бар. Бұлтартпайтын фактілер. Одан да гөрі уақытты оздырмай, бастапқы сұраққа жауап беріңіз. — Успенский, біз бала-шаға емес, дап-дардай кісілерміз ғой. Екеуміздің осы отырысымыз шалағайлардың ісі сияқты. Аңғарасыз ба? Тексеру-тексеру сияқты, сот-сот сияқты болуы керек. Ал, сіз баяғы эсэрлігіңізге салып, занды белінен басып жүре бергіңіз келеді. Болмайды ғой ол. — Болғанның әкесін көрсетермін әлі. Мені эсэр деп мүқата берме. Большевиктердің сатқындығынан эсэрлердің айыбы зор емес. Брестің масқара шартынан хабарыңыз бар ма өзі? Міне, сатқындық деп осыны айтады. Ал бәлені бастап отырған большевиктер. Эсер, яғни социал-революцио- нерлер мұндай қорлықты шартқа қол қоймайды. — Брест шарты — Лениннің даналығы. Ешқандай сат- қындық жоқ. — Кешіріп қоясыз, Рысқүлов. Сол Лениннің өзі сат- қындардың дәу бастығы. Рысқүловтың басына қан шапшыды. Көзі шоқ жанып, өртеніп бара жатқандай еді. Әдептен ш ыққаннын байқамай да қалды: — Успенский, сен — сволочь! Козілдірікті хатшы мына сөздерді қағазға түсірер- түсірмесін білмей, сәл аңтарылып, басын котерді. Сондағы көргені: Успенский еңгезердей болып орнынан тұрды. Кобурадағы наганға қол салды. Есікке қарай бір адым кейін шегінді. К ойканың жиегінде отырған Рысқүлов та түрегелді. Бір адым алға жылжыды. Успенский наганның құлағын жапырды. Сұқ саусағын шүріппеге тіреді. Ендігі мәселе сұк саусақта қалды. У спенский сұсты еді. Обалы не керек, айбынды адам. Айыр біткен иегі аузына қарай имиіп, алған бетінен қайтпайтын дүлей мінез танытады. —Рысқүлов Тұрарды шақырында-а-а-а-р! Дәу Омардың дауысы күңірене шықты. Успенский селт етіп қүлақ түрді. — Әне, сенің жаназаңды шығарып жатыр, —деп наганды қолымен Дәу Омардың дауысы шыққан жақты нүсқады. *** Ж арғақ қүлақ сары бала Кобозевтің көз алдынан кетпей қойды. «Сол тақыр бас сары болмағанда мен де Рысқұловтың кебін киетін едім, — деп озіне өзі тоба айтты. — М оскваның
мандатымен келген мені бұлар қашқын хәлге түсірді. Басқалар не болмақ? «Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» деп еді-ау, Рысқүлов. Рысқұлов әрине, ешкі тұқымдас емес... Бәсе-е-е, К уш екиннің кешегі бір сөзі жаман еді. «ВЦИК-тің қандай правосы бар болса, ТүркЦ И К -тің де сондай правосы бар» деді-ау. Сонда ВЦИК-ке бағынбаймын дегені ғой. Бүлар сүмдық шығар... Рысқұлов жазым болмаса еді. Бүлардан бәрін күтуге болады. Атып тастайды да, анау еді, мынау еді, деп ақталып шыға келеді. Нысанбаев үйінде болса игі еді-ау...» Ішкі істер комиссары Грушевая көшесінде түратын. Кобозев пен Рысқүловтың мекені болған Садоваядан үш көше төмен. Орталық саналса да бүл жақтың көшелерінде жарық жоқ: Кобозев револьверін қысып үстап, тас көшені тасырлатпауга тырысып, арық жағалап, асықса да абайлап келеді. Түн ішінде, ай жарықта колеңкесінен сескеніп қалганына бір мезгіл қорланды да. Қалтасында қүдіретті мандат бола тұра, Ташкенттің көшесінде қашқын хәлде келе ж атқаны қорлы қ еді. Әттең, М осква мен Түркістан арасын атаңа нәлет ата ман Дутов бөліп тастап, жолды байламағанда, Кушекин — У спенскийлер алдақаш ан аяқтары аспаннан келер еді, не шара? Москвамен радио арқылы шифрлы байланыс жасауға Куш екин тыйым салып тастады. Кобозев енді М оскваның Куш екин қолында калган түтқын өкілі. Тотен- ше өкіл! Кобозев ызалана жерге бір түкірді. Дыбысы да шығып кетті. Әлдекім естіп қалды ма деп, жан-жағына қарады. Кобозев абырой болғанда, бүрын бір-ақ рет корген үйді адаспай тапты. Бүл да күйген қызыл кірпіштен соққан жайдақ үй болатын. Сырты сым темірмен торланған терезені әуелі саусақтарымен тықылдатты. Ар жағынан ақ перде тұтылған терезе тұсы тырс етпеді. Кобозев, көршілер естіп қала ма деп сескенсе де, терезе шынысын енді револьвер дүмімен тарсылдатты. Сәлден соң ақ перде сәл сырылды, бірақ ар жагынан адам сүлбесі корінбеді. Тек: — Кім? Кто? — деген ашулы үн естілді. «Тегін комиссар емес, тасада тұрып сөйлеседі. Әрине, Қүдай сақтанганды сақтайды» деп күлді Кобозев. — Дүйсенбай, мен Кобозевпін. — Кобозев? Не дейді? Қай Кобозев?
— Кобозев, Петр Алексеевич. Тотенше комиссар. — Апыр-ай, шыннан Петр Алексеевич! Ғажап! — деп Нысанбаев терезенің жақтауын ашты. *** Ж артыкеш ай батып бара жатты. Таң алдында түн қараңғысы бой жасап қоюлана түсті. Теріскей, Келес жақтан лекілдеп самал соғып, Ташкенттің тал-дарағы сарғайған жапырағын жамыратып, сан қырлы қаланы әлди-әлди бесік жырына болегендей болады. Не кормеген Ташкент?! Ж арықтық. Қүланиек бозалаңда Қарлығаш-Төле бидің күмбезі шошаяды. Өзінің тағдырлас, замандас, ақылдас, жүректес бауыры Қаз дауысты Қазыбек биді Орта жүз Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет әзіреті күмбезінің астына апарып қойғанда, Үлы жүздің игілері Төле биді әзіреті Сұлтанның жанына неге апарып қоймаған? Оны мына келе жатқан Кобозев те, комиссар Нысанбаев та білмейді. Оның сырын Рысқұлов біледі. Кіндік қала Таш кенттің тағдырын сол біледі. *** — Рысқүлов, оқ қагарың бар сенің, жаңа мен шын атып жібере жаздадым. Ана көрші камерада жатқан басмашы туысқаның айқайламаганда, атылып-ақ кетіп едің. Бәрібір, енді оқ дарымайды екен деп ойлама. Револьвер оқтаулы. Оқ ояу. Контраға дегенде бұл дүлей от алмай қалмайды. Кәне, одан да Кобозевтің қайда екенін айт. Көкшіл диогональдан тіктірген френчтің алқым түй- месін ағытып, барлыққан жуан мойнын орамалмен сүртіп болып, револьверді қайтадан қолына алды. Ш інжәу хатшы Рысқұловтың аузына қарап, іннен тышқан андыған аш мысықтай міз бақпай, үнсіз отыр. Рысқүлов ә десе, қақшып алып, қагазға түсіреді. — Рысқүлов, тағы қайталамаймын: Кобозев қайда? — Кобозев менімен бір түрмайды ғой, үйінде болар. — Үйінде жоқ. Біздің жігіттер барғанда қашып үлге- ріпті. Тіпті күлдеуіште қалған темекісінің ұштығы да сөн- бепті. — Оу, сен қызықсың, Успенский. Кобозев темекі тартып үйінде отырғанда, мені айдауылдар түрмеге алып келе жат- 203 - %
пады ма? Сонда мен оның қайда қашып кеткенін қайдан білемін? Ойлашы өзің. Успенский ойланып калды. — Ал сен айдауда келе жатқанда, оның өз үйінде отырғанын қайдан білесің? Мүмкін, жігіттер оның үйіне сенің үйіңнен бүрын барған шығар. Сонда қалай? Кобозевке айдауылдар бүрын барады. Ол кезде мен қаннен-каперсіз ұйықтап жатамын. Кобозевке мен қай уакытта жолығып, сөйлесіп үлгіремін? Логика қайда? — Үстатпайсың. Бұландайсың. — Успенский жөні түзу сөз таппай, әрі тек тұрмай револьвердің аранын өзіне қаратып, үңгіріне үңілді. — Сенің шындығың мынаның ішінде жатыр, әне. Айт- қызамын, бәрібір. Рысқүлов қүса болды. Тағдыр бүган тым болмаса ақылды жау да жолықтырмады. Успенскийдің топастығынан түңілді. Әлдеқалай тағ- дырдың тәлкегімен шыннан-ак халықтың күні осы Успен- скийлерге карап қалса, не болмақшы деп шошыды. Алматының түрмесінде әкесі Рысқұл тергеуден қайтып келген сайын: — Әй, өздері бәле-ай, атасына нәлет! Алдап отырып, бар сырынды айтқызады, — деп жауының өзіне тәнті болып оралушы еді. — Әсіресе, Осташкин дейтін дәуі сырбаз-ақ, — деп губернатордың орынбасарын мақтап отыратын. «Көкем марқұм отырса, патшаныңтүрмесінде отырды. Ал Түркістанда, өзім орнатысқан Совет өкіметінің түрмесінде өзім отырғаным қай далбаса?» Осыны ойлағанда Рысқұловтың өзегі өртенеді. «Шын- дык үшін алысқанның бәрін атып тастай берсе, не береке? ТүркЦ И К-тің мәжілісінде жеңілгендер өшін оқпен ала берсе, не болмақ? Осының өзі, әрине, топастықтан. Лениндік принциптен әлі де ауылдың алыстығынан, Успенский, Кушекиндердің әрекеті — марксизмнен мақұрым адамдар- дың әрекеті. Сөйте түра, бұлар жергілікті мүсылман халықтарынан шыққан коммунистер марксизмді сезбейді деп даурығады-ау. Осындай догалдардың обалды озбыр- лығынан шындыққа қол ұшы ілінбей, өмірімді патша түрмесінен бастап, совет түрмесімен аяқтасам, тағдырың неткен аянышты, бишара Рысқүлов! Онда, соноу Меркедегі Қырғызбай атамның бүзауын, қозы-лағын бағып, Қыр- ғызбаев болып, қарын тойса, уайым жоқ, неге жүре
бермегенмін, атасына нәлет?! Совет өкіметі! Совет өкіметі!— деп кеудемді оққа тосып, осыншама үздігетін не бар еді?! Эрине, Кушекин мен Успенский әлі түп-түгел Совет өкіметі емес. М әселе, сол шын Совет өкіметінің әлі Түркістанда орнығып болмай жатқанында. Солай, Рысқүлов». Успенскийді қайтадан түлен түрте бастады. Мына Рыс- күловты не сөзден жеңе алмағанына, не атып тастай алмағанына, тым болмаса жүдырық жүмсай алмағанына іштей ыза буып, түтқынға зәһәрлана тағы бір қарады. Айылын жияр Рысқүлов жоқ: сол баяғы салмақты, сабырлы қалпы. Көзіңе көзі тайсалмай, тайқақсымай тік қарайды. Көзінді амал жоқ, өзің бұрып әкетесің. Рысқұловтың осы көз қарасы Успенскийді ылғи да кіжіндіретін. Ш арасыз, тайқып шығатын. Бүл жолы ол күшті. Рыскүлов пенде. Енді көз тайқитын не жөні бар?! Успенский көзінен тотияйын тозаңын шашып, әдейі шақшиып қарады. Рысқүловтың аялы қоңыр көзі Успен- скийді өзінің түңғиығына тартып бара жатқандай болды. Успенский шыдай алмай: — Уһ, көзілдірікті жылан! — деді. Рыскұлов балаша мәз болып күліп жіберді. Ол өте сирек күлер еді. Ш ын күлгенде — күлкісі сәбидің күлкісіндей болатын. — Успенский! Сен Добролюбов деген демократ сын- шыны білуің бар ма? Өте әділ, турашыл, батыл, сыншы болган. —Е, білсек-білерміз. Оның бүл жерге қандай қатысы бар? — Успенский! Сол Добролюбовты жаулары сыртынан көзілдірікті жылан деп мыңқылдасады екен. — Ал мен сыртыннан емес, көзіңше айтамын. Коп сандырақты қой, Кобозев қайда? «Өресі тар-ау, сорлының. Тотыдай бір сүрақты қайталай бергенше, сәл де болса, өзгертіңкіресе қайтеді?» — Кобозев қайда? — Успенский айқайға басты. Есік сакыр-сұқыр ете қалды. — Міне Кобозев! —деп Төтенше комиссардың өзі бірінші болып кіріп келді. Соңынан комиссарлар Нысанбаев, Түрсынходжаев, Ходжанов, Аспандияров, Хүсайынов, Сафонов көрінді. Әсі- ресе, Сафоновты көргенде Успенский сазарып сала берді. Сафонов әскер комиссары болатын. Ал әскер бар жерде —
күш те бар. Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады. Успенскийдің шақшиған көздері бозара бастады. — Қаруыңызды тапсырыңыз! —деді комиссар Нысанбаев. — Правой, жоқ! — деді Успенский түнеріп. — Мен ТүркЦ И К Президиумының мүшесімін. — Ал Рысқүлов кім? Оны кандай негізде қамауға алдыңыз? ТүркЦ И К — міне! — Ол комиссарларды нүсқады. ТүркЦ И К шешімі солай. Рысқүлов жолдас, камерадан шығыңыз. Ж оқ, Успенский, енді бұл камерада сіз отыра тұрасыз. Қалғанын сот шешеді. Солай! Камераның есігі сақыр-сұкыр кайта жабылды. — Тұра түрыңыздар, —деді Рыскұлов. — Осында бір адам отыр. Үдайы дауыстап мені шакырады. Не қүпиясы бар, соны білгім келеді. Мүмкін, болса, соған соға кетейік. Үш қақпадан кейінгі темір есік ашылғанда, ар жақтан жағдайсыз, қоймалжың қолаңса иіс мүңк ете қалды. Комиссарлар еріксіз орамалдарын алып, мүрындарын басты. Қаракөбең күңгірт түрақ, камерадан гөрі, аюдың үңгіріне көбірек үқсайды. Ш ынында да тор жақта аю кейіптес бір дәу неме, ары-бері теңселіп отыр екен. Ш окелеп алып, екі қолымен бүйірін таянып, жан-жағына алма-кезек теңселе береді, теңселе береді. Әлгі адамның аспандата қарағаны әркімге-ақ қорқы- нышты көрінді. Бүрынғыдай біреу емес, екеу емес, бір топ адам енгенін козден гөрі, тықырдан сезген түтқын бір сәт теңселгенін қоя қалып, түк басқан аузын аңқайта ашып, аспандата қарап: — Рысқүлов Түрарды шақырындар! — деп барқ-барқ ете қалды. — Мен келдім, Омар аға, мен Түрармын. Қорбиған тұтқын дауыс шыққан жаққа оқыс бұрылды. Бірақ адасқақ көздері алайып, Рысқүловты дәл таба алмай, аспандай берді. — Алдама мен шермендені. Рысқүлов Тұрар керек маған! Алдап қол қойдырмақсындар ғой тағы да. Мен Тұрармын, Омар аға. Мен Рысқұлдың баласымын. Мен сізді таныдым. Соноу Талғардағы Бесағаштан білемін. Рас, Бесағаштан кейін көрген емес едім. Өзгеріп кетіпсіз. Тұтқын сенерін-сенбесін білмей аңқайып, түрақсыз көзі алақ-ж ұлақ адаса берді. — Бұл Рысқұлдың баласымын дегендер — періден жаратылған сияқты. Ш атқалда да бір жүгермек Рысқүлдың
баласымен деп шатастырған. Әбден анығына жетпей, сену қиын сендерге. — Онда қайтіп сендірейін? Онда мына менің қасымдағы үлкен кісілер айтсын. Мен шынымен Тұрармын. — Рас, рас, ақсақал, —деп Нысанбаев қостады. — О, Тұрар осы ғой, — деп қалды Ходжаев та. —Мені көрмегелі көп болды, танымай отырсыз ғой,—деді Тұрар шалдың көзінен секем алып. — Көз болса таныр ма едім, көзді қүртты ғой. — Қүртқаны несі? Калай құртты? —Қалай қүртушы еді!Сен шыннан Түрар болсаң тұрайын орнымнан. Ойбай! — Ш өкелеп отырған адам қолымен жер таянып, үмтыла беріп, қайта шөгіп қалды. Рысқүлов қолтығынан демеді. Қолаңса иіс қолқасын атып бара жатса да шыдады. Тұтқын төбедей төңкеріліп, әрең түрегелді. Тәлтіректеп, Түрарды бауырына баспақ болды. Буын- буынынан әл кеткен болар, құлап қала жаздап, салмағын Рысқүловтың иығына сала бергенде, мұндай зілмауырдан Рысқүлов та шайқалақтап, арқасын дымқыл дуалға тіреп барып, әрең жығылмай калды. — Мына үңгірде тыныс алар дем жоқ, сыртқа алып шығайық, — деді Кобозев есіктің сыртынан. Екі-үш адам сүйемелдеп жатып, Дәу Омарды ұзын дәлізге алып шықты. *** Қаракөлеңкеде аса білінбеген екен, Дәу Омардың сақал-шашы аппақ қудай болыпты. Піл сүйек неме, ет тайған соң сылынып, арса-арса қаңқасы қалыпты. — Мені Қүдай алар деймісің? Неменеге шыр-пыр боласың, Рысқұл баласы. Онан да менің Жорабай деген балам, сенің әлгі жүгермек інің жау қолында қалып еді. Олардан дерек бар ма? Соны айтшы. — Ж орабай аман-есен, ауылда, Түлкібаста. Ал менің інім шейіт болды. Дәу Омар «қалай?» деп сұрамады. Ежіктеп сүрауға қалжырап отыр. Тек болар-болмас ернін жыбырлатып, алақанымен бетін сипады. — Е, Ж орабай ауылда де. Ж араде-е-е. Болымсыз туған мырың неме, мені бір іздеп келмеді. Өлгенім не, тірім не — оған бәрібір болған ғой. Ағайын, айналайын, айтқанга бар, дегенге жоқ, Дәу Омарға не болды деп біреуі іздемеді.
Әруағыңнан садаға кетейін, Рыскұлдың жағдайын мен бейбақ енді түсіндім. Алматының түрмесінде пенде болып жатқанында, артынан бір бармаппын ғой. Бәлені басыңа түскенде білесің. Басыма түсті, кайтейін? Түсіндім, түсіндім. Кеш мені Рысқүл! Уа, әруақ! Бар болсаң, кеш мен бейбақты! — Көзіңе не болды, аға, соны айтшы? Дәу Омар таңырқағандай кең кабинетті алақ-жүлақ айнала қарап шығып, басын шайқады. — Көрмесем де, байқаймын. Төрелер отыратын үй екен. Тынысым ашылып, арқа-басым кеңігенінен сезіп отырмын. Көз дейсің бе, Түрар? Көзді қүртты. «Рысқұлов сені басмашыларға қосқаны рас па? Ергеш пен ағылшындарға ұштасып, Рысқүловтан ақш а апарып бергенің рас па?..» Қойш ы, осы сияқты сандырақты төпей берді, төпей берді. Қанша жаман болайын, жалған айтуға жаратылмаған сорлы басым: — Не оттап түрсындар? Рысқүловты көрген емеспін. Одан ешқандай тапсырма алған емеспін. Басмашыға барсам, әзәзіл айландырып, түлен түртіп, өзім бардым. Бұған Рысқұловтың иненің жасуындай да қатысы жоқ, — деп көнбедім. Содан еңгезердей біреуі, Успенский дегені ғой деймін, тоқпақтай қара мылтықпен қарақүсымнан періп кеп жібергенін білемін, басқасын білмеймін. Есім кіріп, көзімді ашсам, ештеңе көрінбейді. Қап-қараңғы. Е, бұрынғыдан да тастай көрге қамаған екен ғой деп өзімді өзім жүбатып отырғанымда қарауыл келді. Аталасын әкелді. Көрмеймін. — Мә! — деді. Көрмеймін. Қүр далбасалап қолымды соза беремін. Ыдысын ұстай алмай, аталасы төгіліп қалды. Содан барып, шын соқыр екенімді сезіп, ақырып жіберсем керек, қарауыл қаша жөнелді. Есікті таре жапты. Жағдай солай, содан бері көрмеймін. — Петр Алексеевич, қалай ойлайсыз, бұл жазылатын жара ма? — деп бұрылды Рысқұлов бағанадан бері әңгімені үнсіз тындап отырған Кобозевке. — Дәрігерлерге карату керек. Қиыны — қиын. Қарақұстан ұрса мидағы коз тамыры кеткен шығар. Ай, айуан-ай, қазір ғой осы иттігінің бәрін өзінің алдына келтірсе қайтер еді, эсэр ит? — Не дейді? — деді көзін Рысқүловтың басынан асыра қараған Дәу Омар Кобозевтің орысшасына түсінбей. — Докторға қаратамыз дейді, аға. Сәтін салса, жазылып кетесіз. Ташкентте жақсы дәрігерлер бар.
— Екі дүниеде жамандық көрме, бауырым. Бәсе, Ахат байғұс сені адал деуші еді, рас екен ғой. Біздің ел азып-тозды. Тозған елдің топырағын Оразбақ болыс болып суырғанда, бұл қалай, Рыскүл үлы Түрар Оразбақты болыс сайлатқаны несі? — деп сені жек көргенім рас еді. Тұрардың төрелігінен не пайда, туысқанға қайыры ж оқ деп едім. Өйтсем, сен туысқанның ғана Түрары емес, телегей Түркістанның Түрары екенсің ғой. Сені туған анаңнан, әруағыңнан айналайын, Қалипа жеңешемнен, сені сызған әкеңнен, әруағыңнан айналайын, Рысқұл бауырымнан айналдым. Сені солардың әруағы қолдай жүрсін, Тұрар. Туған жеріңнің топырағы, туған аспаныңның ай-жүлдызы, казақтың қара бесігі Қаратаудың киесі жебесін сені. Пәледен, жаладан, қыр- сықтан, қиянаттан аман бол! Пәлеқор, жалақордың жазасын берсін, Қүдай. Мәртебең биіктеп, Түркістанның жүлдызы бол! Мен сияқты адасқан шермендеге жол түзер темірқазық жүлдыз бол, бауырым. Сені бір жолықтырсам деп армандап едім. Ж еттім арманыма... XII Тарбиған алма ағашының түбіндегі көне скамейкада газет оқып отырған ажарлы ақ келіншек кенет: — Мама, мама! Мынаны қара, күйеу балаңыз президент болыпты! — деп дауыстап жіберді. Анадай жерде поми- дордың қызарғанын теріп алып, шелекке жинап жүрген етженді қартаң әйел аңыра қарап сәл түрды да: — «Несі бар, қызым, Тұрар президент болса, әбден орынды, қүтты болсын! —басына күн өтпесін деп сәлдеше ораған орамалын қолымен ондап қойды. —Сен араздасып жүргенде, қандай жаңалықтар болып жатыр, көрдің бе?! Ж үрт не десе, о десін, шаш ал десе, бас алмайтын, бәрін байыппен істейтін ақылды адам. Біздің кесіріміз тиіп, оның жолына кесе-көлденең тұрып, кесепат болдық па деп қоркушы едім, Қүдайға шүкір, онды болған екен. Призидент сайласа, сенгені гой. Біздің зиянымыз тимегені ғой. Менің нан-түзым атқыр Клевенцев баяғыда колымнан талай-талай дәм татып, шырағданнан шыға алмаған жынды көбелектей, біздің үйге қайта-қайта келгіштеп, әкеңнің аяғына жығылып, табалдырығымызды тоздырушы еді. Әкең арқылы осы Сайрамның бойынан, қанша жер алмады ол! Одан әрі оның үрім бүтағы, 209 14-626
туысқандары Түлкібастан да шұрайлы жерлерді қазақтардан тартып алды. Құдай біледі деп айтайын, Рысқүл қүданың жерін де осылар иемденген. Сөйткен сүмелек Клевенцев басымызға іс түскенде дереу тонын айналдырып киіп, советшіл бола қалып, Түрарды мүқату үшін араға бізді араластырып, масқарасы шықты ғой. Соның жаласының кесірі тиіп, есіл ер жазықсыз жаза тартар ма екен деп қорқып жүруші едім, ақыры ТүркЦ И К -тің бастығы болды де. — Қартаң әйел сөйлеп жүріп, шәркейін сүйретіп, жүйектің басына шықты да, қызының касына жақындады. — Енді Клевенцовтардын тамағына тас кептелетін шығар. Сол еш кібастың өзін ж азаласа еді. Біздің де тыныш- тығымызды енді ешкім ала қоймас, Наташенька. Мүндай оқиғаны елеусіз қалдырмас болар. Погребте ескіден қалған бір шарап бар еді, соны алып келейін. Клевенцев күні кеше ТүркЦИК-те Рысқүловпен айтыста, оның енесін тілге тиек етіп, «генералша» деп атаған әйел қолы-басын жуып, погребке қарай беттеді. Елизавета Петровна —кешегі Черняев оязы ныңәйелі, қазіргі Түркістан президенті Рысқүловтың қайын енесі осы кісі болатын. Наталья қазір осы шешесінің қолында тұрып жатқан. Наталья бұрынғыдай емес, денесі толысқан, жүріс-тұрысы ауырлаған, қыз күніндегі денесіне екі көйлек шығатын кең сарафан киген. Бірақ ақ сары жүзі ерекше нұрланып, жасыл-көк көздерінен сәуле шашырап, болашақ ананың нобайын танытып, дидары айрықша арайлана түскен екен. «Туркестанские известия» газетінен ол тағы да Төтенше комиссар Кобозевтің М оскваға оралғанын, ал Москвадан Ташкентке Элиава бастаған Түрккомиссия келе жатқанын оқыды. ТүркЦ ИК-тің бүрынғы төрағасы Кушекиннің Түркістаннан кеткені, эсэр Успенскийдің тұтқындалғаны туралы хабарларды оқып отырып, өзінің Успенскийдің қабылдауында болганын, Аракадий Приходькога кешірім сүрап, арыз айтқанын еске алды. Сонда Успенский үстіңгі ернімен көк тіреп, астыңғы ернімен жер тіреп тұрғандай аса кесірлі кейіпте еді. Дүние оның басынан айналмайтындай корінген. Сөйтсе, бәрі бекер екен, Успенскийдің өзі де пенде болып, түрмеге түсіпті. Наташ а арыз айтуын айтса да, іс оңалар, Аркадийге кешірім болар деп күтпеген. Өйткені, У спенский тым кесірлі еді. Бірақ Рысқұловтың әйелі екенін білгенде біртүрлі қутыңдап, алақандарын уқалап:
— Жарайды, мадам, өте ауыр қылмыс. Ешқандай уәде бере алмаймын, —деп шығарып салған. Сондағы «мадам» дегені Наташаның құлағында қалып қойыпты. «Жолдас», «азамат» деген ресми аттарға берік большевиктердің арасынан «мадам» деген сөзді қолданатын адамнық табылғанына таң қалған. Әлде, кекесінмен айтты ма деп те күдіктенген. Кейін газеттен Аркадий Приходьконың түрмеден қашқаны туралы хабар оқыды да, «мадам» деген сөздің сырын, тек түйсікпен ғана сезгендей болды. Сол Успенскийдің өзінің бір шикілігі бар емес пе деп те күдіктенді. Ондай жагдайда Рысқұловқа бір таяқ тиерін де андагандай еді. Сонымен, Таш кенттен бой тасалай түрғанды жөн көріп, М анкент түбіндегі шешесінің қолына келіп жатқан. Неде болса, Аркадий ажал тұзағынан құтылған екен, енді жер бетінде тірі жүрсе болғаны деп қойған. Елизавета Петровна подноска шарап пен екі бокал салып алып келді. Ж иналып калган бір десте «Туркестанские известия» газетінің біреуін алып, подностың астына төседі. Бұрынғы ояз болып тұрган кездегі мол дәулеттен тірнектеп сақтап калган жұрнақ — хрусталь бокалдарға құйылган шарап, күнгейдің шуагына шағылысып, лагыл тастай қүл- пырып кетті. — Өз колыммен өсірген жүзімнің шырыны еді, бір қуанышты сәтте ашармын деп жүруші едім. Кел, Ната шенька, Тұрар үшін, сенің аман-есен, босануың үшін, Тұрар екеуіңнің үрпағың үшін! Екеуіңнің қайтадан тез татуласып кетуің үшін! — деп Елизавета Петровна шарапты көзін жүмып ішіп салды да, шафран сары алманы қарш дегізіп алып қойып, шешесі сияқты о да алма тістемек болып, дастарқан есебінде жоюлы газетке қол соза беріп, көзі: «Атылу жазасына бүйырылды» —деген жазуға түсіп кетті. Бос бокалды қолына ұстаған күйі әлгі майда әріппен терілген хабарды оқи бастады. «Бүдан бүрын хабарлағанымыздай, Осипов ойранының басты белсенділерінің бірі полковник Аркадий Приходько белгісіз жагдайда түрмеден қашқан болатын. Жуырда Наманган түбінде Ергеш бандыларын талқандаған жауынгер Қызыл Ту орденді командир Абдолла Жармұхамбетов А. Приходьконы тұтқынга алып, әскери трибуналға тапсырды. Трибунал А. Приходьконы ату жазасына кесілсін деп үкім шығарды. Бүл үкімді ТүркЦ ИК төрагасы Т. Рысқұлов бекітті. Үкім жазасы орындалды».
Қызының неге шұқшия калғанына аса мән бермей отырған шешесі бір кезде Наташаға көзі түсіп кетіп, шошып қалды: қызының көзі шарасынан шығып, талықсып барады екен. — Наташа, не болды? —дегенше болмай: — Мама! — деп шыңғырып жіберді. Қолындағы хрусталь күміс подносқа түсіп кетіп, күл-талканы шыкты. «Толғағы келіп қалды ма? — деген ой сап етіп, шешесі қызын құш ақтай алды. Әлі ай-күні жете қоймап еді ғой» деп тагы шүбәланды. — Мама, Аркадийді өлтірді! Өлтірді! Қара ана газетке! — деді қызы енді көзінен жас парлап. — Күйеу балаң Рыскүлов... Елизавета Петровна тез-тез шоқына салып, ескі сары ала халатының жанқалталарын қаққылап, көзілдірік іздеп, қалтыраған қолы қалтаға бірден сүғылмай, тайғанақтай берді. Ақыры кара хабарды да оқып шықты. Кызының басын кеудесіне қысып, сазарып отырып қалды. Ол Аркадийдің өлімінен гөрі, қызының жағдайынан шошынған сыңайы бар. Екі бишара майып болар ма екен? —деп сескеніп, Наташаны жұбатып, тыныштандыруга тырысты. — Натешенька, қоя ғой, жаным, жарығым менің! Тыныштал кішкене. Саган қатты күйзелуге болмайды, жаным. Тағдыр шыгар. Не істерсің, амал қанша? Әкеңнен де тірідей айырылып, өлмей отырмыз ғой. Тагдыр солай шығар. Тыныштал, періштем. Түла бойың қалтырап бара жатыр гой, Құдайым-ай! Ей, Ж асаған-ай, жар бола гор! Тыныштал, көгершінім, періштем менің. Мә, мынадан бір жүтшы, жеңіл болар ма екен? — деп анасы байғүс сыңарынан айрылған хрусталь бокалга шарап қүйып, Наташаның аузына тосты. Ш ынында да боп-боз тозган шүберектей болып кеткен бетіне қайтадан шырай кіре бастады: — Аркадий Иванович, марқүм, туган бөлең, туған агаң еді. Оны ерекше жақсы көретінінді де білемін, жаным, тыныштал. Бәрі Құдайдан. Екеуің титтейіңнен бірге өстің. Әрине, қиын. Е-е, заман-ай десеңші, Кімсің — Приходько болып, Верныйды дүрілдетіп түрды. Ақыры Иван Егорович, марқүм, болыиевиктердің қолынан қаза тапты. Менің әпкем күйіктен өлді. М енің омырауымнан сүт шықпай ауыр- ғанымда, сені емшегін беріп асыраган, сол сорлы еді. Баласы Аркадийдің ақыры мынау. Приходьколар әулеті қүрып бітті. Бәрінің де рухы салауат болсын. Ақырын берсін. Енді өз 212
жағдайынды ойла, қызым. Саған қатты күйзелуге жара- майды. Қиналып қаласың, балаға зақым келеді. — Баласы құрысын, мама. Енді мен Рысқұловтың өзі тұрмақ, құрсағымда жатқан баласын да жек көремін, — деп Наташа бүлқынып-бүлқынып қалғанда, ақ сары алтын шашы ж ан-ж аққа шашырап, қобырап кетті. — Қой деймін, жынданба, ғайбат сөз сөйлеме. Дәті берік, бәле көрген, қазымыр қартаң әйел қызынан гөрі, ақылдырақ екенін аңғартты. — Рысқүловқа тіліңді тигізбе. Оның орнында сен болсаң, сенде сөйтер едің. Ж аудың аты — жау. Аркадий Иванович, марқүм, анау-мынау кәкір-ш үкір емес, ірі жау болды. Өзі де қанды көп төкті ғой. — Олай сөйлеме! — деп қызы тағы жұлқынып, көзі ақиланып, атызданып кетті. Әдемі жәудір жасыл көз түз түстеніп шыға келді. — Бүл лағынет заманда кімнің қанын кім төкпей жатыр?! Төксе — ол солдат, ұлықтың бүйрығын орындаушы ғана. — Тыныштал, күнім, күйзелме. Сен екеуміз түсіне бермейтін талай-талай сұмдық бар дүниеде. Бәрі айналып келіп пешенедегі жазуға байланысты. Пешенесіндегі жазу солай шығар. М арқұмның өзі де басын тауға, тасқа да соғып жүретін жүлымыр еді, сол қу мінезінен тапты ма, кім білсін? — Мама! Қоямыз ба, жоқ па, Аркадийдің аруағын қорлағанды?! — Қойдым, қойдым, періштем, енді сөйлемейін. Шешесі қызын құшақтап, қобыраған боз қырау шалған самай шашын кері ысырып тастап, дымданған көз жанарын мөлдіреген көгілдір аспанға қадады. Аспаннан рисалат нүры жауып түрғандай, айнала мамыражай. Елизавета Петровна осындай дүние мүлгіген сәтте Қүдайтағала дұғанды есітер деген үмітпен «Псалтырьден» Дәуіт пайғамбардың дұғасын күбірлеп айта бастады. Ең соңында үнін қаттырақ шығарып: «Услышь, господи, молитьву мою и внемли гласу моления моего. В день скорби моей взываю к тебе, потому что Ты услышишь меня...» — деп барып кайырды. Дүгадан қызы тыншыгандай болып еді, шеше қолы қызының бүйірі бүлк-бүлк ете қалганын сезді. Сол-сол екен, Наташа безілдеп ала жөнелді: Ай-күні әлі жете қоймап еді. Әлі екі айдан астам кем еді. Бірақ толгақ шындап келді, қатты келді. Елизавета Петровна
қызын үйге де жеткізе алмады. Толғақты бишара сол тарбиған алма ағаштың түбінде қалды. — О, Құдай, не жаздым! — деп қиналғанда Наташа сарафанының омырауын айырып жіберді. Кемпір шәркейіне сүрініп-қабынып, үйге карай үмтылып, көрпе-төсек алып келіп, қызын соған жатқызып еді — тыныш табар емес. — Е, Ж асаған, өзің сақта! — деп жалына-жалбарына жүріп, даладағы пешке от жағып, сақтықта корлық жоқтың кебімен, қазанға су жылытты. Ж ақын жерде дәрігер жоқ. Ш ымкент алыс. Оған дайын түрған көлік қайда? Қызы жанталасып, төсеніш үстінде домалап, көгеріп бара жатқан соң, ошақ басын тастай беріп, Наташ аға жүгірді. Ж аны на ж еткені сол еді: — Мама өлдім! — деп шешесінің білегінен ала түскенде, кемпірдің қолын жұлып әкете жаздады. Н әп-нәзік әйелде мүншама дүлей күш боларын кім білген? Кемпір қызын екі қолтықтың астына қапсырап көтеріп: — Мына бұтақтан мықтап ұста, бишара! — деп бүйырды. Тарбиған алма ағаштың астыңғы жуан бұтағына асылған келіншек, енді содан айрылса, жерге өлі құлайтындай, саусақтары без бүтақты бүріп, қатты да калды. Кемпір келінш ектің ішін сипалап, саумалай берді. Ағашқа асылып қалған ақ сары әйелдің түсі көкпеңбек болып, көзін таре жүмып алған. — Не үшін? Не кінәм үшін, Құдай! — деп шыңғырған дауысынан көксерек төбет те шошып, шынжырын салдыр- гүлдір тасырлатып, әрі-бері жұлқынып, арсылдап қоя берді. Су ағып жатқан арықтың бергі жағында байлаулы түрған ақ ешкі тосын дауыстан шошып түсіп, көздері ежірең ете қалып, жіп байланған жалбызды түбімен жүлып кетіп, арықтың арғы бетіне секіріп шықты. — Сәл шыда, күнім, сәл шыда, періштем, —деп анасы да қара сорпа болып жанталасқан. Екі қабат әйел бір өліп, бір тіріліп, әл кеткен колы без бүтақтан енді сытылып шығып бара жатқанда, бүкіл Сайрам даласы мен тауларын жаңғырықтыра нәрестенің шар-шар еткен дауысы сақ- панша атылды. Тұрардың түңғышы пысқырынып, тұншығыңқырап барып, жарық дүниеге шарылдай келіп, шараналы күйінде кемпірдің қолынан шығып кетіп, жерге топ ете түсті. Келінш ек екі бүктеліп, көрпенің үстіне сылқ ете қалды.
Елизавета Петровна сасқанда пышақ таппай, үйдің ішін астан-кестеңін шығарып, қайтадан ошақ басына жүгірді. Қолына ағаш жарған балта ілінді. Балтаның жүзін қазандағы қайнаған суға батырып-батырып алып, ана мен баланы жалғастырып жатқан қанды қызыл шектің астына кеспек койып, балтамен қиып түсті. Ана мен бала сол сәттен бастап екіге бөлінді. Сәл сәттен бастап, олар енді жеке-жеке тағдырға бағынар. Енді әрқайсысы жеке-жеке дем жүтар. Бала әлі өзінің шала туғанын да білмес. Дүниеге мерзімінен бүрын асығыс келгенін сезбес. Асығыс келіп, асығыс кетпесе, сол олжа. Әйтеуір, ашық аспанның астында, тар қүрсақтан шығып, кең дүниенің қүшағына енген. Дүние оған кең боларын, кем боларын болжап болмас. Бүған дейін ана мен бала бір дене болса, енді шығарға жан басқа-басқа. Енді олардың махаббат дейтін көзге көрінбес кіндік-ішек жалғастырса керек еді. Әлгі доғал балтаның жүзімен сол көзге көрінбес кіндік-ішек те қиылып кетпесе жарар. Кемпір: — Үл бала, ұл, үл! —деп жарқылдай қуанды. Жылы суға шомылдырып, су жаңа аппақ жаялыққа орап, маужырап тынышталған Натальяның жанына абайлап апарып қойды. Көзін шарт жүмып алған жүдырықтай баланың сирек қарын шашы қап-қара, жүзі барлыққан күрең Кызыл екен. Наталья жай ғана басын бүрып әкетті. Езу тартқан жоқ, еміренбеді. Тек салқын үнмен: — Өзінен аумайды екен. Қайта-қайта айта беретін Ескендірі осы, — деді. Ш ешесі түсінбей: — Искандер дегені не? —деді. — Түрардың тілегі: Ескендір болсын дейтін. Демек, біздінше, Александр дегені. Баяғыда ол Приходько түр- месінде Александр дейтін Петербург революционерімен бірге әкесі екеуі отырғанын білесің ғой. Соның қүрметіне баланың атын Ескендір қой деп Рысқүл аманат айтыпты. Петербургтің революционерімен дос болып жүрген біздің Рысқүл құда да онай емес шығар. Мейлі, сол құданың айтқаны болса-бола койсын. — Елизавета Петровна нәрестенің бетіне үңіле қарап, басын шайқап-шайқап қойды. — Наташенька, өз бауырыңнан шыққан перзент қой, жөндеп назар салсаңшы. Наташа қалжыраған қалпы, басын әрең бүрып, балаға көзінің киығын ғана салды. — Артур сияқты, — деді қиналып.
— Артурың кім тағы? — Айтып едім ғой, Тұрардың інісі. Мені жек көретін. Ақыры кашып кетті. Аһ ұрып қатты күрсінді. Көзінен жылжып, самайына қарай үнсіз-түнсіз жас ақты. — Ох, сорлы Аркаша, ох, сорлы-сорлы... Сенің ақырың осындай болар деп кім ойлаған? Мынадай оқиға үстінде, түңғыш перзенті дүниеге келген шақта да қызының басқа жайға киналғанына шамырқанган ана шарт кетті. — Жетті, қызым! Күйіне бергеннен не пайда? Соған бола, ай-күніңнен ерте босанып, ажалыңнан бүрын өле жаздадың. Аман-есен, тірі қалғаның олжа. Ж ан олжа! Соны ойла- сайшы. Д әрігер жоқ, дәнеңе жоқ, жаңа тіпті үзіліп кетуің мүмкін еді ғой. Ш үкірш ілік керек. Аркадий маркүмға бір Қүдай өзі о дүниеде жақсылығын берсін. Нәресте әлі қаймағы бұзылмаған сары ала жапырақты даланың ауасын анасының уызынан бүрын жұтып, сол ауаға мае болғандай, ұйықтап қалып еді. Әзір тамақ тілеген жоқ. Құртқандай қарны да ашар. Н әр тілеп, әлі шыңғырар. Туған жердің ауасымен ауызданған жақсы. Бірақ адам баласы тек ауамен ғана қоректенбейді. Оны бала көп кешікпей сезе бастайды. Сонда туған анасының төсі иімей қоятынын, сөйтіп уызға жарымай қалатынын бала әлі білмейді. Ол әлі түк те білмейді. Үлкендердің көп білетінін, сол көп білгені кейде қасірет болып жабысатынынан да түк хабары жоқ. Оның түңғыш рет құлағына анасы мен әжесінің даулы әңгімесі, жапырақтардың сыбдыры, Ақсу өзенінің сарылы, көксерек иттің үргені, атыз шетінде арқандаулы тұрған ақ ешкінің маңырағаны шалынған. Бірақ бала олардың ешқайсысын елеген жок. Есейгенде де бұл сәттен ойында еш елес қалмас. Дүниеге неге, не үшін келгенін де білмейді? Өйткені, ол бүл дүниеге өз еркімен келмеген. Ал оны дүниеге келтіргендер арасында әзір береке болмай тұрған кез. *** Арада қанша күн өтті. Натальяның омырауынан ақ тамбай, аш арш ылық жылғы мешел аспандай безірейді де қалды. Ш ешесі байғүс білген ем-домын істеп, қызының емшегіне таба қыздырып басты. Таудан қазып әкелген «Алтын тамырды» қайнатып, соның сөлімен булады,
көкемаралдың, киік отының кептіріп алған гүлін езіп ж ак ты, — ештеңе болмады, сүт шықпай қойды. —Апыр-ай, өзің де үлым екен деп еміренбейсің ғой, содан шығар сүт шықпай жатқаны, — деп қызына шешесі бір күңкілдеді, екі күңкілдеді, содан ақыры шыдай алмай кеткен Наталья кемпір байғұстың бетінен қауып тастады: — Мені туғанда сенің де сүтің тыйылып қалған. Мен өлетін болған соң, туған әпкеңнің омырауына салғансың. Сонда, сол маркүм Софья Петровнаның бір емшегін мен, бір емшегін Аркадий еміп өскенбіз. Демек, мені тапқанда сен де еміренбеген болдың ғой?! Елезавета Петровна күйініп басын шайкайды. — Әй, әй қызым, аямайсың ананды. М енің сен дегенде шығарға жаным басқа екенін біле тұрып, күйдіресің адамды. М енің жайым басқа еді ғой, омырауыма жаман без түйіндеп, ақыры әкең байғүс Ташкенттен доктор алдырып, мен бейшара пышаққа түскен жоқпын ба? Соны сенің ұмытатын ж енін ж ок еді ғой. Сенікі де сондай сойкан ба деп ойласам, Қүдай бетін аулақ кылсын, жаман безің жоқ, міне, бәрі жұп-жүмсак, шала туған жеті айлық бала түрмақ, егіз баланы асырайтын әулеті бар омырауыңның. Әлде, докторға қаралып қайтасың ба? — Өзім де соны ойлап жүр едім, — деді қызы шешесінің бүл үсынысына ішінен қуанып кетіп. Коп кешікпей Наталья жолға жиналды. Нұқыл қарадан, басына қара шілтерлі қалпақ киді. — Түрарға оралсаң қайтеді? Ж ақсы-жақсы дәрігерлерге қаратар еді, — деп шешесі именшектеп, тагы бір тілегін айтқан. Қызы илікпеді: — Менің емшектес бауырымды аттырған адамға не деп барамын? Рақмет айта барамын ба? Мен байсыз қалады екен деп қорықпа. Менің басып кеткен ізіме зар болып еңіреген ерлер аз емес. О басында бір қателік кетті, мен сезімнің құлы болдым, енді ақылдың кұлы боламын. Шешесі күрсініп-күрсініп, күйзеле басын шайқады. — Ақылдың қүлы болсаң, жанымызды сақтап отырған Түрардың етегінен үстап айырылма. Ол қарайласпаса, біздің күніміз не болады? Мына бір алақандай жерден де айдап шығады ғой бізді. Клевенцовтар аз емес қой, балам. — Мама, сен бір нәрсені түсінбейсің. Рысқүлов президент болдым екен деп енді сабасына түсе қалмайды. Мен білетін Рысқүлов болса, ол енді бүрынғыдан бетер арпалыс жолына
түседі. Сол президенттікке көп отыратынына да күмәнім бар. Өйткені, ол ымырасыз адам, ал ымыраға келмейтін, тік жол, бір бет адамдар копке шыдамайды. Не өзі өртеніп өледі, не біреулер өлтіреді. Екінің бірі. Ал күнкөріс болса, қайтеміз, бір амалы болар. Мен де жүмыс іздермін, яки жібі түзу бір адам табылар. Қам жеме, жалғыз емессің, енді ермегің бар. Баланы бақ. Ескендірдің ендігі анасы сенсің, менен оған енді қайран жоқ. Осы заманда соңынан бала ерткен әйелді кім алады? Мен әлі алдағы күнімді ойлауым керек. Ескендір өліп қалмаса, сенің жаксылығынды қайтарар. Бұл түқым — мойнына кісі ақысын артып жүретін түқым емес. Бергенге — береді, алғаннан — алады. Ақысын алмай тынбайды. Әне, Рысқұлов та ақыры Аркадийді өлтірді ғой. Ал Аркадийге оның қанжары соноу бала күнінде-ақ қайраулы болатын. Солай, Елизавета Петровна... Сөйтіп «генералша» Ескендірді бауырына салды. Ақ еш кінің сүтімен асырады. Тағдырда тәлкек сияқты жайлар кездесе береді. Осы Ескендірі — Александр аталғандардың соноу-соноу атасы Александр М акедонский, яғни Ескендір Зұлхарнай да осындай нәресте шағында еш кінің сүтін ішіп өскен екен деген лақап бар. Бала үш-торт айлығында Елизавета Петровнаға қарап, ыржиып күлетінді шығарды. Оған кемпір байғүстың іші елжірейтін болды. — Ух ты, басурман, Искандер Түрарович, — деп баланы қүндағымен қоса жүлмалап ойнап, бауырына қысып-қысып құшырланатынды шығарды. Балада әзір қайғы-мұң жоқ. Аспаны ашық, жан-жағы жаннатыдай дала, әріректе асқақтаған таулар, Теңбіл торғай шырылдаған, Ш олпанкебіс гүлдеген ойдым-ойдым жази- ралар... XIII Ш алва Зурабович Элиава, Валериан Владимирович Куйбышев, Ян Эрнестович Рудзутак, Михаил Васильевич Ф рунзе... Филипп Исаевич Голощекин — ВЦИК пен РСФСР Совнаркомынын атынан, Ленин мандатымен келе жатқан Түрккомиссиясының қүрамы осы. Бұлардың арасында Фрунзеден өзгесі Түркістан өлкесін бұрын көрмеген. Ф рунзенің өзі Түркістандық, дәлірек айтқанда, Жетісулық,
одан да дәлірек айтқанда, туған жері Пішпек. Түрк- комиссияның алғашқы келген тобының ішінде қазір Фрунзе жоқ. Ол әлі Колчакпен шайқасып жатыр. Ал, Кубышев те қазақ даласында туып өскен. Бірақ Қазақстанның ол жақ беті Түркістан өлкесіне қарамайды. Сол себепті Куйбышев те Түркістанға түңғыш рет келе жатыр деуге болады. 1919 жылдың сарала күзі — қатары нан екі жыл қатты соққан ашаршылықтың бетін қайтарғандай кез еді. Тура вокзал басында, қалаға шыға беріс бетінде тізіліп есек арбалар түр. Үйме-үйме кауын-карбыз, төбе-төбе алма, алмүрт, шабдалы, анар... Ала тақия, қара тақия кигендер, көк сәлде, ақ сәлде салғандар жан-жақтан айқайлайды: — Алындар! Алма алыңдар! Арзан алма. — Келіндер, күләбі қауын жендер! Арзан қауын. — Мына шуылдақтарды тыя түрсақ қайтеді? Бәрін таратып, милиция қойып қоялық, —деді Түрсынходжаев. — Тимендер, — деді Рысқүлов. — Келген меймандар Түркістанды, оның астанасы Ташкентті табиғи қалпында көрсін. Бояма болмасын. Қазір көз бояғанмен, ертең-ақ олар өздері көреді. — Мына есектері тезек тастап, жолды былғап болыпты. Тым құрыса, жүретін жолды тазалатайық. — Оның дүрыс. Қаланың райысына тапсыр. Станция бастығын шақырып айт, —деп келісті Рысқұлов. Түркістан басшылары Түрккомиссиясын күтіп алу үшін вокзалдың алдына, перронға шықты. Перронда сырнай- шылар, оқушылар тізіліп түр екен. Ташкентке пойыз таңсық емес. Бірақ жасыл-сары бау-бақша бұлымынан бұлаң етіп, «от арба» көрінгенде, Ташкенттіктер пойызды тұңғыш рет көргендей: — О-о-о-о! десті. Кернейлер мен сырнайлар карлығып барып, үні ашылып, лекілдеп берді. Бейқасап көк шапан, ала тақия киген, күйек сакалды, жалпақ мұрын қара шал жорғалай басып, билеп ала жөнелді. Оның соңынан жігіттер де шықты. Түрккомиссия Элиава бастап вагоннан шыққан кезде, перрон үсті шат-шадыман күй мен би болатын. Ш алва Элиава вагонның түтқасынан үстап, баспалдаққа аяғын сала беріп, мына тамашаға таңырқағандай, бір аяғы салбыраған күйі түрды да қалды. Ж анына жақындап келіп, қолын созған Рысқүловты Элиава құшақтай түсіп:
—Ж асасын, советтік Т үркістан!—деп дауыстап жіберді. Бұйра шашты, тып-тығыз қою қара сакал-мұртты, шағын бойлы Элиавадан соң, енгезердей ересен денелі, үзын бойлы, сары шашты Рудзутак, одан соң мандайы кереқарыс, жайсаң жүзді, шашы дудардай Валериан Куйбышев түсті. Соңын ала кібіртіңкіреп, басқыш тың өзіне сидаң аяғын бір салып, бір тартып алып, вагон түтқасының өзін қолымен сүртіп көріп, содан соң барып үстап, қабағы кіртиіңкіреп, жылмағай шашты, текесақал Филипп Исаевич Голощекин сазарың- қырап барып, табаны тисе Түркістанның жері ойылып кететіндей, абайлап қана перронға аяқ тіреді. Рысқүлов ішінен: «Мына кісі үзақ жолды көтере алмай, сырқаттанып қалғаннан сау ма?» — деп секемденіп қалды. Онымен амандасып түрып, өзін таныстырып болып, Рысқүлов: — Қалай, жолдан арыған жоқсыз ба? —деп сұрады. — Айтпаныз, жолдас Рысқұлов азап... азап... — деп Голощекин сидиған салалы саусақтарымен маса жасқа- ғандай, ауаны желпіп-желпіп қойды. Содан соң у да шу перрон үстіне сөлие қарап, аты белгісіз аралдағы жабайы адамдарға тап болғандай, тапжылмай түрып алды. Ал бүл кезде Ш алва Элиава әлі жалпақ мүрын, күйек сақал, аңқылдақ шалмен жарыса билеп жүр екен. Рас, оның биі шалдыкінен қимылы бөлекте; аяқ-қолы қанжардай қадалып, дік-дік етеді екен. Зурнайшылар мен кернейшілер құрметті мейманның өзі билеп кеткеніне керемет мәз болып, музыканы құтырта тартып, лекілдетіп ала жөнелді. Бұл қызыққа күліп тұрған Куйбышев пен Рудзутакка әлгі шал билеп келіп, биге шақырып жүр еді, ана екеуі қолдарын кеудесіне басып, ізет көрсетіп, би білмейтіндерін айтты. Ж алпақ мұрт шал да кемпірі үл тапқандай еліріп алган екен, ары-бері ойқастап жүр, Голощекиннің алдынан қоқиланған қораздай шықпай қойды. Голощекин азар да безер болган адамдай кос қолмен жасқап: — Нет, нет! — деп безек қақты. Шал да қиқарланып, қайта-қайта «би-кезек» тастап, айналдырып алды. — Ж олдас Рысқұлов, Қүдай үшін айтыңызшы мынаған бірдеңе деп, — жалынғандай болды Голощекин. Ж алпақ мүрын шал Голощекинге көзін қысып калып, төбесіндегі тақиясын құйқасымен қимыл-қимыл еткізіп қойып: — Шом дилә, тәуеріш нәш әндік, не нураутса, дә? — деп тепсініп қалып, кеудесін ашып кете барды.
Рысқұлов вагонның тепкішегіне көтеріліп, қолын көтерді. Керней, зұрнай пышақ кескендей сап болды. Биші шал омырауы ашылып, пора-порасы шығып терлеп, ентігін баса алмай, аузы аңқайып, Рысқұловқа қарады. — Жолдастар! Ташкентке Лениннің достары, серіктері келді. Лениннің тапсырмасымен келді. Бұл келіс кешегі патша генералдарының келісінен басқа. Түркістан елін ел етеміз, езілгендердің есесін алып береміз, тендікке қолын жеткіземіз деп келді. Кешегі патшадан зорлық көрген, қорлық көрген Түркістан үшін бұл зор тарихи оқиға. Түрккомиссиядан біз көп жақсылық күтеміз, көмек күтеміз. Үмітіміз ақталады деп сенеміз. Хош келдіңіздер, күрметті достар! — деп Рысқүлов тепкішектен түсіп, орнын Шалва Элиаваға берді. Элиава жауап сөз сөйледі. — Бауырлар! — деп ПІалва Элиава бүйра шаш басын ш алқайтыңқырап шаттана ш аңқ етті. — Біз сіздерге, Түр- кістан халқына Лениннің сәлемін ала келдік. Біз бір- бірімізге сенуіміз керек. Ж аңа Рысқұлов жолдас дүрыс айтты: біз патш аның генералдары емеспіз. Патша гене- ралдары Түркістанды жарты ғасыр бойына тонап, сіздердің еңбектеріңізді қанап, бар байлыкты сорып келді. Оларға Түркістанның шексіз байлығы, шүрайлы жері керек болды, ал адамдары арзан жұмыс күші ретінде ғана қажет болды. Патша генералдары Түркістан халқын көгертейін деп ойлаған жоқ. Мектептер орнына түрмелер салды. Халықты қараңғылыққа үстауға барынша ықылас қойды. Ал біз болсақ, Түркістан басшыларымен бірлесе отырып, халықтың әл-қуатын, мәдениетін көтеруге ат салысамыз. Түркістан тізгінін Түркістан халқының өзіне береміз. Ж ергілікті халықтың әдет-ғүрпын, салтын, дінін сыйлаймыз. Түркістанды ішкі-сыртқы жаулардан қорғауға барынша күш саламыз. Мен Түрккомиссия атынан советтік Түркістанга зор әлеуметтік табыс тілеймін, Ж асасын, революция! Ж асасын Түркістан! Кернейшілер мен зүрнайлар тағы да вокзал басын жанғырықтырып әкетті. Бағанағы күйек сақал, жалпақ мұрын шал Шалва Элиаваға айқайлап: — Дат! — деді. — Не дейді? — деп сүрады Элиава Рысқұловтан. — Сұрағым бар, рүқсат етіңіз, —дейді. — Сүрасын. —Датың болса, айт, —деді Рысқүлов.
— Сіз, ортақ нәш әндік, жаңа біздің әдет-ғүрып- тарымызды, салтымызды сыйлаймыз дедіңіз. Ж әне өзіңіз қуанышымызға қосылып би биледіңіз. Бүған біз жүдә қүрсан болдық. Ал мына ортақ, атын білмеймін... — Голощекин. — И ә, ортақ Колош екин... Колош екин дей ме?.. — деп шал Голощекиннің бетіне бажырая қарады. — Осы жуықта ғана Куш екин деген біреу орнынан алынбап па еді? — Ж оқ, ол басқа, бұл кісі Голощекин. — А-а, мейлі-мейлі, бірақ осы кісі біздің би билеп, қуанғанымызды, Лениннің достарын шаттана қарсы алғанымызды неге жақтырмай қалды? — Ж ақтырады, неге жақтырмасын. Ж әй, әшейін жолдан шаршап келген ғой, — деп күліп Рысқүлов шалдың арқа- сынан қақты. — Лайым солай болсын, ортақ Рысқүлов. Лайым солай болсын, — деп, шал десе де Голощекинге әлі де сезіктене қарап кете барды. *** Меймандар резиденциясына орналасып, демалып алған соң, ТүркЦ И К-ке келіп, Рысқұловтың қабылдауында болды. Элиава ресми түрде Лениннің Түркістан коммунистеріне жазған хатын тапсырды. — Жолдастар! — депті Ленин хатында. — Маған сіздерге Совнарком мен Қорғаныс Советінің председателі ретінде емес, партияның мүшесі ретінде хат жолдауға рүқсат етіңіздер. Түркістан халықтарымен дұрыс қатынас орнатудың қазір РСФ СР үшін, әсірелемей айтқанда, орасан зор бүкіл дүние жүзілік тарихи маңызы бар. Совет жұмысшы-шаруа республикасының осы уақытқа дейін қаналып келген әлсіз халықтарға қатынасының бүкіл Азия үшін, дүние жүзінің отарлары үшін, мыңдаған миллион адамдар үшін практикалық маңызы болмақ. Рысқұлов Элиаваның қолын қысып түрып: — Сіздің рүқсатыңызбен бұл хат Түркістан газеттерінде жариялансын, —деді көмекшісін шақырып алып, —Мына хат «Коммунист», «Туркестанские известия», «Иштракюн», «Ақжол» газеттерінің ертеңгі санында, бірінші беттерге көрнекті етіп жариялансын, —деді.
Элиава Түрккомиссия мүшелерінің міндеттерімен таныстырды. Мысалы, Голощекин жолдас партия құрылысы мәселесімен шұғылданады екен, Куйбышев әскери-соғыс саласымен айналысады. Рыскүлов Түркістандағы жағдаймен таныстырып өтті. Көптеген қиыншылықтарды атады. Түрккомиссия мүше- лерінен нақты ж әне жедел комек күтетінін білдірді. Мысалы, бүкіл Түркістанда жалғыз мұғалімдер институты бар. Оның өзі Ташкентте. Соны университетке айналдыру мәселесі. Ж ер-жерде институттар, мектептер ашу мәсе- лесі. — Түркістанның соңғы генерал-губернаторы Куропат- кин мырза бүл елді сауатты ету үшін әлі мың жыл керек деген, — деді Рысқұлов. — Бақытымызға қарай, қазір Куропаткин жоқ, ол келмеске кетті. Бірақ Түркістанның кейбір ком мунист басшылары мүндаға дейін сол Куропаткиннен аса үзай алмай келді. Енді сол қатені түзетіп, тез іске кірісуіміз керек. — Сіздің айтып отырған мәселеңіз дүрыс, — деп сөзге Голощекин араласты. — Мәдениет жоқ жерді жабайылық жайлайды. Мәдениетті ендіруіміз керек. Мен әлгіде тура базар басында қолымен плов, сіздерде қалай, иә палау жеп отырғандарды көрдім. Сұмдық қой бұл! Нақты комек дегенде мен өз міндетіме — Россиядан тездетіп бірер вагон қасық, шанышқы жеткіздіруді мойныма алайын. Элиава басын шайқады. Куйбышев пен Рудзутак төмен қарап, қызарып кетті. — Бұл —өнерлі ел, Флипп Исаевич. Қасықтың неше түрін жасай алады. Сіз көмектескіңіз келсе, Россиядан тез арада он мың темір соқа алдырыңыз. Бізге соқа керек. Ж ер жыртып, егін егіп, елді асырау керек. Сіз бізден мақта сүрап отырсыз, сол мақтаны өсіретін құрал-сайман жеткізіңіз. Егістік мақтаға айналган соң, астық алынбайды, мақтаның есесіне Россиядан астық жеткізіңіз. Халыққа тамақ керек, халық онсыз да екі жыл қатарынан ашаршылыққа үшырады. Екі миллионға жуық адам қырылды. Оның көпшілігі сіздер әлі казак деп өзінің шын атымен атауға дағдыланбаған киргиздар. Жетісу, Әулиеата, Ш ымкент қазақтарының жері әлі кулактардың қолында. Сіз болып, біз болып соны қазақтардың өздеріне қайтарып берейік. Оларды егінші- лікпен айналысуға машықтандырайық. Ендеше, оларга да қүрал-сайман берейік. Кешегі патшаның 16-жылғы жазалау
отрядтарының тепкісінен, кулактардың қудалауынан көп қазақтар Қытай асып кетті. Соларды кері кайтарайық. Жер берейік, үй-жай болып орналасуына көмектесейік... — Сіз мәселені темір соқадан бастап, аяғын үлкен-үлкен саяси-әлеуметтік талаптарға әкеліп тіредіңіз, жолдас Рысқүлов, —деп Голощекин шыдамсыздық танытып алды. — Сіз қазақтар деп отырған киргиздар туралы оқығаным бар. Олар табиғатынан жалқау, еңбекке бейімсіздеу, тек көшіп- қонып, ойын-тоймен күн кешіп, жүт келсе малдан айырылып, қырылып қала беретін халық қой. Халык кырылмас үшін жанталаса білуі керек. Еңбек етуі керек. Ал, қазақтар, яки киргиздар еңбекке жоқ. Сондықтан ең алдымен еңбекке баулу керек. — Сіздің оқығаныңыз, жолдас Голощекин, кешіріңіз генерал-губернатордың патшаға жылма-жыл жазып түрған рапорт-есебі болды гой. Онда сіз әлі қисық айналар залында жүр екенсіз. Голощекин қызарақтап қалды. Ашу қысқанда сөнік коздеріне қан құйылып кеткендей қызарып шыга келеді екен. Өзін өзі ұстауға ықтияры жетіңкіремей, жеңілтектік танытып алады екен. Теке сақалы селкілдеңкіреп отырып: — Сіз де кеш іріңіз, жолдас Рысқүлов, — деді, — мен киргиздар жайлы кейбір деректі, сіз айтқандай, генерал- губернаторлардың патшаға жазған ақпарынан емес, осы Түркістанны ң өз газетінен оқып білдім. «Наша газета» — деген сіздің газет болар, сірә, Голощекин әдемі сары сафьян портфельден беторамалдай гана газет қиындысын екі саусағымен ғана абайлап алып, алдына жайып қойды. Тіпті Түркістанны ң газетінің өзінен бір залалды микроб жабыса қалатындай мейлінше сақ үстайды. — Міне, керек десеңіз оқып берейін. Сірә, сіз өз қоластыңызда шыгып жатқан газеттерден бейхабар сияқтысыз... Иә, сонымен, «Наша газета» 265-ші саны. Авторы Г. Агаревский деген. Кім екенін білмеймін? Тақырыбы: «Киргиз интеллигент- теріне». — Филипп Исаевич, оны Рысқүлов жолдас өзі де біледі гой, уақыт алмайық, —деп қынжылды Элиава — Ж о-ж оқ, Ш алва Зубарович, сабыр етіңіз. Мәселе принципте болып отыр. Тындаңыздар, сіздерге де зиян емес. Былай деп жазады: «Мал баққан көшпенділер дейтіндердің бәрі ежелден кедей, бейқам келетіні экономика ғылымының тарихынан белгілі. Олай болмасқа лаж жоқ қой: гүмыр бойы 224
көшіп жүрсең, кайдан байисың? «Екі кеште — бір жұт» деген ескі мәтелді еске алсақ, көші-қонды кезінде көп нәрсе кирайды, бүлінеді, ал киргиздардың көш і-қоңында сан жоқ, олар қайдан дәулеттенсін? Ал экономикалық әл-қуаты нашар елде рухани байлықтың болмайтыны да белгілі. Олардың ғылым мен өнер тудыруға жағдайы да жоқ... Көшпенділер отырықшылармен ешуақытта теңесе алмақ емес. Көшпенділер экономика жағынан отырықшыларға тәуелді болады, тіпті қүлы болады десе де келеді. Ал экономикалық тәуелділік саяси тәуелділікке әкеліп соғатыны сіздерге белгілі... — Жарайды, Филипп Исаевич, түсінікті болды ғой, —деп бұл жолы Элиава қатандау айтты. Голощекин қыңбады. Ерегіскен сайын қыңырлана түсетін мінез байқатты. Түла бойы тарамыстан түратын адамдардың әдеті. «Тыныш отырындар!» дегендей салалы саусақтарын ербендетті. Рысқүлов ойлады: «Саусақтарына Караганда осы кісі музыкант емес пе екен? Саусақтары Поганиндікіне ұқсайды. Ал музыка өнерін сүйген адам қатыгез болмаса керек». — Сәл сабыр, жолдастар, қызығы әлі алда, — деп Голощекин оқуын сабақтай берді: — Көшпенділердің отырықшылар қүптамас ерекше мінездері бар. Көшпенділер үшін адам өмірі қымбат емес. Егер біреуді біреу өлтірсе, құн төлеп қүтыла салады. Мал барымталау, қыз алып қашу ерліктің белгісі саналады. Ал мұндай жолмен табылған малдың қадірі аз. Оны төгіп-шашады, ақырында тоналған тозады, тонаған байымайды. Көшпенділер экономикалық яки саяси зауалдар соқпай тұрған кезде әлаулайлап жүре береді. Ж ер жетеді, таза ауа, күн жылы, шуақ мол. Ал жүмысқа құлықсыздық пен бейқамдықтың жазасын жүт кезінде тартады-ақ: мал қырылады, артынша өздері қырылады. Мен білгім келеді: ау, киргиз зиялылары! Осы уақытқа дейін не бітіріп келдіңіздер? Арыз, шағым жазғаннан басқа не бітірдіңіздер? Көшпенділерді отырықтандыруға неге күш салмадыңыздар? Патшаны бүл жөнінен кінәлай алмай- сыздар. Патша тәртібі — отырықтандыруды талап еткен және соны қолдаған. Ж ер шүқылап, егін егіп, бос жатқан жерді пайдаланса, ешкім тыйым салган жоқ қой. Заң қайта ондайларға сол жерді бекітіп берер еді. Отырықтану керек пе, керек емес пе деген дау туып жатқанда, сіздер қайда
болдыңыздар, киргиз зиялылары? Кеңсе жағалап жүрдіңіздер ме? Ау, тіпті былтыр жүт жалмандап келе жатқанда кайда болдыңыздар? Газет бетінде неге дабыл соқпадыңыздар? Қоғамнан, үкіметтен көмек сүрап, үн көтерген қайсыңыз бар?...\" Голощекин кілт үзді де, отырғандарға қарады. Өзінің серіктері мүлде риза емес сияқты. Ал Рысқүлов, сирек күлетін, Рысқұлов жымиып отыр екен. «Тістерінің әдемісін-ай, — деді ішінен Голощекин, өзінің ежелгі маман- дығы тіс технигі екені есіне түсіп кетіп. — Тістері ірі-ірі маржан сияқты. Мен құсап Сібірге айдалып, қырқүлақпен ауырсан, Рысқұлов, көрер едім, тістеріңнің қандай боларын». Сойтті де, өзінің протез тістері орнында ма, жоқ па, дегендей жағын укалап қойды. — Рақмет, жолдас Голощекин, — деді Рысқүлов жымиғанын қойып, атылатын садақтай ширыга түсіп. — Бүл аты-шулы мақаланы тағы да еске салғаныңыз үшін рақмет. Оның авторы ТүркЦ И К -тің бұрынғы төрағасы Кушекин ғой. Агаревский бүркеншік фамилиясы. Бүл мақала Кушекиннін ТүркЦ И К президиумы мәжілістерінің бірінде айтылған сөзі десе де болады. Дәл осы газетте менің Кушекинге айтқан жауабым да жарияланған. Уақыттарыңыз болса, рұқсат етіңіздер, мен оны оқып берейін. Міне, газеттің ол номері... — Рысқүлов столдың ең астыңғы тартпасынан «Наша газета- ның» біреуін суырып алды. — Кешіріңіз, Тұрар Рысқұлович, өзі сәл ыңғайсыздау болды. Біз сізден оқуды талап етпейміз, —деп Элиава әдеппен ғана қызулы әңгімені аяқтамақ болды. — Неге, Шалва Зубарович? — Рудзутактың қою даусы естілді. — «А» айтылған сон, «Б» да айтылу керек қой. Ф илипп Исаевич көшпенділер туралы мақала авторымен келісетінін білдіріп отыр. Енді Рысқұлов жолдасты да тындайық. Бүл мәселені ашып алганга жаксы ғой, солай емес пе, Валериан Владимирович? Куйбышев ақырын гана арыстан жал басын изеді. — Оқимын, — деді Рысқүлов алтын жиек көзілдірігін ақ бәтес орамалмен мұкият сүртіп болган соң. — Мақала «Кушекинге жауап» деп аталады. «Кешіккен сауал, жолдас Кушекин. Мұндай сүрақты бұдан екі жыл бүрын қою керек еді. Аштықтың белгісі шыға бастаганда-ақ үн шығару керек еді. М енің Д енсаулық сақтау комиссариатынан өз еркіммен босанып, Аштықпен күрестің Орталық комиссиясын тез
құруды талап етіп, өзім соған төтенше комиссар болып тағайындалғанымды, аштарды аман алып қалу амалдарын айтып, ТүркЦИК-тің мәжілістерінде талай-талай жанталаса айқай салғанымды, сіз қалай демде ұмытып қалдыныз? Көшпенділердің күні біткен, олардың бәрібір болашағы жок, сондықтан мемлекет қаржысын оларға бөлудің де қажеті жоқ, деп сірескен сіз емес пе едіңіз, жолдас Кушекин? Аштар қырылып жатқанда сіз қайда болдыңыз? Олардың жанына жақындауға жиіркеніп, мұрныңызды баса қашқаныңыз қайда? Ауру жұқтырып аламын деп шошынғаныңыз қайда? Патша заманы дедіңіз-ау, патша қазақтарды, яғни сіз айтқандай, киргиздарды отырықтандыруға жағдай жасады дедіңіз-ау. Сіз, максималист Кушекин, Столыпин премьер болған кезенді шыннан ұмыттыңыз ба? Бірінші думаны қүлатқан толқынның көбігінен пайда болған Петр Аркадьевич Столыпин премьер болған 1906—1911 жылдар — қаратүнек реакция жылдар деп аталып кеткенін бүкіл сауатты қауым білгенде, сіз калай білмейсіз? Столыпиннің аграрлық саясатын қалай үмытасыз? Сулы, нулы, шүрат жерлердің бәрін тартып алып, переселендерге беріп, қазақтарды, яғни сіз айткандай, киргиздарды қу тақырға, шөлге, тауға, тасқа түріп тастағанын сіз шыннан үмытып қалдыңыз ба? Сол жерлерге ол бейбақтар мына совет заманында да жете алмай отырғанын сіз шыннан білмейсіз бе? Мысалы, Жетісуды, Әулиеатаны, Шымкентті алыңыз. Шүрайлы, сулы жерлерде қазір кімдер отыр? Көшпенділерде ғылым, білім, мәдениет болуы мүмкін емес, дедіңіз-ау. Көшпенділердің жан-дүниесі, оның кокірегін жарып шыққан мәңгілік жыр мен музыка туралы сіз не білесіз? Дәл осы халықтың арасынан шыққан бүкіл әлемге әйгілі «Екінші Аритотель» — «Әл-Фараби, аса дарынды ғалымдар, дана ақындар, композиторлар Мухаммед Хайдар Дулати, Қадыргали Жалаири, Асан Қайғы, Бүхар, Абай, Махамбет, Құрманғазы, Ықылас, тағы басқа толып жатқан жәуһарлар туралы сіз не білесіз? Жаратылысында бір халық дарынды, басқа бір халық дарынсыз болып тумайды. Қазақ халқында академия, университет, мектеп болмаса, ол оның басқа халықтардан гөрі, ақылының аздыгынан емес, жолдас Кушекин! Қ азақ халкы өзінің тоқсан тарау тарихында қилы-қилы замандар кешті. Ж ан-жағынан қамалаған жаулармен жаға жыртысып, жерін, елін сақтап қалу қамымен ол академия аша алмады.
Көш пенді-көшпенді дей бересіз. Сол көшпенділер оты- рықшы да бола білген. Бір кезде Сырдың бойы, Талас пен Шудың, Іленің бойы сыңсыған қалалар болған. Олар жер бетінен өзінен өзі жойылып кеткен жоқ, зіл-зала яки мұз көш кініне де ұшыраған жоқ. Олардың қалай қирағанынан сіз хабардар болсаңыз керек еді, жолдас Куш екин... Рысқұлов газеттен басын оқыс көтеріп алды да, меймандарына қарады: — Кеш іріңіздер, мен сіздерді жалыктырдым білем. Ар жағын окымай-ақ қояйын. — Сіз бізді жалықтырған жоқсыз, Тұрар Рысқүлович, — деді Ш алва Элиава ризашылық пішінмен, — қайта біраз нәрсеге біздің көзімізді жеткіздіңіз. — Бәрі де әлгі касық пен соқадан шығып кетті ғой, —деп жымиды Рысқұлов. — Қалай, Голощекин жолдас, енді соқа бересіз бе? Қасық өзімізден де табылады. — Иә, иә, менікі әбестік, «культртрегерлік» болған екен, — деп Голощекин сояудай саусақтарын сырт-сырт сындырып, қытырлатып жіберді. — Ондай-ондай болады, жолдас Голощекин, сізді кінәлау да қиын. Сіз бүл елдің түрмысын, салт-санасын, психо- логиясын әлі білмейсіз. Ә дегенде сізге көп нәрселер ерсі көрінуі әбден мүмкін. Қолымен палау жеп отырғандар, әрине сізге одағай, оғаш көрінеді. Бірақ дәл бүгінгі таңдағы зәрулік тамақты қалай жеуді үйрену емес, сол тамақты қалай табу әрекеті. Осыған көмектесіңіздер. Біз Мусбюроның үшінші және ақырғы конференциясын, өлкелік партия үйымының бесінші конференциясын өткізуге дайындалып жатырмыз. Мен, өздеріңіз білесіздер, ТүркЦ И К-тің төрағасы ғана емес, М усбюроның да төрағасымын. Мусбюро бір жыл ішінде өзіне жүктелген міндетті атқарып шықты. Енді оны жауып, барлық партиялық басшылықты Крайкомның қолына беретін кез келді. Осы конференциялардың жүмысына сіздер белсене қатысады деп сенемін. Түрккомиссия мүшелері Рысқүловтың бүл пікіріне қосылатындықтарын айтты. Бірақ алдағы бесінші конфе- ренцияның барысында талай айқастың боларын олар әлі аңғара қойған жоқ. Алдарында отырған Рысқүлов қиян- кескі айтыста конференция делегаттарын түгелдей дерлік өз жағына тартып алып, бүкіл конференциядан қолдау тауып, өз үсынысын өткізіп жіберерін Элиава да, Куйбышев те, Рудзутак та, тіпті Голощекин де әзір сезбейді.
*** Рысқұлов шырт ұйқыдан оянып кетті. Әлдекім бүйірінен түртіп-түртіп жібергендей болды. Ж ан-ж ағы н сипалап еді. Наташаның орны бүрынғыдай бос екен. Ж үрегінің түсы шым-шым етті де басылды. Енді қайтып ұйықтай алмасын білді де, сипалап, жанындағы орындықтан көзілдірігін тауып алды. ЬІң-шыңсыз киінді де далаға шықты. Қытымыр аяз жып-жылы төсектен шыққан бетті шымырлатты. Ташкент қанша жылы десе де қаңтар таңы қату екен. Аулада қырбық қар қыршылдайды. Бақтағы ағаш біткенге ақ кырау түрып, қыбыр етпей мүлгіп қалған. Әлі таң қараңғысы болса да дүние сүттей ағарып көрінеді. Тек дәу шынардың кейбір бұтақтарына қырау жүқпайтындай, қараң-қүраң болып түр. Рыскұловтың үйқысы шайдай ашылып, бойы сергіп сала берді. Оның тірлігін, оның жер басып жүргенін әлемге, мына ұйқы құшағында жатқан бүкіл Ташкентке әйгілегісі келгендей, аяқ астынан қырбық қар қаршылдайды. Иә, Рысқүлов тірі. Рысқүлов жер басып жүр. Ж иырма төрт-ақ жасаған жас өмірде ол талай рет өліп кетуі мүмкін еді. Басқаның бәрін қойғанда, бүдан дәл бір жыл бүрын, дәл осындай аязды қаңтар түнінде Осипов он терт комиссарды атып жіберіп, орасан ойран салды. Рысқүлов сонда ғажайыптан аман калды. Осипов ойсырап жеңілді, бірақ Рысқүловқа арналған оқ бір мылтықтың оқпанында әлі тығулы жатқан шығар. Ол қашан атылады, Рысқүловтың тыным білмес, дүлей от жүрегін қашан теседі — болжап болмас. Міне, сол тынышсыз, тынжылы жүрек оны қазір де төсектен беймезгіл түрғызып, атар танда тағы бір такаппар іске бастап түр. Тынышсыз жүрек таңғы тәтті үйқыны Рысқүловтан тартып алды. Ежелгі әдет: «Оян, Түрар!» — дер еді әкесі оған Алматының көк кақпалы түрмесінде жатқанда. Титтейінен сүйекке сіңіп қалған сергек үйқы. Басындағы сұр фуражка аяз шымшылаған қүлағын қорғай алмаған соң, сұр шинельдің жағасын көтерді. Кеше ол М ұсылман коммунистерінің III съезінде делегаттардың өтінішімен суретке түсті. Онда да үстінде осы сұр шинель, басында сұр фураж ка бар еді. Ж үзге тарта делегаттар Мусбюро үйінің алдына шығып, фото- графтың оймақтай объективінің ішіне сыйып кетті. Ж алғыз
столдың басында Рысқұлов, Түрсынходжаев, Низам Ходжанов, Санжар Аспандияров отырды да, басқалар сол төртеуін төңіректеп, алдыңғы қатардағылар жамбастап жатысты. Басқалары сатылардың ең биігінде екі делегат «Барлық елдердің пролетарлары бірігіндер!» деп арап әрпімен ұран жазылған қызыл матаны керіп үстап тұрды. Бір делегат М аркстің, бір делегат Лениннің, тағы біреуі Зиновьевтің портреттерін көтеріп алған. Зиновьев Ленинмен жауласып, партияға қарсы шығарын олар әлі білмейді. Уақыт нышанының бірі осы суретте сақталған. Адамдардың көптігіне қарамастан, сурет тас-түйіндей жып-жинақы болып шықты. Мұсылман коммунистерінің ауыз бірлігі осы суреттен ап-айқын көрінгендей. «Неге мұсылман коммунистері? деп Рысқұлов сүрақ қойғалы қашан. «Христиан коммунистері деген ж оқ қой. Коммунистерді дініне қарап айдарлай ма екен?, «Орыс коммунистері», яки «Россия коммунистері», «Неміс коммунистері», яки «Германия коммунистері» демей ме? Демек, біз «мүсылман коммунистері» емес, «Түрік коммунистері» болуымыз керек қой. О баста Кушекиндер «мұсылман коммунистері» атаған да, содан баспасөз қағып алып, ауыз үйреніп кеткен. И ә, сол мұсылман коммунистерінің III съезі кеше бір ауыздан қарар қабылдады: «Бүдан былай Түркістан Коммунистік партиясы — Түрік Коммунистік партиясы, Түркістан республикасы — Түрік советтік республикасы болып аталсын». III съездің делегаттары бүгін ашылатын Түркістан ком- мунистерінің V съезіне түгелдей делегат. V съезд «Мұсыл- ман коммунистері» III съезінің қарарын бекітуге тиіс. Міне, сынга түсер сәт осы. V съезд аталған қарарды бекіте ме, бекітпей тастай ма? Дауысқа салғанда кім жеңеді.? Съезд бүгін таңғы сағат тоғызда ашылды. Үлт мәселесі жөніндегі баяндамашы Рысқүлов. Оның тезистерімен Түрккомиссия мүшелері таныс. Элиава келісетін сияқты. Голощекин мен Куйбышев екі үдай. Әсіресе, Голощекин кипақтай береді. Рысқүловқа үзілді-кесілді қарсы болған Рудзутак. Ян Эрнестович Рудзутак жас жағынан Рысқүловтан едәуір үлкен. Сөйте тұра, Рысқұловпен құрдасша қалжың- дасып, ашық жарқын жүретін, агынан жарылып тұратын доспейіл адам. Ал іс мүддесіне келгенде — ымырасыз.
Бүлтаңбайға салмай, турасын бірақ айтатын кісі. Кур- ляндияда туған латыш, бала күнінен «Сұрқай барон» деген байға жалшы болған. Он алты жасында қалтасында көк тиынсыз, жалшылықтан қашып, Ригаға келіп, көшелерге тас төсеп күн көрген. Бағбан да болған. «Отто Эрбе» деген заводта жүмысш ы да болған. Атыш улы 1905 ж ы лдан бастап револю ционер ж олы на бірж олата түскен екен. 1907 жылы түтқынға алынып, ату жазасына кесіліп тұрған жерінен әупіріммен аман қалған. Қуғын, сүргін, түтқындардың неше алуан қияметінен өтіп, ақыры өкпе ауруына шалдығыпты. — Түркістанны ң ыстыгы маған майдай жағады, — деп еді ол Рысқүловқа. — Сіздің дертіңізді сап тыятын ем табылады. Көктемге дейін тосасыз, сонда мен сізді Ш ымған, Өгем тауларына жайлауга алып шығып, қымызбен емдеткіземін. Қүлан таза жазылып кетесіз деген Рысқұлов. Екеуі аз күнде достасып кеткен. Бірақ, сөйте түра, Рудзутак бүгін съезде Рысқүловқа қарсы шығатын ең пәрменді күні. Онысын жасырған жоқ. — Мейлі, Ян Эрнестович, съезд қалай шешеді, солай болсын, —деп Рысқүлов та иліккен жоқ. Жаратылысынан ш алқақ біткен кең қүлаш кеудесіндегі жүлымыр жүрек жанып бара жатқандай қыз-қыз қайнайды. Сол алау отты саябырсытпақ болып, Рысқүлов аяз тоңа- зытқан ауаны сіміре жұтады. Салқын ауа сексеуіл шоғын қозғағандай, ойды оятып, кенет ойына осыдан бір жыл бұрынғы Осипов ойраны түсті. Ол да осындай қаңтар таңы еді. Таш кент көш елері қанга боялған. Он торт комиссардың қазасы. Вотинцевтің өлімі... Кушекиннің өкімет басына келуі. Кушекин — Успенский саясатымен сайыс «Отаршыл» коммунистердің ойсырауы. Өкімет басына Рысқұловтың келуі... Рысқүловқа бұл қос өкімет сияқты көрінеді. Түрккомиссия ТүркЦ И К -ке тізгін бергісі келмейді. ТүркЦ И К тек формальді түрде қалқайып тұрмақ па? Бәрін Орталықтан келген Түрккомиссия атқара бермек пе? Ал Лениннің Түрккомиссияға берген нұсқауы ше? Түрккомиссия РКП(б) Орталық Комитетінің, Совет өкіметі мен үкіметінің Түркістандағы өкілі. Ол рас. Ол кеңес беруші, ақылшы, әрі дос. Бірақ ТүркЦ И К-тің күнбе-күнгі жүмысына араласа берсе, өз дегенін гана орындатып отырса не болады? Тіпті ТүркЦ И К-тің сыртынан билік жүргізіп, республика өкіметін белден басып жүре берсе, не болады?
Әрине, келеңсіз көрініс. Міне, бүгін съезде түбегейлі шешілетін мәселе осы. Есік жай ғана ашылған, іш жақтан қүлағы қалқайған, жүқалаң сары бала, әңгелектей доп-домалақ, тақыр басын кылкитып: — Аға, шай кайнады, — деді. Рысқүлов әлдеқайда алыстан оралып, бейтаныс жерге топ ете қалғандай, сары балаға сен кімсің дегендей сүқтана қарап қалды. Бүрын Рысқұловтың мұнша сұсты түрін байқамаған бала сескеніп, кейін шегіншектейді. Рысқүловтың көзіне бір мезгіл, былтыр Ш атқалда шейіт болып кеткен Арман елестеді. Есейіп қалған Арман-Артур есік ашып тұрғандай көрінді. «Соның өзі өң бе еді, түс пе еді?» — деп те бір шүбаланды. Арман-Артурдың дүниеге келуі де, кетуі де жүмбақ. «Мүмкін сол менің өзім шығармын?» Рысқүлов сары балаға: — Қазір барамын. Есікті жап, жаурап қаласың,— деді. Сары бала жылтың етіп, есікті жаба қойды. Бүл Рысқүловтың қолына өткен күзде келген Бекей бала еді. Оның Таш кентке келуі де бір жыр. Бірде таңертең дарбаза тықылдады. Рысқұлов әлі қыз- метке кете қоймаган. Ж аңа ғана жуынып, киініп, шайга отырған кезі еді. Сыртқа қүлақ түріп: — Кім болды екен? — деді. — Ии, қаһар сүққан қайыршы бит, —татар кемпір Мұхсина қолын бір-ақ сілтеді. Бер де маза берми алар. Ходаем қарғаған аларны. Таң шапақ атпағаш тарсылдатар инде. Мүхсина орнынан түру қаперіне кірмей, шай кұйып отыра берді. Бірақ қақпа бүкіл Садовая көшесін жаңғы- рықтыра тарсылдатты. — Вот нахалдар! —деп кемпір ашуланды. — Ж оқ, бүл қайыршы емес. — Тұрар орнынан тұрды. — Ш айін де тыныш іштірмилар, отыр инде, китә алар, — деп Мүхсина шыр-пыр болды. — Қайыршы есікті бүлай қақпайды, олар жасқана жәй қағады, — деп Түрар көнбей сыртқа беттеді. Өткен жолы Успенскийдің шабармандары қақпаны осылай қаққаны есіне сап ете қалған. Біреулер тағы да өзін тұтқындай келгендей шамалы үрей билеген. «Кушекин — Успенский қүлап еді гой. ТүркЦ И К төрағасының үйіне былайша басып келетін кім болды екен?» Күні кеше ішкі
істер комиссары Нысанбаев үйіңізге бір милиционер бөліп, күзет қойдырайын дегенде Рысқүлов үзілді-кесілді тыйым салған. Енді сонысына опык жегендей де сыңайы бар. Үйден шығып, тепкішектен түсе берді: «Бүл кім?» дауыстамақшы еді, айқайлауға арланды да, асықпай барып, сырғауылды тартып, қақпаның есігін ашты. Қайыршы дейін десе, қайыршыға ұқсамайды. Ақ полот- ной кимешек, ақ күндік салған, үстінде барқыт шапаны, аяғында жап-жаңа кебіс-мәсісі, иығында теңкиген ала коржыны бар әйел, жанында жасы он торт шамасындағы жылтың көз, қалқан құлақ, қызыл тақиялы баласы бар. Нағыз қазақы ауылдан екені көрініп тұр. Бүл маңайдың адамдары емес. Кимешекті әйел қақпаның ар жағындағы Рысқүловқа қарап тұрып-түрып, кенет аңырап ала жөнелді. Есіктен бері өтіп, қоржынды жерге тастай салып, Тұрарға қүшағын аша ұмтылды. — О-о-о-у, жалгыз бауырым-оу! Әкеден де, шешеден де емшектес жалғызым-оу! Жалғанда жалғыз жарығым-оу! Бүл аңырата келген Түйметай екенін Рысқүлов сонда барып білді. Әйтпесе, танымай қалған. Бұлардың Талғар- таудагы үясын бүза келген мың тоғыз жүз бесінші жылдан кейін Түйметайды көргені осы. Одан бері де он бес жылдай уақыт өтіп кетіпті. Түйметай үш жастагы қыз еді, Тұрар әкесімен бірге Алматының түрмесінде отырганда, Түйметай өгей шеше Ізбайшамен бірге М еркеге кеткен. Ал әкесі Сібір айдалып, Түрар Мерке барганда , Ізбайша Түйметайды алып Түлкібас асқан. Сонда қайнысы Молдабекке ағайыны зорлап қосқан. Қыз он алтыга келгенде, Мерке ботпайларының бірі айттырып, үзатып жіберген... — О-о-о-у әкесіз арманда өскен бауырым-оу! Ш ешесіз оскен шерлі жүрек Түрарым-оу! Сені де көретін күн бар екен гой. Сүйеусіз өскен сүлтаным, таяусыз оскен түлпарым- Түрарым-оу! Сен мені танымай да қалдың-ау. Мен сенің жалганда жалгыз бауырың Түйметай деген жетімің, әр- кімдердің отымен кіріп, күлімен шыгып, күң болып жүріп жетілдім. Ж атқан жерің жәннаты болгыр Қалипа анамыздың күрсағынан шыққан жалғыз бауырың Түйметай деген мен едім. Пейіште нүры шалқыгыр Қалипа анамыздың түр-түсін де білмеймін, елесін де білмеймін. Әкемнің де бет-жүзін танымай қалдым мен бейбақ. Алаштан шыққан арысым Рыскүлдай әкемнің дидарын білсең, сен білесің, Тұрар-ау.
>іаі Сені көріп, сол сойқан таудай әкемді көргендей болып мен тұрмын... Неге үндемей, мелшиіп қалдың, мен Түйметаймын ғой. Әлде, тағдыр сені тасбауыр етіп жіберді ме? Ж алғыз бауырың келгенде неге жібімейсің? Туысың емеспін бе? Бүл Түйметайдың көкірегінде көп жылдан бері тесік таппай бітеліп жатқан зар-мұңы, сағынышы, әрі әке- шешесін жоқтауы еді. Дауыс салып аңырағаны Түрарға түрпідей тигені де рас. Не қой демеді, не Түйметайға қосылып жыламады, безерді де қалды. Қайта үйден шошып шыққан М үхсина шар-шар етіп, басу айтқан болды. Әуелі не сүмдық екенін түсінбей, әлдебіреу опат болды ма деп ойлаған кемпір, кейін-кейін бұл келгендер Түрардың туысы екенін сезгеннен соң: —Булды-буылды, сабыр итегез. Қышқырарға бұлми инде, бүл ауыл түгел, қал бит. Әйдәгіз, үйге кіріңіз, — деп Түйметайдың қүшагын Түрардан әрең айырып, үйге зорлап кіргізгендей болды. Содан Түйметай бір аптадай жатып, енді елге қайтарында Түрарға: — М ына бала менің қайным дедім ғой. Елдегілер саған аманат тапсырды. Еті Тұрардікі, сүйегі біздікі дейді. Оқуга түсірсін дейді. Бізден де біреу-жарым оқу оқып, көзі ашық болса, елге сеп шығар дейді. Байғұсқа Қүдай өмір берсін, безілдеп түрған пысық жуәрмек. Өзі тілалгыш, бір мың болғыр. Осы бала болмаса, мен Ташкентті соноу Меркеден тауып келед деген қайда... Баланы алып қал да, мені масыл қылмай елге қайтар. Төре төркінінің үйіне барып жатып алды деген сөзге қалармын, тірш ілік бар, — деді. Түйметайдың қайнысы Бекей бала Ташкентке осылай тап болып еді. Рысқүлов оны оқуға орналастырды да, жалғызілік болған соң, өз үйінде қалдырды. Мейлінше тызылдаған пысық Бекей оқуды да үлгереді, зыр жүгіріп базарға да барады, үйдің ішін сыпырып, жинап қояды. Таңғы ауа бойына қуат құйғандай болды. Түнгі қысқа үйқыда көрген шым-ш ытырық түстерін есіне түсірмек еді, бәрі бүлыңғыр бір нәрсе. Тек Әбекең есінде анық сақталыпты. Әбекең екеуі Өгем тауының бір биігінде тұр екен. Бүл арадан басқа биіктер толқын-толқын телегей теңіз болып айбынданып жатыр. Шеті, шегі жоқ. Әбекең құшағын жайып жіберіп, кең дүниені сол құшаққа сыйдыргысы
келгендей, ұлы дүниеге ұмтылып тұр екен. Оның не сөйлеп, не айтқаны Рысқүловтың есінде қалмапты. Ал өңінде Әубәкір Диваевпен кездескені түгел жа- дында... Өткен жылдың жазы болатын. Краймусбюро төрағасы Рысқүловтың қабылдауын өтініп, Диваев деген кісі келеді. — Ш ынымен Әубәкір Диваев па? — деп анықтап сұрады Рысқұлов көмекшісінен. — Иә, өзі. — Онда күттіріп қойғанымыз әбес болды ғой, — деп Рысқүлов орнынан тұрып, кабинеттіңтабалдырығынан әйгілі ғалым Әубәкір Диваевты қарсы алды. Үстіне тік жағалы көксұр френч киген, келісті қасқа мандай, жар қабақтың астында қаршыға көздері әлі де от шашып тұрған қыр мүрынды, сұлу мұртты, шоқша сақал, мейлінше интеллигент шал: — Сәләматсыз ба, жолдас Рысқұлов! —деп басын иіп, қол ұсынды. — Сіздің уақытыңыз өте қымбат екенін білемін. Сіз қазір үш бірдей басшылық қызмет атқарасыз: Крайком, ТүркЦИК, Краймусбюро... мен таң қаламын: қалай үлгересіз? Сөйтсем, жап-жас жігіт екенсіз ғой. Әрине, жас адам шаршамайды. Бірақ, мемлекеттік жүмыс, оның жөні басқа. Ғафу етіңіз жасыңыз?.. — Жиырма төртке жаңа шықтым. — Ә, бәрекелді! Біздің Салауат жиырма екісінде генерал болған. Ж өн-жөн. Рысқұлов тосылып қалды. Әңгіме бірден осылай басталып кетеді деп күтпеген. Диваев сөзін тағы тасқын- датып алып кетті. — Мен сіздің мусбюрода болатын күніңізді әдейі андып келдім. Крайкомда болатын күніңізде бара алмаймыз. Өйткені, коммунист емеспін. Болмайын деп болмағаным жоқ, жасы түскір тым үлғайып кетті, иә... Мусбюро да партиялық мекеме, бірақ сіз дәл осы қызметте, дәл мына креслода менің өтінішімді тындайды деп келдім. — Айтыңыз, Әбеке, айтыңыз. — Айтсам, қазір біздің Ташкентте бір-ақ институт бар. Оның өзі толар-толмас. Бүрынғы учительская семинария гой. Қазір мүғалімдер институты. Түркістан сияқты өлкеге университет керек. Университет! Ол бүкіл Түркістанга ортақ, күллі Орта Азияның білім анасы болуға керек. Ягни — СА ГУ . Осындай игілікті іс істеп, университет ашып берсеңіз,
халқымыз риза. Халық сізге қазірдің өзінде қарыздар. Ғаламат жақсылық жасап, елді аштықтан құтқарып жатыр- сыз. Сіз енді халық үшін басқа еш нәрсе істемесеңіз де тек аш тық ажалынан алып қалғаныңыз үшін ғана, милләт сізді қүрметтеп, төбесіне көтеріп, тарихқа алтын әріппен жазып қоюға тиіс. Мен төрімнен көрім жақын шақта тұрған кезде, сізге жағымпазданып, жалпандайтын жағдайым жоқ, иман шынымды айтып отырмын. Халық мүны әлдеқалай ұмытып кетсе, тауфихсыздық болар еді, ұмытпайды, сірә. — Рақмет, Әбеке, — деді Рысқүлов сөзден тағы да тосылыңқырап қалып. — Университет болады. Орталыққа, Ленинге жазамыз. Бірақ дәл бүгін ашылмайды. Мүмкін, келесі — жиырмасыншы жылдан ашылып қалуы. Қазір ашаршылық, жан-жақта — майдан. — Мен дәл қазір ашып бер демеймін. Дәл қазір негіз де жоқ. Әуелі негіз керек, мамандар керек. Ол біздің Түркістанда жоқ. Бүгінгі күннің қиын-қиын жұмыстарын атқара жүріп, бір мезгіл болашақты да ойлап қойған лазым дегенім ғой. Ш ал адам ақылгөй келеді. Ғафу етіңіз, шаруам бітті. Сіздің әрбір секундіңіз зәру, уақытыңызды алуға хақым ж оқ, — деп Диваев креслодан түра беріп еді, Рысқұлов: — Асықпаңыз, Әбеке, — деді. Көмекшісіне қоңырау қағып шақырып, шай сүратты. — Әлгі тілегіңіз орындалады. М ен сізге өкімет атынан уәде беремін. Енді өз жүмысыңыз туралы айтыңыз. Осы сіз ғой, қателеспесем, башқұртсыз. Ал қазақ тілін, әдебиетін, күллі дастан, жырларын қалай игеріп алдыңыз? Мен таң қаламын. Диваев Рысқүловқа көзін қысыңқырап, сынай қарап қалды да: — Башқұрт, қазақ деген бір емес пе? Біз түрікпіз ғой, — деді. — Сіз шыннан үлы Түрік мемлекетінен бейхабарсыз ба? Үлы Түрік қағанаты мұхиттай тасыған бір дәуірде. Ал мүхиттың тасуы бар да, қайтуы бар. Түрік қағанаты қайтқан кезде, әр жерде ойдым-ойдым көлдер мен көлшіктер қалған. С оны ң бірі қазақ, бірі башқүрт, бірі өзбек, бірі қырғыз, бірі сақа, бірі ноғай, бірі түрікмен, бірі малқар, бірі қүмық, тағысын тағылар. Ал негіз бір, тілдің ұясы бір. Тіл дегеніміз — анамыздың ақ сүтіндей. Мен мұны несіне айтып отырмын? Ғафу етіңіз, мүның бәрін сіз менен гөрі жақсырақ білуіңіз мүмкін ғой.
— Ш ынын айтсам, көп білетінім рас. Бірақ сізге жету қайда! Әсіресе, тарих терең ғой. — Өткенінді ұмытсаң, келешек сені де ұмытады. Айтпақшы, тағы бір өтініш. Мен этнограф-фольклористпін ғой. Халықтың ауыз әдебиетін сіз басқарып отырған өкіметтің газеті «Иштрякюн», «Үлұғ Түркістан», «Ақжол» тағы басқалары жариялап тұрса, тіпті кітап болып шықса игі еді. Халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тиісті емеспіз бе? — Редакторларға парман беріледі, Әбеке. — Ал сау-сәлематтықта болыңыз... — Тоқтаңыз, Әбеке! Он алтыншы жыл, шілде айы. Қара күйме. Ташкент, Шымкент, Әулиеата, Мерке жолы. Әулие- атадағы керуен-сарай. Ротмистр есіңізде ме? — Тоқтай түрыңыз, тоқтай түрыңыз. Сондағы жап-жас жігіт сізсіз ғой, жолдас Рысқұлов. —Иә, мен едім. Этнограф-жолауш ы сіз едіңіз ғой, Әбеке. — Айша бибі күмбезі. Сол ауылдың аты әлгі Черняевтің бір офицерінің атында еді ғой. Голо... Голо... — Головачевка. — Иә, Головачевка. Әлі солай атала ма? — Әлі солай. — Қиянат қой. Енді сіз өзгертерсіз. — Әуелі қазақтарға қазақтың шын атын алып берейік, Әбеке. Біз әлі, үят болғанда, «киргизбіз» ғой. — Арада небары үш-төрт-ақ жыл. Сонда күймедегі орнын ротмистр тартып алған балаң жігіт үш-төрт жылдан кейін Түркістанды басқарып түрады деп кім ойлаған?! Ғажап өзгерістер. Революция. Ал сау түрыңыз, мәртебеңіз өсе берсін. *** Әубәкір Диваев солай деп кетті. «Біз түрікпіз ғой» дегені Рысқүловтың қүлағында бұзылған патефонның табағындай кайта-қайта шыңылдап түрды да қалды. Патефонның қүлағын бүрай салсаң, дауыс өшеді. Ал мына үнді өшіретін айла табылар емес. Рыскүлов ұмытуға тырысып еді, түк шықпады. Диваев мүны керемет қарапайым, керемет сеніммен айтқаны сонша, Рысқүловтың миына қашып түрып, жазып қойғандай жатталды да қалды. Түркістанның президенті өзімен өзі арпалысқан күндер өтіп жатты. Диваев 237
айтқан Түрік қағанаты қайтып келмес. Ол — абсурд. Ірілік пен бірлік ж оқ жерде — ұсақсың. Ал үсақты әркім ұрып кете береді. Ал енді совет жағдайында ше? — дейді Рысқүлов тынымсыз ойдың толқынына тұншығып. — Енді біз еркіндік алдық емес пе? Декрет бойынша тендік те бар, еркіндік те бар. Декрет бойынша. Ал іс жүзінде сол Декреттің сәулесін әлдекімдер Түркістанға толық түсірмей, әлі тасалап түрған сияқты. Оны тасалап қалатын қара құдірет болмаса керек еді. Бірақ күннің өзін де шала бұлт кейде көлегейлеп қалады. Демек, сол шала бұлтты ысырып тастауға тырысу керек, оны қалай біліп, қалай ысырарсың? Оны Рысқүловтар білген де, күрескен де. Сол күрестің арқасында Кушекин тобы құлады. Ал сол Кушекин идеясын куаттайтындар Москвада да отырмағанына кім кепіл? Бухарин, мысалы, неге бізді «қуыршақ республика» деп аш ықтан-аш ық кекетеді? Сол кекесіннің ар жағында бір сұмдық жатқан жоқ па? «Қуыршақ республика», ал Рысқүлов «Қуыршақ республиканың», «қуыршақ президенті» болмақ па сонда? Голощекин келіп: «былай істе, былай істе, аяғынды қия баспа!» деп желкеңе істік темір піскілеп отырса, әрине «қуыршақ президент» боласың. «Қуыршақ республика» атанып, күлкі болмас үшін, Түрік республикасы атану керек, бөлшектенбей, ірілену керек. Әйтпеген күнде Рысқұлов «қуыршақ президент» күйінде қалады да, оның қол-аяғын қимылдатып, басын былай бір бүрып, олай бір бұрып отыратын Голощекин болады. Сондықтан бүгінгі конференцияда Рысқүлов жеңіп шығуға тиіс. Тек солай! Рысқұлов қораның түкпіріне таман барып, беті қатқылдау қарды қос-қолымен көсіп-көсіп, тазасын қос уыстап алып, аяз сүйген бетін ысқылап-ысқылап жіберді. Қара торы өңіне іштен бір жалын теуіп, дидары нұрланып сала берді. *** Рыскұлов екі-үш жаңғақ шағып, қант орнына тістелеп отырып, шайды қою қүйғызып, екі шынысын ішті де, екі қолы н столга тіреп, дастарқандағы тандыр нан, мұздаган ет, піскен жүмыртқаға қадала қарап, түнжырап бір пәс отырды да орнынан жүлқына тұра берді. Бала сескеніп қалды: «Бір ісім үнамай қалды ма?» 238
— Тамақ алмадыңыз ғой, —деп состиды. — Е, құда, шабатын аттың жарауы жақсы. Тоқ ат барлығып қалады. Осы да жетеді, — деп Рысқұлов сары баланың тақыр басын сипады. Бала сол алақаннан шақшадай басы балқып бара жатқандай ыржиып күлді: — Түскі тамаққа Мұхсина апай не дайындасын, аға? — Түскі тамақ дейсің бе? Әуре болмандар. Түскі тамаққа бір бүйырғаны болар. Конференция түп-тура сағат тоғызда басталды. Оны Крайком, Түрккомиссия, Мусбюро, Крайинбюро үсыныс- тары бойынша Рысқүлов ашты. Президиумге Рысқүлов, Шакиров, Алиев, Н. Ходжаев, Домбровский, Голощекин жолдастар сайлансын деген ұсыныс түсті. Екінші жақтан карсы үсыныс шықты. Әлгі үсынылғандарға коса Түрсынходжаевтың, Вройдоның, Вакстың, Соловьевтың, Купердің, Рудзутактың аттары аталды. Не керек, едәуір айтыстан кейін, көпшілік дауыспен президиумға: Рысқүлов, Домбровский, Н. Ходжаев, Ш акиров, Алиев, Голощекин өтті. Рысқүлов сайланған кісілерді президиумға шақырды. Залдың алдыңғы қатарынан Валериан Куйбышев, Ян Рудзутак, Ш алва Элиава орын алды. Столдар, орындықтар әлі сықыр-сықыр, абыр-сабыр әңгіме үзіле қоймады. Рысқүлов залға қасқая қарап түрып қалып еді, оның үнсіз тұрғанының өзін ескерту деп түсінген қаумиет лезде пышақ кескендей сап тыйылды да, ләм-мимсіз бір тылсым тыныштық, зілдей ауыр салмағымен еңсені басып тұрып алды. Шыбын болса ызыңы естілер еді, қаңтарда қайдан шыбын болсын, зың еткен дыбыс жоқ. Тұмау тигендердің өзі жөтеліп-жөткірінуге бата алмай, буынып бара жатқан бір кез еді. Рысқұлов осы бір тырсылдаған тыныштықты бірауық әдейі шым-шым үстап тұрды да, азалы да қаһарлы үнмен: —Осыдан түп-тура он бес жыл бүрын, 1905 жылы 9 қаңтар күні, яғни ж аңаш а стильмен 22 қаңтар күні П етербург, яғни Петроград көшелерінде пролетариат қаны судай төгілді, — деп бір тоқтады. — Осыдан түп-тура бір жы л бүрын, яғни 1919 жылдың 20 қаңтары на қараған танда Осипов біздің ең тандаулы он торт комиссарымызды дуалға түрғызып қойып, аттырып жіберді. Қасиетті Ташкент көшелері қанға боялды. Тұрыңыздар орындарыңыздан! Революция қүрбандарының касиетті рухын қүрметтеп, бір минут үн шығармай
қалыңыздар! Олардың жарқын бейнесін үн-түнсіз еске түсіріңіздер! Түрккомиссия мүшелері бір-біріне қарады. К он ференция жүмысын жүргізу үшін күні бұрын даярланған сценарийде бүл элемент ж оқ еді, Рысқұлов өзінше кетті. Бірақ Түрккомиссия бүл тапқырлыққа тәнті болды. Небары бір-ақ минут. Кейде сол бір минуттың ішіне жылдар сыйып кетеді. Ә ркім-ақ ойға шомды. Революция жолының небір сүрапыл соқпақтары көз алдарына зымырап-зымырап келе қалды. Ж етісу мен Адайдан, Әулиеата мен Ашғабадтан, Ш ымкент пен Ферғанадан, Ақмешіт пен Самарқаттан, Пішпек пен Оштан, Нүкіс пен Ш алқардан келген делегаттар революция дауылынан жаңа ғана шығып, конференция залына енді ғана еніп тұрғандай эсер кешті. Рысқұловтың ишарасымен делегаттар орындарына отырды. Көбінің қиюы қашыңқыраган ескі орындықтардың біразға дейін сықыр-сықыры басылмады. Рысқүлов бірінші сөзді М үстафа Субхиге берді. Жасы қырықты алқымдап қалган, қасқабастау, қалың мүртты, дөңбек мүрын, шымыр денелі, бірақ өңі жүдеу Мұстафа Субхи Коминтерн атынан Москвадан келген Түркия коммунисі еді. Ол келген екі-үш айдыц ішінде Рысқүлов екеуі талай рет кездесіп, көп әңгіме шертіскен. Содан бері бірі Алматы маңында, бірі Анадолыда туганы болмаса, екеуі ағалы-інілі адамдардай бауыр басып кетіп еді. Түркия коммунистерінің халі мүшкілтін. Қаусаган Осман Импе- риясының соңғы сүлтаны коммунистердің соцына шырақ алып түсіп, туған елден тұрақ таптырмады. Соның бірі М ұстафа Субхи де, бірі ақиы қ ақын Назым Хикмет еді. — Түркістанды қ қаны бір, тілі бір, тілегі бір бауырларга қазіргі танда ж алацаяқ от кешіп жүрген Түркиялық туысқан коммунистерден жалынды сәлем! — Мұстафа Субхи залға, сонан сон президиумге басын иді. Залдың ішкі ш апалақ даусынан жарылып кете жаздады. — Марксизм идеясы Түркияны да кезіп жүр. Осман Түркиясы күйзелістің шыңына жетті. Империализм мен монархия езгісінен Түркия түріктері сансырап болды. Бұл шыңыраудан шыгу үшін Түркия коммунистері от пен суды кешіп, халықты қарулы күреске көтеруге әрекет үстінде. Түркістандағы революция бізге үлгі. Түркістан революциясының сәулесі Түркияны да жарық етпек. Үлы Октябрьдің шапагатты
әсерімен онда қазір М ұстафа Кемел Ататүрік бастаған қозғалыс монархияны жойып, конституциялы республика орнату үшін қан төгіп жатыр. М ұстафа Ататүрік ержүрек түрік жауынгерлерін бастап, қазір Стамбулдың іргесінде тұр. Соңғы сүлтанның құлайтын күні жақын. Ағылшын отаршыларын туған елімізден түріп шығатын күн таяу. Рас, Мұстафа Кемел Ататүріктің өкіметі — буржуазиялық тәртіптің өкіметі. Біз, Түркия коммунистері қасірет кеш кен Түркияға социализм орнату үшін күресеміз. Біз сіздерден үйренеміз, туғандар. Социалистік революцияның шұғыласы түнек басқан бүкіл Ш ығысты жарқыратар әлі! Сіздердің конференцияңызға зор табыс тілеймін, бауырлар! Делегаттар қол шапалақтап, орындарынан тұрып кетті. Мүстафа Субхи мінбеден түсіп барып, Рысқүловтың қолын алып, қапсыра құшып, төсіне төс түйістірді. Зал ша- палақтан бүрқ-сарқ қайнап, жаңғырығы далаға да естіліп тұрды. Рысқұлов делегаттар атынан Субхиге рақмет айтып, Түркия коммунистеріне әділет жолында табыс тілейді. «Мұстафа Кемел Ататүрікке сәлем айтыңыз» дейін деп түрды да, айтпады. Мұстафа Ататүріктің Түркияны жаулардан тазартып, халық көсемі болғаны Рысқүловқа ұнайды-ақ. Қиын-қыстау жағдайда совет еліне қол созып, коммунистерден, Лениннен көмек сүрағаны да ақылдылық екенін Рысқүлов түсінеді. Бірақ Ататүрік өз еліндегі коммунистерге емешегі езіле қоймайтын. Ол монархияға, отаршыларға түскен найзағай да. Субхилерге де жайсыз. Председательдік тізгін Назамеддин Ходжаевтың қолына тиді де ол: — Үлт мәселесі және үлттар секциялары жөнінде баяндама жасау үшін сөз Тұрар Рысқүловқа берілді! — деп айқайлап айтты. Делегаттар қол соғып, орындарынан түрып кетіп еді, президиумда отырған Голощекин жан-жағына қарап, жалғыз өзі қалғанына ыңғайсызданып, кіржің ете түскендей болды да, ырғатылып барып өзі де түрегелді. — Бұл екі арада Рысқүлов мінбеге шығып, аппақ бәтес орамалмен көзілдірігін мұқият сүртіп, тазалап түрды. Ақыры зал тынышталған кезде, мінбе түбіндегі түкпірде отырған стенографисткаларға бұрылып: — Мүмкіндігінше дәлме-дәл жазып отыруга тырысы- ңыздар. Менің қолымдағы қагазга сеніп қалмаңыздар, — деп ескертіп алды.
Соның өзінен-ақ делегаттар: «Не айтар екен? — деп ынтыға түсті. Біреу-міреу сыбырлап-күбірлеп «тыныш!» деп көз аларта зекіп тастап, есіл-дерті мінбеге ауды. Айтса-айтқандай, Рысқұлов қағазға қарап шұқшимай, адамдарды арбап алғысы келгендей, залға жанарын қадап, әуелі текіректегендей жай бастап, бірте-бірте бауырын жазып, арындап ала жөнелді. Түркістан халқының басынан өткен ауыр халдер, патша отаршылдығы, үстем тап тепкіні, халықтың азаттық арманы, ақыры... — Октябрь таңы — Рысқұлов баяндамасының жол- басы еді. Бірақ халық тарихи бір формациядан екінші формацияға бір күннің ішінде көше салмайды. Совет өкіметі орнағанмен, бұрынғы езілген халық бірден жылы суға қолын мала қойған жоқ. Ж оқшылық, жорықшылық, ашаршылық азаптарын бастан кешіріп жатыр. Түркістан республикасын басқарған алғашқы коммунистер, солшыл эсерлер байырғы Түркіс- танның төл халкының қамын ойламайды. Төл халық кешегі патша чиновниктері мен бүгінгі совет белсенділерінің арасын алғашқы кезде ажырата алмай сорлады. Ондай келеңсіз көрініс әлі де қылаң беріп қалады. Үлт саясаты Түркістанда өрескел бүрмаланып жүр. Басқаны айтпағанда, үлт мәселесі жөнінде РКП (б) Орталық Комитетінің радиограммасын Кушекин мен Успенский кезінде жария- ламастан, жасырып қойып отырды. Мүндай сүмдыққа қарсы шыққан Рысқұлов пен Кобозевты «контра» деп трибунал арқылы атқызып тастай жаздады. Ақыры Кушекин мен Успенский Түркістаннан куылды. Оларға коса шовинистік исі мүңкіп түрған біраз қызметкерлер аластатылды. Рысқүлов тамағы құрғап бара жатқанын сезді. Тамағы құрысып құрғаса-ақ болды «р» орны на «л» түсіп кетіп, тілі кібіртіктей бастайды. «Мені Сүлтанбекке үқсады демесін» деп Рысқұлов мүндайда стақандағы шайға қол созады... Қызыл Ж ебенің шабысынан жел ызындап, жер солқылдап жатқан сәтте, қызынып, іштей қиқулап отырған жұрт, сол жүйріктің кенет кілт тоқтағанын көріп, аңырайып аң-таң қалған бір сәт еді. Бала кезінде Түрардың тамағында баспасы бар болатын. Сәл суық тисе, денесі қызып, тамағы қырылдап шыға келетін. Ахат атасы бір күні баланың басын екі тізесінің арасына қысып алып, аузын ашып, саусағын көмейіне тығып жіберіп, барлығып түрған баспаны мыжып-мыжып тастаған. Аузынан
ірің аралас қан аққан. Ахат оның тамағын көкемарал қайнағымен қайта-қайта шайғызған. Бірақ бала кезінде біртоға, көп сөйлемейтін Рысқүлов, есейе келе көпш ілік алдына шығып, сарнай-сарнай сөз сөйлеуге мәжбүр болды да (тағдыр шығар,) сондайда тамағы кенет кеуіп қала беретінді шығарды. Адам жаратылысында оның денесінде артық-ауыс мүше болмаса керек, тамақ безінің де атқаратын өз қызметі болады екен, ол тамақ күрғатпай, ылғалдап тұрады екен. Рысқүловта ол жоқ... — Мүның бір себебі, — деді Рысқүлов сөзін сабақтап, — Түркістан Компартиясы Крайкомның осалдығы. Крайком дәрменсіз. Өздеріңіз білесіздер, Крайком үш тармақты: «Крайкомның өзі, мұсылман бюросы, шетел комму- нистерінің (чех, венгер, неміс т.б.) бюросы. Мусбюроға күллі Түркістандағы мүсылман қауымынан шыққан коммунистер қарайды. Бүл — Түркістандағы коммунистердің тоқсан бес проценті. Сондықтан да сол тоқсан бес процент Крайкомды емес, Мусбюроны таниды. Мұны біздің Орталықтан келген кейбір жолдастар, яғни Түрккомиссия: Мусбюро Крайкомға бағынбай кеткен, өзінің өкілеттігін арттырып жіберген, деп айыпқа балайды. Ал Мусбюроны мен басқарамын, демек мені айыптайды. Сөйтіп, Түркістанда Коммунистік партияның үш орталығы, үш комитеті өмір сүріп келеді. Формальді түрде басшылық Крайкомда болғанымен, үш комитет дербес түрып жатыр. Бүл, әрине, дүрыс емес. Бүл қырсықты біржола жою үшін, үш тармақты біріктіріп, пәрменді біртүтас Крайком құру керек. Біртұтас Коммунистік партия болсын!.. Элиава алдымен кол соғып жіберді. Оны басқалар да костап ала жөнелді. Голощекин тіпті сексеуілдің жігеріндей қолдарын тұңғыш рет аямай шапалақтады. Партияның біртүтастық жолында Рысқүлов өзі басқарып отырған өте пәрменді комитеті — өлкелік мұсылман бюро- сын — Мусбюроны қүрбан етуге дайын. Мусбюроны жойып, Крайкомды күшейту идеясы Голощекинге де, Куйбышевке де, Элиаваға да, Рудзутакқа да қатты ұнады. Бірақ келесі бір сәтте бүлар ептеп секем ала бастады. Рысқұлов біртүтас коммунистік орталық болуын талап етті де, ізінше ол партияның атын «Түрік Коммунистік партиясы» болсын деп үран тастады. «Түркістан — Түрік советтік республикасы» деп аталсын деді.
— Түркістанны ң өзі «түрік елі» деген сөз емес пе?» «Түркістан» сізге несімен үнамайды? — деп айқай салды әлдекім. Рысқүлов бүл сұрақты күткен. Бірақ кім қоярын білмеп еді? Баяғы «досы» Клевенцев екен. Ж ауап беруге дайын болса да, баяндаманы белортасынан үзіп тастап, беймезгіл сұраққа жауап беру керек пе, жоқ па? — дегендей Президиумға қарады. — С ұраққа жауап соңынан беріледі! — деп Низамедцин Ходжаев Клевенцовты тыйып тастады. Тегі, Клевенцов шошаңдамай түра түрғанда да болатын еді. Әйтпесе, баяндаманың арғы жағы әлгі сұраққа егжей- тегжейлі, негізделген жауап еді ғой. «Түркістан» деген ұғым бізге отаршылдықпен бірге келген. Қазіргі шекарасындагы Түркістанды генерал- губернатор фон Кауфман қүрған. Түркістан өлкесі фон Кауфманның, одан кейін билік қүрган он екі генерал- губернатордың патшалығы. Оның шекарасынан тысқары жерде көптеген түркі халықтары түрады. Басқаларын айтпағанда, мына іргелес жатқан «Киргизский край» дегеніміз — Қазақстан. Онда қазақтар тұрады. Патша заманында да, үятымызға орай, әлі де «киргизы» деп жүргеніміз — қазақтар. Ал сол қазақтардың жартысына жуыгы Түркістанда да, жартысынан көбі «Киргизский крайда». Үятымызға орай, біз әлі күнге дейін сол халыққа патша тартып алган тел атын да қайтарып бере алмай жүрміз. Ал, енді сонда қалай болады? Әлгі қазақтар жарымы Түркістанда, жарымы «Киргизский крайда» жүре бере ме? Ж оқ, бірігуі тиіс. Ол үшін Түркістан емес, Түрік респуб- ликасы керек. Қазақтар да — түріктер. Сол «Киргизский крайда» тұратын қазақтар туралы тіпті мына біздің совет дәуірінде совет газеті не деп жазганын білесіздер ме? Сіздер «Известия ТүркЦИК-а» деген газетті оқитын боларсыздар? Әрине, оқисыздар. Ал енді, әлдекім емес, сол газеттің бас редакторы, Свешников не деп жазады? Тындаңыздар, өте қызық әм қайғылы: «Киргиз даласын алгашқы қогам дәуіріндегідей жабайы киргиздар мекен- дейді. Соңгы статистикалық есеп бойынша, олардың саны 12—15 м иллионны ң арасында ауытқып тұрады... Сахаралы, көшпенді, мал бағып, егін еккен киргиз пролетариаты нагыз жабайының өзі. Олардың тіл қүрамында мал шаруа- шылыгына немесе ауыл-шаруашылыгына байланысты бір
жүз немесе екі жүз ғана сөз бар». («Известия ТүркЦ И К-а», сәрсенбі, 30 кө к ек 1919 жыл.) Мінеки, европаша мәдениет алған, жоғары білімді, білгір Свешниковтың сөзі. Бұл тек Свешниковтың сөзі емес. Свешников редактор болып түрған кездегі Түркістан басшылары Кушекин мен Успенскийлердің, Гержоттардың сөзі. — Масқара! — деді залдан Сүлтанбек Ходжанов айқай салып. — М асқара болса, сол «тілінде ж үз-ақ сөзі бар жабайы киргиздардың», яғни түркі түқымдас туысқандарыңыздың Түркістандағы туыстарымен бірігуіне неге қарсы боласыз? — деп Сұлтанбектің арынын бір басып тастап, Рысқұлов сөзін әрі қарай жалғады. — «Тілі жоқ» сол «киргиздар» дүние әлемінде теңдесі аз ауыз әдебиетін тугызды, дүние жүзінде тендесі аз музыкалық мүра қалдырды. Сенбесеңіз, ботен халықтардың өкілдері, оқымысты-галымдар Затаевич пен Диваевтан, орыс зиялылары Потанин мен Дальдан сүраңыздар. Соңғы екеуі қазақтар туралы жазып қалдырған тарихи еңбектерінен сүраңыздар! Қазақтар халқында, жалпы түркі тұқымдас халықтар хақында ойы түзіктер Кушекиндер, Успенскийлер, Свешниковтар емес; Дальдер, Потаниндер. Тіл құрамында ж үз-ақ сөзі бар халықтан Цицерондар, Демосфендер шығар ма еді?! Бүл менің ойдан шығарып түрган қисыным емес, қазақ халқы аса дарынды, олардың арасында нағыз Цицерондар, Демосфондер жиі кездеседі, деп өткен ғасырда жазып кеткен поляк Янушкевич. Ал бізді әлі күнге дейін Свеш никовтің сарынымен соғатын, Свешниковше пайымдағыш қайраткерлер аз емес. Міне, бұл нағыз масқара! Сайып келгенде бүның бәрін неге айтып тұрмын? Біз көп заман бойы зорлық, қорлық көрген халықпыз. Енді еңсемізді көтеріп, ел қатарына қосылатын күн туды. Біздің Түркістан компартиясының көпшілік мүшелері — төл халықтың өкілдері. Олар тек мусбюроны біледі. М усбюроны бүгінен бастап жауып отырмыз. Әлі сана-сезімі маркстік биік ілім деңгейіне көтеріліп жетілмеген мүсылман коммунистерін, жалпы қауымды Мусбюро жойылды деп үркітіп алмас үшін, Түрік Компартиясы дегеніміз өте тиімді болады. Әрі десе, шетелдік Шығыс халықтары біздің шын мәнінде тендік алғанымызға сенеді. Сөйтіп олар да, тіпті мына іргеміздегі Бұхаралықтар мен Хиуалықтар да өз елдерінде Совет 245
өкіметін орнатуға асығады. Ж алаң мың насихаттан осындай нақты көрнекті бір насихат артық. Естеріңізде болсын, біз советтік Россияны ң ірі бір бөлігіміз. Бірақ, әсте «қуыршақ республика» болғымыз келмейтінін Орталық өкілдері адамгершілікпен, гуманистікпен түсінеді және қолдайды деп сенеміз... Рудзутак шығып сөйлеп, Рысқүлов идеясына үзілді- кесілді қарсы шықты. — Коммунистік партияға үлтшыл- дықты ендіруге болмайды, — деді. — Халықтар үлттық байланысына қарап емес, таптық туыстығына қарап одақтасуы керек. Мысалы, орыстар шығып алып: «Күллі славяндар, бірігіндер!» деп жатса, жараса ма? Әрине, ол ұлтшылдық, славянофильдік болар еді. Ал марксистердің туы нда: «Барлы қ елдердің пролетарлары б ір ігің д ер !»— деп жазылған. Осы тұрғыдан алғанда Түрар Рысқүловтың ұраны — үлтшылдық үран. Біз бүл қағидамен келісе алмаймыз. Айтыс айқасқа бергісіз болды. Рысқүлов таңертең қос жаңғақтың дәнегі мен қос пиала шай ішіп, тым сыпайы шыққанына өкінді. Ж арғақ қүлақ, тақыр бас сары баланы есіне алды. Конференцияның бүрқ-сарқ қайнап, қызғаны сонша, үзіліс жариялауға да мүрша келмей кетті. Ақыры мәселе дауысқа келіп тірелді. Мәселені дауыска салғанда, басым көпшілік Рысқүлов- тың үранын қолдап, қол көтерді де, Рысқұлов ап-айқын жеңіп шықты. Элиава, Кубышев, тіпті Голощекин де, көпшілікке қосылды. Тек Голощекин Рысқүловтың үранына қол көтере түра, ұсыныс айтты. — Түркістан Компартиясы V конференциясының Рысқұлов жобасы бойынша қабылдаған қаулысын РКП(б) Орталық Комитеті мен ВЦИК бекіткенше, республика жалауына «Түрік Советтік Республикасы» деп жазылмай қоя түрсын, — деді. Рудзутак илікпей қойды. Бірақ конференция жабыл- ғанда, Рудзутак Рысқүловты көп дауыс алуымен қүт- тықтап: — Кәне, Түрар, бір-екі партия бильярд ойнасақ қай- теді? — деді. — Мақүл, Ян Эрнестович, — деп Рысқүлов жарқылдап келіп, еңгезердей Рудзутактың қолын алды.
*** Түркістанның кіндік қаласы — Ташкентке Фрунзенің өзінен бұрын жер жарып даңқы жеткен. Сол даңқтың ізін ала атышулы қолбасшысының өзі келе жатқан. Колчактың бел омыртқасын сындырған Фрунзе. Дутовтың тұмсығын талқандаған Фрунзе. Бұзылық пен Бүгірслан, Бүгілме мен Белебай, Оңтүстік Орал таулары, А қ Еділ толқындары — қолбасшының жүлдызы жанған жерлер — артта белес-белес даңқ сатылары болып қалды. Пойыз Түркістан шаһарынан өтіп, Арысқа жақындағанда Фрунзе терезеден арқырап шапқан ашаң жасыл даланы көрді. Темір жолдың жарлауыт жағасында әлі кір басқан қар жатыр. Қары кеткен жерден шоқ-шоқ болып күлгін тандай бәйшешек көрінеді. Фрунзенің кеудесі дүрсілдеп ала жөнелді. Күмбір- күмбір күй естілгендей болды. Даланың төсін дүбірлетіп, қалың қол шауып бара жатқандай эсер шалықтап өтті. Бір топ бала қырда бәйшешек уыстаған қолдарын көтеріп тұр екен. Солардың арасынан Фрунзе өзін, өзінің балалық шағын іздегендей терезеден басын шығарып, қол бүлғады. «Бәйшешек терген бала кезім сендердің араларында жүрген ж оқ па?» деп айқайлағысы келді. Аты әлемге әйгілі қолбасшы екенін ұмытып кеткен сияқты. Ол дәл қазір қиян-кескі майдан сұрапылын, дұшпанның озбырлығын, Соғыс комиссары Троцкийдің қиянатын — бәрін-бәрін ұмытқан. — Түсіңіз бір түрлі нүрланып кеттіңіз ғой, Михаил Васильевич, — деп Фурманов Ф рунзенің бетіне тандана қа- рап қалды. — Бұл Түркістан ғой. Митяй, мені дүниеге келтірген өлке ғой, деп Фрунзе айқайлап жіберді. Қырқада қол бұлғап, бәйшешек терген балалар қалды. Киімдері жүдеу-жұқа, жалаңаяқ балақайлар. Олар Фрунзе келе жатқанын білген жоқ. Бірақ пойыз көрсе, алыстан қол бүлғап, қош алатын әдеттері. Паровоз оларға сәлем- дескендей үзақ айқайлайды. Пойыздың бүл келуі Түркістанды қылқындырып түрған кұрсауды үзіп жібергендей болды. «Түркістанға Фрунзе келе жатыр» дегенді естіген соң, Ферғанадағы басмашылар, Ашғабадтағы ағылшындар, Жетісудағы Анненков бандасы бір-бір қалшылдап қалып еді. Пойыздың бүл келуін
Түркістан үкіметінің басшылары, Түрккомиссия мүшелері, комиссарлар, күллі Ташкент күтіп түрған. Вокзалға пойыз таяна бере, оркестр гүрс етті. Вагонның баспалдағында түрып, Фрунзе ең алдымен Куйбышевті таныды. Басы ерекше үлкен, шашы толқын-толқын еңге- зердей Валериан Владимирович сонадайдан көзге түсті. Дөңгелек сақал қоятын, шақпақ денелі Шалва Элиава да көзге оттай басылды. Коз таныстардың ішінен қаншырдай қатып, теке сақал Филипп Голощекин де көрініп қалды. Бүлар Ленин мандатымен келген Түрккомиссияның мүше- лері еді. Перронда күтуш ілердің бәрінен бір адым ілгері тұр- ғанына қарағанда, көмірдей қара шашты, қара мүртты, алтын жиек, дөп-дөңгелек көзілдірік киген, арыстан жал басы сәл кегжиіңкіреген, кеудесі керіңкі, такаббарлау қара торы кісіні, сірә, Рысқүлов-ау деп шамалады. Ф рунзе Рысқүловты бұрын көрмеп еді. Бірақ ол турасында жақсы да, жаман да лебіздер естіген. Кейбір «деректерге» қарағанда, Рысқұлов «тақыр бас, жылмандап түрған жылпос, әзәзілдей айлакер, қолын кеудесіне басып бүк түсіп, иіліп тұратын мүттайым» болу керек еді. Мынау оган үқсамайды. Алыстан жеткен сипаттамаларға қарап Ф рунзе ТүркЦ И К төрагасы жөнінде бір ұдай пікірге келе алмай, не де болса, «жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деп түйіп еді. Енді, міне көрісті. Бір-бірінің қолын қатты қысты. Бойы Фрунзеден сәл аласалау болғанмен, Рысқүловтың денесі шымыр, қолы қарулы екен. Михаил Васильевич өзінің ескі достары Куйбышевпен, Элиавамен құшақтасып корісті. Голощекиннің тек қолын алды да, тез Рысқүловқа бұрылып: — Міне, мен туган Түркістанымдамын! — деп қолдарын шаттана жайып жіберді. Сол қүш аққа Түркістанды түгел сыйдырып, құшақтаған тәрізді. — Ж олдан шаршаған шығарсыз, жүре сөйлесейік, Михаил Васильевич, — деп Рысқүлов перронның іргесінде тізіліп түрған автомобильдердің алдыңғысын меңзеді. М ашиналар орнынан қозғала бергенде, оркестр үні үзілді. Екінші машинада келе жатқан Филипп Голощекин қатарындағы Куйбышевке шапшаң бүрылды: — Рысқүлов бұл жерде де алдымызды орап кетті, — деп тыжырынды. .■ зй а й з? : > й й й й й а й 8 й У 248
— Филипп Исаевич, енді қалай ойлайсыз? Сіздіңше, Фрунзе бізбен бірге бір машинада болып, Рысқұлов жалғыз қайтуы керек пе еді? — деп алдыда отырған Ш алва Элиава артына бұрылып қарады. Голощекиннің шоқырайып тұрған тізесін сол қолымен басып-басып қойды. — Қорықпаңыз, Фрунзені пантюркистке айналдыру қиын. Әрі десе, Рысқұловтың өзі де сіз ойлағандай, қызыл көз пантюркист емес. —Ол мүмкін емес, —деп Элиаваны Куйбышев қолдады. — Мүсылман коммунистерінің ішінде аса таланттысы Рысқұлов. Мұны көрмеуге болмайды. Рас, үлттық мотивтерге көбірек ден қойып кететін осалдығы да бар. — Онда кешегі партконференцияда оның жақтастары белең алып кеткенін немен түсіндіресіз? — деп Голощекин машинаның іргесіне тығыла түсті. Элиава да, Куйбышевке де өкпелеген түрі бар. — Ол әлі шешілетін мәселе. Фрунзе келді. Бәріміз бас қосып, ақылдасып шешетін мәселе, — деп Элиава Голо- щекиннің тізесін тағы да басып қоймақшы еді, анау үзын аяқтарын тас шегірткенің аяғындай сарт еткізіп, жиып ала қойды. Элиава күліп жіберді: — Бала сияқтысыз, Филипп Исаевич, тез өкпелейсіз. От пен судан өткен революционер де сойте ме екен? Уақыт сізді тым қаталдандырып, тым сезіктенгіш етіп жіберген. — Иә, иә, айта түсіңіз Шалва Зубарович, — деп Голо щекин сақалы селкілдеді. — Мен сезіктенгіш болмасам, Николай Екінші ендігі түтқыннан қүтылып, өзінің тілеу- лестерінің ортасында отырар еді. Ал Николай Екінш інің тілеулестері ж оқ деп ойлайсыз ба? — Оның рас, Филипп Исаевич, Николай патша десе, әлі етегі жасқа толып, еңірейтіндер бар. Ал Түркістан жағдайы бір басқа. Түркістан басшыларымен тіл табыса білу керек деген Ленин қағидасын ұмытпаған жөн, жолдас Голоще кин, —деп Элиава қатқылдау қайтарып тастады. ** * — Сөйтіп, екеуміз тіптен жақын жерлес болып шықтық-ау, Түрар. Мен Пішпекте туып, Верныйда өстім. — Фрунзе Рысқүловқа жымия қарағанда көздерінің айналасы қобызша жиырылып, қайратты қысқа шашы тікірейе түсті. — Мен гимназияда оқып жүрген кезде, Түрар, сен Талғарда
болдың-ау, сонда. Жаңағы әңгімеңе қарағанда, Верный түрмесіне 1905 жы лды ң басында түскенсің. Ол кезде мен Петербургта едім. — Әрине, «Қанды Жексембіні» көрдіңіз... — Көргенде қандай! Сол сойқанның арасынан өзім аман ш ыққанмен, жаным жаралы еді. Ж атақханаға келе сала алыстагы анама хат жазғаным есімде: «Мама, сенің менен басқа Костя сынды ұлың және қыздарың бар. Тоғызыншы қаңтарда аққан қанның ақысы бар. Тәуекелге бел байладым. М ақсат айқын. Ж ан-тәніммен революцияға берілдім. Мен туралы қандай хабар естісең де таң қалма. Мен тандап алған жолдың соқпағы көп...» — деп жазғаным есімде. — Ал дәл сол кезде менің әкем Саймасай болысты атып өлтіріп, түрмеге түсті, — деп Рысқүлов үлкен столды айналып, Ф рунзенің қарсысына келіп отырды. — Саймасай болыс өзіңіз білетін губернатор фон Таубенің ең жақын досы еді. Фрунзе кенет Рысқүловқа бағжия қарап қалды. — Ф он Таубе дедің бе?! —деп даусы оқыс шығып кетті. — Әрине, білем! Ф он Таубе. Ол сенің әкеңді Сахалинге айдаса, менің әкемді аса алысқа айдамаған. Білесің бе, қай жер екенін? Ал тапшы кәне? Рысқүлов ойланып қалды. Қабырғаға ілулі түрған Түркістанны ң картасына қарады. Карта ескі еді. Генерал- губернатор Куропаткиннен қалған карта болатын. Рысқұловтың ендірген өзгерісі — Түркістанды қызыл қарын- дашпен қолдан бояп қойған еді. — Әкеңіз Пішпекте түрса, әрі десе фон Таубе оны алысқа айдамаса... Верный ма? Әулиеата ма? Рысқүлов бұл жұмбақтың шешуін таппай, тек иығын қозғап қойды. —Таппадың, Түрар, таппадың! —деп Фрунзе жас балаша мәз болды. — Әлгіде өзің айтқан Мерке ше? — Мерке?! — И ә, М ерке. Соның дәл өзі. — Апыр-ай. Меркеге де жер аударады екен-ау. — Рысқүлов жалма-жан айдай жазық маңдайын алақанымен баса қояды: — Мен не деп отырмын? Эрине, жер аударады! М енің мүғалімім Андреев деген кісі Петербургтен Меркеге жер аударылған. — Ә-ә, көрдің бе? Петербургтен! Ал Пішпек деген М еркеге тиіп тұр гой...
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 742
- 743
- 744
- 745
- 746
- 747
- 748
- 749
- 750
- 751
- 752
- 753
- 754
- 755
- 756
- 757
- 758
- 759
- 760
- 761
- 762
- 763
- 764
- 765
- 766
- 767
- 768
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 750
- 751 - 768
Pages: