Жұлдыздардай сəуле төгіп, Қанат бердің арманға. Мыңдаған жан өзіңе еріп, Кірді қанды майданға! Ашын баба дем бергендей, Тəңір үнін жеткізіп Бəрі тегіс көк бөрідей, Алға ұмтылып жұп тізіп, Қызыл жоса тасқындардан, Жолдар аршып өмірге. Кегіңді алып залым жаудан, Шықтың жеңіс төріне. Жойылмады түркі халқы, Қанат жайып қырандай. Қайта түлеп ата салты, Гүл жайнады бар маңай! Сан қайталап ерліктерін, Құтылықтай бабаңның. Күндей күліп тұрдың еркін, Ұлы Рухымен даламның. Бар өзіндік қасиетін,
Сақтай білген намыспен. Нар халықты тас тілетін, Жау ала алмай у ішкен. Дұшпан үшін бұл расында, Азап толы сын еді. Жусандардың арасында, Қалды ағарып сүйегі! Көзін тікті барша əлем, Ерлігіңе танданып. Аз халықты бай қылдың сен, Ақиқатты қолға алып. Атқа қонған Тоныкөктің, Өзі болдың ел үшін. Арасында жермен көктің, Жаңғыртумен жеңісің. Найза ұшымен жолдар салып, Ерлік даңққа бөленген. Өз ұлым деп сүйді халық, Жырға қосып өлеңмен! Бұдан артық сый боларма, Халқың жатса ұлғылап.
Əрдайымды ұлы жанға, Қуат берген ел- бұлақ. Берік тұрдың тəж тағыңда, Ойлауменен ел қамын. Жүгінумен иманыңа, Зая кетпей жиғаның. Ел жұртыңды жарылқадың, Кен пейілді тілекпен. Ақиқаттың жарық шамын, Жаға біліп шындықпен! Мəңгі елдің қорған тірек, Болсаң дағы көсемі. Мен халқымнан биікпін деп, Көтермедің енсеңді! Біткенінше соңғы демің, Молайтуға ырысын. Сен қорғадың Түркі елінің, Батысымен шығысын. Өтеріңде сүйген халық, Хабар салып жан-жаққа Ерлігіңді тасқа жазып,
Табыс етті ұрпаққа! Сол ерлік жыр ғасырлардан, Бізге жеткен тау жарып. Адаспасқа жас ұландар, Күнде оқимын жар салып! ТҰМАР ҚЫЗ ( ТОМИРИС) Өн бойымда тулап Түркі от қаным, Қолға ұстасам ұлы дала кітабын. Сағымдардан желкен құрып өрлікпен, Ғасырлардың тік көтеріп ақ таңын. Көз алдыма елестейді Тұмар қыз, Алға тартып желден жүйрік тұлпарын, Сілкіп тастап заманалар қатпарын, Шумерлердің тасқа біткен тілімен, Арийлер мен Сак,Ғұндардың үнімен, Жеткізгендей ақиқаттың хаттарын. Сыйға тартып «Қазғақ Оғұл» бақ дəнін, Бабаларым мəрмар тасқа жаздырған, Енесейде ескерткіш қып қалдырған, Ұғындырым»батыр балам» сөз мəнін. Тектіліктің жоғалтпастан салмағын,
Биік ұстап ел намысы- ар əнін. Солмау үшін үміт күткен ұрпағы, Қасиетін сезінуге ақ таңның, Қайталанбас Массагеттер патшасы, Қорғай білген ерлікпенен Отанын! Қалдырмасқа туған елін тұманға, Шаң түспеске ата жұрты Тұранға, Қорған болған жарқыраған сəулеті, Ұқсап бейне еркін өскен қыранға. Уын шашып кең далама ұмтылған, Қарсы шығып айдаһардай жыланға. Сансыз қолды бастап қанды майданда, Тас талқан қып шапқыншылар əскерін, Қиян кескі ұрыс салып даламда, Тапталмасқа ата-баба сүйегі, Таңылмасқа ез атанып қор таңба, Басын алған Қир патшаның айқаста, Таңданасың Ғұн ұрпағы Тұмарға! Күн көзіндей шуақ төккен көктегі, Жеңісі оның еске салып өткенді. Əруағы кең даламда дем беріп,
Тылсым күшпен жеткізгендей көктемді. Аласұрып толқын шашқан мұқиттай, Ышқынумен іштен тартып от демді, Жыр төкпесем қысатындай өкпемді. Жарып туған, жанып туған асылдың, Құлағымнан жан айқайы кетпейді. Шақырады ұландарын ерлікке ол, Жасау үшін адамзаттың көктемі. Халықта ғой тіршіліктің тұтқасы, Ол сілкінсе алып жығар кек демі! БЕЙБАРЫС Туған елден жатқаныңмен тым алыс, Өзің жəйлі тоқтамаған ой ағыс. Кең əлемге Қыпшақ атын шығарған, Египетте сұлтан болған Бейбарыс. Озбырларға жіберместен есеңді, Жамау үшін өз нəсібең кесеңді, Қайсарлықпен үзіп құлдық кісенді. Жетімдіктен қара мұзды кешсеңде, Жыға білдің жоқтық атты кеселді. Өзге елде болғанменен тұрағың,
Боз жусанын төріңе іліп даламның. Тұмар қылып топырағын бір уыс, Исін жұттың ел қорғаған бабаңның. Еске түсіп əлдилеген өз елің, Өртенгенде сағыныштан өзегің. Көкелеген дауыс жетіп құлаққа, Мұң шеріңді ақ маржанмен жүздірдің. Бес жасыңда кімдер сатты құлдыққа, Таспа тілген тағдырыңды сезген кім?! Желдей айдап мекен қылып тұраққа, Жүргеннен соң дəм бұйырып жырақта, Сездірместен жан азабын ешкімге. Намысыңды армен байлап қанатқа. Мұқалмастан қайсар қайрат жігерің, Төзе біліп өмір күрес сынақта. Ерлігіңмен елдің жүгін көтеріп, Айналғансың алаулаған шыраққа! Айнымастан берік ұстап антыңды, Құл болмасқа қорғай біліп халқыңды. Еркін күшпен жасай білдің мол жасақ, Əділдіктен жоғалтпастан парқыңды.
Ел күйзелтіп жанын улап есеппен, Жемқорлығын асыра алған есектен. Арсыздарды ар сотымен бұғаулап, Тұрғызбадың кəпірленген төсектен. Елдік құрдың еркіндікті ту қылып, Ізгі ісіңнен рақат тапты жұртшылық. Кең əлемге дана Сұлтан атандың, Ізгіліктен шуақ төгіп құт іліп. Келер ұрпақ сусындауға білімнен, Ғалымдарға орын беріп төріңнен. Қастерледің қасиетті Құранды, Жатқа соғып имандықтың өрінен! Сағынғанда туған елді хат жаздың, Берке ханға ұлы Түркі тілімен. Пейіш деген құшағы ғой даламның, Арман барма сонда туып көмілген. Мұңды ойыңды өзегіңді өртеген, Іштен оқып ол уақытта кім білген. Тағдырымыз жазулы ғой Тəңірден! Иманыңмен ақылыңды жоғалтпай , Үлесіңді ала білдің өмірден.
Шаңнан аршып құлап түскен жұлдызды, Жылатпадың жетім жесір жалғызды. Жомартығың мың бір түнге айналып, Таңдандырып тебірентті шың құзды! Қайтара алар небір апат зəр уын, Қыпшақ тілі болды басты қаруың. Содан іздеп бақыт бастау бұлағын, Əн мен күйі өзі дедің таң нұрдың! Бесігінде тербетілген ғаламның, Əнмен күйі өз сазы ғой даламның Мұнда анамның бесік жыры əлдиі, Мұнда үні ел қорғаған бабамның! Дəстүр салтым ақ жолы ғой əдептің, Көшіне ермей есір тобыр дүрмектің. Жұрт таңданған Пирамида ұшына, Он қанатты киіз үйді сен тіктің! Күмбірлетіп күй төккізіп күйшіге, Жарасының емін іздеп жүректің! Риза боп құлшылық қып Құдайға, Ойлар қосып қиял жүйрік құмайға. Ар намыстың адалдығын сақтадың,
Қанағаттың дəнін салып таңдайға. Қарапайым болдың халық ұлындай, Жолатпастан менмендікті маңайға!.. Тағдыр сырын пенде білмес жасырын, Тереңінен ұғынуға бас ұрдың. Сен аштырып соркафатын патшаның, Тілдескенсің өзіменен ғасырдың! Оны көріп ойдың кешіп орманын, Əділ сөздің соқтың алтын қамалын. Айтпай кетсең сөз атасы өледі, Жетпес еді-ау келер күне мынау үн! «Патша болсаң ел алдында адал бол, Əділдіктің күте біліп шынарын. Ізгіліктің жүздіре алып кемесін, Санаса біл қорғап ұлттық мүдесін. Халық -тірек, мезгіл- айна қашанда, Ал айырылсаң айтшы саған кім ерсін? Тойымсыздық сорын сонда білерсің, Ел кешірмес сұрқиялық күнəңды, Өз-өзіңді тірілей-ақ көмерсің. Əлем болып абыройдан айрылып,
Көз жұмғанша өкінішпен жүрерсің.» Қапталарсың қарғыспенен көріңде, Қабыл алмас қара жерде пендесін. Білетіндей сұмдығыңның термесін. Ұрпағыңа кесел келер ғасырлық, Ор жыландай күнде қазып іргесін. Мұның бəрі келер күнге сабақ ғой, Шыңдап ашар ақыл оймен өресін. Жер бетінде өлмейтұғын жоқ адам, Талай келіп,талай кетіп жоғалған. Бір-ақ уыс топырақ ғой құнымыз Бағы жанар адаспаған Алладан, Бақытымыз- əдеппенен иманнан.! Сен қорғадың мұсылмандық дінімді, Крес таққан тым қатыгез жаулардан. Аңыз болып əрбір басқан қадамың, Тағылыққа найза болып қадалдың. Кең əлемді жаулап алған Шыңғысқан, Саған қарап ата алмады садағын.! Өзіңе ерген қыпшақтарың болаттай, Тұрды оны Египетке жолатпай.
Қалың бұлттай қанға құмар əскерін, Мысын басып, илеп тастап тулақтай. О,Бейбарыс! Ешкім төстеп жеңбеген, Əулиенің əулиесі сен деген. Сан ғасырлар өтсе дағы ерлікпен, Ұран салған жеңіс атты мінбеден! Қыпшақ атын мақтан қылып ғаламға, Ойлар салып ұлттық таным санаға. Қасиетіңнен өшпес мəңгі сый тартып, Жетектейсің имандыны əлі алға. Даналардың данасысың ақиық, Əр ізіңнен жыр тыңдаймын мен ұйып. Жүргендейсің туған елде жан баба, Ұрпағыңның тамырына қан құйып! ШЫҢҒЫС ХАН О,Шыңғыс хан – ТҮРІК ұлы айбынды, Қият нұрдан жарқыраған айдыны. Толқынына толық түскен ай нұры, Жан анаңның тас емшегін иітіп, Сілкіп тастап басқа түскен қайғыны, Эсугейдей хан əкеңнен бата алған,.
Темірше едің,тек ерлікке сай құнды. Елің сайлап ұлы қаған билікке, Сыйға тартты сенім атты бар үнді! Тамыр тартып ұлы Ғұндар тегіңнен, Жапырақ жайып Төлегетай төрінен, Қызу қанды қазақ жаны тəліммен, Ерліктерін өн бойыңа сіңіріп, Қас жауыңның қабырғасын сөгілтіп. Жаратқанның берген тылсым күшімен, Қаныңда ойнап жалын атқан тектілік, Жолбарыстай дала жортқан түн тіліп. Жетімдіктің торын шайнап сындырып, Сескенбестен ізіңді баққан жауыңнан, Туған жерің Бурхан Қалдун тауынан. Дем салғандай əруақтар киелі, Патшалар жатқан сəуле шашқан қауымнан Тəңірімнен тілек тілеп тік тұрып, Бұлақ ойды зеректікпен тұндырып, Ата жолдан іздеп ізгі құндылық. Жанар таудай жарып шыққан теңізден, Құшағына жалын отын өргізген,
Əуел бастан ерліктермен егіз ең! Қоңыратқа жиен болып қан тартып, «Қазғақ оғлы» деген атты ұнатып, Кең даламнан бойға жинап жомарттық. Ел намысын ақтау үшін жүк артып, Қарашаның елдігімен бақ қонар, Асау тектес мінезіңмен тəкапар, Жастайыңнан даналыққа құмартып. Ана сүтін ақтай біліп емізген, Тəңір қолдап Түрік даңқын көтеріп, Ар туына адалдықты көмкеріп. Кең əлемге жүргізуді билікті, Ұлы Түркі ұлдарына тəн көріп. Ақ бата алып əруақ толы еліңнен, Cыр ұққандай Меркіттердің мөрінен, Көрінуге Мөде көсем өрінен, Желкен керіп кие толы төрінен, Көк бөрілі желкілдеген ту алып, Бабаларды тірілткендей өлімнен, Ер Тұңға мен Аттил салған жолымен, Күлтегіннің ерлік толы жырымен.
Құлбақ əулие ақыл салған сырымен, Ақиқаттың заңын сақтап бұлжытпай, Тəлім алып өткендердің өзінен. Бар тайпаның басын қосып бірлікке, Шақырумен баба жолы ерлікке, Ғұмырыңды сəнді қылып жөнімен Өзің құрған мəңгі қалың қолыңмен, Күллі əлемге «мыңқол –тартар» атанып, Қыпшақ тілде болашаққа хат жазып. Бекіттіріп «қазақ» таңба мөріңмен, Керей, Найман,Меркітіңе шаттанып, Арғыныңның ұлылығына мақтанып, Қалың Қыпшақ найзасымен тау жарып Адайлармен көкте аунаған отты алып, Ақсақалды аталардан бата алып, Қызмет қылып аянбастан халқыңа, Пейілі тар пенделерден сақтанып, Қиятыңа жүрек сырын ақтарып. Жұртқа жайып ерлік даңқын өткеннің, Түркі елінің құшағынан бақ танып, Ұлы көшін жаңартуға аттанып,
Көк сүңгіңмен алға бастап түнді ілген Əскеріңмен қара бұлттай түнерген. Қан майданда қан төгісіп жеңілген, Ойран салып қас жауыңа бүгілген. Атқан оғың сағымдарға ілініп, Нажағайдай көкте ойнаған сөгіп бұлт, Ақ алмасың жауға ажал боп көрініп. Ақ желкендей кең далаға керілген, Тəртіп заңың суарғандай темірден. Əруақ толы қасиетіңді сездірген, Тауды қозғап қара жерге жүздірген. Кім көріпті көз тіріде мұндайды. Ерік күші болаттай нық айбарлы, Қуат алған Аллаға пəк сенімнен, Жауынгерлік Рухы үндес көгіммен, Орын іздеп қырғын майдан төрінен Өзі болып құйынды шаң дауылдың, Əскеріңмен жалын шашып өрілген. Ұран тастап ұлы Түрік тіліммен, Көк Ордадан Тынық мұхит жеттің сен, Европаны таптап басып белінен!
Аялдадың шалқар айдын жаныңда, Армансыз – ақ кəусар жұтып таңында. Жатқаныңмен жусан исі ой салып, Түрік əні тулап жатты қаныңда! Бастан кешіп небір жорық салмағын, Құшағына жетсең де бақ – арманның, Алтын Сарай көк зеңгірмен ұштасқан, Кең далаңды əсте ұмыта алмадың! Туған елде Қоңыраттан нұр төккен, Сүйе білген ұлы сезім жүрекпен. Тəңір қосқан жан жарыңды сағындың, Перзент сыйлап етегіне құт біткен. Туған жер – деп, соғып алып ер жүрек, Қанша қатал болсаңдағы елжіреп. Тұмар қылған топырағын бір уыс, Сүйетінсің ауық-ауық иіскелеп! Күн қанатын қырандайын жайғанда, Қайта кіріп ерлікпенен майданға. Аттан, аттан!- деген алып дауыспен, Бас иместен жаныңа қас жауларға, Кешіп өтіп теңіздердің толқынын,
Таулар астың кезек беріп айбарға! Садағыңның от жандырып ұшымен, Жаудырғанда қалың жаудың үстімен. Көк зеңгірден құлағандай жұлдыздар, Ажал оқтың ысқырығы естілген. Жарып шыққан саф болаттай қайнаудан, Əскерлерің айбатымен жауды алған. Сенің қатал тəртібіңе жүгініп, Əмір берсең тауларды да аударған! Қарылғаштай шапшаңдықпен шаншылып, Сүйсіндіріп ерліктерін асырып. Жібек жалды туын қолдан тастамай, Есімдерін жаза білген тас тіліп. Ешкім қарсы тұра алмады алдыңнан, Басты сұқсаң қамытқа ел бағынған. Салық төлеп Европа, Қытаймен, Тізе бүгіп , бас алмауға жалынған! Басыңды имей дегеніне тағдырдың, Қауіп сезсең барлаушыңмен таңды ілдің. Өз буына өзі піскен тұлданып, Таян ханды өз қанына малдырдың.
Өкінішпен басын ұрып тау тасқа, Қалың əскер ажал құшты айқаста. Жеңіліспен ажал егіз бір ұғым, Соғысқандар терең ұққан əу баста. Ерлеріне қабір болып қазылған, Сан қамалдар жатты алдыңда бұзылған. Ашық жатты құлазыған даласы, Омырауынан моншақтаған қызыл қан! Сыннан өтіп жиһангерлік мақсатың, Талай елді қан жылатып қақсаттың. Жермен жексен болды небір қалалар, Мəңгілікке жоғалтумен өз атын. Сансыз əскер жауып дала жазығын, Өзі болып көшкен алып шың құздың Көрінгенде зəре құтын ұшырған, Қарсыластың елін қорғар ұл-қызын. Рухы асқақ мыңдық, жүздік тізілген, Жандары бір жаралғандай өзіңмен, Алға ұмтылса арландарша атылып, Жауың жатты саз балшықтай езілген! Жанарында көз жасынан қақ тұрып,
Бар жиғанын қия алмастан аптығып. Жүгенсіз кетіп желік біткен көсемдер, Найза ұшында кете барды аһ ұрып! Төрт тірегің Жебе менен Құбылай, Жүрек жұтқан Желме жəне Сүбітай. Қолбасшылық қасиетіңнен нəр алып, Тəңір қолдап ерлік үшін туғандай. Тіредің де Европаға ат басын, Теуіп ашып аяғыңмен қақпасын, Жолыңдағын бəрін тегіс жапырып, Нажағайдай көкте ойнаған атылып, Дінсіздердің үйіп салдың қаңқасын. Мүлдем бөлек əскер құру əдісің, Жалғап жатты жеңісіңнің өрісін. Басын қосқан шашыраған Түркінің, Ұмытыларма ерлік толы ұлы ісің! Шектен шықсаң талабы сол заманның, Бəрі, бəрі бұйрығымен Алланың. Сен шықпасаң олар тегіс бөлшектеп, Соғар еді бодандықтың қамалын! Сен жауладың Батысын да Шығысын,
Қор болмасқа барша Түркі туысың. Аңыз толы ерлігіңмен ғажайып, Тектіліктің көрсете алдың үлгісін. Абыздары ғасырлардың көз тіккен, Ерлігіңе басын иген қарлы шың. Тұлпарлардың тұяғының ұшымен, Ұлан байтақ кең əлемнің үстінен, Келер ұрпақ жау тиіссе білсін-деп, Құпиясын жазып кеттің соғыстың. Өзің қалап «Алтын Орда» іргесін, Кеңейтумен ата-жұрттың тынысын. Төрт ұлыңа мұра қылып сыйладың, Төрт діңгегін қасиетті ұлыстың. Таңдандырып өзің байтақ ғаламның, Жырға қосып ұлылығын даламның. Сілкіндіріп дəн сепкенсің əлемге, Сыйға тартып қажет керек – жарағын. Үйреткенсің жүйріктермен жүйткуді, Қалай жолда жеңіл шатыр тігуді. Төрлеріне шырақ қылып жаққансың, Қастерлеуге дінім менен тілімді!
Биік ұстап Тəңір берген күнімді, Бақыт шамы-аманатын бабамның, Жоғалтпауға Түркі тектес үнімді, Солдырмауға еркін өскен гүлімді. Сақтау үшін мəңгілікке бірлігін, Сыйға тартып өзің жазған ілімді. Қыпшақ сөзін байтақ елге таратып, Көнбегенін қылышпенен қаратып. Сонда нұқсан келмейтіндей еліңе, Жүрегіңе махаббатшыл нəр тауып. Қажығанда бабаң əнін тыңдадың, Бұлбұлдарын құшаққа алып сайратып. Өжеттіктен өрге тартқан бақ тасы, Өзі болдың қаһарлы соғыс патшасы. Тəңір қолдап көгіңде жүрді ақша бұлт, Тылсым күштің бізге жұмбақ достасы. Ұлылығың айта берсе таусылмас, Батырлықтың Тəңір сүйген ұстасы! Сол ерлігің ғасырлардың көшінен, Қан жүгірттіп отты толқын күшімен. Ұрпағыңа намыс қайрап, ой салып,
Кеткен емес ұлы бабам есінен! Өзіңде ғой тарихымның бастауы, Ұран салған ғасырлардың төсінен! Қырандардай көкте еркін көсілген, Жоғалтпа-деп, ұлттық Рух киеңді, Салем жолдап самал желмен есілген! Ақиқаттың ақ жолында күресте, Жеңіс күткен қол бастайтын естіден! САРАЙШЫҚ О,Сарайшық,Сарайшық, Тұлпарын мінген уақыттың Бабамнан қалған жақұтым, Ноғайлы, қазақ қаласы, Сақтаған салтын ұлтымның. Астанам болған алғашқы, Жалауын тігіп ел жұрттың, Шежіремнен сыр шертер, Өзі болған тарихтың, Қыпшақтың алтын сынығы, Маңдайға біткен бақытым. Өзіңнен ішіп сіміріп,
Жеті ханның сарқытын, Құшағыңнан дем жұтып, Дариядай жырды шалқыттым. Қабыл ал өзің барымды, Тербесін мəңгі шаттық үн! О,Сарайшық,Сарайшық, Қызыл нарттай құлпырған, Қаншама гүлге нұр тұнған. Бастан кешіп азапты, Көз ашпаған қырғыннан. Бабалардың қаны ма, Ерлікпен алға ұмтылған. Туған ел –деп, алқынған, Тəңірден сый боп тартылған, Жанына қымбат алтыннан. Топырағың үшін бір уыс, Жауына оқтай атылған. Əлсіретсе де соғыспен, Тоқтамыс хан мен Темірлан. Ұрпағына үлгі көрсетіп, Айрылмай Түркі тамырдан,
Біткенше соңғы ақтық дем! Серттен таймай нық тұрған! О, Сарайшық, Сарайшық, Ой жіберсем,көркемім, Неткен қайсар ер едің, Дауылында өмірдің, Арпалысып тербелдің. Иіріп уақыт ұршығын, Жібіңді жалғап төрге ендің, Қайсарлықтан өлмедің. Зомбылыққа көнбедің, Айта берсем тереңнен, Не сұмдықты көрмедің?! Құбылса да заманың, Рухыңды ұлттық бермедің! Топырағың қанға боянып, Қайғыдан талай жүдедің. Жүргенде бабам қанында, Сезді ғой соғар жүрегім, Грозный атты қарақшы, Сындырған мұнда білегін.
Жылаған иіскеп жусанды, Құлатып сүйер тірегін. Бейбіт елді бүлдіріп, Ақтамай үміт тілегін. Қыпшақ еді анасы, Ескермей ақ сүт киесін Қарғыстан түбі көзі ашпай, От өртеп билік өзегін, Өзінің ұлын өлтірген, Кептіріп өмір өзенін, Қайранға соғып кемесін, Ажалдың құшып елесін. Талпындырмай биікке, Кісілік иман өресін. Ойлансаң азған азба адам, Бұл байлық кімді бұзбаған, Түн қылып жарық күндерін, Қанағаттың үзсе гүлдерін. Риза болмай тойынса, Алланың білмей бергенін! О,Сарайшық,Сарайшық –
Ұлылардың панасы, Ғасырлардың данасы. Жəнібек хан бабамның, Хандық құрған қаласы. Тəңірдің құлы бəрі де, Ұғынар барлар санасы Үзілмей жеткен тамырым, Жоғалтпай Түрік дабылын, Ғасырлардан тас жарған, Бөлек ғой сенің тағдырың. Өзіңе зиарат етуге, Жалау ғып алау таң нұрын. Асығып бүгін жеткенмін, Сағынып бабам нар үнін, Құшағыңды ашшы,иіскелеп, Жұпарын жұтып гүліңнің, Əнімді саған арнайын. Аулақтасын сары уайым. Өзіңдегі тылсым киелі, Шырағың болып жанайын. Аруналарменен көш өрген,
Бабалар жүрген көшеңнен, Əлемге салем жолдайын. Аунап бір жасыл шалғынға, Шомылып таңның шығына, Сыр шерткендей құбыла, Бұлбұлың болып сайрайын, Бір сəт үнсіз қалмайын, Ағылтып тілден сөз майын, Дарияң болып ағайын. Сен үшін тыным алмайын, Ұмтылып таудың шыңына, Қыраның болып самғайын! Əулиелер басқан ізіңді, Жырыммен алға жалғайын! О,Сарайшық,Сарайшық, Алтын Орда жақұты, Батый хан бабам жатқан жер, Құшағынан төгіп жарықты. Көзден жасын тамызған, Аққулардай ақ бұлты. Бақ – береке дарыған,
Бабалардың ел – жұртты, Керуендер ағылған Құйылған байлық ел құты. Көгіне күн нұр тасып, Алма бағы гүл шашып, Сəбилері қаз басып, Сүйсіндірген халықты, Əулиелері қырынан, Тілеген аман – саулықты. Айналасы көк орай, Пейіліндей жазықты, Жер ананың жұмағы, Гүлдендірген хандықты. Бұлбұлдары сайраған Өзінен алып шабытты. Етегін сүйіп Ұлы су, Паш еткен дəулет байлықты. Айдынында аққу – қаз, Бауырын төгіс жазыпты. Ел билеген жеті хан Осының бəрін толғанып,
Бар сырыңды ағылтты. Өткеніңді жыр қылып, Өн бойымды балқытты. Рухтарменен күш беріп, Жаныма сыйлап шабытты. Сезімімді нəзік идіріп, Топырағыңды сүйдіріп, Бабаңнан қалған жалауды, Алшыным жаққан алауды, Өлеңінен өріп сый қылып, Ақ тілек айтып айшықты, Секер көлден ұсынды Алтындалған қайықты. Қарттары неткен байыпты! Дөңгеленген шеңбердей, Қалаң сүйген Жайықты, Толқындармен бойыма, Ойлар қосып ойыма, Терең ағыс ағылтты. Қаумалаған қалың ел, Ауызына жұртты қаратқан,
Тəңірім бөлек жаратқан, Ақ бата алған Қорқыттан, Қобызын тартса таң атқан. Кеудеден шуақ таратқан, Тасқындай жырды тулатқан. Бос создырмай уақытты, Бас ақынын шақыртты, Жазық екен маңдайы, Сұрап біліп жағдайды, Салдырмай қамшы шабатын, Пырақтардай таңдаулы Бұлбұл қонған таңдайы. Дариялардай тасыған, Тарихтан сыр ағылтты, Қайсақ, қыпшақ, қазақтан, Бастауымды танытты. Оныншы өткен ғасырдан, Жеткізді сəуле жарықты. Құшаққа алып мəз болдым, Өз бабам Қазақ алыпты! Бір күш кернеп кеудемді,
Шуағынан құрып кемемді, Ақжарма жырды ақтарып, Оқыдым мен де өлеңді. Негізін жырдың қашаған, Бəйге бермей аса алған, Жүз сексен жас жасаған, Жақ сүйегі босаған, Орнынан тұрды шыдамай. Сыпыра жырау əулием, Қайдансың деп жан балам, Жақындап бермен келші деп, Маңдайдан сүйіп елжіреп, Дауа беріп жүрекке, Көңілден төгіп ақ тілек. Селдетіп тағы жырларды, Ақтарды небір сырларды. Ақ бата беріп жоқ болды, Өткендей серпіп тұманды. Кеудемде жарық нұр қалды. Қуаныштан таңды іліп, Құдыретті күшке бағынып,
Дұғамды оқып жалынып, Жаудырып алғыс Аллаға, Тіземді бүктім табынып! О,Сарайшық,Сарайшық! Аяулы алтын босағам, Отаным сенен басталған, Киелі жерсің біз үшін, Шырқаған еркін асқақ əн! Топырағың сенің күй шертіп, Қобыздай сарнап ой салған. Əр тасың тірі адамдай, Тарихыңды шертіп қол созған! Қалайша бəрін сүймейін, Егізім болса жыр жазған. Сұлулыққа құмар жүректің, Солар ғой қылын қозғаған, Құттыгерей інім – қара нар, Бұларды қалай жазбаған? Естіп тұрып дауысын, Боз інгендей боздаған! Тебіренуменен жүрген ғой,
Жүрегі оттай маздаған, Төл перзентің – өз балаң! Тағы да аунап алайын, Құшағыңды ашшы,əн қалам. Жанарымнан жас тамса, Сағынышым ғой,болма алаң! Кімдердің сендей елі бар, Ғасырлардан қол алған, Əлемде аты аталған, Құм астында сыр бүгіп, Қаз қалпында сақталған, Өзің – ақ айтшы бəрін де, Шежіреге толы бас қалам. Арқа сүйер айбаттым, Бабалар үнін толғаған. Өшпес Рухың қайратым, Əрдайым мені қолдаған! Былайша көзге білінбес, Бабалар рухы үзілмес. Əруақтарға айналып, Көрсетіп айқын мың елес,
Жетелеп жұмбақ əлемге, Бізбенен қатар үзгілес, Өткеннің бəрін тізбектеп, Ой салды жанға өлшенбес. Сыйлайтын өнер,салтыңды, Тындайтын іздеп ақынды. Патшаның жалғыз тал гүлі, Серуенге бізді шақырды. Шақырғаннан қалма деп, Құттыгерей айтып нақылды, Алтынданған қайықтың, Ескегін ұстап тартылды, Жастықта-ау, қуат қарқынды. Ал ару,елік лағы ма, Елімнің біткен бағына, Ибалы жүзден нұр тамып, Жарқ еткендей Ақ Жайық, Құшағын еркін кең жайып Отырды менің жаныма! От құйып ыстық қаныма. Намысқа берік, жау жүрек,
Болған соң дана ой бөлек. Мінезі асыл жаны ерке, Ісіме адал сəт тілеп, Бастады терең əңгіме. Толқыды жүрек қайтейін, Отырдым іштей білдірмей. Өзі еді ол көктемнің, Өзі еді нағыз өмірдің! Жанғандай қайта шырағым, Ағылтып өлең бұлағын, Тарқатып жырдан құмарын. Тынысынан дем жұтып, Секер көл жайын сұрадым. Толқынмен үнсіз мұңдасып, Көңілде қалған күйді аршып, Сүйеумен басын кеудеме, Айдында еркін сырласып, Күй тектес əсем үнімен, Секер көл əнін жырлады, Дауысы кетті қырды асып. Сезілгендей қимастық,
Сарнамай үнсіз жолды ашып, Тына қалды самал жел, Тынысын тартты дархан бел. Өнерге ғажап таңданып. Қосылды барша аққу көл. Құлағын түрді бар маңай. Сиқыр саз ем боп қонғандай, Пай,пай, шіркін əн қандай, Таңдайға бұлбұл қонғандай, Тілінен балы тамғандай! Қалқыған көкте ақша бұлт, Сол баяғы көшкен жұрт, Жұртында келіп қалғандай. Көріппе ең ғажап сен мұндай? Кең əлем тегіс елжіреп, Құшағын ашып тұрғандай. Əкешім асыл тілегім, Асқар тауым тірегім. Мен үшін көлді жасатқан, Жайықтың бұрып кемерін. Құлпырған гүлдер жағасы,
Мəуелі жеміс ағашы. Толқыны толқып бұлт емген, Ақыным өзің қарашы. Егіз ғой сенің жаныңмен Тербелген ағыс арнасы, Байланған жіптей көрінбес Болса да іште аласы. Ақ пен қара алмасқан, Өмірдің күрес бағасы. Ұқтың ба бəрін,ағасы? Сыбырлайды толқындар, Өлмес өлең жалғасы. Қонсын –деп, мұнда аққулар, Бірлігі ұйып шоқталған, Сұлулыққа шаттанған. Қалың ел құйып шекерді, Секер- көл, содан атанған. Тербеліп алтын қайықта, Көз тігіп Ару Жайыққа. Ойларға батқан шақтарда, Бетімнен жəймен бір өбіп,
Бұйырма-деп, айыпқа, Жоқ болды ару ғайыпқа. Қобыздың үні сарнады, Толқындар өксіп жылады, Айналып көкте бір аққу, Қанатын қағып салды əнді, Сезілді жасы тамғаны, Сақталар жарқын бейнесі, Есімнен кетпес саздары. САҒЫНЫШ өртеп жанымды, Кеудемде қимас жыр қалды. Жағада жалғыз қалғандай, Қайықта үнсіз қозғалды. Қызықтап солай көліңді, Бетке алғанда төріңді Жатқа айтып ата – тегімді, Тастемірден бергімді, Нағашым Шеркеш елімді. Дербістен қозғап сезімді. Ер Сатай,Жандыр, Бегалы, Алтыным күміс зерімді,
Түгелдей жырлап бағалай, Тылсымнан келген жыраудай, Ұқтырып өмір,өлімді. Тебірентіп толқын көңілді Іздеушісі жоқтай қу сүйек, Алдымнан шыққан ақ иек. Күтіп жүр екен ол ұлын, Арманы иіскеп бір сүймек. Ұғынып оның зар мұңын, Қор болмасқа бас сүйек, Тебірене арнап сөз сөйлеп, Жер- Анаға тапсырдық, Тып – тыныш енді жатсын- деп. От ойнаған қанында Құттыгерей інім жанымда, Дұға оқып бірге бет сипап, Ойларға баттық бағыңда. Жан салып ұлын іздеген, Оралардай қайтып тағы да. Қанша жан өтті өмірден, Ұл-қызын күтіп сағына.
Бұйырса-деп, уыс топырақ, Ең соңғы сапар жолында! Ажалды жанға бір тағдыр, Солмайтын кім бар жалғанда?! О,Сарайшық,Сарайшық, Үні бар сенде бабамның, Ізі бар сенде анамның, Сыры бар сенде даламның, Хаты бар сенде ғаламның, Əлемге қарап достықпен, Орындап əділ заңдарын, Адаспасқа ұлы жұрт, Ізгіліктен ғана нəр алдың. Бір Тəңірге сыйынып, Бейбіт күн болды арманың, Құпиясын сездің жалғанның Көк күмбезді мешіттер, Жəннатқа ашар есіктер, Дауысы сонда иманның! Сырыңа толық иландым, Сен сөйлесең шешенсің,
Далама біткен көсемсің. Ғасырлардан тас жарып, Мұқиттардан өткенсің, Жыртылмаған желкенсің. Бабамның маңдай терінен, Боз жусан болып өскенсің Жетпес жерге жеткенсің, Тарихы терең дариям, Баға жетпес жекемсің! АСАН ҚАЙҒЫ жан бабам, Туып өскен мекенсің! Елімді алға бастаған Өзіңсің тұңғыш астанам. Керей хан берген батамен, Ошағым сенде сақталған, Қазаным нұрдан ысталған, Əжелер қолмен ас салған Ата жұрт кие күн бесік, Қадамым сенде басталған. Сенде өскен дəннен бар қазақ, Жапырағын жайып күш алған!
О,Сарайшық,Сарайшық, Қызырдың құты дарыған. Алғыс алып халқынан, Бақ – дəулеті шалқыған. Ел билеген жеті хан Тарихыңды жазып алтыннан, Ұрпағына келер қалдырған. Біздер үшін лағылдан, Інжу – маржан тағылған, Əр тасыңның бəрі де əн. Іңгəлəп туған сəбиің Уызына тойып жарыған. Бесікте жатып елім деп, Əн шығарған жанынан. Бұлқынып ұя бағынан, Ақ əже айтқан аңыздан, Жапырақ жайып абыз дəн, Кеудеге ерлік күй тұнған, Сарқылмас алтын қазынам. Дем жұтып баба Рухынан, Жау көрсе қозар арқасы,
Атасына тартып ер туған! О,Сарайшық,Сарайшық, Ізгілік жолын қоштаған, Ақылмен асып таспаған. Көпір болып əлемге, Жыр төгіп достық дастаннан, Керуендерін қарсы алған! Жаныңда сенің мұң сыз бар, Ұға ма оны мұңсыздар? Жар салған зармен ой салып, Көз жасыңды көрсе кім шыдар?! Қорғар ма екен өзіңді, Дүние қуған құнсыздар?! Құпияңды толық білетін Арғымақтар – көкте жұлдыздар. Ұлы судан сусындап, Толқынға төсін малғызар. Туған ай қайық салғызар, Секер көлден ару қыз, Құрбыларын алғызар, Тебіренген ақын ұлыңа,
Тəңірдің Лұқпан құлына, Толғантып өлең жазғызар! Құшағын кеңге жаздырар. Сыңғырлаған күлкімен, Өміріңді жаз қылар, Жеткізіп терең ойларын, Көкірегіңді ашып мəз қылар. Адамзаттың қас жауы, Залымдық соғыс бастауы, Жер – анаңды жылатып, Жесірлерді шулатып, Тудырмасын бос дауды. Жас төкпесін сəбилер, Келер күннің ақ таңы, Ананың сүті кеппесін, Құламасын бақ тауы. Қанат жайсын тыныштық, Бұлт баспасын аспанды, Жүрекпен ұқса туысқан! Қасірет шегіп соғыстан, Қаншама жұрт тысқа ауды?
Дау жанжал халық қас жауы. Сенің де жерің тоналған, Көріп қайт көзбен Мəскеуді, Жетелер соған қанды іздер, Беттері əлі сақтаулы. Қарақшы болған жауыздар, Тілеген сырын ашпауды. Ұлылығын білсе ұрпағың, Жоқ қылардай қас жауды. Анығын айтсақ барма айып, Езсе де жауы мұңайтып, Бейнесі сұлу қалаңның. Сонда тұр бізге сыр айтып, Өшірмес ешкім өнерді, Сұлулық мəңгі ғажайып. Қыпшақтың исі төсінде, Əлемге тұрған қол жайып! О,Сарайшық,Сарайшық, Қалың жаумен алысқан, Далама біткен арыстан. Өрт ішінде қан құсқан,
Əрбір сүйем жер үшін, Берілмеген намыстан. Ұлы істерге бас болып, Залымдықпен қағысқан, Ыза буып елім-деп, Арулар да жау жүрек, Қылыш ұстап қолына Өмір үшін тартысқан. Ата жұртым ту тіккен, Айрылмауға қоныстан. Тіл мен дінін шырақ қып, Шығармаған уыстан. Аманат қылып ұрпаққа, Соңғы демі біткен соң, Ұлпа нұрға ауысқан. Ғарышпенен табысқан, Күнде күміс киінген, Олар маған таныс таң. Табиғатқа сіңісіп, Туған жерге сүйсініп, Қарау үшін алыстан,
Сəуле болып жарысқан. Ғажапсың ғой жасампаз, Ізгілігің мəңгі ұмтылмас. Жырға лайық мұндағы, Аңызға толы əрбір тас. Ұмтылған алға алқынып, Қаншама сенде батырлық, Еркіндік сүйген ұл-қызың, Табар-ау сенен жақындық. Өткеніне көз салмай, Түп тамырдан нəр алмай. Ата-даңқын ұмытса, Жалғар жолын ол қалай?! Тіл қадірін білмеген, Ананың сүтін ембеген. Жарылқар қалай өз елін, Жасықтық ынжық үнменен. Адал боп сүйген халқына, Өртену мұрат ақынға. Атаққа емес сай болып, Азамат ердің атына.
Бір кездері жер бетін, Таңдандырды-ау келбетің. Тарихым мен тағдырдың, Байыбына жету міндетім. Бейбіт күн боп арманы, Қалдырған өшпес таңбаны. Сөйлеген ғасыр алдында, Кім сүймес сендей қаламды! О,Сарайшық,Сарайшық, Ерлік даңкын асырған, Не кешпедің басыңнан! Тіл қатасың жар салып, Сан бір уақыт асырған. Ғасырлармен ғасырдан, Қарғыс айтып сайқалға, Тарихыңды жасырған! Шайтандардай жан ұрлап, Кеуде керіп тасынған. Қанға құмар жыртқыштай, Басқыншы боп басынған. Сенің мөлдір көз жасың,
Ұлы суға қосылған, Атырауда үнің ашынған. Аласұрған толқындар, Аяғыңа бас ұрған. Құдырет бар төріңде, Қасиеттерің тегіңде. Дауысың қобыз үнінде, Сұлулығың райхан гүлінде. Төзімділігің тас жарар Нар халқыңның өзінде, Кең пейілді ақтығың, Ел үшін адал тер төккен, Қарттарымның төрінде. Кеңдігің далам белінде. Ерлігің мен елдігің, Өнердегі нар ұлың, Қаршығамның күйінде! Өзіңнен ұшқан аққуың, Айгүлге ауған бұл күнде. Дəм татқан барша қазағым, Дастарханың жайылған,
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: