Мұндай қылық істеп еді қай патшаң, Кімді көрдің өз халқына оқ атқан, Қатыгез боп адамдығын ұмытып. Бабалардың əруағын таптатқан, Барын берген маңдай термен еліне, Қарияларын қартайғанда жылатқан. Мұның бəрі тойынғандық асқақтап, Қылмыстарын мойынға алмас бас сақтап. Шығармасқа уысынан байлықты, Бар əдісті істеп бағар қыспақтап. Қаламайды үндестікті көппенен, Жалған ұран жалауларын құшақтап. Көсем деген ел сенімі кеңдікте, Халық үшін жағдай жасап еңбекке, Əділ заңды қанат қылып бұзылмай, Жарастықпен шақырмайма елдікке. Езе берсе қалай шыдар естілер, Бұл өмірге құл болуға келдікпе? Менің үнім халық үні ашынған, Абақтыдан не табады жас ұлан. Дүлей күшпен дүрліктірген ел ішін,
Биліктегім не ойлаған басынан.? Қу мыстандай көпті жұтқан жан алып, Қанды тырнақ Голошекин оралып. Көшесінде Маңғыстаудың жүргендей, Жалын өртке сақ-сақ күліп оранып. Ізсіз түссіз сан адамдар жоғалған, Кім біледі табылама жылғадан Қара мысық миялауды күндіз-түн, Қансорғыштар жауап алған подвалдан. Аналардың зар илеген дауысы, Қоғамдағы іріңдеген жарадан!. Барғанымда сол қалаға сөзді ұқпай, Билік заңын орындайтын бұлжытпай. Қарақшыдай асты үстімді тексеріп, Күзетшілер қоқаңдайды қонжықтай. Осыма еді мен аңсаған арманым, Қара түнек секілденді бар маңым. Жалмауыздың уысына түскендей, Бұлдырайды тұман басқан ақ таңым! Неткен сұмдық залымдығы мықтының, Тыныш жерге қастық отын жақты кім?
Құрмаш атам дауыстайды мұндалап, Қозғараның қолына ұстап мылтығын. Аспан жылап төккендейме көз жасын, Қыршын кетті-ау ашу буып қандасым. Қыстың күні ойнағаны нажағай, Жəдігөйлердің бұзатындай ордасын! Отман тауда от жақтыма бабалар, Оянсын деп, қалың жұртым Адайлар. Құс боп ұшқан ойларымнан сілкіндім, Көз алдымда көк бөрілі жалаулар. Көңіл қалай тылсым күшке жібімес, Қыдыр көрген Назар бабам берді елес. Қан төккенді билік үшін жан салып, Арқа сүйер Бекет рухы жібермес! Жасырмаққа қанды қырғын қылмысын, Əулиелердің бұзып еркін тынышын. Жаңаөзеннің атын жойып тынбақшы, Саясаттың сілтеп сұмдық қылышын. Мұндай істі қолға алама ойлы адам, Өз тарихын тəрк еткенге таңданам. Бірақ айтшы не күтуге болады,
Билігімнен мүгедектерді тонаған! Жетпегендей бар жинаған байлығы, Шаңырақтарын тартып алып зар қылды. Ушықтырып өз қолымен ел ішін, Шет ел қашқан күйеу сымақ бұрынғы, Адалдықтың талқандап бақ қонысын, Жамандарың бұзды бейбіт тынысын. Қайда барсаң жабайылық қол созған, Бұқарамен қайдан тапсын келісім! Қай Тиранның көрдің мəңгі шеруін, Шегі болар əбден шектен шығудың. Астамдықпен қорықпаған құдайдан, Ішіп өлер тоймағаннан өз уын ! Ізгіліктен кеткен олар жаңылып, Бай мен кедей қақ бөлінген жарылып. Шенеуліктің аранында ашылған, Қара киіп табыттарды асынған. Шайтандар жүр ойнақ салып қағынып.! Жолын бөгеп ақиқат ер мықтының, Жеткізбеске адалдықтың нақты үнін. Жанталасып шалып жығып шындықты,
Баса алмайды өтіріктен аптығын.! Ауыздардай іші толы сөз өкпе, Көмейлерін толтырғандай тезекке. Өрт өреді күнде жабық сарайдан, Лапылдатып от құярдай өзекке. Мұң жұтасың қылығына кектеніп, Үміт артып алда келер көктемге! Жалғандыққа еті əбден үйренген, Сескенеді əлсіздіктен үрейден. Қару қылып қатыгездік сұмдықты, Қорғамақшы бар байлығын төрге үйген. Сөз бостандық тас түнекте қамаулы, Үстемдігің мықтап салған бұғауды. Атылуда аққу тектес адамдар, Ұран қылған əділеттікті қорғауды!. Түсінбеймін үкім жазған төрдегін, Алла алдында қандай болар жауабы?! Құдайсыздар құтырса тасып қан, Ақиқатты кім бар сірə жасытқан, Берген серттен Отанына айнымай, Ол жетер-ау биігіне асыққан.
Əттəң осы бітпес майдан жолында, Кім құтқарар рухани аштықтан? Туған елмен ортақ арман тілегім, Сол ғой менің қуат берер тірегім. Құшағынан іштей тұнып ашынған,. Қалың жұртты көріп неге жүдедім? Бақыт сыйлап ой жүздірген тереңге, Өз ұлтыңнан қымбат барма əлемде. Оның мұңын жеткізбесем жырыммен, Не айтамын болашаққа ертеңге? Сыйлайтұғын өнегемен ырыс бақ, Салт дəстүрден ұрпақ кетті алыстап. Əлсіреді ұлттық білім тəрбием, Құат берер Тəңір нұрын уыстап. Дүние қуу өнер болды бұл күнде, Арамзалар арбағандай дауыстап! Талғам кетті, таным кетті ұрпақтан, Əн бұзылды бабам болып үн қатқан. Жерде қалды қазақ жаны-домбыра, Жүрегімнің жалын отын маздатқан, Əрбір төрден өсиетпен нұр құйып.
Кең əлемнен сыр шерткендей жерұйық. Күй атасы Нұртөленің өзі боп, «Ақсақ құлан» күйін шертіп ағылтқан. Несін айтам сезбес жанды бізгілеп, Өнерімді топас тобыр езгілеп, Босағасын доңыз болып қиратқан. Улы зəрін айламенен төгетін, Тозақ сайтан ашқандайма тəбетін. Əр қаламда көртышқандар індері, Əр бұрышта қыз ойнағы төбеттің! Өзің айтқан дүрбалалау дініммен, Əлі келем алашұбар тіліммен. Ежірейген ұлдар білмей əдепті, Едірейген қыз қаңғырған түнімен. Тыр жалаңаш əн салады би билеп, Арбап алар сұр жыландай иреңдеп. Ақша шашқан аяғының астына, Арыстаным бір-ақ түнге үйленбек. Шала қазақ шүлдірлеген қаламда, Жаңа қазақ ақша құйған қамалда. Бəрі өзгерген еліктеумен заманда,
Мин. сымағың былдырласа тіл бұзып, Əруақтар күңіренген даламда! Қабыл алып бар үлгісін батыстың, Масылдармен байлық қуған табыстым. Өз бастауым құмда қалды көміліп, Арасында жел ойнаған қамыстың.. Əділ заңым билігіме тəуелді, Қайталайды ол шырқаған əуенді. Көз алдымда күн көрістің ойыншығы, Амалсыздан қайталаған өлеңді. Аспанымды торлағандай қара бұлт, Ақ жолымды қалай табам мен енді.? Ар ұятын байлық қуып жоғалтқан, Өз жандарын сайтандарға тонатқан, Байлық үшін улауға əзір туғанын, Қулық-сұмдық қуысынан оқ атқан. Күштілер жүр бір-бірімен алысып, Ғаламтордай бəрін шырмап сорлатқан. Ақшаң болса төрге апарар сыйлы аға, Сайлауымда айналғандай саудаға. Қажеті не адал өмір сүрудің,
Жарап тұрсаң сүйрегенде пайдаға. Олар үшін нағыз дəурен осындай, Арулармен сауна думан сайранда! Құлқын үшін түлкі болып ойнаған, Жоғарыда жəдігөйлер тоймаған. Арасында ешкім де жоқ иманмен, Қара қазақ ар- намысын ойлаған. Қымбатшылық жайлап алған қаламды, Күннен-күнге жаншып құртып барады. Айналаны жайлап алған зұлымдық, Жаннан алған салған салық қармағы, Кедейлердің жетпей жатыр тамағы, Биліктегім өзі тойса болғандай, Ойламайды қарапайым адамды.! Жемқорлығын қымтап бояп жасырып, Іш тарлықпен аққа қара жапсырып. Басты шұлғып жылтыраған бетпенен, Сөз алады төрден қырға асырып. Кес- кестеумен надандықпен жолды алар, Кекірейген небір сорлы елде бар. Жақыным –деп, сол антұрған малы үшін,
Жағамыздан алған кейбір ағалар! Қотыр теке қой бастаған даламда, Таусоғарым алтын тақты алаңда. Үмітбайым екі көзін шел басқан, Байлық құйған көк қағазды тоғанда. Халық үшін түссін олар қай дауға, Сілімтіктер өз тірлігін жасауда. Жер киесі, ел киесі қазақтың, Бар байлығы түскен ашық талауға!. Ұмытқандай олар жалғыз құдайын, Құлқынды ойлап шектіргені зор уайым. Өз қандасы жұмыссыз жүр қаңғырып, Қытай билеп қара алтынын мұнайын!. Мінбелерден тоты құстай сайраған, Құрғақ уəде елдің ішін жайлаған. Алты Алашты алаламай қадірлеп, Табыларма жауап берер ойлы адам? Жаман екен ынсап кетсе адамнан, Пері ұрғандай жазықсызға қадалған. Күсталайды адал жанын сыздатып, Бауырымды ата-жұртқа оралған!
Сəні болған алтын қазақ кемемнің, Баға жетпес қазынам ғой ол менің. Өз тумасын жатсынған бұл не сұмдық, Төрдегіні түсіне алмай келемін. Ұлы көшін кімнен үркім тоқтатты, Ата жұрттан іздемейме керегін?! Шырмауықтай дүниеге шырмалған Төрдегісін құр дəріптеп шулаған Екі жүзді пенделерден қорқамын, Көзді байлап, ақыл-ойды улаған. Құлдық сана улап алған баяғы, Елестетер қасқыр көрген қоянды. Шындықты айтсам қаламба- деп, пəлеге, Дірілдейді байғұстардың аяғы! Қайтем жинап бойға қапас көңілді, Өзіңе айтпай кімге айтамын шерімді. Ұғасың ғой жүректегі мұңымды, Шашты Əзиздей ұл келерме əулием, Тар қиядан алып шығар елімді?! Сұрағыма өзің жауап берші енді, Кім қорғайды менің ұлттық мүдемді.
Билігім жүр өз ұпайын түгендеп, Бойламастан Төле бидей тереңді.! Туыс көріп бодан қылған төремді, Көрріппе едің мұндай надан кереңді?! Шошынады шындығыңнан сескеніп, Өзін-өзі сəнқой қылған көшке еніп, Жегі құрттай жемқорларды тия алмай, Даңғазамен құр сағымды төске іліп. Түрі бар ғой айламенен баюдың, Бірақ арты түсінгенге қайғы мұң. Елін сатып, жерін сатып бір байғұс, Тығылмақшы құшағына аюдың. Өзі барып түсетіндей қақпанға, Таңданасың неге адасты ақ таңда. Туған елсіз өскен ерді көрдіңбе, Құр байлықтан ешкімге де жоқ пайда! Дүниенің сиқырына алданып, Жаратқанның жарлығынан шет қалып.. Ақындарын елден бөліп жау көрген, Надандықты кім сындырар қақ жарып.? Сатып алар ауылыңды қалаңды,
Намыссыздың туғаныма заманы. Ақын сорлы шығара алмай кітабын, Қайыршыдай күнде қолын жаяды. Соның бірі мына менмін жан баба, Бекет атам аян берген баяғы! Мінбелерден сандырақтап көпіріп, Ал билігім күнде айтады өтірік. Жеткізбекші бəрін тегіс жұмаққа, Дағдарыстың аптабымен кептіріп. Таусылғандай жұрт аманда нан-шайлық, Аналардың зейнет жасын ұлғайтып. Қайыршымен жеэөкшені тұзақтап. Салық салып бақылауын қатайтпақ. Жамамақшы көмей жыртқан жыртығын, Аз болғандай елден жиған бар байлық! Ашынасың көріп тұрып қылығын, Антұрғандар алды-ау елдің тынымын. Жеткізгендей есіргеннен құрдымға, Қасіреттің мойынға іліп құрығын. Ұмытқандай халқын сүйіп сыйлауды, Сұмдығында жатқан жоқпа мұң қайғы.
Ақиқатты танымасын дегендей, Шындығыңның қол аяғы байлаулы! Пыйғыл жаман билігіңде адасқан, Елемейді ұлттық рухын шаң басқан. Белшесінен батып болды күнаға, Адам атып елге көзін салмастан. Кісімсіген өр көкірек менмендер. Тек билікке жағу жағын заң көрер. Төменгіге шүйіреді мұрынын, Тасынғаннан адам жоқтай тең келер. Көрсеткендей мансапқорлық ерлігін, Сатып жатыр қазынасын елімнің. Тояр емес тойымсыздар қарыны, Сұмырайдың кім басады желігін. Ол ұмытқан ата жолын бұрынғы, Сатқынға ұқсас опасыздық қылығы. Көзді жұмып параны алып ұялмай, Өз қолымен қашырады ұрыны. Байлық іздеп күндіз түні жанығып, Жұмыртқадай шіріп кеткен жарылып. Бүлдіргені туған елдің ауасын,
Ашық күнде бет пердесін жамылып. Соры болды төрдегілер халықтың, Тұманданып бара жатыр жарық күн. Өзі жəйлі мақтау сөзге тоймаған, Қартайса да алтын тақтан таймаған, Мəңгілікке хандық қамын ойлаған, Тағдырымыз уысында алыптың!. Ойнағандай қуыршақтар əлемі, Қарап тұрсаң бəрі-бəрі əдемі. Аюларда би билейді қорбаңдап, Ішіп жеуден қызарғандай өңдері. Жанын салып жібергендей саудаға, Мəз болады бақытына аз ғана. Адам деген айналады екен-ау, Мақұлыққа ары кетіп азғанда.! Өліарадан шығып едік есен сау, Бұл күндері бас көтерді іштен жау. Тойынғандар халқын тонап ұры боп, Шетел қашып асып жатыр Балқан тау!. Қайсыбірін хатқа жазып тергейін, Шайтан сүйреп үрлегендей көмейін.
Жемқорлығын қасқырдан да асырып, Биіктерден бір-ақ шықты БергейімІ Əр нəрсенің болады ғой өлшемі, Қарақшыға кім ұстатқан семсерді. Сөзі басқа, ісі басқа сол қуға, Қаншама жыл үміт күтіп ел сенді? Саясатта гүл жармаса əділдік, Бүліншілік жасамайма дауыл бұлт. Өз қатесін талпынбаған жөндеуге, Билігіме қайдан сенсін қалың жұрт. Айырылған соң адалдықтан шындықтан, Жалғандықты айтшы жақтап кім шыққан. Ата жолын қастерлемей шаңдатып Көбейді ғой бұзылғандар құныққан., Тапқандайма жылы ұясын- тастағын, Тайраңдайды өгізге ерген баспағым. Ұлы далам заңын басып аяққа, Жат өлкеде қосып жатыр бастарын. Озбыр күштер үнін ұқпас халықтың, Айтпас едім шыдам бітіп тарықтым. Ақындардың шабытына у құйған,
Кім бұзады топастығын табыттың? Нұрекемді мақтаушы едім үмітпен, Бұл күндері шыға алмастан күдіктен. Отырғаным бар ағымнан жарылып. Айырылардай бабам берген кеңдіктен. Туған елді отар қылып сорлатқан, Мен қорқамын орыспенен одақтан. Кім пəлені сатып алса басына, Жау табалап ағылмайма жан-жақтан? Зұлымдықпен шырмап қойған ертеңді, Барлық сұмдық салмақ салып жетеді. Айта аламын қасіретін халқымның, Бəрі, бəрі жүрегімнен өтеді. Қайран баба сұрғылт тасқа байлана, Үн қатпайсың отырғандай ойлана. Айнымаған қасиеті өзіңнен, Туарма екен ел бағына бір дана.? Заман емес адам азды жан бабам, Алдау-арбау сауда саттық айналам. Жердің бүкіл қасіретті қайғысы, Иығыма түскендей-ақ қиналам!.
Қанжарында адамзаттың қаны бар, Арулардың аяқ асты ары бар. Аналардың еңіреген зары бар, Сəбилердің шырылдаған үні бар Ажал биін еркін билеп зұлымдық, Мəз болады атомдарын көкке іліп. Сұлулықтың өңі кеткен бозарып, Залым қолы жоқ қылардай кектеніп! Ардан безген дінсіздерің молайып, Теріс жолда жүздіреді от қайық. Азғындықпен Құранды өртеп дау салмақ, Билік үшін жер бетіне қол жайып. Қанағатты шырылдатып торға ұстап, Имандықтан кеткен олар алыстап. Ойыншық қылып адамзаттың тағдырын, Қару жыйнап бір-бірімен жарыспақ. Өмірің де, өлімің де Алладан, Танымаса ақиқатты бұл адам. Кінəлі боп қылмыс жасап өткізсе, Айтшы қалай құтылады күнəдан? Тəңір жалғыз! Жер анамыз үй ортақ,
Қалай қамсыз бейбіт күннен тартынбақ. Түсінбеймін перілердің соғысын, Ақырзаман қалған жоқпа жақындап.?! Жер анада қоса алмаған бастарын, Перзентіміз күні қысқа қас қағым. Адамзаттың ұғар биік өресін, Кеудемізде ортақ тілек асқақ үн. Кең ғаламмен бірге біздің жанымыз, Қызықтаған жұлдыздарын аспанын. Неге ұқпаймыз қасиетін қадірлеп, Мынау əлем құдайдікі екен-деп. Қонақпыз ғой пенде біткен əзірше, Қу соғыстан көркейіпті кім гүлдеп Берген сыйын жаратқанның таптасаң,, Бұзылмайма сұлулығы бір-бірлеп. Топан судан бастау алар белгісі, Есті болса мұны сезбес қай кісі. Тұрған жоқпа аналардың көзінде, Бар əлемнің мұңға толы қайғысы.! Соларында шөптер дағы күн бұрын, Қалдырады қара жерде ұрығын.
Неге адамзат бір кісінің ұлындай, Сақтай біліп ынтымағын бірлігін, Шуақ қылып мейірімділік күн нұрын, Құшаққа алып мұқиттарын, тұнығын. Бар əлемнің ұға біліп сырлы үнін. Ұрпағының ерте қамтып тірлігін. Арнамайды ізгілікке ғылымын?! Астан кестен болып жатса жер беті, Қайдан табар қуат берер қоректі, Жеңе аларма тозақ оты түнекті? Нағыз ұстаз қайғы менен қара нан, Осы екеуін ұғарма екен бар адам. Қашан бітер жер бетінде зұлымдық. Бейбіт күннің тыныштығын тонаған.?! Қанаттары біздегі үміт мұраттың, Қандай болар болашағы ұрпақтың. Ғасырды аттап айта алмаймын ашылып, Қайран баба даналығы бұлақтың! Кешір мені көрегенім ол үшін, Өзіңсің ғой қуат берер тынысым. Жаздым өлең рухыңмен сырласып,
Осы менің бар ақындық болмысым.! Күнде келем ескерткішің басына, Бір ғажайып сыр барындай осында. Сырласамын рухыңменен үн-түнсіз, Ерік беріп ұшқыр ойлар тасқынға.! АҚ ТӨБЕ ЖƏНЕ ҚАРАСАЙ БАТЫР Балғын кезде қиялшыл ғой əр бала, Келбетіне əсемдіктің таңдана. Сұрақ қойды ойда жоқта немерем, Ойға батып күлімсіреп жəй ғана. Ақ төбе –деп, аталғаны неліктен, Айтшы ата біздер келген бұл қала? Бəрін біліп тумайды ғой ғой сірə адам, Қандай айып білмегенді сұраған. Алтын сандық шежіреден сыр шерттім, Ғасырлардан бізге жеткен бабадан. Көз алдыма келді батыр Қарасай, Қамал бұзып ерлікпенен жауды алған! Жарқылдаған көкте жəйдің оғындай, Арғы атасы Едіге мен ер Мамай. Батый құрған Алтын Ордам шытынап,
Теңселгенде көкте аунап жылап ай. Тірек болып сын сынақта жығылмай, Көк бөрілі Түрік бабам туындай, Шаңырақтың отын қайта маздатып, Сорға батқан ұлы көшті қозғалтып, Жолын жалғап ата салттан жаңылмай, Орақ ұлын бір Аллаға тапсырып, Ел алдында берген серттен айнымай, Жалау қылып Ноғай баба есімін, Сақтап қалған от жүрекпен жалындай! Сол ерлердей от майданнан жүз өткен, Туған елін қаршығадай күзеткен. Асау қаны тулап өжет бойында, Қисайғанды ақыл оймен түзеткен. Қарт бурадай қас қабағы түйіліп, Ойрандаған жаудың шебін күйініп. Нар еді ол халқын сүйген жүрекпен. Əттең тағдыр жазым қылып оқыста, Жеткізбестен келер майдан соғысқа. Жанын алды жан жағынан жабысып, Ерлік қалған жалау болған намысқа.
Қапа болған сатқындардың ісіне, Күңіренген дауыс жетіп алысқа! Қашанда ел қадірлеген сүйгенін, Зұлымдардан ұрлап батыр сүйегін. Қойған екена Ақ төбенің басына, Шырақ болып жанатындай сөнген күн. Көз жасымен ақ бор езіп сылапты, Бой көтерген кесененің өрнегін, Не жетеді құрметіне халықтың, Мұндай сыйды көз жұмғанда көрген кім? Ескі қорым мұнан кейін көбейген, Бауырында осы биік төбенің! Бастан тайып бірлік атты ұлы күш, Ел басынан өткен талай өкініш. Осы жерге басқыншылар қаптаған, Бəрін бұзып салған екен бекініс. Əруақтар сарнаған соң күндіз түн, Шошқа сойып айла тапқан Ібіліс! Шарап сыйлап шоқынған жас қазаққа, Жан түршіктірер болған ғажап құбылыс. Жарық төгіп от шашқандай жартастан,
Жап –жарық осы маңда жарты аспан. Сол қорымнан сансыз аққу ұшыпты, Сыңсуменен жаңбыр құйып көз жастан. Қарғыс атып итке айналып ұлыпты, Қорым бұзған шошқа тектес көп дұшпан! Əлгі қазақ айналыпты доңызға, Иманынан кəпірге еріп адасқан! Көз алартқан көп болған ғой далаңа, Байқайсыңба мынау теле-мұнара. Батыр бабаң жатқан жерден бой созып, Жұмбақ сырды ақтарардай саған да. Кел құлыным тізеңді бүк иіліп, Мен дұғамды бағыштайын бабаңа. Бір белгі тас қоймаса да төрелер, Киелі жер түсінгенге осы ара! ҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ ТАБЫН ҚАРАҰЛЫ БӨКЕНБАЙ БАТЫР О,Əулием ғасырларға ту ілген, Ерлік даңқың аңыз жырмен төгілген. Қалың жауды жеңіп талай қол бастап, Орын алған туған елдің төрінен.
«Жарқамысқа» қалай сыйып жатырсың, Рухыңменен сырласуға келдім мен! Ақындары қара ормандай қаптаған. Киелі мекен күмбірлеп сыр ақтарған, Ой қозғайды тебірентіп жанымды, Шежірелерден құшағында сақтаған. Күңіреніп жеткізгендей бір дауыс, Қасіретті елім жылап тапталған. Көз алдымда жоңғарлардың соғысы, Көз алдымда шұбырынды ақтабан! Тарылтырып жасыл жайлау өрісті, Қатыгез жау қанымызды көп ішті. Таудай болып үйілген соң өліктер, Дозақ болып көрінгені жер үсті. Империя өзгелердің қолымен, Айдап салып жұмсап жатты бар күшті. Қыспаққа алып жан жағынан қамалап, Елге төніп қауіп қатер жаманат. Не болар деп, енді күні қазақтың, Шерлі күймен күйзелгенде жабырқап. Қарақұмда құрылтайда бас болып,
Тауке ханға өзің болдың қолқанат! Көкте ойнаған нажағайдай күркіреп, Жалын шашып кеудеңдегі от жүрек. Алдына шығып басын қосқан халықтың, Дем салғандай жаратушы құдірет. Басын бұққан ұлт тағдыры алдында, Қоян жүрек жасықтарды тілгілеп. Сөз қалдырдың мəңгілікке өшпейтін, Қуат құйып нар халқыңа жол сілтеп! Күреске үндеп ел жұртыңды тегістей, Құрсауды бұзар күндер жақын сілкін-деп.! Бас сардары өзі болып үш жүздің, Мінезіндей аласұрған теңіздің. Аңырақайда жауды шайып толқынмен, Мүйізінен айырып жоңғар өгіздің. Үстерінен көк жасындай түйіліп. Кек найзасын көз ашқызбай өргіздің! Қас батырым əруағын ерлік шайқаған, Ұмтыларма ерліктерің өзіңнің?! Жауың қашты қансыраған иттердей, Өз үңгірін өзі таптап құт көрмей.
Сол дертінен айдаһарға жем болып, Тамағынан өтіп жатты кептелмей. Жібермеді нар халқымның көз жасы, Тек достыққа құшақ ашқан көктемдей! Азаттықтың таңы болып арманың, Дем біткенше сен еліңді қорғадың. Бастан кештің қанша қырғын майданды, Жан аямай арпалыстың ол мəлім. Айрылып қалған жерімізді қайтарып, Қатал жаудың сүңгіге іліп хандарын. Түспесін- деп,байтақ далам талауға, Ұлтты сақтап қалуды көп ойландың! Алдан болжап ғайыптардың бар парқын, Елестетіп шуақ төккен таңды алтын. Мол біліммен шалқытып нұр еліме, Қадір тұтып ата дəстүр ел салтын. Сансыз қыран биіктерге самғатып, Асырғансың даналықпен ел даңқын! Қайран баба батырлардың мектебі, Құшағыңда айбындықтың от лебі. Сенде өскен жас өрендер жау жүрек,
Жақындатқан елге бақыт көктемді. Бөлшектеуге кең даламды бермеген, Біткенінше соңғы тыныс от демі! Тарихымды қас дұшпаным жасырған, Білсінші деп, келер толқын жас ұлан. Əр ізіңе желкен құрып əулием, Келешекке жеткізуге асығам. Қайталаймын сенің ұлы сөзіңді, Ғасырлардан ерлікпенен асырған: «Уа, ағайын туғандар, Сөз айтайын тыңдаңдар! Ұлымды құл қылмаймын, Қызымды тұл қылмаймын. Таптатпаймын жерімді, Былғатпаймын төрімді. Бір қасық қаным қалғанша, Тізе бүгіп өлгенше, Алысып өлем арланша! Мен қорғаймын жерімді, Мен қорғаймын елімді Кеудемде шыбын жан барда!
Халқым үшін жан пида, Бас көтер,қазақ Отаны, Дұшпанға енді бел бүкпе! Байырғы даңқтың шапағы, Шақырады бізді ерлікке. Бабалар жолын жалғауға, Айналып лаулап жалынға, Еріңдер менің соңыма! Беруге соққы жауыңа, Дауылдай бұлтты қууға!» ƏБІЛҚАЙЫР ХАН О,Муза Тəңір берген қыз бөбегім, Бабамның ерлік даңқы іздегенің. Міне біз хан молаға жеттік бүгін, Бір жұтып қоңыр салқын күздің лебін. Құлыптас ортасынан қақ бөлінген, Толқытар көңіліңнің сезімдерін! Тірліктің бұлдыр бақи əлемінде, Жетелеп даналық ой тереңіне, Еріксіз тебірентіп егілдіріп, Тарихтың қан жүгіртіп реңіне.
Күңіреніп мұнда əруақ тіл қатқандай, Ой салып жанымдағы немереме. Үш жүздің қолын бастап болған батыр, Бұл жерде Əбілқайыр ханым жатыр. Ол өзі Шыңғыс ханның ұрпағы еді, Туғаннан əділдікке жаны жақын. Тəукедей данамыздан ақ бата алып, Ерлікпен аспандатқан қазақ атын! Шыға алмай қалың жоңғар қамалынан, Мұң кетпей нар халқымның қабағынан. Қаптаған қасіреттен қысылғанда, Ол елге қорған болып жан ұшырған. Ең алғаш сыйлап жеңіс қуанышын, Ұлттық рух намысымен қауыштырған! Бұл жайлы аңыз болып əр тастары, Бұланты Аңырақай шайқастары, Ерлігін қолбасшының айтып берер, Жыраудай төгілдірген жыр дастанды. Ұғынсаң ұлы жеңіс бастау еді, Қол созып ғасырлардан солмас мəңгі! Тек əттең күншілдікті сормен бір де,
Қан жұтқан өксікпенен қиын күнде. Əр сұлтан бағынбастан қолбасшыға Əскерін бөліп алды елсіз жерде. Қауіпті ескермеді-ау қайта төнер Не дерсің құт қашырған ессіздерге! Қызғаныш қызыл итке жем болмайма, Қалайша қанат жаяр ел мұндайда, Азаптан қайғы жұтып,у ішкендей, Жалынды жəрдем тілеп бір Құдайға. Қайтесің тағдыр салса басқа зілін, Əр кімнің жазмышы бар маңдайында. Жанында қалды досы Тайлақ батыр, Тапжылмай абыройы ар барында! Дарға да шындық үшін шыдай алған, Турашыл пенде ғана таймас жолдан. Жан салды айрылмасқа қуат берер, Киелі халық атты түп – тамырдан. Аянбай панасы боп кеуде тосты, Бақ іздеп азаттықтың ақ таңынан. Басынып қазынасын тонамақшы, Сескенбей дозақ торлы қас жауынан.
Кəпірмен қол алысып,тізе қосқан, Қамады жан – жағынан тағы дұшпан. Талаудан халқын қалай құтқарады, Шығады енді қалай дағдарыстан?! Күй кешті отта қалған жолбарыстай, Шарқ ұрып өмір іздеп арпалысқан. Бет бұрды амалсыздан Ресейге, Кім білген қадамба бұл жаңылысқан?! Анығын тарих- ана айтар өзі, Бəрін де көзбен көріп жалын құшқан! Жасырын тылсымы көп бұл жалғанның, Əйтеуір жеткізуге ел арманын. Қысталаң шақтан аман шығарсам- деп, Ақиқат еркіндікке қол созғанын. Еңбегің ұшаң – теңіз тан қаларлық, Сақталған шежіресінде қол жазбаның, Ешкімнің таласы жоқ бұл жөнінде. Өзің нұры жаусын бір Алланың! Жатсаңда елеусіздеу Өлкейікте, Ұмтылмай жүрсің баба əр жүректе. Ұрпаққа ерлігіңді жырлап келем,
Жетсін – деп, таң нұрындай келешекке. Өзіңдей текті болса елін қорғап, Бөленер абыроймен құрметке, Махаббат Отан сүю құдіретте! Ырым ғой топырағыңа аунап алдық, Жан баба оның үшін айып етпе! ЖАҒАЛБАЙЛЫ ТАЙЛАҚ БАТЫР Бабасын еске алмайтын ер болама, Оралда Сырым ауыл жол жағында. Еріксіз көз тартады ескі зират, Соқпауың мүмкін емес бұл араға. Тебіреніп бас иесін ойға батып, Ер болып өткен алып тұлғаларға! Қамауға құмар болған қалың жауы, Осында Бекежанның ер Тайлағы. Көтерген күмбездерді қирап қалған, Елімді азат етіп бұғаудағы. Самал жел беттен сүйіп жеткізгендей, Бабамнан қалған өрлік ұранды əнді! Ер еді-ау қиындықта дабыл ұрған,
Аңырақай шайқасында жауды қырған. Айбынды күші жүздің қолын бастап, Жоңғардан жеңіс туын алып тынған. Үн түнсіз жатыр бұл күн мəңгі ұйқыда, Көгінде қыран еркін қалықтаған! Ой салар өзіндей боп көріпкелдің, Тылсымды мұндай ғажап көріп пе едің. Жазғандай қанатымен сол қырандар, Бабамның арман қылған үміттерін. Сенемін ұрпақтары қайталар деп, Ата-даңқ естен кетпес ерліктерін! СҮЙІНҚАРА Сүйінқара! Сүйінқара! Маған ыстық осы есім, Ағылтқандай ерлік жырдың, Емін еркін термесін. Тебіреніп іздеріне көз тігем, Ғасырлардың аттап өтіп белесін. Көз алдыма елестейді аруақ, Азаттықтың алға тартқан кемесін! Жан-жағынан жау қамалап елімді, Жалынға орап от басқанда жерімді. Жолбарыстай ол алысқан дұшпанмен, Таптатпасқа кие толы төрімді. Тажалдардың тырнағына түсірмей, Көрсете алып Көк Бөрілік тегімді! Зеңбіректердің оғын қағып қанжармен, Ол бетпе-бет келіп талай ажалмен. Тауларға ұқсап тұра білген қасқайып, Озбырларға таланбасқа туған ел. Нағыз батыр шайқасып өлер жорықта, Сөз қалдырған осылай-деп, қайран ер! Тарқамасқа төрімізден ырыс-бақ, Ол көрмеген аттан түсіп тыныстап. Көз жұмғанша қорған болған халқына, Бар тойына шашу шашып уыстап. Бұл күндері Саятөстен тік тұрып, Үн қатқандай ұран салып дауыстап!
Ашу қысып ешкімге де сөз бермей, Бір сұмдықты алдын ала сезгендей. Өзендегі аналардың көз жасы, Тыныштығын зар еңіреп езгендей. Ой салады ұрпағына жау жүрек, Аттан,аттан! Намыс қайда дегендей! БЕРГЕНІҢНЕН АЙЫРМАЙ Бақытымнан айырылып, Құса болып қайғырып. Жүргенімде, о тоба, Күнім туды қайырылып. Дінім-иман, киелім, Тілім-елім, тілегім. Сəуле төгіп қос нұрым, Қайта туып түледім. Қуат еніп қойныма, Қан жүгіріп бойыма. Ақ өлеңмен, елімнің, Шашу шаштым тойына. Көктен күліп, таң нұрым, Арайланды əр күнім. Бергеніңнен айырмай, Жарылқай гөр Тəңірім ! МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫМЫН Соқа тартып Сақтардан
Ғұндар,Қаңлы,Үйсінім, Оғызына ақтарған, Мəңгі өлмес күй сырын. Одан өрбіп жалғасқан, Қыпшақ Қарлұқ,Найманым, Керей,Пешен,Хазарға, Ұсыныпты сайманын. Сəнді қылған тірлікті, Туын ұстап бірліктің. Ашын данам тігіпті, Қағанатын Түріктің. Ашық айтып ойларын, Айқастарда асқақтай. Көк бөрлі ту байрағын, Көтеріпті тастамай. Одан тарап бай ұлы, Тарта біліп негізге, Көш бастатып Дайларға, Тартқан Хазар теңізге. «Он оқ елі» атанып, Желкен керген Еділге.
Ие болып ерлікпен, Ұлан ғайыр өңірге. Сиынып жалғыз Тəңірге! Ашын бабам Алшын боп, Жеткен солай бүгінге! Ақиқаттан нəр алған Өсиетін жаңғырған, Оқысын-деп ертеңім. Тасқа жазып қалдырған
Бабаларым от демін, Бумын ,Білге,Күлтегін! Сол бастаудан нəр алып, Сан тауларды қақ жарып. Аққан мөлдір бұлақ біз. Кең əлемге ой салып, Он тоғыз ұлт тараппыз! Бірі асыл қазағым, Кең даламдай кең өскен. Кеудесінде ғажап үн, Көктей көкпен тілдескен. Алғаш Шудың бойында, Отау тігіп енші алып Ата-жұртты тойына, Шақырыпты жар салып! Шаңырағы аспаннан, Керегесі күннен-деп Көтеріпті қос бабам, Керейменен, Жəнібек. Қаған-деген ұлыстан,
Қазақ-атты ел болып Көк теңізбен ұласқан, Ата қоңыс Сыр қонып Кең болған соң даласы, Баспау үшін көрінген. Алашымның баласы, Үш ұлысқа бөлінген. Ырыс қонып бірліктен, Шаң түсірмей таңына. Бағыныпты елдікпен, Жеті жарғы заңына! Алалауды білмеген, Адамзаттың баласын. Ізгіліктен іздеген, Сұлулықтың мұрасын. Ақын жанды елімді, Тəң ір сүйіп əуелден Шексіз-шетсіз жерімді, Қолдап,жауға бермеген! Қаздай-ақ-деп көшіне, Таңдай қақса кең əлем.
Қас дұшпаны есірме Қызғанышқа көмілген. Іші күйіп шоқталып, Оқ атқанмен далама. Ерлігіне тоқталып, Бас иіпті данама! Талай дүлей от есіп, Сынаса да ғасырлар. Тар жол тайғақ мұз кешіп, Майыспаған асылдар. Ұрпағына ұсынған, Алтын сандық мұрасын. Əрбір ізі асыл əн, Асқақтатқан бағасын! Шаттансын-деп,біз үшін, Озбырлықпен күрескен, Бабаларым ырысым, Таң боп күнде тілдескен. Жаны сұлу мөп-мөлдір, Көлдерімдей шалқыған. Омырауы төкпе-жыр, Тыңдаған жұрт балқыған.
Жомарттығы даламдай, Шетсіз-шексіз көсілген. Жүйріктігі құландай, Самал желдей есілген. Қара тастай төзімі, От пен суға қақталған. Бар сұлулық сезімді, Өн бойында сақтаған! Жанартаудай қайратты, Намыс үшін жаралған. Желтоқсандай айбатты, Дауыл төккен жалыннан. Қияметке бас имей, Сан тілдіріп табанын. Отан Рухын қадірлей, Қорғай білген Тұранын! Қорықпаған оқтан да, Сескенбеген оттан да. Сүйе білген Отанын, Ел намысын сақтауға. Жауға шапқан жалындап,
Ұландары нар қасқа. Қалған талай дауылдан, Түсіп қанды шайқасқа! Кең əлемге танытқан, Ерлігі мен өрлігін. Жаратылған алыптан, Сол Қазақтың ұлымын!. Жаса,жаса өз елім, Мəңгілікке жалындап. Сенсің өмір-өзенім, Тасқындашы жолыңда-ақ! Бұзып құрсау бөгетті, Төтесінен таптап бір, Толқыныңа тербетші, Мен төгейін асқақ жыр! Мұхиттарға қосыл да, Буырқанға теңіз бол. Дауылдардан қысылма, Алдың ашық,сенім мол! Қол бұлғайды келешек, Бақыт атты кемелден. Елім-жаным қос ішек,
Шертіп күйін келем мен! ҮШІНШІ БӨЛІМ Жиырма бес жаста жалынды, Қарсы алып алтын таңымды. Жетектеп көңіл нарымды, Толғантым оймен жанымды. Сындырмас деумен, сағымды. Келгенмін саған жан бабам, Өлеңнен іздеп бағымды. Серік қып Иман, Арымды. Ту қылып ұлттық танымды Тулатып оттай қанымды. Асылда туған алып ер, Бұл күнде қос бес сəн құрды, Жүрекке от қып жырыңды, Ту қылып келем нұрыңды. Тіл қатшы, баба, Рухыңмен, Тыңдайын елітіп үніңді. Сағынып келдім Жылойдан, Өзіңдей кие күнімді! Мəңгілік рух – Махамбет
...Найзасы жалаулаған батыр еді, Лебізі алаулаған ақын еді. Ол жырдың екі аяқты пендесінен Аспанның сұңқарына жақын еді, Адамның адамының адамы еді, Бір өзі бір халықтың заманы еді,- Əбіш Кекілбайұлы Заманның заңғар жазушысы «Қазақ» газетін шығарушы əрі бас редаторы, Құрметті де аса мейірімді ағамыз-Қоғайбай Сарсекеевке, оның шапағатын көріп,қадір тұтатын ақын інісі осы бір поэмасын шын жүректен арнайды. Лұқпан Бастау Айдың ізін ай басар, Аттың ізін тай басар. Халық айна шындықпен Ғасырларға жалғасар. Ол жоғалтпас асылын, Кейінгіге мұра қып. Сыр жоқ онда жасырын,
Өн бойында туралық. Сол айнадан бабамның, Өрлігіне сүйсініп, Тебіреніп толғандым, Жанар таудай сілкініп! Найзағайдай отты əнін, Жалау қылып жаныма. Жарқылдаған оттарын Құйып алдым қаныма! Аян берді Əулием, Ала таңда сызатта Түнеу үшін бет алдым, Мəңгілік Рух шыраққа! Ақын Кең өмір босағасында Іздемей жанға тыныштық. Сырымды қош таласың ба, Өлеңмен дос боп ұғыстық. Жүрекке отты жыр ыстық. Қайыспас асау шабытпен Дауылды дүлей аңсадық.
Кеудеме біткен дауыспен Өзіңе келдім жар салып, Күмбірде – күмбір күй шалып. Ел үшін тусаң арман жоқ, Дегенсің қапы өтерде. Көкейге сол сөз ноқта боп, Есімнен менің кетер ме. Оттыңмен сөнбес бекерге! Айтпақшы, ата күнінде, Жағалап Жемді жүрдің бе! Маңдайдан тамған тамшы тер, Сондағы мен ғой білдің бе, Жыршы құс болған бұл күнде! Сайраумен ел – деп, батырым Қанатқа іліп жырыңды. Халқымнан тапқан бақытын Ұрандап келем үніңді. О, жан баба Махамбет, Қабыл ал ақын ұлыңды! Жиырма бес жаста жалынды, Қарсы алып алтын таңымды.
Жетектеп көңіл нарымды, Толғантым оймен жанымды. Сындырмас деумен, сағымды. Келгенмін саған жан бабам, Өлеңнен іздеп бағымды. Серік қып Иман, Арымды. Ту қылып ұлттық танымды Тулатып оттай қанымды. Асыл туған алып ер, Бұл күнде қос бес сəн құрды, Жүрекке от қып жырыңды, Ту қылып келем нұрыңды. Тіл қатшы, баба, Рухыңмен, Тыңдайын елітіп үніңді. Сағынып келдім Жылойдан, Өзіңдей кие күнімді! Махамбет баба үні Хош келіпсің, кел балам, Рухымды іздеп жатпаған, Тарихымды білсем-деп, Жырларымды жаттаған
Болашаққа талпынып, Іздерімнен айтпақ əн, Ағылтайын тасқын жыр Əлі ешкімге айтпаған, Кеудеме түйіп сақтаған. Көретін бол бабамның Ерліктерін қайтадан, Талаптыға нұр жауар, Түп тамырын жоқтаған. Үзілгенін жалғауға, Алты Алашқа ой салған. Ал, кəнеки құлақ түр Ұяласын бұлақ сыр Не үшін жауға найза алдық, Ұрпағыма жауап бұл! Жыртқыштардай қаптаған, Өзінің елін таптаған, Қанын сорып сүліктей, Тірілей жанын қақтаған. Зорлықшыл орыс патшаның, Саясатын жақтаған,
Ниеті қара болсада, Бұзығын үнсіз ақтаған. Көңілін бірде жықпаған, Бұлжытпай оның бұйрығын, Жалауға дайын құйрығын, Қошемет жасап жатпаған, Топырақ шашып халқына, Тəубəден кетіп тақты алған, Ұяттан безіп мақтанған. Екі жүзді хан шықты, Ата- салттан аттаған! Білмеді доңыз ұятты, Бұқараға қи атты. Арсыздықпен жəбірлеп, Басына қамшы ойнатты, Зығырданды қайнатты. Өрісіне өрт қойып, Дозақтың оты сияқты. Жерімді алды, малды алды, Салығын көлдей мол салды. Төрім көрге айналды.
Өз құлқынын ойлаумен, Жинады құзғын қарғаны. Қалың елді жылатты, Босағамды қиратты. Ұл- қызымды шулатты, Жайық пен Еділ ортасын Патшасына тонатты. Ар иманын жоғалтты, Өз ұлына оқ атты. Жағадан суын ішкізбей, Қамшылап тілді тамақты, Туған жерден айырып, Қуғындап шөлге таратты. Қара жерге қаратты. Жағалай салып бекініс, Орыстан қойды солдатты. Ел іргесі сөгіліп, Омырауынан қан ақты! Шыдамадық бұл іске, Намыспен кіріп кеңеске. Хан ұлына қас болып,
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: