Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Published by Іле аудандық Кітапхана, 2022-04-05 11:06:42

Description: sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Search

Read the Text Version

процент кабылдайык деген жоқ қой. Түрккомиссияның сен көрсеткен кемшіліктерін Ленин түсініп, сені құптап, Түрккомиссия үсыныстарына өте мәнді өзгерістер енгізіп барып қабылдады. Міне, бұл Рысқұловты жоққа шығару емес, онымен санасу деген сөз еді. Саяси Бюро мәжілістерінде мен болмасам да, істің егжей-тегжейімен таныспын. Сен баяғы мінезіңе басып, қасарыса ма деп қорқып едім, өте әдептілік, шыдамдылық, көрегендік танытыпсың. — Саяси Бюрода Ильичтің маган не айтқанын білесіз бе, Жасыл жапырақ?— деді Рысқүлов қара мейіздің бір түйірін алып жатып. — Сөзбе-сөз қайдан білейін, нобайы белгілі. — Ендеше, былай. Мені талай-талай марқасқалар иландыра алмаған, мен өз санама сіңіп, содан айрылғым келмеген идеяның алые сарынын Ленин бір-ақ сөзбен, яғни бір-ақ ауыз сөзбен түсіндірді. Ол:— Тұрар Рысқүлович, аспандағы көп жүлдыздан үлкен бір Ай жасаудың керегі ж оқ,— деді. Фрунзе алаканын сарт еткізіп, басын шайқады: — Міне, қүдірет! Логиканың, тауып айтылган сөздің зұлпахардай өткірі-ай, шіркін. Өткен көктемде осы мәселе туралы сен екеуміз көп әңгімелестік. Бірақ сен көнбедің. Демек, мен... Ой, құдірет! Әрине, аспандағы жүлдыздарды жиып алып, өңкитіп бір Ай тұрғызсаң, жамыраған, жарқыраған жұлдызы жоқ аспан сұңқиып қалмай ма? Демек, қазақ өзінше, өзбек өзінше, қырғыз, түрікмен өзінше, тәж ік өзінше отау-отау болып жарқырасын. Бәрін көмкеріп тұратын көк аспан — ол біздіц тұтастығымыз. Ол — Совет өкіметі. —Соның өзінде Ильич тап қазір, табан астында Түркістан республикасын тарат деген жоқ. Мүмкіндік қандай, жағдай қандай, әбден зерттеп болып, жеке-жеке отау тігуді содан кейін бастайық деді ғой. — Ойланбай, зерттемей қабылдаған асығыс шешім арандатады. Ильич әріден ойлап отыр да. Ал қазіргі жағдайың қалай? Сталинмен істесу қалай екен? — Жаман емес, Жасыл жапырақ. Ж ақында Бакуге қайта аттанамын. Наркомнац өкіл етіп жіберіп жатыр. — Ол да дұрыс. Онда Нариманов бар, Киров бар. Ісің сәтті, жағдайың онды болар. Айтпақшы, әлі бойдақсың ғой.

— И ә, орысша айтқанда: «соломенный вдовец»,— ол бойдақтық емес. М оскваға баламды, қайын енемді алдырсам деп едім. Енді Баку шығып тұр. — Е, балаң өсіп қалған шығар? Рысқұлов мырс етті: — Әкесіз өсіп жатқан болар. Екеуміз екі жақта. Жатбауыр, жатырқау осындайдан бола ма деп қорқамын. Енді Фрунзе ойланып қалды. Сәлден соң: — Ничего. Түркістанға да ораларсың. Жан-жағынды жақсылап көр. Ондағы басшылардың хәлі мәз емес. Нәзір Төреқүловты айтамын. Түбінде Түркістанға сен керексің. Солай, бауырым. Москвада мәңгілік қалады екенмін деп ойлама. Ал аз уақыт коріп-біліп, кокірекке түйіп, байып қайтсаң, Түркістан сені қүшағын ашып қарсы алады. Тағдыр сені Троцкийлердің тәлкегінен сақтасын. Ол бір айналдырса, шыр айналдырады. Кордің бе, мына менің соңыма түсіп алғанын. Ничего, коріп алармыз бәлемді. Ох, оңбаған! Тапқан екен дүниеқоңызды. Өмірі жалгыз шинельмен келе жатқан Фрунзеден ат басындай, ат басындай алтын тауып алмақшы. Әрі-беріден кейін тінтсе, тінтсін. Бірақ ол Дзержинскийдің жүмысы ғой. Троцкийдің не ақысы бар?! — Ж ә, Жасыл жапырақ. Қызганыш деген қызыл ит сонау Каин-Қабылдан қалған. Сенің даңқың жер жарып барады. Сол ғой оның ішін ортейтін. Сенің даңқыңа дақ түсірем деушілерді біздің тілмен айтқанда: «Дуайпат» дейді. Бұлар қауіпті. Қатерлі жаудан да қауіпті. Ашық жаумен айқастан гөрі жасырын жау жаман. Мысалы, сіз Колчакты талқан- дадыңыз, басмашыларды күйреттіңіз, амандық болса, Вран- гельді де жайратасыз. Ал Троцкийлермен қалай күресуге болады? Ашықтан ашық жау емес, ал съезд сайын Ленинмен айқасады, аяқтан шалып қалуға бейім түрады. Сонда қалай? Фрунзе тікенек шашына алақанын бір жанып алды: — Ничего, біздіңТүркістанда: «Киімі жаманды ит қабады, пейілі жаманды қүдай табады», демеуші ме еді, Тұрар. Пейілі жаманды озіміз-ақ табамыз. Өзің айтқандай, сыртқы жауды жайратып алайық...

ЖАНША Пойыз Самардан шыға бере-ақ Рысқұловтың көңіл күйі әлдеқалай пәс тартып, бір түрлі самарқаулана берді. Енді алда Ташкент деп тұрғанда, әуелгі алып үшқан алау сезім суалғандай, ештеңеге зауқы соқпай, түла бойы салдырап, басы зіл тартып, купедегі тақтай төсекке қисая бергісі келеді. «Ауырған екенмін. Сүзек жүқтырап алдым. Апыр-ау, бұл сүзектен баяғы бала күнімде бір қүлап түрғаным қайда? Сүзекпен бір ауырған адамға бұл дерт екіншілеп жоламайды деуші еді ғой. Бекер болғаны ма? Баяғы Тау-Ш ілмембеттің мекені Талғар тауда, Солдат сайының бойындағы жеркепеде, осы сүзектен қатты қүлағанымда, әкем байғұс, қалжа үшін қара кой іздеп, сол қара қойдың шатағы ақыры алапат кесір-кесепатқа үласып кетіп еді. Аяғы Саймасай болыстың өлімімен, әкемнің каторгаға айдалуымен аяқталып еді... Бүл жолғы сүзектің соңы немен бітпек? Үлы жолдың үстінде қүлаған қандай болмақ? Бүл аурумен Таш кентке дейін жете алар ма екенмін? Ауру екенімді білсе, пойыздан түсіріп алады...» Рыскүл баласы Түрарды ойда жоқта осындай бір оқыс уайым билеп алды. Күні кеше Москвадан Түркістан Совнаркомының төрағасы деген мандат алып шыққан беті. Сағынған Түркістанға аңсарлы арманмен аттанған беті. Көкіректе коп арман, баста толған ой, соның бәрін іске асырмақ болып, асыға, аптыққан беті. Бірақ Рысқүловтың ісі еш кедергісіз жеп-жеңіл жүріп берген емес. Асылы, жеп-жеңіл, оп-оңай қүлдырандап кететін жұмыс қиналмаған, толғағы піспеген ақылдан шығатын шығар. Нағыз толымды, толағай істер оңай атқарыла салмас. Москвадан аттанардың алдында ғана, Сталин шақырды. Содан бір күн бұрын ғана, Рысқүлов Сталинмен қоштасып шыққан. Соңғы нүсқаулар, ақыл-кеңес — бәрі де айтылған сияқты еді. Енді тағы не болды? — Турар Рискюлович, тағы бір шаруа шығып тұр, — деді Сталин артық бас әңгімеге бармай. — Өзің білесің, Волга бойы катты күйзеліске ұшырады. Қатерлі ауру тарап, халық калжырап қалды. Ж олында ғой, біраз күн жолай кідіріп, жергілікті басшылыққа көмек корсете кет: не зәру, қай жерде аштықпен, аурумен күрес бәсең — соны анықтап, Самардан хабарлас. Осы өтінішті орындаған соң, әрі қарай Түркістанға сапарың он болсын. Мүны саған тапсырып отырғанымыз: 353 23-626

аштықпен, індетпен күресте сенен тәжірибелі қайраткер аз-ау, сірә. Түркістанның «Помголын» бастан кешірдің ғой, әрі десе, «Помголды» аса бір білгірлікпен, үлкен жігер-қайратпен, әрі ерекше жанашырлықпен атқар- ғанынды біз ұмытқан жоқпыз. Солай, Рискюлов жолдас! Әне, Сталиннің сол сөзінен кейін, Рысқүлов жарты ай бойы, Еділ бойындағы елдерді аралап жүрді. Қатерлі індет ауруына ұшыраған халыққа мүнда да қанатымен су себелеген қарлығаштай тыным таппай жүмыс істеді. Ауру өрті, әсіресе асқынған жерге қолма-қол жәрдем беру керек кезде, сол арадан тікелей М осквамен хабарласып, Сталиннің өзімен сөйлесіп, жай-жапсарды баяндап отырды. Қай жерге канша дәрігер, канша қаржы, азық-түлік керек, баска да кандай тотенше жэрдем керек — бәрін тап-тұйнақтай ұйым- дастырып болып, соңғы бекет — Самарга соққан. Губкомда губерния басшылары жергілікті жағдаймен таныстырды. Індет бұл өлкені де шарпыған. Кеңседегі әңгіме қысқа болды. — Ж әрдемді қолма-қол үйымдастыру үшін, жағдайды көзбен коріп, қаланы аралап шыққан дүрыс болар,— деп үсынды Рысқүлов. Жергілікті басшылар бұл ұсынысты қабыл алып, жиналыс тез аяқталды. Губкомның еңселі үйінің қабырғасына: «Қол алысып амандасуга тыйым салынады!»— деген жазу ірі-ірі әріп- термен теріліп, жаппай ілінген. Ол баста губерния басшы- ларымен шала-пұла танысқан Рысқұлов, олардың арасынан бір адамға назары ерекше ауа берді. Ол да бүған қарайлай береді. Ресми соз тәмамдалғанда ғана, әлгі адам бүған жақындап келіп: — Түрар, мені танымадың ба?— деді. — Ш ырамытып түр едім, енді анықтаныдым: Әкбар! — Иә, мен! Екеуі құш ақ жая бір-біріне ұмтылып, қауыша төс соғыстырып, біразга дейін теңселіп түрып алды. — Ау, бұларыңыз тәртіп бұзу гой,— деп қалды басшылардың біреуі. — Біз қол алысқан жоқпыз ғой,— деді Рысқүлов.— Әкбар менің ескі досым. Көріспегелі қанша... — Сегіз жыл,— деп жымиды Әкбар.— Он төртінші жылдың күзінде танысқанбыз. Он төртінші жылы екеуі де балаң жігіт, әлі мүрттары да тебіндемеген балгын бозым еді. Енді Рысқүлов бармақ мүрт 354 - \\

қойса, Әкбардікі қияқтай сұлу мұрт болыпты. Бірақ ол Рысқұлов сияқты көзілдірік тақпайды екен. Қара торы жүзі күренденіп, ерте есейгендіктің табы білінеді. Әкбар губком хатшыларының бірі екен. Ол қаланы аралауда Рысқүловпен бірге болатын болды. Екеуі бір-бірінен амандық-есендікті қысқа ғана қайырып білісті де, көбінесе аурулар шоғырланған пункттерді аралаумен көп сөйлесуге де мұршалары келмеді. Қаланың ауруханаларында науқастарға орын жетпейді. Кеселханалар аузы-мүрнынан шыға толы. Ең орталық ауруханасына келгенде, Рысқұлов дәлізде жатқан адамдарды көрді. Лықсып, ыңырсып жатыр. Сақтықпен ақ халатқа оранып, ауыз- мұрындарын ақ дәкемен таңып алса да, Рысқүлов күлімсі сасық иісті сезді. Мүндай сойқанның талайын көріп, бастан кешкен Рысқұлов қой. Әулиетадағы он жетінші жыл, Ташкенттегі он сегізінші жыл. Мұндай ыңырсыған тажал тұзағындағы адамдарды Рысқұлов көп көрді. Бірақ дәл қазір біртүрлі сескенгендей сезім шалықтап өтті. Онысын Әкбарға білдірмеуге тырысты. Әкбар да сыр берер емес. Революция шындаған ерлердің бірі ғой. Он төртінші жылдың күзінде Самардағы ауылшаруашылық институтына соноу Оралтау- дан оқуға келіп, Түрар сияқты бұл да қабылданбай қалған. «Номадтарға егін егуді үйренудің қажеті жоқ. Малын бағып жүре берсін» деген институт бастығы. Әкбар сонда танысып, тағдырлас болған. Міне, енді жергілікті үкімет бас- шыларының бірі болыпты. Рысқүлов революция отын Әулиеатада кешсе, бүл әйгілі Чапаев дивизиясында жүріп, революция жауларымен алысыпты. Үзыннан ұзақ дәлізде төсек те жетпей, зембілде жатқан бір адамға Рысқүлов сүқтана қарап қалды. Көп аурудың бәріне үңіле бермейсің ғой. Бірақ мынаған Рысқүловтың назарын аударған бір жағдай болды. Зембілдегі ауру адамның қолдарында аппақ жүқа қолғап бар екен. Мүндай аппақ жүқа қолғап киген бір адамды Рысқұлов бұрын бір рет көрген. Бірден есіне түсіре алмай, Әкбарға қарады. — Соның өзі,— деп сыбырлады Әкбар.— Институттың бастығы. Індеттен бүл да аман қалмапты ғой. — Ақ қолғап та қорғай алмаған екен,—деді Рысқүлов. Иә, соның өзі. Ш алқасынан жатқан кісінің бурыл шоқша сақалы жоғары қарай шаншылып, селтие қалыпты. Өзі де бүрын сүп-сұр адам, қан-сөлсіз, тас беттеніп кетіпті. Он тертінші жылы, соноу Түркістанның бір түкпірінен оқу іздеп 355

келген Рысқұловтың меселін қайтарған, үмітін үрлеп өшірген, арманын адыра қалдырған адам алдында жатыр. Емтиханның бәрін беске тапсырса да: «Номад, малыңды бақ» деп, институтқа қабылдамай қойған бастық. Аппақ жүқа қолғабы сонда да бар еді. Күллі дүние-әлемде бір кісіге ауру ж ұқпаса, осыған ж үқпас еді. Ж үріс-тұрысынан, тұла бойы нан ақсүйек тектінің лебі есіп түратын сыпы-сылқым, бүл да небары пенде екен, ендігі жатысы мынау. Зор мен қордың арасы онша алш ақ та болмаганы да. Рысқұлов осылай ойласа да табалаған жоқ. Біреуді табалау, тіпті жауың да болса, табалау мықтылықтың белгісі емес. Әкесі Рысқүл: «Досқа күлкі, дұшпанга таба қылма, Тәңірі!» деп отырар еді. Бүгін бұл ақ қолғапты, ақсүйек тұқымын табаласа, ертең озінің алдына келмесіне кімнің козі жеткен? Рысқүлов Әкбарға сонда: — Былай жатқаны жарамас, амалдап палатаға орна- ластыру керек. Жаман болсын, жақсы болсын. Россиядағы үлкен бір оқу орнын басқарған адам. Сондықтан бүған қол үшын беріп жібергеннен қор болмаспыз,— деді. Әкбар Рысқүловтың сезін екі еткен жоқ. Ақ қолғапты адам лезде күтімге алынды. Рысқүловты Әкбар пойызға шығарып салып, қоштасып қалды. Бауырларша кәдімгідей тебіренісіп, айрылысты. Вагонға мініп, купеге жайғасқан бетте-ақ, Рысқұловтың жағдайы сыр бере бастады. «Әлде шаршағандікі болар, біраз тынығып алсам, басылар», деп жастыққа қисайып, коз іліндіріп кормекші де болды. Мүның келе жатқанын білетін пойыз бастық құрақ үшып, тамақ алдырып, бәйек болып-ақ еді. Тамаққа тәбеті шаппады, еш нәрсеге зауқы жоқ, бойы бойсал, мең-зең тартып, қошқыл шиедей ерні түзы шығып, кезере береді. Сонда барып, Рысқүлов сүзектің сырын аңғарып, пойыз бастыққа қатаң тапсырды: купеге ешкім кірмесін, жүқпалы сүзек, енді пойыздағыларға тарап кетсе, сол қиын. Ауруханасы бар келесі бір станциядан мүны түсіріп алып қалсын. Бәрібір Ташкентке дейін жете ал- майды. Ауруханасы бар келесі станция Орынбор еді. Пойыз бастық алдын ала телеграмма соғып, Орынбордағыларды ескертіп үлгірді. Рыскүлов пойыздан түсіріліп, Орынборда қала берді.

Ғылымның айтуы бойынша, сүзекпен ауырған адамның миы ғаламат жанталаса жүмыс істейтін көрінеді. Ж ай- шылықта жайбарақат үйықтап жататын мың-миллион клеткалар оянып, адамның басы әлемге, галактикаға айналады деседі. Рас та шығар. Өйткені, Орынбордың ауруханасында, арнаулы жеке палатада жатқан Рысқұлов, баяғы балапан балалық шағына қайта оралғандай хал кешті. Баяғы апайтөс Талғар таудың баурайы. Айнала заңғар шындар, терең сайлар, жап-жасыл бау-бақша, жалтыр мұз, сылдырап аққан күміс бүлақ... Сол күміс бүлаққа бұл кезерген ернін тосып, күміс суды іше береді, іше береді. Бірақ қанш а ішсе де шөлі қанбайды. Анандай жерде, жарқабақта Қызыл Ж ебе мінген әкесі Рысқүл түрады да қояды. — Болсаңшы!— дейді әкесі арыстандай ақырып.— Қашанғы іше бересің?! Күллі Алатаудың барлық бүлағын тауысар болдың ғой. Ж үр!— деп зекиді. Бірақ бүл бұлақтан басын ала алмайды. Сөйтіп жатқанда, кезерген, тұзы шыққан ерні жіпсі- гендей болады. Ептеп көзін ашады. Бүл енді басқа дүние. Айнала аппақ мата, қарсы алдында ақ киінген, жап-жас орыс қызы. — Пейте,— дейді әлгі қыз күлімсіреп.— Ішіңіз. Апыр-ай, көзіңізді аштыңыз-ау, әйтеуір. Енді қорқыныш артта қалды. Енді оңаласыз,—дейді әлгі қыз. Рысқүлов түк түсінбейді. Бүл неғылған қыз? Бұл не дүние? Қызыл Жебе мінген әкесі қайда? Күміс бүлақты Солдат сайы қайда? Мынау аппақ элем не? Артынша аппақ дүние бұлдырап, ақ киінген қыз да мүнарланып, қалың түман қайта басып, қайта сейіліп, жап-жасыл жаннаты Ақсу- Жабағылыны аралап кетеді. Алдынан ұдайы Теңбіл Торғай ұшып отырады. Теңбіл Торғай оны Ш олпан-кебіс гүлі өскен, айнала жаңгақ орманы қоршаган алаңқайга алып барады. Алаңқай толы жайылып жүрген үлар құс, кекілік болып кетеді. Алаңқайдың ар жағындағы жаңғақ баудың арасынан Қызыл Жебе мінген әкесі тағы шыга келеді. Жетегінде шынжырлы теңбіл барысы бар. Тазы жетектеген аңшылар болушы еді, теңбіл барыс жетектеген аңшыны көргені осы. Әкесі:

— Тұрар! Мін мына теңбіл барысқа! Кетеміз!— деп айқайлайды. Бірақ мүны тағы да шөл қысады. Ақсу-Жабағылының қүздан қүлаған сарқырама суыныңастындатүрып, аузын әлгі сарқырамаға тосады. Іше береді, іше береді. Ш елі, сірә, қанбайды. Жар басынан әкесі айқайлайды. Сарқырама сарыны оның не айтқанын есіттірмей жібереді. Енді бірде төбеден, саркыраған судың ар жағынан, Ескендір қол созып жылайды. — Папа!— деген үні еміс-еміс, талып естіледі. Біресе әкесі шакырады. Біресе баласы шакырады. Ескендірді көрмегелі екі жыл. Рысқұлды көрмегелі он жеті жыл. Рысқұлды екеуі де өзеуреп сағынган. Рысқұлов та екеуін үзіліп-үзіліп, үздігіп сағынған. Кім жақын? Әкесіне бара ма? Баласына бара ма? Қызыл Жебе мінген, тенбіл барыс жетектеген Рысқүл сарқырама судың сол жақ жағасында. Аяғын апыр-топыр, тәй-тәй басқан Ескендір сарқырама судың оң жағында. Сарқырама астын- да — Рысқұлов. Екі жағына да барғысы келеді. Екі жағы да адам ауызбен айтып жеткізгісіз еңш еңғана асылдар! Рысқұлов екі жарыла алмайды ғой. Қайсысына барады. Сарқырама су астынан шыға да алмайды. Өйткені, шөлі қанбайды. Екі қолын екі жағаға созса кайтеді? Сонда әкесі бір қолынан, баласы бір қолынан ұстаса не қылады? Үшеуінің басы біріксе несі кетеді? Тағдыр соны да қимай ма? Рыскүл — Тұрар — Ескендір болып, үшеуінін басы бір қосылса, дүние содан тарылып қала ма? Дүниеге мың-миллиондаған адам сиып-ак жүр ғой. Ішінде жақсысы да бар, жаманы да бар, жайсаңы да бар, жауызы да бар — ала-құла элем ш ексіз кен емес пе? Ата — Бала — немере — үшеуі бас қосса, басқа біреулерге жер үстінде орын жетпей кала ма, немене? Ж ер жетпесе Ата — Бала — Немере мына саркырама астында-ақ түра береді, Келіндер! Келіндер! Көке! Ескендір! Ескендір! Тузы шыға кезерген ерні жіпсігендей болды. Ернініңтұзы кетіп, қайтадан қошқыл шиедей қулпырып шыға келді. Кезін ашып еді, ақ киген қыз күлімсірейді. Аузына күміс қасықпен су тамызып отыр екен. — Пейте,— деп сыбырлады қыз.— Ішіңіз. Көзіңізді аштыңыз-ау, әйтеуір. Айқайладыңыз. Кім олар? Ой, айт-

пақшы сізге әзір сөйлеуге болмайды. Ш аршап қаласыз. Сөйлемеңіз. Ж о-ж оқ, суды көп іше беруге де болмайды. Жетеді, жетеді. Тағы да ұйықтап қалыңыз. Міне, біздің мейманымыз осындай тәртіпті, айтқанды істейді. Үйықтап қалыңыз... Бұл не? Бұл неғылған қы з? Рысқұлов қайда ж аты рсы ң? Е, міне, Теңбіл Торғай да келді. Әне, жол көрсетеді енді сол. Теңбіл Торғай Рысқұловты адастырмастан Ақсу-Ж абағы- лыға алып барады. Қызыл Ж ебе мінген, теңбіл барыс жетектеген Рысқұл әкесі жар басынан белгі береді. Сарқыраманың ар жағынан Ескендір балдырған саусақ- тарын жайып, қос қолын соза ұмтылады. Ата — Бала — Немере — аспанда жолдары қиюласпайтын, бір-біріне сәулелері арқылы ғана жарқырап тіл қатысатын жұлдыздар сияқты бір-біріне жақындаса алмай, іштей жылап, шыр- қырайды. *** Шамада жарты айдан кейін Рысқүловтың беті бері қарады. Қыл көпірдің үстінде қалт-құлт етіп көп тұрды. Рысқұлов «канатоходцы» дейтін даршыларды әуелі Мерке базарында, Пішпек шаһарында, одан соң Әулиеата, Ташкент қалаларында көп көріп еді. Бала кезінде ол зау биікте арқанның үстімен ары-бері жүгірген даршылар кейде лыксып, теңселіп кеп кеткенде, жүрегі зу-зу ете қалатын. Әлдеқайдағы даршының өмірі үшін мұның жаны шырыл- даушы еді. Енді өзі, өз басы, тіпті жуан кендір арқан да емес, кәдімгі қыл, шаштың кылындай көпірдің үстінде жарты ай бойы теңселіп тұрды. Табаны сәл тайып, бір жағына қисайса, түпсіз шыңырау, терендігі тендессіз, өлім деген елдің аулына аттанып кете барар еді, бірақ әлі татар түзы, көрер жарық сәулесі бар екен, бері қарай бұрылды. Кілмиген көз, саудыраған сүлде қалды. Толқын атқан қап-қара, қайсар қара шаш та сиреп кеткен сияқты. «Бастан құлақ садаға» жан аман болса, шаштың сирегені уайым емес. Мұрны да қоңқайып, жоталанып кеткендей екен, өйткені көзілдірік бүрынғыдай нық түрмай, қолқылдап қалыпты. Арық аттың үстіне бай- шүбар қазанаттың ерін салғандай. Ақ киім киіп, анда-санда алыстан елес беріп, күлім- сірейтін қыз енді елес емес. Қылаң қызыл шай үсынған қызды 359

енді анық көрді. Кейбірде келбеті Наташаға да ұқсап кете ме, қалай? Бірақ Наталья Колосовскаядай тәкаббар емес, тым ұяң, ұлпадай жұмсақ сияқты. Үні де өте нәзік. — Атыңыз кім?— деп тұңғыш рет тіл қатты Рысқұлов. — Надя, Надежда Константиновна. — Мен қайда жатырмын? Бұрын бұл үйдің іші аппақ матамен көмкерілген сияқты еді ғой? — Оныңыз рас. Ол аурухана болатын. Ал қазір Дос- мұханбетовтің үйінде жатырсыз. — Қай Досмұханбетов? Осы кезде қастарына еңсегей бойлы ер кісі келді. Қошқар түмсық, аршын мандай, ақ шалған селдір қара шашты, ақжарқын жүзді кісі екен, қоңыр дауыспен: — Ж анша Досмүхамбетов,—деп қолын созды. Рысқұлов қолын ұсына қоймады. Тек көзілдіріктің ар жағынан ілмиген коз лезде от салып, қадала қарады. — Қол алысуға тыйым салынған,— деді сыбырлап Рысқүлов. — Гигиеналық сақтық болса бір жөн. Саяси сақтық емес пе? — деп Досмүханбетов сақ-сақ күлді.— Иә, мен Ж ан- шамын. Ел солай атап кеткен. Ал әкемнің қойған аты — Ж аһанша. Толымдысы — Жаһаншах. Әкем байғұс, мені әлемнің патшасы болсын десе керек. Әлем тұрмақ, қазақтың бір пұшпағы да бұйырмады. Кіші жүз қазақтары мені хан сайлап еді, оны сендер, большевиктер, тартып алдындар. Рысқұлов езуі сәл қимылдап, мырс еткендей белгі берді. — Ш ыннан хан болғыңыз келе ме? — Е, несі бар? Кіші жүзге кімдер хан болмаған? Солардың менен артып кеткені жоқ. Досмүхамбетов сақылдап рақаттана күлді. Күлкісі жасанды да емес, болмысы солай сияқты. Өте ақжарқын, аңқылдақ мінезі сыр жасыруды, қулық сақтауды білмейтін сыңайлы. — Ш ын екен деп қалма, Тұрар. «Хан» деп атап кеткен кейуана халық та. Әрі десе, осы лақапты лапылдатып, «Досмұхамбетов өзін-өзі хан сайлатты» деп байбаламдату, большевиктерге тиімді болды. Әйтпесе, мен Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы ғана емес пе едім. Хандық қайда? Хандықтың келмеске кеткенін білмейтін мен сон- шалықты кеще емеспін ғой.

Рысқұлов Досмұханбетовке «отырыңыз» деген ишара білдіріп, қарсыдағы тозықтау креслоны әлсіз қолымен меңзеді. —Рақмет,—деп Досмұхамбетов креслоға шалқалай отыра бергенде, ескі неме, сықыр-сықыр ете қалды. Әйтеуір, қақырап кеткен жоқ. «Креслосы қирап түрған хан»,— деді ішінен Рысқұлов өзі жатқан бөлмені енді ғана көзбен шолып. Бұл жатқан кереуеттің тұсына ою-өрнегі көмескілеу көнетоз кілем ілініпті. Назарға ілінер басқа ештеңе байқалмайды. Өзі аласалау үйдің төбесіне дейін тірелген жалғыз қоңырқай гардероб қойқиып түр. Ол да ескі. «Бәрі көне». Рысқүлов «Бәрі көне» дегенде, өзі жатқан ақ кереуеттің бір аяғы ақсақ екенін әлі көрген жоқ. А қсақ аяқтың орынына кірпіш қалап қойғанын байқаса, «ханның мүнысы қалай?» деп танданар еді. — Бұл үйге тап болғаныңа танданба, Тұрар,— деді үй иесі Рысқұловтың ойын сұңғылалықпен сезіп қойгандай.— Түркістан Совнаркомының төрағасы жататын үй бүл емес еді, әрине. Түріксовнарком болып тағайындалғанынды га- зеттен оқып білдім. Құтты болсын! — Рақмет. — Өзінді қатты ауырып, ессіз-түссіз жатқанында Орынбордағы Қазақ үкіметі күтпей, «Кіші жүздің ханы Досмүханбетов» күтіп жатқаны саған ерсі шыгар. Қазақ үкіметінің басшылары осында екенінді біледі. Олар қам- қорлықты аяған жоқ. Ал мұнда келуіңе «кінәлі» мына Наденька. Орынбордың бас ауруханасына түскеннен, сені бағып-қаққан осы. Басқа сестралардың қолынан су татпай қойыпсың. Оны өзің сездің бе, сезбедің бе — білмеймін? Содан ауруханада жата бергенше, үйдің тынысы онды болар деп алып шыққанбыз. Әрі десе, сүзек деген қатерлі ауруды қазақ бұрын қалжамен емдеген. Оны қазіргі медицина біле бермейді. Ал мен болсам, тек юрист емес, ептеп тәуіптік те өнерім бар. Сүзекке кара қойдың қалжасы керек. Орынбор базарының баяғыдай сәні болмаса да, бір кара қой тауып, соның сорпасын күнде мына Наденьканың қолынан ішіп жаттың. Басқа ешкімнің қолынан нәр татпадың. Ғажап! — Ғажап,— деп қайталады Рысқүлов жастықтан көтеріле беруге талпынып. Досмұханбетов Надя екеуі екі жақтап оның жастығын биіктеп, Рысқүловты шалқалата отырғызып қойды. Ақ кереует бебеулеп, сықырлап алды. .461

— Қара қой дедіңіз бе? — И ә, қара қой. Сүзекке бірден бір ем. Рысқүлов көзін жүмып, қайтадан үйқылы-ояу, баяғы бір сандырақтау қалпына түскендей, өзінен өзі күбірлеп, сөйлеп кетті. Ол сонда, соноу бала күнінде де сүзекпен ауырғанын, әкесі Рысқүл қара қой іздеп сандалганын, ақыры қара қойдың сойқаны Рысқұл әулетінің тағдырын мүлдем төң- керіп жіберген үлы насырға шапқанын, асықпай-саспай, жырдай қылып айтып шықты. Досмүханбетов күректей алақандарын сарт соғып: — Әне, көрдің бе! Демек, қара қойдың қалжасы сүзекке шипа екенін бүл жақтың қазақтары ғана емес, Алатаудың қазақтары да білген ғой!— деп лепіріңкіреп сөйледі. — Е-е, оныңыз да дұрыс екен, Жанша аға. Жаһаншах. Бірақ алғашқы қара қойдың сойқаны немен тынғанын білдіңіз. Енді мына қара қойдікі немен аяқталмақ? Сол жүмбақ. Досмұханбетов ескі креслоны сықырлата тұрып кетті. Ақ жарқын кейпін кірбің шалғандай жіңішке қияқ мұртын астыңғы ернімен талмап, сояудай саусақтарымен сирек шашын шалқалата қайырып тастады. — Қауіпің сол болса, одан қорықпай-ақ қой. Пәруана большевик Рысқұлов бұрынғы алашордашы Досмүханбе- товтің жетегіне жүре қоймасын жүрттың бәрі біледі. Сені үгіттей қоятын да мен емес. М енің үгітімнен енді дәрмен жоқ. Алашорда әлдеқалай мені қапқанға түсірмек деп күдік- тенсең, Тәңірі жарылқасын — жолың әне! Досмұханбетов еңгезердей түлғасымен Надяға шұғыл бұрылды: — Айтпап па едім, бұл большевиктер адал асыңның өзіне күдіктенеді деп! Досмұханбетовтың қатты шыққан даусына есік ашылып, ішке зипа бойлы, ақ сары реңді, бекзададай үстамды, сұлу әйел кірді. — Не болып қалды? — Ж әй, әшейін, деп Ж аһанш а жайдарылана күлді.— Міне, Тұрар, бүл кісі жеңген болады — Ольга Константи­ новна, танысып қой. Ольга Константиновна танадай үлкен көздері мейірлене келіп, жүп-жұмсақ, жып-жылы алақанымен Рысқұловтың қолын сипап қана: — Қүдайға шүкір, енді кешікпей аягыңыздан тік тұрып кетесіз. Біз алғашқыда қатты сескендік,— деді. 362

—Ал, Тұрар, саған бұл жеңгең де тек тілеулес емес, нағыз жанашыр болып, қызмет қылды,— деп аңқылдады Дос- мұханбетов. — Ж ан,— деп Ольга Константиновна күйеуіне әдемі көздерін наздана тастап, өкпелеп қалған қалып танытты.— Сенің осы мінезің-ай, балалы үйдің үрлығы жатпайды деуші еді, біздің үйдің баласы сен болдың-ау,— Сонан соң Рысқүловқа бүрала бүрылып.— Сеніп қалмаңыз, асырып айтады. Қайдағы өтіп кеткен қызмет, не киратыппын сонша?! Надяныкі бір жөн. — Рақмет, Ольга Константиновна,— деп Рысқүлов әлсіз үнмен тіл қатты. Оның қабағы жазылып, бетіне шырай кіріп, нүр ойнай бастады. — Надя сіздің... — Иә, Надя менің сіңлім. Сіз түскен ауруханада сестра милосердия болып істейді. Сізбен бізді Қүдай сол Надя арқылы табыстырды. Әйтпесе, сізді кору, көрмек былай түрсын, үйімізге мейман ету қайда-а-а... — Мен де куаныштымын,— деді Рысқүлов жүзі жыли түсіп.— Сіздер болмасаңыздар, менің күнім әлдеқандай болар еді. — Е, бәсе, сөйтсейш і,— деп Досмүханбетов кимелей түсті.—Тіпті «жүмбақ» деп өзі жыртық көңілді айырып тастай жаздадың. Заманға, саясатқа көзқарас бар да, жай адам- гершілік, кәдімгі қазақи туыстық қарым-қатынас деген бар емес пе? Бәлкім, екеуміз екі полюстің адамы шығармыз. Солай-ақ делік. Ал Ильич бөтен полюстің адамы екен деп Плехановпен қол алысып, амандаспай қойған жоқ қой. Жауы болса да оны пірлердің бірінен санамай ма? Тіпті М осквада Ленин ең ардагерлерге арнап соқтырған обелискіде Плеха- новтың да есімі түрған ж оқ па? Рысқұлов үн қатпастан, кайтадан түнере бастады. Ж арқ етіп шыққан ай, лезде қою бүлтқа күмп беріп кіріп кеткендей, жан кіре бастаған көздері кіреукелене қалды. —Мүндай әңгіменің орны бүл емес қой, Ж ан,—деп Ольга Константиновна нәркес көздерін төңкеріп қалды. Көңі- ліңізге алмаңыз, Түрар, агаңыздың мінезі осындай. Ойында не бар, соны сыртқа шыгарганша шыдамай кетеді. Осы әңгіменің бірінде де бір ауыз тіл қатып, тіс жармаған Надя босаға жакта әңгіме шырайына қарай ақ сары өңі біресе албыртып, біресе үркектеп қалып түр еді. 363

Бетіне біресе көлеңке түсіп, біресе күн түскендей, не болса да, іштей бір құбылыс бұл қызда да бар тәрізді. Әпкесіне үқсайды екен. Бірақ әпкесі бүған қарағанда ашық-жарқындау, әм еркіндеу, әдептен де озбайды, бірақ есесін де жібермес. Оқыған, текті семьядан екені көрер көз, кісі таныр талант болса, көрініп-ақ тұр. Рысқұлов, Досмұханбетов сезіктенгендей, күдіктенгені де рас. Түріксовнаркомыныңтөрағасы әлі қызметіне кіріспей жатып, жолай Ж анш а Досмүханбетовтың үйінде жарты ай жатып алады. Эрине, мейман болып, ерігіп жатқан жоқ. Ж ағдай солай болды. Бірақ Рысқұловтың Түркістандағы «ескі достарына» жаңа бір жаланың желеуі табылады ғой. Соноу бір жылы ояздың қызын алды, тап жауымен ауыз жаласты, деп максималистер, солшыл эсэрлер бұған не көрсетпеді? Аяғы әскери трибуналмен бітпеп пе еді? Егер Түріккомиссия болмағанда сол жолы әлгі «достар» мүны оққа байлап жіберуден тайынған жоқ. Ал «Алашорда» айбынданып, екіленіп түрған кезде, оған емешегі езілмеген Рысқүлов, енді сол «Алаштың» тоз-тозы шыққан кезде, бүйрегі бұра қоймайтынын басшылардың бәрі біледі. Бірақ сумақай, суық сөз жаман. Күйе жағуға ыңғайлы сәт. Күйені жусаң кетеді, бірақ жуып болғанша дақ болып түратыны бар да. Әйтпесе, Рысқұловтың ғазиз басы не көрмеген? Ж анш а Досмұханбетов туралы Рысқүловтың біраз естіп-білгені бар. Бүрын ол естігені арқылы мұны барып түрған шынжыр балақ, шүбартөс алпауыт кейпінде елестетін. Баяғы Ж әңгір хандардыңтүқымы сияқты көретін. Алыстан естіген хабар — жылымықта жауған жентек қар сияқты жүдырықтай бір түйір жоғарыдан төмен қарай қүласа, ж ол-ж өнекей жұмсақ қар жабысып, бір- біріне жамалып, қомақталып, жентектеліп, дөңбектей болып шыға келеді. Мына алдында отырған Досмұхамбетов алпауытқа үқсамайды. Албырт, алғыр, сірә, батыр тектес. Ежелгі қазақты ң кең-мол пішілген дарқан мінезі, аңғал табиғаты, даланың өзеніндей асықпай айдындана ағатын, ақылы Европаның сарабдал білімділігімен ұштасқаны байқалады. Әрине, тегін адам емес. Досмұханбетов әлгі бір адуын мінез танытып алғанын жуып-шайғысы келіп: — Ж ә, Түрар, шамданып қалдың ба? Сені жүрт тік мінез, бірбеткей деуші еді, рас болды ғой. Менің әлгі сөзімді көңіліңе ауыр алмай-ақ қой. Біз бейбақтың күнәміз таудай

емес, бірақ енді райдан қайтсаң да, болыпевиктер сыртқа тебе беретінінен запы болған пендеміз, сәл нәрседен секемшіл, ер батқан жауыр аттай кіржіндеп қалатынымыз рас, Лениннің өзі қатесін мойындаған, бұрынғы райдан қайтқан буржуазия интеллигенттерін ішке тартындар, күшін, білімін пайда- ланындар деп даналық өсиет айтса да, бергідегі белсенділер бәрібір бізді баяғыдай қүқай көреді. Әне, сен де сескеніп қалдың, осыларың дүрыс па? — Мен сізді жатырқап жатқан жоқпын, Ж анш а аға,— деп Рысқүлов иігендей болды,— Бірақ оқыста, ойда жоқта, шақырылмаған қонақтай, үйіңіздің төрінде қонжиып жат- қаныма таң қаламын. Көлеңкесінен қорыққан қоян- жанды кісі мен емес. — Е, бәсе,— деп Досмұханбетов ажары базарланып, шаттанып шыға келді. Состиыңқырап түрған Ольга К онстан­ тиновна да: — Қүдайға шүкір, сөйтсендерші. Кәне, Наденька, дастарқан жай, шай әзірле. Қүрметті мейманымыз, Қүдай қаласа, енді төсектен түрады,—деді. Надя екі беті алаулап ауыз үйге тұра жөнелді. *** Рысқүлов күзгі жапырақтай қалт-қүлт етіп, әупірімдеп аяғынан тұрды. Үйдің ішінде арлы-берлі жүретін болды. Аяғына міне бастағаны сол екен: — Ал енді мен аттанайынға»,— басты. — Оу, батыреке, сүзекті оңай деме, буын-буының бекіп, әл-қуатың қалыбына келгенше жолға шықпа,— деп Досмұханбетов ақыл айтты.— Былай бір қарасам міз бақпайтын жартас сияқтысың, ал тіршілікте мазасызсың ба деп қалдым. Шыдам керек, «асықпаған арбамен қоян үстайды»,— дейді ғой атам қазақ. М енің қайын жүртымда да сол мағыналас бір сөз бар: «Что медленно, то прочно». Ташкентті сағынып қалсаң керек, сірә. — Рысқүлов жымия түрып, күрсінді. — Сағынғаным да рас. Әсіресе, жалғыз үлымды сағын- дым. Әке-шешесіз өсіп келе жатқан тірі жетім сияқты. —Тірі жетімі несі? Рас, өзің жырақта жүрдің. Ш ешесі ше? — Е, Ж анш а аға, қай-қайдағыны қозғайсы з. А жы расып кеткенбіз. Сіздің қайын жұртыңыз —менің де қайын жұртым еді ғой... 365

— Со-о-олай де!— деп Досмұхамбетов қасын керді.— Е-е-е, жөн-ж өн. Ау, менің жағдайым бір басқа. Омбыда, өңшең орыстың ішінде көп жыл тұрып, қызмет істеп, мына Ольга жеңгеңе сонда тап болдым. Ал кілең қазақ пен өзбектің, күллі мүсылманның ішінде жүріп, орыс алып саған не жоқ? Рысқұлов мырс етті. — О жағын берік ұстансаңыз, Омбыда да мүсылман аз емес-ау: қазағы да, татары да жетіп жатыр. Махаббат үлт тандамайтынын өзіңіз де білесіз-ау, Ж анша аға. «Сүймей алған сұлудан, сүйіп алған сумұрын артық» депті ғой қазағыңыздың өзі. Сірә, жұлдызы ыстық болмаса, Ольга жеңешеме осынша ынтық болар ма едіңіз? Бір көрген адам сіздерді жаңадан қосылған екен деп қалады. Шынымды айтсам, сіздердің бір-біріңізге деген ұлы сезімге мен қызығамын. Біріңізді біріңіз алақандарыңызга салып, мәпе- леп отырғыларыңыз келеді. Әне, бұл нағыз бақыт. Біз де, Наталья Алексеевна екеуміз де солаймыз ба деп ойлаушы едім, қызығымыз қысқа болды. Ол енді алыстағы көгілжім сағымдай елес қана. Досмұханбетов өткелектің талайын көрген кісі ғой: — Аласапыранда бір-біріңнен адасып қалған екенсің да,— деді.— Е, тәйірі, әлгі өзің айтқандай, жұлдызы ыстық тағы біреу кездесер әлі. Ж ассың ғой, жиырма сегіз —нағыз серілік шагы емес пе адамның. Бұл әңгіме ары қарай өрби берер ме еді, есік ашылып, артынып-тартынып Ольга Константиновна мен Надя кіріп келді. Ольга Канстантиновна қолындагы себетті еденге қоймай тұрып, Рысқұлов пен Досмұханбетовке кезек-кезек лезде көз тастап үлгірді. — Айтысып қалмай, бейбіт отырсындар ма, әйтеуір? — О не дегенің, Оленька? Біз дүниедегі ең қымбат та қызық тақырыпқа әңгімелесіп отырмыз,— деп Досмүхан- бетов денесінің ірілігіне қарамай, әбжілдік танытып, орнынан жылдам түрып, әйелінің қолынан себетті алды. — Қүпия болмаса, ол қандай тақырып?— деп Ольга Константиновна қоңыраудай сыңғырлады. — О, ол махаббат мәселесі. — О-о-о! Міне, біздің еркектер қандай ақылды! Ш іркін, барлық большевиктер мен алашордашылар, тек махаббат турал ы ғана айтысса ғой. Дүние сонда мүлде басқаша болар еді.

Бұрынғы жұпынылау дастарқанның үсті қүлпырып кетті. — Тұрар Рысқүловичтің Ташкентті сағынғаны сәл де болса басылар ма екен деп Түркістанның жемісін әкелдік,— деп Ольга Константиновна столдың үстіне өрік-мейіз, тіпті екі-үш анар әкеліп қойды.— Бүл деген нағыз витамин ғой, әсіресе сүзектен кейін өте пайдалы, алыңыз, Тұрар Рысқұлович. Ж ан, ухаживай. Қүдайга шүкір, өзбектер Орынборды жеміссіз қалдырмайды. Рысқұлов қара мейізден бір-бірлеп алып, шай ішіп отырып, қапелімде осы семьяның немен күн көріп отырганын ойлады. Досмұханбетов қызметсіз. Надя — медсестра, айлығы белгілі. Ольга Константиновна бір мекемеде машинистка болып істейді екен. Оның да табысы белгілі. Өзі аз айлыққа қарап отырған үйді шығындатып жатырмын-ау, деген ойдан мандайы жіпсіп сала берді. Сонда ол әлгінде гана Ольга Константиновна ескіден калган, шешесінен мұра болған білезігін ломбардка салып, мына тағамды соның ақшасына әкеліп отырганын білген жоқ. — О, сізге жақты, терледіңіз, шайды мейізбен іше түсіңіз,— деді Ольга Константиновна. — Ж анша аға, қызмет жағы қалай? Өкімет жүмыс бермеді ме?— деді Рысқұлов әлгі ойдың ұшығынан арыла алмай. Досмұханбетов шыныдағы шайын қымызша шайқап отырып, аңқылдап тұрып күліп алды. Ольга Константиновна оған кінәлай қарап қойды. — Ренжіме, Түрар,—деді Досмүханбетов әлі де кеңкілдеп қойып,— Мен өкіметтен жұмыс емес, бір басыма, семьяма тыныштықтілеймін. «Алашсың» деп түртпектей бермесе екен деймін. Анау Әйтиевтер найзағай сатырлатып, зынданға салып тастамаса, маған сол олжа. Өкіметтен өтінішім болмашы гана: осындағы нәшірияттан аударуга кітап берсе, тым болмаса. Мен Тарту университетін бітірген адаммын. Орысшам, шүкір, жетеді. Ал қазақшамды өзің тындап отырсың. Юрист болсам да әдебиетінді бір кісідей білемін. Рас, Дулатов, Аймауытовтар сияқты жазушы емеспін, бірақ көркем аудармага жараймын, оған сенімдімін. Сейтқалига бұл жагдайды айтып та едім, көрерміз деген. Сонымен екі қол алдыга симай жүріп жатырмыз. Уақытша шығар деп қоямын. Тыныштық болса, денсаулық болса, бір жөні болар. Аштан өлмеспіз, көштен қалмаспыз. Солай ма, Оленька? — Солайы — солай. Көп сөйлейсің, Жан. Бір ауыз жауаптың орнына, дүниені қопарып шықтың. «Алашорда»

біткен шетіңнен мылжыңсындар, даурықпа, ұраншыл- сындар. Содан ғой әне, не онда жоқ, не мұнда жоқ... Ой,—деп Ольга Константиновна алдына ыстық шай төгіп алғандай Рысқұловқа жалт бұрылып:— Кешіріңіз, Құдай үшін, саясат менің немді алған, өмірі мұндай әңгімеге ж оқ адам едім, жаман ойлап қалмаңыз,—деп шыр-пыр болды. Рысқұлов жай жымиды да: — Сіз дұрыс айттыңыз, Ольга Константиновна, ойнап айтсаңыз да, ойлап айтсаңыз да — сіздікі шындық. Ал саясатқа араласты деп сізді айыптау және артық. Сондықтан абыржымаңыз,— деп түйді. — Әне, әне, жылдар бойы қойнында жатқан күйеуін «үлтшылдығы» үшін бір жақтап қоймаған әйелім, аз күннің ішінде большевик Рысқүловтың ықпалында кетті де қалды,— деп Досмұханбетов аңқылдап күлді.—Ал шын мәніне келсек, қазақтан шыққан большевиктердің ішінде Рысқүловтай нағыз большевик, әй, жоқ-ау. Көп қой, бірақ көбі тым әсіре Кызыл. Ал әсіре қызыл солақайларды Ленин де жақтамайды ғой. Ауытқымайтыны, лениндік тура жолдағысы Рысқүлов. Кешір, Тұрар, саған жагынайын дегенім емес. Сен туралы шет елде жүрген М үстафа Ш оқаевтың не жазғанын білесің бе? Әрине, білесің. — Не жазыпты?— деп Ольга Константиновнаны құ- марлық билеп кетті. «Саясатқа араласпайтынын» лезде ұмытты. — «Рысқұлов — Сталиннің ең сүйкімді еркетайы» деп жазыпты Мұстафа. «Фаворит Сталина» депті. — Болса, несі бар? Ол жаман ба? — Әне, Рысқүловқа бүйрегің тагы бүрды! Досмүханбетов әзілқой ма, әлде ішінде қыжылы бар ма, Рысқүлов түсіне алмай дал болды. — Сөйтіп, менің келіншегімнің басын айналдырдың да қойдың, Түрар. Сірә, Ташкентке тезірек аттандыру керек шығар сені. — Сөйтейік, Ж анша ага. — Мен ілесе кетсем қайтесің, Жан? — Әне, әне, есіттің бе, Түрар?—Досмүханбетов шынысын дастарқанга қоя салып, есіне бірдеңе түскендей:—И ә,—деді. — Осы Нарында Амангали деген бандит болды. Бандит емес, эрине. «Бандит» деп жүрген қызылдар. Ол байгүс, өзі сіңірі ш ыққан кедей, Совет үшін пәруана берілген адам. Байларга қыргидай тиген гой. Кейін бай тұқымы деп қарап

М анғыстау өнірі. Ж ана Ө зен каласындагы жиналыс. Мамыр, 1980 жыл

Касым Аманжолов тойында. 1981 жыл Ш ерхан М үртаза 50 ж аста. Ғабит М үсірепов, Ғазиза ханым Ж үбан М олдагалиев, Ш ерхан М уртаза, М ария ханым, Сәуле Түрарқызы Рыскүлова

Жүбан Молдағалиев, Ш ерхан М ұртаза, Мария Агыбайкызы Шерхан М үртаза, Ғабит М үсірепов 1983 жыл

Әбіш Кекілбаев, Ш ерхан М үртаза, Әкім Тарази

Акын Ф ариза Онгарсынова, Ө збек жазуш ы сы Сайд Ахмад Ш ерхан М үртазанын үйінде. 1987 жыл

М оңгол ақыны Явуқұлан, Ш ерхан М үртаза, Асанбай Аскаров Шерхан М уртаза, Өзбекәлі Ж әнібеков

Нурлан О разалин, Ш ерхан М үртаза, Ерік А санбаев



жатпай, жала жауып, большевиктерді қарсы қойып, Аманғали түрмеге түседі. Өзімнің өкіметім өзімді жау деп камаса, онда мен көріп бағайын,— деп қамаудан кашады. Сонына милиция түсіп кеп береді. Ол қорғанып, милицияны өлтіреді. Күнәсі үлғая береді. Қашанғы кашады, қашқанда қайда барады? Нарынның қүмы оған кашанғы пана болады? Не керек, ақыры ұсталады. Мұхсина деген сұлу келіншегі бар екен, айдалып бара жатып, Мұхсинаға былай депті дейді: Мұхсина мені шыннан сүйесіц бе? Шай көйлек, қара бешпет киесің бе? Осыдан осы сапар қайтпай қалсам, Мүхсина, большевикке тиесін бе? — Ал, енді, бұл мысалыныз, коңіліңізге келмесін, бір жағынан кайғылы, бір жағынан күлкілі,— деді Рысқүлов сау кезіндегі сабасына түскендей, сабырлы үнмен.— Қайғылы болатыны — Аманғали тағдыры, аянышты-ақ. Революция толқынына түншығып кеткен ондай адал, бірақ адасқан адамдар аз емес. Күлкілі болатыны — Мұхсина большевикке тиіп кетті ме, кетпеді ме, білмеймін, оны сіз айтқан жоксыз... — Мен де білмеймін,— деп үзді Досмұханбетов Рыскұловтың сөзін. — ...Ал мен танысам, Ольга Константиновна, сіздің басынызға Аманғалидын ноктасы киілсе, әрине, онын бетін аулақ қылсын, Ольга Константиновна Сіздін жолыңызды қырық жыл күтетін жан. Ер азаматқа тағдыр жарды осындайдан-ақ жазсын. Сол-сол екен, Ольга Константиновнанын шарадай көздері лүпілдеп ала жөнелді, тез теріс айналып кетті. — Ольенка, онын қалай?— деп Досмүханбетов ынғай- сызданып қалды. — Құдай тілеуіңізді берсін, Тұрар Рысқүлович...— Ольга Константиновнанын даусы дірілдеп шыкты. Ольга мен Надежда Омбыдағы бір кедейленген ескі интеллигенттін қыздары еді. Тарту университетінің зан факультетін бітірген жас Досмұханбетов Омбы губерния- сына қызметке жіберіліп, сонда коп жыл адвокат болды. Омбы уәлаятына аты шыкты. Істі болған орыстардын өзі: «Дайте нам черного адвоката» деп жалынады екен. «Черный адвокат» оте әділ, әрі мейлінше білімді, әрі алғыр, ауыздыда алдына жан салмаған шешен кісі. Сөйтіп жүріп, Ольгаға үйленіп, семья құрғанда, революция басталып кетіп, 369 24-626

Досмұханбетов өзінің туған жері Орал өлкесі, Ордаға қарай көш кен екен. Титтейінен жетім өсіп, өмір деген ұлы жорық жолында талай-талай тауқыметті басынан өткерген Жаһанша Досмұханбетов дүние екі жарға бөлінгенде «Алаш» партия- сының басына ілікті. «Үлт», «милләт» деген үрандар толқыны ығыстырып контрреволюция қосына барып қосылды да, Досмұханбетов қаласын, қаламасын, сол жағында қалды. «Өзіңіз ж оқ-жұтаң жетім өсе тұрып, байшыл «Алашты» неге қаладыңыз?»—деп Рысқүлов сүрамады. Неге екенін Досмұханбетов айтпады. Досмұханбетов Рысқұловқа тіктеп қарап, әлдене сұрауға оқтала бергенде, онысын сезіп қойған Ольга Константи­ новна: — Ж ан, аурудан жаңа тұра бастаған адамға тыныштық керек, мазасын ала бермесеңші,—деді назды үнмен. — О не дегеніңіз, Ольга Константиновна,—деп Рысқүлов қарсылық білдірді.— Қайта мен әңгіме сағынып қалыппын. Оның үстіне Ж анш а аға сынды кісімен әңгіме ауруды да жалықтырмаса керек. — Біздікі бейбіт әңгіме. Үрсысып қалады екен деп қауіптенбей-ақ қой.— Досмүханбетов әйелінің ту сыртынан келіп, иығынан құшақтап, арқасынан қағып қойды. — Иә, сонымен менің білгім келеді, Түрар. Қазақстанның жартысын Қырғыз Автономиясы деп жарияладындар. Ал сол Қазақстанның жартысы әлі сенің Түркістаныңда. Осы осылай қала бере ме, қайтеді? — Қ азақстан бірігуге тиіс. Екі бөлік бірігіп, бір бүтін болады,—деді Рысқұлов көп ойланып отырмай. — Сонда қалай, Түркістан кішірейе ме? — Түркістан деген республика үзаққа бармайды. Үлттық ныш анына қарай бөлінеді әлі. Өзбек бір бөлек, түрікмен бір бөлек, қырғыз бір бөлек, тәж ігі де,— жеке-жеке отау тігеді. — Об-бәрекелде-е-е! Оу, сонда баяғы сенің түркілі Түркістаның қайда кетті? Түркі тілдес түтас бір республика бол деп ұран тастағаның қайда? Біз ғой: «Исі қазақ бірігіп, бір ел бол! Соноу Тәуке заманынан бері басы бірікпей, әр жүзге ж еке-ж еке хан сайлап, ж ілік-ж ілік болып жүргенің жетеді, енді басынды құра!»— деп қақсадық. Ал сен болсаң одан да асып түсіп, түркі тілдес түгел бол!— деп жан таластың. Енді келіп, бас-басына — бір-бір отау, дейсің. Принцип қайда батыр-ау?

Рысқұлов — Рысқұлов болып жарық дүниеде қанша өмір сүреді —өмір бойы алдынан шыға беретін сүрапыл сұрақ. Дос та сұрайды, жау да сұрайды. Үзақ уақыт екі жақ та ұмыта алмас. Өзі көтеріп алып, енді Рысқүлов өзі де қүлата алмай жүрген сүрапыл сауал. Рысқүлов жуық арада үн қата қоймаған соң, Досмүхан- бетов оның шабынан түртейін деді ме екен: — М осква шақырып алып, Түркістаннан қол үздіріп, екі жыл байлап қойып, өзінді әбден оқытып жіберген-ау,— сірә,—деп қатыгез мінез танытты. Досмүханбетовтың қыршаңқырау әуезіне ілесіп шаптыға кетпей, Рысқүлов мейлінше сабыр сақтады. — Түркістаннан тыскары өткен екі жылым маған үлкен университет болғаны да рас. Ж анша аға, мен сіз сияқты Тарту университетінде оқи алған жоқпын ғой.— Рысқүлов Досмүханбетовке шаншыла бір қарап қойды.— Түркілі Түркістан әлі анасының қүрсағында жатыр. Дүниеге келуі ерте көрінеді. Дүниеге шала туған баланың келуі де әбес шығар. М әскеу солай шешті...— Рысқұлов «күресерге дәрмен жоқ» дегендей қолын жайды...— Ленин айтты: «Рысқүлов жолдас, аспандағы толып жатқан жұлдыздарды жиып алып, үлкен бір Ай жасаудың түк қызығы жоқ»,—деді. Көгінде бір жүлдызы жоқ, оның есесіне үлкен бір Айы бар аспанды көзге елестетіңізші. Сұңқиып қалмай ма? Оның есесіне сандаған жұлдызы, Айы бар, Күні бар аспан —бір тұтас КСРО деген ел болады. Ал енді «Алаштың» ұранына келсек... Жарайды, «Алаш» қазақтың дербес мемлекетін құрды делік. РСФ СР-ға да, кейінгі КСРО-ға да енбейді. Ж еке мемлекет. Әрине, өте әсерлі. Сонда сол мемлекет қалай өмір сүрмек? Өндірісі, өнеркәсбі жоқ, ондіріс қүралы жоқ, білімі жоқ, білім ордасы тағы жоқ, мамандары жоқ, жиырмасыншы ғасырда өмір сүру ол мемлекетке қиын болады ғой. Оу, ағылшындар немесе Ж апон бір-ақ асап, қылғыта салмай ма, ондай мемлекетті? Патшалық Россия империясының отарлауынан қүтылып, Англия отары болудың несі қызық? Сондықтан әлі піспеген әңгіме екен, алаш азаматтары. Досмүханбетов уәж айтуға атырылып отыр еді, Ольга Константиновна жылармандай жалынышты үнмен: — Милый Жан! Қойшы, Қүдай үшін!— деп әдемі екі қолын төсіне басты.— Ж аңа ғана келіспедік пе осы саясатқа

бармайық деп. Басқа бір әңгіме табылмай ма, Надя, тамақ пісті ме? Піссе, әкеле ғой, жаным,— Одан соң ер кісілерге бұрылды.— Әне, қара қойдың қалжасы де келеді. Ыстық- ыстық сорпа ішейік. Содан соң тіпті... не десем екен, мен ән салып берейін. Рас, пианиномыз... көшіп-қонып жүргенде бұзылып қалып, жөндеуге өткізіп едік... — Ломбардқа өткізіп едік деп шынынды айтсаңшы. Естісін Совет өкіметінің үлкен бір өкілі. Оның несін жасырасың,— деп Досмұханбетов өр мінезге басып, лекіл- дете күліп алды. Ольга Константиновна күйеуіне күстәналай қарап қалып, жылап жібере жаздады. — Ж арайды, ренжіме, Оленька. Үйде ескі мандолина бар, сол да жарар. М үмкін, Тұрардың да өнері бар шыгар... — Мандолина тарта аламын,— деді Рысқұлов күтпеген жерден. Сірә, ерлі-зайыптылардың әлгі бір кірбіңін тарат- кысы келген шығар. Сорпадан соң, Рысқұлов мандолинаны қолына алып, қүлағын келтіріп, шектерін шертіп-шертіп көрді де, кенет керемет бір күйлерді құйқылжытып ала жөнелді. «Амурские волны», «На сопках Маньчжурии», «Бродяга», «Степь да степь» тагысын тагылар кетті. Қазақш а «Елім-ай» кетті. Татарша «Тәфтиляу» да тартылды. — Оу, Тұрар, жатыр ғой сенде,— деп Досмұханбетов басын шайқап, тандайын тарс-тарс қақты.— Өкімет болма- саң, жақсы музыкант шыгатын-ақ екен сенен. — Пішпекте оқып жүргенімде техникумда көркем- онерпаздар оркестріне қатыстым. Өңшең орыс балалары балалайка тартады, ортасындагы мандолинашы, солисі мен едім,—деді Рысқүлов, өмірі мақтануды сүймейтін адам, бөтен мінез танытып. Сонан соң: — Қ онақ кәде осымен бітті. Енді ауылдың алты ауызынан болсын,—деп Ольгага қарады. Ольга Константиновна мандолинаны қолына алып, сүйріктей аппақ саусақтарымен қаз қатар жез-темір шектерді бір жамыратып өтті. А қ сары реңіне батып бара жатқан күннің қызғылтым бояуы жүққандай бір алау лап-лап ете қалды. Орынбордың қоңыр күзгі кешінде терезеден жез қанат бүлттар көрінді. Ольга даусы барқыт үнмен соноу тереңнен күмбір-күмбір көкірек күмбезінен лықси шалқып, тар бөлменің ішін кернеп кеткендей еді. Ол «Вечерний звон» деген әнді қоңыраулатты.

«Вечерний звон, Вече-е-е-рный зво-о-он, Как много ду-у-ум Наводи-и-ит о-о-он».... Әннің кайырмасына қоңырлата, күңіренте Досмүханбе- тов қосылды. Тіпті жайшылықта әңгімеге еш араласпайтын, біртоға, үяндау, жас бойжеткен Надяның өзі сыңғырлаған жіңішке дауыспен қостағанда, үшеуі бірігіп, шіркеу күмбезінің астын күңіренткен керемет хордай, осы әнмен бірге үшеуіне де қанат бітіп, қалың түман арасында адасқан қаздардай қиқуласып, бейне бір алысқа, белгісіз жыраққа бет алған жандардай, шексіз армандай; мүң мүхитының үстінде қанаттары талып, титтей арал іздегендей, ағыл-тегіл сыр-аңсар төгілді. Неткен сағыныш, нені сағынды? Ән, әсіресе, мына үшеуінің үнінде неткен мұң-зарлы... — «О юных днях...»— деп Ольга даусы биікке ш анш ыла көтеріліп, дірілдеп шықты: ...в краю родн-о-ом, Где я люби-и-ил. Где отчий до-о-ом, Бом-бом-бо-о-ом»,— деп Досмұханбетов «бом-бом-бомына» бас қоңыраудың үнін сала, қоңырлата қосылған кезде, Рысқүловтың қүлақ жарғағы жарылып кетердей, шың-шың етті. Бұлар жай ән салып отырған жоқ, осы ән арқылы әлдебір елді, әлдебір заманды зарыға еске алып, соның ғаламат суретін салып отыр. Әйелдер жағы туған, өскен жағы Омбыны, Сібірді сағынатын шығар, қатар жүрген тең қүрбы, дос-жарандарын аңсайтын болар. Ал Досмұханбетовтікі қай сағыныш? Келесі аласапыран екі үдай арпалыс әлетінде адасқанын, адасқақ арман қуғанын, жеңілгенін, енді қай жағаға барып тал қармарын білмей, телегей-теңіз тереңіне бір батып, бір шығып, екі жағаға да жете алмай, қалжырағанын Рыс- қүловқа сөзбен айтын сендіре алмай, енді қүдіретті әнмен нандырғысы келе ме екен? И многих не-е-ет, Среди живы-ы-ых. Когда-то молоды-ы-ых И весе-е-елы-ы-ых... Бом-бом-бо-о-ом.

Терезеден нұр тайды, алау бүлттар сұрланып, қарауытып түксие бастады. Бірақ, мына тар үйдің іші ән қызуы басылмай, не үйді құлатып, не адамдарды жылататындай шығанға көтерілді де, ақыры Досмүханбетов еңкілдеп жылап жіберді. Ән кенет тыйылып, Ольга Константиновна шошына түрегеліп, күйеуінің басын кеудесіне қысып, өзінің кіш- кентай шілтерлі бәтес орамалымен жарының көзін сүртіп, бетінен сүйді. — Қой, Ж ан, жылама, көз жасынды көрсетпе,— деп сыбырлады, Досмұханбетовті қүшагынан өмірі босатпастай қапсырып алып. — Жылама, Ж ан, жылама, Жаһаншах!—деп үні қаттырақ шығып кетті. Рысқүлов орындығынан қозғалақтап, жанқалтасынан орамалын алып, көзілдірігін сүрткен болып, шылаулы кірпіктерін де сүйкеп өтті. Абайсызда аһ үра қатты күрсінді. *** Көп кешікпей Рысқүлов бүл бір жұпыны мекенмен қош айтысып, аттанды. Рысқұловты Ташкентке дейін Надя шыгарып салатын болды. — Ж ол үзақ, Тұрар. Өзің қалжырап тұрдың. Жалғыз жүре алмайсың. Қасында сестра болғаны жон,— деді Досмұхан- бетовтер. Рысқұлов қарсы болған жоқ. Вокзал басында пойыз күтіп түрғанда, Орынбор шіркеулерінің кешкі қоңыраулары қала үстін күңірентіп ала жөнелді. Ара-арасында мешіт мүнарасынан муедзиннің «аллауки-акпар, аллауки-акпар!» деген үні, шіркеу қоңырауымен ары-бері тербетіліп, үзік-үзік естіледі. «ҚАЗЫҒҮРТ»... Түрікстан Совнаркомының төрағасы Рысқұловқа елден бір хат келді. М ыжылыңқыраған конверттің сыртына араб әрпімен: «Ташкент. Совнарком. Рысқүловқа» деп жазы- лыпты. Конверттің астыңгы жағына: «Ахат атаңнан» деп қойыпты. Рысқүлов өзінен өзі үялғандай алақанымен мандайын сарт еткізді. Дүниеде Ахат деген адам барын ұмытпаса да, 374

Ш&&Ж&ЖЖУ Н Н М есіне жиі түсе бермейтін болған екен. Үмытқаны ғой... Үмытпаған да шығар. Бірақ Түркістанға келе салысымен, сүзектен жаңа тұрғанына қарамастан, шеті-шегі ж оқ жүмыс деген бір түпсіз теңізге түсті де кетті. Әйтпесе, елден жырақта Москвада, Бакуде өткен жылдарда ол талай рет туған елге бір баруды, Ахатты, Оразбақты, Дәу-Омарды, тағы басқа ағайын-туғанды көруді аңсайтын. Енді міне, Ташкентке келді. Келді де бәрін үмытты. Теңіз толқыны оны өз ыңғайымен ығыстырып, қақпайлап алып, өз қалпына салып алды. Сөйтіп, Түлкібас елі есінен шығып кете жаздағаны рас. Енді соған ренжи отырып, конвертті ашты. Баяғы Ахаттың қолы, арабша Рысқүловты төрт-бес жасында-ақ үйреткен Ахаттың жазуы: «Ардақты Рысқұл баласы Тұрар. Аман-есен әруақ-Құдай қолдап, Түркістанға қайта оралғанынды балалар газеттен оқып берді. Тау-Ш ілмембеттен қалған көзі тірі тұқым жиылып, ақсары бас атап, қүрбандық шалып, тойқана өткізді. Тау-Ш ілмембетке елден ерекше бөліп беріп жатқан ештеңең болмаса да, біз пақырлар төбеміз көкке жетіп, тақиямызды аспанға лақтырып, өлгеніміз тірілгендей, өшкеніміз жан- ғандай қатты қуандық. Мен, Ахат атаң, әлі тірімін. Кеуде- ден жан шықпаған соң, жүре береді екенсің. Алланың аманатын, ай-күні туғанда өзі қайтып алғанша жер басып, қыбырлауға шама бар. Сені жүрт Ленинмен бірге, соның қасында қызмет қылады десті. Артыңнан іздеп табуға менде күш жоқ. Әйтпесе, Ленин екеуіңнің қатар отырғандарынды бір көргім-ақ келді. Талпындым, кәрі қанат ұша алмады. Тірі пайғамбардың қасында біздің әулеттен Рысқұл баласының отырғанын жаратқан артық көрмесе екен деп дұғаға қостым. Мен кәріңнің қолынан келгені сол болды. Әттең, дүние, осы мәртебенді әкең Рысқұл көрмей кетті. Арман сол. Бірақ рухы сезеді ғой, Тәңірім, оның о дүниесін берсін. Сенің түлпар мініп, ту үстағаныңа әкеңнің рухы тілеулес емес деймісің. Әруақтар желеп-жебеп, халқың үшін мәртебең биіктеп, абыройың арта берсін. Лажың болса, ата-бабаңның топырағы біздің Түлкібасқа бір келіп қайт. Тірісінде дүғасымен, өле кетсем рухыммен тілектес атаң, әкең Рысқүлдың ағасы Ахат деген пендеден осы сәлемді қабыл ал». Рысқүлов хаттың мыж-мыжын алақанымен сипалап, біраз отырды. Ахаттың кәрі алақанымен алақанын айқас- тырғандай, тілсіз сәлемдескендей, бір ризалық сезімге

бөленді. Ел тілеуімен ер когерер, тілеулестер осылар ғой. Ж ан күйері жоқ, тілектесі ж оқ басшы қанша қүдіретті болса да кемтар. Ондай басшы, тек билік күшімен күн көреді. Рысқүлов екі-үш күнге Түлкібасқа барып қайтпақшы болды. Ж олай М анкентке соғады. Үлын, қайыненесін көреді. Бұл сапарға ол Надяны да ала бармақшы. Өлі мен тірінің арасында жатқанында аузына су тамызган, алапат ыстықтан кезерген ернін сулы мақтамен сүртіп отырған, тіпті дәретіне дейін алдырып, жас балаша мәпелеп баққан Надя, Ж анша Досмұханбетовтың балдызы мүны Орынбордан Ташкентке дейін шығарып салып, Ташкентке келген соң да дәрі- дәрмекті өзі беріп, өзі бағып-қақты ғой. Атақ-даңқы алысқа кетсе де, Рысқұловта осы уақытқа дейін семья жоқ. Бүрынғы әйел кеткен, жалғыз бала қайын ене қолында. «Ер-азаматтың қосы түзелмей, ісі түзелмейді» дейтін бар. Бүл бабадан қалған қағиданы Рысқүлов өзі ұмыта бергенмен, тағдыр есіне салғандай, осы Надя тап болды. Сүйдім- күйдімнің ісі емес, бірақ өзіне өлердей беріле қызмет қылып, жанашыр болған жанға енді сауығып болған соң Рысқұлов: «Ал, жарқыным, ауылыңа қайта ғой» демеді. Надя да: «Мен қайтайын» деген жоқ. Орынбордан да: «Ау, Надя неге қайтпай жатыр?» деп тақақтаған ешкім болған жоқ. Күйіп-жанып өлердей ынтызар болған Наташадан не опа тапты? Жеме-жемде оған жардан гөрі, Совет өкіметінің қандыбалақ қас жауы, өзінің туған бөлесі подполковник Приходько күйігі басым түсті. Совнарком төрағасы баяғының губернаторынікіндей кең сарай үйге жоламай, бүрынғы Садовая дейтін көшедегі өз пәтерін алып, Надя екеуі сонда түрып жатқан. Ол бүрын ТүркЦ И К төрағасы кезінде де осы үйді мекендеп еді. Бау-бақшалы, түйықтау, тыныш көше. Рысқүлов пен Надя Ташкенттің вокзалына табандары тиер-тиместен-ақ, Надяны жұрт Рысқүловтың келіншегі деп қабылдады. Рысқүловты қарсы алуға Түркістан басшылары шыққан екен. Ішінде баяғы Сұлтекең, Сүлтанбек Ходжанов, Санжар Асфандияров, Ораз Жандосов, Файзолла Ходжаев, Акмаль Икрамов бар. Басқалар әліптің артын бағып, әдеп сақтап түрғанда, Сүлтекең сақпандай сартылдап, саңқылдап ала жонелді. — Оу, Түрар, құсың құтты болсын! Немене, тағы да орыстан алгансың ба? Апыр-ау, осы саган, әйтеуір орыстың қыздары-ақ, ыстық көрінеді де түрады екен. Мейлі, қадамы қүтты болсын, оқасы жоқ.

— Сұлтеке, ол...— деп сүзектен түрған Рысқұлов боп-боз болып, жағдайды түсіндіргенше, Сұлтанбек қайтадан бастыр- малата жөнелді. — Апыр-ай, кінәлағаным емес, көңіліңе ауыр алмашы, мейлі өзіңе үнаса болды да.— Соны айтып болмай, Надяға бұрылып, үйіріп ала жөнелді. Орысшалап: — Атың кім, шырағым?— деді. — Надя, Надежда Константиновна. —О, үлкен жеңгемізбен аттас екенсің. Қасиетті есім екен. Сұлтанбек Ходжанов. Қайнағаң боламын. Бейтаныс адамдардың арасына түскенде, бөтен бір планетаға келгендей болып, Надя екі беті дуылдап, не айтарын білмей қысылды. «Қайнағасы несі? Бұл елде жасы үлкен кісілер осылай танысатын шығар?» деп ойы он саққа жүгірді. — Әй, Сұлтеке-ай, бүлдірмесең, жүре алмайсың-ау,—деп Санжар Асфандияров мүртын сипап, сыпайы ғана күліп қойды. Өзі жолдан қажып келе жатқан Рысқүлов мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндіріп жатпады. Сұлтанбек Ходжанов айылын жимай, жан-жағын барлап- байқап жатпай, баяғы бір аңқылдактау, бірақ дарақылау мі- незден арылмай, ойындағысын жасыра алмай айта салды. — Е, мейлі, Тұрар. Сенің Цезарь патшадан нең кем? Тарихта «Цезарь покидает Рим, чтобы завоевать Рим» дейтін бір қанатты соз бар. Сен де Түркістаннан кетіп едің, Түркістанды қайтадан «жаулап» алдың. Ж арайсың, ерім. Бүл нағыз ердің ғана қолынан келеді. Оу, өзіңнің өңің шамалылау ғой... — Апыр-ой, Сұлтеке, қойсаңызшы енді,— деп Санжар Асфандияров, зиялы, жүмсақ мінез кісі ғой, соның өзі қатуланып кетті.—Түрар науқастан түрды, әрі жолдан қажып келе жатыр. Мазасын алмайық та. Асфандияровпен бетпе-бет келуден тайсақтайтын Сүлтекең: — Қойдық, ойбай, қойдық, С әке,—деп кеңк-кеңк күлді. Екі жылдық айрылысудан кейін, өзінің комиссарларымен Тұрар Рысқұлов Ташкент вокзалының басында осылай табысты. 377

Ахаттың хатын алғаннан кейін, Рысқұлов үйіне келген соң Надяға: —Н аденька, ертең ж ол ж үреміз, дайындал,— деді. — Қайда?... — Надя «Орынборға қайтармақшы ма?» деп таң қалғандай болды. — Ш ымкент уезіне, М анкентке, одан соң Түлкібас дейтін жерге барамыз. Айтып едім ғой, онда үлым тұрады. Туған-туысқан бар. Солардың тірісіне — сәлем, өлгеніне — бата деген болады. — Оған не дайындық керек?..— «Мен дайын» дегендей Надя өзінің сыпайы ғана киім-басына қарады. — Дегенмен, магазиннен өз калаған киімінді ал, әрі ана М үхсина апайға айтып, сәлемдеме алындар. Білесің бе, сәлемдеме, базарлық болады, ауылға құр қол бармайды. Өрік-мейіз, Елизавета Петровнаға бір тәуір көйлек...— деп Рысқүлов Надяға ақша үсынды. Надя именшектей түрып, ақшаны алды. Бәрі де бірте-бірте ерлі-зайыпты адамдардың тірш ілігіне өзінен-өзі ұқсай берді. — Енді осы үйдің хозяйкасы сен, ие бол үйіңе,— деді Рысқұлов. Айтуын айтса да: «Сұлтекемнің сандырағы келді ақыры» деді ішінен. Надя өте бір жұмсақ, наздылау, ибалы қылықпен келіп, Рысқүловтың мойнынан қүшақтап, екі бетінен кезек-кезек, шөп-шөп еткізіп, кең кеудесіне басын тығып, көзін жүмды. — Дорогой мой, бесценный,—деп сыбырлады. — Рысқүловтың есіне Наташа түсті. Ол да осылай қүшақтап сүйіп, тек: — М илый,— деуші еді. Оның сыбырынан жалын атқылағандай болушы еді. Сонда аса сабырлы Рысқүловтың да көкірегі көріктей көтеріліп-басылып, балаша қуанып, ағыл-тегіл асау сезімнің басын тарта алмай қалатын. Бүл жолы ондай арындап түрған сайтан сезім кемшін де, тек туған бауырына мейірлене емірегендей жылылық бар. Ол Надяның сарғылт шашынан сипап, балғын денені бауырына қысты. Осылайша Рысқүлов қосының төбесі шошайғандай болды. Тағдыр шығар, «жазмыштан озмыш жоқ» деген. Алғаны тағы да орыс агайыннан болды. Мүны Ташкенттің зиялы қауымы қалай қабылдайды, ел не дейді,— деп ойлап Рысқұлов көп қиналган жоқ. Үйлену — екі адамның, әйтеуір қол ұстаса салуы емес, оның ар жағында елмен қатынас, тіпті 378

көрші-қолаңмен қатынас деген болады. Ол қатынастың дәнекері — әйел. Әйелі орыс деп Рысқұловтың есігін жекжат-жұрат, дос-жаран ашпай қойса, қанша өкімет болсаң да, жеке басыңа сын. Әйел алысты жақындатады, жақынды жанындай қадірлі етеді. Әйел алысты қиыр, жақынды жат қылады. Әйел тек аяқ-табақтың айналасы ғана емес. Әне, Сұлтекеңнің үйіндегі Күләнда жеңгей жоқтан — бар, бардан — бал жасайтын нағыз көргенді әйел. Үйінен қонақ, дастарқанынан ас кетпейді. Сол себепті де Сұлтекемнің төңірегіне топ жиылғыш. Үйінің қақпасы айқара ашық. Сұлтекемнің үйі әрі үй, әрі кеңсе сияқты. Мол дастарқан басы үлкен-үлкен түйінді істер шешіліп жататын кіші-гірім күрылтай сияқты. Ақжарқын, сарамжал Күләнда жеңгей болмаса, кім біледі, Сұлтекемде мұндай мырзалық болар ма еді... Баяғыда Наташаның түсында Рысқүловтың үй қыз- метінде болған татар кемпір Мүхсина Түрармен туған баласындай жылап көрісті: — И-и-и, бағырем Тұрар, қыр қазлары кебек иыллар үткәш килгәнсең инде. Ходаем хайырлы қадам итсен,— деп сыңсылады. Тамағынан бір байлап алған ақ жаулықтың ұшымен қызыл жиек көкшіл көзін сүртті.— Мин бик сағындым сине, бит. Мүнда айттылар қаһар сүққаннар: Рысқүлов инде қайтырға бүлми дип. Мин айта ұларға: килә Рысқүлов!— диим. Рысқүлов қояш кебек, қояшны кил- тирмеу мөмкен түгел!— диим. — Е-е, Мұхсина апай, асырып жібергенсіз енді, мен күн сияқты емеспін, кәдімгі адаммын ғой,—деп күледі Рысқүлов. — Юқ, юқ, оғлым, алай айтырға ярами: мин қояш! Минә, мин кебек фахри инсаннарға, милләтларға. Син бит дәулет кишесе. Ленин билән иптәш бит син. Зур кише. Мейлі, Мүхсина апай, мен сіздің бәрәміштеріңізді сағындым. Мына Надя келініңізге үйретіңіз, жәрдемдесіп жіберіңіз. Надяны айналып-толғанып, шала-пүла орысшалап, толып жатқан мақтау соз, кұтты болсын айтып болып, Рысқүловқа бүрылып: —Тағын бер русны кил терген син? Мосулман юхмы шул М әскәуларда?!— деп күбірледі. — Ол мүсылманша біледі, Орынбордан гой. Түсінеді, абайлаңыз — деді Рысқұлов қорқытып. Кемпір шынында да:

— Астафри-алла! Ғафу итегез,— деп сасқалақтады.— У рынбурда минең абзый тұра,—деп Надяға жымия қарап, іші жылып қалды. М үмкін, татар қызы деуі де. Өйткені Надя: — Яхшы, яхшы,— деп Орынбордан білетін бірер сөзін айтқанда кемпір оның қүрбандығы болып кете жаздап, үршықша зыр жүгіріп, бәрәміш қамына кірісті. Надя М үхсинаның зыр жүгіргеніне ыңғайсызданып, іске өзі де кірісе жөнелді. *** — Барып қайт, бірақ қасыңа қарулы адам ал — деді Рудзутак.— Басмашылардың тамыры әлі үзіліп бітпей түр. Сақтықта қорлық жоқ. Рудзутак қоштасарда осылай деп қалды. Ян Эрнестович қазір РКП -ның Орта Азия — СредАзбюро төрағасы. Рудзутактың ұсынысымен Түркістан Совнаркомының төрағасы Түрар Рысқүлов, СредАзбюро мүшесі болып сайланды. Осыдан екі жыл бүрын Рысқүловтың қос өкпесін кысқан қыспақ енді жоқ. Арқа-басы кеңіп, құлашы кең жайылғандай. Рудзутак сыңды ермен жұмыс істесу — ләззатты бейнет. Заман сипаты сауыққан сыңайлы. Кешегі Кушекиндермен арпалық кезеңі —қатерлі өткел артта қалды. Қиыншылық әлі көп. Соның ең күрделісі — басмашылармен күрес. Бүл күреске Рысқұлов аянбай түсетін сыңайлы. Оған кеше ғана Сталинге жазған хаты куә. «Рудзутакпен тіл табысып, қоян-қолтық іске кірістік. Ең бастысы — бас- машыларды жою. Бүл күреске мен де құлшына кірістім»,— деп жазды Рысқүлов. Сонымен, қасына қарулы көмекші алып, Надя екеуі, шопырмен төртеуі Ташкенттің у-шуынан сырғып, теріскейді бетке алғанда, алдыдан сары жасыл кең дала көсіле берді. Күн қақтап, қаңсық тартқан жусан иісі танауды қытық- тағандай. Мүндайға үйренбеген Надя әуеліде түшкіріп- түшкіріп алды. Кедір-бүдыр қара жолда кара машина барын салып бақса да жүріс онша өнбейді. Ш оқалақ жүріс қолқаңцы түсіре жаздайды. «Тарантаспен-ақ шықпаған екенбіз» деп өкінгендей болды Рысқұлов. Әрі десе, мұндай үсті ашық жеңіл машинаны тұңғыш көрген дала халқы қандай? Бірінен бірі естіп қалып, аттысы атқа, атсызы өгізге мініп, тіпті жаяу-жалпы жүгіріп, «кереметті» көруге жолға

шығып, әуре етті. Тіпті аты жүйріктер жол бойындағы алдыңғы ауылға сүйінші сұрағандай шапқылап жетіп, «керемет» келе жатқанын хабарлап үлгіреді. «Керемет» мініп келе жатқан Рысқүлов екенін біліп қалған біреулер алдағы ауылға тез хабарлап, «жарты патшаны» дұрыстап бір көруге ынтық болып, машинаның алдынан арқан да керілді. Қарулы қарауыл бүл шоғырдан қорқып, наганына жармаспақ болғанда Рысқүлов тыйып тастады. — Халыққа тасыраң мінез көрсетпе!— деді. Иә, бүл Ташкенттен Қытайға қарай керілген қара жол- дын бойымен қаздай тізіліп, түйелі керуендер өткен. Аттылы, жаяу кімдер жүрмеген? Бірақ мотор мінген, «темір тұлпар» мінген адамның өтуі түңғыш рет еді. Мүнда таң қалмағанда — қайда таң қаласың? Түс әлетінде қара машина Қазығұрттың асуына шық- қанда, дүние эзгеріп сала берді. Терістік-ш ығысқа қарай телегей-теңіз бүйра толқын, қат-қат қатпарлы қыраттар көз жетер қиырға дейін көсіліп жатты. Телегей-теңіз тулап- тулап, толқып жатып, бір сәтте міз бақпай, мәңгі бақи қатып қалған сықылды. Рысқүлов машинаны тоқтатып, аяқ жазып, жерге түсті. Қазығүрттың оиігіне біраз жерге дейін өрмелеп шығып, алқынып қалған Надяға: — Міне, Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған тау осы,— деді. — Қайда, қайда? Кемесі қайда?—деп Надя сеніп қалды. — Қайда болушы еді, төбесінде да. —Ш ығайықшы, көрейікші онда, деп жас келіншек жанып кетті. Рысқүлов оның қылығын әуес көріп, күліп жіберді. — Аңыз ғой, Наденька. Легенда,— деді. Надя конфет берем деп бермей алданган нэрестедей, көңілі пәс тартып, аптығы басылып қалғандай болды. — Нүх пайғамбардың кемесі туралы аңыз эр түрлі. Армяндар Арарат тауының басына тоқтаған дейді. Таяу Шығыстағылар Синай тауының басында деседі. Ал қазактар Қазығүртты қалап алыпты. Неге — белгісіз? Негізінде бір қасиет бар болар. Байқайсың ба, әне анау асқар шындар Талас Алатауының ақыры. Ал басы Қытайда, Шығыс Түркістанда жатыр. Қазығүрт болса, сол Алатаудан домалап түскен бір сынық сияқты. Қүтты мекен болар, мыңғырған малдың жайлауы. 381

Басында Қазығұрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге қалған? Төбесінде бір тоқты-жатып қалып, Ш опан ата жарықтық содан қалған,— деп Рысқұлов «Гүлдер-айым» әнімен ыңылдатып еді, Надя: — О, қандай сұлу ән!— деп алақанын шапаттады.— Дауыстап айтшы. Надяның көңілін қимады ма, әлде шыннан көкірегін әуен кернеді ме, Рысқұлов алдыда толқын-толқын, тас толқын болып жатқан баябан ұлы далаға қасқая қарап, қоңырлата бір шырқады дейсің. Бұл әнге керемет сағыныш, әлдебір арман, аңсарлы әлем сиып жатқандай еді. Басында Қазығұрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге қалған. Сұлу қыз, көркем жігіт — бәрі сонда, Япырмау, неге келдім сол арадан?! Ахау, Гүлдер-айым, Күн мен Айым, ¥ш арға қанатым жоқ, Неғылайын?!.. — Орысшаға аударшы,— деп қиылды Надя. Рысқүлов мағынасын жеткізгендей болды. — Иә, қандай аянышты,— деді Надя мұңайғандай кейіп- пен,— Үшарға қанат жоқ. Қанатсыз кандай қиын. — Қалай қанат жоқ? Қанат — ол арман. Арманы сүлу адам — тегі жаман емес. Пейілі таза, көкірегі адал адам ақ тілекті арманға үмтылады. Үмтылған мақсатына, әйтеуір жетеді. Әне, канат деген сол,— деп Рысқұлов Надяны иығы- нан қүшақтап, төменге қарай беттеді. Күн жарықта Манкентке жету керек. Қазығүрт бауы- рында мотор гүр-гүр етіп, от алды. *** Ш атырының қамысы қарауытып ескірген, абажадай төртбақ үйдің түсына кара автомобиль тоқтағанда, әуелі шынжырлы көк төбет арсылдап, ары-бері атырылып, аспанға шапшыды. Өмірі көрмеген қара темір домалап келіп түра қалғанда, не ат емес, не түйе емес, не сиыр емес, бүл не деп

қатты қобалжыды? Иісі де бөтен, жер май саси ма, әлдеқалай бұрын мұрны сезбеген жат иіс. Зәуіде шынжырдан босаса, не де болса тайсалмай қарсы шауып, бас салмақтай жанталаса жұлқынады. Итінің бұл шабаланғанынан секемденген Елизавета Петровна мына қара суықта иініне бірдеңе ілуге де шамасы келмей, сыртқа көйлекшең атып шықты. Қақпаны ашып қарап еді, әуелі көзіне серейген мылтықты солдат шалынып, жүрегі зуу ете қалды: «Жерді тартып алуға келген Кле- венцовтың адамдары ма?» Сол замат машинадан Рысқүлов түсе беріп, беті бері қарағанда: — Ой, қарағым Тұрар-ай, сен бе едің? Бұлар кім деп зәрем кетті ғой? — Амансыз ба, мама?—Рысқұлов бурыл шаш, ақ сары, әлі де ажарлы кемпірді бауырына басты. — Өзің қалайсың Тұрар? Аман жүрмісің? — Мама, міне мынау қызыңыз Надежда... Надя кемпірге бір адым жақындап: — Здравствуйте,— деп имене бас иді. Елизавет Петровна бөтен әйелге түйіле қарап біраз түрды. «Наташадай қайдан болсын»,— деді ішінен. —Амансың ба, қызым. Қадамың қүтты болсын. Сен, сірә, Түрардың келіншегі шығарсың? Надя қып-қызыл болып, бетін бұрды. — Иә, мама, Надя екеуміз осы таяуда қосылдық,— деді Тұрар. — Әрине, әрине. Занды ғой, жап-жас жігітсің, қашанғы бойдақ жүресің? Наташаның басы бос болса бір жөн. Алдымен кеткен Наташа, сен кінәлі емессің,— деп ақылды кемпір әңгіменің жігін жатқыза, жылы-жылы сөйледі. Күн бүлттанып, терістіктің ызгарлы желі теректердің қураған жапырағын жамыратып, бойды суық шалғандай болды. Рысқүлов: «Койлекшең тоңып қалатын болдыңыз— ау» дегенше, қақпадан біреу баспалап қарап, бері карай толқын-толқын, қара шашын дудыратып, баланың басы көрінді. Үп-үлкен, қап-қара көздері: «Бүлар кім? Кімсің- дер?» дегендей үнсіз қадалды. Кемпір шешесін іздеп, шығып кеткен шығар, бүл да кейлекшең екен, жақ жүні үрпиіңкіреп кетіпті. Бала жалаң аяқ екен. Рысқүловтың жаны шырқырап, дауыстап жылайын десе, оның жөнін таппай, үндемеуге тағы тағаты жетпей, қабағы түюлі, үнсіз балаға қос қолын жая үмтылды.

— Ескендір! Кемпір: «Жатырқап, бақырып, жылап бәле болар ма екен?» деп күдіктенді. Рысқүлов баланы қос қолтығының астынан тік көтерген бойда, баласының бетіне үңіле қарады. Эке астында, бала үстіде тұрып, бір-біріне көзбен тілдесті. Абиүр болғанда, бала жылаған жоқ. Бірақ, рай да берген жоқ. Қабағын түйген бойда, әлі ләм демеді. Рысқүлов ұлының жел тондырған томпақ бетін бетіне басып, қатты да қалды. Құлағына баланың күрсінген дыбысы келді. Рысқүлов көзінен жас қалай ыршып кеткенін білмей қалды. Көзілдірігі буланып, бүлдырап кетті. — Пап, папа!—деді Елизавета Петровна немересіне. Бала сол сазарған қалпы, кішкентай сүқ саусағымен козілдіріктің алтын жиегін сызғылады. Ол онша қызық еместей, енді Рысқүловтың қоп-қою шашын сипалап көрді. Темірдің аты темір ғой, ол арқылы ешқандай белгі таппағандай, енді шашты сипалағанда, туыстық бір ыстық сезім алақанын жылытқандай, әлдебір түсініксіз түйсікпен, табиғат о баста зердесіне құйып қойған сезіммен, бүл ересек адамның ең жақын жан екенін үққандықтан ба, әлде Рысқұловтың қайратты шашы нәзік алақанын қытықтады ма, бала жымиғандай болды. Рысқүловтың козілдірігін саусағымен шұқып: — Папа, — деді. — Бейшара, тірі жетім,— деп кенет Елизавета Петровна теріс айналып кетіп, алабажақтау алжапқышының етегімен бетін басты. Рысқүловтың жүрегі зырқ етті. Баяғыда, М еркенің базарында оған да бір бейтаныс: — Е, байғүс, тірі жетім,— деп басынан сипағаны есіне сап ете қалды. «Менің тірі жетімдігім зорақылықпен болды. Ал Ескендердікі не? Неге тірі жетім?» деп түрды ішінен Рысқұлов. — Қой, ішке кірейік, күн суып барады ғой,— деп кемпір кенет қайта жайдарыланып, меймандарды үйге шақырды. Бүл кезде қара автомобильді козі шалған тірі жан, айнала орыс, қазақ коршілер жиылып қалған екен. Ж алаңаяқ, жалаңбас, қүр койлекшең баласын Рысқұлов пальтосының түймесін ағытып, бауырына басып тұрған күйі, жиылған жамиғатқа қазакш а, орысша амандасып, бас иді. 384

Арасында ара-тұра көзі ашық, сауаттылары, тіпті саясат- шылары да бар екен: — Жолдас Рысқұлов, Түркістанға қайтып келген қадамыңыз қүтты болсын! Халқыңызға қандай жақсылық айтасыз? — Басмашылардан қашан қүтыламыз? — Мектеп ашыла ма? — «Мойынсерікке» күш -көлік беріле ме?— деп сүрақтың астында алып, ентелеп бара жатыр еді, Елизавета Петровна: — Ау, бүл жерде съезд ашылып жатқан ж оқ қой! Өзі жолдан шаршап келген кісіні алқымынан алғандарың негылғандарың?— деп реніш білдірді. Рысқұлов енесіне қарап күліп: — Мама, олардың сұрақтары өте орынды. Ж ауапсыз қалдыруға болмайды,— деді. «Е, -онда өзің біл»— дегендей кемпір Рысқұловтың қолындағы балаға қол соза беріп еді, Ескендір бұртиып, әкесінің бауырына тығыла түсті. — Ә, бөтегең түскір, қарашы, тани қалуын. Ж ақынды ит пен бала таниды деген осы-ау,— деп Елизавета Петровна да көңілі жібігендей, кішкентай немересінің дудар шаш басын ұйпалап-ұйпалап қойды. Үйге кіріп кетіп, өзі үстіне пальто киіп, Ескендірдің ақ қоян бөркін әкеп кигізді. Бүл кезде Рысқұлов жиналган жүртқа: — Қазір ең басты міндетіміз — басмашылармен күреске аянбай кірісу. Өйткені, олардың озбырлығынан жүрт жалығып болды,— деді.— Басмашы болғанда, олардың басшылары қасарысып тұрған. Әйтпесе, сарбаздары зор- лықтың күшімен ғана амалсыздан жүр. Зорлықпен басмашы тобырына қосылғандарға өкімет кешірім жасайды. Соны оларға түсіндіре білуіміз керек. Сарбазсыз қалған сар- дарлары не бітірмек? Олардың күні батты. Құр бекер халықтың обалына қалды. Басмашы қазір бүдан екі-үш жылғы басмашы емес, ондағы алданғандардың да көзі ашылып, совет жағына өтіп жатыр. Абырой болганда, Ш ымкент уезінде басмашылық жоқ. Оның жүрнағы қазір Ферғанада, Хорезмде ғана. Ал мектепке келеек, мектеп ашу үшін мүғалім керек. Ташкентте, Ш ымкентте мұғалімдерді көп дайындауға күш саламыз. Мектеп жер-жердің бәрінде ашылады. Сауат- сыздықты жаппай жою — өкіметтің алдында түрған үлкен борыш. 25-626

Енді «Мойынсерікке» күш -көлік... Бұл алдақашан шешілетін іс. Бірақ оны мандытпай отырған жергілікті басшылар. Мұны таяу уақытта жедел қолға алмақшымыз. Алдағы көктемнен бастап, «Мойынсерікке» берілетін жерге лайықтап, тұқым, күш -көлік те бөлінеді. — Ж олдас совнарком,— деп жирен сақал, жылтың коз біреу қол котерді — Декрет бойынша, окімет менің жерімді тартып алды. Сойтіп, жалаңбүттарға берді. Мейлі, солай-ақ делік. Ал сіз совнаркомсыз. Енеңіздің иеленіп отырған жері мұншама!— Ол қос қолын жайып жіберіп, ағаштары жапырағын төккен алма бақты корсетті.— Бұл қалай? Декрет жалпыға бірдей емес пе? — Әй, қақбас Клевенцов!— деп ш аңқ етті Елизавета Петровна.— Саған да, анау Ш ымкенттегі ініңе де, бүкіл Клевенцов әулетіне күйік осы жарты гектар бау болса, мен ертең еткіземін, өткіземін окіметке! Ал не дейсің? Рысқүлов бір кезде ТүркЦ И К мүшесі болған Клевен- цовтың туысқанына қарап: — Қанағаттандыңыз ба?— деді. — Иә, корерміз әлі. Қүр соз болып жүрмесін,— деп теріс айналып кетті. Басқалар Рысқүловқа ризалық білдіріп, бір жағынан жолынан богегендеріне ыңғайсызданып, кешірім сұрап, рақмет жаудырып, үй-үйіне тарай бастады. Тек қара автомобильді қызықтап, қимаған кір қожалақтау балалар ғана кеткен жоқ. Ш ынжырлы тобет оларға: — Болды, жетті, қайқайындар!—дегендей әлі де арсылдап, сым темір бойымен шынжырын сылдырлатып, ашулы кейіппен ары-бері теңселіп жүр. Елизавета Петровна кок тобетке кейіп: — Не корінді саган озіміздің кісілерді танымай қалып?!— деп итті үйшігіне сүйреп кіргізбек еді, тобет құйрығын бұлтандатып, иесіне жалынышты козбен қарап, қипалақтай беріп, дарбазадан кіріп келе жатқан меймандарды коріп, козі ызғарлана қалып, тағы арсылдады. Кемпір тағы да үрсып, даусы қатты шыққанда барып, агаш үйшігіне кіріп кетті. Меймандар салқын даладан ұядай жып-жылы үйге кіріп, тосылыңқырап тұрғанда, үй иесі ілесі жетіп: — Отырындар, жайғасындар,— деп бәйек болды.— Ботен бір дүниеге адасып еніп кеткендей болып тұрған Надяға:— Қызым... атыңыз... иә Надежда, Наденька, қысылма, оз үйіндей кор,—деп орындық үсынды.

Рысқұлов пальтосын шешерде баланы Надя барып ұстай тұрмақшы болып еді, Ескендір бұртия қалып, теріс айналды. Надя қып-қызыл болып, өртеніп кете жаздады. Баланы кемпір өзі көтеріп тұрып: — Ой, ақымақ, неге жатырқайсың? Мамаң гой, мама...— деді — Әкенді ғой тез таныдың. Ш ешенді неге танымай қалдың? Бар, бара гой...—деп баланы Надяга қарай икемдеді. Надя қолын имене созып, Құдайга іштей жалбарынып: «Меселімді қайтара корме!» деп тіледі. Балпанақтай сүп- сүйкімді балауса бола тұра, көзі кірпік қақпай секемдене қарайды. Надяның бет-пішінін әбден анықтап алды ма, кім білсін, әлден уақытта барып, жүп-жұмыр, жүп-жүмсақ қолын созды... Мүны бәрі де жақсылыққа жорыды. Надя балага бойын үйретуге бар өнерін аямай-ақ салды. Ары-бері әткеншекше теңселіп, бауырына қысты. Бірте-бірте қолтыгынан алып, аспандата лақтырды. Бала, тіпті сықылықтап күліп те жіберді. Сөйтіп, не керек, жетім қозы бөтен саулыққа бауыр басқандай болды. Адам шіркін мейірімге зәру. Дүниедегі небір қатыгездік, қаныпезер, тас жүрек, мейірімсіздік сол ана сүтімен қоса мейірлі шуақ, жылы сезім жетіспегендіктен шыгатын шыгар. Әсіресе, нәресте ана сүтімен ауызданбаганы қандай қиянат?! Мына Ескендір ана мейірім түрмақ, ана сүтін де ембеді. Шешесі Наташа сүлу назбедеудей сыландап, басқа бір жайлаудың қызыгымен, «шамаң барда шайқап қал» деп мүны тастап кетті. Арага жылдар салып, әкесінің келген беті мынау. Бала бейшараны ата салған жолды, ана пішкен тонды көруге жазсын. Әкесі өткен өкініштің орнын опыра толтыргысы келгендей толганып, Ескендірдің асты-үстіне түсті. Дегдар бала әбден үйреніп, жатырқаудың жүқанасы да жогалган кезде, жалгыз ұлын мойнына мінгізді. Тіпті кілемнің үстіне төрт тагандап отыра қалып, Ескендірді арқасына қондырып, ат болып, ары-бері шапқылап, тіпті кісінеп те қойды. Бұган бала мәз болып, шегін тарта күлді. Күйеуінің бүл қылығына Надя да күліп қалыпты. «Неткен балажанды! Менен баласы болғанда да осылайша ойнатар ма екен?». —Түрар, шаршадың гой. Енді маган бер,—деп кол созады Надя. Әлгінде гана сол қүшақтан шықса да, бала Надяга қадала қарап, «сен кімсің?» дегендей томсыраяды. — Бар, бара гой. Мама ғой,—дейді Рысқүлов.

Бала енді Рысқұловқа қарап, ұзақ қадалады. «Сен кімсің?». Тұрып-тұрып, ақыры қос қолымен әкесінің мойнынан құшақтай алады. Сонда, Рысқұлов енді өле кетсе де арманы жоқ адамдай, мың жасады. Төсекке жатар шақта, Тұрар мен Надя отырған бөлмеге есік қағып, үйықтап қалған Ескендірді көтеріп, Елизавета Петровна кіріп келді. — Кешіріндер, мына баланы орталарыңа алып жатың- дар,— деді бұрынғы генералша адуындау сөйлеп.— Иіс ала берсін, үйренсін. Байқаймын, сірә, оны алып кетуге келген сыңайларың бар. Сондықтан, амалдаңдар. Екі жастан енді- енді асты ғой. Туасы менің кәрі төсімді аймалап өсіп еді. М енің жамау-жамау жүрегімді жылытып жүрген жалғыз жәдігер осы еді. Ж алғыздыққа мен де көндіге берейін... Адам байғүсқа жылылық керек. Әсіресе, қартайған шағында... Өзімнің кәрі деміммен өзімді қайтіп жылыта алармын — білмеймін. Кемпір енді кемсеңдеп, былқ-сылқ еткен балғын баланы кең кереуеттің ортасына жатқызып, шашын сипады. — Олай демеңіз, мама. Біз сізді жалғыз қалдырмаймыз,— деп Рысқұлов қайын енесін жұбатқан болды. — И ә, Тұрар шын айтады, бізбен бірге болыңыз,— деп Надя үн қосты. Кереуеттің шетіне гана шоқиып отырып, Ескендірдің үстіне көрпе жапты. — Ертең Түлкібастағы құдаларыңызға барамыз. Содан соң, біржолата Таш кентке көшіріп аламыз,— деп Рысқұлов қиыннан жол тапқандай, жарқын-жарқын сөйледі. — Білмеймін. Дүниенің басы — сайран, ақыры — ойран деген осы шыгар.— Кемпір үһілеп алды.— Баланы да кимаймын, үйренген тіршілікті тастап, бөтен жерге баргым да келмейді. Әрі десе, Рысқүлов генералдың кемпірін қолына кіргізіп алды деп, әлгі «достарың» тағы да жала жабар. Біздін карғыс атқан әулетпен туыстасқаның үдайы алдыңнан кесір болып шыға беретін көрінеді ғой. Ана жылы сайтан алгыр Клевенцов: «Рысқұлов генералдың қызын алды, қайын енесіне өкіметтің жерін берді»,— деп әбден қызылкеңірдек болыпты ғой...

Сол жолы Рысқұлов жас келіншегін, Ескендірді алып, Түлкібасқа да барып қайтты. Тірісіне сәлем берді, өлгендеріне салауат айтты. Төменгі Талас жеріне де соғып, әкесі Рысқүлдың басына барып, дұға окытып, Ескендірге: «Міне, мүнда Рысқүл атаң жатыр», демекші еді. Бірақ Таш кентке тез оралу керек болды. Келесі бірде реті түсер деп еді, қу тіршілік ұзын аркан, кең түсаумен-ақ босатпай қойды. Рысқұлов Түркістан деп аталатын өмірі қысқа республиканы коммунизмге жалғыз өзі сүйреп апаратындай-ақ аянбай бір іске кірісті дейсің. Ж алғыз өзі қайдан сүйресін? Соны сезіп, жан-жақта шашырап жүрген ерен мықтыларды Ташкентке жинады. Рысқұлов премьер министр болып тұрған жүлдызды жылдарда, Ташкентке Ж анша Досмүханбетов, Халел Досмұханбетов, Мағжан Жүмабаев, Мүхтар Әуезов сияқты кілең ығай мен сығайлар жиналды. Рысқұловтың ең зор арманы ежелден туыс, түбі бір, тамыры бір Түркістан мен Қазақстанды біріктіру еді. Бұл екеуі бірігіп, бір республика болғанда... «Аздың мандайында бақ тұрмайды» дейтін түрмедегі Рысқұл. Рысқүлов көбеюді көкседі. Көксегенді Құдай кос көрмесе, бәрі бекер. Бірлік — ірілік. Ал М осква өзінен басқа іріні қалай қояр ма екен?.. «СТАЛИН ҚАТЕЛЕСЕДІ!» М осквадан телеграмма келді. Маусым айының тоғы- зында Кеңес ашылады депті. Үлт республикаларының басшылары шақырылады депті. Үлт мәселесі қаралады депті. Рысүлов телеграмманы қайталап оқып шықты да, ойланып қалды. Үлт мәселесі осыдан небәрі үш ай бұрын он екінші съезде егжей-тегжейлі қаралған ж оқ па? Бүл жөнінде нақты қарар қабылданған. Болашақ іске бағыт-бағдар берілген. Қазір жер-жерде сол он екінші съездің мате- риалдары кеңінен талқыланып-ақ жатыр. Табан астында Кеңес шақырардай тағы не боп қалды? Ойлан не, ойланба не, бәрібір жолға жиналу керек. Жиналатын не бар, Рысқүлов артынып-тартынып жүруді жаратпайды: шағын шамаданға сабын, мәсуек, ұстара... салады. Бірақ обалы не керек, жейдені коп алады. Соноу баягы Рысқұл әкесінің: •ЧЙЙ2Й&' - :■ .-:'.^ а г < 8 й г 389

— Ж ағанды кірлетпе!— деп зекігені миына қашалып жазылып қалған. Ал енді, Таш кенттен М әскеуге баратын біраз жолдастары дәу-дәу, қос-қос шамадан көтертеді. Ол не десе, іші толған өрік-мейіз, қазы-қарта. Сонша не көрінді, Мәскеуде ашар- шылық ж оқ шығар енді. Ш ығыстың дәмі мәскеуліктерге таңсық көрінеді-міс... Рысқұловтың жолға дайындалуы жеңіл. Бірақ ой ауыр. Ж үк көтергеннен ой көтергеннің азабы он сан есе артық. «Бұл қандай кеңес?» деп Орталықтағы таныстарымен байланысып еді, олар: «Сүлтан-Ғалиев үсталды. Түрмеде отыр» дейді. Ал енді ойланбай көр. Иә, Мирсаид Хайдарович Сүлтан-Ғалиев. Толық аты- жөні Мирсаид Хайдарғалиүлы Сүлтан-Ғалиев. Рысқүлов былтыр күзде Түркістан Совнаркомы болып бекітілгенгенге дейін сол Сұлтан-Ғалиевпен Кремльде бірге қызмет істеді. Рысқұлов Н аркомнац Сталиннің орынбасары еді, ал Сүлтан- Ғалиев сол Үлт істері жөніндегі комиссатриаттың коллегия мүшесі болды. Обалы не керек, әріден ойлайтын ақылды адам. Рыскүловтан екі-үш жас үлкендігі бар. Оның үстіне көпті көрген, жастайынан от пен судан көп өтіп, шындалған большевик. Сталинмен тіпті, дос десе де болады. Сүлтан-Ғалиев жастайынан Қазаннан Бакуге кетіп, социал-дмекораттармен істес болып, Сталинмен сол кезден біліс еді. Сталин оны Наркомнацқа алып жүргені де бекер емес. Сол ескі таныс-білістіктің нәтижесі. Енді калай? Сталинмен екеуінің арасынан қандай қара мысық өтіп кетті? Әлде... Әлдебір қылмыс істеп қойды ма? Сұлтан-Ғалиев өткенде бір сүріне жаздаған: жазықсыз жапа шеккен бір әйелге ара түсіп, әлгі әйелді қорлаушыны атып тастаған. Сонысы үшін де қамауға алынса керек еді, бірақ Сталин араласып, ОГПУ-ге:— Тимендер!—деп тастаған. Сөйткен Сталин енді қазір сол Сүлтан Ғалиевтің түрмеде отырғанын білмеуі мүмкін бе? Білсе, құтқарып алмай ма? Әлде... Рысқүлов Сүлтан-Ғалиевтен осы таяуда ғана бірінен соң бір екі хат алды. Рысқүлов осы екі хат кейін өзіне айып болып тағылатынын қайдан білсін? Кремльде қызметтес болған жолдасыңнан хат алу айып па?

Бірақ Сұлтан-Ғалиев сол хаттардың ішіне бомба орап жіберген шығар? Кеңес өкіметіне қатерлі қауіп төндіретін бір сұмдық бар болар? Ондай ештеңе сезілмейді. Тек партияның он екінші съезі ұлт еріктілігін біршама кеңейтті, соны дұрыстай іс жүзіне асырайық деген сияқты бірдеңлер бар. Сүлтан-Ғалиев Рысқүловқа астыртын нұсқау беретіндей дәнеңе байқалмайды. Он екінші съезде қызу айтыс тудырған мәселелерді Рысқұлов осыдан үш-төрт жыл бұрын-ақ көтерген. Үлт республикасы деген жалаң сөз болмасын, үлт республикасы деген аяқ-қолы Орталық, яғни Москва арқылы қимылдап тұратын қуыршақ болмасын. Оның да өз көзі, өз аузы, өз қол-аяғы болсын деді. Сол үшін Түркістан республикасы президенттігінен босап, Москваға, Сталиннің қол астына ауысты. Иә, солай. Бәрі өтті-кетті. Бүл хаттардың бас қатыратындай еш- тенесі жоқ. Рысқүлов та пенде ғой. Қайдан білсін, бүл хаттар ОГПУ-дің сүрыптауынан өтіп, ерекше назарға алынып барып, жетіп отырғанын. Әйтсе де керегі болып қалар деп, екі хатты папкасына сала салды. Сүлтан-Ғалиев түрмеде отыр деген сөзден сескеніп те қалды. Жүрегі түскір қобалжып барып басылды. Бірақ неге қобалжиды? Кеңес өкіметіне, партияға қарсы істеген жамандығы жоқ. Ондай арам ойдан аулақ. Түркістанда премьер-министр болғалы жұмысы жаман емес. Ісі ілгері басып тұр. Басмашылардың басы шабылып, тобы ыдырай бастады. Халық жақсылық дәмін татқандай, Кеңес өкіметіне іш тартып, жұмыла жүмыс істеп жатыр. Ашынған қарын тойынып, ашылған етек жабыла бастады. Төтеннен бір лаң шықпаса, заман осылай өз ырғағымен оза берсе, адам баласы ықылымнан аңсаған ақжарылқап күн туып, қой үстіне бозторғай жүмыртқалайтын шығар. Иә, кесірінен сақтасын! Кесірінен сақтасын! Артта талай-талай арпалыс жылдар қалды. Ж ақсылыққа, жан жадырар жаймашуақ заманга жетсек екен деп, өлермен үмітпен алға мойын созып, қасарысып келе жатқалы қашан. Бейнеттің зейнеті бар демеуші ме еді? Енді келер сол зейнет заманның шырайы жақсарып келеді. Төтеннен соқпаса...

Төтеннен соғар әлдеқалай зілзала болмаса, топан су қаптап, яки жер сілкінбесе, әлдебір сұрапыл аштық жайлап, оба-індет тарамаса, дәл қазір төтеннен соғар не бар? Азапты ауыр соғыстар артта қалды... Естияр баладан еңкейген шалға дейін бейнет еңбекке бет қойды. Ш аруа қылыш орнына орақ, жүмысшы мылтық орнына балға үстады. Зейнетке жеткізетін бейнет. Бейнетқор ел еңбек- теніп-ақ жатыр. Рысқүлов қат-қабат жұмыстан сәл-сәтке қолы босаса кітап оқыр, өзі де кітап жазуға отыра қалар. Әне, сонда ой торлайды. Уайымсыз да емес. Күдікшіл болмаса да әлдебір шүбәкүмін елес береді. Болашақ қалай болмақ? Ленин ауру. Дерті қатты. Тіпті көктемде өткен он екінші съезге де қатыса алмады. Сұлтан-Ғалиев? Ендігі жерде Рысқұлов үшін бұл есім үп-үлкен сүрақ болып, жүрсе де, түрса да көз алдында тұрды да қойды. Қамалғаны қалай? Мірсаид Сүлтан-Ғалиев жазықсыз жас әйелді арашалап, зорлықшыл озбырды атып тастағанда да қамалмап еді ғой. Рас, күнәкәрді атып тастады. Бәрібір кім болса да кісі өлімі. Ол үшін қамауға, тексеруге алынуы тиіс. Бірақ Сталин ОГПУ-ге — Сұлтан-Ғалиевке тимендер!— деді де істі тыйып тастады. Сүлтан-Ғалиев қазір түрмеде отырса, Сталин енді неге босатып алмайды? Тіпті Рысқүлов жол жүрер алдында, оз дастарқанының басында шай ішіп отырып та осы бір сұрақтың тереңіне сүңгіп кетсе керек, әйелі Надя: — Түрар, саған не болған, шайың суып қалды ғой?— дегенде ғана барып, пиалаға қолын созды. Надяның аяғы ауыр. Ж алғызілік. Жанындағы Ескендір қолды-аяққа тұрмай жүгіре береді. Көшеге шығып кетсе... не болады? Адасып кете ме, ат-арба, машина қағып кете ме? Козден таса қылсаң, әйтеуір бірдеңені бүлдіреді. Надя Ескендірге бауыр басып қалды. Бала да оны коп жатырқамай, огей шешеге тез телінді. М анкенттегі әжесі Елизавета Ескендірді туған әкесінің, келін боп жаңа түскен огей шешесінің қолына табыстаган. Ескендірді қимай, елжіреп, коп жылады. Рысқүлов: — Мама, ойтіп күйіне бергенше, біздің қолымызға кошіп алсаңшы. Манкентте жападан-жалғыз қалай күн көресіз? — деген.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook