Дүние жығып өресін, Көтерген байлар кеудесін. Еңіреген елімнің, Ойламапты мүдесін. Басқандай қара албасты, Алашқа пəле жармасты. Бірлігін аңсап жүргенде, Сор болып аштық жармасты. Айбатынан айрылып, Қанатынан қайрылып. Жегі құрт түсіп ішіне, Басына түсті қайғы бұлт. Пенделер білмес бар сырын, Тылсым күшпен жасырын, Тағдырың салса бар зілін. Маңдайға жазған жазмыштың, Шегерсің азап зар мұңын. Қаптады дауыл жан-жақтан, Төсіне жалын ойнатқан. Жарасынан ақты қанды ірің, Жанышқан ауыр салмақтан.
Көз салып сырттан аңдыған, Қалың жау залым қағынған. Қасіретке күліп есіріп Қасапшыдай қолы қан, Ентелеп тұрды шабуға, Əл кеткен елді қалғыған. Айырып Еділ қоныстан, Батыстан қысып қу мыстан, Айтақтады Жоңғарды, Аштырып соғыс шығыстан. Ортасында сан оттың, Теңселді алып арыстан! Аямады дұшпаным, Қара қан болды құсқаным. Көгімде күнім тұтылып, Көрінбей кетті аспаным. Сескеніп қатал жауынан, Көз ашпай қара дауылдан. Жетіммен жесір боздаған, Көш өтті Қаратуымнан. Қия алмай асқар тауларын,
Жусан төс жасыл жайлауын. Күңіренгенде қосылып, Көк зеңгір төкті ақ жауын. Бұхарға қашты Ұлы жүз, Хиуаға қашты кіші жүз. Орта жүз қалды сор кешіп, Оңбады біздің ісіміз. Кетпеді қайғы қасірет, Қу сүйек болып бағып із. Кейінде қалып туған ел, Сүріне басып талай бел. Жеткенде пана болғаны, Сұламалы Алқа көл. Төсеніп жасыл қырымды, Аштықтан жұртым қырылды. Өлмегендер күн кешті, Қайыңнан сауып шырынды. Көрсетпей тұман қиянды, Топырақ басып ұямды, Кең далам қанға боялды. Көк бөрлі тулы Алашым,
Тəңірдің берген демімен, Сілкініп қайта оянды. Далама біткен қара нар, Жиналып небір даналар. Қорғауға туған елімді, Іздеді небір амалдар. Енесі өлген оралмай, Мұз кешкен жетім маралдай. Қиналды асыл қарттарым, Шешуін істің таба алмай. Сол сəтте жырау көреген, Ел жұртын жырға бөлеген. Қырандай шыңда түлеген, Қожаберген есімі, Іздеген бақыт өнерден, Баба тілмен көгерген, Халқымның қанды көз жасын, Толғады-ай келіп өлеңмен. Неткен ащы зар мынау, Жүректен соғып қоңырау. Шақырған елін ерлікке,
Əнінің аты -Елім-ау! Ағызып көзден бұлағын, Кең əлем түріп құлағын. Емдеді жанын жаралы, Аятыменен Құранның! Өксіді аунап дархан бел, Сыңсыды қыздай самал жел. Еңіреп түгел қосылды, Қанымдай ыстық туған ел! «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Туған жерден көз жазған жаман екен, Екі көзге мөлтілдеп жас келеді.....» Елім-ау, деді айқайлап, Жаңғырып таулар қайталап. Елім-ау деді кең далам, Көз жасын көлдей шайқап- ап. Əлемді түгел өксіткен, Əуенді мұндай естіппе ең. Елім-ау, деумен шыңғырып, Жас сəби тұрды бесіктен.
Елжірей тыңдап отты əнін, Көтерді басын Отаным, Жоғалтпауға бойынан, Байырғы даңқтың шапағын. Елім-ау шарлап аспанды, Ұран боп рух асқарлы. Шақырып қайта ерлікке Жетелеп ұлы жеңіске, Бөрідей жауға бас салды! Бойына намыс от өріп, Көк бөрлі туын көтеріп. Атылды қызыл жебедей, Ел үшін ерлер кектеніп. Көрсетіп ғажап ірілік, Аруағы шайқап түн тіліп Түркінің ұлы қағаны Күлтегін қайта тіріліп. Жебеуге өзі жеткендей, Күреске шықты бірігіп. Ақтамберді жырымен, Найзамен жауын көкке іліп.
Сескенбей түскен сан отқа, Сөз жетпес ерлік ғажапқа. Қайсар боп туған əр қазақ, Айналды Көкжал Бараққа! Райымбек-деп дауыстап, Дабылы жетіп жан-жаққа. «Аянба Алаш алмасым, Еркіңде бұғау қалмасын. Қанымен жаудың жуыңдар, Құлдықтың қорлық таңбасын. Азаттық таңын аңсаған, Көз жасын халқың құрғатсын. Бабалар өткен ізбенен, Ерлігің өшпес үн қатсын, Қорғай білді елді дұшпаннан, Ман- бабам жаққан шырақсың. Скифсің, Сақсың, Қайсақсың, Түркісің,Қыпшақ, Қазақсың Жадыңда жүрсін Машайық, Əруағы қолдап гүл атсын!» Нар халқым сеніп жүк артқан,
Өр даңқын жырлап ел айтқан. Қайыспас батыр –қаһарман, Жау шебін бұзып айқайлап, Майданға кірді Ер Шотан. Жалыны менің қанымда, Сөнбеген əлі ол жаққан! Болсын-деп, келер жасқа сыр, Ерлікпен жазып тасқа жыр. Тілеумен азап құруын, Ақылдың дəурен сүруін. Сезімнен қойып солмас гүл, Өлеңтіде қалдырды, Тайлақ, Саурық қос батыр! Жеңе алмаған ешкімде, Хат қалдырған естіге Ақназар ханмен ел қорғап, Тіл қатқандай Ер Қосай, Жанарда ойнап нажағай, Жауына жетер ажалдай, Тіке қарап көз алмай, Қарт бурадай қабағы.
Түксиіп соғар борандай, Ызалы кектен шыға алмай, Таусоғар боп туғандай, Қас жауын жерге буғандай, Жоңғарға таспа тілгені, Қабанбай мен Бөгенбай! Ата даңқын сезінсең, Адайдан туған Мұңалдай, Тұра алмассың толғанбай, Мəңгілікке сөз өлмес, Ғасырмен егіз туғандай Жеткізуге асығып, Көсіле шапқан тарландай. Күлімдеп атқан таңдардай, Айтарсың бəрін арланбай. Бабалардың өр даңқы, Қалмас үшін жалғанбай. Данышпан Төле өсірген, Сабалақ атты есіммен, Ақылына көркі сай. Асыл туған,Абылай,
Əбілхайыр батырмен Қарлы құйын дауылдай. Түнергенде жауына, Қалың дұшпан жер ұра, Шашылғаны тарыдай! Тəңірім өшпес сый берді, Қолтықтап өзі сүйеді. Айтаққа ерген Жоңғардың, Даламда қалды сүйегі. Елім-ау, болып ұраны, Бөленіп құтқа қадамы. Ерлерім Аңырақайымда, Жеңістің туын қадады. Бабамнан біткен тектілік, Жіберді жауды ықтырып. Иығынан түсіп қатал мұң, Көзінің жасын сүртті жұрт! Бұлт төндіріп аспанға, Ұқсаған дүлей тасқынға. Шағылып тауы шетінен, Зобалаң келді дұшпанға.
Төрімнен кетіп сары уайым, Бас қосып Алаш ағайын. Қақпасын ашты бірлікпен, Азаттық алтын сарайдың. Көктемнің демі қосып əн, Жеткендей елдік қосынан. Сілікініп далам ызғардан, Гүл шықты қардың астынан! Өткенмен талай ғасырлар, Ұрпағы сүйіп бас ұрар. Елім-ау əні бабамның, Елім-ау, қайсар асылдар. Елім-ау сəби ақ уыз, Елім-ау əні болмаса, Жетерме бізге Науырыз! Елім-ау үні халықтың, Елім-ау өзі тарихтың. Елім-ау мəңгі өшпейтін, Көгіме біткен жарық күн. Ұрпағыма ой салар, Өзі ғой жырау алыптың!
СЫРЫМ БАБА (ҒАЙЫП-АТА) (Əулие баба рухына) Бабаман жеткен алтыным, Сөйлер тілі халқымның. Көкте ойнаған жасынның, Қанына құйған жарқылын. Жолымен ата салтымның. Бостандық үшін аңсаған, Көтеріп намыс ар үнін, Азаттық болып ұраның Тозақты кешіп алқындың, Серікке қосып иманды, Қолдаумен ізгі арманды. Көкжалдығыңды жоғалтпай, Болсам елдің қорғаны, Үш жасыңда хат танып, Он үш жаста бата алып, Қуанғаннан шаттанып, Əулиелерден қол алып, Даналық сөзге тоқталып, Сүйсінтіп көсем билерді,
Жұлдыздай жандың шоқтанып. Батасыз бағың жанарма, Қариясыз төрің оңарма. Жараған елге панаға. Кіші жүзде би болған, Малайсары Тана да, Ақсуат Əлім дана да. Қуанған ер ұл келді-деп, Мұң басқан шерлі далаға. Тілеуіңді тілеп Тəңірден, Өжеттігіңді құйып санаға. Тағдырын ойлап Отанның, Сенімін артқан ақтадың. Аш арыстан секілді Жауды көрсең саспадың, Қаһарлана қарап бетіне, Бір қадам кейін баспадың. Болсын деп,ашық аспаным, Алаш-деп, ұран шақырып, Қалың қолды бастадың. Ұлтыңның ұлы болдың сен,
Ойламай жеке бас қамын. Жиырмаға жасың жеткенде, Даналықтың құрып отауын, Байбақты рулы еліңнің, Бас биі өзің атандың! Өзі боп мəңгі тірегің, Халқым-деп, соғып жүрегің. Жан салып сүйдің беріле, Ақтауға үміт тілегін. Ерлігің алау туындап, Серпумен қайғы түнегін. Бостандық болды бар мақсат, Басқаға ойды бөлмедің! Халқыңды қуып өрістен, Жеріңді нулы бөліскен. Мұжықтарын қаптатқан, Соғыстың ашық орыспен, Қан майданда қан кешіп, Жауыңды жайпап қылышпен. Бойыңнан кетпей тектілік, Көз ілдің кейде тік түрып.
Болса да үрей не түрлі, Көрсете біліп мықтылық. Ерлігіңе жетпес ештеңе, Қанша жан қалды тепсеңде. Азаттық үшін күрескен, Өкінбес өліп кетсе де. Түскен соң елге қайғы бұлт, Ызаман кекке булығып. Тұтқынға түскен ірісін, Хиуға саттың құл қылып. Солдаттарын қойша айдадың, Құйрығына жапа қондырып. Бұхараның алып қарғысын, Сатылған дəулет мал үшін, Жоғалтқан иман намысын, Өзі болған байғұстың, Сезбеген елдің қайғысын Құлаған шіріп тау мүсін. Итаршылары орыстың, Қызығына батып күмістің. Шекпенге киген мəз болып,
Ұмытқан Алла-ұлысын. Күйзелтіп халқын жылатып, Тарылтып жүрек тынысын, Дұшпанға берген қонысын. Нұралы ханмен сұлтандар, Ездіктен болған ұлтандар, Қалтыраған қорқаулар. Отанын жатқа сатқандар. Ойлаумен айла шарғысын. Ұмтылды туыс болуға, Қыз беріп сыйлап ай- құсын. Кетпеу үшін арманда, Адаспай өмір орманда. Бұзылмастан сертіңнен, Алданбадың оғанда. Зорлықшыл дөкір əлдіні, Қорғансыздың жықтың алдында. Бергіздің адал ақысын, Қарасып кедей жарлыға. Жебедің жетім жесірді, Мейіріміңді төгіп жанына.
Жақсылықтан тынбадың, Ақиқат семсер тағында. Байлықтан азған азғындар, Қалтырады сенің алдыңда. Толдым-деп бірақ таспадың, Күн кештің адал қалпыңда. Қумадың даңқ атақты, Қызмет қылдың халқыңа!. Бастаған алға ел көшін, Халықпен құрған кеңесін. Əділдікен тапқан үйлесім, Шындықтың басқан пернесін, Қастерлеген баба киесін, «Сөйлесе, Сырым сөйлесін, Билікті де айтса, өзі айтсын, Адалдықтың мінген күймесін.» Деген сөз шықпас тегінде, Абыройың артты еліңде, Жаздырып даңқ термесін. Алайда оймен өрнекті, Пендеден көрмей көмекті.
Өзім-ақ жеттім демекті. Адасқан жанға санадың, Əкелер елге əлекті. Тастамадың жаныңнан, Жайсаңдарды жүректі. Бармақ, Мыңбай, Есқара, Қаратау, Асау.Тілекті. Апшысын жаудың қуырған, Наурызəлі ерді білекті. Қиянат жасап көшті алған, Сескенбей орыс патшадан. Ата жұрт кегін қайтарып, Асулардан аса алған, Шақырған бірлік елдікке, Сақтануға дұшпаннан, Бір туыс, бауыр асқағақ əн, Алты Алашқа жар салған, Жиырма жыл белді суытпай, Отаршылдарды жуытпай. Азаттықтың болған ұраны, Борыштымыз баба біз саған!
Жоғалтып бойда ер ғұрпын, Алауыз болса ел жұртың. Сор келмейме ұрпаққа, Бəрін де баба ескерттің. Даналығыңның өзі бір төбе, Саналы болса ұқпас кім. Болмаса бірлік, əділдік, Ата жұрттан кетпес мұң! Қалмас үшін тұманда, Шағылмасқа жыланға, Қосылмасқа жаманға, Қанды құйын заманда. Мұсылманның ойлап бірлігін, Айналып алып қыранға. Жаныңа ертіп арлыны, Мұз кешіп дүлей боранда. Жетсін-деп, халқым арманға. Ғасырларға із салдың, Қойғандай белгі Тұранға. Ерлігі күйге айналған, Сендей ер қайтып туарма?!
Шаң болмасқа белдерім, Суалмасқа көлдерім. Қорсылдаған шошқаға, Қор болмасқа кең жерім. Күң болмасқа дұшпанға, Əлпештеген Əйгерім. Жыламасқа жас бала, Сағынып туған белдерін, Кіндік кескен жерлерін. Мұң шалмасқа жас толып, Аналардың көздерін, Сен алыстың жауыммен, Құрған тұзақ өрнегін. Алтыны көлдей құйылған, Бас тартып берген сыйынан, Арбауына иіп ермедің, Азатығым үшін көнбедің. Тəңірім салған сезімдей, Бабалардың өзіндей. Болсам -деп,халық қорғаны. Ел қамын жоқтап көз ілмей,
Ерліктің жолын салдың сен. Мұң шеріңді сездірмей, Əділеттіліктің даусымен! Ел – жұртын сатқан байғұсты, Басқа ұрып лағнат тасымен. Хан болса да бездіріп, Қазанның шаңын кездіріп. Шайтандар ұрлап ластаған, Кəпірленген жанын ездіріп, Иттігін жұртқа сездіріп Жоғалмасқа текті құндылық. Жамандыққа салдың жез құлып. Қанатын кесіп қарғаның, Батыры болып заманның. Бабалар өткен ізбенен, Сен бұздың жаудың қамалын! Елімнің құтты ырысы, Жұпары терең тынысты, Еділ мен Жайық ортасы, Бабамнан қалған қонысты, Қайтара біліп сый қылып,
Қуантттың еркін сүйдіріп. Жеткізіп мөлдір қайнарға. Алаш- деп,кіріп майданға, Сұр жыландарды кескілеп, Жол бермей қанды ойранға, Нажағай болып атылдың. Қалмасқа қапы,қайраңда, Намысын ойлап халқымның. Нұрындай шалқып көгінде, Азаттықтың болып сұңқары, Дақ түсірмей тегіңе, Адал боп қорған дініңе, Аналардың кие сүтінен, Күш алған баба тіліме, Ерлікпен тіреп аспанын. Қасіретті кешкен еліме, Ем болуға дертіне, Берік болып сертіңе, Бостандық жолын бастадың. Кектеніп арсыз залымға, Бас имей бұғып алдында,
Ақ патшасын састырып, Құйыршықтарын тас тіліп, Халықтан кеңес аштырып. Жер бөлдіріп жарлыға. Жол көрсетіп арлыға, От деміңмен дем салып, Айналып өшпес жалынға. Сый қылып өшпес ерлікті, Қағазда емес тағдырда! Кең далаңның төрінен, Үн тастап Алаш халқыңа, Сөзіңді салып талқыға... Жауына сөнбес от өрген. Құдырет бар – ау əуелден, Сүйегіңде затыңда! Кешсеңде жеті- от арасын, Сездірмей жүрек жарасын. Жолбарыстай айбарлы, Өр рухың болып жолдасың. Алдырмадың дұшпанға, Салса да небір айласын.
Жазмыштың сыйын мол алған, Əруағы қысып торланған, Ізгі ісін Алла оңғарған, Кем болмаған хандардан. Бойынан шуақ таралған. Қиындыққа батыл бара алған, Елді ағартып біліммен, Бұлақтар ашып тас жарған. Өзгеше өр боп жаралған Топырағы кие Оралдан, Туа сала бұлқынып, Бесікте жатып толғанған. Көрген жандар таңданған, Шынтемірдей мығым боп, Қасиеті бөлек құралған, Үн қатардай сəуле іліп, Алшынға біткен ұраннан. Сескенген соң өзіңнен, Күйініштен болып дал, Іздеді дұшпан басқа амал. Екі жүзді Хиуа хан,
Төріне жайып дастархан. Сатқындығын жасырып, Қонақ қылып шақырып. Қош келдің-деп, бас тартқан. Сыртыңнан жасап сұмдығын, Тұлпарға салған жүгенге, Желімдеп зəрлі у жаққан. Бойыңды билеп ар намыс, Жасамап едің жалған іс. Ездерге тағдыр тап қылды, Кеуделері толған былғаныш. Өкінгенменен не пайда, Бұл дүние жалған алданыш! Нар едің жауға көнбеген, Аталы сөзді зерлеген. Айтыссаң десте бермеген, Зұлымдықты тілгілеп, Қара жерге жерлеген, Иманды шырақ сəулеңмен, Еліңе көркем сəн берген. Алты Алаштың бірлігін,
Жалғау үшін сеңделген. Кім білген жарық сөнерін, Өзбектің Гүрген жерінде, Күтіп тұрды сұм өлім! Айырып уы есіңнен, Құлатып аттың үстінен. Майлышеңгел майысты, Бұрқ етіп құмы төске ілген. Жанұшырған Байбақты, Əулие бабам дауысы, Сол жерде анық естілген! «Құлдығым-ай, қарғам-ай, Жар болсын саған бір құдай. Ел үшін туған ер едің, Қайтейін жоқтап жыламай. Ашылсын жəннат есігі, Сен болып талай туар ай. Батырлығыңды алар ұрпағың, Даңқыңмен өсер құламай, Оза шауып бəйгіде, Асулардан асар тұлпардай
Тыныста қайғы ойға алмай Иманың болсын жолдасын, Қайырын тіле мұң салмай»..... Дəм таусылса бұл пенде, Қайтадан жарық көргенбе. Бұйырған солай топырақ, Ғайыптан тайып келгенде. Ақ ұлпа жаның ғарыштан, Тіп-тіке тартты еліме! Қарсы алып жатты Ақ Жайық, Көз жасы толқын төгіле. Аққулармен бірге егіле. Сарнатып қобыз белінде, Жазғандай арыз Тəңірге. «Сырымның сазын» күңірентіп, Кең дала ілді төріне, Қимастықпен мың аунап, Көрсетіп құрмет өзіңе. Сəулесін төкті алтын ай, Ақырғы рет барын аямай. Мұң шеккен елді жұбатты,
Нұрымен сүйіп аялай. Жасындай жауға тап берген, Қазаққа біткен ақ берен, Əділдіктің жолында, Қара қылды қақ тілген, Қалдырған ізің артында. Сақталған ізгі халқыңда, Аманат қылған өсиет, Көсемдік көркем хатың да, Бəрінде ғажап сыр жатыр, Мінезің өрлік,толы ақыл, Өргізіп өршіл сезімді, Қанатына ілген төзімді, Əрі батыр,əрі ақын, Пір тұтқан халқың өзіңді. Ұрпағың жеткен асыға, Əулием – деп,түнеп басыңа, Өзің жəйлі жыр толғап, Шырақшы қойған қасыңа. Ел тынысын кеңейткен, Сөз жетпес сендей асылға,
Шуағы болған ақ таңның, Мақтанышы Отанның, Ғасырлардан ғасырға, Жазылған Сырым атағың! Есімің бабам санамда, Əруағың байтақ даламда. Көктемдей көктеп сақталған. Сыр шертіп өткен шақтардан, Тұнжырап үнсіз бақтардан. Аңыз боп жетіп қарттардан, Ой салып атқан ақ таңнан. АЗАТТЫҚ жырын ғаламға, Мұқиттай шалқып ақтарған! АБАЙ БАБАМ Абай бабам! Киелі пірім менің, Адамзатқа нұр төккен күнім бе едің?! Шуағыңды ала бұлт тұмшаласа Боз торғайдай мұз кешкен дірілдедім. Сен де қуат, ойшылым, данышпаным, Мыңмен жалғыз ел үшін алысқаным Құлақ салып, əр сөзің əр үніңе
Қайрат қылып, бойыма таныстадым. Бодандыкқа шырмалып сенім кеме, Мұңға батып, шер жұтып сөгілгенде Шырақ жағып, жалынды ақ сəулесін, Өшпесін-деп, құйғансың жүрегіме! Қолыма алып,сиқырлы жыр қаламды, Əнге қосып, тоналған кең даламды. Іштей өксіп, қараңғы күн кешкенде, Сол сəулеңмен емдедім жан-жарамды. Абай бабам! Кемеңгер құдіреттім, Даналықпен сезім сыр күйін төктің. Оянсын-деп, қазағым қалың жұртым, Ақ өлеңмен, асыл сөз құйып өттің. Баға жетпес, мол мұраң қайнарынңан, Жан сусынын қандырып ой дарыған, Жеткіншегің жырыңмен қамал бұзып, Желтоқсанда жалауға айналдырған! Бастан кешкен тағдырдың сұм сынағын, Ата жұрттың лаулатып сан шырағын. Азаттықтың жолына сəуле төгіп, Рухыңмен жебедің шамшырағым!
Бұлтын сылып, кеудемнен азабымның, Құлағымда тербеткен ғажап үнің Сендей Ұлы ұл туып, əлдилеген, Маңдайының бағы бар қазағымның. Абай бабам! Мерейім! Мақтанышым, Теңіз жырым, дөңбекшіп ақтарылсын. Сен бар жерде, Қазақ бар тілін сүйіп, Рухыңнан нəр алып тапқан күшін! Ғасырлармен бір жасап, тыным алмай, Арайлы таң шуақты шұғыладай. Ұрпағыңа ой тастап, ақ жол айтып, Арасында халқымның жүрсің Абай! ҚЫЗЫЛ ҚАЛА Қызыл қала, қыз қала, Шежіреге толы тағдырың. Өзің жəйлі кең дала, Тебіреніп айтты мұң. Зейін салып тыңдасам, Кеудең толы өкініш. Етегіңе сұм дұшпан, Салған екен бекініс.
Орнатыпты зеңбірек, Билеу үшін қазақты. Ал, сен болсаң еңіреп, Бастан кештің азапты. Зар болған соң япырма-ай, Ұлдарыңның исіне. Жейделерін жасырмай, Басыпсың-ау, төсіңе. Қиналсаң да ту ұстап, Ата-жұртты сүйіп шын. Топырағыңды уыстап, Ерлеріңді күтіпсің! ДҮЙСЕКЕ АТА МЕШІТІ Ұрпаққа имандылықтың желін есіп, Бойына құя білген жігер нəсіп. Япыр-ай, құлатардай не жазды екен, Дүйсеке Атам салған сұлу мешіт! Есерге кеуде керіп, тулап келген, Жұлмақ боп, өр күмбезін трактормен. Жан бабам, əруағыменен мертіктіріп, Жауабын беріпті ғой, бір-ақ тілмен!
Совет те, бұйрық берген жолы қатты, Көрген соң, құдіретін жоламапты. Басы ауып, езуінен күлкі кетпей, Жем бойын шабақ қуып жағалапты. Өткен мен содан бері ғасырларың, Ішіне сақтап небір асыл əнін. Ұрпаққа таңмен бірге тіл қатады, Сөйлетіп құшағынан асылдарын! Көк аспан қалықтатып, төсіне ілген, Құстың да, қос қанатты тілін білген. Бабалар барған сайын бас иуге, Ізінен жыр оқытып, тəлім берген. Жаныма дауа тауып, шөл қыстаған, Сырласып Рухтармен тыныс табам. Тұрады көз алдымда Дауытбай қарт, Азан сап, мұнарадан дауыстаған! Аллаһу əкпар! Аллаһу əкпар! АДАЙ БАБАМ Отпан таудың басынан Адай бабам, Əуел бастан халқына ұран салған, Кесенесін көтерсең келер ұрпақ,
Қайта оралар мəңгілік Рух саған ! Ақтау үшін перзентік борышыңды, Аяма сен байлығың қол ұшыңды, Баталы істер əрдайым жалғап берер, Келер күнге таусылмас ырысыңды. Ізгіліктен кезінде қалмай қалыс, Ұран отын жаға алсаң ұлы табыс, Осы жерден тіл қатар бабаларың, Келімберді, Құдайке, Сегіз арыс ! Сусындайтын бұлағың көзін ашып, Жігеріңе дем берер шашу шашып. Жеткіншегің жарқын жүз қуанышпен, Жаныңа ерер өзіңе бауыр басып! Қайта алаулап төріңе Мұнал ошақ, Сүйген халқың қуанар тойын жасап, Бар мұсылман бас иер əруаққа, Жарайсың-деп, Адайлар ерлігі асқақ ! Өн бойында өшпестей жалын өріп, Темірқазық нұр себер жылу бөліп, Бар маңайың бөленер салтанатқа, Оралғандай Рух күш жауынгерлік!
Сезінерсің ғажайып болмыс барын, Үш жүз алпыс əулие Маңғыстаудың. Ақша бұлтқа айналып көкке шығар, Айту үшін ұрпаққа алғыстарын. Ой салып сұлулыққа мəңгі өшпейтін, Үн жетер бір Алламен тілдес дейтін, Көрінер Отман таудан Адай бабаң, Күн туып ұрпақтарын бір иіскейтін! Елім –деп, көсемдердей көш бастаған, Сөз бастар тебіреніп Əбіш ағам, Елжірер қариялар еміреніп, Үніне қырандардай дауыстаған. Той болар мəңгілікке тарқамайтын, Жыр оқыр таң атқанша Сабыр ақын. Жылойдан, Иə, Бекет-деп,Лұқпан келер, Ұран қып алты алашқа Адай атын ! Жаңғырып қазақ үні кең əлемге, Күй болып күмбір қағып жетер демде. Тəңірім тілегімді қабыл қылып, Жеткізсін біз аңсаған сол бір күнге ! АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ
Бабалар баптай біліп жүдетпеген, Адайдың жылқысына жел жетпеген. Көргенде шабысына таңданасың, Түк емес адам ойы жүйрік деген. Одан да ұшқырма -деп, ой кезесің, Қиялдың еркін бойлап кең өлкесін. Шаншылып атылғанда алды артымен, Кім оның жүгенінен тартып көрген. Даланың дүлей перзент қыл құйрығы, Жаза алған тұяғымен көркем өлең. Бауырым ақын болсаң жеткіз елге, Ұрпағың қуат алсын өршіл үннен. Шөл дала құмды дауыл арасынан, Түтеген қарлы құйын борасыннан. Сескенбей өте білген бұл жүйрікті, Ұстаған ер жігіттің бағы ашылған. Ешкімге бəйге бермес ол барында, Тəңірім өзі Алашқа қарастырған. Каспийдің аласұрған толқындары, Қуанып шашу шашып жағасынан, Ол жəйлі ақтарады толассыз əн!
Мұндайда тебіреніп күй шертпесең, Бауырым өзің айтшы болама сəн! БАЛЖІГІТТІҢ КИІЗ ҮЙІ Кең əлемнен басын қосып бар қазақ, Қуанғанда астанада той жасап. Қонақтарға арнап сыйға тігілген, Балжігіттің киіз үйі-ай бір ғажап. Сұлулығы көзді тартып еріксіз, Қиял ойға батқаныңда елітіп сіз. Көз алдыңа елестейді бабалар, Күн кешпеген арғымақсыз, жүйріксіз. Қалай өзі шеберлікпен жасалған, Босағадан бастап ою қашалған. Сезіміңді билеп алып еріксіз, Өлмес өнер келер күндей жасарған. Тап болғандай жұпар иісті жұмаққа, Жаның балқып, мініп қиял жыр атқа. Көңіл шалқып, əн салғың кеп тұрғаны, Жеткендей бір аңсап күткен мұратқа. Адай қызы, саусағынан бал тамған, Жанбөпе апа қандай ғажап қол таңбаң.
Эрмитажды киіз үйге сидырып, Кең Жылойдың қас шебері атанған. Құшағыңа оттай ыстық дем берген, Сен өсірген асыл он үш немерең. Өрнегіңнен есімдерін қызықтап, Өздері оқып қуанышқа кенелген. Бар осында, Мейіржанның, Маржанның, Қайыржанның,Інжу, дарын Телжаның Сəлімжан мен Əлімжанның үні бар, Дауысына қуат қосқан Майраның. Жаратылған жырлау үшін ақынға, Дара туған Тоты қызың бар мұнда. Бұлқынады Бақытжан мен Бұлбұлың, Ұқсап бейне дөңбекшіген толқынға, Өзің зерлеп соғып кеткен алтын ба? Он үш ұлың, он үш уық немерең, Айнымайды ақ желкенді кемеден. Сиқыр тілмен салған бəрін өрнектеп, Абзал ана, өшпес мұра өнегең. Сен тудырған мұнда асыл бұйымдар, Сұлулықтың сазыменен құйып нəр.
Достан атам қамшысынан жыр болып, От кеудеме шуақ төгіп құйылар. О, əруақ ! Ел сыйлаған сынықшым, Сырласайын ақын кеудем жыр ұқсын. Сен жеткізген ұрпағыңа киіз үй, Секілденді-ау Алатауда биік шың ! Сəулеттеніп Кең Жылойға сəн берер, Балжігітке сенен біткен сан өнер. Желбірейді астанада ту болып, Қызықтауда таңдай қағып бүкіл ел ! Шуағы мол, өзің жаққан ақ таңың, Өшпес мəңгі кеудемдегі от əнім. Өр киеңді кадір тұтып жанына, Қонақ күткен құшақ ашып Қапаның. Ата-жұрттан алыс кеткен шетелдік, Қандастарым сөз ұққандай шешендік. Туған елмен табысқандай осы үйде, Елжірейді мұсылмандық көшке еріп. Көңілдері алып-ұшып кеудеде, Қуанышын жасыра алмай білгенге. Балжігіттің киіз үйін ордам-деп,
Əн салғаны-ай сағынышпен келгенде. Шəйі қандай құйған Ырысты апамның, Нұр шуағы қосылған ба ақ таңның. Сыртта төкті нөсерлетіп ақ жауын, Рухы боп менің Достан атамның ! АҚМЕШІТ Өшкені қайта жаңарып, Үн тастап иман, асыл əн. Ағылып жатыр сан халық, Мешітке жаңа ашылған. Табиғат-ана тойға осы, Келдіме екен сыр бермей. Күмбезін күннің сəулесі, Иіліп өзі сүйгендей. Жасаурап қарттар жанары, Толқыған шексіз қуанып. Айнала думан жан-жағы, Тірегім – дінім оралып. Бұлт болып, шуақ таңдарын, Сан жылдар күткен армандай. Шөліркеп кепкен жандарын,
Жібітіп қазір алғандай. Қорған боп байтақ далама, Тарихқа болған куəгер. Сиындым Бекет бабама, Халқымды өзің қолдай гөр ! МӨҢКЕ БИ ТЛЕУҰЛЫНЫҢ РУХЫМЕНЕН СЫРЛАСУ Күнде келем ескерткішің басына, Бір ғажайып күш барындай осында. Сырласамын Рухыңменен үн түнсіз, Ерік беріп ұшқыр ойлар тасқынға. Алдын ала үш жүз жылды болжаған, Əулиелігіңе басын имес қай адам. Өзің айтқан темір құстар көгімде, Біткен емес жер бетінде қан майдан! Өзі былғап Тəңір берген мекенін, Ұмытты адам бақылауда екенін, Жын шайтанға адал жаны сатылып, Жоғалтқандай иман байлық көркемін, Адасуда бір-бірімен соғысып, Ар-ұятпен ойламастан ертеңін.
Сұмпайылық əрекетке жем болып, Тозақ оттың өзі киіп шекпенін.! Не болады планета тағдыры, Жасын оттай ракеталар ағыны. Палестина жақтан тауып жарылыс, Мұсылманның қаны жерге ағылды. АҚШ-ыңнан əрбір елге сор келген, Дін жамылып құшағынан сұм өрген. Сирияның қалың жұртты сергелдең. Бейбіт елге тозақ отын шашпақшы, Көктен түсер улы сəуле семсермен. Соғысқұмар қайрап небір қаруды, Елестетер ажал қайғы кəріңді. Бөлшектемек Ресейді жіліктеп, Кавказ жақтан бастап қазып қабірді. Киівті тұр бұл күндері толқытып, Басып қарап славяндық тамырды. Басқыншылар көнерме бұл қорлыққа, Атомменен илемекші қамырды. Көктен төгіп уға толы жаңбырды. Адамзаттың ақылына бой ұрмай,
Ауырлатпақ түйіндетіп тағдырды. Бет пердесін жауып алып тал түсте, Басып алды бейбіт елді Қырымды. Ақпараттың эфирдегі майданы, Бұл жəйында сайрап жатыр əр күні. Тауларында қанға батқан бар гүлі, Көз ашпаған ажал төккен соғыстан, Афган жақта аналардың зар үні. Палестина ажал оқтан көз ашпай, Жанын езген ракеталар жаңбыры. Өлгендерін күнде жоқтап мұң кешкен, Тіршілігі артқандай бар қайғыны. Иек артып айдап салған шет елге, Қырсық салып өзі туған мекенге. Бахабий боп қару алып боз бала, Басын тіккен жанкештікпен қатерге. Қара киім, қара сақал жер құшқан, Ол байғұсқа қандай қырсық жармасқан.. Қандай жауап бере алады сірада ол, Бабасына бақыт үшін жол ашқан. Неге асықты сұм ажалдың көріне,
Не істей алды айтшы туған еліне. Тілі –ділі ана сүті емеспе, Кім апарған шайтан құрған елеске. Кім шығарған солқылдақ заң сорлатып,, Неге халқым шыға алмаған күреске.?! Түп тамырдан жапырағын үзбейтін, Өз елінің бақ мүдесін көздейтін. Саясаттың қашан соғар қамалын, Келер ұрпақ жатқа еліктеп жүзбейтін.. Бабалардың шаңға батып үлгісі, Қайнар бітіп тұнжыраған ел іші. Індет жайлап жемқорлықтан тегістей, Сезіледі азғындықтың белгісі! Елге салып ауырлықпен азабын, Жүрегіме құйған мұздай ызғарын. Биліктегім ұлттық үнін жоғалтып, Өз тіліне өзі құрып тұзағын, Қанағат жоқ тойымсыздарға жол беріп, Жақындатып алғандай өз ажалын. Бəріміз де бір Алланың құлымыз, Бір-ақ уыс топырақ ғой құнымыз.
Төрге шығып құдайынан безгендер, Тұншығуда тірек болар дініміз! Қақпа ашқан соң сан алуан сектантқа, Исламнан қайдан шықсын үніміз. Рухани аштық желі тоңдырып, Гүлдерімді үзетіндей солдырып. Жол іздеймін қияметтен шығатын, Ұлы Абайдың суретін төрге іліп! Ұрпағына қуат берер құшаққа ап, Тəрбиеден дінім кетті алшақтап. Сенім, намыс, имангүлім болмаса, Болашағы ұлтымыздың не болмақ? Тəй басқаннан əдеп ғұрпын білмесе, Есейген соң ұқтыра алар кім зорлап? Қалай алға ілгерілер қоғамым, Ұлттық Рухсыз, байлық қуса жол таңдап?! Төрдегіміз патшалықтан арманда, Мəңгі бақи тұратындай жалғанда, Жеке билеп қожа болып бар заңға. Менмендіктен бұқарадан алыстап, Əділдікті шырылдатқан қайраңда.
Адалдықтан сыр шертпейме басқан із, Ата заңды өзі жөндеп алаңсыз,. Ғасыр бойы қалатын боп тағында, Тойымсыз боп бола білді жұртқа аңыз. Қоршап алған дөкейлер жүр жанында, Соларға ашық ел қазына қамбамыз! Корупция, ұры-қары кландық, Бар саясат жан жүйесін қолға алып, Озық ойлы ұландарды құл болмас, Жойып жатыр қызыл қанға құмартып. Қайран халық білсе дағы болмысын, Мұң кешеді бас көтермей күні үшін. Көз алдында Өзендегі қырылған, Жазықсыздар оқтан үзген тынысын! Оны ойласам жан сарайын дат басып, Күй кешемін қалың ойдан адасып. Жолым толы сайтандар мен сатқындар, Бақсы балгер бал ашпақшы жармасып. Ауыл жақтан қалаларға сабылған, Жетім, жесір жұмыс іздеп қаңғырған. Көшелерде көркем жазу əн ұран,
Мінбедегім гүлдедік-деп, сарнайды, Ұялмайды-ау беті қалың антұрған.! Жын ұрғандай құлдыққа өзі жегіліп, Күн кешпекпе жантық болып өмірлік. Қылықтары көр тышқанға ұқсайды, Қыруар қаржы Астанада кеміріп. Тыныш жатпай шор дария түбінде, Шиқылдайды бостандығым жөнінде. Енжар көңіл шошынады қалың жұрт,, Сол құрғырлар апарардай өлімге! Керең жолда қара батпақ жүргізбей, Қаралы тағдыр құрсайтындай жем іздей. Көк тұманда ой кешемін мұң жұтып, Кемелерін дауыл соққан теңіздей. Жалбарынам күнде жалғыз Тəңірге, Бақыт тілеп əлдилеген еліме. Мөлдір тыныс пəктігі мен кеңдігін, Қанат қылып құлазыған көңілге! Билік шіркін сауда орындай пайдалы, Жымыңдаған қу түлкіге айлалы, Қарап тұрсаң қараң қалған əділдік,
Құрт-құмырысқа жыйналғандай қайдағы. Көң шұқыған қоңыздар жүр ішінде, Ішкендері елдің жыйған қаймағы!. Періште боп дəм ұсынған адалдан, Қайран қоғам аждаһаға арбалған, Шырылдайды торға түскен торғайдай, Үміт күтіп алда туар таңдардан. Адал ұлы алға шықса сынардай, Қызғаныш пен күншілдіктен шыға алмай. Қайран қазақ, қор қылса да сол мінез, Бір-бірінің жанын алып жығардай! Əділдікпен қайрат жігер білімнің, Тілесең де іштей сырын ұғуын. Көр соқырлар көкірегімен көк тіреп, Қаламайды сыртқа атылып шығуын. Бір-біріне тас кенеше жабысқан, Сан алауыз партия бар алысқан. Арасында пенделер жүр күні үшін, Өтіріктің кебін киіп тартысқан. Көбейгені болмай жатып болғандар, Толмай жатып туған айдай толғандар.
Шынымды айтсам əруағыңнан ұялам, Шулағанда атаққұмар даңғойлар. Тұла бойын, аяз сорған əл кетіп, Аналар жүр қанарларын сүйретіп. Оралғанша алыс жолдан ұл-қызын, Аманатқа тапсырғандай сый етіп. Қара бұлттай батыс жақтан түнеріп, Жаһандану айдаһардай түнді іліп. Рухы жоқ əлсіз елді жұтпақшы, Теледидар хабарымен төңкеріп.! Ақпараттар соғысымен уламақ, Ұрпағыма жауыздықты үйретіп, Тыр жалаңаш ыңырсыған əйелдер, Қанын сорып еркектерді сүйретіп. Көрсетеді сайқалдықтың түр-түрін, Құмарлықтың сиқырлығын желдетіп. Атыс- шатыс жын ойнағы шайтанның, Болмаған соң беттен қағар қайтарым, Шетке ысырып қазақ толғау термемді, Домбырамнан тіліп тастап пернені. Қобыз далам омырауын езгілеп,
Мұрша бермей терең ойға кемелді. Қан талапай сорға салып кең елді, Имансыздық,арсыздықпен күйретіп. Құлатпақшы менің қазақ кемемді, Қандай амал табам оған мен енді. Қайсарлықпен көрсетеме ұрпағым, Өрлікпенен өжеттілік дегенді. Ұлттық намыс ойнақтап жас қанында, Айта алама Отан атты өлеңді?! Толып кеткен миссионер бөрілер, Тісін қайрап сектант болып көрінер. Бар мақсаты ел ішіне жік салу, Жолы жоқтай енді қайтып шегінер.! Əлəуметтік əділетсіздіктен теңселіп, Жұмыссыздық мұз жайлаған көшке еріп. Жан айқайын сездіреді қалың жұрт, Өзенімде ашу кектен тістеніп!. Қайда кеткен біз аңсаған əділ заң, АМОН-дармен БТР- танкі ағылған. Өн бойынан ала құйын шаң борап, Бейбіт күні қаруларын асынған..
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: