— Ей Тұрар, адамның айтқаны болмайды, Алланың дегені болады, демеуші ме еді? Біздің орыстар оны: человек предполагает, бог располагает, дейді ғой. Менің арман- даганым бұл ма еді.. Қызы түскір көз көрмес, құлақ естімес жерге кетті. Сенің сүйіктің Наталья Алексеевнаны айтам... Бір-бірінен айрылған заман. Генерал байдан да айрылдым. Біздің әулеттен бас көтерген Аркадий Приходьконы өзің аттырып тастадың. Енді өлер шақта сенің босаганды күзетіп қалай отырам? Әруақтар менен адасып қалар. Өлгендердің рухы мені Манкенттен іздейді ғой, олгендерді адастыр- май-ақ генералдың шаңырағын күзетемін. Ал Ескендір болса.қайтейін, өз өзегімді жарып ш ыққандай-ақ болып кетіп еді, немере өз балаңнан да шырын болады екен. Бірақ әкесінің бауырында өссін. Сенен жатбауыр болып кетсе, мен күнәға батармын. Эке мен баланы ажыратып қайтемін?! Әрі десе, мен діндар адаммын. Большевик бастықтың үйінде икона ұстауға болмас. Осы Колосовскийлер әулетіне бола саган таңылмаған бәле-жала онсыз да аз болған жоқ... Бөлек тұрамын. Бірақ Ескендір барда, қол үзіп те кете алмаспын. Келіп-кетіп жүрермін. М енкент онша алые та жер емес кой. Қайын енесі осылай деді. Енді Ескендір Надяның жанында қалды. Ал бұл болса, аягы ауыр. Кесірінен сақтасын, Ескендір жалғыз болмас. Шешеден жалгыз қалса да, әкеден жалгыз болмас. Не іні, не қарындас келер дүниеге. Әлі анасының құрсагында жатқан жанды жарық дүниеде не күтіп тұр — оны бір қүдіреттен басқа ешкім де білмейді. Рысқүлов үйден шыгарда бір қолына Ескендірді көтеріп, бір қолымен Надяны бауырына тартып, екеуін кезек-кезек сүйіп, біраз тұрды. Надя орнында Наташа түрар жөні бар еді, тағдырдың ойыны бойынша, жайдарман, жайсаң сұлу Наташа емес, бұйыгы, момын, қарапайым ғана Надя мұның кеудесіне басын басып, үндеместен күрсініп салды. Жай күрсініс пе, әлдеқалай уайымның уыты ма, кім білген? Уайымның да уәжі бар: іштегі бала бір уайым, сырттагы бала екі уайым. Ал ең үлкен уайым — осы бір әп-әдемі, тату-тәтті өмір ұзагынан ба, әлде... Рысқүловтың етегінен өзі ұстагандай болды. Рысқүлов мұны қүлай сүйіп, күйіп-жанып алмаған сынды. Кім біледі, арага әзәзіл түспесе, екеуінің жүбы жазылмастай баянды болар. Әрі десе, Ташкентке туган әпкесі Ольга Констан-
тиновна мен жездесі, Ж анша, Ж аһаншах Досмұханбетов көшіп келмекші. Енді жалғызсырамас. Туған бауыр, жа- нындай жақсы жезде — көп медет қой. *** Таш кенттен аттанғанда ми айналдырған ыстық еді. Москвада да оңай емес, күн едәуір қызулы екен. Рысқұлов «Метрополь» мейманханасынан шығарда екі костюмнің қайсысын киерін ойлап, біраз кідірді. Бірі Ташкентте киетін жеп-жеңіл бозғылт еді де, бірі баяғы шевиот қара костюм болатын. Осы қара костюмді киіп, ол Лениннің қабыл- дауында болған, осы костюмді киіп, он екінші съезге де қатысып, оның биік мінберінен сөз сөйлеген. Сол жолы Орталық Комитет қүрамына сайланған. Ол кезде Орталық комитет санаулы адамнан ғана құралар еді. Осы киім бір түрлі ж ақсылық нышанындай көрінді де, ол шевиот костюмге қол созды. Сағатына қарап еді. Кеңестің ашылуына әлі бір сағаттай уақыт бар екен. «Кремль мына түрған жер ғой, машина шақыртпай-ақ жаяу тартайын» деп ойлады. Осы «Метро- польге» өзімен бірге келген Акмал Икрамов пен Сүлтанбек Ходжановка хабарласып, бірге жаяу кетейік демекші болып, телефонға беттей бергенде, ол жеткенш е-ақ телефон өзі де безілдеп қоя берді. Тосыннан шар-р еткен дауыстан селк ете жаздап, трубканы көтерді. — Алло, Рысқүлов тындап түр. — Амансың ба, Түрар!— деді ар жақтан таныс дауыс қазақшалап. Әуелі Сұлтанбек шығар деп қалған. Сөйтсе, Нәзір Төреқұлов екен. — Оу, Н әзір өзің амансың ба? Халің қалай? Үй-ішің аман ба? И ә, әбден москвалық болып алдыңдар... Екеуі телефонмен шұрқырасты да қалды. Төреқүлов қазір М осквада түрады. Жиырмасыншы жылы Рысқұловпен айтыстан соң, ақыры Орталық Рысқүловты Москваға шақыртып, Түркістанда өкімет түгелдей жаңарып, Нәзір Төреқұлов Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты секретары болып сайланған. Бірақ бұл қызметте ол ұзақ отырмады. Тұрардың орнына отырған ТүркЦИК төрағасы тәжік Абдолла Рақымбаев, ТүркСовнарком төрағасы түрікпен Қайгысыз Атабаев, Орталық Комитеттің жауапты секретары Нәзір Төреқұлов 394
үшеуі де бұл биік орындардан бірден алынды. Ж аңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ, кезінде Рысқүловқа қарсы оппозиция қүрып жүретін бұл азаматтар да өз жүмыс- тарында ойсыраған олқылықтар жіберіп қойды. Солардың ішіндегі ең сорақысы — қолға түскен басмашылардың басшыларын босатып жібергендері еді. Мүны Орталық кешпеді де, орындарынан түсірді. Нәзір Тореқүлов қазір Москвада Шығыс баспасының директоры еді ғой. Ж ас жазушы С әбит М ұқанов Н әзірге барып кітабын шығарта алмай, Сталиннің қабылдауына сұранатын кез де, сірә, осы түс болар... Тіршілікте, жұмыс бабында, мансаптар жолында не болмайды? Айтыс та тартыс та болады. Бірақ қысқа өмірді қырқысып өткізгеннен Қүдай сақтасын. Ж ап-жақсы дос- жаран, жап-жақын жамағайын, қандас бауыр, жора-жолдас адамдар бір-бірімен неге ғана ата жаудан жаман қастастып кетеді екен? Адамда аурудың түрі көп. Соның бәрінен жаманы — мансап ауруы болса керек. Мансап жолында айтыссаң айтыс, тартыссаң тартыс, бірақ жауығудың, өштесіп, бет көріспестей болудың не керегі бар? Өсер елдің баласына келіспейтін кесел ғой ол! Рысқұловтар, Төреқүловтар мұны жақсы білген. Білген де, бір кездегі кикілжінді үмытуга тырысқан. Төре- қүловтардың қудалауына үшырап, Москва кеткен Рысқүлов та Орталық сынынан өтіп, енді қазір Түркістанга қайта оралып, Халық Комиссарлар Советін басқарып тұр. Нәзір Төреқүлов Тұрардың М оскваға келгенін біліп, енді өзі телефон согып, амандық-есендік сұрап жатыр. Көңілінде кеке, кокірегінде дық ж оқ екенін білдірген ғой. Дүрдараз болып дүрдиіп, сырттан бұртиып жүрсе, азаматтар басы қосылар ма? Азаматтары ала ауыз болған елдің берекесі кірер ме? Азаматтары ала тайға мініп, ала ауыз болып жүрген алаштың соры бес батпан болмай ма? — Тұрар, телефонмен әңгімеге мейір қанбас. Кеңестен шыққан соң, кешке үйге кел, мейман бол. Өткен-кеткенді еске алып екшейік, Түркістан жазушыларынан кімдердің кітабын шығарамыз, соны ақылдасайық,— деп жатыр Төреқұлов. Қызмет те сұлу қыз сияқты, әркім қызыгатын шыгар. Қызығу сезімі кобінесе ақылды жеңіп кететін шыгар. Нәзірдің қызмет бабында қыңырлығын былайырақ ысырып тастап, Рысқүлов оны терең білімі, адамгершілік парасаты
үшін жақсы көретін. Төреқұловтың жолы — таспадай түзу жол емес. Әуелі «Қазақ» газетінде қызмет істеп, «алашты» құруға аянбай кіріссе де, кейін қып-қызыл болыневикке айналып, әсіре солшыл болып алды. Көп тіл білетін, аса зерделі алғыр азамат. Әдетте телефонмен ұзақ сөйлесуді қаламайтын Түрар бүл жолы уақытты қалай оздырып алғанын байқамай қалды. — Кешір, Н әзір,— деді ол сағатқа көзі түсіп кетіп.— Кеңеске кешігетін түрім бар. Кешке кездесерміз. Сталиннің мінезін білесің ғой, кешіккенді жақтырмайды. Ол енді Сүлтанбек пен Ақмалды іздеуге де мүршасы келмей, мейманханадан шығып, Кремльге асықты. Жай- шылықта «Метропольден» төбесі көрініп тұратын Кремль асыққанда тым алые болар ма... #** Кремльдің Үлкен залының ауыр есігін аша бергенде Сталин Кеңесті ашып, сөз бастап тұр екен. Рысқүлов екі-үш минут кешігіпті. — Рүқсат па екен?— деді Рысқүлов табалдырықтан аттай беріп. Зал толы халық басын бүрып, бүған жүздеген көз қадала қалды. Қанша батыр болсаң да көптің көзі қадалғаны қиын. Сталин едәуір үнсіз тұрып алды. Ол үндемеген сайын зал да сіресе түсті. Ж асыл сарғыш көздерін сығырайтып, Рыс- қүловқа сүқтана түрып-тұрып, әлден кейін барып: — А -а, Түркістанны ң Ш ыңгысханы, төрлет!— деді. Неге олай деді? Аузынан қалай шығып кетті? Әлде, жорыта айтты ма? Ешкім білмейді. Бәлкім, Сталиннің өзі де байқамай, зілсіз айта салған шығар. Екеуі Наркомнацта бірге жүмыс істеді. Біреуі — бастық, біреуі — орынбасар болды. Бәлкім, бүрыннан әзіл-қалжыңдары жарасты шығар? Бәл- кім, жақсы көргеннен іш тартып айтып түрған болар? Ол рас. Рысқүловтың батылдығына, алғыр, шапшаң ойлылығына қарата Сталин оны өз қызметтестері арасында «Шыңғысхан» деп атайтын. Бірақ көпшілік алдында, ресми жиналыста айтқан емес. Екеуінің мөлтек сырын мына қалың көпшілік, кілең ығай мен сығай, бүкіл Одақтан жиналған басшы қызметкерлер біле бере ме? Кекесін деп түсініп қалмас па екен? Айтылған сөз — атылған оқ, енді не де болса айтылып кетті. Әттең, әзіл де болса, ауыздан шықпағаны абзал еді, амал жоқ... Сталин ойланып айтса да, ойланбай 396
айтса да —осы бір жалғыз ауыз келеңсіз сөз кесірге бастамаса неғылсын... — А-а, Түркістанның Шыңғысханы, төрлет! — Төрге грузиннің князі отырып қалған екен, маған осы бір жер де жетер,— деп Рысқүлов алға озыңқырап барып, бос орынға жайғасты. Лезде алай-түлей бір сүрапыл соғып өткендей-ақ, зал сілтідей тына қалды. Сталин десе, деген шығар. Онысы орынсыз көрінсе де,— кешірімді болар. Өйткені, Сталин — Сталин ғой. Ал Рысқүловтікі қай жүрек жүтқандық? Мүдірместен сарт ете қалды -ау! Айылын да жиған жоқ. Бекер айттым-ау деп қымсыну да білінбейді. Бойын тік, басын шалқақтау ұстап, аспай-саспай барып отырды-ау. Үлықпен ұстаса кетпей: «Кешіріңіз»,— деп басын иіп, бүгіле қалу керек пе еді? Бетегеден биік, жусаннан аласа бола қалса, жаны тыныш жүрмес пе еді? Бірақ баяғы-баяғы, басына ноқта симай-ақ кеткен әкесі Рысқұл деген кісі титтей баласының құлағына қүйып қойған өсиеті бар ғой: Шалқайганға — шалқай, Пайғамбардың ұлы емес! Еңкейгенге — еңкей, Әкеңнен қалған қүл емес!— деп қай әке балам жаман-жасық болсын деп тілейді дейсің. Әркім-ақ баласына ақыл айтар-ау. Бірақ баланың да баласы бар ғой. Біреуі ақпа қүлақ, айтқанынды қазір үмытып кетеді; біреуі киіз қүлақ, қанша айтсаң да түсінбейді. Ал енді қүйма қүлақ әке ақылын бір тамшысын да төкпей-ш ашпай көкірек қалтасына қүйып алатын көрінеді. Рысқүлов сол шығар. Сталин болса қайтейін, пайғамбардан туған жоқ қой деген шығар... Әкесі Виссарион Джугаев деген кісі ел қыдырып, әркімнің етігін тігіп, күнін көрген кісі еді ғой, деген шығар. Не десе де болары болды, бояуы сінді. Залдың алдыңғы қатарында отырғандар Сталиннің шешек дақты, ақ сары жүзі ду ете қалғанын анық байқады. Сталин қаны бетіне оңайлықпен шапшымайтын кісі еді... Біразға дейін үнсіз тұрып қалды. Қолындағы бір парақ қағаз едәуір діріл қақты. Содан сон барып, бойын тіктеп, оң ж ақ қасын керіп түрып, Кеңес жөніндегі сөзін одан ары жалғастыра жөнелді. Бір парақ қағазды сау қолымен түтып, дімкәс сол қолының сүқ саусағын кезек қойып, орысша
сөйлегенде грузинше акценті бұрынғыдан да қоюланғандай эсер қалдырды. Қаралатын мәселе тым ірі, өте күрделі болатын. Үлт мәселесі, соның ішінде үлтшылдармен күрес жолы. Әңгіме өзегі — татар «үлтшылы» Сұлтан-Ғалиев мәселесі. Сталин- нің кіріспесінен кейін, бүл мәселе бойынша, Валериан Куйбышев баяндама жасады. Рысқүловтың баяндама сарынынан байқағаны: Сүлтан- Ғалиев теріс пиғылдағы адам. Совет өкіметінің іштегі және тыстағы жауларымен астыртын байланыс жасап тұрған. «Еділ-Орал» деген дербес мемлекет қүру жөніндегі идеяның да авторы Сүлтан-Ғалиев корінеді. Байқайсыз ба, Совет мемлекетінің қақ ортасынан дербес мемлекет қүрмақ болған! Қорқынышты ма? Әрине. Сенесің бе, жоқ па? Ақылға сыйымсыз. Мүмкін, жала шығар? Түркістанды Совет мемлекетінен боліп әкетпекш і болды, деп Рысқүловқа да жала жабылмап па еді? Олай емес екенін Рысқүлов бүлтартпай дәлелдесе де, сол болмаған іс оған әлі таңылып жүрген ж оқ па? К інәсіз кінә оған әлі қанш а таңыларын кім біліп болған? — Сұлтан-Ғалиевтың Зәки Валидовке жазған хаты қолға түсті! Рысқүловтың іші мүздап қоя берді. Демек, Сүлтан- Ғалиевтың хаттары андуда болған екен ғой. Сұлтан-Ғалиев Рысқүловқа да екі хат жазып еді ғой. Ендеше, олар да есепте түрған болды ғой. Куйбышев оны айтатын шығар... Бірақ Куйбышев оны айтпады. Зәки Валидов күні кеше Башқүрт автономиялық Советтік Социалистік республикасының Халық Комиссарлар Советі- нің төрағасы болған. Қазақстанда «Алашорда» үкіметін құруға тілектес еді. Қ азір елден кетіп, Түркияда түрады. Сұлтан-Ғалиевтың онымен байланысты болуы — ауыр қылмыс. Ш ын ба, жала ма? Сұлтан-Ғалиев Рысқүловтан екі-үш жас үлкендігі бар, Башқүртстандағы татарлардан шыққан, аса білімді алғыр адам. Татардың жалынды революционер! Молланұр Вахитовпен қол үстасып, Татарстанда Совет өкіметін құрған кісі. Молланүр оқыста опат болған соң, оның орнына Москвадағы Орталық Мұсылман комиссариатының төра- ғасы, Күншығыс халықтары коммунистік ұйымдары Орталық бюросының төрағасы болды. Таяуда тұтқынға алынғанға
дейін, Үлт мәселелері жөніндегі Комиссариаттың коллегия мүшесі еді. Осы 1923 жылдың 4 майында жүмыс орнында отырған жерде түтқындалган. Тапа-тал түсте, өз кабинетінде. Оның алдында ғана Сталин оған оңаша отырып: — Мирсаид, абайла!— деген.— Сенің хаттарынды ОГПУ қолға түсіріпті,—деген. Сонда қалай? Сталин оған жаны ашыганы гой! Жаны ашып, бәле-жаладан қорғап сақтандырғаны ғой! Ал, ендеше, Сүлтан-Ғалиевты тапа-тал түсте, өз кабинетінде, Кремльде қамауға алуға ОГПУ-дың қалай батылы барған? Міне, бүл жүмбақ. Үлкен жүмбақ? Болашақ көп жүмбақтардың, сан-сапалақ сойқандардың басы осы болып жүрмесін. Асылы, эр адам —шешуі жоқ жүмбақ. Есіңізде ме, Абай: «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деп ескертпей ме? Ш ешендер бірінен соң бірі шығып сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Көбі Сүлтан-Ғалиевке лағынет айтып, қарғыс таңбасын қыздырып, Сүлтан-Ғалиевтың қоргансыз тәніне шыжғыра басып жатыр. Рысқүловтың коз алдына сонда соноу Талғар таудың шатқалы келе қалды. Жылқышы әкесі Рысқүл басына қүрық тимеген асауларды бүғалықтап, қос қүлақтан тырп еткізбей ұстап тұрғанда, басқа жігіттер көрікке қып-қызыл боп қызган дөңгелек бас, сым темірді асаудың сауырына быж-ж еткізіп, басып кеп қалушы еді. Асау күлік сонда шыңғырып кеп жіберетін. Күңірсіп күйген ет иісі мүрнынды жарып, жүрегінді айнытатын. Саймасай болыстың кілең мақпал қара, сылаң сүлу жылқысының оң жақ сауырына алма бейнелес таңба түсіп, ырсиып қалатын. Енді ол жылқы жер түбіне кетсе де жоғалмайды. Күйдірген таңба — өмірлік! Саймасайдың жылқысына бір жігіт таңба салса, мына Сұлтан-Ғалиев міскінге жан-жабыла таңба басып-ақ жатыр. Өл-өлгенше, өмір-бақи, тіпті өлгеннен кейін де өшпейтін таңба. Апыр-ай, әсіресе сол Сұлтан-Ғалиевпен істес болған, бір нәсілден шыққан Сейд-Ғалиев дегеннің өршеленгенін көрсең. Төбе шашың тік түрып, жаганды үстайсың. 399т т т т ж
Осы Сейд-Ғалиев күні кеше Татарстанда кара халықты ұлардай шулатып еді. «Продразверстка» дейтін залым салықты үстемелете салып, кедейсің бе, орташасың ба, байсың ба демей, жаппай қарсы шыққандарды «контра» деп топалаң тиген қойдай қылған. Мұны естіген Сұлтан-Ғалиев Сталинге, тағы басқа бастықтарға айтып, қоймай жүріп, Сеид-Ғалиевты орнынан алдырған. Енді сол Сейд-Ғалиев мына Кеңеске қатысып, Сүлтан-Ғалиевты жерден алып, жерге салып тұр. Сонда мүның кекшілдік, өшпенділік, есеп айырысу екенін Сталин шыннан білмей отыр ма? Сеид-Ғалиевты орынан алдырған Сұлтан-Ғалиев екенін біле отырып, Сеид-Ғалиевты жер түбінен таптырып алып, мына биік мінберден сайратып қоятын не жөні бар? Бұл да жұмбақ. Ж үре берсең, көре бересің, көргенің көп, Рысқүлов, бірақ көрмегенің әлі алда... Сеид-Ғалиевтен соң, Сұлтан-Ғалиевты айыптауға, «Сүлтан-Ғалиевшыларды» аяусыз әшкерелеуге шақырып, өз жерлестері Ибрагимов, Ш амиғүлов дегендер сөйледі. Рысқүлов сонда өзінің жандай жақсы көретін агасы Ахмет Байтұрсыновтың ертеректе жазған бір ауыз өлеңін есіне түсірді. С оноу 1910 жылы Ахмет Қ арқаралы да нақақтан, жаладан ұсталып түрмеге түскен ғой. Сонда жазған бір өлеңі күранның сүресіндей жатталып қалыпты. «Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Осылардың бәрінен де қиын бірақ, Өз аулымның иттері үріп, қапқаны». Қайран, Ахаң... Демек, әр елде де, «Өз аулының иттері» бар болғаны ғой. 1920 жылы Тұрар Рысқұлов пен Ахмет Байтұрсынов екеуі бірігіп жазған бір документ бар. Ол еш жерде жарияланган емес. Бірақ кейін-кейін, заман кері кетерде, әсіре-солшыл, догмат тарихшылар табылар да, сол документті, архивтен суырып алып, «үлтшылдықтың туы» деп байбаламдап, Рысқүлов пен Байтұрсыновқа кара күйені аямай-ақ жағар... 1920 ж ы лды ң күзінде К ом интерннің К онгресі болмақ. Сонда Ленин баяндама жасамақ. Дүниежүзілік көкейкесті мәселелердің мәнін жете білер, кеуделері кең сарай, ақылды деген қайраткерлерге Ленин сол баяндамасының тезистерін
жібереді. М ақсат—артығы болса алып, кемі болса толы қ- тырып, ақыл біріктіру. Лениннен артық білімпаз қайда бар?! Бірақ Лениннің өзі де өз серіктерімен ақылдасқан. Жалғыз мен ғана данышпанмын деп кеуде қакпаған. Сол тезистерін Ленин қазақтардан Байтұрсынов пен Рысқұловқа жіберіп, пікір, кеңес сұраған. Сонда қазақтың екі жайсаңы тізе қосып отырып, Лениннің баяндамасына толықтырма ретінде хат жазған. Түркістан мен Қазақстанда патша отаршылдығының әлі жойылмағанын, халық күш- тілерден әлі қысым көріп отырғанын жазады. Орталықтан, яғни Москвадан келген комиссарлар патшаның гене- ралдарынан аспаса, кем емес, дейді. «Коммунист-колони- заторлар» дейді. Демек,— дейді Рысқүлов пен Байтүр- сынов,— біздің Ш ығыста айтқандай, «Нәжісті нәжіспен жуып болмайды» дейді. Міне, осыдан кейін әсіре белсенді, әкіреңбай тарихшы- лар, басшылар жерден жеті қоян тапқандай, «әшкерелеу» әрекетін қүлшына кіріспегенде қайтсін? Ал бірақ бұл сөздері үшін Рысқүлов пен Байтүрсыновты Ленин айыптаған ж оқ еді. Қазір Ленин Президиумға отырса... Конфуций айт- қандай, «қараңғы үйден қара мысық» іздер ме еді, мына Кеңес? Сүлтан-Ғалиевты түрмеге тығып қойып, оның тұлыбын ортаға салып, көкпар қылып, отқа салып үйітер ме еді? Ленин ондай сұмдыққа жол бермеуші еді ғой. Сұлтан- Ғалиевтың сыртынан сілікпесін шығарганша, абақтыда екі көзін жәудіретіп қоймай, осында әкеліп өзін неге сөй- летпейді? Мұндағылар оған нелер сүмдықты тағып жатыр. Ал өзі не айтар еді? Тағылған зілмауыр қылмыстарды мойындар ма еді, әлде ышқына жанталасып, адал екенін дәлелдеп айқасқа шыгар ма еді? Ендеше, Сталин айқастан неге қорқады? Бүл да жұмбақ. Рысқүлов баяндамашы Куйбышевты жақсы біледі. Түркістаннан біледі. Рысқұлов Түркістанның президенті болып түрганда, Куйбышев Түрккомиссия мүшесі еді ғой. Ал Рысқүлов сол Түрккомиссиямен аянбай айтысқан адам. Куйбышев оны кейде қолдап, кейде сынап жүрген. Ақырында Москваға хат жолдап, «Рысқұлов аса дарынды адам, оны Москваға алдырып, жүмыс берсе, айтулы коммунист болып шығар еді», деп те жазды. Демек, Рысқүлов аса дарынды, бірақ М осква «тәрбиесінен» өтпесе, бір ж аққа қисайып кететін көрінеді. 2 6 -6 2 6
Эрине, Куйбышев Ленин гвардиясындағы өте көрнекті қайраткер. Ал дәл қазір өзінің шын сөзі емес, әлдекімнің сыбырлағанын қайталап тұрған сияқты. Рысқұловқа солай көрінді. Осы Кеңесте Ф рунзе де сөйледі. Ол да жақсы таныс, тіпті дос десе де болады. Рас, Түрккомиссияда жүргенде Фрунзе Рысқүловты аямады. Бірақ кейін екеуі қиыспастай боп кеткен. Ф рунзе қазір қайдағы бір «Сүлтан-Ғалиевшылдық» дегенді шығарып, «партияның ұлт мәселесі жөніндегі XII съезд белгілеген саясатын, ұлт мәселесіндегі кеңшілікті дереу қуш ита бастаған ж оқпыз ба?», деді. Міне, бұл көре- геннің сөзі еді. Үлттық республикалардың правосын қыса бермейік, еркіндігін ауыздықтай бермейік деген еді XII съезд. Арада үш ай өтпей жатып, Сұлтан-Ғалиевты перде қылып, бетке үстап, «Сүлтан-Ғалиевшыларды» жер-жерден іздей бастаса, сол үлттардың бас көтерерлеріне қарсы науқан ашылмақ. Фрунзе осыны меңзеп тұр. Рысқүлов риза. Әне, мәселе қайда? У краинадан келген Скрыпник те әріден ойлайтын сүңғыла, білімдар кісі ғой. Әне, ол Ф рунзенің ойын ары қарай аша түсті. Үлт республикалары енді тең праволы болдық деп тым тайтандап кетпес үшін, «Сүлтан-Ғалиев» ісін ойлап тауып, үлттардың аяқ-қолына кісен салмақшысындар!— деп салды. Кеңес басталғалы бері ешкімді көзге ілмей, мүнда маған тең келетін ешқайсың жоқ дегендей манаурап отырған Троцкийдің өзі Скрипникті қолдап: «Өте дұрыс айтады!»— деп айқайлады да тына қалды. Ау, кәдімгідей сөз алып, мінберге шығып, әйгілі ш ешендік түлпарына мініп, «өте дүрыстың» ар жағында не жатқанын жілік-ж ілік етіп, таратып жіберсе, Сталиннің «жұмбағы» шешілер де еді ғой. Бірақ Троцкий кесірлі паң қалпында сазарды да қалды. Алыптардың бірінен саналатын Каменев Сталинді қол- дайтынын жасырган жоқ. Сталинді қолдау арқылы Каменев пен Зиновьев Троцкийді шет қақпайлатпақ шығар. Ленин қатерлі ауруға шалдықты. Зымияндыкка бойлап, түбіне жеткен кім бар? Сүңғыла, телегей, ақылды адамдардың да есеп-қисабы кейде кесірге айналып кетер ме... Ленин олай- былай боп кетсе, Троцкийдің шоқтыгы бәріне биік, Лениннің орнын сол басып қалады-ау деген іш қауіп Каменев пен Зиновьевті біріктіріп, Сталинді қолдауға мәжбүр еткен бе?..
Сонда Сталин айтқанымызға көніп, айдауымызда жүреді, құлақ кесті қүлымыз болады деп дәмеленді ме екен?.. Лениннің айналасындағы алыптар тобында Сталин айдары жарқырап, алға да шықпай, қарасы бүлдырап, артта да қалып қоймай, ақырын жүріп, анық басып, мықтылармен қапталдасып, ықтау жаққа ыңғайланып, өршеленіп өңмең- демей, қия жарға тіке шаппай, қиялап қана, жолбарысша ың-жынсыз, жылжып келе жатқан. Жалын күдірейтіп, өзін арыстанға балайтын Троцкийлер Сталинді аса менсіне бермейтін. Сталин алдымызды орап кетеді-ау деген қауіп тоне қоймаған. Функционер Сталин әлдеқалай алға шығып бара жатса, «тәйт!» деп тастау қиын емес деп ойлайтын. Қорымды қия жартас соқпағымен барыс ың-жыңсыз қимылдағанда, бір де бір қиыршық қозғалмас. Тасыр-түсыр жүріп, жарда тығылып жатқан, не жайылып жүрген арқарларды күні бұрын үркітіп амас. Тау барысы жемтігіне, тек оңтайлы кезде ғана, нысанаға дөп түсеріне әбден сенген кезде, оқша атылып, бір-ақ шапшиды. Сонда қылыш тырнақтан қарсыластың қаны фонтанша шашырайды. Ал ақылды адамдар соны сезбейді. Бірақ Ленин сезіп қалған. Сезіп қалған да, төсек тартып жатып, съезге хат жазған. Өз серіктерінің әрқайсысына мінездеме бере келіп, Сталиннен сескенетінін жасырмаған. Билікті түгел қолға алып, күшейіп кетсе, түбі тажал екенін меңзеген. XII съезге Ленин озі қатысып, съезд жұмысын өзі басқарғанда бүкіл Одақтың жолы сәтті болып, Сталин «бүкіл елдердің үлы көсемі» болмас па еді? Скрыпник мына Кеңесте коріпкел соз айтты: «Сүлтан-Ғалиев ісі» дегенді желеулетіп, қисық жолға түсіп кетеміз бе деп қорқамын?»,— деді. Троцкий: «Өте дүрыс»,—деді де, кекірейді де қалды. Рысқұлов мұндайда үндемей қалудың реті жоқ екенін сезді. Соз алып, мінберге көтерілді. Соз алардың алдында Сүлтан-Ғалиевпен істес болған кездің бәрін коз алдынан өткізді. Совет өкіметіне қарсы, оның көсемдеріне қарсы айтқан бір ауыз сөзін, не бір қылаудай әрекетін сезген емес. Үлтшылдық әрекеті болды ма? Ж оқ сияқты. Рас, ұлттарға, үлт республикаларына еркіндік, мүмкіндік молырақ берілсін дегенді айтатын, жан-жаққа жазған хаттары да сол сарындас. Ол бірақ Сүлтан-Ғалиевтың оз жанынан шығарған байбалам емес, XII съездің шешімі ғой. XII съездің бәтуасын белсене насихаттаса, несі айып? Үлттар патша заманында езгіде келді, ё й й й г & г 403
бұратаналар қорлықтың, зорлықтың, теңсіздіктің неше бір сүмдықтарын бастан кешті. Енді еркіндік керек, республикалар, тек М оскваға телмірмей, Одақ көлемінде аяғын етік қыспай, өкпесін төс айыл мен тартпа қыспай, еркінірек қимылдасын, ұлт республикалары, тек Москва қолымен ғана аяқ-қолы қимылдайтын қуыршақ болмасын дегенді Рысқұлов та айтқан. Ол айтқаны жанжалмен аяқталған. Рысқұлов ол ойынан өлі де қайтқан жоқ. Онда Сұлтан-Ғалиевтың кебінін бұл да киетін шығар? Эрине, Куйбышев жолдастың баяндамасында айтылған айыптар рас болса, Сүлтан-Ғалиев тым сорақы кеткен. Шет елдік қаскөйлермен байланыс жасап түрса, қиын екен. Эрине, Куйбышев жолдасқа сенбеске лаж жоқ. Өтірікті шындай, шынды Қүдай ұрғандай етіп айтпайтын шығар Куйбышев. Куйбышев нақақтан жала жапса, заманның қүрдымға кеткені шығар. Жалғыз Куйбышев пе екен? Осында аса сыйлы кісі М ануильский де Сұлтан-Ғалиевты сілейтіп салды. Сенбейін десең, аса қүрметті қайраткерлер. Сенейін десең, Сүлтан-Ғалиевпен екі жылдай бірге жұмыс істеп жүріп, Рысқүлов оның сүмырайлығын қалай сезбеген? К өпе-көрнеу қаскөй жау екенін қалай байқамаған? Рысқүлов осындай күдіктерін айта келіп: — Ш ындыққа көз жеткізу үшін Сұлтан-Ғалиевтың өзін тындау керек еді?— деді.— Ш ыннан шпион болса, аяу жоқ. Ал мына қадірменді Кеңес Сұлтан-Ғалиевтың түсінік- темесін оз аузынан естігені жөн еді,— деді. Бұл әлі ешкім айтпаған сауал, үлкен жүмбақтың шешуші кілті еді. Ал Сталин кілтті түрмеге тығып қойып отыр. Рыскүловтың бүйректен сирақ шығарғаны Сталинге ұнамай қалды. Үнамай қалды деу аз, Сталин енді Рысқүловқа жауыға бастады. Оны ол жасырған да жоқ. Мінберде түрған Рысқұловқа Сталин жасыл сарғыш көзін қадап ұзақ қарады. Ж алы н атқандай сүрапыл суық көз еді. Сталин сонда не ойлады? Ішіне кіріп шыққан ешкім жоқ. Бірақ не ойлаушы еді? М ына бөріні бөлтірік кезінде қы лқы нды ра салу керек еді. Оның сәті де түсіп еді. 1920 жылы Рысқүлов пен Түрккомиссия айтысын Политбюро екі рет қарады ғой. Сонда мұның мойнын астына қайыра салу керек еді. Бірақ Ленин... Сталин Рысқүловтың алдында сөйлеген түркістандық Әкмал Икрамовқа да бір оғын сайлап қойды. Қашан, қалай атылады, оны әзір Сталиннен басқа ешкім білмейді.
Икрамов өзіне бір оқтың сақтаулы екенін сезіп айтты ма, сезбей айтты ма, әлде аузына Құдай салды ма: — Партияның үлт саясатына байланысты мәселелер республикада ұшан-теңіз. Съезд салған жолмен жүрейік десек, әлі қолымызда тізгін жоқ. Республиканың қожасы біз емес, Орталық. Осыны Сталинге, яки Каменевке айтайық десек, қорқамыз. Табанда ұстап алып, атып тастай ма деп зәре жоқ,—дегені ғой. Сталин ызғарлана мырс етті. Бірақ И крамовқа ол бү жолы тиіскен жоқ. Сарғыш көз барыс тырнағын көрсетпеді. Ол кім болса соған тырнағын көрсете бермес. Ондай ожар емес. Нысанасында арқарлар тұрғанда, лаққа бола тас домалатып, айналаны дүрліктіріп неғылсын. Әр нәрсе өз кезегімен. Әуелі тас жинап алу керек. Тасты молырақ жинап алсаң, кейін нысананы атқылауға жақсы болады. Ал Икрамов ешқайда кетпейді. Ол айналасы темір тормен қоршалған қорықта жүрген киік шығар. Рысқұлов бүл Кеңесте мәселе, тек Сүлтан-Ғалиевтің жеке басына тіреліп түрмағанынан әбден көзі жетті. Әлгінде біреу «Сұлтан-Ғалиевшылдардың тамырына балта шабу керек» деп қалды ғой. Демек, бүл үлкен топалаңның түсаукесері ғана. Сондықтан «Сұлтан-Ғалиевшылдық» деген терминнің өзіне тойтарыс беру керек. Мүны Фрунзе, Скрыпник біршама айтты да. Бүл екеуіне түркістандық Рысқүлов пен Икрамов қосылды. Таразы басы әлі де тең емес. Таразының екінші басында Сталин, Каменев, Мануильский, Зиновьев, Татарстан өкілдері тұр. Бұл топ әлі көбеюі мүмкін. Сталин күні бүрын дайындап қойған шешендер осылармен таусылмаған шығар. Троцкий болса, бір-ақ рет Скрыпникті қолдап: «Өте дүрыс!» дегеннен артпады. Троцкийдің Сталинді түқыр- татын түсы осы сәт еді. Сәтін өткізіп алды. Өзіне өзі тым сенімді сабазың дәл осы енжарлықтың сазайын кейінірек әбден-ақ тартар-ау. Ой, сонда бармағын шайнайтын шығар. Беделіне сеніп бейқам отырғанда, осал деген жауы оны бес батпан гүрзімен соғып, қара жерге белшесінен батырып жібермесе неғылсын... Рысқұлов мінберден түсіп, орнына барып отыра бергенде, Сталин астындағы креслоны серпіп тастап, орнынан зілдене түрегелді. Келесі шешенге сөз беретін шығар. Ж оқ, келесі шешенді атамас бүрын Рысқүловқа зәрін қадады.
— Біз Рысқұлов жолдастан мұны күтпеп едік,— деп ыңырана тербетілді Сталин.— Рысқұлов дипломатиялық бүлаңқұйрыққа салып кетті. Рысқұлов өзінің Сұлтан- Ғалиевпен сыбайлас, тіпті араларынан қыл өтпес дос екенін, пікір туыс, идеялас екенін айтпай қойды... Ауыр айып. Сталин мүны айтқанда анау-мынау жеңіл- желпі айтпайды. Қарағай табытқа болат шеге қағып жатқандай, қатыгез, қатал айтады ғой. Жүрегінді суылдатып, есіңнен тандыра айтады. Бірақ аса әкірендеп, дауыс та көтермейді. Ж ай сөйлеп тұрып-ақ, төбеңнен жасын түсір- гендей қылады. Ж үйкесі жұқа жанға айтылса, мына сөзден кейін кісінің тілі күрмеліп, абдырап, қойынынан бөзі, аузынан сөзі түсіп, берекесі қашуы әбден ықтимал. Рысқүловтың тілі күрмеле қоймас, бірақ жүрегі түскір мүздап қоя бергені рас. Икрамов дүрыс айтады: «Сталинге кездесіп, тілдесіп, тілдескен соң, қамауға алып, атып тастай ма деп үрей боласың» деді ғой. Осының өзі Рысқүловты Сүлтан-Ғалиевтың қасына апарып, қамап қояйын деп тұрған ж оқ па? Сонда, сол Кеңесте отырған кілең жақсылар мен жайсандар, қоғамның бетке ұстар білімділері, ел қамын жеген қайраткерлері, басқасын былай қойғанда, Түркістан мен қазақстандық: Сүлтанбек Хожанов, Сәкен Сейфуллин, Сейтқали Меңдешев сияқтылар, сонда Рысқүловқа Сталин қаһарын төгіп түрғанда, осы сәт, болашақ орасан опаттың басы болғанын ойлады ма екен? — Рысқүлов Сұлтан-Ғалиевтен осы таяуда бірінен соң бірі екі хат алғаны бізге белгілі,— деді Сталин.— Немене, бірін бірі сағынып қалған ба, сонда? Ол тек сағынышты сәлем хат деп ойлайсыздар ма, сонда? Лайым да солай болғай еді. Сталин мысқылдай да біледі. Бірақ зілді мысқыл. Зіл дегеніңіз пілден де үлкен көрінеді ғой. Сірә, мамонт деп жүргеніміз сол зіл болса керек. Сталиннің мысқылынан сескенбей көр... — Бірақ біз бәрібір білеміз, Сүлтан-Ғалиев Рысқұловты Орта Азиядағы басмашылар сойқанын өшіріп тастама деп азғырғанын да білеміз. Түркістанды КСРО-дан бөліп ал деп арбағанын да білеміз. Сондықтан Рысқүлов Сүлтан-Ғалиев- қа шыннан бүйрегі бұрмайтыны рас болса, онысын дәлелдеп, бар шындықты ашып айтар жері — осы жер еді, амал қанша, өкінішке орай, олай болмай шықты,— деп қынжылғандай болды Сталин.
Бұл енді Рысқұловты түпсіз терең құздың иегіне апарып, тақап қойғаны еді. Енді бір итеріп жіберсе, қош бол, жазған Рысқұлов! Өрт ішінде арпалысқан кысқа өмірің осымен тәмам. Қ анш адасы ң өзің? Биыл 1923 жылдың ж азы болса, әлі жиырма сегізге толмаған екенсің-ау, бейшара. Залда отырғандардың көбі-ақ: Рысқұлов Сұлтан-Ғалиев- тың артынан кететін болды деп қойды. Кейбіреуі аяды: «әттең, есіл ер, өзі де қайнап шығып еді, алмас қылыштай өткір еді, ақыры тасқа шабылды-ау» деді. Бірақ орын- дарынан атып тұрып, ара түсуге жарамады. Рысқүловты, тек Рысқұлов қана қорғай алады. Кейбіреулер іштерінен Рысқүловтың жаназасын оқып отырғанда, жүртты қайран қалдырып, Рысқүлов қайтадан орнынан түрды. —Түсінікке рүқсат етіңіз, жолдас Сталин. Сталин жанында отырған Каменевке қарады. Екеуі едәуір шүйіркелесті. Не айтты? Не деп келісті? Ешкім естіген жоқ. Ақыр Сталин басын баяу бүрып: — Рүқсат,—деді. Мұндайда доска да, қасқа да сыр бермеу керек. Мұндайда бүкіл түлғаң тұрмақ, саусағыңның дірілі де көзге түседі. «Атасына нәлет! Қорықпа, Рысқұлов. Құдай берген жанды Құдай өзі алады. Осы жарық дүниеге келгеніңнің өзі өлшеусіз олжа. Келмей қалсаң қайтер едің? Қазақтың өлшеусіз кең өлкесінің бір пұшпағында туып, зорлықтан, жетімдіктен, аштықтан бір жерде қылжиып қалмай, адам болып, атқа қонып, өзіңнің емес, еліңнің жоғын жоқтап, әрлі-берлі дүниеде өткен патшалардың ішіндегі ең қаһар- лысының қарсы-алдында қасқайып түрып, сөз сөйлегеніңнің өзі мың бақыт емес пе? Ж әне қарсы сөйлеу... Екінің бірінің қолынан келіп жатқан жоқ. Бұған да тәуба, тәуба...» — Көп уақыт алмаймын,— деді Рысқұлов мінберге шыққан соң,— Қысқа айтайын. Менің партиядан, Орталық Комитеттен жасырып қалар сырым жоқ. Ойым қандай, сырым қандай, әркашан ЦК-дан жасырмай, тура бетіне айтатын әдетім бар? Бағым ба, сорым ба, оны білмеймін? Сондықтан әлденені бүгіп қалу, қайбір жерде бұғып қалу, күн райына қарай аунақшып, айлы түнде өз көлеңкесінен өзі қорқатын қояндай хал кешетін мен емес. Өзімді өзім ақтай алмаймын. Сүттен ақ, судан таза періштемін деп те айта алмаймын. Қате кімнен кетпеген, жаңылмайтын жақ,
сүрінбейтін түяқ жоқ. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейді біздің халық... «Үлт мәселесінің білімпазы, теоретигі Сталиннің өзі де «автономизация» дегенді ойлап тауып, бүкіл халықты РСФ СР-ға бағындырып, бүкіл үлттарды жалғыз кнопкамен басқармақ болған. Сөйтіп, Сталиннің өзі де оңбай қателескен. Оны дер кезінде Ленин түзетпегенде, осы күнгі Одақ дегеніміз болар ма еді, ж оқ па еді, Құдай білсін!»— деп айтайын деп тұрды да, сәл кідіріп, ақыры айтпады. Бәлкім, айтып салу керек пе еді, атасына нәлет... \\/~ Рас, менен де мүлт кеткен кез болды. Б ірақ С талин ж олдас айтқандай дәл қазір емес, 1920 жылы. Қ азір С ұлтан-Ғ алиев уағыздап жүрген идеяны мен 1920 жылы айтып едім. Түркістан — біртүтас, ол бөлінбесін деп едім. Өз алдына бір республика болып, Одақ құрамында болсын, деп едім. Яғни, өз тізгіні өзінде болсын, шет елмен дипломатиялық қатынас жасасын, өзінің шағын әскері, тіпті өзінің ақшасы болсын деп едім. Түркістанды Одақтан бөліп әкетем деп жанталасқан жоқпын. Бұл жаулардың жаласы. Егер Түркістанда мүндай ерік болмай, Москва оны кос қүлағынан түқыртып басып отырса, мұны көрген Шығыс елдері: Индия, Қытай, И ран т. б. бізден шошынады, социализмнен безінеді деп едім. Қуырш ақ республика болудан асқан бақытсыздық ж оқ деп едім. Мүнымды Түріккомиссиясы үнатпады, Политбюро қостаған да жоқ, мүлде жоққа да шығарған жоқ. КСРО-ны, яғни рес- публикалар Одағын қүрар алдында мен айтқан ұсы- ныстардың төрттен үші қабылданды, Конституцияға енгізілді. Демек, менің пікірім сандырақ болмағаны ғой, жаулық жат пікір де емес. Мүның бәрі Ц К-ға белгілі. М енің Конститутция туралы, Одақ туралы пікірлерім Ц К-ның архивінде жатыр. Күмәнданған адам көруіне болады. Рысқүлов осылай бір қайырып тастады да, енді Сүлтан-Ғалиев мәселесіне көшті. — Сталин жолдас мені Сұлтан-Ғалиевпен қосақтап қойғысы келеді. «Идеялас» дегенді айтады. Сүлтан-Ғалиев- пен қызметтес болғаным рас. Оның профессионал рево лю ционер екені де рас. Революция ісіне 1905 жылдан араласқан адам. Кейін Бакуде көп жыл түрып, пролетариат көрігінен өткен адам. Ол кездегі Сұлтан-Ғалиевты менен гөрі, Сталин озі жақсы білсе керек еді. Бакуде бірге болды
ғой. Сүлтан-Ғалиев, Сталин және мен Наркомнацта бірге жұмыс істедік. Сталин Сұлтан-Ғалиевты жақсы білмесе, оны жанына алып, жақын жүріп несі бар? Осыны айтып түрғанда, Рыскүловтың есіне Сталинмен Сүлтан-Ғалиевтың үйінде бірге болғаны түсті. Сүлтан- Ғалиев үйленіп, той өткізді. Тойға шағын топ, өз туыстары, қызметтес жолдастары келді. Сталин де келді. Той Мірсаид Сұлтан-Ғалиевтың пәтерінде өтті. Келіншегі көркем, сүлу татар қызы екен. Тіпті Сталин онымен биге шығып, көңілді отырды. Осындай бір мөлтек отырыста, дастарқан басында, Сталин адам танығысыздай өзгеріп кетеді екен. Қызметтегі қаталдықтан із қалмағандай, өзгереді. Би де билейді, шарапты да ішеді, ептеп ән де айтады. Анекдоттан да қүралақан емес. Кәдімгі адам, аңқылдақ дос. Сонда Мірсаид Сүлтан-Ғалиев татарша тамылжытып ән салып еді. Сірә, «Ғалия-бану», яки «Сағыну» шығар. Рысқүлов пианинодан оны сүйемелдеп отырды. — О, Тұрар Рысқұлович, сен музыкант екенсің ғой,— деген сонда, Сталин креслода трубка тартып отырып. — Бала күнімде, түрме бастықтың малайы болып жүр- генімде, сол бастықтың қызы үйретіп еді,— деді Рысқүлов. Сонда Наташа коз алдына келді. Жүрегі түскір сызда-а-ап барып басылды. Наташа екеуі үйленіп, мынандай той жасай алмады. Тойына Салиннің өзі қатысып отырған Сұлтан- Ғалиев қандай бақытты? Жас жүбайларға арнап Сталин тост көтерді: —Қуаныштарың таусылмасын. Бақытты болындар!—деді Сталин. Арада бір-екі жыл өтпей-ақ, сол Сүлтан-Ғалиевқа тілеген бақытты Сталин өз қолымен тартып алғаны несі? Өзі бақыт тілеп, өзі сорлы еткен қандай жан?.. — Ал енді, Сүлтан-Ғалиев жазған хаттар туралы...— Рысқүлов қалтасынан екі конверт суырып алып, жоғары көтерді,— Міне Сүлтан-Ғалиевтың хаттары. Не айтады? XII съезд берген үлт праволарын дүрыс пайдаланайық дейді. Съезд қабылдаған шешімдер іске дұрыс аспай жатса, оған Орталық өзі кесір етсе, оны алдағы съезде ашып айтайық дейді. Артық айтылған ештеңе жоқ. Мен солай деп ойлаймын. Ау, Орталықсыз біз өз республикамызда, өз бетімізше, тым қүрыса, газет аша аламыз ба? Сол газетке Орталықтың рүқсатынсыз қосымша бір қызметкер қабылдай аламыз ба? Жоқ! Не деген сүмдық? Сонда біздің қай жеріміз
республика?! Біз мақта өсіреміз, мал көп, жүн өндіреміз. Ал енді М оскваның рұқсатынсыз сол өзіміз өндірген мақта мен жүннен бір шүйкесін пайдалана аламыз ба? Ж оқ! Не деген сұмдық! Ал Сұлтан-Ғалиев болса, осындай сорақылықтан қүтылайық дейді. Оның несі айып? Екінші хатында, М осква, Ленинград оқу орындарына жергілікті жастарды жіберу туралы... Ал енді мен осы хаттардан Совет өкіметін жалп еткізіп құлатып тастайтындай ештеңе сезген жоқпын. Әлде, осы ойларында қорқынышты бірдеңе бар ма? М әселенің айқындығы сонша, оның бәрі өзіме де өте таныс болган соң, мен бұл хаттарға жауап та берген жоқпын. Мұным әрине, этика жағынан дүрыс емес шығар. Хат —ашық, шифрлы емес, жасырын емес, совет почтасы арқылы келді. Ал енді Сұлтан-Ғалиевтан мен екі хат алғанымды Сталин жолдас қайдан біледі? Егер біздің әрбір адымымыз, жүрген- тұрғанымыз, әрбір қимылымыз Сталин жолдастың андуында болса, жетіскен екенбіз. Күдік қозған жерде — бүлік болады. Ау, бір-бірімізге сенбесек, қалай күн көреміз? Ал енді Сүлтан-Ғалиевтің маган ықпалы туралы: Сүлтан-Ғалиевтың айтқанына көніп, айдауында жүретін мен оның құлақ-кесті қүлы емеспін. Сүлтан-Ғалиевтың жете- гінде жүретін мен оның мұрнын тескен тайлагы емеспін. Сүлтан-Ғалиев мені арам іске айдап, азгырган да жоқ. Сондықтан Сталин қателеседі! Рысқүловтың соңгы сөзі ащы шықты. Бүкіл зал селк еткендей болды. Тіпті баганадан бері манаурап, ұйқылы-ояу отырган Троцкий де басын шалт көтеріп алды. Ж ер қозғалса қозгалмайтын Сталиннің өзі де Рысқүлов: — Сталин қателеседі!—дегенде. — Дай бог,— деп қалды. Залдагылар гу-гу етіп, абыр-сабыр әңгіме кеулеп кетті. Жүртты тәртіпке шақырып, Каменев қоңырау қақты. — Ал енді, сенім мәселесіне келейік,—деді Рысқұлов сәл тыныстап алган соц.— Сталин жолдастың айтқан мәлім- демесін, мен Ц К-ның мәлімдемесі деп қабылдаймын. Егер де ЦК маган қылаудай күдік келтірер болса, онда мен Түркістан АССР Совнаркомы төрағасы қызметінен қазір кетуге дайынмын. Күдікте жүріп күн көргені құрысын. Сонда Сталин баяу қозгалып орнынан тұрды. Не айтарын тағатсыздана күткені сонша, залда шыбынның ызыңы естілгендей тыныштық орнады.
— Рыскұлов жолдас,— деді Сталин,— Сізді ЦК-ға сайлаған XII съезд болатын. Съезд сенгенде, біз сенбеске хақымыз жоқ. Түркістан үкіметін басқару Сізге сеніп тапсырылған екен, атқара беріңіз сол жүмысыңызды... Зал жамырай қол соғып жіберді. Сірә, әділет аңсаған, жақсылыққа сусаған жүрт болуы керек, қол дүркіреп соғы- ла берген соң, Каменев тағы да қоңырау қағуға мәжбүр болды. *** Рысқұлов осы асқақ абыроймен мінберден түсіп, орнына барып жайғасса да болар еді. Бірақ, кейде шығасыға иесі басшы дейді ғой. Әлде, аруақ қыса ма екен? Арқаланып кететін шығар. Каменев қоңырау қағып, жұрт тыншыған кезде, тағы сөйледі. — Рас, Сүлтан-Ғалиев жөнінде қиян-кескі әңгіме жүріп жатыр екен, ендеше әділдіктің аспанын бүлт торламас үшін, әлде-қалай күдік қалмас үшін, сол Сұлтан-Ғалиевты осы Кеңеске неге қатыстырмаққа?! Мына үкімет мүшелері, республика басшылары істің анық-қанығына көзі жетпей жатып, Сұлтан-Ғалиев неге қамауға алынады? Егер ол шын жау болса, осы арада әшкерелеп, абыройын айрандай төгіп, содан кейін неге түтқындамасқа? Мен өз басым бүған түсінбеймін. Ж әне Сүлтан-Ғалиев жау дегенге сенбеймін. Ал керек болса. Зал кайтадан гуледі. Сталин Каменевке қарай еңкейді. Каменев те Сталинге қарай құлагын тоса қалды. Екеуі қүнжындасып едәуір күбірлесті. Ақыры Каменев айтты: — Жолдастар, тынышталыңыздар. Принципінде Сұлтан- Ғалиевты кеңеске алдыруга да болады,— деді.— Бір сагат үзіліс. *** Командирі алдында, екі айдауылы артында, залга Сұлтан- Ғалиев келіп кіргенде, мойнын созып қарамаган адам жоқ. Тіпті алысырақ отыргандар орындарынан түрегеліп қарады. Сүлтан-Ғалиев мінберге котерілмей, мінбердің жанына барып түрды. Рысқүлов өз көзіне өзі сенбегендей, Сүлтан- Ғалиевты танымай қалды. Тіп-тік жүретін адамның, жотасы бүкірленіп, еңкіш тартып қалыпты. Ж арқылдақ, жайдарман ^ 2 411
Мірсаид қайда? Ж ағы суалып, көздері ініне кіріп кеткендей, көзінің айналасын азап таңбасындай айшыктап, қара көлеңке қоршалап алыпты. Киім-басы ықтият, таза болса да кешегі өз костюмі өзіне қолқылдай, біреудің иығынан шешім алып кигендей, келіспей тұр. «Әурелікке жаралған фэни адам, Бақ пен сордың арасы — бір-ақ қадам!»,— деуші еді, баяғыда Ахат атасы. Рысқұловтың есіне сол түсті. Дүние-әлем түгел біле бермейтін Түлкібас дейтін жерде, Күмісбастау атты жұмақ жайда, жәннатта туса да тозақ тіршілігін көп көріп, қартайған Ахаттар оқымай-ақ, университет бітірмей-ақ, философ қой. «Әурелікке жаралған фэни адам, Бак пен сордың арасы — бір-ақ қадам!» Мүмкін, бұл философияның авторы Ахат та емес шығар, одан да бүрын, бағзы заманда айтылып, үрпақтан ұрпаққа көшіп, бізге жеткен жәдігер шығар. Не де болса, халық даналығы. Күні кеше Рысқұлов Сталинмен бірге Сұлтан- Ғалиевтың үйлену тойына қатысып еді. Сонда бір адам бақытты болса, ол — Сүлтан-Ғалиев сияқты көрінген. Сталиннің өзі бата беріп: бақытты болындар!—деген. Бақытты қолға ұстап, түсін түстеп, дәмін татқан кім бар? Ол да бір үш ып-қонған құс шығар. Ол да адасып жүретін болар. Бақ адасқан таздың басына, пұшықтың мүрнына барып қонады дейді ғой. Әйтпесе, Сұлтан-Ғалиев сынды азамат мынандай мүсәпір халге түсетін несі бар? Аз күндік бақыт адасқан ғой... Д әл қазір Сұлтан-Ғалиевтың ақталып кетуіне, өзіне нақақтан тағылған ауыр айыптардан қүтылуына, жалынды, адал, ағынан жарылған сөз сөйлеуіне Сұлтан-Ғалиевтың өзінен де гөрі, Рысқұлов мүдделі сияқты. Өйткені, Сүлтан- Ғалиев енді қайтып орнынан тұра алмай қалса, онда жаппай «Сұлтан-Ғалиевшыларды» аулау науқаны басталмақ. Ол науқанның иісі аңқып тұр. Әлгінде сөйлеген М ануиль- скийдің, Орджоникидзенің, тіпті Сталинді ептеп сынаса да, Ф рузенің сөздерінен осы ызғар сезіледі. Ал Куйбышев пен Сталиннің баяндамаларынан сүрапыл сойқан соғып түр. 412
ШІІІ Сұлтан-Ғалиев ГПУ тырнағына осыдан бір ай бұрын іліккен. Содан бері ГПУ Сұлтан-Ғалиевты анасынан қайта тудырғандай сыңай бар. Бір кезде алмас болаттай арыс еді, енді қалайыдай жүмсақ, жуасыған сияқты. Тағдырдың ноқтасы қиын, ал Сталиннің ноқтасы одан да орасан, қыл арқаннан да қату. Сталин бір жағынан Сұлтан-Ғалиевқа жаны ашыған болады, екінші жағынан ГПУ-дың қыспағына салып қояды. Он екінші съезден кейін, Сұлтан-Ғалиев іле-шала, сол съездің ұлттарға берген правосын талмай уағыздап, аса бір белсенді болды да кетті. Ж ан-ж аққа хат жазды. Рысқұловқа да жазып жүргені сол. Тіпті Лениннің Горькийде жатып, съезге жолдаған хаты жөнінде де жер-жерде айтып жүрген корінеді. Ал өсиет-хатта Ленин Сталинді басынан сипа- майды ғой. Сталин дөрекі, үлан-ғайыр билікті оның қолына беріп қою келеңсіз, ақыры қиын болады, сондықтан Сталинді генсектен басқа жүмысқа ауыстырудың амалын қарастыру керек деген ғой. Бірақ бүл хат съезге жетпеген. Партия басшылары ғана біліп, Каменев, Зиновьевтердің ақылымен жылы жауып қоя салған. Ал Сұлтан-Ғалиев оны салдыр-гүлдір айтып жүрген. Сталинге бұл ұнай ма, ж оқ па? Ақылды болса да, аңқау шығар Сүлтан-Ғалиев... Әлде, Сталиннің қүдіретін онша бағала- мады ма, мән бермеді ме?.. Енді, міне, алдынан шықты. Мінбер жанында мүшкіл халде түрған Сүлтан-Галиевке Сталин Президиумнан сұрақ қойды. — Сұлтан-Ғалиев, сіз осы жылы, он екінші съезден кейін, Башқұрт АССР Халық ағарту комиссары Әбхамовқа хат жаздыңыз. Рас қой? — Рас,— деді Сүлтан-Ғалиев үні жердің астынан шыққандай. — Сол хатты оқып болған сон, тез өртеп жібер деп өтіндіңіз ғой. Рас па? — Рас. — Ол хатта өртеп жіберетіндей не жазылып еді, есіңізде ме?— Сталин масаттана мүртын сипап қойды. — Ол хатта мен Әбхамовқа Зәки Валидимен шифрлы хат арқылы байланыс жаса деп едім. Сталин залға қарап, Рысқүловты көзімен тінткілеп тауып алып: «Ал, енді қайтесің?» дегендей қолын жайып жіберді. 413
Расқұловтың өрекпіген көңілі су сепкендей басылды. Зәки Валиди шет елге өтіп кеткен адам. Башқұртстанның бұрынғы бастығы. Қазір Түркияда түрады. Сталин жеңімпаз болып, масайрап отыр. Сталинге біткен бір қасиет: ол нысанаға алған адамын жермен жексен етпей тынбайды. Қазір де бұл аз болса, тағы да дегендей, Сұлтан- Ғалиевке бұрылып: — Айтыңызшы мына қауымға, Иранның саяси кайрат- кері Тәжі Бакшиға да жасырын хат жазғаныңыз рас па?— деді. — Рас—деді Сұлтан-Ғалиев үні булығып. — Осы әрекеттеріңіз Советтің басшы қызметкері ретінде Сізге жарасымды ма? — Иә, бұл хаттарды мен Совет үкіметінің қаперіне салмай, жасырын жазғаным өте қате болды. Мүны мойын- даймын. Сталин әдейілеп Рысқүловқа жымия қарап, тағы да қолын жайды. «Не шара? Енді кәйт дейсің?» деген сыңайлы. Ол ол ма, орнынан ырғала түсіп түрегелді де, Сталин тағы сөйледі. — Әңгіме осымен бітсе керек еді. Бірақ бір нәрсені баса айтқым келеді. Сүлтан-Ғалиев әркім-әркімге жасырын хат жазып, үсақ-түйек мәнсіз мәселемен айналысқандай эсер қалуы мүмкін. Сүлтан-Ғалиев әрекетінің ар жағында үлы Түран идеясы жатқанын әркім андай бермейді. Бүкіл түрік тұқымдас халықтарды біріктіріп, баяғы-баяғыда өтіп кеткен ұлы Түрік қағанатын қайта туғызу ниеті жатыр ар жақта. Тұран дүниесін тірілту арманы асқақ Сұлтан-Ғалиевта. М ұның атын Пантюркизм дейді. Ал Пантюркизм дертімен ауырған баска адамдар да арамызда ж оқ емес... Бұл енді, тікелей Рысқүловқа атылған оқ екенін азды-көпті, көзі аш ық адамдардың бәрі түсінді. Бәлкім, пантюркист таңбасы Сүлтан-Ғалиевтен гөрі, Рысқүловқа бүрынырақ басылған болар. Оны әлгінде Рысқүловтың өзі де айтты ғой. Түркістанды бөлмей-жармай, тұтас үстау деген идея әуелі Рысқұловтан басталған. Түркістан біртұтас болса, қазағы, өзбегі, түркпені, қырғызы, қарақалпағы біртұтас болса, ол алып магнит сияқты басқа түрік тектес башқүрт, татар, азербайжан сияқтыларды өзі-ақ тартып алады. Ал Орталық бүдан қатты қорқады. Рысқүлов РСФСР-ден бөлінбейміз деп қанш а қүлшына мәлімдегенмен, аса ірі Түркістанның басына кейін ноқта симай кетеді ғой. Ал 4і4 еваавйза,
.шоа&т щ у ШШ Сталин болса, барлық халықтарды тең праволы респуб- ликалар ретінде емес, баяғы патшалар сияқты губерниялар ретінде басқарғысы келеді. Ол үшін екі тізгін, бір шылбыр, бір қамшы бір-ақ адамның қолында болуы керек. Рас, Сталин: «Бөліп ал да, билей бер!» деп үрандамайды, бірақ сол саясаттан алшақ та кетпейді. Не керек, Сталин қойған ауыр-ауыр кінәларды Сұлтан- Ғалиев түп-түгел мойындап түр. Мойындап түрса да, мына күні кешегі қызметтестерінен көзін тайсалтпайды. Ж анарын жасырмайды. Ол тіпті, бір сәт Рысқүловқа да тіктеп қарап, түрып қалды. Тілмен айта алмағанды адам кейде көзбен айтуға мәжбүр. Сүлтан-Ғалиевтың көзінен сонда Рысқүлов түпсіз, терең қасірет аңғарғандай болды. «Кешір, бауырым, осылай демеске шарам жоқ» дегендей, әлгі шексіз қайғылы, қасіретті көз. Рысқұлов байқап қалды: Сұлтан-Ғалиевтың салалы, сүйрік саусақтары барбиып, ісіп кеткендей көрінді. Тынымсыз қалтырайды екен. Бір қолын бір қолымен ұстап, токтатқысы келгендей еді, тез ажыратып алды, қатты ауыратын сияқты. Ш іркін, сонда неге гана батылы жетпеді екен?.. — Жолдастар!— десе, сонда Сұлтан-Ғалиев саусақтары іскен қос қолын жоғары көтеріп,— Мен сатқын, жау емеспін. Маған нақақтан жапқан жаланы амалсыз мойындауга мәжбүр болдым. Міне, қарандар! Тырнағымның астына жуалдыз ине жүгіртіп азаптады. Қарандар!—десе... Сонда мына қайраткерлер алда өздерін де не күтіп түрғанын әлдеқалай сезініп, сол сойқанның алдын алар ма еді?.. Сталиннің азап машинасы әлі екпін алмай тұрған кезде қиратар ма еді?.. Сұлтан-Ғалиев ештеңе айтпады. Апыр-ай... Сол тойда... Сталин, Рысқұлов қатысқан тойда... Әдемі сұлу келіншегі... аты кім еді... И ә, сол сүлу келіншегі Сұлтан-Ғалиевты мойнынан қүшақтап түрып: «Сызылып таң атқанда, Ал шапақ батқанда Күзләрім тиксине излила-а-а-р»...— деп сыбызғыдай сыңсытып ән салып еді. Ағарып таң атқанда, қызарып күн батқанда, сүйгенін қимай, бір сәт көрмесе түра алмайтын сол сүлу енді қандай күйде екен? Енді со сүлу жандай жақсы көретін жарына «тесіктен алақандай тіл 415\" % , з з з ё з ? з т .
қатып» жүр ме екен? Кім айтса да, данышпан айтқан: «Бақ пен сордың бір-бірімен ажырасуы — азап. Оны Рысқүловтан артық түсінетін жан жоқ. Он жасында әкесінен тірідей ажыраса, адасқан бақ енді қонды ма дегенде, заман дауылы соғып, сүйген жардан — Наташадай арудан айрылды. Наташадан қалған жалғыз жөдігер Ескендір дәл қазір есіне түсіп, сагыныш сезімнен іші-бауыры елжіреді. Ескендірді бауырына басқан Надя көз алдына мұңайып түрды. Бірақ оны онша сағынбаған сияқты. «Аяғы ауыр еді, қандай хәлде екен?« деген уайым ғана елес берді. *** Сонымен, Сұлтан-Ғалиевты айдауыл қайтадан алып кетті. К еңестің аяғына дейін үстап қажеті ж оқ еді. Сүлтан- Ғалиевтың кінәсі ауыр. Оған Кеңестегілердің бәрінің көзі жетті. Сталин жеткізбеске қойған жоқ. Рысқұлов риза емес. «Сонша бейшара болғаны несі?» деп ызаланды. Әлгінде: «Мірсаид! Көтер басынды. Омыртқаң опырылса да, рухың сынбасын, атасына нәлет!» деп айқай салғысы келді. Бірақ Сүлтан-Ғалиевтың көзіне көзі түскенде, тагдыр оны тас қылып тұмшалап тастағанын көкей көзімен шамалады. «Қүдай басқа салмасын» деп шошынды. Тағы да мінберге атып шығып, ара түсейін десе, амал жоқ, Сұлтан-Ғалиев өз кінәсін өзі мойындап тұр. Кейін-кейін, 1937-38 жылда Выш инский деген прокурор шығар. Сол сойқан: «Тұтқынның өз кінәсін мойындауы — әділеттік салтанаты» деген теориясымақ табар. Бірақ ол Вышин- скийдің өзі ойлап тапқан «теория» болмас. Ол «теорияны» С талин 1923 жылы, маусым айы ны ң 9 — 12 күндері-ақ, іске асырар. Ал әзір мына Кеңесте отырған басшылар, ақылды болар, болмас, бірақ кілең басш ылар болаш ақ 37 — 38-дің түсаукесері осы К еңесте, 1923 жылы басталғанын сезе де бермес. Бұл алдағы жойқын репрессияның беташары болатын. Тағдыр оның түңғыш құрбаны ретінде Мірсаид Сүлтан- Ғалиевты тандапты. Келесі кезек кімдікі? Бүдан қандай қорытынды болуға керек? Әне, анау Троцкий, Зиновьеві, Каменевы, Бухарины, Рыковы —бәрі әлі торт көзі түгел отыр ғой, ойланды ма солар бүдан қандай қорытынды шығуы керек екенін? Олар кезінде Ленингеде қарсы келіп, айтысып, тартысып жүрер еді. Бірақ еш-
қайсысының басындағы шашының бір қылы да қисайған жоқ, отыр ғой бәрі сіресіп. Қарсы келгені үшін оларды отап жіберемін десе, Лениннің құдіреті жетпеді деп ойлайсыз ба? Саяси қарсыластың қанын төгу, тек тиранның ғана қолынан келеді. Данышпан көсем ондай озбырлыққа бармайды. Ақылмен жеңеді. Ал мына Төртінші Кеңестен шығатын сабақ: ажалыңнан бұрын өлейін демесең, Генсектің алдын кес-кестеме! Сталинді Генсек қызметінен басқа жұмысқа ауыстырған жөн деген Лениннің хатын жұртқа жайма! Бір елі аузыңа екі елі қақпақ қой! Он екінші съезд үлттар правосын түзеп берді деп, шешең үл тапқандай айқайлай берме! Әйтпесе, үлттар тайтандап кетеді. Правошылын. Әліңе қара. Бас-басыңа қожайын болып, эр республика өзін өзі басқарып, өз қотырын, өзі қасылап кетсе, Орталық, Орталықтағы Сталин не бітіреді? Демократия дейді. Демократияшылын. «Демо кратия, республика!»— деп өңеші жыртылғанша өзеуреген революционерлер болған. Алысқа бармай-ақ, Францияны алыңыз. Дантон, Марат, Робеспьер дегендері болған сол революцияның. Үшеуі де алып еді. Үшеуі де жанып түрған жалын еді. Бірақ үлкен өрт кезінде жалынды жалын жұтып қояды екен. Дантон, Марат, Робеспьер бірін-бірі жеп қойды. Олар бірін-бір жеп қойған соң, кішкентай генерал Наполеон шыға келді... Сталин дегенмен Наполеонды ұнатады. Соған үқсағысы келеді. Тарих көшінде кейбір ұқсастықтар бола бермек. Міне, мына отырған тәкаббар, менмен Троцкий... Каменев, Зиновьев, мүмкін Бухарин бәрі бірігіп, сол менменсіген Троцкийді Сталиннің алдына жығып береді. Содан соң барып, әлі де болса қауіпті-ау, деген Каменев пен Зиновьевті Бухарин тірсектен қағып, Сталиннің алдына бүк түсіреді. Енді тіресуге жарайды-ау, деген Бухаринді жүндес қолмен алқымынан алып, қылқындыра салу, Сталин үшін түк киындыққа түскен жоқ. Әттең, сонда... Сол тортінші Кеңесте, Скрыпник, Рыс- құлов, Икрамовтарды жаңағы Троцкий, Каменев, Зиновьев, Бухарин қолдап кетсе, айқасқа аянбай кіріссе, Сталинді шайқалтуға әлі де болса, шама бар еді-ау... Қатерлі дертпен жатса да, Ленин оларды қолдар еді-ау... «Темірді қызған кезінде соқ!» деген ақыл дәл осы жерде адасып, айдалада қалды.
Сәті кеткен дүниенің беті ары қарайды. Сүлтан-Ғалиев Сталиннің көгеніне жалғыз байланған қозыдай маңырап қалды. Ал сол көгенге, осы отырған көсемдер, көбің көгенделетіндерінді сол Кеңесте білмедіндер-ау. Болашағын біле берсе, адамдардың бәрі әулие болып кетпей ме... ҚЫЗЫЛ - БАТЫР Л енин қайты с болған 1924 жы лды ң қаңтары нан кейін, Сталин Түркістан республикасын таратуға белсене кірісті. Сталиннің қүлағына «Түркістан», «Түрік» деген сөздер түрпідей тиер еді. Сталин бүларды алмай-бермей жек көретін. Ленин көзін жұмғаны сол-ақ, Түркістан респуб- ликасынан Өзбек, Түрікмен, Қырғыз, Тәж ік... жеке-жеке отау болып бөлінді де, Түркістандағы қазақтар Қазақстанға қосылды. Патша да бөлмеген Түркістанды Сталин жілік- жілік етіп, бөлшектеп жіберді. Сөйтіп, премьер-министр Рысқұлов республикасыз қалды. Түкістанды «Түрік республикасы» етемін, оған Қазақстанның Батыс, Ш ығыс, Орталық, Солтүстігін қосып аламын. Болашақта башқұрттармен, татарлармен, әзірбай- жандармен бірігуіміз мүмкін деп жүргенде, Түркістанның төрт қабырғасы төрт жаққа ажырап кетті... Рысқұлов Москваға қайтадан шақырылды. Сталин оны Коминтернге жіберді. Коминтерн — М онғолияға жіберді. Аз уақыт ішінде дүние шыр айналды. Надя, Надядан туған кішкентай Софья, жалғыз үлы Ескендір айдалада қала берді... Үлы Сібір. Баяғыда, панасыз бала шағында, әлі «Қырғыз- баев» болып жаулардан жасырынып жүрген кезінде қиялында, түсінде көретін Сібір. Кіп-кішкентай баланың үлкен-үлкен жаулары бар еді. Онысы несі? Кіп-кіш кентай сәбидің де үлкен-үлкен жаулары бола ма екен? М еркенің мектебінде ш әкірт шағында ол мүғалімнен: — Сібір алыс па?— деп сұрар еді. Мүғалім таң қалатын. Сібірде несі бар? Несі қалды? Бірақ ш әкірт бала бесіктен белі шықпай жатып, сұңғыла болып алған сырын айтпайды. Тек: — Ж аяу адамға Сібір қанша күндік жол?— деп сауал қояды.
Мұғалім ғажап қалатын. Ж аяу жүргені қалай? Атты адамның өзі айлар бойы жүреді. Пойыздың өзі әлденеше тәулік бойы тауыса алмас үлы жол ғой. Бір кездегі «Қырғызбаев», енді Рысқұлов, сол баяғы қиялшыл баланың аңсарлы арманын орындаған сияқты. Үлы Сібір жолымен төрт-бес тәулік бойы пойызбен талмай жүріп отырып, И ркутск қаласына да жетіп еді. Пойыз Үркіттің қаласына таянғанда, алдынан әкесі шыға келетіндей, жүрегі түскір едәуір өрекпіді. Баяғыда айдалып кеткен әкесі алдынан: — Келдің бе, Тұрар?! Көп күттірдің ғой! — деп алпамса құшағын жайып түрғандай, Рысқүлов көк вагонның терезе- сінен телміре қарап, коз талдырды. Адам бір нәрсені көп ойлап, қиялдай берсе, сол қиялдың өзіне де сеніп, шын көріп кететін кезі болады. Ал өмірдегі Рысқүлов қүрғақ қиялға сенетіндей алаңғасыр, алданғыш емес, тым салауатты, тым реалист адам. «Бәле көріп» өскені, желбуаздығы жоқ, ал бірақ аса арманшыл жан еді ғой. Әйтеуір, әкесінен үміткер... *** Сөйтсе, Иркутск возкалында Түрар Рысқүловты Губком секретары Сорокин күтіп түр екен. Сібірдің еңгезердей дәу орысы аңқылдап келіп: — О, жолдас Рысқүлов, хош келдіңіз! Саламатсыз ба?— деп жайдарман амандасты. — Танысып қойыңыз, менің серігім Хангелдин,— деді Рысқүлов вагоннан кос чемодан көтеріп, түсіп келе жатқан сүлу ренді, бойшаң жігітті меңзеп: Сорокиннің жанындағы кісілер Хангелдиннің қолынан чемодандарды ылдым-жылдым алып, көмектесіп-ақ жіберді. — Чичерин жолдастың өзі телефон соғып, Сіздің келе жатқаныңызды хабарлады,— деді Сорокин Рысқүловты қолтықтап алып. «Ай, асыл адам ғой,—деді ішінен Рысқүлов. Коз алдына үйме-жүйме кітаптардың, ағылшынша, фран- цузша, немісше газеттердің ортасында шикі сүлының дәнін пістедей шағып жеп отырған Наркоминдел Чичерин елестеді.— Бұларға да хабарлап, қамқорлық жасап жатқанын карашы. «Осы ойдан Рысқұлов бір қуат алғандай қабағы ашыла түсіп, жүзі жадырап сала берді. — Монғолстанға бара жатқаныңызды да со кісі айтты. Үлы сапар, жолыңыз болсын.
— Рақмет. — Көлік дайын, жолдас Рысқүлов. Бірақ, дәл қазір жолдан тынығыңыз. Содан соң, жүрем десеңіз,— машина дайын. Ендігі жерде пойыз жоқ. Бірақ бекет жолы жақсы. Буряттардың үстін басып өтіп, Қияқтыға дейін жетесіз. Ш екарадан ары қарай Үрғаға дейін монгол жолдастар өздері алыц кетеді. — Рақмет. Ал мен бүгін жүрмеймін. Мен Сіздің қаланы жықсылап аралап шығуым керек. Мүмкін болса, жолдас Сорокин жағдай жасаңыз, осы қаланың ескі түрмесін көргім келеді. Алпамсадай Сорокин аңырайып тұрды да: — Оны қайтесіз?— деді. — Сол түрмеде менің әкем отырған. Түрме де болса, сонда барып тәуеп етемін. Айтпақшы, сол түрменің ескі архивін қараттырыңыз. М үмкін, әкемнің ісі, суреті табылар. Сорокин сонда состиып түрып: — Сонда әкеңіз қашан... Енді Сорокин состиғанын қойып, мейірлене беріп: — Болады, жолдас Рысқүлов,— деді. Вокзал басынан шыққан жеңіл машина қарағайлы, шыршалы қаланы қақ жарып отырып, орталыққа тартты. —Сонда қалай, жолдас Рысқұлов, әкеңіз патша қаһарына ұшыраған болды ма? — Иә. — Да-а-а! Сіз бен біз туыс болып шықпасақ нетті. Менің әкем де Петербургтен айдалып келіп еді, алтыншы емес, бесінші жылы. Ш ешеміз екеуміз артынан іздеп келіп, осында түрақтап қалдық. — Оныңыз да оң болған. Мен әкемнің артынан іздеп келе алмадым. Әкем мені өзімен бірге ала кетпекші еді, губернатор фон Таубе парман бермеді... «Егер губернатор фон Таубе сол жолы рүқсат бергенде,— деді ішінен Рысқүлов көшелердің қос қанатына көз сала отырып.— Кім біледі, Ізбайша шешем, Түйметай қарын- дасым үшеуміз, сол мың тоғыз жүз алтыншы жылдың өзінде көрер едік бүл И ркутскіні. Содан кейін не болар еді? Қалай күн көрер еді? Тірімізік тіршілік үйретер еді де өлмес амалды. Өлмепті ғой мына Сорокин. Біз де осы Сорокин сияқты біржолата сібірлік болып қалар ма едік... Күшала жұтқан күш іктей бір жерде қы лжиып қалм асақ, бір амалы болар еді ғой. Оның есесіне көкемді көріп жүрер едік. Көкем қол-аягы
кісендеулі болса да бізді өлтірмес еді. И ә, сойтіп С орокин де революционердің баласы болды. Бірақ бұларға рұқсат етіпті. Заң біреу, орындалуы әрқалай. Бірақ мұның әкесі саяси тұтқын болған ғой, каторжанин емес, тек жер аударылған. Ал көкем... өмір бойы аяқ-қолы кісендеулі өтті-ау. Кісен сылдырынан шошып оянған тұп-тұнық тайга, міне мынау...» Рысқұловты Марат көшесіндегі «Сибирь» мейманха- насына орналастырды. Ж айғасып, шай ішіп болған соң, Рысқұлов қаланы аралауға шықты. Марат көшесін қиып өтетін көрші көше Поляк көтерілісшілер атында екен. Қалада не коп, пияз бас шіркеулер көп. Солардың арасында поляктардың католик шіркеуі өзгешелеу. Ағаштан соқ- қан үшкір бас, жадау ғимарат. Одан әрі Аңғара өзені айдынданып, солтүстікке қарай ерекше бір айбынмен ағып жатыр. Рысқүлов машинадан түсіп, өзеннің жағасында үн-түнсіз түрып қалды. Қаракөк аспан, шығыстан соққан аңқылдық жел. Осы арада Шығыс Сібір қақпасы басталады. Рысқұлов тынымсыз сарнап аққан үлы суға қарай-қарай көзі бүлдырады. «Неге сонша аптығып асығады? Үлы толқын балқыған қорғасындай, лықсып жатқаны сұлу-ақ. Бірақ бүл асыққаны — өзінің ақырына асыққаны ғой. Осыдан Ж ер шетіне жетіп, үлы су, үлы мүзға айналады. Бірақ өзен біткеннің бастауы бар, құрдымы бар. Біздің Талас та, Ш у да ақыры қүрдым қүмға сіңіп таусылады. Мынау Мүзды мүхитқа айналады. М үның осы агасын көкем де көрді-ау...» —Тұрар аға, жүрмейміз бе?— деп қалды Хангелдин. Сонда барып Рысқүлов ой толқындарынан малтып шығып: — И ә, жүрейік,— деді.— Түрмені көрейік. Иркутскінің түрмесі қаладан жырағырақ, Байкал жақ бетінде, жарлауыт жағасында екен. Үлкен қамал тәріздес. Тек көк тастан өрілген. Байқал жағасында түрғаны да тегін емес. Иркутск — патша тұтқындарының соңғы мекені болмаса керек. Аса қауіптілерін Үркіттен де ары айдап, Байкал арқылы Саха еліне, Якутияға жөнелткен. Түрардың «бүлікшіл» әкесі Рысқүлдың да жолы осы Байқалды басып өткен болар-ау. Бодойбо арғы бетте, алыста, алыста... Баяғы Алматының көк қақпалы түрмесі мүның қасында баланың ойыншығындай-ау. Ал мынаны келістіре соққан екен. Кілең көк тас қой. Зеңбірекпен атқыласаң да шыбын ғүрлы көрмес. Әй, патша, жарықтық-ай. Түрме дегенде, түрмеден сарай салғандай. Ежелгі Египеттің перғауындары
зәулім пирамида салдырып, тарихта атын қалдырса, патша жарықтық, абақты салып, атын шығармақ екен да. Баяғыда бұл «Қырғызбаев» болып оқыған М еркенің мектебі бір алпауыт өзбек байының ескі қора-қопсысы еді де, М ерке түрмесі күйдірген қызыл кірпіштен өрілген ғимарат болатын. Қызыл кірпішіне қызығып-ақ, сол түрмеде түнеп шыққың келгендей, бір түрлі тартымды еді. И ә, патша-ағзам мектеп- тен горі, түрме салғанды, соқадан гөрі, кісен соққанды үнататын еді ғой. Меркеде оқып жүріп, «Қырғызбаев» қызыл кірпіш түрмеге сыртынан телміре қарап: «Сібірде көкем жатқан түрме де осындай ма екен?» деп ойлайтын. Сөйтсе, көкесі жатқан абақты көк тастан өріліп, іргесін жасыл мүк басқан, зәулім қамал екен... Түрме архивінен Ры сқүлды ң іс қағаздары табыла қоймады. Ж ергілікті басшылар:— Сіз Монғолиядан қайтып оралғанша тауып қоюға тырысайық,—деп уәде берді. Сібірге, Сахалинге, Саха еліне каторгаға айдалғандардың аялдамайтыны ж оқ болған. Үлы Сібірдің тоқсан тарау жолдарының торабы осы Үркіт. Рысқүл каторгада жүргенде бүл аймақтың губернаторы генерал Бантыш деген еді. И ркутскіде ж ан-ж аққа айдалатын каторжандардың іс қағазы түгел сол Бантыштың қолынан откен. Бантыштың архиві қалың, қатпар-қатпар ғой. Оны бірер сағаттың ішінде қопарып, мындаған істің ішінен Рысқұловтың қағазын таба қою да оңай емес. Ә кемнің суреті табылар ма деп үміт етіп еді, кокейінде коптен жүрген арман еді,—бұйырмады. Әлі де үміт үзбей, «мүмкін, М онғолиядан қайтар жолда сәтті түсер» деп жүбатты озін озі Рысқүлов. Патша соқтырған түрменің тас қамалынан ағып түскен коздердің үңгіріндей болып, темір торлы терезелер үңірейді. Солардың бірінен Рысқүл да мына Байкал бетке, ана қаракок аспанга қараган шыгар. Ару Байқал, каторжандардың коз жасынан жаралгандай молдір кок, сылаң сүлу әрі мүңлы колді жағалай коз жетер жердің кемері жап-жасыл, кок ну орман. Жағадагы қүж-қүж жар тастардың қиясына шыққан сояу-сояу карағайлар сораяды. Құдцы бір баягыда Қызыл Ж ебеге мініп, қаздиган Рысқұл сияқты. Рысқүлов Іле Алатауының шыңдарына таман ормелеп шыққан шыр- шалардың ортасында оскен. Орман оған таңсық емес. Бірақ мына жабайы жартас басындагы саяқ карагайлар, аргы беттен
бергі бетке өте алмай, аңтарылып тұрып қалған катор- жандарға ұқсайды. Көкейіне ызыңдап тағы да Салауат әні келді: Қайтар едім, жолым жоқ, Сулар буған жолымды. Жұлдыздардан көпір салар ем, Бұғаулады жазмыш қолымды. Қасындағы адамдар Рысқұловтың оңаша қалғысы кел- генін ұқса керек, қу бұтақ жиып, от жағып, қайықшылардан жас балық алып, қазан көтеріп, өз тіршілігімен болып жатты. — Байқалдың балығынан дәм татпау —күнә,—деп бұл істі бастаған Сорокин еді. Ал Рысқүлов арғы беттегі жартас басында суға секірейін деп қарайған қарағайдан көз алмайды. Бодойбодан қашқанда әкесі Байқалдан жүзіп өткені анық. Әлгі қарағай талған көзге бірте-бірте адам кейпін елестетіп, Рысқұлға үқсап бара жатты... — Маса талап қойған жоқ па, жолдас Рысқүлов? От басына жақынырақ түрсаңыз, түтіннен маса қорқады,— деп Сорокин жақындағанда, Рысқүлов оған жалт қарап еді, алтын кемер көзілдіріктің ар жағынан бір тамшы, сараң жас, маржандай мөлт етіп, үзіліп түсті. — Кешіріңіз,— деді Сорокин ыңғайсызданып. — Әкеме үқсап кеткені,— деді Рысқұлов та сасыңқырап, әлгі қарағайды қол соза нүсқап,— Өмір бойы ол арғы жағада, мен бергі жағада, бір-бірімізге қол созумен оттік. Арамызды ұдайы дария боліп жатты. Түсімде де ылғи осылай. Сап болмайтын сағыныш, таусылмайтын арман... Солай, жолдас С о р о к и н ... Зымыран заман. Мың тоғыз жүз алтыншы жылдан бері, арадан он сегіз жыл өте шығыпты. Ол кезде Рысқүлов он жаста еді. Енді жиырма сегізге ілігіпті. Он сегіз жыл бойы іздеп келеді. Әкесін іздейді. Енді оның соңғы мекендерінің біріне жетудің орайы келгенде, әкесі тағы да теңіздің ар жағында. Неғылған таусылмас теңіз? Күзді күні мүңая созылған күміс мизамдай сыңсыған бір сағыныш. Сол жіп-жіңішке, күміс мизам Рысқүловтың жүрегіне жалғанып алып, қайда жүрсе қалмастан созыла береді, созыла береді...
Қияқты — М онғолстанның Петрограды десе болғандай, Сухэ-Батор мен Чойбалсан қүрған монғолдың халық- революциялық партиясының кіндігі. Мың тоғыз жүз жиырма бірінші жылы монгол революциясы ең алдымен осы жерден басталып, көпті көрген коне даланы тагы да дүрбелең дүбір дүр сілкіндірген. Қияқтыда Тұрар Рысқұловтың машинасын Монгол премьер-министрінің орынбасары Түмен-Ж ырғал күтіп тұр екен. Орысша, қытайша үлгілермен салынған кілең ағаш үйлі Қияқтыда біраз тыныстап, әлденген соң, Рысқұлов жа- нындағы серіктестерімен ежелгі М онғолстанның жеріне бойлай сүңгіп, кете барды. Әуелі Селеңгі өзенін жагалай жүрді. Ойлы-қырлы, жасыл ренді даланы жарып жатқан Селеңгі, жолаушылардың оң ж ақ қапталын ала, көпке дейін ирелендеді. Бірте-бірте сылаң сұлу Селеңгі оңтүстік- батысты сағалап, Алтай түсына шамалап кетті де, жолау- шылар мидай даламен шығыс-түстікке тартқан. Арыған көзді анда-санда алдандырып, бір қапталдан араттың жатаған жалпақ киіз үйі көрінеді, үй маңайындағы шұратта, сол жатаған киіз үйлерге үқсас, жатаған жылқы үйірлері кездеседі. Тек, түйе жарықтық қана, өзінің Ойсыл-қара бабасының қанына адалдыгын танытып, мұнда да ірілігін, пандыгын сақтап, әр-әр жерде маңқиып-маңқиып тұрады. Бүл даланың туырлықтай тәніне әлі түрен тимеген. Дала халықтарының ежелден қанына сіңген сенім бойынша, жерге темір тигізу күнә. Ж ерге темір қазық қағу — адамның денесіне шеге қағумен бірдей көрінеді. Сонда жердің де жаны болғаны ғой. Оның есесіне бұл далада ат түяғы тимеген жер жоқ. Ат түяғымен иленген дала... Сонау Ш ыңғыс хан заманында, одан бұрын да, одан кейін де... Тіпті, Ш ыңгыс ханның озі өлгеннен кейін, жерді агашпен қазып көміп, моласының үстінен он мың жылқы айдап өткізген көрінеді. Әне, ат түяғымен иледі деген сол. Ш ексіз дала. Қазақ даласы сияқты мұнда да боз жусан, түйе жантақ; солардың арасынан сойдиып, сойдиып сиыр қүйрық пен шырыш кездеседі. Ж ол бойынан қос аяқтап қаздиып отырған қызыл суыр, қоңыраулы күймеге тандана қарап қалып, кенет бүлт етіп, ініне кіріп кетеді. Суырды монғолдар тарбаға дейді екен.Оң ж ақ қапталдан суы
тартылған теңіз түбінде қалып қойған желкенді кеме сияқтанып, шоқылы қызғылтым тау көрінеді. — Мына шоқының аты не?— деп сүрады Рысқүлов Т үм ен-Ж ы рғалдан. — О, ол Улан-ямаат — «Арқарлы қызыл» ғой. Тау ешкі, аркар көп. —Тағы қандай аң-құс бар? — О, хакилдиг көп, орысша не деуші еді?— деп Түмен-Ж ырғал мүдіріп қалды.— Е, горные куропатки! — Кекілік!— деп Рысқұловтың даусы қаттырақ шығып кетті. — Кеклик — хакилдиг. Үқсайды,— деп күлді Түмен- Жыргал. — Тағы да гургуул көп. — Қырғауыл!— Рысқүлов «гургуулдың» қыргауыл екенін лезде тапқанына қуанғандай жайрандап қалды. — Тамаша!— деп Түмен-Ж ырғал да сүйсінді.— Чоно кездеседі. Чоно. Түсінбедіңіз бе — волк. — А, шона ма? Қасқыр екен гой. Бізде Ш она деген кісі аттары кездеседі. А, қасқыр болды гой. Енді былай келісейік, Түмен-Жыргал. Біз сөйлескенде орысшадан кейін монгол- шасын да айтып отырыңыз. Көп сөздердің қазақш ага да ұқсастыгы бар екен. Бәлкім, монғолша тезірек үйреніп кетуіме де болатын шығар,— деп Рысқұлов өтініш білдірді. Т үмен-Ж ы рғал: — О, монғолша үйренгіңіз келсе, мен мүгалім болуға дайын,— деп сүйсінген пейіл танытты.— Мысалы, менің атым — Түмен-Ж ыргал — М ың-Бақыт деген мағына береді. — Міне, қызық,—деп Рысқұлов тағы бір жаңалы қ ашты:— Түмен — бізде мыңнан да көп, сірә, он мың болар, ал жырғал... жырғалу... И ә, бұл — бақытты болу. Бірақ бізде көп қолданыла бермейді. Ескі түрік сөзі. — Түркі — монгол, сірә, ұялас тіл. —Дүрыс айтасыз. Бізге ислам, сіздерге будда діні енгенге дейін, монғолдар мен түркілер тілі, сірә, тым ұқсас болган шыгар. Демек, мен шындап шұғылдансам, монголша үйреніп кетуім гажап емес. Айталық, араттың аулына бара қалдық. Қашанғы тілмаш арқылы түсінісесің. — Өте дүрыс айтасыз, жолдас Рысқүлов, енді мені тіл сабагының мүгалімі деп есептеңіз. Ал аң аулау шаруасына келсек, кейінірек бір келіп қайтуга болады. Аң аулауға қалай едіңіз, жолдас Рысқүлов?
— К әнігі аңшы да емеспін. Бірақ сейілге шыққанды ұнатамын. Әкем айтулы аңшы еді. Құралайды көзінен атқан мерген болған. Ойда жоқта, әңгіме желісімен мизам сағыныш жалгасып, кеудесі тағы шым ете қалды. Рысқұл әкесі туралы елде аңыз болып тараған әңгіме есіне түсті. Сонау Талас Алатауында қалған Ақсу — Жабагылыда, әкесі жігіт шағында, жылқы бағып жүргенде, бір күні жылан арбаған бозторғайды көріп қалады. Бозторғай байғүс шырылдап, аспаннан төмен қарай магнит тартқандай ылдилай береді. Ж ерде басы қақшиып, қара найзағайдай тілі сумаңдап, қара шүбар жылан ысқырып түр екен. Бозторғайды әуеден тартып алардай не сиқыры бар? Арбаудың сыры неде? Осылай ойлап тұра берсе, бозторгай енді топ етіп, жыланның аузына түсетін болған соң, мылтығын алып, жыланның қақшиған басын коздеп, басып қалады. Өтірік болса, обалы жүртқа. Ж үрт айтады: оқ жыланның екі көзінің ортасынан тиіпті деседі, Әне, әкесі Рысқұл сондай мерген екен... Мынау марғау монгол даласында да қалмай қойган қайран елес. Қара жол бүраландап басып, тағы бір өзеннің жағасына шықты. — Толы дейтін өзен,— деді Түмен-Ж ырғал.— Бағана корген Селеңгіге барып қүяды. Ал Селеңгі Байқалга барып қүяды... Біз бара жатқан Үрга осы Толының бойында. Қара жол Толы бойымен ирелендеп созылып жатыр. Ж ан-ж ақ мидай дала, анда-санда бірлі-жарым шоқы таулар алыстан қарауытады. Тарихты шулатқан монгол даласы дейтіндей емес, манаурап сүлық түсіп жатқан марқау дүние. Осы дүниеге Рыскүлов келе жатыр. Коминтерн сеніп жіберді. Артта туган ел қалды. Дауылдата дүркіреп өткен жалынды жылдар қалды. Сол ауылдан таймай өткен Рысқұлов, енді мына Монғолстанда жаңа дүние, жаңа заман бастауға қол ұшын бермек. Азияның қақ ортасында мешеулеп жатқан жалпақ елді жаңа жолға салу, оңай емес. Коминтерн көсемдері бұл аса ауыр істі Рысқүловқа тапсырды. Дүние жүзі Коммунистік Интернационалының Атқару Комитеті Рысқүловты тагы да бір орасан қиын сынға салды. Ауыр міндетті абыроймен орындай алса жақсы...
Монғолстан кертрапалардан кенде емес. Сухэ-Батор сияқты адал перзенттері бар. Сол Сухэнің1 өзі таяуда кенеттен қайтыс болып кетті, есіл ер. Оның ісін жалғас- тырушылар бар, әрине. Бірақ жау да осал емес. Кеше ғана Рысқұлов Бурят-монғол жерін кесіп өтті. Совет құрамында бола тұра, сол Бурят-монғолдың өзінде де советке қарсы қауіпті күш бас көтереді. Рысқүлов Бурят-монғол ұлтшыл- демократтарының көсемі Ринчиноның бір жиналыста сөйлеген сөзін оқығаны бар. «Біз, буряттар, тек біздер ғана бүкіл россияда жалпы дауыспен сайланған органдарды сақтап қалдық. Өз ортамызда тек біздер ғана анархия мен болыпевиктердің аласапыранына жол бермедік. Енді біз жапондар мен Семеновқа арқа сүйеуіміз керек». Бурят үлтшылдарының көсемінің сиқы солай. Бурят- тағы совет өкіметін болдырмас үшін, жапондарға жалпақтап, қанқұйлы ақ атаман Семеновқа сүйенбек. Өзі солай болды да. Бірақ жапондар тас-талқаны шығып, қалдығы өз аралына қашты, ал атаман Семенов барон Унгернмен тізе қосып, осы Монғолстанға өтіп, талай сойқан салғаны бар. 1 Мұның бәрі күні кеше болған сойқан. Монғолстанда революция женді дегенмен, өкімет ісіне әлі де дін басылары, тіпті, тек сүлде түрінде болса да Боғдыхан араласып отыр. Шын мәніндегі халық өкіметін енді қүрып, республика жариялау керек. Республиканың конституциясын қабылдау керек. Бүл арада ауыртпалық аз емес. Сол ауыртпалықты монгол революционерлерімен бірге Рысқұлов көтерісуі керек. Бәлкім, салмақ бүған көбірек түсер де. Ринчинолар Монголстанда әлі тірі, олар Рысқүловтың алдынан шығары сөзсіз. Сыры беймәлім, жасырын жатаберісі көп, айлакер жаудың үрымтал жері қайсы? Олармен алысар қару-жарақ қандай болмақ? Мұның бәрі әлі Рысқұловқа жұмбақ. Ж алғыз қаруы — революция ісіне адалдығы, артта қалған айқас жылдардан жинақталған тәжірибе. Рысқүлов бітірген университет — Түркістан революциясы. Ондай университет бітіруді тағдыр әркім нің-ақ мандайына жазсын. Алаулаған 1 Сух — балта деген сөз. Сонда Сухэ-Батор Балта-Батыр болып шығады,— Ш .М .*
Түркістанның от пен суынан таймай өткен Рысқұлов жас жағынан отызға енді таяса да, күрескер ретінде тарлан тартқан. *** Келесі күні Рысқұлов бір қырқадан аса бергенде, ілге- ріден қаптаған қалың киіз үйлерді көріп, не үлкен той, не үлкен ас беріп жатыр екен деп қалды. Бала кезінде қырғыздардан талай естіген «Манас» жырындағы көріністер қазір шындыққа айналып, елес беріп түрғандай көрінеді. Көкетайдың асына жиналған қарақұрым ел. Өзен жағалай тігілген сансыз үйлер. Айнала жайылған қалың мал. Ары-бері ызғыта шапқылаған жігіттер. Аласа аттар көсіле шапқанда, жермен-жексен болып, жер бауыр- лап, барысша атылады екен. Ж ал-кұйрығы күзелген, жатаған кос монгол торы же- гілген, жез қоңыраулы күйме тағы бір сары белден асқанда, алдан тағы да қатпар-қатпар қыртыс мандайлы дала көрінді. Алдан коз тоқтатар бұлдыр таппаған Рысқұлов күйменің ашық терезесінен басын шығарып, артта қалған батысқа қарап еді; батыс жақтың желең бұлты қаз таңдайлана қызғылтым, сарғыш, көгілжім, күлгін тартып, Маргеланның атласындай құлпырып тұр екен. Тағы бір күн батып бара жатты. Алда — М онголия астанасы, артта — бай Сібір, байтақ ел, туган ел, өзін алые жолга аттандырган Москва. Түркістан Рысқүловты түлетіп ұшырды десе де, нағыз шындалған жері М осква. Ж ез қоңырау талмай жырлайды, шексіз жыр. Сол жез қоңырауга аттардың тұяқ дүбірі қосылып, түтас бір оркестр ұзақ хикая шерткендей. Күймені қаумалай екі қапталынан екі әскер, соңында екі әскер желе жортып келе жатқан. Согыс тынды десе де, сахараның бұлым-бүлымында бұқ- пантай кезбелер, Унгерн бандысының талқаны шыққан тозығы топтанып, жол торып жүретіні болады. Сақтықта қорлық жоқ, деп Қияқтыдан Рысқұлов күймесіне төрт қарулы солдат ере шыққан. Түмен-Жырғал мәртебелі қонақ ұзақ жолда жалықпасын деп, коп әңгіме-хикая айтты. Мүны Рысқұлов жалықпай тындап, бейтаныс елдің қыр-сырына қана түсіп, бір сөзін де қалт жібермей отыр еді, кенет Түмен-Ж ырғал:
— Мен сөйлей бердім, мылжың екен деп қалмаңыз, жолдас Рысқұлов, жол қысқарсын дегенім ғой, — деді— Әдепсіз болып, сізге сөз кезегін бермей қойдым ба? Айтыңызшы, жолдас Рысқұлов, сіз Ленинді, әрине, көрген шығарсыз? Е, бәсе, көрдіңіз ғой. Қандай бақыттысыз? Бізден Ленинге тұңғыш барған Сухэ-Батор еді ғой. Күні кеше ғана еді, енді екеуі де жоқ... Не деген ш ексіз өкініш! Сондай ерлердің омірі неге қысқа болады екен? Өзгеге де, өзіне де қайырымы кем кейбіреулер үзақ жасайды. Ал әлемнің, әр елдің шамшырағындай Ленин, Сухэ-Баторлар аз жасайды, бүл қалай? — Олар коп жасайды, Түмен-Ж ыргал,— деп Рысқүлов алыстағы адырлардың ар жағына көз тікті. *** — Міне, бүйырса, Үрғаға да келіп жеттік,— деді Түмен- Жырғал.— Біздің астанамыз осы,— жолдас Рысқұлов.— Мұндай астананы дүние жүзін жүз айналсаңыз да таппайсыз. Түмен-Жырғал осыны айтып, мырс еткенде, Рысқүлов оның төрт бүрыштау кесек жүзіне қарап: «мақтанғаны ма, қорсынғаны ма?» деді. Дегенмен, не жалпақтауы жоқ, не тәкаббарлығы жоқ, тура жігіт екенін біледі. Ж ерге тарбиыңқырап бітетін жаңғақ ағаштарындай жатаған үйлер көш е-көше, орам-орам болып тігіледі екен. Әріректен тас үйлер де көрінеді. Көбісі жалғыз, ара-түра екі қабат ғимараттар да бар. Қала орталығы Алматыдагы Сауда көшесін еске салғандай. Киіз үйлі көшелерде маңқиып түйелер көрінеді. Кермеде ерттеулі аласа аттар байлаулы түр. Рысқүловтың бір назар салганы: аттардың көбі жалдары қырқылған. Рысқүлов білетін жылқылы ауылда тайды гана күзеуші еді. Мүнда көбі күзеулі. Кәдімгі қы лш ық жүнді қызыл қой, борте лақты ешкі коп екен. Қоңыраулатқан, жан-жағын қарулы солдаттар қоршаған күймені қызықтап, әрі бір тосын жаңалық күткендей, қаланың кәрі-ж асы киіз үйлі көшелерге атыла шығып, күймеге қақ жарыла жол ашып, әлдене деп дабырласып қалып жатыр. Адамдар көбінесе сара ала киінеді екен. Енді бірде қара күйме құйғытып, оюлы қалпақ киген ғажайып ғимараттар тұсынан өтіп бара жатты. Ж ол-жөнекей көргеннің бәрін ыждағатпен түсіндіріп отырған Түмен- Жырғал:
— Мін, бұл Будда-құдай храмдары,— деді.— Монғолдар бұрын шаман нанымда болғанмен, кейінірек Будданның ламаизм тармағына құлшылық етті ғой. Әлі аралап көресіз, жолдас Рысқүлов,— деп қойды. Үкімет үйі бүкіл қаладағы үш қабат жалғыз үй екен. Қара күйме соның алдына келіп тоқтағанда, қақпа алдында салтанат қүрып, тізіліп тұрған кісілер көрінді. Рысқүлов қолын бірінші алған мол денелі, жалпақ бет, қарасүр кісі: — Хош келдіңіз, Рысқұлов жолдас! Келген қадамыңызға гүл бітсін!— деді. Бүл премьер-министр Ц ерен-Д орж еді. Арқар мүйіз, айшықты бөрік киген үш қыз Рысқүловқа күміс тостағанға қүйып, иіліп тұрып, қымыз ұсынды. — Ең құрметті қонаққа жол жора,— деді шошақ бөрік киген жап-жас жігіт. Бүл осы кездегі сыртқы істер және соғыс министрі Чойболсан еді. *** Рысқүлов түскен үй жан-жағы дуалмен қоршаулы, шап-шагын, сүйкімді жай екен. Кіре бергеннен иә адыраспан, иә арша иісі екені белгісіз, бір хош иіс мүрынға үрды. Енді осы елде, өтер жыл бойына, Рысқүловты қайда барса да осы хош иіс қарсы алар. Бүл М онғолстанға сонау Ү ндістаннан Тибет арқылы сіңген ғұрып еді. Арша ұнтағынан жасалған қоңыр шырпыны бұлар «хуж» деп атайды. Оны түтатқан үйге бәле-жала, ібіліс-ылас жоламас. Наным солай. Ал шындығында, хуж тұтатқан үйден қолаңсы иісі білінбес, күйе, түрлі құрт-қүмырысқа, бақа- шаян мұндай жерден аулақ жүреді. Рысқұлов тазалықтың бұл түріне сүйсініп қалды. Баяғы, жарықтық, Ахат атасын еске алды. Балалар тымауратқанда адыраспан тұтатып, үйдің ішін түтіндетуші еді. Сойтсе, адыраспан, арша сынды қасиетті өсімдіктердің зиянды микробтарды жоятын құдіреті болады екен гой. Бүл үйге Рысқүлов пен оның көмекшісі Хангелдинді Түмен-Ж ырғал өзі әкеліп жайғастырды да, бір қартандау монгол әйелін шақыртып: — Бұл кісі Эрдэнэ, ягни Ақық,— деді — Сухэ-Батордың көмекшісі болган Аюштың жесірі. Сізбен көрші түрады. Енді осы Эрдэнэ сіздердің қызметшіңіз. Тамақ дайындауга бұл кісіден шебер әйел жоқ. Қызметіне тәнті боларсыздар деп сенемін.
Кезінде келісті, көркем әйел болған Эрдэнэ сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпес дегендей, келбетті екен. Аққұба шырайлы, қыр мұрын, текті тұқым, артық ауыз сөзі жоқ, әдептен озбайтын, инабатты жан болып шықты. Тек жасы озыңқырап, оның үстіне революция дауылында күйеуінен айырылып, бетін қайғының қат-қат әжімі торлапты. Рысқүлов пен Хангелдинді балаларындай күтіп бақты. Хангелдин қалжыңбастау, аш ы қ-ж арқы н жігіт еді. Қуақылығына басып: —Эрдэнэ, біздің қазақтар ағасының әйелін жеңеше дейді. Мен де сізді жеңеше деп жүрейін,— деп әзілге шақырып еді, Эрдэнэ оған күлімсіреп қарады да, бурыл тартқан самай шашын ысырып тұрып: — Ш ырағым, менің үлкен ұлым тірі жүрсе, дәл сендей болар еді, қайтейін, әкесімен бірге соғыста өлді. Сен менің қайным емес, үлым боларсың. Түрар мырза да менің балам,— деді. *** Көп ұзамай Үрғада бір үлкен оқиға болды. Соңғы Боғды хан кенеттен дүние салады. Қанша дегенмен бүкіл мем- лекеттің сүлде ханы болып түрған соң, Боғды ханды жаңа үкімет ақырғы сапарға қүрметпен аттандырмақ болады да, Боғды ханды жерлеу рәсіміне Рысқүловты да шақырады. Бүкіл Монғолстандағы жалғыз сары автомобильді тірісінде марқүм Боғды хан мінеді екен. Соны үкімет басшылары енді Рысқүловқа жібереді. Боғды ханның машинасы Рысқү- ловтың үйінің алдына келіп тоқтағанын көріп, бүкіл көрші-қолаң, түтас орам үйлерінен жүгіріп-жүгіріп далаға шығады. Бұрындары бұл машинаның жанына жолай алмай- тын діндарлар бір-бір басып, тайғанақтап келіп, сары темірді о жер, бү жерінен тәуеп етіп, сүйе бастайды. Рысқүлов көмекші комиссарымен қақпадан шыға келгенде, әлгі қауым қалт тұрып, одан соң бүк түсіп, тағзым етеді. Кейбіреулері енді Боғды хан осы екен деп қалғандай. Рысқүлов бұл қылыққа риза болмай: — Бүл не?— дейді комиссарға.— Тұрғыз орындарынан. Комиссар Хангелдин, жалынғандай болып, бәрін түргызып, үйді-үйіне таратады. Бірақ бір бүлдіршіндей жап-жас қыз машинаны айналшақтап кетпей қояды. Соны байқап қалған Рысқүлов: 431 ' ‘Й З Й 8 8 8 Й 8 Й ! ?
— М інгің келсе, отыр,— дейді. Қыз бала жасқанш ақтап барып, машинаға міне бергенде, шырқырап бір дауыс шығады. Сөйтсе, Рысқұловтың күтушісі Эрдэнэ әлгі қызға түра жүгіріп: — Ойун! Түс қазір Боғды ханның әруағы үрады, түс!—деп жанталасады. Қыз шешесінен қорқып, түсе бергенде Рысқұлов: — Сенің атын Ойун екен ғой, отыра бер,— дейді. Эрдэнэге қарап: — Қорықпаңыз, қызыңыз аман-есен оралады,— дейді де, Ойунды қасына отырғызып алып, Боғды ханды жерлеу рәсіміне тартып отырады. Әне, сонда Рысқүлов будда храмын тұңғыш рет көреді. Храм Үрғаны, солтүстігін ала дөндеу түрған үлкен ғимарат екен. Әуелі қақпа алдында аузынан от шашқан айдаһарлар түрады. Бұған таңырқаған Рысқүловты Ойун жеңінен тартып: — Қорықпаңыз. Бүл қағаз айдаһар,— дейді. Қақпадан ары өтерде, басынан аяғына дейін сап-сары киінген монах, Рысқүловтың алдын бөгеп, хүж тұтады. Рысқүлов хош иіс түтін арасынан ары өткенде, үлкен зал толы кілең сары киінген, кілең тақыр бас адамдарды көреді. Ойун оның қолынан қысып үстап алады. Кілең сарылар тізерлеп отырып алған, алдарында жайнамаздай кітаптар жаюлы. Бәрі қырылдаған, шырылдаған, қырат дауыспен дұға оқып отырады. Ойун сонда Рысқұловтың алақанына қалтасынан бір уыс арпа алып салады. Сыбырлап: — Ш ашыңыз,— дейді. Рысқүлов бұл рәсімді түсініңкіремей тұрғанда қара- көлеңкеден дауыс шығады. Қараса, премьер-министр Церен-Дорж, оның орынбасарлары Чойболсан, Түмен- Жырғал, Дамба-Дорж тагы басқалар түр екен. Церен-Дорж күлімсіреп бас изейді. Сонда барып Рысқүлов әлгі бір уыс арпаны шашып кеп жібереді. Тақыр бас сарылар сонда бүған бүрылып, қос алақан біріктіріп, мандайларын басып, тағзым етеді. Сонда тагы да Ойун Рысқұловтың қолына бір қорап ши-шақпақ бере қояды. — Анау шамдал түбіне қалдырыңыз,— деп сыбырлайды. Рысқұлов оның айтқанын істейді. Монахтар тагы да тағзым етеді. Рысқұловтың қызметшісі Эрдэнэ қызы Ойун он алтыдан он жетіге шыгып бара ж атқан балаң қыз еді.
— Ойун деген атың әдемі екен? Оның мағынасы қалай — деп сұрады қайтар жолда Рысқұлов: — Атым затыма сай болмауы мүмкін. Ойун — ақыл деген сөз. — О, неге сай емес? Әбден лайықты ат. Мен сені бүрын көрші тұрып көрмедім гой. Оқисың ба? — Ал мен сізді күнде көрем. Біздің үйлерімізді бөліп түратын дуалдың тесігінен сіз жүмысқа бара жатқанда, сығалап түрамын. Үят-ай,— деп қыз бетін алақанымен басты.— Шешем көрсе, сояды ғой. Оқу дейсіз бе? Осындағы орыс мектебін бітіретін шығармын биыл. Біздің үй бүрын Қияқтыда болатын. Әкем сондағы орыс мектебіне берген. Содан Сухэ-Батор әкемді Үрғага алдырды. Енді екеуі де жоқ,— деп қыз мүңайып, аялы, қап-қара козі жасаурады. Әдемі қыр мұрнының үшы тершіді. Содан соң: «Кешіріңіз», дегендей, Рысқүловқа жәудірей қарап, жымиғанда екі бетіне әп-әдемі ойық үялады. — О, сен орысша оқысаң, тамаша гой. Гимназия бітірген соң не істейсің? — Білмеймін, бізде жоғары оқу ж оқ қой. — Москваға барасың ба? Оқуға. Қыздың ақ қүбаша жүзі лап етіп, қызгылтым тартты. Зайсан тауынан әрі асып батып бара жатқан күннің соңғы сәулесі, оның осы қызғылтым дидарын ерекше бір нұрға малып, толқындандырып жіберді. — Қайдан болсын, аға! Мені М оскваға кім жібереді? Шешем жалғызілік. Жұмыс істеп комектесу керек қой. — Шешеңмен сойлесіп, ақылдасамыз,— деді Рысқұлов.— Тек, озіңнің талабың, ықыласың болса, болды. Бүкіл Монғолстандағы жалгыз сары автомобиль киіз үйлі кешелермен жүріп отіп, Рысқұловтың резиденциясына жақындады. Боғды ханның машинасын коруге қүмартқан жұрт үй-үйден жүгіре шыгып, шыжандай қаптап, қарап калган. Ойун ыңгайсызданып, бүрісе түсті. — Басынды котеріп отыр,—деді Рысқұлов. Қақпа алдында Эрдэнэ күтіп тұр екен. — Қызым-ау, зәремді алдың гой, багана озің кеткеннен бері жолыңа қарай-қарай зарықтым,—деп шешесі Ойунга не ұрсарын білмей, не үнсіз кала алмай наласын айтты. — Ойунның менімен бірге барғаны жақсы болды,— деді Рысқүлов,— Ол болмаса, мен будданың ырым-жырымын
білмей, ұятқа қалғандай екенмін. Ойун менің кеңесшім болды. — Ол әлі бала ғой, Боғды ханның көлігін мінген сізге жарасады. Ал Ойунды діндарлар, іші тарлар қарғай ма деп қорқамын. М енің бетіне қарап отырған жалғызым — осы қызым. Осы үшін ғана қарайып өмір сүріп жүрмін. Әйтпесе, ерімнің артында қалармын ба, мен бейбақ? Біз қорлықты, жоқшылықты көп көрген жандармыз, Түрар мырза. Ж аңа заман орнап, аузымыз асқа енді тигенде, мандайымыз тасқа тиіп, бас иемізден айрылдық. Ж аулар қапыда атып кетті. Араға апта салмай, кенеттен Сухэ-Батор қайтыс болды. Сухэ болғанда біз жетімсіремес едік. Қазіргі басшылар да бізге жаман қарамайды. Бірақ Сухэдей қайдан болсын? Ш іркін, жайсаң жігіт еді ғой. Сіз оны көрген жоқсыз, ә? Москвада көрм едіңіз бе? Ол Ленинге барды ғой. Әй, бозым ж ігіт еді. М андайымызға симай кетті. Біз жерлес едік қой. Еліміз Сібірге, буряттарға жақын. Біз орман моңғолдарымыз. К әсібім із — аңш ы лық еді. Небір аң терілерін бізден қытай көпестері судай тегін алатын. Әй, қаныпезер жауыз көпестер арқамызды биттей тесті ғой. Заман енді оңалса екен, әйтеуір. Түрар мырза, сізден өтінемін, мына қызды әлгіндей қасыңызға ертіп, еркелете бермеңіз. Ес ж оқ қой мүнда. Әрі десе, тіл-көзден, қаңқу сөзден қорқамын. — Қорықпаңыз, Эрдэнэ. Ойун ақылды қыз. Атын да тауып қойғансыз. Оның болашағы, бүйырса, тамаша болмақ. Оны біз сізбен әлі ақылдасамыз. Ойун оқуы керек. Ал жаңа үкімет сізді қамқорсыз қалдырмайды. Нағыз жаңа өкімет енді орнайды. *** Ж ан-ж ақ жатаған қызғылтым таулар. «Біздің Алатаудан мүлде бөлек,— деді ішінен Рысқүлов,— кейбір сілемдері, бәлкім, Қаратаудан елес береді». Ш ынында да Түлкібастың терістігі Қүлан, Боралдай таулары осындай жалаңаш келер еді. Бірақ ол сырт көзге ғана болатын. Түрар көрген Қаратаудың небір шатқал, қой- наулары толы тоғай: долана, үшқат, жабайы жүзім, жабайы шие, тағы басқа тал-дараққа тұнып түрар еді. Ал мына моңғол таулары қып-қызыл тас. Бірақ арқар өріп жүреді дейді. Түмен-Ж ырғал өткен жолғы уәдесінде түрып, Рысқұловты арқар аулауға алып шыққан. Қастарында Хасар, Дамба дейтін
екі әйгілі аңшылары бар. Бұлар Орхон жағасына дейін Боғды ханның сары машинасымен жетті де, өзен бойында отырған бір араттың үйіне машинаны қалдырып, өздері бір-бір ат ерттеп мінді. Түмен-Жырғал бұдан бұрын қалың-қалың жүмыстың арасында, екі-үш күн тыныс тапқызып, Рысқұловты біраз аймақтармен таныстырып қайтты. Соның бірі Гоби шөлі еді. Атақты Гобидің ұлы да өлі кейпін Рысқүлов сонда көрді. Жабайы түйені де, әйгілі құландарды да сол сапарда жолықтырды. — Құландар азайып кетті,— деді Түмен-Ж ырғал мүңайып.— Әсіресе, пайдакүнем аңшылар ақыр-тақыр етер болды. Әсіресе, қүландардың махаббат маусымы — олардың соры. Әккі аңшылар құландардың үйірге түскен кезін аңдиды. Айғырын сол сәтте жайратып, қасасын ғана кесіп алып, қытай алпауыттарына алтынға сатады. Оны же ген адам қартаймайтын көрінеді. — Не деген сұмдық,— деді Рысқұлов түнеріп.— Не деген қатал жүректер. Қорғау керек қой. — Республика қүрылган соң, заң қабылданар. — Иә, иә,— деді Рысқұлов әлдеқайда алдағы бір істерді ойлап. Әрі десе, өз еліндегі «Ақсақ құлан» аңызы есіне түсті. «Ақсақ құлан» күйін Ахат атасы тартатын. Сонда Рысқүлов Москвадан шыққанына екі-үш ай өткенін, ел-жұртты сағынганын сезді. М осквадан шыққалы екі-үш -ақ ай болса, туган елден — Қазақстаннан кеткелі қай заман! Жүрегі сыздап, домбыра үнін үздіге-үздіге аңсаганын аңғарды. Гоби сапары оны осылай тебіренткен. Енді, міне, «Арқарлы қызыл» тауга келе жатыр, арқар аулаймыз дейді. Аң аулауға зауқы жоқ. Рысқұлов аң аулап жарытпас. Рас, әкесі Рысқүл, Ахат-атаның айтуы бойынша, бір жолы бозторгайды арбап, қақш иып түрган жыланды дәл көзінен атып түсіріпті. Әне, Рысқүл сондай болган. Ал Рысқүлов аң аулаудан гөрі, жер көріп, ел аралағанды ұнатады. Араттардың арасында да байы бар, кедейі бар. Бай тобы жаңа өкіметті жақтырмайды, кембагал жагы жаңа заманнан үміткер, Рысқүлов монголдардың ұлттық мінезін, әдет- гұрпын, салт-санасын кобірек білгенді қалайды. Ж аңа үкімет өткеннен, қадимнен қалыптасқан түрмыс гұрпын, өмір заңын тып-типыл қирата келмеуі керек. Кешегі Түркістанда совет өкіметінің алгашқы жылдары әсіреқызыл солақайлардың, максималистердің асыра сілтеуімен үлттық
намысқа тиетін талай сорақы да зорақы қылықтар болды. Әсіреқызыл солақайлар дінді, ескі әдет-ғүрыпты бір күнде жойып, жаңа дәстүрді бір күнде орнатамыз деп халықтың наразылығын тудырды. Көшеде кетіп бара жатқан әйелдердің бетінен пәрәнжасын жүлып тастап, мешіттерді бүзып, жүма намазға барғандарды қудалады. Сөйтсе, соның бәрі дөрекі, түрпайы тәртіп екен. Кейінірек пәрәнж ә өзінен өзі қалды, жүма намазға пәруана шын діндарлар болмаса, көпшілік бара бермейді. Бәрі де шыдамға, пәрменді тәлім-тәрбиеге, пара- сатты насихатқа байланысты. Зорақы тәртіппен іс бітпейді. Сонда максималистердің бүл сорақылығына ашына қарсы ш ыққан Рысқұлов еді. Ж олдарында Рысқұлов сияқты пәрменді күш пайда болғанына шыдай алмай, максималистер де оны қүртып жіберуге аянбай әрекет жасап бақты. Неше түрлі жалған айып, ғайбат атақ тақты. «Рысқүловщина» дегенді ойлап шығарды. Рысқүлов өз басының ешқандай қатысы ж оқ «рысқүловщинаны» пайдаланып, кейбір жата- беріс тастағыш, теріс пиғылдар Рысқұловты жаман атты етуге тырысты. И ә, бәрі енді артта қалған сойқан соғыстар... Міне, мына Монғолстан ертең өзінің үлы құрылтайында Конституция қабылдайды. Оның негізін, қабылдайды. Оның негізін, жобасын жасасып жатқан осы Рысқұлов. Демек, Рысқұлов Монғолстанға көктен топ ете түсіп, Монғолстанды білмей, түсінбей жатып, оның Конситуциясын жаза бастаған, абайлап айтқанда, әдепсіздік болар еді. Осыдан тура торт жыл бүрын Голощекин Түркістанға келе салып, түземдер палауды қолмен жейді екен, бүл жабайылық, қолмен палау жеуге тыйым салынсын деп шатақ шығарған. Соның кебін кимес үшін, Рысқүлов әр күн, әр сағатты бос жібермей, мына елді аралай беруі керек, біле беруі керек, тани беруі керек. М онғолдың бет-жүзін ғана көріп тоқсынбай, жанын үғып, көкірегінде не жатқанын білмейінше, моңғол тағдырын шешуге қандай қақың бар?! Араттың ауылы алыста қалды. Торт салт атты Орхон өзенін бойлап, «Арқарлы қызылға» қарай беттеген. Рысқүлов артына бұрылып қарап, боз даладан боз үйлерді әрең ажыратты. Сол боз үйлердің дәл ортасына жалғыз сары гүл өскендей екен. Ол Боғды ханның сары автомобилі болатын. Күз де таяп қалғандай, әбден қураған ақ селеу жел тербеп сылаң қағады. Әуеде әлі бозторғай шырылдайды. Орхон бойы ғана боз даланың көгілдір күре тамырындай ирелеңдеп, солтүстікке карай созылып жатыр. Бүл өзен де Селеңгіге 436
барып қүяды. Селеңгі Байқалға барады... Байқалдың арғы бетіндегі жартаста жалғыз қарағай. М әңгі жасайтын, мәңгі жасыл нар қарағай. Оны Рысқүлов өзінің әкесіне ұқсатты... Қайда барса да әкесі мүның ізімен ілеседі де отырады. Тынжылы жүрек жалғыз балам әлденеге үрынып қалар деп корка ма екен, әйтеуір артынан андиды да жүреді. Түркістан мен Қазақстанды былай қойғанда, Москва барды — әкесі көз алдынан кетпей қойды. Сталин Рысқүловты өзінің орын- басары ретінде Әзербайжанға өкіл етіп жіберді — әкесі соңынан ере жүрді. Тіпті Европада да еріп жүрді-ау. Иә, Ленинің тапсырмасымен Сыртқы істер комиссары Чичерин мен екеуі совет делегациясын басқарып, Генуя конферен- циясына қатысты ғой. Ой, ол бір қиын сапар еді. Антанта алпауыттары, қақсал капиталистер Совет үкіметінен баяғы патшаның белшесінен батқан қарыздарын талап етіп, байбалам салған ж оқ па?! Сонда Чичерин мен бірге Рысқүлов та қақсал капиталистермен арпалысты-ау. Ақыры бүлар жеңіп шыққан. Патшаның қарызынан кәрі қақсал капита листер көк тиын да қайтара алған жоқ... Сонда Генуяда Рысқүл Қызыл Ж ебеге мініп, жалғыз жәдігеріне жігер беріп, түсіне кіріп жүрді ғой. Иә, Рысқүл болмаса Рысқұлов қайдан шығады?.. Рысқүлов моңғол психологиясын түсіну үшін дінін де зерттеді. Будданың әр діндарға қояр бір сүрағы бар екен: «Сен әлі тумай түрғанда кімге үқсас едің?» Өзің әлі жарық дүниеге келмесең, кімге ұқсас боларсың? Қиын сұрақ. Қиын ғана емес-ау, қиямет сұрақ! Әкеме ұқсас едім дерсің. Бірақ әкең әлі сені жарық дүниеге сызған ж оқ қой... Ол сені тудырмауы да мүмкін еді ғой. Будда басты осылай қатырар. Ал ойла! Рысқүловтың да жалғыз ұл баласы өсіп келеді. Ж әдігер тірі болсын, биыл төртке толды. М осквада қалды. Осыдан бір ай бүрын Рысқүлов оны туған күнімен қүттықтап телеграмма жіберді. Әсіресе, жүрегі сыздап сағынғаны — сол Ескендірі. Ал Ескендір Рысқұловтан аумайды. Ш ешесі алтын шаш, ақ сарының әдемісі еді, содан туған Ескендір қалың бүйра, қара шашты, қара торы болып шыға келді. Ал көрген жұрт Рысқұловтың өзін каторжан әкесіне тартқан деседі. Сонда Рысқүлдың өзі ше? Өзі кімге тартқан? Әрине, әкесіне, иә бабасына. Бабасы ше?... Рысқүлов Ахат атасының айтуы бойынша, он бес атасына дейін, сонау Дулат бабасына дейін білер еді де, Бәйдібек 437
бабасы мен Домалақ анасынан әрі қарай Ахаттың өзі де шатаса беретін. Одан арғы он бес ата, жиырмасыншы, отыз, қырқыншы ата, елуінші ата кім болған? Ал біліп көр! «Сен әлі тумай тұрғанда кімге ұқсас едің?» деп Будда тегін сұрамайды ғой. Кенет кәрі домбыраның шегі дың еткендей болды. Рысқұлов әлгі ойлардан оянып, жанындағы жолдастарына қарады. Олар аттарының тізгінін тартып, алдағы бір төбеге қадала қалған екен. «Іздеген арқарлары табылды ма?» деп қалды Рысқұлов. — М ына төбенің тарихын білерсіз, мүмкін, оқыған да шығарсыз, жолдас Рысқүлов,— деді Түмен-Жырғал қамшы- ның сабымен төбені нүсқап. Бұл— атақты Қүл-Тегіннің ескерткіші. Тасы қүлап жатқан болу керек. Жүріңіз, жақындайық. — Онда, аттан түсейік,—деді Рысқүлов. Аттарын аңшы жігіттерге ұстатып, екеуі едәуір қашыққа жаяу адымдады. Үлкен кісілердің бүл аялына аңшылар іштей риза емес. Күн үзартпай «Арқарлы қызылға» жету керек еді, м ы н ал ар ... И ә, Рысқүлов Қүл-Тегінді біледі, оқыған. Өзі де тарихтан еңбек жазып жүрген жайы бар. Осы биыл «Қырғызстан» атты кітапшасын баспаға тапсырды. Енді «Қазақстан» атты кітап жазып жүр. Қырғызстан мен Қазақстан туралы жазып жүрген адам тарихты зерттемей жүре ме екен? Бүл екі елдің соноу-соноу өткенін білмей жатып та кісі қолына қалам ала ма екен? Айтпақшы, қырғыздардың ежелгі бір отаны осы арадан қаш ы қ та емес қой, Ене-Сайдың басын ала жатқан ел еді ғой бір кезде... Бір кезде. Ал Қүл-Тегін өмір сүрген кезді ғалымдар сегізінші ғасырға жатқызып жүр. Бесінші ғасыр шамасында қүрылған Түрік қағанатының жұрнағы сегізінші ғасырда мүхиттың тасып-тасып қайтқан шағы да. Қүл-Тегін сол кездің көсемі да. Төбешіктің үсті қираған тастар қиқымы. Кәдімгі көк тас. Көк жусан, боз жусан, көк тас. Боз жусан басы ызындайды: «Кімсіндер? Не керек сендерге? Тағы да тас атуға келдіндер ме? Айдалада, тек аспанға, Тәңірге ғана бой созып түрған тас не жазды сендерге? Атсаңдар арқарларың ана тауда. Тас атып еріккенде не шыгады? Не мүратқа жетесіндер? Мұнда бүдан он екі ғасыр бұрын өмір сүрген батыр жатыр. Ол сендер сияқты арқар атып, қала берді тас атып еріккен емес. Елім деп
еңіреген ер еді. Еділден бері Алтай асып созылған ұлы түрік елінің елдігін ойлап, еңіреген ер еді. Түрік елі ж ан-ж ақтан түрткі көріп, ішінен де іріткі шығып, теңіздей телегей Үлы Отан ыдырай бастаған кезде, осы Құл-Тегін Түрік елінің өткенін айтып, кейінгілерге өсиет қалдырып еді. Ыдырамас үшін, бүлінбес, бөлінбес үшін, ерлер қалай болу керек екенін айтып еді. Бөлінгенді бөрі жейді, бөлінбеңдер, деп еді. Қүл-Тегінің ақ байрағында көк бөрінің басының алтын суреті болатын. Бөрілі байрақ оған сонау көк түріктің түбі Тұман ханнан, оның баласы Мөде ханнан қалған. Не білесіндер сендер? Ш іренесіндер. Түрақты дүние кімде бар? Ш іренген сендер де бір кез ж ермен-жексен боласындар. Сонда бастарыңа біз сияқты боз жусан шығады. Боз жусан мына біз сияқты тілсіз күй тартып, тарих жырын шертіп түрады әлі... Қүл-Тегін жасаған заманда Ш ыңғыс ханның әлі елесі де жоқ болатын. Кейін-кейін, көп жүз жыл кейін, осы сендер тұрған жерде, Ш ыңғыс хан да тұрған. Қанша қүдіретті хан болса да, ол да атынан түсіп, тебе басына, яғни оба басына жаяу шыққан. Ал осыдан екі-үш жыл бұрын, барон Унгерн бүл төбеге атынан түспей шықты. Ат үстінде шіреніп тұрып, әскерлеріне бұйрық берді: «Атындар мына жабайылардың тас қүдайын,— деді. М ае солдаттар жабылып жатып тасты атқылады. Содан бері біз шошынамыз. «Жабайылар» деді әлгі барон Унгерн. Құл-Тегіннің тасына түріктің сына жазуы жазылған кезде, сол Унгерннің елі екі қолда қанша саусак бар екенін әлі санай да білмейтін. Құл-Тегін діңгегі— ежелгі түріктердің тас кітабы. Ежелгілер талай тас кітап қалдырған, бірсыпырасы анау Ене-Сайдың жартастарында әлі сақтаулы. Кім біледі, барон Унгерндер тағы шықса, ол кітаптар да жойылар. Бірақ Унгерндердің моласы да белгісіз қаларын, олардың ескерткіші болып, тек қарғыс таңба қаларын есер- лер біле ме екен?!» Боз жусан осылай ызындайды. Ж усан басымен қоса, ескек жел Рысқүловтың шашын да сипалайды. Аспанда іртік бүлт қалықтап барады. Ақсүр бұлттардың арасынан қарауытып жалғыз қарақүс көрінеді. Қарақүс ұзақ жасайды. Бірақ қанша ұзақ жасағанмен, ол Қүл-Тегіннің құрдасы емес. Құл-Тегіннен бері көп заман өтті. Ол сонда қаншасыншы, ата? Мүмкін, Рысқүловтың отызыншы, әлде қырқыншы атасы шығар. «Сен әлі тумай түрғанда кімге үқсас 439 ' « « з й з а з й г ' Ш'
едің?» Түркі дүниесінің тұлдырын тұтастырмақ болған Құл-Тегін бұдан он екі ғасыр бұрын өтіп кетіпті ғой. — Бұл тасты тез арада қамқорлыққа алмаса болмас. Тарих алдында қылмыскер атанамыз,— деді Рысқүлов төрт қырлы ұзын тастың топырақ тұтқан жазуларын тырнағымен тазалап отырып. Ол көне түркі жазуын оқи алмайды. Ондай білімі жоқ. Бірақ шетелдік ғалымдар, бірер орыс оқымыстылары бүл жазуды көш іріп алып, зерттеп жатыр. Әлі бір тұтас тұжырымға келе алмаса да, Құл-Тегін деген кісінің кейінгілерге не айтқысы келгені нобаймен белгілі болған. Түмен-Ж ырғал айтты: — Сөзсіз қамқорлыққа алынады, жолдас Рысқұлов,— деді. — Егер Европада мұндай баға жетпес тас кітап түрмақ, сы ны қ монш ақ табылса да тәбәрік көріп, қанш а шулар еді? Біз әлі самарқаумыз,— деп Рысқүлов өкініш айтты. Бұлардың төбе басында үзақ тұрып алғанына аңшы жігіттер тыпыршыды. Төменде қаңтарулы қалған төрт ат пысқырынып, шыдамсыздық танытқандай болады. Аңға асығар Рысқүлов жоқ. Төрт қырлы діңгек тастан айналақтап шыға алмайды. Батыс жақ мүнар-мұнар сағымнан ғаламат теңіз толқындарындай тербеледі. Ақ желкенді кемелер қылт-қылт етіп, бір батып, бір қалқып бара жатқандай елестейді. Ол сірә, Алтай сілемдері шығар. Алтайдың арғы беті — қазақ даласы. Солтүстік жақ жасыл дариядай шалқиды. Алыста-алыста Ене-Сай ағып жатыр. Осы жерден, жасыл дарияның ар жағынан мұз шоқылар көрінгендей елестейді. Ж алпы, Рысқүлов Қүл-Тегін төбесінің үстінен дүниенің төрт бұрышын түгел көріп тұрғандай, ғажайып бір хал кешті. Ш ынында да жер ш арының кіндік түсы — осы бір елеусіз төбе сияқты еді. *** 1924 жылы 6 қараш а күні тура сағат 11-де, яғни монғолша атағанда, көгілдір тышқан жылы, көгілдір доңыз айында, ақ қоян күні, жылқы сағатында Моңғол Халық Респуб- ликасының бірінші үлы қүрылтайы ашылды. Оны премьер- министр Церен-Дорж ашты. Президиумға Джа-Дамба, Бадарху, Коминтерннен Тұрар Рысқүлов, Бурятия совнар- комының төрағасы Ербанов, Совет елшісі Васильев, Монгол
халық партия Орталық Комитетінің төрағасы Дамба-Дорж, тағы басқалар сайлаңды. Қүрылтайды қүттықтау үшін Коминтерн Атқару Коми- тетінің атынан сөз Рысқұловқа берілді. Қүрылтай депутат- тары Рысқүлов мінбеге көтерілгенде үзақ қол шапалақтап, содан әрең тынышталғанда, бәрі де аңтарылып, мынау моңғол емес пе өзі, қай тілде сөйлер екен?— деген сұраққа күпті болды. Мінбеде европаша киінген, қою қара шашы толқынданған, алтын жиек көзілдірігі жарқылдаған, бар- мақтай мұрты бар, ажарлы жігіт түр. Адамға лық толы үлкен залды барлап қалған. Ілуде біреу болмаса, европаша киінгендер жоқ, кілең кең қолтық, үзын жең, желбегей жібек шапан, сырма шапан, қара шапан, ала шапан, сары шапан кигендер. Бәрі де белдерін әлденеше қабаттап, қызыл, көк, сары, қара белбеумен буынып алған, бәрінің дерлік аяқтарында түмсығы қайқы былғары етік. М оңғолстанның түкпір-түкпірінен келген халық өкілдері осылар. Бәрінің дерлік бастары тақыр, шаш қойғандары бірен-саран. Тіпті біразының басынан түлым байқалады. Бұл елдің қыры- сырын, дәстүрін білмеген адамға әлдеқалай ерсі көрінуі әбден мүмкін. Ер балага айдар қою дәстүрі қазақтарда да бар. Бала тіл-көзден аман болсын деген ырым-жырым. Мұны Рысқүлов біледі. Ал енді ересек адамның айдарлы, түлымы болуы... Сөйтсе, ол ақсүйек тұқым белгісі екен. Ондайдың біреуі президиумде де отыр. Өзі министр. Аты-жөні Цецен хан, яғни Ш ешен хан, баягы Ш ыңгыс ханның тұқымы деседі. Ескіден келе жатқан әдет. Бір күнде жойыла қоймас. Түркістанда паранжа жамылғандар да бірден тыйыла қоймаған ғой. Президиумның желкесіне Ленин мен Сухэ-Батордың портреттері ілінген. Ж ан-жағалай қызыл байрақтар тізіліп тұр. Залдың ішінен аршаның түтін иісі аңқиды. Адамдардың кескін-келбеті түтастай қараганда бір тектес: кесек бітімді, шықшытты, дөңгелек жүздер, кобісінің кабағы қалың, қастары келік, қой көздері қысыңқылау. Солардың арасынан, залдың орта шенінде отырған екеу, оюлы қара тақия киген, қазақтар екені бірден көзге басылып тұр. Олар Баян-Өлгей және Қобда аймақтарынан келген депутаттар Дәуітбай мен Мырзабай. Екеуі де Рысқүловқа жолығып танысқан болатын. Дәуітбай монголстанда ежел- ден түрып жатқан қазақтар түқымынан екен де, Мырзабай бұл жаққа Қазақстаннан он сегізінші жылы өткен екен. & & & % & & & № % & & 44і
Мырзабай Рысқүловқа келіп жолыққанда, жанында үш-төрт қазағы бар болатын. Әдеттегідей аман-саулықтан кейін, М ырзабай келген шаруасына тікелей кірісіп, адуындай сөйледі, тіпті қорқыта, бопсалай келді. — Ал, бала, атыңа сыртыңнан қанықпыз. Түркістанда Совет өкіметін орнатысқан большевик екеніңді де білеміз. Мына біз өкімет басына болыиевиктердің келгенін қалама- дық та, қасиеті туған жерді тастап, Алтай астық. Боль- шевиктер кетер деп үміттендік, елге қайта оралармыз деген арман таудан да биік еді. Бірақ сендер күн санап күшейіп бара жатқан көрінесіндер. Топан суындай қаптап келесіндер. Енді міне, Құдайдың бір қиырында жатқан Моңғолға да жаңа өкімет орнатпақшы болып жатырсындар. Бұл да сол совет сияқты көрінеді,— деп М ырзабай бір тоқтап, шапанының қалтасынан көлдей көк орамал алып, тершіген жуан мойнын, қызара бөрткен бет-аузын, бурыл мүрт, шоқша сақалын, түп-түгел мұқият сүртіп шығып, ақырында ет-женді қоңқақ мұрнын таңқ-таңқ еткізіп, сіңбіріп алды.— Ал енді ертең ұлы қүрылтай ашылғалы тұр. Біз моңғолдың қазіргі өкіметінен осы қүрылтайда талап етпекшіміз: Баян-аймақ моңғолға тәуелді болмасын. Бөлсін бізді. Сен ғой, шырағым, М әскеуден үлкен өкілеттікпен келген ірі адамсың, біздің осы талабымызды қолда. Сөздің тоқ етері осы. — М ырзеке, сонда қалай? Ж еке мемлекет қүрасыз ба? Оған шамаңыз келе ме? Көрпеңізге қарай көсілмейсіз бе? — Ж еке мемлекет десең де болады. Әйтеуір, біз моңголга бағынбайтын болайық. Үлкен сиырдың арты болганша, кішкентай қораздың басы бол деген. Егер де, мүнда да коммунистер өкімет басына келмегенде, біз жайбарақат жата беретін едік. Рас, коммунистер моңғолды да жайлаган екен, біз бөлінеміз. Ал бөлмейді екен, Қытай асып, Шыгыс Түркістан кетеміз. — Қытайды да коммунистер билемесіне көзіңіз жете ме? Қазір оларда да коммунистер езілген халықты алпауыт- тардан азат ету үшін күресіп жатыр. — И э, солайы — солай. Қайда барсаң, Қорқыттың көрі. Қытайға симасақ, Үндіні асып, діндес, қандас, туыс Түр- кияға барып кіреміз. — Ал Түркияда да коммунистер бар, оны қайтесіз? Мырзабай қажы Рысқүловқа багжия қарады. Майлы қысық көздері ызгар шашады. Ақырында амалы таусылып: — Әйтеуір, сендерден тәуір, шоқынган немелер,— деді.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 742
- 743
- 744
- 745
- 746
- 747
- 748
- 749
- 750
- 751
- 752
- 753
- 754
- 755
- 756
- 757
- 758
- 759
- 760
- 761
- 762
- 763
- 764
- 765
- 766
- 767
- 768
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 750
- 751 - 768
Pages: