Тəңірімнен əділеттік нұр тілеп! Адамзатқа үндеу болып шырқалған, Ұлы дала мінбесінен самғады əн. Қанатқа іліп күнге ұмтылса аққулар, Қыран біткен тау жаңғыртып қосылған. Əн еді бұл мəңгі өмір сүретін, Дауылдарда жарып шыққан ғасырдан.! Көктемдердің гүлдеріндей жайқалып, Құлап қалған рухымызды қайтарып. Тегіс шарлап ұлан байтақ жер үстін, Ақиқатты адамзатқа айта алып, Бұлбұлдардың үндеріндей күй сандық, Көңілдерді əсем сазға толтырған, Осы жырда ғажап сыр бар қаншалық?! Бүкіл əлем тыңдайды оны ертемен, Еркін ойлы ұл-қызына таңданып.. Қайталайды қосылып бір ішінен, Келісімде болса екен-деп, бар халық! Мақтау жетпес жан едің. (Қабиболла Сыдиықұлы рухына) Тəнің аға өлгенменен,
Алатаудың үстінде. Рухың өршіл өлмес өлең, Керуен өмір көшінде. Тіл қатады ұрпақтарға, Сыйға ұсынып ой нəрін. Шежіре боп қосып жырға, Ғасырлардың қойнауын. Құмда қалған бабалардың, Қазынысын аршумен. Жанкештікпен тасқа жаздың, Бабам жəйлі жақсы өлең! Жетті бізге сіз арқылы, Ақпа жырлар не түрлі. Елжіреткен нар халқыңды, Бұлбұл үні секілді. Мақтау жетпес жан едің сен, Өткен кішік қалпыңда. Дем біткенше қызмет еткен, Киелі асыл халқына. Ізгіліктің жыршысы едің, Серік қылған төзімді.
Əлдилеген қалың елің, Ұмытпас-ау өзіңді. Туған жерге маңдай тіреп, Қаз баяғы қалпыңда. Тұрғандайсың күлімсіреп, Қариялардың алдында.! Қайран Хабем жүзі жарқын, Інілерге дем берген. Өн бойыңнан ата-салтым, Үлгі болып гүл өрген. Ой салады күнде маған, Өзің болып сырласып. Жетпісіңде елге келіп, Қақ төрінде жайғасып. Қос аққу-ең жеңешеммен, Жұбын жазбай самғаған. Жалғыз келді өксідім мен, Жоғалтқан соң сыңарын! Өмірзақ Қалбайұлы От кеудеңді тербеп нəзік сырлы ағын, Теңіздердей буырқанып тынбадың.
Прометейдей шырақ тасып еліңе, Азияда шалықтады жыр əнің! Таңдандырған бүкіл байтақ ғаламды, Сізді көрсем, көргендеймін даламды, Шетсіз-шексіз талантыңа бас иіп, Марғұландар беріп кеткен бағаңды! Шежіремен жұрт алдында еңбекпен, Өзіңсің ғой ақ жауындай жыр төккен. Біздер үшін бастау бұлақ көзісің, Жүрек қылын тебірентіп тербеткен. Жаңғырттырған Маңғыстауда тау ішін, Сенде оты ар ожданмен намыстың, Жырларыңнан естіп күнде толғанам Бабалардың ерлік толы дауысын.! Иə, Бекет-деп, тұрады олар тіл қатып, Түсінгенге даналықпен сол бақыт, Қалың Адай, Алты алаштың қорғаны, Тəңір өзі батыр қылған жаратып. Ерлік даңқ асқан емес олардан, Іздерінде інжу маржан ой қалған, Ұлылығың келер толқын ұрпақты,
Сусындаттың сол бір мөлдір қайнардан ! Кім ұмытар бұл өрлікті абызым Адайларға дара біткен жұлдызым, Жарығымен нұрландырып ұл қызды, Талпындырған биігіне шың құздың. Сезем бəрін бастан кештің талай сын, Өткен жолға ойға батып қарайсың. Маңғыстаудың баға жетпес абызы, Мəңгі өшпейтін ізгі ісіңмен, жарайсың! Менде жалын жырыңды оқып өскенмін, Құтты болсын асқар шыңды сексенің. Бабалардың тəбəрегі киелім, Кел құшақтап еміреніп иіскейін! Шапих Ізбасұлы Қайран Шаке! Алатаудай асқағым, Бүгін менің биіктеді-ау аспаным, Өз атыңа халқың берген көшеде, Даналықтың көргендеймін бастауын. Кең Жылойым, қимастықтан құшаққа ап, Есіміңді төске жазып асқақтап. Төккен тердің көріңдер – деп, жемісін,
Келер күнге ой салғандай үн тастап. Ақын жүрек бəрін қалай сезбесін, Кеңдігіңмен көшең тауып үйлесім. Мен емес-ау өзі жырмен жазғандай, Ізгіліктің мəңгілікке өлмесін! Сыр да жоқ ғой өзіңізден жасырар, Əруағың ұлылығын асырар. Ақыл ойдың жібін жалғар біздерге, Көбейсе екен сендей дана асылдар! Бесіктен соң, тосар табыт бəрінде, Нағыз бақыт өміріңнің мəнінде. Өшпес ізің өз көшеңнен қол созып, Жетелейді даналықтың тəжіне! Шапағаты көпке ортақ жақсының, Есіміңді жалау қылып жақсы інім. Сенен қалған нарымызда, барымыз, Жолдарыңды жалғарма екен Мақсымым! Топты жарып сөз сөйлесем шешенде, Бақыт нұры толғандай-ау кесемде. Өзіңді айтып парызымды өтеп бір, Кең Жылой – деп, əн салайын көшеңде!
Алтын қазық жұлдызым ( Зейнолла Серікқалиұлына) Қасиеттің жаққан сансыз шырағын, Кеудең сенің күмбірлеген жыр ағын. Жараланса ақын жаным, жан аға, Ішем сенен сұлулықтың бұлағын. Көк аспаным нұр төккендей арайлы, Бойымнан мұң, əлі кетіп тарайды. Қанаттанам-қуат бітіп бойыма, Құшақтардай көгімдегі күн-айды. Тағы іздеуге өлең-жырдың шың-құзын, Аттанамын белді буып ақтаңда. Қуанумен, алтын қазық жұлдызым, Бағыт сілтер сендей ағам болғанға. БОЛАТХАН ТАЙЖАН Дақ түсірмей киелі ата - салтына, Дем біткенше қызмет қылып халқыңа, Ерліктердің жасап бердің ғажабын, Қайталанбас болмысы кең нар тұлға! Іштен қайнап елім – деген арман əн, Ұшқып атып намыс атты жалыннан,
Адал жасап қиындықтардан сескенбей, Тайсалмадың биік мақсат жолыңнан! Тура қарап ақиқаттың бетіне, Ем іздедің қоғамыңның дертіне, Жан кешті боп жолын аршып шындықтың, Берік болып елге берген сертіңе. Арды қолдап отқа түстің ел үшін, Армандаумен кеңге тартқан өрісін, Отты санаң Отаным – деп алаулап, Қайсарлықтың көрсете алып үлгісін! Ұры – қара алаяқтар жақтырмай, Шаң боратып,тас атсада шапқылай, Сен қайтпадың ерлік – өжет мінезден, Кісілікке бірде-бір кір жұқтырмай. Бойыңдағы сарбаз көрік талғаммен, Сен алыстың дүние қуған жандармен, Ойлар салдың санасына ұрпақтың, Бар ғұмырды ізгілікке арнаумен! Ойлауменен нар халқыңның мүдесін, Жол іздедің ақиқаттан ел үшін, Даңқ қуып менменсінген тірлікке,
Жəдігөйлердің тілгілеумен кеудесін! Сан қақталған талай дауыл төсінде, Сене біліп қара халық күшіне, Парызыңды өтей біліп ерлікпен, Азамат боп қалдың елдің есінде! МҰХТАР ТАЙЖАН Адалдықпен егіз туып өскендей, Дүние құмар тойынғандарға дес бермей. Мұнайлы Өзен қан жұтқанда қайғыдан, Қолдың ұшын ұсындың сен сескенбей. Ұландарын оққа жығып мастанған, Озбырлардың өтірігіне еш сенбей! Залымдардың айтып бетке қылмысын, Ақиқаттың қолына алып қылышын. Ұран салдың өр шындыкпен əлемге, Көрсете алып азаматтың ер ісін. Бірге болдың күйзелген нар қалқыңмен, Үмітпенен іздеп алдан жеңісін! Жақсылықтың үзбеу үшін жолдарын, Аямадың жомарттықпен қолдағын. Қиналғанда сүйеніш боп туғандай,
Мейіріммен нұрландырдың жандарын. Пейіліңнің кеңдігімен түн серпіп, Сыйға тарттың тектіліктің арлы əнін! Бірге өткеріп қасірет мұңын дəуірдің, Жаста болсаң бастан кештін ауыр күн. Келешегін туған елдің ойлаумен, Жеткізсем-деп,əділдіктің жарығын. Ұмтыларма кемеңгерлік бұл еңбек, Аман жүр сен тіл көздерден бауырым! МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ Жүзе біліп ағысы мол тереңді, Қазақ қызы мойындатқан əлемді. Ой салады еріксізден жаныңа, Пейілі оның айтшы неткен кең еді. Өшпейтұғын өнерінің шуағы, Жалын өріп жаныңа нұр құяды. Бұлбұл қылып жаратқанба Тəңірім, Қуантуға Отан-Ана ұямды. Сыр ақтарып ұлы көштен өткеннен, Ол өткен ғой небір асу өткелден. Таңданасың өрлігіне арудың,
Қайсарлықпен қиындықты қақ тілген. Елемейтін жердің жақын алысын, Шалсаң түнде эфирлердің ағысын. Алаш үнін асқақтатқан биікке, Сен естисің оның аққу дауысын. Жүрсем дағы еленбестен қиянда, Бар үмітім ұлт намысым Тұранда, Қазағымды мойындатқан əлемге, Əнші Майрам сірə есімнен шығарма! Ізгі ісіңмен ұлысың ( Төкен Танайұлына ) Арқалаған сан алғысын талайдың, Сізді көрсек елестейді арай күн. Атақ-даңқың гүрілдеген теңіздей, Марқасқасы кіші жүзде Адайдың! Інілерге біткен жарық шамдайын, Сəл қиналса демеп, аға, қол жайдың. Борыштымыз бəріміз де алдыңда, Өзің барда болған емес сары уайым. Егіз біткен ерлігің мен өрлігің, Кең даламдай шетсіз-шексіз кеңдігің.
Саған айтар тілек көп қой біздерде, Алпыс таудың басқан шақта кіндігін. Қуат алып Кең Жылойдай ұяда, Қанат қақтың абыроймен қияға. Басқан ізің қай жерде де гүлденіп, Ел үмітін ақтай білдің, жан аға! Бірегейсің əуел бастан жаны асқақ, Отызыңда орда бұзып жол бастап, Маңғыстауды мекен еттің қанша жыл, Түсірместен биіктерден ту ұстап. Еңбек жанып, құт қадамың өркендеп, Əр жолыңа із тастадың көркемдеп. Сол еңбегің ұмытылған жоқ, жан аға, Інілерің қол соғады Төкең деп. Ұстазы боп ақ желкенді жастардың, Өскен сайын тəкаппарсып таспадың. Көз алдымда өткен жылдар сан жолдар, , Өзің демеп өрге қадам басқаным. Нар халқыңның ұққан жүрек тынысын, Жаратылған жансың ғой сен жыр үшін. Пір Бекеттің Ақмешітін салдырған,
Ізгі ісіңмен, асыл аға, Ұлысың! ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИЕВ Бөлек біткен жаратылыс күмбезі, Ақындардың ақыны еді ол өзі. Сыймай кетті кең дүние тар болып, Əділетсіздікке шоқтай жанып өзегі. Сүйе біліп өзі сүйген халықты, Ол үйретті еркіндікті даңқты. Ар-намысын биік ұстап кірлетпей, Жырлай біліп Отан атты алыпты! Нар еңбекке табындырып жүректі, Шақырумен жарқын жаққа желекті. Отты өлеңнен соғып əсем сəулетті, Шырақ жағып дарындылар жолына, Аямады қолдан келер көмекті. Терең оймен дариядай ағыла, Ие болып ер азамат тағына. Нажағайдай көкте ойнаған шатырлап, Бағынбады озбыр билік заңына! Жағынумен жөндеп алып жағдайын, Менменсумен кеуде соққан талайдың.
Бетін тіліп ақиқатты айтқан ол, Өрлігімен тура біткен Адайдың! Тазалықты алған əбден бекініп, Қас жауы еді алдау-арбау өтірік. Жоламайтын маңайына арсыздар, Тастайтындай тұншықтырып өлтіріп! Қажет етпей тіршіліктің арзанын, Шарқ ұратын іздеп ойдың маржанын. Табиғат- ана өзін бөлек туғызған, Дауыл еді мəрт мінезі жайсаңның! Өзі сыйлап туғанынан дарынды, Жаратқаннан болған туыс жақыны, Ел бақытсыз сыйламаған ақынын. Шаңға апарып лақтырғандай алтынды, Басқасалса кім көтермес тағдырды. Қоқыс толы,қорқау толы қоғамның, Шеңберіне кірмей кетті ақыры! Ақиқаттан іздеп биік арманын, Досы болып жаны таза жандардың. Үміт артып інілерге дарынды, Сыйлап кетті қолдан дана қаламын!
ҚАРА НАР (Нəсіпқали Марабаевқа) Ассалаумалейкум! Мұнайдан өскен киелім, Кеудемдегі күмбірлеген күй ме едің, Сəлемдерін қарттарымның арқалап, Сағынышпен өзіңді аңсап келемін! Көз алдымда өмір жолың сыр шертіп, Өн бойыма құйып жатыр өжеттік. Шағыл басқан Прорваның төсінен, Мұнараларды тоғай қылып көтертіп. Бұлаң қағып,ойнақ салып қиялға, Маңқыстаудай қасиетті ұяңда Сенің жалын лапылдаған жастығың, Жетелейді желкен құрып қиянға. Бір кездері от жалыны сөнбеген, Сəлем айтып өзіңізге Теңгеден. Ерлігіңді тізгіндеген жыр қылып, Сөйлеп жатыр дана дала мінбеден. Маңдай терің тамған жері бұлақтап, Өткен күннен ой түйіндеп сабақтап.
Бозашыда жар салады Нəкең-деп, Мəңгілікке аңыз қылып мадақтап. Жан бабамның ақ батасы дарыған, Қарап тұрсам əрбір басқан ізің əн. Қаражанбас,Қаламқас пен Өзеннен, Абылдайын ағыл-тегіл ағылған. Маңқыстауым!Ақжарма жыр,өлеңдей, Жұлдыздармен сен келер-деп,елеңдей. Көк аспанға зерлеп жазып қойғандай, Марабаев Нəсіпқали дегендей. Жырға қос-деп,қайталайды кең далам, Мен қуанып,ерлігіңе танданам. Туған елдің түсірмеске бағасын, Колбиндерді ала білген жағадан! От кеудемді кетті-ау менің жыр кернеп, Сəуле төгіп өнегелі нұр өрнек. Қызыр баба шалған Ата төріне, Халқым үшін тудырған ғой Пір Бекет! Əрбір ізің аңыздарға пара-пар, Естен қалай сен кетерсің қара нар. Өзің сүйген Кең Жылойдан келдім мен,
Ақыныңның отты жырын қабыл ал! РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ Кең əлемге қазағымды танытқан, Дара туған тума талант жарық таң. Шуақ төгіп адамзатқа ой салып, Сөз маржанын дариядай ағылтқан. Рахымжан-деп,өз қолымен қол қойып, Бабалардың ізгі жолын жаңғыртқан, Сүйсінбессің қалай дарын тұлғаға, Ақын болсаң тереңдікке құмартқан! Тағдыр қинап сынаса да қаншама, Басын бұғып қалмастан ол тасада. Пана қылып жалғыз ғана Тəңірді, Көкжал селді ағыстарды қарсы ала Сескенбестен дауылдардан қайсар ұл, Алға тартып ұлтым деген ой сана. Мəңгілікке соға білген ескерткіш, Сұлулыққа қарау үшін тамсана! Қас өнерден көтерген көк күмбезді, Тылсым жұмбақ əлемдей ғой бір өзі. Қуанасың ойларына даналық,
Елестеткен буырқанған теңізді. Шақырады ерліктерге ізгі ісі. Тану үшін дауылдарда өзіңді, Ұғу үшін асқақ арман сезімді! ТАБЫЛДЫ ДОСЫМОВ Оны ұғады ақын жанын түсінген, Жүректегі ыстық əннің күшімен. Сүйді байтақ шексіз-шетсіз даласын, Шығармастан əрбір қырын есінен. Қуанумен қазақ болып туғанға, Қуат алып ана тілі күшінен. Мүмкін емес сүймеу туған жеріңді, Туып өскен айдын шалқар көліңді. Соның бəрі сұлулықпен сыр шертіп, Оның ақын жүрегінен көрінді. Тəңір берген дарындықтың сəулесі, Гитарадан жырға айналып төгілді. Туған елмен егіз бітіп тынысы, Қалап алып өнер атты ырысты. Бар азапқа шыдап бақты тоңса да, Өзгертпестен жүректегі қағысты.
Толқындарын Ақ Жайықтың билетіп, Аққулардың үніменен табысты. Бір қосылып қайталанбас дауысы. Беттен соққан дауылдарға қарамай, Ғылым шыңға өрмелеген данадай. Өнер десе ішкен асын қойған ол, Əуел бастан соның үшін туғандай. Асықты ол барын елге берерге, Тауды жарып алға ұмтылған бұлақтай! Қалмау үшін қолын бұлғап жырақта, Əсем сазбен əнін құйып құлаққа. Сұм ажалмен Ер Төстікше адысып, Айналғаны алаулаған шыраққа. Көз алдымда оның жарқын бейнесі, Сапар кешіп кеткендей ол бір жаққа! МҰҚТАР АРЫНОВТЫҢ БАТАСЫ А,Құдай! Аңсатып берген азаттығымды сақта, Ата –бабанан қалған қазақтығымды сақта. Қайта оралған Науырызымды сақта! Қайта түлеген ұл-қызымды сақта!
Жазықсыз жабылған жаладан сақта! Жеріме көз тіккен пəледен сақта! Елдің бағын байлайтын, Қара бас қамын ойлайтын, Əділетсіз биліктен сақта! Тілінен безген тексізден сақта! Ізеттіліктен жұрдай бетсізден сақта! Елді сыйламаған есерден сақта! Нанды басқан кеселден сақта! Ынтымағы жоқ туыстан сақта! Қайырымы жоқ бастықтан сақта! Қасыңнан шыққан қастықтан сақта! Парасатсыз ғылымнан сақта! Сырты жылтыр залымнан сақта! Ақпақұлақ шəкірттен сақта! Атасын білмес мəңгүрттен сақта! Ниеті бұзық діндардан сақта! Тентек су ішкен жындардан сақта! А,Құдай! Халқымның даналығын, бойымызға дарыта гөр!
Жеріміздің қазынасын, игілігімізге жарата гөр! Елеміз есейіп берекелі болсын! Ит жылы несібелі берекелі болсын! Жаңа жыл халқыма жан саулығын, Тəн саулығын сыйласын! Өрге бассын жас ұрпағым, Мықтап ұстап тағдырының бұйдасын! КЕЛЕШЕК ИЕЛЕРІНЕ Көтеруге ел сенімі мол жүкті, Ұғындыңба азаматтық міндетті. Болашаққа қандай жолды таңдадың, Шырақ қылып кеудеңдегі жүректі, Жырлай біліп ұлан байтақ далаңды, Шарламаққа ғылым атты ғаламды. Қандай мақсат қойып едің алдыңа, Бұл тірлікте сарп етуге санаңды. Ер жігітке талап болмай сəн қайда, Қырандайсың жаратылған самғауға. Бойыңдағы жалын оты лаулаған, Тасқын күшті жұмсамақсың сен қайда?
Айнымаған биік заңғар тау шыңнан, Қорған болып туған елге бас ұрған. Əзірмісің аманатын ақтауға, Бабалардың саған сеніп тапсырған? Ата жолы кие толы сыршыл бақ, Рухсыз елге қайдан сірə қонсын бақ. Қан жүгірткен тамырына халқыңның, Қайнарыңнан алдыңба əбден сусындап? Билігің жүр еліктеумен əр көшке, Дайынбысың əділетсіздікпен күреске, Намысыңды желбіретіп ту ғылып, Серт бердіңбе ар алдында сөнбеске? Алтын шамың жарқыратып дініңнің, Құдыретін сезінумен тіліңнің Қамал қылып талабыңды нұр ілген, Шың құзына талпындыңба білімнің? Имандықтан бастау алар сын нағыз, Қандай күйде дүние таным санаңыз, Таба алама ізгіліктің жалғасын, Бабаларың ерлікпенен салған із? Жат елдіктер үнін буып жасырған,
Тарихыңды қолға алдыңба жас ұлан. Қазақ үнің қашан шығар өзіндік, Кең əлемге даналығын асырған? Айта біліп ақ тілегі ел сөзін, Қорғай біліп ұлттық рух мүддесін, Əзірмісің болмысыңды жоғалтпай, Қаласуға сара жолдың іргесін? Жауап күтем үмітпенен өзіңнен, Көрмек болып ақиқаттың жүзінен, Ұғындыңба Абай бабам жыр қылған, Имангүлін жүректегі сезіммен? Сыр қалмасын жасырынып қойныңда, Қандай мақсат жатыр айтшы ойыңда, Жыйнадыңба ақылменен сіңіріп, Пайғамбардың өнегесін бойыңа? Жетсем деумен даналықтың бағына, Тек шындықты серік қылып жаңына, Дидарына қарап күнде тамсанып, Жол таптыңба бір Аллаһты тануға? Жоғалтпастан инабаттық құныңды, Тұлпар қылып уақыт досты ғұмырлы,
Талпындыңба игеруге қазірден, Адамзаттың игілігі үшін ғылымды? Жүрегімді елжіретіп жаз үнің, Көргендеймін жүздеріңнен таң нұрын, Жауап берші келешектің иесі, Қолға ұстамақ ертең елдің тағдырын! ӨМІР ДЕРЕК ЛҰҚПАН СИСЕКЕНҰЛЫ БЕГАЛЫТЕГІ 1947 жылы 11 қыркүйекте қазақ мұнайының астанасы,киелі кіндік көзі-Кең Жылой өңірінде,Құлсары қаласында туған. Еңбек жолын Атырау қаласындағы аяқ киім фабрикасында бас инженер болып бастап,кейін партия-комсомол жұмыстарында, ал 1974 жылдан бастап Атырау обылыстық Обком партиясының жолдамасыменен ұзақ жылдар Жылой аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары,кейін тергеуші, бөлім бастығы болып 1994 жылға дейін аянбай адал еңбек етті. Жұмысының ауырлығына қарамастан, Тəңір берген талантын шыңдап қолынан қаламын тастамастан,небір қиындықтарға төзе білді.Ақиқат шындық үшін алысты.Ақынның тұңғыш тырнақ алды өлеңдері мектепте оқып жүрген кездерінде1963-1965 жылдары «Қазақстан Пионері «газетінде жарияланған. Содан бері Лұқпанның жиырмадан астам өлең жинақтары, поэмалары,прозалық шығармалары жеке кітап болып шықты. Ақын, Жамбыл Технологиялық институтын ( 1970),жылы ал КАЗМУ-дің заң факультетін ( 1982) жылы сырттай оқып бітірген.Ақынның бұған дейін «Тіршілік толқыны»,(1974) «Атырау Айдыны» (1982), «Жылой қаламгерлері» (2005) атты кітаптарға топтама өлеңдері енген.Ал өзінің жеке «Теңіз»(1994), «Адамзат жер Анаңа табын енді»(1995), «Ақ бесігім кең Жылой»(1995), «Иə Бекет»(2000), «Кең Жылойдың Иманқарасы»(2002), « Кең Жылойым - əулиелер мекені» (2002) «Лұқпан»(2002), «Байбақты Ата »(2003), «Мəдинада Мұхаммед»(2004), «Түркстанда Қожа Ахмед»(2005),» Маңғыстауда Пір Бекет»(2005), «Мəңгілік Рух Махамбет»(2005), «Төремұрат- ата бастауы жəне замандастары»(2006), «Құдіретке тағзым» (2006), «Өнегемен өрілген ғибратты ғұмыр»(2006), «Қызым Менің» (2007),» Сүйе біл Отан анаңды»
таңдамалы жинағы(2007), «Наурызғали Бешимов» (2008), «Жапырағы Жайылған Кең Жылойым»(2008), «Қарапайым солдаттан генералға дейін»(2008), Көріпкел-əулие Адай Ешман Ата(2009), Ерлігі күйге айналған əруақты Төремұрат ата (2010)» Ұлы Абайдың рухыменен сырласу» (2010), «Ұлттық Рухын ту қылған» (2013), «Аққудай сұлу жан еді»(2013), «Із кесумен өткен ғұмыр» (2013) «Бабалар салған жолменен» (2014), «Бабалардың алтын сынығы» (2016), «Қасиетті парыз»(2016) атты кітаптары жарық көрген.Ақынның өлеңдері Қазақ ақындарының он томдық поязиялық антологиясына енген. Лұқпан Бегəлі 1986 жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ішкі Істер қызметінің ардагері. Подполковник.Ақын ұрпаққа ұлттық рухымызды ту қылып мол мұра сыйлай білді.Оның шығармашылық еңбектерін насихаттау келер толқының ел алдындағы азаматтық міндеті. МАЗМҰНЫ Кітапқа барар жолда Бірінші бөлім Менің қазақ елім Екінші бөлім Ұлы даланың ұлы перзенттері Аттила Ғүн патшасы Аттиланың өсиеттері Күлтегін Тұмар қыз Бейбарыс Шыңғыс Хан
Сарайшық Жезді Қорқыт баба О,Шəуілдір Арыстанбаб Баба Қожа Ахмет Иассауи Сұрарым Бұхар жырау Төле би Қазбек би Айтеке би Бөкен би Абылай Кенесары ханның жүрегі Қайдасыңдар түріктерім Абат Байтақ Отырар Қырық қыз туралы аңыз Əл-Фараби Шоқан «Елім-ау!»əні туралы жыр
Сырым баба Абай бабам Қызыл қала Дүйсеке ата мешіті Адай бабам Адай жылқысы Балжігіттің киіз үйі Ақмешіт Мөңке би Тлеуұлының рухыменен сырласу Ақтөбе жəне Қарасай батыр Ұлы қолбасшы Табын Қараұлы Бөкенбай батыр Əбілқайыр хан Жағалбайлы Тайлақ батыр Сүйінқара Бергеніңнен айырмай Мен қазақтың ұлымын Үшінші бөлім Мəңгілік рух-Махамбет Маңғыстау Адайлар Əруақты ата-Ер Қосай
Батыр бабам Ер Қосай ұрпақтарының əні Иə,Бекет Отман тау Сүйіндік баба Ағатай əулие Исатай батыр Есет баба Жарас Мерген Ұлытау Табын Досжан Қазірет Нұрпейіс Қазірет Оспан батырдың соңғы сөзі Дауылпаз жырау Сүгірім Адайдың жүйрік Ақтаны Нұрым ата басында Абыл ақын Абыз аға Алаш ұраны Желтоқсан Той күнгі тілек
Хазар патшасы туралы ой Жоғалған ел Ата рухыменен сырласу Бабалар салған жолменен Төртінші бөлім Менің сүйген Отаным Бесінші бөлім Кең Жылойым-əулиелер мекені Алтыншы бөлім Арыстары Алаштың Əлиханы Алаштың Ахмет Байтұрсынов Жүсіпбек Аймауытов Мұстафа Шоқайұлы Алаштың жарық жұлдызы Азаттық жаршысы Аққу ақын Ғұламасы елінің Халел Досмұхамедұлы Тұрар Рысқұлов Сұлтан Ғалиев
Құлагер ақын Шəкəрім Шахан Мусин Жалау Мыңбаев Ораз Жандосов 1937-жыл Қозғара мен Махамбет Мағжан ақын менен Адай шалы туралы жыр Данышпан Мұқтар əулием Жұмабек Тəшенов Бауыржан Ермұхан Бекмаханов Ұлылық Қасым ақын зираты басында Халқының ұлы перзенті Жетінші бөлім Өзбекəлі Жəнібеков Жұбан ақын жəне Колбин Шерхан аға Заманбек Алтынбек
Алтынбектің соңғы сөзі Заманының заңғары Жарық жұлдыз Ақын аға Ақын жары Фаризасы қазақтың Қоғабайы қазақтың Төлеген Айбергенов Дүниеден өтті Ұмтылмас Мұқағали Мақатаев Жұмекен Нəжімеденов Қара нар Рақымжан Отарбаев Мұқтар Арыновтың батасы Келешек иелеріне Өмір дерек
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: