маған сіңірген еңбегін, оның адамгершілік, әйелдік, ұрпағымды өрбіткен аналық қарызын өтей алмаспын деймін. Өтей алмаймын!» — деп жазады. Міне, қаламгер Әзілхан Нұршайықов «Мәңгілік махаббат жырын» жазу арқылы байырғы бабаларымыздың Күн мен Ананы Тәңір тұтып, оларға табынатын, тағзым ететін, олардың алдында бас иетін ізгі дәстүрін бүгін жалғастыра түскен сияқты. Менің ойымша, Анаға тағзым ету — ең алдымен, мәңгілік махаббатқа, адам бойындағы ең мөлдір сезімдерге, адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тағзым ету деген сөз. Әзілхан Нұршайықовтың осы біз сөз етіп отырған кітапты жазардағы негізгі мақсаты да осындай жәйттар болған сияқты. Сонымен,«Мәңгілік махаббат жыры» — ақ өлеңмен жазылған прозалық поэма. Бұл кітап негізгі екі бөлімнен және қосымша бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім — «Халима» (Өмірінің өшпес өрнектері), екінші бөлім — «Халимаға хат» (Сағыныш саздары) деп аталады. Бұл кітапта «Халиманы еске алуға» арналған да бөлім бар. Мұнда Халиманың қазасына байланысты көңіл айтулар, хаттар, лебіздер, естеліктер берілген. «Мәңгілік махаббат жырының» бірінші бөлімі — қаламгердің жан жары, әдеби серігі, аяулы адамы Халима туралы хикаят-дастан деуге болады. Мұнда Әз аға жабырқай қалса — жадырататын, жаңыла қалса — түзететін, жатса — жастығы, жантайса — төсегі болатын өмірлік досы Халимаға қараға айтылатын жиырма сөз — жиырма тақырып етіп берілген. Дәлірек айтсақ, автор өз ойын оқырманға Халима туралы жиырма тебіреніс арқылы жеткізген. Әрбір тебіреністің өзіндік идеясы, сюжеті, тақырыбы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды, қайта бірін-бірі логикалық тұрғыдан толықтыра, жетілдіре түседі. «Ұят» деген үш әріптен тұратын ұлы сөзді өзіне өмірлік ұран етіп алған Халиманың жарық дүниемен қоштасар сәтте күйеуіне айтатын өсиеті «Екінші сөзде» берілген. Мен өзім осы өсиетті оқып болып, әрбір тірі пенде ақыры бір күні келетін өз өліміне де моральдық-психологиялық жағынан мықтап дайындалып жүруі қажет екен-ау деген ойға келдім. Ажалдың әйтеуір бір келетінін іштей мойындап, оны кез- келген сәтте қиналмай-ақ қабылдауға әзір жүрген адам ғана өзінен кейінгілерге ерекше ұстамдылықпен осындай ұлағатты өсиет сөздер айта алады. Міне, «Мәңгілік махаббат жырының» басты қаһарманы — Халима үрейлі ажалдың өзінен де биік тұрған ержүрек жан. Халима туралы тебіреністерді оқыған сайын осы пікірге көзіңіз жете түседі. Алайда, бұл кітапты жазушының өз әйелі туралы жазған естелігі ғана деп қарауға болмайды. Мұндай пікір «Мәңгілік махаббат жырының» тақырыбын тарылтып, сюжетін сұйылтып жіберер еді. Ал, қаламгердің оқырманға айтар ақылы тереңде жатқанын, меңзеген мақсаты өз отбасынан биікте тұрғанын аңғару қиын емес. Біз дәл осы арада белгілі жазушы, білікті баспагер Серік Әбдірайымұлының «Мәңгілік махаббат жыры» авторына жазған хатынан қысқа ғана үзінді келтіре
кетуді жөн көрдік: «Бұл шығарма Халима — жеңгемізге ғана емес, қазақтың аяулы қыздарына, адал жарларына, асыл аналарына, ардақты әжелеріне орнатылған мәңгілік ескерткіш. Шын сағыныштан туған дастан. Айта алмай, жаза алмай, айтсақ та, жазсақ та, Әз аға, Сізше айта алмай, Сізше жаза алмай жүрген тақырып еді, соны боямасыз, қиялсыз, тіпті, қоспа-бүкпесіз қағазға хаттап бергеніңізге дән ризамын. Тәлім алам дегенге тәрбиелік мәні зор өмір жыры бұл. Аққудың сыңарынан айрылғанын аңыздан, күйден естіген жан еріксіз көзіне жас алатын. Адам, Азамат, Жазушы жарын, досын, жан серігін жоғалтқандағы жоқтауын оқыған кісі селт етіп оянбауы, дүр етіп сілкінбеуі мүмкін емес». Есімі бүкіл қазақ қауымына мәшһүр Әзілхан Нұршайықов сияқты қаламгерге өмірлік дос болу, елу төрт жыл бойы оған қалтқысыз қызмет ету, ұрпағын өрбіту, жүрегіне шабыт беру арқылы Халиманың есімі де ұлтымыздың зиялы азаматтары арасында белгілі болып қалған еді. Әрине, өмірдегі осындай әрбір құбылыстың өзіндік сыр себептері, алғы шарттары болатыны мәлім. Тақыр жерге шөп шықпайды ғой. Дәл осы тұрғыдан алып қарағанда, халқымыздың сан ғасырлық тарихында еліне еңбегі сіңген талай- талай қаһарман қыздарымыздың болғаны мәлім. Бұл сөзімізге сонау сақтар заманында ұлан-байтақ жерімізді жаудан қорғап қалған батыр қызымыз Тұмар (Томирис), Қарахан батырдың жанына жалау, қолтығына демеу болған сүйіктісі Айша бибі, Ахмет Иассауидей ғұлама ақынды тәрбиелеп өсірген Қарашаш ана, бүкіл түркі әлемін тамсандырып Ұлықбектей ұл тапқан Гаухаршад бегім, күллі қазақ қауымының анасы бола білген Нұрила (Домалақ ана), күні кеше ғана қазақ қыздарының батырлық дәстүрін бүкіл дүние жүзіне танытқан Мәншүк пен Әлия сияқты аруларымыз дәлел емес пе?! Сөйтіп, қаламгер Әзілхан Нұршайықов өз кітабында Халима бейнесі арқылы халқымыздың сан ғасырлық тарихындағы қазақ қыздарының қайсарлық, мейірімділік, төзімділік, жомарттық, махаббатқа адалдық, кең пейілділік сияқты ізгі қасиеттерін зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен. Рас, Әз ағаның ардақты азамат, белгілі қаламгер, көрнекті коғам қайраткері ретінде қалыптасуына өмірлік досының сіңірген еңбегі де аз болмаса керек. Автордың өз сөзімен айтқанда, Халима ғұмыр бойы атақты жазушының ойын жалғап, өрісін кеңітіп келді. Созса — қолын, ойласа — ойын ұзартты. Әз ағамыз су сұраса — сүт, қарта сұраса — қазы, жая сұраса — жал беріп келген еді. Мұның бәрі рас. Жазушы қиялынан туған сұлу сөздер емес, мына өмірдің шынайы шындығы болатын. Оны өз көзімізбен көрген болатынбыз. Дегенмен, өмірде әрбір құбылыстың екі жағы болады деп білеміз ғой. Енді мәселенің осы жағына көшейік. Қадірлі Халима жеңгеміздің сондай биік адами тұғырға көтерілуіне, сүйікті жар, ардақты ана, адал дос,байсалды бәйбіше болып қалыптасуына Әзілхан ағада өзіндік үлес қосқан шығар.Қазақта: «Қыз кезінде бәрі жақсы, ал жаман қатын қайдан шығады?» деген бір дөрекілеу естілетін сауал-мақал
бар. Мен өзім осы бір сұрақта терең пәл сапалық мән бар деп ойлаймын. Біз «Жібекті түте алмаған жүн етеді» деген қанатты сөзді де білеміз. Әке шешесінің үйінде жүргенде биязы мінезді, парасатты, кішіпейіл болып келетін талай қыздардың өмір жолында әдепсіз жандарға жолығып, дөрекі мінезді келіншекке, парасатсыз әйелге, тәкаппар бәйбішеге айналып кеткенін күнде көріп жүрміз. Міне, осы жағынан алып Қарағанда, аяулы жарының өмірдегі мәртебесін көкке көтере білген Әзілхан ағадай ер азаматтың қыруар қызметін оқырман қауымға үлгі- өнеге ететіндей тағы бір махаббат дастаны жазылуы керек сияқты. Ондай жыр- дастансыз Халима жеңгейдің өмірдегі, көркем әдебиеттегі, болашақ ұрпақ ойындағы шынайы бейнесі толық ашылмас еді. Әрине, Әз аға жайындағы «Мәңгілік махаббат жырының» жалғасын келесі ұрпақтың қаламгерлері жазатын шығар. Әйтсе де, сол болашақта өмірге келетін махаббат жырының алғашқы шумақтары қазір-ақ жазыла бастаған сияқты: Ар алдында көрмеген жаза басып, Елің үшін ояндың маза қашып. Кішіге — аға, үлкенге — іні болған, Бар қазақтың сүйетін — Әз ағасы, — деген ақын Марфуға Айтқожинаның өлең жолдарын оқығанымда осындай ойға келдім.Әлі есімде, Халима апай қайтыс болған күні маған есімі белгілі бір жазушы телефон соқты. Мұндайда «атын айтпай-ақ қояйын» дейтін әдетіміз бар ғой. Мен де сол жазылмаған заңға бағынып келем. Сонымен, әлгі жазушы телефонда ентіге сөйлеп: — Ойбай-ау, Нәке! Естідің бе, Халима жеңгеміз дүние салып, Әзілхан ағамыз бақытсыз болып қалды ғой, — деді.Біреу төбемнен мұздай су құйып жібергендей селк ете түстім. Оқыстан естілген суық хабардан денем тітіркеніп кетті. Маған «қайтыс болды» деген сөзден гөрі «бақытсыз болып қалды» дегені жаныма қаттырақ батты. Қапелімде аузыма сөз түспей, сасқалақтап қалдым. Ақыры есімді жинап, ашу-ызаға булыққан күйімде: — Әзілхан аға — бақытты жан! Ол дәл қазірдің өзінде де бәрімізден әлдеқайда бақытты, дедім. — Не деп турсың, Нәке! Әйелі қайтыс болды дедім ғой. Әлде естімей қалдың ба? — Естідім. Білем. Қазір Әз ағаға көңіл айтуға барам. — Онда несіне көлгірсіп тұрсың?! — Көлгірсігем жоқ. Шыным сол. Солай екеніне кәміл сенімдімін.
— Сонда қалай? — Қалай дейтін несі бар? Марқұм Халима жеңгеміз ұлтымыздың мақтанышына айналған ғажайып әйелдердің бірі еді. Сондай аруды өмірлік дос етіп, онымен елу төрт жыл бойы бірге тұрып, бірге ойлап, өмірдің қызығы мен қиындығын бірге көтеріп жүрудің өзі бақыт емес пе?! Бір ән бар ғой. Әуені есіме түспей тұр. Сонда: Өткізген жақсыменен жарты сағат Жаманның өтіп кеткен өміріндей, деген өлең жолдары бар. — Иә, солай ғой. Бірақ мен Әз аға сол бақыттан айрылып қалды деп тұрмын ғой. — Жоқ. Әз аға — мәңгілік махаббатқа ие болған жан. Ал, мәңгілік махаббат — мәңгілікке берілетін бақыт. Мәңгілікке! Мұндай махаббат адамның қазасына да қатысты емес. Демек, Әз аға жанындағы жарынан айрылып қалса да, басындағы бақытынан айрылған жоқ. Халима жеңгемен бірге өткізген елу төрт жыл ғұмыр жолдары, бақытты күндері, қуанышты сәттері Әз ағаның жадында мәңгілікке сақталып қалған. Енді ол сүйікті жарының рухымен сырласып, әңгімелесіп, отан хат жазып, өлең арнап өмір сүреді. Атақты ақындар сөйткен. Мәңгілік махаббат дегеніміз осы! Иә, махаббат — мәңгілік құбылыс. Ол ешқашан өлмейді. Демек, Халима жеңгейдің мәңгілік ғұмыры енді ғана басталды. Әз аға айтпақшы, махаббат — адам жанының жалауы. Ол: адамгершілік, адалдық, әділдік, ақпейілділік, пәктік, мөлдір тазалық, ұлы іңкәрлік. Махаббат — адам жүрегінің ең асыл қазынасы. — Иә, мен де солай ойлаймын. Тек қана Әз ағаға киын болды дегенді айтпақ едім. — Әрине, адам жүз жасаса да көптік етпейді. Бірақ, жігіттің бағы жанып, өзі армандаған алтын құстың ақ үрпек балапанына қолы жетсе, бірі ұшын бірі жаратылған екі жүрек үнсіз үйлесіп, бір ырғақпен соғып, қатар түзеп, өмір деген көк аспанның қиырына қарай бет түзеп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы екеуі қанаттарын қатар сермеп, шаттана шырқап ғұмыр кешіп өтсе — бұдан артық бақыт бола ма?! Қайталап айтам. Әз аға — бақытты жан. Бұл бақытты оған адам емес, Алланың өзі сыйлаған. Менің ойымша, адам дүние-мүлікке ғана емес, оз тағдырына да қанағат ете білу керек. Құдайдың бергеніне қанағат жасап, шүкірлік етіп, тәубеге келудің өзі де ұлылықтың бір белгісі болса керек. Мен жазушы досыма осыны айттым да, телефон трубкасын орнына қойдым. Қойдым да қазақтың қазаны сыпайы түрде естірту дәстүрін ұмытып кеткенімізге іштей қатты өкіндім. Сонымен, ойымызды бүкпесіз айтсақ, Халима — өзінің Әзілхан ағамен өткізген бақытты өміріне қанағат ете білген жан. Бұл сөзімізге Халиманың жазған хаттары, мына жарық дүниемен мәңгілікке қоштасарда айтқан өсиет сөздері дәлел.
Мен «Мәңгілік махаббат жырын» оқып біттім. Иә, мәртебелі махаббат — қанша айтса да таусылмайтын мәңгілік жыр. Мен сол ғажайып жырдың авторы Әзілхан аға бейнесін көз алдыма елестетіп көргім келді. Алайда, көзіме Әз аға емес, махаббат қамалын жаудан жалғыз қорғап тұрған қазақтың дарабоз батыры елестеп кеткендей болды. Енді бір сәт мен мәңгілік махаббат күйін үлкен театрдың кең сахнасында құйқылжыта тартып тұрған домбыра оркестрінің дирижерін көріп тұрғандай сезімге бөлендім. Сондай-ақ мен мәңгілік махаббатқа қойылған зәулім ескерткіштің скульпторына қол беріп, тағзым еткендей едім. Иә, бұл кітап — мәңгілік махаббаттың жаңадан жазылған әнұраны болса керек! Немат КЕЛІМБЕТОВ, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. «Егемен Қазақстан», 25 тамыз 2005 жыл. *** ӘЗ АҒА! Ақтаудан жақсы демалып оралуыңызбен! Жіберіп отырғаным — толық вариантым. Осыдан енді ыңғайланған вариант жасап отырмын. Өзіңізді құрметтеуші, пip тұтушы ініңіз: ӘБІЛФАЙЫЗ. Оқып шыққан соң, телефон соға салыңыз! Арғы күні ықшам вариантын да беремін. 27.06.2005 жыл, Алматы». *** МӘҢГІЛІК МАХАББАТ ТӘЖ-МАХАЛЫ (Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» атты поэмасы хақында эссе-толғау) Көгімде жарқын күнім күлімдеп, аспанымда көгілдір туым желбіреп тұрғанда, егеменді ерқіндікке қолым жетіп, не десем де айтарымды қорғаштанбай ашық айтар мүмкіндікке ие болып отырған шағымда, енді қуанышымды, тебіренісімді несіне
ішіме бүгем!? Ендеше, қазағым, алты алашым, Жұмыр Жердің түкпір-түкпіріндегі қандастарым: Сүйінші! Күні кеше ғана төл әдебиетіміздің алтын қорына ғажайып бір керемет көркем туынды — ерекше қазына кеп қосылды! Ол көркем қазына — халық жазушымыз Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» (Алматы, «Өлке» баспасы. 2005 жыл 10 000 дана) атты поэмасы! Уа, Жасаған! Жақсылықты аямай беріп жатырсың ғой! Бұл бергеніңе де шүкір! Иә, мұның да баға жетпес — асыл сыйың! Мәңгілікке берген асыл қазынаң! Тәубе! Алла жазса, енді осы асыл қазынамызбен де Әлем алдында мақтана аламыз! Heгe десеңіз, бағзы заманнан ғашықтар жайлы ауыз әдебиеттік қаншама дастан- жырларымыз бар біздер бүгін, енді соған қоса, Әлем алдында мақтан тұтар мәңгі махаббат жайлы жазба әдебиеттік ғажап дастанға да ие болып отырмыз! Оның аты әлгі атаған «Мәңгілік махаббат жыры!». Ол — ғашықтық сезім күйін кереметтен паш етулерімен өздеріне бүкіл адамзатты тәнті еткен Данте Алигьеридің (1265 — 1321) «Тәңір тәлкегі» мен («Божественная комедия») Франческо Петрарканың (1304 — 1374) «Мадонна Лаураның өмірі мен өлімінен» («Жизнь и смерть мадонны Лауры»), Джон Мильтонның (1608 — 1674) «Жоғалған жұмағынан» («Исчезнувший рай») және Жорж Сандттың (1804 — 1876) «Консуэлласынан» бір мысқал кем қазына емес! Керек десеңіз, ол рухани құдіреті, тәрбиелік мәні жағынан жоғарыда аталған шығармалардан, тіпті, әлдеқайда артықта! Бұл алтын қазынамыз да болашағымызда қазақ атын күллі әлемге паш еткен «Абай» эпопеямыздай болмақ керек! Тек енді ол тездетіліп тез арада: араб, парсы, түрік, үнді, жапон, қытай, орыс, неміс, француз, ағылшын сынды Әлемнің алпауыт тілдеріне аударылса! Сонда ол бүкіл адамзатқа бірден белгілі болар еді. Солай жасалса-ақ болды, «Мәңгілік махаббат жыры» атты дастанымыз алда аталған итальяндық, ағылшындық, француздық Әлемге әйгілі шығармалар қатарынан бірден орын алар еді. Сонда оның «Тәңір тәлкегімен» терезесі тең, тіпті, одан сүйемдей болса да артық екендігі өзінен-өзі ап-айқын көрінер еді. Бірақ, қашаннан өзімізді төменшік ұстайтын дағдымызбен: «Ау, бұл асыра мадақтау ғой! Мұнымыз тым өсіріп жібергендік болып жүрмесін?! Байқап сөйлесеңші, Ыдырысов туысқан!» — дейтін ағайындар табылары сөзсіз. Ондай ағайындарға мен: «Бұға беруіміз жетті: бұдан былай бұқсаң, енді өзің бұқ!» — деймін де айтарымды тура ашық айтамын! Сонда дерім — ең әуелі, — жоғарыда дегенімдей!
— Әз ағамыздың — «Мәңгілік махаббат жыры» қай қырынан да: мейлі, рухани құдіреттілігі жағынан болсын, мейлі, көркемдік сапасы жағынан болсын, мейлі, идеялық мұрат биіктігі жағынан болсын, мейлі, танымдық болмысы жағынан болсын, мейлі, композициялық ерекшелігі жағынан болсын, одан қалды, тіпті, туындылық құрылысы жағынан болсын Батыстың алда аталған әйгілі қаламгерлерінің даңқты шығармаларының қай-қайсынан да бір мысқал төмен емес! Қайта олардан біраз артық та, биік те! Батыстықтардың ғашықтарына арнап жазған шығарма ескерткіштері мадригал, канцона, сонеттер ғана! Ал, Әзағаңның ғашығы — Халимаға арнап жазған «Мәңгілік махаббат жыры» поэмасы — мәңгілік махаббат Тәж-Махалы! Егер үндінің Жақан шахы нақ ғашығы — Мұнтаз сұлуға ескерткішін — Тәж-Махалын тек мрамор тастан ғана орнаттырса, біздің Әзілхан аға өзінің 54 жыл бойы ынтызарлықпен өмір кешкен ғашығы — Халима Анаға ескерткіші Ақтаудың ақ мрамор тасынан да, көркем сөз (жыр, проза) құдіретімен де ғажайып Тәж-Махал етіп орнатты! — деп мақтану! *** Енді сүйікті жазушымыздың осы «Тәж-Махал» мәнді туындысының Дантелер туындыларынан мысқалдай да болса артықшылықтарын сөз етуге көшейік. Ең алдымен, әңгіме «Мәңгілік махаббат жырының» өз «бәсекелестерінен», тіпті, туындылық құрылысы жағынан да әлде қайда артықтығы хақында. Туынды құрылысы ұғымына — әуелі оның жалпы ауқым көлемі (объемі) немесе, оның неше беттен және неше мәтіндік бөліктен: бөлімдерден (раздел), тараулардан, тақырыптардан, тақырыпшалардан тұратын ұғымы кіретіні белгілі. «Мәңгілік махаббат жырын», мәселен, міне, нақ осы қырынан алсақ, ол, алдымен, Алигъер Дантенің «Тәңір тәлкегінің» тұтас толайым өзінен де әлде қайда ауқымды. Ал,«Мәңгілік махаббат жыры» итальян ақыны туындысының басты кейіпкері — Беатричаға тікелей арналған бөлімнен («В раю») еселеп артық! («В раюды» дарынды Дантені он орайтын ұлы ақынымыз — Мұқағали Мақатаев 1971 жылы «Жаңа өмір» деп атап аударғаны белгілі). Рас, Әзағаның аталып отырған туындысы былай алсақ Дантенің «Тәңір тәлкегі» іспетті үш бөлімді. Бірақ, Әзекеңнің туындысының толайым ауқымы 606 беттік, 50 баспа табақтық. Оның туындысының бір ғана 3-ші бөлімінің өзі жеті тараудан тұрады. «Мәңгілік махаббат жырының» тұтас мазмұнында: бір роман-эссе үзіндісі «Ұлы бөрінің ұрпағы»; 20 лирикалық көркем-эсседен тұратын бір лирикалық-хикаят «Халима». Өмірінің өшпес өрнектері; бір лирикалық деректі повесть «Жан досымның жан жары»; бір сұхбат «Аппақ қардай ақ махаббат болсын»; бір лирикалық әңгіме
«Ізгілік шуағы»; екі лирикалық новелла «Мінәжат»; «Менің кішкентай ұстазым»; он бес лирикалық естелік эссе «Қайран, Халима»; «Аяулым еді»; «Нағыз махаббат осындай болар»; «Ар алдында кермеген жаза басып»; «Қадірлі Әзеке!»; «Мәскеуден келген мұғалім»; «Зейнеткерлік кітапша»; «Үш дос қыз»; «Менің апатайым»; «Қымбатты Халима»; «Біз Семейдің қыздарымыз»; «Ұят болады! — дейтұғынды»; «Көш тоқтатқан Халима!»; «Жаяу келген келін»; «Халима айтқан бір сыр»; Әзағаңның бұрын жарық көрген «Халима» хикаясына (20 сөзіне) тоғыз баға; бір толғау эссе; «Баян сұлуға арналған монолог»; бір корреспонденция «Әскери жинаққа арналған анықтама»; екі сұхбат-очерк «Сұхбат»; «Сұраққа жауап»; Әзағаңның соңғы бес хаты — «Қымбатты Халима!»; екі көңіл айту «Қайран, Халима!»; «Аяулымыз еді»; Халима тәтей қазасына қатысты Әзағаңның өз атына редакциялардан, жеке адамдардан келіп түскен 22 азалы хат пен азалы төрт өлең; Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзағаңа азалы хаты — «Құрметті Әз-аға!»; Әзілхан аға мен Халима тәтеге сыйланған 82 кітаптағы автографтар; Халима-Ананың қазасына орай айтылған 33 азалы лебіз, еске алулар; Халима-Ана жайлы естеліктер мәтіндері бар. Осыларға қоса «Мәңгілік махаббат жырында» өмір бойы бір-біріне ғашық болып өткен Әзекең мен Халима тәтейдің өздерінің бірге түскен — 60; отбасы достарының — 16; болған жерлерінің 16; жеке құжаттарының — 15; Халима-Ана қол өнерінің — 18; барлығы 126 суреті басылған. Саралап келтірілген осы мәтіндер мен суреттер «Мәңгілік махаббат жырының» негізгі екі қазығы — жарқын туындының бірінші бөліміндегі «Халима» хикаясы мен екінші бөлімді тұтас алып жатқан — «Халимаға хат» дастанының толық асыл денелерінің он екі мүшесі іспетті. Бейнелі түрде «Халиманы», «Халимаға хатты» қос ғашық — Халима мен Әзекеңнің өздерінің сүйіспеншілігінің ғажап мүсіні деп қарастырсақ, онда сол он екі мүше ғажап бейне мүсіннің бойына «қан жүгіртіп», «көздерін» жайнатып, көркін алаулата нұрландырып тұр. Осы қосалқы он екі мүше — ортаңғы бейне мүсінді жан-жақтан қаумалап, жарық-сәуле шашып, сол мүсіннің сыртқы көрік, кескін-келбеттерін, «ішкі жан-дүниесін» шырайлы үстіне — шырайландыра түскен! Бұл — оларға кейін қайыра тоқталып жатпас үшін, Әзағаңның өз қолымен кестеленіп жазылып, ғажайып табиғатты жаңа туындысына — «Мәңгілік махаббат жырына» қыйсының тауып, қиюластырып өзара байланыстырып кіргізген жазушының жоғарыда аталған хикаяттарына, деректі повестеріне, новеллаларына, естелік-эсселеріне, жазбаларына, сұхбаттарына, очерктеріне, хаттарына, естеліктеріне, лебіздеріне т.б біздің алдын ала берген жалпы бағамыз. Ал, Әз ағамыздың «Мәңгілік махаббат жырына» неге біз Данте, Петрарка, Мильтон, Сандтардың адамзатқа әйгілі шығармаларымен терезесі тең, тіпті, біраз артық та деп бағалап отырмыз?
Бәлкім, асыра сілтеп, қанымызға тартып, шынында, артық кетіп жатқан шығармыз?! Олай етпесек, өзіміз түйген осы бір мызғымас басты тұжырымымызға дәлеліміз қайсы? Сол үшін, енді, кейін ол жайды жеке сөз ететін болғандықтан, осы арада, «Мәңгілік махаббат жыры» құрамына енген бір ғана ерекше табиғатты туынды — «Халимаға хаттың» тек құрылысы мен мәніне тоқтала өтейік. *** «Халимаға хаттың» өзі Дантенің үш бөлімді «Тәңір тәлкегіндей» көлемді. Бірақ, Әз ағаның бұл туындысы Дантенің комедиясындай, тек бірыңғай канцона- сонеттердің, Петрарканың «Мадонна Лаураның өмірі мен өліміндей» тек бірыңғай мадригал-сонеттердің, жиынтықтары ғана емес. Әртүрлі 82 сонет-саздар, ақ өлеңдер! Тұтас алғанда, сонет не тұрақты: АВАВ, ABBA түріндегі төрт жолдық екі шумақты (катрен); не әртүрлі cdc, cda, cde түріндегі үш жолдық бір шумақты (терцет) әуендік, салондық, лирикалық (сезімдік), саздық(үндік) поэтикалық мәнді жырлар жыйынтық ұғымы ғой! Дантенің барлығы 34 жырдан тұратын үш бөлімді «Тәңірі тәлкегі» нақ АВАВ, АВВА катрен түріндегі 680 кацоран-сонеттік лирикалық балладалар жыйынтығы. Петрарканың «Мадонна Лаураның өмірі мен өлімі» — катрен мен терцит түріндегі 317 мадригал (бұл да лирикалық сазды әуенді балладалар) сонеттер! Ал, Әзағаңның бір «Халимаға хат» сағыныш сазы жырының өзі ғана: жеті лирикалық поэма, алты лирикалық жыр баллада, екі лирикалық жыр новелла, он жеті жыр сағыныш, жиырма екі жыр еске алу, үш сонет-сырласу, үш сонет-арнау, үш сонет мұң, екі сонет сипаттау, бір сонет торыту, бір сонет жоқтау, бір сонет зар, бір сонет қамығу, бір сонет қайғы жиынтығы. Барлығы 82 ақ өлең-жыр! Данте, Петрарка, Әз ағанның жыр туындыларын шумақ, жол сандарына аударсақ тиісінше: 680 шумақ — 5540 жол; 1109 шумақ — 4438 жол; 1322 шумақ — 5326 жол! Көріп отырсыз, бір «Халимаға хатымен» ғана туындылық жыр шумақтары, жол сандары жағының өзінен Әз ағаң (Дантенің тұтас туындысынан жалпы жол саны жатынан сәл-пәл кем болғанымен) тұтас алғанда, әріптестерінен әлде қайда озық жатыр! «Халимаға хат» — «Мәңгілік махаббат жырының» алтын қазығы, тірек тұғыры, шынайы ғашықтық дастаны! Ол — тек Адам атты тіршіліктің бәріне ортақ, бірақ нақты соның тек ерек екі жанның — Халима мен Әзілханның болмысы мен бойларына ғана өшпестей, сөнбестей боп дарылған: ең таза, ең мөлдір, ең кіршіксіз,
ең пәк, ең шынайы, ең биік, ең қасиетті, ең жалынды, ең ыстық сезімді, бір сөзбен айтқанда, ғашықтықтарының әнұраны! Олар — қиялда емес, 54 жыл бойы бірге өмір кешкен. Бірі сонша сұлу да емес. Бірақ, екеуінің де жандары сұлу, жандары жарқын, жандары ұқсас, жандары адал, жандары мөлдір! Олар жаратқанның қарапайым, қатардағы пенделері: Халима мен Әзілхан — жігіт пен қыз, жар — жұбай, әке-шеше, ата-әже ғашықтар! Бұл ғашықтардың кереметтігі мынада. Мәселен, Халима ғашық: Дантенің — Беатричасындай тамұқты-жұмақты кезген ерек Алла рухты керемет те емес! Петрарканың — Лаурасындай елден асқан ерек сұлу да емес! Мильтонның — Мэриіндей кірпияз да емес! Сандтың — Консуэлласындай такаппар да емес! Онда Гетенің — Христинасындатыдай — менмендік те, Гейненің — Матильдасындағыдай кербездік те, Вольтердің — Эмилиясындай — жүргіштік те жоқ! Ол — тумысынан: ақылды, адал, пәк, әділ, ақпейіл, адамгершілікті, биязы, батыл, мейірбан, мейірімді, инабатты, ыждаһатты, қайсар, қамқор, қажырлы, қарапайым, турашыл, ұстамды, тапқыр, парасатты, кішіпейіл, шаруақор, еңбекшіл, өнерлі, ісмер, сезімтал, бір сөзбен айтқанда, бір — сырлы, мың қырлы абзал жар, келін, ана — дана! Қысқасы, сирек кездесетін ерек жан! Ол—әйел затының бойларында болатын, болмысында кезігетін бар асыл, жарқын, жақсы қасиет-дағдының бәрін бір өзінің бойына жиған ерек тұлға! Ол — сүйіспеншілік, махаббат, ынтызарлық, ғашықтық сезімдердің мәңгі құлы! Ал, Әзаға — тек Халима үшін ғана жаралған, нақ соның өзіндей қасиет-дағдылы, мінез-құлықты қарапайым Адам! Бірақ, Ол шығармашылық, ұлы дарын, асқан талант иесі! Бұл жағынан да: Ол Данте, Петрарка, Мильтон, Сандтардын өздерінен мысқал кем емес! Шығармашылық тапқырлық, ыждаһаттық жағынан, қайта, Ол Батыстың аталған қаламгер әріптестерінен мысқал артық та! Мұны оның «Мәңгілік махаббат жыры» поэма-дастанын композициясы жағынан Батыстық әріптестеріндей тек бір ғана жанрлы етпей: роман, дастан, хикаят, лирикалық повесть, әңгіме, новелла, эссе, очерк, хат, эпистолярлық жазба, немесе, сан жанрлы етіп құруының өзі-ақ дәлелдейді. Сөйтіп, жоғарыда баяндалғандардың өздері-ақ, біздің Әзағамыздың «Мәңгілік махаббат жырының» бір туындылық құрылысы мен композициялық құрылымының өзі ғана европалық әйгілі қаламгерлер шығармаларының туындылық құрылысы мен композициялық құрылымынан әлде қайда күрделі, әлде қайда кен, әлде қайда артық екеніне айқын дәлел бола алады. Бұл бір. Және бұл артықшылық қаламгер Нұршайықовтын жаңа поэма-дастанының ең басты артықшылығы да емес! Өйткені, кез келген көркем шығарманың артықшылығы, ең алдымен, оның көркемдік сапасынан: онда әдеби бейнелердің
қалай шебер сомдалғандығынан, қалай шебер тұлғаланғандығынан, шығарманың идеялық, рухани қуаттылығынан, тілінің кестелі өрнектілігінен, стилінің оралымды, ұтқыр, айқын, тағымды шеберлігінен танылады ғой. Осылардың дәрежесіне байланысты ғой. Ал, осы орайлардан алғанда да, Әзілхан ағамыздың қаламынан туған туындылардың бәрі оның әуелгі көркем повестік мәнді очерктерінен бастап, қилы- қилы романдарына, хикаяттарына дейін халқымыздың шамырқана, сүйсіне, ләззат ала, сусындай, рухтана, жастана, жаттай оқитын шығармалар екені белгілі. Егер өз тілдеріне аударылса, Әз ағаң туындыларын ағылшын, француз, американдықтардан бастап, әлемнің басқа халықтары да сондай әсермен оқыры сөзсіз жай! Демек, қаламгер Әзілхан Нұршайықұлы Әуезовтың ойшылдық, сыршылдық, шыншылдық, фәлсафалық, гуманистік дәстүрін, суреткерлік шексіздігін одан әрі жаттықтырушы Суреткер! Ол — адамның асыл да нәзік сезім күйін тап басушы танушы — Тамыршы! Ол — қара сөзден түрлі түсті түйін түйетін, асыл алқа жасайтын — Зергер! Ол — сол қарапайым қара сөзден ғажайып көріністі сурет салатын — ғажайып Суретші! Ол — төгілген Шешен! Композиция құрғыш! Сюжет қиюластырғыш! Оқиғаларды, іс-әрекеттерді, адамдардың қимыл-қылықтарын, мінез құлқын, келбетін нақ сол қалыптарында көз алдыға әкеліп, мөлдірете, елжірете Баяндатыш! Өткенді-кеткенді сол сәттеріндей еске алудың, ойға салудың, әрі соларды әсерлі бейнеге айналдырудың — Хас Шебері! Ол — диалогтар құрудың да, адамдармен сөйлесудің де, оларды сөйлете білудің де — асқан жүйрігі! Асқан суреткер Әзаға, алдымен, өз ұлтына енді ғана сый-тарту етіп ұсынып отырған «Мәңгілік махаббат жыры» туындысын жазуда да өзінін бойына Құдірет дарытқан осындай талант дарынын шеберлікпен пайдаланған. Ол жаңа дастанында ғашық жары Халиманың сонша ерек жарқын бейнесін кестелі, ғажайып өрнекті қара сөзбен де, төгілген шешендік тілмен де, сезімді саз үнді поэзиялық жырмен де, алдымен, өзі тұлғалаған, өзі сомдаған. Соны ол қалай жүзеге асырды? Осы арада, енді соған тоқтала өтейік. *** Халима ғашығының ғажайып бейнесін сомдап тұлғалауды, сөйтіп, Оны көркем әдебиеттің мәңгі аңыз кейіпкерлеріне айналдыруды Әзілхан аға, алдымен, «Мәңгілік махаббат жыры» атты жаңа туындысының құрамына енгізген бірінші тұғырлы шығармасында — «Халима. Өмірінің өшпес өрнектері» хикаясында жүзеге асырған. Аталған шығарма сезімге толы ақ өлең! Шын мәнінде ол нәзік жүрек үні! Сазды жүрек жырлары!
Онда Әзаға өрнекті де кестелі қара сөзбен дүние салған жан жарын егіле де езіле еске ала, оның іс-әрекеттерін, қимыл-қылығың әрлеп, қысқа-қысқа баяндап бере, елжіреп айта отыра Халима-Жардың, Халима-Ананың, Халима-Әженің, Халима Адамның ерек қасиеттерін, қылықтарын, істеген адамгершілік істерін алға жайған. Хикаяға кірген бірінші сөзде Халима тәтейдің қашанда өз жарына, тіпті, кімге де — қаймана қазаққа да қалтқысыз қамқор адам екені, әсіресе бейнеленген. Міне, соның бір көрінісі. ...Инфарктке ұшыраған Әз ағаң ауруханада. Жатқан палатасы екі кісілік. Бөлме қара көлеңке. Әжет жасар бөлменің есігі қаңсыған — шиқылдауық. Ашып-жапқан сайын «әндетіп» мазаны кетіреді. Сырқаттар төсегі тұсындағы қабырға шамдар да, ортақ үстел қасындағы шам да сығырайған, төмен батты. Жазушы кітап оқымай, жазбай отыра ала ма? — алмайды. Байқағыш Халима тәтей осыларды бірден андайды. Ол әуелі сырқаттардың тұсындағы ілдіргілер мен ортақ үстел қасындағы ілдіргі патрондарына 75, 100 ватты шамдар әкеп орнатады. Ұрланған графин орнына әз үйінен графин әкеледі. «Әнші» есікті де өзі жөндейді. Мұндайды әйелдердің кез келгені істер ме? Олар: «Бұл — аурухана қызметшісінің ісі ғой!» деп, қолды бір-ақ сілтер еді. Ал, көрдіңіз бе, Халима өйтпейді. Жары үшін ғана емес, оның сырқат көршісі үшін де адамдық қамқорлық жасайды. — Қарағым, маған шамды несіне әкелдің? — деп таңданған науқасқа, ол: — «Түйенің танығаны жапырақ» дегендей, өз күйеуімнің бас жағын жарқыратып қойып, сізді қара көлеңкеде қалдырғаным ұят қой, — дейді күліп. Ол ол ма, үйден әкелген графинді ауруханадан шығарда ала кетпек болған Әзекеңе: — Қасындағы кісіден ұят қой, графинді алмайық. Ол кісі жазылып шыққасын, орындарыңа басқа адамдар келеді. Оларға да қайнаған су керек. Графин палатада қала берсін. «Ат аунаған жерде түк қалады» деген бар емес пе? Сенен қалған бір «түк» болсын, бұл графин. Сол ат құрлы жоқсың ба? деп күліп, графинді Әзекен қолынан алып, үстел үстіне қояды. Осы бір сәлдей ғана әрекеттерін әңгіме етіп, Халима айтқан сөздерді дәл келтіру арқылы жазушы ғашығының арлы, ұятты, қамқор адам екенін әдемі бейнелейді («Мәңгілік махаббат жыры». Бұдан әрі осы туындыдан келтірілген үзінділер. Хикаядағы үшінші сөзде келтірілген жар ғашықтың: «Әзілхан! Мені уайымдап, жүдеп қалма! Жарай ма?.. Өзіңнің Халимаң!» — деген титтей мәтінді хатты алайық.
Туындысында осы титтей хатты жария етуі арқылы Әзағаң ғашығының өзіне деген ынтызарлығын, жан жомарттығын, ақылдылығын көрсетіп отыр. «Егер сен жолаушы жүргенде бірдеңеге ұшырап қалсаң, мен сенсіз өмір сүрмеймін, артыңнан қоса кетемін». Хикаясының бесінші сөзінде, әуелде 9 жыл ғашық болып жүріп, 1947 жылы маусымда айдаладағы электрі, киносы, радиосы, көшесінде дәретханасы жоқ алыстағы «Ақбұзауда» қосылған қала қызы Халимасының өз аузынан осындай сөз естігенін мақтанышпен айтуы — Әзілхан ағаның Халима қыздың өзіне шын ғашық ару екенін көрсетуі. «Егер Халима маған тұрмысқа шыңдай, басқа біреуге барса, атақты ғалым әйелдерінің бірі болатын еді деп ойлаймын. Ол өз бойындағы осы тамаша талантты мәртебелі махаббат жолына құрбан етті. Өз талантын өшіріп, менің талантымды өрістетті. Өз бойында неше алуан талант төгіліп тұрса да (ісмер, тігінші, шебер, кестеші, емші, электрші, монтер, слесарь да болатын) соның бірде-біріне мақтанбайтын: ісмерлігін, іскерлігін мүлде елеусіз нәрсе ретінде бағалайтын». «Әйел адамдар жылауық келеді, қит етсе жылап қоя беретін әйелдер болады. Халима ананың көзінен жас сирек шығатын». «Әйелдер күлекеш келеді. Қарқылдап қатты күлетіндері де болады. Халима ақ тістерін жарқыратып көрсетіп, еріндерін сәл ашатын да, жай ғана жымиып қоя салатын?». «Көп әйелдер күйеуіне кінә таққыш келеді. 54 жыл бірге тұрғанда Халима маған бір рет те кінә қойған емес. Ол менің мінім жоқтығынан болмаса керек. Ол оның: «Жоқтан өзгеге жармасып, жарымның жанын жараламайын» дегендігінен шығар». «Көп әйелдер өзін-өзі аяп, өзгенің де оны аяп, аялауын талап еткіш келеді. Халима өзін аяп, аяншақтану дегенді білмейтін еді. Мәселен, менде 10 мыңға жуық кітап бар: Халима ерінбей жалықпай соның бәрін тізімге тіркеп отырды. Менде 800- ден аса жазушылар, тілшілер, әр алуан авторлар қолтаңба жазып сыйлаған кітаптар бар. Халима солардың бірін жоғалтпай жинап, арнаулы Картотека жасады. Барлық кітаптардағы авторлардың сый сөздерін өз қолымен бір Картотекаға көшіріп қойды». (Жоғарыда келтірілген үзінділер. «Көп әйелдер ұялу дегенді білмейді! Қоғам рұқсат етті деп, ашық-шашық, жалаңаш-жалпы жүре береді. Ал, Халима маған жалаңаш денесін көрсетуге ұялатын». «Көп әйелдер баласын мақтап, өзін өркештендіріп отырғанды ұнатады. Халима өмірі өйткен емес. Ішінен балаларын да, мені де шексіз сүйетін, жанындай жақсы көретін. Егер әке мен бала бір нәрсеге келіспей қалса, ол үнсіз отырып қалатын.
Ешкімді де жақтамайтын. Кімнің теріс, кімнің оң екенін сол үнсіздігімен ұғындыратын. Өзін біреу қолпаштай бастаса, қабағын сездірмей шытып, қолайсызданып қалатын». «Көп әйелдер күйеулеріне кітап сатып алуға ақша шығартпайды. Халима өйтпейтін еді. Өзі де кітапты көп оқитын. Өзі классиктерді тегіс оқып шықты. Ол: — Классиктерден қол үзбе! — дейтін маған». Бұл келтірілген үзінділер Әзағаңның «Халима» хикаясының жетінші сөзінен. Оларды әдейі келтіріп отырмын. Өйткені, оларда Халима кейіпкердің ақылдылығы, әйелдік қаншама ғажап қасиеттері тамаша сипатталған. Әзілхан аға қара сөздік хикаясында ғашық жарын тұлғалауда Оның қайсарлығының, батыл мінезділігінің астарын ашуға, тапқыр сөйлегіштігіне, арлы- әділдігіне айрықша мән береді. Міне, соларға мысалдар: ... 1987 жылы Әзекен қазақтарды ұлтшылдар деп жаздырған КПСС Орталық Комитеті қаулысына наразы болып Горбачев атына арнайы хат жазады. Оны төрт баласы мен жары қолдайды. Сол жайлы сегізінші сөзінде былай дейді: «Хатымды алдымен Халимаға көрсеттім. Ол оқып шықты. — Не айтасың? — дедім мен оған. Ол ойланып, ұзақ отырды. Содан кейін: — Бұл хаттан кейін сені түрмеге жабады. Ұрып-соғып, қорлық көрсетеді. Мен сені ондай қинауға қимаймын. Менің ерім де, әкем де, шешем де сенсің! Бірақ, сен менің күйеуім ғана емес, ұлтыңның ұлысын ғой. Ендеше мен саған менің күйеуім ғана бол, ұлтыңның ұлы болма деп айта алмаймын. Тәуекел, мен көндім, — деді. Одан кейін Халима екеуміз Горбачевка жазылған хатты ең жақын досымыздың үйіне барып оқыдық. Досымның әйелі баж ете қалды. Мен досыма қарадым. Ол тамсанып отырды да: — Болмайды! — деп басын бір-ақ шайқады».
... Бір жолы жинақ кассасы кассирі жаңылысып Халима тәтейге аларынан 1000 сом ақша артық беріп жібереді. Оны ол үйіне келгесін біледі. Бұған ол қатты қысылады. «Жүгіріп, үстел басында жұмыс істеп отырған маған келді», деп, жазады, осы жайында оныншы сөзінде Әзағаң. — «Жүр, мына артық ақшаны апарып берейік. Бұл ақша кассир әйелдің мойнына мінеді ғой. Обал ғой!» Халима күйеуін ертіп барып артық берілген ақшаны дереу қайыра кассирге тапсырып: — «Түу, қандай рахат болды!» — деп қуанады. Сол күні кешке бұл оқиғаны Әзекең мен Халима достарына айтады ғой, баяғы. — «Бекер өйткенсіңдер!» — дейді олар. — Өзі келген олжаны қайтарып беріп. — Ондай олжамен байымай-ақ қояйын. Маған арым мен ұятым қымбат, — деді Халима оларға, өзімен-өзі сөйлескендей жайлап қана». Осы сөзінде Әзағаң және бір жолы үйлеріне танымайтын ақынның «сыбаға» ретінде сойып әкелген қойын Халима апайдың қандай сөздер айтып, алмай қойғанын былайша баян етеді: «Мен үйде жоқта Талдықорған облысынан бір жас ақын бір қойдың етін алып келіпті. — Бұл кімге, қарағым? — деп сұрайды Халима. — Сіздерге, дейді бейтаныс жігіт. — Не себептен? — Сыбағаларыңыз ғой, жеңгей. — Біз — сізді, сіз — бізді білмейсіз. Танымайтын кісіге ешкім сыбаға сыйламайтын сияқты еді?! — Ағайды сыртынан білеміз ғой. — Сыртынан білетіндерге алыстан сыбаға тасымайды. Не қызмет істеуші едіңіз, қалқам? — Мұғаліммін. Жас ақынмын. — Жазушылар одағына мүшесіз бе? — Жоқ, үміттімін.
— Онда, қалқам, жоғары шығып, шай ішіңіз. Бірақ, мына сыбағаңызды мұнда қалдырмай алып кетіңіз. Осында ақын ағайындарың бар шығар? — Бар ғой, апай. — Бар болса, солардың біреуіне апарып сыйлаңыз. Ал, ағаң саған Жазушылар одағына өтуіне қойсыз да көмектеседі». «Бір ыстық күні Халима екеуміз көк базардан қайтып келе жатып, көшеде такси күтіп тұрдық. Бірақ, такси жоқ. Жай машиналар қол көтергенге тоқтамайды. Сөйтіп тұрғанда бір машина қасымызға кеп тоқтай қалды. — Келіңіздер, аға, отырыңыздар. Адрес қалай, аға? — Құрманғазы, 90. Интернационал көшесінің қиылысы. Жігіт машинасын біздің үйдің қасына тоқтатты. Халима сөмкесінен суырып, жігітке ақша ұсынды. — Жоқ, апа, мен сіздерден ақша алмаймын, деді жігіт басын шайқап. — Неге, қалқам? — Сіздерден жолақы алу күнә болады, — деді жігіт басын одан сайын шайқап, Халиманың ақша ұсынған қолын кері қайырып. — Онда жолақы емес, тәбәрік деп ал, айналайын. Балаларға ағаң мен әжеңнің берген тәбәрігі деп, осы ақшаға балаларға кәмпит сатып апарып бер. Осылай деп Халима кесектеу қағаз ақшаны орнында қалдырып, машинадан түсті». «Халима қол өнеріне ғана емес, қонақ күтуге де талантты еді. Өзі танымайтын, маған да бейтаныс оқырмандарды да қабақ шытпай қабылдап, құрметтеп күтіп, қуантып шығарып салатын. Танымаса да кейбіреулеріне шапан жауып, сәлемдеме беріп жіберетін». «Халима көршілеріне, таныстарына, жақындарына ілтипат білдіріп, сыйлық жасап отырушы еді. Жұртты сыйлауында ешқандай қапы болмайтын. Сан қилы қонақ күтіп жүріп, ешқашан «шаршадым» деген емес». «Халима менің созсам — қолымды, ойласам — ойымды ұзартушы еді. Ақылыма — ақыл, абыройыма абырой қосатын еді. Жатсам — жастығым, жантайсам — төсегім болушы еді. Жабырқасам — жадыратушым, жанылсам — түзетушім еді. Зейін зеректігімен, энциклопедиялық білімімен маған көз жазбай көмектесіп отырушы еді...»
«Халима пайда көре қоюға ұмтылмайтын...» Осы келтірілген үзінділердің бәрі Әзағаңның хикаясында ғашық жары — Халиманың алып тұлғасын сомдауының мысалдары. Өйткені, соларды жазу арқылы қаламгер әйел жыныстылардың ғажап Біртуарының бірі — Халиманың сан алуан елден ерек тамаша қасиеттерін, мінез қырларын сипаттап, көріністерін айшықтап кестелеген. Сонымен, тұтас алғанда «Халима» хикаясында Әзілхан аға мен Халима атты ғашығының дана тұлғасын ешбір әсерсіз, өмірде қандай болса, сондай етіп, жарқырата мүсіндеді. Халима ғашықтың нақ сондай дана әйел екенін Әз ағаң оның дүниеден өтер алдында өмірі үзіліп бара жатқан соңғы секундтарында да: «Ал, енді не айтам? Жер аман болсын! Ел аман болсын! Ұлт аман болсын! Ұрпақ аман болсын!» — деген мақұлдасу өсиетін келтірумен де әдемі көрсетті. Енді әңгіме Әзағаңның «Мәңгілік махаббат жыры» атты ұлы туындысының екінші тұғырлы бөлігі — «Халимаға хатында» жан жарын қалай бейнелегені хақында. Бірақ бұл арада осылай етпес бұрын, алдымен, оны көркем туындылығы сапасы жағынан да қарастыра өтуіміз жөн. Өйткені, алда «Халимаға хаты» Данте, Петрарка шығармаларымен жалпы ғана салыстырғанбыз да, ол жайға терең тоқталмағанбыз. Ал, сол қырынан ал сақ, «Халимаға хат» (Әзілхан ағаның төгіліп тұрған жазымпаз қаламынан туған) шын мәнінде, мәңгілік махаббат жайлы ерек дастан! Ол — «Мәңгілік махаббат жырының» аталып тұрған тақырыбының астарын ашып тұрған айрықша туынды! Сондықтан оны — Әзағанның сөз етіп отырған «Мәңгілік махаббат жырынын» алтын діңгегі деп бағаласақ керек! Ол — көзінің аты мен қарашығындай жаннан айрылып жалғыз қалған, Әзілхан ағаның, (демек, егер бар болса, нақ сондай шын ғашықтың) шыбын жанынын шері! Ол — фольклорлық пафосты туынды! Мұның мәні — бұл дастанның мазмұнында халқымыздың ауыз әдебиетінің ұмытылып бара жатқан жоқтау, арнау,жырлау, тағы осы сияқты жанрларының жаңа сапамен жаңғыртылып қайта «тірітілуінде». Шынында, көркем поэзиялық-поэмалық, хикаялық, балладалық, новеллалық нағыз нәзік сезімді «Халимаға хаттағы» 82 саз жырды толық оқып шыққанда, әркім- ақ Әзағаңа «қосылып» өз бастарынан өткерген ғұмыр сәттерін қайыра көз алдарында елестеткендей күй кешеді. Автордың күйігімен қоса күйініседі. Тебіренісімен қоса тебіреніседі. Қайғысымен қоса қайғырысады. Мұңымен бірге мұңдасады. Сырымен бірге сырласады.
Туындының осы әсерлілігін терең түсіну үшін нақ осы арада, «Халимаға хаттың» авторы Әзілхан ағаның өзі жайлы да тағы бір ауыз сөз айтпасқа және болмайды. Өйткені, «Халимаға хат» шын мәнінде поэзия дастан! Ал, оның авторы, «Халима» хикаясын неше жерден поэзиялық мәндіге теңгерсек те, Әзағаң қара сөздің зергері — прозашы суреткер ғой! Ендеше, «Халимаға хатты» шын мәнінде, поэзияның да үлгісі болып табылатындай дастан етіп жазып ол табанда, қалай ақын бола қалды? Ол ненің құдіреті?! Бұлай деу — заңды сұрақ! Бұған жауап: Әзілхан Нұршайықовты — «Мәңгілік махаббат жырының» «Халимаға хат» бөлігінде шабытты ақ иық ақын еткен күш — Әзағаңның жүрегінің ғашықтық құдіреті! Оны сол ғашықтық құдіреті оқырманға берер рухани нәрі — шөліркеп жұғар сусындай поэзиялық мәнді «Халимаға хаттай» ерек туынды тудыруға желеп-жебеген! Сонымен, «Халимаға хатта» бас кейіпкер Халиманы аққудың сыңары етіп бейнелеу үшін суреткер Әзілхан аға саз құдіретін керемет пайдаланған! Ал, саз деген жанның иірім-иірім нәзік сезімдерін қытықтап қозғалысқа келтіретін, сөйтіп, сол жанның өзін тебіренген, толқынған күйге енгізетін жүректің сиқырлы ішкі сыбдыры, жүректің сиқырлы ішкі үні! Жүректің ол сиқырлы ішкі сыбдырлары, сыңғырлары, сиқырлы ішкі үндері оның қылдай, нәзік сезім талшықтарына, жүйке тамырларына әсер етіп, соларды қоздырып, тұтас жүрек үндерінің сыбдырлары, сыңғырлары пайда болады. Сонда бара-бара белгілі дыбыстар туады, ал, ол дыбыстар бірігіп ұқсасты кестелі сөздерді пайда етеді. Сөздер жан құбылысының күйініс, қуаныш, сүйсініс түрлеріне айналады. Сөйтіп, сайып келгенде, жүректің сиқырлы үндерінен, сыбдыр сыңғырларынан не түрлі саз пайда болады. Саздың өзі сан түрлі, сан қырлы. Оның біразы, мәселен, мұң, зар, сағыну, налу, қайғыру, торығу, жоқтау, сағыныш саздары, тағысын тағылар. Саз және өзі әртүрлі, сан алуан. (Мәселен, қуаныш, шаттық). Саздың олай болуы жүректің сыбдыр, сыңғырынан, үнінен бастау алатын жан құбылысының нәзік сезімінің қандай иірімді екеніне байланысты. Ал, ондай иірімдердің, қандай сипатты болуы адамдарға сырттан жасалған әсерден туындайды. «Халимаға хат» — ғажайып саздар, соның ішінде, сағыныш саздарының жиынтық туындысы! Оның авторы қаламгер — Әзілхан ағаға оның ғашық жары — Халиманың бақилыққа өтуі соншалықты ес тандырар әсер еткен!
Ол өзінің ғашығына аза көңіл-күйін тек сағыныш саздарымен ғана, немесе жүректің тек сондай иірім үнімен ғана жеткізуге мәжбүр болған! Сонымен, «Халимаға хатта» автор сағыныш саздары құдіретімен Халиманың о дүниелік рухтық бейнесін жасаған. Сол үшін Әзілхан аға мәңгі сағыныш көрінісі болып табылатын: арнау, жоқтау, мұң, шер, торыту, зарығу, сырласу жырлары арқылы кейіпкерінің тірліктегі істерін еске алады. Қайғырады. Қамығады. Оның осы көңіл күй түріндегі саз жырларынан Халиманың о дүниелік рух бейнесі көз алдыға келеді. Енді соның мысалдарын алға тартайық. Мәңгі ғашығы бұл дүниеден өтіп, ауыр аза-қаза тағап болғанда Әзағаңның қаламына алдымен «аһ» үру зар сөздері түскен. «О, сұрқия, сұм ажал! Жарымды менің жалмадың! Өлігін оның көргенше, Соқыр бон неге қалмадым! («Xалимаға хат»). Одан әрі ғашығын егіліп былай жоқтайды ол: «Махаббат деген — бір теңіз, Кешесің де кетесің. Тебісіп талай толқынмен, Сүйгеніңе жетесің! Тоғыз жыл жүріп толассыз, Халима, саған жетіп ем! Елу төрт жыл отасып, Бақытты мені етіп ең! Сол теңіз енді суалып, Мен үшін сусыз шел болды!
Қайғы жұтып қаталап, Көзімнің жасы қол болды! Сен менің күндіз Күнім ең, Жүрегіңнен нұр шашқан! Сен менің түнде Айым ең, Сәулеңмен талай сырласқам. Қараңғыға қамалдым, Енді Күн де, Айда жоқ!» — деп бір тынған. Міне, бұл жыр жолдарында Халиманың Күн мен Айдай рух бейнесі тұр. Сосын әлгі қасіретті қайты үстінде Әзағаң: «Періштедей адамды, Сұм ажал қалай жалмадың ? Артыңда қалып асылдың, Күндіз-түні зарладым!». — деп тағы өксіп, жоқтады. Мұнда ол ғашығының періште бейнесін көз алдыға әкелген. Одан әрі: «Өлді» деуге өзіңді, аузым сірә бармайды», «бірге өлейік дейтұғын, уәдеміз бар еді» (Сонда. 131 бет), бірақ, сен: «... Өтеріңді өмірден, Сездірместен өтіпсің Қасымнан сырғып, ақырын, Ішіме кіріп кетіпсің» Не істеймін!? «Өзің жойып ол сертті,
Өлмей тірі қал дедің. Балаларға бас-көз боп, Назарыңды сал!» — дедің. Сондықтан, мен бүгін: «Өсиетіңді орындап, Өлмей тірі отырмын, Сенсіз өмір — қараңғы, Көзім бүгін соқырмын!» — деп зарлаған. Поэмадағы бұл саз жолдарынан екі ғашықтың тірліктегі татулық көріністері кез алдыға елес береді. Онда Халима Әзағаңды сонша сүйетін жан екені көрініп тұр. Сосын: «Сыңары өлсе аққудың Жұбы көктен құлайды. Не деген күшті махаббат! Адамнан артық былайғы! Сол аққудың ғажайып, Жұбындай неге болмадым ?! Өлген күні Өзіңмен, Қосыла неге солмадым?!». — деп зарлайды, тірі ғашық. Қалай ғажап айтқан! Қалай сұмдық налыған Әзағаң, жарының өліміне! Осы зарымен Әзағаң ғашығына өз сезімін керемет жеткізген. Нақ осындай сезімді Әзілхан аға: «Сен тіріде жұмақта едім, Халима!
Сен кеткен соң, тамұққа түстім, Халима! Сен барда талай рахат кештім, Халима! Өзіңсіз өмір қара түн екен, Сол жұмбақтың шешуін шештім, Халима!» — деп, 29 жырында да: «Қуатым-ай, қуатым! Ұйықтайын десем, ұйқы жоқ. Көз іле алмай жатырмын, Сен барда: хан, патша едім Енді мүлде пақырмын!» — деп, 51 жырында да әрі тереңдете түседі. Бұл торығудан тірісінде Халиманың Әзағаңа сонша қамқор адам болғаны көз алдыңа келеді. Сосын: «Егіз қозы сияқты едік момақан, Бізден зиян көрмеп еді ешбір жан. Сыңарымнан, серігімнен айырып, Мені жалғыз зарлаттың-ау, Жасаған!» — деп Аллаға зар айтады. Бұл саз жолдарында екі момақан жан бейнесі тұр. Олар бір-біріне аққудай ғашық. Одан әрі: «Екеу едік егіз қозы сияқты, Екеу едік аққудай қос қияқты. Жалғыз қалдым егізімнен айрылып, Маңыраған сыңар қозы сияқты!» — деп, еңірейді, Халимасына:
«Санаймын, сені, санаймын, Өмірдегі ең іріге! Балаймын, сәулем,Өзіңді, Табынар, Тәңір, піріме!» — деп Жаратқанға табынады. Бұл — Халиманың ең биік қасиетті жан екені бейнеленген жыр жолдары. Әзекең, бақилық жарына: «Қош боп тұр, жаным, қуатым, Қасыңа тағы келемін. Бір емес, әлі сан рет Өлгенше келе беремін!» — деп уәде етеді. Тірі ғашық — Әзағаң солай жасайды да. Мұны оның сағыныш сазының жетінші жырындағы: «Қырық рет келген шығармын, Екі жүз күнде басыңа. Сая таппай көңілім, Бүгін де келдім қасыңа!» — деген жолдардан білеміз. Ондайда, Әзағаңның: «Өзіңді, ойлап, күрсінемін, күйемін, Сағат сайын рухыңа бас иемін. Сағынғанда суретіңді құшақтап, Қағаз беттен қайта-қайта сүйемін. Қалай Сенен айрылдым деп құсамын, Тағат таппай тауға қарай ұшамын. Құлыптақтай бетін жылап сипалап,
Құшақ жайып, қабіріңді құшамын» — деген мұңаймасын көреміз. Бұл — Халиманың магниттей қасиеті барын таныту. Қабір тірі ғашықты ылғи үнсіз қарсы алады. Сонда Әзекеңнің қар басқан қабірді көргенде: «Сен едің ғой, менің шарбат-суатым, Бар мінімді біліміңмен жуатын. Жаз өтті де, қабіріңді қар жапты, Тоңасың-ау, тоңасың-ау, қуатым!» — деген жан айғайы шығады. Қандай ғажап тебіреніс! Оның аржағында мәңгілікке суық денеге айналған Халима бейнесі жасалған ғой! «Халимаға хатта» одан әрі бұл өмірдегі ынтызар ғашықтың о дүниедегі ынтызар ғашыққа енді шын сағыныш, мұңы, шері, торығуы, зарығуы, налуы басталады. «Жан ұшырып жетіп ем, Көрем деп Сені асыға. Қабіріңді құшақтап, Тақтайға тұрдым асыла. Дыбыс жоқ, үнсіз жатырсың, Ұйықтап кеткен секілді. Естіле ме, үнің деп, Топыраққа тостым бетімді. Топырақ, көрпе емес қой, Қимыл жоқ, үн болмады. Асығып жеткен көңілім, Тағы да менің сорлады. Алматыдан әкелген,
Гүлімді қойдым басыңа. Сол кезде қабір қозғалып, Дегендей болдың: «Жасыма!» Ол енді әлгі үнді «естіп» о дүниедегі бақилық ғашығына: «Көз жасымды көрсетпей, Бетімді теріс бұрамын. Күн сайын ойлап Өзіңді, Таңды-таңға ұрамын!» *** «Тағдырыма налимын, Ғашығымды мәңгілік. Қанатынан қайырған!» «Сен кеткелі қасымнан, Екі жүз елу күн болды. Бақыт тайып басымнан, Күн дегенім түн болды. Жарық дүние жабырқап, Жалғыз жүру мұң болды. Жан-жағыма жалтақтап, Жетімдігім шын болды». Автордың бұлай шерленуі бұрынғы бұл дүниедегі тірі ғашықтың күйін бейнелеуі. Әрі қарай Әзаға: «Екі жүз елу тоғыз күн, Сенсіз жалғыз жатырмын. Бай едім шексіз Сен барда,
Енді сорлы, пақырмын!» *** «Жастығыңды жұп-жұмсақ, Қайта-қайта сипаймын. Жастығың бар, Өзің жоқ, Жанымды шаншып, басты мұң!, Ұйықтайын десем, ұйқы жоқ, Көз іле алмай жатырмын. Сен барда: хан, патша едім, Енді мүлде пақырмын!» — деп мұң шағады. Осы арқылы ол Халиманың өзіне бұл дүниеде қалай аспандатқан жан болғанын жеткізеді. «Халимаға хатта» Әзілхан аға дүниедегі ғашығы Халима жарына оның тірлігінде жасаған жақсылығын баян етеді: «Білімді едің Сен менен, Білдірмеуші ең оныңды. Ақылың артық, өнегең, Өнерің еді толымды!» *** «Достарымды қадірлеп, Жақынымды жинадың. Байығып менің жанымды, Басыма бақыт сыйладың! Алыс, жақын бәріне,
Сыйлы болып өттің Сен, Өсуіне ұлтыңның, Үлес қосып кеттің Сен!» — деп келеді де, «Сен керемет ғажап едің! Маған талай көмек жасап едің!» — деп, жан-жарының тіршілігінде керемет ақылды, өнерлі болғанын, өзін қалай бақытқа жеткізгенін, қазаты үшін үлкен іс тындырғанын жырмен қайыра бейнелейді. Поэмада автор Халиманың өзіне айрықша қызметшісі болғанын бейнелеуге ерекше назар аударған. Оны мына жыр жолдарынан көреміз: «Өтей алмадым, қайтейін, Менің саған көп еді бересім Сен маған өлі күніңде де, Шығармашылық қуат бересің! Ойласам, түсің, ісіңді, Өз-өзімнен егілемін, Сонан соң ақ қағазға Жыр болып төгілемін. Сен неткен ғажап едің ?! Тіріңде ылғи демеген Өліңде де өрге сүйреп, Жанымды мәңгі жебеген!» Және ол бұл баянын: «Алпыс үш жыл саған ғашық ем, Қатар жүрген тіріде.
Өлсең де саған ғашықпын, Санаймын Сені тіріге!» — деп аяқтайды. Өстеді де, Әзаға бақидағы «Жасыма!» — деп жатқан Халимасына, ендігі кезекте қазіргі сағынышын тебірене жеткізеді: «Ақсия күліп тұратын, Тістеріңді сағындым. Ұмытылмас мәңгілік, Істеріңді сағындым. Еркелеткен баладай, Қылығыңды сағындым. Бойыңдағы ар, ұят, Ақылыңа табындым. Жұртқа жылу шашатын, Мейіріңді сағындым. Жақын, жат деп бөлмейтін Пейіліңді сағындым. Жай сөйлейтін асықпай, Сабырыңды сағындым. Мінез, қайрат, күшіңе, Бір Құдайдай бағындым!» *** Сағынып отырып, ол елжірейді: «Сені, сәулем, сағынып, «Уһлеймін!» Жылаймын
Тағдырыма бағынып, Жылаймын да, шыдаймын. Бірі ерте, бірі кеш, Өйтпес бәрі жұбайдың Мәңгі тірі тұрмақ жоқ, Заңы солай Құдайдың!» «Еңіреймін Өзіңді ойлап егіліп, Көздің жасы моншақ-моншақ төгіліп. Ауық-ауық тарылады тынысым Қос қабырғам кеткендей боп сөгіліп!» «Өзіңді ойлап үнемі, Түн ұйқымды бөлемін. Әр күн сайын түсімде Үш-төрт рет көремін!» Осындай сағынышын суреткер ғашық: «Суретіңді сүйемін, Айналайын, арайлым! Одан өзге мен сорлы, Не нәрсеге жараймын?! Сағынамын, амал жоқ, Ол күндер кетті келмеске. Жөнелді жүйткіп, алыстап, Қайрылып сәлем бермеске» — деп түйеді.
«Халимаға хаттан» келтірілген бұл үзінділер, онда автордың ынтасының айдай тұлғасын қалай мүсіндегеніне айғақ. Шерлі сағыныш Әзағаңа енді Халиманың тіршіліктегі қасиет, келбетін қайыра көз алдына әкеледі: «Есімде, жаным, есімде, Жымиып қалай күлгенің. Рас па деймін Өзіңмен, Ұзақ өмір сүргенім?!» Бұл бір жағынан Әзағаңның Халима жарының келбет, мінез қылығы былай жыр болып сорғалады: «Жатсам, тұрсам, күндіз-түн, Ойымнан бір кетпейсің! Өзіңнің тірі кезіңдей, Неге бір сәт жетпейсің ?! Сағындым тәтті үніңді, Жібектей жұмсақ сөзіңді. Елжіреп маған қарайтын, Мейірман қос көзіңді! Сағындым білек, қолыңды, Мойныңды — барлық Өзіңді! Жер басып жүрген Сен жоқта, Не деген жаным төзімді!» Ғашық қаламгер ынтызарының кейіпін осылай сипаттай келіп, жырының бір тұсын мынаған әкеліп тірейді: «Жас күніңде Сен, Уыздай едің.
Қартайғанда да, Маған қыздай едің, Халима! Жек көрген жанға, Суық мұздай едің. Қол созғандарға, Биік құздай едің, Жақсыларды Сыйлайтын едің. Жаманға жұртты Қимайтын едің, Халима! Өсек-аяңды Білмейтін едің. Алтынды көзге, Ілмейтін едің, Халима! Жетім, жесірге Береген едің. Болжайтын алды Көреген едің, Халима! Ойларың ұшқыр, Сезімді едің. Тұрмысқа қиын, Төзімді едің, Халима! Ұрыс-керісті, Білмейтін едің. Орынсыз ешбір,
Күлмейтін едің, Халима! Мысқылмен мені, Түйрейтін едің. Ақылмен алға Сүйрейтін едің, Халима! Жарамсақтықты, Сүймейтін едің. Байлыққа бас Имейтін едің, Халима! Ешкімге жайсыз, Тимейтін едің. Парасатыңмен, Билейтін едің, Халима! Осындай асыл Халимам едің. Айрылып Сенен Қан-қайғы жедім, Халима!» *** Бұл сағыныштың аяғы айналып кеп Әзілхан ағаны «Халимаға хатында», әрине, Халимасына деген ғашықтығын қайта-қайта еске алуға мәжбүрлейді. Сондықтан оның жүрек қаламы «Халимаға хатта» енді: «Өмір бойы екеуміз, Ғашық едік тіріде. Мен ғашықпын мәңгілік, Жан-жарыма — Күніме!
Ғашықтығым Өзіңе, *** Жанға қуат береді. *** Өз атыңды әлпештеу — *** Маған барлық керегі! «Сенсің! Сенсің! Халима Жанымның жарық жұлдызы! Итальянка емес атақты, Қазағымның бір қызы!» «Сен менің Джакондамсың, Құшаққа сыймайтұғын. Қанша жыл өтсе-дағы, «Өлдіге» қимайтұғын». «Сен менің Джакондамсың, Мәңгілік көкейден кетпес, Халима! Көктегі жарық жұлдызымсың, Ұсынсам қолым жетпес, Халима!». «Сен менің Тәңірімсің! Мен Саған сыйынамын! Сен есіме түскенде, Өзге ойдан тыйыламын!» – деп жорғалайды.
Міне, бұлар да Халиманың ғажап бейнесі емес пе? Осылай төгіліп, толқып, тебіреніп отырып, Әзағаң Халимамен екеуінің ғашықтығы бақытты өткенін де айқара алға жаяды: «Ғашықтар өткен өмірден, Қозы Көрпеш — Баяндай, Қыз Жібек пен Төлеген Сүйіскен олар аянбай! Еңлік — Кебек және бар, Мамыр менен Қалқаман, Қосылуға зар болып, Жан-тәнімен аңсаған. Бірақ, соның бәрі де, Қыршынынан қиылған. Біз екеуміз олардан, Бақытты болдық мың есе!» *** «Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш — Баяндар. Еңлік — Кебек және бар, Нендей қызық көрді олар ? Махаббаттың оларға, Уы ғана бұйырды. Жастай солып, ерте өшіп, Қыршынынан қиылды...» Ал, біздер:
«Кештік махаббат теңізін, Елу төрт жыл екеуміз. Жүрегіміз жарасқан Неткен бақытты едік біз! Осыны ойлап, Халима, Шүкіршілік етемін! Тоқталайын азырақ, Жылай беріп не етемін?!». Осылай деп, тәубаға келіп, Әзілхан аға «Халимаға хатында»: «Өзімді-өзім қамшылап, Шауып келе жатырмын. Сексен жастан сырғанап, Ауып келе жатырмын. Балалардан рахат, Тауып келе жатырмын. Қарызбын, саған, Халима! Бүгін cay жүргенім үшін! Қиын-қыстау күндерде, Ақыл-кеңес бергенің үшін! Ауыртпалық кезінде, Артымнан ергенің үшін! Бар-күш қуатыңды сарқып, Маған сыйлағаның үшін! Ажалмен алысып, Мені өлімге қимағаның үшін!
Бағымды менің асырып, Атақты еткенің үшін! Өзіңнің алақаныңда, Бақытқа жеткенің үшін! Өтермін жырлап Өзіңді, Ардақтап, жеткенше күшім!» — деген тоқтамға тіреледі. Сонан соң бір сәт ойшылға айналып: «Өмір деген — өкініш, Тірілікте тұрақ жоқ. Сен едің, менің нұр сәулем, Сөнбейтұғын шырақ жоқ!» *** «Мың күн деген сылдырап, Сырғып аққан су екен! Жан жарыңсыз ішкен ас, Зәмзәм емес, у екен!» «Бақыт деген не десем, Жарымның жарқын сөзі екен! Алтын тақ, деген не десем, Ғашығыңның өзі екен!» — деп, бәрін тағы сол Халима асылына бағыттай сөйлейді. Әзағаң одан әрі Абайша: «Сен алысқа кетсең де, Аяқ жетіп, көз көрмес. Махаббатым Өзіңе,
Мәңгі бақи өзгермес!» Бірақ: «Егер Ертіс суалса, Арнасы құрғап шаң болып. Таулар тегіс құласа, Табиғатқа лаң болып. Өшер сонда Өзіңе Махаббатым мәңгілік! Айтар бізді қосарлап, Арттағылар ән қылып!». деп түйеді де, Әзағаңның «Халимаға хатынан» жоғарыда келтірілген саз жырларының бәрі, сайып келгенде оның өз ғашығы—Халиманың тұтас дүние танымдық тұлғасын жасаудың мысалдары. Оның өзінің мәңгі ынтызарының Адамдық ұлы бейнесін жүрек сазымен жасаудың нақты мысалдары: «Шерімді айтып азайттым, Жүректегі барымды. Тоқтағайын осымен, Жоқтауымды, зарымды!» — деп тынады... *** Осылай! Бұл келтірілгендер Әзілхан ағаның «Халимаға хаттағы» мәңгі ынтызарына деген жүрек саздарының кейбір мысалдары ғана. Ал, олар сөз етіп отырған поэма-дастанда ұшан-теңіз. Оның бәрін шағын толғауда тұтас алға жаю мүмкін емес! Оның үстіне, «Халимаға хатта» суреткер-ғашық өзі мен ынтызарының тірліктегі әр айшықты сәттерін: Брест, Псков, Мәскеу, Семей серуендерін, қолбасшы, ойшыл даналармен (мәселен: Мұхтар, Ғабит, Сәбиттермен) кездесулерін, өздерінің бастапқы махаббат Меккесі — «Ақбұзау» атрабындағы сауық сайрандарын жыр кестемен қалдырмай тегіс шежірелеген.
«Халимаға хатта» шамырқана оқылатын Әзілхан ағаның Халимаға Ақкүмбез орнату хикаясы мен «ғашығының көзі іспетті» — Халиманың тарағына, орамалына, отырған үстеліне, жасап берген ұлтарағына арнаған жыр новелла, балладалары қаншама! Ал, тірі ғашықтың «Той туралы жыры» (Абайдың 100 жылдығы жайлы) мен Халиманың жан жайлауын жарқырата бейнелеген новелла-поэма «Тәбәрік туралы жыры» және бар. Бұлардың бәр-бәрін жеке-жеке сөз ету керек-ақ! Оны эссе толғау көлемі көтермейді. Оның үстіне Әзағаңның Халиманың ғажап тұлғасын қалай жасағанын бағалауға «Халимаға хатта» алда баян етілгендердің өздері-ақ жетіп жатыр. Ендеше, соларға сүйене айқындасақ халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Халимаға хаты» — қазақ тілінде жазылған Әлем көркем әдебиетіндегі XX ғасырдағы шын ғашықтар жайындағы бірден-бір саз дастан! Немесе, бірден бір зар дастан! Ол — «Мәңгілік махаббат жыры» сынды ұлы туындының алтын қазығы! Онда Халиманың pyx келбеті одан әрі тереңдей сомдалған. Бұдан әрі «Мәңгілік махаббат жырының» композициялық желісі мен авторы, авторластары жайлы бірер сөз. Өйткені, бұл жайларды біршама толғамай, сөз етіліп отырған шығарманың ұлы туындылық астары толық ашылмайды. «Мәңгілік махаббат жыры» — күрделі композициялық туынды. Ол үш бөлімді. Оның «Халима. (Өмірінің өшпес өрнектері) деп аталатын І-ші бөлімі іштей сегіз тақырыпты да, «Халиманы еске алу» деп аталатын ІІІ-ші бөлімі іштей жеті тараулы. Ал, ІІ-ші бөлімі «Халимаға хаты» алда сөз еткендей, жеке туынды бөлік. Осылардың өздерінен-ақ, «Мәңгілік махаббат жыры» деп аталған поэмада әдеттегі көркем туындыларда болатындай унификациалдық, немесе, бірыңғай композициялық желілік жоқ. Басқаша айтқанда, көркем шығарма ретінде «Мәңгілік махаббат жыры» әдеттегі көркем туындылардағыдай, не бірыңғай прозадан (әңгімелік, повестік, романдық, драмалық қара сөзден) желіленбеген. Ол «поэма» деп аталуына қарамастан: прозадан, поэзиядан, осыларға қоса зерттеуден желіленген. Оның прозасының өзі: бірыңғай қара сөздік бір хикая емес, аралас — қара сөздік эсселер, новеллалар, балладалар, деректі повестер. Поэзиясы да нақ солай — бірыңғай поэма емес, аралас — жыр өлең, жыр хикая, жыр баллада, жыр саздар (сонеттер).
Сондай-ақ, туындының қара сөздік желісіне көркем публицистика да, сұхбат та, очерк те, тіпті, ғылыми публицистика да — құжат та, хат та, коментарий де, сілтеме де қосылған. Сонымен, былай қарасақ, «Мәңгілік махаббат жыры» болмысы әртүрлі әдебиет, ғылыми жанрлардың өзара соншалықты қиюласты жымдасқан бір тұтас желісін құраған туынды. Содан жаңа туынды да, оның авторы ұстанған мақсатқа, идеяға лайық өзіндік композициялық (шығармашылық құрылымдық) желі пайда болған. Бұл — жазба көркем дүние шығарушылық, жазба көркем туынды тудырушылық тарихта бұрын-сонды кездеспеген керемет жаңалық! Шынында да, бұрын-сонды. Қаламгер суреткерлердің шығарушылық тәжірибесінде мұндай жаңалық болып көрген емес! Бұл біздің халық жазушымыз Әзілхан Нұршайықовтың шығарушылық тәжірибесінде жаңадан туындаған түңғыш жаңалық! Мұндай ерекше жаңалықты өз шығармасында «тудыруға» (шығарма шығарудың осындай түрін пайдалануға) Әзілхан ағаның талантты журналист-публицистігі де, дарынды суреткер жазушылығы да әсерін тигізіп, ықпал еткен болса керек. Өйткені, оған Халима ғашығының да, өзінің де, немесе, қос мәңгі ғашықтың әдеби бейнелерін ғана емес, сонымен қоса олардың тозбас махаббаттарының бұл жалғандағы шынайы көріністерін, сүйіспеншілік «тәжірибелерін» сол күйлерінде тарихқа дәлме-дәл шежіре етіп қалдыру, сөйтіп ғашықтарға мәңгі жазбалық сөздік ескерткіш — Тәж-Махал соғу қажет болған! Автор алға қойған басты мақсат — мұрат-идея осы болған! Ал, бұлай жасауға бір ғана көркем әдеби жанрдың, бір ғана бірыңғай композициялық желінің мүмкіндігі жетпеген, оған. Сондықтан, Әзекең өзі ұстанған идеясына — қос ғашықтың мәңгілік азбаған да, тозбаған шынайы махаббаттарын айна қатесіз шежірелеп, оларға сөзден мәңгілік Тәж-Махал ескерткіш орнату идеясына жету үшін тілдегі сөздің түр-түрін, көркем әдебиеттің жанр-жанрын қолдануға мәжбүр болған. Оған солай жасауға оның журналистік-публицистік, суреткер-жазушылық талант-дарыны тәжірибесі тікелей жетелеген. Сол тәжірибе автор мұратын іске асыруға мүмкіндік берген. Сонымен, қалай болғанда, Әзілхан ағаның сондай шығармашылық керемет жаңалыққа баруынан қазір қазақтың қалың оқырман қауымы жүрегіне бірден жол тапқан оның соны туындысы — «Мәңгілік махаббат жыры» атты ерек шығармасы дүниеге келіп отыр! Бұл шығарманың ұлылығының өзі, сайып келгенде, ең алдымен, оның табиғатының осы сонылығында. Сондықтан, бұл туынды бұрын-сонды ешбір
көркем туынды да болып көрмеген сол ерек композициялық соны желілі екендігімен де ұлы туынды! Бұл туындының ұлылығы және онда XX ғасырда ғұмыр кешкен қазақ нәсілді қос ғашықтың тірі ғұмырларында оған еш қылау түсірмей пәк сақтаған мөлдір махаббаттық қатынастары жәй ғана емес, тарихтық мәңгі көркем шежіре етілгендігінде! Ал, қай шежіре де, әсіресе, көркем шежіре танымдық, тәлім-тәрбиелік мазмұнға ие екені белгілі. «Мәңгілік махаббат жыры», бірден-ақ, нақ сондай көркем шежірелік туынды екенін танытты. Сондықтан, ол оқырман жүрегіне бірден жол тапты. Ал, оқырман жүрегі ерек сезіммен, ерек сүйіспеншілікпен бірден тек ұлы туындыны ғана қабылдайды. Олай болса, сондай ерек сүйіспеншілікке ие болып отырған «Мәңгілік махаббат жыры» бұл жатынан алғанда да, ұлы туынды! Және айтатын жай: «Мәңгілік махаббат жырының» композициялық желісіндегі бөлім-бөліктердің бір-бірімен өзара сондайлық сыбайластығы. Сол бөлім-бөліктер былай әр «текті», «қойыртпақ» сияқты. Бірақ, шынында олардың бәрінін бір мезетте әрі ортақ, әрі әр қилы жүк арқалап тұрғандығы. Мәселен, бір мезетте әрқайсысының әр қилы жүкті арқалап тұрғандығы жағынан ғана алсақ, туындының: I—ші бөлімі: автордың Халима ғашықтың тіршіліктегі іс-әрекеттерін, мінез- қылықтарын өрнектеген жүктерін көтеріп тұр. II—ші бөлім: автордың дара өзінің о дүниелік ғашығының ғажап жарқын тұлғасын жырмен сомдаған жүгін арқалаған. (Оған біз алда арнайы тоқтадық); III—ші бөлім: автордың бақилық ғашығының тіршілік ғұмырындағы автордың өзінің бейнелеу назарынан «тыстау қалған» қылықтары мен қарекет-қасиеттерін оны жетік білетін «авторластарына» мүсіндеткен, сомдатқан, тұлғалатқан жүгін көтерген. Соған қарамастан, ол бөлімдер бір-бірімен жымдаса байланысқан. Олардың бойларында жазушы Әзілхан аға ұстанған: қос ғашықты мәңгі махаббат иелері етіп бейнелеу идеясы ортақ желі тартқан. Әр бөлім осы ортақ идеяның астарын ашып, соған әр жақтан біріге қызмет жасап тұр. Туындысында бұған қол жеткізуі, халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың асқан талантын, жаңашыл суреткерлігін айқын танытады.
Нақ осы арада: «автор», «авторластар» деген сөздерді неге қолданып отырғанымыздың мәнісін аша кетпесек және болмайды. Өйткені, кейбір оқырманның: «Халима» хикаясының авторы «Мәңгілік махаббат жырының» авторы — Әзілхан Нұршайықов екені бесенеден белгілі емес пе?! Ендеше, «Мәңгілік махаббат жырының» авторы да — Әзілхан Нұршайықов екені айдай ақиқат қой! Олай болса оған «авторлас» деген қайдан қосылған нәрсе?! — деп таңданары хақ. Олай таңдану да — Заңды. Әрине, «Халима» хикаясының авторы халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов екені қандай ақиқат болса, «Мәңгілік махаббат жырының» авторы да сол сүйікті жазушымыз екені айдай ақиқат! Бірақ, гәп мынада болып отыр. «Мәңгілік махаббат жырының» үшінші бөлімінің, әсіресе, ІІІ-ші, IV-ші, V-ші тарауларына назар аударыңыз. Оларда таңғажайып Адам — Халима ғашық жайында қаптаған адамдар сөз алып жатқан жоқ па?! Олар «авторластар» емей, кімдер? Олар, шынында, «бөтен» адамдар емес! Қос ғашықты етене білетіндер! Солардың қанды көйлек достары, жолдастары, жақындары, туыстары! Әз ағаңның қаламдастары: халық жазушылары — Қабдеш Жұмаділов, Тұрсынхан Әбдірахманова, Мұхтар Шаханов және Сәбит Досанов, Жаппар Өмірбеков, Мыңбай Рәш, Ғаббас Қабышев, Марфуға Айтқожина, Медеу Сәрсекеев сынды белгілі шығармашылар! Және Халима тәтейдің балалық шағының сыныптастары, интернаттастары, мектептестері — Сәки Бекбаева, Ишаты Жағыпарова, Меңсафа Иляшева! Қос ғашықтың Мұқанәлі Омарбаев (полковник), Асқар Рахматуллин (полковник) сынды майдандас, отбасылық достары! Бұлардың қай-қайсы да Халима мен Әзағаның ішектерінің қырындысына дейін білетіндер! Бұлар олардың алдымен, пенделік күйлерін де, одан кейін ынтызарлық сүйіспеншілік мөлдір махаббаттарын да «көзбен көріп, қолмен ұстағандар!». Қос ғашықтың ғажайып қасиеттеріне де күнбе-күн тәнті болғандар! Біздің «авторластар» деп отырғанымыз, міне, осылар! Халиманың ұлы тұлғасын, бір-біріне мәңгі ғашықтардың ынтызарлықтарын махаббат хикаяларын, сыр құпияларын бұлар жазбағанда, бұлар баян етіп, бұлар сомдаспағанда, бұлар айқара алға жаймағанда кімдер сомдасады? Кімдер баян етіседі? Кімдер қағазға жазысады? Кімдер қосыла шежірелеседі? Әрине, мұның бәрін әлгі «авторластар» жасайды.
Сондықтан, оларды әдейі «авторластар» деп отырмыз. Бірақ, олардың аржағында Әзекеңнің өзі тұр. «Авторластардың» қай қайсысының да «авторластар» туындының авторлары емес. Туынды авторы тек Әз аға ғана! Әзілхан аға алды-артын, жан-жағын кен шолағын, бәрін болжап, барлап, топшылайтын кәрі тарлан ғой! Сондықтан, ол кейінгі замананың, XX ғасырдың жаңа Еңлік — Кебектері, Баян — Қозылары, Жібек — Төлегендері т.т. жайлы ұлы туынды тудыру үстінде өзінің осы тарландығымен соларды тиімді пайдаланған. Олай жасауға және оны Әзағаңның өз туындысының басты кейіпкерлеріне деген шексіз сүйіспеншілігі де еріксіз мәжбүрлеген. Сондықтан, ол туындысының басты қос кейіпкерін көркем туындысында нақ өмірдегідей етіп көрсету үшін, оларды сол өмірде бес саусақтай білетін, олармен сол өмірде бірге жасасып, сол өмірдің ыстық-суығын, қызығы-шыжығын бірге бөлісіп, бірге көрісіп келе жатқан әлгі замандастарын қысылмай да, қымтырылмай шығармасына «авторластар» еткен. Немесе, қаншама қаламдастарына, достарына Халима жайлы ақтарыла сыр шерткізген. Осылай ету арқылы Әзағаң оларға өзінің жан жарының өмірдегі жарқын келбетін әр қырынан жарқырата ашқызған. Бұл орайда, әсіресе, Әзағаның Қазақ мемлекеттік университетін өзімен мезеттес тамамдаған жан ұялас досы Мұза Есенғали қызының «Жүректі тұлағады жылы сөзі» деген естелігі мен ғашық зайыптармен қан майданның соқпағын бірге кешкен Мұқанәлі Омарбаевтың «Жан досымның жан жары» атты жазбасы ерекше назар аударарлық. Бұл атанған екі дүниенің біріншісі — Халима кейіпкердің үлбіреген ішкі сезімін алға жайған тап-тұйнақтай лирикалық әңгіме. Екіншісі — сол кейіпкердің кіршіксіз махаббаты, жан жомарттығы, ақылдылығы жайлы лирикалық повесть. Мұза Халиманың жарын қалай аялайтынын мына бір штрихпен жеткізеді: «Біз саяжай маңында көк шалғында отырғанбыз. Қасымыздағы асфальт жолға тоқтаған машинадан Халима апай жоғары қырдағы саяжайына бармай, біздің қасымызға түсіп қалды. Артынып-тартынған. Жүгінің ауыры бес-алты литр сұйық зат сиятын үлкен бидон. — Халеке, не қаладан ауыз су алып келесіз бе? — Жоқ. Әзекең сусындасын деп, арпа ұнтағынан пісіріліп, айран, сырок қосқан сусын әкелем. Шөлдеген шығарсыңдар, — деп, дорбасынан кесе алып, оған бетінде тоңазыған сары май түзілген, көбігі бұрқыраған, ашыған, айран көжені құйып берді. Расында шөліркеп отыр едік. Сіміріп алдық. Маңдайымыздан тер бұрқ етті. Апайға алғысымызды жаудырып жатырмыз. Ол кісі жай ғана жымиды.
Орекең: — Халима апай, Сіз осы Әзекең ағайды айрықша аялайсыз? Неге олай? — деп сұрады. — Орақжан-ау! Әзілхан ағаң қаршадайынан төрт жыл майданда болды. Мұз жастанды. Қар жамылды. Толарсақтан саз кеше, зеңбірек сүйреді. Қатты қиналды емес пе? Оған қоса әкесі, ағасы майданда опат болды. Апасы өмірден ерте озды. Осындайдан жалғыздық көрмесін, отбасының күйкі тіршілігінен аулақ жүрсін, еңсесіне ауырлық түспесін деп аялаймын. ... Иә, қандай ізеттілік? Адамға, сүйген жарға осылайша ... қамқорлық жасау кез келген әйелдің бойынан табыла қоймас деп ойлаймын». Шынында да Мұзаның бұл лиризмі ақиқат қой. Ал, Мұқанәлі болса, деректі лирикалық повестік сегіз бөлікті жазбасында Халиманы: «Сондай сезімтал, сергек, жүріс тұрысы ширақ, бірақ, ешқандай артық қимылы жоқ, алтыннан құйған асықтай, өне бойы жинақы ғажап жар». ... «Жылы жүзімен, жібектей мінезімен, дауыс шығармай, жымиып қана күлкінің ишаратын жасайтын әдетімен, мейірімді көз қарасымен, қарапайым кішіпейілдігімен, көрген жұртты бірден баурап әкететін еді» деп сипаттай келіп, оның жан жайсаңдығын, үлкенге инабатын, ақылдылығын былайша суреттеп жеткізеді: «Әзілхандар Алматыда. Бір жылы Халима екеуі Сарыағашқа курортқа келді. Бір демалыс күні Хантай екеуміз артынып тартынып Халима мен Әзілханға сәлем беріп қайтқанбыз. Содан он шақты күн кейін, таңертең шай ішіп отырғанымызда Халима күліп, біздің үйдің есігінен кіріп келді. Отырған орнымыздан атып тұрдық. Артынан Әзілхан да кіретін шығар деп едім, ол көрінбеді. «Е, Халима тегі Ташкенттен бірдеңелер алуға келген ғой» дедім ішімнен. Өйткені, олардың курорттан Алматыға қайтуларына әлі бір аптадай күн бар болатын... — Ал, жоғарыла, Халима, жол болсын! — дедік біз құшағымызды жайып. Жалғызбысың, біздің үйді қалай тауып келдің? Ташкенттің мына қиқы-жиқы көшелерінен адаспай? — дедім мен. — Мұқан-ау, мен Ташкент тұрғай, Мәскеуде де тұрдым емес пе? — дейді Халима тағы жымиып. — Ал, Әзілхан қайда? — Сарыағашта.
— Сен неге жалғыз жүрсің? — Курорт маған ұнамады. Сарыағаштан гөрі бес-алты күн сендермен бірге болғанымды артық көрдім. Бұл Халиманың бізге айтқан әзілі екен. Шынында былай болыпты. Жақында демалуға Сарыағашқа Алматыдан академик Марғұлан келген екен. Сол кісі төменгі қабаттағы жайсыздау бөлмелердің біріне жайғасыпты. Соған Әзекең қиналады. Халима оған: — Әзілхан, сен оған қиналма. Ол кісіге мен өз орнымды берейін. Екеуің бірге жатындар! — деген ұсыныс жасайды. — Сен қайда барасың, төменгі қабатқа көшесің бе? — дейді Әзілхан абыржып. — Жоқ. Мен Ташкенттегі Мұқандарға барып, путевка мерзімі біткенше сонда жата тұрайын... — Оның не? Әлде біреуге өзінің жатқан жылы орныңды беріп, оның дұрыс болмаған, – дедік біз оған. — Ардақты ағаларды аялай білу керек қой. Сол кісілердің ойынан елге білім тарайды. Мен сияқты қарапайым адамдардың мың күн рахат көргенінен, ғалым кісілердің бір сағат жайлы жерде жатқаны артық қой! Жақсы ағалардың жақсы қасиеттерінің Әзілханға да жұға беруіне көмектесу ғой, менің мақсатым». Жазбасында Мұқанәлі, сондай-ақ, Халиманы нағыз қарапайым жан ретінде де әдемі мүсіндейді: «Біз Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандарын аралауға кеттік. Халима ауылда қалды. Бізді Семейден алып шыққан басшымыз Жарма ауданының «Комсомолдың 50 жылдығы» деген совхозға бастады. Директоры Күнсәлім Мұсажанов деген кісі екен. Бізді жылы қарсы алды. Үйіне апарып шай берді... Бір сөздің ретінде мен Әзілханның Алматыдан Халимамен бірге келгенін, оның «Ақбұзауда» қалғанын айттым. Совхоз директоры елең ете түсті. — «Махаббат, қызық мол жылдардағы» Меңтай апай сол кісі емес пе? — деді Әзілханға қарап. — Жоқ, ол басқа адам. Ал, Халима деген апайларың сол романның қосалқы авторы, — дедім мен күліп. — Қалай?!
— Меңтай бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі, сол кісіден алынған. Директор дереу шоферін шақыртты. Әзілханға «записка» жаздырып алып, шоферді өз «Волгасымен» «Ақбұзау» ауылына жөнелтті. Екі сағатқа жетпей шофер Халиманы директордың үйіне түсірді. Бір кезде Күнсәлім: — Апай, ұят болмаса сұрайын: — Қай жердің қызысыз? — деді. Халима әдетінше сәл жымиды да: — Балалар үйінің қызымын, қалқам, — деді. Содан кейін өзінің отыз екінші аштық жылы қалай жетім балалар үйіне түскенін, ал туған жері Абай ауданы екенін айтты. — Пәлі, сіз менің апам болып шықтыңыз ғой... Қайтарда директор Халиманың қолына да әйелдің кішкентай алтын сағатын ұстатты. Халима: — Мен сіздерге құр қол келдім. Сіздерден мұндай қымбат сыйлық алуым ұят қой, және мен отбасында қарапайым әйелмін. Маған не үшін бересіздер, бұл сыйлықты? — деп тандана үн қатты. Жиналып тұрғандар Халиманы: «Алыңыз, апай, алыңыз» деп қыстады. Халима басын шайқады. Содан кейін сағатты бір қолымен ұстап жүріп, бауырларын беттерінен сүйіп, ризалық білдірді. Сағатты қолына салмай, ақырын ғана қол сумкасына сала салды». Осы деректі повестей және бір қысқа үзінді: «Хантай екеуміз Халиманы ортаға алып, екі күн армансыз сырластық. Әшейінде көп үндемейтін Халима сол екі күнде бізбен шешіліп сөйлесті. Соғыс кезінде ол Әзілханнан кешігіп хат келмей қалса, өзінін жанын қоярға жер таппайтынын, тіпті, жылайтынын айтты. Мәскеуде жүрген кезінде әскери цензураға әр ұлттан жиналған қыздар тегіс Халиманы жақсы көріпті. Жақсы көретіндері сондай, Халимаға қарай Әзілхан хатын алып жүгіріп, оған бейне бір алтын сыйлайтындай қуантады екен. Әзілхан хатты қызық етіп жазатын болуы керек. Қыздар оны Халимадан сұрап алып, бірінен соң бірі оқып жүріпті.
Халиманың Әзілханға деген сол бала күнгі, бойжеткен кездегі махаббаты кейін, оның келіншегі болған кезде бұрынғысынан бетер лаулай түсіпті. Әзілхан газет қызметімен жолаушы шығарда Халима: — Егер мүмкін болса, мен ішімді жарып жіберіп, сені салып алып, қайта тігіп, сыртқа шығармай, жолаушы жібермей, өз бойымда ғана ұстар едім! дейді екен... Сол екі күнде Халиманың Абай ауданына кеткен Әзілханды ойлап, елегізіп отырғанын бірнеше рет аңдадым. — Сен неге көңілсіз боп қалдың, Халима? — деп Хантай екеуміз барымызды алдына жайып, бәйек боламыз оған. — Бір жерің ауырып отыр ма? — дейміз. Халима жымияды да: — Иә, достарым, сағыныш деген ескі ауруым ұстап отыр, – деді. — Қойшы, сексенге дейін сағынасыңдар ма, біріңді-бірің? — Біз жас ғашықтармыз!». Келтірілген үзінділер Халиманы ғашық ретінде керемет сипаттау емес пе?! *** Әзілхан аға «Мәңгілік махаббат жыры» туындысының, әсіресе, ІІІ-ші бөліміндегі лебіз, естеліктерде әр «авторластарын» Халимасы тұлғасын әр қырынан мүсіндескен «жазушыларға» айналдырған. Ол Халима ғашық жарын оның балалық шақтан досы Сәки Бекбаеваға шын патриоттығы, тумысынан сезімталдығы, ақылдығы, ыждаһаттығы, қайсарлығы, аршылдығы, ұятшылдығы, зеректігі, өзіне шын берілгендігі қырынан сипаттатып, бейнелетеді. Интернаттас жолдасы Ишағы Жағыпароваға Халиманың әскердегі өмірін, ісмер өнерлігін баяндатады. Майдангер полковник Асқар Рахматуллинге: «Мен ойлаймын: егер Халима алғы шепте ұзақ болса, Мәншүк немесе Әлия сияқты Батыр қыздарымыздың бірі болатын еді. Халиманың патриоттығы, білімі, жігерлілігі сол дәрежеге жеткізуге тиіс болатын. Мұны біздің генералымыз Карпелюк те бағалай білді. Оған Карпелюктің: «Егер сіз біздің дивизияда болған болсаңыз, мен сізді Кеңестер Одағының Батыры атағын беруге ұсынар едім» — деген сөзі дәлел\" дегенді айтқызады.
Академик Шадыбай Абдуллаевқа Халиманы: «Халекең Әзекеңнің бірінші оқырманы, редакторы, ақылшысы болды. Халекен ЖенПИ-ді салт басты, сабау қамшылы қыздар сияқты емес, төрт баламен жүріп, жақсы бітірді. Мұны Халекеңнің бірінші ерлігі дер едім. Жеті жасынан жетім қалып, жоқшылықта өссе де, Халима дүниеқор болмады. Тамақ, киім, кітаптан басқа ештеңеге ол көңіл аудармады. Бар білімін, санасын, қажыр-қайратын балаларын тәрбиелеп, Әзекенді әлпештеуге жұмсады. Және жемісті жұмсады. Мінеки, Халекеңнің екінші ерлігі деп осыны айтамын» — деп сипаттатты. Халима тәтейдің мектептес досы Меңсафа мынандай оқиғаны еске алғызып тебіренткен: «Бір жолғы мейрам қарсаңында мектептің үздік оқушысы ретінде Халимаға көйлектік бес метр қымбат мата тиді. Халимаға тиген сол сыйлық мағаны өзімен бір бөлмеде жататын қыз ұрлап алды. Оның ұрлағанын Халима да, бәріміз де білдік. Білсе де Халима ол қызбен шаңқылдап ұрыс шығарған жоқ. Бар айтқаны: — Өзімнен сұрасаң да мен оны саған беретін едім ғой, Әсима, деді. Ұрлаған қыз ол мағаны бірнеше күннен кейін қайтіп берді. — Мен ойнап алып едім, — деді ұялмастан. Бірақ, ол матаны Халима қайтып алмады. — Сен қызыққан екенсін, сен ала ғой! — Өзін қайтесің? — деп біз шу ете түстік. — Алда тағы мейрамдар бар ғой. Сонда тағы тисе, көйлек етіп тігіп алармын...» Әзағаңа өзі «біле бермейтін» ғашық жары Халиманың қырларын ашуға тамаша көмектескен «авторластар»: өзінің жиені Серғазы Сарыбаев пен жарының және немере апасы Тоқан Өзіханова, өкіл қызы Зейнеп Қанапиянова, немере сіңлісі Дәмелі Мүсәпірбекова. Дәмелінің бейнелеуінде Халима тәтей — қайсар. Ол өзін Семейдің көк базарында шемішке сатып жүрген жерінен шырамытып тауып алған Темірхан ағасының: — Жүр, Аягөзге әкетемін, дегенінде: — Мен балалар үйінің баласымын. Менің интернаттан басқа туысым жоқ, — деп басын шайқайды. Ермейді...» Серғазы Сарыбаевтың еске алуында Халима тәтей сонша қарапайым, әрі шаруақор жан: «Халима апай ауылға жаяу келді. Түнде жауын жауған. Жер батпақ болатын. Сол батпақты кешіп, біз он-он бес шақты кішкентай балалар аға мен тәтейді алдарынан күтіп алдық. Бір ауыр үлкен шамадандары бар екен. Сол шамаданды құмырсқадай жабылып, біз көтеріп әкеттік.
Иен үйде мал болушы ма еді. Колхоз тойға соятын қой беремін деп, бермепті. Халима тәтемнің тойы тышқан мұрны қанатылмай өтетін болды. Қайырлы болсын айта келген жұрт, менің шешем қуырып, келіге түйіп қойған құрғақ талқанды асап, бидай жеп үйлеріне қайтып жатты. Сол күні кешке қарай менің Қалидолла құрдасымның әжесі Тоқтасын шешеміз мүйізінен сүйреп, артынан итеріп, үйіндегі жалғыз ешкісін алып келіп, Халима тәтемнің тойына сойғызады. Міне, менің есімде осы оқиға сақталып қалды. Екінші есімде қалғаны Халима тәтемнің жалаң аяқ балшық басқаны. Зейнеп Қанапиянова өкіл шеше Халиманың ұстамдылығын көз алдына қандай тамаша әкелді: «Ол кісінің ақылдылығы жөнінде есімде қалған бір әңгіме бар. Бір жолы 9-шы мамырда аға мен тәтемнің үйінде бас қостық. Сонда Т... деген кісі Әзағаның көңіліне ауыр тиетін сөз айтты: — Сіздер 9-шы майда немістерді жеңіп келдік деп күпиіп жүрсіңдер ғой. Бірақ, жеңбей-ақ, жеңілгеніміз дұрыс болатын еді. Онда біз енді байып, жырғап отыратын едік. — Шын айтасың ба? деді Әзілхан аға оған. — Шын! — деді атаға ана кісі ежірейіп. — Бұл соғыста менің әкем өлді, ағам оққа ұшты. Мына отырған қыздың ағасы Баймолда сияқты талай боздақтар опат болды, деді аға мені саусағымен нұсқап. Ендеше Жеңіс күнін сен қалай аузың барып жамандайсың?! Өз үйінде соғыста мұрны қанаған бір адам болмағандықтан солай дейтін шығарсың. Сондықтан Жеңіс тойын тойлағың келмейтін болар. Онда есік әне!... — Кетсек кетеміз! Сол кезде әшейінде көп үндемейтін Халима тәтем сөзге араласты: — Отыр, інім! Ешқайда бармайсың! Бұл Жеңіс жалғыз біздің ғана емес, миллиондардың қанымен келген Жеңіс қой! Мұны ешкім де жамандай алмайды. Оны менің бауырым білмейді дейсің бе, Әзілхан? Қазақта әзіл-қалжың деген тамаша дәстүр бар емес пе?! Сол дәстүр бойынша, әрі апам мен жездемнің нервісін тексерейін деп бір ауыз айтқан әзіл болар, бұл. Оған шамданудың реті жоқ. Бір ауыз сөз қате айтылған екен деп қарысып қалудың реті жоқ. Екеуің университетте бірге оқыған доссыңдар! 40 жылға созылған ол қасиетті достықты оп-оңай үзе салуға болмайды. Оған біз келін екеуміз рұқсат етпейміз! Жеңіске жетуімізге көмектескен ел адамдары. Соның бірі өз бауырым... сенін денсаулығың үшін тост көтеремін! Тауысып ішулеріңді сұраймын! Рюмканың түбінде өшпенділік тамшысы қалмасын!...
Егескен екі ағамның алақандары түйістірілді. Содан кейін дастархан басында татулық орнап, көзіміз күлімдеп, көңіліміз жадырап қалды». Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» туындысының ұлылық мәні, міне, осы баяндалғандарда. Сонымен, қорыта айтқанда, қазақ ағайын, қуанайық! Қол шапалақтайық! Бөркімізді аспанға лақтырайық! Біздің ойымызша Әлемдік көркем әдебиеттік классикаға біздің нәсілдік тараптан да Данте, Петрарка, Мильтон, Сандтардың «Тәнір тәлкегі», «Мадонна Лаураның өмірі мен өлімі», «Жоғалған жұмақ», «Консуэлла» туындыларымен сөреде қатар тұратын «Мәңгілік махаббат жыры» атты ұлы туынды қолымызда! Ол қос ғашыққа көркем сөзден соғылған — Тәж-Махал! Оның авторының өзі де сол туындының басты кейіпкерінің бірі — халық жазушымыз Әзілхан Нұршайықов! Туындыда қос ғашық — Еңлік — Кебек, Баян — Қозы, Жібек — Төлеген, Мамыр — Қалқаман, сіңлі-інісі — Халима мен Әзілхан! Алты апа-ағаларындай бұлардың да аттары аңызға айналғай! Иншалла, солай болар да! Өйткені, «Мәңгілік махаббат жырына» бірінші болып әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бас қамқоры Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Мәңгілік махаббат жырының» алтын тұғыры «Халима» хикаясында, оның авторына: «Қурметті Әзеке! 05/01 кездесуде «Махаббат, қызық мол жылдарды», «Халиманы» сыйға тарттыңыз. Біріншісін бұрын оқып едім, екіншісін қолыма алған бойдан бас көтермей оқып шықтым. Тәлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен! Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз — ел қазынасы. Өміріңіз — үлгі! Аман-сау болыңыз, Әзаға!» деп баға берді де ғой!... Иә, бұл туындыны қазір де, бұдан былай да, алдымен, ұлтымыздың болашағы — барша қазақ жастары оқысын! Сонда олардың өздері де, жандары да, өмірлері де сонша сұлулана түсері сөзсіз! Әбілфайыз (Алтай) ЫДЫРЫСОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы.
*** «МӘҢГІЛІК МАХАББАТ ЖЫРЫ» Демалыс күні болатын. Құрылыс дүкендерін аралап жүргем. Қолым қалт еткен кезде кейде осындай әдетім бар, затым әйел болса да, көйлек-көншек, опа-далап сағатын дүкендер мені онша қызықтырмайды. Не болмаса техниканың соңғы шығарылған жабдықтарымен танысам. Қалта телефоным әндетіп сала берді. Алсам — Әзілхан аға. Кәдімгі — Нұршайықов. Үш ұйықтасам ойымда жоқ, үлкен жазушы мені іздейді деген. Амандық-саулық, ауыл-аймақ туралы сұрады. Шығармашылық жайына ойыстық. — Хан бибі, қарағым, қартпын деп қарап отырмай, жақында «Мәңгілік махаббат жыры» деген көлемі 45 баспа табақтық кітап жазып едім. Естіген боларсың, апаң, яғни менің өмірлік жарым — Халима бұл дүниеден өткен, сол кісіге арналған естелік — эссе, «Мәңгілік махаббат» поэмасы. Сол кітаптың біреуін саған сыйласам деп едім. — Әрине, әрине, мұндай сыйлықты қуанышпен қабыл аламын. Көп, рахмет, аға! — Сол кітапты саған қалай жібере аламын? — Аға, мен қазір Алматыдамын. Еңбек демалысында жүр едім. Үйдің телефонын айтыңыз, сосын кездесерміз, сізді әуре сарсаңға салмай, мүмкін үйіңізге соғып алып кетермін. — Келістік. Дүкен-пүкенді қоя салып үйге қарай ұштым. Ойым менен де жүйрік... ... Қазір кітап шықпайды емес, там-тұмдап болса да шығып жатыр. Қал-қадірінше тарап жатыр. Бірақ, біреуге «өзін жақсы» біреуге «көзің жақсы» деп жүріп таралымға ие болып жатқан кітаптар әр сөйлемнің астын сызып оқитын нағыз оқырманын тауып жатыр ма? Гәп қайда? Авторды мазасыздандыратын да осы сауал болса керек! Қазір іздеп жүріп оқитын кітап құмарлығымыздан айрылып қалдық. Шыққан кітаптарды бұрынғыдай жүйелеп, жіберіп отыратын «кітап палатасы» көзден бұлбұл ұшқалы қай заман. Жақсы кітапты насихаттайтын бұрынғы «Білім», «Кітап құмарлар» қоғамдары да жер жастанған. Адамды кітап оқудан, дербес ойланудан мақұрым ететін ондаған бағдарламасы үздіксіз жұмыс істейтін телеарналардың кітап жарнамалағанын көзіңіздің көргені бар ма? Әрине, жоқ! Бірақ, қызылды-жасылды жарнамалар тосылып та, таусылып та жатқан жоқ! Қақталған тауық сорпасынан бастап, шетелдің шұбалған кеспесін, тіптен әйелдер пайдаланатын «тақым қағазға» шейін тықпалайтын жарнамалардан жүрек айнитын болып тұрғаны да шындық қой.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 688
Pages: