Төкен ағам үйінде. Шешендік пен өрлігің, Қайсар мінез ерлігің Өткірлігі алмастай, Өзіңде кескен кіндігін, Иманғали – інімде. Құмнан аршып көтерген, Сол балаңды білдің бе? Жеті ханның зиратын, Салғанын қайта көрдің бе? Ұмтылмас игі ізеттік Іргеңді қолмен түзетіп, Табанынан сыз өтіп, Тынбастан жұмыс жүргізіп, Қабырғаңды тұрғызып. Көрсетіп үлгі кейінге Бас иген туған жеріне. Ел қадірін сездіріп, Шалқытқан сезім көңілге! О,киелі Сарайшық, Қалықтаған көгіңде,
Сазға толы əніңді, Қанатқа іліп аққулар, Жеткізген байтақ еліме! О,Сарайшық,киелім, Өзіндей қазақ күймемнің, Күмбірлеген күй ме едің, Керуендер өтті алдымнан Арқалап жүгін сан елдің. Жүзбелі көпір үстімен, Таныстырып өздерін. Алыстан аман жеткенге, Қуаныш билеп жүздерін, Сəлемі қыпшақ тілінде, Көктем бар нəзік үнінде. Ішінен ару қыз көрдім. Бетімде қызыл қан ойнап, Қобалжып неге өзгердім. Бойға жігер төккен күш, Осы бір ару аршын төс. Үмітпен күткен жазымдай, Аңсаттырған Назымдай,
Толғандырды еріксіз, Сұлулыққа құмар жаным – ай, Аялай білген іздерін. Райхан гүлдей үлбіреп, Қадады бота көздерін Періште ме кім білген, Көз жазып қалып іздедім. Ойымды бөлді қария, Түсірген хатқа ел сөзін. Саяхатшы екен Арабтан, Таныстырып өтті ол өзін. Көргенін айтты таңданып. Пейілі неткен кең халық. Қаласы əлем жəннаты, Абат бақ өскен жайқалып. Бағдатпен теңдес бұл алып. Ғалымдары көп екен, Байқасаң өзің зер салып. Қаншама жаһан кезсем де, Сұлулығы сыймас өлшемге Көрмедім мұндай шаһарды.
Көрсеткен құрмет үлкенге. Қонағын күтіп туғандай, Жол азығын салған ертеңге, Сыйлаған ата ер ғұрпын, Иманды екен ел – жұртың. Білімге құштар ұрпағы, Шығарар өрге өз ұлтын! Бал – шырын екен тілдерің, Қорғандай екен діндерің. Ұмытпай мəңгі сақталар, Өткізген мұнда күндерім. Тек айтарым өзіңе, Берілмей аңғал сезімге. Далаңа көзін алартқан, Сақ болғайсың көршіңе. Қош айтысты қимастан, Жақсыдан жайсаң кім қашқан, Шөл басар қымыз ұсынып, Жырымнан кептер ұшырып Жаны жомарт о бастан, Өнері өрге жалғасқан.
Жанымда тұрды күлімдеп, Құттыгерей інім ой басқан, Қолында көркем газеті, Мұнайшыларым сыр ашқан! О,Сарайшық, Сарайшық! Бойыма құйып жарқын күш, Əруақтар салды өз демін. Бəрі де жұмбақ құбылыс, Ақиқат бірақ сезгенім. Асау қан тулап бойымда, Алқынып албырт ойым да. Қанатты жайып қиянға, Жеткенде шабыт айдынға. Үкілерін таққан басына, Гүл өргізген шашына. Аққу мойын арулар, Күлімдеп келді қасыма. Жыр оқытты қиылып, Қал деп бүгін осында. Ақын болсаң жырла деп, Бұл жердің қара тасын да!
Дешті Қыпшақ шаңырағы, Қасиетті мекен қосында. Өгіз хан дана ізінен, Шырақ жағып басында. Айналып жырмен жасынға. Елдігіңді демеп сақтаған, Тəңіріңе жалғыз бас ұра. Тараған жер үш оқтан, Осы жер ғой расында. Алаша хан боп аталған, Сөз жетпес əулие асылға, Тебіренсін бабаң тасы да! О,Сарайшық,Сарайшық, Күмбірлеп күнде соғатын, Қоңырау қылған сағатын. Қақпалары сары алтын, Əділ істі қолға алған Перзенттері ақ жарқын. Алаш болып ұраны, Кірлетпеген ар атын. Шүкірлік айтып АЛЛАҒА,
Қияға жайған қанатын. Мəрт мінезді шетінен, Отан-деп, соғып жүрегі, Айнымаған сертінен. Сақтай білген ел салтын, Көз алдымда нар халқың. Күлден төсін көтерген, Оқып тұрмын өр даңқын. Жанарларда өшпеген, Намыс оты айбатың. Жігерімді соған қайраттым, Астанам болған əйбаттым. Сен де туған ұл – қыздың, Арманы барма айтатын?! Мен білсем төкпе бəрі ақын! Əруақтары торланған, Істерін Алла қолдаған. Алаштан туған батырлар, Елімді жаудан қорғаған. Əр қырыңнан бой түзеп, Еліме салем жолдаған.
Нəпсісін жеңіп жау болған, Қараңғыда таң болған, Қанағат жолын таңдаған. Жамандыққа бармаған, Аузына харам салмаған. Көзсіздерге көз болған, Сөзсіздерге сөз болған. Бұзылғанды түзеткен, Жыртылғанды жамаған. Жетімдерін жылатпай, Жесірлерге күл атпай, Жарығын төккен шуақтай Пана болып қарасып, Қарылғаштай дəн тасып, Үмітін алға жалғаған, Кемелдікте талмаған Түсірместен сыз тұман, Құшағын ашып жаз құрған. Жақсылар мен жайсаңдар, Адалды алға оздырған, Халық сенген билері,
Қара қылды қақ жарған, Кем болмаған хандардан. Сəуле құйып таң нұрдан, Тарихымды өшпестей, Мəрмəр тасқа жаздырған. Əлихан сепкен сəуледей, Жошымнан жеткен салемдей, Керей менен Жəнібек, Қасым хан кемеңгерімдей Ақназар асыл төремдей, Əйтекем мен Төлемдей, Қазыбек- ақыл кемемдей. Ер Қосай мен Пір Бекет, Əулием болған ерлерлей. Ақ киінген түгелдей, Елес беріп даналар, Ғарыштан ұшып өргендей. Жаныма жетіп бөгелмей, Ақ бата беріп қол жайып, Нұрларын құйып ғажайып, Үшкіріп бойға таратып,
Қанымды удан тазартып, Борышыңды өтеуге, Ұлтыңды сүй-деп, үн қатып. Ішкізіп зəмзам суынан, Рухани байлық қазынаң, Молайсын-деп,қол беріп, Кеудемді менің жаз қылған. Болу үшін жол айқын, Бабаларды еске алып, Біздерміз ғой жоқтайтын. Інжудей ізін сақтайтын. Отанымның- алтын бесігі, Қалайша бəрін айтпайын! О,Сарайшық,Сарайшық, Ғасырлардың төрінде, Сақталып таза тіліңде Жеткенсің бізге ерлікпен, Баяғы ғажап күйіңде. Өзіңді көру бір бақыт, Əр пендеге тіріде! Ұлылығың мəңгі жыр болар
Ұрпақтарыңның үнінде. Жылойдан келген ұлың ем, Рухыңмен деме мені де! Жырлаудан əсте тынбайын, Өзімнің туған елімде! О,Сарайшық,Сарайшық, Бейне құрыш қорғасын, Билеген өлкем ордасын. Еңбектен тауып бақытын, Соға алған ырыс таңбасын. Иманғали келіп басыңа, Тигізіп қолын тасыңа, Алғысын айтқан бақ тілеп, Барша жұрт кəрі – жасыңа. Қалдырған өшпес ұлы сөз, Нəр берер көктем,жазыңа. Шайқалса да шың – құздар, «Шайқалмас тарих қазына!» О,Сарайшық,Сарайшық, Тұлпарың мінген уақыттың Бабамнан қалған жақұтым.
Қоңырауын соққан даламның, Маңдайға біткен бақытым. Өзіңнен ішіп сіміріп, Жеті ханның сарқытын, Жалауыңды көтеріп, Дариядай жырды шалқыттым. Қабыл ал өзің барымды, Тербесін мəңгі шаттық үн! ЖЕЗДІ Қара ойы қасиетті Маңғыстаудың, Жерленіп жеті жұрттың көшкен жері. (Халық жыры) Доңыз тауға барар жолда Бейнеуден, Омырауына ғасырлардан күй өрген.. Жезді жатыр көне Жібек сүрлеуде, Сырлар қанша біздер əлі білмеген. Астанасы Оғыздардың алғашқы, Араласып Дайлар еркін төрге енген! Құлыптастар тас кітаптар ежелгі, Ойға салар бастан өткен кезеңді. Ата қоңыс Маңғыстауды жыр қылып, Абыздардай ағылады өздері. Осы жерде Оғыз-Қыпшақ бас қосып, Таңдандырған бірлігімен өзге елді! Жазып кеткен таңбалы тасқа бəрінде, Жиырма төрт тайпа, белгілерін көрдіңбе. Ғайып болған қанша шаһар, қамал бар, Ұлан байтақ сенің туған еліңде. Тарихыңды жеткізе біл ұрпаққа, Тартып өссін Көк Бөрілік тегіңе! ҚОРҚЫТ БАБА Желмаясын желдіртіп, Жері қалмай кезбеген. Арып-ашып жең жыртып,
Жер ұйығын іздеген. Қорқыт бабам зер құйған, Сыр тыңдаймын іздерден. Құлағымда дауысы, Қобызының сарнаған. Сырдың сұлу ағысы, Күйден құшақ жазбаған. Тербеткені жанымды, Ботадай үн боздаған! Жоқтағанда Аралын, Күңіреніп кең далам. Жаспен жуды жанарын, Өксуменен Жер-Анам, Тұла бойын жаза алмай, Қажып қанды жарадан ! Шыдай алмай еңіреп, Төкті жел де мұңды əнін. Құлазыған төңірек, Ізі қызыл жыланның Жорғалаған көгіме Уын cалып тұманның!
Көре тұра сұмдықты, Үндемейін мен қалай. Айтып бердім шындықты Арды шаңға былғамай. Қуат берші, О, Пірім ! Қорқыт баба ! Таң арай ! Жас жанымды тулатып, Келіп едім Абызым. Сөйле десең, тіл қатып, Бегалыдан жалғызбын. Үміт артып өсірген, Еліме көп қарызым. Дауа іздеген халқыма, Сенен қалған қобызбын ! О, ШƏУІЛДІР О, Шəуілдір, Шəуілдір, Көк аспаның көгілдір. Шөл қыстаған кеудеме, Жыр бұлағын төгілдір. О, Шəуілдір, Шəуілдір. Бөлек екен аспаның,
Тебіреніп жас жаным. Бабалардың Рухынан, Жырлар оқи бастадым. Неткен ғажап дастаның! Сонау Сайрам төсінен, Сыр бойына көсілген. Далам ұлы данадай, Шежіремді көшірген Кей парағы кесілген. Үңіліп ем, жан бітіп, Жусан исін аңқытып. Шашу шашып əр төбең, Елжіретті, балқытып Өз ұлындай шалқытып. О, Шəуілдір, Шəуілдір Сен ұқсассың анама, Қуат берші балаңа. Кең Жылойдан келдім мен, Тірек болған далама, Арыстанбаптай бабама! АРЫСТАНБАБ БАБА!
Бабалардың бабасы, Даналардың данасы. Кең ғаламды жаратқан, Тəңір сүйген дарасы. Пайғамбардың тұяғы, Алтын күннің қияғы. Сəулесімен жылытқан, Жер-Анамдай ұямды. Исламның жұлдызы, Білім таудың шың құзы. Бұлағынан нəр алған, Бар мұсылман ұл-қызы. Кең даламның жүрегі, Дінімнің нұр тірегі. Мың өліп, мың тірілген, Халқымның сом білегі. Сезім сырмен күймелі, Ізіңнен жыр түйгелі. Кең Жылойдан бір ұлың, Келді басын игелі. Елім- деген жалынды,
Шөліркеген жанымда, Сусындатып алайын, Төкші шуақ таңыңды. Əділдік жол аңсаған, Құлының ем шаршаған, Шомылдыршы жан баба, Ақ нұрыңа самсаған, Көкірегіме толсын əн! ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ Арыстанбабтай бабамның, Шашырап түскен нұрысың. Ақ жолымен Алланың, Ақиқат құйған ырысым. Өзіңе зират етейін, Бергейсің маған қол ұшын! Жырымды отты арнайын, Хикметіңнен нəр алған. Топырағыңа кие аунайын, Ғасырларға жыр болған, Ой тастап байтақ əлемге, Тұраннан бейбіт қол созған.
Исі бір түркі халқымның, Тамырын сүйіп тереңнен. Бойына құйып жарқын үн, Бақытын өткен тілеумен, О, Жан-баба, киелім, Ізіңнен сəуле көрем мен. Күмбезің көкшіл күмбірлеп, Аспанмен ашық астасып. Періштелер тегіс күнге өрлеп, Шашқандай шашу қақпа ашып, Қуана қарап тұрғаным, Кетуге қимай қоштасып! Ғасырлар салған мінбеден, Аллаға жалғыз сиынып. Адамзатқа дем берген, Даланың жырын сый қылып.
О, Иассауи, əулием, Күн де тұр саған иіліп ! СҰРАРЫМ Жолаушымыз өмір – жолда, Жер бетінде бірге көппен. Жалғыз Алла өзің қолда, Кең əлемге нұрын төккен. Жеткізетін ойларымды, Сөйлесін-деп, өзің берген, Ана тілім, қайнарымды, Сүйгіз нəзік сезімдермен. Сақта, қара дауылдардан, Аман болсын ата жұртым. Көз жаздырма бауырлардан, Көрмесінші қайғы бұлтын. Ырыздықпен өлшеп берген, Қысқа қылма уақытыңды, Сақта, жала өсектерден, Былғамасын бақытымды. Туған жерден нəрін алған,
Өлең-жырым—тамырларым. Желек жайып болсын орман, Күзей көрме, жалынамын. Кімнен қалмас бұл дүние, Бір күн қалар біздерден де, Жалғасын бер жасаушы ием, Ұл мен қызым -- өзендерге, Нəсіп берші маңдайы кең, Жас сəбидей тілегіме, Бір əн болып қалайын мен, Туған елдің жүрегінде! БҰХАР ЖЫРАУ Қамқа тонды кимеген, Жүйрік жорға мінбеген. Жалған айтып көрмеген, Құшағы тең күнменен, Пейілі көкке өрлеген, Қарапайым халқымның, Өзі соғып зерлеген. Қара өлеңін ту қылып, Шаршы топта сөйлеген.
Жамандықты білмеген. Жасы кəрі ,жаны жас, Тау суындай сарқылмас, Ізгі ойлармен гүлдеген Нажағайдай жарқылдап, Қаһар төккен хандарды, Кеуде керіп көнбеген, Əділдікпен жөндеген. Данамын – деп, таспаған, Тар жолыңда саспаған. Кең əлемді тербетіп, Төге біліп асқақ əн. Қараңғыда жол сілтеп, Елдің көшін бастаған. Мұхиттайын қайнарым, Сусындаған ой нəрім. О, көмекей əулием, Əруағыңнан айналдым. Жырдан іздеп ертеңін, Төксем – деп пəк, көркем үн. Айдынында шарқ ұрған,
Мен бір құйттай желкенің ! ТӨЛЕ БИ Қара қылды қақ жарып, Əділдіктен нұр жағып. Ынтымаққа жар салып, Имандықтан сый тартып, Кемелдікпен жаңартып, Қазақтың байтақ жеріне, Шамшырақ болған жап-жарық. Үлгі болған ұлы ісі, Ұлылардың ұлысы, Ақиқаттың тынысы, Тəңір өзі сый қылған, Ел намысын ту қылған, Ақиқаттың қылышы, Асқақ рухы дем берген, Алты Алаштың ырысы. Таңдай қаққан адамзат, Күллі Шығыс барысы, Даналықпен ой тербеп, Жақындатып алысты,
Көптен алған алғысты! Биік біткен өресі, Жер- Ананың төресі О, Төле-би жан-бабам, Өзіңе жырын жолдаған. Қос құлынын жетектеп, Жылойдан келді бір балаң. Қабыл болып тілектер, Лапылдап жанып жүректер, Арманға қанат сермесін, Рухыңмен жебеп, медет бер! ҚАЗЫБЕК БИ Өн бойыңда қырағылық, Бұлақ ашып таңнан тұрып. Елді ағартып талмай үміт, Ата дəстүр таңдай ғұрып Лайланбасқа балдай тұнық, Əдеп жолдан билік құрып, Жамандықты ұмыттырып. Мір оғындай даналықпен. Болашаққа шырақ іліп.
Бар шындықты қазып айтып, Қараңғыны тіліп өтіп. Айналдың да тірегіне, Жарай біліп керегіне, Жарық болар сөнбес нұрын, Жақтың халық жүрегіне, Болашақтың болжап бəрін, Бақыт нұсқап ұлы еліңе. Бастап жарқын ғасырларға, Келешектің көктеміне. Өзің едің шын данышпан, Қырандардай шыңға ұшқан. Əділетсіздікпен арпалысқан, Елге дəулет тілеуменен, Ізгіліктің жолын тосқан. Əлі бізге тіл қатасың, Əрбір ендік барлық тұстан. Жұпарыңа қандырумен, Ұрпағыңа құшақ ашқан. Əрбір сөзің ғасыр үні, Əрбір ізің ерлік дастан!
ƏЙТЕКЕ БИ О,жан бабам! Туған елдің данасы, Алты аталы Əлімнің, баға жетпес бағасы, Əділдіктен айнымай, аузына харам салмаған, Сейтқұлымдай əулие киелімнің дарасы. Самархандты күмбірлеткен күмбездеп, Жалаңтөстей ер тұлғаның жалғасы, Ақша бидің əлдилеген баласы, Тəуке ханның болат алтын балғасы, Ақыл оймен ата жолдан айнымай, Қарапайым халқымның, Бола білген панасы! Ақиқаттың қақпасын кең ашқандай, Сен сөйлесең батыл айттың тайсалмай. Еш уақытта екі айтуды білмедің, Көкжиектен сəуле төккен ақ таңдай. Ақыл ойдың жібін тынбай жалғадын, Өткізумен көз ілместен күн талай, Ғылымменен егіз болып туғандай,
Адамзаттың бар қайғысын – шаттығы, Əуел бастан көкірегіңе тұнғандай. Айрылысмақа имандылық , өрістен , Қарсы болдың дос болуға орыспен, Сақтандырдың алдын – ала еліңді, Даналық ой құя біліп күмістен. Айдаһардан қашып аю ініне, Паналаудың өзі тең –деп, қылмыспен, Бəрін болжап біле білдің көреген, Сол ақылды құйып алмай зердеге, Кейін қанша өкініштен у ішкен?! Аласұрып қолын созған бəрі де, Имандықпен жалбарынбай Тəңірге, Мынау əлем соныкі- деп, ұғынбай, Жете алама бақыт- бірлік тəжіне, Алшақ кетсең өз болмысың , тегіңнен, Бұл өмірдің айтшы онда мəні не?! Басқа емес қазақ болып анадан, Тумаппа едің қуаныш боп еліңе! Ана сүттің берген бағыт қуатын, Кім өзгертер жарлық беріп төріңде?!
Былғанбасқа шексіз байтақ кең дала, Бəріне де жауап бердің жан баба. Бірақ надан байлық қуған сорлылар, Жабысқан соң доңызға еріп жағаңа, Туған жерің Нұратаға жол тарттың, Түспесін- деп, енді күнім жаманға, Заманға емес өкпеңді айтып адамға, Риза болмай хан тағы үшін таласқан, Өр көкірек менменсінген хандарға! Кім боламыз мұң – сырыңды білмесек, Ата жолсыз ұрпақ қалай күн кешпек, Бар байлығын тонап жатса көк атты, Бұлбұлмын – деп,сайрап жатса көк есек. Аюуандықты ауыздықтауға дəрменсіз, Қоқыс басқан қоғамымда жоқ есеп. Ерлер қайда ақиқат үшін күреспек, Ата заңда жоқ еді ғой тіл кеспек, Сен тұрасың қиналғанда алдымда, Қайран баба ойлар салып елестеп! БӨКЕН БИ Еліме төгіп шуақтан,
Даналықпен сыр айтқан. Сырымдай асыл сұңқарды, Ақ бата беріп самғатқан. Дария теңіз кеудесі, Ақылдың дана киесі. Заманында өзінің, Болмаған əсте теңдесі. Əділдікті ту қылған, Қара жердің кемесі. Аты айналған аңызға, Билердің биік төбесі. Əр сөзі тең алтынға, Жақын болып халқына. Ала біліп алғысын, Адал іс қалған артында. Ақылды ұстап дау жеңген, Ерлікті ұстап жау жеңген. Өнеге болған талайға, Есентемір Көнесі. Қара қылды қақ жарған, Туралықтың иесі,
Бүгілместен тізесі, Ғибрат айтқан халыққа Кіші жүздің Төлесі! Берілмеген мақтанға, Қызықпаған тақтарға. Ел бірлігі шайқалса, Өгізге мінген ақ таңда. Ақиқаттан дем салған Асулардан аса алған. Даналыққа жол беріп, Ақылмен елді басқарған. Ойлаған қамын халықтың, Далама біткен жарық күн. Үн тастаған ұрпаққа, Төсінен теуіп қауіптің. О, Жан баба ! Құт өрген, Сен біргесің жұртыңмен. Өзіңді іздеп толғанған, Демеші мені Рухыңмен! Ізіңнен тұрмын көз алмай, Алысқа шабар құландай.
Ақ бата беріп өзіңе, Елім-ай жырын шырқаған, Қожаберген жыраудай! АБЫЛАЙ О, Абылай, Абылай, Алатаудай асқақым. Көгімдегі аспаным. Күнде айтар басты əнім. Мəңгі жырлар дастаным. Сен-деп, соққан жас жаным. Сен қазақтың күнісің, Өшпес мəңгі үнісің Азаттықтың жолында, Ұран салған ел үшін. Қарасып жаспен қартыңа, Сөзіңді салып талқыға. Бостандық туын көтеріп, Ерлікті аңсап шарқ ұра. Таптатпай елдің намысын, Жолатпай дұшпан тағысын. Жекпе-жекте жоқ қылдың, Шарыштай бөрі арысын. Зобалаң салып сеңді өрген, Алысып төнген селменен. Кешумен небір сергелдең, Қаншама азап кешсеңде, Бір болып туған еліңмен. Ертеңгі қамын ойлаумен, Ізгілік,ерлік дəнімен, Ел тынысын кеңейтіп, От деміңмен салдың дем! Басын қосып күш сақтап, Екі жақтан қыспақтап. Ұмтылса да қалың жау, Шегінбедің жан сақтап. Жолбарыстай жаралы, Мұңды кешіп қаралы, Ең соңғы дем біткенше, Қорғай білдің даламды. Таудан аққан ағындай, Алаулаған жалындай. Қара бұлтты қақ жарып, Атылдың жайдың оғындай! Айналдырып пақырға, Сүйегін шашып тақырға. Ата-жауды жоқ қылған, Борыштымыз жан баба, Өзіңдей ұлы батырға! Ерліктің айтып тізбегін, Ой тартқан соң іздерің. Бас июге Рухыңа, Ниетімді арнап жүз келдім. Көк байрағың желбіреп, Ел үшін жаның елжіреп, Түркстаннан дауыстап, Ой саласың күмбірлеп! Кең даламның киесі, Даналықтың иесі. Кең Жылойдан келген ұлың ем, Əруағыңмен өзің демеші! Шуағымсың таңымдай, Ар туымсың жанымдай. Өр рухыңа сиындым, О,АБЫЛАЙ,АБЫЛАЙ! Қайнарымның көзін аш, Келер ұрпақ серпілсін, Ата жолдан жаңылмай! КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ ЖҮРЕГІ Ақ сүтін еміп арлы елдің, Дүниенің ашқан есігін. Мен қазақтың ханы едім,
Кенесары есімім! Тербеткен сексен көлімен, Көкшетау еді бесігім. Ұшарда бағым көгімнен, Соңғы сөз айтсам несі мін. Шыдамай құлдық кеселге, Азаттық үшін күрестім. Қаралы тағдыр келсе де, Ұрпақтан күдер үзбеспін. Бостандық елге тілеген, Арманымды жалғайтын. Солар ғой менің тірегім, Қырандай биік самғайтын. Атаның кегін жібермей, Тұлпарлар мініп ту алып, Атылар жайға жебедей, Мұз кешіп талмай толғанып. Қатерлі жылдар боранын Түнек боп ауық бораған. Серпумен бір өжет ұлдарым Алар-ау алғыс бабамнан.
Елімнің езген еңсесін, Құтқарып азап құлдықтан. Жанақтар сəнді ел көшін, Маңдайларға күліп таң. Бабалар Рухын қастерлеп, Үңіліп ата- салтына. Кеудесін өлең от кернеп, Жырлар- ау мені халқыма. Сенемін саған ұрпағым, Жалғайсың ұлы ісімді. Бостандық сенің ұраның, Сілкін де көрсет күшіңді. Алаула ! Долы дүлеймен, Алысқан жетер арманға. Аулақ бол жалтақ үрейден, Қанатың кейде талғанда. Қаныңмен жаз да ерліктің Маздатшы отты жырларын. Бойдағы өшпес өрліктің Гүлдетер дəнін жырларың. Еліңді сүй де еңкейіп,
Əр тасын қорға қызғыштай. Жапырағын жайсын көркейтіп, Бодан боп,жүдеп мұз құшпай. Айқас!Айқас!Ең соңғы Кеудеңнен демің біткенше. Азаттық атты ақ жолды, Көзіңмен көріп жеткенше. Ауырлау болып тағдырым, Қапаста торға түстім мен. Жазмышы болар Тəңірдің Ойнатқан бақа үстімнен. Айнымас менің көңілім, Өлсем де саған мəңгілік. Үзілуге жақын өмірім, Аманатымды айттым əн қылып. Үзбеңдер,оны жалғаңдар, Жеткізіп байтақ далама. Тыңдасын таулар,ормандар, Бесікте жатқан балам да! Əн бітті,Қырғыз тауында, Қанатын жайып ерлікке.
Таңданып тұрды жауы да, Қайыспас қайсар өрлікке. Кездікпен тіліп кеудесін, Қанішер тұрды қалшылдап. Жиекте күннің сəулесін, Күрең қан басты шашырап. О,неткен ғажап Ұлы еді, Тұрса да жауы қолға ұстап. Түк басқан ханның жүрегі, Елім деп тұрды дауыстап! ҚАЙДАСЫҢДАР, ТҮРІКТЕРІМ? (Қоңыр Мандокидің рухына) Қайдасыңдар түріктерім қаптаған, Жарты əлемді түгел билеп таптаған. Тұлпарлардың тұяғымен жыр жазып, Тау шыңында шежіре, сыр сақтаған. Тəңір берген қасиетті əріппен, Кең ғаламда ғылым жолын өрбіткен. Жұлдыздармен емін-еркін сөйлесіп, Жер-Ананың сүт емшегін иіткен. Жел шақырып,көкте дабыл ойнатып,
Ақ жауынды көк шалғынға аунатып. Табиғаттың тылсым жұмбақ сырларын, Шеше білген қызыл гүлдей жайнатып. Құпиясын біліп алтын,темірдің, Жалғастырып шеберлікпен өмірін. Боғда – олада ұрпақтарын өсіріп, Алтай таудан тапқан қоныс теңдігін. Сарай қылып шетсіз – шексіз даламды, Тану үшін мынау байтақ ғаламды. Жүйріктермен Дунай өтіп із тастап, Кездіңдер- ау талай жасыл орманды. Қалмас үшін қапа болып ойранда, Қолбасшылар шақырғанда майданға. Сендер еді-ау баса көктеп атойлап, Жай оғындай айналатын айбарға! Қай жолдарда адастыңдар шашырап, Бірлік кетіп ,ерте түсіп шашыңа ақ. Қайда,қайда кие кілті бабамның, Өздеріңе табыс еткен алтындап? Қайдасыңдар Тəңірдің əз ұлдары, Жүрсіздер ме алыс-алыс жолда əлі.
Əлде арбап алды ма екен жібермей, Жүзі нұрлы арулардың қолдары. Шығармаған ерлік туын уыстан, Қайдасыңдар қаны бірге туысқан. Күтіп отыр тойларына келер деп, Қасиетті шаңырағаң ТҮРКІСТАН! АБАТ БАЙТАҚ Небір дүлей дауылдарға бас имей, Ғасырлардан еркін жүзген кемедей. Атына сай асқақтап жел өтінде, Кең далама керілген ақ желкендей. Абат Байтақ кесенесі ой салар, Тебірентіп жүрек атты төрге өрлей. Аңыз толы ерліктері ғажайып, Батыр бабам өзі құшақ кең жайып. Тылсым күшпен тіл қатқандай алдыңда, Шешендікпен шежіреңнен сыр айтып. Сарбаздары даусын естіп тұрғандай, Табыттарын ашып тастап бір уақыт! Ашылғандай Томпақ мешіт есігі, Жанға жəйлі əуен міне естілді.
Ақ киінген шықты Бекқұл əулием, Жерге біткен күн сəулесі секілді. Жылу төккен қасиетті жарығы, Жазып берер жанға батқан дертіңді. Тек бауырым адалмысың алдында, Бұзбадыңба Алаш ұран сертіңді.?! Ұрпақ болса халқын ойлап жөн білер, Ойламаңдар тірілмес-деп, өлгендер. Қыз əулие мұнда аққуға айналып, Қазақ атты ұлы сөзді көкке ілер. Жаратқанның құдіретінде шек барма, Сан сурет елес болып көрінер! Жыр көмейі болған ұлы даламның, Ізін қуған Сыпыра жырау бабамның. Жер ұйығын жел маямен іздеген, Өзі жетер Асан Қайғы бабамның. Жер бетінде жасау үшін жақсылық, Ізгіліктің алға тартқан жаздарын. Оның үні қайдан кетсін ой салмай, Сонда сазы ғылым ғұмыр Құранның! Бір Тəңірге сыйына біліп көктегі,
Гүл жайнауға адамзаттың көктемі. Ақыл оймен сезімдерге жол беріп, Ақиқаттың туын биік көтеріп, Бабаларым кешіп талай өткелді. Қанша бейнет бастарынан өткерді?! Келер ұрпақ қас жауына құл болып, Көрмеу үшін жан күйзелтер қатерді! Бір-бір кітап жазбалары тастағы, Таңдандырар адам түгіл аспанды. Жыр оқиды өмір менен өлімнен, Сыр шеркендей асулардың асқары. Бас иесің əруақтар алдында, Жалғау үшін олар жазған дастанды. Ұмытпасқа ақ қағазға көшіріп, Тарақ таңба өрнектелген басты əнді! ОТЫРАР О, Отырар, Отырар ! Бабамнан қалған сынығым, Алтыннан қымбат сыйлығым. Əрбір тасың күмбірлеп, Айтқан сəтте сыр мұңын
Тізе бүгіп алдыңда, Бір Аллаһқа сиындым.! Келдің бе, - деп, дауыстап, Рухтар елес ырыс бақ, Ой салғанда елжіреп, Омырауымды нұр ыстап Күңіренте құран оқыдым, Бабаларыма бағыштап! Сейілмей бастан боз тұман, Ерлікпен өшпес көз жұмған. Шəйіт болған мұндағы, Бар мұсылман өз тумам. Түрік тектес түбі бір, Тамырласпыз бір туған.! О,Отырар, Отырар ! Көгіңді бұлт торлаған, Алты ай бойы қорғаннан Қалың жауды жібермей Жанын қиып қорғаған Жасампаз ер халқымды, Кімдер сатып қорлаған !?
Өз Отанын ұғынбай, Шайтан ойнақ құйындай Шапқыншыға жол ашып, Жалпаңдаған құлындай, Қарғыс атқыр, қу сатқын, Қайда жатыр шыңғырмай ?! О, Отырар, Отырар ! Бабалардың зар мұңын, Бастан кешкен тағдырын Сенен тыңдап көз ілмей, Фарабидей жан ұлың, Із қалдырған көшеңде, Жырдан алау жандырдым ! Кетпессің-ау, есімнен, Топырағыңды төсіңнен Бойтұмар қып қастерлеп, Қимас ыстық сезіммен, Кең далаңа көз тіктім, Шетсіз-шексіз көсілген. Көргенше қош! Отырар ! Кеудесінде оты бар,
Бар мұсылман Тұранда, Түбінде бір қосылар. Ата –Түрік аңсаған, Ең бақытты сол күнге, Шаттық шашу шашылар! Ел қорғаған ерлермен, Қайырхандай ханыма, Ескерткіште ашылар. Сілкінерсің сонда бір, Құмға шөккен асыл нар! Қоңырауы даламның О, Отырар, Отырар ! ҚЫРЫҚ ҚЫЗ ТУРАЛЫ АҢЫЗ (ел аузынан) Бір ауыл көшіп келіп Қарақұмның, Алғанда түкпірінде жаңа тыным. Қияннан ғажайып саз əн келеді, Самал жел құшағында жалғап үнін. Сұлу-ай көк зеңгірден күлім қағып, Сол саздан өнер күшін ұғып анық Таңдана жұлдыздарға сыр шерткендей
Жүзінен балбыраған нұры тамып. Шаршаған маң түйелер күлге шөккен, Күйісін қайтармайды бұл несі екен. Маңайда бар жануар елең етіп, Елжіреп күмбірлеген үнге ілескен. Қосылып əсем сазға аққу түгел, Қаулады жер бетінде аппақ гүлдер. Теңіздің толқындары шашу шашып, Өр шыңдар тілегендей қайрат жігер. Қарттарда буындары дірілдеген, Қағысып тізелері тілімделген. Елестеп жас дəурені жиырма бесі, Еріксіз есіне алып күлімдеген. Бар сыры табиғатпен егіз біткен, Кім екен мынау ғажап күйді шерткен? Идіріп алпыс екі тамырыңды, Билеген сезіміңді еркіндікпен.! Бөлеген адамзатты тыныштыққа, Осы саз арман қылған ырыс бақпа. Ұраны жер бетінде Имандылық, Жетелер адамзатты сұлулыққа.!
Япыр-ау естіледі өзі қайдан, Сырданба, сыр атқарын құшақ жайған. Киелі жан бабамның өзі болып, Ағылтқан ақпа жырды омыраудан. Бəріде жаппай түріп құлақтарын, Тыңдайды əннің ғажап ырғақтарын. Тіршілік балдай тəтті лəзатпенен, Тап бүгін сыйлағандай бұлақты əнін. Шақырып қол бұлғаған алыстағы, Сырымның тіл қатқандай ағыстары. Қобыз ғой, біреу ұғып сыбырласа, Қорқыт-деп, жұрттың бəрі дауыстады. Сол есім тулатып сан жүректерді, Тұрғанда айтып небір тілектерді. Қырық қыз бөлінгені қалың топтан, Сыбанып ақ сазандай білектерді. Көгінде ұшты аққулар қанат қағып, Əуенін əсем саздың бағытқа алып. Қиналып қатарынан кештеу қалған, Бойына ақсақ қыздың қуат салып. Күн өтті, екінші күн қыр асқалы,
Сұлу саз таластамай жалғасқаны. Жеткенде жағасында сұлу сырдың, Жұмбақ сыр даналықпен ой ашқаны. Көрді олар су бетінде кілем жайып, Қорқытты қобыз шерткен таңғажайып. Елітіп əсем саздың айбынына, Жағада жатыр ажал қолын жайып. Адамның арбасқаны ажалменен, Осы ғой – жолатпай тұр əн сазбенен. Үзіліп кетті кенет қобыз шегі, Жантайып қалды Қорқыт абзал емен!. Сырдың бал суы мөлдір қасиетті, Қабылдап Қорқыт айтқан өсиетті. Аймалап шығарғанда жағасына, Көк аспан ақ нөсерден жасын төкті. Күрсініп жан күйзелтер мұң жараға, Күңіренді өксік жұтып кең даламда. Арнаған бар өмірін өнер үшін, Қырық қыз көзін жұмды осы арада. Əн айтып құс салдырған аққу көлге, Əуелден дара туған ақынды елде.
Өнердің жастай ұққан қасиетін, Ақсақ қыз жатыр міне оқшау жерде. Адамды ізгілікке жетелейтін, Ұлы күш қызым осы өнер дейтін. Сусындап нəр алуға бастауынан, Келемін жылда емдеуге жанның дертін. Үнсіз-ақ Рухыменен жазып өлең, Баяғы сол сұлулық сазыменен. Киелі елім сүйген Қорқыт бабам, Күңірентіп күй шертеді қобызбенен! ƏЛ-ФАРАБИ Даналықтың шамын жағып жап-жарық, Адамзатты парасатпен тамсантып. Құдіретін Тəңірімнің ұлғылай, Жаратылыс заңын зерттеп топ жарып, Асқар таулы ғылым биік шыңынан, Имандылық шырағынан от жағып. Ұлылығын дəлелдедің Қазақтың, Кең əлемге ана тілмен жар салып! Жоғалтпауға даналықтың келбетін, Ғылым іздеп араладың жер бетін.
Жұлдыздармен емін еркін сөйлесіп, Домбыраның сазын төгіп өр екпін. Аққуларға көркемдікпен үн қосып, Айдын көлде емін-еркін билеттің! Шөлдемеске аңызақта қыр гүлі, Жаудыра алдың нөсерлетіп жаңбырды. Дариядай ағыны мол таусылмас, Жинап алып өшпес байлық ақылды, Ғасырларға өшпейтіндей із салып, Көрсете алдың қасиетіңді сан қырлы. Бас қосқанда басын иді патшалар, Болмысыңнан оқығандай тағдырды! Бұл жалғанда көркейтетін ел даңқын, Жандарына жан тапқандай ең жақын. Бауыр тартып туғанындай қастерлеп, Əділдіктің еркін жайып қанатын. Сырласыпты ой бөлісіп өзіңмен, Даналықтан іздеп бақыт жəннатын! Қай елде де жақсылық боп сапарың, Келешекке ғылым сырын ақтардың. Қайрымдылықтан қала соқтың ақылмен,
Кең əдемге мəлім болды атағың. Терді төктің барша халық қамы үшін, Былғатпауға бəріне ортақ жатағын! Сезінсін –деп, сұлулығын əлемнің, Сыйға тарттың үміт толы ой-жарқын! Адамзатқа ұстаз болған күн нұрлы, Қайран баба ұшан теңіз білімі. Қартайғанда бірақ елге жете алмай, Сағынышпен жеткізіпсің мұңыңды. Отырардың топырағы бір уыс, Бұйырса-деп, жаныңа іздеп тынымды! Таңдандырған ақыл оймен ғаламды, Еркіндікпен қанат қылған арманды. Тебірентіп толғандырған бар жанды Табиғат –ана өзі бөлек жаратқан, Киелі рухың кезіп жүр ғой даламды. Шығарған емес туған халқың есінен, Содан тыңдап ел намысы ар- əнді. Келер ұрпақ сіңірсе-деп,қанына, Сақтау үшін ел келбеті Тұранды, Қайталайды Алаш атты ұранды!
ШОҚАН Тамыр тартып тектіліктің тегінен, Бұлтты жарып жарық құйып көгінен. Нар халқыңа күн болдың сен қуантып, Ақыл- ойдың нəрін сыйлап біліммен. Жеткізсем-деп, бабалардың ерлігін, Көз ілмеді ізденумен күндіз түн. Желкен тарттың тарих- ана теңізге, Маржан іліп таңдандырып жер жүзін!. Ғылым биік, өмір қысқа болса да, Жол іздедің асулардан асарға. Оятып-ап, қалғып кеткен халқыңды, Қайсарлықпен жасампаздық жасауға. Ізгілік боп асыл арман мұратың, Сен шығардың биіктерге ел атын. Сұлулығын кең əлемге паш етіп, Ұлы көштің ұлғылаумен қуатын! Қуат тауып нар халқыңның өзінен, Алпамысын тыңдай біліп сезіммен. Ұлы дала құшағында əн салған, Қыз Жібектің сырласқандай жүзімен
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырларын, Алып жүрдің тастамастан өзіңмен. Үйеңкіден үйіріп алған қобызға, Үн қосардай, өлмес өмір төзіммен! Даналықпен ұрпағына сыр айтқан, Ой атасы сарқылмайтын бұлақтан. Қолыңа алып Қорқыт баба кітабын, Сен жеткіздің келер күнге шуақ таң. Сусындаттың шөліркеген халқыңды, Өткен небір азап толы сынақтан! Жолын жалғап Асан Қайғы, Қорқыттың, Ежелгі аңыз баба жырын толқыттың. Ер Манастың желкен құрып ізіне, Күмбірлеттің ұлы күйін жорықтың! Ғасырларға жету үшін ойларың, Сыйға тартып ізгі ойлардың қайнарын. Адамзатқа үн қатуға мəңгілік, Кең ғарыштың жұлдызына айналдың! «ЕЛІМ-АУ» ƏНІ ТУРАЛЫ ЖЫР Жан қосып, қимас жанынан, Қан қосып ыстық қанынан.
Басынан өткен зар мұңын, Əн қылып халқым қалдырған. Үңілсең тарих ізіне, Беріліп отты сезімге. Елім-ау дейсің күрсініп, Жас келіп қара көзіңе. Күншілдік билеп санасын, Бөлшектеп хандар даласын. Бір-біріне жау болып, Бірліктің жыртып жағасын, Тырналап қанды жарасын, Қорқауларға жем болып, Кетірген қанша бағасын. Өз-өзіне би болып, Алшақтатып арасын, Таңдандырған əлемді, Ыдыратып Алтын Ордасын! Руға қырық бөлініп, Бірлігі бордай үгіліп. Тоз-тоз болған шағында, Өксіпті халқым егіліп.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: