аталы сөз айтып. — Ж еткізген әуелі Кеңес өкіметі, содан соң Тұраржан. Енді алтау ала, ырың-жырың болмай, ұйым- дасып, осы мойынсеріктің үдесіне жетсек, сірә, қор болмай- мыз, Аха. — Әлбетте,— деп қостады Ахат мына інісінің салауатты сөзіне әрі танданып, әрі риза болып. — Ендеше осы ауылдың сенен үлкен тірі әруағы жоқ. Басқамыз түгел бір жеңнен қол шығарғанда, жалғыз бөлініп, бөтегесі жарылып отырған анау Оразбақ. Өзің айтқан Қобызов пен Түрардың арқасында айықпас кеселден айығып келді. Басқа біреулер болса, оның болыс болған кезіндегі сұмдығы үші;. соттап, ит жеккенге жіберер еді, а олай емес, қайта Кеңес өкіметі оны айуан болып кеткен жерінен адам қатарына қосты. Бірақ елге оралғалы бір ай шамасы болды, баяғы болыс болғанға дейінгі қу әдетіне басып, үйінен шықпай жатып алды. Бізге өкпелегені ғой. Кімге кім өкпелеуі керек сонда? Осының кесірінен емес пе, мен былтыр атаңа нәлет Ергешке барып қосылам деп шатасқаным. Е, оның бәрін айта берсең қойқаптағың қозады... Қайтеміз оны,—деп Дәу Омар әлденеден жиіркенгендей жерге бір түкірді,— Өткен-кеткенді үмытайык. Кезінде не болмады? Өтті-кетті, енді беті аулақ болсын. М енің айтпағым, Аха, сол Оразбақтың бетін бері қаратайық. М ойынсерікке кірсе, тепсе темір үзетін зіңгіттей жігіт. Керек десе мойынсеріктің бастығы, менің балам Ж орабайдың орнын соған-ақ берейік. Қалай қарайсың, бір ақыл тап? — Ж өн сөз айттың Омар,— деді Ахат қызыл жиек көзін орамалмен мүқият сүртіп болып.— Оразбақтың негізі таза, оны бүлдірген әзәзіл ғой, түлен түртті ғой былтыр. Әлгі Қырбас па еді, Ж ырбас па еді, солар бүлдірді ғой момын байғүсты. Әрі десе, аурудан қияли болды. Енді дін аман. Қосылсын қатарға. Кешке біздің жаман үйге жиналайық. Сонда бір-бәтуаға келерміз,— деп Ахат орнымнан тұрғыз дегендей Дәу Омарға арық қолын созды. Екеуі енді үн-түнсіз шуылдаған бәйтерекке қарады. — Не көрмеген әулие ағаш,— деді Ахат көзі жасаурап.— Әлібектің көзін көрген... Содан бері дауылды да, сұрапыл сүмдықты да, жадыраған жазды, қаһарлы қысты да көрді. Қасқайып, қажымай түра береді. Майыспауды, жасымауды осы әулие ағаштан үйренсек керек-ті...
*** Былтыр дэл осы уақытта Кобозев пен Рысқүлов Фергана сапарынан жолай Түлкібасқа тоқтағанда, Оразбақ болыстың небір сойқанын естіп, табанда орнынан алған. «Тұқымы түздай қүрыды», «құрытқан өз туысы Түрар» десті жүрт. Бірақ Кобозев ақылды кісі ғой, Оразбақтың кеселін көзбен көріп, оны жазалаудың орнына, М оскваға емдетуге жіберді. Арада жылға ж уы қ уақыт өтті. Оразбақ сол кеткеннен зы м -зия кетті. С онда Түлкібасты ң жұрты: «Е, бәсе, сорлыны Сібірге айдап жіберген гой»,— десті. Содан бір күні, осы көктемде, іңір қараңгысында Үлтуған кемпірдің аңыраган даусын естіп, көршілері: — «О, сорлы баласынан жаман хабар келген екен гой»,— деп үйлерінен үрпиісе шыгып, Үлтуганның жаман қүжы- расына қарай беттесін. Не дауыс шығарып, «бауырым- айлап» жылап баруды білмей, не үн-түнсіз кірудің амалын таппай Тау-Ш ілмембеттің амалы таусылған бір заман болды. Ақыры Ахат жеке кіріп, мән-жайды білуге кетті. Басқалары аңтарылып күтіп қалған. Ахат кіріп келсе, Үлтуған тіреудің түбінде зіңгіттей біреуді мойнынан құшақтап, айрылмай, теңселе түсіп, аңырап тұр: — Жалганда көрген жалгызым-ау! Сені де көретін күн бар екен-ау!Енді Қүдай қу жанымды қазір алса да арманым жоқ... Ахаттың келіп кіргенін көріп, кемпір енді оны барып бас сала қүшақтасын. — Айналайын, қайынага-ау, өлгенім тірілді, өшкенім жанды, жарандар-ау, қайдасындар?— деп есі шыгып, елбе- делбе болсын гой. — Сабыр ет, келін. Қуанган да, қорыққан да бірдей деген осы, шырагым. Көзайым болыпсың, қуанышынды ұзагынан сүйсіндірсін,— деп, көзін көлегейлеп, әлгі зіңгіттей жігітке жақындай берді де, Оразбақты танымады. «Басқа біреу ме?» деген ой сумаң етті. Оразбақ бұрын бет-аузын ақ шүберекпен таңып алып жүруші еді, өмірі шешпейтін. Енді Ахаттың алдында қыр мүрынды, сұлу қара мұртты, әп-әдемі жігіт тұр. — Оразбақсың ба, шырағым?— деді Ахат әлгі адамның өзіне созган қолын қысып тұрып. — Ата, танымай қалдың ба, мен Оразбақпын.
Сөйтіп, осыдан біраз шама бұрын, сәуір айының кешінде Оразбақ оз үйіне оралған. Кобозевтың хатымен М оскваға барып, ең білгір мамандардың емдеуінде болып, мұрнына пластикалық операция жасатып, қоң етінен мұрын жалғап, баяғы анадан жаңа туған пәк қалпына қайта келген екен. *** Мамырдың әлдеқалай жүрек сыздатқан, козге корінбес армандар ағысындай самал лепті, майда қоңыр кеші түсіп, Аспантау шындарын шалған қызғылтым бояу семген кезде, Тау-Ш ілмембет аулының ошақтары әр-әр жерден, жыл- жылт ете бастаған. Әсіресе, Ахат қарияның жер ошағы ерекше маздаулы. Көптен бері түтінінің семіз шыққаны осы қайырлы кеш шығар. Қыста туған қоңыр марка сойылған. Аз ауылдың шал-шауқан, кемпір-сампыр, келін-кепш ік, жігіт-желеңі Ахаттың аядай үйіне жинала бастады. Алдымен Ахаттың озіндей кәрі самаурынмен шай келді. Ағайынның бас-аяғы жиналып болғанда, бүл дастарқанның ненің қүрметіне екенін Ахат өзі түсіндірді. — Ал, Тау-Ш ілмембет баласы, коптен бері жақсылыққа, жақсы ырымға бас қоспаппыз. Біздің басымыздан откен қияметті санай берсек, басымыздағы шашымыз да жетпейді. Әне, содан болар, бір-біріміздің үйімізге бас сұғуымыз сиреп кетіпті. Бүгін сендерді шақырып, дәм таттырудың орайы келіп, сәті түсті білем. Арамыздағы арысымыз Оразбақ үзақ сапардан оралғалы да біраз уақыт болып қалыпты, науқангершілікпен қол тимей кетті білем, үйге шақырып, бір кұмған шай берудің сәті келмеп еді. Ештен кеш жақсы, міне, бүгін Оразбақ ортамызда отыр. Осы жерге жеткенде, Ахат ақ орамалмен козінің жиегін бір сүртіп, ойланыңқырап отырды да, созінің салмақты жағына кошті. — Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді? Әрқайсың- ның көңілінде бір кірбің бар. Коңілді кірбің тұта берсе кір болады. Ал тәннің кірлегенінен, жанның кірлегені көп қиын. Міне, мына маймақ жаман самаурын менімен бірге жасап келеді десе де болады. Түлкібастан Талғарға, Талғардан Мерке, Түлкібасқа қайтып бірге келді. Ішіне тұрған қақ бір-екі елі келетін шығар. Қаққа темір шыдаса шыдар, адам шыдамас. Коңілдің кірін шайып тастаңдар. Өткенде кеткен
бір білместік үшін, Оразбакты көзге түрте бермеңдер. Тереңірек үңілсең, оның сол әрекеті жаулардың арандатуы екенін, Оразбақ тек сол алдаудың-арбаудың құрбаны болғанын ескерейік. Затында Оразбак залым емес қой. Ал, Оразбақ шырағым, сен де зіл сақтама. Ағайын алдында жүзің шіркеулі де болмасын. Өткен-кеткен бәленің бәрін көрген бір жаман түстей ұмытайық. Әйтпесе, елдігіміз қайсы? Қазір бір игілікті іс бастап, ұйым болып, тіршілік етіп жатқан жай бар. Сол көпшілік ісінен еш шет қалма, Оразбақ! Осы кезде дәу қара тегенеден буы бүрқырап ет те келді. Ел тоқшылыққа енді дегенмен, қызыл көрсе қызықпайтын қазақ жоқ. Ж ас марка етінің иісі мүрындарын қытықтап, жүрт қолдарын жуып, шалдар жағы қындарынан бәкісін суырып, саусақтарымен пышақтың жүзін сипап көріп, сілекейлері шұбырған тұс. Қара шараны Дәу-Омар үстады. Қанша басалқы, бас ие болдым десе де, ас көргенде қасқыр тектіленіп, аһ-аһ деп, алдымен балғын күйрықтан қиялай кесіп алып, өзі бір қылғытып жіберді. Елжіреп піскен басты Ахаттың алдына қойды. Айнала алқа-қотан отырғандарды козін сүзе бір шолып өтіп, әркім нің жасына, қадір-қасиетіне қарата етті мүше-мүшесімен үлестіре бастады. Босаға жақта отырған келін-кепшік, бала-шаға елеу- сіздеу қалып бара жатқанда, кейбір шыдамсыз балалар шешелерін түрткілеп, қыңқыл-сыңқыл шығарды. Ахат соны байқап, жеткенінш е сол балаларға құлақ, қүйқа үлестірді. Алақанына құйқа түскен келіндер орындарынан тұрып, қол қусырып, сәлем рәсімін жасап жатты. Үшеу, төртеу ара табақ тартылып, жұрт жаппай басқа дүниенің, басқа уайым- қайғыны, күйбің-күйкі тірлікті ұмытып, тамаққа қарады. Оразбақ өзіне тиген асық жілікті мүжіп болып, асығын алып, өткір бәкімен мүқият тазалап отырған. Есік жақтағы жеңгелері күңкілдесіп, Оразбақ жаққа ұрлана көз тастап қояды. Бұрынғы Оразбақ емес. Ренді, келісті, керіске- дей жігіт болыпты. Үстіне кигені мына отырған басқалардың жабайылау, ала-құла шоқпытынан өзгеше. Киім-басы шырыштай, кара костюм, жағасы қатырмалы ақ көйлек, аяғындағы туфлиіне дейін жалтырап түр. Мүндай туфли киген еркекті бұл елдегілер тұңғыш рет көруі шығар. Ел етке бір қарқындап, енді сорпа келе бастаған кезде, майлықпен саусақтарын санап сүртіп отырған Шыны шал: 304
— А, Оразбақ шырақ, әнгіме айта отыр. Көрген-білгенің көп. М әскеу бардың, Тәш кен бардың, не көрдің, не білдің? Біздін Тұраржан аман ба екен? М әскеу кетті деп еді, көре алдың ба оны? Елге не айтады?— деп сұрақтың бәрін үйіп-төгіп бір-ақ қойды. Отырғандар елең етіп, дастарқанның шетін ысырып, аяқтарын созып, ыдыс-аяқтың сылдыр-сылдыры тыйылып, әлдебір ерекше жаңалық айтылатындай құлақтарын түрді. Оразбақтың шешесі Үлтуған кемпір кимешектің жиегін қайырып, оң құлағын ашып қойды. Үлтуған кемпір өлгені тірілгендей қуанышты. Қартаң жүзі қыртыс-тыртысы жазы- лып, қызылшырайланып алыпты. Ол мына ағайын-тумаға дән риза: Оразбақты шетке теппей, бауырына тартты. Оразбақ кенет не айтарын білмей, қалтасынан аппақ орамал алып, шып-шып терлеген мандайын сүртті. Өзі тазалаған асықты үйіре береді, үйіре береді. —Оразбақ шырақ, жаңа Ахат атаң айтты ғой, өткенді еске алып қысылма. Бір мүкіс сенен де, бізден де кеткен шығар. Енесі тепкен құлынның еті ауырмас болар, бізге өкпелеме, бізден сескенбе де,—деп Ш ыны тағы сөз тастады. — Не айтайын, сол былтырғы сойқаннан кейін Түрар мен Кобозев мені Ташкентке алып барады. Ондағы дәрігерлер ары қарап, бері қарап, М оскваға бару керек деді. Содан Кобозев хат жазып берді. Тұрар пойызға жәрдемдесті. Москваға он бес күнде жеттім-ау деймін. Ж ол қиын, әрең бардық. Көп айтса, әңгіме көп. Көріп отырсындар, кеселім пышақ кескендей тыйылды. Мұрынды жамап берді. Сол... Қайтарда Ташкентке түстім. Мен келсем, Тұрар М оскваға жүрейін деп жатыр екен. Мені көріп қуанып қалды. Жолда М әнкентке түсіп, баламды көре кет деді. Айтқанын істеп, М әнкентке тоқтап, орыс қүдағиымыздың үйіне бардым. Тұрардың Ескендір деген баласын көрдім. Кемпір қүдағи да қуанып қалды. Түрардың туысы да іздеп келеді екен-ау деп, жаны қалмай күтті. — Ау, ол әлгі орыс келіннен туған бала ма?— деп Дәу Омар шыдай алмай килігіп кетті. — Иә, орыс әйелінен... — Кімге тартыпты? Орыс боп кеткен шығар? — Түрардың аузынан түсіп қалғандай. Ж уырда бір жасқа толады екен. Сүп-сүйкімді. — Е, айналайын-ай,— деп Үлтуған ернін сылп еткізді — Бауы берік болсын! 2 0 -6 2 6
— Өмірлі болсын, жәдігер! — Тұлпардан туған тұяқ қой. —Ш ешесі діні басқа демесең, Тұрардан аумайды деп отыр ғой мына Оразбақ. — Сонда Тұрар қайнымыз бір белек, баласы бір бөлек тұра ма?—деп сыбырласты әйелдер жағы. — Әйелімен ажырасқан дейді ғой. — Үйбай көтек, онысы несі? Үлкен өкімет те ажыраса ма екен? — Е, не қылар дейсің, Тұрарға қатын табылмайды деп уайымдап отырсың ба, байғұс?! Жаман биені жабулап құлынын ал деген. Бала қалса болды да. Д әу Омар осы жерде бір кісілік көрсеткісі келіп, қоқиланып, ш алқая түсіп отырды да: —Оу, ағайын, біз осы ел емеспіз бе? Тау-Ш ілмембет деген атымыз шулы емес пе? Неге бармаймыз сол Мәнкетке? Қүдағиға, орыс та болса, неге қол беріп, сәлемдесіп, жекжат- жұрат болмаймыз? Баланы неге бауырымызга тартпаймыз? Баланы титтейінен ата-бабасының топырагына аунатып, иістендірмесе, кейін ол жат болып кетеді. — А, мүның ақыл сөз, Омар,— деп Ахат төсіне салбырап түсіп кеткен басын көтеріп алды.— Орыс қүдағига барып қайтайық. Мына түрған М әнкент қой. Елге шақырайық. Құдаларының ел-жүртын көрсін. Әумиін! *** Бас қүда болып Ахат баратын болды. — Мені әруақтай қаудыратып қайтесіндер, жастар жагы барсын да,— деп Ахат тартыншақтап көріп еді, Дәу Омар да, Ш ыны да, Үсіп шал да — бәрі де көнбеді. — Тұрарды титтейінен мойныңа мінгізіп, Алматыдан М еркеге дейін тістелеп жеткізген сен емес пе едің? Сен бармай кім барады бас қүда болып?! — Мына түрган М әнкент қой, арба жегіп берейік шаршамайсың. Не керек, бәрі жабылып шалды көндірді. Екінші болып Дәу Омар «тізімге» ілінді. Әрине, жолды, жон-жосықты, орысша білетін Оразбақ бар. — Е, осы үшеуің жетесің, қазақкерш ілікке салып, үйіліп-төгіліп барсандар, орыс қүдағи шошып кетер,— деп Ш ыны тізімді тежеді.
— Ойбай, қатындар жағы нейбет қала ма? Ақ жаулықтан да біреу барсын да,— деп Үлтуған кемпір бүкір белін бекер тікірейтпек болып, бір жұлқынып қалды. Бірақ «ақ жаулық» елінен лайықты өкіл табылмады, біреуінің өң-басы келісті-ақ, көйлегі ескі, біреуінің емшекте баласы бар. Үлтуған кемпір, бүкір, әрі десе Оразбақ кетіп барады. — Сонымен, үш еркек те жетеді деген ұйғарым болды. Енді осы үшеуінің киім басы сарапқа салынды. Оразбақтың киімі ине-жіптен жаңа шыққан, ақ күріштей. Сексеннен асқан Ахат та бір киері таза болатын. Небір жаманшылықта үстіне қылаң түсірмейтін мүнтаздай таза шал. Дәу Омардың үсті-басы олпы-солпылау еді. Ауыл арасында ешкім елемес, ал орыс құдаларға қонаққа барудың жөні бір баска. Тау-ІІІілмембет бөтен жерге күлкі бола алмайды. Шыны шал өзі қыста тіктірген түлкі тымағын ұсынып еді, Дәу Омардың қазандай басына батпай қойды. Қара шибарқытпен тысталған қырмызы қызыл түлкіге Дәу Омар қызықса да, амал жоқ, Ш ыныға қайтып берді. Оразбақ Москвадан ала келген артық бас, күнғағарлы «шәпкесі» бар екен, соны әкеліп көрсетті. Сүр кепка Дәу Омардың басына қона кетті: — Ой-бу, Қүдай сыйлады, кұдды қара орыстың өзі болды да қалды,— деп Дәу Омардың кемпірі бетін шымшыды. Дәу Омар айнаға қарап, кепканы бір шекелеп қиіп: — Орыс құдағиға үнап қалармын, кисем-киейін,— деп келісті. Үстіне ұп-үзын қылып, Оразбақтың орыс пальтосын киді. — Ой-бой; мынау нағыз өкіметтің өзі болды ғой,— деп Тау-Ш ілмембет тегіс мәз болды. Жолаушылардың жанына ауылдың бала-шағасы түгел жиналды. Дәл бір К өкіректің базарында Ташкенттен келген цирк ойын көрсетіп жатқандай қызықтайды. Көкіректің базарында өзбектің өнерпаз даршылары арқанның үстімен жүріп ойын көрсететін. Мынау да бір тамаша. Тіпті ауылдың иттері де, «бүл не?» дегендей құйрықтарын бұлгандатып, балалардың арасына кіріп, салпаң құлақтарын бір көтеріп, бір түсіріп, бастарын қисайта қарап қалған. — О, жеңеше, абайла! Ж әкем орыс ауылға тоқал айттырып бара жатқаннан сау емес,— деп бір қайнысы Дәу Омардың кемпіріне тиісті.— Орыстан тоқал алатын адамның
қылығы ғой мынау. Басында — шәпке, жараса калуын қарашы өзіне. — Әй кемпір, шынында ұят шығар, әкел өзімнің жаман киіз қалпағымды,— деп Дәу Омар айни беріп еді, кемпірі: — Қой әрі, жұрт айтты екен деп құбылма. Кие бер сол ш әпкені, несі бар. Мәскеуден келген тәбәрік. Ж ақсы ырым болады. Орыс құдағидың көзіне де жылы ұшырарсың. Бірақ, әлгі тоқал деген бәлені шыннан көріп жүрме. Әкелсең, жөні түзуін, можантопайын әкел. Мен де бір қу тіршіліктен қүтылып, қолымды жылы суға малып отырайын. — Сандалма!—деп Дәу Омар арбаға бүрылды. Тау-Ш ілмембет жиналып, ауылдағы қыл құйрықтың ең тәуір дегенін тандап, Ш ынының арбасына жегіп, әбзелін ондап, арбаның шабағына дейін шүберекпен сулап сүртіп, үлықтың былқылдақ күймесіндей күйттеді. Үш азамат арбаға мінді. Делбені Дәу Омар ұстады. Арбаның арт жағында аягы байлаулы, семіз қара тоқты жатыр. Құдағига сый сол. Арба орнынан козғала бергенде, Омардың кемпірі кимешегінің қисайып кеткен жиегін жөндеп қойып, байына тапсырма айтты: — Әй, байғүс-ау, орыстардың ортасына барасың. Тым дарақылана берме. Әлгі арақ ішкізетін бәлесі болады деуші еді, татып қойма кара басып. Ш ошқаның етін беріп жүрмесін бәле болып. Дәу Омар екі көзі ежірейіп: — Оттама, қатын!— деп қамшысын сілтеп кеп қалды. — Ойбай, Қодар неме,— деп қатынының ерні сылп ете қалды. — Уа, жолдарың болсын, жолдасың Қыдыр болсын!—деп Тау-Ш ілмембет жалғыз атты арбаның соңынан қолдарын бүлғады. *** Ток торы үш кісі мінген арбаны жеңіл тартып, желе-жортып, пысқырып қойып келеді. Көп үзамай бүлар Саз-Төбенің басына да көтерілді. Қырқадан ары — Ақсу алқабы, Сайрам сахарасы салтанатты театрдың сахнасындай косіліп қоя берді. Түлкібас — жердің жәннаты болса, Ақсу- Сайрам дүниенің жүмағы. Шалғылы кісі бойы келерлік бидайықты атырап, жасыл зүмірет теңіздей толқын атады. Түйдек-түйдегімен үшып-қонып жүрген сары ала қаз. Әне, 308
анау Келтемасат сайының қабағында мыңғырған қой жайылып жатқандай. Жолаушылар жақындай бере, әлгі «койлар» қорбаң-қорбаң ұмтылып барып, кез қанаттарын кере жайып, жер бауырлай ұшып, әрірек барып қонады. Дуадақтар. Көптен бері дуадақ көрінбей кеткен. Ж ан- жануар, аң-құс атаулы да нулы жерді мекендейді. Құрғақ- шылық жылдарда келмей кеткен құс қайта оралыпты. Бү да береке нышаны. Ж ол жөнекей қаулап өскен көк кекіре, қызыл изен, тас мия, адыраспан иісі араласып, аспан асты жанға шипа дәру ауаға бөгіп тұр. Көкірегің канша қаңсып қалса да, жан сарайынды ашып, жүлын-жүйкенді балқытып, қан тамы- рыңнан еріткен алтын балқып ағып жатқандай, өміріндегі қайғы-қасіреттің бәрін үмыттырып, тас кереңнің өзі көкірегінде бүлбұл сайрап, ән салғысы келеді. Боза Ж орада ғана аса бір қызғанда «Әу» деп қалатын, әйтпесе ән-әуенге әуестігі шамалы Дәу-Омардың өзі: Сайрам-су малдын. жайлауы-ай, Өмірдің бар ма баулауы ай?!— деп барқыраңқыраған дауыспен айналаны жаңғырықтырып, әнге басты. Бөтен дауыстан үріккен бөдене қүс, жол жиегіндегі ит-қонақтың түбінен «пыр-пыр» көтеріліп, шалғынға барып, сүңгіп кетіп жатты. — Аха, менде арман жоқ, енді қазір өліп кетсем өкінбеймін,— деп Дәу Омар ағынан жарылып барады.— Былтыр осы уақытта басымды тауға да, тасқа да ұрып, ақыры Өспенскінің (Успенский дегені) түрмесіне түсіп, су қараңғы жатыр едім. Енді қайтып мына мол сәулені көрем деген үміт жоқтың қасы еді... Е, несін айтайын: — Сайрам-ау малдың жайлауы-ай, Өмірдін. бар ма байлауы-ай?! Аһ! Үрпақтар келеді, үрпақтар кетеді. Ал мына жасыл жәннат жайқалып түра береді. Бүл қысқа ғұмырда енді қанша жарық күні қалды — ол белгісіз, бірақ мына үш Тау-Ш ілмембет рақат мүхитын кешіп келе жатты. Әсіресе, Дәу Омар ішпей-жемей мае, онсыз да қызыл күрең жүзі албыртып, айрықша нүрға малынып, рисалат нүрын жалынан үстап, ат кып мінгендей арқалы.
Үш Тау-Ш ілмембет түс болмай-ақ салып ұрып, М әнкент түбіндегі орыс құдағидың үйіне де жетіп келді. Қаңылтыр төбелі ақ үйдің алдына, огородтың арам шөбін жұлып жүрген Елизавета Петровна, арбалы қазактардың келіп тоқтағанын, арбадан арбаң-қүрбаң түсіп жатқанын көріп, үсті-басын қаққылап, қақпаға қарай жақындады. Ол бүл қазақтардың ішінен Оразбақты ғана таныды. Алдымен Оразбақ амандасты. Дәу Омар сонадайдан қүшақ жая, қорбандай басып келіп: — Іздірәсте, маржа!— деп сәлем берді. Ахат көзін қолымен көлегейлеп, бұларға қарап, «біздің Омар да орысшадан құралақан емес екен ғой» деп қойды. Оразбақ таныстырып жатыр. Елизавета Петровна сонда барып, жүзіне жылы шырай жүгіріп, Ахаттың қасына өзі келіп: — Здравствуйте, кум!— деп сәлемдесті. Ахат басын шұлғи береді. Бар білгені: — Карашо, караш о,— дейді. «Е, Түрардың туысқандары осылар екен ғой. Әдейі іздеп келгені — жақсылық»,— деп Елизавета Петровна верандаға дастарқан дайындауға кірісті. — Пастой, маржа,— деп Дәу Омар тізгінді өз қолына ала бастады.— Баран есть, Махан күш әт бүтем. «Орыс қүдағи» түсініңкіремей Оразбаққа қарады. Оразбақ мына екі шал қазақ рәсімімен ауылдан қой алып келгенін, енді қазір сойып, бірге отырып дәм татысатынын айтты. Көргенді кісі ғой, Елизавета Петровна қолымен жаскап: — Зачем, зачем,— деп қиналыс білдірді.— У нас есть чем вас угощать. Оразбақ айтты. —Құда жолы, жоралгы солай. Бұл қой сіздің сыбағыңыз. Ай-шайга қаратпай Дәу Омар арбаның артында жатқан бағланды көтеріп алып, арықтың жағасындағы көгалға ыңқ еткізіп, белбеуімен төрт аяғын буып тастап:— Бісміллә!—деп қылпылдап түрған кездікті қынынан алып, бауыздап та жіберді. Баганадан бері шынжырын салдырлатып, тыным таппай, абалап, жын буып түрған тік қүлақ төбет жас қанның иісін сезіп, үргенін қойып, Дәу Омар жаққа жүтына қарап, қүйрығын бүлғандатып қалды.
Арықтың ар жағында арқандаулы тұрған баяғы ақ ешкі маңырады. Сөйтсе, Елизавета Петровна ішкі үйден Ескен- дірді киіндіріп, көтеріп алып ш ыққан екен. А қ ешкі, сірә, өзінің осы баланы өз сүтімен асырайтынын сезе ме екен, әлде, үйдің иесінен бірдеңе дәмете ме екен — әйтеуір, бала көтеріп, есік алдына шыққан кемпірге қарап, маңырап- маңырап қойды. — Міне, туысқандарың,— деді Елизавета Петровна қап-қара дудар шашы бүйра-бүйра, топ-толық, балпанақтай баланы көтеріп түрып.— Қүдалар, әрине, мені іздеп келмеген болар, егер осы Ескендір болмаса, айдаладағы бір кемпір кімге керек... Алдымен қалтандап түрегеліп Ахат үмтылды. Сақал- шашы аппақ селеудей, қасына дейін жалбырап ағарып кеткен шалдың қол созғанын көріп, бала әжесінің бауырына тығыла түсті. — Е, жәдігер, ж атырқайды ,— деді Ахат қы зы л ж иек көзі жасаурап. Сөйтіп, қойнына қолын салып қүнжындады. Әбден ақжем болып, түтесі шыққан әмияннан бір көк қағаз суырып алып, қүдағиына ұсынды. — Нет, нет, что вы!—деп кемпір шоршып түсті. — Алыңыз,— деді Оразбақ орысшалап,— Қ азақ рәсімі, алмасаңыз, ақсақал өкпелейді. Бұл көрімдік деген болады. — Интересно,— деп күдағи ақшаны амалсыз алып, сары сарафанның қалтасына салды. Ахат шал құдағиының көрімдікті қабыл алғанына риза болып, кәдімгідей құнжындап қалды. — Бәу-бәу, келе ғой,—деп аузы бұртиыңқыраған, қабағы түйіліңкіреген балаға арық саусақтарын қыбырлатып тағы созды. Бала: «бүл кім?» дегендей әжесіне қарады. — Дедушка, дедушка... Ата-ата,— деді кемпір де баланы Ахатқа қарай икемдеп үсына беріп. Бала «барсам ба, бармасам ба? деп қабағын түйіңкіреп қарап тұрды да, сәби саусақтарын тарбита созып, қартқа қарай бір ұмтылды. Ахат баланың бал татыған саусағынан сүйіп тұрып: —Уа, үрпақ! Тәңірім сені тарлығынан сақтасын! Әкеңнің азабын бермесін, адалдығын берсін! Бабаң Рысқүлдың батырлығын берсін! Әкең сияқты халықтың үлы бол!— деп қолын жайып, сақалын сипап, батасын бағыштады. Бір жасқа жетер-жетпес, енді-енді, тәй-тәй түра бастаған бала, мына ақ селеу шалға аңыра қарап-қарап, бір уақытта
тістері енді-енді қылтиып шығып келе жатқан қызғылтым иегін ашып, ыржитып күлді. — О, таныды туысқанын,—деп әжесі қуанды. Кенет әлдене есіне түскендей, «орыс қүдағи» баланы Ахаттың қасына отырғыза салып, веранданың түкпірінде түрған дәу сары самаурынға ұмтылды. — К әрілік деген осы. Үйге құрметті қонақтар келіп жатқанда менің түрысым мынау. Сөйтіп’ Елизавета Петровна шай қамына кірісті. Бір ғажабы бала оны іздеп, қыңқыл-сынқыл шығармай, Ахаттың қасында, түкті кілемнің үстінде отыра берді. Бейкүнә періште. Анасы тірі бола тұра, анасыз өсіп келе жатқан балапан. Әкесі тірі бола түра, әкесіз өсіп келе жатқан жәдігер. А қ әжесі мен ақ еш кінің арқасында жетіліп келе жатқан көк желкек. Тірі жетім деуге ауыз бармайды. Ж етімдіктен сақтасын сені, Ескендір. Әлі-ақ оралар әкең де, бәлкім шешең де. Заман толқынында жүрген шығар, олар да бір жерде. Ахат осылай ойлап, томпиып отырған нәрестенің бауырсақтай қолын сипап қояды. Бала сонда шалдың бетіне қарап отырып, селеудей ақ сақалына қол соза талпынады. Қызық көре ме екен... Ахат еміреніп, Ескендірді қолты- ғының астынан алып, тізесіне отырғызады. Кәрі мүрынға бала мойнының жәннаты жүпары келіп, қадим жүрегі езіліп, ішпей-жемей ғажайып хәл кешіп, қараптан қарап отырып мае болады. Осы кезде марқаны сойып, жіліктеп, мүшелеп болып, қолы-басын жуып, Ахаттың қасына Дәу Омар келіп қонжияды. Оразбақ арбадағы аттың қамытын алып, атыз бойындағы киіздей тұтасып өскен ажырыққа кісендеп қойды. Түлкібастан Сайрамсуға дейін едәуір жол тартып келген торы ат ажырықты аузымен емес, танауымен жейтіндей-ақ кайта-қайта пысқырынып, киіздей қалың отка бас қойды. Есіктің алды — гүлзар. Мына Тау-Ш ілмембет бүрын көрмеген гүлдердің неше алуаны жайқалып, жұпар иісі мүрын жарады. Тегінде Елизавета Петровна бағбан адам. Ш ымкентте үйі бола түра, қысы-жазы осы Манкенттегі қонысынан шықпайды. Есік алды қызғылтым раушан, күлгін түсті райхан сияқты гүлдерге түнып түр. Одан әрі шағын бақша-картоп гүлдеп, пияз, бадыран, тағы басқа Тау- Ш ілмембет білмейтін түрлі көкөніс өсіп түр. Одан әріректе 312 >оавеаай8^ ^ 8айій8ь.
алма, өрік, шабдалы, шие гүлін төгіп, түйін тастаған шақ екен. — Ж аңа өкіметтен бүрын жеріміз бір-екі гектардай еді,— деді үлкен самаурынды алып кірген «орыс қүдағи» Тау-Ш ілмембеттіктердің бау-бақшаны тамашалап, таңғалып отырғанын сезіп.— Клевенцов деген бір ешкібас; қаратүяқ неме, Тұрардың үстінен: «енесіне жер бөліп берді» деп арыз жазған соң, осы жердің тек жарты гектардайын ғана қалдырып, басқасын өкіметке өткіздім. Бар ермегім — осы бау-бақша. Ескендір екеумізге осы да жетіп жатыр. Елизавета Петровна қүрметті қүдаларға деп екі шиша шарап алып келіп қойды. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді», бүрынғы ояз бастығының бәйбішесінің дастарқаны ауыл қазақтары үшін әрі таңсық, әрі шырайлы еді. Үй иесі шарапты хрусталь бокалдарға қүйды. Ахат алдына да қойдырмай қойды. Мүндай дастарқанның сырын ептеп білетін Оразбақ: — Жарайды, Елизавета Петровна, бүл кісілерді қина- маңыз. М ен-ақ ауыз тиейін,— деді. — Үй иесі сонда Дәу Омарға тиісті: — Үлкен кісінікі жөн, сенікі не жорық,—деп Дәу Омарды омыраулап-ақ бақты. Ақыры Дәу Омар былқылдай бастады. — Мейлі, Құдай өзі кешірер, пайғамбар да дәмін татқан дейді ғой, арақ емес, таза жүзімнің шырыны көрінеді, қүдағи қиылып ұсынғанда, алмаганым болмас,—деп А хатқа ж ал- тақтап еді, Ахат «мейлің» дегендей басын изеп қойды. Содан, әне-міне дегенше, шишаның біреуі босады. Көмектесіп жүрген көрші қазақ әйелдер лезде қара бағлан- ның етін буын бұрқырата алып кірді. Қыза-кыза келе, екі шиша жүмырға жұқ та болмай қалды да, Елизавета Петровна шарап сақтайтын подвал- ұраға тағы түсті. Үйкысы келіп, қыңқылдай бастаған Ескендірді корші қазақ әйелдердің бірі алдына алып, әлдилеп отыр. Сойтсе, жалгызілік орыс кемпірдің бала бағуына әр заман-ақ қол ұшын беріп, араласып-қүраласып кеткен Ж аныс, Дулаттың әйелдері екен. — Ескендір біздің жиеншарымыз ғой, мұны бақпай, кімді бағамыз? — дейді баланы балбыратып, үйықтатып тастаған Ақтамақ деген келіншек. Бір кездерде Дәу Омар масаң тартып, ауылдың боза жорасында отырғандай-ақ, әу деп ән сала бастады. Баяғы:
— Сайрам-су малдың жайлауы-ай, Өмірдің бар май-оу байлауы-ай... Мұндай көңілді отырысты көптен бері көрмеген Елизавета Петровна да орысша бір эн салды. Заманында — кімсің — ояздың әйелі болған, тұрмыстан қысандық кор- меген бәйбіше, енді шаңырағы құлаған орданың жұртын бағып жалғыз отыр. Бай хабарсыз. Ақ генерал агылшындарға қосылды деген сыбыс бар еді, агылшындар болса, Каспий маңайынан аластатылған. Бәлкім, соларға ілесіп, шетел өтіп кетуі де ықтимал. Әйтеуір, тағдыры дүдәмал. Әрине, күйеудің аты күйеу, ол бас ие. Дегенмен, генерал әлі ақбоз ат жеккен күйме мініп жүрген дәуренінде Елизавета Петровнаның көңілін талай қалдырган. Ж ар деген аты болмаса, Елизавета Петровна тек үй шаруашылыгындагы бір қызметші әйел санатында еді. Қалган коңіл, қандай ш уақ түссе де жібімейді. Генералдың жогалып кеткеніне аса қайгыра қоймайтыны содан. Ал қызы Наталья Алексеевна Рысқүловпен ажы- расып, басқа бір қызыл командирге тиіп кеткен. Қазір Одесса жагында корінеді. Ендігі жалғыз медет сол Натальядан туган Рысқұловтың баласы — Ескендір. Сол Ескендір болмаса, мына Тау-Ш ілмембеттің үш кісісі айдаладагы орыстың кемпірін, сірә іздеп келер ме еді? Ал Рысқүлов болса, күндіз-түні жұмыстан бас бұрып көрген жан емес. Баласын анда-санда бір келіп, коріп кеткені болмаса, оны багып-қагарга әзір оның дәрмені жоқ. Баланың қамынан да қату істер, халықтың ісін мойнына іліп алган. Бірақ күндердің күнінде ол «уһ» деп, ес жиып, үй-жай болып, Ескендірді оз қолына алып кетсе, әне, мына кемпірдің мүлде жерге қарап қалар кезі сонда болмақ. Қазір шараптың буымен коңілі босаган егде әйел сол күдігін де меймандарына айтып, бір мезгіл жылап та алды. Қызулы Дәу Омар желігіп: — Нешауа, құдаги, біз бар, Түлкібас жақын. Комек- тесеміз. Әйтпесе кошіріп аламыз,— деп Елизавета Петровна- ның арқасынан қагып-қагып қойды. — Қайдам,— деп қойды қүдағи.— Топырақ маган осы М анкенттен бүйыратын шыгар. Ояздың әйелі екенім рас, бірақ ол заман отті-кетті. Ешкімге зияным жоқ, оз күнімді озім коріп отырган жанмын. Ауық-ауық Түрар келіп, хал сұрап түрады. Келгеннен қашан кеткенінше баласын қолынан тастамайды. Клевенцов сияқты азгындар айтады: 314
«Рысқұлов баласына да қарамайды, халыққа қайдан мейірімі түседі» деп. Әдейі елге тарасын деп айтады. Ал Тұрар бұл баладан шығарға жаны бөлек. Тым жақсы көргенін мен де жаратпаймын. Бір түрлі қызғанамын. Әкетіп қалса, не болмақ? Оразбақ осы әңгімені қазақшалағанда Ахат елжіреді: «Апыр-ай, орыс та балажан болады екен-ау. Адамның бәрі адам ғой. Бәрінде де жүдырықтай жүрек бар. Сол жүрегі түскір бәрінде де бірдей мына қүдағидікіндей асыл қазынаға толы болар ма еді. Сонда адамзат азбас еді-ау», деп қүдағиына бүрылып, сампылдап сөйледі: — Рақмет, құдағи, Қүдай саған жамандық көрсетпесін. Сен біздің бір түяқты бағып отырсың. А, ол рақымың текке кетпес. Түрар іс басты ғой. Қ азір М әскеуде дейді. Сені ренжітпес. Дәм-түзыңа ризамыз, қүдағи. Үлық орыстардай бізді «жабайы қазақ» деп кемсітпей, шын ықыласыңмен күттің. Нәсілің асыл, жаның таза екен, жарқыным. Ал енді біз күн кешкірмей түрғанда қайтайық. — Қоныңыздар,— деді қүдағи.— Сіздер келіп, мен де бір серпіліп қалдым. Тағы да келіп түрыңыздар. Ескендір сіздердікі екені рас. Ж иі келіп, иіс сіңіре беріңіздер. Ж ат болмасқа, жатырқамасқа жақсы. — Қонсақ, қона салсақ қайтеді?— деп Дәу Омар қын- жылғандай болды. —Тәйт!—деді Ахат.— Бір күн қонақ — қүт, екі күн қонақ — жүт,—дегенді білмеуші ме ең?! Қонақтар атты арбаға жегіп, кері қайтарда, Елизавета Петровна Ескендірді көтеріп далаға шықты. Бір қолында үш бөлек шыныға салған қып-қызыл бірдеңесі бар. — Мынаны қүдағиларға беріңіздер,— деді Елизавета Петровна шыныларды үсынып. — Ш арап па?— деп Дәу Омар көзі кілегейленді. — Ш ырын. Өзім өсірген бүлдіргеннің шырыны. Қүда- ғилар дәм татсын. — О, тоба! Осы орыстардың білмейтіні жоқ. Бүлдірген деген біздің сай-сайда тұнып түрмай ма? Біздің қатындар одан мүндай шырын жасау қайда,— деп Дәу Омар әлде- қандай өкініш айтты. Елизавета Петровна қүдалармен қол алысып қоштасты. Қүдалар Ескендірдің бетінен сүйді. Бала ернін дүрдидіңкіреп: «Бұлар неге кетіп қалды?» дегендей қабақ түйді. Ахат Ескендірдің қолын босатпай:
— Тәңірім өмірінді ұзақ қылсын. Бақытты бол, бауырым, балғыным. Сен біздің ұрпақсың. Түсіндің бе? Үмытпа елің- д і!— деді. — Ой, Аха, үлкен адаммен сөйлескендей болдың ғой. Сен де баласың ғой бірақ...—деп күлді Дәу Омар. Ахат үн қатпай, күрсінді де қойды. «Бала түсінбейді, әрине. Бірақ менің айтқан тілегімді Қүдай қүлағына қүйып қояр. Нендей тағдыр күтіп түр нәрестені? Кім білген? Біздің нәсілге тарта ма, ж оқ қаны бөтен болып кете ме? Әкесіне тартып азамат бола ма, әлде... Кім біледі? Ішінен: «Әкең жақсы кісі еді жамбас жеген, Жақсьщан жаман туса-оңбас деген. Ш ешеңнен бір кінәрат шықпаса екен, Иттің боғы кылшықсыз болмас деген». Аһ!—деп Ахат тағы күрсінді. Күн еңкейіп қалған. Алда — Сайрамсу сайы. Әуеде құрқылтай құйқылжып ойнайды. Бұлдырап Алатау асқақтайды. Құдалар үнсіз. Бәрі де бала тағдырының тұңғиығына түсіп кеткендей... *** Туатын түйедей толғатып ыңыранған түнжыр аспан ақыры ақтарылып тынды. Ақпан айының соңында тағы да қар басып салды. Қүйрығы селтеңдеп, қу тамақтың қамымен қалтандап үшқан жау шымшық. Ж ау шымшық деп аталуы тегін емес. Елде бүрын тары егер еді. Осы шымшық сол тарының жауы болатын. Біз, балалар, қолымызға іші шекем тасқа толы қаңылтыр қалбырды салдырлатып үркітіп, сартылдатып сақпан атар едік. Орыстардың «воробей» дейтіні де осы тектес. Тек орыстар «үры» десе, егін салган қазақ «жау» депті. Енді сол жау шымшық шоқитын бір түйір дән іздеп, балконның ернеуіне қайта-қайта келіп қонады... Дүниеден қайтқан адамдардың рухы әлдеқандай бір жәндіктің кеудесіне барып қоныстайды деседі. Қиял шығар. Бірақ, дүниеде еш нәрсе, ешқашан, ешқайда, ізсіз-түзсіз жоғалып кетпейді дегенді материалистер де жоққа шығармайды ғой. Сексеуіл жанады — күл болады. Сол күл топыраққа, ауага сіңеді. Ол мүлде жоғалып кеткен жоқ кой. Мына басып салган қар ертең ериді. Су болады, су — бу болады, кайта
жауады. Ол да жоғалмайды. Тәртіп сондай. Қағазға жазыл- маған, парламент кабылдамаған тәртіп. Ендеше, Рысқұлов мүлде ізсіз-түзсіз жоғалып кетуі мүмкін бе? Мүмкін, мына балконнан бір түйір тамақ іздеп, шыр-шыр еткен шымшық сол болар? Ж оқ, мүмкін емес. Рысқүловтың рухы да ірі боларға керек. Ж өндеп қара! Әне, анау аулақта Найзақара шыңына айналып кеткен шығар? Ж оқ, жөндеп қара! Сонын бір қиясына мызғымастан бір бүркіт қатып қалған сияқты. Аш бүркіт! Неге Рысқүловтың айналасын, тіпті елесінің өзін аштық айналдыра береді? Мұнда не сыр бар? Аш бүркіт бірте-бірте адам кейпіне, терезеге жақындай түсті. Алдыңғы елес сияқты, енді Рысқүловтың дәл өзі, яки аш аруағы менің жаюлы жаткан қағазыма үңілді. — А, бала, әлі отырсың ба? Отыр, отыр. Тауға тесіліп қара да отыр.Тау тілсіз. Мен де тілсіз. Әйтпесе, көп нәрсе айтар едік... Төменгі этаждан татар музыкасы сыңсыды. Мұнда радио жоқ. Үйінен радиоқабылдағыш ала келген жазушылардың бірі шығар. Тәңірі жарылқасын. Не де болса, жан-дүниенді шырылдатып, жүрегінді сыздататын әуен: Ш әмдәлләрда гинә утлар яна, Гүлжама-а-л, Житқан қызлар киндер жип иерәлар, Гүлжама-ал... Энжә-маржан қыздарының құлбауы, Бик яман сүйгәннәрның булмауы... Тәңірі дауа болсын. Ғашықтық дертке шипахана жоқ. Шамдалда (люстра) ғана от жанып, бой жеткен қыздар кендір жіп (татарларда қой аз өсетін шығар) иіріп отырса, саусақтары толы інжу-маржан болса, ал бірақ, сүйген жігіт келмесе, әрине, осындай мүңлы музыка туады. Сыңсыған әуен арасынан Рысқүлов сыбырлайды. — Иә, сонымен, бала, сен менің Ленинмен кездескен кезіме келіп тоқтадың. Әрі қарай кібіртіктеп жүрмей қалғанына, міне, тура бір ай болды. Терезеден тауға қарап, телміресің де отырасың. Аз өмірді сазарумен откізсең, сансырайсың. Сол жолы біз Низам Ходжаев екеуміз Ленинмен екі сағаттай отырып, әңгімелескеннен соң, Наркомнан Сталинге барып сәлемдестік. Ол біздің Түріккомиссиямен айтысымызга қанық екен. Бірақ сыр шашпай, ақыл айтпай, бейтарап қалып танытты. Мұнысы әлі жүмбақтау еді. Әйтпесе, үлт мәселесін тікелей басқарып
отырған адамдар бізді жақтайтын, я жақтамайтын бір пікір болу керек қой. Үндемеген адамда үйдей бәле бар. Ол таяуда болатын Политбюроның алдын орағытқысы келмейді. Сол Политбюро біздің дауымызды шешіп береді. Сталин сұсты кісі еді. Ж әй күлімсірегеннің өзінен өзегінді қалтыратар бір ызғар сезілетін. Лениннің алдына қанша қалтырап барсаң да, жүзін көргеннен-ақ жаның жадырап жүре береді, үрей атаулы болмайды. Ал, Сталинге қорықпай кіріп, қорғанып шығасың. Бой теңестіре барып, еңсең езілгендей болады. Кеуденде қырау түрғандай бір хал кешесің... Бухарин бір жиналыс өткізіп жатыр екен, бізді қабыл- дамады. Түркістанды «қуыршақ республика» деп кекетіп жүретіні бізге де естіліп жататын. С онысынан секем бар еді, ойлағандай болды. Әйтпесе, ізет үшін болса да қолы тиетін уақытты белгілеп, кездесетін сәтке тұру керек еді, оны да айтпады. Ал енді, қазақш алап айтсақ, сіңбіруге де уақыты ж оқ кісі Д зерж инский еді ғой. А, ол бірден қабылдады. Ол біздің Түріккомиссиямен дауымызды қазбалап жатпады. Басма- шылар жағына шүқшиды. Совет милициясында жүрген Мадаминбек неге қүрбашы болып кетті? Ергешті не түлен түртті? Ж үнәидханның хәлі қалай? Қанша қаруы бар, қанша қолы бар? Оларды жоюдың жолы қалай? Міне, әңгіме арқауы осы болды да, біз білгенімізше жай-жағдаятты түсіндірдік. Дзержинский Москвада әлі қанш а уакыт болатынымызды бізден сұрамай-ақ шамалады да, тагы да кездеспек болды. Енді неде болса ерінбейік, деп нарком Луначаркскийден тапқан бір олжамыз: Ташкентте университет ашу туралы уәде алдық. Театр жайы, мектеп жайы... Көп әңгіме айтылды. Қоштасарда Луначарский өзі қол қойып, Низам екеумізге екі билет ұсынды. — Үлкен театр. Бүгін кешке «Демон», соны тамаша- лаңыздар. Жалпы, Москвада қанша уақыт боласыздар, күн қүрғатпай театрға барып тұрыңыздар. Сіздерге түрақты билет беріледі,— деп өте биязы, өте көргенді мінез танытып қоштасты. «Демон, Демон» десем керек өзімнен өзім күбірлеп. Низам: — Л әппәй?— деді.— Н әмә дедіңіз? — Ж әй, театрды айтам, былтыр Ташкентте осы «Демон» қойылып жатқанда Наташа келініңіз екеуміз бармақшы болғанбыз. А яқ астынан Фергана жүріп кеттім де; «Демонға»
бара алмай қалғанбыз. Енді, міне, сәті түсті. Бірақ Наташа ж оқ... Сонда Низам бетіме ажырая бір қарады. «Осы-ақ сол бір әйелді үмытпайды екен?» деп ренжіді ме, білмеймін. Ал Наташаны үмыту... Оны сен жаздың бала. Әлің жеткенш е әділін жаздың. Бірақ оны ң аты Н аталья емес еді ғой. Әлдеқалай ш икілік шыға ма деп сақтандың білем. Генералдың қызы деген қырсығы бар. Әйтпесе, оның шын аты Татьяна еді ғой. Татьяна Алексеевна Колосовская! Сенің Наташа, Наталья деп жүргенің сол. Обалы не керек, шамаң жеткен жерге дейін жаздың. Бірақ шын Түрар мен Татьянадай болу қайда-а-а?! Екеуміздің жан-дүниемізде, атар таңдай себезгілеп басталып, алаулаған алау сезімімізді сен тұрмақ, жазушы болсам, мен өзім де жаза алмас едім. Мені музы кант еткен Татьяна еді ғой. С өз емес, ондай сел сезімді музыка ғана жеткізе алуы ыктимал. Мен өмір дейтін дүниеде көпті көрдім. Ж аманшылық жауар бүлттан қалың еді, а жақсылығы да мол болды. А тақ-дәреж е, мансап дейсің бе, бір адамға жетіп-артылардай-ақ бұйырды. Бірақ бәрінен де асылы — сол Татьянаға деген ынтық, ыстық сезім еді ғой. Сондықтан тагдыр маган тарлық етті дей алмаймын, бауырым. «Бауырым» дедім, танданба, бала. Барлық қазақ менің бауырым гой. А, бірақ сенің әкең бізге жамағайын, менімен түйдей жасты еді. Қыз алыспайтын елдің азаматы болатын. Түлкібаста жиырмасыншы — отызыншы жылдары бірер рет көрдім. Кілең боздан киініп, ақ боз ат мініп жүретін сырбаз кісі еді. О да Ш ілмембет, бірақ Тау-Ш ілмембет емес. Кейін «рыскуловщинаға» о да ілікті. Талайлардың обалына қалдым. «Рыскуловщинага» таңылып кеткендер көп. Оған, әрине, мен кінәлі емес едім. Рысқүлов мен едім де, «рыскуловщина»— жабысқан жала еді. «Өрлеу», яғни ренесанс дәуірінің Римдегі бір қайраткері Макиавеллиден хабарың бар шығар. «Макиавеллизм» десе, білсе де, білмесе де, жүрт жиіркеніп, мүрнын тыржитады. Албастының иісі аңқып түрғандай көреді. Ол екіжүзділіктің, ібіліс айлакердің, опасыз оппаның символы сияқты болып кеткен. Сондағы Макиавеллидің бар жазығы — тоз-тоз болып, шілдің қиындай ыдырап кеткен Италия елінің басын біріктіріп, әділетті ж аңа қоғам қүру еді гой. «Государь» деген кітап жазып, ондай әділетті қоғамның
көсемі қандай болу керек деген сұраққа буржуазиялық дүниенің талабына сай ғаламат жауаптар береді. Ал феодализмнің қолшоқпарлары халыққа өздері опасыз қатыгез, екіжүзді, озбыр бола тұра, Макиавеллиді оңбаган деп ойбай салып еді, сол байбаламның жаңгырыгымен, көп заман, көп адам: «ой, М акиавелли барып тұрған оңбаған» деп қайталап келді. Ау, шынында Макиавелли кім еді?— деп сол тобыр бір сәт ойланбай, біреу айқайласа, соның жаңғырығы болып жүре берген ғой. Дәл сондай болмаса да, соған сыңарлау бір сойқан маған да жабысқан. Рысқүлов істемеген істі «рыскуловщина» деп алып, Рысқүлов Совет аппаратында аса жауапты қызметтерде адал жүмыс істеп жүрген кездің өзінде де, «рыскуловщина» деген лақап таратып лағып жүрді. Бұл өзі айтылмайтын-ақ әңгіме еді, әлгі сенің әкеңнен шығып кетті ғой. Ж алғыз ақ боз атын мініп, ешкімге залалын тигізбей, таза жүріп, таза түратын шаруа кісі еді. Т әп-тәуір колхозшы болды. Рас, көрші Қырғызстанда көкпар болып жатыр екен десе, жүмысын тастай салып, ақ бозын міне салып, тау асып кетеді екен. Керемет шабандоз болатын. Әне, сенің сөйткен әкең — «рыскуловщина». Ал Рысқүловтың ісі, қызметі, саясаты, бәлкім, оның қаперіне де кірмеуі. Бірді айтып бірге кеттім. Сүлделер осындай болады. Сүлделер тірі адамдар дүниесінің системасынан шығып кеткен. Бізде жүйелеп ойлау деген болмайды. Өткен елестен есіңе не түседі, соны айта бересің. Ал өткен өмір елесі — үзік-үзік. Бәрі де тірілер дүниесінде қалған. Бәрі көрген түстей. Ал түс дегеннің өзі күбылмалы болады. *** Нарком Луначарский берген билетпен Рысқұлов пен Ходжаев Үлкен театрдың есігін ашты. Билетті нарком директордың лоджасына жазган екен. Лоджада бүрынырақ келіп жайласқан үзын бойлы, жазық мандай, қияқтай жирен мүртты, ақ аралас жирен шоқша сақал, келбетті кісіні Рысқүлов жыга танымаса да, шамалап түстеді. «Нарком Чичерин болар?» деп шамалады. Бүрыннан сырттай бірін- бірі білгенмен, жүздесуі тұңгыш. Қатарласып, ізетпен, ибамен сәлемдесіп отыра бергенде, әлгі кісі өзі әбжілдік танытты. — Сірә, түркістандық боласыздар-ау деймін.
— Дұрыс айтасыз. Рысқұлов, мына кісі — Ходжаев,— деп Рысқұлов қол ұсынды. Саусақтары салалы екен. — Чичерин. Танысқаныма қуаныштымын. Сіздердің келіп жатқандарыңыздан хабардармын. — Мен де Чичерин-ау деп шамалап едім. — Үлкен театрға келгендерініз ақылды болған. Мен өзім өте театрал адаммын. Бірақ жиі келіп тұруға мұрша қайда? Уақыт ж оқ қой. Осы келістің өзінде қыруар іс жан-жағыңнан қамап, әзер отырасың. Бірақ бұл да керек, жолдас Рысқұлов. Әйтпесе, мүлде карайып қаласың. Рубинштейн, әрине, Моцарт емес, бірақ маған өте ұнайды. Лермонтовтың «Демонын» тандап алып, соның рухын музыка тілінде суреттеуі тамаша. Бірақ білгір көрініп қайтемін. Қазір өздеріңіз де тындайсыздар ғой. Ал жалпы композиторлардың төресі Моцарт қой. Сіз қалай, жолдас Рысқұлов, музыканы ұнатасыз-ау деймін. — Үнатуын тым ұнатамын. Бірақ әлгінде өзіңіз айтқандай, уақыт қайда? Әрі десе, біздің Ташкентте театр, музыка шеберлері Москвадағыдай емес те. Біз көп нәрседен мешеу қалып жатқан елміз. Әрине, халық ортасы толған өнер. Мен европалық мәдениеттің үлгісін айтып отырмын. Біздің Түркістанға театрлар керек, таланттарды табу, оқытып, баулу, Москваға, Петроградқа жіберу — бәрі әлі жаңа-жаңа басталып жатқан тіршілік. — Дүрыс айтасыз. Бастау керек. Шығыс даналығынан неше алуан дүлдүлдер шықса керек. Спектакль біткен сон, Чичерин қоштасарда: — Уақытыңыз болса, кездесейік, жолдас Рысқұлов. Түркістан мәселесі жөнінде Политбюроға жоба жасау комиссиясының қүрамында менің де бар екенім сізге белгілі шығар. Әңгімелескеніміз дүрыс болар,—деді. Чичериннің комиссия қүрамында екенін Рысқүлов білмеуші еді. Ертеңінде таңғы сағат тура тоғызда Рысқұлов Сыртқы істер наркомының кабинетіне кірді. Рысқүловтың ә дегенде көзіне айрықша түскен нәрсе — Чичериннің кабинеті басқа наркомдардікіндей емес, столдың үсті, тіпті терезенің алды үйме-жүйме қаптаған кітап, түрлі газеттер. Ағылшын, француз, неміс тілінде шығатын газет, журналдар... Нарком дүниеде не болып жатқанын түк қалдырмай біліп отыратын сияқты. 21-626
Чичерин алақандай аялы көздерінен бір түрлі іш тар- тарлық сәуле шашырап, Рысқұловпен ықыластана аман- дасып, креслоны ұсынды. — Әңгіменің ашығы керек, бұл жерде сіз бен біздің арамызда майпаздасып, дипломатияға жүгінудің не қажеті бар? Турасын айтайық. Мен сіздің Политбюрода қаралатын жобаңызбен таныстым. Кейбір мәселеде мен сізбен мүлде келісе алмаймын. Мысалы, сыртқы істер мәселелсі. Сіз Түркістан шет елдермен тікелей, дербес дипломатиялық, қатынас жасауын талап етесіз. Түркістан республикасы РСФ СР құрамында емес пе? Біздің мүддеміз бір емес пе? Ш ешетін мәселеміз ортақ емес пе? Сіз Түркістанда дербес үлттық әскер үстамақсыз. Не үшін? Кімнен қорғану үшін? Түркістанға жан-жақтан жау төнгенде, оны қорғап қалған Қызыл армия емес пе еді? Ендеше бүл талабыңыз да қате болар. Мен мүның бәрін Политбюро мәжілісінде де айта алар едім. Бірақ достарш а осылай бір оңаша сырласу да керек. М енің достық кеңесім: Политбюрода бүл мәселелер жонінде дау көтеріп жатпаңыз. Әділін, ақиқатын Политбюро шешеді, әрине. Қатеңізді мойындағаныңыз жен. Тек шындық жолы жеңеді. Ш ындықты ғана айтсаңыз, бәрі де сізді сыйлайтын болады. Рысқүловтың бір таң қалғаны, Чичериннің жүмыс столының үстіндегі үйме-жүйме қағаздардың арасында бір уыстай ақталмаған сүлы, кәдімгі сұлы тұр екен. Чичерин әңгіме арасында анда-санда әлгі сұлыдан бір дәнін алып, аузына салады да, сәлден соң қылпығын шығарып тастайды. Ә ркім нің бір бәсіре әдеті болады. Сондай бір ерек- шелігі шығар, деп ойлады Рысқұлов. Әлде, сұлыны бүлай ж еудің әлденендей ш ипалық қасиеті бар ма екен деп те қойды. Қ онағыны ң осы бір дүдәмалын сезген Чичерин, Ры сқұловқа аялы козінің қиығымен бір қарап, әлгі әңгімесін тыйды да: — Сүлы жегеніме таң қалып отырсыз ба?—деді. — Ж оқ, ж әй әдетіңіз шығар. Мысалы, біздің кейбір жолдастар кабинетінде кок шай ішіп отырғанды үнатады... — Ж оқ, бұл әдет емес, Тұрар Рысқұлович. Бұл — қажеттілік. Тірлік үшін тамақ керек. Ал тамақтың түрі осы. Кремльдің коменданты бізге, наркомдарға, бәлен күнге деп бірнеше қадақ сүрыпталмаған сұлы береді. Басқа жағдайы бар, үй-жайы бар наркомдардың әйелдері, не өздері әлгі сүлыны қуырып, одан кофе жасайды немесе ақтап, ботқа
жасайды. Ал мен салтбасты кісімін. Ондай жағдай менде жоқ. Әрі десе, осылай шикі жеуі, тіпті, әрі тиімді, әрі дәмді сиякты. Қалжыңы шығар дейін десе, Чичерин шын пейілімен айтып тұрған сияқты. Бір кез Рысқұлов нарком Цирюпаны есіне алды. Үкіметтің тамақ жөніндегі наркомы Цирюпа бір жолы Лениннің кабинетіндегі мәжілісте отырып, талып қалады. Дереу дәрігер шақыртса: —Ешқандай ауруы жоқ, әбден аш ыққан,—депті дәрігер. Рысқұлов соны есіне алды да, енді мына Чичериннің сөзіне шын сенді. Сонда Рысқұлов, Чичерин туралы бұрын білген, есті- гендерін есіне түсірді. Чичериннің тұқымы Ресейдің ескі дворяндарынан. Тіпті Тамбов губерниясындағы Қарауыл деген жерде осы Чичеринге мұраға қалдырылған ғимарат, дүние-мүлік те бар екен. Соның бәрін тәрк етіп, революция жолына берік түскен. Мүның қалай деген бір жақынына Чичерин былай деп хат жазыпты. «Егер де жұмақ пен тамүқ бар екені рас болса, мен жүмаққа бір-ақ түкіріп, тамүққа барып, бакытсыздардың үлесін бөлісер едім. Тамұқта бақытсыздар қасірет шегіп жатқанда, мен пейіште рақат- танып жүрсем, мен қарғыс атқан оңбаған болар едім»... Міне, енді Рысқүлов сол Чичериннің алдында отыр. Қарақан басының қамын ойлап, жәннатты жайлап жатудан жиіркеніп, ғазиз басын жандармдардың оғына байлап, талай-талай тар жол, тайғақ кешуден өткен тарлан револю ционер. — Ескі тілде «теос», «хаос» дейтін сөздер бар,— деді Георгий Васильевич Рысқүловқа жымия бір қарап қойып.— Теос — ізгілік, хаос — зүлымдық. Бұл екеуі ежелден, дүние шексіздігіндей шексіздіктен бері арпалысып келеді. Қазір де сол. Арпалыс. Теос жеңген кезде, қарын да тоғаяды. Ал қазір... Чичерин бір уыс сұлыны стол үстінен сырғытып, алақанына салып, салмақтап тұрып: — Бір әңгіме айтайын,— деп сыбырлады.— Осы таяуда ғана «Кремлевка» деп аталатын телефонмен Владимир Ильич сөйлесті. — Сізге сөгіс жариялаймын,—дейді. — Не үшін? — Бір кило күріш жармадан неге бас тарттыңыз?
— Ж ас балалар ісіп-кеуіп жатқанда тамағымнан калай өтеді?— деймін. — Сіздің асқазаныңыз ауырады. Сондықтан сізге рұқсат, өткізіңіз тамағыңыздан!—деп бұйырғандай болды Владимир Ильич. Мен қарсыласып-ақ бақтым. Ақыры жеңді. Көрдіңіз бе, Түрар Рысқұлович, біздің арамызда Керзондар, Чемберлендер туралы ғана емес, осындай да талас болады,— деп Чичерин әңгімесін күлкіге айналдыра аяқтады. — Ж аңылыспасам, Түркістанда сіз Аштықпен күрес комиссиясын да басқардыңыз ә, Тұрар Рысқұлович? — Иә, Георгий Васильевич. — Е, онда нарком Чичериннің шикі сұлы жеп отырғаны сізге тан болмаса керек. Аштықтың не екенін білмей түрып, Аштықпен күрес комиссиясын басқару мүмкін емес. —«Аштық —апаң емес», деп орыстар бекер айтпайды ғой, Георгий Васильевич. Оның апа емес екенінен хабарымыз бар,— деп сыпайылады Рысқүлов. — Шынымды айтсам,— деді Чичерин кенет бастапқы әңгімеге қайта бүрылып,— сіздің дербес дипломатия, дербес ұлттық әскер талап етіп жүргеніңізді мен әбден түсінемін. Сіз патшадан зорлық-зомбылық көрдіңіз. Совет өкіметі ә дегенде сіздерге сәулесін барынша түсіре қоймады. Рес- публиканы шовинист эсерлер басқарды. Мына сіздің талабыңыздың бәрі содан туындап жатқан салдар. АВТОРДАН Бүгін таңертең терезеден күмісбас Аспантау аса айбынды көрінді. Күн жылынар деген үміттің өзінен жүректе қатқан мүз жібігендей болды. Бірақ дала бәрібір сүп-суық еді. Күн шақырайғанмен, қар жіпсімейтін сыңай танытады. Аш торгайлар ары үшып, бері ұшып, балконның ернеуіне келіп қонады. Анда-санда қатқан-қүтқан нан тастайтыным бар, содан дәмелі шығар. Балконды ашуға суықтан жиір- кеніңкіреп отырмын. Күдер үзгендей жау шымшықтар үдере ұшып кетті. Сол-сол екен, қайдан келгені белгісіз, балконға Теңбіл торғай келіп қонды. Ол маған тым таныс сияқты. Қайдан көрдім деп ұмытшақ басым біраз аңырып қалғанда, Теңбіл торғай қүйқылжыта, тамылжыта сайрап ала жөнелді. Құдай адамға қүстың тілін үғуды бүйыртпаған. Бірақ шыдамың жетіп, сарыла тындап отырсаң, бірте-бірте * г 324
санаңның ұйықтап жатқан сан түкпірі оянып, әлгі құс тілін түсінгендей де боласың. — Мен Ақсу-Ж абағылыдан келдім,— деп сайрайды Теңбіл торғай,— Танымай қалдың ба, мені сен жазып едің ғой,— дейді.— Артур деген бала туралы жазбап па едің, сондағы Теңбіл торғай мен ғой. Ж азушы деген бейшара ойлай-ойлай ой оппасына түсіп кетіп, бір кезде өзінің жазғанын өзі ұмытып қала ма, немене?! Сен сонда Артурды Рыскүловтан да жақсы жаздың. Рысқүлов туралы жазу қиын екенін білемін. Өйткені, ол өмірде бар адам ғой, сәл жаңылыс жазсаң, бәрі көрініп түрады. Ал өмірде болмаған, өзіңнің қиялыңнан туған Артурға келгенде, сен біршама көсілесің. Баяғыда бір әкім өзінің сарай суретшісінен: — Не қиын? Аттың суретін салған қиын ба, ж оқ әруақтың суретін салған қиын ба?—деп сүрапты. — Аттың суретін салу қиын,— депті суретші. — Неге? — Неге десеңіз, атты жұрттың бәрі көріп жүр. Бір жерінен сәл жаза бассаң, байқап қояды. Ал әруақтың түр-түсі қандай екенін ешкім білмейді. Қалай салсаң да жүрт сене береді. Артур — аруақ қой, оны жазып, қулық жасадың. Ал енді, жазушы жолдас, сен өзің байқадың ба, байқамадың ба, сол Артур — Тұрардың өзі емес пе? Түптеп келгенде, Теңбіл торғайдың өзі — Рыскүлов емес пе? Ол мен гой. Танымай қалдың, ә? Өлгендер жер бетінен мүлде жойылып кетеді деген бекер. Өлген адамды бір шүңқырға апарып коме салып:— «Бітті!— дейсіндер. Бекер! Ол қыран болып, қасқыр болып, түлкі болып, міне, мына мен сияқты Теңбіл торғай болып жер бетінде, аспан астында жүре бермек. Солай, жазушы жолдас. Сен енді менен безіңсең де құтылай алмассың. Сен мені жиырма бес жылдан бері іздеп келесің. Түнде түсіңнен, күндіз ойыңнан кетпеймін. Саған тамақ ішіп, ауа жұту қандай қажет болса, Рысқұлов туралы үздіксіз ойлау да сондай қажеттілікке, айықпас дертке айналып кетті. Алдында қанша ғүмыр бар —соның бәрінде де мен ойыңнан кетпеспін. Енді мені ойыңнан қуалап шыгара алмассың. Өз обалың өзіңе! Рысқұловтың жолы тым-тым ауыр адам. Ол туралы жазудан гөрі, кетпен алып, тау қопарган оңай. Нысанага мені алган екенсің, енді өле- өлгенше мылтыққаламынды кезенесің де жүресің. Алдындагы жайнамаздай қагазың аппақ қой. Бір таңба түсіре алмай қиналасың ә, бишара? Сен кеше менің 325
Чичеринмен алғаш кездескенімді біршама тәп-тәуір жаздың. Чичерин шынында оңды адам болған. Көп жыл меньше- виктер ұранын көтерсе де, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде райынгч қайтып, большевиктер жағын колдаған ж әне сол больш евиктер ісіне пәруана берілген кісі еді ғой. Революцияның ең азапты ауыр күндерінің өзінде жаны шорланбай, қатыгезденбей, жүп-жүмсақ, нәзік күйінде, ақын күйінде, кереметтей музыкант күйінде қалды-ау, жарықтық. О да табиғатты керемет жаксы көретін. Тамбов губер- ниясындағы өзінің Карауыл селосын, оның ауызбен айтып жеткізгісіз тамаша табиғатын еске алғанда, алақандай- алақандай аялы көздеріне жас үйіріле жаздайтын. Ал мен оған Ақсу-Ж абағылыны, Өгем, Шымған, Талғар тауларын бейнелеп беруші едім. Екеуміз кейін мен М осквада, Совнаркомда істегенде, М осква түбіндегі орманға демалыс сайын бірге барар едік. Солай... Чичерин — патша заманында дәуірлеген, құл салып, байтақ-байтақ жер иемденген, алпауыт дворян тұқымынан ш ы ққан ақсүйек нәсілді еді. Мен болсам, ак жұлық, ку сирақ кедей жұртынан... Былайша айтқанда, «үрерге иті, сығарға биті» жоқ, жалаңтөс такыр кедей түқымы. Бірақ Чичеринмен қатар отырғанда, мұншама жер мен көктей, кереғар қашықтық сезілмейтін. Чечерин дәулет- дәреже дүниесін тәрк етіп, езілгендер еліне өз ықтиярымен, өзінің ұғым сезімімен біржолата кошіп, дворяндар қауымымен атқұйрығын шорт кесіскен кесек жан еді ғой. Сойтіп, біз езілгендер елінің еңсесін котеру үшін, күресте қоныстас болдық. Чичерин, Георгий Васильевич, қайран сабаз! Мені шын түсінген, бауырына тартып баулыған ұстаздарымның бірі де бірегейі. Түркістанда мен көп шовинистермен арпалыста орыстың адал үлы, ғажап революционер Петр Алексеевич Кобозевтен коп жақсылық көрдім. Москвада мені көбінесе қолдап, қоргаған Чичерин болды. Әу баста үлкен театрда түңғыш рет қол алысып, содан айнымас дос болып кеттік. Сол жолы ол мені Москвадан кетер-кеткенш е театрларга бірге алып барып жүрді. Гажайып өнер өлкесінің небір саңлақтарымен мені Чичерин таныстырды. Өнер әлемі оз алдына, сол жолы мен Европа, Азия, Америка елдерін түгел шарлап, жиһанкез саяхаттан оралғандай болдым. Сыртқы істер наркомы Чичерин бүл
ж ш т кш ж ^ ниш 'ш ш а ж әлемдегі барлық мемлекеттер, өкіметтер, үкіметтер қыр- сырын бес саусағындай білетін түңғиық білімдар кісі-дағы, ол мені осы елдердіңтарихымен, тәртібімен қолымнан жетектеп жүріп таныстырғандай болды. Иә, Чичеринмен сол жолы бірге болған күндер тұтас бір университет тауысқандай мол ғылым, мол олжа болды. Сенің Чичеринді еске алып, кітабыңа кіргізгенің онды екен, жазушы, бауырым. Ондай адамдар тірілер дүниесінде некен-саяқ кездеседі... ҚО Ш , ТҮРКІСТАН К Ө РІС К ЕН Ш Е... Рысқүлов пен Низам Ходжаев Москвадан оралғанда, вокзал басында бұл екеуін бүкіл Ташкент қарсы алғандай, қарақұрым халық еді. Табан астында митинг болды. Рысқүлов сөз сөйлеп: — Қүрметті қауым! Байтақ Түркістан!— деп айқай салды.— Ленин сіздерге туысқандық сәлем айтты. «Түрік республикасы» деген қате деді. Бөлінгенді бөрі жейді деді. Түнгі аспандағы жайнап түрған сансыз жүлдыздарды жиып алып, үлкен бір Ай жасасаң, аспан сұңқиып қалады деді. Солай... Түркістан Советтік Социалистік Автономиялық республикасы — РСФ СР-дың бір бөлігі. Осы республикаға адал бол, халқым,—деп Рысқұлов сөзін қысқа қайырды. ТүркЦИК-ке барып, Москва сапарынан соң, өзінің президенттік қызметіне қайта кіріскені жөнінде бұйрық жазды. Бұл арада Түрккомиссия мүшелері де қайта оралды... Москвада, Лениннің алдында, Политбюрода Түркістан айтысы болмағандай, Ленин бірлікке, татулыққа шақыр- мағандай, Түрккомиссия әміршіл, бұйрықшыл, өктем күйіне қайта басты. Рысқүлов президенттіктен кететіні жөнінде арыз берді. «Түрккомиссияның айдауында жүріп жүмыс істей алмай- мын» деді. Түрккомиссия сырттай қынжылған пішін танытса да, іштей қуанып қалды. Куйбышев М оскваға телеграмма соғуға асықты: —Рысқүлов ерен қайраткер. Әттең, Москвада біраз жұмыс істесе, шынығып, керемет коммунистке айналар еді,— деді. Айтса-айтқандай, Москва көп кешікпей Рысқүловты шақырып алды. Ш ақырып алды да, Үлт істері жөніндегі
Халық Комиссары (наркомның) Сталиннің орынбасары етіп бекітті. Тағдыр жолы —тарпаң. Басына ноқта симас Рысқұлов сен болсаң, көріп алайық дегендей, дәл Сталиннің қасына апарып отырғызды. Көп сөзі жоқ, бір тоға, түнжыр-тұйық Сталин сәл күлімсіреп, шегір-сарғыш қырғи көзін қысың- қырап: — А-а, Түркістанның Ш ыңғыс ханы, кел,— деді. Содан бастап Сталин Рысқұловты Рысқұлов деп, тек ресми жиындарда болмаса, жайшылықта: «Түркістанның Ш ығыс ханы» деп атап кетті. *** К ом интерннің II К онгресінің шешімі бойынш а, 1920 жылғы қыркүйектің бірінде Баку қаласында ІІІығыс Халықтарының бірінші съезі шақырылды. Рысқұлов осы съезге Түркістанның Сырдария мен Жетісу облыстарынан делегат болып сайланды. Наркомнан Сталин өзінің орынбасары Рысқүловты шақырып алып: — Бакуге Түркістаннан бір мүсылман әйел баруы керек. Ол сол съезде сөйлей алатын, советтік Шығыс әйелдерінің атынан сөйлей алатын сауатты, әрі кедей таптан шыққан болуы керек. Осыны өз міндетіңе аласың,—деді. Рысқұлов келісті. Келісуін келіскенмен Сталиннің кабинетінен шыға бере: «ондай мүсылман әйел табан астынан қайдан табыла қоймақ? Уақыт болсатым қысқа. Әуелі Ташкентпен байланысу керек. Одан ондағы басшылар әлгі әйелді тауып, оны пойызбен М оскваға жеткізгенше қай заман?» Рысқүлов Бакудің төрінен бүкіл Шығыс өкілдерінің алдына шығып сөйлеп түрған Түркістан әйелін коз алдына елестетіп көрмек болды. Көзінің алдында кілең бет-аузын түмшалаған, паранжі жамылған біркелкі сурет көлбеңдеп түрды да қойды. Бірінің де түсін түстей алмайды. Түркістан- да қаншама жыл қызмет істеп жүріп, мінбеге шыгып сөз сойлеген не өзбек, не түрікмен, не тәжік, не қырғыз әйел затын кездестірмепті. Ондайлар бар да шыгар, бірақ... Кенет Рысқүловтың ойына жарқ етіп, Әулиеата түсе кетті. Иә, иә, аты кім еді? Сол ғой, сол! Баягы Тайтақайдың қызы. Аты кім еді? Меркедегі Тайтақай ше? Он алтыншы жылы Приходько бастаған жазалау отрядінің Маңыраққа
шабуылы кезінде қаза болған Тайтақай — Талбүбінің қызы. О! Күләй! Ш ешесін Приходько атып өлтіргенде, солдаттардың қолынан жүлқына қашып шығып, биік жардан Мықан өзеніне карғыған Күләй! Солдаттар сол жолы оны өлдіге санап қайтқан. Кейін сол Күләй жетім не бір тозақтан тірі қалып, Әулиеатаға жетіп, сонда нан пісіретін наубайханаға жүмысқа кірген ғой... Апыр-ай, қалай үмытады? Ол баяғы аңқылдап қалған Тайтақайдың қызы ғой. Тайтақай... Тұрар әлі Рысқүлов емес, Қырғызбаев болып жүрген соноу Мерке заманында атасы Қырғызбай оны М аңырақтағы бажасының үйіне мал айдап кел деп жүмсағаны қайда? Сонда жар басында жарбиған қара лашықтың боса- ғасына сүйеніп түрып, бейтаныс Тұрарға жымия қараған қыз қайда? Үстіндегі қызыл ала койлектің жамау-жамау комы- тын көрсетпейін деп, тек есіктен басын шығарып, сығалаған он үш-он төрт жасар қыз ше? Жазалаушы отряд М аңыраққа от қойып өртеп, күлін көкке ұшырып, адамдарын қырып салғандай өлім тырна- ғынан әрең қүтылып, суға кетіп, балыққа жем бола жаздаған қыз ғой ол! Оны Түрар енді Қырғызбаев емес, Рысқүлов болып Әулиеата уезін басқарып түрған он сегізінші жылдың жазында көрді. Әулиеатаның Атшабар базарында аштыққа қарсы, ас- тықты жасырып отырған бай-кулактарға қарсы үлкен митинг болды. Сонда Рысқүлов сөз сөйлеген. Қарақүрым қалың жүрттың арасынан сытыла-сығыла алға ұмтылып бір қыз шықты да, мінбеге жақындап: — Түрар аға! Маған сөз беріңізш і,— деді. — Сөйлей гой, айналайын. Атың кім? — Күләй. Сіз мені білесіз. Үмытып қалғансыз ғой, қазір айтамын,— деп әлгі қыз ылдым-жылдым мінбеге көтерілді. Базардың атшаптырым алаңында сығылысып түрған ха- лық:— «Бұл кім?»—деп сілтідей тынды. — Мен Меркедегі Маңырақта туганмын,— деп бастады Күләй.— Тайлақтың қызымын. Әкемді ақтар он алтыншы жылы телеграф бағанасына асып өлтірді. Шешемді атып өлтірді. Бүкіл М аңырақ жер бетінен жойылып кетті. Әйтеуір, әупіріммен аман қалған мен. Қалаға келіп, қазақ, өзбек, орыс қыздарымен бірге наубайханаға жұмысқа кірдім. Қазір нан 329
пісірейік десек ұн жоқ. Ж аңа Тұрар аға өте дұрыс айтты. Астықты байлар мен кулактар жасырып, халықты ашар- шылыққа арандатып қойды. Оларды аяудың керегі жоқ. Қолынан бермесе, тартып алу керек. М енің айтайын дегенім осы. —А, жүзіқара! Ш оқынған кар! М аңыракта сонда бекер өлтірмеген екен!—деп сақалы шош аңдап, қып- қызыл беті қанға тойған қандаладай тырсылдап тұрған А йбар бай еді. Бірақ, сонда Айбардың ызалы сөзін көпшіліктің айкай- шуы көміп кетті. — Рас айтады. Қолынан бермесе, жолынан!— деп гуледі қалың нөпір. Рысқүлов сүйсініп, Күләйдің қолын алып, арқасынан қақты. — Адам болып қалған екенсің, айналайын. Осы адал жолыңнан айныма,— деді. — М енің әке-ш еш емнің көзін көрген өзіңіз ғана бүл арада. Сіздің жолыңызға адал болуға ант ішемін,— деді қыз көзіне жас үйіріле жаздап. Көп ұзамай Рысқүлов Ташкентке аттанып, қызметі жоғарылап, бүрынғыдан он есе ауыр жүмыспен қып-қызыл оттың ішіне кіріп кетті де, әлгі Тайлақ пен Тайтакайдың қызы қайтып ойына оралған емес. Енді, міне, Сталиннің әлгіндей кеңесінен кейін, әлде- қалай ғажайыптың күшімен сол Әулиеаталық Күләй қыз көз алдына келе қалған. Рысқұлов жеделдете Ташкентпен байланысып, Нәзір Төреқүловпен сөйлесті. Әулиеатада осындай адам бар, соны мейлінше тездетіп, М оскваға аттандыр деді. Нәзір Төреқүлов бұл кезде Түркістан Компартиясы Уақытша Орталық Комитетінің жауапты секретары. Кезінде Рысқұловпен айтысқа түсіп, қиястау жүретін мінезі бар. Әуелі Әулиеатадан табу қиын ғой, осы Ташкенттен-ақ басқа бір әйел табылмай ма деп бүлталақтата бастап еді, Рысқұлов қаталдау кетті. — Нәзір, сен екеуміз енді ТүркЦ И К-тің мәжілісінде отырған жоқпыз ғой. Сөзді қой! Ж аңағы мен айтқан адамды қалайда тапқызып, он күннің ішінде Москваға жеткіздір,— деп талас сөзге саңылау қалдырмады. — Әй, Түрар-ай, жарайды. Болсын айтқаның. Тек өткенді еске ала берме,—деп жұмсарды Нәзір. 330
Ақжал толқындар бірінен бірі туындап, бірін бірі қуалап, қашқаны жеткізбей, қуғаны жете алмай, табандаса тақасып, акыр соңында талмаусырап келіп, қызғылтым құмды жағаға сылқ етіп құлайды. Әлгібір аскар таудың шоқысындай дүрдиген ақ шуда көбік, енді жыбыр-жыбыр етіп, лезде сөніп, қыз ерніндей қызғылтым жарма құмның жиегін жіпсітіп барып, демде сіңіп кетеді. Толқын пақыр — сұлу қыздың ернін бір сүюге ынты- зарлана арпалысып жетіп, сүйер-сүймес талып түсіп жатқан көзсіз батырлар. Апшерон түбегінің қүмдақ жағалауын Каспий батыр осылайша минут сайын, сағат сайын, айлар бойы, жылдар бойы... ғасырлар жүзі, заманалар жүзі сүйіп, сусамыр құмарлықтан арыла алмай келе жатқалы қанша уақыт! Ешкім де дөп түсіп айта алмайды. Ешбір жан... Бір кезде бүл теңізді Хазар дер еді... Хазар... Хазардың арғы беті — қазақ даласы, түркмен туыстар. Араны теңіз бөліп жатқаны болмаса, мына әзірбайжан бауырлармен туыс елдер тілі бір, жыры бір. Қ орқыт атамызға дейін бір. Арада — Хазар теңізі. Арғы бетте — қазақтар, түрікмендер, өзбектер, қырғыздар, қарақалпақтар... Бергі бетті әзірбайжан қай заманда мекен еткен? Қап тауына қалай жеткен? Оны бір білсе,— сол Қорқыт атам біледі. Әзір- байжандар Қорқыт атамды пір түтады. Ал өлімнен қанша қашса да, «қайда барса Қорқыттың көрі» алдынан шығып, ақырдың ақырында талқаны таусылып, топырақ бұйырған жері — Сырдың бойы. Кәдімгі Қорқыт күйін сыңсытып түратын Сырдың жағасы. — Қардаи^Түрар, елінді сағындың ба, алысқа қарап көп ойландың ғой?— деп Рысқүловтың иығынан сипап қойды Нариманов. — А, Нариман аға, оныңыз рас. Түркістаннан аттанғалы да біраз болып қалды,— деді Рысқүлов сараң жымиып.— Теңіздің ар жағы — Түркістан. — Әрине,— деді Нариманов айдынды қасқа басын сипап қойып, алпамсадай кеудесін теңіздің самалына тосып, палубаның кемерінен үстап түрып.— Түркістанда респуб лика басқарып, қып-қызыл айқастың ортасында жүргеніңді 1 Кардаш — туысқан (ескі түрік). ззі
білемін. Қиын кезең болды ғой... Енді Москвадасың. Өкінбейтін шығарсың. — Не десе болады, Нариман аға. Эрине, Түркістанда біраз тұра тұрғаным игі еді. Өйткені, Түркістанды басқару үшін, Түркістанның жанын, жүрегін, өзегін білетін адам керек. Ал мен білуші едім... Кеш іріңіз, білуші едім дегенім — мақтанғаным емес, білген де аз — сүюші едім... Бір елді басқару үшін, сол елді ең әуелі анандай, атандай, яки балаңцай сүю керек қой. Бірақ окінбеймін. М осква — үлы мектеп. Сол мектептің дәрісі бойға да, ойға да дәру бола бастады. — Оның рас. — Енді ойласам, әрі күлкілі, әрі окінішті,— Рысқүлов қасын бір керіп теңізге карады.— Осы отіп бара жатқан жылдың басында ТүркЦ И К-те қатты айтыс болды. Біздің кейбір жолдастар Түрккомиссия мүшелерімен откір таласта: «Әзірбайжанда «Үммет», «Түран» үйымдары бар, прогрес- шіл, солармен бірлесейік»,— деп үран тастағаны есімде. — Иә, революцияның ондай бозбала дәурені болған. Бірақ сол «Уммет»,«Түран» Әзірбайжанда ағылшындарға қарсы күрес кезінде коп комек корсетті,—деді Нариманов. — Солайы-солай, тек түптің-түбінде бір тудың астына топтасқан абзал шығар, Нариман аға. — Міне, топтасқан, туысқандық деген осы. Біз бір- бірімізді тек алыстан білуші едік. Енді, міне, бір кеменің үстінде түрмыз, Түрар!— деп Нариманов Рысқұловты иығы- нан ала, қысып-қысып қойды. Ш ығыс халықтарының ұлы құрылтайына жер жүзінің түкпір-түкпірінен жиналған делегаттар «Хазар» кемесіне мініп, Каспий теңізіне саяхатқа шыққан. Кеме Баку шаһары түрған түбекті бір айналып, кері қайтып келе жатыр. Бакудың мұнайлы жағын қап-қара түтін шымылдық тұтып қалғандай. Жоғары-томен изендеп тұрған сансыз алып әткеншектер. Бакудың атақты кара алтынын жер астынан сорып алып жатқан темір түлғалар. Осы қара алтынға бола кімдер кеңірдегін созбаған. Ең соңғы сұғанақжау осы коктемде ғана қуылды. Ағылшындар, ағылшындарды қолдап, солардың қүлы болған муссаватистер Әзірбайжаннан аласталды. Жаулардан тазарғанына небәрі бес-алты-ақ ай отсе де, Баку бүгін бүкіл дүние халықтарының өкілдерін төріне шақырып, әлемдік мәселе шешетін орын болып отыр.
Ондай қонақжайлыкты ұйымдастырып, керемет қызмет көрсеткен азаматтардың азаматы — Нарман Нариманов. Жұмысы бастан асып-тасып жатса да, бүгін меймандарды серуенге шығарып, сейілтіп, жер танытып, ел танытып келе жатыр. — Соноу Қытайдан келген делегат еліне барғанда, Бакуде не көрдің десе не дейді? Таныссын әуелі Бакумен. Көрсін өз көздерімен советтік Баку қандай екенін. Қалай қарайсың, Тұрар? — Өте дүрыс. Нариман аға. Ш етелден келгендер былай түрсын, мына біз ше... «Әзірбайжан — туысқан, туысқан» дейміз, ал шындап танымаймыз. Міне, мына Күләй... Күләй бері кел,— деп Рысқүлов кемеге ілесе үшқан шағалаларды қызықтап түрған жас келіншекті жанына шақырды. Қара мақпал камзол, ақ шәйі қос етек көйлек киіп, ақ қыжым орамал салған, жәудір көз, қазақ кызы қымсына жақындап, Наримановқа қол үсынды. — Күләй — Әулиеатадан,— деді Рысқұлов.— Әке- шешесін патша жазалаушылары он алтыншы жылғы көтерілісте өлтіріп еді... — Әке-шешең сенің мүнша алысқа қанат қаққанынды көре алмаған екен,—деді Н ариманов К үләйдің арқасы нан мейірлене қағып.— Күләй съезде сөйлейді ғой, Түрар Рысқүлович? — Мен сөйле деймін. Күләй қорқамын дейді. — Қорықпа. Әлем алдына шығып, патша жендеттері әке-шешенді қалай өлтіргенін айт. Әлемде әлі әділетсіздіктен күйзелгендер көп. Естісін сөзінді, көрсін өзінді. — Жарайды, Нариман ага,— деп Күләй кара мақпал камзолының седеп түймесін шиыршықтай берді. Аққүба өңін қызгылтым бояу шалып, келтелеу қыр мұрнының ұшы тершіп кетті. Әдемі қара көзін төңкере бір қарап, сабаудай кірпіктері жиі-жиі жыпылықтады. — Оу, сен, Күләй, менің алдымда бүйтіп сасып, абдырап түрсың, ертең екі мың адамның алдына шыққанда қалай болады?— Нариман Нариманов Күләйга бір, Рысқүловқа бір қарады. — Үялма, Күләй. Баяғы Әулиеата, атшабардың базарын есіңе ал. Сонда сөйлегендей сөйле.— Н аримановқа бу ры лып: — Нариман ага, мен білетін Күләй болса, шыннан от пен судан өткен Күләй болса, алып шыгады,— деді.— Он жетінші
жылы қос өкіметтің кезінде осы Күләй Әулиеата орталы- ғында откен митингіде соз сойлеп, Айбар деген байдың оңешіне отты созден балкыған корғасын құйған. — О, онда ысылған революционер десеңші,— деп Нариманов күдігі тарап, жадырап ала жонелді — Әулиеатада сен тек оз еліңнің байларын жайратсаң, мұнда енді бүкіл дүние жүзінің алпауыт байларына, импералистерге қарсы жалынды созбен оқ атасың. Ендеше, қадамың сәтті болсын, Күләй. Ж ап-жаңа тып-тынық, айнадай жалтырып жатқан теңіз беті лезде құбылып, жал-жал толқындар бірін-бірі қуалап, кемені шайқай бастады. Қат-қат толқындарға қадалып қарай берсең, шығыс жақтан, буалдыр мүнар арасынан ыңырсып жатқан Иран жағалауы корінгендей болады. Кеме бетін орталық пристань жакқа бағыттап, Бакудың оңтүстігіне қарай жылжып барады. Нариманов пен Рысқұловтың жанына сонда ашаң жүзді, қияқ мүртты, қасқабас, откір жанарлы кісі келіп қосылды. — Саяхат оте тамаша болды,— деді ол Нариманов пен Рысқүловты қапсыра қүшақтап, аңқылдақ желге кеудесін тоса, кең тыныстай. Бұл түрік коммунисі М ұстафа Субхи еді. Мұстафа Субхи былтыр күз бен биыл коктемді Коминтерннің өкілі ретінде Түркістанда өткізген. Тұрар Рысқүловпен ағалы-інілі адамдай туысып кетіп еді. Бүлар бір-біріне ажырасып, коріспегелі үш-торт айдың ішінде сағынысып, Бакуде бауырлардай қайта табысты. Мүстафа Күләйдің Әулиеатадан келгенін естігенде қуанып кетті. — Мен сізді Гүлсім апаңызбен таныстырайын. Гүлсім апаңыз Түркиядан келді. Екеуіңіз екі дүниеденсіз. Танысып, сырласыңыздар. Сонда білерсіз біздің Түркияны. Гүлсім-ханум кеменің тұмсық жағына таман палубада түрған. Мүстафа барып ертіп келді. Козі баданадай, қыр мұрнының ұшы имектеу, қартаң тартқан қара торы кісі екен. — Міне, мынау — Түрар Рысқұлов, мынау Күләй. Қазақ кардаштар,—деп таныстырды Мұстафа. — Қ азақ кім?— деп сұрады Гүлсім Мұстафадан. — О да түрік. Түріктердің бір зор тармағы. Түркістан, Қазақстан деген байтақ елде түрады. — Кешіріңіздер, білмей қалдым, туыс-кардаш екенсіздер ғой,— деп ыңғайсызданды Гүлсім.— Мен шала сауатты адаммын. Көп нәрсені білмеймін...
— Әйел адамның жасын сұрап жату айып. Дегенмен, мен айтайын: Гүлсім жиырма үште,— деп М ұстафа бір сұмдық сыр ашты. Бүл хабарға Күләй тұрмақ, Рысқүлов пен Нариманов таң қалғанын сезген Мүстафа Субхи: — Солайы-солай, кардаштар,— деді.— Ағылшындар әке- шешесін, жап-жас күйеуін атып өлтірді. Өзі де бүлдіршіндей жас еді, бір күнде қартайып шыға келді. Озбыр отаршылдар, капиталистер сойқаны осындай. Бұл кісі ертең съезде сол сойқан туралы айтпақшы. — Тағдырлас екенбіз ғой, Гүлсім,— деп Күләй Гүлсімді икемдеп, бауырына тартты.— М енің де әке-шешем отар шылдар зорлығынан қазатапқан. Өзім өліп тірілген адаммын. Кел, Гүлсім, ертең осы сырдың бәрін әлем алдында ашайық. Бір-бірімізге бауыр басып достасайық... — Рақмет, сіңлім! Сені сіңлім дейін. Өйткені, менен көп жас көрінесің. Өйткені, сен азат елдің адамысың. Түркия жаулардан толық азат болған күні мен де жасарармын. Рақмет. Бакудің орталық пристаніне таянған ақ кеме талайларды осылай табыстырып, туыстырып, соның қүрметіне үз-а-ақ айқайлап гудок берді. Советтік Әзербайжан ревкомының төрагасы Нариман Нариманов кемедегі делегаттарға: — Қазір мейманханага барып, біраз тыныстап, шәйланып алған соң, мархамат, театрға келіп Үзеир Ғаджабековтың «Аршын малалан» атты спектаклін көріп, тамашалаңыздар,— деп ілтифат білдірді. *** Дүние-дүние болғалы мүншама елдің басы қосылып көрген емес. Баку бақытты екен. Кекірейген тәкаббар Париж бен Лондонда жер жүзі халықтарының өкілдері жиналып: — Ей, жарандар! Азаттық алайық! Бақытты болайық!— деп жар салған жоқ. Күні кеше көшелерінде қан төгілген, агылшындар мен муссаватистердің, даншактар мен меныиевиктердің тепкі- сіне шыдамай, жауларын жағадан алып, теңізге лақтырған Баку есін енді-енді жиып, болар-болмас, күллі Ш ығыс дүниесінің екі мың өкілін қабылдап, Ш ыгыс халықтарының бірінші съезін, қүрылтайын ашты. 335
Әзербайжан М емлекеттік театрының салтанатты төрінде Зиновьев, Нариманов, Орджоникидзе, М икоян, Стасова, М ұстафа Субхи, Тұрар Рысқұлов... Делегаттары бар, съезге шақырылған меймандары бар — үш мыңға жуық адам театрдың ішін кернеп, съездің ашылуын орындарынан түрып, талмай қол соғып карсы алды. Съезді бірінші болып Нариман Нариманов қүттықтады. Призидиумнан Рыскүлов залдың бірінші қатарында бірге отырған Сүлтан-Ғалиев пен Әнуар-пашаны байқап қалды. Оларды бірден байқамаста ма еді, Сүлтан-Ғалиев Әнуар-пашаға еңкейіп, сүқ саусағымен Президиумдағы Рысқүловты меңзеп көрсетіп отыр екен. «Не істеп отыр? Не айтты? Әнуар-паша бұған неге қадала қарай береді? Ж үріс-түрысы күмәнді адам. Түркияда Мүстафа Кемалмен келісе алмай, өз елінен қашып шығып, осындағы түркі түқымдастарды біріктірмекке әрекет жасап жүрген сыңайлы. Сондай бір сезік бар. Сөз сұрап президиумға хат жазыпты. Президиум төрағасы Зиновьев алқа мүшелерімен ары ақылдасып, бері ақылдасып, «Әнуар-пашаға сөз бермей қоя түрайық» деген шешімге келген. Ал сол Әнуар-паша залда отырып, президиумдағы Рысқұловқа қадалғанында қандай сыр бар? Әнуар-паша, әрине, Түркістан республикасының кешегі президентін сырттай біледі. Білмесе, Сүлтан-Ғалиев оған қазір білдіріп, Рысқүловты таныстырып отыр. Рысқүловтың президент кезіндегі кейбір әрекеттерін, айталық, атышулы «Түрік Совет республикасы», «Түркі халықтарының коммунистік партиясы» деген идеяларын жеткізіп отырған да болар. Эрине, солай. Өйткені, Әнуар- паша үшін, мына мындаған адамы бар залда, Рысқұловтан басқа жан жоқтай, тек соны-ақ шүңіректеу өткір көздерімен ішіп-жеп, тесіле қарап, оқ жыландай арбағысы келіп, сүқтана берді. Сүлтан-Ғалиев пен Әнуар-паша қалай қатар отырып қалғаны да бір кәдік. Әлде, бірін-бірі іздеп тапты, әлде кездейсоқ па, о жағы беймәлім. Бірақ екеуі де Президиумнан үміткер еді. Екеуі де өтпеді. Сұлтан-Ғалиев наркомнацта Рысқүловтан бүрын істеп келеді. Коллегия мүшесі. Нарком Сталинмен бүрыннан таныс. Ал Рысқұлов наркомнацқа келіп үлгермей жатып, Сталиннің орынбасары болып кетті. Енді мына дүниежүзілік қүрылтайда Президиумда отырысы анау қасқайып. Түркия болса, М ұстафа Субхиден гөрі, Әнуар-пашаны көбірек біледі. Көп шатақпен, қантөгіспен
болса да атағы шыққан. Ол кезінде тіпті Кемал-пашадан гөрі, әйгілеу болатын. Қазір Түркияны Кемал-паша дүр сілкіндіріп түр. Ал мүндағы Президиумда Мүстафа Субхи отыр. Әнуар-пашаның мына съезге қалай делегат болып келгені де жүмбақ. Бірақ мандаты бар. Сондықтан оны ашықтан-ашық аластауға тағы қиын. Съезде Коминтерн Аткару Комитетінің қүттықтауын Зиновьев оқыды. Коминтерн дегенді тек атын естіп, затын біле бермейтін көп адам енді оның адамзаттың адал досы, жарық дүниеде жақсылықтың жаршысы, езілгенді жебеуші, еңірегенді жүбатушы, есесі кеткеннің есесін жоқтаушы, пәруана қамқоршы екенін түсіндірді. Түсінді де, Қытайдан, Ираннан, Индиядан, Ауғаннан келген делегаттар съезде ағынан жарылып, бір арман-тілектерін ақтарып салды. Түркиядан келген Гүлсімнің тебірене айткан зарына елжіремеген ел қалмады. Тіпті Гүлсім мінберден түспей жатып, оған бір армян әйел жүгіріп барып, гүл үсынып, қүшактап тұрып сүйгенде, зал күңіреніп кетті. Түріктер мен армяндардың арасында билеуші пірсіздер салган сойқаннан соң, әлемге әйгілі «армян-түрік кескілесуінен» соң, екі ел арасын патшалар да, небір дүлдүл елшілерде бәтуага келтіре алмас кезде, мына қарапайым екі әйелдің — түрік пен армян әйелдерінің қауышуы, «Ей, жарандар, елмен ел жауласпас еді, бәлені бастайтын даңқойлар, елдің қанын сүліктей сорган сорақы мен зорақылар. Солардан сақтанындар!» дегендей еді. Әнуар-паша ішін тартып, тыжырынып қалды. Бұл паша да жазықсыз жаппай қырылган армяндардың қанын қолына жүқтырып алган. Ай, паша, паша. «Киімі жаманды ит қабады, ниеті жаманды Қүдай табады». Ішінде қандай жыланның басы қайқаңдап тұрғанын көрсететін айна болар ма еді сонда! Мейман сыйлаган ел бұл ел. Сен меймансың. Ал мейман- ның ішінде жәһил жылан жатпауы керек қой. Сол ж әһилдің көзі емес пе екен, Рысқұловқа қадалып, ішіп-жеп бара жатқан. Түрік қызы Гүлсім мен армян әйелі қүшақтары жазыл- май, сахнадан әлі түсе алмай түрганда, төрагасы мінберге Күләй Тайлаққызын шақырды. Рысқүлов селк еткендей болды. «Күләй қайтер екен? Қысылып, сөйлей алмай, қойнынан бөзі, аузынан сөзі түсіп, абыройсыз болмаса екен...»
Ж оқ, сахнаға ширақ шықты. «Диірменде туған тышқан- ның баласы дүрсіліңнен қорықпайды» деуші еді, баяғыда Рысқұл, жарықтық. Сол рас, Күләй — не көрмеген Күләй? Азынаған ажалдың, үңірейген мылтықтың аузын көрген К ү л әй ... «Мынасы несі тағы?» Күләй мінберге емес, ана қүшақ- тасып тұрған екі әйелді екі қолымен үстап алып, залға қарап түрып: — Бауырлар!— деп қазақш алап айқай салды.— Мен көп сөйлеп уақыт алмаймын. М енің тағдырым, менің өмір- баяным тура мына Гүлсімдікіндей. Мен Түркістанның Әулиеата шаһарынан келдім. Осыдан небәрі төрт жыл бұрын мен көрген азап пен тозақты, қайғы мен қасіретті енді еш кімнің басына бермей-ақ қойсын. Төрт жыл бұрын біз патша залымның оғынан түп-түгел қырылып кете жаздадық. Зенбірек пен қарағай сапты найза, айбалта айқасқан заман болды. Сонда патшаның азынаған зеңбірегіне қарсы айбалталы қара халықты көтеріліске бастаған көсем Тұрар Рысқұлов, әне, анау президиумда отыр. Мен болсам, міне, сендердің алдарында түрмын. Күләйдің сөзі орысшаға, ағылшыншаға, қытайшаға, үндішеге, ауғаншаға аударылған кезде, зал орнынан тұрып кетіп, сахнадағы қол ұстасқан үш әйелді қолдан қолға көтеріп әкетті. Ж үрттың селдей тасыған сезімі басылғанша қоңырау сылдырлатып, тым белсенді көрінбес үшін төрағасы: —Ү зіліс,— деп дауыстады. *** Анау-мынау аласалар, қой мойынды қортиғандар шоқ- тығына қолы жете бермейтін Қамбар ата баласы — жылқы малының ішіндегі торесі — ақал-теке болар-ау. Оның үстіне кез келген адамның отырғаны жараса бермейді. Кез келген адам отыра да алмайды. Сәйгүліктің үстіне колтығынан біреу сүйеп мінгізсе де жүрегі дауаламай, шабысына шыдай алмай, құлап қалады. Ақал-теке аттың шоқтығындай биік мінбелер болады. Солардың ішіндегі ең биігі, сірә, осы мінбе болар. Өйткені, дүние-әлемнің торт козі түгел жиналған қүрылтайдан асқан жиын жоқ. Ондағы мінбеден биік тау жоқ. Осы мінбеге Рысқүловтың шығуы ж арасы п-ақ еді. Баяғы Рысқүл әкесінің Қызыл Жебеге мінгені сияқты, аты иесіне,
иесі атына сай, бір-біріне лайық жаратылған, жақсы-жайсаң сиякты-ақ. Баку атты шаһардағы осы съезде сөйлеген сез тарих деген тарпанның тереңінде қалып, заманнан заманға жетсе керек-ті. Әрине, сөздің де сөзі бар. Оны тарих өзі екшеп алады. Сол екшеліп, ерекшелігімен бізге жеткен сөздердің бірі —Тұрар Рысқұловтың сөзі болады. Ол сөз дүние ж үзінің сол съездегі өкілдері арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріне тарап, сан миллион халықтың санасына сәуле болып шашырап, жан-дүниесіне күш-қуат болып дарыды. Өйткені, сол сөз айтулы шешеннің жүрегінде балқып, шыңдалып ш ықкан пәрменді, күдіретті соз еді. — «Отарлау» деген суық сөздің жоргегінде біз өстік,—деп бастады Рысқүл баласы. Ж өткірініп, жөтеліп, бір-бірімен сыбыр-күбір сырласып отырған жүрт сап тыйылып, мына сөздің сарынына мойын соза құлақ салды. Залға жай сөз емес, толғау сарын естілді. — «Отарлау» деген жалын қанжар кеңірдекке тірелді. Содан халық құлап кетер жарлауытта тұр еді. Ш ыңырау қүздың жиегіне бізді әкеліп тықсырды. «Бөліп ал да билей бер!» деп патша жарлық шығарды. Болш ек-бөлш ек болған дене өлмей кәйтіп шыдар-ды? Көшіп-қонған кең далада туырлықты ел едік. Қанатымыз жылқы болған қылқүйрықты жел едік. Туырлықты дал-дал қылып тілгіледі патша-бай, қылқүйрықтан айырылған соң, ел қайтеді қақсамай?! Халық қалды қаңтарылып, қанаты жоқ, жалы жоқ. Зеңбірекке қарсы түрар қамшыдан басқа халі жоқ. Зеңбірекпен қамшыласқан он алтыншы жыл еді, қияметтен өтер көпір жіп-ж іңіш ке қыл еді. Ж ер бетінен құрып кетер кез келгенде сәл-сәл-ақ... —Отарлау деген суық соз әлем адамдарының бойын әлі де қарып тұр. Оны тек революция оты ғана жылыта алады. Әне, анау үлы Үндістанның қасиетті жерін ағылшын отаршылы тағалы етікпен таптап жүр. Әлі күнге дейін жерінің байлығын, үнділердің қанын сорып, тойымсыз аш қасқырдай қаптап жүр. Алыстағы аралда жатқан ағылшынның Үндістанда несі қалды? Нағашысы бар ма еді онда? Зорақы, дарақы империализм сиқы-сықпыты сондай. Олар, сірә, өз ықтиярымен кете қоймас өз аралына. Күллі элем болып, Үндістанның үл-қыздарына тілеулес болсақ, бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, сонда ғана империализм қүйрығын бүтына қысқан иттей болып,
қаңсылап қашады. Коминтерн сол күрестіңтуын көтеріп, сол тудың астына бәрінді де топтастырып отыр. Тіреспесең, күреспесең — қанаушыдан қайыр жоқ. Азаттық үшін алыс- қанның айыбы жоқ. «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіндер!»— деген айбынды үран осындай мақсаттан туған. Барлық әлем кедей-кепшігі, жарлы-жақыбайы, байманап- тан, отаршылдан көрген кембағал тап — бір-біріне қол үшын бер деген сөз ол. Ол үшін қол ұшын беруден де горі, әлгіде ғана күшақтасып, бауырласқан үш әйелдей, апалы-сіңілідей туысу ләзім. Бұл ұлы жиынның мақсаты сол. «Бірінді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп өсиет тастап кеткен менің үлы атам. Сол өсиетті сәл өзгертіп айтсақ: «Дүние ж үзінің езілгендері, есесі кеткен кедейлері бірінді бірің дос көрмесең, қалған істің бәрі бос». Біздің Түркістан патша заманында отарлаудың ең бір соракысын көрді. Енді қалың сордан арылу да оңайға түсіп жатқан жоқ. Совет үкіметінің алғашкы жылдары билік басына бүрынғы отаршылдардың тонын айналдырып киген, өтірік коммунист болып, ел басқарған «жаңа» отаршылдар келді. Бүлар Лениннің, коммунистердің ісін бұрмалап, Совет өкіметінің беделіне таңба түсірмек болды. Империализмді қүлатып, өз қолдарың өз ауыздарыңа жеткенде, сендерде де осындай жымысқы әрекеттер болуы әбден ықтимал, содан сак болындар!.. Империализм мен отарлау саясаты ағайынды. Отарлау деген қорқынышты қорқау сөз. Отарлау деген сөздің өзі қан сасиды. Отарлау деген сөзден зеңбіректің зіркілі, қамшының ысқырығы, кісендердің сыл- дыры, түрмелер қақпасының салдыр-күлдірі естіледі. Отарлау деген сөзден қайғы мен қасіреттің зары сарнайды. Отарлау деген сөз октан да қаһарлы. Осынау отарлаудан қүтылган күні көзің ашылады, басына бак күсы конады. Ендеше, қол үстасып, бүкіл халық достасып, империализмнің аранына тас толтыр, қақалған қасқырдай қаңсыласын кәрі қақбас? Империализм құламай таңың атпас. Бір біріңнің жүрегіңе от жағып, сол алаудан әлем жарқырасын. Ж асасын езілген халықтар туыстығы! Ж асасын Совет өкіметі! Ж асасын Коминтерн!
Рысқұловтың сөзін Әнуар-паша ынты-шынтысымен-ақ тындады. Құлағына жағымсыздау тиіп жатса да құныға тындады. Ана мінбеге өзі шығып, осылай бір алаулап сөйлей алмайтынына өкінді. Рысқүловпен өзін еріксіз салыстырды. «Мен осылай арындап кете алар ма едім?» деп отыр. Сол сәтте өзін дәрменсіз сезінді. Бұл да талай мінбелерге көтерілген. Бірақ халықты мына қазақ сияқты қанын қыздырып, жанына қанат бітіре алған емес. Бұл туасы шешен адамның айбыны асқақтап, аруағы асып, тау суындай тасып кетеді екен. «Қүдай бақыт берген адам екен» деп іштей қызғанып қалды. Жанындағы Сұлтан-Ғалиевке қарап еді, жүзі бал-бұл жанып, қуанып, қанаттанып отыр екен. Рысқұлов сөзін тәмәмдап, президиумдағы орнына барып отырғанда, нөсердей қол шапалақ шуының арасынан Мүстафа Субхидың: «Кардаш!»— деп Түрарды орнынан түрып қүшақтағанын көрді. Президиум председателе — Үзіліс!—дегенде Әнуар-паша Сүлтан-Ғалиевке: — Мені Рысқұловпен таныстырамын деген уағдаңызды үмытпаған ш ығарсыз,— деді. — Жоқ. Қазір ұстайық,— деп Сүлтан-Ғалиев Әнуар пашаны ертіп, президиумдағы Түрарға қарай беттеді. Сахнадан өтіп, бір қалтарыста Рысқүловты қуып жетіп: — Тұрар, біз сені іздеп жүрміз,— Сұлтан-Ғалиев Рысқүловпен еркін сөйлесе алатынын білдіргісі келіп, әдейі «сен» деп тұр.— М ына кісі Түркияны ң әйгілі қайраткері Әнуар-паша. Естуің бар шығар. Өзіңмен сүхбаттасқысы келеді. — Уақыт тар болса да, сізді тындауға әзірмін,— деді Рысқүлов аман-саулықтан соң. — Сіздің жаңағы тамаша сөзіңіздің әсерінен әлі арыла алмай тұрмын,— деп марапаттай бастады Әнуар-паша.— Біздің түрік нәсілінен сіздей ерен қайраткердің шыққанына қуаныштымын. Батыл айттыңыз. Сіздің айтуыңызша, Түркістанда орыстардың отаршыл саясаты әлі созаландап тұр гой, солай ма? — Мен олай деп айтқан жоқпын,— Рысқүлов бойын жиып ала қойды. Әнуар-пашаның белгілі қайраткер екенін еститін. Бірақ дәл мынандай омыраушыл екенін білмеп еді.— Совет өкіметінің алгашқы жылдары эсэрлердің арандатуымен ескі
сарқы нш ақ сақталып келгені рас. Отаршылдық бір күнде, бір сағатта тыйылмайды, ол ұзақ та, ұлы күресті талап етеді. — Солай-ақ бола қойсын,— деп жымиған болды Ә нуар-паш а.— Мен Сізді батыр ғой деп ойлап едім... Сөйтсем, өте сақ екенсіз, айтыңызшы, Рысқұлов мырза, Сіз Түркістан президентігінен өз еркіңізбен кеттіңіз бе? Әлде, мәжбүр етті ме? «Мүны маған неге таңып қойдың?» дегендей Рысқұлов Сүлтан Ғалиевқа зілдене қарады. —Мені ешкім де қуган жоқ. Өз еркіммен кеттім. М енің сіз сияқты Европаның тандаулы университеттерінен дәріс алуга мүмкіндігім болмады. Сондықтан Москвада қызмет істей отырып, білімімді толықтырсам деп едім. — Өте ақылды айтылған сөз, Рысқүлов мырза,— Әнуар-паша Рысқүловтың оңай шагыла салатын «жаңғақ» емес екеніне козі жетіп, мәймеңкеге кош ті,— Білім деген — қүдірет. Білімсіз адам — бейшара. Бірақ сіз туасы білім дарыған кісісіз. «Түрік республикасын» қүру туралы идея айтқан адамды білімсіз деуге сия ма? Сіз түрки дүниесінің мандайына біткен жарық жүлдызысыз. Сізге түрік әлемі тагзым етеді. «Көсем біреу болсын, басқалары тіреу болсын» деген. Сіздің идеяныздың іске асуына бәріміз де көмектесуіміз парыз. Күш біріккен жерде ғана күшті боласың. Түркістанға қайта оралып, игі мақсатыңыздың орындалуына тілек тілеп қана қоймай, көмек беруге біз, түрік патриоттары, қазір дайынбыз... — Сабыр етіңіз, Әнуар-паша, сабыр етіңіз. Тым әріге кетіп қалдыңыз,— Рысқұлов сұхбаттасын судыр сезден әрең тоқтатты.— Есіңізде болсын, «Түрік республикасы» деген идея іске аспады. Ол әлі толғағы жетпеген мәселе. Бәлкім, біздің келер үрпақтарымыз іске асыруы мүмкін. Ал әзір... Сау түрыңыз.— Рысқүлов бүрылып кете бере, Әнуар- пашаның басындагы қара шашақты, қызыл шошақ тақияға тұңғыш кезі түскендей, біраз қарап қалды. Рысқүлов осы қара шашақты, қызыл шошақ тақиялы адамды бұрын бір жерден көрген сияқты. Бірақ Әнуар-пашаны түңғыш рет көріп түрганы анық. «А,— деді сәлден кейін.— Мұстафа Шоқаев. Он алтыншы жыл. Ташкент». Советтерге қарсы «Қоқан автономиясы» дегенді қүрып, бірер ай тіпті премьер-министр болған адам. Бір сәтке Рысқүлов: «Осының өзі атын өзгертіп алған Мүстафа Шоқаев 342
емес пе?» деп Әнуар-пашаға жалт бүрылып тағы қарады. Жок, Ш оқаев етженді, топ-толық, бүйрек бет, қара кісі болатын. Мынау сидаң, ат жақты, орақ мүрынды... Ж ақындасқысы келеді, өз пиғылын таңып қойғысы келеді. Сүлтан-Ғалиев неғып одан қүшағы ажырамай қалған? *** Москваға қайтқан бойда Рысқүловты Сталин шақыртып алды. Рысқүловтың съезд жұмысы туралы қысқаша баяндамасын тындап түрып, Сталин трубкасын анда-санда сорып қойып, зілмауыр көздері кірпік қақпай, өзінің орын- басарына қадала қарады. Ақыры тындап болып: — Түрар, менің хабарларым бойынша, сен съезде тамаша сөйлегенсің. Ж әне съездің жүмысына белсене кіріскенсің. Бүл жақсы. Айтпақшы, түркістандық әйел әсіресе, біздің күткендегімізден асып түскен. Бүл да жақсы. Мұның бәрін Зиновьев Владимир Ильичке де айтты. Ильич қуанып қалды. Ол өзі де бүл жөнінде сенімен сөйлесетін болуы керек. Ал енді, осы әдемі әсердің бәрін бұзыңқырап түрған бір нәрсе бар... Мына бір телеграмма. Түркістандағы ескі «достарың» сеніңТүркістан атынан Бакуде сөйлегеніңе наразы. Тіпті сені мандатынан айыру керек деген талап қойыпты. Әрине, біз ондай әрекетке бармадық. Сірә, ескі жараның аузын тырнаған сияқтысыз. Рысқұлов көңілі қүлазыңқырап қалды. Ескі «достар» мүны қайда да андуын қоймады-ау. Аяқтан шала береді. Әйтеуір, күйе жаққанын тыймады. Рысқүловтың көңіл-күйін байқап қойған Сталин: — Көңіліңе ауыр алма,— деді,— Саған сенеміз. Ал түркістандықтар қалжындаған шығар дейік те қояйық. Ал қалай, Баку ұнады ма? — Өте ұнады, жолдас Сталин. Тамаша қала, адамдары қандай бауырмал? Нариман Нариманович Сізге сәлем айтты. Біз ол кісімен достасып кеттік. —Иә, Баку...—Сталин кабинетте теңселіп ары-бері жүріп алды,— Ж астық шақтың жасыл аралы. Ол, сірә, өткен күндерді еске алып, әлденені, әлдекімді сағынғандай, шешек дақты беті нүрланып, ішіне бір сәуле кіріп кеткендей, әдеттегі сүсты кейпі шырайланып, трубканы құшырлана тартты да: — Бакуге бару — арманым,— деді. Бірақ әзір бара алмаймын. Наркомнац Сталин бола тұрып, армандаған жерге
бара алмаймын. Солай, жолдас Рысқұлов. Мысалы, сен Түркістанға барғың келеді. Әлгі бір айқасқа тағы да араласқың келеді. Ж еңіп шыққың келеді. Өйткені, жеңіп үйренгенсің. Ж еңістің дәмі — апиын сияқты. Бір дәндесең аңсап түрасың. Ал бірақ, Түркістанға дәл қазір сен де бара алмайсың. Түркістанға ба-ра ал-май-сың. Онда достарың үстіңнен арыз жазып жатыр. Голощекин сенен қүтылғанына қуанышты. Айтпақшы, Сабақ Ж антоқов деген қандай адам? — Сабақ Ж антоқов?— Рысқұлов ары ойлап, бері ойлап, есіне түсіре алмады.— Ондай адамды білмеймін. — Білмесең, біл-іп қой. Голощекиннің оң қолы. Онымен әлі кездесіп қалуың мүмкін ғой. Мүмкін, тар көпірдің үстінде кездесуге тура келер, кім біледі? Сталиннің ойына найза бойламас. Жұмбағы көп. Дос пейілді сияқты. Ж аны ашып түрған сияқты. Бірақ құшағын айқара аша салмайды. Ары да итермейді. «Жантоқов деген қайдан шықты? Мен онымен тар көпірдің үстінде неге кездесуім керек? Әлгі арыз осының атынан жазылган болды ғой». — Сонымен, Баку саған ұнады ғой?.. — Ғажайып қала, жолдас Сталин. — Ал Бакуге сен де үнағансың. Киров те, Нариманов та, М икоян да сен туралы өте жақсы пікірде екен. Ендеше, бір-біріне ұнағандарды ажырату обал, солай емес пе, жолдас Рысқұлов?.. Рысқұлов Сталинге тіктеп бір қарап алды да: — Не айтайын дегеніңізді түсініңкіремей түрмын, жолдас Сталин,— деді. — Түсінбесең, түсінесің. Сен әлі Москваға оралмай жатып, біз мұнда сенің жүмысың туралы ақылдасып, ақыры сені Бакуге жіберуді үйғардық. Владимир Ильич те біледі. Рысқұлов үшін пролетарлы қ Баку — үлкен мектеп деді. Қысқасы, Наркомнацтың Бакудегі өкілі боласың. Сенің революциядагы бай тәжірибең жаудан жаңа гана тазарган Бакуге керек. Ал Бакудің революцияшыл бай тәжірибесі саган да ауадай қажет. Наркомнац Сталиннің орынбасары ретінде Бакуде түрасың. Одан ары уақыт көрсетеді. Қалай? Сталин «қалай?» деп сүрамай-ақ қойса да болғандай еді. Өйткені, сұрақсыз да шешіліп қойган мәселе. Ленин бастап, Сталин қостап осылай шешкен екен, шегінерге жер жоқ. Ш егінгісі де келген жоқ. Өйткені, Баку бүган бір түрлі жақын туыстай, аяулы қимасындай қымбат екенін енді алыстан сезе
бастап еді. Ж ан-жағын ақжал толқынды теңіз қорш ап жатқан Баку әзірбайжандар өздері әнге қосқанда айтатын «Жан Баку» Рысқұловка жақын екенін жаны сезді де: — Қашан жүру керек?— деді. — Бір апта шамасында,— деді Сталин,— Оған дейін мүндағы жүмыстарынды ретте. Жолға дайындық жаса. Болса да салт бастысың ғой. Саған көш іп-қону қиын емес. Айтпақшы, Түркістандағы үлынды қолыңа аласың ба? Алғанда, кәйтіп бағасың? — Ж оқ, ол әзірше енемнің қолында болады. — Айтпақшы, Сүлтан-Ғалиев үйленбекші. Тойына шақырған болар. — Шақырды. — Ендеше, бірге барамыз. — Барсақ, барайық,—деп келісті Рысқүлов. *** «Метрополь мейманханасының қызметкері Рысқүловқа нөмірдің кілтімен қоса бір хат ұсынды. Елден, туғандардан алыста жүргенде хат жарықтық көзге оттай басылып, ыстық көрінеді. Төрт бүрышты, қос мөрлі хатты сипалай, адресіне қарап түрып-ақ, Шымкент, Манкент деген сөздерден-ақ қайран туған елдің ыстық лебін, шалғындағы пішеннің хош иісін, дермене мен жусанның жаннаты жұпарын сезгендей болды. М анкенттің шырын алма-жүзімі, қауын-қарбызы аңқып түрғандай, әсерден айыға алмай, конвертті ашты. Хат қайын енесі Елизавета Петровнадан екен. Кең пейілді, кешірімді қайран Елизавета Петровна! Сендей асыл адамдар болмаса, жердің үсті, аспан асты, тек күнкоріс үшін жүрген бейшара пенделер мекені ғана болар еді. Адамдар арасында асыл дәнекер болмаса ажырасу, араздасу, азып-тозудан көз ашылмас еді. Әлдебір адыр біреу болса, е әдірәм қал, қызымнан ажырасқан бір қазақ кімнің шікәрасы, барыңнан — жоғың, дер еді. Ал мына асыл ана мүның жалғыз ұлын —Ескендірін бағып, ескі жүртта жападан-жалғыз отыр. Рысқұлов, тек сыпайылық сақтап, анда-санда базарлық деп, азын-аулақ ақша салғаны болмаса, кереметтей көрсетіп жатқан комегі де шамалы. Рас, Клевенцев әулеті мұны: патшаның күйыршығы, кешегі ояздың қатыны деп көзге түртіп, қудалағанын қойып, тыныштық орнаған сияқты. Ол 345
да болса, Тұрардың арқасы шығар. Алыста жүрсе де, айбатынан сескенетін болар, Клевенцовтар әзір тиіспейді. Қайыненесі сол баяғы бір уайым, бір мұңын қайталайды. Ескендірдің шешесі бөтен біреумен үйлі-жайлы болып кетті. Енді ол қайырылмас. Қашанғы салт басты, сабау қамшылы жүре бересің, Түрар,— дейді. Ер-азаматқа жалғыз жүру, үйсіз-жайсыз болу жараспайды дейді. Үлың өсіп келеді, бауырыңа салып, титтейінен әкелік мейіріміңді сіңірмесең жатбауыр болып кетеді дейді. Әйел де табылар, басқа балаларың да болар, бірақ Ескендірдің жөні бөлек. Ол сенің тұла бойың — түңғышың, ол сенің алғашқы адал махаббатың Наталья Алексеевнадан туған түлпардың тұяғы. Өзіңнен аумай қалған. Қалай еміренбейсің, қалай сағынбайсың? Әлде, мемлекет басқарған адамдар бала сүймесін, балаға иімесін деген зандарың бар ма? Бүл кей-кейде осылай бір арындап алмаса адам ішкүса болатындықтан айтылған сандырақ қой, Түрар. Көңіліңе ауыр алма. Жүмысбасты екенінді білемін, сенің қатыгез емес екенінді де білемін. Бірақ көптен бері ат ізін салмай кеткенін де жөн емес. Айтпақшы, Түлкібастағы туыстарың — Ахат, Дәу-Омар, Оразбақ келіп, мейман болып кетті. Ескендірді іздеп келіпті, әйтпесе мені не қылсын? Қой сойып әкеліпті. Қүда-жекжат деген жақсы екен. Енді жиі келіп тұрмақшы. Мені ауылға шақырады. Ж алғызілікті болғандықтан әзір үйді тастап шыға алмаймын. Қүдаларым жақсы екен. Ә дегенде жатырқаса да, Ескендір оларға тез-ақ үйреніп, қолдарынан түспей қойды. Олар аттанарда бүртиып, өкпелеп қалған сияқтанды. Әне, қандай хәл басымыздан өтіп жатыр. Демалыс алсаң, елге кел, Түрар. Біраз күн үлыңмен бірге бол... Хатты қолына үстаған қалпы креслодан түрмай, ақ перделі терезеден коз алмай, көпке дейін отырып қалды. Көпке дейін отырғанын хатты қайта бір оқиын дегенде көзі бүлдырап көрмей, қараңғы түскенінен аңғарды. Терезе сырты —арындап жатқан, арлы-берлі ағылып жатқан машина шуы. Алып Москва. Ал мүның ойы — алыста, Аспантаудың бауырында. Орнынан тұрғысы жоқ, шамды да жақпады. А лакөбең оңашада өзінің қат-қат ойына шомыла берді. Алакөбенде көз алдына көптеген сурет келді. Бүтақтары иір-шиыр алма ағаштар... Арық жағасында арқандаулы тұрған ак ешкі. Арықтың бер жағында шынжырын сылдырлатқан арлан көк. Есік алдында, тақтайдан соққан
орындықта Ескендірді алдына алып отырған орыс кемпір... Елизавета Петровнаның орнына өз шешесі Қалипа марқұмды отырғызып көргісі келді. Қалипаның түр-түсін елестете алмады. Кекірегінде, көкірек көзінде ананың елесі қалмағаны қандай қорлық?! Не деген әділетсіздік?! Рысқүлов кінәлі емес. Қалипа анасы тірі болса, Рысқүлов оны жердің түбіне барса да, өзімен бірге ерте жүрер еді... Қалипаның орнына анасы болган Ізбайша жазған да бүл дүниеде жоқ. Өгей де болса, өз шешесінен кем көрмеуші еді. Аласапыран заманның дауылынан аман шыға алмай арманда кеткен бір бейбақ. Ізбайшаға Ескендірді көтеріп отыру ж арасар-ақ еді, тағдыр жазбады. Енді Ескендір Елизавета Петровнаның бауырында. Ана сүтін ембеген тағы бір Рысқүлов өсіп келеді. Кім болып өседі? Титтей жүрегінің қос қалтасына қандай қасиет үяламақ? Балаңның жүрегіне сезімнің, адамгершілік пен ізгіліктің інжу-маржанын үялатамын десең жат қылма, жанында бол. Әкеден жырақ, әкелік мейірімнен ажырап өскен бала, ертең: — Сен кімсің?— десе не дейсің, Рыскүлов?! Дүниеде не қиын? Ғұмыр атты ұзын жолда тым алысқа кетіп қалып, кенет артыңа бүрылып қараганда, көз үшында бала көрінбесе, сол қиын. Сол көз ұшында көрінбей қалган балаға бір-ақ қарғып жеткісі келгендей, Рысқұлов кенет креслодан атып түрды. — Бүл жарамас. Баланы қолға алу керек. Көнсе, Елизавета Петровнаны Москваға көшіріп алу керек. Ж оқ, бүл жарамайды, жарамайды,— деп күбірледі. Алыстағы Ескендірге деген сағыныш білінбей-білінбей келіп, енді кеудесін керіп кеп кеткенде, Рысқүлов мына «Метрополь» мейманханасының кең болмесінен ауа жетпей түншығып бара жатқандай, жүгіріп барып, үлкен терезенің жақтауын айқара ашып жіберді. Кошеден лап берген ауа шілтерлі торды лекілдетіп, кеменің желкеніндей қампитып керіп кетті. Телефон шырылдады. Қараңғыда ақ телефон секендеп кеткен сияқты корінді. -Д а! — Аман, Түрар туысқан!— Аздаған акценті бар Фрунзе- нің даусын тани кетті. — Михаил Васильевич! — Иә, иә, мен Фрунзе. Жасыл жапырақ. Сен айтатын — Жасыл жапырақ қой!
Рысқұловтың іші-бауырына нұр себелегендей елжіреп, тамағына бір түйін тіреліп, көңілі босады. Иә, Рысқұлов Фрунзені ылғи да «Жасыл жапырақ» дейтін. Себебін о баста Ф рунзенің өзі түсіндірген. Фрунзе — молдаванша жасыл ж апы рақ деген ұғым береді. Әуелі соңғы әріп «Э» болып ж азы лар еді, кейін Ф рунзе «Э» шетелдің фамилиясына үқсатып жібереді екен деп «е»-ге түзеткен. — Түркістан саған сәлем айтқан. — Рақмет, Жасыл жапырақ. — Мен сені сағындым, шайтан бала. Давай, кел. Мен бүгін келдім. Қ ызық әңгіме бар. Менікі де — осы гостиница. Жүз бесінші номер. Айда, кел, Тұрар! *** Есікті Ф рунзенің өзі ашты. «Бөтен нөмірге тап болдым ба!» деп Рысқүлов тартынып қалып еді, Ф рунзе қарқылдап күліп жіберді. — Оу, Түрар туысқан, танымай қалдың ғой! — Өзіміздің өзбек, не тәж ік ағайындардың бірі ме деп қалғаным рас, биқасап ала шапан кигеніңізді бірінші рет көріп түрмын. Өзі құйып қойғандай жарасады екен Сізге, Михаил Васильевич. Екеуі босағада тұрып, құшақтасып көрісті. Фрунзе Рысқұловты жауырынынан қапсыра құшақтаған қалпы төргі болмеге беттеді. — С офья Алексеевнаны балалармен бірге осындағы бір туысқаны үйіне алып кетті. Бірақ хозяйканы жоқтатпауга тырысамын. Екеуміз қазір жақсылып шай ішеміз. Сірә, көк шайды сағынып қалған боларсың, Түрар. — Оқасы жоқ, әуре болмаңыз. — О не дегенің, Тұрар. Біз былайша айтқанда «мальчишник» жасаймыз. Қазақш а «бастаңгы» деуші еді ғой. Түркістаннан алтын артып қайтпасам да, шай, науат, өрік-мейіз бар. Мен саған шай келгенше бір сұмдық айтайын, Түрар,— деп Фрунзе қызметші әйелді шақырып, шайдың қамын табыстады. Үш бөлмеден тұратын үлкен люкс номірдің меймандар қабылдайтын бөлмесіне қайта оралып, ала шапанын қаусырына түсіп, Фрунзе Рыскүловқа қарама-қарсы креслоға жайғасты. Оңтүстіктен, ыстық жақтан келгені бірден байқалады: жүзін күн қақтап, тотығып кеткен. Саргыш тікен шашы мен мүртын Орта Азияның алау
күні күйдіріп жібергендей жирен тартыпты. Тек жымиғанда кішірейіп кететін көзі ғана сол баяғы аспан көкшіл қалпында шұғыла шашқандай мейірлі. — Түркістанда, шынымды айтсам, арғымақ мініп, шапан кигенім рас. Ал енді алтын алғаным жоқ, Түрар! Имандай шыным. Бірақ Троцкий басқаша ойлапты,— Фрунзе шыдай алмай креслодан түрып кетіп, ары-бері жүре сөйледі. Көзі ызғарлана бастады.— Біздің пойыз Қазан вокзалына келіп тоқтауы-ақ мүң екен, солдаттар қаптады да кетті. Әуелі пендешілікпен: «Е, М осква бізді салтанатпен қарсы алмақ болған екен ғой, мұнысы артықтау болды-ау, мұндай қошаметтің керегі не?» деп қалдым. Сөйтсем, салтанатты сап жоқ, музыка да жоқ, солдаттар вагон-вагонға сүнгіп кетті. Пойыз карулы әскермен қоршаулы. — Бүл не? — Айып етпеңіз, жолдас Фрунзе, әскери комиссар Троцкийдің бүйрығы бойынша, пойызды тінтеміз,— дейді командир. — Ау, не деп тінтесің? — Бүйрық солай. Сүмдық-ай, енді не істерсің! Ал тінте ғой. Бүхар мен Самарқанттың, Хиуа мен Қоқанның, Наманған мен Әндіжанның бар байлығын Фрунзе тонап, пойызға тиеп, пойыз байғүс алтыннан белі қайысып, тарта алмай келе жатыр еді, тінте ғой. Фрунзе қызметші әйел шай алып кіргенде әңгімесін тыя қойды. Столға дастарқан жайылып, шәйнек пен шыныаяқ қойылғаннан кейін, Фрунзе даяшыға: — Рақмет, ендігісін өзім із-ақ жайғастырамыз,— деді. Даяшы шығып кетті. Фрунзе ауызғы бөлмеге шығып кетіп, шашақты ала қоржын алып шықты. Бір басынан мейіз, бір басынан сары мейіз алып, подносқа салды. — Міне, базарлық. Туған елдің дәмінен ауыз ти, Түрар. Көк шаймен жақсы болады, Ал мынау...— Фрунзе айналы шкафтан бір шөлмек алып шықты.— Мынау «Кабернэ» Молдован шарабы. Екеуміз де ішкілікке жоқпыз. Бірақ кездесу қүрметіне оймақтай ғана ауыз тиюге болады-ау деп ойлаймын. — Қиянат болған екен,—деді Рысқүлов шай үстінде. — Қиянаттың көкесі,— деді Ф рунзе.— Троцкийдің талай озбырлығын естіп-білетінмін, ал мынадай оспадарсыз
озбырлықка батылы барғаны... Ж ә, бұлай қалдыра қой- маспыз. М ұнын ар жағында не сыр жатқаны белгілі: Ф рунзені бір сүріндіру керек болды. Қайткенде де күйе жағып, атына кір келтіру Троцкийге тиімді. Сен білетін шығарсың, Тұрар, совнарком мені Оңтүстік майданның қолбасшысы етіп тағайындап, Түркістаннан шақырып алды ғой. Енді сол Врангельмен шайқас алдында Троцкийдің маған жасаған кесірінің түрі әлгіндей. Ол менің тағайындалуыма мейлінше қарсы ғой. Тек, Лениннін күш салуымен Фрунзе тағайындалды, әйтпесе Троцкий жолатқысы жоқ. Әне, мәселе қайда жатыр? Ж ә, Тұрар, бұл өзің де көріп жүрген қүқайың ғой, сен таң қала қоймассың. Кушекиндер саған не істемеді, қандай әрекеттерге бармады? Қиянатшыл адам- дардың сыры, әрекеті саған қүпия емес. Айтпақшы, Бакуде сөйлеген сөзінді бүрмалап, үстіңнен арыз түсіріп жатыр деп еді, білетін шығарсың. — Білгенде қандай, ескі достар ғой,— деп күлді Рысқұлов. — Ескі достар...— деп Ф рунзе мырс етті. Рысқүлов көк шайды рақаттанып ішті. Қара мейіздің бір түйірін аузына салып, соның әрі ашқылтым, әрі тәтті дәмін алып, қара мейізге сіңген Түркістан күнінің сәулесімен нәрленіп отырғандай рақаттанды. Тіпті мандайы жіпсіп сала берді. — Шынымды айтсам, Тұрар, сенің Түркістаннан кетуіңе басты себепкер мен едім,— деді Фрунзе молдаван «Кабернэсін» оймақтай рюмкелерге қүйып болып.— Дәл көктемгі өрт-жалында, адам айтқысыз айтыс-тартыста сен жанып кетуің де мүмкін еді. Сені сақтау керек болды. Ленинмен ақылдасқанымда бұл әрекетті ол кісі де мақүлдады. Саясатты, қызмет бабын былай қойғанда, мен сені туған бауырымдай жақсы көремін. Бүл жағыну емес. Сені мен маған біткен бір мінез — жағына білмейміз... Кәне, сау болайық! Рюмкелер наздана сыңғырлады. «Кабернэ» шынында да асыл шарап екен. Фрунзе бос рюмкені мықынынан үстап, тамсанып түрып: — Тәңірідей шұғылалы шарап,— деді. — Ал, Саяси Бюро Түркістан мәселесін әділ шешті. Міне, бүл жерде сенің еңбегің зор. Түрккомиссиямен айтыстың. Айтыстан ақиқат туды. Ленин: «Рысқүловтың жобасын қабылдамайық дегенде, Түрккомиссияның жобасын жүз 350
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 742
- 743
- 744
- 745
- 746
- 747
- 748
- 749
- 750
- 751
- 752
- 753
- 754
- 755
- 756
- 757
- 758
- 759
- 760
- 761
- 762
- 763
- 764
- 765
- 766
- 767
- 768
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 750
- 751 - 768
Pages: