Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Published by Іле аудандық Кітапхана, 2022-04-05 11:06:42

Description: sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Search

Read the Text Version

айтады: көсемнің Сібірде әйелі болған дейді, одан баласы қалған дейді. Несі бар?. Онда тұрған сөкеттік жоқ. Сөкеттік болар еді, егер өзіңнің беліңнен шыққан баладан безіп кетсең. Біле тұра, безіп кетсең. Көсем бір жолы, ертеректе, Голощекинді жерден алып, жерге салғанын Рысқүлов біледі. Голощекин де айдауда болған ғой. Сұлу келіншегі Берта да айдауда бірге жүрген. Сүп-сүйкімді ұл баласы да болыпты. Бірақ сұлу Бертаны да, сүйкімді нәрестені де тастап, Голощекин айдаудан кашып кеткен. Берта азып-тозып, акыры жіңішке аурудан олген. Косем соны Голощекиннін бетіне басқан ғой. Адам- гершілігің жок дегені де. Имансызсың дегені де. Бірақ сонда Голощекин косемге: езің ше?— дей алмапты. Әйтпесе, Туруханда көсемнің де баласы қалғанын Голощекин білсе керек-ті. Біле тұра, үндей алмапты. Желге қарсы дәрет сындырып болмайды ғой. Косемнін басынан асыра соз айтпақ кайда? Сөйтіп, көсемнін Туруханға барғысы келеді. Шыны ма? Шын болса, ол киын емес қой. Косем үшін қиын ба? Шыннан барғысы келсе, баяғыда айдауда жүрген жерін коргісі келсе — несі бар, бәрі оз қолында тұрған жоқ па? Айырпланмен барамын десе де, пойызбан барамын десе, тіпті ұлы озенге дейін жетіп алып, кемемен барамын десе де — бәрі дайын емес пе? Тіпті жұмысы басынан асып, қолы тимейтін хәлге жетсе, Турухандағы баланы алдыруға да болады ғой. Рас, онда біраз ши шығуы да мүмкін. Ол бала ендіге үлкен азамат шығар. Көсем озінің жас келіншегіне: — Кымбаттым, танысып кой, мынау менің Сібірде қалған балам еді,—деп тұрса, жас келіншек: — Қайдағы балаң?—деп шошып кетсе қиын ғой. Бірак кесемге о да кешірімді болар еді. Адам баласының басынан не отіп, не кетпейді? Рысқұловтың да баласы бар. Тұнғыш әйелінен. Рысқұлов сол баланы екінші әйелінін бауырына салды. Обалы не, өз анасынан кем емес еді. Тағдыр екен, Рысқүлов екінші әйелімен де жұлдызы жараспай, осы Әзизаға үйленген сон, әлгі жалғыз ұлын бүлдіршіндей жас келіншегіне таныстырып: — Мынау сенің ұлың болады, аты Ескендір,—деді.

Рас, ол кезде Әзиза жиырмаға толар-толмас, ал Ескендір есі кіріп, ер жетіп қалған кезі еді. Әзиза оны кеудесінен итерген жоқ. Рысқұлов пен Әзизаның жас айырмашылығы едәуір. Он-он бес жастай болар. Ал, көсем өз келіншегінен кө-ө-өп үлкен көрінеді... Ертеде, сонау патша заманында, көсем отыздан асқан жігіт ағасы шағында, Петербургтегі Аллилуев деген тілеулес кісінін үйіне революциялық жолмен қарым-қатынаста болған ғой. Аллилуевтар семьясымен бірге Балтық теңізінің жағалауына серуенге барған көрінеді. Сонда Аллилуевтың аяғы жаңа шыққан жортпаш, кішкентай қызы жағада ойнап жүріп, суға кетіп қалыпты. Толқын тартып әкеткен ғой. Жұрт абыр-сабыр сасып, есі кетіп қалганда, Кобо Джугашвили ойланбастан, тенізге қойып кетіп, кішкентай сәбиді судан алып шыққан ғой. Сол нәресте өзінің болашақ жары екенін ол сонда білді дейсің бе? *** Пойыз салып үрып, Есен-Тоқа курортына да жақындап қалды. Бүл Кисловодскіге барар жолдағы соңғы бекет. Қаз бауыр бүлттар будағының арасынан аспанмен тілдескен ақбас шындар анда-санда бір көрінеді. Алып ақ бураның өркешіндей қос өркеш — Эльбрус болатын. Ілуде бір көрінеді. Есен-тоқа бола тұра, пойыз тоқтаған бекет үйінін мандайшасына «Ессентуки» деп жазылыпты. Қай тілде екені белгісіз? Не деген сөз екенін жергілікті қарашайлар да айта алмайды. Немісше ме, немене? Қарт қарашайлар біледі, әрине. Баяғы-баягыда Шынгыс-ханның жорыгы болганын, Шыңгыс-хан Қап тауын да алганын карт қарашайлар біледі. Онын көп ноян колбасшыларының бірі Есен-Тоқа осы өнірді жайлағанын да білуі ықтимал. Бірақ, Есен-Токаны «Ессентуки» етіп жіберу, әлдекімдерге тиімді. Баскын- шылардың ежелгі әдісі. Келер ұрпак ата-баба тарихынан адасып калуы үшін, тарихын, жер-су атын өзгертіп, шатас- тырып, үмыттырып жіберу керек. Бұл амалды отаршы- лардың бәрі жаксы меңгерген. Коңілі ояу, көзі ашыктар болмаса, е-е, Ессентуки екен гой дейді де жүре береді.

Рысқұлов Кисловодскіге бұрын да талай келген. Соның бірінде осы Есен-Тоқаға экскурсия үйымдастырылды. Рысқұлов та қатысып, осы жердін шипалы суынан дәм татқан, арасан су үйшігінің қабырғасындағы жазуға көзі түсіп еді, онда бүл дәру суды ашқан патша солдаттары деп бадырайтып таңбалап қойыпты. Сонда қалай, патша солдат- тары Кавказды жаулап алғанға дейін, мұндағы байырғы халык мүнын шипалы су екенін білмеген бе? Отаршылардың көп абсурдтарының бір парасы осылай болып келеді. Рысқұлов келіншегіне осыны айтты. Әзиза балаша киылып: — Экскурсияға келеміз ә, Тұрар?—деді. — Әрине, келеміз. —Лермонтов жүрген жерлерді корсем деймін. —Бәріне де барамыз: Пятигорскідегі үйіне де, жекпе- жек атысқа шыққан жеріне де — бәріне барамыз,—деп Рысқүлов келіншегін бауырына тартты. Жолсоқты болған Әзиза күйеуінін төсіне басын салып, көзін жұмып, күрсініп қойды. Рысқұлов оның қолаң шашын сипап, жүп-жүмыр, аппақ тамағынан иіскеледі. Сырттан біреу бақыласа, бүл екеуін жаңадан қосылған қыз бен жігіт дерліктей. Күнбе-күнгі қу тіршілікте: таңертең тұра салып, жуынып, киініп, шәй іше салып, жүмысқа жөнеуде, одан кештің бір кезінде от басы — ошағына қайта оралып, тағы да тамақ ішіп, үй-ішінің әжік-күжік әнгімесінен кейін ұйқыға жатып, күндер соңынан күндер, айлар соңынан айлар, жылдар жылжи беріп, жасынды, өмірінді үн-түнсіз жымқыра ұрлап жатқанда, жанындағы жарыңның бар қадір-қасиетін, бар болмысын жете бағалай бермеуің де мүмкін ғой. Ал, мына үш күндік ұзын жолдың бойында, келіншегімен екеуден екеу, бетпе-бет купеде қалғанда, Рысқұлов Әзизаға жаңа ғана косылғандай, оның балғын әсемдігін, оның алақан тызылдатқан колаң шашын, оның кулық-сүмдықсыз жәудір көзін енді ғана, бар жан-тәнімен сезінгендей, құданың қүдіреті, оз әйеліне өзі сұқтана түсті. Оның үстіне кейбір әйел затының екіқабат кезінде ерекше нұрланатын бір шағы болады. Оның жүзінен ішіндегі нәрестенің де пәк дидары коса нұр төккендей, бір тәннен екі жанның иманы қосарлана сәуле шашқандай, аса бір айдарлы ажар пайда болады.

Адам ойы албырт: алып ұшып, әлемді шарпиды. Рыс- құлов оқыстан: осыншама баға жетпес асыл қазынадан әлдеқалай айырылып қалсам, не болам?— деп те ойлады. Не болатынын болжай алмады? Бетін аулақ қылсын деді де қойды. Әрі десе, мұндай сүйкімсіз суық ойдан мына Кавказ қыраттары, анау төменде пойыз жолмен жарысып аққан Қүм өзені ажыратып алғандай еді. Өзен бойы бұйра тал, ар жағы қүлама жар, жар басын қалықтап ұшқан қырандар Рысқұловты қайдағы бір қаңғыма қара уайымнан сейілтті де, ол келіншегін бауырына қыса түсті. — Түрар, саған не болған?— деп келіншегі тан қалды.— Қыса берме, бөпені тұншықтырасың,—деп жымиып'койды. Пойыз шатқал бойын куалап, тау ішіне қарай сүңги берді. Көрші купелерде абыр-сабыр қозғалаң байқалады. Бүлардың есігін абайлап тықылдатып, жолсерік басын қыл- тита карап: — Дайындалыңыздар, Кисловодск,—деді. Жол мұраты— жету. Сәтін салса, бүл мақсат та орын- далды. Жұрт аңсаған жұмақ осы. Кисловодск. Нарзан суы. Батырлар сусыны. Мұнда күн нұры да ерекше деседі. Алланың нұры деседі. Жаратқан құдірет — Көк Тәңірі бар болса, ол осы жердің аспанында деседі. Көк Тәңірінін көзі түскен пенде корлық-зорлық, қайғы-қасірет кормейді деседі. Деседі, деседі. Лайым солай болғай. *** Санаторийдің бас дәрігері бурыл шоқша сақалды, шынжырлы козілдірігі бар, иманжүзді кісі еді. Таңертен кенсесіне келе сала, ақ желбегейін киіп, кан қысымын олшейтін асай-мүсейін қалтасына салып, сыртқа беттеді. Бас дәрігерге арыз айтып келушілер көп. Ауыз болмеде едәуір жүрт жиналып қалған екен: — Жолдастар, мен он-он бес минуттен сон орала- мын,—деп кос қапталын сандал ағашы комкерген жалғыз аяқ соқпаққа түсіп алып, қырдағы ақ шанкан үлкен үйге беттеді. Ол үкімет мүшелері түсетін, ерекше күтімдегі корпус еді. Бас дәрігер Рысқүлов жатқан үйдің есігін абайлап қақты. — Да, да,—деген қоңыр дауыс естілді ар жақтан.

— Тұрар Рысқулович, қайырлы таң! Құдай үшін, кеші- ріңіз. Сіздерді ертерек мазалап жіберген жоқпын ба? — О, не дегеніңіз, Вадим Петрович, біз ұйқыбасарлар емеспіз. Мен, тіпті далаға шығып, бір сағаттай жүріп те келдім,— деді Рысқүлов бас дәрігерді жайдарылана қарсы алып. — О, тамаша, тамаша! Сіз менің аты-жөнімді есіңізде сақтап қалғансыз, ілтипатыңызға рахмет, Түрар Рысқұлович. — Не бопты үмытып? Сіздей ізгі жанды қалай есте сақтамасқа... — Рахмет, рахмет, Тұрар Рысқұлович. Кәне, мына орындыққа отыра қалыныз. Бір сағат таңғы жүрістен кейін, қаныңыз калай қайнап тұр екен өлшеп жіберейік. Иә, айтпақшы, ханымыңыздың хәлі қалай? Үйқысы тыныш болды ма? — Қүдайға шүкір, Вадим Петрович, жақсы үйықтады. Бас дәрігер Рысқұловтың білегін қара матамен орап тастап, қүлағына аспабын іліп, томпақ сары резіңкесін пысалдата бастады. Жалпақ сағаттай дөнгелек айнаның астындағы тілшік қалт-қалт етіп, жортақтап ала жөнелді. — Отлично, Тұрар Рысқүлович! Бозбала балғын жастын қан қысымындай екен. Жүз жасайсыз! — Рахмет, Вадим Петрович, коп жасауды өзім де арман- даймын. Бірақ адам алжып кетпей, күш-куаты, ақыл-ойы бойында болса. — Болады, болады, Тұрар Рыскұлович. Сіз байқаймын, темекі шекпейсіз, шарап жағына да үйірсоқ емессіз-ау деймін. — Өте сирек. Тек, бір ерекше жағдайларда ғана. — Сіздерде кымыз бар. Қымыз касиетті сусын. Қүдай- лардың сусыны. — Оныңыз рас, Вадим Петрович, бірақ өкінішке орай, Мәскеуде кымыз жоқ. Ал, Қазакстан — алыс. — Өкінішті, өкінішті,— деп бас дәрігер бурыл шашты дудар басын шайқап койды.— Ничего, мұндағы нарзан кымыздан кем емес. Былай, Тұрар Рыскұлович, өзіңізді өзіңіз сендірініз: нарзан ішіп тұрғанда, кымыз ішіп тұрмын деп ойлаңыз. Ал, енді, періштедей келіншегіңіздін тамырын өлшейік. Тұрды ма екен?.. *' 54?

Рысқұлов ішкі бөлмеге кіріп, сәл кідіріп, Әзизаны ертіп шықты. Жүріс-тұрысы сәл ауыр тартқаны болмаса, өңі бал-бүл жайнап түр екен. Бас дәрігер: — Божественно, божественно!— деп өзімен-өзі сөйлесіп кеткендей, күбірлей жүріп, Әзизаның қан қысымын анықтады. — Ал, періштедей сүлуым, сәл-сәл артықтау... қан қысымын айтамын. Үйде отыра бермеңіз, періштем, далаға шығыңыз. Сонау жер түбінен не үшін келдініз? Ауа жүтыныз. Бүл жерге келген кедей адам бай болады, ауру адам сау болады, кәрі кісі жасарады. — Қалай, қалай?— деді Рысқұлов аң-таң калган пішін- мен. Бас дәрігер: — Кедей — бай, ауру — сау, кәрі — жас болады,— деп қайталап шықты. — Ғажап,— деді Рысқұлов.— Оны маған бір үл-ке-е-ен адам айтып еді. — А, үлкен кісілер дана болады, Түрар Рысқұлович, демек, мен өтірік айтпағаным ғой. Ал, сіздер өздеріңіз де жассыздар, сіздерге баюдың да керегі жоқ шығар. Ал, денсаулыкешуақытта ешкімге масыл болып көрген емес. Ал, мен кеттім, кымбаттыларым, жұрт күтіп отыр. — Рахмет,—деп жымиды Әзиза. — Көріскенше, періштем,— деп бас дәрігер Әзизанын балғын саусағынан сүйді. Рыскүлов бас дәрігерді сыртқы есікке дейін шығарып салды. Баспалдақтан түсе бергенде, бас дәрігер қалт тоқтай қалып, Рысқұловқа сыбырлап қана: — Анау коттеджде Голощекин тұрады,— деп көшенің арғы бетіндегі көгілдір ағаш үйді көрсетті.— Сіз ол кісімен таныс шығарсыз, Тұрар Рысқұлович! — Өте, таныспыз, Вадим Петрович,— деді Рысқұлов сазара қалып.— Иә, біз өте таныспыз. Қалайша таныс болмасқа: ол — Филипп Исаевич кой! *** Курорттың бір қызығы — суат басы. Түтіктелген нарзан бұлак. Айналасы атшаптырым алып бастырманың астында ондаған шүмек бар. Әр шүмекке жүздеген адам кезекке .;< > * • ' іч' У 548

тұрады. Әркімнің қолында бір-бір тосақ. Әсіресе, әйелдер жағы бұл суатқа су ішу үшін ғана емес, өздерінің сәнді көйлектерін көрсетіп қалу үшін де келетін сияқты. Көйлектен кейінгі керсетер қазынасы — тостақ. Тостақтың неше түрі бар. Иіртұмсықтостақ: сырлы, оюлы тостақ; алтын жиекті тостақ; көгілдір тостақ; ақ фарфор тостақ; кішкентай құмыра тостақ. Бәрінде де алтын жалатқан: «Кисловодск, 1937 ...» деген жазуы бар. Рысқұловтар да құр қол емес. Әзизаның қолында әше- кейлі ақ фарфор тостақ. Рысқұловта аспан түстес, көгілдір құмыра тостақ. Әзиза күйеуі шүмектен құйып әкелген «зәм-зәмді» абайлап үстап, «бісмәллә» деп ұрттады. Үйде бес уақыт намаз оқитын Әрифа шешесі бар. Содан жұққан «бісмәллә». Шекері жоқ, балы жоқ, аса ерекше дәмі де жоқ, кәдімгі су... сияқты корінді. Соны байқап Рысқүлов: — Үндеме, әлі үйреніп алған соң, ішкің келе беретін боласың,—деп қойды. Бүлар қалың нопір арасынан шеткерірек шығып, нарзанның дәмін алып, бір-бір ұрттап тұрғанда, қолқылдақ боз кенеп костюмді қартандау кісі кібіртіктеп келе жатып, қырлы стакандағы суы шайқалып кетіп, пиджагінің еңіріне, шалбарына төгіп алды. — Черт побери,— деді әлгі кісі сексеуілдей салалы саусақтарымен пиджагінің омырауын қаққыламақ болып. Қырсық шалғанда қолтығында атжалманның үлкендігіндей, козі қара моншақтай күшік бар екен. Бірақ ергежейлінің жасын анықтау қиын. Күшік екенін, ересек екенін айырып болмайды. Әйтеуір, жүні тып-тықыр. Қүлағы тікшиіп түр. Рысқұлов тани кетті. Оқыстан денесі түршіккендей болды. Қателеспепті, дәл өзі. Бүкшиіңкіреп қалыпты. Жалғыз. Байқамағансып, бүрылып кете беруге де болушы еді: сағынып жүрген жоқ, ежелден егескен жау: нағашысы да емес, құдасы да емес, несі бар қолындағы суын тогіп алып, қалтандап түрған шалда... Бірақ шыдай алмады. — Филипп Исаевич! Сізсіз бе? Саламатсыз ба? Шал, біреу ұрлығын керіп қойғандай, тыжырына бүрылды. Қарсы алдында тұрған адамды корген бойда селк ете қалғандай болды да, лезде бойын жиып:

— О, Тур-аар Рысқулович,— деп ерні икемге келмей, кемсендеп кеткендей еді. — Амансыз ба, Филипп Исаевич, мұнда қашан келіп қалдыңыз? Қол алысты. Қолы сұп-суық, сексеуілдің жігеріндей қап-қатты. — Он шақты кун болды, Түрар Рысқұлович. Өзіңіз, сірә, жаңа келген тәріздісіз. — Иә, Филлипп Исаевич, кеше кешінде келдік. Міне, мынау менің әйелім, танысып қойыңыз. Аты — Әзиза. — Го-ло-ще-кин,— деп өз фамилиясын өзі әрең есіне түсіргендей бөліп-бөліп айтты. Сөйтіп турып, жас келін- шекке сұқтанғандай сүзіле қарады. Әлденені есіне түсіре алмай тұрғандай: — Мен сізді Ташкентте көрдім бе, кормедім бе?—деді. «Қайдағы Ташкент?» дегендей Әзиза Тұрарға қарады. — Жоқ, Филипп Исаевич, Әзизаны Ташкентте көре алған жоқсыз. Айтпагыңыз: менін бірінші әйелім Наталья Алексе­ евна гой? — Бәсе, бәсе, ұқсамайды. Иә, коп жыл отіп кетті ғой. Түра тұрыңыз...— Голощекин ұзын саусактарын біртіндеп бүге бастады.— Он жеті жыл! Иә, тура он жеті жыл. Зулап бара жатқан заман-ай... — Оныңыз рас, Филипп Исаевич, содан бері де он жеті жыл оте шыгыпты. — Онда сіз тым жас едініз, Түрар Рысқұлович, тым арынды, асау едіңіз. — Асауды жуасыттыңыздар гой, Филипп Исаевич;— деп күлді Рысқүлов. — Білмеймін, білмеймін, күрметтім, жуаси калган сіз бе екенсіз...— Голощекин абайлап, бір-бір ұрттап тұрган суына оқыс шашалып қалып, қолы-басы, бурыл теке сакалы дір-дір етіп, үзақ жотелді. Рысқұлов онын шынтагынан демеді. Сары бауыр, қара күшік жаутаң-жаутан етті. — Далага, ауаға шыгайық, Филипп Исаевич,—деді. Дермен шатыс хош иісі бұрқыраган күзеулі агаштардын арасындағы сәкіге жайгасып, Голощекин кенеп шалбары- ның қалтасынан бет орамалын алып, аузы-басын, жасаураган козін мұқият сүртті. 550

Келіншегі жеңінен тартқан соң, Рықсұлов кетпекке ыңғай танытып: — Көріскенше, Филипп Исаевич,— деп еді, карт кісі өкпелеп қалды: — Немене, жүз жылда бір көріскенде бес минут уақытыңызды кимадыңыз ба? Амал жоқ, келіншегі жактырмаса да, Рысқүлов сәкіге отыра кетті. Процедура бар еді, әйелім ауырып түр еді, деп сылтау айтуға да болады. Бірак, ғажап, кейде адам ежелгі дүшпанымен де сағынысып қалғандай болады. Голоще- киннің кездейсок кездесуі анау бір алау шақты еске түсірді. От оранған, отызға жетпей орда бұзған; Голощекин, Фрунзе, Куйбышев сиякты азуларын айға білеген алыптармен айкаскан Түркістан түсы Рыскүлов үшін аса ыстык, әм аяулы. Сондағы жауын көру де бір кұмарлык сиякты. Әзиза амалсыздан сәкінің күймышағына ғана әрең ілініп, оқшау отырды. Біреуді жек көргенін жасыра алмайтын осындай «осалдығы» бар. Голощекинді әлгінде корген- нен-ақ іштей тыжырынып калды. Оның үстіне анкаусып, Түрардын бүрын басқа әйелі болғанын жымыскылап еске салғаны — бұл адамның әккі, бәлекор екенінен белгі беріп, жас келіншек одан жиіркеніп шыға келді. Әзиза Голощекинмен сырттай әбден таныс. О, таныс болмағанда ше?! Әлі күнге дейін Қазакстанда оның атын атаса, жылаған бала жылағанын коя кояды. Онын аты аталғанда, үнсіз күліп, жадырап тұрған гүлдің өзі жиырыла калады. Голощекин кырып салған адамдардың сүйегінен тыңайған жерге шыккан шөп екеш шопке дейін, оның атына тым-тым сезімтал. «Голощекин» дегенде, әруактардың да сүйектері сырқырап кететін шыгар, соны сезген гүлдер де жиырыла қалатын болар. Сойткен, Голощекинмен енді Рысқүлов кәдімгідей қол алысты. Онымен қоймай, жайғасып түрып катар отырды. Қан сасыған кәрі қакбаспен қалай катар отырады? Әзизаның жыны келеді... — Қартайып барамын, Тұр ар,— деді Голощекин, біртүрлі мүңын шаккандай болып, Рыскүловка ен жақын адамындай сырын ашып.— Қартайғанда жалғыздык та жаман... Үйкы нашар,— деді селдіреп калган бурыл шашын селтендетіп, басын шайкап.— Москваның даңғазалы шуынан кейін, мына

Кавказдың бір қуысында жан тыныштық бола ма десем, мұнда да ұйқым келмейді. — Дәрі қабылдап көрдіңіз бе?—деді Рысқұлов. Голощекин қолын ербендетті. — Үйықтататын дәрі береді, эсер етпейді,— деп онсыз да жіңішке даусы тым шіңкілдеп кетті. Рысқұлов оны не деп жүбатарын білмеді? Жердегі жан- нат — Кисловодскіде де ұйқыдан безіп, жаны жай таппаса, шынында да обал ғой. — Үйқы келмегені мейлі ғой,—деп кемсендегендей болды Филипп Исаевич,— Ең сұмдығы мынау ғой, Түрар: көзім ілініп бара жатқандай болады — қуанып қаламын; көзім іліне бере.. түс кергендей боламын. Ылғи да бір музейлерді аралап жүремін. Музейдегі неше түрлі кәдімгі әп-әдемі заттар кенет... скелет, қаңқа... адам қанқалары болып алып, би-билеп, қарқ-қарқ күле бастайды. Күлгені сонша, сол рабайсыз, орасан қарқылдан шошып оянып кетем. Ояна келсем —сұп-суық қара терге малынып жатам. Ауыстырайын десем, артық сейсеп жоқ. Өз терімнен озім жиіркеніп, кейде таң атқанша сілейіп, түрегеп отырамын... Мына қорқынышты әнгімеден Рысқүловтың түлабойы мүздап бара жатқандай болады. Рысқүлов бала сияқты. Ал, Голощекин балаға үрейлі ертек айтып отырған сияқты. — Ж әне,— дейді жарықшақ жағымсыз үнмен Филипп Исаевич,— бір рет, екі рет болса шыдайсың-ау. Ал, күнде- күнде, айлар бойы, жылдар бойы осы бір сұмдықтан арыла алмасаң — не істейсің?! Күндіз, әйтеуір анау-мынаумен алданарсың-ау. Айналаң — адамдар, бір мезгіл серуендей- сің, асханаға барасың, суға барасың. Ал, калай іңір қаранғысы түседі — солай мазам май ішкендей болады. Түн баласы мен үшін — тозақ. Алда, козім іліне қалса, түсімде не коретінімді күні бұрын білем. Білем де — зәрем қалмайды. Қасында ешкім жоқ. Әне күні бас дәрігерге айттым: мені екі кісілік палатаға, біреудің қасына жатқыз деп. Бірақ, кім шыдайды, қорылдайтын бәлем тағы бар? Рысқүлов таң қалды. «Әруақ шын болғаны ғой!» Рысқұловты екі ұдай сезім қинады: «Байғүс, қартайғанда алжиын деген екен ғой». «Е, бәлем, әруақтар алқымыңнан алған екен, ә!» 552

Адам баласын, тіпті дұшпаны болса да табалауға ж оқ еді, табалайын демейді-ау, бірақ Голощекин өзін өзі әшкерелеп отыр. Дегенмен, «Кіші Октябрьдің» авторында сезім деген бар екен. Сезім болмаса, сол сезім қатты эсер етпесе, түсіне оліктер кірмес еді. Абадан алып даланың о қиырынан бұ қиырына дейін шашылған өліктер... Рысқүлов Голощекиннің есіне «Кіші Октябрьді» салмақшы еді, Филипп Исаевич әлдеқалай түйсікпен соны сезе қойғандай, кенет: — Жандосовты корген жоқсыз ба?—деді. — Жоқ. Қай Жандосов? — Кәдімгі Ораз Жандосов ше,— Голощекин Рысқұловқа күстәналай қарады— Москвадан, Кремльден шықпай отырып алып, оз жерлестерінізді, дос-жарандарыңызды да ұмытып кеткенсіз бе? — Е, ол осында ма екен? — Осында. Күнде көремін. Су басында кездесіп қаламыз. Қасында татар қатыны бар. Ух, мені көзімен атып жібере жаздайды, тілі де удай сол қатынның... Мен не жаздым?— Голощекин көсеудей колдарын жайып жіберді.—Не жаздым? Жандосовқа тиіскен жоқпын. Бюро мүшесі болды. Рас, айтысып қалатынбыз. Онда тұрған не бар екен? Қатын араласатын шаруа емес қой... Демек, сіздер бір-бірінізбен хабарласып тұрмайтын болдыныздар ғой. Мен ойлағанмын: бірі Алматыдан, бірі Москвадан бір мезгілге келісіп, Кисловодскіде тоқайласпақ болған екен ғой, деп. Бүгін көрінбейді өздері. Әлде, процедура ма екен... Әзиза тыпырши бастады. Бір түрып, бір отырды. Кетейік дегені. Рысқұлов: «Коріскенше, Филипп Исаевич» дей берейін десе, Филипп Исаевич тағы бір әңгімені бастап жібереді. Ол сойлеп отырғанда түрып жүре беру — сөлекет. Қас-дұшпанның алдында да дөрекілік жүрмейді. — Бәрі ауылдан шығады,— деді Голощекин кырлы стакандағы нарзанның сонғы тамшысын сарқып ішіп, сақал-мүртын бет-ормалмен тәптіштей сүртіп.— Үмытпасам, жиырма алтыншы жылы ғой деймін. Иә, жиырма алтынын шілдесі шығар, Қызылордадан, дәлірек айтсам, Жосалыдан шығып, Қарсақбайға аттандық. Машинамен, әрине. Қасымда ГПУ-дің бастығы, фамилиясы кім еді? Өзі бір маскүнем еді... Менің комекшім... Тағы әлгі жазушы... кім еді? Му, му, 36-626

Муканов. Иэ, сол! О басында ерткім келмеп еді, бірақ пайдасы тиді. Ол болмағанда... Мидай дала.. Бір жан жоқ. Айнала құм. Тырбық баялыш. Тақыр. Менін машинам құмға тығылып калса, алдымызда жол салып келе жатқан жүк машинасы сүйреп шығарады. Күн ыстық. Шөлдей береміз. Не керек, акыры адастық. Су таусылды. Машина сусыз жүрмейді. Үлы сөзде ұят жоқ, радиаторға кіші дәрет те сындырдық. Өлетін болдық. Содан, әлгі жазушы машинанын төбесіне шығып алып, жан-жаққа ұзак карады. Бүл не бітірер екен деп біз отырмыз. Ақыры күннін батысына қарай жаяу тартты да кетті. Біз шөлдеп, ынырсып, оның бары-жоғын ұмытып та кеттік. Шофер күрек алып, қүмды қазып көрді. Түк жоқ. Су жоқ. ГПУ оған: — Иттің баласы, біздің көрімізді казып жатырсың ба?— деп үрсып тастады. Өзі мае. Мае болатыны: бізде арақбар. Су жоқ, арақ бар. Арақ шөл басады деп, әлгі ГПУ бөтелкенің аузынан анда-санда үрттап-үрттап қояды. Маған да үсынып еді, ішпедім. Ішім өртеніп өлермін деп қорықтым. Бір кезде ГПУ: — Ойбай, крокодил!— деп жан даусы шықты. Тапан- шасын ала салып, тар-тарс атып жіберді. Сөйтсек, ешкіемер екен. Көмекшім айтты: —Бүған кос көріне бастады. Бізді деатыптастар. Наганын тартып алайық,—деді. Екеулеп жатып наганын тартып алдык. Өзі де әлсіз екен, былқ-сылк етіп, кұлап қалды. Енді кайттік? Күн кешкіріп барады. Не керек, күн батып бара жатқан тұстан бір уакытта атты адамдар көрінді. Е, Құдай бере гор дедік. Киргиздар келді. Орталарында — жазушы. Торсықпен су ала келіпті, қымыз ала келіпті. Не керек, тірі қалдык. Машинаға су кұйып, от алдырып, түн ішінде, әлгі киргиздардын ауылына барып кондық. Аты не еді? Көл, көл. Әйтеуір, бірнәрсе көл. Африкадағы Сахара сияқты, мүнда да кұм арасында оазис — көкшүрай болады екен. Сол ауыл бізді ажалдан алып қалды. — Ал, сол ауыл отыз екінші жылы түп-түгел жер бетінен жойылып кетті,— деп Рыскүлов сұп-сұр болып орнынан сілкіне тұрды.— Сіздің айтып отырғаныңыз — Мақпал көл! Бүл әңгімені маған Сәбит те айткан. Сізді ажалдан аман алып калган сол ауыл «Кіші Октябрьден» кейін, түп-түгел аштан кырылды. Жүр, Әзиза! Сау тұрыныз, Филипп Исаевич...

*** Лкжске кірер-кірмес, Әзиза лоқсып, ваннаға түра жүгірді. Лоқсығын әрең басып, шүмектен су ағызып, бетаузын, қолын қайта-қайта шайды. — Не болды, не боп қалды?— деп Рысқүлов маза- сызданды. — Ештеңе де болған жоқ, Тұрар,— деді келіншегі, әлгі локсудан бет-аузының қызылы әлі басылмай.— Жаңағы шалмен енді мені кездестіре көрме. Өтінемін. Содан құсқым келді. — Е, о байғұстың не жазығы бар?.. —Сүрама, Тұрар, одан да қолынды сабындап түрып әбден жу. Мә, орамал. Рысқұлов келіншегінің айтқанына көніп, қолын мұқият жуды, мүқият сүртті. —Ол өте кірпияз, мұнтаздай таза жүретін кісі. Неге сонша жиіркендің?..—деді Рысқұлов келіншегін күстаналап. Әзиза қаусырма айна алдында бетін опалап отыр еді, қолындағы бір шүйке мақтаны қоя салып, күйеуіне бұрылды. — Сен өте ақылды адамсың, Түрар. Ол шалды менен мың есе жақсы білесің. Тұла бойын қүлғана-мерез басып кет- кенін біле түрып, оған неге қол бересін? Оның қолы канға шіріген қол ғой! Келіншегі бүйтіп көтерілмеуші еді, даусы былай қатты шығып көрген емес. Рысқүлов тан қалып, жанына келіп, шашынан сипап: — Қой, Әзизаш, сен бүйтіп қызбаланба. Бөпеге зиян болады,—деп әйелінің білініп қалған құрсағын аймалады. — Ақ көңіл анғалым менің,— деп Әзиза сонда күйеуінің мойнынан қүшақтап, жаңадан ғашық болғандай, құшырлана сүйіп-сүйіп алды. Ақырғы рет сүйісердей ажырамады. Рысқүлов танданып қалды. *** Сөйтіп отырғанда, телефон шылдырлады. — Бұлар енді жер түбіне кетсен де маза бермес,— деп Әзиза телефонға жақтырмай қарап, күйеуінің мойнынан қолын амалсыз ажыратқандай болды.

— Рысқұлов тындап тұр,— деді Түрар кеңсе әдеті бойын- ша. — Түрар! Амансың ба, бауырым! Ораз Жандосов. — Оу, Оразбысың! Амансындар ма? Бұл телефонды қайдан тауып алдындар? — Іздеген адам табады. Келгендерінді ешкімге білдірмей жасырынып жатсандар да таптық,—деп Жандосов қарқ-қарқ күліп алды.— Білесің бе, Түрар, мүнда екендерінді кім айтқанын? Филипп Исаевич. — Иә, әлгінде нарзан басында кездескенбіз,— деді Рысқүлов. — Біз де нарзан басында жолықтық онымен. Сендерге өкпелеп қалған сыңайлы. «Мені жалғыз тастап кетті. Сөйлескісі келмейді» деп бұрқылдап отыр. — Шал болғанда бәріміз сөйтер ме екенбіз? Дереу естелік айтып, мыжып отырып алады. Оған уақыт жоқ. Процедура, кабинеттен кабинетке жүгіру басталады ғой енді. — Фатима сөйлесемін дейді, Тұрар. Телефоннан әйел даусы естілді. — Тұрар мырза, амансыз ба? Мен Фатима ғой. Үмытқан жоқсыз ба? Келіншегің қайда? Ол абысынымызбен тек сырттай таныспыз. Елге алып та келмейсіз. Келіншегіңізді кыз күнінде білуші едім. Мені танымайтын да шығар. Ал, енді кешке қарай келіңіздер біздің мекенімізге. — Рахмет, Фатима. Процедурадан өтіп алайық. Уақыт бар ғой. Барамыз,—деді Рысқұлов. — Онда кешке біздің үйде болындар,— деп Ораз да қайталады. — Жарайды, Ораз, кешке дейін,— деп Рысқұлов теле­ фонный трубкасын түтқасына койып қойды. *** Бірақ олар бүл кеште бірге бола алмады. «Адамның айтқаны болмайды, Алланың дегені болады» деген рас шығар. Дәл Рысқұловтар орналасқан корпуске Дағыстан бастығы Қорықмасов та түскен екен. Коридорда сол жолыға кетсін. — О, кардаш Тұрар,— деп бас салып күшақтап, қауышты да қалды.

Дағыстанды мекендеген көп халықтың бірі — құмықтар. Қазақтарға тіптен жақын. Тіл жағынан «алыстығы» ноғайлардай-ақ шығар. Тілмаш керек емес, тілмашы несі, тіпті мақал-мәтелдеріне дейін бірдей. Қарақалпақтардай жақын. Жан-жақта шашырап жүрген бауырлар ғой. Қорықмасов сол кішкентай құмықтан шыққан қайрат- кер. Рысқұловпен көптен таныс, тіпті жақын дос. Аңқылдап қалған ақ пейіл, ашық мінез, тұла бойынан ер көңілі есіп тұрған жан еді. —Тұрар, сені Құдай өзі жолықтырды. Мүндай сәті түспес. Есінде ме, өткен жылы Мәскеуде айтқаның: Кавказды көп кордім, бірақ Шәмілдің соғысқан жерлерін көрмедім дегенің. Есінде ме? — Иә, иә. Гуниб тауы туралы көп естіп, кеп оқыдым. Бірақ көрген емес едім,— деп Рысқүлов шынын айтты. — Ендеше — кеттік. Машина дайын, күтіп тұр. Ем-дом деген бола жатады. Қаласаң, сонда қонамыз. Әйтпесе, түнделетіп қайтып келеміз. — Қайдам,— деді Рысқұлов бірден келісе алмай,— әйелімнің аяғы ауырлау еді. Мұндай жолды көтере алар ма екен... Сол кезде есікті кілттеп Әзизаның езі де келе жатыр еді. — Міне, танысып қойындар. Бұл менің әйелім Әзиза. — Қорықмасов,— деп амандасты қыран қабақ бейтаныс жігіт. Қорықмасов әскери адамша етіктерінің өкшесін сарт еткізіп, басын иіп, тағзым етті. — Бұл жігіт бізді қонаққа шақырады, Әзиза. Бірақ алыстау. Дағыстанға, Шәміл соғысқан жерлерге. Сен шаршап қаласын ба деп қорқамын. — Қорықмасов шақырса несіне қорқамыз,— деп кенет Әзиза бір ерлік көрсетті.— Шәміл ғой ол! Хаджи-Мұрат! Толстойды оқығанмын. Соны көзбен көру ғажап қой! —Жандосовтарды қайтеміз? Олар кешке шақырып қойып еді ғой. — Телефонда. Айт түсіндіріп. Осылай да осылай. Біз күнде корісеміз. Ал, Дағыстанға барудың сәті күнде түсе бермейді. — Ой, гозәл! Ой, молодец!— деп Қорықмасов Әзизаның батылдығына тәнті болып, қуанып кетті. Сойтіп, ойламаған жерден Рысқұловтар бүкіл Кавказ теріскейін бойлап отетін сапарға шықты. Жол бойы —

Бештау; Қабарда-Малқар астанасы Нальчик; осетиндердің кіндік қаласы — Владикавказ — Дзауджикау; чечен-ингуш- тер орталығы — Грозный жатыр. Одан әрі — Дағыстан. Владикавказ, Грозный деген аттарының өзінен-ақ өткендегі қырғын соғыстың, аяусыз арпалыстың, зеңбіректер зіркі- лінің, озбыр зорақылықтың, күштілер өткемдігінін ызғары әлі де бой түршіктіріп түрғандай. Патша империясы зенбіректін күшімен кімдерді бағындырмаған, кімдерді отарламаған? Бағынбауға бас тігіп, жан пидаға тәуекел деп, отыз жыл бойы қүрыш құрсанған патша әскерімен соғыс салған Шәміл пайғамбардан несі кем?! Ендеше, пайғам- бардың ғазауат мекеніне тағзым етіп қайту парыз. Рысқүловтар осылай шешкен. *** Рысқүловтар тұрған корпус пен Жандосовтар орна- ласкан үйдің арасында парк бар еді. Ағаш-атанын неше алуан түрі осында. Жүз жылдық шынардан бастап, емен де, қарағай да, арша да, шырша да осы паркте. Қолаң шашы төбесінен томен қарай төгілген арудай мәжнүн тал да осында. Кешкі ауамен хош иіс Кисловодскіні елітіп тұрады. Гүлдің неше алуаны қүлпырған шақ. Ауру адам жазылмасқа амал жоқтай. Сол паркті кесіп өтіп, Рысқұлов Әзизасымен Жан- досовтың үйіне келді. — О, қашактар, келдіндер ме?— деп Ораз меймандарды куана қарсы алды. Фатима, конақтар келді. Қайдасын? — Сіздерге өкпелеп қалдық. Кеше күтіп едік,— деп Фатима наз айтты. — Кешіріңіздер, сәті түсіп тұрған сапардан бас тарта алмадық. Ал, айыбымыз мойнымызда,— деп Рысқүлов ақталды. — И-и-и, сез бик матур келіншек булгансыз инде. Ораз, қара бұл Әзизаға,— деп Фатима Әзизаны айланып-тол- ғанды.— Мен сені кішкентай күніңнен білемін ғой. Анан Әрифаны оте жақсы білемін. Әрифа аман ба? — Эй, Фатима, Әзиза татар емес кой, неменеге татар- шалап кеттің,— деп күлді Ораз. — Е, Әзиза татар болмаса, шешесі татар. Әзиза татардын жиені. Қара мұны,—деп Фатима көнер емес.

— Әзиза менің қарындасым. Шапыраштының қызы. Оның әкесі Түбек марқүм, менің ағам,—деп Ораз беріспеді. Сонымен, Әзизаға талас біраз жерге барып, бұлар шәйға отырды. — Бүл Алматы емес, тамақтың неше түрін істейтін. Курорт енді. Барына риза боласыздар,— деп қойды Фатима. — Алматыдан басқа жерде арақ та жоқ па еді? Шығар ана бөтелкені,—деді Жандосов. Коньяктан Әзизаға да оймақтай рюмкаға кұйып еді, Әзиза алмады. — Оу, туыстар бас қосқанда, тым болмаса, ауыз ти енді,— деп Ораз қыстап еді, Рысқұлов қысылып отырған әйеліне ара түсіп: — Қинама, Ораз, Әзизаның аяғы ауыр ғой,— деді. — И-ии, Құдайым, құтты болсын, сіцлім, аман-есен босан,— деп Фатима, енді Әзизаға аса бір ілтифатпен көнілі түсіп, алдына шәй қойып, торт кесіп, шабдалы ұсынып, бәйек болды да калды.— Бұл, бұйырса, екінші сәби болар? — Иә, Сәуле деген түңғышымыз бар, үш жаста. Жаңа өзің айтқан Әрифа апамыздың қолында қалды,—деді Рысқүлов. — Қызымды сағынып кеттім,— деп Әзиза дастархан басында тұнғыш рет тіл қатты. Жанындағылар ду күлді. — Үйден шықпай жатып сағынсан, әлі жиырма торт күн бар, оған қайтіп, шыдайсың,—деп Ораз мәз болды. Әзиза қызарып, қысыла түсті. — Үялма, аппағым, ал, тамақ ал. Құрсағындағы сәбиге де тамақ керек,—деп Фатима жаны жай таппады. — Ал, сапарларын қалай болды? Не көріп, не білдіндер?— деп Жандосов меймандарын әңгімеге шақырды.— Дағыстан қандай екен? — Дағыстанды түгел аралаған кім бар, тек Гунибтен қайттық,— деді Рысқұлов.— Шәмілдің орыстармен соғысқан жері. — Е, батыр бабама барып қайттым де. Сонша жерден іздеп барғаныңа әруағы риза шығар. — Әруақ сезер-сезбес, бірақ өзіміз өкінбейміз. Солай ма, Әзизаш? Әзиза жүзін томен салып, басын изеп қойды. — Қорықмасовты білесің ғой, естуің бар шығар. Үлты күмық. Өте алғыр жігіт. Сол ғой қояр да қоймастан алып барған.

— Дағыстанның Шәмілі болса, біздің Кенесарымыз бар. О да Шәмілден кем соғыспаған,—деп Жандосов қозғалақтап койды. — Кенесарыда бір кемістік бар, кемістік қана емес-ау, таудай күнәсі бар. Тыныш жатқан қырғызды бекер шапты,— деп Рысқұлов тұнжырап калды. Сол патша әскерімен шайқаскан калпында қалғанда, ол Шәмілдей ұлы болар еді. Өз қандасы — туыскан кырғызға қырғын салғаны — жазылмас жара. Қазақ пен қырғыздың туыстығына, тұтас- тығына дак түсірген сызат. Үрпақтар үмыта алмас ұят жұмыс болды. — Оның рас, Тұрар. Өзің білесің, біздің елдің малшылары жаз жайлауға шыққанда, қырғыздың қойшыларымен коңсы отырады. Қой сойып, қымыз сапырып, бірін бірі конаққа шақырады. Ат шаптырып, көкпар тартып, той-томалағын бірге өткізеді. Сондай бір тойда, бір аңқау қазақ, кымызға қызара бөртіп отырып, қойдыңтоқпан жілігін мүжіп болып: — Қырғыздың койының жілігі қырғыздың жерінде жатсын,— деп иығынан асыра лактырып жіберіпті. Абайламай сөйлеген ауырмай өледінің кері ғой енді. Сонда бір кырғыз отырып: — Е, казак туған, өз қойымыздың жілігі не кылар дейсін? Бү кырғыздың жерінде койдын жілігінен де ауыр сүйектер жаткан жок па?!— депті. Рысқүлов басын шайкап отырып қалды. Әйелдер жағы бұл сөзге түсінбеді. Фатима: — Ол не екен сойтсе?—деп сүрады. — Не болушы ед. Кенесары мен Наурызбайдың сүйегін айтадыдағы, баяғы. — Ал енді,— деді Рысқүлов шыны аяктан шәй үрттап,— осы окиғаға байланысты біздін кейбір ағайындар Сыпатай батырды айыптайды. Бекер-ақ. Сыпатай Кенесарынын о бастағы ниетіне қосылып, костаған. Кенесары о баста кырғызбен соғыспаймын, кырғызбен қосылып, орыспен соғысамын деген ғой. Бірақ айтканы бола қоймай, патша әкімдерінің ықпалынан шыға алмаған қырғыз манаптары Кенекеме кол ұшын бере қоймаған. Ақылды ашу жеңіп, Кенесары кырғызды кыра бастағанын көріп, катыгездігінен шошыған Сыпатай: — Хан ием, сен ертең арқаға кайтып кетесін, ал мен осында каламын. Мәңгілік көрші, туысқан халықпен кан төгісіп, омір-баки жауласып отер жайым жоқ. Біз қырғызбен 560

■зтжт ' туыспыз, әрі іргелес отырған елміз. Мен қолымды алып кетемін, хан ием. Хош!— деген ғой. Сөйтіп, он мың қолды кері алып кеткен. Бұл сатқындыққа жатпайды, үлкен адамгершілік, бейбітшіл қасиетке жатады. Осыны түсінбей, жалған намыстың жетегінде жүрген, кәдімгідей оқыған азаматтарды көргенде, жаным күйеді. — Ондай-ондай қанғырма қаңқуды мен де есіттім,— деп костады Жандосов.— Эрине, Кенесары аса ірі қайраткер. Ол ұмытылмайды. Бірақ бір қарын майды бір құмалық шірітетіні тағы бар ғой. Ол да бір жаралы жолбарыс қой. Алдырған албырт. Зеңбірекке қарсы найзамен, садақпен карсы шыккан жалаңтөс батыр ғой. «Жалаңаш барып жауға шап, бір Алла өзі біледі ажалымыз қайданды» деген екен баяғыда бір ақын. Мен кинодан көремін. Америкадағы үндістер зеңбірекке қарсы садақ атып соғысады. Дәл біздін қазақтар сияқты. — Мен ондай соғысқа 1916 жылы өзім қатысып, Мерке түбінде өз көзіммен көргенмін. Кеше Гунибте болғанда, Шәміл соғыс аңғарларын көргенде, сол Мерке шайқасы есіме түсті,— деп қалды Рысқұлов.— Әттең, шіркін, адам жүз жыл жасайтын болса, одан кем болмаса... Сонда мен Меркеде қаны судай төгілген қазақтарға ескерткіш орнағанын корер ме едім? Кеше Гуниб тауының басында тұрып: «Дэл осы жерге Шәміл шайқастарына арналған панорамалы ескерт- кіш тұрар ма еді,— деп ойладым.— Бір жағында генерал Ермоловтын әскерлері, бір жағында Шәміл сарбаздары...» — И-и-и, тамаққа қарасандаршы, суып қалды ғой,— деп Фатима абыржыды. — Фәке, жылдар бойы көріспей, дидарласпай, сағыны- сып кездескенде, әңгіме де керек,— деп Жандосов әйелін тыныштандырды. — Сағынысып жүргенде, әлгі Голощекин қақбас бол­ маса, біз бүлардың келген-кеткенін де білмей қалар ма едік, кім біледі,—деп Фатима бір қағытып калды. — Голощекинге риза болып қалған екенсің, рахмет айттың ба,—деп күлді Жандосов. Фатима: — Шәйға шақырсам ба деп едім өзін,— дегенде, көбінесе үнсіз отырған Әзиза ал жат та кеп күлсін. Күлкісін тыя алсашы. — Неменеге күлесің, қайын сіцлім?—деп Фатима күлкіні жанықтыра түсті. — Қой сойып, бас ұстатсақ қайтеді?— деп Жандосов құтыртты.

Көңіл жадыратқан әп-әдемі күлкіден соң, еркектер жағы қыңырлау, қыртысты әңгімеге ойысты. Голощекин басқар- ған сегіз жыл ішінде, Қазақстанның басынан өткен нелер зұлмат заманға екеуі кезек-кезек сапар шегіп кете берді. Бұл неліктен? Қазақстанға Голощекин қалай келді? Тандау неге соған түсті? Жеке адамның қоғамдағы, тарихтағы, тағдыр- дағы рөлі деген не? — Айталық, Қазақстанға сонда Сталин Голощекинді емес, басқа біреуді жіберсе, айталық, Кировты, не Куйбышевті, яки кәзіргі Мирзоянды, не Орджоникидзені жіберсе қандай болар еді? Қазақстан соншалықты онбай ойсырамас па еді?— деп Жандосов салмағы зілмауыр әңгіменін шетін шығарды.— Ақыры қазақ азаматтарына сенбеді, яки сенгісі келмеді. Ендеше, Голощекиннен басқа біреу бұйырмады ма? Рысқүлов тындап отырып-отырып, мырс етті. — Эрине, Ораз, жеке адамның іс-әрекетіне коп нәрсе байланысты. Голощекиннен басқа, әлгі сен атаған азамат- тардың біреуі келсе — жағдай сәл басқашалау болуы да мүмкін еді. Бірақ,— деп күрсінді Рыскұлов,— саясат біреу ғой. Ол Сталиннен өрбіген саясат. Ол жаппай кол- лективтендіру. Ол — жеделдету. Әлгілердін қай-қайсысы да сол саясатты жүргізер еді. Мысалы, Украинаны Голощекин басқарған жоқ. Бірақ онда да халық қырылып калды. Украин халқының көптігінен білінбей отыр. Әйтпесе, онда да қазақтардан кем қырылған жоқ. Голощекин — Сталин колшоқпарларының ішіндегі ен зілмауыр гүрзісі, жалаң қылышы болып шықты. Қазақтың өте-мөте көп қырылуы, сөз жоқ, сонын аса солақай әрекетімен байланысты. — Ал, енді зауал қайда? Бір адамды өлтірмек түрмақ, шекесін жарсаң сотталасың. Миллионды қырған Голоще- кинге неге сот жоқ? — Ол үшін балтанын жүзін ғана емес, сабын да соттау керек. Голощекин — балтаның жүзі болса, сабы — Сталин. Оны қайтеміз? Оны кайтіп соттайсың? Сот болады. Бірақ соңынан... со-ңы-нан. Оны біз көреміз бе, көрмейміз бе — беймәлім. Бірақ келер ұрпақ үмытпайды. — Не деп кеттіндер, ойбай.— Фатима шошынып қалды. Терезенің пердесі түсірулі тұрса да кейбір санлауларын қымтап қойды.— Баска бірдене айтсандаршы, қарақта- рым-ау.

— Сталин — айдаһарға айналды. Ол рас,— деді Жандосов әйелінің үрейіне мән бермей.— Айналасының бәрін жалмап, жайпап барады. Көне көз большевиктердің көбін жүтып жіберді. — Голощекин де коне коз большевик қой. Оны неге жүтпайды? Өңешінен отпей ме?— деп жаңа ғана қорқып отырған Фатима батылданып, әнгімеге қалай араласқанын өзі білмей қалды. Ак көңіл, ашық мінезді Фатиманың бұл қылығына сүйсінді ме, сирек жымиятын Рыскұлов, тіпті күліп жіберді. Сонан соң барып, байсалданып: — Фатима-ау, Голощекин Сталиннің бетіне қарсы келмейді ғой. Қарсы келсінші, не істер екен?—деді. Фатима дастарханның шетін алақанымен сипалап, төмен қарап отырып калды. — Бір нәрсе айтайын дедің-ау, Фатима,— деді аңғарым- паздық танытып. — Жәй, әшейін... Құдай бетін аулақ қылсын... Әйтпесе, жұрт сізді де Сталиннің жағасын талай рет жыртқан деседі ғой. Қай жылы, әйтеуір ертеректе: «Сталин қателеседі!» деп дүйім жұрттың алдында абыройын айрандай төгіпсіз ғой. — Қойшы-ей, Фатима, сен де қайдағы әңгімені айтады екенсің. Одан бері он бес жыл отіп кетті, Сталин соны есіне сақтап жүр дейсің бе? Сақтаса, осы уақытқа дейін аяп жүр дейсін бе? — Лайым солай болсын, кешірініз,— деп сыбырлады Фатима. *** Ертесіне түске дейін ем-дом: тіс дәрігері, іш дәрігері, құлақ-тамақ-мұрын дәрігері тағысын тағы, толып жатқан процедуралардан отіп болған соң, тамақ ішіп, біраз тынығып, Рысқұлов келіншегін ертіп, серуенге шықты. Куророттың сыртына таман «Большое седло» дейтін кырат болушы еді, соған дейін асықпай, аяндап жүріп қайтты. Рысқұлов бұл жаққа таң атар-атпас бір келіп кеткен. Соңғы кезде қарны шығыңқырап, салмағы асып бара жатқан соң, арықтаймын деп көп қыдырып, коп жүруге әдеттенген. «Большое седлодан» қайтып келе жатқан жолда «Махаббат пен мекерілік» деген кафе бар еді. Рысқұлов кенет келіншегіне:

— Әзиза, жүр мынаған кірейік,— деп күтпеген жерден үсыныс айтты. Әзиза таң қалды. Бұрын ресторанға шақырып көрмеген. Мүмкін уақыты да болмаған шығар. Тек, үлкен мереке- лердің, небір мәртебелі, шетелдік меймандарды қабылдау құрметіне арналған Кремльдегі банкеттерге барғаны бол­ маса, Әзиза осы уақытқа дейін, күйеуімен бірге ресторанға бас сұғып көрген емес. Енді күйеуінің бетіне күлімсірей қарап тұрып: — Кірсек — кірейік,— деді. Күн әлі кешкіре коймаған ба, кафеде жүрт аз екен. Қоңқақ мүрын кавказдык жігіт пен бір ақсары шаш қыз отыр. Қаукылдасып үш-төрт еркек нарт ойнап отыр. Даяшы Рыскүловтарды бір оңашалау түкпірге жайғастырды. — Не бүйырасыз?—деп бәйек бола калды. — Біз тамақ ішпейміз,— деді Рысқұлов,— бір шөлмек шампан, соған шақтап шоколад әкеліңіз,—деді Рысқүлов. Бір-бір бокал алтынсары, асыл шампан екеуін де масандатып койғандай... Екеуі де жаңадан танысып, бір- біріне ынтығып жүрген қыз бен жігіттей... Рыскүлов ерсілеу кылык корсетіп, Әзизаның қолын, одан соң шашын сипа- лады. — Түрар, саған не болған, ұят кой,— деп кысылды Әзиза жан-жағына қарап. — Неге ұят болсын, жаным? Мен сенің алдында кінәлімін, Әзизаш. Осы уақытка дейін сенін кадірінді біліңкіремей келдім бе, кайдам? Жылдар жылжып өтіп барады, ал мен сені тоты күстай торга камап қойсам керек. Жас болып, сұлу болып не кызык көрдің сен? Жарамаган екен. Осыны айтып, Рыскүлов бокалды тагы котеріп, сынгыр- сынгыр хрустальга құйып, шампаннан ұрттап болып, Әзизаны кұшактап, ернінен сүйді. Әзиза алаулап барып: — Тұрар-ау, бүгін бір түрлісің гой тегі, не болды?— деп балаша жымиып койды. — Жүмыс, жүмыс, жүмыс деп жүрегімізді жүн басып кетіпті, жүрек емес, киіз, атасына нәлет.— Рыскұлов баягы әкесінше дүр сілкініп кеткендей еді.— Жанымда перизаттай жарым барын да байқай бермеймін. Қалайша топастанып кеткенмін. Күндіз-түні жүмыска берілгенде, Сталин менің басыма алтыннан ескерткіш қоя ма, атасына нәлет... 564

— Ойбай, ақырын,—деді Әзиза шошынып.— Үлкен кісіде нең бар, атын атама бұл жерде... Одан да, Тұрар, осы кафенің аты неге «Махаббат пен мекерілік?»— соны айтшы. Бұрын да келіп жүрдің ғой, естіген шығарсың. — Естімек тұрмақ, коргенмін. Ертең, ертең таң атсыншы, апарып көрсетемін. Алые емес. Анау,— Рысқүлов үй ішінен тау көрініп түрғандай-ақ қолымен меңзеді,— шатқалдың ішінде бір ғимарат түр. Бір жағы — терең құз. Түпсіз шыңырау. Баяғыда бір кедей жігіт, мүмкін, қарашай, әлде шеркеш пе екен, бір ханның қызына ғашық болады. Жігітті қыз да құлай сүйеді. Бірақхан қызын кедейге беруші ме еді? Екеуініңамалы қүриды. Қыз басқа біреуге ұзатылмақ. Сонда қыз бен жігіт әлгі шатқалдағы қамалда ақырғы рет кездесіп, бір-біріне ант береді. Екеуі де әлгі қамалдан терең шыңырауға құлап олмекші болады. Есінде ме, Әзизаш, Абай айтушы еді ғой: Етімді шал сипаған құрт жесін деп, Жартастан қыз құлапты терең суға,— деп. Сол айтқандай, басқа күйеуге тигенше, мен өлейін дейді қыз. Сенсіз тірі жүргенше, мен де өлейін дейді жігіт. Екеуі қол алысып, саусақтарын қанжардың үшымен шертіп, қан шығарып, алақандарына жағып, ақырғы рет құшақтасып, сүйісіп, заңғар аспанға, аспан тіреген тауларға соңғы рет көз қадап, содан қүздың жиегіне келеді. Қол ұстасып келеді. Ең соңғы сәтте қыз: — Еркексің гой, алдымен сен секір, артыңнан мен...— дейді қиылып. Алаңғасар ер жігіт: — Ал, жаным, енді екеуміз о дүниенің жұмағында жолығайық,—деп секіріп кеп кетеді. Шыңырау түбіне барып гүрс етіп қүлағаны құлаққа еміс-еміс естіледі. — Ал, қыз ше?—деді шыдамаған Әзиза. Рысқұлов бокалды ернінен айырмай, шампанды сыздық- татып, ұзақ отырып алды. — Қыз ше?— деді Әзиза төзімі таусылып. — Қыз... тірі қалды,— деді Рысқұлов баяу ғана. — Секірмеген бе, сонда?— деді Әзиза әлденеден алдан- ғандай абыржып. — Секірмегені де. —Опасыз,—деді Әзиза кішкентай жүдырығымен столдың шетін бір үрып.

— Эне, жаным, содан бері, әлгі тас ғимараттың атын «Махаббат пен мекерілік» деп атайды. «Мекерілік» деген сөзді сен білесің ғой. Білмейсің бе? Коварство. Қулық, сұмдық, зымияндық. Жаңа өзің айтқандай, опасыздық. Қазақта макал да бар. «Бір қатынның мекерілігі қырық есекке жүк болар» деген. — Сонда, мына біз отырған кафе де мекері ме? Құрысын, кетейік, Түрар,—деп Әзиза әй-шәйға қарамай, орнынан тұра бастады. — Қоя тұр, ақшасын толейік,— деп даяшыны шақырды. Даяшыға:— Тағы бір шампан беріңіз. Бірақ аузын ашпай әкеліңіз. — Оны қайтесің, Түрар? Алмай-ақ қойшы,— деп қиылды Әзиза. — Жоқ, Әзюшка, оны сен босанғанда, кішкентайдың қүрметіне ашамыз,—деп Рысқүлов көнбей қойды. — Кішкентай аман-есен дүниеге келсе, шампан деген Москвада да толып тұрған ж оқ па? Ж үк қылып жүреміз бе соны?! — Бүгін бір жақсы күн. Ырымшыл болмасам да ырым болсын,—деп Рысқүлов дес бермеді. Олар кафеден шығып, жұпар иісті, кокшіл шырша аллеясымен қайтып келе жатқанда, бұлтарыстан Голощекин шыға келді. Бұрылып кетуге лаж болмай қалды. Әп-әдемі кеш еді. Күн тау қиясынан асып кетіп, батыстан қылтиып жаңа туған ай корініп еді. Рысқұлов баяғыда Ахат атасы үйреткендей: Ай көрдім, аман көрдім, Баяғыдай заман көрдім. Ескі айда есіркеп, Жаңа айда жарылқа,— деп іштен күбірлеп айтуға үлгірмей де қалды. Қарсы алдында әруақтай ербиіп, Голощекин түрып алды. — А, жас жүбайлар, қайырлы кеш, қайырлы кеш, жақсы жандар. Қалай дем алып жатырсыздар? Кешкі серуенге шыққан екенсіздер,— деп шіңкілдектеу даусы мазаны май ішкендей қылды. — Рахмет, Филипп Исаевич, өзіңіз қалайсыз,— деп Рысқұлов амалсыз сыпайыланды.— Үйқыңыз қалай? — Ой, құрып кетсін, сүрамаңыз. Үйқы қашты,— деп Голощекин қолын ербендетті.— Кошмар. Одни кошмары. 566

— Ештеңе етпес, таза ауада көбірек жүрсеңіз, жүйке жөніне келеді,— деп жұбатты Рысқұлов. — Жүндей түтілген жүйке ғой. Қарғыс атқыр патша не көрсетпеді? Патшаны құлатып, жаңа заман орнатамыз деп біз не көрмедік? Шет елге безіп кеттік, түрмеге түстік, айдауда жүрдік. Сіздер, жастар, оны қайдан білесіздер? Біз орнатқан жаңа өкіметке жан қиналмай, отыра-отыра қалдыңыздар. Жүйке.— Голощекин жан-жағына қарап алып,— Ильич те жүйкеден кетті ғой,— деп сыбырлады.— Айтпакшы, Ленинді атқан Фанни Каплан екеніне сіз сенесіз бе, Түрар Рысқұлович? Әзиза тықырши бастады. Қойылған сұраққа жауап бермей кетіп қалу, тағы ыңғайсыз. — Ресми хабар солай. Сенбегенде қайтеміз,— деп күлді Рысқұлов. — Міне, міне. Ресми хабар. Ал, сіз сол Фанни Каплан ату жазасына кесіліп, артынша ол үкім үзақ мерзім тұтқынмен алмастырылды дегенге сенесіз бе? Рысқүлов мына тосын сұрақтардан тосылып: —Сенбегенде қайда барамыз?—деп құтылды. — Міне, міне. Сенбегенде...— Голощекин жан-жағына тінткілей көз тастап, аузын қолымен көлегейлеп: — Фанни Капланды сол 18-ші жылдың өзінде-ақ, Кремльдің ішінде атып тастаған. — Қойынызшы, Кремльдің ішінде де адам атушы ма еді? — Міне, міне. Әңгіме қайда жатыр? Именно Кремльдің ішінде. Кремльдің түкпірінде. Кремльдің коменданты өзі атқан. — Естімеген едім, кешіріңіз... Рысқүлов әйелінің көңіліне карап, «сау түрыңыз, көріскенше» демекші еді, Голощекин шоңайнаның тікене- гіндей жабысты да қалды: — Ал, Ленинді атқан мүлде Каплан емес. Лениннің шофері Гильдің айтуынша, Каплан машинаның артында тұрған. Яғни, Ленинге қарама-қарсы. Каплан атса, оқ кеудеден тию керек қой. Ал, екі оқтың екеуі де Ильичтін арқасынан атылған. Бұған не дейсіз? — Е, ол енді тергеушілердің, экспертизаның, соттың ісі. Біз қайдан білейік?—деді Рысқүлов кетпекке ыңғай білдіріп. — Вот молодец, именно тергеушілердің ісі... соттың ісі. Тергеушілерге әлі жұмыс көп, өте көп, Тұрар Рысқұлович.

Осы кезде, Голощекиннің көздері шыныдай катты да қалды. Мұны қартаң кісінің мінезіне балады да, Рысқұлов: — Жақсы, Филипп Исаевич, сау болыңыз,—деді. — Сау болыңыз, Тұрар Рысқұлович.— Однако, зайы- быңыз тым жас. М-м.— Сау тұрыңыз. Енді кездесіп, әңгімелескенше... кашан? — Олай деменіз, Филипп Исаевич, күнде кездесерміз. Бір көшенін арғы беті, бергі беті,—деген болды Рысқұлов. — Кім білген, кім білген? Жастар қарттардың мылжың әңгімесінен қашқактап жүреді. Оның үстіне адамдар, бар болғаны адамдар ғана. Пайғамбар емес. Міне, кеш түсті, ымырт үйірілді. Ал таң атқанша не боларын пайғамбарлар да білмей калуы мүмкін? Мысалы, мен... үйкы жоқ. Иә, кешірініз жолыңыздан қалдырдым. Жолыңыз болсын, Түрар Рысқүлович. Рыскүловтар құтылдық па, қүтылмадық па деп, аллея бойлап ұзай бергенде, арттан тағы да дауыс шықты. — А, айтпақшы, Түрар Рысқұлович... Амал жок, бүрылуға тура келді. Қарамай кетіп қалған әдепсіздік болар еді. — Түрар Рыскүлович, сіз білесіз бе, сол Финни Капланның туған сінлісі сіздін Отаныңызда — Әулие- Атада... — Білмеймін!— деп Рыскұловтын даусы каткыл шыкты. Мұнысы дұрыс па, бұрыс па — ойланып жатқан жоқ. Бұл сөз өзінен-өзі окыстан шығып кетті. — А-а,— деп анырды Голощекин. Теке сақалын үшынан ұстап, аңтарылып тұрып, тағы да: — Түрар Рысқүлович, осы Рыков ұсталды деген рас па?— деп калды. — Оны кім айтты?— деді Рысқұлов шошыңқырап. — Кім айтушы еді, жүрт айтады?! Қымбаттым, бүл курорт дегенің емделіп, дем алатын жер ғана емес, бүл нағыз «узун-кулак» ордасы. Қазакстанды сегіз жыл билеп, үйреніп қайткан екі-үш созінің біреуі «үзын кұлак» еді, соны қыстырды. Әзиза Рыскұловтың жеңінен тартқылады. — Кешіріңіз,— деді Рысқұлов бұрыла беріп. — Окасы жок, Тұрар Рыскұлович... Голощекин Рысқұловка соңғы рет тағы да коз киығын салды. Кемсендегендей көрініп кетті.

Соңғы рет көз тастағанда, көзінде бір аяныш байқал- ғандай болды ма? Әлде, қартан. адамдар өзін өзі аяп, жастарға жаутандап қарағыш бола ма екен? Баяғыда соноу Түлкібаста, Қарақойында бір тойкана болып, жүрт боза ішіп, өлең айтып көңілді отырғанда, Оразбек кіріп келіп, маңқылдап ән саламын деп қоймапты. Сонда біреу айтқан екен: әп-әдемі ән еді, пүшық шіркін қор қылды-ау деп. Сол айтқандай, әп-әдемі басталған жақсы күн еді, ойда жоқта Голощекин жолықты да, кірпияз коңіл шіркін, іріген қымырандай бүзылды да қалды. — Қүдай қайдан кездестірді,— деп қабағын шытты Әзиза үйге кіре бере.— Бүл қақбас қайда істейді озі? Пенсияда ма? — Госарбитраж. — О не тағы? Сот па? — Соттың ағайыны. Қалай десем екен, айталык, екі мекеме айтысып қалады. Біріне бірінің берешегі болады не шартбүзылады. Әне, сонынторелігін осы кісі айтады. Ол, сен ойлағандай, онша кәрі де емес, Сталинмен түйдей жасты. 1879 жылғы. Ө зініңтүрі сондай, кәрі сияқты. — Жаман қой ісегінде қартаяды деуші еді. — Ой, сен оны қайдан білесін,— деп Рысқүлов күліп жіберді. — Е, білмегенде ше, жаман-жақсы ветврач деген атым бар емес пе? Алматыда зооветте оқып жүргенде, тәжірибені малшы ауылда откізетінбіз. Сонда естіген шыгармын. Папам менімен, тек қазақша сойлесетін. Мен оган: — Қазанда бес жыл оқып, қазақшаны қалай үмытып қалмағансың?— десем, ол:— Қазанда да қазақша сойлей- тіндер толып жатыр. Татар тілі — туысқан тіл емес пе, деуші еді. Содан соң, оның озі де зоовет бітірген, мал атауларының бәрін қазақша түсіндіріп отыратын. — Сені зоовветке түсіріп жүрген әкей екен ғой. — Иә, түсірді. Бірақ әлі аяқтаған жоқпын. Мен қатарлы түскендер — аспирантурада жүр. Бүл енді Рысқүловқа айтылған наз еді. Алматы зооветіне туған болесі Нәйлә Базанова екеуі бірге түскен. Сол Нәйлә кәзір Мәскеуде аспрантурада, осы Рыскұловтың қолында жатып оқиды. Ал, Әзиза үйлі-баранды болып қалды. — Ренжіме, Әзиза. Оқуды да тәмәмдарсын. Аман болайықшы,—деді Рысқұлов байқаусызда күрсініп.

— Үйдегілер не боп жатыр екен? Телефонға тапсырыс берсен қайтеді, Тұрар,— деді Әзиза да әлденеге үні жүден- кіреп. — Жарайды,— деп Рысқұлов телефон тұрған кабинетке кірді. Люкс болған соң, мүнда жеке телефон да бар еді. Обалы не керек, өкімет басшыларға жағдайды жасаған-ақ. Ал қалалық телефонға барсаң, кезекте сыңсып тұрған халық. Айнала айқай-шу. Ал, Рысқұлов ойтіп кезек күтпей-ақ, «правительственное» деген каналмен-ақ, кез келген қаламен сөйлесе береді. Рысқүлов калааралық кезекшіге тапсырыс беріп, труб- каны құлағына тосып, жауап күтті. Сәлден соң, станциядағы әйел даусы: — Кешіріңіз, Москвадағы нөмір жауап бермейді,—деді. — Қалайша... мүмкін емес, тағы да тексеріп көрініз,—деді Рысқүлов ан-таң қалып. — Не дейді? Жауап бермегені қалай?— деп Әзиза да үрпиіп қалды. — Жауап бермейді,—деп қайталады станция. — Онда басқа телефонды қосыныз,— деп Рысқүлов саяжайынын нөмірін айтты. — Бәрі бірдей саяжайға көшіп кетуі мүмкін емес қой,— деп Әзиза дегбірсізденді. — Бүл нөмір де жауап бермейді,— деді станция сірескен дауыспен. — Сәлден кейін екі нөмірді де қайталап тексеріп көріңіз,— деп Рысқүлов трубканы қондырғыға қоя салды. Ерлі-зайыпты екеуі бір-біріне үнсіз карап біраз тұрды. — Қорқамын, шамды жақсы,— деді Әзиза. Үйдің іші әлі алакөбендеу болса да шам жағылды. Қанша айтқанмен жарықта бір қүдірет бар. Әзиза үрейден арылғандай болды. Рысқұлов оның басын төсіне қойып, жұп-жұмсақ қолаң шашын саусағымен тарақтады. Рысқүловтың үйін көршілері «колхоз» деп кеткен гой. Эрифадан бастап, оның балалары, Түйметай мен онын бір қора баласы, Ескендір, Сәуле, апалы-інілі Базановтар — бір қора жан. Бәрі бірдей Яуза бойындагы саяжайға үдере кошіп кетуі мүмкін бе? Үйде бірлі-жарымы қалса керек еді. Әлде, таре ұйқыға кеткен бе? Мүмкін емес. Мүнда кеш жаңа түсті. Москвада әлі ж ары қ кой. Мейлі үй жауап бермей-ақ қойсын, саяжайдағы телефонга не болған? Ойда жоқта басқа едәуір уайым түсті. 570

им — Мен үйде-ақ қалатын жөнім бар еді,— деп алдымен Әзиза мазасызданды,— Сәулеге бірдеңе болып калды ма? Басқасы басқа, апам үйден бір адым аттап шықпаушы еді ғой. — Жарайды енді, далаға шығып кеткен шығар. Не телефонный трубкасын балалар дұрыс коймаған шығар.— Рысқүлов әйелін тыныштандырмак болады. Бірак озінің көнілі бей-жай. Шыдамай станцияға тағы да сұрау салды. Екі телефон­ ный екеуі де алмайды деп кайталады, станция. Есіне корші Рудзутактың үйі түсе кетті. Станцияға тағы да хабарласып, Рудзутактың телефон номірін берді. Біздің үйдің адамдары қайда?—деп көршілерден сұрамак. — Номер не отвечает,— деп станция тобеден қойып қалғандай кылып, сарт еткізді. Біздікі — біздікі. Ал, Рудзутактын телефонына кандай кырсық тиеді? Рыскұлов креслоға отыра кетті де, мандайын колымен тіреп, мелшиді де калды. Коз алдына алдымен Ескендір келді. Отқа, суға, машинаның астына түсіп кетеді дейтін бала емес, сокталдай жігіт болды. Он жетіге толды. Тәңірі сойқанынан сақтасын, оте зерек, алғыр болып өсіп келеді. Окуы да жаксы. Чкалов сиякты ұшкыш боламын. Әйтпесе, заңгер боламын дейді. Баяғыда Рыскұловтың өзі де зангер бола жаздаған. Мерке тергеушісінің кеңсесінде істеп, зан деген бұралаңы, қиыр-шиыры, әділеті, киянаты аралас ауылдың дәмін біраз татқан. Сонда, тіпті бала екен ғой. Он екі —он үш жаста ғой. — Сәуле байғұс, примуске бара беруші еді, отқа түсіп кетіп, күйіп қалды ма?—деп киналды Әзиза. Рысқұлов басын көтеріп алды. — А-а, Сәулешка... Апам бар ғой, коз жазып калмас. Қайдағы-жайдағыны уайымдай берме. Осылайша караңғы түнмен бірге каптаған калың уайым қоса келді. Үш бірдей телефонный жауап бермей койғаны — жойкын жұмбақ. Ал, уайымдамай көр. — Не де болса, таң атсын. Құдай сақтасын. Таң аткан сон, бәрі калыбына келеді,—деп жұбатты Рыскұлов әйелін. — Ертерек жатып, таң аткан соң, біржолата кетіп калайықшы. Үнамайды маған бұл курорт,—деп Әзизатыңнан тағы да бір кылык шығарды. Кавказға алып келіп, ел көрсетіп, жер көрсетіп, көңілін көтеріп, жаксылык жасамакшы еді Рыскұлов. Әрі десе, екікабат әйелге Кисловодскінің ауасы оте пайдалы деп еді 571

дәрігер. Ендігі жағдай мынау болды. Келмей жатып кетейік дейді. Бәрі де телефонный кесірінен. Таң атар, телефон да үн қатар, бір сәттік көніл кірбіңіне бола шамаданды буып-түйе бастау жарамас деп ойлады Рысқүлов. Шыққан күнмен бірге көніл де жадырар. Үлкен адамдар да нәресте сиякты. Жылай салады, артынша күле салады. Қанша қартайды деген адамдардың өзінде де балалық мінезден бір жүқана қалады. Балалық әлем — үлкендердің шыққан тегі ғой. Ешкім де тегіне тартпай түрмайды. Шыққан тегің кім?— деп сура- ганда, шыққан тегім — балалық шақ, деген екен бір жазушы. «Утро вечера мудренее» деген де бар. «Таңғы нәсіп Тәңірден» дейді казак. Тан атсын. Тезірек атсын. Тау шатқалындағы түннің түнеріп, түксие келетіні болады. Әрі десе, биіктегі мұзарттын ызғары жаз да болса, белгі беріп, түн әлеті салқын тартады. Содан ба екен, Әзиза безгек тигендей қалшылдай берді. Түн салқыны эсер етті дейін десең, бүдан бүрын үйықтап жатып, ыстықтап, көрпені ысырып тастай беретін. Рысқүлов жаураған келіншегін бауырына қысты. Осы- дан қүшағын жазса, біржолата айырылып қалатындай, Әзиза да күйеуін мойнынан қүшақтап, әлсін-әлсін дір-дір етіп, қатты да қалды. Бірін бірі өмір бойы қия алмайтын жар қүшағы ғана осылай қапсырылатын шығар. Жар құшағынын жалынына шарпылмаған жан, мен де адаммын, мен де өмір сүрдім дегені далбаса. Ол, әйтеуір күн кору. Дүниеге неге келдім, неге кеттім?— деп ойлап жатпайтын жетесіздердін жетім тіршілігі. — Қой, енді дірілдей берме,—деп Рыскұлов келіншегінің иыгын көрпемен қымтады.— Тыныштал. Үйықтап қал. — Сәуле,—деп сыбырлады Әзиза. — Әлден сагынып қалғансын гой. Тан атсын, бір хабар алып, қайтсақ, тіпті қайтып та кетерміз. Бәрібір мүндай демалыста береке болмайды. — «Махаббат пен мекерілік» мүнарасына бармаймыз ба?— деді алданган баладай болып Әзиза. — Ой, жаным, менің. Өзің гой Москвага қайтамыз деп әлден мазаны алған. Мүнарга ертең-ак алып барамын. Арнайы экскурсия бар шыгар, жоқ болса, бас дәрігердің машинасын сүраймыз. Барамыз да қайтамыз. Сол да соз боп па? Рысқұлов Әзизаны балаша аймалап, бесіктегі сәбиді тербетіп жатқандай еді.

тт? —Үйықта, Әзиза, ұйыктап қал. Сонда бәрін де ұмытасын.. Әдемі түс көресің. Мен жақсы түс көріп жатқанда ояным кетсем, өкініп қаламын. Көпке дейін сол түсімді еске түсіріп, қия алмай жатамын. Терезенің алды жарқ-жарқ етті. Сірә, алыстағы найзағай елесі шығар. Аулақтан Қүм өзенінің бір сарынды сарыны естіледі. Бір күшік шәу-шәу етті. Сірә, Голощекиннің кандені болар. Дүние түн қүшағында. Дүниені жаратқан Құдірет әлдилеп тұр. Жараткан Қүдірет үшін дүние деген бар болғаны сәби ғана ғой. Ол үшін Кавказының өзі бір қиыршық құм сияқты. Кавказың не, бүкіл Жер шарынын езі Қүдірет үшін бір түйір тарыдай ғана ғой. Ал, адамдар кеппіз дейді. Адамнан акылды ешкім жоқ дейді, адамнан күшті ешкім жоқ дейді. Сөйтіп бір-бірімен күш сынасады. Бірімен-бірі жауығады. Бәрі үстемдік, өктемдік үшін. Өйткені, үстем болса —билік болады. Билік болса — күшті болады. Сол үшін де бірін-бірі тобықтан қағып, тоңқалаң асырып жатады. Сөйтіп жүрген пенделер небары пенде екенін, бәрі жиылып бір-ақ тарының қауызына тығылып емір сүріп, туып, оліп, қайта туып, қайта оліп жатқанын мойындағысы келмейді. Рысқүлов үйықтай алмады. Әзиза ұйықтап кетті. Жас бала сияқты: пысылдайды. Демі жұмсақ, жып-жылы. Бұл дем алып жатқан жалғыз Әзиза емес, оның кұрсағындағы болашақ адамның суреті дем алып жатыр. Қазақтар олген адамға жаназа шығарғанда жасына бір жас қосады. «Мысалы, мен,— деді Рысқұлов ойланып жатып,— биыл қысқа аман жетсем, қырық екі жасқа келемін. Ал, әлде қалай ажалым жетсе, ауылда болсам, жаназамды қырық үште деп шығарар еді. Өйткені, ананың құрсағында жатқан мерзімді бір жылға балайды». Сондықтан, деді Рысқұлов, кәзір менің жанымда біреу емес, екі адам жатыр. Екеуі де жандай жақын. — Қанденді... қақбас,—деді Әзиза ұйықтап жатып. Сірә, түс көріп жатыр. Түсі, сірә, әдемі де емес. «Қанденді кақбасты» корсе — коңілсіз. Ертең «Махаббат пен мекерілік» мүнарасына апару керек,— деді Рысқұлов.— Біраз күн откен соң, Теберті мен Домбайға алып бару керек. Көрсін. Онда карашай дейтін жақсы халықтүрады. Біздің туыстар. Құздан құлаған Қүман озенінін сарқырамасын корсін. Тіпті анау жазықта жатқан ноғай ауылына да барып қайтуға болады. Қ азақ—Ноғай, Ноғайлы бір ғой. Жырлары да бір, тілі де бір... 573

Голощекиннің қандені шығар, тағы да күшік шәуілдеді. «Голощекин ұйқысы келмеген соң, далада қыдырып жүрген болар» деді Рысқұлов. Үңіліп сағатқа қарап еді —түнгі екіден асып барады екен. «Сорлыға обал-ақ болған,—деді Рысқүлов Голощекинді ойлап.— Үйқыбазар ауруына шалдықса, азапқа түскені ғой. Әй, өзі де көрмегенді көрсетті ғой елге. Зауалы о дүниеде, тозақта қайтады деуші еді. О дүниені күтпей-ақ, тірісінде тартып жүрмесін зауалын. Ешқандай ем-дом қонбаса, тіпті Кисловодскінің зәм-зәм ауасы мен суы да шипа болмаса, сол зауал соққаны да... Рысқүлов та көзі ілініп, ұйықтап бара жатты... Өн мен түстің арасы... Кілең ақ кимешекті кемпірлер: арасында Дәу-Омардың Үлтуғаны бар, өзінің өгей шешесі Ізбайша бар, Қырғызбайдын, кемпірі бар, бір қора кемпір. Рысқұлов өзі жоғары қабаттан түсіп келе жатыр, олар жоғары көтеріліп бара жатыр.— Саған дауыс бергелі бара жатырмыз,— дейді Қырғызбайдың кемпірі сампылдап. Дәл кай ауыл екені белгісіз: әлде, Талғар, әлде, Мерке, әлде, Түлкібас. Бірақ ауыл дейін десе, коп этажды еңселі үй. Таре деп мылтық атылғандай болды. Күшік шәуіл- дегендей болды. Голощекин түн ішінде курортта жүріп кімге мылтық атады? Тағы да тарс-тарс ете қалды. Рысқұлов тұла бойы қалшылдап, жүрегі мұздап барып... оянды. Есікті әлдекім қағып тұр екен. Стол шамын жағып, сағатқа қарады: тура үш. Үйқысы келмей, сандалып келген Голощекин бе, деді әуелі әлгі түстің әсерінен айыға алмай. Шалбарын, көйлегін киіп барып: — Кім?— деді. - Аш! НКВД! ТҮТҚЫН Тым болмаса тан да атпады. Ж арық сәулені тағы бір көрмеді. Мұрша бермеді. Бұлардын түн ішінде келетіні несі екен? Еңгезердей екеу кіріп келді. Арттарында тағы біреу бар. Ол үйге енуге бата алмай, абыржып тұрған сияқты. Сөйтсе, ол бас дәрігер Вадим Петрович екен. Шырт үйқыда жатқан жерінен мыналар оятып алып, осында еріксіз ертіп келген. «Понятой» деген керек екен. Заңның ол қай қайырым- дылыгы екенін кім білсін, сірә, куә сияқты бірдене болар?

Рыскұловты қалай тұтқындайды, заттарын қағазға қалай тізеді — соның куәгері болар, сірә? Соңынан қақшиып тағы біреу кірді. Шамасы, ол сыртта, терезе алдында қалса керек. Егер Рыскүлов терезеден шығып кашар болса, сол арада адым аштырмай ұстап алуға дайын түрған сакшы болды. Дайындығының күштілігі сонша, тапаншасын колына ұстап алыпты. Алдыңғы екеуі қару- ларын кобурынан суырмаған. — Азамат Рысқүлов, сіз тұтқындалдыңыз,—деді алғаш үн қатқан безеу бет, жирен сары. — Не үшін?— деді Рыскүлов сабыр сактамақ болып. Сүрағының орынсыз екенін біледі. Неге орынсыз? Не үшін тұткындалатынын білу айып па? Сүрак орынсыз емес. Бірак ол сұракты мына әзірейілдерге кою орынсыз. Бүлар бәрі- бір айтпайды. Ертеректе, 1919 жылы Ташкентте эсэр Успенскийдің жендеттері де Рыскүловты тұтқындағанда, Рыскүлов: — Не үшін?—деген. Жендеттер: — Бара көресің,—деген. Мыналар да кәзір: — Бара көресін,—деді. Арада он сегіз жыл өтіпті. Сұрак та сол, жауап та сол. Бірак о жолы Успенскийдін огынан комиссар Кобозев күткарып калган. Енді кім күткармақ? Енді кімің бар, Рыскұлов? Түткындаушы гимнастеркасының тос калтасынан алып, ордерді көрсетті. — Кімнін колы?— деді Рыскұлов. — Вышинскийдін оз колы, тұткындау ордері N 161,21 май 1937 жыл,—деді анау масаттангандай, бас прокурордың колы қойылган ордерді тос калтасына салып жүргенін дәреже түтып. Тек, сонда гана Әзизанын: — Тұрар!— деген ащы даусы шыгып кетті. Түткын- даушылар селк-селк ете калды. Олар Рыскүлов жалгыз емес, жанында әйелі бар екенін әбден біле тұра, мұнда екінші адамнын тұрганын енді гана көргендей тосын түрпиісіп, еріксіз кобурларын сипалады. Әзиза мына келгендердін жамандык хабар екенін білсе де, әлі де әлдекалай әбестік шыгар деген үмітпен тіл катпастан шыдап тұрган. Тек, Вышинскийдің атын естігенде

барып, сол үміт оты жалп етіп, өшіп қалғандай болды да, жан даусы шығып, тағы да: — Түрар! Шын ба?—деп шыңғырып жіберді. Осыған дейін Рысқұловқа тура қарай алмай, әлгілердің артына тығылып тұрған «понятой», дәрігер екені енді есіне түскендей, Әзизаға түра үмтылып: —Қойыңыз. Сізге қатты толғануға болмайды,—деп бәйек болды.— Қымбаттым, баланы аяңыз,— сіздің жағдайда сабыр сақтаған жөн. — Ой, Вадим Петрович! Бұл не сүмдық? Рысқүловты тұтқындау деген не сүмдық? Енді әйелін тыныштандыруға Рысқүловтың өзі кірісті. — Әзиза, ақылың бар еді ғой. Айқайлама, бүларды айқаймен ала алмайсың. Вадим Петрович дүрыс айтады: ішіндегі нәрестені ая. Зақым келеді. Сабыр ет, дәлелде Рысқүловтыңжары ойбайшыл, осал әйел емес екенін. Шыда! — Шыдайын десем, шыдатпай түр ғой, Тұрар-ау, не жаздық, кімнің ала жібін аттадық? Бәсе, телефон үн қатпай, тілі кесіліп қалғанынан қорқып ем... — Не разговаривать!—деп арс етті безеу бет. — Әне, енді біздің де тілімізді кеспекші,— деп Әзиза дес бермеді.— Осы Совет өкіметіне сенен адал адам ж оқ еді ғой, Түрар-ау, не болдық?! — Молчать! — Жолдас капитан! Әйел кісімен бүлай дорекі сойлесу жарамайды,— деді Рысқұлов зілдене. — Мен сізге жолдас емеспін!— деп таре кетті безеу бет.— Азамат деп сөйлеңіз. Жә, киініңіз. Сонан соң серіктеріне иегін котеріп калды. Олар қарғыбауы босатылған бөрібасарлардай лап қойып, столдың тартпаларын, шкафтың ішін, туалеттің ішін тінте бастады. — Белдік тақпаңыз! — «Дәл Успенскийдің жендеттерінің айтқаны — деді ішінен Рыскүлов.— Осы Успенский кайта тіріліп кетіп, өкіметті басып алған жоқ па екен?» — Галстук тақпаңыз! «Құдды өзі. Үқсамасаң — тумағыр». — Үстара алмаңыз! Рысқұловқа бүл бүйрық та таныс. Сонда да жорта: — Сақал-мұртты қайтеміз?— деді. — О, қам жемеңіз. Ақы-пүлсыз шаштаразтабылады,—деп ызғарлана мырс етті безеу бет.

Осыдан он сегіз жыл бұрын, Ташкенттің Садовая көше- сіндегі үйінде тұтқындағанда да, Успенский мен Кушекиннін жендеттері де дәл осындай жауап берген. Тарих кайта- ланбайды дегені кайда? Бекер сөз. Бәрі де кайталанады. Күн шығады, күн батады, күн қайта шығады... Жаз келеді, кыс түседі, кайтадан жаз келеді... Тінтушілердін ең үлкен «олжасы»— жазу столының тартпасынан табылған пистолет «Браунинг» болды. Писто- летті бірінің колынан бірі алып, көріп, нөмірін тексеріп, қағазға түсіріп, каттап, ерекше қастерледі. Патрондарын түгендеді. N 240658. Патроны — 7. Рыскұлов сезікті болса, осы пистолетті жастығының астына тығып жатып, мыналарды шетінен жайратып салуға жарар еді. Мүмкін, кұтылып кетуге де... Бірақ кайда? Иранға ма, Түркияға ма... Кетті ғой кезінде Мұстафа Ш окай, Зәки Уәлиди... Сол пистолеттен баска айрыкша козге түсе кояр зат табыла койған жок. «Лейка» дейтін фотоаппарат катталды. «Өзі ірі өкімет бола тұра, фотоаппарат бұған неге қажет?» дегендей күдікті көрінді. Бірак Кисловодскіде мемлекеттік, яки әскери кұпияға жататын нүктелер жок... — Мұнымен әуестігіңіз бар ма еді?—деп сүрады безеу бет. — Бала кезден,— деп асырынкырып жіберді. Әйтпесе, бала кезінде оған фотоаппарат кайда? Рас, Мерке мен Пішпектін базарындағы суретшілерден коріп, кызықса кызыккан шығар, біракол кезде колынаұстап көрді ме екен? Жазу столынын бір тартпасынан бір бума қолжазба шықты. Безеу бет бірінші бетін тесіле оқып корді. «Қазакстан» деп жазылыпты. — Өзініздің еңбегініз бе? — Иә, озімдікі. — Неге «Советтік Қазақстан» емес? — Совет орнаганға дейін де Қазақстан болған. Тарихи енбек. Тереңтарих. — Жарайды. Қандай тарих екенін аныктайтын адамдар бар? Жаз, протоколга,— деді безеу бет каттаушыга:— «Қазакстан». Қолжазба. 650 бет. Рыскүлов бұл ортада киініп те болды. Бір киналган жері: он аягы туфлиге симай-ак койганы. Сырты жылтырак әдемі әміркен кара туфли еді. Оз аягына шап-шак болатын. Не корінгені белгісіз — сыймайды? Элде, мыналардын кырау күрсанган ызгарынан былгары да тырысып, жиырылып кала

ма екен — белгісіз? Айдауылдардың біреуі шкафтан санаторийдің өтпес, доғал пышағын алып берді. Рысқұлов оған бір, пышаққа бір қарап, басын шайқады. Сөйтті де еденді тепкілеп-тепкілеп, аяғын әрең сыйдырды. Қайысы да, тігісі де мықты-ақ екен, әйтпесе мына күшке шыдас бермей қақырап-ақ кететін реті бар еді. — Өзіңіз үлкен бастықсыз, өзіңізге шақ аяқ киім табылмаған ба?—деп қағытты безеу бет стол үстіндегі аманат кітапшасына қол соза беріп. — Ш ап-ш ақ еді ғой,—деп Рысқүловтың орнына Әзиза тіл қатты. Осы мамыр мерекесінің алдында ғана мұны Рыс- құловқа озі әкеліп сыйлаған. — Так. Жаз,— деді безеу бет стол шетінде шоқиып, заттарды қаттап отырған комекшісіне.— Рысқүлов Түрар Рысқұлович атына жазылған аманат кітапшасы 888 сом. Интересно, кілең сегіз. Сегіз деген сан ненің символы екенін білесіз бе?— деді кенет алдымен Рыскүловқа қарап, одан сон Әзизаға оқталып. — Білемін,— деді Рысқұлов мынаның кылжақ қыла бас- тағанына ыза болып,— махаббат нышаны. — Онда сізде махаббат үл-кеен болғаны ғой. — Сізге де сондай үл-кеекен махаббат тілеймін. — Рахмет. Так. Мынау нақты ақша. Селезнев! Сана! — 315 сом, жолдас майор,— деп так етті Селезнев. — Дегенмен, аздау. Курортқа бүдан горі, кобірек ақшамен ке лу ге д е болушы еді,— деді майор.— Жаз. 315 сом. — Киім-кешегіне тимендер. Тағы не бар? — Мына біреу, жолдас майор,— деді бір айдауыл ауызүй жақтан шампан алып шығып. — А, шампан. Ақсүйектердің ішімдігі. Жаз. 1 ботелке шампан. — Тиме оған!— деп Эзиза кенет атырылып барып, айдауылдың қолынан шампанды жұлып алды. — Бізді бұл мырзалар саран екен деп калар, бере сал,— деді Рысқұлов әйеліне. — Жоқ, бермеймін. Сен мыналардың тырнағынан қүтылып, үйге келгенде ашамын. Рысқұлов уәж айта алмай қалды. Бұл сойқанда шампан түгіл бас кетпекші. Әзиза болса, әлі үміткер. Асыл Әзиза, үмітің үзілмесін. Күндіз ғана осы шампанды Рысқүлов жақсы ниетке арнап алып еді, сен босанып, нәресте дүниеге келгенде ашамыз деп еді. Бұйырмаған екен де. Ырым еткені,

қырын кетті. Тұрарды кәзір мыналар алып кетеді. Әзиза қалады, әлі жарық дүниеге келмеген бала қалады. Тумай жатып, жарық сәуле көрмей жатып, тағдыр тәлкегіне үшырардай не жазығы бар еді, ол бейшараның? Айдауылдар бәрін қаттап, қағаздап, сол қағазға дір-дір еткен бас дәрігер байғұсқа қол қойғызып: — Ал, кеттік,—деді. Шын сорлағанын енді ғана, түп-тұңғиығына дейін сез- гендей, Әзиза айқай салды. — Мені де ала кетіндер! Мені де қоса қамандар! — Нельзя!— деді безеу бет Әзизаны кеудесінен итеріп.— Оставайтесь! Табалдырықтан аттап тұрып, Рысқүлов артына бұрылды: — Рысқүловтың жары екенінді ұмытпа, Әзиза! Гүлдей нәзік едің, енді тастай берік бол! Ана Вадим Петрович ертең билет алуға көмектесер, дереу үйге қайт. Үйде жолығайық... — Бар айтарын сол-ақ па, Тұрар-ау? Әзиза кеуделеп алға үмтылды. Бірақ бұл әйел көшені баж-бұж қылады-ау, деп сескенген айдауылдар бар күшін сала, алдын кес-кестеді.— Айтсаңшы мен бейбаққа: не істеймін? Қайтіп күн көремін? Бала-шағанды, анау аңырап адыра қалған «колхозынды» не ғыламын? — Шыда. Уайымға салынба. Үгітілме. Жасыма. Жаз- мыштан озмыш жоқ. Басқа салғанды көресін. Үмітің сөнбесін. Мен көп кешікпей қайтармын... Балаларды бауырыңа бас. Ескендір ер жетті, енді өлмес. Софья мен Майяны жетімсіретпе. Түйметайға сәлем айт. Балаларын тентіретпесін. Елге әзір қайтпасын. Сол фабрикадағы жұмысын істей берсін... — Хватить! Целую поэму запел,— деп безеу бет майор, Рысқұловтың иығынан итеріп калды. Бұл бірінші қол жүмсау еді. Әйелінің көзінше итергеніне қорланған Рысқүлов: — Руки!—деп зекіп, майорды иығымен кағып жіберді. — Е, ондай асау болсаң, түсау табылады,— деп үйден шыққан соң, майор екі айдауылға Рысқұловтың екі қолын артына қайыртып, сарт дегізіп кісен салды да тастады. Әзизаны көшеге шығармай, іште қалдырды. Рыскүлов артына бұрылып қарай бергенде, жон арқа- сынан әлуетті жұдырық тиді де, етпеттеп құлай жаздап, бойын түзей бере, кошенің бергі бетіндегі кок үйдің ашық терезесінен басын шығарып, қарап тұрған Голощекинді

көргендей болды. Козі бұлдырап, анықтани алмады. Сойтсе, жаңа жығыла жаздағанда козілдірігі ұшып кеткен екен. — Тоқтай тұрындар, көзілдірігім,—деді. — Адаспайсың, жайлы орынға аман жеткіземіз, саспа,— деді безеу бет. *** Вокзалға жақындағанда: — Тоқта,— деді безеу бет. Сойтті де, Рысқұловтын сол қолындағы кісенді ағыттырып, он қолындағысын аштыр- мады. Сол қолдын кісенін айдауылдардың жәй киінген біреуінің білегіне салғызды. Сойтіп, Рыскұлов пен айдауыл қосақталды да қалды. Бұл қай тамашасы деп ойлады Рысқұлов. Сойтсе, вокзал басы жап-жарық, шамдары самаладай екен. Ығы-жығы адамдар. Атақты курорт болған соң, біреулер келіп, біреулер кетіп жатады. Таныстар кездесе кетуі мүмкін. Ал, Рысқүлов белгілі адам. Газеттерде суреті де шығып тұрады. Кенселерде портреті де ілінген кез болған. Сондықтан, оның екі қолын артына қайырып, кісендеп алып жүруді безеу бет ыңғайсыз корген. Әлде біреулер, кім біледі, араша түсіп, айқай-шу шығуы да мүмкін деп ойлады. Енді Рысқүлов озінін ажырамас «досымен» катар жүріп келе жатыр. Екеуінің қолы кісенмен жалғасып тұрғаны корінбесін деп кісеннін үстіне плащ іле салды. Москва пойызы жүруге әлі біраз уақыт бар екен. Теміржол милициясының болмесіне барып жайғасты. Рысқүловтың онаяғы қақсап ауырып қоя берді. Аяғының үсті күп болып, күмпиіп ісіп бара жатқандай корінді. — Айдауыл азамат, аяғым шыдатпай барады,— деді. Еңкейіп жалғыз колымен туфлиді әрен суырып алды. — Енді қайтадан қайтіп киесің? Сыймай қалады ғой,—деді серігі не жаны ашығаны, не ренжігені белгісіз? Ренжитін де жоні бар. Мына Рысқұловка еріксіз қосақталды да қалды. Айдауыл дегені болмаса, бұл да тұтқын. Безеу бетпен ана екінші айдауыл ресторанға ма, буфетке ме, кетті бір жаққа? Ал, бүл болса, қолы Рысқұловпен қоса кісендеулі милицияның тақтай сәкісінде отырды да қалды. Әлгілер шынында да тамақтанып алыпты. Қолдарында ботелке-бөтелке сыра, қағазға ораған пирожкилері бар.

— Кэне, Дима, оразанды аш,— деп безеу бет Рыскүлов- тың серігіне сыра ашып, алдына пирожки койды. Дима жалғыз қолмен капуста камырды арпадай асап, сырадан кылғытып-кылғытып алды. — Ал, жиналайық,— деді бөлмеден шығып кетіп, қайта оралған безеу бет.— Пойыз жүруге он-ак минут калды. Ауырған аяғы тыншып, жаны кіргендей еді, енді туфлиге кайтып сұғарда, кәне, сыйсашы. Безеу бет ашуланды. Димаға үрысты. — Аяк киімін шешуге неге рүхсат бердің? Мүмкін, сен мүндай кайырымдылыкпен оның кісенін де шешіп жіберерсін! «Аяғындағы етігің тар болса, дүниенін кендігінен не пайда?» деген ғой бұрынғылар. Дана ғой, шіркін. Аяк киім кысса, қан тамырлары жаншылып, кан жүрмей тырсылдап, аяқтан жан кете бастайды екен де, шыбының шыркырап коя береді екен. Бұрын кыспаған туфли, енді неге сыймай калғанына Рыскұловтың акылы жетпей-ак койды. Құдайдын бүл қай кысастығы? Сыймайды, тепкілейді, сыймайды. Безеу бет «Бол, болдың» астына алып әкірендейді. Рысқүлов кісендес серігіне: — Пышағын бар ма?— деді. — Рұхсат па, жолдас майор?— деп Дима бастығына қарады. — Тоқта, өзім-ак,— деп безеу бет Диманың белдігіндегі қыннан канжарсуырып алып, Рыскұловтын кырсыктуфлиін үстінен тіліп кеп жіберді. Сонда барып сорлы аяқ туфлиге әренсыйды. Несінежетісіп семіре калғанын кім білсін, сәтсіз сапарда он аяғы ісінді де кетті. *** Әзірейлі түннің құрсау қүшагында калган Әзиза анырап ары жылады, бері жылады. Жападан жалгыз жылаганда пенде кімге шағынады? Кім тындап жатыр? Кімнің жаны ашиды? Елде байы өлген катын шашын жайып аңыраса, оған басу айтып: «Өлгеннің соңынан өлмек жок, тірі адам тіршілігін істейді. Қой, шырагым, бекем бол!» деп жұбатады. О да болса медеу. Ал, Түрар әзір олген жоқ, тірідей алып кетті. Кеудесін жан баласына бастырмаған, халкына қадірлі, аяулы азаматты әлдекімдер корлап, зорлап айдады да жөнелді.

Кеше ол «Махаббат пен мекерілік» дегенді қайдан шығарды? Әзәзіл аузына салды ма, не болды? Енді сол махаббат жолында құрбан болған жігіт Тұрар сияқты көрінді де, опасыздықпен тірі қалып қалған Әзиза өзі сияқтанып, осы ой көкейінен кетпей, жанын жегідей жей берді. Тұрар тұтқын болып, өзі бостандықта қалып қойғаны мекерілік, опасыздық сынды бірдеңе емес пе деп, өзінен озі жиіркенді. Не де болса, бірге кету керек еді? Жендеттер бір-екі рет жекіп, көкірегімнен итерді екен деп, жігерім жасып қала бергенім қалай болды? Рас, Тұрар тірі кетті, кебін киіп кеткен жоқ, кебенек киіп кетті. Бірақ, мінезі шарт, тіктеу еді, әлгі жендеттердің қорлауына төзбей, қарсы келсе, ана безеу бет атып тастай салудан тайынбайтын нойыс көрінеді. Атып тастап, оны Тұрардың өзіне жаба салу қиын емес. Қашып кетпекші болды, содан соң амалсыз аттық десе, үлкен жендеттер үндемей, құптай салуы да мүмкін ғой. Осы ой басына келуі мұң екен, Әзиза егіліп отыра бергенін қойып, дүр сілкініп, орнынан атып тұрып, далаға жүгіріп шығып, вокзал жаққа тұра ұмтылды. Тас көшеде кетіп бара жатып:— Түрар!— деп айқай салды. Қос өкпесін қолына алып, алба-дұлба болып, алқын- жүлқын жетіп келсе, Мәскеудің пойызы кетіп қалыпты. Мәлімет бюросы солай деді. — Тұтқынды да алып кетті ме?—деп сүрады Әзиза. — Қайдағы тұтқын?— деді мәліметші әйел түсінбей. Әзиза не айтарын білмей тосылып қалды? — Тұрар Рысқүлов,— деді мүмкін білетін шығар деген үмітпен. Мәліметші әйел мынанын есі дұрыс па озі дегендей тандана карады да, бюроның терезесін таре жапты. Солай, Әзиза Түбеккызы, енді алдыңнан терезелер, есіктер осылай тарс-тарс жабыла береді. Көнесің. Басқатүссе — баспақшыл деген осы. Совнаркомның әйелімін деген кердеңінді енді ешкім көтермейді. Келеке боласың. «Халык жауының қатыны» деген жаманат жабысар. Сыртыңнан саусақтарын шошайтар. Кеше ғана бақытты едің, бүгін сорлап қалдың. Бақпен сордыңарасы —бір-аққадам. Үстіңгі ернімен кок тіреп, астыңғы ерніңмен жер тіреп, шылымынды күннің көзінен түтатып алсаң да масаттанба! Сәл сәттен кейін не боларың Қүдіреттің қолында. Айнала ығы-жығы, сендей соғылысқан адам. Бұлар да Әзизадай сорлы ма екен? Бей-жай жүрген біреуі жоқ. Басында сүр шляпасы, үстінде сұр макентошы бар,

көзілдірікті, бармақ мұртты кісіні көргендерің бар ма? Жанында жендеттері жүр еді, олар оны үрып-соғып, қорлап бара жатқан жоқ па? Жарандар-ау, айналайындар-ау, көздеріңе сондай пенде-жан түскен жоқ па? Ешкім бүған назар салмады. Іштей шыңғырған үнін де естімеді. Қайта қол арбамен жүк тасыған бір жаман: — Дорогу! Брюхатая корова!—деп қорлап кетті. Мәскеуге келесі пойыз кешке жүреді екен. Касса алдында ұзыннан-үзақ тізілген жұрт. Жан қалтасын сипалап еді, ақшасы құрығыр ақ сөмкемен люксте қалып кетіпті. Сонда да есін жиып, кезектің соны кім деп сүрап алып, қартандау бір орыс әйелге: — Мен кәзір келемін, сізден кейін кісі бар деп айта салыңызшы,—деп өтінді. — Жарайды, кызым, жарайды,—деп кемпір жалпақтады. Келген ізімен алкынып кері қайтты. Тан атып, күн шығып, курортшылар нарзан бұлаққа қүлап бара жатыр. Қолдарында сол әшекейлі тостақтар. Жадыраған күн, жайбарақат заман, уайым-кайғы деген атымен жоқ, барлығы да не деген бакытты жан?! Адыра қалғыр. Ащыбүлақ әтір сасиды. Жұпардан жаратылган жаннат жай Рысқүловтарға неге жауықтың? Неге жайсыз болдың? Бір-ер тамшы суынды аядың ба? Мың-мын адам ішіп-ақ жатыр гой шипа суыңнан. Солардың ішінде садақасы біз болдық па? Не жаздық, ненді алдық біз сенің, Ащыбұлақ?! Айналып өтейін десен, айдаланың жолы жоқ. Табан астында жүзіқара жандай, беті шіркеуленіп, жұрт көзіне түспейін деген тілек пайда болды. Адам өлтірмей, ұрлық істемей, кісі ақысын жемей, жайдан-жай жүріп, адамдардан именшек, күбіжік мінез шыға келді. Әзиза тіпті Жан- досовтар кездесіп қалар ма екен деп қуыстанды. Бүл қалада ең таныс, ең ет жақын дейтін сол Жандосовтар ғой. Енді солармен жүздесудің озіне еріксіз тыйым салынғандай. Кәзір барса, Жандосов ер мінезді жігіт қой, бұдан көмегін аямас еді, кезексіз билет алып, пойызға салып жіберер еді, бірақ... әлдене тежеді де тұрды. Кесіріміз тиіп кетпесін деген санасыз түйсік пе екен, бір белгісіз, аты жоқ сезім билеп алды да, Жандосовтарға жолығудың жөні жоқ деп шешті. Ешкімге із-түзін білдірмей кетіп қалғысы келді. Қарсы жолыққан адамның бетіне қарамайды, жанынан адамдар ағылып өтіп жатыр. Біреулер мүның соңынан бұрылып та қараған сияқты. Танитын шығар. Мейлі. Бүл танымайды. Бұл

ешкімді де танымайды. Ендігі жерде мына қуанышқа мелдектеп тұрған курорт бұған жат. Із-түсіз, ләм-мимсіз кету керек. Ойлап калсын жүрт: Рыскүловтар періштелер сиякты ғайып болған екен деп. Лермонтовтың Демоны — Дәу Перісі әкетіп калған екен десін. Дәу Пері осы өлкеде ұшып жүрген ғой. Тамара сұлуды аямаған Дәу Пері кімді аясын? Дәу Періге де адамдардың әркімі емес, татымдысы, акылдысы керек көрінеді ғой. Акылды адамдар азап үшін жаратылған. Білімді адамдар қасірет үшін жаралған. Мүны баяғыда- баяғыда Үлы Кітап айтып койған: Көп акылдан — көп қайғы деген, көп білімнен — көп касірет деген. Онысы несі десе, білімді, акылды адам мына дүниенін кем-кетігін, ірік-шірігін, арамдығы мен әділетсіздігін баскалардан бұрын сезіп, бұрын біліп кояды екен ғой. Ал, ондайлар ел баскарғандарға үнамайды екен. Патшалар, императорлар, корольдер, перғауындар халкының жуас, момын болғанын қалайды екен. Жуас түйе жүндегенге жаксы ғой. Шатак, бүлік білімділерден шығады деп коркады екен. Бірак пенденін кай ойлағаны болып жатыр? Елде, соноу алыс Қазақстанда, ағайынды Түлкібас пен Жуалыда айтар еді: Көшіп жатыр ауылым, қонып жатыр, Кай айтқаны пенденің болып жатыр? Кырқасына қырыктың шықсақ-тағы Арман шіркін кеудеде толып жатыр. — деп. Сол айткандай, Әзизанын: танитын ешкім кездеспесе екен деген сонғы тілегі де орындалмады. Қырсык бір айнал- дырғанды шыр айналдырады депті ғой. Сол айтканы рас екен, тура карсы алдынан: — Ау, періштем, неге жалгыз жүрсін?— деген жагымсыз қырылдақ үн шыкса, караса: Голощекин екен. Тұла бойы корқынышқа үйреніп, еті оліп қалса да кәзір селк ете калды. Текесакалга касіретті козден зәр шашып, үн катпастан оте шыкты. Голощекин онын артынан бұрылып карап: — Аянышты, өте аянышты. Мұндай сүлу жападан- жалгыз...— деп бірденені мінгірлеп калды. А қсом кесі орнында екен. Екеуі екі шамаданмен келіп еді. Кәзір екеуін бірдей көтере алмас. Оны-мүны, киім- кешекті бір шамаданга, Тұрардікіне сыйыстырмак болды. Тұрардың пижамын, көйлектерін салды. Койлектерді салар бүрын кезек-кезек иіскелеп, иесіз калган жейделерді көз жасымен

бөктірді. Тұрардың сабынмен жуылатын көйлектері, енді Әзизаның көз жасымен жуылды. Әр көйлегін кеудесіне қысып, көз жасына шылап отыра берер ме еді, есіне вокзалдағы касса түсті. Билет ала алмай, кешкі пойызға ілінбей қалса, қайғы үстіне қайғы жамалмак. Лезде қатайып, өз шамаданын теуіп-теуіп, итеріп тастап, Түрардың Германиядан әкелген калың қайыс шамаданын буып-түйіп бола бергенде, шампан есіне түсті. Түнде жендеттерден тартып алып калып еді. Тастап кетуге қимайды. Түрардан қалған тұмардай керінді де, шамаданға оны да салды. Бар жүгі бір-ақ қолдык болса да зілдей ауыр екен, мыкшындап үйден шықты. Вокзал едәуір жер, дайын тұрған колік те жоқ. Мықшындап қапталға түсті. Ә дегенше, қара терге малшынып шыға келді. Шамаданы да, киім-кешегі де қараң қалсын деп тастап кеткісі де келді. Дүниедегі ең жақын адамнан айырылғанда, коди-соди шүберектен айырылып, олмеспін деді. Бірақ бәрі Түрардың козі еді, дәті шыдамады. Екі басып, бір тоқтап, жылжи берді. ҚасындаТүрар болса, зілбатпан шамадан тұрмак, бір мысқал жүк котерткізбес еді. Құрсағындағы балаға зақым келеді деп, артық қимыл жасатпас еді. Жандай жақын адамын асты-үстіне түсіп, тым-тым бәйек бола бергені де Кұдайдың құдыретіне қарсы іс пе екен? Әр адам оз азабын озі котеріп откені жен шығар. Біреудің арқасында біреу тым-тым шолжандап, тайтандап кетпеуі керек шығар. Тұрармен бірге түрған аз жылдар ішінде жаны қиналып кормеген екен. Масыл да болмаған, бірақ мандайы жіпсіп, ауыр жүмыс та істемеген. Енді мынау соның жазыры шығар. Отқа саламын десе де, суға саламын десе де, Жаратушы Қүдыреттің еркінде. Басына Құдыреттің ноқтасы сыймас пенде жоқ. Бір басып, бір тоқтап, пора-порасы шығып келе жатып, тұсына қара автомобильдің келіп тоқтай қалғанын да байқамапты. Машина сигнал бергенде ғана бұрылып қарады. Әуелі НКВД-нің «қара қарғасы» ма деп жүрегі зу етті. Сойтсе, Вадим Петрович екен. —Жаным-ау, мұныныз калай? Бірауыз айтсаңыз қайтеді? Жүрттың бәрі жау емес қой,— деп бұрқылдап, қартаң кісі шамаданды машинаға салды. Қолтықтап Әзизаны отыр- ғызды. — Сіздің жағдайыңызда мынадай жүк котеру — копе- корнеу ажалдың озі ғой. Әлде, түнде аналармен бірге 38-626

болғаныма бола, мені де жек көріп кеттіңіз бе? Маған бұйырды ғой, не істейін... — Рахмет, Вадим Петрович, сізге кесірім тиіп кетер деп ойладым... — Оның үлкен адамгершілік, қызым, қилы заман, кім біледі? Бірақ сені ғаріп халде қалдыру еш ақылға сыймайды. Ешнәрсені уайымдама. Сабыр сақта. Пойызға өзім отыр- ғызам. Әзизаны сәкіге жайғастырып, билет қамына бас дәрі- гердің өзі кетті. Қозғалмай отыр деп кетті. «Е, дүние әлі қаңсып қалмаған екен ғой» деп Әзизаның іші жылығандай болды. Мүмкін, мейірімді, әділ адамдар Тұрарды да құтқарар деп үміт оты шалықтап өтті. Сол-сол екен, жаңа ғана көңілді ән салып тұрған радио: тындаңыздар, тындаңыздар!— деп сампылдай жөнелді. Вокзал алаңына ілінген дәу ақ шелектей немеге жұрт еріксіз қүлақ түрді. «Үлы косем Сталин жолдастың дана басшы- лығымен адымдап алға басқан социалистік құрылыстың аяғынан шалып қүлатқысы келетін жымысқы жаулардын тағы да бір тобы әшкереленіп, тұтқындалды!— деді радио лепіре түсіп.— Троцкистер: Зиновьев, Каменев, Бухарин, Рыков бастаған жексұрын жаулар тиісті жазасын алады. Бұл жазадан үлтшыл троцкистер Рысқұлов, Икрамов, Файзул- лаев, Нұрмақов, Исаев тағы басқалары да қүтылмайды. Халық жауларына өлім келсін! Опасыз оңбағандарды дер кезінде әшкерелеп, қолға түсірген нарком Ежовтын болаттай қолы мұқалмасын!» Радио қайтадан музыкалатып ала жөнелді. Қолында билеті бар, Вадим Петрович қайтып келсе, Әзиза скамейканың үстінде ес-түссіз талып жатыр екен... *** Бас жағында «вогонзак» деген темір құрсаулы, тор көз терезелері, кара вагоны бар «Кисловодск — Москва» жолаушылар пойызы бүл кезде Кавказдан алыстап, бұрын «печенегтер» «половцылар», түркі әлемі Қыпшақтар даласы деп атаған жазыкпен салып ұрып келе жатты. «Вагонзак» дегені — «вагон заключенных» дегені болса керек. Яғни, түтқындар вагоны. Қарауылы сақ. Қара паровоз. Қара вагон. Содан кейін почта вагон. Содан сон барып, кәдімгідей көз тартатын көк вагондар. Кок вагондагылар

бостандықтың адамдары. Құдайдың сүйген құлдары. Бірақ, кім біледі... Бостандықта жүрсе де тағдыр-талайына риза еместер толып жатыр. Өзі дүниеге келгенше адамдар түк білмейді, ешнәрседен бейхабар. Ал, жарық дүниеге келе салысымен, адам болып жаратылғанын әлдекімге міндет қылып, әлек-шәлек талап-тілегін ала келеді. Әңгімені бер-берден бастайды. Әуелі тамақ тілейді, жөргек тілейді. Ә дегенмен жайлы ғүмырды жақсы көреді. Жаялығы жайсыз болсыншы — жаңа туған жас бала не істер екен? Екі аяғынды бір етікке тығады. Сөйте-сөйте, атпалдай азамат болады. Бір жұтым қара су мен бір үзім қара нанды қанағат түтар біреуін кормейсің. Кедей байға жетсем дейді, бай Қүдайға жетсем дейді. Кедейдің бай болғысы келетіні мига қонады, құлакка кіреді. Ал, байдың Қүдай болғысы келетіні сұмды-ы-ық! Барлық пәленін бәрі осыдан туындайды, осыдан орбиді, есіреді. Есірік жама-а-ан. Оған Құдыреттің зауалы ғана тосқауыл. Сонымен, «Кисловодск — Москва» пойызы, бақыттысы бар, бакытсызы бар, түткыны бар, азаты бар — мың каралы адамды ежелгі Қыпшак-Қүман даласымен ағызып алып келе жатты. 1937 жыл еді. Коктем еді. Мамырдың соңғы күндерінің бірі еді. Коктен маужырап тогіліп түрған рисалат нұры еді. Дала дегеніңіз гүл-шешек жамылып, бойжеткен калың- дыктай жасанып: бозторғайлар масайрап, әлем шаттыкка боленгендей шак. Бірақ мұнын бәрін Рысқүлов коре алмайды. Вагонныңтор коз терезесі соқыр. Дала корінбейді. Безеу бет корші купеде. Онынтерезесі жарық. Рысқұловтын касындағы карауыл сол баяғы Дима. Вагон доңгелектерінің сақыр-сүқыры омірі таусылмайды. Сол сакыр-сұкырымен жарысып Рысқүлов ой кешеді. Ойда бір жүйе жок. Әуелі: Неге? Не үшін?—деген сұңғыла сұрактын жауабын іздейді — таба алмайды. Курортта калган екіқабат әйелі анау. Енді оз басы тагдырдың жазганын корер-ау, әйеліне, үй-ішіне, бала-шаға, туган-туысқандарына тыныштык берсе екен. Пойыз октын-оқтын токтайды. Сірә, станция болар. Сырттан адамдардың даусы естіледі. Радио, музыка ойнап түрады. Мұны сыртка шыгармайды. Дима да сойлемейді. Оған тұтқынмен сойлесуге рүхсат етілмеген. Осы арасы жұмбақ. Тұтқынды кашырып алмай, айырылып калмай, сақ отырсан болды емес пе? Ал, сойлесең г . ' і л \\ ' 587 - , «г У /Ч V

сөйлесе бер. Әрине, сөйлескің келсе. Жоқ, сөйлесуге болмайды. Түрме қарауылы, тұтқын карауылы сезімтал келмеуі керек. Қайырым, мейірім дегенді білмеу керек. Егер сезімтал, мейірімді болсаң, тұтқындардын да нешетүрлі сиқырлары бар, сөзбен арбап, ерітетіндері бар, жанынды елжіретіп, жылататындары бар. Сөйтіп, арбап, қүтылып кететіндері бар. Сондықтан, қарауыл қара тастай қатал болуға тиіс. Айталық, кәзір Рысқұлов сөйлеп кеп берсе, бұл тындаса, Рысқүловтың айыпты емес екеніне көзі жетсе, пенде ғой, жаны ашып, босатып жіберуі де мүмкін ғой. Бірақ, Димадан құтылғанмен, кара вагон — қара жартастай... Бұл Баяғы Рысқүл батыр іргесін пышақтың үшымен тесіп, қашып кететін Алматының абақтысы емес. Түтқынға түсіп, қапас қамакта отырған адам не ойлайды? Әрине, оз тағдырын ойлайды. Әзірге Рыскұлов оз тағдырын болжай алмайды. Кешікпей Москваға жеткізеді. Әрине, НКВД. Эрине, Ежов. Бүған қандай айып тағылады? Одан бұл қалай құтылады? Беймәлім. Әрине, тұтқын озінен соң, ең жақын адамдарын ойлайды. Айдалада жападан-жалғыз қалып калған Әзизасын ойла- ғанда, озегі ортеніп, демігіп, ауа жетпей алқына бастайды. Өмірі қиыншылық кормеген жас келіншек басынан қандай хәл кешіп отыр екен? Пойызға билет ала алды ма екен? Әлдекімдер жәбірлеп, қорламаса игі еді. Үлкен үрей. Ойша неше сақка сандалуға болады. Сейте-сойте адам ойы ой мен қырды кезіп жүріп, бір сәтке қайғы-қасіретті үмыттырып, жасыл жайлау, жайдарман елге де жеткізеді... Әзизамен алғаш қалай кездескені есіне түседі... Сол жылы Әзиза Кокшетауда практикада жүр екен. Мұхамеджан Тынышбаев ақылға кенен кісі ғой. Түрксибті салу Комитетінің бастығы Рысқүлов болғанда, бас инженер Тынышбаев. Голощекин Тынышбаевты жолатқысы келме- ген. Алаш Орда дейді, советке жау дейді, күні кеше Қокан автономиясын баскарған дейді. Сылтау коп. Рысқүлов оған: қолынан іс келетін буржуазиялык интеллигенцияны Совет ісіне тарту керек деп Ленин озі айтқан. Сен, Голощекин, немене Лениннен әулиесін бе? Түрксибке Совет үкіметі атынан жауап беретін мен. Сондықтан, кіммен жұмыс істе- сем — озім шешемін. Бас инженер Тынышбаев болады!—деп шорт кескен.

Сөйтіп, Түрксиб ісі алға басып жатты. Рысқүлов М әскеу- ден Алматыға келгенде, үкімет үйіне түспей, Тынышбаевтың үйіне түседі. Онысы республика басшыларына ұнамайды. Астыртын ОГПУ андиды. Рысқұловтың жүрген-тұрғаны, қайда барғаны, кіммен сөйлескені — бәрі андулы. Андыса — анди берсін. Рыскүлов жаудың ісін істеп жүрген жоқ. Сондықтан жүріс-тұрысы еркін, жүзі жарқын. Бір күні шәй үстінде Мұхамеджан Тынышбаев: — Ал, Түрар, қүлақ салсаң, бір сөз айтайын,—дейді. — Айтыныз, Мүха,— дейді Рыскұлов інілік ізет сактап. — Айтсам, ер жігіттің косы түзелмей, ісі түзелмейді. Сенде бәрі бар: Қүдай берген ақыл-ой, таудай талант, биік мансап — бәрі жетеді. Бірақ мен Мәскеуге жолым түскенде: Рысқүловтың үйін корейінші деп бара алмаймын. Неге? Сенде отан жок. Отан — от басы, ошақ қасы. Мың жерден окімет болғаныңмен, дос-жараның жаркылдап отырып, шәй ішетін үйін болмаса — бәрі бекер. Бәлкім, бүл европа- лыктарға жарасатын шығар. Ал, біз азиатпыз, оның ішінде қазакпыз. Меймансыз кай казақты коріп едің?... Мүның бәрін айтып отырғаным: орыстан ала-ала болдынғой, енді бір қазак қызына үйлен. Ақыры ана Надежда маржанмен жұлдызың жараспай, болек тұрады екенсіндер. Рысқүловтың қабағы түксиіңкіреді. Жактырмай калды. Ішінен орысшалап: «Вот лезет в твою душу, как в свой собственный карман» деп койды. — Бүл енді, Муха, эр азаматтың оз ісі,—деді. — Өзің біл, Түрар, біздікі достық ықылас,— деп Тыныш- баевтында коңілі калып калғандай болды. Рысқұлов та сезімтал, жақсы ағаның жанашырлық пікіріне ілтипатпен құлақ салған жон еді, ренжітіп алдым-ау деп іштей кынжылды да: — Қыз айттыратын кыршын жастан отіп кеттік қой, Мұха,—деп жүмсарды. — Тек!— деді Тынышбаев,— Саған тиген қазақтың қызы Қүдайына боз қасқа атар. Өзің емеурін танытсаң болғаны. Ар жағын бізге сал. — Оу, Мұха, сонда сіз — Шеге, мен — Толеген болып ел аралап, қыз тандаймыз ба?—деп күлді Рыскүлов. — О жағынан кам жеме, Тұрар. Осы Алматыда, біздің бір танысымыздың Ай мен Күндей қызы бар. Оқыған, зиялы семья. Қыздын әкесі кезінде Қазанда оқыған, түбі мына 589

Үзынағаштан шыккан, Айкым-Шапырашты Түбек Есең- құлов деген кісі. Ал, қыздыңшешесі Әрифадеген татар қызы. — Сірә, Қазаннан алып қайтқан ғой? — Ж оқ, осы мына өзіміздің Қарақолда ірі татар саудагері тұрған. Кейін Алматыға көшіп келген. Апалы-сінлілі екі қызы болған. Екеуі де бой жеткен. Екеуі де ерен сүлу. Содан сол Қазаннан екі қазақ жігіті зоовет институтын бітіріп келе қалмай ма? О кездегі оқу бітіргендер, өзің білесін, формамен жүреді. Иықтары, түймелері сары ала. Біреуі жаңағы айтқан Түбек Есенқүлов, екіншісі Оразқұл Базанов. Хикаясы көп әнгіме, қысқасын айтқанда, екеуі әлгі татардың екі қызына үйленеді. Алматыда үлан-асыртой болады. Енді сол Түбектен Әзиза деген қыз, Оразқұлдан Нәйлә деген екі қыз бой жетіп отыр. Екеуі де осындағы малдәрігерлік институтында оқиды. Бірінен бірі өткен сүлу. Оқыған десең оқыған. Оқығанда, қаланың тікбақай қыздары емес, оте коргенді, текті жандар. Ал, қалағаңынды ал. Неғыл дейсің?! — Не дейін? Көрмей-білмей... Әрі десе, тым жас екен. Айман мен Шолпанға қол созған Көтібар көкем сияқты болып... — Бұл ағаң сені оғаш іске итермелемейді,— деп Тынышбаев дес бермеді.— Отыздын ішіндегі қылшылдаған жігіт те өзін Көтібарға теней ме екен? «Есік коргенді алма, бесік көргенді ал». Мәскеуде тағы бір маржаға тап болсаң, Қазақстаннан мүлде қол үзіп қалуың да мүмкін... Рысқүлов мейлі де демеді, жоқ та демеді, күмілжіңкіреп, отырып калды. Адамның осал кезі осындайда. Дәл кәзір қазықты қаттырақ қақсаң кара тас болса да кіріп кетеді. Көпті көрген әккі Тынышбаев: —Әй, Ескендір!—деп көрші бөлмедегі баласын шақырды. Мұның да баласынын аты Ескендір, жиырмаларға жуық бозым жігіт. Мұрты тебіндеген, сүңғақбойлы, келісті азамат. Алматыға әлі сінісе қоймаған кино өнерімен әуестеніп жүрген жайы бар. — Не, коке?—деп жетіп келді. — Әкелші, әлгі альбомды. Жігіт жымың етті де, лезде альбомды әкеліп алдарына койды. — Міне, мынау Түбек Есенкұлов,— деді Тынышбаев,— былтыр ғана дүние салды. Ерен жігіт еді... Суретте әскери киім сиякты форма киген көркем жігіт, өзі өлсе де, тірі адамдай бүларға үнсіз кадала калды.

— Мына қасындағысы — Эрифа. Түбектің ханымы. Ақ желек жамылған, аса көрікті кісі екен. — Бүлар біздің жақындарымыз ғой. Сондыктан сурет- терін өздері сыйлаған. Ал, енді... қыздарды көресің,— деп Тынышбаев альбомный келесі бетін ашты. Мөлдіреген екі қыз бас түйістіріп отырып, түскен екен суретке. Бір-біріне өте ұқсас. Туған бөлелер ғой. Киімдері татарша мен қазақшанын косындысындай, бірак, көркем. — Мынаусы Әзиза, мынаусы — Нәйлә,— деді Тынышбаев саусағымен меңзеп. Шынында да екеуі бірінен бірі өтеді, аса ажарлы періштелер. — Ау, Мүха, бұларыныз мына маған емес, ана Ескендірге тең, жап-жас балалар ғой. — Өзінді өзің төмендетпе, Тұрар. Сені төмендеткісі, мұқатқысы келетіндер өзіңсіз-ақ табылады. Осыдан тәуекел деп көрші, көнбесе — әкел қолынды. Мен сені жаман- шылыққа итермелемеймін ғой. Оған көзін жеткен шығар... Рысқүлов әсте көзсіз ожар емес, бірақ дәл кәзір ойынпаздардың қүмарлығындай бір сезім биледі де: — Е, енді бұл деген жансыз сурет емес пе,— деді. — Ойбай, емеурін білдірсең болды — үйге шақырып, әлгі... әй, Ескендір! Сенің туған күнін қашан еді? Той- томалақ сияқты бір кеш өткізіп, соған шақыра саламыз. — Ой, көке, менің туған күнім әлі қайда, күзде ғой,— деп Ескендір күлді. — Ал, мына қыздарды үйге қонаққа қалай шақырамыз? — Е, олар алыста,— деді Ескендір,— біреуі Көкшетауда, біреуі... Украинада практикада жүр. — Мәссаған. Енді қайттік,— деп Тынышбаев қынжылып қалды. Беті бері қараған бүл іс ойламаған жерден оқыс бүрылып, теріс айналғандай болды. — Қашан қайтады олар? — Ой, көке, кеше ғана кетті ғой, ең кемі екі айсыз келе қояр ма екен,— деді Ескендір енді мәсе.-знін аса маңызды екенін түсініп. Содан сон, сәл кідіріп: — Несі бар, Кокшетауға барып қайтуға да болады,— деді. Қүдай аузына салды ма, кім білсін, Көкшетау деді. — Аға келіссе, мен ілесіп жүрейін. Бұған қалай қарайсың дегендей, Тынышбаев Рысқұловқа бұрылды.

Рысқұлов ойланып қалды. Көкшетауды бұрын көрмеп еді, сыртынан құмар еді. Көңілінде ертегідей ғажайып ел еді. Жүмысбасты адам. Түрксиб тіршілігімен Қазақстанға келген сәті. Мүндай сәт орала бере ме? Қызды қойшы... Жерді көріп қайтқан да жөн. Атағы жер жарған Көкшені көріп қайту — текке уақытты ұттыру ғана емес шығар. Әрі десе, бұйрық жүрсе... кім біледі... Жатқанға жан жуымас, жүргенге жөргем ілесер. — Жарайды,—деді Рысқүлов. *** Купенін есігін серпіп ашып, безеу бет кіріп келді. Масандау. Көңілді. — Қалай, Дима, қонағыңның іші пысқан ж оқ па?— деп карауыл мен тұтқынға қарама қарсы отырды. — Тамақтан бас тартты,—деді қарауыл. — Неге, мүмкін, біздің тамағымызды менсінбейтін шыгар,— деп қагытты безеу бет.— Ал, азамат Рысқұлов, неге бас тарттыңыз? Рысқүлов жаңа гана әдемі дүние арасында жүр еді. Ол әлгіде гана, Алатаудан шыгып, Көкшетауга аттанып бара жатыр еді. Түткын жалгыздықтан жалығып өледі деп бекер айтады. Түтқын ой теңізінде жүзе білетін түтқын болса, жалықпақ емес. Адам өз ойымен өзін жүбатуга да болады, жылатуга да болады. — Мен сізден сүрап тұрмын, неге тамак ішпейсіз? Рыскүлов безеу бетке шаншыла карады да: — Тәбетім жок,—деді. «Түтқындагы император гана осындай тэкаппар болады» деп койды безеу бет. — Мейлі, әлі сұрап ішетін боласыз. Еркініз білсін. Біздің міндет — сізді есен-сау тиісті орынга тапсыру. Онда сізді мандайыныздан сипаса — оздері біледі. Айтпақшы,— деді безеу бет сынар езулей күліп,— Сіздің досыңыз Қорыкмасов та қолга түсті. Осы вагонда. Минеральные Воды станция- сына н отырды. — Менің досым екенін қайдан білесіз? Безеу бет мырс етті:


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook