Лұқпан Бегалытегі. Ұлы даланың ұлы перзенттері Бірнеше жыр кітаптарының авторы, ұлттық рухымызды ту қылған, өр дауысты, өмірі де, шығармасы да туған еліміздің тарихи-қоғамдық өмірімен терең тамырлас, үзілмес байланыста болып келе жатқан ақын Лұқпан Сисекенұлы Бегəлітегі бұл шығармасында, Тоныкөк абыз тасқа қашап, Асанқайғы армандаған, кешегі Алаш қайраткерлерлі өсиет еткен, бүгінгі қазақ ұрпағы жүзеге асыруға серт беріп, бел буған «Мəңгілік ел» мұратын жас ұрпаққа отты өлеңдерімен өрнектеп жеткізіп, «Мəңгілік ел» рухы жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, атамекеннің сынық сүйем жерін дұшпанға бастырмай кеудесімен қорғаған батыр бабаларымыз Көк Бөрі, Күлтегін, Мөде, Атила (Еділ) Томирис (Тұмар), Қорқыт баба, Шыңғыс хан, Бейбарыс, Абат Байтақ, Қарасай, Ер Қосай, Пір Бекет, Ер Наазар, Шотан, Тастемір, Cүйінқара, Асау-Барақ Ағатай, Исатай, Махамбет, Ұлы қолбасшы Бөкенбай, Жағалбайлы Тайлақ батыр Есболай, Бақашы, Есет, Жарас мерген, Қабанбай, Бөгенбай батыр, Өтен, Нарынбай Төремұрат қаһарман хандарымыз Қасым хан, Хақназар, Тəуке, Керей, Жəнібек., Есім хан, Əз-Тəуке, Абылай хан мен Кенесарының ерлік істерін жəне елдің бірлігін даналығымен ұйытқан би-шешендеріміз Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Əйтеке, Бөкен билердің, Досжан, Нұрпейіс хазіреттердің отансүйгіш өнегесін жастарға үлгі етіп, Қазақ халқының əрдайым татулық пен ынтымақты ту еткен дархан мінезін, ауызбіршілік пен адалдықты, еңбекқұмарлық пен ақыл-ойды қасиеттеген ізгілікті салт- дəстүрін жыр тілімен көркем кестелеген. Ақиқат үшін күрескен Алаштың арыстарын жырлаған. Туған жері Кең Жылойдағы əулиелердің аманатын ұрпаққа өршіл рух сезімімен жеткізе білген. Ақын жас буынды ұлттық мəдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тəрбиелеуге, жастардың патриоттық рухын оятуға, бірлік пен ынтымақты сақтауға, жастарымызға ұлы бабаларымыздың асқақ арманы - тəуелсіздік, ел мен жерді қорғау екенін ұғындыруды, сонымен бірге Қазақстан мен қазақ халқын, оның мəдениеті мен салтын насихаттауды, бүгінгі жастарды əлемдік деңгейде сапалы білім алуға, сапалы интелллектуалдық кеңістікті меңгеруге шақыруды алдына ұлы мақсат қылып қойған. Кітаптың тілі көркем. Оқырманға беретін эстетикалық қуаты мол. Көпшілік оқырманға арналған. Бисмиллаһи Рахмани Рахим, Ал-хамду лиллах! Əс-сəлəму алейкум уə
рахматуллаһи уə бəрəкəтуһ! Бұл еңбегімді Қазақ хандығының 550 жылдығына жəне Қазақ ұлтының көш бастаған көсемi, сөз бастаған шешенi, “Алаш” қозғалысының жетекшiсi, Алашорда үкiметiнiң төрағасы, ғалым, публицист, аудармашы Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толу қуанышты ел мерекесіне арнадым. Туындыгер. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІ КІТАПҚА БАРАР ЖОЛДА Бұл дүниеге сен ата-баба мен ұрпақ алдындағы борышыңды өтеу үшін ғана келдің. Түркі бабаларымыздың жазбасы Түркі халқы үшін, Түн ұйықтамадым Күндіз отырмадым. ... Қызыл қанымды төктім, Қара терімді ағыздым. «Күлтегін» ,»Тоныкөк» жырларынан. \"Қазақтың болашағы аухаттылардың байлығыменен емес, даналардың барлығыменен есептеледі\". Төле би. Тұранда Түркі ойнаған ұқсап отқа, Түркіден басқа от боп жан туған ба?
Көп түркі енші алып тарағанда, Қазаққа қара шаңырақ қалған жоқпа. Мағжан «Туған елдей ел болмас Туған жердей жер болмас» Халық даналығы «Отанды сүю – от басынан басталады» Халық даналығы Өзін-өзі білген ер бақытты, Өзін-өзі билеген ел бақытты. Халық даналығы. Өзіңнің ата-бабаларының даңқыменен мақтану өте маңызды ғана емес, солай болуға тиісті де. А.С. Пушкин. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы тұрады. (Міржақып Дулатов) Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл. Тіл-халық тарихы, ұлттың жаны, оған қиянат жасау халық жүрегін жаралау! Мұстафа Шоқай. Алаш-алаш болғанда, Ала тай ат болғанда.
Таңбасыз тай, Енсіз қой болғанда. Алаша хан болғанда.. Ел ауызынан. «Алашқа жатқан алты елдің, Түпкі атасы Тұраннан. Жаңылмаңдар қазағым, Алаш баба ұраннан!» Қожаберген жырау «Қазақ» сөзі əскери термин ретінде қолданылып,ержүрек.батыл деген мəнді білдіреді» Шоқан Уəлиханов. « Түрік баласы ата-бабасын танып білген сайын ұлы істер жасау жолында тек өз бойынан ғана күш-қуат алады » М.К.Ататүрік «Бүгін Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан һəм Тəжікстан деп, жат үкімет күшін алты жүмһүриетке бөліп тұрған Түркістан – бөлінбес, айрылмас бір өлке. Халқының қаны бір, тілі бір, діні бір». «..Түрік халқы – батыр халық. Түрік халқы – арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшманға ауызының аласы». Мұстафа Шоқай
«Ұлттың негізі-өзегі – имандылық. Əскер, ғылым, түрлі ұйымдар ықпалы одан кейінгі орында тұрады. Мейлі түркі ұлты болсын, мейлі басқа ұлттар болсын, имандылығы жоғары дəрежеде болған кезде өсіп- өркендеген, ал имандылығы бұзылғанда шіріп, ыдыраған. Түркі тарихында орын алған ауытқулардың да басты себебі – осы имандылықтың əлсіреуі». Хұсейн Нихал Атсыз «Оны (Мұхаммед) адамзатты сақтап қалушы деп есептеуге болады. Егер сол секілді адам қазіргі заманды басқаруды өз қолына алса, əлемге қаншама мұқтаж тыныштық пен бақыт əкелу жолын сөзсіз табатынына мен сенемін» Бернард Шоу «Мұсылмандық – дүниенің ұйытқысы болған дін. Бұл діннің қайнар көзі – Құран. Ал Құран болса, əлем мəдениетінің негізгі іргетасы. Егер мұсылмандық жер жүзінен жойылар болса, дүние шайқалып кетер еді» Ф. Гостонкер. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас» Абай « Инабат-ердің азығы Бақыт пенен дəулеттің Ұстайтұғын қазығы .» Кердері Əбубəкір. «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең əуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін де ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда əдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Əдебиеті жоқ ұлттың өнері де, өмірі де өршімейді», Ғ.Қараш.
Ұлттық сана сезім-бұл ұлтты сақтаудың негізі.Ұлттық сана-сезімін жоғалтқан ұлт құрып ету қаупіне ұшырайды. М. Кадафи. « Сүймек, сезбек, кейімек Харекет қылмақ жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйлемек, Ақыл керек, ес керек. » Абай « Суытпа босқа түсіңді Қайрама онша тісіңді. Сырт тазасы не керек, Тазарт əуел ішіңді.» Үмбетай жырау «Малым бар деп мақтанба, Боран соқса қайтесің?! Басым бар деп мақтанба, Ажал соқса қайтесің?! Тілім бар деп мақтанба, Тіл байланса қайтесің?! Бағым бар деп мақтанба, Сорға айналса қайтесің ?!
Ақылдан артық хандық жоқ, Жомарттан артық нарлық жоқ.» Халық даналығы. «Инабатты болса- əйел көрікті, Ақ сақал жарасса-шал көрікті, Сүйікті болса – ағайын көрікті.» Қорқыт Ата «Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл, Күндердің күні болғанда Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.» Бұхар жырау «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтылмайсың» Халық даналығы. «Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты- өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу» Мағжан Жұмабаев Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін, жоқшылық пен кесірді жермен – жексен ететін. Халық мақалы. Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Əр адамда өз анасынан басқа да.
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері - түп қазығы, айбыны, Туған тілі-сатылмайтын байлығы. Туған дəстүр, салт-санасы-тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Жəне туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр əрі қасіретті болса да. Төрт анаға əнін жалғай алмаған Пенделердің басы қайда қалмаған? Төрт анасын қорғамаған халықтың, Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы! Мұхтар Шақанов Адам болсаң,болғайсың адал жанды, Жауыздықтан аулақ бол,сүй адамды. Жақсылықты жақсылық табар іздеп, Жамандықпен жақсы атақ кім шығарды? Низами Ешқашан асынба да тасынба,
Билік тəжі тұрғанымен басыңда. Ел киесін есіңде тұт ұмытпай, Кішіктігің болсын ылғи қасыңда. Сейіл Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт – берекең – атаң қымбат, Мейірімді анаң қымбат, Асқар тауың – əкең қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. Қазыбек Келдібекұлы Мынау пəнидің жалғандығына көзі жеткен ол (Бейбарыс) дүние шыр көбелек айналып,ең соңғы иек қағар сəтінде : «Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан болған артық екен» десе керек. Шыңғыс Айтматов. Сіз елім маған не істей алады деп сұрамаңыз,еліме мен не істей алар екенмін деп толғаныңыз. Джон Кеннеди. Ата-баба жолын берік ұстасақ, Қор болмас –ау біздің сүйген халқымыз. Ел намысын бірақ ер боп жыртпасақ, Өзің айтшы шарықтайма даңқымыз? Лұқпан Бегалытегі. БІРІНШІ БӨЛІМ
ҚУАНАМЫН Отан—ана асқар тауым тірегім, Өзіңменен егіз біткен жүрегім. Сен –деп, соққан лүпілімен ып-ыстық, Мен өзіңді адал шексіз сүйемін. Сенсіз бақыт шуақ төгіп келгенбе, Не жетеді дидарыңды көргенге. Қуанамын қазақпын деп, мақтанам, Қазақ анам емшек сүтін бергенге! Елдікпенен жоғалтпаған қайратын, Өзіңсің ғой арқа сүйер айбаттым. Келер ұрпақ қадіріңді білсін-деп, Сезім толы жырларымнан сый тарттым! МЕНІҢ ҚАЗАҚ ЕЛІМ Ұлан ғайыр даласы бар кең байтақ, Алтын толы шың құздары түсі аппақ, Қаратау мен Алатауын құшақтап. Қолтыққа алып күміс өзен көлдерін, Теңіздерін жолатпаған қысты аппақ. Кең əлемді қобызымен тербетіп, Өрт ішінде тектілікпен сыр сақтап,
Көк Бөрідей ханыменен ойы асқақ, Адамзатқа ізгіліктен ой тастап, Үйсін,Адай,Жалайырын құшақтап, Керей, Уақпен, Найман атты ұлдары, Қоңыратына бауыр тартқан Көк Қыпшақ Маңдай тері ер үстінде моншақтап, Қанды тырнақ қалың жауға иілмей, Тауға біткен шыңдар тектес түйіндей, Майхы бидің ұран қылған сөзіндей, Ұстасақ-деп, туған елді бүлдірмей, Əр төбесін қызғыштардай қорғаштап. Скиф,Гундар, Сақ,Қыпшақтар ерлігін, Жалау қылып түсірместен қолға ұстап, Үні болар ұлы дана халқының, Ұрпағынан кетпес үшін ырыс бақ.. Өртте қалған жолбарыстай ызалы, Жаудың құрған жан жағынан тұзағы, Шеңбер құрған от шоғынан жүз аттап. Қасірет шегіп кеудесіне мұз қаптап Бізге жеткен ғасырлардан ұлы көш, Ата Түрік шаңырағын сау сақтап.!
Қырғын көрген, аштық көрген жан қысқан, Бірі Үрімге,бірі Қырым тау асқан. Озбырлардың шырмауын түспеске, Талайлары жат елдерде адасқан. Қаратаудан зарын айтып көш өткен, Елім-аулап от кеудесін мұң басқан. Ашылмаған қара бұлтты қанды аспан. Сұрапылы ажал болып жалғасқан. Қайран ерлер сол апаттан қорғауда, Басын беріп құрбандыққа қан құсқан. Жау талаған аямастан əр тұстан. Білмес үшін келер ұрпақ бабасын, Сұмдық түрін ойлап тауып сұм дұшпан. Парақтарын тарихының жыртқызып, Балғынына шайтан уын жұтқызып, Əрбір ойға көміп кеткен шаң басқан. Залымдыққа жаны қатал не дерсің, Уақыт емдер салған қанды жарасын, Соқса дағы небір дауыл борасын, Бақыты үшін ажалменен алысқан, Қара тастай төзімімен таң құшқан.
Оқымақ боп өлмес мəңгі ерлігін, Үңіледі жаңа заман данышпан. Көз алдында күй шертеді далалар, Қол созады құм астынан қалалар. Қарғыс айтып ессіздікке соғысқа, Тіл қатады əрбір қырдан бабалар. Дем біткенше бірде тыным алмаған, Азаттықтың сұңқары боп самғаған. Ел намысы тұздық болып кеудеге, Ерліктерін келер күнге жалғаған.! Сор кешсе де жоғалтпаған елдігін, Жасай білген талай ұлтқа кеңдігін. Дастарханын тұз дəмімен кең жайып, Жомартықтың ұсынған ол сый гүлін. Босағадан аттағанмен көрісіп,, Үзім нанды кең пейілмен бөлісіп, Бауыр тартып орын берген төрінен. Мұндай ғажап сұлу елді көріппе ең?!, Жан түршігер күн кешсе де зорлықпен, Қайғы жұтып большевиктер өртінен. Жазылуға құлдық азап дертінен
Қаймықпастан ізгілікке ұмтылып, Айырылмаған имандылық көркінен. Болашаққа жүктеп арман үмітті, Ұрпақ үшін жүректерін шам қылып, Нажағайдай ойнап көкте түн тілген Соқтықпалы сан соқпақты жолдарда, Бас иместен əділетсіздікке тор ілген, Жартастарды жарып шыққан шынардай, Жапырақ жайып қайта өсіп жетілген.! Тəңір өзі сол өрлігін көрдіме, Арман қылған бақыт құсы туды елге. Желтоқсанның қатқан мұзын жібітіп, Бақыт құсын сыйға тартты төріне. Бодандықтың тас лақтырып көріне. Жетелеумен азаттықтың өріне, Қуат беріп талықсыған деміне, Қашан көрсең əн тұратын көгінде, Қасиет бар құдірет бар тегінде, Гүл өргізіп ұлы дала беліне, Көк байрақпен кең құшағын жайнатып, Шырақ жағып өшпейтұғын мəңгіге,
Ерік берді еркіндіктің əніне:! Ата заңы-алтын кітап қолға алып, Қайта туып жаңарғандай қуанып. Ізгіліктің жолын талмай іздеумен, Егемендік шуағына нұрланып, Туған елге шашқан ажал уларын, Қанаушының жауып атом сынағын. Кейін серпіп қалың қызыл тұманын, Құмнан аршып ана тілін бұлағын, Қайта тауып қасиетті Құранын. Отты жүрек жаратылған ел үшін, Өзі болып зерек ұлы Зиманның, Жарқыратып жағып ғылым шамдарын, Нарықтықтың терең зерттеп заңдарын, Ойлауменен мақсат қойып ел қамын, Келер күннен күтіп ашық таңдарын, Сенім жүктеп аманатқа тапсырып, Сұлтан сайлап елін сүйген қыранын, Адамзаттың сеніп ақыл ойына, Бейбіт күнге шақырғаны жер шарын! Мəңгілігін тілеп келген жазының,
Жасай біліп келісімін ғасырдың. Жеңілмейтін жасампаздық ерлікпен, Алшасынан тұрғыза алып асығын, Таңдандырып қадамымен алғашқы, Тектіліктің көрсете алып тасқынын. Азат елдің туын биік көтеріп, Сақтай біліп ата-жолдың дəстүрін. Аржағына мұқиттардың қол созып, Ұлы достық сезімімен қосты үнін. Теңіздердей ағылғаны мұнайы, Ел тілегі əрдайымда жақсы ырым. Көш басында жұлдыздардай жарқырап, Ізі қалды Қонаевтай жақсының. Сыр болмады онда бөлек жасырын, Қуанышқа бөлеп халқын асылын, Даласына толқып бидай піскенде, Қамбаларға құйып жатты астығын. Тер төккенді еңбекпенен кім жеңбек, Армандары алыстарға жетелеп. Аюлардың тиген талай таяғы, Қиын күндер бастан кешкен баяғы,
Қала берді арта кейін біртіндеп. Бірге шығып ынтымақпен үндері, Сан ұлт ұлы қол ұстасып гүлдеді. Бір-біріне қамқор болып мейіріммен, Батыл қадам баса берді ілгері. Еңбек етіп ерінбестен езіле, Жайқалдырып пана болған кең жерді. Қызыл тұман астында бір күн кешкен, Тайынбады олар əсте күрестен. Қуанышын бір бөлісіп теңдіктің, Болашақпен бір туғандай көріскен. Жетсе деумен барша адам мұратқа, Азат таңда əділдікпен жеңіспен.! Еркін алып еркіндіктің тынысын, Молайтуға туған елдің ырысын. Бой түзеді Астанасы Есілде, Бəрі, бəрі ата жұртым ел үшін. Ірге тасын қалап берсе ел басым, Жалғастырып сүйсінерлік ұлы ісін. Ала таңнан құрылысшылармен бір тұрып, Жақындатып алда келер жеңісін,
Тоқтатпастан жеміс толы жұмысын, Көтеріскен қабырғасын бас болып, Иманғали кемеңгер ұл-туысым.! Көшесінде-таңның тəтті сырлары, Құшағында-алтын күннің нұрлары Бар əлемнің сұлулығы тоғысқан, Бұл Астана мəңгіліктің жыр əні! Азаттықтың алаулаған шырағы, Азиямның зəулім биік шынары. Бар маңайы гүл жамылып құлпырған, Бəйтеректе бабалардың тұмары Жауға шапқан ерлікпенен ту байлап, Бөгенбайдай жан бабамның ұраны! Бізге жеткен алтын қанат қыраны. Сəкен ақын іздерінен сыр айтқан, Өр Рухтың сусындатар бұлағы. Сылаңдаған Есіл ашқан құшағын,, Бұл Астана кім-кімнің де арманы.! Шілдедегі жұлдыздардай самсаған, Бұлбұлдардай тамылжыта əн салған. Бір-бірімен тайталасқан ажары.
Аққулардай сұлу біткен қыздары, Шын достықтан соға білген қорғанды, Алпамыстай батыр тұлға ұлдары. Қуаныштың сыйын тартып жаныма, Қан қосқандай тамырыма қаныма Туыс қылып барлық ұлтты халқыма!, Күмбірлеген күйлерімен шалқыма! Бара қалсаң сусыныңды қандырып, Ақындары жыр жұлдызын жандырып Түнің де жарық қылар мұндағы Алға тартып Серік дүлдүл тарланды,. Еске салып Ғафу сырлас ағаңды. Фаризадай жаны мөлдір апаңды, Қоғабайдай қадір тұтып бағаңды. Мəди достай жазған жүрек жарамды. Көрсете алып махабатын сезіммен, Қолдан түспей Муза берген қаламы.! Кеуде тосып көктемдердің желіне, Қадам басқан өркениет төріне. Əлдилеген ақ сүт берген анаңдай, Қуанасың бағы жанған еліңе!
Желді бөгеп Батыстағы ызғарлы, Жылу төгіп бұзып жарып мұз-қарды Зергер тағып даналықтың беліне, Ақыл ойдың бойлай еніп кеніне. Дауды шешкен Төле бидің өзі боп, Қазыбек пен Əйтекенің көзі боп. Мөңке бидей алдын болжап ой өріп, Жасай білген əділдікпен төрелік Із қалдырған ізгіліктің өрінде, Абыроймен Европа төрінде.! Жеңісіне жаныменен сүйсініп, Бұлбұлдары сайрап берер төгіле. Кім тартпайды бауырым-ау айтшы сен, Кие толы ата баба тегіне?! Астанамда мəңгі орнардай гүл көктем, Бар мұсылман басын қосып бірлікпен. Тыңдағанда иманды үнін қазақтың, Елжіреген даналыққа жүрекпен. Қуаныштан көздің жасын тия алмай, Түркі жұрты Түркстанға көз тіккен. Қайта маздап жанатындай ошағы,
Ата жұртта бабалары ту тіккен! Тырнағынан босап шығып құзғынның, Қолына алып өз билігін тізгінін. Тебірентіп бейбіт үнмен жер жүзін, Мінбесінен ООН-ның дауыстап. Жеткізе алған ҚАЗАҚ атты өз үнін Болашағы зор болатын халықтың, Бүкіл əлем ұлы көріп өзінің. Алғыстарын сенімменен жеткізіп, Адамзатқа үлгі қылған төзімін!. Тыныштығың ұя салған қойнында, Бар қайраты күш жігері бойында. Шарықтаумен шырқап қанат қаға алған, Шыдауменен небір дүлей құйынға, Бас имеген сан дағдарыс қиынға. Жиырма жылда жеткен мақсат ойына, Қалай досым жыр төкпессің толғанып, Құт дарыған туған елдің тойында! Дүбірлеткен байтақ шексіз даламды, Құтты болсын тəуелсіз ел мейрамы. Əрбір үйге Қыдыр қонсын тыныстап,
Алты Алаштың бұзылмасын қаймағы. Ынтымақтың қуат беріп қайнары. Аман болсын бар байлығы адамы, Сəтті болсын алға басқан қадамы. Жалғайтұғын келешектің жолдарын, Жапырақ жайсын келер ұрпақ орманым. Бəріңе де жалғыз Тəңір бақ берсін, Орындалсын ізгі тілек арманың! Қуанышы жаңғырттырып өлкемді, Бүгінгіден қызық болар ертеңі. Өрлей өссін туған елдің өркені, Жағдай жасар нар халқыма ерлікпен, Төрге шықсын ақиқат атты көркемі! Азаттықтың сыйға тартқан таңдарын, Құтты болсын, құтты болсын мейрамың, Өздеріңде кең даламның исі бар, Бабаң болып құшақтайын кел жаным! Ерлігінен жыр төгейін теңіздей, Жаттап алсын шежіресін ұрпағым! ЕКІНШІ БӨЛІМ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІ
Жалаң аттың жалымен, Жалаң қылыш жүзімен. Жауға шапқан бабамның, Даусын аңсап ізімен. Қырандайын қомданып, Қаламымды қолға алып. Жолға шықтым бел буып, Тебіреніп, толғанып. Жанды алдымнан шырақтар, Сырын айтты қыраттар, Далам тұнған əн екен, Бабаларым нар екен, Ерліктерін айтпасам, Келешектен не күтем?! Келер ұрпақ құлақ сал. Алға ұмтылған бұлақтар! АТТИЛА (ЕДІЛ) Талайдың тəж тақытын ойран еткен, Əлемде теңдесі жоқ айбыны өктем. Өр Ғұндар cан тайпаның басын қосып, Өшпес даңқ қайталанбас ерліктермен.
Көк бөрі, Сақ патшаның жолын сақтап, Бірлікпен көш бастаған көрікті елмен, Оятып қалғып жатқан кең ғаламды, Тəңірім төккен нұрдан құрған желкен! Əкесі Мыңжұқ тектес болған батыл. Ағасы Оқтарменен жаны жарқын. Борышын ақтау үшін ел алдында, Жалғаған сол жолдарды Аттил батыр. Даңқты ер даналығы болса дағы, Əрдайым көппен құрған кеңес ақыл. Ұрпаққа сəуле төгер тылсым күшпен. Ізінде ғасырлардың үні жатыр. Сыйынып адалдықпен бір Тəңірге, Ата-жұрт қастерлеген заңды біле. Айрылмай ақиқат пен дін жолынан, Туған ел кең құшағын бөлеп гүлге. Нық сақтап əдеп ғұрпын өнегемен, Қарасып əлсіздерге кəрілерге. Ешкімнің ар- намысын таптаттырмай, Ел қамын алға қойған барлық жерде! Халықтың қазынасы қызықтырған,
Жол бермей арсыздарға ұрлық қылған. Ұран қып əділдікті адалдықты, Құрмастан сауық сайран,желік думан, Нəр алып имандықтан, адалдықтан, Əрдайым аулақ болған адамға жат, Пенделік жат қылықты былықтардан. Қастерлеп халқы ізгілік қасиетін, Ол үшін жан беруге əзір тұрған.! Халқына қорған болған əрқашанда, Осындай ұлы көсем арқасында. Тұлпарлар тұяғымен дабыл қағып, Жауының қарсы келген шаңын қағып, Ерліктің еркін шығып қырқасына, Көк бөрлі туып тігіп қақпасына. Самсаған жарық төккен жұлдыздардай, Кірді олар Европа ортасына. Түркінің мəңгілікке атын жазып, Қылыштың ұшыменен əр тасына! Жандасты жағаласты қас дұшпаны, Жеңіліп өлім жұтты алысқаны. Бой бермей өр рухты өжеттікпен,
Түріктің жау жүректі арыстары. Тас қамал бөгеттерді жарып өтіп, Екпінмен елестетіп тасқындарды. Сумаңдап кеуде керген патшалардың, Мыңдаған қалаларын басып алды. Сілкінтіп таңдандырып ғасырларды. Рейн мен Византия жазығында, Талайдың домаланған басы қалды! Сəулесін жан жағына шашқандай күн, Ол құрды ұлы Ғұндар патшалығын. Ерліктің шыңдарында шырақ жағып, Түріктің аспандатып асқақ жырын. Əмірші бола білді мір оғындай, Халқының көтере алып артқан жүгін. Жақтасып қарапайым жандарға адал, Жоғалтпай əділ үкім, сенім гүлін! Əлемге жеткізуге шығыс таңын, Шыңынан асып өтіп Альпі таудың. От шашып көкте ойнаған нажағайдай, Бəлсініп кектендірген қуды жауын. Жеңілген өкініштің уын ішер,
Тəңірден безгендердің құны мəлім. Өткеннен сыр шертеді балбалалар, Қайтемін көп қазбалап арғы жағын! Франция, Қиыр шығыс,Амур көлмен, Иранмен,Кавказ,Тибет,Қытай өрген. Италияң Римдегі патша ағзамдар, Алдында салық төлеп басын иген. Алтын мен күмісінен сыйлық тартып, Аруын қоса беріп қолын сүйген. Сескенген қолындағы ақ алмастан, Кектенсе қанын төгіп өлік үйген.! Осы бір қолбасшыға жауға сұсты, Жанында əскері бар жойқын күшті. Ешбірі қарсы келіп сөз айта алмай, Өкініп қызғаныштың уын ішті. Маймылдай жорғалады тойын жасап, Қайтерсің ездік деген аянышты. Үрікті ҒҰН королі атағынан, Ғаламға жасай білген сілкіністі! Төндірер жауыздыққа қауіп үрей, Тартқызып достарына сырнай керней.
Қобыздың елжіретер сазыменен, Сезіммен жүректерге құлаш сермей. Аруға ақ жаулықты сыйға тартып, Түркінің қызу қанды биін билей, Қыпшақтың көркем сазды əнін салып, Дауысы шалықтаған көкке өрлей. Үн қосқан аққуларға қалықтаған, Жыр төккен жыраулары күміс көмей! Ғажап ғой ата салттың өнегесі, Адаспас қасиетін білген кісі. Анаңның мұнда кие ақ сүті бар, Бабаңның сонда жүрек тербелісі. Тыңдасаң елжірерсің еміреніп, Бойыңа жиналғандай қуат күші. Жау жығар өршіл рух иеленген, Ұмытпас көкжалдығын көк бөрісі. Шығармас дем біткенше уысынан, Ол үшін қаншама ерлер жан берісті! Ал күйі күмбірлеген тіптен бөлек, Жаныңды жадыратар жырға бөлеп. Тарихын нар халқыңның айтып берер,
Абыздай күмбір қағып өзі сөйлеп. Тербетер жүрек қылын кеудеңдегі, Ой салып сезіміңді еркін билеп. Елестер көз алдыңа батыр бабаң, Жаралған жырға лайық тіптен ерек. Жетелер асқақ сезім армандарға, Келер күн болашаққа құлаш сермеп.! Мұхиттың жасыл орман аралдары, Сілкінтіп оятқандай Ғұндар əні. Алдында ерке қыздай құшақ ашқан, Жарқ етіп, жарық төгіп жанарлары. Қаны ойнап буырқанған асқақ үнді, Ақындар олар жəйлі жазар əлі. Арулар бұрымына оратылып, Сезімнің жалынына жан балқытып, Қаншама жауынгер ер онда қалды.? Біздерге бабалардың даңқы қымбат, Ұмытсаң əруақ сөзсіз жазалары.! Өр даңқын асқақтатқан көрікті елдің, Қалайша жырламассың ерліктерін. Үн қатар Түріктерім бақыт құшқан,
Қастерлеп қорған қылған бірліктерін. Өткен ғой небір дана терең ойшыл, Өзіндей алды болжар көріпкелдің. Қашанда шын жүйрікке кедергі жоқ, Ел үшін жалау қылған жүректерін! Алаулап жалын оттай жалындаған, Əділ де батыр болған менің бабам. Тағдыры қыспаққа алып сынаса да, Жаманға күн түсіріп жалынбаған. Еліне көз алартып басынса жау, Əрдайым ерлігінен жаңылмаған. Достықпен келгендерге мейір төгіп, Төріне туысындай қабылдаған. Өмірде кім сүрінбес қателесіп, Онысын мойнына алса жазғырмаған. Бас болған ұлы көсем Түркі еліне, Біткен соң жол сапары жер бетінде. Көз жұмған асау Дунай жағасында, Қалдырып аманатын кейінгіге. Күнде оның өр дауысын қайталайды. Толқындар аласұрған төңкеріле.
Айтары ұлттық сана, елдік, ерлік, Ұғынсаң ой тізгінін бос жіберме! Кең əлем ерліктерін қылған аңыз, Біз оның келер толқын ұрпағымыз. Жігітке намысы мен ары қымбат, Бабаға тартпай өссек кім боламыз?! Күн кешпе өлсең дағы тізе бүгіп, Түсінсең уақыт қысқа, өмір жалғыз. Асық сен ерліктерді жасау үшін, Ақталсын мойныңдағы борыш, парыз! Атағы аңыз болып жерді жарып, Ізгілік көшін өрген төгіп жарық. Қыпшақтар жоғалуы мүмкін емес, Қойса да ұлылығын бүркеп жауып. Ерлікпен көтер басты бауырласым, Бармыз-деп,дүниеге дауыс салып. Қуансын Түркі тектес барша халық! Еркіндік сүйген елің көрсе қорлық, Хақың жоқ бас бұғуға ынжық болып. Езілсең сары уайымға саз балшықтай, Аждаһа бар қаныңды алар сорып.
Қажетпе ерлік іздеп шық майданға, Аттила бабаңа ұқсап елді қорып. Бас бағып жата берсең жау алады, Қарғадай қарқылдаумен басқа қонып. Тұрыңдар Түрік тектес қандастарым, Күтіп тұр бірлік атты алда жорық! ҒҰН ПАТШАСЫ АТТИЛЛАНЫҢ ӨСИЕТТЕРІ Ғұн ұрпағы тумысынан күрескер, Сені күтіп алда тұр ғой ұлы істер. Өсиетімді ақ жол тілеп айтайын, Қабыл алсаң қашпас сенен жеңістер! Серік қылып қара тастай төзімді, Өмір бойы шəкірт санап өзіңді. Барша білім бұлағынан сусындап, Аша біл сен иман- жүрек көзіңді! Қанды келер тажалының тырнағы, Болмас үшін озбырлардың құрбаны. Адалдық пен батылдықты қастерлеп, Жастайыңнан шыңдап өсір ұланды. Сусындатып əдебімен халқымның, Нұрын құйып ата-дəстүр салтымның.
Жауды алатын өршіл Рухтан дем салып, Өр киесін дарыта біл Түркінің! Бақытым де ауыз бірлік тірлігін, Сəні сонда қорған болар көркіңнің, Айбатыңда, қайратыңда осында, Кең ғаламға шалықтасын еркін үн! Өр Алтайдың жарып шығып біз төсін, Берік ұстап ұлтымыздың намысын. Алға тартып ұлы көштің қонысын. Кең əлемді сілікіндірдік жаңғыртып, Бабалардың ала білдік алғысын. Жол жасадық ерлікпенен елдікке, Келер ұрпақ самғау үшін кеңдікте. Арын қорғап аянбастан халықтың, Көріне алып серттен таймас бірлікте. Ерік беріп желден озар жүйрікке, Тұлпардың тұяғымен жыр жазып Тəуекелді қанат қылып ерлікке, Көрерміз- деп, жазылғанын маңдайға, Жасық ойға берілмедік тірлікте! Еркіндіктің тарылтпауға тынысын,
Аянбастан Түркі халқы ел үшін. Ұлы көштің кеңейтуге өрісін, Таптатпауға жатқа жерін- ырысын. Жүдетпеуге ата-жұрттың тұрмысын, Қағанаттың құрған алғаш іргесін, Қайталауға тектілердің ұлы ісін, Жоғалтпауға ата-салттың болмысын, Қалың жауға сермеп жалаң қылышын, Кегі қайнап қас дұшпанын кескілеп, Қорғай біліп өзі құрған ұлысын. Бойтұмар қып топырағын киелі, Бабаларың алысқан ғой ел үшін! Ұрпағысың сендер ұлы халықтың, Жоғалтпасқа ерлік толы болмысын. Есіне алып ердік даңқ ұлы ісін, Елдің қамын ойлайтұғын күрескер, Ұрпақтарың жау жүректі ер болсын! Өрлік мінез сұс көрсетер жауына, Ерте сіңсін десең ыстық қанына. Бесік жырмен ерліктерін ардақтап, Жол ашыңдар тарих ана- танымға!
Байлық мұраң ұлттық Рух- тамырда! Адамзатқа төндірген сан сұмдықты, Кім сүйеді бодандықты құлдықты. Нағыз қорлық бұғауына шырмалсаң, Қанішерлер жасар небір қулықты. Көзі тоймай қазыналы байлыққа, Еркіндікке салар бұғау құлыпты. Өкінініштен у ішпеске жас төгіп, Қорғай біл сен бірлік -атты хандықты. Өз ұлтыңа қорған болып қашанда, Айта біліп сескенбестен шындықты. Мақсат қылған даңқ құмарлық тұғырын, Алдамшының əрдайымда күні мұң. Ол ұялмас жылатуға əлсізді. Бет пердесін сыпыр тіліп зұлымның! Тектілігін өн бойыңнан жоғалтпай, Көкжалдығын көрсете біл бөрінің! Ер болама жаралса егер күйікке, Ұл болама аунап жатса күлдікте. Қыз болама қол салдырып кіндікке. Етек ашып жер қаратса кеңдікте.
Болар бола бесігінде бұлқынар, Болар құлын желісінде жұлқынар, Көз ашқаннан талпынумен өрлікке, Ерік күшің мығым болып іштегі, Арман болсын жетелейтін биікке. Туралықтан айнымауың басты шарт, Болмау үшін қуыс кеуде жел өкпе! Қай кезде де нəпсі атты қу залым, Көзді бағып құрар тұзақ торларын. Оған еріп екі сөйлеу азғындық, Адам болып рас болса туғаның. Серте тұру адамдықтың келбеті, Адалдықтан ешкім өлмес біл жаным! Оны бұзсаң жабысады ауыр дерт, Өз- өзіңе терең көрді қазғаның! Ақыл ойдың жібін жалғай алмассың, Қысқа болар көктемдерің, жаздарың! Қапа болып қалмас үшін тасада, Арқа сүйе үш нəрсеге қашанда. Қадір тұтсаң өмір,уақыт,жүректі, Бет алғаның ізгілікті сапарға.
Бəрі алдамшы дүниені ұмытып, Тəңір сыйы ана сүтін ақтауға. Көркем мінез жақсылыққа жеткізер, Шомылдырып имандылық ақ таңға. Адамзаттың ақыл ойын жинай біл, Маңдай термен кəсіп тауып бақ барда! Жол ашылмас əділ істі қолға алмай, Халқың сыйлар қызмет қылсаң аянбай. Өз қолымен жұлдыз қылып көгіне, Сүйген ұлын биіктетіп қойғандай. Кімде болсаң бола біл тек еліңмен, Қор болады өз халқынан безінген. Қазынаңда, қазаныңда өзі ғой, Сен сүрінсең өз анаңдай дем берген. Ұға білсең ажалды жанға бір тағдыр, Даладағы қепкен шөптей қу тамыр. Дəм біткен күн соламыз да қаламыз, Иманды ұрпақ өсірмесең кім таныр?! Инабатты қазық қылып əр күнде, Қаратауың- қарияларыңды қадірле. Достарыңмен дəм тұзыңды бір бөліс,
Өмір атты қимас таң мен іңірде. Күнім-деп, біл жандары пəк шуақты, Аруларды жаратылған сүюге. Жеткізумен жүрегіңнің жарығын, Алаламай адамзаттың бəріне. Жылу құйып даналықтың дəніне, Қорғаушы боп жаралғандай сəбиге, Айнала алып татулықтың сəніне Жақсылыққа құмар болып асығып, Сусында тек əділдіктің нəріне! Ар туыңа дақ түсірсең жасық боп, Жата алмаспын күңіреніп қабірде! Ұстазың ғой жол бастаушы тіреуің, Сыйластықта болсын ізгі тілеуің. Қадірлеумен атаңнан да əзіз тұт, Кие тұтып берген білім өнерін. Ол жетпеген жетістікке сен ұмтыл, Асыруға нұрға толы мерейін. Ұстаз əке, досың əрі жолдасың, Қиналғанда сырласатын мұңдасың. Қасиетін сіңіре алсаң бойыңа,
Қанша дауыл соқса дағы сынбассың! Əр заманның орын алар төрінде, Адамдар ғой бұл өмірдің мəні де. Бар ғаламның ақыл ойын бағалап, Сəуле жина имандықтың төріне. Желкен құрып бабалардың ізімен, Ерлік жолын жалғастырсаң төзіммен. Келер ұрпақ алғыс айтып ұмытпай, Алға ұмтылар ақыл ойдың көзімен Аз болыппа дегенменен бақталас, Ақымақтар өлі көзді жаны лас. Кесірлері тимес үшін жұртыңа, Ерлікпенен білек түріп тайталас! Бар жақсылық байланысты адамға, Беріктігі ұлттық сана танымда. Тілмен -діні қос шырағын жоғалтса, Адасқандай қарлы құйын боранда, Арылмайды маңдайының соры онда. Адалдықпен көрсетіп бар күшіңді, Əділ атқар елің үшін ісіңді. Əдептілік бақыт жолы соны ескер,
Рухани байлық сақтар күшіңді. Өнер ғылым досың болсын айнымас, Өрге сүйрер ізгілікті көшіңді! Кім біліпті қандай тағдыр тұр алда, Қол ұшын бер мұқтаж болған жандарға. Садақаң мен зекетіңді ұмытпай, Жеткізе алып уақытында жан барда. Жаман əдет шырмауына бой бермей, Адал жүріп ұқсап шуақ таңдарға. Сыйға тартқан саған өзін өмірдің, Айқаса біл ақ жолы үшін Тəңірдің. Ең асылы-адамзаттың рухы, Ғибадат қыл жаратқанға əрбір күн, Пендешілік əуресінен аулақтап, Ойлауменен Түркі халқы бірлігін! Өмір мұқит толқындары алмасып, Күнде жатар тыным таппай жалғасып. Білсең мұнда қуаныш пен реніш, Сəттілікпен өзекті өртер өкініш, Əйтеуір бір күйбең тірлік толған іс. Тыным бермес етегіңе жармасып,
Кім жетіпті шор дария түбіне, Қанша патша жер астына кетті асып. Оны ойласаң миға шабар қан тасып. Қаншама азап көрсең дағы өрлікпен, Жаратқанның сұлулығына бол ғашық! Қателеспес жан болмайды жастықта, Жігеріңді күйіп пісіп жасытпа. Түземесең өз қатеңді кезінде, Ұрынасың иіс қоңыз сасыққа. Өз-өзіңді тани білу заңдылық, Парызыңды ел алдында ұғынып, Бар мақсатың болып игі ізгілік, Жан сарайды адалдықпен таза ұста. Өмір өзі қара нандай дана жыр, Ізденбесең сыйлай қоймас қолдан гүл. Тіршілікте қасіретке майыспай, Қуанышқа майыспайтын бола біл! Ғылым нұрдың ашылуға жолдары, Төрге шығар білімі мол жандарды. Данышпандар көп жиналса жаныңа, Үмітіңнің ашық болар таңдары.
Содан танып ұлы Ғұндар айбарын, Айбатыңа қайран қалар жауларың. Біліктілер баға жетпес қаруың, Олар барда мəңгі көктем жан-жағың! Сенің үшін алысумен күн кешкен, Бабаларды шығара көрме мүлде естен Есеп беріп Тəңірімнің алдында, Періштелермен емін еркін тілдескен. Рухтар жүр биіктерде қалықтап, Мəңгілікпен мəңгі бақи күй кешкен. Сен қиналсаң олар жетер көмекке, Самғауменен еш бөгетті білместен. Сезіне алсаң əруақтар киесін, Дем біткенше жалындарсың сөнбестен! Тірек болар халқың сенің орманың, Ел мүдесі болсын дəйім арманың. Болжай біліп ақылменен алысты, Соға біл сен ізгіліктің қорғанын. Сақтау үшін азаттығын елдігін, Əлдилеген ұлы Отан анаңның. Тастамастан ауыр жүгін көтеріп,
Жау тиіссе айбатыңмен от өріп. Əрбір тасын, əр төбесін қорғай біл, Қасық қаның қалғанынша кектеніп! Басшы болсаң ұнау емес бар мақсат, Қара қылды қақ жара алсаң сол жақсы ат. Кім мойындап берер саған бағаңды, Қаңылтырдай болсаң егер майысқақ. Уақыт құнын зерделемей басынан, Дəл кезінде шешім алмай тосылған. Адастырған соңына ерген халықты, Ықпал болмас сенім кеткен басшыдан! Жалтақтаумен желге тартқан желісін, Мен олардың көрген жоқпын жеңісін. Қай жерде де тəртіп керек темірдей, Ынтымақпен алға тартып өрісін, Пікірлесіп өз халқыңмен сырласып, Ақыл ойдан таба білген келісім. Іс басқарсаң көппен берге бірлесіп, Болмас əсте кінə артатын сенбестік. Өзіңменен елдік қамын бірге ойлар, Игіліктің жасампаздық гүлі өсіп!
Қаққан шегең тапқандай өз орынын, Талапқа сай тауып сəйкес тұғырын. Əр азамат өз міндетін атқарса, Еңбегіңнің ұзартады ғұмырын. Ізгі мұра қалдыра алар кейінге, Тапжылмайтын ерлер керек еліңе. Жалау қылып ұлттық рух мұрасын, Басын иіп Тəңір нұры тіліне Өнегемен ұрпағына ой салып, Жетелейтін игі істердің төріне. Ал соғыстың саясатын шешкенде, Жаттан келген келімсекке еш сенбе. Мен басымнан өткізгенмін бұл жəйді, Өкінішім ұмтылмаған өлсемде! Сақ болғайсың көп ғой сатқын жансыздар, Бірақ оның бас бұғатын жері бар. Сыйлайтұғын болсын десе қас жауың, Сайысқанда ерлігіңмен жеңіп ал! Əрбір күннің ашқан сайын беттерін, Əрдайымда сақтай білсең есіңе, Мұның бəрі жігер талап күшіңде.
Ақыл –дария қанша алсаң да таусылмас, Айтқан сөзім талаптыға жетсін де! Ой жетеді бой жетпеген жеріңе, Қиял жетер қыран жетпес көгіңе. Ең жаманы бұл тірлікте ойсыздық, Жетектейтін дозақ оты өлімге. Ел дегенде сырының жоқ бүкпесі. Жүрегінде ғаламның бар нүктесі. Жыйнақталып тылсым күшпен тоғысқан, Жазылғандай даналықтың термесі. Бұл жөнінде ақындардан сұраңдар, Ғылым барда ақиқаттың кемесі! Ар ұят ғой адал жанға ең қымбат, Ол бар болса көрікті бар азамат. Отаным-деп, тұрса отты санасы, Періштелер болар дəйім қолқанат. Имандылық кетсе жердің бетінен, Адаспайма хақ жолынан адамзат?! Жаратушы жүрегінде адамның, Оған аян басқан əрбір қадамың. Жан сарайын таза ұста шаңдатпай,
Жалғау үшін ата-баба жолдарын, Біліміңмен еліңді ағарт бұлақ аш, Көкіректі тазартады нұрлы ағын! Ақ бесіктен сүйсін десең Отанын, Жауынгерлік Рухта өссін ұрпағың! Ынтымақта жарасымды нұр сəулет, Кенсіз қалмас тату болса əр əулет. Адасcа егер ер серкесі көш бастар, Онда кетер елді оралып бақ дəулет. Жарық күнің түнек болар қараңғы, Доңыз біткен алар əбден мазаңды. Жақсыменен жаман шығар алысып, Арам малмен толтыруға қазанды! Қызыл көрген бұқаға ұқсап талтаңдар, Билік құрар əдеп білмес шолтаңдар. Тілін,дінін ашық теуіп өзекке, Адалдықтың жолын бөгер сортаң жар. Елдің емес ойлап жеке мүдесін, Жын шайтандай іштен бастап күресін. Мейірімсіздер тексіздігін көрсетіп, Елдің бөлер бар қазына үлесін.
Тұман басар қою шаңнан көз көрмес, Ізгіліктің солқылдатып іргесін. Басқа түсіп азап салып сұм тағдыр, Отты дауыл көрсе мұндай сұрапыл. Қорған болып əлдилеген халқына, Бұл қорлықтан алып шығар діні асыл! Менің ұғып бақыт жəйлі түйгенім, Аман болсын ата-жұртың тірегің. Жер бетінде біткенінше сапарың, Сол ғой сенің егіз біткен жүрегің, Бола біліп жас жаныңа күн-бесік, Анашыңның жеткізе алған тілегін, Батырлардың шежірелі жырымен, Желбіретіп ақ жаулығын əжеңнің, Бабалардың ұран қылған үндерін, Төкпе күйін домбырамен шалқытып, Жатқа айтқызған нар халқыңның əндерін! Ұмтыларма өзің айтшы ашылып, Қарсы алғаның ұлттық болмыс көктемін?! От қаныңда дауыс салып Көк Бөрім! Ер Тұңғаның байшұбары елестеп,
Ерліктерге шақырғандай Күлтегін, Тал шыбықты ат қып шауып мінгенің. Бауырларың, құрдастармен бірге ойнап, Көкке өрмелеп тəтті жидек тергенің. Туған ауыл кеңдігі еді-ау сүйгенің. Айта берсем таусылама жарқыным, Құшағында шаттық жарқын күндерің. Басқан талай албырт көңіл аптығын, Жұпар иісті неткен көркем гүлдерің. Жұмақ деген туған ел ғой, туған ел, Кетерме естен сайран құрып жүргенің?! Тұңғыш ұлың алыс жолға шығарда, Қолды жайып ақ батаңды бергенің. Өткен дəурен қызықтарын еске алып, Қалың ойдан жырдан жалын өргенің. Əлдилеген қуат беріп, дем беріп, Отаныммен шыбын жаным бір менің, Қасиетін ұға алмасам өлгенім! Онсыз сірə кімге қажет ойлашы, Жеке байып даңғойлықпен күлгенің. Ақтамасаң сенім артқан үмітін,
Қажеті не үлде менен бүлденің?! Туғызбайма ызы кекті бойына, Намыссыз боп итше босқа үргенің! Тəңір мұндай азабынан сақтасын, Қырсық келіп қақпаңызды қақпасын. Ұлттық санаң биік болып қашанда, Имандықтың таза ұстасын тұтқасын. Ғұн ұрпағы өсиетімді қалдырдым, Лайлаттырма Отан-Ана, от басын! Есіңе алып өсиетімді қастерлеп, Намысың болса, Аманатымды ақтарсың! КҮЛТЕГІН Мен құдіретті халық едім, Қайда менің өр күшім. Айтшы өзге құдіреттерді, Жинап жүрмін кім үшін. Мен қағаны бар халық едім, Қайда менің қағаным. Тек азаттық емеспе еді, Аңсап күткен арманым.
( Түркі халқы жыры) Зарыққанда ұлы халық, Табгаштарға тапталып. Сен шыққансың ұран салып, Көк бөрілі туды алып. Құл бұғаудың шынжырларын, Үзу үшін сындырып. Қайсарлықпен мұзды жардың, Көк сүңгімен сенді іліп. Қадір тұтып жаңылмастан, Бабаң салған жолыңды. Қаһарыңмен жалын шашқан, Қалтыраттың жауыңды! Буырқандың ашу қысып, Қайтаруға ел кегін. Көктен жасын жерге түсіп, Өртегендей жау шебін. Алда жүрдің қолды бастап, Жарқ етіп от жанарың. Елдік атты сезімі асқақ, Ұқтырып ой жауабын.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 631
Pages: