.Воскресенский Павлодарға, Е.С.Шехтер Ақмолаға жер аударылды.
Революцияға дейiнгi Қазақстанның зиялы қауымының тағы бiр өкiлi — 1863 жылы туған Ноғайбай Сəрсенбайұлы Жетпiсбаев едi. Еуропалық бiлiмнiң маңызын түсiнген əкесi жас баласын Омбы əскери гимназиясына бердi. Н.Жетпiсбаев 1879 жылы гимназияны тамамдап, 4-Батыс Сiбiр батальонына подпрапорщик шенiмен келдi. Алайда ол əскери қызметте қалдырылмай, бiлiмiн əрi қарай жалғастыру үшiн Қазан қаласындағы жаяу əскер-юнкерлер училищесiне жолдама алды да, мұны 1881 жылы ойдағыдай аяқтап шықты. Сөйтiп, 4-Батыс Сiбiр батальонына қайтадан келiп, онда екi жыл подпоручик шенiнде қызмет iстедi. Бұл кезеңдi ол: “1882—1883 жылдары Зайсан шекара бекетiнен 60 шақырымдай қашықтықта орналасқан Кааб шатқалындағы Зайсан гарнизонында қызмет еткен кезiмде, мен бiздiң Қытаймен шекара бойындағы мерзiмi жетiп iстен шыққан жəне осы маңда көшiп-қонып жүретiн керей, торғауыт, жағанкепек руларының адамдары қиратып бүлдiрген шекара белгiлерiн тексеретiнмiн” деп еске алады. Бұл тұста жас жiгiттiң көне жəдiгерлiктерге деген қызығушылығы арта түстi, осында ол алғаш рет əрiден келе жатқан көне аңыздар мен қызықты əңгiмелердi жинауға берiле кiрiстi. 1883 жылы Жетпiсбаев əскери қызметiн жалғастыру үшiн Семейдегi резервтегi жаяу əскер батальонына ауыстырылып, ұзақ жылдар бойы Семей жəне Жетiсу облыстарында қызмет еттi. 1899— 1900 жылдары Ресей-Қытай шекарасының Тарбағатайдағы бөлiгiнде шекара белгiлерiн тексеру жəне қалпына келтiру бойынша жұмыс iстедi. Осы кезде 1900 жылы Əндiжан көтерiлiсiне iш тартқандығы үшiн тергеуге алынды. Мiржақып Дулатұлы бұл адам туралы естiп қана қоймай, онымен кездескен де болуы мүмкiн. Н.С.Жетпiсбаевтың саяси көзқарасының қалыптасуына Қазан мен Семейдегi қоғамдық өмiрдiң жай-күйi өз ықпалын тигiздi. Полиция департаментiнде оның үстiнен iс қозғалды. Мiржақып Дулатұлының Зайсан уезiндегi жұмыс орнын нақтылап анықтауда тек қана мұрағаттық материалдарға жəне сирек кездесетiн ведомстволық басылымдарға арқа сүйеуге болатын-ды. Дала өлкесiндегi мұғалiм-халықшылдардың iздеу жұмыстарымен танысу үшiн ведомстволық басылымдарға көңiл аударуға тура келдi.
Томскiде шығып тұрған “Батыс Сiбiр округi бойынша оқу циркулярында” Дала өлкесi бойынша қызметке тағайындаулар, жұмыстан босату жəне мұғалiмдер демалысы жөнiнде көптеген құжаттар көрсетiлген. Ресей Ұлттық кiтапханасында осы журналдың 1904 жылғы сандарын қарап шығудың сəтi түстi. Алғашқы сандарына көз жүгiрткеннен-ақ оның жазғы басылымдарын мұқият тексерiп қарау керек екенi белгiлi болды. Үмiт ақталды. Бəрi дұрыс — Зайсан уезi, ал мектептiң аты — Жарма əлде Жарлы екенiне қиналмай-ақ көз жеткiзуге болады. Əйтсе де жарма сөзiнiң мағынасы маған күңгiрттеу көрiндi. Бұл жерде əрiптен қате кетуi де əбден мүмкiн. Сондықтан мұны картаға қарап анықтаған жөн. Алдын ала тон пiшуге болмайды. Бұған менiң өзiмнiң де талай мəрте көзiм жеткен. Дегенмен бұл жолы бəрi дұрыс болады деген сенiм туды. Тек қажеттi жағрафиялық картаны табу керек. Шоқан Уəлиханов та кезiнде қазақтардың жолға, сапарға шығуды ұнататыны туралы айтқан болатын. Сiрə, бұл сөз Мiржақып Дулатұлы туралы да айтылса керек. Дулатұлы мен Греховодов екеуi Торғай—Атбасар—Ақмола— Қарқаралы бағытын төте жолмен жүрiп өттi. Атбасар — Ақмола күре жолының бойымен 241 шақырымдай ұзақ сапар шектi. Атбасар — Ақмола күре жолының (пошта жолы) 80 шақырымдайы ғана Атбасар уезi арқылы өтетiн, Есiл өзенiне параллель екi түзу көпiрi болатын. Өзен кейде жолдан 12—15 шақырым жерге дейiн тартылып кететiн. Жол-жөнекей Атбасар жəне Колутон өзендерi, көптеген шағын көлшiктер мен шалшық сулар кездеседi. Күре жол бойында бес шаруа қонысы болды. Одан əрi Ақмола уезiнiң аумағына қарайтын Колутон станицасы бар. Жолшыбай Ново-Черкасск болысының Таволжан елдi мекенi кездестi. Келесi — Шаншар стансысы. Қараоба мен Шаншар стансысының арасында Астраханское, Ново-Черкасск елдi мекендерi орналасқан. Жыланды стансысынан өтiп, 18 шақырымдай ылдимен жүрдi. Жыландыдан төрт шақырымдай жерде Қарамеңдi стансысы бар.
25-шақырымда Семеновское елдi мекенi (Семеновский болысы). Келесi — Бармақ стансысы. Одан əрi Ақмола стансысы. Ақмоладан Қарқаралыға дейiн бұрынғы кезде Бабатал, Қызылжар, Шортанды, Аюлы, Шiдерлi, Нұрбай, Сиректас, Белағаш, Жосалы, Жұмаршал, Қыпшақ деп аталатын он пикетстансы болыпты. Ақмоладан Қарқаралы уезiнiң шекарасына дейiнгi жол мына бағыттар бойынша өттi: Ақмола — Александровск (25 шақырым), Байтен Тупақов зираты (15 шақырым), Есiл өзенiне 15-шақырымда салынған жаяу өткелден су жайылған кезде өту мүмкiн емес. Паром қажет болады. Жалғызағаш шатқалындағы Тураловская стансысы (40 шақырым), Чунжыгуль өзенiнiң 25-шақырымында, Тереңөзек өзенiнiң 32-шақырымында, Тасөзен өзенiнiң 36-шақырымында осылай болады. Жазда бұл өзендер тартылады. Көпiр керек. Жалғызағаш шатқалында қоныс аударушылар тұрады, онда 10-нан 15-ке дейiнгi қыстауларда 70 —80 адам қазақтар бар. Тамыздың ортасында Мiржақып Дулатұлы Зайсанда болды. Қалада үш сыныптық училище жұмыс iстейдi. Ол 1899 жылдың басында екi жылдықтың орнына ашылған. Мiржақып училище директорына жолықты, оның басқаруында үш бiрдей ауылдық мектеп бар болатын. Мұғалiм-инспектор болып Иван Иванович Куминов жұмыс iстедi. Ол уездегi ауыл мектептерiне Халық ағарту министрлiгi тарапынан бақылау жүргiздi. Ал басқа мектептер бақылаудан тыс болды. Қалалық училищеде Артемий Анисимович Шевелев жəне Иван Корнилович Жилин деген мұғалiмдер жұмыс iстедi. Олардың бəрi де мемлекеттiк қызметкерлер болып саналды. А.А.Шевелевтiң өз үйi болды, ал И.К. Жилин пəтерде тұрды. И.И.Куминов та пəтер жалдап тұрды. Халық ағарту министрлiгi тарапынан училище оқытушыларына жалақы ретiнде жылына 1917 сом (рубль), оқу құралдары мен шаруашылық қажеттерiне қосымша 630 сом 75 тиын (копеек) бөлiндi. 1903 жылдың күзiнде қалалық училищеде училищелер инспекторы А.Алекторов болды. Ол өзiнiң берген есебiнде былай деп жазды: “30 қыркүйекте Зайсан қалалық үш сыныптық училище тексерiлдi. Курстың барлық пəндерi бойынша əсiресе орыс тiлiнен жетiстiктер айтарлықтай емес. Зайсан училищесi оқушылар үлгерiмi бойынша
Ақмола жəне Семей облыстарындағы қалалық училищелердiң бəрiнен де төмен тұр. Үш сыныптық ересектер бөлiмiнiң оқушылары “мыловаренные, кожевенные заводы”, “просительный”, “произрастают”, “мещане подчиняются”, “киргизы, живущие”, “Зайсанское городское училище”, “четыре заведения”, “Зайсан находится у подошвы горы”, “в городе есть чайная, библиотека”, т.б. деп мүлде сауатсыз жазды. Жазу үлгiсi қанағаттанарлықсыз. Оқу орнын маған бағынышты қалалық училищелердегi орташа үлгерiммен бiр деңгейге көтеру үшiн қалтқысыз көмек, жұмылған күшпен жұмыс iстеу керек. Орыс тiлiн Шевелев жүргiзедi; мұғалiм қызметiнiң ең болмағанда кейбiр талаптарынан шығу үшiн оның өз бiлiмi мен қабiлетiн əлi де көп жетiлдiруiне тура келедi. Заң мұғалiмi священник Протопопов сабақтың 60%-ынан көбiн өткiзбеген, мiне, сондықтан да оқушылардың Құдай заңы жөнiндегi үлгерiмi қанағаттанғысыз. Зайсан училищесiнiң оқытушылары өздерiнiң мұғалiмдiк атақтарына сын көтермейтiн деңгейде, өте жауапсыздықпен қараған. Училищедегi нашар жағдай үшiн мұғалiм-инспектор Домоховскийге сөгiс берiлдi. Мұғалiм Шевелевке əрбiр сабаққа мiндеттi түрде дайындалып, конспект жасау ұсынылып, онсыз бұдан əрi қалалық училищеде жұмыс iстеуi мүмкiн емес екенi ескертiлдi. 1903 жылдың 22 желтоқсанындағы №2884-қосымшамен, халық училищелерi инспекторына Зайсан қалалық училищесiне қатысты айтылған барлық ескертулер көрсетiлiп, бұл оқу орнына барынша жиi тексеру жүргiзу ұсынылды. Жаңадан тағайындалған мұғалiм- инспектор Куминов қазiргi уақытта училищенi тиiстi деңгейге көтеру үшiн мұғалiмдер Жилин мен Шевелевке табанды көмек көрсете отырып, барлық шараларды қолдануда”. Мұның бəрi осылай. Бұл мəлiметтер түгелiмен кiтапханалар мен мұрағаттардан табылды. Бiрақ Мiржақып Дулатұлы туралы материалдар жинау барысында Жарлы деп аталатын ауыл туралы деректер кездеспедi. Щербин экспедициясының карталарында ондай ауыл болған жоқ. Осы заманғы бес шақырымдық жəне екi шақырымдық карталарды қарауға тура келдi. Бiрақ ешқайсысынан да iздегенiмiз ұшыраспады. Карталарда мұндай атау жоқ болып шықты. Ол кездiң құжат жазушылары шатасқан жағдайда, Жарлы мен Жарма дегенiмiз
бiр ғана ауыл болуы да ғажап емес. Сондықтан жiптiң ұшын жергiлiктi жерден iздеген жөн. Зайсанға барып, сол өлкенiң, қалалар мен ауылдардың ауасын жұтқаннан кейiн, бiз iздеген елдi мекеннiң атауы өзiнен-өзi шыға келуi əбден мүмкiн. Мектептiң атауы да онымен байланысты екенi сөзсiз. Жұмбақ шешiп, жорамал жасаудың қажетi жоқ. Зайсанға жетiп, аудан орталығындағы кез келген базар мен кеңсеге бас сұғып сұрасаңыз, мұны сiзге бəрi де айтып бередi. Мiржақыптың iзiмен Зайсан қазаншұңқырына баруға бел будым. Пойыз iлгерi қарай зулап барады. Жаңа бекеттерден вагонға кiрген жолаушылардан: “Бұл қай жер?” — деп сұраймын. Жайлап жауап бередi: — Жарма. “Менiң iздегенiм осы жер шығар?” деген ой бiрден санама сап еттi. Пойыз ендi Абайдың туған жерiнде кетiп барады. Иə, бəрi рас, Мiржақып Абайдың туған жерiне жақын маңайда жұмысқа орналасуды қалаған-ды. Оның дəл осы жерде тұрып жұмыс iстеуi əбден мүмкiн-ау. Нелiктен бұл ой маған бұрынырақ келмеген? Вагон iшi күңгiрт тартқан, бəрi ұйқы құшағында. Терезенiң арғы жағын қою қараңғылық басқан. Пойыз табиғаты əсем Арғанаты тауын бөктерлеп, Аягөз өзенiне құятын бұлақтардың үстiмен сырғып бара жатқанын мен бiлген жоқпын. Əлде таңертең пойыздан түсiп қалып, осы маңнан Жарма немесе Жарлы ауылын iздесем бе екен? Менiң жағдайымда осылай етуге де болады. Өйткенi алған билетiмнiң мерзiмi ендi бiр-бiр жарым сағатта бiтедi. Бiрақ мен Зайсанға жетiп, бəрiн сол жерде шешуге бел будым. Осы оймен тағы да алдыға жылжыдым. Стансыға жете бере вагонның жарығы жанды, жолсерiк түсiп қалатындарды оятып жүр. Мен дайын тұр едiм. Үстiмнен жылы жейдемдi шешiп, жеңсiздiң сыртынан кеудешемдi кидiм. Төсқалтасына əлдебiр қағаз салынған жылы жейдемдi жол сөмкеме салып, шығуға дайындалдым. Пойыздан таң бозара түстiм. Георгиевкаға жеткеннен соң, əрi қарай жолшыбай кездескен көлiкке отырып, тағы да жүз шақырымдай жүрдiм. Жолда Қапанбұлақ, Нарбота аталатын шағын өзендерден өткен соң, Жарма
өзенiне дейiн тау қырқалары басталып, одан əрi созыла түседi де, Жарма өзенiнiң жайылмасына жалғасады. Бəлкiм, Мiржақып Дулатұлының тұрған жерi осы шығар? Осында, Абай Құнанбаевтың туған жерiнен онша қашық емес көрiкті дала баурайында оның жұмыс iстеген болуы да мүмкiн. 15-айрық, 16-айрық, Үшбиiк, Ернар артта қалды. Мал шаруашылығына қолайлы, шүйгiн дала өлкесiнен өтiп барамыз. Алда — Қалба жоталары, мал жайылымы үшiн таптырмайтын жазық аңғарлар, Жарма суқоймасы, шағын қайыңды тоғайлар... Мiне, Көкпектiге де келдiк. Жолшыбай кездескен машинамен жүз елу шақырымдай жүрдiм. Қабырғамды босқа қайыстырыппын. Ең бастысы, мұнда революцияға дейiнгi Көкпектiнi ешбiр картасыз-ақ көрiп тұрмын, бұл бұрынғы Зайсан уезiнiң жерi екенiне күмəнiм жоқ. Көкпектi пикетi Зайсан қаласынан көп бұрын бой көтерген. Тiптi Кенесары Қасымовтың тұсында-ақ бұл пикет болған. Мұнда Көкпектi округтiк приказы (дуаны) болды. 1855—1856 жылдары Семей облысының Көкпектi елдi мекенiнде қалалық басқарма құрылды. Көкпектi қаласының 1867 жылы межеленген жоспары сақталған. Ендi бұл — Көкпектi өзенiнiң екi жағына кең жайыла орналасқан далалық кент. Мiне, Көкпектi тұрғындарының 1906 жылғы тiзiмi, бұл тiзiм жекеменшiк үйлерi бар, ауқатты адамдардың фамилияларынан тұрады, олар: Құрманғали Ысқақұлы Ысқақов, Хакiмжан Ысқақов, Ғалымжан Қаһарманов, Ибатулла Ахметов, Сыдық Орманов, Измаил Лакишев, Магадий Сəбитов, Сүлеймен Кагарманов, Ғабдулла Хамидуллин, Хасен Ахметов, Ибрагим Чамчиев, Хасен Аппасов, Юсуф Ибрагимов, Мұхамеджан Сүйiндiков, Уəли Мұхамеджанов, Сағадий Халитов, Мұхаммед Ғали Сүлейменов, Фадылжан Хайбулатов, Меңдiбай Ахметов, Мұхаммед Ысқақов, Сүлеймен Ысқақов, Рахматулла Салихов, Сүлеймен Шабақов, Абдулмалик Бисаев, Мұхамеджан Салихов, Мұхамеджан Сейфуллин, Шаяхмет Даутов, Ахмед Абдул Лавашев, Халиулла Насибуллин, мұғалiм Григорий Ванин. Бұлармен қатар Көкпектiде басқа да үй иелерi тұрған, олар: В.А.Проскуряков, ағайынды Рядинскийлер, Т.Байков, И.И.Иванов, Я.Ахунджанов, Х.Абдуллин, Т.Беспаев, И.Лаишев, С.Абдулкаримов,
Х.Искаков, И.Абдулкаримов, М.Абдуллин, С.Кагарманов, М.Шабанов, И.Ахметов, К.Искаков, Н.Абдулхаликов, Н.Ибрагимов, М.Сəбитов, А.Бахтыбаев, А.Габдеев, Х.Алпысов, А.Қазақпаев, Т.Абдулкаримов, С.Мұхаметжан, А.Ғабитов, М.Шагиева, И.Галяцев, С.Халитов, А.Абдуллин, Н.Файзуллин, Х.Ситдыков, К.Меңдiғұлов жəне басқалар. 1909 жылы Көкпектiде мыналар тұрды: С.С.Абдуллин — 42 жаста, ІІ гильдиялық көпес, саудагер С.В.Абдулкаримов, Г.Х.Абдулфаизов — 52 жаста, қалалық староста, Д.Ведисцев, Х.И.Искаков. Сауда-өнеркəсiп кəсiпорындарының иелерi: бакалея жəне мануфактуралық тауармен сауда жасаушылар (Көкпектi қаласы): Абдулкаримов Мухаммед-Ғали, Абдулкаримов Сафар-Ғали, Абдулкаримов Темiрəлi, Абдуллин Сүлеймен Мухамедович, Ахунджанов Якуп, Баснаев Тоқтар, Гозин Кəрiмжан Абдулхаликович, Искакова Бибi-Рабиға, Ысқақов Құрманғали, Искаков Хасан, Кожбаев Жүсiп; (Шорға селосы), Лашев Измаил, Салихова Биби-Хадиша Мүлiкова, Чогонбаев Карнобай. Көкпектi тұрғындарының iшiнде көптеген татар фамилиялары кездеседi. Бұл туралы Мiржақып Дулатұлының өзi де жазған. Оның “Бақытсыз Жамал” романында Жамал мен оның сүйген жiгiтi өздерiн аңдыған адамдардан қашып жүрiп, көне қорғанға (дуанға) келiп жасырынатыны бар. Бұл жерде жастар татардың қолынан қорғаныш табады. Көкпектi дегенiмiз — осы. Мен үшiн Көкпектi — тал түс кезiнде шыжыған ыстық. Мұнда кiмдердiң тұрғанына қазiр көз жеткiзу дегенiмiз — уақытты босқа өткiзу болып шығады. Иə, Көкпектi Зайсан емес, асығу керек. Жол үстiнде аздап тамақтанып алдым да, көпiрден өтiп, автостансыға келдiм. Кассаның терезесi жабық. Билет сатушы бiр жаққа кеткен. Сұрастырып жүрiп түнде бiр автобустың Зайсанда аялдайтынын бiлдiм. Автостансыда түнге дейiн отыруға тура келедi. Ал қазiр — əлi түс əлетi. Ойлануға уақыт бар. Алда тағы да екi жүз шақырымдай жүру керек. Сiрə, жолдың өзi де онша оңып тұрмаған болар, шұңқыр, батпақ, шаңнан көз ашпаспыз. Оңтүстiк Қазақстанның ауылды жерлерiндегi соғыстан кейiнгi жылдардағы жолдың жайын жақсы бiлетiн едiм:
автокөлiктiң доңғалақтарына шеге кiрiп немесе арыққа кептелiп болмаса жанармай таусылып, карбюратор iстен шығып, түн iшiнде айдалада қала беретiнбiз. Ертеңгi жағдай да қалай болары белгiсiз. Бiрақ қайткен күнде де асығу керек. Сондықтан Көкпектiнiң шетiндегi машиналарға май құятын орынға жетiп, машина күтуден басқа амалым қалмады. Дəл осы жолмен Мiржақып Дулатұлы да Зайсанға барғанын еске аламын. ХХ ғасырдың басында бұдан басқа жол болған жоқ. Мiржақып Көкпектiге Қарқаралыдан, Семейден немесе Өскеменнен келуi де мүмкiн, бiрақ қай жағдайда да Көкпектiнi орағытып өте алмайды. Тiптi оның мектебi Жарма стансысында болған күннiң өзiнде де оқу ведомствосы бойынша Зайсандағы үш сыныптық қалалық училищенiң мұғалiм-инспекторы Иван Иванович Куминовқа жолығу үшiн уездiк басқармаға соғуына тура келер едi. Арада жүз жыл өткеннен кейiн мен де жолшыбай кезiккен автокөлiкпен Зайсанға келiп жеттiм. Айнала — жартылай елсiз жазық дала. Қалба жоталары артта қалған. Жартылай таулы алқап өзендерi дерлiктей құрғап қалған шөлейттi далаға ұласты. М.Дулатұлы жүрiп өткен жолды ойша көз алдыма елестетемiн. Семей — Зайсан пошта жолының ұзындығы — 599 шақырым. Семей — Өскемен жолы Ертiс өзенiн жағалап өтедi. Семейден кейiн Озерный кентi (18 шақырым), Талицкий кентi (24,25 шақырым) бар. Пошта жолы, одан əрi земский күре жолы Өскемен уезi арқылы өтедi: Үлбi (қыстақ) — 18 шақырым; Барашевский (кент) — 25 шақырым; Красноярское (кент) — 20 шақырым; Уваровское (кент) — 21 шақырым; Өскемен — 24 шақырым. Семей мен Өскемен арасы — 201 шақырым. Өскеменнен Көкпектiге дейiн пикеттер бар: Ұрунхай (пикет) — 29 шақырым, Себинский (пикет) — 23 шақырым; Сенташ (пикет) — 24 шақырым; Аганыкатты (пикет) — 25 шақырым; Қаратал (пикет) — 28 шақырым; Көкпектi қаласы — 29 шақырым. Уездiк қаладан Өскемен уезi бойынша қашықтық 159 шақырым болды. Зайсан уезiнiң бiр кезде Мiржақып жүрiп өткен жерлерiн басып келемiн. Зайсанға баратын жол бiреу ғана — мұнда басқа жол жоқ. Күре
жол Зайсан қазаншұңқырына қарай созылып жатыр. Оң жақта — таулар, ал сол жақта көкжиекпен астасып Зайсан көлi жарқырайды. Сөйтiп, тұп-тура екi жүз шақырым Тарбағатай тауынан Зайсан көлiне қарай Қалжыр, Жарма, Теректi, Жеменей, Шорға жəне басқа дала өзендерi ағып жатыр. Зайсан уезiнде жол Семейден Көкпектiге барып жетiп, одан əрi тағы да бекеттер басталады. Оларда көлiк аттарын ауыстырады, жолаушылар ұзақ жолдан кейiн демалып, түнде ұйқысын қандырады. Көкпектiден шыққаннан кейiнгi бекеттер: Аралтөбе (23 шақырым), Жосағаш (19 шақырым), Шоған (21 шақырым), Базарка (28 шақырым), Бұрханка (25 шақырым), Чорга-Шорға (15 шақырым), Нора (Еспе) (17 шақырым), Тайжүзген (23 шақырым), Сарыбұлақ (19 шақырым), Қарабұлақ (31 шақырым) жəне ақыр аяғында Зайсан (17 шақырым). Өскемен—Зайсан жолының жалпы ұзындығы — 238 шақырым. Тамыздың орта тұсында Мiржақып Дулатұлы Зайсанға келдi. Қала оған барлық жағынан ұнады. Көшiр оған қоналқаға аялдауға болатын жердiң бiрнешеуiн атап өттi. Күре жолдан шыққаннан кейiн христиан зиратының жанынан өттi, жаңа базар да бұдан алыс емес екен. Осы жерде тоқтады. Мiржақыптың назары қос жармалы ағаш қақпа мен ат байлайтын кең аулаға түстi. Ауланың түкпiр жағында мал тұратын алаң бар екен, биiк ақырда үйiлiп бiр бума шөп жатыр. Оған таяу жерде шынжырлы үлкен төбет қалғып-мүлгiп жатыр. Үй иесi əйел ашық-жарқын қарсы алды. Аман- сəлем жасасқаннан кейiн: — Үйдегi төсекте ұйықтайсыз ба, əлде жазғы ашық сəкiде ме? — деп сұрады. Верандада бiрнеше сəкi бар екен. Мiржақып солардың бiрiне жайғасты. Ертеңiнде қалалық үш сыныптық училищеде инспектор Иван Иванович Куминов Мiржақыпты қуанышты раймен қарсы алды: — Келгенiңiз жақсы болды. Мiнеки, бiз кездестiк, — дедi. Жолдың жай- күйi, Семей туралы əңгiмелестi. Мiржақып Абайдың қайтыс болғанына өкiнiш бiлдiрдi. Абай туралы əңгiмеге Куминов те қосылды.
— Оны көп адамдар бiледi. Ал бiздiң Александр Семенович Хохлов онымен өте жақсы таныс болған. Олар жиырма жылдан берi статистикалық комитеттiң есебiнде тұрады. Сондағы отырыстарда жиi кездесетiн. Куминовтiң пəтерiнде жайылған шағын дастарқан басында Мiржақып өзi үшiн маңызды жағдайға қанықты: — Қазiр барлық ауылдар Қара Ертiстiң арғы жағында, жайлауда отыр. Бұл — Марқакөл көлiнiң жағасы. Асықпа. Бiр аптадай өзiң iстейтiн мектепте бол, тұратын үй тауып ал. Одан соң Зайсанға келуiңе болады. Бiздiң училищедегi сабақтарға қатысасыз. Ал сiздiң мектептегi сабақтар қыркүйектiң соңында, ауылдар қыстауға түскен кезде басталады. Осылай болды да. Мiржақып Зайсанда бiр аптадай болды. Оны уезд бастығына таныстырды. Үздiксiз ұзақ жолдан кейiн қалада бiраз демалып, көп жайды ой елегiнен өткiзуге мүмкiндiк туды. Зайсан — орталық бөлiгiнiң жобалануы мен құрылысы ХХ ғасырдың басында қандай болған болса, сол қалпын сақтап қалған Қазақстандағы бiрден-бiр уездiк қала. Ол жылдары Ақмола, Атбасар, Шымкент, Көкшетау, Əулиеата, Петропавл да уездiк қала болған. Алайда олардың бəрi кейiннен облыс орталықтарына айналып, жобалануы мен құрылымы елеулi өзгерiстерге ұшырады. Көптеген көне үйлер мен ғимараттар жаңа үйлерге орын босатты. Ал Зайсанда бiрнеше үйден басқасының бəрi сақталып қалды. Көптеген көшелер мен алаңдарда өзiңiздi Мiржақып Дулатұлының кезiндегiдей сезiнетiнiңiз сөзсiз. Мiне, мына жерлерде уездiк басқарма, ерлер мен əйелдер медресесi, түрме, Жеменей өзенi, қалалық үш сыныптық училищенiң ғимараты, күмбезi жоқ əскери собор, кiтапхана, туысқандар мен таныс адамдар жиналатын тұрақжай-сарайлар болған. Мұсылмандардың намаз оқитын мұнаралы үйi де сақталған. Қазiр онда жаңа мешiт бар. Өзеннiң дəл жағасындағы қала басқармасының үйi де сол қалпында тұр. Қаланың көне бөлiгi Жеменей өзенi мен Сауыр тауына параллель, бiркелкi шаршылар түрiнде жобаланған. Жоғарғы жағы түгелiмен өзен мен таудың жоғарғы батыс жақ бұрышына iшкерiлей кiрiп кеткен. Көшелердiң аттары да Горная, Училищная, Садовая, Титовая, Базарная,
Казначейская, Военная, Лазаретная, Кызылтайская, Сенная деп таулы жердiң ыңғайына қарай аталған. Жеменей өзенiнiң сол жағалауындағы көшеде шөп базары орналасқандықтан, оны Сенная деп атаса керек. Жеменей өзенiнен батысқа қарай сегiз тармақ кетедi — бiрiншi — сегiзiншi. Жеменей өзенiнiң жағасында казак станицасы, оның төменгi жағында қазақ ауылы, оның өзiнiң мешiтi болған. 1880 жылы Көкпектiден Зайсанға дейiн бекеттер салу жұмысы аяқталды, жолдар, өзендер қиылысында көпiрлер салынды. Зайсан туралы: 1874 жылы саяхатшы М.Венюков: “Зайсан бекетi қатардағы елдi мекен деңгейiне тез көтерiлдi”, — деп жазған едi. Оның сөзiн мен де толық қостаймын. Елдi мекен даладан келгендерге ұнамды əсер қалдырады, əсiресе өзiнiң кең көшелерiмен, арықтарымен жəне жағалай өсiрiлген əсем ағаштарымен ұнайды. Рас, оның жайпақ шатырлы, кiрпiштен қаланған үйлерi аса тартымды деуге де келмес, бiрақ олар қатты ыстық күндерi жақсы баспана болатын көрiнедi. Сонымен бiрге ағаштан қиып салынған, қоңырауы бар шағын да əсем шiркеулер секiлдi бiрнеше ағаш үйлер де (оның iшiнде приставтың үйi) бар. Негiзiнен, қазақтарға арналған үлкен мектеп үйi де алыстан менмұндалап көрiнедi. Кiшкене ағаш жаппалардан тұратын базардан еуропалық жəне азиялық тауарлардың көптеген түрлерiн кездестiруге болады. Офицерлердiң өз клубы бар. Майор Тихоновтың мұқияттылығының арқасында бұл жердiң даңқы қоғамдық жиналыстар өткiзетiн орны бар жақсы саябағымен де шыққан. Саябақ ағыны қатты тау өзенi Жеменейдiң оң жағына орналасқан, өзен Зайсанға жақын жердегi таулардан басталады, оның үстiне кең де мықты ағаш көпiр салынған. Зайсан елдi мекенiнде 163 үй, 2 мың тұрғын (əскерилердi қосқанда) бар. Оның iргесi 1867 жылы бұл жерге алғаш рет казактар келгенде қалана бастады, ал 1868 жылы алғашқы үйлер салынды. 1881 жылы приход училищесi жұмыс iстей бастады, 1887 жылы ол екі сыныптық қалалық училищеге айналды. Оның ғимараты 1909 жылға дейiн сақталған. 1883 жылы Зайсанда қазақ балаларына арналған интернат ашылды. Бiрақ ол көп ұзамай жабылып қалғанға ұқсайды. 80- жылдардың соңында мектеп-интернаттың орнына ауылшаруашылық
мектебi ашылған. 1886 жылдан пошта мен телеграф жұмыс iстей бастады. 1884 жылы приставтықтың орнына бұрынғы болыстардың құрамындағы Зайсан уезi құрылды. 1897 жылға қарай уезд тұрғындарының саны 95 072 адамға жеттi. Зайсанның өзi 1892 жылдан бастап қалалық кент мəртебесiн алды. ХХ ғасырдың басында қала тұрғындары 4402 адам болды. Оған қоса мыңға жуық əскери адам болды. Қала тұрғындарының жалпы санына 1000 адамдық мұсылмандар да қосылды. 1898 жылы Зайсанда қыздар мен ұлдарға арнап жеке-жеке приходтық училищелер ашылды. Бұлар ерлерге арналған қалалық екi сыныптық училищемен қатар жұмыс iстедi. Жеменей өзенiнiң таудың тар шатқалынан сытылып шығар тұсындағы сол жағалауында, төменiректегi көпiрдiң алдыңғы жағында 1872 жылдың өзiнде-ақ Александр Невский атындағы шiркеу ағаштан қиып салынған едi. Ол приставтар Тихонов пен Н.А.Герасимовтың кезiнде əскери министрлiктiң жəне жеке меценаттардың қаржысына салынды. Зайсан əскери қала болды. Мұнда 80-жылдардан 3-Сiбiр казак полкi тұрды: оның құрамында алты жүз қылыш болды. Полк штабы Зайсанда орналасты. Төртiншi жүздiк уақытша Семейге ауыстырылды, ал 5 жəне 6-жүздiктер Омбыда тұрақты тұрды. Бұған қоса, Зайсандағы офицерлер арасында ағайындылардың да болғанын айта кетуге болады. Мысалы, 1-Батыс Сiбiр батальонында батальон сотының iс жүргiзушiсi поручик Александр Николаевич Доброхотов, рота командирi капитан Петр Николаевич Доброхотов болды. 1897 жылы 3-Сiбiр казак полкiнiң командирi полковник Ф.Вологодский, полк дəрiгерi И.С.Гурвич, мал дəрiгерi А.А.Энтыс, Зайсан жергiлiктi командасының бастығы В.П.Полонский болды. Жапония мен Қытай арасындағы қарым- қатынастың шиеленiсуiне байланысты əскери бөлiмше тиiстi тəртiпке келтiрiлдi. 1906 жылы Зайсанда 3-Сiбiр жаяу əскер бригадасынан 1- Батыс Сiбiр атқыштар батальоны бөлiнiп шыққаны белгiлi. Зайсанда мал шаруашылығы, балық аулау, сауда кең өрiстедi. Шыңжаңнан Зайсан мен Алқабек арқылы Аягөз жаққа жəне
Қарқаралының жанындағы Ботовский жəрмеңкесiне мал айдап əкелетiн болған. Қала шекарада орналасқандықтан, оның тұрғындары салық төлеуде, ал қала қаржылық көмек алу бойынша жеңiлдiкті пайдаланды. Мiржақып Дулатұлы Зайсанда тұрған кезде уезд бастығы А.Н.Коренев, сөзбе-сөз ауызша тiлмаш Мiрсəлiм Ильясов, жазбаша аудармашы А.В.Власенко, уезд дəрiгерi И.И.Зальмунин болды. Зайсандық үй иелерi, көпестер, қызметкерлер мен саудагерлер арасында аты белгiлi болғандар: Сағидолла Абылханов, Валиулла Анваров, Юсуп Абылханов, Ахметзаки Ахтямов, Сафа Ахтямов, Абдулла Ахтямов, Ғалымжан Əубəкiров, Абдулнаби Ахунов, Хаким Айғозин, Михаил Агапов, Айтхожа Абдурасулходжа, Ғұмар Ахтямов, Мұхаммед Əбдiрахманов, Хожаджан Ахунходжаев, Сағындық Əбдiрашитов, Мұхаммед Əбдiрашитов, Қадырбай Баймұрзин, Токфулла Бикчентаев, Саиднасим Бариев, Ахмед Батрутдинов, Ғабдуллвалий Батрутдинов, Михаил Белоглазов, Макар Боков, Фидеахмет Бобкин, Сəлiмжан Бабаев, Федор Боровцев, Мұхамеджан Битраков, Хисамутдин Батыршин, Кəрiмбердi Бабаев, Ибрагим Булатов, Мұхамедрахым Бекметов, Андрей Бальшаков, С.Бодажин, Латиф Валитов, Петр Волков, Андрей Васильев, Василий Волков, Степан Вахрушев, Илья Губин, Трофим Гришин, Хайрулла Гайфутдинов (Шалаутдинов), Петр Гребенщиков, Владимир Галенецкий, Иван Павлович Павлов (капельмейстер), Павел Горбатов, Хабибулла Жанболатов, Петр Дегтярев, Василий Деникин, Андрей Долженков, Исаак Демурук, Григорий Дудкин, Григорий Жилин, Иван Жилин, Жаңабай Ботыбаев — Қара Ертiс болыстығының болысы. Зайсан қаласындағы 1904—1907 жылдардағы ауқатты тұрғындардың тағы бiр тiзiмi мынадай: Абылханов Сағидолла, Абылханов Юсуп, Ахтямов Сафа, Ахтямов Ахметзаки, Ахтямов Абдулла Латифов, Аубакиров Ғалымжан, Ахтямов Ғұмар, Абдрашитов Сетдык, Баймурзин Бадырбай, Бикчентаев Токфулла, Бобкин Фидахмет, Бекметов Мухаммедрахым, Бодяжин, Волков Василий, Вахрушев Степан, Гайфутдинов Хайрулла, Газатуллин Гильфан, Галенецкий Владимир, Григорьев Иван, Долженков Алексей, Жамбулатов
Хабибулла, Левицкий Иван, Мичурин Василий, Мусин Газатулла, Мамлеев Камалетдин, Мухаметшин Қанафий, Осипов Николай, Пальшин Дмитрий, Петржкевич Иосиф, Плотников Михаил, Пономарев Николай, Рожков Фаддей, Рожков Михаил, Собачкин Константин, Сатлыков Сетдык, Сейфуллин Юсуп, Сейфуллин Якуп, Сидоров Павел, Соколов Андрей, Сабитов Аюб, Тоғысбаев Шəкiр, Тычинский Михаил, Теплов Виктор, Урманов Исматулла, Устюжанин Вячеслав, Хохлов Андрей, Хайбулин Зайнулла, Хуснутдинов Абдрахман, Хуснутдинов Салих, Чичков Михаил, Шарипов Мұса, Шарифов Мұхаммед, Шарифутдинов Абдулгалий, Сүлеймен Ягуфаров, Григорий Федоров. Зайсан қаласындағы фабрика, зауыт, сауда мекемелерiнiң қожайындары: терi зауыты — Жолбудаев Сағадат-Бану, сауда-өнеркəсiп орны — Иштеряков Абдрахман, екiншi ресейлiк сақтандыру қоғамы; азиялық тауарлар — Рахимшейхов Икрам, Рахимшейхов Таш-Шейх, Хаким Ходжаев Насрулла; терi (шикi) — Бикчентаев Токфулла, Дəулеткелдиев Мұхамеджан, Манғожин Жиенбай, Анваров жəне Ибрагимжанов, т.б. Мануфактуралық тауарлар: Абылханов Т. Д., Бикчентаев Токфулла жəне ағайындылар Дəулеткелдиев Мұхаметжан, Дада-Мухаметов М. Я., Жанбулатов Мухамет-Ғали, Ерзин Мухамед-Хакаф, Зұрманбаев Жаңабай, Канцеров Хусаин, Кадралин Хасан, Манғожин Жиенбай, Манафов Ибрагим, Сеидукова Сарви, Сейфуллин Юсуф, Үкiбаев Аймұхамед, Өскенбаев Юсуп, Хайбуллин Зайнулла, Рахимшаихов Икрам Шаих, Шəкiржанов Мырзакамал, Əбдiрахманов Абду-Расул. Əртүрлi тауарлар: Абылханов Юсуп жəне Сағидулла, Агинеев Құрбат, Бикчентаев жəне Абылханов, Дəулеткелдиев Мұхамеджан, Жанбулатов Мұхамет-Ғали, Зұрманбаев Жаңабай, Ибрагимжанов Разыкжан, Ибрагимжанов жəне Анваров, Манафов Ибрагим, Муллашев Мұхамедияр, Мұхитдин Қожаев, Манғожин Жиенбай, Абылханов Сағидулла, Сайфутдинов Сағидулла, Сəлiмбаев Мұхамет-Ғали, Сейдукова Сарви-Жамал, Сейфуллин Юсуп Камиевич, Хайбуллин Зайнулла, Шамухаметов Шəкiр.
Қаладағы присяжный заседательдiкке кандидаттардың iшiнде: Бобкин Бидахмет (1874 ж. туған), көпес, мүлкi 500 рубль; Ерзин Халиулла, 35 жаста, 500 рубль; Манафов И. И., 250 р; Насыров Сафа, 500 р; Сейфуллин Ю. К. — 3000 р; Сəтбаев Баязит — 400 р; Татанов Хален, болыстыққа кандидат, 2-санатты сауда мекемесi; Усманов Исматулла — 500 р; Хохлов Александр, гимназия тамамдаған, 3700 р; Шаметдинов Хайбулла, 3-санатты сауда мекемесi, 300 р; Сорокин Л. Ф. — 2000 р; Иванов Илья, отставкадағы фельдшер, Омбы фельдшерлiк мектебiн бiтiрген; Плотников В. Г., отставкадағы фельдшер, фельдшерлiк мектептi бiтiрген; Манғожин Қыстаубай, қазақ Чагановский (Шорға) болысы, 800 р. Бұлардың бəрi де ауқатты адамдар, саудагерлер, қалалық басқармамен байланысы, капиталы, жекеменшiк үйлерi бар кəсiпкерлер, кəсiпкерлiк артельдердiң, дүкендер мен лавкалардың қожайындары. Бұл тiзiмде мұғалiмдер мен қызметкерлердiң фамилиялары жоқ. Оның арасынан Мiржақып Дулатұлының да аты-жөнi кездеспейдi. Алайда мəселе мынада: өзiнiң қоғамдық мəртебесi бойынша М. Дулатұлы басқа да мұғалiмдермен бiрге жұрт назарынан тысқары, елеусiз жағдайда болды. Ол əлеуметтiк жағдайы əртүрлi адамдармен қарым- қатынаста болды. Сондай адамдардың қатарында шаруа бастықтарының уездiк съезiнiң хатшысы Бейсенбай Байболовты немесе 1900—1907 жылдары Зайсандағы бiтiстiрушi соттың тiлмашы жəне iс жүргiзушiхатшысы болып жұмыс iстеген Көлбай Тоғысовты атауға болады. Исмаил Манапов туралы, ол татар əдебиетiнiң классигi Ғалымжан Ибрагимовтың туысы деген дерек бар. Жəне бiр жағдай — Манаповтардың Семейдегi үйiнде Азамат соғысы жылдары Мiржақып Дулатұлы отбасымен тұрғаны белгiлi. Мiржақып Дулатұлы Зайсанға келген тұста бұл жерде А. Г. Коллоның баспаханасы да өз жұмысын бастады. Уфа губерниясы Стерлитамак уезi, Богоявленск болысының шаруасы Августин Григорьев Коллоның губернатордың атына жазған өтiнiшi сақталыпты. Онда былай делiнген: “Зайсан қаласында шағын баспа өндiрiсi мекемесiн ашқым келедi. Атап айтқанда, хабарландырулар, хабарламалар, шақырулар,
есепшоттар, құттықтаулар, мекенжай карточкаларын, iсқағаздарының бланк-кiтапшаларын жəне осыған ұқсас цензуралық комитеттiң тексеруiне жатпайтын басқа да өтiнiштер шығармақпын. Сол үшiн Сiздiң жоғары мəртебелi рұқсатыңызды өтiнiп сұраймын. Сонымен бiрге менiң өтiнiшiмдi қанағаттандырған жағдайда, маған жұмыстарды жазып отыру үшiн кiтап беруге өкiм шығаруыңызды сұраймын. Сондай-ақ, егер мүмкiн болса, жоғарыда аталған мекемемен жұмыс жүргiзу үшiн Семей облысының немесе басқа да көршi облыстардың қалалары мен елдi мекендерiне шығуға рұқсат етуiңiздi өтiнемiн. Бұл ретте айта кететiнiм — баспаханалық жəне басқа жұмыстарды жеке өзiм жүргiземiн немесе бiр ғана көмекшi ұстаймын. Менiң жоғарыдағы баспаханалық жұмыстарды атқаруыма қажет станок өзiм құрастырған қарапайым ағаш компостерден тұрады, онда əрiптер жиырма вершоктан артық емес шаршыға орналастырылады, сондай-ақ терiлiмдi бояуға арналған, онымен өлшемдес жастықшадан жəне əрiп таңбаларын алуға арналған қарапайым жабдықтан құралған. Менiң мақсатым — өзiмнiң қарапайым құралдарымның мүмкiндiгi шегiнде отандық баспа iсiн дамытуға адал еңбегiммен үлес қосу, жергiлiктi баспасөзге мүмкiндiгiмше қолайлы жағдай тудыру, сонымен бiрге өзiмнiң өмiрлiк мұқтаждарымды адал еңбегiммен өтеу. Сондықтан, жоғары мəртебелiм, менiң өтiнiшiме мүмкiндiгiнше тезiрек жауап беруiңiздi өтiнiп сұраймын”. Алайда А.Колло осылай бес жыл өткеннен кейiн ғана аталмыш жұмысын бастады. Тағы бiр көңiл аударарлығы — Мiржақып Дулатұлы Зайсанға келген 1904 жылы бұл жерде кiтап саудасы да ашылған едi. Бұл iстi Сағидулла Абылханов қолға алды. Қараша айында ол Семей əскери губернаторына арыз түсiрдi. Онда былай делiнген: “Бикчентаев жəне Абылхановтар” сауда үйiнiң өкiлi, зайсандық көпес Сағидулла Абылхановтан. Зайсан қ. Өтiнiш: Жоғары мəртебелiм, “Бикчентаев жəне Абылханов” сауда үйiнiң цензура рұқсат еткен мұсылман тiлiндегi баспа кiтаптарын сатуына рұқсат етуiңiздi құрметпен өтiнемiн, Зайсан уезiнiң бастығының берген куəлiгiн жəне 60 коп (тиын) тұратын екi марканы қоса ұсынамын”.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 617
Pages: