Бірте-бірте, жатырмын. Түзде жұмсақ болсам да, Үй ішінде батырмын. Анда-санда балаларға, Ұрысып та қоямын. Оларға жан ашуды, Қалай, қайтып жоямын?! Қыздарымызға кінә жоқ, Ұлдар арақ ішеді. Алқаштарды көргенде, Адам жаннан күседі Солардай боп кетпесе Екен деп мен тілеймін. Олар арақ ішкен күн, Өз-өзімнен жүдеймін. Ішпегенде арақты, Ешқандай да кінә жоқ. Жаным судай тасиды, Істеріне риза боп. Анда-санда масайса, Күйіп-жанып, сөнемін. Айында бір аз ұрттап, Көп ішпесе — көнемін. –Тік жүр, дедің, — еңкеймей,55 Жағанды кір шалмасын.
Сақал-шашың ұзарып, Бағаң кетіп қалмасын! Алсаң, егер, жас әйел, Өзің отқа күйесің. Өзін емес оныңның, Көлеңкесін сүйесің. Ағалардың жас алған, Жетіскен жоқ бірі де. Боламын деп солардай, Бостан босқа іріме. Аппақ көңіл, ақ ниет — Сүт қалпыңды сақтап қал! Суретіме қара да, Сүйгеніңді есіңе ал. Мені ойлап, жылама, Жұрт мазақтап, күлмесін. Ішіндегі қайғыңды. Сырттағылар білмесін, — Деген өсиеттеріңді, Орындаумен келемін. Өлсең дағы Сен менің — Махаббатым, өлеңім! Қасыңдағы әйелге, Ғашық еркек көп шығар. Өлгеннен соң олардың,
Бәрі тегіс ұмытылар Өмір бойы екеуміз, Ғашық едік тіріде. Мен ғашықпын мәңгілік, Жан жарыма — Күніме! Ғашықтығым Өзіңе, Жанға қуат береді. Өз атыңды әлпештеп — Маған барлық керегі! Дүние деген қызықты, Қыздыратын шоқ екен. Сол қызықтың ішінде, Жардан қымбат жоқ екен! Байлық, бақыт, қазына — Әйелің екен өзіңнің! Сексен жыл өмір сүргенде, Жеткені менің көзімнің. Жағам аппақ, бой түзу, Айтқанындай боп келемін. Осыны айтып, Өзіңе, Әскерше рапорт беремін. Алыстағы сержантқа, Бұл дауысым жете ме? Аға сержант болсам да, Қол көтердім шекеме!
16.04.2003. 42 Білінбейді қадірі, Қарапайым кісінің. Сезілмейді салмағы, Оның еткен ісінің. Гардеробты ашқанда, Осы ой келді басыма. Еміреніп, тебірендім, Сен тұрғандай қасымда. Жемпіріңді сипадым. Өз қолыңмен тоқыған. Өткен күнге үңілдім, Қарттай газет оқыған. Бұл бұйымды тоқыдың, Біз Подольскіге56 барғанда. Қатарласып екеуміз, Архив көшіріп алғанда. Сұраған қағаздарымды, Генерал Луцев бергізді.57 Бейне бір күзгі бақшадай, Архивтен жеміс тергізді. Қаһарлы майдан күндерін, Тағы да бізге көргізді. Қаралы цифрлардың бәрін,
Қоралы қойдай өргізді. Жүзінші бригада мен58 Басқа дивизиялар жайлы Керекті деректер алып, Болды ғой ішіміз майлы! Баукеңнің, Қайырбаевтың. Мәншүк, Мәлік, Әлияның59 Наградной қағаздарын — Көшірдің жалықпай бәрін. Жүрегің ауырар деп, Сен мені қорғаштадың. Бес дәптер Өзің жазып, Маған жүк аз тастадың. Генералдар мен маршалдарға, Мен ылғи назар аудардым. Панфилов, Чистяковтардың60 Ұстаздығын жазып алдым. Біздің майдан қолбасшысы Рокоссовскийге зер салдым61 Жуковтың қолжазбасын қарап62 Одан да неге алдым. Күндіз қатар отырып, Осылай еңбек еттік. Кешке архивтан шығып, Мейманхана жеттік.
Мен төсекте жатып, Әртүрлі кітап оқыдым. Сен диванда отырып, Маған жемпір тоқыдың. Архивке рұқсат етілген, Бір айлық уақыт та бітті. Мен Сенің серіктігіңе, Риза боп, қуандым тіпті. Құшақтап, бетінен сүйіп, Жемпіріме рақмет айттым. — Оны қойшы, одан да, — деп, Сен жаңа ұсыныс айттың: — Бұл архивтен екеуміз, Мол байлық алдық, — дедің. Ұлттық дәстүріміздің, Бұзылмау қамын жедің. — Қазақтың салты бойынша, Алғыс айтқанымыз абзал. Генералға шапан бар, Және бір дайын тұр камзол. Постпредтегі люксте,63 Жақсылап күтейік оны. Осылай біткені дұрыс, Иігілікті істің жолы. Әйелімен екеуін де,
«Қазақ» етіп шығарайық біз. Осындай жақсы жандардың, Жүрегінде қалсын бір із. Осыным дұрыс па? — деп, Жымия қарадың маған. Бір жақсы іс бастадың, Мен ешбір ойламаған. Мәскеуге, Постпредте, Жататын жерімізге келдік. Ұлттық тағамдар жайып, Оларға қонағасы бердік. Николай Луцев пен Сүйкімді жұбайы да, Көрсеткен құрметімізге, Ерекше болды риза. Отырдық қонақтармен, Жайдары, жайнап күліп. Генерал аң-таң болды, Сенің сержант екеніңді біліп. Орнынан ұшып тұрып, Еңкейіп, қолыңнан сүйді. Генералша да құшақтап, Құрметпен басын иді. Сен әскери қызметіңе, Ешқандай мән бермедің.
Ерекше ерлігін айттың, Әлия, Мәншүктерді. — Цензор боп, хат тексеріп, Көбіне Мәскеуде отырдым. Мақтанып айта алмаймын, Деп бірдеңе бітірдім. Өзіңді мақтамайтын, Қарапайым күйде қалдың. Кім білер, шындығында, Қадірін қолда бардың?! Мінеки, бұл жемпірді, Мен иығымда тоздырдым. Өзім артында қалып, Сені ілгері оздырдым. Бәлкім, қалған шығармын, Үлгілі істеріңді айтуға. Қарапайым адамдардың Атағын ұлғайтуға. 16.04.2003. 43 Атақты Брест қаласын,64 Фашистен азат еттік біз. Буг өзеніне тіреліп,65 Шекараға жеттік біз. «Біз» дегенім — Бірінші
Атқыштар дивизиясы,66 Әрең алдық қамалды. Өліп-өшіп — расы. Егескен екі жақтың, Айқасы мығым болды. Менің зеңбірегімнен де, Үш адам шығын болды. Төрт күн бойы шайқастық, Жұмсап барлық амалды. Жан алып, жан берісіп, Ақыры алдық Қамалды Наградталды дивизионнан, Жауынгер қырық шақты. Комдив менің де кеудеме, «Даңқ» орденін тақты. ...Содан қырық жыл өткенде, Екеуміз Брестке бардық. Көп күн Қамалда болып, Керекті мәлімет алдық. Қамал мұражайы бізге, Өз ауылымыз боп кетті. Өйткені оны қорғаған, Қазақтар саны көп тіпті. Сұрапыл соғыс алдында, Сапта үш мың қазақ бопты.
Командирлер де бар екен, Бастаған жауынгер топты. Олардың аты-жөндері, Жүректі елжіретеді. Қамалды қалай қорғағаны, Көзге жас мөлтілдетеді. Зейнолла Ақтанғалиев! Міне, Шәкерт Өмірханов!... Мен мәрә-сәрә болдым Ауылдастарымды танып. Бұлар тізімдер ғой, Жатқан беттері ашылып. Олардың тағдырын оқып, Көңілім қалды басылып. — Бұл біздің Қалидолланың Әкесі ме? — дедің Сен. Екі көзім жасаурап: — Иә, иә, — дедім мен. Сен сонда күбірлеп қана, Сәл бетіңді сипадың. Көзінде жас мөлтілдеп, Менің жанымды қинадың. Зейнолла маған туыс, Аталас ағайын еді. Колхозда комбайн айдап,
Тракторшы болып істеді. Соғыстың қарсаңында, Ел әскерге алынды. Аттанды түгел Батысқа, Өңшең жігіттер жалынды. Зейнолланың артында, Бір жасар баласы қалды. Ботадай боздап еңіреп, Тоқтасын анасы қалды. Соғыс сойқанды салды, Жас жесір күйеуге кетті. Қалидолла сәбиі, Әже қолында ер жетті. Ол жеті жаста еді, Сен келін боп түскенде. Сонау Мәскеуден келіп, Ақ бұзау дәмін ішкенде. Соғыстан соңғы қиын кез, Біз ауылға жаяу келдік.67 Үлкен-кішінің бәріне, Сен иіліп, сәлем бердің. Әйелдер алдыңнан шығып, Саған шашу шашты. Сенің әзіл даусың нан, Ол байғұстар қатты састы.
— Есінде екен ғой Сенің, Сонда мен не деп едім? — Басын жарасыңдар ма?! — деп, Мені көлегейледің. Дуылдаған әйелдер, Бір сәт іркіліп қалды. Бәрі қаумалап мені, Үйге кіргізіп салды. Әке, шеше де жоқ, Біз иен үйге келдік. Құттықтап келгендерге, Сүтсіз қара шай бердік. Қарттарға талқан қойылып, Жастар уыстап бидай жеді. Үлкендер әкемді айтып: «Орнында бар оңалар!» деді. Бір кезде қатты бақырған, Ешкінің дауысы шықты. Мүйізінен сүйреп кірді, Бір қара кемпір мықты.68 Ағайын,ауылдастар, Келін қайырлы болсын! Алты жыл аңырап тұрған, Бұл үйдің іші нұрға толсын! Нұршайығым тірі болса,
Той дүрілдейтін еді. Мына шалдар тоя ет жеп, Күмпиіп, күлімдейтін еді. Қаһарлы жұттан шыққан Арық атта жал бола ма? Иесі соғыста өлген, Иен үйде мал бола ма? Мынау менің жалғыз ешкім, Сүйрелеп, әкелдім тойға. Аштан өліп қалмаспын, Құр жаным тұрса болды! Ерте күнді кеш қылмай, Жігіттер, пышақ алыңдар. Мына ешкіні сойып, Етін қазанға салыңдар! Келін тойының дәмі деп, Жеткенше ауыз тиіндер. Бұл біздің соғыстан соңғы Бірінші тойымыз екенін, Ұмытпай, еске түйіндер Алғашқы келініміз деп, Келінді ардақтаңдар. Сыйласу, құрметтен артық, Өмірде қызық не бар?! – Деген Тоқтасын апа,
Сенің есінде болар. — Ол оқиға ешқашан Емес қой ұмытылар!... Осылай деп Сен тағы да, Көзіңе іркіп, жас алдың. Ол кезді еске түсіріп, Елеске бір қамалдың. — Зейнолла ағаң — қайнағаң, Мына тізімде тұрған - Сол қара кемпірдің ұлы, Бресте болған құрбан. Қалидолла оның ұлы, Таудай азамат бүгін. Жүр қазір «Ақ бұзауда», Арқалап ауылдың жүгін. Осылай сырласа жүріп, Талай таныстар «таптық». Он-он бес күндей болып, Қамалдың есігін жаптық. Жолаушы жайымызды айтып, Обкомнан машина алдық.69 Белорусь батпағын кешіп, Мен жүрген жерлерге бардық — Біздің азаткерлер! — деп, Белорусьтер қарсы алды.
Мектептерде кездесу өтіп, Шәкірттер де мәз боп қалды. Өйткені Сен оларға, Уыстап кәмпит бердің. Тараттың алып барған, Алматы белгішектерін. Таңданды олар белгіден, Алатау тұлғасын көріп. Жүргендей болды сол жерден, Қып-қызыл апорттар теріп. Мәншүк пен Әлияның да, Бейнелерін тараттың. Олардың ерлігін айтып, Жұртты аузыңа қараттың. Старовыжевск — Ковельдетіп, Араладық орманды елді. Көзімізбен көріп елді. Партизандар жүрген жерді. Сол кезде есімізге алдық. Әди мен Тоқтағалиды.70 Владимир Бурсов пен Ғаббас Жұматовтарды.-71 Обком қасымызға қосқан Ласковия жетекші болды.72 Өзі де бұрынғы партизан,
Білетін барлық жолды. Екі-үш күн ел аралап, Брестке қайта қайттық. Бізге көмек көрсеткендерге, Шын жүректен алғыс айттық. Сонда Сен бір рет те, Шаршадым демеп едің. Маған күш, қуат беріп, Жанымды жебеп едің. Сен мені бағып-қағып, Қайратты етіп кеттің. Тек соның арқасында, Мен былтыр сексенге жеттім. Әйелдер тірегі ғой, Бүкіл — бар адамзаттың! Солар аспанға көтерген, Ақ туын махаббаттың! — Махаббат деген не? десе, — Әйелдің өзі! дер едім. — Ләззат деген не? — десе, — Әйелдің сөзі! дер едім. — Ең күшті нәрсе не? Десе, — Әйелдің әмірі! — дер едім. Әйелдердің барлығын: — Жердегі Тәңір! деп едім.
17.04.2003. 44 Сен менің Джокондамсын, Құшаққа сыймайтұғын. Қанша жын өтсе дағы, «Өлдіге» қимай тұғын. ... Сексенінші жыл басында, Екеуміз Невальге бардық. 73 Мәншүк пен Әбілқайырдың74 Басынан топырақ алдық. Ағалы-қарындас боп, Екеуі қатар жатыр. Оларға тақау жайғасқан. Атақты Ыбырайым батыр.75 Жеңіс күніне орай, Сол жерде митинг болды. Қала тегіс жиналып Кең алаң адамға толды. Алғашқы сөзді жиында, Генерал Карпелюк76 алды. Сұрапыл соғыс еске түсіп, Жұрт бір сәт жабығып қалды. Одан кейін мен сөйлеп, Жүзінші бригаданы айттым. Қыршын кеткендерді атап,
Жиналғандарды мұңайттым. Қайтарда Мәскеуге тоқтап, Сен тұрған жерлерге бардық. Яуза77, Лубянканы78 көріп, Бас поштаға79 назар салдық. Сен мұнда цензор болып, Үш жылдай қызмет еттің. Ефрейтордан жоғарылап, Сержант шеніне жеттің. Поштаның киоскісінен, Бір альбом сатып алдық. Кейінге ескерткіш болсын! Дедік те, сөмкеге салдық. Келген соң мейманханаға, Альбомды қарап шықтық. Тамаша картиналардан, Даналық сырын ұқтық . Мен Леонардо да Винчидің80, «Джокондасына»81 қарадым. Сүйсініп, риза болып, Сені соған баладым. — Жымиысы дәл саған, — Ұқсайды екен! дедім. — Қойшы, әрі! Қайдағы?! — деп
Сен қолыңды сермедің... Кеше, қатты сағынышпен, Суретіңді қарадым, Халима! Жымиып, отырғаныңды, Джакондаға баладым, Халима! Сен менің Джакондамсың, Мәңгілік көкейден кетпес, Халима! Көктегі жарық жұлдызымсың, Ұсынсам қолым жетпес, Халима! Сен менің Джакондамсың, Құшаққа сыймайтұғын, Халима! Қанша жыл өтсе дағы, «Өлдіге» қимайтұғын, Халима! Ол альбом сақтаулы тұр. Басқа кітаптармен бірге, Халима! Сен де берік сақтаулысың, Менің өз жүрегімде, Халима! Портретіңнің бәрін де, Көшіртіп, жинақтап қойдым, Халима! Кішкентай кітапша етіп, Жақсылап шығармақ ойым, Халима! Кейбір суреттеріңді, Тас кітаптарға82 салдырдым, Халима Ақ күмбездің ішінде, Мәңгілікке қалдырдым, Халима!
Сағынамын күн сайын, Жаным, Джакондам менің, Халима! Аңырап, аңсамас үшін, Жетермін жаныңа Сенің, Халима! Оған дейін роман жазу, Сен туралы, қолымнан келсе, Халима Махаббатқа мейірім жасап, Тағдырым уақыт берсе, Халима! 26.07.2003. 45 Бүгін тура екі жыл, Мен Сені көрмегелі. Қолтықтасып, күлісіп, Қасыңа ермегелі. Бүгін тура екі жыл, Мен қайғыға батқалы. Дәл жеті жүз отыз күн83, Сенсіз таңым атқалы. Дәл жеті жүз отыз күн, Мені қайғы жегелі. Күндіз-түні күбірлеп. «Қуатым ау!» дегелі. Жылап, қанша жалынсам да, Маған бір жауап қатпадың. Тым болмаса бір рет,
Қасыма келіп жатпадың. Өзіңді құшып, аймалап, Қызығыңа батпадым. Бірақ, Сенің орныңды Ешкімге мен сатпадым. Құшақ жайып ешкімге, Көзімді де сүзбедім. Сені мәңгі жырлаудан, Үмітімді үзбедім. Бүгін, Саған, тындырған Ісіме есеп берейін. Сен алысқа кетсең де, Биік болсын мерейің. Сені қойған сағатта, Сөз сөйледім басында. Жан, жүрегім езіліп, Табытыңның қасында. — Жарты жаннан айырылып, Жарымжан боп қалдым! деп, Сенсіз — жетім мөлиген, Сенсіз — мен бір мүгедек! «Жалғыздық!» деген қапасқа, Қамалып мәңгі қалдым, — деп. Жүрегімді ала кет, Құшағыңа салдым! — деп.
Тыңдады жұрт сөзімді, Көзден жасы мөлтілдеп. Сәнә84 бауырың жылады, Дауысы шығып, еңкілдеп. ...Содан кейін кафеде, Бердім қонағасыңды. Сексен кітап тараттым, Мөлшерлеп Сенің жасынды. ...Содан кейін қырқында Қаралы сөз сөйледім. Тарады ол халыққа Тираж болып талай мың. «ХАЛИМА» атың жарқырап, Бетінде тұрады «Жұлдыздың» Төрт газет85 басты тағы да — Үлгісі болдың ұл, қыздың. Теледидар көрсетіп86, Радиодан87 да оқылды. Сенің атың алаштың, Көкейіне тоқылды. Одан кейін Өзіңді, Ақ өлеңмен жоқтадым. «ХАЛИМАҒА ХАТ» деп, Екі мың жол топтадым. Енді соны кітап қып,
Шығарғалы жатырмын. Демеушіміз тағы да Нұртай сынды бауырың. Осыменен бүгінгі Есебімді жабамын. Тірі болсам тағы да Бір роман жазамын. Біз Бәріміз болып, Кеше Сені еске алдық. Басыңа тас қойдырып, Қуандық та мақтандық. Күмбезіңді көркейтіп, Әлі жөндеп жатырмыз. Мәңгі ескерткіш жасасақ, Сонда іске татырмыз. 27.07.2003. *** Осы бүгін, таңертең Түсімде көрдім Өзіңді Әзілхан деп атаған, Естідім анық сөзіңді Бір жерден телефон соқтың, Үйде отырған Сен, маған. Бірнеше рет үздігіп: –Қайдасың? — дедім мен саған.
Телефон құрғыр қырылдап, Естіртпеді сөзіңді. Оянып кетіп сол кезде Ұйқыдан аштым көзімді. Шам жақтым да сол сәтте, Қалам алдым қолыма. Сол сөздерді жалғадым, Жоғарғы өлең жолына. Түстерімді, Сен, бұрын. Өзің ғана жорушы ен. —Басқа жанға айтпа! — деп, Түсімді де қорушы ең. Жамбылменен бір жолы, Салт ат мініп жарысқам. Екі тұлпар қаржасып, Ауыздықпен алысқан. —Айтпа, дедің, ешкімге, Бұл бір ғажап түс екен! Жамбыл атаң жебеуі Қуанарлық іс екен! Тағы да айттым бір күні Президентпен бір жүргенімді. Әлденелер жайында Әзілдесіп, күлгенімді. Жақтырмайды жауларың,
Еткен еңбек, ісіңді. Көре алмайды кейбір жұрт, Сенін көрген түсіңді. Қызғаншақ қой ағайын, Жаулықтары жетеді. Түсің үшін дәл осы, Араз болып кетеді. Айтпа мұны ешкімге, Онсыз дағы жауың көп. Адалдықтан иыққа Арқалаған дауың көп. — Жан дауысың дірілдеп, Сен осылай деуші едің. Менің көрген түсімді Жорымақшы енді кім? 27.07.2003. 46 Кеш, Халима, кеш мені, Созылтып алдым ісімді. Салсам да шамам жетпеді, Бар жігер, қайрат, күшімді. Күмбезіңді — жылыңа, Көтеріп едік жабылып. Ақша жинап балалар, Тыным таппай сабылып
Ойдағыдай етуге Шама, шіркін, жетпеді. Бітпей қалған бөлігі Көкейімнен кетпеді. Қалған жағын қамданып, Биыл тағы жалғадық. Қол қысқа боп қаржыға, Толық бітіре алмадық. Шымқай қара граниттен Құлпытас қойдық басыңа. Соған қатты қуандым, Істетіп едім асыға. Биік жарды — жол жақты, Гранитпен қаптаймыз. Қоршауды жөндеп, гүл егіп, Бәрін тегіс тиянақтаймыз. Үшінші жылы бәрін де Тап-тұйнақтай етеміз. Ойдағыны орындап, Бір мұратқа жетеміз. «Жоққа жүйрік жетпейді», Білесің оны Өзің де. Бір жыл тағы шыдай тұр. Берік едің ғой төзімге. Қалталылар «Кремль»
Орнатып жатыр үш айда. Теңесетін оларға Бізде қуат, күш қайда?! Кешір, жаным, кешігіп, Бітіре алмай жатқанға. Жоқ едің ғой Өзін де, Бәсеке мен мақтанға. Сондықтан да біз Саған Кіші күмбез көтердік. Ақ отаудай көлемі, Түгі жоқ мақтан етерлік. Артықтығы болса егер, Қорымдардың талай мың: Ұқсайтыны, тек қана, Бейітіне Баянның. Кешір мені кешіксем, Менің аппақ Баяным! Өтінуші — Өзіңе Адалдығы аяның. 27.07.2003. 47 Өзіңді көрдім, Халима! Өзіңді көрдім, қуандым! Қасыңа қайта отырып, Екі сағат жұбандым.
Балалар кеше жиылып, Атадық екі жылынды. Бәріміз Сені еске алдық, Ардақтап баға пұлыңды. Тұрсынбек, Күләш екеуі88 Бірге болды бізбенен. Жүректің сырын ақтардық, Сағынып Сені іздеген. Содан соң үнсіз отырып, Үңілдік теледидарға. Қалт жібермей бір сәтін, Көз салдық өткен жылдарға. «Видео кассета» бізге Өткен жылдарды сыйлады. Қасымызға келтіріп, Ағайын, досты жинады. ... Міне, тоқсан екінші жыл, Менің мерейтойым екен!89 Туған жерге — «Ақ бұзауға» Келдік үш-төрт машинамен. Алдымыздан он шақты қыз, Салт атпенен қарсы алды. Күмбірлетіп домбыра тартып, Шырқатып бәрі ән салды. Бәйге, көкпар, балуан күрес,
Ұлы дүбір жасалды ғой. Мейірімі судай тасқан АУЫЛ АНА рахат қой! Сол күні келініміз Босанып, қыз тауыпты. Сәбиін.Халима деуге Ананың көңілі ауыпты. Екеуміз қуана күліп, Сәби туған үйге бардық. Жиналған жұртқа бас иіп, Бәрінің де қолын алдық. Сіз менің АНАМСЫЗ! деп, Келінді бетінен сүйдің. Сәбидің иіскеп-иіскеп, Бір сырды ішіңе түйдің. — Аттасам бой жеткенше Қамқоршы боламын! — дедің... Жыл сайын сәлемдесе салып, Кішкене тойдың қамын жедің. ... Ақ бұзаудан Абайға90 келдік — Өзіңнің туған жерің. Ата-ана, бабаң өскен Құндызды91 асқар белің. ... Тоқсан жетінші жылы, Алтын тойымыз болыпты.92
Екеуміз қатар түзеп, Үйіміз қонаққа толыпты... Бір жылы Халима93 бізді Киноға түсіріпті. Осының бәрінде де Тұрсынбек пен Күбіра Бізбен бірге жүріпті. ... Осылай екі сағат Өзіңнің «қасыңда» болдым. «Қайда, қайда ол күндер»94 — деп, Ішіме қайғы толды. Үн-түнсіз осылай деп, Өзімді-өзім мұңайттым. Бәрін «видеоға» түсірген Балаларға95 рахмет айттым. 28.07.2003. 48 Сенің ұлтарағың Таңертең тез киініп, Фотографқа бармақ болдым. Оған үлкейтуге берген Суретіңді алмақ болдым. Костюм киіп, аяқты, Шапшаң, бәтіңкеге сұқтым. Әлдене табанға батып,
Оның не екенін ұқтым. ... Сен бір жолы дүкеннен Ұлтарақ сатып әкелдің. Үстінде бүршігі бар, Денсаулыққа жақсы! — дедің. Арлы-берлі жүріп едім, Бүршіктер табанға батты. — Мынауың қиямет қой, Әкелдің қайдағы затты!? — Деп, іштей наразы болып, Мен Саған күңкілдедім. — Үйреніп кетесің, — деп, Сен маған күлімсіредің. Енді ойласам Сен сонда Менің қамымды жедің: — Түртіп, оятып жүреді Аяқтың нервтерін! — дедің. — Тамырлар тегіс қимылдап, Балтыр ешқашан іспейді. Ақсақ-тоқсақ болып, Аяққа жем түспейді.96 Ұзақ жасауға мұның Септігі орасан екен! Сондықтан мұны жай емес, «Емдеуші ұлтарақ» деген.
«Здоровье» журналы Осылай деп жазыпты. Әдейі әкелсем саған, Мен емес, журнал жазықты. Шыдасаң бір-екі күн, Әбден үйреніп кетесің. Сонда сен де, аяндап, Тоқсанға жетесің! — Деп едің маған күлімдеп, Ақырын арқамнан қағып. Расында, үйреніп кеттім, Ұлтарақ жаныма жағып. Отыз үш жылдан бері Сол ұлтараққа иемін. Жазда бәтінкеге салып, Қыста етікпен киемін. Ұлтарағың Өзіңе Шырқатады ойымды. Және бір сантиметрге Биіктетеді бойымды. Сенін бұл қамқорлығыңды Жиі есіме аламын.
Мақтанып кейбір достарға Ептеп, айтып та қаламын. Жақында Тұманбай97 да Бұл сөзге құлағын салды: — Апамның әрбір ісі — Өлең, ән ғой! — деп тамсанды. Бауырыңның бұл сөзіне Мен мүлде марқайып қалдым. Бүгін де, киініп жатып, Өзіңді есіме алдым. Ұлтарақ аяғыма, Қазір де, батпайды менің. Жанымды жегідей жейді Қасымда жоқтығың сенің! Бармақ тістеп өкінемін, Кемсендеп, жылағым кеп: Неге сол ұлтарақтың бірін Саған әпермедім деп!... 28.07.2003. 49 Сенің орамалың Атшаптырым ұзын үстел, Ac бөлмеде тұратұғын. Неше түрлі тағам толы, Жұрт көңілін бұратұғын.
Сол үстелді дүкеннен әкеп, Төрімізге орнатып едің. Әуезовтей ұлы жандар Қолыңнан дәм татып еді. Ғабит, Әди, Әбділда бәрі98 Біздің қонағымыз болды. Мұзафар мен Тұрсынбектер Сілтейтін-ді онды-солды. Екеуміз қатарласып, Төмендей отыратынбыз. Кесе, рүмка, фужерлерді Дамылсыз толтыратынбыз. Сол үстел орнында тұр, Келетін кісілер де бар. Тек қана Өзің жоқсың, Орындығың бос тұр қатар. Шұбар түс орамалынды99 Иығына жауып қойдым. Кішкентай көк жастығыңды100 Орныңа тауып қойдым. Ешкім де отырмайды Тұлдаған101 ат секілді. Бұл әдет өзгелерге Көрінер жат секілді. Арқасын орындықтың
Ақырын сипай берем. Орамалға қолым тисе, Шымырлап, балқиды денем. Сол сәтте мен Өзіңді Қасымда отырғандай көрем. Кейде Сенің атыңнан Тілек сөз сөйлеп те жіберем. Түспейді орамалың Орындық иінінен. Суретің төрде тұрған Күледі миығынан. Сипаймын әлсін-әлсін Кеудемді сыртынан құр. Өйткені орамалың Жүректе жабулы тұр. Жүректе, орындықта! Медетім — қос орамал! Өзіңді қасымда деп Жасаймын құр жорамал. Жүрегім сыздағанда Кеңсайға барып қайтам. Құшақтап қабырыңды, Сыбырлап сырымды айтам. 28.07.2003. 50
Есіңде ме, Халима, Бір күні мен ренжіп келдім. Бетіме қарадың да: — Не болған саған? — дедің. Әлиямен102 емханада Кездескенімді айттым: — Сәлем беріп едім, алмады, Соған мұңайып қайттым. Құрметтеп бас иіп едім, Ол теріс қарап кетті. «Қайнаға, амансыз ба?» Дей салса несі кетті? Бұрын: «Келін!» «Қайнаға!» деп, Әзілдеп ойнаушы едік. «Сыйластығы бір бұзылмас» Деп ойлаушы едік. Сен сонда үн шығармай, Біраз бөгеліп қалдың. Мені қостап, Әлияны Кінәларсың деп ойладым. Өйткені әйелдер тегіс Күйеуін жақтамай ма? Оған қарсының бәрін Шетінен қиянаттамай ма? Күтсем де қолдауыңды,
Иілмедің, өйтпедің. — Әлияны кінәлама, Бар кінә бізден! — дедің. Ойлашы өзің жақсылап, Бір кезде қандай едіңдер?! Тату-тәтті тамаша, Шекер мен балдай едіңдер! ... Сенің бұл сөзіңнен кейін Мен мүлде бөгеліп қалдым. Сол бір ғажайып күндерді Еріксіз есіме алдым. Ол кезде103 біз достар едік, Ортақ ұстазымыз бар. Бір-бірімізді құрметтеп, Тегіс сыйласуға құмар! Мендей жас жазушылардың Мұқан104 ұйтқысы болды, Ойдан-қырдан келгендерге Оның үйі лық толды. Зейнолла, Серік, Мұзафар, Қайнекей, Хамит, Төкендер105 Сол үйде бас қосатын, Осындай мықты көкелер. Алыс Керекуде106 жүріп, Солардың үлгісін ілдім.
Жан магниті керемет Мұқанның қадірін білдім. Ел жақтан келген сайын, Сол үйде аялайтынмын. Халықтың тұрмыс, күй-жайын Мұқанға баяндайтынмын. Кейде, кештеу келгенде, Серіктерге де түсіп жүрдім. Әлия келін қолынан Тәтті дәмдер ішіп жүрдім... Күндердің бір күнінде, Ұстаз өмірден өтті. Ұясы бұзылған арадай, Достар да быт-шыт боп кетті... Сәл бөгеліп тұрдың да, Сөзіңді қайта жалғадың. Қабақ шыту орнына, Келініңді алдадың: — Алматының дәмі тартып, Көшіп, Павлодардан келдік. Ескі достардың бәріне, Иіліп, сәлем бердік. Серік пен Әлияларды, Үйге шақыра алмадық. Қонақ етіп, қол қусырып,
Дәм татыра алмадық. Шақырмайық дегеміз жоқ. Басында реті келмеді. Кейін сен қызметтен қуылып, Болып қалдық өлмелі. Адам көңілі нәзік, Тез елжірей салады. «Бір атым ғана, дейді ғой, Насыбайдан қалады». —Онда оларды үйге Шақырайық, — дедім. —Шақырсаң шақыр, несі бар, Мен оған әзірмін! — дедің. — Бірақ, шытынаған шыны Бүтінделуші ме еді? Оның сызатын жоюға Кімнің күші келеді!... Ешқандай да қатесі жоқ, Рас болды осы сөзің. «Шынының» шытынағанына Ақыры жетті көзім. Шолу мақаласына Кіргізіп бар басқаны, Серік дос әдебиеттен Мені сызып кеп тастады.
Әдеби энциклопедияға107 Арнаулы мақала беріп, Мені, тіпті, атамапты. Басқаның бәрін теріп. Кеше Одаққа өтуге Өзі кепілдеме берді.108 Мақтап, мадақтап еді, Бүгін осылай өзгерді. Әлде менің романдарымды Ұмытып қалды ма екен? Ағайын екі сөзді болса, Не істеймін? Не етем? Айтпақшы, Бекежанды да109 Аузына алмай кетіпті. Сөйтіп, екеуміздің ғана «Түбімізге жетіпті». Бекежанға, белгілі, Оның неге өштігі. Жасаған менің ешқандай Жоқ қой зиянкестігім. Кеше Серікті көргенде Осы жай ойыма түсті. Бұл менің сырым ғой Саған Жасырмай айтатын ішкі. Екеуміз қатар палатада
Көршілес болып жаттық. Аурухана дәмін таттық. Серікке: «Неге өйттің?» — деп, Бір ауыз айтқамын жоқ. Құшақтап, бетінен сүйдім. Ештеңе білмеген боп. «Ешкіммен өштеспе!» — деп Жалынып айтушы едің. Осы асыл өсиетіңді, Орындап мен келемін. Халима, бұл сөзімді Осымен тоқтатайын. Сағындым ақылшымды, Асылым, айналайын! 29.07.2003. 51 Бүгін тағы Өзіңді Түнде түсімде көрдім. Ұршық иіріп отырсың. — Не істемек едің? — дедім. — Мынау түбітті саған, Шұлық етсем деп едім. Қыста аяқ тоңбаса Саулығы барлық дененің! Осылай деп ақырын,
Жымиып қана сөйледің... Оятып мені жіберді Көше жақтан шыққан үн. Оянған соң, ақырын Жастығыңды сипадым. Деп өкіндім ішімнен: «Сөйлесе неге тұрмады?» Қуатым ай, қуатым, Қамқорлығың көп еді. Ісің, ойың, қимылың Өз ойыммен дөп еді. Тоқып, тігіп, иіріп, Бәрін де істеуші едің. Сені өзімнің меншікті Фабрикам! — деуші едім. Өмірдегі бар байлық: Дүние-мүлкім Сен болдың! Фабрикасынан айырылған Тақыр кедей мен болдым! Жастығыңды, жұп-жұмсақ, Қайта-қайта сипаймын. Жастығың бар, Өзің жоқ Жанымды жаншып, басты мұң. Ұйықтайын десем ұйқы жоқ, Көз іле алмай жатырмын.
Сен барда: хан, патша едім! Енді мүлде пақырмын. 52 Өткенде, Кеңсайға барып, Саған құлпытас қойғанда, Көз салдым күмбезіңнің Айнала, жан-жағына. Көз тартар қорым жоқ еді. Сен алғаш жайғасқаныңда. Қиналды ма өзгелерден Өзімнің кеш қалғаныма. Енді, міне, қарасам: Айналаң қаптаған қорған. Көремін ғимараттарды Тізілген, оңнан да солдан. Бір төбенің басына Тұтас қала орнатқан. Айналасын қоршаудың Кремльше торлатқан! Нұрқаділов — көршіміз110. Сапарбаев сияқты111 Бай емеспін, қайтейін, Тұрысовтай112 сияқты. Күндемеймін оларды, Сірәғысын айтамын.
Бәсеке құмар қазақты Босқа күндеп қайтемін. Министрлер, бизнесмен Бірінен-бірі асуда. Бәсекеге судай ғып, Ақшаларын шашуда. Қайыршыға бір тиін, Бермейтұғын қараулар. Атақ, даңқ дегенде Бауырынан жараулар.113 Бұл дүние осындай, Бұрын Өзің білетін. Кедей жылап, кемсендеп, Байлар ғана күлетін. Заманбекпен көрші едік, Жұғысып, жақындаспаған. Атағы зор ол бастық, Биіктен көз тастаған Тағы да көрші болыппыз, Ендігі құқымыз бір. Жарар еді жақындасып, Өзара айтыссақ сыр. Бірақ, бұрынғы бастықтар Жолата қоймас жанына. Бір қауым елміз ғой біз де,
Бармай-ақ қойдық маңына. Қасында Сенің орным бар, Мұнда дағы қатармыз. Махаббат жырын мәңгілік Айтармыз да, жатармыз. Жақын көрші — ескі дос Жүкеңмен114 сырласармыз. «Балалар қалай екен?» деп, Өзара мұнда сармыз. Дөкейлер жатқан қорғанға Кім барарын білмеймін. Күмбезді көрген жастар, Бізге бұрылар деймін. Құлпытас жазуын оқып, Тас кітаптарға көз салар. Оларды оқығандар Біз туралы толғанар. МАХАББАТ КҮМБЕЗІ деп, Бәлкім, атап та кетер. Қозы пен Баяндай боп, Атымыз алысқа жетер. Мұндай лепірме сөзді Сен мүлде сүймейтін едің. Тірінің қиялы ғой бұл, Үмітпен осылай дедім.
Көрген, естіген жұртта, Күмбезіңе разылар көп. Біреуі Мэриям апаң115 Ақылды сөз айтатын дөп. — Кейінге арнап жасаған Ісіңе көңілім тояды. Нағыз ғашық — сенсің! деп Мені мақтап та қояды. — Келешек киелі жер! — деп,116 Бір жазушы да айтты. Тараздан келген бір топ жұрт,117 Саған бас иіп қайтты. Арнайы кеп Құран оқыды Өтегендей118 бауырларың. Өзіңді құрметтейтіндердің Айта алман тауысып бәрін! 05.08.2003 53 Өзімді-өзім қамшылап, Шауып келе жатырмын. Өзіңді ойлап дөңбекшіп, Талай танды атырдым. Сексен жастан сырғанап, Ауып келе жатырмын. Балалардан рахат
Тауып келе жатырмын. Қарызбын Саған, Халима, Бүгін сау жүргенім үшін! Елу төрт жыл жанымда Жымиып күлгенің үшін! Қиын-қыстау күндерде, Ақыл бергенің үшін! Ауыртпалық кезінде Артымнан ергенің үшін! Менімен қоса ауырып, Қасымда жатқаның үшін! Палатада күндіз-түні, Көз ілмей баққаның үшін! Бар күш-қуатыңды сарқып, Маған сыйлағаның үшін! Ажалмен алысып мені Өлімге қимағаның үшін! Инфаркттерден жетелеп, Мені тыңайтқаның үшін! Жетімдік сырыңды айтып, Шексіз мұңайтқаным үшін. Бағамды менің асырып, Атақты еткенің үшін! Өзіңнің алақанында Бақытқа жеткенім үшін!
Қарыздармын бір мен деп, Зор еңбек еткенің үшін! Өтермін жырлап Өзіңді Ардақтап, жеткенше күшім! 08.08.2003. 54 Бүгін Ташкенттен қайтып, Жанар мен Әлия келді119 Келе сала Кеңсайға соғып, Олар Саған сәлем берді. Құлпытасыңды көріп, Екеуі қатты қуанды. Олардың қуанғанына Менің де жаным жұбанды. Балалар тағы да әкеп, Басыңа қызыл гүл қойды. Өзіңе барып қайтқаным, Бір күндік қайғымды жойды. Қайтарда Асқаровтың120 Зиратына тоқтады. Дос әкесі,121 Ер122 еді деп, Ішімізден жоқтадық. Оған көрші министрдің123 Кең ауласын да көрдік. Әйелінің аруағына124
Иіліп, сәлем бердік. Тамсандық та, таң қалдық, Қоршаудың қымбат тастарына. Сүлейменовтарға риза болдық, Әйелге ықыластарына. Ар жағымыз Нұрқаділов, Бер жағымыз Асқаров. Солардың ортасында Ақ күмбез тұр қасқайып. — Қалай біз мықтылардың Ішіне кіріп кеткенбіз? Бұл элиттік жерге, Апырау, қайтып жеткенбіз?! Деп таңдана бас шайқап, Жанар жан ғажаптанды. — Әжемнің арқасы! — деп, Әлия масаттанды. «Рас!» дедім мен ішімнен, Бұл, сөзсіз, Сенің арқаң! Ешкімді алаламайтын Еді ғой көңілің дарқан. Ақпейіл мінезіңе Тағдырдың тартқан сыйы. «Аққа Құдай — жақ!» деп, Айтушы едің ғой жиі.
Айналайын, алтыным, Аппақ адалдығыңнан! «Өнегең өшпесін!» деу Тілегім — менің дұғам! Қалаға қайттық тағы да, Өзіңмен үнсіз қоштасып, Жолдағы аруақтармен, Ойша, тегіс достасып. Істейтін үйде жұмыс көп: Мақала, сұхбат, сөздер бар. Соларды орындауыма Болғайсың, жаным, Өзің жар! 09.08.2003. 55 Сен менің Тәңірімсің! Мен Саған сиынамын. Сен есіме түскенде, Өзге ойдан жиыламын. Жақында бір кітаптан125 Сырбайдың126 суретін көрдім. Қасында Күлжамал127 тұр, Ішімнен сәлем бердім. Сырбайды алып кетті, Амал не, ажал күшті. Кейін Күлжамалға айтқан
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 688
Pages: