Кəпірленіп тозақ отын өзі ашып?! Жармасқандай құшағына албасты, Өз нəпсісін ойлай-ойлай түн қашты. Аялаған халық гүлін солдырып, Қызықтады алтын тақтан əр тасты. Атақ даңқын шығармақ боп жүргенде, Саудаланып сорға түсіп қу басы. Соғыссыз-ақ апат келіп еліне, Жалмауыздай жауыздықпен жармасты! Күрт үзіліп түп-тамыры ырысты, Қонған бақыт шошынғандай көкке ұшты. Алтын сарай қалды қаусап қаңырап, Құшаққа алып қалың қара қамысты. Жолбарыстар көртышқанға айналған, Күнде мұнда аралайды қоқысты! Жем іздейді безек қағып байғұстар, Қалмағандай бақ таластық тартысы. Ойлап тұрсаң мəңгілікке тұрардай, Олар қанша адал жаннан қан ішті?! Бабасының қадір тұтпай өрісін, Періге еріп дүрліктірген ел ішін,
Тəркіленіп ұлт сезімі жоғалып, Сыйламаған өлі түгіл тірісін. Бəйек болған байлық қуып жанығып, Толтырмаққа көздің түпсіз ұңғысын. Ел сенімін адалдықпен ақтамай, Жемқорлықтың өзі құрған үлгісін Арқалаған кек қарғысын халқының, Сатқын жанның кім қатесін кешірсін. Жалғыз қызы аққу құсқа айналып, Еркіндіктен іздеп өмір тынысын. Оралады əр жыл сайын Еділге, Іздегендей қыпшақ қандас туысын! Қанға құмар құзғындардан сақтанып, Жарқыраған айдын көлді бетке алып. Есіне алып əлдилеген бесігін, Күй тыңдайды, əн тыңдайды шаттанып. Тылсым күшпен көз алдында анасы, Қол созады толқындарды қақ жарып. Өз тілінде сездіре алмай сезімін, Сыңсиды аққу шерлі мұңын ақтарып! Бұдан асқан қасірет барма туысым,
Естігенде зарлы мұңды дауысын. Өксік жұтып жанарымнан жас ағып, Қалың оймен кештім үнсіз тау ішін. Тəңір бізді тіл мен діннен айырмай, Имандықтың ақ қанатын қайырмай Жалғастыртып бабалардың игі ісін. Басын қосып Түркі елдерін бір туған, Ақиқаттың сыйға тартып бақ құсын, Ұрпағымның ашып сана тынысын, Ұлттық намыс ар ожданын кірлетпей, Көк Бөрілік тектілігін жүдетпей, Ынтымақтың берсін ғажап нар күшін. Нағыз бақыт адал болу халқыңа, Ер жігіттер жанын қиған ел үшін! ЖОҒАЛҒАН ЕЛ ( аңыз ) Ерте,ерте, ертеде, Болыпты бір ғажап ел. Нəзік сырын шертерде, Тына қалған дархан жел. Ұлы болған күнімдей,
Қызы туған айымдай. Əні бұлбұл үніндей, Биі аппақ қайыңдай. Көлі мөлдір толқыған, Аққу қаздың базары Ақ шағала қалқыған, Нұрдай күміс ажары Жағасында сан ағаш, Жұпар иіспен мүлгіген, Құшағында сандуғаш, Əн тамызған тілінен. Тыңдап оны тау шыңдар, Көтергенде сəлдесін, Ілмек болып ақсұңқар, Өткізіпті сан кешін. Көз тойдырмас ғажап-ай, шатқалы да гүл жайнап, Орман толы қарағай. Шексіз сұлу бұл аймақ. Таулар алтын күмісін, Алқа қылып тағынған
Табиғатым ырысын, Төгіп берген ағынан. Өшпесін деп жағылған, Оттары да ұдайы, Ақ бұлақтай ағылған, Қара маржан мұнайы. Таң қалдырған бар жанды, Миуа бағы пейіштей, Шырқайтындай əн мəңгі, Тебірентеді сені іштей. Сұлулықпен арбаған, Сиқыр сəнді сəулеті. Муза сазын арнаған, Оған ақын əулеті. Шыңда биік көрінген, Ақ маралдың шегі жоқ, Еркіндікпен керілген, Жайылымы шүйгін от. Бірақ жүйрік суық жел, Тауға сұмдық жазыпты. Тамсындырған сол бір ел,
Күрт өзгеріп азыпты. Дəулет пенен байлықты, Мақсат қылып өмірде, Жоғалтып бар болмысын Имандықтан айныпты., Бас имей Ар Тəңірге, Айырылыпты дінінен. Топастықтан сор басып, Жүрек оты тілінен. Ұрпағына ор қазып, Сақтамапты бірлігін. Тату тəтті ел еткен, Өсірмепті бір-бірін. Тартып жығып етектен, Танымапты қадірлеп, Ақиқатпен данасын. Күншілдікпен күбірлеп, Кетіріпті бағасын. Шыбын жанын туға орап Айтқан шындық ақылын, Қор қылыпты қудалап,
Асқақ сезім ақынын. Ана тілін ұмытқан. Сорлы мəңгүрт ұлдары, Дүниеге құныққан, Ғылым болмай жолдары. Есептемей байлығын, Судай босқа шашыпты Тозаң басып ай-күнін, Жердің өңі қашыпты. Кесе-кесе отынға, Тауысыпты орманын. Жерін сатып алтынға, Ескермепті қолдағын. Көл мен теңіз былғанып, Қалдығынан мұнайдың, Құстар өлген улаып, Құшағында қурайдың. Панасынан айырылған, Аң байғұстар босыпты. Көз ашқанда құйыннан, Алдан аңшы тосыпты.
Аямапты тас жүрек, Толғай тартып садағын Киік лағы елжіреп, Жас төксе де қарағым. Көзден бұлбұл ұшыпты, Жасыл белес қырлары. Өн бойынан айшықты, Жоғалып зер сырлары, Қайғы мұңнан шаң жұтып, Табылмапты дауасы Тыныстарын тарылтып Бұзылыпты ауасы. Жүйкелері жұқарып, Небір сырқат зардаптан. Азаматын жер алып, Жесірлері зар қаққан. Су іздепті ұрпағы, Жылғаларды жағалап. Шарлап небір қырқаны, Келешекке жол қарап. Табылмапты бірақта,
Ең болмаса жұтым су, Тұтқындапты жырақта, Ажал деген ақырғы у! Тұман басып жер көкті, Күннің көзі жоғалып, Сұм зілзала тербепті, Қанды көбік оранып. Көзі біткен бұлақтай, Тірлік түгел өшіпті. Азған жерде тулақтай, Көрдіңбе бос бесікті?! Дірілдеген улы көл, Сол бір.елдің көз жасы, Айналайын бері кел, Жан жарасын қазбашы. Анау құмның астында, Қала жатыр тұншыққан, Байқа қадам бастыңба? Шығар тұнған ыршып қан, Өткен олар жалғаннан, Өз-өзіне оқ атып,
Сабақ алып жан балам, Жібермегей ағаттық. Табиғатым күн бесік, Əлдилеген тербеген. Өз анаңдай тілдесіп, Ізгілігіңе гүлдеген. Жара салсаң оған жат, Кешірілмес тағдырың. Дем біткенше қорғап бақ, Егіз сенің тағдырың! АТА РУХЫМЕНЕН СЫРЛАСУ ( Ибрагим Шияпұлы Акдраштегіне) Жан атам ерлік толы жыр дастаным, Қалайша бұған дейін сыр ашпадың. Алдымда əулиемдей тұрсың міне, Ойлардың сыйға тартып ең асқағын. Тағдырың жазылыпты ақ қағазға,
Сия боп қуғындағы көз жастарың. Адамзат баласына қазғандай ор, Қаншама қырғын салған қызыл терор. Алқынып темір торлы түрмелерден, Жазықсыз зар шеккендер созады қол. Елестер көз алдыңа еріксізден, Аңсаумен өзің іздеп баратын жол. Айдаған тозақ оты қан базарға, Қаншама жайсаң өлді бұл жолдарда. Əлі де ұмыта алмай құрбандарын, Жел сарнап қосылғандай жоқтау жырға. Омырауынан жас төгіліп ақ қайыңдар, Ұқсайды ниеті адал пəк жандарға. Сарғайып ұлын күткен аналардың, Қалықтап шыбын жаны жүр-ау мұнда! Ойламай қайғы толы өткен шақты, Алаңсыз кім іздеген рахатты. Қасірет қорлық зəрдің уын жұтып, Қуғында қаншама ерлер ажал жұтты. Жан жақтан қызыл дауыл қаптаған соң,
Шаңырақтар отқа оранып құлап жатты. Еңіреп артындағы қалған сəби, Басынан кешіп бейнет сан азапты. Соққылап маңдайынан дауыл қарсы, Қайғыдан езілсе де қабырғасы. Жылма жыл жұт жайлаған сорды кешіп, Əкесін сағынғанда төгіп жасты. Құлатпай шаңырағыңды кие тұтып, Ержетіп Шияп ұлың алға басты. Сүйеніш бола біліп анасына, Серік қып төзім атты қара тасты. Жаныңа өмір сыйлап дəнін сепкен, Бақыттың қазығы ғой əке деген. Іздеді өзіңді ата жанын салып, Сен жəйлі жақсы хабар сезген жерден. Сапары жер бетінде біткенінше, Мойнында борыш бардай өтелмеген. Тапсырды көз жұмарда ұл-қызына, Бұл жалған кімге мəңгі болған мекен?! Сөнерде ашық күндей жүзі жарқын, Тағы да қайталанып сенің атың.
Қимастық сезімменен қоштасарда, Соңғы рет оқығандай сенім хатын, Əкемнің жатқан жерін таппадым деп, Толғантып тірек болған ізгі халқын. Ұлдарым мен шықпаған биіктерге, Шығар-деп, айтқан бізге аманатын! «Тағдырдың тең бөлісіп берген бағын, Сақтаңдар ер намысын, ел ажарын. Қадірлеп тіршілікте бір-біріңді, Қастерлеп ерлік даңқын бабалардың» Осылай ақтық деммен сөзін жалғап, Босатқан Алла берген шыбын жанын. Əкеміз сенім артып үміт еткен, Келер-деп, ата даңқы ерте кеткен. Жалғауға өмір жібін ізгілікке, Перзенттік ниетіммен ақ жүрекпен. Өзіңді мен іздеуді қолға алғанмын, Қимылдап ерлік күрес əрекетпен. Кім білген Амур жаққа жеткеніңді, Залым жау жала жауып ыза кекпен.! Бұл жерде бойға жиған ұлы сипат,
Орнаған қуғындарға мəңгі зират. Осында АМАНЖОЛДЫҢ АКДРАШЫ, Тұлғасын көтерейін өзім сыйпап. Бабамның əруағын қастерлесем, Жан ата сонда емеспе иман сымбат?! Адал жан Тəңіріңнің сүйген құлы, Қашанда өзі қолдап түсер нұры. Атасын архивтерден іздеп тапқан, Тебіреністе ИБРАГИМ ШИЯПҰЛЫ. Ортақ боп естен кетпес қуанышқа, Ағылтып омыраудан төктім жырды, Сау болып тіл көздерден,күншілдерден, Əрдайым ашық болсын жолы нұрлы!
БАБАЛАР САЛҒАН ЖОЛМЕНЕН Уа, муза,ақындардың қыз бөбегі,
Cұлулық адамзаттан іздегені. Жасынан жүрегі пəк өнер сүйген, Талабы таудай ұлға ақ тілегі, Қиналсам періштемдей қолын созған, Тəңірдің шабыт сыйлар бақ түлегі. Тербеші жүрек қылын тылсымыңмен, Дəл басып сезім толы ой пернені. Жүректен ағылтайын жыр бұлағын, Алтындап сөз маржаны ақ кемемді. . Сырымды зерделіге жеткізейін, Ақындар шындықты айтпай өткенбе еді. Бабалар ерлік даңқы бізге өнеге, Тебірентер біз сүйетін өскен елді. Еске алып ғасырлармен асқан белді, Жолдарын жырмен жалғап сый етейін, Əрдайым өзің қолдап деме мені, Шабытпен нұрландырып от кеудемді. Өзіңмен қиял шыңның өрінде өстім, Егізім дем біткенше бөлінбеспін. Ақын боп туғаннан соң аянбастан, Тер төгем ар жолында елім үшін.
Өмірдің мəні келер ұрпағымда, Өткенін білмей олар өкінбесін. Танысын түп тамырын нəр бұлағын, Мəңгілік рух толы өр киесін. Қадірлеп күте білсе сол бақытты, Мен сенем қабырғасы сөгілмесін. Ту қылып өнегелі өмір жолын, Гүлдетер қасиетті ел іргесін. Ой бөліп ата дəстүр қамбасына, Күш жыйнап ұлттық таным санасына, Көрген соң бұрылғанын арнасына, Тəңірім нұрға бөлер керегесін. Сый қылып баба даңқын өнегесін, Артырар жан сұлулық имандығын, Жалғауға ізгіліктің өмір көшін! Бауырым ашық айтсам бар сырымды, Отан-деп, от кешпесең несіне ерсің, Қызмет қыл өз ұлтыңа жастайыңнан, Шындықтан шырақ жақсаң бүгілмессің. Құлақ түр менің өршіл үндеріме, Жар салған жолын іздеп ерлік істің.
Ұғынсаң жан айхайын ақын жанның, Өзің де жырау болып төгілерсің, Бойыңды нəзік əуен шымырлатып, Қастерлеп аққу сазын төрге ілерсің, Жаныңнан табылғандай жоғалтқаның, Ғажайып сиқыр əуен күйге енерсің. Ашылып намыс құмар отты жаның, Бір сезім алға сүйреп көсілерсің! ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Сан ғасырлар еркіндікке күрескен, Қилы-қилы тағдыры бар мұң кешкен. Менің сүйген қасиетті Отаным, Əуел бастан ерлікпенен бірге өскен. Азаттықтың ақ таңы үшін алысқан, Ұрпақтары жанын қиған намыстан. Ұмытпастан құшаққа алып күнде ол, Ақ жауын жыр ағылтады алғыстан. Үлгі қылып ерлік толы жолдарын, Жүректерге өжет сазды үнімен, Құя біліп қан қайнатар от жалын. «Аттан»- дейді, дауысымен олардың,
Ала таңнан тебіреніп оянам, Аманатын орындауға Отанның! МЕНІҢ СҮЙГЕН ОТАНЫМ Өткеніңмен тарихыңды танымай, Мүмкін емес алға басу адымдай. Айнымастан ата салттан жан салып, Ақ жолында алаулай біл жалындай Алтын ұяң өз тіліңнен айрылмай. Дінің болып егіз біткен жаныңдай, Күнде Аллаға жасай біліп құлшылық, Инабатпен жан сарайын таза ұстап, Парыз намаз уақытынан жаңылмай. Инабатпен жан сарайын таза ұстап, Адамға жат былықтарға салынбай. Ізгіліктің əсемдігін меңгеріп, Адал еңбек туа біткен қаныңдай, Шүкірлігің тірліктегі танымдай. Ар ұятпен жақсылыққа талпынсаң, Ұлттық Рухың өн бойыңда жалындай. Сонда ғана менің сүйген Отаным, Өн бойыңа құйып жігер от əнін.
Ұрпағымның жүрек көзі ашық деп, Ашар саған ұлы жолдың соқпағын. Бар кеңдігін сыйға тартып даламның, Аманатын табыс етіп бабаңның! Сан ғасырлар еркіндікке күрескен, Қилы-қилы тағдыры бар мұң кешкен. Менің сүйген қасиетті Отаным, Əуел бастан ерлікпенен бірге өскен. Азаттықтың ақ таңы үшін алысқан, Ұрпақтары жанын қиған намыстан. Ұмытпастан құшаққа алып күнде ол, Ақ жауын жыр ағылтады алғыстан. Үлгі қылып ерлік толы жолдарын, Жүректерге өжет сазды үнімен, Құя біліп қан қайнатар от жалын. «Аттан»- дейді, дауысымен олардың, Ала таңнан тебіреніп оянам, Аманатын орындауға Отанның! Тіке қарап бітпес күрес өмірге, Құлақ түріп кие толы үніне. Жар саламын қасиетін жыр қылып,
Келер ұрпақ ұғынсын-деп, төрімде! Құшақтарын емін еркін жаза алмай, Баз біреуі күн кешкен соң азардай. Дауа іздеумен күндіз түні тынымсыз, Ұлттық Рухым тарихымнан көз алмай. Атқызамын ойға бөлеп таңымды, Сан сұрақтар мазалайды жанымды. Сақтай біліп əдет ғұрпым, дінімді, Келер ұрпақ терең зерттеп танымды. Жақсылықпен ақтап елдің үмітін, Жеткіземе гүл жайнатып барымды?! Айтпай кетсек сөз атасы өледі, Ұрпақтарым ғылым қуып өрелі. Бір Алласын күндіз түні ұмытпай, Ойларма екен ұлттық мүде тереңді?! Қандай болар құрсауланған қоғамым, Оған дағы ой кешумен алаңмын. Өзі болып азаттықта көркемнің, Кең даламда өсерме екен көктем гүл. Қалай айтсам болады екен ашылып, Көңілдегі көп ойлардың төркінін.
Əр күнімді үмітпенен сабақтап, Ойларымды баба ізіне құндақтап. Ұмтыламын кемелдіктің шыңына, Тəңір берген Муза аруын құшақтап. Қырандардай қос қанатын қомданған, Шырақ жағып сезім толы ойлардан. Жауап іздеп тыным таппай шарқ ұрам, Аласұрған теңіздердей сұрланған. Біздер кімбіз, қандай жолдан келеміз, Қай бағытта керуен көш кемеміз. Бабалардың адалмызба алдында, Ақиқатқа қандай жауап береміз? Əзірмізбе жеңістерін жалғауға Ынтымақпен бет алдықпа бақ тауға. Танимызба өзіміз өзіміз, Ұлттық үнім өшпейтұғын жол қайда? Кеудемдегі жалын атқан сезіммен, Тауды жарып қара тастай төзіммен Сырласамын ой бөлісіп тағы да, Келер ұрпақ үміт күтіп өзіңмен.! Тыңдау да өнер, оны ұғады білікті ер,
Мен сөйлейін еркін ойға ерік бер. Саз сырнаймен əлдилеген əлемді, Көз алдымда түп қазығым Түріктер, Керегесін қағанаттың көтерген, Ашин бабам аңыз толы ерліктер! Тамырыңа тереңдікпен көз салсаң, Ғасырлардан талай асу асқан бел, Сыр айтады өр Алтайдан соққан жел. Қорқыт бабам қобызынан саз төгіп, Қосылады оған далам кемеңгер, Дауысына елжірейді туған ел. Тасқа жазған кітаптарды құшақтап, Маңдайымнан ағылады моншақ тер. Ұлы сөздер мұнда досым қаншалық, Үңілемін əр əрпіне зер салып. Тағдыр жазып қайғыменен азабын, Төңкергенде қуаныштың қазанын. Ел қырылып қылыш тілген жалғыз ұл, Көз жасымен жазып жатты зарлы əнін. Лағнат айтып қарғыс атқыр соғысқа, Ата жұртқа салып кеткен зор лаңын.!
Сөнбесін-деп, шырылдаған жан шырақ, Тəңір өзі көктен жіті бақылап. Тылсым күшпен сəуле төгіп жанына, Жапырақтармен қанын жауып,жатты орап. Не болады дəн қалмаса асылдан, Ертең өссе бүр жармайма жас ұлан. Шыдай алмай шырылдаған дауысқа, Жан ұшырып көмек тілеп шақырған. Бөлтіріктері өліп кеткен аңшыдан, Қаншық қасқыр жетті аптығып, шапқылап, Қатыгездердің қылығына ашынған. Сүт емізіп емшегінен сыздаған, Денесіне жылу беріп мұздаған. Жеткізгендей өмір атты асқақ əн. Бой берместен тағдырына жасқаған. Анасындай емірене аймалап, Бауырына қатты қысып жас алған. Суретін салу қиын сол сəттің, Дүлділ ақын болсаңызда бал тамған. Жүрек тербер көрініс ғой ғажайып, Түсінеме кісіліктен азған жан,
Тірі адамды тірі кезде сүйе алмай, Жол азықсыз қабірге кірген адамдай, Адамдзаттың сəулетіне кір салған. Табиғаттың берген сиын ұғынбай, Бір-бірінен дəулет байлық қызғанған. Қанға құмар адамдардан шошынып, Жер –Анасын қадірлемей ор қазған. Сескенгендей қиямет толы ызғардан, Алып кетті күміс тауға көк бөрі, Тіке өтіп қия соқпақ құздардан! Бірге жүрді есейгенше жанында, Көк бөрінің өрлігі ойнап қанында. Жұлдыздармен жүрді еркін сөйлесіп, Адам жаны айналмады тағыға. Тəңір өзі ой салғандай жүрекке, Туған жерін жүрді іштей сағына. Түсіне еніп ақ жаулықты əжелер, Іздеу салған дауыстыры жаңғыра. Жылдар сырғып өтсе дағы сынаптай, Тау ішінде малынғандай таң нұрға, Ұлылықтарын сездіре алып тағы да,
Ақша бұлттан хабар салып ұлына. Жұлдыздармен хат жазғандай жанына, Сəулесінен тамшы құйып қанына. Аққулардан естідіме бір хабар, Əлде өзінің тағдыр жазған бағыма, Жан қиналып мұңға батқан шағында. Тау ішінде жол таба алмай адасқан, Керуен көш тап болғаны бағына. Кейде өмір көрген түсің сияқты, Өшірмеген үміт оты шуақты. Тəңір өзі ниетімен жол салса, Тақырдан да атқылатар бұлақты. Орман қылар сыбдырлаған құрақты, Дариялармен жуар шөлді қыратты. Қалғып кеткен тауларыңды оятар, Құашағына жағып сансыз шырақты, Бар ғаламды емін-еркін аралар, Жұлдыздардан мініп жүйрік пырақты. Қаһарланса топан қылар мұздақты, Құдіретінде бауырым-ау, шек барма, Адамзатқа берген жерден тұрақты,
Бойына құйып иманмен ар ұятты. Болмысына таңданбассың сен қалай, Бірегей ол!Жан біткенді жаратты. Серігі жоқ,нұрдан шуақ таратты. Жетім көрсе адастырмай жұбатты. Үйсін қарты тұрды танып құшақтап, Ер Түріктен қалған жалғыз тұяқты. Жетім болып жалғыз қалған жасында, Бақыт қонды ер жігіттің басына. Ару сүйді туған айдай нұр төккен, Дүркіреген тойлар өтті қосында. Хан сайлады тектілердің көзі –деп, Қарт даналар басын қосып осында. Ғұн ұрпағы,күн ұрпағы есімі, Даналықпен серік қылған естіні. Алтындалған көк бөрінің басы бар, Байрағымен алға тартқан көшімді. Соңына ерген бес жүз ғана шаңырақ, Уақыт өте жайған жасыл жапырақ. Өсе, өсе ұлыс болып бір тұтас, Ешкімге де бас имепті қалтырап.
Сақ,Каспиі жақса ошағын көркейтіп, Аддар ғажап ерлігімен күй шертіп. Үйсін Қаңлы керегесін үлкейтіп. Құт əкеліп ынтымақпен төріне, Бақ сыйлапты абыройын көркейтіп. Бертін келе жиырма тайпа қосылып, Ортақ болып байтақ далам кеңістік. Ұлыс күнін тойлайды екен наурызда, Бір-бірімен сағынышпен көрісіп. Қартарына тартып өгіз шекесін, Жастары ішіп наурыздың көжесін. Көкбар тартып əсем ойын сауықпен, Əнмен күйден жібермеген есесін. Ерік жігер беріктігі болаттай, Күн бесігі Тұранына жолатпай. Жəй оғындай атылыпты жауына, Шайқастарда жауын бетке қаратпай. Кең даламда жеңіс даңқын шарлатып, Ұлан ғайыр кең əлемге тіл қатып. Ақ ордамда киіз үйлі ұямнан, Қырандарын ұшырыпты самғатып.
Етпен қымыз асы болып сүйікті, Қонағынан аямапты сыйлықты. Ұрпақтарым шыңдалумен жүрсін-деп, Жүйрік атпен аң аулауды сүйіпті. Күміс таудан алтын күміс өндіріп, Темірінен қайқы қылыш идіріп. Небір асыл бұйымдарды жасапты, Өн бойына сұлулықты сыйдырып. Тіршілікті терең ойлап зердемен, Өмір кілті өнерде-деп, нəр берген. Мөлдіретіп тамшысындай бұлақтың, Бар киімін алтынменен зерлеген. Кең жаһанды көру болып арманы, Ойлап тауып қос дөңгелек арбаны. Шағын үйді үстіне дəл қондырып, Қосыпты сан тоғыспаған жолдарды. Алдарынан қанша өзен су ақты, Қай сəтте де бола біліп жинақты. Таңғажайып сұлулыққа таңданып, Жер бетінен көп жаңалық жинапты. Қажымастан халық үшін сең бұзып,
Қастерлеумен кең ғаламды күн бесік, Табиғатпен бір туғандай тілдесіп Таба біліп ізгілікпен үндестік. Берген сыйын тұрмысына енгізіп, Қауке бабам үйретіпті ең алғаш Жер ананың сүт емшегін емізіп. Қызықпапты үлде менен бүлдеге, Иман байлық жинағаны кеудеге. Алла ілімін меңгерсек-деп, армандап, Ар санапты өресіз боп жүруге. Үйреніпті өмір ұстаз өзінен. Маржан теріп құлаш ұрып тереңге. Берекенің жаға біліп шырағын, Аямапты от басынан шуағын. Пір тұтыпты ана біткен ерлерін, Баптағандай əулиенің пырағын. Ұл өсірген қыз өсірген намысты, Азаматы бола білер Тұранның. Əрбір адам еркіндікпен деп алған, Əділдіктің адал сақтап ұранын.! Жетісуда, Шу мен Іле,Таласта,
Дарияларым мұзға оранып тоңбасқа.. Жанкент, Сайрам, Отырармен,Таразда. Сарайшықта Жібек жолы азбасқа Сыр мен Жайық арасынан əр тасқа. Жан бітіріп сан қалалар салыпты, Жел өтінде мəңгілікке қалмасқа. Кеуделері кең болыпты даламдай, Ұлылықтан терең тыныс алардай. Бар əлемді ақылына сыйдырып, Баба тілін қастерлепті анамдай. Тəңір ұлы,ардың құлы бақ та осы, Ақындарын сыйлай білген ел жақсы. Даналықпен ұран салған халқына, Афрасябтай əділдіктің патшасы. Халқын теңеп теңіздегі маржанға, Баға құнын түсірмепті арзанға. Ата салтты тəрбиенің көзі деп, Толғаныпты мақал-мəтел жазарда. Даналықтың оймен ашқан есігін, Бүкіл əлəм қастерлеген есімін. Анахарсистей кемеңгердің жырларын,
Жаттатыпты түзеу үшін бесігін. Ұрпағымның ерте ойлап құт қамын, Іштей тілеп ғалам сырын ұққанын. Зоротуштра пайғамбары даламның, Елге тілеп нұр шуағын ақ таңның, Сыйға тартқан»Авеста»атты кітабын. Ұлылығын көрсетіп ол өзінің, Терең ұғып ата жұрттың сезімін. Жаратушы Тəңіріме сиынып, Қалап берген Тəңірлік дін негізін. Бүлінбеске намыс толы ар қаны, Мəңгілікке жалау қылып иманды. Жұлдыздармен емін еркін сөйлесіп, Іздепті олар білімі мол жолдарды. Ұл мен қызы болсыншы-деп, жан жақты, Алпамыс пен Манас жырын жаттапты. Тілін, дінін санасына сіңіріп, Тазалығын мөлдір күйде сақтапты. Еркін ұстап заман тылсым тізгінін, Адал ісін қолдай біліп ізгінің. Қатарына қосылғанды тілекпен,
Бауырындай сезініпті өзінің! Мейірімнің нұры жауған жүзінде, Ашық жарқын мəрттей бекем төзімге. Сол ұлдарын өз қосыным деп атап, Тəңірімнің қарасыпты өзі де! Құшағынан тарқамастан ырыс бақ, Шөбі шүйгін кең өрісті қоныстап. Кезген екен ол шеті мен бұл шетін, Кең даламнан дауа тауып тыныстап. Қаһарланса қысқы аяздай қақаған, Мақсатына жетпей нəрін татпаған. Мейірлене құшақ ашып бас иген, Махаббат пен шын достыққа сақталған. Қорқауылдай түнде жорытқан сүзіп таң, Көп болыпты байлығына қызыққан. Қауіп төнсе қорғау үшін бақытын, Құтылуға асығыпты бұзықтан. Батырлары көк байрақты ту ұстап, Атой салып дауылға еніп дауыстап. Аттан десе, аттың жалын төгілтіп, Жұдырығы жұмылыпты қылышты ап.
Бойларында намыс ойнап кекпенен, Жұлдыздардай құлдыраған көкпенен. Арғымақтары жүйрік желмен жарысып, Қас жауына күтпес жерден беттеген. Айбынды əскер ұран салған ел үшін, Ерлік даңқын жаза біліп өрт деммен! Ысқырыпты тартқан садақ жебесі, Кетеді екен оны естісе жау есі. Төбесінде нажағайлар ойнақтап, Кезіккендей сұм ажалдың елесі. Аттилла деп, ер есімін жаттаған, Ерліктерін аңыз қып кім айтпаған. Қытайыңа алып салық төлетіп, Европаңның төсін басып таптаған. Днепрдің толқынымен жарысып Ерегескен қас дұшпанын жанышып, Қырым, Кавказ тауларының үстінде, Тұлпарларын ойнақтатқан табысып. Адайкөк-деп,Элбурстың шыңына, Туын тіккен тау гүлімен танысып. Шеркестерге сол бір жерді сый қылған,
Жанға дəру бұл мекенде таңғы шық. Жасыл орман құшақ ашқан ерлерге, Аңсап келген бауырындай ып-ыстық! Донға атын суаруға тоқтаған, Дунайында Мадиярларды жақтаған. Мұқит асқан үндістерді жоқтаған, Албандардың қайсарлығын мақтаған. Бір туғандай оның қолын қақпаған, Стамбулда өз үйіндей қыстаған, Омбысына қалың қардан тау жасап, Барнауылда темірші ұста ұстаған. Қарашайға соққан алтын тостаған. Бұлғырдарды туысындай қостаған. Хакасында Адайлардан қос қалған, Аямаған шұғыласын жанының, Шын достықты ұмытама жақсы адам. Бірақ қанша малынса да байлыққа, Боз жусанды боз даласын жоқтаған.! Туған жерге жетсе ашып құшағын, Басу үшін өрттей дертін құсаның. Топырағын сүйе салып аунапты,
Дым қажеті жоқтай одан басқаның! Бірақ қайдан бола қойсын тыныштық, Жау келеді қалың қолмен ыңырсып. Аттан! Аттан! Тағы майдан ел үшін, Туған елдің əрқашанда таңы ыстық! Сол бабалар ерліктерін таны –деп, Ер Күлтегін,Тумын, Білгі, Тоныкөк. Жаздырыпты тасқа елдің тарихын, Келер ұрпақ баба алдында тəжім ет! Бақыт құсы құшағында қоныстап, Кең даламнан тарқамастан ырыс бақ. Əруақтары қолдап жүрсін халқымды, Əрбір төрге шаттық сыйлап тыныстап Шуақ төксін өшпес рухың санаңа, Мен оқиын аманатын дауыстап! Сен бəрінде жүрегіңе құйып ал, Парасатпен көріскендей қол ұстап. «Биікте көк Тəңірі,ал төменде, Жаралғанда көк аспанмен қара жер, Арасынан пайда болып Адам ер. Одан өрбіп ата – бабам ержеткен,
Бумын қаған,Естемі қаған туған ел! Бір Тəңірім қайырыммен күш беріп, Имандығын нар халқымның ескеріп. Салтантпен билеп Батыс,Шығысты, Даналықпен отырда жол көрсетіп! Інілері ізін басып олардың, Қағандар боп жалғағанмен жолдарын. Бірін – бірі бағаламай,қадірлеп, Күлге былғап ата-туыс қандарын, Пенделікпен өршітіп кек дауларын Жемі болды Табғаш озбыр жаулардың. Алты бақан алауыздық у шашып, Жықты бізді ор түбіне оқсатып. Айдап салып арбағандар мəз болып, Мазақ қылып залымдықпен тас атып, Алапаттың зілін төгіп тұрды ылғи, Қамшы үйіріп зар илетіп қақсатып. Сақтай алмай ынтымақ пен бірлігін, Түркі халқы жойып алды елдігін. Бек ұлдары бұғауланған құл болып, Пəк қыздары күңге айналды,құлыным.
Бақыт солай бізден теріс айналып, Қоқыс төккен батпақ сорға айналдық. Дəуірлеген кездер көзден ғайып боп, Біріге алмай арпалысып қиналдық. Елім деген еңіреген текті елмен, Құтқаруға жаудан елді кекпенен. Ерлікпенен күресуден тынбадық, Жарқылдаған нажағайдай көк тілген. Еркіндіктің шам шырағын жақсақ-деп, Алға ұмтылдық ізгі халық көппенен! Көз жасымыз көрінді ме Тəңірге, Қайта көктеп келдік мынау өмірге. Ыдыраған аз халықты көп қылдым, Ынтымақты жалау қылып теріме! Халқым болды менің күнім,ай – нұрым, Кедейлерін жетілдіріп бай қылдым. Елім үшін күндік дамыл алмастан, Түнде ұйықтамай арттырдым бақ айбынын. Сорғалатып моншақ қара терімді, Жаудан қорғап əрбəр сүйем жерімді, Қызыл қаным төгілсе де өзімнің
Мен халқыма жұмыс тауып күш беріп, Көркейткенмін Ұлы Түрік елімді. Əділ болып пейілі кең халқыма, Мəңгілік із қалдырдым мен артыма. Қазғақ оғұлым бəрі саған аманат, Дақ түсірме қасиетті ұлтыңа.» Бабаларың жеткізем –деп, жан сырын, Құпиясын жаудан сақтап жасырын. Шежіресін күй мен жырға сыйдырған, Сонда сенің баға жетпес асылың! Қастерлей біл,алма ізін жоғалтып, Мұнда біздің баба жолы бəрі анық. Онда ғажап ұлы сипат айбын бар, Оқы,оқы тарихыңды қолға алып! Түрік,Түрік,Тəңір берген есім бұл, Өзі сүйіп маңдайына ескен нұр. Бұдан артық бақыт барма қандасым, Түрік десем тербеледі бесік жыр. Көз алдыма келер байтақ Тұраным, Көңілімнің отауына өсіп гүл! Болған онда қанша асыл алыптар,
Ер Тұңғадан бастау алар ерлігі, Келер ұрпақ əулиелеріңді танып қал. Алысқан ғой олар туған ел үшін, Өшпеуі үшін ана тілің-тарихтар! Бірегейі Ер Едіге – таң нұрың, Қайта жалғап ата жұрттың тамырын. Орыс,Поляк,Литваңды талқандап, Түрік елдің шешіп берген тағдырын. Не болар ек жаудан егер жеңілсек, Билер ме еді кең даламды келімсек, Құл болар ма ең кісендеулі алдында, Болмас еді алда жарқын келешек! Бабалар- ай, кешкен талай бейнетті, Басын жауға ұрпақ үшін имепті. Бірде шықса тарихыңның шетіне, Бірде қайта төрін алып билепті. Амандығын тілеп тіл мен дінінің, Туы астында Шыңғысхандай ұлының Сілкіндіріп мынау байтақ əлемді, Көшпенділер қосқан қайта бірлігін. Одан соң да болған талай бақталас,
Аласапыран билік үшін тақталас. Қазғақ оғыл баба отын өшірмей, Қазақ елін көтеріпті Жас Алаш! Сарайшықта шоғы жатыр сөнбеген, Жанбауырым тарихыңа құшақ аш. Ата жұртқа болған алғаш астанам, Бұл күндері ағылтқандай көзден жас. Махаббаттың болмас оған өлшемі, Əруақтарға дұғаңды оқып мауқын бас. Қанша тағдыр бастан кешті нұр іліп, Бірде тұрып, бірде сорда жығылып. Озық ойды биік өрге самғатып, Шу бойында бір Тəңірге жүгініп, Əз Жəнібек,Керей хандар жұмылып, Батасымен Майқы бидей бабамның Ту тігіпті қуанышпен жыйылып. Жер ұйықты тапқан далам өзінен, Асан қайғы бал тамызған тілінен. Жыр төгіпті жаны сұлу халқыма, Асқақтатып Рух толы сезіммен! Желпісе де заманалар желдері,
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: