Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Лұқпан Бегальтегі - Ұлы дала перзенттері

Лұқпан Бегальтегі - Ұлы дала перзенттері

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-06-01 04:47:51

Description: Лұқпан Бегальтегі - Ұлы дала перзенттері

Search

Read the Text Version

тағы да, Көсем болып əділдікпен қол бастар, Туған елдің маңдайының бағына. Сілкіндірген ерлігімен шың құзды, Алты Алаштың жарық төккен жұлдызы. Сенің рухың жалау болып желбіреп, Бастайтындай жеңістерге ұл-қызды. Есіміңді дауыстаймын ұрандап, Елестетіп өткір алмас жүзіңді. Сескенбестен қанды дүлей дауылдан, Тəңір қолдап халқым үшін туылған. Ерлігімен соққан мəңгі ескерткіш, ƏРУАҒЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН БАУЫРЖАН! ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ Озбырлықпен қанды қылыш тағынған, Сескенбестен империя тағынан. Улы бұлтын серпіп тастап ерлікпен, Айрылмасқа ұлттық рух танымнан. Құрбан болған ұлт азаттық жолында, Сыр ағылттың Кенесары ханымнан! Шермен шертіп шежіресін елімнің, Жоғалғанын қайта жинап төрімнің. Елестетіп аққан жұлдыз Шоқанды, Қырандардай биік самғап көріндің. Көркі болып кең пейілді халқымның, Алға тартып тау қопарар екпінің. Тарихымның шындығы боп арманың, Ғасырлардың кезіп қалын орманын. Бабаларды туған елге оралтып,

Қақыратып қызыл дүлей қорғанын, Шар болаттай шамырқанған шабытпен, Бар күшіңді ақиқатқа арнадың! Талай дарын шаң жұтса да тұншығып, Бұл қазақты өлтірген ғой күншілдік. Шулап жатты жандайшаптар ұлардай, Бұл не деген текке тартқан ұлтшылдық?! Шағымдарын жаппай жазды дүрліге, Түрме таптың жиырма бес жыл кесіліп! Ниетіңе жақтас болып бір Алла, Майыспадың өжеттікпен онда да. Өз жаныңа қуат беріп жүргендей, Риза болып əр бір таңда қолды ала. Байсейітпен Саурық батыр Сұраншы, Тылсым күшпен елес беріп жүрді алда! Танымастан өз болмысын келбетің, Иттер көп ғой айнаға қарап үретін. Не айтады өз тарихын білмесе, Ұрпағына ұясынан өретін. Мəз боп жатты тұзақ құрған құзғындар, Өз асым- деп, доңыздардың улы етін.

Уран шашып тас түнекте бас салып, Жасалса да небір сұмдық қастандық. Озбырлықтың азабына шыдадың, Үмітіңе сенімменен көш артып. Өрт салса да қас дұшпаның қатыгез, Тағдыр жазды мандайыңа бостандық! Құн жоғалтпай бойыңдағы тектілік, Қайта шықтың сын күреске бекініп. Отан сүйдің жарды сүйген секілді, Жарқын оймен болашаққа серпіліп. Ғылым іздеп тыным таппай шарқ ұрдың, Мақсат болып асқақ арман еркіндік! Көтерумен ел сенімі бар жүкті, Көрсете алып мəрт мəртікпенен нарлықты. Тарихымның бар шындығын ақтарып, Төге білдің сəулесі мол жарықты. Орын алған жүрегінен халқымның, Кім ұмытар сендей асыл алыпты! ҰЛЫЛЫҚ (Илияс Есенберлин рухына) Сескенбей қызыл дауылдан, Жетсе де тозақ азабы. Ата жолдан жаңылмай, Құлқынның болмай мазағы, Адаспас үшін қазағы.

Ойлауменен ел қамын, Шындықтың жағып шырағын, Шүберекке түйіп от жанын, Ақиқаттан іздеп тұрағын, Намыстың мініп пырағын, Ел үшін аңсап көгалды, Келер-деп, алда жаз əлі. Тарихымнан іздеп ерлікті, Сілкілегенінде тозаңды. Бабалар жазған қанымен, Шежірем төрден сөз алды! Түнерген бұлтты қақ тіліп, Көк бөрілі туды көкке іліп, Төккендей шуақ далама, Көшпенділер сырын ұқтырып, Ой салдың таным санаға! Ғасырлардан тау жарып, Қиямет зілін аударып. Ұран салып бабалар, Ұрпағына нұр жарық, Біз бармыз деп жар салып, Үн қатқандай ғаламға.! Еркіндік сүйген адамдар, Тебіренбей сірə қаларма? Келгендей көктем гүл алып Шаттанды халқым қуанып,

Бұлағынан мөлдір сіміріп, Бойына қуат сіңіріп. Жеткендей рухы оралып, Бар бөгетті сындырып. Сезініп өтеу борышын, Бабалар рухы алдында. Еске алып сансыз арысын, Сақтады ұрпақ жадына.. Із тастап өткен жолдармен, Ұмтылды биік асуға. Намысты өрлік жырымен, Жаңартып ерлік жасауға. Ынтымақта ғой ірілік, Жаныңа жігер беретін, Көрдіңбе мұндай ұлылық, Омырауына күнді іліп, Сүйдірген елге маңдайын! Жаңғыртып байтақ жер –көкті, Ұлы көш жетті сəулетті, Ғасырлардан жүк артып. Ақындар тегіс жыр төкті, Сұлулығына құмартып. Жетелеп намыс мұратқа, Жеткізіп ізгі тілекті. Аққу боп қонды қыратқа, Ақша бұлттар көктегі. Салғандай хабар жан-жаққа, Жүректі тербеп жетті үні. Жазмыштан сыйын мол алған,

Өзгеше өр боп жаралған. Айтпайын қалай жеңісін, Тар қыстауда жол салған. Отқа түскен ел үшін, Қаһарман ер ғой сол ағам! ҚАСЫМ АҚЫН ЗИРАТЫ БАСЫНДА Бас иген Бауыржандай батырың да, Жырлайтын ақ береңдей ақының да. Өр жырын кейінгіге мұра қылған, Қасымы Аманжолдың жатыр мұнда. «Өкінбе бір күн босқа өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп, Күніне жүз ойланып,мың толғанам, Өзіңмен бірге өлмесін өлеңім деп»,- Деп жазған асыл жырын құлпытасқа, Ой тастар тебірентіп əрбір жасқа. Өмірде өшпейтіндей сөз қалдырған, Даналар əрқашанда ұмытылмас та. Мен келіп Жеңіс күні тізе бүктім, Жалғасы болсам-ау деп ізгіліктің. Елестеп көз алдыма солдат Қасым,

Өлеңін оғы қылған зеңбіректің. Жүрегім жыр өлкесін қалаған шын, Болармын бəлки мен де дана Қасым, Əкелген Атыраудан қойдым гүлді, Еске алып ардақтаумен ел ағасын. Өтер-ау талай күндер тізбектеліп, Жанына ішкі сырын жүз бүктіріп. Қош аға!Топырағың торқа болсын, Тағы да бас иермін іздеп келіп. ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ (Дінмұхамед Қонаевтың рухына) Даналықпен серік қылып пəк арды, Заманының қайсар өжет адамы. Қызыл тұман құрсауында адаспай, Жасай білдің болашаққа қадамды. Жетсе дағы талайларға əмірің, Маңдай термен өтті мəнді ғұмырың. Бар тілегің елің болып жүректе, Гүлденгенін көрсем деумен төріңнің! Əділдіксіз қай мекенге құт қонбақ, Шашылмадың жалған сөйлеп көпті алдап.

Қиналғанға қолдың ұшын бердің сен, Жығылғанды сүйей білдің қос қолдап. Асқақ оймен келе біліп тоқтамға, Берілмедің даңғойлықпен мақтанға. От жаныңның бар жалынын арнадың, Азаттығын аңсап күткен Отанға! Дүние қуып алтын таққа таянбай, Халқың үшін қызмет қылдың аянбай. Көз жіберіп қарапайым жандарға, Пана болып алынбайтын қамалдай. Іштей тұнып мақсат толы арманың, Ақиқатты жан тəніңмен қолдадың. Жоғалтпауға имандықты төріңнен, Айнымадың ақ жолынан Алланың! Арды сүйдің сүйгеніңдей анаңды, Сүйдің байтақ шетсіз-шексіз далаңды. Содан таптың үмітіңнің жарығын, Сол емдеді жандағы дерт жараңды. Ойлар кешсең бабалардың дауысы, Шар болаттай қайрап бойда намысты. Қуат құйып тебірентіп толғантып,

Шақырғаны жалғау үшін ұлы істі. Іштей ұғып əруақтарымен сырласып, Бір жұтқансың тереңінен тынысты! Бақыт шамын ұрпағына сый қылған, Ұлылықты қабыл алып олардан. Ел ішіне жоламасқа дүрараз, Айрылмадың бабам өткен жолдардан. Ақтасам –деп, нар халқыңның сенімін, Ізгіліктің соқтың тынбай көрігін, Іздеріңде имандықтың гүлдері, Ұрпағыңа үлгі болар ерлігің! Ел қамымен күндіз-түні көз ілмей, Көш бастадың қиындыққа дес бермей. Сен соқтырдың бесжылдықтар балғасын, Кең даламда тау жаңғырып көшкендей. Асу бермес сан қырларда тоң тіліп, Қанжығасын милиард пұтқа толтырып. Танытқансың қазағымды əлемге, Омырауына көктен жұлдыз тақтырып! Негіз қылып Фарабидің ілімін, Өрге тартып өнер менен ғылымын. Мұқтар менен Қаныштарды ұлғылап, Кең əлемге Абай жолын сый қылдың. Түсінгенге өмір қысқа көрген түс, Мəнді қылар ізгілікпен ұлы күш. Адамзатқа даналықпен ой салған, Жəне қойдың ұлы Абайға ескерткіш! Зиялылар ұлттың туы қашанда, Онсыз қоғам алға сірə басарма. Қамқорладың талаптыны нұр жауар. Қалмас үшін күңгірт тартып тасада. Өзің десе лаулап қалай жанбайын, Сен тіледің оты бардың самғауын, Айнымастан ақыл-ойлы мұраттан, Жалғасам-деп, бабалардың жолдарын.

Тыңдай біліп оңашада толғанып, Ұлы дала қобыз үнін сазды əнін Көрмесін-деп, келер ұрпақ сары уайым, Жеткізгендей ізігілікпен жаз айын.. Ұлттық үнін танытсын деп əлемге, Салып бердің Өнер атты сарайын! Данышпандық даңқта жас дəуренде, Салмас үшін күншілдері əуреге. \"Аз и Я\"-сын қорғаштадың Олжастың, Шомылдырып мейірім шуақ сəулеңе. Шаң тигізбей өзің тұрған шағыңда, Қанат бердің еркін ойлы танымға. Жатқа соқтың Жұбан ақын жырларын, Мен Қазақ-деп, поязия бағында! Шындықты айтып шыға білген уəдеден, Ұмытпастан ұстазыңды дем берген. Қия баспай қиыстырдың қиынды, Шаяахмет Жұмабайдың үнімен. Өн бойыңда жатқан ғажап ұлылық, Ақиқаттан аттамадың пір тұтып. Ұлттық рухтан сына қаға білдің сен, Жұлдыздардай төгіп елге жылулық! Сезсең дағы саясаттың ызғарын, Ата салттан əдеп сақтап озбадың. Ана тілдің құдіретіне сүйсініп, Тамырынан іздегенсің гүл бағын. Тəңір сыйлап əулиелік шекпенін, Жеткізе алған хикметпен өткенін. Алыс сапар жүреріңде алысқа, ЯССАУИГЕ соқпай əсте кетпедің! Атыңа сай сүйдің таза дініңді, Ішке бүгіп кеудеңдегі мұңыңды. Жыйнағаның ғұламалар кітабы, Жарқыратып күндіз қылған түніңді, Қазақ əнін бірдей санап дауамен, Əуендерін бірге жұттың ауамен. Құйқылжыған күйлерімен бір соқты, Кеудеңдегі от жүрегің ар емген. Басы балда арты толы өкініш,

Бұл өмірде ақ пен қара екі түс. Минут сайын амал жасап шытырман, Бітіспеске соққан күнде бекініс. Сол майданда ұстай біліп өзіңді, Серік қылып қара тастай төзімді. Ақымақтармен де əл жеткенше алыстың, Өткір сынап құлдық құмар езгіні. Табиғаттан өзі солай жаралған, Қай заманда иттер үрмей тұра алған. Абай айтқан өзің баққан күшігің, Үнсіз қауып болып шықты қабаған. Көрсең дағы талай залым əлегін, Тілемедің есіркеуін біреудің. Тиіспедің дəулет қуған сорлыға, Кісіліктің сақтап көркем өрнегін. Сол баяғы қарапайым калпыңда, Сезім толы жан дүниеңмен нұр өрдің. Ата жұрттың болып берік тірегің, Не көрсең де елмен бірге түледің. Заманыңның болдың адал перзенті, Ақыл ойдан терең салған түренін.

Өкпе артпай қысымы мол заманға, Күйінбестен жоққа мынау жалғанда. Кір іздеген тырнағыңның астынан, Жабыққаныңды білдірместен жаманға, Қанғатапен бағалаумен барыңды, Құлаш ұрдың ел аңсаған арманға. Көрген жоқсың билік үшін қалтырап, Əділдікпен ашық күндей жарқырап. Жүре білдің иілмей де бүгілмей, Тірлігіңнің берген сыйын артып ап. Өзің барда құшағы сыр ақтарған, Өндіріске өріс берген көп қалам. Қарағандым көмірімен от жағып, Қара маржан ақтарылды Ақтаудан. Əруақтар қысқандай кең арқасын, Күмісінен шашу шашып Балқашым. Кең əлемнің мыс қазаны атанып, Адамзатқа ашқан алтын қақпасын. Риддерде еңбек жолын басталған, Қазынасынан құйып алтын тостаған. Пейілмен мөлдіретіп ақ құйып,

Қуаныштың шаттық əнін қостаған. Шөлейт құмды айналдырып абатқа, Мақтаралды ақ бұлт болып ақ мақта. Кең əлемнің əр еліне қонақтап, Сəлемдерін жеткізгені қазаққа. Жырлай берсем ұшаң – теңіз еңбегің, Жалғасындай жалын өрген терменің. Халық өзі мақтан тұтқан қашанда, Қорған болған Алатаудай перзентін! Жүрек сырын бір – біріне ақтарып, Атыңды атап əнге қосып шаттанып. Ерлігіңді өрлігіңді жаттатып. Жеңісің боп қарсы тұрған өлімге, Үлкен бақыт ие болу сенімге. Болғандықтан жаның таза кіршіксіз, Ұлы атандың өзің туған еліңде! Жолын ашып жас керуен көшінің, Бір кездері сəні болып кешінің. Ақ тілекпен ақ батаңды беріп ең, Болашақтың айқара ашып есігін. Сол ақындар жастық өтіп от тайған,

Бұл күндері жас ұлғайып қартайған. Еске алады көздеріне жас алып, Дауысыңды естігендей қайтадан! Қуат алып сусындайтып қайнарым, Халқың сүйді бір бөлісіп ойларын. Озбыр күштер тудырғанда ашу кек, Желтоқсанның жалауына айналдың! Ойнаса да Ресейден жалын бұлт, Ереуілге шықты халқың ағылып. Талап етіп еркіндігін,теңдігін, Ұлтын сүйген өз көсемін сағынып. Жатса дағы əскер жауып жаныштап, Есіміңді ұран қылып дауыстап. Жас ұрпағың көрсете алды ерлігін, Ел бастаған ұлы адамға осы бақ! Ғасырларға жасағаның мəңгілік, Көз тіріңде бағаласа əн қылып. Жүргендейсің бұл күнде де көз ілмей, Ақиқаттың алтын шамын жандырып. Қаның тулап бар жүректе тамырда, Сыр шертесің рухыңмен халқыңа.

Сақтандырып сатқындықтан ездіктен, Адалдықтың күйін шертіп шалқыма. Ұғынсын деп,елдікпенен ер жайын, Елеместен жолдың алыс шалғайын. Кең Жылойдан немеремді жетектеп, Келем саған бас иіуге жыл сайын! ЖЕТІНШІ БӨЛІМ ШОҚ ЖҰЛДЫЗДАР ӨЗБЕКƏЛІ ЖƏНІБЕКОВ Ел сүйген асқақ сезім армандардай, Жүрмедің қара бастың қамын ойлай. Бабалар басып өткен іздерінен, Қастерлеп саз балшықтан соқтың сырнай. Бас болып əрдайымда ардақты іске, Ата-салт қағидасын салып еске. Жинадың мол мұрасын ата-жұрттың, Күйі боп күмбірлеген ұлы көште! Қорған боп бар күшіңмен Отаныңа, Бəрінде жеткізсем-деп,ұрпағыңа. Əйтеуір ұлтың үшін көз ілмедің, Сескенбей жүзе біліп қарсы ағынға.

Бас имей зомбылықтың өткелінде, Шарпылмай қызыл дауыл өрттеріне. Ой салдың тектілікпен жалын құйып, Дауылда қорқақ құстай үрпигенге! Бар Алаш қадір тұтып бас иетін, Ерекше болды өзіңдік қасиетің. Жол тартып түп тамырдан келер күнге, Жатқа айттың əулиелердің өсиетін! Əрдайым таза болсаң ар алдында, Тылсым күш қуат бермей тұра алдыма. Халқыңды өзің сүйген сағындырып, Айналдың Арыстан Баб шырағына! Бауырым бара қалсаң дұғаңды оқы, Алаштың асыл ұлы жатыр мұнда! ЖҰБАН АҚЫН ЖƏНЕ КОЛБИН Кремль жұлдыз тағып алтындаған, Ей, Колбин қарғалардай қарқылдаған. Сен неге көкірек боп басынасың, Не жазды кең пейілді халқым саған?! Шындықты айтпай үнсіз тұрам қалай, Ұл-қызын танкіменен таптайтындай,

Соншама зұлымдыққа бардың неге, Көрмеи ем қан майданда сұмдық мұндай. Қысым сап ұландардың ерлігіне, Ініңе көртышқандай кірдің неге. Биліктің əділетсіз жолы қысқа, Ақылмен ойлап соны білмедіңбе?! Тірліктің əлде байтақ əлеміне, Тар жан боп ізгілікке келгеніңбе. Қайда айтшы комунистік адалдығың, Не үшін басшы болдың біздің елге?! Қақталып қызыл құйын алау желге, Бұл халық түскен талай сергелдеңге. Кемсітіп езе берсең есерлікпен, Сескенбей бас көтерер керіп кеуде. Үрікпей қатеріңнен қауіп төнген, Қырандай ағып түсіп зеңгір көктен. Басыңды домалатар қанға малып, От алып бойындағы тектіліктен! Білмейтін бабалары жалтақтауды, Аударған ашу қысса небір тауды. Намысын қорғау үшін тұрар тегіс,

Киелі Көк Бөрінің ұрпақтары! Арлыға қажет емес мансап тағы, Азаттық еркіндігі аңсағаны. Мың өліп, мың тірілген Қазақбыз біз, Тізерлеп күн кешпеспіз өлсек дағы! Ұғар-ау, бул сырымды намысты ұлдар, Əркімге тізгін берсең ел жоғалар. Ақиқат шариғатпен сорға батып, Шұбар тіл, шұбар жылан төрге шығар! Аналар жанарына мұң ұялап, Қайда деп,қорғанышым өксіп жылар! Болмаса ұлттық намыс, ұлттық сана, Қалың жау кең далаңа кіріп тынар! ШЕРХАН АҒА! Аянбастан қызмет қылған халқына, Қайталанбас жау жүректі нар тұлға. Əр сөзінде жанға қуат жалын бар, Оған жетпес байлығың да алтын да. Өз ұлтының қорғай біліп мүддесін, Ол көрсеткен ерлік жолдың күресін. Əр ізінде алаулаған шырақтай,

Еркіндіктің өрлік жырын көресін! Сезе тұра дүниенің рахатын, Іздеместен дүние байлық лəззатын. Отан үшін отқа түсіп ар қолдап, Сыйлай білген қайнар бұлақ ой жарқын! Халқым десе басын иген тік тұрып, Оған Тəңір берген кие тектілік. Жан бітіріп алтын дана қаламмен, Тұрарымды қайта əкелген тірілтіп! Айнымастан ақыл ойлы мұраттан, Ол əрдайым ақиқаттан тіл қатқан. Елге қажет ізгіліктен жаңылмай, Бола біліп інілерге жарық таң! Ата жолға түспес үшін қаяусыз, Жоғалтпасқа имандықты ұямыз. Нажағайдың оты болып шашырап, Азғындықты түйреген ол аяусыз! Табиғат ана өзі бөлек туғызған, Нар ағаның өмір жолы нағыз əн. Қанша қыран ұясынан ұшты оның, Айнымаған көкте туған жұлдыздан?! Ақын інім сəні болар көркімнің,

Жетсін десең туған елге отты үнің. Қасиетін ұрпағыңа жырлай біл, Халқың үшін қорған болған тектіңнің! Біліп жүрсін Шерхандай данасын, Ұран қылған ар- намысын ел-жұрттың! ЗАМАНБЕК Даналардың ұлағатын ұғып кеңдікпен, Сіресіп қалған сеңдерді бұзып өрлікпен. Алты Алашты шақырған қайта ерлікке, Ер еді ол аянбастан тер төккен. Көсемде еді батырлықпен көш бастар, Еркіндік сүйген ел жұртты қолдар елдікпен.! Болаттай берік ата-баба салтына, Ертеңін ойлап қызмет қылған халқына. Сол барыстай тарпаң мінез қайсар ұл, Тап болғаны зілзала соққан толқынға. Зиялы қауым болғандай бəрі тас керең, Бұлыңғыр шақта ел ішінен қашты ірең. Запыран жұтып жалғыздықты да көрді ол, Өз қандасы ұрғандай қара таспенен. Құба жаққа бұрылған жолын сан бөгеп,

Тағдыры қатал сын шақтарда салды əлек. Тынбады бірақ əділдіктің үнінен, Алатаудай айбатыменен күркіреп. Қан қасап кешіп əділдіктің таңы үшін, Жоғалтпастан ар-иманын намысын, Соңғы демі біткенінше алысты ол, Сақтамаққа еліме қонған бақ құсын. Ұлтымның өзі Рухтан соғар қамалы, Адалдық еді, əділдік еді арманы. Бірақта əттең қарақшы түнді жамылып, Айламен атып сый қылды азап ажалды. Ақылмен ойға таразылай білсең сараптап, Туған ұлтсыз кімдерге қажет дара бақ. Ұлпадай жаны ақша бұлттарға айналып, Алматысын қимай көгінен жылжып жүр қарап. Қолымен басып оқ тиген қанды жараны, Айтады кейде сағыныш толы мұңды əнді. Есінен кетпей қызғалдақ гүлі нəп-нəзік, Күрсініп ауық көз жасын сығып алады. Өтті ғой өмір жұлыздай аққан жарқырап, Жан жары қалған көктемде атқан таңдай-ақ.

Сақталған бəрі ұмтылмастай жадында, Көз алдында бабалар жаққан шамшырақ. Сезімтал болсаң жаңғыртырған тау ішін, Нажағайлардан естисің оның дауысын:. «Нұрқаділұлы Заманбек атты ұлың ем, Көтерші басты бауырмал қазақ туысым. Көріп ең талай сұрапыл жылдар бейнетті, Тұрмысың құлдық өртеген от боп өзекті. Сол сұмдық тағы аждаһа боп жетердей, Бақытың үшін сілкінетін бірге кез жетті. Ойлан, ойлан əруақтарды сыйласаң Мен өзіңе адал ұлмын сыр ашқан. Өкінерсің у ішерсің кеш қалып, Əділетсіздікке жұмыла қарсы тұрмасаң! АЛТЫНБЕК Нар еді ол! Елдің жүгін көтерген, Қайсарлықпен шындық үшін от өрген. Сескенбестен билігіңнен патшаңнан, Əділетсіздікке Махамбеттей кектенген! Өтеу үшін ел алдында парызын, Ашық айтып ел шағымын арызын.

Көктемдердің тынысындай дем беріп, Күмбірлеткен ақиқаттың шың құзын. Келешекте шырқалатын əніңдей, Оның үні елмен үндес мəңгідей. Балғын жастан өсіруге қаһарман, Жол іздеді аянбастан көз ілмей, Қасиетті елін-жұртын қорғауда, Баба жолын ерлікпенен жалғауға. Үйреткен ол адаллықты ту қылып, Қырандарша биіктерге самғауға! Байлығымды көк аттыға тонатқан, Кең даламды бассыздықпен улатқан, Тұншықтырып қара орманды жылатқан, Өн бойынан имандығын жоғалтқан, Дүниеге көзі тоймай құмартқан. Жемқорлары көр тышқандай түн қатқан. Ұры-қары жыйнап алып жанына, Қара бастың шебер болып қамына Сəуегейсіп қара бұлтты торлатқан, Əділдікті тұзақ құрып орға атқан, Жазықсызды торға тығып сорлатқан,

Түзелуге икемсізге бас салып, Əшкерелеп ел алдында жар салып, Бел сыбанып күресуге тіл қатқан. Жалғау үшін аманатын бабамның, Асыл оймен нұрландырып арманын. Сабыр сақтап адал жасап тапжылмай, Батыл басып келер күнге қадамын. Болашаққа тебірене хат жазып, Ақиқатпен ұштап алтын қаламын. Топтан безіп дүние қуған жалтырақ, Ол майданға шыққан еді жалғыз-ақ. Қарамады күңкілі көп тобырға, Түбі шіріп қалатұғын қаңсырап. Құл болмасқа арын қорғап елімнің, Бет пердесін жыртып тоймас перінің. Ерлікпенен еркіндікке жол жасап, Ақтай біліп ата-жұрттың сенімін. Самғауменен өршеленіп жеңіске, Көрсете алып сын күресте өрлігін. Бой бермеді сатқындарға опасыз, Жалбаңдаған иесіне төрінің!

Кешсе дағы бастан небір бейнетті, Таңырқатты ізгі ойымен жер көкті. Табынбады бір Тəңірден басқаға, Қалап алып ұлттық намыс өжетті. Бабалардың жеңіс іздеп ізінен, Күреске үндеп, ерліктерін үлгі етті. Залымдықтан қорғай біліп нар халқын, Қастерледі өнегелі ел салтын. Ұран қылып тілім менен дінімді, Содан ұқты өсер елдің өр даңқын, Ардақты істің тайсалмады жолында, Сезімі биік ойшыл тұлға ақжарқын! Адамзаттың сеніп ақыл ойына, Қарсы тұрып дүлей дауыл құйынға. Талап етті əділ заңын халқының, Қан жүгіртіп шындығымның бойына. Арылуға азғындықтың кірінен, Тас лақтырып құзғындардың қойнына. Қоқыс қоқым жаман жəутік жинаған, Боқтықтарын тастауға да қимаған, Күш зорлықпен əлсіздерді қинаған.

Көңілі соқыр менмендерді сынады ол, Қиып түсер шындықпенен шырқап əн.! Қараңғыны қақ жаруға үмітпен, Арқа сүйер халқын сүйіп жүрекпен. Тарихының аршу үшін алтынын, Ұлттық рухын ақ ту қылып өрлікпен. «Алаш»- болып қасиетті ұраны, Қуат іздеп бірлікпенен елдіктен. Айнымай бір құлқын үшін тағыдан Қолын сүйіп жеке басқа табынған. Сорлыларды адал өмір сүруге, Шақырды ол, жарық сыйлап жалыннан! Бұл тірлікте танығанын, білгенін, Адалдықпен, əділдікпен сүйгенін. Көкірегіне зерделеумен түйгенін, Жұтса дағы сан азаптың кермегін, Өзі болып бабам төккен терменің. Қылмыстарын биліктегі кереңнің, Ақтарды да бұқарадан жасырмай, Жан аямай жеткізді ой тереңін. Дұшпандарын сорға тірі батырып,

Құрсауларын найза тілмен қақ тіліп, Шаң тозаңын жəдігөйлердің қақтырып, Нажағайдай көктен түскен атылып, Көк бөрідей жауын жерге батырып, Жасай білді қайсарлықпен батырлық. Еркіндігім алу үшін кең тыныс, Барша жұртты парасатқа шақырып. Қайсарлықпен серпіп қара бұлтыңды, Қаһарман ұл алға тынбай ұмтылды. Белін буды бас болуға ұлы істе, Бірақ əттең, Құлегердей жығылды! Өліп кетті! Қарақшыдан жол тосқан, Бірақ ісі келешекпен жалғасқан. Кең даламда өршіп Рухы кезіп жүр, Болашақты армандаумен тынбастан. Туған елін сүйе білер жас Алаш. Қадірлей біл бұлақ көзін ол ашқан! Өз қолыңда ұлы мекен тағдыры, Кешірмейді Отан анаң адассаң.

Таңғажайып ерліктерді жасай біл, Елің үшін қанаттарың талмастан, Саған үлгі Алтынбегім оққа ұшқан! АЛТЫНБЕКТІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ Ей, қанішер! Шайтанға ерген қатер сын, Түзелмесең қара бет боп өтерсің. Менің адал оттай ыстық қанымды, Мойныңа жүктеп,айтшы босқа қайтесің?! Сескенбеймін қасқырлардан ұлыған, Есіргеннен жұлған жұрттың өкпесін. Тапсырыс берген қорқау итке салем де, Өзі ұғынсын сұрқиялық қатесін! Адалдығын тілеп дархан төрімнің, Мен күрестім бақыты үшін елімнің, Қайғысына ортақ болып бөлісіп, Ақ кемесін алға тартып білімнің, Айхара ашып тұман басқан түндігін, Ақиқаттың ұран қылып ілімін, Дауылдарға кеуде тосып тайсалмай, Мұңын жоқтап туы болып тігілдім.

Ер намысын, ел ажарын сақтауға, Бабалардың өнеге қып өрлігін. Аянбастан қызмет қылдым алдында, Қорғау үшін армандаған теңдігін. Адамзатқа адал істей іс жасап, Жеткізуге кие толы өр үнін. Ал ол болса сайхалдықпен түрленіп, Қара бастың соқты қызыл көрігін. Көкірек боп алды елді танымай, Өзі болып жан ұрлайтын перінің! Ұры қары жыйнап алып жанына, Кесек атып туған елдің бағына. Əділеттің ақ таңына оқ атып, Айналғаны қанға тұмар тағыға. Қолын созып арсыздықтың тағына. Адамдардың ойын ұстап құлыптап, Шырылдатып түрмелердің торында. Кімді көрдің тұсаулаған ақылды, Ұлы көште асқақ арман жолында! Құдай барын ұмытқандай сол сорлы, Даңқ қуып өзіне-өзі қазды орды.

Тойынған соң ессіздіктен тайраңдап, Ит аяғын ас құйғаннан қызғанды. Танымады асыраған иесін, Зұлымдықпен талап жеуге бас салды. Армандады патша бағын жас жаны, Арыстандандай құтырынып асқынған, Айға шауып бағындырмақ аспанды. Кім сүйеді даңғойлықпен тасқанды, Əуейлікпен теріс басқан қадамды. Күнəкəрдің ел шошытар қылығы. Елестетер іштен шыққан дұшпанды. Қатыгездік жауыздықпен тапталса ар, Құлдық құрған қорлығына кім шыдар. Мені атқанмен таусылама нар қазақ, Əділеттің туын биік тік ұстар, Мені іздейтін жаны таза перзентер, Мынау жарық дүниеде бар шығар. Солар келер белді буып күреске, Соны ұғыңдар қанішерлер жауыздар! БІР ТАЛ ЖУСАН (Зейнолла Қабдоловқа)

Əрбір сөзі жыр болып, Əлдилеген халықты. Академик Қабдолов, Сырқаттанып қалыпты. Мереке інім жол бастап, Көңіл сұрай барғанда. Ұлы ұстазым жаны асқақ, Ұқсап кетті Абайға! Қарсы алдымда əулием, Кестелеген сөзден зер. Мен алдында бас ием, Өз ұлың ғой өскен ел. Не сыйласам данаға, Жарасар-деп,қысылдым. Жылойдан-деп,жан аға, Бір тал жусан ұсындым. Жарқ етіп нұр жанары, Сəуле шашқан таңымдай, Қуанып бір қарады, Көңіл оты жалындай. Исін-ай!-деп,əкелген,

Жұпарын кең даламның. Ой əлемін көтерген, Сырын ұқтым дананың. Тапқандай боп бір емін, Алыптың нар жанына. Тулағаны-ай жүрегім, Шапағатқа малына. Əрбір ізі гүл болып, Əрбір сөзі жыр болып, Үні болған халқымның, Мəңгі жасар Қабдолов! ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАРЫ Елдің жүгін қара нардай көтерген, Ағалар бар орақ ауыз от өрген. Қазақ Рухын асқақтатып əлемге, Сұлулығын соғып берген « Үркерден». Асыл туып əуел бастан анадан, Ақ сүтімен баба үнін жалғаған. Қыдыр келіп тəй тəй басқан шағында, Беттен сүйіп ақ батасын жолдаған. Есімі елге жыр болса да жатталып,

Көрген емес жұрт алдында мақтанып. Сол баяғы қарапайым мінезі, Инабетпен өрнектелген ап анық. Бар болмысы кең даламның өзіндей, Ғұмыры пəк мөлдіреген сезімдей. Игі еңбегі аян барша Алашқа, Тереңдігі аласұрған теңіздей. Сескенбеген дауылдардан селдерден, Қаншама сыр іздерінде ол жүрген. Сəби еді ау кеткенде əке соғысқа, Жетімдіктің қасіретін мол көрген. Алшоңқойдан дəм татқызып жоқтығың, Азап салып қанша тозақ өтті күн. Шаңырағын əкесінің құлатпай, Жастайынан терген ойдың шоқтығын. Зарлап қалған жалғыз ана жанында, Мұңға батып қолын созып таңына. Оқпантауда бабам жаққан алаудан, Шырақ алып айналған ол жалынға.! Қанат қағып қиялына əлемнің, Анаға оқып тұңғыш отты өлеңін.,

Бабалардың даңқын ұққан жас жүрек, Өзі болған ақ желкенді кеменің. Мəңгі күрес өмір керуен көшінде, Еліктемей, жалтақтамай ешкімге. Жасасам деп жер бетінде жақсылық, Жар салған ол боз төбенің үстінде. Сол дауысы құдіретке көктегі, Естілдіме оған көзі жетпеді. Бір ұққаны «Иə Бекет « деп бабалар, Түсіне еніп сыйға тартқан көктемді. Əруақтар тік көтеріп еңсесін, Кеудесіне құйып жалын термесін. Ақпа күймен дүниені теңселтіп, Ұлғылаған өлмес өнер кемесін. Маңғыстауда маңғаз өлке басынан, Тəңір өзі талант беріп жасынан. Періштелер тербеп алтын қаламын, Маржан сөздер шашу болып шашылған. Оңды ауылдан оңды басып қадамын, Халық үшін арнаған ол арманын. Нақ сүйгені туған елдің намысы,

Ту қып ұстап көтерген бар салмағын. Ерлікпенен елдікті айтып ұланға, Ынтымақты ұран қылып ғаламда. «Шыңыраудан» сусындауға ой тартып, «Күйі»еркін күмбірлеген даламда. «Елең Алаң « түсінгенге тағдырым, Дана айтпаса кім біледі нар құнын. Əбілхайыр бабам қайта оянып, Жайып салған жұмбақ сырдың барлығын. Шақырған ол еркіндікке, теңдікке, Жұдырықтай жұмылуға елдікте. Құтылуға бодандықтан, құлдықтан, Жолын тауып ақылменен тірлікте. Ойлай білсең неткен ғажап ірілік, Шежіреңді құмды жатқан көміліп. Аршып алып сыйға тартып ұрпаққа, Қорған болған қабырғасы сөгіліп. Сəл қозғалсаң жауап алар бəрінен, Тайсалмастан социалдың кəрінен. Ұлттық мүде жырын айтып дауыстап, Үн тастаған ой гүлінің дəнімен.

Күннің нұры түссе екен деп, көпке тең, Бар айтарын өріп сұлу көктемнен. Ізгіліктің ұлы мақсат жолында, Жан аямай өткен талай өткелден. Атар таңның шуағына бөлемек, Ұлы көшке арманыңды жетелеп. Үйреткен ол жұрт тағдырын ойлауға, Сабырлықпен ақыл ойды зерделеп. Өрнектесең өмір жолын өлеңмен, Ол ғажайып нұрын төккен сырлы əлем. Кекілбайұлы Əбіш атты есіммен, Сүйсіндіріп адамзатқа сəн берген.! Ойы орамды сезім толы сөзі алтын, Қуанта алған даналықпен нар халқын. Парасатты кемеңгердің əр үні, Соғылғандай жақұтынан жəннаттың. Заманымның шыңы биік заңғары, Сахарадай ұлан байтақ жан жағы. Шындық сөздің құдіретімен тас тіліп, Атқылаған ыстық қайнар бұлағы. Тəңір берген туған елдің бағына,

Қуанасың асыл ағаң барына. Ұлы Абайды жалау қылған əулием, Əуезовім бір жүргендей жанында. Дем біткенше өзі тынбай жырлаған, Сөз гауһарын арнап шашып халқына, Ізін басқан шəкіртіне елжіреп, Өнегесін бағалап саһ алтынға. Қуаныштан күйді кешіп шалқыма, Тіл қатқандай қоңыр үнмен жалпыға: «Аман болсын айбыны асқақ азамат, Аянбастан қызмет қылған ұлтына.»! ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ ( Мұқтар Шақановқа) Биігінде Абай атты шың құздың, Өзіндей боп жарқыраған жұлдыздың. Жырларымен жылу төгіп халқыма, Өрге тартып болам деген ұл-қызын. Қанаттарын қияға еркін қақтырып, Таңдандырған ерлігімен жер жүзін. Əр ізінде баға жетпес ерлігі, Отан сүйгіш қасиеті,кеңдігі

Жолдар ашып алып шығар жарыққа, Тебірентіп Түркі тектес əлемді Қара шаңырақ кие толы төрінен, Ол оқиды «Алаш» атты өлеңді! Ана тілім – бақ нұрымнан ту ұстап, Желтоқсанда мұзды жарып қол бастап. Мыңның ісін ізсіз көкке көтеріп, Адамзаттың ақылына ой тастап, Бабам салған ізгілікті жолменен, Айта білген ел тілегін ең асқақ! Сескенбестен қызыл дауыл бұлтынан, Мəскеуіңнің мінбесінен жұрт тұнған. Көкте ойнаған нажағайдай жарқылдап, Əділдіктің шырақ жағып отынан. Қара жаққан кең пейілді халқыма, Құзғындарға жебе болып атылған! Жоғын жоқтап əлдилеген елімнің, Мұның айтып жеткізе алып өр үнін. Ауыр жүгін иығымен көтеріп, Орда бұзған отты сөзбен ер ұлдың, Бар болмысы намыс кектен жаралып,

Алты Алашқа аян қылған ерлігін! Жүрегінен жарып шыққан жыр екпін, Өзі дерсің құшақ ашқан көктемнің. Бас иесің абызыңның алдында, Бабалардың жеткізе алған өрт демін, Елестейді көз алдына Көк Бөрі, Ой салады аңыз болған Күлтегін! Дабыл қағып елім деген арыстар, Естіледі ғасырлардан дауыстар. Шақырады ерлікпенен елдікке, Бақыт құсын туған елге табыстар. Тыңдай білсең еркіндік ғой бар əні, Омырауы тұнған ұлттық намыс-ар! Адаспасқа келер ұрпақ жолынан, Өрт өлеңді өре білген жалыннан. Тамшылатып қан құяды қаныңа ол, Тəңір берген ақындықтың тағынан.

Жоғалтпауға тарих-ана киеңді. Арылуға рухсыздықтың сорынан! Ұға білсең алғыр ұғым ойы анық, Оза тапқан тізгін үзіп топ жарып. Серпілтеді жасық ойдан жаныңды, Халқым үшін аянбаған Шаханов! Маңдайына туа біткен қазақтың, Жарық жұлдыз сəуле төгіп жап-жарық! ФАРИЗАСЫ ҚАЗАҚТЫҢ Жыр қанжары найзағайды боратып, Тайсалмастан əділетсіздерге оқ атып. Масыл болып айықпаған дертінен, Қалғығандарды селк еткізіп оятып. Көртышқандай бар маңайын жалмаған, Құныққандарды жұлып тартып жағадан, Намыс туын асқақтатқан қайсар қыз, Қайда кеттің інілерге жүк артып? Шəһерлік боп жүрген жандай жырақта, Оның жыры көмейде емес парақта. Жауға шапқан бабалардай дауыстап, Үн тастайды келер толқын ұрпаққа. Өн бойында ер жүректік өжеттік, Қызықпаған мінбелерге атаққа. Шындық үшін жамандықпен алысып, Айналғандай мəңгілік алау шыраққа! Қасиет бар, құдірет бар тегінде, Тек ақиқат Тəңір оған өмірде, Табиғатпен жастық шақты əн қылып, Қыран болып қалықтайды көгіңде. Сұлулықтан сəуле тартқан сезімдей, Ақтарылып күй төгеді теңііздей, Шаттық сыйлап кең пейілмен төріңе, Таңданасың жұдырақтай жүрегі, Айналғандай жыр əлемнің өзіне. Қош бол апа, жараланып қайғыдан, Бұршақтаған жас қалды ғой көзімде! ҚОҒАБАЙЫ ҚАЗАҚТЫҢ Бабаларға ұқсас жарқын жүздері, Ағалар бар аңыз болған іздері.

Ізгілікті істерімен елді ойлап, Жетелеген өрге тартып біздерді. Қару қылып қара тастай төзімді, Өрт өлеңмен өріп өршіл сезімді. Жеткізбесем ерліктерін ұрпаққа, Күнəлідей сезінемін өзімді. Мəртікпенен үлгі болған əрқашан, Кім боласың асылыңа тартпасаң. Ойып тұрып орын алған тарихтан, Қоғабайын қазағымның айтпасаң! Дақ түсірмей бабалардың даңқына, Қызмет қылған аянбастан халқына. Нар ағаның өршіл қайсар дауысы, Бастау болған ерлік толы əн жырға! Биік мақсат жолдарында күй тұнған, Адал жасап тайсалмастан қиыннан. Нажағайдай серпіп түнек бұлттарды, Шөл далаға ақ жаңбыр боп құйылған. Кең даламның сусынын бір қандырып, Жуып шайып тазартуға таңды іліп, Өту үшін жаралғандай тағдыры,

Жомартықтан шырақ отын жандырап, Жалықпаған ізденуден қашанда, Жақсылықтың жаршсы боп əн қылып. Алқынбастан атақ қуып дауласып, Ел ісі үшін дауыл кешіп тау асып. Уақытында айта біліп шындықты. Əділдіктен тауып көркем жарастық. Əрбір күнін үмітпенен сабақтап, Кемелдікке көш бастаған жол ашып. Тəңір өзі жаратқан соң өнерге, Ақиқаттан жеткізген ол хат тасып. Болашағын ойланумен ұлтымның, Үні болған ұлы қазақ жұртымның. «Айқап» менен «Қазақ» атты егізін, Ол тірілткен алмай əсте бір тыным. Тоқсан жеті жыл өтсе де арада, Ем іздеумен бітеу біткен жараға. Алаш туын желбіретіп көтеріп, Ойлар салған ұлттық таным санаға! Бір кездері бастан кешкен қан майдан, Ұлт ұясы торға түсіп шайқалған.

Намысты ердің арқасында жарқырап, Оқырманмен қауышқаны қайтадан. Төрге шықты арыстары Алаштың, Тылсым күшпен оралғандай шалғайдан! Азаттықтың ақ жолында ерлікпен, Ажалменен айхасқанды көріппе-ең. Естіледі мұнда аштық мұң-зары, Қызыл құйын улы зəрін бүріккен, Бодандықтың құлдығында шырмалып Қара құзғын үймелеген өліктен. Қасиетін қара нанның ұғуға, Имандықпен, ынтымақпен елдікпен. Өткен жанса кім тұрады қуанбай, Бірге болып бар Алашпен туғандай. Ел тілегін жеткізгені əр үйге, Қосарланып бағым үшін туған ай. Тарихымның тереңінен сыр шертіп, Елім үшін жауға шапқан бабамдай. Болса дағы жауабы мол ауыр жүк, Ақаңдардың жолын жалғап алысып. Ғасырларға өшпес мəңгі жол салу,

Түсінгенге жалаңтөстік батырлық. Қалай толғап жырламассың игі ісін, Бой бермесе асау шабыт ақындық. Өрлігімен шаңын серпіп азаптың, Өнегесін көрсете алған ғажаптың. Дүбірлеткен тұлпарлардай даламды, Нар тұлғасы Қоғабайы Қазақтың! ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВ Жырларында нажағайдың жарқылы, Жүрегінде Отанының отты үні. Сезімінде кең даламның ақ гүлі. Рухында өр Алтайдың шыңдары, Сағынышы сұлулықтың аққуы, Адалдықпен көркемдіктен құралған, Бар байлығы өлең- күміс алтыны, Ерлікпенен махаббатты жырлаған, Көңілінде Ақ Жайықтың толқыны. Шырақ жаққан мұнаралар басынан, Көріппе едің мұндай ғажап ақынды?! Өзектесіп күрес толы өмірмен, Терең оймен тіршіліктен гүл ілген.

Тумысынан ар намысын ту қылып, Дарынымен сыйға алған Тəңірден Тірі дүние тамырындай дірілдеп, Қасиетін таныта алған кеңінен. Айбергеннің Төлегені еді ол, Тектілікпен биіктерден көрінген! Тазалығы тозаң түспес айнадай, Төзім күші қайнап шыққан қайнардай. Оны көрсем елестейтін таулардың, Шыңдарында тіке өскен қарағай. Асау Барақ бабам өзі қол жайып, Ақ батамен тілек айтып тұрғандай! Кəусар бұлақ туған жердің төсінен, Нəр алғандай боз жусанның исімен. Жыр нөсерін құйып өтті дамылсыз, Көз жұмғанша халқым қалмай есінен. Таңдайларын тақырлардың жібітіп, Жалғасқандай көшпенділер көшімен! Отаныңнан барма артық ырыс –бақ, Еркіндікпен жүрсең бақыт тыныстап. Сол мақсатты арман қылған дауылпаз,

Кеткенімен арамыздан алыстап. Бір тойым бар тарқамасы сөзсіз-деп, Ала таңнан үн қатады дауыстап! ДҮНИЕДЕН ӨТТІ (Қадір Мырзалиевтің рухына) Туған елге жарық төгіп тұратын, Дүниеден өтті бүгін ұлы ақын. Жанарында үйірілген тамшы жас, Соңғы өлеңі сезім болса ұғатын. Аянбастан қызмет қылып халқына, Жанын қиды адал таза қалпында. Түгендеген ұлттық арман мүдесін, Жыры қалды мəңгілікке артында. Оқып оны шыға алмайсың ойлардан, Замананың бетке ұстары ойлы адам. Көкірегіне бар түйгенін ақтарып, Мырза-Əлі, Қадырмын – деп, қол қойған! Жаздырмастан келер күнге сағатын, Қайдан білген соңғы соғар сағатын. Қаламсабы құлап жатыр жанында, Қалдырғандай аманатқа сом алтын.

Еріксізден күрсінесің қия алмай, Поэзия көші тоқтап қалғандай. Шын махаббат сезіміне көндірген, Еңбегінен тебіреніп көз алмай. Талай балғын жас дарынға берген қол, Елге керек тапжылмайтын ер еді ол. Жұлдызы еді даналықтың ерліктің, Сыр шертеді ақын өткен қиын жол. Музасына ғашық болып арбалып, Ішкі мұңын айтқан емес тіс жарып. Сыйға тартты шындық ойды көркемдеп, Бар сенгені өзі сүйген нар халық.! Қайран ақын аласұрған теңіздей, Қызыл тұман азабына езілмей. Өлгенде де жоғалтпай өз мендігін, Көрсете алып жомарт мінез кеңдігін. Ойға батып жатырғандай көз ілмей. Өрлігіне өзің қайран қаласың, Жүрегінің емдемек боп жарасын. Іздеуменен жыр дария арнасын, Оның жаны елес болып кезгендей

Өзі туған шексіз - шетсіз даласын. Ата жұрты көшкен жерге таңданып, Боз жусанды жасыл қырда дем алып, Сүйген жүрек сезімдерін жырлауға, Келетіндей ертең қайта оралып! ҰМТЫЛМАС МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ Тірліктің ұлан байтақ əлемінде, Ой тастап ақыл ойдың тереңіне. Шындықты шырқай біліп өр дауыспен, Тебірентіп бас идірген өнеріне. Жырлаған туған елін, кең даласын, Ғасырлар үні жатыр өлеңінде! Тіріде кешкен талай азап отын, Ту қылып адалдықпен қазақ атын. Қаншама жыр қалдырды ұрпағына, Ақиық Мұқағали қайсар ақын. Əлі де даңқы оның арта бермек, Барында кең пейілді асыл халқым. Тəңірім сыйға тартып əу басында, Өлеңнен дем салған соң қолқасына. Өр рухы қанат жайып əлем шарлап,

Тойланар тоқсаны да, жүз жасы да. Жазылар əлі талай естеліктер, Тілдесіп келешекпен жалғасуға. Ерітіп мұз құрсауды сөгілдіртіп, Жаныңдыі ойға бөлеп егілдіртіп, Маздатып сиқыр жалын тылсым күшпен, Көзден жас моншақтатып төгілдіріп. Тулатып сезімдерді жүректерде, Сағыныш сазды əуенін төріңе іліп. Оятар соқырды да қалғып кеткен, Үмітпен имандылық дəнін беріп, Сонда ғой түсінгенге ажар көрік, Жүректі таза ұстасаң нағыз ерлік! Ол жүрер əрдайымда бізбен бірге, Жетелеп ігіліктің іздеріне, Сыйлаумен отты өлеңін гүлден өріп. Бұзылмас ескерткішке соғып көрік. Əлемнің ақ сарайын қоныс қылып, Бар елді жақсылықпен туыстырып. Жыр оқыр қол жетпеген мінбелерден, Тапқандай жоғалтқанын күліп тұрып.

Өкпе айтпас қабақ шытып ешкімге де, Жанынан шуақ төгіп жылындырып, Бабамның кең пейілін ұғындырып. Қалды-деп,інілерге Оразақын, Киелі қара өлеңін үлгі қылып! Өткенмен көшкен жұрттай мынау фəни, Ұмтылмас таудай алып Мұқағали! Ұлғылап кие толы аманатын, Бауырым оқып жүр сен, терең тани! ЖҰМЕКЕН НƏЖІМЕДЕНОВ Көз алартып айнымай иіс сасықтан, Туған елді бөлшектеуге асыққан. Қарсы тұрып Хрущевтей есерге, Қайран ақын жаратылыған намыстан. Келмесін-деп, қайғы пəле төріме, Оттай маздап ыза кегін тасытқан. Терең оймен уақытпенен бір түлеп, Нажағайдай көкте ойнаған күркіреп. Менің елім, менің жерім əнімен, Дауыс салып қаһарман ер- жаужүрек, Қуат берді тірек болған халқыма,


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook