Мəңгі майдан күресіне атандық! Біз алыстық дем біткенше ақырғы, Биік ұстап Алаш ұран атыңды. Нəр алсын-деп, тамырыңнан тереңнен, Сақтау үшін ата мұра салтыңды. Көрем десең бақыт шамын төріңнің, Қадірін біл жас кезіңнен еліңнің. Серпіл, серпіл бабаң тартқан жебедей, Ақтау үшін сенім артқан сенімін. Бола білер əрдайымда қорғаны, Туған ел ғой ер жігіттің арманы. Бүкіл Алаш қуанышпен тойлайтын, Нағыз тойың тарқамайтын алда əлі. Ақын балам тебіреніп ой кешкен, Келіп тұр сен сырласуға үзбестен. От кеудеңде дем біткенше жаңғырып, Өшпей жүрсін ұрпаққа айтар сөз кестем! СҰЛТАН УƏИС АТА ҮНІ Ақыл деген ырыс толы дария, Сусындаған сезе білген жан ұя. Қадірлесең Тəңір берген сыйлықты,
Тəрбие нұр құт толтырар қойныңа. Ақыл кетсе айтшы кімдер азбады, Қайта оралмас қуаныштың жаздары. Намыста жоқ, оны күтер ар да жоқ, Дəйексіз боп өткізерсің жалғанды. Ала шұбар жылан күнде шаққандай, Тыныштық жоқ күн кешерсің шаттанбай. Көкжалдайын жараланып у жұтқан, Ішің ұлыр қысқы боран ақпандай. Күйіп пісу болып дəйім үлесің, Сатқындардыі сорын кешіп жүрерсің. Қарға болып қыран құсың тау қонар, Туған ұлың беттен алып жау болар. Қырсық қатын азаптап пəк жаныңды, Үйің тозақ мейман болып кім қонар?! Суланбасың десең мұңмен жанарың, Ақылды сүй иманменен қарағым. Күн баттыма күнде өзіңе есеп бер, Зердең алып өмір ұстаз сабағын! Мен өзіңе жүрек сырын ақтардым, Ата берсін алдан күліп ақ таңың.
Алыс жатқан бізді əсте ұмытпай, Келіп тұр сен ақын балам Лұқпаным! АСАУ ТҰРЛАН БАБА ҮНІ Абақтыда келгенменен ажалым, Сарыкөлде мынау менің мазарым. Сонау Орал түрмесінен Шеркештер, Жеткізген ғой көрсе де жол азабын. Ашып айтсам не пəлені көрмедім, Тілгілеумен басқыншының түнегін Ата даңқын əруақтай қастерлеп, Қас жауыма тізгінімді бермедім.. Кіші ұлыстың жолбарысы атанған, Ер Қыдырбай Маңдай еді арғы атам. Исатай мен Махамбетке қол жинап Ал əкеміз туған елден бата алған. Жастай ішіп сол бабалар сарқытын, Өр киесін сүйіп ата салтымның, Дем біткенше ақиқатты ту қылып, Қорғаушысы болдым асыл халқымның! Келсе дағы қаһар төгіп жүз атты, Имандыққа түсірмедім сызатты.
Алаш болды менің мəңгі ұраным, Кешсем дағы бастан талай азапты. Жүрегіме у боп түсіп шер менің, Зомбылыққа басын иіп көнбедім. Ер нағашым Көтібар ұлы Есетпен, Ақ патшаға болат қылыш сермедім. Ұлы дала менің алтын бесігім, Жаздырғанмын жүрегіме есімін. Ауырлығын қара нардай көтеріп, Қуанышын жайлауына көшірдім. Қатал тағдыр бар ызғарын төккенмен, Келер ұрпақ менің үміт ақ кемем. Саған сеніп тасқа жазып қалдырдым, Ерлігімнен мəңгі өшпейтін отты өлең. Соның бəрін ойға сақта ұмытпай, Бабалардан қалған алтын сынықтай. Мен əуелден өздеріңе сенгенмін, Қайсарлықпен қиындықтардан қаймықпай! Өмір күрес, бітпес майдан мəңгілік, Бабаң үні жүрсе бойда жаңғырып. Өршіл даңқын жалғарсыңдар ерлікпен,
Намыс отын алаулатып жандырып. Ең қымбаты азаттығы еліңнің, Өр киесін таптаттырма төріңнің. Қазынасын тонаттырма арсызға, Қара басын ойлайтұғын өзінің. Арман қылған Түркі елінің бірлігін, Арың болсын көгіңдегі ай күнің Ерліктің жүз айдынында сескенбей, Қамын ойлап алда болар тойыңның! Азапсынба өнер жолдың ауырын, Бақыт берер сен күрессең Тəңірім. Ақын болсаң айтарыңды айтып өт, Арман болмас сенде сонда бауырым! Əділдіктен өн бойына сыр түйген, Төле бидей данышпан бол ел сүйген, Көк Бөрідей қасиетті батыр бол, Ақын ұлым, əруағыма бас иген! АБДОЛЛА АХУН АТА ҮНІ Ата салтын сыйлағанға жол болған, Ол жайында сыр шертеді кең далаң. Адамзаттың есен – аман саулығы Бір Алланың еркінде ғой, жан балам! Жас жаныңа таусылмайтын дем берген, Табиғатпен жаның егіз əуелден. Үзіп алсаң тамырыңды нəп – нəзік, Көз ашылмас сор азапты көруден. Мен сезініп талай тылсым жұмбағын, Алдағыны елім үшін болжадым.
Қиналғанның дауа тауып еміне, Өмір бағын үзілместей жалғадым. Қызыл дауыл ұқпады ма, кім білсін, Қудаландым,ұлым бірақ сол үшін. Орскіде елден жырақ күн кешіп, Тарылғаны туған жерсіз тынысым! Өзегінде қалып аяз,боранның, Кең Жылыойым болып мəңгі жыр,əнім, Отыз жылдай азап пенен шер жұтып, Ата жұртқа сағынышпен оралдым. Туған жердің көз жіберіп таңына, Рахат самал құйылғаны жаныма. Киелі ғой ата – баба өскен жер, Нəрін берген оттай ыстық қаныңа. Кəусар бақтай ұсынатын бақ – тыныс, Осында ғой сүйенішім – бар туыс. Қуанышымды саған қалай айта алам, Бұйырған ғой топырағы бір уыс! Биік екен,ұлым менің ,аспаным, Ұмытпапты келер ұрпақ – дастаным. Қонсыншы- деп, келгендерге басыма, Түнек салды Рзиұлы Асқарым. Жырға қосшы сол баламды, ақыным, Алыста емес,ол да өзіңнің жақының. Қаратонда маңдай тері моншақтап, Ақ бұлағын ағызған ол алтынның. Туған жерде мəңгі өшпейтін əсемдік, Оқи білсең шығарар ол көсем қып. Самғау үшін биіктерге тəлім ал, Ата жұртқа тілей біліп есендік. Ойлай білсең бойларсың – ау тереңді, Өрге тартып өнер атты кемеңді. Қапаланба дүние ластау тұман деп, Шын жүйрікке болмас ешбір кедергі ! ДОСТАН АТА ҮНІ Бабаларым ақын ұл деп,қол берген, Кел,кел,балам,талай қиын жол көрген. Ақ батасын бермесе егер ұлылар, Жолың қалай болатынын кім білген? Құлағыма жетті бүгін дауысың, Сыр айтайын тебіреніп,ақ құсым. Тəңір берген ұлы күшпен мен дағы, Сынық салып алдым елдің алғысын. Қазаннан да,Қырымнан да ағылған, Сырқаттарды жазым болып жағылған, Қуандырып, аяғынан тұрғызып, Айырмадым өмір атты жазынан. Жете алмаған жанның ұғып жүрегің, Хабаршының жықпай əсте тілегін, Əруағымды ақ ниетпен шақырып, Мен қамшымды жіберіп – ақ емдедім. Не жетеді ата жолмен өскенге, Адал болсаң арамдар деп сескенбе. Қайыспайтын мықтылықсыз, ерліксіз, Бақыт таппас бұл өмірден еш пенде. Ашу үшін даналықтың арнасын, Жаныңдағы төзім бұлақ солмасын. Батасы уыз саған берген бабаңның, Іздерінен ізде ерлік жалғасын. Тынба,тынба ізденуден,жан балам, Жігіт емес от боп лаулап жанбаған. Туың болсын туған жерің Кең Жылыой, Үнің болсын мынау байтақ кең далаң! АҚЫН ҮНІ Мен өзіңнің кішкентай лағың едім, Асыл əже,басыңа тағы келдім. От кеудемде ұлы арман бұлқынады, Ақтасам деп үмітін қалың елдің. Қимасым боп кеудемде жүрсің əлі, Сыйға тартып өзіңе асыл əнді. Көз алдыма елестеп сен апарған Шағын мектеп базардың басындағы. Сүрлеу жолмен сен өзің жетектеген, Сырымды айтып кезім жоқ жыр төкпеген. Жүргендейсің жанымда, ұлы ұстазым, Жылу төгіп мейірлі жүрекпенен. Жоғалтпасқа киелі бағаларың, Қасиетін қастерлеп
бабалардың. Өзің берген демменен,асыл əже, Бəрін,тегіс түгелдей араладым. Бұлағынан сусындап мөлдір тұнық, Іздерінен жырыммен желкен құрып, Өсиеттерін хат қылып жырмен жазып, Əрбір сөзін Пір тұттып,қанатқа іліп. Нұр шуағы тигендей маңдайыма, Бір тіл қатшы,ақ əже,торғайыңа. Қанша сапар жол шегіп,ел кезгенмен, Сен пісірген таба Нан таңдайымда. Сүйікті əнің жаныма мұра қылған, Бесік жырың кетпестен құлағымнан Шат күндерді толғанып есіме алып, Саған келдім,ақ əже,қуанғаннан, Əже десе кім сірə елжіремес, Өн бойымда теңіздей тулаған əн. Ұлы болғың келсе,ұлым,ұлтыңды сүй, Деген сөзің жанымда жалау болған! РАШ ƏЖЕ ҮНІ Кел,кел бермен гүлдеген жалғыз дəнім, Мен бесіктен үйреткем Абыз əнін. Бабалардың ақ жолын кие тұтып, Биіктерге самғар- деп, нағыз дарын. Келер ұрпақ қастерлеп,бас иетін, Жеткіз,жеткіз бабалар өсиетін. Мынау тұман заманда тарықпастан, Шуақ қылсын жанына қасиетін. Өн бойыңа лаулатып намыс отын, Сүйсінші деп бесіктен қалың жұртын, Мен əуелден сенгенмін,ұлым саған, Ақтарынды тер төгіп ана үмітін. МЕН Кең Жылыойдай тұғырым – бағым барда, Жүрек отым – ана тіл,үнім барда, Бабалардың киелі өсиетін, Жеткізбеуге ұрпаққа қақым бар ма? Ескірместен туған жер ой,қырында, Жатқанменен қара жер қойынында, Күнде бізге төгеді даналық ой, Бағыт сілтеп өмір жол айдынында. Əлдилеген бесігің – елдің ортақ, Тыңда,тыңда дауысын,келер ұрпақ, Ақ жолыңа нұр болып құйылсын деп, Сыйға тарттым өзіңе жырмен құнттап! Сенен керем толқыным,тірегімді, Қабыл алшы ақ ниет тілегімді. Бабаларын қастерлеп,ту қылсын деп, Алаулаттым, шырақ қып жүрегімді. АЛТЫНШЫ БӨЛІМ АРЫСТАРЫ АЛАШТЫҢ Ой сананы кейде тоқтық басқандай, Өздеріңді сəл ұмытсам еске алмай.
Əруақтар алдында бұл күнə деп, Бабаларым айхай салып ұрсардай. Сілкінгендей найзағайдың отынан, От кеудеме сендер сепкен алтын дəн. Желек жайып іздеріңнен көгеріп, Келер күнге дауыс салып алқынған. Азаттықтың жалғау үшін үндерін, Бізге арнаған өмірінің бар демін. Əлихан боп, ұранымыз Алаш деп, Көз алдымда тұрасыңдар ерлерім! ƏЛИХАНЫ АЛАШТЫҢ Бостандық пен Туысқандық, Теңдік деп, Адамзаттың ойын жырмен өрнектеп. Асқар тауым тірек болдың еліңе, Зар заманда қу түнектен жетектеп! Ой ақтарып ой кеудеңнен сыр саңдық, Жол көрсетіп болашаққа із салып. Алашорда, Қазақ үйім іргесін, Қалап бердің ошағына от жағып! Көтердің де еркіндіктің жалауын, Талқандауға құлдық құрсау бұғауын.
Отаршылға күрес аштың жасқанбай, Бабалардың қолына ұстап алауын. Кешсең дағы қияметін азаптың, Бар тілегің басын қосу қазақтың. Ақ жолында дем біткенше тынбадың, Отын кешіп қызыл құйын тозақтың! Əр жүректі бөлей білген сезімге, Ұлылықтың үні жатты сөзінде. Арыныңнан жазбай алға тарттың сен, Асыл мұрат артқасын ел өзіңе. Көсегесін көгертем –деп, халқыңның, Көптің қамын ойлауменен алқындың. Алаш, Алаш шақырғаның бірлікке, Бабалардан жеткен асыл алтыным! Жету үшін ел аңсаған ақ таңға, Қайыспадың мұз жастанып жатсаң да. Сəуле төктің табандылық танытып, Көмілмеске қасіретті от шаңға. Мен өзіңе қалай ұқсап тартпаспын, Бойда қаның жарқылдаған алмасым. Əн ұраным орындалса сен бірге,
Тіл қатасың Əлиханы Алаштың! АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ Ана тілім өлмеуі үшін қансырап, От жаныңды мазалаумен сан сұрақ. Қамын ойлап түнек басқан халқымның, Көзін ашып, бола білдің шамшырақ. Шырылдатып бозтарғайдай зар жақты, Қызыл жылан арбағанда ұрпақты. Қасіретке тас лақтырдың тістеніп Қыл бұраумен сүйретсе де абақты! Қанат беріп сан мертіккен арманға, Құтқардың сен əл таусылып қалғанда. Қарамастан əр ізіңді күзеткен, Жандарымдар, темір қақпас торларға. Жоғалтпауға ұлттық ыстық қанымды, Құрбандыққа қиып шыбын жаныңды. Қанат қылып елдің үнін ашынған, Сен іздедің алда туар таңымды! Жаныштауға өткір жүзін алмастың, Сібір айдап қорласа да албастың. Өшпесін –деп, ана тілім өр үнді,
Ең соңғы дем біткенінше айқастың. Күл шашса да азғындықпен қас жауың, Өзің аршып көзін мөлдір бастаудың. Тілмен,дінім əдеп толы ғылым- деп, Қамал болдың Алатаудай асқағым! Мұра қылып ұрпағыңа, кейінге, Даналықтың дəнін сеуіп зейінге. Ұлттық намыс құдіретін ұқтырдың, Онсыз болмас сүйген Отан, үйім де. Қайран данам! Сусындайтын бұлағым. Шырағысың өзі берген Алланың,. Асыл халқым жүрегіне сақтаған, Сенің үнің – менің жалын ұраным! ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ Сегіз қырлы бір сырлы дарын едің, Қадірлеген ардақтап қалың елің. Ұрпақ үшін кеудеңді отқа малып, Жырларыңмен халқыңа жалын бердің. Жарқ еттің де жауыңа от шашқандай, Елдің сырын ішіңе бүгіп қалмай. Ұран салып шақырдың талқандауға,
Бодандықтың бұғауын қанат талмай. Тонау үшін елімді айла құрған, Жау да сенің сескеніп айбарыңнан. Тау құлатар қуатты ағысыңа, Табылар ма бөгет- деп, қайран қалған. Жанықты олар іздеумен бар амалын, Қамау үшін дайындап тас қамалын. Көнбесіңді оған да білгеннен соң, Атып тынды өзіңді ақсұңқарым. Намысыңның таптатпай ірге тасын, Сен ақтадың бабалар ақ батасын. Тастап кеттім сендерге аманат - деп, Күнде маған көгімнен тіл қатасың! МҰСТАФА ШОҚАЙҰЛЫ Өрмекшінің құрған бейне торындай, Қызыл соққан түрмелерге ұрынбай. Қуғындалдың зорлықпенен жат елге, Енесінен ерте айрылған құлындай. Қасіретпен сан қайғыны кештің сен, Көз тіріде от тозақтың үстімен. Өксігенде елге жетіп жан зарың,
Бар аймаққа күңіреніп естілген. Шындық еді əуел бастан сүйгенің, Егіз біткен жаның, тəнің сүйегің. Сол шындықты жат елде де ту қылып, Нар халқыңның мұңын айтып сүйедің. Ұлт жайында жалған ұран көтеріп, Қаймағымды іркіп алып от өріп. Балта салған тілім менен дініме, Қанішерге қарсы ұмтылдың кектеніп. Кең əлемге жария қып сұмдығын, Ақиқатпен түлкі айласын күл қылдың. Ойлағаның бар мұсылман бірлігі, Көруі үшін теңдік атты күн нұрын. Туған елсіз желек жайып өскен кім, Сағыныштан қандай отқа түспедің. Оңашада бойтұмарың бір уыс, Туған жердің топырағың иіскедің. Бұлақтары сарқыраған мөп-мөлдір, Сен сағындың тауларыңды көгілдір. Жетсем дедің боз жусанды далаңа, Дəм бұйыртып сыйға тартса өмір нұр.
Өзіңде еді бар мықтылық, ой көрік, Қанаушыға қан соқтырған төңкеріп. Сол кекпенен айла жасап залымдар, Ақырында əлсіретті у беріп. Бар үмітті көп күткендей еліңнен, Шығыс жаққа ұзақ қарап сеніммен. Бостандық деп жазып кеттің ауаға, Бойындағы ең ақырғы деміңмен. АЛАШТЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ (Мағжан Жұмабаев рухына) Жырыңда мұң, егіз біткен еліммен, Бірге өксіп, бірге жылап егілген. Ғасырларда бір туатын ұлы ақын, Омырауынан отты жырлар төгілген. Заманында уақытпенен бір түлеп, Халық үні дауысында күмбірлеп. Келер күнге аласұрып жар салған, Жүректерге күй толтырып, күнге өрлеп. Өлең сөзді теріп асыл маржандай, Сен сайрасаң асыл сөзбен бұлбұлдай. Қайрат бітіп өн бойына қалың ел,
Қуаныпты алдынан күн туардай. Көңіл атын шуағымен маздатып, Жырларыңды дұға қылып жатқа айтып. Сіңіріпті ұрпағының қанына, Есімдерін Мағжан қойып гүл атып. Күншілдердің кімге тимес кесірі, Жырлайды деп, Қорқыт баба ескіні. Жала жауып, көз ашпапсың айдаудан, Сұм ажалға тіке тіреп төсіңді, Қызыл дауыл өшірмек боп үніңді, Абақтыға жауып қанша бүлінді. Мойымадың қайсарлықпен сен бірақ, Нар халқыңа жырдан сыйлап гүліңді! «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, Надан адам өлім жоғын білмейді. Өзім патша, өзім қазы, өзім би, Қандай ессіз не қылдың деп, тергейді. Не көрсем де Алаш үшін көргенім, Маған ыстық ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де алаш өлмес көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін.»
Осы болды берген жауға жауабың, Ақты қара –деп, соқса да заманың. Болашаққа, парасатқа сендің сен, Шыңнан биік асып ұшқан қыраным! Өшпес мұра сыйға тартып жеңісті, Ұрпағына із қалдырған жемісті. Мағжан ақын жырларынан дəн алып, Қызғалдаққа бөленгендей жер үсті! АЗАТТЫҚ ЖАРШЫСЫ (Міржақып Дулатов рухына) Көзіңді аш оян қазақ көтер басты Өткізбей қараңғыда бекер жасты Жер кетті дін нашарлап хал һарам боп, Қазағым енді жату жарамасты. Міржакып Менің елім босана алмай құрсаудан, Дем жұтқанда құлдық соры у шаңнан. Əшкерелеп зұлымдығын патшаның, Өзің едің жан дауыспен жар салған. Оян қазақ, оян - дедің дем беріп, Кең даламды сілкіндірді жыр көрік.
Есік қақты əр алаштың үйіне Жасық ойды дауылдардай төңкеріп. Оян қазақ ,мəңгі өшпейтін асқақ əн, Бар Алашым Құранындай жаттаған. Манифесі , теңдік үшін күрестің, Рух беріп жеңістерге бастаған. Осы жырмен құлдық шаңнан сілкініп, Байтақ елім жауға шапты жұлқынып. Дауысына үнін қосып іңгəйлап, Ақ бесікте сəби жатты бұлқынып. Осы жырдан бақыт тауып бабамыз, Қалдырыпты өзі жайлы жыр аңыз. Алғыс саған азаттықтың жаршысы, Тас түнекте тастан тіліп салған із. Қанша жылдар өтсе дағы үзілмей, Бізге жеткен ұран салып өзіңдей. Отты жырың оян қазақ үн тастап Туған жерді аралап жүр көз ілмей. Сөз жетпес-ау азаматтық бағаңа, Рухыңа тəубе етіп жан аға. Менде күнде оян деймін жан салып,
Қалғып кеткен тойымсыздау жандарға. Оян-деймін тарқамасқа елдігім, Көрмес үшін залымдықтың құрығын. Оян-деймін арту үшін бірлігім. Жоғалтпасқа ата дəстүр кеңдігін. Оян деймін жүргендерге бас бұғып, Қор қылмасқа Тəңір берген ғұмырын. Оян-деймін келер ұрпақ толқынға, Азаттықтың кетірмеске қадірін, Бабалардың жырға қосып ерлігін, Аңсауменен ақиқаттың таң нұрын! АҚҚУ АҚЫН (Сəкен Сейфуллин рухына) Тəңір өзі адамзатқа сый еткен, Жаралғаны болмаса ет сүйектен. Аққуы еді, киесі еді Алаштың, Сұлулықпен кең əлемге жыр төккен. Асылдығы, əсемдігі бір бөлек, Халқы ұйып тыңдаушы еді елжіреп. Ол сайраса би билейтін сексен көл, Сексен ару нұр төккендей күлімдеп.
Қалмау үшін тіршілікте арманда, Жез киіктер əнін тыңдап даламда. Табиғатпен егіз біткен Сəкен-деп, Асығатын үнін іліп ғаламға. Өзі де оның ала білген сый елден, Жомарт еді, жұртын жебеп сүйеген. Көктемдегі жұлдыздардай сүйкімді, Жаны жарқын ізгіліктен күй өрген! Туған елдің көтеруге еңсесін, Ақыл ойдан тапқан еді ол сенім. Құтқаруға бодандықтан құлдықтан, Қару қылып əділеттің семсерін. Оның үні кең даламдай аңқылдап, Сырын шертсе бір туғандай ел тыңдап. Ұмтылатын теңдік үшін күреске Қайырымсыз озбырлықты алқымдап! Даналықпен елге болып шамшырақ, Жаққанында алаулатып сан шырақ. Үрейленіп шыңдық толы үнінен, Отаршылдар торға салды тұтқындап. Айдап салып қызыл көзді ұрпағын,
Шоққа басып күйдіргенмен тырнағын. Аққу ақын көк зеңгірге кетті ұшып, Тарту қылып кең əлемге мұңды əнін! Құшағында сағыныштың сазы мол, Көктем сайын оралады еліне ол. Аққулардың тізбегінен жар салып, Оңайлықпен келмегенін ұлы жол! Ақиқаттан іздеп өткен арманын, Сырын ұғып мəрттен туған ағаның. Ерлік даңқын келер ұрпақ білсін-деп, Үн тастаймын дауысымен ғаламның! ҒҰЛАМАСЫ ЕЛІНІҢ (Мұхамбетжан Тынышбаев рухына) Өзіңді айтсам Жетісуда тасыған, Бар өзендер бір арнаға қосылған. Есіміңді сен қайталап дауыстап, Жалғастырып ғасырлардан, ғасырдан. Жыр оқиды толқындарын тулатып, Қайталанбас ерлік толы даңқыңнан. Мен тыңдаймын ақын жаным елжіреп, Сендей ерлер туса екен-деп, көбірек.
Үлгі етемін өнегеңді ұрпаққа, Болмас үшін намысы жоқ үлбірек. Асығамын жеткізуге бəріне Өміріннің сырын ұғып білсін-деп. Тума талант туа біткен жасынан, Бес жасыңда білім іздеп жас ұлан. Таудай биік талабыңды ту қылып, Таңдандырып басқыншыны басынған, Верныйды, Петерборды шарлапсың, Сусындауға білім бұлақ басынан. От кеудеңде Ешкі Өлмес туған жер, Сағыныштың сазын төккен асыл əн! Алғырлығың ісін жасап ғажаптың, Үні болып зобалаңда азаттың. Туған елді аялаумен тер төгіп, Түрксибті, Сібірменен жалғапсың . Ғасырлардан жарып шығып із салған, Алғаш, тұңғыш инженері қазақтың. Жүздесуге кең əлемге жол ашып, Сырласуға көршілермен ұзақ күн. Ойламапсың жеке пайда ақырын,
Тот баспаған сынығы асыл алтынның. Болашағын ойлауменен Алаштың, Дəнін себіп парасатпен ақылдың, Келер ұрпақ көкірегін ашуға, Жазып бердің шежіресін халқымның. Адаспауға бабалардың жолынан, Сөндірмеуге жарық шамын салтымның! Шөл даламды суаруға біліммен, Бұлақ тартып имандықтың өрінен. Туған елдің тік көтерген еңсесін, Өзің едің даналықпен көрінген Əттең залым кіші Октябрь көсемі Қаймағымды жұту үшін төрімнен Адал ұлды халық жауы-деп, атап, Айырғаны қалың орман елімнен. Иіскей алмай туған жердің қыр гүлін Құрбаны боп зұлмат қанды қырғынның. Сен қалғанмен қызыл құйын ішіне Сəулең қалды мəңгі өшпейтін күн нұрым Азаттықтың жырын жазып ол бізге Күнде сүйген туған елін тұғырың,
Жылуымен жүректерді жылытқан, Бізге өнеге өшпес ерлік ғұмырың! ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ Туған елдің босағасын от шалып, Арыстармен даналарым тапталып. Түрмелерде күйзелгенде аштықтын Намыс ардан үндеу салып көпке анық, Исатай мен Махамбеттің жырларын, Тарту қылдың теңіздердей ақтарып! Бар Алашым жету үшін теңдікке, Сен шақырдың бірлікпенен елдікке. Тəңір сыйы əділдікті жыр қылып, Қанат беріп самғау үшін кеңдікке. Мұрат ақын жырларынан ой тастап, Мəңгі өлмейтін жасампаздық ерлікке! Өз жұртыңның қамын ойлап сезіммен, Тілім-жаным, дінім-нұрым дедің сен. Тілім өлсе, елімнің де өлгені Қанды жасым аққаны ғой көзімнің. Бас көтермей əділдіктің жолында, Құмға айналған көнбестіктің жүзімен,
Отансыз жан кімге қажет сірəда, Дербестігі болмаған соң өзінің. Баққан дұшпан бетке перде байлаған, Алаш жұртын құрту қамын ойлаған, Даласының байлығына қызығып, Мысы құрып азу тісін қайраған. Бар ойыңды ұрпағыңнан жасырып, Жанын ұрлап лəззат алған айладан. Əл жетпесін білгеннен соң өзіңе, Абақтыға оралмасқа айдаған! Зұлымдықтан басқа əсте жол жоқтай, Қойғанымен нар халқыңа жолатпай. Алты Алашын ардақтаған азамат Тіл қатасың өз үніңді жоғалтпай. Таңданарлық ерлігіңмен жол сілтеп, Алға бізді жетектеген бұлақтай! Батырлық пен елдікті айтып жар салып, Мəңгі өшпейтін алаулаған шырақтай! ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ Дауылдарда қызыл тұман қаптаған, Қан жаудырып аштықпенен қапталдан.
Зар жылатып еңіретіп халқымды, Жер бетінен жоқ қылуға оқталған, Қарсы шығып қанды тырнақ тажалға, Сескенбестен қарлы құйын оқтардан. Белді будың құтқаруға еліңді, Отаршының табанында тапталған! Шешіп тастап темір шынжыр бұғауын, Еркіндіктің ұран қылып толғауын. Азаттықтың ақ жолы үшін күресіп, Ақиқаттың алаулаттың алауын! Сыйға тартып алғаш шаттық бақ құсын, Ашып беріп өмір атты тынысын. Кеңейтуге жасыл желек өрісін, Сынға толы ең қауіпті шақтарда, Бабалардың жаңғыртырып игі ісін, Жасай біліп қайсарлықтың үлгісін. Бел бүкпедің дұшпанымның алдында Тонатпауға туған елдің ырысын. Жолатпауға құлдың қорлық таңбасын, Сен бастадың даналықпен көш басын. Жиырма жаста ел басқарған қаһарман,
Ұлылығың қалай есте қалмасын! Қалмас үшін тас түнекте адасып, Ел тұтқасы бостандыққа жол салып. Сен көрсеттің таңғажайып ерлікті, Жалаңтөстей қалың жаумен айхасып. Жалт ойнаттың жау күмбезі үстінде, Ел жылатқан Тирандарға от шашып. Прометейдей аңыз болған қалаулы. Сен үйреттің елді қалай қорғауды. Былғамастан адалдығын жүректің, Жолатпауға алауыздық от дауды, Бабалардың даңқын сақтап ежелгі, Көк Бөрілік тектілікті сақтауды. Қастерлеуге Алты Алаштың бірлігін, Өрге тартып өмір атты ақ тауды! Қас батырым, алғаш көсем кемеңгер, Тірек болып ата жұртқа сүйенер. Қуат құйдың даналықпен жанына, Қуансын-деп, шаттансын-деп, сүйген ел! Ұрпақ үшін жолын жалғап ұлы істің, Озбырлармен аянбастан алыстың.
Ленинбе, Сталинбе жасқанбай, Өз халқыңның арын жақтап айтыстың! Қолдау тапқан бар Түркістан елінен, Сескенген соң Рух толы үніңнен. Азияның жарық төккен жұлдызын, Атқылады ағызуға көгімнен, Айыруға тектіліктің тегінен. Бірақ бəрі бос үміт ғой үгілген, Құрта алмады жеңісіңді өлім де, Келер ұрпақ тапты архивтер түбінен. Есіміңді ұран қылды жар салып, Ұландарың айнымаған өзіңнен! Шыдай білген тағдыр салған сынаққа, Айналдың да күн сəулелі ғажапқа. Ұлылықпен азаттықты ұрандап, Шуағыңды төге біліп жан-жаққа! Адамзатты ақыл ойға шақырдың, Жол бермеуге қызыл қырғын апатқа, Имандықтық алтын тағын бүлдірмей, Жету үшін бақыт көзі мұратқа! СҰЛТАН ҒАЛИЕВ
Жолдарында Гулаг, Карлаг із қалған, Қуғын сүргін заманыңда зобалаң. Келешекке алдын-ала ой салып, Жетпіс жылда не боларын болжаған. Таңданасың ойшыл дана шешенге, Тайсалмастан қанды балақ көсемге. Россия диктатура көзі-деп, Кесіп айтқан ем іздеуге кеселге. Зорлықпенен қаланған соң іргесі, Ол өтпелі күнін кешер өлмеші. Шығыс қалар солған сорлы күйінде, Жем қылған соң қызыл иттің бүргесі. Жасқанбастан жалтақтамай ешкімге, Ол сəулесін төкті түнек тас күнде. Адамзатты ізгілікке шақырып, Орнау үшін Теңдік жердің үстінде. Құрсаудағы мұзды жарған кемедей, Оны үні ұмтылғанда күнге өрлей. Қасіреттің қайғы бұлты түнеріп, Алдын кешті əділдікке жол бермей. Сарқылмасқа еркіндіктің қайнары,
Жету үшін ұрпағыңа ойлары. Қайран сабаз көріпкелді данышпан Ел есінде мəңгі алауға айналды. ҚҰЛАГЕР АҚЫН (Ильяс Жансүгіров рухына) Құлагер ақын түстің де қызыл құйынға, Жүйріктігің үшін тағдырың салды қуғынға Бабамнан қалған қоңырауым едің киелі, Заманың қиып итерді қалай құрдымға. Қимады-ау саған уақытында тіпті азырақ, Еңіреді елің өзіннен ерте ажырап. Сен кеттің үнсіз жұлдыздардың ішіне, Көгіне елдің жырыңнан жағып сан шырақ. Сəулесі оның шуағын төгіп əлемге, Құлагер болып жүйткіп-ақ жетті əр елге. Əділдік іздеп Ақаным болып сыр шертіп, Айналып ғажап Махамбет атты өлеңге. Сол өлең жырлап қазақтың байтақ даласын, Сендіріп жұртқа өнердің мəңгі солмасын. Жеткізіп тегіс аманат қылып баршаға, Азаттық үшін күрескен елдің көз жасын.
Тыңдады əлем таңдайын қағып таңданып, Азапқа төзген жау жүрек неткен нар халық. Ұлдары батыр бабалар жолын жалғаған, Ақындары қандай шуақты күндей жап-жарық. Ал сен болсаң құрбандығы халықтың, Ерлігін жасап ертедегі алыптың. Құс жолымен жұлдыздарды аралап, Құлагеріңді мініп із тастап қайда ағылттың! Білемін жаның қалған соң туған еліңде Үзбестен қосып сағыныш сазды əніңе. Тəңірден сұрап бақыттың нұрын ел үшін, Үлестіріп бүгін жүргендейсің бəріне. Сол нұрыңмен жүректің отын маздатып, Айтылмай қалған өзіңнен назды сырды айтып. Азаттық үнін ұран қып келем ұрпаққа, Жалының бойда лаулату үшін молайтып! ШƏКƏРІМ Əлемге нұрдан құйған өшпес жарық, Құрандай жаттаған соң жырын халық. Бұл өзі Құнанбайдың ұрпағы-деп, Қалмады қыр соңынан ізін бағып.
Аңдыған ГПУ-ның құлақтары, Қолжазба кітаптарын мың ақтарды. Ішінде тек əділет ардың жолы Терең ой даналық жыр бар тапқаны. Қалайда сөгу үшін ел іргесін, Қазбалап қазақ-түрік шежіресін. Ұрпағы білмеу керек тарихын-деп, Лақтырып отқа жақты өшіккесін! Адамның құлыптаған ойын тіпті, Көріппе-ең мұңдай сұмдық зұлымдықты. Жаламен құрық салып ұстау үшін, Ақынға қарсы қойған тағылықты. Жетуге өркениет нұрлы асуға, Адамзат туыс болып сырласуға. Сөйлеткен Европаны ана тілде, Данаға болама екен құм шашуға!? Жоқ, жоқ түсінбеді көкжалдарың Қанына тойынбастан абзалдардың. Қылығын жалғастырып арандатқыш, Мойнына жүктеп алды қан базарын. Қарамай əділетті иман жүзге,
Келместен құлақ түріп ақыл сөзге. Қашқынмен хабарласып жүрген жау-деп, Құлдыққа жықты талап суық күзде. Көмілді тарихым да, шежірем де, Шер жұтып қасиетті өскен елде. Басында ұрпақтары тұрды өксіп, Бас иіп елім- деумен өткен ерге Сездірмей ыза кегін еш пендеге. Шындықтың келешекке жолын іздеп, Айналды түп атасы Көк Бөріге! ШАХАН МУСИН Жауап берші ұлы көсем данышпан, Елім менің өлді неге аштықтан. Ашынғаннан тіке қойған сұрақты, Қайран Шақаң дара туған арыстан. Октябрьде болғанымен кіл мықты, Біреуі де айта алмады шыңдықты. Діңке құрып он алты жыл жыр үшін, Ойлауменен болды зорлық сұмдықты. Ар намысын ашып айтып ой нəрін, Аяғына басқаннан соң заңдарын.
Қайран аға, Магаданмен Сібірге, Халық жауы атандыңда айдалдың! Таланумен қызыл қырғын бүргеге, Он сегіз жыл өтті күңгірт түрмеде. Мойымадың азабына сен бірақ, Əділдіктің туын тігіп іргеңе! Ұлылығын жырлауменен халқыңның, Темір торда жарық іздеп алқындың От жырларын шекарадан кетті өтіп, Шамын жағып ата-дəстүр салтымның! Жігер беріп ұрпағына, еліме, Бөлеген ол сағынышты сезімге. Көп кешікпей ерлігіңді серік қып, Оралғансың туған жерге өзің де. ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ Қилы заман қызыл тұман шағында, Адай Ревком елдің бітіп бағына Өрге сүйреп өжеттікпен нар халқын, Қолын созған болашақтың таңына. Алаусыздық билік үшін бақталас, Албастыдай жармасса да жалаңаш.
Қиып түсіп көктен түскен жасындай. Жақсылықты тасыған ол жоғалмас. Өмір сырын терең түйіп көңілге, Құшақ ашты күндей сұлу білімге. Ұмытпады арбакештік шақтарын, Тұз тасыған азап шегіп кезінде. Үзім нанды құрдасымен қақ бөліп, Жүрді қанша тіршілігін бақ көріп. Оның жазған жүрек жанды жырларын, Төске сақтап айтатұғын жатқа өріп! Сол бір жылдар мəңгі халық есінде. Ел аңсаған бостандықтың көшінде. КАЗЦИК-ігіме төраға боп көш бастап, Қызыл жұлдыз таққан дала төсіне. Жетелеумен ізгілікті арманы, Елім үшін тер төгуден тынбады. Жеткізсем- деп,молшылыққа ырысты, Қырандардай биік ұшып самғады. Қызықпастан билік даңқ атаққа, Былғанбастан даңғойлыққа атаққа. Дүниенің тұтастығын тіледі ол,
Ата жұртпен тұра біліп бір сапқа! Күрес толы асулардан асарда, Ана тілім қалмас үшін тасада. Алтын заңға құдыретін жаздырды ол, Даналықпен келешекке жол сала. Бар қуатын ана сүтпен қоса алған, Тілім біреу,дінім біреу қашаннан. Оны сақтау бар қазақтың борышы, Осы ұранмен ол баршаға жар салған. Оның үні өзгелерден бөтенді, Жалт – жұлт етіп қырға сəуле төселді. Желбіретіп тəуелсіздік жалауын, Дəуір ұлы ғасыр нұрын төске ілді. Бабалардай терең оймен алымды, Кең əлемге қақты жаңа дабылды! Жетсінші деп жан айқайым ұрпаққа, Болашақта сөз арнады жалынды. Езіп қайғы тұрса да іші қан жылап, Ол көрмеген еңсе жығып қалжырап. Белді буып шыққан ашық күреске, Жаға біліп ақыл ойдан шамшырақ!
Кіші Қазан дауылымен от өрген, Зұлымдықтың улы шаңын көтерген. Ол алысты Голощекин ку жақпен, Елім аман өтуі үшін өткелден. Тиран көсем жол салғанмен озбырға, Басын иіп жем болмады құзғынға. Жауы барда қайрап жүрді қылышын, Қастық қылса алысуға əл барда! Мансап қуып ойламастан елдігін, Əттең бірақ қандас сатты бір – бірін. Оза шапқан тұлпарына ор қазып, Күншілдіктің кере созып белдігін. Езділерден ақылдылар қорланды, Пəршаланды парасатты ой мəнді. Өз көсемін өздеріне аңдытып, Зымияндар естілерді торға алды. Кім бар озған жазмышынан тағдырдың, Тоқтата алмай қанды қасап тасқынын. Отқа түскен жолбарыстай күй кешіп, Келешекке үмітпенен тосты үнін. Əділдіктен семсер тағып беліне,
Жалау десе жалау болып еліне, Дем біткенше шаң тигізбей алысты ол, Қазағымның шаңырағы төріне. Армандаумен азаттық нұр ақ таңды, Сүйді шексіз əлдилеген Отанды. Сыйға тартып ерлікпенен елдікті, Əруақты Адай бабам ұрпағы! ОРАЗ ЖАНДОСОВ Мұндай сұмдық ешбір елге бермесін, Қызыл терор қамау қылып түрмесін. Бейбіт жандар түнегінде тұншығып, Өмір жатты қармен көміп іргесін. Жұрт бұралып ісіп кеуіп аштықтан, Зілзала боп тұрғызбастай басты шаң. Жарасынан ағып жатты қанды ірің, Қарақшылар салған азап қырсықтан. Сол бір қыспақ зобалаңда түнектен, Отан үнін тыңдай біліп жүрекпен. Еркіндікке жол іздедің көш бастап, Бабалардың жолын жалғап ерлікпен. Бар қылмысын бетке басып залымның,
От кеудеңде басылмастан жалын үн, Ақиқатты желбіретіп ту қылып, Өзі болдың түнек кескен жарықтың. Елің үшін қуғын көрдің, жол көрдің, Өтті қанша басқа қатер төнген күн. Кең Жылыойда ізің қалды жан көке, Ақтара айтып мұңды сырын кеудеңнің. Айрылмауға баба жолы елдіктен, Сен күрестің қас жауыңмен ерлікпен. Арпалыстың соңғы демің біткенше, Құтылуға қанды балақ жендеттен. Елің үшін жасап адал қызмет, Бола білдің жаны жомарт күн жүрек. Ой салады келер толқын ұрпаққа, Бойыңдағы данышпандық құдірет! 1937 ЖЫЛ Қанды шеңгел тырнағы, Қалың елге қол салып. Бар байлығын тонады, Өн бойынан қан сасып. Халық жауы атанды,
Елім-деген ерлерім. Түнек басты ақ таңды, Қуғын-сүргін көргенім. Бар қаймағын сыпырып, Жалаңаштап қазақты. Аштық жылан ысқырып, Салды нəубат азапты. Жұтты миллион ұл-қызын, Айдаһарың аямай. Жала жапқыш сұм-құзғын, Қосылды оған тажалдай. Толып кетті тыңшылар, Нарын аулап із кесер. Бұл қорлыққа кім шыдар, Өз күшігің үрсе егер. Далам толды түрмеге, Қарлаг, Гулаг атанып. Өлім төнген үңгірде, Шындық жатты тапталып. Əділдігім жасырын, Түкпірінде көмілді.
Бəрі, бəрі астыртын Қиып жатты өмірді. Үкіміңе қол қойған, Бүлк етпеді көсем де. 37-қан жауған, Айналды мұң, кеселге. От құшағы қаңырап, Қаусатқан соң зобалаң. Құлап сансыз шаңырақ Жетім қалды боз далам. Қан жосыған ізінен, Шошып өксіп шыңғырып. Үміттер-ай үзілген, Сағымдарын сындырып. Сақ-сақ күліп жүрді өлім Қара табыт көтеріп. Таратуға у гүлін, Күрк-күрк жөтеліп. Қайғы жұтты өскен ел Қыранынан айырылып. Торда жатты Сəкендер,
Қанаттары қайырылып. Жалындаған ұраным, Бар Алашқа жаралған. Оққа ұшты Тұрарым, Жазықсыздан жаладан. Жапа шеккен асылдар Мұнда қанша мұң кешкен. Өтсе дағы ғасырлар, Кетпес олар бір естен. Миллиондардың қазалы, Миллиондардың азалы Қаныменен Азаттық Егіліп жыр жазады. Қаламыздан, таулардан Ауылдардан баулардан Өксігімен ол үнсіз, Назарыңды аударған. 37—қан құйлы, Қаралаған бабы бар. Шермен қозғап мұң күйді, Күңіреніп ағылар.
Мұнда зары халықтың, Келер ұрпақ ұғып ал ! ҚОЗҒАРА МЕН МАХАМБЕТ Қаншама іздеп қажытқанмен жол атын, Мен атамның таба алмадым зиратын. Қай түкпірде қайда қалды белгісіз, Қансыратып қыран тектес қанатын. Білетінім халық жауы атанып, Жазықсыздан қолға түскен аты арып. Аманатын сыйға тартып кейінге, Жүрек сырын ұрпағына ақтарып. Бір түрмеден бір түрмеге асырып, Оны ұстапты тас түнекте жасырып. Айырмастан қолындағы кісенін, Зомбылықтың қара тасын бастырып. Бекет болып қасиетті ұраны, Бар жазығы Адай тектен туғаны. Сүйінқара, Досан батыр, Еснияз, Кеудедегі күмбірлеген жыр əні. Сүйе біліп өзі туған халықты, Мойындамай Совет- деген алыпты.
Дінім өшсе, тілім өшсе кіммін-деп, Шекседе азап өз ойында қалыпты.! Өтті жылдар өтті қанша қыспен күз, Оған деген сағынышым өлшеусіз. Бабалармен ұқсам жаны бірге жүр, Жұмақ жақта егер маған сенсеңіз!. Тастемірден Қалдымерген ұлдары, Қаратайлап сезем сəлем жолдайды, Сырым аян қызым қалай десемде, Туған жерде тоғысады жолдары! Ата мекен махаббатқа бөленген, Құшағынан бабам ізін көрем мен. О, ҚОЗҒАРА, МАХАМБЕТ-деп, дауыстап, Бір ескерткіш қойдым өшпес өлеңнен! МАҒЖАН АҚЫН МЕНЕН АДАЙ ШАЛЫ ТУРАЛЫ ЖЫР Қыспаққа алып бейбіт күнгі тынысты, Қызыл терор аямастан қан ішті. Сұмдығынан қара түнек шошынып, Көр тозаққа айналғаны жер үсті. Кең далама доңыздарын қаптатып, Жасап жатты небір ауыр қылмысты.
Шыдай алмай мұз құрсаулы азапқа, Халық босты пана іздеп жан-жаққа. Бар қаймағын алды жауы сыпырып, Балта сілтеп қыран тектес қанатқа. Тағдыр салса ауыр зілін лаж қайда, Дінсіздерің айналдырды мазаққа. Тас лақтырып ұлттық сана өр үнге, Шоқыдырмақ кəпір қылып бəрінде. Мəңгүрт қылмақ ұлылардың ұрпағын, Бар байлығын игеруге мəңгіге. Адамзаттың қарсы шыққан заңына, Не айтасың Тиран тектес əлдіге. Ойран етіп таж-тақытын талайдың, Сүйрелеген сұм ажалдың көріне. Далам қаусап ұмытылып жаз əнім, Қайғы шермен жұтып мұңның азабын. Ғұн ұрпағын жырлай білген ерлікпен, Бір-ақ шықты Магаданнан Мағжаным. Аяқ қолы шынжырлаулы кісенмен, Кім ұғынар елім –деген от жанын?! Темір тордан күн сəулесі сығалап,
Туған елден жолдағандай салем хат. Жатса дағы тар қапаста талықсып, Бишара боп басын бағу оған жат. Ыза кектен өрді жалын жырларын, Өз қанынан сия іліп қаламсап. Алған беті қайсарлықпен осындай, Тіке қарап өлімге де жасқанмай. Жүрек сырын ақтаратын ашылып, Адай жігіт тағдыры бір досындай. Түрмедегі сүйенініші еді ол, Мінезі бар көкте ойнаған жасындай! Тыңшысы деп, елге жеткен Жапонның, Тас түрмеге оны əкеліп жапқан кім? Оның сыры белгілі ғой белгілі, Ақиқаттан келешекке жетер үн. Кең Жылойын олда айтатын сағынып, Қошағылдың елестетіп көктемін! Тарыққанда демеу болып бақ тілеп, Адал жанды əркімге де дос керек. Тіршіліктің күші сонда ұғынсаң, Қияметті жарып шығар тілгілеп.
Бірін-бірі түсінетін үн-түнсіз, Мейірімнен шуақ төгіп қос жүрек. Ауыр азап жаншысада жандарын, Магаданның кешіп батпақ саздарын. Таңсық болып ұмтылды олар ерлікке, Үмітпенен күтіп азат таңдарын. Бұйырса-деп туған жерден топырақ, Көрмесек-деп, енді қорлық зардабын. Тырнағына түсіп қанды тажалдың, Қанша жайсаң тапты мұнда ажалын. Озбырлықтың құрбанының шегі жоқ, Табыт қылған қылдай дұзақ шырмауын. Оған куə көмілмеген сүйектер, Бар ғаламға жеткізе алған зарлы əнін. Қарғыс айтып жауыздықтың заңына, Көк зеңгірге көтергендей қолдарын! Жалбарынып күндіз- түні Тəңірге, Еркіндіктің самғау үшін көгінде. Аңсауменен туған елдің құшағын, Өтеп жатты қызыл қанмен бəрінде. Келер ұрпақ түсінер-ау өздері-ақ,
Тартып туса Көк Бөрілік тегіне! Қорғамаса азаттығын ерлікпен, Қан төгіссіз қайғы келер еліне! Құлап түсіп мұнарасы даңқтың, Күл талқан қып бар сенімін халықтың. Мансап қуған билік келер басына, Шаңда қалар ақиқат -нұр жарық күн, Көр тышқандай қазынаңды тонаумен, Түрін жасар кемірумен қорлықтың! Тəңір басқа ондай қайғы бермесін, Туын ұста ұлттық намыс алыптың! Тиран құлап сасыған соң тезегі, Саясаттың лас ауасы өзгерді. Адай жігіт жазықсыз боп ақталып, Ең қиын сəт қоштасатын кез келді. Аманатқа тапсырды ақын дəптерін, Сəд жасаурап мұңға толы көздері. Құлы болған айдаһардай қызылдың, Маңдайына таққан қарғыс жұлдызын. ОГПУ-ің ұрлап алды бірақта, Өзі болып сұрқиялы құзғынның.
Қай кезде де топас ойлы надандық, Ақиқаттың сорға салған жүзігін! Ой маржанын ұйқы көрмей тергенде, Ақын сірə сезімсіз сыр өргенбе? Бəрі, бəрі келер ұрпақ сен үшін, Не жетеді асылыңды білгенге. Мағжан атам исі бар-деп, бойында, Адай шалын құшақтаймын көргенде! ДАНЫШПАН МҰҚТАР ƏУЛИЕМ ( Мұқтар Əуезовтың рухына) Телегей ойдың теңізін, Тереңнен бойлап інжуін. Тергенде кесте тоқыған, Тамсандырып жер жүзін. Шоқанды дана пір тұтып, Сүрлеуін мəңгі жаңғыртып. Көгімде жанған жұлдызым, Дүниені түгел жарық қып. Толқындай тербеп жас жанын, Ынтымақ,бірлік,туыстық. Достарға жайған құшағын. Алатауымдай нұр құшып. Абайдан алып өшпес от, Даламды дархан жырлаған, Халқыма алтын көпір боп, Əлеммен түгел жалғаған! Бабамның алтын сынығы, Алаштан туған асылым, Елімнің даңқын асырған, Үні боп өшпес ғасырдың. Европа қағып таңдайын, Таңданып берен алыпқа. Жеткізген ұлы Абайын, Теңеген күндей жарыққа. Алғысын айтып сүйсініп, Туғызған оны халыққа! Əлемге ортақ ай,күндей, Шуағын шашып бас иген. Халқыммен мəңгі жүргендей, Данышпан Мұқтар əулием! ЖҰМАБЕК ТƏШЕНОВ Менің елім шын құдірет емеспе, Қанша қырғын кешті бастан егесте. Азап көрді, қуғын көрді сұрапыл,
Бəрі, бəрі сақталар-ау мəңгі есте. Қызыл терор қанын бүркіп шошытқан, Екі миллион көзін жұмған аштықтан. Ал қаншасы шет ел асты пана іздеп, Сағынғанда туған елін жас сыққан! Көтертпестен еңсесін мұң қорғасын, Тауға тасқа соққан халқым өр басын. Сол қорлығы аз болғандай Кремль, Зорлықпенен төкпек тағы көз жасын. Алтын тұнып көрінгендей жер асты, Қызықтырған байлық толы даласы. Айырып тынбақ түп тамырдан қалайда, Қызыл айдар таққан қара албасты. Бар қулығын саясатпен есептеп, Жерін бөлмек өзге жұртқа бөлшектеп. Түрікменге сыйға тартып батысын, Оңтүстүгін Өзбектерге қажет деп. Сұлулығын Тəңір соққан көрмедей, Солтүстігін өзі алмақ түгелдей. Сұмдық ойлы Тиран тектес Хрущев, Тың даламның бетін жыртқан түрендей.
Көпіргенде түкірігі шашырап, Елді былғап уға айналып түскендей. Қапы болып қалмас үшін өкініп, Қажет еді жүрек жұтқан өткірлік. Мың қазақтан алға шықты Жұмабек, Жауға ұмтылар Көк Бөрідей ұмтылып. Ресейдің кең деуші едік құшағын, Кім ойлаған жұмсайды деп пышағын. Арам ниет үлкен қылмыс емеспе, Талапайлап Қазағымның ошағын! Не айтасың бүкіл əлем алдында, Тіке айтып пысын басты дұшпанның! Қырандардай қос қанатын кең қағып, Азаттыққа аман жетті ер халық. Күнде маған елестейді нар қазақ, Мінбелердей ой салғандай сөз алып. Ар намысын туған елдің қорғауға, Бабалардай ерлікпенен жан салып! БАУЫРЖАН Кір шалдырмай азаматтық арына, Адалдықтың ие болған тағына. Жасықтарды жолатпаған жанына, Бой бермеген қанға құмар тағыға, Ұлттық рухын сақтап ыстық қанында. Арыстандай жауға атылған айбарлым. Сендей батыр туарма екен
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: