Алматы. Нұршайықовтарға. Ардақты Әз аға! Халима апайдың дүниеден қайтқанын естіп, қайғыңызға ортақ екенімізді білдіріп отырмыз. Сіз ғана емес, сізді қастер тұтатын барша тілеулес адамдардың қабырғасын қайыстырған қаза болды. Құдай қуат берсін дейміз. \"Абай \" журналының қаламгерлері атынан Рысхан МҰСАҰЛЫ. 9 ЖЕДЕЛХАТ Семейден. 30.07.2001 ж. Алматы. Нұршайықов Әзілхан ағаға. Құрметті Әзілхан аға, Халимадай асыл анамыздың қазасына қатты қайғырып, көңіл айтамыз. Анамызға Алла иман байлығын берсін. \"Семей таңы\" газетінің ұжымы атынан Бас редактор Риза МОЛДАШЕВА. 10 ЖЕДЕЛХАТ Семейден. 8.08.2001 ж. Алматы. Нұршайықовқа. Егіздің сыңарындай еркелеп ғұмыр кешкен асыл жарыңыз Халиманың бақилыққа аттанғанын естіп, қайғыңызды бөлісіп, көңіл айтамыз. Берік болыңыз. Сабырлылығыңыз тірек болсын. Нәсен мен Раушан СЕНБАЕВТАР. Хафиз бен Қамал MAТАЕВТАР: 11 ЖЕДЕЛХАТ Талдықорғаннан. 2.08.2001 ж.
Алматы. Нұршайықов Әзілханға. Қадірлі жеңгеміз Халиманың орны толмас қазасына қатты қайғырып, шын жүрегімізден көңіл айтамыз. Әдемі мен Жәдігер ШАЙХИНДЕР. Ғибадат пен Аманғали ШЕГІРОВТЕР. 12 ЖЕДЕЛ ХАТ Шымкенттен. 31.07.2001 ж. Алматы. Нұршайықов Әзілханға. Адами қасиетіңізді құдірет көрген өмірлік айнымас жан серігіңіз Халиманың қайтыс болуына байланысты көз жасымызды төгіп, қайғыра отырып, көңіл айтамыз. Қапира мен Әсет ТІЛЕУКЕЕВТАР. 13 ЖЕДЕЛ ХАТ Семейден. 30.07.2001 ж. Алматы. Нұршайықовтарға. Қайғыңызға ортақпыз. Жеңгеміздің жаны жәннатта болсын. ЕРСӘЛІМОВТЕР отбасы. (Балташ ЕРСӘЛІМОВ). 14 ЖЕДЕЛ ХАТ Атырау. 06.08.2001 ж. Алматы. Нұршайықов Әзілханға. Құрметті Әз аға! Біздің асыл апайымыз, сіздің сүйікті жұбыңыз Халиманың қайтыс болуына орай шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғыңызға ортақпыз, Әз Аға,
Өзіңізге Бір Алла күш, қуат берсін. Халима апайдың иманын нәсіп етсін, топырағы торқа бол сын. Өтебай БИСЕНҒАЛИҰЛЫ. 15 ЖЕДЕЛ ХАТ Ақтаудан. 27.07.2001 ж. Алматы. Нұршайықовтарға. Аса құрметті Әз аға! Біздер \"Маңғыстау мұнай газ\" мекемесінің бір топ азаматтары жазушы Нұршайықовтың романтикаға толы ғажайып кітаптарынан нәр алып өскен Ұрпақ, Сіздің басыңызға түскен ауыр қайғыға көңіл айтамыз. Осындай қазалы күндерде біздерді қасыңызда деп ойлаңыз. Анамыздың жанын жәннаттан орын бере гөр деп Аллатағалаға жалындық. \"Маңғыстаумұнайгаз \" ААҚ-ның әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің қызметкерлері. 16 ЖЕДЕЛ ХАТ Ақтау. 27.07.2001 ж. Алматы, Құрманғазы, 90, кв.28. Нуршаиховой Жаннат Азильхановне. Примите наши искренние соболезнования по поводу тяжелой утраты — кончины вашей мамы. Коллектив ТОО \"Мунайтелеком\" 17 ЖЕДЕЛ ХАТ Ақтау. 27.07.2001. Алматы, Құрманғазы, 90, 28-пәтер.
С. Халиуллинге. Құрметті Серік Сафиұлы! Құрметті Жаннат Әзілханқызы! Ананы жоғалтудан ауыр қайғы болуы мүмкін бе?! Сіздердің бастарыңызға түскен ауыр қайғыға ортақпыз. Аталарымыз қайғы бөліссе жеңілденер деген екен. Шын жүректен қайғыларыңа ортақтаса отырып, Алла-тағаладан анамыздың жайын жәннаттан бере гөр деп жалынамыз. \"Маңғыстау мұнай газдың \" әлеуметтік мәселелері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері. 18 ЖЕДЕЛХАТ Ақтау. Срочная. 27.07.2001. Алматы, Курманғазы, 90 кв.28. Уважаемая Жаннат Азильхановна! Уважаемый Серик Сафиевич! Примите наши глубокие соболезнования в связи с постигшем Вас горем — безвременной кончиной Вашей метери Халимы Калиакпаровны. Крепитесь. На протяжении всей жизни Халима Калиакпаровна была единомышленником, соратником замечательного писателя современности Азильхана Нуршаихова, вырастила достойных детей, которыми все мы гордимся. С Уважением, КРЫМКУЛОВ С.Е. ГИЛЛЕРА.А. МИРОШНИКОВ В.Я. РАХИМБАЕВА Б. Г. Руководство ОАО \"Мангистаумунайгаз\". Ақтау, 27июля 2001 г.
19 ЖЕДЕЛХАТ Ақтау. Тығыз түрде. Алматы. Нұршайықова Жаннат Әзілхан қызына. ЖШС \"Нефтестрой\" ұжымы Жаннат Әзілхан қызына және оның отбасы, ағайын- тумаларына аналары Халиманың қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. ЖШС \"нефтестрой \" директоры – А.А. САҒЫНДЫҚОВ. 20 АШЫҚ ХАТ Алматы. Нұршайықовқа. Қымбатты Әзілхан! Сен де қайғылысың, сенімен қоса мен де қайғылымын. Сен дүниеде теңдесі жоқ жақсы әйелден, жаныңның жартысындай болған жан жарың Халимадан айрылдың. Мен балалар үйі мен интернатта жетімдік шерін бірге тартқан, соғыс кезіндегі әскери өмірдің ауыр жүгін бірге арқалаған жан бауырым, досым, қамқоршым Халимадан айырылдым. Жан жолдасым Кәрмұхан қазасынан кейін басыма түскен ең ауыр қайғы осы болды. Қайғырдым. Жыладым. Көндім. Басқа қолымнан не келеді? Енді Сен берік бол. Халиманың қасиетті атын тарихта қалдыр. Екеуіңнің ескі достарың Хантай ЕЛУБАЕВ. Павлодар. 27.07.2001 ж. 21 ЖЕДЕЛ ХАТ Павлодар. 27.07.2001. Алматы. Нуршаихову Азильхану. Примите искреннее соболезнование по поводу кончины горячо любимой Вами Халимы. САДВОКАСОВЫ.
22 ХАТ Құрметті Әзілхан аға! Сіздің сүйікті жарыңыз әрі сенімді серігіңіз Халима апаның өмірден өткендігі жөнінде 4.08.2001 ж. күнгі \"Оңтүстік Қазақстан\" газетінен оқып естідік. Біз Шаяндық Шырақбай ініңіз бен қарындасыңыз Айман екеуміз қайғыңызға ортақ екенімізді білдіріп көңіл айтамыз. Сіз кезінде жастарға тәрбиелік мәні зор бірнеше туындылар берген атақты жазушысыз. \"Ақиқат пен аңыз\" атты роман диалог арқылы қазақ халқының аяулы ұлы , халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы еліміздің кешегі Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерен ерлігін дүние жүзіне паш еткен азаматысыз. Қысқасы, сіз қазақ халқына керек жансыз. Сондықтан да алдағы кезде денсаулығыңыз мықты болсын. Қазақ халқы үшін аман жүруіңізді біз тілейміз. Сәлеммен ініңіз Шырақбай БАЙҒОНҰЛЫ. 7.08.2001 ж. 23 ЖЕДЕЛ ХАТ Семейден. 27.07.2001. Алматы. Әзілхан Нұршайықовқа. Сен екеуміздің достығымызға тура алпыс жыл толып еді. Халима, Хантай төртеуміздің достығымыз елу төрт жылға жетіпті. Осы жарты ғасыр бойына достығымызға кір жұқтырмаған, қылау түсірмеген асыл Халима алыс сапарға аттаныпты. Хантай жылады, мен іштей егілдім. Амал не? Енді өзің аман бол. Балалар ғұмырлы болсын. Екеуіңнің ескі достарың Хантай мен Мұқан Омарбаевтар. 24 ЖЕДЕЛХАТ
Шымкенттен. 27.07.2001 ж. Алматы. Әзекең Нұршайықовқа. Біздің жанымызды жалғастырып, өмірімізді жақсартып келе қатқан екі адам бар еді. Оның бірі өз қарындасыңыз, менің жарым Рәтәй болса, екіншісі биік парасатты жеңгеміз Халима апай еді.Сіз бен бізді ол екеуінен ажал айырды. Қайғырайық, бірақ қажымайық. Жылайық, бірақ, жығылмайық. Елге ес, балаларға бас болып жүре берейік. Аман болыңыз. Сіздің дос-іні әрі күйеу балаңыз Нұрмахан, жиендеріңіз: Бақыт, Нұржан, Бақмағамбет, Әділ, Болат ӘЖІМЕТОВТЕР. 25 ЖЕДЕЛХАТ Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төлеби ауылы. Алматы. Нұршайықовқа. Қадірлі Әзеке! Баспасөзден асыл жеңгеміз Халиманың бақи болған хабарын оқып, қатты күйзелдік. Халекеңнің алды пейіш болсын. Сізге мойымас жігер, қуат тілейміз. Шайқұл, Жұмабек ОРЫНБАЕВТАР. 26 ФАКС-ХАТ Алматы, факс 69-62-13, Қазақстан Жазушылар одағы. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа. Қадірлі Әзеке! Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінің басқармасы, жамбылдық қаламгерлер атынан жан жарыңыз, балаларыңыздың анасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Халима апайдың қайтыс болуына байланысты Сіздің қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтады. Мұндай кезеңде Өзіңізді берік ұстап, балаларға медеу бола біліңіз.
Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ, Бахтияр ӘБДІЛДӘҰЛЫ, Елен ӘЛІМЖАН. 27 ЖЕДЕЛХАТ Богень, ВКО. 06.09.2001. Сочувствуем Вашей ничем невосполнимой боли – утраты дорогой, любимой бесценной Халимы апай. Желаем здоровья, покоя в семье. Молдахмет, Сара АРЫСТАНХАНОВЫ. 28 ФАКС-ХАТ Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа. Аса қадірлі Әзілхан аға! Менің атыма жолдаған жеделхатыңызды және марқұм Халима апамыздың қолтаңбасы жазылған кітапты179 таптырып алдым. Сізге аса ризашылығымызды білдіре отырып, қадірлі Әзілхан аға, Деніңіздің сау болып, ғұмырлы өмір кешуіңізге тілектеспін. Халима апамыздың жаны жәннатта болсын, жасамаған жасын ұрпағына берсін. Әрқашан Сіздің саушылығыңызды тілеп, құрметпен \"Семей таңы\" газетінің Бас редакторы Р. МОЛДАШЕВА 17.08.2001 жыл. Семей қаласы. 29 ЖЕДЕЛ ХАТ Семей. 10.08.2001. Алматы. Нұршайықовтарға. Аса қадірлі Әзілхан аға!
Орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Апамыздың топырағы торқа, жаны жәннатта болсын. Аман болыңыз. Халыққа айтарыңыз мол ғой. Ұрпағыңыз аман болсын. Алдағы өмір баршаңызға махаббат, қызыққа мол жылдар әкелсін. Ыстық ықыласпен, Mұхан Омарбаев ағаның көршілері Мұхтарғазы ТӨЛЕУТАЕВТЫҢ жанұясы. 30 ЖЕДЕЛХАТ Семейден. 27.07.2001. Алматы. Нағашымыз Нұршайықов Әзілханға. Халима тәтеміз қапысыз қамқоршы еді. Жұртқа жақсылық. Жасауға тырысатын. Ол кісіден айырылып қалғанымызға қатты қиналдық. Бүгінгі кешкі пойызбен Алматыға шығамыз. Халима тәтемізге топырақ салуға тырысамыз. Жиендерің: Майра мен Серғазы САРБАЕВТАР. 31 ЖЕДЕЛХАТ Георгиевка, ШҚО. Алматы. Нұршайықовтарға. Айналайын, алтын тәтеміз Халима Ақбұзау ауылына түскен келіндердің ең сүйіктісі, ең өнерлісі, ең өнегелісі болған еді. Сол қалпында өмірден озды. Топырағы торқа болсын. Сіз біздің ауылға ғана емес, бүкіл елге керексіз. Сондықтан сіз аман болыңыз. Бауырларымыз Жанар, Жаннат, Арнұр, Жаннұрлар аман болсын. Олардың тәтеміз көре алмай кеткен қызығын Сіз көріңіз. Ініңіз Қалидолла мен келіңіз Бикен АҚТАНЕАЛИЕВТЕР. 11.08.2001. 32 ФАКС-ХАТ180
Алматы. Нұршайықовтар отбасына. Біздер, мойынқұмдықтар, қазақтың қабырғалы қаламгері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың жұбайы қайтыс болуына байланысты үлкен қайғыларыңызға ортақтаса, көңіл айтамыз. Тамаша сөз зергері, қазақ әдебиетіне сүбелі үлес болып қосылған талай шырайлы шығармалардың авторы Әзекен Мойынқұм еліне қадірлі, қастерлі жан еді. Себебі, ол үнемі біздің ауданмен тығыз байланыста болды. Мойынқұм жеріне талай рет келіп, оның еңбекті сүйген ерлері жайында мақалалар мен очерктер жазды. Әсіресе, Әзекең ауданды ұзақ жыл басқарған Айтбай Назарбеков пен екі мәрте еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевпен достас, әрі сыйлас еді. Үлкен жазушы, тамаша адам Әзілхан Нұршайықовтың есімі мойынқұмдықтардың есінде де ұзақ сақталады. Мойынқұм ауданының ӘКІМШІЛІГІ. Жамбыл облысы. 37.07.2001 ж. Халиманың соңғы сәлемі Қарағым! Бұл кітапты мен жазғаным жоқ. Бұл роман мен туралы да емес. Бірақ, осы кітаптың сырт көзге көрінбейтін қосалқы авторымын. Бір данасы Сізге берілер. Қабыл алғайсыз. Автордың әйелінен ескерткіш болсын. Мен жасымда жетім қалып, Семей балалар үйінде өстім, интернатта тәрбиелендім. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысып, Мәскеуде қызмет еттім. Соғыстан кейін институт бітіріп, мұғалім болдым. Одан кейінгі өмірімді жан жарыма көмекші болуға арнадым. Артымда Жанар, Жаннат, Арнұр, Жаннұр деген балаларым, (Сабина, Сәкен, Дина, Алма, Әлия деген немерелерім және өзім аттас Халима деген шөберем қалды. Өз балаларыма да, күйеу келіндеріме де, немерелеріме де, кішкентай шөбереме де, тағдыр қосқан жан жарыма да шексіз ризамын. Сіздер тыныштықта ғұмыр кешіп, Әзілхан екеуміз сияқты тату-тәтті өмір сүріңдер, өркендеп бақытты болыңдар! Менің атым Халима Қалиақпар қызы Өзбақанова - Нұршайықова. Ескерту:
Халиманың бұл соңғы сәлемі 2001 жылы оның жетісіне және қырқына жиналған жұртқа әрқайсысы 80 данадан таратылған \"Махаббат, қызық мол жылдар\" мен \"Өмір өрнектері\" кітаптарының беттеріне жазылып үлестірілді. ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ ОЙЛАР ХАЛИМА КҮМБЕЗІНІҢ ДӨДЕГЕЛЕРІНЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ СӨЗДЕР ЖАЗЫЛАДЫ181: 1. Махаббат үш түрлі болады: а) Бала махаббат. ә) Шала махаббат б) Мәңгілік махаббат. 2. Адал жар — асыл қазына. 3. Әйел — бақыт. Бала — байлық. 4. КҮН — жер анасы. ӘЙЕЛ — Ел анасы. 5. Әлемнің нұры — КҮН. Адамзат КҮНІ — Әйел. 6. Алтын тозбайды. Адал жар азбайды. 7. Адал дос — дәулетің. Асыл жар — сәулетің. 8. Жақсы бала — малың. Жақсы жар — жаның. 9. Жақсы жарға — жан пида! 10. Әйелдің ләззаты — әлемнің рақаты. 11. Әйелдің назы — жүректің жазы, сананың сазы! 12. Әйелің өлді — Шырағың сөнді. Қара түн төнді — Қу жаның көнді! 13. Әйелден қымбат қазына жоқ! Күмбез ішіндегі қос қабірдің жоғарғы жағына жазылатын сөздер: Халима екеуміз бір-бірімізге тоғыз жыл ғашық болдық. Одан кейін 54 жыл қол ұстасып, ләззатты өмір сүрдік. Дүниежүзіндегі ғашықтардың қолы жетпеген МӘҢГІЛІК МАХАББАТ басымызға кидік. Біз өз заманымыздағы ең бақытты қарапайым адамдардың бірі болдық. Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ.
Қайғыма ортақтасып, көңіл айтушыларға Жан жарым, әдеби серігім Халима Қалиәкпарқызының қайтыс болуына байланысты, Ұлы Отан соғысынан кейін өз басыма түскен екінші ең ауыр қайғыма ортақтасып, өз газеттерінде жазушының қарапайым әйеліне арнап қазанама жариялаған, оның үстіне адамдарының атынан маған көңіл айтқан Ақмола, Алматы, Атырау , Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстық, Семей қалалық және көңіл айту жарияланған республикалық \"Егемен Қазақстан\", \"Казахская правда\", \"Қазақ әдебиеті\", сол сияқты жергілікті \"Мегаполис\", \"Местное время\" (Маңғыстау облысы), \"Мұнай Информ\" істерінің ұжымдарына бұрын өзім қызмет еткен Сіздің газетке ықылас білдіруіме рұқсат етіңіз Сол сияқты, маған хат жазып, телефон соғып, факс хат і Беріп, жеделхат жолдап, үйіме келіп, осы бір ауыр күндерде қасымнан табылған ағайын-туғанға, дос-жаранға, жазушы ағам, іні қарындастарыма, оқырмандарыма, соғысар ардагерлеріне, академик профессор ғалымдарға, солардың ішінде Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және коғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхамед, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Италия мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшілері Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлейменов бауырларыма шын жүректен шексіз ризалық білдіремін. Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ, (\"Қазақ әдебиеті\", №34 (2716), 24-тамыз, 2001 жыл) Жазушы жарына ескерткіш орнатты Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың жан жары, әдеби серігі Халима Қалиәкпар қызының өмірден өткеніне жыл толды. Жазушы әйеліне арнап ас берді, басына ескерткіш орнатты. Ескерткіш Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың бейіті тәріздендіріп, ұлттық үлгіде, мәңгі мүжілмейді деп есептелетін Маңғыстаудың ақ тасынан (ракушка –ұлу тас) салынды. Биіктігі 10 метр. Авторы Шыңғыстаудағы Абай мен Шәкәрім, Ділдә мен Әйгерім, сол сияқты Оңтүстік Қазақстандағы Домалақ Ана кесенелерін көтерген атақты архитектор, ақын Сайын Назарбекұлы. — Дүниежүзіндегі — көптеген ғашықтардың қолы жетпеген мәңгілік махаббатты басынан кешірген Әзілхан аға мен Халима апаның шексіз сүйіспеншілігіне арналған бұл ескерткіш ғажайып ғашықтық дастаны \"Қозы Көрпеш Баян сұлу\" жырының 1500 жылдық тойына арнаған өз тартуым, — дейді сәулетші Сайын Назарбекұлы. — Баян сұлу бейіті атақты Аягөз жерінде тұр. Сол өңірде туып- өскен оның бір сіңлісі Халима күмбезі асқар Алатаудың иығынан бой көтергенін шығармашылық мақтаныш етемін!
(\"Қазақ әдебиеті\" газеті. №31/2765/, 2.08.2002.) Алғыс хат Ардақты анамыз Халима Қалиәкпар қызы Өзбақанова Нұршайықованың жылына келіп қатысып, жылы лебіз білдіріп, есіңізге түсіргеніңіз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтамыз. Нұршайықовтар әулеті. 27-шілде 2002 жыл. Алматы. \"Айтұмар \" банкет залы. (Бұл хат Халиманың жылына қатысқандарға үлестіріліп берілген кітаптардың бірінші бетіне жазылған). ІІ ТАРАУ
ХАТТАР 1 Қайран Халекемнен айырылыпсыз, әзіз Әзекем! Құрметті, қайғылы, қазалы Әзекем! Менің 50-жылдардаң бергі жан серігіме айналған \"Қазақ әдебиеті\" газетінен көз жазып қалғаныма біраз болды. Төрт жылдан бері жаздырып ала алмай келемін. Зейнетақы тым жарытымсыз, адам көп. Кешіріңіз, ала алмай келе жатқан себебімді айтқаным ғой. Он-он бес құн шамасында үйдегі пеш түбіндегі маған әлдекім газетке оралған сәлемдеме беріп жіберіпті. Мені орамының ішіндегісінен гөрі сыртындағы \"Қайран, Халима\" деген мақала мен жылы иман жүзді әйел суреті еріксіз еліктіріп, әлгіге үңіле қалдым. Соны орталай \"Ойпыр-ай, жалған ай Әзекем де сүйікті де, қимас жеңешемнен айырылып қалған екен-ау\" дей бергенімде, жаным дағы телефон шар- шар ете түсіп, тұла бойымды үрей билеп, біртүрлі боп, басым мәңгіріп, өзімді-өзім игере алмай кеттім. Хабар да жайсыз хабар болып шықты. Көрші аудан Қазалыда әкемнің інісінің жалғыз баласы Әбдіқаппар (51 жас) қайтыс бопты, ауырмай- сырқамай. Газетті бүктедім бе, умаждай, мыжыдым ба, әйтеуір жаныма салғаным есімде. Апалаң-құпалаң, келуіне жарты сағат қалған \"Тоқылдақ\" деп аталатын поезға жинала бастадым. Мақаланы оқуды жолай жалғастырдым. Содан қайтып кеп, осыны жазып отырмын, Әзеке! Тағдырдың жазуы солай шығар, не амал бар Алланың ісіне? \"Бетпе-бет келсе, талай жерде ұялтқан болар едім\" дейтін ажалдың жұмысы сол. Артының жақсылығы болсын. Әлгі мақаланы жазған Қалмұқан ағам екен. Өткен айда қайтыс болды депті. Қош, cay болыңыз. Өзіңізге жүрім, отбасыңызға бірлік берсін. Жағдайларыңызды білгім келіп, осы хатты жаздым. Көңіл қошыңыз болса, бес жол жауап жазсаңыз, тәуір болар еді, Әзекем. Өзіңізбен жүздеспеген Кеңес ініңіз Кеңес ӨМІРЗАҚҰЛЫ, Арал қаласының тұрғыны 21.08.200 2 Өтебай БИСЕНҒАЛИҰЛЫ Атырау қаласының тұрғыны
I Ассалаумағалейкүм, ардақты Әз аға! Өзіңізге шынайы көңілмен сәлем жолдап, осы хат арқылы қолыңызды алып, көрісіп отырған Атыраудағы ініңіз Өтебай Бисенғалиұлы. Әз аға! Атырау үн қағазының облыстық \"Атырау\" газеті 4 тамыздағы шыққан №92-93 санынан Халима апайдың қайтыс болғанын оқып, өз көзіме өзім сенбедім. Үш рет оқып шықтым. Мен де Кербез атты келініңіздің соңында қалып, бала мен келін тәрбиесінде отырғаныма бірнеше жыл болды ғой, Әз аға! Бір Алланың маңдайымызға жазғанын көреміз, көнеміз, көтереміз. Шүкіршілік етеміз ғой. Деніңізге саулық, бойыңызға қуат, әсем көңіл-күй, өміріңізге тыныштық, қуаныш берсін Алла тағала. Оқырманның сүйікті жазушысы, Оқырманның бірегей ақылшысы, Оқырманның жүрегінде, аузында жүретін, Сары алтындай салиқалысы, Оқырманның көз алдына тұратын Биік шыңы ардақтысы едің, Әз, аға! Берік бол, жасыма, қайраттан. Қайғының бұлтын тілетін найзағай едің, Әз аға. Бауыржан ағаның бірге отасқан жұбайы қайтты ғой дүниеден. Сіз де Бауыржан ағаның бірегей сүйіктісі, қадірлі, қала ұлы інісі деп білеміз. Қалың оқырманның жүрегі солай қабылдайды, солай шешеді. Тыңнан алтын қор кітаптарыңызды жаза беруде қаламыңыздың жасымауын бір Алла нәсіп етсін. Жергілікті құшағы жазық, жүрегі үлкен қалталы азаматтар қамқорлық жасап, сізге жағдай туғызсын. Күш-қуат Алладан болсын. Тілекші қалың оқырман халқыңыз қамқор болсын. Әмин! Кеше ертемен көңіл айтқан жеделхат салған едім. 6.08. күні барған болар. Мен Балықшыдағы үйден қала орталығында тұратын Бауыржан атты баламның үйіне келдім. Бала мен келіннің қарамағындамын. Сәлеммен Өтебай ініңіз. 7.08.2001 ж. II Ассалаумағалейкүм, Әз аға!
Денсаулығыңыз қалай? Көңіл-күйіңіз жақсы ма? Немере, шөбере, өз айналаңыз, қатар құрбы достарыңыз, қаламдас әріптеріңіз тегістей аман ба? Халима апайды Бауыржан жатқан Кеңсайға қойдыңыз ба? Әз аға! Атырау қаласындағы өзім көптеген жылдар адал қызмет жасаған балық консерві комбинатының шығарған құты консерві өнімдерін Халима апайдың рухының құрмет дастарханына Сіздерге ақ көңілмен, шын жүректен жіберіп отырмын, Халима апамның қырқына жиналғандар ауыз тиіп, дәм татсын деп. Қара уылдырықтың қазір аты өшті, жоқ. Іздесең таппайсың, қолға түспейді, көзге көрінбейді. Айыпқа бұйырмаңыз неге жіберді деп. Деніңізге саулық, бойыңызға қуат тілейміз. Алла тағала шаршатпасын, қаламыңыз жасымасын, Әз аға. Атырау қаласындағы тілекші ініңіз Өтебай. 25.08.2001 ж. 3 Жаңа жылдық тілек Сәләматсыз ба, Әз аға! -қағым сәт\" газетінен едім. жағдайымды білесің. Пәлен жыл бірге өмір сүрген құдай қосқан қосағымнан айырылып қалдым. Ауыр қайғы еңсемді езіп, қабырғамды қайыстырып кетті. Не істерсің өмір солай. \"Мәңгілік махаббат жыры\" атты ғұмырнамалық толғауымды өзің қалап сұрап алып, газетінде жариялай бастағаныңа дән ризамын. Қалай, жұрт оқып жатыр ма? Пікір қалай? ары таза, жаны мөлдір, махаббатқа адал, жарға адал, өмірлік серік нағыз қазақ әйелінің асыл бейнесін сомдап соққан деседі жамағат. Өзім анық білетінім, толғауыңызды компьютерден теріп шыққан баланың көзіне жас тамшылап отырғанын көрдім, соның куәсі болдым, аға. -көсір алғысымды жеткізші Аман болсын, айналайын!
ел-жұртыңызға не дейсіз, нендей тілек айтасыз? баршаға деген ықыласымды баспасөз бетінде білдіргем. Тағы да соны қайталаймын. Халім жаман емес. Алданышым — немерелерім бар емес пе! Жазу-сызудан да қала қойған жоқпын. Барлық отбасылар аман болсын! Еліміз аман болсын! Жеріміз аман болсын! Cay бола ғой, айналайын! (\"Қас-қағым сәт \" газеті, 6 қаңтар, 2002 ж.) 4 Құрметті Әз аға! Күні кеше еліміз тәуелсіздігінің он жылдығын дүркіретіп тойлап өттік. Еншімізге тиген жаңа ғасырдың жаңа жылын қуанышпен, ізгі тілектермен қарсы алдық. Қазақстанның да келесі айына аман-сау қадам бастық. Міне, осы бір уақыт аралығында өзіңізбен тағы да хабарласып қоюды жөн деп білдік. Ал, сондағы айтқымыз келгені сіздің ұшқыр қаламыңыздан Туған \"Мәңгілік махаббат жырын\" жариялау барысында редакциямызға көптеген хаттар келіп түсті, телефон арқылы хабарласқан адамдар да бар. Мәселен, Қарағанды облысынан қалай жыл бойы мектеп директоры болып қызмет істеген, қазір құрметті енбек демалысындағы Райза Жотабаева туындыңызды көзіне жас алып отырып оқығанын айтып, шығарманың қалған бөліктері тезірек жарияланса екен деген тілегін білдірді. Сондай-ақ газетіміздің тұрақты оқырманы Нұрмұхамед Базарбаев болса, газетті тек Әз ағаңның осы шығармасы үшін ғана іздеп жүріп оқу керек деген ойын ортаға салды. Демек, сіздің тағы да бір туындыңыз жұртшылық жүрегіне жол тапқаны ешқандай күмән туғызбайды. Әз аға! Сіз өзіңіздің сүйікті жарыңыз Халимамен соңғы қоштасу сәттерінде \"егер сенің артыңнан кететін болсам, асылып та өлмеймін, атылып та өлмеймін, тек дәрімен ғана жан сақтап жүрмін ғой, егер дәрі ішпей қойсам өлгенім емес пе\" деген едіңіз. Жоқ, қадірлі аға, сіз дәріңізді іше беріңіз. Сіз алтын жеңгеміз, Халима апаның отын жағып, түтінін түтетіп кеткен отбасыңыз үшін аяулы аналарының орнын жоғалтпауға тырысып, құрақ ұшып күтіп отырған бала-шағаңыз үшін керексіз, шығармаңызды іздеп, сусап оқитын оқырман үшін керексіз, бүкіл қазақ халқы үшін керексіз. Сіз сонау сұрапыл соғыс жылдарының жалының кешіп, одан кейінгі толып жатқан қиындықтарды да басынан өткерген, мойымаған, мойымайтын аға ұрпақтың өкілісіз ғой, сондықтан қазіргі шақта қайғыға беріле бермей, айнымас
серігіңіз қаламыңызды қолыңыздан түсірмей жаңа туындылар жазып жатқаныңызға бек сенімдіміз. \"Мәңгілік махаббат жырынан\" кейін тағы да бір дүниеңізді газетімізге ұсынсаңыз дән риза болар едік. Әз аға! Сізден газетіміздің келесі нөміріне қазіргі хал жағдайыңыз, тындырып жатқан жоспарыңыз туралы ой пікіріңізді жазып беруіңізді өтінеміз. Сәлеммен, \"ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТ\" журналистері. (\"Қас-қағым сәт\", №2(7), ақпан, 2002жыл) 5 \"Қас-қағым сәт\" газетінің журналистеріне жауап хат Қымбатты қаламгер бауырлар! \"Қас-қағым сәт\" газетінің биылғы №2(7) санында маған хат жолдаған екенсіздер. Онда газеттеріңізге \"Мәңгілік махаббат жырынан\" кейін тағы да бір дүниеңізде ұсынарсыз деген өтініш айтыпсыздар. Және қазір не істеп жатқаныңызды біздің оқырмандарға айтып берсеңіз деген тілек білдіріпсіздер. Алдымен менің \"Мәңгілік махаббат жыры\" деген өз әйелім Халима жайындағы жан сырымды газеттеріңізге жариялап жатқан Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Менің бұл еңбегіме байланысты Сіздерге хат жазып, телефон соғып, ықылас білдіріп жатқан оқырмандарыңызға, солардың ішінде Қарағанды облысынан хат жіберген Райза Жотабаеваға, тұрақты оқырмандарыңыз Нұрмұхамбет Базарбаевқа және басқаларға, сонымен бірге редакция ұжымының менің денсаулығыма амандық, шығармашылық жұмысымның жалғаса беруіне тілектестік білдірген жылы лебізіне тебірене ризашылық жолдаймын. Енді не істеп жатырсыз деген ұрпақтарыңызға жауап берейін. Алдыңғы жылы Нұртай Сабильянов деген кәсіпкер оқырманым келіп, өзінің бір миллион теңгеге жуық ақшасын жұмсап, менің \"Қаламгер және оның достары\" деген эпистолярлық романым мен \"Өмір өрнектері\" деген әдеби күнделіктерімнің бірінші кітабын жарыққа шығарып берген. Қазір сол \"Өмір өрнектерінің\" екінші, үшінші кітаптарының қолжазбасын өңдеп, компьютерге бастырып жатырмын. Соларды тергізіп, дискетке жаздырып, кітап етіп бастыруға әзір етіп қоймақпын. Бұдан басқа 5-6 кітаптың қолжазбалары баспаға әзір тұр. Бірақ оларды шығарып беретін демеуші жоқ. Күндердің күнінде немере, шөберелерімнің бірі қаражат тауып, жарыққа шығарар деп үміттенемін. Қазір \"Мәңгілік махаббат жырын\" жеке кітапша етіп шығаруға әзірлеу демін. Биылғы жылдың ортасында жан жарым Халиманың қайтыс болғанына жыл толды.
Абай мен Шәкәрімнің басына күмбез орнатқан архитектор, әрі ақын Сайын Назарбекұлы деген қазақтың жаны жайсаң асыл азаматы Халима жеңгесінің басына Қозы Көрпеш Баян сұлу мазарыңдай етіп, Ақтаудың ақ тасынан биік күмбез орнатуға уәде беріп отыр. Сол күмбезбен қарайлас жарыққа шығартып, жарымның жылында бұл кітапшаны жұртқа таратсам деп тырысу дамын. Одан кейін Халима екеуміздің бірге өткізген 54 жыл өміріміз туралы жеке роман жазуға кіріспекпін. Ол романды \"Халима\" немесе \"Біз және біздің замандастарымыз\" деп атасам деймін. Мұнда махаббат, достық, қоғам, заман деген төрт тақырып түгел қамтуға тиіс. Сіздің газетке не ұсынуға болады? Соңғы кезде әйелдер жайында әр жерде сөйлеген сөздерім бар. Алдымен соларды ұсынғым келеді. Одан кейін әдеби күнделіктерімнің кейбір үзінділерін беріп тұруыма болады. Әзірше айтарым осы. Зор құрметпен, Ағаларыңыз Ә. Нұршайықов. 11.02.2002 ж. (\"Қас-қағым сәт \" газеті, №3(8), наурыз, 2002 ж.) 6 Нағыз махаббат осындай болар Жуырда өзіміз сүйіп оқитын \"Қас-қағым сәт\" газетінде Қазақстанның халық жазушысы, қалың оқырманның сүйікті жазушысы Әзілхан Нұршайықов ағамыздың \"Мәңгілік махаббат жыры\" атты ғұмырнамалық толғауынан үзінділер жарияланған еді.Бұл ғұмыр наманы оқыған адамның толқымауы, көзіне жас алып тебіренбеуі мүмкін емес. Жақшаның ішінде жалғасы бар деген сөйлемді оқығанда оқырмандардың ренжіп қалатының мен де өз басым, \"Қас-қағым сәттің\" келесі санын асыға күтемін. Келесі санды асыға күтесің, тағы да жалғасы бар деген сөзді оқығанда бір жағынан ренжісек, бір жағынан жалғасын тағы оқитынымызға қуанып қаламыз. Бір-біріне тоғыз жыл ғашық болып қосылған Әзілхан аға мен Халима апаның адал махаббатына сүйсіндім. Сүйсіне отырып, бас ием адал махаббаттарыңызға. Мұндай махаббат бар болса да, өте сирек шығар. Қазіргі заманда, әй қайдам, жоқ десем артық, кетем бе? Қазір жастар \"сүйдім, күйдім\" деп қосылып, үш күннен кейін ажырасып жатады. Бұрын оқушы кезімізде оқитынбыз: \"Етімді шал сипаған құрт жесін\" — деп құздан құлаған, теңіне қосыла алмаған ғашықтар туралы. Ал қазір ше, қазір
қалтасында теңге мен доллар болса, үлбіреген бой жеткендер әкесін дей адамға ғашық болып жатады немесе жас жігіттер өзінен 20-30 жас үлкен тәтесін дей адамға ғашық бола қалуы күнкөріс үшін, ондай махаббатты күнде естіп, жиі көреміз десек, ешкім таң қалмайтын болды. Міне, нағыз махаббат Әз ағаң мен Халима апайдікі дей болса, \"Қозы Көрпеш Баян сұлу\", \"Қыз Жібек — Төлегеннің\" махаббаттарындай аңыз қылып айтуға да болады. Мен осы ғұмырнаманы оқыған соң өзімнің жолдастарым, балаларыма да айтып бердім. Халима апайдың Әз ағамен қоштасу сәтін оқығанда. \"Нағыз ғашықтар, Мәңгілік махаббаттар өлмейтін болса ғой\", — деп қиялдадым. — Әз аға, өлмеңіз, дәріңізді ішіп, емделуіңізді тоқтатпай, бала-шаға, немере, шөбере қызығын көруге жазсын. Халима апай дұрыс айтады. Мәңгілік махаббаттарыңыз өлмесін, өзіңізге де ұзақ ғұмыр тілейміз. Сандуғаш МАЛҒАЖДАРОВА Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жоламан ұлы. (\"Қас-қағым сәт \", №5( 10), мамыр, 2002 жыл.) 7 Кейінгі ұрпаққа дарысын \"Қас-қағым сәт\" газетінен халық аса құрметтейтін жазушы Әзілхан Нұршайықовтың \"Мәңгілік махаббат жыры \"атты туындысын оқып, бір үлкен әлемнің ішіне кіргендей болдым! Ерлі-зайыпты адамдарға мұндай сыйласу, мұндай мөлдір махаббат сирек кездеседі. Халима іші алтын, сырты күміс адам еді! Оның қарапайым келбеті, жүріс-тұрысы адамның ішкі дүниесін жылытып тұратын. Әзеке, Халима екеуіңіз көшеде келе жатқанда, сол көшенің сәні едіңіздер! Кей кездерде Сіздер қол ұстасып келе жатса екен, жолықса екен дейтінмін. Айқайлап айтпай-ақ, екеулеріңіздің араларыңызда сирек кездесетін, аса аяулы махаббат бар екені көрініп тұратын. Опасыз өмір ай, айырылмайтыңдарды айырып, айырылатындарды айырмай қояды ғой! Халима сияқты қарапайым, дарқан жанды, аяулы аналар жер қойнына кіргендер, жер көгеріп, құнарланып, тірілерге нәр беріп жататын шығар! Не айтайын?! Қайран, Халима! Адамның ішкі дүниесі керемет әлем ғой! Сіздердің махаббаттарыңыз кейінгі ұрпаққа дарысын!
\"Қас-қағым сәт\" газетіне мың да бір рахмет! Бұл газет басқа басылымдар сияқты жауыр болған саясатты, ұрлық-қарлықты жазбайды! Адамның жанын тебірентетін, сезімді селт еткізетін дүниелерді жазады! Асыл ҚАЙСЕНОВА (\"Қас-қағым сәт\", №6(11), маусым, 2002ж.) 8 Мыңбай РӘШ Мәңгілік махаббат күмбезі Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов шілденің 21 жұлдызында аяулы жары Халимаға арнап, \"Кеңсай\" зиратында кесене тұрғызды. Сәске түс, тұрған еді Күн қызына, Шілденің жиырма бірінші жұлдызында, Ирелең-ирелеңді жолдарменен , Шықтық ау: \"Тәуекел\" деп тау құзына. Сиқырлы сәуле ойнаған күмбезінде, Төсеген өр кеудесін Күн көзіне, Шақырды шағаладай тас кесене Құпия сыры бардай бір өзіне. Басқышпен көтерілдік қақ қасына. Жел ойнап қарт қаламгер ақ шашында, Әз ағаң жайып салды жан сөздерін Жасырын ғашық жардан сақтасын ба! Халима, қалап едің құла құзды, Қарашы, келіп тұрған мына бізді. Екеуміз көз тірісінде келіскенбіз: Жетелеп жонға шықты көңіл ізгі.
Қасқалап сал шоқының нақ басында Қаланған Маңғыстаудың ақ тасынан, Көтеріп көк найзасын кесенең тұр, Көз тимей, бір Тәңірім сақтасын да! Көкірек айырылар көз жасым да Кепкен жоқ! Келем әлі Өз қасыңа!.. Сертімді орындаған секілдімін Мәңгілік махаббатым тозбасына! \"Иә!\" деп ғашықтар да құптағандай, Дұғасын молда оқып жұптағандай, Әз ағаң арманының биігіне Тұр шығып, атқарылған күт қадамдай! Жарасып биік шоқы нақ басында, Жазылған жүрек сөзі ақ тасына, Халима кесенесі көз тартады, Мәңгі ашық имандыға қақпасы да. Иіліп қарт қаламгер ақ басы да, Келіп тұр сүйген жары нақ қасына. Мәңгілік махаббатты іздесеңдер, Әзілхан Нұршайықовтан тапқайсыңдар! Алатаудың Кеңсай шоқысында. 21-22 шілде, 2002 ж. Марфуға АЙТҚОЖИНА Әз аға! (Аяулы жеңгеміз Халимаға Әз ағаң орнатқан
ақ күмбезде туған ой) Шуағына шомылған шапағаттың, Қызықпаған біріне атақ-даңқтың. Адалдықпен әрқашан өмір кешкен, Кейіпкері өзіңіз Махаббаттың! Аралдың да көрмеген жаза басып, Елің үшін ояндың маза қашып. Кішіге — аға, үлкенге — іні болған Бар қазақтың сүйетін — ӘЗ АҒАСЫ. 17.08.2002. 10 Халиманың монологы (Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың жұбайы марқұм Халима жеңгемізге арналған элегиялық толғау) Сөзімді \"Пісміллә!\" деп бастайын жай, Мен — жарың аспандағы тұратын ай! \"Той десе домалайды қу бас\" деген, Тыңдай бер, асқар тауым, қуатым - ай! Қуана құттықтаймын тек сені мен! Таба алмас жер жаһанға ескен мүлдем. Өзіңнің Халима ғой \"Кеңсайдағы\", Тағдырдың тезінде сан тексерілген. Қараймын көзім төрт боп кесенеден. Белгілі берекесіз бесенеден. Тықырын табаныңның естіп жатам,
Қасыма неше кетіп, неше келген. Меңтайға жолаушылап қайтқаныңды, Жұмбағын жастық шақтың айтқаныңды. Елеңдеп, елегізіп сезіп жаттым: Жетпіс бес кітап сыйлап, байытқаныңды! Өзіндей болсын, шіркін, ғашық, адам, Қауызы қызды көрдің ашылмаған. Ойыңа түскен шығар қос алмасы, Қалайша түнгі ұйқыңды қашырмаған?! Үш ұстаз \"қызыл көрпе\" сыйлағанын, Меңтай да сені әлі қимағанын — Бәрін де көріп жаттым, о, құдірет, Саған жұрт қол соғуды тыймағанын! Қасыңнан қалт қалмастай сырласатын Жарың ем жерде аяқты бір басатын. Өзіндей қуанамын, қымбат досым: Сапарың сәтті болды-ау, құт тасатын! Рұқсат бермегенде емшілерің, Өзім - ақ тірі болсам, \"Баршы!\" — деп ем. Бірақта, сені жалғыз аттандырмай: \"Өзіңмен бірге мені алшы!\" деп ем. Жігітсің, беу, Әзілхан, жарағансың! Оң - солға ауырсаң да қарағансың. Дәріден гөрі өрттер ғашық артық, Достарды, айтшы, қайдан таба аларсың?!
Жарайсың! Сала берме сары уайым! Жебейді жота жақтан аруағым! Барғаның Кентау жаққа жақсы болатын, Қым - қуыт арасында шаруаның. Жайыпсың сексеніне дастарқанды, Ең жақын шақырыпсың дос дарханды. Қоярсың мені еске алып той басында, Және бір тост көтергей дос тарқарда. Қосағым, қуанышың арылмасын, Жағың да сөйлер сөзден жаңылмасын! Толғанған тау басынан бойыңды естіп, Өзіңнің деп білерсің Халима шың! Ризамын!!! Маңғыстаудың ақ тасынан Орнатқан кесенеңе тау басына. Қозы Көрпеш Баяндай қатар жатқан, Түбінде жантаярсың тап қасыма! Халима жеңгеміздің жаңғырығын жеткізген қайнысы- Мыңбай РӘШ. Алматы. 16.12.2002 ж. АЛТЫН АДАМ. \"Қазақ әдебиеті\", 26.04.2002 ж. Авторға келген жаңа хаттар Әзілхан Нұршайықов бұрын өз оқырмандарынан жыл сайын жүздеген хат алушы еді. Қазір жазушы мен оқырмандар арасында байланыс азайды. Былтыр қаламгер оқырмандарынан, сол сияқты журналист, жазушы іні - достарынан жүзге жуық хат алып, жүз елудей адаммен телефонмен сөйлескен екен. 40-50 қаламгер қолтаңба жазып, өз кітаптарын сыйлапты. Қаламгерге биыл да там-тұмдап хаттар келіп жатыр екен.
11 Құрметті Әз аға! Сау-сәлемет болдыңыз ба? Үй-ішіңіз, балалар аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма? 24-қыркүйек дүйсенбі күн — мен үшін айрықша күн болды. Сізден бүйірі толық пакет алып, оны ашпай жатып-ақ арқа-жарқа болып қуандым. Торғай облысы жабылмай тұрған 1997 жылға дейін оның бұрынғы орталығы Арқалықтан сізбен хат жазысып хабарласып тұрушы едім ғой. Сол сәттер хат арқылы ыстық қауышқан аңсаулы да, кәусарлы кезеңдер екен ғой. Одан бері қаншама уақыт өтті. Облыс жабылып, біразымыз жан-жаққа бытырап кеттік. Тағдыр айдап мен 1997 жылдың сәуір айында Ақмоладан бірақ шықтым. Біраз жұмыссыз жүріп, сәті түскенде Мәдениет, ақпарат және коғамдық келісім министрлігіне қызметке тұрып, онда екі жарым жылдай жұмыс істедім. Бірақ шенеунік қызметінен кежегем кейін тарта берді де, өзімнің бұрынғы сүйікті ұям \"Егеменді Қазақстанға\" 2000 жылдың 17-мамырында қайыра келдім. Кейде ойлаймын, баяғы Керекуде өзіңіз басыңыздан кешкен кейбір тұстарға келің кірейтін жағы да бар ма деп. Сіз онда облыстық газеттің редакторлығынан \"Социалистік Қазақстан\" газетінің сол өңірдегі тілшілігіне сұрандыңыз ғой. Сол қадамыңызды қазір \"неткен ерлік\" деп бағалаймыз. Сөйтеміз де \"жазудың құдіреті - ау\" деп түйін түйеміз. Алмас қаламыңыздың тандап әперген дұрыс жолы осы болған екен-ау. Оны уақыт та дәлелдеп, қуаттап отыр емес пе? Әз аға! Хатымның басынан-ақ өткеннің мұндай сезіміне ырық беруімнің жөні де бар секілді. Пакет ішінен шыққан үш дүние \"Өмір өрнектері\" мен \"Қаламгер\" кітаптарыңыз бен \"Халима\" атты мәңгілік махаббат туралы жырыңыз менің жан- дүниемді өзгеше арпалыс күйіне түсірген магнитімен ғажайып әлемге сүйрей жөнелген еді. Өмірдің қуанышы мен күйініштері қатар өрілген осынау тағылым жырларын бейқам отырып оқып шығу мүмкін емес. Алғашында жеделдетіп жауап хат жазып жібермек болып оқталғаныммен, бірте-бірте бөгеле бердім. Алматыдан Арнұр інім қоңырау шалғанда да шешесіне көңіл айтып, \"пакет алғанмын, хат жазамын\" деуден әрі те бара алмадым. Сондағы түс алғаным мына себептен екен әлгі үш дүниеден бас ала алмағаным. \"Халиманы\" алдымен жұмыста өзім оқып, үйге барған соң Алтын келініңізге оқып бердім. Кейін балалар жиналған соң оларға және бір қайталадым. Балаларымның ішінде орысша оқып, қазір тәп-тәуір қызметте жүргендері де бар еді, бәрі де тым-тырыс отырып тыңдады. Көз қиығыммен өндерінің бір бозарып, бір сазарғанын да байқап қалдым. Кей тұсында менің үнім дірілдеп, өзгере бастағанда Алтын келініңіз:
— Ағай шынында да махаббат жырын жазған екен, — деп, өзінің кемсендегенін жасырғысы келгенімен, керісінше, көз жасын байқатып алды. \"Халиманы\" оқып біткен соң әсерден айыға алмай: — Мен де күндердің бір күнінде осындай жыр жазуым керек - ау, — деп қалыппын. Айтуын айтсам да тілімді қыршып алғандай түтігіп кетіппін. Тыңдаушылардың бәрі, ішінде Әсел деген екінші келінім, Тоғжан атты үш жасқа тақаған немерем бар, баршасы үй ішін күрт кернеген тылсымға таңданғандай болып, маған әрқалай оймен қарап қалыпты. Үнсіздікті манағы айтқанымның бәрін ойша саралап үлгерген Алтын бұзып жі-берді: — Е, жаз, оның несіне ренжимін. Ғұмыр бойы осылай жұбымыз жазылмай жүре бермейтініміз тағы ақиқат қой. Қайта өз аузын нан ерте бастан естіп, өмір кешкенімізді өзі бір ғанибет емес пе, деп ол әңгіменің бір жағын әзілге бұрып жіберді. Сәл үнсіздіктен кейін келініңіз: — Сегізінші кластан бері үзбей жазып жүрген күнделіктеріңнің ішінде біз де бар едік, маған сол тұстары да жетіп жатыр, деп мағынасыз сезім жетегімен ауырлау айтылғандай болған сөзімді тағы жуып-шайып тастады. — Расында да бүгінге шекті жиналып қалған том-том дәптерлерім бар екен-ау, — деп мен де шындығым мен әзілімді теңдестіріп жібердім. Әйткенмен өз ойыммен өзім әлекпін. Құдай қолдан отыз төрт жыл отасып отырған, өмірге Арай, Әсет, Баубек, Гауһар және Алау атты балалар әкелген, осы отасқан жылдары бір рет көңілімді орынсыз қалдырмаған, жора-жолдас, туған-туыс, ағайын арасында тек жақсы атымен аталып жүрген сыңарым туралы менің ойымда да қағаз бетіне түспеген тәлімді сөздер қордаланғанына көзім жете бастағандай. Рас, күнделіктерімнің арасында қарадық қыстырылып жүрген тұстары да кездеседі. Бірақ \"Халиманы\" оқығаннан кейін әрбір отағасы өз зайыбы туралы тіптен басқаша көзқараспен пайымдағаны абзал ма дедім. Бұл жағы да Сіздерден тараған өшпес өнеге болып қаларына кәміл сенемін. Сосын оңашаланып алып, \"Қаламгерді\" оқуға кірістім. \"Өмір өрнектерін\" редакция тартпасына салып кеткем, жұмыстың ара-арасында жылжыта берейін деп. Сөйтсем, кейін \"Қаламгерді\" оқып біткен соң білдім ғой, менің редакцияда кітап оқуым құдды Мұхан ұстазымыздың өзіңіз жазған тәсіліне ұқсай қалған екен. \"Болмасаң да ұқсап бақты\" ұстанған едік, тіпті, \"күнделік жүргізуім\" Әз ағаңа ұқсағанын қарашы\" деп енді қазір көңілімді бір демдеп, өсіріп тастап отырмын. Мұндай күй кешудің өзі жазатын адамға әл-қуат береді екен. \"Қаламгерді\" оқып біткен соң Мұхан Иманжановпен тұстас өмір сүргендей, сол кездің әдеби ортасында тыныстағандай етек-жеңім кеңейіп қалды. Мына нарық жағдайында тұрмыс жүдеңкіреп, пәтер жөнінен нақ ұлы Мұханның күйін кешіп, сол
кісінікіндей теперіш көргендіктен бе екен, \"әй, әмір дегенің сол екен ғой, пәтерсіз жүргенімнің өзі қандай жақсы\" дегізерліктей тіпті өркештеніп кеттім. Міне, қадірлі Әз аға! Сіздің өмірдің өзінен айнытпай салған осындай оқиғалы суреттеріңіз менің еңсемді көтерді, \"дені қарның сау болған әр күніңді қадірлей біл\" деп үгіттеді. \"Азамат ердің баласы жабыққанын білдірмес, жамандар мазақ қынар деп\" деген Майлықожаның өсиетін есіме қайыра оралтты. Сол үшін де \"Қаламгерге\" ризамын. Бірақ теру барысында кеткен әріп қателері көп екен, шыдай алмай оларды кітап бетінде қарындашпен түзетіп отырдым. Сұлудың аппақ бетіне қонған шыбынды жасқап ұшырып жіберуші едік баяғы жас кезімізде. Сол әдет әлі бойдан қалмаған. Сұлу кітапқа әлгі қателер тіптен қиянат қой. Ал, редакция тартпасындағы \"Өмір өрнектері\" өз орнын енді тапқандай, күнделікті тірегіме, ақылшыма айналып кетті. Қалам жүрмесе немесе көңіл күйректенген сәттерде оның беттерін ашып жіберіп, өзіңіз айтпақшы, кез-келген жеріне үңіле қалсам, басымдағы тұман сейіледі, \"е, Әз ағам айтқандай екен бәрі, неге ұнжырғам түседі\" — деп, жорғадай тайпалып шыға келемін. Енді бірде \"Өмір өрнектерін\" бөлмеме келген әріптестеріме көрсетіп мына жерінде былай дегені бар деп, оларды да қара сөздің күпісіне орап жіберемін. Жанат Елшібек, Самат Мұса, Марат Ақгүл, Сүлеймен Мәмет, Айдарбек Ғазиз сынды журналистер, міне, сіздің сөз өрнегіңізге табынғандардың бірегейлері ғана. Шіркін- ай, деп ойлаймын кейде, осы \"Өмір өрнектерін\" еліміздің мен журналистпін деген ағайындарына міндеттеп үлестірсе ғой\". Екінші бір ойым айтады: редакция басшылары оқитын кітап қой бұл деп. \"Өмір өрнектерінің\" маған тастаған бір тағылымы мынау еді. Үзбей жазып, жүргізіп келе жатқан күнделігім том-том боп қалды. Қуанамын соған. Бір кәдеге жарайтын шығар деп ойлаймын. Сіздің осы кітаптарыңызды оқу барысында жәшігімнен оларымды да шыдамай кетіп қолыма алып, парақтап көрсем, жүрегім өзінен-өзі өрекпіп кетеді. Әлдебір қуаныштан екенін ішім сезеді. Өткен уақыттың лебі бетімді желпігендей болып жайдарланып қаламын. Сәті түскенде оларды жүйелеп, саралап жариялаудың айқын мысалын үйреткен \"Өмір өрнектерін\" бауырыма қысып, рахметімді жаудырамын ғой. Әрине, ондайда, Әз аға, өзіңізді құшырлана, құшып жатқандай боламын ғой. Сонымен, Сізден алған осындай сәлемдемелерден соң екінші бір тынысым ашылғандай болды. Ең бастысы, Өмір дегенге о жақ, бұл жағынан тағы сынай, зерделей қарадым. Ғұмыр болса, сынап қарай берерміз... \"Халима\", \"Өмір өрнектері\", \"Қаламгер\" — өмірдің ұлы ұстаздары болып қала бермек оқырмандарыңыз үшін. Қош - ау, болыңыз, Әз аға! Әрдайым амандықта болып, хабарымызды үзбей, жарасты ғұмыр кешелік. Балаларға, келіндер мен немерелерге сәлем айтыңыз. Өзіңізді аса қадірлеуші ініңіз Қайсар ӘЛІМ.
5-қазан, 2001 ж. Астана. Әз аға, мына бір \"Адам ізі\" кітабым еді, \"коммерциялық шығармашылықтың\" бір түрі десе де боларлық. Дегенмен де көз майы жұмсалған дүние ғой деп, өзіңізге жіберіп отырмын, қабыл алғайсыз. 12 Әзілхан Нұршайықов ағамызға Атыңнан айналайын, Әз аға, Көңілі пәк әрқашан да таза аға. Халимадай қасиетті жеңгеме Көңіл айтып келіп едім қазаға. Жеңгемізден айырылу қиын да, Өлім деген айналдырған құйын да. Айтар сезім: айналайын, ағатай, Жүре берші бір Құдайға сыйын да. Өмір қысқа күрмеуге келмей тұғын, Адам болмас өмірде өлмейтұғын. Келген адам Халимадай жеңгенің Дәм татпай қолынан кетпей тұғын. Иман берсін жеңгемізге Құдайым, Мінәжат қып Құдайдан мен сұраймын. Артынан өлгендердің өлу жоқ қой, Өмір берсін, ағатай, сізге ләйім. Сізде бар ғой адамшылық, кісілік, Жалған емес білгендерге түсініп. Мұхтар менен Бауыржандай алыптың
Сіз жүрдіңіз алдарында кішіріп. Сіз ұқсайсыз алыптардың көзіне, Алыптарға іні болып кезінде. Біз көреміз \"Ақиқат пен аңыздан\" Бауыржанның сізге айтқан сөзін де. Мұхтар менен Бауыржандай алыпсыз Екеуінің көзіндей боп қалыпсыз. Қалайықшы тірі кезде өзіңнен Үлгі менен өнегені алып біз. Білегіңіз ешуақытта талмасын, Алыптардың батасын сіз алға сын. Әлі талай жүре берші, ағатай, Ұлы көштің жалғастырып жалғасын. Артық емес алыптарға теңесем, Алыптарды сыйлаған ғой жеңешем. Алыптардың бұл күндегі көзі деп, Келіп тұрған Сейдалының Кеңесі ем. Кеңес Сейдалы ұлы БАЙТЕРЕК әулеті, ауыл ақыны, зейнеткер. 9-сәуір, 2002 ж. 13 Аса ардақты Әзілхан аға! \"Мәңгілік махаббат жырын\" оқып шықтым. \"Оқып шықтым\" деу — немкеттілеу сөз. Елжіреп, езіліп отырып, қалай егілгенімді аңғармай да қалдым. \"Халима\" жеңгемізге ғана емес, қазақтың аяулы қыздарына, адал жарларына, асыл аналарына, ардақты әжелеріне орнатылған мәңгілік ескерткіш. Шын сағыныштан туған дастан. Айта алмай, жаза алмай, айтсақ та, жазсақ та, Әз аға, Сізше айта алмай, Сізше жаза алмай жүрген тақырып еді, соны боямасыз, қиялсыз, тіпті, қоспа - бүкпесіз қағазға
хаттап бергеніңізге дән ризамын. Ғабең Горькийдің аналарын қазақша қалыпқа салып, \"Ұлпанды\" әдеби көркем бейнеге айналдырып кетіп еді, Сіз Халима жеңгеміздің (жаны жәннатта болсын!) бар болмысын, бар бітімін, бар табиғатын іңкәр көңілмен үздіктіре айтқанда, көптеген тұшынбаған, көптеген сүйсінбеген жан бір тебіренді. Оқыған ер-азаматтар да ойланар, оқыған қыз-келіншектер де толғанар. Тәлім алам дегенге тәрбиелік мәні зор өмір жыры бұл. Аққудың сыңарынан айырылғанын аңыздан, күйден естіген жан еріксіз көзіне жас алатын. Адам, Азамат, Жазушы жарын, досын, жан серігін жоғалтқандағы жоқтауын оқыған кісі селт етіп оянбауы, дүр етіп сілкінбеуі мүмкін емес. Тек бір өтінішім: жеңгем қимастықпен қалдырған сақинаны осы \"Мәңгілік махаббат жырының\" кепілі ретінде өзіңіз жақсы көретін немере, шөберелеріңіздің біріне қалдырыңыз. Ұрпақ айтып жүрсін. Ардақты Әз аға, махаббат үш түрлі болады депсіз. Әр адам өзінше ғұмыр кешсе, әркім өзінше сүйеді. Бірақ ғашықтық дертіне ілуде біреу ғана Ұшыраса керек, екі жақсының қосылмайтыны содан – ау деймін. Біздің сүйдік – күйдік дегеніміз көрсе қызарлық па деп қорқамын. XVII ғасырда өмір сүрген өзбектің ақын қызы Үвайсий: \"Любовью заболеть каждый сможет, Любовью исцелять каждый способен\" десе, XXI ғасырда ғашықтық дертін тек кәусар сезім нұрымен — сыйластықпен емдеудің жолын \"Халима\" арқылы көрсеттіңіз. Алла қос көрсе екі тілек: — Біріншісі — жастарымызға осы шығарманы жаппай оқуды жазғай! — Екіншісі — деніңіз сау болсын, қаламыңыз мұқалмасын, \"Халима. 1997\" сақинасын тағып жүруді ұзағынан жазғай! Ризашылық көңілден, қаламдас ініңіз Серік ӘБДІРАЙЫМҮЛЫ. 11.04.2002 ж. Алматы. P.S. \"Жұлдыз\" тұшынып оқыр осындай дүние ұсына берсе, қане! Автордың алғысы Маған хат жазып, телефон соғып, үзбей хабарласып тұратын қымбатты оқырмандарыма, қадірлі аға-іні достарыма шын жүректен алғыс айтамын.
Бәрлеріңіз де сау-сәлемет, бақытты болыңыздар. Тәуелсіз еліміздің тынысын кеңейтіп, қызығын көбейтуге қалтқысыз қызмет ете беріңіздер. Зор құрметпен Әзілхан НҮРШАЙЫҚОВ. Қазақстанның халық жазушысы. 15.04.2002 ж. Алматы. 14 \"Жұлдыз\", 3.2002 жыл. Жазушының жары Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың \"Халима\" атты шағын да болса, маңызды \"Мәңгілік махаббат жыры\" туралы журналымызды оқып өз пікірімді жазып отырмын. 13 сөз бөлімнен құралған 12 бетке жазылыпты. Осы шағын әңгімені 2 рет мұқият оқып шығып, әр бөліміндегі әңгіменің мазмұнын жеке қағазға жазып, терең ойға шомдым. Мен, түрікпен, қарақалпақ және қазақ жерлерінде жүріп талай роман, повесть әңгімелерді оқығаныммен мұндай қысқада нұсқа, аз да болса дәмді де тәтті және өз әйелінің махаббатының жарқын шындығын қағаз бетіне түсірген жазушыны бірінші рет кездестіріп отырмын. Мен ақын да, жазушы да емеспін, әдебиетті, өнерді т.б. сүйетін қарапайым мұғаліммін. Қадірлі Қазақстан Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов! Сіздің Халима туралы әңгімеңізге сын жазып не сипаттама беретін адам емеспін. Сонда да қазақ болған соң жаным ашып ағасынын еңбегін сүйсіне оқып, өз көзқарасым арқылы қуанышты лебізімді білдірейін деп қағазға үңілдім. Біріншіден, адамның өмірі жанұямен ғой. Жанұясыз өмір жоқ. Өмір сүрген соң махаббатсыз болмайды. Осы махаббатты қадірлеп, бала сүйіп, оны тәрбиелеп адам қатарына жеткізу қандай күрделі ұзаққа созылатын процесс. Осы махаббатты қадірлейтін әйелді жан-тәнімен шын сүйетін адам елін де, жерін де сүйетін махаббатты азамат дер едім. Өкінішке орай, көпшіліктің махаббаты ойдағыдай болмай, күлкіге, мазаққа, ел арасында ұятқа қалып жатқандар қаншама. Сүйкімсіз бір күндік, бір жылдық т.с.с. қасиетсіз махаббатты көріп, біліп жүрміз. Кейбір ел азаматы деген азаматтардың тиянақсыз махаббаттарына жұрт күліп жүр.
Екіншіден, сіздің қысқа да болса, құнды Халима туралы әңгімеңізді біреу сүйсініп оқыр, енді біреулер безініп әрең оқыр. Меніңше, бұл әңгімені барлық азаматтар көңіл қойып оқыса, өзіне нәр аларлық дәні бар әңгіме. Қай жастағы адам болмасын бәріне кеңес боларлық дұрыс өмір сүру тәртібі, сыйластықтың керемет символы болар еді. Әсіресе, келешек жастарға өмір сүру махаббатын қадірлей білу жолына керек үлгі дер едім. Сондықтан, уақытша емес, қайта мәңгілік махаббат мектеп жолын Әзілхан ағай мен Халима апайдан үйрену керек. Үшіншіден, екеуіңіз де ананың ақ сүтін ішіп сусынданғандарыңызбен, сіздің әке- шешеден ерте айырылып, ал Халима апамыз болса советтік жетімдер үйінде тәрбиеленгенімен мұншама адамгершілік қасиетті сыйлай білу, оның қадір-қасиетін бағалап, ардақтау, халық үшін адал қызмет ету т.с.с. 54 жыл асыл қасиеттерге ие болуларыңызға сүйсінбеске болмайды. Бұған 54 жыл тәтті өмірлеріңіз куә. Төртінші, Халима жұбайыңыздың қыр-сырың бірсыпыра сипаттапсыз, өте орынды. Адамшылықты, құдіретті, асыл қасиетті оның мөлдір махаббаты. Соңғы күнге шейін қол үзбей, өзінің жұбайын сыйлап, қол ұшын кеудесіне басуы (өзі о дүниелікті сезсе де) соңғы ақыл-кеңесін айтуға күшін жинап жүректегі ойын айтуы ғажап, керемет! Мысалы: а) егер мен көз жұмсам, сен жылама, берік бол, жұрттың ұятына қаласың, балаларың мен келіндеріңе жасынды көрсетпе, қайта мықты бол, бас бол. Әйел алам деп әуре болма, өзіңді-өзің күт, қызметіңді жалғастыр т.с.с. аналық пен даналық, шын сүйген адамның ақылы емес пе?! ә) Ең аяғы ауруханадағы 8 дәрігер, 16 медбике пен күтушілердің қызметін қадірлеп оларға өзі жинаған ақшасынан сый, құрмет көрсетуі адал жанның адамға деген өлмес өнегелі үлгісі ғой. Ауруханадағыларға осыншама адамға бәлең мың (әрқайсысына 1 -2 мыңнан) теңгені конвертке салып, құрметпен ұсынуды (салтанатты түрде) естіген де, көрген де емеспін. Екі-үш кісіге сый көрсеткенді көргенім бар. б) Әзеке, Сізді Қазақстан Халық жазушысы атағына көтерген Халима апай екенін өзіңіз де дәлелдедіңіз. Оныңыз орынды. Бұл жерде М. Әуезовті еске алуға болады. Әуезов Мұхтар Абайды әлемге танытып, өзі де даңққа ие болды. Сол сияқты, Халима апай сіздің жұлдызыңызды аспандатып көтерумен Сіз оның адамшылық қасиетін барша халыққа паш еттіңіз. Бір-бірін қастерлеу деп осындайды айтпай ма халық. Қанша жыл өмір сүргенде қызығын көріп тақпай, мақтанбай, ешкімге айтып көрсетпей (жарқырауыққа барлық әйелдер құмар ғой) бар алтынын келіндері мен қыздарына, немерелеріне \"Халима -1997\" деп жазғызып сыйлауы да сирек кездесетін құбылыс.
Әзеке, өзіңізге арнап алтын сақинаны қалдыру да сүйіспеншіліктің, адалдықтың, мәңгілік ескерткіштің сыйы ретінде қалдырылған асыл тас. Осы алтын сақинаны Халима апай күні бұрын ойлап артына өлмес із ретінде Сізге мәңгілік қалдырған ескерткіш асыл мұра екен. Халима апайдың жарқын сұлу жүзі ретінде қолыңызда мәңгі күндей жарқырап жүрсін демекпін. Алтыншы, Әзеке! Қорытындылап айтқанда, сізбен танысқаныма қуаныштымын. Бірақ көңілді, жарқын уақытта емес, көңілсіз жалғыздық кезінде жолыққаныма ренжіңкіреймін. Сондада, Сіз бақыттысыз. Ел,халық білетін сүйікті атағыңыз бар халық қалаулысы сыз. Жазушы көз жұмғанша жазушылықта болу керек қой. Аллаға шүкір; Қазақстан Республикасының астанасы болса Алматыда ел-жұрт, жолдас-жоралар, таныстар, ағайын, бала-шағалардың ортасында сыз. Сондықтан сіз жалғыз емессіз. Халима апайдың аруағын қадірлеп, айтқан өсиетін ескеріп, әлі де қаламыңыз қағазға жорғалай берсін, жарқын жаңа дүниелер жарық көрсін деп қаламыңызға \"Ақжол\" тілеймін. Қадірменді Әзеке! Алла, Сізге күш-қуат, ақыл, жігер, зор денсаулық берсін! Сіз сияқты атақты ер азаматтың халық арасында жүруіне ел-жұрт сүйсініп қуанады деп шын жүректен сәлем жолдап пікір білдіруші ініңіз Ертай ЖҰМАҒҰЛОВ, Қазақстан Республикасының білім беру озаты, зейнеткер - ұстаз. 2002 жыл. Мекен-жайым: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Фабричный ауылы, Алибеков көшесі, 14-үй, 27-пәтер. Ескерту: артық-кемі болса, кешіріңіз. Әзілхан ағаға хат! Қымбатты да, қадірлі Әзілхан аға! Өз қолыңызбен сыйлаған \"Мәңгілік махаббат жыры\" және \"Өмір өрнектері\" кітаптарыңыз мен үшін баға жетпес байлығым болып саналады. Әсіресе, өзіңіз айтқандай \"Махаббат, қызық мол жылдар\" тақырыбының жалғасы болып табылатын \"Мәңгілік махаббат жырын\" оқи отырып, болашақ өміріме сабақ алғандай болдым. Жастарға берер тағылымы, тәрбиелік мәні мол, маңызы зор дүние. Жаны сұлу, табиғаты бай Халима апаны Сіз арқылы көмескілеу болса да, көркін көз алдымнан өткізген деймін. Айдын көлде жүзген қос аққудай жұптарыңыз жазылмай, 54 жыл өмір сүрген кездеріңізді еске алып, сарғайған сағыныштың сарқылмас сарыны толастар емес, өзегіңізді өкініш өксігі өртейді. Сырласатын жан
таппай, жан-дүниеңіз құлазығанда, жаныңызды жабырқатқан жалғыздықтан жалыққанда жарыңыз еске түседі. Амал нешік, келместің кемесіне мініп кеткен Халима апаның орнын ешкім де, ешнәрсе де баса алмайды. Өмір-өзен, сылқ-сылқ күлер, сылдырар, Қайда ағады, оның жөнін кім сұрар. Бәріміз де ағамыз да кетерміз, Ақпай, шіркін, жағасында кім турар ?! деген ұлы Мағжан ағаның өлеңі еріксіз ойға оралады. Ажалға араша түсіп, тағдырдың жазғанына қарсы тұра алмаймыз. Адал жардың сирек кездесетін қадыр- қасиеті сіздің де жаңа кітапты жарыққа шығаруыңызға негіз болды. \"Мәңгілік махаббат жырында\" баса назар аударар екі жайт бар: біріншіден, өскелең ұрпаққа, жастарға адалдық, ізгілік, ар-ұят, адамгершілік - эстетикалық тәрбие берсе, екіншіден нағыз шынайы махаббат, бақыт дегеннің болатынын таныттыңыз. Тамыры тереңнен бастау алатын махаббат сезімі де \"кез келгеннің уысына түспейтін, кез-келгеннің бақи асында піспейтін\" асылы баға жетпес ұлы күш қой. Ғашықтық та емі жоқ, жазылмас ауру секілді. Емі жоқ деуім артық кеткендік болар, оның дауасы тек сүйгеніңмен бір болу. Сүйіспеншіліктің сөнбес жұлдыздарындай болған Халима aнa екеуіңіз осы бақытқа кенелдіңіздер. Бұл да болса Құдайдың Сізге тартқан сыйы шығар. Дана халқымызда \"Жамандардың жақсысы болғанша, жақсылардың жаманы бол\" деген нақыл сөз бар. Жақсылардың шебінен көрініп жүрген Сіздей ағамен жүздескеніме аз-кем болсын тілдесіп, кітаптарыңызды алғаныма дән ризамын, шексіз қуаныштымын. Жазып берген тілектеріңіз жүрекке жақын, көңіліме жылы тиер мәңгі естеліктерім болып сақталады. Аға, сөз соңында айтарым, \"Өмір — мәңгілік ұйқыға кетер алдындағы аз ғана күндік серуен\" дегендей, қалған өміріңізде деніңіз сау, өзіңіз аман болыңыз дегім келеді. Сеңгір көкте самғаған құстай қанатыңыз талмасын, қиындыққа мойымаңыз, қаламыңыз қарымды болып, әрдайым биік шынның шырқау шегінен көрінуіңізге шын көңілден тілектеспін. Гүлмира Сәрсенқызы ПАЗЫЛБЕКОВА Қыздар педагогикалық институтының 2002 жылғы түлегі, \"Махаббат, қызық мол жылдар\" романы бойынша диплом қорғаушы. Алматы, 29маусым, 2002 ж. 16
Қапан ҚАМБАРОВ жазушы. Қадірлі ӘЗЕКЕ! Сіздің менің \"Екі арудың махаббаты\" атты жаңа романым жайлы \"Қазақ әдебиеті\" газетінің 2003 жылғы 27-шілдедегі нөмірінде (26) жарық көрген \"Бесігімізді түзейік десек\" деген рецензияны оқып, телефон шалып құттықтағаныңыз, шыны керек, ит көйлекті бұрын тоздырған қаламдас құрдасыңызды қатты қуандырды. Бұл үшін, Әзеке, Сізге кәрі жүректің алғысын айтам! Қартайған қаламыңыз жүйрік, ақылды бола берсін! Ертеңіне сол роман жарияланған \"Махаббат\" кітабын қолтықтап, үйіңізге барып, қолтаңба жазып бердім. Соның бір жерінде Сізді мәңгілік махаббаттың өзі мен сөзі дегенді айтып, өзімше қуандырдым деп ойлаймын. Сіз мәңгілік махаббатыңызға күмбез орнатқаныңызды, оның ішіне койылатын бедерленіп салынған суреттері бар экспонаттарды көрсеттіңіз. Мен баратын машина жолы, күмбезге көтерілген баспалдақ туралы ойымды айттым. Себебі, ерте ме, кеш пе бұл күмбездің неке сарайы тіркеуінен өткен жас жұбайлардың тұрақты келетін орнына айналатынын еске алдым. Жаңа қосылған жігіт пен қыз өздеріне мәңгілік махаббат тілеуі табиғи ғой. Жаңағы айтылған жол мен баспалдақ, ең алдымен солар үшін керек. Әзекең де, бәріміздей пенде ғой, бұған іш тартып, кәдімгідей ойланып қалды. Әзеке, мені көлгірсіп мақтап отыр деп қалмаңыз. Осындайда көрініп тұрған шындықты айтпасақ, оны қай жерде айтуымыз керек?! Өзіңіздің қаламдас құрдасыңыз ҚАПАН. 4.07.2003 ж . P.S. Менде жоқ кейбір кітаптарыңызға құрдастық, қаламдастық, замандастық пікір білдірген қолтаңбаларыңыз үшін Сізге, Әзеке, мың да бір алғыс! 17 Кеңес ЮСУПОВ, жазушы, Астана қаласы. Ардақты Әз аға!
Мен осы хатты үлкен қиналыс үстінде жазып отырмын. Абзал апамыз дүниеден озғаннан бері бір барып қайтуым керек еді. Дәм тартпады, жол түспеді. Қамқоршы анамыздай болған адамға алыс жандардай жеделхат жолдап жатуды, шынын айтсам, өзіме мін санадым. Қыр қына дейін бір барып қайтармын деп те ойлаған едім. Мұның да реті келмеді. Демалысымды мына өзіңізге жіберіп отырған кітапты жазуға арнап, қыста алып қойған едім. Содан кейінгі кезде қызмет бабы мүлде мұрша бермеді. Несін айтасыз, тек мешітке барып, арнайы құран оқытуға жарадым. Күні бүгінге дейін рухын еске алып, іштей білетін дұғамды арнап жүремін. Апамыздың асыл бейнесі менің әрқашан жадымда. Ол кісі қамқор Ана, дана адам еді. Жаны жәннатта болғай. Аға! Мына екі кітабымды жолдап отырмын. Бірі бұған дейін жазылған, бұрын баспа бетін көрген, кейбірі көрмеген дүниелер. Соңғысы қазіргі атқарып жүрген қызметіме байланысты жинақталған дүниелер, бұлардың кейбірі \"Егемен Қазақстан\" газетінде осы жазда жарық көрген еді. Уақытында бара алмаған соң, амал не, мынау кішкене соманы алдағы жабдығына, ораза -айт тұсы ғой, аты мына жұмсалсын деген ниетіммен жіберіп отырмын. Өзіңізге, балаларға амандық, жақсылық тілеймін. Терең құрмет сезіммен ініңіз КЕҢЕС. Үкіметтік жеделхат Қадірлі Әзеке! Сізді шығып отырған асуыңыз — сексен жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз қашанда адалдықты, ізгілікті, достықты, имандылықты шығармаңызға арқау еткен шын мәнінде халықтың сүйікті жазушысысыз. Қалың оқырманға махаббат жыршысы аталған қадірлі қаламгерсіз. Бір ғана \"Махаббат, қызық мол жылдарыңыз\" қай ұрпақтың болсын көңілін толқытып, жүрегін тебірентер өміршең шығарма. Кеше ғана басына ақ күмбезін Өзіңіз орнатқан Халима апаймен өткен Қозы мен Баяндай тұмырыңыз бүгінгі ұрпаққа өнеге, жастарға аңыз етер бөлек жыр. Қадірлі Әзеке! Әрдайым күйлі-қуатты болыңыз. Бала-шағаңызға амандық, береке-бірлік тілеймін.
Құрметпен, Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММ.ЕД, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі. 19 Жеделхат Аягөзден. ШҚО. 15.12.2002 ж. Алматы. Қазақстанның халық жазушысы Ә. Нұршайықовқа. Аягөз ауданы тұрғындары атынан еліміздің Тәуелсіздік күнімен және 80 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым деніңіз сау болып, отбасында қуаныш пен бақытқа кенеле беруіңізге тілектеспін. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі аса көрнекті тұлғалардың бірі Сіздің қаламыңыздан туған шығармалар оқырман қауымын, әсіресе, жастарды отаншылдыққа, туған жерге сүйіспеншілікке, махаббат пен өзара сыйластыққа, ізгілік рухына тәрбиелеп келе жатқанын жақсы білеміз. Бұл тұрғыдан алғанда \"Ақиқат пен аңыз\" роман- диалогынан бастап, \"Махаббат, қызық мол жылдар\" және басқа роман, повестеріңіз, әңгімелеріңіз, публицистикалық туындыларыңыз осының жарқын дәлелі болып табылады. Әр шығармаңызды асыға күтіп, әрбір туындыңызды тағатсыздана тосатын Аягөздік оқырмандарыңыз үстіміздегі жылы республикалық \"Жұлдыз\" журналында жарияланған өмірлік жарыңыз Халима апай жөніндегі повесіңіз бен тебірене танысса, таяуда ғана облыстық \"Дидар\" газетінде басылған \"Баян сұлуға арналған монолог\" атты \"Қозы көрпеш — Баян сұлу\" эпосының 1500 жылдық тойында айтуға әзірлеген лебізіңіз жұртшылықты ерекше сезімге бөледі. Бұл туындылар Сіздің биік парасатыңыз бен аса зор адамгершілігіңізді, сүйікті жарға деген адал махаббаттарыңызды тағы бір мәрте көрсетіп отыр. Сексеннің сеңгіріне сергек сеніммен аттап отырған Сіздің қадамыңызға гүл бітсін, ұзақ ғұмыр жасаңыз. Құрметпен Аягөз ауданының әкімі Марат ӘКІРӘМОВ. 20 Президент халық жазушысымен хат алысты Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа төмендегідей хат жолдаған еді.
Қымбатты Нұреке! Сізге алғыс хат жазамын деп жүріп, ол ойымды орындай алмай, қатты сырқаттанып, ұзақ уақыт ауруханада жатып қалдым. Өзіңізге ризашылығымды білдіре алмай кетемін бе деп қорқып едім. Ауруханадан шығып, кеше ғана үйге келдім. Бүгін өзіңізге хат жазуға шамам келетініне қуаныштымын. Айтайын дегенім: осы жылдың бас жағында Өзіңізге хат жазып, қайтыс болған әйелімнің басына күмбез көтеруге қаражатым жетпей қысылғандықтан, биылғы 2002 жылға тиісті 180 мың теңге президенттік стипендиямды жыл аяғына қаратпай, ертерек бергізуіңізді өтінген едім. Сіз: ол кісінің стипендиясына тимеңдер, сол мөлшерде көмек көрсетіңдер деп нұсқау берген екенсіз. Сіздің сол нұсқауыңыз бойынша 160 мың теңге алдым. Өзіңізді сол жәрдеміңіздің және басқа да жолдастардың ұлттық дәстүр бойынша көрсеткен көмегімен (ақын інілерім Олжас Сүлейменов — 300 доллар, Мұхтар Шаханов — 100 доллар, бейтаныс оқырмандарым — Мұхтар Құл-Мұхаммед — 270 мың теңге (1760 доллар), Нұртай Сабильянов ол жігітті Өзіңіз білесіз: 2001 жылы 29-желтоқсанда Алматы зиялы қауымымен кездескеніңіз де мен Сізге бата беріп, өз кітабыммен бірге ол жігіттің кітабын сыйлағанмын 1250 доллар, тағы басқа ағайын туыстар 500-5000 теңгеден қосты. Ешкімнен бір тиын сұратыным жоқ, өздері әкеп берді) \"Кеңсай-2\" зиратына жайғасқан жеңгеңізді басына сонау Маңғыстаудан ракушка алдырып, ақ күмбез орнаттым. Соған өте қуаныштымын. Менің басыма түскен осынау ауыр жатпайда 160 мың теңге ақша жіберіп, көмек көрсеткеніңізге мың мәрте алғыс айтамын. Күмбезіміздің (өзім де соған жайғасамын ғой кейін) сырты бітті. Енді ішкі жұмыстары ғана қалды. Амандық болса оны жеңгеңіздің екінші жылды асына дейін бітіремін ғой бірдеңе етіп. Жеңгеңізді жоқтаудай – ақ жоқтап келемін. Айырылғаныма жылдан асса да әлі күнге дейін көзімнің жасы тиыл тан жоқ. Енді менің Сізге айтар ешқандай арыз, өтініш, бұйымтайым жоқ. Жалғыз ғана ТІЛЕГІМ бар: — Аман болыңыз! — Абыройлы болыңыз! Зор құрметпен ардагер ағаңыз Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ Президент Н.Ә. Назарбаев халық, жазушысының осы хатына төмендегідей жауап жолдады. 21 Құрметті Әз аға!
Халима жеңгеміз марқұмның басын қарайтқан ниетіңізге ықылас танытып, шамалы шапағатымды тигізгеніме үлкен ықыласыңызды айтып хат жазыпсыз. Көп рахмет! Ниетіңізді орындап шытыпсыз, қайырлы болсын! жұртшылықпен естіп, басылымдардан байқап жүрмін, жеңгеміз осындай әсем күмбез орнатуға әбден лайықты жан екен. Мүмкіндік тапсам, бүгінде көпшіліктің қолынан түспей жүрген \"Халима\" атты хикаятыңызды мен де оқып шықпақпын. екеуіңіздің жан толқытарлық сыйластықтарыңыз кейінгі жастарымызға жақсы үлгі-өнеге деп ойлаймын. Осы ықылас-ниетіңіздің бәріне жеңгеміз әруағы риза болар. Енді қайраттаныңыз, күтініңіз, ауырмауды ойлаңыз. сау-саламат болыңыз! Құрметті Әзеке! Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бастап, ағалық, жүрегіңізбен, адал пейіліңізбен барша істерімді қолдап келесіз. Ақжүректен шыққан батаңызды алып жүрмін. Зор рахмет! Туған елімізге қызмет етіп, аман-сау жүре беруіңізге тілектеспін! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Жазушы жауап хат жазғаны үшін Президентке шын жүректен ризалық білдіріп, Өзі оқуға ниет еткен \"Халима. Мәңгілік махаббат жырын\" (\"Жұлдыз\", 3, 2002) автограф жазып, Нұрсұлтан Әбішұлына жіберді. Президент пен жазушының өзара хат алысуы бірінші рет емес. Ол хаттар екі жақта да сақтаулы тұр. 22 Жұмабек ОРЫНБАЕВ, Жамбыл облысы Ар алдында көрмеген жаза басып I Мен зейнеткермін. Бұрын комсомол, партия, кеңес, мәслихат жүйесінде ұзақ жылдар қызметте болдым. Сол кезеңнің бәрінде бұрынғы \"Лениншіл жас\", бүгінгі \"Жас алаш\" газетін үзбей алып келемін. Сол өмір серіктей болған \"Жас алаштың\" 29- тамыздаты санында \"Берік махаббаттың белгісіндей\" деген атпен жарияланған Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың жан жары, әдеби серігі Халима Қалиәкпар қызына арнап ескерткіш - күмбез орнатқан жөніндегі мақала маған үлкен әсер етті, өткен бір кезеңдерде Әз атамен, Халима жеңгемен кездесулер ойға оралды.
Әзекеңе Халима жеңгейдің бақилығы ауыр тигенін жанымызбен сезіндік. Әзекең мен Халима Қалиәкпарқызы отбасында талай рет болдық. Халекең қарапайымдылығымен үлкенге де, кішіге де ізетті, ашық, жарқындылығы мен, салихалы сабырлығымен ерекшеленетін. Халима жеңгейдің әрбір сөзін қалт жібермей тыңдауға тырысатынмын. Ол кісінің бауырмалдылығы, кімге де болса жақсылық жасауға ұмтылатын үлгі тұтар қасиеттері мол еді. Халекең өз анам Тынышты бала кейіпті ізгілігімен, тіпті шүйкедей болса да шымырлығымен, әрі өткірлігімен де есімде сақталатын болар. Халекең осы замандағы үлгі етер аналардың жарын жанындай күтетін, отбасының берекесін, ынтымағын көздің қарашығындай сақтайтындардың бірі. Осындайда \"Жанашыр әйел жарын күтеді, жарымес әйел жанын күтеді\" деген халық даналығы ойға оралады. Иә, Халекең ерекше жан еді. Әзекең жан серігіне белгі орнатып, заманға, адамға үлгі боларлық, тәлімді қадам жасады. Ақ шағаладай еңселі көз тартар сырты да, іші де \"ХАЛИМА\" деп сыр шертіп тұрған Күмбез Әзекең әулетіне, қала берді барша жанға алдымызға ол дүние бар, ойлан, сыйлас, бір-біріне қадірлі бола біліңдер деп тұратындай. Әзекең Халима Қалиәкпарқызы дүниеден озғаннан кейін \"Ақжүніс\" телехабарында отбасындағы әйел, жардың орны туралы толғана айтқанын көріп тыңдадық. Бақытты, ұстамды, үлгілі отбасындағы осы әңгіме кімге де болса әсерлі шығар. Отбасының шырқын бұзып, отбасында сыйласпай қинасып дүрдараз болып, тіпті ажырасып жүргендерге, араққа салынған еркектерге, әйелдерге ой тудыратын шытар. Халекеңнің келбеті еске түсіп, Әзекеннің мөлдір махаббатына тәнті болғанда мына бір шумақ, ойға оралды: Биікте тұр ғажайып Халима жеңгей мазары, Ел есінде болады ол, мәңгі өткенмен \"базары\". Махаббаттың, сыйластықтың құдіретін баяндап, Әз Ағаның әлі алда жүректен жыр жазары. Әдебиет әлемін дүр еткізе, оқырмандар қолдан колға тигізбей толғаныспен оқыған \"Махаббат, қызық мол жылдарды\" жырлаған Әзекең отбасында да махаббатты жалғастырып, махаббат жөніндегі аңыздарды өз отбасы арқылы ақиқатқа жеткізді. Халық жазушысы Әзекең, мемлекеттік сыйлықтың иегері Әзекең үнемі халықтың ортасында. Жамбыл облысының 40 пайызын алып жатқан Мойынқұм ауданында болған кездерінде осы аймақтың барлық аумағында болды: Ақбақай кен
орынының шахтасына түсті, Сарыарқаға жайлауға беттеген малшынар көшімен бірге болып, жауын-шашын, қар аралас кезеңде олардың қиыншылықтарын көзбен керді, сексеуілді құмды (мал қыстауларын) аралады. Бәрінде еңбек адамдарымен кездесулер өткізді. Иса Байзақов жырлаған \"Құралай сұлу\" поэмасының оқиғасы болған Шу өзенінің төменгі ағысындағы Кіші Қамқалы көлін керіп жырдағы оқиғаларды сабақтады. Қол жаттауларында отырған ата шопанның отбасында ері мен әйелінің Шекспирдің Отелос пен Дездемонаның монологтарын жатқа орындағанын тыңдап, сонау түкпір - түкпірдегі еңбек адамдарының сондай кесек шығармадан хабардар екеніне қуанғаны есімде. Әзекең сонау Португалияда өткен СССР мәдениет күндеріне қатысып өнер көрсеткен ауданның \"Мойынқұм\" фольклорлық, ән-би ансамблінің өнерін қызықтады. Асықпайтын, аптықпайтын, қарапайым адамдармен терезесі тең сөйлесетін Әзекең мойынқұмдықтардың құрметті қонағы болды. Сол кездегі аудан басшысы Айтбай Назарбековпен, екі мәрте Енбек Ері Жазылбек Қуанышбаев пен, көптеген аудан азаматтарымен үзбей хабарласып тұрды. Бұл күнде 80-ді алқымдаған, қадірменді ақсақалымыз Әзекеңе мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, оқырмандарын жаңа шығармаларымен қуанта берсін деген тілектеспін. Менің мекен-жайым: 485320, Төле би ауылы, Сейфуллин көшесі, 43-2, Шу ауданы, Жамбыл облысы. 3.10.2002 ж. II Сәлеметсіз бе, Әзаға! Өзіңізбен Мойынқұмда бірге өткізген күндер қаншалықты қадірлі екенін уақыт көрсетіп отыр. Биыл мен де 68 жасты алқымдап отырмын. Халима жеңгейдің жарқын жүзі, инабаттылығы, қарапайымдылығы, кішіпейілділігі жөнінде үйімізде жиі еске алып жүрміз. Аналарды, сүйген жарды жырлағанда кездестіретін Ана, Жар, Халимадай - ақ болар. Менде газет қиындыларын жинап жүру әдеті бар. Сіздің Халекең мазары, оның алдында тұрған Өзіңіздің бейне суреттеріңіз соның бірі. Оған үңілеміз де, сол күндер еске түсіп, шүйіркелесеміз, әңгіме қозғаймыз. Әз аға, сізге Құдай қуат берсін! Ұзақ ғұмыр сүріңіз, ортамызда нағыз үлгі тұтатын, ұқсап бататын Әз атасыз. Көптен көп жазбаларыңызды оқитын болайық.
Жазыңыз, Әзеке, жазыңыз. Біз, Шәкең - Шәйкүл екеуміз өміріміздің зейнеткер деген жалғасын \"құдайға шүкір!\" деп өткізіп жатырмыз. Құдайға шүкіршілік! Сәлеммен, ініңіз Жұмабек, қарындасыңыз, әрі келініңіз Шәйкүл 27-қараш. 2002 ж. 23 Айбек САПЫШЕВ, ақын. Әзілхан аға! Өлеңдеріңізді \"Халимаға хатты\" түгелдей оқып шықтым. Шын жүректен толғаныстан туған ойлар, асыл жарға деген шексіз махаббатыңыз бірден баурап, аңсарлы хаттардың көркемдік дәрежесіне мойын да бұрғызбады. Тіпті оған көңіл аудармадым да. Сіздің жүрек сөзіңізді естіп ерекше толқу үстінде болдым. Махаббат жырының мәңгілік екенін тағы бір сезініп, дүниедегі ең асыл қасиетті арта адалдықпен, жарға сарқылмас махаббатпен сақтай білген адамдардың асыл бейнесін көрдім. Ұрпаққа үлгі, ұланға мұра болар бұл жазбаларыңызды \"ақ өлең\" деп жіліктемей-ақ қоялық деген ойға келдім. Осы қалпында іші нұрланып тұрған жырларды дауыс мәнеріне де терең ой салып оқылатындай етіп, \"Халимаға хат\" деген атпен, аздап өңдеп, көпшілікке ұсынуға болар деп түйдім. Ініңіз Айбек Сапышев Семей қаласы. 14-қыркүйек. 2003 жыл. Үй-жай: Семей қаласы Семенов-Тян-Шянь көшесі, 16 . Үй телефоны: 62-78-79 Жұмыс телефоны: 62-38-81 24 Гүлбаршын БАЙТОҒАЕВА-БАЗАРБАЕВА, Алматы қаласы.
Құрметті Әзеке аға! Мен бұл кішкене хатты Сіздің маған жолдаған \"Махаббат, қызық мол жылдар\" деген кітабыңызды қайтадан оқығанда оның басындағы Халиманың артында қалып бара жатқан жандарға арнаған сөздерін және Сізге, бала-шағасына деген мейірімі мен ризашылығына толы, даналық ақтық сөздерін оқығанда, әсіресе, Сіздің Халимадай жарыңыздан айырылған кезде жазған \"Мәңгілік махаббат жыры\" деген шағын дүниеңізді қайта-қайта оқып,көп толғанып отырып, бұл жұртты толғандырмай қоймайтын дүниелерді оқыған мен сияқты көп оқушыларыңыздың бірі ретінде жазып отырмын бұл хатты. Сүйікті жарыңыз Халима туралы \"Мәңгілік махаббат жыры\" деген тамаша (он бірінші беттегі) \"Он екінші\" сөзіңізді қайта-қайта оқығанда, әрі өте тан қалдым, әрі сіздің жарыңыз туралы сондай керемет сөздер айта алғаныңызға шексіз риза болдым! \"Бірінші\" сөздің аяғында.оның өзге үлкен қызметтерін айтып жеткізу үшін жеке бір кітап жазу қажет\" депсіз, ол дұрыс. Ол үлкен кітап жазылып та жатқан шытар. Халима сияқты Сізге сүйікті жар, балаларына, немерелеріне, сүйікті ана, әже, апа болған және өзінің тұлғалық, сирек қасиеттерімен басқаларға да қадірлі, үлгілі болып өткен дана Адам туралы, әрине, тағы да айтыла беру керек. себебі, оның тұлғасы, өмір-тіршілігі кейінгілерге өнеге - үлгі бола беруі керек! Қаршадайынан жетім болын өскендіктен, Халима тым ерте есейген секілді. Әр нәрсенің түп-төркінің жастайынан пайымдап, жаман-жақсыны жастайынан айырын, өз өмірінде қолынан келгенше үлкенге де, кішіге де, жақынға да, реті келсе, жатқа да жақсылығын аямай, жарқын сәулесін шашын, өте жатымды, сыйлы болын өткен, өмірде сирек кездесетін, ерен жан болған екен Халима. Сіз \"Сөзіңіздің\" бір тұсында Халимаңызды өте зерек болды депсіз. \"Зерек\" деген сөзді мен табиғатынан жан-жақты талантты адам деп түсінемін. Мен сол сөздің мәнін өзім жас шағымда жетім қалып, қолына келген, аса бір инабатты да, дана адам болған, үлкен анамыз Болат шешемнен сұраған едім. Сонда ол кісі \"Зерек\" деген адамның өзімен бірге жаратылатын қасиет ақыл деп түсіндірді. Сосын ол кісі адамға оқу ақыл қоспайды, білім ғана қосады дейтін. Білім деген сырттан келетін нәрсе, ол адамда болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін, ал ақыл адамның өзімен бірге келеді дейтін. Сондықтан, мен зерек болған Халиманың өте ақылды да, талантты адам болғанына, оның өзіңіз айтқандай \"сом алтын\" болғанына тәнті болдым. Өзі хал үстінде жатып (ондай жағдай ешкімнің ойына келмейтін) емхананың бар коллективін, бірін қалдырмай, риза ететін жақсы сөздерін жазып, ішіне әжептәуір ақша салдырған конверттер мен басқа да сый-сыяпатын көрсеткені және өзіне тиесілі асыл заттарды бұздырып, балаларына, немерелеріне, Сізге де алдын-ала өз атын жаздырып, ескерткішке алтын жүзік соқтыруы да Халиманың асқан ақылдылығы мен парасаттылығының куәсі екені сөзсіз.
Бірақ, Халима табиғатынан қанша жерден ақылды, асыл адам болғанымен, оған тағдыр Сіздей жарды кездестірмегенде, оның өзі айтқандай, мұндай бақытты, шуақты өмір сүре алар ма еді, алмас па еді?! \"Алтынның қадірін зергер біледі\", \"Екі жақсы қосылса, күн туады ай менен\" деген атадан келе жатқан сөздер бар ғой. Сіздің Халимаңыздың табиғатта сирек кездесетін сегіз қырлы, бір сырлы асыл болуы да Сіздей зергердің қолында өңделіп, қырлары жарқырап, ашылғаннан болу керек. Асыл емес, жай тасты қанша өңдесең де жарқырамас. Сіз өзіңіздің \"Бесінші сөзіңізде\": \"Махаббат үш түрлі болады: 1. Бала махаббат, 2. Шала махаббат, 3. Мәңгілік махаббат\" деп жазып, өзіңіздің махаббатыңызды мәңгілік махаббатқа жатқызып, оны дәлелдеп шытыпсыз. Шынында да, Сіздердің махаббаттарыңыз мәңгілік махаббат екені сөзсіз. Дегенмен, меніңше, ер адам махаббаттың сәулетшісі болғанымен, оны өмірлік ұстап туратын тұтқасы да, ұйытқысы да дана әйел баласы болатын сияқты. Солай екеніне Халиманың \"Махаббат, қызық мол жылдар\" деген кітабыңыздың басында келтірілген, өзі өмірден өткеннен кейін, көңіл айтып келетін кісілерге бағыштап жазған, соларға тапсыр деген сөзінде өзінің өмірі туралы (қалай жетім қалып, қайда өсіп, қайда оқып, есейіп, қызмет жасағаны жайында) айта келіп, Сізбен қосылғаннан кейін: \"Одан кейінгі өмірімді жан жарыма арнадым\" деген ғажап сөздерді оқығаннан кейін менің көзім әбден жетті. Біздің әйелдер мен ерлерді теңеген заманда, әйелдер білім алып, мамандық меңгеріп, өз бетімен қызмет етуге мүмкіндік алған уақытта, әйелдің әйелі, адамның адамы ғана өз еркімен бәрін тастап, үйге таңылып, қазан-ошақтың қасында отырады. Халима өз ризашылығымен \"жан жарыма көмекші болдым\" десе де, сіз өзіңіз айтқандай, оның зеректігі мен жанжақты таланттығы, оның көп нәрседен хабардар біліктілігі Халиманың қазіргі уақыттағы ғылым-білім аясында көзге түсіп жүрген немесе мемлекеттік-қоғамдық жұмыстарда үздік көрініп жүрген әйелдердің қатарына көтерілері сөзсіз еді. Бірақ ол сол артықшылықтарының бәрін Сіздің жолыңызға құрбан етіп, Сізге көмекші болыпты. Өзіңіз \"Он екінші сөзде\" айтқандай, Халима Сізге \"жанынан жылу\", \"жүрегінен жыр\" берген, \"ойыңызды жалғап\", \"өрісіңізді кеңейткен\" кемері қуанышқа толы, \"ғажайып рухани жан дариясы бар\" Сізге шексіз берілген жан болған екен. Өзіңіз айтқандай, \"Халима менің созсам қолымды, ойласам ойымды ұзартушы еді, ақылыма ақыл, абыройыма абырой қосатын еді\" деп. Қандай керемет сөздер?! Қандай шексіз махаббат пен керемет рухани биіктік, ажырамас бірлік?! На такое самопожертвование и \"подвиг\" способна не каждая женщина! (Мына орыс тілі менің 40 жыл бойы мұғалім болғандағы \"жұмысшы\" тілім болғандықтан, сол тілде сөз айту да, жазу да маған оңайырақ. Кешіріңіз!)
Вы, Азеке, счастливый человек, как Вы сами признаетесь! Вы прожили красивую жизнь с любимой и любящей женщиной. Вы верно называете ее \"золотом- самородком\". Она и уходила из этой жизни со словами любви и благодарности к Вам, к своим детям и внукам, даже ко всем, кто лечил ее, заботился о ней или просто хорошо относился к ней. Она не забыла никого одарить заранее заказанными, заготовленными памятными подарками. И на такие поступки не каждый способен! Ваша Халима была редким, незаурядным человеком, посетившим этот мир, чтобы сделать счастливым Вас! И, Вы глубокопочитаемый, Азеке, оказались на высоте, увековечив свою Халиму и построив ей белокаменный Мавзолей на Коктобе (наподобие мавзолею легендарных Козы Корпеш и Баян сулу в Аягузе, что интересно: Ваша Халима, оттуда родом), который будет стоять вечно, как символ всепобеждающей, вечной любви! С глубоким уважением к Вам! Гульбаршын Байтугаева-Базарбаева 10.05.2004 г. 25 Бәрімізге үлгі-өнеге Өткен жылы\"Семей таңы\"газетінің бірнеше санында жарық көрген белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жан жары Халимаға арналған естелігін оқып, үлкен ойға қалдым. Ерінің халқы үшін қызмет еткен ел азаматы болып қалыптасуына бар ғұмырын арнаған аяулы ана бейнесі бүгінгі қыз-келіншектерге үлгі-өнеге десем, артық айтқан болмас. Өйткені естелікте көрсетілгендей, Әзілхан атамен тек қуанышта ғана емес, қиын-қыстау кезенді қайыспай көтере білген Халима апайдың қажырлылығы, Құдай қосқан қосағына деген қамқорлығы естелікті оқыған әрбір жанды тебірентпей қоймайды. Олай деуімнің себебі де жоқ емес. Өйткені қыздарымыз бен келіншектеріміз қалталы, маң сабы биік жігіт-желендерге құмар-ақ Ақшаларына қызыққан бойжеткендеріміз олардың жан дүниелеріне терең бойлап, өмірлік серік болсам деп ойламайды. Сондықтан азаматтардың басына күн туа қалса, оларды тағдыр тәлкегіне тастап, айналып кететіндері қаншама десеңізші. Осының салдарынан қаншама бала жетім қалып, қаншама еркек ертеңінен күдер үзіп арақтың соңына түсті. Бір сәттік байлыққа бой алғызбай, қолда барға қанағат тұтып, барды бөле жегенге не жетсін. Әрбір болашақ ана атаның жары, арқа сүйері бола білген, ата салтын берік ұстаған Халима апайдай бола білуге ұмтылса, нұр үстіне нұр болар еді. Әзілхан Нұршайықов атамыздың \"Халимасын\" оқыған әр қазақ қызы менің пікіріме ортақтаса алатынына кәміл сенемін. Ә. Садықов
Семей қаласы. (\"Семей таңы\", 7(1780), 13 ақпан, 2004ж.) 26 Қымбатты Әзілхан аға! \"Халимаға хатты\" бірден сүйсіне оқып шықтым. Айтары анық, бояуы қанық, тұлғасы бөлек туынды екен. Құттықтаймын! Ақынның \"меніне\" оқушы ортақтасса, авторға онан артық қуаныш бар ма?! Сіздің \"меніңіз\" көптің көзайымына айналғалы тұр! Бұл шуақты да, қуатты, айтары мол, тәрбиелік мәні зор аса бағалы еңбек. Тек Президентке хатты бұл жерге кірістірмесе де болады. Асығыс жаздым. Толық пікірді ауызша айтармын. (Мына бала күтіп қалмасын деп). Өзіңіздің саулығыңыз бен амандық, абыройыңызды бір Алладан тілеуші Сәбит бауырыңыз ДОСАНОВ. 13.01.2005. ІІІ ТАРАУ
ЛЕБІЗДЕР (2001 жылы 4-қыркүйекте Халиманың қырқын өткізгенде сөйлегендердің диктофонға жазылып алынған сөздерінен үзінділер) Мұхтар АЙТҚАЗИН, медицина ғылымының кандидаты, дәрігер Әз ағаңның жан жары, біздің апамыз, қазақ елінің анасындай болған адамның бірі Халима тәтеміздің қайтыс болғанына бүгін қырық күн толды. Өмірден өткен адамды дүркін-дүркін еске алу жетісіне, қырқына, жылына жиналу ата салтымыз. Бүгін сол дәстүр бойынша Әз ағаңның дастарқанында бас қосып отырмыз. Ру жағынан келгенде біз Халима апаймен туыс боп келеміз. Халима апаның арғы атасы Қарахан батыр, бергі атасы Өзбақан да, сол сияқты біздің арғы атамыз Ақтайлақ би де, Байғара би де Сыбанның Шектібай деген руынан тарайды. Бұл рудың ата жұрты қазіргі Абай ауданындағы Құндызды Жүрекадыр деген жер. Сол жерде Қарахан бейіті деген ақ бейіт бар. Оның қасында Қарахан шілігі немесе Қызыл шілік деп аталатын қалың шілік бар. Сол шілікті оңтүстікке қарай кесіп өтсең, төбе басында Өзбақан ауылының орны бар. Бұл ауыл мен ақ бейіттің арасы жарты шақырым жер. Өзбақан Қараханның екінші ұлы болса керек, Өзбақанның ұлы Қалиәкпар Халима тәтеміздің әкесі. Халима тәтемнің біздің апайымыз екенін кейін білдік. Алғашында \"Махаббат, қызық мол жылдар\" романын жазған белгілі жазушы Әзілхан ағамыздың жолдасы деп құрметтейтін едік. Артынан өз апамыз болып шықты. Оны білгеніміз былай болды. Әзілхан ата бірнеше рет инфаркт боп ауырды. Мен бас дәрігер боп істейтін ауруханада емделді. Ылғи реанимация бөлімінде жатты. Сол кезде апай күндіз-түні реанимация бөлімінің есігі мен терезесін күзетеді екен. Тан атпай, сағат алтыда келіп, палата терезесіне жабысып, үңіліп ішке қараумен туратын болса керек. Дәміл- дәміл есік жаққа барып, дәрігерлерден Әз атаңның халін сұрайды. Бір күні реанимация бөлімінің меңгерушісі Марат Әбдірахманов келіп, маған осы жайды айтты: — Апайды аядым. Аяғандықтан реанимация бөліміне бөтен ешкімді кіргізуге болмаса да, ол кісіні бір рет палатаға кіргіздім. Бірақ, ол кісі сонда да үйіне қайтпады. Терезе батып, Әзілхан ағайға телміріп қараумен болды. Мұндай оқиға бұрын ешқашан болған жоқ еді, — деді дәрігер. Бұл хабарды естіп, мен де қатты толқыдым. Содан кейін ақылдасып, реанимация бөлімінің бір палатасын Әз ағаң екеуіне босатып бердік. Апай Әз атанды күні-түні
күтумен болды. Медбикеден кем қызмет еткен жоқ. Сөйтіп, бәріміз Әз атанды жазып ауруханадан шығардық. Апай жолдасын өзі қолтықтап, үйіне алып кетті. Осы оқиғадан кейін Халима тәтейдің өз апайым екенін білдім. Ол кісі жетім балалар үйінде өсіп, бой жетіпті. Соғысқа қатысыпты. Артынан Әзілхан ағамызға қосылыпты. Апамыз келмеске аттанып кеткенімен, Әз атаң ортамызда. Соған шүкіршілік етеміз. Әз атаңның балаларымен бірлесіп, ұзақ өмір сүруін тілейміз. Бүгін апайды еске алып отырмыз. Топырағың торқа болсын, Халима aпa! *** Асылхан ӨМІРЗАҚҰЛЫ, қажы, молда Қадірменді Әзекеңнің, Халима апамыздың дос-туыстары! Біріншіден, осы дастарқан басына жиналып отырған бәріңіздің аман-сау болып, қадамдарыңызға гүл бітіп, бәріңізге Алланың рахметы жаусын деп тілеймін. Екіншіден, өмір деген өткінші. Бүгін бар адам ертең жоқ. Сондықтан осы қысқа өмірде адамдардың бір- бірін сыйлап өтуі парыз. Бәріміз бір-бірімізді қадірлеп өтейік деймін. Халима апайды мен де көрдім. Иман жүзді бетінен адамгершілік нұры төгіліп тұрғандай кісі еді. Мейірбан адам екені бірден аңғарылатын. Апамызбен алдымен Мырзабек Дүйсенов марқұм ағамыздың үйінде кездестік. Қасында Әз ағаң бар. Мырзабек ағамыз бұл кісілердің досы екен. Екеуі де қатты қайғырып, марқұм ағамыздың өмірден өтіп кеткеніне өкініш білдірді. Екінші рет бұл кісілердің жиені қайтыс болғанда бірге болдық. Бір-бірімізге тағы да ризашылық білдірдік. Сол ризашылығының белгісі ретінде Халима апам: \"Мен өмірден өткенде жаназамды Асылхан бауырыма шығартыңдар\" деп Әзілхан ағамызға айтып кетіпті. Сол кісінің осы өсиетін орындап, енді құран бағыштауыма рұқсат етіңіздер. Жаның жәннатта болсын Халима aпa! *** Тұрсынбек КӘКІШЕВ, жазушы, профессор, университет ұстазы
Әз ағаңның жаңағы оқыған сөздерінің бәрі рас, бәрі дұрыс, бәрі шын! Әз ағандар Керекуден Алматыға қайта көшіп келгеннен бастап, біздің аяқ- табағымыз араласты. Тіпті, сонау, университетте оқып жүрген студент кезімізден басталған таныстығымыз тағы бар. Содан бері бір-бірімізді қадірлеп, құрметтеп келе жатқан ағайындармыз. Доспыз. Ал біздің достық туымызды жарқыратып көрсетуге Халима апамыз өте шебер болатын. Біз, Әз ағаң екеуміз әзілдесе береміз. \"Сіз менің апам арқылы ардақты адам болдыңыз. Әйтпесе айдалада қалатын едіңіз\" — деген кездерім де болды, Әз атаңа. Онда Халима: — Қой, бауырым, ондай сөзді айтпа! — деп мені тоқтатып тастайтын. Ол Халима апамның қазақ әйелдердің күйеулерін құрметтейтін әдетімен айтыла салған сөз емес, алтын апамның Әз ағаңа деген өмірі кіршік шалмаған мөлдір махаббатының биік парасатпен ұштасуының белгісіндей сезілетін. Әз ағаң екеуміздің кейде шекісіп қалатын сәттеріміз де кездесетін. Жасыратын ештеңе жоқ. Адам болған соң адамның өз пікірі, ойы болады ғой. Сонымыз сәйкеспей қалатын. Сондайда біздің арамызды алшақтатпай, жағыстырып, табыстырып отыратын Халима апамыз еді. Әсіресе, мені інім деп, бауырым деп, қолтығымнан демейтін адам Халима апайым болатын. Сол кісіге сенетінмін. Әрине, мынау қызу өмір қызық екен. Кеше мен топырақ сала алмадым. Келгеннен кейін естідім. Сол сенім Халима апайдың бұл дүниеден өткенін сездірмейтін сияқты. Көзіңмен көріп, топырақ салмағаннан кейін өлді деп ойлау қиын тәрізді. Сосын бір себебі ол кісі өте аяулы адам болғаннан кейін, қадірлі апамыз болғаннан кейін де қимайтын шығармыз. Сондықтан болар мен жаңа қырқына келе жатқанда да, үйде отырғанда да апамды өлді деп ойлай алмадым. Әз аға, әлгінде Халима апам туралы айтқан естелігіңізде, Атыраудан келген тағы басқа жақтардан келген хаттарды оқып жатырсыз. Сізге Солтүстік Қазақстан облысының Қожаберген ауылынан, Сегіз серінің ауылынан, әсіресе, Сегіз серінің ұрпақтары отырған Әлімжан ауылындағы ақсақалдардан дұғай-дұғай сәлем әкелдім. Олардың сізге Халима апамның қайтыс болуына байланысты шын жүректен айтқан көңіл айтуларын жеткіземін. Олардың кейбіреулерінің осы сөзді сөйлесіп отырғанымызда көздеріне жас алған сәті бар. Бұған қоса айта кетейін. Сол жерде былтырғы Сәбеңнің — Сәбит Мұқановтың 100 жылдық тойында газеттерде, радиодан теледидардан сөз сөйлеген адамдарды да еске алды олар. Сол сияқты дүниеден өтіп кеткен адамдардың бәрін ел қадағалап отырады екен. Оның ішінде Сізге айрықша қам көңілмен көңіл білдіріп жатқан ағайындарымыз болды. Ол жақтың адамдарының сырты салқын болғанымен, іші жылы ғой. Сол жан жылуын, сізге деген сүйіспеншілігін олар айтып отырды. Қазақ даласының қай жерінде болмасын Сізге деген ықылас бар. Мен Мағжан ауданында да болдым. Ауданның
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 688
Pages: