Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore В.З. Галиев Ұлтты оятқан кітап

В.З. Галиев Ұлтты оятқан кітап

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-06-25 01:48:48

Description: В.З. Галиев Ұлтты оятқан кітап

Search

Read the Text Version

төлдейтiн кезi де жақындап қалған едi. Жел ұшырған қабыршақ мұздар күнiне бiр жарым-екi шақырымға əрең жылжып, аңғар бойымен алысқа көшуде. Бiрақ үш-төрт тəулiкте тоқтап, қыстаулар маңын қар үйiндiсiмен орап тастады. Əйтсе де осындай жағдайдың өзiнде де мал төлдетуге дайындық жүрiп жатты. Даладағы қыстаулар арасында əлдеқашаннан-ақ байланыс үзiлген болатын. Тiптi бiр хабар жеткеннiң өзiнде ол бес-он қыстаудан əрi аспады, қалған ондаған ауыл керең адамның халiн кештi. Жас мұғалiм Мiржақып тоқтаған үйдiң қожайынына да мал көп машақат келтiрдi. Күннiң ұзарғанына қарамастан, Бейнеудiң əлi де бұрынғыша ұйқыдан қараңғыда оянуына тура келдi. Бiртiндеп жарық себезгiлей бастады. Желсiз ауада қар ұшқыны қалықтайды. Қарт өзiнiң үй iшi, бала-шағасын мал қарауға шығару үшiн орнынан көңiлсiз, ауыр қозғалды. Аштық, қуаңшылық жəне ауру-iндет даланы жайлап барады. Уақыт өткенмен, жағдай өзгерген жоқ. Қыс пен жаз да, көктем мен күз де өзгерiссiз қалды. Əсiресе батпақты, жаңбырлы көктем айлары өте ауыр болды. — Алла сақтай гөр! — деп ойлады қарт, — бұл жылы адамдарды жұт апатынан Құдай құтқарар. Түске қарай күн ашылып, суықтың ызғары қайтты. Ауа жылына бастады. Кiшкентай қар ұшқындары жайылып, ери бастады. Жер бетi лайсаң тартты. Қойлардың жүнi жаңбырға малшынғандай жалтырайды. Бiрақ түнгi аяз қатты болды. Тiптi жылқылардың өздерi де тебiнге шықпады. — Ештеңе етпес, — деп өзiн жұбатты қарт, — қандай қиын жағдай болса да, мал шыдап бағар. Малдың тебiндеп жайылуына əлi де болады. Ал қоян жылғы жұтта мал жаппай қырылды, жаңа туған төлдердiң iшiнде iлуде бiреуi ғана тiрi қалды. Өлiлiшикiлi ет күйiнде туып жатты. Бейнеу қарт киiз үйдiң айналасындағы мұз қабыршақтарын күрекпен оя бастады. Күнi бойы бəрiн тазалап шықты. Кешкiсiн олар ойдым- ойдым болып, қарауытып жатты. Жер бетi жылқының тұяғымен жəне тұмсығымен қазылып қалған. Қылтиып көрiнген қылтанақ атаулының

бəрiн табын бiр талдан суырып алып, түк қалдырмай жеп қойған. Кешке қарай денесiн тер басқан Бейнеу мұндай итқорлықпен ештеңенi құтқарып қала алмайтынын түсiндi. Бала-шағасы малға кеттi, ал шаршап, қажыған қарт ұйықтауға жатты. Таңертең күн шыға Бейнеу əйелдердiң орнына барды. — Бiз сенi оятпадық. Қой кетiп бара жатып төлдедi, — дедi олар. Бұрышта тонға ораулы жаңа туған қозы жатты. Оның иiсi киiз үйдiң iшiн жылытып жiбергендей болды. Мал төлдеудiң басталуы үлкен оқиға жəне əрқашан да қуанышты жағдай. Мұны Бейнеу қарт бала кезiнен бiледi. Бiрақ əлсiз, қауқарсыз қозы қуаныштың хабарын бермедi. Қуанатындай ештеңе жоқ едi. Егер бүгiн мұзтайғақ басталса, онда жер бетiнде шөптiң қылтиып шығуына бiр жарым-екi апта керек болады. Ал бұл уақыттың iшiнде төлдеу мерзiмi де аяқталады. Кешегiден кейiн шаршап, титықтаған қарт демалған жоқ. Кеше ол тепсеңдi қар-мұздан тазартқанына қуанып едi, бүгiн бұл оның көңiлiн жiбiте алмады. Иə, бүкiл даланы қар-мұздан аршып шыға ала ма ол? Аулада Бейнеу, ең алдымен, жаппа қораның астына көз жүгiрттi. Онда кеудесiн үйiндiге төсеп, қойлар жатты. Түсте олар орнынан тұрды, тек бiрер сағатқа ғана. Басқа уақытта жатты да қойды — бойларынан жан кетпесе болғаны. Кеше де солай болған — жылқы мен ешкiлер жайылды, ал қойларды орнынан тұрғызу мүмкiн болмады. Бейнеу жиналып, киiз үйден шыққанша екiншi қой да төлдедi. Бiрақ бұл жолы өлi туды. Оның үстiнде жəне жатқан жерiнде қанды дақ бар едi. Ыстық буы кеуiп үлгермеген нəресте қозы шағын отардың арасында жатты. Ұйқы бiрден қашып кеттi. Қарт денесiнде жаны жоқ төлдi қолына алды. Мұқият қарап шығып, əрірек апарып қойды. Жаппа қораға барып, барлық қойларды бiр қарап өттi де, оларды киiз үйге апару керек деп шештi. Онда жылырақ болады. — Ал шөп ше? — Бiрақ қарт жем туралы ойламауға тырысты. Қазiр оған кешегiдей жаңа ойлар күш бердi, қойлар жылы жерде болады.

Бейнеу төлдi қолына алып, сайға лақтыру үшiн киiз үйдiң сырт жағына апарып қойды. Ол киiз үйдiң жанындағы бiрiншi төбешiкке жете бердi де, көзi шарасынан шығып, тұрып қалды. — Бұл не? Алдында бiр үйiр қасқыр тұр едi. Олардың қарасынан Қонақай өзенiнiң арғы бетi көрiнбей қалған. Қарт мұқият көз салып, бiр шолып өттi. Дала бұрынғысынша, бетiн қарлы мұз жауып жатыр. Қасқырлар сай аузындағы жардың үстiнде үйiрiмен тұр. Бейнеу олардың саны қанша екенiн шамалай алмады, жүз бе, əлде екi жүз бе? Жоқ, жиырма-отыздай ғана. Олар неге қозғалмай тұр? Бəлкiм, бұлар қасқыр емес шығар. Ендi қарт анық көрдi, олардың саны он бестен көп емес екен. Аш қасқырлар адамның əрбiр қимылын қас қақпай бағып тұр. Олар денесi суып үлгермеген қозының жылы иiсiн сезедi. Сондықтан да ешқайсысы да қозғалмай қарап тұр. Бұл иiстен айырылып қалғысы келмейтiн сияқты. Сəлден кейiн Бейнеу ес жиды. — О-о-о-гой! — деп ол желге қарсы айғай салды. Қасқырлар бастарын сəл бұрып, кейбiреулерi табандарын қозғап, қатарларын бұзбастан қайтадан қалт тұра қалды. Айғай оларды қорқытқан жоқ. Соңғы күндерi олар бұл айғайға үйренiп алған. Оларға жейтiн нəрсе керек. Соған үмiттi. Бiрақ үйiрден шығып, алға қарай жылжуға арлан қасқырдың батылы жетпедi. Ол жағдайда оның соңынан басқалары да iлгерi жылжыр едi. Бiрақ қасқырлар əзiрге бұған бара қойған жоқ. — О-о-гой! — қарт тағы да айғайлады. Бiрақ бұл жолы қасқырлар тiптi тұрған қалпынан қозғалмады да. Дала ендi жап-жарық. Қасқырлар тобы да анық көрiндi. Олардың көздерi əлi де жайнап тұр. Айғайлаудың өзi қорқынышты едi. Жыртқыштарды билеген үрей ендi қарттың өзiне ауысты. Бейнеу өлi қозыны кеудесiне қысып, керi қарай жүрдi. Алдындағы таудың арғы жағында қасқырлардың денесi əлi қараңдап тұр. Ол бiрқалыпты жүрiп келдi. Тез жүру қарт адамға қиын. Қаттырақ жүргенде, бойындағы қорқынышы сейiлер ме едi? Қарт өлi қозыны кеудесiне қатты қысып тұрып, алдында бұлдыраған сағымды көрдi, бұл оның əр жерде сұлап жатқан қойлары едi.

Наурыздың соңына қарай күн жылынды, Жарлы ауылының маңында көк шыға бастады, бiрақ сəуiрде күн қайтадан суытып, жаңбыр жауып, түнде үсiк жүрдi. Жаңбыр мен желден қорғанатын ық жасауға тура келдi. Қой төлдету науқаны ауа райының жайсыз кезiнде өттi. Қозыларды киiз үйдiң iшiнде ұстады. Мұндай көрiнiстер Мiржақыпқа Торғайдан белгiлi болатын, ал мұнда олар қайталанды. Дегенмен мамыр айында көктем өзiнiң күшiне міндi — ауыл тұрғындары топ-тобымен Қара Ертiске көше бастады. Ол жақтан Қалжыр, Алқабек өзендерiне, Марқакөл алабына өттi. Көршi болыстардың да көптеген ауылдары осы бағытта көшiп-қонды. Мамырда Мiржақып Қоянды жəрмеңкесiне баруға iштей дайындала бастады. Өйткенi ол жылы жəрмеңке 1 маусымнан 1 шiлдеге дейiн болады деп хабарланған болатын. Алдын ала Жаңабай Ботыбаевпен сөйлестi. Бiрақ мəселе түпкiлiктi шешiлген жоқ. Облыстың жаңа губернаторы кейбiр уездердi аралайды деген сыбыс естiлдi. Оның сапары Зайсан уезi арқылы өтуiнiң, Жарлы болысының кеңесiне жəне ауыл мектебiне бас сұғып қалуының ықтималдығы бар болып көрiндi. Бiраз уақыттан кейiн Жаңабай Ботыбаев Зайсанға барып қайтты да, келiсiмен Мiржақыпқа маусымнан бастап демалысқа шығуға рұқсат еттi, өйткенi жаздыгүнi жайлауда сабақты мүмкiндiгiнше жалғастыру керек болды. Зайсанға барған əр жолғы сапар Мiржақыптың ондағы таныстық қарым-қатынасының шеңберiн кеңейте түстi. Əсiресе оны үйiнде шағын да болса кiтапханасы бар адамдар көбiрек қызықтырды. Зайсанға бұл жолы келгенiнде Мiржақып молда Ахметзаки Ахтямовты көрдi. Ол туралы Мiржақып Ерғали Қыстаубаевтан естiген болатын. Ахметзаки Ахтямовтың отбасылық естелiгiн оқып көрейiк: “Медреседе, — деп, əңгiмелейдi өзiнiң естелiгiнде, — Зейнеп-абыстай (абыстай, əдетте, молданың əйелi, мұсылмандық дiни мектептiң мұғалiмi), балалар Құран мен хадистi үйрендi. Бұл медреседе Файзуллин секiлдi жоғары бiлiм алған оқытушылар сабақ бердi. Медресе шəкiрттерi кейiн ауыл тұрғындары арасында сауатсыздықты

жою науқанына қатысып, өмiрдiң бұл саласында өздерiнiң қомақты үлестерiн қосты”. Бұл естелiкте айтылған мына сөздер де қызықты: “Менiң əкем Ахметзаки Ахтямов молда болған. Ол Зайсанда үлкен мешiт салдырған кəсiпкер едi. Шағын кiрпiш зауыты болды, араб, татар тiлдерiн жетiк бiлдi, орыс, қазақ тiлдерiнде де жаман сөйлемейтiн. Екi рет мұсылманның қасиеттi парызын өтеу үшiн Сауд Арабиясына, Меккеге қажылыққа барды. Зайсан мектептерiнде менiң əкем мұсылман дiнiнiң негiздерiнен татар тiлiнде сабақ бердi. Үлкен ұлы Ибрагим Семейдiң орыс гимназиясында, бiр қызы Зухра — орыс орта мектебiнде оқыды, төрт қызы жоғары бiлiм алды. Əкей қала мен округтегi тойларға, жерлеу-рəсiмдерге, мерекелердi өткiзуге қызмет көрсеттi: күндiз мектептерде сабақ бердi, түстен кейiн өзiнiң кеңсесiнде кiрпiш зауытына, құрылысқа, саудаға қатысты iскерлiк кездесулер өткiздi, хаттарды қарап, оларға жауап қайтарды. Оның кеңсесiне қалалықтар iскерлiк ұсыныстармен, көмек пен кеңес сұрап, үнемi келiп тұрды”. Ахун Ахметзаки Ахтямов 1872 жылы туған. 1887 жылы Қазандағы Апанаев училищесiнiң толық курсын бiтiрдi. 1889 жылдан Семейде тұрып, қаланың мещандар сословиесiне ендi. Молда болып жұмыс iстедi жəне Семейдегi “Гатиат” мұсылман училищесiнде сабақ бердi. Алайда оның орыс тiлiнен бiлiмi туралы құжаты болмады, сондықтан оқытушылық қызмет iстеуге рұқсат етпедi. 1890 жылы үйлендi. Əйелiнiң аты —Магум. 1891 жылы ол Зайсандағы мұсылмандар намаз оқитын үйдiң (мешiт емес, қазақтар 1870 жылы салған намаз үйi) азаншысы қызметiне орналасты. А. Ахтямов бұл қызметтi 1897 жылға дейiн атқарды. 1891 — 1895 жылдары 4-Сiбiр атқыштар батальонында мұсылмандық қажеттiлiктер өтеушiнiң мiндетiн атқарды. Сол 1891 жылдан қалалық екi сыныптық училищеде мұсылмандық дiнiн оқуды тегiн жүргiздi. Əйтсе де Ахтямовтың оқытушылық жұмысқа қайтадан оралғысы келдi.

1896 жылы ол Қазандағы төрт жылдық уездiк училищеде орыс тiлi бойынша емтихан тапсырды. Ақырында, 1899 жылы ол Орынбордағы мұсылмандық дiни жиналыстың имам, хатиб, мударис шенiн алды. Сол жылдың оныншы шiлдесiнде Зайсан соборлық мешiтiнiң молдасы болып тағайындалды. Сол кезде қосымша мұсылмандық мектепте сабақ берумен шұғылданды. Қалалық училище үш жылдық болған, 1905 жылдан бастап Ахтямов мұсылмандық дiни оқу сабақтарын жүргiзгенi үшiн айына 5 рубльден алып тұрды. 1906 жылы Дала генералгубернаторының бұйрығымен 3-дəрежелi құрметтi шапанмен марапатталды. Айта кету керек, мұндай марапат, əдетте, қазақтың болыс басқарушысына немесе уездiк, облыстық басқармада жұмыс iстейтiн қазақтарға берiлген. Арада көп уақыт өткеннен кейiн уезд бастығы Ахтямовтың “Зайсан қаласының барлық болыстық, азаматтық жəне сот мекемелерiнде мұсылмандардан ант алуда, əскерге жаңа шақырылғандарды қабылдауда жəне көптеген басқа жағдайларда сiңiрген еңбегiн, сондай-ақ Зайсан гарнизонының мұсылман дiнiне сенетiн шендiлерiнiң дiни парыздарын орындауына көрсеткен қалтқысыз көмегiн” атап өттi. Мiржақыппен кiтапханадағы кездесулерiнiң бiрiнде Артемий Анисимович Шевелев, оған: — Ерзинмен жəне Бикчентаевпен сөйлесiп көрiңiз, оларда мұсылман тiлiнде жақсы кiтапхана бар деседi, — деп кеңес бердi. — Мен өзiмнiң арабша оқи алмайтыныма өкiнемiн. Бикчентаев пен Ерзиндер округтегi белгiлi отбасылар болатын. Бұл туралы Халил Ерзин шөбересi былай деп жазады: “Менiң əке жағынан атам Халил (толық есiмi Халиолла), Мұхамедкерей қажы Ерзиннiң ұлы, 1873 жылы Тамбов губерниясының Елатаевский уезiндегi Азиево- аджи селосында туған. Бұл село iрi елдi мекендердiң бiрiнен саналған. Он тоғызыншы ғасырдың соңғы он жылдығында, Бикчентаевтардан көп кейiн, Халил Ерзин Зайсанға көшiп келдi. Оның қоныс аударуына Бикчентаевтар жан-жақты көмек көрсетедi. Мұхамедкерей қажы көпбалалы отбасында өстi, өзiнiң де он бес баласы болды, олардың бəрiне лайықты бiлiм берiп, адам қатарына қосты. Халил Ерзин бағалы аң терiсiн, елтiрi сатты, сондай-ақ мал мен аң терiсiн сатып алды. Көп

ұзамай ол Зайсанда iскер көпес ретiнде танылды. Уақыт өте келе ол жүн жуатын жəне iшек тазалайтын цех ашты. “Ерзин жəне К” компаниясын басқарып, Орта Азия, Қытай, Моңғолиямен сауда жүргiздi. Халил Ерзин жергiлiктi тұрғындармен тығыз байланыста, жақсы қарым-қатынаста болды. Зайсандағы оның жақын достары: Қыстаубай Маңғожин, Жанболат Мергенбаев, Тоқсанбаев, Бидахмет Бобкин, Баязит Сатпайұлы. Ол Карасильников, Плотников, Казаринов, Титов, Минский, К.Собачкин жəне басқа да кəсiпкерлермен, көпестермен жақсы қарым-қатынаста болды”. Халил Ерзиннiң жеке кiтапханасы болғаны жөнiнде дерек сақталған. Онда ХХ ғасырдың басында болған көптеген кiтаптар болды, мысалы: “Иосыф белэн Золэйха” (“Жүсiп пен Зылиха”) “Хужа Насретдин Мэзэклэре” (“Қожанасыр əңгiмелерi”), “Тапир белэн Зоһрэ” (“Тайыр мен Зухра”), “Капитан қызы” (А.С. Пушкин шығармасының татар тiлiндегi нұсқасы), “Бэдавам”, “Гузэл қыз Хэдичэ” (“Хадиша сұлу”), “Бакыргаш”, “Кисекбаш” жəне басқа кiтаптар, орыс-татар сөздiгi, журналдар: “Ан”, “Шура”, “Сюембике”, “Ялт-йолт”, “Мактап”, газет тiгiндiлерi: “Вакыт”, “Ак юл”, “Юлдыз”, “Куяш”, “Турмуш”... Бұл кiтап, журнал, газеттердi Халил-абзый поштамен Қазаннан жаздырып алды, ал ендi бiреулерiн Макарьевский (Нижегородский) жəне Ирбитский жəрмеңкелерiнен өзi алып келiп отырды, қайсыбiрiн таныстары арқылы жинады. Ерзиндер отбасын Мiржақып та бiлдi. Олар өздерiнiң ұлын “Ғалия” медресесiнде оқытуға дайындап жүргендерiн де бiлдi. Бұл медресе туралы кейiнiрек Мiржақып та есiне алды. Бұлар үйлерiне Мiржақыптың барып кiтап алып тұруына болатын жаңа мекенжайлар едi. Ол кiтап iздеп ауылшаруашылық мектебiне де барды. Бұл мектеп Зайсанның өзiнде орналасқан. 1904 жылы мектеп басқарушысы болып Тимирязев ауылшаруашылық академиясын бiтiрген, тəжiрибелi агроном А.П. Купласт келдi, аға мұғалiм болып В.С. Бутин, кiшi мұғалiмдiктi Н.Н. Гладышев, заң мұғалiмi болып М. Протопопов жұмыс iстедi. Мұнда да кiтапхана бар едi. А.П. Купласт келген соң мектептегi жұмыс ретке келiп қана қоймай, күрт жақсарды. Бiреулерге бұл ұнамады. “Семипалатинский

листок” газетiнде 1905 жылы зiлдi мақала жарық көрдi. А.П. Купласт Верныйға ауысқан 1908 жылы ауылшаруашылық мектебi бүкiл Дала өлкесi бойынша ең жақсы оқу орны болып саналды. Мiржақыптың кiтап алып оқуына болатын тағы бiр таныс үйi бар едi. Бұл — Зайсан уезi бiтiстiрушi сотының тəржiмешітiлмашы Көлбай Төлеңгiтовтiң үйi. Ол осы жерде туып-өскен, Зайсандағы ауылшаруашылық мектебiн бiтiрген. Оның ағасы Əдiлбек Тоғысов — Зайсан уезiндегi белгiлi би, Шорын жəне басқа болыстардағы жайылым мен шабындық жерлердiң шекарасын анықтау жөнiндегi көптеген талас пiкiрлердi шешуге қатысқан адам. 1904 жылдың күзiнде-ақ Мiржақып Дулатұлы Көлбай Төлеңгiтовпен (Тоғысов) таныс болған. Ол — кеңсе қызметкерi, 1900 жылдан 1907 жылға дейiн Зайсан уезi бiтiстiрушi сотының тəржiмеші-тiлмашы жəне iс жүргiзушi-хатшысы болды, одан соң жасырын адвокатурада iстедi. Шорға, Маңырақ, Богасов болыстарында шағымдарды дайындады. Кейiнiрек Көлбай Тоғысовтың қызметi жөнiнде Дала генералгубернаторы Тихменев Iшкi iстер министрiне былай деп жазды: “Тексеру барысында мыналар анықталды: отставкадағы кеңсе қызметкерi Төлеңгiтов (Толенгутов) Шорға болысынан шыққан қазақ, 1900 жылдан 1907 жылға дейiн Зайсан уезi бiтiстiрушi сотының тəржiмеші-тiлмашы жəне iс жүргiзушi-хатшысы болды, одан босаған соң Көкпектi қаласында адвокатурамен шұғылданды, онда өзiн ант берген адвокат ретiнде көрсеттi: оның жасырын адвокатурасының аса зияндылығы сонша, бүгiнде одан қорғауды жекелеген адамдар ғана емес, тұтас болыс жұртшылығы табанды түрде талап етiп отыр. Терiсайрық болысының тұрғындары өздерiнiң лауазымды жəне сайланған өкiлдерi арқылы Төлеңгiтовтi Зайсан уезiнен шығарып жiберудi сұрайды, сонымен бiрге сайланған өкiлдердiң шешiмiнен көрiнiп тұрғанындай, өзiмiздiң талап-тiлегiмiзге орынды дəлел ретiнде Төлеңгiтов өзiнiң жекебастық мүддесiнен туындаған арандатушылық əрекеттерi арқылы Маңырақ, Шорға, Богасов, т.б. көршiлес болыстардың арасындағы жер дауына байланысты қарым-қатынасты ушықтырғаны сонша, кiсi өлiмi жағдайлары болғанын жəне жекелеген

адамдар арасында өшпендiлiк пен жанжал тудыру арқылы шатақтасқан жақтардан мал мен ақша алып отырғанын айта аламыз. Төлеңгiтовтiң ықпалы шектен тыс залалды екенiн, соның салдарынан тұрғындар iшiнде, тек жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас болыстардың арасында бiтпейтiн араздық пен дау-жанжал туғанын куəлiк етушiлердiң көпшiлiгi қуаттап отыр. Олардың куəлiк етулерi көрсеткенiндей, Төлеңгiтов тұрғындарды мұндайға заң бар деп сендiре отырып, мiндеттi борыштарын төлемеуге жəне жергiлiктi өкiметтiң өкiмдерiне бағынбауға шақырады, тағы да əлдебiр заң көрсете отырып, қоныс аударушыларды орналастыруға қарсы шығады, Қытайға бағынушылыққа өтуде де əлдебiр жеңiлдiктiң болатынына дəмелендiредi. Төлеңгiтовтiң зиянды ықпалы лауазымды адамдардың қызметiнен де көрiнiс табуда. Мысалы, Шорға болыстық басқармасы Бегішев (Төлеңгiтовтiң туған ағасы) өндiрiске тапсырмаған тергеулердiң бiрiнде, Лобанский болысының қырғызы Алшамбаевтың iсi бойынша, тергеу Төлеңгiтовтiң қолымен жазылғаны, ал қолтаңбаны салыстыру барысында шағымданушының өтiнiшiн де сол Төлеңгiтовтiң жазғаны анықталды. Хабар-Асу болыстық басқарушысы, 2-телiмнiң шаруалар бастығы №500-iспен 21 шiлдеде хабарлағанындай, кейiнгi кездерi Төлеңгiтовтiң ықпалымен Шаруалар бастығының өкiмдерiн орындаудан үзiлдi-кесiлдi қашқақтауда, оның шақыртуына келмейдi жəне оның нұсқауларына мүлде қарамақарсы əрекет етiп, Танақпаевтың iсi бойынша халық сотының оны түрмеге отырғызу жөнiндегi үкiмiн, кейiннен тиiстi үкiмет орындары арқылы жазадан босатылғанына қарамастан iске асыруды бұйырды”. Əрине, бұл айыптаулардың белгiлi бiр бөлiгi Көлбай Төлеңгiтовтi (Тоғысовты) қаралауды мақсат еткенi көрiнiп тұр. Кейiнен ол “Үш жүз” партиясының жетекшiсi болды жəне тағдыр Мiржақып пен Көлбайдың жолын талай рет қосты да. Қоянды жəрмеңкесiнде

1905 жылдың көктемiнде М.Дулатұлы демалыс алуға асықты. Бiрнеше күн Зайсанда болып, Абай ауылына, оның асына бару жəне Ботовский жəрмеңкесiнде де болу қажет болды. Көктемде қазақ қауымының Петербургке маңызды петиция дайындап жатқаны туралы əңгiме тарады. Мұны Мiржақып ауыл биi Қоқыш Елкиннен естiдi. Бұл туралы Зайсанда да айтып жүрдi. Ол мұндай əңгiменi тағы да Зайсанда Ыдырыс Қыстаубаевтан естiдi. Оның үйi мейман-сарайдың жанында болатын. Сол жерде шай iшiп отырып, олар танысты. Қала жаңалығынан Мiржақып, қаладағы төртiншi батальон жаз шыға басқа қалаға орын ауыстыратынын бiлдi. Қалада пəтер мəселесi жеңiлдейдi. Зайсанда Мiржақып, əдетте, өзен бойындағы казак слободасындағы аялдама-сарайға тоқтайтын. Мұнда жамбасақы құны көп емес, тəулiгiне он тиын алатын. Бұл ақшаға күнiне екi самауыр шай да қосылады. Атты күту үшiн тағы үш тиыннан қосымша төлеу керек. Бiр сүт он тиын, он жұмыртқа үш тиын, бiр фунт ақ нан төрт тиын, сондай қара нан үш тиын, сатып алынған өнiмдерден жасалған түскi ас он бес тиын тұрды. Алайда бұл жолы Мiржақып Зайсанда көп бола алмады — ол жолға асықты. Сол 1905 жылы Қарқаралы жəрмеңкесi (Қоянды) 1 маусымнан 1 шiлдеге дейiн жұмыс iстейтiн болды. Мiржақыпты жаңа кездесулер күтiп, Ахмет Байтұрсыновпен кездесу, əңгімелесу үшiн солай қарай асықты. Мiржақып Қоянды жəрмеңкесiне жылқы айдап бара жатқан малшылар тобына қосылды. Сөйтiп, оның жолақысы тегiн болатын болды. 1905 жылғы маусым айының ортасында Мiржақып Дулатұлы Қоянды жəрмеңкесiнде болды. Жəрмеңкедегi ең танымал адамдар Қарқаралы тұрғындары едi. Олар əр алуан ұйымдық құрылымдарға ендi, базарларда староста болды, ең белгiлi адамдар ретiнде саналды. Олардың iшiнде орыстар, қазақтар, татарлар, көпестер, саудагерлер, шенеунiктер бар едi. Атап айтқанда: Айдаров Ғазиолла, Əлiмбаев Фаткулла, Астреин Павел Петрович, Бекметова Бибi Фатима Юсуповна, Бекметев Мұхамет Кəрiм Ахметжанович, Бекметев Ғабдулла Хамитович, Бекметев Ғайнулла Хамитович, Бекметев Ғабайдулла Омарович, Бекметев Мұхамет-Махмұт Халилуллинович,

Бекметева Батима Мусиновна, Бекметева Айреке Чолбаевна, Бекметев Ашил Ғазитуллаевич, Бекметев Мұхамеджан Яхманович, Бекметев Мұхаммед-Рахим Яхимович, Бекметова Хадиша Мұсановна, Бекметева Маклай, Бекметев Мұхаметжан Яхимович, Бекметев Мұхаммед-Жалел Валиуллинович, Бекметев Абдул-Азис Валиуллинович, Белдыцкий Павел Петрович, Валижанин Александр Николаевич, Вихерт Вильгельм Юлианович, Валитов Хусаин Каналятдинович, Дебоган Лазарь Исаевич, Каримов Хусаин Хусаундинович, Коркин Никифор Васильевич, Мусина Гафифа Жапаровна, Мусина Бибi, Мусин Дəулеткерей Юсупович, Мусин Сатбаттал Юсупович, Мусин Валиулла Шарипович, Понамарев Аркадий Федорович, Рахматуллин Ғабдул-Ғазиз, Рахматуллин Ғапжавел, Рождественский Владимир Александрович, Ромег (Цион) Карл Николаевич, Сəбитов Ахмет Халиуллинович, Сейфуллин Мұхамет-Гота Хасенович, Сейфуллин Мұхаметюнус Хасенович, Сейфуллин Гуснул-Гота Хасенович, Сейфуллин Татекей Хасенович, Сандыбаев Мұхамет-Ғали, Сутешев Əлиасқар Хасенович, Старков Леонид Филасофович, Фаизов Максудулла Бухаретдин, Хуснутдинов Ярулла, Хуснутдинов Валиулла, Шамсутдинов Сатрутдин, Якупов Ғабдулвали АбдулЛатифович, Якупов Мұхамет-Ғали Абдул- Латифович, Яушев Нұғман Неғматтуллаевич, Якупов Нариман Сыдыкович, Якупов Сафиулла Гатауллинович, Якупов Ахметулла Уалиевич, Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы, Ғалиев Мұхамет Сəбитович, Глебов Александр Владимирович, ауылшаруашылық мектебiнде мұғалiм болып iстейтiн Чемоданов Павел Михайлович. Жəрмеңкеде Семейден, Өскеменнен, Көкпектiден, Аягөзден, Зайсаннан, Ақмоладан, Омбыдан келген, күтпеген адамдарды кездестiруге болатын. Одан жанына жаққан нəрсенiң бəрiн — маржанмен жəне шайыр қоспасымен əрленген домбырадан бастап, үйiрлi жылқы немесе қоралы қойға дейiн сатып алуға болатын. Жəрмеңке: жылқы мен қой сататын, кездеме мен киiмкешек, азық- түлiк сататын бiрнеше базардан тұрды, шикi өнiмдер базары жеке болды. Базардың əр тұсында асхана жəне қоналқыға арналған киiз үйлер орналасты. Қақыра үйлер де қалай болса солай орналасқан. Əрбiр базардың өзiнiң қазып шығарылған құдығы, бөренеден жасалған

атағаштары бар. Көпес Красильниковтiң бұрынғы үйiнде тырысқақ ауруына арналған жеке бөлiмше болды, бұл қауiптi ауру көктемнен берi бүкiл қазақ даласын итше жайлап бара жатқан едi. Алдымен, құрқұлақ, одан соң тырысқақ басталатын. Бұл жерде орыс, қазақ, татар тiлдерiндегi кiтаптар да сатылды. Түркиядан да кiтаптар əкелiнетiн. Кiтап сатушылар жəрмеңкеге ерте дайындалды. Бұған мысал ретiнде Семейдiң Заречный слободасындағы жекеменшiк үйде тұратын Орынбор мещаны Ғалымжан Мұхаметрахымовтың Семей облыстық əскери губернаторына 1905 жылдың 28 наурызында жазған өтiнiшiн айтуға болады, онда былай делiнген: “Сiздiң Жоғары мəртебелi құзырыңыздан, Қарқаралы уезiнде 1905 жылы өтетiн алдағы Ботовский (Қоянды) жəрмеңкесiнде өткен жылдағыдай мұсылман тiлдерiнде басылып шыққан, цензурадан өткен кiтаптармен сауда жасауға рұқсат етуiңiздi жəне сол үшiн бекiтiлген түрдегi куəлiк беруiңiздi сұрап өтiнемiн”. Бұл өтiнiшке полицмейстердiң рұқсаты бiрден берiлген. Жəрмеңкеде семейлiк кiтап сатушылар Косаревтiң, Қадыр Сейфуллиннiң, Ысқақ Ниғматуллиннiң, Федот Афониннiң, Алексей Подраменскийдiң, Ибатулла Муллашевтің жаймабалағандары сұранысқа ие болды. Жəрмеңкеде болған алғашқы бiрнеше күн Мiржақып үшiн көру, есту, бiлумен өттi. Əсiресе оны “Валиханов Ч.Ч. Сочинения” деген кiтап қызықтырды. Ахмет Байтұрсыновтың Қостанайда Уəлиханов туралы айтқаны есiне түстi. Мiржақып ойланып қалды, сырттай мəн бермегендей болып жайма дүкеннен əрiрек өтiп барды да, қайта қайырылып келiп, бұл кiтап үшiн тұтас үш сомдықты ұсынды. Мұнда, Қоянды жəрмеңкесiнде, Мiржақып Шəкəрiм Құдайбердiұлымен танысты. Бұл егде тартқан адам екен. Бала кезiнде əкесi қайтыс болып, əкесiнiң ағасы Абай Құнанбаевтың тəрбиесiнде өседi. Əрине, Шəкəрiм де ақын болады. Орыс тiлiн үйрендi, арабша сауатын ашты, домбыра мен гармонда жақсы ойнады. Орыс географиялық қоғамы Семей бөлiмшесiнiң мүшесi болып қабылданды. Ол жан-жақты сауатты, бiлiмдi адам едi жəне оның есiмi Семей,

Шығыс Қазақстан өңiрiнде белгiлi болатын. ХХ ғасырдың басында оның шығармашылығында өрлеу болды. Қарқаралы жəрмеңкесiнде Мiржақып Дулатұлы Ахмет Байтұрсыновпен де кездестi. Ахмет Байтұрсыновқа тағдыр жылы шырай танытқандай болды. 1904—1905 жаңа оқу жылынан бастап Қарқаралыдағы орыс-қазақ мектебi екі сыныпты училище болып қайта құрылды. Бұл Қарқаралының үш сыныпты қалалық училищесiмен бiр қатарда едi. Қарқаралының екi сыныптық орыс-қазақ училищесiнде 64 оқушы оқыды жəне 30 адамдық интернат болды. Меңгерушiсi болып тағайындалған Ахмет Байтұрсынов жылына 600 рубль, мұғалiм М. Д. Жилин жылына 480 рубль жалақы алды, үшiншi мұғалiм Ахмет Аяғанұлы Аяғанов болды. Ол Омбыдағы мұғалiмдер семинариясын тамамдаған. Оның жалақысы да 480 рубль болды. Қарқаралыда Ахмет Байтұрсыновтың айналасында өзiмен пiкiрлес адамдар болды. Бұл жерде фельдшер Хасен Бижанов, саяси тұрғыдан жер аударылған В.Д.Соколов, ағайынды Бекметевтер, орманшының көмекшiсi А.В. Глебов, мұғалiм Чемоданов, фельдшер Райымбеков, саяси тұрғыдан жер аударылған П. П. Покровский, А.Я. Ветров, В. Меркулов, П. П. Беледыцкий, А. Астерин, М. Мамлеев, С. С. Панфилов жəне басқалар тұрды. Мұнда, Қарқаралыда — Мiржақып Ахмет Байтұрсыновпен кездестi. Əр алуан мəселелер жөнiнде көп əңгiмелестi. Жандармдық материалдарда А. Байтұрсыновтың осы жылғы қызметi жөнiндегi мəлiметтер сақталған. Онда мынадай тұжырымдар жасалған: “1905 жылдан бастап ол (А. Байтұрсынов. — ауд.) Қарқаралыда жəне бекеттердегi ауыл мектептерiнде қырғыздары салық төлемеуге шақырды жəне сонымен бiрге оларға қылмыстық мазмұндағы үгiттер айтты, сондай-ақ Ресейде миллиондаған шаруалар салық төлемейдi жəне бұл үшiн оларға ештеңе iстей алмайды дегендi көлденең тартып, болыс басқарушыларын уақытында төлемеген салықты жинамау керек деп азғырды”. А.Байтұрсынов пен Ж.Ақбаевтың қызметi жөнiнде Алпысбай Адамбаев мынадай куəлiк бередi: “1905 жылға дейiн дала халқы тыныш өмiр сүрдi, бiрақ осы жылдың соңында Қарқаралыда Жақып Ақбаев дейтiн пайда болып, басқа мемлекеттерде халықты еркiндiкпен басқарады,

оның бастығы жоқ, қорықпаңдар, ал сiздер, басшылар, жоғарының берген бұйрығын орындамаңдар деп қырғыздарды үгiттедi; Байтұрсынов та осындай рухта сөйледi. 1905 жылы да, одан кейiнгi жылдарда да, оны ұстап əкеткенге дейiн осылай болды. Ауыл мектептерiн аралап, Қарқаралыдағы қырғыздармен қақтығыс жүрiп, Байтұрсынов мырза мынадай кеңес айтты: — Мен, — дедi Байтұрсынов, — сауатты адаммын, егер мен сiздерге бəрiн айтпайтын болсам, өзiм күнəға батамын; қазiргi кезде социал-демократиялық партия күш алып келедi, сiздерге сұрамай-ақ бəрiн бередi. Орыс патшасы ендi елдi басқара алмайды, онда күш қалған жоқ. Түсiнiңiздер, — дедi Байтұрсынов, — егер орыс патшасы күштi болған болса, ол Мемлекеттiк Думаны жинамаған болар едi, ал 17 қазандағы манифест патшаның өз еркiмен емес, халықтың талап етуiмен жария етiлдi. Орыс патшасынан қорқатын ештеңе жоқ, оған сенiмдi болып тек казактар ғана қалды. Салықты төлемеңiздер, Ресейде миллиондаған шаруалар салық төлемей отыр жəне бұл үшiн оларға ештеңе iстей алмайды, өйткенi олар қорқақтар емес”. Жиналған мəлiметтерден қорытынды шығара келе, Қарқаралы уезiнде бұл сөздiң нақты мағынасындағы қылмыстық қоғамдастық болып саналмаса да, солардың бағдарламасымен бiрдей əрекет ететiн адамдардың тұтас бiр тобы бар деп тұжырымдауға болады. Бұл адамдардың алдыңғы қатарында Хасен Ақаев, Смақан Бөкейханов, Смайыл Байтенов, Ербiкей Жайсенбаев, Асылбек Сүлетенов, Алтынбек Қосыбаев, Шайла Машақов, Ғали Мəметқұлов, Риттыбек Арыстанбеков, Қойбағар Құсмайылов, Бұдабек Райымбеков, Ыбырай Ақпаев, Нұржан Қойбасов, Нұғыман Шүдінтаев, Мұқсым Торбантаев, Ысқақ Нұрпейiсов бар, күшейтiлген тiзiмде I Мемлекеттiк Думаның бұрынғы мүшесi Əлихан Бөкейханов тұр, ал Байтұрсынов оның оң қолы болып саналады. Хасен Ақаев белгiлi тұлға болған. Хасен Ақаевтың фамилиясын Байтұрсыновпен қатар қою үшiн жандарм офицерiнiң сүйенген негiзi болды. Х. Ақаев А. Байтұрсыновтың туысқаны болып келедi. 1911 жылы Хасен Ақаев Омбыда өткен Бiрiншi ауылшаруашылық көрмесiне қатысты. Жасау жабдықтарымен киiз үй тiктi, бүркiтпен аң аулау

рəсiмiн көрсеттi. Мұнда ол Г. Н. Потанинмен танысты. Хасен Ақаев өңiрге белгiлi бай болды. Кейiннен Х. Ақаев туралы тергеу материалдарында былай жазылады: “Байтұрсыновқа тағылған айыптаулардың iшiнде оның қоныс аударушылар мəселесi жөнiндегi талдаулары айрықша назар аудартады: кент құрмаңыздар, онда сiздердi орыс сенiмiне көшiрсе, жан басына 10 рубльден салық төлейтiн боласыңдар, сiздердi солдатқа алады, егер сiздерден жердi күшпен тартып алса, Қытайға, Ауғанстанға көшiңiздер. Мен Қарқаралыға салық төлеуге келгенiмде, Байтұрсынов маған жəне басқа болыс басқарушыларға: “Сiздер төленбеген салыққа несiне əуреге түсесiздер, əне, ана Ресейде берiлген есептерден белгiлi болып отыр, жиналмаған салықтың саны миллиондап саналады...” — дедi. Одан əрi сұрақ сұралғандар мынаны көрсеттi: “Сөз арасында Байтұрсынов қазақ халқынан шыққан бiрден-бiр көрнектi адам Əлихан Бөкейханов, ал ол қазiргi кезде қиын жағдайда қалып отыр, оған көмек керек, бұл үшiн əрбiр болыс басшысы жыл сайын салық өткiзудiң алдында Əлихан Бөкейхановқа 50 рубльден жiберiп отыруы керек, сонда ол үкiметке қарсы мазмұндағы газет шығаратын болады жəне Мемлекеттiк Думадағы таныстары арқылы қазақ халқының мүддесiн табандылықпен қорғайды. Кувск болысының басшысына қатысты тек мынаны ғана айта аламын: ол Байтұрсыновқа қызмет еттi, Байтұрсынов жоқ, ал егер Ақбаев қайта оралатын болса, онда тұрғындарға көмегi тиедi деп, Ж. Ақбаевты айдаудан қайтару туралы үкiмге қол қоюды ұсынды”. Бұл талдама-жазбаны ротмистр Леваневский 1909 жылы, кейіннен Алашорданың белгiлi қайраткерi болған Жақып Ақбаев айдауда жүрген кезде толтырған. Ендi Ахмет Байтұрсыновтың қызметiн тексеру-тергеу iсi бойынша куəлардың көрсетулерiне оралайық: — Даладағы қырғыздар арасында үгiт таратушылардың бiрi, Ақшатау болысының қырғызы Бұдабек Райымбеков те Байтұрсыновтың қарым- қатынас жасайтын адамы болып табылады: ол да менiң Байтұрсыновқа

қатысты куəлiк еткенiмдегiдей, ол да қырғыздарды басшы адамдар келген кезде ат бермеуге үгiттейдi, қырғыздарға үкiметке қарсы мазмұндағы газеттердi оқып бередi, Райымбеков газеттердi, мен мұны өте жақсы бiлемiн, Қарқаралы қаласындағы өзiнiң қайын атасы Қасым Якуфовтан немесе фельдшер Ахмет Райымбековтен алады. Бұған қосымша Байтұрсыновтың жоғарыда айтылған барлық сөздерiн қырғыздар арасында Исмайыл Байтишев таратады, менiң жұрттан естiгенiм бойынша, Байтишев те Ақбаевпен жəне Байтұрсыновпен бiр жолда жүрген адам. Машырбай Құдайдəулетовтiң көрсетуi: — Орыстардан, — дедi Байтұрсынов, — қорқатын ештеңе жоқ, орыс патшасына тек қазақтар ғана сенiмдi болып қалды, ал қажеттiлiк туа қалған күнде бiздiң Қытайға көшуiмiзге болады. Бұл сөздердi Байтұрсынов 1907 жылы да, Кувск болысындағы Хасен Ақаевқа кетiп бара жатқан жолында менiң үйiме тоқтаған кезiнде көп адамның көзiнше айтты. Байтұрсыновқа бiр қырғыздың айтқан сөзiн мен өз құлағыммен естiдiм. Ол өз үйiнде ұйымдастырған жиында былай дедi: “Өмiрдi былай құру керек, бiрде-бiр қазақтың жекеменшiгi болмауы тиiс, əркiм өзiнде барын ортақ қазанға салсын, ал одан əркiм өзiнiң өмiр сүруiне қажеттiciн ғана алатын болады. Сонда кедейлер болмайды, бəрi жақсы тұрады, ал салықты патшаға емес, бiзге төлесiн”. Тергеу кезiнде Машырбай Құдайдəулетов болған жайды одан əрi ежелеп көрсеттi: — Мен Байтұрсыновтың қырғыздарға үндеу тастағанын жақсы бiлемiн. Онда ол қырғыздар салық төлемесiн, қоныс аударушыларға жер бермесiн, бастықтарға бағынбасын, лауға ат бермесiн дедi. Байтұрсыновпен бiрге оның барлық сөздерiн қырғыздарға Хасен Əлиев те айтты. Соңғысы маған бiрнеше рет келiп, Ақбаев пен Байтұрсынов салық төлеудiң керегi жоқ, жердi бермеңдер дедi, бiр сөзбен айтқанда, жоғарыда менiң көрсеткендерiмнiң бəрiн айтты жəне менi Ақбаев пен Байтұрсыновқа көмектесуге жəне осы сөздердi қырғыздар арасында тарату үшiн онымен бiрге жұмыс iстеуге шақырды. Бiрақ мен бас тарттым. Өкiметтiң əлдебiр өкiмiне риза емес қырғыздардың бəрi Байтұрсыновқа келедi, ал ол оларға басу айтып, iстi тындырғанның

орнына, отқа май құя түседi. Ақбаев пен Байтұрсыновтың үгiт- насихатынан кейiн қырғыздар бағынудан бiржола кеттi, сөйтiп қазiр далада Кенесары Қасымовтың кезiнен бермен қарай болып көрмеген тонаушылықтар мен бұзақылықтар орын алуда. Семей облысы күзет бөлiмiнiң қызметкерi Леваневский Қарқаралы уезiндегi күрделi жағдай туралы дұрыс жазған. Мəселе — мұнда жер мен шабындық-жайылымның өте-мөте жетiспеушiлiгiнде. Қазақ би- сұлтандары жердiң сексен пайызынан көбiн өздерiнiң пайдалануына алып қойды. Егер Щербин экспедициясы жасаған уездiң жер пайдалану картасына қарайтын болсақ, бұған оңай көз жеткiзуге болады. Ал қатардағы қауымдастық мүшелерi жайылымнан айырылып, барымта жасауға көшкен. Ахмет Байтұрсыновтың насихаттық жұмыстары жөнiнде сол Леваневский жоғары жаққа мынадай ақпар бередi: “Байтұрсынов айтқан жəне мен жоғарыда көрсеткен заңға қайшы сөздердi қырғыздар арасында мына төмендегi адамдар да таратып жүр, мен мұны олардың өз аузынан естiдiм, бұл адамдар мыналар: Ақшатау болысының қырғызы Бұдабек Райымбеков, Кент болыстығынан Ахмет Райымбеков, Бұғылы болысынан Ыбырай Ақбаев, Тоқырауын болысынан Смақан Бөкейханов, қысқасы, Байтұрсыновтың кезiндегi орыс-қырғыз училищесiнiң барлық мұғалiмдерi қырғыздар арасында оның сөзiн таратқан. Ақбаевты қайтару жөнiндегi үкiмдi Байтұрсынов дайындаған. Байтұрсыновтың жоғарыда көрсетiлген сөздерiн қырғыздар арасында таратып жүрген төмендегi адамдардың айтқанын мен өз құлағыммен естiдiм, олар: Ақсулы болысы, №8-аулынан Нұржан Қойбасов, Нұғыман Шүдінтаев, Мұқсым Торбантаев, №3- ауылдан Нұрпейiсов Ысқақ, олар сондай-ақ Ақбаев пен Байтұрсыновты қаржылай қамтамасыз етедi. Қоныс аудару мəселесiн осы тұрғыда талдай отырып, Байтұрсынов жəне оның пiкiрлестерi қырғыздың отырықшы жағдайға өтуiне бөгет болатын басты кедергiнi жоюдың орнына, оны тереңдете түскен жəне оның жоғарыда көрсетiлген үгiт сөздерi ол туралы айтылған барлық куəлiк етулердiң қызыл жiбi десе болады жəне тұрғындар арасында кең көлемде жүргiзiлген зерттеулер көрсетiп отырғандай, оның бұл айтқандары далалықтардың санасына сiңiп кеткен.

Хамитұлы Бекметевтiң көрсетулерiнде Əлихан Бөкейхановтың “Выборг үндеуiн” (“Выборгское воззвание”) Байтұрсыновтың көп мөлшерде алғаны айтылады”. Жоғарыдағы Леваневский полиция департаментiне былай деп хабарлаған: “Екi мың верст жоғары болыстарды аралай отырып, Қарқара тауынан Балқаш көлiне дейiнгi аралықта, оңтүстiктегi орындарда болған кезiмде, далада орыс өкiметiнiң ықпалы мүлде жоқ екенiне менiң көзiм жеттi. Айтылған жайларды дəлелдейтiн күзетшiлердi ұрып-соғудың көптеген жағдайлары, өкiметпен қарсыласу, басшы адамдармен ұрыскерiске бару қылықтары жəне басқа фактiлер орын алған”. Бұл баяндамасында ротмистр Леваневский мынадай пiкiр түйедi: “Тоқырауын болысында Смайыл Бөкейханов өзiнiң винтовкамен, тапаншамен жəне найзамен қаруланған жақтастарымен бiрге, болыс басқарушысы Дөненқұловтың iстi шешуiне жол бермедi; бұл бiр ғана жағдай емес. Осы портрет көшiрмесiнiң қосымшасынан жəне Нұра болыстық басқармасының 23 қарашадағы мəлiмдемесiнен кейiн Полиция департаментi мұндай əрекеттердiң қайда апарып соғатынын қарауды жөн көрдi. Қарқаралы уезiнiң оңтүстiк бөлiгiнiң аса iрi шөлдi аймағы, бұл жерлерде орыс тұрғындарының мүлде болмауы жəне ақырында жоғарыда келтiрiлген себептердiң ақиқаттығы тұрғындар арасында басбұзарлық көңiл күйдiң өрiстеуiне, өмiрдiң қалыпты ырғағының бұзылуына əкелiп соғады жəне болашақта мемлекет үшiн тиiмсiз жағдайлардың орын алуына ықпал етедi. Қытаймен қарым- қатынас ушыққан жағдайда, қаруланған бұзақылардың дайын кадры солардың басқаруына өтiп кетуi ықтимал, өйткенi жазба түрдегi жəне жасырын барлау қызметi қырғыздарда қару бар екенiн көрсетiп отыр”. Қазақ қайраткерлерiнiң осындай негiзгi əрi батыл көзқарастарымен Мiржақып Дулатұлы Зайсан уезiнiң ауылдарында ғана емес, осында, Қарқаралы жəрмеңкесiнде де, танысуға мүмкiндiк алды. 1905 жылғы Қарқаралы оқиғасынан екi-үш жыл өткеннен кейiн ротмистр Леваневский барынша сенiммен былай деп жазды: “Қандай да бiр елеулi қарсылықтың болу мүмкiндiгiн азғана адамдар ғана түсiне алатын болса, онда мұның себебi — өзiнiң айналасына екi-үш жүз

қаралы жалаңаш-жалпы тақыр кедейлердi жинай алатын ұйымдастырушының болмауынан, бiрақ күшi түкке тұрғысыз осы топтың өзiне өкiмет қажет кезiнде қарсы тұра алмайды, əсiресе қырғыздардың қысқа мерзiм iшiнде қалың жасаққа айналып жəне дəл сондай көз iлеспес шапшаңдықпен ұшты-күйлi жоқ болып кететiн қабiлеттiлiгi жағдайында”. Байтұрсыновтың iсi бойынша куəлiк еткен Хамитұлы Бекметьевтiң көрсетуi бойынша Байтұрсынов пен Ақбаев қырғыздарға былай дедi: “Қазақтар Каспий теңiзiнен Памирге жəне Персиядан Алтайға дейiнгi аралықты жайлап жатыр. Егер олар партизан соғысын бастайтын болса, онда оларды тыныштандыру үшiн миллион солдат та жетпейдi. Қытайдың бұрынғы əзiрлiгiне қатысты да мейлiнше алаңдатарлық нышандар пайда болады”. Полиция департаментiнде Қытай мəселесiне мəн берiлдi. Онда былай делiндi: “Жапонияның Қытайдағы үгiт-насихаттық қызметiн назарға ала отырып, Байтұрсыновтың айтқандарындай қырғыздың Қытайға жиi қоныс аударуы, егер қырғыздар қоныс аударушылардан өз жерлерiн қорғай алмайтын жағдайға жетсе, онда Қытайға көшуi мүмкiн екенiн көрсетедi. Маған соңғы кездерi келiп түскен деректерге қарағанда, қытайлықтардың Дала өлкесiне қаптауына сылтау табылды жəне олар Зайсан уезiне келiп жеттi де. Осылардың бəрiн бiрге алғанда қытайлықтардың қырғыздармен байланысы барын жəне оның жайсыз салдары болуы ықтимал екендiгiн көрсетедi”. Жандарм ротмистрi Леваневскийдiң бақылауында шындық жоқ та емес-тiн. Оңтүстiк-шығыс аймақтардағы қазақтардың Қытайға қарай белгiлi бiр дəрежеде бет бұруы ондаған жылдар бойы қолдау тауып отырды. Расында, Қытайдың Шыңжаңға ықпалы 1906—1908 жылдардағы реформаларға байланысты күшейе түстi жəне мұндай жағдайда қазақтардың бiр бөлiгiнiң үдере көшуi шындыққа сай келдi. Осындай жағдайда Зайсан уездiк бастығы жоғарыға мынадай құпия хабар жiбердi: “Бiзге келiп түскен мəлiметтерге қарағанда, Саргенба қаласында сауда жасайтын барлық орыс азаматтарына əскери губернатор (Чангай) қаланы тастап шығуды ұсынған жəне орыс саудагерлерiне де, сондай-ақ қытайлық қырғыздарға да аталған қалаға

20 версттен жақын қашықтықта тұруға тыйым салынған. Күн сайын дерлiк Саргенбаға Қытай солдаттары аса сақтықпен күзеткен керуендер келедi. Керуенге жақын келуге де қаладағы сияқты өлiм қаупiмен қорқытып, тыйым салынған. Қырғыздар арасында Қытай жақын арада Ресейге соғыс ашады жəне қытай көпестерi өздерi алыс- берiс жасасқан орыс көпестерiне қарыздарын өтеудi талап етуде дегенге ұқсас өсек-аяң, сыбыс таралған”. Ротмистр Леваневскийдiң мына айтқандары да негiзсіз емес, ол былай дейдi: “Тергеу қорытындылары арқылы анықталған Байтұрсыновтың үкiметке қарсы қызметiн төмендегiше түрде сипаттауға болады: 1. Əр уақыт кезеңiнде, 1905 жылдан бастап, Қарқаралыдағы өзiнiң үйiнде де, сондай-ақ ауыл мектептерiн аралаған кездерiнде жəне басқа жағдайларда салық төлеудiң қажетi жоқ, қырғыздар ешқашан да орыс шаруаларының жағдайында болмауы тиiс, өйткенi ол жағдайда олардан жан басына 10 рубльден алатын болады, əскери мiндет атқарады жəне оларды орыстың сенiмiне өткiзедi, ал егер жердi күшпен тартып алса, онда Қытайға көшу керек, бастықтарға бағынудың қажетi жоқ, орыс патшасы бұл күнде əлсiредi, ол елдi басқара алмайды, қырғыздар ненi қаласа, соны ала алады; 2. Қырғыздар арасында қылмыстық сипаттағы үндеулердi таратты; 3. Болыс басқарушыларын төленбеген салықты жинамауға үгiттеп, бұған дəлел ретiнде Ресейде шаруалардың мойнында өтелмеген миллиондаған салық бар, бiрақ оларға ештеңе жасай алып отырған жоқ дегендi айтады”. Байтұрсыновтың сөзiн таратқан Қарқара болысының қазақтары №8- ауылдан Нұржан Қойбасов, Нұғыман Шүдінтаев, Мұқсым Торбантаев, №3-ауылдан Ысқақ Нұрпейiсов жəне бiрқатар басқа адамдар — Хасен Ақаев, Смақан Бөкейханов, Смайыл Байтенов, Ербiкей Жайсенбаев, Асылбек Сүлетенов, Алтынбек Қосыбаев, Шайла Машақов, Ғали Мəметқұлов, Қойбағар Құсмайылов, Бұдабек Райымбеков, Ыбырай Ақбаев, Нұржан Қайбасов жəне басқалар. Өкiмет орындары Байтұрсыновтың жақтастары қазақтардың отырықшылық жағдайына өтуiне кедергi жасады деп шағымданды. Полицияның бұл мəлiметтерiне сенбеуге негiз жоқ, оның үстiне, Бұдабек Райымбеков — 1905 жылы қазан айында болған Қарқаралы

шеруiне қатысушының бауыры. Смақан Бөкейхановтың туысы екенi түсiнiктi. Байтұрсыновтың жақтастары арасынан өкiмет орындары оған жақын жүрген адамдарды да былайша атайды: “Ақшатау болысының қырғызы Бұдабай Лаимбесов (Бұдабек Райымбеков. — авт.) Байтұрсыновтың жақтасы болып табылады, даладағы қырғыздар арасында менiң Байтұрсыновқа қатысты айтқанымдағыдай, ол да қырғыздарды басшы адамдар ел аралағанда ат-көлiк бермеуге үгiттедi, қырғыздарға үкiметке қарсы мазмұндағы газеттердi оқып бердi. Смайыл Байтишев те Байтұрсыновтың жоғарыда айтылған сөздерiнiң бəрiн қырғыздар арасында таратушы болып табылады”. Кейiнiрек Байтұрсыновтың үгiттерi бойынша жүргiзiлген тергеу жұмыстары барысында бiрқатар адамдар шақырылып, олардан жауап сұралды. Кент болысының басқарушысы Қарабай Матаев та Байтұрсынов туралы куəлiк бердi. Алайда көмескi, түсiнiксiз сөйледi. Машырбай Байдəулетов өзiнiң айғақтарында Байтұрсыновтың сөзiн былай деп көрсеттi: “Қазақтар қоныс аударушыларға жер бермеуi тиiс жəне егiн егiп, жер өңдемесiн. Өйткенi, егер сiздер орыс шаруаларының жағдайына көшетiн болсаңыздар, онда сiздерден жан басына 10 рубльден салық алады, əскери мiндет өтейтiн боласыздар жəне сiздердi орыс сенiмiне енгiзедi”. Полиция департаментiне Ахмет Байтұрсынов туралы: “Қырғыздар арасында үкiметке қарсы сепаратистiк рухтағы үгiт-насихат жүргiздi”, — деп неғұрлым анық жазылған. 1905 жылдың жазында Қоянды жəрмеңкесiнде қазақ жұртшылығының көпке белгiлi Қарқаралы петициясы қабылданды. Қарқаралы петициясының кiрiспе бөлiмiнде былай делiндi: “Орыстандыру саясатының салдарынан қырғыздар (қазақтар. — ауд.) соңғы кездерi өздерiнiң дiни-рухани iстерiнде шетке қағылғаны сонша, олар əкiмшiлiктiң рұқсатынсыз аттап баса алмайды. Мешiт салуға, мұсылман мектептерiн ашуға, Меккеге қажылыққа бару жəне басқаларына рұқсат беру немесе бермеу құқығы заң жүзiнде əкiмшiлiктiң билiгiне берiлген. Бiрақ iс жүзiнде бұл рұқсаттарды алудың қиындатылғаны сонша, мешiт салу, медресе мен мектеп ашу

жөнiндегi өтiнiштер көбiнесе жауапсыз қалады. Соңғы уақыттары қырғыздың дiнирухани iстерiнiң көрген қағажуларын санап шығудың өзi қиын. Əкiмшiлiктiң мұндай күштеу əрекеттерiнiң салдары сенiм мен ар-ұждан мəселесiне енжар қарай алмайтын халық бұқарасының дiни ой-санасына өте ауыр тидi. Халық мүддесiмен де, оның тарихи қалыптасқан салт-дəстүрiмен де санаспастан, тек орыстандыру саясатын ғана бағдарға алып, жергiлiктi əкiмшiлiк осы саясаттың жолында кесе-көлденең тұрғанның бəрiн құртып-жоюға ұмтылып келедi”. Бұдан петицияны дiни қайраткерлер, мешiт қызметкерлерi, ауыл билерi құрастырған деп қорытынды шығаруға болады. Петицияның мəтiнiн А.Байтұрсынов құрастырғанымен, оның құрылымын ықпалды дiни қайраткерлер тобы айқындаған. Дiни реттегi мəселелер олар үшiн бiрiншi дəрежедегi мəнге ие болған. Алайда петицияда мұсылманның дiни өмiрiндегi маңызды мəселелердiң бiрi — қадімшелер мен жəдитшiлдердiң өзара қарама-қарсылығы көрiнiс таппаған. Петицияны құрастырушылардың қандай бағытты қолдайтындығы көрсетiлмеген. Ол жылдары бұл мəселе тек Қазақстанның ғана емес, бүкiлресейлiк мұсылмандардың қоғамдық өмiрiнде маңызды орын алды. Петицияның бiрiншi пунктi кiрiспе бөлiмнiң жалғасы болды, онда былай делiндi: “Халыққа өзiнiң экономикалық жағдайын көтеру мүмкiндiгiн беру үшiн Қырғыз өлкесiн қазiргi басқарудың төмендегiдей кемшiлiктерiнен арылту жəне тұрғындар өмiрiн осы заманғы жағдайға сəйкестендiретiн шаралар қабылдау қажет. 1. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Дала ережесi бойынша, қырғыздың рухани мəселесi Iшкi iстер министрлiгiнiң иелiгiне берiлген. Жергiлiктi əкiмшiлiк кейiнгi кездерi бiрқатар репрессиялық шаралар жүргiздi. “Мысалы, 1903 жылы Петропавл, Көкшетау, Павлодар жəне Семей уездерiндегi белгiлi қырғыздарға тiнту жүргiзiлдi жəне бұл ретте күнi бүгiнге дейiн иелерiне қайтарылмаған кiтапханалар тұтқынға алынды. Оның iшiнде Көкшетау уезiнiң қырғызы Наурызбай Таласов пен Шаймерден Қосшығұловтар,

алғашқысы Енисей губерниясына, соңғысы Якутск облысына дiни сенiмдерi үшiн əкiмшiлiк ретпен жер аударылды”. Мұндағының бəрi дұрыс. Ал қалыптасқан жағдай бұл секiлдi бағдарламалық құжатта назар аудару үшiн енгiзiлген. Əрине, аталған адамдар бұл кезде айдауда болды, оларды босату үшiн əрекет ету керек болатын. Петицияның жекелеген пункттерiнiң ұтымды жағы да осында болды. 2. Одан əрi екiншi пунктте қазақ тұрғындары арасындағы бiлiм беру iсiнiң жай-күйi баяндалған. Алайда қызбалықпен жазылған бұл пунктте қайшылық та бар, онда былай делiнген: “1902 жылдан Дала өлкесiнде қырғыз балалары үшiн ауыл мектептерi деп аталатын оқу орындары ашылды. Бұл мектептерде қырғызша сауат ашуды сұранып едi, бiрақ бұған рұқсат етiлмедi. Бұл мектептерде қырғыз балалары қырғыз сөздерiн қырғыз iлiмiнiң фонетикасына сəйкес келмейтiн орыс əрiптерiмен жазып оқиды”. Аталған түрдегi мектептерде қазақ тiлiн оқыту талабы толығымен негiздi, алайда авторлар бұл құбылыстың себептерiн ашпаған. Қазақ балаларын ауыл мектептерiнде оқытудан бас тартты, ауылшаруашылық мектептерiнен пайда болмады. Петиция авторлары мұндай тұжырымдармен сол уақыттың мұқтаждығын түсiнуде жүйелiлiк танытудың орнына, өздерiнiң батыл қадамдарға барғысы келетiнiн көрсеттi. Қазақ мұғалiмдер мектебiн жасау, мұғалiм кадрларын қалыптастыру, қазақ тiлiнде оқу құралдарын шығару жөнiнде əңгiме қозғалмаған. Бұдан петиция авторлары қатарында Ə.Бөкейханов, М.Дулатұлы, А.Байтұрсыновтың болмағаны байқалады. Алайда А.Байтұрсыновтың өзi 1909 жылдың желтоқсанындағы “Оренбургский край” газетiнде қазақтардың “орыс жəне қазақ тiлiндерiн бiлетiн бiрден-бiр адам ретiнде өз мұқтаждықтарымыз туралы петиция жазу” жөнiндегi өтiнiштерiне үн қатқанын жазды. Петициядағы минимум талап — ауыл мектептерiне мұғалiм ретiнде қазақ тiлiн бiлетiн адамды ғана жiберу туралы ереже болуы мүмкiн едi. Бұл мəселенi үкiмет орындары түсiндi, алайда империялық мүддемен мұндай мектептер ұйымдастыру басталғанда-ақ, мұғалiмдер қатарына қазақ тiлiн бiлетiн орыстарды қосты.

Бұдан кейiнгi Қарқаралы петициясында айқын фактiлердi нақтылау жəне ресейлiк земстволық ережелерге қатысты өтiнiштер сөз болды. Келесi пунктте үкiметтiң кəсiпкерлiк мiндеттердi шешуiне қатысты мəселелер көтерiлген: 3. “Қырғыз халқының ағымдағы мұқтаждықтарын шешу үшiн қырғыз тiлiнде газет шығару қажет. Бұл үшiн газет шығарудың жəне баспахана ашудың алдын ала цензуралық ашық тəртiбiн бекiту талап етiлдi”. Алдын ала цензураны алып тастау талабы бүкiлресейлiк талап болды. Бұл тұрғыдан петиция авторларының пiкiрi уақыт талабымен үндесiп тұр. Ал баспахана ашу, қазақ тiлiнде газет шығаруға келсек, бұл — жеке кəсiпкерлердiң iсi. Бұл талапты петицияға А.Байтұрсынов пен М.Дулатұлының жазуы немесе қосуы əбден мүмкiн. Оның үстiне А.Байтұрсынов қазақ оқытушыларының тобымен орыс тiлiндегi “Тургайская газетаның” жұмысына қатысып жүрдi. Жəне Байтұрсынов Қарқаралының тұрғыны болғандықтан, петицияны дайындау барысынан хабардар болды. 4. Төртiншi пункт ең маңызды мəселеге — қазақ қоғамының экономикалық жай-күйiне жəне оны жақсарту мəселесiне арналды. “Соңғы 15 жылдан берi Дала өлкесiн отарлау жүрiп жатыр, — делiндi онда. — Жыл өткен сайын қырғыздардың жер көлемi тарылып келедi. Мал шаруашылығы өзiнiң табиғатына орай экстенсивтi бола алмайды, сондықтан кең жайылымдарды керек етедi. Қоныс аударушылардың иелiгiне ең жақсы жерлер мен суы мол алқаптар алынып берiлуде, сондықтан қырғыздар мекендеп отырған жерлердi олардың меншiгi деп тану қажет. Мемлекеттiк мүлiк басқармасы Дала өлкесiнiң қазына иелiгiне тиiстi жердi межелеу жұмыстарын жүргiзе отырып, бұл ретте қырғыздарды олардың атақонысынан ығыстырып шығаруда. Осыған байланысты көптеген аумақты межелеу барысында қырғыздардың өз қонысынан көшiрiлмеуi жəне аралық шеп аумағы қалдырылуы қажет, ал бұл аралық шептiң енi қырғыздардың қатысуымен анықталуы тиiс”. Петиция авторлары қазақтың жайылымдық-көшпендiлiк қоғамы, оның өзгеру сипаттары, жердi пайдалану мен игерудiң мүмкiндiктерi, қазақ

шаруашылығының эволюциялық жолы, оның қалай дамуы керектiгi жөнiнде ештеңе жазбаған. Алайда петицияда қазақ болыстарындағы сот iсi мəселесi туралы жазылған. Дəл осы мəселеге Мiржақып Дулатұлы скептикалық тұрғыдан қарады. Мəтiнде былай айтылады: 8. “Соттың өзi қызмет ететiн халықтың тiлiн бiлуi əдiл сот iсiн дұрыс жолға қоюдың қажеттi шарты болып табылады. Соған қарамастан қырғыз даласында сот жəне тергеушi болып жергiлiктi халықтың тiлiн бiлмейтiн орыстар қызмет етедi, ал қырғыз-заңгерлер неге екенi белгiсiз, қырғыздар қоныстанған уездерде жұмыс iстеуге жiберiлмейдi, бұдан Дала өлкесiндегi əдiл сот iсi зардап шегуде. Сондықтан соттардың қырғыз тiлiн бiлуi жəне қырғыз даласында ант берген сайланбалы сот тəртiбiн енгiзу қажет”. Расында, мұндай жағдайлар болды — əкiмшiлiк мекемелердiң шенеунiктерi қазақ тiлiн бiлмедi жəне бiлуге тырысқан да жоқ, тiптi тəржiмеші-тiлмаштардың штаттағы орнына қазақ тiлiн бiлмейтiн адамдар тағайындалды. Павлодардағы жағдай мұның нақты мысалы болды. Мұнда “уезд бастығы тəржiмеші-тiлмаш қызметiне қырғызша оқып, жазуды былай қойғанда, тiптi сөйлей де бiлмейтiн адамды ұсынды. Сол бастықтың ұсынуы бойынша, сөзбе-сөз тəржiмелеуші тiлмаштың қызметiнде қырғызшадан орысшаға аудармақ тұрмақ, қырғызша бiр сөздi де түсiне алмайтын шенеунiк есепте тұр. Мiне, сiзге тəртiп”. Кашинский бұл жөнiнде “Сибирский вестник” газетiнде жариялады. Қоянды жəрмеңкесiнде Райымжан Марсеков те болды. Ол — туған жерi бойынша көкпектiлiк. Мұнда жəрмеңкеде Мiржақып Дулатұлы, Райымжан Марсековпен де танысқаны анық. Райымжан Мiржақыптан бiрталай үлкен жəне бұл кезде Петербург университетiн тамамдаған болатын. Семейде адвокат болып iстедi. Ол да Қарқаралы петициясының мазмұнын жақсы бiлдi. Мiржақып Қарқаралы жəрмеңкесiнде көп адамды көрдi, кейбiреулерiмен танысты, қайсыбiрiмен достық қарым-қатынаста болды. Мiржақыпқа Қарқаралы петициясының құрылымы, оның негiзгi

мəселелерi түсiнiктi жайға айналды. Бұл жерде ол петиция кедейлер мен байлардың талаптарын бiлдiретiнiн, қазақтың ру басшылары мен шенеунiктерiнiң Ресейдiң қазақ жөнiндегi саясатына үрке қарауының мəнiсiн түсiндi. Мiржақып үшiн бұл маңызды мəселе едi. Ал Ахмет Байтұрсынов өзiнiң шəкiртiне болып жатқан жағдайлар туралы егжей- тегжейлi əңгiмелеп бердi. Екеуi де бұдан Торғайдағы жағдаймен ұқсастық тапты. Петицияның соңында “1905 жылдың 26 маусымы” деген дата тұр. Бұл дата онша түсiнiктi емес. Бұл оған қол қоюды бастаған күн бе, əлде петицияны Петербургке жөнелткен мерзiм бе, бұл жағы белгiсiз. Бұл петицияның жiберiлген күнi деп ойлаған орынды көрiнедi. 12 000-нан аса адамның қолын жинау бiрнеше күнге созылар едi. Ал жəрмеңке тек бiрiншi шiлдеге дейiн ғана жұмыс iстедi. Демек, қол жинау iсi асығыссыз, жəрмеңкенiң алғашқы күндерiнен басталған деуге болады. Қарқаралы петициясына қол қойған адамдардың саны туралы мəселе де онша анық емес. Д.Аманжолова 14,5 мың адам десе, 2004 жылы шыққан “Алаш” жинағында 12 767 адам деп көрсетiлген. Əдебиеттерде басқа да деректер бар. Қарқаралы петициясына қол қоюшылардың саны жөнiндегi мəлiметтердi алғаш рет С. Брайнин жəне Ш. Шафиро жариялады. Олар да 14,5 мың адам деген цифрды атады. Айқын сəйкессiздiк бар. Петицияға қол қойғандардың бəрi оны оқыды деуге болмайды, өйткенi ол Петербургтегi жоғарғы сатыға дайындалды. Ал онда тек орыс тiлiндегi қағаздар ғана қабылданды. Қарқаралы петициясына қатысушылардың бəрi бiрдей орысша сөйлей бiлген жоқ, ал олар дайындалған құжаттардың түп төркiнiн тiптен де түсiне алмас едi. Сондықтан көптеген қол қоюшылар үшiн петиция түсiнiксiз құжат болды. Оның мəтiнi халыққа таратылып берiлген жоқ. Ал оның қолдан көшiрiлген нұсқалары болғанның өзiнде, мұнымен көп адам таныса алмады. Мына бiр маңызды жайт сұрақ тудырады: 1905 жылғы Қарқаралы оқиғасы жөнiнде жиналған деректерде нелiктен Мiржақып Дулатұлының есiмi аталмайды? Мұның өз себептерi болды.

Мəселе мынада: бұл оқиғаға байланысты тексеру-тергеу жұмыстары бiрнеше жылдан кейiн 1909 жылы жүргiзiлдi. Тергеуде көрсетiлген адамдардың, тұрғындар мен қызметшiлердiң бəрi орнында болды, ал ол кезде бұл өлкеде Мiржақып Дулатұлы болған жоқ. Екiншiден, Мiржақып жəрмеңкеден кейiн Қарқаралы мен Семейге барып, одан соң Марқакөл ауданындағы Қара Ертiс болысының жазғы жайылымына, жайлауға шығып кеттi. Сөйтiп, ол жандарм Леваневскийдiң назарына iлiкпей қалды. Əрине, петицияға қол қоюшы адамдардың саны халықтың өз ерiк- қалауын бiлдiруiнiң маңызды көрсеткiшi болып табылады. Мұнда қай уезд бен болыстың адамдарының қол қойғаны да маңызды. Бiрақ бұл құжаттың басқа қырын да ескеру керек болады. Мұндай петиция тек орыс тiлiнде ғана жасала алады, өйткенi ол Петербургке жiберу үшiн дайындалған. Ал оған Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатұлы, Жақып Ақбаев, Көлбай Тоғысов жəне жергiлiктi жердегi көптеген басқа да адамдар — болыс басқарушылар, ауыл старшындарының оқып, қол қойғаны ешқандай күмəн тудырмайды. Əйтсе де болыс басқарушылардың жəне қоғамда өзгерiстер болуын қалайтын көпестердiң ықпалымен петицияға оны оқымай жəне құжаттың құрылымы мен əрбiр тармағының мазмұнын түсiнбестен қол қойған адамдар да аз болмаса керек. Екiншi жағынан, құжаттың мəтiнi қазақ тiлiнде еш жерде жарияланған жоқ. Көптеген қазақтар бұл құжат туралы бiлмеді де, ендi бiреулер ел арасында таралған сыбысты ғана естiдi. Құжат белгiлi бiр шектеулi ортада ғана таратылды. Басқаша болуы мүмкiн де емес едi. Қарқаралы петициясына қол қойған адамдардың кiм екенiн бiлу де қызықты. Бұлар, ең алдымен, Қарқаралы уезiнiң болыс басқарушылары, ауыл старшындары, билерi едi. Олар неғұрлым қоғамның хал-ахуалынан хабардар адамдар болатын. Оның үстiне ұжымдық петиция жолдауға заңмен рұқсат етiлген. Қол қоюшылардың қатарына, ең алдымен, жергiлiктi болыс əкiмшiлiгiнiң адамдары кiрдi. Олардың көпшiлiгi өз қызметтерiне 1904—1905 жылдың қысында сайланып қойылған. Сондықтан олар аңду-қудаланудан тысқары болды. Бұл жағдайда оларды жеке-жеке атап айтуға болады, яғни: болыс басқарушысы Сланбек Жүсiпов жəне билер: №1-ауылдан

Бекқожа Бошымбаев, №2-ауылдан Қалипа Шонаев, №3-ауылдан Қадыр Жүсiпов, №4-ауылдан Сермағанбет Бекетов, №5-ауылдан Баймұрын Төлепбергенов, №6-ауылдан Əмек Қартықов, №7-ауылдан Қосуқ Алшынбаев, №8-ауылдан Нұрғожа Жомартов, №9-ауылдан Төребай Əжiғұлов, №10-ауылдан Əдiл Жаманқұтов, №11-ауылдан Матан Ғұранов жəне №12-ауылдан Шалабай Жылқыбаев. Қарқаралы уезiнiң Бөрлi болысы бойынша — болыс басқарушы Əбiлқасым Тайжанов, Дегелең болысынан — болыс басқарушы Арын Тесукин, Сарытау болысынан — болыс басқарушы Арын Манақов жəне халық соттары, Кувск болысынан — болыс басқарушы Хасен Ақаев жəне халық соттары: №1-ауылдан Мақыш Балықбаев, №2-ауылдан Жұматай Жансығынов, №3-ауылдан Қоқай Матақов, №4-ауылдан Əбден Байтемiров, №5-ауылдан Муадубай Күшiков, №6-ауылдан Қосынбай Жақыпов, №9- ауылдан Əлiбай Iлкiбаев, №10-ауылдан Сейсекей Алыбаев, №11- ауылдан Мұқамеджан Жұбанышев жəне №12-ауылдан Жүнiс Дүржанов. Қарқаралы уезiнiң Темiршi болысы бойынша — басқарушы Əбеу Ермеков жəне халық соттары. Кент болысынан — басқарушы Отарбай Жомартов жəне халық соттары: №1-ауылдан Қазанғап Досанов, №2- ауылдан Базалбек Шүленов, №3-ауылдан Əли Жұмашаев, №5-ауылдан Ысқақ Мершiнбаев, №6-ауылдан Айтбай Салықбаев, №7-ауылдан Тоқтарбай Жандыбаев, №8-ауылдан Сарбас Жомартов, №9-ауылдан Бектiбаев, №11ауылдан Қали Құсайынов, №12-ауылдан Жарасбай Дүйсенбин жəне №13-ауылдан Ақшабай Найзабеков. Қарқаралы уезiнiң Тоқырауын болысы бойынша — басқарушы Шанкен Машақов, халық соттары: №1-ауылдан Баймұрын Анаев, №2-ауылдан Мұхамеджан Шамбаев, №3-ауылдан Тойғанбай Белжанов, №4-ауылдан Қарынбай Молпаев, №5-ауылдан Салық Дармешев, №6-ауылдан Қағыла Қанешев, №7-ауылдан Мұстафа Дүйсенбин жəне т.б. Қарқаралы уезiнде тұрып, петицияға қол қойған адамдардың тiзiмi мұнымен аяқталмайды. Бұл тiзiмге осы уездiң басқа да адамдарын қосуға болады, атап айтқанда:

Қарқаралы уезiнiң Ақшатау болысы бойынша — басқарушы Смағұл Шолақов, Дегелең болысы бойынша — басқарушы Тошан Жоламанов, Шұбартау болысынан — басқарушы Құсанбай Бейбосынов, халық соттары: №1-ауылдан Балғабай Таукин, №2-ауылдан Күжинал Шөмеков, №3-ауылдан Жаушыбай Тропинев, №4-ауылдан Серғазы Сейдалин, №5-ауылдан Əдiлбай Боданев, №6-ауылдан Асылбай Ораев, №7-ауылдан Мажатай Отыншин, №8-ауылдан Егiнағамбет Сатанов, №9-ауылдан Нұрыс Нартов, №10-ауылдан Ыбыша Көпенбаев, №11- ауылдан Рүстембек Балбалин, №12-ауылдан Ахмет Жұрныбаев, №13- ауылдан Осылхан Майсенов жəне №14-ауылдан Қасым Тойшыбеков. Əрине, Зайсан уезiнiң Қарқаралы петициясына қол қоюға қатысқан адамдар ерекше назар аударуға тұрады. 1905 жылдың маусымында мұнда жергiлiктi əкiмшiлiктiң сайлауы болып өткен. Болыс басқарушылар, ауыл соттары (билер) — əкiмшiлiк ауылдардың басқарушылары мен оған кандидаттар сайланған болатын. Алайда төменде келтiрiлген тiзiмге əртүрлi уездер мен болыстардың ант берiп сайланған молдалары кiрген жоқ. Сөйтiп, қол қойғандар iшiнде Зайсан уезi бойынша мыналар бола алды: Маңырақ болысының басқарушысы Зайнулла Бушабаев, болыс басқарушы Ахметжан Шадерин жəне халық соттары: №1-ауылдан Имаш Карибалин, №2-ауылдан Адам Бокутев, №3- ауылдан Чонкульдек Байқадамов, №4-ауылдан Жұмақан Жекiшев, №5- ауылдан Солтанбай Шотақов, №6-ауылдан Иса Мамақов жəне №7- ауылдан Айтжан Садырбаев; Терiсайрық болысынан — басқарушы Қадырмолла Қонысов жəне халық соттары: №1-ауылдан Қойтумайт Дəулетов, №2-ауылдан Əлкенбай Еспаев, №3-ауылдан Үкiш Сатпақар, №4-ауылдан Омар Серкешев, №5-ауылдан Андажан Байрақбаев жəне №6-ауылдан Əбдiлда Сағындықов; Майтерi болысынан — басқарушы Манке Омаров, халық соттарына: №1-ауылдан Игi Қалғұтдин, №2- ауылдан Доғалбай Шокин, №3-ауылдан Қанжалы Ашувов, №4-ауылдан Қамет Сыдықов, №5-ауылдан Қыбай Жұмықов жəне №6-ауылдан Итемген Қоспақов; Қалжыр болысынан — басқарушы Бұқат Əбiлпейiзов, халық соттары: №1-ауылдан Оспатай Туқожаев, №2- ауылдан Изет Шүршiтов, №3-ауылдан Байтайлақ Кыкин, №4-ауылдан Қысмет Қондыбаев, №5-ауылдан Малықан Жарекин жəне №6-ауылдан

Жабаш Байшин, Кендерлiк болысынан — басқарушы Ақсай Аменшин жəне халық соттары: №1-ауылдан Мұса Маматеков, №2-ауылдан Шұлғаубай Үндекiров, №3-ауылдан Шұлғаубай Аманшин, №4-ауылдан Толғақ Кеншiмбаев, №5-ауылдан Салмақбай Қызаев, №6-ауылдан Сақасын Шұлғаубаев, №7-ауылдан Ысқақ Байғазанов, №8-ауылдан Сабырбай Қыстаубаев, № 9-ауылдан Жақаншал Жұмабаев жəне №10- ауылдан Насыл Бұсырманов; Хабар-Асу болысынан — басқарушы Саман Мусин жəне халық соттары: №1-ауылдан Əбiжан Бұрымбаев, №2-ауылдан Садық Шекшеков, №3- ауылдан Ысқақ Əлiмбаев, №4-ауылдан Ербай Бұлысов, №5-ауылдан Боран Жортақов, №6-ауылдан Құтжан Ақтаев, № 7-ауылдан Мұрнағұл Күсебаев, №8-ауылдан Сортекбай Қонаев жəне №9-ауылдан Құсабаев; Өкпектi болысынан — басқарушы Назар Кенембаев жəне халық соттары: №1-ауылдан Шөкел Минин, №2-ауылдан Байсабай Қонаев, №3-ауылдан Əлiмбай Келметаев, №4-ауылдан Исабек Тойтанов, №5- ауылдан Қасымхан Темiрханов, №6-ауылдан Қашынбай Қауленов, №7- ауылдан Омар Көже; Шорға болысынан — басқарушы Нұреке Богушев жəне халық соттары: №1-ауылдан Құмалақ Байтөрин, №2-ауылдан Байгезен Дөненов, №3-ауылдан Ахмет Шiлетбаев, №4-ауылдан Жақсыбай Қарағұлов, №5-ауылдан Бибатыр Дубаев, №6-ауылдан Жүсiп Сақбаев, №7-ауылдан Көксеген Баржанова жəне №8-ауылдан Шоған Шiлiкбаев; Нарын болысынан — басқарушы Балаби Балапанов жəне халық соттары: №1-ауылдан Сазбай Айтақов, №2-ауылдан Бексұлтан Бөлекбаев, №3-ауылдан Мұсабек Байнақов, №4-ауылдан Оралбай Шолақов, №5-ауылдан Əбіш Томақов, №6-ауылдан Мұхамеджан Сақауов, №7-ауылдан Дүйсебай Қайырдинов, №8- ауылдан Құмбосын Нұрсейiтов, №9-ауылдан Айдаболов жəне №10- ауылдан Омар Қырпин; Шiлiктi болысынан — болыс басқарушы Зайнулла Бұтабаев, Маңырақ болысынан Ахметжан Шiдерин, Кендерлiк болысынан — Маңке Омаров. Зайсан уезiнiң басқа болыстарынан да Қарқаралы петициясына қатысуы мүмкiн жергiлiктi өкiмет өкiлдерiн атауға болады. Мəселен: Базаровский болысынан — басқарушы Аққазы Түгелбаев жəне халық соттары: №1-ауылдан Дуан Жəнiбеков, №2-ауылдан Ыдырыс Мамешеков, №3-ауылдан Нортай Тектиров, №4-ауылдан Сүлеймен

Смайылов жəне №5-ауылдан Келемолда Дуванов; Қарабөген болысынан — басқарушы Мұрсалы Бекшенев жəне халық соттары: №1- ауылдан Ахмеди Абеев, №2-ауылдан Жүнiс Демесiнов, №3-ауылдан Мұзабай Есiргепов, №4-ауылдан Əдiлхан Жүзбаев, №5-ауылдан Нұрқамыс Баймурзин, №6-ауылдан Тоқтар Қалбанов, №8-ауылдан Ақыш Батырбеков, №9-ауылдан Ахмади Мижин жəне №10-ауылдан Əбжан Конкин; Құмкөл болысынан — басқарушы Сейiлқан Ташенов жəне халық соттары: №1-ауылдан Ажабай Жолымбетов, №2-ауылдан Тоқабай Темiрбаев, №3-ауылдан Қайранбай Сарменов, №4-ауылдан Тынбай Мақыбаев, №5-ауылдан Абсалам Семзиев жəне №6-ауылдан Жаманқа Бөшеев; Лабанский болысынан — басқарушы Жүнiс Итаяқов жəне халық соттары: №1-ауылдың Қорамбай Жарылқамысов, №2- ауылдан Қожахмет Самрықов, №3-ауылдан Алтымбек Саукебаев, №4- ауылдан Ақани Мұсабаев, №5-ауылдан Есембай Байтасов, №6-ауылдан Мұсағали Жансапбаев, №7-ауылдан Қожабақ Гокуров жəне №8- ауылдан Ыбырай Божықов. Қара Ертiс болысының басқарушысы Жаңабай Ботыбаев болды жəне халық соттары: №1-ауылдан Кокуш Елекин, №2-ауылдан Иса Көпенов, №3-ауылдан Жұрақбай Таишев, №4-ауылдан Егiнбай Белақпаев, №5- ауылдан Бексейiт Тақырбаев, №6-ауылдан Ахмеди Саржанов, №7- ауылдан Сүлеймен Шоқанов жəне №8-ауылдан Рави Олашев. Бұлар — Мiржақып Дулатұлымен үш жыл бойы тығыз қарым-қатынаста болған адамдар, олардың iшiнде, əсiресе жақын жүрген — халық соты, би, жергiлiктi ауылдың старшыны Ахмеди Саржанов. Петицияны құрастыруға Семей уезiнiң өкiлдерi де белсендiлiкпен қатынасты. Олардың iшiнде Қандығатай болысынан — басқарушы Қаблан Байғозин жəне халық соттары: №1-ауылдан Мұсқазин Кенишев, №2-ауылдан Құтынбат Саманов, №3- ауылдан Сеңгiрбай Жəпеков, №4-ауылдан Қасен Меңдiбаев, №5- ауылдан Қасым Əкежанов жəне №6-ауылдан Хасен Жанекин; Қызылмола болысынан — ауыл басшылары, халық соттары: №1- ауылдан Балменбаев, №2-ауылдан Сақып Əбенов, №3-ауылдан Шал Өтенов, №4-ауылдан Варил Кансалеев, №5-ауылдан Мұхаметқали

Жарасов, №6-ауылдан Садық Бектемiсов жəне №7-ауылдан Жанқара Мүйiзов жəне басқалар. Петицияға қол қойғандардың iшiнде Семей уезiнiң Бесқарағай болысынан мыналар болды: басқарушы Қожа Сейiтбатталов жəне халық билерi: №1-ауылдан Асылхан Табылдин, №2-ауылдан Жалбайқан Сейiлханов, №3-ауылдан Нұрғали Құдайбергенов, №4- ауылдан Қалыбек Итаяқов, №5-ауылдан Абай Танбаев, №6-ауылдан Қашағұл Хобаев, №7-ауылдан Нұрке Кензенбаев, №8-ауылдан Нұрсейiт Мусин, №9-ауылдан Бекбау Моташев, №10-ауылдан Шəрiп Олин жəне №11-ауылдан Сапар Құдайбергенов. Семей облысы Аққұм болысы бойынша 1905—1907 үш жыл мерзiмге сайлануға сəйкес халық соттары қызметiне мыналар бекiтiледi: №1- ауылдан Мұхамеди Қуандықов, №2-ауылдан Оразхан Мұхамедиев, №3-ауылдан Мұхаметжан Байжұманов, №5-ауылдан Ибрайым Мұздыбаев, №6-ауылдан Əбiлқас Башинкин, №7-ауылдан Жайсаң Қаражанов, №8-ауылдан Жарас Едiлов жəне №9-ауылдан Құрманов. Қарқаралы петициясына қол қойғандардың iшiнде Өскемен уезiнiң де өкiлдерi болды: Нарым болысынан — басқарушы Оспатай Балағожин жəне халық соттары: №1-ауылдан Мамырхан Бодықов, №2-ауылдан Алтыбай Құлтаев, №3-ауылдан Қалдыбай Токин, №4-ауылдан Тыштықбай Бұқабаев, №5ауылдан Омарбай Жанысов, №6-ауылдан Əбдiкəрiм Мұхамедшин, №7-ауылдан Зəңгi Марқыбаев, №8-ауылдан Далабай Ақжарқынов, №9-ауылдан Мамырай Мусин жəне №10- ауылдан Оспан Қоңыров; Үрқора болысынан — басқарушы Ақшабай Ошаев жəне халық соттары: №1-ауылдан Ботабай Амбашев, №2- ауылдан Н.Жақсылықов, №3-ауылдан Д.Бекбаев, №4ауылдан Нұрмұхамед Сасанов, №5-ауылдан Жақсыбай Нұрманов, №6-ауылдан Сүлеймен Ботин, №7-ауылдан Исабай Қосимков, Күршiм болысынан — басқарушы Мамыр Данияров жəне халық соттары: №1-ауылдан Райымбек Мақыжанов, №2-ауылдан Байбосын Ботбаев, №3-ауылдан Далабек Қилыбаев, №4-ауылдан Жүке Ережепов, №5-ауылдан Жұмеке Құдайқұлов, №6-ауылдан Оразбай Жұманов, №7-ауылдан Сыдық Қабланов, №8-ауылдан Отарбай Елғондин, №9-ауылдан Қозбай

Өтенов, №10-ауылдан Шотелек Тұшпақов; Алтай болысынан — басқарушы Ш.Жиендин жəне халық соттары: №1-ауылдан Ермекбай Мыңжасаров, №3-ауылдан Жаңатас Тынышбаев, №4-ауылдан Əлжаппар Жиендин, №6-ауылдан Сиыршы Қойшин, №7-ауылдан Ахмет Байжинов, №8ауылдан Əмiре Шұқыпаев, №9-ауылдан Солтанай Жанқұнысов жəне №10-ауылдан Можай Кегембаев. 1905 жылдың жазына қарай Павлодар уезiнде болыс пен ауыл басқарушыларының сайлауы өттi жəне сайланғандар бекiтiлдi. Олар Қарқаралы петициясына қатысты деп айтуға толық негiз бар: нақты айтқанда, бұлар Уруковский болысынан — халық соттары: №7-ауылдан Ғабдолла Сəрсенбаев, №8-ауылдан Əлжан Жүсiпов, №9-ауылдан Жүнiс Камакин, №10-ауылдан Жəрке Ақiшiков, №11-ауылдан Əбдiлда Ампанбаев жəне №12ауылдан Сешикал Фахрытдинов; Терекуль болысынан — халық соттары: №11-ауылдан Бұрынбай Дүйсекин, №12- ауылдан Əсетқазы Исин, №13-ауылдан Смайыл Малғозин, №14- ауылдан Əбдiрахман Бейiмбетов жəне №15-ауылдан Тiлегенов; Бестау болысынан — басқарушы Жақы Тiлеулин жəне халық соттары: №1-ауылдан Ибрай Беркулов, №2-ауылдан Əубəкiр Мүсiрепов, №3- ауылдан Сыздық Шүкiшов, №4-ауылдан Қосжан Əжiбаев, №5-ауылдан Ысқақ Рысқұлов жəне №6-ауылдан Сəрсенбi Айхаубаев, сондай-ақ кандидаттыққа сайланғандар: Шəйтек Сүтбергенов, Ахметжан Байбосынов, Ахмет Мүсiрепов, Сенбай Шекiшев, Мұхаметжан Рысқұлов; Ақпетi болысынан — басқарушы А.Боштаев, халық соттары: №1-ауылдан Күйке Баймағамбетов, №3-ауылдан Матай Бекетов, №4- ауылдан Башар Əбiлдин, №5-ауылдан Дұршан Айтакин, №6-ауылдан Ашен Роскурин, №7-ауылдан Исабек Тiлепов, №8-ауылдан Асқар Тайымкешев жəне №9-ауылдан Жəки Бұқабаев, сондай-ақ оған кандидаттар: Мəлiк Құсайынов, Нұра Баймағамбетов, Əлжан Шiлдебаев, Абықай Қыстаубаев, Рүстем Секербаев, Тай Жүсiпов, Мүсен Досқарин, Мұқажан Серкин, Жанке Абжанов жəне Шалыбай Бөкебаев; Далбы болысынан — басқарушы Айсабек Жолдасбеков жəне халық соттары: №1-ауылдан Тайымберген Танкин, №2-ауылдан Мұсабек Сақыпов, №3-ауылдан Əбдiрахман Шоданов, №4-ауылдан

Ыдырыс Тезекбаев, №5-ауылдан Салақбай Ақболдақов, №7-ауылдан Əбiкей Нұржанов жəне Ақын Шөпжанов, сондай-ақ кандидаттар: Мұсылманқұл Исин, Хусеин Мұратқалиев, Əбдiлда Күзеубаев, Сейiт Соданов, Садуақас Шалыбаев, Жолдыбай Тоқсанов, Ақынбай Бекнұров, Наурызбай Бектұров, Чобжа Арғыманов; Атаговинский болысынан — басқарушы Сындықпай Шаңғытықпаев, халық соттары: №1-ауылдан Шаңғыбай Бағаналин, №5-ауылдан Тұрар Жантасов, №6-ауылдан Қозыкен Айпадасов жəне №7-ауылдан Аданбай Шалқаров, кандидаттар: Рай Құрманов, Есмағамбет Қозангинов, Қаһарман Досжанов, Ойоржан Əбдiрахманов, Бiржан Қирабаев, Дүйсеке Бейсембин мен Ыбырай Шақыбаев тағайындалған қызметтерiне бекiтiлдi. Алайда Қарқаралы уезiнде бiр ғана петиция берумен аяқталған жоқ. Бiр айдан кейiн жаңа құжат жасалды. 1905 жылдың 22 шiлдесiнде Булыгин Думасының шақырылуына байланысты, Қарқаралы уезi қазақтарының 42 сенiм берiлген адамынан қазақтарға сайлау құқығын беру туралы өтiнiшi жолданды. Өтiнiш Петербургке жiберiлдi. Жаңа петицияға қол қоюшылардың құрамы ерекше назар аудартады. Осы тұрғыдан ең жоғарғы адамға, яғни II Николайға қазақтардың халық өкiлдiгiне қатысуына құқық беру туралы ұжымдық телеграмма арқылы жолданған өтiнiшке Қарқаралы уезiнiң қазақтарынан қол қойған төмендегi адамдарды атауға болады: Ақсары болысынан — Байсейiт Матаев пен Мұхаметəли Толыбаев; Кент болысынан — Қарабай Матаев пен Тоқтарбай Жандыбаев; Кувск болысынан — Мұсатай Тəтiмбетов жəне Мақат Ақаев; Эдрейскiден — Омар Қандыбаев; Темiршiден — Секербай Қанғожин мен Оспан Жанғабылов; Берқарадан — Ақпай Жандеркин, Сөгетбай Мержанов жəне Өскенбай Боғымбаев; Нұра болысынан — Арыстанбек Давпеуов; Ақтөбе болысынан — Жүсiп Құлбатыров пен Бектабай Бұғыбаев; Дегелең болысынан — Керiмхан Төлебаев пен Тынышбай Қашанов; Дағадел болысынан — Демесiн Мiржанов пен Жолжан Байкобин; Балқаш болысынан — Нарманбет Орманбетов пен Тұрсынбек Жантокин; Сарыбұлақ болысынан — Арапбай Сұлтанов пен Жүсiп Нахипов; Сарытау болысынан — Жүнiсқали Аяғанов пен Жүнiсбек Жолдыөзеков; Қатынбұлақ болысынан — Құдайбердi Байбарин мен Игiлiк Қанғожин; Қызылтау

болысынан — Тоқбай Тоқсанбаев; Мойынты болысынан — Жұмабек Құлпанов пен Тасыбек Бақин; Ақшатау болысынан — Жүсiп Бейсембин мен Жүзбай Тасболатов; Бөрiлi болысынан — Толмұхамет Алтынғарин жəне Рахия Сəтпаев; Тоқырауын болысынан — Ахмет Бекбенбетов жəне Тохмет Крючнин; Шұбартау болысынан — Оспанқұл Минаяқов пен Шаншарбай Сатанов; Абыралы болысынан — Мұса Құлбаев пен Сүлеймен Қойсоймасов. Бұлар қырық адам болды. Қарқаралы жəрмеңкесi кезiнде жəне күзде, қыста Ахмет Байтұрсынов, Көлбай Төлеңгiтов (Көлбай Тоғысов) белсендi қызмет еттi. Көлбай Тоғысов Зайсанда тұрды, бүкiл уезге белгiлi адам болды. Семей губернаторы А. Тройницкий былай деп жазды: “Жауап алынғандардың көрсетулерi бойынша мыналар анықталды: 1) əлдебiр заң бар деген уəжбен тұрғындарды салық төлемеуге; 2) жергiлiктi өкiмет орындарының заңды өкiмдерiн орындамауға шақырады (Базаров, Бəкенев, Исаханов жəне басқалардың көрсетулерi); 3) тағы да əлдебiр заңдарды меңзей отырып, қоныс аударушылардың орналасуына қарсы əрекет етедi (Жамбалов, Бейсенов, Илеутов), Қытай қол астына өткенде, əлдебiр жеңiлдiк болады деп дəмелендiредi (Шанин, Лекеров, Куженин жəне басқалар) жəне т.б. 1905 жылы аты шулы “бостандық” күндер Төлеңгiтов жергiлiктi баспасөз бетiнде, өзiнiң сөздерiнiң астарын солшылдардың “прогрессивтi” партиялар деп аталатын айғайшыл даңғазаларымен жаба тоқып, лауазымды адамдар туралы жалған мəлiметтерге толы əшкерелеушi мақалалардың тұтас бiр тобын жариялады; 1907 жылы “Семипалатинский листок” басылымында Төлеңгiтовтiң өлкеде қоныс аударушыларды орналастыруға қарсы жəне жергiлiктi өкiмет орындары мен үкiмет өкiмдерiне сенiмсiздiк бiлдiруге шақырған сол бұрынғы идеялары жазылған мақаласы жарық көрдi. Оның мұндай көзқарастағы ашық пiкiрлерi қырғыз тұрғындардың арасындағы оның астыртын насихатына негiз болды. Жəне осы уақытқа дейiн Төлеңгiтов солшыл бағыттағы журналдарымен байланысын жалғастырып келедi; “Сибирские вопросы” журналының 29-нөмiрiнде таяуда жұмыстан босатылған шаруа бастығы Черновин туралы тағы да сол Төлеңгiтов

қаламының қолтаңбасына тиiстi, Көкпектiден жазылған хабарлама жарияланды. Төлеңгiтов қырғыз халқының арасында бола жүрiп, оларды үнемi азғырып, адастырады жəне əсiре солшыл партияның өкiлдерiмен ашық байланыс жасап, орыс iсiне, қырғыздардың қарулы көтерiлiсiне дейiн аса зор зиян келтiредi”. Осы оқиғалардың бəрi жас Мiржақып Дулатұлының да бойын баурап алды. Əйтсе де бүгiнгi таңға дейiн Мiржақып Дулатұлының бұл оқиғаларға қатыстылығы жөнiнде ешқандай да полиция құжаты əзiрге табылған жоқ. Оны iздеуге күш салынғанына қарамастан осылай болып отыр. Алайда мұны басқаша да түсiндiруге болады. Қарқаралы жəрмеңкесiнде де, Семейде де жəне Зайсанда да ол өкiмет үшiн патша саясатының қарсыласы ретiнде танылған жоқ. Бұған сылтау етерлiк ештеңе табылмады.

Есею кезеңi Маусымның соңында Жидебайда, Абайдың ауылында ұлы ақынның қайтыс болуының бiр жылдығына арнап ас берiлдi. Марқұмның көптеген туған-туыстары, көзi тiрiсiнде сыйласып, құрмет тұтқан адамдар келдi. Мұнда Абай шығармашылығын насихаттаушылар да болды, олардың iшiнде Жаяу Мұса Байжанұлы, Естай Беркiмбайұлы, Шəкəрiм Құдайбердiұлы, Махмұд молда Ғабитханұлы, Мұқа Əдiлханұлы, Шашубай Қошқарбайұлы, Қуандық Сарыбайқызы, туыстарынан Көкбай, Əрiп, Ақылбай, Бейсенбай, Əубəкiр жəне басқалар болды. Қонақтар iшiнде Семей мен Зайсаннан келген татар көпестерi Фатих Мұсаев, Исхақ Ғабдул-Жапаров, Махмұд Дəулеткелдиев болды. Соңғысы Зайсанда тұрып, май тауарларымен сауда жасайтындардың iшiнде көрнектi орын алды. Исхақ ҒабдулЖапаров пен Фатих Мұсаев мұсылман-эсерлермен байланыста болғаны белгiлi. Алайда жандармдар үшiн бұл соңғы кезектегi мəлiметтер болды. Исхақ Ғабдул-Жапаров татар көпесi едi. Ол Семейде туып-өскен. Оның жекеменшiгiнде бiр қабатты екi тас үй болды. Бағалау деректерi бойынша, олар 5530 сом тұрды. 1901 жылдан ол Семей қалалық Думасының мүшесi болды. 1909 жылы мұсылман-эсерлер съезiне шақырылды. Фатих Мұсаев та көпес, ол да 1909 жылы Нижний Новгородта мұсылманэсерлер съезiне шақырылды. Жəрмеңкедегi пiркəзшiктердiң iшiнде Семейден келген Фахретдинов те болды. Бұл орынборлық белгiлi баспагер жəне ағартушы Риза Фахретдиновтiң ұлы едi. Аста Мiржақып Ахмет Байтұрсыновпен бiрге болды. Ақындар айтысы өттi. Таңдаулы ақын-əншiлер мен домбырашылар Абайдың құрметiне өнерлерiн көрсеттi. Астан кейiн Дулатұлы Абай ауылынан Семейге жүрiп кеттi. Мұнда келген соң, асықпай, мейiрi қанғанша ұзағырақ жүрдi. Географиялық қоғамның кiтапханасында болды, жергiлiктi мұғалiмдермен танысты. Кiтапханада көптеген кiтаптар мен журналдарды қарап шықты.

Мiржақып Косаревтiң үлкен кiтап дүкенiнде, Қадыр Сейфуллиннiң, Ысқақ Нығматуллиннiң, Федот Афониннiң, Алексей Падраменскийдiң, Иван Корякиннiң, Иван Крюковтiң, Ибатулла Муллашевтің кiтап лəпкелерiнде болды. Олардың iшiнде 4-Батыс Сiбiр атқыштар батальонының штабс-капитаны А. А. Шавровтың да кiтап лəпкесi болды. Оның ашылуы туралы құжат сақталған: “Өтiнiш. Сiздiң жоғары мəртебелi құзырыңыздан өтiнiп сұраймын, менiң Семей қаласында кiтаппен, оқу құралдарымен, кеңсе жəне жазу құралжабдықтарымен, ойыншықтармен, т.б. тауарлармен сауда жасауыма, сондай-ақ кiтапхана-оқу залын жəне кiтап түптеу шеберханасын менiң сенiмдi адамым — Елена Васильевна Калачеваның жауапкершiлiгiмен ашуыма рұқсат етсеңiз екен. Осы түрдегi мекемелерге қатысты қазiргi бар жəне алдағы уақытта болуы мүмкiн барлық өнiмдер мен ережелер оның жауапкершiлiгiмен дəлме- дəл орындалатынына сендiремiн. Сол үшiн екi 60 тиындық марка ұсынылды. 1901 жыл, 22 қазан”. А. А. Шавров кейiннен Верныйда қоғам қайраткерi болды. Семейде Мiржақып Дулатұлының ықыласын аударған бiрнеше қоғамдық ұйымдар болды. Кедей мұсылмандарға қамқорлық көрсету қоғамы. Мұнда болғандар: Ерзин Юсуф, Ғабдулжаппаров Ибрагим, Ғабдулжаппаров Якуб, Есергепов Бисеке, Ускенбаев Юсуф, Мұқасынов Фамзлы Акрам, Желдiбаев Жалқаубай, Ғабдулжаппаров Сафай, Иштереков, Ғабдулжаппаров Исхак. Эсер Ғабдулжаппаров Исмаил көпес Плещеевпен жұмыс iстедi. Басқа да қоғамдық ұйымдар болды: географиялық қоғамның қосымша бөлiмшесi жəне статистикалық комитет. Семей статистикалық комитетiнiң жəне орыс географиялық қоғамының Батыс Сiбiр бөлiмшесiнiң мүшесi А. С. Хохлов А. Құнанбаевты бiлдi. Андрей Степанович Хохлов Зайсан қаласының ақсақал тұрғындарының бiрi едi, ол, əдетте, жылына бiр рет Семейге, статистикалық комитеттiң есеп беру отырысына келетiн. Статистикалық комитеттiң құрамына Семей ерлер гимназиясының мұғалiмдерi: инспектор К. Н. Рябинин, мұғалiмдер М. Н. Березников, И. К. Окинчиц, А. М. Тимофеев, Н. Я. Дегтяров, Н. М. Давыдов; Семей

қыздар прогимназиясынан — инспектор К. Н. Рябинин, мұғалiм А. М. Суворцева, В. А. Головко, А. М. Меркушева, А. М. Нечаева, Н. Н. Нарышкина, Л. М. Степанов, А. Н. Тимофеев жəне Семейдегi бес сыныптық қалалық училищенiң кейбiр мұғалiмдерi. Семейде Мiржақып Дулатұлы география қоғамының кiтапханасында да болды. Аудармашы Жембек Иманқұлов, Райымжан Марсеков, А. С. Хохлов жəне басқа зайсандықтар да бұл қоғамның мүшесi болатын. Мiржақып мұнда жаңа газет, кiтаптар оқып, адамдармен танысты, қала мешiттерiн, есте қаларлық құрылыстарды көрiп шықты. Өскемен арқылы Мiржақып оқушылармен жайлауда жазғы сабақтарды жүргiзу керек болған Алқабек өзенiне келiп жеттi. Революциялық жəне қоғамдық қозғалыстар Қазақстанның басқа да аймақтарында өрiс ала бастады. Жұртқа мəлiм, сол кезде М.Тынышбаев күзде Оралдағы бес облыстың Құрылтайында нық сенiммен былай деген болатын: “Семей облысындағы қозғалыс Жетiсу өлкесiне дейiн жеттi; мұнда Лепсi уезiнiң қырғыздары (қазақтары. — ауд.) үкiметтiң барлық пасық саясатына қарсы қатаң талаптарға толы 1000 адам қол қойған петиция жолдады жəне өз ұсыныстарын бiлдiрдi. Олардың iшiнде Орал жəне Торғай облыстарының қырғыздарын атап өтпеуге болмайды. 6 тамыздағы заңмен қырғыз депутаттарының санын шектеу мақсатында, Дала өлкесi ерекше санатқа енгiзiлгенiн көрiп, қырғыздар өздерiнiң сайлау-сайлану құқықтарын жергiлiктi тұрғындармен (Ресейдің байырғы тұрғындарымен деген мағынада. — ауд.) теңестiрудi көздеген талаптар түрiнде қарсылық бiлдiрдi. Айтылғандардан түсiнiктi болғанындай, далада əзiрге ешқандай да саяси партия жоқ: қырғыздардың ортақ тiлегi мен ұмтылыстары, мен жоғарыда келтiрген талаптар түрiнде сипатталады. Мұнда халықтың көңiлiнен шығатын автономиялық құрылыстың түрi туралы айта алмаймын, өйткенi мен белгiлi бағдарламасы бар уəкiл емес, бар болғаны халықтың кездейсоқ өкiлiмiн”. 1904—1905 жылдары зиялы қауым болыс басқарушыларды, ауыл билерiн жаңа мерзiмге сайлау барысында, алғашқы екi Мемлекеттiк Думаға сайлау кезiнде белсендiлiк танытты. Көршiлес татар, өзбек,

башқұрт халықтарының белсендi қайраткерлерiнiң ұстанған бағыттары талқыланды. Оның үстiне, бұл халықтардың өкiлдерi Қазақстанның барлық қалаларында тұрып жатты. 1905 жылы қазақ шаруаларының арасындағы толқулар дерлiктей барлық облыстарда болып өттi. Мəселен, Жетiсу облысындағы Ырғайты болысының шаруалары болыс басқарушыны өлтiрдi, онымен бiрге болған күзетшiлер мен билердi соққыға жықты. Семей облысы Павлодар уезiнiң шаруалары феодал Шормановтың ауылын шауып, оның үйiрлi жылқыларын айдап əкеттi. Қарсы бас көтерулер Сырдария облысының Шымкент, Əулиеата уездерiнде, Торғай облысының Ырғыз уезiнде, Ақмола уезiнде, т.б. жерлерде болды. Қазақ шаруалары қауымдық жердi иеленiп алған iрi жер иелерiне қарсы тұрды, Сiбiр казак əскерiнде, Алтай таулы округiнде, т.б. органдарда жердi жалға берудiң тиiмсiз шарттарын қайта қарауды талап еттi. Осы бас көтерулердiң толқынында “петициялық науқан” туды. 1905 жылдың 11 қарашасындағы “Сын Отечества” газетiнде Семей жəне Павлодар уездерiндегi қазақ жəне татар уəкiлдерiнiң үкiметтiң уəделерiне сенiмсiздiк бiлдiруi мен зорлық-зомбылыққа қарсы ашық қарсылық (протест) түрiндегi телеграммасы (граф С.Ю.Виттенiң атына) жарияланды. Əртүрлi қоқанлоқыларға қарамастан, Ақмола облысының қазақтары да олардан кейiн қалған жоқ. Қазақтар арасындағы қоғамдық қозғалыстарда, төрешiлдiктiң дандайсуы бəрiнен де асып түскен жерлердегi, атап айтқанда, əртүрлi петицияларға 25 мыңнан кем емес қазақ тұрғыны қол қойған Дала өлкесiндегi қарсылықтың қарқыны ерекше болды. Сонымен бiр уақытта, Ресейде кадет партиясымен бiр қатарда “Иттифак эль Муслиман” (“Мұсылмандар одағы”) құрылды. Оның ұйымдастырушылары мен белсендi қайраткерлерiнiң арасында Петербург мешiтiнiң имамы Р. Ибрагимов, Қырым татарларының өкiлi А.М. Топшыбашев, Қазан татарларының белсендiлерi С. Мақсұдов, Ю. Акчурин, С. Алкин жəне басқалар болды. 1905 жылдың тамызында олар “Густав Струве” кемесiнде Құрылтай өткiздi. Құрылтайда 150-ге жуық делегат сөз сөйледi. Осыдан кейiн iле-шала 1905 жылы Оралда Ə. Бөкейханов, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, Б. Сыртанов, М.

Тынышбаевтардың ұсынысымен бес облыс өкiлдерiнiң Құрылтайы өттi. Құрылтайдың мақсаты Ресей конституциялық-демократиялық партиясының қазақ бөлiмшесiн құру болды. Оралда татар тiлiнде шығатын газетте қазақ ұйымы бөлiмшесiнiң бағдарламасы жарияланды. Алайда ол Оралда шығатын “Эл ғасыр-ул-жады” деген татар газетiнде басылды. Қазiргi кезде бұл бағдарлама бiрнеше рет қазақ тiлiнде де жарық көрдi. Бұл бағдарламаға Орынбор, Омбы, Семей, Астрахан газеттерiнде үн қосқан материалдар туралы дерек бүгiнгi күнге дейiн табылып отырған жоқ. Орал құрылтайы, оның құрамы мен жұмысы жөнiнде бұл мəселенi қозғаған авторлардың ешқайсысы мұрағаттық деректер келтiрмейдi. Мұндай Құрылтайға (Кеңес деуге де болады) Б. Қаратаевтың қатысуы əбден мүмкiн. Алайда көптеген авторлардың көрсетулерiне қарамастан, М. Дулатұлының оған бара қоюы күмəндi. Қатысушылардың тiзiмiнде А. Байтұрсыновтың аталмауы да қисынды. Оған мұндай ұзақ жолға шығуға педагогикалық жұмысы, оқу жылы, тiптi материалдық жағдайы да мүмкiндiк бермедi. М. Дулатұлына келер болсақ, оның да оқу жылы басталған жəне мұндай сапарға шығуға материалдық мүмкiндiгi де болмады. М. Тынышбаевтың 1905 жылдың 19 қарашасындағы автономияшылдардың Құрылтайында жасаған баяндамасында былай делiндi: “Қырғыз (қазақ. — ауд.) даласы мүлде ерекше мəдени, əлеуметтiк-саяси жəне қоғамдық-экономикалық жағдайда тұр жəне ерекше заңдық ережелердiң негiзiнде басқарылады. Сондықтан даладағы қазiргi қозғалыстың жалпы сипатын анықтау жəне одақ мүшелерiн, өздерiмен жұмыс жүргiзетiн өкiлдердi жəне Ресейде əлi толық танылып болмаған адамдарды халықпен таныстыру үшiн қырғыздар туралы, басқару жүйесi жайында, даладағы жағдайдың ең басты себебi болып отырған саяси, рухани, дiни жəне экономикалық езгi жөнiнде қысқаша мəлiмет беру керек деп есептеймiн. Орыс соты қырғыз өмiрiне бейiмделмеген жəне өзi əрекет ететiн ортаның тiлiмен, ол халықтың дəстүрлерiмен таныс емес. Ауызша ережелер мен дəстүрлерге ғана негiзделген жəне жазбаша заңдары жоқ халық соты тұтасымен əкiмшiлiкке бағынады, соның салдарынан

Түркiстанда ол Əскери министрлiк ведомствосына, ал басқа жерлерде Iшкi iстер министрлiгiне қарайды. Неке мен отбасы iстерi кейбiр жерлерде халық сотына берiлген болса, ендi бiрiнде тiкелей əкiмшiлiкке, ал үшiншiлерiнде қырғыздың дiн басшыларына бағынышты. Үкiмет, бiрiншiден, жабайы жəне жыртқыштық қуғынсүргiндермен жəне тiлiн, дəстүрiн, дiнiн жəне бүкiл ұлттық болмысын тұтастай бақылауға алу арқылы қырғыздарды жеке ұлт ретiнде жоюға жəне бүкiл өлкенi орыстандыруға; екiншiден, əртүрлi əкiмшiлiк шаралар, өкiмдер жəне ережелер арқылы қырғыздарды құқықсыз, заңсыз тобырға айналдыруға; үшiншiден, оларды қандары төгiлiп, сүйектерi егiлген өз жерлерiнен айырып, тiршiлiк нышаны жоқ далаға айдап салу жолымен ажалынан бұрын өлiм құштыруға ұмтылып отырғаны айқын. Мiне, ендi қырғыздар бейбiт жолмен, қан төкпей, орыс бодандығын қабылдағаны үшiн өздерiнiң ежелгi тəуелсiздiгi мен бостандығының орнына не алғанын осыдан көруге болады!” Семейде Мiржақып Дулатұлы Семей облысы, Көкпектi уезi, Айыртау болысында туып-өскен Райымжан Мəрсековпен танысты. Ол Зайсандағы орыс-қазақ училищесiн, одан соң Омбы гимназиясын жақсы оқып бiтiрген. Омбыдан кейiн, 1896 жылы Петербургке келiп, университеттiң заң факультетiне қабылданды. Осында ол 1899 жылғы студенттердiң бас көтеруiнiң куəгерi болды. Қарсылық толқыны Ресейдiң барлық жоғары оқу орындарына таралды. Студенттер автономия талап еттi. Алайда өкiмет студенттердi жоғары оқу орындарынан жаппай шығару шарасын жүргiздi. Оқудан шығарылған Р. Марсеков туған жерiне, ата-анасының қолына келдi. Бiрақ бес айдан кейiн университеттегi оқуы қалпына келтiрiлдi де, оны 1902 жылы табыспен аяқтады. 1903 жылдың наурызынан Семей округтiк сотында көмекшi болып жұмыс iстедi. Бұл жерде ол 1907 жылға дейiн болып, одан соң Омбыға ауысты. Осы уақыттар iшiнде Р. Марсеков белсендi де жауапты қызметкер əрi саяси қайраткер ретiнде танылды. Қазақстанда революциялық қозғалыстардың өрлеу жағдайында өкiмет органдары кейбiр алдын ала сақтық шараларын қабылдады. Осы орайда Дала генерал-губернаторы 1905 жылдың 17 қыркүйегiнде Дала өлкесi

тұрғындарына арнап орындалуы мiндеттi қаулы алды, онда мыналар талап етiлген: 1) Кез келген басқосулар мен жиналыстарға тыйым салынады. 2) Полицияның күшпен тарату талабы тоқтатылмайды, ал көше тəртiпсiздiгiн, бұзақылықтарды тоқтату жөнiндегi ескертулер бойынша əрбiр адам қоғамдағы орны мен жағдайына қарамастан, заң талабын сөзге келместен жəне дереу орындауға мiндеттi. 3) Өзiнiң пəтерiнде қоғамдық тəртiп пен тыныштыққа қарсы бағытталған кеңестер мен əрекеттерге арналған жиналыстар өткiзуге жол бергенi үшiн осы тектес тiкелей жиналыстармен бiр қатарда жауапкершiлiкке пəтер қожайыны тартылады. Бұйрықта он төрт тармақ болды жəне солардың бəрiне де тыйым салды. Сөйтiп, Дала өлкесi iс жүзiнде əскери жағдайға көшiрiлдi. Революциялық қозғалысқа Семейде де, оның iшiнде жергiлiктi гимназия да үн қосты. Ата-аналар кеңесi гимназия оқушылары мен 2 оқытушының арасында болған алауыздықтың себебiн анықтау үшiн өкiлеттi топ құрды. Бұл топ оқушылардың таққан айыптарын негiздi деп санап, есептi округ қамқоршыларынан өздерiн масқаралаған мұғалiмдердi гимназиядан шығаруды өтiндi. Педагогикалық кеңесте қамқоршыға өтiнiш жасап, гимназияны 1903 жылдың 7 қаңтарына дейiн жабуды сұрады. Қамқоршы 1 желтоқсанда ата-аналарға: “Заң мiндеттi, бетiмен кетушiлiкке жол берiлмейдi жəне iстiң жағдайы қаралмай тұрып, мемлекеттiк қызмет есебiнде тұрған адамдар жұмыстан шығарылмайды”, — деп, өктем түрде үзiлдiкесiлдi жауап бердi. Ата-аналардың Халық ағарту министрiне түсiрген өтiнiштерi ешқандай iлгерiлеушiлiк əкелмедi. Жоғары сыныптардың 48 оқушысы гимназиядан шығарылды, олардың 30-ы кейiн қайтадан алынды, ал 18 адам жиренiштi қоғамдық құрылыспен күрестi жалғастырып, мектеп қабырғасынан сырт қалды. Семей қаласындағы Омбы жандарм басқармасы бастығының көмекшiсi ротмистр Леваневскийдiң 1907 жылғы 28 сəуiрде берген хабарламасынан көрiнiп тұрғанындай, гимназиядан шығарылғандар оқушылардың өздерiне iш тартуын пайдаланып митингiлер мен

жиналыстарда жұртты дүрлiктiретiн сөздер сөйлеген. Оқушылар жиналысын суреттей келiп, Леваневский былай жазды: “Одан кейiн қуылған гимназист Белослюдов сөйледi, өте қатты сөйледi жəне оның əрбiр, əсiресе қатты айтқан сөздерiне, араларында оқу басшылары да болған, жиналған көпшiлiк жəне жиналыс залында толып отырған барлық оқу орындарының оқушылары дүрлiге қол шапалақтап отырды”. Бiр мұғалiмнiң сөзiнен кейiн: “Кет! Кет! Қара жүздiк!” деген ысқырық пен айғай аралас дауыстар естiлдi. Оқушылар қозғалысында семинаристер көрнекi рөл атқарды. Мысалы, Батыс Сiбiр оқу округi қамқоршысының бұйрығымен Семейдегi мұғалiмдер семинариясы таратылды, бұл туралы ол Дала генерал-губернаторының мiндетiн атқарушыға 1906 жылдың 21 қыркүйегiнде: “Сiздiң Жоғары мəртебелi құзырыңыздан өтiнiп сұраймын, семинарияның педагогикалық кеңесiне — барлық тəрбиеленушiлердi дереу оқудан шығарып, оқуын жалғастырғысы келетiндердi оқу орнының жарғысына толығымен бағынатыны жөнiнде берген анты негiзiнде, қайтадан қабылдау жүргiзудi ұсынуыңызды сұраймын. Бұған байланысты менiң тарапымнан кедергi келтiрiлмейдi”, — деп жазды. Революциялық толқулар Өскеменде де болды. 1905 жылдың 19 желтоқсанында Омбы жандарм басқармасының бастығы былай деп хабарлады: “Бұрынғы саяси жер аударылушы Орест Костюрин Өскемендегi Халық үйiнде бiрқатар дəрiстер оқыған, оның бiр бөлiгi 17 қазандағы жоғары дəрежелi манифесті түсiндiруге, ендi бiр бөлiгi тыңдаушыларды ағымдағы оқиғалармен таныстыруға жəне əртүрлi газеттiк деректердi хабарлауға арналған: мысалы, 13 қарашада Костюрин манифестi рұқсатсыз мейлiнше бiржақты бағытта талдайды, ол салық төлеу қажет емес, полицияның жиналғандарды қуып таратуға жəне тұтқындауға қақысы жоқ дегендi айтқан, одан соң Владивостоктағы тəртiпсiздiктерге қатысты, оның себептерiн, атап айтқанда, запастағыларды қызметтен босатпағандық туралы сөз қозғаған. О.Костюрин Халық үйiнде “Степной край” газетiнен “Саясаттан хабары жоқ адамдардың қаперiне” (“Вниманию темных людей”) деген мақаланы оқып берген. Тағы бiрде сол Халық үйiндегi сөйлеген сөздерiнiң бiрiнде О. Костюрин “социалистiк талаптар бағдарламасы, балаларды қазына

есебiнен оқыту жəне жұмысшыларға олардың материалдық жағдайын жақсарту жəне жұмыс күнiн 8 сағатқа дейiн қысқартуға байланысты ереуiлдерге шығу құқығын беру, Ресейдi Жапониямен болған соғыс секiлдi лас соғыстарға итермелеп отырған жоғарғы жəне төменгi лауазымды қызметкерлердi жəне жалпы алғанда, басшылықты тарату” жөнiнде сөйлеген”. Осының бəрi қазақ мұғалiмдерiнiң көз алдында болды жəне оларды “мемлекеттiк қызметке құқықтылық” деген өз бетiнше ештеңенi бiлдiрмейдi екен деп түсiнуге итермеледi. Самодержавиялық құрылыс сақталып тұрған кезде, өзiнiң халқын қорғауға батылдық еткен кез келген мұғалiмдi немесе басқа бiр алдыңғы қатарлы адамды аңдығанын жəне таптапжаныштағанын қоймайды. Көптеген мұғалiмдер дəл осы бiрiншi орыс революциясы жылдары ... патша үкiметi үшiн “сенiмсiз” болып шықты деп түсiндiрдi. Патша үкiметiне қарсы белсендi үгiтшiлердiң қатарында мына мұғалiмдердi атауға болады: А.Климов — Новопокровский болысындағы Воскресенский селолық училищесiнiң мұғалiмi, Корсаков — Семей қаласындағы ауылшаруашылық мектебiнiң мұғалiмi, Аяғанов — Қарқаралы қаласындағы орыс-қазақ мектебiнiң мұғалiмi. Соңғысы туралы Iшкi iстер министрi Дурново Халық ағарту министрiне: “Менiң пiкiрiмше, Аяғановтың үкiметке қарсы ниеттегi əрекеттерiн ескерткенде, оны бұдан əрi қызметте қалдырудың қисыны өте аз”, — деп жазды. Дала генерал-губернаторы 1905 жылдың 16 желтоқсанында Полиция департаментiне былай деп хабарлады: “Əртүрлi қалалық, қоғамдық жəне земстволық мекемелердегi қызметтерде ерiктi жалданушылар саны айтарлықтай өстi. Олардың бiрсыпырасы саяси сенiмi жоғары емес немесе мемлекеттiк қылмыс жасағаны үшiн жазасын өтеген немесе саяси тұрғыдан мəмiлеге келген адамдар. Бұл адамдар революциялық ұйымдардың құрамына енген жəне қалалық, ал онда шаруа жəне фабрикалық тұрғындарға жақсы қарым-қатынасын пайдаланып, үкiметке қарсы күшейген үгiт-насихатпен шұғылданады... Мұндай əрекеттер империяның əртүрлi жергiлiктi аймақтарында баскөтерулер мен ереуiлдердiң, сондай-ақ жаппай шаруалардың

бұзақылық əрекеттерi мен аграрлық тəртiпсiздiктердiң туындауына ерекше ықпал етпей тұра алмас едi”. Оралда шығып тұрған татар газетi “Фикирдің” 1905 жылғы 6 желтоқсандағы санында Б.Қаратаевтың мақаласы бар. Бұл туралы Сырдария губернаторы былай деп хабарлады: “Мақала қырғыздар мен татарларға үндеу түрiнде жазылған. Мақалада 17 қазандағы манифест туралы сөз болды, қазақтардың құқықсыздығы айтылып, татарларды үкiметтiң төмен орынға қойып отырғаны көрсетiледi. Орыс мектептерiнiң мəнi əкiмшiлiктiң оны орыстардың құралы еткiсi келетiнi түрiнде ашылады. Мақала соңғы кезге тəн революциялық рухта жазылған. Газеттiң нөмiрi Қазалыда өте үлкен ықыласпен оқылып, айрықша əсер тудырды”. Сырдария губернаторы полковник Асфендияровтың немесе генерал-губернатор кеңсесiнiң аудармашы- тiлмашы Диваевтың бұған қарсы сауатты тойтарыс беруi қажеттігін ұсынды. Торғай, Орынбор жəне Ақмола облыстарындағы үгiтшiлердiң насихаты толқулар туғызады. Ендi революциялық үгiт парақшалары Сырдария облысының солтүстiк бөлiгiндегi татар тұрғындары арасында пайда болуда... “бұл парақшалардағы революциялық идеялар қырғыздарға да жетуi мүмкiн”. Газеттерде Дала генерал-губернаторлығында əскери жағдайдың жарияланғаны туралы бұйрық жарық көрдi. Онда былай делiнген: “Қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн жəне Дала генерал- губернаторлығы шегiнде тəртiпсiздiктердi тоқтату мақсатында Бiз мыналарды жүзеге асыру қажет деп таптық: 1. Ақмола жəне Семей облыстарында əскери жағдай жарияланып, ол əскери жағдай жарияланған жерлерде қолданылатын ережелер күшiне енетiн болсын (23-бапқа қосымша. Заңдар жин. II т., Общ. Учр. Губ., изд. 1892 ж.). 2. Генерал-губернаторлықтың жергiлiктi орындарына əскери жағдайда тұрған орындардағыдай əскери басшылық құқығы берiлсiн жəне азаматтық ведомстволардың əкiмшiлiк органдарына мемлекеттiк тəртiп пен қоғамдық тыныштықты сақтау үшiн белгiленген ерекше құқық пен мiндеттер жүктелсiн.

3. Дала генерал-губернаторына жоғарыдағы ереженiң 19-бабында көрсетiлген өкiлеттiкті сол үшiн арнайы тағайындалған адамға жүктеуге жəне мемлекеттiк тəртiп пен қоғамдық тыныштықты қорғауға қатысты оның өкiмдерiн жоюға құқық берiлсiн”. Осымен халық сергектiгi жөнiндегi Өскемен уездiк қамқорлық комитетi 1906 жылдың қаңтарында жабылды. Оның дəрiстерi үкiметке қарсы насихат деп танылды, ал Костюрин ең қауiптi лектор санатына жатқызылды. Адамдардың көңiл күйлерi туралы Көкпектiден жазылған хабарда былай делiндi: “Əскери жағдайдың жариялануы облыста əр алуан пiкiрлер туғызуда. Көптеген адамдар мұны Қытайға соғыс жариялануы жəне жаңа мобилизация деген мағынада түсiнедi, ал шеттегi болыстардың бiрiнде (қырғыздың айтуы бойынша) болыс хатшысы əскери жағдай тұрғындарды болмашы нəрсеге бола өлiм жазасына тартуға құқық бередi жəне бұл жағдайды енгiзуге жоғары мəртебелi тақсырдың өткен соғыс кезеңiнде тұрғындардың жапондарға iш тартқанынан туған ыза-ашуы себеп болды деп жариялаған. Əскери жағдайдың жариялануына байланысты, Петербургке (кiмге екенiн қырғыздар бiлмейдi) телеграмма жолдау үшiн “Қара шығын” жинауға ұсыныс жасалды жəне “Қара шығын” белгiлi бiр мөлшерде жиналды да, бiрақ телеграмма жолданды ма, ол жағы белгiсiз. Əрине, қырғыздың айта салған сөзiне сақтықпен қарау қажет, бiрақ бұл жағдайда шындықтың түйiрi бар болатын болса, онда өте өкiнiштi жəне ерiктi-ерiксiз шаруа бастықтары мырзалардан қырғыздарға жақынырақ болуды, өз аумақтарының орталығында кеңсе ашып, мұндай лақап сөздер мен “қара шығынға” тыйым салуды талап ету керек болады. Зайсан уезiндегi күннен-күнге қазақ ауылдарының Қытай жағына өз бетiмен көшуi тоқталмай отыр. Бұл шенеунiктердi қатты алаңдатады. Үкiмет орындары барлық көшi-қонды бақылауда ұстауға тырысуда. Жəне тек үкiмет қызметiндегiлер ғана емес, дiн қызметшiлерi де. Мəселен, “Семипалатинские областные ведомости” хабарлағандай, Семей уезi, Аршалы болысының басқарушысы Смағұл Қойшыбаев екi айға Томскiге кеткен. Өскемен уезi, Қалба болысының биi Əубəкiр

Бекенов Геджасқа қажылық сапарға аттану үшiн төрт айлық демалыс алды. Немесе сол газетте Зайсан уезi Хабар-Асу болысының екiншi ауылының судьясы бiр айға Шəуешекке барады деп те жазылған. Қазақтардың Қытайға өте алатын көптеген орындары бар. Қытай мен Ресейдегi шекаралық қарауылдар шекараның ұзына бойында əлсiз. Жазық далалы Май-Қапшағай немесе Бақты маңынан өтуге мүмкiндiк бар. Шiлiктi аңғары арқылы Тарбағатай жағалауына тiкелей өтуге болады. Мұнда Бонадасу, Құдайберген, Баймырза, Керегетас асулары бар”. Үкiметтiң қатал жазалау шараларына қарамастан, Қазақстан мұғалiмдерi Ресей халықтарының капиталистiк құлдықтан революциялық жолмен бостандық алуы жолындағы ортақ iске өз үлестерiн қосты. Өздерiн өзекке тепкен озбыр күштермен күреске мектеп жастары, əсiресе Семей қаласының оқушылары да араласты. Онда ерлер жəне əйелдер гимназиясының жоғары сынып оқушылары 1905 жылғы қазан айының соңында ереуiл жариялады. Зайсан кiтапханасында Мiржақып Дулатұлы Абай туралы жазылған мақаланы көрдi. Оның авторы Əлихан Бөкейханов екен. Бұл “Семипалатинский листок” газетiнiң екi үлкен бағанын тұтас алып жатқан көлемдi мақала едi. Жергiлiктi тұрғындардың əңгiмелерiнен жəне газетте жазылғанның сiлемi бойынша, М.Дулатұлы Қарқаралы демонстрациясы оқиғасы, Ж.Ақбаевтың тұтқындалуы жəне бұл iстiң себептерi туралы түсiнуге тырысты. Ал 1906 жылдың наурызында патша билiгiне қарсы оппозициялық көңiл күйдегi адамдар Семей газетi арқылы өз сөздерiн айтты: “Зайсан уезiнiң 16 болысы Зайсан қаласынан Министрлер Кеңесiнiң Төрағасына төмендегi мазмұнда телеграмма жiбердi: “Петербург. Министрлер Кеңесiнiң Төрағасы мырзаға. Бiз, Семей облысы, Зайсан уезiнiң 16 болысының өкiлдерi, 1906 жылы 16 ақпанда Зайсан қаласында жиналып жəне 17 қазандағы жоғары дəрежелi манифестi тыңдай келiп, өзiмiздiң мəртебелi тақсырымызға деген шексiз сүйiспеншiлiгiмiз бен берiлгендiгiмiздi бiлдiре отырып, Ұлы мəртебелi

Император мен бүкiл Патшалық Үйiнiң амандығы мен саулығы үшiн дұға оқып, ұзақ ғұмыр тiлей келе, қаулы еттiк: Министрлер Кеңесiнiң Төрағасы мырзадан, бiздiң Ұлы мəртебелi Императорға шын берiлген шексiз сүйiспеншiлiгiмiздi, оның табанының астына басымызды қойып бiлдiрген жəне манифест арқылы сыйлаған ұлы мейiрiмi күштi шексiз алғысқа толы сезiмімiздi жеткiзудi сұраймыз. Одан соң халық сенiмiне лайық, Дала өлкесiнiң тұрғындарынан сайланған адамдар туралы заң жобасы тек үкiметте жасалатынын назарға ала отырып, Министрлер Кеңесiнiң Төрағасы мырзадан, Ресей империясы халықтарының мұқтажын қанағаттандыруы мүмкiн болатын Мемлекеттiк Думаны шақыру арқылы өзi сыйлаған мейiрiмiн iске асыруды Ұлы мəртебелi Императордан сұрауды өтiнемiз. Кез келген зорлық-зомбылық, жүгенсiздiк жəне бiздiң қымбатты отанымыз үшiн зиянды көрiнiстер бiздiң орыс патшамызға адал берiлген қырғыздар үшiн əрқашан да жат. Ұлы мəртебелi императорымыздың құзырына адал берiлген Семей облысы, Зайсан уезiнiң қырғыздары: болыс басқарушы — Нұреке Боғышев, Ə.Тоғысов, Е.Князев, Ю.Хабибуллин, М.Танашев, Д.Ибраев, М.Назаров, К.Қартбаев, С.Шекшеков, Ш.Тұрсынбаев, И.Қыстаубаев, К.Шұлғаубаев, Р.Қошқаров, С.Мусин, К.Итекин, Айтуғанов. Телеграмманы құрастыру үшiн уақытша сайланған хатшы Көлбай мырза Тоғысович Төлеңгiтов”. “Семипалатинские ведомости”, 1906 ж., 5 наурыз”. Бұл өтiнiш авторларының iшiнен Мiржақып Дулатұлы өзiнiң таныстары Көлбай Төлеңгiтовтi, оның бауыры Əдiлбек Тоғысовты, И.Қыстаубаевты жəне Зайсаннан тағы бiрнеше таныстарын көрдi. Мені мына төмендегi жағдай қызықтырды: мүмкiн, петицияға қатысушылардың iшiнде Қара Ертiс болысынан таныс адамдар бар шығар? Бiр жерден Қара Ертiс болысынан тағайындалған молдасын көрген сияқтымын. Бiрақ қайдан? Есiмде жоқ. Соңғы жетi-сегiз күннiң iшiнде көргенiмдi бiлемiн. Демек, сол мұрағат iстерiнiң iшiнде болды. Онда Мемлекеттiк Думаға сайлау бойынша iстер де болған. Ал оны мен басқа папкалармен бiрге таяу күндерi ғана өткiзгенмiн. Иə, ол iстi қайтадан алуға болмайды. Мұрағаттағы тəртiп сондай, iстi тек екi аптадан кейiн ғана қайтадан алуға болады. Ал мен күте алмайтын едiм. Ең бастысы — ауыл мектебiнде кiмнiң сабақ бергенi анықталған жоқ. Өйткенi онда, Жарлы мектебiнде, екi мектеп болды — мұсылман

мектебi жəне ауыл мектебi. Олар қалай оқытты, мұсылман мектебiнде кiм сабақ бердi? Екi оқытушының қарым-қатынасы қалай болды? Бұл туралы бiлу өте қажет едi. Болыс басқарушының Мiржақыпқа қарым- қатынасын бiлу керек болды. Жəне тек осылар ғана емес, тағайындалған молданың мектептегi бiлiм беруге қалай қарағаны да маңызды. Мемлекеттiк Думаға депутат сайлау жөнiндегi iстi алу үшiн ережеге қарамай-ақ тапсырыс бердiм. Егер бермей жатса, оған да iштей келiскен едiм. Таңертең ертемен оқу залына кiрiп, амандық-саулық сұрасу үшiн меңгерушiге келдiм. Ал ол амандықтан кейiн, ештеңе болмағандай-ақ: — Мiне, сiздiң iсiңiз! — дедi. Үндемей iстi алып, жұмыс үстелiне отырдым да, iстегi қағаздарды парақтай бастадым. Он, жиырма парақты қарап шықтым, бiрақ iздегенiм əлi табылған жоқ. Жүзiншi парақты ашамын, — əлi жоқ. Барлық iстi жазып болдым, бəрi жүз тоқсан бет, бiрақ қажеттi дерек жоқ. Ендi бiр ғана жол қалды. Соңғы он күн iшiнде қаралған iстердiң бəрiн қайтадан алып, қарау қажет. Бұл жұмыс тiптi күн сайын мұрағатқа келiп отырғанның өзiнде, кемiнде он бес күнге созылмақ. Бұл адамды шаршататыны сөзсiз. Материал көп болса, жазу оңай. Кез келгенiн ала бер, тек аздап жүйеге түсiрсең болғаны. Ал мен мұнда ең басты мəселеге тiптен де жақындай алмай отырмын. Мiржақыптың өз басы туралы материал Зайсанда дерлiктей жоқ, егер кiтаптар мен мұрағаттардан табылған бiрнеше жол сөздi есепке алмайтын болсақ. Тiптi онымен бiрге тұрып, жұмыс iстеген адамдар туралы да еш нəрсе табылар емес. Сөйтiп, мен бұл молданы жоғалтып алдым. Ал қолжазбаны теруге беру керек. Жарайды, əзiрге молданың есiмiн жазбай-ақ тұра тұрайын. Əрi қарай белгiлi болады. Сенбi күнi таңертеңгi сағат алтыда тұрып, Зайсан кезеңi туралы қолжазбаның бөлiгiн қарай бастадым. Парақтарды аударыстырып отырмын: бiр нəрселер қолмен жазылған, ендi бiреулерi машинкамен басылып шыққан. Мiне, Көкпектiден жазылған газет хабары: “Көкпектi қаласы. Осы жылдың 23 сəуiрiнде Зайсан уезi I телiмiнiң, 8-болысында, Сарыбұлақ


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook