Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Published by Іле аудандық Кітапхана, 2022-04-05 11:06:42

Description: sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Search

Read the Text Version

— Қажеке, адасып жүрсіз,— деді Рысқүлов оны бір түрлі аяғандай жылы раймен сөйлеп.— Бір адасу бар, екі адасу бар, ал өмір бойы адаса беруге болмайды ғой. Баян-аймағы — аймақ болып қала береді, мектеп ана тіліңізде болады, іс-қатынас қағаз ана тіліңізде жүреді. Дініңізге ешкім тиіспейді. Ал бірақ, Баян-аймақ Моңғолдың орталық өкіметіне қарайды. Оны ешкім де өзгерте алмайды. Әуелі сіз халқыңыздан сүраңыз, халық сізге еріп, елін, жерін тастап, біресе Қытайға, біресе Үндіге, біресе Түркияға ауып, сіздің соңыныздан мүрнын тескен тайлақтай ілесіп жүре бере ме екен? Онымен неге санаспайсыз? Коммунист жүрген жерден, тек қүқай көретін өз жеке басыңыз. Күллі халық сізше ойламайды ғой. Ақылға келіңіз де, бүл мәселені дауға салмай-ақ қойыңыз. М оңғолдың жаңа өкіметі — халықтың өкіметі болады. Одан жаманшылық көрмейсіз, тек ниетіңіз адал, пейіліңіз таза болсын. Ж ер ауып, тентірей берген жақсылық емес. Ауган деген сөздің өзі жаман. Ауған — азады, ел тозады. Елді аяңыз. М енің айтарым осы. Мырзабай қажы Рысқүловқа мүлде риза емес. Қайта жауыға қарайды. Оңашада жолықса мерт қылудан тайын- байды. Бұл ниетін жасырмай айтып та салды: — Әттең, басымнан бақ аунаған заман-ай! Баяғы күнім болса, сен сияқты дудар бас шоқынғандардың шашын бір-бір талдап жүлар едім. Рысқұлов бұдан арғы әңгіменің қырсыз екенін сезді де: — Ал, Қажеке, аман-сау болыңыз. М енің уақытым бітті. Ертең қүрылтай ашылады. Соған дайындалуым керек,— деп Мырзабай қажының тобын есіктен шығарып салды. Әне, сол Мырзабай қазір бұған шақшия қарап қалыпты. — Бауырлар, достар!— Рысқұлов кенет арқаланып кетті. Даусы ашық, әрі десе бір түрлі тебірене шықты. Дүйім халық оның сөзі жаттанды, ресми сөз емес, шын сезімнен, шын тілеулестіктен шығып жатқан жақсы лебіз екеніне сенердей баурап алып барады.— Мен сіздерді, қүрылтай мүшелерін, сіздер арқылы бүкіл моңғол халқын, Моңголстанды мекен- деген барлық халықтарды III Коминтерн атқару Комитетінің атынан мына бүгін ашылып отырған үлы Хүралданымен шын жүректен қүттықтап, сіздерге Коминтерннің жалынды сәлемін жеткізіп түрмын. Коминтерн дегеніміз — бүкіл жер жүзі коммунистері мен еңбекшілерінің жауынгер штабы. Коминтерннің көкейтесті

мақсаты — дүние жүзіндегі езілген халықтарды қүлдықтан, жоқшылықтан, кемтарлықтан, кіріптарлықтан құтқару. Қазіргі заманда жер бетінде екі дүние, бір-біріне ымырасыз екі тап өмір сүріп түр. Бірі — алпауыттар, жебірлер, капиталистер, байлар, яғни қанаушы тап. Екіншісі — езгі көрген, қорлық көрген, зорлық көрген кедей-кепшік, еңбекші ел, яғни қаналушы тап. «Азаматым, арысым — деді ішінен күбірлеп Баян аймақтан келген Дәуітбай депутат. Ол алдыға қарай үздіге, үмтыла тындап қалған. Ол енді қайтып Рысқұловты көре алмайтындай, сондықтан оның әрбір сөзін көкірегіне, әрбір қимылын, түр-түсін көз жанарына қүйып алмақшы. Тол- қынды қара шаш, екі шекелігі шығыңқылау жақы мандай, келісті керік қара қас, екі қастың арасынан қасарыса түскен, жалғыз сызық... Ол сызық тікесінен-тік тегіннен-тегін түспеген болар. Әйнектің ар жағынан көрінсе де көз жанары жалынды екен. Мұрны сәл дөңестеу келсе де, келтелеу. Үшы томпақтау екен. Мүрнының үшы томпақтау адамдар жаман пиғылдан таза болады деседі. Су ағарында бармақтай қара мүрт бүкіл ажарын ашып тұргандай жарасымды. Еріндері дүрдік те емес, жымық та емес, топ-толық, асты мен үсті үйлесімді, қып-қызыл екен. Астыңғы ерні үстіңгі ерніне кіріп түратын біреулер болады. Ондайлар қыршаңқылау, бірақ жігерсіз келеді. Ал үстіңгі ерні астыңғы ерніне кіріп түратындар болады. Иегі сүйрік те емес, жалпақ та емес, рабайымен дөңгелеп біткен екен. Мүндайда айыр иегі қайқы біткендер тоңмойын, қайырымсыз болатын көрінеді. Құла- гының сырғалыгы жалпақтау, салыңқы екен — жайсандығы шығар». Дәуітбайдың сүйсінгені, әсіресе шешеннің өз бойын сонш алықты дарқан, тік ұстауында еді. Осыншама халықтың алдында емін-еркін түрып, көсіле сөз сойлеу үшін, адам өзінің ақылына, біліміне бек сенімді болу керек-ау. Тағы да болса жат ел, ботен орта, бөгде тіл. «Апыр-ай, біздің халықтан да бүл заманға лайық үл туған екен-ау, аман жүр, бауырым, бәле-жаладан, қызганыштың қызыл отынан, қараулықтың қара найзағайынан сақтасын сені Қүдай! Елдін атын шығаратын ер болады. Мына моңголдардың алдында сен қазір бүкіл советтің, оның ішінде қазақтың қандай екенін көрсетіп түрсың. Саған қарап бүлар сенің халқыңның қандай екенін бағалайды. М әртебемізді бір котердің, бауырым!...»

Рысқұловтың бұлай құлаш сермеуі Мырзабай қажыға, әрине, ұнамады. «Бөлінгенді бөрі жейді» деді-ау, бәтшағар. Сонда біз жетіскеннен бөлініппіз бе? Ертістің бойын ен жайлап жатқан жерімнен осы Рысқұловтар айырды емес пе? Әкем болысты олтіріп, қатырғыға кетті дейді. Әттең, дүние, осы Рысқүловтың өзін де әкесінің артынан аяқ-қолын кісендеп айдар ма еді...» Мырзабай қажы бір мезгіл қиял жетегінде желіп жүріп, Рысқүловтың қатырғыға айдалып бара жатқанын көз алдына елестетті. Анау алтын жиек көзілдірігін жүлып алып, тақалы етікпен тепкілеп, быт-шытын шығарды. Анау толқын қара шашына шеңгелін салып, Мырзабай қажы өзі ат үстінде тұрып, дыралдата сүйреді. Осы шынға айналғандай шық- шыты аунақшып, тістерін шықырлатты. Рысқүловқа тіс қайраған қара зүлмат Моңғолияда да бар екен... — Міне, қазір осы екі дүниенің арасында бітіспес майдан бар,— деп түр Рысқүлов — Ымырасыздықтың үлгісін Үлы Октябрь революциясы көрсетті. Бүрынғы патша билеген ұлан-байтақ Ресейде тұратын халықтар азаттық алды. Мына мен өз басым — кешегі шыңы жеткен кедейдің баласымын. Егер де Октябрь революциясы болмаса, патшаны құлатып, Совет өкіметі орнамаса мен кім болар едім? Мен де әкем сияқты байдың жылқысын бағып, тепкісінде жүрер едім. Сондай қорлыққа шыдамаған әкем болысты олтіргені үшін соноу жатқан Сібірге айдалды, сүргінге түсті. Мен де соның кебін киер едім... Енді, міне, бүкіл Коминтерн атынан сіздердің алдарыңызда тұрмын. Коминтерн моңғол халқына, тек жақсылық, бақыт тілейді. Моңғол халқы өкіметті өз қолына алып, республика болуын қалайды. Ендеше, осы Үлы Хұралдан сол Республиканы жариялап, өкімет пен үкіметті сайлап, Конституция қабылдайды. Осындай үлы істе сіздер Коминтерн өсиетіне адал болып, өздеріңіз қүратын Республиканың бұл жолда ала-қүла болмай, ауыз бірлік білдіріп, береке байлығын танытуларыңызға тілектеспін. Алтау ала болса, ауыздағыдан айрылады, төртеу түгел болса, төбедегіні алады. Иә, сәт! Ж асасын Моңғол Халық Республикасы! Барлық езілген халықтар бостандық алып, Коминтерн туының астына топтассын! Үлы Хүралдан мүшелері түгел түрегеліп, найзағай шатырлағандай ду кернеп: — Ураай! Ураай! Найрамдал! Найрамдал!— деп ұран тастағанда, Дәуітбай да бір дауыспен:

— Ж аса, бауырым! Мың жаса! Ж амаңцық көрме!— деп көзінен жас парлай жөнелді. Бірақ оның даусын: «Ураай! Ураай! Найрамдал!» көміп кетті. Дәуітбай көрш ісінің отқа түсетін көбелектей, есі кете тәнті болғанына шыдай алмаған Мырзабай қажы, оны шынтағымен бүйірінен қатты түртіп қалды. — А, қаж еке?— деп Дәуітбай түсінбей жалт карап еді, анау: — Неменеңе жетісіп отырсың, сорлы,—деп ысылдады. Дәуітбай есесін жібермей шақ ете қала жаздап барып: «мына маңғұлдар екі қазақ сиыса алмай отыр деп қалар» деді де, ішінен түйілді. Бірақ бұл екеуінің көршілері бүлармен шаруасы жоқ, бар ықыласы мінбердегі шешенге ауып кеткен көрінеді. «Найрамдалдап» кең сарайды керней тұрып алды. Мырзабай қажы өзегіне өрт түсіп кеткендей, алқымындағы түймесін ағытып, жаялықтай орамалмен бет-аузын сүрте берді, сүрте берді. Қүрылтай басқарушы келесі кісіге сөз берейін деп оқтала бергеніне қарамай, көпшілік залды қақырата көпке дейін қол шапалақтап, ұрандатып тұрып алды. Үлы Құрылтайдың алғашқы мәжілісі кештетіп аяқталған соң, жаңа Республика өнерпаздарының ойын-сауығы басталады. Сәл тыныстап, қымыз ішіп, қалағаны шай ішіп, әл-қуаттанған соң, Президиум мүшелері залға кіріп, бір қатардан орналасты. Қақ ортада — Рысқүлов, оның оң жағында — премьер-министр Церен-Дорж, сол жағында — сыртқы министрі әрі әскери қолбасшы Чойболсан және сол қатарға Сухэ-Батордың жесірі Дичжима, оның жанына Эрдэнэ, қызы Ойун отырды. Эрдэнэ әуелі ыңғайсызданып, сауықтан бас тартып көріп еді, Рысқұлов айтты: — Сіздің еріңіз тірі болса, бүгін үлы Құрылтайға қатысып отырар еді, кеш ке ойы н-сауы ққа сізді алып барар еді. Ойунды да қалдырмас еді. Ерім ж оқ екен деп, жұрт қызығынан қүр калуга бола ма екен? Сухэ-Батордың өзіңіздей жесірі қысылмай-ақ, қымтырылмай-ақ, тіпті мемлекет ісіне ара- ласып жүр. Бүгін қүрылтайда сөз сөйлемекші. Бір кезде екеуіңіз бір-біріңізден ажырамайтын аралас-құралас жандар емес пе едіңіздер... — Е, Тұрар мырза, Дичжима оқыған, көзі ашық әйел ғой. Мені айтсайшы.

Бұл әңгіме таңертең болған. Кешке енді Рысқұловтың көңілін қимай келіп еді, өкімет адамдарымен бір қатарда отырып, Дичжимамен көрісіп, төбесі көкке жеткендей болды. Бұл өзі Моңғолстанда тұратын ұлттардың, түрлі аймақтардың этнографиялы қ өнері десе де болғандай еді. Әуелі халқа-моңғолдар өнер көрсетті. Қызыл-жасыл киін- ген, қыздары бүрымдарын арқар мүйіздендіре орап тастаған, жігіттері шошақ бөрік киген бишілер екен. Бүлардан соң, дүрбіт-моңғолдар, бурят-монғолдар, ойрат-моңғолдар, тор- ғауыттар, ұрыңқай, меркіттер шығып, неше алуан қызық- тамаша болды. Бір кезде сауық жаршысы: — Баян-аймақ, Хобда-аймақ қазақтары!— дегенде Рыс- құлов жүрегі бүлк еткенін сезді. «Апыр-ай, бүлар қайтер екен?» деп іштей тілеулес болып отырғанын өзі де байқамай қалды. Церен-Дорж Рысқүловтың құлагына аузын тақап: «Сіздің туыстарыңыз»,— деді. Қобыз үстаған қыз қос етек ақ жібек көйлек, қызыл камзол, үкілі қызыл тақия киіпті, домбыралы жігіт қүндыз қара бөрік, қара бешпет, оқалы жырық балақ шалбармен шықты. Ал зерлі Абылай қалпақ киген, сүңғақ бойлы, көркем жігіт, әлгілердің сүйемелдеуімен, сірә, ән салатын болуы керек. Кенет Абылай қалпақ аңырата ән салғанда, залдың ішін кернеп, мына зор қоңыр дауысқа үйдің төрт қабырғасы тарлық етіп, ауа дірілдеп кетті... Сауық аяқталып, халық тысқа шыққанда, түн ортасы ауып, солтүстіктен Темірқазық жарқырап тұр екен. — Алтын ғадас,— деді Ц ерен-Дорж Рысқұловқа жүл- дызды көрсетіп. *** Ш амасы бір аптага созылған Үлы Қүрылтай аяқталуға да таялды. Әр күн, әр мәжіліс талай-талай тартыстармен өтті. Рысқүлов бұл күндердің бір минутын да жібермей, бастан-аяқ қатысып, депутаттарға түсініксіз көп сүрақтарға жауап берді. М әжіліс сайын дерлік сөз сөйледі. Даулы мәселелердің бәрі Коминтерн өкілі Рысқүлов арқылы шешіліп отырды. Депутаттар тіпті М онгол Халық Рес- публикасының астанасын не деп атау керек дегенде, бір байламга келе алмай, едәуір айтыс болды. Біреулер айтты: Үрға деген атының өзі қалсын деді. Үрга — моңғолша Орда

деген мағына бергендей. Баяғыда Боғды хан көшіп-қонудан жалықса керек, тұрақты бір мекен іздеген. Сонда оған әулие айтты дейді: — Ордаңды алтын бесіктің ортасына, күміс белдіктің бойына сал,— деп. Алтын бесік дегені Үрғаны жан-жагынан қоршап жатқан таулар. Күміс белдік — Толы өзені ғой. Біреулер: «Толы өзенінің бойында түр гой.— Толы болсын» деді. Енді біреулер: «Моңғол Пекині деп аталсын» деп те ұсыныс айтты. Бұлардың бәрін тындап болып, Рысқұлов тағы да сөз алып, орнынан тұрды. — Моңғол бауырлар! Моңғол халқы — революцияда жеңіске жеткен батыр халық. Ал сол батыр халықтың өкіметі қазір міне, қызыл байрақ көтеріп отыр. Ендеше, астана аты Қызыл Батыр — Ү лан-Батор болсын!— деді. Үсыныс дауысқа қойылғанш а-ақ, дүйім халық орын- дарынан өре түрып, қол шапалақтады. — Үлан-Батор! Үлан-Батор! — Ж асасын Үлан-Батор! — Ураай Үлан-Батор! Қызыл-Батыр... *** Қорқытпен, Қорқыт күйлерімен сарындас мына арман ағысындай, арман дариясындай, күңірене, күйзеле шыққан ғажайып үн. Рысқұлов емірене тындап, елжірей беріліп, құлақ түріп қалған. Киіз үйдің туырлығы түрулі кереге көздердің ар жағында, екі өркеші екі баладай інгенің бұйдасын үстап, арат әйелі түр. Інгеннің иір мойнынан қүшақтап, қүлағының түбінен қасылайды. Қарсы алдыда шошақ бөрік киген, кокш іл шапанын қызыл күлдарымен буған күйші, бір тізерлеп, морихурды боздатып отыр. Морихур Қорқыттың қобызынан үлкен, сірә, Европаның виоленчель дейтін аспабының көлеміндей бар ма... М орихурдың басы — аттың басы сияқтанып қашалған. Ат басты аспап үні түйенің боздағанын, ботаның жылаганын, желдің азынағанын, дала гүлдерінің тербелгенін, тағы да ботаның жылағанын айнытпай салады. Інгеннің жанында жас бота ұстаған тагы біреу түр. Рысқүлов мал баққан елдің баласы. Малшы өмірі тосын емес. Бірақ інгеннің алдына тізерлей отырып, қобыз тартып,

адамдардың жануарға жалынғанын тұңғыш рет көріп отыр. Сонда Түмен-Ж ырғал айтты: — Мына інгеннің ботасы өлген. Ал ана ботаның анасы өлген. Енді сол жетімді мына түйеге телйіндесе, бөтен иісті бауырына жолатпайды. Әне, енді адамдар күй тартып, музыка арқылы сөйлесіп көндірмекш і,— деді. Морихур күңіренді, ыңырсыды, боздады. Күйші кейде басын шалқайтып, көгілдір аспанға көзін қадап, көк Тәңіріден медет тілегендей, ырғалып-ырғалып қояды. Арат жетім ботаны інгеннің емшегіне қарай икемдеп, итер- мелейді. Бота үмсына берсе, інген бір аяғын котеріп, теуіп жібере жаздайды. Күйші қиналады, ақыры морихур еңіреп- еңіреп, еңкілдеп, ыңырсып, жылауға кошті. Бір кезде, інген козін жұмды. Аздап теңселгендей болды. Әйел құлағын, мойнын қасылайды. Еркек ботаны икемдейді. Күйші Морихурды еңіретеді. Ақыры қызыл інген тұла бойынан ток жүгіргендей дір етті де, жай ыңырсыды. Жүмулы козден жылжып қана жып-жылы жас ақты. Әйел оның жасын сүртіп, козінен сүйді. Бота кенет ісінген емшекке түмсығын салып, солқылдата сорып, езуінен копір- шік сүт тамшылап кетті. Күйші Морихурды кокке котере түрегеліп: — О, Кок Тәңірі! Ж аратқаныңа, бергеніңе, корсеткеніңе тәуба, тәуба, тәуба!—деп аспанға козін шақшитты. Рысқүлов тұлыпқа иіген сиырды білуші еді. Ал қобыз күйіне иіген інгенді оз козімен коріп, шебер табиғаттың, қүдіретті күйдің куәсі болды. Енді бірде інген өзі бауырына басқан жетім ботаны жанына ілестіріп, оріске карай бет алды. Рысқүловтың есіне ерте олген шешесі Қалипа түсті. Әкесі екінші рет Ізбайша деген қызға үйленіп, кішкентай Түрар мен қүртақандай Түйметай сол жас келінш екке телініп еді. Сол есіне түсті. Кәдімгідей тебіреніп, шексіз қүдірет шеберлігіне тәнті болып, откен-кеткен, жақын жандар рухына іштей сиынып қойды. Ерлі-зайыпты араттар Рысқүловқа риза болып жатыр. Қүтты қонақ екенсіз дейді. Інгеніміз коптен бері жетім ботаға илікпей, иімей жүр еді дейді. Сіз келіп, Тәңірі сәтін салды дейді. Рысқұлов соншама ықыласқа ыңғайсызданып:— Ж оқ, рақметті күйшіге айтындар. Бұл күйдің қүдіреті,— дейді. Күйші: 449 ’ ' Ш й й е 29-626

— М енің құдіретім болса, менің морихурды талмай тартқаныма үш күн болды. Інген иімеп еді, сіз келген соң, керемет келді,— дейді. Бүл Рысқұловтың Үлан-Батордан шығып, елге бет алған беті еді. Кеше күйме кешеуілдетіп жетіп, осы бекетке тоқтаған. Араттар қойын сойып, қолын қусырып, қоше- метпен қарсы алған. Енді, міне, жаңа таң атып, жаңа күн шықты. Ж аңа ғана таңғы шай ішілген. Ж олаушылар енді ат- танайын деп тұрғанда, інген идіру рәсімі басталып кетті де, үйдің иесі: — Сәтке күте тұрыңыздар,—деп киылды. Сәті түсіп, інген иіді. Қырықтың бірі Қыдыр деген. Кім біледі, Рысқүлов Қыдыр шыгар? Олай болмаса да араттар соған жорыды. Сөйтіп, ойда жоқта рақметін жаудырды. Ж алпы, моңғол елі, жаңа моңғол үкіметі Рысқүловқа шын алғысын айтып қалды. Осыдан бір жыл бүрын шекарадан Рысқүловты Түмен-Ж ырғал күтіп алған. Енді сол айнымас дос Рысқұловты өз еліне шығарып салып келе жатыр. Артта қимас достар қалды. Премьер-министр Церен- Дорж, министр Чойболсан, туған жеңгесіндей болған Эрдэнэ, оның қызы Ойун қалды... Ойунды М оскваға барған соң, Луначарскиймен келісіп, оқуға шақыртпақ болды. Ж алгыз Ойун емес, бір топ монгол жастарын М оскваға оқуга жіберу туралы Церен-Доржбен келісті. М оңғолстан Рысқүловты ұмытпас. Бір жылда Рысқұлов моңғолдарға көп еңбек сіңірді. Ж аңа өкіметін, жаңа мемлекетін құрысты. Тіпті Қытай барып, Монғолияның жоғын жоқтап, моңғолдарга пайдалы көп іс тындырды. Ж асаған жақсылығы алдынан қайтсын. Ал заман әлдеқалай кері кетсе, лаж жоқ. Алдағыны болжап болмайды. Адамдар алдын болжар көріпкел болса, пендеде бақытсыз жан болмас еді. Рысқүлов туған елге оралды. Үміт дүниесі. Ж ақсы- лықтан дәмелі. Алдыда, туған Отанда не күтіп түр?..

БҰҒАЛЫҚ Ақ телефон, қызыл телефон, қара телефон... ағы шырылдаса, қатардағы қарапайым адам болғаны, яки басқа қаладан хабарласып түрған біреуі. Қызылы — Үкімет адамдары сөйлесетін телефон. Комиссарлар... Айталық, Рыков, Чичерин, Молотов, Каганович... Ал қараның жөні бөлек. Қара телефон апталап, айлап үн қатпауы мүмкін. Тіпті жылына бір-ақ рет шылдырласа да, аса маңызды, аса... үрейлі. Онымен, тек Сталин сөйлеседі. Ақ телефонмен көбінесе елден келген адамдар: арыз айтушылар, әділеттік іздегендер сөйлеседі. Рысқүловпен кездесуге рүқсат сұрайды. Көбінесе үйдегілер хабарласады. Әйелі Әзиза немесе қайын енесі Эрифа... Кейде Ескендір... Сурет салатын түрлі-түсті қалам тауып бер деп әурелейді. Рысқүлов соноу Қиыр Шығыстағы Якут-Саха елінің мәсе- лелерімен басы қатып отырғанда немесе Қарағанды шахталарын жабдықтау мәселесі жөнінде Донбасс басшы- ларымен хабарласып жатқанда, Ескендір түрлі-түсті қалам тауып бер дейді. М үмкін, екінші кластың баласы үшін түрлі-түсті қалам, Қарағанды шахталарынан кем түспейтін шаруа шығар. Оны да түсіну керек. Енді Кремльдің ко- мендантына өтініш айтуға тура келеді. Кремльдегі қыз- меткерлерді^ керек-жарақпен қамтамасыз ететін сол. Ескендірмен сөйлесіп бола бергенде, күтпеген жерден, тосыннан кара телефонный жуан даусы гүж-гүж ете қалды. Қара телефон тектен-текке үн қатпайтын. Қара телефоннан айтылатын сөз Ескендірдің өтініші емес. Қара телефоннан арыз айтылмайды. Бұйрық айталады. Жай басшының бүйрыгы емес... Рысқұлов Құдайдың даусын естіп көрген жоқ. Бірақ қара телефонмен сөйлесетін адам — Қүдайдан кем емес... — Саламатсыз ба, жолдас Сталин! Рысқұлов тындап тұр. Бұрын, соноу жиырмасыншы жылдардың басында Рысқұлов оған «Иосиф Виссарионович» деуші еді, кейде тіпті «Иосиф» дей де салатын. Ж ақсы еді сол кез. Ж ақындық бар сияқты еді. Ж ылылық бар сияқты еді. Енді ол өзгерген. К әзір ол «Жолдас Сталин». Тіпті бүрын «Коба» деп жүретін, тіпті кейде «Коба, сен...» деп жүретін Бухариндер кәзір, тек «Жолдас Сталин» дейді. —Тюрар Рыскюлович, маған келіп кетіңіз.

Осыны айтты да, Сталин трубканы қойып қойды. Көмекш ісі Постов аркылы шакыруына да болатын еді ғой. Өзі тікелей сойлесіп тұр. Демек, тегін емес. Тегіні несі? Д ем ек... Баяғыда Ахат атасы айтар еді; бір үңгір болыпты, кірген іздер бар да, шыққан із ж оқ,— деп. Сталинге бару да соған үқсаңқырайтын сияқты. Бұрын ондай үрей болмаушы еді, соңғы жылдары қорқыныш пайда бола бастады. Қүрбандық көбейіп кетті. Кеше ғана жар- қылдап жанында жүргендер бір сәтте ұшты-күйлі ж оқ болады да кетеді. Рысқүловтың тікелей бастығы, Совнар- комды Л ениннен кейін, 1924 жылдан бері басқары п келе жатқан Рыков бір күнде орнынан алынды. Орнынан алып, жайына қоя берсе мейлі ғой... Күптілікке жүкті болған заман. Рысқұлов Совнаркомнан шығып, Генсектің кабинетіне қарай беттеді. Арасы жап-жақын, екі-үш минуттік жер. Бірақ зіл-батпан жүк арқалап келе жатқандай, әрбір адымы азап, қалың қылыш тікеннің үстімен ж алаң-аяқ жүріп келе жатқандай... ...Бірінші қарауыл... Екінші қарауыл... Үшінші қа- рауыл... Бәрі де қалшиып қатып қалған тас мүсін сияқты. Сүп-сүр. «Кремлевка» дейтін қызыл ала жол кілем. Қызыл жоса... Қараптан қарап келе жатып, сап-сау келе жатып, басың айналғандай. Сүрініп кетсең, қызыл жоса өзенге сүңгіп кететіндейсің... Постов — ең соңғы елек. Постовтың көзі коз емес, екі рентген қүдық. Сол рентгеннен Сталинге қарай өтетін адамның іш ек-қарны, өкпе-бауырлары, жүрегі... түгел көрінетіндей... Басы жап-жалтыр, көгілдір мүз сияқты. Тақырлап, қырып тастаған. Рентгеннің айнасындай. — Жолдас Рысқүлов, кіріңіз. Постов қалшиып тұрып, қатқыл үн қатты. Одан ары — ап-ауыр есік... Одан ары төрдегі үлкен столға дейін төселген кілем. Үлкен столдың ар жағында — Өзі. Креслодан тұрған жоқ. Бүрын түратын. Тұрып келіп, қол беріп амандасатын. Кейде амандық-есендік сұрайтын. Бүрын, иә, соноу жиырмасыншы жылдардың бас шағында, Сталин бастық, Рысқүлов орынбасар кезінде, кейде тіпті әзілдейтін. — А-а, Түркістанның Ш ыңгыс ханы, кел,— дейтін. «Чингисхан» дегенді өте бір баппен, әлдебір рақатпен айтатын. Үқсагысы келетін шыгар. Ш іркін, адамның ойын жазып алатын аппарат болса... Сталин не ойлап, не

армандағанын біз тек долбарлармыз. Ал аппарат тарихқа талай сыр ашып берер еді. Сталин арғы-бергі тарихтағы атақты колбасшылар туралы көп оқитын. Ш ыңғыс хан, Наполеон... Александр М акедонский, Цезарь, Ганнибал... И э, ондай «осалдығы» бар еді. Ал бірақ Ш ыңғыс ханды неге Рысқұловқа қиятыны белгісіз. Азиат қой дейтін шыгар. Рысқұлов 1925 жылы М оңғолиядан қайты п келгенде, С талин онымен ұзақ отырып, моңғолдар туралы коп әңгіме айтқызып еді. — Шыңгыс ханнан калган ұрпақ бар ма?— деп сұраган. Рысқұлов білгенінше айтып берді. Сөйтсе, М оңголстанның дәл өзінде Ш ыңғыс тұқымынан сілем қалмаған көрінеді, бір-екі тұлым қойгандар Ш ыңгыс хан тұқымымыз десті, о да неғайбыл. Тарихқа қарап тұрса, Шыңгыс тұқымдастардың көбісі казак даласында калган екен. Қазақ хандарының кобі Ш ыңғыстың ұрпақтары, Абылайга дейін... Абылайдан Ш оқанга дейін... Кенесарыга дейін... — Кенесарыдан кім калды?— деп сұрады Сталин. Рысқұлов Садықтөрені айтты. Сұлтан Садықтың генерал Черняевтан жеңіліп, жанында өзіне бек берілген он шақты адаммен Қытай өтіп кеткенін, Қытайга өтерде ақбоз аттан түсіп, қүбылага қарап отырып, намаз оқып, мінәжат айтып отырганда, көзінен парлап аққан жас, ак шалған жирен сақалын жуып кеткенін айтты. Сталин: — Трогательно,— деді.— Егер Черняевтың зеңбіректерін Садық Сүлтанға берсе, не болар еді?— деді.— Зеңбірек пен садак,— деп, ары-бері теңселіп жүріп алган... *** Сталин креслодан түрган жоқ. Баягыдай «Ш ыңгыс хан» деп қалжыңдаган да жоқ. Салқын қабақпен алдындагы креслоны нүсқады. Әлденеге көңілсіз. Осының алдында ғана коллективизация жоніндегі комиссиямен келісе алмапты деп естіген Рысқүлов. Сірә, Рыков айтқан. Сталиннің ұсынған жобасы өтпеген. Комиссия келіспеген. Сталин коллек- тивизацияны тотеннен, түтқиылдан үдере тездету керек дейді. Комиссия: жоқ, сабыр сақтайық, асыкпайық дейді. Сталин, әдетте, айтқан ұсынысын откізбей қоймайтын басшы. Үсынысы отпей қалып отырса, ол қандай басшы?! Сталин Ленин бар кезде өзімдікін өткізем деп өзеурей бермейтін. Ленин рай бермесе, амал жоқ, айлаға салатын,

бірақ тікелей озбырлыққа бармас еді. Мысалы, респуб- ликаларды «автоматизациялау» жөніндегі ұсынысы кезінде өтпей қалды ғой. Ленин үзілді-кесілді қарсы шықты. Ал Ленин дүниеден қайтқаннан кейін, Сталин айна- ласына жолбарыстың тырнағын көрсете бастады. Енді мына 1930 жы лды ң қарсаңы нда ол күш іне әбден кіріп, кесем тұлпарына мініп алған кезі еді. Енді оны көсем түлпарынан жүлып түсірер қауқар кімде бар? Десе де әлі де оған қарсы келетіндер бар сияқты. М әселен, мына комиссия... Әлін білмеген әлек. Сталинге қарсы болмақ! Сталин аспай-саспай қара трубканы «Алтын жібек» дейтін хош иісті темекіге толтырып, мыртықтау бас бармағымен басып-басып нығыздады. Ш ишақпақ алып, әуелі шидің ұшын сүқ саусағымен сипалап корді. Ш ишақпақ қалайда бір тартқаннан от алуы керек, от алмай қалса, Сталиннің коңілі бүзылып шыға келеді. Мүны Рысқүлов жақсы біледі. Онда түрған не бар? Бірі түтанбаса, екіншісі тұтанар. Қорап толы ши ғой. Сталиннің секемшіл екенін содан-ақ сезуге болады. Секемшілдік, ырымшектікке, тіпті сенімге айналып кеткен сияқты. Енді Рысқүлов ішінен әлгі ши бірден түтанып кетсе екен деп тіледі. Оның тағдыры осы шырпыға байланысты сияқты. Ол рас. Кейде адам тағдыры жалғыз шырпыға байланып қалатын кез де болады. Айталық, адам айдалдадағы аралда жападан-жалғыз қалған екен делік. Қорапта — жалғыз ши. Оның озі дымқыл болса ше? Түтата бергенде әлдебір жынды жел шалқып отсе ше?... Сталиннің аузынан сөз тосып отырғанда, ойға қай- қайдағы сүмдықтар оралады. Ақыры Сталин шырпыны қораптың қоңыр кырына серпе тартып кеп қалды. Сталиннің қабағы жазылып жүре бергендей болды. Қабағы жазылып, сәл күлімсіресе, Сталин де сүйкімді... — Тюрар Рискюлович, сені Комиссия құрамына ендірсек деп едік. Қалай қарайсың? — Қай комиссия, жолдас Сталин? Сталин; «соны да білмейсің бе» дегендей оң қабағын көтеріп алды. — Коллективизация жоніндегі комиссия. Рысқүлов мүдіріп қалды. «Жарайды» деп елпең ете түспегені Сталинге үнаған жоқ.

— Мен мүше болмаған комиссия кем де кем. Макта комиссиясы, коммуналдық шаруашылық... Әлеуметтік... кеше ғана Турксиб... — Ж ә, білемін,— деп үзіп тастады Сталин.— Ал Кол- лек-ти-ви-зация, жолдас Рискюлов, бәрінен де маңызды. Сен алғыр ойлы азаматсың ғой, кол-лек-ти-ви-зация! Түсіндің бе? Әрі десе, сен коллективизация жүргізудің қарсаңында Волга бойында, Солтүстік Кавказда болып, бүл мәселені әбден зерттеп қайттың. Бүл олкелерде колхоз үйымдастыруға болады деп тұжырым берген де өзің емес пе едің? Рас, онда мерзім жөнінде анық айтпағансың. Ал қазір негізгі мәселе — мерзім. Комиссияның кідіріп, мүдіріп тұрғаны да сол мерзім мәселесіне тіреліп қалуы. Комиссия колхоз үйымдастыру ісін созбалаңға салмақ. Ең қатерлі қауіп сол. Ы рғалып- жыргалып жүріп алсақ, колхоз ұйымдастыру үзап кетпек. Ал ол бізге қазір керек. Түсіндің бе, қазір керек. Рысқұловтың түсінгені: колхозды жылдамдатуға комис­ сия аздап болса да қарсылық көрсетеді екен. Енді Рысқүлов сол комиссия қүрамына ендірілсе, іс оңына келе қалм ақ па? Қалайша? Сонда комиссиядағы басқалардың бәрінен Рысқүлов күшті ме? Міне, бүл түсініксіз. — Осыған мені қинамай-ақ қойсаңы з,— деді. Сталин, жер қозғалса қозғалмайтын Сталин креслодан үшып кете жаздады, қайта отырды да, зілдене қарап, зілдене Караганда көзі тотияйынданып кететін әдеті, зілдене қарап: — Ойлан, Рискю лов,— деді. Несін ойланады? Нені ойлайды? Сталиннің «ойлан» дегені әншейін айтыла салмайды. Не кон, не сон дегені гой. Ай, тагдырдың тәлкегі-ай. Тағдырдан күшті, тагдырдан қүдіретті не бар екен? Баягы 1923 жылгы Кеңестегідей зор жиында мінберге қаргып шыгып: — Сталин қателеседі?— деп қасқайып қарап түрар заман қайда? Ол кезде іс басында болмаса да, Ленин тірі еді. Ол кезде тізгінді оз колына алмаса да, Троцкий бар еді; Каменев пен Зиновеьв Сталинді оздерінің қол баласындай коретін. Ленин көптің сорына карай дүниеден ерте өтті. Троцкий екі колын төбесіне қойып, шет елге қаңғырып кетті. Каменев пен Зиновьев әрі-сәрі. Бүгін бар, ертең жоқ, қаңбақтай кауқарсыз хәлде қалды. Бухариннің озін Сталин оқтын- оқтын сілікпесін шығарып алады. Өзіне шамалы қарсы келген Рыковты да қаңгалақтатып қойды. 455 .

Сондай-сондай сой тұлғалар тулақ болып кеткенде Рысқұлов кімнің шікәрасы? Азап. Мына тұнжыр кабинеттін бұрыш-бұрышы, түкпір-түкпірінен азап аңызағы азынап түрғандай. Сталин көзі тотияйындап, қадала қарап үзақ отырды. Рысқұлов үн қатпады. Осындайда жанында бір жанашырың отырса, тым болмаса. Дүниеде Сталинмен бетпе-бет, жеке-дара қалған жаман. Жолбарыспен жекпе- жек, оңаш а үйде қалғандайсың. Сталиннің еліндегі бір дана ақын ертеде «Жолбарыс терісін киген батыр» деген дастан жазған екен. Соның геройы жолбарысты алқымынан алып, қылқындырып, аспанға котеріп тұрады. Мына жолбарысты алқымынан алып қылқындырар ешкім жоқ. Бүл жай жолбарыс болмас. Кейбір кезде бұл Лермонтовтың Демо- нына да үқсап кететіндей. Лермонтов данышпан... — Мынау менің жобам,— деді Сталин машинкаға басылған екі-үш бет қағазды Рысқұловтың алдына ытқыта тастап.— Оқып шық. Ойлан. Жауабын бер. Осымен әңгіме аяқталды дегендей, Сталин кнопка-қоңы- рауға қол созды. Постов жердің астынан шыға келгендей лезде пайда болды. — Каганович жолдасты,— деді Сталин. Рысқұлов әлгі жеп-жеңіл қағазды зіл батпан жүк көтергендей әрең үстап, орнынан тұрды. — Көріскенше, жолдас Сталин. — Көріскенш е, Тюрар Рискюлович, десе де, тезірек көріскен ш е. Постов қалт тұрып, калшиып, көзімен ғана шығарып салды. *** Өз кабинетіне келген сон, Рысқұлов бас салып, әлгі Сталиннің жобасына үңілді. Бір рет көз жүгіртіп өтіп, екінші рет әр сөзін шұқшия оқыды. Сталиннің жобасы бойынша, бүкіл елдегі шаруаларды колхозға тарту тез арада өткізілуі керек. Бір жыл, әрі кетсе — бір жарым, екі жыл. Ол үшін колхозға кіретіндер малын колхозға өткізуі керек. Ауылшаруашылыгына жарайтын құрал-сайман: кетпен, күрек, тырма, соқа — бәрі де ортақ мүлік саналсын. Колхозға кіруге ықтиярлы болмағандар жекеменшікшіл жат элемент саналсын. Оларга мемлекет жер бермейді. 456

Ж ер бермейді? Сонда қайда барады? Егін салмаса, мал үстайтын өрісі болмаса, қайда кетеді? Рысқүлов өз туыстарын ойша колхозға кіргізіп көрді. Түлкібас, Қарақойындағы Дәу-Омар... И ә, ол өз еркімен баруы да мүмкін. Тіпті қартайып қалса да, сол колхоздың белсендісі, тіпті бастығы болуы мүмкін. Оразбақ. Ол да қарсы болмас. Совет өкіметіне өкпесі ж оқ шығар. Рас, баяғыда совет болысы болып, өзінің дуайпаттығынан орнынан алынған. Бірақ оның осы өкіметке өлгенше риза болар жөні бар: пұшық мүрынын операциялап, қоңынан ет кесіп алып, мүрнын түзеп берді ғой. Ал баяғы Дауылбай түқымы ше? Олар ат-тонын ала қашуы мүмкін. Баяғыдай бай болмаса да, орта шаруа, шамасы... Оның бес-алты жылқысы, үш-төрт сиыр торпағы, елу-алпыс қой-еш кісі бар-ау. Ал енді, Дәу-Омар жалғыз атын колхозға өзі жетектеп апарып өткізер, Қорабек бес-алты жылқысын өткізсе, әділдік қайда? Біреу тышқақ лағын өткізеді, біреу бір үйір жылқы өткізеді. Сөйтіп, ол мал бәріне ортақ болады. Бұған Қорабек көне қояр ма екен? Ал мына Сталиннің жобасы заңға айналса, Саяси Бюроның қаулысына айналса, Қорабек көнбегенде қайда барады? Берсе — қолынан, бермесе — зорынан! Мемлекеттік зорлық басталады. Содан соң, Қорабектің басы қай сайда қаларын бір Тәңірі өзі біледі? —Колхозға кіргендер колхоздан өз еркімен шығып кетуге правосы жоқ,—депті Сталин өз жобасында. Яғни, колхоздың қарамағына бір түскен екенсің, одан қайтып қүтылу жоқ. «Адамның басы — Алланың добы»,— деуші еді Ахат баба. Ал енді адамның басы Сталиннің, сталиншілдердің добына айналмақ. Қайда тепсе, солай қарай домалай бермек. Домаламасқа амал жоқ. — Бұл коллективизация тәртібі техникалық егіс ай- мақтарына да, мал шаруашылығы аймақтарына да тарал- сын,—депті Сталин өз жобасында. Техникалық егіс деп отырғаны — мақта. Яғни, Өзбекстан, Түрікменстан, Қ азақстанның оңтүстігі. Мал шаруашылы- ғы — белгілі. Ол алдымен — Қазакстан. Енді осы сұмдықтың бәрі Рысқұловтың қолымен жасалуы керек. Бүкіл саналы өмірін халықты азаптан азат етуге арнаған Рысқұлов, енді сол халықты өз қолымен тұншықтыру керек. Сталин солай бүйырады. Ол Рысқүловқа өз жобасын үстатып

жібергенде, жай оқып шығып, пікірінді айт, акыл қос деп отырған жоқ. Мені Саяси Бюрода сөзсіз қолда деп отыр. Ал Сталин дәл Рысқұловтың қолдауына неге зәру? Басқа адам табылмай қалды ма? Міне, бұл жұмбақ. Одақта, әсіресе Орта Азия мен Қазақстанда Рыс- құловтың беделі өте күшті. Ондагы халық бірдеңе десе: «ау, Рысқұловтың өзі қолдап отырған іс қой» деуге жақсы шығар. С талиннің зымияндыгына найза бойламас. Найза не?! Оның зымияндығы түпсіз. Көп ақылдылар соны байқамай, сол түпсіз оппаға омақаса құлап кетті-ау. Ендігі кезек Рысқұловқа келгені да. Рысқүловтың алдына тагдыр оқтын-оқтын осындай бір орасан сұрақтар қояды. Баяғыда: «не сүйгенің Натальямен бол, не революциямен бол!»— деп сұмдық тандау қойды. Ол револю ция жағында қалды да, Натальядан айрылды. Ал енді: «Не Сталинмен бол, не өмірмен қоштас!»— деп отыр. Баяғыда, бала кезінде, жыртық үйдің көлеңкесінде қара табан балаларды жинап алып, Ахат бабаң айтар еді: «Ертеде бір ерен жігіт болыпты. Өзі батыр, өзі мерген, асқан палуан, әйдік азамат екен. Сол бір қызға өлердей гашық болады. Қыз хас сүлу болса керек. Бірақ аса кесірлі, мекері көрінеді. Ж ігітке шарт қояды: мені аламын десең, шешенді өлтіріп, жүрегін әкеліп бер,— дейді. Ж ігіт шошып кетеді. Бірақ ғаш ықтық дерті ақылынан айырады. Ақыры шешесін өлтіріп, жүрегін қызға алып келе жатқанда, сүрініп жығылады да, қолындағы жүрек бір бұтаға ілініп қалады. Сонда жүрекке кенеттен тіл бітіп: Құлыным-ау, қатты құладың-ау, бір жерің ауырып қалған ж оқ па? Ж арақаттанып қалған жоқсың ба? Тұра ғой құлыным»,—деген екен дейді. Рысқүлов сонда Сталинге бола шешесін өлтірмек пе? Шешесі — халық болар. Өз туған анасы Қалипа марқүм, баяғыда бүл Түрардың үш жасарында-ақ, дүниеден өтіп кеткен. Ш ешесінің елесін Рысқүлов коз алдына келтіре алмайды. Анасыз жетім. Бірақ арлы жетім. Сталиннің жобасын үшінші рет тағы оқып шықты да, сол Кремльдегі кабинет терезесінен дүниені көзбен шолгандай көп қарады. Не ойлады? Алғаш құрылған колхоздардың біразын көзбен көрді. Еділ бойынан. Орыс деревняларынан. Кедейлері колхоз болуға ы қтиярлы -ақ екен. Үйымдасса, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса, кәдімгідей ел болып кететін түрі бар. Бірлесіп жер жыртып, бірлесіп егін егіп, қаужандасып-ақ жатыр. Ж еке-жеке отырғанда бүлардың

кейбірі тоқымдай жерін де жырта алмай, соқаға өзін өзі жеккен мұжықтары да болған. Жалғыз жарым — жарымас. Ал бірлесіп, ұжымдасып тірлік етсе, жер де жыртылады екен, егін де болады екен. Бұл жағынан береке болар түрі бар. Бірақ колхоздың ұйымдасып тапқан табысын мемлекет тартып ала бермесе болғаны. Колхоз тіршілігіндегі ең қиыны — орта шаруа көрінеді. Бай-кулак конфискаланып, айдалып, сотталып, сүргінге түсті ғой. Оны қойшы. Ал мына орта шаруа дегенің колхозға қарай беттемей түр. Мысалы, Қорабек сияқтылар ғой. Ішіп-жемі бар, мал-жаны біршама шүкіршілік дегендер қалай ғана ортақ қазанға барып күмп ете түспек? Колхоздан бас тартқан орташаны кулактарға балап, мал-мүлкін күштеп тартып алған жерлер де бар. Ондай губернияларда оқтын-оқтын көтеріліс те шығып жатыр. Ал енді Сталиннің жобасы сол орташаны колхозға күштеп апаруды қүптайды. Ойлан, Рысқүлов! Сталин «ойлан» —деді ғой. *** Ойланды. Көп ойланды. Кабинеттен шығып, машинаға мініп, Неглинная дейтін көшедегі үйіне қайтар жолда да, машинадан түсіп, үшінші қабаттағы пәтеріне тепкішекпен көтеріліп бара жатқанда да, пәтердің қоңырауын басып, есік ашылғанда да, пальтосын шешіп, ілгішке асқанда да... қолын шайып, дастарқан басына отырғанда да, сәл тыныштап диванға қисайғанда да... Үй ішіндегілер Рысқүловтың бүгінгі үсқынын жатырқап, «бұған не болған?» дегендей, үнсіз-түнсіз, аяқтарын үшынан басып жүр. — Папа, қарындаш әкелдің бе?— деп алғаш тіл қатқан Ескендір болды. Рысқүлов үмытып кетіпті. Кремльдің комендантына айту керек еді. Енді телефон соғайын деп отырғанда, Сталин шақырды ғой. Үлының алдында кінәлі болып қалды. — Ертең, Ескендір, ертең... Бүгін жұмыс басып кетіп, қолым тимеді,—деді Рысқүлов баласын басынан сипап. Жас келіншек келіп, Ескендірді қолынан жетектеп, былай шығарып, құлағына сыбырлап: — Папаң шаршап келді, мазасын ала берме,— деді. Ол Рысқүловтың жаңа үйленген әйелі Әзиза еді.

Егер Рысқұлов Сталиннің шартына көнбесе, оны айыптайтын кінәнің бірі осы Әзиза болар. Бұрынғы семьясын тастап, өзінен әлдеқайда жас қызға үйленді, бұл ком­ мунистке, әрі десе, басшы қызметкерге жарасымсыз, жалпы коммунистік моральға жат қылық деп күстәналайтын табылар. Неге жат қылық? Бұрынғы әйелдерінен ажырасып, өздерінен әлдеқайда жасы кіші қыздарға үйленгендер аз ба? Сталиннің өзі ше? Сталин үйлі-жайлы, балалы болған шағында, Надя Аллилуеваны түңғыш көрген кезде, Надя әлі мектепке бармаған нәресте екен. Теңіздің жағасында, жортақтап ойнап жүріп, суға түсіп, батып кете жаздағанда осы Сталин қүтқарып қалыпты. Арада жылда-а-ар өткенде, Сталин талай катограларды бастан кешіріп, Сібірден Петербургке оралғанда, Надя енді-енді бой жетіп келе жатқан бүлдіршін болған екен. Сталин сол уыздай қызга үйленіп алды. ...Бухарин де бүрынғы әйелінен ажырасып, жап-жас Ларинага үйленді. ...Луначарский де бүрынғы семьясын тастап, Кіші театрдың жұлдыздай артисі, бүлдіршіндей Розенельге қосылды. Ж оқ. Рысқұловқа бүл жагынан кінә тага алмас. Әрі десе, бүрынгы әйелі Надежда Константиновна өз ықтиярымен, бейбіт ажырасты. К інә артқан жоқ. Соттасып, дүние бөлісіп, быт-шыт болган жоқ. Рысқүлов көп мал-мүлік жинамаган адам. Бірақ азын-аулақ жиган-тергені, пәтер — бәрі де Надеждада қалды. Надежда Рысқүловтың үстінен арыз да жазбайды, шагынбайды да. Ал енді Сталин тапсырып, ГПУ материал жинаса, Надеждаға соқпай өтпес. Сонда не дейді? Надежда Рысқұловты сонда да қиянатқа қимайтын сияқты. Кім біледі... Көрші бөлмеде балалардың абыр-сабыры естіледі де, тез тыйылып қалады. — Тиш -ш -ш ,— деген ызгарылау үн тұншыгып шыгады. Бүл қайын енесі — Эрифа. Екі ұлы Рашид, Ш әміл үшеуі Алматыдан таяуда келді. Сөйтіп, үйде үш үл бар. Біреуі Ескендір — өзінің баласы, Рәшид пен Ш әміл — Әзизаның інілері. Күнде үш бала көрші болмені бастарына көтеріп жататын. Бүгін де сол әдеттеріне басайын десе, Эрифа оларды бүгалықтап отыр. Рысқүловтың 460

қас-қабағына қарағаны. Рысқұлов күндегідей жарқылдап келген жоқ. Күнде балалардан жинап алып, хал-жай сүрасып, окуларын тексеріп, кейде ойнап: — Кәне, Ш әміл, Ескендір екеуің күресіңдерші,— деп өзі төреші болып, ойыңды қыздыра түсетін. Қайын енесіне: — Апа, қалайсыз?— деп хәлін сүрайтын. Бүгін Рысқүлов — бөтен Рысқүлов сияқты... Рысқұлов өмірінде үшінші рет некелі болды. Біріншісі титтейінен білетін Наталья Алексеевна еді. Адам тағдыры — алмағайыптың ісі. Бала күнінде Тұрар Наташаны жақсы көрсе де, оған үйленем деп армандамаған шығар. Түрар — түрме бастықтың малайы еді; ал Наташа түрме бастықтың асыранды қызы болатын. Ал шын әкесі Ш ымкент — Черняев уезінің әкімі еді. Генералдың қызы малай балаға тиеді деп кім ойлаған? Бірақ тағдыр екен, малай бала Түркістанның төрагасы болып шыға келді. Арада жылдар өткенде сол Түркістан төрағасын генералдың қызы өзі іздеп келіп косылды. Ол қосылыс шын сезім, әдемі, аяулы сезімнің жемісі болса да аттың жалы, түйенің қомында асығыс өтті. Екі жақсы қосылуы дүниеде сирек қүбылыс. Тағдыр екеуінің бақытын көп көрген шығар, араға саяси сыпсың өсектер кіріп, саяси арандату салдарынан патша генералының қызы совет қайраткерімен бірге ғүмырлық жүбай болуға жазбады. Екеуінің мәңгілікке бергісіз қып-қысқа махаббатының тірі белгісіндей болып дүниеге Ескендір келді. Сол Ескендір қазір он жасқа аяқ басып, туған әкесімен бірге түрып жатыр. Туган шешесі Наталья сүлу Алексеевнадан тірідей ажыраған жәдігер... Екінші неке, бүйрық екен, орыс қызы Надямен қиылды. Атақты «алашордашыл» Жанша Досмүханбетовтың балдызы еді. Ойда жоқта Орынборда танысты да, екеуі бас қосты. Ташкентте Совнарком болып түрғанда, тіпті сол Ж анша Досмүханбетовты Орынбордан көшіріп алды. Екеуі саяси полюстердің екі жағында тұрса да, жақсы жолдас, тату бажа болып еді.. 1924 жылы Түркістан республикасы тарап, бөлш ек- бөлшек отау болып, сол Түркістанның бұрынғы премьер- министр! Рысқұлов Москваға, Коминтернге шақырылып, тым-тым алыстағы Монғолияға төтенше өкіл болып кете барды.

Әйелі Надядан Софья атты қыз туды. Надя сол Софьямен қоса Ескендірді де бауырына салып қала берді. Араларын суыстырған жер алыстығы ма, әлде көңіл алыстығы ма, оған қазы лы қ айтар хәл ж оқ. 1925 жылы Рысқұлов М оңғолиядан оралған соң, Қазақстанға Совнарком болып бармақшы болды. Сол арада тағы да саяси жұлқыс-тартыс салдарынан, Голощекиннің мекерлігінен әрі-сәрі күн кешкен Рысқүлов бір жылдан соң, Совнарком Төрағасы Рыковтың орынбасары болып, М оскваға қайта оралды. Осындай шытырман шақта Н адямен арасы бір үзіліп, бір жалғасқандай жағдай еді. Өмірде кездейсоқ нәрселелердің өзінен зандылық қалыптаса беретіні белгілі. Егер Рысқүлов орынбасар болмаса, сол орынбасар Түрксиб темір жолының қүрылысын бақылап, басқармаса, сөйтіп Алматыға әлденеше рет келмесе... кім біледі, ол Әзизамен кездесер ме еді, кездеспес пе еді? Тағдыр ш іркін адамды ж үген-қүрықсы з-ақ айдауында жүргізіп, айтқанына көндіретін шығар. Рысқұлов Түрксибті салу ісіне инженер Мүхамеджан Тынышбаевты араластырды. Ол кезде Тынышбаев деген есім «Алашорда» деген ұғымның синонимі сияқты болатын. Рысқүлов Тынышбаевты Түрксиб темір жолын салудың инженері болады дегенде, Голощекин бастаған Қазақстан басшылары әлгі Тынышбаевтан ат-тондарын ала қашты. — Қалайша?!— деп қалшылдады олар.— Кешегі Алашорданың косемдерінің бірі, әрі десе, контрреволю- циялық Қоқан автономиясы деген үкіметтің премьер- министр! болған Тынышбаев Түрксибке инженер болмақ па? Қасқырға қой бақтырғанды кім көрген? Бұл Рысқұловтың әлі баяғы «уколнистіктен» арыла алмағанының белгісі емес пе? Егер зиянкестік болса ше? Темір жол сол зиянкестіктен апатқа ұшыраса ше? Күдік, күмән қардай борады. Рысқұлов айтқанын істетті. Тынышбаев өте білімді маман. Оның жобасы бойынша, темір жол қашықтығы қысқара түспек. «Ш оқпақ варианты» бойынша, Тынышбаев Түрксибті салып бітіру мерзімін бір жылға кемітпек. Қыруар пайда емес пе? Ол — ол ма, көп дос-жаран, ағайын-туған Тынышбаевты көрсе, сол қол алыспақ тұрмақ, теріс айналып кетіп жүргенде, Рысқүлов мейманханаға түспей, Тынышбаевтын үйінде жатып алды. Голощ екин таудагы дачасын ұсынып еді, одан бас тартты.

Сөйтіп, ГПУ-дың андуына қарамай, жұмыстан соң, Тынышбаевтың үйіне келіп, дем алып отырған бір сәтте қолына бір альбом түсе кетті. Іші толы фото-сурет екен. Көбісін танымайды. Танымағандарды Тынышбаевтың жігіт боп қалған үлы Ескендір (бұл да Ескендір!) таныстырып отырды. Келесі беттен жарқ етіп, екі қыздың суреті шыға келсін! Екеуі де қазақш а қамзол киген, қос бой жеткен, біріне бірі бас түйістіріп қалыпты. Егіз туған сияқты. Бір-біріне ұқсас. — Мыналар егіз бе?—деді Рысқүлов. — Ж оқ, бөле. Ш ешелері апалы-сіңлілі,— деп түсіндірді Ескендір Тынышбаев. — Осы Алматыда тұра ма? — Иә, осы Алматыда. — Туыстарың ба? — Қалай десе болады? Екеуінің әкелері папамның жолдастары болған. Мынаусының әкесі Түбек Есенғүлов, мынаусының әкесі Оразғұл Базанов. Екеуі де Қазанда оқыған. Оқу бітіріп қайтқан соң, Алматыға Қарақолдан көшіп келген бір татар саудагердің бой жетіп отырған апалы-сіңлілі қыздарына екеуі үйленген де, бір-бірімен енді бажа болған. Сол екеуінен мына Әзиза мен Нәйлә туған. — Е-е,— деді Рысқүлов суретке қадала түсіп.— Әдемі қыздар екен. Оқи ма? — Оқиды. Зоовет институтта. — Екеуі де ме? — Екеуі де. — Е-е,— деді Рысқүлов. Содан соң, Қүдай аузына салды ма:— Әзиза қайсысы?— деді. — Мынау,— деді Ескендір Тынышбаев он жақтағысын саусағымен шүқып корсетіп.— Әкесі былтыр қайтыс болды. — Шешесі бар ма? — Бар. Эрифа деген кісі. Екі інісі бар: Рашид пен Ш әміл менің достарым. Альбомдағы басқа суреттердің бәрі жайына қалды. Рысқұлов әлгі екі қыздың бейнесінен коз алмай үзақ қарады. Ес біліп, қыздарға қырындауға жарап қалған Ескендір Тынышбаев Рысқүловтың бұл қылығына іштей таң қалды. Былай қарасаң тым ересек, жасы келіп қалган кісі... Рысқұлов сонда қанша жаста екен? Отыздың төртеуі, не бесеуі. Ескендір үшін үлғайған жас. Бүлдіршіндей жас қыздарға қызыгуы ерсі сияқты. Әрі десе, үкімет адамы. Үлкен

үкімет. Ересектердің айтуына қарағанда, Қазақстанның өзі сол үкіметке бағынатын көрінеді. Оның үстіне Рысқүловтың семьясы, бала-шағасы бар болса керек-ті. — Сен мына қызды жақсы танисың ба?— деді Рысқұлов Әзиза дегенін нүсқап. — Танымағанда ше?— Ескендірдің үнінде мақтаныш лебі бардай.— Бір қалада, бір көшеде түрамыз ғой. Інілері менің достарым.— Рысқұловты қызықтырған қызды танудың өзі дәреже сияқты көрінді. Оның үстіне Рысқүлов пен өзі әкесі Мүхамеджан Тынышбаевтың арасындағы бір әңгімеге еріксіз куә болғаны бар. — Тұрар, осы сен орыстан қызды армансыз-ақ алдың ғой,— деп еді, әкесі шай үстінде қалж ың сыңайлы сойлеп.— Енді өз қазағыңнан бір қыз алсаңшы. Рысқүлов әуелі күліп алды. — Бойдақ екенім рас, Мүха. Біздей бойдақтарды орыстар «соломенный вдовец» дейді. Надямен бөлек тұрамыз. Бірақ жас болса келіп қалды... — Ой, тәйірі, со да соз бе екен?— деп Мүхамеджан Тынышбаев екпіндеп кетті.— Отыз бес деген жігіттің төресі емес пе?! Саган кез келген қазақтың қызы тиеді. Тек, ишара білдірсең болганы. — М енің өзімді қаламай, үкіметтігімді қалап тиетін қыздың маған керегі ж оқ.— деді Рысқұлов зілдене қалып. Одан әрі әңгіме немен тынганын Ескендір білмейді. Әкесі үлкендердің мұндай әңгімесіне құлақ түре берме дегендей Ескендірді базарга жүмсап жіберді. Сол жолы үйленуге пейілі бола қоймағандай көрінген Рысқүлов, енді мына суреттегі екі қыздың біріне сырттай ғашық болып калган сыңайлы. Сол жолы әлдеқалай әлгі альбом қолына түспесе... Әлгі суретті көрмесе... Кім біледі, Түрар мен Әзизаның жүлдыздары тоғысар ма еді... Тағдыр екен, тоғысты. Екеуінің танысып, түсінісіп, табысуы үзақ әңгіме... Бүл арада әкелі-балалы Тынышбаевтардың ықпалы, көмегі болмай қалған жоқ. Әзизамен бас қосты. Ақыры не боларын алдын ала білген ешкім жоқ. Ш ексіз шебер Қүдірет адамды солай жаратқан: ешкім болашагын болжай алмас. Рысқүловтың осы бақытын қызғанғандай Сталин көңілге қаяу салып қойды. «Ойлан, Рыскүлов!» деді. Енді міне, жас

айкейхмшяаг д келіншегін күндегідей аймалай алмай, төсекте ойланып жатыр. Онысы Әзизаға тосын көрінді. — Түрар, бүгін не болды саған?— деп сыбырлады періштедей жары жанында жатып. — Бір аса күрделі ауыр жұмыс басты қатырып түр,— деп Рысқүлов келіншегін шашынан сипалап, тыныштандырмақ болды.— Ештеңе етпес, кәдімгі жұмыс ғой. Үйықта, Әзиза. Бірақ өзі үйықтай алмады. Көшедегі дабыр-дүбір шу сап-сап болған, үлкен шаһар уһ деп дем алған ш ақ еді. Оқта-текте ғана, көш еден бірен-саран машина өткенде ғана болмаса, қала қүлаққа ұрған танадай. Оның өзі де ГПУ-дің қара машиналары болар... Ол машиналарға сол кездің өзінде-ақ «Қара қүзғын» деген ат тағылған. Діндарлардың дұғасына: «Қүдай «қара қүзғыннан» сақтай гор!» деген тілек кіре бастаған кез. «Қара қүзғын», жалпы қүзғын қүстың үсқыны сүйкімсіз ғой. Қүзғын коп жасайды. Момын, бейбіт қүстардан әлдеқайда көп жасайды. Сонда зүлымдыққа ізгіліктен көп жасауды жаратылысы о басында бұйырған ба... Қүзғын құс жер бетіндегі түңғыш жендет Қабылдың сүлдесі сияқты. Баяғыда, баяғы болғанда, 1924 ж ы л ғой, Ры сқүлов М оңғолстанда жүргенде, осы Түмен-Ж ырғалмен бірге елге шығып, бір араттың киіз үйінде отырғанда, тапа-тал түсте сырттан шаң-шүн, айқай-шу естілді. Үйдегілер елең ете қалған, ізінше, егде әйел екі жап-жас баланы үйге сүйрелеп кіргізді. Екеуі де аяғы енді-енді шыққан жортпақ ба- лақайлар. Сөйтсе, әлгі әйел аспаннан құзғын қүстың қалықтап жүргенін көріпті. Коре салып, балақайларды үйге қарай ала қашқан. — Неге?—дейді ғой Рысқүлов бүл әрекетке түсінбей. — Балақайларға қүзғын қүстың көлеңкесі түспесін,— дегені деп түсіндірді Түмен-Ж ыргал.— Колеңкесі түссе, жаман ырым болады. Енді міне, арада алты жыл өткенде, мына М әскеу түнінің қүшагында, жас келіншегінің жанында жатқанда, Рысқұ- ловтың есіне сол бір арат үйіндегі оқига түсті... Көзі енді ілініп бара жатыр ма еді... Үйқылы-ояу түс көрді: үп-үзын түнек туннель сияқты екен дейді. Қап- қараңғы. Туннель түгел қаз қатар ілінген дар ағаштары. Дар ағаш басында салбырап түрған тұзақ арқан. Енді бірде туннель лезде жоқ болып, баягы Мерке түбіндегі қара жол 30-626

бойы.. жол бойындағы қарағай бағана, бағанаға ілулі тұрған Тайлақ корінді. Аркадий Приходько, баяғы Наташа сұлудың боле ағасы, Аркаша асып кеткен Тайлақ. Дарға асып өлтірген адам да сөйлей ме екен. Тайлақ бірдеңе деп былдырлайды. Рысқұлов түсінбейді. Тайлақ қаттырақ, құшырлана был­ дырлайды... Рысқұлов ояна кетсе, телефон безектеп шылдыр қағып тұр екен. Түн ішіндегі бүл қайсысы? Іргедегі селдір шамды жағып, сағатына қарап еді, түнгі екі екен. — Алло, бұл кім?— Рысқұлов жақтырмай қатқылдау үн қатты. Түн ішінде шырт ұйқынды бүзса, қайдан жақтырасың? Беймезгіл дыбыстан жас келіншегі де оянып кетсе керек, төсекте жатып бір аунап түсті. Рысқұловтың қатқыл үнінен ар жақтағы кісі де тосылып қалғандай біразға дейін тіл қатпады. — Алло!— Рысқүлов трубканы тастай берейін дегенде барып: — Тюрар Рискюлович, қайыр-лы түн!— деді ар жақтағы адам. — Қайырлы түн, Иосиф... ы-ы, жолдас Сталин! Үйқылы-ояу іргеге қарап жатқан жас келіншек жылан шағып алғандай, жастықтан басын жұлып алды. Рысқүлов оған жата бер дегендей қолымен ишара етті. — Тыңдап түрмын, жолдас Сталин. — Тюрар Рискюлович, менің білейін дегенім... Мен бір кітап оқып отыр едім... Күндіз кітап оқуға уақыт ж оқ қой... Оның үстіне, тым қүрыса, сен сияқты мүғалімдер институ- тында да оқымаған адаммын... «Век живи, век учись» деген бар гой. И ә, білімді осылайша толықтыруга тура келеді. Иэ, әлгі академик Бартольд жазады: гундар дәуірі, Үлы Түрік қаганаты деген болган дейді. Д әл сол жерін оқып отыр едім... — Қызық екен, Иосиф... иә-иә жолдас Сталин! — Ө-ө-өте қызық, Тюрар Рискюлович... Сонда деймін-ау, соноу Дунай бойынан Тынық Мүхитқа дейін Үлы Түрік каганаты болган, ә? — Солай болган көрінеді... — Аһа, солай болган. Екеуі едәуір үнсіз қалды. Рысқүлов енді түсінді: бүл арбасу. Бүл — арандату. Бұл, керек болса, бопсалау. Сталиннің бұл тәсілін еміс-еміс еститін. Анастас Иванович М икоян айтып еді Рысқүловқа: Түн ішінде Сталин телефон

соғады.— Тыныштық па, Коба?— дейді М икоян.— Ты- ныштық,— дейді Сталин.— Анастас, тек сенен бір сұрайын дегенім: осы сен сол күні, Бакуде, есіңде ме, жиырма алты комиссарды ұстап әкелетін күні, сонда сен қайда болдың? — Оу, Коба, оны сен білуші едің ғой,— деп М икоян басынан бастап, соноу 1918 жылғы жағдайды түсіндіре бастайды. Сталин оны тындамай:— Ж а-а-арайды,— дейді де, трубканы қоя салады. Сөйтіп, М икоянды үрейлендіріп қоймақшы. Ал үрей қысқан адам Сталиннің айтқанынан шыкпай, айдауында жүреді де қояды. Рысқұлов Сталиннің шабуылына іштей дайындалып, дәттен айрылып қалмауға тырысты. Дәттен айрылып, абдырасаң-ақ болды, Сталин рақаттанып, аруақтанып кетеді. Адамдар түнгі ләззатты тәтті ұйқыдан, жанындағы жар қүшағынан көрер еді. Мына кісі өзі көздеген құрбандығын үрейлендіруден ләззат табатын сыңайлы. Әйтпесе, мүның да жап-жас келіншегі бар — Надя Аллилуева. Ж атпай ма тыныш... Сталиннің озімен былай тұрып сөйлесуге болмайды деді ме, әлде салқын тиіп қалмасын деді ме, Әзиза орнынан тұрып барып, гардеробтан қазақы кара шапанды алып келіп, күйеуінің иығына жапты. — Сонда деймін-ау,— деді ар жақтан Сталиннің даусы қарлығыңқырап шығып.— Сонда, Тюрар Рискюлович, әлгі сенің «Түрік республикасы» дегенің... Есінде ме, дәл жиырмасыншы жылы... И ә, сол «Түрік республикасы» дегенің осы Үлы Түрік қағанатының жаңа моделі емес пе? Атам-замандағы әңгіме. Тағы алдынан шықты! Тағ- дырың неткен сұрапыл еді, Рысқұлов. Осы сұрақ алдынан анда-санда сумаң етіп шыға келеді. Сұр жыландай суық сүрақ! Адам қорыққанда да, яки сасқанда да күлетін шығар. Рысқүлов балаша жарқылдап күліп жіберді. Оның әрбір қимылын, әрбір сөзін бағып жатқан жас келіншегі «Жақсылық болар» деп қуанып қалды. Тіпті көрші бөлмедегі қайын енесі Эрифа да есіктен баспалап қарап қалды. О да ояу екен. — О не дегеніңіз, жолдас Сталин! Қайдағы Үлы Түрік қағанаты?

— Бәсе деймін-ау, қайдағы Үлы Түрік қағанаты.— Енді Сталиннің кеңк-кеңк күлгені естілді.— Қайырлы түн, Тюрар Рискюлович. Тыныш үйықта. Сталин трубканы қойып қойды. Рысқұлов ш иқ-ш иқ еткен өз трубкасын біразға дейін салбыратып үстап, тұрып-тұрып, жай ғана ұясына қондырды. *** «Тыныш үйықта» деді. М азақтағаны ма? Тыныш ұйықтау қайда! Енді таң атқанша кірпік айқаспас. Кенет Рысқүловтың жүрегі мүздап сала берді. «Тыныш ұйықтаның» мәнін енді түсінгендей болды. Ай, осы миының шабаны-ай! Ау, «Спи спокойно» дегенді өлген адамға айтпаушы ма еді? Терең казып, тепкілеп көміп болып: спи спокойно, десіп жататын. Сталин қай мағынада айтты: алаңсыз, уайымсыз, ұйықта деді ме? Ж оқ, топырағың торқа болсын деді ме? Алғашқыдай айтқаны болса — өтірік, жәдігөйлік. Қайдан алаңсыз, уайымсыз ұйықтайсың? Соңғыдай айтқаны болса, шындыққа жақын. Демек... Жаналғыш жанынды алмай жатып, жаһаннамға жөнелт- кені ме? Неге? Не үшін? Ж едел коллективизацияға қарсы болғаны үшін бе? Қарсымын деп әлі кесіп айтқан жоқ қой. Күндіз Сталиннің кабинетінде отырғанда-ақ құрақ ұшып, құлдық үрып, әлгі қағазға қол қоя салу керек пе еді? Сталин өз ойын іске асырамын десе, Рысқүловқа күні қарап қалған жоқ қой. Сталиннің күні, тіпті Саяси Бюроның мүшелеріне де қарап қалған жоқ. Өзі қүдай емес пе? Үйықтап қалды деген Әзиза күрсініп салды. Әлгі ауыр ойлар лезде сейіліп, Рысқүлов әйеліне қарай бүрылып жатты. Әзиза да мұның бауырына тығыла түсті. Иығы дір-дір етеді. Рысқүлов үңіліп қараса, келіншегі бетін қолымен басып жылап жатыр екен. — Не болды саган? — Қорқамын, Түрар... — Қорыққаны несі? Неден қорқасың?

Рысқұлов әйелінің жылы жас жылжып аққан бетінен, көзінен сүйіп, жас балаша жүбатып, көрпемен арқасын қымтап, алақанымен жауырынынан қаққылап: — Қой енді, үйықта, үйықтай ғой,— деді. Әзиза жас шылаған ып-ыстық бетін Рысқұловтың төсіне басып, үн-түнсіз жатып, қайтадан ұйықтап бара жатқанда, иығы тағы да болар-болмас, солқ-солқ етті. Әлдебір жаман түстен шошып оянып, шар ете қалған нәресте жанында жақын адам бар екенін сезген соң, қайтадан үйықтап кететін. Әзиза да сондай хәл кешті. — Қорқамын — деді. Жүрегі түскір әлденені сезе ме? Үрей ме? Үміт ше? Үміт пен үрей қатар жүретіні несі? Рысқұлов таңғы тәтті үйқыдан дәметіп, ештеңе ойламауға тырысып-ақ еді, бірақ тағы да мұртынан мырс-мырс күліп отырған Сталинді көрді. *** Жанында — Әзиза, кез алдында — Сталин. Түнгі сағат екіде телефон соққаны несі? Тіпті сонау 1906 жылы әкесі Рысқүл екеуі патшаның түрмесінде отырғанда да надзи­ ратель түнгі сағат екіде оятқан емес... Бүл ненің, нендей сүмдықтың хабары? Қай-қайдағы Үлы-Түрік Қағанатын еске салғаны қалай? Пантюркиссің демекші ғой, 1923 жылы Төртінш і К еңесте С үлтан-Ғ алиевқа да осыны айтқан. Осы айыппен Сүлтан-Ғалиев із-түзсіз кеткен. Ол жолы Рысқүлов Сталиннің қылтікенек бұға- лығынан аман қалған. Сталин сонда тікенек бүғалықты бұған да лақтырып көріп еді, Рысқұлов дес бермей құтылып шыққан. Бүйіріне тығылып, бүрісіп қана үйықтап кеткен Әзиза ойын бөліп, көрпесін қымтай беріп еді, бәрібір қырсық ой қайтадан Сұлтан-Ғалиевтың аулына қақпалап алып келді. Сұлтан-Ғалиевтың сол сүлу келіншегі... Бақытты еді-ау сол кезде олар. Енді не болады екен? Сол келіншек не күн кешіп жүр екен? Тәңірі мына Әзизаның тағдырын соған үқсата қөрмесін. Бір жылдай хат жазып жүріп, Қазақстанға қайта-қайта барып жүріп, Әзизадай жүмақ қүсын қолына қондырып еді.

Ш іркін, о да бір келген өмірдің нұрлы шақтары шығар. Егде болмаса да ересек тарткан Рысқұлов шын жігіт заманы, «қайран жиырма бестің» заманын қайтадан бастан өткергендей болды. Ескендір Тынышбаевты жанына ертіп алып, Әзизаны іздеп, Алматыдан Көкшетауға да барды. Ә зиза сонда практикадан өтіп жүр еді... Әзиза келесі практикасын У краинаның А скания-Н ова деген жерінде өтіп жүргенде, Рысқүлов соңынан іздеп онда да барды... Соншалықты үлкен басымен қырмызыдай қыз соңына ынтызарлана түскені жазмыштың ісі шыгар. Ж азмыштан озмыш ж оқ депті. Өмір бойы ж алаңаяқ қызыл тікен кешкен қысқа ғүмырдың ең бір қымбатты кезі де сол шығар. Рысқүловқа сол қызықты да қимай күңкілдескен күншілдер болды-ау... Орталықтағы емес, ауылдан. Ж антоқов сияқты Голощекиннің жандайшаптары «Рысқүлов — феодал!», «Рысқүлов — пантюркист!» деп домалақ арызды Орталық- қа боратып жатты. Оның бәрін Сталин бі-ле-еді. Білген соң ғой түн ішінде телефонмен түртпектеп отырғаны. Бірақ жас қызга үйлендің деп кінә арта алмайды. Өйткені, ондай «кінә» Сталиннің өз басында да бар. Басты кінә қазір — пантюркизм! Ал Ж антоқовтар Рысқүловтың «пантюркист» екенін Сталиннің есіне ұдайы салып отырады. Осындайда барып есіне баяғы Ахаң түседі. Ахмет Байтүрсынов. Қинамайды, абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Осылардың бәрінен де сұмдығы — Өз аулымның иттері үріп, қапқаны»— деді-ау есіл Ахаң. Сойткен, Ахаң да қазір А қ Теңізде айдауда жүр. Бұрынғыдай араша түсерге... Бұрын бір рет, әлі Сталин күшіне кірмей түрғанда, соноу жиырмасыншы жылдардың басында Түрар Рысқүлов пен Сүлтанбек Ходжанов екеуі ара түсіп, Аханды түрмеден суырып алған. Ал қазір заман басқа... Енді Рысқұлов өз басын шырғалаңнан қүтқарып алсын. Бозарып таң да белгі берген сияқты. Көшеде маши- налардың да гүрілі көбейе бастады. Ж ауапқа дайын болу керек. Сталин жауап күтеді. Сталин көп күтуді қаламайды. Көп болса түске дейін. 470

Түске дейін Сталин жолдас ұйықтайды. Түні бойы ұйықтамайды, бірақ түске дейін ұйықтайды. Әдеті сондай. Таң ағарып атып келе жатқанда Рысқүловтың көзі ілініп кетті. Қанша үйықтағаны белгісіз. Бәлкім, бес-ақ минут, мүмкін, он бес минут. Бірақ тым келте болды. Сол келте кездің ішінде коп түс көріп үлгерді. Бәрі есінде жоқ. Есінде қалғаны — түрлі-түсті қаламдар. Түрлі-түсті: кок, сары, жасыл, қоңыр қызыл, қызғылтым, көгілдір, сарғыш, коңырқай қаламдар. Аспан мен Ж ердің арасын тіреп тұр екен. Барлық түрдің қосағы бар сияқты. Мысалы: көк- көгілдір, сары-сарғыш, қызыл-қызғылтым т. с. с. Тек қара түрдің ғана қосағы ж оқ — жап-жалғыз, қап-қара. Ж ападан жалғыз. Қап-қара. Басқа балама жоқ. Ескендірдің тапсырмасы есіне түсті... Сталин айтады: — Рискюлов, давай, қап-қараңғы бөлменің ішінен қап-қара мысықты іздеп тап!— дейді. Рысқүлов айтады:— Жолдас Сталин, егер қап-қараңғы бөлменің ішінде қап-қара мысық ж оқ болса не істеймін?— дейді. — Бәрібір іздеп тап!—дейді Сталин. Сталин бүдан екі жарым мың жыл бүрын жасаған қытай философын қашан, қайда оқып үлгірген? БАС ТІГУ I Рысқүлов кабинетінің терезелері күнгей жаққа шығушы еді. Стол басында үзақ сарылып отыра бермей, кей-кейде түрып кетіп, терезе алдына барады. Ең алдымен көрінетіні соборлардың алтын сары күмбездері. Әсіресе, бүлтсыз күні жарқ етіп, көз қарықтырады. Собор қоңыраулары үнсіз салбырап тұрады. Қоңыраулар үн қатпагалы қашан. Тілін кесіп тастағандай мелшиіп қалган. Көне қоңыраулар... Коне тарих куәлары. Бірақ сөйлемейді. Қоңырауларға әлдеқалай адам тілі бітсе, олар соноу алыс замандар хикаясын әуендетер еді. Қаһарлы Иван Грозный патша... Борис Годунов. ¥ л ы Петр Бірінші... Әйел патшалар... Еңсоңғысы Николай Екінші такка отырып, тәж кигенде де безілдеген бұл қоңыраулар...

Бұл суреттер Рысқұловтың ойында сәл ғана қылаң беріп өте шығады. Аспанда дөңбекшіген сұр бұлттар көшіп жатыр. Қар жауатын шығар. Ж аңа қар түссе Клязьмадағы дачаға барып, Әзизамен шаңғы тебуге шықпақшы. Өйткені, ертең демалыс. Содан соң барып, Рысқүловтың көзі Сталин кабинетінің терезесіне түсті. Терезелері қарама-қарсы. Арасы онша қаш ық та емес. Бір-бірімен терезелерін ашып қойып, сөйлесуге де болатындай. Бірақ, сөйте түра, екі ара тым-тым алые. Дауыс жетпес... Сталин кабинетінің терезелері сарғыштау перделермен ұдайы тұмшаланып тұрады. Перденің ысырылғанын Рыс- қүлов бір де бір рет көрген емес. Д әл осы арадан Сталин терезесін көргелі міне, жеті жылдың жүзі болып барады, бірақ сарғыш перде сол қымтаулы қалпынан бір де айныған емес. Сарғыш перденің ар жағында жарты әлемнің тағдыры шешіліп жатады. Бір адам, он адам, жүз адам, мың адам емес, миллиондаған жандардың бақытты болуы, яки сорлап қалуы сарғыш перденің ақ жағына байланысты... Қыстың қысқа күні ерте еңкейіп, дала күңгірт тартқанда сарғыш перденің ар жағынан шамдалдар сәулесі себезгілеп белгі береді. Сол шамдалдар кейде түн ортасына дейін сөнбейді. Сталин аш құрсақ таңнан бастап, түн ортасына дейін талмай жүмыс істей беруге жаралған қажымас жан. Соны көріп, басқа басшылар да аянбайтын болуы керек, өйткені олардың да терезелері самаладай жарқырап түрады. М олотовтың қабинеті, Кагановичтің кабинеті... Кремль аз ұйықтайды. Кремльде мүлгіп тұрған, тек соборлар ғана. Алғашқы кезде Рысқүловтың жас келіншегі бүр- тиыңқырап, қабағы кірбің тартып жүрді. Рысқүлов үйіне түн ортасында оралады. Түн ішінде ұйқысыраған келіншегі шай қойып жүреді. — Қ ы зм ет деген кеш кі сағат алтыға дейін бітпеуші ме еді?— дейді. — Ж ұмыстың реті солай болып қалды, Әзюшка,— деп Рысқүлов келіншегінің албыраған алма бетінен сүйіп-сүйіп алады. Ж аңа ғана төсектен түрған сұлу жардың қолаң шашын, жұп-жүмыр мойнынан иіскейді. Емшектен әлі шықпаған нәресте иісі аңқығандай болады да, Рысқұлов ішпей-жемей, масаң тартады.

Кейін-кейін Рысқұловтың қызметтен кеш қайтуына Әзиза да көндіккен. Кремльдің жұмыс тәртібі өзінше екеніне оның да көзі жеткен. Сонда да болса, соңғы бір апта ішінде күйеуі үйге тым-тым кеш оралатын болып жүр. Ж онін сұрайын десе, оның ретін таппайды. Өйткені, бұл Рысқұловпен бірге омір сүріп келе жатқан үшінші жылдың жүзінде Әзиза Тұрардың мінезіне әбден қанықты. Жүмысқа пәруана берілген жан екеніне де сенді. Кейбіреулер сияқты қызметті сылтау етіп, суық жүріспен кетіп қалмайтыннын да қалтқысыз біліп болды. Рысқұлов қызметке белшесінен батып жатса да, үй-іші, от басы, ошақ қасын, алтын босағасын ықылассыз қалдырған емес. Жас келіншегімен қолы сәл босаса театрларға барады, демалыс күндері Москва төңірегінің қалың ормандарын аралайды, достарының үйіне қонаққа алып барады, не керек, Әзиза оның аймалауынан кенде емес. Бірақ адамның бір аты — пенде. Пенделікпен кей-кейде көңілге күдік кіргіштейді. Әсіресе, осы соңғы аптада... Міне, Рысқүлов болса, Сталиннің кәбинетінің терезесіне қарап сарылғанда, екі көзі торт болғалы да бір апта... Осыдан бір жеті бұрын, Рысқұловты отініші бойынша Сталин қабылдады. Біраздан бері коріспеп еді, екеуі хал-жай, амандық-есендік сүрасып, едәуір шүйіркелесті. Сталин тіпті тоқпақ мұрты бүлк етіп: — Ж ас келіншегіңнің жайы қалай?— деп әзілдеп те қойды. — Қайдағы жас, Иосиф Виссарионович, қосылғанымызға үш жылдай болып қалды емес пе,— деп Рысқүлов та еркін кетті. — А, солай ма, күні кеше сияқты еді, зымырап бара жатқан уақыт-ай,— деді. Сталин трубкасын уыстап тұрып, ойланып қалып. Содан соң, бір көзін сәл қысыңқырап, сүрайын ба, сұрамайын ба дегендей, біраз кідіріп барып: — Балалы болған шығарсындар?— деді. — Ж о-о-қ, иә, әйелім екіқабат, ай-күніне жетіп отыр,— деді Рысқұлов ә дегенде мүдіріп барып шешіліп. — О, онда жақсы екен. Аман-есен босанса, шілдеханада мен үшін де бокал шарап көтер,— деп коңілденіп қалды Сталин. — Рақмет, Иосиф Виссарионович, аман-есен босанса... 4?з' , - ,^

Адамдар арасын дәнекерлеп, әңгімеге шырай беретін сөз осымен тәмамдалып, енді қатал өмірдің қатыгездеу тілімен сөйлесу басталды. — Иә, келген шаруанды айт, менің қабылдауымды катты талап еттің ғой,— деді Сталин енді сұсты кейпіне қайта оралып.— Алғашқы өтінгеніңде-ақ қабылдар едім, бірақ мүмкіндік болмай қалды. С әл-пәл күтіп қалдың білем, оған ренжімессің, жағдай солай... — М енің қадала өтінгенімді кешіріңіз, жолдас Сталин,— деп Рысқүлов та қату пішінге көш ті.— Сізге бір күн, бір апта емес, бір сағатқа болса да негүрлым ертерек кірсем бе деп жанталастым. Сталиннің оң қолы оқыс ыршып түсіп: — Не боп қалды соншалықты?— деді. — Қазақстанда жағдай өте ауыр, жолдас Сталин. Міне, мына хаттың ішінде бәрі айтылған. Бәрін ауызша баяндап, асыл уақытыңызды алып негыламын. Тек өте-мөте өтінерім: осыны оқып шығыңыз,— Рысқүлов былгары папканың ішінен бір десте қағаз алып, столдың үстіне қойды. Бірінші бетінде баспахана әрпімен басылған: «Тұрар Рысқүлов, РСФСР Совнарком төрағасының орынбасары» деген жазудан соң, текст машинкамен басылыпты. Барлығы 33 бет қағаз екен. С талин осы ны ң бәрін оқу керек пе, дегендей десте қағазды саусақтарымен, қиясынан бір сындырып отті. —Тағы да өтінемін, біреуге сілтей салмай, тек өзіңіз оқып шықсаңыз екен. Сталин бұл тақақты жақтырмай қалды. Зілді сарғыш көзін сығырайтып, Рысқұловқа бір қарап алды. — Болды, бір сөзді қайталай берсең қадірі кетеді,— деп бүрқ етті. Рысқүлов үн қатпады. Тіпті «кешіріңіз» де демеді. Сталин мен Рысқүлов қатынасының шекарасы осы түс екенін шамалады. Одан әрі асуға болмайды. Сталин басқа біреу болса, әлгіндей өтініш тің өзін қатал талапқа балап, шарт ете қалар да еді, десе де Рысқүловқа келгенде ол өзін өзі сәл де болса тежер еді. Қ орыққандықтан емес, әрине. Рысқүловты ол өзінше, сыйлайтын. Сталин басқаларга қимайтын, қия бермейтін ықыласын бұған қиғанның өзінде де Рысқүлов 474

риза болмай қалды. Өйткені, Сталин: «болды» деп сой- лейтпей тастады. Оның дөрекілігіне лайық жауап қатайын десе, оның ретін таппай, жауап катпайын десе есесі кетіп, Рысқұлов тұнжырап қалды. Әттең, бұл да тіл қатар еді, бірақ ана хаттың тағдырын ойлап, тілін тістеді. Амал жоқ. Өзінің бір жәбірленгені бір елдің өмірін сақтап қалар болса, бұл жәбірдің не түріне де көнуге даяр. Міне, сол бір әңгімеден бері алты күн өтіп, жетінші күн де жетті. Алты жылға, жоқ, алты ғасырға бергісіз алты күн өтті. Рысқұлов өмірінде нелер зарығу, сағына-сағына күту шақтары болды ғой. Ол өмір бойы әлденені күтумен келе жатқан жан. Дүниеде ештеңе күтпеген жаман. Бала шағында Сібірге айдалып кеткен әкесін тосумен тым тез есейді. Әкесінің жолын жылдар бойы тосу, оны шыдамдылыққа шындады, темірдей төзімге төседі. Асылы, аз өмірдің әр таңын, әр сағатын асыға күту де абзал шығар. Әйтпесе, уайымсыз, күтусіз, сағынусыз өмірде не мән бар... Алдан атар әр танды, шығыстан шығар әр күнді алтыннан да арқалап күткен бір жан болса — ол Рысқұлов. Ол күтуге төзімді-ақ. Бірақ бү жолы төзбеді. Төзбегенде — не істейді? Сталинге:— «Неге жауап бермей жатсың?»— дей алмайды.— Алты күн өтті ғой, менің хатымды әлі оқып бітпедің бе?»— десе жарасар еді, айта алмайды. Міне, күтудің азабы! Әкесін жылдар бойы зарыға аңсағанда да бұлай азаптанбаған. О, Рысқұлов төзе біледі. Төзгенде қандай?! Осы Әзизасының «иә» деген қы п-қы сқа бір-ақ сөзін ол бір жылдан аса зарыға күтті. Жүрегі бір болғыр елжірей, шым-шым сыздап, лүп-лүп тыпырлап, сағыныштың күн батардағы қызғылтым сәулесіндей мүңға бөленді. Ақ Самарадағы досы Ақмар айтқан әндегі: Ақ шапақ атқанда, Қызырып күн батқанда. Күзләрім тик сине излиләр...— дегеннің дәл өзі болды. Ғашықты күту — қасиетті, Қүдайдай құдіретті сезімнің сәттері гой. Ондай сәттерді заңғар көктің өзі, көктегі Күн мен Ай, ғашық жұлдыздар қолдасын. Ал мына күту басқа-а-а... Бүл үрейлі күту... Дәлірек айтқанда, үрей мен үміт. Екеуі екі дүние: біреуі — Түн, біреуі — Күн сияқты. Екеуін де жасай алатын бір-ақ адам. Ол —

Сталин. Құдайдан несі кем? Үрейлендірем десе, үрей- лендіреді, үміттендірем десе, үміттендіреді. Ол ғой Рысқүловтың хатын тым үзақ болса да окып шыкты. Оқы- мауы мүмкін емес. Рысқүлов арзан сөздің адамы емес екенін Сталин біледі. Оның білмейтіні кем де кем. Бәлкім, білмейтіні ж оқ та шығар. Ол сонысымен қүдіретті. Ол хатты оқыды. Бірақ неге тым-тырыс? Үнамаса — қаһарланар. Ал Сталин қаһарланса, жарты әлемнің астан-кестеңін шығара алады. Ж алгыз Рысқүлов ол үшін кім? Қоңырауды бір басып қалса бітіп жатыр. Қоңырауды бір басып қалғанда, бір ауыз сөзді кімге айтарына байланысты. Егер Ягодаға:— «Ана, Совнаркомдағы Рысқұловтың көзін құрт!—десе, бітіп жатыр. Ягода — ОГПУ. Кешегі өткен Ф еликс Дзержинскийдің ВЧК-сы бүгінде ОГПУ аталады. О ның бастыгы М енж инский деген кісі еді. Дзержинскийдің тікшіл қасиеттерінің жұқанасы сол М енж инскийде сақталып еді. Бірақ ол қазір дертті. Іс басынан кетті десе де болады. М енжинскийдің қызметін енді оның орынбасары Ягода деген атқарып түр. М енжинскийдің енді қайтып көтеріле алмасын білген орынбасар қазір тым-тым пысық, тым-тым тіл алғыш, тым-тым көзге түскіш. Сталиннің айтқанын екі етпес. Тіпті оның айтқаны дұрыс па, бұрыс па, бір сәт те ойланып жатпас. Айтылды — болды, мүлтіксіз орындар. Бүрын ЧК-ның мандайшасында Дзер- жинскийдің қанатты сөзі жазулы түрар еді: «Чекист! Басың салқын, жүрегің ыстық, қолың таза болсын!» А, Ягода, қазірдің өзінде-ақ қолын жазықсыз қанға былгап алды-ау... Рысқүловтың хатында Сталинге үнамайтын, тіпті оның жынына тиетін ауыр-ауыр сөздер бар. «Ау, байтақ, еліңнін бір шетін өрт алып жатқанда, кабинеттеріңе шалқақтап кіріп, шалжиып шыгатындарың қалай?» дейтін сияқты Рыс­ ку ловтың кейбір создері. «Егер КСРО дейтін елдің бір шетіне жау басып кіріп, халқын қырып жатса, әрине, қол қусырып, қарап отырмайсындар ғой. Қолма-қол согысқа кірісіп, елдің шекарасын қоргайсыңдар ғой. Ал енді Қазақстанга шеттен жау шапқан жоқ, бірақ халқы қырылып жатыр. Бір ауыл, екі ауыл, тіпті бір аудан, екі аудан болса ештеңе емес, тұтас республика апатқа үшырады. Құртып бара жатыр. Ал сендердің бүл отырыстарың — қай отырыс?!

Рысқұловтың хатындағы сөздерді кәдімгі иманды жүрек тіліне аударғанда мағынасы осылай болып шығады. Ал оны Сталин түсінбейді емес. Сталин тү-сі-не-е-ді. Ал түсінді дейік. Ендеше, неге дабыл қақпайды? Нарком- дарды неге аяғынан тік тұрғызбайды? Саяси Бюроға шақырып алып: «Қазақстанды қырғыннан құтқарыңдар!— деп, әдетінше бір-ақ кесіп неге айтпайды? Рысқүлов Сталиннің терезесіне тесіле қарап тұрып, осы ойга кетеді. Кейде бүл ойлар өзіне де күдікті болып, осы мен бүра тартып бара жатқан жоқпын ба, деп сескеніп те қалады. Бірақ ой тежеуге көнбейді. Сүңғыла ой тасқындап келе береді, келе береді. Бүл шақшадай басқа Қүдай мүншама шексіз ойды қалай сыйгызған? Ал бүлай ойламайын десе, Сталиннің пейілі таза, ниеті түзу дейін десе, «ойбай, өлдім!» деп шыңгырған жан даусыңа селт етпейді. Бұл қалай? Алты күн өтті, жетінші күн де сұр бұлттардың арасынан ауру көздей кіржиіп, үясына кіріп барады. Сталиннен хабар жоқ. Телефонный, трубкасын көтеріп: — Рысқұлов, сенікі дұрыс, яки бұрыс,— деген бір-ақ сөзі жетіп жатыр гой. Мейлі, телефонның трубкасын өзі көтермей-ой қойсын, әлгі қысыр жыландай атырылып түрған ысқаяқ көмекшісі Постов деген бар емес пе? Соган тапсыра салса да болды гой. Ал Постовтың өзімен сойлесейін десе, о да қауіпті. — Жолдас Постов, өзіңіз білесіз, осыдан алты күн бүрын мен Сталин жолдаста болганмын. Хат қалдырып кетіп едім. Соның тагдыры не болды екен? Білмейсіз бе?— деп сүрай салуга болады, әрине. Онда түрган не бар? Постов сол үшін отырган ж оқ па? Ж оқ. Постов қиын. Постов тіпті Сталиннен де қауіп- тірек. Постов наркомдармен Сталиннің атынан сөйлеседі. Мысалы: — Жолдас Ягода! Сталин жолдастын тапсырмасы! Рысқүловпен шұгылданыңыз,— десе, бітті. Сталин ондай тапсырма берді ме, бермеді ме, Ягода оны Сталиннің озінен сүрап, анықтап жатпайды. Тіпті анықтагысы келген күннің өзінде оған батылы бармайды. — Сен немене, Постовқа сенбейсің бе?! Неге тақақ- тайсың? Өстіп қалуы мүмкін гой. Әбден мүмкін.

Сталинге жолыққан сайын, Рысқұлов Постовтың алды­ нан өтеді. Көзілдірігі дөңес, қалың әйнекті. Линза сияқты. Сондықтан көзі кейде тым үлкен, кейде тіпті бітік сияқты боп көрінеді. Көз атаулы жоқ, тек шыны. Екі беті талаурап, сыздап тұрған шиқандай, шертіп қалсаң, таре кетердей болып түрады. Сүлулықтан, әсемдіктен сезімі нейбет қалмаған, әжептәуір талғамы бар. Сталин әлгі беттен қалай жиір- кенбейтіні таңқаларлық. Баска кісі қүрып қалған ба? Сталиннің кабинетіне кірерде, Постов Рысқүловқа тіл қатпай қарап қалады. Коз емес, дөңес шыны қарайды. М үмкін, ол рентген сияқты бірдеңе шығар. Рысқұловтың бойында кару бар ма, ойында бөтен пиғыл бар ма, соны біліп қоятын бір сүмдық аппарат шығар. Әйтеуір, Рыс- құлов Постовтың алдынан өткен сайын тұла бойы түршігіп кетеді. Рысқүловтың есіне түседі... Ленинге алғаш рет жо- лы ққаны ... Ол кезде, тым жас еді. Л ениннің қабылдауына кірерде, қабылдау бөлмесінде отырғаны есінде. Аздап абыржып еді. Бірақ қоры ққан жок, қысылды рас. Ленинмен түнғыш рет кездесерде пайгамбар болсаң да қысыларсың... Сонда, Фотиева деген кісінің ақылдысы-ай. Түркістанның жас басшысының абдыраңқырап түрганын байқап: — Саспаңыз, жолдас Рысқүлов. Ильич батыл болғанды үнатады, еркін үстаңыз өзіңізді,— деп еді. Ж әне мүны сондайлық бір достық ниетпен, туған апасындай аймалап айтқан сияқты еді. Енді, о да бір елес, алыс арман. Ж айдарман жақсы сөздерді сағынасың. Ендігі сөздер, тек жабырқатуга жаратылгандай, бәрі қатал, бәрі бүйрықтай естіледі. Ж оқ, Постовқа телефон соқпас. Сонда қандай амал бар? Арага Сулимовты салып корсе қайтер еді? Сулимов РСФ СР Совнаркомының төрағасы, Рыковтан кейін келді. Рыков Сталиннің қаһарына ұшырады. Лениннің барында Сталинмен менсінбей сойлесетін Рыков енді куғында жүр. Бүл жарық дүниеде көретін сәулесі, тататын дәмі қашан таусылары ғана белгісіз, әйтпесе келмеске кеткенмен бірдей. Оның орнына келген Сулимов та біршама тәуір кісі. Рысқүлов айтқанда Қазақстандағы қазіргі жағдайға қанығып, кәдімгідей қабырғасы қайысты. Тіпті күйінді, опынды. Бірақ іске араласа қоймады. Тек: —Түрар Рысқүлович, бүл іспен өзің шүғылдан. Мен саган мүмкіндік берейін,— деді орынбасарына.

Рыковтегідей азу Сулимовте жоқ. Сірә, азулы болу да зиян шығар. Азу тісінді қағып алып, қаңсылатып қоятын қаталдық шығып тұр. Сулимов содан қорқады. Алдында көріп калганы бар. Соның кебінін кигісі келмейді. Ал Молотов ше? Вячеслав Михайлович енжар кісі емес, елгезек. М інез де жайлы, зілсіз көрінер. 1926 жылы Рыс- құловты Қызылордадан іздеп тауып, телефонмен сойлескен осы Молотов. Саяси Бюро Рысқұловты М оскваға жаңа қызметке шақыру туралы шешім қабылдағанын, Рысқұловқа алғаш хабарлаған Молотов. Артынша соның қолы қойылған телеграмма да келді. Телеграмманы алып, Рысқұлов Голощекинге кірді. — Міне, Филипп Исаевич, мынандай қағаз келіп тұр,— деді. Голощекин қиналған болды. — Сен сияқты қызметкер өзімізге де керек қой. Бір жағынан қуанып тұрмын. Біздің кадр жоғарылап, Одақ басшыларының бірі болып жатса — қуану керек. Бірақ мұнда жергілікті кадрлардың буыны әлі бекімей жатқанда, сен сияқты аса білікті адамның кетіп қалғаны, шынымды айтсам, қабырғама батады. Рысқұлов ойлады: «Шынынды айтып түрған жоқсың, Филипп Исаевич, аярлық жасап тұрсың. Мен Моңғолиядан қайтқан соң, осыдан алты ай бүрын, М осквадан Қ азақ ССР Халық Комиссарлары Советінің төрағасы мандатымен келгенде, байбалам салып, Рысқүловтан бас тартқан кім еді? Маған Нығмет Нұрмақовтың да, Түрар Рысқұловтың да керегі жоқ!—деп от басқандай ойбайлаған кім?» Рысқүлов кекшілдікке бармады. Бүл ойын дауыстап айтпады. — Рақмет, Филипп Исаевич, аз уақыт тағы да қызметтес болдық. Енді Москваға жүріп кетуге рұқсат етіңіз. Қош- тасқалы келдім,— деді. Голощекин теке сақалы дірілдеп, кәдімгідей кемсендеп келіп, Тұрарды кұшақтап қоштасты. Сөйте тұрып, пенде- шілік танытып: — Пәтерді кімге қалдырасың?— деді. Крайкомның бірінші хатшысы пәтерді емес, қызметінді кімге қалдырасың десе жарасар еді, оны айтпайды. Оны Рысқүлов өзі айтты. 479

— Пәтерді Сәбит М ұқановқа қалдырдым. Үйсіз-жайсыз қиналып жүр еді. Сол кірсін,— деді. — А-а, дүрыс, мейлі, мейлі— деді Голощекин. — Ал артықтау болса да айтайын, «Еңбекші қазақтың» редакторлығын да соған қалдырсам болар еді, әрине, оны Крайком өзі шешетін мәселе. Сәбит болмаса, Бейімбет Майлин. Ол орынбасарым ғой, істей алады. Голощекин тыжырынып қалды. — Ж антоқов аузыңа неге түспеді, Тұрар? Ол жақсы журналист, профессионал сыншы емес пе?— деді. — Ж антоқов — жағымпаз. Ол әсіреқызыл. Ол өзінің шыққан тегінен қорқып, безінгені сонша, әйтеуір советке жағыну үшін, әрдайым асыра сілтеуге бейім. Ол қауіпті. — А-а.—деп аңқиған болды Голощекин,— ондайы бар ма еді? Байқамадым, байқамадым. Өте сыпайы, өте интеллигент жігіт. М үмкін, мүмкін, бәрі де мүмкін... Иә, Молотов... Бірақ, о да пенде. Әлі оның жанында жатқан жан жарын Сталин халық жауы деп жариялар. Сонда М олотов оз әйелін қорғап, бір ауыз сөз айта алмас. Сол Молотов Рысқүловтың жоғын жоқтап, Сталинге батылы барып, сөз сөйлей қояр ма екен... Енді бір сөзі өтеді дейтін кісі Лазарь Каганович. Бірақ Сталиннің алдында ол да именшек. Туған бауырын халық жауы деп жатқанда, о да ара түсе алмай, Сталинге бас шүлги беруден әрі аса алмас. Рысқүлов күңіренте күрсініп салды. Күні кеше бар еді-ау, сондай ерлер... Сталинге именбей кіріп, батыл-батыл сөй- лесе алатын ерлер қайда бүгін?.. Фрунзе жоқ, Куйбышев жоқ, Дзержинский... Сталин кабинетінің сарғыш перделі терезесінде шамдар ж арқ етті. Демек, Сталин әлі отыр. Ш ам жанғанда Рысқүловтың жүрегі бүлк ете қалды. Ж ақсы нышан. Сәуле шашырады ғой. Ж арық сәуленің қымбаты-ай. Ж арық сәуле коре алмай кеткендер қанша... Кабинетіне шамдалдар сәулесі төгілгенде Сталиннің коңіл-күйі котеріңкі, мейірлі тартар ма екен? О да ет жүректі адам, о да жоқ-жетім; кемтарлық көрген, халықтың қайгы-мүңын корген, әді- летсіздіктен күрес жолына түсіп, айдаудың, қугын- сүргіннің, түтқынның азабын ш еккен... Соның бәрі Әділет жолы үшін емес пе еді? Енді әділет патшалыгын орнату — орнатпау өз қолында түрган шақта, неге Әділет патшасы

болмайды? Қазақстандағы миллиондаған адамның күйзе- лісіне қабырғасын неге қайыстырмайды? Рысқұлов тәуекел деп тас жұтып, Сталинмен тікелей байланыстыратын қара телефонға қол соза бергенде, кабинет есігі ашылды да, көмекші жігіт: — Тұрар Рысқұлович, қалалық телефонды алыңызшы,— деді. — Кім сүрайды?— Рысқұлов оның беймезгіл киліккенін жақтырмай қалды. — Қазан вокзалының бастығымын,—дейді. — Оның менде қандай шаруасы бар? — Өте керек дейді. Елден қарындасыңыз келсе керек... — Қарындас? — Иә. Рысқүлов әуелі сөйлескісі келмеп еді, енді, амал жоқ, ақ телефонға қол созды. — Рысқүлов тындап тұр! II - Ж алпақсаз станциясының басы ыңырсып түр. Айнала аш-жалаңаш. Бәрі пойыз ториды. Ж алпақсаздан өрт ал- ғандай, сол өрттен қашқандай, тым-тырақай, жан-жаққа безіп жатқан жүрт. Пойызға ұмтылуға жарамай, вокзал басында қисайып, қылжиып жатқаны қаншама. Біреуді біреуі сүйеп, мүсіркеу кем. Жан тәсілім еткендерін арбаға салып, әлде- қайда әкетіп жатқан бірер санитар-сымақтар гана бар. Әлдекім өліп жатса, одан бір пәле жүга кететіндей, адамдар анадайдан айналып өтеді. Вокзал бастығы да сорлап жүр. — Кет, кет!— деп қаңгыбас аштарды ары қуады, бері қуады. Бірақ аш адам ештеңеден қорықпайды. Оған бәрібір. Сол вокзал бастығы Түйметайды үйелмелі-сүйелмелі бес баласымен Алматы — М осква пойызына әрең міңгізді. Оның өзінде Рысқүловтың карындасы екендігін білгендіктен ғана, Рысқүловты сыйлағандықтан ғана. Әйтпесе, Түйметай сияқтылар коп. Оның бәрін вокзал бастық пойызга мінгізе бермейді. Вокзал бастық — осы Мерке маңының ежелгі орысы — Тимофей Селиванов деген кісі еді. Ол Рысқұловты ертеден,

соноу 1916 жылдан білетін. Оның осындағы көтеріліс басшысы болғанын да біледі. Ал Түрксиб салынғанда Тимо­ фей Селиванов аса озат жұмысшы ретінде Рысқұловтың қолынан орден алған. Енді мына дүрбелең заманда, сол Рысқұловтың туған қарындасы едім, деп келген Түйметайдың меселін қай- тармай, билет алып беріп, пойызға отырғызды. Әйтпесе, пойызға іліну қайда... — Әй, бишара, балаларың тым жас екен. Москваға жеткенше өлтіріп алмасаң жарар еді,— деп, айнала аштардан жасырып, бір бөлке нан, бірнеше түйір піскен картоп берді.— Айрылып қалма, аштар тартып алып, жеп қоймасын,— деп пысықтады. Түйметай шамасы жеткенше алғысын жаудырды. — Ауылдан ағайыннан сен жақын болдың-ау, Тимофей, мың да бір рақмет саган. Орыс та болсаң, туғанымнан кем көрмеспін. Осыдан аман оралсам, жақсылығыңды қайта- рармын,— деді. — Болды, болды. Тірі жүрсек, сол олжа,— деп Тимофей кәдімгідей көңілі босады.— Түрарға аман-есен жетсең, елдің жағдайын айт. Осындай бір нәубет күн туды біздің елдің басына. Үлкен жерде отыр ғой, қол ұшын берсін еліне. Ж алпақсаз вокзалының бастығы Түйметаймен осылай деп қоштасты. *** Рысқүлов бір топ адамды ұлардай шулатып үйіне алып келгенде, үйдегілер үрпиісіп, шошып қалды. Әуелі үн қатқан қайын енесі Эрифа болатын: — Бұларың кім тағы да, Тұрар-ау? Қайдагы қайыр- шыларды, қайдан жинап алғансың?—деп ренжіп жатыр. — Апа, бұлар қайыршылар емес,— деді Рысқұлов іштей ызаланса да сабыр сақтап, қайын енесіне неғұрлым сыпайы сөйлеп.— Мынау менің туған қарындасым Түйметай. М ыналар балалары. Айтып едім ғой, Түйметай деген жалғыз бауырым бар деп. Сол осы. Эрифа шошынғандай шегіншектеп, қолын ербендете: — Астафаралла!— деді.— Ишанмаймын, Тұрардың қарындасы осындай ма? 482

Тұрардың жас келіншегі Әзиза шешесінің бүйірінен түртіп қалып, қой дегендей, ернін тістеді. Эрифа: — Ишанмаймын,—деп даусын бәсендетті. — Ерді кебенек ішінде таны деген, әни, бүлар ажалдан қашып келді. Қайырымды болыңыз,— деп Рысқүлов ошарылып түрған жүдеу жандарға бүрылып, Түйметайдын қолындағы баланы алып: — Ал, шапанынды шеш,— деді. Түйметайдың үлкені Нүрбеделге де:— Сен де шешін. Әзиза, сен ана кішкен- тайларына көмектес. Жайғасып отырған соң, танысып-білісе жатарсындар. Тездетіп тамақ бер. Ал менің шүғыл жүмыс- тарым бар. Тезірек келуге тырысамын. Айтпақшы, Әзиза, бүларды ваннаға шомылдыр. Киімдерін ауыстыр. Ескілерін сыртқа шығарып таста. Өзің білесің ғой... Осыны айтып, Рысқүлов есікке беттеді. Кетіп бара жатып Түйметайға: — Ал енді, көз жасынды көл қыла бермей, тәубаңа кел, жайғасып дем ал. Осы үй сенікі,— деді. — Қайдам,— деп Түйметай кемсендеді.— Енді ғана көріскенде, бізді тастап қайда кетіп барасың? М ыналарың жатырқап түр ғой. — Жатырқамайды. Мынау Әзиза жеңгең біледі. Бар жағдайынды жасайды. Мен қызметтегі адаммын ғой. Мені жүрт күтіп отыр. «Жеңгең» дегендегісі уыздай жап-жас келіншек. Түйметай оның шешесіндей. Түйметай қартайып түрған жоқ. Қартайтқан дүния азабы еді. Ж еңгесінің жүзі иманды екен. «Түсі игіден түңілме» дегендей, Түйметай енді мүңайып Әзизаға қарады. Ал, ә дегенде шапылдаңқырап, жақтырмай қалған кексе әйелден әлі күдіктенеді. Тілі бөтендеу екен. Бірақ түріне қарап, Әзизаның шешесі екенін, өзіне қүдағи екенін пайымдады. Кезінде кербез, сүлу болғаны көрініп-ақ түр. — Атың кім?— дейді Әзиза шашы, тырнағы өскен, түксиген балаға карай күлімсіреп. — Нүрбедел,—деп дүңк етті бала мүрнын тартып қалып.— Қарным ашты. Бұл баланың сәлем сөзі еді. Бүл оның мына биязы келіншекке: «Мен аш адаммын. Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Ат сүрасып, жөн сүрасып, сызылып түрмай, шын

жаның ашыса, өзек жалғар бірдеңе бер» деген тілегі де, талабы да еді. — Қ оя тұр-ей, жүгірмек, қырқына шыдап, біріне шыдамайсың ба? Онсыз да ана кісі бізді жақтырмай тұр,—деп Түйметай Эрифаны нүсқады. — Олай демеңіз, құдаша. Сен Тұрардың қарындасы болсаң, бізге жат емессің. Әуелі танымай жатқанымыз ғой,— деп райға келді Эрифа.— Ау, аузым аңқиып түрып қалыппын ғой, шай қояйын. Эй, Рашид, Ш амиль, Ескендір неғып сілейіп түрсындар, стол дайындап, орындық қойындар. Осы үйде мұнша адамға орындық жетер ме екен? Әй, Әли, осы үй көшіп жатса да сенің былқ етпейтінің-ай! Эрифа түкпір бөлмеде пионино тыңқылдатып отырған балаға да бір тиісіп кетті. Рашид, Ш амиль дегендері, сөйтсе, Эрифаның балалары, Әзизаның інілері екен. Рашиді он торт-он бес шамасында. Ш амиль Нұрбедел қүралпы — он екіде екен. Сол шамадағы Эли деген бала Әзизаның туған болесі корінеді. Мұның бәрін кейін Түйметайға Эрифа айтып берді. — Ал анау Ескендір,—деді Эрифа кенет сыбырлап қана,— Тұрардың бүрынғы орыс қатынынан қалған. Кордің бе, құдаша, Тұрардан аумайды. III Рысқүлов Сталинге жолығуға құштар емес. Қызмет бабы болмаса, ісі түспесе, әрірек, аулақ жүрер еді. Алмай-бер- мей арақаты нас сондай. Тагдырдың ісі екен, Рысқүлов 1920 ж ы лды ң аяғы нан бастап, бетпе-бет қы зметтес болды. Сталин — нарком, Рысқүлов — орынбасар. Ж о-жоқ. Сталин оны қорлап, зорлап, сарсаңға салган емес. Қайта алғашқы кезде қолдап, түркістандық ескі «достардың» бәле-жала- сынан қорғаштап та жүрді. Бірақ бауырына да тартпайды, сыртқа да теппейді. Кобіне зілмауыр, ауыр мінезді кісі кейде ақ жарқын тартып, ара-түра әзіл-қалжыңға да барып, Рысқүловты коргенде «А-а, Тюркестанның Чингис ханы» деп қояр еді. Мұнысы зілсіз әзіл сияқты корінетін. Сталинге орын­ басар болғанда, Рысқүлов небары жиырма бес жаста гана екен. Күні кешегі ауылдың жалаңаяқ, қу сирақ баласы, бүгін 484

мемлекет қайраткері болғаны — ұшпаққа шығандап шық- қанмен бірдей шығар. Осыдан небары үш жыл бүрын қызметін Әулиеата совдепінен бастап, енді бүгін Кремльден бір-ақ шыққаны — аспандағы Айдың өзін ауыздықтап мінгенмен пара-пар болар. Сталин оны осы себепті де «Чингис хан» деп қағытатын шығар. А, мүмкін, қағыту емес, сүйсіну ме екен... Онысын күмәнсіз түсіну қиын. Ж алпы Сталинді түсіну қиынның қиыны. Тұла бойы тұнған жүмбақ, күмән сияқты көрінетін де, Рысқүлов одан әлдеқандай белгісіз түйсікпен іштей сақтанып жүретін. Сұмдық-ай, Түйметай үйелмелі-сүйелмелі бес баласы- мен бүгін Рысқұловтың үйінде отыр. Қазан вокзалынан өзі барып алып келді. Қазан вокзалы бастығының кабинетіне кіріп барғанда, алба-жүлба бір топ баланың ортасында отырған Түйметайды танымай да қалды. Түйметай екенін анық біліп келмесе, мүлде танымас та еді. Ой, сонда Түйметайдың дауыс қылып аңырғаны-ай! Жаһандағы жалғыз бауырын қүшақтап, мүңын шағып, арын айтып жылағанда, Рысқұлов айнала аң-таң қалып түрғандардан қысылып- қымтырылуды үмытып кетті. — Сорлап қалды қ қой, Т ұ р ар -ау !—деп аңырады Түйметай бейбақ,— Құрдымға кеттік қой. Қу Құдайдың қаһары неге бізге ерекше төнді? Не жазып едік, қыл қүйрықты, киіз туырлықты бейбіт жүрген жан едік қой! Кімге қиянат қылдық? — Қой енді, Түйметай, бүл ауыл емес қой, дауыс қылатын. Қарашы жан-жағына! Қой енді,— деп сыбырлап, Рысқүлов қарындасын арқасынан қағып, жүбатқан болады. Бірақ Түй- метай: — Қараса қарай берсін! Көрсін М әскеу біздей бейкүнә бейбақтардың қаңғырып қалганын. Хан базардай қалың жүрттың арасында шешесі ағыл- тегіл аңырағанын көріп, Түйметайдың бес баласы бірдей ұлардай шулап қоя берсін. Вокзал бастыгы оларга графиннен су қүйып беріп, тіпті столының тартпасынан бір қорап мәмпәси алып, балалардың алақанына салып, бәйек болып-ақ жүр. Ал Түйметай аңырайды. Үзақ жол бойы тас түйін болып түйіліп, бес баланы желкесінен тістелеп, өрттен қашқан қасқырдың қаншығындай жанталасумен жүріп, мүз болып 485

қатып қалған жүрегі, енді жалғыз бауырын көріп, кенет еріп ала жөнелгендей, сол сорлы жүректен ағыл-тегіл телегей сел тасығандай бір хал кешті. Тегінде, таудан қүлаған селден де жүректен тасыған, жан-жүйеңнен толқыған сел жаман. Тау басына қар қалың түскен жылы, шілдеде күн ысып, оған нөсер қосылған жылы тілсіз сел лақ ете қалуы таңсық та, таңқаларлық та емес. Ал адамдардың жүрегінен, жан-дүниесінен сел қаптауы, өте сирек қүбылыс. Ол заманға байланысты. Заманды, адамды билеген өктемдікке, зорақылыққа, қорлыққа байланысты. Мына Түйметайдың көзінен парлаған жас, сол сұрапыл селдің бір тамшысы ғана... Сол жылы Түйметай жалғыз өз басының қайғысы емес, бүкіл елдің азап-қасіретін, басынан кешкен қорлық-зор- лығын арқалап ала келген сияқты еді. Түйметай зары — күллі қазақты ң зарындай естілді де, ендігі жерде Рысқүлов сыпайылық сақтап, Сталиннен сарыла хабар күткенді қойды да, беттің арын белге түйіп, шыбын жанды шүберекке түйіп, қаһарлы да қатыгез арыстанның аузына не де болса өзі барып түспек болып, Сталиннің кабинетіне жанпидалықпен тіке тартты. *** — Менімен жолығуға неге сонша өзеуредің? Сірә де мені сағынып қалмаған боларсың,— деп Сталин Рысқүловты қырыстана қарсы алды. «Ж олың болмайтын шығар,— деді ішінен Рысқүлов.— Көңіл хошы жоқ қой». Сталин кейде көңілі түскенде Рысқүловты: «А-а, Тюркестанның Чингис ханы, кел» деп қалжындап қабылдайтын. Бүл жолғы сәлем сөзі қату. — Шұғыл шаруа, жолдас Сталин. — Не болып қалды? Жау шаппаган шыгар. Сталин креслодан қимылдамай, зілдене карап, труб- касына темекі салмаққа, алдындагы алтын зерлі қорапқа қолын баяу созды. — Жау шапканнан жаман, жолдас Сталин. Сталиннің он қабагы серпіліп кетті де, косем басын котеріп, Рысқүловқа жасыл саргыш көздерін оқша қадады. — О, не? й г 486

— Есіңізде болар, жолдас Сталин, менің Сізге жазған екінші хатым... осыдан бір апта бұрын... — И ә, есімде. Бір апта... бір аптада анықтай салатын жай арыз-құрыз емес қой ол. — Бір апта тұрмақ, бір күн бір ғасырға бара-бар. Күн өткен сайын Қазақстанды орт алып бара жатқан ж оқ па?! Халық қырылып жатыр! Сталин ырғалып барып, креслодан түрды. Қара трубканы бір бүрқ еткізіп, түтінін будақтатты, «Алтын жібек» темекісінің хош иісі аңқып сала берді. Генсек тіпті бір рет түтінді Рысқұловқа карата шүбаландатып жіберді. Абай- сызда ма, әдейі ме, өзі ғана біледі. — Кім қырып жатқан? Рысқүлов күрсінгендей болды, сәл бөгеліп те қалды. Рас-ау, кім қырып жатқан? Соғыс жоқ, жау шапқан жоқ. Қазақстанның үстіне аспаннан ай құлап түскен жоқ. Тау қопарылып, жер сілкініп, зіл-зала соққан жоқ. — Асқынған асыра сілтеушілік, жолдас Сталин. Кілем жолдың үстінде ары-бері жай басып жүрген Сталин кілт тоқтай қалды. — Асыра сілтеушілік айыпталған. Сталин жолдастың «Табыстан бас айналу» атты еңбегін Рысқүлов оқыған болар?! — Оқыдым, жолдас Сталин. Қайта-қайта оқыдым. Сон- дықтан да түсіну қиын... Сталин шыдай алмай сөзді бөліп жіберді: — Нені? Менің жазғанымды ма? — Жоқ, жолдас Сталин. Қазақстан басшыларының сұмдық әрекетін. Олар Сіздің жазған мақалаңызды оқыған соң, сол асыра сілтеуді асқындыра түсті деп қорқамын. — Сонда қалай? Қазақстан басшылығы, айталық, Голощекин, Сталин жолдастың айтқандарын елемей, оған қүлақ аспай қойғаны ма? Осылай болады деп сенесің бе? — Сенгім келмейді. Сенбейін десем, әрекет басқаша. Колхоздастыру жұмысын олар бәйгеге айналдырып жібер- ген. Кім көбірек колхоз кұрады, кім тезірек құрады деп облыспен облыс, ауданмен аудан қырғын жарысқа түскен. Бүл қырғын жарыстың қүрбаны болып миллиондаған адам қырылып жатқанын да көрмей, көздеріне қан толып, әлгі жарыстың қызығына мае болып, еліріп, есіріп кеткен сияқты. 487

Сталин жолбарыс көздерін сығырайтып, Рысқұловтың пиғыл-сырын айтпай-ақ білгісі келгендей тесіле қарады. — Былай болуы мүмкін бе, Түрар, айталық, Сталин асыра- сілтеуді айыптап, бүкіл халыққа жария етті. Халық сеніп қалды. Артынша Сталин жер-жердегі басшыларға, әсіресе Қазақстан басшылығына астыртын циркуляр-хат жолдап: «Табыстан бас айналуды» оқып тоқтап қалмаңдар. Қайта қарқынды күшейтіңдер!» деп нүсқау беруі мүмкін бе? Жүрт осылай деп қалуы мүмкін бе? Сен қалай ойлайсың? Рысқүловтың өңі қуқыл тартып, мандайы жіпсіп жүре берді. Сужүрек емес еді, сұмдықтың, сүрқиялықтың, залымдық пен зымияндықтың талай тұзағын талқандап шығып, талай шырмаудан шатаспай шығып еді. Бірақ дәл мынандай сүрапыл сүраққа кездескен емес. Бір сәт ол: «Осы айтып түрғаны шыны болмаса нетті?» деді де, тұла бойы түршігіп кетті. — Мүмкін емес, жолдас Сталин. Олай ойлау кімнің басына келеді? Сталиннің сірескен беті сәл жылымықтанып, көзі күлімдегендей болды. —Мен де солай ойлаймын. Мұндай сүмдық кімнің басына келмек? Бірақ жаулар сондай лақап таратуы да мүмкін ғой. Өзің ойлашы, Сталин баспасөз бетінде асыра сілтеу болма- сын дейді. Ал жер-жерде керісінше, асыра сілтеу өрши түседі. Сталиннің айтқанына бағынбай жатыр деуге тіл бармайды. Содан шығатын қорытынды, логика бойынша, Сталин астыртын тапсырма беріп отыр, деп айыптау, жаулар үшін оп-оңай тәсіл. Солай емес пе? — Тап жаулары солай деуі әбден ықтимал. Ал халық... халық Сізге сенеді, Иосиф Виссарионович. — Ж олдас Сталин де. Соноу жиырмасыншы жылдан бірге жүмыс істеп, аузы қ қалып алып қалған. Әйтсе де, сенің солай деп атауыңа да болады. Сонымен халық сенеді? — Сенеді, жолдас Сталин. — Құдайга шүкір. Дай бог. Бір сэтке Сталин де пенде болып, Рысқұловтың жауабына кәдімгідей іші жылып, оган рахымы түсердей болды. Оньщ арызын шын ықыласпен тындап, өтінішін орындагысы да келді. Ары-бері ыргалып жүріп, Рысқүловтың неге сонша озеуреп, неге сонша шырылдап, жанталасқанын ойлады.

Халық қырылып жатыр дейді. Аштан, аштық арқылы тараған індеттен қырылып жатыр дейді. Қазақтар қырылып жатыр дейді. Ол қандай халық? Көшпенді дейді. Малмен күн көреді дейді. Бірде Геродоттан оқығаны есіне түсті. Геродот айтады: Көшпенділердің баспанасы киіз үй; тамағы малдың еті, сүті, киімі малдың терісі, жүні дейді. Қымыз дейтіні болатын көрінеді, көп ішсе мае қылатын көрінеді. Көшіп келе жатқанда әйелдері аттың, түйенің үстінде толғатып, туа беретін көрінеді. Өздері жауынгер халық деседі, ерлерін былай қойғанда, әйелдері, қыздарына дейін қолдарына найза алып, жауға шімірікпей шабады дейді. Ал енді, мына Рысқүлов келеді де, сол «тарихтың атасы» атанған Геродоттың жазып кеткен көшпенділерінің қазіргі ұрпақтары, аштан, індеттен қырылып жатыр деп шыр-шыр етеді. Сталин Рысқүловтың екінші хатын да оқып шақты. Машинкамен басқанда отыз үш бет екен. Үзақтау, әрине. Көп уақыт алады. Бірақ мылжың сөз жоқ. Бір сөзін де өшіріп тастай алмайсың. Қайта әрі қарай оқығың келіп, ынтыға бересің. Бірақ сүрапыл сұмдық хатты да оқуға адам ынтыға ма екен? Парадокс! Оның несі қызық? Қырылып жатқандар туралы оқу неге қызық? Логикасы шын темірдей, қазір Рысқұловтың мына түрысы қандай болса, сөзі де, ойы да, логикасы да шарболаттай. Ж әне сол шарболатты магниттеп тастаған сияқты. Оқуға тартады да отырады. Ал осындай адаммен санасу керек пе, ж оқ па? Санаспасаң, бүл осал жау емес. Өзіңе тартсаң, серік қылсаң, күшейе түсесің. Бірақ неге осал жау емес? ОГПУ-дың бастығы Ягоданы шақырып алып: «құрт Рысқұловтың көзін!» десінші. Бітті. Бит сыққанмен бірдей. Іздері-сүрары да жоқ. Іздеу- сүрау салатын халқы анау, шыбындай қырылып, сансырап жатқан. «Рысқұлов — ұлтшыл, ұлтшыл ғана емес, пантюр- кист» деген қоңырау баягыда-ақ сыңғыр қаққан. Негіз жетіп жатыр. Айып іздеп қиналатын жағдай жоқ. Шырылдайсың, бишара Рысқүлов, шырылдайсың. Мүн- ша шу шығарып, алқынып, жүлқынып, арпалыспай, ты-ны-ыш жүрсең саған бәле жоламас еді. Отқа ынтызар көбелектей өз қанатын өзі күйдіріп жүрген пәруана. Осыдан гой, Рысқүловтың үстіне Жантоқовтар «пантюркист, үлтшыл» деп арыз айдап жататыны. 32-626

И ә, қазір Сталиннің қолында Ж антоқов дегеннің хаты жатыр. «Рысқұлов Сізге несімен сүйкімді? Рысқүлов соноу бір жылдары Орта Азиядағы «ПІуро-И-Исламия» деген партияның мүшесі болғанын білмейсіз ғой. Пантюркизм ауруына шалдыққанынан хабарсыз екенсіз ғой. Әйтпесе, Рысқүловты көтермелей бермес едіңіз...» дейді. Сталин тым-тым ұрдажық емес, кім бұл Рысқүловқа осыншама зәрін төгіп, қаһарын тіккен дейді ғой. Оны анықтау Сталин үшін қиын ба екен? Сөйтсе, Ж антоқов — мы ңғырған бір байды ң баласы екен. Әкесі 1928 жылы ірі феодал ретінде мал-мүлкі конфискеленіп, өзі жер аударылады. Ал енді Ж антоқов жас кезінде Омбыда орысша оқыған, көзі ашық, тызылдаған пысық неме екен, жел қай жақтан түрғанын біле қойып, дереу туған тегінен безініп шыға келеді ғой. Сөйтіп, Советке жағыну жолында әсіре- қызыл болғаны сонша, Голощекиннің сеніміне кіріп алып, соның сойлын соққанда, қазақта алдына жан салмастай, құлақ-кесті құлындай қызмет етеді. Тегінен безіну жаңалық емес. Әсіресе, төңкеріс кезінде әке мен бала, аға мен іні бір-біріне қарсы келіп, тіпті бір-біріне оқ атысқан оқиғаның тарихта талайы бар. Мәселе, адамның нанымында ғой. Адамның иманында. Жантоқов шын иманымен әсіреқызыл болды ма, ж оқ әлде іштей бақай есебі бар ма? Егер Октябрь революциясы болмаса, Совет өкіметі орнамаса, сол Ж антоқов патшаға қарсы, өзінің туған әкесі сияқты шұбар төс, шынжыр балақ байларға қарсы ұрандап ту көтеріп, қол бастап шығар ма еді? Әй, кім білген? «Заманың түлкі болса, тазы болып шалып қалдың» адамы ғой Ж антоқов. Әйтпесе, Рысқұловта алты аласы, бес бересі жоқ. Тіпті онымен бақталас болар, қызғаныш қылар жөні де жоқ. Бәленің бәрі Голощекиннен шықты емес пе? Рысқүлов ВЦИК-тің сессиясында Қазақстанда конфискациялау мен коллективтендіру науқанында партия саясатының орескел бұрмаланып жатқанын сынап сөз сойлейді ғой. Бүл сөз Голощекинге шаншудай қадалады. «Қап, бәлем!» демей ме? Алматыдағы бір жиналыста Ж антоқов оның көзіне түседі. Орысшасы лыпып түрған нағыз шешен. «Байлардың түқым-түқиянын түп тамырымен жүлып тастап, қоғамды арамшөптен біржолата тазарту керек!» деп сайрап түр. Сонда

Голощекин егер логикасы күшті болса: «Ей шырагым, не деп тұрсың? Байларды түп-тамырымен, үрім-бұтағымен қүртып жіберсек, сен өзің калай аман қаласың? Сен өзің шіріген байдың бел баласы емессің бе?» дер еді ғой. Оны айтпады. Логика басқа жағынан сумаң етті. Ж антоқов сияқтылар өз қарақан басының қамы үшін туған әкесін де аямайды. Демек, мұндайларды сойыл етіп ұстау керек. Сойыл болғысы келмейді екен, е ботам, өзің әлгінде ғана айттың ғой бай тұқымына балта шабу керек деп. Сен — бай баласы. Ендеше, алғашқы балта сенің тамырыңа шабылады десінші, Ж антоқов не істемес екен? Олай болса, бұл сойыл әнекүні ВЦИК-те Голощекинге каһарын төккен Рысқүловқа соғылсын. Голощекин әуелі Ж антоқовтың қызметін көтеріп, Өлкелік комитеттің баспасөз секторын басқартып қойды. Алмақтың да салмагы бар, коп үзамай Филипп Исаевич Ж антоқовтан қарымта талап етті. Бір күні оны кабинетіне шақырып алып, оңаша сөйлесті. — Сен Рысқұловпен қалайсың?— деп сұрады әуелі. Анау әуелі сұрақтың астарын андамай: — О кісімен ешқандай қатынасым жоқ,— деп шынын айтты. — Қатынасың бар ма, жоқ па, мәселе онда емес,— деп Голощекин көңілі толмай қалды.— Мәселе — Рысқүловтың саяси платформасында ғой. Ол ежелгі үлтшыл, пантюркист, сен соны да білмейсің бе? — Е, о жагы белгілі гой, Филипп Исаевич,— деп енді қақпайлауга бейімделе берді. — Ендеше, соны Орталық Комитетке білдіру — біздің парызымыз. Түсінікті ме?— дегенде Голощекиннің бурыл тартқан теке сақалы дір-дір ете қалды. — Түсіндім, Филипп Исаевич. Тек...— деп Ж антоқов тосыла тоқтады. — Йемене, тек...? — Кімнің атына жазу керек? — Тіке Сталин жолдастың озінің атына да! Мен өзім-ақ жазар едім, бірақ Голощекин Рысқұловпен есеп айырысып отыр деп түсінуі мүмкін. Ал сен'болсаң мүлде бейтарап адамсың. Түсіндің бе?—Текесақал тагы да селтең-селтең етті. Даусы — темірді болат арамен кескендей жагымсыз еді.

Голощ екин «Түсіндің бе?» дегенде даусы сөйтіп шиқылдап шығады екен? — Түсіндім, түсіндім,— деп Ж антоқов тікенек басын шұлғи берді, шүлғи берді. Ол хат Салиннің қолында. Әзір қозғаусыз. Тек, Сталин Ж антоқов туралы астыртын деректер алдырып танысқаны болмаса, бүл мәселе бойынша Рысқүловты мазалаған жоқ. Өзі туралы Сталиннің мәлімет жинаттырғанын Ж антоқов та білмейді. Кім біледі, мүның бәрі күндердің күнінде жал- ғанның жарығына шығар, Рысқүлов та, Ж антоқов та бір қылыштың жүзімен оталар... Ал әзір... әзір Қазақстанда қатерлі қаһар үдеп тұр. Сол Ж антоқов қой бірақ: «Жолдас Сталин, Қазақстанда жағдай сұмдық. Аштық аранына үшырадық. Халық қырылып жатыр. Қүтқара көріңіз!— деп хат жазбады-ау, жазбады! Мейлі, Рысқүловты жамандасаң жамандай бер. Көзілдірігің буланып, көз майың еріп кеткенш е жаза бер. Ал туған халқыңа бір титтей ішің бүрса кайтер еді? К әрі атаң, ақ сүтін берген анаң, бауырың, сүлу қыз, көркем жігіт, жас сәби — бәрі-бәрі баудай түсіп, қырылып жатқанын көзілдірікті көзің көріп, қалай ғана дәтің шыдайды? Голощекиннің құлақ кесті құлы болғаныңмен, айтқанын істеп, айдауында жүргеніңмен, өмірің қанша жасқа үзармақ? Голощекин берген креслода мәңгі отырамысың? Тумақ бар — өлмек бар. Әйтеуір, бір өлім хақ! Голощекин сенің жаныңды мәңгілік етуге құдіреті келмейді ғой. Ол адамдарға өмір беру үшін емес, өлім беру үшін жаратылған жан. Голощекин құдіретті болса, алдымен өзі өлмес еді ғой, бірақ ол да өледі. Бәрі өледі, тек біреу ерте, біреу кеш. Бір күндік қу тірлік үшін, баянсыз мансап үшін, халқынды, халқынды қорғар ерді сатпасаң қайтеді, найсап! Қайран, ақын: — Шормандай шолтандаған шолақ билер, Патшаның шекпені үшін елін сатқан!— деп еді-ау. Ш орман елін патшага сатты. Сен кімге саттың, уа жүзіқара?!


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook