Маңдайыңа қонған бақты қадірлеп, Елдікті ойла, бірлікті ойла ұрпағым! Бірлік жоқта тірлік болмас қайда да, Татусыз ел қуанышын тойларма? Алауыз боп бір-біріңді шалсаңдар, Жете алмассың ізгілікті арманға. Күрес тынбай елдік үшін аянба, Ырыс қонсын бақыт қонсын ұяңа. Өсер елдің ұлы қыран болады, Ерліктермен құлаш ұрған қиянға! Елгезектеу мінезіңнен серпіл де, Ғылым ізде белді буып бекін де. Жер –Анаңа қорғаушы бол, жан балам, Адамзат тұр шыңыраудың шетінде! Күте алмасаң табиғатты сай бақ, Жап-жасыл боп тұрмас мəңгі сый арнап. Сақ-сақ күліп ақырзаман жақындар, Тозақ отпен, əсемдікті ойрандап. Ойлан, ойлан ақылменен бас алға. Білімдіге дүние жарық қашанда. Ұлы мақсат болсын алға қойғаның,
Өмір сынақ асулардан асарда! Жəне де бар саған қосып айтарым, Ойнағынан сақтана біл шайтанның. Олар кіріп ұрпағыңның қанына, Əрекетін істеді сайқалдың! Тұншықтырып бойдан қуып иманын, Сұр жыландай бойдан сорып бар қанын. Ұмыттырып тілін,дінін ессіз ғып, Қалдырады тентіретіп құр жанын. Мойынына түскеннен соң бұғалық, Солған гүлдей нəрін жойып қуарып. Тиын қуып керексізді қолға алып, Сырқат тауып тойымсыздық дертінен, Ырду- жырду думанменен əн салып, Жоғалған соң жүрегінен ар- жарық, Есіртке мен арағына алданып. Теріс діннің ағымына арбалып, Өз еліне өзі өшігіп жау болар, Топастықтан қара киім оранып. Айтым ұлым саған жүрек сырымды, Үміттеніп төгіп рух нұрымды.
Оят, оят, адасқанға жол салып, Кейінгіге мұра қылып жырыңды! АМАНЖОЛ СҰПЫ АТА ҮНІ Ел болама ақын жанын сезбеген, Кел, кел балам өнер жолын іздеген. Сыр шертейін, жыр төгейін жаныңа, Кең Жылойдан ерлік толы іздерден. Ақ ниетін жалау қылып көкке іліп, Асыл халқым күмбезімді көтеріп. Ата даңқын қастерлеген сəтінде, Көктен Тəңір ақ нұр құйды селдетіп. Өз ұлым-деп,бар маңайға ас тартып, Өскен елім тебіренсе еске алып. Өшпегенім , өлмегенім жалғанда, Құлыным-ау, ұға білсең сол бақыт! Туған жерге сүйей білген маңдайды, Менің əкем Сарытайдың Маңдайы. Пір Бекеттен ақ тілекпен бата алып, Толғаныпты жастайымнан мен жайлы. Қарашада Қарағайлы Мешіттен, Нəр жұтқызып білім атты нəсіптен.
Қарылғашын ұшырыпты қияға, Іздесін-деп, білім жолын өріс кең. Кім бар сірə туған жерін қия алған, Қуат алып оттай ыстық ұямнан. Болашақтың ұлы жолын ұғынып Дəріс алдым медреседе Хиуадан! Сегіз қыспен,сегіз жазым, көктемім, Есімде əлі сол шаһарда өткен күн. Көз алдымда дəріс берген ұстаздар, Имандықтың сыйға тартқан шекпенін. Сусындаған тамырынан нəр алып, Сағынышпен туған жерге оралып. Шырақ жағып жас ұрпаққа біліммен, Мешіт ұстап ата жолын жалғадық. Бабалардың ерліктерін ту қылып, Жау тиіссе белді бекем бір буып. Ар ожданды биік ұстап өмірде, Жаратушы бір Тəңірге сиындық! Ақ берендей тілеп дауыл ағысты, Қолдан бермей ұрпақ үшін намысты. Қан майданда бір туғандай бірігіп,
Жауға салдық бүкіл Алшын бар күшті. Қиянатпен қаралаған жанымды, Өттік талай түнектерден зар мұңды. Төздік ұлым бəріне де бас имей, Аңсауменен еркін атар таңымды. Біз қайда да жібін ұстап үміттің, Кетпесін деп, шаңырақтан бақ құтың, Өздеріңе жеткізуге асықтық, Ата жұрттың ата дəстүр жақұтын! Сенде ұрпақ біздің өршіл қанымыз, Сенде ұрпақ біздің кие жанымыз. Ғасырлардан ғасырларға жеткізіп, Сыйға тарттық өздеріңе оны біз! Қорғау үшін сенің азат таңыңды, Жер бетінде қаншама қан ағылды. Ұмытпа сен соның бəрін ұрпағым, Ұмытпа сен қазақ атты əніңді! Серпу үшін қара түнек түніңді, Талай тағдыр жіп ұшына ілінді. Елің аман болсын десең ұланым, Мықтап ұста дінің менен тіліңді!
Тəңір берген иман бақыт күніңді. Сұлулықтың самғататын аққуын, Иман менен бірлік болсын ақ туың. Жоғалтпаңдар бабалардың іздерін, Қастерлеңдер сыйға тартқан тартуын.! Келер ұрпақ өздеріңде бар үміт, Ғылым ізде ата жолын жаңғыртып. Туған елге ту болыңдар желбіреп, От құшағын аппақ нұрға малдырып. Сырымды айттым жеткізсін-деп, кейінге, Риза бол ақын ұлым пейілге. Шөлдепсің ғой құдығымнан мен қазған, Сусындап ал əбден қанып мейірімге. Заман айна мəңгі бақи жоғалмас, Адал болсаң ізгілігің ұмтылмас. Ұмытпа сен ұлы жолда ұланым, Дүние байлық кісіліктен оза алмас! ДƏДЕН АТА ҮНІ Кел, кел балам толқып кетті жүрегім, Қабыл болсын маған деген тілегің. Арнап өзің бас иіуге келген соң,
Ағылтайын қалың ойдың тиегін. Осы жерде арғы атасы қыпшақтың, Сөндірместен отын өмір ошақтың. Аралтөбе қырларында қоныстап, Сармат атын тасқа жазған жасап күн. Келер ұрпақ ұқсыншы-деп, тарихын, Қалдырыпты семсерлерін сауытын. Жебелер бар құйған зерлеп қоладан, Жырла балам қанатында шабытың! Бір кездері сəйгүліктер ойнаған, Көз тастасаң шетсіз-шексіз айналаң. Елестейді көз алдыңа бабалар, Боз жусанды боз даласын қимаған. Кең Жылойға сыйлай білген бақ нəсіп. Шығыс жақтан мұнартады Ақ мешіт. Ақша бұлттан желкен құрып далама, Ғасырлардан тұрғандай ол сыр шертіп. Əлдилеген Пір Бекеттей дана ұл, Осында ғой Жаналы мен Мырзағұл. Жəниядай қасиетті анаң бар, Бар қазаққа өнегемен болған жыр.
Құмды қырлар оқығандай дастанын, Тебіреніп толқыдыма жас жаның.? Пір Бекеттен дəріс алған шəкірті, Ой салады əулие атаң Құлшаным! Құшақтағың келіп тұр-ау бəрінде, Баба даңқы арқау болсын əніңе. Иман болса жаныңдағы жолдасың, Туған жерің сыр шертер-ау əлі де. Бəрінің де жыры болған кең Жылой, Бəрінің де əні болған кең Жылыой. Қорқыт бабаң күй шерткендей қобызбен, Толғантады əсемдікпен қалың ой! Ой жіберсең тереңге асыл тұяғым, Құт қашпаған құшағыңнан ұяңның. Жыр атасы Сыпыра жырау өскен жер, Алға тартып Асан бабаң қиялын. Осы жерде өшпес жалын жүрекпен, Құрманғазы тебірене күй шерткен. Исатай мен Махамбеттер қол жинап, Кеңдігіне пейілімен ту тіккен. Өткен мұнда талай жиын құрылтай,
Тастемірден ұран тастап Қаратай. Сегіз сері əнге салған ұмтылмас, Əннің аты «Кең Жылой»мен «Буырылтай»! Ерлік үшін жүректі боп жаралған, Ұл қыз өсіп ақ сүт емген анадан. Бабалардың аманатын ту қылып, Күн шуақ боп Кең Жылойға таралған. Айта берсем таусылмайтын жыр болар, Өтті небір ой ағысты тұлғалар. Парасатпен біріктіріп еліңді, Əрдайымда алға бастап жүрді олар! Əділдікпен кеңес құрып əрдайым, Ынтымақпен күнде ойлап ел жайын. Даналықты тарту еттік өзіңе, Келер ұрпақ кеппесін-деп, таңдайың! Аз болған жоқ біздер көрген мұңымыз, Тасқа жазып қалдырғанбыз оны біз. Бəрін, бəрін сақта балам жадыңа, От кеудеңде жүрсін тулап қанымыз. Қызыл дауыл аждаһадай жез тырнақ, Нар халқыңды аямастан алқымдап.
Бар қаймағын бетіндегі сыпырып, Қорлап күліп сүйектерін сындырып. Түрмелерге айдап тықты шынжырлап. Зомбылақтан ағып жатты қан бұлақ. Жер бетінен жою болу мақсаты, Қолдан аштық жасап бақты дəнді ұрлап. Адастырып ата-дəстүр салтымнан, Тарихымның бетін жыртып зақымдап Бас болмаса кеуде ішіне толар лас, Ал кеудесіз адам əсте жым-жылас, Ақыл ізде тамырыңнан сусындап, Бабалардан сөздер қалған ұмтылымас. Жоғалтпастан ата-даңқы үлгісін, Бəріне де төздік ұрпақ сен үшін. Жеткізсек-деп, ақ сүт емген тіліңді, Жеткізсек-деп, дін иманның жемісін! Сен қадірле бəрін ұлым бағалап, Өткеніңді ақылменен саралап. Еркіндігің ақылыңмен сай келсе, Сонда ғана маңдайыңа қонар бақ! Қорға,қорға ата-жұртты талмастан, Құшағынан бауырыңды жазбастан.
Туған жерде өмір бұлақ бастауың, Бабалардың үніменен жалғасқан! Жырла, жырла əдідіктің сəн көшін, Біздер жаққан шындық оты сөнбесін. Таламасын нар халқыңды қорқаулар, Зомбылықтың төріңде ашып көрмесін. Ермей əсте адасқандар бұзыққа, Тіреу болып ел ойлайтын озыққа. Қасында бол қарапайым халқыңның, Өлсең дағы байлық таққа қызықпа! Мəңгі майдан ұғынғанға бұл тірлік, Əнің болсын жырың болсын ізгілік. Жол бастасаң келер буын кейінге, Тау қопарар олар тасын жүз тіліп! Сырымды айттым саған сеніп жас ұлан, Сақ болғайсың езеуіреп тасудан. Тыңдай білсең ақылымды ой бөліп, Күнде алдыңнан арайлы таң ашылған. Міне бүгін қастер тұтып еске алып, Жиналыпты ас беруге көп халық. Бəріне де бақыт берсін Тəңірім,
Тыңдап ал сен тілектерін зер салып. Не жетеді ата жолмен өскенге, Туған жерсіз бақ таба алмас ешкім де. Күн бесігің-Кең Жылойды жырлай біл, Бабалардың аманатын ескер де! ДАЛА ҮНІ Айта білген мəңгілікке ар əнін, Біздер куə ерлігіне бабаңның. Домбырада күймен жазып қалдырған, Ұлылыққа баспалдақ қыл жолдарын. Елін қорғап қатерлерден қауіптен, Бір Аллаға имандықпен тəубе еткен. Бағалаған кісілікпен мəртікті, Биік қойып байлық толы дəулеттен . Адамзатқа тек амандық тілегі, Аузын ашса көрінетін жүрегі. Сенің бабаң сұлулықты ұнатқан, Құлан мінез жүйрік мінген ер еді. Көрініп тұр сан жолдарды кезгенің, Кел, кел, балам көрсетейін іздерін. Туған жерге қорған болып тұр олар,
Əр төбеде тасқа жазып сөздерін.! ЖАРЫ МƏТЖАН АТА ҮНІ Жанқожа –деп, аталатын осы жер, Кең Жылойға əуел бастан таныс жер. Осы жерде біз жатырмыз тыныстап, Сыр айтайын ақын балам бері кел! Табиғаттан іздеп мəңгі жарасым, Сүйген адал шексіз-шетсіз даласын. Жаны сұлу біздің қайран бабалар, Қадір тұтқан тілге шешен данасын. Сұлулыққа жетелеген бар елді, Əдептілік-əдемілік əлемді. Ұғынсын-деп, балапанын ұядан, Ұшырған ғой бойға құйып өнерді! Көрегенді көнелерден сыр аңдып, Бізде өстік даналардан нəр алып. Дауды жеңдік дəлдеп айтып шындықты, Қара қылды əділдікпен қақ жарып. Баршылық та жоқшылық та көрдік біз, Бірақ ұлым күн кшпедік ерліксіз. Жан берсекте сыр бермедік дұшпанға.
Жалаң атпен шоқты шайнап кештік мұз! Қызыл дауыл отын тастап іргеге, Байтақ далам айналғанда түрмеге. Қалың Адай қансыраған қан жұтып, Айналғаны мəңгі өлмейтін ерлерге! Елім үшін отқа түсіп шайқасып, Еркіндіктің азат таңын аңсадық. Біз алыстық ең соңғы біткенше, Келер ұрпақ, саған ізгі жол ашып. Өзіңсің ғой жан сырымды ұғатын, Арман қуған өр қиялшыл қанатым. Əлсіз болсаң тұрақтамас қуаныш, Еңбегіңмен артыр елдің қуатын. Қадір тұтып ата-жұрттың үлгісін, От кеудеңнен сайратып бақ жыр құсын. Сұлулықты қанат қылып жаныңа, Жалғастыр сен бабалардың ұлы ісін! ЖАРЕКЕ ХАЗІРЕТ ҮНІ Туған жерге арнап дəйім дастанын, От кеудесі алаулаған жас жалын. Мешітімнің құлап қалған орнында,
Мұңға батып қандай ойдан жасқандың? Бəрін-бəрін қызыл дауыл бүлдірген, Жазықсызды ажал оққа ілдірген. Дасдарханнан ішіп адал асымды, Зомбылықпен от саларын кім білген? Келер ұрпақ болмас бəрін айтпасқа, Келген бақты қорғай білмей шоқ баспа. Елің сенің болашағың ертеңің, Дем біткенше хақ жолынан адаспа. Кең құшағы жүрек тербер əн болған, Туған жердің ен жайлауы Жем болған. Сол ұяңнан басталады ұланым, Отан анаң өміріңе нұр құйған! ТƏҢІРБЕРГЕН (МАҚСЫМ) АТА ҮНІ Қияметтей қырсық шалып елімді, Түнек басып менің туған жерімді. Жазықсыздан жапа шегіп түрмеде. Ай мен күнім тумайтындай көрінді. Ақын балам алшы бəрін түсініп. Бар жазығым бойымдағы кемшілік. Талайларды емдегенім дертінен,
Ажал келсе тұғырынан түсіріп, Cүрінгенді демегенім қолтықтан, Жасай біліп ізгілікпен кісілік. Заман азса иман кетер адамнан, Түсінбестен өңшең құзғын шулаған, Бұл молда –деп, халық миын улаған. Абақтыға салды апарып Оралға, Өрмекшінің тұзағындай торлаған. Қиын болды менің халім сор батпақ, Өмір-өлім ортасында зар қақсап. Жүргенімде Тəңір айдап түрменің, Бастығы өзі шақырғаны сыр сақтап. Он бес жылдай сал боп жатқан жалғызын, Ешкім емдеп жаға алмапты жұлдызын. Сырты сау да, іші нала жан екен, Айтты егіліп, көмек сұрап арызын. Адам барма қолын созбас арманға, Мың иіліп сəуле сепкен Аллаға. Иə, Бекет-деп, мен емдеуге кірістім, Көзімді ілмей ұзақ түнгі таңдарға. Ауыр екен меңдеп кеткен сырқаты,
Қу сүйек боп қалған балғын сымбатты. Он күннен соң өн бойына ем қонып, Күндей күліп аяқ басып тіл қатты. Ақын ұлым ұрпақ дерттен азбасын, Тия алмады қуаныштан көз жасын. Баласы үшін аянбаған сол жігіт, Бұрды бізге көңілінің арнасын. Тарту етіп күйме шана қос атты, Иілдіріп дікеңдеген солдатты. Көріпкелді Ешмандай ініммен, Темір торлы түрмесінен босатты. Қилы заман солай бастан өткізіп, Кең Жылыойға сағынышты жеткізіп. Кие толы топырағын сүйдік біз, Қимастықтың мөлдір шығын жүздіріп. Күллі азапты мұңмен қайғы тарқады, Көргеннен соң күн бесіктен ақ таңды. Қасиетті жанға дауа ауасы, Жібіткені жусан иіспен қолқамды. Маған келген аппақ екен пейілің, Ұлы жолда төксін Алла мейірім,
Сенбе ұлым байлық қуған жандарға, Ешкім көрге əкетпеген тиынын! Жолдас болып əрдайымда даналық, Сусындай біл бабалардан нəр алып. Олар салған ізгілік жол киелі, Тілегіңе тілек қосар жаңарып. Қуаныштың көргенмен сан ғажабын, Кетпей қойды естен көрген азабым. Соның бəрін шындықпенен өрнектеп, Ұрпағыңа жалын жырмен жаз жаным! ЕШМАН ƏУЛИЕ АТА ҮНІ Кел, кел бері ақын ұлым жақында, Мен жатырмын Басшы бабаң жұртында. Көз салып тұр торғай шықса қабірден, Рухыменен сырласуға тартынба. Мен есейдім Сұпы атаңнан бата алып, Туған жердің көріпкелі атанып. Тылсым жұмбақ дүниенің сырларын, Сезінген соң ел жұртыма ақтарып. Алла берген киесімен олжаның, Алда болар құбылысты болжадым.
Жамандықты алдын-ала ескертіп, Жақсылықты хабаршы боп қолға алдым. Сиқыр сазды мынау ғажап ғаламда, Жер анасы дем берген ғой адамға. Иман болып өмір бойы серігім, Қызықпадым дүниеге жалғанда. Болсам дағы мен ешкімге жазықсыз, Жала жауып жүрегіме салып сыз. Тыңшысы-деп, елде жүрген Жапонның, Қамағаны соттамай-ақ жарлықсыз. Зар жылатты еңіретті анамды, Қызыл дауыл ойрандаған даламды. Шырылдатып сəбилерді жылатып, Отқа салды қасиетті Құранды! Жоқтық қысып туысқанды жек-жатты, Көңілді шер, екі көзді қан жапты. Бас көтерсек еркіндікке қол созып, Басқыншылар төкті əкеліп солдатты. Үзім нансыз жаттық аштан бұралып, Тірілей-ақ талап жатты албасты! Тəркіленіп мал мен мүлкі халықтың,
Қуғын сүргін түрін көріп аштықтың. Екі миллион адам жаны үзіліп, Туған елді қасіретпен басты мұң. Даналарым түрмелерге қамалып, Жылан шақты тамырынан қан алып. Тілім, дінім қос қанатым қырқылды, Зомбылықтың шырмауына оралып. Балта шауып түп тамырға дем берген, Аластатты мұсылмандық үндерден. «Прорва Лаг» қамал соғып іргеден, Айналған соң қанды базар түрмеге, Құшағында күнде қырғын кісі өлген. Езгіледі отарлаумен кеңесім, Жер менікі, мал менікі демессің. Итпен құсқа нар халқымды жем қылып, Түгел тегіс жүріп жатты конфискің! Босты халық тым тырақай жан-жаққа, Шыдай алмай жаныштанған азапқа. Ауған менен Түрік Иран, Қытайым, Пана болды қиналғанда қазаққа. Серпуге де мүмкін болмай тұяқты,
Туған елде қызыл өзен қан ақты. Бір ауыз сөз қанішерге айтылса, Күтіп тұрды түсі суық абақты. Мұң кетпеді сор кетпеді даламнан, Бəрін қызыл империя тонаған. Ұрпағына өз бабасын жау қылып, Мазақ қылып саясатпен қорлаған. Көрсем дағы бар азабын құзғынның, Ар намысты өмір бойы ту қылдым. Білдірмедім аштығымды көкжалдай, Жоғалтпадым жан бабамның ар үнін! Айнымастан ақиқат ер сезімнен, Кек қайтарып қас жауымнан төзіммен. Қарақшымен жолбарысша алыстым, Келер ұрпақ үміт күтіп өзіңнен! Аз да болса айтым ашық ойымды, Шындық сүйер жігітсің ғой айбынды. Тəңір өзі бақыт беріп таусылмас, Көрсетпесін менің көрген қайғымды! АҚЫН ҮНІ Абдырадым мен өзіңді таба алмай,
Қай жердесің асыл баба Еркебай. Құлыптас жоқ бəрі құмға айналған, Ғасырлардан жетпей қалған хаттардай. Жермен жексен болғаныма сүйегің, Қалың шөптер қорғаушың боп сақтардай. От кеудемде сан бұлқынып нар талап. Қаққанында сағыныштан жыр қанат. Орта тұстан белгі беріп иреңдеп, Қара жылан көрден шықты мұндалап. О, əруақ,дұға оқиын сабыр ет, Өзіңде ғой сырлы жұмбақ құдірет. Қасымдағы Əтін қарттың Сақиы, Бабам ғой-деп күбірлейді елжіреп. Аққу ұшты осы бір сəт көгімде, Дауыс жетті баба сенің үніңбе? Сөйле, сөйле қасиетті киелім, Ұрпақтарын жетектеген ілімге! ЕРКЕБАЙ АТА ҮНІ Тыңда балам өтті қанша сарша күз, Мен жатырмын елеусіздеу қоршаусыз. Итте өтеді, малда өтеді үстімнен,
Білесің ғой өлген жандар қауқарсыз. Ұрпақтарым қайда кеткен япырма-ау, Жоғалдыма əлде ішінен иман жүз?! Кімді көрдің бабаларын ұмытқан, Қашан ерір көңіліме қатқан мұз! Елім қайда, туыс қайда жан ашыр, Тұрғызбада көп емеспе сан асыл. Тастан емес, ең болмаса темірден, Қоршап қойса тұрмаспа едім бір ғасыр! Айтарым бар, ұлым саған əлі де, Əруақ сыйлау үлкен парыз тіріге. Қонақтасың сен əзірше түсінсең, Ере көрме тақты ойлаған періге! Əр нəрсені шырмап қосып өлеңге, Көртышқандар шиқылдайды төбемде. Мен сенбеймін айтқанына олардың, Заманы бұл ұрылардың дегенге. Көмбе толы кітап жатыр қойнымда, Соның бəрін терең сақтап ойыңа. Ұқыппенен кейінгіге жеткізсең, Нағыз шашу болмаспа еді тойыңа?!
Тама, тама дария болар тамшыдан, Іздене біл, білім қуып жасыңнан. Туған жердің əр төбесі əулие, Сусындауға бал бұлақ боп ашылған! Қанат жайып құшағында бақ үміт, Отқа жанбас елін сүйген нар жігіт. Қуантады Алла танып өскенің, Бабалардан іздей біліп ұлылық. Өн бойыңа құятұғын таң нұрын, Сен қадірле бабалардың əр үнін. Ұға білсең қасиетінен даналық, Болашағың көркем болар жарқыным! Тəңір өзі сыйға тартқан өшпес нұр, Семсер болып жаныңдағы алмас жыр. Өсиетін сен олардың ту қылып, Ұлы жолын келешекке жалғастыр! ƏЖЕЛЕР ҮНІ Біз майданға найза алып аттанбадық, Ар киесін қадірлеп ақтан тағып. Тоздырмастан бабаңнан шаңырағын, Адалдықтың антынан аттамадық.
Жеткізсек-деп, мол мұраң қазынаңды, Жүректерде сақтадық аңыз əнді. Құйдық оны бойыңа бесік жырмен, Болсыншы-деп, ұрпағың жазың нəрлі. Ақ жолына бақыттың нұрын шашқан, Сақта балам баба үнін ұмытпастан. Түгендеп ал тарихың шежіреңді, Ұлы көшке шығарда осы бастан. АҚЫН ҮНІ Ассалаумалайкум! Қарашүңгіл киелім, Кеудемдегі күмбірлеген күйме едің?! Аңсап келдім сағынышпен өзіңе, Ақпа жырдың ағылтып ой тиегін. Сан ғасырлық өн бойына сыр түйген, Тебіреніп бір тіл қатшы əулием. Қайда сенің алтын бұлақ бастауың, Барша қазақ қадір тұтып бас иген. Өзі берген ырыздығын Құдайым, Астанасы теңіз тектес мұнайдың. Арнап келдім бабам ізін көрмекке,
Құшағыңды аш емін еркін аунайын.! Жыры сенде, сыры сенде ғажаптың, Ұлғылаған еркіндігін азаттың. Білеме екен киелім-ау осы жұрт, Жұмысшысын сенен шыққан қазақтың?! Осы жермен тағдыры бір қосылған, От кеудесін тербеп үміт асыл əн. Келешекке түйе арбамен жол салып, Мұнайыңды Ракушкіге тасыған. Жолдар жатыр ішіне сыр бөктеріп, Жанам деген жүректерге от беріп. Ұлылығы ұран салып ұрпаққа, Намыс туын баба ізінен көкке іліп! Ақын да өзі жырау да өзі даламның, Сұлулығы осында ғой ғаламның. Қарашүңгүл-астанасы мұнайдың, Қарашүңгүл үнісің сен бабамның! Сөйле, сөйле шежірелі абызым, Елің білген мұнайыңның маңызын. Бүгін тойда күмбірлетіп күй төксін, Қолыңдағы ғасыр атты қобызың!
Біз тыңдайық еміреніп сүйсініп, Шуағыңнан кеудемізге нұр сіңіп. Сенің сырың-бабам сыры ой толы, Туған елге тілей білген молшылық! ҚАРА ШҮҢГҮЛ ƏУЛИЕ АТА ҮНІ Əсем сазын туған жерге арнаған, Кел, кел бермен жақындашы жан балам. Осы жерден өтіп сансыз керуен, Азияңды Евразияменен жалғаған. Құшағынан түсірмеген ай күнді, Қала болған кең əлемге əйгілі. Ғасырлардың сырласы боп ол ұзақ, Бастан кешкен қуанышпен қайғыны. Кең далаңды астастырып көкпенен, Даналықтан шырақ жағып от өрген. Осы жерде Сыпыра жырау данышпан, Муза арудың қыз бөбегін көтерген. Сұлтан болған ерлік жолмен Мысырға, Бейбарыстай бабаң туған осында. Сағыныштан боз жусанын иіскелеп, Қадір тұтып жастап жатқан басына.
Ат жалында өтіп барша ғұмыры, Адалдықтың жетелеген қосына. Айта берсем туған елді күзетіп. Қуат беріп, намыс, ерлік өжеттік. Жер бетінде қазақ атын жоғалтпай, Жалғастырып баба жолын біз жеттік Елің үшін түсуге əзір тамұққа, Басшы болған өзің сүйген халыққа. Өтті небір билерменен шешендер, Бір өздері тұрар бүкіл хандыққа. Бəрі жатыр осы жерде тыныстап, Түгендеп ал терең оймен дұрыстап. Анау жерде Қыз- əулиең ой салар, Туған жерге тілей білген ырыс бақ! Кімнен тұрсың балам қазір көз алмай, Сəл ұзасаң айырылып бір қалардай. Сезіп тұр-ау қайран ақын жүрегің, Осы жерде ақын бабаң Аралбай.! Менде сүйем ақжарма жыр өлеңді, Өзім жəйлі сыр шертейін мен енді, Жеті атасы Ақботадан тараған,
Мен Адайдың дара шапқан күреңі! Талай майдан бастан кештім ел үшін, Қорғауменен туған елдің ырысын. Келер ұрпақ қас жауыма құл болмай, Татса екен-деп, жеңісімнің жемісін. Сері болдым ақын болдым жасымнан, Жасын күйлер омырауымнан шашылған. Əнге салсам аққу қаздар көктегі, Қанатына дауысымды іліп қосылған. Кім көнбейді тағдыр салған ісіне, Қарамастан қалмақ ханның күшіне, Шұңгіл атты мен қызына ғашық боп, Құса болып күнде көрдім түсімде. Ол да ғашық, менде ғашық бір тілек, Көз тасада сан кездесіп елжіреп. Уəделестік бірге өмір кешуге, Не де болса тəуекелге бел тіреп. Бірақ ұлым болмай қойды жолымыз, Ашылмастан қалыңдаған сорымыз. Аңызақта шөл далада адасып, Бір-ақ тамшы су болғанымұңымыз!
Таңдай кеуіп құм бораған жолда арып, Сағым қуып сансыз күндер сандалдық. Ұшқан қарға кездеспеді маңайда, Ізімізден ажал сайқал жүрді аңдып. Оранған соң көз аштырмас от құмға, Қиналғаннан жүрек келді алқымға. Ажалдыға кім болсаң да бір тағдыр, Сөзім қалып айтылмастан халқыма. Осы жерде қол ұстасып көз жұмдық, Ең болмаса ұрпақ қалмай артымда. Осылайша ғашықтың дертінен, Қос аққумыз уақытынан ерте өлген. Тəлкек тағдыр тозаңымен аямай, Улы зəрін бетімізге бүркеген. Мұқалмаған жан едім мен алмастай, Тұра алмадым балам саған сыр ашпай. Жолға шықпа ешқашан да сен жалғыз, Ақ бата алып бабалармен сырласпай! Сенің бабаң туғанынан жыр құмар, Ақын болған саналыға ой құяр. Ұлтын сүйген, тілін сүйген жан салып,
Кіндік кескен жерден тағып бойтұмар. Дəулет құрып өзі баққан малынан, Еңбектеніп қара терге малынған. Қажеттісін ақылменен сезініп, Өз орнына жұмсай білген молынан. Жүйрік мініп құлағында ойнаған, Сұлулыққа əсте бірде тоймаған. Ұлан байтақ жазиралы далаңды, Саған аман жеткізсем-деп, ойлаған. Əділдіктен іздеп асыл арманын, Достық үшін аямаған ақ дəмін. Жаны жайсаң асылдарды іш тартып, Тəңіріндей сыйлаған ол қонағын. Ізгіліктен іздеуменен бақыт құт, Арды сүйген құлшылықты жаңғыртып. Сезе білген хикметінің Алланың,
Адаспасқа дін жолынан қалың жұрт. Адамзатқа залал салған көптеген, Олар шарап ақымақ боп ішпеген. Тəңір берген денсаулықты бақыт-деп, Шүкір етіп бар бергенін ескерген. Ақтау үшін сол бабалар арманын, Айнымастан берген серттен жас дарын. Келер күнге қайсарлықпен жалғай біл, Ерлік толы шежірелі жолдарын. Ақыл, сабыр, ұят болып серігің, Сүйсінердей сұлу болып өмірің. Кім де болса жасы үлкенді қадірле, Ал кішіге шуақ төксін мейірің! Бір орында тұрмас өмір арай бақ, Кемтарларға жардем істе қарайлап. Біреу күндеп аяғыңнан шалса да, Іштарлықтан, зұлымдықтан бол аулақ! Сан аударар тағдыр өмір қайығын, Сүрінгеннің баспа бетке айыбын. Шындық болсын өршіл үнің қашанда,
Кеш болса да түбі берер қайырын. Түлкі бұлаң саясатын асырып, Тарихыңды келді жауың жасырып. Саламаттай дана басшың болмаса, Жатарма едім құм астында ашынып. Сырымды айттым саған балам елжіреп, Кісілікте ұға білсең құдірет. Дəлелдеген астанасын мұнайдың, Сол ағаңа жырмен жеткіз рахмет! Ақын ұлым туған елдің жазы алда, Бабаң үнін алып дəйім назарға. Ақиқатты ақ ту қылып қаймықпай, Тарихыңнан тамыр үзбе жазарда! БҰҒЫБАЙ АТА ҮНІ Биік ұстап имандықтың ар əнін, Жолдар кезіп Меккеге сан барғанмын. Сансыз кітап арқаладым сен үшін, Келер ұрпақ үміт артар арманым. Білсе екен-деп, кең ғаламның сырларын, Мен білімнің шырақ қылып сый нəрін. Білгенімді аманат қып өзіңе,
Бар жиғанды өздеріңе сыйладым. Бір алланы сүйе біліп жасыңнан, Аулақ болып жамандардан тасынған. Арың менен ерлігіңді қорған қып, Əрдайымда өзіңе сен жас ұлан! Ізден, ізден маңдай терің моншақтап, Білімдіні бөгей алмас сор батпақ. Еңбек, еңбек болсын сенің ұраның, Еңбектенген бақыт жолын сол таппақ! БИМЫРЗА АТА ҮНІ Берілмеген ішіп жеуге бұл тірлік, Білім ізде жалықпастан ұмтылып. Нағыз дəулет таусылмайтын бар сонда, Жететұғын өміріңе ғұмырлық! Қанағат боп əрдайымды есебің, Жамандықтың жолаттырмай кеселін. Ғылым шамын жаға білсең кейінге, Еліңменен гүлдей жайнап өскенің! Дұшпаны боп жаратылған адамның, Надандардан сақтанып жүр қарағым, Қайда болса нағыз өнер иесі,
Олар соның бағып жүрер қадамын. Өмір жолы сынға толы бұралаң, Жемқорлықпен ізгілікті торлаған. Тойымсыздан тіптен аулақ болғайсың, Тəкапарсып өзін-өзі тонаған! Адамзаттың сұлулығын сəнді еткен, Бақыт жолы басталады əдептен. Бастауы оның Тəңір берген тіліңде, Тіл бақпаған туған елін жүдеткен. Тіл ұлтыңның қаны, жаны ұғынсаң, Жүрек отың бабаң берген лағыл шам. Ақ сүті бар онда анаңның өсірген, Киесі ұрар қасиетін ұмытсаң! Бабалардың қадір тұтып əр сөзін, Қорған болып ақыл, сабыр, мінезің. Мақсат қылған арманыңа құлшын сен, Сүйе біліп даналықтың күн көзін. Тамыр жайған топырағың туған жер, Қанат жаяр кеңісітігің туған ел. Ұмытпасаң мұның бəрін ұрпағым, Асулардан аса аларсың талай бел!
Жаңа ғасыр бақыт беріп бəріңе, Қыдыр қонып, ырыс келсін бəріңе. Тілін, дінін ұран қылған ұландар, Күнде жеңіс əкеледі еліне! Жүректердің тербеп нəзік пернесін, Əрбір үйді мол қуаныш кернесін. Əнің болсын күн бесігің Кең Жылыой, Отаныңның биіктеткен мінбесін. Ізгіліктің жаға біліп оттарын, Сыйға тартқан даналық ой бақтарын. Туған елдің туы болған киелі, Аман болсын Қаратаудай қарттарың! Баба жолын жалғай біліп ұрпағың, Шексіз сүйіп адалдықпен Отанын. Сүйсіндіріп ұлттық сана намыспен, Сəні болсын шуақ төгіп ортаның! Ақыл жігер серік болып бақ көшің, Мақсат қылған биіктерге өрлесін. Тəңір өзі сыйға тартқан туғаннан, Қаламыңның сиясы ұлым кеппесін! Өзіңді ұғар дос көбейіп қасыңа,
Ғұмыры ұзақ жас қосылып жасыңа. Жүрегіңнен жарып шыққан дарияң, Мұхиттармен жатсын шалқып қосыла! АРАЛБАЙ АҚЫН БАБА ҮНІ Қуат берген желегіне жап жасыл, Жинақталған өн бойына бар асыл. Құдірет бар үндерінде бабаңның, Балдан қалған сарқыттайын сан ғасыр. Ешбір сазға қосылып ол ауыспай, Қос қанатты періштедей нұр ыстай. Таңмен бірге күнде ерте оянып, Ұрандайды Алаш деумен дауыстай. Олар дəйім бір күрсініп далаңмен, Сан жарысып жүйрік жетпес самалмен. Талай түскен талқысына тағдырдың, Қанды құйын ызғарымен салған дем! Бар осында Əбілхайыр, Абылай, Батыр бабаң Қаракерей, Қабанбай. Көкжал Барақ,Райымбектей əулиең, Қарасай мен Қанжығалы Бөгенбай! Мəңгі өшпеске жырыменен нəр берген,
Бар осында Бұхар жырау ой өрген. Ақтамберді, Жиембет пен Қарасай, Қожаберген, Үмбетайлар ел ерген. Азаттықтың аңсап өткен күн нұрын, Бар осында қол бастаған Сырымың. Исатай мен Махамбеттер бар мұнда, Жəңгір ханның тілгілеген түндігін! Жолбарысы мынау алып далаңның, Бар осында Есет батыр қыраның. Ту байлаған Жанқожа мен Бекет бар, Жауға шапқан шегінбестен бір адым! Туған елдің қорғай біліп əр тасын, Жалау қылған Алаш атты ұранын! Бола білген туған елге күнмен-ай, Бар осында Кенесары, Наурызбай. Теңдік үшін қас жауымен алысып, Ағып түскен көктен аққан жұлдыздай! Шыққан тегін білсінші-деп,мəңгілік, Тау тасына тарихыңды жаздырып. Аманатын қалдырған ғой бабалар, Біздер үшін ерлік толы əн қылып!
Қайталаған мақтанышпен шың мен құз, Қазақ деген еркін ойлы ұл мен қыз. Енисейден тамыр алып далама, Зеңгір көкке жаға білген сан жұлдыз. Ескіменен жаңа болар сабақтас, Онсыз əсте күнің күліп таң атпас. Тарихыңның əрбір бетін алтындап, Ақиқаттың ақ жолымен алға бас! ШЕРЛІҚҰЛ ƏУЛИЕ ҮНІ Кел,кел балам,Желтау осы жел ескен, Көк аспанға қолын созып тілдескен. Осы жерде мешіт салып ұрпаққа, Білім нəрін құйдым тыным көрместен. Кең Жылойым тұғырым да тұрағым, Мынау менің көзін ашқан бұлағым. Сусындаған одан сансыз шəкірттер, Жырға қосып ана тілін шырағын. Ана тілің ұқсаң өмір тарихың, Ал тарихын жоғалтқан ел ғаріп күң. Тірілей-ақ өз жанынан айырылып, Қалге келмес адам қайтіп танитын.
Болсын десең ата жұрттың ел аман, Тіліңді сүй, дініңді сүй нəр алған. Сонда үзілмес бірге біткен кіндігің, Оттай ыстық сүйген Отан анаңнан! Ана тілден басталады ел қамы, Соның үшін арнай біл сен бар əнді. Ана тілің өз кілті ғой жұмақтың, Шаң түсірмей таза ұстасаң болғаны! Табаныңнан суық өтсін, сыз өтсін, Оның үшін бола біл сен ізетшіл. Болмысыңды адамзатқа білдірер, Ол қорғаның, ұлттың рухың күзетшің! Ұқсаң өмір таң мен батар іңірдей, Ұшқан құстай өте шығар білінбей. Ана сүтін анашыңның ақтауға, Ұлы мақсат алдыңа қой кідірмей! Аудармасын десең тұлпар сын уақыт, Өз-өзіңді тани білу зор бақыт. Сонда ғана сен аңсаған арманың, Нышан берер құнды ойымен тіл қатып. Өмір күрес,талас тартыс таусылмас,
Ақылменен əр соқпағын аңдып бас. Алла берген нығметтен ой ізде, Ғұмырыңды мəңгілікке тоздырмас. Көзді тігіп саулық нұрға шұғыла, Жол салып өт ізгіліктің шыңына. Қарттарыңды көз тіріде қадірлеп, Үлгі болып қыз- қонақпен, ұлыңа. Құран,хадис таныс болса бесіктен, Іңкəр болар имандықтың жырына. Еккен дəнің сүлулықпен гүл жарар, Тіршіліктің өмір атты тыңында! Туған жерді қуанышқа бөлеген, Жақсыға ер даналықпен ой өрген. Адал достық қорған болар қашанда, Бір-біріне бақыт ғана тілеген. Күнщілдікпен талап жатса көп иттер, Көкжалданып мұң азапқа бермеген, Жанын салап қалың бұлтты сермеген. Жасай алмас ерлікті істеп кез келген, Туыстан да артық болып көз көрген. Сен жабықсаң шуақ төгіп күн болып,
Ал сүрінсең сүйеніш боп дем берген, Əрдайымда Тəңір өзі қарасып, Айырмасын иманы мол ерлерден! Ұмытпа сен үш тіргің бар ұлым, Арқалаған ақ тілегін арлы елдің. Ол Төде би, Əйтеке мен Қазыбек, Сыйға тартқан ақыл ойдың əлемін. Сен қажысаң шаңға батып сыршыл бақ, Өсек шайтан сырттан күліп сыпсыңдап. Жасыма сен қапаланып қайғырып, Үш бабаңның бұлағын іш сусындап. Демер олар қарылғашым келді-деп, Ортаға алып аян беріп елжіреп. Жалын құяр даналықпен бойыңа, Бір Алладан таусылмайтын бақ тілеп. Ұқтыңба ұлым,Кең Жылыойда қаз басқан, Құшағыңды туған жерден жазбастан. Жырлай бер сен Бабалардың əр ізін, Қанат қағып биіктерге талмастан. Қыдыр болсын əрдайымда жолдасың, Тəңір өзі ақ жолыңды жалғасын.
Ірі ауылдың ұлы турар ірілеп, Сол тектілік ұсақталып азбасын! ҚҰЛШАН ƏУЛИЕ АТА ҮНІ Ұлы сырын ұқтыратын ғаламның, Кəусар бұлақ іздерінде бабаңның. Ішкен сайын мейір қанып толғанар, Тарихыңды ізде содан ұланым! Өзің іздеп өткеніңді білмесең, Түскенім де бишаралық күйге сен,\\. Өзге елге жалтақтаумен еліктеп, Намысы жоқ құл боларсың күл кешкен. Жаудан қорғап шексіз –шетсіз даласын, Қанша тепкі көрсе де имей зор басын Ұрпақ саған елін сүйіп өтсін деп, Қалдырған ғой мəңгі өшпес мұрасын. Ұмытпа сен мұның бəрін ақ берен, Осы мұра ата жұртқа дем берген. Осы мұра тал бесікте əлдилеп, Бабаң үнін жеткізген ғой əнменен. Осы мұра елдігің мен ерлігің, Еркіндігің мəрт мінезді кеңдігің.
Осы мұра бақыт шамың қолдағы, Күте алмасаң тірілей-ақ өлгенің! Тек ішерін жүретұғын армандай, Мəңгүрт тектес құл боларсың сор маңдай. Қасіреттің ең жаманы сол ұлым, Жерді басып жүру күнə ұялмай! ҰШҚАН ƏУЛИЕ АТА ҮНІ Мұнайлының кесіп өткен үстінен, Сенің үнің балам маған естілген. Қош келіпсің сағындым ғой жақында, Құлыншағым танып тұрмын исіңнен. Емдеу үшін адамзаттың жарасын, Табиғаттан іздей білген жарасым. Ақын балам саған айтар сырым көп, Ашайын мен қалың ойдың арнасын. Ынтымақтың ескермеген қадірін, Аламанның арандатып алты ұлын. Бір-біріне күндестері жау қылып, Əлсіреткен Ата түрік жарығын! Тұтастығын сақтаймын-деп Түріктің, Талай батыр қанатымен ерліктің.
От күреген қолыменен аянбай, Жолын іздеп бақыт толы бірліктің. Талай дана ақыл айтып егілген, Талай жырау қабырғасы сөгілген. Бірақ хандар жаныштаған халықты, Дүниенің арбасына жегілген, Қызғаныштан қызыл итке жем болып, Амал қанша кеткен үміт сенімнен. Бір-бірімен хандық үшін таласып, Залымдықпен аямастан қан шашып. Бағаламай қалың жұртты киелі, Қор болғаны имандықтан адасып. Көз алдымда Алтын Ордаң күмбезді, Кең əлемге бола білген жол ашық! Ащы болар бірақ шындық айтқаным, Ұмытпа сен келер ұрпақ ақ таңым. Ел көгермес жігіт от боп жанбаса, Қорғау үшін əлдилеген Отанын! Жер көгермес көктен жауын тамбаса, Тəңіріңнің құдіретін біл жаным! Ел болуға бесігіңді жөндей біл,
Кез келгенге құлпын ашпай қақпаңның! Бірлік- бақыт құт əкелер құсы бар, Татусыз ел тоз-тоз болып ұтылар. Түп тамырын күте алмаса қор болып, Тектілігі бойдан кетіп құр солып, Мəңгүртеніп қалың сорға жұтылар. Іргең мықты болсын десең құлдығым, Бабалардың өсиетін ұғып ал! Биік ұста ұлттық намыс жалауын, Ақ жолыңа жалғыз АЛЛА болсын жар! ҚҰЛСАРЫ АТА ҮНІ Отаныңның биіктетер аспанын, Шəкірттердің нұрға бөлеп жас жанын. Жетелеген білім таудың шыңына, Ел, ел емес сыйламаған ұстазын. Күн көрісі қиын болса зиялы, Білім нұрын айтшы қалай құяды. Ойға шомып өзің айтшы анықтап, Мұның өзі қай заңыңа сияды. Əлеуметтік болмаса егер əділет, Туған халқың күннен күнге əлсіреп.
Надандықтың түсіп улы торына, Қияметтен тартар азап қасірет. Жарадайын əбден ісіп асқынған, Алауыздық қабығы боп ашылған. Қайрымсыздық ірің жайлап еліңді, Иман кетер ел билеген басшыдан. Өз халқына қорған болған əрдайым, Жаны кемел басшы болса Күн-Айың. Əділдіктің ақ жолымен жол бастап, Лайлаттырмас адалдықтың қайнарын. Айтты деме ұлым мұны бекерге, Ақиқатсыз ел арманға жетерме? Парасатпен даналық ой жарасып, Қуат берсін асулардан өтерде. Əсемдікпен көрем десең жазыңды, Əдеп нұрмен өсір ұл мен қызыңды. Ана сүтін ақтайтындай ер болып, Қызмет қылар иман болып жұлдызы. Туғаныңнан алтын бесік арнаған, Ата жұртта ең əдемі арман əн. Перзенті боп соны ұғынған нағыз ер,
Бабалардың ерлік даңқын жалғаған. Парызыңды ел алдында ұмытпай, Күнде ескер бұл сөзімді жан балам. Ата берсін тыныштықпен жарық күн, Ынтымақты сорын кешпес тарлықтың. Туған елдің болашағы ойласаң, Бірлігінде Түрік тектес халықтың! Бəрін дағы ақылға сал асықпа, Сақтана алсаң пəле жүрер қашықта. Ең жаманы туған халқың сен сүйген, Тап болмасын Рухани аштыққа! ЖƏЛІМБЕТ ҚОСЫМ АТА: Ешкім бақыт сыйламайды қиядан, Отан анаң басталады ұяңнан. Кім өсірсе ұл мен қызын əдепті, Сол өмірден өшпес мəңгі сый алған ? Бітік өссе өзің еккен егінің, Теңіздердей шалқып асау көңілің, Қуанарсың таңдай жүзің нұрланып, Пайдасына жарадым деп елімнің. Тыңдамаған ал ақылмен əкесін, Қайдан,сірə,елдің жүгін көтерсен. Ондай ұлың болса іштей күйініп, Дүниеден өкінішпен өтерсің. Тамырына арақ – шарап ұялап, Өз – өзіне жасап қолдан қиянат, Азғындықтың түскен қара жолына, Имансызда болмас,сірə,ар – ұят. Түзе,түзе сондықтан да əуелі, Бесігіңді кие толы, мəуелі. Асыл бабаң айтып кеткен сен үшін, Армен ыстап асқақ жырын əдемі. Үлкеніне қасиеттеп бас тартқан, Былғанбасын бабаң сүйген дастарқан. Арақ,шарап улы судан аулақ қыл, Ұрпағыңа адастырып тас атқан! Сыйламасаң қазір бастан ел салтын, Жалғыз қалып дей бер босқа адастым. Құла түзде тонағандай арыңды, Бой көтертпес мəңгүрт деген албастың! ДИЯР АТА ҮНІ Раш əжең сені өсірген аялап, Көз алдымда алтыншы ауыл сая бақ. Маңдайыңнан сипау үшін,құлыным, Барушы едім Жемнен өтіп жаяулап! Бəрі,бəрі күні кеше сияқты, Тəңір өзі ақындықты
сыйлапты. Бабалардың ерлігінен жыр өрген, Ұмытайын қалай сендей тұяқты. Өз – өзіңе сынмен қарап қашанда, Қоғам қояр талаптарды қош алда. Ой санаңды дамытумен ізденіп, Нық қадаммен тайсалмастан бас алға. Нəрлі болып өтсін десең өмірің, Неге арналсаң соны істе,құлыным. Өз жолыңмен жүре алмасаң тірлікте, Еңбегің де бермес жеміс ғұмырын. Жақсылармен болған бірге күн артық, Əр нəрсеге қызықпа сен құмартып. Асқар таулар басын имес алдыңда, Кісіліктің кілтін алсаң жоғалтып. Қанша дауыл соқса дағы үскірген, Ақын балам,шығарма сен есіңнен. Талабыңды қанат қылып ұшпасаң, Шыға алмайсың нағыз көмбе үстінен. Ізден,ізден талаптанып жасыңнан, Ағынсыз су шіріп босқа сасыған. Нар тəуекел ердің ісі қашанда, Тəукелмен мұхитты кеш,жас ұлан! ТҰМАНША БИ АТА ҮНІ Бұл өмірде екі байлық бар,балам, Қуат қылған жер бетінде ойлы адам. Біріншісі – тəннің аман, саулығы, Екіншісі – салихалық ой – арман. Осы екеуі серік болса жаныңда, Көп қиындық көрмессің сен жолыңда. Бабаң өзі Рухымен дем беріп, Жетелер – ау ізгіліктің бағында. Жеміс беріп,маңдай термен гүл еңбек, Дəулет келер бауырыңдай күлімдеп. Кім бар,бірақ көрге апарған байлығын, Сараң болма қайырымсыздай дірілдеп. Қонған бағың болсын десең тұрақты, Күтіп ұста мінез атты пырақты. Жан сұлулық өмір бойы қорғаның, Сыйға тартар балдай тəтті бұлақты. БЕКПЕНБЕТ БИ АТА ҮНІ Ақтау үшін бабалардың сенімін, Татулықтан іздеп өмір серігін, Ұрпағыңа бірлікті айтып сөз қалдыр, Берекенің қанып ішсін мөлдірін. Елің сені ақын қылып өсірген, Өнер – риздық, таусылмайтын несібең. Бабаң соққан алтындалған сөз сарай, Былғанбасын мəңгүрттердің исінен? Тіл маржаны – ақыл – ойдың теңізі, Сол сарайдың баға жетпес негізі. Өсиетінен бабаң айтып қалдырған, Тере біл сен маржан ойлар сезімді. ҚАРАША АТА ҮНІ Қадір тұтып киелі ізгі халқын, Бабалардың жырлаған ерлік даңқын. Ақын ұлым кел бермен жақындашы, Сыр шертейін өзіңе жаны жарқын.
Күннің көзін қолымен кім жасырмақ, Сақ болғайсың дұшпаннан айла асырмақ. Көк Бөрідей бабаңның жазып кеткен, Тарихыңды оқи біл сен жақсылап. Сонда саған сақталған бар асыл зат. Ұлы көші Алтайдан тоқтамаған, Қорғанышың қашанда Отан анаң. Бабалардың ізімен ер жетсін-деп, Мол мұрасын сен үшін арқалаған! Сол мұраңды қастерлеп жаның сүйіп. Əруақтар алдында басыңды иіп, Келер күнге арыңмен тіл қата біл, Бар əлемді қуантып сүйсіндіріп. Мақтан қылып туған ел тұғырыңды, Арна оған тер төгіп ғұмырыңды. Армандай біл Тəңірге мінəжат қып, Ұлы Түрік елімен бірлігіңді! КӨТІБАР БАТЫР ҮНІ Бодандықтың бұйдасына шаталып, Көрдік ұлым адам көрмес қаталдық. Өшпесін-деп, дінің,тілің ай-күнің,
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: