Бір сөзің есіме түсті. Төсекте шалқамнан түсіп, Ауырып жатыр едім. Трубка қасымдағы Шырылдап, безілдеді. Қол созып, әрең алып, Оны құлаққа апардым. Кабинетте отырған Сен, Телефонды қатар алдың. —Бұл кім? — деген әйел дауысы, Ар жақтан зірк ете қалды Дауыстың екпінінен Ашуды құлағым шалды. —Мен Әзілханмын, деп едім, Әйел ышқына түсті: —Әзілхан болсаң арам қат, Құдайдың оғы тисін күшті. Жайрап қал! Сенің көзіңе Көртопырақ құйылсын! Жолай алмай жұмаққа, Тамұқтан орын бұйырсын! — Кім бұл өте қатулы, Маған сонша соқтығар? Мұнша қарғыс айтарлық Кінәм менің жоқ шығар.
—Мен бе? Күлжамалмын! Сені ит етінен жек көрем! Жамандапсын Сырбайды, Жұрт айтып жүр көптеген. —Жоқ, Күлжамал, сабыр ет, Олай емес, құлақ сал: Жұрттың сөзін қайтесің, Ен алдымен оқып ал. —Оқымаймын мен сенің, Оттап жазған шатпағыңды. Қаралатпаймын мен саған Сүттей таза аппағымды! — Тыңда мені, Күлеке, Соншама бажылдама. Жаралаған жанымды Ісін айттым бір ғана... —Бұл дүниенің жүзінде Көрме ешқандай рахат! Сырбайымнан сүйікті Садаға кет, арам қат! Құр жанымды қинады, Aшy сөзі бейбақтың. Сабырменен сонда Сен Телефоннан үн қаттың: —Ау, Күлеке, тоқтай тұр,
Бала-шаға аман ба? Жайың қалай, жарқыным, Мына киын заманда? Тыңдап алып әуелі Райыңнан қайтсаңшы. Қарғысыңды қатыгез, Маған арнап айтсаңшы. Әзілханның орнына, Мен-ақ, жаным, өлейін! Айтқан барлық аямай, Қарғысыңа көнейін. Ол романды түп-түгел, Машинкаға мен бастым. Айтқан сөзін ЦК-да Сырбай сынды құрдастың. Сырбайдың сол сөзінің Тауқыметін мен тартқам. Бала-шағам ашығып, Көзім мүлде мұнартқан, Сондай қиын күндерде Қарғадым ба мен сені? Жүріп жаттық үн-түнсіз, Кіналамай өңгені. Артық бір сәт кетсе де, Ақылды еді Сыр ағаң.
Әзілханнан артынан, Өзі кешірім сұраған! Ауырып жатқан кісіні Жерлегенің жөн емес. Айналайын, Күлеке, Жасамайық күр егес. Сен алтынның сынығы ең, Алтын болып қалсаңшы. Ашу сөзін ақтармай, (Ахмет ата128 секілді) Ақылыңа салсаңшы... Осылай деп Сен сонда, Сабырменен үн қаттың. Қалмағай деп ұрысып, Сасқалақтап мен жаттым. «Алтын» деген сөзіңнің, Салауаты мол екен: Осы кезде кенеттен: «Дут! Дут!» деді телефон. Содан кейін Сен жылжып, Келдің дағы қасыма, Дедің жаның елжіреп: — Айналайын, жасыма! Қайғы жұтқан шерлі ғой, Ол байғұс жан қаралы.
Сіркесі су көтермес, Жан, жүрегі жаралы. Өсекшілер қоздырып, Шаптаған ғой сорлыны. Ренжіме, күрсінбе, Көңіліңе алма, сен, мұны. Өзің ұмыт деген соң, Оны ұмыттым мен мүлде. Кеше шықты мақалам «Қазақ әдебиетінде» Мақтадым Күлжамалды: «Ақынның асыл жары» деп. Сырбайды да атадым: «Ақындардың нары!» деп. «Ақынға жар болу қиын, Әрі абырой!» дедім. Қасымда болсаң Сен маған: «Дұрыс!» деп бас изер едің. Қуанамын айтқаның: «Дананың сөзіндей!» деп. Табынамын мен Саған, Тәңірдің өзіндей деп! Ішке жиып білімін, Сыртқа сырын ашпаған. Ақылмен ойлап жан-жағын,
Жөнсіз аяқ баспаған. Сүйген жар, бала, дос үшін, Қиындықтан қашпаған. Сұрамсақтанып, тіленіп, Бөтен есік ашпаған. Білімі мол болса да, Тасымаған, таспаған. Қапияда жол тауып, Қатер келсе аспаған. Қымтап ұстап ерінін, Орынсыз сөз шашпаған. Адалдықтың жолынан Ешбір қия баспаған. Өсек-аяң сөздерді, Сыпырып үйден тастаған. Күн сайын менің басыма, Жастық қып жанын жастаған. Жарым едің, Халима, Ерек туған басқадан. Махаббаттың мәңгілік Екендігін растаған. Сендей асыл әйелді Көргенім жоқ басқадан. Кітабымнан қымбат ең, Шыққан жаңа баспадан!
Тағдырыма налимын, Екеуімізді айырған. Ғашығыңды мәңгілік, Қанатынан қайырған. 11.08.2003. 57 Ең кішкентай немерең Бүгін он алтыға толды. Балалар тегіс жиылып, Үйде мәз-мәйрам болды, Бәрі тегіс құттықтап, Оған сыйлықтар берді. Тілек, құрмет сөздерден, Немерең риздық терді. Балаларға мұра деп, Сен ылғи кітап жинадың. Соның он алтысын бүгін, Әлияға129 сыйладым. \"Әжеңнің атынан!\" деп, \"Абай елін\"130 де бердім. Өскен жері осында, -деп, Абайдай кемеңгердің! Сол елде сүйікті сенің Халима әжең де туған. Құндызды өзенінен
Су ішіп, бетін жуған. Күндіз-түні жағасын жайлап, Сол судан Абай да ішкен Ғашық боп бір апамызға131 Ұмсынып, әуреге түскен. Есіңе ал әжеңді де, Альбомды ашқанында. Ұмытпа жақсыларын Жаттың да, жақынның да! Әжеңнің өкіл әкесі Шәкір деген ақын болған. Көп өлең, поэмалар жазып, Атақ-даңқы жер жарған. Ауылдың оң жағында Төбеде бейіті бар. Ол жаққа бара қалсаң, Гүл қойып, топырақ сал. Осылай деп бүгін мен Бір мақсатыма жеттім. Сенің сонда туғаныңды Ішімнен мақтаныш еттім. Альбомды беріп жатып, Өзімше ойланып едім: Даналық Абай жұртынан Саған да жұққан ба! дедім.
Абайдай болмасаң да, Өзімнің данам едің. Орташа бойың менен Шыңғыстай132 панам едің! 11.08.2003. 58 Есіңде бар, ма, Халима, Түрмеден бірде хат алдық. —Япырау, бұл кімнен? — деп Ұзақ хатқа көз салды. Жазықсыз жаза өтеуші Шофердан екен сол бір хат Қол ұшын бер, аға! деп, Етіпті маған мінәжат. Тілші арқылы тексерттім Газеттен барған арнайы. Анықталды жігіттің Жазықсыздық хал-жайы. Жатқанда мен ауырып, Үйге біреу келіпті. Үсті-басы сауыс кір, Саған сәлем беріпті. —Тілші жібертіп тексерткен Ағайдың көмегімен, \"Аққа Құдай жақ\" болып,
Босап келдім түрмеден. Атым Кеңес. апатай, Асығып үйге келемін. Алдыменен ағайға, Алғыс айтсам деп едім! — Депті Саған ол байғұс, Дауысы шықпай дірілдеп. Қарсы алыпсың оны Сен Жақынымыздай, күлімдеп. Алдына қойып коньяк Ет асып, шай беріпсің. Қолына кәмпит ұстатып, Қуантып жіберіпсің. — Ағайың ауруханада, Алғысыңды айтам, — депсің. Түрмеден шыққан байғұсты, Осылай құрметтепсің. Сол Кеңес Байтереков \"Өжетте\"133 қазір тұрады. Сен қайтыс болған кезде, Үйге келіп жылады. Үнемі телефон соғып, Жиі хабарласады. Өзі ақын да екен, Газеттер жырын басады.
Ардақтап Сені жазғанын Маған әкеліп берді. Ол өлеңі де былтыр, Газетте134 жарық көрді. Сол Кеңес бүгін тағы Үйге соғып қайтты. Сенін күмбезіңе барып, Құран оқығанын айтты. Қуандым ішімнен мен: \"Асылым, ардақтым!\" деп. Өзіңді, ұмытпай әлі, Еске алушылар көп! Сен туралы айтылған сөз Болады жаныма демеу. Қалдырған төрт автопортретің135 Күн сайын көңіліме медеу. Ол төрт портретіңнің Көшірмелері136 және бар. Солардың қызықтары Мен үшін тарқамас базар. 12.08.2003. 59 Бүгін жеті жүз елу күн, Халима,Сен кеткелі. Мен артында қалып,
Өзіңді ойша тербеткелі. Бүгін жеті жүз елу күн, Өзіңді сағынғалы. Жесірлік, жетімдіктің, Заңына бағынғалы. Бүгін жеті жүз елу күн, Жүрегім зарлағалы. Өзіңнің ізіңді іздеп, Өткенді шарлағалы. Бүгін жеті жүз елу күн, Саған жыр арнағалы. Көңіл-дария суалып, Көзден жас парлағалы. Бүгін жеті жүз елу күн, Үніңді естімегелі. Шарасыздық қанжарының Жүректі кескілегелі. Дәл жеті жүз елу күн Жаныңа жатпағалы. Мәңгілік махаббаттың Сарқытын татпағалы. Башпайыңның, не саусағыңның Бір шетін көрмегелі. Жаның мен жүрегіңнен Сен шарбат бермегелі.
Мына кең дүние маған Өзіңсіз тар боп қалды. Бір тал шаш, тырнағыңа Жан жарың зар боп қалды Атынды ардақтауға, Жұмсалмақ қайрат-күшім! Тек қана өмір сүрем, Сен ұзақ өлмеу үшін. Мен тірі тұрған кезде Сен де, жаным, тірісің. Үлгі, өнеге үйретер, Аналардың бірісің! Мен өткенде өмірден, Сен де мүлде өшесің. Жер бетімен, біржола. Қош айтысып, көшесің. Кейде ескерер балалар, Күйеуіңдей болмайды. Өзің үшін, ешқашан, Жардың орны толмайды. Айтып жүрмін оларға: Ұмытпа! деп Анаңды. Туған, өлген күндерін Ұстаңдар, деп санаңды! Ауық-ауық есіне,
Сені алып қояды. Бара-бара ұмытып, Көңілінен жояды. Ұмытпайды адал жар, Күнде есіне алады. Соның ғана ойында Өлген тірі қалады. О, дүние, жалған ай, Тірілерге тар мекен! Тәтті ететін Өмірді Жардан жақсы бар ма екен?! 16.08.2003. 60 Ғашықтық деген ғажап қой Тірліктің алтын айдары. Тірілер ғашық болу — заң, Ғашықтық — Өмір қайнары. Тіріде жақсы көрсе де, Өлгенге ғашық болу жоқ. Ұмыттырып жіберер Ұмытпасты дүние — боқ! Ал мен ғашықпын шексіз, Өлген асыл әйеліме. Мәңгі бақи — өлгенімше, Ғашық боп қаламын мүлде.
Халима, тыңда, бұл менің Саған берген адал антым! Мен өлгенде де ертең, Ешқашан өшпесін даңқың! Қабағым түссе Сені ойлап, Мұңданатын шығармын. Сағынумен Өзіңді, Жынданатын шығармын. 18.08.2003. 62 Жарқылдақ алтын сағатты Білегіңе ілмедің. Сабыр сақтап әрқашан Орынсыз жерде күлмедің. Саудыратып сандыққа, Алтын, күміс жимадың. Бөліп беріп барыңды — Жақынды, жатты сыйладың. Шоқпардай асыл тасы бар, Саусаққа жүзік салмадың, Біреудің жақсы нәрсесін, Тегін берсе алмадың. Күндемедің ешкімді, Күңкіл сөзге бармадың. Жақсы, жаман — бәрін де,
Ақылыңмен барладың. Бала, қонақ күтуден, Ешқашан да талмадың. Сыйлас, мұндас жандарға Борышты боп қалмадың. Жұртқа жақсылық жасауға Ұшқан құстай самғадың. Араздық, кек дегенді Есіңе еш алмадың. Елу төрт жыл ішінде, Көңіліме дақ салмадың. Періштедей адамды, Сұм ажал, қалай жалмадың?! Артыңда қалып асылдың, Күндіз-түні зарладым. Басқан, тұрған жерінді Көңілменен шарладым. Суреттерің алдымда, Соған ылғи қараймын. Ақсия күлген бейнеңді Тірі күнге балаймын. Суретіңді сүйемін, Айналайын, арайлым! Одан өзге мен сорлы, Не нәрсеге жараймын?!
19.08.2003. 63 Самолетте Самолетте Сені ойлап, Семейге келе жатырмын. Сыңарсыз қалған аққудай Жалғыз келем — пақырмын. Жүруші едік әрқашан, Қатар түзеп екеуміз. Самолет, пойыз, машинамен, Самғаушы едік бұрын біз. Сағынамын, амал жоқ, Ол күндер кетті келмеске. Жөнелді жүйткіп, алыстап, Қайырылып сәлем бермеске. Семей біздің сүйікті, Бесігіміз ғой тербелген. Жоқтық, қиын күндерде Жігер берген, дем берген. Анамыз — Ертіс суынан Тарыққанда нәр берген. Училище, интернат Білім берген, әр берген. Бұрынғы Совет көшесі137 — Асыр салған жеріміз еді.
Гоголь кітапханасы138 Шығатын төріміз еді. \"Пролеткино\", \"Востокқа\"139 Жиі баратын едік. Кейде Аралға140 шығып, Жұртқа көз салатын едік. Сол Совет көшесінен Екеуміз соғысқа кеттік. Төрт жыл ажалмен алысып, Аман-сау Семейге жеттік. Енді мен сол жерлерден Сенің ізіңді іздеймін. Бір белгі табылар деген Үмітімді үзбеймін! Барып бас исем деймін Сенің интернатыңа. Өзіңді маған қосып, Жеткізген мұратыма. Сен қып-қызыл гүл едің, Интернат бағында өскен. Аштықтан аман сақтап, Тіршілік бағынды шешкен. Барып есігін ашсам, Шегі жоқ ризалық күймен. Тұтқасын ұстасам деймін,
Сенің саусағың тиген. Жас кезім қайта оралып Арылып басымнан мұң Жарқ етіп Сен алдымнан Шыға келер ме екенсің?! Көңілім құстай ұшып, Семейге самғап келем. Жастық шақ, алыстап кеткен, Мен саған сәлем берем! 10.09.2003. 64 Саусақ пенен құлаққа, Сырға, жүзік салмадың. Сәнденіп, сұлулануды, Кәперіңе алмадың. \"Ақ саусақ\" боп қолыңды, Жылы суға малмадың. Қалт етсе кітап оқудан, Өмірі бір қалмадың. Бетің мен ерніңді бояп, Көзіңе сүрме салмадың. Табиғи еш талмадың. Сояу қызыл тырнақ жасап, Саусағыңды ұзартпадың. Шампан мен шарап ішіп,
Бетіңді қызартпадың. Мода қуып, мың құбылып, Етекті шолтитпадың. Кеудені ашып тастап, Төсіңді қомпитпадың. Қолыңды сілтемедің, Сөйлесең, онды-солды. Әрқашан әдеп сақтау Өзгермес салтың болды. Біліммен, оймен оздың Өзіңнің қатарыңнан. Өмірде жоқ болсаң да, Өзіңе мен табынам! 11.09.2003. 65 Жүз жылдық тойы болды, Колледждің141 мен оқыған. Талпынып, талаптанып, Ой, өнер, білім тоқыған. Мұхтар, Қаныш, Әлкей аға Оқыпты олар да сонда. Жүсіпбек пен Шәкен142 де бар Өнерлері басқан оңға. Шырақбек пен Әбдіхамит143
Жас шәкірт болыпты сонда. Батырлар мен Ерлер шыққан Және де мен тұрмын сонда. Колледж қабырғасына, Қойылды ескерткіш тақта. Тізіліп шыға келдік, Ақ мата алынған шақта. Ұлылармен бірге тұрмын, Сенер сенбесті білмеймін. Аң-таң боп қалып, Не жымиып, не күлмеймін. Қасқайып мүсін Мұхаң тұр144 Бет-бейнесі етене таныс. Біртіндеп көз алдыма келді Өткен күндер — арттағы, алыс. ...Біз Баянауылдан қайтып, Түнде Керекуге келдік. Таңертең Мұхаңа барып,145 Иіліп, сәлем бердік. —Мынау Арнұр146 деген бала, Өзіңізге сәлем берді. Біздің үйден дәм татуға, Арнайы шақыра келді. — Дедім мен жайлап, Ізетпен Мұхаңа қарап.
Бес күн бірге болған, Сапарлас жолдасқа санап. —Пәлі! — деді Мұхаң, Неге біз бармаймыз. Ардың нұры шақырса Әрине, қалмаймыз! Осылай деп Мұхаң Қонақ боп біздің үйге келді. Қасына Ернары147 мен Атқосшы Әбдірәшит148 ерді. Шляпасын қояр жер таппай Мен сонда сасқалақтадым. Сен иіліп, сәлем беріп, Ағаны төрге нұсқадың. Ұлы Мұхтар — ұлт Мұхтар, Таудай боп отырды төрде! Неткен біз бақытты едік, Домалаған тасымыз өрге! —Қай жердің қызысың? — деп, Ол Саған назар аударды. —Қайда оқып, қайда өстің? — деп Сөзін және жалғады. —Семей жақтанмын, аға, Абай ауданында тудым
— Дедің де Сен маған, Ақырын бетіңді бұрдың. \"Ар жағын сен айт\" деген, Ишараңды ұқтым. Жетімдік, Детдом, Интернат жайын, Мұхаңа баяндап шықтым. —Соғыстан да аман қайтып, ЖенПИ-ді бітірді, — дедім. Мұхан тебірене тыңдады, Ішіне тартып демін. —Бақытсыздықтан өтіпсің, Қарағым, — деп басын иді. —Енді әмісе, бақытты бол! — деп, Шақырып, маңдайыңнан сүйді Жеңгейге сәлемдеме салып, Ернарға костюм бердің. — Мына қымызды, аға, Жолда ішіңіздер, — дедің. Дедің де бір бидон қымыз, Үш стақан сеткаға салдың. Сенің бір тапқырлығыңа, Мен мүлде таңданып қалдым. Бас изеп, Мұхаңның оған, Риза болғанын көрдім.
Осы бір ғажайып сәтті Ойыма кестедей өрдім... Сол күндер ойыма түсіп, Еріксіз тебірендім мен. Жайнадым өз-өзімнен, Қасымда тұрғандай Сен!, Класта Қанекең тұр, Заманмен иықтасып. Оған да сәлем бердім, Иіліп, кеуде басып. Нұр шашып екі көзден, Әлекең жымияды. Осындай даналарды Өлдіге кім қияды? Сан рет қол алыстым Ардақты149 Әлекеңмен.150 Түсті ойға: ағаға арнап, Қызмет еткенің Сен. ...Екеуміз Сарыағашта151 Люксте жатыр едік. Көрдік те Әлкенді Төменде сәлем бердік. Үстінде орын болмай, Төменге жайғасыпты. Бөлмесі қараңғылау,
Қолайсыз екен, тіпті. Шақырып бөлмемізге, шай бердік Әлекеңе. — Жақсы екен нөмірлерің! — Деді ол, бәрекелді. Екі-үш күн Әлекеңмен Жүздесіп бірге жүрдік. Жаяулап, ұзақ жортып Жақсылап сейіл құрдық. Босамай жайлы орындар, Әлекең жатып қалды. Сонда, Сен, ағаны аяп, Маған бір ақыл салдың. — Қайтуға бізге үйге, Алты күн уақыт қалды. Сен бүгін қасыңа ал Ағамыз — пайғамбарды. Мен Ташкент барамын да Асықпай жата тұрам. Қуанып, қарсы алады Жан достар: Хантай, Мұқан.152 Осылай келістік те, Сен Ташкент жүріп кеттің. Сырласып Әлекеңмен Мен рахат күйге жеттім!..
Бар еді-ау, айналайын, Әр алуан адамдығың. Семейде соның бірі Есіме түсті бүгін 66 Бір күлгенің жымиып, Бір қаралық еді ғой, Халима! Бір қарасаң қиылып, Кетуші еді еріп бой, Халима! Бір ауыз жылы сөзің Сарыарқа самалыңдай еді, Халима! Бір берген уәдең берік Қытайдың қамалыңдай еді, Халима! Бір қолға алған ісің, Тастай боп тынатын еді, Халима! Бір саусақ қозғағаның Сурет боп шығатын еді, Халима! Бір ине шанышқанын Кесте боп төгілетін еді, Халима! Дачада басқан жерің Гүл болып егілетін еді, X а л и м а! Сен жанап өткен ағаш Жапырақ шашатын еді, Халима! Сен жетектеп әкелген суға, Құмарын басатын еді, Халима!
Бір минут толғанғаның Үйге құт әкелуші еді, Халима! Іздеген әр затымды, Айтпастан әперуші едің, Халима! Созсам — қол, жүрсем — аяқ, Кеудемде жүрегім едің, Халима! Өмір деген сарайдағы, Мызғымас тірегім едің, Халима! Керегінде Сен менің Энциклопедиям едің, Халима! —Мен қазір айтып берем, Асықпай жаза бер, — дедің, Халима! Кей сөздің мәнін де айтар, Дап-дайын сөздігім едің, Халима! Мен Саған риза болып: \"Айналайын білгішім!\" дедім, Халима! —Қойшы, деп қолыңды сермеп, Мақтаныш білдірмедің, Халима! Ауырсам, түн бойы бағып, Көзіңді ілдірмедің, Халима! Жарқырап көзге түспей, Жұпыны жүретін едің, Халима! Басқалар қарқылдап жатса, Жымиып күлетін едің, Халима! Дәстүрдің, жөн-жобаның
Бәрін де білетін едің, Халима! Бұлжытпай, өз әлінше, Орындап жүретін едің, Халима! Не жақсы, не жаманды, Ішіңнен білетін едің, Халима! Ақылды сөзді ғана, Құлаққа ілетін едің, Халима! Санап жеткізе алмаспын, Барлық қасиетіңді, Халима! Жұртқа жақсылық жасаумен, Жалынды жүрегің тыңды, Халима! Қайтейін, амалым не, Мен сорлы боп қалдым мұңды. Әйелдер көп болса екен: Қазақта Халима сынды! 15.09.2003. 67 Сенің барлық киімің, Тізіліп, гардеробта тұр, Халима! Тұлыпқа үңілген сиырдай, Әрқайсысын сипаймын құр, Халима! Көйлегінің жағасынан, Күн сайын иіскеймін, Халима! Сен қымсынатын шығар деп, Етегіне тиіспеймін, Халима!
\"Тарт қолыңды Кореядан!\"153 Әр нәрсенің уақыты бар!\" Деуші едің қолымды тиып, Сол әзіліңе болдым зар, Халима! — Күндіз ұят болады! — деп, Тіпті, сүйіспейтін едің, Халима! Көңілің қалмасын деп, Мен саған тиіспейтін едім, Халима! Тек ылғи түндерде ғана, Сүйіп, құшатын едім, Халима! Төсіңнен тоят алып, Қыран боп ұшатын едім, Халима! Күн сайын қуаттанып, Алысқа самғайтын едім, Халима! Роман, повесть, очекті Жазудан танбайтын едім, Халима! Мен жазған бар шығарманың Қосалқы авторы болдың, Халима! Сенің қосқан ақылыңмен, Әдеби кемтігім толы, Халима! Сен аса жүйрік едің, Барлық әдебиетке, Халима! Мұғалім болып ауылды, Бастадың мәдениетке, Халима! Мені бар көмегіңмен,
Бақытты еттің, Халима! Тек Сенің арқанда ғана, Мен үлкен атаққа жеттім, Халима! Бұл ерен еңбегіңді, Ешқашан ұмытпаймын, Халима! Алтын атыңа Сенің Мәңгі кір жуытпаймын, Халима! 16.09.2003. 68 Сен менің байлағым едің, Байлығымнан айырылдым, Халима! Сен менің қанатым едің, Қанатымнан қайырылдым, Халима! Сен менің бақытым едің, Басымнан ұшып кеттің, Халима! Сен менің қуанышым едің, Енді қайғылы еттің, Халима! Сен менің шабытым едің, Шабытым сарқылып қалды, Халима! Сен түпсіз теңізім едің, Теңізім тартылып қалды, Халима! Сен шексіз ақылым едің, Ақылым кеміп қалды, Халима! Сен барда толықтау едім, Салмағым кеміп қалды, Халима!
Сен барда ағайын көп еді, Ағайын арылып қалды, Халима! Сен маған кең дүние едің, Дүнием тарылып қалды, Халима! Сен менің тұлпарым едің, Тұлпарым мерт болды, Халима! Тек қана Өзіңді ойлау — Арылмас дерт болды, Халима! Бүгін көйлегіңді сипап, Көзіме жас алдым тағы, Халима! Тек қана Әйел екен ғой, Барлық еркектің бағы, Халима! 21.09.2003. 69 Халат туралы жыр Бүгін Сенің пальтоңның Тағы да жағасын сүйдім. Қасында тұрған өзімнің Халатымды алып кидім Халат бойымды жылытып, Денеме қызу берді. Тарихы есіме түсіп, Қозғады іштегі шерді. ... Сен онда ауруханада, Бір жолы ауырып жаттың.
Телефон соғып маған, Көңілсіз жауап қаттың. —Әй, Әзілхан-ау, маған Сен ұрыспашы, — дедің. —Неге ұрысамын, жаным, Сөзіңді айта бер, — дедім. — Таңертең халат киіп, УЗИ-ге бардым. Сол жерде аурухананың Халатын жоғалтып алдым. Орныма тастап кетіп ем, Шықсам, ұшты-күйді жоқ Іздедім заркүриян боп, Ішіме түскендей шоқ. Медбике басшысына, Әлі айтқаным жоқ. Аларып қарайды ғой, Көзімен атқандай оқ. \"Өзің ұрладың\" деп, ол Ойлар деп ұяламын. \"Төле!\" деп дікілдер деп, Қысылып, ұяламын. Орнына өткізуге Халатыңды бересің бе? Үн-түнсіз, жаным тыныш,
Болар еді менің мүлде. —Ол үшін әбігер боп, Қысылма, айналайын. Бұйымтай халатыңды Мен қазір апарайын, - Дедім де ауруханаға Халатты алып бардым. Балбұл боп жүзің жайнап, Сен ессіз қуанып қалдың. — Жаңасын әперем! — деп, — Үйге барғаннан кейін. Еді ғой, айналайын, Адалдыққа жаның бейім. Айтқаныңды орындап, Маған халат әпердің кейін. Міне, сол халатыңа Оранам өлгенге дейін! Бұл халаттың әр жібінен Сенің қызуың келеді. Қалдырған әрбір затың, Жаныма қуат береді! Мен оларды сипағанда, Қасымда Сен бардай көрем. Әр затыңды жоғалтпай, Өлгенде құшақтап өлем!
24.09.2003. 70 Сен соңғы сәтіңде мені Жарты сағат құшақтап жаттың. Сөйлеуге тіл жоқ, тек қана Жүрегің маған үн қатты. Кеудеңе кеудем тиіп, Жүректер қоштасып жатты. Өмірі естілмеген Ыңқылың жаныма батты. Ышқынып, талпындың да, Төсектен тұра алмадың. Содан соң дүниеге, Мойын бұра алмадың. Өкінем, сонда неге, Кеудеңді көтермедім деп. Әлде тірі қалатын ба едің, Болып сол көмегім сеп? Көрдім ау, көзім шыққыр, Жанталас сәтіңді Сенің. Жаным жаныңмен бірге, Неліктен шықпады менің?! Неліктен зар еңіреп, Мен Сенің артында қалдым? Неліктен, Тағдыр ау, менің
Басыма зор қайғы салдың? \"Бірге тумақ болса да, Бірге өлмек — жоқ!\" деген. \"Жан бөлек\" деген және де Аталар сөзі рас екен! 24.09.2003. 71 Той туралы жыр Кешке қызық той болды: Театрға жұрт жиылып. Үлкен, кіші, кәрі, жас — Семейдің халқы құйылып. Өзіңе мәлім театр, Атын қойған Абайдың. Мәдениетке шөлдеген Сусыны болған талайдың. Үйі зәулім, тамаша, Жаңартылып салынған. Көз тоймайтын көрікті, Жасауға іші малынған. Есіңде болар қыздармен \"Еңлікті...\" келіп көргенің. Еңлік пен Көбек өлгенде Егіліп, жылай бергенің... Сол сахнаға мен шығып,
Қысқаша сөз сөйледім. Халықтың қол соғуы Ғажап болды — көргенім! Колледж154 жайлы сөйледім, Көңілім сәл бұзылып. Он жеті қыз қаз-қатар, Артымда тұрды тізіліп. Бас сыйлығым баяғы — Хандар киген зер шапан. Он жеті зат апарғам Біреуі \"УНИС\"155 машинкам. Бір барғанда Мәскеуге, өзің сатып әперген. Алматыға екеуміз Қуанышпен әкелген). Соларды жұртқа көрсетіп, Иесіне қыздар таратты. Сыйлық, экспонаттарды Сүйсіне қауым жаратты. Өзің туған ауылың — \"Жүрекадырдың\" қызы Шағанға156 сағат сыйладым Колледждің жұлдызы. Сіңліңе сағат таққанда, Ұстадым оның білегін.
Өзіңді көріп тұрғандай, Лүпілдеп кетті жүрегім. Сіңліңді Саған балап, Ақырын бетінен сүйдім. \"Шіркін, неге Сен емессің?\" деп, Өртеніп, ішімнен күйдім . Сахнада тұрып, тойға деп, Шашу шаштым зал жаққа. Жүз визитка157 апарғам, Ұмтылды жұрт алмаққа. \"Шашу!\" Шашу!\" \"Шашу!\" деп, Он жеті қыз таратты. Суретім бар визиткам Жұртты өзіне қаратты. Жұрт жабыла қарады, Бір-бірлеп қолға барғасын. Әуезов, Назарбаев, Олжастың қолтаңбасын158 . Бердім екі суретіңді, Кітапша етіп жасалған. \"Жазушының жары!\" деп, Училищеден үлгі алған. Зал түрегеп қол соқты,
Мен орныма жеткенше. Отырмады ешбірі Мен бас иіп, ізет еткенше! Мақтанды деп ойлама, Менің айтқан мұнымды. Өзіңе ғана оңаша, Жеткізгенім шынымды. Алматы, Шымкент, Таразда Сан шапалақ соғылған. Мен де аздап атақтымын! Демей-ақ қой: \"Неғылған?\" Менің колледжімнің тойы, Осылай өтті дүркіреп, Біз театрдан шыққанда, Ақ жауын жауды сіркіреп Бұл менің отчетым ғой, Тек Өзіңе деген, Халима! Қабыл ал өскен жерің — Семейден сәлем, Халима! 12.09.2003. Семей қаласы, \"Семей\" қонақүйі, № 318 люкс. 72 Тәбәрік туралы жыр
Бүгін Семейден шығып, Шыңғыстауға бет алдым. Сенің туған жеріңе Тоймай қарап, көз салдым. Сен егіліп жылаған, \"Еңлік Кебекке\" де жеттім159 Қос ғашықтың қабырына Иіліп, тауап еттім. Екі Орданың160 арасын Зымырай жарып өттім. Құстай ұшқан машинамен, Жидебайға да жеттім. Атамыз ұлы Абайдың Мұражай-үйіне кірдім. Жүрегім толқып кетті Мекенін көргенде пірдің.161 Экскурсовод Гүлсара162 Баяндап, бәйек болды. Жол соғып, шаршағанның Бәрі де ғайып болды. —Мынау — Әйгерім163 апаның Күмістеген ер-тоқымы. Қол жетпес мына мылтық — Барон Таубе164 сыйлаған мұны! Мынау Абай атаның
Өз кабинет бөлмесі. Дөңгелек, биік үстелі, Қауырсын қалам — әммәсі! Бұл орындық креслоға, Атамыз өзі отырған. Өлмейтұғын өлеңдер жазып, Қағаздың бетін толтырған! Мынау кітап шкафы, Даналар томдары сыйған. Осының бәрін атамыз, Семейден алдырып жиған! —Атаның отырған тағын Шетінен сипауға бола ма? — Имене сұрақ қойдым, Мен тұрып Гүлсараға. Ол, аздап жымиды да, Ақырын бас шайқады. Мен, әнтек, абыржып қалдым, Сынғандай болып сағым. — Ешкімге сипатпаймыз, Атаның асыл мүлкін! Сізге отыруға да рұқсат, Ықылас етсеңіз, ілкім. Сенер сенбесімді білмей, Оның бетіне қарадым.
—Өзгелерге емес, маған Неге рұқсат, қарағым? \"Абайды\" төрт жыл арқалап, Соғыстан елге жеттіңіз. Атаның бір жол өлеңін Үлкен роман еттіңіз. \"Махаббат, қызық мол жылдар\" Бізге \"Иманшарт\" болды. Меңтай мен Ерболға165, Әбден көңіліміз толды. Атамыз тұрған Жидебай, Біздің Үлкен Меккеміз! Меккенің затын сипауға Сізге рұқсат етеміз. Абайдың тағында мені Суретке де түсірді. Осы бір ғажайып сәт Көңілді көкке ұшырды! Бұрынғы сүйек төсек, Нақыштап күміс жүгірткен. Екі ақ жастық үстінде Әйгерімнің орны екен. Төрде, төсек алдында Үш ішекті домбыра тұр. —Ата талай ән шығарған,
Атақты домбырасы бұл! — Деп Гүлсара оны да, Менің қолыма ұсынды. Аппарат және жарқ етіп, Тағы да суретке түсірді. Осындай зор құрметпен, Зәулім ақ күмбезге бардым. Оны Сайын салғанын Елжіреп есіме алдым. Сенің де күмбезіңді Осы шебер салған. Әдейі арнап сол үшін Ақтаудан Кеңсайға барған! Күмбездің ішіне кіріп, Атаға сәлем бердім. Құлпытасын құшақтап, Көп тұрдым кемеңгердің. Құлпытасқа ақ, мата Арнайы жабылған екен. Оны да сипап тағы да, Данаға тауап етем! Біз шығарда шырақшы166 Әлгі матаны алды. Бүктеп-бүктеп болды да, Алақаныма салды.
Шырақшыға таңданып, Мен, ақырын, \"Бұл не?\" дедім. Ол жымиып, ықыласпен: — Атадан тәбәрік! — деді. Көрмеген атасын да Жазушы жұртынан ешкім, Халима! Мен бүгін Жидебайға келіп Ғажайып қуаныш кештім, Халима! Қарауылдан167 шығып, Жүрекадырға бардым, Халима! Сенің өкіл әкең болған Шәкірге топырақ салдым, Халима! Сайынның оған салған Төрт бұрыш мазарын көрдім, Халима! Тұр екен аппақ болып Ең биік басында төрдің, Халима! Алдымнан ентелей соққан Елемей екпінді желді, Халима! Сенің аулыңның әр үйін, Барып құшақтағым келді, Халима! Алып кетуге ауылың Машинаға сыймады. Халима! Саған жұрағат жоқтығы Жанымды қатты қинады, Халима! Балдызым, бауырым! — деп
Ешкімді сүйе алмадым, Халима! Сонда да сол ауылды, Кетерде қия алмадым, Халима! Жерде жатқан бір тасын Қолыммен көтеріп алдым, Халима! Қайта-қайта сипалап, Тастамай, қалтама салдым, Халима! \"Бала күніңде Сенің, Аяғың тиген шығар...\" Халима! Деген оймен ол тасты Алуға болдым құмар, Халима! Жолда Өзің туралы Түбіне баттым ойдың, Халима! Қалтамдағы титтей тасты, Сыртынан сипап қойдым, Халима! Кешке қарай зырғытып, Қайта Қарауыл келдім, Халима! Ағаң Кәменге168 соғып, Арнайы сәлем бердім, Халима! Маған мұңды көңіл айтып, Көзіне ол жас алды, Халима! Сыбаға деп қой сойып, Дастарқан толық жасалды, Халима! Күйеу деп, дос деп, туыс деп Кәмекең сыйлады қатты, Халима!
Оның кәртейіп қалғаны, Менің жаныма батты, Халима! Семейге тарттық тағы да, Зымырай қуалап жолды, Халима! Адай169 мен Айбек170 бауырың — Менің қос қанатым болды, Халима! 13.09.2003. Семей. 73 Мен Семейге келгеннің Ертеңі кездесумен кетті. \"Семей таңы\" газеті мен Қаржы колледжінде өтті. Келер күн конференция, Кешінде үлкен той болды Семей тегіс жиналып, Ресторан халыққа толды. Келесі күні дәм тартып, Шапқылап Абайға кеттім. Сен оқыған мектепке Мінеки, бүгін жеттім. Мектептің кең ауласына Аяғым қалтырап кірдім. Кешегі алтын ұяның Иесіз қалғанын білдім. Жұтынып тұрған мектебің
Аңғал-саңғал боп жатыр. Бірнеше қудың қолына түсіп, Жұлмаланып, бітіпті ақыр. Тағы біреу келмек екен Кірпішін алу үшін. Қаладан шетке апарып, Мал қора салу үшін. Бір кезде бұл тамаша үй, Менің құбыла, Меккем еді! Талай жастың жүрегіне Өнер, білім еккен еді. Үлгілі интернатымен Даңқы жер жарған еді. Түрлі олимпиадаларда Сан жүлде алған еді. Бұл мектеп ауласында Сені алғаш көріп едім. Махаббат жемісін тәтті, Жаныңнан теріп едім. Бар ынта, ықыласымды, Өзіңе беріп едім. Сен жымисаң маған қарап, Майдай боп еріп едім. Өзіңді әкеп салатын Интернат алдына келдім.
Тозған табалдырығын сипап, Тиегін ағыттым шердің. Сенің қолың тиді ғой деп, Баспалдақ ағашын сүйдім. Ар жақтан Сен шыға ма деп, Бір сәтке жандым да, күйдім. Ескі мектеп сияқтанып, Өзімнің тозғанымды Ұқтым да, кейін қайттым, Көңілім болып мұңды. Бір ғана медеуім бар: Қуана көңілге түйген, Халима! Тротуар, көшемен жүрдім, Қыз кезде табанын тиген, Халима! Ертең ертемен ұшып, Таңертең Алматы келем, Халима! Көрген, білгенімді айтып, Өзіңе рапорт берем, Халима! Семей қаласы, \"Семей\" қонақүйі, 14.09.2003. 74 Бүгін дәл сегіз жүз күн Мен жетім лақтай маңырағалы, Халима! Иен қалған үйдей боп,
Көңілім аңырағалы, Халима! Сені жоқтап хат жазып, Анадай аңырағалы, Халима! Айтарым таусылар емес, Тағы да табылады әлі, Халима! Кip жуытпай бойыңды, Сен Тәніңді таза ұстадың, Халима! Мені шыттай киіндіріп, Кеңсеме қарай нұсқадың, Халима! Балалардың үстін де, Үнемі мұнтаздай еттің, Халима! Өнегелі Жар, Ана! - Деген атаққа жеттің, Халима! Көршілеріңнің бәрі, Көңіліңе тәнті болды, Халима! Жұрттың сұрағанын беріп, Сараңсып, тартпадың қолды, Халима! Қарыздың бергенін алдың, Бермесе сұрамадың, Халима! Ac, кітап, киімнен өзге Артық зат құрамадың, Халима! Үлкенге де, кішіге де Еңкейіп иіліп тұрдың, Халима! Жолдағы қайыршыға да, Ерінбей, бетіңді бұрдың, Халима!
Осы әдептеріңнің бәрін, Сағынып, еске аламын, Халима! Өзіңді ойлаудан өзге, Қалмады менің амалым, Халима! 5.10.2003. 75 Мұң шағу Тыңдармысың, Халима, Менің мұңды жырымды? Өзіңе айтам тағы да Өмір жайлы сырымды. Бүгін жүріп паркте Бірсыпыра ой кештім. Соның бірін толықтап, Саған айтсам деп шештім. Өлмейтіндей жүреміз, Біреу өлсе күлеміз. Кісімсініп бақсақ та, Ит боп кейде үреміз. Таласамыз, тартысып, Шапқылаймыз, шарпысып. Ұмтыламыз дүниеге, Көп алуға қарпысып. \"Мерседеске\" мінеміз, Зымыратып жүреміз.
Сұқсыр үйрек сұлуды Қырғи болып ілеміз... Кейде кеуіп, ісеміз Арақты да ішеміз. Ауру жамап, ақыры Мың әуреге түсеміз. Ақша десе өлеміз, Бар қорлыққа көнеміз. \"Пайда! Пайда! Пайда!\" деп, Бір жанып, бір сөнеміз. Той дегенде өлеміз, Сонша көңіл бөлеміз. Ертеңгіні ойламай, Едіреңдеп келеміз. Болашақ бұлдыр — көнеміз, Өсіп, қалай өнеміз? Ұлттың жайын ойласаң, Қалтырайды денеңіз. Қалай, қайтып өсеміз, Өркениетке көшеміз? Оны ойламай бәріміз Алшаң қағып, бөсеміз. Қутың-қутың етеміз, Қу мұратқа жетеміз. Қара орманың — халықты
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 688
Pages: