Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Халима өмірінің өшпес өрнектері

Халима өмірінің өшпес өрнектері

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-05-17 05:56:03

Description: Халима өмірінің өшпес өрнектері

Search

Read the Text Version

Жалғыз Хантай екеуміз ғана емес, соғыста бірге болған досымыз Қабікен Мебдібаев та тұңғыш ұлына Әзілхан деп ат қойды. Анау Талдықорған жағында тұрып, қайтыс болған ескі жауынгер досымыз Тәкен Майшынов та өзінің тұңғыш қызына Халима деп ат қойды. 1944 жылы Тәкен Әзілханмен бірге Қазақстанға делегация құрамында бара жатқанда, жолда, Мәскеуге тоқтап, Халиманы көріпті. Ол досының болашақ жарын бірден ұнатыпты. Ұнатқандықтан да тұңғыш қызына Халиманың атын қойыпты. Осының бәрі Халима мен Әзілханның дос-жолдастарының ортасында абыройлы болғандарының арқасы. 2 Сол соғыста суретін көрген Халиманың өзін мен содан жеті жыл кейін бір-ақ көрдім. Оның ортасында Халимадан бір рет хат алғаным бар. Әзілхан Халимаға жазған бір хатында: \"Менің Мұқан деген досым бар. Анда-санда соған да хат жазып тұр\" деп, менің әдірісімді жіберген екен. Халима Әзілханның айтқанын орындап, 1944 жылы маған бір ашық хат открытка жіберді. Оның алдында Әзілхан сенің әдірісіңді Халимаға жібердім, жауап келсе хат жаз деп айтқан болатын. Өйткені ол кезде біздің 100-атқыштар бригадасы дивизияға айналған болатын. Біз бір артполкте болғанымыз бен бұл кезде бөлек-бөлек батареяда едік. Әдірісі екі басқа болатын. Ол кезде біз Белорусь майданында болатынбыз. Халима хатында амандықты сұрап, \"майдандас жолдастарыңа сәлем, жеңіспен аман оралыңдар\" депті де, аяғына: \"Хат жазған Әзілхан досыңның досы Халима Қалиәкпарқызы Өзбақанова\" деп қолын қойыпты. Мен қолма-қол жауап жаздым. Содан кейін мен жараланып, госпитальға кеттім де, Халимаға қайтадан хат жаза алмадым. Әзілхан менің жараланып госпитальға кеткенімді Халимаға хабарлапты. Сонымен, алдымен Халиманың суретін көрдім. Одан кейін өзіме арнап, өз қолымен жазған хатын алдым. Суреті қандай әдемі болса, жазған жазуы да маржандай екен! Ал өзін 1950 жылы көрдім. Ол кезде мен Сарыөзек стансасындағы әскери бөлімде қызметте болатынмын. Майор деген атағым бар. Әзілхан мен Халимадан Сарыөзектегі Хантай екеумізге хат келіп тұратын. Бір бір-бірімізден өмір бойы хабар үзген емеспіз. Әрқашанда амандығымызды айтып, әдірісімізді білдіріп жүретінбіз. 1947 жылы қыста Хантай екеуміз үйленгенде, Әзілхан Семейден Белағашқа келіп, біздің тойымызға қатысты. Халима екеуі бізден бес-алты ай ғана бұрын қосылып, ерлі-зайыпты болған екен. Сол жолы Әзілхан Хантай екеумізге Халима туралы көп әңгіме айтты. Халиманың жетімдік тарихын, интернаттағы өмірін, соғыс кезінде, әскерде басынан кешкендерін түгел баяндады. Халиманың өте ақылды, білімді, кішіпейіл екенін, өзі

келін боп түскен Ақ бұзау ауылының үлкен-кішісі оны тегіс жақсы көріп кеткенін айтты. — Сөйтіп, біз бір-бірімізге тоғыз жыл ғашық болып жүріп, қосылдық қой, — деп бір тоқтады да, қуақыланып Хантай екеумізге кезек қарады. Содан кейін: — Ал, сендер бір біріңе неше жыл ғашық болдыңдар? — деп сұрады. — Бір жыл да ғашық болғанымыз жоқ. Әке-шешем: \"Келін керек!\" деген соң, екеуміз қол ұстасып, қосыла кеттік. Соғыс кезінде Әзілханға қыздардан көп хат келді. Әзілхан ол хаттарды не бірін осы қызға ие бол деп берді. Мен бұл кісіге екі рет хат жаздым. Біздің ғашықтығымыз сол ғана, — дедім мен. Әзілхан күлді де: — Келінді ауылға немен әкелдің? — деп сұрады. — Немен әкелуші едім: әкемнің үйдегі қоңыр биесіне сыртта жатқан жайдақ шананы жектім де, соған отырғызып, көрші ауылдан алып келдім. Әзілхан тағы да күлді. Күлді де, өзінің тоғыз шақырым темір жол разъезінен Халиманы ауылға жаяу алып келгенін айтты. Әзілхан ауызша әңгімеге де шешен ғой. Қызықты етіп, күлдіріп айтқанда, ішек сіленді қатырады. Ақ бұзау ауылына соғыстан кейін түскен бірінші келін Халима екен. Ол жаз айында, жаяу келіпті. Колхоз бастығы алдынан ат-арба жібермепті. Екінші келін күзде пар ат жеккен жұмсақ (рессорлы) тірәшмөңкемен жолдың шаңын бұрқыратып келіп түсіпті. Үшінші келін қыста пар-пар ат жеккен үш шанамен ақ қардан боран соқтыра бұрқыратып келіп, ауылға кіріпті. Халиманы алғашында ауылдағылар \"жаяу келін\" деп атаған екен. Артынан өзінің іскерлігі, ісмерлігі, үлкен кішіні сыйлауы жағынан басқа келіндердің бәрінен озып шығыпты. Әзілханның бұл әңгімесін естіген Хантай екеуміз де, әке шешем де, тыңдап отырған басқа жұртта өлердей риза болдық. Хантай екеуміз Халиманы тезірек көрсек екен деп асықтық. Менің әке-шешем де Әзілханның әзіліне қарқ болды. Оның айтқан мына бір әңгімесі біздің Талапты ауылына тегіс жайылып кетті. Таңертең шай ішіп отырғанда әкем Әзілханнан: — Қай елдің баласысың, қалқам? — деп сұрады.

— Арғы жатымыз Найман болса керек, — деді Әзілхан бөгелместен. — Бергі жақтарың кім? — Бергі жағымыз Бұра деп аталады, ақсақал. — Онда сен бізге құда болдың ғой, қалқам. Біздің келін де Бұра деді әкем. — Бұра дейсіз бе? — деді Әзілхан жымың етіп. — Келініңізді айтасыз ба? — Иә, қалқам, Бұра, — деп әкем қалбалақтап жатыр. — Сенбеймін, — деді Әзілхан басын шайқап. — Heгe, қалқам? — дейді әкем ойында ештеңе жоқ. Әзілханның әзілқой екенін білетін мен оның бір жерге апарып соққалы отырғанын сезе қойдым. Бірақ, не дейтінін білгенім жоқ. — Олай болса тексерейік, — деді Әзілхан. — Тексер, тексер, — деді әкем Әзілхан аға жөнін тартқалы отыр екен деп. — Онда ақсақалдың келіні орныңыздан тұрыңызшы, — деді Әзілхан Хантайға қарап. Хантай ұялып орнынан тұрды. — Алдымен ары қара, содан соң бері бұрыл, — деді Әзілхан ағасының келініне бұйрық беріп. Хантай Әзілханның айтқанын істеді. — Енді отыр, көрдім, — деді Әзілхан Хантайдың бойынан бір нәрсе тапқандай. — Бұл нені көрді?\" деп бәріміз аң-таңбыз. Содан кейін Әзілхан менің әкеме қарай бұрылды да: — Ақсақал, сіздің келініңіз бұра емес, інген болуы керек! — деді. Үйдің іші қыран-күлкі болды. Кейбіреулер көзінен жасаққанша күліп жатыр. Әзілхан \"жұрт неге күледі?\" деп таңдаған сияқтанды да, бетін маған қарай бұрып: — Мұқан, сен айтшы, анығын білесің ғой, — дегені.

Жұрт қайтадан қыран-күлкі болды. Хантай ұялғаннан шай құйып отырған орнынан тұрып, есікке қарай аға келіп жөнелді. Әзілханның Хантай екеуміздің тойымызға келгені ауылға осындай жыр боп тараған. Сөйтіп, Сарыөзекте тұрғанымызда, 1950 жылы бір күні мені штабқа шақырды. Шақырды да: — Ертең ерекше тапсырмамен Алматыға жүресің! — деген бұйрық берді. Мен ішімнен қуанып кеттім. Қуанатыным Әзілханды көрмегеніме де үш жыл болған. Ал Халиманы мүлде көргенім жоқ. Солармен жүздесіп қайтуға жағдай туғанына қуандым. Алматыға келген соң әдірісімен іздеп, Әзілханның үйіне бардым. Есікті қос бұрымды, қою қара шашты, жүзі жылы аққұба келіншек ашты. — Сәлеметсіз бе? Әзілханның үйі осы ма? — дедім келіншекке. Мен аузымды жауып үлгергенше: — Сен Мұқан боларсың, деп қолымды алып, ішке кіргізді. Хантай сәлемет пе? Қашан келдің? Тіпті бізді баяғыдан білетін кісідей сөйлейді. Амандық біліскеннен кейін: — Мұқан ренжіме, біз ен жақсы көретін адамдарымызбен сен деп сөйлесеміз, — деді Халима. Осы қарапайымдылығымен Халима маған қатты ұнады. Бірден жақсы көріп кеттім. Өмір бойы жақсы көрумен өттім. Әзілхан үйде жоқ, кеңсесінде қызметте екен. Кеңсесіне баратын болдық. Менің астымда абажадай \"Студобекер\" машинасы бар. Шофер де — өзім — бұрынғы танкистпін ғой, бастық та — өзім. Үйден шығып, Халиманы машинамның қасына алып келдім. — Мұқан ау, машинаң таудай ғой! — деді Халима. — Бұл соғыс кезінде бізге Америкадан келген машина. Осы машиналар келгеннен кейін біз зеңбіректерді осыған тіркеп, жырғап қалдық қой. Әзілханның зеңбірегін осындай машина сүйреген, дедім мен Халимаға мақтанғандай болып.

— А-а-а! Сендердің соғыстағы Тайбурылдарың осы болған екен ғой! — деп Халима машинаға бақырая қарады. Бірден кабинаға қарай ұмтылмай, машинаның алдына барып, алақанымен радиаторын сипады. Бір емес, үш рет. Мұнысы маған \"Қобыланды батыр\" жырындағы Қобыланды батырдың Тайбурыл тұлпарын құлын күнінен маңдайынан сипап өсірген Құртқа сұлуды ойыма түсірді. Сонымен салыстырып тұр-ау деп ойладым. Көзіме лық етіп жас келді. Бірақ оны Халимаға сездірмей, кейін бұрылдым да, қабинаның он жақ есігін ашып, Халиманың машинаға көтерілуіне көмектестім. \"Сен де менің Әзілімнің-Әзекемнің Құртқасы — Қыз құртқасы бол!\" дедім ішімнен. Мен өзім, көбінесе, ішімнен сөйлеймін. Әзілхан қызмет істейтін \"Социалистік Қазақстан\" газеті бұрынғы Сталин көшесі мен Гоголь көшесінің қиылысында екен. Соған бардық. Маған Әзілханды тауып бергеннен кейін \"Мен бір дүкенге кіріп шыға қояйын\" деп Халима кетіп қалды. Әзілхан мені Құрманғали, Сәуірбек деген жолдастарымен таныстырды. Сол жерде редакцияның шолақ қол фотографы келе қалды. Төрт майдангер қағар отырып, суретке түстік. Халима келді. Содан соң Әзілхан, Халима және мен үшеуміз машинаға мініп, қайтадан Әзілхандардың үйіне келдік. Әзілхандар біреудің аядай бөлмесінде пәтерде тұрады екен. Бір кереует, бір баланың \"качалкасы\" әрең сиып тұр. Кіре беріске кішкентай үстел қойылыпты. \"Қачалқаның\" иесі Халима мен Әзілханның Жанар деген кішкентай қызы екен. Кешке қарай \"яслидегі\" титімдей сәбиді таудай машинаға отырғызып, үйге алып келдік. Екеуінің Жанна деген тұнғыш сәбиі қырқынан шығар шықпаста шетінеп кеткен екен. Халима мұңайып, соны айтты. Өзі бұл кезде институттың екінші курсында оқып жүр екен. ЖенПИ-де. Түн ортасына дейін әңгімелестік. Содан кейін Әзілхан екеуміз менің машинамның кабинасына кіріп ұйықтадық. Аяқ созып жатуға жер тар. Біз иықтасып, біріміздің басымызды бірімізге сүйеп, тік отырып мызғыдық. Таңертеңгі сағат сегізде орнымыздан тұрып үйге кірсек, Халима шай қайнатып, кішкентай үстелдің үстін асқа толтырып қойыпты. Мен Әзілхан досымның Халимадай ақылды, әдепті, мейірімді, сүйкімді, әдемі қызға үйленгеніне риза болып, іштей қуанып отырдым. \"Сондай сезімтал, сергек, жүріс-тұрысы ширақ, бірақ ешқандай артық қимылы жоқ, алтыннан құйған асықтай өне бойы жинақы ғажап жар тапқан екенсің, досым!\" деп іштей тебірендім. Баяғыдай майдандағы жер үй ішінде Геновтың Халиманың суретіне қарап берген бағасы ойыма оралды. \"Дәл тапқан екенсің, жаза баспай, жақсы бағалапсың, сабаз!\" дедім отан үнсіз разылық білдіріп.

Екінші күні Халима Хантайға сәлемдеме салып, көптен-көп сәлем айтып, екеуі мені аттандырып салды. Кейіннен үй ішімізбен араласып, сыйластығымыз арта берді. 3 Сарыөзектен кейін біздің әскери бөлімді Ташкентке ауыстырды. Мен подполковник болдым. Бөлімше командирінің орынбасарымын. Қаланың сырт жатындағы Чаланзар деген жерде әскери қалашықта екі этажды төрт бөлмелі үйіміз бар. Асқар, Әзілхан, Талант деген балаларымыз өмірге келген. Кейін Талантымыз қайтыс боп кетті. Әзілхандар—Алматыда. Бір жылы Халима екеуі Сарыағашқа курортқа келді. Сарыағаш Ташкенттен жиырма шақырым ғана жер. Бір демалыс күні Хантай екеуміз артынып-тартынып, Сарыағашқа барып, Халима мен Әзілханға сәлем беріп қайттық. Ол кезде \"Студобекер\" емес, \"Газ-69\" машинасын мінемін. Әзілхандар курорттың екінші қабатындағы екі кісілік іші кен, жайлы бөлмеде жатыр екен. Қуанып қайттық. Содан он шақты күн кейін, таңертең шай ішіп отырғанымызда Халима күліп, біздің үйдің есігінен кіріп келді. Біз отырған орнымыздан атып тұрдық. Артынан Әзілхан да кіретін шығар дедім, ол көрінбеді. \"Е, тегі Халима Ташкенттен бірдеңелер сатып алуға келген ғой\" дедім ішімнен. Өйткені олардың курорттан Алматыға қайтуларына әлі бір аптадай күн бар болатын. Оларды Сарыағаштан қайтарда Ташкентке келіп, біздің үйге қонып, біз самолетке шығарып салмақ боп келіскен болатынбыз. — Ал, жоғарыла, Халима, жол болсын! — дедік біз құшағымызды жайып. Жалғызбысың, біздің үйді қалай тауып келдің, мына Ташкенттің қиқы жиқы көшелерінен адаспай, — деймін мен тағы. — Мұқан ау, мен Ташкент тұрғай, Мәскеуде де тұрдым емес пе? дейді Халима тағы да жымиып. — \"Тіл Мәскеуге де немесе Киевке де бастап барады\" деген орыс мақалы бар емес пе? Сол тілдің арқасында таптым. Таксистер біледі екен, жеткізіп салды. — Ал, Әзілхан қайда? — Сарыағашта. — Сен неге жалғыз жүрсің? — Курорт маған ұнамады. Сарыағаштан гөрі бес-алты күн сендермен бірге болғанды артық көрдім.

Бұл Халиманың бізге айтқан әзілі екен. Шындығы былай болыпты. Жақында Сарыағаш курортына демалуға Алматыдан академик Марғұлан келген екен. Сол кісі курорт үйініің жоғарғы қабатында орын болмай, төменгі қабаттағы жайсыздау бөлмелердің біріне жайғасыпты. Академик Әзілханмен таныс екен. Әзілхан ол кезде тұңғыш ашылған Қазақ Совет Энциклопедиясында істейтін. Әдебиет жағын басқаратын. Әлкей ағай Әзілханның редакциясына әдеби ғылыми мақалалар жазып тұратын белсенді авторлардың бірі екен. Әзілхан басқаратын редакцияның жиналыстарына да жиі қатысатын болса керек. Бір сөзбен айтқанда Әзілханның қатты сыйлайтын үлкен ағаларының бірі екен ол кісі. Әзілхан академик ағасынын жайсыз жерде жатып қалғанына қатты қиналады. Бас дәрігерге барып, ол кісіні жоғарғы қабатқа шығару жөнінде өтініш те жасайды. Бас дәрігер: — Қайтейін, ол кісі путевкасыз келіп түсті. Путевканы курорттың өзінен аласың депті ол кісіге. Келетінін бізге хабарлаған да жоқ. Жоғарыда орын болмағандықтан, уақытша осылай орналастырдық. Бес-алты күнге дейін жоғарыдан орындар босайды. Сол кезде жақсы жерге жайғастырамыз ол ағайды, — дейді. Бас дәрігердің бұл жауабына Әзілханның қиналып шыққанын сезген Халима бірден оған ұсыныс жасайды. — Әзілхан, сен қиналма. Ол кісіге мен өз орнымды берейін. Екеуің бірге жатындар, — дейді. — Сен қайда барасың, төменгі қабатқа көшпексің бе? — дейді Әзілхан абыржып. — Жоқ. Мен Ташкенттегі Мұқандарға барып, путевканың мерзімі біткенше сонда жата тұрайын. Бес-ақ күн қалды ғой біздің путевканың уақытының бітуіне. Егер бас дәрігер рұқсат етсе, сен менің путевкамның қалған бес күнін өзіңе қостырып алып, он күн жатып демал. Мұқанның машинасы бар ғой, мен саған үш күнде бір келіп, халіңді біліп кетіп тұрамын. Халима осылай дейді. Әзілхан амалсыздан көнеді. Сөйтіп, Халима такси жалдап, салып отырып Ташкентке келеді. Халима бізге осыны айтты. Біз жатып кеп өкіндік. — Оның не? Әлдебіреуге өзіңнің жатқан жылы орныңды беріп кеткенің дұрыс болмаған. Оның үстіне жатқан жерің жай қонақ үй емес, курорт қой! дедік отан.

Халима басын шайқады. — Ардақты ағаларды аялай білу керек қой! Сол кісілердің ойынан елге өнеге, білім тарайды. Біз сияқты, мен сияқты, қарапайым адамдардың мың күн рахат көргенінен, ғалым кісілердің бір сағат жайлы жатқаны артық қой! Халима осылай деп бір тоқтады да, сөзін ары қарай жалғады. — Мұхтар ағамыз Әуезов Павлодарға келгенде Әзілхан сол кісінің қасында бес күн бірге жүрді. Сол бес күн ішінде Ұлы адамнан қаншама үлгі, өнеге алды. Мүлде рухтанып, қанаттанып қайтты. Ол кісілер Баянауылдан келгеннен кейін біз өз үйімізге шақырып, дастарқанымыздан дәм татырдық. Мұхтар аға Әзілханға өте риза болып кетті. Жақсы ағалардың жақсы қасиеттерінің Әзілханға да жууға беруіне көмектесу ғой менің мақсатым, қолымнан келгенінше. Осыны айтып, жымиды да, Халима кеседегі шайын бір ұрттап қойды. — Кеше, Сарыағаштан кетерде, өзімнің орнымды босатып беріп, Әлкей ағайдың алдына дастарқан жайдым. Қолымнан дәм татырдым. Ризалығын алдым. Батасын берді. — Қарағым, Әзілханды курортта қалдырып, өзін неге Ташкентке кетіп барасың? — деді ол кісі. — Әлкей аға, Ташкентте Әзілханның кешегі Ұлы Отан соғысында қатар жүріп қан кешкен қанды көйлек досы бар еді Мұқан деген. Сол кісілер бізді үнемі қонаққа шақырып, біз бара алмай, ұятты болып жүруші едік. Әзілханды осында демалуға қалдырып, мен төрт-бес күн солардың қасында болайын, олар да қуанып қалсын деп бара жатырмын, — дедім. — Е, \"апама да барайын, тайлағымды да үйрете келейін\" дегеннің кебі болды ғой, — деді Әлкей аға күліп. — Солай десе де болады, аға, дедім мен де күліп. — Мінеки, достар, мен сондықтан сол кісіге орнымды беріп, біраз күн Хантай екеуіңнің қастарында болуға келдім, егер қарсы болмасаңдар. Әзілхан Әуезов ағасымен бес күн бірге болғанындай, әлкей ағасымен бес күн бірге жатып, армансыз әңгімелессін дедім. Қарсы емессіңдер ме келгеніме? — Қайдағы қарсылық. Біз өздеріңді үйге келтіріп дәм татыра алмай қиналып журуші едік. Келгенің қандай жақсы болды, — дедік Хантай екеуміз жарыса сөйлеп. Біз оның келгеніне қуандық, әрі ақылдылығына, әрі Әзілханға деген қамқорлығына тәнті болдық. — Орныңды ол кісіге қалдыру үшін Ташкентке кетіп бара жатқаныңды айтпадың ба, ағаңа? — деп сұрадым содан соң.

— Айтқаным жоқ, деді Халима басын шайқап. — Неге? — Әлкей аға өте мәдениетті адам. Ол кісі менің өзі үшін кетіп бара жатқанымды білсе, өмірі мені мұнда жібермес еді. Курорттың төменгі қабаты тұрғай, босағасында жатса да басқа біреуге ауыртпалық түсіруге бармас еді. Сол себептен айтпадым. Ағаларды ардақтау керек. Әлкей аға сияқты атақты ағалар халқымыздың алтын айдары ғой! — деді Халима. Халиманың осы адамгершілігін Хантай екеуміз өмір бойы ұмытпай айтып келеміз. Мұны біздің жақындардың бәрі біледі. Енді жақын кісілер де білсін! 4 Хантай мен Халима бірін-бірі сол ең алғаш көргеннен бастап-ақ дос боп кетті. Екеуі өмір бойы бірін-бірі сыйласып өтті. Әзілхан екеуміздің арамыздағы достық қандай болса, екі бәйбішенің арасындағы достық та сондай дәрежеге жетті. Екеуінің бір-біріне жақын достық құшағын ажал ғана айырды. Халимамен Әзілхаңның қызық қуаныштарын бірге өткіздік. Қыз ұзату, келін түсіру тойларына қатыстық. Құдалыққа бару, құдаларды шақыру рәсімдерін Хантай екеуміз қосыла жүріп атқардық. Біздің үлкен ұлымыз Асқар үйленгенде Халима мен Әзілхан Семейге Алматыдан арнайы келді. Жас отаудың жасауына деп бір үлкен кілем әкеліп сыйлады. Артынан білсек, ол өздерінің жақында ғана қолдары жеткен жалғыз кілемдері екен. Одан кейін Халима мен Әзілхан өздерінін бірінші қыздары (\"тұңғыштары\" демей отырғаным алғашқы қыздары сәби күнінде шетінеп кеткен ғой) Жанарды Павлодар жігітіне ұзатты. Соның тойын атқарысуға Семейден біз келдік. Той өткеннен кейін жас жұбайларды аэропортқа шығарып салуға бардық. Әзілхан мен Халиманың басты байлығы екеулеп жүріп жинаған кітаптары болатын. Сол кітаптарынан Жанардың жасауына деп олар Әлем әдебиеті классиктерінің 200 томдығын сыйлады. Ол деген баға жетпес байлық қой. Он-оннан буылып, бірінің үстіне бірі тізіліп тұрған кітаптарды Павлодардан келген құдағидың: — Бұл немене? Мұндай жасау болушы ма еді? — деп аяғымен тепкенін көзім көрді. Халима ернін жымырды да, үндеген жоқ. Әзілхан не айтар екен деп, мен оның бетіне қарадым. — Құдағи, бұл жай жасау емес, үйір-үйір жылқы. Сіз Павлодарға екі жүз жылқы айдап бара жатырсыз, — деді Әзілхан күле сөйлеп.

— Мұндай жылқысы құрсын! деп құдағи теріс айналып кетті. Артынан білсек: ол құдағи дүние қуған саудагер әйел екен! Сол жылы Халима екінші құдағи етіп, қасына Хантайды ертіп, Павлодарға кетті. Халима мен Хантайды Жанардың қасына қосып, келінді алып кетуге келген адамдардың бәрін аэропорттан аттандырып салып, Әзілхан екеуміз үйге келдік. Әзілханның сонда тұңғыштары Жанар жататын бөлмеге кіріп, қызының төсегін сипалап, егіліп жылағаны әлі күнге дейін есімде. Мен оны жұбатып бақтым. Титімдей Жанарды таудай \"Студобекер\" машинасымен яслиден алып қайтқанымызды есіне түсірдім. — Мінеки, сондағы сәби үлкен болып, бой жетті. Тұрмысқа шығып, өмірдегі өз орнын тапты. Біздің соған қуануымыз керек! — деп жұбаттым. — Қайтейін, \"папалап\" қасымнан қалмайтын құлынымның аяқ астынан алыстап кеткеніне ішім күйгендіктен жылағаным ғой, — деді Әзілхан. 5 Көп нәрсе әйелге байланысты ғой. Дос та, туыс та, жолдас та әйелің жақсы болса ғана жанында. Ал әйелің шайпау, жалқау, долы болса, ешкім сенің жаныңа жоламайды: үйіңе жұрт кірмейді, жолдасың — бас сұқпайды, жақының алыстап кетеді. Біз Халималармен қатты араластық қой.Сыртта жүргендерге атақты жазушының үйіне бөтен ешкім бармайтын сияқты болып көрінер. Ал таныстар да, таныс еместер де Халиманың босағасын босатпайтын. Бір ғажабы, Халима солардың бәрін қынжылмай қарсы алатын: жатты — жақындай, бейтанысты туыстай қабылдайтын. Әзілханның атын атап келгендердің бәріне дастарқан жайып, қол қусырып туратын. Өз басым Тұрсынбек, Мұзафар, Қалмұқан, мен аты-жөнін білмейтін бір дудар бас жігітті, тағы басқалардың Халима дастарқанының басында қызара бөртіп, қонжиып отырғандарын сан рет көрдім. 1964 жылы демалысқа шығып, Хантай екеуміз Алматыға келдік. Әзілхан мен Халиманың үйінде төрт-бес күн аунап-қунап, ары қарай Семей түспек ойымыз болатын. Ол кезде әскердемін: иығымда погоным, басымда әскери фуражкам бар. 6-қараша күні түс ауа самолеттен түсіп, Әзілханның үйіне келсек, төргі бөлмеде дуылдасып, бір топ адам отыр екен. есікті балалар ашқан. Халима мен Әзілхан қонақтарының қасында. Мен келгенімді білдірейін деп, есіктен басымды сұқтым да:

— Орта толсын, жігіттер, — дедім. Жұрттың бәрі жалт етіп, маған қарай қалды. Халима орнынан жүгіріп шығып, біздің қасымызға келіп, менің қолымды алып, Хантай мен құшақтасып екеумізді шешіндіре бастады. Әзілхан да келіп, киім ілуге жәрдемдесе бастады. Сол сәтте іштегілердің бірінің: — Бұлардың \"досымыз досымыз\" деп әлдеқандай ғып жүргендері екі көзі сығырайған монғол ма, қалмақ па, бірдеңе екен ғой! деп дауысы қырылдай шытып, мыңқылдай сөйлеген үні естілді. Іштегі оған ду күлісіп жатты. \"Бұл маңқа кім екен?\" деп ойладым ішімнен. Хантай екеумізді ішке кіргізгеннен кейін Халима: — Әй, Мұзафар! Достан достың артығы жоқ. Сен біздің адал досымызды олай деп кемітпе. Өзгелеріңнің бәрің бүгін тату, ертең қату ағайынсыңдар. Біздің Мұқандармен достығымызға жиырма жылдан асты. Әлі ешқандай қылау түскен жоқ. Ешқашан түспес деп ойлаймын. Адал достықтың бір үлгісін осы кісілерден де үйренуге болады. Ал көз жатына келсек: өзіңді монғолдардың арасына жіберсе, ешкім де сені олардан ажырата алмас еді, — деді. — Рас! — деп Халиманың сөзін Мұзафардың әйелі қостады. Өзгелер тағы да ду күлді. — Қойдық, қойдық, — деп Мұзафар бірінші болып орнынан тұрып, бізге қолын берді. Екі-үш рюмкадан коньяк ішіп алғаннан кейін бәріміз дабырласып, достасып кеттік. Көзімізде де, сөзімізде де, ешқандай кемшілік болмай шықты. Мұрынымыздың да міні білінбей қалды. Халиманың достарды жалғастырып, татулықты жымдастырып отыратындығының өзім көрген бір мысалы осындай еді. Ал енді бір мысал мынадай. Ал енді бір келгенімде Мұзафар тағы да Әзілхандардың үйінде ас үстелінің басында отыр екен. — Біз сізбен тағы да кездесіп қалдық қой, — дедім мен оған амандасқаннан кейін күліп. — Мен осы үйдің штатный ішкішімін, — деді ол алдындағы арақ толы рюмканы нұсқап.

Мұзафардың осы сөзін өз құлағыммен естідім. — Өзі сараң өзге үйдің түтінін аңдиды ғой, — деді Әзілхан Мұзафарға әзілдеп. Халима жалт етіп, Мұзафар мен оның әйелінің бетіне қарады. Содан кейін тез үн қатты. — Қойшы, Әзілхан, деді күйеуіне наздана сөйлеп, — Мұзафар да бізді анда-санда қонаққа шақырып тұрады ғой. Осылай деп ол Әзілханның \"сараңсың\" деген әзілін Мұзафардың көңіліне келіп қалмасын деп жайма шуақтап жіберді. — \"Анда-санда\" деген \"күнде\" деген емес қой, деді Әзілхан әзілін одан сайын ұлғайтып. Мұзафар ол әзілді елемеген болып, мұрнын қайта-қайта тартып (танауын үсті- үстіне тартып, мыңқылдай сөйлеу Мұзафардың әдеті екен), әңгімені басқа жаққа қарай бұрып жіберді. Әзілхан қайтадан қудалаған жоқ. Бұл екі отбасының өзара тату, сырлас екенін мен сонда білдім. Бірақ, Халима қанша қорғаштағанымен, Әзілханның Мұзафарды \"сараң\" дегені рас болар. Өйткені мен қанша рет Алматыға келіп, Халима мен Әзілханның үйінде Мұзафармен сан рет кездессем де, мені бір рет те қонаққа шақырған емес. Қазақта: \"Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал\" деген сөз бар. Мен Әзілханның иті емес, қанды- көйлек досымын ғой. Сыйлас досымның досы ғой деп, үйіне шақырып, маған бір шәугім шай беруіне болатын еді Мұзафардың. Ол өйте алмады. Ал Халима дос-жолдастарының бірініғ үйіне ең жақын адамдары, айталық әке- шешелері келсе, оларды үйіне шақырып, алдына дастарқан жайып, құрмет көрсететін еді. Алайда сараң да болса, сағынысар досың болғанға не жетсін, шіркін! Мұзафар менің бұл ауыз сөзіме өкпелей қоймас деп ойлаймын. Ақылды адамдар кешірімді келеді ғой. 6 Халима өзінің саналы өмірін Әзілханына көмектесуге, балалары мен немерелерін тәрбиелеуге және үйге келген қонақтарды күтуге арнады.

Бір жылы Халима мен Әзілхан Семейге келді. Онда біз Семейде болатынбыз, әскери қызметтен отставкаға шығып, туған елге көшіп келгенбіз. Біз екеуін құрақ ұшып, қарсы алдық. Семейге келгеннен кейін Халима, алдымен, бұрын өзі оқыған № 11 қазақ орта мектебіне барды. Өзі алты жыл мекен еткен интернат үйінің есігін ашты. Әзілхан Халиманы интернат баспалдағының үстіне суретке түсірді. Содан кейін Халима Хантай мен маған: — Біз, Әзілхан екеуміз ең алғаш рет осы баспалдақтың қасында кездесіп едік, — деді. — Сонда ең алғаш рет жүрегім елжіреген еді. Оған да отыз жыл болыпты, — деді. Біз интернат есігінің алдындағы ұзын отырғышқа тізе бүгіп, жаңағы әңгімені ары қарай жалғастырдық. — Сенің жүрегің әлі күнге дейін елжіреп тұрады ғой Әзекеңе, —дедім мен. — Әзекенді неге сонша жақсы көресің? Сенен басқа бір әйелдің күйеуінің өліп-өшіп, елжіреп тұратынын көргенім жоқ. Неге сонша бар жаныңды салып тұрасың? Махаббат па? Халима сәл жымиды. — Иә, махаббат! — деді содан соң. — Махаббатты біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Түсінген кісіге махаббат деген де бір қасиетті дін ғой. Ғашықтық діні. Әзілхан екеуміз сол дінді мәңгі қабылдағанбыз. Бізге ол діннен өзге қымбат ештеңе жоқ! Мінеки, Халиманың бір ауыз сөзі, махаббатты дінге теңегені менің есімде мәңгі сақталып қалды. Содан кейін Халима: — Бұл қыз күнімде талай отырған скамейкам ғой. Содан кейін тізе бүктім, — деп орнынан тұрды. Сол жолы Халима мен Әзілхан Жарма ауданындағы Ақ бұзау ауылына барды. Обком машина берді. Қастарына серік етіп, облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Сержан Рамазановты қосты. Олар мені де қастарына ертіп алды. Ақбұзауда Әзілханның Нұрша деген апасы, Жұмағали деген жездесі балаларымен тұратын. Сол үйге барып түстік. Ол кісілер Халима алғаш келін боп түскен Әзілханның әкесі Нұршайықтың үйінде тұрады екен. Апаларына қант пен шай, көйлек-көншек, ауыл балаларына базарлық

деп кәмпитті үйіп әкеліпті Халима. Халиманың қолынан Алматыдан келген кәмпитті алып, ауылдың барлық баласының ұрттары бұлтындап, қарқ боп қалды. Ертеңінде біз Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандарын аралауға кеттік. Халима ауылда қалды. Жарма ауданында \"Комсомолдың 50 жылдығы\" деген атақты совхоз бар екен. Біздің Семейден алып шыққан басшымыз Сержан ат басын алдымен сол совхозға қарай бұрды. Совхоз директоры Күнсіләм Мұсажанов деген кісі екен. Бізді жылы қарсы алды. Үйіне апарып, шай берді. Сол үйде түсте шай ішіп отырғанымызда бір сөздің ретінде мен Әзілханның Алматыдан Халимамен бірге келгенін, Халиманың Ақбұзауда қалғанын айттым. Совхоз директоры елең ете түсті. — \"Махаббат, қызық мол жылдардағы\" Меңтай апай сол кісі емес пе? — деді Әзілханға қарап. — Жоқ. Ол басқа адам. Ал Халима деген апайларың сол романның қосалқы авторы, дедім мен күліп. — Қалай? — Меңтай бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі осы кісіден алынған. Ол романды директордың өзі де, әйелі де, балалары да оқыпты. Сол семьяның жақсы көретін романдарының бірі екен. Директор дереу шоферін шақырыпты. Әзілханға \"записка\" жаздырып алып, шоферді өз \"Волгасымен\" Ақбұзау аулына жөнелтті. — Тез жеңгейге жет, біз ол кісіні қонаққа шақырып жатыр деп айт, — деді. Екі сағатқа жетпей шофер Халиманы совхозға алып келді. Директордың үйіне түсірді. Халима өзінің жылы жүзімен, жібектей мінезімен, дауыс шығармай, жымиып қана күлкінің ишарасын жасайтын әдетімен, мейірімді көзқарасымен, қарапайым кішіпейілдігімен көрген жұртты бірден баурап әкететін еді. Директордың үй іші тегіс Халимаға тәнті болды. Бір кезде Күнсіләм: — Апай, ұят болмаса сұрайын: қай жердің қызысыз? — деді. Халима әдетінше сәл жымиып алды да:

— Балалар үйінің қызымын, қалқам, — деді. Содан кейін өзінін отыз екінші аштық жылы қалай жетім балалар үйіне түскенін, ал туған жері Абай ауданы екенін айтты. — Абай ауданының қай жерінен сіз, апай? — Бұрын Жүреқадыр Құбызды деп аталатын еді. Қазір қалай аталатынын білмеймін, – деді Халима. — Пәлі, сіз менің өз апам болып шықтыңыз ғой. Мен де Абай ауданынан, деді Күнсіләм өзінің туған апасын көргендей қуанып. Директор Күнсіләмнің өзі, Роза деген әйелі, Тоғжан деген қызы бәрі Әзілханды сыртынан жақсы көреді екен. Әзілханнын бар кітаптары үйлерінде тұр. Директордың өзі оның газеттерде шыққан мақалаларына дейін үзбей оқып отырады екен. Сол күні кешке Әзілханның совхоз жұмысшыларымен кездесуі болды. Халықтың жазушыға деген құрметінің күшті екенін мен сонда ғана көрдім. Кездесуден кейін совхоз Әзілханға шапан кигізіп, ат мінгізді. Маған жазушының жауынгер жолдасы деп алтын сағат сыйлады. Мен өзімнің жаман сағатымды қалтама тығып, алтын сағатты мақтанып, білегіме тағып алдым. Екі-үш ауданды аралап, Семейге қайта жеткенше білегімнен шешкенім жоқ. Тек үйге келгеннен кейін ғана: — Мінеки, біздің олжа! деп Хантайдың қолына ұстаттым. Қайтарда директор Халиманың да қолына әйелдің кішкентай алтын сағатын ұстатты. Халима: — Мен Сіздерге құр қол келдім, сіздерден мұндай қымбат сыйлық алуым ұят қой.Және мен отбасында отырған қарапайым әйел ғанамын. Маған не үшін бересіздер бұл сыйлықты? — деп тандана үн қатты. Күнсіләмнің ойы ұшқыр екен, Халиманың бұл сұрағына табан астында дәлелді жауап қайырды. — Сізге бұл сыйлықты үш түрлі себеппен ұсынамыз: кешегі Ұлы Отан соғысында қазақ қыздарынан шыққан жауынгерлердің бірі болғандығыңыз үшін. Бұл — бір, — деп ол бір саусағын бүкті. — Халқымыздың сүйікті жазушының жары болғандықтан. Бұл — екі. Ол екінші саусағын бүкті.,— Сонымен бірге Сіз Абай ауданының Құндызды ауылынан шыққан менің туған апайым болғандығыңыз үшін.

Осылай деп ол үшінші саусағын бүкті. — Туған апасына сыйлық бермесін деген заң жоқ қай елде. Жиналып тұрғандар Халиманы \"Алыңыз, апай!\", \"Алыңыз!\" деп қыстады. Халима басын шайқады. Содан кейін сағатты бір қолымен ұстап жүріп, бауырларын беттерінен сүйіп, разылық, білдірді. Сағатты білегіне байламай, ақырын ғана қол сумкасына сала салды. Халима алтын, күміске құмар болған жоқ. Сондықтан да өзіне жұрт сыйлаған алтын заттарды зергерге апарып, қыз, келін, немерелерінің қолына жүзік етіп тастап кетті ғой. Біз, Хантай екеуміз Халималармен ұзақ жылдар дос болдық. Сонда менің аңғарғаным: Халиманың бойында адам жанын өзіне қарай тартып тұратын көзге көрінбес магнит бар сияқты еді. Қасында қатар жүргенде кісінің қадірін біле бермейсің ғой. Сол кісіден көз жазып қалғанда ғана \"қап!\" деп саныңды соғасың. Қазақтың \"Асқар тау алыстаған сайын биіктей береді\" дейтіні сондықтан болар. Халиманың өмірден өткеніне үш жылдай болып қалды. Бұл үш жылда Халиманың қандай қасиетті кісі болғанын көп жұрт білді. Халиманың бейнесі оны көргендердің көз алдынан кетпейді, көрмегендерді Жібек пен Баян сұлу сияқты өзіне тартып, ынтықтыра беретін өшпес үлгі болып қалды, қала береді деп ойлаймын. 7 Сол сапардан кейін Ақбұзаудағы Халиманы алып, қайтадан Семейге келдік. Ертеңінде Әзілхан Семей облыстық партия комитетінің бірінші және екінші хатшылары Аманолла Рамазанов және Савельевпен бірге Абай ауданына кетті. Халима біздің үйде қалды. Хантай екеуміз Халиманы ортаға алып, екі күн армансыз сырластық. Әшейінде көп үндемейтін Халима сол екі күнде бізбен шешіліп сөйлесті. Әзіл-шыны аралас талай әңгімелер айтылды. Соғыс кезінде Әзілханнан кешігіп хат келмей қалса, өзінің жанын қоярға жер таппайтынын, тіпті жылайтынын айтты. Мәскеуде жүрген кезінде әскери цензура әр ұлттан жиналған қыздар тегіс Халиманы жақсы көріпті. Жақсы көретіндері сондай, Халимаға қарай жүгіріп, оған бейне бір алтын сыйлағандай етіп жазатын екен. Өздері қоса қуанады екен. Әзілхан хатты қызық етіп жазатын болуы керек. Қыздар оны Халимадан қалап сұрап алып, бірінен соң бірі оқып жүріпті.

Халиманың Әзілханға деген сол бала күнгі, бойжеткен кездегі махаббаты кейін, оның келіншегі болған кезде бұрынғыдан бетер лаулай түсіпті. Әзілхан газет қызметімен жолаушы шығарда Халима: — Егер мүмкін болса, мен ішімді жарып жіберіп, сені салып алып, қайта тігіп, сыртқа шығармай, жолаушы жібермей, өз бойымда ғана ұстар едім! — дейді екен. Халима Әзілханның ішіндегі ойын айтпай түсінетін, тілегін өтіндірмей орындайтын болыпты. Үлкейіп, ұлғайған шақтарында да олар бірін-бірі бір сағат көрмесе тұра алмайтын болыпты. Әзілхан сол Абай ауданына кеткен екі күнде Халиманың Әзілханды ойлап елегізіп отырғанын бірнеше рет аңғардым. — Сен неге көңілсіз боп қалдың, Халима? — деп Хантай екеуміз барымызды алдына жайып, бәйек боламыз, — бір жерің ауырып отыр ма? — дейміз. Халима жымиды да: — Иә, достарым, сағыныш деген ескі ауруым ұстап отыр, — деді ол бір жолы. — Қойшы, сексенге дейін сағынасыңдар ма біріңді бірің, — дедім мен күліп. — Біз жас ғашықтар сияқтымыз. Қазір алпыстан асып, жетпіске жақындадық. Бірақ, бір-бірімізге он алты он жетідегі жігіт пен қыздай ғашықпыз. Ғашықтығымыз қазіргі кейбір қыздар мен жігіттерден әлдеқайда артық па деп те ойлаймын, — деді Халима. Деді де сөзін ары қарай жалғастырды. — Егер мен азық түлік дүкеніне, не бір басқа дүкенге жалғыз кетіп, онда очретке тұрып бір сағат кешігіп қалсам, Әзілхан үйде жазуын жаза алмайды: маған \"не боп қалды?\" Әлде көшеден өтерде машина қағып кеткен жоқ па екен?\" — деп екі өкпесін қолына алып, көшеге қарай жүгіреді. Ал мен дүкен шіретінде жиырма минут, жарты сағаттан артық тура алмаймын. Әзілханның,мені іздеп, алаңдап, отырғанын жүрегім сезеді. Сезгенде кәдімгідей сыздайды. Сол кезде мен жақындап қалған немесе жақындамаған шіретімнен шығып, үкідей ұшып үйге қарай жүгіремін. Міне, сондықтан екеуміз жұбымызды жазбаймыз: алыс сапарға бірге шығамыз — Мәскеу, Великие Луи, Невель, Киев, Брест қалаларына бірге барамыз. Бұлардың бәрі Әзілжанның соғысқан жерлері ғой, сен екеуіңнің, Мұқан. Ал, Алматыда болсақ, көшеге қолтықтасып, қатар шығамыз. Дүкен, базарларға бірге барамыз, Әзілханға 3-5 келіден артық жүк көтеруге болмайды. Бірнеше рет инфаркт болған, жүрегі сырқат қой. Сондықтан дәрігерлер оған ауыр жүк көтермеу керек деген. Сол себептен оған ешқандай жүк көтертпеймін. Жер сызған екі сетке- сумка азықты екі қолыммен өзім көтеремін. Әзілхан: \"Мен көтерісейін\" дейді. Мен оған бермеймін, көмегін қабылдамаймын. Осы үшін екеуміз кейде көшеде ұрысып та қаламыз. Әрине, әзіл ұрыс қой. Халима осыны айтып, сәл бөгелді. Содан кейін сөзін қайтадан жалғастырды.

— Әзілхан инфаркт болып, ауруханаға түскен кездердегі менің басымнан қандай қорқыныш кешкенімді сұрама. Күндіз аурухананың есік-терезесін бағамын. Түнде түні бойы \"уһілеп!\" танды таңға ұрамын. Тан аға салысымен ауруханада жатқан Әзілханға қарай жүгіремін. \"Не күйде, не халде екен?\" деп, жеткенше жаным шығады. Кейін аурухананың бір бөлмесінде — палатасында бірге жатып жүрдік. Дәрігерлер рұқсат етті. Сонда мен күндіз-түні көз ілмеймін: мониторға тесіліп, Әзілханның жүрек соғысының ирек сызықтарын санаймын. Егер тамыр тоқтауы көбейіп бара жатса, жан ұшырып, дәрігерге қарай жүгіремін. Олар дереу келіп, Әзілханға система қояды. Системаның тамшысын санап, ішімнен: \"А, Құдай, аман сақта!\" деп мен отырамын. Менің палатада Әзілханның қасында осындай күйде отырғанымды Тұрсынбек, Қалмұхан сияқты бауырларым бірнеше рет көрді. Оларға рахмет, қайраттандырып, жігер беріп кететін. Ал, түнде, Әзілхан төсегінің алдындағы орындықта оның тамырының соғуын санап отырып,ұйқыдан талып, орындықтан сылқ етіп құлап кеткен күндерім де болған. Оны Әзілхан ғана біледі. Жаны ауырып, қиналып жатса да, әлсіз қолын маған қарай созып, маңдайымнан сипайтын. Оның маңдайымнан бір сипағаны маған бір күндік қуат беретін. Ауруханада жатқан кездерде Әзілханның жүрегі қиналып, тәні ауырады. Ал аурухананың сыртында жүрген менің, немесе, палатада қасында отырғанда менің жаным ауырады. Өстіп, екеуміздің қос сырқатпен қағар ауырып, өмір сүрген қатерлі күндеріміз болған. Әзілхан тез жазылып, маған жетуге тырысады. Бойындағы барлық жігерін ауруды жеңуге жұмсайтын. Мен оның үстіндегі аурухананың ала пижамасын тастатып, үстіне өз костюмін күн сайын кезек үтіктеймін. Мінеки, біз соңғы он жылда осылай өмір сүрдік. — Шайынды іш, шайың суып кетеді, Халима, — деп қояды ара-арасында Хантай. Биік үстелдің басында үшеумізден басқа ешкім жоқ. Үстел үсті тағамға қайысып тұр. — Ішемін ғой, — деп Халима кесесінен бір ұрттап, орнына қоя салады. — Тамақты аз жедің ғой, — дейміз біз оған бәйек болып. — Менің бойыма Әзілхансыз ас батпайды ғой, — дейді ол күліп. Біз Халиманың әңгімесін де тоқтаусыз тыңдай бергіміз келеді. Оның үстіне досымыз жапырып тамақ жей отырса дейміз ғой баяғы. — Әркімнің өз өмірі өзіне сабақ қой, — деді содан соң Халима. — Әзілхан екеуміздің өмірімізден ұққан бір сырымды айтайын сендерге. Мен жас кезімде

аурушаң болатынмын. Бала күнімнен балалар үйінде өстім ғой. Талай рет лазарет, ауруханаға түстім. Ұзақ жатқан күндерім де болды. Сол аурудан өліп қалуға тиіс едім. Өлетін шығармын деп те сан рет ойлағанмын. Ал, Әзілханға қосылғаннан кейін мен сол ескі ауруымнан құлан таза жазылдым. Кейін ойлап-ойлап келіп, менің өлмей тірі қалғаным, осы күнге дейін тірі жүргенім махаббаттың күші болар деген қорытындыға келдім. Әзілханның — маған, менің Әзілханға деген махаббатымның күші! Өйткені біз бір-бірімізге бала күнімізден ғашық болдық қой. Алғашында ғашықтық деп ойлағанымыз жоқ. Достық деп білдік. Соғыс кезінде мен Әзілханнан үзбей хат алып тұрдым. Менің сырқат халімді сол хаттар демеді. Соғыс біте сала мұрттай ұшып, ауруханаға түстім. Жыл жарым жаттым. Сонда Әзілханның Алматыдан жазған хаттары маған Мәскеу дәрігерлерінің емінен кем болған жоқ. Дәрігерлердің емі де шипа болды ғой, әрине. Бірақ, мен Әзілханның әр хатын алған сайын өлмеуге тырыстым. Аурумен күрестім. Жеңдім. Бойымда бала күнгі дертті махаббат күшімен жеңдім-ау деп ойлаймын. Әзілханға қосылған да кейін сол махаббат мені алға қарай жетелеп келеді. Махаббатсыз да алпыс жетпіс жын өмір сүруге болатын шығар. Ол — организмнің күші, тән қуаты. Ал, махаббат — жан қуаты. Өлусіреген тәнді тірілтетін осы қуат! Кеше сендерге махаббат деген оз алдына бір дін дедім ғой. Дінге сендіру үшін оны уағыздаушылар, сан алуан шіркеулер, мешіттер, медреселер болуы керек. Оларсыз дін елге тарамайды. Солардың күші, насихатымен халық дінге сенеді. Ал махаббат ешқандай үгітті, уағызды керек қылмайтын сенім. Махаббат дінінің қағбасы да, мешіті де — жүрек. Махаббат дінінің насихаттаушысы — жүрек лүпілі. Мен осындай қорытындыға келдім. Мұндай махаббат Хантай екеуінде де бар, Мұқан. Бірақ, сендер отан мән бермейсіңдер. Махаббат дегенді ас батар деп ойлайсыңдар. Ерлі-зайыпты адамдардың бірін-бірі жақсы көруі өмір заңы деп есептейсіңдер. Әсіресе, сен солай ойлайсың, Мұқан. Әйел жаны нәзік қой. Махаббат ең алдымен әйел жүрегіне ұя салған болуы керек. Сондықтан біз, Хантай екеуміз шын махаббат дегеннің не екенін тереңірек түсінеміз. — Әзілхан досың туралы осы айтқандарым жете ме, Мұқан? деп Халима менің бетімен қарады. — Толығынан! — дедім мен риза болып. — Рахмет, Халима. Сен махаббат туралы философиялық түйін жасадың. Халима жымиды.

— Философия қайда, мен қайда, Мұқан-ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы — өмірге адам әкелу Ал, түнде, Әзілхан төсегінің алдындағы орындықта оның тамырының соғуын санап отырып, ұйқыдан талып, орындықтан сылқ етіп құлап кеткен күндерім де болған. Оны Әзілхан ғана біледі. Жаны ауырып, қиналып жатса да, әлсіз қолын маған қарай созып, маңдайымнан сипайтын. Оның маңдайымнан бір сипағаны маған бір күндік қуат беретін. Ауруханада жатқан кездерде Әзілханның жүрегі қиналып, тәні ауырады. Ал аурухананың сыртында жүрген менің, немесе, палатада қасында отырғанда менің жаным ауырады. Өстіп, екеуміздің қос сырқатпен қағар ауырып, өмір сүрген қатерлі күндеріміз болған. Әзілхан тез жазылып, маған жетуге тырысады. Бойындағы барлық жігерін ауруды жеңуге жұмсайтын. Мен оның үстіндегі аурухананың ала пижамасын тастатып, үстіне өз костюмін күн сайын кезек үтіктеймін. 1992 жылы Әзілханның 70 жасқа толған торқалы тойы өз елі Жарма ауданында өтті. Қайтарда Семейдегі біздің үйде болды. Жандарында Кәкішев Тұрсынбек әйелімен, Төлепберген Тобатабылов деген жігіт және Әзілхан мен Халиманың өз балалары бар: Арнұр мен Жаннұр, күйеу бала Серік, немерелері, Дина, Алма және Сәкен. Әзілхан жол соғып, шаршаңқырап келген екен. Сонау Алматыдан машинамен шыққан ғой. Әзілханға деген қамқорлығын көрген біздің ағайындар Халимаға өте риза болды. \"Нағыз адал жар деген осы-ақ болар!\" десті. 2001 жылдың басында телефон соқтым Алматыға Әзілхан мен Халиманың халін білейін деп. Трубканы Арнұр алып: \"Папам мен мамам екеуі де сырқаттанып, ауруханада жатыр\" деді. Жиі-жиі телефон соғып, халдерін біліп тұрдық. 27-шілде күні Халима дүниеден озды деген суық хабар естіп, Халиманы қимай, қатты қиналыдық. Жаны сүйген жарынан айырылып, жалғыз қалған Әзілханды аядық. Хантай көзінің жасын да сығып алды. Мен іштен қайғырдым. Бұл суық хабарды естіген Семейдегі ағайындар біздің үйге келіп, Халима қазасына орай көңіл айтты. Олардың бәрі біздің өзгеше дос екенімізді біліп, Халиманы сыртынан сондай жақсы көретін. Бұл суық хабарды ести сала пойызға билет алдым. Бірақ, Халиманың жерлеуіне жете алмадым, бір күн кешігіп бардым. Кешегі аяулы асыл Халиманың топырағын құшақтап, аты-жөні жазылған ақ тақтайды сүйдім. Гүл деген тау болып үйіліп жатыр. Гүлдердің үстінде: \"Алматы қаласының әкімінен\" деп қазақша, орысша жазылған жалпақ көк лента керулі тұр. Халиманың жайғасқан жері Алатаудың биік

шоқыларының бірі екен. Бір жатында аэропорт, Алматы Семей темір жолы, бір жағында Алматының өзі, самаладай боп көрініп тұр. Халиманың жатқан жерінің жақсы екеніне қуандым. Әзілхан ескерткіш болсын деп, венокка орап жіберген Алматы әкімінің көк лентасын шешіп, үйге алып қайтты. Қазір ол лента Әзілханның үлкен сейфінде сақтаулы тұр. Халимадан айырылған, қанатынан қайырылған жан досым Әзілханның қасында бір жұмадай болып, ауыр қайғымен үйге қайттым. Қайтарда тағы зират басына барып: \"Қимас досымыз Халима, сен өмірде біртуар адал жан едің, біз сені мәңгі есімізде сақтаймыз!\" деп топырағын сипадым. Біз әрқашан ардақты Халимамызды еске алып, сүйген жары Әзілханның балаларының амандығын тілеп, ораза, құрбан айттарында мешітке барып, садақа беріп, дұға оқытамыз. Халиманың қайтыс болғанына үш жыл толуына бір айдан аса күн қалды. Жан досымның жан жары аяулы, асыл Халиманың үш жылдығына арнап, осы естелікті жаздым. 9 Мінеки, менің жан досым Әзілхан туралы, оның жан жары Халима хақында айтатын естелігім осы. Халима аса мейірбан еді. Көктегі күн сәулесіндей болып, жүретінің нұр шуағын ол үнемі айналасына төгіп жүрді. Халимадай адал, әділ, ақылды, арлы, ұятты, кішіпейіл, жанжақты білімді жақсы әйелдер бұрын болса, болған да шығар. Әй, бола қойды ма екен? Халимадан өзге ондай қарапайым еңбегімен елге сүйікті болған әйелді өз басым ешқашан көрген емеспін. Осы қасиеттерінің үстіне Халима аз сөйлейтін, көп ойлайтын, үндемейтін философ та еді. Менің бір таң қалатыным: сонау Семейде, №11 орта мектепте оқып жүрген он бес-он алты жасар қаршадай қыз кезінде көзге көріксіз, кетік тіс Әзілхан сияқты қарапайым қара баланың жүрегінде қандай асыл қазына жатқанын Халиманың қалай танып, онымен мәңгілікке достаса білуі. Бәлкім, бұл оның тумысынан ақылды екендігінде болар. Бәлкім, ғашық жүректердің түбінде осындай өзгеше бір көріпкелдік жағатын шығар. Халиманың көмегімен, оның от жүрегінің, жалынды махаббатының барлық қуат- күшімен Әзілхан атақты жазушы болды. Мен: Халиманың күшті адамгершілік кернеген жүрегі Әзекеңге деген махаббат кернеуінің қысым күшінің жоғарылығынан жарылып кеткен жоқ па екен деп ойлаймын.

Әзілханның соғыста да, соғыстан кейін де тірі қалып, халыққа жақсы шығармалар бергені үшін, алдымен Халимаға, оның айтқан сертке беріктігіне, адал жарға деген асыл махаббатына алғыс айтуымыз керек. 21.06.2004 Семей. Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ, Қазақстан Республикасының Президенті Кенсесінің басшысы, саясаттану ғылымының докторы, профессор. \"АСА ПАРАСАТТЫ ЖАН БОЛЫПТЫ\" (\"Президент \" деген үлкен мақала-эсседен үзінді) Президенттің, белгілі майдангер жазушы Әзілхан Нүршайықовқа арнап, өз колымен хат жазып жіберуінің куәгері болдым. Онын мен білетін жай-жапсары былай еді. 2001 жылы қаламгер ағамыз Елбасына жыл сайын мәдениет қайраткерлерінің бірі ретінде озіне беріліп келе жатқан Президент стипендиясын осы жолы күні бұрын алуға көмектесуді өтініп хат жазыпты. Осының алдында Әз ағамыздың аяулы жары — Халима жеңгей өмірден озып еді. Соның басын қарайтпақ екен. Естуімізше, жеңгей марқұмның өзі де қандай құрметке де лайық, аса парасатты жан болыпты. Жан-жүрегі ерекше жаратылған Әзілхан аға соған шама шарқынша лайықғы құрметін көрсетіп, ұрпағынан шағын да болса көрнекті ескерткіш қалдырғысы келеді. Бірақ қаржысы жетіспетендіктен, қолға алған ісін өз ойлағанындай етіп аяқтап шығуға мүмкіндігі жоқ сыңайлы. Президент жазушының хатын оқыған соң, бұл мәселені қарияның стипендиясынсыз-ақ шешу жағын қарастырды.Басқа де демеушілер табылып, әйтеуір, жеңгеміздің кесенесі бітуге айналыпты. Әзілхан аға 2002 жылы күзде Елбасымызға жазған екінші хатында кезінде осы іске қол ұшын беріп, көмектескені үшін рахмет айтыпты. Әр ісіне үлкен тиянақғылықпен қарайтын ағамыз Президентке жеңгейдің Алматының түбіндегі Кеңсай зиратында ақ мәрмәрмен қапталып салынтан, бірақ әзірге ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқтала коймаған бейітінің фотосуретін де коса жолдапты. Нұрсұлтан Әбішұлы жазушының бұл хатына қысқа ғана жылы жауабын жолдады. Хатында ол Әз ағамыздың Халима жеңгеміз жайлы жақында ғана жарық көртен естелік хикаяты туралы жұртшылықтың аузынан жылы пікірлер естіп жүргенін баяндай келіп, қолы тисе оқып шығу да ойында бар екенін айта кеткен-ді. Мұндай шығарманы оқудың әсіресе жастарымызға пайдалы екендігіне де мән беріпті.

Бұл жауап қаламгердін жанын толқытқаны байқалды. Өйткені, хат артынша азын-аұлақ түсініктемеде \"Қазақ әдебиеті\" газетінің бетінде жарияланды. Абырой- ағаты бір басына жететін танымал жазушыта артық дабыраның қажеті шамалы екенін білеміз ғой. Әзілхан аға бұл хатты газетке ұсынғанда, оның өзгелер үшін тағылымдық жағына мән бергені анық. Оның үстіне Елбасының қаламгерге хат жазып, қанаттандырып жатуы расында еліміз үшін елеусіз қаларлық оқиға емес еді. Қалай дегенмен де әдеби газеттің бұған мән беруін жөн іске жорыдық. Бұл әңгімені осымен доғара салуға да болатын еді. Бірақ 2003 жылғы жаңа жыл қарсаңында жоғарыда сөз болған хат ойламаған жерден былайша жалғасты. Ұқыпты жазушыдан Нұрсұлтан Әбішұлынын атына өткенде жіберген жауабы үшін рахмет айтқан хат келіп түсті. Қаламгер хатына жақында қайта жарық көріп, қолтаңбасы қойылған \"Махаббат, қызық мол жылдар\" романы мен \"Жұлдыз\" журналының 2002 жылғы №3-санында жарияланған \"Халима\" хикаятының көшірмесін де қоса салып жіберіпті. Нұрсұлтан Әбішұлы Алматыдан іссапардан оралып, қызметіне кіріскен күні жазушының хатын жіберген сәлемдемесімен бірге жазу үстеліне койдық. Президенттің кешке қайтарған поштасынан біз оның Әзілхан ағаға өз қолымен жазған мына хатын үшыраттық. Құрметті Әзеке! 1991 жылғы тұңғыш Президент сайлауынан кейінгі кездесуде X. Ерғалиевпен бірге маған бағаларыңызды беріп, ақылдарыңызды айтып едіңіздер. Бәрі де есімде. Содан бері тәуелсіздігімізді нығайтып, Қазақстанды мемлекет ету жолындағы менің істеген еңбегімді әрдайым қолдап келесіз. Маған хат жазып, ойыңызды ортаға салып, елдегі болып жатқан өзгерістерге өз пікіріңізді айтып жүресіз. Сондықтан мен сізге әр кезде ризамын. 5/І болған кездесуде \"Махаббат, қызық мол жылдарды\", \"Халиманы\" сыйға тарттыңыз. Біріншісін бұрын оқып едім, екіншісін қолыма алған бойдан бас көтермей оқып шықтым. Тәлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хиқая. Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз ел қазынасы. Өміріңіз үлгі! Аман-сау болыңыз, Әз аға! Аса сыйлайтын Нұрсұлтан Назарбаев. 6.01.2003. Әзекең бұл хатты да өзіне тән ұқыптылықпен \"Жас алаш\" газетінің 14 қаңтар күнгі санында жариялатты. Жазушы сонымен бірге Елбасымызға өзінің рахметін айтып хат жолдады.

Президенттің жоғарыдағы қолмен жазған хатына әсіресе, халықаралық \"Қазақстан – ZAMAN\" өзінің 17-қаңтардағы санында ерекше назар аударды. Бірінші бетін \"Өміріңіз — үлгі, Әз аға!\" деген үлкен тақырыппен түгелдей осы хатқа арнапты. Редакцияның осы хатқа байланысты түсіндірмесінде: \"Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде қатаң назарда ұстайтын дүниесін ешкім де аз деп айта алмаса керек. Солардың ішінде руханият мәселесі, халқымыздың мәдениеті мен өнері, діні мен тілі айрықша орында. Елбасымыз сондықтан да мәдениет, әдебиет қайраткерлерімен жиі кездесіп, олармен пікірлесіп отырады. Бұл бір жатынан Елбасымызға тіршілік тамырының тап басып отыруына жәрдемдессе, екінші жағынан, өнер, әдебиет қайраткерлерінің шытармашылығына соны серпін береді\", — деп ағап өтіпті. Газет бұған қоса жазушының Елбасымызға жолдаған алғыс хатын да толығымен жариялапты. Мен өз жазбама қарт қаламгеріміздің сол хатын толық енгізгенді жөн көрдім. Өйткені, меніңше, онда айтылатын ой-пікірлердің ауқымы тек екі адамның арасындағы өзара ілтипат білдірісуден әлдеқайда асып жатыр деп ойлаймын. Хатта өзгелеріміз үлгі аларлық тұстар да аз емес. Мұны оқырмандардың оздері де аңғарса керек. Хатта былай делініпті. Қазақстан Республиқасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВҚА АСА ҚЫМБАТТЫ, БИІК МӘРТЕБЕЛІ НҰРЕКЕ! Сіздің маған арнап 2003 жылы 6-қаңтар күні жазған хатыңызды зор қуанышпен оқып шықтым. Уақыт тауып, \"Халима \" хикаясын оқығаныңызға шексіз ризамын. Енді оны демеуиіі табылса жеке кітапша етіп шығартсам деймін. Әдебиет тарихында мемлекет басшысының жазушыға өз қолымен хат жазуы — өте сирек оқиға, біреу ғана. Бұл француз жазушысы атақты Вольтерге (1694-1778) өз қолымен хат жазған Пруссия королі Фридрих II (1712-1786) екен. Ең ұлы ақын А.С. Пушкинге (1799-1837) Ресей патшасы Николай 1(1 796-1855) мұндай хат жолдаған жоқ. Тіпті, кешегі Сталиннің өзі де Кеңес дәуірінің ең атақты жазушысы Максим Горькийдің (1868-1936) табалдырығын аттап, үйіне бір рет бас суғып шыққанымен, оған өз қолымен хат жазбаған. \"Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз — ел қазынасы. Өміріңіз — үлгі!\" — деп, менің қарапайым еңбегім мен қарапайым өмірімді жоғары бағалағаныңызға қатты тебірендім! Бұл хатыңыз менің Вольтер, Пушкин, Максим Горький сияқты данышпандығымның нәтижесі деп емес, Сіздің даналығыңыздың, сіздің ұлттық

әдебиетімізді өркендетуге деген ыстық ықыласыңыздың, әрі Сіздің адами кішіпейілдігіңіздің белгісі деп білемін. Сіздің бұл хатыңыз маған мемлекеттік наградаларынан да, АҚІІІ Президенттерінің суреттері салынған долларынан да қымбат. Өйткені, иесі өлгеннен кейін орденнің құны кетеді, ақша аз күндік аужалдан аспайды. Ал хаттың (әрі тар, әрі кең мағынада) қасиеті ешқашан жойылмайды. Оның устіне ол хат Сіз сияқты аса үлкен тарихи тұлғаның қолымен жазылса бағасы барынша биік болмақ. Сіздің бұл хатыңызды менің үрім-бұтағым бойтұмар етіп сақтайтынына сенемін. Сіздің бұл хатыңызды газет бетінен көргеннен кейін менің өмірдегі ең адал, ең әділ: алдамайтын, айнымайтын ҮШ ДОСЫМ (оқырман, көрермен және тыңдарман) қатты қуанатын болды, қымбатты Нұреке! Адам өзінің қандай екенін анық, біле бермейді. Әсіресе, біздің шығармашылық қауым адамдарының көпшілігі өздерін өтежоғары бағалайды. (Мен олардың қағарына кірмейтін азшылықтың ішінде болуым керек). Ал шын мәнінде, кімнің қандай кісі екенін сырт көз ғана әділ айырады. Асыңды жеп, арағыңды ішіп кету ушін өтірік мақтайтын жора-жолдастардың бірі емес, Сіз сияқты ұлы адамның берген бағасын өмірде өзіме тиген өзгеше бақыт деп білемін. Сіз айтқан дәрежеге жетпей де жатқан шығармын. жетуге тырысатыным ақиқат қой, әрине. Маған мұндай аса бағалы тарихи сыйлық жасағаныңыз үшін МЫҢ РАХМЕТ Сізге, ардақты Нұреке. Басымды иемін. Тәуелсіз әрі дүниежүзіне танымал MEMЛEКET етіп, сіз қалыптастырған Қазақстан Республикасының халқына рухани азық боларлық шығармалар жазу жолында қолымнан қаламым түскенше тынбастан еңбек ете беретініме Сізді сендіремін. Аман-сау болыңыз, айналайын. Абыройыңыз арта берсін. Кешегі соғыс кезінде ауыр снарядтар көтерген артилперистің алақанымен сіздің құрыш құйған қолыңызды қатты қысамын (Сіз әлі күнге дейін құрыш құйып жатырсыз). Зор құрметпен: Өзіңізге тілектес көп ағаларыңыздың бірі

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ. 9-12 қаңтар, 2003 жыл. Алматы. Қарапайым отбасынан өсіп шығып, өз халқына кеңінен әйгілі әрі қадірлі азаматтары атанған екі үлкен тұлғаның Жазушы мен Елбасының өзім куәсі болған өзара сыйластығының бір көрінісі осы еді. (\"Егемен Қазақстан\" газеті, №169(23804), 3-шілде, 2004 жыл). Кеңес СЕЙДАЛЫҰЛЫ, ауыл ақыны ХАЛИМАҒА ЕКІ АРНАУ 1. Махаббат жыры жеңешем! (Жылдығына) Сізге арнап жеңеше өлең жаздым Өлең сөзге түсінбес ақылы аздың. Өлеңім ескерткіш боп сізге қалсын. Қайтып ең шілдесінде былтыр жаздың. Бұл өмір әркімнен-ақ өтеді екен Сұм ажал курық салып жетеді екен. Ата-баба жолымен салып кеткен, Малшыдай көшін айдап кетеді екен. Жеңеше дәм татып ем қолыңыздан. Айтайын жақсы тілек соңыңыздан. Қалдырып ағамызды кеттіңіз бе, Сіз қалмай жолаушыдай жолыңыздан. Бұл күндері көз көргендердің көбі жоқ.

Өлгендердің бұл өмірге кегі жоқ. Жазылған махаббаттың дастаны боп, Өзіңіздей асыл жеңге тегі жоқ. Бір ғұмыр осылайша өтті дейміз. Қалдырып өнеге сөз кетті дейміз. Сізте арнап жазылған аға сөзі. \"Махаббат жыры\" болып жетті дейміз. Дүние күннен-күнге өзгереді Өзгергенін дүниенің көз көреді. Өлмегені жеңтейдін осы емес пе, \"Махаббат жыры\" болып сөз келеді. Күзге қарай құс қайтар мекеніне. Адам көнер тағдырдың жетегіне. \"Махаббат жыры\" деген ескерткіш қой, Әзілхан ағамызбен екеуіңе Жеңеше айналайын иманды бол. Артына сөз қалдырып жиғаны мол Жатқан жерің, жеңеше, пейіш болсын. Құдайға мен жалынып айтарым сол. 2. Ақ күмбезін көргенде Жатырмысың мәңгі ұйықтап Кеңсайда, Кейбіреулер түсінбейді көп жайға. Өнеге ұрпағына үлгі айтып, Қалдырмаса сіз сияқты не пайда? Күмбезі Баян сұлу күмбезіндей,

Шуақ шашып тұрады күн көзіндей. 27-шілде 2004 жыл. Ұқсастық табиғатта болады екен, Пәктігі мен ақтығы дәл өзіндей. Байқалмай өтіп жатыр жыл арасы, Шуақ еді жеңгемнің көз қарасы. Ағарып көрінеді Алатаудан, Жыр шашқан махаббаттың мұнарасы. Жақсының артта қалар үлгісі көп, Әркім-ақ куштар болар білгісі кеп Жеңгемнің өсиеті артта қалды, Махаббат дастанының белгісі боп. Жеңеше, артық еді қасиетің, Жыр болып жазылды ғой өсиетің. Құрметтеп өзіңіздің алдыңызда, Әзекендей алып та бас иетін. Сізсіз ғой ғашықтардың бір ардағы, Сондықтан да қайныңыз жыр арнады. Елу жыл аялаумен сізді сүйген, Әзекендей алыптың жоқ арманы. Өлімді басқа келмей білмейді екен, Ақ өлім адам жанын билейді екен. Өзінен ұлағатты өсиет қалса, Ол адам мәнгі-бақи өлмейді екен. ҚОСЫМША СӨЗ

Мен Халима апайды сонша неге құрметтеймін? Туғаным емес, туысқаным емес, не ауылдасым, не жерлесім емес. Сөйте тұра бұл менің ол кісіге арнап жазған екінші өлеңім. Неліктен? Себебі мынадай. Менің мамандығым машина жүргізуші шофер. Сол жұмыста жүріп, жазықсыз жаламен үш жылға сотталып, Өскемен түрмесіне қамалдым. Түрмеден Әзілхан ағаға хат жаздым. Жазықсыз сотталғанымды айтып, ол кісіден әділдік араша сұрадым. Әзілхан аға ол кезде ауруханада жатыр екен. Халима женгей апарып ол кісіге оқып беріпті. \"Социалистік Қазақстан\" газет! редакторынын орынбасары, Әзілхан ағанын журналист інілерінің бірі сол ауруханада жатыр екен. Әзілхан аға сол інісін шақырып, менің хатымды қолына беріпті. — Осы хатты Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшілеріңе жібер. Тексерсін. Егер шын жаламен жатқан болса, көмектесіндер, — деп өтініпті. Содан кейін Әзілхан аға аурухана төсегінде шалқасынан жатып, өз аузымен айтып, Халима апайға хат жаздырыпты. Ол хат түрмеге жатқан маған келді. Хат сыртындағы әдірісін оқып, кімнен келгенін білгенде қуанышымда шек болмады. Жолдастарыма көрсеттім. Олар атақты жазушыдан қалай хат алғаныма аң-таң болды. Хатта менің Әзілхан ағаға жолдаған хатымды ол кісінің \"Социалистік Қазақстан\" газеті редакторына тапсырғаны, редақция арнаулы адам жіберіп тексертетіні айтылыпты. Редакция адамы келді. Тексерді. Газетте менің ақтығымды дәлелдеген мақала шықты. Іс қайта қаралды. Мен ақталдым. Үш жыл орнына 3-4 айдың ішінде түрмеден босатылдым. Үйім Алматы іргесіндегі \"Өжет\" ауылында. Алматыта келгенен кейін, үйіме бармастан бұрын, Әзілхан ағаның үйіне соқтым. Алғысымды айтқым келді. Келсем, Әзілхан аға тағы да ауруханада жатыр екен. Маған есікті Халима апай ашты. —Кіріңіз, жоғары шығыңыз, — деді мені танымаса да. Мен жөнімді айттым. Түрмеде жатқанымда Әзілхан ағаданалтан хатымды көрсеттім. Халима апай оқып жіберді де: — Ә, білемін. Әзілхан ауруханада жатқанда бұл хатты маған жаздырған болатын. Өз жазуымды танып тұрмын. Сізді құттықтаймын, — деді.

Содан кейін төрге шығарып, шай берді. Піскен суық ет бар екен, алдыма қойды. Бір бөтелке коньяқ алып келіп: — Бұл сіздің бостандыққа шыққан тойыңыздың басы болсын. Ішіңіз, — деді. Мен арақ ішпейтінімді айттым. — Оныңыз жақсы екен, — деді апай. Кетерімде Халима апай жаңағы коньяқты қағазға орап, менің колыма ұстатты. — Мынаны үйіңізге құттықтай келген адамдарға ауыз тигізіңіз, — деді. Содан кейін үлкен қорап, кәмпит ұсынды. — Мұны балаларыңызға менен сәлемдеме деп апарып беріңіз. Бүгін кешке ауруханаға барып, сіздің бостандыққа шыққаныңызды айтып, Әзілханды қуантамын. Осылай деп апай мені шығарып салды. Түрмеден шыққан бөтен кісіні қажыдан келген таныстарындай күтті. Мұндай мейірбан адамды өз өмірімде көргенім жоқ. Ондай кісіні қалай ұмытарсың? Сол себептен де мен ол кісіге екі өлеңімді арнадым. Мен ауыл ақыны ғанамын ғой. Өлеңдерімнің көркемдік кемшіліктері болар. Бірақ, адал көніл, ақ ниеттен туғаны даусыз . Алматы қаласы, \"Өжет \" ауылы. Сәки БЕКБАЕВА, қарт ұстаз, Халимамен бірге болған, мектепте бірге қызмет істеген ескі досы ХАЛИМА АЙТҚАН БІР СЫР Бұл сырды Халима маған әскерден босап, госпитальдан шығып, Мәскеуден келген кезде айтты. Ол кезде Әзілхан Алматыда оқуда, мен ауылдық мектептің директорымын. Әзілхан екеуі әлі ерлі-зайыпты болып қосылған жоқ. Сонда да мұғалім болып, Әзілханның оқу бітіруіне көмектескісі келетінін айтып, госпитальдан шығарда Халима маған хат жазды. Сенің мектебінде маған мұғалімдік орын табыла ма деп сұрады. Халимаға неге орын таппайын? Дереу аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Зейнеп Төребаевамен ақылдасып жіберіп, Халиманы өз мектебіме орыс тілінің мұғалімі етіп алатын болдым. Қолма-қол Халимаға хат жаздым. Оқу жылы

қарсаңында ол келді. Біздің үйге орналасты. Баяғы интернатта жүргеніміздей бір төсекке жағамыз. Жатып алып, өткен-кеткенді айтып, сырласамыз ғой баяғы. Мәскеуден қайтқан бетте Халима Алматыға соққан екен. Бірақ, Әзілханды көре алмапты. Ол жазғы демалысқа шығып, Семейдің облыстық газетінде уақытша қызмет істеп жүріпті. Халима Әзілхан дегенде ішкен асын жерге қоятын еді. Алматыда жолыға алмай келгеніне қатты қиналды. Оған мұғалім болып, өзінің оқу бітіруіне көмектеспек болған ойын да айтпапты. Жалпы Халима біреуге жасайтын жақсылығын айтпай істейтін еді. Кісіге көрсеткен қызметін ешқашан бұлдамайтын. Жұртқа жасаған жақсылығына мүлде мән бермейтін. Халиманың ойы мұғалім болып, Әзілханның оқуын бітіруге көмектесу болса, Әзілханның да оз ойы болды. Ол Халиманы Мәскеуден келгеннен кейін ЖенПИ-ге түсірсем, сөйтіп екеуміз бір қалада, қатар оқысақ деп армандайды. (Кейін ол армандарына жетті де ғой). Бірақ алдын ала айтпапты. Келгеннен кейін ақылдасып шешерміз деп есептейді. Біздің мектепке орналаса сала Халима Алматыдағы Әзілханға өзінін жана әдірісін хабарлап, хат жазды. Бірақ, Әзілханнан жауап кешігіп келді. Әзілхан Семейдегі уақытша қызметінен босап, тамыздың ақырғы күні Алматыға келеді. Халиманың Әзілханға жазған хатын алған жолдасы оны иесіне тапсыруға үлгіре алмай, елде бір жақындары қайтыс болып, тығыз түрде сонда жүріп кетеді. Қайтып келгеннен кейін Әзілханға арналған хатты қолына береді. Халиманың хатын оқи сала ол біздің мектепке тығыз түрде жеделхат жіберді. \"Хатыңды бүгін алдым. толық жауап жазамын. Сенің Әзілханың\" депті. Осы сегіз сөз Халиманы қандай қанаттарды да десеңізші! \"Мен бірдеңеге ұшырап қалды ма деп қорқып едім. Аман екен ғой!\" деп тығыз түрде келген жеделхатты қайта-қайта көкірегіне қысты. Соғыс кезінде Әзілханнан хат кешігіп келсе, Халима жылайды екен. Біздің таубинкада хат күткен Халима жылаған жоқ. Бірақ, жылағаннан бері болды. Әзілханнан жеделхат алған күні кешке төсекте жатып, Халима маған мынадай бір сыр айтты. Соғыстан Әзілханның жазған хаттарын бірін жоғалтпай жинап жүреді екен. Соғыс бітіп, ауруханада жатқанда кездерінде сол хаттардың күн сайын біреуін асықпай отырып, қайта оқып шығуды әдетке айнлдырыпты. Әзілханның әзіл сөздеріне кейде күліп, кейде жымиып, рақаттанады екен. Сол күндердің бірінде, палағада Әзілханның кезекті хатын оқып, балқып отырған кезінде медбикелердін бірі келіп:

— Сізді сыртта бір майор күтіп тұр, — дейді Халимаға. Халима аң-таң болады: өзінің ондай шенді ешқандай танысы жоқ. \"Кім болды екен?\" деп ойлайды ішінен. Кім болса да барайын деп, аурухана халатын жамылып, корпустан сыртқа шығады. Аурухана айналасындағы орындықта отырған бір әскери адам орнынан тұрып, Халимаға қарсы жүреді. Жақындағаннан кейін байқаса: Семейдегі №11 орта мектепте сабақ берген қысықкөз мұғалім. Иығында погоны бар, расында, майор екен. Қолында ұстаған бір буда гүлі бар. Халима: — Сәлеметсіз бе? деп ұстазына бас иеді. Ол баса көктеп, Халиманы құшақтауға үұтылады. Халима онын құшағына кірмей, кейін шегінеді. Содан кейін ол қол ұсынып, амандасып, қолындағы гүлін береді. Халиманың оны алғысы келмейді. Бірақ, үстазы ұсынып тұрғаннан кейін гүлін алады. Ұстазы бірден әңгімеге кіріседі. Өзінің соғыста лейтенант болып қызмет істегенін, соғыс біткен соң бұрынғы мұғалімдер мен студенттерді әскер қағарынан босату туралы Указ шыққаннан кейін, әскерден біржола босап, елге қайтып бара жатқанын айтады. Қызылорда қаласында ванна, туалет! ішінде үш бөлмелі үйі бар екен. Сондағы пединститутта мұғалімдік орны даяр екенін де айтады. Әскерге алынардан бұрын Семейден Қызылорда пединститутына ауыстырылса керек. Осыларды айтып келіп: — Сенің осында жатқаныңцы бұрын өзіңмен бірге оқыған интернат қыздарының бірінен естіп, Мәскеуге әдейі тоқтадым. Аураханадан шығарып, Қазақстанға ала кетейін деп ойладым. Аурухана елде де бар ғой, сонда емделерсің, дейді. Халима ұстазының арам ойын сезіп, ернін жымырады. Бұрыннан уәдесі бардай, баса көктеп, еркін сөйлегеніне іштей ыза болады. Бірақ ызасын сыртқа шығармайды. Халима тіс жарып, дәнеңе демегеннен кейін ұстазы одан сайын ерқіндейді. — Осыған келістік қой. Сенің әке-шешең, туған-туысқаның жоқ. Семейде кімге барасың?Одан да маған ілесіп, Қызылордаға жүр, — дейді сөзінің соңында. — Мен сені мектепте жүрген кезде-ақ сыртыңнан жақсы көргенмін. Бірақ мұғалімнің шәкіртіне сөз айтуына болмайтындықтан, сен он жылдықты бітірсін деп күткенмін. Орта мектепті де бітірдің, соғысты да аяқтадың. Енді біздің бір-бірімізге жақындауымызға ешқандай бөгет жоқ, міне қолым!

Халима басын шайқайды. Ұстазының ғашықтықпен ұсынған колын алмайды. Содан кейін кері бұрылады да, қолындағы гүлін иесінің аяғына қарай лақтырып тастап, аурухана корпусына қарай кете барады. — Өзбақанова, Өзбақанова, — дейді сасқалақтаған ұстазы шәкіртін мектептегі әдет бойынша атап. — Мен сізге оқушы қыз Өзбақанова емеспін! — деп Халима бір-ақ ауыз сөзбен жауап береді. Жеделдей аяндап, қақпаға кіріп кетеді. Халиманың бұл сөзі: \"Мен сізге кешегі мектеп партасында отырған кішкентай қыз емеспін. Немесе біреудің жетелегеніне жүре беретін мал да емеспін. Жүрер жөнін, барар жолын білетін есейген азаматпын. Сіз сияқты Отан қорғаған жауынгермін!\" дегені еді. Бірақ, осының бәрін ашуланып, айғайламай, кейбір қыздарша шәбеленіп, шаптықпай, өзінің көргенділігін көреетіп, \"Мен еізге оқушы қыз Өзбақанова емеепін!\" деген бес сөзге сыйғызады. Осылай дейді де, кеудесін тік ұстап, қақпаға қарай жүріп кетеді. Осыңан артық өрлік, өнегелік бола ма?! Ұстаз-майор ауруханаға ертеңінде тағы да келеді. Халиманы шақыртады. Халима шықпайды. Әзілханның хатын оқып, палатада отыра береді. Майор байғұс Халима келетін шығар деген есек дәмемен күні бойы тосады. Бірақ Халима қарасын да көрсетпейді. Ол үшінші күні тағы да келеді. Содан кейін біржола жоғалады. Ол кезде Әзілхан университетте оқып жүрген студент. Болашатының кім болары белгісіз. Басында өз үйі жоқ. Жатақханада жатады. Ал ол болса, жоғары білімі бар, институт мұғалімі. Өзі айтқандай, \"ванна, туалеті бар\" үш бөлмелі үйде тұрады. Жақсы тұрмыс, жайлы орынды ойласа Халиманын атағы бар, ақшасы мол сол мұғалімге жар бола салуына болатын еді. Бірақ, ешбір мұғалім Әзілхан болмайтын еді. Осыны оның жүрегі жастайынан сезді. Сезді де оған деген махаббатын өзгертпеді. Онын жас жүрегінің жаңылмағанына таңмын. Ешқандай байлық, дүние- мүлікке қызықпастан кедей Әзілханына қосылды. Қосылды да сүйген жарын жас баладай алақанына салып, аялап өтті ғой біздін Халима! Мінеки, Алматыдағы Әзілханнан жеделхат алған күні түнде, сонау Суықбұлақ стансасының қасындағы қазақ аулының тоқал төбелі бір үйінде, бір төсекте қатар жатқанымызда Халиманың маған өз аузынан айтқан бір сыры осы еді. Енді осыған ұқсас екінші бір оқиғаны айтайын.

Қыз күнінде Халима сұлу болды. Бірақ, ол өз сұлулығына мән бермейтін. Жақсы боп көрінейін деп ешқашан сәнденбейтін. өзінің табиғи тазалығын сақтап жүре беретін. Бұйра шашты, екі беті аппақ, көзі ботаның көзіндей үлкен, сабақты үнемі үздік жақсы оқитын оңдай қызға кім қызықпасын? Оның үстіне әке-шешесі жоқ, балалар үйінде өсіп, интернатта бой жеткен иесіз қызға кім құмартпасын, жақсы жетім қызды жетектеп әкетуге кім ұмтылмасын? Олардың көбі Алматыдан оқу бітіріп келген жас мұғалімдер болатын. Өздері ақ көйлек, қара костюм киіп, мойындарына галстук тағып, барынша сәнденіп жүретін. Солар жетімдер оқитын интернатта мұғалім болып, жақсы қыздардың ортасына түскеннен кейін оларға қалай қызықпасын. Солардың бірі Халимаға көз салады. Халима ғана емес-ау, жетім қыздарды олар іштей өзара бөлісіп алады. Орынкеш, Нұриша, Хабиба, Халима, Ишан сияқты қыздарды құпия меншік етеді. Алғашында ол тізімде мен де бар екенмін. Бірақ менің әке-шешем барын білгеннен кейін ол тізімнен шығып қалсам керек. Солардың бір сылқымы Халимаға жіп тағады. Қыздар оныншы класты бітіре сала олар өз ойындағы қыздарға үйленіп, бірнеше тойды бірге өткізуге уәделеседі. Солардың бір ерекше кербезінің үстінен үнемі иісмай аңқып жүретін. Қыздар оны сыртынан күлкі етіп, \"Иістімай мұғалім\" деп атайтын. Халимаға көз салған осы иістімай мұғалім болады. Ол Халиманы көрсе, күліп, жымындай бастайды. Мектеп интернат ауласында оңаша кездесіп қалса: — Өзбақанова, бері кел, — деп қасына шақырады екен. Мұғалім шақырған соң Халима ұялып, оның жанынажақындайды. — Неге шақырдыңыз, мұғалім? — дейді. — Мен сені жақсы көремін, — деп Халимаға қарай қолын созатын көрінеді. Халима қолын ұстатпай, шегініи кетеді. Иістімай мұғалім Халимаға ылғи сөйтіп жүреді. Халима оның көзінен таса жүруге тырысады. Бір күні мұғалім Халимаға тағы да кездесіп қалып, күлміндей бастайды. Халима: — Мұғалім, мен сізді ұстазым деп сыйлаймын. Маған жақсы көргеніңіздің керегі жоқ. Егер бұл әдетіңізді қоймасаңыз директор ағайға немесе комсомол комитетіне айтамын, — дейді.

Ол кезде Халима комсомолка, өзі комитет мүшесі. Директорға да барып айта алады. Комсомол комитетінің алдына да мәселе қоя алады. — Мен сіздің абыройынызды түсірмейін деп осы күнге дейін үндемей келдім. Енді тоқтатыңыз, — деп сөзін аяқтайды. Иістімай мұғалім жым болады. 1938 жылы ол мұғалім және басқа бір-екі ұстазымыз әскерге шақырылды. Бірсыпыра қыздар ол мұғалімдерді шығарып салуға вокзалға бардық Халима барған жоқ, кітап оқып, үйде отырып қалды. Кейін олардың орнына жаңа жас мұғалімдер келді. Сол Иістімай мұғалімнен кейін келген мектеп-интернат ұстаздарының бірі болатын. Сөйтсе ол байғұс та Халимаға көңілмен құрық салып жүрген екен ғой. Соғыс біткеннен кейін жетім қызды оп-оңай жетектеп әкетемін деп ойлаған ғой. Қайтсін, есек дәме деген сондай болады. 1939жылы сол өзіміз оқыған№ 11 орта-мектеп интернатының ауласында Халима алғаш рет Әзілханмен кездесті. Сол кездесуден бастап, екеуі біріне-бірі қатты ғашық болды. Алғашында ол ғашықтықты екеуі де сезбей жүрді. Өзгелерге де сездірмей жүрді. Әсіресе екеуінің соғыс кезінде бір-біріне жазған хаттарының ғажаптығы қандай десеңізші! Халима Әзілханнан алған бір хатын да жоғалтқан емес. Ал Әзілхан Халимадан алған хаттарын қиын соғыс кезінде жоғалтпай Халимаға жіберіп отырған. \"Мен өлсем осы хаттар саған мәңгілік ескерткіш боп қалсын\" деген. Мектепте оқып жүрген кездегі сырларын Халима маған айтпайтын. Көшеге шығып, көп қыдырмай, жатақханада отырып, кесте тігетін. Немесе Гоголь кітапханасына барып, кітап оқумен болатын. Ол кезде Халимадан басқа ешқайсымыз кітап оқуға әуестенбейтінбіз. Сабағымызды үлгеріп, келесі класқа көшсек болады дейтінбіз. Менің ойымдағы Халима жөніндегі бір айтылмай келе жатқан естелігім осы еді. Өзгелерін Халиманың қырқында, жылында айтқан болатынмын. Айттым ғой деймін. Оның бәрін Халиманың немерелері диктофонға жазып алған. Оларды қайталамай-ақ қояйын. Бірде Халимадан: — Сен неге Әзілханды сонша жақсы көресін? Кемпір болғанда да қыз кезіндей ғашықсың оған. Осының себебі не? Мен Мәулітке 25 жасымда қосылдым. Бізде махаббат деген болған жоқ: Ол \"қосылайық\" деді, мен \"жарайды\" дедім. Қосылғаннан кейін ерлі-зайыпты көп отбасыларының бірі болдық. Сендер сияқты болып, бір-бірімізге үнемі өмешеміз құрыған жоқ. Ол еркектік, мен әйелдік қызметімді атқарып жүре бердік. Ал Әзілхан екеуің бір-біріңе күн сайын ғашық болып отырасыңдар ғой. Осының мән-жайын түсіндірші, — дедім.

— Оны өзім де анық білмеймін, деді Халима. — Біз бала күнімізден бір-бірімізге тәнті болдық қой. Жақында болсақ, көрісуге асығып, алыста болсақ, бір-бірімізден хат алтанша дегбіріміз қалмайтын. Ал косылғаннан кейін Әзілхан іс сапарға кеткенде маған ас батпайтын. Күндіз күлкім, түнде ұйқым келмейтін. Әзілхан да барған жұмысын тез тындырып, үйге жетуге асығатын. Ал қалада бір-бірімізден бір сәт ажыраспауға тырысатынбыз. Мұның негізгі себебі екі адамның жаны, адамдық болмысы, ой өрісі бір-біріне уқсас боп жаратылғаннан ба деп ойлаймын. Жандары ұқсас емес адамдар да болатын шығар. Олардың бір-біріне үздігіп тұрмайтын сондықтан болар. Біріне бірінін жаны ұқсас адамдар ғана ғашық болатын шығар. Жыныстық құмарлықтан жоғары дәрежеге көтерілетін шығар деп ойлаймын. Сенін ғашық болмаған себебің жас күнінде жаны ұқсас адамға жолыққан жоқсың. Жасында кездеспегеннен кейін жаны ұқсас емее кісіге қосылдың. Жаны ұқсас болмағанымен, жаратылысы, табиғаты ұқсас. Сен табиғат заңын орындадың. Ал жаны ұқсас Әзілхан екеуміз махаббат заңына бағындық. Жанымыз бізді бір-бірімізге тартты да тұрды. Физикада тарту күші деген бар емес пе? Сол осыған да келетін шығар. Анық білмеймін, осылай шығар деп ойлаймын, деп Халима менің сұрағыма жауабын аяқтады. Қорытып айтқанда, Халима елден ерекше жан еді. Оған көз салған мұғалімдер болғанын жоғарыда айттым ғой. Бірақ, Халима Әзілханнан көз жазған жоқ. Сәнді киінген, сымбатты мұғалімдерден киімі нашар, көзге қораш Әзілханды артық көрді. Бұл екеуінің бір-біріне қалай ғашық болғанын ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Мұндай ғашықтарды көрген де, естіген де емеспін. Ғашықтық жырларынан оқыған махаббат бұл екеуінікінің астары тұрғай, әдібіне жарамайды. Осы тұрақтылық екеуін де мұратқа жеткізді. Қазақта бірін-бірі жақсы көрген ерлі-зайыптылар бар. Көп те шығар. Бірақ, олардың ешқайсысы біріне-бірі тоғыз жыл ғашық болып қосылған жоқ. Ашаршылық, ауру, жетімдік және соғыс бейнетін тартқан жоқ. Бұдан былай мұндай ғашықтар бола ма, болмай ма көзім жетпейді. Айта алмаймын. Алайда \"жастар осы ғашықтықтан үлгі алса-ау!\" — деп ойлаймын. Алғашында мен не жазамын, не айтамын деп ойлаған едім. Енді Халима туралы естелігімді тоқтаға алмай жатырмын. Айналайын Халима, бұл дүниеден өтерде сол Әзілханың қия алмай, қатты қиналды ғой. Он үш күн реанимацияда жатты. Әл үстінде жатса да Әзілханның жан ұшырып жазған хаттарына жауап жолдаумен болды. Он төртінші күні ауруханадан шығарып, үйге әкеліп Әзілханды, балаларын, немерелері мен өзі аттас Халима есімді шөбересін көргеннен кейін ғана үзілді. Өмірінің соңғы сәтінде мен жан досымның қасында болдым.

Жаның жәннатта болсын, асыл құрбым, айналайын! Әзілхан да аянған жоқ. Халимаға қолынан келген бар жақсылығын жасады. Басына Ақтаудың ақ тасынан ақ отау орнатты — ақ күмбез көтерді. Оған арнап өзінің жан жырын төкті. Сөйтіп, Халима атын Алашқа жайды. Тек Қазақстандағы қазақтар ғана емесе, Халима атын екі миллионға жуық Қытайдағы қазақтар мен Монғолиядағы қалың қазақ қауымы білді. Дүниежүзіндегі басқа қазақтар да хабардар болды. Енді, міне, Халимаға арнап жеке кітап шығарайын деп елден естелік жинап жатыр. Арты ХІ-ХІІ тасырларда Айша бибінің басына ескерткіш орнатқан ардақты ағамыздың аты кім екенін білмейміз. Бәлкім Индиядағы Тәжмахал тәрізді ғажайып ескерткішті орнатқан Жахан шах сияқты қазақ хан-қағандардың бірі болар. Олардың өз жарларына деген шексіз махаббатын құрмет тұтамыз. Ал соңғы үш-төрт асыр ішінде әйелін Әзілхандай ардақтаған қазақ сирек шығар деп ойлаймын. Әрине, Әзілханның Халиманың басына көтерген күмбезі Айша бибі күмбезінің — жүзден бір, Тәж-Махалдың — мыңнан бір бөлігіндей-ақ болар. Ал айда Әзілханның Халимаға деген махаббаты белгісіз қалғанның — Айша бибіге, Жахан шах патшаның — Мұнтаз сұлуға деген махаббатынан титтей де кем еместігіне сенемін. Бұл үшін досымның досы — өмірге екі келмейтін қымбат Халиманың жан жары Әзілханға мың рахмет! \"МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР\" АВТОРЫНЫҢ АСЫЛ ЖАРЫ Иә, тақырыбымыз айқайлап айтып тұрғандай, халық жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықовтың бала ма-хаббаты, өмір-бақи қол ұстасқан асыл жары Халима Өзбақанова — оқырмандарымызға ұсынылып отырған суреттегідей көркем жүзді, нұрлы кісі. — Мен 1922 жылы Абай ауданында дүниеге келіппін. Әкем Қалиакпар 1932 жылы аштықтан әлсіреп көз жұмды. Соңынан іле-шала анамыз Зәуила да о дүниелік болды, — деп бастады әңгімесін Халима апай, — Аягөзде 1-класта оқып жүргем. Өзімнен екі жас кіші Ханымхан есімді сіңлім екеумізді жетімдер үйіне Семейге алып келді. Сіңлім балалар үйіне келгеннен кейін қайтыс болды. Әңгімеміз осылай басталды. — 70-80 жылдары \"Махаббат, қызық мол жылдар\"романын қазақ жастары ғана емес, үлкен-кішісі түгел оқыды десек те болғандай. Содан \"Меңтай жазушының әйелі

екен \" деген сияқты талай болжам, топшылау айтылды. Шындығында, Әз ағамыздың өзіңізге деген махаббаты туралы не айтасыз? — 1936 жылы Семейде №11 орта мектеп ашылып, қазақша білім алуға көштім. Класымызға Жарма ауданының, Ақбұзау ауылынан Орынкеш деген қыз келді. Әзілхан деген дос жігіті бар екен, екеуі бір ауылдан. Әзілхан жеті жылдық мектеп бітіріпті. Педучилищеде оқиды. Орынкешке қырындап келіп тұратын. Бірде: — Халима, Орынкешті шақырып берші, деп өтінді. — Орынкеш, сені жігітің іздеп келіп тұр десем, шықпайды. Қалаға келген соң көңілі өзгелерге ауған ба, әйтеуір құлықсыз. Әзілхан да келуін кілт тоқтатты. Мен кітап құмар едім. Сол кезде Гоголь атындағы қалалық кітапханада кешкі 10- ға дейін сарыла кітап оқимын. Әзілхан да кітап сүйер жігіт екен. Екеумізді Семей кітапханасы табыстырды. Күнде кешкілік шығарып салады. Алғаш бозбала Әзілханның қолының ыстық табын, жүрек жылуын тұла бойыммен сезінген сәтте қып-қызыл болып, ұялып төмен қарадым. Қолымды тартып ала қойдым. — Кейіннен өзің де менің қолымды ұстап едің ғой, соғыс кезінде, — деп әңгімеге араласа кетті Әзілхан ағамыз. — Е-е, ол 1944 жылдары ғой, Мәскеуге Чистопрудная көшесіндегі, Грибоедов ескерткіші жанындағы Бас почтамда кезіккенімізде ғой. Соғыс бастылысымен Әзілхан майданға аттанды. 1942 жылы мен де соғысқа сұрандым. Балалар үйлерінің барлық қыздары Ұлы Отанымызды қорғауға аттандық. Радист мамандығын игердім. Чита облысында, Борзя стансасында талай әскери тапсырмалар орындадым. Кейіннен денсаулығым ауырлады да, әскери цензураға жіберілдім. Мәскеуде, Бас почтамтта қызмет атқардым. Әзілхан үш жолдасымен бірге Мәскеуге делагат боп кепті. Әңгімелесіп отырмыз. Сонан соң үстел астынан қол ұстастық. Бір жағы жігіттерден ұялдым, бірақ:

— Әзілхан қолыма снаряд жарықшағы тиді деп еді, жарасы жазылды ма деп қарап отыртаным ғой, — деп ақталдым. — Сол кездегі студенттік тойлар қалай өтуші еді? Соғыстан кейін отбасын құрудың қиыншылықтарын еске алсаңыз. — 1945 жылы Әзілхан соғыстан аман-есен оралып, Қазақ университетіне оқуға түсті. Соғыстан кейін \"әуелі Әзілхан оқысын, мамандық алсын\" деген оймен, өзара келісіммен Суықбұлақ ауылына аттандым, мектепте орыс тілінен сабақ бердім. Әзілханның сүйгені де, жанашыры да өзім, сондықтан ақша салып тұрдым. 1947 жылы Әзілхан академиялық демалыс алып, Семейге келді, \"Екпінді\" газетіне орналасты. 9 жыл бойы бір-біріне ынтыққан қос жүрек өмір-бақи бірге болуды армандап, Ақбұзауға келдік. \"Мынау, жеті жыл бойы қаңырап тұрған үй — әкемнің шаңырағы. Осы үйге келін боп түсесің\", — деді Әзілхан. Алғашында \"жаяу келін\" атандым. Колхоз бастығы Әлсейіт Мұсақұлов деген кісі жүйрік құла атын, крессорлы транспенкесін алып шығып, қарсы алмақшы екен. Уәдесінде тұрмапты. 9разъезден түссек, ешкім жоқ. Әзілхан жаны жүдеп, қатты кейіді. Қолымызда чемодан, 9 шақырым жаяу жүрдік. Осылайша Нұршайықовтар шаңырағының түтінін түтеттім. Сәки атты жолдасыммен бір бидон арағы бар Әзілхан тойға кірісті. Ат бермеген бастық жарты пут бидай берді, оның жартысын талқан етіп, той дастарқанына қойдық. Той басталды, жұрт ақ батасын бере бастағанда, сары ешкісін мүйізінен жетектеп бір ана келді. — Тоқтасын апам, — деді Әзілхан. — Әй, Әзілхан, сой мынаны тойға. Аяғын байла! — деді бұйырып апа. — Апа, өзіңізге керек болады, рахмет, — деді сыпайы ғана Әзілхан. — Соғыста аштан өлген жоқпын, енді соғыс бітті, елге енді аштық жоқ, осы ешкісіз де өлмеспін. Сол, тойға, — деп алған бетінен қайтпады қайсар ана. Сосын Әлсейітке қарап: — Соғыста шейіт кеткендердің аруағынан қорықсаң қайтеді, бастық? Тойға бір тоқтыңды қимадың ғой,— деді. Келе-келе, жақсы келін-атандым. Өйткені, бүкіл ауылға ұйық тоқимын, киім тігемін, өнер иесі қашан да сыйлы, қадірлі ғой. Қашанғы ауылда отырамыз, оқуымызды жалғастыру үшін Алматыға келдік. Алматыда қайсыбір ағайынымыз күтіп тұр, тұрмыстың тауқыметін көп көрдік. Тұңғышымыз шетінеп кетті. Жанар, Жаннат, Арнұр, Жаннұр атты ұл-қыз сүйдік, Сәбина, Дина, Сәкен, Алма, Әлия деген немерелеріміз бар. — Жазушының жары болу да оңай емес болар ?

— Әзілханның барлық шығармалары менің қолымнан өтті. Қолжазбаларын оқыдым, машинкаға бастым. Магнитофон таспасына түсіріп алғандарын көшірдім. Архивтерге бірге бардым. Талай дәптерлерге құнды қолжазбалар көшірдім. 1978 жылы Брестке бардық, Әзілхан төрт дәптер деректер жинады. Жазушының жаны нәзік, сондықтан жүрек сырқатына ұшырау ақын-жазушылар арасында жиі кездеседі. Әзілханның жүрек тамыры алты рет жарылды, 40 түн күзеткен, көз ілместен таң атырған кездерім болды. Әсіресе, 1994 жылы жөргектегі сәбиімдей күттім. 40 күн шыдаған басым, 41-күні талықсып, ұйықтап кетіппін. Әзілхан \"дүрс\" еткен дыбыстан шошып ояныпты, қараса, мен ұйқыға басыппын. Осылайша жан жарымның қуат-күші сарқылса, сырқаты мен десе, жүрегіне жігер қостым, дертіне дауа болуға тырыстым. Азаматтың өмірбақи аптал күш иесі болып, қасқайып, қара нарша жүре беруі мүмкін емес, сондықтан тарықса — шыда, торықса — сүйеніш, тірек бол, ауырса — маңдайынан сипа деймін қыздарыма, \"келінім сен тыңданың\" керін келтіріп. \"Солдат\" газеті Ұлы Жеңістің 55 жылдығы мен жеңісті жақындатқан егіз жүрек, екі солдатты құттықтайды. Махаббаттарыңыз мәнді де, мәңгі болсын! Әңгімелескен Күлән Берікболова, журналист. \"Солдат \" газеті, 9.05.2000. Гүлмәрия АЙТМАҒАМБЕТОВА КӨПІШЕВА, ақын МЕНІҢ КІШКЕНТАЙ ҰСТАЗЫМ Халима асыл да, алтын да адам еді. Ол қыз күнінен ерекше болды. Кісіге көмектескіш, қамқор, кішіпейіл еді. Осы қамқорлығына байланысты азғантай естелік айтайын. Мен де Семейдің қызымын. Әкем 1937 жылы халық жауы деп ұсталып кетті. Әке қайтысымен ауданда 5-класты әрең бітірдім. Содан кейін Семей қаласындағы № 11 қазақ орта мектебінің 6-класына оқуға түстім. Бірақ, сабақты нашар оқып, үлгіре алмадым. Содан кейін мұғалімдер мені бізбен бірге оқитын бір отличник қызға тіркеді. Ол шашы бұйра, көзі үкінің көзіндей үлкен Халима деген аққұба қыз еді. Фамилиясы Өзбақанова болатын. Сол қыз мені сүйреп шықты. Алтыншы, жетінші кластарды сол қыздың арқасында жақсы оқып, ударниктер қатарына өттім. Жетінші класты бітірген соң сондағы Абай атындағы педучилищеге түстім. Содан кейін Халиманы көргенім жоқ. Оның тағдырының қандай болғанын көпке дейін білмейтінмін.

Ал Әзілханды училищеде оқып жүргеннен білетінмін. Оның өлеңдері облыстық \"Екпінді\" газетінде жиі басылатын. Бәріміз оны училище ақыны дейтінбіз. Ол кезде училищеде \"Ұшқын\" деген қолжазба журнал шығатын. Әзілхан соның редакторы болды ма, редколлегия мүшесі болды ма, анығы есімде жоқ. Училищедегі өлең жазып жүрген талапкерлер жана өлеңдерімізді Әзілханға апарып көрсететінбіз. Оны өлең жазатын қыздар мен жігіттер жақсы білетін. Әзілханды мен сол себептен білетінмін. Бірақ, оның менің № Порта мектептегі кішкентай ұстазым Халиманың жолдасы екенін білмейтінмін. Әзілханның аты соғыс кезінде де шығып жүрді. Оның майданнан жіберген өлеңдері \"Екпінді\" газетінде жиі басылатын. Ол кезде мұғаліммін ғой. Әзілханның өлеңі шыққан газетті алғанда \"Бұл жігіт педучилищеде бізбен бірге оқыған\" деп, мұғалімдерге, шәкірттерге мақтанатынмын. Соғыстан кейін де Әзілханның аты шыға бастады. Павлодарға облыстық газеттің редакторы болғанын, одан кейін \"Социалистік Қазақстан\" газеті редакторының орынбасары болғанын еститінмін. Бұл кезде мен Құлекеңе (ақын Құланбай Көпішевке) екінші рет тұрмысқа шыққанмын. Енді Әзілханның кітаптары шығып, атағы жайылды. \"Қазақ әдебиеті\" газетінде басылған \"Автопортрет\" деген мақаласында ол әйелінің аты Халима екенін, қанша баласы бар екенін айтты. \"Апырау, Әзілханның әйелі №11 орта мектепте менімен бірге оқыған менің кішкентай ұстазым (сол кезде солай деп атайтынмын) Халима Өзбақанова ма екен?\" деп ойладым. бірақ, Әзілханды көріп, әйелінің қай жердің қызы екенін сұрап, білудің реті келмеді. Бір жылы Құлекендердің (Құланбайды айтамын) жақын ағалары Ағыбай Өтегенов деген ақсақал қайтыс болды. Құлекең екеуміз көңіл айта келгендерді қабылдап, сол үйде қызмет істеп жүргенбіз. Тізім жасап, келгендердің қаралы үйге көмекке берген ақшаларын қабылдап отыру маған жүктелген еді. Сонда Әзілхан Халиманы ертіп, сол үйге келді. Әзілханның суретін газеттерден көріп жүргенмін. Танимын. Ал отыз жылдан аса көрмеген Халиманы бірден таныдым. Тістері сәл ғана ақсита көрсетіп, ақырын ғана күліп тұратын. Сол қалпы. Жыға таныдым. Танысам да өлім үсті болғаннан кейін бірден жабыса кетпедім. Халима жасынан байсалды еді. Сол сабырлы қалпында қалыпты. Tic жарып, дәнеңе демеді. Тек кетерінде ғана менің қасыма келіп: — Тізімге бізді де қосыңызшы, — деп Әзілханның фамилиясын атады. Содан кейін сумкасынан алып, 500 сом берді. Менің көзім бақырайып кетті. Оған дейін 20-30 сомнан артық ешкім беріп жатқан жоқ болатын. Тек бір-екі адам ғана 50 сомнан қосқан. 500 сом деген ол кезде орташа қызметкердің жарты жалақысы болатын.

— Қанша қайырып берейін сізге? — дедім, 500 сомды тұтас беріп тұрмаған болар дедім. — Жоқ, бәрін де қосыңыз. Ахаң (Ағыбай дегені) ағамыз Әзілханның ең жақсы көріп, құрметтейтін кісісі еді. Түгел жазыңыз, — деп қол сумкасының аузын жапты. Мінеки, Халиманы мен көп жылдан кейін осындай күйде көрдім. Бала күнінде жаны мырза еді. Ұлғайғанда да алақаны ашық екенін ұқтым. Артынан білсем Әзілхан соғыстан келіп, университетке оқуға түскенде жатақханада орын болмапты. Сонда Әзілхан бір-екі ай соғыста бірге болған досы Бақытжан Өтегеновтің ағасы Атыбай Өтегенов марқұмның үйінде тұрыпты. Кейін де ол үймен араласып жүріпті. Содан кейін Құлекең екеуміз Әзілхан мен Халиманы, Құлекеңнің соғыста бірге болған ақын ағасы Дихан Әбілевті әйелімен қосып, қонаққа шақырдық. Онда да Халима, бұрынғы әдетінше, сабырлы қалыпта отырды. Бала күнімде Халиманың мені екі класс сүйреп, үздіктер қатарына қосқанын мен айтқаным жоқ. Екеуміздің бірге оқығанымызды ол да айтқан жоқ. Менің айтпаған себебім: өзім ақын, әрі күйеуім атақты ақын болғаннан кейін жас кезімде көк ми болғанымды айтуға намыстандым. Мен айтпағаннан кейін Халима да үндемеген болуы керек. Сөйтіп, бір-бірімізді бұрын білмейтін кісі күйінде қалдық. Әрине, оны менің айтуым керек еді. Айта алмадым. Айтсам, абыройым төмендеп қалады деп ойлаған болуым керек. Содан кейін Халима мен Әзілханның үйінде біз де бірнеше рет қонақта болдық. Онда да бұл тақырыпта сөз қозғағанымыз жоқ. Міне, соған осы күнге дейін өкінемін. Сонда жетім қызға көмектесіп, үздік оқушылар қатарына қосқаны үшін неге разылық білдіріп, алғыс айтпадым деймін. Кеше Халима қайтыс болыпты деп естігеннен кейін осы оқиға есіме түсті. Халима қайтыс болғанда Құлекең сырқаттанып жатыр еді. Әзілханға көңіл айтуға мен келдім. Халимаға айта алмаған алғысымды Әзілханға айтып, осы оқиғаны баяндап бердім. Сол жолы Халиманың кішкене күнінде маған көмектескен еңбегінің жемісі деп, өзімнің \"Луч\" деген атпен баспадан орыс тілінде шыққан кітабымды сыйладым. Оның бірінші бетіне былай деп автограф жаздым: \"Құрметті Әзілхан! Менің бұл еңбегім Халимаға орнатқан кішкентай ескерткіш болсын. Мен Халиманы ешқашан ұмытпаймын. Гүлмәрия. 19.08.2001.\"

ҚОСЫМША ТАРАУ \"Мәңгілік махаббат жыры\" кітабының бірінші басылымы жарыққа шыққаннан кейін (2005) авторға көптеген хаттар келді. Хаттардан басқа кітап кейіпкерлеріне арналған бірсыпыра көркем туындылар жарық көрді. Атап айтқанда ақын Нұрлан Жылқышиев орыс тілінде \"Халима\" деген поэма жазды (2007). Суретші Берік Жанкеев \"Халима\" немесе мәңгілік махаббат\" деген картина жасады (2007). Жазушы Айгүл Кемелбаева \"Мәңгілік махаббат жыры\" деген киносценарий жазды. Сейітмұрат Егембердиев \"Махаббат мұнарасы\" деген баллада жариялады. Ал композиторлар Тұрсынғазы Рахимов пен Ақтоты Райымқұлова кітаптың бас кейіпкері Халимаға арналған әндер шығарды. Кітапты оқыған бірнеше ата-аналар жаңа туған сәбилеріне Халима есімін берді. Сол туындылар мен хаттардың бірсыпырасы \"Қосымша тарау\" деген атпен осы екінші басылымға кіргізілді. Нурлан АБЖАПАР (Джилкишиев), поэт

ХАЛИМА ПЕСНЬ ОБ ЕДИНСТВЕННОЙ ВЕЧНОЙ ЛЮБВИ Песня переложена в стихи с перевода на русский язык Бахытжаном Момышулы поэтической прозы Аз-ага \"Халима\", как песнь единственной и вечной любви. О значении этой прозы для читателей можно понять, прочитав отклики самих читателей. Вот отдельные из них. Я не знаю, какое будет иметь значение произведение \"Халима\", переложенное в стихи, к тому же на русском языке. Но я испытываю чувство удовлетворения, сумев это сделать. СЛОВО ПЕРВОЕ Все прошло: в одно мгновенье, Невозвратно канула в лета. Ни о чем со мной не сожалела, Халима любимая всегда! Ангел мой, и соратник, курьер** Ты растила во мне молодца. Ты единственный в жизни пример, Нет замены родная душа Ты со мною всегда и во всем, Сорок дней нескончаемых дней. Не заменишь родную никем, Почему я, создатель, не с ней?! Ты ушла в невозвратную даль, Сорок дней пережил сорок лет. Не с тобою родная, а жаль, Без тебя мне не мил белый свет О тебе напишу коль смогу,

О тебе напишу высоко. Коль писать о тебе не смогу, Будет мне умирать нелегко. СЛОВО ВТОРОЕ У плиты опустилась на пол, И из горла хлынула кровь. Вой сирены... Тебя увезли Привезли на тринадцатый вновь. Каждый день был тягучим как ночь, Каждый день из тринадцати дней. Оттонял все ужасное прочь, Я в бессонные ночи и дни. Я молился, просил у небес, Уберечь от костлявой руки. От тревог я осунулся весь, И под глазом синели круги. И однажды ты в ночь позвала, Чтоб сказать напоследок слова... Благодарен родная тебе, За слова, что сказала ты мне. Тяжело говорить и дышать: Говори, я внимаю душой. Напоследок не можешь молчать, Расскажи ты о нас не спеша. Я умру, ты мужчина — не плачь

Над могилою плакать не смей. У камчи отошла рукоять, Рукоять лишь сломалась камчи** Ты без слез схорони напослед, По обычаям и по обрядам. Пусть Коран прочитают мне вслед, Асылхан** прочитает молитвы. Над могилою слезы не лей, Не увидят пусть слезы враги. И не будет смеяться они, Безпричинно смеяться на смерть. Опускаться ты в жизни не смей, Постригайся и брейся всегда. Будь опрятным всегда и во всем, Что же делать — не будет меня. Если грязи коснется рукав, Будет грязен чуть-чуть воротник. Ты ведь будешь, мой милый, не прав, Скажут, милый, сломался и сник. Я умру — не женись, не спеши, Молодую себе не ищи. Чтоб себя не обречь на позор, Даже если шепчу этот вздор. С пожилой тебе будет не в лад, За тобою ведь нужен уход.

За тобою смотреть не суметь, За собой бы ей присмотреть. Буду жить я не в этих мирах Буду ждать я тебя в небесах. Если вдруг ты поженишься, друг, Не узнаю я, милый, тебя. И от мысли такой непростой, В дрожь бросает меня, дорогой Не ругай ты детей своих зря, Не кричи и \"не рыпайся\"**, друг. Ты невесток никак не жури, Проживи ты без тягостных мук. За тобою пусть смотрят они, Чтоб покой обрела я душой. В том мое завещанье семье, Непременно я встречусь с тобой! СЛОВО ТРЕТЬЕ Не забуду двенадцатый день Семь мы дней наблюдали в окно. Я в палату зайти все хотел, От тебя получил я письмо. Ты писала, что лучше сейчас, И уход за тобою в пример. И просила с надеждою нас, Чтоб купили мы торт для сестер.

Ты копила мне деньги в мешке, Милый спонсор**, подруга моя. Возместить обещала ты мне, Что истрачено будет тобой. Всем сестричкам, и няням, врачам... (Я трудился всю ночь напролет). И с накопленных денег всем им Поделил без остатка в конверт**. Я исполнил свой труд до конца, Приписал в аккурат на конверт: \"Благодарная Вам Халима\", Был последний больничный привет. Написал Халиме я письмо, Что исполнил любимой наказ. Очень рад, все идет хорошо, Ты ведь можешь порадовать нас. Ты с улыбкой едва на лице, Повстречала в палате меня. И кивнула с улыбкою мне, Чтоб позвал я сестричек, врачей. И в палате был голос твой тих, Не принять твой подарок нельзя: \"И дай бог, чтобы каждый из них, Был счастливым в жизни, как я\". Ты сказала, на лицах врачей,

Загаенная боль и печаль. Сердце дрогнуло, стало больней, И прощаться с тобою мне жаль... Словно ношу ты с плеча сняла, И ладони мои ты взяла. И так нежно прижала к груди, Что услышал я сердца стук. СЛОВО ЧЕТВЕРТОЕ Заготовил тебе я письмо, Чтоб порадовать смог я тебя. И подумал: сейчас позвоню, Чтоб узнать про тебя и дела. И в ответ я услышал врача: \"Приезжайте быстрее, ага, Чуть апашка вчера не сошла, И до утра едва дожила\". Сердце ухнуло, чтобы пропасть, Я в палату ворвался к тебе: Ты ослабшая, чтобы угасть, Обернулась тревожно ко мне... Понял я — и спросил у врачей, Что последний настал ее час. Чтоб остаться позвали с ней, Чтоб примне свет очей бы угас. Я бы гладил ладони ее,

Состоялся с врачом разговор, Состоялся с врачом уговор: Вам нельзя в реанимации с ней. И отдать вам без вскрытья нельзя, Обойдемся без вскрытья апы! И не будет вокруг суеты... Привезли на носилках домой, И узнала родимая дом. И спросила: Я дома, родной? И поверила, что это не сон. И всю ночь просидел я с тобой, Чтоб предсмертный услышать твой стон. В эту ночь ты прощалась с семьей, Попрощаться вернулась ты в дом. Встрепенулась в какой-то момент, Обняла и прижала к груди. Как сумела ты это суметь, Не смогу я никак позабыть! И ладонь мне под мышкой прижать, И под мышкой суметь удержать. Полчаса ты держала ладонь, И заполнила сердце мне стон! До сих пор не могу я понять, Как болезнью ослабшая вдруг, Всем ухватом сумела обнять,


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook