Арманға құлаш сермеген, Өрелі ұлды жетелеп, Ақсақалдарын көкелеп, Дастарханын кең жайып, Шуақ төгіп бақ тілеп, Ізгілікпенен тербеген. Қиямет дауыл соқса да, Жақсылықтан айнып көрмеген. Сыр болып ашар бағына, Алтын шам сыйлап қолына, Жолаушының жолына, Тылсым күшпен нұр өрген. Зайырлы абыз көреген, Жолыққанның тілегін, Тəңірден бірге тілеген. Ақ бата берген мейіріммен, Əруақты Ата – Ер Қосай, Ғажапқа толы бір əлем! Бестөбені мекендеп, Ұрпағым іздеп келер деп. Ізінен желкен көркемдеп,
Ерлігін сеуіп дəн қылып, Қыдырды көрген əулием, Берекет отын жандырып, Сəуегейлігімен таңды іліп, Даламды нұрға малдырып, Халқыма шашу сый тартқан, Айналып жырға мəңгілік! Əр ізі аңыз шежіре, Ғасырлардан жеткен жаңғырып. Əруағыңмен жебе жан баба, Қасиетіңнен сусын қандырып! БАТЫР БАБАМ (Ибрагим Шияпұлы Акдраштегіне) Туған елде ұмтыларма, Ер Қосайдың өр істері. Ұрпақтардан ұрпақтарға, Нəр береді жеңістері. Ерлігінен қалған мұра, Азаттық бақ таң атында. Жетелеген армандарға, Өр киесі нар халқымда.
Сан ғасырлар өтсе дағы, Белгі соғып көшкен жерге. Рух берген отты жаны, Жүр ғой дəйім бізбен бірге. Шырақ жағып туған қырға, Сыйға тартып өмір дəнді. Ол ерліктің шыңдарына, Ұран салып шақырады. Жаса, жаса батыр бабам, Қанындасың ұрпағыңның. Құшағыңда байтақ далам, Төріндесің Отанымның! ЕР ҚОСАЙ, ҰРПАҚТАРЫНЫҢ ƏНІ Қара дауыл қыспаққа алып қаптаған Туған елдің от салғанда төсіне. Жорықтары Қосай бабам бастаған, Нар халқымның əлі мəңгі есінде. Кімдерде бар ондай дүлей батырлық, Қарсы тұрған ажал атты жендетке. Дұшпандарын жер түбіне батырып, Ерлік даңқы шарлап жеткен жер көкке.!
Ұмытамыз қалай өшпес ерлігін, Ғасырлардың өзі берсе жыр жазып. Өр рухынан жаңғырғандай елдігім, Тектіліктің тамырынан гүл жарып. Бар кеңдігі бойға сіңіп даламның, Таңдай білген Отан үшін жолды айқын. Ұрпағымыз біз ержүрек бабамның, Ерлік даңқын келешекке жалғайтын! Қорғау үшін ел ырысы бақ таңын, Біз құштармыз білімменен, ғылымға. Қуат беріп сенім артқан Отаным, Жолын ашқан ерлікттердің шыңына. Сыйға тартып маңдай тердің жемісін, Болашаққа бабаға ұқсап салдық із. Қайталауға Ер Қосайдың жеңісін, Əрқашанда сын сынақта дайынбыз! ИƏ, БЕКЕТ! Жан ата,Алты Алашым ұран қылған, Тылсым үн кетпей қойып құлағымнан. Отанды өзіңе ұқсап сүйе біліп, Шықсам деп,сағыныштың құмарынан.
Алыстан өзіңді аңсап,шөлдеп келдім, Рұқсат бер сусындайын бұлағыңнан. Қазақтың таңдандырған кең даласын, Ұғынып əр киеңнің əр саласын. Əрдайым есіміңді жырға қосқан, Ұрпағың жаңғыртсыншы ой – санасын. Бойыма даналықтың нəрін құйған. Иə Бекет – Білім бұлақ,кең дариям. Сен десем,өз ұлым деп,шаттанады, Кең жылой – күн бесігім алтын ұям! Иə,Бекет!Шұғылалы аппақ таңым, Сен десе өн бойымда тулап қаным. Ізіңнен сұлулықтың нəрін жұтып, Жанымнан ақ жауын жыр ақтарамын! Иə,Бекет – елдігімсің,ерлігімсің, Арым мен намыс толы өрлігімсің. Өзің деп,жау жүректі айбынды Адай, Айқасқан қалың жаумен елім үшін. Иə,Бекет – Мəңгілік жыр бас ұраным, Алдыңда тағзым етіп бас ұраным. Мен өзі Бекет атты ұлы сөзден,
Естимін ақпа күйін ғасырлардың! Иə,Бекет!Көк байрағым көгімдегі, Иə,Бекет!Иман құтым төрімдегі. Иə,Бекет!Қателесіп жаңылыссам, Түсіме аян беріп кешір мені! Өзің деп,күмбірлеген жалын күймен, Жарқылдап жанартаудай жырды сүйген. Ізіңнен желкен құрған бір ұлың ем, Демей гөр өзің жар болып, О,Əулием! ОТМАН ТАУ Жер бетінде болсыншы – деп,жақсылық, Адамзатты наурыз тойға шақырып. Отман тауда отын жақты бабамның, Қалың Адай ерлік əнін шалқытып. Той болды бір естен кетпес ғажайып, Ман – Атадан,Адам атам оянып, Əруақтар көк зеңгірге қол жайып. Жаудырғандай ұрпағына алғысты, Жұлдыздармен көк зеңгірге жыр жазып. Оқи білсең биіктікті бермеген,
Бір Құдайдан басқаға бас имеген. Бабалар- ай, өжеттікті ту қылып, Қас дұшпанын таспа жонып илеген. Қияметтей қарлы құйын боранда, Айналумен алынбайтын қорғанға. Осы таудың қыл ұшында от жағып, Қалың жұртты шақыра алған майданға! Тіршіліктің мол болса да азабы, Əділдіктің сарқылмасқа қазаны. Ел алдында кіршіксіз боп,таза боп, Қандарымен жазып мұңын азалы. Көктей көктеп жақындатқан жаздарды. Жолбарыстай жараланып қан құсып, Жатса дағы талай құлап талықсып. Нажағайдай дұшпанына атылған, Кек намыспен қара жерге жанышып. Ғасырлардың сəулесі ойнап көшінде, Жалбарынып тізе бүкпей ешкімге. Қанат жаяр еркіндікті аңсады ол, Өзі туған ата – мекен төсінде! Сөнбеуі үшін мəңгі көктем жанары,
Келешекке терең оймен қарады. Қорғамаққа Азаттықты,Теңдікті, Бізге жеткен Адай бабаң жалауы, Келер ұрпақ,бəрі бəрі сен үшін, Табыс еткен өнегесін үлгісін. Ерліктерін жаңғырта алсаң қайталап, Туған елден алыстамас бақ құсым! Сөз жетпейді жеңісіңе оралған, Осы күнді армандады қанша жан. Отман тауда үш жүз алпыс əулие Байқайсыңба бізбен бірге қуанған! Жұлдыздардай көкте жанған жап – жарық, Көз алдыңда көрінгендей бəрі анық. Қайсарлықты қанат қылған халқыммен, Жүздескендей құшақ жайып қолды алып! Рухтары күлімсіреп тұр қарап, Ұлы тойға сыйға тартып сан шырақ. Аманатын қадірлей біл бауырым, Аспандасын біздің қара шаңырақ. Армандаумен адал көңіл хошымен, Осы сəтті қанша ұзақ тосып ем.
Қуаныштан жасын төкті қария, Қоңыраттан қайта оралған көшімен! Тік қарасаң ғасырлардың көзіне, Бұл Отман тау сырға толы шежіре. Ол өшпейді ұрпақтары барында, Қуат құйып өршіл нəзік сезімге. Жаны сұлу ағынан тек жарылған, Шешендігі дариядай ағылған. Оның үнін Озғанбайдан қалған ұл, Соғып берген сөз өнері лағылдан. Əнге қосқан,жырға қосқан тынбастан, Светқали өршіл ақын Жарыдан! Жеңіс табар!Əулиелерін жағалап, Бабаларын қастерлеген бағалап. Тарих жатыр құшағында олардың, Туған елдің құдыретін хабарлап! Адай қаны туладыма жанында, Жүзі жайнап қалың жұрттың алдында, Иə,Бекет – деп,Ибрагим ініміз, Айналғаны алаулаған жалынға! Жасыра алмай бойындағы шаттығын,
Сезімімен сездіре алып ақтығын. Сақтай білген сұлулығын пəктігін. Сусындаған инабатпен,əдептен, Бойға құйған имандықтың ақ нұрын Аққу тектес өзі болған тектінің, Ахметжан қызы, бақ келінім, ақ гүлім, Райхан – ару, шашу шашты күлімдеп, Биіктетіп ата – баба шоқтығын. Муза аруда ашып бірге құшағын, Лаулатқандай болашақтың ошағын. Осы бір сəт қуаныштан бүр жарып, От кеудемнен жырға айналды асқақ үн! СҮЙІНДІК БАБА Жеті түнде қараңғыны қақ бөлген. Қайран баба жауға тізе бүкпеген. Көз ілмеген қайқы қылыш асынып, Елді қорғап Адай туын көтерген! Қашан көрсең əн тұратын көгінде, Қасиет бар Маңқыстаудың төрінде. Атамекен- күн бесігім ыстық ғой, Қайран баба,үнің қалған төсінде.
Жырламасам өшпес ерлік даңқыңды, Мен қалайша қуантамын халқымды. Ер Қосайдың – сүт кенжесі алыбы, Шаңыраққа ие болған алтыны. Сыр іздеймін, жыр іздеймін өзіңнен, Ғасырлардан ақ таулардай тізілген. Бабаларым өзі берген батасын. Сүйіндікпіз, Сүйіндікпіз біз деген! Өмір өзен қушағында талмастан, Толқынымыз алға умтылып жалғасқан, Сүйеніш боп бірімізге -біріміз, Ата жолда адалдықпен жарасқан. Азаттықтың таңы болған арманы, Біздің дағы ойларымыз ел қамы. Қасиетіңнен айналайын жан баба, Əруағыңменен жебеп жүрсең болғаны! АҒАТАЙ ƏУЛИЕ (Сағынұлы Сергейге) Айхара ашып дүниенің есігін, Кең төріне емін еркін көсілдің. Көз ашқаннан майдан болып көргенің,
Əруақты ерім, ұран болды есімің. Бабалардың берік болып даңқына, Арын қорғап қорған болып халқыңа. Қалмақпен де,Хиуамен де соғыстың, Дақ түсірмей батырға сай атыңа! Жынға айналып адамзаттан қан ішкен, Басқыншылар ұмтылғанда бар күшпен. От құстырар зеңбірігін төңкеріп, Тайсалмастан қарсы тұрдың қылышпен! Опасыздар өз Отанын саудалап, Бұралқы иттей үрсе дағы қаумалап. Бассыздыққа жол бермедің ерлікпен, Маңдай терің ат үстінде сорғалап. Тартып алдың алпыс судың саласын, Бір кездері иемденген жау талап! Ақ патшаның бұзып бұғау өрмегін, Тарылтырдың кеудедегі бар демін. Таудан аққан Ақ Жайықтың өзіндей, Толқынының сақтай білген өрнегін. Алаш, Алаш болды намыс ұраның, Көз тіріде тізе бүгіп көрмедің.
Тыным таппай ата жұртың ел үшін, Қорғай біліп əрбір сүйем кеңісін. Тағдыр құрған қақпанынан шошынбай, Көрсеттің сен тектіліктің үлгісін. Көз ілмедің арылтсам –деп, қалайда, Туған елдің маңдайының қырсығын! Шыдай біліп бар бейнеттің шөліне, Көрмедің сен бірде кейін шегіне. Азаттықтың алтын таңын аңсаумен, Бар ғұмырың өтті майдан шебінде. Бар мақсатың алға қойған ізгілік, Жеңіс сыйлау нар халқыңның төріне! Сезінгенге ерлігіңнен тыныстап, Бəрінен де қымбат Отан ырыс бақ. О, Əулием құшағыңды аш маған, Сусындатшы əруағыңмен нұр ыстап. Қалғығандар оянсын-деп, сілкініп, Ағатайлап ұрандайын дауыстап. Ағатай! Ағатай! Ағатай! Ағатай! Ұлы есімнен үн қатады болашақ! ИСАТАЙ БАТЫР
Сүйе білген ар ожданмен өз елін, Ағатайдай əулиемнің көзі едің. Аянбадың азаттықтың жолында, Басқыншылар зорлығына төзбедің. Алда жүрдің қас батырым қол бастап, Ыза кектен шоқтай жанып өзегің. Нажағай көзің от шашқандай жарқырап, Қиратуға жау ордасын күмбезін! Адамзатқа анасындай тым ыстық, Сен қаладың бір-ақ жолды тыныштық. Азап құрып, ақыл өмір сүруін, Бейбіт күннің шуағына келісіп. Сол мақсатта жасымадың талмадың, Аспаныңды торласа да қалың бұлт. Өз халқының айнып ата салтынан, Хан дегенің болып шықты сатылған. Абырой жоқ табанында орыстың, Ар таптатып өз жолынан жаңылған. Алды артына ойланбастан ор қазып, Имандығы жоғалған соң жаны азып, Əскер сұрап ақ патшаға жалынған,
Бағы тайып айырылардай тағынан! Ақылы аздың болсын қайдан қайраты, Өз елінің жерін қиып сый тартты. Қара бастың қамын ойлап тойымсыз, Ескерместен көлдей аққан көз жасты. Бабалардың сырқыратып сүйегін, Тілегендей қанды қырғын қасапты. Емін еркін доңыздарды қаптатып, Ресейден жеткізді сан жасақты. Қатал тағдыр салды елді азапқа, Зеңбірікті қару ілген солдатпа?! Қарсы шықтың бас көтеріп сескенбей, Əруағыңды ерлік шайқап сол шақта. Жаудың қаны əрбір басқан ізіңмен, Бірге ақты шашыраумен жан –жаққа! Қиыл жатты өксік жұтып күрсініп, Шошынғандай соғыс атты тозаққа! Қайран батыр ақиқатты айта алған, Құрсау тіліп жаудың бетін қайтарған. Қан майданда айналғансың жұлдызға, Сендей көсем туарма екен қайтадан?!
Ерлігіңді жазып алған төсіне, Абыз далам күңіреніп айтады əн! Ақ жаңбыры Оспан балаң жасыма, Ата жұртын қажымаған жоқтаудан. Көз алдымда сауыт киген боздақтар, Соғыста өліп қылыштары сақталған! Туған елсіз арманына кім жетпек, Ол гүлдесе жұпарынан жетер леп. Мəңүртеніп білмегендер қадірін, Құр жер басып дүниеден өтер тек. Имандықта тіршіліктің тірегі, Қасиетің жастайынан жұқсын-деп, Келіп тұрмын киелі Кең Жылойдан, Ақ желкенім, немеремді жетектеп. О, жан баба, жыр дұғамды қабыл ал, Ұрпағыңды əруағыңменен жүр желеп. Топырағыңа аунап тағы алайын, Баба жолын жалғау бізге зор міндет! ЕСЕТ БАБА Ту көтеріп туған елдің төрінен, Қас жауына қызыл өрт боп көрінген.
Қайран баба риза болып өзіңе, Əділдіктің желкен құрып өрінен, Шат шадыман көтеріңкі көңілмен, Ала білген өз үлесін өмірден, Жұлдыздардай жарқыраған көгімнен, ҰлыТəуке берген екен батасын, Қолын жайып аталық пəк көңілмен! «Айбатыңның алаулатар қызуын, Ел намысы болсын дəйім тұздығың. Майыспасын ақ найзаңның ұшы – деп,» Сыйға тартқан зер шапанын өзінің. Неткен ғажап сырға тұнған ұлылық, Сұлулығын сездіре алған сезімнің! Дем біткенше арын арлап қазақтың, Туған елді қанша жаудан тазарттың. Бет қаратпай ауыз салған дұшпанға, Тұтқынына түспеу үшін азаптың. Отан болды ойларыңның толғамы, Кешсең дағы қияметін дозақтың. Қайғы салған кең даламның төсіне, Сан нəубаттер мəңгі халық есінде.
Отаршының тас бұғауын шеше алмай, Күңіреніп сорға батқан көшімде. Өткенімді бағаламай ұмытсам, Не айтамын болашаққа шешіле? Жеңіс болып игі мақсат бар үміт, Жауыздықпен жолбарыстай алысып. Ұрпағыңа із қалдырдың өшпестей, Ерлігіңді ғасырлардан асырып. Ой саласың Бестамақтың қырынан, Көрген жанның бар өзегін жандырып. Өзің жəйлі жыр жазардай қырларға, Ой салады көкжиектен таң күліп. Құлақ түрем ерлік толы əніңе, Ұға алмасам тірлігімнің мəні не? Сақтандырып батыс жақтан еліңді, Жауды тіреп жатқандайсың əлі де. Сескенбестен ешбір дауыл дүлейден, Күмбезіңмен тəжім етіп Тəңірге! Өршіл Рухың киесі боп даламның. Аралайды туған елдің гүл бағын. Айналайын əруағыңнан жан баба,
Кең өрісін сенен табам ғаламның. Қасиетін өн бойыма жұқсын деп, Топырағыңа аунап,аунап аламын! ЖАРАС МЕРГЕН Жасынан ерлікпенен болған жолдас, Баласы Пұсырманның атың Жарас. Нағашың Есек Мерген Адай ердей, Ел қорғап айбыны асқан болат алмас. Ізіңнен ерліктерің сыр шертеді, Жеткендей ғасырлардан бізге жалғас. Қабақтың қырық үйін жалғыз оқпен, Асырап қуат беріп қанат талмас, Істеген қалың жұртқа ерлігіңді, Иманын серік қылған ел ұмытпас! Ақиқат жолдарында даңқың басым, Алғандай Тəңірімнің ақ батасын. Болмыстың қатал заңын тəрік қылып, Жаңарған ойларымдай қайта жалқын. Байғанин топырағынан тіл қатасың, Ескерттіп əдеп толы ата салтын. Əулие əруақты батыр баба,
Қорғаған дем біткенше ұлы халқын! Қан майдан қасиетті жорықтарда, Аңсаған азаттықты жүзі жарқын! Жарқырап ғарыштардан төккен жарық, Жаныңда ер Бақтыбай ұран салып. Жаңғыртып кең даламның таумен тасын, Қуантып туған елдің кəрі жасын. Аямай сəулелі нұр шұғыласын, Аймалап туған жердің əрбір тасын, Ғажайып тылсым күшпен жеткізгендей, Жасампаз ерліктердің нар тұлғасын! Біз үшін өткен жолдың бəрі де анық, Қашанда ата даңқы төгер жарық. Жете алған қайсарлықпен тауды жарып. Парыз ғой жалғай білу жолдарыңды, Бас иіп тұрғандаймыз қолыңды алып. Азаттық, туысқандық, теңдік жəйлі, Халқыңа тұрғандайсың сыр ақтарып. Қайталап ерлік толы дауысыңды, Жыр жаздым келешекке үміт артып! ҰЛЫТАУ
О, Ұлытау-қазағымның бесігі, Сенде түзеп бабаларым көшімді. Жау төнгенде қара бұлттай жан –жақтан, Қалқан қылған оқ өтпейтін төсіңді. Күш жинаған қуат алған өзіңнен, Қайтаруға қасірет түнек кесірді! Айрылмаған өмір атты жазынан, Сен кітапсың ұлылығым жазылған. Əр тасыңда қолтаңбасы бабамның, Сыр жеткізіп ерлік даңқ сазынан, Аманатқа ұрпағына қол қойып, Ақыл ойды парасатпен оздырған. Киелі тау өзісің сен ғажаптың, Қазына толы сарайыңды бұзбақ кім? Тамырындай ғасырлардың солқылдап, Төзімменен түрін көрген азаптың. Кең əлемге дауыс салған бармын-деп, Жүрегіндей көрінесің қазақтың! Еліктемей солықтамай ешкімге, Қарсы тұрған өлімге де тас түнге. Жошым менен Алаша хан да өзіңсің,
Тарихымның сырын шерткен төске іле. О, Ұлытау тірек болған киелім, Тектілігім бойдан кетсе кешірме! ТАБЫН ДОСЖАН ҚАЗІРЕТ Ой салған Шұбарда дос қарсы аларда, Келемін əр жыл сайын осы араға. Асығам атам салған мешітіне, Жетектеп немеремді бастап алға. Білсін-деп, əулилердің қасиетін, Өнеге үлгі болған жақсыларға! Əуелден əрбір тасы жырға лайық, Бұл жердің табиғаты таңғажайып. Атамның өзі өсірген алма бағы, Елестеп қарсы алғандай құшақ жайып. Сыр шертер таңбасы бар құлыптастар, Көш тартып аңыздардан болған ғайып Құлаған көркем мешіт күмбезімен, Қатыгез жауыздыққа тағып айып. Шилісу болса да бұл жер баяғы, Сəулесін баяғыша күн жаяды. Қаншама шəкірт оқып қанат қаққан,
Бөлмелер оюланған ой салады. Түсінсе бар адамзат ақылменен, Тірліктің имандылық нұр баяны. Атағы атамыздың жерді жарып, Кəрі жас сол даңқына болған қанық. Баласы мұсылманның қажымасқа, Берген ғой Меккеден де үйін салып. Қазақтың дəл анықтап шыққан тегін. Өшпеске кең əлемде Түрік даңқ! Қаншама мешіт салған елімізде, Қиялмен жетсем дейсің ізгі жерге. Доңызтау Қарашыңы қол бұлғаса, Тасастау Қайнар еркін сөйлер бізге. Бəрінде жеткізген ғой даналықпен, Сый қылып шежіресін өзімізге! Шөл қанып бұлағынан құмарлана, Рухпен тілдесесің туған дара. Бұл жерде басын қосып үн қатқандай, Қазіреттер келісумен алдын-ала. Меккеге барып келген Нұрпейіспен, Келеді Жұмағали топты жара.
Бəрі де Құнанбайды күтіп алып, Бермекші ақ батасын ізгі жанға! Қалайша толғанбассың тебіреніп, Бабаңның тұрғандайсың өзін көріп. Қаншама көрсе де азап мойымаған. Жүзінен өріледі нағыз ерлік. Қастерлеп əруағын жыр төгесің, Немерең жаныңдағы болып серік! НҰРПЕЙІС ҚАЗІРЕТ Қатал тағдыр алса дағы сынаққа, Құмарлықты ақылыңа билеттің. Азап кешіп түссең дағы сан отқа, Қайсарлықпен даналықты үйреттің. Күйбең тірлік кедейлікпен етектен, Алса дағы қиындыққа мойымай. Тазалықты сүйе біліп жүрекпен, Алға бастың берген серттен айнымай. Жан көркіңнің қазынасын ойлаумен, Мекке бардың білім іздеп шарқ ұрып. Сен жинадың мəңгі тозбас алтын кең, Ұрпағынды имандыққа шақырып.
Сол Меккеде көкірегіңе күн іліп, Бастамасы бола біліп ұлы істің. Досжан,Мырқы,Құнанбаймен бірігіп, Қонақ үйін салдың Алаш ұлы үшін. Оралған соң сағынышпен еліңе, Елді жинап ақ ниетті ұранмен. Мешіт салдың Қарабұтақ жерінде, Қорған болар кие толы дұғамен. Доңыздардың тимес үшін аяғы, Былғамасқа көк орайын көгерген. Дем біткенше қызмет қылып халыққа, Жөн сілтедің адаспасқа Алладан, Сөз жетерме сендей жайсан алыпқа. Туған елге ізгілік із қалдырған! ОСПАН БАТЫРДЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ Бір өзіме бəрі аян сырым анық, Сұм ажалды қайтемін есіме алып. Бəрінен де туған ел қымбат маған, Көз алдымда езілген қайран халық, Қараңғыны қақ жарып өтсем-деп, ем, Үмітіме қол жетпей болдым ғаріп.
Бақ іздеген көз алмай азат таңнан, Кім ұғынар жанымды азапталған Құр даурығып бірлікке бас қоспаған, Сорлыларға не деймін мазақ болған. Бірі орыс, бірі қытай табанына, Тапталып жоғалуға аз-ақ қалған. Елдіксіз қай елдің де тозар бағы, Ұлттық Рух дем беретін сол ғой жаны. Халқының арын қорғап қолдамаса, Қалайша жерді басып жүре алады?! Түсінсең өлгендер де тірілей-ақ, Былғаған бабаң сүйген босағаңды. Оны айтсам таусылғандай бар амалым, Тордағы арыстандай аһ ұрамын. Тəңірім жазбасыншы құл қылуға, Алаштың еркін өскен ұл қыздарын. Күрескен түбі жетер жеңісіне, Намыстың көктен іліп жұлдыздарын! Алтын күн нұр сəулесін ала қашып, Соңғы рет жасыл қырдан барады асып. Айнала бар маңайға күміс сеуіп,
Тəңірдің қаламындай бояу жағып. Дүние-ай, бірер сəтке мұрша берсе, Жетер-ем туған жерге қанат қағып! Зор сезім сезбейтұғын түспен өңдес, Туған жер өткен күннен берер елес. Құлаққа анам даусы шалынады, Жаулығы желбіреген желкен теңдес, Құлыным бері кел – деп үн тастайды, Жағалап дарияны өткел бермес, Тылсымның жұмбақ сырлы тізбегінде, Ой шешу мүмкін емес кез келгенге, Басыма қаралы түн төнгендігін, Япырма – ай, ана жүрек сезгеніме?! Бас имес кім заңына жаратқанның, Көрмеймін енді қайтып таң атқанын. Маужырап жас сəбидей ешбір үнсіз, Астымда аяғымның тау жатқанын. Көрмеймін тəкапар өр шыңдарды да, Көтерген зеңгір көкке саусақтарын. Көрмеймін ару тектес өзендерді, Жеткізген сырға толы ғажап əнін!.
Соңғы сөз кеудемдегі бар тілегім, Қор болмай жат қолында туған елім. Жетсе екен арман қылған мақсатына, Ту қылып ар ожданмен, дінмен, тілін. Ұрпағы жолын жалғап бабалардың, Көрсетсе арман барма ерліктерін! Ұшуға қырандардай еркін самғап, Бойында баба қаны жүрсе тулап. Жоғалтпас дем біткенше тектілігін, Көрінер биіктерден елін қорғап. Ұлы едік Көк Бөрінің ерлік сүйген, Өр Рухым тыным таппас əлем шарлап! Сүймеген опасыз жан масылдарды, Ол демер елім -деген асылдарды. Қадірін бір-бірінің білгендерді, Ақиқат жырын төккен ақындарды. Бауырым, Оспан ғой-деп, еске аларсың, Көргенде көкте ойнаған жасындарды! Қош енді, шаң түсірмей ажарыңа, Барамын тіке қарап ажалыма. Айрылма Ұлы Түрік бірлігінен,
Салем де даламдай кең қазағыма! Даусымды жеткізерсің жырға қосып, Мен көрмей арман қылған жаздарыма! ДАУЫЛПАЗ ЖЫРАУ СҮГІРІМ Ақ нұрына орап күн -айдың, Өзі арнап берген Құдайдың. Дауылпаз жырау Сүгірім, Бұлағындай мөлдір қайнардың, Ағылтып маржан сөз майын. Асқақтатқан өр рухын, Жауынгер халық Адайдың.! Ақ жауындай төгілген, Қуат алып тегінен. Бабалар даңқын қайталап, Жалын да болып өрілген, Сахара байтақ далада, Жүйріктікпен жан салмай, Құлан да болып көрінген. Нажағайдай бұлт тілген, Шуақта болып өрілген. Құт мекенді ата-жұрт, Маңғыстаудың төрінен. Аққуларға əн қосып, Бірге болып еліммен. Шыға біліп сенімнен, Ақиқатты ту қылып, Сескенбеген өлімнен. Халқының үнін жақтаған, Ізденіп тыным таппаған. Жұтқыны үшін иіліп, Ешқашан харам татпаған. Достыққа жаны адал боп, Ешкімді жауға сатпаған.
Дариядай тасып кеудеде, Ағын жыр бойға сыймаған. Құдайы қонақ кез келсе, Құрметтеген сыйлаған, Бар тілегін ақтаған, Теңіздей шалқып шаттанған! Ізгіліктен жол салып, Абыройын берік сақтаған. Жақсылыққа құмар боп, Құраннан аят жаттаған. Ұрпақтың ойлап ертеңін, Ерліктің жырын ақтарған Қалмас үшін қапыда, Батырлықты құптаған. Арып- ашып ел үшін, Азаттықтың тілеп жеңісін Құрыш болат жігермен, Сыйға тартып жемісін, Терең оймен дем салып, Кеңейтіп елдің тынысын Молайтқан байлық ырысын. Əруақты менің жан бабам, Өнегеңменен ұлысың! АДАЙДЫҢ ЖҮЙРІК АҚТАНЫ Адайдың жүйрік Ақтаны, Алты Алаштың мақтаны. Мəңгілік мұра қалдырған, Халқымның өшпес отты əні. Əр сөзі маржан тізілген, Өнердің шуақ ақ таңы, Сен десе қалай толғанбас, Бегалының Лұқпаны?! Айналайын жан көке, Атағы мəлім жер көкке. Биік біткен өресі, Бір өзі ғасыр жыр көші, Болмаған дəйім теңдесі. Əулиелердің елесі. Келешектің белесі. Қара жердің кемесі, Ғұлама ойдың киесі,. Шақырған елін бірлікке, Даналардың төресі! Керуен заман көшінен, Жарық төгіп құс ілген. Дария жырын ақтарып, Үлгі боп ізгі ісімен, Кең даламның төсінен, Əруақтардың күшімен, Самал желдей есілген.
Қарсыласқан қас жауын, Жай оғындай түсірген. Қия шауып құзды алған, Оя шауып мұзды алған, Айналайын жан баба, Кетермісің елдің есінен. Батырлыққа жол бастап, Ел ішінде жүрсің сен! Ғасырлардың үнісің, Өнердегі Пірімсің. Ұрпағыңның күнісің. Арулардың гүлісің. Ақындарға өмірсің, Асқақ ойдың төрісің, Қайталанбас ірісің. Алыптардың ізісің, Саф алтынның өзісің Намыс ардың көзісің., Ер Қосайдың сөзісің, Пір Бекет атам жол салған, Шетсіз- шексіз өріссің! Көріпкел асыл əулием, Сүйемін сені сол үшін!! НҰРЫМ АТА БАСЫНДА Осы жерме Топырақ шашты дегенің, Нұрым атам оқып соңғы өлеңін. Көкжиекке қимастықпен көз тастап, Тіліп өткен сұм ажалдың түнегін. Нұр толтырып құшағына талмастан, Ғасырлардың үні болып жалғасқан. Қайран ақын жан дауысың жанымда, Ұрпағына ұран болып жол ашқан. Көзсіздерге көз болғансың кезінде, Сөзсіздерге сөз болғансың сезімге. Ханнан асып қараңғыда таң болып,
Айналғансың алтын күннің өзіне. Ақпа жырын шашу қылып ақылдың, Небір таңды көз ілместен атырдың. Шежіремді сыйға тарттың күмбірлеп, Тіл ұшында зары болып халқымның.! Тоғыз ауыл тоқсан торап жолында, Негіз болған сенің асқақ жырыңа. Күйкентаудан үн тастайды дауыстап, Аңызақта айналғандай жалынға. Самал желдер сол үніңді қайталап, Өткен күннен сыр шертеді ой толғап. Құба жонда батырлардың зираты, Ұран салар біз куə деп, айхайлап.! Ер жігіттің ары болған толғауың, Қайран баба гүлге біткен балдайын. Жырдан арнап құранымды бағыштап, Топырағыңа кие жұқсын аунайын! Жоғалмасқа күмбез соғып басыңа, Жайсаңдарды серік қылған қасына. Шияпұлы Ибрагимдей ұлыңның, Қолтаңбасы ой салады осында!
Жайсаңдар ғой ұрпақтары Қосайдың, Жомарттығын қалай жырға қоспайын. Ойлай білген бірлікпенен елдікті, Ізгі ісінің жалау қылдым бастауын! АБЫЛ АҚЫН Сүйекем сапар шекті сексен бесте, Сəскеде қалды аға жатып төсте. Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді, Ажалға ол да көнді салған іске. Абыл Адайдың қасиеті саналатын, Қастерлеп Сүйінқара батыр атын. Жадына сақтасын –деп, келер ұрпақ, Жырладың жырға қосып абыз ақын. Қас дұшпан салмас үшін елге ойран, Бұл жерде өтті қанша қанды майдан. Жеткіздің Құлбарақпен, Шотан ерді, Қалың жұрт ерлігіне қайран қалған. Құлы боп Тəңір берген намыс ардың, Жырладың əрбір тасын Маңғыстаудың. Аңызын жырға қосып ақ маржандай,
Шашу қып нар халқыңа табыстадың. Əуелден найзаны ұстап жауға барған, Бұл елде батыр қанша болған қорған. Бəрінде сыйдырғансың дастаныңа, Ғасырлар айдынында желкен құрған. Заманның жеткізе алып ағыстарын. Халқыңнан сан мəртебе алғыс алдың, Атыңды қайталаймын бар дауыспен, Ұрпаққа жетсінші –деп, намысты əнің! АБЫЗ АҒА (Дүйсенбі Əріпұлына) Абыз аға, асыл аға ел сүйген, Дауыл кешіп ерліктермен есейген. Сəуле шашып бар маңайға ақ таңдай, Өн бойыңа қайрат жігер күш берген. Намысымен кеуделерге от беріп, Аянбастан халық үшін тер төгіп. Қай кезде де қызырың боп қорғаған, Қате басып жасамасқа пенделік. Əрдайымда ойлағаны ел қамы, Ел бірлігі мақсат қылған арманы.
Қуанады самғай ұшса жас қыран, Алты Алаштың мақтан тұтқан тарланы! Болса дағы ұшан теңіз еңбегі, Ол ешкімге мен толдым-деп, көрмеді. Дауылдарға кеуде керіп шалқиып, Сескенбестен маңдай термен гүл өрді. Ақылменен ізгілігін асырып, Бар адамға тілегені жақсылық. Адалдықтың туын оған бабалар, Сенім артып кеткендей-ақ тапсырып. Бақ дəулеті тұрғанымен басында, Кішілігі əрдайымда қасында. Түсінгенге кісіліктің ауылы, Сабырлықпен тіл қатады осында. Қыдыр көрген Назар бабам өзіндей, Келешекті ойлай білген көз ілмей. Ой салады көпті көрген абызым, Маңғыстаудың тауларымен егіздей. Бөлек, бөлек таулы жердің сарыны, Иесіндей биік келер арлы үні. Көкте ойнаған нажағайдан от алған,
Бабалардан айнымаған айбыны. Ізгілігі толы өнеге тəлімге, Қандай бақыт қарияң болған төріңде. Қазынамнан айырма –деп, жалынып, Жалбарынып қол жаямын Тəңірге! АЛАШ ҰРАНЫ (Дүйсенбі Əріпұлына) Біз қазақ жасампаз елі бар, Ер Түрік тегінен таралған. Алаш боп киелі ұраны, Азаттық таңы үшін тау жарған. Кең пейіл бауырмал халықпыз, Тəңірдің нұрынан нəр алған. Шыңдалып сұрапыл сан сында, Із салған ғасырдан ғасырға. Жалыны ертеңге ұласып, Қол созған шыңдардан асуға. Арманы ең асқақ халықпыз, Жаралған жеңістер жасауға! Елімнің бейбіт күн тілегі, Ислам мəңгі өшпес тірегі.
Күн қыран көк туы астында, Бөгелмей бөрідей ерлері, Кектенсе от жаны алаулап, Айналар жасынға көктегі. Елдігі, ерлігі жыр аңыз, Бабадан бұзылмай қалған із. Қастерлеп өр даңқын жырлаумен, Жаңғыртып жолдарын жалғаймыз. Ақтауға үмітін,сенімін, Анадан ер болып туғанбыз. Қанында ойнаған өжеттік, Қазақпыз, қазақ боп ержеттік. Тəңірдің соғылған, таңбасын, Ешкімде бұза алмас өзгертіп. Ел үшін жасаймыз ерліктер, Ар туын жоғары көтеріп! ЖЕЛТОҚСАН Желтоқсан қуат барма сенен асқан, Сілкінтіп бодандықты түнек басқан. Тарихтың кең төрінен сөйледің сөз, Қазақ боп, намысы үшін арпалысқан.
Тілгілеп қара бұлтын сор заманның Қаймықпай азаттықты қолға алғаның. Еркіндік, Ана-тілім, Ұлтым үшін, Ұлдарым төкті қиып адал қанын! Сыр құйып Азияның жүрегіне, Айналып дауылпаздай жыр еліне. Алаулап дүбірлетіп дүниені, Тіл қаттың бейбіт үнмен келер күнге. Ең алғаш қасиетті туыңды алып, Өр ақын Жұбан тұрды дабыл қағып. Мен қазақ, мың өліп, мың тірілген-деп, Жолыңа құя біліп нұрлы жарық!. Ығыспай озбыршыл топ Колбиндерден, Атылып жебелердей мінбелерден. Халқымның көз жасымен қарғыс айтып, Тайсалмай дауыс салып тұрды төрден.! Ісініп ата салттың ғұрпын бұзған, Мəскеулік шенеулікке тойып қызған, Жетпейсің Қонаевтың ізіне- деп, Адайдан -Марабаев бетін сызған! Əуелден елін сүйген өрісі кең,
Батырлар ұясында өсіп өнген. Өзеннен бауырларым ИЯ , БЕКЕТ-деп Айбарлы семсер үнмен дауыс берген. Сыпырып азап торын кеудедегі, Іштегі мұңмен шерін бір бөлгені. Басынған құзғындарға тас лақтырып, Досан боп ерлікті аңсап күнге өрледі!. Қаншама дауыл екпін жатыр мұнда, Сенді олар адамзаттың ақылына. Құлдықтан құтылуды ұран қылып, Жыр төкті Сабыр Адай ақынымда.! Əуелден Жаратылған дауылдардан, Үлгі алып қас батырым БАУЫРЖАННАН, Ұрпағым Қайрат болып шықты алға Теңдігін талап етіп жауыздардан! Желтоқсан-Тəуелсіздік ! Еркіндігім! Не түрін бастан кештің ауыр күннің. Қарусыз шыққан бейбіт ұлдарыма, Озбырлар істеп жатты залымдығын. Қызғанып кең даламның тыныштығын, Қанішер Колбин қайрап қылыш жүзін.
Нашақор көк бөрідей тағылар- деп, Əлемге сумаңдатты қызыл тілін. Сан елдің бейбіт күнін ойран еткен, Гүрілдеп танктері айбыны өктем. Таптаса ұлдарымды арын қорлап, Сапері бастан соғып күрекпенен. Сүйрелеп қыздарымды бұрымынан, Ит қосып талатқаны зұлым қолдан. Тепкілеп қызыл қанын жосылтқаны, Тайдырмақ болып əділ иман жолдан. Қалың қол əскерінен дүбірлеген, Қайысып алаң жатты мұз үрлеген. Қатыгез жауыздықтан бұғауында, Дауыстар шықты ыңырсып күңіренген. Жоқтаған ел басқарған өз данасын, Торларға қамап қазақ боз баласын. Азаптап қыл бұраумен қылғындырып, Соқтырды қиянаттан қан борасын, Кім емдер күйзелген ел жан жарасын?! Су шашты, у таратты түтін салып, Қолына жұлын үзер темір алып.
Қаптатып қарақшыдан жасақшыны, Ызаның қайта өршітіп отын жағып. Бұзақы, ұлтшылдардың мекені-деп, Империя тұрды толқып төсін қағып. От салып ортасына нар қазақтың, Тұманын қалыңдатып сор азаптың. Айлекер түлкі тұрды ініне үріп, Зілінен өзі қашып зор салмақтың. Айламен арыстандарды торға салып, Биледі жəбірлеумен сайран қағып. Нарларым іштей тұнып ыңырсыды, Зомбылық қулығына қайран қалып. Қайран жоқ бас қосуға күзеттерден, Əр ізін күнде бағып тізбектеген. Орыстың жансыздары жүрді бағып, Үстіне шапан киіп өзбектерден! Бетіне сайқалдардай бояу жаққан, Бəріде өктем зорлық саясаттан. Бұлқынған бодандықта жойқын күшті, Жасырып кінəлады ұялмастан. Бас болған бұл сұмдыққа орын қазып,
Мəскеуден қару төкті меңді қазық.. Алайда Желтоқсанның ызғар желі, Жар салды қасіретін қанмен жазып! Ой салып тебірентер əрбір елге, Дауысы кетті тарап кең əлемге. Айналды ҚАЗАҚ деген киелі есім, Қуатты тасқыны мол отты өлеңге.! Елдік пен ерлігіңнің жолын салған, Бұл өзі азаттық əн тұнып тұрған. Ластатпа кие толы алаңыңды, Бауырыңның мұнда ыстық қаны тамған.! Айналдыр гүлзар баққа дəнін егіп, Сыр шертсін ел ырысы арман бірлік. Төрінен жыр оқысын ЖҰБАН атаң, Тайсалмай қан майданда тұрған берік! Жаз оның МЕН ҚАЗАҚПЫН деген жырын, Ұғынсын келер толқын жүрек сырын. Жеткізсін шырақ жағып, ғасырларға, Ту қылып ұлттық Рухын сүйген ұлың.! Білсін жұрт ұландары өр екенін, Шырқа əнін асқақтатып Жұмекеннің.
Қуансын пейілі кең алып халық, Аңсаған еркіндіктің гүл мекенін! Жақтаған қуанышпен нарлығыңды, Ұмытпа Зиманұлы Салығыңды. Қастерле барлық ерлер есімдерін, Таңданып сүйгеніңдей таңғы нұрды. Іздері ерлікпенен аңыз толған, Тайсалмай Европаңда билік құрған. Желтоқсан! Өр мінезді Ғұн патшасы, Өзіңнің қасиетті Еділ бабаң! Ерліктің соға біліп даңғыл жолын, Əлемге əйгі қылған мəңгі қолын. Желтоқсан- айбыны мол Шыңғысқаның, Соғыстың тəңірі боп алған орын! Ел үшін жаудың көріп басынғанын, Жоғалтпай бойдан рух намыс əнін. Қатыгез Кир патшаның басын алған, Желтоқсан-Тұмар қыздай асылдарың! Жалғаған бабалардың ерлік ісін, Желтоқсан жан дауысың бірлік күшің. Ерітіп қатқан мұзды ыстық қанмен,
Қондырған сəтің алғаш бақыт құсын.! Желтоқсан! Əз Тəукемен, Жəнібегің, Қиында əруақтар жебеп еркін. Есіңе ЕЛІМ-айдай əнді салып, Ақтарған намыс қайрап ақ тілегін.. Ақтауға елдің артқан бар үмітін, Желтоқсан! ƏЛИХАНДАЙ ақыл көркім. Алты Алаш басын қосып ұран салып, Уынан сақтандырған қызыл өрттің. Қорғалап қызыл шайтан қазған ордан, Алты Алаш бақ бірлігін армандаған. Күрескен теңдік үшін, елдік үшін, Желтоқсан -ер Мұстафа Шоқай данаң! Аһ ұрып Отанынан шет жүрсе де, Азаттық жолын іздеп бір тынбаған. Бостандық жеткізсем-деп, сүйген елге, Көз ілмей қайғы мұңның бұлтын жарған! Ата ұлы тартып туар атасына, Ез болсаң бос қаларсың от басында. Қашанда əділдікке күрес қажет, Желтоқсан! Жігер күшің бақ осында!
Желтоқсан- адуынды Адай күйің, Жеткізген қуат қосып бабаң үнін. Кектенген ызалардан оянған шақ, Шуақты болу үшін көктемдерің.! Бүктірген елім үшін қалың жауын, Желтоқсан- Райымбегім, Абылайым! Ұрпағын жетекке алып тылсым күшпен, Күрес- деп,қолға ұстатқан ақ жалауын.! Ғажайып күмбірлеген əн күйлері, Желтоқсан! Ол қазақтың Мəдилері. Абайым! Ильясым! Мағжандарым, Серпіген бізге төнген дүлей желді! Бет жыртпа ешкімді де кінəлеумен, Желтоқсан! Мəңгілік Рух киелі өлең. Ол Сырым, Кенесары, Махамбеттер, Қаныңмен бірге біткен туған елмен! Алуға қарақшыдан бостандығын, Ең соңғы дем біткенше қосқан үнін. Желтоқсан-Оспан атты батыр бабаң, Қалдырған ерлігінің дастан жырын! Желтоқсан! Бауыржан ер қайта оралған,
Қатыгез қас жауынан тайсалмаған.. Кеудесін тосып ажал тозақ отқа, Алдына өжеттіктен жан салмаған.! Дауылдың бастан кешкен сынақтарын, Желтоқсан- қаһарман қыз Лəзаттарым. Ол Мұқтар, Алты Алаштың ұлы ақыны, Жар салып жырға қосқан Азат таңын! Емдеуге құл мінезді кесел дертін, Ақтаған ел алдында берген сертін. Желтоқсан-жарқыраған жұлдыздардай, Ғасырда бір туатын Алтынбегің! Биліктің халықты езген үгіп тасын, Шындықтың сыйға тартып шұғыласын. Көкірек көзіңді ашып сəуле құйған, Желтоқсан-адал досың «ЖАС АЛАШЫҢ»! Сескенбей зел залалы шың құзыңнан, Шыдамай зомбылыққа салтын бұзған,, Желтоқсан- жау жүректі Хасендерім, Ол Сабыр Қасым ұлы ұран жазған. Ерлігің жоғалмасқа əр ізіңнен, Сыр айтып Мəмбет ерге қолын созған!
Ой төгіп тарихыңның тереңінен, Мəңгүртпен, кереңдерді міней білген. Сол еді Қойгелдінің жарық шамы, Ақиқат шындық үшін білек түрген! Булығып дауыс салған ыза кектен, Желтоқсан -ұлы күрес елің күткен. Есігін тас қамалдың айқара ашып, Құтқарған туған елін ауыр жүктен! Желтоқсан! Айымбеттің Мəди ұлы, Жасынан Байғаниннен ұғып жырды. Уағыздап Асау Барақ ерліктерін, Кеудеңе мөлдіретіп құйған сырды! Алдында перзент болып бас иетін, Желтоқсан ! Қазақ ұлттың қасиетің. Шыңдалып шар болаттай күрестерде, Ел үшін қанмен жазған өсиетін! Желтоқсан- алауы бұл азаттықтың, Осында еркіндігің ғажап үнің. Бұғауын отаршылдың қақыратқан, Жеңісің,! Тəңір берген, Қазақ күнің! Күш беріп өн бойыңа жүгіртіп қан,
Жаныңа тəуелсіздік сиын тартқан. Желтоқсан! От жүрегің арың, сырың, Ұмтылмас ел ұраның мəңгілік əн! ТОЙ КҮНГІ ТІЛЕК Қазақы кемем, шайқала көрме, шайқалма. Күлкі болып, тоқырау кəрі шайтанға. Төбемізде қарғалар жүр, қарқылдап, Ілік іздеп өсекшіге айтарға Қазақы кемем, шайқала көрме, шайқалма Қызыл қырғын жемдері үшін жан ұшып. Көртышқандар діңгегіне жабысып. Төсін тіліп сен жүзетін айдынның Жатыр шулап, бір-бірімен алысып, Ділмəрлары сөз сөйлейді жарысып. Көсем сымақ аржағынан мұхиттың Дағдарысын сезіп қиын уақыттың Сан ұлтыңның арасына жік салып, Сəуегейсіп жолын сілтеп табыттың, Мəз болады, көзі сол деп бақыттың. Қазақы кемем, адаса көрме жолыңнан. Желтоқсанда жаратылған жалыннан,
Жеткіншегің сенің үшін жан қиып, Желкеніңе ақ жалау боп тағылған, Сеніп артып, үміт моншақ лағылдан. Көтер ту қып, күндей ана тілімді, Ардақ тұтып Тəңір берген дінімді. Шуағына тоңған халқым жылынсын, Есіне алып, түркі тектес үнімді, Мұхамбеттей Алла сүйген пірімлі. Қазақы кемем жетілерсің күні ертең, Гүлден тəжі кигізер-ау кең өлкем. Талай ақын арнап жазар жыр көркем. Нағыз бақыт! Тəуелсіз тең ел болу, Құтты болсын, халқым сүйген мерекең, Əділдік пен бірлігіңде берекең ! ХАЗАР ПАТШАСЫ ТУРАЛЫ ОЙ Табиғаттан тауып əсем жарасым, Құт дарытып Қызыр кезген жағасын. Аңыз болған сұлулығы əлемге, Мекен еткен екі теңіз арасын. Қайда кеткен Хазар елі құдай-ау, Ізсіз-түзсіз бос қалдырып даласын.
Ең соңғы рет топырағын құшақтап, Ағылдырып ақ жауындай көз жасын?! Ел мұратын ойламастан түнерген, Бəрі, бəрі патша əкелген пəледен. Өзі болып халық соры, тіл соры, Көрген түсін шешпек болып əр елден. Көріпкелдер дəруіштер шақырып, Сойхандықпен елге маза бермеген. Тирандардан кім көрмеген қорлықты, Зұлымдықтың сыбызғысын үрлеген! Мақтау сөзге жаны тоймай жандасып, Мəз мəйрам боп жүргенінде бақ тасып. Өз еліне қайғылы күн əкеліп, Жындар мінген от кемеге жармасып. Ынсап рахым ұят кетіп бойынан, Қажымастан алдау арбау ойыннан, Көз байланып дүниеге тойынған, Озбырлармен байлық үшін жымдасып, Қасырет толы дауылында адасып. Өзге дінге, өзге тілге жол ашып, Ақырында аһ ұрғаны шоқ басып.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: