Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Халима өмірінің өшпес өрнектері

Халима өмірінің өшпес өрнектері

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-05-17 05:56:03

Description: Халима өмірінің өшпес өрнектері

Search

Read the Text Version

Аягөз сыртындағы күркелердегі адамдар бірінен соң бірі өліп жатты. Тірі қалғандарымызды \"аткөшек\" деп, пойызбен Сібірге жөнелтті. Сол жақтың астығы мол, наны көп екен десті. Расында да солай болды. Сол жақтағы Улан-Уде деген қаланың маңында Сібірдің нанын жеп, аман қалдық. Содан біз сол жердегі колхозда сегіз жыл тұрдық. Сегіз жылдан кейін Сібірден қайта көшіп, Аягөзге келіп орналастық. Мен бой жетіп, он жеті жасымда күйеуге шықтым. Халиманы тірі, Семейде оқу оқып жүр деп естідік. Содан кейін соғыс басталып кетті. Ел ұйқы- тұйқы болды. Халиманы өзі сұранып, әскерге кетіпті деп тағы естідік. Соғыс біткеннен кейін білдік: Халима тірі қалыпты. Семей жаққа қайта келіп, өзі сияқты бір пысық жігітке тұрмысқа шығыпты деп және естідік. Ол \"пысық\" жігіт осы Әзекең екен. Содан көп жылдан кейін мен Халиманы Алматыда көрдім. Бала күнімізде қуыршақтарымызға Бикен, Аман, Тоқан, Дәмелі деп ат қоятынымыз бар емес пе? Сол Аман, Бикен, менің немере апайларым болатын. Соғыс кезінде де, соғыстан кейін де Аман апайым екеуміз саудамен айналыстық. Бір жолы Халима Алматыда екен деп естідік. Әдірісімен іздеп барып, тауып алдық. Кезекті тауар алуға келгенімізде Халиманың үйіне түсіп жүретін болдық. Бір қайтыс болған үлкен бастықтың үйінде, Алматының ең орталық Сталин деген көшесінде пәтерде тұрады екен. Жанар деген қуыршақтай қыздары бар. Үйлері тар бір бөлме ғана. Біз сығылысып, сонда жатып жүрдік. Сонда Халима: \"Үйіміз тар, неге келесіңдер?\" деп бір рет те айтқан емес. Ренжіген жоқ. Әр келген сайын қабақ шытпай қарсы алатын. Бір жылы Аманның әкесі Дүйсенбай ағамыз қылтамақ боп ауырып, емделуге Алматыға кетті. Алматыда Халиманың үйінде жатты. Одан кейін Байғабыл ағаның үйіндегі жеңгеміз ауырып, Алматыға келді. Онда да Халиманың үйінде жатып емделді. Солардың бәрі Халиманың қамқорлығын, жақсылап күткенін айтып, тәнті болып келді. Халима оларды жетектеп, дәрігерлерге өзі апарып отырыпты. Содан кейін Халималарды Павлодарға көшіп кетіпті деп естідік. Бірнеше жылдан кейін Халималар Алматыға қайтадан көшіп келіпті деген және хабар тиді. Сұрастырып жүріп, әдірістерін тауып алдық. Сол әдіріс бойынша күйеуім Ғаббас екеуміз Бауыржан, Қарлығаш деген екі кішкентай баламызды ертіп келіп, Халима мен Әзекеңнің Розыбақиев көшесіндегі үйіне бірнеше күн қонақ болып қайттық. Өздері үш бөлмелі кең үйде тұрады екен. Әзекеңнің фотоаппараты бар екен. Бәріміз сол үйдің қасында тұрып, суретке түстік. Сол сурет біздің үйде әлі күнге дейін бар. Енді не айтайын? Халиманың кішкентай күніндегі кісі күлетін кейбір қызықтарын айта кетейін.

Ол кезде жаз шыға жайлауға шығатынбыз. Бүкіл ауыл бір көш болып шұбатылып, жаңа қонысқа қарай бет түзейтін. Өзбақан ағамыз ұлы Қалиәкпар мен келіні Зәукеннің қолында болды. Ол кісінің түйесі болатын. Түйеге жүктерін артып, көшкен елдің соңына ілеседі ғой. Жүк артқан түйені салт атқа мінген Өзбақан ағамыздың өзі жетектеп келе жағады. Бір кезде түйеге артқан жүк үстінде отырған Халима: — Аға, аға, көшті тоқтат! — деп айғай салады. Ағамыз көшті тоқтатып, атын бұрын келіп, жоғарыға мойнын созып: — Не боп қалды, қалқам? — деп сұрайды. — Аға, тұра тұрыңыз, мен мұрнымды тазалап алайын, — дейді Халима. Кішкентай Халиманың осы қылығы ауылға күлкі боп тарап кетті. \"Көш тоқтатқан Халима\" деп үлкендер әзілдейтін еді. Ал Халиманың көш тоқтатуы ол кішкентай күнінен мұнтаздай болатын. Беті қолын жуып, тұлымын тарап, таза жүретін. Өмір бойы сол тазалығын сақтап өтті ғой, айналайын. Өзге қыздар атқа жолай алмайтынбыз. Халима бес жасынан тайға мінді. Жай таймен ауыл арасында жүре беретін. Ауыл бір көшкенде Халима тайымен артта қалып қояды. Көш ұзап кетеді. Содан кейін тай Халиманың шаужайлағанына қарамай, бар пәрменімен көштің соңынан шаба кеп жөнеледі. Оны көрген көштегілер шу ете түседі: \"Өлді! Өлді! Енді жығылады\" деп қорқып қалады. Бірақ, Халима жығылмай, ернін жымыра тістеп, тайдың жалынан мықтап ұстап алып көшке жетеді. Мінеки, біздің Халима осындай бауырмал, кішіпейіл, көпшіл, қонақ биыл, үйіне қанша қонақ келсе де қабақ шытпайтын кісі еді. Қайтейін, кетіп қалды. *** Фарида МАЙШЫНОВА, майдангер Тәкен Майшыновтың қызы Менің әкем Тәкен Әзілхан ағамен майданда бірге болған. Соғыс кезінде майданнан Қазақстанға делегация болып, бірге келген. Әкем өле-өлгенше Әзілхан ағамен дос болып өтті. Сол Қазақстанға келе жатқан жолдарында делегация Мәскеуге соғады. Мәскеуде әскери қызметте жүрген Әзілхан ағаның ғашығы Халимаға жолығады. Сөйтіп, менің әкем Әзілхан ағаның ғашығына ғашық боп қалады. Ғашық болғаны сондай, өзі

соғыстан келіп, үйленіп, алғашқы туған қызына Халима деп ат қояды. Мен сол Халиманың сіңлісімін. Атым Фарида Майшынова. Бізде басқалар сияқты, Әзілхан аға мен Халима тәтемнің ғашықтығына тәнтіміз! Халима тәтемнің аты Баян сұлу, Қыз Жібек атындай болып, қазақ халқында көбейе берсін деп тілеймін. *** Жұмағали ҚАНАПИЯНОВ, суретші Мен және менің апайым Олаш Қанапиянова екеуміз де Семейдегі № 11 қазақ орта мектебінің интернатында болдық. Мен төменгі кластарда, апайым Халима тәтеймен бір класта оқып, бір бөлмеде жатты. Сонда осы екі апайым маған ақыл айтып, көп көмек тигізген еді. Кейін, Алматыда тұрған кезімізде де, біздің интернаттық, детдомдық туыстығымыз ажыраған жоқ. Мен Халима апайдың қолынан талай рет дәм татып, үйіне келген қонақтарын күтістім. Халима апайдың дастарқанынан Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы сияқты ұлы адамдардың дәм татқанын мақтанышпен айта аламын. Халима апайым сол ұлылардан баға алған кісі еді. Ағалардың ақ бағасы қабыл болды. Оның бір белгісі жаңа өзіміз көріп келген Алатаудың Кеңсай шоқысының төбесінде тұрған ақ күмбез. Сол күмбез Қозы көрпеш пен Баян сұлудың бейіті сияқты болып, халық көп баратын жерге айналсын. Сол үлкен күмбез сияқты болып, 1500 жыл мызғымай тұрсын. Менің айтатыным осы. *** Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы Халима апамыз аса байыпты, сабырлы, инабатты, ақ пейіл кісі еді. Мен 50 жасқа толғанда Әз ағаң мен Халима апам екеуі маған жақсы дипломат әкеліп сыйлады. Әз ағам сонда маған: — Осы дипломат жүзге жеткеніңше қолыңнан түспесін, – деп еді. Сонда Халима апайым, сәл ғана жымиып: — Іші жақсы кітаптарға толсын! — деп Әз ағамның ойын жалғастырды.

Мен асыл апайымның ол тілегін әлі орындай алғаным жоқ. Өзім аз жазатын кісімін. Бірақ, бүгін апамның ақ күмбезінің алдында, ақ дастарқанның басында, ол өсиетін орындаймын деп уәде етемін. Мен Әз ағаңның өзінен бұрын \"Махаббат, қызық мол жылдар\" деген кітабын көрдім. Көре сала бас алмастан оқып шықтым. Авторына ғашық болдым. Содан біраз уақыттан кейін өзін көрдім. Сәлемдестік, сыйластық. Міне, қазір қолымызға Әз ағаңның \"Жұлдыз\" журналына шыққан \"Халима\" хикаясын немерелері Алма мен Әлия екеуі ксерокске басып, кітапша етіп әкеліп, бәрімізге таратып берді. Мен соны алғашқы романның (\"Махаббат, қызық мол жылдардың\") жалғасы деп ойлаймын. Алғашқы романда кейіпкерлердің аттары шартты түрде берілген еді. Мұндағы кейіпкерлер ағалардың азан шақырып қойған аттарымен ағалады. Бұл — адал жарға сөзбен соғылған мәңгілік ескерткіш. Тастан, темірден соғылған ескерткіштер құлап жағады. Өйткені олардың бәрі жер бетінде орнатылған салтанатты, сәнді мүсіндер. Ал бұл ескерткіш жерге емес, әр оқырманның жүрегіне орнатылған. Көсемдердің жер бетіндегі ескерткіштерін трактормен сүйреп уақыт талқандап қиратып жағады. Ал жүректегі ескерткішті ешкім құлата алмайды. Мен өз заманымда сондай бір құламайтын ескерткіш көргеніме қуаныштымын. Мен, өзіңіздің үлгіңіз бойынша, Әз аға, қымбатты Халима апамның жылына жиналғандарға жетпіс-сексен кітап әкеп, босағаға үйіп қойдым. Халима тәтемнің жылынан тәбәрік деп, шығарда сол кітаптарды бір-бірден қолдарыңызға ұстай кетулеріңізді сұраймын бәрлеріңізден. Кітаптың бірінші бетінде: \"Бұл кітапты Сізге ардақты Халима апамның жылын өткізген күні сыйладым. Қазақтың асыл қыздарының бірі мейірімді, мейірбан, қадірлі Халима апаны еске алып, оның өнегелі істерін өзгелерге айта жүргейсіз. Автор\" деген жазу бар. Кітапты оқырда бетін ашқанда, оқып болып, бетін жапқанда менің осы өтінішімді ескерулеріңізді сұраймын. *** Сейдахмет ШӨПЕБАЕВ, Құрылысшы инженер Мен осы үйдің, Әз ағам мен Халима тәтемнің өкіл күйеу баласымын. Жаңа менің әйелім Зейнеп сөйлеп өтті. Сонда айтты. Екеуміздің де естелігімізді жеткізді. Менің естеліктен тысқары бір ауыз сөз айтқым келеді. Қазақта: \"Жақсыдан — шарапат\" деген сөз бар. Сол шарапаттың бір мысалын мен бүгін көріп отырмын.

Халима апамыз бұрын қатардағы көп жазушылардың бірінің ғана әйелі сияқты болып көрінетін еді. Ол кісілердің өлгендерін де, тірісін де көріп жүрміз. Өлгендерінің жетісі, қырқы, жылында да болдық кейбіреулерінің. Бірақ, солардың бірде-бірі Халима апамызға арналған құрметпен жөнелтілген жоқ. \"Неге?\" — дейсіз ғой. Олардың бәрінің жетісінде, қырқында да, жылында да дастарқан жайылды. Аздаған естелік сияқты сөздер айтылды. Бірақ, бәрі ұшқары, жеңіл-желпі ғана. Қаралы дастарқанға келгендердің бәрі апыл-құпыл тамақ жеп, ауыздарын сүрте жөнеледі. Кейбірі \"жатқан жері жайлы, топырағы торқа\" болсын деп, бет сипай салады. Өлген ананың қадір-қасиеті, өнеге болатын үлгісі қандай еді? Ол туралы бір ауыз сөз айтылмайды. Ал, Халима апамыздың жетісінде, қырқында, жылында ол кісі туралы, ол кісінің мінез-құлқы, ақыл-парасаты, өнеге үлгісі жайында қаншама ғажап естеліктер естідік. Жай ғана жадағай сөз емес, бір жақсы роман оқығандай ғибрат алдық. Жақсы әйел, жақсы ана, жақсы жар қандай болатындығының үлгісін көрдік. Барлық әйел — жақсы, жаманы жоқ. Бірақ, сол жақсы әйелдің жақсылығы неде еді? Қандай еді? Оны тірісінде айтпаймыз, елемейміз. Ал өлгеннен кейін ескермейміз. \"Бір әйел өлді-қалды\" деп жүре береміз. Сол әйелдің өмірінен сабақ алуға тырыспаймыз. Ал, Халима апамның — менің өкіл енемнің өмірі, өнегесі, білімі, бір университетің дәрісінен кем емес екен! Маған мынадай ой келді. Өлген әйелдердің, әйелдердің ғана емес, еркектердің де жетсін, қырқын, жылын өз шамамызша өткізіп жатқан боламыз. Өткіземіз. Бірақ, формальді түрде ғана солай етеміз. Өткізбеді деп жұрт сөкпесін дегендіктен сөйтеміз. Және ресторанға ақша көп кетпеу үшін бір сағат, жарты сағаттың ішінде қиқалай саламыз. Құран оқығалы келген молдалар тыпыршып, асығып отырады. Соны асықпай, абыржымай, бақилық болған адамның бар қасиетін еске түсіруге тырыспаймыз. Неге сол естеліктерді диктофонға немесе, магнитофонға жазып алып, кейін, сол қымбаттымыз қайтыс болған күндерде: бес, он, он бес жыл өткенде, одан ары қарай неге отбасы, үй іші болып, сол естеліктерді тыңдап отырмаймыз? Бұл жөнінде тағы да Халима апамыздың өлімі үлгі көрсетіп тұр. Жетісінде, қырқында, жылында сөйлеген сөздерді балалары, немерелері зыр жүгіріп, естелік айтқан кісілердің аузына диктофон тосып, бірін қалдырмай жазып алып жүр. Алма мен Әлияның қолында — диктофон. Сабинаның қолында фотоаппарат бар. Өлген Анаға, Адамға құрметтің бір түрі осы болуға тиіс. Осының өзі өзгелерге үлгі деп ойлаймын.

Біз өлгендердің бәрін ұмытпаймыз дейміз. Сонымыз шын ба? Толық шын деп айта алмаймын. Өлген адамды ұмыттырмайтын нәрсе естелік. Ол диктофонға жазыла ма, қағазға жазыла ма, кітап болып шыта ма — бәрібір. Жұрттың бәрі бірдей кітап шығара алмас. Бірақ, отбасылық шеңберге естелік жазып, кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады ғой. Алайда отан да мойынымыз жар бермейді. Әз ағамыздың \"Жұлдыз\" журналында жарияланған Халима апамыз туралы естелігін осының бір үлгісі деуге болады. Осы естелігінде Әз ағаң апамыздың қырқын өткізгенін айтты. Біздің ешқайсымыз оны газетке басылады, журналға жарияланады, кітапқа айналады деп ойлағанымыз жоқ. Айтылды, сол айтылған жерінде қалды ғой деп есептедік. Бірақ, ақылды адамның асыл жарға деген сүйіспеншілігі сөз күйінде қалмайды екен. Мен соны түйдім, соны ұқтым. Халима енемнің қазасынан тағы бір түйетін түйін мынадай: ол кісінің жетісінде сіз апайдың жылының санына сәйкестендіріп, \"Махаббат, қызық мол жылдар\" кітабының 80-ге жуық данасын жұртқа тараттыңыз. Қырқында сондай мөлшерде \"Өмір өрнектері\" кітабын үлестірдіңіз, Әз аға, апамның тәбәрігі деп. Міне, жылында бәріміздің қолымызға \"Халиманы ұстаттыңыз. Сізден басқа бір де бір қазақ жазушысы не өзі өлгенде кітап үлестірткен жоқ, не әйелі өлгенде жыртысына кітап таратқан жоқ. Қазақ жазушылары тұрғай, бүкіл әлем әдебиетінде мұндай оқиға болды ма екен? Әй, болмаған шытар. Бұл да Халима апамның шарапаты. Халима апамыздың үлгісі ұлт қанына сіңіп, ұрпақтан ұрпаққа дарысын. *** Серғазы САРБАЕВ, бұрынғы Ақбұзау аулының тұрғыны, Нұршайықовтардың жиені Халима тәтем біздің ауылға жазда келін болып түсті. Бес-алты жыл тұрған соғыста қайтыс болған Нұршайық нағашымның үйінің есігін ашып, табалдырығын аттады. Мен ол кезде 4-7 жасар бала болатынмын. Менің шешем Нұрша Нұршайық ағамның туған қарындасы болатын. Шешем 2-3 күнде бір маған: — Бар, нағашыңның үйін шолып кел, есік терезесі аман ба екен? — деп жұмсап отыратын. Мен ақ сабау \"атыма\" мініп алып, шауып барып, ауылдың Жаңғызтөбе жақтағы ең сыртқы көшесіндегі Нұршайық нағашымның үйін шолып қайтатынмын.

Иен үйге кім тиюші еді? Есігіндегі үлкен қара құлып қозғалмастан тұратын. Үйдің сырты қабырғалары қопсып, алақандай алақандай болып, жерге түсіп жағатын. Сондықтан қабырғаларының бәрі қотыраш-қотыраш боп көрінетін. Бірнеше жыл сырты сыланбаған үй сондай болмағанда қандай болсын? Тек қашан барсам да үйдің төбесінде нағашымның Қарашеке деген иті ғана жататын. Көше шаңын құйындатып келе жатқан мені көріп, төбеден түсіп, құлыптаулы есіктің алдына барып жататын. Есіктің құлпына бір, маған бір жаутаң-жаутаң қарайтын. Мен үйден шешем беріп жіберген сүйек-саяқты Қарашекенің алдына қоямын. Қарашеке оларды қатырлата шайнап, құйрығын қайта-қайта бұлтаңдататын. Кейін Қарашеке Әзілхан нағашымның \"Махаббат, қызық мол жылдар\" деген кітабына кірді. Ол байғұс мені көрсе осы үйдің жақыны екенімді біліп, арсалаңдап қалатын. Алдына тастаған сүйекті шала-пұла шайнап, шапқылап үйге қайтқан менің соңымнан ілесіп келіп, кейін қайтатын. Міне, Халима тәтем келін боп түскеннен кейін осы үйдің иесі болды. Нұршайық нағашымның естіген талай жыл тұрып тот басып кеткен қара құлып алынып, сыртқы есік ашық тұратын болды. Үйдің мұржасынан түтін будақтады. Халима тәтем ауылға жаяу келді. Әлсейіт Мұсақұлов деген колхоз бастығы Әзілхан нағашыма: — Келіншек әкелгенінде 9-разъезте пар ат жектіріп, өзімнің тірәшмөнкемді жіберемін, деген екен. Ол уәдесін орындамапты. Сондықтан 9-раъезден пойыздан түсіп, Әзілхан нағашым, Халима тәтем және тәтемнің жолдасы бір қыз үшеуі ауылға жаяу келді. Түнде жауын жауған, жер батпақ болатын. Сол батпақты кешіп, біз, он-он бес шақты кішкентай балалар аға мен тәтемді алдарынан күтіп алдық. Бір ауыр үлкен шамадандары бар екен. Нағашым мен тәтем екеуі қолдаса көтеріп келе жатқан сол шамаданды құмырсқадай жабылып, біз көтеріп әкеттік. Иен үйде мал болушы ма еді? Колхоз тойға соятын қой беремін деп, бермепті. Халима тәтемнің тойы тышқан мұрны қанатылмай өтетін болды. Қайырлы болсын айта келген жұрт, менің шешем қуырып, келіге түйіп қойған құрғақ талқанды асап, бидай жеп үйлеріне қайтып жатты. Сол күні кешке қарай менің Қалидолла нағашы құрдасымның әжесі тоқтасын шешеміз мүйізінен сүйрелеп, біз артынан итеріп, бақыртып, үйіндегі жалғыз ешкісін алып келіп, Халима тәтемнің тойына сойдырды. Тоқтасын әже Нұршайық нағашымның жақын жеңгелерінің бірі екен. Міне, менің есімде осы оқиға сақталып қалды. Екінші есімде қалғаны Халима тәтемнің жалаңаяқ балшық басқаны. Халима тәтемді ауылға келін етіп түсіргеннен кейін Әзілхан нағашым Ақсуат жаққа жолаушы кетіп қалды. Семейдің газетінде қызмет істейді екен, соның жұмысымен кетіпті.

Нағашым жолаушы кеткенде Халима тәтем менің шешем Нұршадан үйдің іші- сыртын қалай сылаудың жайын сұрайды. Шешем жер ойып, топырақ көп сытып, балшық басу керектігін айтады. Халима тәтем балшықты қалай жасауды сұрайды, шешем айтып түсіндіреді. Нағашымның үйінің қасында құдық бар болатын. Халима тәтем мен менің шешем екеуі сол құдықтың қасынан кішкентай шұңқыр ояды. Соған құдықтан алып, су құйып, Халима тәтем жалаң аяқтанып балшық басуға кіріседі. Осы кезде шешем далада ойнап жүрген мені тауып алып: — Бар, барлық балаларды жинап әкеліп, Халима тәтелеріңе балшық басуға көмектесіңдер, — деді. Мен шапқылап жүріп, ауыл балаларын жинап, нағашым үйінің қасына келдік. Келсек, Халима тәтем көйлегінің етегін түріп алып, жалғыз өзі балшық басып жүр екен. Күп беріп, бірнеше бала шұңқырға түсіп кеп кеттік. Халима тәтеме орын болмай, шұңқырдың шетіне шытып кетті. Біз ойнап, атша шапқылап балшық басып жүрміз. Бір кезде менің шешем: — Болды, балшықтың иі қанды. Енді ойындарыңа жүре беріңдер, деді. Халима тәтем бізге алғыс айтып, басымыздан сипап, әрқайсымызды бетімізден сүйді. Халима тәтемнің кір-кір бетімізден сүйгенін керемет сыйлықтай көріп, аяғымызды шала жуып, ойнымызға қарай жүгірдік. Халима тәтем бәріміздің аяғымызға шелектен су алып, өзі құйып тұрды. Біз оған ұялып, кейбіріміз аяғымызды жумастан жүгіре жөнелдік. Содан кейін менің шешем мен Халима тәтем екеуі біз басқан балшықтан алып, қолдарымен үйдің сыртын сылауға кірісті. — Жас келін үйінің сыртын сылап жатыр екен! — дегенді естіп, бірсыпыра ауыл әйелдері білектерін сыбанып, Нұршайық нағашымның үйіне қарай ағылды. Оларды тағы да Тоқтасын әжем бастап келді. Сөйтіп, 6-7 жыл сыланбай тұрған үйдің сырты сыланып, қара жалағы кетіп, әдемі болып қалды. Тәтемнің сонда жалаңаяқ балшық басқаны, бет-ауыздары кip-кip ауыл балаларынан жиіркенбей бетінен сүйгені ұмытылмастай болып, есімде қалды. Әлі күнге дейін көз алдымда. Содан кейін Халима тәтемдер қалаға көшіп кетті. Кетерлерінде нағашым мен Халима тәтем әкелерінің үйін Нұршайық нағашым өз қолыммен салған үйді бізге

беріп кетті. Ол кезде біздің өз үйіміз жоқ, уақытша басқа біреудің үйінде тұрған болатынбыз. Әкем де әскерден қайтты. Біз қарық боп қалдық. Сол үйде біз елу жыл тұрдық. Менің әйелім мына Майра келін болып, сол үйдің босағасын аттады. Екеуміздің 5-6 баламыз сол үйде дүниеге келді. Тек 1997 жылы ғана сол үйден шығып, Семейге көшіп кеттік. Әзілхан нағашым 70-ке толғанда ауылға келді. Ат шаптырған үлкен той болды. Сонда өздерінің ескі үйлеріне, Халима тәтем сыртын өз қолымен сылаған үйге қонды. Қастарында Тұрсынбек аға Кәкішев әйелімен болды. Мен Тұрсынбек ағаға ат мінгіздім. Сол күні ауылда туған кіп-кішкентай қызға Халима тәтемнің аты қойылды. Біз ауылда тұрғанда Халима тәтем бізге Алматыдан сәлемдеме салып, алма және балаларға киім-кешек жіберіп тұратын еді. Халима тәтем қайтыс болыпты деп естігенде мен екі көзімнің жасына ие бола алмадым. Мына Майра куә. Халима тәтемнің жылына Семейден арнайы келдік. Қазір де көзіме жас келіп тұр. *** Жамал ТОМАНОВ, университет ұстазы Халимамен он бес жыл бір үйде, бір подъезде көрші болып тұрдық. Осыншама жыл ішінде Халимадан бір ауыз артық сөз естіп, оғаш қылық көргеніміз жоқ, Жазушылар одағының үйіне жиналған қырық шақты отбасының ішінде ен сыйлы, құрметті көршіміз Халима болды. Үйге бір көбірек қонақ шақырып, әлде бір той өткізіп жатсақ, ыдыс-аяқ, үстел- орындықтарды тек қана Халимадан сұрап алатынбыз. Халима қабақ шытпастан, ширақ қозғалып, сұрағандарымызды қолымызға ұстаған. *** Зәуре ӨМІРБЕКОВА, көршісі Халима жұрттың бәрімен жылы сөйлесетін еді. Оның біреуге бір рет қабақ түйгенін көрген емеспін. Бәріміз де жазушылардың әйелдеріміз ғой. Кейде күйеулеріміз сыйлық, атақ алса, біздің де өзгелерге шекемізден қарап, шіреніп қалатынымыз болады.

Ал Халима ешқашан асып-таспайтын. Күйеуім атақты болды деп күмпиіп кетпейтін. Күйеуі халық жазушысы болмағандай немесе лауреат атағын алмағандай, бетегеден биік, жусаннан аласа күйде жүретін. *** Мағрипа (Мақыш) БАЙСЕЙІТОВА, төрт дүркін қажы Халиманың жылы жүзі мен жібек мінезінде өзгеше бір қасиет болатын. Сол қасиет жақынды жанына тартып, жатты туыс еткізетін. Соншама сабырлылығы оған оташ сөз айтуға мүмкіндік бермейтін. Менің ерім Рымбек Байсейітов марқұм Әзекең мен дос болатын. Екеуінің сонау соғыс кезінде майданда басталған достықтары Рекең өмірінің соңғы сағатына дейін үзілген әзілдескен емес, қатты құрметтейтін. Бірде мен Рекеңе: — Басқа құрдастарыңның әйелдерімен аянбай әзілдесесің. Халимамен әзілдеспейсің ғой, — дедім. Сонда Рекең: — Халима әзілдің емес, ақылдың адамы. Парасатты кісінің қасында байыпты болу керек, бәйбіше, — деді маған. Мен тақымдап қойдым — Басқа құрдастарының әйелдері парасатсыз болғаны ма сонда? — дедім. — Әркімнің парасаты әр түрлі ғой, — деді Рекең. Сол парасатты досымыз, құрдасымыз, қымбатты Халимадан айрылып қалдық. \"Топырағы торқа болсын!\" дегеннен басқа не айтамыз. Өзім құран оқығанда: \"Халима Қалиәкпарқызына да тие берсін!\" ден үнемі дұға бағыштап отырамын. IV ТAPAУ

АВТОГРАФТАР І Керейхан АМАНЖОЛОВ: Қадірменді құдағи Халима! Құрметті Әзеке! Өздеріңізге деген шынайы ізгілік көңілден. Сіздерге деген құрметпен Керейхан. (\"Әскери терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі\". 1982). 2 Керейхан мен Фарида АМАНЖОЛОВТАР: Ардақты құда Әзілхан, құдағи Халима! Өркендеріңіз өсіп, ел-жұрт ортасында жарқырап жүрулеріңізге тілектеспіз. Жеңіс күнімен құттықтаймыз. Фарида, Керейхан. (\"Ерліктің жарқын беттері\" кітабы, 1987). 3 Зейнеп АХМЕТОВА: Ардақты Әз аға, Халима aнa! Сырттарыңыздан тілеулес, тілектес болып, тек жақсылық тілейтін келіндеріңіз. Зейнеп. (\"Шуақты күндер\". Бауыржан Момышұлы туралы естелік-эссе. 1987). 4 Байжігіт ӘБДІРАЗАҚОВ: Алтын аға — Әзекеңе,

Асыл жеңгем Халекеңе. Б. Әбдіразақов. (Қ. Ертаевпен бірлесіп жазған \"Сыр саңлақтары\" кітабы. 1985). 5 Тұрсынхан ӘБДІРАХМАНОВА: Аяулы Әз ағаң мен қадірлі Халимаға зор денсаулық, биік мерей, амандық тілеп. Құрметпен Тұрсынхан (\"Сыр бөлісемін\" кітабы. 1990) 6 Дихан ӘБІЛЕВ: Аяулы Әзілхан мен Халима айналайын! Жоқтан бар жасап өрнектегенше, өмір шындығын өрнектеген хикая ғой бұл \"Махаббат құдіреті\". Оқып көріңдер. Естелік үшін, естіліктерің үшін тартуым. Ағалық ыстық ықыласпен Дихан Әбілев. (\"Махаббат құдіреті\". Повесть және әңгімелер. 1991). 7 Мұзафар ӘЛІМБАЕВ: Қазақстан жастарын қастерлі махаббатқа тәрбиелеуші Әз ағана, ол кісінің оң қол уәзірі Халима жеңешемізге үзақтүмыр, нық денсаулық, биік шабыт тілеп. Мұзафар. (\"Тәрбие туралы әңгімелер\" кітабы. 1972). 8 Ардақты жеңгеміз Халимаға, аяулы бауыр-аға Әз ағаға, інішектер Арнұр, Жаннұр, Жанар, Жаннатқа! Ширек ғасыр шиыршық атып жиған-терген өлеңдерді немере-шөберелерің білсе, автор риза болар еді-ау.

Шапау, Мұзафар. (\"Бал дәурен, шіркін балалық\" жинағы. 1973). 9 Мұзафар ӘЛІМБАЕВ: Әз ағамызға, Халимаш жеңгемізге! Мына жаман кітап \"Махаббат, қызық мол жылдар\" романының байғазысына. Шапау, Мұзафар. (\"Көңіл күні.\" Таңдамалы. 1971). 10 Мұзафар ӘЛІМБАЕВ: Ардақты Әз аға, Халима! А. Фадеевтың күміс медаліне тағатын романның абыройына мына бір кітабым белгі болсын. Мұзафар. (\"Сүймеген жүрек семеді\" жинағы. 1987). 11 11 Сағат ӘШІМБАЕВ: Құрметті Әзілхан аға! Аса қадірлі Халима апай! Сіздерге ерекше зор денсаулық тілеймін. Қашан да тек аман-есен болуларыңызға тілектестікпен осынау еңбегімді ұсынамын. Сағат. (\"Парасатқа құштарлық\" кітабы. 1985). 12 12 Әмен ӘЗИЕВ:

Асыл ағамыз Әзекең мен жақсы жеңгеміз Халекеңе зор құрметпен ұсындым. (\"Арпалыс\" кітабы. 1997). 13 Тұрсынхан ӘБДІРАХМАНОВА: Әз аға, Халима! Бүрсігүні 9-май Жеңіс күні. Бір үйде ерлі-зайыпты екі майдангер болуы, олардың жанұяларының үбірлі-шүбірлі болуы, өмірлерінің өзгелер қызығардай сәнді- салтанатты, шуақты, жарқын, жылы болуы сирек. Сіздерге осы баянды бақытты Алла Бұйырыпты. Сол мәңгі болсын! Осы сән салтанат, бақыт ұрпақтарыңызға да бұйырып, Нұршайықовтар ұясының аты ұрпақтан ұрпаққа өтіп, мәңгі маздасын. Сіздер мұны қан майданда жеңіп алдыңыздар! Сол үшін жаңа ғасыр басында жарық көрген жаңа кітабымды ізгі тілектестікпен, туыстық адалдықпен сый етемін. Тұрсынхан. (\"Заман сазы \" жинағы. 2000) 14 Тұрсынхан ӘБДІРАХМАНОВА: Аяулы Әз аға! Талай ауырды көтеріп, бастан өткердіңіз. Қымбатты Халимадан айырылып қалған бұл ауыртпалықты да қара нар боп, майыспай, қайыспай өткеретініңізге сенем. Әз ағам болып әлі де ұзақ жасауыңызға тілектеспін. Тұрсынхан. 9.08.2001. (\"Сөйле, қалам\" кітабы. 2001). 15 Амантай БАЙТАНАЕВ: Ардақты Әзілхан! Қымбатты Халима! Туыстыққа бергісіз достығымыз әманда жалғаса берсін. Амантай.

(\"Жаңғырды дала\". Роман. 1965). 16 Сәуірбек БАҚБЕРГЕНОВ: Қымбатты Әзілхан, ардақты Халима! Достық ниетпен шын көңілден. Автор. (\"Қайран шешем \". Роман. 1963). 17 Төлбай БАЛАҚАЕВ: Қадірлі Халимаш пен Әзекенді құрметтеуші автор Балақаев. (\"Колхозное крестьянство в годы Великой Отечественной войны \". 1971). 18 Рахманқұл БЕРДІБАЕВ: Ағамыз Әзілхан мен жеңгеміз Халимаға. Құрметпен Рахманқұл. (\"Гүлстанның бұлбұлдары\" кітабы. 1970). 19 Шәрбану БЕЙСЕНОВА: Құрметті Әз аға мен Халима апайға, ізгі ниетпен. Шәрбану. (\"Тойға келген келіншек \". 1980). 20 Г.О. БАТЫРБЕКОВ: Аса құрметті Әз ағаға, Аяулы Халима жеңгейге! Зор құрметпен Батырбековтар.

(\"Академик К. И. Сатпаев и его современники\". 1999) 21 Бэлла БАЙМУХАМЕДОВА: Азильхану и Халиме Нуршаиховым, с уважением и любовью мой \"Дневник\". Б. Баймухамедова. (\"Дневник типичного представителя \". 2000) 22 Зейнолла ӘЙТІМҰЛЫ: Ардақты Әзеке, Халеке! Сақаң (С. Бәйішев) туралы шыққан осынау кітапты құрастырушылары, редактор Лары, редакция алқасы және Сақаңның отбасы атынан өздеріңізге ұсынып отырмыз. Ең ізгі тілекпен, Зейнолла Әйтімұлы (\"Академик С.Б. Бәйішев. Тұлға:азамат, ғалым, қайраткер\". 2000). 23 Әсет БЕЙСЕУОВ: Композитор I Қазақ халқының ардақты ұлы, тамаша жас арулардың жазушысы, талантты Әзекеңе, Әсет інісінен. Әсет Бейсеуов 12.10.1976. II Халима алтын жеңгеме! Сіздің ақ пиғыл, адал көңіліңізге үлкен құрметпен табынушы қайныңыз.

Әсет Бейсеуов 12.10.1976 ж. (\"Ауыл кеші көңілді\". Қазақ әндері. 1976). 24 Леб, Эвелина и Катя ГЫШИНЫ: Дорогим друзьям Халиме и Азильхану Нуршаиховым, от ангора Г. Горышина, художниқа Эвелины Соловьевой и от Қати Горышиной. (Г.Горышин. Избранное, Ленинградское художественное издательство, 1981). 25 Глеб Александрович ГОРЫШИН: г. Ленинград Уважаемым и дорогим Халиме и Азильхану Нуршаиховым с сердечным приветом и поздравлением с днем Победы. Горышин (\"Глядя в глаза Ладоге\". Сборник. 1989). 26 Советхан ҒАББАСОВ: Қадірлі Әз аға! Халима тәте! Сіздердің ақ көңіл, дарқан пейілдеріңізді ұлағат деп ұғатын бауырларыңыздан. Қуаныш, Советхан. (\"Серпер\". Роман. 1979). 27

Дүкенбай ДОСЖАНОВ: Қадірлі Әз аға! Халима жеңгей! Сіздерге деген жақындық белгісі болсын деп осы еңбегімді ұсынамын. Автор. (\"Кісі ақысы\". Әңгімелер. 1978). 28 Петря ДАРИЕНКО: Азильхану и Халиме — увидел вас и полюбил: широқи у вас души. Слава вам и много радостей. Петря Дариенко. (\"Стихи\". Кишиневское издательство. 1959). 29 Мырзабек ДҮЙСЕНОВ: Әзілхан, Халима! Өздеріңе деген ақ көңіл, шын достықтың белгісі болсыншы. Автор. (Ілияс Жансүгіров. Өмірі мен творчествосы. 1965). 30 Мырзабек ДҮЙСЕНОВ: Қимас дос, сыйлас аға Әзілхан, Халима! Біздің достығымыздың басталғанына енді бір жылдан кейін 40 жыл болады екен-ау! Содан бері арамызға от түспей, ыстық көңіл суымай келе жатыр ғой. Көңілдің сол температурасы төмендемесін! Өздеріңнің Мырзабегің. (\"Біз күн перзентіміз\". Повесть эссе. 1984). 31

Жәмила ЕГЕМБЕРДИЕВА: Әз қайным, Халима келінім! Баукең аруағына тік тұрып, тізе бүкпей, ағаңыздың бойындағы асыл қасиеттерін ұрпақтарға ерінбей, жалықпай насихаттап келесіз. Баукен шаңырағына ниеттеріңіз таза, көңілдеріңіз ақ. Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілеймін. Жеңгелеріңіз. (\"Өмірінің өзі дастан\". Роман-эссе. 1990). 32 Тұрсынбек КӘКІШЕВ: Ардақты ағай Әзілхан! Саттарға да, маған да риза екеніңізді әрқашан жасырмай, жұртқа жайып жүретін әдетіңізден айнымаңыз. Бала-шағаның ортасында Халима екеуің қаздай қалқып, шаттыққа шомынып жүре берулеріңізге тілектес Тұрсынбек. (Саттар Ерубаев. \"Менің құрдастарым\". Шығармалары. Құрастырған Т. Кәкішев. 1979). 33 Есенгелді ЖАҚЫПОВ: Ардақты аға, жеңгем Халима! Сіздерге Рая екеуміз ықыласымызбен ұсындық Е.Жақыпов. (\"Дастаннан драмаға\". 1979). 34 Шәрбану КОМАРОВА: Әдебиетші ұстазым, өмірдегі ақылшым — ардақты Әз ағаңа және жазушының жан жары, тұмырлық досы — сүйікті Халимашқа,

Сіздерге деген шын ілтипатпен Шәрбану. (Жиенқұлова Шара. \"Өмірім менің өнерім\". Әдеби жазбасы Шәрбану Құмарованікі. 1983). 35 Мәрияш ЖАҚЫПОВА: Аса құрметті Әзілхан аға, Халима тәте! Сіздердің Октябрьдің 70 жылдық тойымен құттықтап, бірнеше жылты еңбегімнің нәтижесі осы кітабымды сіздерге шын жүректен сыйлаймын. Жұптарыңызды жазбай, балалардың бақытты өмірін, қуанышын көріп, бақытты, еңбекті өмір сүрулеріңізге тілектес келіндеріңіз, медицина ғылымының кандидаты Мәрияш Әбілқызы Жақыпова. (\"Эвангоспитали Казахстана в годы Великой Отечественной войны\". 1985). 36 Рәзия РҮСТЕМБЕКОВА ИМАНЖАНОВА: Жан достарым, Мұқанымның достары Әз ағаң мен Халимашқа! Шын жүректен. Рәзия. (Иманжанов Мұқан. \"Көк белес\". Повесть және роман. 1960). 37 Мұқан ИМАНЖАНОВ: Халима, Әзілхан! Мына бір кішкентай жинағымды кітаптарыңның арасына сала салыңдар!

Автор Иманжанов. (\"Таныс қыз\". Әңгімелер. 1952). 38 Қалмұхан ИСАБАЕВ: Мен үшін тарту күші бар Әзекең мен Халекеңе! Автордан. (\"Серт \". Роман. 1991). 39 Қалмұхан ИСАБАЕВ: \"Халықтар достығы\" орденін алған күні Әзекең мен Халекеңе! Ұсынушы Қалекең мен Зәпекең. (\"Арна\". Роман. 1984). 40 Қалмұхан ИСАБАЕВ: Сүйікті Халима жеңгемізге — Айқыздың сіңлісіне! Автордан. (\"Айқыз\". Роман. 1967). 41 Қалмұхан ИСАБАЕВ: Әзекең мен Халекеңе! Меккеге бармаса да қөңілдері,мінез - құлықтары және адамға деген ізеттілігі қажыдан да артық ағам мен жеңгеме. Қалмұханнан. (Қалмұхан Исабаев, Сапар Байжан-Ата. \"Қажыға барған қызықтар\". 1996). 42 Әбілфайыз ЫДЫРЫСОВ:

Қадірлі Адамым Әз ағама! Қадірлі Халима жеңешеме! Ниетпен, жүрекпен. Әбілфайыз інілеріңіз. (\"Тан - Шолпан или история любви \". Роман. 2001). 43 Тұрсынбек КӘКІШЕВ: Ауруханада шалқасынан жатып, шығарма оқитын және пікірін диктофонға жаздырып, газетке жариялайтын Әзілхан ағама, оның бабын тауып, бүкіл өмірін осы жолға сарп еткен азамат апам Халимаға шын көңілімнен, адал тілегіммен осылай тарта берулеріне тілектес. Тұрсынбектен . (\"Сәкеннің соты\" Құжат-хикая. 1994). 44 Тұрсынбек КӘКІШЕВ: Алтыннан да қымбат апам Халима мен ағамыз Әзілханға! Өмірдің өр биігіне достық көңіл, жарастық бірлікпен тарта берейік. Анау-мынауды ерлікпен, қуаныш- шаттық пен жеңіп және жан жадыратар күлкі қалжыңмен жүре беруге шақырушы Күбіра мен Тұрсынбек қой. (\"Садақ\". Эссе. 1986). 45 Тұрсынбек КӘКІШЕВ: Алтыннан ардақты апам Халима мен асыл ағам Әзілханға әрқашан мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеп, бала-шағаның қуаныш-шаттығына бата беруді тілеуші Тұрсынбек. (\"Поступь \". Статьи,

исследования, портреты. 1988). 46 Тұрсынбек КӘКІШЕВ: Ардақты Халима, аға Әзілхан! Әрқашан амандық-саулықта болып, қалың әлеумет алдында жарқырай берулеріңізге тілектеспін. Тұрсынбек. (\"Жасампаз өлке\". Сапарнама. 1989). 47 Тұрсынбек КӘКІШЕВ: Ардақты апай Халима! Қадірлі ағай Әзілхан! Қазақтың қадірлі азаматтары екендеріңізді 70 жылдық тойларыңыз көрсетті ғой. Осы абырой биігінен әрі өрмелеңіздер, төмендеуге құқықтарыңыз жоқ. Әрқашан бала-шағаның қызық-қуанышына бата берулеріңізге тілектес Күбіра, Тұрсынбек. (\"Санадағы жаралар \" кітабы. 1992). 48 Тұрсынбек КӘКІШЕВ: Ардақты Халима Әзілхан! Қыз Жібек пен Төлегендей болған іс - қылықтарыңыз бен жібек мінездеріңізге қызыға қарап, өнеге алушы Күләш Тұрсынбек деп түсінерсіздер. Әрқашан аман-есен болып, қуаныш шаттыққа кенеліңіздер. (\"Сәкен сүйген сұлулар\". 1997). Тұрсынбек КӘКІШЕВ, Күләш САДЫҚҚЫЗЫ: Ардақты апамыз Халима!

Құрметті ағамыз Әзілхан! Барлық үлгі-өнегені өздеріңізден алғандықтан, бірігіп кітап та жазып жібердік. Уақытыңыз болса — оқырсыз, көңіліңіз шапса — пікір айтарсыз 75 дегеннің қуатымен. Қол ұстасып, жасай беріңіздер. Қуаныш шаттық көп болсын. Күләш, Тұрсынбек. (\"Тар жол, тайғақ кешудің тағдыры\". 1997). 50 Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ: Ардақты Әзілхан аға! Өмірдің әр қиясынан бірге өтіп келе жатқанда абыройлы болудың бір парасын Сіздің іс-әрекеттеріңізден көріп, ғибрат алып жүрген ініңіз екенім өзіңізге мәлім. Шығармашылықта шау болмайықшы. Менің ешқандай баға жетпейтін алтын апам Халиманың аруағы Сізді қолтығыңыздан демеп, жаңа жеңістерге жетелей берсін. Тұрсынбек, Күләш. (\"Мағжан-Сәкен\". Ғылыми эссе. 2002). 51 Ғаббас ҚАБЫШЕВ: Әз аға! Халима апай! Ауырғанды қоялық! Ғаббас. (\"Смех и слезы\". Юмористические, сатирические рассказы. 1990). 52 Ғалымжан ҚАЛЛЕМОВ: Қадірлі Халима тәте! Әзілхан аға! Өздеріңізді ең жақын туысындай көріп, пана тұтатын ініңізден. Ғ.Қаллемов.

(\"Мен жетім емеспін \". Повесть, әңгімелер. 1968). 53 Өтебай ҚАНАХИН: Өзім аса қадір тұтатын Халима бәйбішеге және азамат ретінде де, қаламгер ретінде де, дос ретінде де пір тұтатын Әз ағама зор ізетпен. Автордан. (\"Құдірет \". Роман. 1979). 54 Өтебай ҚАНАХИН: Халимашқа Өтебайдан. (\"Мұрагер \". Әңгімелер. 1959). 55 Өтебай ҚАНАХИН: Өзім өте жақсы көретін Әзілханға және Халимаға, Оларды қатты құрметтейтін автордан Ө. Қанахин . (\"Ауыр күндерде\". Повесть. 1958). 56 Ғаббас ҚАБЫШЕВ: Әз аға! Халима апай! Өздеріңіз әкеліскен Жеңіс тойының әлі де 25-ін өздеріңізбен пірі с өткізуді тілейміз. Әзіз, Зада, Ғаббас Қабышевтар (\"Біз де тірі жанбыз\". Сықақ әңгімелер. 1993). 57 Жібек ҚАҢТАРБАЕВА: Халима мен Әзекеңе,

Достық мейіріммен. Автор. (\"Аққағаз Досжанова\". 1974). 58 Зейнолла ҚАБДОЛОВ: Ардақты Әз аға мен сүйікті Халима апайға! Шын жүректен, Ақ тілекпен — З. Қабдолов. (\"Әуезов\". Әдеби шығарма, ғылыми зерттеу бәрі де Әуезов туралы. 1997). 59 Орынша ҚАРАБАЛИНА ҚАЗЫБАЕВА: Халима апай туралы жазғаныңызды басылым беттерінен оқып, көз жасымды сытып алдым. Өзіңізге Алла қуат, ұзақ ғұмыр берсін. Балаларыңыздың, халқыңыздың қуанышына бөлене беруіңізге тілектес Орынша қыздан. (\"Тағдыр\" кітабы. 1999). 60 Сайын МҰРАТБЕКОВ: Қадірлі Халима жеңгей мен Әзілхан ағама! Сіздерге тек жақсылық тілеген, қашанда құрмет артқан көңілден. Сайын Мұратбеков. (Шығармаларының екі томдығы. Бірінші том. 1986). 61 Роза МҰҚАНОВА: Қазақ халқына, ұрпағына мерейі үстем жазушы Әзілхан аға мен қадірлі Халима апайға Зор құрметпен Роза.

(\"Жарық дүние\". Әңгімелер. 1994). 62 Бақытжан МОМЫШҰЛЫ: Қымбатты Әз аға, аса құрметті Халима aпa! Мен шын жүректен сіздің семьяңызға дүниедегі бар жақсылықты тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор болсын, табыстарыңыз үлкен болсын. Жеңістеріңіз биік болсын, жұлдыздарыңыз жарық болсын. Ініңіз Бақытжан Момышұлы (\"Восхождение к отцу\". Роман-эссе. 1986). 63 И.И. ЛЯПИН и Т.С. САРТАКОВА: Милым и добрым людям, дорогим нашим друзьям Халиме и Азильхану Нуршаиховым с любовью. Игорь и Таня Ляпины. (Ляпин И.И. \"А вечности в запасе нет \". Стихотворение, поэма. Мәскеу. 1985). 64 Кәмен ОРАЗАЛИН: Халимаш пен Әзілханға! Туысқандық көңілімізден. Лиза, Кәмен. Абай селосы (\"Ақжазық\". Роман. 1959). 65 Кәмен ОРАЗАЛИН: Халимашқа ескерткіш. Оның балаларына ұзақ ғұмыр тілеймін.

Кәмен. (\"Абайдан соңғы арыстар\". Роман. 2002). 66 Жаппар ӨМІРБЕКОВ: Ардақты Әзілхан, Халима! Байқағанға қызық екен бұл адам, Сырлас болмай, мұңдас болмай ұзақ жыл, Артық екен бірте-бірте ұнаған. Жаппар ағаларың. (\"Тастүйін\". Повесть. 1980). 67 Жаппар ӨМІРБЕКОВ: Ардақты Әзілхан! Халима! Әкелеріңіз жүз жылдығын тойлап, мәз-мейрам болып отырмыз. Бұл соғыста кімнің әкесі өлмеді. Бірақ екеуіннен өзге қайсымыз соғыста өлген қарапайым солдаттың жүз жылдығын өткізіп жатырмыз?! Ағадан ұл туған екен, ата жолын қуған екен, өнегелі өрендер өсе берсін, өркенді өмір өте берсін. Нұршайық әулетінің даңқы арта берсін. Жаппар Өмірбеқұлы. (\"Неспроста цветут сады\". Стихи. 1991). 68 Валентина ПАНФИЛОВА: Милой, дорогой Халиме Халиақбаровне Нуршаиховой, человеку интересной судьбы. С любовью В. Панфилова. (Книга \"Панфилов Иван Васильевич\". 1975). 69 Семен РУФОВ: ЯКУТИЯ Халиме-ханум и Азильхану ага — с глубоқим уважением от всего сердца на память о наших встречах.

От Руфовых. 30 октября 1989 г. г. Алма-Ата. 70 Рәзия РҮСТЕМБЕКОВА ИМАНЖАНОВА: Әзілхан! Халима! Ұзақ жылдар Мұқанымның жанашыр досы болған аяулы жандар едіңдер. 40 жыл өтсе де естеріңнен шығармай әр дәйім жылы лебіз арнап жазған мақала- естеліктеріне балалар да, мен де дән ризамыз. Баяты сыйластық көңілден. Рәзия. (Кемеңгерұлы Қошке. Шығармалар Құрастырушы филология ғылымының кандидаты Рәзия Рүстембекова. 1995). 71 Дмитрий СНЕГИН: Азильхану и Халиме Нуршаиховым — моим фронтовым друзьям — сердечное обьятие. Здоровья, благополучия и попушкински юного творчества в новом столетии. Дмитрий Онегин. (\"Странное сближение или вокруг Михайловского\". Новеллы. 1999). 72 Татьяна САРТАКОВА: Дорогим нашим друзьям, добрым, сердечным людям — Халиме и Азильхану Нуршаиховым, и младшему поколению этой славной семьи — с самыми нежными чуствами, наилушими по-желаниями и неизменным глубоким уважением. Т. Сартакова.

(Кенеш Жусупов. \"Сабыр и дедушка\". Повесть. Авторизованный перевод с киргизского Т. Сартаковой. 1980). 73 Шамшиябану СӘТБАЕВА: Аса қадірлі Әз ағаға, аяулы Халима жеңгейге! Зор ілтипатпен. Шамшиябану Оразай (Ш. Сәтбаева. \"Сәулелі әулет\". 1996). 74 Ардақты ағамыз Әзілхан, аялуы жеңгей Халима! Қанекеңнің аруағы өздеріңізді әрдайым демеп, желеп жүрсін деп осы кітапты үлкен құрметпен сыйлаймыз. Сәтбаевтар, Батырбековтар. (\"Академик К.И. Сатпаев\". Из писем и заметок. 1998). 75 Сәлкен СҰБХАНБЕРДИН: Құрметті Халима, Әзілхан! Достық, туысқандық көңілден. Сәлкен. (\"Дәрі дертке дayа, жанға шипа\". 1965) 76 Кеңес ЮСУПОВ: Ақылшым абзал аға Әзкеңе, қадірлі, қамқор Халекеңе осы кітаптың авторы. інілеріңіз Кеңестен (\"Ақиқат сапары\". Әңгімелер. 1977). 77 Кеңес ЮСУПОВ:

Әзілхан ағаға, Халима апайға адал көңілмен, ақ терін төккен аудармашы інілеріңіз К.Юсупов. (Габриэль Гарсия Маркес. \"Жүз жылдық жалғыздық\" Роман. Орыс тілінен аударған Кеңес Юсупов. 1985). 78 Гүлмәрия АЙТМАҒАМБЕТОВА: Әзілхан мен Халимаға! Сыршыл да нәзік жүрекпен, Адамдар жайын жыр еткем. Қадірлі достар, жерлестер, Қабыл ал, игі тілекпен Гүлмәрия. (\"Жырлайды жүрек\" жинағы. 1985). 79 Тұрсынхан ӘБДІРАХМАНОВА: Аяулы Әзекең мен Халима! Құрмет, ілтипатпен. Тұрсынхан. (\"Көркемдік кілті шеберлік\". Жинақ. 1985). 80 Мұзафар ӘЛІМБАЕВ: Асыл сөздің ғашығы, бағалы ойдың ғалымы Әз ағаңа! Сол Әз ағаңды ай астынан бағып-қағып отырған Халима жеңгемізге, әрқашандағы адал, туыс, бауыр көңілден. Шапау, Мұзафар.

(\"Маржан сөз\". Мақал-мәтелдер. 1978). 81 Нұрғазы ШӘКЕЕВ: Ел-жұртта қадірлі, ардақты, абыройлы жазушымыз Әзілхан ағамыз бен Халима апайымызға орыс мықтысы Лесковты қазақшаға аударып шыққан. Нұрғазы Шәкеевтен. (Лесков И.Е. \"Солақай\". Повестер. Аударған Н. Шәкеев. 1983). (Бұл тараудағы автографтардың бәрі Халима өз қолымен жасап кеткен Картотекадан көшіріліп алынды). 82 З. ТӨРЕБАЕВАҒА: Қымбатты Зеке /Зейнеп бәйбіше/! Халима соғысты бітіріп, Мәскеуден бейтаныс Шар ауданына /Семей облысы/ келгенде аудандық оқу бөлімінің жетекшісі Сіздің қолыңыздан Новотаубинко жетіжылдық мектебіне мұғалімдік жолдама алған. Сіздің қарамағыңыздан мен ол кісіні келіншек етіп алып кеттім. Содан бері 56 жыл болыпты. Мен Халимамен бірге 54 жыл өте бақытты өмір сүріп, Сіздің бұрынғы мұғаліміңізден 2001 жылы айырылып қалдым. Содан бері ол кісіні үнемі жоқтаумен келемін. Жазылып жарыққа шығуына Халима қисапсыз еңбек сіңірген бұл кітапты ол екеуміздің атымыздан Сізге зор құрметпен сыйлаймын. Қолымнан қыз алған \"күйеу бала\" еді деп, арнайы келіп жүздескеніңізге мың рахмет. Сіздің жерлесіңіз Әзілхан Нұршайықов. 19.04.2003. Алматы. P.S. Сіз Алматы мешітіне \"Құран\" кітабын сұрап барғаныңызда ондағы молдалар ол кітапты Сізге бермеген екен. Әбсаттар болмады, ол болғанда қайтсем де алатын едім деп қатты өкіндіңіз. Осы \"Өмір өрнектерімен\" қоса \"Құранның\" өзімдегі артық бір данасын және сыйлаймын қабыл алыңыз. Әзілхан Нұршайықов.

19.04.2003. V ТАРАУ

ECTEЛIКTEP Муза Есенғалиқызы АБДУЛЛИНА, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің озаты ЖҮРЕКТІ ТУАТАДЫ ЖЫЛЫ СӨЗІ Біз Әзекең ағамен Қазақ мемелекеттік университетінде соғыс аяқталған жылы бір мезгілде білім алдық. Ол кісі майданнан оралған. Үнемі әскери киімімен жүреді. Жып-жинақы, киімі өзіне өте жарасымды. Біздер ол кісіге аса зор сыйластық сезіммен қарайтынбыз. Бізге жеңіс әкелуші батыр деп ұғатынбыз. Біздердің жоғары курстарда оқитын әпкелеріміз бізге үнемі ескерту жасап, жігіттің соңынан жүгірмеңдер деп отырады. Бірақ өздері Әзекең сияқты сұлу жігіттерге көз салып, олармен таныс, қарым-қатынаста болудан аулақ еместігін айқын сезінеміз. Мұны өздеріне айтуға бата алмайтын едік. Алайда, біз оларды \"мұқатудың\" жолын таптық. Әпкелерге сырттай Әзекең боп, \"күйдім, жандым\" деген хатты оқта-текте жазатынбыз. Жігіттен хат алған әпкелеріміз оларға Сізден \"сәлем\" хат алдық деп айта алмайды. Қыздың жігітке өз тарапынан сөз айтуы қазақ дәстүрінде әдепсіздік, ұят саналады. Сонан іш қуса боп жүрген әпкелердің көңіл- күйіне біздер жас қыздар күле қарайтынбыз. Ал өз атынан қыздарға хат жазылып жүргенін Әзекең де, хат алушы әпкелерміз де білмейді. Біздерге ойын күлкі, әзіл- оспақ керек. Мұны біз ерекше бір ойын көретінбіз. Әдетте, студенттер жатақхананың оқу залына барып сабақ әзірлейтін. Сондай бір сәтте Әзекең оқу залына келгенде әлгі онан \"хат ал алған\" әпкелеріміз Әзекеңе көзін сүзіп, жаудыpaп, үнсіз отырып қалады. Кейде әлдеқайда деп, қағарынан орын алып қоятындары бар. Сонда Әзекең бос орынға келіп отырғанда, қасындағы әпкеміз шымшық торғайша қылт-сылт боп, не айтарын білмей отырғанын көргенде біздер ішек сілеміз қаға күліп, булығып қаламыз. Қасымыздағы қыздарға дауысымызды шығармау үшін аузымызды қол орамалмен басып аламыз. Әзекеңше хат жазғанда \"Құрбым-ау, ішің білсін, Сізге тікелей барып сөз айтуға баға алмай жүрмін, бір реті келер\" деп те қоямыз. Бірақ әпкелер әркімнен сұрастырып, Әз ағаның Мәскеуде Халима деген ғашығы барын біліп алыпты. Көңілдері су сепкендей болған әпкелер енді Халима апайды көруте ынтық екен. Мен Халима апаймен алғаш саяжай басында таныстым. Редакция саяжай жерін Әзекеңнің сыйлы досы, Алматы облыстық Советінің торағасы Елагиннің көмегімен алыпты.

Менің жұбайым Орекең (Орақ Сматұлов) Әзекеңмен баспасөз саласында қызметтес, тағдырлас болатын. Бірде саяжайға барғанда мені Халима апаймен таныстырды. Халима аққұба, жылы жүзді, мейірлі, қарақат көздері күлімдеген сұлу кісі екен. Ол маған \"Е, Муза, сенсің бе, ағаң арқылы білетін едім\" деп, құшақтап, бауырына басып, бетімнен сүйді. – Муза, жүр, ашық аспан астында, таудың дауалы ауасында отырып шай ішейік, — деп қолымнан жетектей жөнелді. Мен ұялып ермедім. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Халима апаймен сыйластықта болдық. Біздің Орекең Халима апайға жиі-жиі телефон соғып әдебиет турасында, кейбір мақала жөнінде сырласады. Ал Халима апай өте білімді, білікті, көрген-білгені мол, көп оқитын ақын жанды кісі екен. Орекеңнің онан ақыл-кеңес алатыны сонан болса керек. Орекең әрі әпкесі, әрі жеңгесі санап, Халима апай алдында ойын-ерке сөзін айтуға батыл еді. Бірде шілденің шіліңгір ыстық күні еді. Біз саяжай маңында көкшалғында отырғанбыз. Қасымыздағы асфальт жолғға тоқтаған мәшинеден Халима апай жоғары қырдағы саяжайына бармай біздің қасымызға түсіп қалды. Артынып- тартынған. Жүгінің ауыры бес-алты литр сұйық зат сиятын үлкен бидоны бар. — Халеке, не қаладан ауыз су артып алын келгенсіз бе? — дедік. — Жоқ, Әзекең сусындасын әрі қасында басқа жігіттер де жүр. Соларға арпа ұнтағынан пісірілген, айран, сырок (арнайы ірімшік) қосқан сусын әкелдім. Шөлдеген шығарсыңдар, — деп, дорбасынан кесе алып, оған бетінде тоңазыған сарымай түзілген, көбігі бұрқыраған, ашыған айран көжені құйып берді. Сіміріп алдық. Расында шөліркеп отыр едік. Маңдайымыздан тер бұрқ ете түсті. Апайға алғысты жаудырып жатырмыз. Ол кісі жәй жымиды. Тағы да бірде Орекең \"Халима апай, Сіз осы Әзекең ағайды айрықша аялайсыз, неге олай?\" — деп сұрады. — Орақжан ау, — деп бастады сөзін Халима апай. Әзілхан ағаң қаршадайынан төрт жыл бойы майданда болды, мұз жастанды, қар жамылды, толарсақтан саз кеше зеңбірек сүйреді. Қатты қиналды емес пе? Оған қосымша әкесі, ағасы майданда опат болды, анасы өмірден ертерек озды. Осындайдан жалғыздық көрмесін, отбасының күйкі құбылысынан аулақ жүрсін, еңсесіне ауырлық түспесін деп аялаймын. Иә, қандай ізеттілік! Адамға, сүйген жарға осылайша өмір жолын салмақтай біліп, қамқорлық жасау кез-келген әйелдің бойынан табыла қоймас деп ойлаймын. Халима апай кейде мені сіңлім деп атайтын. Олай дейтіні ол кісі 1932 жылғы аштықта ата-анасынан айырылып, одан кейін төрт жыл балалар үйінде өсіп, алты жыл интернатта тәрбиеленген ғой. Менің де тағдырым сондай болатын.

Халима апайдың туған бауырымдай болған бір кісілігін айтайын. Мен буын-буын сырқырайтын сырқатқа ұшырап, жүре алмаған кезім болды. Менің осы жағдайымды естіп-білген асыл да, ардақты әпкем Халима \"Муза дәріні былайша да алып жатқан болар. Мен отан халық емшілігінің дәрісін іздестіріп көрейін\" деп ой қорытыпты. Сонан Тибет жұртында ежелден халыққа шипасы болған \"Тибетский гриб\" деген қолдан жасалатын дәрінің жасау тәсілін баяндайтын жазбаны әкелді. Онымен шектелмей әлгі дәріні жасауға қолданылатын шыны ыдысты, сүтті, арнайы қасықты, сүзгіні, бәрін түгел ала келіпті. Онымен де тынбай, құр қол бармайын деп үлкен бір қорап шоколад конфетін де ала келген. Шіркін-ай, осы бір жанашырлық қамкорлықтан үлкен тебіреніске келіп, жылап жібердім. — Ay, Муза, мұның не деп, Әзекең екеуі бетімнен сүйіп жатыр. Буын деген не, әлі- ақ тұрып кетесің, дәріні қолдан, — деп жік-жапар болды. Қараңызшы, қандай ықылас! Бұл тек туған бауырың ғана атқаратын қасиет емес пе? Сол аяулы асыл әпкем бүгінде біздің ортамыздан көрінбейді. Бірақ оны күндей сәулетті нұрлы жүзі, көз алдымда, жүректі жадырататын жылы үні құлағымда. Халима әпкемнің жарқын бейнесі оны білетіндердің бәрінің жадында сақталады. Қазақстанның халық жазушысы, біздің ардақты ағамыз, өзінің \"Махаббат, қызық сол жылдар\" атты романымен ел-елге даңқы тараған, еліміздің сүйікті азаматы Әзілхан Нұршайықов аға асыл жары Халима апай жөнінде махаббат жырын жазып, \"Жұлдыз\" журналында жариялатты. Бұл жыр бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың отбасылық өмір тіршілігі үшін асқақ гимні әрі тәрбие мектебі болатынына кәміл сенемін. Әрі бұл жыр сол әпкем Халиманың жарқын бейнесін ешқашан жадымыздан шығармайтын қуатты күш болмақ. Алматы, 17сәуір 2002 ж. P.S. Музаның әңгімесін қағазға түсірген Орақ Смағұлов. Ғабдулсәнә САДЫҚОВ, кен инженері, техника ғылымының кандидаты ХАЛИМА АПАЙ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК Мен Халима апайдың нағашы бауырымын.

1939 жылы оқушылардың жазғы демалыс кезінде Егінбұлақтағы біздің үйге Семейден Дүйсенғали нағашым (ол Семейдегі Қазпедтехникумында оқитын), Халима апай (ол кезде Семейдегі мектеп-интернатта оқитын), Биғайша (Бикеш) апай (Алматыда дәрігерлік училищеде оқитын) келіп, жазғы демалыстарын бізде өткізді. Сонда ол кісілерден естіп білгенім: Дүйсенғали нағашым Семейде Совет көшесі, 56-үйдегі Қазпедтің жатақханасында, ал Халима апай Совет көшесі, 90-үйдегі мектеп жатақханасында тұрып оқу оқиды екен. Екеуі де Ыдырыс (Ақмолла) ағаның балалары арқылы жақын болғандықтан және бір көшенің бойында тұрғандықтан бірі аға, бірі қарындас ретінде бір-бірінің амандығын сұрап біліп тұрады екен. Осы туыстар жаз бойы жайлауда Қандықатай тауларынан тараған Теріс айрық өзені бойында, Көлденең тоғай бұлақтары басында, Егін-бұлақ, Тасөткел бойларындағы жайлауларда көшкен елмен бірте болып, тамаша жерлерден бүлдірген, қарақат жемістерін теріп, алтыбақан ойындарына қатысып ел көріп, жер көріп жақсы тынытып, күз болғанда қаладағы оқуларына қайтты. Бұл Совет өкіметі кезінің алғаш колхоз, совхоз шаруашылығы дамып, ел тыныштық өмірдің жақсылығын көре бастаған кез еді. Амал бар ма, осы туыстарымыз талаптанып енді бір-екі жылда оқуларын бітірер-бітірмес кезде сұм соғыс басталып, дәуір қиыншылығына ұшырап, әрқайсысы әр жаққа өмір жүгін арқалап кетті. Дүйсенғали нағашым Семейде Қазпедті бітіріп, Шытыс Қазақстан облысының Самар ауданына мұғалімдік қызметке барған жерінде әскерге алынып фин соғысына, онан кейін Ұлы Отан соғысына қатысып тұтқынға түсіп, Италияда құлдықта болды. Содан соғыс біткенде босап, Жерорта теңізімен, Сауд Арабиясының жерін бәдәуилердің түйесіне мініп өтіп, Иран, Түрік пен жерімен Қазақстанға оралғанда, Берия заманындағы жазалауға ұшырап, Кузбасстан бір-ақ шықты. Содан елуінші жылдың басында босап, мұғалімдік қызметтен зейнеткерлікке шықты. Қазір Алматы маңында тұрады, жасы 86-да. Халима тәтеммен бір кезде интернатта тәрбиеленген Биғайша апамыздың жасы сексеннен асты, төрт баланың анасы, Алматыда тұрады. Халима тәтемді сол жеті жастағы кезімнен кейін мектеп бітіріп, 1951 жылы жазда Алматыға институтқа келгенімде бірақ көрдім. Ол кезде Халима тәтем мен Әзілхан жездем үйленген, үлкен баласы Жанарка 2 жаста еді. Мен мектепті алтын медальмен бітіргендіктен институтқа емтихансыз түсіп оқыдым.Әзекең жездемнің қызметі Павлодар қаласына ауысып көшкенше демалыс күндері Серікхан деген жолдасым екеуміз келіп жүрдік. Халима тәтем біз келгенде қуанып, жақсы тағамдар беріп, оқуымыздың, жатақханамыздың жағдайын сұрап біліп, ақыл кеңестерін айтып, өмірдің жауапты кезеңдерін қалай еткенде жақсы, мазмұнды өткізуге болатынын айтып отыратын. Біздің Халима тәтеден естігеніміз, үйренгеніміз көп еді. Біз ол кісіні әрқашан есімізге алып, айтып жүретін боламыз. Алматы 2002 ж. Мәрияш ЖАҚЫПОВА,

дәрігер, медицина ғылымының кандидаты МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ САҚТАЙМЫЗ Тәтемнің бірте өскен туыстары ол кісінің жақсы қасиеттері, сұлулығы ата анасына, нағашыларына тартқан дегенін көп естідім. Бұған дәлел: біз 2001 жылы Семей облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауыл советіне қарасты Егінбұлақ ауылында жерленген біздің ағамыз (Халима тәтемнің нағашы ағасы) Ыдырыс /Ақмола/ ағаның басына зират көтердік. Сол зираттағы көк тасқа жазылған бір ауыл ескерткіш өлең Халима тәтемнің ататегін сипаттағандай: Шипагер молла атандың, Жайылды елге атағың, Ұмытпайды ұрпағың Қолдап жүрсін аруағың. Осындай дарынды ағамыздың ұрпағы Халима тәтем туралы былай деп айтқым келеді: Жақсыдан туып баға алдың, Адал жар, ана атандың, Артыңда өшпес із қалды Болса да тағдыр қатал тым. Бабаларымыздың бір ауыз өлеңмен айтқан мына сөздері өте терең мағыналы ғой: Күннің жылы-суығын, Қыс түскенде білерсің, Кісінің алыс-жақынын Іс түскенде білерсің! – дегендей, Әзілхан аға, Сізді туған-туыстарыңыз жұбату сөздерін айтып, қасыңызда болып тәтемнің бейнесін, қасиетін есте ұстайды деп білерсіз. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Жаны жәннетте болсын!

Келініңіз Мәрияш Әбілқызы Жақып немересі, өзіңіз де өсіруге көмектескен ұрпақтарыңыз Ғалым, Гүлмира! Наурыз, 2002 ж. Алматы қаласы. Фермехан ШОЕВА, журналист КЕЙБІР СӘТТЕР Мен Нұршайықовтар отбасымен алпысыншы жылдардан таныспын. Алғаш Әзілхан аға мен Халима тәтені өзімнің үйлену тойымда кездестірдім. Халима тәте жұбайым Жұмағали Қанияновтардың (суретші) апайы Олжаспен Семейдің балалар үйінде тәрбиеленіпті. Екеуі бір сыныпта, ал біздің Жұмекең олардан екі-үш сынып төмен оқыған көрінеді. Аға мен тәтені мен сол алғашқы кездескен күнімнен бастап етене жақын көріп кеттім. Мені ол кісілердің зор адамгершілігі, үлкенге, дос-жаранға деген сый-құрметі ғана мес, өзінен кішіге ілтипаты, аса бауырмалдығы тәнті етті. Ағаның қашан да қол ұшын беруге дайын тұратын дархан көңілі, айтар ақпейіл ақылдары кейбір тарығып жүрген сәттерде көңілге медет, бойға қуат берсе, тәтенің қашан келсең де шын жүрекпен іштарға жымиып қарсы алатын жібектей мінезі бізді осы үйге барсақ, көріссек, әңгімелессек деп өзіне тартып тұрады. Мен өзім адамдар арасындағы жақсы, ізгі қарым-қатынасты, досты сыйлау, туған-туыстарды, жалпы көпшілікті қадірлеу сияқты құндылықтарды осы кісілерден көріп қалыптастым. Әйелге тән үй жұмыстарын (ас пісіру, қонақ күту т.б.) істеуді де негізінен Халима тәтеден үйрендім десем артық айтпаспын. Жуырда бұл кісілер мені тағы бір тамаша қырларымен таң қалдырды. Ол — екеуінің өзара сыйластығы, жан елжіретер татулығы, өзін де, өзгені де бағалай білуі. \"Біз қосылғалы 54 жыл болды\" — дейді тәтем. Ал екеуінің бірін-бірі күтуі, қамқорлығы, аялап-баптауы жаңа қосылған жас жұбайлар қызығарлықтай. Құдай- ау, жасыратын несі бар, ұзақ жыл бірге өмір сүрген жасамыс кісілердің арасында бір- біріне балаларымның анасы, яки баларымның әкесі деп қана салқынқандылықпен қарайтындар аз емес қой. Ауруханада тәтем екеуміз бір палатада жаттық. Ол кісінің әр сөзі ағадан басталады. \"Балалар күте алды ма екен, жүрегі ауырып қалмаса болар еді, салқынға шытып кетіп жүрмегей\" сияқты қамқор көңіл. Аға да күн құрғатпай келіп, бар жай-күйін біліп, өзінің де, балалардың да, жағдайын тәптіштеп айтып, тәтеге дәрі-дәрмектің қалай әсер еткенін дәрігерге дейін барып сұрап, анықтап жатқаны. Келген сайын екеуі көптен көріспеген адамдардай бірін-бірі аялап, әдемі әзілдесіп, екеуара еркелей сырласып отырғандары қандай көңілді болса да елжіретпей қоймайды. Кішіге өнеге етерлік тамаша көрініс!

Біздің балалармыз да бірін-бірі көріп, сыйласып өсті. Енді сол балалардың кейбір қылықтарына тоқталайын. Қызымыз Гүлжанның туғанына 6-7 айдай болып қалған. Ол кезде әлі жаспыз ғой. Киноға, театрға барғымыз келеді. Гүлжанды кімге қалдыру керек? Ойланбастан, әрине, Халима тәтеге дейміз. Ал ол кісінің өзінің төрт баласы барын, ағаның өзімен бірге бір топ жолдасын ерте келетінін ескермейміз. Оның өрескелдік, ұят екенін кейін уақыт биігінен қараған кезде ғана түсіндік қой. Сөйтіп Гүлжанды тәтеге келесі бір жолы тағы тастап кеткенбіз. Айтқандай-ақ үйге бір топ қонақ келеді де, тәтем баланы құрғатып, ботқа пісіріп бөтелкеге құйып \"жақсылап қара, жылап қалмасын\" деп бірінші сыныпта оқитын кіші ұлы Жаннұрды қасына отырғызып қояды. Қонақтарды күте жүре балалар жаққа құлақ түреді, ол жақтан дыбыс шықпайды. Бұларға не болды екен деп есіктен сығаласа Жаннұр Гүлжан енді қынқылдай бастаса оның аузына емізікті бере қойып, \"не плачь, Гуля, я твой маленький дядя\" деп жұбатып отыр дейді. Біздің ұлымыз Жан туғанда атын қойдырайық деп Әзілхан аға мен Халима тәтені, жұбайымен марқұм Мырзабек Дүйсеновті т.б. туыстарды шақырдық. Әртүрлі есімдер аталып жатыр. Ержан, Елжан, Нұржан, Жан деседі. Жеребе тастамақ болдық. Шиыршақталған қағазды Мырзакең ауырды. Атанын атаған \"Жан\" деген есімі болып шықты. Сөйтіп ұлымыздың атын аға мен Мырзакең қойып еді. Сол Жанды да ара тура Халима тәтеге қалдырып кететінбіз. Бір жолы әлдебір себеппен ұлым балабақшаға бармай қалды. Тағы да тәтеге апардым. Ол кезде қыздары Жанар, Жаннат, ұлдары Арнұр мен Жаннұрлар ержетіп қалған. Аға мен тәте \"Целинный\" кинотеатрына киноға билет алып қойған екен. Балалар келе қоймаған соң бес жасар Жанды өздерімен бірге киноға алып барыпты. Фильм Отан соғысы жайында болса керек. Атылған мылтық, немістердің әскери формасы балаға да әсер еткен ау, кинодан шыққан соң мен де солдат боламын депті. Үйге жақындағанда тәтем нан ала кетпек болып, Жанды жетектеп тамақ дүкеніне бұрылыпты. Жәкең сөредегі конфеттерді көріп, маған мынаның бәрін әпер деп қиғылық салады ғой. Тәтем бір- екі түрінен әпереді де, үйге қайтады. Есік алдында тосып тұрған атаның жанына келген соң бала күшейіп, \"ана маған конфеттің бәрін әпермеді, жаңағы кинодағыдай атып тастаймын\" депті. Жанды көргенде соны айтып аға әлі күледі. Қуаныш бізге қашан да ортақ еді. Ағалар сондай бір үлкен жақсылықтарына шақырған. Бұл үйдің үлкен қызы Жанардан туған тұңғыш немересі Сабина апыл- тапыл басып жүрген-ді. Қуыршақтай әдемі сәбиді алдыма алып ойнатып отырғанмын. Әлденені көрсетіп, күлдіріп қоямын. Ойыншықтардың атын атап \"мынау аю, мынау қоян\" деп жатырмын. Кішкентай Сабинам бір кезде жерге түспек болып аятын көтеріп қалды. \"Бұл не, Сабина?\" дедім күліп. Сөйтсем өзім \"апа, аға, мама, пападан\" артық сөйлей қоймаған шығар деген бөбегім ап анық \"бұл аяқ\" дегені. Бәрі мені мазақтап күліп жатыр. Сол Сабинаның қазір дәл өзіндей Халима атты қызы бар. Тәте оны \"Қуыршағым\" деп ағайды. Айта берсек балалардың да, өмірдің де қызығы таусылар ма!

Біздің Жұмакен екеуміздің бұл отбасына деген сый құрметіміз, айтар алтысымыз ерекше. Өмірде осындай жайсаң көңілді жанашыр жандар барын көргенде, олардың өз отбасы ғана емес, бүкіл айналасына тигізер шапағаты, зор кісілігі, жан жылуы барын білгенде өне бойың жадырап сала береді. Көлеңкесінен күнгейі мол болғанға не жетсін! Аға мен тәте менің жүрегімде сондай қимас, қымбат, сезім тудырған жандар! Алматы, 2001 ж. Бақыт МЕРЕКЕНОВА, Алматы қалалық әкімшілігінің Ішкі саясат департаментінің бас маманы, журналист ІЗГІЛІК ШУАҒЫ Әзілхан аға мен Халима тәтеге тым бауыр басып кеттім. Кішкентайымнан кітабын жаттап өскен, сүйікті жазушы Әзілхан аға Ұлы Отан соғысы кезінде әкеммен бір майдан жерінде болған соң ба, әйтеуір әкем Қабылхан қайтыс болған соң, \"Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін\" деген қазақтың ежелгі мақалы тегін айтылған ба, Әз аға мен Халима тәтеге туған әке шешемдей үйреніп, меншіктеп алғам. Халима тәте табиғатында мінезі жібектей, қашан көрсең де бота көзі жәудіреп, Бақыт қызымыз келді, деп туған баласын көргендей күлімдеп қарсы алады, мен ағамен сәлемдескенше, дастарқан мәзірін әзірлей бастайды. Сонымен, ақ самаурынның буы бұрқырап, дәмді тамақтың хош иісі тәбетің тартып, бәріміз көптен көрмеген жаңалықтарымызды айтып, дастарқан басында мәз-мейрам боп отырамыз. Әлі есімде, бірде 9-мамыр, Жеңіс күні қарсаңында \"Қазақстан\" телеарнасынан қазақтың атақты батыр қызы Мәншүк Мәметова туралы хабар жасадым. Әзілхан аға Мәншүкті жақсы біледі, майдандас болған, сондықтан Қазақ телевидениесіне жақын орналасқан Әз ағаның үйіне бейнекамерамды ала келдім. Ондағы ойым бейнетаспаға Әзілхан ағаның Мәншүк туралы естелігін түсіріп алу. Көптен көрмегесін бе, аға мен тәте құшақ жайып, қуана қарсы алды. Соңғы кезде бейнекамерамды өзім түсіретін боп, үйреніп алғам. Әз аға әңгімешіл, соғыс кезіндегі жайларды аса көрегенділікпен, жазушылық шеберлікпен нақышына келтіре әңгімелеп, сол кезді айна-қатесіз суреттеген кезде, көз алдыңа бұлжытпай, түп-түгел майдан даласының елесі кинодағыдай келе қалады. Бірде ауыр шайқас болды, сол түні көп майдандас жолдастарымыздан айырылдық. Ертеңінде сәл-пәл тыншу тауып, жау аяғы саябырлаған сәтте бәріміз жертөлеге жиылып, он сегіз бен он тоғыздағы жас жігіттер ауылды сатына еске

алдық, арамызда жалғыз қыз Мәншүк бар еді. Өткен түнде қайтыс болған жап жас жолдастарымызды ойлады ма, Мәншүктің қарақат көзіне жас тұнып, мұңайып, Құрбылармыз ай, жауды жеңіп, елімізге аман-есен қайтар күн туар ма екен, — деді жабырқау үнмен. Қарақат көзіне мөлдіреп жас толған, даусы дірілдеп, толғана шықты. Бәріміз бір сәтке үн-түнсіз ойланып қалыппыз. Мәншүктің дәл осы мұңды түрі мәңгілік есімде қалыпты, қазақтың қаракөз бойжеткені, қайран Мәншүк. Әз ағаның сезімтал жүрегі шыдамады, көзіне мөлтілдеп жас толды, сонан соң \"түсірмей тұра тұр\" деген ишарат жасап, біраз, өксігін басып, қыршын кеткен жас қызды қимай еске алып, біраз жылап мауқын басып, көз жасын сүрте бастады. Мен бейнекамерамды тоқтатпай түсіре бердім, ішімнен \"Әзілхан ағадай атақты жазушының он сегіз жаста қыршын кеткен Мәншүк секілді батыр қызды жоқтап жылағаны ерсілік пе, мұндай ержүрек қаһарман қыз енді қайтып тумас, қайталанбас ерекше тұлға емес пе?\" — деп іштей ойладым да, ары қарай камераны тоқтатпай түсіре бердім. Дастарқан басында Әз аға Мәншүк туралы әңгіме айтып, сол ең соңғы шайқастан соң, батыр қыздың мерт болғанын айтып, бір кезде маған қарап: — Жаңа Мәншүкті еске алып, жылап отырғанымды таспадан алып таста, — деді Әз аға. — Жеңіс қарсаңында Мәншүк апайыңды еске түсіріп, ағаңның көңілі босаған екен ғой, Әзеке, сізге қатты толқуға болмайды, дәрі ішетін уақыт болыпты ғой, ұмытып кетіпсіз, — деп Әз ағаның жүрегі ауыратын, дәрісін әкеліп берді, аға ауырып қала ма деп, Халима тәте бәйек бола бастады. — Бақыт, ұмытып кетпе, — шегелеп қайталады. — Жарайды, аға, — десем де, көңілімде күмән бар. Қазақ телевидениесіне келіп, хабарды монтаж жасай бастағам, Әз ағаның Мәншүк Мәметованы ойлап егіліп жылап отырғаны, өте әсерлі, шынайы жүрек тебірентерлік. Абай ағамыз айтпап па еді, \"Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді\" деп. Әзілхан ағаның дәл осы жерін қиып алып таста дегеніне қарамай, сол қалпында тиіспей жібердім. Сол күні кешке эфирде хабарды көрсететін. Әз ағаның үйіне телефон шалып едім, Халима тәте екен, әдетінше дауысымды бірден тани қойды. — Тәте, бүгін маған Әз аға ренжитін болды. Хабарды бүтін кешке көрсетеді, — дедім. — Бақыт қызым-ау, не болып қалды? Ағаң неге ұрсады? — Халима тәте сыңғырлап күлді, — Бақытжан, түсіндіріп айтшы, жаным. — Мен Әз аға Мәншүкті ойлап жылап отырған кезін қиып тастамай, сол қалпы хабарға салып жібердім. Өйткені өте әсерлі, Мәншүктей батыр қызды ойлап, қазақ халқының атақты жазушысы егіліп жыласа несі айып, тәте. Атанын айтқан сөзін

өмірімде бірінші рет орындамадым, аға сіздің көзіңізше алып таста деп қатты тапсырып еді, ал мен сол күйі экранға жіберіп, ата ренжитін болды-ау деп уайымдап отырмын. Тәте, халқының атақты жазушысы Мәншүктей асыл апамызды жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, қимай қиналса, қартаң тартқан жасына қарамай, жас баладай шын көңілден ақтарыла жыласа, еліміздің маңдайына біткен жұлдызын ұмытпай, жүрегінде мәңгілік сақтағаны емес пе? Тәте, сіз қалай ойлайсыз? — Бақытжан, қайдан білейін, сен телевидение саласында жиырма жыл қызмет істеп келесің, өз жұмысынды жақсы білесің, мүмкін сенің ойың да дұрыс шығар. Ағаң біраз ренжіп, ашуы басылңр, уайымдама ештеңе етпес, — деді Халима тәте мейірімді үнмен. Әйткенмен, алабұртқан көңілім басылмай, үйге көңілсіз келдім. Әзілхан ағамды Қабылхан әкемдей жақсы көріп, өте қатты сыйлайтынмын, сезімтал жазушының көңіліне қаяу салдым ба, ер адамның көз жасын бекер көрсеттім бе десем, енді бір ойым — қыршын кеткен қазақтың батыр қызын ойлап, жазушының жылағаны — асқан парасатты азаматтығын, халқы үшін құрбан болған қаршадай қазақ қызын ойлап толғауының өзі адамгершіліктің асқан белгісі емес пе, көкейдегі ойлар тыным табар емес. Мен кешкі сағат алтыда ағаның хабарды көріп отырғанын сезіп, одан сайын дегбірім кетті. — Қап, туған әкемдей аяулы жанды ренжітіп алғаным-ай, — деймін қамығып, әдетте менің хабарларымды көріп, Әз атан жақсылығын айтып мақтаса, төбем көкке жеткендей қуана қалатынмын. Кейде кемшіліктерін тәптіштеп айтып, сол жатын жетілдіре түс деп пікірін айтып, қамқорлық жасайтын. Бүгін не деп айтар екен, — деп, жүрегім лүпілдеп, телефон шыр ете түссе, өз тағдырым шешілгелі тұрғандай қатты толқыдым. — Бақытжан, сен бе айналайын, — Халима тәтемнің биязы, жұмсақ дауысы екен, — балалар қалай, Нұрланның сабағы жақсарды ма? Мен жауап беріп жатып, есіл- дертім ағаны ойлап, — Аға хабарды көргесін маған ренжіп жатыр ма? — деппін абдырап. — Ағаңмен сөйлесе ғой, — деп Әз атаға трубканы бергені. Маңдайымнан сұп-суық тер шытып, — Аға, — дедім даусым әрең шытып. — Бақыт,'айналайын, сен бүгін тағы бір ерлік жасапсың, мен шығарма деп екі рет ескертіп айтқанымды тыңдамай, ең сезімтал тұсын хабарға қосып жіберіпсің, деп, бағана тәтең айтқанда, алғашында саған ренжіп қалтам, жаңа хабарды көрсем, өте табиғи, шынайы дүние. Әрине, Мәншүк апайын бәріміз жоқтауға лайық азамат. Менің үстімнен үлкен бір жүк түскендей бойым жеңілдеп, рахаттанып қалдым. Әзілхан аға сабырлы үнмен сөзін жалғастырды. — Осы жолы атанды тыңдамай, нағыз тележурналист маман екеніңді көрсеттің. Әз атанын бұл сөзі маған ең жоғары награда алумен бірдей болатын, \"Рахмет аға\" деймін шын көңілден риза болып, — Бақыт, тәтеңмен сөйлес, — деп Халима тәте трубканы алды.

— Бақытжан, ертең балаларды алып үйге келіндер, көп болды немерелерді көрмегелі. — Жарайды тәте, ертең барамыз, — деймін қуанып. — Алақай, ағам мен апама қонаққа барамыз? Балалардың қуанышында шек жоқ, өйткені апасы тәтті- дәмділерін пісіріп, жақсы көріп, тым еркелетеді. — Мен апамды сатынып қалып едім, — дейді кішкентай ұлым көзі жәудіреп. Ертеңінде 9-мамыр Жеңіс күні болатын. Халима тәте балалардың бетінен сүйіп бауырына басып құшақтап жатыр. Сол жылы Ерлан мектепке бірінші класқа бармақшы еді. — Мектепке барғанда үздік оқисың ба? деді Халима апасы Ерланның маңдайынан сипап. — Білмеймін, — дейді Ерлан аққұба жүзі қызара ұялып. — Білмегені несі? — Әзілхан ағасы ақыл айта бастады, — генерал болмаймын деген жауынгер, нағыз жауынгер емес. Қой, оның жарамайды, балам. — \"Беске\" оқисың ба? — деймін мен де шыдамай. — Білмеймін, — дейді Ерлан одан сайын ұялып. — Ерлантай, сен өйтіп жасық болма, — дейді Әз ағасы. Халима апасы Ерланды құшақтап, бетінен өбіп, — Кішкентай бала әлі мектеп табалдырығын аттаған да жоқ, сондықтан қайдан білсін. Ал біз жан-жақтан қаумалап, \"үздік оқушы боласың ба, екпінді боласың ба?\" деп, жас баланың есін шығардық, — деп сыңғырлап күлді. Халима тәтенің көңілді күлкісі бәрімізді жадыратып жіберді.— Расында әлі білмейді ғой, шынын айтып тұр ғой, — дейміз бәріміз Халима тәтеге қосыла күліп. Халима тәтенің табиғи мейірімді мінезі, имандылық үйірілген сүйкімді бет- бейнесі, биязы, әдепті сөзі баланы да, үлкенді де бірден баурап алатын. Бота көзі жәудіреп, күлімдеп іш тарта қарағанда-ақ, адамның ішкі жан-дүниесін рентгенмен көргендей, сәл қас-қабағыңнан ақ қуаныш, ренішіңді жан-тәнімен ұта қоятын. Бұрын мен қызмет істейтін Қазақ телевидениесінде Сағат Әшімбаев, Қамал Смайылов, Шерхан Мұртаза, Ғаділбек Шалахметов сынды үлкен тұлғалардан үлгі- өнеге алып, бірге әріптес болсақ, соңғы кездері дікен деген \"Жаңа қазақ\" бастықтар қаптап кетті. Олардың қайсібірі келе қалып, жасы жиырма-отыз жыл жұмыс істеген ардагер журналистерді \"қысқартуға\" түсіріп, заман талабына сай жастармен жаңалап жатқаны, \"көре-көре көсем боласың\" демекші, отан да көз үйренді. Сондай бір мезетте Қазақ телевидениесінде жиырма жыл қызмет істеген маған да тықыр таянып қалыпты.

Бірде Әз ағамен әңгімелесіп отырып, сол жайлы айтып қалтам. Ертеңінде телефон шыр ете қалды, алсам Халима тәте екен. — Бақытжан, қалың қалай, айналайын? Балалар аман есен бе? Кеше сен \"жұмыста \"қысқарту\" жүріп жатыр, мен де қырықтан асқандардың ішінде ілігіп тұрмын\" деген жаңалығыңды естіп, күйеу баламыз Оңғар марқұм жақында ғана қайтыс болды, енді сен жұмыссыз қалсаң балалардың күні қалай болар екен деп түнімен ұйықтай алмадым, — деді. — Тәте, маған қызмет табылар, оны несіне ойлап уайымдайсыз, сіз өзіңіз ауырып жүрсіз, сөйте тұра түнімен ұйықтамай немерелеріңіздің жайын ойлайсыз. Тәте, бәрі дұрыс болар, ештеңе уайымдамаңыз. Балалар мен менің жайымды Халима тәтенің ойлап мазасызданғаны — аналық шексіз мейірбандығы көңіліме қуаныш, адамға деген сенімділік, жылылық ұялатты. \"Шіркін, жер бетіндегі адамдардың бәрі Халима тәтемдей ізгілік нұрын шашып тұрса, жұрттың бәрі қазірдің өзінде-ақ жұмақ бағында турар еді-ау. Қазіргі белес ала бастаған мемлекетаралық, ұлтаралық соғыстың өрті өшіп, қой үстіне бозторғай орнаған мамыражай заман орнар еді-ау,\" — деймін Халима тәтемнің мұншама мейірімділігіне риза болып. \"Мына заманда басқа қызмет табу қалай болар екен\" деген мазасыз ой да мүлде жоғалып, кеудемді қуаныш кернеді. Тіпті, қызметтен қысқарту да ұсақ-түйек түкке тұрмас шаруа болып көрінді. Халима секілді аяулы анамыз түн ұйқысын төрт бөліп, мені, балаларды ойлағаны — мұндай биік адамгершіліктің жанында басқа күнделікті күйбең күнкөрістің бәрі ұсақ-түйек болып көрінді. Қайран Халима тәте бүкіл қазақ балаларының анасындай мейірімді жан еді-ау. \"Бетегеден биік, жусаннан аласа\" биязы, мейірбан мінезі қандай тамаша! Үлкенге ізет, кішіге қамқор, өзгеше қайталанбас тұлға еді. Әзілхан Нұршайықов секілді ағамызға қос аққудай жарасқан Халима Өзбақанованың жарқын бейнесін ізгілік нұрын шашып, жанымызға жылылық шуағын бергендей. (\"Дала мен қала\" газеті, №19(44), 14-мамыр, 2004 ж) ЖАН ДОСЫМНЫҢ ЖАН ЖАРЫ 1 Мен Халиманың атын соғыста жүріп естідім, суретін сонда көрдім. Олай дейтінім Ұлы Отан соғысы кезінде Әзілхан екеуміз 100-атқыштар бригадасында артиллерист болдық. Бір дивизионда бірте қызмет істедік. Бір-бірімізге ойымыз үйлесті ме, мінезіміз жарасты ма, білеймін, екеуміз ерекше дос болдық. Бірімізді біріміз көруге асығатынбыз. Біздің достығымыз ғашықтық сияқты еді. Соғыста да, соғыстан кейін де сан адаммен дос болдым. Әр түрлі себептермен олардың бәрі сейілді. Мінеки,

сексеннен асқанға дейін үзілмей келе жатқан Әзілхан екеуміздің достығымыз ғана. Біздің сол жауынгер достығымыздың үзілмеуіне, цементтей берік боп қатып қалуына себепкер болған Әзілханның адал жары Халима болды деп ойлаймын. \"Жақсыдан — шарапат\" дейді ғой. Менің досым Әзілханның Әзекеңнің (ол кезде біз оны \"Әзілхан\" да емес \"Әзекең\" де емес \"Әзіл\" деп атайтынбыз. Халима оғын барлық хаттарын: \"Әзілім, жан досым!\" деп жазатын) шарапаты соғыста жүргенде де көп адамға тиді. Соғыстан кейін де көп адамға шарапат шашып келеді. Әзілхан соғыста жүрген кезде өлі тірі жігіттердің атын газетке шығарды. Мақала етіп те, өлең етіп те жазатын. жазғандарының бәрі \"Сталин үшін алға!\" деп аталатын бригада газетінде, қазақ тіліндегі майдандық газеттерде шытып жағатын. Тіпті, кейбір өлеңдері соғыстан алыс, сонау Семей мен Алматы газеттерінде де басылатын. Бір шайқаста фашистердің бес танкін жойған артиллерист досымыз Әбдірахман (өзіміз Әпеш деуші едік) Бимурзин туралы жазған \"Жас батыр\" деген өлеңі бригада газетінде басылды. Ал бригада соғысқа кірген алғашқы ұрыста оққа ұшқан взвод командирі Қажым Көшековке арнаған \"Өсиет\" деген ұзақ өлеңі, баллада десе де болады, алдымен бригада газетінде, одан кейін Алматыда шығатын \"Социалистік Қазақстан\" газетінде жарияланды. Бригада атынан Жамбылға жазған атақты хаты әлі күнге дейін есімде. Оған Жамбылдан \"Жүз жасаған жүректен\" деген үлкен өлең жауап келді. Ол барлық майдан газеттерінде басылды. Біз Жамбылдың жауабын батарея батарея, рота-рота болып сапқа тізіліп, жылап тұрып тыңдадық. Сол Жамбылға жазған хаты арқылы Әзекең ел үшін опат болған қаншама қазақ жауынгерлерінің атын тарихта қалдырды! Ал соғыстан кейін, күні бүгінгі дейін, Әзекең досым өз кітаптарымен қаншама оқырманның сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Соғыста жүрген кездегі Әзілханның жігерлілігіне осы күнге дейін таңмын. Толарсақтан саз кешіп, батпаққа малтығып, ұзақ жол жорық жасап, діңкеміз қуырып келе жатқанда колоннаның бас жағынан \"Привал!\" деген балдай тәтті команда келеді. Ұзақ жол қажытқан, ұйқы шаршатқан біз аяқ басып тұрған жерімізге жаға жаға кетіп, көз іліндіріп алуға, немесе темекі тұтатып, ащы түтін жұтуға тырысатынбыз. Ал Әзілхан болса, отыра қалып, тізесіне блокнотын қойып, өлген жауынгер туралы өлең жазуға немесе Халимаға хат жазуға кірісетін. Енді бір привалда \"Абай\" романынан үзінділер оқып, жігіттерге Тоғжан сияқты сұлу қыздардың бейнесін елестетіп, бәрімізді мәз қылатын. Халимадан хат Әзілханға үзбей келетін. Құнара, тіпті үш күнде бір десем де өтірік айтқаным болмас деп ойлаймын. Ұлы Отан соғысы кезінде соғыста жүрген сүйген жігітіне Халимадан көп хат жазған ешкім жоқ шығар. Әй, жоқ ақ болар! Жоқ! Халиманың сол хаттары қалын екі папка болып, Әзілханның архивында әлі күнге

дейін сақтаулы тұр. Сүйген қызының соғысқа жазған хаттарын Әзілхандай қастерлеп, әлі күнге дейін сақтап жүрген ешкім жоқ шығар. Әй, жоқ ақ болар! Жоқ! Халима хатты қазақша да, орысша да тамаша етіп жазатын. Әзілхан Халимадан келген хатты тек маған ғана оқытатын еді. Басқа жұртқа көрсетуге қызғанатын. Өзге мәселенің бәрінде дарқан Әзілхан тек Халимаға келгенде ерекше эгоист болатын: хатын ешкімге оқытпайтын, суретін сипатпайтын. Әзілханның Халимадан хат алғанын мен анадайдан бірден білетінмін. Жайшылықта да шапшаң жүретін Әзілхан Халимадан хат алған күні ұшқан құстай самғайтын. Тек жүрісінен ғана емес, оның екі бетінен, көзінен қуаныш нұры төгіліп тұратын. Оны тек мен ғана сезетінмін. Басқа сержанттардың \"полевая сумкалары\" салпылдап бос жүрсе, Әзілханның сөмкесінде \"Артиллерия Уставы\", Абай кітабы және Халиманың хаттарына толы болатын. Халиманың әрбір он хатын Әзілхан \"полевая почта\" арқылы Халимаға жөнелтіп отыратын: \"Бұл хаттарды жоғалтпай жинай бер, кейін керек болады\" деп өтініш ететін. Халима Әзілханнан алған хаттарын да, отан жазған өз хаттарын да (Әзілхан қайтарған) бірін де жоғалтпай, тегіс сақтады ғой, айналайын! Бір жолы Әзілханға Халимадан алған хатпен бірте суреті қоса келді. Бармақ басындай ғана кішкентай суреті, паспортқа түскен. Ол суретті алғанда Әзілханның төбесі көкке жеткендей болды. Бармақтай сурет отан кең дүниедей көрінді. Бүкіл қазақ даласы қасына көшіп келгендей болды. Соғыста жүргенде сүйген қызыңның суретін алу асқан зор бақыт еді ғой, шіркін! Әзілханның шексіз қуанып, сол бақытқа кенелгенін өз көзіммен көрдім. Әзілхан Халиманың сол суретін де сақтады. Қазір үлкейтіп, кітап шкафтарының бірінің алдына қойыпты. Бір жолы қызық болды. Күндіз күні бойы жаумен атысып, кешке қарай \"землянкаға\" жиналған едік. Қыстың күні, күн аяз болатын. Бәріміз \"землянка\" ортасындағы қып-қызыл боп тұрған \"буржуйка\" пешті жағалай отыра кеттік. Пешке алақанымызды жақындатып, жылынып жатырмыз. Сәл жылынғаннан кейін аяқ астынан сурет көрмесі ашылды. Қыздар суретінің көрмесі. Әзілхан гимнастерканың омырау қалтасынан партбилетінің ішіндегі Халиманың суретін алып, жұртқа байқатпай соған қарап отыр еді. Құсайын Кәкібаев деген бір жолдасымыз да қалтасынан оз қызының суретін суырып алды. — Әй Әзіл, әкел қызымызды салыстырайық, — деді ол содан соң. Оның қызының аты Мәрияш болатын. Біз Құсайын бәріміз бір Белағаштың баласымыз ғой. Ауылда жүргенде Мәрияшты сан рет көргенмін. Ұшқалақ, жеңілтектеу сияқтанатын.

Содан кейін Айтқали Құсайынов деген жолдасымыз өзінің Зада деген қызының, Алмасбек Мұсаев деген сержант Сағат деген қызының суретін суырып алды. Алты- жеті сурет шықты. — Менің қызым жақсы! — Менің қызым артық! — деп жігіттер таласты да қалды. Әзілхан үндеместен Халиманың суретін партбилетіне салып, қайтадан қалтасына тығып қойды. Жігіттермен таласқысы келмеді. — Әркімнің өз қызы өзіне -сұлу, қойындар! деді жігіттерге. Сол сәтте біреу: — Әй, жігіттер, суреттеріңді тегіс мұнда қойындар. Қыз көрмесін ұйымдастырайық, — деп снарядтан босаған жәшіктердің бірін әкеп, ортаға төңкере салды. — Кімнің қызы жақсы екенін анықтауға ортамыздағы үлкеніміз аға сержант Геновтан өтінейік. — Дұрыс! Иван Иванович айтсын! — дедік біз. Иван Иванович Генов бәрімізден жасы үлкен, сол кезде отыздың ортасындағы кісі болатын. Соғыстан бұрын колхозда бастық болған, көпті білетін, тәжірибелі, ақылды адам еді. Снаряд жәшігінің үстіне сегіз сурет салынды. Әзілханның Халиманың суретін көрмеге қойғысы келмеді. Өйткені оның Халиманың суретін менен басқа жұртқа көрсеткісі келмейтін, қызғанатын маған да небәрі бір-екі-ақ рет көрсеткен болар. Әзекеңді мен қолқаладым. — Давай, Әзіл, шығар Халиманың да суретін, дедім. Әзіл менің көңілімді шықпады: қалтасынан Халиманың суретін шығарып, жәшіктің үстіне қойды. Сонымен қыздар суретінің көрмесі ашылды. Әркім әр суретке өзінше баға беріп жатты. Ал Генов әр суретті бір қолына алып, көп үңілді. Бір емес, үш реттен қарады. Ең ақырында Халиманың суретін қолына алып, снаряд жәшігінен басын көтерді. — Ең жақсы қыз — осы! — деді ол содан соң Халиманың суретін көкке көтеріп. Кәкібаев досымыз Геновпен дауласа кетті.

— Сіз сұлулықты танымайды екенсіз. Осы тоғыз қыздың ішіндегі ең сұлуы менің Мәрияшым. Қасқая күліп отырған жоқ па, мінеки. Әзілдің қызының несі артық Мәрияштан?.. Артық емес. Мен сіздің шешіміңізге көнбеймін, — деді кәдімгідей шамданып. Генов күлді де, басын шайқады. — Көнбесең қой. Мен бұл қыздардың сырт сұлулығын емес, ішкі жан сұлулығын да іздедім. Беталды далбалақтап күлмей, ернін жымырып отырған бұл қызда ой бар, парасат бар. Мұндай қыз ешкімге мұң шақырайды, сыр шашпайды. Бір берген уәдесінен өліп кетсе де таймайды. Орынсыз жерде ешқашан да күлмейді. Күлсе, жай жымияды да қояды. Ал сенің қызың ыржалақтап өз-өзінен күліп отыр. Есінде болсын: күлегеш қыз көңілшек келеді. Осы қызың сен соғысты бітіріп, үйге барғанша басқа біреудің әйелі болып отырмаса, менің атымды өзге қой! Соғыс даласындағы жауынгерлердің жер үйінде ашылған қыздар көрмесі осылай аяқталды. Сол Геновтың көріпкелі бар екен. Соғыс біткеннен кейін гимнастеркасының екі өңірі ордендер мен медальға толып Кәкібаев бауырымыз қырық бесінші жылдың қақаған қысында елге қайтты. Әрине, Мәрияшын аңсап қайтты. Бірақ, ер жігіттің соғыста жолы болып, жеңіске жеткенімен, махаббатта жолы болмады. Құсайын Белағаш стансасында әскери эшелоннан түсіп, зат қапшығын арқалап, аяғын кере адымдап ауылына келеді. Туыстарымен көрісіп, әкелген сыйлықтарын таратады. ауыл мәре-сәре болады. Кешке қарай әркімдер шана жегіп, тиеліп, көрші ауылға қарай жөнеле бастайды. — Бұлар қайда барады? — деп сұрайды Құсайын үй ішінен. — Көрші ауыл келін түсіріп, той жасағалы жатыр. Сол тойға бара жатқандар ғой олар, — дейді үйдегілер. — Кімнің тойы? — Өзіңмен бірге оқыған Мәрияш күйеуге шығып жатыр. Соның тойы. Әскерден жараланып, былтыр қайтқан сол ауылдың бір жігітімен көңіл қосқан екен. Тойларын созып-созып келіп, бүгін өткізгелі жатса керек. Бұл хабар жауынгер жігіттің төбесінен мұздай су құйып жібергендей әсер етеді. \"Шын ба? Өтірік пе? маған берген уәдесі қайда? Соңғы кезде хат жазбай кетіп еді...\"

Осылай ойлап, ашудың торына түскен ол арыстандай бұлқынады. Түнделетіп сол ауылға жетеді. Келсе, бәрі рас: той дүбірлеп жүріп жатыр. Мәрияш басқа біреудің әйелі болып, тойда отыр. Сұм фашисті жеңіп қайтқан, кеуде толған орденнен ине шаншар бос жер жоқ батырды тойдағылар төбесінен көтеріп, қарсы алады. Орталарынан ойып, орын береді. Ол кезде Белағаш тегіс самагон қайнататын. Бойын ыза кернеген Құсайын самагонды суша сіміреді. \"Бір ауыз сөйлесейік\" деп Мәрияшты қасына шақырса, ол мұның маңына жоламайды. Осыған жаны күйген ол самагонды одан сайын сілтейді. Не керек, түн ортасында ол тәлтіректеп, той болған ауылдан шығады. Өз ауылына қарай бет түзейді. Екі ауылдың арасы төрт-бес шақырымдай ғана болса керек. Түн болса, қырық градус аяз. Шинелі сөлпеңдеп, тәлтіректеп келе жатқан жігіт сүрініп кетіп құлайды. Сол жығылғаннан ол қайта тура алмайды. Ертеңінде таңертең тойдан қайтқан адамдар оның мұз боп қатып қалған өлігінің үстінен шығады. Сөйтіп, самсаған фашистердің жаңбырдай жауған оғы ала алмаған ер жігіттің түбіне қазақтың бір шүйкедей қызының тұрақсыздығы жетті. Сол майдан даласында көрмеге түскен қыздардың ішінде тек Халима ғана тұрақты болып шықты. Өзгелері өзге күйеуге тиіп кетті. Егер Халима тұрақсыз болып, өзге біреуге кетіп қалса, Әзекеңнің де тірі болар, болмасы неғайбіл еді. Әзекеңнін Халиманы сүйгендігі сондай, егер ол серттен тайса, Әзекеңнің шар болаттай шарт сынып кетуі ықтимал еді. Құдайға шүкір, Әзекең қазір ортамызда. Халықтың сүйікті жазушысы болды. Оқырмандар Әзекең кітаптарына разы болса, ең алдымен, Халимаға алғыс айтулары керек. Соғыстағы солдаттар арасында Халиманың суреті сондай жоғары баға алған еді. Ал суреті ғана емес, өз басынын да қандай бағалы екені қазір халыққа аян болды. Қазақта Халима сияқты жақсы әйелдер көп шығар. Ал әйелін Әзекеңдей бағалаған ешкім жоқ! Көбіміз: әйел сүйдік, сүйкендік, өлді — қалды дейміз. Өлген әйелін тірі ден артық бағалап отырған менің ескі жауынгер досым Әзекең Әзілхан ғана. Басқа ешкімді естігенім жоқ. Менің әйелімнің аты Хантай. Халиманы өте жақсы көрді. – Егер қыз тапсам, атын Халима қоямын, — деуші еді. Тағдыр бізге қыз бермеді. Бірақ, бір ұлымыздың атын Әзілхан деп қойдық. Соған да шүкірлік етеміз. Егер Құдай бізге бала бермей қойса қайтер едік.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook